Saqshy №36 (4394)

Page 6

6

ҚОҒАМ ЖƏНЕ ЗАҢ №36 (4394),№ сейсенбі, 15.05.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

Қылмыстық істер ізімен

«Дон-5000»

Мəліметсіз қылмыс

екі адамды Қойбағардағы күдіктіні ұстауға қалдырдық та, екеуіміз машинамен Аманкелді кеңшарына кеттік. Діттеген жерімізге жетіп, керек адамды сұрастырып едік, ол машина жөндеу шеберханасында жұмыста болып шықты. Біз шеберханаға барып, онымен кездесіп, келген себебімізді айтып едік, ол тіл қатпай шеберхананың ішінде тығып қойған компьютер қондырғысын алып шығып берді. Қажетті хаттамаларды толтырған соң, оны алып Қойбағарға келсек, мұнда да күдіктіні ұстап отыр екен. Бірақ, ол мойындамапты. Біз келгеннен кейін сыбайласын көргеннен соң, бәрін соған жауып шыға келді. Мен бастыққа телефон шалып, істің ашылғандығын баяндап, осы жағынан үйге кететіндігімді және келесі күні жұмысқа шығатындығымды айттым. Осылайша кезекті демалысқа қарамай, қылмыс ашқан кездеріміз де аз болған жоқ.

Өкінішке орай, жасалған қылмыс жөнінде әрдайым мәлімет түсе бермейді. Жоғалған зат иелері әрқилы себептермен ішкі істер бөліміне арызданбайды да, қылмыскер жазасыз қала береді. Сондықтан іздеушілер тобының жұмыстарының басты бір бағыты – сондай қылмыстарды ашу, ал бұл оңай жұмыс емес. Көп уақытты керек етеді. Жолаушылар пойызында мұндай жұмыс істеу қиынның қиыны. Себебі ол жердің «тұрғындары» тиянақты, тұрақты көпшілік емес, әр сағат сайын ауысып отырады. Сондықтан бұл жұмыс инемен құдық қазғандай. Осыған орай аптасына екі күн жолаушылар пойызын тексеруге бөлінеді. Тексеріс барысында іздеу салынған, алимент төлемеушілер, басқа да қылмыстарға қатысы бар адамдар іздестіріледі. Ол үшін әр вагонды тиянақты қарап, вагон қызметкерлерімен, жолаушылармен тіл табыса сөйлесіп, әңгіме барысында қажетті мәліметтерге көңіл бөлу керек. Осындай мақсатпен бірде «Целиноград-Орал» пойызына отырып, №3 вагонға кіріп, әдеттегідей жолаушылармен сөйлесе келе, вагонның соңғы купесінде отырған екі келіншек Шалғышы стансасынан отырғандығы және олардың асығыс Тобыл стансасына бара жатқандығы белгілі болды. Бір жұма бұрын біреуінің інісі «АрқалықҚостанай» пойызымен Қостанайға бара жатып, жолшыбай күртесін ұрлатып алыпты. Енді соған сырт киім апара жатқан көрінеді. Киімінің ұрланғанын ешкімге айтпапты. Керекті қағаздарды толтырып, ауызша арызды Құсмұрындағы кезекшіге айтып, журналға тіркеттім. Арқалық бөлімшесіне телефон шалып, сондағы бригада қашан рейске шығатынын білдім. Шалғышы стансасындағы билет кассирлерінен «АрқалықҚостанай» бағытында материалдағы көрсетілген күндері екі бала билет алғандығы анықталды. Кассирлер екі баланың біреуі «Братск» кеңшарынікі және Октябрьскіде туыстары тұратындығын, олардың аты-жөнін айтып берді. Сол мекенжайға барып, келген себебімді айтып едім, үй иесі: «Рас, ол бала бізге туыс, сол уақытта үйге келген болатын. Үстінде күрте болды. Қазір ол Братскіде», – деді. Милиционерлердің бірін Братскіге жіберіп, күдіктіні алдырдым. Істеген қылмысын мойындаған соң, қылмыстық іс қозғалып, жауапқа тартылды. Мұндай мысалдар айта берсең жеткілікті, бірақ мәселе онда емес. Бұл жерде де көпшіліктің сеніміне кіріп, олармен бірге иық тіресіп істеген жұмыстың абыройы болатындығы анық көрініп тұр.

алған ақшасын тəркілеп болғанымша Құсмұрынға да келдік. «Қояндар» мен вагон кезекшісін пойыздан түсіріп, кезекшілер бөліміне алып келдім. В а го н ке з е к ш і с і н е Қ ы л м ы с т ы қ кодекстің 82-бабына сай іс қозғап, жауапқа тарттық. Тағы бір оқиға. 1993 жылы наурыз айында Құсмұрындағы бөлімше бастығы майор Ащеулов телефон шалып: «Саған телеграмма келді. Мағынасы мынадай», – деп оқи бастады: «39.3.15Н», мұны қалай түсінеміз?», – деді. «Ол мағынаны сізге білуге болады, бірақ кейінірек», – дедім де, тұтқаны қойдым. Б іраз уақыт өтке сін А щеулов қайта звондап: «Түнгі пойызбен Қо ст анайдан жедел топ келеді, таңғы «Алматы-Ленинград» пойызын тексермекші, сен де осында болуың керек», – деді. Кешке қарай Құсмұрынға барып, таңғы пойызға дейін сонда болдым. Қостанайдан бастықтың орынбасары бастаған төрт адам келіп, бізді атқаратын жұмыстың жо спарымен таныстырып, топқа бөлді. Бас бөлім бастығының орынбас ары А. Ахметбековке: «Сіздерден бөлек жұмыс істесек бола ма? Бəрібір жалпы көрсеткішке жатады ғой», – деп сұрадым.

– Ерекше «Холмс» сияқты қылмыс аша алсаң, ұлықсат, – деді. Жа н ы м а Жо л м а ғ а м б е т о в п е н Ахметовті алып, пойыз келген бетте жанымызға еріткен екі куəгер адаммен №3 вагонға барып вагон кезекшісіне: – Қанша «қоян» əкеле жатсың? – дедім. – Аға, ешқандай да «қояндар» жоқ, – деп азар да безер болды. – Бөтен жүгің жоқ па? – Жоқ. Сенбесеңіз, қараңыз. – Жо ғ а р ы д а т ұ р ғ а н с ө м ке л е р кімдікі? – Анау үлкен сөмке менікі, ал екіншісі келесі кезекшінікі. – Олай болса, сөмкеңді жерге түсір. Ол қолын созып сөмкені ала бергенде, шап беріп кеудесін сипап едім, бешпетінің төс қалтасында томпайған зат барын сездім де: «Қалтаңдағы не? Алып шық», – дедім. Ол жабырқау тартып, қалтасынан оралған пакетті алып шықты. Целлофан пакетке салған зат марихуанаға ұқсас екен. Содан соң сумкасын ашып қарасақ, толған целлофан пакеттерге салынған жаңағыдай өсімдік ұнтағы болып шықты. Бəрін куəгерлерге көрсетіп, тиісті хаттамаларды толтырып, енді күдіктіден түсініктеме алайын деп жатқанда майор Ахметбеков келді.

Амангелді АРЫСТАНБЕКОВ

Қостанай транспорттық милициясына қарасты Шалғышы стансасы желілік бөлімінің бастығы лауазымында жүрген кезім. 1989 жылдың жаз айы болатын. Мен кезекті еңбек демалысына шығып, күнделікті үй шаруасымен айналысып жүргем. Сағат он бірлер шамасында телефон соғылды. Тұтқаны көтерсем, Құсмұрыннан бастығым екен. – Д е м а л ы с ы ң ды б ұ з ғ а н ы м а кешірім сұраймын. Бір жұмадан асты, Қойбағар стансасында Қарасу аудандық ауылшаруашылық басқармасына әкелінген екі «Дон5000» комбайнының біреуі тоналып, соның соңында жүрміз. Адам жетпей жатыр, сондықтан жұмысқа шығуыңа тура келіп тұр және де сенің қарамағыңдағы станса ғой. – Олай болатын болса, әрине, жұмысқа шығам. Дәл қазір Қойбағарға барам, – дедім. «Дон-5000» комбайны Ростовтағы ауылшаруашылық техникалар зауыты шығарған ауыл шаруашылығы техникаларының соңғы модификациясы еді. Жартылай компьютерлік қондырғы қойылған. Бір жерінде ақау болса, комбайнды тұтатып жүргізу мүмкін емес. Қ ой б а ғ а р ғ а б а р ы п , т е м і р ж о л ш ы л а р м ен к е з д е с і п , м ә н- ж а й ды с ұ р а с т ы р ы п ж а л п ы

жағдаймен танысқан соң, станса басшысы Канищевке бардым. Онымен сөйлескеннен кейін сенімді адамдармен кездесу амалдарын жасап, вокзалға барып, Құсмұрыннан келген тергеуші және бір инспектормен кездесіп, атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстым. Кішігірім жұмыстармен уақыт та өте шығып, кеш болған соң үй-үйімізге тарадық. К е ле с і к ү н і т а ң ғ а ж а қ ы н т е ле ф о н н ы ң ш ы р ы л ы н а н оя нып, тұтқаны көтерсем, сенімді адамдарымның бірі екен. Кездесу керектігін түсіндім де, дереу жин а л ы п Қ ой б а ғ а р ғ а к е т т і м . О л адаммен кездесіп, күдікті тұлға Аманкелді кеңшарының тұрғыны және оның осында сыбайласы болуы мүмкін екендігі анықталды. Дереу Құсмұрынға бастыққа звондап, алған мәліметімді баяндадым да, машинамен адам жіберуін сұрадым. Екі сағат шамасында олар келген соң,

Көпшілік сенімі Тр а н с п о рт т ы қ м и л и ц и я н ы ң Социалистік меншікті жымқырумен күрес бөлімінің міндеттерінің бірі – «Қазына мүлкін пайдалануға» қарсы күрес екені белгілі. Қазақ КСР-і Қылмыстық іс кодексінің 81-82 баптарына сəйкес, қазына мүлкін пайдаланушылар қатарына жолаушылар пойызы қызметкерлерінің билетсіз жолаушылар алулары да кіретін. Қандай бағыттағы жолаушылар пойызын алсаңыз да, билетсіз жолаушылар болады, оларды «қояндар» дейтіні белгілі. Билетсіз жол жүрудің бірнеше қаупі бар: жол апаты болып қалған жағдайда мүгедек болып қалсаңыз, темір жол т арапынан ешқандай көмек ала алмайсыз, жолаушы апатт а жан т апсырып, жеке құжаты болмаған жағдайда қиыншылық ту ғ ы з а д ы , т. б . С о н д ы қ т а н о с ы бағытта жұмыс істеу əр желілік бөлімше басшыларының міндетіне к і р е т і н . О ғ а н қ о с а ж о л ау ш ы л а р п о й ы з ы қ ы з м е т ке р л е р і н і ң і ш і н д е д е қ ы л м ы с ж а с ау ш ы л а р баршылық, олардың əрекеттерінің жолын кесу мақсатында да өз ше-

караларымызда пойызды тексеріске а л ы п , з а ң б ұ зу ш ы л ы қ қ а қ а р с ы күрес жүргізетінбіз. Ал пойызда қылмысты ашу оңайға соқпайды, сондықтан əр бригадада өз сенімді кісілеріңнің болғаны жəне жолаушылар арасында жұмыс жүргізе білу өте қажет. Бірде мынадай оқиға орын алды. 1990 жылы жаз айында Құсмұрындағы кезекші телефон шалып: «Сізге жедел телеграмма келді», – деді. Одан оқып беруін сұрадым. – Оқитын ештеңесі жоқ, тек сандар ғана. – Соны оқы, – дедім. – «Қарағандыдан. 39.8.6.», басқа ештеңе жоқ. Рахметімді айтып, тұтқаны қ о й д ы м . Ке л е с і т а ң ғ ы бе с т е «Алматы-Ленинград» бағытындағы №39 пойызға мініп, сегізінші вагонға бардым. Шалғышы мен Құсмұрын стансаларының арасы бір сағаттық жер. Сондықтан жұмысымды үлгеру үшін тездетіп вагонды аралап, алты адамның билетсіз келе жатқанын анықт ап, қажетті хатт амаларды толтырып, пойыз қызметкерінің

– Біз бар вагонды текс еріп шықтық, сендер не істеп жатырсыңдар? – Біз де қарап отырған жоқпыз, 15 келіге жуық есірткі затын тəркілеп жатырмыз, – дедім. – Неге бізге хабарламадыңдар? – Бөлек жұмыс істеуге келісіп едік қой, сондықтан айтылмады, – деп жауап бердім. Материалдарды жинақтап болғанымызша Қо станайға да келіп қалдық. Вагон кезекшісін маршруттан түсіріп, бөлімге алып келдік. Бастыққа кіріп шыққан майор Ахметбеков: «Материалдарды осында қалдырыңдар да, өздерің кете беріңдер», – деп пəрмен берді. Айтқанындай материалдарды қалдырып, кері қайттық. Міне, бұл екі мысал көпшілікпен д ұ р ы с ж ұ м ы с і с т е уд і ң п а й д а сын көрс етеді. Егер де мен дер ке зінде керекті мəліметті алмасам, бұл қылмыстардың ашылуы екіталай еді. Ал ондай деректерді а л у ү ш і н т е м і р жо л ш ы л а р а р а сында неғұрлым көбірек болып, ол а рд ы ң с е н і м і н е к і р е б і л у ə р іздеушілердің міндеті десек те болады. Халық сеніміне кірсең, олар да өз көмектерін аямайды.

АКЦИЯ

«Браунинг» тапаншасын тапсырды Тіркелмеген қаруларды ерікті жəне ақылы түрде тапсыру республикалық акциясы аясында солтүстікқазақстандық тəртіп сақшыларының қолына сирек кездесетін тапаншаның үлгісі тапсырылды. М а м л ют ауд а н ы н ы ң т ұ р ғ ы н ы құқық қорғау қызметкерлеріне орақ науқаны кезінде егіс алқабынан тауып алған «Браунинг» маркалы тапаншаны табыстады. Қару былғары тапанша қабында жердің астында көмулі жатқан жерінен табылған. Уақыт өтуіне байланысты тапанша қабы шіріген, ал тапанша болса, тазалаудан кейін атуға жарамды болып шықты.

Тапсырылған қарулар үш топқа бөліп қарастырылады: 1) мінсіз жағдайда, 2) атуға жарамды, бірақ бастапқы қалпын жоғалтқан жəне 3) істен шыққан. Ал «Браунинг» болса, тиісті сараптамалар қорытындысы бойынша екінші топқа жатқызылып, комиссияның шешімімен Мамлют ауданының тұрғынына 67 340 теңге төленетін болды.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД əкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы,

полиция подполковнигі Алексей Беловтың айтуынша, тапсырылған тапаншаның нақты шыққан уақытын анықтау мүмкін болмады. Алайда, бұл қарудың үлгісі Мамлют ауданында ХХ ғасыр басындағы Азамат соғысында Колчактарға қарсы қанды ұрыста қолданылғандығы анық. Сол кезде «Браунинг» қарулары өзінің ірі калибрінің арқасында тапаншалар арасындағы кең таралған модельге айналған. Кейін бұл тапаншаның үлгісімен əйгілі кеңестік «Тульский Токарев» тапаншасы дайындалған. Мұндай раритеттер акция ба-

рысында жиі ке зде с е бермейді. Бүгінде ІІД мұражайында қаруды сатып алу акциясы аясында солтүстікқазақстандықтар тапсырған бірнеше бірегей тарихи қару тұр. Алексей Беловтың айтуынша, 10 сəуірде бастау алған акцияның басында облыс тұрғындары ішкі істер органдарына 63 атыс қаруы мен 2309 оқ-дəрі тапсырып үлгерген. Акция бюджеттен бөлінген 8 миллион теңгені толық игергенше жалғасатын болады. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.