SAQSHY/67 (4425)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІ

№67 (4425)

ГАЗЕТ 1933 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

ИСЕКЕШЕВ ПРЕЗИДЕНТ ƏКІМШІЛІГІН БАСҚАРАДЫ Əсет Исекешев Президент Əкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Ə.Ө. Исекешевті Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы хабарламада: «Əсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Ре спубликасы Пре зиденті Əкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Астана қаласының əкімі қызметінен босатылсын», – делінген. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ə д і л бе к Р ы с ке л д і ұ л ы Жа қ с ы бе ко в зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Ре спубликасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды.

КЕРЕКУДЕГІ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму жəне кəсіпкерлік комитеті энергетика саласын жаңғырту жəне инновациялық дамыту мəселелері бойынша Павлодар облысында көшпелі отырыс өткізді. Бұл шара Президенттің «Төртінші ө н е р к ə с і п т і к р е в ол ю ц и я ж а ғ д а й ы н д а ғ ы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында еліміздің ре сурстық əлеуетін одан əрі нығайту мақсатында өтіп отыр. Ко м и т е т т ө р а ғ а с ы А с қ а р Б е й с е н б а е в көшпелі отырысты аша келіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институттық реформа жөніндегі бастамас ы н і с ке а с ы ру т ұ р ғ ы с ы н д а « 1 0 0 н а қ т ы қадам» – Ұлт жо спарында экономиканың ке л е ш е г і зо р с а л а л а р ы н д а м ы ту ту р а л ы көптеген шаралар көзделгенін ат ап өтті. Ол ең алдымен электр энергетикасы жəне энергия тиімділігі салаларына қатысты болып отыр. Сенатор A. Бейсенбаев Парламент өткен жылы жəне биыл электр энергетикасы саласындағы заңнамаға «бірыңғай сатып алушы» үлгісін енгізу арқылы негізгі құралдарды жаңғырту, қайта құру, кеңейту жəне жаңарту үшін энергия өндiрушi ұйымдарға салынған инве стицияларды ұзақ мер зімде қайт аруға кепілдік беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқат ар түзетулер қабылдағаны тура лы хабардар етті. Отырыста сөз алған Павлодар облысының əкімі Болат Бақауов мəселенің маңызымен өзектілігін атап өте келіп, облыстағы электр энергетикасы саласының жай-күйімен таныстырды. С е н ато р М а н ап К ө бе н о в ө з б а я н д а ма с ы н д а эл е к т р э н е р г е т и к а с ы с а л а с ы н ы ң негізгі мəселелеріне жан-жақты тоқталды. Атап айтқанда, электр энергиясын тұтыну өсіп келе жатқанда сұраныс пен ұсынысты теңестіру шаралары қолға алынбай отырғаны, жабдықтардың жаппай тоза бастауы мен электр қуаты қорлардың аздығы, жаңартылатын энергия көздерінің болмауы, сондай-ақ Солтүстік, Оңтүстік жəне Батыс энергетикалық аймақтары арасында байланыстың əлсіздігі туралы айтылды.

WWW.MEDIAOVD.KZ

11.09.2018, СЕЙСЕНБІ

Ширек ғасырдағы сенімді əріптестік

Кеше Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовты дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

САЛАҒА СЕРПІН

Ширек ғасыр ішінде, біздің елдеріміз арасында қарқынды саяси үнқатысу мен терең экономикалық байланыст ар орнап, өзара іс-қимыл жан-жақты өнімді дамып келеді. Н. Нығматулин атап өткендей, бұл екі ел Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенконың өзара түсіністік пен до стық ниетке негізделген бірле скен тиімді еңбегінің нəтижесі. Мəжіліс Төрағасы Беларусь мемлекеті Қазақст анның маңызды ст ратегиялық əріптесі екенін алға тарта келіп, Анатолий Ничкасовтың екі ел арасындағы іс-қимылды дамытуға айрықша үле с қо сқандығына тоқталды. Бүгінде өзара ықпалдастық жəне парламентаралық əріпте стік жыл сайы н ж а ң а б и і кт е рд і б а ғ ы н д ы р ы п ке л ед і . Өткен бес жыл ішінде, екіжақты байланысты тереңдету жолында барлық деңгейде б е л с е н д і ж ұ м ы с т а р ат қ а р ы л ғ а н ы н а й т а келіп, Палата Спикері елеулі еңбегі үшін елшіге алғыс білдірді. Өз кезегінде Анатолий Ничкасов біздің елде еңбек еткен жылдар қызмет жолындағы е ң же м і с т і ке з е ң н і ң б і р і б ол ғ а н ы н ат ап өтті.

Жамбылдық полицейлер «Jac»-пен жүреді Өз кезегінде облыс əкімі А. Мырзахметов жауапты басшыларға бірқатар тапсырма беріп, бастысы бөлінген қаржыны тиімді əрі жүйелі жұмсауды тапсырды. Сондай-ақ, түн мезгілінде көшелерде болатын бұзақылық пен қылмыс тыйылмай тұрғанын ескертіп, құр статистикадан нақты жұмысқа көшетін уақыт келгендігін баса айтты. Аймақ басшысы орталық «Достық» алаңында облыстық Ішкі істер департаменті құрылымдық қызметтерінің мамандарына жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті. Салтанатты шарада ең алдымен аймақ басшысы ішкі істер саласының ауыр жұмысын жоғары бағалай келе, қоғам қауіпсіздігі үшін аянбай қызмет етуге тілектестік білдірді. – Бүгінде облыстық Ішкі істер департаментінің жұмысын жүйелеуге көп көңіл бөлінуде. Биыл салаға 7 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 миллиард теңгеге өсті. Осындай қолдаулардың жалғасы ретінде бүгін облыстық бюджеттен қаралған қаржыға 68 жаңа пат рульдік автокөлігін беріп отырмыз. Жаңа темір тұлпарларыңыз Тараз қаласы тұрғындарының тыныштығын күзетуге қалтқысыз қызмет етеді деп сенемін. Барлықтарыңызды бүгінгі қуанышпен шын жүректен құттықтаймын, – деді облыс əкімі А. Мырзахметов. Ал, облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев қолдау білдіргені үшін өңір басшысына алғысын білдірді. Бұдан кейін Асқар Исабекұлы 67 патрульдік автокөлік пен 1 шағын автобустың кілтін салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар, көліктерді

Дəулет ТӨЛЕНДІ, Жамбыл облысы Кеше облыс əкімі Асқар Мырзахметовтің қатысуымен облыстық Ішкі істер департаменті қызметкерл ерінің кеңесі өтті. Жиын барысында Асқар Исабекұлына ІІД т арапынан атқарылған жұмыстар баяндалып, жыл соңына дейінгі жоспарлар айтылды.

аралап көріп, ішкі істер саласының қызметкерлері ұйымдастырған автошеруді тамашалады. Жа л п ы , ж а ң а к ө л і кт е р д і с ат ы п а л у ү ш і н о бл ы с т ы қ қ а з ы н а д а н 4 4 7 3 7 4 9 5 0 теңге қаралған. Заманауи құрылғылармен жабдықталған темір тұлпарлар е скі көліктердің орнын алмастыратын болады. Ал, е скі көліктердің бірсыпырасы жарамсыз ретінде е с епт ен шығ арылс а, екінші бөлігі аудандарға жөнелтіледі. Осылайша, сала қызметкерлерін автокөлікпен қамту көрс еткіші 81 пайызға жетеді деп күтілуде.

Тағы бір айт а кетерлігі, «Jac S5» жəне « J a c S 3 » ма р ка л ы ж а ң а а вто к ө л і кт е рд і ң ж ы л д а м д ы ғ ы с а ғ ат ы н а 1 8 5 ш а қ ы р ы м д ы құраса, қала ішінде əртүрлі əрекет жасауға қолайлы. Сондай-ақ, Қостанай облысында құрастырылған отандық өнімнің «сүйегі» мықты. Яғни, қылмыскерлерді қуған кезде о р ы н а л у ы м ү м к і н т ү рл і қ а қ т ы ғ ы с т а р ғ а төтеп беру үшін көліктің қаңқасы арнайы ойластырылып жасалған. Осылайша, т а р а зд ы қ т ə рт і п с а қ ш ы л а р ы ж ү й р і к ə р і төзімді көліктермен қызметтік міндеттерін мінсіз атқара бермек.


2

ЖАҢАЛЫҚТАР №67 (4425),№ сейсенбі, 11.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг, 19.12.2013

Канадаф

Ə

-А М Е Л

ҚП

Т АРА

Грузия

Президенттіктен 39 адам үміткер 8 қ ы р к ү й е к к ү н і Гр у з и я д а е л президенттігіне кандидатураларды тіркеу аяқталады. Бүгінге дейін бұл лауазымға 39 адам үміткер ретінде тіркелген. Грузия Орталық сайлау комиссиясының ақпаратынша, қазірге дейін сайлауға қатысуға 39 адам өтініш берген. Оның 20-сын бастамашыл топтар, қалған 19-ын саяси партиялар ұсынған. Кандидаттарды қолдайтын қолтаңбаларды ОСК-ға сайлауға кем дегенде 40 күн қалғанда тапсыру қажет. Жалпы 23 923 қолтаңба (бүкіл сайлаушылардың 0,75%) жиналуы тиіс. ОСК оларды тексергеннен кейін, сайлауға дейін кем дегенде 30 күн бұрын жиналған қолтаңбалар мен құжаттамаларды заң талаптарына сəйкестігін тексеріп, президенттікке кандидаттарды тіркейді.

Əзірше тек төрт үміткер толық тіркеуден өтті. Олар: Михаил Салуашвили («Халық дауысы»: Құдай – біздің жол салушымыз» Əділет орнату одағы»), Звиад Багдавадзе («Жаңа Грузия – азаматтық тұғырнамасы»), Шалва Нателашвили (Грузия Лейбористік партиясы) жəне Давид Бакрадзе («Еуропашыл Грузия – Еркіндік үшін қозғалыс»).

Үндістан

Ұшқыш əйелдер қай елде көп? Халықаралық Авиация ұшқыштары қауымдастығының мəліметтері бойынша, Үндістан əйел ұшқыштардың саны бойынша бірінші орында тұр. Қауымдастықтың хабарлауынша, əлем бойынша ұшқыштардың 5%-ы əйелдер болса, Үндістанда бұл көрсеткіш 13%-ға жуық, яғни Ұлыбритания (4,77%) жəне АҚШ-ты (4,36%) қосқандағы Еуропа мемлекеттеріне қарағанда екі есе көп. 2012 жылы Үндістан гендерлік теңдік бойынша ең нашар дамыған жиырма мемлекеттің қатарында болған. Сондай-ақ, Үндістан қазіргі уақытта авиациялық нарығы жылдам дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі.

Оңтүстік Судан

Африкадағы ұшақ апаты Жексенбі күні Оңтүстік Суданда Джуба ха лықара лық əуежайынан аспанға көтерілген ұшақ апатқа ұшырады.

е-mail: nastraje@mail.ru

Күре жолдарды жөндеу жалғасады

Кеше Мəжілістегі Үкімет сағатында Инвестициялар жəне даму министрі Жеңіс Қасымбек еліміздегі негізгі жолдардың құрылысы туралы баяндады.

«Сəулелік принцип бойынша Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс жəне Орталық-Батыс дəліздерінің реконструкциясы жүргізілуде. Реконструкциялау жұмыстары 2013 жылы басталған Орталық-Оңтүстік дəлізінің ұзақтығы 1291 шақырымды құрайды. Дəліз толығымен бірінші техникалық категорияға ауыстырылады. 2013-2017 жылдар аралығында АстанаТеміртау (171 шақырым) жəне Алматы-Қапшағай (104 шақырым) учаскелерінде қозғалыс ашылды. Биыл Теміртау-Қарағанды (14 шақырым) учаскесіндегі қозғалысты ашамыз. Қарағанды қаласының айналма жолында (48 шақырым) жəне Құрты-Бурылбайтал (228 шақырым) учаскесінде жұмыстар жүргізіле бастады. Сонымен қатар, биыл қазан айында Батыс ЕуропаБатыс Қытай жобасының ағымдағы займдарын үнемдеу есебінен Балқаш-Бурылбайтал (297 шақырым) учаскесінің реконструкциясын бастауға келісімшарт жасау жоспарлануда», – деп тоқталды министр. Осы орайда Ж. Қасымбек займ жөніндегі келісімді тез арада ратификациялау бойынша депутаттардан көмек сұрады. «2019 жылдан бастап мемлекеттік кепілдік займдары есебінен Қарағанды-Балқаш (363 шақырым) жəне Құрты-Қапшағай (67 шақырым) учаскелерінің реконструкциясын бастау жоспарла-

нуда. Жалпы, жоба 2020-2021 жылы аяқталады деп болжап отырмыз. Ұзақтығы 904 шақырым болатын Орталық-Шығыс дəлізінің реконструкциясы толық қарқында жүргізілуде. Бүгінгі күні Астана-Павлодар (200 шақырым) жəне Павлодар-Семей-Қалбатау (204 шақырым) учаскелерінде қозғалыс ашық. Биыл 500 шақырымда жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде 239 шақырым жолды осы жылы, қалған 261 шақырымды 2019 жылы аяқтаймыз. Осылайша, биыл Астанадан Павлодарға дейінгі, ал 2019 жылы Қалбатауға дейінгі қозғалысты толық ашамыз», – деді ведомство басшысы. Айта кетейік, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015-2017 жылдары халықаралық жəне республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы мен реконструкциясына 932 миллиард 4 миллион теңге бөлінді (Оның ішінде Ұлттық қордан 472,8 млрд теңге). Бөлінген қаржы еліміздің барлық аймақтарында 5,6 мың шақырымнан астам жолға құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. 3 жылдың қорытындысы бойынша 1,8 мың шақырым жолда қозғалыс ашылды. Барлық жобаларға 80 мыңға жуық адам тартылды. Отандық өндірушілер материалдарының үлесі 95 пайыздан асады.

«Телеграмның» қазақша қосымшасы Қазақстандық Тимур Бехер Telegram мобильді қосымшасының интерфейсін қазақтілді қолданушыларға ыңғайлап жасап шықты. Ресейлік ЖОО түлегі 24 жастағы Тимур Бехер өзінің серіктерімен қазақтілді қауымның Телеграмды кедергісіз қолдануы үшін интерфейсті қазақшалауды қолға алған. Бұған дейін мобильді қосымша интерфейсінің 13 тілді нұсқасы бар болатын. «Қазақстандықтар үшін өте қолайлы мобильді қосымшаның қазақтілді интерфейсінің болмауы мен үшін түсініксіз жайт. Елімізде қазақ тілін дамытуға байланысты көптеген жұмыс атқарылып жатыр, сондықтан біз Телеграмды қазақшалауды жөн деп таптық. Өзім қазақ тілін жетік меңгермегендіктен аудармашы жалдадым. Жұмыс осымен бітті деп айта алмаймын, мобильді қосымша уақыт өткен сайын жаңарып отырады. Тиісінше қолданысқа жаңа сөздер енеді», – деді Тимур Бехер. Жоба авторының айтуынша, қазақша Телеграмда қателіктер болуы мүмкін. Сондықтан қолданушылар тарапынан ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда скрин-көшірмені @qz_gram дайректіне

жолдай алады. Телеграм қолданушылары өз мессенджерін қазақша интерфейске ауыстыру үшін файлды @QazTransBot ботынан жүктеп алып, нұсқаулық бойынша орнатуы тиіс. Қазақтілді нұсқа iOS жəне Android платформаларында қолжетімді. Telegram-region мəліметінше, Телеграм мессенджері Қазақстанда ең көп жүктелген мобильді қосымшалардың бірі. Əр күн сайын əлемде бұл мессенджер қолданушыларының саны жарты миллион адамға артып отырады.

Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысына орай баспасөз мəслихатын өткізді.

Жиын барысында Бекболат Тілеухан соңғы 2-3 күнде əлеуметтік желілерде талқыланып жатқан көкпаршыларға қатысты мəселеге байланысты сұраққа жауап берді. «Бізден ересектер құрамасы барған жоқ (Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына - авт.) Алдыңғы

Қазақстандықтар бұдан былай мекенжай жəне неке туралы анықт ама секілді бірқатар құжаттарды қолындағы смартфонымен-ақ ала алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қоғаммен байл аныс д е п а рт а м е н т і н і ң д и р е кт о р ы М ұ р а т Жұманбай Фейсбуктегі парақшасында жария етті. Мұрат Жұманбай əлеуметтік желіде бөліскен шағын видеода мемлекеттік қызметті алудың ыңғайлы түрі толық баяндалады. «Ең жиі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бір бөлігіне бұдан былай электронды-цифрлы қолтаңбасыз қол жеткізуге болады. Мекенжай туралы анықтама, архив анықтамасы мен неке туралы анықтаманы ендігі кезекте электрондыцифрлы қолтаңбасыз алуға жол ашылып отыр. Бұл үшін тек мобильді телефон мен бір реттік СМС-хабарлама ғана керек. Ол үшін не істеген жөн? Ең алдымен, egov. kz сайтына тіркелу қажет. Осыдан кейін телефон нөміріңізді ЖСН-ге (Жеке сəйкестендіру нөмірі) бекіту керек болады. Ол үшін өз ұялы телефоныңыздың нөмірін енгізіп, «тексеру коды» батырмасын басыңыз. Кодты алғаннан кейін сіздің телефоныңызда шыққан жазба орнына енгізіп, «тіркелу» батырмасына басыңыз. Сервис сізге отызға тарта қызметті көрсетеді», – делінген видеода.

ЖСН телефон нөміріне бекітілгеннен кейін жаңа сервиспен келесі рет бойынша жұмыс атқара аласыз. Яғни, Еgov.kz сайтынан белгілі бір құжатты алғыңыз келсе, өтінімді смартфон арқылы сайтқа кіріп жазып жібересіз. «Сізден осы кезде тексеру кодын енгізу керектігі сұралады. Сіздің телефоныңызға тексеру коды СМС-хабарлама күйінде келеді. Оны сіздің телефоныңызда шыққан жазба орнына енгізу керек. Жүйе сіздің өтініміңізді қанағаттандырып, сізге электронды-цифрлы қолтаңбасыз қызмет көрсетеді», – делінген видеода.

Жауын-шашын болып, ызғар жүреді

Көкпарға қатысты түсінік берді

Оңтүстік Судан ақпарат министрі Табан Абель Агектің мəлімдеуінше, ұшақ көлге құлаған. Салдарынан кем дегенде 20 адам опат болды. «Кем дегенде 20 адам қаза тауып, үш адам аман қалды», – деді ол. Аман қалғандардың бірі – италиялық дəрігердің жағдайы ауыр. Қазір оған Йирольдағы ауруханада ота жасалуда. Оқиғаға куə болғандардың айтуынша, қаза тапқандардың денесі судан шығарылды. Хабарларға қарағанда, мерт болғандардың кем дегенде үшеуі – бала. Оңтүстік Суданның Джубадағы Азаматтық авиация басқармасының атқарушы директоры Дэвид Субек қайғылы оқиғаны растады. Алайда, құрбандардың нақты санын айта алған жоқ. Соңғы жылдары Оңтүстік Суданда бірнеше əуе апаты болды. 2017 жылы ауа райының қолайсыздығынан шағын ұшақ құлап, төрт жолаушы зардап шекті. 2015 жылы бортында жолаушылары бар ресейлік жүк тасымалдаушы ұшақ құлап, ондаған адам қаза тапқан болатын.

Смартфонмен алынатын құжаттар

ере с ектер құрамасы барған ке зде біздің көкпаршылар екінші орын алып қалған. Үнемі ұтылып жатты. Сондықтан көкпаршылармен, осы саладағы мамандармен ақылдастық. Бұл Азия неме се Əлем чемпионаты еме с, бар болғаны фестиваль ғой. Біз бұл додаға жастар командасын салдық. Жастар да додаға түсіп, сол сыннан өтуі керек. Қырғызстанда ойнаған Қазақстанның жастар командасы. Мақсатымыз орындалды. Барды, ойнады, өте жақсы дəрежеде өнер көрсетті деп ойлаймын», – деді Бекболат Тілеухан. Ұлттық спорт қауымдастығының президенті əлеуметтік желідегі пікірлерге қатысты ойын жеткізді. «Спорт болғаннан кейін біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Ересектерді жіберсек, жеңіп тұрғанымыз анық. Енді жастар да кіріспей м е ! ? Б і зд і ң же т е к ш і р е т і н д е а л д ы м ы з ғ а қойып отырған негізгі мақс ат бар – бұл əділдік. Қазақстанның жеріне кеп ойнағанда, аударыспағыңыз болсын, көкпарыңыз болсын

Синоптиктер 11-13 қыркүйекке ауа райы болжамын жасады. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ауа райы жаздағыдай жылы болса, республиканың қалған аумақтарына күз келді. 11-13 қыркүйекте солтүстік, орталық жəне шығыс облыстарда жаңбыр жауады, соңы қарға ұласуы ықтимал. Сондай-ақ, 1-3°С суық болады. Ауа температурасы климаттық нормадан 2-4°С төмен болуы ықтимал. Тек батыс пен оңтүстікте климаттық нормадан жоғары болады.

– əділдіктен бір сантиметр тайған жері жоқ. Өйткені, қалыптасу кезеңіндегі ойын болғаннан кейін басталмай жатып, əділетсіздікке баратын болсақ, берекесі кетіп қалады», – дейді ол. Бекболат Тілеухан, сонымен қатар, «Ұлттық спортқа қаншама ақша бөлінді?» деген сұраққа жауап берді. «Ашығын айтайын, осы уақытқа дейін 200 миллион теңге бөлінді. 40 пайызға жуығы жүлде қорына кетті. Оны білу қиын емес. Жеңіс тұғырында тұрған спортшылар қолына сертификатты ұстап тұр. Сонда санап алсаңыздар, сол соманың 30-40 пайызы шығады», – дей келе Бекболат Тілеухан осы уақытқа дейін ұлттық спорт түрлерін өркендетуге үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Айт а кет с ек, о сыған дейін Қырғыз Ре спубликасында өткен ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші о р ы н а л ғ а н б о л ат ы н . С о н д а й - а қ , қ а з а қ көкпаршылары аталмыш ойындарда өзбек спортшыларынан жеңіліп, қола медальды місе тұтқан еді.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №67 (4425), 11.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

САЛТАНАТТЫ ШАРА

Ел азаматына қойылған ескерткіш Жадыра МЫРЗАХМЕТ

Биыл мемлекет жəне қоғам қайраткері, алғашқы милиция генералы, Қазақ КСР Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың туғанына – 110 жыл. Осы айтулы датаға орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Семей қаласы, Абыралы ауданы, Қайнар ауылында қайраткерге ескерткіш ашылды.

Ескерткіштің ашылу салтанатына орай Ішкі істер органдары мен ҰҰ ардагерлері қазақстандық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, генерал-майор Рүстем Қайдаров біртуар тұлғаның туып-өскен жеріне арнайы ат арытып барып, игі істің куəсі болды. «Халқымыздың «өлі разы болмай, тірі байымайды» деген қанатты сөзі бар. Біздің ұстазымыз, басшымыз, министріміз болған марқұм генераллейтенант Шырақбек Қабылбаев тірі болса, биыл 110 жасқа келеді екен. Осы мерейлі датаға орай «АбыралыДелеген» атты қоғамдық қордың төрағасы Марат Серікжанұлы мұрындық болып, ағамыздың рухына арнап ескерткіш ашып отыр. Бұл біз

үшін, ел үшін елеулі оқиғалардың бірі, мерейлі сəт деп білемін. Осы игі іс-шараға қатысу үшін Абыралы ауданының орталығы болған Қайнар ауылына келіп жеттік. Ауылдың орталық алаңында осы ауылдың төрт арысына, ғұлама ағаларымызға арнап ескерткіш қойылған екен. Шəкеңе қойылған ескерткіш осы қатарды толықтырып отырған жайы бар. Бүгін асқаралы азаматымыздың əруағы бір аунап түскен болар», – деді Өмірзақ Құспанұлы өз сөзінде. Ескерткіштің ашылу салтанатына біртуар азаматтың ауылдастары, ауыл əкімі, туған немересі, қызметтес болған əріптестері, қоғамдық бірлестіктің төрағасы қатысты. Жиналған қауым данқты тұлғаны еске алды. «Шырақбек Қабылбаев – КСРО Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген

қызметкері деп бағаланған асқаралы тұлға. Ол кісінің өмір жолына мəн берген адам үлкен ұлағатты байқайды. Талай жауапты кезеңдерде қалай шешім қабылдап, қалай əрекет етудің кесімді үлгілерін көреді. Шырақбек Қабылбаев – өмірдің ащысы мен тұщысын бірдей көре жүріп, терең білімі мен қажымас жігерінің арқасында халық құрметіне бөлене білген бақытты жан. Шырақбек ағамыз түрлі лауазымды қызметте жүрсе де, өзінің туып-өскен жерін, оның азаматтарын əрдайым қолдап жүруден танбаған. Əсіресе, ұлттық өнердің жанашырына айналған. Оған мысал, ол Қазақ КСР ІІМ-нің ансамблін құрған, М. Əуезовтің домбырасын сақтап, дəстүрлі əнші Жəнібек Кəрменовті ансамбль құрамына алып, оған ағалық қамқорлық көрсеткен», – деп түйіндеді сөзін Рүстем Қайдаров. Шырақбек Қабылбаевтың қызмет жолына қысқаша тоқталып өтсек. Ол екі мəрте Қазақ КСР Ішкі істер министрі болған. Алғашқыда еңбек жолын педагогикалық бағытта бастағанмен, кейін, 1932 жылы Кеңес армиясы қатарына шақырылып, содан əскери қызметтегі даңғыл жолы өз жалғасын табады. 1938 жылға дейін ІІХК органдарында қызмет атқарып келіп, оның өмірінде үлкен бір өзгеріс орын алады. Сол кездегі Қазақстанның КПОК хатшысы Жұмабай Шаяхметовтің көмекшісі болып жұмысқа кіріседі. Қызметтің сатылы баспалдақтарынан сүрінбей өткен Шырақбек Қабылбаев өз ісін мүлтіксіз орындауының арқасында Қазақ КСР Министрлер кеңесіне ауыстырылады. 1959 жылы Теміртау қаласында болған жұмысшылардың жаппай тəртіпсіздігі кезінде Шырақбек Қабылбаев министр болып тұрған. Жоғары басшылық кінəсі жоқ Қабылбаевты қызметтен шеттетеді. Бұл жазықсыз жазғырылу екені белгілі. Алайда, арда азамат еңсе түсірмеді. Адал əрі үздік қызметтің арқасында 1967 жылы бұрынғы лауазымы – Қазақ КСР Ішкі істер министрі лауазымына қайта оралды.

СЕМИНАР-ЖИЫН

Қылмыстық əділсоттың қос жобасы Ішкі істер министрлігі нəтижелі жəне тиімді жұмыс тəсілін жасап шығару үшін Еуропалық Одақтың «Қазақстанда қылмыстық əділсот жүйесін жетілдіру» жобасы аясында ішкі істер органдарын модернизациялау жөніндегі «Жобалық кеңсені» іске қосты. Жо б а л ы қ ке ң с е ж ұ м ы с ы н а Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің əртүрлі құрылымдық бөліністерінің мамандары мен құқық қорғаушылар, сондай-ақ, полицейлер жұмысын ұйымдастыру бағытындағы халықаралық мамандар мен сарапшылар, атап айтқанда, Германияның құқық қорғау органдарында еңбек еткен Барбар Энгерс, Ұлыбританиядан Билл Мейзер жəне Солтүстік Ирландиядан Томас Петерсон қатысты. Ке ң с е е л і м і зд і ң і ш к і і с т е р органдарының қызметтік процестеріне ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізді, мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау жүйесін модернизациялаудың шетелдік жəне отандық тəжірибесін зерделеді. Қазіргі күні Кеңсенің 24 жобасы бар, солардың ішінен министрлік полиция фронт-офисінің «Азаматтар үшін қабылдау бөлмесі» жобасын жəне «Тиімді полиция: жұмыс уақытының рационалды регламенті» жобасын іске асыруға кірісіп кетті. «Азаматтар үшін қабылдау бөлмесі» жобасының негізгі бағыты – ішкі істер органдары кезекші бөлімдерінің қызметіндегі клиентке бағдарлану жəне ол бүгінде аймақтық бөліністерде іске асырылу сатысында. Биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындыларына арналған ІІМ Алқа отырысы нəтижесінде Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ІІД бастықтарына осындай тапсырма берген болатын. Аймақтарда қосымша шығындардың қажеттігін ескеріп, жобаны жыл аяғына дейін енгізу тапсырылды.

Арыз түсіретіндердің үштен бірінен аз бөлігі құқық бұзушылықтар туралы шағым жасап, қалғаны əртүрлі консультативтік көмекке жүгінетіндіктен, бірінші кезекте жоба бойынша кезекші бөлімдерде азаматтарды қабылдау жəне оларға егжей-тегжейлі кеңес беру үшін қолайлы жағдай жасау жоспарлануда. «Жұмыс уақыты регламенті» жобасы жұмыстың уақыт регламентін сақтай отырып, полиция қызметі функцияларын тиімді орындауға, адам капиталын пайдалануға теріс ықпал ететін себептер мен жайттарды жоюға бағытталған. Осы жоба бойынша, сондай-ақ, қызметкерлердің жұмыс процесіне талдау жүргізіліп, олардың жалақыларын көтеру үшін шығындарды үнемдеу мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар, құжат айналымының кемшіліктері, ішкі істер органдарындағы əртүрлі есеп беру формаларының

саны, уақыт регламентін сақтаудың э ко н о м и к а л ы қ т и і м д і л і к т е р і , қызметкердің психологиялық күйініші мен отбасынан жырақта жүруі, т.б. мəселелер зерделенді. Министрлік Ақмола облысында «Жұмыс уақыты регламенті» үш айлық пилоттық жобасын іске асырып, сол жаққа ІІМ Жобалық кеңсесінің өкілдерін жіберіп, сарапшыларды, жұмыс процесі бойынша мамандарды, аналитиктер мен экономистерді тартуды жоспарлауда. Жобаны мониторингілеу жəне үйлестіру үшін облыстық ІІД құрған арнайы фокустық топ халық тарапынан түскен тиімді ұсыныстарды да қабылдайды. Жобаны іске асыру нəтижелері бойынша жұмысты тиімді ұйымдастыру жəне уақыт пен адам ресурстарын пайдалану, полицияда құжат айналымы жүйесін қайта жасақтау, жұмыс уақытын бақылау жүйесін техникалық тұрғыда шешу жəне жобаны басқа да аймақтарда одан əрі масштабтау бойынша ұсыныстар жасалады. ІІМ баспасөз қызметі

е-mail: nastraje@mail.ru

3

МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Отбасы – Отанымыздың ошағы Бауыржан БЕРІКҰЛЫ, суретті түсірген Қанат КӨЛБАЕВ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні мерекесі ретінде тойланып келеді. Мерекенің мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту.

Президент өз сөздерінде мемлекет отбасыдан басталатынын, сол себепті де біздің қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңызы зор екендігін бірнеше рет айтқандығы белгілі. Ол: «ХХI ғасырдың ортасында ең дамыған мемлекеттерде отбасылардың басым бөлігі тыныштық пен молшылықта өмір сүретін болады. Бала тəрбиелеп, оларға сапалы білім береді, аға ұрпаққа қамқорлық көрсетіп, саламатты өмір салтын ұстанады», – деп атап өткен болатын. Осылайша, еліміз бойынша кеңінен аталып өтіп, халыққа ерекше көңіл күй сыйлап жүрген мейрамды ІІМ ұжымы да Астанадағы «Тайтөбе» демалыс орнында айрықша өткізді. Іс-шараға Ішкі істер органдары жəне Ұлттық ұлан ардагерлері қазақстандық кеңесі төрағасының орынбасары, ІІМ Орталық аппараты Ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция полковнигі Берік Сүлейменов арнайы қатысып, тəртіп сақшыларын мерекемен құттықтады.

Берік Сүлейменов өз сөзінде бұл мейрам отбасы үшін өте қажет екенін, Қазақстан халқы оны алғаш рет 2013 жылдың 8 қыркүйегінде атап өткенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол: «Бүгін, өздеріңіз куə болып отырсыздар, күннің көзі де жарқырап тұр. Сіздерді Ардагерлер кеңесінің атынан құттықтаймын! «Отбасының жемісі – тəрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсін! Əр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, мерекелеріңіз құтты болсын!», – деді. Бұдан соң полиция қызметкерлері бір сəт қарулары мен қызметтік киімдерін спорттық киімге алмастырып, өзара түрлі сайыстар ұйымдастырды. «Отбасылық спорт» номинациясы бойынша түрлі кедергілерден өту, нысанаға дəл тигізу, балық аулау бойынша жарысқа түсті. Нəтижесінде Молдахановтар отбасы кедергілерден өту бойынша 1-орынды жеңіп алды. Ал Байəділовтер отбасы 2-орынға көтерілсе, Исақовтар отбасы 3-орынды місе тұтты. Сонымен қатар, «Балық аулау» спорты түрінен Абылай Тахиров жеңімпаз деп танылды. 2-орынды Нұрəділ Манаш иеленсе, 3-орын Асқар Əбдірахмановқа бұйырды. Ал «Нысана ату» спорт түрінен тəртіп сақшыларының 5-8 жас аралығындағы балалары сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Əділжан Ерасыл жеңімпаз болды. 2-орынға Серік Диас көтерілсе, 3-орынды Рамазан Асқарұлы иеленді. Ал 4 жастағы Алдияр Махамбетов «Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинациясымен марапатталды. 9-12 жас аралығы бойынша күш сынасқан балалар ішінде Аружан Сүлейменова 1-орынды жеңіп алса, 2-орынға Иордана Молдажанова ие болды. Ал 3-орын Диана Бектұрға бұйырды. Іс-шара соңында ҚР ІІМ Мəдениет орталығының өнерпаздары жəне балалар студиясының əншілері əннен шашу шашып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Балаларға жеке төлқұжат керек «Жеке басты куəландыратын құжаттар туралы» Заңға сəйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжатына 16 жасқа дейінгі балалары туралы жазу енгізілуі мүмкін, ата-аналарымен бірге шетелге барған жағдайда балалардың фотосуреттері жапсырылады. Əлемдегі терроризм мен экстремизм қаупіне байланысты көптеген елдер өз шекарасынан өткізу тəртібін қатаңдатты. Əлемдік қауымдастық төлқұжаттық-визалық бақылаудан өткізуді, жеке тұлғаны растау үлгілерін жетілдіріп, бүгінде биометриялық мəлеметтері бар құжаттар (цифрлы фотосуреттер, саусақ таңбасы, көз шарасының кескіндемесі жəне т.б.) беруге көше бастады. Қазіргі уақытта мемлекеттерінің шекарасынан кіргізерде ата-анасымен ел аумағынан шыққан 16 жасқа дейінгі балаларда Қазақстан Республикасы төлқұжаты болуын міндеттейтін елдер көбейгені байқалады (мəселен, Шенген аумағындағы еуропалық мемлекеттер, АҚШ, БАƏ жəне басқа елдер). Сондықтан біздің еліміздің азаматтары басқа елдердің шекарасынан еркін өтуін қамтамасыз ету үшін ІІМ ата-аналарының төлқұжатына 16 жасқа дейінгі балалардың фото суреттерін жапсыруды алып тастауды қарастыратын заңға өзгерістер енгізеді. Соған сəйкес, шетелге шығатын балаларға жеке төлқұжат рəсімдеу қажет болады. Бұл жаңа өзгеріс 2019 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. ІІМ баспасөз қызметі


4

ҚЫЗМЕТ №67 (4425),№ сейсенбі, 11.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг, 19.12.2013

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА

ІІМ пробация институтын жетілдіруде

Ішкі істер министрлігі Еуропалық Одақтың «Қазақстанда қылмыстық əділсот жүйесін жетілдіру» жобасымен бірлесіп «Пробация институтын жетілдіру» пилоттық жобасын өткізді. Оның мақсаты – пробацияның қолданыстағы үлгісін жетілдіру, жұмыс процестерін талдау, құқық бұзушының қауіп-қатерін бағалау жүйесін енгізу, сотқа дейінгі баяндаманың маңыздылығын арттыру. Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың тапсырмасымен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы халықаралық сарапшы Джон

Скоттың (бұрын Ұлыбританияның пробация қызметін жəне еуропалық пробация қызметтерінің конфедерациясын басқарған), сондай-ақ, ұлттық сарапшылардың қатысуымен биылғы мамыр-тамыз айларында қылмыстық атқару жүйесі пробация қызметкерлерінің қызметтік жүктемелеріне жəне олардың басқа да субъектілермен өзара іс-қимыл жасасу процесіне хронометраж, талдау жəне бағалау жүргізді.

Сарапшылар құқықтық жəне ұйымдастырушылық мəселелерді зерттеп, құқық бұзушының қауіп-қатерін бағалау жүйесін қолдану жəне сотқа дейінгі баяндаманы дайындау бойынша пилот жүргізіліп жатқан өңірлердің (Астана қаласы Сарыарқа ауданының, Павлодар облысы Баянауыл ауданының жəне Қарағанды облысы Теміртау қаласының пробация қызметтері) пробация қызметкерлерімен тренингтер жүргізді. Жұмыс тобының пилоттық жобаны аяқтау қорытындысы бойынша Қазақстанда пробация институтын одан əрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалынды. Мəселен, пробация қызметі есепте тұрған адамдарды бақылауды күшейту немесе азайту қажеттілігін анықтау үшін оның құқық бұзушылық қауіпқатерін бағалау құралын еліміз бойынша енгізуді ұсынды. Сарапшылар тобы сотқа дейінгі сатыда əлеуметтік-құқықтық көмек ұсыну механизмін қарастыруды ұсынып, атап айтқанда, пробация қызметі соттың қылмыстық жазаның альтернативті шарасын тағайындағаннан кейін аталған көмекті сотқа дейінгі баяндама негізінде ұсынуды айтты. ІІМ баспасөз қызметі

АЙМАҚ

Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын Нағима ƏШІМҚЫЗЫ, Қарағанды қаласы

Біз отбасында болып жатқан зорлық деректері тек сол отбасының ішіне қатысты деген қате пікірге кездесіп жатамыз. Күнделікті тəжірибеде байқағанымыздай, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа əлсіз балалар, қарттар, мүгедектер, əйел қауымы көбірек ұшырайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша елімізде сан алуан акциялар, кездесулер, семинарлар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттар жарияланып жатады. Қазіргі таңда елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен əйелдерге психологиялық көмек көрсететін орталықтар бар. Дегенмен, отбасында күнде жəбір көріп жүрген əйелдердің тоқсан пайызы бұл орталықтарға баруға ұялып, өз проблемасымен оңаша қалады. Бұған себеп – ұрыс-керісті босағадан шығармау, балаларының əкесіз өскенін қаламау, материалдық тəуелділік, баспана мəселесі. Қазақ халқында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген жақсы мақал бар. Күнделікті отбасында əкесінің ішіп келіп, жанжал шығарып, анасына қол көтеруін көріп өскен баланың психологиялық жүйкесіне зақым келеді. Болашақта өз отбасында ата-анасының осы қателіктерін қайталамасына кім кепіл?! Жуырда Қарағанды облыстық ІІД жəне облыстың білім беру, денсаулық сақтау мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдарының қолдауымен «Отбасындағы мейірім» атты кең көлемді акция өтті. Шараға қалалық Қарағанды қаласы əкімдігінің жанындағы отбасылық демографиялық комиссия мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау органдары, еңбекпен қамту жəне мəдениет пен ақпарат ұйымдары, Қарағанды

облысы бойынша Қызыл Крест жəне Қызыл Жарты Ай Қоғамы жəне БАҚ өкілдері белсене қатысты. Қарағанды қалалық ІІБ ЖПҚ ұйымдастыруымен «Мейірімділік əлемі» кризис орталығында өмірдің əртүрлі қиын жағдайларына тап болған адамдарға психологиялық жəне құқықтық көмек көрсету үшін Қарағанды қалалық ІІБ ЖПҚ жəне «Мейірімділік əлемі» АҚ мүшелері қабылдау жүргізді. Сондайақ, шара ұйымдастырушылары отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында Қарағанды қаласының жалпы білім беретін орта мектептерінде жəне жоғарғы оқу орындарында дəрістер жəне

150-ге жуық қару тапсырды

дөңгелек үстелдер өткізді. Іс-шара ұйымдастырушылары Қарағанды қаласының Құрметті азаматтары, ерлі-зайыпты Татьяна Васильевна жəне Александр Балабастың отбасында болып, олар қырық жыл отасқан үлгілі отбасы ретінде тəжірибелерімен бөлісті. Шара ұйымдастырушылары ардагерлерді құттықтап, бағалы сыйлықтар ұсынды. Шараның соңғы күні Қарағанды қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің əйелдерді зорлықзомбылықтан қорғау бойынша тобының аға инспекторы, полиция майоры Бақытгүл Қаржаспекова Қарағанды қаласы тамақтандыру жəне сервис колледжінің студенттерімен жəне «Өзіңді зорлық-зомбылықтан қорға» ақпараттық компаниясының мүшелерімен бірлесе отырып, Қарағанды қаласының Оңтүстікшығыс жəне Михайлов секторларында флеш-моб өткізді.

е-mail: nastraje@mail.ru ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Сотталғандарды əлеуметтендіру – маңызды стратегия Ұлт жоспарының «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жəне пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды əлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін құру» атты 33-қадамын іске асыру мақсатында Президент Жарлығымен 2017-2019 жылдарға арналған «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жəне пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды əлеуметтік оңалтудың Кешенді стратегиясы» бекітілді. Мемлекеттің саясаты бірінші кезекте бүгінгі таңда орын алып отырған қылмыстылық деңгейін төмендету, яғни, қазіргі қылмыстық атқару саясаты екі кезеңмен өткізілетін сотталғандарды əлеуметтендіруге бағытталған бағыттың бірі болып табылады. Сол себепті əлеуметтік жобаны іске асырудың басты міндеттері – бірінші кезеңде түзелу жолына түсіру, яғни, сотталғандарды бостандыққа даярлау, екінші кезеңде жазасын өтеген соң, əлеуметтік бейімдеу жəне бұрынғы сотталғандардың қоғамдық көзқарастарын өзгерту. Түзелу жолына түсіру мақсатында Қарағанды облысының мекемелерінде «Қақпа алдында кездесу» пилоттық жобасы табысты іске асырылуда. Бүгінде АК-159/18 жəне АК-159/20 мекемелерінде «оңалту түрмесі» пилоттық жобасы қолға алынған. Жобаның мəні – бас бостандығынан айырылған сотталғандарды даярлауды үздік əлемдік стандарттарға сəйкес жүргізу, қайталанған қылмыстардың алдын алу саласындағы проблемаларды уақытылы шешу. Сонымен бірге, «оңалту түрмесінің» субъектілері «адам бостандығынан айырылса, ол жазаланған болып саналады» принципін түсінуі жəне ескеруі тиіс. Бас бостандығынан айыру орындарында əлеуметтендіру мекемеге түскен алғашқы күннен басталады. Мұнда бірінші кезекте психологтың қызметімен əр сотталғанның жеке басын зерделеу арқылы психокорреция жүргізіліп, жаңа ортада бейімделу кезеңінен өтуіне мүмкіндік береді. Сотталғанның бұдан арғы жазасын өтеуінде еңбек, құқықтық, эстетикалық, адамгершілік, физикалық жəне ағарту сипатындағы процестер орын алады. Тəрбие аппараты туыстармен жəне жақын адамдарымен үзілген əлеуметтік байланыстарын қалпына келтіру, тұрмыстық жадайларын түзеу (бостандыққа шыққан соң, мекенжайын анықтау, мекемеде алған мамандығы бойынша жұмыспен қамту) жəне сотталғанның бойында заңды сыйлайтын жəне азаматтық қоғамның нормаларына толық жауап беретін мінез-құлқын қалыптастыру міндеттерін орындайды. Соған байланысты облыстық мекемелерде тұрақты түрде оң нəтижелерге жетуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп, оның көрсеткіштері құқық бұзушылықтың артуын төмендету жəне мекемелерде сотталғандарды жұмыспен қамтуды арттырудан көрініс тауып отырады. Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының концепциясына сəйкес, 2010 жылдан 2020 жылға дейін қылмыстық жазаларды орындау жүйесінде маңызды мəселелерінің бірі – бас бостандығынан айырылған сотталғандарды жұмысқа орналастыру проблемасын шешу. Жұмыспен қамтылған сотталғандар санын арттыру аясында жеке кəсіпкерлерді тарту жұмысы жүргізіліп, олар өз кезегінде жазасын өтеуші сотталғандарды өздерінің бизнестеріне тарту жұмыстарын жүргізеді. Бүгінде облыстық мекемелер аумағында 34 объект ашылған, оның 24-інде «Еңбек» РМК-нің «ЕңбекҚарағанды» филиалы жəне 10 сотталған ЖК-мен бірігіп жұмыс атқарып отыр. Осы айтылғандар сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыру перспективасын көрсетеді жəне ерікті түрде теңбе-тең шаралар көзделген жағдайда сотталғандарға өздерінің еңбек қызметтерінің нəтижесінде қарыздарын да өтеуіне мүмкіндік беріп отырады. Сонымен бірге, бір айта кететін жағдай, жергілікті атқару органдарымен өзара біріккен жұмысты жандандыру арқасында сотталғандарды əлеуметтендіру ісі де алға басып келеді. Бір сөзбен айтқанда, бас бостандығынан айыру орындарында бостандықта пайда болуы мүмкін перспективалы проблемаларды шешу кең ауқымды əлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету спектрін туғызады. Бұл, əсіресе, бостандыққа шыққан алғашқы кезеңдерде көп көмегін тигізуі мүмкін. Жоғарыда жазылғандар негізінде айтарымыз, əлеуметтендіру – бұрын сотталған адамдарды қоғамға заңды сыйлай білетін азаматтар ретінде кіріктіруге бағытталған кешенді шаралар болып табылады. Соған байланысты, мекемелердің əрбір қызметкерінің алдында əр сотталғанды жаңаша қырынан тани біліп, оның өзінің жеке басын қайта тəрбиелеуіне қол жеткізуге негізделген, адамды қайта тəрбиелеп шығаруға бағытталған күрделі міндеттер тұр. Д. ҚАНАТБЕКОВ, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы

АКЦИЯ

Облыс аумағында ұйымдастырылған акция аясында тұрғындар атыс қаруларын тəртіп сақшыларына тапсырды. Тегін емес, əрине. Өз мəресіне жеткен акцияда əртүрлі 147 қару тапсырылған. «Сəуір айының басынан тұрғындардан қаруларды қабылдау-тапсыру жəне сатып алуды бақылайтын 20 комиссия жұмыс атқарды. Қаруды өз еркімен

тапсырғандар үшін 6 миллион теңге өтемақы төленді. Өткізілген қарудың көбі – тегіс ұңғымалы аңшы мылтығы. Дегенмен, арасында сирек кездесетін көне түрлері

де бар. Бұл акция жайлы ақпарат өңірлік жəне аудандық БАҚ-та үнемі жарияланды. Қазіргі таңда полицейлер осы шараны бұдан əрі жалғастыру үшін қосымша 5 миллион теңге қаржы бөлуге сұраныс жолдады», – деп хабарлайды Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі. Талдықорған мен Сарқан қалаларының тұрғындары белсенділік танытып, ерікті түрде

50-ге жуық мылтық тапсырған. Əсіресе, облыс орталығының бір тұрғыны əр қаруы 200 мың теңгеден астам сомаға бағаланған 4 қару өткізді. «Сонымен қатар, бұл акциядан тыс лицензия – рұқсат беру жүйесінің желісі бойынша қару иелерін тексеру жұмыстары жалғасуда. Осы жылы 832 қару иесі əртүрлі бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды. Оларға

20 009 600 теңгеге айыппұл салынды», – деп атап өтті құзырлы ведомство өкілдері. Айта кетейік, 79 адам қаруды заңсыз сақтағаны үшін əкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға 4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Тəркіленген қарулар қайта балқытуға жолданды. Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі


АЗАМАТТЫҚ ҮН №67 (4425), 11.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ:

5

Тілдің мемлекетшілдік мүддесін ойласақ Елімізде «Тілдер туралы» Заңның қабылданғанына биыл – 29 жыл. 1989 жылдың 22 қыркүйегінде қол қойылған құжатта «қазақ тілі – мемлекеттік, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл» деп бекітілді. Отыз жылға жуық уақыт бойы бұл күнді тілдер мерекесі ретінде тойлап келдік. Тек соңғы бір жыл көлемінде бұл дата 5 қыркүйекке ойысты. Осының себебін сұрап, сондай-ақ, əңгіме барысында қазақ тілінің бүгіні мен болашағы, мұғалім мəртебесі, жастар мəселесі туралы ой-тұжырымын білмек ниетте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің əлеуметтік-мəдени даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫНА арнайы жолыққан едік.

– Дихан Қамзабекұлы, мемлекеттік мейрам болмаса да көпұлтты еліміз үшін маңызы мен мəні бөлек мереке күнін ауыстырудың басты себебі неде? – Мемлекеттігіміз бен елдік деңгейімізді анықтайтын Тілдер күні – белгілі бір деңгейде кəсіби мейрамға жақын халықтық мереке. Заң қабылданған күн 22 қыркүйекті «Қазақстан этностары тілдерінің мерекесі» ретінде атап өту – қалыптасқан үрдіс. Ал 5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Естеріңізде болса, бірер жыл бұрын Ақаңның өз қолымен жазған өмірбаяны табылып, сонда туған күні ретінде 5 қыркүйекті көрсеткен екен. Содан бастамашыл азаматтар шығып, «дəл осы күнді Тілдер мерекесі ретінде атап өтсек» деген ұсыныс жасады. Қоғам бұл осынысты түсіністікпен қабылдады. Қазіргі таңда бұл шешім тек министрлік деңгейінде ғана қабылданып отыр. Рас, заң қабылданған күн бар. Ол – 22 қыркүйек. Сол уақыттың биігімен қарасақ, бұл да тарихи күн. Себебі, 1989 жыл – «егемен елміз» деп əлі азаттығымызды толық айқындамаған, аяғымыздан нық тұрмаған елең-алаң кезіміз еді. Сондықтан да еліміз үшін бұл заңның тарихи орны ерекше, құндылығы зор. Алайда, уақыттың заңы мен заманның талабы өмірде қатып қалған ешнəрсе жоқ екенін аңғартты. Бір өзі қазақ тілінің емлесін құрып, əліпбиін жасап, «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп ұлты үшін тер төккен Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен еңбегін дəл осы мереке аясында дəріптесек, ұтарымыз да, ұрпаққа ұқтырарымыз да көп. Жалпы, мейрамды қай күні атап өтсек те, ол күннің тағылымдық-тарихи мəні мен мазмұнына нұқсан келмейді. Сосын атаулы мейрам күнін көп ауыстыра беруге болмайды. Өйткені, мереке күндерін белгілеу – ұзақ кезеңдер мен сатылардан өтетін күрделі үдеріс. Жалпы мұндай мереке кімдер үшін атап өтіледі? Неліктен жыл сайын бұл күннің тарихи мəнін дəріптеп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз? Əрине, бəрі – жастар, жас ұрпақ үшін істеліп жатқан шаруа. Себебі, ертеңгі ел тізгінін ұстар əр өреннің тарихи күндердің қадірін, қасиеті мен құнын бойына сіңіріп өскені өте маңызды. – Заң бекітілген отыз жылға жуық уақыт ішінде мемлекеттік тілдің қолдану аясы қаншалықты кеңейді? Жалпы Тілдер күні мерекесінің қазақ тілі үшін берері не?

– Егер зер салып қарасақ, мейрам атауының өзінде алогизм, логикаға қайшылық бар. «Қазақстан халқының тілдер күні». Соңғы жылдары біз үш тілділік, үш тұғырлы тіл туралы жиі айтып жүрміз. Сонда, тілдер мерекесінде қай тілге ерекше мəн берілуі керек? Қай тілді меңзеп отырмыз? Атқарылып жатқан жұмыстар мен аталып өтілетін іс-шаралардан мемлекеттік тілге көп ден қойылатынын аңғару қиын емес. Алайда, мейрам атауының белгіленуі мен халықтың қабылдауының арасында алшақтық бар, бір қисынсыздық тұр. Осының аражігін ажыратып алғанымыз жөн. Биыл да 5 қыркүйек күні бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Осындай басқосулардың бірінде ел азаматтары: «Бұл күнді неге «Ана тілі мерекесі» деп атамасқа? Қазақ үшін қазақ тілі өз ана тілі, орыс халқы үшін орыс тілі туған тілі, ағылшындар үшін де төл тілі қымбат. Ешкімді бөле-жарып, шетке итеріп тұрған жоқпыз», – деген ойларын ортаға салды. Зерделеп көрсеңіз, қисынсыз кеңес емес. Алайда, бізде қамытын шешсек те бұрынғы қоғамнан қалып қойған қымсыну, қымтырылу əлі де бар. «Ана тілім» деп қазақ тілін төрге оздырсақ, өзгелерді кеудесінен кері итеріп жібергендей күй кешеміз. Ал шындап келгенде, бұл жерде қаймығатын, кібіртіктейтін дəнеңе жоқ. «Ана тілі мерекесі» деген атау да ақылға сыйымды. Түптеп келгенде, қазақ жерінде аталып өтілетін кез келген мерекеде ең бірінші ұлттық, елдік мүдде айқын көрініп тұруы керек. Жалпы мемлекеттік мереке тым көп болмауы керек. Мəселен, Германияда тойланатын оншақты мерекенің барлығы сол елдің дінімен тығыз байланысты. Бұл дегеніңіз – қоғамның санасына дін, дəстүр жəне мемлекеттік мүдде деген үш ұғымның бір-бірімен қабысып жатқанын табиғи түрде енгізу деген сөз. Ал бізде қалай? Тойлап жүрген мейрамдардың 60 пайызы кешегі кеңес заманынан қалған. Атауын сəл өзгерткенмен, заты сол күйі қалды. Мысалы, 8 наурыз, 1 мамыр, 9 мамыр, Жаңа жыл – осы мейрамдардың басым бөлігінде саяси сипат басым. Кəсіби мейрамдардың көбінен орақ пен балғаның табы байқалады. Азаттығымызды айшықтайтын, дəстүріміз бен тарихымызды дəріптейтін Тəуелсіздік күні – ата-бабамыздың арманы орындалған Ұлы күн. Ал бұл мереке əлі күнге дейін Жаңа жылдың шаужайында қалып қойып жатыр. Дəл осы күнді мерекелеуге қатысты халықтың сын-ескертпесі көп. Бұл бекер де емес. Елімізде санаулы өңірлерде ғана 16 желтоқсанға дейін шырша қондырылмайды, əлемжəлем безендірулер жасалмайды. Ал елді-мекендердің басым бөлігі, соның ішінде, республикалық маңызы бар қалаларда желтоқсанның алғашқы күнінен бастап-ақ Жаңа жылға қызу дайындық жүргізіледі. Жас буын осының бəрін көріп, сезініп өсіп келеді. Қазіргі орта жасқа келген ұрпақтың санасында, ұятымызға қарай, Тəуелсіздік күнінен гөрі Жаңа жылдың бəсі басым. Шындап келгенде, туған

топырағымызда елдің ең ұлы күнін өз деңгейінде ұлықтай алмау – айтуға ұят, арға сын. – Қазақ тілінің мəртебесі мен қолдану аясын айқындап берген Конституция, «Тіл туралы» Заң, қала берді «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бар. Алайда, шынайы өмірдегі ана тіліміздің тыныстіршілігі ресми құжаттағы жазбалардан алшақтау. Неліктен? – Əр мемлекеттің өзіндік саяси ұстанымы, бағыты болады. Ресейдің қоластынан бөлініп шыққанымызбен біз əлі де оның «ықпалдық» ауруынан толық айығып кете қойған жоқпыз. Қазақ айтатын «Кесел батпандап кіріп, мысқалдап шығады» деген сөздің жаны бар. Шын мағынасында, «мемлекеттік тіл» жəне «ресми тіл» деген – бір сөз. Мемлекеттік тіл – əлімсақтан ресми тіл. Солай болған жəне болуы керек. Екі тілге екі «статус» беру арқылы заң қабылданған сол қиын кезде біз «өгіз де өлмейтін, арба да сынбайтын жол таптық» деп ойладық. 90-жылдары Парламент депутаттары Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев секілді мүйізі қарағайдай академиктер осындай шешімді орайлы деп тапты. Өйткені, сол жылдары «қазақ тілімен қатар орыс тілін де мемлекеттік тіл жасайық» деген ұсыныс қатты да қату айтылған. Дəл сол уақытта орыс тілін мүлдем ескермеуге де, оған мемлекеттік мəртебе беруге де болмайтын еді. Аға буынның қысылтаяң

тəртібі туралы» Заңда өтінішке жауаптар «мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде» болуы тиіс деп жазылған. Заңдардағы осы «немесе», «мүмкін», «қажет болған жағдайда» деген сөздерден арылмайынша, заң нормаларында нақтылық, бірізділік болмайынша мəселе сол күйінде қала береді. Заң нақты, ұғынықты, əр сөзі тасқа қашалғандай анық болуы шарт. Ал шынайы өмірде қолданылмайтын заңнамалар елге де, болашаққа да қауіпті. – Қазақ тілінің мəселесін шешуде, түйінін тарқатар тұста неден ұтылдық деп өкінесіз? – Тіл мəселесі əлемнің барлық елдерінде бар. Қазір Ресей халқы «тіліміз бұзылды, жастар сауатсыз, компьютерге байланған буын сөзді қалай естиді солай жазады» деп дабыл қағып жатыр. Бұл түйіткіл бізде де бар. Ұтылған тұсымыз – көп жерде асығыстық жасадық. Тілге қатысты істің барлығы, ол – заң шығару, сол заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оқулық дайындау болсын, сөздік əзірлеу, əдістеме дайындау, ғылыми жоба жасау болсын –барлығы тыңғылықты дайындық пен тиянақты зерттеуді, сосын халықтық талқылауды қажет етеді. Мықты маман дайындауда да «əттеген-ай» дейтін тұстарымыз көп. Елімізде басты бағытын «ұлттық білім берудің ғылыми-педагогикалық, оқу-əдістемелік базасын құру» деп жазып қойған Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы бар. Ал, бір ғана Беларусь мемлекетінде осындай үш ірі институт жан-жақты əрі жүйелі жұмыс істейді, Ресейде олардың саны 20-дан асып жығылады. Білім беру мазмұнын жаңғыртып, жаңартып отыратын мұндай мекемелерде мыңнан астам білікті маман қызмет атқарады. Мəселен, бір оқулық жазылса, ол білім стандартына сəйкес келе ме, баланың қабылдауына, физиологиялық дамуы-

Қысқа қайырғанда... – Қазір бізге не жетіспейді? – Қоғамдық талқылау. Кез келген мəселені (жастар, жұмыссыздық, тіпті қылмыс т.б. болсын) халықтың, қоғамның талқысына салып, себебін, түбін зерттеу, алдын алу аз. – Жастарға сенесіз бе, əлде, күдігіңіз басым ба? – Сенімім көп. Жастарға сену керек. Қазіргі буынның көкжиегі кең. Зерек. Шет тілін жəне технологияны тез меңгереді. – Жас буынның бойындағы басты кемшілік не? – Дəстүрге атүсті қарайды. Кітап оқымайды. Газет-журналға қарамайды. Өкінішке қарай, көбінің миын, жадын смартфон жеп қойған. – Жас буынға жиі айтатын кеңесіңіз қандай? – Ар-ұятты ұмытпа! Отбасы, ел алдындағы жауапкершілікті сезін! Тілдің, мəдениеттің мемлекетшілдік мүддесін ойла! Сенің ең басты жұмысың – білім алу, намысты болу! – Ұстаздық қызметіңізде не нəрсеге көзіңіз жетті? – Білімді, қолынан жазу келетін адамның жерде қалмайтынына. – Филологтарға ең алдымен қандай қасиет қажет? – Логиканың мықтылығы, саналылық. – Оқуға кеңес берер үш кітабыңыз... – Абайдың қарасөздері, М.Əуезовтің əңгімелері, Ж.Аймауытұлының көркем шығармалары. – Əлеуметтік желілерден көрінбейсіз. Неге? – Уақыт алады. Мұны басында «өз-өзін көрсетудің алаңы» деп қабылдай алмадым. Бірақ соңғы кезде оның да пайдалы, қажет тұстарын байқап жүрмін. кезде тапқан ақылы осындай-тын. Олар ресми тілдің мəселесі мемлекеттің жүйелі де айқын ұстанымына, елдегі демографиялық жағдайға байланысты бірте-бірте реттеледі деп есептеді. Алайда, бұл мəселе қазіргі күнге дейін дүдəмал күйінде қалып отыр. Заңда механикалық түрде кеткен қателіктер бар. Оған кей нормалардағы екіұштылықты, солқылдақтықты қосыңыз. Мəселен, «Тіл туралы» Заңда «мемлекеттік тіл жəне қажет болғанда жағдайда басқа тілдер қолданылады», «орыс тілінде жүргізілуі мүмкін», «құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде жəне орыс тілінде қамтамасыз етіледі» деген сөздер бар. Ал «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

на сай ма, тіпті, əріптің көлемі дұрыс таңдалған ба – осындай сұрақтар сан сүзгіден өтіп барып қана, бір шешім қабылданады. Бұл – ұрпақ сапалы оқулықпен, мұғалім қолайлы əрі қажетті əдістемелікпен қамтамасыз етілген деген сөз. Ал қазір бұл академияның жұрнағы білім мəселесін зерттеу түгілі, əрең күн көріп отыр. Мұндайда мектеп те, мұғалім де, оқулық мəселесі де далада қалады. Жекеменшік баспадан екінің бірі оқулық немесе оқу құралын шығарады. Оның сапасы қандай? Ішінде балаға қажетті не бар, не жоқ? Тексеріп, сараптап жатқан ешкім жоқ. Күні кеше «Əліппеміздің» жоқ болып кетуі де білім беру саласына деген осындай немқұрайлықтан.

Қазір мұғалімге көмекке келетін ешкім жоқ. Бүгінгі мұғалім қай жағынан алып қарасаңыз да қорғансыз, əлеуметтік, материалдық, ғылымиəдістемелік қарулану жағынан да əлсіз. Кезінде мəртебелі мамандық саналатын бұл кəсіптің құны, бəсі құлдырап барады. Ал əлсіз мұғалім мықты ұрпақты қанаттандырып шығара ала ма?! Финляндияда ең жоғары жалақы алатын мамандардың алдыңғы қатарында мұғалімдер тұр. Əсіресе, бұл елде бастауыш сыныптың ұстаздарын ынталандыру ерекше. Ұстаз болам дегендерге талап та қатаң. Ал бізде бастауыш сынып мұғалімдеріне ҰБТ-дан аз балл жинағандар барады. Осыдан-ақ біраз нəрсені аңғаруға болады... – Ұлттық білім жүйесін қалыптастыруда ең маңызды қадам не? – Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытұлының: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пəндерді түсіну мүмкін емес» деген сөзі бар. Бала əуелі өз ана тілінде білім алуы керек. Оның негізі, тамыры төл тілінде, туған халқының тəлім-тəрбиесінде қалыптасуы қажет. Отбасындағы бесік тəрбиесі, басқаша айтқанда, іргетасы мықты болса, баланың болашағы да берік қалыптасады. Ұрпағымызды кемінде 5-6 сыныпқа дейін таза қазақша оқытудың маңызы зор. Қазір бізде үш тілдің күресі жүріп жатыр. Алдағы уақытта ағылшын мəдениетімен түйісеміз. Осы текетіреске төтеп беру, жаһандануға жұтылып кетпеу үшін ішкі иммунитетіміз мықты болуы керек. Ол үшін қазақ тілінің қайнарына қанық, ұлттық салт-дəстүрдің бесігінде тербеліп өскен, білімді де білікті буынды қазірден тəрбиелеуіміз қажет. Бүгінде «қала қазағы» деген ұғым шықты. Ол кім? Түрі, болмысы, тілі – қазақ секілді, бірақ дүниетанымы – дүбəра. Себебі, салт-дəстүрді, ұлт өзегін сіңірмеген. Əдеби кітапты қолына берсеңіз, бұрын ауыл баласы «оқып туған» көп сөздің мағынасын да, айтылу жөнін де түсінбейді. Мысалы, тап-таза қазақ тілінде шөжені – «тауықтың баласы» дейді, қымызды – «аттың сүті» дейді. – С і з ді қ а з і р қ а н да й м ə с е л е алаңдатып жүр? – Соңғы кезде бір күрделі үрдісті байқап шошып кеттім. Осы бір аптаның ішінде маған 3-4 адам телефон шалып, қазақ мектебін бітіріп, қазақ бөліміне грантқа түскен балаларын орыс бөліміне ауыстыру мүмкіндігін сұрады. Бұрындары қазақ бөліміне мемлекеттік грантпен түскен студент бітіргенше сол бөлімде оқитын. Егер ауысса, гранттан айырылатын. Ал қазір министрлік пəрмені бойынша, студент орыс бөліміне ауысқысы келсе, гранттан айырылмай-ақ ауыса береді. Осылайша, мемлекеттік санатта қазақ тілінде маман болып даярлануға тиіс бала орта жолда өзіне ыңғайлы тілді таңдап, тəуелсіздік мұратын аяқасты ете алады. Біздіңше, бұл – шұғыл ойланатын мəселе. Кезінде ұлт зиялылары «қазақтың ұлқыздары тек қазақ мектебіне барсын» деген ұстанымда болды. Себебі, біз болашақтың мойнына проблема артпауымыз керек. Ертеңін айқындайтындай ақылы толық қалыптаспаған, естиярлық құқы жоқ баланың болашағын неліктен ата-анасының пендешіліктен арылмаған ұстанымына байлауымыз керек? Бұл мəселенің де бір нақты, мемлекеттік заңдық негізін таппай болмайды. Мысалы, Франция балаларының елеулі бөлігін ағылшынша немесе немісше оқытар ма еді? Ресми деректерге сүйенсек, биыл оқушыларымыздың 68 пайызы қазақ мектебіне барыпты, қалған 32-сі орысша білім беретін орындарды таңдаған. Ал, сол 32-нің əрі кеткенде 5-10 пайызы – өзге ұлт өкілдері, қалғаны – ата-анасы адастырғандар өз көгенкөздеріміз. Бұлардың обалын кім ойлайды?..

Сұхбатыңызға рахмет! Сұхбаттасқан Бану РАХЫМБАЙҚЫЗЫ


6

ƏРІПТЕС КЕЛБЕТІ №67 (4425),№ сейсенбі, 11.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг, 19.12.2013

Жүк ауырын көтерген нар еді

Еліне еңбегі сіңген, қамқорлығын аямаған əріптесіміз Бүркіт Жауынбаев тірі болса 60 жасқа толар еді. Бүркіт Елемесұлы 10 қыркүйек 1958 жылы Гурьев (Атырау) қаласында Елемес əке мен Нəсіп ананың отбасында дүниеге келген. Бүркіт ата-анадан тараған он екі перзенттің үлкені. Ол Атырау қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген соң, еңбек жолын «Гурьев Обувьторг» сауда мекемесінде жұмысшы, коммуналдық шаруашылығы мекемесінде жүргізуші болып бастады. 1976-1978 жылдары Кеңес армиясы қатарында Отан алдындағы міндетін атқарып келген соң, Гурьев облыстық Ішкі істер басқармасының МАИ бөлімінің жол-патрульдік дербес дивизионына жол бақылау инспекторы қызметіне қабылданды. Осы салада жол бақылау инспекторы, дивизион кезекшісінің көмекшісі, аға кезекші инспекторы, тіркеу-емтихан бөлімшесі іздестіру инспекторы, МАИ қызметінің қала, аудандардағы жұмысын жолға салып, қадағалайтын ең басты бөлімшелерінің бірі – техникалық бақылау тобында мемлекеттік автоинспектор, аға мемлекеттік автоинспектор, жұмысы ең қиын Жылыой (бұрынғы Ембі) аудандық Ішкі істер бөлімінің МАИ бөлімшесінің бастығы, 1993-1996 жылдары облыстық МАИ бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Оның қызметке қабілеттілігін көрген сол кездегі басшылар Бүркітті əрқашан да жауапты жерлерге жұмсады. Қандай қызмет жүктелсе де, ол өте жауапкершілікпен, адал атқарды. Техникалық бақылау тобына аға мемлекеттік автоинспектор болып тағайындалған кезде, қала, аудандық МАИ қызметінің жұмысын жолға салып, үнемі қадағалап отырды. Облыстық басшылық жəне атқарушы органдармен тіл табысып, МАИ-дың беделін көтеру, автокөлік жолдарындағы тəртіпті күшейту бағытында көп жұмыстар жасады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің облыстық комиссиясына құжаттар дайындап, облыс басшысының қатысуымен бірнеше комиссия отырысын ұйымдастырды. Ақпарат құралдары басшылығымен тікелей байланыста болып, жоспарлар құрып, радио, телевидение жəне газет беттерінде сөйлеп, жол қауіпсіздігін насихаттады. Жылыой аудандық ІІБ МАИ бөлімшесін басқарған жылдары облыста Теңіз кен орны табылып, сол жерден зауыт салына бастаған. Жаңадан жұмысын бастап жатқан кен орнындағы шетелдік компаниялардың жəне аудан басшыларымен тіл табысып жұмыс

жасады. Оның осындай тіл табысып жасаған жұмысының арқасында аудандық МАИ қызметкерлері бұрынсоңды болмаған жаңа автомашиналармен, арнайы техникалармен қамтамасыз етілді. Қарамағындағы қызметкерлердің жұмыс жасауларына толық мүмкіндік туғызды. 1996 жылы Атырау облыстық Ішкі істер басқармасы жанындағы Мемлекеттік күзет қызметі бөлімі бастығы, 1997-2001 жылдары облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, 2001 жылдан өмірінің соңына (2006 жыл) дейін Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Гурьев педагогикалық институтын бітіріп, жоғары білімді мұғалім, ІІМ-нің Қарағанды жоғарғы мектебін бітіріп, жоғары білімді заңгер мамандықтарын игерген. Полиция полковнигі. Бүркіттің ішкі істер саласындағы еңбегі «Ішкі істер министрлігіне еңбегі сіңген қызметкер» атағы, «Ішкі істер қызметінің үздігі» төсбелгісі, бірнеше мəрте медальдармен, Ішкі істер министрінің, облыстық Ішкі істер басқарма бастығының, облыстық атқарушы органдар басшыларының Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттары жəне құнды сыйлықтарымен бағаланды. Бүркіт ішкі істер саласын, соның ішінде МАИ қызметін өте жақсы игерген майталман маман болды. Өзіне, қызметкерлерге талап қоя білетін. Бастаған ісін дұрыс аяқтағанға дейін тыным таппайтын, адамдармен өте мəдениетті сөйлесе білетін, кез келген қиын жағдайда қол ұшын беруге дайын тұратын басшы еді. Оның адамдарға деген қайырымдылығында шек жоқ болатын. Жұмыс дегенде ішер асын жерге қоятын қызметкер болды. Өзінің ата-анадан алған тəрбиесі, ізденімпаздығы мен жұмыскерлігінің, талапшылдығының, жоғарғы деңгейдегі адамгершілігінің арқасында ел сыйлайтын азамат атанды. 2006 жылдың 11 қарашасы күні Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер

Биылғы тамыз айының соңында Өскемен қалалық Ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полициясы батальонының инспекторы, полиция лейтенанты Нұрболат Қаханов демалыс күні түс ауа дəріханаға бару үшін үйінен шығады. Діттеген жеріне жақындай бере оның көзіне ер адамның қасында келе жатқан екі бала түседі. Балалардың жүзі таныс секілді болған соң, қайдан танимын деген ойға берілген оның есіне өткен күні қызметте таңертеңгілік таратуда 4 жəне 2 жастағы ұлдың жоғалғаны туралы бағдар таратылғаны түсе кетеді. Дəріханадан дəрі алуға шыққанын

лезде ұмытқан полиция лейтенанты бірден партульдік жасақты шақырып, сол мезет ер адам мен балаларға жақындап, қайдан жүрген балалар, қасындағы ер адамның кім екендігін жəне балалардың ата-анасы қайда екендігін сұрай бастайды. Бірер минут ішінде патруль келіп үлгергенше инспектор барлық жайға қанық болады. Бұл кісі балалардың əкесімен көшеде танысқан жаңа танысы екендігі, əкелері бүлдіршін балаларының өмірі мен қауіпсіздігін ескермей ішімдікпен əуестенгені мəлім болады. Анығына келсек, балалардың атаанасы Үржар ауданында тұрады екен. Шілде айының соңында отағасы екі

Криминалдық полиция қызметіндегі 25 жыл Бір қарағанда, полиция қатарында қызмет ету, соның ішінде қылмыстық ізд естіру ісі – нағыз батыл ерл ерге арналғандай. Алайда, құқық тəртібі мен қоғам қауіпсіздігін нығайту саласында əйел азаматтар да аз емес. Көліктегі ІІД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уəкілі, полиция полковнигі Гүлбақыт Бөпеғалиева өмірінің ең бір тамаша кезеңдерін қылмыскерлерді іздестіру жəне қылмыстарды ашуға арнады.

департаменті бастығының орынбасары қызметінде жүріп 48 жасында кенеттен қайтыс болды. Бүркіт сүйікті жары Идаш екеуі дүниеге Асылбек, Маржан, Алтынай, Асылан, Жақсылық жəне Мерей атты алты ұрпақ əкелген. Ұрпақтарының бəрі де егемен еліміздің азаматы мен азаматшалары болып өсті. Бүгінде халқына қалтқысыз еңбек етіп, өмірден ертерек кеткен, көзінің тірісінде ел құрметіне бөленген азаматтың ісін ұлы Асылбек жалғастыруда. «Əкеден ұл туса игі, əке жолын қуса игі» деген халық даналығында айтылғандай, Асылбек Ішкі істер министрлігінің Қостанай мен Алматыдағы заң институты мен Академиясын бітірді. Ол ішкі істер саласында тергеуші, криминалдық полицияның аудандық бөлімшесі бастығының орынбасары, бастығы, облыстық ІІД Жол полициясы басқарма бастығының орынбасары, Махамбет, Исатай аудандық Ішкі істер бөлімдерінің бастығы қызметтерін атқарды. Қазір Атырау облыстық ІІД Əкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі. Бүркіт Елемесұлы тірі болса, қыркүйек айының 10-шы жұлдызында 60 жасқа толып, мерейлі той дастарқаны жайылған болар еді. Бірақ, ол жасты атап өту маңдайына жазылмапты. Тағдырдың салғанына ешкім қарсы тұра алмайды. Бүркіттің артына қалдырған азаматтық қасиеті, атқарған істері онымен ұзақ жылдар бойы қызметтес болған əріптестерінің есінде мəңгі сақталады. Дүйсенбек ГАЙСИН, Атырау облысы ІІО Жол полициясы ардагерлері ұйымының төрағасы, отставкадағы полиция подполковнигі

Қырағылықтың өзі – қаһармандық Əр адам батыр бола алады. Бірақ, ол үшін міндетті түрде соғысқа қатысу, кепілдегілерді құтқару немесе шыңдарды бағындыру қажет емес. Ерлік істі жасау үшін кей сəтте тек қайырымдылық пен қырағылық жеткілікті.

е-mail: nastraje@mail.ru

ұлын ертіп өзінің Зайсанда тұратын əке-шешесіне бармақшы болып жолға шығады. Ол жақта жарты айдай қонақта болған əке мен балалар өз үйлеріне облыс орталығы арқылы қайтатындықтарын айтып, аналарына телефон шалады. Қалада тұратын туыстарын 3 күн аралаған соң, автобекетке кеткен олар сол күйінше үйлеріне оралмайды. 20 тамыз күні балалардың əкесі əйеліне телефон шалып, өздерінің əлі қалада екендіктерін, қайтар жолға ақшалары болмағаннан кейін ақша жіберуін өтінеді. Сұралған ақша жіберілсе де, үйдегі ана жұбайы мен балаларын таппай қалады. Телефон сөндірулі болғандықтан барлық туыстарына хабарласқан аналары 28 тамыз күні жергілікті аудандық Ішкі істер бөліміне арыз жазады. Осыдан кейін барлық полиция бөлімдеріне балалар мен əкелерінің жоғалғаны жайында бағдар таратылып, нəтижесінде 2 күннен кейін отбасы аман-есен табысады. Қызметтен тыс демалыс күнінде болса да барлық шаруасын сырып тастап, балаларға көмек қолын созған Қаханов Нұрболаттай инспектордың қырағылығының арқасында арақ ішіп, қасындағы балаларын естен шығарған əкенің қасында қараусыз қалған қос бүлдіршін адаспай, ауырып-сырқамай, оқыс жағдайларға ұшырамай дін-аман үйлеріне оралды. Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі

Ол қызметтің ыстық-суығына мойымастан, ішкі істер органдарына 25 жыл ғұмырын арнап, соның 21 жылында криминалдық полицияда қызмет атқарып келеді. Күндіз-түні уақытпен санаспай, ауа райының қолайсыздықтарына қарамастан кез келген қауіпті жерде қылмыскерлердің соңына түсіп, ізін аңду – оның жастық шағындағы қызықты естеліктердің бірі болып қалды. «Бұл жұмыс күрделі болғандығына қарамастан өте қызық», – дейді ол. *** Оның алғашқы мамандығы – математика саласы. Томск мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін тəмамдаған маманнан келешекте үздік із ке суші шығады деп ешкім ойламаған еді. Ол 1993 жылы Алматы қалалық Ішкі істер басқармасына криминалдық ақпарат орталығының ЭЕМ технигі болып жұмысқа орналасты. Кейін ІІМ Қостанай заң университетіне оқуға түсті. 1996 жылы ол осы лауазымда өзінің бірінші офицерлік шенін алды. 2001 жылы Көліктегі шығыс ішкі істер басқармасына ауысты. 2010 жылдан 2015 жылдар аралығында Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасында қызмет атқарды. Қазір ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уəкілі. Қызметін адал атқарғаны үшін бірнеше мəрте алғыс хаттармен жəне грамоталармен марапатталған. Оның ішінде «Полиция үздігі» наградасы мен І, ІІ жəне ІІІ дəрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдары бар. *** Оның қызметі көптеген күрделі оқиғаларға толы. Мəселен, соның бірі 2000-жылдары жедел-іздестіру тобының құрамында қылмыстық оқиға болған жерге адам мəйітін тануға барған кезде болып еді. Куəгерлердің айтуынша, ер адам өз ажалынан қаза тапқан. Алайда, тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында қылмыстық əрекеттің ізі бар екені анықталған. Гүлбақыт Сейітқалиқызы мəйіттің дене сін қарау барысында қарын тұсынан ақ жіпті байқаған. Мұқият назар аударып, жіпті ақырындап тартса, оның денедегі жараға қанын ағызбау үшін қымтап тығылған матаның жібі екенін көрген. Тергеу нəтижесі аяқталған кезде əйелі күйеуін пышақ сұғып өлтіргеннен кейін денедегі пышақтың ізін жасыру үшін жараға мата тығып қойғаны анықталған.

Ал келесі бір жағдай тіптен күрделі. Бірде қызмет барысында ол адам өлімімен аяқталған оқиға орнына келіп жеткен. Алайда, мəйітті қарау барысында оның тыныс алып жатқанын байқайды. Осыдан кейін жедел топ қайтадан жедел жəрдем тобына хабарласып, əйелді жансақтау бөліміне алып кетеді. «Бұл жағдай көптеген адамдарды таңғалдырғаны рас», – дейді Гүлбақыт. **** Əйел қолында тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы бар екені рас. Аналарымыз бен қыздарымыздың бала өсіріп, ұрпақ тəрбиелеп, шаңырақтың ұйытқысы, берекенің бастауы болумен қатар, қоғам жүгін нық көтере білетіндігіне көзіміз куə. Гүлбақыт Сейітқалиқызы қашанда əріптестерімен қатар тұрып, əруақыт жауынгерлік посттарда табыла білді. Десек те, офицерлік формадағы бұл əйелдің ішкі дүниесі аналық мейірім мен жылылыққа толы. Оның жалғыз ұлы 24 жаста. Бүгінде балалық шағын еске ала отырып, ол мектеп жасында анасымен бірге таңғы сағат 6-да оянып, киініп, бірге таңғы ас ішіп, анасы жұмысқа кеткеннен кейін, сағат 8-ге дейін сабаққа кететін уақытын жалғыз күтіп отыратынын айтады. Қызмет бабындағы полиция жедел уəкіліне отбасы қамын ұмытуға тура келетін. Оның жан жары да полиция қызметкері болды жəне қазіргі уақытта құрметті еңбек демалысында. Сол себепті де олар бірін-бірі жақсы түсінісіп, қолдау көрсетіп келеді. *** Расында да, оның мамандығы үлкен шыдамдылық пен табандылықты, біліктілікті қажет етеді. Əріптестерінің айтуынша, полиция полковнигі Гүлбақыт Бөпеғалиева өз ісінің қыр-сырын мықтап меңгерген мамандардың қатарында. Міндетіне жүктелген істерді атқаруға барынша күш-жігерін сарп етіп, мамандығының ыстығы мен суығын да қатар көріп келе жатыр. Көп жылдық тəжірибесі бар əйел-жедел уəкіл көптеген жас мамандар буынын тəрбиеледі, олардың көбі бүгінде басшылық лауазымдарда қызметте. Ол бүгінде жас қызметкерлерге өз мамандығын сүюді жəне ешқашан жалқаулыққа салынбау керегін айтады. Олай болса, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіне аянбай тер төгіп келе жатқан осындай полиция қызметкерінің ел игілігі жолындағы аса жауапты қызметтеріне толағай табыстар мен жарқын жетістіктер тілейміз! Көліктегі ІІД баспасөз қызметі


СПОРТ №67 (4425), 11.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ

Ұлттық құрамадан үміт зор Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, суретті түсірген Бек ИМЕКЕШОВ Өрт-құтқару спорты бойынша 12-17 қыркүйек аралығында Словакияның Банска-Бистрица қаласында кезекті XIV əлем чемпионаты өтпек. Дүниежүзілік додада еліміздің намысын қорғайтын ерлер ұлттық құрамасы бүгінде Астана қаласындағы «Құтқарушы» спорт кешеніне дайындық жасауда.

Құрамада барлығы 12 адам болса, Словакияға соның 10-ы бармақ. Өткен апта біз барған кезде жігіттер жеке сайыс түрінен, яғни кедергілі 100 метрлік жолақтан уақытқа жүгіріп өту бойынша қорытынды өлшем жасау сынақтарын өткізіп жатыр екен. Олардың жетістіктері мен дайындық барысы туралы бізге ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы, азаматтық қорғау майоры Сəкен Орынбаев айтып берді. Сөз басында Еуропада ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелерін т аныстырып өтел ік. Олар – команда капитаны, Батыс Қазақстан облысы ТЖД №27 ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Дмитрий Агафонов, Астана қаласы ТЖД №9 ӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты Мирас Дүйсеков, №16 МӨСБ аға өрт сөндірушіқұтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Нұралы Мағау, №16 МӨСБ аға өрт сөндірушіқұтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Николай Буторин, Алматы қаласы ТЖД №14 МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Ислам Духанбаев, Ақтөбе облысы ТЖД Аймақтық оқу орталығының оқытушысы, азаматтық қорғау лейтенанты Махамбет Сатыбалдиев, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД №11 ӨСБ өрт сөндірушісі, қатардағы азаматтық қорғау қызметкері Дмитрий Снегирев, №62 ӨСБ тылдық қамтамасыз ету жөніндегі а ғ а ш ебері Е р жан Шəріп хан ов , Маңғыстау облысы ТЖД №1 ӨСБ технигі Асылзат Ілиясов жəне Шымкент қаласы ТЖД №4 МӨСБнің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Вахиджан Қазақбаев. Əлем чемпионатына баратын құрамаға іріктеу Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан чемпионаты кезінде жүргізілген. «Төтенше жағдайлар комитетінің денешынықтыру, көпшіліктіксауықтыру шаралары жəне негізгі республикалық, халықаралық жа-

рыстар бойынша күнпарақтық жоспарының 3.3 пунктіне сəйкес Словакияда өтетін əлем чемпионатына дайындалып жатырмыз. Жігіттердің дайындығы, көрсеткіштері жақсы. Осы турнирде Қазақстанның бірнеше көрсеткіштері жаңарады деп айтуға негіз бар. Өйткені, осының алдында мамыр айында халықаралық федерация кубогы өткен болатын. Осы турнирде жігіттердің көрсеткіштері жаман болған жоқ. Қазақстанның екі рекордын жаңартты. Бұл өрт сөндіру эстафетасы мен екі сайыс түрі болатын. Сонымен бірге, шабуылдау сатысымен көтерілу жəне 100 метрлік жүгіруде бұған дейінгі ең жоғары көрсеткішті көрсетті. Сол себептен де, болжам айтып асылық жасамай-ақ қояйын. Бірақ, ұлттық құрамаға үмітіміз зор. Басты мақсатымыз – лайықты өнер көрсетіп, Қазақстанның абыройын əлем алдында асқақтатып қайту», – дейді бас бапкер Сəкен Төлеубекұлы. Биылғы Ақтөбе қаласында өткен жазғы чемпионатта ұлттық құрама іріктеліп, бұрынғы құрамның 40 пайызы жаңарған болатын. Сол жаңадан құрамаға алынған төрт жігіттің үшеуі əлем чемпионатына ең бірінші рет бара жатыр. Олар – Нұралы Мағау, Ержан Шəріпханов пен Ислам Духанбаев. Əлем біріншілігінде жүлделер шабуылдау сатысымен көтерілу, кедергілі 100 метрлік жолақпен жүгіріп өту, 4х100 м өрт сөндіру эстафетасы жəне жауынгерлік қанат жаю сынды төрт сайыс бойынша сарапқа салынады екен. Білетін болсаңыздар, жауынгерлік қанат жаюдан Қазақстан құрамасы екі мəрте əлем чемпионы. 2014 жылы Алматы қаласында жəне 2015 жылы СанктПетербор қаласында өткен əлем чемпионаттарында біздің жігіттер алтыннан алқа тағынған болатын. Сондықтан да осы сайыс түрінен бұл жолы да жоғары жетістіктер көрсетеміз деген үміт басым. «Дүниежүзілік дода Еуропада өтетін болғаннан кейін оған

қатысатын елдер саны да өте көп болады деп ойлаймын. Өйткені, ондағы елдердің арасы жақын, бір-біріне бару үшін виза қажет емес. Менің ойымша, 20-дан астам ел келіп бағын сынайтын секілді. Ал жалпы қарсыластарға келетін болсақ, бұл спорт түрінен Ресей, Украина, Беларусь жəне Чехия мемлекеттері өте мықты болып келеді. Ал біздің ел үздіктер бестігіне батыл енеді. Тіпті, негізгі тартыстар осы бес елдің арасында өтеді деп те айтуға болады. Сол себептен осы алпауыттардан озбасақ, қалып қоймауға тиіспіз», – дейді азаматтық қорғау майоры. Сəкен Төлеубекұлы жігіттердің ішінен ардагерлермен қатар жаңа спортшыларға да үлкен үміт артып отыр. Солардың бірі – астаналық Нұралы Мағау Ақтөбеде өткен ел біріншілігінде шабуылдау сатысымен оқу мұнарасының 4-қабатына шығу сайысында Қазақстан рекордын жаңартқан екен. Сонымен бірге, биыл екісайыс бойынша астаналық Николай Буторин де ел рекордын жаңартыпты. Шымкенттік Вахиджан Қазақбаевқа да артылып отырған үміт зор. Жалпы жігіттердің қай-қайсысы да осал емес. Бақ шаба ма, бап шаба ма, оны уақыт көрсетеді. «Николай Буторин Алматы қаласында өткен халықаралық жарыста екісайыс түрінен 29,65 секундпен рекорд орнатқан болса, Нұралы Мағау ашық ғимаратта шабуылдау сатысымен оқу мұнарасына көтерілуде 14,51 секунд көрсеткішімен рекорд жаңартты. Өрт эстафетасы бойынша Қазақстан рекорды – 56,41 секунд. Бұл көрсеткішті биыл Алматыда өткен халықаралық турнирде біздің жігіттер көрсетті. Жауынгерлік қанат жаюда да құрама командамыз рекорд орнатады деп сенеміз. Өйткені, əлем чемпионатының орны бөлек. Спортшыларымыз оған толықтай дайын. Сенім үдесіне шыға білеміз деп сенемін», – дейді Серік Орынбаев. Біз барған күнгі өлшем жасау сынақтарының қорытындысы да көңілге қонымды екен. Көрсеткіштер жаман емес. Вахиджан Қазақбаев екісайыс түрінен рекорд көрсеткен, 100 метрлікте де алдыңғы орында. Басқа жігіттер де одан қалысайын деп тұрған жоқ. Бас бапкердің ендігі ойы – командалық сайыс түрлерінен де осындай қорытынды сынақтар жасаған соң, спортшыларға жол жүрер алдында бір-екі күн тынығып алуға мүмкіндік беру. Өйткені, осының алдында Алматыда, Ақтөбеде өткен турнирлер бар, əлем чемпионаты қарсаңындағы оқу-жаттығу жиынының өзі де 20 тамыздан бері жалғасып келеді. Сондықтан жігіттердің бабын жоғалтып алмауымен қатар, титықтап қалмағаны дұрыс. Ұлттық құрамамыздың осы күнгі жылдамдығы мен дайындығына тəнті болып, дүниежүзілік додада жеңіс тілеп қоштастық.

ЭСТАФЕТА

Жүйріктер сыны Конституция күніне орай Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмысы қызметі» бөлімшелері арасында шағын эстафетадан турнир өтті. Жарысқа 5 топ қатысты. Өндрей мұндай турнирлер қажет Қ ы з ы л о р д а о бл ы с ы Т Ж Д « Ө р т екенін жəне шағын эст афет а с ө н д і р у ж ə н е а п ат т ы қ - қ ұ т қ а р у жа лп ы фи з и ка л ық даярлық п ен ж ұ м ы с ы қ ы зм е т і » М М К ү ш т е р тəртіпті дамытып қана қоймай, мен құра лдарды жедел басқару осы қызметте бағаланатын топта орталығының бастығы, азаматтық əрекет етуге дағдыландыратынын қорғау подполковнигі Жандəулет атап өтті.

Жарыс нəтиже сінде І орынды Қ ы з ы л о р д а о бл ы с ы Т Ж Д « Ө р т с ө н д і р у ж ə н е а п ат т ы қ - қ ұ т қ а р у ж ұ м ы с ы қ ы зм е т і » М М № 2 Ө рт сөндіру бөлімінің тобы, ІІ орынд ы № 11 М Ө СБ , І І І о р ы нды № 1 МӨСБ жеңіп алды. Жеңімпаздар кубокпен, мақт ау қағаздарымен жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.

е-mail: nastraje@mail.ru

7

STREETWORKOUT

Бұл спорт – білектінікі Саламатты өмір салтын насихаттау жəне жастар арасында қолжетімді StreetWorkout спорт түрін дамыту мақсатында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына келген Қазақстан Республикасының StreetWorkout-тан бас жаттықтырушысы Айтым Жақыпов пен Астана қаласының «BarsBars» командасы мүшелері оқу ордасының курсанттарына əртүрлі жаттығуларын көрсетті. Академия бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов: «Қазақстан Республикасының StreetWorkout-тан бас жаттықтырушысы Айтым Жақыпов жəне «BarsBars» командасы бүгін Қостанай қаласына StreetWorkout спорт түрінің алаңын ашу іссапарына, сонымен қатар, біздің жастарымызды спортқа тарту, оған деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында келді. Біздің оқу ордамызда StreetWorkout спорт түрімен айналысып жүрген бірталай қыздарымыз бен ұлдарымыз бар. Оған дəлел – жақын арада Астананың төрінде Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолдауымен республикалық «StreetWorkout KZ» спорттық конкурсқа қатысып, республикамыздың түкпіртүкпірінен келген үміткерлердің ішінен оқу ордамызда StreetWorkout спорттық шарасына жауапты, əрі жаттықтырушы, полиция капитаны Аян Шаймұханов министрдің алғыс хатын иеленді. Біз үшін бұл – үлкен жетістік! Елбасының қанатты сөзімен айтқанда, «білімді, денсаулығы жақсы адам ғана жеңіске жетеді» дегендей, барлығымыз оқу ордасында білім нəрін иеленіп жүрген курсанттардың бойларында күш-қайрат, қуат-жігер, төзімділік пен шыдамдылықты қалыптастырып, болашақта полиция қызметкерлерінің Отанын, туған жерін қорғау мақсатында, оларды рухани тəрбиелеуіміз қажет», – деді.

Спорттық іс-шара барысында бас жаттықтырушы Айтым Жақыпов жəне «BarsBars» командасы, оқу ордасының StreetWorkout спорттық шарасына жауапты полиция капитаны Аян Шаймұхановтың бастауымен курсанттар да əртүрлі жаттығуларын көрсетті. Шара соңында StreetWorkout-тан бас жаттықтырушы Айтым Жақыпов ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызыловқа алғысын білдірді. Бүгінгі таңда StreetWorkout спорт түрі əлемге танымал жəне күннен-күнге осы спортқа баулып, қызығып, жаттығып жүрген жастарымыздың саны да көбейіп жатыр. Орынбасар УАҚПАЕВА, Қостанай қаласы

ШАҒЫН ФУТБОЛ

Өрт сөндірушілер оза шапты Жуырда «Динамо» денешынықтыру спорт қоғамының ұйымдастыруымен «Ақжайық» орталық стадионында полиция полковнигі Карл Махамбетовті еске алу құрметіне орай Батыс Қазақстан облысының күштік құрылымдары арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Аталмыш шарада облыстық ТЖД Күштер мен құралдар жедел басқаруы орталығының инженері Серік Картабаевтың жетекшілігімен Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің командасы І орынға ие болды. Тартысты ойын көрсете білген қызметкерлерді Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Н. Таубеков марапаттап, қызметтен бөлек, қоғамдық шаралар мен спорттық ойындарда үнемі белсенділік танытып, əрқашан үздік нəтиже көрсететіндеріне үлкен сенім білдірді. Бөлімше жігіттеріне алдағы уақытта тек жетістіктер тілейміз. Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару қызметі Алматы облыстық ІІД басшылығы мен жеке құрамы, Ардагерлер кеңесі ішкі істер органдарының ардагері, милиция полковнигі ОЧЕРЕТЯННЫЙ Владимир Дмитриевичтің қайтыс болуына орай марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басшылығы мен ұжымы, Ардагерлер кеңе сі қылмыстық атқару жүйе сінің ардагері, ҚАЖК қылмыстық атқару инспекцияларын басқару басқармасының бұрынғы бастығы, əділет полковнигі СЕМУШКИН Владимир Ильичтің өмірден озуына орай марқұмның туған-туыст арының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

СӨЗ СОҢЫ №67 (4425), сейсенбі, 11.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz

РЕЙД

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»

Саяжайлардағы тосын тексеру «Учаске» жедел-профил актикалық іс-шарасы аясынд а П ет р о п а в л қ а л а л ы қ І І Б Ж е р г і л і кт і п ол и ц и я қ ы зм ет і н і ң қызметкерлері саяжай учаскелерінде бірқатар рейдтік шаралар жүргізді. Негізгі мақсат – жедел жағдайды жақсартып, қылмыстық жəне əкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Рейдтік шара ларға 40-қа т арта тəртіп сақшысы тартылды. Полицейлер үй-үйді аралап, 30 саяжай учаскесін тексерді. Петропавл қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция май-

оры Асан Смағұловтың айтуынша, басты назарда – қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды жасауға бейім, əсіресе, тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды, сон дай -ақ, атыс жəн е суық

Мекеменің мейірлі акциясы К. МЕҢДІБАЕВ, Ақтөбе облысы

қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтау. Учаскелік инспекторлар бағбандардың əрқайсымен жеке кездесіп, нақты қылмыс фактілері жəне саяжай учаскелеріндегі жалпы жағдай жайлы əңгімелеседі. Рейдтік іс-шаралардың нəтижелері көрсеткендей, бағбандар қоғамдық тəртіпті н ы ғ а й ту, қ ұ р а л - с а й м а н д а р м е н а с т ы қ т ы ұ р л ауд ы ң а л д ы н а л у шараларына түсіністікпен қ а р а й д ы . П ол и ц е й л е рм е н б і р ге мұндай жұмыстарға саяжай қауымдастықтарының төрағалары да белсенді атсалысады. Рейд өткен екі күн ішінде с а я ж а й қ ау ы м д а с т ы қ т а р ы н ы ң аума ғ ы н д а 3 2 ə к і м ш і л і к қ ұ қ ы қ бұзушылық анықталды. Олардың 1 7 - с і – т і р кеу с і з н е м е с е ж е ке басты куəландыратын құжатсыз тұру. Сонымен бірге, абаттандыру жəне иттер мен мысықтарды асырау ережелерін бұзған 5 дерек анықталды. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Су айдынындағы шара Гүлмира ТҰЯҚ, Солтүстік Қазақстан облысы

Қ ұ т қ а ру ш ы л а р ж ап п а й б а л ы қ аул ау о р ы н д а р ы н д а « Q y z y l j a r » телеарнасының тілшілерімен бірге Есіл өзені бойында кезекті рейд өткізді. Профилактикалық ісшараның мақсаты – күзгі кездегі төтенше жағдайларды болдырмау жəне алдын алу. Профилактикалық рейд барысында құтқарушылар əр балықшымен түсіндіру жұмысын жүргізіп, күзгі кезеңдегі қауіп-қатер жайлы айтты. Сонымен қат ар, суда жүзу құралдары мен қайықтардың д ұ р ы с т ы ғ ы н т е кс е р і п , о л а р д ы құтқару кеудешесімен жəне суда ж ү з у д ө ң г е л е г і м е н ж а бд ы қ т ау қажеттігі жайлы ескертті. Жед е л - қ ұ т қ а ру ж а с а ғ ы су айдынының маңында демалу ке з і н д е қ а р а п а й ы м қ ау і п с і зд і к

Əдетте күзгі айлар – балық аулау үшін ең жақсы кезең. Ал осы кезеңде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үшін қаланың су айдындарында рейд өткізу жəне демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. ережелерін сақтауды жəне егер де оқыс оқиғаның куəгері болсаңыз,

«112» құтқару телефонына хабарласу керектігін еске салады.

Ойлан, тап!

Соңғы жылдары қолға алынған «Мектепке жол» акциясы мектепке дайындық үшін көпбалалы отбасыларға көп көмегін беруде.

Бала – адамның бақыты. Осы қолымыздағы бақытты ерекше қамқорлықпен бағып-қаға білсек, олар да өскенде өзінен кейінгі жас ұрпаққа соның жемісін берері хақ. Сондықтан бала да біздің əлеміміздің бір бөлшегі болғандықтан балаларға қатысты осындай акциялардың жиі өткізіліп отырғаны ата-аналарға тиімді. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/5 мекемесінде жергілікті атқарушы органдар, мекеме бастығының міндетін уақытша атқарып отырған режим жəне жедел бөлімінің бастығы, əділет подполковнигі Д. Əбдірахман мен осы мекеменің мекеме бастығының тəрбие жөніндегі орынбасары, əділет подполковнигі Ж. Бағымбаевтың басшылық етуімен кішігірім мерекелік шара өтіп, Жем қалалық №5 Жалпы білім беретін орта мектебіне баратын біршама балалардың ата-анасына көмек ретінде мектеп құралдары мен мектеп формалары табысталды. Мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын таба бермек.

Сапаевтар отбасына көмек Е. АБДУЛЛА, Түркістан облысы Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті ИЧ-167/9 мекемесі жеке құрамның күшімен «Мектепке жол» атты акция ұйымдастырылды. Акция аясында ИЧ-167/9 мекемесінің бастығы, əділет подполковнигі А. Құрманбеков, мекеме бастығының тəрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, əділет подполковнигі Қ. Əбубəкіров жəне жеке құрамның қатысуымен, Төлеби ауданының Шахта-Тогус елді мекенінде тұратын Сапаевтар отбасына қайырымдылық жасалды. Сапаевтар отбасының материалдық жəне тұрмыстық жағдайы төмен, аналарының төсек тартып жатқанына 5 жылдың жүзі болған. Отбасында төрт қыз, бір ұл тəрбиеленуде. Осы отбасының мектеп жасындағы үш қызына жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары мен мектеп киімдері тарту етілді. Мұндай акция алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ, əрине. Мекеме қызметкерлері қолдан келген көмекті аянып қалмайды. Сапаевтар отбасындағы ана мен балалардың қуанышын көріп, мекеме қызметкерлері алдағы уақытта да қамқорлық көрсетуге дайын екендерін білдірді.

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТ

Мата Көлем, ауқым

АҚШ басшысы

Түгелдеу

Аң Адам-ат

Дала жəндігі

Өлке Жана

Күйе

Дəл Ауыл

Харам

Қыли

...-қиыр

Өткен сандағы сканвордтың жауаптары Көлденеңнен: Лизинг. Арыз. Ас. Байкал. Сера. Ямаха. Кино. Они. Самай. Манго. Тігінен: гала. Қыран. Зайсан. Сироп. Ойна. Лебзяк. Мина. Кехо. Ми.

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС Бас директор Бимаханбет АСАНОВ Бас директордың орынбасары Бану ƏДІЛЖАНОВА

РЕДАКЦИЯ:

Бас редактор: Ескендір ТАСБОЛАТ Бас редактордың орынбасары: Жадыра ШАМҰРАТОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА Аға тілші: Бауыржан СЕГІЗБАЕВ

Күре жолдағы кешенді дайындық

Б. АЯПОВ, Ақтөбе облысы

... жазасы Түйенің баласы

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Басылым 27.02.2018 жылы ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №16944 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

«Əйтеке би» күрежолдық медициналық құтқару бекетінде оқу-жаттығу өтті. Шара барысында жедел əрекет ету қызметтерінің дайындығы тексерілді. Ондағы мақсат – күре жолдағы жол-көлік оқиғалары кезінде «Əйтеке би» күрежолдық медициналық құтқару бекеті қызметкерлерінің күштері мен құралдардың іс-əрекетке дайындығын бақылау. Оқу-жаттығуға аудандық жол-патрульдік полициясы қызметкерлері жəне «Əйтеке би» күрежолдық медициналық құтқару бекетінің қызметкерлері қатысты. Жол-көлік оқиғасы кезіндегі құлақтандыру, ақпарат алмасу жəне апаттық-құтқару қызметтерінің жедел əрекет ету тəртібі нақтыланды. «Əйтеке би» күрежолдық медициналық құтқару бекетінің аға фельдшері Б. Икласов оқу-жаттығудың маңыздылығын атап өтіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты міндеттері екенін жеткізді.

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «Тауелсіздік-Д» ЖШС баспаханасында басылады. Индексі: 65395 Таралымы: 10515 Тапсырыс: №217

«Тауелсіздік-Д» ЖШС-і Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, 407 тел: 56-97-71 Газет аптасына 2 рет шығады.

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Мадина СҮЛЕЙМЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілшілер: Қанат КӨЛБАЕВ, Бек ИМЕКЕШОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Бауыржан СЕГІЗБАЕВ


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.