Оқушылардың ғылыми -зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру

Page 11

түрлері осы тұрғыда жүзеге асқаны дұрыс. Ал, ол жұмысты жүзеге асыру ең алдымен дарынды баланы анықтау мәселесімен тығыз байланысты. Баланың ғылыми-зерттеу жұмысқа бейімділігін қандай да нақты бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Оны тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылып анықтау қажет. Осы айтылғандарды ескере отырып, баланың ғылыми-зерттеу жұмысқа бейімділігін анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: 1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу. Бұл дегеніміз пән мұғалімдері нақты бағыттар бойынша сынау тапсырмаларымен деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының бағытын анықтау деген сөз. 2. Дамытушылыққа ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану. Бұл ұстаным барысында дарынды оқушының қандай да бір бағыттағы іс-әрекетінің жетістігі анықталады. 3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау. Дарынды оқушының болмыс-бітімі анықталып, жанына жақын мамандыққа үлкен дайындық жұмысына жағдай жасау. 4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары. Бұл ұстаным мектеп психологымен мұғалімімен және атааналармен біріге отырып, баланың қандай бағытта жетістіктерге жетуге мүмкіндігі бар екені анықталады. 5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр. Осы ұстаным негізінде мектеп ғылыми қоғамына төмендегідей бағдарды негізге алу қажет: 1. Мектеп оқушыларының интелектуалды деңгейінің дамуына жағдай жасау; 2. Дарынды балалармен жұмысты жүйелілікпен деңгейлеу; 3. Мектеп ішілік әртүрлі шығармашылық жұмыстарды дамыту. Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделген кезеңде дарынды баламен жұмыс ісәрекетінің жетісітігін байқауға болады. Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың нәтижелі болуы жоғарыда айтылған жұмыстардың жүйелілігінде. Сапалы да жүйелі ұйымдастырылған жұмыс – ұстаз қауымының төккен терінің қайтарымы болса, оқушының қабілеті мен дарынының шыңдауы. Дарындылықтың қалыптасу деңгейлерін ғалымдар екі топта қарастырылады: 1. Актуалды дарындылық - бұған қабілеттілігі қалыптасқан белгілі іс-әрекетте өз жетістігін байқата алатын әлеуметтік ортада, үлкен сында жоғары көрсеткішті иемдене алатын балаларды жатқызуға болады. 2. Потенциалдық дарындылық - баланың жалпы психикалық мінезінде белгілі бір қабілеті бар, бірақ ол еш жерде байқалмайды, сондықтан жағдай жасағанда ғана нәтижелі болады. Зерттеуші балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі, ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала көлеңкеде байқалмай қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы керек. Қабілетті балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге асырылады. Өз қабілетін сабақ уақытында көрсете білген, жақсы көрсеткішке жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен тануға дайындау керек. Оларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек. 11


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.