SAQHY/75 (4433)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІ

№75 (4433)

ГАЗЕТ 1933 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

9.10.2018, СЕЙСЕНБІ

WWW.MEDIAOVD.KZ

Сенім грамотасы достықты нығайтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елшілерден Сенім грамоталарын қабылдады. Рəсім барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Чжан Сяо, Испания Корольдігінің Төтенше жəне өкілетті елшісі Давид Артуро Карриедо Томас, Израиль мемлекетінің Төтенше жəне өкілетті елшісі Лиат Вексельман, Словакия Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Милан Коллар жəне Еуропа Одағының Төтенше жəне өкілетті елшісі Свен-Олов Карлссон Сенім грамотасын тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, оларға мемлекетаралық қатынастарды дамыту жəне оны одан əрі ілгерілету ісінде табыс тіледі. – Сіздердің миссияларыңыздың басталуы ел дамуының маңызды кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Біздің стратегиялық бағытымыз – əлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Осыған орай, қажетті бағдарламалардың бəрін қабылдап, кешенді реформаларды жүзеге асырып келеміз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті əлемдік дағдарыс күшейген жағдайда сенімді

мемлекетаралық қатынастар орнатудың маңызды екенін айтты. – Жақында Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының кезекті сессиясында кейбір елдер арасында «сенім дағдарысының» одан əрі өрши түскені анық байқалды. Өзара сенім орнықпаса, дағдарысқа қарсы кез келген іс-қимылдың оң нəтижесі болмайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы халықаралық жəне өңірлік қақтығыстарды реттеу үшін Қазақстанның жүргізіп отырған көпвекторлық саясаты мен күш-жігерінің тиімділігін атап өтті.

Елбасы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына арнайы тоқталды. – Қазақстан Қытаймен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мəн береді. Дипломатиялық байланыс орнаған сəттен бастап біз тату көршілік жəне өзара түсіністік рухында дамып келе жатқан мемлекетаралық қатынастардың үлгілі моделін құрдық. Бүгінде екі елдің үкіметтері өзара келісімдерді жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс атқаруда. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасымен ұштастыру жөніндегі ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлініп отыр, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев биыл еліміздің Еуропа Одағымен дипломатиялық қатынас орнатқанына 25 жыл толғанын атап өтті. – Қазіргі басты міндетіміз – 2015 жылы қол қойылған Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы

Кеңейтілген əріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру. Сондай-ақ, Брюссельдің Орталық Азия елдеріне қатысты жаңа стратегиясын əзірлеуге күш жұмылдыру керек. Біз Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы визалық режимді жеңілдету мəселесі дұрыс шешімін табады деп сенеміз, – деді Қазақстан Президенті. Рəсімге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания Корольдігі арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтті. – 2017 жылы маусым айында Ұлы Мəртебелі Испания Королі VI Фелипе Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келіп, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты. Өзара уағдаластықтарымызды жүзеге асыруға Экономика жəне өнеркəсіп саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес зор үлес қосып келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы экономиканың түрлі секторында Қазақстан мен Израиль арасындағы қатынастарды одан əрі дамытуға мүдделі екенін білдірді. – 2016 жылы Израиль Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхудың Қазақстанға ресми сапары жəне соның барысында өткен бизнес-форум өзара ықпалдастығымыздың аясын кеңейтуге тың серпін берді. Біз өзара қатынастарымызды, əсіресе ауыл шаруашылығы, инновациялық технологиялар жəне денсаулық сақтау салаларын одан əрі дамытуға мүдделіміз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті Словакиямен ынтымақтастықтың оң қарқынын атап өтіп, екі ел арасындағы сауда айналымын арттырудың жəне экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытудың маңызды екенін айтты. – Сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға Экономикалық жəне ғылымитехникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия зор үлес қосып келеді. Болашақта бізге тауар айналымын ұлғайтып, өзара экономикалық қатынастарды дамытудың жаңа бағыттарын айқындау қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Рəсім соңында Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы жауапты миссияларының басталуымен тағы да құттықтады.

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Ауқымы кең арнайы даярлық Жадыра МЫРЗАХМЕТ, сурет Қанат КӨЛБАЕВТІКІ

Құқықтық тəртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері үнемі бабында болуы тиіс. Олардан біліктілік пен жоғары кəсібилік талап етілетіні белгілі. Ал қылмыспен күресте жаңа əдістемелер, жаңа тактикалар енгізуді уақыттың өзі талап етіп отыр. Өткен аптада осы мақсатта ІІМ Арнайы дайындық департаменті республика бойынша ІІД бастықтарының қызмет жөніндегі орынбасарлары, ҚАЖ департаменттері бастықтарының тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ, ІІМ Академиялары бастықтарының орынбасарларымен оқу-жаттығу өткізді. Бес күнге созылған оқу-жаттығуды 17 адам тəмамдады. Осы кезең ішінде атыс даярлығы, арнайы дайындық тактикалары жəне жауынгерлік күрес тəсілдері бойынша сабақ алды. Біз барған уақытта Ақмола облысы, Целиноград аудандық ІІБ спорт кешені базасында атыс даярлығы бойынша сабақ өтіп жатты. Атыс даярлығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарын Арнайы дайындық департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Асланбек Бейсенғалиев пен аға инспектор, полиция капитаны Ербол Искаков өткізді. Олар атыс даярлығынан оқу-жаттығу

кезінде экстремалды жағдайларда қару қолдану тəсілдерін көрсетіп, оның физикалық жəне психикалық ықпалы туралы айтты. «2016 жылдың тамызында ІІМ Арнайы дайындық департаменті құрылған болатын. Сол күннен бері ішкі істер органдарының жеке құрамымен

оқу-жаттығу өткізіліп келеді. Былтыр бұл оқу-жаттығудан қалалық, аудандық ішкі істер органдары мен ішкі істер желілік бөліністері, сондайақ, Есірткіге қарсы күрес басқармасы, Криминалды полиция басқармасы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы басшылары мен орынбасарлары жəне аумақтық ІІД-лердің арнайы дайындық қызметкерлері, ЖПП басшылықтары: полк, рота, батальон командирлері өтті. Оқу-жаттығу жаңа əдістемеге құрылған», – деді Асланбек Бейсенғалиев.

Бұл оқу-жаттығу басшылық құраммен бірінші рет өтіп отырғанына айта кету керек. Қайта даярлық курсынан өткен ІІД бастықтарының қызмет жөніндегі орынбасарлары, ҚАЖ департаменттері бастықтарының тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ, ІІМ Академиялары бастықтарының орынбасарлары оқужаттығудың берері мол болғанын айтады. «Қоғам да, қылмыс та бір орында тұрған жоқ. Заман дамыған сайын қылмыс əлемі де күрделеніп келеді. Бұл оқу-жаттығуда үйретілетін жаңа əдістемелер тиімділігі мен мобильділікті арттыруға, қылмыспен күрес тактикасында жаңа əдістəсілдер қолдануға, біліктілік пен кəсібилікті шыңдауға, талап пен үде мүддесінен шығуға мүмкіндік береді. Мысалы, оқу-жаттығу кезінде қаруды əлемдік талаптар негізінде қолдануды үйрендік», – деді бізге отыз жылдан артық ғұмырын осы салаға арнаған Павлодар облыстық ІІД бастығының қызмет бойынша орынбасары, полиция полковнигі Юрий Колесников. Атыс даярлығы кезінде қатысушылар жоғары шеберлік жəне кəсіби даярлықтарын көрсетті. Қару қолдануда қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстанды. Арнайы дайындық департаменті құрылған күннен бері полиция қызметкерлері арасында қару

қолданудың ережелерін сақтамаудың салдарынан болатын оқыс оқиғалар азайған. Бұл туралы айтқан ІІМ Арнайы дайындық департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Серік Омаров: «Бүгінде полиция қызметкерлері бетпе-бет келетін жағдайлар психо-физикалық ауыртпалық түсіреді. Мысалы, амалсыздан оқ ату керек кездер болады. Оққа ұшқалы тұрған құқық бұзушы – ең əуелі адам. Адам баласы болғасын оны атудың өзі үлкен стресс. Сол себепті де, біз полиция қызметкерлерін қару қолдануға бейімдейміз. Қазір бақылап отырсаңыз, қызметкерлер арасында қару қолданумен болатын қайғылы оқиғалар мейлінше азайған. Мысалы, жақында Ақтөбеде болған оқиғаны алайық. Көлік мінген ер адам полиция қызметкерінің талабын орындамай, қашып кетпек болған. Көліктен шыққанда қолындағы суық қаруымен өзін агрессивті ұстап, полиция қызметкеріне шабуылдамақ болыпты. Полиция қызметкері өзін өте байсалды ұстап, аспанға ескертіп оқ атқан. Бұл қылмыскерді бірден сабасына түсірген. Ескерту оғынан кейін ол үнсіз полицейлердің талабын орындай бастаған. Осы арқылы полицейлер бірінші кезекте аса ауыр қылмыстың алдын алды, екіншіден, ешкімнің зардап шегуіне жол берген жоқ», – деді.


2 Ə

-А М Е Л

ЖАҢАЛЫҚТАР №75 (4433),№сейсенбі, 9.10.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг, 19.12.2013

ҚП

Т АРА

Бразилия

Президенттік таққа кім отырады? Бразилияда президенттік сайлаудың бірінші кезеңі аяқталды. Жоғарғы сайлау сотының мəліметіне сəйкес, Социаллибералды партиясының үміткері Жаир Болсонару ең көп дауыс жинап отыр. Оған халықтың 47 пайызы қолдау білдірген. Екінші орында 29 пайыз дауыспен Фернанду Аддад тұр. Осылайша, екеуі де 28 қазанда өтетін президенттік сайлаудың екінші кезеңіне өтті. Айта кетері, сайлау барысында заң бұзушылықтар да анықталды. Салдарынан шамамен 180 адам тұтқындалды.

АҚШ

Ядролық нысандарын көрсетеді К и м Ч е н Ы н с ол т ү с т і к ко р е я л ы қ ядролық нысандарға халықаралық инспекторларды жіберуге дайын. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мəлімдеді. Америкалық саясаткер Солтүстік Корея басшысымен 7 қазанда Пхеньянда кездесті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Пунгери полигонына инспекторларды жіберу мəселесі талқыланып жатқан көрінеді. Сонымен қатар, Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы екінші кездесуді өткізу шарасы да талқыланып жатыр екен. Екі ел басшысы тұңғыш рет Сингапурда кездескен еді. «Екі ел басшысы да келесі кездесу барысында айтарлықтай прогреске қол жеткізуге болатынына сенеді», – деді Помпео. Осыған дейін, КХДР Йонбен қаласындағы ядролық ғылыми-зерттеу орталығын жабуға дайын екенін мəлімдеген еді. Сонымен қатар, мамандардың қатысуымен Тончханни зымыран орталығы жабылады делінген. Солтүстіккореялық БАҚ өкілдері Ким Чен Ынның Майк Помпеомен нəтижелі келіссөздер жүргізгені үшін қанағаттанатынын мəлімдеді.

Жапония

«Toyota» көліктерін кері қайтаруда Жапонияның Toyota компаниясы техникалык ақаумен дүниежүзіне сатылып кеткен барлық көліктерді кері қайтарып алатындықтарын жариялады. Ал ол көліктерден қандай кемшіліктер кеткендігі туралы əзірге нақты мəлімет жоқ. Кейбір мəліметтерге қарағанда, көліктің техникалық ақауы қозғалтқыштың өшіп қалуына байланысты болуы мүмкін. 2008 жылдың қазаны мен 2014 жылдың қарашасы аралығында шығарылған Prius жəне Auris маркалы көліктер кері қайтарылуда. Мұндай ақауы бар көліктердің Жапонияның өзінде 1,25 миллионы, Солтүстік Америкада 830 мыңы, ал Еуропада 280 мыңы бар екендігі айтылуда. Сонымен қатар, Қытай, Африка секілді өзге елдерге де тарап үлгерген. Əзірге бұл көліктердің техникалық ақауларына байланысты ешқандай апаттық жағдайлар тіркелмеген.

е-mail: nastraje@mail.ru

«7-20-25»: сертификаттар берілмек

Қазақстанда жаңа ұйым құрылып, оған венчурлық инвестициялар саласындағы білікті мамандар кіретін болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берілген т а п с ы рм а л а р ғ а с ə й ке с , « 7 - 2 0 - 2 5 » бағдарламасына қатысуға ниет білдірген азаматтардың алғашқы жарнасын арзандату үшін жалпы саны 50 мың данадан кем емес тұрғын үй сертификаттары шығарылатын болады. Қазақстан халқына 2018 жылдың аяғына дейін 10 мыңдай сертификат тапсырылмақ.

«7-20-25» тұрғын үй сертификаттары бюджеттік сала қызметкерлері үшін алғашқы жарнаны едəуір жеңілдету мақсатында əзірленіп отыр. Сертификаттарды қала жəне облыс əкімдіктері өз тұрғындары арасында үлестіретін болады. «Елбасы жергілікті бюджеттен жеңілдетілген ипотеканың алғашқы жарнасын субсидиялау бойынша жан-жақты жұмыс жүргізуді тапсырды. Мемлекет басшысы мəлімдегендей, мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру мұғалімдер, дəрігерлер, полиция қызметкерлері жəне басқа да жергілікті өңірлерге қажетті мамандық иелері үшін ипотеканың қолжетімділігін арттыра түспек. Біз «Нұр Отан» партиясының қолдауымен алғашқы жарнаны азайту бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Жəне аталған шаруаны қызу дөңгелетіп, осы аптадан бастап əр өңірде «7-2025» сертификаттарын бере бастаймыз», – деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

«7-20-25» сертификатының орташа номиналы 1 млн теңгені құрайтын болады. Демек, жергілікті атқарушы органдар тарапынан «7-20-25» бағдарламасына қатысуды ынталандыру үшін кем дегенде 50 млрд теңге бөлінбек. Еске сала кетейік, қыркүйек айында «7-20-25» бағдарламасы аясында алғашқы жарнаны арзандату мақсатында «Жас арман» мен «Қамқор баспана» өнімдері əзірленіп, олар өңірлерде іске асырыла бастаған еді. Енді өнімдер біріктіріліп, алғашқы жарнаны азайту бойынша əлеуметтік жұмыс «7-20-25» сертификаттары аясында кеңінен жүргізілмек.

«Шабыт» шақырады

Астанада «Шабыт» халықаралық ш ы ғ а рм а ш ы л ж а с т а р ф е с т и в а л і н е өтінімдер қабылдау басталды. Биыл дарынды жастар бес номинация бойынша бəсекеге түсетін болады. Биыл байқау «Классикалық музыка», «Халық музыкасы», «Эстрадалық вокал», «Хореография» жəне «Журналистика» аталымдары бойынша өтеді. Ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Классикалық музыка» номинациясында келесідей ішкі номинациялар болады: «Үрмелі ағаш аспаптар», «Мыс үрмелі аспаптар», «Соқпалы аспаптар», «Камералық ансамбль». «Халық музыкасы» номинациясында жеңімпаздар «Қобыз», «Прима қобыз», «Шертер», «Бас шертер», «Прима домбыра» аталымдары бойынша анықталса, «Хореография» номинациясында тек халық биін орындаушылар өнер көрсетеді.

Жаңа ұйым құрылады

Ал «Журналистика» номинациясына екі бағыт қосылды – «Телевидение» жəне «Интернет ресурстар». Айта кетейік, «Журналистика» «Шабыт» фестивалінің бағдарламасында соңғы рет 6 жыл бұрын болған. Биыл Астананың 20 жылдығын мерекелеуге орай аталған номинация қайта енгізілді. Байқауға мерейтойлық датаға жəне елордаға арналған телевизиялық бағдарламалар, деректі фильмдер (хронометражы 20 минуттан аспайтын) жəне Интернет ресурстарындағы жарияланымдар қатысады. Б и ы л б а й қ ау 5 - 9 қ а р а ш а а р а л ы ғ ы н д а Бейбітшілік жəне келісім сарайында өтеді. Өтінімдерді қабылдау 25 қазанға дейін жалғасады. «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі биыл 21-ші рет өткізіледі. Осы күнге дейін өнердің түрлі жанрында 10 мыңнан астам адам қатысты. Əр жылдары фестивальдің бас жүлдесі танымал əзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа, ақын Қалқаман Саринге, балет əртісі Əйгерім Бекетаеваға, опера əншісі Айгүл Ниязоваға, «Меломен» тобына, Аша Матайға, белгілі əнші əрі композитор Қайрат Баекеновке жəне басқа да атақты тұлғаларға табысталған болатын. Еске салайық, өткен жылы «Шабыт» ХХ Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде Қазақстан Республикасы Президентінің кубогын скрипкашы Жібек Мусургалиева жеңіп алды. Əр номинация бойынша қатысу шарттарын www. shabyt.astana.kz жəне Астана қаласы мəдениет жəне спорт басқармасының www.madeniet-sportastana.kz сайттарынан білуге болады.

Ақпарат жəне коммуникациялар вицеминистрі Нұргүл Мауберлинованың айтуынша, венчурлық қаржыландыру саласындағы заңнама қабылданғаннан кейін білікті мамандарды жинап, тəжірибені арттыру қажет. Сол себепті жаңа ұйымды құру туралы бастама көтеріліп отыр. «Осы жылы шілде айында біз венчурлық қаржыландыру туралы заңды қабылдадық. Енді тəуекелдері бар келісімшарттар заңмен реттеледі. Соның аясында барлық тараптардың құқықтары қорғалған. Алдағы уақытта Қазақстанда алғаш рет венчурлық капиталистер қауымдастығы ашылады», – деді Н. Мауберлинова Астанада өткен бапасөз мəслиxатында. Осы орайда вице-министр «Astana Hub» теxнопаркінің жұмысын ерекше атап өтті. « Б ү г і н д е Қ а з а қ с т а н т е x н ол о г и я л ы қ ə р і инновациялық кəсіпкерлікті дамытуға ден қойып отыр. Осыған орай, биыл «Astana Hub» теxнопаркі өз жұмысын бастады. Ол жерде стартаптар үшін барлық жағдай жасалған. Бұдан бөлек, теxнопарк негізінде шетелдік жəне отандық IT компаниялардың зертxаналарын ашу шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Қараша айында «Astana Hub»-тың ресми таныстырылымы өтеді», – деп атап көрсетті Н. Мауберлинова.

Қар аралас жаңбыр жауады Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің айтуынша, ақырындап батыс тропосфералық ағындар солтүстік-батыс жəне солтүстікке ауысатын болады. Алдағы үш тəулікте Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік өңірлерінен жылжитын арктикалық фронттардың ықпалымен республиканың көптеген облыстарында жаңбыр жауады, кейде сулы қарға ауысуы мүмкін жəне ауа температурасы 0°С төмен болады деп күтіледі. Қазақст анның оңтүстік жəне оңтүстікшығысында күн суытады, мұнда да кей жерлерде жаңбыр жаууы болжанады, бірақ жаңбырдың қарға ұласуы тек тауларда ғана күтіледі.

Осы аптада қайда баруға болады? Елорда əкімдігінің ресми сайты 8-14 қазан күндері өтетін мəдени-спорттық шаралардың апталық жоспарын ұсынады. Тəуелсіздік сарайында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін көптеген көрмелер өз жұмысын жалғастырады. Атап айтқанда, фотожурналист, жергілікті тарихшы Нұрмухамат Имамовтың ш ы ғ а рм а ш ы л ы ғ ы н а а р н а л ғ а н көрме, Асқар Нұрболаттың «Өмір» көрмесі, Е. Асылхановтың – «Дизайнерлердің еуразиялық одағы» жəне «Ақанаевтар əулетінің» көркемөнер көрмесі өтеді. 8-13 қазан күндері «Дəулет» спорт комбинатында «Дəулет» СК жүлде сі үшін балалар арасында теннистен турнир өтеді. «Толқын» спорт кешенінде 9-12 қазан күндері 2003-2004 жылы ту ғ а н ж а с ө с п і р і м д е р а р а с ы н да бокстан өңірлік біріншілікке іріктеу өтеді. 9 қазан күні 19:30да «Барыс Арена» мұз сарайында «Барыс» – «Динамо Рига» ХК командалары арасында 2018/19

мау с ы м н ы ң Қ Х Л ч е м пио нат ы өтеді. 10 қазанда сағат 11:00-де Тəуелсіздік сарайында қарттарға арналған экскурсия мен қайырымдылық шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Сағат 18:30-да Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Абай» трагедиясымен кезекті маусымын ашады.

19:00-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс д р а м а т е ат р ы М . Го р ь к и й д і ң «Отец» қойылымымен 118-театр маусымын ашады. 11 қазан күні сағат 17:00-де Б е й б і т ш і л і к ж ə н е ке л і с і м с а райында «Астана – бейбітшілік д ау ы с ы » ко нце рт і б а с т а ла д ы . Сағат 19:00-де «Қазақст ан» о рт а л ы қ ко н ц е рт з а л ы н д а

«Eurasian stars» фе стивалі аясында «Солистер академияс ы » м е м л е ке т т і к о р ке с т р і н і ң концерті өтеді. 12 қазанда с ағат 19:00-де «Астана» концерт залында Диана М а й д ы ң « Е ге м е н е л і м » же ке концерті өтеді. 12-14 қазан күндері «Астана Опера» МОБТ үлкен залында Дж. Россинидің «Севильялық шаштараз» комедиялық операсы қойылады. 13-14 қазан аралығында балетсүйер қауым «Астана Балет» театрында А. Адамның «Жизель» балетін тамашалай алады. 13 қазан күні 16:00-де «Астана» концерт залында жазушы, драматург Софы Сматаевтың шығармашылық кеші өтеді. 14 қазан күні сағат 19:00-де Бейбітшілік жəне келісім сарайында Қазақстандағы Ресей күндері аясында Кубань казак хорының ко н ц е р т і ө т е д і . С о л у а қ ы т т а «Қазақстан» орталық концерт залында ресейлік əнші Анита Цой « 1 0 / 2 0 » м е р е й то й л ы қ ш оу ы н ұсынады.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №75 (4433), 9.10.201819.12.2013 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг,

Полицейлер парасаты Оған еліміздің əр түкпірінен əртүрлі ұлт өкілдерінен құралған мемлекеттік тілді меңгерген шығармашыл талантты полиция қызметкерлері қатысқан болатын. Атап айтқанда, байқауда 200 полицейден құралған 21 команда бақ сынады.

Байқаудың бірінші күні Алматы облыстық ІІД басшылығымен бірге Текелідегі «Шапағат» орталығына барды. Олар ардагерлерге сыйлық берумен қатар, өздері дайындаған концерттерін де ұсынды. Команда жетекшілері ардагерлерді құттықтап жатқанда байқауға қатысушылар үш автобуспен Талдықорған қаласының көрікті жерлерін аралады. «Шапағат» орталығынан кейін қатысушылар Алматы облыстық ІІД спорт кешені мен Кинологиялық орталығын аралады. Олар вольерлерді тамашалап, талай қылмыстарды ашып жүрген полицияның төрт аяқты көмекшілеріне жасалатын жағдаймен танысты. Сондай-ақ, облыстық ІІД-ге қарасты генерал А.Б. Болсамбеков атындағы музейге де ат басын бұрды. Екінші күні байқауға қатысушылар Талдықорғандағы «Рухани жаңғыру» орт алығында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде бас қосты. Мұнда полиция қызметінде мемлекеттік тілдің дамуы, əсіресе, бұл жұмысқа өзге ұлт өкілдерінің қатысуы талқыланды. Түрлі ойлар орт аға т аст а лып, пікір алмасылған отырыстан соң командалардың жарысы басталып кетті. ІІМ Мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевтың құттықтау сөзінен кейін команда мүшелері мемлекеттік тілді, ұлттық дəстүрлерді, Астана мен Қазақстан

тарихына қатысты білімдерін ортаға салып, бақ сынасты. Байқау бағдарламасы бірнеше турдан тұрды. Олардың өнерлерін бағалаған қазылар алқасы қатарына белгілі айтыскер ақындар, əртістер, журналистер мен ІІМ өкілдері кірді.

Үшінші күні қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан ІІО қызметкерлері е скерткішіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов жеңімпаздарға марапаттар тапсырды. Бұл шараға Алматы облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры М. Ұрұмханов та қатысты. 1-орын жəне «Парасатты полицей» мəртебесін Шымкент қалалық ІІДнің «Мегаполис» командасы иеленді. «Гран-при» түріндегі бас жүлдеге Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД полицейлері лайық деп танылды. Олар байқауда «15-ші өңір» командасы болып өнер көрсеткен еді.

Сын-қатерге қарсы күрес Екінші орынды Қостанай («Қостанай қырандары») жəне Маңғыстау («Каспий») командалары өзара бөліссе, үшінші орынды Қызылорда («Айбынды»), Ақмола облыстарының («Көкше сақшылары») жəне Көліктегі ІІД («Алтын Алтай») командалары иеленді. Б а й қ ау б а р ы с ы н д а б і р н е ш е творче стволық аталымдар ойнатылды. «Көркемсөз шебері» аталымын Қарағанды облыстық ІІДнің «Алаш айбыны» командасы жеңіп алса, «Көрермен көзайымы» – Шығыс Қазақстан облысы полиция қызметкерлеріне бұйырды. Ең ұйымшыл болып Ақтөбе облысының полицейлері танылды. Олардың командасы «Серт береміз» атауын иеленген. Ең шығармашыл топ болып ІІМ Қостанай Академиясының «Қабылбаев ұрпақтары» командасы танылды. Атырау облысының командасы «Үздік сахналық көрініс» бойынша озық шықты. Ал «Тілі басқа, тілегі бір» аталымында Батыс Қазақстан облысының командасы жеңімпаз болды. Конкурстың салтанатты жабылуы кезінде Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов конкурсанттарды қатысқандықтарына алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды құттықтады. Сондай-ақ, Алматы облыстық əкімдігі атынан облыс əкімінің орынбасары А. Байжанов б а й қ ау ғ а қ ат ы с қ а н ком а н д а өкілдеріне құрмет грамоталарын табыстады. Айта кетейік, биыл ІІМ бастамасымен «Парас атты полицей» байқауы 9-шы рет ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – құқық қорғау органдарында мемлекеттік тілді насихаттау мен дамыту. ІІМ баспасөз қызметі

ІССАПАР

Өрт бөлімшелері жұмысымен танысты Парламент Мəжілісінің депутаттары Ақмола облысының Целиноград ауданындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысымен танысты.

5 қазанда Ақмола облысы, Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында Парламент Мəжілісі Заңнама жəне сот-құқықтық реформа комитетіне мүше депутаттар В. Олейник, А. Смағұлов, М. Магерамов Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары

қызметіне қарасты Ақмол ауылындағы №22 Өрт сөндіру бөлімінің, Жайнақ ауылы «Агрофирма Ақтық» ЖШСнің ерікті өрт сөндіру құрылымдары жұмысымен танысты. Сонымен қатар, «Астана халықаралық əуежай» АҚтың мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің объектісіне барып шықты.

3

КЕҢЕС

БАЙҚАУ

5 қазанда Талдықорған қаласында «Парасатты полицей» республикалық байқауы өз мəресіне жетті.

е-mail: nastraje@mail.ru

Бүгінгі т аңда ре спубликамызда 422 өрт сөндіру бөлімше сі жəне түрлі функционалдық м а қ с ат т а ғ ы 2 6 9 5 ө р т т е х н и к а сы бар. Мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері жеке құрамының саны – 17 729 адам. Жыл сайын елімізде өрт сөндіру бөлімшелері 45 мыңнан астам өрт болған жерге барады. Тек 2017 жылы өртті жою жəне апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өрт сөндірушілер 4 мың адамды құтқарып жəне 20 мыңнан астам адамды эвакуациялады. 2018 жылдың 9 айы ішінде өртті жою жəне апаттық-құтқару қызметі 2 806 адамды құтқарып, 15 159 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Жалпы, қазіргі уақытта ауылдарда 4814 ерікті өртке қарсы құралым бар, олардың қолдарында 8 мыңнан астам өрт сөндіру автокөлігі, бейімделген техника мен өрт сөндіру мотопомпалары бар. Жеке құрамда 50 мың адам жұмыс істейді. ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі

Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тəжікстан Республикасы жəне Өзбекстан Республикасы ішкі Істер министрлерінің бірінші кеңесі өтті. Осындай ауқымдағы кеңесті өткізуге Орталық Азия аумағындағы жаңа қауіпқатерлер мен сын-қатерлерге қарсы бірлескен шаралар қабылдау жəне өзара келісілген амалдар ойластыру мақсатында Қырғызстан ІІМ бастамашы болды. Іс-шараға Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов бастаған Қазақстан ІІМ делегациясы да қатысты. Алдымен сөз алған Қырғызстан Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Дамирбек Сағынбаев өз баяндамасында өңірдегі ведомствоаралық ынтымақтастықтың дамуына жоғары баға берді. Басқосу жеке-жеке тақырыптар бойынша секциялық отырыстар үлгісінде жүргізілді. Кеңес барысында ұйымдасқан қылмыс, есірткінің заңсыз айналымы, экстремистік жəне террористік бағыттағы қылмыстармен күрес, шекаралық өңірдегі ішкі істер органдарының өзара байланысы сияқты өзекті мəселелер талқыланып, оларды шешу жолдары мен болашақтағы бағыттарына қатысты ойпікірлер ортаға салынды. Кеңестің соңында делегация басшылары Хаттамаға қол қойды. ІІМ баспасөз қызметі

МАРАПАТ

Жедел уəкілдер жауапкершілігі ауқымды Ішкі істер департаментінің аса маңызды саласының бірі – қылмыстық іздестіру қызметі. Айтулы қызметтің ең басты міндеті – қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету, азаматтарымыздың жеке қауіпсіздігі мен заңды мүдделерін қорғау. Демек, жедел уəкілдерге артылатын жауапкершіліктер ауқымы жеткілікті. Қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың құқын қорғау ісі тəртіп сақшыларынан ерекше қырағылық пен қажырлықты талап етеді. 5 қазанда жедел ізкесушілер жұмысын қорытындылады. Осы салада көп жылдар қызмет атқарған құрметті ағаларымыз, милиция генерал-майоры Жеңісбай Сұлтанов жəне əділет генерал-майоры Молдияр Оразалиев қылмыстық іздестіру саласының қызметкерлерін жəне ардагерлерін кəсіби мерекелерімен құттықтап, үздік атанған қызметкерлерге алғыс хаттар мен наградалар тапсырды. Атап өтсек, «Үздік жедел жұмысы» номинациясы бойынша Төлеби аудандық ІІБ бастығының бірінші орынбасары Аян Бекенбаев, «Криминалдық полиция бөлінісінің ең үздік бастығы» номинациясын Ордабасы аудандық ІІБ Криминалдық полиция бастығы Ақжол Оразов, «Аудандық криминалдық полиция бөлінісінің ең үздік жедел уəкілі» номинациясын Бəйдібек аудандық ІІБ жедел уəкілі Нұрымжан Ережепов, «Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ең үздік жедел уəкілі» номинациясын облыстық ІІД ЕБҚКБ-ның жедел уəкілі Жасұлан Нұрлыбай, «Криминалдық полиция басқармасының ең үздік жедел уəкілі» номинациясын облыстық ІІД КПБ-ның жедел уəкілі Шыңғыс Жайлаубек, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының ең үздік жедел уəкілі» номинациясын облыстық ІІД ЭҚІҚБ-ның жедел уəкілі Талғат Қабыш иеленді. Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметі

БРИФИНГ

УҰИ бастығы ұсталды ІІМ-де өткен брифингте Мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев 5 қазан күні «Астана-Көкшетау» тас жолындағы жанармай құю стансасына қарақшылық шабуыл жасалғанын мəлімдеді. Бетперде киген қылмыскер кассирді қарумен қорқытып, 1 миллион теңгені алып кеткен болатын. Криминалдық полиция қызметкерлері бір күннің ішінде күдіктіні ұстап, Уақытша ұстау изоляторына қамады. Өкінішке қарай, бұл қылмысты жасаған Ақмола облысы, Шортанды ауданындағы Уақытша ұстау изоляторының бастығы болып шықты. Қазіргі уақытта ол қолданған қару мен ұрлаған ақша толықтай тəркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Біздің қызметкеріміздің заңсыз əрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұраймыз. Сондай-ақ, ІІМ өкілі Алмас Садубаев Қарағанды облыстық ІІД криминалды полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының тұрғынына қарақшылық шабуыл жасап, 200 мың теңгеден астам қаражатын алып кеткен қылмысқа қатысы бар күдіктілердің бірін ұстағанын мəлім етті. Қазіргі күні оның сыбайласын іздестіру жүріп жатыр. Ал Шымкентте Түркістан облыстық ІІД жедел уəкілдері ломбардқа қарақшылық шабуыл жасап, 1 миллион теңгеден астам ақша мен алтын бұйымдарды қолды қылып, мемлекетаралық іздестіруде жүрген Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ІІМ баспасөз қызметі


4

ЖОЛДАУ ЖОЛДАРЫНАН №75 (4433),№сейсенбі, 9.10.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг, 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

Полицей – Президенттің ел ішіндегі өкілі ТЕРЕҢ ЖƏНЕ САПАЛЫ ӨЗГЕРІС Елбасы құқық қорғау органдарының жұмысына терең ж ə н е с ап а л ы ө з ге р і с т е р қ а же т екендігін айтты. Əлбетте қауіпсіздік тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі болып есептеледі. Осы қауіпсіздікті тəуліктің кез келген мезгілінде қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмыспен күресте өзінің басын қатерге тігіп, азаматтарды қорғайды. Былай қарағанда, полицей де адам, оның тағы бір сүрем дейтұғын басы артық өмірі де жоқ. Сөйте тұра, олар қажет болса қауіпсіздік жолында өз өмірін қатерге тігеді, бəрі де қарапайым тұрғындардың бейбіт өмірі үшін. «Құқық қорғау органдарының жұмысына өзгерістер енгізу қажет. Өмір сапасы қауіпсіздікпен тікелей байланысты. Қылмыспен күрескенде ішкі істер органдарының қызметкерлері а лдыңғы шепте жүреді жəне өмірлерін қатерге тігеді. Тəуелсіздік жылдарында 770 полицейдің қызмет бабында қаза тапқанын көбіңіз білмейсіздер. Əйтпесе, полицейлерді міндетті түрде жамандау керек деген пікір қалыптаспайтын еді. Халық бір нəрсе бола қалса, соларға көмек сұрап жүгіреді. Полиция адамның көмекшісіне айналуы тиіс. Керісінше оларды жазалайтын таяқ болмаулары керек, – деді Президент. – Сонымен қатар, қоғам құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтіп отыр. Үкіметке Президент Əкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырамын. Жаңғырту бойынша ішкі істер органдарының жұмысына қатысты «Жол картасын» қабылдау қажет. Бұған 2019 жылы старт берген жөн», – деді Президент. Реформалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастауы тиіс. ПОЛИЦИЯ ЖƏНЕ ОНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК МƏСЕЛЕСІ «Біріншіден, Ішкі істер минист рлігінің шт аттық с анын оңтайландырып, полицияны өзіне тиесілі емес функциялардан арылту қажет. Үнемделген қаражатты полицейлердің жалақысын көбейтуге, олардың тұрғын үй жəне өзге де əлеуметтік мəселелерін шешуге бағыттаған жөн» деген Президент сөзі бірқатар түйткілді қозғай кетті. Бұл бағытта ішкі істер органдарында жо спарланған, бірқатары бүгінде қолға алынған жұмыстар легі бар екенін айта кету керек. Айталық, жеке құрамның штат саны қайта қаралатын болады, оларды 10%-ке қысқарту жоспарланып отыр, бұл шамамен 9000 полиция жəне 1600 ҚАЖК қызметкері. Бюджет қаражатынан үнемді қызметкерлердің лауазымдық жалақыларын арттыруға пайдаланбақ. Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов өз қарамағындағы қызметкерлердің кəсіби сапасын көтеруді жоспарлы түрде жүзеге асыруды қолға а л уд а . Е г е р қ ы з м е т к е р л е р д і ң əлеуметтік мəселелерінің шешілуіне назар аударылса, оларды толғандырған мəселелер шешімін тапса, бұл өз кезегінде қызмет сапасына да əсер етпек. Сондықтан алдағы уақытта жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің, учаскелік полиция инспекторларының жəне кəмелетке толмағандар істері жөніндегі и н с п е кто рл а рд ы ң т ұ р ғ ы н ү й д і

Жадыра ШАМҰРАТОВА

Президент Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерген мəселелердің барлығы дерлік əдеттегідей жалпы дамуға бағытталған. Президент əлеуметтік саланың барлық бағыттарын қолдаудың маңызды міндеттерін, отбасы, тұрғын үй, шағын бизнес, еңбекақы, жастар, ауыл шаруашылығы, құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың жолдарын көрсетті. Жолдау, сонымен бірге, ішкі істер органдарының қызметінің сапасын одан əрі жақсартып, азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етудегі мүмкіндіктерін көтеруді көздейді. Əрбір мемлекеттік қызметкер, əрбір учаскелік полицей Президенттің елдің арасындағы өкілі екенін тағы бір мəрте еске салған Елбасы бұл жолы да мемлекеттік аппараттарға жауапкершілік жүктеді. жалға алуы үшін өтемақы төлеуді қарастыру жағы шешілмек. Бұдан өзге, реформалау аясында: ІІМ-ні өзіне тəн емес функциялардан босату, қылмыстық атқару жүйесін жаңғырту, азаматтық қорғау органдары құрылымын жетілдіру бойынша шараларды іске асыру көзделген. Бұл жерде мемлекеттік мекемелердің санын 54-тен 20-ға дейін оңтайландыру жо спарда бар. Сапаны арттыру мақсатында ведомстволық білім беру жүйесін реформалау жəне кадрларды іріктеу жүйесін қайта қарау жоспарланған. ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҢА СТАНДАРТЫ Президент айтқан екінші мəселе – полиция қызметінің жаңа стандартын бекітіп, мансаптық ілгерілету, сондай-ақ, полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйе сін өзгерту туралы болғаны белгілі. Бұл да ішкі істер органдары қызметін жаңа заманға сай ілгерілету жолындағы басым бағыттардың қатарынан саналады. Е с ке с а л а ке т е й і к , б и ы л 1 2 ш і л д ед е о р г а н д а р қ ы зм е т т е р і н жетілдіруге бағытталған заңдардың бірі қабылданды. Заңмен Ішкі істер департаменттері Полиция департаменттері болып қайта қ ұ р ы л д ы , а л Же р г і л і кт і п ол и ция қызметі бұрынғы міндеттері мен функцияларын сақтай отырып, құрылымдық бөлімше қ ұ қ ы ғ ы м е н ол а рд ы ң қ ұ р а м ы н а енгізілді. Яғни, əкімдерге Полиция департаменттерінің бастықтарын қызметіне тағайындау жəне босату (Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша) құқығы жəне полиция органдарының алдына полицияның жедел-іздестіру жəне процессуалдық қызметіне араласусыз, құқықтық тəртіп пен құқық бұзушылықтар профилактикасын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді қою өкілеттіліктері берілген. Қызметкерлердің бəрі қайта аттестациялаудан өтуге тиіс. Тек үздіктері ғана қызметін жалғастырады. Мысалы, жол-патрульдік полициясы туралы айтатын болсақ, алдағы уа қ ы т т а о с ы с а л а н ы ң ка д рл ы қ жағдайын жақсарту үшін шаралар қабылдануда. Жергілікті əкімдердің қолдауымен сержанттық лауазымдарды офицерлік лауазымдарға ауыс-

тыру шаралары кезең-кезеңімен ж ү р г і з і л уд е . Қ а з і р 3 м ы ң н а н а с т а м л ау а з ы м о ф и ц е р л і к ке ауыстырылған. Бұл жұмыстар əзірге 3 өңірде толық аяқталған (Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жəне 7 өңірде ішінара өткізілген (Астана қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды жəне Павлодар облыс-

түбегейлі өзгерткен жөн». Кейде жекелеген азаматтардың əлденеге көңілі толмауы мүмкін. Егер оның талап-тілегінің үдесінен шығуға тиіс деп есептелінетін мемлекеттік қызметкерлер жаңағы азаматтың өтінішін ескермесе, шаруасын шешіп бере алмаса, бұл жағдайда жалпы жұртшылық арасында мемлекеттік деңгейде жұмыс дұрыс жасалмаған

АЙТЫЛҒАН СӨЗ «Ішкі істер министрлігінің штаттық санын оңтайландырып, полицияны өзіне тиесілі емес функциялардан арылту қажет. Үнемделген қаражатты полицейлердің жалақысын көбейтуге, олардың тұрғын үй жəне өзге де əлеуметтік мəселелерін шешуге бағыттаған жөн. Полиция қызметкерінің жаңа стандартын бекітіп, мансаптық ілгерілеу, сондай-ақ, полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгерту керек. Қызметкерлердің бəрі қайта аттестациялаудан өтуге тиіс. Тек үздіктері ғана қызметін жалғастырады. Халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізіп, полицияны бағалаудың критерийлерін түбегейлі өзгерткен жөн. Полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру қажет. Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнығуы керек!». Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауынан тары). Бұл мəселені шешу полиция қызметкерлерінің еңбекақысын көтеріп қана қоймай, кадр құрамының сапасын жақсартуға, кадр тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, ІІМ əрбір облыс орталығында, ірі қалаларда полиция қызметкерлері үшін отбасылық жатақхана салу туралы бірнеше рет мəселе көтерді. Бұл жерде Солтүстік Қ а з а қ с т а н о бл ы с ы ə к і м д і г і н і ң тəжірибесі үлгі болады. Екі жыл ішінде бұл өңірде бір жатақхана салынып, пайдалануға берілді, жəне екінші жатақхананың құрылысы басталды. ХАЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ Ішкі істер органдарына қатысты үшінші мəселе бойынша Президенттің айтқаны – «халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізіп, полицияны бағалаудың критерийлерін

деген пікір туындауы əбден мүмкін. С о н д ы қ т а н ə р б і р м е м л е ке т т і к қ ы з м е т ке р ө з м і н д е т і н е а с қ а н жауапкершілікпен қарауы тиіс. Президент: «Полицияның жұмысын с ервистік модельге көшіру қажет», – деді. Əлбетте үлкен жетістіктерге жетіп, биік көрсеткіштерге ие болу үшін реформадан қорықпау керек, реформаларды жүзеге асыруда мемлекеттік аппараттардың маңызы қашанда зор, сондықтан мемқызметшілерге ж а ң а м і н д е т т е р ж ү кт е л д і . А л , реформалардың табысты болуы алдымен құқық үстемдігіне байланысты екендігін айтты.

Елбасының: «Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнығуы керек», – дегені зайырлы қоғам құрамыз дегенді мақсат еткен кез келген мемлекеттің басты ұстанымы болуға тиіс. Соңғы кездері ішкі істер органдарында бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Елімізде жалпы алғанда көптеген қылмыс түрлері төмендеуі осының көрсеткіші. Халық басына əлдеқалай қиын жағдай туындаса, бірден полицейден көмек сұрайды. Жасалып жатқан жұмыстар, көрсеткіштер мен нəтижелер бұл саланың үздіксіз қарекет үстінде екенін нақтылайды. Мысалға айтар болсақ, Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мəліметіне қарағанда, аса ауыр (-4,9%), ауыр (-17,1%), сондай-ақ, орташа (-7,6%) жəне ауыр еме с (-10,3%) қылмыс түрлерінің саны азайған. Оның ішінде: ұрлық (-8,7%), тонау (-9,9%), бұзақылық (-17,2%), зорлау (-17,8%) жəне басқа қылмыстар. Бұрын сотталғандар жасаған (-34,8%), сондай-ақ кəмелетке толмағандар (-4,3%) жасаған қылмыстар саны да азайғаны байқалады. Қоғамдық орындардағы қылмыс (-8,3%), оның ішінде көшелерде (-4,8%), мас күйде (-10,9%) жəне атыс қаруын (-5,6%) пайдалану арқылы жасалған қылмыстар төмендеген. «Қалалық жəне аудандық ішкі істер органдары жанында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қағидаты бойынша азаматтарды қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау қажет», – деді Президент. Бүгінгі таңда «бір терезе» қ а ғ и д а с ы ө з і н і ң н ə т и же л і л і г і н көрсетті. Нəтижелілік барлық салада, барлық істе басты критерий болуға тиіс. Мысалы, қылмысқа қарсы күре сте профилактика б а с т ы б а ғ ы т б ол ы п т а б ы л а д ы . Жəне бұл шаруа тек полицияға қатысты емес. Қанша жерден арн а й ы ком и с с и я ш е ш і м д е р і н е ме се министрлік бұйрықтары шығарылса да, жергілікті полиция мен əкімдіктер тығыз байланыста жұмыс істемесе, іс алға баспайды. ІІМ-нің жергілікті полицияның өңірлік əкімдермен бірлесе атқарған жұмыст арының нəтиже сі – бұл құқық бұзушылық профилактикасы, қоғамдық тəртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары. Жалпы саны 25 мыңды құрайтын же р г і л і кт і п ол и ц и я қ ы зм е т і н е учаскелік полиция инспекторлары, жол-патрульдік, ювеналдық, табиғатты қорғау полициясы, сондайақ, əкімшілік жауапкершілік бойынша ұсталған адамдарға арналған арнайы орындар, белгілі тұрақты жері жоқ адамдарға арналған қабылдаутарату орындары біріктірілген. Жергілікті полиция құрылған кезден бастап (2016 жылғы қаңтар) материалдық базасы əкімдердің қолдауымен автокөлікпен, байланыс құрылдарымен, компьютерлік техникамен айтарлықтай күшейтілді. 2016-2017 жылдары жергілікті полицияны жабдықтауға жергілікті бюджеттен 6,5 млрд-тан астам теңге бөлінген. Президент тапсырмасына орай, алдағы уақытта еліміздің бүкіл қалаларын қоғамдық қауіпсіздікке мониторинг жүргізу жүйелерімен жабдықтау көзделуде.

ТҮЙІН. Ішкі істер органдары саласында атқарылған шаруа аз емес, жағымды нəтижел ер де жоқ емес, дегенмен алдағы уақыттың еншісіндегі жоспарлар мен ел игілігіне қызмет етуі тиіс қыруар істер де баршылық. Осы қыруар шаруаны атқаруы тиіс мемлекеттік органдар Президенттің өзі ескертіп өткендей, осының бəрін тек жалақыны көбейту ғана емес, бəрінен бұрын, жұмыстарының тиімділігін арттыру деп түсінуі міндетті.


ҚОҒАМ жəне ЗАҢ №75 (4433), 9.10.201819.12.2013 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг,

е-mail: nastraje@mail.ru

5

ТЕОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТАНДЫРУ

Темір тордағы оңалту жұмыстары Лəззат ҚАЖЫМОВА, Орал қаласы

Дін – күрделі де нəзік сала. Ал дінді дұрыс түсінбей, соның салдарынан ұстанған бағыты беймəлім жат ағымдардың шырмауына түскен жандарды дəстүрлі Ислам бағытына қайтару – қиынның қиыны. Осындай жауапкершілігі мол жұмыс атқаратын теолог мамандардың қатары Батыс Қазақстан облысында енді-енді көбеюде. Б ү г і н д е о бл ы с т ы қ д і н і с т е р і басқармасы басшысының міндетін атқарып жүрген Мақсат Раманқұлов осы қызметке келгелі өңірдегі теологтарды көбейту жұмысын алға қойыпты. Солардың алдыңғы легі – Қазан федералды университетінің теология магистратурасын тəмамдаған ү ш м а м а н Б ат ы с Қ а з а қ с т а н ғ а жұмысқа келген. Соның бірі – басқарманың діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы, теолог Азамат Төлепов. Ол 2018 жылдың наурыз айынан бері облыстық дін істері басқармасында қызмет етеді. Кейіпкеріміз басқармадағы жұмысын əріптестерімен бірге Оралдағы оқу орындарындағы дінге бет бұрған студенттермен жеке-жеке кездесуден бастаған екен. Айтуынша, теріс діни ағымдардың жетегіне еріп, адасып жүрген тұлғалармен жұмыстану, қоғамда профилактикалық жұмыстар жүргізу – саладағы басқа қызметкерлерден гөрі теологтардың білімін көптеп қажет етеді. Соңғы уақытта облыстық дін істері басқармасы экстремизм мен терроризм баптары бойынша жазасын өтеушілермен тікелей жұмыстану жобасын жолға қойды. Біз теолог маман Азамат Нұғманұлына алғашқы сауалымызды осы жоба жөнінде қойдық.

– Бүгінге дейін қылмыстық атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі экстремизм жəне терроризм əрекетіне қатысты қылмысты болған сотталушыларды толықтай қамтыған жеке кездесулер өткіздік. Олардың ішінен кімнің дұрыс жолда жүргенін, кімнің дəстүрлі дінге деген көзқарасы өзгергенін, бұған не себеп болғанын анықтадық. Көп жағдайда бұған дейін теріс дінді уағыздап келген сотталушылардың өз ойын дұрыс бағытқа өзгертуіне теологтар ықпал еткен. Біз оларды жазасын өтеу мерзімі ішінде қоғамға бейімдеп, қалыпты өмірге қайтаруымыз керек, – дейді ол. Белгілі болғанындай, теологтар жат ағымды насихаттаймын деп темір торға тоғытылған азаматтарды оңалту үшін өз білімдері мен тəжірибелерін сарқа жұмсайды. Мысалы, оларға діни əдебиеттер мен бейнеүзіктер ұсынады, не болмаса діни тұрғыда сауатты түрде түсіндіреді. Соңында оң нəтижеге қол жеткізген мамандар үшін бұл жұмыстың оңайға соқпасы анық. Бұл шаралар əлі де жалғасын табады. Жалпы бұл шаралардың барлығы ҚР-да діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Бұл бағдарлама

ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ

700 пəтер заңсыз жалға берілген Ақмола облысында 700-ден астам пəтер заңсыз жалға берілген. Тəртіп бұзушылықтар «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды.

«Учаске» арнайы операциясы Ақмола облысында 5 қыркүйек күні басталған болатын. Үш ай ішінде полицейлер əрбір əкімшілік учаскеге барып тексеруді, тұрғындармен əңгімелесуді, есепте тұрған адамдармен алдын алу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда тəртіп сақшылары шамамен 90 000 пəтер мен жекеменшік үй иеліктерін тексеріп шықты. Тиісті құжаттарсыз жалға берілетін үйжайларды анықтауға баса назар аударылып отыр. Мұндай 700-ден астам пəтер анықталды, олар бойынша материалдар тиісті органдарға жіберілді. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары мен ведомствоның басқа да қызметкерлерінен тұратын арнайы құрылған жедел топтар ішкі істер органдарында есепте тұрған 5 000 азаматтың тəртібін тексерді. Олар бұрын сотталған, алкоголизммен, нашақорлықпен ауыратын адамдар, шартты түрде сотталған адамдар,

мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар, сондай-ақ тəртібі қиын жасөспірімдер. Қару иелері де назардан тыс қалған жоқ. Тəртіп сақшылары 2 900-ден астам аңшыны тексеріп шықты. Қорытындысы бойынша атыс қаруын сақтау ережелері бұзылған фактілер анықталып, полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 20 дана қару тəркіледі. «Учаске» шарасы аясында полицейлер 4200-ге жуық құқық бұзушыны əкімшілік жауапкершілікке тартты. Соның ішінде, спирттік ішімдіктерді ішу, ұсақ бұзақылық, шетелдіктердің елде болу ережелерін бұзуы, сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас с аласындағы тəртіпсіздіктер. «Учаске» жедел алдын алу ісшарасы 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

кейін 2018-2022 жылдарға дейін ұзартылған. Дін істері басқармасында түзеу м е ке м е л е р і н е н б о с а п ш ы қ қ а н тұлғалармен де жұмыстану жолға қойылған. Олармен теологтар бейресми кездесулер ұйымдастырады. Бір кездері ел заңына бағынбай, радикалды топтарды жақтаймын деп жазаға іліккен азаматтар түрмеден босап шыққан уақытта көзқарастарын мүлдем өзгертеді екен. Осындай айғақты деректерге қарап, теріс діни ағымдардың қаншалықты қауіпті екенін жерлестеріміз түсінді деуге болатын шығар. Алайда, арқаны кеңге салуға тағы болмайды. Халық арасында діни сенімі осал көп азаматтардың Сирия асып кету оқиғалары да дүрбелең туғызғаны жасырын емес. Осы ретте теолог маман А. Төлеповтен бұл жағдай бүгінде қаншалықты бəсеңдегенін білдік.

– Біз Сирияға қанша адам кетіп қалғанын, ол жақта нендей жағдай болып жатқанын білмейміз. Бірақ, ол жақтан үш-төрт отбасы елге аман-сау оралды. Бұл жанұялардың балалары əлі кішкентай болғандықтан, олардың көзқарасын зерттеп білу мүмкін еме с. Бірқатар ерлі-зайыптылар ө зд е р і н і ң д і н и к ө з қ а р а с т а р ы н дұрыс арнаға бағыттап, қалыпты өмір сүруде. Əрине, Сириядан келіп Қазақстанның заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған отбасы мүшелері де бар. Біз дін істері басқармасы немесе жергілікті əкімдік тарапынан бұл жанұяларға көмекте сіп, қолдау көрсетіп тұрамыз, – деді Азамат Нұғманұлы. Биылғы жаңа оқу жылында басқарма ұжымы білім ошақтарындағы профилактикалық жұмыстарды колледждерден бастауды жоспарлауда.

Бір қуантарлығы, Батыс Қазақстанға теологтар тағы да келеді деп күтілуде. Əрине, өзге өңірлермен салыстырғанда біздің облысымызда теолог мамандар аздық етеді. Бізбен сұхбаттасқан Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы, теолог маман Азамат Төлепов əріптестерінің қатары молайса, қолға алар жұмыс көп екенін жасырмады. Ең бастысы, жекелеген азаматтармен жұмыстануды күшейту көзделуде. Сөз соңында өңірдегі діни ахуалдан хабардар еткен Дін істері басқармасының қызметкері А. Төлепов аймақта жағдай тұрақты екенін жеткізді. – Қазақстанда 18 конфессия болса, соның тоғызы Батыс Қазақстанда бар. Жалпы 77 діни бірлестік заңды түрде тіркеліп, жұмыс жасауда, – деді Азамат Нұғманұлы. Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясаты – əлем елдеріне үлгі. Бір шаңырақ астындағы барлық дін өкілдерінің татулығы, дін саласындағы профилактикалық жұмыстар – əлемдік тəжірибеге айналған. Мұны кейіпкеріміз де растады. Тағы бір дəлел – елімізде үш жыл сайын ұйымдастырылатын Ə л е м д і к ж ə н е д ə с т ү рл і д і н д е р көшбасшыларының саммиті. Елдегі ауызбіршілік пен тұрақтылықты сақтау – ең басты міндет. Қарапайым жұртшылық та елдегі бейбітшіліктің бұзылмауын тілейді. Дін саласындағы білімді де білікті теолог мамандардың сүбелі жұмысы бұған негіз болары сөзсіз.

ӨЗЕКТІ

Бəс тігу ме, бас тігу ме? Сөзімді Абай атамыздың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» нақылымен бастадым. Хəкім атамыз 1 ғасыр бұрын ойынның өз бағасын нақтылап берген. Айтқым келгені, бүгінгі қоғам, əсіресе, жастардың көпшілігі құрдымға жіберетін құмар ойындарға құмартып жүр... Бұл бəс тігу ме? Əлде, бас тігу ме? Ойынқұмарларымыз тайраңдап жүргенде, отбасылардың ойрандалып жатқандығы баршамызға а я н . Жа ң б ы рд а н с о ң қ ап т а ғ а н саңырауқұлақтай құмар ойындардың тозағы соңғы онжылдықта рекордтық деңгейге жеткен. Бағытына қарай топшылап көрсек, букмекерлік кеңсе деп жүргеніміз бастамасы ғана. Одан бөлек лотерея, карта, казино орталықтарының зияны шашетектен төгіліп тұр. Біршама жыл бұрын Мəжіліс депутаттары «Ойын бизнесі туралы» заңда букмекерлік кеңселер мен карта, лотерея орталықтарының санын азайтып, казино Қазақстанның Қапшағай қа ласы мен Бурабай аймағында ғана орналасу керектігі туралы заң қабылдаған болатын. Айтып-айтпай не керек, бұл заңның өз деңгейінде сақталмай жүргендігі айдан анық. Алысқа бармай-ақ, бас қала – Астананы назарға алсақ, заңсыз бизнестің заңғарына шығып жүрген алпауыттар асып жығылады. Бір ғана букмекерлік кеңселердің өзі Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істеп келетіндігін ескерсек, оңай олжаға кенелесіз деп жар

салғыш ойынханаларды түбімен жою қиынның қиыны. Дегенмен, осы заңсыз бизнестің ересектерге ғана емес, қалыптасу жолында жүрген жасөспірімдерге тигізер зияны көп. Құмар ойын орталығына кіру немесе ойнау 21 жастан жоғары деп көрсетілгенімен, ішінен 16-20 жас аралығындағы жас жеткіншектерді кездестіруге болады. Себебі, ешбір ойынханада күнделікті тексеріс қарастырылмаған. Одан қалса, ойын залдарында ойын автоматтары мен терминалдар көптеп орналастырылып, online жүйесінде ойнауға да болады. Ал, жасырын түрде ойнап жүрген балалардың ұтыс алуы ешқандай қиындық тудырмайды. Балғын балалар мен жастар еліміздің болашағы екендігін ойласақ, бұл – айықпас дертпен пара-пар. Ислам дінінде харам делінген құмар ойын о рт а л ы қ т а р ы н ы ң қ ұ м ы р с қ а д а й қаптауы көңіл қуантпайды. Тіпті, əрбір көшеден кем дегенде 1-2, не одан көп «сайтан үйлерін» кездестіреміз. Шындығында, кез келген спорттық ойын – саламатты өмір салтын насихаттайды. Ал, оның виртуалды түрін

санаға сіңіру, бəс тігіп байып кетем деу – санасыздықтың шыңырауы екендігі көзі ашық, көкірегі ояу адамға белгілі. Медицина мамандарының айтуынша, ойынқұмарлық – нашақорлық пен алкогольге тəуелділіктен де зиянды. Ойынқұмар адамның жеңіліске ұшыраған сайын депрессияға түсіп, жүйке жүйесіне айтарлықтай зақым келетіндігі дəлелденген. Соңғы статистикалық мəліметтерге сүйенс ек, жылына Қазақст анда 4 мыңға жуық адам өзіне-өзі қол жұмс айды. Ал, олардың басым бөлігінің өлімі ойынқұмарлықтан б олғ а ны ту р а лы д ə ле лд е р б а р . П с и хол о г т а р о й ы н қ ұ ма рл ы қ дертінен арылу үшін ортаны өзгерту, жақындарымен жылы қарымқатынас, еңбек пен спортқа ұмтылыс, өзіндік мотивациясы шешуші рөл атқарады деп түйіндейді. Демек, ойынға берілгендердің өздерін жаман адам ретінде санауы қате ұғым. Үндістанда табылған «Бес бейіт» жəдігерінде жазылғандай: «Жалғанда жаман адам жоқ. Қателескен немесе қателесіп жүргендер ғана бар». Əр адам өз өмірін жақсы арнаға бұра алатындығы айқын. Құмар ойнап, қасиетімізді жоғалтпайық, ағайын... Ержігіт КҮНТУБАЕВ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

ҚЫЛМЫСҚА – ҚЫЛБҰРАУ

Үй тонағандар іздестірілуде Түркістан облысының полицейлері аса ауыр көлемдегі ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді іздестіруде. 1 қазан күні Сарыағаш аудандық ІІБ-не жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз тұлғалар үй иелерінің жоқтығын пайда ланып, құны 5 м и л л и о н т е ң ге т ұ р ат ы н а л т ы н

бұйымдар мен ақшаларын, сондайақ, бағалы заттарын ұрлап кеткенін айтқан. Осы жайт полиция басқармасында тіркеліп, тергеушілер ҚК-нің 188-

бабы 4-тармағы – «аса ауыр көлемдегі ұрлық» бойынша қылмыстық істі жүргізуде. Жедел ізкесушілер күдікті адамдарды анықтау жəне оларды ұстау жайттары бойынша барлық ісшараларды қолға алуда. Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметі


6

АЙМАҚ №75 (4433),№сейсенбі, 9.10.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг, 19.12.2013

САЛТАНАТТЫ ШАРА

Ардагерлерді марапаттады

Қылмыстық іздестіру қызметінің құрылған күніне орай Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінде салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара қызмет бабында қаза т апқан полицейліктерді е ске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды. Ақтөбе облыстық мəслихатының хатшысы Сəния Қалдығұлова мен Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті Ардагерлер кеңе сінің төрағасы Ғалым

Дəулеталин құттықтау сөз сөйлеп, тəртіп сақшыларының қиын да жауапты міндеттеріне сəттілік тіледі. – Өңірдің криминогендік ахуалы қылмыстық іздестіру қызметіне тікелей қатысты. Өйткені, жедел уəкіл тек қана құқықтық тəртіп пен қауіпсіздік үшін емес, сондай-ақ,

қылмыскерді ізін суытпай іздеуге міндетті. Сондықтан ең жауапты міндетті абыроймен атқару жедел уəкілдерге үлкен жауапкершілік жүктейді, – деп атап өтті Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махамбет Абисатов. Салтанатты шара барысында жас ұрпақты тəрбиелеу ісіне қосқан елеулі үлестері үшін ішкі істер органдарының б і р то п а рд а ге р і « Қ ы л м ы с т ы қ іздестіру қызметіне – 100 жыл» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіне қосқан елеулі үлестері үшін құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдардың басшылары да мерекелік төс белгімен марапатталды. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

е-mail: nastraje@mail.ru КЕЗДЕСУ

Мектептегі үгіт жұмыстары А. ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, Ақмола облысы

Ақмола облысы «ӨС жəне АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінде Көкшетау техникалық институтына түсу бойынша үгіт жұмыстары басталды. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар д е п а рт а м е н т і н і ң « Ө рт с ө н д і ру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына түсу жəне өрт сөндіру бөлімшелеріндегі бос орындарды жинақтау бойынша үгіт жұмыстарды бастады. 3 қазанда Көкшетау қаласының №6 орта мектебінде Кадр жұмысы бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ж. Шаяхимов пен бөлімнің инспекторы, азаматтық қорғау лейтенанты А. Құрманғалиева үгіт жұмыст арын өткізді. Онда оқушыларға Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқу бөліміне қабылдау жəне азаматтық қорғау ор-

гандарында жұмыс істеу, мемлекеттік қ ы зм е т ке с ы н а қ т ап с ы ру ж ə н е азаматтық қорғау органдарында қызмет ету тəртібі туралы толығырақ баяндалды. Барлық түлектер үшін талапқа сай құтқарушылар қатарына қабылдануға мүмкіндік бар: жасөспірім ер жігіттер үшін бойы 165 см-ден, қыздар 160 см-ден төмен емес, кемінде орта білімі, денсаулығы бойынша жарамды болуы тиіс. Өткізілген іс-шаралар имиждік бейнероликтерді көрсетумен жалғасын тапты. Ке з д е с у с о ң ы н д а о қ у ш ы л а р азаматтық қорғау органдарында жұмысқа орналасуға қызығушылық танытып, сауалдарын жаудырды. Оларға жан-жақты жауап беріліп, насихаттық буклеттер таратылды.

АЙМАҚ

Қызметкерлер «ҚАЗТЕСТ» тапсырды А. БІЛƏЛОВА, Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қалалық ІІБ жəне оның бөліністерінің қызметкерлері 4-5 қазанда Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Тілдерді оқыту орталығы базасында онлайн режимде «ҚАЗТЕСТ» диагностикалық тест тапсырды. 81 қызметкер қатысқан диагностикалық тестілеу 3 бөліктен т ұ рд ы . Ты ң д а л ы м б ө л і г і – 3 0 , лексикалық-грамматикалық бөлім – 70, оқылым бөлігі – 150 тапсырмадан тұрды. «ҚАЗТЕСТ» – ел азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалайтын бірден-бір жүйе. Ол халықаралық тілдік

білімді бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF, TÖMER, ТРКИ жəне т.б. бағдарламаларының тəжірибесін негізге а ла отырып əзірленген. Аталмыш халықаралық жобалардың талаптарына сəйкес «ҚАЗТЕСТ» арқылы қазақ тілін меңгерудің 5 деңгейі енгізілген. Атап айтар болсақ, олар: А1 – қарапайым, А2 – базалық, В1 – орта, В2 – орта-

дан жоғары, С1 – жоғары деңгей. Міне, бұл деңгейлер арқылы тест тапсырушылар өзінің мемлекеттік тілді қандай дəрежеде білетіндігін анықтай алады. Тест қорытындысы бойынша 2 қызметкер А1 деңгейін, 22 қызметкер А2 деңгейін, 54 қызметкер В1 деңгейін, 3 қызметкер В2 деңгейін көрсетті. Айта кетейік, мұндай тестілеу Ақтөбе қалалық ІІБ жəне оның бөліністерінің жеке құрамына жылына 2 рет ұйымдастырылады. Осыған дейін жалпы саны 600-ге жуық қызметкер өтті.

ҚЫЗМЕТ

Төрт аяқты көмекшілер Солтүстік Қазақстан облысында полицияның «төрт аяқты көмекшілері» 500-ден астам қылмысты ашуға көмектесті. Бүгінде солтүстікқазақстандық полицияда 43 қызметтікіздестіру иті жұмыс істейді. Олардың 17-сі облыс аудандарында, өзгелері облыстық ІІД Кинологиялық қызмет орталығында. Жұмыстың негізгі бағыты – есірткі жəне жарылғыш заттарды, күдіктілерді іздері, иістері арқылы іздеп табу.

ШАРА

«Нұрлы жолдағы» халықпен кездесу Жуырда Астана қаласындағы «Нұрлы жол» темір жол вокзалында көлік полицейлері халықпен кездесу өткізді. А к ц и я н ы ң н е г і з г і ма қ с ат ы – азаматтардың құқықтық санасы мен мəдениетін арттыру, халықтың арасында тəртіпсіздікке жəне ұсақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, сондай-ақ, қоғамдық тəртіп пен азаматтардың тыныштығына əсер ететін ұсақ құқық бұзушылықт арды е скерту жəне анықтау.

Кездесуге Астана стансасындағы ІІЖБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Д. Əбдікəрімов, ІІЖБ ƏПБ бастығы, полиция подполковнигі А. Қилыбаев, Астана-2 т е м і р жол во кз а л ы н д а ғ ы Ж П Б бастығы, полиция подполковнигі Е. Тұрғанбаев, Ақмола көлік прокуратурасының прокуроры Ж. Бақтыбаев жəне «Нұрлы жол» вокзал

Қызылжардағы «ақылды» қиылыстар Петропавлда «ақылды» көше қиылыстарында 600-ден астам Жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайы тіркелді.

...Қылмыскер түн ішінде Петропавлдағы кəсіпорындардың бірінің қоршауынан өтіп, оның аумағына еніп, құны 34 мың теңге болатын металл бұйымдарды қолды қылған. Кəсіпорын иесі ұрлық болғанын таң атқан соң ғана біліп, бірден полицияға хабарласқан. Қылмыскерді іздестіруге Дана есімді ит пайдаланылды. 8 жылдық тəжірибесі бар неміс овчаркасына бұл қиын болған жоқ. Ол бірден ізге түсіп, кіші инспектор-кинолог, полиция старшинасы Марал Құсайынов пен жедел-тергеу тобының мүшелерін жақын маңдағы металл қабылдау пунктіне алып келіп, ұрланған бұйымдар осы жерден табылды. Көп ұзамай күдікті де анықталды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігі – «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұл баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Мұндай мысалдар аз емес. Жыл басынан қызметтікіздестіру иттері 1691 рет қолданылды. Олардың мыңнан астамы – есірткі заттарын іздеу бойынша. Төрт аяқты көмекшілердің иіс сезгіштігі 574 қылмысты, оның ішінде 463 ұрлықты, 25 тонауды жəне 2 қарақшылық шабуылды ашуға көмектесті. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Б. ҚЫРЫМҚОЖИН, Астана қаласы

ҚҰҚЫҚ

кешенінің директоры Д. Құсайынов қатысты. Кездесу барысында «Нұрлы жол» вокзал кешенінің 4-қабатында, яғни күту залында халыққа əкімшілік заңнаманың бірқатар нормалары жəне əкімшілік құқық бұзушылықтың жауапкершілігі туралы түсіндіріліп, жоғарыда аталған жайттардың алдын алу туралы жадынамалар, буклеттер таратылды. Сонымен қатар, акцияны өткізу мақсатында темір жол вокзалында орналасқан телевизиялық экрандарда бейнероликтер көрсетілді.

Бүгінде Солтүстік Қазақст ан облысының əкімшілік орталығы – Петропавл қаласында 7 «ақылды» көше қиылысы жұмыс істейді. Мир жəне Абай, Интернационал жəне Жа м б ы л , И н т е р н а ц и о н а л ж ə н е Астана көшелерінің қиылыстары «Интеллектуалды көше қиылысы» бақылау жүйесімен жарақталған. Жылдамдық режимі мен бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту бұзушылықтарын «Мираж» жүйе сі тіркейді. Бұл жүйе Жамбыл мен Сүтішев, Мир мен Интернационал, Жамбыл мен Партизан, Жамбыл мен Мүсірепов көшелерінің қиылысында орнатылған. Бұл құрылғылардың техникалық мүмкіншіліктері қарапайым бейнебақылау камераларына қарағанда Жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркеп, мəліметтер базасынан ереже бұзушының мемлекеттік нөмірін жылдам анықтайды. «Мұндай көше қиылыстары өз жұмысын бастаған жылы тəулігіне

3 0 0 - г е т а р т а Жо л қ о з ғ а л ы с ы ережелерін бұзу фактісін тіркеді. Қазір күніне 3 неме се 4 жағдай т і р ке л ед і . Жол е р е же л е р і н бұзатындардың басым бөлігі сырттан келетін жүргізушілер», – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Əкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов. Бұл тəжірибе осындай қондырғыларды барлық көшелерде орнату қажеттігін көрсетіп отыр. Солардың арқасында жүргізушілер бұрынғыға қарағанда жол үстінде тəртіпті болып, ереже бұзуды азайтып келеді. Жыл басынан «ақылды» көше қиылыстарында барлығы 639 ереже бұзу тіркелді. Олардың 465 фактісінде жүргізушілер тоқтау сызығынан өтіп кеткен. Сондай-ақ, жылдамдықты асырудың – 163, бағдаршамның қызыл түсіне өтудің – 11 фактісі тіркеліпті. Петропавл қалалық ІІБ баспасөз қызметі


СПОРТ №75 (4433), 9.10.201819.12.2013 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг,

СПАРТАКИАДА

Жеңімпаз командаға – «Lаdа Grantа»

Жуырда Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінде жедел бөлініс қызметкерлерінен құралған 11 команда қатысқан спартакиада өтіп, бас жүлдені еншілеген құрамаға «Лада Гранта» көлігі сыйға тартылды. Спартакиада бағдарламасы тартымды да қызықты болды. Командалар арқан тарту, қару ату жəне шағын футболдан бақ сынасты. Спартакиада шымылдығын облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мыңбай Ас ы л б е ко в а ш ы п , қ ат ы с у ш ы командаларға сəттілік тілеп, жақсы ойын көрсететіндеріне сенім білдірді. Автокөлік жеңіп алуға ұмтылған спартакиада қатысушылары арасында жоғары деңгейдегі спорттық бəсекелестік пен достық сезім айқын көрінді. Ойынға келген жанкүйерлер

де өз командаларына қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. Жарыс барысында жекелей жəне командалық е септе жеңімпаздар анықталды. Шағын футбол бойынша бірінші орынды қазылар алқасы аудандық ІІБ құрамасының қанжығасына байлады. Екінші орын Павлодар қалалық ІІБ ОПБ командасына, ал үшінші орын Екібастұз қалалық ІІБ командасына бұйырды. Тир сайысына командадан бір қызметкер қатысты. Нысанаға ату бойынша ІІД ЕҚҚБ қызметкері Қалижан Нұрғазинов ең үздік деп танылды. Елеулі екінші орынды Павлодар қалалық ІІБ ОПБ қызметкері Диас Зарипбаев, үшінші орынды Екібастұз қалалық ІІБ-нан Азамат Смағұлов еншіледі. Кермеге тартылу бойынша жеке с а й ы с т а П а вл од а р қ а л а л ы қ І І Б

ком а н д а с ы н ы ң м ү ш е с і Д а н и я р Баймағамбетов өз қарсыластарын артта қалдырса, екінші орын Екібастұз қа ла лық ІІБ қызметкері Дəулет Тұңғышевке, үшінші орын Павлодар қалалық ІІБ ОПБ қызметкері Руслан Нүсіповке бұйырды. Шағын футболда «Үздік шабылдаушы» номинациясымен Павлодар қалалық ІІБ ОПБ қызметкері Бақтыбай Байбуринов, «Үздік қорғаушы» номинациясымен аудандық ІІБ қызметкері Ренат Сəдуақасов, «Үздік қақпашы» номинациясымен Екібастұз қалалық І І Б қ ы зм е т ке р і Д а м и р М ə д и е в , «Үздік ойыншы» номинациясымен Павлодар қалалық ІІБ бастығы Бағлан Байбуринов марапатталды. Жалпыкомандалық есепте барлық сайыстардың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған Орталық п о л и ц и я б ө л і м і н і ң ко м а н д а с ы а л т ы н ж ү л д е ге р ат а н ы п , « L а d а Grantа» қызметтік автокөлігінің к і л т і н е и е б ол д ы . Е к і н ш і о р ы н алған Екібастұз қалалық ІІБ плазмалық теледидарға ие болды. Ал үшінші орынды қанжығалаған аудандық ІІБ құрама командасына компьютер бұйырды. Сайыстың барлық деңгейлерінде тəртіп сақшылары күш-қайратты бойға жиған, білекті де күші тасыған, жеңіске ұмтылған жігерлі ойыншылар екендігін жəне қызметте осындай қызметкерлер болу керектігін дəлелдеді. Же ң і м п а зд а р м е н с а й ы с қ а қатысушылар бағалы сыйлықтар жəне грамоталармен марапатталды.

ТУРНИР

Сыр сақшылары сынға түсті

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай «Динамо» спорт кешенінде Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкерлері арасында шағын футбол, арқан тарту жəне қол күрестен сайыстар өтті. Сайыс басқарма қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру деңгейін жоғарылату, олардың кəсіби қызметін ы н т а л а н д ы ру ж ə н е м о р а л ь д ы қ , п с и хо л о г и я л ы қ т ұ р а қ т ы л ы қ т ы қамтамасыз ету, саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шағын футбол мен арқан тарту, қол күрес сайыстары бойынша басқарманың барлық қызмет салаларынан 160 қызметкерден тұратын 10 команда құрылып, олар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» номинациялары бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетті.

Шағын футбол жарысында б а с қ а рм а н ы ң Те р геу б ө л і м і н і ң командасы үздік ойын көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынды басқарманың Штаб бөлімі, үшінші орынды басқарманың Криминалды полиция бөлімі иеленді. Ал арқан тартыс сайысы бойынша Ақсай жəне Тасбөгет полиция бөлімінен құралған құрама команда бірінші орынды иеленді. Екінші орынға басқарманың Жергілікті п ол и ц и я қ ы зм е т і н і ң ю в е н а л д ы полиция бөлімі, үшінші орынға Криминалдық полиция бөлімі тұрақтады. Қол күрес сайысында Криминалдық полиция бөлімінің жедел уəкілі, полиция аға лейтенанты Əлімжан Ə л і м бе то в ө з і н е қ а р с ы л а с ш а қ келтірмей, жеңімпаз атанды. Жеңімпаз командалар дипломдармен жəне сыйлықтармен марапатталды. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

ФЛЕШ-МОБ

Қызылжардағы көңілді кросс Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД жедел бөліністерінің қызметкерлері арасында спорттық жарыстар өтті. Жедел уəкілдер өз араларында шағын футболдан бақ сынасып, 5 шақырымға жүгірді. Сондай-ақ, таңғы жаттығу түрінде өткен флешмобқа қатысты. «Динамо» денешынықтыруспорт қоғамының спорт залына облыстық аппараттың, қалалық ІІБ мен 13 аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жиналды. Спортшылар төрт командаға бөлініп, бір күн ішінде ең мықты, төзімді команданы анықтады. Топ болып оң көрсеткіштерге қол жеткізу – полицейлер үшін спортта ғана емес, күнделікті қызметте де өте қажет. Ту р н и р н ə т и ж е с і б о й ы н ш а үшінші орын Тайынша, Ақжар,

У ə л и х а н о в ауд а н д а р ы н ы ң ко мандаларынан біріккен құрамаға бұйырды. Екінші орынды облыстық ІІД аппараты иеленді. Ал Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасы Криминалдық полиц и я б ө л і м і н і ң жед е л у ə к і л д е р і турнирдің жеңімпаздары атанды. Ал жексенбілік таңда солтүстікқазақстандық жедел уəкілдер нəзік жанды əріптестерімен бірге қалалық саябақтың жолдарымен дəстүрлі кроссты жүгіріп өту

үшін Тəуелсіздік стелласы маңына жиналды. Полицейлер 5 шақырымды бағындырып, Басты алаңда мəре сызығын кесті. Спорттық мереке жаттығу мен бидің қимылдарынан тұратын флешмобпен аяқталды. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Балабек Жахин айтып өткендей, полиция қызметі табандылық пен ауыртпалықтарға төзуді талап етеді. Жедел уəкілдер осылайша солтүстікқазақстандық жастарға саламатты өмір салтын насихаттады. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

е-mail: nastraje@mail.ru

7

ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ

Əлем чемпионын қарсы алды Жуырда Болгария Республикасының Варна қаласында қыздар мен жасөспірімдер арасында VIII əлем чемпионаты өткенін хабарлаған болатынбыз. Жарыс оқу мұнарасының екінші жəне үшінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу, тосқауылдары бар 10 метрлік жолақты жүгіріп өту, 4х100 метр өрт эстафетасы жəне өрт сөндіру мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю (өрістеу) кезеңдерінен тұрды. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасында біздің облыстың спортшысы Роман Андрющенко да қатысып, жауынгерлік шабуылда əлем чемпионы атанған еді. Ол жауынгерлік шабуылда 20.17 секунд уақыт көрсетті. Туған жеріне табан тіреген əлем чемпионын темір жол вокзалында туғандары мен жақындары, сондай-ақ, қызмет бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Мұрат Баев құшақ жая қарсы алды. Роман Андрющенко – Орал газ, мұнай жəне салалық технологиялар колледжінің 1-курс студенті. Жас жеңімпаздың спорттағы жолына толағай табыстар тілейміз. Батыс Қазақстан облысы ТЖД ӨС жəне АҚЖҚ

ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС

Төрт отбасы турнирі Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жəне профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлері азаматтық қорғаныс бөлімімен бірлесіп, «Əкем, анам жəне мен – спорттық отбасымыз» атты жарыс ұйымдастырды. Шараға Ақтөбе облысы ТЖД бөлімшелерінен 4 отбасы қатысты. «Желаяқ», «Ғарыштық ұшулар», «Папамамабиль», «Батпақтан өтіңіз», «Дүкендерге бару», «Көркем гимнастика», «Пингвиндердің жүгіруі» сияқты 7 түрлі жарыста əкелер, аналар, балалар жекелей жəне бəрі бірге сынға түсті. Жарыс барысында қатысушылар моральдық-ерік күштерін, шапшаңдығын, ептілігін, төзімділігін, бір-бірімен өзара əрекеттесуін, өзара көмек көрсетуді, ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін негізгі міндеттерді шешуде отбасындағы қолдауды көрсете білді. Байқаудың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Айтқұлов, Ақтөбе облысы ТЖД Кадр жұмысы бөлімінің бастығы Е. Əділбеков, Ақтөбе облысы ТЖД БКДҚ бастығы Е. Ерімбетовтен құралған қазылар алқасы «Спорттық отбасы» номинациясында «Ақтөбе облысы ТЖД ЖҚЖ» ММ командасын, «Тату отбасы» номинациясында Ақтөбе облысы ТЖД командасын, «Көңілді отбасы» номинациясында «Ақтөбе облысы ТЖД ӨС жəне АҚЖҚ» ММ командасын, «Мақсатты отбасы» номинациясында «АМО» ММФ командасын марапаттау туралы шешім қабылдады. Оларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді. Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

ШАҒЫН ФУТБОЛ

Үшінші бөлім үздік шықты Ақтөбе облысы ТЖД Өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелері арасындағы 2018 жылғы спартакиаданың күнтізбелік жоспарына сəйкес, «Авиатор» стадионында шағын футболдан жазғы чемпионат өтті. Чемпионатқа гарнизонның аудандық жəне қалалық бөлімшелерінен 14 команда қатысты. Барлық команда чемпионатта алдарына жеңіске жету міндетін қойып, бар өнерлерін ортаға салды. Жарыс қорытындысы бойынша 3-МӨСБ командасы чемпионаттың жеңімпазы атанса, 6-ӨСБ командасы жүлделі екінші орынды жəне «Өрт сөндіруші» АҚ командасы 3-орынды иеленді. Чемпионат соңында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ақтөбе облысы ТЖД ӨС жəне АҚЖҚ


8

СӨЗ СОҢЫ №75 (4433), сейсенбі, 9.10.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz

ҮМІТ СƏУЛЕСІ

Түрмеде туған туынды Бауыржан БЕРІКҰЛЫ

«Түрме туындысы» дегенде, ең алдымен есімізге Таңжарық ақын түседі. Таңжарық Жолдыұлы (1903-1947) шығармаларының 70 пайызын Үрімжі түрмесінде өткізген 7 жылда (1940-1947) жазып үлгерген. Одан кейін, қазақ жазушысы – Қажығұмар Шабданұлы да туындыларын түрмеде отырып жазған. Əңгімеміз осы қаламгер хақында.

Коллаж Ақсая ЖҮРКЕНОВАНІКІ

Қ. Шабданұлы Семей облысы, Үржар ауданында 1925 жылы дүниеге келген. 1932 жылғы ашаршылықта, 7 жасында отбасымен Қытайға ауып, Тарбағатай аймағындағы Шəуешек деген қалаға көшіп барады. Одан Үрімжі қаласында өмір сүреді. Алаш қайраткерлерін ұлтшыл деп репрессиялағанындай, мұнда Қажығұмарды да ұлтшыл ретінде түрмеге тоғытады. Такламаканның «Тарым» лагеріне жер аударылады. 20 жыл өмірі (19581978) сол жерде өтті. Мао өлгеннен кейін ғана бо стандыққа шығып, Шəуешекке келіп, алты томдық «Қылмыс» романын жазуға отырады. Бір кем дүние, қаламгер бостандықта жүріп екі томын ғана жазып үлгереді, үшінші томын жазып жатқанда қайта ұсталып, түрмеге түседі. Яғни 1986 жылы Үрімжі түрмесіне 15 жылға қамалады. Жалпы жазушының түрме төсегінде 20, 15 жылдап жатқаны бар, одан бөлек студент кезінде ұлтшыл делініп 2-3 жыл жатқаны бар, жалпы түрмеде өткізген жылдарын санасақ, 40 жылдан асып жығылады екен. Жа зу ш ы Қ а бд е ш Ж ұ м а д і л о в : «Дүниежүзі бойынша түрмеде ең ұзақ жатқан жазушы ретінде Қажығұмарды Ги н н е с т і ң р е ко рд т а р к і т а б ы н а енгізуге əбден болады», – деп жазады.

Гиннесіңіз былай тұрсын, «Қылмыс» Нобель сыйлығына да татитын туынды ғой! Шынында да, 40 жылдан астам қапасқа қамалған қаламгер əлемде жоқ шығар! Қ . Ш а бд а н ұ л ы а л т ы т о м д ы қ романының екеуін түрмеден шыққан соң бостандықта жүріп жазса, қалған төртеуін түрмеде жазды. Түрмеде жазғандарын əртүрлі əдістермен сыртқа шығарып отырған. Нанның арасына салып, түрмеші арқылы, кілтші арқылы, келушілер арқылы сыртқа шығарып отырғанын Қабдеш Жұмаділовтің сұхбаттарынан білеміз. Қ. Шабданұлы əр бетті нөмірлеп беріп жібереді екен. Бостандыққа шыққан соң, сол нөмірленген беттерді қайта біріктіріп, өңдеп-жөндеп жазып шығады. Əлемге əйгілі Дж. Нерудің өзі түрмеде жазған «Қызыма хат» атты тарихқа шолу жасаған туындысына керекті құжаттарды қызы арқылы, басқа да адамдар арқылы алдыртып отырған екен. Ал Қажығұмарға түрмеде отырғанында ешқандай жағдай жасалмаған. Керісінше, оған түрмеде кітапханаға кіруге рұқсат жоқ, керек материалдар берілмеген. Сөйтіп отырып, төрт томды абақты қабырғасында жазып шықты. Не деген төзім десеңізші!

Түрмеде отырып кітап жазған жазушылар жайында көлем қуып айта беруге болар, бірақ ол қажет емес деп ойлаймыз. Тек сондай танымал қаламгердің біріне ерекше тоқтала кетсек дейміз. Əдебиеттанушы жас ғалым Елдос Тоқтарбай бұл тақырыпта бүй дейді: «Əлем əдебиетіндегі түрме шығармашылығының аса көрнекті өкілі, Нигерия əдебиетіндегі түрме шығармашылығы негізін қалаушысы – Воле Шойинка. 1986 жылы əдебиет саласындағы Нобель сыйлығы Воле Шойинкаға берілді. Ол Африка құрлығындағы осы сыйлыққа ие болған тұңғыш жазушы. Əлем əдебиетіндегі аса көрнекті жазушы-драматург 1966 жылы Нигерияда болған қантөгісті əскери төңкеріске қатысы бар деген жалған айыппен екі жылға бас бостандығынан айырылып, қатаң режимдегі түрмеге қамалған. Жазушы түрмеде отырып, көрген азапты күндері мен халқының ауыр тұрмыс-тіршілігі жайлы көргенін, түрме дəрігері үстелінен ұрлап алған қарындашпен «Адамның ақырғы демі» деген кітап жазады. Кейін бостандыққа шыққан соң абақтыда көргені туралы «Заңсыздық кезеңі» атты темір тор ішіндегі қасіретке арналған роман жазады (1973 жылы). Бұл роман – жазушының түрмедегі азап шегіп отырған ойларының қорытындысы». «Қылмыс» романы да осылардан бір де кем емес. Тек оны Нобельге ұсынған жоқпыз. 2000 жылы аталмыш роман-эпопеяға Қазақстан Жазушылар одағы т арапынан Ха лықара лық «Алаш» əдеби сыйлығы ғана берілді. Бар жасаған жақсылығымыз сол. Ал жазықсыздан-жазықсыз жапа шеккен Қажығұмардың тарихи Отанымен қауышу туралы арман-арызы орындалмады, өтініш-тілегі жерде қалды. Қаламгер 86 жасында, 2011 жылы 1 5 а қ п а н д а Қ Х Р - д ы ң Ш ə уе ш е к қаласында, жат жерде дүниеден озды, туған жерінің топырағы бұйырмады. Айтқандай, дəл осы жазбаны жазып отырғанымызда, ҚХР, Алтай Көктөғай ауданының Өндірқара деген жерінде қыркүйек айында дүниеге келген т алантты ақын, «Армысың, ару дүние...», «Таң бөбегі», «Көлеңке көзіндегі елес» жыр жинақтарының авторы Ерлан Нұрдыханұлы да осы қыркүйек айында абақтыға айдалыпты. Неге? Не үшін? Тағы да сол үнсіздік. Тағы да сол жауапсыздық. Жалындаған жас ғұмыр қария қаламгердің өкінішті өмірін кешпесе екен деп қана тілей аламыз, басқа қолдан келер шара бар ма бізде? Десе де, үміт сəулесі сөнбейді. Осылай өзімізді жұбата тұрамыз. «Мұзға орап қойсаң да, сөнбеймін, Көнбеймін рухымды жоюға!» деп жырлаған ақынымызға бір ғана Құдай жар болмаса, басқа ешкім де көмектесе алмасы баршамызға белгілі...

Ойлан, тап!

ЖЫР КЕШІ

Полиция поэзия патшалығында Бауыржан БЕРІКҰЛЫ

Ж а қ ы н д а Е л б а с ы н ы ң « Р уха н и жа ң ғ ы ру » б а ғ д а рл а м а с ы ж ə н е елордамыздың 20 жылдық мерейтойы аясында Ұлттық музейде республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, «Жас дəурен» жыр жинағының авторы, ұстаз, бүгінгі таңда ішкі істер органдарының қызметкері Бекмұрат Өмірбектің «Қазақтың жыры – мұратым!» атты əдеби-сазды кеші өтті.

Кеш барысында «Шабыт» өнер у н и в е р с и т е т і н і ң с т уд е н т т е р і – Нұртілеу Мыңбай, Жалғас Тұйғынбеков, Əлибөкейхан Юсупов, Намыс Мақсұтұлы, Фархат Жəкішов, Оқушылар сарайы «Жас қаламгер» үйірмесінің көркемсөз шеберлері Саяхат Алғар, Жазира Зұпарəлі, Елдо с Мақсұтұлы, Жарқынай Мақсұтқызы, Медицина университеті ішіндегі «Тұмар» əдеби клубының мүшелері Адулла Сəкімбай, Бауыржан Жақсыбай жəне Əлкей Марғұлан атындағы №40 орт а мектебінің оқушысы Минара Абдуллақызы ақынның лирикалық-патриоттық тақырыбындағы өлеңдерін мəнерлеп оқып, жырсүйер қауымды тəнті етті. Сондай-ақ, ақынның сөзіне жазылған бірнеше əн орында лд ы . Ат а п а й т қ а н д а , Ж ұ м а ғ а з ы Кəкімжановтың «Қайран үміт»,

«Өзіңе ешкім жетпейді», Қанат Едресовтың «Бақ мекенім» əндері ерекше толғаныс тудырды. Кеш қонақтары əнші-сазгер Ибрагим Е с ке н д і р , Ж ə н і б е к Б о р а н б а е в , Ж ұ м а ғ а з ы К ə к і м ж а н о в , Қ а н ат Едресов ақынды шығармашылық кешімен құттықтап, рухты əндерін өнерсүйер қауымға паш етті. Бұдан бөлек, Алтынбек Сəкенов, Ақбота Сабырова, Нұртай Манат, Мəжіт Та лант өнер көрс етті. Белгілі ақын, абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы бастаған қаламгерлер ақын кітабының тұсауын кесіп, қазақтың салтымен шашу шашты. Əдеби кешті Ербол Бейілхан жүргізді. Ақындар – Жұлдыз Тойбек, Айжан Тəбарак, Ажар Ерболған, Əбу-Асқар Мекешұлы Б. Өмірбектің сырлы да өрелі жырлары туралы сөз қозғап, шығармашылық табыс тіледі.

РЕЙД

Баспанаңды өрттен сақта Талғат АЙТБАЕВ, Тараз қаласы

Осы жылдың басынан Тараз қаласында 156 өрт оқиғасы тіркеліп, 18 млн теңге көлемінде материалды шығын келген. Тілсіз жаудан 6 адам көз жұмып, 3 адам əртүрлі дəрежелі жарақат алған.

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТ

Қадам Құрама

Айнала

... күлкі Үлкен

Территория

Мəнді

Екінші орын медалі

Екі елді жалғайтын адам

Британ боксшысы

М. Твен кейіпкері Том ...

Опель ...

Салқын

Азия халқы

Ынтымақты

Көзқарас Астық алқабы

Қуат Хамитов

Өткен нөмірдегі сканвордтың жауаптары Көлденеңнен: Швейцария. Ине. Кемер. Ноу. Еркін. Ор. Неке. Жұмыс. Зере. Перрон. Тігінен: Ермек. Ан. Цирк. Ренн. Шəкен. Ягуар. Ісмер. Осло. Есеп. Ережеп.

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС Бас директор Бимаханбет АСАНОВ Бас директордың орынбасары Бану ƏДІЛЖАНОВА

РЕДАКЦИЯ:

Бас редактор: Ескендір ТАСБОЛАТ Бас редактордың орынбасары: Жадыра ШАМҰРАТОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА Аға тілші: Бауыржан СЕГІЗБАЕВ

Басылым 27.02.2018 жылы ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №16944 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Жасалған талдау бойынша өрт оқиғаларының 70% жеке тұрғын үйлерде орын алған. Осы көрсеткіштерге байланысты, қазан айында Тараз қа ласы Төтенше жағдайлар басқармасының, Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі, Жамбыл облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «Тауелсіздік-Д» ЖШС баспаханасында басылады. Индексі: 65395 Таралымы: 10139 Тапсырыс: № 241

«Тауелсіздік-Д» ЖШС-і Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, 407 тел: 56-97-71 Газет аптасына 2 рет шығады.

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілшілер: Қанат КӨЛБАЕВ, Бек ИМЕКЕШОВ

Тараз қаласы əкімдігінің өкілдерімен б і рл е с е от ы р ы п , Та р а з қ а л а с ы аумағында тұрғын үй секторларын аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға өрттің алдын алу туралы жадынамалар таратылып, пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті.

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Бауыржан СЕГІЗБАЕВ


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.