SAQSHY/65

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІ

№65 (4423)

ГАЗЕТ 1933 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАЛАРЫ – БАСТЫ МІНДЕТ Елбасының тапсырмаларын уақытылы əрі сапалы орындау – депутаттардың басты міндеті. Парламент Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев Сенат Бюросының отырысында Парламент жоғарғы Палатасы жұмысының негізгі бағыттарын белгіледі. Парламент Президенттің бес əлеуметтік бастамасын жəне кешенді əлеуметтік-экономикалық ісшараларды қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды заң жобалары бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады. Сонымен қатар, инфрақұрылымдық жəне индустриялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған заң жобалары да бар. Ақтауда өткен Каспий маңы мемлекеттерінің V саммитінде бес мемлекеттің президенттері қол қойған Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі туралы конвенция да ратификацияланатын болады.

Тамырлас елдердің келешегі ортақ

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында өткен Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VI саммитіне қатысты.

Жалпы алғанда, қазіргі кезде Парламентте елуден астам заң жобасымен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тек Сенаттың қоржынында 8 заң жобасы болса, оның ішінде дін мəселелері, жарнама, стандарттау туралы құжаттар бар. Сенаттың алдағы отырысы 6 қыркүйекте өтеді. Палата Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам жəне Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тəртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы; Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан мен Өзбекстан Үкiметтерiнің арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын қарайды. Отырыста одан басқа электрондық жүйені пайдалануды бақылау жəне жұмысын қамтамасыз ететін адамдар жөніндегі комиссия құру туралы мəселе қаралады. Бюро жұмысын аяқтай келіп, Сенат Төрағасы депутаттар жұмысының сапасын арттыруға, сондай-ақ, парламенттік бақылаудың рөлін күшейтуге əріптестерінің назарын аударды. «Əрбір парламенттік тыңдауда қабылданған ұсыныстардың орындалуы комитеттердің тұрақты бақылауында болуы тиіс», – деп атап өтті Қ. Тоқаев.

ƏБІЛЯЗОВ ІСІ АЯҚТАЛДЫ Б а с п р о к у р а т у р а « Б ТА б а н к і » А Қ басқармасының бұрынғы төрағасы Е. Тəтішовті өлтіруді ұйымдастыру фактісі бойынша Мұхтар Əбілязовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтады. «2018 жылдың 17 тамызында Əбілязовтің əрекеті Қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-тармағы, 96-бабының 2 тармағы «ж», «з» тармақшалары бойынша сараланды. Бас прокуратура Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 294-бабына сəйкес, күдікті Əбілязов пен оның қорғаушыларына тергеу іс-қимылдары өндірісінің аяқталғанын жəне қылмыстық іс материалдарымен танысудың басталғанын хабарлайды», – делінген таратылған ақпаратта. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 296-бабына сəйкес, күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша олар істің материалдарымен бірге немесе бөлек таныса алады, кез келген мəліметті жəне кез келген көлемде көшіріп алуға, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мəліметтерді қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқылы. Қылмыстық іс материалдарымен танысу Бас прокуратураның өкілдік ғимаратында 2018 жылғы 5 қыркүйекте өтеді.

4.09.2018, СЕЙСЕНБІ

WWW.MEDIAOVD.KZ

Саммитті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке дəстүрлі қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, саммитке Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанның қатысып отырғанын ерекше атап өтті. – Бүгінгі басқосуға құрметті қонақтардың келуі Түркі кеңесінің ықпал аясы кеңейіп, маңызы артқанын көрсетеді. Саммитте қол жеткізетін уағдаластық пен шешімдердің арқасында өзара ынтымақтастығымыз бен бауырластық байланыстарымыз одан əрі арта түсетініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы кіріспе сөзінің соңында Түркі кеңесінің төрағалығын Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке табыстай отырып, оның жаңа мəртебесіне орай табыс тіледі. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жаһандану заманында ұлттық салт-дəстүріміз бен мəдениетімізді жас ұрпаққа қалдыру ерекше маңызды екенін айтты. – Осыған байланысты бүгінгі саммит ұлттық ойын түрлерін жəне жастар саясатын дамытуға арналып отыр. Жүйелі түрде Түркі кеңесі жастары көшбасшыларының форумын, ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізуді, түркі əлемінің бірегей тарихи жерлеріне өлкетану экспедицияларын ұйымдастыруды ұсынамын. Бұл шаралар жастарымызды жақындастырып, елдеріміздің мəдени ерекшелігі туралы білімдерін тереңдетуге септігін тигізеді деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Түркі кеңесіне төрағалық еткен кезеңдегі нəтижелеріне арнайы тоқталды. – Біздің төрағалығымыз барысында ғылымиағартушылық жұмыстарға айрықша көңіл бөлінді. Атап айтқанда, «Ортақ түркі тарихы» оқулығы əзірленіп, Əзербайжанның, Түркияның, Қырғызстанның жəне Қазақстанның мектеп бағдарламаларына енгізілді. Түркі Академиясы тарихымызды танытып, сананы жаңғыртуға бағытталған 90-нан астам кітап шығарды. Төрт

мың жылдық мəдени мұрамызды жинақтап, оны жариялауға арналған «Аталар мирасы» порталы іске қосылды. Туысқан елдердің тіршілік тамырын басып отыратын «Түркбарометр» əлеуметтік зерттеу жобасы жүзеге асырыла бастады. Туризм саласындағы əріптестігімізді жандандыру мақсатымен «Заманауи Ұлы Жібек жолы» атты жоба іске қосылды. Бұл Ұлы Жібек жолында орналасқан елдеріміздің көне тарихы мен мəдениетінен сыр шертетін киелі орындарын 14 күнде аралап шығуға мүмкіндік береді, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы əлемдегі геосаяси жəне геоэкономикалық ахуалдың өзгеруіне орай, халықаралық қауіпсіздік проблемалары шиеленісе түскенін атап өтті. – Бұл – терроризм, діни экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз миграция жəне есірткі тасымалы. Аталған заманауи сын-тегеуріндер түркі дүниесіне де əсер етпей қоймайды. Мұның барлығы біздің кешенді іс-əрекеттерді қолға алуымызды талап етеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Түркі кеңесі аясындағы ынтымақтастық күш-жігерді жұмылдырып, өзара даму үшін елдеріміздің одан əрі өркендеуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретінін айтты. – Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін бірлесе пайдалануымыз керек. Онда қаржы құралдарын дамытуға, капиталды шоғырландыруға жəне танымал инвесторлар мен қаржы эксперттерін тартуға барлық жағдай жасалған. Осыған орай, елдеріңізді қаржы орталығының жұмысына белсене қатысуға шақырамын, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, елдердің транзиттік əлеуетін пайдаланудың басымдықтарына тоқталды. – Біздің елдеріміз құрлықтың ортасында Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасын жалғастырып жатыр. Ақтауда қабылданған Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі жөніндегі конвенция өңіріміздің транзиттік əлеуетін

Көкшетаудағы көрнекі дəріс

одан əрі дамытуға септігін тигізеді. Сондықтан Түркі кеңесі көлік жəне теңіз əкімшілігі министрлерінің кездесуі аясында тариф саясаты мен əкімшілік тəртіптерді жеңілдету жөніндегі жұмыстарды белсенді жүргізуі керек, – деді Қазақстан Президенті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына орай Мемлекет басшысы түркі халықтарының рухани жаңғыру мəселесіне тоқталып, осы елдердің қасиетті орындарын көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа лайықты мұра етіп қалдыру үшін Түркі кеңесінің жанынан «Түркі əлеміндегі 100 жаңа есім», «Түркі əлемінің киелі жерлері» арнайы жобаларын əзірлеуді ұсынды. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Түркі кеңесі басқарушы органдарының қызметін оңтайландырып, тиімділігін арттыру мəселелеріне арнайы тоқталды. Жиын соңында Мемлекет басшысы қырғыз тарапын Түркі кеңесіне төрағалығының басталуымен тағы да құттықтап, табыс тіледі. *** Мемлекеттер басшылары саммиттің қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойды: 1. Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі VI саммитінің декларациясы. 2. Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы мен оның орынбасарын тағайындау туралы шешім. 3. Венгрияға Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіндегі бақылаушы мəртебесін беру туралы шешім. Мемлекеттер басшылары саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылдады: 1. Түркі тілдес мемлекеттер интеграциясының тұжырымдамасы. 2. Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі мемлекеттері басшыларының ұлттық спорт түрлері саласындағы ынтымақтастықты дамыту жəне жастар саясаты туралы бірлескен мəлімдемесі. 3. Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі мемлекеттері басшыларының Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына байланысты бірлескен мəлімдемесі.

ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

Көкшетауда тəртіп сақшылары мектеп оқушыларына арнап қауіпсіздік сабағын өткізді.

№6 мектебінің 2-сынып оқушылары білім күнін жол қозға лысы ережелерін зердел еуд ен ба ст ад ы. Та н ы м ды қ ə р і п а й д а л ы іс-шараны мектеп оқушыларына арнап ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері ұйымдастырды. «Бұл науқан бірінші кезекте жол-көлік жарақаттарының алдын алуға арналған», – дейді жол-патрульдік полициясы батальонының командирі, полиция подполковнигі Юрий Шидловский. 1 қыркүйек күні тəртіп сақшылары

мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына арнап жолда қауіпсіз жүру ережелері жазылған буклеттер əзірлеп шығарды. Сабақ барысында тəртіп сақшылары бала лармен жолдың жүру бөлігінде дұрыс жүру, жол-көлік апатына түсіп қалмау үшін жаяу жүргінші, көлік жүргізушісі мен жолаушылар қандай ережелерді сақтауы қажет жөнінде танымдық əңгіме жүргізді. Оған қоса, жарық беруші құралдарды, қауіпсіздік белдігі мен арнайы ұстап тұратын құрылғыларды

пайдаланудың пайдасы жайлы айтып берді. Балалар аса қызығушылықпен жол ережелерін зерделеп, білімдерін көрсетіп, сұрақтарын қойып жатты. Мектеп оқушыларының алған білімдерін бекіту мақсатында батальон қызметкерлері, полиция аға лейтенанты Төрегелді Бекқажинов, полиция аға сержанты Руслан Өміралинов пен полиция аға сержанты Саят Əділбаев оқушылардың қолдарынан ұстап, жаяу жүргінші жолынан қалай өту қажет екенін тəжірибе түрінде көрсетті. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі


2

ЖАҢАЛЫҚТАР №65 (4423),№сейсенбі, 4.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг, 19.12.2013

Канадаф

Ə

-А М Е Л

ҚП

Т АРА

Қырғызстан

Доллар үстемдігі тоқтатыла ма? Түркия президенті Тайип Ердоған Бішкекте өткен Түркия-Қырғызстан бизнес-форумында доллардың халықаралық саудадағы үстемдігін тоқтату қажеттігін мəлімдеді. Түркия президентінің айтуынша, саудасаттықты жайлы ету үшін пайдаланылып келген доллар жүйесі қазіргі уақытта үлкен проблемаға айналды. «Валюта бағамдарымен жүргізіліп жатқан барлық амал-тəсілдің мақсаты – Түркия экономикасының мықты екендігіне шүбə келтіру. Халықаралық саудада доллардың үстемдігін жою қажет», – дейді Ердоған. «Доллардың мақсаты – Түркия экономикасына соққы жасау. Алайда, үкімет қабылдаған шаралар мен Түркия халқының ұстанымы арқасында соққы жасау мүмкін болмады», – деді Түркия президенті.

Ливия

400 тұтқын түрмеден қашты

Өткен жексенбіде Ливия астанасы Триполиде үкімет əскерлері мен қарулы жасақ арасындағы қақтығыстың өршуі кезінде Айн-Зара түрмесінен 400 сотталған қашып кетті. Бұл туралы Ливия Əділет министрлігінің сот полициясы департаменті хабарлайды. Ведомство мəлімдемесінде айтылғандай, Айн-Зара түрмесінің А секторында қарудың бірнеше рет атылған даусы естілген. Кейін тұтқындар бас көтерген. Түрме қызметкерлерін зорлық-зомбылық жасаумен қорқытып, өздерін босатуды мəжбүр еткен. Қазіргі кезде қашқындарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Айн-Зара түрмесі Триполидің оңтүстігінде орналасқан. Онда өткен дүйсенбіден бері үкімет əскерлері мен көрші Тарнуха қаласынан шыққан «Жетінші бригада» деп аталатын қарулы жасақ арасында қақтығыс жүруде. Ливия Денсаулық сақтау министрлігінің мəліметтеріне сүйенсек, қақтығыстар салдарынан 41 адам қаза тауып, 123 адам жараланған.

Бразилия

Көне мұражай күлге айналды Рио-де-Жанейрода орналасқан Бразилияның Ұлттық мұражайын өрт жалмады. Ғимарат елдің ең көне ғылыми орталықтарының бірі болған еді.

е-mail: nastraje@mail.ru

Сары «тор» кептелістен құтқара ма?

Мұндай белгі кептелістер жиі болып тұратын жол қиылыстарына арналған. Оның негізгі міндеті – алда кептеліс пайда болған жағдайда шығуға рұқсат етілмейтін аумақты анықтау, деп хабарлайды Астана қаласының əкімдігі ІІД сайтына сілтеме жасап.

Астана қалалық Ішкі істер департаменті 2 қыркүйектен бастап кептелістер жиі орын алатын жол қиылыстарында жаңа эксперименттік жол белгісі пайда болғанын ескертеді. «Тор» белгісі – жол қиылысының көлік жүретін бөлігіне салынған сары сызықтардан тұратын тор. Белгі көрнекіліктің деңгейін жақсартып, жолаушыға жол қиылысынан өту ережесін орындауға көмектеседі. Қиылыстың шекаралары көлік жүретін бөліктердің айналмасы басталатын нүктелерді байланыстыратын, қиылыстың ортасынан ең алыс орналасқан жо р а ма л д а ғ ы с ы з ы қ т а рм е н бе л г і л е н ед і .

Ж ү р г і зу ш і қ и ы л ы с т ы ң ш е ка р а с ы н о ң а й а н ы қ т а й а л а д ы , а л « то р » бе л г і с і ол а р ғ а анықтап көруге мүмкіндік жасайды. Жүргізушіні жол қиылысында тоқтауға мəжбүр ететін көлік кептелісі пайда болған жағдайда белгіге шығып кетуге болмайды. Сондай-ақ, белгі салынған қиылыста қарама-қарсы бетте келе жатқан автокөлікті өткізіп жіберу керек болған жағдайда артқа бұрылмау керек. Алдағы уақытта жүргізушіге жол қиылысында «тор» белгісінің бар екенін ескерту үшін сəйкес техникалық құралдар пайдаланылады. Бұдан бөлек, «тор» белгісі əзірге сынақ режимі ретінде енгізілмек. Аталған қиылыста жол ережелерін бұзу ƏҚБтК-нің 594-бабы, 1,4 бөліктеріне («Жол қиылысына шығу немесе кептеліс кезінде жолдың жүргін бөлігінен өту арқылы к ө л д е н е ң б а ғ ы т т а ке л е ж ат қ а н к ө л і кт е р ү ш і н кед е р г і ту ғ ы зу » ) с ə й ке с т а л ап т а р д ы о р ы н д а м ау р е т і н д е т а н ы л а д ы . Ат а п айтқанда, ƏҚБтК 594-бабы, 1-бөлігі бойынша ескерту жасалады немесе 3 АЕК түрінде айыппұл салынуы мүмкін. ƏҚБтК-нің 594бабы, 4-бөлігіне сəйке с, əкімшілік жаза тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде жол ережесін қайта бұзған азамат 7 АЕК түрінде айыппұл төлейді.

Қыздар жатақханамен толық қамтылды Биыл Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне 2 мыңға жуық студент, 241 магистрант пен 30 докторант қабылданып, олар 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде («Бəйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) балалар депозитіне деген сұраныс артып кел еді. Ұл-қызының атына шот ашқан ата-аналардың саны қазір 145 мың болып отыр. Ал бір жыл бұрын банкте 133 мың балалар депозиті бар еді. Банктегі балалар депозиті бойынша ең үлкен жинақ сомасы 10 млн теңгені құрады. Салымдар санына қатысты алғанда 1-10 жас аралығындағы балалардың атына ашылған шоттардың үлесі басым. Барлығы 80 мың депозит осы жас тобындағы клиенттерге ресімделген. Екінші орында жалпы саны 55 мың депозиті бар 10-18 жас аралығындағы салымшылар тұр. Үшінші орын банктің ең кішкентай клиенттері – 1 жасқа дейінгі балалардың еншісінде. Олардың атына барлығы 10 мың депозит ашылған. «Жыл сайын мұндай депозиттер күзде балалар мектепке барған кезде жиі ашылады. Дəл осы уақытта ата-аналар ұл-қыздарының өсіп келе жатқанын түсіне отырып, олардың болашағына қаржылай көмек көрсетуді қолға алады. Ай сайын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитке аз-аздан ақша салып отырады. Отбасылық бюджетке бұл аса қатты əсер ете қоймайды, есесіне кейін балаға баспана алып беру мүмкіндігі пайда болады. Мен 6 жастағы баласының шотында 10,3 млн теңгенің басын құраған жəне ары қарай ақша жинап жатқан ата-ананы білемін. Банк те депозиттегі сомаға жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысын жəне банк сыйақысын аударып, тиімді қолдауын көрсетіп отыр. Осы екі бонусты қосқанда, салым бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 13,3%-ға дейін барады», – деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Лəззат Ибрагимова. 18 жасқа толған барлық банк салымшылары тағы бір тиімді ұсынысқа қол жеткізеді. Атап айтқанда, жылдық мөлшерлемесі 3,5-5% аралығындағы тұрғын үй займынан үміткер бола алады. Депозитті баланың атына кез келген жерде, кез келген уақытта ашуға болады. Ол үшін банк кеңесшісін шақыру мүмкіндігі қарастырылған. Депозит ашу үшін ата-ананың бірінің жеке куəлігі мен баланың туу туралы куəлігі қажет.

Астана афишасы

Астана қаласының Мəдениет жəне спорт басқармасы 3-9 қыркүйек аралығында Астанада өтетін апталық шаралар жоспарын жариялады.

Бұл туралы оқу орнының ресми өкілі Жандар Асан мəлімдеді. Оның айтуынша, бекітілген ережеге сəйкес жаңа оқу жылы басталарда, яғни Қыздар университетінің студенттерін жатақханаға орналастырудың алдында білімгерлер толықтай медициналық тексеруден өтіп, уақытша тіркеуге тұрғызылды. Бұл жұмыстар тамыздың 20-31 күндері аралығында ұйымдастырылды. «Медициналық тексерулер Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 сəуірдегі санитариялық қағидаларын бекіту туралы №175 бұйрығы бойынша жəне университет ректорының 01.03.2018 жылғы №95 бұйрығымен бекітілген «Жатақханаға студенттерді орналастыру тəртібі туралы» ереженің «Тұрғын үй келісімшартын, үлгі бойынша бекітілген рұқсат қағазын, дəрігерлік қараудан жəне төлем өткізгеннен кейін студент бұйрық бойынша бекітілген жатақханасына барып орналасады» атты 3.3 тармағымен жүргізіледі», – деп атап өтті Жандар Асан.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жеті жатақхана тиесілі. Жатақханадағы жалпы орын саны – 2954. Мемлекеттік грантта оқитын студенттер үш мезгіл тегін тамақпен жəне жатақханамен қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғыдан келгенде Қыздар университеті – жатақханаға мұқтаж 1-4 курс студенттерін жатын орынмен қамтамасыз етіп отырған еліміздегі бірденбір жоғары оқу орны. Айта кетейік, Қыздар университетінің 6 факультетіндегі 28 кафедра бакалавриат бойынша – 43, магистратура бойынша – 23 жəне PhD докторантура бойынша – 4 мамандық негізінде мұғалімдер дайындайды. Сондай-ақ, сырттай оқу бөлімінің студенттері 20 мамандық бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын пайдаланып, білім алады. Бүгінде оқу орнында жалпы саны 6 мыңнан астам студент, магистранттар мен докторанттар оқиды.

Семейде ІТ-сыныптар ашылды Ө рт с ө н д і ру ш і л е рд і ң ə р е ке т т е р і н е қарамастан, тілсіз жау музейдің 20 млн экспонаттан тұратын топтамасын, сондай-ақ, кітапхананың ауқымды бөлігін жойды. Атап өтілгендей, жанып жатқан ғимаратқа суды жеткізу қиынға соққан. Оның үстіне, экспонаттарды сақтау үшін тез тұтанатын химикаттар пайдаланылып келген. Оқиғаның мəнжайы мен келген шығын көлемі анықталуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Музейдің баспасөз қызметінен мəлім еткендей, жұмыс орнында болған төрт бақылаушы қызметкер ғимараттан уақытында шығып үлгерген. Ел президенті Мишель Темер бұл барша бразиялықтар үшін қайғылы оқиға екенін айтты.

Балалар депозитін ашатындар артқан

Семейде 50 жалпы білім беретін мектепте IT-сыныптар ашылды. Қаладағы 50 мектепте робототехника кабинеттері жұмыс істейтін болды. Бұл сандық технологияларды дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасы жəне «Нұр Отан» партияның бастамасымен «Menіn mektebіm» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Аталған IT сыныптарға қажетті құрал-жабдықтар демеушілердің көмегімен сатып алынған. Əрбір сыныпта 11 ноутбук, диодты экран, робототехника жиынтықтары, 3D принтерлер бар. Мектеп оқушылары робототехника, модельдеу, бағдарламалау, ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар негіздерін үйрену үшін заманауи жабдықтармен жұмыс істейтін болады. Оқушыларды бес модуль бойынша теориялық жəне

практикалық дайындықты аяқтаған мұғалімдер үйретеді. Барлығы 100-ге жуық информатика пəнінің мұғалімі робототехникалық жобаларды модельдеу, бағдарламалау бойынша білімдерін жетілдірген. «Қала мектептеріндегі оқушыларға арналған цифрлық білім мен дағдылардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету, цифрлық сауаттылықты арттыру жəне ақпараттық технологияларды дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл өз кезегінде оқушылардың жеке қабілеттерін одан əрі дамытуға ықпал етеді», – деді қала əкімі. 3-сынып оқушыларына сабақ ойын, көрнекі құралдар арқылы жүргізіледі. 4-5 сыныпта роботтық жүйелер, 6 сыныпта веб-дизайн негіздері, 7-9 сыныптар 3D модельдеу, 10-11 сынып оқушылары мехатроника жəне логикалық контроллерлерді бағдарламалауды үйренетін болады.

Қыркүйек айының соңына дейін Тəуелсіздік сарайында сағат 10.00-18.00 аралығында бірнеше көрме өтеді. Олар: Өнер Академиясының «Астана – арман қала» атты қолданбалы жəне көркем сурет көрмесі, фотожурналист, жергілікті тарихшы Нұрмұхамат Имамовтың шығармашылығына арналған көрме, «Қасиетті жерлерге саяхат» атты Павлодар қаласының суретшілер көрмесі, «Ата заң – ел тірегі, Астана – ел жүрегі» атты Конституция күніне арналған көрме жəне Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнге арналған тақырыптық көрме. 3-8 қыркүйек аралығында сағат 9.00-де «Дəулет» спорт кешенінде теннистен 12 жасқа дейін командалық Азия біріншілігі өтеді. 4-5 қыркүйек күндері сағат 9.00-де «Алау» мұз айдынында Конституция күніне арналған тоғызқұмалақтан Астана қаласының ерлер жəне əйелдер арасындағы рапид пен шапшаң ойнаудан жекелей чемпионат болады. 6-9 қыркүйек күндері 10.00-де «Дəулет» спорт кешенінде грэпплинг жəне грэпплинг гиден əлем чемпионаты өтеді. 6 қыркүйекте сағат 20.00де «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан-Грузия командалары арасында УЕФА Ұлттар Лигасының іріктеу матчы болады. 7 қыркүйек күні сағат 19.30-да «Астана» концерт залында «Серпер» музыкалық театрландырылған қойылымы басталады. Сондай-ақ, бұл күні сағат 19.00-де «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан-Словения жастар командалары арасында 2019 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчы болады. 7-9 қыркүйек аралығында 10.00-де «Mega Silk Way» ОСО аумағында көше баскетболынан (стритбол) «FIBA 3x3 ASIA QUEST FINAL» халықаралық турнирі өтеді. 8 қыркүйекте сағат 11.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында «Мерейлі отбасы» Гала-концерті мен Ұлттық олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рəсімі бар. Бұл уақытта Астана Триатлон саябағында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына жəне Отбасы күніне арналған «Отбасылық дуатлон» жарысы басталады. Сонымен бірге, сағат 18.00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрында «Астана – асыл арманым!» концерті өтеді. 9 қыркүйек күні сағат 10.00-11.30 жəне 17.00-18.30 аралығында Астана саябақтарында ашық аспан астында «Fitness park Astana» спорттық іс-шаралары жалғасады.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №65 (4423), 4.09.201819.12.2013 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг,

БРИФИНГ

Қылмыстық топтар құрықталды ІІМ-де өткен брифинг барысында Мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Түркістан облысында орын алған мал ұрлығы қылмыстары туралы мəлімет берді. Түркістан облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген арнайы операция аясында мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 мүшесі еркін жайылымдағы 20 бас жылқыны ұрлау кезінде ұсталды. Олар Түркістан облысының бірқатар аудандарында 26 бас мал ұрлығын жасаған.

«Ұйымдасқан қылмыстық топ құру жəне оларға басшылық ету», «Аса ірі мөлшердегі ұрлық» секілді ҚК-нің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, Түркістан облысы Арыс ауданының полицейлері де мал ұрлығымен айналысқан тағы бір қылмыстық топтың əрекетін əшкереледі. ІІМ баспасөз қызметі

е-mail: nastraje@mail.ru

3

ҚАБЫЛДАУ

Ашықтық өзара сенімді нығайтады

МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Шығыстағы шырайлы кеш Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті.

Облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиц и я ге н е р а л - м а й о р ы Жа н а р бе к Бақтыбаев жеке құрамды басты мемлекеттік мерекелердің бірімен қ ұ т т ы қ т а д ы . О л а з а м ат т а р д ы ң ко н с т и т у ц и я л ы қ қ ұ қ ы қ т а р ы н қорғау – полицейлердің негізгі міндеті екенін атап өтті. – Біздің көпұлтты мемлекетіміздегі тұрғындардың жақсы өмір сүруі барлық азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етумен, олардың заң

а л дын д а т е ң д і г і м е н , а з а мат т ы қ бейбітшілік пен келісімді с а қ т ау м е н т ы ғ ы з б а й л а н ы с т ы . Біз, тəртіп сақшылары, күнделікті еңбегімізбен Шығыс Қазақст ан жерінде құқықтық тəртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау ісіне сүбелі үле с қо самыз, – деп атап өтті Жанарбек Бақтыбаев. Іс-шара барысында полиция генерал-майоры өз бағынысындағы қызметкерлерге қызметтік міндеттерін адал орындағаны

үшін мерекелік марапаттар тапсырды. Облыстың отыздан астам п ол и ц и я қ ы зм е т ке р і І ш к і і с т е р министрлігінің наградаларымен м а р а п ат т а л д ы . Ат а п а й т қ а н д а , п ол и ц и я п од п ол ко в н и г і А й д ы н Əділғазинов «Құқық тəртібін қ а м т а ма с ы з е ту ге қ о с қ а н ү л е с і үшін» мадалімен, полиция подполковнигі Қуаныш Манапов І дəрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 13 қызметкерге ІІ дəрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі тапсырылды. Полиция п од п ол ко в н и г і А хат С ы зд ы қ о в пен полиция майоры Жақсылық Көрпебаев ІІМ грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар облыстың полицейлеріне ІІМ-нің грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Облыс ішкі істер органдарының 240-тан астам полиция қызметкері Ішкі істер департаменті бастығының бұйрығымен көтермеленді. С а л т а н ат т ы і с - ш а р а н ы ң с о ң ы облыстық «Ха лықт ар до стығы» ү й і н і ң ш ы ғ а рм а ш ы л ы қ ұ ж ы м ы дайындаған мерекелік концертке ұласты. Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Динара САҒЫНДЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығының жеке қабылдауында 200-ден астам адам болды. Сондай-ақ, Ішкі істер департаментіне азаматтардан екі жарым мыңнан астам сауал келіп түсті. Олар негізінен қылмыстық істерді тергеу, қызметке алу, жол-патрульдік полициясының, көшіқон қызметінің жұмысына қатысты болды. Ведомство жұмысындағы басты принциптер – ашықтық, айқындық жəне адамдардың сенімін нығайту. Азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен көзделген құқықтарын жəне заңды мүдделерін қорғау – ішкі істер органдары жұмысының негізі. Тұрғындармен кері байланыс – осы міндеттерді жүзеге асырудың жолдарының бірі», – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаева. ІІД басшылығының жеке қабылдауына 230 солтүстікқазақстандық жазылды. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында өткен облыстық полиция ведомствосының қабылдауына 10 адам жазылды. Соңғы өткен қабылдауда тыңдалған сауалдар негізінен қылмыстық істерге жəне өңір жолдарындағы жағдайға қатысты. Естеріңізге сала кетейік, ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Білəловтің қабылдауына 39-40-20 телефоны арқылы жазылуға болады. Сонымен бірге, азаматтар сұрақтарымен ІІД бастығының орынбасарларына азаматтарды қабылдау кестесіне сəйкес жүгіне алады. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің ведомстволық кіші порталында ІІД бастығының блогы жұмыс істейді. Мұнда азаматтар көкейлерінде жүрген сұрақтарын кез келген уақытта жазып, тез арада жауап ала алады.

МАРАПАТ

Ардақ тұтар Ата заң Конституция күніне орай ақмолалық полицейлер мерекелік наградалармен марапатталды.

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

Пробация қызметтеріне – 10 автокөлік Жуырда Рəміздер алаңында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қалалық, аудандық Пробация қызметтеріне Қызылорда облысы əкімінің міндетін атқарушы Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен қызметтік автокөлік кілттерін табыстау рəсімі өтті.

Салтанатты шараға департамент басшылығы, сала ардагерлері жəне қызметкерлер қатысты. Алғашқы сөз Қызылорда облысы əкімінің міндетін атқарушы Қуанышбек Досмайылұлына берілді. « Е л і м і зд і ң б а с с т р ат е г и я л ы қ құжатында айқындалған саяси бағытқа негізделе отырып, Президенттің «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» бағдарламасында бас бостандығынан айыру орындарынан бо сатылған жəне пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды əлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін құру заң үстемдігін қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың түйінді құраушының бірі ретінде белгіленген. Бүгінде түрмедегі адамдар санын азайту, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындау институтын дамыту бойынша елеулі жетістіктерге

қол жеткізіп келесіздер», – деді облыс əкімінің міндетін атқарушы. Сонымен қатар, пробация қызметінің е себінде тұрған азаматтарға Үкіметтің 2014 жылғы 23 қазанындағы №1131 қаулысына сəйкес, қала, аудан əкімдіктері тарапынан бос жұмыс орындарына квоталар бөлініп, есепте тұрған азаматтарды жұмысқа орналастырып,

əлеуметтік көмектер көрсетілуде. О бл ы с ы м ы з д ы ң ш а л ғ а й е л д і мекендердегі есепте тұрған сотталған азаматтарға бақылау жүргізу жəне оларға əлеуметтік көмек көрсетуді тиімді ұйымдастыру пробация қызметтеріне жүктелгендігі туралы, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департ аменті облыс əкімдігінің қолдауымен жүргізілген іс-шаралар негізінде бірқатар мəселелердің оң шешімі табылып отырғанын атап айтты. Ат а л ғ а н ж ұ м ы с т а р д ы т и і м д і ұйымдастыру үшін Пробация қызметтерінің материалдықтехникалық базасын арттыру мақс атында қа ла лық, аудандық Пробация қызметтеріне қызметтік автокөліктердің кілттерін табыстады. Одан əрі департамент бастығы, əділет полковнигі Ғанибек Отарбаев сөз алып: «Осыған сай өзіміздің міндетімізді тиісті деңгейде атқарып, алдағы уақытта қызметте жақсы жетістіктер мен оң нəтижелерге жетеміз», – деп, облыстық əкімдікке алғысын жеткізді. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Облыстық полиция ведомствосының басшысы, полиция полковнигі Ержан Сəденов қызметінде ерекшеленген қызметкерлерді марапаттады. Салтанатты рəсім «Достар» мəдениет үйінде өтті. Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, облыстық ІІД жəне Көкшетау қалалық ІІБ аппаратының қызметкерлері мен шақырылған қонақтар қатысты. «Мемлекетіміздің Конституциясы – біздің береке-бірлігіміздің, құқығымыз бен еркіндігіміздің, ұлтаралық келісім мен еліміздің гүлденуінің кепілі. Бүгінде елімізде саяси, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіліп, мемлекетіміз нығайып келеді. Осы ретте, қоғамның тыныштығын сақтауда полиция қызметкерлеріне зор міндеттер жүктеліп отыр. Мұны əрбір тəртіп сақшысы жете түсініп, өз қызметіне адал болуы тиіс», – деп атап өтті Ержан Сəденов. Салтанатты шара барысында ІІМ бұйрығымен қызметік міндеттерін атқаруда адалдық танытқан 20-дан астам полиция қызметкері марапатталды. Оның ішінде Жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Серік Баймұқанов «Құқық тəртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, криминалдық полиция басқармасының басшысы Талғат Асылбеков «Ішкі істер органдарының ардагері» медалімен, полиция майоры Мейрам Сыздықов, полиция капитаны Қанат Отарбаев, полиция капитаны Жеңіс Аққошқаров жəне аға лейтенант Ренат Айтқожин І, ІІ жəне ІІІ дəрежелі «Ішкі істер органдарының мінсіз қызметі үшін» медальдерімен марапатталды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарында қызмет атқаратын өзге де ақмолалық полицейлер ІІМ бұйрығымен төсбелгі, Құрмет грамотасы жəне Алғыс хаттарға ие болды. Бұдан бөлек, 70 полиция қызметкері ІІД бастығының наградаларымен марапатталды. Ішкі істер органдарының дамуы мен құрылуына айтарлықтай үлес қосқаны, жас ұрпақты тəрбиелеудегі еңбегі үшін Болат Кочубаев, Қанапия Ахметжанов, Петр Пигин, Серік Ермеков ІІД грамоталарын алды. Салтанатты іс-шара департаменттің шығармашылық ұжымы жəне шақырылған қонақтар дайындаған мерекелік концертке ұласты. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі


4

АЗАМАТТЫҚ ҮН №65 (4423),№сейсенбі, 4.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг, 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

Генерал-лейтенант Бақытжан ЕРТАЕВ:

Ішкі істер органдарының абыройы – бəрімізге ортақ «Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін үш қызмет иесі – дəрігер, мұғалім мен тəртіп сақшыларының əлеуметтік, тұрмыстық жағдайы түзелмей, құзырет-міндеттері айқындалмай, елдің ертеңі айшықталмайды», – дейді Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан ЕРТАЕВ. «Өйткені, денсаулығы жоқ, білімі саяз, тəртіпсіз ұрпақ ұлтты ұшпаққа шығармайды. Денсаулық, білім, тыныштық – бəрі бір-бірімен етене байланысты. Үш ұғым – ошақтың үш бұты секілді. Бірі босап кетсе, оның үстіндегі қазан төгіледі». Парламент Мəжілісінің депутатымен арнайы кездесіп, сұхбат құрғанымызда Бақытжан Ертайұлы құқық қорғау органдарындағы құрылымдық өзгерістер, жастар мəселесі, Антқа адалдық туралы ойларымен бөлісті. жақсы көремін. Осындай кеңестерде бір байқағаным, ел үлкендерінің аузынан «полиция жаман», «жатыпішер» деген ауыр сөзді естіп көрген емеспін. Керісінше, «шақырғанда тез келеді», «шама-шарқынша көмектерін аяған емес» деп ақ баталарына қосып отырады. Дегенмен, ІІМ халыққа барынша ашық болуы керек. Аймақтарда қарапайым халықтың ІІД, басқарма басшыларына кіруін, арыз-шағымын өз аузымен жеткізудің жолын қиындатып жіберген. Айналасын биік қоршаумен тұмшалап, кіреберістеріне дейін күзетті тізіп қояды. Осының өзі полиция мен халықтың арасын алшақтатады, сенімдерін сетінете түседі. Қара халық полициядан жасқанбауы, қорықпауы керек. Керісінше, одан өз қорғанын, қамқоршысын көруі тиіс емес пе?! Басшылық қызметке отырған екенсің, сол тақтың емес, елдің құлы бол! Қара бастың емес, халықтың игілігі үшін қызмет ет! Жайлы кабинетте отырып алып, – Бақытжан Ертайұлы, Сіз əскери жұрттың шынайы жағдайын білу, түсіну адам ретінде ішкі істер органдарындағы мүмкін емес. өзгеріске, сын мен сапаға да өзіндік баға – Қоғамда дау тудырған қандай да бір бере аласыз. ІІМ-нің бүгінгі қызметін оқиғадан кейін ел ішінде «қатаң шара қалай бағалар едіңіз? қолдану қажет», «салаға реформа жүргізу – ІІМ-нің қызметі халықтың көз алдында. керек» деген сөздерді жиі естиміз. Жалпы, Сол себепті де бұл салаға салмақ көп түседі. мұндай өзгерістер құқық қорғау органдарыПолиция қызметкерлері елмен етене жұмыс на қаншалықты тиімді? істегендіктен де сын-ескертпеге жиі ілігеді. – Ішкі істер саласына тың серпін берген Қоғамда қандай да бір келеңсіздік пен реформа ретінде 2012 жылы енгізілген заңсыздық болса, қарапайым жұрттың алғаш қылмысты тіркеу мен есепке алу тəртібін болып көмекке шақыратыны да – полиция. айтуға болады. Бұрындары жасалған қылмыс Бəрін бірдей қаралап, жасалған еңбекті тіркелмей, қалтарыста қалып қоятын. түбірімен жоққа шығарып тастауға болПатрульдік полиция мен жол полициясы майды. Кемшілік кетсе, кінəні бір адамнан қызметкерлерін біріктіру де қоғамдық іздеудің қажеті жоқ. Себебі, қателік бүкіл орындардағы құқық бұзушылықтың азаюына жүйеде деген сөз. ықпал етті. Қазақстандық полиция ел алдындағы Реформа тек ІІМ-ге ғана емес, барлық міндетін орындап келеді. Қызметтегі сан сала үшін қажет. Бірақ, реформа реформа қиындыққа қарамастан, жұмысын адал үшін жасалмауы керек. Уақыт талабына атқарып, халықтың алғысына бөленіп сай құрылымдық өзгеріс, саяси жаңғырту, жүрген азаматтар аз емес. Бірақ, мына жайтəлеуметтік тұрғыдан жетілдіру қажет. Бірақ, ты ескере кеткен жөн. ІІМ-нің жолы даңғыл ол – қағаз жүзінде емес, болашақ үшін болғанымен, өте тайғақ. Үлкен құрылымның жасалатын маңызды қадам. Тағы да бір реқызмет көрсету аясы да кең. Сондықтан бəрі форманы қолға алмас бұрын ел талқысына, бірдей тең басып, межесіне дөп тигізіп жүр үлкендердің ақыл-кеңесіне, халық тарадеу қиын. Араларында сүрінетіндері бар, зысына салса, өткеннен кеткен кемшілік шалыс басатындары да кездеседі. қайталанбайды, жіберілген қателікке жол Шындап келгенде, ішкі істер органдарының берілмейді. Сосын мұндай талқылаудан абыройы – бəрімізге ортақ. Себебі, елдегі оппозиция өкілдерін де шет қалдыруға болішкі тəртіпке бағыну, ішкі ережені ұстану майды. Жалпы, шындықты айтқан адамды əр азаматтың жеке тəрбиесі, тəлімі мен тыңдау керек. тəртібінен басталады. Қоғамда қаны тамған – Полиция қызметкерлерінің əлеуметтік мəселе болса, «бұған ІІМ жауапты» деп, кері жағдайлары туралы жиі айтылады. Ал итеріп тастаудың қажеті жоқ. Бəріміз қоғам, Сіз жалақыны көтеріп, құзіретін кеңейту қарапайым азамат болып біріккенде, жұмыла арқылы қазақстандық полицияның жұдырық болғанда ғана ішкі тəртіпті түзете мəселесін түбегейлі шешуге болады деп аламыз. Біржақты сынның жетегінде кетуесептейсіз бе? ге болмайды. Егер ішкі тəртіпке қатысты – Маңдай тер, ақ-адал еңбек тиісінше қандай да бір кемшілік кетсе, оған бəріміз төленуі керек. Білікті мамандарды қызмет кінəліміз. Жастар қылмысқа барса, сол көрсеткішіне қарай жоғары жалақымен ынөренге дұрыс тəлім бере алмаған отбасы, таландыру, материалдық мəселесін шешіп туған-туысы, ауыл ақсақалдары, қала берді беру – осының бəрі жұмысқа деген стимектеп те, ЖОО да жауапты деген сөз. мулды арттырады. Қара жаяу, қалтасы Болары болып, бояуы сіңген соң «полиция тесік, басында баспанасы жоқ учаскелік қол қусырып отыр» деп сан соғып, сын полициядан қандай көрсеткіш талап етуге жебесін қадаудан еш нəтиже шықпайды. болады? Бұрын учаскелік инспекторлар Сондықтан да дерттің алдын алған жөн. ауыл əкімдерінің адъютанты болып жүретін. Қазір неше түрлі іс-шаралар, форумПолиция қызметкері жергілікті билікке дар, кеңестер өткізіліп жатыр. Бірақ, дені емес, халыққа бағынуы керек. Себебі, оның формальді. Жалындап сөйлеп, жылтырақ басты міндеті – ел тыныштығын сақтау, ішкі қағаз таратумен ешнəрсе бітпейді. Мəселені тəртіпті қадағалау. Бір үйдің қойы жоғалса ашық талқылап, батырып айтып, шын жаны да, еркегі ішіп алып, лаң салса да күні-түні ашитын аға буынның ақылына құлақ салсақ, жүгіріп жүретін сол инспекторлар. Егер ұтарымыз көп. полицияның имиждін нығайтамыз десек, – Халықтың ішкі істер саласына деген осындай қарапайым халықтың арасында сенімін нығайта түсудің тағы қандай жүрген учаскелік инспекторлардың білімді, тəсілдерін айтар едіңіз? білікті, беделді болғанын қатаң қадағалау – Депутат ретінде де, генерал тұрғысынан қажет. Жұрттың қазақстандық полицияға да, қарапайым ауылдан шыққан ақсақал деген көзқарасы осындай ауыл-аймақтан, абыройымен де халықтың арасында жиі көз алдарында жүрген тəртіп сақшысының боламын. Ел алдында жүрген беделі биік жеке тəртібі мен түр-тұлғасынан басталаазаматтармен де, шалғай жатқан қарапайым ды. Жылы кабинетте отырған басшысының ауылдың қара шалдарымен де шамам келемес, елдің арасында еңбек етіп жүрген генше жиі бас қосып, қауқылдасқанды

қарапайым жігіттердің жағдайын жасау керек. Соңғы 5-6 жылда учаскелік полиция қызметкерлерінің беделі артты, құзіреті де кеңейді. Бұл өзгеріс осы бағыттағы қызметке де оң əсерін тигізіп келеді. Жалпы, ел алдында адал қызмет етуге Ант беріп, серттескен əскери адам ешнəрсеге алаңдамауы керек. Оның бар міндеті – елінің ішкі тəртібін сақтау, жұртты ұры-қарыдан қорғау, əлсізге араша түсу, əлжуазға көмек қолын созу. П огон таққан адам саудасаттыққа, ұсақ-түйекке араласпағаны жөн. Əскери қызметкерлердің «Честь имею!» деген əдемі сөзі, өздерінің қалыптасқан игі дəстүрі бар. Біздің тілек – сол дəстүрдің діңі құламаса, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, Ар, Намыс, Ұят деген ұғымдардың құны түспесе екен деген ниет қана. – Бақытжан Ертайұлы, Сіз 40 жылдан астам уақыт əскери салада қызмет еттіңіз. Бұл сала Сізді неге үйретті? Қандай тəртіпке бағындырды? – Əскери сала Антқа адалдыққа үйретеді. Отан алдындағы борышыңды өтеуге тəрбиелейді. Ал Отан алдында Ант беру – құрғақ ұрандату емес, елім, жерім үшін жаным пида, басым жерге тигенше қорғаның болам, қызмет етем деген сөз. Ел-жұртыңды сайраған тілмен емес, жүрекпен сүю керек. Əр адамның өз жүріп өткен жолы, тағдыры мен тарихы бар. Менің де талайлы тағдырым сан тарапқа толы. Ғұмырымның 44 жылы əскери салада өтті. Кейде артыма бұрылып қараймын да «Еліме, туған топырағым мен Отаныма не істей алдым? Перзенті ретінде парызымды өтей алдым ба? Қандай жақсылық жасадым? Титтей де болса көмегім тиді ме?» деп өз-өзіме сұрақ қоямын. Бала кезімде Бауыржан Момышұлындай батыр болсам деп армандадым. Курсант атанғанда генерал Сағадат Нұрмағамбетовті алғаш рет көріп, түр-тұрпатына, оқалы киіміне қызыға қарап, сол кісідей генерал болсам ғой деп тəтті қиялға беріліп өстік. Қазір, міне, тəубе, ең жоғарғы дəрежелі марапат – Халық Қаһарманы атандық, генерал шенін тақтық. Бірақ, бұл дəрежеге жеткенше əр əскери шеннің жауапкершілігін арқаладық, жақсылығын да көрдік. Əр қызметтің қиындығынан өттік, қызығын да сезіндік. Алдымызға қойылған əр міндеттің ауыр сынында шыңдалдық, абыройына да арқаландық. Ауған соғысының ауыр жылдарын да бастан өткердік. – Генерал – үлкен шен. Ел алдында жүрген аға буын өкілі ретінде басты парызым осы деп нені айтар едіңіз? – Отан алдында берген Антыма дақ түсірген жоқпын. Адал болып қалдым. Кез келген адам адалдыққа, ақиқатқа сену керек. Қазақ: «Шындықтан зор палуан жоқ. Ол жауды да жығады, қамалды да бұзады», – деп бекер айтпайды. Бірақ, шындықтың жолы – шырғалаң, соған төзе білу керек. Өтірікпен арпалысу керек. Өсек-өтіріктің жолы лас. Өтірік – шаң сияқты. Жел тұрса ұшып кетеді. Өтірік – лай. Үстіңе жұқса, кетуі қиын. Қазір уақыттың талабы басқа, өзгеріс көп, жақсылыққа бастамалар мол. Жастар сол талап-міндеттің үдесінен шыға алуы, өзгеріс-ерекшелікке дайын, тың бастамаларға сақадай-сай болуы керек. Осынау ұланғайыр жерімізді қорғау, сақтау – біздің басты міндетіміз болса, оны келер ұрпақтың бойына сіңіріп, мінезінде қалыптастыру да – аға буынның ең үлкен парызы. Талай қиын-қыстау кезеңнен өттім. Биікке де шықтым, құздан да құладым. Сүріндім, жығылдым, қайта тұрып, бойымды тіктедім, алға ұмтылдым. БАҚ-қа берген бір сұхбатымда: «Батыр таққа таласпайды, батыр тақты қорғайды», – деп айтқаным бар еді. Қазақтың кең байтақ жерінде айдын-көл көп. Мен соның бір тамшысы ғана шығармын. Жерімнің қойнауы таутасқа бай. Мен соның бір түйір құмы ғана шығармын. Заман мен уақыттың талай ащы дəмін татсам да өз елім, өз жерімде еңбек етіп, қиындығын бірге өткеріп, қуанышын бірге бөліскенім – менің перзенттік міндетім осы болар. Мені туған жерімнің табиғаты тəрбиеледі, кіндік қаным тамған топырағым мінезімді

қалыптастырды. Мен Бауыржан батырдың кіндік қаны тамған жері – «Батырлар ордасы» атаған киелі Жуалыда дүниеге келдім. Шығысында – Күйік, батысында – Шақпақ асулары, оңтүстігінде – Тəңіртауы көсіліп жатқан нулы да сулы өңір мені шыншыл болуға, таулы теріскейі ірілікке тəрбиеледі. Ал қос асудың ортасында ұйытқи соғатын қыстағы бораны қаталдыққа, темірдей төзімді болуға шыңдады. Ал қазіргі жастарды табиғаттың өзі еркелетіп жіберді. Жуалыға жиі барып тұрамын. Барған сайын Қаратау бөктеріне салдырған мешітке ауыл жастарын жинап, «Тəртіп күнін» өткіземін. Қолдарына күрек ұстатып, бастаудың көзін ашамыз, шалдардың басын қосып, жас өренге ата-бабаның айбынды ерлігі жөнінде əңгіме-дүкен құрамыз. Былтыр 22 бастаудың көзін ашқанбыз. Жақында барып көрсем су толып, мөлдіреп тұр. Ауыл ақсақалдары баталарын беріп жатыр. Ал жастар өз қолдарымен ашқан бұлақтың қадірін біліп өседі, табиғатқа құрметпен қарауды үйренеді. Осының өзі – тəрбие. – Ал жастар тəрибесінде неден ұтылдық деп ойлайсыз? – Қазіргі жастар өз заманында өмір сүріп жатыр. Мойындауымыз керек, жас буынның тəлім-тəрбиесін уысымыздан шығарып алдық. Буыны бекімеген баланы интернет, ұялы телефон, қала берді атыс-шабысы, қатегіздігі мен қаны көп, не болса соны дəріптеп жатқан шетелдік киноның алдында қалдырдық. Біз, үлкендер, жастарға осыдан кейін қандай бағыт-бағдар бердік деп айта аламыз? Жас буынға қандай көмек қолын создық? Батысқа бастаймыз деп жүріп, еркек пен еркекті үйлендіргенді де көз көрді. Бұл мəселені ашық талқыға салуымыз керек. Ұлттың болашағына, өзегіне түскен дерттің диагнозын дұрыс қоюымыз керек. Асқынып кетсе, арты абыройға апармайды. Себебі, бүгінгі жастардың солқылдақ тəрбиесі – ертеңгі болашағымызға төнген қатермен тең. Күні кеше Денис Тенді көліктің айнасы үшін өлтіріп кеткен жастардың, жалпы, өрімдей жастардың қолымен жасалған қылмыстың бəрі – айналып келгенде біздің баршамыздың кінəміз. Мұны тек бір сала мен бір жүйеге жаба салуға болмайды. Егер сол жастар жұмыспен қамтылған, тұрақты жалақысы болса, айналысар ісі, айналдырған кəсібі болса, сондай қадамға барар ма еді?! Қоғамдағы күрделі мəселенің басы да осында – жұмыссыздықта жатыр. Қазір білімі бар, білдей оқу орнын бітірген жастардың дені бос сенделіп жүр. Жақында депутат ретінде аймақтарға сапарым барысында Қостанайға барып, мектеп оқушыларымен жолықтым. Əңгіме барысында олардан «Бауыржан Момышұлы кім?» деп сұрап едім, күмілжіп, ешбірі дұрыс жауап бере алмады. Ал Алматыдағы мектептердің бірінде дəлізде ілініп тұрған Панфилов пен Момышұлының портреттерін көрсетіп: «Мынау кім?» деп сұрасам, балалардың бірі Панфиловтың мұртына қарап тұрып: «Бұл – Гитлер!» деді (!). Тарихты білмейтін ұрпақ өсіп келеді. Мектептегі білімнің деңгейін, отбасындағы тəрбиенің саяздығын осыдан-ақ аңғаруға болады. Тəрбиелеу мен білім беру тетігін заманға сай етіп, уақыт ағымымен жаңғыртып отыру керек. Демократия деп даурыға берудің де шегі бар. Төл тарихпен сусындамаған, ұлттық құндылықтың қадірін білмей өскен ұрпақтан ұлық істер күтіп қажеті жоқ. Осыны ұғар уақыт баяғыда жетті. Қазіргі бозбала аға буынға алақанын ала жүгіріп «Ассаламағалейкүм!» деуді, қыздар үлкеннің алдын қиып өтпеуді білмейді.

– Екі сұраққа да Баукеңнен асып жауап бере алмаспын. «Тəртіпсіз ел болмайды, тəртіпке бағынған құл болмайды». Бəріміз – Отан-Ананың перзентіміз. Сол перзенттік парызымызға адал болып қалайық. – Сұхбатыңызға рахмет! Сұхбаттасқан Бану РАХЫМБАЙҚЫЗЫ сурет Қанат КӨЛБАЕВТІКІ


ҚЫЗМЕТ №65 (4423), 4.09.201819.12.2013 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг,

е-mail: nastraje@mail.ru

Үш ұтымды жоба

саладағы цифрландыруды жандандырады

Жадыра ШАМҰРАТОВА «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінде ішкі істер саласының көші-қон қызметінде, қылмыстық атқару жүйесінде жəне жол-патрульдік полиция жұмысында ақпараттық жүйені дамыту біртіндеп өріс алып келеді. Ішкі істер министрлігі аталған ауқымды бағдарламаға үш маңызды жоба ұсынған болатын. Оның біріншісі – «Учаскелік полиция инспекторларының деректер базасы» болса, екіншісі – «Тергеуші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру жəне үшіншісі – елімізд егі шағын қалаларда Жедел басқару орталықтарын іске қосу. Бұл жобаларды жүзеге асыру 2019-2021 жылдарға жоспарланғанымен, қазірдің өзінде осы бағытта бірқатар жұмыстар атқарылған. Бүгінде Жаңаөзен, Рудный, Хромтау, Семей, Щучинск сияқты бес шағын қалада Жедел басқару орталықтары жұмыс істеп тұр. Болашақта еліміздегі криминогендік жағдайы күрделі 30 шағын қалада Жедел басқару орталықтары іске қосылмақшы. Ал енді он екіде бір нұсқасы жоқ, яғни жаңадан қолға алынған «Учаскелік полиция инспекторларының деректер базасы» мен «Тергеуші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қалай жұмыс істейді, оның қандай тиімді жақтары бар? Бұл туралы бізге «ІІМ Ақпараттық өндірістік орталығы» РМК Ақпараттық технологияларды дамыту жəне қолдау басқармасының бастығы Алексей Багинский егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Аталған ақпараттық жүйе мен деректер базасы арқылы тергеушілер мен учаскелік инспекторлар өздері қызығушылық танытқан азаматтармен кез келген жерде жүріп байланысқа түсе алады. Сондай-ақ, ноутбук, планшеттердің мобильді технологиясы арқылы қажетті ақпаратты жедел алып, оны кез келген жерге жедел жолдайды. Ол үшін жұмыс

орнында отырудың қажеті жоқ екен. Қолтығында планшеті болса, жеткілікті. Көшеде келе жатып та өзге қызметкерлермен, басқа ведомстволардың өкілдерімен тез байланысқа шығып, керекті мəліметтерді алады немесе жолдайды. Бұл учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын жед е л д е т і п , с а п а с ы н а р т ы р у ғ а септесетіні анық. Қазіргі уақытта учаскелік инспекторлар мен тергеушілер өз қызметінде телефон, рация жəне электронды пошта сияқты коммуникация түрлерін қолданатыны белгілі. Ал «Учаскелік инспекторлардың деректер базасы» мен «Тергеуші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, ЖБО іске қосылғанда, коммуникацияның қосымша мүмкіндіктерін бір кешенді жүйеде пайдалануға жол ашылады. – Мəселен, Жедел басқару орталықтары бар жерлерде қазіргі уақытта белгілі бір бағытта өткізіліп жатқан арнайы іс-шаралар туралы хабарламалар ЖБО-ның бірнеше диспетчерінен қоңырау арқылы келеді. Қосымша рациялармен хабарланып, СМС-хабарламалар түрінде жолданады. Ал Жедел басқару орталықтары

жоқ жерлерде жедел жолын кесу жоспарын ұйымдастыру айтарлықтай қиындау жүреді. Мұндай жағдайларда кезекшіліктерге қоңырау шалынады, рациямен хабарланады. Дегенмен, Жедел басқару орталығы бар болсын, жоқ болсын, қызметкер екі жағдайда да жедел жолын кесу жоспарының материалдарын алу үшін кезекші бөлімге баруына тура келеді. Егер оның қолында арнайы планшет болса, ол планшет автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қосылған жағдайда, полиция қызметкеріне қажетті материалдарды алу үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, – деп түсіндірді Алексей Викторович. Əдетте полицияның жедел тобы, мəселен, бір қыздың жоғалуына байланысты келіп түскен хабарлама бойынша оқиға орнына барғанда, алдымен ата-анасымен, куəгерлермен сөйлеседі. Оның бəріне тиісті қағаздар толтырылады, сосын фотосуретін алып, кезекші бөлімге барады. Бұдан соң тергеуші тиісті құжаттарды рəсімдеп, іздеу жариялауға санкция алуы керек. Одан əрі фотосуретімен бірге іздестіріліп жатқан адам жайлы бағдар беретін барлық мəліметтерді кезекші бөлім патрульдерге таратады. Ал «Тергеуші» жəне «Учаскелік инспекторлардың деректер базасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қосылған планшетпен жүрген инспектор іздеуге берілген адам жайлы бағдар беретін мəліметтерді, іздеу жариялау үшін қажетті санкцияны сол оқиға орнында электронды түрде жедел алады. Басшылыққа барып, бірнеше құжатқа қол қоюдың қажеті жоқ. Электронды мəліметтер мен басқа да құжаттар басшылықтың планшетінде сол сəтте болады. Ол істің материалдарымен танысып, іздеу жариялауға жедел электронды келісімін береді. Сол бойда-ақ оның келісімі автоматтандырылған жүйеде учаске аумағындағы барлық учаскелік инспекторларға, тергеушілерге қолжетімді болғандықтан, іздеу жұмыстары да сəйкесінше жедел жүреді. Бұл көп уақытты үнемдеп, əр минутты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. – Жедел басқару орталықтары мен «Тергеуші», «Учаскелік инспекторлардың деректер базасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін біріктіру өз кезегінде полицияның кезекші жасақтарының күш-құралдарын жедел басқаруға жол ашады. Сондай-ақ, осы біріктірілген

АЙМАҚ

117 «е-қылмыстық іс» Ақмолалық полиция қызметкерлері э л е к т р о н д ы ф о р м а т т а 11 7 қылмыстық істі аяқтады. Конституция күні қарасыңда тəртіп сақшылары қылмыстық істерді тергеудегі жаңалықтарымен бөлісті. «Е-қылмыстық іс» бойынша сотқа дейінгі тергеу Ақмола облысында осы жылдың қаңтар айыннан бастап енгізіліп отыр. Жоба Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған цифрлы технологияны дамыту тапсырмасына сай қолға алынған. Биылғы 8 айда облыс бойынша барлығы 117 қылмыстық іс электронды форматта аяқталды. Оның 15-і – қылмыс, 102-сі – қылмыстық əрекет. Тергеушілер мен түсініктеме алушылар электронды форматта біреудің мүлкін ұрлау, тонау, кəмелеттік жасқа толмаған баланы тəрбиелеудегі міндетін орындамау, көлік басқару құқығынан айырылған азаматтың қайтадан рөлге отыруы, т.б. заңсыздықтар бойынша қылмыстық істерді аяқтады. Тергеушілер облыс бойынша биылғы 8 айда жүргізілген тəжірибе электронды форматта қылмыстық істі тергеу тиімді екенін айтуда. «Е-қылмыстық істің» артықшылығы, тергеу процессін жеңілдетіп, мерзімі мен шығынының көлемін қысқартуға

мүмкіндік береді. Іс материалдарының жалғандығын толығымен жояды. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптаманы, тергеу амалдарын уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді. Оған қоса, қылмыстық іс процестеріне қатысушылар тергеу амалдарының барысымен онлайн режимде танысуына болады. Оның ішінде ең маңыздысы, қылмыстық істі сотқа жолдау жəне санкциялау бойынша прокурор мен соттың тұрақты түрде бірлесе жұмыс үстеуінде болып отыр. Айта кетерлігі, «Е-қылмыстық іс» қылмыс туралы арызды тіркеп, сот үкімі шыққанға дейінгі барлық қылмыстық процестерді қамтиды. Тəуелсіз мемлекеттің басты жетістігі – Конституцияда белгіленген адамның құқығы мен бостандығы. Ол бүгінгі

жүйе ауыр қылмыс, жаппай тəртіпсіздік, табиғи апаттар жəне басқа да төтенше жағдайларда қызметтер мен олардың бөліністерінің əрекеттерін өзара үйлестіруге аса қолайлы. Жедел басқару орталықтарына келіп түскен хабарламаларды шапшаң қарап, сол бойынша орын алған қылмысқа жедел ден қою шараларын ұйымдастыру да бұрынғысынан əлдеқайда тез орындалады. Жедел басқару орталықтары оқиға орнына сол маңда жүрген патрульды жөнелтіп, өз жүйесіне біріктірілген «Учаскелік инспекторлардың деректер базасы» арқылы тиісті учаскелік инспекторға нақты тапсырмалар береді. Инспектор келгенше оқиға орнына жеткен жедел топ «Тергеуші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы «Учаскелік инспекторлардың деректер базасындағы» түпкілікті ақпаратпен толық таныса алады. Соның ішінде есепке алынғандар, заңды тұлғалар, шетелдіктер, жалға берілетін пəтерлер, кіреберістердің сызбасы көрсетілген аудандық карта жəне тағы басқа деректерді ақтарып шығуына болады. Мұның бəрі тергеу жорамалдарын жасау уақытын барынша жеделдетеді. Тергеу іс-шараларына санкция алуға, сəйкесінше оқиғаның ізін суытпай, тергеу амалдарын жүргізуге толық мүмкіндік туады, – дейді А. Багинский. Оның айтуынша, қажетті құрылғыларды, лицензиялық бағдарламалық қамтуды алып, аталған ақпараттық жүйе əзірленіп, қолданысқа берілсе, цифрлы ақпараттарды жинастыруға да мүмкіндік жасалады екен. Бұдан əрі электронды іс жүргізу өріс алады. Соның ішінде тергеуші мен учаскелік инспекторлар желісі бойынша енгізілетін электронды іс жүргізу өз кезегінде жалпы ішкі істер саласының ашықтығын қамтамасыз етеді, қағазбастылықтан құтқарады. Құжаттарды басып шығаруға, жеткізуге кететін шығындар азаяды. Бұған қоса, материалдарды бұрмалауға жол берілмейтін болады. Осының бəрі түптің түбінде əділ соттың салтанат құруын қамтамасыз етері сөзсіз. Учаскелік инспекторлардың жалпы қызметімен танысып шыққанда байқағанымыз, олар күнделікті жұмыс дəптерін, əкімшілік учаскенің төлқұжатын, азаматтарды қабылдау есебі жазылған журналды жүргізіп отырады. Профилактикалық есепте тұрған адамдарды тіркейді жəне құқық бұзушылыққа бейім адамдар-

5

мен профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Учаскелік инспектордың тағы бір міндеті – өзіне тиесілі аумақта қару-жарақ есебін жүргізу. Біздің санамалап шыққанымыз – инспектордың бас-ты жұмыс бағыттары ғана. Соның өзіне көптеген қағаз құжаттарды толтыру қажет болатыны анық. Жоғарыда аталған міндеттерден бөлек, тергеушінің тапсырмасы, жоспарларды орындау жəне тағы басқа толып жатқан міндеттер бар. Осы басты жұмыстарды тек жұмыс орнында, өз кабинетінде ғана орындайды. Ал автоматтандырылған деректер базасы қосылған планшет болса, учаскелік инспектор учаскені аралап жүріп-ақ жоғарыда аталған жұмыстарды атқара береді. Сонымен бірге, тілге тиек болып отырған Жедел басқару орталығы, «Тергеуші», «Учаскелік инспекторлардың деректер базасы» автоматтандырылған жүйесін біріктіру құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын да кеңінен жүргізуге мүмкіндік береді. Жинақталған ақпараттар мен сараптамаларды саралай келе, қылмыс орын алуы мүмкін жағдайларды алдын ала болжап, тиісті шаралар қабылдауға болады. Ал тұрғындар өз кезегінде тəртіп сақшыларына интернет-ресурстар арқылы кез келген жерде шағымдарын жөнелтіп, жүгіне алады. Құқық бұзушылыққа қатысты фотосуретті немесе бейнежазбаны смартфонға түсіріп алып, өздерінің учаскелік инспекторларына жолдап жіберсе де жеткілікті. Планшеті үнемі жанында жүретін учаскелік инспекторлар аталған жерге сол бойда барып, қоғамдық жерлерде ішімдік ішіп, темекі шегіп жатқандарды тəртіпке шақырады, тиісті шара қолданады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы барлық деңгейдегі басшылар өз қызметкерлерінің жұмысын нақты уақыт жағдайымен қадағалап отыруға мүмкіндік алады. Қажет болған жағдайда жұмыс жоспарына тез өзгеріс енгізіп, нақты тапсырмалар береді. Бір сөзбен айтқанда, цифрландыру бойынша қолға алынатын жобалар полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасын жаңа сатыға көтеріп, тұрғындардың ішкі істер органдарына деген сенімін нығайта түседі. Сондықтан аталған жобалардың сəтімен жүзеге асуы, еліміздің тұрғындары үшін де, полиция қызметкерлеріне де аса маңызды.

АҚШ елшілігінің сыйы Қызылордада есірткінің заңсыз айналымымен күрестің нəтижелілігін арттыру бағытында полиция қызметкерлеріне автокөлік тіркемелері берілді.

таңда халықаралық стандарттарға толығымен сəйкес келеді. Қылмыстық іс пен құқық қорғау қызметінің реформасы – құқықтың үстемдігі мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда маңызды кезең болып табылады. Оның мақсаты – қылмыстық іс барысында адам құқығының қорғалуын нығайту, сотқа дейінгі тергеумен шұғылданатын органдар, прокуратура мен сот арасында өкілеттіктерді нақты бөлу. Бүгінгі таңда өңірдегі ішкі істер органдарының барлық аумақтық бөлімшелері қажетті компьютермен жабдықталып, полиция қызметкерлері арнайы курстан өтті. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

Қызылорда облысы аумағында есірткінің заңсыз айналымына тосқауылды күшейту жəне нашақорлықтың алдын алу мақсатындағы бірнеше жобалар жүзеге асырылып, тиісті ұйымдастырушылық шаралар жасалуда. Осындай шаралардың бірі ретінде Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жəне Кинологиялық қызмет орталығының теңгеріміне есірткі қылмыстарын жедел түрде ашу, есірткінің заңсыз айналымымен күрестің нəтижелілігін одан əрі арттыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында АҚШ елшілігінің өкілдері 2 дана тіркеме табыс етті. Бірнеше жыл бойы есірткі бизнесіне қарсы күрес арнайы бөліністеріне Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігінің бөлімдерімен ынтымақтасу шеңберінде техникалық құрал-жабдықтар беріліп келеді. Шараға Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері, департамент басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ғани Төлебаев беріліп отырған техникалар есірткі құралдарына қатысты заң бұзушылықтарды анықтау, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру кезінде оң нəтижелерге жеткізетінін атап өтті. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі


6

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ №65 (4423),№сейсенбі, 4.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг, 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

СҰХБАТ

Міндетті сақтандырудың мақсаты – жауапкершілікті арттыру «Апат айтып келмейді». Бұл – төтенше жағдайға дайын болып, оның зардабы мен салдарына қамданып отыруға шақырып айтылған сөз. Бірақ, елімізде орын алып отырған жағдайға қарап, оны ескеріп жатқандар аз ба деген ойға қаласың. Бір жағы, мемлекеттік жүйенің өзі де осылайша қалыптасқан. Үйін су шайып қиратқан азаматқа жергілікті атқарушы билік үй салып береді. Ал ескі үйі жаңа үйге айналарын білген адам қамсыз отыра берері анық қой. Сол себепті, бұл қатынасқа азаматтардың да жауапкершілігін арттыру қажет деген пікірдің айтылып жүргеніне көп болды. ішінде Тянь-Шянь жəне Алтай Оның бірден бір механизмі таулары сейсмикалық қаупі жоғары – міндетті сақтандыру жүйесін IV-V аймақтарда орналасқан. Сол іске қосу. Арнайы қор құрып, себепті, осы таулы аймақта жойқын жылжымайтын мүлік иелерінен зілзала болуы мүмкін деген болжаміндетті жарна жинау. Ішкі істер мымыз да жоқ емес. Ғалымдардың министрлігі Төтенше жағдайлар өздері 80-100 жылда қатты жер комитеті Төтенше жағдайлардың сілкінісі қайталанып тұратынын алдын алу басқармасының бастығы, айтады. Ол туралы тарихтан да азаматтық қорғау полковнигі белгілі. Мəселен, өткен ғасырда Марат Хасеновпен сұхбатымыз осы мұндай кезең 1885-1911 жылдар тұрғыда өрбіген еді. аралығында орын алыпты. Ол ала– Марат Майданұлы, пат апат əкелген Верный (1887 табиғи апаттардан міндетті жыл), Шелек (1889 жыл) жəне сақтандыру қаншалықты қажет? Кемин (1911 жыл) зілзалалары. Сол Оның тиімділігі мен сипаты себепті, бұл құбылыстың қайталану қандай? Осы туралы кеңірек айқаупі қазір өте жоғары. тып берсеңіз?

– Табиғи апаттардан міндетті с а қ т ан ды ру қ а н ш ал ықты қажет екендігі жыл өткен сайын өзекті болып келеді. Оған соңғы жылдары жиілеп кеткен климаттық катаклизмдер мен табиғи ауытқушылықтар дəлел. Сол себептен де біз міндетті сақтандыру механизмін енгізу мəселесін əлі де болса зерделеу үстіндеміз. Осы орайда, сақтандыруға жататын табиғи апат түрлері ретінде жер сілкінісі, су тасу, гидротехникалық ғимараттардың бұзылуы, сел жүру, топырақ опырылу жəне жерасты суларының көтерілуі сынды төтенше жағдайларды айқындадық. Өйткені, бұлардың барлығы – тұрғын үйлердің қирауына алып келетін факторлар. Сонымен бірге, осы мақсатта құрылатын «Апаттар қатері қорынан» террорлық актілер мен жаппай тəртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен азаматтарға жəне өздерінің кінəсінен болмаған өрттен зардап шеккен азаматтарға да төлем жасау ұсынылады. Сонымен, таңдалып отырған төтенше жағдайларға келелік. Бізде жер сілкінісінің қаупі жоғары 6 аймақ бар. Олар – Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары, Алматы қаласы, Қызылорда облысының кейбір аудандары, Маңғыстау жəне Атырау облыстары. Соның

Біз сақтандыру туралы сөз етіп отырған табиғи апаттың тағы бір түрі – су тасқыны. Елімізде ауа райына қарай бұл кезең ақпан айының аяғынан басталып, шілде айына дейін жалғасады. Жыл сайын қаншама елді мекенді су шайып, азаматтар үлкен зардап шегіп жатады. Бұл түптеп келгенде мемлекетке шығын болып тиеді. Мəселен, 2017 жылдың өзінде 87 елді мекенді су шайып, 1504 тұрғын үй, 862 саяжай, 8 əкімшілік ғимарат қираған. 4 млрд теңгеден астам шығын келген. Зардап шеккен адамдарға 1 млрд теңгеден астам өтемақы төленген. Келесі жайт – дауыл, қатты жел мəселесі. Бүгінде «құрылыс нысандарының шатырын немесе қасбетін жел жұлып əкетіпті», «кран құлапты» деген оқиға көп. Сол келтіретін зардабына байланысты, бұл табиғат апаты да сақтандыру санатына жатады. Енді біздегі қазіргі жағдайға келелік. Адамдар табиғи апаттан зардап шексе, материалдық шығынға ұшыраса, денсаулығына зақым келсе, бізде бірінші кезекте мемлекет көмектеседі. Шығынын өтеп береді. Үй салып береді немесе өтемақы төлейді. Бізде азаматтар соған əбден үйреніп кеткен. Бұл бір жағы мемлекет өз тарапынан міндеттемелерін мүлтіксіз орын-

дап отыр дегенді білдіреді. Біздің елімізде төтенше жағдай орын алған алғашқы бір тəуліктің ішінде мемлекет көмек көрсетпей қалған жағдай болмаған екен. Осы уақыт аралығында зардап шегушілердің өмірлік маңызды қажеттіліктері қамтамасыз етіледі. Яғни, олардың тамақтан, жатын орыннан, киімкешектен мұқаждығы болмайды. Осылайша, олар өздері орнығып кеткенге дейін мемлекеттің қамқорлығында болады. Өйткені, біздегі мемлекеттік жүйе сондай. Ол өте дұрыс, əрине. Біздің бұл тəжірибеден бас тартпайтынымыз рас. Бірақ, бұл жерде мəселе адамдардың төтенше жағдайлар кезіндегі өз жауапкершілігінде болып тұр. Өйткені, төтенше жағдайға ұшырағанына олар да белгілі бір деңгейде кінəлі болатын жағдайлар бар. Мəселен, не үшін үйін судың жолына ойға салады, жерінің топырағын, іргетасын əуелден неге биіктетпеген, нығайтпаған, құрылыс материалдарының сапалысын пайдаланбаған деген сияқты. Сондықтан да алғашқы сəттерде мемлекет өз қамқорлығына алғаннан кейін олар ары қарай өз бетінше күн көріп кету мүмкіндігін қарастыруы қажет. Нақтырақ айтқанда, соған алдын ала дайындалуы тиіс. Ол үшін дүние-мүлкін сақтандырғаны абзал. – Оны жүзеге асыру формасы қандай болу керек? – Бұл туралы 2010 жылдан бері қолға алынып, зерделеніп келеді. Осы уақыт аралығында қыруар жұмыстар атқарылды. Халықаралық тəжірибелер зерттелуде. Ведомствоаралық жұмыс топтары құрылып, олардың көптеген жиналыстары өтті. Сарапшылар тобы жасақталды. Үкімет отырыстары өтті. Соның негізінде 2013 жылы заң жобасы мен оның тұжырымдамасы жасалып шығарылды. Онда біз оны жүзеге асырудың үш деңгейлі құрылымдық жүйесін ұсындық. Ол – ең əуелі мемлекеттік бюджет. Барлық бюджеттік құрылымдар – мектеп, аурухана, мемлекеттік мекемелер Үкіметтің резерві есебінен қалпына келтіріледі. Бұл бұрыннан да солай. Ал азаматтар үшін сақтандырудың аралас жүйесі ұсынылмақ. Бұл мақсатта «Апаттар қатері қоры» құрылады. Ол екінші жəне үшінші деңгейде қарастырылған.

РЕЙД

Өскемендегі өртке қарсы шара 2018 жылдың басынан бері Өскемен қаласы аумағында 120-дан астам өрт болып, онда 19 адам қаза тапты. Өрттердің жалпы себебі – ақаулы электр құралдарын пайдалану немесе пайдалану талаптарын бұзу, абайсыз болу, т.б.

Жуырда Өскемен қаласы ТЖБ Мемлекеттік өрт-бақылау бөлімінің мамандары Жергілікті полиция қызметімен жəне «Жас Отан», «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығының волонтерлерімен бірлесіп, өрт қаупі жоғары тұрғын үйлерге рейд жүргізді. Алдымен инспекторлар алкогольді ішімдікке əуестенген əйел тұратын тұрмысы нашар отба-

сына бет алды. Оның төрт баласы бар жəне үйінде берекетсіздік орын алған. Рейдке қатысушылар оған пешті пайдалану ережелерін жəне қауіпсіздік мəселелерін түсіндірді. Екінші мекен-жайға келген инспекторлар ол үйде адамдар болмағандықтан, нұсқаулықты есіктің сыртына ілуге тура келді. Дегенмен, кезекті қолайсыз отба с ы л а р д ы ң б і р і н е ке л г е н д е , қожайын алкогольді ішімдікті

қойғанын жəне жұмысқа орналасқандығын айтып ақталды. Оған да волонтерлер өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы нұсқаулық өткізіп, шұғыл қызметтердің телефондарын еске салып, жадынама табыстады. Рейдтті қорытындылай келе, Өскемен қаласы ТЖБ мамандары: «Кейбір азаматтармен жеке кездесе алмағанымыз өкінішті. Бірақ, өртке қарсы нұсқаулықты тыңдаған адамдар дұрыс қорытынды жасайтынынан үміттенеміз», – деп атап өтті. Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметі

Екінші деңгей – міндетті сақтандыру. Азаматтарға Апаттар қатері қорынан жылжымайтын мүліктері үшін екі нұсқада төлем жасалады. Біріншісі – минималды нормада баспанамен қамтамасыз ете отырып, тұрғын үйді қалпына келтіру құнын ішінара өтеу. Мұнда қосалқы құрылыстар мен жылжымалы мүліктерді қалпына келтіру есепке алынбайды. Екіншісі – мүлік салығын төлеу үшін тұрғын үйдің белгіленген салықтық құны көлемінде тұрғын үйді қалпына келтіру құнын ішінара өтеу. Үшінші деңгей – ерікті сақтандыру. Азаматтардың жылжымайтын жəне жылжымалы мүліктері бойынша қалған шығындары ерікті түрде сақтандырылуы тиіс. Осылайша, мүліктер мен тұрғын үйді қалпына келтірудің толық құны ерікті сақтандыру бойынша жүзеге асырылады. Түйіндей айтқанда, сіз тұрғын үйіңізді сақтандыруға міндеттісіз де, аулаңыздағы қосалқы құрылыстарды, автокөлігіңізді сақтандыру-сақтандырмауды өзіңіз білесіз. Мемлекет үшін ең бірінші мақсат – төтенше жағдай салдарынан сіздің баспанасыз қалмауыңыз. Ал заңды тұлғалардың мүліктері мен ғимараттарын қалпына келтіру ерікті сақтандыру есебінен жүргізіледі. Сондай-ақ, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан келген шығындарды өтеу төтенше жағдай орын алған нысан иесінің есебінен жүзеге асырылады. Төтенше жағдай министрлігі сақтандыру жарнасының көлемін анықтау үшін елімізді табиғи апаттар сипаты бойынша үш аймаққа бөліп қарастыруды ұсынады. Біріші аймақ – сейсмикалық, су тасу, сел жүру, топырақ опырылу қаупіне жəне қатты жел мен карст процестеріне жиі ұшырайтын өңірлер – Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, Жамбыл облысының оңтүстік беті мен Түркістан облысының орталық бөлігі. Екінші аймақ – су тасу, қалың қар түсу, дауыл, боран соғу жəне аптап шөл қаупіне жиі ұшырайтын өңірлер – Қостанай, Ақмола облыстары жəне Қарағанды облысының орталық жəне солтүстік бөлігі. Ақтөбе облысының солтүстігі мен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аймағы да осыған жатады. Үшінші аймақ – қауіп-қатері аз Түркістан, Жамбыл облыстарының солтүстік аудандары, Ақтөбе жəне Батыс Қазақстан облыстарының бөлігі, Шығыс Қазақстанның батыс, Қарағанды облысының оңтүстік аудандары жəне тұтастай Маңғыстау облысы. – Механизм мен қатысушы тарап белгілі. Мұнда тараптар арасындағы қарым-қатынастар қалай реттелуі тиіс? – Таяқтың екінші ұшы бар. Мен жаңа осыған дейін сақтандыруға жататын санаттар туралы айтып келдім. Олар – жеке тұлғалар. Ал оларды сақтандыратын кім болмақ? Олар – сақтандыру компаниялары, яғни жекеменшік ұйымдар.

Кез келген компания тек табыс үшін жұмыс істейтіні белгілі. Ол – нарықтың заңы. Сол себепті, олар өздері шығынға бататын болса, бұл қадамға бармайды. Ешқандай да сақтандыру компаниясы сіздің құлайын деп тұрған үйіңізді немесе су шаю жолында орналасқан қандай да бір нысаныңызды жауапкершілігіне алмайды. Бұл жерде не төленетін жарна көп болу керек, не есептелетін өтемақы аз болуы тиіс. Тіпті, əуел бастан əрбір құрылыс салатын азамат нысанды қауіпсіз жерге салуға мүдделі болуы керек. Ал бізде қаржы үнемдеу мақсатымен адамдар саяжайлардан жер телімдерін сатып алады да, күрделі құрылысты үй салады. Ал саяжайдағы жер телімінің тағайындалған мақсаты оған жатпайды. Ол тек маусымдық пайдалануға ғана қарастырылған. Соны көптеген жерлестеріміз түсінбейді. Мəселен, Ақтөбеде қала сыртындағы су бөгенінің іргесіндегі саяжайларға адамдар үй салып алған. Ал əуел баста ол жерлерге үй салуға болмайтын. Өйткені, ол судың жолында орналасқан. Бұл саяжайлар Кеңес одағы кезінен қалған бау-бақша алаптары болатын. Тіпті, ол жерлерге тұрғылықты орын ретінде тіркелуге де болмайтын. Бірақ, кейіннен заман өзгерген соң адамдар онда үй салып, жыл он екі ай тұратын мекенге айналдырды. Одан соң тұрғылықты жері бойынша тіркелу мəселесін де заңдастырып алды. Бірақ, одан ол жердің су шайып кету қаупі жойылып кеткен жоқ. Күндердің күнінде су көп келіп, бөгеннің қалақшалары ашылып, артық суды саяжайлардың аумағына төгуі мүмкін. Өйткені, əу баста солай қарастырылған. Осылайша, үйлері су астында қалған адамдар төтенше жағдай кезінде əкімдіктен көмек сұрап, соларға наразылық таныта бастайды. Бұл жерде қауіпті жерге үй салған адамдардың өздері кінəлі. Сақтандыру жүйесін енгізуді əбден негіздеп алу үшін үлкен көлемде экономикалық жəне өзге де есептер жасау қажет. Азаматтардың да ой-пікірлері ескерілуі шарт. Осы ретте, біз Экономика жəне бюджетті жоспарлау министрлігінің бұл мақсатта ғылыми-зерттеу жүргізуге бюджеттен қаржы бөлу қажет деген ұсынысын қолдаймыз. Сондықтан да бұл айтылып отырғандардың барлығы – міндетті сақтандыру аясындағы пікірталастар ғана. Осы тұрғыда өзге елдердің тəжірибелерін зерттеп, жұртшылық арасына түсіндіру жұмысын жүргізе отыра, біз түбі мұндай қатынастарға келетін боламыз. Мұның арғы жағында адам өмірі тұрғандығын да ұмытпайық. Өйткені, табиғи апаттардың соңы қазаға ұшыратып жататыны да белгілі. – Əңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ


СПОРТ №65 (4423), 4.09.201819.12.2013 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг,

СПАРТАКИАДА

Бір жарым ай бойы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС164/3 мекемесі кезекті спартакиаданы өткізіп, əртүрлі спорт түрлерінен сотталғандар арасынан ең күшті спортшыларды анықтады.

Жуырда жазғы спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. ЕС-164/3 мекемесі

бастығының тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы,

7

ЖОЛДАСТЫҚ МАТЧ

Жеңілгендер жоқ жарыс Сұлтан ЖАБАЛЫЕВ, Солтүстік Қазақстан облысы

е-mail: nastraje@mail.ru

əділет майоры Р. Рахметов барлық қатысушылар мен сотталғандарға ізгі тілегін арнап, шараға атсалысқандары үшін алғысын жеткізді. Шағын футболдан өткен жарыста 7-жасақ командасына тең команда болмады. Осы жарыста 8-ші жəне 4-ші жасақтардың командалары бірдей ерекшеленді. Жеңімпаздарға «Жас кəсіпқойлар қоғамының» төрағасы А. Əубəкіров сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтарын табыстады. Жеңімпаздар құрметіне Петропавл қ а л а с ы ə н ш і л е р і н і ң ко н ц е р т і ұсынылды. Қонақтар алдында өнерпаз сотталғандар да концерттік бағдарламасын қойды. Бұл спартакиадада жеңілгендер жоқ. Өйткені, шара сотталғандар арасындағы ынтымақты арттыруға бағытталған. Олардың осы үдеден шыққаны сөзсіз.

Сотталғандар кəсібилерден басым түсті К. МЕҢДІБАЕВ, Ақтөбе облысы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті КА-168/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың бос уақыттарын тиімді пайдалану жəне спортқа құлшыныстарын арттыру мақсатында Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы Жастар спорт мектебінің шағын футбол командасы жəне үстел теннисшілерімен сайыс өтті. Ойын барысында Жастар спорт клубының бастығы А. Қайыровтың басқаруымен келген команда мекеменің соталғандарына тойтарыс бере алмай, 7:2 есебімен жеңіліс тапты. Үстел теннисі ойынында да мекемедегі сотталғандар өздерінің осал команда емес екендіктерін дəлелдеді. Ойын барысында сотталғандар осы мекемеде өз спорт залдарының бар екендігін, қысы-жазы футбол, волейбол, т.б. спорт түрлерінен жарыстар өтіп отыратынын мақтанышпен айтты. Жастар спорт мектебінің құрама командасы алдағы уақытта да жолдастық кездесу өткізуге келетіндіктерін айтып, осы жарысты ұйымдастырушылар мен мекеме қызметкерлеріне де ризашылықтарын білдірді.

ШАҒЫН ФУТБОЛ

Өнерлі жұлдыздармен жүздестірген ойын Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы Алматы қал асы бойынша ҚАЖ департаменті ЛА–155/6 мекемесінде кəмелетке толмаған сотталғандар арасында спорттық ойындар жарысы жиі ұйымдастырылады. Ал бұл жолғы жарыс ерекше болды. Балалар теледидардан ғана көріп жүрген өнер жұлдыздарымен бірге доп қуалап, жеңіс үшін жанталасты. Алаңда түзеу колониясы жасөспірімдерінің «Жастар», өнер адамдарынан құралған «Алатау» футбол командасы жəне мекеме қызметкерлерінен құралған команда əдемі ойын өрнегін көрсетті. Белгілі өнер жұлдыздары Тəуекел Мүсілім, Арман Қоңырбаевтардың командасын 6:2 есебімен жеңген жазалы балалардың «Жастар» командасы үздік шықты. Бұл жолы жұлдыздар екінші орынды қанағат тұтты. Жолдастық

ВОЛЕЙБОЛ

Тегеурінді текетірес Тараз қалалық №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің спорттық алаңында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, сондай-ақ, «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі мен бөлімшелерінің арасында волейболдан жарыс өтті.

кездесуде жасөспірімдер ережесіз жекпе-жектен əлем чемпионы Қуат Хамитовпен жүздесті. Жарыста қызықты ойын өрнегін көрсеткен сотталғандар Ə. Асан, Т. Исиниязов, Ж. Малдыбаев, Ə. Есімжановтар «үздік ойыншы» атағына ие болды.

Мекеме бастығы, əділет подполковнигі Е. Шакенов осындай тəрбиелік мəні зор жарысты ұйымдастырған Жетісу ауданының мəслихат депутаты Қайрат Құдайбергенге мекемедегі барлық с от т а л ғ а н д а рд ы ң ат ы на н ү лке н алғыс білдірді.

АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ

Қауіпсіз балалық шақ үшін Ақтөбе облысы ТЖД Халыққа хабар беру жəне оқыту тобы, Ақтөбе қаласы ТЖБ жəне Жедел-құтқару жасағының мамандары «Қызыл Ай» қоғамы өкілінің қатысуымен «Береке» лагеріндегі 120 демалушы бала мен 12 жасақ басшылары үшін өрт қауіпсіздігі мен зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша эстафета жəне оқыту сабағы түрінде қызықты іс-шара ұйымдастырды.

М ұ н ы ң б а рл ы ғ ы 2 0 1 8 ж ы л ғ ы жаздың басынан бері жарияланған «Балаларға арналған жазғы о р ы н д а р д а ғ ы қ ау і п с і з д і к » а к ц и я с ы а я с ы н д а ө т т і . Жа с т а рд ы өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандардың еңбектерін құрметтеуге тəрбиелеу, сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі мəдениетін арттыру мақсатында Ақтөбе облысы ТЖД қызметтерінің жұмысы өрт қауіпсіздігі ережелері мен оларды қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндірмеден басталды. Өрт статистикасы, балалардың отпен

ойнауы себебінен болатын апаттар, өртті анықтаған жəне ол туындаған кезде дұрыс əрекет ету туралы айтылды. «Қызыл Ай» қоғамының өкілі манекенді қолданып, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тəсілдерін көрнекі түрде көрсетті. Балаларға «Балалардың отпен ойнауы», «Өрт кезінде əрекет ету», «Өртті болдырмау үшін», «Тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы», «Адамдар жаппай жиналатын объектілерде өрт шыққан жағдайда іс-қимыл жасау туралы» жадынамалар таратылды.

Қызықты іс-шара эстафетамен жалғасты. Мұнда «Өрт сөндірушілер» мен «Құтқарушылар» атты лагерьдің 6 тобының 10 жастан 15 жасқа дейінгі балаларынан 7 адамнан құралған екі команда қатысты. Эстафетаны өткізу барысында «Сізге өрт кезінде не қажет?», «Өрт», «Өрт сөндіру», «Зардап шеккенге алғашқы көмек көрсету» ойындары өтті. Алғашқы ойында балалар ұсынылған əртүрлі заттар мен суреттерден өрт сөндіруші мамандығына байланыстыларын таңдау керек болды. Келесі турда балалар ұсынылған нұсқалардан (жапырақтар, құм, су жəне өрт сөндіргіш) отты сөндіруге қажеттісін таңдады. Өрт сөндіргішті дұрыс қолдану жəне өртті сөндіру – келесі ойында көзделген мақсат. Эстафетаның соңында балалар манекенге жүгіріп б а р ы п , а л ғ а ш қы кө м е к к ө р с е т у жəне «жасанды тыныс алдыру» əдісінің дұрыс жасалуын көрсету арқылы алғашқы көмек көрсетулері керек болды. Ойындардың нəтижесі бойынша команда капитаны болған Наиль Делевировтің «Өрт сөндірушілер» командасы жеңіске жетті. Олар өздерінің ептілігін, білімін, дағдыларын жəне шеберлігін көрсете отырып, эстафетаны бірінші болып аяқтады. Жеңімпаздар мен қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар берілді. Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Мұндай шараны өткізудегі басты мақсат – Конституция күніне орай жəне саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында қызметкерлердің спорттық дағдыларын арттыру мен баулу. Жарыс нəтижесі бойынша аздаған ұпаймен алға шыққан Тараз қалалық №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы жеңіске жетті. Ал екінші орынды Тараз қалалық №2 Өрт сөндіру бөлімі иеленсе, жүлделі үшінші орынды Тараз қалалық №3 Өрт сөндіру бөлімінің командасы қағанат тұтты.

ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ

Жылдамдық жеңіске жеткізеді Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметінде өрт сөндіру бөлімдерінің арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық жарыс өтті. Конституция күніне орайластырылған шараның салтанатты ашылу рəсімінде жарысқа қатысушылар алдында облыстық ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев спортшыларға жəне жарысты ұйымдастырушыларға ақ тілегін арнады. Жарысқа қалалық жəне аудандық өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Жаттығу 3 спорт түрі бойынша өтті. Олар: кедергілермен 100 метрлік жолақты бағындыру, Петропавл қаласының №1 Өрт сөндіру бөлімі оқужаттығу мұнарасының 4 қабатына шабуылдау сатысымен көтерілу жəне жауынгерлік қанат жаю. Шабуылдау сатысымен көтерілуде жылдамдығымен көзге түскен Есіл ауданы, Явленка ауылының №10-ӨСБ командасының өкілі Нұрлан Жандос, ал кедергілермен 100 метрлік жолақты бағындыруда №2-МӨСБ командасының өкілі Қайрат Жұмабаев жеңіске жетті. Жауынгерлік қанат жаю жарысында Петропавл қаласы №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы бас жүлдені алды. Жарыстың қорытындысы бойынша І жалпыкомандалық орынды өте жақсы өнер көрсеткен Петропавл қаласы №2-МӨСБ иеленді. Екінші орынды №3-МӨСБ жеңіп алса, үшінші орын Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының №7-ӨСБ командасына бұйырды. Жарыстың жеңімпаздарына салтанатты түрде грамоталар жəне бағалы сыйлықтар табыс етілді. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы жəне «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі полиция полковнигі Құрымбаев Руслан Қуандықұлына əкесі Қуандық ҚҰРЫМБАЕВТЫҢ қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Алматы қалалық ІІД басшылығы, Ардагерлер кеңесі жəне жеке құрамы ішкі істер органдарының ардагері, милиция генерал-майоры Федоров Анатолий Федоровичтің жары Рашида ФЕДОРОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

СӨЗ СОҢЫ №65 (4423), сейсенбі, 4.09.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz

МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»

Ата заң күніндегі алғашқы құжат Сақшылар 5,5 млн теңге 16 жасар Дамир Наурызбаев, Райхан Байбурова, Екатерина Свинцицко, Жанель Жақыпбекова жəне Ержан Исмағанбетов үшін биылғы Конституция күні есте қаларлықтай өтті.

Полиция қызметкерлері салтанатты жағдайда жас ақмолалықтарға басты құжат – жеке бас куəліктерін т абыст ады. Салт анатты рəсімге олардың туыстары мен жақындары қатысты. Мұндай форматта алғашқы құжаттарды табыстау полиция қызметкерлері үшін дəстүрге айналса, жас азаматтар үшін ерекше əсерлі болды.

Салтанатты рəсімді Көшіқон қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Руслан Бопин ашып, өз сөзінде жасөспірімдер мен олардың ат а - а н а л а р ы н Ко н с т и ту ц и я күнімен құттықт ап, жеке бас ку ə л і г і ə р б і р а з а м ат т ы ң б а с т ы құжаты болып табылатынын атап ө т т і . А л ғ а ш қ ы қ ұ ж ат т а рд ы І І Д

бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев т а б ы с т а д ы . Ку ə л і к т е н б а с қ а , балаларға Конституция жазылған брошюралар табысталды. Виктор Семенович жасөспірімдерді алғашқы құжат алуларымен құттықт ап, болашақт а ішкі істер органдарына қызметке т ұ р ат ы н д а р ы н а с е н і м б і л д і рд і . Бұған қоса, полиция полковнигі əр салада мамандарды дайындайтын ІІМ-нің жоғары оқу орындары жайлы мəлімет берді. Б а л а л а р с а л т а н ат т ы р ə с і м н е н алған əсерлерімен бөлісіп жатты. 16 жастағы колледж студенті Райхан Байбурова: «Осындай салтанатты ж а ғ д а й д а а л ғ а ш қ ы қ ұ ж ат ы м д ы алғаным керемет əсерге бөледі. Жаңа құжатымды ұқыпты ұстап, ҚР азаматы атына лайықты болып, еліме пайдалы болуға тырысамын», – деді. Балалар үшін ұйымдастырылған іс-шара ІІД Мұражайы мен К ө к ш е т ау қ а л а л ы қ І І Б Же д е л басқару орталығына экскурсия жасаумен аяқталды. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

ЖАҢА НЫСАН

Ақжардағы жаңа бекеттер Қайрат САТАБАЛДИНОВ, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек жəне Бостандық ауылдарында Конституция күніне орай жаңа өрт бекеттерінің салтанатты ашылу рəсімдері өтті. Бұл елді мекендерде мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ болғандықтан, жаңа нысанның ашылуы ауылдарды өрттерден қорғауда зор көмегі болары сөзсіз. А л қ ат е р е кт е б ү г і н г і к ү н і 7 1 4 адам тұрып жатыр, ал оның аудан орталығынан қашықтығы 67 шақырымды құрайды. Бостандық ау ы л ы н д а 5 8 4 а д а м б а р , ау д а н о рт а л ы ғ ы н а н 7 7 ш а қ ы р ы м қашықтықта. Қыс мезгілінде, борандарда жергілікті тұрғындарға өртпен күре су оң ай еме с. Ал ауылдық

округтің елді мекендерінде, əсіресе, жазғы уақытта өрт оқиғалары жиі болып тұрады. Үкіметтің «Жергілікті атқарушы органдармен өрт бекеттерін құру ережелерін бекіту, елді мекендерде оларды материалдық-техникалық жарақтандыру туралы» қаулысына сəйке с, Төтенше жағдайлар бөлімі жəне жергілікті атқарушы органдардың көмегімен ауылдардың өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз е т у б о й ы н ш а м а қ с ат т ы ж ұ м ы с жүргізіліп келеді. Ақжар ауданының

Алқатерек жəне Бо стандық ау ы л д а р ы н д а ғ ы с а л т а н ат т ы рəсімдерге аудан əкімінің орынбасары Ғалымтай Айтмұхаметов пен Солтүстік Қазақстан обл ы с ы Т Ж д е п а рт а м е н т і н і ң Ө рт қауіпсіздігі саласындағы бақылау ж ə н е п р о ф и л а кт и ка л ы қ қ ы зм е т басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Денис Шуваев, Ақжар ауданы Төтенше жағдайлар б ө л і м і м е н ауд а н ə к і м д і г і н і ң өкілдері қатысты. Сондай-ақ, осы стратегиялық жобаға үлес қосқан Алқатерек жəне Кішіқараой ауылдық округінің əкімдері Нұрбек Алин мен Ермек Қайыржановтың еңбегін атап өткіміз келеді. Енді өрт бекеттері екі ауылдық округтің əкімшілік аймағының, сондай-ақ, жақын елді мекендердің өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз е т ед і . Е р і кт і ө рт с ө н д і ру ш і л е р саны 3 адамды құрайды. Барлық жеке құрам жауынгерлік киіммен ж а бд ы қ т а л ғ а н , т ə ул і к б о й ы кезекшілік ұйымдастырылған. Ж а ң а д а н қ ұ р ы л ғ а н ко м а н д а тек өртке шығып қана қоймайды, сондай-ақ, өздерінің жауапкершілігі а й ма ғ ы н д а ке зд е с е т і н т ө т е н ш е жағдайларды жоюға қатысады. Өрт сөндіру бекетінің болуы жəне жұмыс істеуі елді мекендердегі өрттердің, орманды дала массивтері жануының алдын алады.

ҚАУІПСІЗДІК ƏЛІППЕСІ

Ресми жағажайлар жабылды Бұл өңірде ауа температурасы 3032оС. Бірақ, соған қарамастан, су температурасы əлдеқайда төмен. Құтқарушылар салқын суға түсу денсаулыққа зиян екенін, сондықтан суға шомылуға болмайтынын тұрғындарға ескертіп келеді. Жағажайлар жабылғанымен, « Б ат ы с ө ң і рл і к а э р о ұ т қ ы р же дел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары рейдтік іс-шараларын жалғастыруда. Рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылып, өз өмірлеріне қауіп төндіріп жүрген адамдар құтқарушыларды алаңдатады. Сондықтан олар күн сайын Жайық өзені бойында патрульдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС Бас директор Бимаханбет АСАНОВ Бас директордың орынбасары Бану ƏДІЛЖАНОВА

РЕДАКЦИЯ:

Атырау қаласындағы «Малибу» жəне «ФОК» ресми жағажайлары жабылды. Алайда, облыста ауа райының ысуына орай, тұрғындардың көпшілігі əлі де суға шомылуда.

Бас редактор: Ескендір ТАСБОЛАТ Бас редактордың орынбасары: Жадыра ШАМҰРАТОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА Аға тілші: Бауыржан СЕГІЗБАЕВ

аударды

«Мектепке жол» шарасын қолдау мақсатында Ақтөбе облыстық ІІД қызметкерлерінің барлығы дерлік өз еріктерімен бастамашылық танытты. Олар жетім балалар өз қатарластарынан қалмай, жаңа мектеп формасын киіп, жаңа оқу-құралдарымен мектеп табалдырығын аттасын деген ниетпен бір күндік еңбек жалақыларын аударған болатын. Полиция қызметкерлері Алға жəне Жайсан балалар үйіне 2 млн теңгеден, Кəмелетке толмағандарды бейімдеу жəне оңа лту орталығына 1,5 млн теңге аударып, демеушілік көрсетті. « Б а л а л а р – е л і м і зд і ң болашағы. Оларға қолдан келгенше мүмкіндік жасау – біздің парызымыз. Өмірде түрлі жағдайларға байланысты ата-анасының жылуы мен қамқорлығынсыз қалған балалар жетерлік. Оларға еліміздің толыққанды азаматы болуы үшін, білім алуы үшін бар жағдайды жасауымыз керек», – дейді сертификаттарды табыс еткен Ақтөбе облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жақсылық Нысаналин. Сонымен қатар, ақтөбелік ішкі істер органдарының ардагерлері де «Мектепке жол» республикалық шарасы аясындағы қайырымдылық шараларға атсалысты. Ақтөбе облыстық ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дəулеталин қалалық қоғамдық кеңес төрағасы ретінде Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге «Нұр ғасыр» орталық мешітінде ұйымдастырылған 200 балаға киім мен оқу кұралдарын алып беруге арналған ауқымды ізгі іске қатысты. Ақтөбелік тəртіп сақшылары жыл сайын осы шараға белсенді үлес қосып келеді. Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Бірінші сынып оқушыларына сыйлық

Əрбір ата-ана мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған баласына бар жақсыны, оқуға қажетті керек-жарақтының сапалысын алып бергісі келеді. Сондайақ, мектепке енді қадам басқан əрбір баланың алғашқы қоңырау үнін тағатсыздана күтері сөзсіз.

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірінші сыныпқа баратын балалардың отбасыларына барып, құттықтап қайтты. Мектепке алғашқы қадам жасағалы отырған оқушыларға бірінші сынып оқушысына қажетті барлық керек-жарақтары салынған сыйлықтар табысталды. Балалар қызметкерлердің жылы лебіздеріне, шын көңілден сыйлаған сыйлықтарына алғыстарын білдірді. «Қамқорлық пен махаббатқа тек жақын адамдар мен туғандарың ғана зəру емес, балаларды қуантудың өзі неге тұрады!? Бала – өміріміздің гүлі, біз оларға бар ынтаықыласымызды, қамқорлығымызды, уақытымызды арнауға, олардың болашағын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Балаға кішкентай сыйлықтың өзі шексіз қуаныш сыйлайды, олар бұл сəтті ұмытпайды», – дейді шараны ұйымдастырушылар. Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

ШАРА

Ата заң – азаттықтың ар-намысы Е. ЖЕҢІСХАН, Алматы қаласы Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде кəмелетке толмаған сотталғандар арасында Конституция күніне арналған «Ата заң – азаттықтың ар-намысы!» атты мəдени іс-шара өтті. Онда Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының бөлім басшысы Роза Қозбекова Конституция туралы баяндама жасап, Ата заңның тарихына тоқталды. Сонымен қатар, аталған кітапхана қызметкерлері Қаракөз Исаханқызы ел мен жер туралы танымдық мəліметтерге толы викториналық сұрақтар қойып, сотталғандармен қызықты ойын өткізсе, Назерке Мухамедярова Ата заң туралы дайындалған слайд-шоу көрсетті. Мерекенің соңы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері дайындаған кітап көрмесімен аяқталды.

Басылым 27.02.2018 жылы ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №16944 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «Тауелсіздік-Д» ЖШС баспаханасында басылады. Индексі: 65395 Таралымы: 10515 Тапсырыс: №211

«Тауелсіздік-Д» ЖШС-і Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, 407 тел: 56-97-71 Газет аптасына 2 рет шығады.

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Мадина СҮЛЕЙМЕНОВА Корректор: Еркеғали БЕЙСЕНОВ Фототілшілер: Қанат КӨЛБАЕВ, Бек ИМЕКЕШОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Бауыржан СЕГІЗБАЕВ


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.