SAQSHY/76 (4434)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІ

№76 (4434)

ГАЗЕТ 1933 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

ФИН ЕЛІНЕ САПАР Елбасының Финляндияға сапары аясында 20-дан астам құжатқа қол қойылады. Бұл туралы кеше өткен б р и ф и н г т е С ы рт қ ы і с т е р м и н и с т рл і г і б а с п а с ө з қ ы зм е т і н і ң же т е к ш і с і А й бе к Смадияров айтты.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Ре спубликасының Президенті С аул и Н и и н и с т ё н і ң ш а қ ы р у ы м е н 1 6 - 1 7 қазанда Финляндияға ре сми сапармен барады. Бұл Елбасының ат а лған елге екінші сапары. Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндияға алғашқы сапары 2009 ж ы л ғ ы н ау р ы з а й ы н д а ө т к е н » , – д е д і А. Смадияров. Сапар бағдарламасына Саули Ниинистёмен жоғары деңгейдегі кезде су кіреді. «Ынтымақтастықтың экономикалық бағытын нығайту мақс атында Мемлекет басшысы финляндиялық бизнес өкілдерімен кезде седі. Тараптар бірқатар құжаттарға, соның ішінде коммерциялық келісімшартт арға қол қоюы тиіс. Жалпы құжаттардың саны 20-дан астам», – деді баспасөз қызметінің жетекшісі. Белгілі болғандай, 2017 жылы екі ел а р а с ы н д а ғ ы е к і ж а қ т ы с ауд а н ы ң к ө л е м і 3 0 7 , 9 м л н А Қ Ш д ол л а р ы н а же т т і . 2 0 1 8 жылдың қаңтар-шілде айларында 160,1 м л н д ол л а рд ы қ ұ р а д ы . О с ы о р а й д а э кс порт 82,6 млн, а л импорт 77,4 млн долл а р д е ң г е й і н д е т і р ке л д і . Б ү г і н г і т а ң д а Қ а з а қ с т а н д а ф и н л я н д и я л ы қ кап и т а л д ы ң қатысуымен 50-ден астам кəсіпорын бар.

СТУДЕНТТЕРГЕ ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ Алдымыздағы жылы еліміз бойынша студенттік жатақханаларды жаңа орындармен қамтамасыз етудің алғышарттары жасалды. Мемлекет басшысының үшінші əлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде кеше Білім жəне ғылым министрлігінде студенттер жатақханаларын жаңа орындармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырыс отырысы өтті. Жиын барысында Білім жəне ғылым министрлігі, бағдарламаны жүзеге асырушы оператор Қаржы орталығы жəне бірқатар ЖОО жатақханаларын жаңа орындармен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдерге қол қойылды. Келісімдердің нəтижесінде нысандарды салу жəне қайта жөндеу арқылы Астана, Алматы жəне Семей қалаларының студенттері үшін 4 мыңнан астам орын пайдалануға берілу жоспарлануда, оның 2 810 орны келесі жылы беріледі. «Студент жастарға əлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау, олардың болашақтары үшін маңызды. Осы тұрғыда ЖОО-дағы шешілуі т и і с м ə с е л е л е рд і ң б і р і – ж ат а қ ха н а м е н толық қамту. Əсіресе, аталған проблема жастар көптен жиналған үлкен қалаларда орын алған. Осы мақсатта мемлекеттік тапсырыс аясында министрлік пен бірнеше ЖОО арасында өзара келісімдерге қол қойылды. Осы келісімнің негізінде алдағы жылдан бастап сол оқу орындарының жатақхана мəселесі шешілетін болады», – деді Білім жəне ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова. Сонымен қатар, шара барысында бағдарламаның операторы Қаржы орталығы АҚ мен Қазақстанның ипотекалық ұйымы арасында студент жастардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойылды.

WWW.MEDIAOVD.KZ

16.10.2018, СЕЙСЕНБІ

Туризм – табыс көзі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады. Кездесу барысында министрлік қызметінің маңызды бағыттары, соның ішінде кинематографияға қатысты заңнаманы одан əрі жетілдіру жəне туризм мен спорт салаларын дамыту шаралары талқыланды. Мəдениет жəне спорт министрінің мəліметіне сəйкес, қазіргі уақытта «Кинематография тура-

лы» заң жобасы Парламенттің қарауында жатыр. Бұл заң жобасы ұлттық киноны қалыптастыру ісін қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыруға, Қазақстанның фильмдерін, сондай-ақ, шетелдің жетекші компанияларымен бірлесіп түсірген кино өнімдерін халықаралық нарыққа кең көлемде шығаруға бағытталған.

Сонымен қатар, А. Мұхамедиұлы Мемлекет басшысына 2023 жылға дейінгі туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың əзірлену барысы жəне «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс салтын арттыру» атты Жолдаудағы денешынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға қатысты тапсырманың орындалуы жөнінде баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

ЖАҢА НЫСАН

Пробация үйі – өмірге жаңаша қадам Н. ƏЛИЕВ, Түркістан облысы Үкіметтің 2014 жылғы 23 қазандағы «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға əлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» №1131 қаулысына жəне Созақ аудандық əкімдігінің жанынан құрылған Консультативтік-кеңесші органның 2018 жылғы 26 наурыздағы №1 хаттамалық шешіміне сəйкес Түркістан облысы, Созақ ауданында Пробация үйі ресми түрде ашылды.

Нысанның ашылуында аудан əкімі мен аудан прокуроры сөз сөйлеп, салтанатты шараға қатысушыларға Пробация үйі туралы түсініктеме берді. Осы Пробация үйін ашу үшін Консультативтік-кеңесші орган мүшелерімен бірлесіп іс-шаралар жоспары бекітілді жəне өзара əріптестік қарым-қатынасты дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды. Түзеу мекемелерінен босатылған жəне Пробация қызметі есебінде тұратын адамдарға əлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету мəселесін жедел шешу үшін біріккен комиссия құрылған. Пробация үйінде аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімі, кəсіпкерлік бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, аурухана, жергілікті полиция қызметі, білім бөлімі жəне басқа да тиісті мекемелердің өкілдері жұмыс атқарады. Пробация үйінің мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жəне пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға əлеуметтік-құқықтық, медициналық жəрдем беру, жұмысқа орналастыру, құжаттандыру, заң көмегін ұсыну, зейнетақы жəне жəрдемақыларды рəсімдеуге көмек көрсету бойынша қызмет көрсетуді орталықтандыру, қызмет көрсетудің жолын бір терезе қағидасы бойынша жеңілдету, Консультативтік-кеңесші орган мүшелерімен бірлесіп жұмыс істеу. Осы шаралардың мерзімінде орындалуы үшін тұрақты топ құрылды. Бұл топқа тиісті жұмыстарын жүргізу үшін Пробация үйінен тиісті бөлмелер қарастырылып, қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта Пробация үйінің жұмысын дамыту жəне жандануы үшін басқа да оңтайландыру шаралар қарастырылатын болады.

МАРАПАТ

Қырағылық қашқынның жолын кесті Жуырда 6698 əскери бөлім жедел қызметінің əскери қызметшісі Иван Дорохинның қырағылығы арқасында Түркістан облысы, Леңгір кентінің маңындағы түзету мекемесінен қашқан сотталған дер кезінде қолға түсті. Сол күні жауынгер түзеу мекемесінде бекетте сақшы міндетін атқарып тұрған сəтінде с от т а л у ш ы л а рд ы ң б і р і қ ат а рд ы т а с т ап , тыйым салынған ішкі аймаққа жүгіріп бара жатқанын байқайды. Қатардағы Иван Дорохин уақыт жоғалтпай, оқиға туралы тез арада қарауыл бастығына баяндап, дабыл нүкте сін басады. Қашуға əрекет еткен сотталушыға айқайлап, ескерту оғын аспанға атты.

Ұландық жауынгердің қырағылығының нəтиже сінде сотт а лушы əскери жас ақ бастығы, старшина Ж. Асқаров пен түзеу мекемесі бастығының көмекшісі, əділет капитаны Н. Үсенбаевтың қолына түседі. Жауынгер жоғары қолбасшылық атынан марапатқа ұсынылды. Ал, оның ата-анасына 6698 əскери бөлім командирі атынан үлгілі тəрбиесі үшін алғыс хат жіберілді. Ұлттық ұлан баспасөз қызметі


2

ЖАҢАЛЫҚТАР №76 (4434),№ сейсенбі, 16.10.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

Канадаф

Ə

-А М Е Л

ҚП

Т АРА

АҚШ

Ірі жол апаты 14 қазан күні Лос-Анджелес (Калифорния, АҚШ) қаласының солтүстігінде автобус апатқа ұшырап, 40 адам зардап шекті.

Оқушылар асханаға картамен төлейді Елорда мектептерінде оқушылардың асханадағы тамақ үшін төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізілуде. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасының басшысы Əнуар Жанғозин баспасөз мəслихатында айтты.

Жіберілген ақпараттарға қарағанда, ж а р а қ ат т а н ғ а н д а р д ы ң а р а с ы н д а б е с адам ауыр халде жатыр. Жалпы, 25 адам ауруханаға жатқызылған. Алдын ала мəліметтерге сүйенсек, автобус бірнеше автомобильмен соқтығысып қа лған. Апат ірі автомагист ра льда болғандықтан, жүздеген көлік кептелісі тіркелді. Басқармадан мəлім етілгеніндей, қолмақол ақшасыз төлем асханалардағы ұзынсонар кезектің мəселесін шешеді. Басқарма басшысының сөзіне сенсек, пилоттық жоба осыдан бірнеше апта бұрын қаладағы №27, 54, 59 мектептерде енгізілген. Аталмыш жобаны басқа мектептерге де қолдану мəселесі екінші тоқсанда шешілетін болады. «Біз бұл амалды LRT карточкалары арқылы жүзеге асырып

Ұлыбритания

«Каллум» дауылының зардабы Ұлыбританияның батыс бөлігінде «Каллум» дауылы соғып, нөсер жауып, 3 адам қаза тапты. Марқұмдардың барлығы дүлей жел кезінде суға батып кетті. Екі адам Уэльсте, тағы біреуі Брайтон қаласында көз жұмды. Ал табиғи апаттан елдің батыс бөлігі қатты зардап шекті. Өзендер арнасынан асып, жағаға жақын орналасқан үйлерді су басқан. Кей елді мекендер жарықсыз қалды. Талдар мен электр бағаналарының құлап, жолдарды басып қалуынан тас жəне темір жол қатынасы бүлінген. Пойыздар кешігіп жүріп жатыр. Ал ауа райын болжаушылар дауыл енді елдің шығыс жəне оңтүстік-шығысына қарай ойысатынын ескертуде.

е-mail: nastraje@mail.ru

жатырмыз. Astra Plat карточкаларындағы балансты ата-аналар терминал немесе онлайн жүйе арқылы толтырады. Міне, осылайша, ата-аналар балаларының қанша ақшаны қайда жұмсап отырғанын бақылап отыра алады. Баланс карточкадан алынған кезде ата-аналарға хабарлама келіп тұрады. Бұл бəріне – ата-аналар мен оқушылар үшін де, мектеп үшін де аса ыңғайлы», – дейді басқарма басшысы. Қалалық білім басқармасынан хабарланғандай, жаңа оқу жылынан бастап елордадағы 85 мектепте тамақтандыру желісі іске қосылған. Тегін ыстық тамақ 5-11 сынып аралығындағы 76 мың бастауыш сыныптың о қ у ш ы л а р ы м е н 1 , 2 м ы ң ə л еум е т т і к а з қамтылған отбасылардың балаларына берілуде. Бір реттік тамақтанудың бағасы – 338 теңге. Демеушілердің есебінен 620 балаға тегін тамақ берілуде. Əлеуметтік аз қамтылған санатқа жатпайтын балалар үшін мектепте тамақ ақылы жолмен беріледі.

21,7 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 15 қазандағы жағдай бойынша, 21 млн 735,2 мың тонна астық бастырылды. Ау ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы м и н и с т р л і г і н і ң ақпаратына сəйке с, е с епті ке зеңде ауыл шаруашылығы өндірісшілері 14 млн 861,7 мың гектар немесе өңірлердегі жалпы астық алқаптарының 98,7%-ында астық орылған. Орташа өнімділік гектарына 14,6 центнерді қ ұ р а д ы . 2 0 1 7 ж ы л д ы ң о с ы ке з е ң і н д е г і көрсеткіш 15 млн 315,7 мың гектар немесе 99,7%-ды, ал орташа өнімділік гектарына 14,3 центнерді құраған болатын. Қазақстанда 2018 жылы астық орылатын а лқапт ардың жа лпы аумағы 15 млн 63,1 мың гектарды (2017 жылы – 15 млн 365,2 мың га) құрайды. Сонымен қатар, биылғы

егістік науқанында жалпы 15 млн 122,6 мың гектар аумаққа дəн себілген, ал былтыр бұл көрс еткіш – 15 млн 411,6 мың гект арды құраған болатын.

Астананың мəдени тынысы Астана қаласы əкімдігінің сайты 15-21 қазан аралығында өтетін мəдени шаралар кестесін ұсынады.

Сирия

Тіршілік қайта жандана бастады Сирия тұрғындары 8 жылға жуық уақытқа созылған сергелдеңнің зардабын тартып отыр. Соғысқа дейін 24 миллион тұрғын бар еді, соның 6 миллиондайы елден кетуге мəжбүр болған. Жағдай тұрақталғаннан кейін босқындар отанына орала бастады. Көршілес Ливан мен Иорданиядан бір жарым миллионға жуық адам үйлеріне қайтты. Үкімет бақылауындағы аймақта қазір шамамен 17 миллион адам тұрып жатыр. Олардың жартысы Дамаскіге қоныс тепкен. Бұл ежелгі қалада тіршілік ешқашан тынбайды. Өз істерімен асыққан жұрт, күнітүні көшелерінде көліктер мен сары түсті таксилердің қозғалысы тоқтамайды. Валид Рабат есімді такси жүргізушісі: «Соғыс кезінде тіршілігіміз қауіпті еді, жұмысқа қорқып шығатынмын, үйіме аман қайтатыныма сенімім болған жоқ. Қазір бəрі қалпына келіп жатыр, бұрын осында қаптап жүрген шетелдік туристердің қаламызға қайта оралуын армандап жүрмін», – деді. Сатушы Уасим əл-Заим: «Соғысқа дейін Сирияда өмір керемет болған, сауда қызу жүріп, туристер көп еді. Ал дағдарыс кезінде бірнеше күн бойы ешнəрсе сата алмай жүрген кездер болды. Қазір кəсібіміз едəуір жақсарды, жұрт соғысудың орнына қайта сауда-саттықпен айналысады деген үмітіміз бар», – дейді. «Соғыс кезінде көңіл күйіміз болған жоқ. Балаларымыз бен туыстарымызға, жалпы бүкіл елдің тағдырына уайымдайтынбыз. Халық соғыстан шаршағаны соншалық, тыныш атқан əрбір таңға қуанып жүр. Ал көшеде жүрген жұрт шетел тілшілерін көрген бойда өздері келіп сұхбат беруге дайын», – дейді саудагер Сагир Джамиль.

Қала тұрғындары мен қонақтары 15-21 қазан күндері Тəуелсіздік сарайында сағат 10:00-18:00 аралығында Асқар Нұрболаттың «Өмір» атты жеке көркем көрмесін, «Ақанаевтар əулеті» атты жеке көркем көрмесін жəне Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Е. Асылхановтың жеке көрмесін тамашалай алады. 15-30 қазан күндері Бейбітшілік жəне келісім сарайында 10:00-18:00-де «Рухани жаңғыру: КАРЛАГ, АЛЖИР – Қазақстанның естелік орындары», «КАРЛАГ: қапастағылар қаламынан» – «КАРЛАГ: творчество в неволе» экспозициялары қойылады. 15 қазанда сағат 18:00-де Қазмедиа орталығында «Newton tour» тобының концерті өтеді. 16 қазан күні сағат 11:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Е. Шварцтің «Күлше қыз» ертегісі, 17 қазан күні сағат 18:30да Р. Отарбаевтың «Көлеңкесіз жолаушы» психологиялық драмасы, 18 қазан сағат 18:30-да С. Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» комедиясы, 19 қазан сағат 18:30-да М. Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы жəне 21 қазан сағат 18:30-да Ш. Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы басталады. 16 қазан күні сағат 19:00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрында «Бег вре-

мени» симфониялық музыкалық кеші, 17 қазан күні сағат 19:00-де «Романтика по-немецки» концерті, 19 қазан сағат 19:00-де «ТҮРКСОЙ» жастар камералық қорының концерті өтеді. Осы күні сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында Қазақстан – Андорра командалары арасында футболдан УЕФА Ұлттар Лигасының іріктеу матчы болады. Сонымен бірге, 16 қазанда сағат 19:30-да «Астана» концерт залында Симфониялық оркестрдің концерті, 17 қазан сағат 19:00-де Халық əні бөлімінің жеке орындаушылары, «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі, «Шалқыма» халық биі ансамблінің «Əсерлі əн сал домбыра» атты концерті, 20 қазан сағат 17:00де Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы эстрадалық би ансамблінің «Əн шырқайық, би билеп» атты концерті өтеді. 20-21 қазан күндері таңғы 10:00-де Алаш тас жолы бойындағы «Эко ауылда» атақты бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлын еске алуға арналған бүркітшілердің Халықаралық турнирі мен Астана қаласының ашық біріншілігі өтеді. 20 қазан сағат 15:00-де жəне 21 қазан сағат 18:00-де «Қазақстан» ОКЗ «Жыр арқауы – Астана» атты халықаралық ақындар айтысы басталады.

Қазақстандық өнімдерге сұраныс артқан Өзбекстандықтар Қазақстаннан тауар алып кету үшін шекарада сағаттап кез е к ке т ұ р а д ы . Қ ұ р ы л ы с з а т т а р ы н айтпағанның өзінде, бізден азық-түлік пен тұрмыстық техникалар да көптеп тасымалданады. Өйткені, көрші елдің нарығында Қазақстанда жасалған тауарларға деген сұраныс көп. «Оған қоса, бағасы қалтаға қонымды жəне сапасы жоғары», – дейді сатушылар. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бір ғана «Жібек жолы» шекара бекетінен тəулігіне арлы-бері 30 мыңға жуық азамат қатынайды екен. Олардың басым бөлігі Қазақстаннан тұрмыстық техника лар мен азық-түлік т асыма лдап жатыр. Тиісінше Өзбекстаннан жеміс-жидек бері қарай өткізіледі. Жалпы жыл басында Өзбекстан кез келген азаматқа шекара арқылы қалағанынша тауар алып өтуге рұқсат берген болатын. Алайда, қазіргі таңда бірқатар шектеулер қойылған. Яғни қолмен тасымалданатын жүктің салмағы 10 келіден аспауы керек. Тиісінше айына бір рет тұрмыстық техниканы алып өтуге рұқсат етілген. «Жалпы Өзбекстанның ішкі нарығында Қазақстанда жасалған өнімге деген сұраныс жо ғ а р ы » , – д е й д і с ат у ш ы л а р . Ө й т ке н і , Ұлы дала елінде жас алған от андық өнім бəс екеге қабілетті. «Өзбекст анның ішкі нарығында Қазақстанда жасалған өнімге д е ге н с ұ р а ны с а рт ы п ке лед і . Б ұ л б і зд і ң қазіргі президенттеріміздің жүргізіп отырған саясатының нəтижесі деп білемін. Шекара ашылып, қазақстандық тауарлар Өзбекстан нарығына көптеп жеткізіле бастады. Біздің дүкенде де қазақстандық тауарлар сатылып жатыр. Жергілікті тұтынушылар талабынан шығатын тауарлар. Демек, Өзбекстан мен Қазақстан арасында сауда-саттық деңгейі артты деуге негіз», – дейді кəсіпкер Сурьат Абидов. Жалпы, Өзбекстанда əуе жолы арқылы баж салығынсыз тасымалданатын жүктің мөлшері 2 мың АҚШ долларынан аспауы керек. Темір жол мен өзен арқылы бұл көрсеткіш мың долларды құрайды. Жаяу жүргіншілердің шекара бекеттері арқылы қолмен алып өтетін жүгі 300 доллар көлемінде болуы керек. Бұл – көрші елдің ішкі талабы. Қалай десек те, Қазақстан м е н Ө з бе кс т а н а р а с ы н д а ғ ы ш е ка р а д а ғ ы бірқатар кедергілердің алынып тасталуы барыс-келісті арттырып қана қоймай, саудасаттықтың жақсаруына негіз болып отыр.

Алдағы қыс қандай болмақ? Орт алық коммуникация қызметінд е Энергетика министрлігі «Қазгидромет» РМК алдағы қысқы кезеңдегі ауа райы болжамына арналған баспасөз мəслихаты өтті.

Гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт пен Гидрометорталықтың Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева 2018 жылдың қараша айы мен 2019 жылдың наурыз айы аралығына арналған ауа райы болжамын айтты. « А л д ы н а л а б ол ж а м б о й ы н ш а , қ а р а ш а айында синоптика лық проце стің жиі а лмасуына байланысты ауа райы құбылмалы болып, аязды жəне жылы күндер алма к е з е к ау ы с ы п , ж ау ы н - ш а ш ы н б о л а д ы . Ұйытқымалы жел соғып, түнгі жəне күндізгі уақыттары тұман түсіп, көктайғақ болады», – дейді Гүлмира Ақышева. Қараша айының бірінші, екінші жəне үшінші онкүндігінің ортасында аяз айтарлықтай сезіледі. Қазақстанның с ол т ү с т і к ж а рт ы с ы н д а ауа т е м п е р ату р а сы күндіз -5-10 градусқа, түнде -10-20 градусқа төмендесе, оңтүстік жартысында күндіз 0-5 градусқа, түнде -5-10 градусқа төмендейді. Желтоқсан айында суық антициклонның ж и і е н у і н е б а й л а н ы с т ы ау а н ы ң о р т а ша айлық температурасы 1°С төмен ж ə н е қ а р а з ж ау а д ы д е п к ү т і л уд е . Те к еліміздің батыс жəне шығыс өңірлерінде температуралық фон нормаға жуық жəне жауатын қардың мөлшері солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік облыстардың кей жерінде, сондай-ақ, оңтүстік-шығыс жəне шығыс аймақтардың тау жəне тау-бөктерлі аймақтарда нормаға жуық жауады.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №76 (4434), 16.10.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

АЛҚА ОТЫРЫСЫ

е-mail: nastraje@mail.ru

3

КЕЗДЕСУ

Жаңғыру жолындағы жаңа қадам Кадеттер – сенімді резерв Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суретті түсірген Қанат КӨЛБАЕВ Алматы облысы полициясының кадет сыныбы Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың қабылдауында болды.

Өткен жұмада ІІМ-нің алқа мəжілісі өтіп, онда Мемлекет басшысының 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы талаптарының аясында ішкі істер органдарының міндеттері қаралды, сондай-ақ, 2018 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы жасалды. Ж о л д а уд ы і с к е а с ы р у ү ш і н министрлік Президент Əкімшілігінің басшылығымен қазақстандық полицияны жаңғырту жөніндегі Жол картасын əзірлеуді бастады. Жол картасында ІІМ-нің штаттық санын оңтайландыру, басқарушылық буынды қысқарту, полицияны оған тəн еме с функциялардан арылту жоспарлануда. Полицияны бағалау өлшемдері түбегейлі өзгертіліп, қоғамның сенім деңгейі мен халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталады. Сондай-ақ, Ішкі істер министрі, п о л и ц и я г е н е р а л - п о л ко в н и г і Қ. Қасымов ішкі істер органдарының жұмысын сервистік үлгіге ауыст ы р уд ы к ө з д е й т і н х а л ы қ п е н ж ұ м ы с і с т еуд і ң з а м а н ау и

ф о рмат т а р ы е н г і з і л е т і н і , ка д р ды іріктеу жүйе сінен баст ап, орналастыруға жəне қызмет бабында жоғарылату бойынша полицияның жаңа стандарттары бекітілетіні, ведомстволық білім беру жүйесінің түбегейлі өзгертілетіні туралы хабарлады. Жалпы республика бойынша осы жылдың 9 айында қылмыс саны 9%ға (20,7 мың) қысқарды. Қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қарақшылық, тонау, бұзақылық қылмыстары, бұрын сотталғандар, мас болып қылмыс жас ау жəне кəмелетке толмағандардың қылмысы төмендеді. П о л и ц и я г е н е р а л - п о л ко в н и г і Қ. Қасымов өңірлерде қылмысқа қарсы күресті жəне құқық

бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұл ретте қылмыстың басым бөлігін құрайтын ұрлыққа қарсы іс-қимыл мəселелеріне ерекше назар аударылды. С о н д а й - а қ , Же д е л б а с қ а р у орталықтарының жұмысын ж а қ с а р т у, қ ұ қ ы қ т ы қ т ə р т і п т і жəне азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кезекші б ө л і м д е рд і ң п ол и ц и я н ы ң к ү ш құралдарын басқаруды жақсарту мəселелері талқыланды. ІІМ-нің алқа мəжілісінде минист рліктің орт а лық аппарат ы қ ы зм е т т е р і н і ң ж ə н е ө ң і рл і к департаменттердің басшыларына ішкі істер органдары қызметінің басқа да бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берілді. ІІМ баспасөз қызметі, суретті түсірген Қанат КӨЛБАЕВ

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

Сақшылар Елбасы бастамасын қолдайды «Астана» концерт залында елордалық Ішкі істер департаментінің жеке құрамы Президент Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Іс-шараға ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев, ІІД басшылығы, аудандық бөліністердің басшылары жəне елордалық полицияның жеке құрамы қатысты. Елорданың бас полицейі қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, негізгі аспектілерді толықтай түсіндірді жəне еліміздің б о л а ш а ғ ы ү ш і н Жо л д ауд ы ң маңыздылығын атап өтті. Жолдауда Президент мемлекеттің тіршілік қарекетінің басты салал а р ы н ж ə н е е л і м і зд і ң ма ң ы зд ы жетістіктерін, ат ап айтқанда, Қазақстан халқын толғандыратын бірқатар өзекті мəселені қозғады. Əсіресе, мемлекеттік құрылыстың барлық саласын: экономика жəне саясат, əлеуметтік блок, спорт, медицина, білім жəне ғылымды қамтыды. П р е з и д е н т ө з ке з е г і н д е қ ұ қ ы қ қорғау блогына ерекше назар аударды. «Бұл полиция қызметкерлері үшін қызметтерін жетілдіруде ынталандыру ретінде болуы тиіс, біз азаматтарымызды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ете оты-

рып, заңды қорғау жолындамыз», – деп атап өтті Марат Қожаев. «Елбасы ат ап өткендей, əлау қ ат т ы ң а ж ы р а ма с б ө л і г і – білім беру, денс аулық с ақт ау, ə р б і р қ а з а қ с т а н д ы қ от б а с ы н ы ң қ о л а й л ы ж ə н е қ ау і п с і з ө м і р с ү ру і . О с ы ғ а н ж ү г і н е от ы р ы п , біз құқық бұзушылықтың алдын а л у ж ə н е қ ы л м ы с п е н к ү р е су ге өз үле сімізді қо сып, елордамыз Астананы қала тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз əрі қолайлы етуге міндеттіміз. Бұл үшін көзқарасымызды өзгертіп, жаңа əдістер əзірлеуіміз қажет. Жоғары оқу орындарындағы даярлау сапасына талаптар артады. Еліміздің Президенті құқық қорғау органдарына, оның ішінде əлеуметтік жəне материалдық қамтамасыз етілуіне техникалық жабдықталуына ерекше назар аударады. Ең алдымен, біз өзімізді тəртіпке келтіруіміз, ж е т і л д і р у і м і з , ж ау а п к е р ш і л і к пен біліктілігімізді арттыруымыз керек. Қызметкердің əрбір лайықсыз жүріс-тұрысы, құқыққа қарсы іс-қимылы немесе сыбайлас

жемқорлық құқық бұзушылығы төтенше жағдай ретінде танылып, ұ ж ы м д ы қ ке ң е с т е рд е қ а р а л ы п , талқылануы тиіс. Бұл туралы əрбір қызметкер білуге міндетті», – деді елордалық ІІД бастығы. Кеңе сте Кадр басқармасы мен Көші-қон қызметі басшылары жеке құрам а лдында баяндама жас ады. Кадр жұмысы басқармасының б а с т ы ғ ы , п о л и ц и я п о л ко в н и г і Жандос Даришев: «Қоғам құқық қ о р ғ ау о р г а н д а р ы н ы ң , б і р і н ш і ке з е к т е п о л и ц и я н ы ң ж ұ м ы с ы н түбегейлі жақсартуды күтеді», – деді. Пре зидент Үкімет а лдында Президент Əкімшілігімен бірге «Ішкі істер органдарын жаңарту бойынша жол карт асын» қабылдау туралы тапсырма қ о й д ы . Ре ф о рма 2 0 1 9 ж ы л ғ ы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырыл ат ы н б ол а д ы . Ре ф о рма л а рд ы ң арқасында ІІМ шт аттық с аны оңтайландырылады, полиция ө зд е р і н е т ə н е м е с м і н д е т т е рд і о р ы н д ауд а н б о с ат ы л а д ы . Артылған қаражат полицейлердің жалақысын жоғарылатуға, олардың тұрғын үй мəс елелерін шешуге бағытталатын болады. Жаңа стандарт полицейлердің карьерлік жо ғ а р ы л ау ж ү й е с і н ө з г е р т е д і , сондай-ақ, кадрларды даярлау жəне і р і кт еу п ол и ц и я а ка д е м и я л а р ы арқылы жүзеге асырылады. Барлық қызметкер қайта аттестациялаудан өтіп, қызметті ең жақсылары ғана жалғастырады. Кездесу соңында елордалық ІІД басшысы полицейлердің кəсіби даярлығы жəне олардың қалыпты ж ұ м ы с ы ү ш і н ж а ғ д а й ж а с ау мəселесіне тоқталды. Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Мектеп оқушылары Ішкі істер министрлігінің плацында министрлік басшылығына саптық дайындық бойынша дағдыларын жəне автоматты бөлшектеу жəне жинау шеберліктерін көрсетті. Алматы облысы, Іле ауданы, №7 орт а мектептің 5-сынып оқушылары бойларын нық əрі өздерін сенімді ұстады. Автоматты шашып жинауда ширақ қимылдап, шеберліктерімен тəнті етті. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама қойып, полицейлерге «Мəңгілік ел», «Нұраға» əндерін шырқап, басқа да өнерлерін көрсетті. Одан кейін кадеттер ІІМ-нің Жедел басқару орт а лығында болып, жұмысымен таныс-ты. Содан соң, кадет сыныбы тəрбиеленушілерін м и н и с т р қ а б ы л д а д ы . Қ а л м ұ х а н б е т Н ұ р м ұ х а н б е т ұ л ы қ а б ы л д ауд а Ішкі істер минист рлігі 2018 жыл «Бақытты ба ла лық шақты қорғау жылы» деп жарияланғанын айтты. «Қазақстан полициясы балаларды заңсыздықтардан қорғауға аса көңіл бөледі. Өйткені, балалар – біздің болашағымыз. Біз оларға бақытты жəне қауіпсіз өмірді қамтамасыз е т у і м і з ке р е к . О с ы м а қ с ат т а І ш к і і с т е р м и н и с т р л і г і н а қ т ы ж ə н е маңызды шаралар қабылдауда», – деді ол. Министрдің айтуынша, соның бірі Алматы облысында жалпы білім беретін 4 мектептің базасында құрылған кадет сыныптары. Бұл сыныптар балалар мен ата-аналардың қалаулары бойынша ашылған. Алматы облысының кадет сыныптарын ашудағы тəжірибесін өзге облыстарға үлгі ретінде көрсету үшін кадеттермен кездесуге облыстық департаменттер басшылары да қатысты. «Мемлекет басшысы Нұрсұлт ан Əбішұлы Назарбаев «Болашаққа б а ғ д а р : ру ха н и ж а ң ғ ы ру » ма қ а л а с ы н д а п ат р и от и зм ө з же р і н е , ау ылына, қаласына, өңірге, кіші отанына деген сүйіспеншіліктен басталатындығын айтып көрсеткен болатын. Сондықтан «Жас полиция» кадет сыныптарын құру – бірінші кезекте, патриотизм мен Отанына деген сүйіспеншілікке тəрбиелеуге, мектепте құқық бұзушылықтың алдын алуға жəне мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталды», – деді министр кадеттермен əңгімелесу барысында. Бұл кезде су ІІМ ұрпақ сабақтастығын сақтау, ең үздік дəстүрлерді насихаттауға ерекше көңіл бөлетінін көрсетті. Қалмұханбет Қасымов м е кт е п о қ у ш ы л а р ы н а е л і м і зд і ң од а н ə р і д а м у ы ол а рд ы ң бе л с е н д і өмірлік ұстанымдарына байланысты екеніне мəн бере отырып, ертеңгі күні олар Отанымыздың лайықты азаматтары болатындарына, кадеттің намысына кір келтірмейтіндеріне сенім білдірді. Министр оларды кадет сыныбын бітіргеннен соң, ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға түсіп, одан əрі ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырды. Кадеттер Р у с л а н Те н м е н Д ж а л и л Га с а н о в Қ а л м ұ ха н бе т Н ұ рм ұ ха н бе т ұ л ы н а Іле ауданының Өтеген батыр кентіндегі мектеп-гимназиясында кадет сыныбының құрылуы, оқу проце сі жəне қол жеткізілген нəтижелер туралы əңгімелеп берді. Кезде су барысында ведомство басшысы Қалмұханбет Қасымов пол и ц и я и м и д ж і н қ а л ы п т а с т ы р у ғ а , о қ у ш ы л а р д ы п ат р и о т т ы қ р у хт а тəрбиелеуге қосқан үлесі үшін Алматы облысы, Іле ауданы, №7 орта мектебінің директорын, «Жас полиция» кадет сыныбының жетекшісін Алғыс хатпен марапатт ады. Сондай-ақ, минист р кадет сыныбының тəрбиеленушілерін, бірқатар жас полицейлерді бағалы сыйлықтармен марапаттады. М и н и с т р д і ң қ о л ы н а н м а р а п ат а л ғ а н к а д е т т е р д і ң б і р і № 7 о р т а мектептің 6-сынып оқушысы Саид Айс аров: «Менің бұл жолды т а ң д ау ы м а ат а м с е бе п ке р б ол д ы . Ат а м ге н е р а л б ол ғ а н а д а м . Ме н атамның жолын жалғастырғым келді. Министрмен кезде су мен үшін өте маңызды. Бірақ, кездесу кезінде қатты қобалжыдым. Бүгін ІІМ-нің жұмысымен танысқаннан кейін полиция боламын деген арманым еселене түсті. Болашақта полицей болу үшін кадеттер сыныбында дайындалып жүрмін», – деді. Мұндай сынып алғаш рет 2017 жылы Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы №7 мектебінің базасында құрылғанын айтқан Алматы облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Марат Ұрұмханов: «Жас полиция» кадет сыныптарын құрудағы мақсатымыз – оқушы кездерінен балалардың бойларында полицияның қызметтік киіміне деген махаббаттарын оятып, тəртіпке үйрету. Алғашқыда кадет сыныптарын ашуға ата-аналардың көп көмегі тиді. Кадет сыныбы пилоттық жобасы оң нəтиже сін көрс етті. Биыл ат а-аналар т арапынан о сындай кадет сыныптарын əр мектепте ашу туралы ұсыныс түсті. Соны ескере отырып, биыл тағы 4 кадет сыныбын аштық. Нəтижесінде осындай сыныптардың танымалдығы жоғарылап, жалпы өңірлерде осындай кадет сыныптарын ашу қажеттілігі туындады», – деді ол. Министрмен кездесуден кейін кадеттер ел ордасы Астананың көрікті жерлерін т амашалады. Олар Тұңғыш Пре зидент мұражайы, Ұлттық мұражай жəне Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің мұражайларында болды.


4

ЖОЛДАУ ЖОЛДАРЫНАН №76 (4434),№ сейсенбі, 16.10.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

Кəсіби біліктілікке басымдық берілген

Қоғам тыныштығын қырағылықпен күзетіп келе жатқан қарулас достарымыз бен əскери салада қызметте жүрген əріптестеріміз жəне отандастарымыз жуырда ғана өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, жарқын болашаққа жетелейтін тың бастаманың куəсі болды. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы дəстүрлі Жолдауында біз сөз еткен мəселелер стратегиялық тұрғыда маңызды екені сөзсіз əрі бұл мақсатт ар ел азаматт арына бірқат ар жауапкершіліктер жүктейді.

Жолдауда қазақстандықтардың əлеуметтік жағдайларын жақсарта отырып, өмір сүру сапасын жоғары деңгейге көтеруге басымдық берілген. Ол үшін əрбір азамат тұрақты жұмыспен қамт амасыз етіліп, отбасылық кіріс көздерінің б і р к е л к і л і г і с а қ т а л у ы қ а ж е т. Сонда елдің ішкі əлеуметтік даму көрсеткіші тұрақталып, мемлекеттік тұрғыдағы əлеуетіміз арта түседі. Елбасының соңғы Жолдауында айқындалған бағыт-бағдарлар бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүзеге асырылса, Қазақстан азаматтарының тұрмысы түзелуі ж а л ғ а с ы н т а б а т ү с ед і . А л а й д а , мұндай тапсырмаларды тиянақты орындаудың оңай шаруа болмасы тағы бар. Бұл ретте қоғамдық т ə рт і п т і қ а м т а ма с ы з е ту і с і н д е құқықтық тəртіп əскерлерінің əрбір іс-əрекеті айрықша маңызға ие.

Оған Президент Н. Назарбаевтың өзі жіті көңіл бөліп, əскерилердің ə л еу м е т т і к ж а ғ д а й л а р ы н ы ң о ң шешілуіне мемлекеттік тұрғыдан зор қолдау көрсетіліп келеді. Ең бастысы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, тұрғын үймен қамт амасыз ету мəс еле сі т ү й і н і н т а р қ а т уд а . С о н д а й а қ , ə с ке р и л е рд і ң б і л і кт і л і к с а н ат ы ү ш і н д е қ о с ы м ш а қ а р ж ы бөлінді. Мұны əскери маманның ж ау ы н г е р л і к қ ы з м е т т і а т қ а р у б а р ы с ы н д а ы н т а л а н д ы ру т е т і г і ретінде қарастырған жөн. Өйткені, «Қазақстандықтардың ə л - ау қ ат ы н ы ң ө с у і : т а б ы с п е н тұрмыс сапасын арттыру» Жол д ау ы н д а Ме м л е ке т б а с ш ы сы қоғам тарапынан білдірілген сенім деңгейі жəне халықтың өзін қауіпсіз с е зінуі – полиция ж ұ м ы с ы н б а ғ а л ауд ы ң н е г і з г і өлшемдері болуға тиіс екендігін айрықша атап өтті. Сол мақсатта «Қазақстанның бүкіл қалаларын қ о ғ а м д ы қ қ ау і п с і з д і к ке м о н и торинг жүргізу жүйелерімен жабдықтау керек» деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар, биылғы Жолдауда Президент еліміздің əлемдік қауымдастық алдындағы абыройбеделі мен бағындырған белестерін де тілге тиек етті. Осыған орай, Қазақстанның ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі күштік құрылым ретінде Ұлттық ұлан алыс-жақын елдермен əріптестігін тереңдетіп, халықаралық шеңберде

Ертеңгі күнге сенімді нығайтады тəжірибе алмасу ісін ілгерілетіп келеді. Айталық, осы жылдың өзінде-ақ, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Түркия Республикасы Жандармериясының басшылығымен ре сми ке зде су өткізіп, өзара ынтымақтастықтың жай-күйін т а л қ ы л а д ы . С ол с и я қ т ы ə с ке р и бағытта білім беру ісі мен мамандарды оқыту мəселесінде де ортақ шешім тауып, тіпті, Жандармерия мен əскери дəрежелі құқық қорғау органдарының Жерорта теңізі мен еуропалық қауымдастығы (FIEP) ұйымымен əріпте стікті нығайту туралы да мəміле жасасты. Оған қо са, Ре сей Федерациясының ұлттық ұланы, Қытай Халық Ре спубликасының Халықтық қаруланған полициясы, Əзербайжан мен Беларусь Республикаларының ІІМ ішкі əскерлері ведомстволарымен екіжақты ынтымақтастық жүйелі түрде нығайып келеді. Ж а л п ы , б и ы л ғ ы Жо л д ауд а еліміздің экономикалық дамуы мен қоғамдық-əлеуметтік əлеуетіміздің а р т у ы ү ш і н ке з ке л г е н с а л а д а кəсіби біліктілікке басымдық берілгенін е скерс ек, Ұлттық ұ л а н н ы ң ə с ке р и и д е о л о г и я л ы қ бағыты Пре зидент Жолдауында көрсетілген бағыт-бағдарлармен өзара ұштастырылған. Ұлттық ұланның 2017-2019 жылдарға а р н а л ғ а н д а м у б а ғ д а рл а ма с ы н а сай, Қолбасшылықтың барлық құрамында «2018 жыл – кəсіби біліктілік жылы» ретінде бекітіліп, ə с ке р и л е рд і ң к ə с і б и - б і л і кт і л і к дайындығын арттыруға аса көңіл б ө л і н уд е . С е б е б і , д а й ы н д ы ғ ы м ы ғ ы м , б і л і кт і л і г і жо ғ а р ы м а ман кез келген сəтте туындаған мəселенің шешімін оңай тауып, түйінді тез тарқататыны белгілі. Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант

СЕМИНАР-КЕҢЕС

Жолдау жүктеген жол С ол т ү с т і к Қ а з а қ с т а н о бл ы с т ы қ І ш к і і с т е р д е п а р т а м е н т і н д е басшылық лауазымдарды жинақтау үшін 260-тан астам қызметкер кадрлық резервке енгізілді. О б л ы с п о л и ц е й л е р і Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың əлауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын тыңдап, кəсіби қасиеттерді арттыру бойынша тақырыптық семинар өткізді. Елбасы Жолдауының тікелей көрсетіліміне кезекшілікке жұмылдырылған сақшылардан бөлек, облыстық полицияның барлық жеке құрамы қатысты. Полицейлер əр тармақты ұйып тыңдады. Аталмыш құжатты іске асыруда азаматтардың қауіпсіздігіне зор көңіл бөлінуі қажет. Солтүстік Қазақстан облысында бұл бағыттағы жұмыстар кешенді түрде жүргізіледі. «Бұлтты бейнебақылау» жүйесі аясында облыс орталығындағы аулалар мен үйлердің кіреберістерінде 1000 бейнекамера жұмыс істеуде. Тағы 410 камера көшелердегі тəртіпті қадағалайды. Осындай техникалық жабдықтау жұмыстары ауылдық жерлерде де қолға алынған. Президент өз Жолдауында полиция қызметкерлерінің кəсібилігін арттыру туралы да айтып өтті. Осы мақсатта жуырда теріскейлік сақшылар кадр резервінде тұрған қызметкерлердің əлеуетін ашу бойынша семинар-кеңеске қатысты. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасы

бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Руслан Тасымовтың ақпараты бойынша, биыл министрдің тізімдемесіне сəйкес облыстық Ішкі істер департаменті бойынша – 80, облыстық Ішкі істер департаментінің тізімдемесі бойынша – 188, аудандық бөліністер бойынша – 122 қызметкер кадр резервіне енгізілді. Кадрлық бөлініс қызметкерлері ұйымдастырған семинарға аудандық Ішкі істер бөлімдері бастықтарымен бірге арнайы даярлық, техникалық қызмет, қаржымен жəне тылдық қамтамасыз ету басқармалары сияқты төрт бөліністің офицерлері қатысты. Жиында қызметтердің басшылары сөз алып, болашақ

е-mail: nastraje@mail.ru

командирлерге қажет болатын жұмыс ерекшеліктері мен негізгі тұстарға тоқталды. «Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде 2018 жыл – «Кадрлық резерв жылы» болып жарияланған. Теориялық жəне тəжірибелік дайындықпен қатар əр офицер мен сержанттың əлеуетін барынша ашу үшін облыстық полиция ведомствосының басшылығы əлеуметтік жəне баспаналық мəселелерді шешуде көмек көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Президент Жолдауын іске асыру аясында аталған бағыттағы жұмыс жаңа қарқынмен жалғасатын болады», – деді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қапез Дəулетбаев. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Президент Жолдауы əл емдегі күрделі экономикалық жағдайда ертеңгі күнге деген сенімімізді нығайтады. Маған ең алдымен ұнағаны – оның атаулы əлеуметтік сипаты болуы. Басты орында – адам, оның денсаулығы, əл-ауқаты тұр. Елбасы əрбір қазақстандыққа жақын – отбасы, жалақы, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, əлеуметтік саланы дамыту, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы барлық мəселені қозғады. Сондай-ақ, Президент құқық қорғау жүйесін жаңғырту міндетін қойды, оның тиімділігін арттыруға жəне кадрлық əлеуетін нығайтуға баса назар аударды. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі – ол тікелей орындаушылардың қатысуымен «интерактивті режимде» өтуі. Бұл Президенттің елдің алға қарай дамуын айқындайтын аса маңызды құжат тапсырмаларының орындалуына үнемі қатаң бақылау жасауын көрсетеді. Енді көп нəрсе біздің өзімізге байланысты. Əрбір қазақстандық өз əлеуетін үнемі іске асыруға, өз отбасының əл-ауқатын арттыруға жəне елдің дамуына бағытталған нақты идеялардың генераторы болуға тиіс деп санаймын. Бұл – біздің болашағымыз! Нұрлан АТЫҒАЕВ, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі

КЕЗДЕСУ

Ардагерлер аудандарды аралады А қ т ө б ел і к т ə р т і п са қ ш ы л а р ы Е л б а с ы Ж ол д а у ы н н а с и х а т т ау м а қ са т ы н д а Ə й т е ке б и , Ы р ғ ы з ж ə н е Ш а л қ а р ауд а н д а р ы тұрғындарымен кездесті. Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында негізгі алты бағытты айқындады. Оның ішінде Жолдаудың 3-ші бөлігінде «Құқық қорғау органдарының жұмысына терең жəне сапалы өзгерістер қажет» деген болатын. Осыған орай, Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дəулеталин мен отставкадағы полиция полковниктері, ішкі істер органдарының ардагерлері Ырғызбай Кенжеханов, Ибраһим Құдайбергенов алдымен Əйтеке би ауданының Қарабұтақ селолық округінде тұрғындармен кездесу өткізді. Олар Мəдениет үйінде ауыл тұрғындары мен қоғамдық қеңес мүшелері, Т. Шевченко атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесіп, Елбасы көтерген ішкі істер саласындағы реформалардың басты бағыттарын айқындады. Қарабұтақ ауылдық округінің əкімі Кеңшілік Байдрахманов, Шевченко атындағы орта мектептің директоры Жанаргүл Қуанышева, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Əділхан Анарбайұлы Елбасы Жолдауының басым бағыттарын іске асыруға бағытталған жүйелі жұмыстар қолға алынуда екенін атап өтті. «Ауыл тұрғындары көгілдір отынмен, ауыз сумен жəне жарықпен, сапалы жолмен толық қамтамасыз етілген. Біз ел қауіпсіздігі мен тыныштығы жолында дамылсыз еңбек етіп жүрген тəртіп сақшыларына көп жаңа мүмкіндіктер жасалатыны турасында осы Жолдауда нақты айтылғанын білеміз. Бүгінгі таңда тəртіп сақшысы болам деп талпынған жастарымыз да баршылық. Бұл жаңа бастамалардың бəрі ел азаматтарының əл-ауқатын одан əрі жақсартуға, халықтың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Осы жолда бəріміз бір кісідей жұмыла еңбек етуіміз керек», – деп атап өтті тұрғындар.

Елбасының биылғы Жолдауында ішкі істер саласының жаңа заман талаптарына сай оңтайлануы мен полицейлердің елмен етене араласып, сенім үдесінен шығуына бар мүмкіндік жасалатыны айтылды. Бұл өте құптарлық. Кездесулер Əйтеке би ауданының Аралтөбе ауылында жалғасын тапты. Аралтөбе ауылының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаныс Қалиев өңірде ауыл тұрғындарының хал-ахуалын жақсартуға облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен біраз істер мен игі бастамалардың тындырылғанын мəлім етті. Ардагер тəртіп сақшылары Елбасы Жолдауының басым бағыттарын насихаттауға арналған жұмыстарды одан əрі Ырғыз жəне Шалқар аудандарында аудан əкімдерінің қолдауымен ұйымдастырды. Ардагерлер Ырғыз бен Шалқар жəне Əйтеке би аудандық Ішкі істер бөлімшелерінің жеке құрамдарымен, аудан тұрғындарымен жəне жас т а рм е н ке зд е с і п , Жол д ауд а ғ ы ə р б а с ы м б а ғ ы т т ы ң е л і м і зд і ң од а н əрі өркендеуіне бағытт алғанын, бұл баст амаларды іске асыруға бір кісідей жұмыла еңбек ету қажеттігін айтты. «Əсіресе, қиындығы мен жауапкершілігі мол, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында еңбек ететін тəртіп сақшыларына тəжірибе алмасу, өткеннің жақсы өнегелі тұстарын білу, үйрену, жаңашылдыққа талпыну, ең бастысы – халыққа адал еңбек етудің маңыздылығы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтау қажет», – деп атап өтті Ақтөбе облыстық ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дəулеталин. Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі


ҚЫЗМЕТ №76 (4434), 16.10.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

СҰХБАТ

е-mail: nastraje@mail.ru

5

САЛТАНАТТЫ ШАРА

Зейнеткерлік – ерен Көлікті де онлайн сатып алуға болады еңбек жемісі Эльдар ДАНИЯРОВ:

Биыл 26 мамырда Ішкі істер министрінің «Көлiк құралының сəйкестендіру нөмірі бойынша жекел еген көлік құралдары т ү рл е р i н м ем л е кет т i к т i р ке у ж ə н е есе п ке а лу, м еха н и ка л ы қ к ө л і к қ ұ р а л д а р ы ж ү р г і з у ш і л е р і н д а я рл ау, ем т и ха н қ а б ы л д ау ж ə н е ж ү р г і з у ш і к у ə л і кт е р і н б е ру қ а ғ и д а л а р ы н б е к і ту тур а лы» 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрығына жəне Ішкі істер министрінің «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамт амасыз ету саласындағы мемл екеттік қызметтер стандартын бекіту тур а л ы » 2 0 1 5 ж ы л ғ ы 1 4 с ə у і рд е г і б ұ й р ы ғ ы н а ө з г е р і с т е р м е н толықтырулар енгізілген болатын.

Бұл өзгерістерден кейін жүргізушілер үшін автокөлікті тіркеуге қою мен тіркеуден шығару уақыты едəуір азайып, жүргізуші куəлігін алу да бұрынғыға қарағанда жеңілдеді. Біз осы бағыттағы жұмыстар қалай жүзеге асып жатқанын əрі мемлекеттік қызметтердің электронды түрде көрсетілуі туралы білу мақсатында Астана қалалық ІІД Əкімшілік полиция басқармасы Тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің бастығы, полиция майоры Эльдар Данияровқа жолыққан болатынбыз. – Сіз басқарып отырған бөлім автокөліктерді тіркеуге қою жəне жүргізуші куəлігін беру секілді екі мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Биыл министр бұйрығына енген өзгерістерден кейін қызмет көрсету қаншалықты оңтайландырылды? – Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың тікелей басшылығымен біздің саламызда мемлекеттік қызмет түрлерін халыққа мейлінше оңтайлы көрсету мақсатында үлкен жұмыстар атқарылды. Ең біріншіден, тіркеуге қояр алдында бұған дейін қолданыста болған көлік құралын тексеруден өткізу талабы алынып тасталды. Яғни, сатып алу, есепке қою, тіркеу туралы куəлікке өзгерістер енгізу (мысалы, көлік иесінің аты-жөнінің ауысуы, т.б.) кезінде Қазақстан аумағында бұрын тіркелген автокөлікке нөмірлік агрегаттарының есепке қою мəліметтеріне сəйкестігін салыстыру үшін тексеру жүргізілмейді. Тек Қазақстанға шетелден, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен де алғаш əкелінген көліктер тексеру процедурасынан өтуі тиіс. Бұл өзгерістер, ең біріншіден, көлікті тіркеу уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Мəселен, бұрын көлік сатып алғанда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеуге қою уақыты 2 сағатты құраса, қазір ол 1 жарым сағатқа дейін азайды. Сонымен қатар, жүргізуші куəлігін қайта алу үшін медициналық тексеруден өткені туралы анықтаманы тапсыру талабы да жойылды. Яғни, жүргізушілер ақылы түрдегі бұл процедурадан өтіп жүрмейді. Бұл олардың қалтасына да жеңілдік салса, екінші жағынан уақыттарын үнемдеуге септігін тигізіп отыр. Ал жүргізуші куəлігін жаңадан алып жатқандар мен куəлігінің

уақыты өтіп кеткендер дəрігерлік анықтаманы тапсыруы тиіс. – Осы саладағы мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру үшін басқа да қандай жеңілдіктер енгізіліп отыр? – Бұдан бөлек, көлікті тіркеу мен жүргізуші куəлігін беру үшін талап етілетін құжаттар саны да азайды. Мəселен, бұрын мекенжай анықтамасы, баж салығын төлегенін растау, заңды тұлғалардың құрылтайшылық құжаттары, т.б. керек болса, қазір олардың барлығы талап етілмейді. Екіншіден, жүргізуші куəлігінің уақыты өткеннен кейін жаңасын алу үшін жүргізушілер бұрынғыдай жол ережелерін білуге қатысты емтихан тапсырмайды. Осы секілді негізгі өзгерістерді айтуға болады. – Соңғы өзгерістерге сай жүргізушілерге көлікке нөмір таңдау мүмкіндігі қарастырылған деп естідік? – Иə, бұл да оңтайлы жағдай жасау мақсатындағы іс-шаралардың бірі. Қазақстандықтар қазір бос тұрған мемлекеттік нөмірді таңдай алады. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлігін тіркеу кезінде жүргізушілерге қолда бар бос нөмірлер көрсетіліп, таңдау құқы беріледі. Реті келгенде айта кетсек, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлер тізіміне 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 сандары жəне бірдей əріптік белгілері бар нөмірлер қосылды. Мұндай нөмірлердің бағасы 274 170 теңге болып бекітілді. Ал 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 сандары мен бірдей əріптік белгілері бар мемлекеттік нөмірлер 466 570 теңге тұрады. Тағы бір айта кететін мəселе – егер мемлекеттік нөмір жоғалып қалса, ұрланса немесе жарамсыз болып қалса, оның көшірмесін дайындап беру уақыты да азайтылып отыр. Ендігі уақытта қайта тапсырыс берілген нөмірлер Астана мен Алматы қалалары үшін 5 күнде, қалған аймақтар үшін 15 күнде дайын болады. Бұрын бұл мерзім 30 күнді құрайтын. – Елбасымыз өз Жолдауларында мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды форматқа ауыстыру туралы жиі айтып келеді. Бұл осы саладағы жемқорлыққа жол бермейтіні белгілі. Сіз басқарып отырған Тіркеу-емтихан

жұмыстары бөлімі көрсететін екі қызмет түрін онлайн түрінде алуға бола ма? – Ə р и н е , ж а л п ы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы кез келген қызмет түрін бүгінде электронды форматта алуға болады. Өкінішке орай, халық əлі де осы жағына көңіл бөлмей келеді. Олар осы орталыққа келіп, талон алып, кезекте тұрып, уақыттарын жоғалтқанша қазір жұмыс істеп тұрған Электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде алатын болса, өздері үшін əлдеқайда тиімді болар еді. Осыны халыққа кеңінен жеткізу керек. Кейбір журналистер, қоғам қайраткерлері халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ұзынсонар кезек мəселесін айтып, проблема көтеріп жататыны рас. Бірақ, халық үшін қолжетімді болып тұрған онлайн қызмет алуға адамдардың өздері жүгінбей жатса, оған біздің қандай кінəміз бар?! – Яғни, менің түсінуімше, біз көлікті де электронды портал арқылы сатып алуымызға бола ма? – Əрине, болады. Ең біріншіден, адамға электронды цифрлық қолтаңба керек. Соның көмегімен банк картасы арқылы баж салығын да, айыппұлдар мен салықты да төлей бересіз. Ал көліктің мемлекеттік нөміріне онлайн тапсырыс беру тетігі қазір жасалынып жатыр. Алдағы уақытта бұл онлайн қызмет түрі де халыққа қолжетімді болады. Қазіргі күні техпаспорт пен мемлекеттік нөмірді ғана мамандандырылған ХҚО-ға келіп аласыз немесе оларды Қазпошта арқылы үйге тапсырыспен алдыруға болады. – Елордамызда жылына қанша көлік тіркеледі? Саны көбейіп келе ме? – Иə, халық саны артқан сайын тіркеуге қоятын көліктер де көбеюде. Мысалы, өткен жылы елордада 343 719 көлік құралы тіркелсе, биыл тек тамыздың соңына дейін, яғни өткен 8 ай ішінде 346 778 көлік тіркеліп үлгерді. – Сөз соңында өзіңіз жайлы ақпарат бере кетсеңіз? Бұл салада қай уақыттан бері қызмет етіп келесіз? – Мен осы бөлімге 2010 жылы қатардағы инспектор болып жұмысқа тұрдым. Кейін мемлекеттік автоинспектор, аға мемлекеттік автоинспектор, бөлім бастығының орынбасары қызметтерінде істедім. Ал 2016 жылдың маусым айында осы Тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалдым. – Сұхбатыңызға рахмет! Сұхбаттасқан Ескендір ТАСБОЛАТ, суретті түсірген автор

Астана қаласы ТЖД ұжымы Азаматтық қорғау басқармасының бастығы, подполковник Шəміл Жармағамбетовті зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Зейнеткердің атына көптеген жылы лебіздер мен тілектер айтылды. Əріптестері оған қызметіне деген жауапкершілігі мен талапшылдығы үшін алғыстарын білдірді. Шəміл Шабенұлы 1970 жылы Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Введенка кентінде дүниеге келді. 1992 жылы Целиноград инженерлік-техникалық институтын, 2007 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірді. Азаматтық қорғау саласында 1998 жылдың наурыз айынан бастап еңбек етті. Қала аумағында жəне еліміздің басқа да аймақтарында республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды жүргізу жəне ұйымдастыруды басқаруда белсенділік танытты, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шараларды ұйымдастыруда, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуде бөлімдердің дайындығын тұрақты қамтамасыз етіп, азаматтық қорғау құрылымдарының дайындығын ұйымдастыруға бақылау жүргізу жұмыстарын жоғары деңгейде атқарды. Департамент бастығының орынбасары, полковник М. Аманбаев өз құттықтау сөзінде Шəміл Шабенұлына жемісті кəсіби жұмысы, қызметке қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

АЙМАҚ

Із кесуші иісшіл иттер Жыл басынан бері қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 774 қылмыстың беті ашылды.

Бүгінде Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 50 ит бар. Оның 27-сі осы жерде ұсталса, тағы 23 қызметтік-іздестіру иті ведомствоның аумақтық бөлімшелерінде. Орталық аумағында «төрт аяқты полицейлердің» тұруы мен оқу-жаттығуы үшін барлық жағдайлар қарастырылған: вольерлер, медициналық блок, сондай-ақ, түрлі жаттығу құралдары бар. Əр иттің өзінің жеке «мамандығы» бар, қызметтік иттер із бойынша жұмыс істеуге, есірткі жəне жарылғыш заттарды іздеуге, патрульдік-бекеттік қызметке, одорологиялық сəйкестендіруге маманданған. Сонымен қатар, ІІД-нің қызметтік иттері көлік полициясы қызметкерлеріне жолаушылар пойыздарының вагондарын, рейстік жəне транзиттік автобустарды тексеру кезінде көмектеседі. Осы жылдың 9 айында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен өңір аумағында 774 қылмыс ашылды, оның ішінде 400-ден астамы – бөтен мүлікті ұрлау, 39-ы – есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар. 150 килограмнан астам түрлі есірткі тəркіленді. ІІД Жедел-криминалистикалық басқармасының одорологиялық зертханасында қызметтік-іздестіру иттері кеңінен қолданылады. Іздерді алу жəне одан əрі күдіктілерді анықтау үшін кинологиялық қызмет орталығында арнайы оқытылған иттер бар, олар оқиға орнында қалдырылған иістерді сəйкестендіруге маманданған. Биыл криминалист-сарапшылар орталықтың жануарларымен бірге 46 одорологиялық іріктеме өткізді, оның 35-і оң нəтиже берді. Полиция қызметкерлері қазіргі заманғы техникалық құралдардың, ішкі істер органдарының қызметін айтарлықтай жеңілдететін түрлі аппаратуралардың тұрақты дамуына қарамастан, қылмыстарды ашудағы қызметтік иттің рөлі күннен-күнге артып келе жатқанын айтады. Сондықтан да Ақмола облыстық ІІД Кинологиялық қызмет орталығы кинолог-мамандарды дайындайды, қызметтік иттерді үйретеді, сондай-ақ, қызметтік тұқымды иттердің күшіктерін өсіреді. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі


6

ҚОҒАМ ЖƏНЕ ЗАҢ №76 (4434),№ сейсенбі, 16.10.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

Сананы сансыратқан сұм-spice Бүгінгі таңда адам ақыл-есін есіртетін есірткінің небір түрі шығып жатыр. Есірткі саудасы қызып-ақ тұр, тіпті ғаламтор бетінде жолын тапқандар оны кəсіп те қылып алған. Осындай азғындықпен, оны таратушылармен күрес қалай жүріп жатқанын білу үшін ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы, полиция полковнигі Берікхан Нұрғалиевпен сұхбаттасып қайтқан едік.

– Ең алдымен, есірткі заттары қазіргі күні қоғамға қаншалықты қауіп төндіруде, сол жайында əңгімемізді бастасақ? – Есірткіге тəуелді болу – бір рет оның дəмін татып көруден басталады. «Бір рет дəмін көремін де, қоя саламын» деген адам қателеседі. Жəне сондай-ақ: «Тəуелді болып қалсам, дəрігер емдей салады», – деп ойласаңыз да, қатты қателесесіз! Нашақорлық – ең ауыр дерт. Ол адам баласының ағзасын ғана емес, санасын да улайды. Соның салдарынан қаншама қайғылы оқиғалар мен қылмыстар болып жатыр. Осы есірткі кесірінен қаншама адам көз жұмуда. Дəл осы есірткі қолдану салдарынан өзіне қол жұмсап, терезеден секіріп, көліктің астына түсіп жатыр. Қ а з і р г і к ү н і е ң қ ау і п т і с і – синтетикалық есірткі деген нəрсе пайда болды. Соның ішінде – spice деген түрін өмірінде бір рет қана қолданып көрген адамның санасы, ақыл-есі енді ешқашан да қалыпқа келместей өзгеріске ұшырайды. – Синтетикалық есірткі туралы кеңірек айтып берсеңіз? – Синтетика деген – химия. Жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Түнгі клубтарда жастар бір-біріне: «Арақ ішу – ең соңғы қалып кеткен «кəйіп», ал синтетикалық есірткінің əсері эйфория!», – дейді. Мен 1990 жылдан бері есірткімен күрес саласында жұмыс істеп келемін. Героин елімізге сол жылдардан бастап келді. Ол кезде синтетикалық есірткі деген жоқ еді, ал қазір көбейіп кетті. Мен жұмыс тəжірибемде анаша қолданғандар 20-30 жылға дейін, героин қолданғандар 20-30 жылға дейін, ал синтетикалық есірткі қолданғандар 4-5 жылдан артық өмір сүрмейтінін түсіндім. Өйткені, бұл заттар адам денсаулығына, жүйкесіне, ақыл-есіне өте қатты əсер етеді. Біріншіден, адамның бүйрегі кетеді, миы зақымдалады, ол енді адам болмайды. Осы зиянды затты қолданған кезде ақыл-есінен адасып, туған бауырын сойып, сорпа жасап ішкен адамды да көрдім, сенесіз бе?! Ал сізге осындай өмір қажет пе? Міне, көрдіңіз бе, синтетикалық есірткіге əуестенгендер өздері білмейді не істеп, не қойғандарын, олардың кейбірі отырған жерінде əртүрлі хайуанның дауысын салады, ит-шошқа болып қылық жасайды, кейбірі біреу қуып келе жатқандай жоғарғы қабаттардан секіріп те кетеді, жан-дүниесі үрейленіп тұрады, яғни синтетика сананы сансыратады. Бұл қазір өте апатты мəселе.

– Дамыған елдер осы есірткіге қарсы қандай тəсілдерге жүгінеді екен? Тəжірибе алмасасыздар ма? – Иə, бұл тек бір Қазақстанның ғана мəселесі емес, дүниежүзінің бас ауруы. Мен өзім Ресейде болдым, Қытайда болдым, бұл синтетикалық есірткі бойынша бəрі де қатты алаңдаулы. Мəселен, Қытайда, интернет дамыған заман болса да, олар ең біріншіден өз қауіпсіздіктерін ойлайды. Сондықтан да оларда Ютуб деген жоқ. Əлеуметтік желідегі миллиард адамның барлығы да қатаң бақылауда. Егер де ол жерде сіз есірткіге, есірткі саудасына қатысты қандай да бір жазба немесе сурет қалдырған болсаңыз, бірден ұсталасыз. Оның жазасы да ауыр, қылмысы дəлелденсе, бірден ату жазасына кесіледі. – Ал біздегі əлеуметтік желілердің бақылану жағы қалай? – Қазір бұл дертті таратудың жолдары өте көп. ХХI ғасыр болғандықтан жастар арасында ғаламтор арқылы, Ват с ап арқылы т аратып жатыр, біз мұның бəрін көріп-оқып отырмыз, бəрі бақылауда. Оларға оңай құтылып кету жоқ, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал қылмыстық жауапкершілік деген не ол? Ол біріншіден ұзақ мерзімге қамалу, өйткені, есірткі сау-дасы деген өте ауыр қылмысқа жатады. Бұл ұлт денсаулығына шабуыл деген сөз. Елбасымыз «Қазақстанның болашағы – мобильді, дені сау, көп тілді меңгерген, рухты да саналы жастар» деп үнемі айтып жүр. Ең бірінші байлық – денсаулық. Жастардың денсаулығы – ел байлығы, жастардың денсаулығы құрыса, елге төнген қасірет.

Маскүнемдік əуселесі – адамзат мəселесі Бауыржан БЕРІКҰЛЫ

Арақ ішкен адам кез келген қылмысты жасайды деген сөз. Қазіргі қоғамда болып жатқан сондай ылаңның көбі осы ішімдік салдарынан болатыны шындық. Адам зорлау, кісі өлтіру, ұрлық-қарлық сияқты сан сұмдықтар осы сайтани судың кесірінен. Суицидтің де дені осы ішімдіктің «арқасында» болып жатыр. Сондай-ақ, маскүнемдікке салынғандар қылмыс жасамаған күннің өзінде, белгілі нормада ішіп жүрміз деп ойлағанның өзінде ішімдікті көп ішкен адам ең біріншіден ақыл-ой кемістігі дертіне шалдығады. Ал мұндай маскүнемдерден туған ұрпақтың болашағы қандай болмақ?! Елестетудің өзі қорқынышты. Көршіміз Ресейде «Лев Против» атты ерікті топ бар, олар қоғамдық жерлерді аралап, маскүнемдерге арақтың зияны туралы дəріс айтып, екіншіден, қоғамдық жерді ластаудың дұрыс еместігін түсіндіріп, оларды үнемі зиянды əдеттен аулақ болуға шақырады. Нəтижесін Ютубта жариялайды. Мүмкін, бізге де «Лев Противтің» тəсілі қажет пе деген ой туындайды... Өйткені, бізде де кез келген қоғамдық орындардағы, үй аулаларындағы қоқыс тастайтын жəшіктерді қарасаңыз, ішімдіктің құтысына толып тұратынын көресіз.

Коллаж Мадина СҮЛЕЙМЕНОВАНІКІ

Ішімдіктің кесірі туралы аз айтылып жүрген жоқ. Мысалы, Франция мен Канаданың бір топ ғалымы маскүнемдіктің ақыл-ес кемістігіне алып келу қаупі зор екенін анықтап отыр. Ғалымдар Франциядағы ауруханаларда ем қабылдаған 57 353 адамның медициналық көрсеткіштеріне талдау жүргізген. Зерттеуге қатысқан науқастардың бəрінде деменция (ақыл-ой кемістігі) ауруының бастапқы кезеңі анықталды. Зерттеу кезінде белгілі болғандай, науқастардың 38,9 пайызы ішімдікке қатты əуес болған, 17,6 пайызы маскүнемдік салдарынан түрлі дертке шалдыққан. Осылайша, деменциямен ауыратын пациенттердің 56,5 пайызында сырқаттың ішімдікпен тікелей байланысы анықталды. Ғалымдардың айтуынша, бұл тұжырым ер адамдарға да, əйелдерге де қатысты. Сондай-ақ, Британия ғалымдарының жаңа зерттеуі маскүнемдік адам өмірін 7,6 жылға қысқартатынын дəлелдеді. Дерби Корольдік госпиталінің зерттеушілері соңғы 12 жылда Манчестердің жалпы салалық жеті ауруханасында емделген науқастардың дертке шалдығу тарихын саралай отырып, осындай қорытындыға келген. Медицина қызметкерлері маскүнемдікке шалдыққан 23 мыңнан астам адам туралы мəліметтерді зерттей келе, олардың көрсеткіштерін арақ ішпейтін сонша адамның жағдайымен салыстырып шыққан. Осылайша, 12 жыл ішінде арақ-шарапқа тəуелділігі жоқ адамдардың ұзағырақ өмір сүретіні, ал əрбір 5-ші маскүнем пешенесіне жазылған «ажалынан бұрын» өмірден өтетіні анықталған. Медицина қызметкерлері маскүнемдік адамның психикалық жағдайына жəне денсаулығына кері əсер тигізетінін қолмен ұстатқандай дəлелдеп беріп отыр. Ендеше, ел боламыз десек, ішімдікке жоламайық, Құдай берген ғұмырымызды бағалайық, ағайын.

ҚЫЛМЫСҚА – ҚЫЛБҰРАУ

Ержүрек курсант Орынбасар УАҚПАЕВА, Қо станай қаласы Ал сол синтетикалық есірткіні таратып, сатушыларға сіздердің денсаулықтарыңыз керек емес, сатып жүрген адамдарға тек қана пайда табу керек. Олар «бұл да біреудің жалғыз баласы, біреудің аялап өсірген қызы ғой деп ойланбайды. Ал жастарға сатушылар əдейі бір рет тегін береді, екіншіде жартылай бағасына береді, үшіншіде өзің-ақ сатып алуға ынтығып тұрасың. Ал солайша қақпанға түсіп қалған жастар қалай, қандай жолмен табады ақшаны? Біріншіден, басында əкешешесінен білдірмей ұрлайды, екіншіден,

Адвокат емес – алаяқ!

Көкшет ауда жəбірл енушінің заң білмейтінін пайдал анған заңгер алаяқтық жолмен оның 124 000 теңге ақшасын иемденіп алған. Жуырда Көкшет ау қаласының тұрғынына қатысты жергілікті 2 əйелден арыз түсті. Арызданушылардың айтуынша, күдікті алаяқтық жолмен олардың 124 000 теңге ақшасын иемденіп алған. Ер адам өзін қорғаушы ретінде таныстырып, сотта əлгі əйелдердің

əр жерден ұрлайды. Көбіне ұрлық-қарлық қылмыстары осылайша жасалады. Интернетке келсек, қазіргі күні есірткі сатумен айналысатын парақшаларды жəне сайттарды анықтау, құрықтау мəселесімен айналысып жатырмыз. Мысалы, бір минутта қанша сайт пайда болады? Бір ғана Ютубты алайық, минутына жүз мың жазба шығады. Телеграм, ВК деген əлеуметтік желілер бар, одан қалса. Сондықтан Ішкі істер министрлігі Ақпарат жəне байланыс министрлігімен бірлесіп, сондай сансапалақ парақшалардың бəрін жауып тастап жатырмыз. Айт а кету керек, с айтт ардың қожайындары шетелде орналасқан, сондықтан да біз қолдан келгенше күресудеміз. Біз де Қытай, Беларусь сияқты мемлекеттердің тəжірибесіне сүйене отырып, «Кибер-қалқан» деген бағдарлама жасап жатырмыз. Алдағы уақытта сол бағдарламамен əлгіндей сайттардың бəрін бір уақытта жауып тастап, қылмыскерлерді тез құрықтайтын боламыз. – Арақтың, темекінің, кальянның, есірткінің зияны туралы айтып келесіздер. Неге осыларға жаппай тыйым салынбайды? – Екі-үш жыл болды, заң шықты, 18 жастағыларға темекі сатуға болмайды. 21 жасқа дейінгілерге ішімдік сатуға болмайды, сондай-ақ ішімдіктерді сағат 21:00-ден кейін сатуға тыйым салынады. Осындай шектеулер бар. Сатқан адамдарға жауапкершілік те бар. Мемлекет жұмыс істеп жатыр. Біз жанжағы жабық мемлекет емеспіз, еркін қоғам құрып отырған зайырлы елміз. «Болды, ешкім темекі шекпейді, арақ ішпейді» деп жауып тастайтын деңгейге əлі жеткен жоқпыз. Мүмкін, келешекте мұндай жайттар болмайтын да шығар, сайтани суларға тыйым салынатын да шығар. Рас, кезінде қандай халық едік?! Арақ емес, қымыз ішкен қазақ едік. Деніміз сау еді. Ауру-сырқау емес едік. Отарлаушылар генефондымызды түбегейлі өзгеріске

е-mail: nastraje@mail.ru

мүддесін қорғаймын деп уəде берген. Келісімшарт жасап, заңгерлік көмек үшін əйелдер оған 124 мың теңге көлемінде ақша төлейді. Кейін белгілі болғандай, ер адам қорғаушы емес, заңгер болып шықты. Оның қорғаушылық қызметпен айналысуға құқығы жоқ екен.

ұшыратты, енді мұндайдан арылу үшін орасан қажыр-қайрат, көп уақыт қажет. Маскүндемдікпен күресіп жүргенімізде, бүкіл халықты алаңдатып отырған синтетикалық есірткінің небір түрлері шығып жатыр, есірткінің торына аңғал жастарымыз топырлар түсіп жатыр. Ал осы есірткі мəселесінде 18, 21 жас деген шектеу жоқ. Кез келген жастағы азаматқа есірткі қолдануға да, дəмін көруге де болмайды! – Сұхбатыңызға рақмет! Сұхбаттасқан Бауыржан БЕРІКҰЛЫ

Осылайша, зардап шегушілер ақшаны қайтару туралы талабына құлақ аспаған күдіктінің үстінен полицияға арыз түсірген. Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚК 190-бабының 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

Қостанай қаласында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Акад емиясының 4-курс курсанты, полиция сержанты Оңайбек Оразақов қылмыс жасаған күдіктіні ұстады. Ол кешкілік бос уақыты кезінде Арыстанбеков көшесі бойында жолдың арғы жақ бетінен таныс емес əйел адамның көмек сұрап айғайлаған дауысын естиді. Əйел адам қолын нұсқап сөмкесін ұрлап қашып бара жатқан ер адамды көрсетеді. Сол уақытта Оңайбек мүдірместен сөмкені ұрлап бара жатқан күдіктінің артынан тағы да бір жас жігіттің қуып бара жатқанын көріп, дереу көмек беруге жүгіре жөнеледі. Күдікті артынан қуып келе жатқан екі адамды көріп, жылдам қолындағы сөмкені жерге лақтырып жібереді. Оның мұндай əрекетіне қарамастан, олар күдіктіні ұстайды. Осы уақытта Оңайбек күдіктінің артынан қуып келген адамның Қостанай облыстық ІІД Жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, полиция аға лейтенанты Жандос Райымбеков екенін біледі. Осыдан кейін, жедел бақылау орталығының «102» нөміріне хабарласып, құқық бұзушыны Қостанай қалалық ІІБ Оңтүстік бөлімінің тергеу-жедел тобының қызметкерлеріне тапсырады. Күдікті істеген ісін мойындап, ұрланған сөмке тəркіленді. Курсант бола тұра, ержүректілігімен көзге түскен Оңайбек болашақ тəртіп сақшысының қырағылығын, мұқияттылығын, беріктігін, сондай-ақ, құқық бұзушылықтың жолын кесуге деген ынтасын, адамдарға қол ұшын беруге даяр тұратындығын дəлелдеді. ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов 4-курс курсанты, полиция сержанты Оңайбек Оразақовтың істеген ісін жоғары бағалап, марапаттауға ұсынды. Сондайақ, Қостанай облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Балсұлу Алекенова күдіктінің бұрын сотталған азамат екенін, қазіргі кезде тергептексеру істері жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оқу ордасында білім алып жүрген болашақ тəртіп сақшыларының берген анттарына беріктігі мен ержүректілігі туған еліміздің тыныштығы мен тəуелсіздігінің сақталуына қосар елеулі үлестерінің бірі деп білеміз.


ХАБАРЛАНДЫРУ №76 (4434), 16.10.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

Астана қалалық Ішкі істер департаменті бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 19, astana.ukr@mvd.gov.kz, анықтама үшін телефон нөмірлері: 87172716215, 87172716288, 87172716264, 87172716388, 87172716074, 87172716604, 87172716704, 87172716572, 87172716263, 87172716094, факс 87172716333. ІІБ тергеушісі (3 бірлік, SVR-8 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қылмыстық істерді ашуды, тергеп-тексеруді жүргізеді, кінəлі тұлғаларды анықтайды жəне қылмыстық жауапкершілікке тартады, қылмыстық істерді айыптау актісімен бірге прокуратураға жолдайды. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қ о й ы л ат ы н т а л а п т а р : н а қ т ы л ау а з ы м н ы ң фу н к ц и о н а л д ы қ бағытына сəйке с келетін кəсіби жоғары білімі бар, жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. ІІБ анықтаушысы (3 бірлік, SVR8 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қылмыстық істерді ашуды, тергеп-тексеруді жүргізеді, кінəлі тұлғаларды анықтайды жəне қылмыстық жауапкершілікке тартады, қылмыстық істерді айыптау актісімен бірге прокуратураға жолдайды. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қ о й ы л ат ы н т а л а п т а р : н а қ т ы л ау а з ы м н ы ң фу н к ц и о н а л д ы қ бағытына сəйке с келетін кəсіби жоғары білімі бар, жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. ІІБ жедел уəкілі (3 бірлік, SVR-8 санаты) Негізгі лауазымдық н ұ с қ аул ы қ т а р : қ ы л м ы с т а р д ы ашуға жəне тергеп-тексеруге тікелей қатысады, қылмыскерлерге іздестіру жүргізеді. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қ о й ы л ат ы н т а л а п т а р : н а қ т ы л ау а з ы м н ы ң фу н к ц и о н а л д ы қ бағытына сəйке с келетін кəсіби жоғары білімі бар, жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. ІІБ кіші жедел уəкілі (1 бірлік, SV-12 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қ ы л м ы с т а рд ы а ш у ғ а ж ə н е т е р геп-тексеруге тікелей қатысады, қылмыскерлерге іздестіру жүргізеді. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қойылатын талаптар: орта білімі бар, жұмыс тəжірибе сі талап етілмейді. ЖПП Мамандандырылған батальонының қызмет аға инспекторы (5 бірлік, SSP-7 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті с а қ т а у, қ о ғ а м д ы қ ж ə н е ж о л қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, құқық бұзушылықтың алдын алумен айналысады. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қ о й ы л ат ы н т а л а п т а р : н а қ т ы л ау а з ы м н ы ң фу н к ц и о н а л д ы қ бағытына сəйке с келетін кəсіби жоғары білімі бар, жұмыс тəжірибесі талап етілмейді.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы (1 бірлік, SN-8 санаты***) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қ о й ы л ат ы н т а л а п т а р : н а қ т ы л ау а з ы м н ы ң фу н к ц и о н а л д ы қ бағытына сəйке с келетін кəсіби жоғары білімі бар, жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жүргізуші полицейі (1 бірлік, SV-12 санаты***) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, қылмыстың алдын алу, анықтау жəне жолын кесумен, құқық бұзушылықтың алдын алумен айналысады. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қойылатын талаптар: орта білімі бар, жұмыс тəжірибе сі талап етілмейді. Заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке взводының кіші инспекторы (1 бірлік, С-SV-13 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады, деректер қорының есебі мен тіркеуін жүргізеді. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қойылатын талаптар: орта білімі бар, жұмыс тəжірибе сі талап етілмейді. Жедел басқару орталығының 102 операторы (1 бірлік, SV-12 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады, деректер қорының есебі мен тіркеуін жүргізеді. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қойылатын талаптар: орта білімі бар, жұмыс тəжірибе сі талап етілмейді. Кинологиялық қызмет орт алығының кіші инспектор кинологі (3 бірлік, SV-12 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, қылмыстың алдын алу, анықтау жəне жолын кесумен, құқық бұзушылықтың алдын алумен айналысады, қызметтік жəне із кесу иттерімен жұмыс жасайды. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қойылатын талаптар: орта білімі бар, жұмыс тəжірибе сі талап етілмейді.

Кезекші бөлімнің АДҚ операторы (1 бірлік, SV-12 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады, деректер қорының есебі мен тіркеуін жүргізеді. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қойылатын талаптар: орта білімі бар, жұмыс тəжірибе сі талап етілмейді. Техник (1 бірлік, SV-12 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады, деректер қорының есебі мен тіркеуін жүргізеді. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қойылатын талаптар: орта білімі бар, жұмыс тəжірибе сі талап етілмейді. Полицейі (5 бірлік, SV-12 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, қылмыстың алдын алу, анықтау жəне жолын кесумен, құқық бұзушылықтың алдын алумен айналысады. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қойылатын талаптар: орта білімі бар, жұмыс тəжірибе сі талап етілмейді. Жүргізуші полицейі (5 бірлік, SV12 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, қылмыстың алдын алу, анықтау жəне жолын кесумен, құқық бұзушылықтың алдын алумен айналысады. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қойылатын талаптар: орта білімі бар, жұмыс тəжірибе сі талап етілмейді. Айдауыл қызмет взводының полицейі (1 бірлік, SV-12 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, қылмыстың алдын алу, анықтау жəне жолын кесумен, құқық бұзушылықтың алдын алумен айналысады. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қойылатын талаптар: орта білімі бар, жұмыс тəжірибе сі талап етілмейді. ІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы (3 бірлік, SVR-4 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті с ақт ау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, қылмыстың а лдын а лу, анықтау жəне жолын кесумен, құқық бұзушылықтың алдын алумен айналысады. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қ о й ы л ат ы н т а л а п т а р : н а қ т ы л ау а з ы м н ы ң фу н к ц и о н а л д ы қ бағытына сəйке с келетін кəсіби

СПОРТ

Үздік спорттық нəтиже Жуырда Жарқайың ауданы, Державинск қаласының денешынықтыру-сауықтыру кешенінде əскерил ендірілген мекемел ер арасында спорттың төрт түрі – вол ейбол, пневматикалық винтовкадан ату, үстел теннисі, шағын футболдан жыл сайынғы спарт акиада өтті. Турнирге аудандық Ішкі істер бөлімінің, өрт сөндіру бөлімі, №6636 əскери бөлімінің əскери қызметшілері, Ішкі істер желілік бөлімінің жəне ЕЦ-166/26 мекемесінің қызметкерлері қатысты. Жарыстың бірінші кезеңі – волейбол ойыны барысында спортшылар жақсы денешынықтыру дайындығы мен жоғары нəтиже көрсетті. Турнирде бірінші орынды полицейлер жеңіп алса, екінші жəне үшінші орынды əскери бөлім мен 12-ӨСБ спортшылары иеленді. Сонымен қатар, «Үздік

ойыншы» атағын полиция сержанты Сабыржан Жакетай жеңіп алды. Келесі кезең – пневматикалық винтовкадан ату жəне үстел теннисі. Екі жарыста да жақсы нəтиже көрсеткен тəртіп сақшылары құрмет тұғырының жоғары сатысына көтерілді, ал ең үздік деп полиция кіші сержанты Қуаныш Мұқантай танылды. Спартакиада соңында командалар футбол алаңында кездесті. Алаңдағы елеулі күрес, өз əріптестері мен достарына қолдау көрсетуге келген

көптеген жанкүйерлерді бей-жай қалдырмады. Əр команда жеңіске ұмтылды, ал ойын нəтижесі əр ойыншыға тəуелді болды. Ойын қорытындысы бойынша ең үздік команда атағын 12-ӨСБ жеңіп алса, екінші орыннан №6636 əскери бөлімінің əскери қызметшілері, үшінші орыннан тəртіп сақшылары көрінді. Барлық төрт кезең бойынша спартакиаданың жеңімпаздары ретінде бірінші орынды Жарқайың аудандық Ішкі істер бөлімінің командасы, екінші орынды əскери бөлімнің командасы, үшінші орынды 12-ӨСБ қызметкерлері иеленді. Барлық жеңімпаздарға кубоктар мен грамоталар табыс етілді. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

жоғары білімі бар, жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. ІІБ ЖПҚ кəмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (3 бірлік, SVR-8 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, қылмыстың алдын алу, анықтау жəне жолын кесумен, құқық бұзушылықтың алдын алумен айналысады. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қ о й ы л ат ы н т а л а п т а р : н а қ т ы л ау а з ы м н ы ң фу н к ц и о н а л д ы қ бағытына сəйке с келетін кəсіби жоғары білімі бар, жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. ЖПҚ Тұрғылықты жері, құжатт ары жоқ тұлғаларға арналған қабылдап-тарату орнының полицейі (1 бірлік, SV-12 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті жəне жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, қылмыстың а лдын а лу, анықтау жəне жолын кесумен айналысады. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қойылатын талаптар: орта білімі бар, жұмыс тəжірибе сі талап етілмейді. ЖПҚ Жол-патрульдік полициясы полкінің қызмет инспекторы (10 бірлік, SSP-8 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті жəне жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, қылмыстың а лдын а лу, анықтау жəне жолын кесумен, құқық бұзушылықтың алдын алумен айналысады. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қ о й ы л ат ы н т а л а п т а р : н а қ т ы л ау а з ы м н ы ң фу н к ц и о н а л д ы қ бағытына сəйке с келетін кəсіби жоғары білімі бар, жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. ЖПҚ Жол-патрульдік полициясы полкінің полицейі (5 бірлік, SV-12 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті жəне жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, қылмыстың а лдын а лу, анықтау жəне жолын кесумен айналысады. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қойылатын талаптар: орта білімі бар, жұмыс тəжірибе сі талап етілмейді. ЖПҚ Жол-патрульдік полициясы полкінің жүргізуші полицейі (5 бірлік, SV-12 санаты) Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті жəне жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, қылмыстың а лдын а лу,

7

анықтау жəне жолын кесумен айналысады. Ко н к у р с қ а қ ат ы с у ш ы л а р ғ а қойылатын талаптар: орта білімі бар, жұмыс тəжірибе сі талап етілмейді. Конкурс Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орна ласу ке зінде конкурс жəне т а ғ ы л ы м д а м а ө т к і зу қ а ғ и д а с ы негізінде жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған сəттен бастап, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ко н ку р с қ а қ ат ы су ғ а н и е т білдірген азаматтар Кадр жұмысы басқармасына құжатт ар тігетін мұқабатысқа орналастырылған мынадай құжаттарды: өтініш, сауалнама, жеке іс парағын, өмірбаян, нотариалды куəландырылған білімі туралы құжаттардың көшірмелерін, нотариалды куəландырылған əскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куəлік көшірмесін, мінездеме, 3х4 өлшемдегі төрт дана фотосурет, Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куəлігінің көшірмесін, БП ҚСжАЕКБ бойынша мəліметтерінің бар-жоғы туралы анықтама, құжаттарды тапсыру сəтіне жарамды, қорытындысы шекті мəннен төмен емес Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне те стілеуден өткені туралы сертификат (немесе сертификаттың нотариалды расталған көшірмесі), конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сəтіне жарамды, уəкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы қорытынды құжатты (немесе қорытындының нотариалды расталған көшірмесі) тапсырады. Конкурстық комиссия отырысына бақылаушылардың қатысуы рұқсат етіледі. Конкурстық комиссия отырысына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті мен барлық деңгейдегі мəслихат депутаттары, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тəртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, өзге де мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың жəне саяси партиялардың өкілдері, уəкілетті органдардың қызметкерлері қатыса алады. Конкурстық комиссия отырысына бақылаушы ретінде қатысу үшін тұлға əңгімелесу өткізу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Кадр жұмысы басқармасына тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға жеке басын куəландыратын құжат көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымға жататынын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін ұсынады. Үміткерлер əскери-дəрігерлік комиссиядан өтеді, денешынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырады.

Мерекелік шара Жансейіт БАЙМЕНОВ, Ақмола облысы Елордамыздың 20 жылдық мерекесіне үн қосу мақсатында Ақмола облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы №2 полиция батальонының қызметкерлері спорттық шара өткізді. Шараға полиция батальонының үлкен дайындықпен келгені аңғарылды. Ц е л и н о г р а д ауд а н ы о р т а л ы ғ ы А қ м о л ау ы л ы н д а ғ ы с п о р т а л а ң ы н а жиналған сайыскерлер футбол, қол күресі, кір тасын көтеру спорты бойынша сайысқа түсті. Оған аудан орталығында орналасқан құқық қорғау қызметтерінің өкілдері қатысты. Барлығы бес команда бақ сынасқан жарыста жалпыкомандалық сынақта полиция батальонының командасы бірінші орынға ие болды.

ІІМ Ақпараттық-аналитикалық орталығының басшылығы жəне жеке құрамы Алматы облыстық ІІД Ақпараттық-аналитикалық орталығы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жанар Тұрғанбековаға күйеу баласы ТАЗАБЕКОВ Азат Сатұлының қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

СӨЗ СОҢЫ №76 (4434), сейсенбі, 16.10.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz ФЕСТИВАЛЬ

БАЙҚАУ

Шымкенттегі шырайлы кеш Шымкент қаласының Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясында өткен «Ел жүрегі – Астана» патриоттық əн байқауы өз мəресіне жетті.

Тартысты өнер додасына ре спубликамыздың өңірлерінен алты команда қатысып, 3 номинация бойынша бақ сынады. Қатысушылардың орындаған шығармалары жиналған қауымның көңілінен шығып, оларға жоғары

баға берілді. Бұл үрдіс əлі де жалғасын табады. Байқаудың қорытындысы бойынша «Балалар вокалы» (эстрадалық) номинациясында бірінші орынды Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінен Айлуна Дагилова

и е б ол д ы . К ө л і кт е г і І ш к і і с т е р департаментінен Дария Сапарова 2-орынға жайғасты. 3-орынды Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінен Мақсат Маратов иеленді. Қазақ ұлттық аспаптарынан құрылған оркестрмен өлең айту номинациясында 1-орынды Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің аспаптар оркестрі иеленді. Алматы қалалық Ішкі істер департаментіне 2-орын бұйырды. 3-орынды Көліктегі Ішкі істер департаментінің командасы жеңіп алды. Вокалды-аспаптар ансамблі номинациясы бойынша Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері 1-орынға ие болды. Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің командасы 2-орынды қанағат етті. 3-орын Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментіне бұйырды. Барлық жеңімпаздар дипломдар жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі

Жайдарман фестивалінен жүлделі орын Е. КІШКЕНТАЕВ, Қо ст анай қаласы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының «Ішкі істер құрамасы» атты командасы Көкшетау қ а л а с ы н д а ө т ке н обл ы с т ы қ « А қ м ол а » л и г а с ы н ы ң « Мау с ы м а ш а р 2018-2019» Жайдарман фестиваліне қатысып, жүлд елі 3-орынға ие болды. Ф е с т и ва л ь ғ а К ө к ш е т ау қ а л а с ы , А қ м ол а о бл ы с ы , Ас т а н а қ а л а с ы , Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай қаласы жəне Қостанай облыстарынан келген жиырма команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша 2-орын көкшетаулық «Құтқарушылар» командасына, 1-орын Көкшетау құрамасына берілді. Ал, «Маусымашар 2018-2019» Жайдарман фе стивалінің Гран-приін қызылжарлық «Бе с жаңалық» командасы иеленді. Фестиваль нəтижесі белгілі болғаннан кейін Академияның «Ішкі істер құрамасы» облыстық «Ақмола» лигасының 1/8 финалына шақырту алды. 1 0 қ а з а н к ү н і « І ш к і і с т е р қ ұ р а м а с ы » Жа й д а рм а н ком а н д а с ы н ы ң мүшелері Қостанай Академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызыловпен кездесу өткізді. Кездесу барысында генерал мырза курсанттарды жүлделі орын алғандарымен құттықтап, курсанттардың шығармашылықпен, спортпен, ғылыммен айналысқанын қолдайтынын айтты. « І ш к і і с т е р қ ұ р а м а с ы » Ж а й д а р м а н ко м а н д а с ы н ы ң м ү ш е л е р і Көкшетау қаласына барып, өнер көрсетуге мүмкіндік берген Академия басшылығына өз ризашылығын білдіріп, алдағы болатын жарыстарда бұдан да жақсы нəтиже көрсететіндігіне нық сенімді.

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Полицейге психологиялық дайындық керек Ақерке ƏЗТАЙ, Шымкент қаласы Елбасы Н.Ə. Назарбаев жыл сайынғы Жолдауларында құқық қорғау жүйесін реформалауға үлкен мəн беріп отырғандығын білеміз. Реформалар полицейлердің кəсібилігін арттыру үшін жүйелі түрде аттестаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру, жаңа заң жобаларын қабылдау жəне т.б. сол сияқты іс-шаралар арқылы құқық бұзушылықтармен тиімді күрес жүргізе отырып, мемлекетімізді 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына қосуды көздейді. Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің кəсіби даярлығы жүйесінде бұрын қолданыста болған тəсілдерді өзгерту бойынша ұйымдастырушылық жəне практикалық шараларды қабылдауда. Бастапқы назар полицейлердің денешынықтыру, жауынгерлік, атыс жəне арнайы тактикалық даярлықтарын ұйымдастыруға, түрлі экстремалдық жағдайларда жаттығулар жүргізуге жəне ісқимылдарды пысықтауға негізделген. Тəжірибе жинақтау үшін ұдайы дайындалудың маңызы зор. Ішкі істер министрлігіне қарасты Б. Момышұлы атындағы Оқу орталығының басшылығы алғашқы арнайы дайындық курсында білім алушы тыңдаушыларға теориялық білім мен тəжірибенің ерекшелігін айқындап, қызмет барысында пайда болған қиындықтардан оңтайлы шығу жолдарын игерту мақсатында оқу-жаттығу лагерінде тəжірибелік сабақтар өткізді. Ішкі істер органдарында соңғы кезде атыс қаруымен байланысты қызметкерлердің кəсіби дайындығын барынша арттыру жұмыстары мейлінше жандандырылуда. Бірақ, нысана көздеу мен

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС Бас директор Бимаханбет АСАНОВ Бас директордың орынбасары Бану ƏДІЛЖАНОВА

РЕДАКЦИЯ:

тірі адамға оқ атудың арасындағы айырмашылық өте көп. Жүректілік пен ептілікті талап ететін бұл қызметті əрдайым шыңдап тұру қажет. Оқу орталығы базасындағы оқужаттығу лагеріндегі тəжірибелік сабақтың негізгі мақсаты – ауыспалы құрамның Оқу орталығы аумағынан тыс жерлерде саптық есеп бойынша біріктіріп, кез келген жағдайға бейімдеу, дала жағдайындағы қиыншылықтарға төзу əдістерін игерту, саламатты өмір салтын насихаттау, спорттық мəдени іс-шараға жұмылдыру, психикалық жəне моральдық тəрбиесінің сапасын арттыру. Сонымен бірге, жылдам əрі тиімді шешім қабылдауға, қаруларды дұрыс пайдалануға, қылмыстық істерді жүргізе білуге дағдыландыру. Екі күнге жоспарланған сабақта криминалистика саласы бойынша ашық алаңда болған қылмысты зерделеу, дерек көздерін анықтай білу, айыпталушыны табу жолдары үйретілсе, арнайы пəндер циклы жолда жүру ережелері, мүлікті тасымалдау заңдылықтарын үйретті. Əскери пəндер циклы өз тараптарынан жаудан қорғану, қаруды дұрыс пайдалану, жаппай митинг кезінде жұмыла жұмыс жасау əдістерін

Бас редактор: Ескендір ТАСБОЛАТ Бас редактордың орынбасары: Жадыра ШАМҰРАТОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА Аға тілші: Бауыржан СЕГІЗБАЕВ

игертіп, полиция қызметінің жанжақтылығын көрсетуге тырысты. Оқу орталықтарына тəн жауапты міндеттердің тағы бірі – террористік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болашақ полиция қызметкерлерінің моральдық-психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру. Сондайақ, бүгінде қызмет бабындағы полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету фактілері жиілеп кетті. Сондықтан да полиция қызметкерлері мұндай жағдайларға кəсіби тұрғыдан дайын болулары керек. Болашақ құқық қорғау қызметкерлерін атыс қаруын қолдануға үйретудегі дене дайындығы, жылдамдық пен ептіліктің орны ерекше. Сонымен бірге, тыңдаушыларды атыс қаруы немесе өзге де қарумен жұмыс жасау кезінде психологиялық тұрғыдан даярлау алдымен психологиялық қалыптасу жағына көңіл бөлуден басталады. Тыңдаушының психологиялық даярлығы қаруды ұстағанда, оқ ату кезінде үрейдің пайда болуы, сасқалақтау жəне тағы да басқа қорқыныштарды жеңе білуі, өзін-өзі ұстай білуінен көрінеді. Психологиялық даярлықтың маңыздылығы сол – оқыс жағдайды жедел бағалау шеберлігі қызметкердің психологиялық даярлығына байланысты. Полиция қызметкері өз міндетін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдаймен кез келген уақытта бетпе-бет келуі ықтимал. Сондықтан психологиялық даярлық осы жағдайларды қоса алғанда мұқият көңіл аударуды талап етеді. Ол үшін ел тыныштығы үшін алдыңғы шепте тұратын полиция қызметкерлерінде патриоттық рух пен ұлттық намыс болу керек. Мұндай шаралардың басты тəрбиелік мəні – Отанға деген сүйіспеншілікті, елге құрметті арттыру. Жаттығу алқабында əскери қалашық орнатылып, тыңдаушыларға барлық жағдай жасалу арқылы ашық алаңда тəжірибелік сабақтар қызық əрі тиімді түрде өтті. Тыңдаушылар тек сабақ өтіп қана қоймай, тазалық, гүлдендіру жұмыстарын жүргізіп, спорттық шараларға да қатысты.

Басылым 27.02.2018 жылы ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №16944 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

ЧЕЛЛЕНДЖ

Бауыржаннан қалған батыр рух Ұ л т т ы қ ұ л а н н ы ң « Ш ы ғ ы с » ө ң і рл і к қ ол б а с ш ы л ы ғ ы н ы ң əскерилері аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының қ а н а т т ы с ө зд е р і н жа т қ а а й ту ғ а а р н а л ғ а н « Б ау ы ржа н н а н қалған батыр рух» атты «челлендж» жариялады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, челленджді кез келген қазақстандық өзі қалаған тілінде айтып жалғастыра алады. – Бұл челленджді біз жастар арасында патриоттық рухты көтеру мақсатында бастап отырмыз. Біз батыр Бауыржан Момышұлының даналық сөздерін тек 7-9 мамыр күндері ғана емес, басқа уақыттарда да ел ұмытпауы керек деп есептейміз, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы. Жарияланған роликте əйгілі қолбасшының сөздерін патрульдік-посттық қызмет сарбаздары, арнайы мақсаттағы бөлініс офицері, рота командирі, қарауыл бастығы, кинолог маман жəне де құрметті қарауыл офицерлері оқиды. Бейнеролик түсіріліміне «Шығыс» ӨҚ-қа қарасты үш əскери бөлім жауынгерлері қатысты: олар – қоғамдық тəртіпті күзету міндетін орындайтын 5518, аса маңызды мемлекеттік нысандарды күзететін 3477, сондай-ақ, қылмыстық атқару мекемелерін күзететін 6699 əскери бөлімдері. Челленджге «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тəрбие жəне əлеуметтікқұқықтық жұмыс бойынша орынбасары, полковник Ниязтай Əлкешев бастамашы болған. Біз бұл бейнероликті таратқанда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының əскери бөлімдері челлендж қабылданғанын хабарлады. Алдағы уақытта бастаманы барлық қазақстандықтар қолдап əкететініне сенеміз. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «Тауелсіздік-Д» ЖШС баспаханасында басылады. Индексі: 65395 Таралымы: 10515 Тапсырыс: №237

«Тауелсіздік-Д» ЖШС-і Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, 407 тел: 56-97-71 Газет аптасына 2 рет шығады.

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Мадина СҮЛЕЙМЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілшілер: Қанат КӨЛБАЕВ, Бек ИМЕКЕШОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.