Қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріндегі жазба жұмыстарының түрлері мен бағалау нормалары

Page 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

Байхадамова Б.Е.

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІНДЕГІ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН БАҒАЛАУ НОРМАЛАРЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Тараз,2014


ƏОЖ 81.2(5Каз) Б18 Пікір берушілер: Мұқашев Т.Ә. - М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының доценті Тойганбекова Ш.М. - «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану –ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. қауым., профессор

тілі мен әдебиеті пәндеріндегі жазба Байхадамова Б.Е. Қазақ жұмыстарының түрлері мен бағалау нормалары. Әдістемелік нұсқаулық. – Тараз, 2014. – 34 бет. ISBN 978-9965-20-744-0 Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының Сараптау кеңесі отырысының шешімімен баспаға ұсынылған (№ 7 хаттама, 25.09.2014ж.)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріндегі жазба жұмыстары, түрлері және мен бағалау нормалары қарастырылған. Жазба жұмыстарға қойылатын талаптар, мәтін көлемі және жазба жұмыстардың мақсаты, міндеттері ашылады. Әдістемелік нұсқаулық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған. ƏОЖ 81.2(5Каз) Б18 ISBN 978-9965-20-744-0

© Байхадамова Б.Е. 2014


Кіріспе Мектеп табалдырығында оқушылардың ауызша сауаттылығымен қатар жазбаша сауаттылығын арттыру қажеттілігі күн тәртібінен түсе қойған жоқ. Оқушылардың ертеңіне аса қажет сауаттылық мәселесі оң шешімін таппай тұрып жас маман даярлау мүмкіншілігі болмайтыны мәлім. Демек, күні бүгінге дейін оқушыларды кітап оқуға баулу, оқыған кітапты дұрыс түсіне білу дағдысын қалыптастыру, оқыған материалдарды қорытып, өз ойын жазба тілмен жеткізе білу сияқты күрмеуі қиын проблемалар өз шешімін таба қойған жоқ. Ол үшін атқарылар істер баршылық. Бірінші кезекте, мектеп табалдырығында кітап оқытуға қол жеткізуіміз керек. Екінші кезекте, сол оқыған кітаптарын ауызекі тілмен айту дағдысын қалыптастыру қажет. Үшінші кезекте, оқыған кітап желісі негізінде ойын дұрыс, сауатты жазуға үйрету керек. Осы сияқты күрделі мәселелерді шешпей тұрып, сауаттылық туралы айтудың өзі артық. Оқушылардың жазбаша жұмысын жетілдіру мақсатында бұған дейін көптеген әдістемелік нұсқаулар, диктанттар жинағы, мазмұндама жинағы, түрлі нормативті құжаттар жарық көргені мәлім. Дегенмен, уақыт, заман өзгерген сайын білімге деген талап өзгереді, Талап өзгергеннен соң оны жүзеге асырудың жолдары мен мақсат, міндеттері де өзгеретіні рас. Сондықтан жазбаша жұмыс жүргізуге арналған түрлі материалдар өзгеріске ұшырап, оның жаңа нұсқалары жазылғаны құптарлық іс. Аталмыш әдістемелік құралда диктант, диктанттың түрлері, мазмұндама, мазмұндама түрлері, шығарма, шығарма түрлері жөнінде ғылыми анықтамалар беріліп, олардың ерекшеліктері нақты мысалдармен айқындалған. Сонымен қатар, жазбаша жұмыстарды бағалаудың нормативтері де жазбаша жұмысты тексерушілерге үлгі ретінде ұсынылады. Аталмыш еңбектің ұтымды жағы мектеп қабырғасында оқытылмайтын, бірақ өмірде аса қажет түрлі іс-қағаздардың үлгісін ұсынуы дер едім. Рецензия, аннотация, мақала, резюме, хабарландыру, өмірбаян, арыз, мінездеме, сенімхет, хаттама сияқты іс қағаздар оқушылардың келешегіне аса қажет екендігі даусыз. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде қолданылатын жазба жұмыстары мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылады.

3


1.ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ Жалпыға бірдей білім беретін мектеп балаға терең білім берумен қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы оқушылардың жазбаша тілі мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру мақсатын қояды. Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарын үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – оқушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты жазба жұмысын үйретудің міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты жазбаша тіл дамыту жұмысының түрін, көлемін, оның әдістәсілдерін белгілейді, анықтайды. Жазба жұмыстарын үйретудегі басты мақсат – баланы жан-жақты дамыту жұмысы, оқушылардың жалпы ойын дамытуға мақсатталынады, қызығушылығын оятып, шығармашылықпен айналысуға бағыт береді. Яғни, оқушылардың жазбаша тілін дамыту мәселесін, олардың ойлау қабілетімен байланыстыра, сондай-ақ ойлау мен жазу процесінің бірлігінде ұйымдастырады. қазақ тілі мен әдебиетіндегі тіл дамыту жұмыстарын мынадай міндеттері негізінде жүргізуге болады: а/ аз сөзге терең мағына сыйғызу /нақтылық, дәлдік /; ә/ ойын бейнелі, көркем айшықты да шешен оралымды пайдалана отырып жеткізу / ауызша да, жазбаша да /; б/ ауызекі сөйлеу тіліндегі мәнерлік, айқындық, нақтылық, жүйелілік, еркіндік; в/ жазба тілдеріндегі жатықтық,сөздерді түрлендіре пайдалану,сауаттылық, жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меңгеру,қазақ әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі сабақтарында, қазақ тілінен білімдерін әдебиетте пайдалана білу. Бағдарламада, оқулықта мектеп өмірінде «жазба жұмысын үйрету» терминдері «тіл ұстарту», «байланыстырып сөйлеу» және т.б. терминдермен алмастыру байқалады. Өйткені соңғы кездерде тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлініп, бағдарлама, оқулықтарда, әдістемелік әдебиеттерде «жазбаша тіл мәдениетін дамыту», «тіл ұстарту», «тіл дамыту», «байланыстырып сөйлеу» т.б. терминдер жиі ұшырасуда. Ғалымдардың айтуынша мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларға жазба жұмыстарын үйрету үшін оның психологиялық, лингвистикалық ғылыми негіздері мен педагогикалық ерекшеліктерін анықтауға болады. Практикалық және шығармашылық жұмыстардың барлығы сабақта өтіліп отырылған грамматикалық материалдарға байланысты жазбаша тіл ұстарту жұмысы мен арнайы жүргізілген тіл дамыту жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға байланысты жүргізілетін жұмыстардың / сөйлем құрау, тест талдау, мазмұндама, шығарма және т.б./ оқушының активтік қиялдарының дамытылуына маңызы зор болып есептеледі. Жазба жұмыстарын үйретуге бағытталған жұмыстар оқушылардың психикалық процестерінің қызметін /түсінік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу, қиял, сезім, ерік/ күшейтеді. Олардың ой белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін арттырады. Мектеп қабырғасында қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстардың оқушыны сауаттылыққа, ұшқыр білімге жетелеуде өзіндік маңызы өте зор. Жазба жұмыстардың түрлері де сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді. Қазақ тілінің методикасының үлкен де күрделі бөлімі – тіл дамыту. Себебі тілдің өзі күрделі құбылыс. Ал қазақ тілі пәнін оқытуға байланысты оқушылардың жазбаша тілін дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтау да қиын мәселелердің бірі. Дегенменде осы жазба

4


жұмыстарының классификациясы мен қойылатын талаптары, бағалау нормалары әдістемелік нұсқаулықта ұсынылған. (Кесте 1)

Жазба жұмыстарының классификациясы

диктант

мазмұндама

шығарма

эссе

конспект

рецензия

аннотация

мақала

Ресми іс-қағаздар түйіндеме

хабарландыру

телефонхат

хаттама

өмірбаян мінездеме

келісім шарт

сенімхат арыз бұйрық

1.1. Диктант және түрлері Мектептердегі жазба жұмыстардың түрлері өте көп. Дегенменде ең алғашқы қолданылатын жұмыстардың бірі ол – диктант. Диктант латын тілінің «дикто» деген сөзінен шыққан, «естіртіп айту» Бұл ұғым өз бетімен ойын қағаз бетіне түсіруді және айтып тұрғаннан жазуды меңзейді. Оның түрлері: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, өздік, терме, графикалық және бақылау диктанттары. Әріп диктанты. Бастауыш сыныпта алғашқы әріптерді үйренгеннен кейін өткізіледі. Ол дыбыс таңбасының баспа түрінен жазба түріне аударып жазуға үйрету, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру және көркем жазуын қалыптастыру үшін қолданылады. Мысалы. А-Ә әріптері Ата, алма, анар, жаз, ағаш. Дәптер, әке, әдемі, әділ, әліппе.

5


Буын диктанты сауатты жазуға үйрету, қате жазудан сақтандыру, сөзді буындап оқуға, оны жаттап алуға көмектесу, сөздерді тасымалдай білуге үйрету сияқты жұмыс түрлерін қамтиды. Мысалы: сөздерді буынға бөліп жазыңдар Алма, қарбыз, дастархан, қызыл, сары, жаңбыр, ұшты, жолға т.б. Сөз диктанты әріп пен буын диктанттарына қарағанда біраз күрделірек. Мұндағы мақсат — оқушыларға сөз белгілі бір ұғымды білдіретінін, яғни мағынасы болатынын түсіндіру. Мұнда оқушылар өздері естіген әрбір сөздің нақты мағынасын түсінумен қатар, оларды буынға бөліп жазып үйренеді. Осыдан кейін ғана олар жеке сөзді, әріпті тастап кетпей, артық әріп қоспай немесе әріптердің орынын ауыстырмай, әрбір сөздің мағынасын түсініп, қатесіз, көркем жазуға дағдыланады. Жоғарыда айтылған әріп, буын, сөз диктанттары бастауыш сыныпқа арналған дегенменде мысалдармен түсінктеме берілді. Сөздік диктанты әріп емлесін өту кезінде белгілі бір сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланылады. Диктантқа ұсынылатын сөздердің саны 5-6 сыныптарда 30-35-тен аспауы керек. Сөздік диктанты өтіліп отырған тақырыпқа байланысты мұғалімнің қалауымен жүргізіледі. Мысалы: қазақ тіліне тән дыбыстарға арналған тақырыптық диктант Мектепте Кітап, дәптер, терезе, есік, тақта, күнделік, сынып, кітапхана, асхана, акт залы, спорт залы. Терме диктанты белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқып алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады. Мысалы: қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді теріп жаз. Әдемі, Әсем, сабақ, аға есік, ыдыс, дене бас, отыр, жүр, жатыр, кел, тоқта, қаһарман. Көру диктанты мұғалімдер тәжірибесінде өте пайдалы, диктантқа үйрететін жұмыстардың ішіндегі ең бастысы больш есептеледі. Бұл диктант түрі оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілгсн өлеңдерді алуға болады. Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала аумақты қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың 2—3 рет оқып шығуына, асықпай көріп, жадында сақталуына 1 — 2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып қояды. Оқушылар тақтадан оқыған мәтінін есіне түсіріп, дәптерге жазады. Мұндай материалдардың құрамында жазылуы қиын сөздермен бірге, баса көңіл аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса, мұғалім олардың астын түрлі түсті бормен сызып қояды. Өздік диктантында оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады. Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктанты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп қояды. Мысалы: жабырқаған, қайғы. құрбы. Ажар. тәңірінің. Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдістәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің

6


орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады. 1.тапсырма 1.Б...рінш...ден, спорт-үлкен ...нер ғана ем..с, әрб...р адам үшін ...лкен емтих...н да. 2.Спортш...ның м...ндет... - хал...қарал...қ ой...ндард... ж...ң...ске ж..ту. Ø 1.Жоғалған әріптерді тап. 2. «Спортшы» сөзіне фонетикалық талдау жаса. Ескерту диктанты – сөйлемдер оқылып, талданып барып жазылатын жазба жұмысының бір түрі. Түсініксіз сөздер мен қиын сөздерді оқушылардың санасына берік қалыптастыруға тиімді. Ескерту диктантының көлемі, орфографиялық емле, сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын. Мысалы: Менің атым-Мұрат. Мен сегіз жастамын. Мен мектепке барамын.Мен кітап оқығанды жақсы көремін. Менің кітаптарым көп. (17 сөз) Графикалық (сызба) диктантты сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету, керісінше, берілген сызба бойынша сөйлем немесе суреттер арқылы мәтін құрастыру сияқты түрлі вариантта жүргізуге болады. Мысалы:

Бақылау диктанты бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай екенін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Бақылау диктанты белгілі бір тарауды оқып бітіргеннен кейін және тоқсанның, жылдың аяғында өкізіледі. Ол төмндегіше жүргізіледі: а) диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғшқы сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі. Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім үзіліс кезінде тақтаға жазып қояды; ә) диктант мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді; б) егерде диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркесінен немесе байланысты сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім үш рет қана қайталап оқиды. Осыған орай диктантты жазар алдында оқушыларға әрбір сөзді немесе сөйлемді көңіл қойып тыңдап, олардың мағынасын ұғып алғаннан кейін ғана жазуға кірісу керектігі ескертіледі. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазып отыруын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды;

7


в) оқушылар диктант мәтінін түгел жазып болғаннан кейін мұғалім мәтінді бастан-аяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. Қатесі болса түзетеді. Күш атасы – Қажымұқан Қажымұқан Мұңайтпасов - әлемге танымал болған тұңғыш қазақ балуаны.Ол өзінің спорттық жолын Петербургте бастады. Қажымұқан Франция, Германия, Бельгия, Түркия, Америка сияқты ірі мемлекеттерде өткен белдесулерде жеңіске жетті. Ол барлығы 26 мемлекетте болды. Осы сындарда Қажымұқан 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болды. 1927 жылы оған «Қазақ даласының батыры» атағы берілді. (53 сөз) Ø 1.Қажымұқан кім ? 2. Мәтіннен сан есімдерді тап. 3. «Балуан» сөзіне фонетикалық талдау жаса. «Мұғалімнің айналысатыны - үнемі қозғалып, өзгеріп, өсіп - өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру - жәй үйреншікті шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп тәлімгер – ғалым Ж.Аймауытов атап көрсеткендей пәннің пәрменділігін арттыруда дәстүрден тыс диктанттарды да қолдануға болады. Мыс: Іс-қимыл диктанты - мұғалім іс-қимыл және мимикамен іс-әрекеттер көрсетуі қажет. Ал оқушылар соны айна қатесіз рет-ретімен дәптерге жазады. Мыс: мұғалім кабинетке кіреді, журналды ашады,борды алады, тақтаға жазады т.б. Жөтел диктанты – өтілген грамматикалық тақырыпқа байланыстырып мәтін оқу. Мәтінді оқу барысында грамматикалық тақырыпқа сәйкес келетін сөздерге келгенде жөтелу. Оқушылар өздері тауып қою. Көп нүкте берілген жерде жөтелу қажет. Шығармашылық диктантқа жақын келеді. Мысалы: зат есім байланысты Көктем келді ...жылынды. ....еріді. ...келді. ... жеміс ағаштарын отырғызды. ...жылы жақтан ұшып келді. ...гүрілдеп жүр. Далада ... басталды. ... көктемнің алғашқы гүлдерін тердік. ... көктемде ерте гүлдейді. (30сөз) 2.Диктант нормалары Сынып Диктант саны 5 8 6 6 7 5 8 5 9 4 10 4 11 4

Сөздер саны 90-100 100-110 110-120 120-150 150-170 170-190 190-120

Орфограмма саны 12 16 20 24 24 26 26

Тыныс белгілері 2-3 3-4 4-5 10 15 18 18

Ескерту: әдістемелік нұсқаулықта диктант қанша деп көрсетілсе, сонша рет алынады. Бағалау нормалары Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:

8


«5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінің жеңіл 1 қатесі бар (0/1) диктанттарға қойылады. «4» деген баға емледен 3, тыныс бслгісінсн 3 қатесі бар (3/3), немесе емледсн 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар (2/4), немесе емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (1/5) диктанттарға қойылады. «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5), немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар (5/6), немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар диктанттарға қойылады. «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (9/5), немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі бар (8/9) диктанттарға қойылады. «1» деген баға қате саны "2" деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен диктантқа қойылады. Бақылау диктанттарын бағалауда орфографиялық және тыныс белгілік қателері жеке – жеке есептеледі де жалпы бір баға қойылады. Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есептеледі. Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 баллға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездесксн жағдайда үздік баға қойылмайды. Сонымен бірге тасымалдауда, автор сөзін берудегі тыныс белгілерде жіберілгсн қателер түзетілгенімен, қатеге саналмайды.

1.2. Мазмұндама және түрлері Көркем мәтінді меңгертуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі-мазмұндама. Мазмұндама жұмысын 2 сыныптан бастап жазуға дағдыландырады. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып біруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркесі мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады. Мәтін мазмұнын айтып бергенде, оқушылар мұғалімнің баяндағанын қайталап қоймай, мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру талап етіледі. Атап айтқанда оқушы жазған мазмұндама мәтініне мынадай талап қойылуы тиіс: 1) оқушының өз ойы болуы; 2) өз жанына қосымша оқиға қосуы; 3) өздігінен қорытынды жасау; 4) мәтін формасын өзгерте орындау; 5) қысқарта мазмұндау яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту; 6) кеңейте мазмұндау, яғни мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз (цитата) және эпиграф келтіре отырып мазмұндау; 7) берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қортындысын жасау. Оқушылардың білім мен жазбаша тілдік дағдысын дамытуға мазмұндаманың мынадай түрлерін қолдануға болады. Олар: -дайын мәтін бойынша мазмұндама; -сурет бойынша мазмұндама;

9


-аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама; -дайын мәтін бойынша мазмұндама. Дайын мәтін бойынша мазмұндаманың өзін бірнеше түрге бөлуге болады. 1.Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау; 2.Мәтіннің мазмұнын сақтай отырып, баяндалу формасын өзгертіп айту; 3.Қысқарта баяндау; 4.Толықтырып мазмұндау. Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау. Мазмұндаманың бұл түрінде мәтіннің мазмұны бүтіндей қайталанбағанмен, түгел меңгеріледі. Мәтіндегі сөз тіркесі, сөйлемдер сөзбе-сөз қайталанбауы ықтимал, алайда кейбір жаңа сөздердің, сөйлемдердің, көркемдегіш құралдардың оқушы жұмыстарынан орын алуы мүмкін. Бұл дұрыс па, әлде бұрыс па? Мұны әр түрлі түсінуге болады. Бірінде оқушы мәтін мазмұнын терең меңгеріп, ондағы кейбір сюжеттің, көріністің, оқиғаны түгелімен немесе автордың сөзін қолма-қол қолдануы мүмкін. Мазмұндама жазғанда көркем мәтінді қаз-қалпында қайталауға жолбермеу үшін белгілі әдіскер С.Тілешева мұғалімдердің мына мәселелерді мазмұны тартымды, оқиға қызғылықты, көркемдік құаты жағынан жоғары талапқа сай болуы, мазмұндама жазар алдында мәтінді оқу, әңгімені негізгі бөлімдерге бөліп, оған тақырыптар беру, жоспарын жасату, тілін дамыту т.б. жұмыстарды орындатқан жағдайда оқушылар мәтіндегі барды қайталау болмай, нағыз шығармашылық жұмысқа айналатынын айтады. (2) Жазу техникасы: мазмұндама жазылатын мәтін ең алдымен сыныпта мәнерлеп оқылады. Қандай да болмасын әсерлі шығарма ұсынылған, ол нақышына келтіріп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, қызығушылық сезімін тудыра алмас еді. Өйткені мазмұндама мәтіндерін оқушыларға оқып беруде мұғалімнің дауыс ырғағымен оқылмаса, қызығушылық сезімін тудыра алмас еді. Өйткені мазмұндама мәтіндерін оқушыларға оқып беруде мұғалімнің дауыс сазының әсерлі болуының маңызы зор. Бұл туралы орыстың атақты педагогі К.Д.Ушинский «Бізде анық дауыстап, ырғағына келтіріп, әсерлі етіп оқи алатын мұғалім табу өте қиындыққа түседі десек, кейбіреулерге ерсі болып көрінер еді, алайдак зейіні жетілмеген балаларға мұндай мұғалім ерекше қажет»-дейді. А.С.Макаренконың айтуы бойынша мәнерлеп оқуда екі түрлі талап қойылады. Олар: физикалық және психикалық. Біріншіден оқыған кезде дұрыс тұру, демді еркін және терең алу, дауысты бірқалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгілеріне сәйкестендіру т.б. жатады. Мәтін тыңдалған соң жоспар түзіледі. Жоспар жай және күрделі болып бөлінеді. Мәтінге жоспар құру, оның мазмұнын жоспарлап жазу дегеніміз-мәтін мазмұнын бөлім-бөлімге бөліп беру. Мәтінді жоспарлау – оқылған шығарманың мазмұнын жүйелей білу және ондағы оқиғаның, іс-әрекеттің орындарын алмастырып алмау үшін қажет. Жоспарлау мәтіндегі әңгіме болып отырған негізгі мәселені тани білуге баулиды. Мәтінге жоспар жасау жай және күрделі жоспар арқылы жүзеге асады. Мәтіннің мазмұнын сақтай отырып, баяндау формасын өзгертіп мазмұндау. Мұнда І жақта баяндалған мәтінді ІІІ жақта, өткен шақта құрылған мәтінді келер шақ формасында өзгерте мазмұндау. Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың келесі түрі ықшамдап мазмұндау. Мазмұндаманың бұл түрінде берілген мәтіннің айтылайын деген негізгі ойға қатыссыз, қосымша сюжеттер қысқартылып, ең негізгі, түпкі ойды жазады. Мәтінді ықшамдау барысында әңгімедегі қосымша детальдардан түйінді ойды даралауға жаттығады, мазмұнды талдай отырып, қажетті материалды жинақтауға, көп ойды аз сөзбен беруге, пікірін қысқаша баяндауға дағдыланады. Ұсынылып отырған мазмұндаманың бұл түрін оқушыларды сөзді талғап, таңдап қолдануға, сөйлемді жинақы құруға, аз сөзбен көп мағына беруге, тілін ширатуға септігін тигізеді. Дайын мәтін бойынша жазылатын мазмұндаманың келесі бір түрі - толықтырып мазмұндау. Бұл ықшамдап мазмұндауға керісінше берілген әңгіме мазмұнын толықтырып,

10


кеңейтетін ұсынылған ойға тың пікірлер, жаңа сюжеттер тапқызу мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқуышының шығармашылық қабілетін дамыту мақсат етіледі. Жұмыстың бұл түрінде бір әңгіменің қысқаша мазмұны беріледі. Негізгі ой ұсынылады. Оқушы өз жанынан берілген ойды күшейтетіндей детальдар қосып, мәтінді толықтырады. Жаңа сюжеттер қосып, баяндалған іс-әрекетті дәлелдей түседі. Мұндай жұмыстар оқушылардың таным процестерін дамытып, тілін ширатады. Сурет бойынша мазмұндама жаздыру. Жұмыс барысында қылқалам туындысын пайдалана отырып мазмұндама жазу оқушылардың сурет мазмұнын түсінуге, шығармадабейнеленген зат не құбылыстарды бейнелі де көркем сөзбен өренктеуді үйретеді. Баланың эстетикалықталғамын байытып, шығармашылық қиялына қанат бітіреді. Суретті пайдалана отырып жазылатын мазмұндаманың төмендегідей түрлері бар: -белгілі оқиғаға арналған бір сурет бойынша мазмұндама; -бір оқиға мазмұнын ашатын сюжетті суреттер арқылы жаздырылатын мазмұндама. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама. Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда дайын мәтін бойынша жұмыс жаздыру анағұрлым тиімді. Білімді шығарамашылықпен пайдалануда оқушылардан мазмұндама мәтінін сәтті аяқтау үшін алдыңғы бөлігіне жымдаса логикалық байланысқа түскен сюжет ойластырумен бірге оны көркем тілде баяндап жеткізу талап етіледі. Бұл әрекет ең алдымен игерген материалдардың синтезінен тұрады. Белгілі бір толық мәтінді түзу үшін оқушыдан ұшқыр қиял мен шығармашылық ойлау талап етеді. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама жаздыруда мақсат-оқушыларды өз бетінше сюжет ойлап, әңгімені әрі қарай жалғастыра отырып, сәтті шешім тауып аяқтауға дағдыландыру. Жалпы мазмұндама оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамытуға ерекше роль атқарады. Көркем сөздің көркем ойдың, ұшқыр қиялдың құдіреті сол: сезім тазалығын, шынайлығын қалыптастыратын, адамның психикасын дамытатын сиқыр күш, жан бар онда. Балаға көркес сөз өнерін үйретудің, баулудың ең басты қажеттілігі - осында. Мазмұндама көлемі 5сынып- 100-150 сөз 6 сынып -150-200сөз 7сынып -200-250 сөз 8сынып - 250-300 cөз 9сынып - 300-350 сөз 10сынып - 350-400 сөз 11сынып -350-400 сөзден жоғары.

1.3. Шығарма және қойылатын талаптар Шығарма – жазба жұмыстарының ішінде оқушылардың өзіндік ойын, тілін қалыптастыратын жұмыс түрі. Ол – оқушылардың шығармашылық еңбегі. Шығарма жазуда оқушылардан сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, орнын тауып қолдануы бір сөзді немесе бір ойды орынсыз қайталамауы талап етіледі. Оқушының шығарма жазудағы ой жүйесінің айқындылығы, сөз қолданысы, тіл көркемдегі де ескеріледі. Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат – оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой өрісін кеңейтуге машақтандыру. Шығарма дегеніміз – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында жеткізуге бағытталған жазба жұмысы. Әдебиет пәнінен шығарма жаздырудың мақсаты мен міндеті осы мазмұннан туындамақ.

11


1. Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі байқалады. 2. Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі. Жасалған жұмыста да нәтижелілігімен бағалы. Алдындағы оқушысы ақ қағазға өз ойын, көзқарасын, пікірталасында туған шешімін түсіріп, тіпті өзіндік стиль айшығын танытып жатса, мұғалім жұмысының шынымен нәтижесі болғаны ғой. Жас ұрпаққа білім беруде олардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады. Шығарма жазу үшін және оған жоспар құру әдістері оқушылардың ой - қабілеттерін арттыра түсетіні белгілі. Әдебиет сабағынан шығарма жазу - әдебиетті оқыту процесінің сапаға айналған нәтижесі болып табылады. Мұғалімнің педагогтік шеберлігі еңбегін айқындайтын, оқушының әдебиеттік ұғымын, білімін байқайтын, сынайтын көрсеткіш. Мектепте шығарма жазуды 7 - 8 сыныптарда бастаған жөн деп ойлаймын. Біз көбінесе 10 - 11 - сыныптарда шығарма жазуға үйрете бастаймыз. Сондықтан оқушылар шығарма жазуда көптеген қиындықтарға кездеседі. Оқушылар арасында әлі де шығарма жазып, жоспар құра алмайтын, өз ойын жеткізе білмейтін, ора шолақтары жиі кездесіп отырады. Осындай кемшіліктерді мектеп бітіруші оқушылардың жазған шығармаларынан жиі байқаймыз. Қазіргі уақытта жазу жұмысына қойылатын талаптар күшейді. Мектеп бітіретін оқушылар кәмелеттік аттестат алу үшін жазатын шығарма жұмысына берілген нұсқауда былай делінген: «Емтихандық жазба жұмыс – мектеп оқулығын немесе белгілі бір библиографиялық - сын мақаланы қайталап, болмаса мұғалімнің ой пікірін өңін айналдырып жазып беру емес. Оқушының көркем әдебиетті оқығанда алған әсерін, жазушының өмірімен, шығармашылық жолымен танысқанда білген, жалпы әдебиет пәнін оқуда көңіліне түйген, таныған, өзіндік ойлары мен сезімін дұрыс жазып беруін талап ететін уақыт жетті. Емтихандық шығарма сапалы болумен қатар, онда әңгіме етіліп отырған мәселені терең түсіндіру арқылы эмоционалдық жақтан айқын да анық баяндалуы және нақты пікірі әдеби көркем тілмен берілуі қажет». Әрине, мұндай талапты орындап шығу – бір күннің немесе бір айдың, бір жылдың ісі емес, бүкіл орта мектеп көлемінде алған білімнің ұзақ мерзімде қол жеткен нәтижесі болу керек. Емтихан уақытында оқушылардың шығарма жазуда жіберетін, жиі кездесетін шығарманы қалай бастау керек екенін білмеу, бірінші бетті бастағанда алдымен жоспар, одан кейін тақырыпты жазу сияқты кемшіліктерді болдырмас үшін шығарманы қалай жазу туралы арнайы нұсқауды негізге алу жөн. Онда былай делінген: 1) Бірінші беттің ортасына жұмыс иесінің аты - жөні жазылады. 2) Екінші бетке екі жол төменірек ашық және айқын етіп тақырып жазылады. Егер тақырып үзінді болып келсе, онда оның астына автордың аты жазылады. 3) Тақырыптан екі жол төменірек шығарманың жоспары жазылады. Мектептегі шығарма жұмысы оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыруда игі ықпал ететіні сөзсіз. Олай болса шығарманың негізгі мақсаты – осы. Мектепте шығарма жазу жұмысының қай түрі болса да өте күрделі ой еңбегі, шығармашылық іс. Оқушының ақыл - ой қабілетін дамытып, белсенділігін арттыруда шығарма жұмысы орасан зор міндет атқарады. Сондықтан мұндай күрделі ақыл - ой еңбегін «шығармашылық» немесе «шығармашылық емес» деп атау ыңғайсыз. Шығарманың өзін бірнеше топқа бөлуге болады: 1.Оқушының өз тәжірибесіне, алған әсеріне байланысты. 2.Еркін тақырыпқа жазылған шығарма. 3.Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.

12


Сонда оқушының өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі, өз өміріне байланысты, осы негізде жазған шығармалары бірыңғай жүйеленеді. Шығармашылық талапты орындау, оқушының алған тақырыпты толық меңгеріп, оған қажетті материалдарды саралап, тақырыпқа тікелей байланысы жоқ жанама мәселелерден аулақ болу жазу жұмысының тиімділігін арттырудың айғағы екенін мектеп тәжірибелерінен көруге болады. Жоғары сыныптағы шығарма жұмыстарының шығармашылық толғаныспен жазылуы үшін ең алдымен жазу жұмысының теориялық негіздерін білу шарт. Сондықтан шығарманың құрылысына назар аударғаны мына сызба жүйені есте сақтау керек. 1.Әңгіме түріндегі шығармалардың сызбасы I.Кіріспе (экспозиция) II.Негізгі бөлім: а) оқиғаның байланысы ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері б) шешілуі III.Қорытынды (эпилог) 2. Талдау түріндегі шығармалардың сызбасы I. Кіріспе (тақырыпқа жүктелетін міндет) II. Негізгі бөлім: а) Тақырып көтерген мәселе в) Ұсынылған дәлелдер с) Дәйексөз түріндегі мысалдар д) Өзіндік ойлар III. Қорытынды (эпилог) Әрине, оқушы шығармасында осы схеманы орындау мүмкін емес. Бірақ шығарманы талдай білу үшін осы жолдарды білу қажет деп ойлаймын. Шығарма жазу үшін оқушы мынаны білген жөн: 1.Шығарманың тақырыбын әбден ойлап алып жазу керек. 2.Жоспар тақырыпқа сай, нақты жасалынуы тиіс. 3.Эпиграф тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынуы керек. 4.Тақырыпқа байланысты материалды іріктеген кезде ең негізгісін алу қажет. 5. Шығарманың реті мен жүйесін сақтау және тақырыптан ауытқымау керек. 6. Айтатын негізгі пікірлері шығарманың негізгі бөлімінде болатынын есте сақтау керек. 7. Келтірілетін мысалдар, салыстырулар негізгі пікірге байланысты болу керек. 8. Қорытынды ой негізгі пікірлердің төңірегінде жазылуы және айтылатын ой айқын, сөйлем орамды, түсінікті болуы қажет. 9. Әр сөйлемді дәптерге жазар алдында стильдік қате жібермеуді ойлау керек. 10. Ұмытып кетпес үшін байқаған емлелік қателер мен тыныс белгілерін бірден қойып, сауатты жазуға, дәптердің сыртқы көрінісіне мән беру керек. Шығарманың негізгі түрлері 1.Публицистикалық шығармалар. Оған очерк, фельетон, мақалалар, пікірлер жаздыру жатады. Мысалы: «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Жариялық – бақыттың басы». 2.Шығармашылық бағыттағы шығармаларға әңгіме, инсценировка, өлеңдер жаздыру жатады (әдеби жанрларды басшылыққа алады). 3.Ғылыми зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған реферат, ғылыми сипаттағы мақала, аннотация, әдеби шолулар, пікірлер жатады. Мысалы: «Бейімбет әңгімелеріндегі детальштрихтың маңызы». 4.Әдеби тақырыптарды қамтыған, білім дәрежесін, тіл байлығын тексеруге арналған шығармалар: 5.«Біржан мен Сара» айтысындағы Біржан мен Сараның сипаты. 6.«Абай жолы» эпопеясындағы кедейлер өмірінің жанды суреттері.

13


7.Бақтығұл қылмыскер ме, әлде әділдік іздеуші ме? т.б. Шығарма жазуға үйрету Алдымен оқушы сабаққа қызығу керек. Әсіресе әдебиет сабағының кіріспе және қорытынды кезінде оқушы белсенділігі басымырақ болатын жұмыстар ұйымдастырған жөн. 1. Баланы жұмбақ, ребус шешуге үйрету керек, оның да өзіндік құпия кілті бар жұмыс. 2.Бір дыбыстан басталатын сөздерден тұратын сөйлемдер жасырын беруге болады. 3.Шағын әңгімеден мазмұнды, идеяны, тақырыпты таптыру, ойланту. 4. Кейіпкер туралы ой қозғау, өзіндік пікірін қалыптастыру, өз көзқарасын айқындауға, қорғай білуге үйрету арқылы жазу жұмысына төселдіруге болады, дегенмен мынаны да ескерген жөн. Әуелі баланы мазмұндама жазуға үйрету керек. Кей бала тыңдаған мазмұныны сол күйінде қағазға түсіре алады; -кей бала мазмұнды тұтас бере алмайды, жекелеген бөлімдерін нақты, әдемі береді, ал кейбір жерлерін аттата, шалағайлау жазуы мүмкін; -кей бала тіпті мазмұнды есіне сақтай алмайды, не жүйелі жеткізе алмайды, не сөйлем құрай алмайды; - кейбір бала мазмұндаманың өзін түрлендіре, әсерлендіре, тіпті кейде өз ойын, пікірін қосып та жазуы мүмкін. Міне, бұл – шығарма жаза алатын қабілетін танытқан бала. Енді сіздің жұмысыңыз екі түрлі бағыт алады. 1)жаза алмайтын баланы жаза білуге жеткізу; 2)жақсы жазатын баланы әңгімелеуге, шағын мәтін құрастыруға, шығармаға пікір жазуға баулу. Мазмұнын білген бала өз бетінше әңгіме құрай алады. Әңгіме жазған бала шығарма жаза алады деген сөз. Енді баланы шығармаға қалай дайындау керекпіз? Шығармаға дайындау: 1. Сөз үйрету *сөздің мағынасын білдіру; *сөздерді таңдай білу; *әр шығарманың әр бөліміне лайықты сөздер қолданысын меңгеру. 2. Ой тастау *сөзден идея тудыру; *идеяны түсіндіру; *идея мен тақырып байланысын білу. Шығармаға қойылар талап әр түрлі, тіпті көп болуы мүмкін, бірақ мақсат – біреу: негізгі тақырып не, соны басты тақырып ету керек. Жоспарлау соның айналасында ғана болу қажет. Жоспар – шығарма айнасы. Тақырыпқа сай жоспар құру, жоспарға сәйкес шығарма жаза білу, жоспарда көрсетілген тақырыпшаларды аша білу – оқушыларға үлкен сын. Кейде оқушылардың жоспары тақырыпты мүлде ашпайды, оған еш қатысы жоқ болып шығады. Тақырып, жоспар, шығарма – бұл үшеуі бірі-бірімен байланысып тұруы қажет. Оқушыларға мазмұндамадан гөрі шығарма жазып үйрету шәкірттеріміздің өзінше еңбек етіп, еркінше талаптануына, өз пікірін, ойын сарапқа салуына әсерін тигізері сөзсіз. «Талаптыға нұр жауар» деген халқымыз, өзінше талаптанғысы келген әрбір шәкірттерімізге жол - жоба, бағыт беру, ұшқыр қиялдарымен биікке самғай беруіне тілектес болып қалу әрбір ұстаздың борышы. Ұстаз бен оқушы арасындағы осындай шығармашылық байланыстың тұрақтылығы ғана табысты жетістікке жол салады. Шығарма жазу алгоритмі І.Тақырыбыңа байланысты материалды алдын - ала дайында, ізде, оларды іріктей отырып, ең негізгісін сұрыптап ал. 2.Таңдаған тақырыбыңды әбден ойла. З.Эпиграф ал. Ол тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынсын.

14


4.Жоспар тақырыбыңа байланысты нақты жасалсын. 5.Пікірлердің, ойдың жазатын негізгі мәселелердің реті мен жүйесін сақта: а) тақырыптан ауытқыма; ә) кіріспең тұжырымды, бірақ шығарманың қалған бөлімдерінің де дұрыс, нақты жазылуына бағыт, бағдар беретіндей болсын. б) қосымша материалдарды, ғылыми еңбектерді пайдаланғанда, автор, кітаптың аты, беті айқын жазылсын; в) негізгі бөлімнің толық, әрі дәлелді келумен қатар, шығарманың ең басты пікірлері осында болатындығын есте сақта; г) пайымдаудың, дәйек сөздің, салыстырудың негізгі пікірге байланысты алынсын. Міне, осы талаптарды мұғалім оқушы шығарма жазар алдында үнемі ескеруі керек. Шығарманы тексеру, бағалау Қазіргі кезде мектептегі тәжірибеге қарасақ, оқушылардың шығарма жұмысын тексерудің екі түрі бар. 1.Оқушы шығармасындағы кемшіліктерді мұғалім өзі түзетеді. 2.Мұғалімнің басшылығымен оқушының өзіне тексерту. Күнделікті тәжірибеден қарап отырсақ мұғалімдер қазір осы екі жолды қатар пайдаланады. Шығарма жұмысын тексеру кезіндегі олқылықтар емтихан кезінде өте жиі кездеседі. Шығарма жұмысын тексергенде қателердің түрі шартты белгілер арқылы көрсету дұрыс деп ойлаймын. Мұның өзіндік жүйесі бар. / - емле қатесі белгіленеді. V – тыныс белгісінен кеткен қате. Z – абзац керек деген белгі. Z – артық қойылған абзац. ? – күмәнді, екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі. ?! – пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік. ! – осы жерге ерекше көңіл аудар. ...- сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді. --- -стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі. ∼- ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер. Әрине, осы белгілерді қойып, оқушының дәптерін қайтаруға болмайды, мұғалім осы шығарма жөнінде рецензия жазып қайтарса, бұл белгілердің оқушыға беретін әсері өте мол. Сондықтан шығармадағы кемшіліктерді жою үшін, оқушылардың осы шартты белгілерді білгені дұрыс болар еді. Сонда ол оқушының ойында мәңгі қалады деп ойлаймын. Бұл шартты белгілер де мұғалімге өте қолайлы. Себебі, ол мұғалімнің уақытын үнемдейді. Шығармадағы кемшіліктерді жазып көрсеткеннен шартты белгіні қоя салу мұғалім үшін де жеңіл. Енді осы шығарманы мұғалім тексергенде нені еске алу керектігіне назар аударайық. 1. Дәптердің сыртқы көрінісіне назар аудару керек а) тазалығы; ә) әріптердің дұрыстығы. 2. Логикалық жағынан а) тақырып пен идеяның ашылуын; ә) пікірдің молдығын; б) дәлелдің дұрыстығы. 3. Пікірдің жүйелілігі а) жоспардың жүзеге асуы; ә) әрбір бөлімнің мөлшері. 4. Грамматикалық сауаттылығы а) емлелік жағынан;

15


ә) синтаксистік жағынан. 5. Стилі а) сөйлемдердің дұрыстығы; ә) көркемдігі. Міне, осы қатемен жұмысты да үнемі оқушыларға ескертіп отырған жөн. Осы айтылғандарды басшылыққа алғанда шығарма жұмысы ойдағыдай болады. Жүйелі алынған білім оқушының да, мұғалімнің де үздіксіз еңбегін көрсетеді. Шығарма көлемі 5сынып- 0,5-1бет 6сынып -1-1,5 бет 7сынып -1,5-2 бет 8сынып - 2-3бет 9сынып – 3-4бет 10сынып - 6-8 бет 11сынып -6-8бет (одан да жоғары болуы мүмкін). Мазмұндама мен шығарма жұмыстарын бағалау. «5» деген баға: -әдеби материалдарды терең ұғынып, өте жақсы түсінсе, оны тақырыпты ашу үшін дұрыс қолдана білсе; -тақырыпқа толық әрі нақты жауап берсе; -мәселені өзіндік ой - пікір тұрғысында дұрыс талдай білсе; -ойын жүйелі желімен жаза білсе; -тілі бай әрі әдеби тіл нормаларына сай болса; -шығарма құрлысы ой жүйесіне сай шебер қиысып келсе, стиль бірлігі сақталса; -фактілік қателер болмаса, сөзді орынды қолдана білсе; -қорытынды пікір орынды, тиянақты болса; мазмұнында-1, тілінде-1 елеусіз қате болуы мүмкін. "4" деген баға: -жұмыс мазмұнын негізінен тақырыпқа сай болса; -әдеби тілмен жазылса, бірақ ойын баяндауда бірен-саран дәлсіздіктер жіберсе; -қажетті қорытындылар мен түйіндеулерін дұрыс жасай алса; -ой жүйесінің аз да болса бұзылуы байқалса; -стиль бірлігі сақталған, сөйлем құрылыс алуан түрлі болса; мазмұнында 2, тілінде 2 - 3 кемшілік кездесуі мүмкін. «3» деген баға: -тақырыптан айтарлықтай ауытқыған болса; -материалды баяндау негізінен дұрыс, бірақ жекелеген фактілік дәлсіздіктер кездессе; -баяндау желісі аздап бұзылса; -сөздік қоры жұтаң, сөйлем құрылысы бір үлгіде, біркелкі болса, сөзді орнымен қолдана алмаса; -стиль бірлігі сақталмаса, тілі солғын болса; мазмұнында 4, тілінде 5 кемшілік кездесуі мүмкін. "2" деген баға: -жұмыс тақырыпқа сай келмесе; -көптеген фактілер бұрмаланса; -шығарманың барлық бөлімдерінде баяндау жүйесі бұзылса, жоспарға сәйкес келмесе; -сөздік қоры жұтаң, сөйлемдері қысқа, біркелкі, өзара байланыспаса, сөзді орнымен қолданбау жиі кездессе; -стильдік біркелкілік сақталмаса; мазмұнында-6, тілінде 7 кемшілік болуы мүмкін. «1»деген баға:

16


-тақырыпты мүлде ашып жаза алмаса; -мазмұнында 7 және тілінде 7- ден артық кемшіліктер кездессе. Ескерту: оқу бағдарламасында жазба жұмыстарына қанша деп көрсетілсе, сонша рет алынады.

1.4. Эссе. Қойылатын талаптар. Бағалау нормасы

Эссе дегеніміз - (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды. Эссенің негізгі мақсаты- белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу,сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту,оқырмандарды ақпараттандыру, мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу, өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу, көңілкүйді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу, іс-әрекетке түрткі болу. Эссе жазу кезеңдері: проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру. Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту. ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР: • Жеке көзқарастың көрінісі; • Фактілі дәлелдер (аргументтер); • Теоретикалық негіздеме; • Терминдерді қолдану; • Цитаталарды келтіру; • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; • Логикалық заңдылықтың сақталынуы; • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; • Сауаттылық (пункт., орфогр.); • Юмор, сарказм; • Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау. Эссенің жазылу құрылымы: 1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі; 2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация). Мыс. а)Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”. Жиі кездесетін қателіктер: 1. Проблема ашылмайды; 2. Автордың жеке позициясы көрінбейді; 3. Теоретикалық негіздемесі жоқ; 4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану; 5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп; 6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер; 7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы; 17


8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ; 9. Логиканың болмауы. Бағалау талаптары Ескерту қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде эссе жазба жұмысын алуда нақта бағалау нормалары жоқ екені белгілі. Соған байланысты төмендегі бағалау нормасын ұсынуды жөн көрдік. Тексерілетін элементтер Ұпайлар Тақырыптың негізгі идеясын айқындау; көтерілген мәселеден 6 ауытқымау; суретті-бейнелі сөздер қолдану; қаралатын ұғымдарды айқын және тиісті мысалдар тудыра толық анықтау; қолданылған ұғымдардың тақырыпқа сәйкестігі; жұмыс жасаудағы өзіндік дербестік; көтерілген мәселенің теориялық мәнін ашу Қазақ әдеби тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және 6 стилистикалық нормаларын орынды қолдану; қазақ тілінің емле және белгі ережелерін сақтау; жазба тіл сауаттылығы; терминдерді, атауларды, есімдерді дұрыс жазу Сараптау категорияларын сауатты қолданады; ұғымдар мен 6 құбылыстардың өзара байланысын талдауда жалпылау әдістерін пайдаланады; қаралатын мәселеге өз көзқарастарын танытады және дәлелденген қорытынды шешімге келеді; қолданған ақпарат көздері әр түрлі және ауқымы кең; келтірген мәліметтерге фактілер келтіру Мәселеге дербес баға бере білу; автор ретінде ой қорытуы анық және 6 мазмұнының айқындылығы; дәлелдердің логикалық жүйелілігі Барлығы 24 Балды бағаға айналдыру шкаласы пайыз 0-50% 51-74% ұпай 0-12 13-17 баға 2 3

75-89% 18-21 4

90-100% 22-24 5

1.5. Рецензия Рецензия (ағылш. Review) — журналистика, сонымен қатар ғылыми және көркем өнер сынының (критика) жанры. Рецензия жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтиды. Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б. туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстары жасалынады. Рецензия көлемі аз да, көп те болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме болып отырған шығарма мен оның авторы аясынан асып түсіп, ғылым мен техниканың, көркем әдебиет пен өнердің, т.б. саланың толып жатқан мәселерін қамтып, жазылуы да мүмкін.Ондай рецензиялар ғылыми-зерттеу жұмысы не көркем шығарма немесе көсемсөздің шын биігі дәрежесіне жетуі де ықтимал. Рецензия ең алдымен ғылыми негізде, обьективті түрде, баршаға түсінікті тілде, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда болатындай етіп жазуы

18


қажет. Рецензент «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айта білуі керек. Мектеп оқушылары көркем шығармаларды оқитын болғандықтан, шығарма мазмұнынына пікір үлгі ретінде беріліп отыр. Үлгі

Әбіш Кекілбаевтің«ҮРКЕР» атты романына

ПІКІР Бұл — өзінің жанры жағынан қазақ елі басынан өткен аса ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII ғасырлар бойында орын алған ірі-ірі оқиғалар негізінен алғанда нақты тарихи деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайтын дерлік тұлғалы туынды, тарих әдебиеті қатарында белді жерден орын алатын, сонымен қатар көркемдік дәрежесі де жоғары, айрықша орамды шығарма. Романда әңгіме болып отырған қазақ елінің, қоғамының, өмірі, әлеуметтік тартыстары, ішкі-сыртқы қатынастары XVII-XVIII ғасырларда орын алған, белгілі із қалдырған тарих желісімен, барлық елеулі кезеңдерімен негізінде үндес баяндалған, жалпы тарих межелері /тіпті нақты даталары да/ толық сақталған. Мұның өзі жалпы алғанда бүкіл ел тарихымен, жекелеп алғанда қазақ даласының сол замандағы әбден шиеленіскен өмір жолымен жете хабардар екенін көрсетеді. Бұл – шын мәнісінде көп, қажырлы еңбектің жемісі. Қазақ жұртының сол замандағы тарихы, этнографиялық әдет-ғұрпы, өмір салты, үш жүздің /ұлы, орта және кіші жүздердің/ құрамы, өзара қатынастары мен тартыстары да бірсыпыра, негізінде дұрыс қамтылады-сипатталады. Бұл да автордың осыншалық ауыр жүктішежірелік мәні бар қиын мәселелерді шешуді мойнына алғанын көрсетеді. Әрине, автор мұндағы жол-жөнекей, жанамалап талдауымен шежіре проблемасын түгел шешіп берді деген ұғым әсте де тумайды. Бұл әлі де талай терең және жан-жақты зерттеулерді қажет ететін проблема. Дегенмен, роман авторы өз талдауымен, өз әрекетімен қазақ шежіресінің кейбір күмәндау жүрген мәселелерін анықтай түсуде азын аулақ үлес қосқан тәрізді. Роман мазмұны, ең басты, нағыз өзекті мәселесі – қазақ елінің өз жері, өз бостандығы, дербес ел болып өмір сүруі үшін талай, жылдар бойы табан тіресіп жүргізген күресінің жайы, айбынды асулары. Бұл күрестің ең белді жері, зор діңгегі – қазақ жеріне сан рет рахымсыз шапқыншылық жасаған, қазақ елін XVII ғасыр басында ақтабан шұбырындыға ұшыратқан жоңғарларға қарсы жүргізілген, мүмкіндігінше мықтап ұйымдастырылған ұрыс-тартысы еді. Алдымен ашып айта кетейік: бұл тартыстың да тарихи, мұндағы талай тар жол, тайғақ кешулер арқылы өткен өткелдер жалпы алғанда дәлелді де, әділетті де айтылған. Әрине, көркем шығарманың өзіне тән ерекшелігі, жалпы жорушылығы болады. Осы тұрғыдан алғанда мұнда, қазақтар мен жоңғарлардың майдан, ұрыс даласындағы айқасын көрсетуде-жазуда әсірелеу пен азын-аулақ асырып айтушылық жоқ емес. Бірақ болған оқиғаларды баяндаумен бағалаудың жалпы бағыты, барлық желісі әбден дұрыс, тарих тұжырымдарына ешбір қайшы емес. Сондықтан қазақтар мен жоңғарлар арасындағы тартыс жолы мен бейнесі жалпы тарих тұрғысынан да, көркем әдебиет тұрғысынан да әбден әділ берілген деп есептейміз. Түйіндісі. «Үркер» романы – тарихи тақырыбы мен атқаратын идеялық ролінің маңызы жағынан да, көркемдік құндылығы мен тіл тартымдылығы жағынан да түбінде, ертелі-кеш, қазіргі профессионалдық қазақ совет көркем әдебиетінің нағыз төрінен өзіне лайық орын алатын сегіз қырлы бір сырлы шығарма. Пікір беруші, саяси экономия, Қазақстанның экономикалық және азаматтық тарихы салаларының ғалымы, Қазақстан Республикасының жетекші қоғамтанушысы

19

Сақтаған Бәйішев


1.6. Аннотация Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады. Шығарма немесе мақала қазақ тілінде жазылса аннотация орыс және ағылшын тілдерінде жазылады. Үлгі «Абай өлеңдерінің құрылысы» мақаласына аннотация Стихосложение Абая Аннотация Вопросы, рассматриваемые в статье. Виды стихов Абая. Виды слог в стихотворениях Абая. Ритмические оссобенности. Проблема методов. Особенности устной и письменной литературы.

1.7. Мақала Мақала дегеніміз - қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп ұғынудың, талдап және жинақтаудың қорытындыларынан туған идеяның негізінде жазылатын публицистикалық шығарма. Сондықтан да мақаланың негізгі желісі - идея. Автордың Отан алдына өмір ағымының қойып отырған сан алуан зор талаптарына көзқарастары, толғанудан туған тың пікірлері мен қорытындылары мақалада үнемі негізгі арқау болып отырады. Мақала - баспасөздің ең бір негізгі және күрделі жанры. Мақала тақырыбының ауқымдылығы, маңыздылығы, мақсаты мен саяси жағынан байыпталуының кеңдігі мен қорытындысының тереңділігімен ерекшелене түседі. Жалпы мақала жанры үлкен екі салаға бөлінеді. Оның біріншісі - баспасөздің жай мақалалары; екіншісі - газет пен журналдардың бас мақалалары. Баспасөзде жарияланатын жәй мақалалар жергілікті орындарға не директив, не нұсқау бермейді. Жәй мақалалар белгілі бір идеяның негізінде туып, соны көпке таратып, насихаттауды мақсат етеді. Мұндай мақалалар баспасөз бетінде күрделі бір проблема көтереді, белгілі бір идеяны насихаттайды. Мақаланы жазу үшін ең алдымен төменде берілген принциптерді ұстану қажет:  мақаланың не туралы жазылатынын, не мақсатта жазылатынын анықтап алыңыз;  аудиторияны анықтап алыңыз;  оқырманға не керектігін іздеңіз;  жазатын мақалаңыз еш жерде талқыланбаған, жаңа, өзекті болсын;  жазатын тақырыбыңызды өзге ешкім, ешқашан жазбаған болсын;  тақырыпқа жаңа ойлар қосыңыз. Өз ұсыныстарыңызды немесе өзге авторлардың мақаласында жоқ деректерді қосыңыз. Бұл – оқырманның бүгінгі ақпарат тасқынында дәл сіздің мақалаңызды таңдап оқуға себеп болады;  қызықтырып жазыңыз. Оқырман ғана емес, жазып жатқан тақырыпқа өзіңіз де аса үлкен мән беретініңізді көрсетіңіз. Сіздің қызығушылығыңызды көрген оқырман да мән бере бастайды. Тіпті оқырманның ой қорытуына, сараптауына мүмкіндік беретіндей етіп жазыңыз.

20


 жазу стиліне, құрылымына уақыт бөліңіз;  мәтіндегі орфографиялық және грамматикалық қателерге назар аударыңыз;  мақалада бір-біріне қайшы келетін пікір мен қате деректердің жоқтығын қадағалаңыз. Үлгі

Заманауи ұстаз №3(3) мамыр

ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ-БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰЛТ БОЛУДЫҢ БІРІНШІ САТЫСЫ Қалыптасқан мекмлекет жағдайында Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни, мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз. Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл-елдің бәсекеге ұмтылуда алғашқы баспалдағы болып отыр. Себебі, бірнеше тілді еркін сөйлей де, жаза алатын қазақстандықтар өз елінде, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. «Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз-ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Жалпы алғанда, Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талаптар күшейіп келеді. Алайда, кәсіби салада, әсіресе білім беру мекемелерінде қызмет ететін педагогтер үшін үш тілді меңгеру ауадай қажет. Қажетті ақпаратты сапалы дереккөздерден алудың бірден-бір жолы тілді меңгеру. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесіне еркін еніп жатқан шетелдік озық тәжірибенің идеясында тілді үйренудің стратегиялары ұсынылады. Тіл үйренуде стратегияларды қолданатын оқушылар жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Бұндай стратегиялар оқудың тамаша құралы болып табылады дейді кейбір зерттеушілер. Қарынбаева С.М. Деңгейлік бағдарлама орталығының тренері, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ

1.8. Конспект Конспект – оқылған ақпараттың, мәтіннің немесе көркем шығарманың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жасағаны жөн. Себебі, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды.

21


2. РЕСМИ ІС-ҚАҒАЗДАРДЫҢ РӘСІМДЕЛУІ 2.1. Түйіндеме (резюме)

Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді. Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Жазылған түйіндеме бір адам туралы толық мәлімет беру үшін онда, оладамның білімі, біліктілігі, жеткен жетістігі, жұмыс тәжірибесі, не нәрсеге икемділігі бар екені айтылуы керек. Түйіндеме кең көлемдегі визит карточка іспеттес. Түйіндеме жазуда оның мақсаты - өз өмірбаяны мен жұмыс тәжірибесі, мамандығы, икемділігі ұтымды көрсетілу қажет. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгені дұрыс. Яғни мекеме басшысы кім болып істегіңіз келетін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек Қалаған мамандыққа байланысты жеке бастың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Түйіндеме адам өмірі туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Түйіндеменің ерекшелігі- үміткерлердің білім және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі. - аты-жөні; - туған жылы, күні, айы, туған жері; - ұлты; - жынысы; - мекен-жайы, телефоны; - отбасы жағдайы; - азаматтығы; - білімі; - бітірген оқу орындары; - кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі; - тілдік дағдылары; - компьютерлік сауаттылығы; - жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.) - қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер) т.б. Үлгі Алматы қаласы, Фурманов көшесі 178, пәтер22 тел. (7272)612289, е-mail: bayahm@mail.ru Берденов Талғат Қожахметұлы

Жалпы ақпарат: Туған жылы: 23 шілде 1985ж. Ұлты: қазақ Жынысы: ерекек Отбасы жағдайы: үйленбеген Азаматтығы: Қазақстан Республикасы Білімі: -жоғары 2003-2007жж. Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университеті. Роман –герман филология факультеті. Біліктілігі: шет тілі маманы Еңбек өтілі: 22


2008-2010 жж. Қызылорда облысы, Құмкөл мұнай кені, аудармашы маман Тілдерді білуі: Қазақ тілі-ана тілі Орыс тілі-еркін Ағылшын тілі-еркін Түркі тілі-еркін Неміс тілі-еркін Компьютерді меңгеруі: МS Word Жеке қасиеттері: жауапкершілік, мақсаттылық, талапшыл, ұйымдастырушылық, ұжыммен жұмыс жасай білу. Құштарлығы: кітап оқу, машина жүргізу Қосымша мәліметтер:

2.2. Хабарландыру Хабарландыру әр түрлі жағдайларда бос қызметін жариялау, жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу қызмет түрін ұсыну, сондай-ақ қандай да бір шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабарлау үшін беріледі. Үлгі ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті әріптестер!!! 2014 жылдың 8 қазанында сағат 16.00-де институттың барлық қызметкерлері үшін акт залында жиналыс өтетіні туралы хабарлайды. Барлық қызметкерлер міндетті түрде қатысуы тиіс. Әкімшілік

2.3. Өмірбаян Өмірбаян – жеке адамның өмірінен мәлімет беретін іс қағазының түрі. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі жазылады. Бірі – адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, айын, туған жерін толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаян әркімнің өз қолымен жазылады. Өмірбаян бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады. Өмірбаянның екінші түрі – мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінң өз өмірін, қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп және қарасөзбен де, өлеңмен де жазылған түрі кездеседі. Мыс: Қ.Байсейітовтың «Құштар көңіл», Ш.Жиенқұлованың «Өмірім менің-өнерім» еңбектері өмірбаянның осы түріне жатады. Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен мен шығармашылығы, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан 23


баяндалады. А.Құнанбаевтың, Ш.Уәлихановтың т.б. өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мыс: М.Әуезовтің «Абай жолы» С.Мұқановтың «Аққан жұлдызы» т.б. Үлгі Өмірбаян Мен, Асанов Мұхтар Сәкенұлы Алматы қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. Әкем-Асанов Сәкен банк қызметкері, анам-Асанова Шолпан фирмада экономист. 1982 жылы Алматы қаласындағы 12 орта мектепті бітіріп, Қазақ мемлекеттік медицина институтына оқуға түстім. Инситутты хирург мамандығы бойынша бітірдім. Қазір қаладағы клиникалық ауруханада хирургпін. Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып жүрмін. Медицина ғылымдары кандидаты атағын алу үшін 1999 жылы диссертация қорғадым. Отбасымда төрт жан бармыз. Жұбайым да дәрігер. Балаларым мектепте оқиды. Айдана 9 сыныпта, Даулет- 6 сыныпта. Бос уақытымда кітап оқығанды, машина жүргізгенді ұнатамын. Мекен-жайымыз: 48005, Алматы қаласы Н.Тілендиев көшесі, 19 –үй, 32 пәтер, Тел:41-01-15 Асанов М.С. 20.09.2000 ж.

2.4. Арыз Арыз - азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары мен мүдделерінің бұзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарлама жасаушының ойынша іс-қимылы дұрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады. Арыз - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында. Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірнеше адамның немесе үлкен ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда мәселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуге құқы бар адам атына жазылады. Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым түрінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады. Арыздың алты реквизиті бар: кімге жолданғаны, кім жазғаны, құжат аты, мазмұны, қолы, датасы. Арыз таза, түзетулерсіз жазылуы керек. Арыз құрылымы: 1) құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны); 2) құжат аты; 3) негізгі мәтін; 4) қосымша болса оған сілтеме; 5) жазылу мерзімі; 6) қолы; 7) арыз мазмұнымен келісушілер қолы. 24


Адресацияға лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, фамилиясы, аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағына жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден жазылып отырған болса, олардың барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні) адресацияда қөрсетілуі керек. Егер арызға кол қоюшылар бірнешеу болса онда фамилиялары алфавит тәртібімен жазылады. Қол қоюшылар саны көп болса онда арызға қол қою парағы тіркелді. Арыз мазмұнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат жазылады. Мысалы, "Келісемін", "Қарсы емеспін". Бұл жерде де күні жазылып, «келісім берушінің» атқаратын қызметі көрсетіледі. Ескерту: 1.Егер арыз бірнеше адамның атына қатар жазылса, олардың барлығының ресми қызметі, атыжөні адресацияда көрсетілуі керек. 2.Егер арыз бірнеше адамның атынан жазылса, олар иерархиялық тәртіппен немесе алфавит ретімен жазылады. 3. Арыз қолмен де, компьютермен де қатесіз жазылуы тиіс. Үлгі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М. Құл-Мұхаммед мырза мен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек мырзаға Арыз Біз бір топ музей жұмысшылары, арыз жазу себебіміз, музей басшысы Мәулен Садықбектің және оның қолшоқпары бригадир С. Дүйсеновтың шектен шыққан қорлауына бұдан әрі шыдау мүмкін еместіктен өздеріңізге жазып отырмыз. Таңнан кешке дейін белшене жұмыс істесек те, С.Дүйсеновтің шетімізден балағаттайды, заңгер Ерлан Дәуірбайдың кешке дейін бақылау камерасы арқылы аңдуына төзе алмаймыз. Бұдан бөлек, күні кеше ғана барлық жұмысшыларды шақырып алып, арасында ондаған жыл қызмет еткендер, жасы үлкен ағалар, апайларда бар. Барлығына директор атына «уақытша маусымдық жұмысқа ауыстырыңыз» деп, жоқ болмаса жұмыстан шығарамыз деп мәжбүрлеп, арыз жаздырып алып, қоқан лоқы көрсетіп қорлап отыр. Осы арыздарды директор М. Садықбектің нұсқауы бойынша жаздыртып отыр. Бұдан бұрында аты жөнімізді айтуға қорқып, бірнеше арыз жазған едік, нәтиже жоқ! Енді амалымыз жоқ, бала-шаға аштан қалса да атымызды жазамыз. Осы мәселеге байланысты Сіздерден көмек сұраймыз. Абдуйжалилов К. Шахапов К. Тойғараев Ә. Оспанова А. Ермекбаева Ұ. Ахметова М.

2.5. Телефонхат

Телефонхат – телефон немесе радио арқылы телефонограмма, радиограмма ретінде жеткізілетін жедел сипаттағы құжат. Телефонограмманың жеделхаттан айырмашылығы, сіз үшінші бір мекеме қызметіне жүгінбей өз ақпаратыңыздытелефон не болмаса радио арқылы алушыға тікелей мәлімдей аласыз. Ол байланыстың келесі жағында тұріп сіз айтқан ақпаратты жазып алады. Телефонограмма мәтіні аса күрделі болмауы керек. Телефонограмма формуляры: жіберілген хабардың аты, нөмірі, жіберілген күні және қабылдаған уақыты жөніндегі мәлімет, байланыс жүйесін іске асырған адамның аты-жөні, телефон нөмірі. 25


Үлгі ТЕЛЕФОНОГРАММА 12.07.2007 №24. Оқу орындарының жетекшілеріне 14 маусым күні сағат 11.00-де Республика сарайындағы оқу орындары жетекшілерінің жалпы жиналыс болады. Қол қойған: Республикалық білім беру бірлестігі ақпарат бөлімінің бастығы Қ.Толықбаев Жіберген: хатшы Г.Бейсенбаева 12.07.2007 күні сағат 10.00-де қабылдап алған

Г.Әшімова

2.6. Мінездеме Мінездеме – белгілі бір ұжымнан берілетін, адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамдық тұрғыда жазбаша сипаттайтын құжат. Мінездеменің құрылымы: -мінездеме берілетін адам туралы қысқаша сипаттама -тақырыбы -негізгі мәтін -қорытынды -мінездемені талап етуші ұйымның аты -мінездеме берілген мерзім -мінездеме берушінің қызметі, аты-жөні, қолы -қосымша. Үлгі Мінездеме Жинау аппаратуралары бөлімінің инженері Әшімов Айдар Ерланұлына Кәсіпорында 1995 жылдан аталған қызметте 10 жылдан бері істейді. 1965 жылы туған, білімі жоғары. Әшімов Айдар Ерланұлы жинау аппаратуралары бөлімінде инженер болып істеген кезінде қабілетті, білімді, ұқыпты қызметкер ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді. Өз мамандығы бойынша кәсіптік шеберлікті жақсы меңгерген. Компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі мол. Ағылшын тілінен базалық білімі бар. 1999 жылы Ташкент электротехникалық институтында «Жинау аппаратуралары» мамандығы бойынша дайындықтан өтті. Оқу орнынан берілген пікір өте жағымды. Мінезі ашық, сабырлы, ұйымдастырушылық қабілеті бар, жігерлі. Қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдай біледі. Үйленген. Мектеп жасындағы екі бала, бір қыз тәрбиелеп отыр. Жұмыстағы әріптестерімен іскерлік қарым-қатынаста. Өндірістік мәселелерді талқылағанда тік мінезділік көрсетеді.

26


Қорытынды: кәсіптік дайындық деңгейі мен басшылық қызметтегі тәжірибесін ескере отырып, А.Е.Әшімовті жинау аппараттары бөлімі бастығының орынбасары қызметіне бір ай сынақ мерзімімен, конкурстық негізде ұсынуға болады. «Арман» - өндірістік бірлестігі жинау аппараттары бөлімінің бастығы:

Сариев А.А.

2.7. Сенімхат

Сенімхат –сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат. Сенімхат екі түрлі болады: -мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар -жеке тұлға атынан берілетін жеке сенімхаттар. Үлгі Сенімхат 00.00.00 Мен, Лазарева Марина Васильевна 2001 жылдың тамыз айындағы маған тиісті бес мың теңге мөлшеріндегі жалақыны алуды бухгалтер Ковалева Оксана Юрьевнаға сеніп тапсырамын. Хатшы: М.В.Лазареваның қолын куәландырамын КБ-нің инспекторы: М.О

Макарова А.Н. К.Н.Кузнецова

2.8. Келісім шарт Мекемелер арасында өзара экономикалық, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастар жасап, оны реттіп отыру мақсатында шарт жасалады. Шарттар жеке адамдардың өз арасында, жеке адам мен өндіріс орындарының (мекеменің, ұйымның) арасында да жасалына береді. Шарттың түрлері мен көлемі, мазмұны мен мақсатына қарай түрлі-түрлі болып келеді. Үлгі

КЕЛІСІМ – ШАРТ № кітаптар, журналдар, папкалар, мақтау қағаздары, қызметтік куәліктер, грамоталар мен стендтер және табличкалар дайындауға «

Шымкент қаласы

» мамыр 2012 жыл

Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" ММ атынан аппарат басшысы Б.Т.Дүйсенов бір тараптан және бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын «___________________» ________ атынан әрекет ететін басшысы ___________________ екінші тараптан бұдан ары «Тараптар» деп аталатын «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнына (бұдан әрі – Заң) сәйкес және баға ұсыныстарын cұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешімі №______ және лот №______ негізінде, бюджеттік бағдарлама 122001000 – «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», 149 – «Өзге де жұмыстар мен қызметтер» ерекшелігі бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім – шарт (бұдан әрі 27


– келісім шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді: 1. Келісім – шарт мәні 1.1. «Тапсырыс беруші» тапсырыс беруге және төлеуге, ал «Орындаушы» кітаптар, журналдар, папкалар, мақтау қағаздары, қызметтік куәліктер, грамоталар, карточкалар мен стендтер дайындауға келісім – шарттың №1 қосымшасына сәйкес міндеттенеді: 1.2. «Орындаушы» «Тапсырыс берушінің» мемлекеттік сатып алу туралы хабарламасында көрсетілген келісім-шарт және оның қосымшасымен танысу кезінде қойылған талаптарымен толық келісетін жағдайда, «Орындаушы» өз келісімін міндетті түрде көрсету қажет. 1.3. «Орындаушы» жеңімпаз болып табылғаннан кейін келісім-шартта көрсетілген тапсырыстарды жасау алдында кітаптар, журналдар, папкалар, мақтау қағаздары, қызметтік куәліктер, грамоталар, карточкалар мен стендтердің түсін, дизайнын, санын, сапасын, салмағын, көлемін және профилін «Тапсырыс берушімен» міндетті түрде келісуі қажет. 1.4. Осы келісім шарт аясында орындалатын жұмыстар мен қызметтер келісім – шарт талаптарына сай жаңа үлгіде тиісті құжаттарымен, сапасына кепілдікпен орындалуы тиіс. 1.5. Кітаптар, журналдар, папкалар, мақтау қағаздары, қызметтік куәліктер, грамоталар, карточкалар мен стендтерді дайындауға жасау үшін «Орындаушының» міндетті мемлекеттік лицензиясы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдарына) болуы қажет. 1.6. Осы келісім – шарт бойынша кітаптар, журналдар, папкалар, мақтау қағаздары, қызметтік куәліктер, грамоталар, карточкалар мен стендтерді дайындау мен жеткізіп беру жұмыстары мен қызметтер мерзімі мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешімнен кейін «Тапсырыс берушінің» тапсырысына байланысты 3 (үш) күн ішінде орындалуы қажет. 1.7. Төлем графигі: Тауарды толық және сапалы түрде жеткізіп берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде төленеді. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 2.1. «Орындаушы» міндетті: 1) Осы келісім – шартта көрсетілген мерзімде, толық көлемде және тиісті сапада жұмыс атқаруға; 2) «Тапсырыс берушіге» орындалатын жұмыстар туралы есепті қабылдау – табыс беруге; 3) «Тапсырыс берушінің» талабымен, «Орындаушы» орындалатын жұмыстарды көрсету барысында орын алған барлық жетіспеушіліктерін, келісім – шарттан ауытқуын (мөр сапасын нашарлатқан) 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде ауыстыруы тиіс. 4) Өз атымен және өз қаражатына осы келісім – шартта қарастырылған жұмыстарды орындауға; 2.2. «Орындаушы» «Тапсырыс берушінің» тапсырысын кітаптар, журналдар, папкалар, мақтау қағаздары, қызметтік куәліктер, грамоталар, медалдар, стенттер мен заңнамаларды, тез арада келісімшарттың барлық талаптарына сай орындауы міндетті. 2.3. «Орындаушы» құқылы: 1) «Тапсырыс берушіден» осы келісім – шарт аясында жұмыстарды орындауға қажетті ақпарат алуға; егер де бұл ақпарат «Тапсырыс берушіде» болса, аталмыш ақпарат «Тапсырыс берушіні» қосымша материалды және материалды емес шығынға келтірмесе және орындаушының осы келісім – шарттағы орындайтын міндеттерін ауыстырмаса; 2) «Тапсырыс берушіден» осы келісім – шарт аясында орындалатын жұмыстардың сапасын көтеруге бағытталған тапсырмалар алуға; егер де бұл тапсырмалар осы келісім – шартқа қайшы келмесе, «Тапсырыс берушіні» қосымша материалды және материалды емес шығынға келтірмесе және «Орындаушыға» осы келісім – шартта көрсетілген міндеттерін өзгертпесе; 2.4. «Тапсырыс беруші» міндетті: 1) «Орындаушыға» (өзінің сұранысы бойынша) керекті мәліметтер (ақпарат, тапсырма) беруге; 2) «Орындаушыдан» осы келісім – шарт талаптарына сай орындалған жұмыстарды қабылдап алуға, орындалған жұмыстарға дәлелдейтін АКТ – жасауға; 3) «Орындаушының» жұмысына осы келісім – шартта қарастырылған көлемі мен мерзімді төлем жасауға; 2.5. «Тапсырыс беруші» құқылы: 1) «Орындаушы» жұмысына араласпастан кез келген уақытта келісім – шарт аясында «Орындаушының» орындап жатқан жұмыстарының сапасын тексеруге; 2) Кез келген уақытта орындаушыға келісім – шарттың орындалмауына орай, арнайы хат түрінде ескерту жасап келісім – шартты бұзуға; 3) «Орындаушы» «Тапсырыс берушінің» хат түріндегі келісімінсіз өз міндетін (толық немесе 28


жартылай) басқа біреуге беруге құқысы жоқ. 3. Көрсетілген қызметтерді қабылдау мен табыстау тәртібі 3.1. «Орындаушы» орындалған жұмыстар актісін жұмыстар орындалғаннан күнінен кешіктірмей «Тапсырыс берушіге» орындаған жұмыстары жайлы есеп және орындалған жұмыстар актісін береді. 3.2. Есепте есеп барысындағы орындаған жұмыстардың (күні, нөмері көрсетіледі) атауы мен көлемі көрсетіледі. 3.3. Келісім – шарттағы тараптардың келісімдері бойынша орындалған жұмыстар актсінде және есепте басқа да мәліметтер Тасырыс берушінің сұранысы бойынша қосылуы ықтимал. 4. Орындаушының қызметіне төлем тәртібі 4.1. Осы келісім – шартқа байланысты «Орындаушының» атқаратын жұмыстарының жалпы құны 500 000 (бес жүз мың) теңгені құрайды. 4.2. «Орындаушының» атқарған жұмыстарының 4.1. пунктінде көрсетілген сомасы осы келісім – шарттың жарамдылық мерзіміне дейін қойылады және өзгертілмейді. 4.3. Осы келісім – шарттағы міндеттерді орындауға байланысты 4.1. пунктінде көрсетілген орындаушының жұмыстар құнына шығындар кіреді. 4.4. «Орындаушының» жұмыстары «Тапсырыс беруші» тарапынан мынадай тәртіпте төленеді: 1) Келісім – шарттың орындалған жұмыстар актісіне байланысты, орындалатын жұмыстарға төлем жұмыстар толығымен атқарылғаннан кейін 10 (он) жұмыс күн ішінде; 4.5. «Тапсырыс беруші» «Орындаушының» орындаған жұмыстарына төлемі осы келісім – шартта көрсетілгендей «Орындаушының» есеп – айырысу шотына аударылады. 1) Төлемге керекті құжаттар орындалған жұмыстар актісі және счет – фактурасы болып табылады. 5. Міндеттердің орындалмауына жауапкершілік 5.1. Форс – мажор жағдайларын қоспағанда, егер «Орындаушы» келісім – шартта көзделген мерзімде қызметтерді көрсете алмайтын болса, «Тапсырыс беруші» өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, келісім – шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін келісім – шарттың бағасынан 10% (он) пайыз сомманы тұрақсыздық айыбы ретінде шегеріп тастайды. 5.2. Егер де «Орындаушының» орындалатын жұмыстар сапасыз болса, «Тапсырыс беруші» тарапынан қабылданбайды және төленбейді. «Орындаушы» келісім – шартты орындаудан бас тартқан жағдайда немесе келісім – шарт «Орындаушының» кінәсінен бұзылса, «Орындаушы» «Тапсырыс берушіге» келісім – шарттың жалпы соммасынан 10% (он) пайыз мөлшерде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуі қажет. 5.3. Мемлекеттік сатып алу туралы келісім – шартты жасаған кезде оған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің «Орындаушы» тарапынан шарттық міндеттемелер орындалмаған жағдайда шарт «Тапсырыс беруші» тарапынан кез келген кезеңінде бұзылады. 5.4. Айыппұл және тұрақсыздық төлемі «Орындаушыны» осы – келісім шарқа сәйкес атқарылуға тиіс жұмыстардан және міндеттемелерден босатпайды. 5.5. Осы келісім – шартта қарастырылған «Орындаушы» тарапынан жұмыс барысында әрекеттері мен әрекетсіздіктерінен туындайтын даулар және жауапкершілігі Шымкент қаласында, қолданыстағы заңдылықтар нормаларына сәйкес бір жақты немесе сот арқылы жүзеге асады. 5.6. Қосалқы мердігерлердің болуы «Орындаушыны» осы келісім – шарт бойынша материалдарды және басқа жауапкершіліктен босатпайды. 6. Келісім – шарттың мерзімділік тәртібі 6.1. Осы келісім – шарт ОҚО Қазынашылық департаментінен тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және 2012 жылдың «31» желтоқсанына дейін жарамды болып табылады. 6.2. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта мынадай жағдайда бұзыла алады: 1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу; 2) Заңда көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан орындаушыға көмек көрсетілген жағдайда. 7. Басқа да талаптар 7.1. Осы келісім – шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізуге болады. Толықтырулар мен өзгертулер жазбаша түрде рәсімделіп тараптармен қол қойылады және осы келісім – шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. 29


7.2. Келісім – шарт мемлекеттік тілде түзіледі. Келісім – шартты арбитражда қарау қажеттілігі туса, мемлекеттік тілдегі келісім – шарт данасы қаралады. Келісім – шартқа қатысты барлық хат алмасулар мен тараптардың басқа құжаттамалары осы шартқа сәйкес болуы керек. 7.3. Осы келісім – шарт екі данада түзілген және бірдей құқықтық күшке ие. Келісім – шарт тараптарының әр қайсысында бір данасы жіберіледі. 7.4. Келісім – шарт міндеттері Шымкент қаласында жүзеге асырылады. 8. Тараптардың мекен – жайлары мен деректемелері: «Тапсырыс беруші» «Орындаушы» «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» ММ ____________________________________ ОҚО, Шымкент қ. Тыныбаев көш., 49 үй. БСН (БИН) 990 240 005 765 БСН (БИН), ЖСН (ИИН) _______________ СТН (РНН) 5822 0003 5434 СТН (РНН) _____________________ ММ коды 1223532, БСК (БИК) KKMFKZ2A БСК (БИК) ______________________ ЖСК (ИИК) KZ24070103KSN5821000 ЖСК (ИИК) _____________________ ОҚО бойынша Қазынашылық департаменті ___ «___________» АҚ, _______________. Шымкент қаласы. Аппарат басшысы

Басшы

_____________________ Б.Т. Дүйсенов

__________________

2.9. Хаттама

Хаттама - мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін (толық жазатын) ұйымдастырушыөкімшіл ресми құжат. Хаттамада қаралған мәселелер бойынша баяндамашының, талқылауға қатысқан сөйлеушілер сөздерінің қысқаша мазмұны және алынған нақты қаулылардан тұрады. Хаттама қысқа мазмұнды немесе кең көлемді болуы мүмкін. Белгілі бір фактіні куәландыратын құжат (жауап алу хаттамасы, тексеру хаттамасы). Қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы факт тіркелетін ресми құжат. Хаттамаға мекеме басшысы, фактіні тіркеуге жауапты адам және хаттаманы жазған адам қол қояды, мөр басылады. Хаттамада көрсетілетін міндетті мәліметтер: 1.Мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның атауы. 2.Құжаттың аты (хаттама). 3.Айы, күні, жылы, хаттаманың нөмері. 4.Жиналыс (мәжіліс) өткен орын. 5.Егер хаттаманы бекіту талап етілсе, бекіту (гриф) таңбасы. 6.Қатысқандар туралы мәлімет (саны, аты жөні, лауазымы). 7.Күн тәртібі. 8.Төрағаның және хатшының қолы.

30


Үлгі

(Министрліктің, ведомствоның, кәсіпорынның атауы ) ХАТТАМА ______________№________________ Алматы________________________ (мәжіліс)

Төрағасы: Хатшысы: Қатысқандар:

Күн тәртібінде:

1. 2. Тыңдалды: 1. 2. Сөйлегендер: Қабылданған қаулы: 1. 2. Төрағасы: Хатшысы:

(қолы) (қолы)

2.10. БҰЙРЫҚ Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттарының ішіндегі ең маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады. Сондықтан басқару құжаттарын үлгі негізінде жасаймыз. Бұйрық – қандай да бір міндетті (өндірістік немесе кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты) шешу үшін кәсіпорын директоры шығаратын нормативтік құжат.

Үлгі (ұйымдар мен мекемелердің ресми атауы)

БҰЙРЫҚ (күні.айы.жылы)ж. № (номер) (қала) қаласы Жұмысқа қабылдау туралы 1. (күні.айы.жылы) ж. № (номер) келiсiмшарттың негiзiнде бас бухгалтер қызметiне азамат (аты-жөні) тағайындалсын. 2. (күні.айы.жылы) ж. дейiн келiсiмшартта көрсетiлген талаптарды орындауды қамтамасыз ету мақсатында бас бухгалтер мына жобаларды дайындасын: - бөлiмшелердi, қызметтердi, лауазымды тұлғаларды және басқа да кәсiпорын қызметкерлерiн олардың келiсiмшарттарымен таныстыруды көздеген кәсіпорын 31


директорының өкiмiн; - бас бухгалтердiң келiсiмшартта белгiленген құқықтарын, сонымен бiрге келісімшарттың басқа да талаптарын орындауын қамтамасыз ететiн директордың бұйрығын дайындасын. Негiздеме: (күні.айы.жылы) ж. № (номер) лауазымы: Бұрыштамалар:

орын:аты-жөні тел: нөмірі

32


Әдебиеттер 1. Атабаева М.С. Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. А., Білім баспасы 2006ж 2. АрғыновХ. Қазақ тілі методикасы (синтаксис,пунктуация).Алматы,1974. 3.Алдамұратов Ә . Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы. А,1983. 4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.Алматы,1992.- 142б. 5.Баттал Р. ҚР Министрлігінің №124 15.02.2000 бұйрығымен Қазақ тілі мен әдебиетінен қазақ тілінде оқытатын мектептердегі жазбаша бітіру емтихандарына қойылатын талаптар мен бағалау өлшемдері Алматы 2000 6. Баялиева С.Ж. Диктанттар жинағы (9-11 сыныптар үшін) Алматы 7. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы.Алматы,1991. 8. Қанатбаев О. Шығарма жазғызуға белсенділігін дамыту. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, №2 1992. 9.Қарынбаева С. Үштұғырлы тіл-бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы №3. 3.05.2013. 10.Құлмағанбетова Б. (редакциясын басқарған). Қазақ тілінің методикасы.Алматы, 1988. 11.Кәтенбаева Б. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқаулар.Алматы,1991.. 12.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы.Алматы,1991. 13.Момбекова Ж. Жаттығулар жинағы (мұғалімдерге көмекші оқу құралы) 14.Мухамадиева Н. Іскерлік қазақ тілі Астана. 2010 15.Тілешова С.Әдебиет сабақтарындағы жазу жұмыстары.А,1971ж. 16. Тұрсынғалиева. Қазақ тілінен жазба жұмыстар. Арман ПВ баспасы 2008ж. 17. Тұрарова А.Мазмұндама түрлері және оларды меңгертудің жолдары Қазақ тілі мен әдебиеті №12.03.2009. 18.НЗМ Эссені бағалау нормалары Алматы 2012ж. 19. www.Google kz . 20. www mail ru.

33


МАЗМҰНЫ Кіріспе............................................................................................ 1.ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ 1.1 Диктант және түрлері............................................................. 1.2 Мазмұндама және түрлері..................................................... 1.3 Шығарма және қойылатын талаптар................................... 1.4 Эссе. Қойылатын талаптар. Бағалау нормасы..................... 1.5 Рецензия.................................................................................. 1.6 Аннотация............................................................................... 1.7 Мақала..................................................................................... 1.8 Конспект.................................................................................. 2.РЕСМИ ІС-ҚАҒАЗДАРДЫҢ РӘСІМДЕЛУІ 2.1 Түйіндеме................................................................................ 2.2 Хабарландыру......................................................................... 2.3 Өмірбаян.................................................................................. 2.4 Арыз......................................................................................... 2.5 Телефонхат.............................................................................. 2.6 Мінездеме................................................................................ 2.7 Сенімхат.................................................................................. 2.8 Келісімшарт............................................................................ 2.9 Хаттама................................................................................... 2.10 Бұйрық................................................................................... 2.11 Мазмұны................................................................................ Әдебиеттер.....................................................................................

34

3 4 8 10 15 16 17 18 20 21 22 22 23 25 26 27 27 30 31 32 33


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.