Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІ

№36 (4394)

ГАЗЕТ 1933 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

ҚОРҒАНЫС ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ХАЛІ НЕШІК?

Мәжілісте Вице-спикер Владимир Божконың төрағалық етуімен «Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытудың өзекті мәселелері» Үкімет сағаты өтті. Іс-шараны ашу барысында Мәжіліс Төрағасының орынбасары В. Божко Мемлекет басшысы, Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің қорғанысөнеркәсіп кешенін дамыту және оны қолдау мәселелеріне ерекше назарын ескере отырып, өтіп отырған іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Ісшараға Мәжіліс депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас Прокуратура, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Білім және ғылым, Инвестициялар және даму министрліктері, әкімдіктер мен қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Өзара қатынастың өзекті мəселелері

Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрлерінің кездесуі өтті.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенінің қазіргі кезеңдегі жай-күйі мен даму перспективалары және осыған байланысты министрліктің алдына қойған міндеттері жайлы егжей-тегжейлі айтып өтті. Қосымша баяндамамен сөз сөйлеген бейінді комитеттің төрағасы Мұхтар Ерман қорғаныс өнеркәсібі саясатын қазіргі кезеңде жүзеге асырудың бірқатар маңызды аспектілерін айқындады. Депутат олардың ішінде Парламент Мәжілісі «Қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасы аясында қарап отырған, қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту үшін маңызды болып табылатын негізгі аспектілерге ерекше назар аударды. С о н ы м ен қ а т а р , қ о р ғ а н ы с ө не р к ә с і б і кәсіпорындарын жаңғыртуда мемлекеттікжекеменшік әріптестік тетіктерін неғұрлым белсенді пайдалану, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, әскери-техникалық ынтымақтастықты жандандыру, қорғаныс өнеркәсібі кешені үшін кадрларды дайындау қажеттілігі және басқа да мәселелер айтылып өтті.

КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Президент жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында экологиялық ахуалды жақсарту және «жасыл» экономикаға сапалы көшуді қамтамасыз етудің тұжырымдамалық тәсілдері, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың 2013-2020 жылдарға арналған ісшара жоспарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ, Кеңестің осы жылы атқаратын жұмыс жоспарының кестесі қаралып, бекітілді және Кеңестің 2017 жылғы 19 қазандағы Хаттамасының орындалу нәтижелері қаралды. Күн тәртібі бойынша Экологиялық ұйымдарының қауымдастығы төралқасының төрайымы Ә. Назарбаева, Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев, Энергетика бірінші вице-министрі М. Досмұхамбетов, ауыл шаруашылығы вицеминистрі Е. Нысанбаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, «KazWaste» қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығының атқарушы директоры В. Мұстафина, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Б. Есекина және т.б. сөз сөйледі. БҰҰ ДБ-ның «жасыл экономикаға» көшудегі тәжірибесі туралы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Норимасе Шимомура мырза айтып берді.

15.05.2018, СЕЙСЕНБІ

WWW.MEDIAOVD.KZ

Оған Ішкі істер министрі, полиция генералполковнигі Қалмұханбет Қасымов бастаған Қазақстан ІІМ делегациясы, Өзбекстанның Ішкі істер министрі Пулат Бобожонов, сондайақ, қабылдаушы тараптың қызмет басшылары қатысты. Соңғы уақытта Қазақстан көршілес, тарихи тамырлас елдермен өзара байланыстарын нығайтып келе жатқаны белгілі. Соның ішінде биыл Өзбекстанмен барыс-келіс және алысберіс барысы жаңаша қарқын алды. Оған 2018 жылдың «Қазақстандағы Өзбекстан жылы» болып жариялануына байланысты енгізіліп жатқан өзгерістер мен наурыз айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзбек еліне жұмыс сапары дәлел. Сол сапар барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайта түсу туралы келісімшарттар жасалған болатын. Қ а з а қ с т а н м ен Ө з б е к с т а н т е к с а у д а экономикалық қатынастар, мәдени байланыс-

тар саласында ғана емес, жағрапиялық орналасуы әрі жүздеген шақырымға созылатын ортақ шекарасына байланысты қылмыспен күрес саласында да өзара ынтымақтастыққа мұқтаж. Міне, осыған орай екі мемлекеттің Ішкі істер министрліктерінің де ортақ мақсаттары мен көздеген мүдделері бар. Самарқандта өткен іс-шара барысында екі елдің ішкі істер органдарының қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылын нығайту, шекаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, практикалық тәжірибе алмасу мәселелері, сондай-ақ, заң шығару қызметі талқыланды. Қ а з а қ с т а н м ен Ө з б е к с т а н а р а с ы н д а ғ ы ынтымақтастықтың даму қарқыны барлық қызмет саласында көрініс табуда. Сондайақ, ішкі істер органдары арасындағы ынтымақтастықтың да өзіндік тәжірибесі қалыптаса бастады. Біздер екіжақты, сонымен бірге, бірнеше тарап болып та, дәлірек

а й т қ а н д а , Т М Д ж ә не Ш Ы Ұ а я с ы н д а д а бірлескен іс-шаралар атқарамыз, көптеген проблемалар Ішкі істер министрлері кеңесінің отырыстарында талқыланады, – деп атап өтті Қалмұханбет Қасымов. Қазіргі уақытта шекаралас өңірлерде бірлескен Іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Бірлескен іс-қимылдар нәтижесінде бірнеше ауыр қылмыс, қауіпті қылмыскерді іздестіру және құрықтау операциялары сәтті орындалған болатын. Бұған қ ос а , қ ы л м ы с т ы қ і с т е р б ой ы н ш а н а қ т ы құқықтық көмектер де көрсетілді. Бүгінде екі ел арасында бірлескен іздестіру ж ұ м ы с т а р ы ж о л ғ а қ ой ы л ғ а н. М ә с е лен, өзбекстандық әріптестердің сұрауы бойынша 2017 және ағымдағы жылы Қазақстан аумағында 200 қылмыскер іздестірілді. Өзбекстан территориясында Қазақстан жағы іздестірген 26 қылмыскер анықталып, ұсталды. Кездесу барысында Қалмұханбет Қасымов екіжақты ынтымақтастықтың болашағына, шекаралық қылмыс, экстремизм және терроризмге қарсы күрес бойынша шаралар қабылдау және барынша тығыз жұмыс байланыстарын жолға қою мәселелеріне кеңірек тоқталды. Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан Ішкі істер министрліктерінің Ү йле с т і р у т о б ы н қ ұ р у т у р а лы б і р ле с к ен бұйрыққа қол қойылды. Аталған топтың қ ұ р а м ы н а м и н и с т р л і к т е р д і ң б ей і н д і к қызметтерінің бірінші басшылары сайланды. К а з а қ с т а н ды қ д е ле г а ц и я б а с ш ы с ы е к і елдің ІІМ-нің Үйлестіру тобы екі тараптық ы н т ы м а қ т а с т ы қ т ы ң п ә р м ен д і м е х а н и з м і болып табылатынын және жедел-қызметтік ж ұ м ы с т ы ң ә р т ү р л і м ә с е ле ле р і б ой ы нша шаралар қабылдау және жедел қарауға көмектесетінін атап өтті. Іс-шара шеңберінде Қазақстан мен Өзбекстан ІІМ бейіндік қызмет басшыларының екіжақты кездесулері өтті. ІІМ баспасөз қызметі, суретті түсірген Қанат КӨЛБАЕВ

САЛТАНАТТЫ ШАРА

Ұлы ерліктер ұрпақ жадында Б. БАДАШЕВА, Павлодар қаласы Павлодар облысы бойынша ҚАЖ д е п а р т а м ен т і не қ а р а с т ы А П - 1 6 2 / 2 мекемесінде қызметтік міндеттерін орындауда қаза болған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне естелік мемориал ашылды. Осы бейбіт заманда суреті мен аты-жөні қара тасқа жазылып, үнсіз тұрған бейнеге тек шоқ гүлдері қойылғаны жанға батып, жүректі тебірентеді. Алайда, қолдан келер шара жоқ, бас иіп, тағзым етіп, үнсіздік жариялағаннан басқа. «Тұлпарда да тұлпар бар, қазанаты бір басқа, жігітте де жігіт бар, азаматы бір басқа» демекші, қоғамдық тыныштық пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауда жанын қиған, террорлық шабуыл кезінде өз өмірлерін құрбан еткен азаматтарымыз, бүгінгі бейбіт күннің батырлары аз емес. Олардың қатарында полиция капитаны Ғазиз Байтасов, полиция лейтенанты

Тимур Бегасылов, әділет сержанты Жансерік Қашымбеков, полиция старшинасы Аян Ғазизов, полиция кіші сержанты Мақсат Сәлімбаев, полиция сержанты Серік Әбілдаев, полиция капитаны Бауыржан Нұрмаханбетовтермен бірге, Павлодар заң колледжін тәмамдап, өзінің туған жеріне қызмет етем деп барған өрімдей жас қыз, өзі қызмет етіп отырған мекемедегі сотталғанның қолынан қаза тапқан ә д і ле т ле й т ен а н т ы Ольга Васильевская мен қандықол қарақшының қолынан қаза тапқан полиция лейтенанты Арли Харки де бар. Мекеменің басшылығы мен жеке құрамы жаппай атсалысып, өздерінің

күшімен қызметкерлерге арнап ескерткіш тасын орнатты. Ескерткіш мемориалдың ашылуына қаза болған қызметкерлердің туыстары Алматы қаласынан, Жамбыл облысынан, Көкшетау, Балқаш қалаларынан келіп қатысты. Сонымен қатар, Павлодар облыстық Ішкі істер департаменті, облыстық прокуратура, Павлодар қаласының әскери бөлімшелерінің өкілдері мен Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ардагерлері және басшылық құрамы шақырылды. Ескерткіш мемориалдың ашылу рәсімінен кейін, дастарқан жайылып, Павлодар қаласының орталық мешітінің имамы Медет қажы Құран бағыштады. Тәуелсіз елімізде, оның ішінде ішкі істер органдарында осындай кеудесін оққа тосатын, жанын беріп, аянбастан арпалысқа түсе білетін қызметкерлердің бар екені біз үшін үлкен мақтаныш, ал қызметке келген жас мамандарға үлгі. Қаза болған ерлеріміздің ерлігі мен жарқын істері біздің есімізде мәңгілікке сақталады.


2 Ə

-А М Е Л

ЖАҢАЛЫҚТАР №36 (4394),№ сейсенбі, 15.05.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

Қ

АТ Р А П

Корея

Жоғары деңгейдегі келіссөздер

Осы аптада Оңтүстік және Солтүстік Корея арасында өтетін жоғары деңгейлі келіссөздерде екі ел басшыларының 27 сәуірдегі тарихи саммитінде қол жеткізген келісімдерін іске асыру талқыланады, деп хабарлайды Ренхап агенттігі Оңтүстік Корея Бірігу министрлігіне сілтеме жасап. Бұған дейін министрлік апта басында кездесу өткізу туралы ұсыныс жасалғанын, бірақ Пхеньяннан әлі жауап келмегені туралы мәлімдеген. «Екі ел арасындағы кеңестер әлі жалғасып жатыр. Кездесу осы аптаның ішінде өтеді деп күтіп отырмыз», – дейді министрліктің ресми өкілі Пэк Дэ Хён.

Кездесуде басты назар Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын 27 сәуір күні Пханмунджомда қол қойған тарихи декларацияның орындалуына бағытталған нақты қадамдарды талқылауға аударылады. Президенттер қол қойған бірлескен декларация екі тараптың бір-біріне бағытталған барша қастық әрекеттерді тоқтатуды көздейді. Құжатқа сәйкес, Солтүстік Кореяның Кэсон қаласында екіжақты байланыс жөніндегі кеңсе ашылады. Тараптар экономикалық ы н т ы м а қ т а с т ы қ т ы қ а й т а ж а н д а н ды р у мүмкіндіктерін қарауға уәде еткен. Олар, сондай-ақ, 15 тамызда Азат ету күніне орай 1950-53 жылдардағы Корея соғысы кезінде ажырап кеткен отбасыларды кездестіруге келісті.

Үндістан

Шаңды дауылдың шырғалаңы «Елдің солтүстігінде жексенбі күні найзағайлы шаңды дауылдан кем дегенде 40 адам қайтыс болды», - деп жазады Times of India басылымы. Басылымның ақпараты бойынша, ауа райының тосын мінезінен Уттар-Прадеш, Андхра-Прадеш, Батыс Бенгалия мен Дели елордалық округі зардап шеккен. Айта кетсек, бұл осымен соңғы күндері Үндістанның солтүстігіне тап берген үшінші дауыл. 10 мамыр күні болған дауылдың кесірінен алдын ала бағалау бойынша 11-ден 13-ке дейін адам қайтыс болды. Бұған дейін, 2 мамырда болған дәл осындай табиғаттың тосын мінезінен 120-ға жуық азамат қаза тапқан. Бұл күні дауылмен қатар жаңбыр жауып, найзағай жарқылдаған.

АҚШ

Пикассоның автопортреті неге бүлінді?

Америка Құрама Штаттарында аукцион алдында әйгілі испан суретшісі Пабло Пикассоның 70 млн доллар тұратын «Теңізші» атты автопортреті бүлінді. Аталған автопортретті Christie’s үйі ұйымдастыратын аукционда сатылымға шығару жоспарланған. Бүлінген суреттің иесі – белгілі америкалық миллиардер Стив Уинн. Bloomberg агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, портрет реставрацияға жіберіледі. Бірақ, Пабло Пикассоның 70 млн доллар тұратын суреті қалай бүлінгені жөнінде ақпарат берілмей отыр.

е-mail: nastraje@mail.ru

Тамырлас елдердің тағдыры ортақ Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевты қабылдады. Н. Нығматулин мейманды елшілік қызметінің басталуымен құттықтап, оның мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесі біздің елдеріміз арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Мәжіліс Спикері атап өткендей, Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды с т р а т е г и я л ы қ ә р і п т е с і . Б ү г і н д е қ ос е л президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеевтің өзара түсіністік пен тату достыққа негізделген бірлескен іс-қимыл нәтижесінде

көпқырлы ынтымақтастықты жоғары деңгейде дамытуға қол жеткізілді. Палата Төрағасы аймақтық және шекаралық әріптестіктің даму деңгейіне көңіл бөліп, осы жылы тұңғыш «Қазақстан – Өзбекстан» аймақаралық форумы өтетінін, ол екі мемлекет арасындағы саудаэкономикалық ықпалдастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті. К е з д е су б а р ы с ы н д а м ә д ен и с а л а ғ а д а айрықша назар аударылып, осы ретте С. Ниязходжаев екі елдің уақыт сынынан өткен тарихи тамырластығын алға тарта келіп, екі ел басшыларының өткен жылғы мемлекеттік іссапарлары екіжақты қарым-қатынастың жаңа белесін бастағанын айтты. Тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығына тоқталды. Осы орайда Мәжілісте құрылған Өзбекстанмен ынтымақтастық жөніндегі және Олий Мәжілістегі Қазақстанмен достық топтары екіжақты, соның ішінде, парламентаралық байланыстарды тереңдетуде ықпалы зор екендігі және олардың әлеуетін белсенді пайдалану керектігі айтылды.

Астана процесі жалғасын тапты

Елордада барлық кепілгер елдер делегацияларының қатысуымен Сирия бойынша Астана процесі аясында екіжақты және үшжақты келіссөздер басталды. Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы хабарлағандай, келіссөздер жабық түрде өткізіліп жатыр. Қазақстанның астанасына, сонымен бірге, Башар Джаафаридің басшылығындағы үкімет делегациясы мен БҰҰ делегациясы келіп жетті. Сирия бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы уәкілі Стаффан де Мистура елордаға кеше күндіз келді. Сирия қарулы оппозициясының делегациясы бүгін түнде келеді деп күтіліп отыр. Әнуар Жайнақовтың хабарлауына қарағанда, Астанадағы Сирия бойынша келіссөздердің осы раундына АҚШ делегациясы қатысудан қалыс қалған. Осыған дейін хабарланғанындай, кепілгер елдерден алынған ақпараттарға сәйкес, Астанадағы келіссөздер барысында тараптар Сириядағы қазіргі жағдайды, соның ішінде деэскалация аймақтарында гуманитарлық мәселелерді және сенімді нығайту шараларын талқылайды, сондай-ақ, осы араб еліндегі дағдарысты реттеу процесін дамытуды үйлестіру мәселелерін қарауға ниетті.

100 отбасыға жаңа баспана Атыраудың Нұрсая ықшам ауданында жаңа көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Бұл туралы Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Спикердің айтуынша, өңірде жастар саясаты мәселелері басқармасы жастармен қарқынды жұмыс жасап, қайырымдылық пен кәсіпкерлікке қолдау білдіріп, жұмысқа орналасу мен тұрғын үй мәселелері бойынша көмек көрсетіп келеді. «Биыл бізде көптеген өзгеріс бар. Студенттерге қоғамдық көлікте жүруге 50% жеңілдік берілді, бұған жергілікті бюджеттен 313,6 млн. теңге бөлінді. Бұдан бөлек, осы жазда «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2000 студент қамтылады, оларға 61 000 теңге көлемінде айлық төленеді. Айта кету керек, осы жылдың шілде айында жас отбасыларға «Жас Отау» бағдарламасы бойынша 100 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі», – деді Роллан Құспан. Мұнайлы өңірде мемлекеттік бағдарламалар да қарқынды іске асуда. «Дипломмен ауылға» б а ғд а р л а м а с ы б ой ы н ш а 3 2 ж а с м а м а н ға бюджеттік несие берілді, 125-і бір реттік әлеуметтік көмекпен қамтылды. Жұмыспен қамтуға байланысты 2017-2021 жылдарға

арналған бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту және өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жұмыс орнында 2419 жас, оның ішінде ауылдық жастардың 2020 өкілі қамтылды. «Бизнес Бастау» жобасының мәліметі бойынша, 1 325 адам кәсіпкерліктің негізін үйренді, оларға 669.938 миллион теңге көлемінде микрокредиттер берілді», – дейді басқарма басшысы.

Жаңа нұсқадағы жылы аялдама Елорданың оң жағалауында Digital euro city форматындағы жаңа жылы аялдама орнатылды. «Назарларыңызға бірегей жоба - Digital euro city форматындағы жаңа жылы аялдаманы ұсынамыз. Жылы аялдамаларға әркім әртүрлі көзқараста, дегенмен қоғамдық көліктің әрбір тұтынушысына, Астана қонақтарын есепке алмағанда, қала тұрғындарының 60-70% қолайлы болу үшін аса ыңғайлы аялдама нұсқасын орнаттық», – деп жазды аудан әкімі өзінің Facebook парақшасына. Аялдама Кенесары-Сарыарқа көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл халық көп шоғырланған аумақ және жақын маңдағы ЖОО келушілері үшін ыңғайлы болмақ. Аялдама 3 секторға бөлінеді: біріншісі – күту залы, мұнда жолаушылар автобус кестесімен және бағыттармен таныса алады. Тағы бір артықшылықтардың бірі – тегін Wi-Fi (тестілеу режімінде), телефон қуаттайтын көздер мен тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі.

Екінші сектор – жабық күту залы. Бұл қысқы аяз бен жазғы аптап ыстықта үлкен сұранысқа ие болмақ. Зал ауа баптау және жылыту жүйесімен жабдықталған, автобустар кестесі мен бағдар картасы ілінген. Үшінші сектор сауда-саттыққа, минимаркеттерге арналған. «Жыл соңына дейін дәл осындай еуропалық нұсқадағы 26 аялдама орнатылады. Әкім тапсырмасына сәйкес, мұндай аялдамалар ең алдымен әлеуметтік нысандар маңында тұрғызылуы тиіс», – деп түсіндірді Арман Тұрлыбек. Одан бөлек, кез келген тілек білдіруші еуропалық жылы аялдамаларды орнатуға инвестиция құя алады. Бұл үшін «Астана» ӘКК арқылы тағы 145 орын әзірленген, сондайақ, инвесторға минимаркет бөлігі беріледі. Кенесары-Сарыарқа қиылысында орнатылған аялдама жеке инвестор есебінен тұрғызылған.

Түлектер кешінің талаптары Биыл Астанада 6 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді. Оның 275-і – «Алтын белгіден» үміткер. Астана қаласының Білім басқармасы атап өткендей, биыл жалпықалалық мектеп бітіру кеші болмайды. «15 маусымда барлық мектепте аттестат табыстау салтанаты өтеді. 24 мамырда дәстүр бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздарына арнап «Триум» балын өткізуді жоспарлап отырмыз. Маусым айының соңында «Алтын белгі» иегерлерін құрметтейтін боламыз», – делінген басқарманың хабарламасында. Б ұ ғ а н қ ос а , б а с қ а р м а д а м е к т е п б і т і р у кештеріне қойылатын талаптар туралы айтылды. «Ешқандай талап жоқ, таңдауды ата-аналар өздері жасайды. Олар ұжым болып мектеп бітіру кешін қайда өткізетінін таңдайды. Мектептер кештің уақыты мен орнын айтып, сәйкесінше біз ұстаздар мен инспекторлардан кезекшілік ұйымдастырамыз», – деді басқарма өкілдері.

Татарстан музейінің тартуы

Татарстанның Ұлы Отан соғысы ұлттық музейі Қарағанды ардагерлер кеңесіне Қазақстанның 107 жауынгері мен офицерінің марапаттар парағының көшірмесін сыйға тартты.

«Қарағанды облысының Ардагерлер кеңесіне Татарстанның Ұлы Отан соғысы ұлттық музейінен Қазақстаннан соғысқа шақырылған 107 жауынгер мен офицердің марапаттар парағының көшірмесін сыйға беру туралы хат келді. Электронды пошта арқылы жіберілген осы құжаттардың арқасында Қарағанды облысынан соғысқа шақыртылған үш жауынгер табылды», – делінген хабарламада. Атап айтар болсақ, олар 10-шы гвардиялық танк корпусының 627-ші автоматшылар батальонының санитары Айтжан Батырбеков. Ол 1913 жылы туған және 1942 жылы 18 маусымда Қарағанды облысы жезқазғандық АӘК-тан Қызыл әскер қатарына шақырылған, Қызыл жұлдыз және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған. Сонымен қатар, 89-шы Таман дивизиясының 526-шы атқыштар полкы 3-ші батальоны 7-ші рота командирі Құрманғали Жақсымбаев табылды. Ол 1920 жылы туған және әскерге 1940 жылы 17 қарашада шақыртылған. Үшінші майдангер 1925 жылы туған және әскерге 1943 жылы 26 қарашада шақыртылған Григорий Афанасьев, «Ерлігі үшін» медалімен екі рет марапатталған. Бүгінде аталған соғысқа қатысушылардың Қарағанды облысында туысқандары іздестірілуде.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №36 (4394), 15.05.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

БАСҚОСУ

Серпін алған серіктестік Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суретті түсірген Қанат КӨЛБАЕВ Кеше Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов Миграция бойынша халықаралық ұйым өкілдерімен, атап айтқанда, ұйымның бас директоры Ульям Свинг, ұйымның Орталық Азия бойынша координаторы Деян Кесерович, ұйымның Қазақстандағы өкілдігінің, адам саудасына қарсы күрес бөлімінің бағдарламалық ассистенті Жұмажан Жолдасбековпен кездесті.

Шараға Қазақстанның Ш в ей ц а р и я д а ғ ы Т ө т ен ш е ж ә не өкілетті елшісі Жанар Айтжан, Аппарат жетекшісі, милиция генералмайоры Марат Бұқанов, ІІМ Штаб департаментінің бастығы, полиция полковнигі Серік Сүйінбаев қатысты. Жұмыс кездесуін ашқан Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы: «Ішкі істер министрлігі халықаралық ұйымдармен, оның ішінде Миграция бойынша халықаралық ұйыммен өзара әрекеттестік орнатуға аса мән береді. 2016 жылы бұл ұйым БҰҰ-ның агенттік статусын алғанын білеміз. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі жаңа келісім жасауда, онда екі тараптың өзара байланысының барлық аспектілері көрсетілетін болады. Біздің елімізде миграция бойынша құзырлы орган – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі. Алайда, заңсыз миграцияға қарсы күрес жүргізу, елімізге келушілерді уақытша тіркеу, тұрақты мекен етуге рұқсат беру, азаматтық беру мәселесін қарау, дактилоскопия, есепке алу және тіркеу – Ішкі істер министрлігінің құзыретіне жатады. Біздің екіжақты келісіміміз аясында полиция қызметкерлерімен

түрлі тренингтер өткізіліп келеді. Былтыр Петропавл қаласында полиция қызметкерлерімен семинаркеңес өткізген едіңіздер. Сондай-ақ, Миграция бойынша халықаралық ұйым сарапшыларының қатысуымен Қазақстанда миграцияның қылмыстық ахуалға әсері, жұмыс күшінің қажеттілігі сұрақтары бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілді. Соның негізінде, елімізде 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарлама миграцияға қатысты мәселелерді жетілдіруге мүмкіндік береді. Сол үшін сіздерге алғыс айтамын», – дей келе ведомство басшысы еліміздің миграциялық ахуалына қысқаша тоқталды. М и н и с т р д і ң м ә л і м д еу і н ш е , Қ а з а қ с т а н н ы ң г ео г р а ф и я л ы қ жағдайы көші-қон легінің жандануына қолайлы. Жыл сайын біздің еліміз арқылы 6 млн мигрант өтеді, оның 1 миллионы елімізде жұмыс істеуге қалса, қалғандары ел аумағы арқылы өзге мемлекетті бетке алатындар. Ведомсто басшысының сөзіне қарағанда, елімізде миграциялық процестерді жетілдіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгінде 60-қа

таяу мемлекетке біздің елімізде 30 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат етілді. Сонымен қатар, 48-ге жуық мемлекеттің азаматтарына визаны беру жеңілдетілген. 2014 жылдан бері шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі де біраз жеңілдетілген. Ведомство басшысы айтқандай, бұл біріншіден, шетелдік жұмыс күшін тарту ісінде жемқорлықты, заң бұзушылықты жоюға, екіншіден, жыл сайын елімізде 1 млн-ға жуық шетелдік жұмыс күшін заңдастыруға мүмкіндік берді. «Біз бүгінде барлық Үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыс орнаттық. Қазіргі уақытта Миграция бойынша халықаралық ұйыммен бірлесіп интернет арқылы жасалатын адам саудасына қарсы күрес жобасын қолға алдық. Бұл бағдарлама үш жылға есептеліп, Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда зертт еу ле р ж ү р г і з у г е б а ғ ы т т а л ғ а н. Миграция үдерісіне серпіліс әкелетін бұл жұмыстар үшін алғыс айтамын. Сіздердің ұйымдарыңызбен бұдан әрі жемісті жұмыс істейтінімізге сенемін», – деп түйіндеді сөзін министр. О д а н ә р і М и г р а ц и я б ой ы н ш а халықаралық ұйымның бас директоры Ульям Свинг аталған ұйымға қолдау көрсеткендері үшін қ а з а қ с т а н ды қ т а р а п қ а а л ғ ы с ы н айтты. «Сіздердің серіктестеріңіз болу, сондай-ақ, министр мырза, өзіңіз жоғарыда атап өткен миграция мәселелері бойынша 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама саясатының концептуалдық негізін қалауға үлесімізді қосу – біз үшін үлкен мәртебе. Сіздер 2013 жылы басталған Алматы процесіне қолдау көрсетіп келе жатқандарыңыз үшін алғыс білдіремін», – деді өз сөзінде. Оның сөзін жалғастырған Деян Кесерович екі тарап арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Жұмыс к е з д е су і со ң ы н д а І ш к і і с т е р министрі Қалмұханбет Қасымов Миграция бойынша халықаралық ұйымның бас директоры Ульям Свингке ІІМ-нің эмблемасын табыстады.

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

Тілге деген тілек бөлек Қуаныш МЕДЕУБАЕВ, Қарағанды облысы Жақында Қарағанды облыстық ІІД-де «Мемлекеттік тілді дамыту – рухани жаңғыру кепілі» атты семинар өтті. Шараға мемлекеттік мекемелердегі тіл мамандары, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі Жұпар Жақанова шақырылды. Ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының тіл мамандарының ұйымдастыруымен

өткен шара мазмұнды, әрі жүйелі өрбіп, нәтижесі көңіл қуантты. Семинардың басты жетістігі Жұпар Рысқұлқызының қолдауымен Ішкі істер департаментінің 600 қызметкері мемлекеттік тілді меңгеру біліктілігін арттыру мақсатында «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы сынақтан өтетін болды.

Департаменттің тіл мамандары Шолпан Жұмабаева мен Айтолқын Исинаның баяндамаларындағы с т а т и с т и к а ғ а с ү йен с е к , қ ұ ж а т айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 91 пайызды құрайды. Сонымен қатар, тіл мамандарының арқасында қызметкерлерді бастауыш және жалғастырушы топтарға бөліп оқыту да жолға қойылған. Ендігі мақсат – сол қызметкерлердің «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы біліктілік деңгейін анықтау. Осы тұста, департаментіміз Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының, тілдерді оқыту орталығының тарапынан қолдауға ие болып, орталықтың аға әдіскері, «Сарыарқа» оқу-әдістемелік к е ш ен і н і ң ж о б а ж е т е к ш і с і , ә р і авторларының бірі, «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша «оқылым» бөлігінің тұрақты әзірлемешісі әрі сарапшысы, «ҚАЗТЕСТ» стандартын жасауға қатысқан Жұпар Рысқұлқызы тарапынан қолдау тапты.

е-mail: nastraje@mail.ru

3

БРИФИНГ

Тексеріс қорытындылары

Кеше ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильиннің қатысуымен брифинг өтіп, онда адамдар жаппай жиналатын объектілерде өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексерулер қорытындылары және 2018 жылғы өрт қауіпті маусымға әзірлік туралы ақпарат берілді. Азаматтық қорғау органдары 2 сәуірден бастап адамдар жаппай жиналатын сауда объектілерінің (жалпы ауданы 1500-ден көп) өртке қарсы жай-күйін тексеруді жүзеге асырды. Тексерілген объектілерде 15 мыңнан астам бұзушылық анықталды. 23 объектіде бұзушылық болған жоқ. Барлық кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы айыппұл сомасы 18 млн теңгеден астам. Объектілер басшыларына бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді (жоюды бақылау мерзімі мамыр-шілде айлары). Тексерулер нәтижелері туралы толық ақпаратты сіздер Төтенше жағдайлар комитетінің сайтынан көруге болады. Заң бұзушылықтардың дені – эвакуациялау жолдарын пайдалануға байланысты, соның ішінде қосалқы есіктердің жабық болуы, есіктердің эвакуация жолы бойынша ашылмауы, эвакуация жолдарында және баспалдақ марштарының астында бутиктердің орналасуы, эвакуациялау жолдарына сілтеме жасайтын көрсеткіштердің болмауы және т.б. Сондай-ақ, тексерулер барысында персоналмен, күзет құрылымымен және объектіге келушілермен міндетті түрде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша нұсқаулықтар және өрт жағдайындағы іс-қимылдар бойынша машықтанулар өткізіледі. Бүгінде 41 мыңнан астам адам оқытылды. Бұдан өзге, ірі сауда объектілерінде өрт сөндіру қызметтері 494 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Ашықтық пен объектілікті қамтамасыз ету мақсатында тексеру процесіне кәсіпкерлер палатасының, қоғамдастықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері тартылады. Адамдар жаппай жиналатын объектілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында ІІМ тиісті Жол картасын әзірледі және келісу рәсімінен өтуде. Жол картасында мына мәселелерді қарау көзделді: - мемлекеттік бақылауды қатаңдату; - қоғамдық бақылауды күшейту; - құрылыс нормалары мен қағидалар жиынтықтарын қайта қарау; - тіршілік әрекеті негіздерін оқыту жүйесін қайта қарау. Брифингтің екінші бөлігінде берілген мәліметтерге сәйкес, жыл сайын республикада орта есеппен 4 мың табиғи өрт оқиғасы орын алады. Орман өртінің шамамен 80%-ы адамның кінәсінен болады. ТЖК егіс науқаны кезеңінде республиканың орман-дала алаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын ала шаралар қабылдауда. Табиғи өрттердің алдын алу және ден қою үшін ІІМ мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен 2018 жылғы өрт қауіпті кезеңде орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірледі. Елдегі өрт қауіпті жағдайдың асқыну жағдайына шұғыл ден қою тәртібін анықтау мақсатында аймақаралық сипаттағы орман-дала өрттерін жоятын Үкіметтік жоспар түзетілді. ТЖК аумақтық бөлімшелері орман-дала алаптарында өрттердің профилактикасы аясында 4,5 мыңнан аса адамды қамти отырып, 243 нұсқама, 75 жиын және 42 дөңгелек үстел, сондай-ақ, 25 бірлескен оқу-жаттығу өткізді. Осы дөңгелек үстелдер барысында шаруа қожалықтарының басшыларына егіс және жинау науқанын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау туралы ақпарат берілді. ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

СЕМИНАР

Оқыту бағдарламасы əзірленді Үкіметтің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №912 қаулысымен ІІМ Қостанай Академиясының базасында пробация қызметі мамандарын оқыту орталығын ашу қарастырылған.

Аталған істің жүзеге асуына «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» жобасының өкілдері белсене атсалысуда. Жуырда осы жобаны жүзеге асыру бойынша халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қостанай Академиясында пробация қызметі мамандарын оқыту мәселелері бойынша семинар өтті. Іс-шараға «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» жобасының жетекшісі Бен Зенгерик, Академия профессорлық-оқытушы құрамының өкілдері және Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметінің қызметкерлері қатысты. Семинар жұмысы екі бағыт бойынша жүргізілді. Атап айтқанда, пробация қызметі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу және пробация мамандарын оқыту орталығының тиімді қызмет етуі үшін стратегиялық ұйымдастырушылық құрылым әзірленді. Семинар қорытындысы бойынша пробация қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған оқу процесін жетілдіру бойынша барлық ұсыныстар назарға алынып, оқыту бағдарламасына енгізілетін болды. Қостанай Академиясының Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты


4

ҚЫЗМЕТ №36 (4394),№ сейсенбі, 15.05.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

ЖИЫН

АЙМАҚ

Аудандық бекеттің ауқымды қызметі

Суицид – саналы қоғамға жат Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

Елімізде төтенше жағдайлар саласының көзге көрінбейтін күнделікті атқарып жатқан жұмысы қыруар. Олар халықтың қауіпсіздігіне өз үлестерін қосуда. Жуырда Ақмола облысы Целиноград ауданына сапарымыз барысында №22 Өрт сөндіру бөлімінің қызметімен танысып қайтқан болатынбыз.

Аудан орталығы Ақмол ауылындағы №22 ӨСБ 2007 жылдың қаңтар айында құрылған. Бөлім «Ақмола феникс» АҚ-тың 1995 жылы салынған ауыз суды хлорлап тазарту ғимаратында орналасқан. 2007 жылдың ақпан-қыркүйек айларында бұл ғимаратқа жөндеу жүргізілген кезде ӨСБ-нің жеке құрамы мен техникасы акционерлік қоғамның автоколоннасының а у м а ғ ы н д а ғ ы ө р т д е п ос ы н а уақытша тұрақтапты. Бөлімнің 3 елді мекенде, атап айтқанда, Қабанбай батыр, Максимовка және Софивка ауылдарында өрт сөндіру бекеттері бар. Максимовка ауылындағы өрт сөндіру бекеті 2004 жылы ашылып, 2007 жылдың қаңтар айына дейін дербес қызмет етіп келген. Бөлім ашылған соң, соның қарамағына берілген. Онда қазір 14 адам жұмыс

істейді. Олар – бекет бастығы мен 4 бөлімше командирінен бөлек, 4 өрт сөндіруші, 1 аға жүргізуші және 4 жүргізуші. Өрт бекетінің теңгерімінде бір негізгі техника бар. Ол 1989 жылғы Зил АЦ-40 (130) 63Б өрт сөндіру техникасы. Бекет 1972 жылы салынған өрт сөндіру депосында орналасқан. Ғ и м а р а т ү ш б ө л м е д ен т ұ р а ды , атап айтқанда, бөлімнің байланыс пункті, жатын бөлмесі және өрт сөндіру автокөлігіне арналған бокс. Қабан бай батыр ауыл ын дағы өрт бекеті де 2006-2007 жылдары өз алдына дербес қызмет еткен. Бүгінде ондағы штат саны 13 адамды құрайды. Өрт бекетінің теңгерімінде үш негізгі техника бар. Олар – 1972 жылғы Зил АЦ-40 (130), 1987 жылғы Зил АЦ-40 (130) 63Б және 2008 жылғы Урал АЦ5,5-40 (5557) өрт сөндіру техникалары. Бұл бекет «Нұра» ЖШС-ның Қабанбай батыр ауылындағы 1969 жылы салынған бұрынғы автокөлік гаражында орналасқан. 2006 жылы депоға ағымдағы жөндеу және қайта жобалау жұмыстары жүргізілді. Ал Софиевкадағы өрт сөндіру бекеті 2012 жылы ашылған. Онда 14 адам қызмет етеді. Бекет паркінде екі техника бар. Олар – 2007 жылғы Урал АЦ-6-40 (4320) және 2003 жылғы Зил АЦ-3,2-40 (433110) көліктері.

«№22 ӨСБ-ның штаттық кестесінде 64 адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 3 адамның орны бос. ӨСБ-нің техникалық паркінде 9 негізгі өрт сөндіру техникасы бар. Оның ішінде, 4 техника – жол талғамайтын көлік. Барлық автокөліктер техникалық жағынан жарамды. Әскери жұмылдыруға арналған техникалар сүйрету қ ұ р а л д а р ы м ен, м е д и ц и н а л ы қ алғашқы көмек аптечкаларымен және қосымша шанц-саймандармен жабықталған. Бөлім бөлімшелерінде «Кенвуд» маркалы 4 стационарлы радиостанса, 7 жылжымалы және 11 алып жүрмелі радиостанса бар. Целиноград ауданының №22 ӨСБ-де 2018 жылдың басынан бері қызмет атқаруды жақсарту, жеке құрамды оқыту және материалдықтехникалық базаны нығайту бағытында бірқатар жұмыстар

ж ү р г і з і п к е ле д і . О с ы м е р з і м д е бөлімнің қызмет көрсету аумағында 45 өрт дерегі тіркелді. Соның ішінде 42 өрт тұрғын үй секторында орын алған болса, 3 жағдайда автокөліктер өртенген. Өрт кезінде у л ы г а з д а н қ а з а б о л ғ а н д а р не месе жарақат алғандар жоқ. Одан бөлек, 23 апаттық-құтқару ж ұ м ы с т а р ы ж ү з е г е а с ы р ы л ды . Олар – су тасқыны, жоғалған адамды іздестіру, жол-көлік оқиғалары және полиция қызметкерлеріне көмектесу кезіндегі жұмыстар», – дейді №22 ӨСБ бастығы, азаматтық қорғау майоры Ғали Байзақов. Өрт сөндіру жұмыстарын сум ен қ а м т у м ә с е ле с і н д е б ө л і м б а с ш ы л ы ғ ы а у д а н б ой ы н ш а бірқатар шараны жүзеге асырып қойыпты. Соның бірі – қызмет көрсету аумағындағы барлық өрт сөндіру гидранттары мен су қоймаларын есепке алу. Бекітілген тексеру жүргізу кестесіне сәйкес бөлім қызметкерлері аудандық «Целиноград Су Арнасы» КМК, «Қосшы коммуналдық қызмет» К М К ж ә не Т Ү К Ш ө к і л д е р і м ен бірлесе отырып өрт сөндіруді сумен қамту бойынша тексерулер жүргізіп, гидранттар мен су қоймаларының бар-жоғын, жарамдылығын қарап, т и і с т і қ ұ ж а т т а р ы н т о л т ы р ғ а н. Сол есеппен алғанда №22 ӨСБ-

е-mail: nastraje@mail.ru

нің қызмет көрсету аумағында 1353 өрт гидранты бар. Тексеру к е с т е с і не с ә й к е с о н ы ң 6 3 2 - с і тексерілді. Олардың 519-ы жұмыс істеп тұр. Олар Ақмол ауылында (84 ӨГ), Өтеміс ауылында (6 Ө Г ) , О т а у т ү с к ен а у ы л ы н д а ( 9 ӨГ), Максимовка ауылындағы өрт сөндіру бекетінде (77 ӨГ), Қабанбай батыр ауылындағы өрт сөндіру бекетінде (153 ӨГ), Қосшы ауылында (15 ӨГ), Софиевка ауылында (48 ӨГ), Қоянды ауылында (208 ӨГ), Оразақ ауылында (32 ӨГ) орналасқан. Қараөткел (446 ӨГ) және Қосшы (199 ӨГ) ауылдарындағы қалған гидранттар пайдалануға берілмегендіктен тексерілген жоқ. Ал аудандағы бірқатар елді м е к ен д е р д е ө р т с ө н д і р у д і су м ен қ а м т у н ы с а н д а р ы м ү л д е м жоқ. Олар Қараөткел, Қаражар, Новоишимка, Ақмешіт, Луговое, Семеновка, Талапкер, Төңкеріс, Форфоровая, Мортық, Қажымұқан, Жаңғызқұдық, Красноярка, Ағанас, Қаратомар, Нұра, Ворошиловка, Тайтөбе, Қызылсуат, Антоновка, Аполоновка, Миновка ауылд а р ы ж ә не Ж а й н а қ , Қ ос ш о қ ы , Тастақ стансалары мен №93, №96 бекеттері. « Б ұ ғ а н қ ос а , б ө л і м ш е ле р д і ң шығу аумақтарындағы елді мекендерде мерекелік шараларды өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі мәселелерін қамтамасыз ету үшін жедел жоспарлар мен өрт сөндіру карточкалары өңделіп, түзетілді, сол жерлердегі сумен қамту нысандары тексерілді. Қ ы з м е т к е р ле р д і ң ә с к е р и д а й ы н ды ғ ы н ж ә не б і л і к т і л і г і н арттыруда бірқатар жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде кіші және орта басшылық қ ұ р а м ды қ ы з м е т т і к д а й ы н д а у мақсатында жүргізілетін сабақтар олардың кәсіби шеберлігін одан ә р і ү з д і к с і з ж е т і л д і р е т ү су г е б а ғ ы т т а л ғ а н. С а б а қ т а р а р найы дайындалған тақырыптық ж ос п а р ғ а ж ә не с а б а қ т а р кестесіне сәйкес өрт сөндіруді ұйымдастыру, медициналық, әлеуметтік құқықтық дайындық, қауіпсіздік техникасы, азаматтық қорғаныс және мемлекеттік тілді о қ ы т у м ә с е ле ле р і н қ а м т и д ы . Қосымша ҚР заңнамаларын оқыту да қарастырылған», – дейді бөлім бастығы Ғали Ахметханұлы. Аудандық өрт сөндіру бөлімі ұжымының тыныс-тіршілігі, қ ы с қ а ш а а й т қ а н д а , ос ы н д а й . Ө з д е р і не ж ү к т е л г ен м і н д е т т е р м ен т а п с ы р м а л а р д ы а б ы р ой м ен о р ы н д а п о т ы р . Ә й т с е д е , а ғ ы м д а ғ ы м ә с е ле ле р д е ж о қ емес. Олар – Ақмол ауылындағы қазіргі отырған ғимараттарына су т а р т ы л с а ж ә не М а к с и м о в к а ауылындағы өрт сөндіру бекетіне қосымша бокс құрылысы салынса деген тілек. Суреттерді түсірген автор

11 мамыр күні Батыс Қазақст ан облысы Төтенше жағдайл ар д епарт ам ен т і баст ы ғ ы н ы ң о ры н басар ы , подпол ков н ик А. Ахметжановтың төрағалығымен азаматтық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы суицидтің профилактикасы бойынша жиналыс өтті. Шараға облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Қарлығаш Тоқсанова және «Дін істері бойынша зерттеу орталығының» оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бөлім бастығы Наурыз Убаев қатысты. Жиналыс барысында психолог Қ. Тоқсанова суицидтің түрлері, адамдарда пайда болатын суицидтік көңіл-күйдің негізгі себептері туралы айтты. Аталмыш семинардың мақсаты – жеке құрамға суицидтік тенденцияның негізгі белгілерін анықтау, трагедиялық жағдайларды болдырмау және оның профилактикасының тәсілдерін түсіндіру, психологиялық кеңес беру. – Суицид – саналы түрде өз өмірін қию. Әдетте өз бетінше және ерікті түрде жүзеге асырылады, алайда, басқа нұсқалары да болуы мүмкін. Мысалы, ауыр науқастану кезіндегі басқа адамның көмегімен жасалатын суицид немесе деструктивті діни секта мүшелерінің өз-өзіне қол жұмсауы, т.б. Суицидтің себебі соматикалық және психикалық аурулар, өтпелі және созылмалы психологиялық жағдаяттар, өзін-өзі кінәлау, ар-ұятын сақтау қажеттілігі, айыпталудан қорқу, кумирге еліктеу және т.б. болуы мүмкін. Суицид қазіргі қоғамның салмақты медициналық және әлеуметтік проблемасы, – деді Қ. Тоқсанова.

Психологтың айтуынша, қазіргі ғалымдар суицидті 3 түрге бөледі: жариялы актілер – псевдосуицидтер (жалған суицид), шын өз-өзіне қол жұмсау және жасырын суицидтер (жанама өзін-өзі өлтіру, жанама өзін-өзі жоқ қылу). Егер бірінші түрі қысқа мерзімде, кенеттен, аңдаусызда пайда болған қарқынды аффектінің күйінде, адам қабілетсіз немесе жартылай қабілетті халге түскен кезде жасалса, екіншісі жариялы суицидке толықтай қарама-қайшылықта жасалады. Шын өз-өзіне қол жұмсау – индивидтің өмірін тоқтатам деп қабылдаған сөзсіз шешімі, алдын ала дайындық шараларын жүргізуі және нақты жоспар құруы. Шын өз-өзіне қол жұмсау түрінің мақсаты – кез келген жолмен, кез келген құралмен өзінің жердегі өмір сүруін тоқтату. Суицидтің үшінші түрі – бұл жанама өз-өзіне қол жұмсау. Бұл адамның суицидке шартталған мінез-құлықты саналы түрде таңдауы, олар тез өлімді келтіре алмаса да, субъектінің барлық әрекеті өліммен аяқталу ықтималдылығы жоғары болады. Өз кезегінде Н. Убаев суицид тақырыбын діни аспектіде ашты. Ол кездесу қатысушыларына суицидтің көбінесе моралды-рухани жақтары мен салдарын жеткізді. Шара барысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оған толық жауап алды. Батыс Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

ҚҰРМЕТ

Ардагердің ақ батасы К. БЕРІКБОЛОВ, Алматы облысы Дария кеуде, тау мүсін, Отаны үшін от кешкен соғыс ардагерлерін құрметтеу – баршамыздың парызымыз. Қан майданда жауға қасқая қарсы тұрған ардагерлер қатары жылдан-жылға сиреп барады. Отан алдындағы міндетін қалтқысыз орындаған сол жауынгерлердің бірі – Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылының тұрғыны, 93 жастағы Иван Ковалев.

Жуырда Алматы қаласы «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ филиалының директоры М. Шпекбаев, Сарыөзек стансасындағы Желілік полиция бөлімшесі бастығы, полиция майоры К. Берікболов, №37 Сарыөзек стансасындағы ӘТЖК бастығы Б. Бекбергенов мырзалар Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Иван Акимовичтің үйіне барып, Жеңістің 73 жылдығымен құттықтап, ардагерге мерекелік сыйлықтар жасады. Жауынгер сұрапыл соғыс кезіндегі естелік әңгімелерімен бөлісті. Арада қанша жыл өтсе де, жауынгер жүрегінен соғыстың қасіреттері оңайлықпен өше қоймағаны байқалып тұр. Сонымен қатар, Иван Акимовичтің жұбайы да жеңіске өз үлесін қосқан тыл ардагері екен. Отбасы ардагерлері «Сарыөзек» дәмханасына шақырылып, мерекелек дастарқан жайылып, осы Жеңіс күніне жеткізген ардагерлерге сый-сияпат көрсетіліп, алғыстар айтылды.


ƏРІПТЕС КЕЛБЕТІ №36 (4394), 15.05.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

Қаһармандар – қауіпсіздік қорғаны

е-mail: nastraje@mail.ru

5

Мейрамбек НҰРЕКЕШОВ:

Сақшылар қызметіне сенім жоғары

Айнұр ТӨЛЕНДИНОВА, Көліктегі ІІД

Ақжан РҮСТЕМБЕКҚЫЗЫ

Біз отансүйгіштік ұлы дәстүрді қастерлеген бабалардың ұрпағымыз. Еліміз қандай кезеңдерді бастан кешірсе де, Отан үшін отқа түсіп, жанын қиған қаһармандарымыз аз емес. Тіпті, бүгінгі бейбіт күнде де ел қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін жанқиярлық ерлік көрсетіп жүрген азаматтар жетерлік.

Халықтың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қадағалауда басты күш – құқық қорғау органдары. Оның ішінде ішкі істер органдарының қырағы сақшыларының еңбегі әрқашан жоғары бағаланады. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін бұл салада шыңдалған қаншама тәртіп сақшысы елі үшін аянбай еңбек етіп келеді. Осы орайда полиция инспекторларының қызметін білу үшін Астана қалалық Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің Учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің бастығы, полиция майоры Мейрамбек Нұрекешовпен әңгімелескен болатынбыз.

Солардың бірі – Көліктегі ІІД-нің Атырау стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкері, полиция капитаны Тойғожа Әзбергенов. Ол 2017 жылғы 17 қарашада кезекшілікке түскен күні Атырау стансасы темір жол вокзал ы н д а қ а р у л а н ғ а н, а с а қ а у і п т і қ ы л м ы с к е р д і т ұ т қ ы н д а ғ а н б ол а т ы н. О н ы ң а й т у ы н ш а , т а ң ғ ы сағат 5.30 шамасында ол вокзал

ішінде белгісіз біреудің полиция қызметкерлерін көмекке шақырып, ж ү г і р і п к е ле ж а т қ а н ы н к ө р і п қалады. Әлгі адам вокзалдағы асханада оның досын өзге біреудің тарпа бас салып, пышақтап жатқанын айтады. Жедел түрде оқиға орнына жеткен полиция қызметкері жерде қан-жоса болып жатқан адам мен оған бірнеше жерден пышақ салып, ұрып жатқан қылмыскердің үстінен түседі. Тәртіп сақшысы бірден жауынгерлік тәсілдерін қолданып, қылмыскерді құрықтайды. Қ о л ы н д а ғ ы б і ле к т ей п ы ш а ғ ы н сермеуін тоқтатпаған қылмыскерге полиция қызметкерінен өзге ешкім жақындай алмаған. Осы кезде вокзал іші адамға лық толы еді. Себебі, халықаралық пойыздардың келетін уақыты да осы кез. Қылмыскер ізін суытпай тұтқындалмаған жағдайда оның әлі қаншама жолаушыға қауіп тудыратыны айтпаса да белгілі. Қ ы з м е т і не м і н с і з б е р і л г ен полицейдің бұл батыл әрекеті қарапайым халықтың ризашылығын тудырды. Соның не г і з і н д е , о л ж у ы р д а , я ғ н и , 7 мамыр – Отан қорғаушы күні қарсаңында Ішкі істер министрі, п о л и ц и я г ене р а л - п о л к о в н и г і Қалмұханбет Қасымовтың қолынан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Тойғожа Әзбергенов ішкі істер органдарында 2009 жылдан бері қызметте. Алғашқы мамандығы м ұ ғ а л і м б о л ғ а н ы м ен, к ей і н нен құқық қорғау саласын таңдаған. Ол бүгінде Атырау стансасындағы ІІЖБ әкімшілік полиция бөлімі ю в ен а л ды қ п о л и ц и я т о б ы н ы ң учаскелік полиция инспекторы.

Отбасында бес бала болды. Әкесі дүние салғанымен, зейнет жастағы қарт анасы перзенттерін үнемі ізгілік жолға баулып, адамдық қасиетке тәрбиеледі. Тойғожаның нағашы ағасы – ішкі істер органдарының ардагері. «Баланың жақсысы – нағашыдан» демекші, Отанға қызмет етудің озық дәстүрлері отбасынан бойға сіңгені анық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев а й т қ а н д а й : « П о л и ц ей ле р – б ұ л а д а м д а р д ы ң қ ұ қ ы ғ ы н ж ә не б ос т а н ды ғ ы н қ о р ғ а й о т ы р ы п , қылмысқа қарсы күрес жүргізуде алдыңғы қатарда тұратын адамдар». Тыныштығымызды қ а с қ а қ п а й к ү з е т к ен ә р б і р п ол и ц и я қ ы з м е т к е р і – м е м ле к е т тұтастығының қорғаны.

Олай болса, айбынды Қазақстан полициясының даңқын арттыруға бойындағы күш-жігерін сарп етіп келе жатқан Тойғожа Әзбергенов сынды азаматтарымыздың ержүректігін өзгеге үлгі ете отырып, оның ел игілігі жолындағы аса жауапты қызметтеріне толағай табыстар мен жарқын жетістіктер тілейміз!

Отпен күрескен он жеті жыл Андрей ЦИХОВИЧ, Солтүстік Қазақстан облысы Азаматтық қорғау майоры Леонид Муньконың өртке қарсы қызмет саласында еңбек етіп жүргеніне 17 жылдан асып отыр. 1997 жылы Ақмола аграрлық у н и в е р с и т е т і н і ң и н ж ене р л і к педагогикалық факультетін б і т і р г ен нен к ей і н, ж а с м а м а н Солтүстік Қазақстан облысының Целинный ауданындағы Ставрополка ауылында «Намыс» ЖШС-нің машина-трактор паркін пайдалану жөніндегі инженері болып еңбек жолын бастады. Содан кейін тағдыр оны білім беру саласына алып келді. Ол Рузаев атындағы №12 кәсіптік-техникалық мектебінде жол ережесі мен өмір қауіпсіздігі негіздері пәнінен сабақ берді. Осы кезде Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының Целинный а у д а н ы , Р у з а е в с е л ос ы н д а ғ ы 16-ӨСБ-не өрттің алдын алу инспекторы қажет болып жатқаны туралы хабарды естиді. Леонид Ақмола аграрлық университетінде оқып жүрген кезінде әскери кафедраны бітіріп, лейтенант атағын алған болатын. Оның жоғары білімі мен офицерлік атағы бар болғандықтан, барлық талаптарға сәйкес келіп, 2000 жылы қыркүйекте ол өрттің а л ды н а л у т о б ы н ы ң и нс п е к т оры ретінде қызметке тұрды. Бұл

оның ішкі істер саласындағы еңбек жолының бастауы болатын. Леонидтің алғашқы тікелей жетекшісі және ұстазы, сол кезде Рузаев селосындағы өрттен қорғау постының бастығы болған ішкі қызмет майоры В. Галюкевич еді. Л ео н и д ө з д і г і н е н ж ә н е тәлімгердің көмегімен нормативтік құжаттамаларды үйрене отырып, жаңа кәсіпті тез арада игерді. Ол қысқа мерзім ішінде өрттің алдын алу саласы бойынша сауатты маманға айналды. «Мемлекеттік өрт бақылаудың үздік инспекто-

ры» атағына арналған облыстық б а й қ а у л а р ғ а б і р не ш е м ә р т е қ а т ы с ы п , ж о ғ а р ғ ы о р ы н д а р ды иеленді. Кәсіби және мансаптық деңгейін көтеру туралы шешім қабылдаған Леонид 2002 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтына түсіп, 2005 жылы оны жақсы аяқтап, екінші жоғары білім алды. Ал 2008 жылдан бері Леонид Александрович Ғ а б и т М ү с і р е п о в а у д а ны нд а ғ ы Рузаев өрт постын басқарып келеді. А з а м а т т ы қ қ о р ғ а у м а йо р ы Мунько осы жылдар ішінде 300 рет әртүрлі өрт оқиғаларына қатысты. Кейде тұтанған жалынды жеке өзі сөндірген кездері де болған. 20162018 жылдары өз аймағындағы су тасқынының салдарын жоюға да бір кісідей атсалысты. Алғашқы күндерден бастап өрт сөндіру қызметі басшылығы мен ә р і п т е с т е р і Л ео н и д М у нь к о н ы жауапты да өз ісін ұршықша и і р е т і н а з а м а т р е т і н д е б і ле д і . Әріптестері арасында ол құрметке лайық, бірге қызмет ететін және өз қарамағындағы әріптестеріне әрдайым көмек көрсетуге дайын. Бірнеше рет оның еңбекқорлығы мен кәсіпқойлығы, қызметтік борышын адал атқаруы, сондай-ақ, ауылдық округтің өміріне белсенді қатысқаны еленіп, дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Мейрамбек Нұрекешов Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Тарбағатай ауданының Үштөбе ауылында 1999 жылы мектепті аяқтап, Семей қаласының мемлекеттік заң институтына оқуға түседі. Бала күнгі арманымен жоғары заңгер мамандығын алып, білімін толықтырады. Содан кейін 2004 жылы Астана қаласына келіп, жұмысқа орналасады. Ол 2004 жылы елордамыздағы Алматы аудандық Ішкі істер басқармасының №9 полиция бөлімшесінде учаскелік полиция инспекторы болып алғашқы қызмет жолын бастады. Учаскелік полиция инспекторының жұмысындағы негізгі мақсат – құқық бұзушылықтың алдын алу мен халықтың тыныштығын сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екендігін негізге ала отырып, өзіне бекітілген әкімшілік аумақта аянбай жұмыс атқарады. Қандай да бір мәселелер туындаса, соны жедел шешуге тырысты. 2010 жылы наурыз айында мемлекеттік бағдарламамен жас отау ретінде қаламыздың сол жағалауынан үй алғаннан кейін, Есіл аудандық Ішкі істер басқармасына қарасты №13 учаскелік полиция пунктіне учаскелік полиция инспекторы болып ауысады. Бұл әкімшілік аумақта жүріп, Ақорда, Министрліктер үйі, Бәйтерек монументі, әртүрлі әкімшілік ғимараттар аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тыныштығын сақтауға атсалысты. 2011 жылы Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының Учаскелік инспекторлар жұмысын ұйымдастыру бөліміне ауысып, жеке тапсырмалар бойынша аға инспектор болып орналасады. Сонымен қатар, 2016 жылы Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 30-қадамына сәйкес ашылған Жергілікті полиция қызметінің Есіл ауданы бойынша бастығының орынбасары қызметін де абыроймен атқарады. Ал 2017 жылы бұған дейін қызмет атқарған жұмыс орны, яғни Учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Отбасында төрт баланы тәрбиелеп отырған әкенің перзенттерінің болашағынан күтер үміті көп. Үлкен қызы Баян №69 мектеп-гимназиясының 9-сыныбында оқиды. Әкесінің қызметіне еліктеп, кадет сыныбында білім алады. Екінші қызы Шолпан аталған мектеп-гимназиясының 6-сыныбында. Болашақта дәрігер болуды армандайды. Екі ұлы Әлижан мен Әлинұр әкелері үйге кірген бойда оның қызметтік киімі мен бас киімін киюге асығып, қарсы алады екен. Жолдасы Шырынмен бір ауылда өсіп, бір сыныпта, бір партада отырып білім алған полиция майоры жарының өз жұмысына түсіністікпен қарап, қолдау көрсететінін де айта кетті. Мейрамбек Оразғалиұлы Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полкінің командирі, полиция майоры Ғосман Сапарғалиұлына алғысын білдіруді ұмытпады. Өйткені, алғаш қызметке тұрғанда Ғосман Сапарғалиұлы тәлімгерлік көрсетіп, бағытбағдар беріп, оған көп нәрсені үйреткен. Мейрамбек Нұрекешов басқарып отырған бөлім негізінен жеке тапсырмалар бойынша аса маңызды істермен, учаскелік инспекторларға түскен арыздар мен шағымдарды қарастырумен, министрліктен келетін қағаздармен, хат алмасумен, қызметтік тергеулер өткізумен, полиция тарапынан жұмыста жіберілген кемшіліктер болса, соларға түзету енгізумен айналысады. Тәртіп сақшысы Мейрамбек Нұрекешов 14 жыл қызметтік жолында ІІМ мен ІІД тарапынан көптеген марапаттар мен алғыс хаттарға қол жеткізді.

Бүлдіршінді құтқарған батыр Қ. ӘУЕЛБЕКОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы Оңтүстік өңірде суға шомылу маусымы сәуір айында басталатыны баршаға мәлім. Күн жылынып, жас бүлдіршіндер да өзен-көлге баруды күнделікті әдетке айналдырады. Бұл кезде ата-аналары балаларына барынша мұқият болып, қадағалауы қажет. Судағы төтенше жағдайлардың бірі Бәйдібек ауданында биыл 20 сәуірде орын алған болатын. Сол күні аудандық №10 Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау прапорщигі Е. Бердібеков кезекті еңбек демалысында жүріп, Сасық өзенінде суға бата жаздаған 3 жасар баланы құтқарып қалды. Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылдық округіне жеке кәсіпкер Ә. Жолдасовтың шаруашылығына көмектесуге барған Е. Бердібеков 3 жасар бала Рахым Айдостың анасының айқайлап жылап, Сасық өзені бойымен жүгіріп бара жатқанын байқап қалады. Сол сәтте ол бірден бала суға кеткенін түсінді. Ойланбастан өзенге жүгірген өрт сөндіруші суда ағып бара жатқан баланы көреді. Ол дереу өзенге секіріп, баланы жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оны өзінің автокөлігімен Жамбыл ауылдық округінің амбулаториясына, одан ары аудандық орталық ауруханаға жеткізген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 3 жасар бала аман-есен ата-анасына берілді. Бүгінгі күннің батыры, №10 Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау прапорщигі Е. Бердібековтің бұл ерлігін департамент басшылығы бағалап, оған грамота тапсырды. Он жылдан астам өрт сөндіру саласында қызмет атқарып келе жатқан батыр бірнеше марапатқа ие болған.


6

ҚОҒАМ ЖƏНЕ ЗАҢ №36 (4394),№ сейсенбі, 15.05.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

Қылмыстық істер ізімен

«Дон-5000»

Мəліметсіз қылмыс

екі адамды Қойбағардағы күдіктіні ұстауға қалдырдық та, екеуіміз машинамен Аманкелді кеңшарына кеттік. Діттеген жерімізге жетіп, керек адамды сұрастырып едік, ол машина жөндеу шеберханасында жұмыста болып шықты. Біз шеберханаға барып, онымен кездесіп, келген себебімізді айтып едік, ол тіл қатпай шеберхананың ішінде тығып қойған компьютер қондырғысын алып шығып берді. Қажетті хаттамаларды толтырған соң, оны алып Қойбағарға келсек, мұнда да күдіктіні ұстап отыр екен. Бірақ, ол мойындамапты. Біз келгеннен кейін сыбайласын көргеннен соң, бәрін соған жауып шыға келді. Мен бастыққа телефон шалып, істің ашылғандығын баяндап, осы жағынан үйге кететіндігімді және келесі күні жұмысқа шығатындығымды айттым. Осылайша кезекті демалысқа қарамай, қылмыс ашқан кездеріміз де аз болған жоқ.

Өкінішке орай, жасалған қылмыс жөнінде әрдайым мәлімет түсе бермейді. Жоғалған зат иелері әрқилы себептермен ішкі істер бөліміне арызданбайды да, қылмыскер жазасыз қала береді. Сондықтан іздеушілер тобының жұмыстарының басты бір бағыты – сондай қылмыстарды ашу, ал бұл оңай жұмыс емес. Көп уақытты керек етеді. Жолаушылар пойызында мұндай жұмыс істеу қиынның қиыны. Себебі ол жердің «тұрғындары» тиянақты, тұрақты көпшілік емес, әр сағат сайын ауысып отырады. Сондықтан бұл жұмыс инемен құдық қазғандай. Осыған орай аптасына екі күн жолаушылар пойызын тексеруге бөлінеді. Тексеріс барысында іздеу салынған, алимент төлемеушілер, басқа да қылмыстарға қатысы бар адамдар іздестіріледі. Ол үшін әр вагонды тиянақты қарап, вагон қызметкерлерімен, жолаушылармен тіл табыса сөйлесіп, әңгіме барысында қажетті мәліметтерге көңіл бөлу керек. Осындай мақсатпен бірде «Целиноград-Орал» пойызына отырып, №3 вагонға кіріп, әдеттегідей жолаушылармен сөйлесе келе, вагонның соңғы купесінде отырған екі келіншек Шалғышы стансасынан отырғандығы және олардың асығыс Тобыл стансасына бара жатқандығы белгілі болды. Бір жұма бұрын біреуінің інісі «АрқалықҚостанай» пойызымен Қостанайға бара жатып, жолшыбай күртесін ұрлатып алыпты. Енді соған сырт киім апара жатқан көрінеді. Киімінің ұрланғанын ешкімге айтпапты. Керекті қағаздарды толтырып, ауызша арызды Құсмұрындағы кезекшіге айтып, журналға тіркеттім. Арқалық бөлімшесіне телефон шалып, сондағы бригада қашан рейске шығатынын білдім. Шалғышы стансасындағы билет кассирлерінен «АрқалықҚостанай» бағытында материалдағы көрсетілген күндері екі бала билет алғандығы анықталды. Кассирлер екі баланың біреуі «Братск» кеңшарынікі және Октябрьскіде туыстары тұратындығын, олардың аты-жөнін айтып берді. Сол мекенжайға барып, келген себебімді айтып едім, үй иесі: «Рас, ол бала бізге туыс, сол уақытта үйге келген болатын. Үстінде күрте болды. Қазір ол Братскіде», – деді. Милиционерлердің бірін Братскіге жіберіп, күдіктіні алдырдым. Істеген қылмысын мойындаған соң, қылмыстық іс қозғалып, жауапқа тартылды. Мұндай мысалдар айта берсең жеткілікті, бірақ мәселе онда емес. Бұл жерде де көпшіліктің сеніміне кіріп, олармен бірге иық тіресіп істеген жұмыстың абыройы болатындығы анық көрініп тұр.

алған ақшасын тəркілеп болғанымша Құсмұрынға да келдік. «Қояндар» мен вагон кезекшісін пойыздан түсіріп, кезекшілер бөліміне алып келдім. В а го н ке з е к ш і с і н е Қ ы л м ы с т ы қ кодекстің 82-бабына сай іс қозғап, жауапқа тарттық. Тағы бір оқиға. 1993 жылы наурыз айында Құсмұрындағы бөлімше бастығы майор Ащеулов телефон шалып: «Саған телеграмма келді. Мағынасы мынадай», – деп оқи бастады: «39.3.15Н», мұны қалай түсінеміз?», – деді. «Ол мағынаны сізге білуге болады, бірақ кейінірек», – дедім де, тұтқаны қойдым. Б іраз уақыт өтке сін А щеулов қайта звондап: «Түнгі пойызбен Қо ст анайдан жедел топ келеді, таңғы «Алматы-Ленинград» пойызын тексермекші, сен де осында болуың керек», – деді. Кешке қарай Құсмұрынға барып, таңғы пойызға дейін сонда болдым. Қостанайдан бастықтың орынбасары бастаған төрт адам келіп, бізді атқаратын жұмыстың жо спарымен таныстырып, топқа бөлді. Бас бөлім бастығының орынбас ары А. Ахметбековке: «Сіздерден бөлек жұмыс істесек бола ма? Бəрібір жалпы көрсеткішке жатады ғой», – деп сұрадым.

– Ерекше «Холмс» сияқты қылмыс аша алсаң, ұлықсат, – деді. Жа н ы м а Жо л м а ғ а м б е т о в п е н Ахметовті алып, пойыз келген бетте жанымызға еріткен екі куəгер адаммен №3 вагонға барып вагон кезекшісіне: – Қанша «қоян» əкеле жатсың? – дедім. – Аға, ешқандай да «қояндар» жоқ, – деп азар да безер болды. – Бөтен жүгің жоқ па? – Жоқ. Сенбесеңіз, қараңыз. – Жо ғ а р ы д а т ұ р ғ а н с ө м ке л е р кімдікі? – Анау үлкен сөмке менікі, ал екіншісі келесі кезекшінікі. – Олай болса, сөмкеңді жерге түсір. Ол қолын созып сөмкені ала бергенде, шап беріп кеудесін сипап едім, бешпетінің төс қалтасында томпайған зат барын сездім де: «Қалтаңдағы не? Алып шық», – дедім. Ол жабырқау тартып, қалтасынан оралған пакетті алып шықты. Целлофан пакетке салған зат марихуанаға ұқсас екен. Содан соң сумкасын ашып қарасақ, толған целлофан пакеттерге салынған жаңағыдай өсімдік ұнтағы болып шықты. Бəрін куəгерлерге көрсетіп, тиісті хаттамаларды толтырып, енді күдіктіден түсініктеме алайын деп жатқанда майор Ахметбеков келді.

Амангелді АРЫСТАНБЕКОВ

Қостанай транспорттық милициясына қарасты Шалғышы стансасы желілік бөлімінің бастығы лауазымында жүрген кезім. 1989 жылдың жаз айы болатын. Мен кезекті еңбек демалысына шығып, күнделікті үй шаруасымен айналысып жүргем. Сағат он бірлер шамасында телефон соғылды. Тұтқаны көтерсем, Құсмұрыннан бастығым екен. – Д е м а л ы с ы ң ды б ұ з ғ а н ы м а кешірім сұраймын. Бір жұмадан асты, Қойбағар стансасында Қарасу аудандық ауылшаруашылық басқармасына әкелінген екі «Дон5000» комбайнының біреуі тоналып, соның соңында жүрміз. Адам жетпей жатыр, сондықтан жұмысқа шығуыңа тура келіп тұр және де сенің қарамағыңдағы станса ғой. – Олай болатын болса, әрине, жұмысқа шығам. Дәл қазір Қойбағарға барам, – дедім. «Дон-5000» комбайны Ростовтағы ауылшаруашылық техникалар зауыты шығарған ауыл шаруашылығы техникаларының соңғы модификациясы еді. Жартылай компьютерлік қондырғы қойылған. Бір жерінде ақау болса, комбайнды тұтатып жүргізу мүмкін емес. Қ ой б а ғ а р ғ а б а р ы п , т е м і р ж о л ш ы л а р м ен к е з д е с і п , м ә н- ж а й ды с ұ р а с т ы р ы п ж а л п ы

жағдаймен танысқан соң, станса басшысы Канищевке бардым. Онымен сөйлескеннен кейін сенімді адамдармен кездесу амалдарын жасап, вокзалға барып, Құсмұрыннан келген тергеуші және бір инспектормен кездесіп, атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстым. Кішігірім жұмыстармен уақыт та өте шығып, кеш болған соң үй-үйімізге тарадық. К е ле с і к ү н і т а ң ғ а ж а қ ы н т е ле ф о н н ы ң ш ы р ы л ы н а н оя нып, тұтқаны көтерсем, сенімді адамдарымның бірі екен. Кездесу керектігін түсіндім де, дереу жин а л ы п Қ ой б а ғ а р ғ а к е т т і м . О л адаммен кездесіп, күдікті тұлға Аманкелді кеңшарының тұрғыны және оның осында сыбайласы болуы мүмкін екендігі анықталды. Дереу Құсмұрынға бастыққа звондап, алған мәліметімді баяндадым да, машинамен адам жіберуін сұрадым. Екі сағат шамасында олар келген соң,

Көпшілік сенімі Тр а н с п о рт т ы қ м и л и ц и я н ы ң Социалистік меншікті жымқырумен күрес бөлімінің міндеттерінің бірі – «Қазына мүлкін пайдалануға» қарсы күрес екені белгілі. Қазақ КСР-і Қылмыстық іс кодексінің 81-82 баптарына сəйкес, қазына мүлкін пайдаланушылар қатарына жолаушылар пойызы қызметкерлерінің билетсіз жолаушылар алулары да кіретін. Қандай бағыттағы жолаушылар пойызын алсаңыз да, билетсіз жолаушылар болады, оларды «қояндар» дейтіні белгілі. Билетсіз жол жүрудің бірнеше қаупі бар: жол апаты болып қалған жағдайда мүгедек болып қалсаңыз, темір жол т арапынан ешқандай көмек ала алмайсыз, жолаушы апатт а жан т апсырып, жеке құжаты болмаған жағдайда қиыншылық ту ғ ы з а д ы , т. б . С о н д ы қ т а н о с ы бағытта жұмыс істеу əр желілік бөлімше басшыларының міндетіне к і р е т і н . О ғ а н қ о с а ж о л ау ш ы л а р п о й ы з ы қ ы з м е т ке р л е р і н і ң і ш і н д е д е қ ы л м ы с ж а с ау ш ы л а р баршылық, олардың əрекеттерінің жолын кесу мақсатында да өз ше-

караларымызда пойызды тексеріске а л ы п , з а ң б ұ зу ш ы л ы қ қ а қ а р с ы күрес жүргізетінбіз. Ал пойызда қылмысты ашу оңайға соқпайды, сондықтан əр бригадада өз сенімді кісілеріңнің болғаны жəне жолаушылар арасында жұмыс жүргізе білу өте қажет. Бірде мынадай оқиға орын алды. 1990 жылы жаз айында Құсмұрындағы кезекші телефон шалып: «Сізге жедел телеграмма келді», – деді. Одан оқып беруін сұрадым. – Оқитын ештеңесі жоқ, тек сандар ғана. – Соны оқы, – дедім. – «Қарағандыдан. 39.8.6.», басқа ештеңе жоқ. Рахметімді айтып, тұтқаны қ о й д ы м . Ке л е с і т а ң ғ ы бе с т е «Алматы-Ленинград» бағытындағы №39 пойызға мініп, сегізінші вагонға бардым. Шалғышы мен Құсмұрын стансаларының арасы бір сағаттық жер. Сондықтан жұмысымды үлгеру үшін тездетіп вагонды аралап, алты адамның билетсіз келе жатқанын анықт ап, қажетті хатт амаларды толтырып, пойыз қызметкерінің

– Біз бар вагонды текс еріп шықтық, сендер не істеп жатырсыңдар? – Біз де қарап отырған жоқпыз, 15 келіге жуық есірткі затын тəркілеп жатырмыз, – дедім. – Неге бізге хабарламадыңдар? – Бөлек жұмыс істеуге келісіп едік қой, сондықтан айтылмады, – деп жауап бердім. Материалдарды жинақтап болғанымызша Қо станайға да келіп қалдық. Вагон кезекшісін маршруттан түсіріп, бөлімге алып келдік. Бастыққа кіріп шыққан майор Ахметбеков: «Материалдарды осында қалдырыңдар да, өздерің кете беріңдер», – деп пəрмен берді. Айтқанындай материалдарды қалдырып, кері қайттық. Міне, бұл екі мысал көпшілікпен д ұ р ы с ж ұ м ы с і с т е уд і ң п а й д а сын көрс етеді. Егер де мен дер ке зінде керекті мəліметті алмасам, бұл қылмыстардың ашылуы екіталай еді. Ал ондай деректерді а л у ү ш і н т е м і р жо л ш ы л а р а р а сында неғұрлым көбірек болып, ол а рд ы ң с е н і м і н е к і р е б і л у ə р іздеушілердің міндеті десек те болады. Халық сеніміне кірсең, олар да өз көмектерін аямайды.

АКЦИЯ

«Браунинг» тапаншасын тапсырды Тіркелмеген қаруларды ерікті жəне ақылы түрде тапсыру республикалық акциясы аясында солтүстікқазақстандық тəртіп сақшыларының қолына сирек кездесетін тапаншаның үлгісі тапсырылды. М а м л ют ауд а н ы н ы ң т ұ р ғ ы н ы құқық қорғау қызметкерлеріне орақ науқаны кезінде егіс алқабынан тауып алған «Браунинг» маркалы тапаншаны табыстады. Қару былғары тапанша қабында жердің астында көмулі жатқан жерінен табылған. Уақыт өтуіне байланысты тапанша қабы шіріген, ал тапанша болса, тазалаудан кейін атуға жарамды болып шықты.

Тапсырылған қарулар үш топқа бөліп қарастырылады: 1) мінсіз жағдайда, 2) атуға жарамды, бірақ бастапқы қалпын жоғалтқан жəне 3) істен шыққан. Ал «Браунинг» болса, тиісті сараптамалар қорытындысы бойынша екінші топқа жатқызылып, комиссияның шешімімен Мамлют ауданының тұрғынына 67 340 теңге төленетін болды.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД əкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы,

полиция подполковнигі Алексей Беловтың айтуынша, тапсырылған тапаншаның нақты шыққан уақытын анықтау мүмкін болмады. Алайда, бұл қарудың үлгісі Мамлют ауданында ХХ ғасыр басындағы Азамат соғысында Колчактарға қарсы қанды ұрыста қолданылғандығы анық. Сол кезде «Браунинг» қарулары өзінің ірі калибрінің арқасында тапаншалар арасындағы кең таралған модельге айналған. Кейін бұл тапаншаның үлгісімен əйгілі кеңестік «Тульский Токарев» тапаншасы дайындалған. Мұндай раритеттер акция ба-

рысында жиі ке зде с е бермейді. Бүгінде ІІД мұражайында қаруды сатып алу акциясы аясында солтүстікқазақстандықтар тапсырған бірнеше бірегей тарихи қару тұр. Алексей Беловтың айтуынша, 10 сəуірде бастау алған акцияның басында облыс тұрғындары ішкі істер органдарына 63 атыс қаруы мен 2309 оқ-дəрі тапсырып үлгерген. Акция бюджеттен бөлінген 8 миллион теңгені толық игергенше жалғасатын болады. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі


СПОРТ №36 (4394), 15.05.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ

Төрешілік те бір өнер Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ Бәріміз білетіндей, спорттың түр-түрі бар. Кәсіби, әуесқой, олимпиадалық, бұқаралық, қолданбалы, салалық, отбасылық және тағы да басқалар. Соның ішінде алғашқы аталғандарды тамашалаушы жанкүйерлердің қатары өте көп болса, соңғыларының танымалдылығы тар аяда ғана. Әйтсе де, мұнда да өз алдына қызған өмір, қайнаған бәсеке. Соның бірі – елімізде соңғы кезде кең қанат жайып келе жатқан өрт-құтқару спорты.

Мұнда да ұлттық дәрежесі өз алдына, халықаралық деңгейде де үлкен-үлкен жарыстар өтіп, өзара мықтыларын анықтап жатады. Жеңіс тұғырына көтерілген чемпиондар елінің әнұраны орындалып, байрағы көтеріледі. Біздің де жігіттер мен қыздар талай рет мұндай жарыстарда «Алтын күн аспанын» шарықтатып, көк байрақты көкте желбіретті емес пе?! Ендеше, жарыс бар жерде, төреші бар. Қазақстанның осы қолданбалы спорт түрінен төрешілік үлесі қандай? Соған назар аударып көрелікші. Ресми түрде алпысыншы жылдары қалыптасып, бүгінде халықаралық спорт түріне айналған өрт-құтқару спортының елімізде дами бастағанына биыл 10 жыл толып отыр. Осы аралықта ведомстволық спорт федерациясы құрылғаннан бастап, ұлттық құрама командамыздың халықаралық аренаға дейін шығу тарихы бедерленді. Ал елімізге келгенге дейін, ХХ ғасырдың басында пайда болған өрт-құтқару (қолданбалы) спортының тарихы Кеңес Одағынан басталады. 1937 жылы КСРО ІІХК-нің Өрт күзеті мемлекеттік басқармасы қызметкерлері арасында ең бірінші рет кәсіби жарыстар өткен. Оның бағдарламасына 4 қабатты оқу мұнарасына сатымен шабуылдау, жиналмалы үш буынды шабуылдау сатысымен оқу мұнарасының үшінші қабатына шығу, кедергілі 100 метрлік жүгіру жолағынан өту, жанып жатқан өртті сөндіру элементі бар 6х100 метрлік эстафета және жауынгерлік қанат жаю еніпті. Одан бөлек, әуелгі баста гимнастика, жеңіл атлетика және оқ ату спортының элементтері қарастырылған. Осылайша, бұл спорттың негізін салушылар ІІХК ӨКМБ және «Динамо» қоғамы болып табылады. Ал кәсіби қолданбалы спорттың даму динамикасы 1964 жылға тұспа-тұс келді. Осы жылы КСРО

Өрт-қолданбалы спорты федерациясы құрылып, 1965 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) қаласында ең алғашқы чемпионат өтті. 2001 жылы бүгінде өз аясына Еуропа мен Азияның дамыған 20 елін қамтыған «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының» құрылуына байланысты аталмыш қолданбалы спорт түрі халықаралық деңгейдегі статусқа ие болды. Олар – Австрия, Әзербайжан, Б е л а р ус ь , Б о л г а р и я , Г е р м а н и я , Қазақстан, Корея, Иран, Латвия, Литва, Моңғолия, Ресей, Словакия, Түркия, Өзбекстан, Украина, Чехия, Хорватия және Эстония мемлекеттері. Бұл халықаралық спорт федерациясының құрамына Қазақстан 2004 жылы еніп, сәйкестік сертификатын алды. Осы тарихи тізбекті жалғастыра келгенде, біз сөз еткелі отырған ІІМ ТЖК-нің «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігі 2008 жылы құрылған екен. 2010 жылдан бастап Өрт-құтқару спорты бойынша құрама командамыз ҚР Спорттық резервтегі штаттық ұлттық командалар дирекциясының тізіміне еніп, ІІМ ТЖК құрамасы Өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы статусына ие болды. Ал Спорт және денешынықтыру істері бойынша агенттіктің 2014 жылғы 4 наурыздағы №71 бұйрығына сәйкес өрт-құтқару спорты Қазақстан Республикасының спорт түрлері тізіліміне енгізіліп, 2016 жылы Спорт және денешынықтыру істері комитетінің аккредитациялау туралы куәлігін алды. Елімізде бұл спорттың қалыптасып, дамуы тек спортшылармен ғана шектеліп қалмағаны байқалады. Жарыстарға төрешілік ету бағытында да еліміздің мақтануға тұрарлық жетістіктері бар. 2012 жылы өрт-құтқару

ШАҒЫН ФУТБОЛ

спорты бойынша төрешілердің жиынсеминары өтіп, оның қорытындысында 107 қызметкерге спорт төрешісі атағы берілген екен. 2014 жылы Астана қаласында өрт-құтқару спорты бойынша төрешілердің халықаралық жиын-семинары өтіп, оның қорытындысында 47 қызметкерге ұлттық және халықаралық жарыстардың төрешілдігіне қатысуға рұқсат беретін халықаралық сертификаттар табысталды. Ал федерацияның 5 өкілі әлем чемпионаттарында төрешілік ету нәтижелері бойынша халықаралық дәрежедегі төреші атағына лайық деп танылды. Бұл алғашқы нәтижелер болса, бүгінгі таңда халықаралық жарыстарда төрешілік етуге құқық алғандардың қатары 9 төрешіге жетіп отыр. Ал республикалық дәрежедегі төрешілер саны – 36. Сонымен жоғарғы пулмен таныс болыңыздар: Даурен Данаев – 2015 жылдан бері Халықаралық дәрежедегі төреші, өтілі 15 жылдан астам, Астана қаласында «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясында» қызмет етеді; Николай Микин – 2009 жылдан ХДТ, өтілі 15 жылдан астам, Астана қаласы «ӨСмҚСФ»-да қызмет етеді; Аябек Махметов – ұлттық дәрежедегі төреші, өтілі 20 жылдан астам, Астана қаласы «ӨСмҚСФ»-да қызмет етеді; Абдурашид Абдухаликов – жоғары дәрежелі жаттықтырушы, ҚР спорт шебері, 2014 жылдан ХДТ, өтілі 20 жылдан астам, Шымкент қаласында «ӨСмҚСФ» ОҚО филиалы қызметкері; Мақсұт Есполов – ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық дәрежедегі төреші, өтілі 20 жылдан астам, Астана қаласында «ӨСжАҚЖҚ» ММ-да қызмет етеді. Юрий Гришков – ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық дәрежедегі төреші, өтілі 15 жылдан астам, Шымкент қаласында «ӨСжАҚЖҚ» ММ-да қызметкері; Жанат Еркібаев – ҚР спорт шебері, ұлттық дәрежедегі төреші, өтілі 10 жылдан астам, Астана қаласында «ӨСжАҚЖҚ» ММ-да қызмет етеді; Сәкен Орынбаев – ҚР спорт шебері, ұлттық дәрежедегі төреші, өтілі 10 жылдан астам, Талдықорған қаласында «ӨСжАҚЖҚ» ММ-да қызмет етеді; Ерген Бурекешев – жоғары дәрежелі жаттықтырушы, жоғары білікті спорт шеберлігіне үміткер, ұлттық дәрежедегі төреші, өтілі 15 жылдан астам, Орал қаласында «ӨСжАҚЖҚ» ММ-да қызмет етеді. «Төрешілік те бір өнер» демекші, жерлестеріміз дүрлі деңгейдегі жарыстарда әділ төрелік жасап, ел намысын асқақтатып жүр. Елімізде т ө р е ш і ле р м е к т е б і қ а л ы п т а с ы п болды деп айтуға толық негіз бар. Ж е р ле с т е р і м і з д і ң ж ұ м ы с т а р ы жемісті, асулардан асуларға жете беруін тілейміз!

Сақшылардың көрікті ойыны Қарағанды қаласының «Шахтер» оқу-жаттығу залында ҚарағандыСұрыптау стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің жеке құрамы арасында шағын футболдан жарыс өтті. «Спорт – денсаулық кепілі» демекші, қызмет пен спортты қатар алып жүретін көлік сақшылары өздерінің шымыр да шапшаң екендіктерін көрсетті. Жарыс алаңында жеңуді көздеген командалар тартысты доданы қыздыра түсті. Жеке құрам қызметкерлері қызметтік киімін бір сәтке спорттық киімге ауыстырып, алаңда бір серпіліп қалды. Жарыс қорытындысы бойынша I орынды тергеу бөлімшесінің командасы алса, ІІ орынды ҚарағандыЖолаушылар стансасындағы

ЖПБ, ІІІ орынды әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері иеленді. Спорттық шара тартымды әрі қызықты өтіп, жүлделі орын алған қ ұ р а м а к о м а н д а л а р м ен ө не р л і ой ы н к ө р с е т к ен қ ы з м е т к е р ле р марапатталды. Айтулы шараны тамашалаған Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ басшылығы қызметкерлерге ризашылықтарын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі. Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ

е-mail: nastraje@mail.ru

7

ӘСКЕРИ ЭСТАФЕТА

Курсанттардың топтық жарысы Е. ӨТЕШҚАЛИЕВ, Қостанай қаласы Жақында Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында 1-3 курс курсанттарының арасында әскери эстафета өтті. Әскери эстафета – бұл саламатты өмір салтын насихаттау, әскериқолданбалы спорт түрін дамыту, курсанттардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу бағдарламасының бір бөлігі. Сайыс бағдарламасы 600 метрлік эстафетадан, АК-74 автоматын белгіленген уақытқа шашып-жинаудан, дәлдікке гранатты лақтыру, жарақат алған адамға бірінші медициналық көмек көрсету біліктілігінен және де әрбір қатысушы курсанттың бойында бірлік пен ұйымшылдық қасиеттерін талап ететін топтық әрекеттерден тұрды. Әр курстан 5 курсанттан тұратын топтар құрылды. Бұл эстафета жан-жақты физикалық дайындықты, шеберлік пен біліктілікті талап ететін, әртүрлі экстремалдық жағдайларда әрекет ете білетін болашақ офицерлерді дайындауда және денешынықтыру төзімділігін, күш-қуатын, шеберлігін және әскеритәжірибелік дағдыларын дамытуда пайдасы зор. Спорт – адам өмірінің ажырамайтын бір бөлігі болып табылады. Сондықтан курсанттардың дене дайындығын пысықтау мен дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында демалыс күндері Академия аумағында мәденикөпшілік және спорттық іс-шаралар жиі өтіп тұрады.

АЙМАҚ

Ел біріншілігіне тас-түйін дайын Биыл шілде айында Ақтөбе қаласы өрт-құтқару спортынан ерлер арасындағы XXV жазғы Қазақстан чемпионаты және әйелдер арасындағы V жазғы ҚР чемпионатының орталығына айналады. Оларға қатысу үшін қаламызға еліміздің барлық аймақтарынан ӨҚС-ның атақты шеберлерімен қатар, алдағы уақыттан үлкен үміт күттіретін жаңа спортшылар да келмек. Жуырда ел чемпионатын ұйымдастыру мәселелерін шешу және дайындық барысымен танысу мақсатында Ақтөбе гарнизонына ІІМ Т Ж К « Ө р т с ө н д і р у ш і ле р мен құтқарушылар спорт ф е д е р а ц и я с ы » қ о ғ а м ды қ б і р ле с т і г і н і ң д и р е к т о р ы Дәурен Данаев пен спорттықтехникалық комиссияның мүшесі Абдурашид Абдухаликов келді. Д. Данаев бастаған комиссия Өрт сондіру қызметінің Аймақтық оқыту орталығын аралады, онда орналасқан спорттық құрылыстар, құрал-жабдықтарды көрді, сонымен бірге, «Нефтяник» және «Авиатор» стадиондарының өрт-құтқару спортының халықаралық ережелеріне сай болуын тексерді. Салтанатты жабылу рәсімін өткізу жоспарланып отырған 1200 орындық «Өнер орталығын» қарап, баға берді. Оқу-жаттығу мұнарасына спорттық снарядтың сай болуын, бас төреші алқасының, хатшылықтың, стартерлердің жұмысын орындау үшін стацинарлық құрылысын, қатысушы командаларды орналастыру орындарын, тамақ ішу мен дайындық орындарын және 250 орындық көрермендерге арналған нысандарды тексерді. Олимпиадалық резервке дайындық орталығының «Нефтяник» стадионындағы жүгіру жолағының стандарттарға сай келуі мен «Авиатор» стадионының «Жауынгерлік ашу» жүргізу үшін жабындысы мұқият қаралды. Жарысты ұйымдастырушылар комиссияға Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізу бойынша логотипті, парақтарды, кубоктар мен медальдарды, ашылу және жабылу салтанаттарының жобасы мен басқа да жарыс құжаттарын таныстырды. Спорттық-техникалық комиссия оқу-әдістемелік жиын ұйымдастыру бойынша желілік төрешілердің және қатысушы-командаларға бекітілген тәлімгерлердің жүргізген сапалы жұмысын атап өтті. Желілік төрешілер өрт-құтқару спорты бойынша жарыстарда төрелік ету тәртібі туралы оқыту фильмін көрсетті. Жарысты өткізу кезінде төрешілер алқасы мен спортшылар арасында туындайтын сұрақтарды шешу бойынша нақты ұсыныстар берілді. Комиссия Ақтөбе облысының гарнизоны Өрт-құтқару спорты бойынша жазғы чемпионатты өткізуге дайын деп баға берді. Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі


8

СӨЗ СОҢЫ №36 (4394), сейсенбі, 15.05.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz БАЙҚАУ

МАРАПАТ

«Жігіт сұлтанын» анықтады Б. ҚАЙЫРОВА, Павлодар облысы Павлодарлық өрт сөндірушілер гарнизонында «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті.

«Мен қазақтың ұлымын» атты өзін-өзі таныстыру, «Өнер алды – қызы тіл» атты шешендік сайысы, «Білгенге – маржан» атты қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптар аясында танымдық сұрақтарға жауап беру, «Ептілік» атты арқан байлау және

«Сегіз қырлы, бір сырлы» атты өз өнерлерін көрсету секілді 5 турдан тұрған сайысқа облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі

Мейірімді Максим

А. Алдажаров, Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы Б. Қайырова, Өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Қ. Бейсекеев, №33 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Р. Мұқышев қазылық жасады. Іс-шараның басты мақсаты – қ ы з м е т к е р ле р д і п а т р и о т т ы қ қ а т ә р б и е леу , « Р у х а н и ж а ң ғ ы р у » б а ғ д а р л а м а с ы а я с ынд а т а р их имәдени мұраларымызды насихаттап, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімді ояту болды. І с - ш а р а ғ а « Ө р т с ө н д і р у ж ә не апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ аппаратының қ ы з м е т к е р ле р і ж ә не К Д М тыңдаушылары қатысты. Тартысты өткен сайыс барысында жеңімпаз б ен ж ү л д е г е р ле р а н ы қ т а л ы п , бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Елеулі тұлғаға ескерткіш тақта САЛТАНАТТЫ ШАРА

Ақболат КЕҢЕСОВ, Орал қаласы Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі Екінші дүниежүзілік соғыс пен ішкі істер органдарының ардагері, милиция старшинасы Саниахмет Қапашев тұрған үйге ескерткіш тақтасын ашу салтанатты шарасын ұйымдастырды. Іс-шараға басқарма бастығы, полиция полковнигі Телман Үсенов, облыстық ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Жолдыбай Адаев, Орал қаласы, Зашаған кенті әкімінің орынбасары Нұрболат Мұхитов, Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы, ардагер Саниахмет Қапашұлының отбасы және Орал қаласының №20 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары қатысты.

Милиция старшинасы Саниахмет Қапашев 1926 жылы 21 қарашада Орал облысы, Чапаев ауданы, Талпын ауылында дүниеге келген. 1944 жылы қазан айында Кеңес армиясы қатарына шақыртылады. Челябі облысының аймағында бір айлық бастапқы курстан өткеннен кейін Белоруссия мен Польшада, одан Германия жерінде жаумен шайқасты. Жеңістен кейін 1947 жылға дейін Солтүстік әскери тобының құрамында қызметін жалғастырды. Кейін Калинин қаласынан 1950 жылы 20 қыркүйекте босатылды. Ішкі істер органындағы қызметін 1951 жылы бастап, 1982 жылдың сәуір айына дейін қызмет атқарып, құрметті демалысқа шықты. Қызмет барысында милиция старшинасы Саниахмет Қапашұлы І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Кеңес милициясына – 50 жыл» төсбелгісімен, Ұлы Жеңістің 30 жыл толуына орай және қызмет барысындағы жоғарғы көрсеткіші үшін «Восток» қол сағатымен, Кеңес әскеріне 60 жыл толуына орай және қызмет барысында жоғарғы көрсеткіш көрсеткені үшін Ішкі істер басқармасының Құрмет грамотасымен, сонымен қатар, құрметті демалысқа шығуына байланысты «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Аталған салтанатты іс-шара соңында Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы және Орал қаласының №20 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ішкі істер органдарының ардагері, милиция старшинасы Саниахмет Қапашұлының ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойды. Ардагер Қапашев Саниахмет Қапашұлы 30 жылдан астам Кеңес милиция қатарында, соның ішінде 29 жыл күзет қызметінде қызмет атқарып, заңдылық пен құқықтық тәртіпке, сонымен қатар, ішкі істер органдарының қызметкерлерін тәрбиелеуге зор үлесін қосты. Бүгінгі жас ұрпаққа және полиция қызметкерлеріне ардагер Саниахмет Қапашұлының жолын беріп, өз Отанына адал қызмет етуге жазсын.

Ердің ісі ел есінде Өрт сөндіруші – әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың бірі. Бұл оқиға 1997 жылдың 24 наурызында болған еді. Қызылорда қаласындағы «Көкөніс» қоймасында тілсіз жау – өрт оқиғасы орын алды. Лаулап жанып жатқан өртті сөндіру барысында 2 өрт сөндіруші – Арман Төлеубаев пен Арғын Әшірбеков қаза болды. Қаза болғаннан кейін олар «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, екеуіне де Қызылорда қаласынан көше аттары берілді. 1998 жылы Арман Төлеубаевқа туған жері – Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылынан да көше аты берілді. Жақында Бұқарбай батыр ауылында өрт сөндіру барысында қаза болған Арман Төлеубаевтың құрметіне арналған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті. Бір минуттық үнсіздіктен соң, Арман Төлеубаев атындағы көше бойына ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС Бас директор Бимаханбет АСАНОВ Бас директордың орынбасары Бану ƏДІЛЖАНОВА

орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына арналған алғашқы сөз Бұқарбай батыр атындағы ауыл әкімі Сағат Байділдаевқа берілді. Одан соң Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев, Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Руслан Қайрақбаев, Жалағаш ауданының құрметті азаматы, ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабыланбек Нұрмағанбетов, А р м а н Т ө леу б а е в т ы ң ұ с т а з ы Гүлзира Нұрбаева, достары атынан

РЕДАКЦИЯ: Бас редактор: Ескендір ТАСБОЛАТ Бас редактордың орынбасары: Жадыра ШАМҰРАТОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА Тілші: Айткен ШƏМШІ

Әсем Әбдімәлік, Арманның әкесі Қуанышбай Төлеубаев сөз сөйледі. «Ерлікті нағыз батыр жасайды. Бауыржан Момышұлы айтпақшы: «Табандылық, өр рух, қайсарлық – бұл ерліктің кепілі». Бұл қасиеттердің барлығы Арманның бойында бар болатын. Бұқарбай батыр ауылына қойылған бұл мемориалдық тақта Арман Төлеубаевқа жасалған құрмет пен тағзым», – деді іс-шараның жүргізушісі. Е с к е р т к і ш т а қ т а н ы а у ы л ды қ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабыланбек Нұрмағанбетов пен Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар саласы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев ашты. Содан соң ескерткіш тақта алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Басылым 04.01.2012 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №12198 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Екібастұз қалалық ІІБ басшылығы атынан №7 мектеп-гимназиясының 4 «Д» сынып оқушысы Максим Петровқа айналасында болып жатқан жағдайларға бейжай қарамай, белсенді азаматтық ұстанымын танытқаны үшін алғыс хат берілді. Жуырда Максим «Жасыбай» спорт кешенінен жаттығудан қайтып келе жатып, көшеде қайда баратынын білмей, тіпті қайда тұратынын айта алмай жылап тұрған 6 жасар баланы көреді. Максим өзінің жасына қарамай, тез шешім қабылдап, оны жақын тұрған балабақшаға апаруға шешім қабылдады. Оны балабақшаның тәрбиешісіне және меңгерушісіне тапсырып, олар өз кезегінде адасып қалған бала туралы ювеналды полиция қызметкерлеріне хабарлайды. Алты жасар баланың ата-анасы ұлдары жоғалып кеткенін білгеннен кейін, ІІБ кезекші бөліміне, яғни «102» нөміріне телефон соққаннан кейін, бала ата-анасына табысталды. Максим өзінің кішіпейілдігін аңғартып, алғыс хат бергенде: «Мен оның қасынан жай өте алмадым және оны жалғыз қалдыра алмадым, ол әлі кішкентай ғой және жылап тұрды», – деп ойын білдірді. Біз Максимнің ата-анасына және әжесі Валентина Николаевнаға осындай ақкөңіл және мейірімді баланы тәрбиелегені үшін алғыс білдіреміз. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі

ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ

Ұшақтағы шартты өрт Жуырда Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қалалық бөлімшелерінің құтқарушылары «Көкшетау әуе компаниясы» АҚ-ға тиесілі ЯК-40 ұшақ қозғалтқышында пайда болған шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығудың мақсаты – адамдар көп шоғырланатын нысандардағы өрттерді сөндіру бойынша Көкшетау қаласының азаматтық қорғау гарнизоны жеке құрамының машықтарын жетілдіру, Көкшетау қаласының шұғыл қызметтері және жұмысшыларымен өзара іс-әрекеттестікті пысықтау. Оқу-жаттығудың жоспары бойынша ұшақтың көтерілуі кезінде қозғалтқышы отқа оранып, одан әрі шұғыл қону кезінде ұшақтың шассиі де жана бастады. Көкшетау қаласының әуежайында төтенше жағдай және ұшақты мәжбүрлі түрде қондыру туралы хабарлама жасалып, қаланың шұғыл қызметтері 3-ші дәрежелі қоңырау арқылы шақырылды.

Шартты өрт орнына Көкшетау қаласының өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының жауынгерлік есебі, №3 ранг бойынша шығу кестесіне сәйкес апаттар медицинасы орталығының реанемобилі жіберілді. Шараға 11 техника мен Өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 27 адамы қатысып, олар өртпен күресте өздерінің кәсіби машықтарын шебер таныта білді. Өрт-тактикалық жаттығудың қорытындысы бойынша облыстық ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі А. Родичкин ісшараны қорытындылап, қызметкерлерге әрі қарай де кәсіби біліктіліктерін арттыру туралы тапсырма берді. Ақмола облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «Тауелсіздік-Д» ЖШС баспаханасында басылады. Индексі: 65395 Таралымы: 11347 Тапсырыс: №115

«Тауелсіздік-Д» ЖШС-і Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, 407 тел: 56-97-71 Газет аптасына 2 рет шығады.

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Мадина СҮЛЕЙМЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілшілер: Қанат КӨЛБАЕВ, Бек ИМЕКЕШОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра ШАМҰРАТОВА

Saqshy №36 (4394)  

Saqshy №36 (4394) 15 05 2018

Saqshy №36 (4394)  

Saqshy №36 (4394) 15 05 2018

Advertisement