Сабақтағы кері байланыс әрекетін жоспарлау

Page 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Рабиға Мусабекова

САБАҚТАҒЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС ӘРЕКЕТІН ЖОСПАРЛАУ Әдістемелік нұсқаулық

Тараз - 2015


ӘОЖ 37.0 КБЖ 74.00 М79 Пікір берушілер: Таукебаева К.С., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., қ.профессор Бұзаубақова К.Ж., Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор М79 Мусабекова Р.И. Сабақтағы кері байланыс әрекетін жоспарлау. Әдістемелік нұсқаулық/ - Тараз, 2015. - 30 бет.

ISBN 978-601-7825-14-0 Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының Сараптау кеңесі отырысының шешімімен баспаға ұсынылған (№ 9 хаттама, 23.10. 2015) Әдістемелік нұсқаулықта сабақтағы кері байланыстың тиімділігі қарастырылады. Нұсқаулықта кері байланыс арқылы сабақты жақсартудың жолдары анықталып, үшінші деңгей бағдарлама идеясының мектептегі тәжірибелік қолданысы сипатталады. Бұл әдістемелік нұсқаулық барлық пән мұғалімдеріне арналған.

ISBN 978-601-7825-14-0

ӘОЖ 37.0 КБЖ 74.00

© Мусабекова Р. И., 2015


МАЗМҰНЫ 1.

Кіріспе........................................................................................................4

2.

Кері байланыс: түсінігі және түрлері......................................................6

3.

Дебрифинг................................................................................................21

4.

Кері байланысты ұйымдастыру.............................................................22

5.

Қорытынды..............................................................................................29

6.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................30

3


КІРІСПЕ Заманауи мектептерде жай, қарапайым моторлық дағдыларды сол сияқты күрделі интеллектуалдық іс-әрекетті дамытуда, жетілдіруде және қалыптастыруда кері байланыс үлкен роль атқарады. Сапалы кері байланысқа көп көңіл бөлуі үшін пайдаланушы интерфейсті дамытуы қажет. Кері байланыста оқушы белгілі іс-әрекетті орындай отырып, жазады. Өмірден алынған мысал: Балғамен шегені қағайық. Балғамен дұрыс ұрылса шеге ағашқа кіреді. Іс-әрекеттің дұрыс орындалғанын байқаймыз (бір ұрғанда шегенің қозғалуы кері байланыс болып табылады). Берілген жағдайда ол дұрыс (өзіміз күткен нәтижені алдық). Екінші адам балғамен ұрғанда байқамай саусағын ұрып алды, ол ауырады. Саусақтың ауыруы кері байланыс болып табылады. Бұл іс-әрекеттің дұрыс емес орындалғанын көрсетеді. Жаңа педагогика үлгісі барлық балалар үшін бір бағдарламаны талап етпейді. Ол балалардың қабілеттері әр түрлі және дамытуға негізделген көзқарас бірдей емес қағидасына негізделген. Барлық адамдар тең қабілетті болып туылады, өзгеруі тек тәрбиеге байланысты. Бірде-бір бала бір-біріне ұқсас емес өйткені, ол бірегей болып табылады. Әрбір бала қуаты, дарындылығы бірдей жасында түрлі деңгейде, әр түрлі қабілеттерге ие болады. Әрқайсысының даму деңгейі әртүрлі. Оқыту қызметін ұйымдастыру мақсатында дамушы баланың ішкі дүниесіне ешқандай зиян келтірмей осы ұмтылысын қалай жетілдіруге болады? Оқу қызметінде баланың эмоционалды салада жеке қызығушылығын «оятатын» болса, кез-келген бала өзі ұмтылып, алға жылжып, құрбыларына қалмай, бала дұрыс дамиды. Оқушылар өздігінен дәлелдеп, талдап, қарым-қатынас орнатып, салыстырып, қорытып, ең бастысы бір-бірін тыңдап, кері байланыс жұмысын ұйымдастырады. Сабақта оқушылардың айтқанын ұмытпау үшін жадыны үнемі тұрақты дамыту кез-келген кезеңде маңызды болып табылады. Сонымен қатар, жұмысты ұйымдастыршы мұғалім оқушылардың бір-біріне төзімді, жетістіктері үшін бақытты болуға үйрену жұмысына шақырады. Үш түрлі кері байланыс түрі бар: 1) ішкі кері байланыс (тура кері байланыс) іс-әрекетті игеру басында түзетулер жасайды; 2) сигналмен, ымишарамен, мимикамен кері байланыс жасау; 3) сыртқы кері байланыс немесе «білім нәтижесі» іс-әрекет аяқталған кезде жүргізіледі. «Кері байланыс» сөз тіркесі психологиялық әдебиетте екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған кезде енді. Заманауи психология лексиконында «білім нәтижесі» сөзінің орнына кері байланыс сөзі орын алды. «Кері байланыс» терминінің орнына «білім нәтижесі» деп те қолданды. Психологияда моторлық дағдыларды қалыптастыру мен жетілдіруде кері байланыс енгеннен кейін түбегейлі үлкен өзгерістерге ұшыраған жоқ. Интеллектуалдық негіздердің қалыптасуы мен дамуында кері байланыстың ролін түсіндіру күрделірек. Жан Пиажені жақтаушылар ойлануды дамытуда кері байланысқа ерекше мән берді. Материалды игеруде және негізгі мақсатқа жетуде кері байланыс арқылы жүзеге асады. Кері байланысты қолдану нәтижелі болуы үшін оны қалай жүргізу керек? Кері байланыс дер кезінде, бағасыз, нақты жүргізіледі. Ақпараттарға, іс-әрекет жоспарына енгізілетін түзетулер арқылы кері 4


байланыстың ролі анықталды. Кері байланысты дұрыс орнымен жүргісе, онда сабақта жақсартулар орын алады. Қарым-қатынас дағдыларын жақсартудағы кері байланыс үлкен рөл атқарады. Тәжірибеде кері байланыс адамның қандай екендігінде емес, оның басқалармен байланысын көрсетеді. Кері байланыс арқылы қарым-қатынас дағдыларын жақсарту үшін оны қабылдауда және дұрыс жеткізуде ең керек қасиеттердің бірі серіктестікке, қарым-қатынасқа төзімді болу. Қалыптастырушы бағалаудың тағы бір маңызды құраушыларының бірі - кері байланыс әрекеті екені даусыз. Кері байланыс әрекеті ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады. Қателіктер болған жағдайда мұғалімге өзінің жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныс бере алады. Кері байланыс бұл оқушының жеке жетістіктері мен білім алудағы олқылықтарды сезінуіне және өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізуге көмектесетін, алға жылжуға бағыттайтын нақты ұсыныстар үшін алынған ақпараттар көзі. Кері байланыс – тәрбиелеу және оқыту үдерісін ұйымдастырудың ең негізгі бөлігі, отбасымен тығыз байланыс, ата-аналармен баланың дамуы мен табыстары, жағымдыжағымсыз қылықтары туралы ақпарат алмасу яғни, ата-аналармен қатынас көпірі болып табылады. Ата-аналардың көмегімен жүзеге асырылатын кері байланыс түрлері бар, олар: Бірлескен жоба, эксперимент жасауда Саяхатқа, мерекелерге шараларға қатысуда Іс-шараларға ат салысуда Бала өмірі мен әрекеті, достары, топтағы өткен күндері туралы талқылауда Оқыған тақырыпқа, әр түрлі ақпараттарға материал жинауға көмектесуде Шығарманы бірге оқып, саралауда Ертегінің соңын басқаша аяқтау, сюжет желісін өзгерту, кейіпкерді ойдан ойлап шығару, ертегі, әңгіме ойлап шығаруда жүзеге асады. Кері байланыс дегеніміз теория бойынша қарым-қатынаста хабарламаның қайнар көзіне жауап алушының реакциясы. Кері байланыста қарым-қатынас екі жақты процесс болып табылады, екі жаққа да өз мақсаттарын және бірбірімен байланысын түзетуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынас процесінде кері байланыс үздіксіз элементі болып табылады. Қарым-қатынаста кері байланысты тиімді қолдану маңызды, бұл адамның қарым-қатынас қабілетінің құрылымына және оның процесіне кіреді. Қарым-қатынас процесін басқару өте қажет. Кері байланыс не ұсынады? Ол қарама-қарсы әсерді бақылайды; мұғалімге де, оқушыға да әсер ететін байланысқан ақпаратты береді; ұйымдастыру жүйесін жетілдіру мақсатын көздейді. Мұғалім жоғары дәлдікпен болып жатқан сабақтың ұтымдылығын болжай алмайды, себебі әлеуметтік байланыс кезінде кері байланыс, автоматты жүйелеріндегі процестерге ұқсас болады. Күтпеген кейбір жағдайларда реакция комедия немесе керісінше қайғылы жағдайлардың басты себебі болуы мүмкін. Керісінше жағдай болмас үшін қалыптастырушы (формативті) бағалау жүреді, онда қолдау көрсетеді, қажетті білімді беріп, аяқтайды, кері байланыс арқылы кемшілікті жояды, жалпы дәлелдердәң сапасын ажыратады, жақсы жауаптар күтеді. Кейде интерпретациялап, сыни тұрғыдан ойланып, кемшілігін табады. 5


Кері байланыс: түсінігі және түрлері Мұғалім сынып арасында сабақ түсіндіргенде тікелей және кері байланысты орнатады. Тікелей байланыс - сыныпқа мұғалімнің әсерінен көрінеді. Кері байланыс – сыныптағы оқушылардың сынып жетекшісі әсері болып табылады. Мұғалім жай бақылап тұрмайды, ол өзінің сыныбының тыңдап және түсініп отырғанына байланысты өз тактикасын өзгертеді яғни, оңай немесе қысқа неғұрлым қиын, одан да маңызды, тез не баяу, жартылай болмаса толықтырып жеткізуі мүмкін. Сыныпта әр түрлі деңгейдегі оқушы болғандықтан теледидар экраныны арқылы сабақ өтсе, бірақ ол сыныптағы мұғалім сияқты жақсы үйрете алмайды. Теледидар экранында кері байланыс орнатуға мүмкіндігі болмайды өйткені, ол өз материалын оқушылардың жағдайына байланысты өзгерте алмайды. Әрқайсымызда сүйікті ұстаз сабақта субъекті ретінде бізді қызықтыруға тырысып, жұмыс істеуді көрсетіп, сұрайды, түсіндіреді. Оқуды мүмкіндігінше мақсат етіп қойса, осы мақсаттың өзі жұмыс істеуге көмектеседі. Бірақ барлығы бірдей ұзақ жылдар әркім өз мақсатын ескеріп, жұмыстың кез-келгенін алаңсыз істеу үшін тәуелсіз, өз басын алып жүретін адам болып қалыптасуы керек. Оқушы сыныпта толық үйреніп, оның ішкі әлемі әлі толық жетілген жоқ, ұзақ қашықтыққа мақсаты әлі толық қуатта «жұмыс» істей алмайды және оны мақсатқа итеретін нәрсе қажет, оған оның ішкі күші жеткіліксіз. Әр нәрсе өз уақытында. Оқытуда белгісіз алыс нысанаға жетуде кейбір қосымша ынталандыру күшін ескеріп, бағалау қажет. Ынталандыру күшін ескеріп, бағалау белгілері білім қалыпты, дұрыс жолда, тәртіппен екенін бізге көрсетеді. Бұл ұшақтың ұшуын қанағаттандыру үшін әуежайдан жіберілетін радиосәулеге ұқсайды. Ұшқыш түзетілген сәулеге бағытталып баратын жерге дәл ұшады. Сондықтан бағалауды осы сигнал ретінде қарастырады. Егер нашар бағалар алса, ол сигналға бағытталмай курстан ауытқығандар болып табылады. Оларды жетілдіру нәтижелері маңызды рөл атқарады. Бағалауды жетілдіру жолдарының бірі эмпатия ол басқа тұлғаның эмоционалдық жай-күйін түсіну және осы түсінігін көрсетуді айтады. Психологтар «эмпатикалық тыңдау» деп те атайды. Эмпатияға бейімділігі қалыпты жағдай болып табылады. Адамдарға қуатты деңгейін эмпатия деңгейін анықтау әдістері және осы қабілеттің белгілі бір аспектілері бар. Жанашырлық көріністері ауқымы кеңінен түрленеді: коммуникациялық серіктес сезім әлемін сезіну үшін жұмсақ эмоционалдық жауап береді. Сөйлеу, реакциялар, басқа адамның білінер-білінбес эмпатияға байланысты көріністеріне эмоционалдық жауап болып табылады. Эмпатияның түрлері: • Адамның аффективті реакцияларына негізделуі эмоционалдық эмпатия болып табылады • Салыстыру, ұқсастық танымдық эмпатия зияткерлік процестерге негізделген • Предикативті эмпатия белгілі бір жағдайларда басқа тұлғаның аффективті реакцияларын болжауға адамның қабілеті ретінде көрінеді. 6


Қорытындылау және білімді шоғырландыруда эмоциямен тыңдау өзара сенім арқылы кері байланысты жасауға болады. Кері байланысты пайдаланып эмпатикалық тыңдау ережесіне көңіл бөлсек: 1. Әңгімелесуді реттеңіз. Өзіңіздің уайымыңыз бен проблемаларыңызды уақытша ұмытуға тура келеді. Өзіңізді тексеріңіз: басқа оқушыға деген алалаушылық, тыңдағыңыздың келмеуі, сыни немесе теріс көзқарасыңыз жоқ па, түсіністікпен қарауға дайындығыңызға көңіл бөліңіз. 2. Оқушының сөзімен бірге мимикасына, ым-ишарасына назар аударыңыз. 3. Асықпаңыз, аяғына дейін тыңдаңыз. Оқушыға айтып бітуге уақыт беріңіз, оның сөзін бөлмеңіз, қажетсіз түсініктемелер мен түсіндірмелер жасамаңыз. Кейде оқушы сезімдерін сөздермен жеткізуге қиналады және оны өзі де түсінбейді. Түсіндіру барысында эмоцияларын біртіндеп сезініп, оған не болғанын айқын ажырата бастайды. 4. Қазіргі уақытта оқушыға өз тәжірибесін түсінуге көмектесу қажеттілігі туындайды. Барлық тәжірибелері айтылған кезде 2 минут үзіліс жасалады, сол кезде оқушы логикалық жағдайды талдау қабілетіне ие болады. Мұнда ол өзі түсінбей тұрса және сіздің қолдауыңызды, көмегіңізді күткенін байқасаңыз, Сіз ойланасыз, көмектесе аласыз. Сіз оны үнсіз тыңдадыңыз: оқушыға бұрылып, қолдаудың белгісі ретінде басыңызды изеп, сенімді кейіпіңізді көрсетесіз. - Ал содан кейін нақтылау кезеңі келеді: бұл кезде оқушыдан ойын толықтыруын сұрайсыз. Оның не айтып тұрғанын толық, жақсы түсіну үшін, мысалы: «Менде ата-анаммен үлкен проблемалар бар», нақтылаңыз: «Үлкен проблемалар бар деп нені айтайын дедіңіз?» деген дәлелдеу сұрақтары қойылады; - Сіз біраз уақыт үнсіз тыңдап тұрасыз: оқушыға бұрылып, естуге дайындық белгісі ретінде басын изеп, сенімді кейіппен ары қарай тыңдап, қолдауға дайын боласыз; - Содан кейін одан әрі мазмұндап беруі, түсіндіру кезегі келеді: өз сөзімен баяндап, отырған оқушыларға негізгі көрінгенін бөлектеп түсіндіреді; -Сөз жоқ кері байланыс алыңыз: қайта сұраңыз «Мен дұрыс түсінсем, ...», «Менің ойымша сен ..., дұрыс па?»; -Одан әрі оқушынының идеясын пайдалы дамыту: оның аяқтауы қажет тұсына мүмкін ескертулер жасау қажеттігі туындайды (қорқақтық, ұялшақтық, ойланбауы және т.б.). 5. Кейде адам жай ғана «ішіндегісін айтады». Сіз эмоционалдық қолдау жасап және қатысып отырсаңыз ол тығырықтан шығатын жолды өзі табады. 6. Сіз оқушыға не керек екенін сезінуге тырысыңыз. Төмендегі жаттығуға осы ережелерді пайдаланыңыз Жаттығу. Жұппен орындалады. Бір-бірін жақсы танымайтын жұптар болған тиімді. Өзара рөлдерді бөліп беріңіз: бірі «айтушы», екіншісі «тыңдаушы». Мұғалім нұсқауды оқиды: «Тапсырмалар міндетті бірнеше қадамдардан (кезеңдерінен) тұрады. Әр қадам белгілі бір уақытқа есептелген. Мұғалім оқушыларға не істеу және қашан тапсырманы аяқтау керек екенін айтады. Сондықтан «тыңдаушымен» қарым-қатынастағы өз қиындықтары мен проблемаларын тыңдау қажеттілігі туындайды. Ол осы проблемалардың 7


болуына әкеліп соқтыратын өз қасиеттеріне ерекше көңіл бөледі. Тыңдау ережелерін жақсы сақтап, «тыңдаушыға» айтуға көмектеседі. Мұғалім әңгімені тоқтатады. Ойын ашық айтуда ненің кедергі жасағанынын ал, тыңдаушының мінезі-құлқы қалай көмектескенін айтуға уақыт беріледі. Бұл тапсырмаға өте байсалдылықпен қарау қажет өйткені, ондай талдау оқушылар үшін маңызды. Қарым-қатынастағы күшті жақтарын өзара байланыс орната отырып айтады. Тыңдау ережелерін сақтап, сол уақыт ішінде алынған барлық ақпаратты қабылдауы тиіс. Мұғалім оқушыны тоқтатып, келесі қадам жасауын сұрайды. «Тыңдаушы» айтушының әңгімесінен оның қарым-қатынастағы қиындығы мен күшті жақтарын түсінеді. Барлық уақытта «тыңдаушы» «сөйлеушінің» айтқанына үнсіз ғана келісетін, енді келіспейтінін көрсетеді. Ол дұрыс түсінбей басын шайқаса онда, «тыңдаушы» оның сөздерінің дұрыстығын растағанға дейін жөндейді. Жаттығудың екінші бөлігінде қатысушылар рөлдерді ауыстырып, «тыңдаушы» болғаны енді «сөйлейтін» және керісінше болады. Жаттығудың барлық қадамдары қайталанады, мұғалім өзі келесі қадамға тапсырма береді. Талдау. Мұқият тыңдау ережелерін қалай жүргіздіңіз? Қайсысын оңай жүзеге асыруға мүмкіндік болды, қайсы ережелерді ұстану қиындық туғызды? Не туралы Сізге сөйлесу оңай болды: қарым-қатынастағы қиындықтары мен проблемалары туралы айту ма, әлде күшті жақтарын айту ма? Бұдан шығатын қорытынды: кері байланысты пайдалана отырып, эмпатикалық тыңдау ережесін меңгеру айтарлықтай байланыс сапасын жақсартады. Өтіп жатқан сабақты белгілі уақыт аралығында қабылдайтын оқушының ойын бөлетін өзге артық ақпараттар болмағаны дұрыс. Оқушыларды төмендегідей кері байланыспен қамтамасыз ету тиімді: • шын кері байланыс; • Кері байланыс – хабарларды білдірушіге (мұғалімге), алушының (оқушының) реакциясы. Келесі хабарламалардың өзгеруі кері байланыс көзі болып табылады. Олай болса, кері байланыс қарым-қатынасты екі жақты процеске айналдырады. Баға қойылатын және баға қойылмайтын кері • мақсатты кері байланыс; • уақыттылы кері байланыс. Кері байланыстың айырмашылықтары қандай? Баға қойылатын кері байланыс - бұл өз ойын, көзқарасын, ұстанымын білдіретін хабарлама. Бағалау оң (бұл Сізде өте жақсы шығады) және теріс (өзгертсеңіз) болады. Кері байланыстағы позитивтік бағалау қарым-қатынаста маңызды роль атқарады. Кері байланыстағы негативті бағалау түзетуші функциямен жүреді. Түзету жасағанда алғаш мадақтаудан бастайсыз яғни, әріптестің көзқарасын қолдап, қалыптасқан қарым-қатынасты айтып, содан кейін қажетсіз мінез-құлықты жою, көзқарасты өзгертуге бағытталады. Кері байланыстың баға қойылатын құрылымында мысалы: «меніңше», «мен ойлаймын», «менің ойымша» деп жеке ой-пікір көрсетіп, дәлелдейді. Егер бағаны тікелей анық, ашық айтса мысалы: пікірлерін салыстырсақ, «меніңше ол дұрыс емес», «жоқ, ол сөзді айтпа», «дөрекісің», «сен оған тәуелдісің» десе, онда дөрекі айтылды деп қабылдап, психологиялық қорғанышты күшейтеді. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды 8


компоненттерінің бірі – кері байланыс әрекеті деуге болады. Кері байланыс әрекеті ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады. Қателіктер болған жағдайда мұғалімге өзінің жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныс бере алады. Кері байланыс – бұл оқушының жеке жетістіктері мен білім алудағы олқылықтарын сезінуіне және өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізуге көмектесетін, алға жылжуға бағыттайтын нақты ұсыныстар үшін алынған ақпараттар. Жазбаша түрдегі кері байланысқа мынандай даяр үлгілер беруге болады: «Өзіме хат» кері байланысы: Мен білдім Мен таңдандым Өзіме ашқан жаңалығым Мынандай қорытындыға келдім Мен түсіндім деп аталатын байланыс арқылы оқушы бүгінгі сабақ туралы толық ойын жазады. Сабақ соңында оқылады. Білім алу үдерісіне кедергі тигізбейтін және біздің жасап жатқан ісімізге пайдалы да әділ баға беретін жүйе...» дегендей, формативті (қалыптастырушы) бағалау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мұғалімге олардың іс-әрекеттеріне байланысты түсінік, ұсыныс т.с.с. бере отырып, жүйелі түрде кері байланысты қамтамасыз етеді. Кері байланыстың әсерінен мұғалімдер өздерінің оқу үдерісін ұйымдастыруға белсенді қатысады. Ол үшін мұғалім оқушылардың оқу нәтижелерінің өзгеруіне байланысты оқыту және оқудың жаңа әдістәсілдерін, техникасын өзгертіп отыруы қажет. «Мен не білдім?» Сіздің әрбір қызмет түрінен қаншалықты көп білгеніңізді сипаттайтын 3 2 1 сандарының қажеттісін дөңгелетіңіз: Мен көп нәрсені Мен аз нәрсе Мен ештеңе үйрендім. үйрендім үйренбедім Өз жұмысымды бағалағанда Өз бетімен жұмыс істегенде «Өзіме хат» Мен білдім Мен таңдандым Өзіме ашқан жаңалығым Мынандай қорытындыға келдім Мен түсіндім «Күрделі» 1. Әрбір тақырыпшаның жанына 1 балл (ең төменгі), 3 балл (ең жоғары) қоясыздар 9


Тақырып бойынша (атын Түсінікті Пайдалы жазу) Теория Оқылған материалдың ең маңызды жерін сабақта қолдану Ойындар Пікірталастар Тәжірибелік жаттығулар Таратпа материалдар 2. Теориялық бөлімі: � жеткілікті � жеткіліксіз � өте көп 3. Оқылған материалдың ең маңызды жерін осы сабақта қолдана аласыз ба? � ия � жоқ Ия десеңіз нақты нені? 4. Ойындар, қозғалыс белсенділігі: � жеткілікті � жеткіліксіз � өте көп 5. Топтық пікірталастар: � жеткілікті � жеткіліксіз � өте көп 6. Тәжірибелік жаттығулар: � жеткілікті � жеткіліксіз � өте көп 7. Орындалған жұмыстан тәжірибелік дағдыңыз артты ма? � ия � жоқ 8. Таратпа материалдар Сізге көмектесті ме? � ия � жоқ 9. Мұғалім оқу материалын қызықты етіп жеткізе алды ма? � ия � жоқ 10. Мұғалім тарапынан әр оқушыға көңіл бөлінді ме? � ия � жоқ Иә немесе жоқ деп жауап беріңіз Аты-жөні Сабақ тез өтті Сабақтан шаршап кеттім Өзім үшін сондай мардымды жаңалық ашқан жоқпын Алған ақпараттар мен үшін маңызды

10


«3 минуттық үзіліс» 1. Мен көзқарасымды өзгерттім... 2. Мен көп білдім... 3. Мен таңқалдым... 4. Мен сезіндім... «Талдау жасау» Мақсатыңызға жеттіңіз ба?

Сабақтың қай жерін жақсартар едіңіз?

Жақсарту жолдары

«Таңдау» 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. «Плюс, минус, қызықты» «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады. «Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады. «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады. 11


«Тазалық» Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: Чемодан (суреті), қоқыс жәшігі (суреті), еттартқыш (суреті) Сол күнгі тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салады, бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне, ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендерін еттартқышқа салады «Табыс сатысы» 1 Мен білемін 2 Мен түсінемін 3 Мен жасай аламын «Алма ағашы» Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. 1 2

Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

«Сабақ аяқталуға жақын» Мұғалім сабақтың аяқталуға жақындағанын ескертіп, жауап беруін өтінеді.  Сіздерге не ұнады?  Не қиындық туғызды?  Күткеніңіз ақталды ма? Аяқталмаған сөйлемдер Қатысушылар жауап беретін анкеталар карточкаға түрінде аяқталмаған сөйлемдер алдын-ала жазылады. Бұл жаттығуды ауызша да өткізуге болады, ол үшін қатысушылар дөңгеленіп отырып, жүргізуші қойған сұрақ бойынша әрқайсысы жауап береді. Сұрақ ретінде жүргізуші аяқталмаған сөйлемдерді айтты. 1 нұсқа Маған ұнады. Маған ұнаған жоқ... Менің айтқым келеді.. Келесі жолы.. Менің тілегім....

12


2 нұсқа «Күн» деп жазылған парақшаға ұнаған сәттер мен оң пікірлерді жазады. «Дауыл» деп жазылған парақшаға көңіл бөлетін ұнамаған тұстарын жазады. 3 нұсқа • Бәрінен маған ұнағаны (ұнамағаны).. • Мен үшін ең пайдалы болғаны.. • Сабақ барысында мен шешімге келдім. • Сабақ барысында мен үшін басым болғаны. 4 нұсқа  Мен бүгін білдім..  Қызық болды.  Қиын болды.  Мен тапсырманы орындағанда  Мен түсіндім..  Мен енді істей аламын.  Мен сезіндім.  Мен үйрендім.  Менің қолымнан келді.  Мен жасай алдым..  Мен жасап көрейін.  Мен таң қалдым.  Сабақ менің өміріме қажетті.  Менің істегім келді. 5 нұсқа Менің қолымнан келгені. Сен өзіңді не үшін қолдайсың? Сен өзіңнің сыныптастарыңызды не үшін мақтайсың? Мен өзім үшін таптым?. Мені не таңқалдырды? Мен үшін жаңалық болды?. Сіздің көзқарасыңызбен қарағанда нені істей алдыңыз? Сіздің көзқарасыңызбен қарағанда нені істей алмадыңыз?. Менің сабақтағы жетістіктерім. Бағалар бояумен... Сабақта мен өз жұмысыма ырзамын-жасыл түс. Мен жақсы жұмыс істедім, бұдан да жақсы жақсы жұмыс істей аламын-қызыл. Өзіме ырза емеспін, қолымнан келмеді-сары түс.

13


Сабақ Мені ойлануға мәжбүр болдым. Ойлануға алып келді... Мен білдім.. Осыларды есте сақтау керек деп ойлаймын.. Мыналармен жұмыс істеу керек деп шештім.. Мен өз жұмысыммен сабақта: -қанағаттандым, өйткені... -онша қанағаттанған жоқпын, өйткені... -мүлдем қанағаттанған жоқпын... Графикалық рефлексия Әрбір орындалған тапсырманың қасына белгі қояды - орындаған ұнады - онша ұнаған жоқ - мүлдем ұнаған жоқ o – қиын болды o – онша қиын болған жоқ o – қиын емес Сабақтағы менің тұжырымым Бүгінгі ойын сабақта менің қолымнан не келді? Менің қателігім қандай? Мұның себебі неде? Келесі сабақта осы қателіктерді қайталамау үшін нені түсінуім, пайымдауым керек? Рефлексия Толықтыратын анкеталарды таратып береді, онда: Бәрінен бұрын маған ұнағаны (ұнамағаны) ... Мен үшін тиімді болғаны... Сабақ кезінде мен мынандай шешімге келдім... Сабақта ең өзекті болғаны... Өздік талдау сауалнамасы Сауалнамадағы өздік талдауды дайындағанда сөз тіркестерін сауалнаманың оң жағында тұрған жауабымен сәйкестігін тауып, жебемен біріктіреді. Сауалнаманың кейбір пункттерінің нұсқаларын ауыстырып, сабаққа сәйкес келетін сұрақтарымен, сөз тіркестерімен ауыстыруға болады. Оқушылардың жауаптарының дәлелді айтуын сұраңыз. Сөз тіркестерінің үлгісі: 1 нұсқа Мен сабақта жұмыс істедім белсенді/белсенді емес Мен сабақта өз жұмысыммен ырзамын/ырза емеспін Сабақ маған көрінді қысқа /ұзын Сабақта мен шаршаған жоқпын/шаршадым Менің көңіл-күйім жақсы болды/жаман болды Сабақтағы материал маған түсінікті/түсініксіз 14


пайдалы/пайдасыз қызықты/қызықсыз жеңіл/ауыр қызықты/қызықсыз 2 нұсқа Сабақта қарым-қатынас қандай болды? -ойын-сауық түрінде -қызықты -ерекше -іш пыстыратын -қуанышты -ақпараттық түрінде -жылы шыраймен Бүгін сабақта мен: -көп нәрсеге үйрендім -қызық болды -мен үшін маңызды болды -маған қызық болған жоқ Сабақ -мені ойландырды -әртүрлі ойларға жетеледі Өз жұмысыммен сабақта мен: -ырзамын -ырза емеспін -мүлдем ырза емеспін Бүгінгі күннің шамы (свечка) Қатысушылар айнала тұрады. Жүргізуші қасындағы тұрғанға шамды (ойыншықты) береді және бүгінгі күнгі сабақтың негізгісін, өткен сабақтың маңызды сәттерін, алынған материалдың қажеттілігін, болашақ туралы әңгімелесу, сабақ барысында алынған нақты материалды өмірде қолдану туралы талдау айтылады. Талдау еркін режимде жүреді. Сабақтағы алфавит - ассоциативті карточка Әрқайсысы А4 форматтағы парақ қағазын алады, бір не екі қатарға орыс алфавитінің әріптері жазылған. Жүргізуші 5 минут ішінде сабақтың қорытындысын ойланып, не ұнады, не ұнамады, не нәрсеге әсіресе көңіл бөлу керек, тақырып бойынша не күтілді, не болуы керек еді, ашылған жаңалықтар және т.с.с. Осы ойдың барлығын алфавиттің әріптерімен жазады. Алфавит тұсына ассоциациамен, сөз тіркестерімен жазады. Қорытындысында 15


ассоциативті карточка шығады. Кейбір әріптерді жазбауға болады, әртүрлі ойлар пайда болған әріптерді жазады. Ассоциативті карточканың мысалы: А - Айгүл мені таңқалдырды... Қ – қызық болды! Ө – өтірік айтқан дұрыс емес... Ж – жақсы топ жиналды. Осы топта болғаныма қуанамын. К – кедергісі көп осындай жаттығуларды көп жазсақ дұрыс болар еді! Б – бүгін мен өзіме ырзамын. Көз алдыңа елестетіп көр... -Көз алдыңа өзіңді таспын, кекіре гүлімін, ұшатын шармын деп елестетіп көр. Өзіңді қалай сезіндің? Сезімдеріңді салыстыр. - Бір нәрсе жеп тұрсың деп көз алдыңа елестетіп көр. Лимон ба, кәмпит па? -Сен шығарманың кейіпкерісің. Қандай? Шығарманың кейіпкері не сезінетінін көрсет. Сен не сезінесің, көрсет. Көңіл-күйің қандай? -Қуанышты, қайғыны, ренішті бейнелеңіз және т.с.с. Әрбір осындай жаттығудан кейін оқушылар өздерінің ішкі жан дүниесімен, уайымдарымен бөліседі. Оларды салыстырады, түсінуге тырысады. Осы сезімдерден не туындады? Маскасыз Аяқталмаған сөз тіркестері жазылған карточканы әрбір қатысушыға таратады. Қатысушы ешқандай дайындықсыз сөз тіркестерін аяқтайды. Мәлімдемені шын жүректен айту керек. Егер отырғандар өтірік айтқанын сезіп қойса, онда қайтадан карточка алады. Карточканың мазмұнының мысалы: -Маған бүгін өте ұнады... -Бүгінгі болған сабақтың ішінен есімде қалғаны... -Мен жұмыс істеген әріптестерімнің ішінен айтатыным... -Мен өзімді сезіндім... -Келесі жолы мен істегім келеді... «Осы жерде және қазір» жағдаяты 1. Жүргізуші әрбір қатысушыға бүгінгі өтілген сабақта өзімен және топпен не болғанын көрсетуін сұрайды. Мұны вербалды, вербалды емес, параққа салынған суреттер т.с.с. кез-келген формада жасауға болады. 2. Топтағы әрбір қатысушы болып жатқан жағдайға қызығушылығын, өзінің белсенділігін, шаршағанын жеті балдық шкала бойынша бағалайды. «Осы жерде және дәл қазір» жағдаяты Рефлексия жасау сұрақтары: -Нәтижесіне сен қанағаттандың ба? -Саған нені жасау оңай, нені жасау қиын? -Нені нені сезіндің? -Сен қазір нені көріп тұрсың? 16


-Сен үшін бұл түстер нені білдіреді? -Сен нені өзгерткің келеді? -Бейнелеу материалымен бормен, балауызбен, бояумен, тушьпен жұмыс істегенде қандай сезімдер сыналды? -Қандай жаттығу көбірек ұнады? Қайсысы тек ұнады? -Жаттығу кезінде жаман сезімде болдың ба? -Сенің көңіл-күйің қалай өзгерді? Қоштасу дәстүрі Барлығы жақсы болады! Айнала дөңгеленіп отырады. Кезек-кезек тұрып, қасындағылардың кез-келген біреуіне жақындап айтады: «Барлығы жақсы болады. Маған сен!» Достық алақан Барлығына бір парақ қағаз таратылады. Өз қолыңның контурын сол параққа сызып алу міндетті. Сол параққа барлығы өз тілектерін, мақтауларын жазады. Сабақ аяғында әркім естелік ретінде сол парақты алады. Бақыт, қуаныш, жылылық... Қатысушылар айнала тұрады. Әр ойыншы кезекпен айтады: біріншісі – «бақыт», екіншісі - «қуаныш», үшіншісі – «жылылық», төртіншісі – «бақыт», бесіншісі - «қуаныш», алтыншысы – «жылылық» т.с.с. Айнала дөңгеленіп тұрған қатысушылар «өз сөздерін алғаннан кейін», барлығы бірге: «Осының барлығын достар Сендерге тілеймін!». Осы сөз тіркестерін айтып, бір қадым алға жылжып, одан да тығыз дөңгелек пайда болады. Коллаж (виртуалды тілектер) Барлық қатысушылар параққа өз аттарын жазып, төңкеріп араластырады. Әрқайсысы араласқан, төңкерілген парақтардан біреуін алады. Кімнің парағын суырып алса, соған сыйлық-тілектер жасайды. Тек материалдық заттарды ғана емес, сонымен қатар рухани сыйлықтар жасауға болады. Таза параққа ойлаған ойыңа сәйкес суреттер, иллюстрациялық журналдардан қырқып алынған картиналарды желіммен жапсыруға болады. Жұмыс аяғында барлығы бір-біріне жағымды тілектер айтып, сыйлықтарын ұсынады. Біздің топтың жүрегі Материал: ватман қағазы, түрлі-түсті қағаз, қайшы, фломастер, қарындаштар, желім не скотч. Жүргізуші: Бір ватман қағазын алып, үлкен жүректің суретін кесіп, оны қабырғаға ажпсырып қояды. Ал енді әрқайсысы түрлі-түсті қағаздан жүректің суретін қырқып оған топ мүшелеріне өзінің тілектерін жазады. Ортадағы аппақ, үлкен жүрек дәл қазір жансыз, ол дірілдемейді, ештеңе сезінбейді. Қазір оны тірілтіп, оған өмір сыйлаймыз! Ол үшін көп нәрсе керек емес. Қолымыздағы кішкентай жүрекшелерді осы аппақ жүрекшенің бетіне 17


жапсырайық. Қараңыздаршы ол жанданып жатыр! Осы үлкен жүрек бізбен сабақ бойы соғып тұрады!

Біз біргеміз, бұл өте тамаша! Барлығы айнала тұрып, бірінің қолын бірі алып жақсы тілек айтады: «Біз біргеміз!» Елестетші, өмір жақсы! Қатысушылар кеңістікте бірқалыпсыз жүріп, неғұрлым көріп қатысушыға өмірдің жақсы екендігін түсіндіреді. «Өмір жақсы, өйткені...» Жақсы! Оқушылар айнала отырады, қандай қызықты нәрсе сен алдың, сезіндің? Өзің үшін қандай жаңалық аштың? Осыны айтып болып қоштасады. Онда арқасынан қағады, басын сипайды, болмаса жай ғана «жақсы!» дейді... «Қолын қысу» Қатысушылар бірқалыпсыз бөлме (зал ішінде) ішінде қозғалады. Көптеген қатысушыға «Бүгінгі сабаққа атсалысып...жасап, қатысқаның үшін рахмет» деп қолын қысады. Кім қатысушылардың қолын көп қысса сол ұтады. «Кешірім сұраймын» Жағылған балауызды (свеча) айналдыра жіберіп басқадан: «Мені кешіріңіз... өзім де кешірім сұраймын» «Барлығына тек ең үлкен жақсылық тілеймін!» Барлығы айнала тұрады. Көзін жауып тербетіліп тұрады да ойша қалғанына тек ең үлкен жақсылық тілейді. Сыйлық Жүргізуші қатысушыларға бір-бірімен қоштасатын болғандықтан екі сыйлық біреуі топқа, екіншісі бір қатысушыға жасайды. Қатысушыны таңдау үшін барлық қатысушылардың аты-жөнін жазып, оны араластырады. Қатысушылар бір-бірден сыйлық жасайтын оқушылар жазылған парақшаларды суырып алады. Сыйлықтарды тапсырған соң қорытындысында бір-бірінен автограф алып, өлеңдер айтады. Жақсы күн үшін рахмет! Жаттығу айнала тұрып жүргізіледі. Бір қатысушы ортаға шығады. Қасына басқа біреуі жақындап айтады: «Жақсы күн үшін рахмет!» Бір-бірінің қолын ұстап ортада тұрады. Содан кейін келесісі ортаға жақындайды. Екеуінің бірінің қолын қысады да «Жақсы күн үшін рахмет!» деп айтады. Осылай барлығы ортаға 18


жиналғанша жалғаса береді. Аяғында барлығы қолдарын қысып, бір-бірінің көзіне қарап «Жақсы күн үшін рахмет!» дейді. Қол шапалақ Жүргізуші бір-бірін қол шапалақпен құттықтайды. Қол шапалақпен мадақтайтындай еңбектенгендіктен ол басқаны да қол шапалақпен мадақтайды. Барлығы қол шапалаққа шомылады. Менің көршімде қандай жаңалық бар? Қатысушылар айнала тұрады. Жүргізуші тапсырма береді: бір-біріне мұқият қарап, сол адамның бүгінгі көңіл-күйі қандай, өзін қалай көрсетуде соған көп көңіл бөледі. Үш минуттық үзілістен кейін жүргізушіден бастап бірбіріне бүгін сол адамнан ерекше не көргенін айтып доп лақтырады. Жүргізуші ешкімді қалдырмауға тырысады. Баға қойылмайтын кері байланыс түрі, талқыланған сұраққа сіздің қатысыңыз болмайды. Әріптестің іс-әрекетіне тікелей араласпай нақты ойын жеткізуге көмектесу немесе адамның сезімін көбірек білгіміз келгенде баға қойылмайтын кері байланысты қолданамыз. Анықтау, эмпатия, нақтылау тәсілдері арқылы баға қойылмайтын кері байланыста мақсатқа жетеді. Кері байланыстың екі түрі де рефлексивті емес және рефлексивті (белсенді) тыңдау кезінде жүргізіледі. Рефлексивті емес тыңдау - әріптестің сөзіне өз ескертпелерін араластырмай, сөйлемей мұқият тыңдау рефлексивті емес болып табылады. Сыртқы пассивті мінез-құлқы шын мәнінде физикалық және психологиялық назар аударуды қажет етеді. Пассивті мінез-құлық шын мәнінде үлкен шиеленіс туғызады, сондықтан физикалық және психологиялық қамқорлық қажет. Әріптес терең сезіммен, тиімді талдау жасап, ашу мен қайғыны аз жауаппен жеткізсе, онда рефлексивті емес тыңдау пайдалы болады. Рефлексивті емес тыңдау кезінде қысқа түрде «ия», «өте қызықты», «түсінемін», «мен үшін бұл сүйсінерлік», «толығырақ айтсаңыз» сияқты сөйлеп тұрған кісіге қақпай сөздерді немесе вербалды емес сыпайы ишаратпен, ыммен, басты иіп бекіту қолданады.

19


Рефлексивті (немесе белсенді) тыңдау— бұл объективті кері байланыс нақты сапалы бақылауды пайдаланып, естігенді, айтатын сөзді қабылдау (жағдаяттарда қолданады, шешімін таппаған мәселелерді анықтағанда эмоционалдық көмек ретінде) кезінде пайдаланады. Кері байланыс келесі формаларда болады: түсіндіру баға қойылмайтын бірақ, оны пайдалана отырып қосымша ақпарат, белсенділікке жетелеу, адамды сөйлету мақсатымен немесе оны тыңдауға ықылас білдіру, дайындығын көрсетеді. Жағдайды білу құралдары «тағы да қайталаңыз», «нені айтқыңыз келіп тұр, дәлелдеңіз», «тағы қосқыңыз келеді ме?» сияқты сұрақтар қойылады. Сезімі көрініс тауып, назар аудартқанда, хабарлар мазмұнына емес, айтушының сезіміне, эмоционалдық динамикті ептілігіне көңіл бөлінеді. Ауызша емес сигналдары және айтқанының арасында елеулі айырмашылық байқалған жағдайларда осы техниканы пайдалану маңызды болып табылады. Өзін-өзі бақылау жағдайында олардың эмоциялық күйін түсінген кезде рефлексия арқылы мағынасы ашылуы үшін анық сөйлеп сезімі көрініс табады. Басқа адамдардың сезімдеріне эмоционалдық жауап беру өзара түсіністік үшін өте маңызды болып табылады. Ақпарат маңызды болған кезде, адам эмоциясын танытады. Осы жағдайда тыңдаушының міндеті түсіне ме, жалпы сезімін бөлісе ме соны әріптесіне көрсету. «Сіздің нені сезінетініңізді мен білемін» орнына «Сіз тітіркенген сезімдесіз...», «Меніңше Сіздің не сезгеніңізді...», «Мен үшін қам жемеңіз...» өте кең тараған фраза айтқан ұтымды. Сезімнің оянуы әңгімелесушінің психологиялық мәдениетін, сыпайылық және сезімталдығын, олардың барлық шынайы қабілетін жанашырлықпен болжайды.

Әріптестің негізгі идеялары мен сезімін қайталап қорытындылау, айтылған әңгіменің фрагменттерінің мазмұнын біріктіріп қосу үшін көмектеседі. Әр түрлі кері байланысты шебер жүргізетін коммуникатор (мұғалім), тиісті жағдайларда пайдаланатын, тыңдау мәнерлерін, стильдерін игергенде оқушы құзыретті бола алады.

20


Дебрифинг Кері байланыс дебрифингі дегеніміз не? Ол «Дебрифинг (ағылшын тілінде етістік «Debrief») «тапсырманы орындау есебін сұрау» дегенді білдіреді. Орыс, тіліндегі туысқан сөз «брифинг» С.И. Ожегова сөздігіне сәйкес. Қосымша «де» қарама-қарсы әсер, кері дегенді білдіреді. Демек, белгілі бір мағынада алмасу әсерлерімен брифингке кері процесс болып табылады, яғни сұрау, қайта сұрау жүзеге асады. Қарым-қатынас барысында сұрақтың жауабын біле отырып, ол әріптесінің өз бетінше бір шешімге келуі үшін сол адамнан сұрайды. Аудиторияға мәселені, сұрақты «жақсы білетін» рөліндегі оқушыға қайтып қою, аударудың өзі дебрифинг деп аталады. Әлеуметтік психологиялық тренингтерде ғана емес, жалпы оқыту саласында талдау кеңінен қолданылады. Дебрифинг талдау - әріптестермен талқылауда нені және қандай жолдармен жақсартуға болатынын және олардың мінез-құлқы сақталуының жолдарын анықтайды. Дебрифинг талдау белгілі іс-қимылдан кейін жеке және топтарда, жұмыс жағдайларында жүргізілуі мүмкін. Т.Расселдің айтуынша дебрифингті басшысы оның қызметкерлері үшін өткізгенде жайлы атмосферада ғана ашық пікір алмасу әсерлерімен жақсы үлес қоса алады. Дебрифинг талдау теориялық және практикалық сабақтардың нәтижелерін топтастыруда пайдалы болып табылады. Жаңа дағдыларды, алынған ақпаратты қолдану кезінде әріптестер арасында пікірталас, талқылау мүмкіндіктері орын алғаны жөн. Дебрифинг дағдыларын жақсартып (білім, дағдылар) қана емес сондай-ақ, осы дағдыларды қондырғылармен жұмыста қолдануда пайдалы, білімі мен біліктілігін дамытуға көмектеседі. Дебрифинг талдауды оқыту тиімділігін бағалау үшін пайдалануға болады. Бұл үдерісте, әріптестерді оқытуда жетекшілер мен ұйымдастырушылар әріптестермен рөлдерін айырбастайды, кері байланыс әріптестерден жетекші мен ұйымдастырушыларға қарай бағытталады, ал дебрифингтің қорытынды тақырыбында тренингтің процесі, оның салдары мен нәтижелері ескеріледі. Әлеуметтік-психологиялық тренингте дебрифинг талдауы ең маңызды орындардың бірі болып табылады. Қорытынды шығарғанда «икемді дағдылар» жағдайында, яғни басқа адамдармен өзара байланыста нақты дұрыс немесе бұрыс шешімдері болмайды. Сонымен қатар тренингтегі жаттығулар топтық процестерде әрбір жекелеген қатысушының мінез-құлқын талдауға бағытталған даярлау жүзеге асады және талдау үшін әдетте ұзақ уақыт топ көп мөлшерде ақпарат жинайды. Мұндай жаттығуларға бірнеше сағат кетуі мүмкін, дағдыларын пайдалану әрбір оқушыны оқытып, кері байланыс өткізуге уақыт мүмкіндік бермейді. Топтық жұмыста дебрифинг қатысушылардың (оқушылардың) негізгі дағдыларын талқылауда қайта жаттығуға шолу жасаудың бірден-бір жолы және қорытындылауда толық үйрететін әдіс. Дебрифингтің мақсаты - тренингте қаралғандай мәселені шешу үшін әртүрлі көзқараспен қарап және ұқсас жағдайларды талдауға мүмкіндіктер береді. Дебрифингке мұғалім және оқушылардың барлығы қатысады. Өз-өзіне талдау жасап, оқушының өзі бір мезгілде кері байланыста қарым-қатынасты жүзеге асырушы (коммуникатор) және оның мүшесіне айналуы дебрифингтің негізі болып табылады. Мұғалімге (реципиент) сұрақ қоя отырып, жүргізуші 21


кері байланыста жетекші қарым-қатынасты жүзеге асырушыға (коммуникаторға) айналады. Әлеуметтік - психологиялық тренинг кері байланыстың негізгі орны және диалогтік коммуникативтік ортасы болып табылады. Мұғалім өз міндеттерінің жеткіліксіз өнімділігін, ұнамағанын көрген болса, онда ары қарай не істеу керектігін нақты оқушыға хабарлаған тиімді. Дәстүрлі жолмен жүргізілген кері байланыспен салыстырғанда дебрифингтің алмасу әсерлерімен бірқатар артықшылықтары бар: 1) оқуға қатысуда ынталануы артады; 2) кері байланыс оң әсермен ерекшеленеді; 3) кері байланысты жетілдіреді; 4) түрлі қарым қатынастар болған жағдайда қатысушыларды ынталандырып жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Неліктен кері байланыс дұрыс жүргізілмеуі мүмкін?  Ойлануға уақыттың жетпеуі, менің ескертпелерім тиімсіз, қажетсіз болуы, ол оқыту мақсатына бағытталмауы мүмкін. Бұл кемшілікті жою үшін оқыту мақсаты мен табыс критерийін біле отырып, оқушылар түсінгенше сұрақтар қою керек.  Оқушылар менің айтқанымды тыңдамауы не қабылдамауы мүмкін. Кемшілікті жою үшін айтылым мен тыңдалым ережесінің негізінде терең талдау жасаған тиімді.  Барлығы қысқаша түрде жазылады. Ия, өте қысқа бірақ, кемшілікті жоюда мұғалімнің айтқанын талдап, келесі қадамды ойлану қажет. Ол үшін ойлануға уақыт беріледі, кейінірек өз түсінгендерін қысқаша түрде дәптерге түсіруді үйренеді. Кері байланысты ұйымдастыру Мектепте көптеген жағдайлар кездеседі. Мысалы: топқа бөліну, сабақ айту, ұсыну, тәжірибе көрсету, талдау, кері байланыс жасау және т.б. Бұл іс – амалдарға белгілі тәртіппен формада ережелер құрылады оны басқа сөзбен айтқанда – этикет деп айтамыз. Яғни, іскерлік этикет деген сөз. Тиімді кері байланыс жасау үшін белгілі тәртіп құрылады. Олар мектептегі мұғалім мен оқушылар арасында және өздерінің арасындағы байланыста бір-біріне қарама – қарсы және қарым – қатынастарында іскерлік этикеттің барлық талаптарын орындайды. 1936 жылы Дейл Корнеги жазған: «әр – бір адамның кез-келген істе жетістікке жетуі 15 оның кәсіби біліміне, ал 85 адамдармен қалай сөйлесу керектігіне байланысты. Бұл мектепте сабақ бойы іскерлік этикеттің керектігін айтады. Біз бұл іскерлік этикетті оқып үйрену үшін оның принциптерінен бастауымыз керек. Р.Н.Ботавин өзінің «Тиімді кері байланыс құрудың қатынастары» деген кітабында, сабақта іскерлік этикеттің келесі принциптерін белгіледі: 1. Таза ой. Тиімді кері байланыс құрудың талаптары айқын мағынаға ұқсауы керек. Ал айқын мағына жұмыс уақытының жағдайын болжайды, сабақтағы жағдайдың дұрыстығын қамтамасыз етеді. Кері байланыс жасауда оқушының ұйымшылдығымен жүзеге асқанын көрсетеді. 22


2. Бостандық. Тиімді кері байланыс құрудың барлық принциптердің дұрыс орындалуы және оқушылардың мәдениеті, тілі және дініне мұғалімнің жақсы қарауы керек. 3. Мәдениеттілік. Бұл тиімді кері байланыс құруда моральдық сенімді болу. Әрбір оқушы өздерінен бастап жақсыны қалап тұру керек, яғни көркем мінезде болу керек. 4. Қолайлылық. Тиімді кері байланыс құрудың вербалды негізі. Тиімді кері байланыс құру - дегеніміз оқушының жұмыс кезіндегі және мұғаліммен сабақ кезіндегі тәртіп ережелерін талдау, сақтау. Тиімді кері байланыс құрудың міндеттері: 1. Көзқарастың қалыптасуы 2. Тиімді кері байланыс құрудағы тәртіп 3. Сыпайылылық 4. Ұқыпты сөйлеу 5. Көңіл аудару 6. Жұмыс тәртібі 7. Сабақта мәдениеттіліктің болуы Тиімді кері байланыс құруда көптеген заттар белгілі болады. Кері байланыс пен сыни көзқарас арасындағы басты айырмашылықтың себептерін анықтауда баға қойылмағандықтан оқушы неге жағдай басқаша емес осылай болғанын түсіндіреді. Енді тәжірибеде кері байланысты жүзеге асыру жолдары туралы қосымша егжей-тегжейлі қарастырайық. Мұғалім (дұрыс нақты жағдайда) оқушымен кері байланысты бастау үшін келесі екі сұраққа жауап беру пайдалы болып табылады. Оқушы не болып жатқанын дұрыс қабылдады ма? Ол шешімін таппаған мәселені түсінді ма? Кері байланыстың қажетті шарты - бағаланады жəне бағалаушылар бағаланатынын біледі. Оқушылар өзара кері байланысты жақсарту қажет кейбір ұпаймен келісуі тиіс. Мұғалім «Не, Қандай қате? Барлығы дұрыс деп ойлаймын!» деп ойланбай айтқаннан гөрі, «Ия, осы жерде мен сәл қателестім?» деп рефлексивті түрде жалғастыру мағыналы болады. Бірінші кезең мұғалім оқушыдан шешімін таппаған мәселеде уақыттың жетпеуі, шеберліктің болмауы, кездейсоқ қате немесе кедергі туындаған жағдайдың себебі туралы пікірін сұрай алады. Мұғалім мынадай сұрақ қояды: «Сіз осы жағдайдың өзінде бізге белгілі шешімін таппаған мәселелер неліктен пайда болды деп ойлайсыз? Қандай себебі бар?» «Сіз қатені қай жерде және қандай деңгейде жібердіңіз?», «Сабақтың қай сәтіне дейін барлығы жақсы болды?». Осы сұрақтардың ойластырылған жауабы шешімін таппаған мәселені шешуге көмектеседі. Сөйлеу кезіндегі негізі элементтер: пікір алмасушыға жиі аты бойынша ойыңызды білдіріңіз, ешуақытта пікір таласушының жасы, киімі, салмағы, ұлты бойынша сұрақ қоймаңыз, жұмыс кезінде уақытты минимумға дейін қысқартыңыз, сөйлесуді, сұраққа жауап беруді аяқтау үшін бір бағыттық сұрақтар қойыңыз. Келесі қадам оқушыларға сондай-ақ басқа оқушыларға қатысты орын алған, шешімін таппаған мәселелердің әсерлеріне бірлескен зерттеу жүргізеді. 23


Осы кезде өзіңізге сенімдік ұялату, әңгімелесу затымен айналысу, сұрақты дұрыс қоя білу, қызықты фактілерді білген сайын адам өзін еркін сезінеді. Сөйлеу темпі, оқушыға сөйлеуде психологтар 20 астам интонация бар екендігін есептеген. Оқушымен сенімді байланыс құру өте маңызды. Осы тұрғыдан мұғалім, сұрақ қояды: «Сіз осы проблемалық жағдайдың салдары болады деп ойлайсыз ба?» Бұл проблемалық жағдайда сіз осы қиындықтарды жеңуге қабілеттісіз бе? Бұл проблема егер үнемі қайталанатын болса, нәтижесінде қандай жағдайлар орын алуы мүмкін? Осы сұрақтардың мақсаты айқын оқушылардың хабардарлығын, жауапкершілігін арттыру қажет. Тиімді кері байланыстың тағы бір компоненті - қызметкерге орын алған мәселені шешуге жағдай жасау және осыған қатысты кейбір қарсы ұсыныстар енгізуді жоспарлап отыр. Бiлiктiлiгiн арттыру немесе қадағалау туралы ұсыныстар іс-қимылдың нақты және кәсіби өсу жоспарының бөлігін құрайды. Бұл үшінші және қорытынды кезеңі болып табылады. Оқушының пікірін тыңдағаннан кейін «Сізге табысты болуы үшін не қажет?», «Қандай ресурстар қажет?», «Көмектесу үшін мен не істей аламын?», - деп мұғалім сұрайды. Көшбасшы сынды болдырмайды және ақпаратпен алмасу бағасыз формада жүзеге асады. Оң өзгеруге ықпал етуі үшін бұл ақпарат нақты және объективті болса маңызы артады. Сондай-ақ, кері байланыс қорытынды бақылауда азайтылмайды. Барлығын бақылаудың қажеті жоқ, Сіз ықтимал қателерді болдырмау үшін оқушыға қажетті ең маңызды сәттерге баса назар аударып көмектессеңіз жеткілікті. Оқушының жеке ерекшеліктері мен кері байланыс сипаттамалары арасында байланыс орын алады. Кері байланыстың ерекшеліктеріне тоқталайық. Мақсатты, тәуелсіз, еңбекқор оқушылар кері байланысты қамтамасыз ету үшін мұқият дайындық (фактілер, материалдарды, жоспарларды, есептерді және т.б. дайындайды) жасайды. Мұғалім шыдамды болып және қателерін топпен дұрыстауда тікелей қарсы айтылмай сындарлы әңгіме айтылуы тиіс. Мақсаты: сенімді ашық диалогтың шарты ретінде кері байланысты сабақтың нәтижесі бойынша беруге және алуға үйрену. Міндеттері:  кері байланыс тұжырымдамасын, байланыс және оның функцияларын қарау;  кері байланыс ережесін анықтау;  кері байланысты және көрсетілім дағдыларын меңгеру; кері байланыс жағдайында субъективті бақылау дәрежесін арттыру;  қауіпсіз сындарлы сын алып, оны нақтылауға үйрену;  айналасында адамдардың ақпараттарымен өз білімін толықтыру. Аудиториялық жаттығуларда өткізгенде рефлексия дағдыларын өмірде қолдануға түсінуге, үйренуге тырысады. Кері байланыс ережесін сақтайық: 1.Кері байланыс нақты болады. Бұл шын мәнінде болған нақты іс-әрекеттер оның жұмысы жайлы айтылады. Негізсіз қорытуға және болжауға жол берілмейді. 24


2.Ол объективті болуы керек. Субъективизм ол тарихи мәліметтер, түсініктеме, арнайы нысандарда нәтижелер ғана сөйлейді. 3.Дәлелді болуы керек. Кері байланыс бергенде оң және теріс мысалдар сәйкестігін сақтау қажет. Пікірлердің айтарлықтай көп маңызды басымдығы ұсынылады. 4.Ол түсінікті болуы керек. Оқушы не айтып және қалай бағаланып жатқанын түсінуі қажет. 5.Оқушы мен оның мүмкіндіктері тұрғысынан сәйкес келгені тиімді. Оқушының пікірін мұқият тыңдаған дұрыс. Осы кезде оқушыға кері байланысты қабылдап және қолдану оңай болады. 6. Кері байланыс оқушыны дамытуға бағытталған және іс-қимыл жоспары жасалады. Оқушының қажеттілігі мен оның мiнез - құлқын өзгерту үшін бірнеше нұсқаларын ұсынады. Сіз оған сындарлы емес пікір қалдырдым деп қорқасыз ба? Біз өзімізді сезінуді және қалай жұмыс істеу керек екенін түсінеміз. Ол оң нәтиже берсе, диалогты жалғастыруға мүмкіндік болады. Іс - әрекеттегі кері байланыс кезінде оқушымен қарым-қатынаста оның сөздеріне мұғалім қандай сезімде болады соған қарай байланыс жасап, әрекет етеді. Оқушы егежейтегежейлі талдау үшін оған мұғалімнің сөйлеу және мінез мүмкіндіктері, ашық және проблемаларды көрсетіп, ынталандыруға көмектесу немесе керісінше оның жағдайын нашарлатуы да мүмкін. Талқылау. Басқа оқушыға көзқарасыңды қалай білдіруге болады? Сіздің серігіңіздің мінез - құлқы байланысқа түскенде көмектескен немесе кедергі болған жағдайды ойлап көріңізші. Бұл қай жерде көрініс тапты? Сіз не сезіндіңіз? Мұғалімнің оқушыны қаншалықты қабылдайтынын, құнды пікірлерін құптайтынын білу оны қызықтырады. Әртүрлі адамдардың өзі туралы ойын білу оның жаңалық ашуына көмектеседі. Меніңше адамдарды ренжітпес үшін келесі ережелерді ұстанған дұрыс: 1.Сұраған кезде ғана кері байланыс беріңіз. 2.Өз ойларыңыз бен сезімдеріңізге себепші болған істерді нақты айтыңыз. Оқушыға жалпы айтпаңыз. «Сіз қарым-қатынас жасауды білмейсіз!» деп айтуды пайдаланбағаныңыз жөн, «Сіз сұхбаттасушының ойын бұздыңыз, өйткені, тыңдап отырған жоқсыз оның көзқарасын түсінуге тырыспадыңыз» деп жұмсақ айтуды әдетке айналдырыңыз. 3.Басқа адамды қорлайтын сөздерді айтпаңыз. 4.Оқушылар әртүрлі болғандықтан әрқайсысыңыздағы айырмашылықтарды бағалаңыздар. 5.Ақыл айтпаңыз. «Мен Сіздің орныңызда болсам...», «Сен міндеттісің...» деген сөздерді айтпағаныңыз жөн. Таңдау мүмкіндігін беріңіз, не істеу керектігін ол жақсы біледі. Талқылау. Сіз қарым-қатынаста кері байланыстың ережелерін ұстайсыз ба? Қоршаған орта оны қалай сақтайды? Сіз өзіңізден тағы қандай ережелер қосар 25


едіңіз? Жазбаша түрдегі кері байланысқа мынандай даяр үлгілер беруге болады: «Өзіме хат» Мен білдім Мен таңдандым Өзіме ашқан жаңалығым Мынандай қорытындыға келдім Мен түсіндім деп аталатын байланыс арқылы оқушы бүгінгі сабақ туралы толық ойын жазады. Сабақ соңында оқылады. Жаттығу. «Мағыналы тұлғалар». Дәптерге Сіз үшін маңызды үш адамның суретін салыңыз. Неліктен олардың ойлары Сіз үшін маңызды? Талқылау. «Маңызды адамдар» кімдер? Олар қалай маңызды адамға айналды. Ең маңызды үш адамы барлар қолдарыңды жоғары көтеріңдер? Басқалардың пікірлері қаншалықты маңызды? Сіз олардың пікіріне байланысты аз (немесе одан да көп) болуды қалайсыз ба? Осы мақсатқа қалай жетуге болады? Сізбен жақсы байланысуы үшін оқушымен ашық және адал болуыңыз керек. Өзіңіз табиғи болыңыз. Мейіріммен қарап, шын жүректен адал болсаңыз оқушы Сізге сене бастайды. Кері байланыс нәтиже беру және шеберлік қана емес сонымен қатар олар шешімін таппаған жағдайға қатысты өз пікірлерін ашық білдіру батылдықты талап етеді. Жаттығу. «Инкогнито Автопортрет» Жеке парақта өз автопортретіңізді салыңыз: күлкілі карикатура, таңбалар, жануарлар немесе тағы бір нәрсе түрінде болады. Барлығы өздерінің портреттерін мұғалімге тапсырады және сабақта олардың бейнелерін таныстырады. Кері байланыста ашықтық, адалдық, «бетпердесіз байланыс» болуы тиіс. Нәтиже беру үшін сенімді ашық диалог жүргізіледі. Оған: — кері байланыс тұжырымдамасын қарым-қатынаста қарастыру; —кері байланыс ережелерін анықтау; —көрсетілім дағдыларын және кері байланысты меңгеру; —кері байланыс жағдайында субъективті бақылау дәрежесін арттыру; — қауіпсіз сындарлы сыналып, оны нақтылауды үйрену жатады. Мынадай жаттығулар қақтығыстар туындатуы мүмкін, бұл кезде мұғалім ескерту жасайды. Кері байланыс ережелерін сақтау туралы оқушылардың естеріне сала кетейік. Мұнда тек әзіл талқылауға мүмкіндік береді. Сабақ барысы: Іс-әрекетке кері байланыс аламыз және береміз. Кері байланысты жүзеге асыру кезінде ережелерін ескеріңіз. Жаттығу. Топта 6-8 оқушымен орындалады. Айнала отырамыз. Көшбасшыдан бастап, өз кезегінде оңға қарай көршімен қарым-қатынас жасап, байланысу және оның қасиеттерінің бірі көмектесу болып табылады. Қысқаша өз көзқарасыңызды түсіндіріңіз. Осы əрекетті орындаңыз. Осылай 3-4 айналым жасаңыз. Жаттығу. «Ыстық орындық» 6-8 оқушымен орындалады. Топтың алдына шығып өзінің пікірінше, қарым-қатынаста оның күшті және әлсіз жақтарын айтады. Сипаттауда ынталандырылады және өздері туралы ойнақы көзқараспен 26


ешнәрсені жасырмай айтады. Содан кейін өз кезегінде топтың әрбір мүшесі оған ол туралы қозғаушы пікірлерімен бөліседі. Көшбасшының өтініші бойынша ол топтың пікірін білгісі келеді, басқа да мәселені талқылай алады. (Ол жақсы дос бола біледі ме? Өзі туралы әртүрлі көзқарастар айтылады). Содан кейін өз кезегінде топтың әрбір мүшесі ол туралы келісуге болмайтын, болатын тұстарымен бөліседі. Кері байланысты сақтаңыз! Келесі оқушы «Ыстық орындыққа» отырады. Жүргізу өтініші бойынша ол топтың пікірін білгісі келеді және ол туралы кез келген басқа да мәселені талқылай алады. Көшбасшының мақсаты - топты сендіру және өзі туралы көзқарасты көбірек білу. Талдау. Кері байланысты беру және қабылдау қарапайым мәселе емес төзімділікті, әділ сөздер мен пікірлерді салмақтауды, алдын-ала талқылауды талап етеді. Ең қиыны қай жері болды? Кері байланыс беріп оны қабылдағанда өзіңізді қалай сезінесіз? Жаттығу. «Неге ұқсайды?» («Ассоциациялар»). Топта 7-8 оқушыдан тұрады. Бір оқушы есіктің сыртына шығады. Топ адамды жасырады, қалған мүшелері жасырын адамды сипаттайтын мәселелерді жеткізеді. — Ол қандай гүлге (ағашқа) ұқсайды? — Қандай кітаптың кейіпкеріне ұқсайды (фильм)? — Түсі қандай? — Қандай құсты естеріңе түсіреді (жануар)? — Қандай ауа райымен салыстырады? — Басқа сұрақтар?… Көшбасшы шақырады және жасырын адамды салыстырып табады. Содан кейін келесі оқушыны таңдайды. Lesson Study ұсыныстар сабақта бақылау және қорытынды шығару үдерісін жеңілдетуге арналған. Бұл ережелер көп сындарлы және тиімді ұйымдастырылған жұмыс жасауға арналған. Олар кері байланыста көрінетін сынды азайтуға арналмаған. Сабақты бақылағанда: 1. Сабақты жоспарлағанға мұғалімдер көмектесе отырып, сабақтың жүріп жатқан процесіне кедергі болмайды (оқушылардың шешілмеген мәселесіне көмектеспейді). Оның ішіндегі бақылаушылар жұмыс істеу кезінде сыныпта қозғалып жүреді. 2. Сыныпта өз бақылауларын, ескертулерін жоспарға енгізу арқылы жақсы идеяларын жеткізеді. Бұл іс-әрекет бақылаушыларды сыныпта мақсаттары мен бағыттарына ғана назар аудармайды сонымен қатар кері байланыс қамтамасыз ету үшін өз пікірлерін ұйымдастыруға көмектеседі. 3.Байқаушылар бақылауды бөліп алуы жақсы идея болып табылады. Әдетте жоспарлауға мұғалімдер қатысады. Бір байқаушы уақыттың сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мұғалім осы байқауға дайындалы тиіс: бақылаушылар кері байланыс жасау кезінде оңай бақылауы үшін, балаларға ескертулер жасау, талқылай алуы үшін жасалады. Кері байланыс сессиясына дайындық жасау кезінде: 27


1. Демалу және ойларын жинау үшін сабаққа қатысқаннан кейін үзіліс алуы тиіс. 2. Сабақты жоспарлаған топ талқылау дұрыс өтуі және көмектесуі үшін рөлдерді өзара бөлуі керек. Рөлдер мыналарды қамтиды: модератор/ фасилитатор (сабақ бастаған мұғаліммен бірге жоспарлау тобының мүшесі) уақыттың әміршісі және тiркеушiсі болады. 3.Кері байланыс сессия барысында сабақ жоспарлаған мұғалімдер бөлменің алдында бірге отыруы тиіс. Мұндай отырудың мақсаты топ түгел жаңа идеяларын атап және кері байланыс жасау үшін керек. Сабақ туралы бірге кері байланыс жасау ұсынылады: 1. Модераторы кері байланыс сессиясын талқылаудан бастайды (мысалы, «біз бірінші сабақ жоспарлаған мұғалімдерді тыңдайық...» содан кейін жоспарлау тобының мақсатына қысқаша тоқталады. 2. Бірінші сабақ бастаған мұғалім оның сабаққа реакциясын, содан кейін жоспарлау тобының басқа да мүшелері түсініктеме береді. Іс жүзінде сабақ мысалы: Сабақтың қай сәтін өзгертуге болады? Қандай жұмыс жүзеге аспады? (Қандай жұмыс істеді?) кезінде не болғанын шешу керек. 3. Жоспарлау командасы мұғалімдерге сабақты жоспарлау кезінде қандай мәселелері көтерілгенін айтуға сондай-ақ, осы мәселелер білім беру проблемаларын шешуде қалай қаралғанын сипаттауы тиіс. Кері байланыс тәсілімен сабаққа екінші рет зерттеуді жүргізсе, онда топ мүшелері екі сабақтың арасында қандай өзгерістер болғанын және ол өзгерістермен сабақтың мақсаттарының байланысын түсіндіреді. 4. Сабақ мақсаттарына байланысты кері байланыс беруде жоспарлау тобының мұғалімдері оларға байқаушыларын жібереді. Бақылаушылар осы міндеттерді шешуде мұғалімдерге көмектесіп сабақтар бойынша пікір алмасады мысалы: «Неге осы мәселені шешу үшін осы нөмірлерді таңдадыңыз?» 5. Бақылаушылар берген кері байланыс кезінде олар жақсыдан бастау керек яғни, сабақ жақсы жоспарланған ұстаздар қауымына алғысын айтып, маңыздылығын атап өтіп, байқаушылар аяғында жұмыстағы кейбір кемшіліктерге назар аударуды сұрайды. 6. Әрбiр бақылаушы сабақтың нақты кезеңіне түсініктеме беріп, өз пiкiрiн бiлдiріп, басқа да бақылаушыларға талдауға мүмкіндік береді. Осы рәсім кері байланысты талқылауда бір бақылаушы үстемдік етпей басқалар да пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік береді. 7. Топ логикалық талдауды аяқтау үшін таймкипер берілген уақытты есептеп отырады. Мұғалімдер кері байланыста өз қызметiнде терең теорияларды талдауға бейім ал, абстрактілі деректермен жұмыс істеуде қиналады, сондықтан, олар ізденіп, көптеген әдебиеттерді оқып, интернет материалдарынан көп дайындалуды қажет етеді.

28


Қорытынды Осылайша кері байланыс оқып, естіген және көргеніне реакция жасайды. Ақпаратты игеру және қабылдау дәрежесін көрсете отырып, оқушыға жіберіледі. Мұғалімдер дұрыс қарым - қатынас жасау, барлық әдістерді қолдану мүмкіндігін игеруде тиімді кері байланыс орнатуға көмектеседі. Кері байланысты пайдалану басқалармен қолайлы қарым - қатынас орнатуға, қатынастағы қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Кері байланыс жасағанда белсенді дамуын қадағалап, пайдалы шешім қабылдауды жүзеге асыру тиімді. Сонымен қатар мұғалім кері байланысты нақты, анық, түсінікті етіп, уақтылы қамтамасыз етуге ұмтылады. Тиімді кері байланыс орнатудың бір жолы дебрифинг болып табылады. Зерттеуге мән берсек, дебрифинг кезінде кері байланыс орын алады және мұғалім алынған ақпаратпен жұмыс істейді. Мұғалімге дебрифинг кезінде сындарлы қорытынды жасауға мүмкіндік береді және өз даму әлеуетін іске асырады. Қорытындылай келе, кері байланыстың мағынасы өзі туғызатын реакция екенін атап өткен жөн.

29


Пайдаланған әдебиеттер 1. Морозов А.В. Деловая психология. Курс лекций: Учебник для высших и средних специальных учебных заведений. – СПб.: Издательство союз, 2000 – 576 с. 2. Основы теории коммуникации: Учебник /Под ред. проф. М.А. Василика. – М.: Гардарики, 2006. – 615 с.: ил. 3. Панфилова А. П. Деловая коммуникация в профессиональной деятельности: Учебное пособие. – з-е изд. – СПб.: ИВЭСЭП, Знание, 2005.- 495 с. 4. Рассел, Т. Навыки эффективной обратной связи. СПб., 2002. 5. Теория и практика общения: учеб. пособие для студ. сред. учеб. Заведений А.П. Панфилова. – М.: Издательский центр «Академия», 2007. – 288с.

30


Рабиға Мусабекова САБАҚТАҒЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС ӘРЕКЕТІН ЖОСПАРЛАУ

Әдістемелік нұсқаулық

Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты баспаханасында шығарылған ____________________________________________ Басуға 23.10.2015 жылы қол қойылған Пішімі 60х90 1/16; Есепті беті 1,9


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.