Оқушылардың ғылыми -зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру

Page 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

Самеков М.Н.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Тараз, 2015


ӘОЖ 37.013 КБЖ 74.202.5 С 19 Пікір жазғандар: Сулейменова Т.Н. - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Тұрарова А. - Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, ф.ғ.к.

С 19 Самеков М.Н. Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру: әдістемелік құрал, 2015ж. - 40 бет ISBN 978-601-7825-06-5 «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының Сараптау Кеңесі отырысының шешімімен баспаға ұсынылған (№7 хаттама, 24.04.2015ж.) Әдістемелік құралында оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің алғышарттары, мән-мағынасы, ғылыми мазмұны жан-жақты сараланған. Әдістемелік құрал мектеп мұғалімдеріне, білім беру саласындағы қызметкерлерге арналған.

ӘОЖ 37.013 КБЖ 74.202.5 С 19 ISBN 978-601-7825-06-5

© Самеков М.Н., 2015 ж.


МАЗМҰНЫ Кіріспе.....................................................................................................................................4 1.Дарындылық ұғымының мән-мағынасы, алғышарттары..................................................6 2.Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысқа бейімділігін анықтау әдістемесі.....................10 3.Ғылыми жұмыстың әдіснамасы..........................................................................................14 4.Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері..........................................................................16 5.Ғылыми-зерттеу жұмысының бастауы...............................................................................16 6. Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері...................................................18 7. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді зерделеу.........................................................20 8. Зерттеу жұмысының жоспарын құру..................................................................................21 9. Ғылыми жобаны рәсімдеу....................................................................................................22 10. Оқушылардың республикалық ғылыми жобалар жарыстарының кезеңдері................24 11. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалау критерийлері............................25 12. Оқушылардың жұмыстары.................................................................................................27 Қорытынды..............................................................................................................................37 Әдебиеттер.................................................................................................................................38

3


Кіріспе Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр.Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Бұл әдістемелік құралда оқушылардың ғылыми шығармашылығы мен зерттеушілік мәдениеттілігін және шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, қазіргі заманға сай бәсекеге қабілетті білім алуға талаптанған оқушы жастардың ерікті, шығармашылық жұмыстары қарастырылған «Жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзіретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін оқыту, шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу. Оқу мекемелерінде оқушыларды тәрбиелеуде олардың жан-жақты дамуына, еңбекке шығармашылық тұрғыдан қарауға, өмірлік және азаматтық көзқарастарын қалыптастыруға, жоғары адамгершілік қасиеттер мен рухани мәдениетті дамытуға белсенді түрде көмектесу. Мектеп бітірушілердің нәтижелі түрде мамандық таңдауына және мамандық бағытына көмектесу болып табылады. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттерің бірі – жеке және қоғам өміріне қажетті әрі қарай кәсіби білім алуы мен жұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алуына оқушыға мүмкіндік беру болып табылады» - деп, көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім Беру стандартында. Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмыспен айналысушылардың құқықтары мен міндеттері: -ғылыми жұмыстың және оның бөлімше жұмысын жақсарту мақсатында өз ұсыныстарын енгізуге; - оқушылардың ғылыми қоғамы немесе секциясы филиалы жұмыс істейтін лаборатория мен кафедралардың құрал-жабдықтарын пайдалануға; - ғылыми мектеп, оқу-әдістемелік жиын, шығармашылық экспедиция, ғылымипрактикалық конференция, ғылыми жоба жарыстар жұмысына қатысуға; - оқушылардың ғылыми қоғамындағы белсенді жұмысы және шығармашылық табыстары үшін мақтау қағазы, құрмет белгісімен, диплом, степендияларымен марапаттау үшін ұсынылуға құқылы; -оқушылардың ғылыми қоғамының әрбір мүшесі: –ғылыми жетекші басшылығымен таңдап алған тақырып бойынша ғылыми-іздену жұмыстарын жүргізуге; –сапалы білімге және ғылыми ізденіс дағдыларына ие болу үшін талаптануға, өзінің ғылыми деңгейін көтеруге; –оқушылардың ғылыми қоғамының мәжілістеріне жүйелі түрде қатысуға; –қоғам жұмыс істейтін ғылыми мекеменің лаборатория, кабинет, құрал-жабдықтарына ұқыпты қарауға; – өз жұмысы жөнінде шығармашылық топта, сессияда, конференцияда есеп беруге міндетті. 4


Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы идеясына «оның басты мақсаты - жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп, нақтылаған болатын. Елбасы негізгі үш аспектісін нақтылаған. Олар: білім беру үрдісіндегі инновациялық даму; ақпараттық даму; жастарды рухани тәрбиелеу. Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті негізінде дамуы білім алушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болып қалыптасуына жұмылдырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің ең маңызды ерекшеліктерін көрсетер болсақ: оның сараланып жіктелген көпсатылы үздіксіз білім беру (мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары білім беру, магистратура және докторантура) жүйесі адамның білімі мен әдет-дағдыларын үзіліссіз жаңартып және жетілдіріп отыруына мүмкіндік береді, адамның жеке тұлғасына зор әсер етеді. Сондықтан, жаңа бағдарлама бойынша білім берудің балабақшадан бастап, жоғары оқу орнына дейінгі барлық саласы толық үйлесімді дамуына баса назар аударылуы - отандық білім беру саласын жаңа сапалы деңгейге көтеретіні сөзсіз. Ал, бұл өз кезегінде халықтың болашағы - жастардың жан-жақты білім алуына тың серпін береді. Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. «Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысаны болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру бағыт алған білімнің, дағдыбіліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрді қатысу үшін (құзіреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі» - делінген Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында. Осы мақсатқа сай бүгінгі білім беру жолында оқытушы білім алушыға білім алудың жолын көрсетіп бағдар беруші ретінде, ал оқушы өздігінен ізденіп, ақпарат көздерін, ақпараттық технологияны пайдаланып, білімін дамытып, өзіндік көзқарасын қалыптастырған тұлға ретінде дамуы тиіс. Жалпы, білім сананың дамуына, білім алған оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасып, дамуына тек мұғалім ғана емес, олардың кәсіби шеберлігінде, білімі мен білігінде, парызында, халық алдындағы жауапкершілігінде тұр. Бүгінгі білім берудегі тәжірбие оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі – дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білімқұмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Дарынды балалар мектепке баруға құлышанды, сабақққа барған кезде осындай дарынды балалармен қиын жағдайға ата-аналарда оқытушылар да тап болады. Осындай білімқұмар балаларға сынып іші жалықтырып жібереді. Мұғалімдер сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып бағады, себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балаларда отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс жасау мұғалімге қойылатын басты талап. Ендеше, осындай жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін көрсетіп отыр. 5


1. Дарындылық ұғымының мән-мағынасы, алғышарттары Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк. Елімізде дарынды балаларды іздестіру мен олардың қабілетін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 1998 жылы Республикалық «Дарын» ғылыми– практикалық орталығы құрылып, республикадағы дарынды балалармен жұмысты басқарумен айналысады. Білім беру жүйесін реформалау дарынды балаларды арнайы мектептерде ғана емес, жалпы орта білім беретін мектептерде де жүзеге асыруды міндеттейді. Сондақтан, дарынды баланы дамыту мәселесі қоғамдық маңызды проблема болып отыр. Дарындылық – баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау - баланың дамуын бағдарын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. «"Дарындылық" ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі". Дарындылық интеллектуалды дамудың мәселелері бұрыннан ойшыл ғалымдарды толғандырған. Осы тақырыпқа арналған ғылыми еңбектер жетерлік. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталға. Адам баласы бойындағы ерекше қасиеттерді жөніндегі идеялар ертедегі грек философтардың еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде қарастырылған. ХІХ ғасырда орыс революционер демократтары дүниені танып-білуде, оның дамуына мүмкіндік тудыратын интеллектуалдық қабілетіне көңіл бөледі. К. Д. Ушинский «ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі. Оқушының оқу процесінде ақыл-ойды дамыту мен тәрбиелеудегі ең негізгі дидактикалық шарт- мұғалым мен оқушының оқу барысындағы еңбегінің дұрыс болуы мен жүйелі жинақталуында» - деп нақтылаған. ХІХ ғасырдағы қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялықағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Ы. Алтынсарин «Табиғи ақыл өзін қоршағанды құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім» деп, бала дарындылығын туа біткен кездегі қасиетін дамыту негізімен байланыстырған. Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының поэтикалық шығармалары мен қара сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының туйсікпен қабылдануы, адамдар 6


жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі екендігін ұғындырып отырған. А.Құнанбаев адам бойындағы мінезді сынай отырып, оған ерекше түсінік беріп өткен. «Жетінші қара сөзінде» «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Міне, Абайдың айтып отырған баланың білуге деген құштарлығын, талабын дамытуда жеке ерекшелік қасиетін ескере отырып біліммен, іскерлік, дағдымен ұштастыра отырып танымдық ой-өрісін дамыту ең алдымен ата-анаға содан кейін білім беретін орындарға жүктелетін міндет. ХХ ғасырдың бас кезіндегі көрнекті қайраткерлер еңбектерінде бала тәрбиесі мен ерекшелігін қабілетіне қарай қалыптастыру жайттары сөз болған. Жалпы, ХХ ғасырдың бас кезі халқымыздың рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең еді. Бұл кезең халқымыздың ұлттық оянуының, демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеуінің, зиялылықпен ілгерілеуінің, әлемдік деңгейдегі ой жарыстыруының, көркем өнер салыстыруының көрініс бере бастаған тұсы болатын. Осы кезеңде қазақтың көрнекті қайраткерлері болашақтың дамуы білім берудің дұрыстығы екендігін ұғынып, халықты білімге шақырған болатын. Алаш қозғалысының қайраткері, 20-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі М. Дулатов «Туысында қанша зеректік болса да - ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзін табиғатында не нәрсеге шеберлік барлығын сезініп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда – көріп тұрғандай боласын»деп, дарындылықтың бір қырын зеректік екендігін ашып көрсеткен болатын. Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытов «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер жігерін ескеру қажет». Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаев жеке тұлға тәрбиесін интеллектуалды қабілетпен тығыз байланыста қарастырған. Мағжан «Педагогика» еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдары жанжақты сараланған. Елімізде психология және педагогика саласында оқушы жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды бірқатар зерттеулер орындалған: оқу процесін жетілдіруде ұлттық дүниетаным, қазақ халқының тәлім-тәрбиелік тағылымдарын пайдаланудың өзекті мәселелері, оқыту қызметін тәрбиелік іс-шаралармен сабақтастырудың жаңаша сипаты С.Ж. Пралиев, Л.К.Керимов, Р.К.Төлеубекова, Қ.Б.Бөлеев, Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, Қ.Шалғынбаева, С.Ғаббасов сынды ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді. 7


Бірінші категория – ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар. Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар. Үшінші категория – дарындылық күш–қажырымен ерекшеленетін оқушылар. Дарынды оқушыны анықтау мектеп жұмысында бастауыш сыныптан бастау алады. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі психологтар мен мұғалімдердің және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске асады. Олардың ата-аналарымен әңгімелесуі, бақылауы, әрқайсысының сөйлеуінің, есте сақтауының, логикалық ойлауының психологиялық ерекшелігін анықтауда маңызды жұмыстар атқарылады. Баланың болашағына зор септігін тигізетін, келешегіне жолдау беріп, түрткі болатын бірден-бір жол ол ата-ана мен ұстаз. Ата-ана баласын дүниені тануға, білім алуға тәрбиелесе, ал, мұғалім сол баланың бойындағы рухани байлықты, ерекшеліктерін байқап, анықтап бағыт-бағдар береді. Дарынды оқушылардың өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Кейбіреуі дарындылықтан қашады, еңбектеніп, оны жетілдіруге күш салмайды, ешнәрсеге қызығушылық танытпайды. Өздерін дарынсыз деп есептейтіндерде жетерлік. Алған бетінен қайтпай еңбектеніп, шығармашылыққа ерінбей ізденіп, нәтиже шығаруға талпынып тұратын дарынды балалармен жұмыс жасау бір ғанибет. Міне, дарынды баламен жұмыс жасауда ата-ана мен ұстаздың бірігі жасаған жұмысының мәні зор.Олар балаларды рухани азықтандырып, өз-өзіне деген сенімін оятып, оны нақты бір шығармашылық салаға дер кезінде бағыттау керек. Айтылған зерттеулер негізінде баланың өзіндік ерекшілігі анықталып, мұғалімдер олардың бойындағы қабілетті шыңдау жұмыстарымен айналысады. «Қабілетті дарын иесі арнайы білімге мұқтаж болуы табиғи нәрсе. Оларға дұрыс тәрбие берудің алғышарттары – дарын иелерін таңдай білу қоғамның аз ғана бөлігін құрайтын дарын иелерін таңдаумен бірге, оларды ерекше жетілдіру мен жөн көрсету, олардың құқығы және мұқтаждығын қорғаудың басты мақсаты болып табылады. Дарынды балаларды даралау-бұл дарынды баланың бойындағы даралығы. Оны қабілетіне және ерекшеліктерін ескере отырып, нағыз дарындыны үшке бөлуге болады: 1. Шығармашылық дарындылық. 2. Интеллектуалды, табиғи дарындылық. 3. Лидерлік дарындылық Осы тұрғыда Дарындылық – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерде ерекше жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін тұлға мүмкіндіктерінің өзіндік бірігуі арқылы анықталатын, интеллектуалды және шығармашылық әлеуеттің ең жоғары деңгейінен көрінуіне әсер ететін интеллектуалды-тұлғалық білім көрсеткіші. Дарынды баламен жұмыс жасауда білім ордасының мақсаты - оқушыларға өз қабілеттерін, өзіндік қызығушылығы мен қоғам мүддесіне сәйкес толық іске асыра алатындай жағдай жасау, олардың қабілеттерін,ерекшеліктерін ашып, дамыту. Ол үшін: 1) оқушылардың ғылыми қоғамының құрылуы оқушылардың ғылыми–зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру үшін жағдай жасау; 2) ғылыми – зерттеу проблемаларын шешу барысында қоғам мүшелерін өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру; 3) ғылым, техника, өнер саласындағы жетістіктерін танымал ету; 4) шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту; 5) ғылыми ізденудің әдістерін үйрету; 6) шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу; 7) ғылыми білімнің әр адам үшін және жалпы қоғам үшін маңыздылығын ұғындыру. Дарындылық ұғымының бүгінгі білім беру үрдісіндегі мәні мен маңызы өте зор. Білім мен ғылымның даму сипатында елімізге өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлғаларды даярлауда интеллектуалды дамыған шығармашыл білім алушылардың ролі айқын. Қазіргі таңда еліміздегі болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласындағы 8


міндеттерді орындауды жаңаша сипатта қарастыра отырып, қол жеткен жетістіктерге сын көзбен сараптау және оны бағалауда озат технологиялар арқылы оқушылардың дарындылығын дамытуды басты назар етіп алды. Оқушының өзіндік ерекшілігі мен іс- әрекет белсенділігіне қарай төмендегіше жіктесек, бала шығармашылық жұмыста осы сатыдан өтеді де біртіндеп іріктеледі, шын шығармашылық тұлға қалыптаса бастайды. Тұлға – тума талант

зейінді

Қызығушылы ғы жоғары қызығушы құмарлық

қабілетті

Оқушы деңгейінен

Белсенді шығармашылық иесі

Дарынды

Өзіндік ойлау ерекшелігі бар дарын

шығармашылық деңгейіне жету

Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен талантты адам дегеніміз – жоғарғы білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, таланты бала деп баланың, ата- ананың мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Белгілі психолог Н.С. Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді: - ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы. - ақыл- ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білу. - барлық күш- қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып кез келген баланың бойындағы қабілетті үздіксіз еңбек мұғалімнің ерінбей жалықпай үлкен ізденіспен жұмыс жасауының нәтижесін жүзеге асыруға болады. Қабілетті балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру біздің тәжірибемізде төмендегідей негізгі бағыттарды қамтиды. -жан–жақты зерттеу жұмыстарын жұргізу арқылы оқушылардың икемділігін, қабілеттілігін айқындау, оларды топтарға бөлу; - оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың әдістемелік тәсілдерін жасау; - әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру; -білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру. Осы қасиеттерді біз мектеп тарапынан әр оқушының бойынан қалай анықтауымыз керек деген сұрақ туындайды. Осыған байланысты мектептерде психологтармен ақылдаса 9


отырып, ата-аналардан, күнделікті сабақ өткізетін мұғалімдерден сауалнама ала отырып дарынды оқушыларды іріктеп анықтауға болады. Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да қабілетті адамға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет –қасиетке ие жаңа адам пайда болады. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшандықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді және өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне икемдейді. Осыған орай, ХХІ ғасыр мектептерінде жаңа талап, жаңа заманға сай оқушылардың ғылыми қоғамының жұмыстарының жандандыру – үлкен міндет. Ғылыми қоғамның атқаратын жұмыстары оқушылардың ғылым мен техниканың немесе өнердің бір саласын тереңдетіп оқыту арқылы танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуына зор ықпал етеді. Оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу мақсатында 2007-2008 оқу жылында «Жас талап» атты оқушылардың ғылыми қоғамы құрылды. Оқушылардың ғылыми – шығармашылық қоғамы өз алдына мынадай мақсаттар мен міндеттерді қойды: Оқушылардың мемлекеттік және шет елдік ғылым саласындағы жетістіктер туралы танымдық көзқарастарын кеңейту. 1. Ғылымның әр саласынан дарынды балаларды таңдап алу және олардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. 2. Оқушылардың өздігінен білімдерін көтеруге, жетілдіруге белсенді әрекет жасау. 3. Оқушы өзі таңдаған ғылым саласы бойынша өз бетінше білім – дағдыларын жетілдіру барысында жұмыс жүргізе алу. 4. Оқушылардың ғылыми – шығармашылық тобының жұмысы оқушылардың оқу үрдісін жетілдіруде және мамандық таңдауда көмегі бар. Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысқа бейімділігін анықтау әдістемесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге алынуы шарт. Қазақстан Республикасында қазіргі білім беру жүйесіне тек педагогикалық және философиялық идеиялар ғана емес, әлеуметтік және саяси идеялар мен жаңарулар елеулі ықпал етуде. Соның бірі дарындылықты әлеуметтік мәселе ретінде қарастыра келіп, рухани адамгершілікті, көп мәдениетті тұлға тәрбиелеу мәселелерінің өзектілігінің арта түсуі болып отыр. Адам бойындағы асыл құндылықтарды шәкірт бойына сіңіру, қоғамда өз орынын таба білетін дара тұлға тәрбиелеудегі мұғалімнің атқарар қызметі орасан зор. Бүгінгі таңда мұғалім құзіретіне арнайы білім бағдарламаларын оқытып қана қоймай, баланың шығармашылық қабілетіне қарай бала бойындағы дарындылықты дамыту жолдарын да іске асыру жұмыстары да тиесілі. Бұл арнайы бір бағытта жұмыс жасай отырып, өзіндік көзқарасы қалыптасқа., өмірлік жағдаяттарға пікірін айта білетін, адамгершілік тұлғасы қалыптасқан, интеллектуалды тұлға тәрбиелеу деген сөз. Баланың рухани өсуіне, оның әр түрлі әлеуметтік ортада өзін жайлы және қалыпты сезінуіне психологиялық-педагогикалық жағымды жағдай жасау арқылы, оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу жұмыстары дарынды баланы анықтауға бағытталуы қажет. Әрине, осы уақытқа дейін дарынды балалармен жұмыстар жасалынып келді. Алдағы уақытта дарынды баламен жұмыс түрін жандандыра отырып, қоғамдық мәселелерге үн қосуға бейімдеу және мектеп қабырғасынан инновациялық ғылыми сипатқа бейімдеу сынды мәселелерді жүзеге асыру қажеттілігі туындауда. Міне, дарынды баламен жұмыс 2.

10


түрлері осы тұрғыда жүзеге асқаны дұрыс. Ал, ол жұмысты жүзеге асыру ең алдымен дарынды баланы анықтау мәселесімен тығыз байланысты. Баланың ғылыми-зерттеу жұмысқа бейімділігін қандай да нақты бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Оны тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылып анықтау қажет. Осы айтылғандарды ескере отырып, баланың ғылыми-зерттеу жұмысқа бейімділігін анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: 1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу. Бұл дегеніміз пән мұғалімдері нақты бағыттар бойынша сынау тапсырмаларымен деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының бағытын анықтау деген сөз. 2. Дамытушылыққа ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану. Бұл ұстаным барысында дарынды оқушының қандай да бір бағыттағы іс-әрекетінің жетістігі анықталады. 3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау. Дарынды оқушының болмыс-бітімі анықталып, жанына жақын мамандыққа үлкен дайындық жұмысына жағдай жасау. 4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары. Бұл ұстаным мектеп психологымен мұғалімімен және атааналармен біріге отырып, баланың қандай бағытта жетістіктерге жетуге мүмкіндігі бар екені анықталады. 5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр. Осы ұстаным негізінде мектеп ғылыми қоғамына төмендегідей бағдарды негізге алу қажет: 1. Мектеп оқушыларының интелектуалды деңгейінің дамуына жағдай жасау; 2. Дарынды балалармен жұмысты жүйелілікпен деңгейлеу; 3. Мектеп ішілік әртүрлі шығармашылық жұмыстарды дамыту. Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделген кезеңде дарынды баламен жұмыс ісәрекетінің жетісітігін байқауға болады. Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың нәтижелі болуы жоғарыда айтылған жұмыстардың жүйелілігінде. Сапалы да жүйелі ұйымдастырылған жұмыс – ұстаз қауымының төккен терінің қайтарымы болса, оқушының қабілеті мен дарынының шыңдауы. Дарындылықтың қалыптасу деңгейлерін ғалымдар екі топта қарастырылады: 1. Актуалды дарындылық - бұған қабілеттілігі қалыптасқан белгілі іс-әрекетте өз жетістігін байқата алатын әлеуметтік ортада, үлкен сында жоғары көрсеткішті иемдене алатын балаларды жатқызуға болады. 2. Потенциалдық дарындылық - баланың жалпы психикалық мінезінде белгілі бір қабілеті бар, бірақ ол еш жерде байқалмайды, сондықтан жағдай жасағанда ғана нәтижелі болады. Зерттеуші балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі, ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала көлеңкеде байқалмай қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы керек. Қабілетті балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге асырылады. Өз қабілетін сабақ уақытында көрсете білген, жақсы көрсеткішке жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен тануға дайындау керек. Оларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек. 11


Міндеттері: -оқу процесін тиімді ұйымдастыру; -өзін- өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру; -жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту; -жеке тұлғаның қасиеттерін,қабілетін анықтау. Осы міндеттерді орындау үшін және оқушылардың қабілеттілігін анықтауға қойылатын талаптар: 1.Шығармашылық: -ойлау; -қабілет. 2.Мотивация (жеке-мотивациялы ерекшелік): -күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс; - пәнге қызықтыру. 3.Оқушылардың әлеуметтік үйренуі: - сөйлесуде; - тәртібінде. Тест немесе сауалнама арқылы анықталады. Оқушының қабілеттілік белгілері: 1. Тұлғаның ерте дамуы, жалпы қабілеттілікке тән /вундеркинд/. Оларды жылдамдатып оқыту керек,өйткені олар өз құрбыларынан әлдеқайда білімді болады. 2. Ғылымның немесе пәннің жеке түрінен қабілеттілік. Мысалы: гуманитарлық пәннен мықты оқушы математикадан нашар болуы да мүмкін. 3. Дарындылық белгілері кең түрде дамыған оқушы. Олар қабілетімен, өз беттілік әдісімен, өз көзқарасын айтумен ерекшеленеді. Күнделікті сабақ уақытында дарынды оқушыға жеке тапсырма беру арқылы өз бетімен жұмыс орындау кең тараған. Алайда, осы типтегі оқушыларды үнемі бағыт-бағдар беру арқылы шығармашылық жолға жетектеп отыру керек. Қабілеттілік - адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші роль атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, терендіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгеруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі. Бала бейімділігі мен икемділігі сәби күнінен қалыптаса бастайды және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып, нығаяды. Дарындылық "оқу" және "шығармашылық" болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым секілді. Өмірді танып білу, әдетте, оқып-үйренуден бастау алады. Содан соң адам сол білімін "шығармашылықпен пайдалануға, қоғамға пайда келтіруге ұмтылады. "Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында" деп, Лев Толстой айтқандай, ашылмай бұйығып жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде дұрыс жолға бағыттай білу керек. Әрбір адам бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Ерте көзден бастап бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, ән айтады, өлең жазуға, әңгіме жазуға талпынады, билейді, музыкалық құралда ойнайды, т.б.). Бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Сондықтан ата-аналардың мұғалімдердің алдында жаңа міндет - балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беріп түр. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. Н.С. Лейтес дарынды баланың ойы дамуын жай оқушылармен салыстыра келе, жалпы дарындылықты жалпы қабілеттердің жиынтығы деп түсіндіреді (жеке қабілетке қарағанда, мысалы, музыкаға, бейнелеу өнеріне), бірақ, олар іс-әрекеттің әр түрінде кең көрінеді. деп, айқындай түскен. Ғалым осы ойын дарындылықтың ақыл-ой теориясына 12


байланысты дарынды балаларды үш санатқа бөлу арқылы түйіндейді: 1) кез-келген шарттардағы ерекше жоғары ақыл-ой дамуының деңгейіндегі балалар (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағылар); 2) арнайы ақыл-ой дарындылығының белгілері байқалатын балалар (математика, әдеби, музыка т.б.) (орта жастағылар); 3) әлеует және «жасырын» дарындылыққа байланысты жарқын танымдық белсенділігі және ой-ерісі терең балалар (жоғарғы мектеп жасындағылар). Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ғылыми ізденіске бағыттау үшін шығармашылық ойлауды дамыту мен шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісі жүргізілуі тиіс. Мұны оқыту үрдісінде тиімді орындау үшін белгілі тәртіптік жүйе қажет. Осы қажеттілікті орындаудың тетігі ретінде шығармашылыққа баулудың, ойды дамытудың, іс - әрекетті қалыптастырудағы әдіс-тәсілдердің бастапқы алгоритмдік жүйесі - логикалық ойлау операциялары -оқыту технологисының негізіне алынған. Сондықтан оқыту үрдісінде білім кеңістігіндегі логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесі қарастырылған. Логикалық ойлау операциялары жалпы орта білім берудің салалық стандарты бойынша үш деңгейге топтастырылған. Оқыту технологиясының мақсаты - оқу үрдісінің барысында оқушыларды жүйелі түрде шығармашылыққа баулу мен ғылыми ізденіске бағыттау. Осы мақсатқа жету үшін ғалымдар мынадай міндеттер белгілеген: 1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу: - шығармашылық ойлаудың (ойлауды дамытудың) негізі ретінде қабылданған логикалык операцияларды айқындау және оларды деңгейлеу; - логикалық ойлау операцияларын сабақ барысының әрбір кезеңдерінде, оқу материалдарының тақырыптары бойынша шығармашылық тапсырмаларды, сұрақтарды кұруда, тәжірибелік-зерттеулік жұмыстарды жүргізуде қолдануды енгізу; -оқыту үрдісіндегі пәнді оқыту жоспарларының үлгі нұсқаларын және онда логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесін жасау, 2. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды іске асыру барысында: -сабақта игерген шығармашылық іс-әрекет дағдылары бойынша өз бетінше шығармашылық тапсырмалар орындау; - шығармашылык жұмыстардың мәні мен мазмұнын түсіне отырып. шағын шығармашылық жұмыстар жасау арқылы нақтылы ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізуге және логикалық ойлау операцияларының жүйесінде орындауға бағыттау. 3.Оқушылардың ғылыми-шығармашылық жұмыспен шұғылдануын ұйымдастыруда: - өз бетінше материалдарды іздеу, кітапханада әдебиеттермен жұмыс орындау; - ғылыми зерттеу жұмыстарының құрылымы мен әдіс-тәсілдерін игеру; - өз бетінше ғылыми-ізденіс жасауға баулуда логикалык заңдылықтарды қолдануды меңгерту үшін шығармашылық топтарда «шығармашылыққа баулу» сабақтарын жүргізу қажет. Оқыту үрдісінің мазмұнындағы бейімді оқыту үрдісін орындау технологияның ішкі құрылымында қарастырылады. Бейімді оқытудың талаптары бойынша әр пән белгілі мамандықтарға негіз болады. Пән бойынша оқушылардың болмысын жасай отырып, онда сабақ барысында игеруге мамандыққа қажетті дағды, іскерліктері мен қабілеттері бойға сіңіріледі. Мектеп оқушыларын мақсатты деңгейге жеткізу үшін мектепті бітірушілердің болмысы белгіленген. Болмыста дарынды оқушылардың да болуға тиісті құнды сапалық қасиеттер көрсетілген. Олар тәрбие берудің барысында міндетті түрде басшылыққа алынып отырылады. Оқушылардың білімдері мен өзіндік шығармашылық жұмыстарының негізі, ғылыми ізденіс бастамасы сабақ барысында қамтамасыз етіледі. Сабақ барысындағы 13


ғылыми-шығармашылыққа бағыттаудың тәжірибелік жалғасы сабақтан тыс уақыттағы оқушыларды дамыту жұмыстарында орындалатын өзіндік ізденістері арқылы ұйымдастырылуы шарт. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады. Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. 3. Ғылыми жұмыстың әдіснамасы Қазіргі заманғы ғылым – еңбек іс- әрекетін адамның ойлауы мен психикалық және дене күштерінің ынталануын талап ететін бір түрі болып табылады. Ғылым іс – әрекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін бір саласы болып есептеледі. Қазіргі зерттеуші - ғалымның алдында кез келген ғылыми мәселені шешетін дұрыс бапты анықтау міндеті тұр. Мұндай бапты беталды іздеу көп уақыт пен күшті талап етеді, бұның өзі де көбінесе дұрыс шешімге әкелмейді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта дұрыс сұрақты қоя білу, оған жауапты анықтау қажеттілігімен ғана шектелмей, ғылыми еңбектің жемісін пайдалану нәтижелерін көре білу керек. Ғылыми жұмыстың нәтижелілігі көп жағдайда таңдалған әдіснамаға байланысты. Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар: Философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылымдылық. Бұлардың арасында айқын шекара жоқ, себебі олар бір – бірін алмастырып, толықтырып жатады. Философия әдіснама ретінде зерттеушіні табиғат, қоғам, сана дамуының жалпы заңдарын білуімен, әлемнің біртұтастығын қамтуымен, зерделенген мәселені басқалардың ішінен орны мен байланысын анықтаумен қаруландырады. Ғылыми әдіснаманың ең бір басты бөлігі – салада жаңалық ашу. Ғылыми әдіснаманың бірінші және ең нағыз талаптарының бірі – кәсіби білім деңгейін үнемі және жоспарлы түрде арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін, мектеп қабырғасынан бастап ғылыми пәндерден өз біліктілігін көтеріп, жан – жақты білімді тұлға болуға ұмтылу. Философия әдіснамасының басты маңызды бөлігі болып саналады. Философия қағидаларын білу адамның ой- өрісін байытады. Философия біздің бүкіл өмірімізден өтеді, себебі қандай іс – әрекеттпен айналысса да ол бұрынғы ата – баба тәжірибесінен қалған немесе айналадағы ортадан алған, өзі қорытындылаған жалпы ұғымдарға, ортақ түсініктер мен ерекше атауларға сүйенеді. Философияның негізгі заңдарын, білімін елемеу жалған ғылыми теориялардың батпағына батырады, нәтижесінде ғылыми қағидалар таза ғылыми іс – әрекеттен алшақ тұрған көзбояушылық қорытындылар және теориялармен алмастырылады. Ғылыми жұмыстың тиімділігі көп жағдайда адам ой- өрісінің кеңдігіне, білімділігіне, жалпы ақпараттық мәдениетіне байланысты. Табиғатқа, әдебиетке , музыкаға, суретке деген қызығушылық эмоционалдық қанағат береді, ғылыми 14


мәселелерді шешуде пайда болатын шаршағандықты сыпырып алады, шығармашылық үрдісті шапшаңдатады, күтпеген ассоциация тудырады, тасаланып тұрған заңдылықтар мен байланыстарды көруге мүмкіндік береді. Осы қағидаларға сүйенсек жас зерттеуші сауатты, көп салалы, білімді азамат болу керек. Орта мектепте оқи жүріп қазіргі заманға лайық және жалпы білімді меңгеруге міндетті. Ғылыми жұмыстың маңызды сәтінің бірі жаңа ой – пайым (идея) шығару және болжам (гипотеза) жасау. Жаңа, әлі белгісіз, бірақ өмірде кездесетін заңдылықты іздеу барысында ол туралы болжам жасайды, мүмкін ол дұрыс болып шығар, мүмкін жалған да болар. Гипотеза – ғылыми болжау, ғалым жұмысының айырылмас серігі. Нағыз ғалым өз жұмысын қиялсыз жасай алмайды. Қиялсыз, тапқырлықсыз, жаңа ой – пайым табу қабілетінсіз ғалым табысқа жетуі мүмкін емес. Жалаң грамматиканы игеріп, поэманы жазу мүмкін еместей, жаңа логика төзімділік пен еңбекқорлықсыз жаңа ой – пайым тудыра алмайды. Гипотезаны құру – ғылыми шығармашылық дамуының заңдылықты кезеңі. Жаңа идеяларды ұсыну және гипотеза жасауда сауатты болу үшін ғылыми көріпкелдік қажет. Ал, ол тек қана ғылыми білімге сүйенген жағдайда болуы мүмкін. Тұспалдау мүмкіндігі ғылымның құбылыс пен заттардың арасындағы байланысты реттеуі, ауық – ауық қайталануын орнықтыру мәнінен туындайды. Сондықтан да ғалымдар мен философтардың еңбектерінде тұспалдау жасау мәселесі үлкен орын алатыны кездейсоқ жағдай емес. Осылайша тұспалдаудың ең кең тараған әдісінің бірі экстрополяция деп аталады. Бұл әдісті қолданғанда белгілі заңдарды белгісіз көріністерді түсіндіру үшін пайдаланады. Экстрополяция – кішігірім пән саласындағы білімдерді әлі ғылым игермеген шын болмыстың кең аясына таратады. Ғылыми заңдарға байланысты жасалған гипотезалардың бірнеше түрі болады. Олар эмприкалық, теориялық , құрылымдық, статистикалық, динамикалық, санды және сапалы болып табылады. Эмприка заңдары тәжірибе мен бақылауларға негізделеді. Бұл заңдарды теориямен салыстырғанда аса терең деп айтуға қиын, бірақ олардың негізінде жасалған болжамдардың нақтылық дәрежесі өте биік. Теориялық заңдар, эмприка заңдарына қарағанда, табиғаттың шын заңдылықтарын терең де толығырақ айқындайды. Сондықтан, бұл заңдардың үлкен болжамдық күші бар. Мұндай болжамның мысалы ретінде А. Эйнштейннің қатынастық теориясындағы ірі аспан денесінің жанынан өткен сәуленің ауытқу құбылысын атауға болады. Ғылымның әрбір саласында динамикалық және статистикалық заңдарына негізделген болжамдардың орны бөлек. Динамикалық заңдары объектінің алғашқы қалпы мен сыртқы жағдайын біле отырып, кез келген уақытта оның өзгеруін болжай алатындай мүмкіндік береді. Статистика заңдылықтары объектілер жиынтығының, яғни элементтерінің бір текті объектілер көптігіне қатысты болады. Бұл жиынтықта жеке элементтің іс- қимылы кездейсоқ болғандықтан, ықтималдау түрінде сипатталады. Статистика болжамының басты міндеті жеке элементтердің құбылмалы сипаттарына аса назар аудармай, бір текті объектілері көпшілігінің өзгеруі туралы тұспалдау. Ықтималдық сипатына қарамастан статистика болжамы өз құндылығын төмендетпейді. Бұл болжамдардың толықтылығы немесе шынайылығы динамика заңдары негізінде жасалған болжамдардан кем емес. Статистика заңдары негізінде жасалған болжамдарды астрономия, әлеуметтану, медицина, биология тағы басқа ғылымдарда қолданады. Сапалы түрде тұжырымдалған заңдылықтар, көріністердің жалпы даму бағытын анықтайды. Бұл заңдарды математика тілінде сипаттау мүмкін болмағандақтан, оларды нақты цифрлар келтірмей – ақ жалпы түрде қорытындылайды. Санды заңдар, математикалық формула мен теңдіктер тілінде тұжырымдалады. 15


4. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері Теория ғылымы өз кезегінде аналитика және өнертапқыш түріне бөлінеді. Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, мұның мақсаты аталған заңдармен құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу объектісін жүзеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап математикалық байланыстылығын табу. Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелер қажетсінбейді, зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі – ақ қамти алады. Сондықтан теория ғылымы көп жағдайда дара тұлғалардың үлесінде болады, ондай ғалым жеке өзі –ақ айтарлықтай нәтижеге жете алады. Өнертапқыштық іс-әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер ашу арқылы зерттеу объектісіне қажетті сапалы дәреже (индикатор) мен санды деңгейін (параметр) аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын жаңашылдық сипатындағы ерекше шешімдер іздеп табудан құралады. Мұндай іс – әрекет жүргізу үшін тек қана ақпараттық қамсыздандырумен шектелуге болмайды, ол үшін көп білу керек, зор шығармашылық қабілеттерді, қиялды өз бойында қалыптастыру қажет, ерекше ойлау дағдысын тәрбиелеу қалыпты пікір – шешімге бағынбай, өз көзқарасын байыту қажет. Дәл осындай шешімдер ғылыми ой – өрісті ілгері жылжытады, жаңа көкжиек, бағыт ашады, ескірген идеялар тоқырауынан алып шығады. Ғылыми жұмыстың мақсаты – іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай экономикалық критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану мәселелері қойылмайды. Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс- жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында «бұл кімге қажет?» деген сұрақтар қойылады. Іргелі және қолданбалы ғылымның арасында айқын шекара жүргізу мүмкін емес, себебі қолданбалы ғылым өзінің даму барысында және жетістіктерін қорытындылай келе бірте – бірте зерттеудің іргелі түріне айналады. Ал керісінше іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып, қолданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп ықпал жасайды. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай қолданбалы ғылым теориялық немесе эмприкалық (тәжірибе) сипат алады. Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады, өңделеді, есептеледі, жаңа ой – пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми жұмыстың мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады. Ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз – адамның еңбектену іс – әрекетінің ерекше түрі. Бұл іс – әрекет адамнан еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша туындаған сәтсіздікті жеңе білу қабілетін, оның интеллектуалды мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қажет етеді. Ғылыми еңбектің мақсаты адамзатқа осы уақытқа дейін беймәлім ақиқатты ашу, табиғат жұмбақтарына тереңірек үңілу, адамзат игілігіне пайдаланатан табиғи күштерді қолданудың жаңа жолдарын, адамды, оның ішкі яғни дене күштерін және рухани қайратын зерттеу. Ғылым аясында еңбек ету әрқашанда құрметті және мәртебелі болып саналған. 5. Ғылыми – зерттеу жұмысының бастауы Ғылыми – зерттеу жұмысы өзекті проблемалардан бастау алатындығы баршамызға мәлім. Адамдар сонау алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде табиғаттың, жаратылыстың 16


-

тылсым дүниелеріне үңілген. Әр түрлі саланы зерттейтін ғылымдардың барлығы да адам баласының «білсем», «танысам» деген ынталарынан туындаған. Жұмбақ дүниелер проблеманы туғызған, ал проблемалар бір ғылым саласының тууына, дамуына ықпал еткен. Проблеманы іздеудің ең оңтайлы жолы – бір нәрсені әр түрлі жағынан көре білу; дайын тұжырымдардың өзіне де сыни көзқараспен қарау, басқа шешімін іздеу, оны табуға еңбектену болып келеді. Сөз өнері де проблемаларға толы. Әдебиеттегі проблемалар сол көркем туынды негізінде жатқан қалам иесінің көтерген ойынан, айтайын, берейін деген мақсатынан туындайды. «Әдебиет – қоғам айнасы» дейді, көркем туындыда қаламгер сол қоғамдағы басты өзекті, проблемаларды көтеруге тырысады. Мысалы, Абайдың көп өлеңі өз халқын, өзі өмір сүрген ортаны ащы сынауға негізделеді. Себебі неде? Себебі Абай өз халқының, қоғамының басындағы басты кемшіліктерді түсіне білді. Содан шығу жолын іздеді, оны сынау арқылы халқын оқу –білімге үндеді, имандылық, тазалыққа тәрбиелегісі келді. Ақын қазақ халқының артта қалу себебін жалқаулық, қараңғылықтан іздеді. Осы проблемалар Абайдың көп өлеңдерінің туу себебіне әкелді. Әдебиет пәнінің әр тақырыбында проблема жатыр десек, артық емес. Оның бастысы көркем шығармалардың қайсысында болмасын, қаламгер ойы, идеялық – эстетикалық мақсаты жатады. Мысалы, С.Сейфуллиннің «Көкшетау», М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмаларында қалмақ қызының бейнесі бар. Олардың екеуінде ақындар сұлу, ақылды, қайратты, айлалы етіп бейнелейді. Олар – өз ұлтының патриоты, өз сүйгеніне берік, адал. Тіпті, Абылай (Көкшетауда) қалмақ қызының алдында дәрменсіз, ал «Батыр Баянда » қалмақ қызы Баянды да, Ноянды да қармағына түсіреді. Батыр Баянды жазылмас қайғыға душар етеді. Проблема қайда жатыр? Неге қалмақ қызын екі ақын осылай бейнелеген? Әлде олардың бейнесінде тарихи шындық жатыр ма? Оқулықтан бұл сұрақтың шешімін кездестіре алмаймыз. Тіпті ғалымдар еңбегінен оның дәл жауабын табу қиын. Бұл жерде, ең алдымен, өзіндік болжам, шығарманы қабылдау дәрежесі, тіпті эстетикалық талғамның деңгейі де көмекке келе алады. Ең бастысы , қабілет, іскерлік дағды, аналитикалық ойлау, салыстыра білу, көркем мәтінді жете түсіну, ғалымдар еңбегіне де өзіндік көзқараспен қарау көмекке келе алады. ХХІ ғасыр ғылыми жетістіктердің, үлкен өзгерістер мен үміттердің ғасыры. Барлық жаңалықтарға адам ақыл- ойын, білімін дамыта келе, қоршаған ортаны өзін тереңірек тану барысында, алыс ғарыштың кеңестігіне жете, ғылым саласында еңбектену арқасында жетті. Ғылыми білім негізінде соңғы жүз жыл ішінде адам баласы өз ғаламшарын өзгертті, тұрмысын көп есе жеңілдеткен және үдеткен үлкен өнеркәсіп, көптеген машиналар мен жабдықтар ойлап тапты, тіпті күнделікті тұрмыс жағдайын да өзгертті. Ғылым адамзат дамуының қорғаушы күшіне айналды. Адам жасайтын жұмыстың басын көпшілігін машиналар мен құралдар орындайтын болды. Адам жер бетінің бір бұрышынан екінші басқа нүктеге мұхит пен құрлықтарды аттап лезде жеткізетін көлік құралдарын ойлап тапты. Зерртеудің әдіс – тәсілдері, оны ұйымдастырудың жұмыс жоспарын жасаудың тиімді жолдары. Зерттеу жұмысы – шығармашылық үрдіс. Оның барысында өзгертулер,толықтырулардың болып тұруы заңды құбылыс. Зерттеу жұмысына, ең алдымен жоспар жасап алу керек. Жұмыс жоспары «Не істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс ? » деген сұрақтарды қамтиды. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау. Ғылыми жұмыстарға үңілу. Ғалымдардан ақыл –кеңес сұрау. Интернетке жүгіну. Үнемі бағамдау, байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу. 17


-

Тәжірибе жүргізу, (Ақынның мұражайларына, туып –өскен жеріне, немесе оқиға болған жерге бару.) оның барысы, нәтижесін жүйелі түрде талдап отыру. Қорытынды жасау. Бейне материалдар, слайдтар жасау. Жұмысты қорғауға дайындалу. Тақырыптың өзектілігі Мақсаты, міндеті Болжамы Жоба құрылымы

Зерттеу кезеңдері Эксперимент әдістемесі Зерттеу жаңалығы Қорытынды

6. Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды табу); • зерттеу саласын анықтау (негізі мәселелерді белгілеу); • зерттеу тақырыбын тандау (зерттеу шеңберін белгілеу); • шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау); • зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау; • ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу); • алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды жинақтау); • есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау); • баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтарға жауап беру). Ғылыми жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол. Тақырыпты таңдау кезінде оқушылдардың ғылыми үйірмедегі жұмысындағы, арнайы әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы жұмыс тәжірибесіндегі, семинар сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас пәндер бойынша ғылыми жұмыстағы ғылыми және практикалық мүдделерді оқушының ескеруі қажет. Мұндай жағдайда оқушы алған білімін тереңдете отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, өз мүддесіне жақын тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды. Оқушы оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап •

18


алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс. Тақырып - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады. Егер тақырыпты өңдеп және шешімін табуды қажет ететін мәселе түрінде ұсынса, сол арқылы оны оқушыға жақындатса , бұл әрекет оқушыда қызығушылық тудырады, мұғалім тарапынан нақты проблеманы ұсыну, шешімін бірлесіп шығару талап етіледі. Ғылыми жұмысқа баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Ғылыми жұмысқа ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтындай пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек. Ғылыми жұмыс тақырыбының бірнеше нұсқалығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын арттырады. Осы тұста айта кететіні оқушыдан тақырып негізінде ғылыми жұмыс тақырыбының мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу талап етіледі. Ғылыми жұмыстың жоспарын әзірлеу барысындағы оқушының өзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды. Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады әрі шығармашылыққа баулиды. Ғылыми жұмыс барысында оқушылардың өз жұмысына және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады. Ғылыми жұмыста сарапшылар төмендегідей өлшемдер бойынша төрелік етіп, сараптама жасайды: 1. Тақырыпты мақсаты мен өзектілігіне сай аша білуі. Болжам қоя білуі. 2. Ғылыми ізденісі , жаңалығы, шығармашылығы. 3. Талдай білуі, көрнекілік қолдануы . 4. Сөйлеу мәдениеті және шешендік қабілеті. Тақырыпты таңдау ережесі: Ғылыми жарысқа келесі жұмыстар ұсынылады: 1. Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке , бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын; 2. Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі эксперименттерді, өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын; 3. Әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалықзаңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар; 4. Жарысқа кәмілеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай-ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар (уытты, радиоактивті, канцерогендік және мутагендік әрекеттегі зерттелмеген биологиялық активті құрамалар, адамдар мен жануарларға патогенді немесе оған тең заттар, микроағзалар, вирустар, алкоголь, темекі т.б) және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар жарысқа қатысуға жіберілмейді; 5. Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді. Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі 1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек. 2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек. 3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. 4. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек. 5. тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек. 19


6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек. 7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы. Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек: • алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу; • бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау; • тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек. • таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке консультация барысында талқылану керек; • зерттеу тақырыбы мектепте ОҒҚ отырысында бекітілу керек. 7. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді зерделеу Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек: 1. Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек. Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары - соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды. 2. Тізімге енген барлық жұмыстар пайдалану ретіне қарай цифрленіп белгіленеді. 3. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі. Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері: 1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б. 2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б. 3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б. Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі: Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен-жайы, (интернеттегі сілтеме). Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «химиялық ластану...» [ 5 ]. Әдебиеттерді зерделеу мынандай кезеңдерден тұрады: • Жалпы танысу • Бөлімдер мен тарауларды окып шығу • Таңдап алып оқу • Оқыған материалдардан жоспар құру • Окығандардан көшіріп жазу • Осыған материалдарды баскалармен салыстыру 20


Окығандар мен жазып алгандарға сыни баға беру

Кезеңдердің мазмұны төмендегідей мазмұнды қамтуы тиіс: • Әдебиеттерге жалпы шолу • Мәтіннен манызды жерін бөліп алу • Мәтіннің маңыздыларын қайта оқу • Жоспарда негізгі ойлар қамтылуы тиіс. • Нақты және толық (цитата) • Мәселені шешуде айырмашылықтары белгіленеді • Шынайылық мен нақтылығына назар аударылады •

8. Зерттеу жұмысының жоспарын құру Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді. Кезеңдер:

Зерттеу жұмысын жүргізу

1. Зерттеу мәселелерін теориялық талдау.Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1-ші теориялық мазмұнын құрайды. 2. Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады. 3. Зерттеу күнделігін жүргізу. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек. Күнделіктің бет парағы былай толтырылады: ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ Зерттеу тақырыбы_______________________________ Оқушының Т. А.________________________________ Мектеп, сынып _________________________________ Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә.А _____________________ Сондай-ақ бет парақта мектеп мөрі мен мүдірдің қолы болу керек. Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:

^ Жұмыс мазмұны

Зерттеу әдістері

21

Ескерту


Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек. 4. Алынған мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеу. 9. Ғылыми жобаны рәсімдеу Ол бірқатар талаптарды сақтай отырып жүргізіледі: Ғылыми жобада: - бет парақ; - мазмұны; - кіріспе; -теориялық бөлімі; - зерттеу бөлімі; - қорытынды; -пайдаланған әдебиеттер тізімі; -қосымша (егер қажет болса) болу керек. Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек. Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі: - аннотация- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде; - ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады; - оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады). - зерттеу күнделігі. Бет парақты рәсімдеу. (үлгіден қараңыз). Мазмұны бар беттерді рәсімдеу: а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі; ә) мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі: • Кіріспе; • 1 тарау (1.1., 1.2., 1.3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары болады); • 2 тарау (2.1, 2.2., 2.3. тармақшалары); • 3 тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары); • Қорытынды; • Әдебиеттер тізімі; • Қосымша (егер бар болса). б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады; в) бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1-ші бет- бет парақ- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бет- мазмұны- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі). Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу. • Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі; • Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді; • Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі. • • • •

Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі. Мәтін компьютерде терілу керек. Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см. әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль; абзац болу керек; 22


жол арақашықтығы- бірқатарлы; кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады; • тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады; • ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі. • Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек, • Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада). • Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек; • Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады; • Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі: автордың тегі, аты- жөні, мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін), журнал және кітап атауы шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін), шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері. • әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады; • қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді. • •

Аннотацияның (абстрактының) жазылуы. • Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған: • зерттеу мақсаты, тапсырмалары; • зерттеу объектісі, заты • гипотезасы • зерттеу кезеңдері , процедурасы; • эксперимент әдісі; • зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі; • жұмыс нәтижелері және қорытынды; • нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді. Жетекшінің пікірі (үлгіні қараңыз). Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады. Жоба қорғау барысында оқушылардың өзара қойған сұрақтары да, мұғалім тарапынан қойылған бағыттаушы сұрақтар да аса маңызды. Жобалау технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушы тұлғасының іс-әрекет барысында қалыптасуына жағдай жасайды. Қорытындылай келе, білім беруді аталған оқыту технологиялары негізінде ұйымдастыру – оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет 23


жасауына , оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына , өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына , жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпіз. Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Жамбыл облысы Бағыты: Секциясы: Тақырыбы: Авторы: (аты-жөні толығымен, сыныбы,мектебі, қаласы) Жетекшісі: (аты-жөні толығымен, пәні,мектебі, қаласы) Кеңесшісі: (аты-жөні толығымен, дәрежесі,оқу орны, қаласы) 2015 жыл 10. Оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар жарыстарының кезеңдері кезеңі • • • •

Оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар жарысының облыстық Талаптары: облыстық іріктеу кезеңіне қалалық кезеңде 1 және 2 орын алған жұмыстар кіреді; ғылыми жоба 2 дана болу керек. Ғылыми жоба барлық талаптарға сай жазылып, безендірілу керек. Ғылыми жобаның әр данасында міндетті түрде:

А) 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) аннотациясы Ә) жоғарғы оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен расталады Б) зерттеу күнделігі Оқушылардың ғылыми жобалар жарысының республикалық кезеңі Тестілеуге (1-інші республикалық кезең) облыстық кезеңнен 1,2,3 орын алған оқушылар қатысады Тестілеуден 60 және одан жоғары балл алған оқушылар 2-інші республикалық іріктеу кезеңіне өтеді (экспертиза). Республикалық кезеңде оқушылардың ғылыми жобаларын қорғауға қойылатын талаптар 1. Стенді қорғауға: Стендінің өлшемі 135* 125 см, онда келесі ақпаратттар орын алады : А) фото (9 * 13 см), тегі, аты, мектебі, сыныбы, қала/ аудан, облыс; Б) Бағыты, секциясы, жоба тақырыбы, жетекші, ғылыми жетекші; В) мақсаты, міндеті, маңызы, жаңалығы; С) аннотация (оқу тіліне байланысты қазақ немесе орыс тілінде) Д) қорытындылар Е) жұмыстың мазмұнын толық қамтитын материалдар, талаптарға сай графиктер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар нөмірленген болуы тиіс. 2. Қайшы, скотч және т.б. (стендіні безендіруге керек заттар). 3. Туу туралы куәлік немесе жеке куәліктің өзі және көшірмесі, эпид. ортаның тазалығы және денсаулығы жайлы туралы анықтама (мөрмен) Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін және қабілетін дамытуға, зерттеу білігі мен дағдыларын қалыптастыруға, дербестігін және әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеуге бағытталған қазіргі инновациялыпедагогикалық технологиялардың бірі болып табылады. Ғылыми жұмыс жасауда оқу кітапханасымен жұмыс дұрыс бағытта жүргізілуі жұмыстың дұрыс бағдарын айқындайды. 24


• • • •

• • •

Энциклопеднялармен жүмыс турі негізгі ақпаратты табуға көмектеседі. Экциклопедия анықтамалық қызмет атқарады. Тапсырма: деректерді, түсініктерді, терминдерді табу. Мамандандырылған сөздіктер: тілдік, түсіндірмелік, синонимдер сөздігі, сілтемелер сөздігі. мифологиялық сездіктер, т.б. Анықтамалықтар: жаратылыстану-ғылыми және қоғамдық пәндер бойынша: жануарлар, өсімдікгер әлемі, тарихи, дүние жүзі елдерінің өнері, музыкалық, хронологиялык, биологиялык аныктамалықтар, т.б. Библиграфиялық басылымдармен жұмыс. Ақпараттар түрімен, ақпараттар тандау негізімен және қажетгі материалдарды іздеу жолымен танысу, кітапхана каталогымен жүмыс, т.б. Мерзімді басылымдар: (газет, журнал) жұмыс. Ізденіс тапсырмалары бойынша есеп жазу Интернетпен жүмыстың мақсаты қажетті ақпаратгарды іздеу электрондык каталогпен жұмыс істей білу, ақпараттарды сайтта жинақгау, хат жазысу, т.б. 11.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалау критерийлері

Параметр: Шығармашылық қабілеті Мүмкін бағалар: Жеке жобаға – 30 балл Командалық жобаға – 25 балл Негізгі бағалар: • Егер автор (лар) жаңа ғылыми жолдарды табуда шығармашылық қабілет танытса, онда жеке жоба үшін 25-30 балл. ал топпен орьшдалған жобаға 20-25 балл қойылады. • Егер жаңа тәсілдерге талдау жасауға шығармашылық қабілеті жетіп жатса, онда жеке жоба үшін 20-25 балл, ал топтык жобаға 15-20 балл қойылады. • 10-20 мен 10-15 балл мәліметтерді жеткізу шығармашылық кабілетіне койылады. • 10-ға дейінгі бал жоба рефераттық сипатта болған жағдайда беріледі. Параметрі: Ғылыми ойлау Мүмкін бағалар: Жеке жобаға – 30 балл Командалық жобаға – 25 балл Негізгі бағалар: • жұмыстың нактылығы мен кажеттілігіне қарай: • күтілген нәтижесінің құндылығына қарай; • нақты жослары мен міндеттеріне қарай; • автордың зерттеу кезеңдеріндегі көрегенділігіне қарай. • автордың түсінігіне қарай; • келесі зерттеу кезеңдеріндегі автордың идеясына қарай; ! • ғылыми әдебиеттерге жасалған сілтемелеріне қарай; • жұмыстың максатына қарай; • зерттеу нәтижесінің қажеттілігіне қарай; • нәтижесінің жүзеге асырылуына қарай. • Параметрі: 25


Зерттеу дағдыларын қолдану әдістерінің тиімділігі • Мүмкін бағалар: • Жеке жобаға – 15 балл • Топтық жобаға – 12 балл • Негізгі бағалар: • Егер автор жұмыс барысында қазіргі заманғы техникаларды колдана отырып, жаңа нәтижелер алуда тиімді тәсілдер көрсете білсе, онда жеке жобаға 15 балл, топтык жобаға 12 балл қойылады. Параметрі: Тақырыптың ашылу деңгейі Мүмкін бағалар: Жеке жобаға – 15 балл топтық жобаға – 12 балл Негізгі бағалар: Бұл мынадай негізгі параметр бойынша койылады: • жұмыс жоспарланған сатыларда орындалды ма? • шешілетін мәселе толық қамтылды ма? • жеке эксперимент корытындысы негізделген бе? • материал жобада толық қамтылды ма? • автор мәселенің басқа шешу жолын біле ме? Параметрі: Сөйлеу шеберлігі, материалдың жеткіліктілігі Мүмкін бағалар: Жеке жобаға – 10 балл топтық жобаға – 10 балл Негізгі бағалар: Балдар мынадай критерийлер бойынша қойылады: • автордың баяндау тәсілі • материалдың толықтылығы • жобаның негізі сәттерін көрсете білуі • жобада пайдаланылған эксперимент материалдарының жеткіліктілігі • стенд материалының құндылығы. • Параметрі: Топ мүшелерін үйлестіру деңгейі • Мүмкін бағалар: • Барлығы – 10 балл Негізгі бағалар: • Баға мынадай критерийдерді басшылыққа алады: • Әрбір қатысушы міндеттерінің айқындылығы • -топ мүшесінің басқа топ жұмыстарымен таныстығы • топ мүшесінің жоба материалын баяндауы Ең бастысы оқушылар ғылыми жобамен жұмыс істеу барысында мектепте алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Оқушылар жобаны қорғауда талаптарға сәйкес безендірілген стенд материалдарын ұсынуға құқылы. Ғылыми жобаларын қорғау кезінде берілген уақыттарын үнемдеу арқылы зерттеу жұмыстарының негізгі түйіндісін, жаңалығын әділқазыларға ашықта жақсы, нақтылы жеткізе білулері қажет. Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекке оның барлық өміріне апат әкеледі», – депті Әл-Фараби бабамыз. Халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлген, жақсы қасиеттерге баулып, жаманнан жеріндіріп отырған. Сол себепті де оқушылармен ғылыми жұмыстар жасау танымдық 26


біліктілікті арттыру мен қатар өзіндік ізденімпаздыққа баулиды. Балынң өзігдік көзқарасының қалыптасуына әсер етіп, білімді де тәрбиелі болып шығуына зор әсерін тигізеді. 12.Оқушылардың жұмыстары

-

Тақырыбы: Пушкин поэзиясы Абайдың ақындық мектебі контексінде. Жұмысты орындаған: Қайратқызы А. 11 «А» сынып оқушысы. Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Тақырыптың өзектілігі Бұл ғылыми – зерттеу жұмысы Пушкин поэзиясының Абайдың ақындық мектебіндегі алар орны жайлы мағлұмат береді. Бұл жұмыс тақырыбы жағынан Қазақстандағы Пушкин жылын және Ресейдегі Абай жылын өткізумен тығыз байланысты. Кіріспе бөлімінде ғылыми- зерттеу жұмысының мақсаты және міндеттері, көтерілген мәселенің бүгінгі күнгі өзектілігі жайлы сөз болады. Негізгі бөлімде Пушкиннің қазаққа ұлы Абай арқылы жол ашып танылуы, Пушкин поэзиясының Абай шығармашылығына әсері, екі ақын шығармашылығы арасындағы үндестік, тығыз байланыс нақты мысалдармен дәлелденген. Осы бөлімде Абай аудармаларының көркемдік ерекшеліктері туралы да сөз қозғалған. Абайдың қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтеруі, орыстың классикалық әдебиетімен үндестік мәселесі жан – жақты талданады, салыстырулар да бар. Сонымен қатар, Пушкин поэзиясын аударумен айналысып Абай дәстүрін жалғастырушылар туралы да мәлімет беріледі. Осы жерде Шәкәрім атындағы Семей университетінің жоғары математика кафедрасының білгір де білікті ғалымы Сағидолла Қожакелдинов туралы айтып кетпеуге болмайды. Ол кісі туралы Мұратбек Оспанов Сағидолла Қожакелдиновтың «Таңдамалы аудармалар және аудармалар туралы пікірлер» кітапшасында жазған алғы сөзінде: «Сағидолла Қожакелдиновтың еңбегі де осындай маңдай тердің жемісі деуге әбден болады», - деп мәлімдеген. Оның үстіне математика сынды нақты ғылымның маманы әдебиетке әуестенуінің өзі қуантарлық нышан. Қорытынды бөлімде қазақ халқына Абай арқылы жеткен Пушкин шығармаларының қуаты, өмірлік мағынасы туралы сөз болып, Пушкиннің тарихи орны, Пушкин әлемін бар қазаққа жайып салған Абай шығармашылығының биік шыңы жайлы әңгіме болады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің алдына қояр негізгі мақсаты – Пушкин поэзиясының Абайдың ақындық мектебіндегі алатын орнын ашып көрсету. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына мынадай нақты міндеттер қойылды: Абай аудармалары арқылы Пушкинді танып білу. Екі ақынның арасындағы үндестікті көрсету. Пушкин поэзиясының Абайға әсер – ықпалын көрсету. Абай және Пушкин шығармашылығы арқылы жастарды білімге, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу. Зерттеу нысаны Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Абайдың, Пушкиннің өлеңдері, аудармалары алынды.

27


-

-

Жұмыстың ғылыми жаңалығы Орыс әдебиеті мен мәдениетіндегі Пушкиннің орны және қазақ халқының рухани келбетіндегі Абайдың орны ғылыми тұрғыдан зерттеліп, қажетті мәліметтер жиналып түзілді. Абай шығармашылығындағы Пушкиннің рөлі, оның орыс әдебиетіне деген ілтипаты қарастырылып, сипаттама берілді. Екі ақынның поэзиясындағы үндестік анықталып, сипаттама беріліді. Зерттеудің әдістері Зертеуде баяндау, жинақтау, саралау, әдеби- ғылыми талдау әдістері басшылыққа алынды. Зерттеудің құрылымы Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Бұл жұмыс бойынша жоғарыда аталған оқушы Қайратқызы Аяулым 2006 жылы мектеп оқушыларының ғылыми жобалары жарыстарының қалалық кезеңінде ІІІ жүлделі орынға ие болып, 2007 жылы «Оқушылардың білімдері мен ерік – жігерлерін еліміздің үдемелі дамуына жұмылдыру» атты аймақтық студенттік ғылыми - практикалық конференцияда ІІ жүлделі орынды иеленді. Тақырыбы: Еңлік –Кебек оқиғасының қазақ сөз өнеріндегі көрінісі. Жұмысты орындаған: Мұқағалиева Назым 10 «А» сынып оқушысы. «Ертегі емес, ертеде болған бір іс, Ойдан жалған шығарған сөзім емес» Ш.Құдайбердіұлы Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Тақырыптың өзектілігі Дүние жүзі әдебиетіндегі бірталай ұлы шығармалары халық аңызы негізінде туғандығы белгілі. Жеріне жеткен шеберлікпен, асқан ақындық күш – қуатпен ғаламат философиялық шындықтарды поэтикалық суретпен берген Гетенің «Фауст» трагедиясының сюжеттік желісі халық әдебиетінде жатыр. Неміс Клингер «Фаустың өмірі, қызметі, өлімі» деген роман, ағылшын Марло «Доктор Фаустың қайғылы тарихы» атты трагедия жазды. Тақырыпты әр түрлі пайымдағанмен бұладың бәрі де көркемдігі, тереңдігі жағынан Гете трагедиясынан көш кейін. Мұндай фактілер арқылы аңыз бен көркем әдебиеттің байланысы, әр жазушы аңызды өз шығармасында қалай пайдаланады деген мәселелерді айқындауға болады. «Еңлік - Кебек » аңызының нұсқаларына тоқталғанда осы мақсат көзделді. Енді осы «Еңлік – Кебек » аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде келген төрт нұсқасында, қазақ халқының дана тұлғалары «Абай, Шәкәрім, Әуезовтер» қазақ сөз өнерінде болмаған бір сюжеттің жанрлық интерпритациясын көрсете білді. Әр сөзде бір сыр, әр сырда бір мұң, әр мұңда бір мағына бөлек – бөлек, әр ой қайтіп онға бөлінсе, әр сөз де солай күрт – күрт үзілді. Сонда соқпа – соқпа ой арасынан, үзік – үзік сөз астарынан жылт – жылт сезім шапшып шыға береді. Міне, Абай, Шәкәрім мен Әуезов үндестігі деп осыны айтамыз.

28


Халық қиялы оқшау жәйттерді, ерекше істерді уақыт өткен соң басқа бір қырынан көріп, жаңаша тірілтіп, жаңғыртып, ұмытпай жадына сақтайды, есіне тұтады. Солай ұрпақтан ұрпаққа кете береді. Жиырма жасар Мұхтар Әуезовтің қиялын қозғап, қолына қалам алдырған Еңлік - Кебек жайлы халық аңызы болатын. Енді осы «Еңлік – Кебек » аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде келген төрт нұсқасына жеке –жеке тоқталып, оларды өзара салыстырып көрелік. Өмірде шын болған бақытсыз ғашықтар Еңлік пен Кебек хикаялары ескі күндердің өзінде ел арасына кеңінен тараса керек. Бұл трагедиялық тағдырлар туралы алғаш рет қалам тартқан - Абай деп білуге тиіспіз. [ 1 ] Алғашқы нұсқа 1892 жылы «Дала уәлаятының газетінде» (№№ 29, 31-32,34- 40) сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» атты көлемді прозалық шығарма өзінің таным өресі, ой өрнегі тұрғысынан ғана емес, сөз саптау, сөйлем құру, көркемдеу тәсілдері жағынан алып қарағанда да тек Абайға ғана тән сыпат танытады. Кейбір зерттеушілер бұл еңбек Шәкәрімге тиесілі деп пайымдайды. Оған дәлелдері де жоқ емес. Алайда Абайдың әуелде өз өлеңдерін шәкірт достарына тілегенін, «Дала уәлаятында» жарияланған «Жаз» бен «Болыс болдым мінекей» Көкбай атынан шыққанын еске алайық. Түйіп айтқанда, «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» атты әңгіменің сюжеті, тұтас сөз тіркестері қайталанып жататын - Абай прозасының үлгісі болып табылады. Абай өнерінің қыр –сырын, өріс - өресін айқындай түсетін, әдебиет тарихын байытатын өзгеше әңгіме деп атауға болады. «Дала уәлаяты» газетінің 1900 жылғы 46 санында жарияланған нұсқа «Қазақ тұрмысынан хикая» деп аталады. Алғашқы нұсқадан бірнеше өзгешелігі бар. Үшінші нұсқа - Мағауияның «Еңлік - Кебек» поэмасы. Мағауия Абайдың мәслихатымен және материал беруімен пайдаланып, бірнеше поэма жазады. Төртінші нұсқа - 1912 жылы Семейде жеке кітап болып басылған «Жолсыз жаза» поэмасы. Қазақ реализмі Абай тұсында қалыптасты, ұлы ақынның өнерлі шәкірттерінің жан – жақты қызметі нәтижесінде әдебиетте жетекші әдіске айналды десек, бұл реттегі Шәкәрім еңбегі тек лирикалық поэзиямен ғана шектелмейді. Білімдар Шәкәрім эпикалық жанрларға да қалам тартады. Ақынның атын бүкіл қазақ даласына танымал еткен «Қалқаман – Мамыр» және «Жолсыз жаза» («Еңлік – Кебек») поэмалары. Ескілікті жақсы білген шежіре ақын Еңлік – Кебек оқиғасы 1780 жылдар шамасында болды деп дәл көрсетеді. Ақтабан шұбырындыдан кейін қазақтардаң Сырдан кетіп, Шуға, Арқаға қарай аууы, сөз болады. Ақиқатында Шәкәрім ақынның өзі де «Еңлік - Кебек» поэмасының аяқталу сәтінде: «Ертегі емес, ертеде болған бір іс, Ойдан жалған шығарған сөзім емес» деуінде үлкен бір тарихи шындықтың шұғылалы тұстарын аңғаруға болады. «Еңлік - Кебек» аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде келген төрт нұсқасына жеке – жеке тоқталып, оларды өзара салыстырып шықаннан соң, байламдар жасауға болады. Мұхтар «Еңлік – Кебегінің» сюжеті негізінен халық аңызының бұрыңғы әңгіме, поэма түрінде келген нұсқаларының іргесінен тарайды. Екі ел арасында нақты болған оқиғаның драма материалы екенін ұғыну – жас қаламгердің жазушылық көрегендігін аңғартады. Бұл ретте Әуезов Шекспирді еске түсіреді. 29


-

-

-

Жас Әуезов халықтық аңыздың бұрынғы пайымдауларына жаңа, мол өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарма тудыра алғанын көреміз. Сондай –ақ бірсыпыра зерттеушілерді қос мұңлықтан қалған Ермек деген баласын Еңліктің төркіндерінің ұрлап әкетіп, Ермектен қалған нәсілдерді кейінге дейін «жиен ауылы» деп атап келгендігін әрі Еңліктің әкесі Қарабатырдың (шын есімі Ыхан) тәрбиелеп «Жадыра» деп атағандығын алға тартады. Бұл мәселе де кең ауқымды, кешенді зерттеу мен түбегейлі ізденісті қажет ететіндігін атап өткіміз келеді. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің алдына қояр негізгі мақсаты - фактілер арқылы аңыз бен көркем әдебиеттің байланысы, әр жазушы аңызды өз шығармасында қалай пайдаланады деген мәселелерді айқындау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына мынадай нақты міндеттер қойылды: «Еңлік - Кебек» аңыз нұсқаларының айырмашылығын ажырату. оқшау жәйттерді, ерекше істерді уақыт өткен соң басқа бір қырынан көріп, жаңаша тірілтіп, жаңғырту. Аңыздың төрт нұсқадағы берілген көркемдік сабақтастығын саралау. Шәкәрімнің «Жолсыз жаза» («Еңлік - Кебек») жазушылық шеберлігінің өзіндік қол таңбасын көрсету. жиырма жасар Мұхтар Әуезовтің қиялын қозғап, қолына қалам алдырған «Еңлік – Кебек» аңызының ерекшелктерін сараптау. Зерттеу нысаны Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде төрт нұсқа «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» атты көлемді прозалық шығарма, Мағауияның «Еңлік - Кебек» поэмасы, Шәкәрім ақынның «Еңлік - Кебек» поэмасы, Мұхтар Әуезовтің «Еңлік - Кебек» шығармалары алынды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы Аңыздың төрт нұсқадағы берілген көркемдік сабақтастығы сараланып, дәстүрлік жалғастық табу жолдары ажыратылды. Төрт нұсқададағы айырмашылықтар зерттеліп,берілген оқиғалардың, кейіпкерлердің есімдері, тұрмыс жайттарының ерекшелігі айқындалып, оларға теориялық талдау жасалды. Сондай –ақ бір сыпыра зерттеушілердің айтуынша қос мұңлықтан қалған Ермек атты ұрпақтың қалғандығы, осы кезде кешенді зерттеу мен түбегейлі ізденісті қажет ететіндігі. Зерттеудің әдістері Зертеуде баяндау,жинақтау, саралау, әдеби- ғылыми талдау әдістері басшылыққа алынды. Зерттеудің құрылымы Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Бұл жұмыс бойынша жоғарыда аталған оқушы Мұқағалиева Назым 2008 жылы мектепішілік конференцияда жүлделі І орын алып, халықаралық студенттік конференцияда ІІ жүлделі орынға ие болды, Оқушылар осы ғылыми – зерттеу жұмыстар барысында өздері күнделік жүргізді.

30


Мысалы: Мерзімі Мамыр айы

Маусым айы

Шілде айы

Жұмыс барысы Мектептегі жетекшіммен Ғылыми – зерттеу жұмысы бойынша «Еңлік –Кебек оқиғасының қазақ сөз өнеріндегі көрінісі» атты тақырыпты таңдап алдық. Осы тақырып бойынша жобаның мақсатын, жоспарын, міндеттерін құрдық. Тақырыбымызға байланысты мектеп кітапханасынан керекті материалдар қарастырдық.

Ескерту

Қажетті материалдар іздеу мақсатымен жетекшім Жанна Намазбайқызымен Абай кітапханасына бардық. Сол жерде тақырыбымызға байланысты катологпен жұмыс істеп, мұрағаттағы газет журналдардан керекті материалдарды жазып алдық. СМП институтына барып, Шәкәрімтану ғылыми – зерттеу Орталығының директоры Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбай ағамен кездесіп, көп мәліметтер алдық.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. Қ.Бітібаева «Оқушыларды ғылыми – зерттеу жұмысына баулу жолдары» , Семей «Үш биік баспасы ЖШС» 2. Л.С. Выготский «Воображение и творчество в школьном возрасте»,Москва: «Просвещение», 1967г 3.Ү.Б. Жексенбаева «Оқушылардың ғылми –зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» 4.Қ.С. Құдайбергенова «Педагогтың шығармашылық өнері» 5.М.Мағуин, «Ғасырлар бедері», Алматы «Шәкәрім дәрістері» 2003ж. 6.Шәкәрім «Өлеңдер мен поэмалар», - «Жалын» баспасы, Алматы, 1988ж. 7.М. Әуезов \Құрастырған Х. Сүйіншалиев . – Алматы: Рауан, 1990ж. 8.Қ.Мұхаметханұлы. Абай Құнанбайұлы. Толық жинақ. 9.Қ. Мұхаметханұлы. Абай мұрагерлері «Қазақстан », «Ұлттық энциклоредия» - Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы 1974-672. 4 том 10. Қ. Мұхаметханұлы. Қ.С.Э –дағы кейбір мақалар жайында «Семей таңы» 24 ақпан 1970ж. 11.Әдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасөз бетінде жарияланған көркем шығармалар. – Алматы: Жазушы. 1970 ж. 12.Рымғали Нұрғалиев. «Еңлік – Кебек трагедиясы» -Алматы . Жазушы 1987ж. 13.Абайдың ақын шәкірттері. Дайындаған . Қ. Мұхаметханұлы. Алматы. РГЖИ. «Дәуір» 1993ж 14.Еңбекші қазақ 10.12.1957ж. 15.«Известия » газеті 21.12 1957ж 16. «Советская культура»1985ж, «Театральная жизнь» 1959ж 17.«Дала уәлаяты» газеті Тақырыбы: «Сиқырлы сандар құпиясы» Бағыты: математика және информатика Жетекші: информатика пәні мұғалімі

31


Оқушы: Нұртаза Қожамберді Кіріспе Зерттеу тақырыбының маңыздылығы. Санның адам өміріндегі ролінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы сандардың қайдан, қалай шыққандығына және ол сандардың әрқайсысының өзінше бір мағынаны білдіретіндігіне күнделікті тіршілікте біз аса мән бере бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз сандар әлемін саяхат жасаймыз. Бұнда оқушылар сандар жайлы білімдерінің артуы арқылы сандардың сиқырлы құпиясын білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының маңыздылығы да осында жатыр. Жұмыстың мақсаты: Балаларға сандар құпиясы мен сандардың адам өміріндегі орнын тереңірек түсіндіре білу. Бұл үшін мынадай нақтылы міндеттерді орындаймыз: - Сандардың шығу тарихын терең білу; - Халықтық ұғымдарды саралап, сәйкестендіре білу; - Сандар арқылы сан түрлі қызықты есептер құрастырып, шығару; - Сандардың адам өмірімен тікелей байланыстылығын ашу. Сандардың шығу тарихы Бізді жан-жақты сан қоршайды, олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз оларды санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік, сандарсыз біз заттарды да сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге қанша қажет екені туралы да айта алмаймыз. Сондықтан сандарды ойлап табу қажет болды. Олардың шығу тарихы өте шытырман және біз қазіргі кезде пайдаланып жүрген қарапайым жүйеге келу үшін адамдарға біршама ұзақ уақыт қажет болды. Адамдар қалай санай бастады? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болуы керек. Барлық адамдар он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманғы санаудың ондық жүйесі осыдан туындаған. Ол үшін қолды пайдаланды. Неге қол пайдаланылған? Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Біз бірдеңені санау кезінде саусақтарды пайдалансақ, ешқашан есептен жаңылмаймыз. Саусақтарымызға қарап-ақ, сандарды атамастан оларды көз алдымызға елестете аламыз. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз «digit» - «сан» сөзін пайдаланамыз, ол саусақ деген ұғымды білдіреді. Саусақтармен жасалатын айлалы әрекет. Қол саусақтарын тек санау үшін ғана емес, сонымен бірге көбейту үшін де пайдалнуға болады. Осы айлалы әрекетті 9-ға көбейтуге қолданып көр. Қолдарыңды алдыңа қойда, сол жақтан оңға қарай санай баста. Қайсыбір санды тоғызға көбейту үшін тиісті саусақты бүк. Мысалы, 7-ні 9-ға көбейту үшін жетінші саусағыңды бүк.

32


Енді сол жақта 6 саусақ және оң жақта 3 саусақ қалды, демек, жауабы 63 болады.

Сандарды белгілеу. Жүз мыңдаған жылдар бойы адамдарға тек саусақтармен санаудың өзі-ақ жеткілікті болып келді. Бірақ осыдан 6000 жылдай бұрын дүние өзгерді. Таяу Шығыста тұратын халық мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастады да, олар фермерлерге айналды. Фермерлер сауданың есебін жүргізу үшін қыш жетондар жасай бастады. Олар заттарды белгілеу үшін түрлі символдарды пайдаланды...

Символдар бүкіл әлемге тарай отырып, ғасырлардан ғасырларға қарай өзгеріп отырды да, біртіндеп біз пайдаланып жүрген қазіргі заманғы сандарға айналды.

Сан туралы халықтық ұғым Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мәнмағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым – нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады. Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Жеке адамды қойшы, мұндай құбылыстарға жаппай халық болып сенетініміз де бар мес пе? Ендеше сол сандардың негізгілерімен таныстырып өтейік. Мысалы, көршілес Қытай мемлекеті мен қазақ халқының нанымындағы сандарды алайық. Қытай халқында Қазақ халқында 1 саны – «жаңа туған нәресте» 33


2 саны – қосылу, толықтыру символы 3 саны - Көптеген елдердегідей бұл да қасиетті сан болып есептелінеді. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн мен Ай, Үш бастау – Аспан, Жер, Адам 4 саны - Қытайлардың үрейін ұшыратын 4 саны қасірет саны болып саналады. Өйткені ол «өлім» дегенді білдіреді. 5 саны – аса құрметті сан. 5 саны ауқатты, күшті, белсенді де сабырлы және биіктен көрінер сан. 6 саны – «байлық» дегенді білдіріп, құрмет тұтатын сандар қатарына кіреді. 7 саны – 7 ге ерекше көңіл бөлінетін себебі, ол өміріміздің негізгі циклы – аптаны, сол аптаның ішіндегі 7 күнді білдіреді. 8 саны - Қытайлардың ең сүйікті саны. «Гүлдену» дегенді білдіреді. Сондықтан «арты гүлдеуге әкелсін» деген ниетпен 2008 жылы Бейжин Олимпиадасының ашылу уақыты 8-ші айдың 8-ші жұлдызы, сағат 8-ден 8 минут 8 секунд өткен мезгілге белгіленді.

3 саны – Үш жұрт, үш би, үш қат, үш қасиет, үш тоқтам, үш тағылым.

4 саны – Төрт тұлға, төрт құбыла, төрт мүлік, төрт бұрыш, төрт мұрат. 5 саны - Бес намаз, бес жаратылыс, бес қатер. 6 саны – Алты игілік, алты асқар 7 саны – Жеті қазына, жеті жұт, жеті жоқ, жеті жетім, жеті ата, жеті амал, жеті жетекші.

Сан – информатика Сандардың өмірдегі барлық нәрселермен байланыстыруға болады. Сан – музыка, сан- өнер, сан –математика, сан-информатика. Ғылым мен техниканың дамыған заманында кез келген сабақ, сауда, қарым-қатынас, конференциялардың - барлығы ақпараттық құрылғылар арқылы жүргізілуде. Ал сол құрылғы компьютердің де жұмыс істеуі осы санмен тікелей байланысты. Компьютердің жадында сақталатын информацияның барлық түрлері – сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1- ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады. Бит – ағылшын тіліндегі bit (binary digit- екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды «байт» деп атау келісілген. Мысалы, 3 сыныптың «Ақпараттық мәдениет негіздері жұмыс» дәптерінде төмендегідей берілген қызықты жаттығулар көп. «Екілік код» кестесінің көмегімен жасырынған сөздерді тап. О М И Н Т К Р А 000 001 010 011 100 101 110 111 100 000 110 100 _________________________ 011 000 100 111 _________________________ Кез келген ондық сан белгілі бір ереже арқылы екілік санға айналады және екілік санды қайтадан ондық санға айналдыру қиын емес. Ал әріптер мен символдарға келетін болсақ, олар ретті түрде жазылып, әрқайсысы тұрған нөміріне сәйкес екілік кодқа ие болады. Мысалы, ЭЕМ –де латын, қазақ алфавиттерінің әріптері және цифрлар 0 мен 1 тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен бейнеленеді: 34


Әріп

код

Әріп

код

сан

код

А

10000000

А

01000001

0

00110000

Ә

11110000

B

01000010

1

00110001

Б

10000001

C

01000011

2

00110010

В

10000010

D

01000100

3

00110011

Г

10000011

E

01000101

4

00110100

Ғ

11110001

F

01000110

5

00110101

АНА - 10000000 10001011 10000000 Алфавитте әрбір әріптің өзіндік нөмірі бар А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Е

Ж З

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21

П

Р

С

Т

У

Ұ

Ү

Ф

Х

Һ

Ц

И

Ч

Й

К

Қ

Ш Щ Ъ

Л

М Н

Ы І

Ь

Ң

Э

О

Ө

Ю Я

22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 1. Цифрограмма «Компьютер» Төмендегі цифрлардың тілін тауып, сөйлеткенде ежелгі грек ойшылы әрі математигі Пифагордың сандар туралы айтқан тұжырымын оқуға болады. Жауабы: «Бар болмыстың бастамасы - сан» 2. Цифрограмма «Ол қандай цифр?» Араның ұясындай мына алты бұрышты шаршыларға 1 ден 20 ға дейінгі сандарды орналастыру керек. Цифрлар екінші рет қайталанбауы тиіс. Біз төрт цифрды ғана көрсеттік. Егер қажетті сандарды дұрыс орналастырып шықса, әр шаршы жолдардың тігінен де, көлбеуінен де қосындысы бірдей болады. 3. «Қызықты сандар» Үш тақтада бір-біріне ұқсас жұмбақ беріліп отыр. Шешулері де бір өңкей қызық сандар. Сонымен сұрау белгілерінің орнына қажетті деген сандарды дұрыс тауып жазыңыздар. 35


Жауабы: 45, 27, 63. 4. Арифметикалық жұмбақ Тақтада көрсетілген 81 цифрынан 63 ті алып, 86 цифрына 12-ні қосу керек. Сонда біріндегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады.

81

86 Қорытынды

Б.Э.Д. 569 жылдары дүниеге келген грек ғалымы Пифагор «Бар болмыстың бастамасы – сан», -деп сол кезде-ақ айтып кеткен. Бұл рас та. Әлемдегі барлық болып жатқан тіршілік атаулының барлығы санмен белгіленеді. Тіпті өз денемізге бір зер салып қарасақ, одан да көп толып жатқан белгілерді байқауға болады. Ол туралы Құран Кәрімде де көп айтылған. Сол белгілердің бірі адам қолындағы бес саусақтың бірігіп тұрады. Төртеуі осы төрт текті (жер, су, ауа, от), яғни адамның топырақтан жаратылғанын білдірсе, бесінші тіке тұрған бас бармақ аспанға қарап, Жаратушының жалғыздығын көрсетеді. Жеті мен бестің қосындысы – он екі. Құранда «аспандар мен» деген тіркес жиі кездеседі. Одан жердің жалғыз, ал аспанның көп екендігі туралы мағына шығады, ал аспан әлеміндегі жер, күн, ай айналысы құбылыс заңдарының барлығы да осы он екі санына негізделген. Қолдағы төрт саусақтың әрқайсысы айқын бөлінген үш буыннан тұрады. Бұл - үш айдан тұратын жылдың төрт маусымы, ал бәрі бірігіп келгенде бір жылдағы он екі айды сипаттайды. Ал бас бармақтағы екі буын барлық нәрсенің қарама-қарсы екі зат, екі күйі екі қасиет,тағы да толып жатқан жұптылық заңын және оның барлығын да игеріп тұрған жалғыз Алла Тағала екенін білдіреді. Төрт саусақтың екеуі бірдей, бұл – көктем мен күзгі күн мен түннің теңелуі болса, қалған екеуінің бірі ұзын, бірі қысқа; бұлар қысқы мен жазғы күннің ұзару мен қысқаруын білдіреді. Жалпы, сан ұғымы мұнымен шектеліп қоймайды, сандар өте көп әрі шексіз. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. «Бәрі де сандар туралы» Джонни Болл. «Алматыкітап» 2006ж 2. «Зерек» Жанат Елшібеков «Өнер» 1991ж 3. «Қазақтың салт-дәстүрлері» 2008ж. 36


ҚОРЫТЫНДЫ Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам кашан да қабілетті адамға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет - қасиетке ие жаңа адам пайда болады. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшандыкты. ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді және өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана коймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне икемдейді. Осыған орай, XXI ғасыр мектептерінде жаңа талап, жаңа заманға сай оқушыларды ғылым мен техниканың немесе өнердің бір саласын тереңдетіп оқыту арқылы танымдық белсенділіктері мен шығармашылык қабілеттерін дамыту. Әр мұғалімнің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілетті, икемділікті көре білу болып табылады. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, шығармашылык тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Осы қасиеттерді біз мектеп тарапынан әр оқушының бойынан қалай анықтауымыз керек деген сұрақ туындайды.Осыған байланысты біз мектепте психологпен ақылдаса отырып, атааналардан, күнделікті сабақ өткізетін мұғалімдерден сауалнама ала отырып дарынды оқушыларды іріктеп алдық. Сонымен дарынды, таланты бала деп баланың, ата - ананың мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Қандай дарынды бала болмасын, оның барлығы өз бетімен ғылыми жұмыс жазуға, зерттеу, ізденіске бара алмайды. Ол үшін мұғалімнің көмегі, ақыл- кеңесі қажет. Ғылыми жүмыстың нәтижелілігі көп жағдайда таңдалған әдіснамаға байланысты.Сондықтын мектеп ішінен іріктеп алған дарынды оқушыларымызбен ғылыми - зерттеу жұмысын жүргізуді үйреткен шакта бірінші - теориялық әдіснамалардың түрлерін, жаңа ой- пайым шығаруға, ғылыми болжам, салыстыру, талдау жасауды үйрету. Екінші -дұрыс тақырып таңдап, проблемалар туғызып, оны шеше білу. Үшінші - жоба кұрылымын дұрыс құра білу, оны қорғау әдістерін үйрету. Ғылыми жұмысты жазу, іздену тер төгетін еңбекті қажет ететіні түсінікті. Ал оны қорғау да өте күрделі мәселе. Сонымен қатар, әр оқушы ғылыми жұмыстарды жазғанда күнделік жүргізгені дұрыс. Осыған орай, мектептерде оқушылардың ғылыми қоғамының жұмыстарын жандандыру - үлкен міндет.

37


ӘДЕБИЕТТЕР Ушинский К. Д. Собр. Соч. Т 6. – М., 1949- 319 с. Ы. Алтынсарин Шығармалары – А: Жазушы, 1986 – 560 б. А. Құнанбаев Шығармаларының екі томдық толықжинағы А: Жазушы 1995 – 355б. Дулатов М. Шығармалары Алматы – Жазушы 1991. – 381 б.) Ж. Аймауытов Комплексті оқыту жолдары. – Қызылорда, 1929 – 110 б. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш//Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2003. – 1 т. – 188-226 бб. 7. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы 8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім Беру стандарты. 9. Пралиев С.Ж. «Ұлттық тәрбие және жаһандану», Егемен Қазақстан, 25 желтоқсан 2009 . 10. Р.К.Төлеубекова «Ұлттық тәрбие және оның философиясы»\\Педагогика және Психология журналы №1, 2009. 11. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдар беттері. – Алматы: Білім, 1995. – - 288 б. 12. Қ.Бөлеев, А.Б.Мұратова, Қазақ ағартушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идея. Оқу құралы. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2009. -136 б. 13. Педагогикалық энциклопедия М: 1964 Т. 1 с 384. 14. Елеупаева Қазіргі мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық шарттары. 15. Жексенбаева 16. Сейсенбаева Ж.А. «Ұлттық тәрбие аясында тіл және әдебиетті оқытудың кейбір жайттары» Хабаршы-Вестник КазНУ №3(28), 2009 ж., - 8 б. 17. Ж.А.Сейсенбаева «Ұлттық тәрбиенің ұлт тарихын оқытудағы кейбір мәселелері» Профессионал Казахстана №4(83) 2010ж., - 4 б. 18. А.М.Матюшкин, Д.А.Сиск. Одаренные и талантливые дети. «Вопросы психологии», Москва, №4, 1988 19. Л.С.Выготский Собр.Соч.:в 6т. Т.5 М., 1983 20. Оқушылардың ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру және республикалық ғылыми жарыстарын өткізуге әдістемелік нұсқаулар. Астана 2007. 21. ҚР МЖБС 2003-2007 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 22. Қазақстан республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2002. 23. В.Д.Шадриков О содержании понятий «способности» и «одаренность». // «Психологический журнал», Т.4. №5, 1983 24. С.Л.Рубинштейн Основы общей психологии. Т.1-4. М., 1989. 25. В.А.Бухвалов Развитие учащихся в процессе творчества. «Педагогический поиск», 2000. 26. В.П.Беспалько Слагаемые педагогической технологии. «Педагогика», 1989 27. А.М. Матюшкин Концепция творческой одаренности. Москва. №6,1989. 28. Елубаев А.О. Дарынды оқушыларды тану ерекшелігі – Дарын, 2009. №5, 112-116б. 29. Ерматов Ш.Р. Дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларының шығармашылық белсеңдылыгын дамыту туралы/ Білім-образование, 2009. №5, 35б. 30. Акменбетов Қ.Ж. Дарындылықтың теориялық негіздері // Педагогика мәселелері, 2009. №2, 130-134б. 1. 2. 3. 4. 5. 6.

38


31. Бекжанова М.Б. Дарынды балалармен жұмыс – заман талабы // Қазақстан орта мектебі, 2009. №5/6, 18-25б. 32. Бектібаева З. Дарындылық дамытудың теориялық негіздері // Қазақстан мектебі, 2009. №6,71-73б. 33. Дусимбаева М.Ч. Ш.Уалиханов атындағы №12 гимназияның «Дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстарының жоспары» // Мектептегі ғылыми жұмыс, 2009. №3, 13-16б. 34. Ерпенова А.Б. Дарынды балаларды анықтау әдістемесі //Мектеп директорының орынбасары, 2009. №3, 9-10б. 35. Жантурина М. Дарындылықты дамытудағы мұғалімнің рөлі // Бастауыш мектеп, 2009. №5, 48-50б. 36. Нургендирова А. Дарынды оқушылармен жұмыстың ғылыми-әдістемелік ұстанымдары // Мектеп директоры, 2009. №3, 14-16б. 37. Омарқұлова С.А. Дарынды баламен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін жетілдіру // Мектептегі технология, 2009. №5, 3-4б. 38. Темірбаева С. Дарынды оқушылармен жүйелі жұмысының маңызы // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл, 2009. №7-8, 11-12б. 39. Тоқтарбаева Р. Дарынды оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу // Тәрбие туралы, 2010. №6, 7-9б. 40. Шырынбаева Г.К. Оқушы дарындылығын анықтау теориясына негізделген мұғалім қызметі // Қазақ тілі: әдістеме, 2010. №3, 2-4б. 41. Исабекова А.К. Дарынды балаларды айқындаудың тиімді жолдары // Қазақ тілі Қазақстан мектебінде, 2010. №11, 17-21б. 42. Әбдірахманова Ж. Дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу // Қазақ және әлем әдебиеті, 2010. №1-2, 26-28б. 43. Көшімбетова С.А. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары. 44. Қадірова Б.Н. Оқушылардың шығармашылық әрекеттеріне бағытталған өзіндік жұмысты ұйымдастырудың дидактикалық шарттары. 45. Мұқанбетова Ш.Т. Тұлғалық-бағдарлы білім беру негізінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. 46. Абиш А. Дарынды балалармен жұмыс // Мектеп (Шымкент), 2006. №8, 29-31б. 47. Қанапьянова Ә. Республика ұстаздары, 2010 Қаңтар №1/2 48. Мүрсәлімова Н. Қазақстан мектебі, 2004. №6, 34-36б. 49. Базарбаева Н.А. Педагогикалық кеңес, 2009. №1, 13-14б. 50. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000. 51. Эльконин Д.Б. Избранные педагогические труды. – М, 1989. 52. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. - М., 1972. 53. Гальперин П.Я. Введение в психологию. - М., 2000. 54. Границкая А.С. Научить думать и действовать. - М., 1991. 55. inust.tor.kz/pedagogika/ped_OkuZertTalap.ppt 56. ssn.kz/images/news/treb_kaz.doc 57. baxultanov.ucoz.kz/blog/ylymi.../2011-01-22-5

39


Самеков М.Н. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты баспаханасында шығарылған _____________________________________ Басуға 24.04.2015 жылы қол қойылған Пішімі 60х90 1/16. Офсеттік қағаз Есепті беті 2,5


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.