SAQSHY/66(4424)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІ

№66 (4424)

ГАЗЕТ 1933 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

ƏЙЕЛ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТАЛҚЫҒА САЛЫНДЫ Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова «Ауғанстандағы əйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» атты өңірлік конференцияға қатысты.

І с - ш а р а Ау ғ а н с т а н д ы ə л еум е т т і к экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру, ө ң і рл і к бе й б і т ш і л і кт і , т ұ р а қ т ы л ы қ п е н қауіпсіздікті нығайту үшін Қазақстанның ұзақ мерзімге арналған жəрдемі аясында ұйымдастырылды. Ашылу рəсімінде сөз сөйлеген Г. Əбдіқалықова ко н ф е р е н ц и я ғ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а Е л б а с ы Н. Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Онда Қазақстанның Ауғанстанда бейбітшілікті тезірек орнатуға көмектесуді жақтайтыны айтылған, сондай-ақ, əйелдердің жағдайын жақсарту, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жəне бейбіт өмірге қол жеткізу жолындағы Ауған Үкіметінің қадамдары жоғары бағаланған. Г. Əбдіқалықова Ауғанстанды Орталық Азия елдерімен экономикалық байланысқа тартудың маңыздылығын атап өтті. Осы орайда Мемлекеттік хатшы Ауғанстандағы жəне тұтас өңірдегі нақты экономикалық жобаларды жүзеге асыру мақсатымен халықаралық б и з н е с ө к і л д е р і н і ң ке ң і н е н ат с а л ы с у ы арқылы əйелдер кəсіпкерлігін дамытудың кешенді бағдарламасын əзірлеуді ұсынды. Б ұ л Ау ғ а н с т а н ə й е л д е р і н і ң ə л еум е т т і к экономикалық мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Мемлекеттік хатшы конференция аясында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Əйелдер комитетінің төрайымы Т. Н а р б а е в а м е н , с о н д а й - а қ , Ау ғ а н с т а н д е л е г а ц и я с ы н ы ң б а с ш ы с ы – Ау ғ а н с т а н Ислам Ре спубликасының Əйелдер істері жөніндегі министрі Д. Назаримен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында Қазақстанның Өзбекстанмен, Ауғанстанмен ынтымақтастығының қазіргі ахуалы жəне перспективалары талқыланды.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП – ЖЕКЕ БАҚЫЛАУДА Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметінен мəлім еткендей, ведомство басшысы Алик Шпекбаев 5 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесуде азаматтар агенттік басшысына мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз əрекеттеріне шағымданып, жемқорлық фактілері туралы хабарлады. Əр азамат жекелей, сондай-ақ, видеобайланыс арқылы тілдесуге мүмкіндік алды. Алматы қаласының тұрғыны Фархат Агишев видеобайланыс арқылы мемлекеттік қызметшілерден құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың əрекетіне шағымданды. Оның айтуынша, топ мүшелері қылмыстарды жасыру үшін өздерінің қызметтік мансаптарын пайдаланады. Алик Шпекбаев азаматтың шағымын тексеруді тапсырып, бұл мəселені жіті бақылауына алды. Барлығы 11 азамат шағым түсірді. Олардың арасында қылмыстық істерді қарау кезіндегі алаяқтық, рейдерлік, сарсаңға салу фактілері бойынша ІІБ қызметкерлерінің үстінен шағымдар, жер қатынастарына қатысты мəселелер, мемлекеттік қызметшілердің əдеп нормаларын ұстануы жəне басқа да мəселелер бар. Алик Шпекбаев қабылдау барысында өтініштердің ешбірі қараусыз қалмайтынына, дəлелдер расталса, кінəлі тұлғалардың жауапқа тартылатынына сендірді.

WWW.MEDIAOVD.KZ

6.09.2018, БЕЙСЕНБІ

Алғашқы отырыстағы ауқымды жоспар

Кеше Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мəжілістің төртінші сессиядағы алғашқы жалпы отырысы өтті. Отырыстың күн тəртібіндегі мəселелеріне кіріспес бұрын, Н. Нығматулин сессияның ашылуында депутаттық корпустың назарын Қазақстан Президенті белгілеген тапсырмаларға аударды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген міндеттерді өз уақытында жəне сапалы заңдармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтқан Мəжіліс Төрағасы əлеуметтік жағдайды одан əрі күшейтуге, экономиканы дамытуға жəне ұлттық-рухани байлықты сақтауға ерекше көңіл бөлетініне тоқталды. Палата Төрағасы қазірдің өзінде Парламент қарауында 50-ден астам заң жобасы бар екенін айтты. Олардың қатарында, «Мемлекеттік сатып алулар жəне квазимемлекеттік сектордың сатып алулары мəселелері туралы», «Табиғи монополиялар туралы» маңызды заң жобаларымен қатар, денсаулық сақтау, көлік, мемлекеттік сатып алулар, АӨК-ді реттеу, меншік құқығын қ о р ғ ауд ы к ү ш е й т у т у р а л ы з а ң н а м а л ы қ түзетулер; арнайы экономикалық жəне индустриалды аймақтар, кинематографияға қатысты құжаттар қамтылған. Отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жəне «Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілерге қарсы күрес жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы» Заң жобаларын мақұлдады.

Статистика мəселелеріне арналған Заң жобасы жинақталатын деректердің жəне статистикалық ақпараттардың сапасын арттыруға респонденттермен жəне пайдаланушылармен кері байланысты қамтамасыз етуге; қайталанатын көрсеткіштердің жиналуын болғызбау арқылы респонденттерге түсетін жүктемені азайтуға бағытталған. Сонымен қатар, кеше Мəжіліс депутаттары жұмысқа кіріскен жаңа заң жобаларының қатарында «Қазақстан Ре спубликасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» жəне «20192021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы негізгі қаржы құжаттары бар. Бұдан бөлек, Мəжіліс Қазақстан мен Хорватия Үкіметтері арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім, Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісім мен осы елдер арасындағы өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын жұмысқа алды. Ратификацияланатын құжаттар қатарында Қазақстан мен Тəжікстан Үкіметтері арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы, Тəжікстан азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тəртібі туралы, сондай-ақ, екі ел арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тəртібі

туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы Заң жобалары бар. Осы қатарда депутаттар денсаулық сақтау мəселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасын жұмысқа алды. Бұл Заң жобасының негізгі мақсаты – донор жəне трансплантациялау институтын дамыту, медициналық білім беру жүйесін жетілдіру жəне медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру, медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін енгізу, денсаулық сақтау жүйесіне қатысты қолданыстағы заңнамадағы олқылықтарды жою жəне тағы басқа да медицина саласына қатысты өзекті мəселелерді қамтыған. Мəжіліске келіп түскен заң жобаларының қатарында Тəжікстан, Қырғыз, Қазақстан мен Исмаилиттер Имаматы арасындағы Орталық Азия Университетін құру жөніндегі шартқа хат т а ма ж ə н е Қ а з а қ с т а н м е н Ө з бе кс т а н Үкіметі арасындағы Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік келісімдерін, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу жəне озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімді жəне 2015 жылғы 29 мамырдағы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы, Қазақстан мен Ресей арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған хаттаманы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісімдерді ратификациялау туралы Заң жобалары бар. О с ы к ү н і П а л ат а а л т ы н ш ы с а й л а н ғ а н Парламент Мəжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың төртінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын бекітті. Аталған жоспар Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру мақсатында жəне төртінші сессияны ашу кезінде берген тапсырмаларына сəйкес əзірленді. Жалпы отырыс барысында Мəжіліс депутаты Дархан Мыңбай Қазақстан халқына ант беріп, Ақылбек Ихданов Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды. Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары бірнеше депутаттық сауал жолдады. Олар – Б. Дүйсенбинов, Т. Сыздықов, С. Сейдуманов, В. Косарев, А. Перуашев, С. Құсайынов.

Қауіпті аумақтағы кешенді шара ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Оқу-жаттығуға Батыс Қазақстан облысы ТЖД «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жұмылдырылды. «Баршаның назарына!» сигналымен оқужаттығу басталып, осы арқылы қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді. Жаттығулар барысында мұнай өнімдерін сақтайтын қоймалардағы өрт кезінде объектінің ерікті өрт сөндіру құралымдарының іс-əрекеттері пысықталды. Жедел құтқару жасағының құтқарушыларымен бірге бөгеттің астынан зардап шеккен адамды алып шығу бойынша жұмыстар жүргізілді. Санитарлық топ зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті жəне жедел жəрдем бригадасы келгенге дейін оларды қауіпсіз жерге көшірді. Оқу-жаттығу соңында «Интергаз Орталық Азия» ЖШС азаматтық қорғау құралымдарының іс-əрекеттері төтенше жағдайларда апаттыққұтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жасауға дайын деп бағаланды. Бұл шара оқу-жаттығудың маңызды сəттерінің бірі болып табылатын қызметкерлердің өзара ісқимылы мен үйлесімділігін дамытты.

А. ƏДІЛБЕКОВ, Батыс Қазақстан облысы Облыс əкімінің өкімімен бекітілген Азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін жəне халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындау бойынша іс-шаралар жоспарына сəйкес «Интергаз Орталық Азия» ЖШС-ның қауіпті өндірістік объектісінде кешенді оқу-жаттығу өтті.


2

ЖАҢАЛЫҚТАР №66 (4424),№бейсенбі, 6.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг, 19.12.2013

Канадаф

Ə

-А М Е Л

ҚП

Т АРА

Түркия

Шекарадағы сақтық

е-mail: nastraje@mail.ru

Дəрі-дəрмек бағасы реттелмек

Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой еліміздегі дəрі-дəрмектердің бағасын реттеу үшін қандай механизмдер іске қосылатындығы туралы айтты.

Түркия мемлекеті Сириямен шекараласатын өңірге ауыр техникасын тартып жатыр. Шам елінің Идлиб аймағы содырлар шоғырланған соңғы бекіністердің бірі саналады. Таяу арада үкімет əскері бұл аймаққа аяқ басатыны белгілі. Осылайша Дамаск содырлардан біржолата құтылмақ ниетте. Өз кезегінде Анкара шекараның бұл тұсын босқындардан қорғау үшін қажетті шаралар қолданып жатыр. Сондықтан шекараға тағы да қосымша танкілер қойылмақ.

Бұдан бөлек, Түркия билігі босқындарға арналған Атме лагерінің аумағын кеңейтіп, шекара бойындағы бақылау бекеттерін күшейтті. БҰҰ мəліметіне сəйке с, босқындардың саны 700 мыңнан асуы мүмкін. Еске салсақ, Түркия, Ресей мен Иран елдерінің басшылары 7 қыркүйек күні Тегеранда кездеседі. Басқосуда Сириядағы жағдайды қалыпқа келтіруге қатысты бірлескен іс-əрекеттер талқыланады деп күтілуде.

Ұлыбритания

Премьер-министр постты босата ма? Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйді оның қарсыластары қызметінен кетіруі мүмкін. Олар Мэйдің Біріккен Корольдіктің Еуроодақтан шығу туралы жоспарына қарсы шығып отыр. Айтуларынша, Брекситтен кейін премьер-министр одақтың бірқатар шартына көнуге дайын көрінеді. «Ал оның орнына елдің Сыртқы істер министрі Борис Джонсон келуі мүмкін», – дейді сарапшылар. Джонсонның жақтастары одақтан шығудың өз жоспарын ұсынуға дайын. Олай болған жағдайда, Лондон мен Брюссель арасындағы келіссөздердің күші жойылады. Айта кетейік, консерваторлар партиясының ке з е кт і ко н ф е р е н ц и я с ы қ ы р к ү й е кт і ң соңына белгіленген. Бірақ, күн тəртібінде жаңа премьерді сайлау мəселесі жоқ. Егер депутаттардың басым бөлігі Мэйге қарсы шықса, онда үкімет басшысының беделіне зор нұқсан келейін деп отыр.

Ауғанстан

Содырлар серкесі оққа ұшты «Хаккани желісі» лаңкестік тобының негізін қалаушы Джалалуддин Хакканидің қайтыс болғаны мəлім болды. Енді билік оның ұлы Сираджуддин Хакканиге көшеді. Джалалуддин 80-жылдары болған ауған соғысында белді командир атанған. 1991 жылы ол басқарған қарулы күш Хост қаласын алды. Басқа қарсы топтарға қарағанда араб елдерінен үлкен қолдау көріп келген. Талибтер билігі тұсында шекара министрі, тайпалар ісі жөніндегі министр жəне Пактия провинциясының губернаторы қызметтерін атқарған. 90-жылдары Хаккани «Талибан» қозғалысы үшін күресіп, оның басшыларының біріне айналады. НАТО блогының лаңкестік ұйымына қарсы əрекетінен кейін «Хаккани желісі» ұйымының əскери командирі атанды. Бұл ұйымның жауынгерлерін 2010 жылы Еуропадағы мегатеракт əрекеттерін ұйымдастырды деген күдік болған.

Азаматтық авиацияға айрықша назар Парламент Мəжілісінің жалпы отырысында «Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актіл ерге қарсы күрес жөніндегі конвенцияны рат и ф и ка ц и я л а у ту р а л ы » з а ң жо б а с ы мақұлданды. «Заң жобасы «Халықаралық азаматтық авиация ұйымы» (ИКАО) Ассамблеясының 38-ші сессиясының шешімін жүзеге асыруға бағытт а лған. Ол барлық ИКАО-ға мүше мемлекеттерді осы Конвенцияға қол қоюға ж ə н е р ат и ф и ка ц и я л ау ғ а ш а қ ы р а д ы . Б ұ л жобаның мақсаты – азаматтық авиация саласында заңсыз əрекеттер жасаған тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік т ағайындау », – деді Инвестициялар жəне даму министрі Жеңіс Қасымбек.

«Бүгін біз дəрі-дəрмектердің бағасын реттеу сызбасын таныстырдық. Бұрын кепілдендірілген мөлшер аясында ғана, яғни мемлекеттік сатып алу арқылы бағаны реттеп отырсақ, көтерме сегментте бағаны реттейтіндей құзіретіміз болмаған еді. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы көтерме сегментте бағаны реттеуді жүктеген. Біз бағаны реттеудің моделін əзірледік», – деді Алексей Цой «СК Фармация» ЖШС-да өткен дөңгелек үстел барысында. Оның айтуынша, дəрі-дəрмекті тасымалдаушылардың көбі қымбат бағамен сатып жатқан жоқ. Дегенмен, сауданың кейбір субъектері ұятты ысырып қойып, бағаны бірнеше есеге көбейте сатып жатқан көрінеді. «Шамамен тасымалдаушылардың 70 пайызы – жауапты əрі əділ десе болады. Көп жағдайда олар дұрыс жұмыс жүргізіп, бағаны көтермейді. Бірақ, нарықтың «тентектері» де бар. Міне, біз əзірлеп жатқан ережелер соларды тыюды көздейді. Бағалардың асыруға болмайтын белгілі бір мөлшері белгіленеді. Осылайша,

дəрі-дəрмектердің бағасын 2-3 есеге дейін қымбаттату жағдайлары тыйылады. Мəселен, дəріханалардағы бағалардың ала-құлалығын өзіңіз де көре аласыз. Біздің міндет – бағалардың ауытқуы белгілі бір бекітілген дəліз ішінде болғанын қамту», – дейді Алексей Цой. Вице-министр бұл тəртіптің келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу көзделіп отырғанын атап өтті. «Тұрғындар баға айырмашылығын е ш қ а н д а й же рд е с а л ы с т ы р а а л м а й д ы – бағалардың реестрі жоқ. Алдағы уақытта əрбір адам дəрі-дəрмектің бағасын біліп отыратын сайт жұмыс істейтін болады. Саудадағы атауы бойынша бағаны өзіңіз тексеріп отырасыз», – дейді вице-министр. Айт а кет с ек, Қазақст анда дəрі-дəрмек бағаларының ала-құлалығын реттейтін заң жобасы əзірленіп жатқанын бұдан бұрын «СКФармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шəріп те айтқан болатын.

«Болашақпен» оқыған БАҚ өкілдері қанша? Бүгінгі таңда халықаралық бағдарламалар орталығында «Болашақ» стипендиясына өтінім қабылдау аяқталғаны туралы қорытынды жасалды. Биыл республикалық комиссияның отырысында «Болашақ» бағдарламасына 555 стипендия тағайындау туралы шешім қабылданды. Барлығымыз білетіндей, 2014 жылы стипендияға үміткерлер тізіміне БАҚ өкілдері қосылды. Бүгінде бұл санаттағы академиялық тағылымдама бойынша стипендиаттардың саны жүзден асады. «Бітірушілер əлемнің түкпір-түкпірінде білім алды деуге болады. Мысалы, 44 пайызға жуығы Ұлыбритания мен Ирландияда, 26 пайызы АҚШ пен Канадада жəне Еуропа елдерінде 8 пайызы, тағы да 14 пайызы Азия мен мұхит жағалауы елдерінде біліктіліктерін жетілдірді. БАҚ саласынан келіп білім алған болашақтықтардың саны 25 жылда 141 адамға жетті. Тағы бір атап өтерлігі, барлығы да өз саласы бойынша жұмыс істеп жүр», – дейді ХБО ғылыми-зерттеу жəне талдау бөлімінің бастығы Жібек Нұртанова. Бүгінгі таңда халықаралық бағдарламалар орталығы 5 квота санатында академиялық дайындыққа үміткерлерді іріктеп алды: БАҚ өкілдері; ғылыми жəне педагогикалық қызметкерлер; инженерлік-техникалық қызметкерлер; мəдениет жəне шығармашылық сала мамандары; мемлекеттік қызметшілер. Сондай-ақ, «Болашақ» стипендиясына үміткерлер мен өзі тапсыратындар.. Қоғамда «Болашақ» стипендиясының қарапайым азаматтарға қолжетімді еместігі туралы пікір айтылады. ХБО-ның бұған берер жауабы да əзір. Мысалы, Айман Əубəкірова ХБО-да 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, қазіргі кезде Халықаралық бағдарламалар орталығының конкурстық рəсімдер бөлімін басқарады.

Ол «болашақ» стипендианты атанғысы келетін жастардың құжатын жинайды. Айманның айтуына қарағанда, «Болашақ» стипендиясына қарапайым халықтың қолы жетпейді деген жалған дақпырт. «Мен Павлодар облысына қарасты ауылдардың бірінде оқыған бір қызды білемін. Ол барлығын жақсы оқыды, мектепте де алғыр болатын. Соңынан ол Британиялық университтердің бірінде оқып, үздік шетелдік студент атанды. Тіпті, университеттің грантын жеңіп алды. Ол бакалаврды бітірген соң, оған оқу орны доктарантураға қалуға ұсыныс жасады», – деп еске алады ХБО Конкурстық процедуралар департаментінің директоры Айман Əубəкірова. Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін мамандар мен қызметкерлер дайындау. Бағдарлама жоғары оқу орындарында ғылыми дəрежесін алу, сондай-ақ, əлемнің жетекші компанияларында жəне университеттерінде ғылыми жəне өндірістік тəжірибелерден өтуді қамтамасыз етеді.

Павлодардың жəрмеңкесіне асығыңыз!

Астанада павлодарлық шаруалар өз өнімдерін 8-9 қыркүйекте ұсынады. Жəрмеңке Мұңайтпасов көшесі, 9 мекенжайында орналасқан «Қазақстан» СК көлік аялдайтын тұрағында өтеді. Апта сайын өтетін жəрмеңкеде 465 тонна өнім ұсынылады, оның ішінде 36 тоннадан жоғары ет пен ет өнімдері, 220 тонна картоп, 80 тонна көкөніс сатылады. Мұнда 100-ден аса кəсіпорын өздерінің өнімдерін ұсынады: «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Ақжар – Өндіріс» ЖШС, КХ «РЭГТайм»,

«Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС жəне басқалары. Жəрмеңкеде концерттік бағдарлама мен музыкалық сүйемелдеуді Павлодар облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы қамтамасыз етеді.

Б ұ л р е т т е , ə у е ж а й д а ж ə н е ұ ш ы п ке л е жатқан əуе кеме сінің бортындағы адамға қатысты зорлық-зомбылық актісін жасаса, бұзатын жəне істен шығаратын құрылғыны неме с е затты əуе кеме сінің бортына орналастырса, сондай-ақ, кемені пайдалана отырып жарылғыш затт арды, химиялық, биологиялық, уландыратын, радиоактивті материалдарды тасымалдаса, тиісті жазалар қарастырылған. Бұдан бөлек, ұшу кезінде əуе кемесін жою, əуежайдағы жабдықтарды бұзса жəне зақымдаса, жалған мəліметтер хабарлап, əуе кемесінің қауіпсіздігіне қатер төндірсе, аэронавигациялық құралдардың з а қ ы м д а н у ы , ə у е ке м е с і н қ а р у р е т і н д е қолдану жəне тағы басқа да заңсыз актілерге қарсы күрес шаралары ескерілген. «Қазақст анның Қылмыстық кодексінде аталған актілер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бұл ережелерді қабылдау БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмге қарсы іс-қимылына қатысты талаптарын қанағаттандыруға, сондай-ақ, азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерге тиісті деңгейде жауап беруге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы əлемдік қоғамдастықтың əуе көлігіндегі терроризмнің барлық формасымен жəне көрінісімен күре с жөніндегі ұжымдық шараларын тұрақты түрде қ о л д а й д ы . Ко н в е н ц и я н ы р ат и ф и к а ц и я л ау Қ а з а қ с т а н Ре с п убл и ка с ы т а р ап ы н а н қо сымша шығындар мен міндеттемелерді қажет етпейді», – деп нақтылады министр.

Қоңыр күз – көңілсіз

Синоптиктер 2018 жылдың 6-8 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. «Қазақстан солтүстік аумақтарында барийлі жырада жоғары циклон қалыптаса бастады. Осы циклон республиканың көптеген облыстарында алдағы үш тəулікте ауа райын анықтайды. Бірнеше жауын-шашынсыз күндерден кейін алдымен солтүстік, содан кейін орталық жəне шығыс облыстарында кей жерлерде қайтадан жаңбыр күтіледі, солтүстікте түнде 8 қыркүйекте жаңбыр қарға ауысуы мүмкін, түнгі жəне таңертеңгі уақытта көрінуі 500 метр аз тұман болуы мүмкін», – делінген хабарламада. Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, батыс, оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс облыстарында əзірше жауын-шашынсыз. Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы орташа көп жылдық мəнге жақын, солтүстікте жəне орталықта осы мəндерден төмен болады деп болжанады.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №66 (4424), 6.09.201819.12.2013 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93бейсенбі, (3970), четверг,

АЙМАҚ

Заманауи техника үлгілерімен танысты Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірге Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин келді. Ол Ішкі істер департаментінде б о л ы п , в е д о м с т в о н ы ң Же д е л басқару орталығы мен ақпараттықаналитикалық орталығы мұрағатының жұмысымен танысты. Ж ы л б а с ы н а н Жед е л б а с қ а ру орталығы камераларының көмегімен 91 қылмыс ашылды жəне 11 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Бүгінде Жедел басқару орталығына Петропавлдағы көшелер мен қоғамдық орындарда орнатылған 410 камера қосылған. Полицейлердің жұмысында полицияның тірек пункттерінде орнатылған камералардың көмегі зор.

Соңғы техникалық жаңашылдықтар туралы ІІД қызметкерлері Ішкі істер минист рінің орынбас ары Юрий Ильинге баяндап берді. Юрий Ильин пəтер иелері ко о п е р ат и вт е р і н е қ о с ы л ғ а н камераларға ерекше назар аудард ы . « Б ұ л т т ы б е й н е б а қ ы л ау » бағдарламасы аясында бүгінде облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің подъездерінде 900 камера орнатылған. Же д е л б а с қ а р у о р т а л ы ғ ы н ы ң қызметкерлері барлық камерадағы бейнені көре алады. Қызылжар жəне Мағжан Жұмабаев аудандарының

Жемқорлықпен күрес – жалпыға ортақ С. СОПИЕВ, Түркістан облысы ауылдарында орнатылған камералар тірек пункттеріне ғана емес, Ішкі істер бөлімдерінің кезекші бөлімдеріне қосылған. Бұл өз кезегінде жағдайды жедел бақылап, уақытылы шаралар қабылдауға септігін тигізеді. Сонымен қатар, Юрий Ильин Ішкі істер департаменті Ақпараттықаналитикалық орталығының мұрағатына барды. Мұнда 15 қор бар. Қуғын-сүргінге ұшырағандар, əскери тұтқындар мен Германиядан өз еліне қайта оралған азаматтар жөніндегі қылмыстық істер бойы н ш а м ұ р а ғ ат т ы қ мат е р и а л д а р жұртшылыққа зор қызығушылық тудырады. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Додаға дайындық басталып кетті

Жарыс 10 кезеңнен тұрады. Оқужаттығу аясында барлық қатысушы құтқарушылар физикалық күш пен аса шыдамдылықты, жылдамдықты, теориялық білім мен практикалық дайындықты талап ететін тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаулары тиіс. Ат ы р ау о бл ы с ы н ы ң н а м ы с ы н «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жас ағы» мемлекеттік мекеме сінің құтқарушылары қорғайды. 24 тамыз күні 13 құтқарушы 2 арнайы техникамен Алматы облысына жол тартты. 29 тамыздан «Астана – жартасты қала» оқу-жаттығу полигонында дайындық жұмыстары, кезеңдердің практикалық бөлімдері бойынша жаттығулар басталып кетті. Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары тауға альпинистік

қ ұ р ы л ғ ы л а р м е н ш ы ғ у - т ү с у, ө р м е л е п м і н у, с у д а ғ ы з а р дап шеккендерді ізде стіруқ ұ т қ а ру ж ұ м ы с т а р ы , ү й і н д і л е р арасында қалып қойған зард ап ш е г у ш і л е рд і э ва куа ц и я л ау,

3

СЕМИНАР-КЕҢЕС

СЕМИНАР-ЖИЫН

Қыркүйек айының 12-сі мен 22-сі аралығында Алматы облысы аумағында орналасқан «Астана – жартасты қала» полигонында Қазақстанның ең үздік құтқарушылары өз аймақтарының намысын қорғап, жыл сайынғы «Казспас-2018» семинар-жиынына қатысады.

е-mail: nastraje@mail.ru

алғашқы медициналық көмек көрсету, қауіпті заттардың төгілуі салдарынан орын алатын төтенше жағдайларды жою тəсілдері бойынша жаттығу жұмыст арын пысықтауда. Мұндай жаттығулар құтқарушыларға кəсіби, жауынгерлік дайындық деңгейін жоғарылатуға, алған білімдері мен үйренген дағдыларды əрі қарай жұмыс барысында пайда лануға көп мүмкіндік береді. Себебі, құтқарушылардың қайсарлығы, ержүректігі, ау ы з б і р ш і л і г і , ұ й ы м ш ы л д ы ғ ы , өзара көмек көрсетуі – адамдар өмірін құтқаруда ең керекті қасиеттер. Командамыздың жарыста үздік нəтижелер көрсетіп, жеңімпаз болып оралуларына шын жүректен тілектеспіз! Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, əділет полковнигі Талғат Абдранбаевтың төрағалығымен құрам арасында сыбайлас жемқорлық қылмысының жəне мемлекеттік қызметшілердің əдеп кодексінің талаптарын сақтауға жəне тəртіп пен заң бұзушылықтың алдын алуға бағытталған семинар-кеңес өтті.

Шараға Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкері Г. Төлегенқызы қатысты. Əділет полковнигі Т. Абдранбаев семинар кеңестің бағдарламасына сəйкес, Президенттің №153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің əдеп кодексінің нормалары мен жеке құрам арасындағы тəртіп пен заң бұзушылықтарды атап өтіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңының талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын кеңінен таныстырды. Соның ішінде «Жемқорлықпен күрес жəне заңның үстемдігі» атты 9-міндетті толыққанды түсіндіріп өтті. Семинар барысында Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкері Г. Төлегенқызы департамент басшылығына жəне осы семинарды ұйымдастырушы қызметкерлерге өз алғысын білдіріп, биылғы 7 ай ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың көптеп өткенін, жеке құрам арасында тəрбие жұмысын жетілдіру, əдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау қажет екенін жəне Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғасын табатыны айтылғанын жəне қазіргі таңда ҚАЖ қызметкерлері туралы жақсы пікір қалыптасқанын атап өтті. Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамына тəрбие бағытындағы жəне сыбайлас жемқорлықпен мемлекеттік қызметшілердің ұсталу деректерінің үзінділерінен дайындалған видеоролик көрсетілді.

ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ

«Учаске» – ауқымды науқан Қызмет көрсетілетін əкімшілік аймақтарда құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу жəне жолын кесу мақсатында 5 қыркүйектен бастап 5 желтоқсанға дейін «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

Темір жолдағы тəртіп «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері «Алматы-Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызында жол үстіндегі кездесу өткізді.

Кездесу барысында əкімшілік полиция бөлімшесі ювеналды полиция тобының кəмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция аға инспекторы, полиция аға лейтенанты А. Хамитов, Көліктегі ІІД ЖПІЖБ 1-ротасы 2-взводы командирінің орынбасары, полиция кіші лейтенанты Н. Жетішев пойыз бригадасының жұмыскерлерімен жəне жолаушыларымен əңгімелесті. Кəмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің темір жол бойындағы белгіленбеген жерлерден өтуі, жарақат алуы, жолаушылар пойызын шұғыл тежеу жəне терезе сындыру, сондай-ақ, темір жол вокзалындағы ұсақ құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар жарақатын болдырмау сынды мəселелер сөз болды. Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ

Шараның мақсаты – учаскелік инспекторлардың, көші-қон, криминалдық ж ə н е жо л - п ат р ул ь д і к п о л и ц и я с ы , с о н д а й - а қ , ж е д е л ə р е ке т е т у ш і бөлімшелердің жəне басқа да қызметтердің күштерімен əрбір əкімшілік у ч а с кед е қ ұ қ ы қ б ұ зу ш ы л ы қ т а рд ы ң а л д ы н а л у б о й ы н ш а ж ұ м ы с т ы ң қарқынын арттыру. Осы аралықта учаскелік инспекторлар тұрғындар туралы мəлімет алу үшін өз учаскелеріндегі пəтерлер мен аулаларды аралайды. Өзінің жəне ІІБ кезекші бөлімдерінің байланыс мəліметтері бар карточкаларды таратады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері саяжай алаптарына, құрылыс нысандарына, базарларға жəне жалға берілетін ғимараттарға арнайы барады. Жасалған тізімдер шара қолдану үшін Астана қалалық Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберіледі. Сонымен қатар, тəртіп сақшылары полиция есебінде тұрған тұлғаларды тексеріп, ел аумағында болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтайды. Шара барысында учаскелік инспекторлар азаматтарға уақытша тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді. Б ұ л ш а р а а з а мат т а рд ы ң қ ау і п с і зд і кт е р і н қ а м т а ма с ы з е ту ге ж ə н е е л о рд а д а ғ ы қ о ғ а м д ы қ т ə рт і п т і с а қ т ау ғ а б а ғ ы т т а л ғ а н д ы қ т а н , қ а л а тұрғындары мен қонақтарынан «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасының өткізілуіне түсіністікпен қарауларын жəне полиция қызметкерлеріне қолдау көрсетулерін сұраймыз. Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі


4

ҚЫЗМЕТ №66 (4424),№бейсенбі, 6.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг, 19.12.2013

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Мемлекеттік тіл əлеуеті –

қоғамдық сананы жаңғыртудың басты қайнары

Қамажан ЖҰМАҚАСОВА, Астана қаласы Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 20112020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жуырда Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында құқық қорғау органдары арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы мемлекеттік тілдің рөлі» атты ауқымды іс-шара өтті. Семинар-тренинг үлгісінде жүргізілген аталмыш шараның мақсаты – ұлттық сана-сезімді жаңғырту, тіл мəдениетін жетілдіру, мемлекеттік тілді кеңінен қолдану мақсатындағы шаралар кешенінің ықпалын жете түсіну, ішкі қарсылықтан арылуға жəрдемдесу, қызметкерлердің тілге деген ынтасын ояту. Астанада өткен семинар-тренингтің ашылу рəсіміне Мəдениет жəне спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қуат Борашев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. «Мемлекеттік тілдің мəртебе сін көтеру, қазақ тіліне деген сұранысты арттыру, тіл мəдениетін жетілдіру – Қазақстан Ре спубликасының құқықтық, демократиялық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасып, нығаюы, одан əрі дамуы үшін қажетті шарттардың бірі. Мемлекеттік тіл – тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ортақ ұлтаралық тілі. Қазақ тілін дамыту – еліміздің стратегиялық бағыты», – деп атап көрсетті төраға. Тыңдаушылар алдында сөз сөйлеген белгілі ақын, мемлекет жəне қоғам қайраткері Қонысбай Əбіл қазақ тілінің рухани, танымдық, болмыстық мағынасын мемлекеттік қызметтің түрлі салаларында өз дəрежесінде қолданудың мəнісі мен салмағына тоқталды. Семинар-тренингте салалық мамандар, ғалымдар, дəріскерлер, қоғам жəне мемлекет қайраткерлері, өзге де спикерлер сөз сөйлеп, пікір алмасты. Солардың қатарында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау орган-

дары академиясының қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бекайдар Тойлыбаевтың шынайы да дəлелді өмір тəжірибесі тыңдаушылар тарапынан үлкен қолдау алды, олардың рухын көтеруге, жігерін ұштауға үлкен серпіліс берді. Құқық қорғау органдарының ардагері Бекайдар Адамбекұлы ұлттық сана мен қазақтың тілі арасындағы үзілмейтін байланыстың дəлелі ретінде «намыс», «рух», «руханият», «əдеп», «тəрбие», «қанда бар қасиеттер» сынды моральдық ұғымдар мен психологиялық шектеулердің ұлттық сананың дамуындағы орны, оны оятудың бірден-бір құралы болып табылатын қазақ тілінің мемлекеттік мəртебедегі атқаратын қызметін айқын да көрнекті, əрі əсерлі етіп əңгімелеп берді. Тренинг жүргізген тіл мамандары, филология ғылымдарының кандидаттары, доценттер Баян Мəуленова, Бауыржан Есімсейтов, Омар Жəлел ж ə н е ə д і с ке р м а м а н Та й т ө л еу Аймағанбетова түрлі интерактивтік əдіс-тəсілдерді қолдану арқылы қазақ тілі тек қарым-қатынас жəне ақпарат алмасу құралы ғана емес, оның қызметі əлдеқайда салмақты екенін, оның адамның ішкі түйсігінің, сана-сезімінің барометрі жəне оны түрлі жолдармен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші тетік екенін дəлелдей отыра, тыңдаушыларға терең əсер қалдырды. Шараға қатысушылардың ұсыныстары, негізінен, методикалық құрал-жабдықтардың, сөздіктердің əлі де болса тапшы екендігіне келіп

саяды. Сəйкесінше, семинар барысында белсенді талқыланған мəселелердің бірі – құқық қорғау органдары саласында мемлекеттік тілді дамытудың ақпараттық-методикалық базасын жетілдіру, арнайы əскери терминологиялық сөздіктерді қайта шығару, олармен тиісті мекемелерді дер кезінде қамтамасыз ету. Ты ң д ау ш ы л а р д ы ң к ө п ш і л і г і р е ж и м де г і н ы с а н д а рда қ ы зм е т атқаратын қазақ тілі оқытушылары б ол ғ а н д ы қ т а н , ол а р ө зд е р і н і ң мекемелерінде өтетін іс-шараларға аталмыш семинар-тренингтің пайдасы мол болғанын айтады. Осылайша, қоғамдық сананы жаңғыртудағы мемлекеттік тілдің рөлін арттыру мəселесі үлкен ауқымда, жоғары дəрежеде талқыға салынды. Тіл мамандары тарапынан заманауи тренинг түрінде өткен көшпелі дəрістерге құқық қорғау органдары бойынша сұраным бар екені, осындай тренингтерді алдағы уақытта да өткізіп тұру өзекті екені айтылды. Семинар барысында Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған идеялар, ондағы басымдықтар шеңберінде келелі ойлар ортаға салынды, «ұлттық код» ұғымының болмысын түсіну жəне оның ұлттық санадағы, мемлекеттік қызметшінің əрекетіне əсері тұрғысынан салмақты пікір алмасу болды. Шараның өз дəрежесінде өтуіне белсенді қатысып, кешенді қолдау көрсеткен Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұжымының үлесі зор, семинар академия базасында өтті. Оның ішінде Академияның əлеуметтікгуманитарлық білімдер кафедрасы ұжымы шара барысында үлкен белсенділік көрсетті. Семинар-тренинг нəтижелі өтіп, қатысушылардың көңілінен шықты.

РЕЙД

Жасөспірім үшін заңды өкіл жауапты Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдердің түнгі серуендері үшін бір апта ішінде 200-ден астам заңды өкілі жауапкершілікке тартылды. Заң бойынша кəмелетке «Аталмыш жұмыстардың толмағандардың түнгі сағат 23.00барлығы бірінші кезекте балалардың ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде қауіпсіздігіне бағытталған. Іс-шараға жүруіне тыйым салынған. Бұл туралы күн сайын түрлі бөліністерден 500-ге солтүстікқазақстандық ювеналдық тарта тəртіп сақшысы жұмылдырылады. полицейлер 27 тамызда бастау алған Сондай-ақ, білім беру, денсаулық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық сақтау органдарының, прокуратура іс-шарасы аясында ескертуде. мен жұртшылық өкілдері де қатысады. Жаздың соңғы айында ювеналдық Рейдтік іс-шаралар нəтижелері кейбір полицейлер үй-үйді, пəтерлерді аралап, ересектер мен балалар кəмелетке полицияда есепте тұрған отбасыларға толмағандардың сағат 23.00-ден кейін барды. Мұндағы мақсат – əлеуметтік ата-аналары немесе жақындарынсыз себептер бойынша оқушылардың көшеде жүруіне болмайтындығынан мектепке бармау фактілерін уақтылы əлі де бейхабар екенін көрсетті», – анықтау жəне тұрмыстағы қылмыстар дейді Петропавл қалалық ІІБ Жергілікті мен құқық бұзушылықтардың алдын полиция қызметінің бастығы, полиция алу. «Жасөспірім» іс-шарасы аясынмайоры Асан Смағұлов. да бұл жұмыстар жандандырылды. Петропавлда ювеналдық полицейлер Аз қамтылған отбасыларды тексеру Қазақстан Конституциясы мен Пушкин жұмыстарынан бөлек, күн сайын көңіл көшелерінің қиылысында түн жарымда көтеру орындары бойынша түнгі рейдқыдырып жүрген жасөспірім баланы тер, қоғамдық орындарда жасөспірімдер тоқтатты. Оның Ғабит Мүсірепов көп жиналатын жерлер тексерілді. атындағы ауданның ауылдарының

бірінің тұрғыны екені анықталды. Ол биыл көктемде 16 жасқа толыпты. Облыс орталығына жақында колледжге оқуға түсу үшін жалғыз өзі келіпті. Нəтижесінде түнде серуендеуге жаны құмар жасөспірім Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Оның ата-анасы əкімшілік жауапкершілікке тартылады. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің ақпаратынша, «Жасөспірім» ісшарасының басынан бері түрлі 313 құқық бұзушылық анықталды. Балаларының түнде үйден тыс жүруіне жол бергені үшін 202 заңды өкіл жауапкершілікке тартылды. Ювеналдық полицейлер айтып өткендей, жасөспірімдер тарапынан болатын бұзушылықтарды анықтауға бағытталған осы сынды рейдтер аталған операция аясында ғана емес, толықтай оқу жылы бойы жалғасатын болады. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

е-mail: nastraje@mail.ru ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Мейіріммен мерейін өсірді

Білім күнінде ақмолалық тəртіп сақшылары қаза тапқан əріптестерінің отбасына көмек көрсетті. Облыстық ІІД Əйелдер кеңесі мүшелері қаза тапқан əріптестің отбасына барып қайтты. Кеңес төрайымының орынбасары, полиция подполковнигі Ким-Гулина Инна, Кадр жұмысы басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Аягөз Қалиева ІІО-ның қаза тапқан қызметкері Анатолий Дробчактың ұлы, үйдің кенжесі əрі мектеп оқушысын мектепке дайындап қайтты. «Əкем қатал адам болса да, əділ болатын», – дейді көзіне жас алып ұлы Миша. Анатолийдің жұбайы Елена Дробчак болса екінші топтағы мүгедек. Естеріңізге салсақ, Анатолий Евстахиевич 1990 жылы Целиноград облысы, Макинск ауаткомының милиционері болып ішкі істер органдарындағы қызметін бастаған. 2005 жылдан бастап Ақмола облысы, Бұланды ауданындағы уақытша ұстау абақтысының полицейі лауазымында болды. Ішкі істер органдарында 20 жылдан астам уақыт қызмет етті. Елена Дробчак Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығына көрсетіп жатқан көмектері үшін шексіз алғысын білдірді. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

АЙМАҚ

Малға алқа тағылуда Қызылордалық полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол бойында автокөлік қозғалысына кедергі келтіретін малдарға жарық (сəуле) шағылыстыратын алқаралар орнатуда. Бүгінде үй жануарларының кесірінен орын алып жатқан жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар автожолдар бойында Қызылорда облыстық ІІД-нің ұсынысымен жəне ауыл əкімдерінің қолдауымен мал иелері үй жануарларына жарық (сəуле) шағылыстыратын алқаралар орнатып жатыр. Соңғы уақытта автожолдар бойында малдардың қараусыз жайылып, жолға шығып, апаттық жағдайлар туғызуда. Өткен жылдың өзінде республикалық маңызы бар автожолдар бойында 53 мал қағып кету дерегі орын алып, салдарынан 2 адам қаза болса, 7 адам əртүрлі дене жарақаттарын алған. Ал, 2018 жылдың басынан 24 мал қағу дерегі тіркеліп, 1 адам дене жарақаттарын алды. Қазіргі таңда аудандық жəне ауылдық учаскелік полиция инспекторлары мен ауыл əкімдерінің бірлескен түрде жүргізіп жатқан түсіндірме жұмыстарының нəтижесінде мал иелері 4 мыңнан аса малға жарық (сəуле) шағылыстыратын алқаралар орнатты. Тəртіп сақшылары мал иелерін қала аумағында жəне республикалық маңызы бар автожолдар бойында малдардың қараусыз жайылып жүруі жол-көлік оқиғаларына əкеп соқтыруы мүмкін екендігін ескертіп келеді. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

ТҮРМЕ ТЫНЫСЫ

Кешкі мектептегі алғашқы дəріс Д. ЕРАЛИЕВ, Қызылорда облысы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде Білім күніне орай мекемеде жазасын өтеушілерге «Туған өлкем Қызылорда» тақырыбында алғашқы сабақ өтті. Мерекелік шара ЗК-169/5 мекемесінің əлеуметтік-психологиялық тəрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінің қызметкерлері мен мекемеде жазасын өтеушілерге білім беретін Қызылорда қаласы «Жалпы білім беретін кешкі мектеп» мұғалімдерінің қатысуымен өтті. Шара барысында кешкі мектеп директорының міндетін атқарушы Т. Насибеков айтулы мерекемен жазасын өтеуші азаматтарды құттықтап, оқуда озат болуларын тіледі. Мектеп ұйымының атқаратын қызметтері туралы айта келе: «Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рəміздерді, халық дəстүрін құрметтеуге, Конституцияға қайшы жəне қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тəрбиелеу. Жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру», – деп атап өтті. Айта кетсек, жаңа 2018-2019 оқу жылында ЗК-169/5 мекемесінде 24 сотталған кешкі мектепте білім алуда. Жаңа оқу жылының басталуына өз ықылас-тілектерін білдіру үшін сотталған азаматтарға сөз беріліп, құттықтаулар айтылып, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.


ҚОҒАМ ЖƏНЕ ЗАҢ №66 (4424), 6.09.201819.12.2013 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93бейсенбі, (3970), четверг,

Сапасыз құрылыс – салалық қылмыс

Коллаж Ақсая ЖҮРКЕНОВАНІКІ

Л. АВХАДЕЕВА, ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуының басым міндеттерінің қатарында «отандық экономиканың толық драйвері болуы тиіс құрылыс секторын дамыту қажеттілігі» көрсетілді. Осы бағыттағы жұмысты орындау үшін əртүрлі инфрақұрылым объектілерін, оның ішінде тұрғын үй саласындағы объектілерді салу жоспарлануда. Бұл ретте, ғимараттарды жобалауға, жоспарлауға, құрылыс əдістеріне жəне қазіргі заманғы материалдарға жаңа тəсілдерді қолдануға, сондайақ, қолданыстағы үйлер мен инфрақұрылымдарды зияткерлік басқару жүйелерімен жабдықтауға ықпал ететін ғимараттардың сапасына, экология жəне энергия тиімділігіне қойылатын талаптар артатын болады. Құрылыс саласындағы нормативтіктехникалық құжаттар əлемдік тəжірибені есепке ала отырып, тұрақты негізде жаңартылып отырады. Салынып жатқан объектілерге мемлекет тарапынан аса назар аударылуы кездейсоқтық емес. Құрылыс саласындағы нақты нормативтік-құқықтық тəртіпке жəне экономикалық өзгерістерге қарамастан, елімізде адал құрылыс фирмаларымен қатар, құрылыс қызметтерін тиісті сапада көрсетпейтін компаниялар бар. Соның салдарынан, адамның өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін құрылыс объектілері пайда болады. Бұрынғы Кеңес Одағының кеңістігіндегі елдер үшін де сапасыз салынған құрылыс объектілерінің проблемасы өзекті болып отырғанын атап өткен жөн. Сонымен, қазір Еуразиялық экономикалық одақтың «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен

бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің жобасы əзірленіп, талқылануда. Аталған жоба Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кеден аумағында ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс материалдары мен бұйымдарды пайдалану жəне орындау үшін бірыңғай міндетті қойылатын талаптарды жəне оларға қойылатын талаптармен байланысты ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу, пайдалану жəне жою, айналымға шығарылған құрылыс материалдары мен бұйымдардың Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағында еркін ауысуын қамтамасыз ету, құрылыс жұмысын орындау жəне құрылыста қызмет көрсету рəсімдеріне қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында əзірленді. Тұрғын үй ғимаратының сапасыз салынуы, оның ішінде оларды сапасыз жөндеу фактілері, өкінішке орай, бірлі-жарым емес. Алайда, қылмыстық-құқықтық статистикада қоғамдық қауіпті салдарға əкеп соққан жəне тиісті қылмыстыққұқықтық бағаға ие болған сапасыз салынған құрылыс жағдайлары ғана көрініс табады. Бас прокуратураның Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сəйкес, 2012 жылы əртүрлі объектілердің сапасыз салынуының 6 фактісі, 2013 жылы – 5, 2014 жылы – 3, 2015 жылы – 7, 2016 жылы – 7

жəне 2017 жылы 3 фактісі тіркелді. Сапасыз салынған құрылыс пен жөндеу фактілеріне тұрғын үйлерді, сондай-ақ, құрылыстың басқа да объектілерін (көпірлерді, авокөлік жолдарын жəне т.б.) салу кезінде де жол берілді. Отандық қылмыстық заңнамада сапасыз салынған құрылыс үшін жауаптылық алғаш рет «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 8 қаңтардағы № 210 Заңымен енгізілді. Осы заңмен Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексі сапасыз салынған құрылыс үшін жауаптылық белгілейтін 2451 баппен толықтырылды. Қолданыстағы қылмыстық заңнамада сапасыз салынған тұрғын үй ғимараты мен басқа да құрылыс объектілері үшін жауаптылық ҚК-нің 278-бабында реттелген. Аталған баптың диспозициясында сапасыз салынған құрылысты жəне сапасыз салынған ықтимал құрылыс объектілерін құрайтын іс-əрекеттер көрсетілген. Сапасыз салынған тұрғын үйлер туралы сөз қозғай отырып, оның қоғамдық қауіпсіздігі сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың жəне жобалау құжаттамасының талаптарына сəйкес келмейтiн ғимараттар мен

е-mail: nastraje@mail.ru

5

құрылыстарды, тұрғын үйлердi немесе өзге де құрылыс объектiлерiн пайдалануға тапсыруы немесе пайдалануға қабылдауы, сол сияқты, оларды сапасыз жөндеуi олардың қирауына, салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру мен күрделі материалдық залал келтіруге əкеп соғатынын атап өту қажет. Қылмыстық кодекстің 4-бабына сəйкес «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс не қылмыстық теріс қылық құрамының барлық белгiлерi бар іс-əрекеттер қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады». Ал «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сəуірдегі №94-1 Заңы 2-бабының 39-тармағына сəйкес, тұрғын үй – негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ, тұрғын емес үй-жайлардан жəне ортақ мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс. Көппəтерлі тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға тапсыру немесе пайдалануға қабылдау орындаушы мердігер салған немесе қайта салған тұрғын үйді тапсыру мен оны арнайы уəкілетті тұлғалардың заңмен белгіленген қатаң тəртіпте қабылдауын білдіреді. Ал тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) техникалық жəне авторлық қадағалаулармен бiрлесiп, белгіленген тəртіпте пайдалануға қабылдамаған жəне бағыты бойынша, оның ішінде тұру үшін пайдаланылмаған тұрғын үй аяқталмаған құрылыс болып танылады. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңы 73-бабының 2-тармағына сəйкес, тапсырыс берушi салынған тұрғын үй ғимаратын пайдалануға қабылдау мен берудi бекiтiлген жобаға сəйкес, ол толық əзiр болған жəне сəйкестiк туралы декларация, құрылысмонтаждау жұмыстарының сапасы жəне орындалған жұмыстардың бекiтiлген жобаға сəйкестiгi туралы қорытындылар болған кезде жүргiзедi. Тұрғын үй ғимараттарын жəне құрылыстың өзге де объектілерін, сондай-ақ, олардың кешендерін салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) белгіленген тəртіппен бекітілген егжейтегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына сəйкес əзірленген жобалау-смета құжаттамасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Жобалау (жобалау-сме-

та) құжаттамасы көлемдiкжоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат қорғау, экономикалық жəне өзге де шешiмдердi қамтитын құжаттамасын, сондайақ, құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, аумақты инженерлiк жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулердi қамтиды. Сəйкесінше, заңнамамен бекітілген жəне белгіленген құжаттамадан ауытқумен немесе оған бекіткен инстанцияның рұқсатынсыз өзгертулер енгізумен салынған тұрғын үй ғимараты шартқа жəне жобалау-смета құжаттамасына сəйкес келмейтін тұрғын үй деп танылуы тиіс. Тұрғын үйді жөндеу оның бастапқы эксплуатациялық қасиеттерін сақтауға немесе қалпына келтіруге бағытталған техникалық іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды білдіреді. Жөндеу толығымен немесе ішінара (мысалы, қандай да бір конструкцияларды – сатыларды, төбелерді, есіктерді, терезелерді жəне т.б.) жүргізілуі мүмкін. Сапасыз салынған құрылыстың жəне тұрғын үй ғимаратын жөндеудің субъектісі құрылыс ұйымының басшылары, жұмыс өндірушілері жəне құрылыс сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар (мысалы, сəулет-құрылыс бақылау мен қадағалау, жоба, құрылыс өнімдерін стандарттау жəне сертификаттау сараптамасының өкілдері, тапсырыс берушілер, құрылыс салушылар жəне т.б.) болуы мүмкін. Субъективті жағынан кінəлі адамның ҚК 278-бабының диспозициясында көрсетілген əрекеттерге қатынасы саналы əрі санаға салынбаған болуы мүмкін. Пайда болған салдарға қарай, абайсыздық нысанында (менмендік немесе немқұрайдылық) қылмыс абайсызда жасалған деп танылуы тиіс. Қарастырылып отырған ісəрекеттің міндетті белгісі сапасыз салынған құрылыс пен пайда болған салдардың арасындағы себепті байланыстың бар болуы болып табылады. Заңнамалық конструкцияға сүйенсек, сапасыз салынған құрылыстың құрамы материалдық болып табылады, яғни ол денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтірілген кезден бастап аяқталған болып танылады. Талданып отырған норманың диспозициясында көрсетілген салдар болмаған жағдайда əкімшілік немесе азаматтық-құқықтық жауаптылық туындайды. Осы санаттағы қылмыстық істер бойынша техникалық, құрылысмонтаждық жəне өзге де сараптамалар тағайындау жəне жүргізу міндетті.

т а рт ы л ғ а н . 3 2 а д а м Ə к і м ш і л і к құқық бұзушылықтар туралы ко д е к с т і ң 4 8 2 - б а б ы б о й ы н ш а т і р ке л м е ге н қ а руд ы с а қ т а ғ а н ы ү ш і н ж ау а п қ а т а р т ы л д ы . Б ұ л

баптың санкциясы 20 АЕК к ө л е м і н д е а й ы п п ұ л с а л уд ы көздейді. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

АКЦИЯ

Заңсыз қару сақтағандар жазаланды Солтүстік Қазақстан облысында тіркелмеген қаруды ерікті-ақылы түрде тапсыру акциясы аяқталды. Облыс тұрғындарына 8 миллион теңге өтемақы төленді. Акция барысында солтүстікқазақстандықтар 151 қаруымен қош айтысты, оның ішінд е 13-і – иір ойықты қару. Сонымен бірге, 3000-нан астам патрон тапсырылды. Акцияның мақсаты – қару қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың қаупін төмендету. Өйткені, тіркелмеген қару криминалдық əрекеттерге баратын тұлға лардың қолына түсуі мүмкін. Қарулары тіркелген азаматтар да тəртіп сақшыларының назарында. Полицейлер қаруды сақтау, оларды тіркеу жəне қайта тіркеу ережелерінің с ақт а луын тексереді. Анықталған бұзушылықтардың б а с ы м б ө л і г і қ а р уд ы қ а п с ы з , с е й ф т е н т ы с с а қ т ау н е м е с е сейфтің кілтінің оңай қолжетімді

орын д а с а қт а л у ы м е н б а й л а н ы с т ы . « Б ұ л б ұ зу ш ы л ы қ т а р ү ш і н Əкімшілік құқық бұзушылықтар т у р а л ы код е кс т і ң 4 8 4 - б а б ы бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл с алу қарастырылған. 486-бап – «Тiркеу тəртібін бұзу» бойынша да бұзушылықт ар аз еме с. Бұл б ап 5 А Е К к ө л е м і н д е а й ы п п ұ л с а л уд ы к ө з д е й д і . Ке й б і р қ а р у и ел е р і б і р е л д і м е ке н д е т ұ р ы п м е к е н ж а й ау ы с т ы р ғ а н д а б ұ л т у р а л ы п о л и ц е й л е р г е е с ке р т у қажет емес деп санайды. Алайда, олар мекенжай ауыстыру туралы

мəліметтерді ішкі істер органдарына 10 күн ішінде хабарлауға міндетті. Қару иесі қайтыс болған жағдайда да бұзушылықтар орын а л ы п ж ат а д ы . М ұ р а ге рл е р і б і р ай ішінде қаруды тапсыруы немесе өздерінің аттарына көшіру қажеттігін біледі. Алайда, олар қ а р уд ы у а қ ы т ш а с а қ т ау ү ш і н полицияға тез арада тапсыруы тиіс екенін ұмытып кетеді», – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Əкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, п о л и ц и я п од п о л ко в н и г і Б о л ат Жексембинов. Болат Жексембиновтің айтуынша, жылдың басынан бері қаруды с а қ т ау ж ə н е т і р кеу е р е же л е р і н бұзғаны үшін облыстың 556 т ұ р ғ ы н ы ж ауап ке р ш і л і к ке


6

ƏРІПТЕС КЕЛБЕТІ №66 (4424),№бейсенбі, 6.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг, 19.12.2013

Ардың жүгін арқалаған Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суретті түсірген Қанат КӨЛБАЕВ

Адам тағдырына əділдік əйнегінен қарайтын мамандық иелерінің бірі – анықтаушылар. Ардың жүгін арқалаған маман иелері анықтаушы атты қасиетті атқа нұқсан келтірмей, əділдік іздегендерге жақтасып жүрген жандар. Астана қаласы, Алматы аудандық ІІБ, Алматы аудандық полиция бөлімінің аға анықтаушысы, полиция капитаны Сəкен Мəденов осы межеден бір сəт ауытқыған емес.

Əділдік жолынан таймай келе жатқан Сəкен Əбдіохапұлы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында оқып жүрген жылдары ел қорғаны – тəртіп сақшысы болуды ұйғарған. Бұл арманына жету үшін көп тер төгуге тура келіпті. Заңгер мамандығы бойынша ЖОО-ға түсіп, оны тəмамдай сала əскери борышын өтеуге аттанған. Əскер – ол үшін құқық қорғау органдарына жолдама бергендей болыпты. Отан алдындағы əскери парызын өтеп, аманесен оралғанында оның алдында тұрған айқын мақсат – полиция қатарында қызмет ету еді. «Содан арман жетегінде жүріп, 2013 жылы Астана қаласы, Алматы аудандық ІІБ-ге жұмысқа тұрдым. Ол жерде 2015 жылға дейін анықтаушы болып қызмет еттім. Сол жылы Алматы аудандық ІІБ Алматы аудандық полиция бөліміне ауысып келдім. Құқық қорғау органдарына қызығушылығым ерекше болғаны соншалық, əулетімізде бірыңғай

дəрігерлер екеніне қарамастан, осы саланы таңдадым. Олар менің де болашақта медицина саласына баратыныма сенген. Əрине, дəрігерлер династиясын жалғастырғанымды қалады. Алайда, менің жан қалауым – құқық қорғау органдары болды. Өзімнің жүрек қалауымды тыңдап, полиция сапында қызмет етемін деп шештім. Бала күнгі арман алдамады. Қазақта «Адам екі нəрсе тандағанда қателеспеуі керек. Бірі – жар, екіншісі – мамандық» деген сөз бар ғой. Мен мамандық таңдаудан қателеспеген адаммын. Өйткені, көп қырлы мамандығыма деген махаббатым менің əлі талай ұшпаққа шығаратынына сенімдімін», – дейді Сəкен. Бұл салада бес жылдан астам уақыт еңбек етіп жүрген Сəкеннің анықтаушы мамандығы туралы айтары бар. Бұл мамандықты бір адамдай меңгерген ол: «Анықтаушы болып істеп жүргеніме, міне, бес жыл. Бес жылда анықтаушының бойынан табылуы тиіс мінез қалыптасты. Біріншіден, адам тануды үйрендім. Алдымызға келген адамды т а н у – бұ л да бір іл і м. Өйткені, «адам аласы ішінде» деп жатамыз ғой. Сол себепті біз адамды іс-қимылына, өз-өзін ұстауына қарап-ақ танитын психолог болуымыз керек. Көптің ішінен қылмыскерді анықтау үшін керек басты қасиет осы», – деп түйді сөзін. Сəкеннің пайымынша, анықтаушының жұмысына артық сын айтылмас үшін ол əуел бастан

сауатты, білікті, өз ісіне жауапты болуы керек. Əр істің артында – адам тағдыры тұрғандықтан, ол істі тергеуге байыппен барып, салқынқандылық танытқан жөн екенін айтады. Расында, адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділікті қажет етеді. Қиын да қым-қуыты көп мамандық екені даусыз. Қыл үстінде тұрған тағдырды қиып жіберетін де, құтқарып қалатын да анықтаушылар болғандықтан, олар қате қадам жасамауға тиіс. Жауапкершіліктің ауыр жүгін сезінетін Сəкен əңгіме барысында өткен күнге ой жіберіп, қызметке алғаш келген жылдарды еске алды. «Ең алғаш Алматы аудандық ІІБ-ге қызметке тұрғанымда небəрі 5-6 анықтаушы болдық. Сəйкесінше, артылған жүк те ауыр болатын. Ол кездері бір басымызда бəленбай істен жүрді. Бұл істі сапалы жүргізуге мұрша бермеді. Қазір ондай кадр тапшылығы жоқ. Былтыр ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге байланысты кадр қатары толықты. Бүгінде кадр мəселесі толығымен шешілді», – деді өз сөзінде. Сəкен қай іспен айналысса да қызметіне ерекше жауапкершілікпен қараған. Əріптестерінің айтуынша, ол өз ісінің маманы. Əрдайым бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін, айналасына ілтипатпен қарап, қарапайымдылығымен баурап алатын Сəкендей азаматты əріптестері мақтан тұтады. Спортқа де икемі бар. Уақытпен санаспайтын мамандықты алып жүрумен қатар, спортпен де шұғылданады. Қолы қалт етсе, бір мезгіл бокс залына барып, арасында футбол, баскетбол ойнайды. Ол бүгінде өмірлік жарымен екі ұл тəрбиелеп отырған ардақты əке.

Табанды тергеуші, тəжірибелі тəлімгер Нұргүл ҚОНАҚБАЕВА, Ақтөбе облысы Б ү г і н г і ке й і п ке р і м і з О л ес я Аб ду а л и е ва Қ а з а қ г ум а н и т а рл ы қ з а ң академиясының Ақтөбе филиалын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Ал ішкі істер органдары саласындағы еңбек жолын 2009 жылы Сазды полиция бөлімінде тергеуші болып бастады. Қызметін алғаш қолға алғанда, оған аға буын өкілдері тəлімгерлік көрсеткен. Бүгінде ол 10 жылға жуық уақыт ішінде қызметтік сатылардан сүрінбей өтіп, мол тəжірибе жинақтаған білікті мамандардың біріне айналды. – Қазір елімізде ішкі істер саласына жан-жақты қолдау бар. Соңғы жылдары материалдықтехникалық базамыз айтарлықтай жақсарды. Жұмыста көш ілгерілеушілік байқалады. Өз міндетімізді сапалы атқарсақ, тоқсан сайын соның нəтижесі бойынша бірнеше жалақы көлемінде сыйақы да алып тұрамыз. Бұл бастама жұмыс жасауға деген ынтаңды одан əрі арттырады. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Өз ісімнің үздігі болуға да ұмтыламын. Ол үшін үлкен жауапкершілік керек, – дейді Олеся Хайдарқызы. Ұлты татар Олеся қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан. Екі баласы бар. Жолдасы Қалам Абдуалиев те тəртіп сақшысы. Сондықтан ол жарының жұмысына түсіністікпен қарап, мейлінше қолдау көрсетіп отырады. Олесяның өзі де қазақы отбасының дəстүрлерін сақтап отырған үлгілі келін. Мемлекеттік тілді жетік біледі. Балалары қазақ балабақшасына барып жүр. – Қазақ пен татар ұлттарының салт-дəстүрлері бір-біріне етене жақын. Отбасымызда озық салттарымызды қадірлеп ұстанамыз. Қазақша сəлем салып, үлкенді

сыйлап, кішіге ізет көрсетемін, – дейді Олеся. Ол Ақтөбе облыстық ІІД ұйымдастырған өзге ұлт өкілдері арасындағы тіл сайыстарына да белсенді қатысып, үздік атанып, жүлделі орынға ие болған. Сондай-ақ, жұмыс көрсеткіштерінің рейтингі бойынша өз басқармасында облыс көлемінде 2-орында тұр. Бастысы, ол қызметте де, отбасында да сыпайылық сақтайды. – Адамдар кейде шалыс қадам жасап, соңы қылмысқа апаратынын ойланбайды. Мəселен, менің тəжірибемде бір жайт болды. Бір қала тұрғыны қаржы пирамидасын ойлап тауып, маркетинг жоспарын құрып, ватсап желісі арқылы оны тұрғындарға жарнамалайды. Қаржы пирамидасына қатысушылар «Киви əмиян» арқылы оған ақшаларын аударып, бір айға жетпес уақыт ішінде оңай олжаға кенеліп, пайда тапқан. Алайда, былтырғы қаңтар айының соңында 30 шақты адам полицияға шағым түсірді. Олар ақшаларын қайтаруды талап етіп, 27 жастағы тұрғынның үстінен шағымданған. Содан 3 баласы бар жас анаға қатысты сот үкімі шықты. Əрине, бір жағынан

адамдар еш тер төкпестен оңай ақша таппақ болған. Қазақстанның əр қаласынан осы ойынға қатысып, ақшасын пирамидаға салған 100-ден астам адам бар. Сондықтан адамдарға қаржылық жəне құқықтық сауаттылық қажет. Тергеу барысында оларға түсіністікпен қарап, психологиялық тұрғыдан ұғуға тырысасың. Бір істі қолға алсаң, соны аяқтағанша тыным таппайсың. Жұмысым өте қызықты. Мен өзімді басқа салада елестете алмаймын, – дейді табанды тергеуші, полиция капитаны Олеся Абдуалиева. Осындай еңбегі еленіп, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың Құрмет грамотасы жəне Ақтөбе облыстық ІІД бастығы Махамбет Абисатовтың Алғыс хатымен марапатталған. Бүгінде ішкі істер саласына жас мамандар көптеп келіп жатыр. Олеся оларға өз тəжірибесінен білгенін айтып, жол көрсетіп тұрады. Қазір жасы 30-да болса да, ол – тəжірибелі тəлімгер.

е-mail: nastraje@mail.ru

Ажалға араша болған абзал жандар Айгүл НҰРМАНОВА, Қызылорда облысы Мəліметтерге сүйенсек, су айдындарындағы қайғылы жағдайлардың басым көпшілігі жаз кезінде болады екен. Сондай оқиғалардың тағы бірі қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді. Алайда, өзгенің өміріне бейжай қарамайтын ержүрек азаматтар дер кезінде оқиға орнынан табыла білді... Алғашқыда Қуанышты судан алып шығуға бар күшін салып, адамдарды көмекке шақырған достары Шыңғыс Сейдахметов пен Айбол Романқұлов болатын. «Бəйгеқұм» демалыс орнындағы Қанқожа көлі жағасындағы демалыс кезінде достарының суға батып бара жатқаны оларды абыржытып тастады. Бар күш-жігерін салып тырмысқанмен, еш нəтиже болмады, қайта оларды да қоса тереңге тартып бара жатқан болатын. Олардың дəл жанында қызылордалықтар Нұрбол мен Айжан да өз отбасымен демалуға келген. Болған оқиғаны Айжан былай еске алады: «5 тамызда отбасымызбен демалу үшін Бəйгеқұмдағы демалыс орнына бардық. Келгенімізге 10-15 минут уақыт болған кезде жанымыздағы бір жігіт айқайлап, бізді көмекке шақырды. Бір мезетте оның қолынан басқа біреудің сырғып, суға түсіп кеткенін көрдім. Жанымда жұбайымның немере інісі тұр еді, оған «ана жақта адам суға кетті» деп айқайладым. Ол бірден суға сүңгіп, үрлемелі баллонды ұстаған күйі суға батып бара жатқан жігітті сыртқа шығаруға тырысты. Артынша жұбайым тағы бір немере інісімен бірге үшеулеп, судан жігітті сыртқа шығарды. Құтқарылған жігіттің жүрек соғысы да байқалмады. Ауыз қуысы мен мұрнын, яғни т ы ны с а лу ж о лда р ы н с у , қ а н, с і ле к е й, қ о қ ы р с ы қ т а н т а з а р т т ы қ т а ,

жұбайым Нұрбол екеуіміз шұғыл реанимациялық шараларды бастадық, жасанды өкпе-жүрек реанимациясын жасадық. Сөйтіп, ол тыныс алып, жүрек соғуы қалпына келді. Дереу арада жедел жəрдемге хабар бердік. Алайда, жақын маңға жедел жəрдемнің тез келе қоюы қиын болатын. Ал бізде, əр секундтың өзі алтыннан да қымбат. Жігітті Шиелі күрежолдық медициналық құтқару бекетіне жеткізу қажет деп шештік. Өз көлігімізбен сол Шиелі күрежолдық медициналық құтқару бекетіне жеткізіп, алғашқы көмек көрсетілді. Одан соң реанимобильмен Шиелі ауданындағы ауруханаға жеткізуге барымызды салдық. Реанимобильде оттегі мен пульсоксиметрді қосып, аудандық ауруханаға жеткенше науқастың жағдайын бақылауға алдық. Жол бойы тыныс алу жолдарын тазарттық. Алдын ала Шиелі аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне біздің ауыр науқасты алып келе жатқанымыз туралы хабар берілді. Аурухананың жансақтау бөлімінде жігіттің дем алуын жақсарту үшін тыныс алу аппаратына қосылды. Бірнеше күн Қуаныштың жағдайын сұрап хабарласып тұрдық. Аудандық аурухананың дəрігерлері жағдайдың қалыпқа түспей тұрғандығын, ауыр жағдайда екендігін айтты. Алладан қазақтың жас жігіті өзіне келсе екен деп тілек тіледік. «Оны аппараттан ажыратты, өзі тыныс ала алатын болды» деген хабарды естігенде зор қуанышта болдық!», – деді ағынан жарылып, сол кездегі оқиғаны есіне алған Айжан Базарбаева. Сол кезде кезекшілікте болған, Шиелі күрежолдық медициналық құтқару бекетінің аға фельдшері Шынтас Асхабов: «Бəйгеқұм» демалыс орнындағы Қанқожа көлінде демалу кезінде суда зардап шеккен 1996 жылы туған Бүркітбай Қуанышты жолдастары жəне облыстық медициналық аурухана дəрігерлерімен бірлесіп бекетке алып келген кезде, ол ес-түссіз, ауыр тыныс алып жатқан болатын. Науқастың жоғары тыныс алу жолдарын электрлі сорғышпен тазалап отырып, ылғалданған оттегі қосып, дəрі-дəрмектер енгізіп, жағдайын бақылап отырып, реанимобиль көлігімен Шиелі аудандық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне дер кезінде жеткіздік», – дейді. Иə, азаматтың өмірін аман алып қалуға себепкер болған ерлізайыптылар: Нұрбол Базарбаев – Облыстық медициналық орталықтың Кардиология орталығының Эндоваскулярлық бөлімшесінің І санаттағы интервенционды кардиолог дəрігері болса, оның жұбайы Айжан Базарбаева – Қызылорда облыстық балалар ауруханасында Ультрадыбыстық зерттеу дəрігері болып қызмет істейді. Отбасында 2 қыз, 1 ұл тəрбиелеп отырған бақытты жанұя. Ал, судан жігітті алып шығуға атсалысқан жігіттер, осы жанұяның немере інілері – Санкт-Петербор қаласындағы Киров атындағы əскери-медициналық академияның ІІ курс студенті Арман Қуанар мен оның ағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Асхат Базарбаев болатын. Осы ретте Қуаныштың əкесі Сұлтанбек ағай: «Баламды құтқаруға көмекке шақырған достарына, судан жағаға баламды алып шыққан жəне барынша алғашқы дəрігерлік көмек көрсеткен ерлі-зайыпты Нұрбол мен Айжанға, олардың інілері Асхат пен Арманға, ауруханаға дер кезінде жеткізген Шиелі күрежолдық медициналық құтқару бекетінің ұжымына, ем шараларын жасаған, аяқтан тік тұрып, баламның өміріне жедел араша түскен Шиелі аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінің қызметкерлеріне əкелік алғысым шексіз», – дейді. Иə, қашанда «Ақ халатты абзал жандар» деген атқа лайықты мамандардың күнделікті өмірде арамызда көптігі қуантады. Азаматты ажалдан арашалап қалған осы бір ғазиз жандардың əрекеті əркімнің қолынан келе бермейтін іс екені кəміл. «Ендігі жерде Қуаныштың қуанышты күндері көп болсын, төтенше жағдай болмасын», – дейміз.


СПОРТ №66 (4424), 6.09.201819.12.2013 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93бейсенбі, (3970), четверг,

БАЙҚАУ

Ғани Мұқанов – үздік маман Жуырда Қызылорда облысында жедел жұмыстың имиджін жəне жедел қызметтердің кəсіби деңгейін арттыру мақсатында «Үздік жедел уəкіл» байқауы өтті.

Оған Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің Криминалдық полиция басқармасы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Қызылорда қалалық ІІБ, аудандық Ішкі істер бөлімдерінің жəне

ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Ережеге сəйкес, «Үздік жедел уəкіл» байқауына өзінің қызметтік міндеттерін адал орындайтын 16 жедел қызметкер шақырылып, өз шеберліктерін көрсетті. Байқауға қатысушылар атыс, де н е ш ы н ы қ т ы р у д а й ы н д ы ғ ы

жəне күрестің жауынгерлік тəсілдері бойынша сынақтарды тапсыру арқылы экстремалдық жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша сынақтан өтті. Сайыс барысында департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ғани Төлебаев барлық қатысушыға сəттілік тіледі. Конкурс нəтижесінде «Үздік жедел уəкіл» номинациясы облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уəкілі, полиция капитаны Ғани Мұқановқа берілді. Екінші орынды Қызылорда қалалық ІІБ Криминалдық полиция бөлімінің жедел уəкілі, пол и ц и я ағ а л е й т ен ант ы Б е йбар ы с Қалымбетов, үшінші орынды ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің Криминалдық полиция бөлімінің жедел уəкілі, полиция аға лейтенанты Мақсат Сарбасов иеленді. Жеңімпаздар департаменттің грамоталарымен жəне дипломдарымен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

е-mail: nastraje@mail.ru

7

ШАҒЫН ФУТБОЛ

Кездесу тағдырын пенальти шешті Конституция күніне орай, Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Қаланың барлық бөлімдерінің өрт сөндірушілері үздік команда атану үшін барын салды. Олардың қатарында Атырау облысы ТЖД аппараты, Атырау облысы ТЖД «ӨС жəне АҚЖҚ» ММ Аппарат басқармасы, Өрт сөндіру кезекші қызметі, қалалық жəне аудандық өрт сөндіру бөлімдері бар. Финалдық сынға Қызмет бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Мақсұт Есполов бастаған Өрт сөндіру кезекші қызметі мен Индер құрамалары шықты. Ойын өте қызықты болды. Өрт сөндіру кезекші қызметі командасы қарсы шабуылдарды өткізіп, қарсыластың еркін қимылдауына жол бермеді. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталып, одан кейінгі пенальтиде 4:2 есебімен жеңіске жеткен Өрт сөндіру кезекші қызметіне чемпиондық кубок бұйырды. Екінші орынды Индер ауданының №5 ӨСБ, ал үшінші орынды Атырау облысы ТЖД «ӨС жəне АҚЖҚ» ММ Аппарат басқармасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар жəне дипломдармен марапатталды. Атырау облысы ТЖД Өс жəне АҚЖҚ

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ

Қазақстан алғашқы үштікте Қырғыз Республикасында өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші күнінің қорытындысы бойынша 9 алтын, 9 күміс, 14 қол а медаль алған Қазақст ан жалпыкомандалық есепте үздік үштікте. 1 күміс). Медет Есболаев (60 кг), Айта кетсек, көшпенділер Темірлан Шамет (70 кг), Вячеслав ойындарының алғашқы күні С т а р ко в ( 1 0 5 к г ) , А л е к с а н д р Қазақстан 7 алтын, 7 күміс, 5 қола Краснов (125 кг), Дарья Нестерова м е д а л ь м е н с а й ы с қ а қ ат ы с у ш ы күміс медаль алды (85 кг). мемлекеттердің бəрін артАл бүркітші Серікбек т а қ а л д ы р ғ а н б ол ат ы н . Е к і н ш і К ү н т у ғ а н ұ л ы б ү р к і т с а л уд а күні де Қазақстан құрамасының жетістігі көңіл қуантарлық болды. Нақтырақ айтқанда, қазақстандық спортшылар түрлі дəрежедегі 13 медаль иеленді, оның 2-і алтын, 2-і күміс, 9-ы қола. Қазақ күре сінен екі спортшымыз – Əбілқайыр Мəуленин (70 кг дейін) мен Ерсұлтан Мұзафаров (90 кг дейін) финалға шығып, екі алтын медаль иеленді. Нұрдəулет Жарылғапов қола медаль еншіледі. Ал арқан тартыста біздің спортшылар командалық сайыста қола меда ль еншіледі. Жеке т артыста команда капитаны Қайратхан Шонгу күміс медаль алды. Мас-ре стлингте спортшыларымыз 5 медаль иеленді (4 қола,

үшінші орыннан көрінді. Түрікмен күресінен (белбеу күресте) біздің екі спортшы Əділет Шалғынбекұлы (62кг) жəне абсолютті салмақта А м а н д ы қ Аб ы л а й қ о л а м е д а л ь иеленді. Сонымен, екінші күннің қорытындысы бойынша, алғашқы орындарға жарыс қожайындары Қырғызстан, одан кейін Ресей командалары жайғасқан.

АЙМАҚ

100 жылдыққа орайластырылған жарыс Қылмыстық іздестіру бөлінісінің құрылуына 100 жыл толуына орай криминалдық полиция жəне ІІД жедел қызметтері жеке құрамдары арасында «Криминалдық полицияның үздік жедел уəкілі» байқауы өтті. Криминалдық полицияның міндеті – қылмыстың жолын кесу жəне алдын алуда, қылмыскерлерді жəне із-түзсіз жоғалғандарды ұстауда жедел жұмысты ұйымдастыру. Сондықтан байқау қатысушыларына ерекше талаптар қойылды. Жарыс бірнеше сатыдан тұрды: нормативтік-құқықтық актілерді, лауазымдық нұсқауларды, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жеделіздестіру қызметі туралы», «Жемқорлыққа қарсы іс-əрекет ету туралы», «ҚР мемлекеттік құпиялары туралы» ҚР заңнамалары бойынша тестілеу; қарумен ату, физикалық дайындық (əртүрлі қашықтыққа жүгіру), күрес тəсілдерін жəне алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын тəжірибе түрінде көрсету. Жарыс соңында Криминалдық полиция басқармасы «К» тобының жедел уəкілі, полиция майоры Ермек Манатов үздік нəтиже көрсетті. Облыстық байқау жеңімпазы Ақмола облысы атынан республикалық деңгейдегі сайысқа қатысатын болады. Байқау жүлдегерлері грамота жəне медальдармен марапатталды. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

ГІР КӨТЕРУ ЖƏНЕ АРМРЕСТЛИНГ

Күш атасын танымас

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Қайырымдылық марафоны Облыстық ТЖД қызметкерлері «Мектепке жол» республикалық акциясы аясындағы «Қайырымдылық марафоны-2018» іс-шарасына қатысты.

Шарада департаментінің 10 қызметкері жəне 10 төтенше жағдайлар еріктісі жарыс жолына шықты. Марафонға қатысушылар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябақтан бастап, Сұлтан Бейбарыс көшесі, Тəуелсіздік даңғылымен жүгіріп, Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда мəреге жетті. Марафон қатысушыларына, жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мақтау қағаздары, медальдар жəне бағалы сыйлықтар табыс етілді. Барлық жиналған қаражат балаларды мектепке жинау жөніндегі көмек комиссиясына тапсырылды. Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіріп, халықты төтенше жағдайлардан құтқарудан бөлек, спорт жəне денешынықтыруға да белсенді көңіл бөледі. Бұған дəлел, жуырда қызметкерлер арасында Конституция күніне орай гір тасын көтеру жəне қол күресінен (армрестлинг) жарыс өтті. Жарысқа 8 команда қатысып, ойыншылар арасынан үздіктері анықталды. Айта кетсек, армрестлингтен командалық есепте 1-орынды №1 МӨСБ, 2-орынды №6 ӨСБ жəне 3-орынды №3 ӨСБ жеңіп алды. Гір тасын көтеруден №1 МӨСБ үздік шықса, 2-орын №2 МӨСБ-не, 3-орын №2 ӨСБ-не бұйырды. Батыс Қазақстан облысы ТЖД ӨС жəне АҚЖҚ


8

СӨЗ СОҢЫ №66 (4424), бейсенбі, 6.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz

ОЙ ТҮРТКІ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»

Детектив – көркем елес ертегі емес... Полицейлер Бауыржан БЕРІКҰЛЫ Газетіміздің алдыңғы нөмірлерінің бірінде «Қазаққа детектив жанры керек пе?» атты мақала жазған болатынбыз. Ол жерд егі ойл арды қайт ал амауға ты р ы са й ы қ. Жа сы р а ты ны жоқ, детектив кенже қалған жанрлардың бірі болып тұрғаны шындық... Жазушылар қауымы бұған бейжай қарамау керектігі туралы сан мəрте айтылып келеді. Детектив жазамын деген жазушыларға қолдау көрсетіп отыру қажетақ. Соңғы кезде аталмыш жанрда кім не жазып жүр деп, бұқаралық ақпарат құралдарын қысқаша шолып шыққан едік. Əрине, бəрін бір уақытта қамтып шығу мүмкін емесі белгілі. Десек те, сөйлеп бағайық. Əлқисса. Детектив туралы жазушылар арасында үнемі болмаса да, ара-тұра жазатындар жоқ емес. Түсінуге болады, детектив кез келген қаламгердің оңды-солды ойдан құрап, құр қиялмен, шалқар шабытпен жазып шыға салатын тақырыбы емес. Ол үшін шеберлік керек жəне үнемі ізденісті қажет етеді. Қоғамда болып жатқан қылмыстарды біліп отыру бір бөлек, жазу бір бөлек, оны ашатын құзырлы органдармен қоян-қолтық байланыста болу да екінің біріне бұйырмайтыны анық. Бұл жағына келгенде өзінің де қаламының желі бар қаламгер Мұхтар Анарбектің бағы зор деп білеміз. Əртүрлі оқиғалардың куəсі бола жүріп, оның бүгешігесін жіпке тізгендей етіп жадында сақтап, қылмыстың ашылу қырларына жете мəн беріп, оны қағазға түсіріп, оқырманға ұсынуы – ерекше ілтипатқа ие. Бұл орайда лейтенант шенінен басталған қызмет жолы полковник дəрежесіне дейін ұласқан М. Анарбектің өмірден түйгені мол, сондықтан да семсер-қаламын қиялға емес, өмірден алған оқиғаларға «суарады». Тіпті М. Анарбектің жазған туындылары тек оқырманның ғана емес, сонымен қатар, құзырлы органдардың өзіне қайта ұсынылған əдістемелік оқулық сияқты десек артық айтқандыққа жатпас, сірə. Өйткені, автордың жазғандарын қызыға, «құныға» оқып қана қоймайсың, белгілі

дəрежеде өзіңе тəжірибе де жинайсың. Себебі, автор өмірде болған оқиғалар барысы хақында қалам тербеп отыр емес пе?! Оны кезең-кезеңімен қызықтыра отырып тəптіштеп жеткізе білу де – бір өнер. «Қонақүйдің құпиясы», «Коммерсанттың қазасы», «Шымкенттегі шырғалаң» атты туындылары сондай ізденістен туған шоқтығы биік шығармалардың санатына жатады. Мəселен, 1992 жылдың 22 ақпанында Қызылорда облысы аумағында бір топ аса қауіпті қылмыскер «вагонзактан» (сотталғандарды таситын арнайы вагоннан) қашып шығып, «Қызылорда-Сарыағаш» бағытындағы автобусты жолаушыларымен қоса кепілдікке алды кезінде. Құқық қорғау органдары жүргізген келіссөз барысында қашқындар өздеріне ұшақ берілуін жəне Шымкент əуежайынан шетелге ұшып кетуді талап етеді. Қазақстандық арнаулы қызмет тарихында «Набат-92» деген атпен қалған, дүниежүзінде теңдесі жоқ арнайы операция бас-аяғы бір тəулікке созылды. Шетелдік арнаулы қызметтер кепілдегі бір де бір азамат жапа шекпеген теңдессіз операцияның Қазақстанда өткендігін айрықша жазды. Яғни бір тəулік бойы дайындалған операция бар-жоғы төрт секундта аяқталады! Ал неге осы ерлік оқиғаны өзіміз көркемдеп жазбасқа?! Əрине, мұны да жазған кім десеңіз, ол – М. Анарбекұлы. Ал былайғы өмірде өзімен-өзі жүрген қарапайым жазушы детектив туралы жазамын деп тəуекелге бара қоюы да екіталай жұмыс һəм ондайды өнбес іс, уақыт кетіру деп те ойлайды. Оның үстіне, бір-екі шетелдік детективті оқып алып, бұл жанрда ұзақ шабамын деп ойлау, əрине, рəсуа тірлік. Осындайда ойға түседі, белгілі режиссер Талғат Теменовтің

Ойлан, тап!

«Казнь после смерти» деген киносы бар. Жазушы абақты тақырыбын жазамын деп, ату жазасына кесілген адамның орнына уақытша «түскен» бойда, досы, түрме бастығы аяқ астынан қайтыс болып кетеді де, жазушының тағдыры шырғалаңға айналады... Біз бұл жерде жазушының тəуекелшілдігі туралы айтпақ едік... Кино кейіпкері – жазушы қылмыс əлемі туралы өзінше сырттан тон пішпей, сол əлемнің ішіне кіріп жазғысы келеді, қылмыскерлермен бетпе-бет отырып, олардың психологиясын ашқысы келеді, жазушы өз туындысының сонда ғана шынайы бола түсерін түсінеді. Бірақ, бұл кинода, ал өмірде мұндай қаламгерлер бар ма қазір?! Ойландыратын сауал. Детективтік əңгімелер Ішкі істер министрлігіне қарасты «Сақшы», «Полиция.кз» басылымдарында, сондай-ақ, жақында ғана детектив жанры бойынша байқау жариялаған республикалық «Заң» газетінде тұрақты жарияланып келеді. Осының барлығын келешекте топтап, іріктеп жинақ қылып шығарса, зор келелі жұмыс болатынына күмəніміз жоқ. Қазіргі күні детектив жанрында аз да болса қалам тербеп жүрген Дархан Бейсенбекұлы («Қылтұсау»), Еркеғали Болатұлы («Қомақты қаржыға құныққан хакер», «Ұрыға құрылған қақпан»), Есбол Нұрахмет («Журналист, молда, киллер жəне жезөкше») сияқты жəне тағы басқа авторлардың жазған дүниелері оқырман тарапынан жақсы бағасын алып жүр. Ал енді бұл жанрды ақсатпаудың бір түрі – тұрақты түрде əдеби байқаулар ұйымдастырылып отырса жəне оларды «Үздік детектив жазушы» дегендей сый-сияпатпен ынталандырып отырсақ, нұр үстіне нұр емес пе?! Қоғамның көлеңкелі тұстарын айшықтап беретін, қылмысты істердің өкінішке ұрындыратынын ұғындыратын ерекше жанр – детектив. Олай болса, бұл жанрды мықтап қолға алуымыз қажет деп ойлаймыз. Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТ

Несиелеу түрі

ШҚО ауданы

...концерт

Бүркіт

Тағам

Дəрі түрі

қайырымдылыққа атсалысты Солтүстік Қазақст ан облысының полиц ейл ері «Мектепке жол» республикалық акциясына атсалысып, қайырымдылық шараларын қолға алды.

Оқу жылы қарсаңында облыстық ІІД қызметкерлері əдеттегідей киім-кешек, мектеп жабдықтары мен басқа да қажетті заттарды алды. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері білім органдарының өкілдерімен бірлесіп, жаз бойы үй-үйді аралап, пəтерлерге барды. Мұндағы басты мақсат – əлеуметтік себептер бойынша балалардың сабаққа қатыса алмауының алдын алу. Тұрғылықты мекенжай бойынша барған кезде сақшылар мен білім органдарының өкілдері балалармен, олардың заңды өкілдерімен əңгімелесіп қана қоймай, тұрмыс жағдайларын тексерді. Облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Наталья Калининаның айтуынша, акция 1 тамызда басталды. Тəртіп сақшылары алған заттар мен киім-кешектер аз қамтылған жəне көпбалалы 12 отбасыға тапсырылды. Сондай-ақ, ІІД аппаратының қызметкерлері балалар үйлеріне барып, 22 жетім балаға көмек көрсетті. Акцияға тек облыстық жəне қалалық полиция ведомстволарының қызметкерлері ғана емес, барлық 13 аудандық полиция бөлінісінің полицейлері де қатысты. Олар аз қамтылған 27 отбасыға барып, керекжарақпен қамтамасыз етті. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

САЛТАНАТТЫ ШАРА

Сақшылар сыйлығы Ақмолалық тəртіп сақшылары мектеп-интернат оқушыларын білім күнімен құттықтап қайтты. Бірнеше жыл бойы Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті естуінде ақауы бар балалар оқитын №4 мектеп-интернатқа қамқорлық етіп келеді. Биыл да қалыптасқан дəстүр бойынша тəртіп сақшылары Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысып, бірінші сынып оқушыларына сыйлықтар арнап, жылы лебіздерін білдіріп қайтты. Оқу жылының басталуымен облыстық департаменттің басшылығы мен жеке құрамы атынан мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымын ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев құттықтап барды. Өз сөзінде тəртіп сақшысы балаларға оқуда жетістіктер тілеп, полицейлер кез келген уақытта қажетті көмек көрсететінін атап өтті. Тəртіп сақшылары оқушыларға проекциялық аппарат, ал мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндерге кеңсе заттары салынған сөмке сыйлады. Полиция капитаны Асан Əубəкіров əн орындап берді. Өз кезегінде мектеп директоры Аян Қасенова сыйға тартылған графопроектор оқушыларға жаңа білім алуда көп септігін тигізетініне сенім білдіріп, тəртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Шағым

Ең терең көл

Күкірт (орыс) Музаспап маркасы Фильм

Боксшы Бас бөлігі

Жарылғыш зат

Биле

Олар (орыс)

Канада жазушысы Жүйке орталығы

Киім дүкені желісі

Өткен сандағы сканвордтың жауаптары Көлденеңнен: Сингапур. Сум. Пенелопа. Ара. Қалтай. Ана. Рай. Райхан. Сала. Тігінен: Супер. Ер. Айлана. Лай. Упса. Нанай. Руанда. Иен. Абай. Қар.

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС Бас директор Бимаханбет АСАНОВ Бас директордың орынбасары Бану ƏДІЛЖАНОВА

РЕДАКЦИЯ:

Бас редактор: Ескендір ТАСБОЛАТ Бас редактордың орынбасары: Жадыра ШАМҰРАТОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА Аға тілші: Бауыржан СЕГІЗБАЕВ

Басылым 27.02.2018 жылы ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №16944 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Қажет кездегі қолдау Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында Петропавл қаласының Жұмысшы елді мекенінде тұратын көпбалалы отбасына барды. ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Асхат Ержанов, Өрт саласында бақылау жəне профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, полковник Денис Шуваев алты баласы бар Ольганы Конституция күнімен жəне Білім күнімен құттықтап, балаларға мектепке керек-жарақ заттарды жəне тəттілерді сыйлады. 9 жасар Лола осы жылы үшінші, ал 7 жасар Рамазан екінші сыныпқа барады. Балалар қуаныштарын жасырмай, сыйлық жасаған төтеншеліктерге ризашылықтарын білдірді. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік тіл жəне ақпарат тобы

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «Тауелсіздік-Д» ЖШС баспаханасында басылады. Индексі: 65395 Таралымы: 10515 Тапсырыс: №213

«Тауелсіздік-Д» ЖШС-і Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, 407 тел: 56-97-71 Газет аптасына 2 рет шығады.

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Мадина СҮЛЕЙМЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілшілер: Қанат КӨЛБАЕВ, Бек ИМЕКЕШОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.