Сақшы №85 (4251)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№85

(4251), 15.11.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kz

Газет 1933 жылдан бастап шығады

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЕЛШІЛЕРДІҢ МІНДЕТІ Кеше Үкiмет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев инвестиция тарту елшiлердiң бiрiншi кезектегi мiндетi екенiн айтып, олардан сұрау қатаң болатынын ескерттi. «Жаңа ғана Мемлекет басшысы хабарласып, Жапония мен Кореяға жасаған сапардан кейiн инвестициялық климатты сұрады, осы елдердiң iрi бизнесi тарапынан бiздiң елге қызығушылық үлкен екенiн айтты. Бiзге бұл жұмысты күшейту қажет», – дедi Бақытжан Сағынтаев. Үкiмет басшысы инвестиция тарту бойынша елшiлiктердiң жауапкершiлiгi зор екенiн ескерттi.

«Мемлекет басшысы барлық елшiлердiң жұмысы елге инвестиция тартуға бағытталуы қажет екендiгiне назар аударды. Бұл олар үшiн бiрiншi кезектегi мiндет, сондықтан елшiлерден сұрау да қатаң болады. Олардың қай елден қанша инвестиция тартқаны маңызды болады», – дедi Б.Сағынтаев. Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов барлық елшiлiктердiң экономикалық сұрақтар бойынша жұмысы жүйелi екенiн алға тартты. Үкiмет басшысы министрлерге қол қойылатын меморандумдардың тиiмдiлiгiне мониторинг жүргiзудi тапсырды. «Мемлекет басшысының сапарлары кезiнде бизнес-форумдар өтiп, көптеген меморандумдар мен келiсiмдерге қол қойылады. Ал әрi қарай мониторинг қалай жүргiзiледi? Бұл жұмысты қағаз түрiнде қалдырмай, соңына дейiн жеткiзуiмiз керек. Сондықтан ревизия қажет. Бұл жұмысты Инвестициялар және даму министрлiгi мен сыртқы iстер министрлiгi жыл соңына дейiн аяқтауы тиiс», – дедi Б.Сағынтаев.

ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢІСТІКТІ ЖАҚСАРТҚАН КОДЕКС Ж о ғ а р ғ ы С о т с у д ь я л а р ды ң V I I с ъ е з і қарсаңында Азаматтық процестік кодекстің комментарийін таныстыру рәсімін өткізді. М е м ле к е т б а с ш ы с ы Т ә уе л с і з д і к т і ң 2 5 жылдығында осыдан бір жыл бұрын жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекске жария түрде қол қойды.

«Президент ел өміріндегі зор маңызға ие жаңа Кодекске алғаш рет жариялы түрде қол қойғанын атап өтті. Бұл тұрғындарға заңның мән-маңызын неғұрлым дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді», – деді таныстыру рәсіміне келген қатысушыларға сөйлеген құттықтау сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми. Мемлекет басшысы тарапынан берілген мұндай жоғары баға ақталды. Бүгінде жаңа Кодекс еліміздің құқықтық кеңістігін түбегейлі жақсартты деп нық сеніммен айтуға болады. Жаңа Кодекс күшіне енгеннен кейін шығарылған сот актілеріне жүргізілген талдау азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен қалпына келтіруде өзінің зор тиімділігін көрсетті. Егер де сот төрелігінің ескі жүйесінде істердің жекелеген санаттары бір жарым жылға дейін қаралса, бүгінде олар ең көп дегенде 8 айдың ішінде шешімін табуда. Азаматтық істердің 82 пайыздан астамы бір сот отырысында, ал 58 пайызы – жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралады. Дауды шешудің баламалы тәсілдерін қолдана отырып аяқталған істердің саны 70 пайызға артса, медиацияны қолдана отырып аяқталған істер саны 3 есе артты. Азаматтық процестік кодекске енгізілген нормалар электронды сот ісін жүргізуді жетілдіруге мүмкіндік берді. «Сот кабинеті» сервисі арқылы ағымдағы жылы 600 мыңнан астам электронды құжат келіп түсті.

Халықаралық пікірталас алаңында айтылған ойлар

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» клубының екінші отырысында сөз сөйледі. Халықаралық деңгейдегі шараға әлемнің 50-ден астам сарапшысы, саяси және қоғам қайраткерлері, 21 елдің ғалымдары, сонымен қатар, қазақстандық жетекші сарапшылар қатысты.

«Астана» клубының екінші отырысында ел Президенті ХХІ ғасырда жылдамдық өркениет дамуының қуатты қозғалтқышына айналғанын айтып өтті. «Бүгінгі адамзат баласы тағдыршешті дәуірді бастан кешуде. ХХІ ғасырда жылдамдық өркениет дамуының қуатты қозғалтқышына айналған. Көптеген жалпыәлемдік және өңірлік процестер керемет жоғары динамикаға ие болып отыр. Индустриалды қоғамның бір мезетте постиндустриалды, ал ақпараттық постақпараттыққа айналғанын ешкім де байқамай қалды», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Осы ретте Қазақстан Президенті әлем ұлы ғылыми жаңалықтардың жаңа дәуірі табалдырығында тұрғанын баса айтты. «Бүгінде таяу он жылдықта қоршаған әлем мен қоғам өмірі қаншалық түбегейлі өзгеріске ұшырайтындығын болжауға ғана болады. Информатиканың дамуының арқасында жаһандық кеңістік виртуалды желімен барынша мығым жалғана түсуде. Бұл ұлттық, өңірлік және жаһандық даму мәселелерінде жаңа әдістерді талап ететіндігі сөзсіз. Дәл осы жайтқа айрықша назар аударуды талап ететін байыпты сынқатерлер негізделіп отыр», – деді Н.Назарбаев. Сондай-ақ, басқосу барысында Мемлекет басшысы

АҚШ-та өткен сайлау нәтижесі жетекші державалар арасындағы диалогтың жандануына үміт артуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. «Қазіргі әлем дамуының қарама-қайшы трендтеріне байланысты тұрақты үрдісті ұстап тұру әзірше қиын. Жалпы, АҚШ-та өткен сайлау нәтижесі жағдайдың жақсара түсуіне белгілі бір үміт артуға мүмкіндік береді. Бұл ретте жетекші державалар арасындағы сұхбаттың жаңғыруына және олардың арасындағы негізгі қарама-қайшылықтар бойынша ымыраға қол жеткізуге талпынысқа мүмкіншілік артатындығын айтып отырмын», – деді Елбасы. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бүгінгі күні Қазақстанның экономикалық дамудағы қарқыны жоғары екендігін және бұл қазіргі әлемдік экономиканың ағымдағы даму қиындықтарына қарамастан маңызды міндеттерді шеше алатындығын баса айтты. «Сіздер біздің мұнай, газ және басқа да өнімдерді өндіріп экспортқа шығарып келген мемлекет екенімізді білесіздер. Экспорттық бағаның төмендеуіне байланысты бюджетке қаржының басым бөлігі түспей жатыр. Дегенмен, бұған қарамастан, мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілік мәселесі 100 пайыз орындалады», – деді Елбасы. Геоэкономикалық және геосаяси үрейлердің себебін атап өткен Н.Назарбаев: «ХХІ ғасырдағы әлем дамуының философиясы мынадай: жаңа дәуір туады, біз мұның барлығын білеміз. Өршіп келе жатқан бірқатар проблемада конструктивті шешім табу барынша күрделенуде. Бүгінде

ешкім бізге 2008 жылы басталып, осы күнге дейін жалғасып келе жатқан мұндай дағдарыстан қалай шығудың рецептін айта алмайды. Бұл бизнестің бір бөлігінің, бүкіл әлемдегі саяси және сарапшылық ортаның мелшиген күйге түсуіне әкелуде», – деді. Мемлекет басшысының пайымынша, дәл осы жайттан бүгінде геоэкономикалық және геосаяси қорқыныш пайда болып отыр. «Мұнай мен металл құнының күрт құлдырап, қаржы нарықтары, ұлттық валюталар құлады, әлемдік сауда өсімі қарқыны төмендеді, оған өзара санқиялар саясаты да кері әсерін тигізуде. Бұл заманауи, жаһандық экономикаға тәуекел екендігі сөзсіз. Бірақ бұл тұйықталған жайт емес», – деді Елбасы. Сондықтан ҚР Президенті экономикалық өсімнің жаңа нүктелерін табу, халықтар мен елдер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа шегін айқындау маңыздылығын айрықша атап өтті. Айта кетейік, «Астана» клубы Тұңғыш Президент – Елбасы қорының жетекші халықаралық ғылыми орталықтар – Қытай қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясы, Германия сыртқы саясат кеңесі, Ресей халықаралық істер кеңесі және Халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорымен бірлесіп құрған халықаралық пікірталас алаңы саналады. «Астана» клубының бірінші отырысы 2015 жылғы қарашада әлемнің 15 елінен келген 47 сарапшының қатысуымен өткен еді. Оның барысында Еуразия геоэкономикасының негізгі аспектілері, ғаламдық және өңірлік ойыншылардың мүдделері, экономикалық қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктер талқыланған болатын.

ИГІ ІС

Мұражайдағы тағылымды кездесу 9 қараша күні облыстық Ішкі істер департаменті музейінің құрылғанына 27 жыл толды. Бұл күні департамент қызметтері мен бөліністерінің басшылары дәстүр бойынша жұмыс күнін мұражайдағы құнды жәдігерлердің сақтаушылары – Любовь Осинская мен Нина Бенграфты құттықтаудан бастап, гүлдері мен жылы лебіздерін, сыйлықтарын табыстады. Облыстық ІІД мен Петропавл қалалық ІІБ басшылығы музей қызметкерлеріне экскурсиялар жүргізуге және экспозицияларды жинақтауға қажетті ноутбук пен радиоқұрылғы сыйлады. Мұражайдағы мерекеге «Динамо» қозғалысының ардагерлері, спортшылар мен спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың болашақ түлектері де келді. Мұражайға алғаш келген оларға көптеген сыйлық табысталды, сондай-ақ, жеткіншектер ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, велошабандоз Алексей Луценкомен танысу мүмкіндігіне ие болды. 24 жастағы велошабандоз «Тур Хайнань-2016» халықаралық жарысына қатысып, жеңіске жеткен соң туған қаласына келуді жөн көріпті. Маусымды сәтті аяқтағанға дейін атақты «Париж-Ницца», «Тур Алматы» жарыстарының жеңімпазы атанған Алексей Луценко музей қызметкерлерін құттықтап, спорт сүйер балалармен кездесіп, емен-жарқын әңгілеместі. Петропавлға демалысқа келген соң велошабандоз бірден өзінің бауыр басқан ведомствосы Ішкі істер департаментіне бас сұқты. Облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов спортшыны шын жүректен құттықтап, жаңа

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД ведомстволық музейін туған күнімен құттықтауға атақты динамошылар мен жас спортшылар келді.

жеңістерден көрінуін тіледі. Сондай-ақ, облыстың және «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының атынан өнер көрсетуде сәттілік тіледі. «Сенің спорттағы жетістіктеріңді көріп, әр жеңісіңе шын жүректен қуанамыз. Туған өлкеңе келе салысымен, құрылғанына 27 толып отырған біздің музейге келгенің – біз үшін ерекше қуаныш. Жерлесіміз Александр Винокуровқа арналған экспозицияны көрдің. Ішкі істер департаменті оған да

үлкен қолдау көрсетуде», – деп атап өтті полиция ведомствосының басшысы. Спорттық интернаттың тәрбиеленушілері де құр алақан қалмай, сыйлықтар мен тәтті базарлықтарға ие болды. ҚР ІІМ-нің үздік ведомстволық музейі интернат тәрбиеленушілеріне арнап дастарқан жайып, динамошы-ардагерлер Бауыржан Құлжанов пен Зоя Богданова еліміздің ертеңгі жеңімпаздары болар жеткіншектерге ақыл-кеңестерін айтты.


2 ƏЛ

АҚ М Е

ЖАҢАЛЫҚТАР №85 (4251), сейсенбі, 15.11.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

ПА

РАТ

Ауғанстан

Босқындарға 152 миллион қажет Ауғанстандағы босқындарға қаржылай көмек көрсету үшін 152 миллион АҚШ доллары қажет. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. Халықаралық ұйым өкілдерінің хабарлауынша, биыл елге 170 мың адам қайтып оралған. Олардың дені көршілес Пәкістаннан келген. Өйткені жазда екі ел шекарасындағы бақылауөткізу бекетіндегі атыстан кейін Исламабад көші-қон саясатын қатаңдатқан болатын. Осыдан кейін зорлық-зомбылықтан жат елге безіп кеткен ауғанстандықтар отанына бас сауғалай бастаған. Б Ұ Ұ ө к і л д е р і н і ң а й т у ы н ш а , ә ле м д і к қауымдастық көмек көрсетсе, ол қаражат босқындарды орналастырып, азық-түлік және ең қажетті тауармен қамтамасыз етуге жаратылады.

Латвия

Латыштар ұлттық теңгесін қимай жүр Латвия 2 жылдан бері Еуро аймақтың қ ұ р а м ы н д а . Б і р а қ к ей б і р ж е р г і л і к т і тұрғындардың жаңа валютаға үйренісер түрі көрінбейді. Олар бұрынғысынша лат арқылы сауда жасағанды қалайды. Екі жыл бұрын латыштардың басым бөлігі еуроны енгізуге қарсы болғаны рас. Ал қазір қолданыста жүрген жаңа валютаға ел үйренді. Дегенмен, ақша ауысқан алғашқы жартыжылдықта жағдайдың қиын болғанын

е-mail: nastraje@mail.ru

Қазақ хандарының хаттары кітап болып шықты Ғасырлар бойы Қытай мұрағатында сақталған қазақ хандарының хаты кітап болып басылып, жарыққа шықты. Бұл жұмыстарға Бейжің ұлттар университетінің ғалымы Дүйсенәлі Әбділәшімұлының көпжылдық зерттеулері мұрындық болған. Қазақ елі үшін құнды топтамада хандар мен сұлтандарға қатысты 67 құжатта көрсетілген жазбалар енгізіліп отыр. Әзірге төте жазумен жарық көрген жинақты қолдаушылар болса, кирилл жазуына аудару да жоспарда бар. Қытай мұрағатынан табылып, жинаққа енгізілген құжаттардың дені Чиң патшалығы тұсында қазақтармен қарым-қатынас орнаған 1757 жылдан бастау алады. Көпшілігі Уәли мен Ханқожа хандарға қатысты. Ал алғашқы хаттар Абылай хан мен Әбілпейіс сұлтаннан жолданыпты. Тарих ғылымдарының докторы, Бейжің Орталық ұлттар университетінің оқытушысы Дүйсенәлі Әбділәшімұлы: « Оң қанат, Сол қанат, Батыс қанат құжаттары деп қарастырдық. Сол қанат – Абылай және ол билеген қазақтар жазған дүние, оң қанат деп отырғанымыз Әбілпейіс және оның ұрпақтары жазған, енді батыс қанат дегенде бұл негізінен Әбілқайырдың баласы Нұрәлі. Нұрәлі өз өмірінде осы шығысқа екі рет елші жіберген Чиң патшалығына. Бірі – 1763, енді бірі – 1783 жылы. Қазір біздің қолымызда бары – 1783 жылы жазылған екі парша хаты. Бірі Іле генералына, енді бірі патшаға арнап жазылған», - деді. Ол қазақ хандарының хаттарын Жапонияның Киото

университетінде докторантурада оқып жүргенде зерттей бастапты. Соңғы он жылда мазмұнына қарай сараптап, саралап жинаумен айналысқан. Оның іздеуімен 154 құжат табылған. Соның 67-сі кітап бетіне басылды. Әлі де терең зерттеп-зерделеп жүрген ғалым Қытай мұрағаты қазақ еліне қатысты құнды деректерге бай екенін айтады. Жаңа кітап төте жазумен көне қаріпте жазылып отыр. Қазақстандық әріптестерден қолдау болса, кирилше басып шығару да жоспарда бар. Қазақ хандары хаттарының жинағы 2000 данамен шықты. Ғалым өзі аударған соңғы деректер Қазақ хандығының тарихын жаңғыртуға сеп боларына сенімді.

Отандық вакцина неге сапасыз? Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдолданов Cібір жарасына қарсы отандық вакцинаның сапасыз болып шыққанын мәлімдеді. Осы оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр. Айта кетейік, бірнеше ай бұрын Қарағанды облысының 7 бірдей ауданында сібір жарасы тарағаннан кейін отандық вакцина Эфиопия және Украина зертханаларына жөнелтілген болатын. Нәтижесінде бұл дәрі-дәрмектердің сапасы өте төмен екені дәлелденді. Ал осыған дейін бұл

вакциналар өзімізде сарапталып, еш кінәрат табылмаған болатын. «Тексеру нәтижесі бойынша, вакцинаның қауіпсіздігі, оның тазалығы, иммунитет пайда болуға әсері, соған байланысты көрсеткіштері өте төмен, басқа көрсеткіштер бойынша мүлдем жоқтығы анықталған. Сол мәселе бойынша тексеру органдарына іс жіберілген», – деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдолданов. М ұ н ы м ен қ ос а , А у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы министрлігі сібір жарасынан өлген мал көмілген белгісіз қорымдарды анықтауға белсене кіріскенге ұқсайды. Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін, аталған жерлердің иелеріне қатысты мәселе Үкіметте қаралатын болады.

Сүт кешені ашылады Солтүстік Қазақстан облысында 2 мың бас сиырға арналған төрт заманауи сүт кешені ашылады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, Ақжар ауданындағы «Бекет» шаруа қожалығы симментал тұқымының 300 бас төлін алды. Айыртау ауданындағы «Прекрасное» шаруа қожалығы 200-ден астам, ал М.Жұмабаев ауданындағы «Акса-Север» ЖШС 165 аналық мал басын сатып алды. Мәмлүт ауданындағы «Мамбетов и К» толымды серіктестігі Украинадан 600 бас асыл тұқымды мал әкелуді жоспарлап отыр. Қазір облыста 14 заманауи сүт кешендері жұмыс істейді. «Зенченко и К» серіктестігі мен «ТайыншаАстық» ЖШС бір сиырдан жылына 8 мың келі сүт алады. Бұл облыстағы ең жоғарғы көрсеткіш. «Петерфельд-Агро» ЖШС, «НұрСенАгро» ЖШС және «Леонов» ШҚ 5 мың келіге дейін сүт алады. Жылқы, қой, шошқа және құс шаруашылығы да дамып келеді. Биыл солтүстікқазақстандық фермерлер 20 мыңнан астам бас мүйізді ірі қараның төлін алды. Аймақта қырықтан астам асыл тұқымды репродукторлар жұмыс істейді. Олар өткен жылы 2602 бас төл алуға көмектесті. Өңірде жалпы саны 354 мың бас ірі қара мүйізді мал, 377 мың бас қой және ешкі, 110 мың бастан астам жылқы, 196 мың шошқа және 4,9 миллион бас құс бар. Жыл сайын облыста 500 мың тонна сүт, 90 мың тонна ет және 584 миллион дана жұмыртқа өндіріледі.

Ұлттық бренд байқауы Ұ л т т ы қ б р ен д т і а н ы қ т а у ж ө н і н д е г і байқаудың SMS-дауыс беру кезеңі аяқталды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев фейсбуктегі парақшасында хабарлады. «12 қарашада Ұлттық брендті анықтау жөніндегі байқаудың SMS-дауыс беру кезеңі аяқталды. Үздік деген жұмыстарға барлығы 171 198 адам дауыс берді. Бұл азаматтарымыздың белсенділігін көрсетеді. Сондықтан да, ұйымдастыру комитеті сарапшылық кеңестің қарауына ең көп дауыс алған 40 жұмысты ұсыну жөнінде шешім қабылдады. Ұсынылған 40 өтінімнің ішінен финалға жіберілетін 10 жұмыс таңдап алынып, олардың авторлары Ұлттық брендтің өздері әзірлеген нұсқасын қазылар алқасына таныстырады», – деп жазылған министрдің хабарламасында.

«Бала дауысының» бас жүлдегерлері Павлодар облысының оқушылары Мерхат Жылқыбаев пен Мария Затварницкая «Бала дауысы» І Ұлттық ән байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. ешкім жасыра алмайды. Өйткені, халық жаппай ескі ақшасын айырбастап, еуродағы жаңа бағалармен танысып жатқанда бар ауыртпалық тұтынушылар құқығын қорғау орталығына түскен болатын. Сол тұста абдырап қалған тұрғындар жан-жақтан ведомствоға шағым түсіріп, саудагерлердің бағаны қолдан өсіріп, ақшаны дұрыс ауыстырмай отыр деп налыды. Латвия бойынша 27 мыңнан астам тексеру шараларын өткізіліпті. Әйтсе де, латыштар латтан толық құтылуға әлі асығар емес. Орталық банктің мәліметі бойынша, биылғы қазан айындағы жағдаймен банкке қағаз банкноттардың 95 пайызы, ал монеталардың 38 пайызы ғана қайтарылған. Себебі, бұрынғы қағаз және тиын ақшаларын тонналап сақтап отырған жергілікті жұрт жүздеген миллион латты естелікке қалдырыпты. Негізінен, халықтың қолында түрлі бейнедегі 1 латтық монеталар ғана қалған. Латвия банкі өкілдерінің сөзіне сенсек, лат құнын ешқашан жоймайды. Оны екі жыл бұрын белгіленген курс бойынша кез келген уақытта айырбастауға болады. Қазірдің өзінде күн сайын 10-ға жуық адам латты айырбастап жатады.

Украина

Қалың қардың әуресі Украинада қалың қар жауып, соның салдарынан жарты мыңға жуық елдімекен тұрғыны жарықсыз қалды. Жалпы саны 430-дай елдімекеннің жарықсыз қалуына қардың қалың түсуі себеп болып отыр. Қазіргі таңда электр энергиясының берілуін қалпына келтіру жұмыстарына 192 бригада жұмылдырылған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдегі бірқатар жолда жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды. Сондайақ, теміржол қозғалысында да кідіріс көбейді. Ал 7 мың құтқарушы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, байқаудың іріктеу кезеңінде 7-13 жас аралығында еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 3812 бала қатысты. Олардың арасынан соңғы финалға 16 жеткіншек өткен. Бірінші кезеңде жас өрендер еліміздің белгілі композиторлары финалис-

терге арнайы жазған өлеңдерді орындаса, екінші кезеңде Мерхат пен Мария танымал әнші Толқын Забировамен бірге «Биле жастық» әнін шырқаған. «13 жастағы Мерхат Жылқыбаев Павлодар ауданы Заря мектебінің 7-сыныбында, 12 жастағы Мария Затварницкая дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттың 6-сыныбында білім алады. Аймақтық кастинг кезінде қазылар алқасының төрайымы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және эстрада жұлдызы Толқын Забирова олардың екеуінің дауысы мен әртістік қабілетіне жоғары баға берген болатын. Соңғы финал кезінде де жұлдызды жұп КТК телеарнасының тікелей эфирінде СМС арқылы дауыс беру кезінде ең көп (3948) дауыс жинады. Нәтижесінде Мерхат пен Марияға ынталандыру сыйлығы ретінде Сингапурдегі Диснейлендке жолдама берілді», – дейді білім беру басқармасының БАҚ-пен байланыс жөніндегі маманы Күлшат Әлмұқанова. Айта кетерлігі, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аталмыш жоба Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен өткізілген. 23 мамыр - 10 тамыз аралығында белгілі музыкалық продюсерлерден, композиторлар мен танымал орындаушылардан тұратын шығармашылық ұжым балалардың арасында кастинг өткізу үшін республиканың барлық өңірлерін аралап шыққан.

Алда аяз күтіп тұр

«Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 15-17 қарашаға арналған ауа райын таратты. Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, жауын-шашын мен күшті жел алып келген атмосфералық ағынмен циклон Қазақстаннан ығысып, Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан суық антициклон таралады. Солтүстік облыстарда ғана емес, республиканың оңтүстігінде де температура төмендейді деп күтілуде. Антициклон ықпалымен алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігі жауын-шашынсыз болмақ, бірақ күн суытады, түнгі температура 20...27ºС, жер-жерлерде 30ºС аяз болады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауады деп күтілуде. Кей өңірлерде шығыстан күшті жел соғып, боранға ұласады. Түнде температура 5-15ºС аяз болады. Бұл Қазақстанның барлық аумағындағы ағымдағы кезең үшін климаттық нормадан 5-13ºС төмен.

Өтініштер қабылдау басталды 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадада қызмет етіп, ақпарат тарататын БАҚ өкілдері үшін аккредитацияға өтініш қабылдау басталды. БАҚ аккредитациясына өтініштер 2016 жылдың 29 желтоқсанына дейін қабылданады. Халықаралық және отандық БАҚ өкілдері үшін аккредитациядан өту Ойындардың ресми сайтында орналасқан «БАҚ аккредитациясы» бөлімінде жүзеге асырылады. БАҚ өкілдеріне анкетаны толтыру керек. Өтініш қарастырылған соң, қолданушы аккредитациядан өту туралы хабарлама алады. Толық түсінікті нұсқаулық қосымша қағазға орналастырылған. Аккредитациядан өткеніңіз туралы сіз электронды поштаңызға келетін ресми растау арқылы біле аласыз. Аккредитациядан өткен шетелдік БАҚ өкілдері үшін виза алу жолдары жеңілдетіледі. Бұл үшін олар аккредитациядан сәтті өткенін растайтын жазбаны өз еліндегі Қазақстан Республикасының е л ш і л і г і не к ө р с е т у і т и і с . Ж а р ы с қ а ж ә не Универсиаданың басқа да шараларына бару үшін сіз өз есіміңіз жазылған бейджді Алматы қаласы, Байзақов 280, 1-қабат («Almaty Towers») мекенжайында орналасқан Аккредитация ортағына келіп алуыңыз қажет. Аккредитация орталығы 2017 жылдың 10 қаңтар мен 8 ақпан аралығында 9:00 мен 21:00 аралығында жұмыс істейді. Ойындар уақытында сегіз баспасөз-орталықтары жұмыс істейтін болады. Қосымша ақпаратты, + 7 727 2647113, + 7 727 2646737, + 7 727 2647112, +7 727 3132358 телефондары арқылы немесе pressaccreditation@almaty2017.kz электронды поштаға хат жазу арқылы ала аласыздар. Естеріңізге сала кетейік, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойыны қаңтардың 29-ы мен ақпанның 8-ы аралығында Алматыда өтеді.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №85 (4251), № сейсенбі, 15.11.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 РЕСМИ КЕЗДЕСУ

е-mail: nastraje@mail.ru

3

БІЛІКТІЛІК

Ұлт татулығы – ынтымақтастық тірегі Кәсіби даярлық көрсеткіші Жансая СЫДЫҚБАЙ

Өткен аптада Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов Ресей Федерациясы ұлттар ісі жөніндегі федералдық агенттіктің басшысы Игорь Бариновпен кездесті. Кездесу барысында елдегі қазіргі жағдай мен экстремизмнің алдын алу жөніндегі пікір алмасу, көші-қон басқармасындағы мәселелер туралы сөз болды. Тараптар алдағы уақытта екіжақты тығыз қарым-қатынас орнатуды, әлемді алаңдатып отырған көшіқон саласындағы түйткілді мәселелер мен дін аясындағы экстремизмге қарсы күрес пен ескерту бойынша бірігіп жұмыс істеуге уағдаласты. Айта кетейік, кездесуге орталық аппарат пен министрліктің комитет басшылары да қатысты. «РФ Ішкі істер министрлігімен жақсы қарым-қатынас орнатылғанын өздеріңіз де жақсы

білесіздер. Екі ел арасында көптеген екіжақты келісімдерге қол жеткізілген. Атап айтқанда, ҰҚШҰ, Кедендік одақ пен Еуразия экономикалық қауымдастығы және шекаралық әріптестік жақсы жолға қойылған. Елімізде 130 ұлт өкілі өмір сүруде. Егер де өзге ұлттар арасында кикілжіңдер туындап жатса, Қазақстан халқы Ассамблеясының ақсақалдар кеңесімен бірлесіп жұмыс істейміз. Біз барлық мәселені оңтайлы шешуге тырысамыз», – деді Қ.Қасымов делегацияға қарата айтқан сөзінде. Ресейлік делегацияны бастап келген Игорь Баринов екі елдің өзара ынт ы мақ т аст ы ғ ы мен ә р і п т ест і г і

туралы сөз қозғай келе, өз еліндегі ұлтараздық жанжал мен кикілжіңдер, т ұ р м ы с т ы қ қ ы л м ы с т а р ды о қ и ғ а орын алған кезде күреспей, алдын ал а т ы ң ғ ы л ы қ т ы жұ м ы с іс тейтін м е м ле к е т т і к к е ш ен д і б а ғ д а р л а м а қажеттігін атап өтті. «Соңғы кездері әлемдегі жағдай өзгеріп барады. Еліміздегі түрлі ұлттар мен диаспоралар өз салты мен дінін сақтағаны дұрыс. Десе де, экстремизмнің алдын алу үшін жастардың арасында барынша өзге ағымның жетегінде кетуден сақтандырып жатырмыз. Осы жылдың 9 мамырындағы мереке кезінде ғана өзімізді біртұтас елдей сезіндік. Біздің агенттік арнайы қызмет емес, құқық қорғаумен айналыспаймыз, бірақ терроризммен қарсы күресте қапы қалмауымыз қажет», – деді Игорь Баринов.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында квалификация арттыру курстарынан өткен офицерлерге куәліктер табыстау рәсімі өтті. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы академиясы факультетінің бағдарламасы бойынша барлығы 143 офицерге куәлік тапсырылды. Ұлттық ұланның маңызды міндеттерінің бірі – кәсіби-лауазымдық даярлық және офицерлердің біліктілігін арттыру. Осы мақсатта әскерде барлық санаттағы әскери қызметшілермен оқу-әдістемелік жиындар және семинарлар тұрақты өткізіліп тұрады. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы академиясы факультетінің бағдарламасы

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

Арыз-шағымдар назардан тыс қалмайды

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Жыл сайын полицейлердің заңсыз әрекетіне байланысты он мыңдаған арызшағым түседі. Оған қоса, БАҚ беттерінде полиция қызметіне қатысты жыл сайын 300-ден астам сыни мақала жарияланады. Биыл бұл сан 200-ден асып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов мәлімдеді. «Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетттері» тақырыбында өткен брифингке Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің доценті Бахтияр Булеулиев те қатысты. Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамовтың айтуынша, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты баспасөз беттерінде жарияланатын сыни мақалалар жөнжосықсыз айтылған сын емес. Өйткені, көбіне бұл мақалаларда айтылатын сын расталып жатады. «Мәселен, 2015 жылы осындай сыни жарияланымдардың 92-сінің шынайылығы анықталса, осы жылы 50 сыни материал расталды. Осы мақсатта қазіргі таңда ҚР ІІМ баспасөз қызметімен тығыз байланыс орнатып жатырмыз. Олар қоғамда дау тудырған жариялынымдар бойынша мониторинг жүргізеді, осындай сыни жарияланымдар бойынша тиісті ІІД басшыларына қызметтік тексеру жүргізу тапсырылады», – деген Марат Чекишұлы Қоғамдық кеңес айына екі рет арыз-шағымдары бойынша азаматтарды қабылдау жүргізетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес пен мемлекеттік органдардың арасында ішкі істер органдары қызметін онталайландыруға бағытталған өзара уағдаластық жөнінде айта кетті. Айтуынша, ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің бірқатар мемлекеттік органдармен, оның ішінде Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Әділет министрлігі және өзге де министрліктермен өзара уағдаластығы бар. «Мәселен, осы аталған органдарға полиция қызметкерлерінің заңға қайшы әрекетіне байланысты шағым түссе, олар өздерінің құзыреттеріне сай шара қолданады. Бұл арыз-шағымдарды бізге бағыттауға да құқылы. Сондай-ақ, біз мемлекеттік құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдармен тоқсан сайын шағымдардың тізімін жасау туралы келістік. Осы арқылы көбіне ішкі істер органдарының қай департаменті мен қандай бөліністеріне шағым көп түсіретінін анықтауды көздедік. Мысалы, бұл заң бұзушылық тікелей бір облыстық

департаментіне қатысты болса, біз сол департамент басшылығымен жұмыс істейтін боламыз. Қоғамдық кеңестің отырысына нақты заң бұзушы қызметкерді емес, сол құрылымның басшысын шақыртамыз», – деді төраға. Журналистердің «көбіне-көп еліміздің қай өңірінен арыз-шағымдар келіп түседі» деген сұрағына жауап берген кеңес төрағасы: «Еліміз бойынша Батыс Қазақстан, Маңғыстау мен Атырау облыстарының тұрғындарынан шағым көп түседі. Арыздар бойынша облыстық ІІД басшыларын, прокурорларын арызданушымен жұмыс істеуге жұмылдырамыз», – деді. Кеңес төрағасының айтуынша, шағымдардың негізгі бөлігін полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне қатысты арыздар құрап отыр. Сағызша созылып кететін тергеу жұмыстарына да шағым айтушылар көп екен. «Мысалы, алаяқтарға алданып қалған азамат ішкі істер органдарына шағымданады. Іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіледі. Елімізде алаяқтық фактілері жиі тіркеледі. Тиісінше, істің күрделілігіне байланысты тергеу жұмыстары күрделене түседі», – деді Бахтияр Төлегенұлы. Сөз соңында олар Қоғамдық кеңес жұмысының жылдық қорытындысын «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес желтоқсан айында немесе қаңтар айында міндетті түрде жария ететіндерін айтты.

КОНФЕРЕНЦИЯ

Отбасындағы тыныштықтың кепілі 2014 жылы халықтың денсаулығын жақсарту, жасыл экономикаға ауысу, бизнес пен құқық кепілдігін дамыту, әсіресе, халықтың осал топтарына арналған мәселелер бойынша Қызылорда мен Маңғыстау облыстарына демеу жасау мақсатында Бірлескен Ұлттық Ұйым мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен екі жылдық бағдарламасы әзірленіп, қабылданған болатын. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында, ағымдағы жылдың 8 қараша күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әйелдерді зорлықзомбылықтан қорғау тобының бастығы, полиция полковнигі Р.Бекішева және «Подруги» дағдарыс орталығының директоры Н.Гладырь Қызылорда облысына жұмыс сапармен келіп, жергілікті полиция қызметінің және прокуратура, денсаулық сақтау, білім беру, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары қызметкерлеріне арнап «Отбасындағы тыныштық – зорлықзомбылықсыз қоғам» тақырыбында қорытындылау конференциясын өткізді. Аталған шараны Қызылорда облыстық

әкімшілік жанындағы әйелдер ісі отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының хатшысы Б.Үмбетова ашып, қатысушыларға іс-шараның маңыздылығын және облыс көлемінде аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар барысын, өзекті мәселелер жайын баяндады. Сонымен қатар, шара барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң талаптарының жүзеге асырылу тетіктерін жетілдіру» тақырыбында видеороликтер көрсетіп, теориялық қырлары мен құқықтық

қолдану тәжірбиесі тақырыбында баяндамалар оқылды. Одан кейін министрліктің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының бастығы, полиция полковнигі Р.Бекішева «Подруги» дағдарыс орталығының директоры Н.Гладырь мен сарапшы-тренерлері А.Корнейчук және А.Ілясованы Алғыс хаттармен марапаттап, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

бойынша біліктілік арттыру курстарын өткізу бастамасын Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов көтерген болатын. Руслан Фатихұлының шешімімен, 2016 жылдың сәуір-қараша айларында Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында офицерлердің квалификация арттыру курстары ұйымдастырылды. Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының офицерлерімен қатар, курстық даярлықтан Ішкі істер министрлігінің, Бас әскери прокуратурасының, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметінің қызметкерлері де өтті. Дәрістерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Бас штаб факультетінің оқытушылық құрамы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары, Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының және «Әскери-стратегиялық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының қызметкерлері жүргізді. Аталмыш курстардың мақсаты – офицерлерді өңірлік қауіпсіздік, қорғаныс, мемлекеттің әскери ұйымдарының ахуалымен даму перспективалары, оперативтік сәйкестікті жетілдіру жөніндегі заманауи жаңашылдықпен таныстыру, сонымен қатар әскери стратегия, оперативтік шеберлік және әскерді басқару жолында ортақ мүдде қалыптастыру екенін айта кетейік. Тыңдаушылар алдында сөз алған Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Қорғаныс министрлігі мен ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығына жоғарыда аталған курстардың өтуіне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ, біліктілік курстарының офицерлердің білімдері мен қабілеттерін шыңдауға ықпал ететінін, мемлекеттің әскери саласы мен әскер басқару ісіне пайдасын тигізетінін атап өтті. ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-майор Асхат Рыспаев та өз кезегінде барлық тыңдаушыларды куәліктерімен құттықтап, Ұлттық қорғаныс университетінің біліктілікті арттыруға арналған осы тектес курстардың, ағарту шараларының өткізілуіне көмек қолын созуға әрқашан дайын екенін жеткізді. ҰҚК Шекара қызметінің Тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және кадрлық жұмыстар бас басқармасы бастығының міндетін атқарушы полковник Нұрлан Керімбаев барлық тыңдаушылар атынан ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Куәліктер табысталған соң, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамын марапаттау рәсімі өтті. Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

Қауіпсіздік жұмысының тиімділігі артты Нұрбек БАЕКИН, Солтсүтік Қазақстан облысы

Биыл 1 қаңтарда өз жұмысын бастаған жаңа бөлініс – Жергілікті полиция қызметінің атқарған жұмысы туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Айтбаев тұрғындар алдында есеп берді. Есептік кездесуге облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев, облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов қатысты. Қанат Айтбаев атап кеткендей, жергілікті полицияның жұмысы өңірдегі криминогендік жағдайға тікелей оң әсерін тигізген. Қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы қылмыстылық көрсеткіші 8 пайызға азайған. Аса ауыр, ауыр қылмыстар саны, тонау, мал, көлік ұрлығы, есірткімен байланысты қылмыстар, бұзақылық, көлік айдап әкету саны азайыпты. Осы жылдың 10 айының нәтижесі бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны – 12,3, көшелердегі қылмыстар – 15,6, кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар – 20,5, отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар – 28,5 пайызға төмендеген. Қанат Айтбаев, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиімді әдістердің бірі бейнебақылау жүйесінің орнатылуы екенін атап кетті. Камералар аумақтық ІІО кезекші бөлімдеріне жалғанған. Облыс аумағында барлығы 215 бейнебақылау камерасы орнатылған. Жыл басынан бері олардың көмегімен 273 қылмыс ашылып, 18593 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Бүгінгі таңда 23 аулада 67 бейнебақылау камерасы орнатылып, 983 пәтер орталық бақылау пульті арқылы күзетіледі. Есептік кездесуге қатысқан Петропавл қаласы мен облыс аудандарының тұрғындары шешімін таппаған мәселелерге тоқталып, жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті күзетуді жақсарту бойынша өз пікірлерін айтты. Солтүстікқазақстандықтар қозғаған мәселелер негізінен көпқабатты үйлер маңындағы көліктердің қойылуына, жаңа бағдаршам объектілерінің орнатылуына, пәтерлерді тәуліктеп жалға беруге, иттерді серуендету мәселелеріне қатысты болды. Учаскелік полиция инспекторларының жұмысына да сын айтылды. Барлық айтылған мәселелерді облыстық полиция ведомствосының бастығы Берік Біләлов пен Жергілік полиция қызметі бастығы өз бақылауларына алды. Қанат Айтбаев тұрғындарға құқықтық тәртіп мәселелеріне бейжай қарамай кездесуге келгендері үшін алғысын білдіріп, жергілікті атқарушы органдармен, жұртшылықпен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы ғана өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік жұмысының тиімділігіне қол жеткізуге болатындығын атап кетті.


4 Ұрпаққа ұлағат ерліктер ОТАНЫНА АДАЛ

№85 (4251), сейсенбі, 15.11.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

Айткен ШӘМШІ, Карина САДЫҚОВА, Павлодар облысы

Кереку өңірінде 10-12 қараша күндері негізгі мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің сондай-ақ өскелең ұрпақтың арасында қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік, өз Отанына деген адалдық сияқты құндылықтарды қалыптастыру болып табылатын дәстүрлі республикалық «Қазіргі заман қаһарманы» атты акция өтті. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев « Қ а з а қ с т а н- 2 0 5 0 » С т р а т е г и я с ы : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің жастарымызға үлгі боларлық қазіргі заманның қаһармандарын жасап, оны көрсетуіміз қажет», – деп атап көрсеткені белгілі. «Қазіргі заман қаһарманы» республикалық акциясы ең бірінші е р л і к п ен қ а з а т а п қ а н і ш к і і с т е р органының қызметкері, Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовты, ел Тәуелсіздігі жылдары опат болған ішкі істер органдары қызметкерлерін еске алуға арналды. Осыдан бес жыл бұрын дүйім елді дүрліктірген Тараздағы терактінің дәл 12 қарашада болғанын жұрт әлі ұмыта қойған жоқ. Дәл осы күні полиция капитаны Ғазиз Байтасов нағыз қаһармандық көрсетіп, қандықол қылмыскердің жолын бөгеймін деп мерт болған еді. Еліміздің әр аймағынан келген бүгінгі заман батырларының басын қосқан айтулы шараның дәл осы күні бастау алуының бір себебі осында жатыр. Бұл шараға бейбіт кезде қызметтік міндетін орындау барысында ерлік пен батылдық көрсеткен республиканың б а р л ы қ п о л и ц е й ле р і ж и н а л д ы . Азаматтардың өмірін құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен полиция қызметкерлері туралы әңгімелеп, сол арқылы халықтың полицияға деген сенімі мен құрметін арттыру, жастар бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік сезімін орнықтыруды көксеген бұл акция көздеген мақсатына жетті. Ке ң б а й т а қ р е с пу б лик а м ы з дың түпкір-түпкірінде жыл сайын басын қатерге тігіп, азаматтарды өлім аузынан арашалап қалып жатқан полицейлер туралы деректерді жиі естиміз. «Қазіргі заман қаһарманы» акциясына қатысушыларды Ақсу мен Екібастұз қалаларының ардагерлері, тұрғындары, студенттері мен оқушылары жылы жүзбен қарсы алып, құрмет көрсетті.

шығарса, бір қаһарман өлімге бел буған жігерсізді ажал аузынан алып қалды. Осындай өжеттердің қатарында Қостанай облыстық ІІД Таран аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ерлан Таңжарықов бар.

Ауқымды шараның шымылдығын ашу барысында сөз алған Ішкі істер Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Құрымбаев: «Біз бүгін құрмет көрсетіп отырған қаһарман әріптестеріміздің қаһармандық істері ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдағы уақытта д а қ о ғ а м ды қ т ә р т і п т і с а қ т а у д а , қылмыспен күресте, азаматтардың к о нс т и т уц и я л ы қ қ ұ қ ы қ т а р ы н қорғауда үлгі бола беретіне сенемін»,

Биыл 29 ақпанда оның қалта телефонына Береговое ауылының 11-сынып оқушысынан үйіне тонаушы кіргенін хабарлаған қоңырау түседі. Оқиға орнына тез жеткен полицей ішімдік ішкен ер адамның күш көрсетіп ішке еніп, үй иелерін пышақпен қорқытып, ақша талап етіп тұрғанын көреді. Ерлан Таңжарықов бұл үйде әйелдер ғана тұратынын білетін. Шығыс жекпежегінің шебері Ерлан көп ойланбастан күрес тәсілін қолданып, қылмыскердің

– деді. Одан әрі ішкі істер органдары ардагерлеріне сөз арнаған полиция полковнигі Руслан Қуандықұлы: «Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз Қазақстан полициясының жас буынын лайықты тәрбиелеп қана қоймай, егеменді Қазақстанның ішкі істер органдарының аяғынан тік тұруына өлшеусіз қызмет етті. Ол бүгінгі мемлекет пен қоғам тарапынан полицияға деген талаптың күшейіп тұрған шағында да аса құнды», – дей келе барша ішкі істер қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының гүлденіп, көркеюі жолында еңбектеріне табыс тіледі. Бұл акцияға қатысушы әр полицей қызметі қандай болғанына қарамастан осы жылы жұртшылық алдында ішкі істер органы қызметкерінің мәртебесін көтерді. Бірі өртке оранған үйден балаларды құтқарса, енді бірі жат ойлы қылмыскерді қарусыздандырды, тағы бірі суға кетіп тал қармағанды жағаға

қолын қайырып, қарусыздандырады. Аман-сау өмір кешіп жатқан отбасының бүгінде Ерланға айтар алғысы зор. Ал, Ерлан болса мемлекет тарапынан да марапаттан құр қалған жоқ. Қазақстан Республикасы Президентінің Ж а р л ы ғ ы м ен ж а у ы н г е р л і к ж ә не қызметтік міндетін үлгілі орындағаны, батылдық пен өжеттік көрсеткені, еліміздің ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысын нығайтуға қосқан үлесі үшін учаскелік инспектор, полиция капитаны Ерлан Таңжарықов «Ерлігі үшін» медалімен наградталды. Акция барысында Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімі 3-рота, 2 взвод, 2 бөлімшесінің жауынгері Сырым Сүндетовке де құрмет көрсетілді. 2016 жылға 5 маусымда лаңкестер тобы қару тартып алу мақсатында Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөліміне қарулы шабуыл жасады. Бұл сарбаздың батылдығы мен табандылығы арқасында содырлардың беті қайтып, олардың қару мен оқ-дәрілерді тартып алу мақсаты жүзеге аспай қалды. Өжет жауынгер С.Сүндетов ішкі күзеттің резервтік тобы құрамында содырлар саны өздерінен әлдеқайда көптігіне қарамастан олардың шабуылын тойтарып, қоян-қолтық ұрыс барысында ауыр жарақат алса да жат

е-mail: nastraje@mail.ru

рына қызметтік міндетін орындау барысында ерлік пен батылдық танытқан полицейлердің табандылықтары бейнеленген бейнероликтерді ұсынумен ұласты. Мұнда сөз алған Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тургумбаев Қазақстан полициясы тарихына шолу жасай келіп: «Қазақстан полициясы тарихы беттерінде жерлестерінің тыныштығы жолында өмірін қиып, ерлік пен батылдықтың, патриотизм үлгілерін көрсеткен мысалдар көптеп саналады. Тек тәуелсіздік жылдарының

тәуелсіздік тарихы бетінде осындай ерлердің қолтаңбасының бедерленіп жатқанын айта келіп: «Тәуелсіздік деген тәтті сөз мұратын сақтап, оның көк туының биікте желбірей беруі жолында, азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқын қорғауда, еліміздің ішкі тәртібін нығайтуда ішкі істер органдары қызметкерлерінің бұдан әрі де жан аямай еңбек ете б е р е т і н і не с ен і м і м м о л » , – д е д і . Қазіргі заман батырларының қайқайсысы да қандай құрметке болса да лайықты екенін атап айтқан өңір басшысы: « Сіздерге жауапты да қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызметте табыс тілеймін», – деді. Ізгі тілегінің соңында облыс басшысы акцияға қатысушыларға салтанатты түрде атаулы сағаттар мен мақтау

өзінде қызметтік міндетін орындау үстінде 763 полиция қызметкері көз жұмды. Отан осындай оғландарын е с т ен ш ы ғ а р ғ а н ж о қ . О л а р д ы ң ерліктерін жоғары бағалады. Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның 1093 қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталса, өкінішке қарай 115 адам ол ілтипатты көре алмады. Оларға марапат өлгеннен соң берілді. Мемлекеттік марапат алғандардың ішінде қиын-қыстау кезде азаматтық абыройына кір түсірмеген Павлодар облыстық ІІД қызметкерлері де бар», – деді. Одан соң Ерлан Заманбекұлы акцияға қатысушылардың баршасына қиын да абыройлы істеріне сәттілік тілей отырып, оларға алғыс грамоталары мен естелік сыйлықтар, «Қазіргі заман қаһарманы» хрустальді мүсіншелер табыстады. А к ц и я ғ а қ а т ы с ы п , а қ т і ле г і н жеткізген Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өз сөзінде бұл акцияның Р е с п у б л и к а Т ә уе л с і з д і г і н і ң 2 5 жылдығы қарсаңында өтіп отырғанын,

қағаздары және естелік сыйлықтар табыс етті. Көрермендер алдында шығармашылық жолын осыдан 50 жыл бұрын бастаған Алматы қалалық ІІД-нің ансамблі өнер көрсетті. Жарты ғасыр уақыт ішінде ішкі істер органдарының аты әйгілі өнер ұжымдары арасында аса жоғары беделге ие болған ұжым әлі де тұғырдан тайған жоқ. Ансамбль үш мәрте «халықтық» деген атақты сақтап қалса, төрт рет КСРО ІІМ-нің өз күштерімен өнер көрсететін шығармашылық ұжымдары арасындағы Бүкілодақтық фестивальдардың өткен ғасырдың 60-80 жылдары лауреаты атанды. Ансамбльдің әндері Кремльдің съездер сарайында, Кеңес әскерінің орталық үйінде, «Останкино» телеорталығында, «Жұлдыз» қалашығында, КСРО БХЖК, Тула, Кишинев, Киев, Ташкент және Астана мен Алматы қалаларының үздік концерт залдарында шырқалды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өткен осынау акцияға жиналғандар, мұндай іс-шараның өскелең ұрпаққа берер тәрбиесі зор деп тарқасты.

ТАҒЗЫМ

пиғылдылардың қару-жарақ қоймасына енуіне жол бермеді. Ерлік пен батырлықты дәріптеген республикалық шара барысында жұртшылық Павлодар облыстық ІІД Екібастұз қалалық ІІБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Аман Әубәкіровті де қошаметпен қарсы алды. Аман Мұратбекұлы батыл да жедел шешімді іс-қимылының арқасында «Қазіргі заман қаһарманы» атанды. Ол өзін өлімге қиюға бел буған өрімдей жас қызды ажалдан арашалап қалды. Оқиға былай болған еді. Қаңтардың аязды күндерінің бірінде қалалық басқарманың жедел басқару пультіне тоғыз қабатты үйдің 4-қабатында жас қыздың күмәнді ойдың жетегінде тұрғаны туралы хабар түседі. Ақпарды алысымен полиция капитаны көп бөгелместен көрсетілген мекенжайға асығады. «Қыз баланың өзіне қол жұмсауға, яғни биіктен құлауға бел буғаны сырт көзге де анық байқалатын еді. Ойланбастан көрші пәтердің жапсарлас балконынан екінші балконға түсіп, бойжеткенді түсіріп алдым. Бұл қимылымды ол байқамай да қалды», – дейді қаһарман. 12 қарашада Павлодар қаласында одан әрі жалғасқан акция қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерін еске алған бір минуттық үнсіздікпен және қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған қызметкерлердің рухына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен басталды. Одан соң шара Естай атындағы қалалық мәдениет үйінде жалғасты. Мұнда көрсетілген ілтипат көрермендер наза-

Ешқашан естен кетпейді... ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясында 12 қараша – қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерін еске алу күніне орай тағылымды шара өтті. Жыл сайын осы күні қызметтік міндеттерін өтеу барысында қаза тапқан ішкі істер органдары оғландарын еске алып, бір минут үнсіздік жариялау, ерліктеріне тағзым етіп, ел ертеңі – жас ұрпаққа үлгі ету Академия қабырғасында қалыптасқан дәстүрдің бірі. Себебі, сын сәтте өзгелердің өмірі мен амандығын өзінікінен жоғары қойып, нағыз ерліктің үлгісін көрсете білген бұл жігіттердің қызметке деген адалдығының арқасында бүгінгі қоғамда тыныштық пен бейбітшілік сақталуда. Тәртіп сақшысы – қоғамдағы аса қауіпті мамандықтардың бірі әрі бірегейі. Полиция қызметкерлері қоғамдағы түрлі қылмыстармен және терроризммен күресуде жанын пида етуге дайын. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бері қызметтік және әскери шепте еліміздің ішкі істер органдарының 700-ден астам қызметкері көз жұмған. Қалың жұртқа қайғы мен қасіретті, қайсарлық пен ержүректілікті еске салар қарашаның 12-сі күні ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының басшылығы қайғылы оқиға салдарынан зардап шеккендерге және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде салтанатты және еске алу іс-шаралары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады. Полиция қызметкерлері қаза тапқан батыр әріптестерін ешқашан естен шығармайды. ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Адемиясының Тәрбие жұмысы бөлімі


ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС №85 (4251), № сейсенбі, 15.11.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

5

ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі Бахтияр БУЛЕУЛИЕВ:

Заңды жетілдіру əлі де жүргізіліп келеді – Бахтияр Төлегенұлы, ІІМ Қоғамдық кеңесі құрылғалы бері маңызды қандай мәселелердің шешілуіне түрткі болды? – Қоғамдық кеңестердің басты мақсаты – қоғамдық бақылауды іске асыру. Қоғамдық бақылау жүргізудің бірнеше тәсілі бар. Айталық, қоғамдық мониторинг. Сол сияқты жеке азаматтардың шағымдарын қарау, соларға дер кезінде жауап беру – бұл да бақылау жүргізудің тиімді тәсілдерінің бірі. Жалпы, біз күні бүгінге дейін Қоғамдық кеңес отырысында азаматтардың арыз-шағымдарын қарап, мәселелерінің шешілуіне ықпал етіп келдік. Мәселен, бұрын ішкі істер органдарының қызметкері заң бұзушылыққа барса бірден жұмыстан қуылатын. Біз полиция қызметкері заң бұзушылық жасаған жағдайда соттың үкімі немесе соттың шешімі заңды күшіне енбей, оны жұмыстан шығармау туралы хат әзірлеп, оны аймақтарға жібердік. Бір сөзбен айтқанда, жыл басынан бері осы уақытқа дейін ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Мысалы, Қоғамдық кеңес мүшелері аймақтарға барып, барлық облыстарды аралаған болатын. Солтүстік, Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар өңірін аралап, аймақтың криминогендік жағдайымен және жергілікті ішкі істер органдарының жұмысымен таныс болып, азаматтардың арыз-шағымдарына құлақ түрді. Соның нәтижесінде, Қоғамдық кеңес төрағасының атынан бірнеше облыс әкімдеріне, айталық, Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне қызметтік жазба жіберілді. Ол жерде жергілікті полиция қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайына қатысты мәселе көтерілді. Осындай жұмыстардың арқасында ішкі істер органдарының қызметі ілгері басып келеді. – Қоғамдық кеңес пен мемлекеттік органдардың бірлесіп жұмыс істеуі қандай нәтиже беріп отыр? – Күні бүгінге дейін ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес үш үлкен тыңдау өткізді. Бұл отырыстарда Қылмыстық атқару жүйесінде зорлықты жою, сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігінің ж а н ы н д а ғ ы қ о ғ а м ды қ к е ң е с п ен бірлесіп өткізген отырыста гендерлік теңдік, әйелдерге қатысты зорлықзомбылықпен күрес мәселелері көтерілді. Ал жақында өткен қоғамдық тыңдау дактилоскопиялық және геномдық тіркеу

Биыл 1 қаңтардан бастап елімізде мемлекеттік органдардың жанынан жасақталған Қоғамдық кеңес өз жұмысын бастады. Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған кеңес аз уақыттың ішінде халық пен билік арасындағы «алтын көпірге» айналды. Ішкі істер министрлігінің жанынан құрылған Қоғамдық кеңес полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етумен қатар, халықтың арыз-шағымына құлақ түріп, күрмеуі қиын мәселелердің шешілуіне себепкер болып жүр. Осы қызметтің бір жылдық жұмысының нәтижесін білу үшін ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің доценті, заң ғылымдарының докторы Бахтияр БУЛЕУЛИЕВПЕН арнайы кездескен едік. тақырыбына арналды. Бұл қоғамдық тыңдауға түрлі сала мамандарын ш а қ ы р ы п , д а с т и л ос к о п и я л ы қ т і р к еу м ә с е ле с і н ж а н- ж а қ т ы талқыладық. Отырыстарға кеңес құрамындағы бірнеше білікті заңгер, заң ғылымдарының докторлары, профессорлардан бөлек, өзге де сала мамандары және сарапшылар қатысады және ашық әрі жария түрде өткіземіз. Кеңес атқарып жатқан жұмыстардың тағы бірі – сыртқы істер министрлігіне байланысты заң жобаларын қоғамдық сараптаудан өткізу. Мысалы, бүгінде ішкі істер органдарының қызметіне байланысты жүзден астам қоғамдық сараптама өткіздік. Кеңес мәжілістері БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізіледі және атқарылған жұмыстар жөнінде ақпаратты ІІМ-нің сайтына орналастырып, кеңестің жұмысы туралы қоғамды құлағдар етіп отырамыз. Бір сөзбен айтқанда, Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің жұмысы нәтижелі. – Қоғамдық кеңес қандай құзырет пен өкілетілікке ие? – Барлық мемлекеттік органдардың жанынан құрылған Қоғамдық кеңестердің құзыреті жөнінде айта алмаймын. Ал ІІМ-нің жанындағы кеңеске келетін болсақ, оның негізгі құзыретіне көптеген міндеттер кіреді. Белгіленген функцияларды жүзеге асыру, өзара іс-қимылдарды қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға үлес қосу, тағысын тағы. Бүгінде Қоғамдық кеңес туралы заңды жетілдіру жұмыстары әлі де жүргізіліп келеді. Заңда Қоғамдық кеңестің құзыреті мен өкілеттілігі айқын көрсетілген. Біз ішкі істер органдарының барлық құрылымдарының ашықтығын қамтамасыз етіп, қолжетімділікті арттыруға басты басымдық береміз. Ал қоғамдық кеңеске көбіне келіп түсетін шағымдар полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты. Сонымен қатар, ұзаққа созылып кететін тер-

геу істері, сот үкімі мен судьялардың шешіміне қатысты шағымдар шаш етектен. – Сот шешіміне шағым айтатындар көп деп қалдыңыз. Сіздіңше, халықтың сот төрелігіне деген сенімі қайтсе артады? – Сот қателіктерін азайтқан күні қоғамның сот жүйесіне деген сенімі артады. Сот жүйесіне деген сенімді арттыру үшін алқа билер сотын ары қарай дамыта түсуіміз керек. Алқа билер соты дегеніміз бұл – бір кәсіби судья және 10 алқа би, яғни, 10 сот ісіне ешқандай қатысы жоқ, заң саласынан алыс адам. Сот қателіктері қайдан пайда болды?! Әдетте, үкімдерді кәсіби судья өзі жалғыз шығарады. Қылмыстық істерді алқа билер сотына беретін болсақ, мұндай қателіктер азаяды. Түбегейлі жойылуы да мүмкін. Кәсіби судья мен 10 алқа бидің басы біріктірілгенде, сот шығарған үкімге деген сенім де артады.

– Мемлекеттік қызметкерлерге ішімдік ішуге тыйым салу туралы мәселе көтерілген еді. Бұл мәселе туралы не айтар едіңіз? – Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексі бізге ауадай қажет. Өйткені, Қазақстан басқа дамыған мемлекеттермен тең дәрежеге көтеріліп о т ы р . С о л с е б е п т і , м е м ле к е т т і к қызметтің мәртебесін көтеруіміз керек. Бұның бір тиімді жолы – мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексте көрсетілген талаптарға сай болуын және сол талаптардың орындалуын қадағалауды күшейту. Мемлекеттік қызметкер қызметтен тыс уақытында да этикадан аттамай, өзінің тәртібіне жауап беру керек. Көпшілік орындарда ішімдік ішуге тыйым салу – олардың құқығын шектеу болып саналмайды. Өйткені, ол мемлекеттік қызметте жүрген соң заңмен бекітілген талаптарға бағынуға міндетті. Олардың қызметтен тыс уақыттағы тәртібін бақылау жолдары көп. Мәселен, қоғамдық бақылау арқылы олардың тәртібіне баға бере аламыз. Д е с е к т е , м е м ле к е т т і к қ ы з м е т к е р ле р д і ң қ ұ қ ы қ т а р ы м ен бостандықтарына нұқсан келтірмеуді д е ой л а ғ а н ж ө н. О л а р ғ а з а ң м ен кепілдемелер беріліп отыр. Айталық, мемлекеттік қызметкер қызметтік тексеру болған кезде бүкіл істің мәнжайымен танысуға құқығы бар және қызметтік тексеруге тікелей қатысуға қ ұ қ ы л ы . Е к і н ш і д ен, м е м ле к е т т і к қызметкер өзінен жоғары лауазымды тәртіптік жауапкершілікке тартатын қызметкердің шешіміне наразы болса, сотқа жүгіне алады немесе жоғары лауазымдағы адамның үстінен шағым түсіре алады. Құзырлы органдарға – ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі агенттікке және Сыбайлас жемкорлықпен күрес агенттігіне шағым түсіруге құқығы бар. – Бүгінде қоғамда ауыр қылмыстарға қатысты өлім жазасын қолдану, яғни, өлім жазасына қатысты

АЗАМАТТЫҚ ҮН

Сұхбаттасқан Жадыра МЫРЗАХМЕТ

АЙМАҚ

Кешірімділік Өмір болған соң жаза басып, жаңылмайтын адам баласы жоқ. Басына іс түсіп, салы суға кеткен жанның ертеңге деген сенімі азайып, сын сәтте сағы сынып кетуі де әбден мүмкін. Ендеше, таза болмысын күнәмен кірлетуге әбден бейім адам баласы үшін жалғыз ғана жол бар. Ол – кешірім.

Таза өмірге қадам басудың бір жолы – кешіруден бастау алады. Сондықтан да, кешіруді білгендер ғана кешірімге қол жеткізеді. Әрине, қылмыскер қолмен істегенін мойнымен көтеруі, жазасын тартуы қажет. Қылмыскердің жазасы берілгенде мейірімділік, кешірімділік секілді сезімдер үкімнің орындалуына кедергі болмасы анық. Алайда, өзімізге ұнамаған, суқанымыз сүймейтін адамды жазалау арқылы әділ үкім шығардым деп ойлау – үлкен қателік. Міне, сондықтан да бүгінгі ұрпақтың кейінгі толқынға беретін ең үлкен тағылымы – кешірімді, кең пейіл болуды үйрету. Басқаша

мораторийді алып тастау жөнінде қызу талқыланып жүр. – 2004 жылдан бастап Елбасының Жарлығымен елімізде өлім жазасына мораторий жарияланды. Содан бері өлім жазасы қолданылмайды. Бірақ соңғы кезде қоғамымызда алуан түрлі ауыр қылмыстар орын алып жүр. Бүгінгі қылмыстардың түр-сипаты тым күрделі. Адамды қойша бауыздап, айуандықпен азаптап өлтіретін фактілер жиі тіркеліп жатқаны жасырын емес. Бұдан бөлек, жыныстық зорлық, педофилия сияқты қылмыстар өршіп тұр. Осындай жантүршігерлік жағдайлардан кейін өлім жазасына қатысты мораторийді алып таста у ту р а лы ой ту ы нда йды . Ау ы р қылмыстың барлығына болмаса да, аса ауыр қылмыстың белгілі бір түрлеріне қатысты өлім жазасын қайтару керек. Мысалы, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қылмыстық кодекс бойынша қылмыскер террорлық әрекеті үшін өлім жазасына кесілуі м ү м к і н. Б і р а қ , ө л і м ж а з а с ы н а мораторийдің жариялануы бұл жазаның қолдануын тежеп тұр. Ал Қылмыстық кодекс бойынша педофильдерге қатысты өлім жазасы қарастырылмағанымен, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өлім жазасына ауыстырса да артық емес. – Таяуда ЭКСПО-2017 көрмесi кезiнде түрмеден босап шыққандардың Астанаға келуiн шектеу туралы ұсыныс көтерілді. Заңгер ретінде бұған қатысты не айтар едіңіз? – Адамның құқығын таптауға болмайды. Бұл туралы Конституциямызда да жазылған. Өз басым бұған қарсымын. С о т т а л ғ а н а д а м н а н с е з і к т ен у д і ң қажеті жоқ. Түрмеде отырып шыққан адамды тура жолға салып, түзелуіне ж а ғ д а й ж а с а у ды ң о р н ы н а о н ы ң құқығын таптап, қандай да бір шектеу жасауға еш қақымыз жоқ. Біздің еліміз адам құқығына байланысты түрлі халықаралық ұйымдарға мүше болып, келісімшартқа қол қойған мемлекет. Ата Заңымызда көрсетілгендей, адамның құқығы – басты құндылық. Сұхбатыңызға рахмет!

айтқанда, адам жанын жаралайтын, жеке басын қаралайтын өрескел әрекеттерге төзіп, кешіре білуді үйрету қажет. Алайда, кешірудің жөні осы екен деп қылмыскерді ақтап, қарақшыны жақтап кетпеу керек. Жүрегін жауыздық жайлаған немесе өзгелерге зұлымдық жасауды әдетке айналдырып, осыдан ләззат алатын жандарды кешіруге, төзімділік танытуға болмайды. Өйткені, мұндай ұстаным кешірімділік, төзімділік секілді қастерлі ұғымдарға кір келтіріп, адамгершілік құндылықтардың аяққа тапталуына көз жұмғанмен бірдей. Бұған қоса, ешбір жанның зұлымдыққа төзуді дұрыс көрмейтіні айдан анық.

Қазіргі ұрпақ қатігездік пен өшпенділікке толы заманда өсіп келеді. Сондықтан да, қоғамдық өмірден көрген-білгені – бір-бірін жағадан алып, жауласу болып жатыр. Ақылойы мен сана-сезімі қанмен былғанған мұндай тағы ұрпақтан тағылым күтудің өзі қиын. Қоғамнан көрген-білгені, алған тәрбиесі мен ар-ұжданындағы адамдық құндылықтар, асыл армандарының арасы алшақтап кетті. Қоғамдық сананы жайпаған осынау індет жылдар бойы асқына келе адам табиғатын әбден бұзды. Әлі күнге осы дерттің қаусатып кетер қасіретін түсіне алмай жатқанымыз қандай өкінішті! Кешірім мен төзімділік жан дүниемізді кертіп біткен талай дерттің дауасы болатынына сенімдімін. Өйткені, мәселелердің түпкі себебі анықталмай жатып, асығыс шешім қабылдау – жағдайды ушықтыра түсетінін ұмытпаған жөн. Н.НҰРҒАЗИН, Астана қаласы бойынша ҚАЖД қызметкері, әділет майоры

ТАЛҚЫ

Психолог қызметі пəрменділігімен құнды Нұргүл ТАШЕКЕНОВА, Атырау облысы Атырау облысы бойынша ҚАЖД-ге қарасты Махамбет аудандық пробация қызметінде жақында психолог мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің көздегені – пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған жазасын өтеушілерге және бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққандарға психологиялық, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.

Шараға қатысқан ауданның орталық ауруханасының психологтары – Ғаббас Қарағаев, Динара Лұқпанова, Махамбет аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Нұрлан Қабдолов соңғы кездері жастар арасында көбейіп бара жатқан өз-өзіне қол жұмсау фактілері жайлы ойларын ортаға салды. Бөлімше бастығы адамдардың қанша жерден күйзеліске ұшыраса да психолог маманның көмегіне жүгіне қоймайтынын, қоғам дертіне айналған бұл мәселенің алдын алу мақсатында сотталғандар арасында түрлі бағытта жұмыстар жүріп жатқанын да әңгімеге арқау етті. Кездесу барысында адал еңбек етіп, отбасын асырап, ел азаматы болудың жолын айтып өткен психолог Ғ.Қарағаев: «Түрме – жұмақ емес. Ол жердің

бір дәмін татқан адам екінші рет бармауына кім кепіл?! Мен сендерге ол тар қапасты таңдамаңдар дер едім. Түзу жолды таңдаған адам ешқашан адаспайды. Біреудің ықпалымен қылмыс жасаған жан қалайда темір торға түспеудің қамын ойлауы қажет. Біреулер тұрмыстың қиындығынан сол жолды таңдап жатады. Әрине, бұл дұрыс қадам емес», – деді. Әріптесінің мазмұнды әңгімесін жалғастырған Д.Лұқпанова аудандық ауруханада арнайы ашылған психолог кабинеті жөнінде кеңінен ақпарат берді. Мұнда келу үшін медициналық картаға белгі соғылмайтынын, маманның өзімен әңгіме жүргізілетінін жеткізген ол күйзеліске түскен талай жанның тағдырына араша болған сәттері де аз болмағанын тілге тиек етті. «Өмірден баз кешіп, өз ғұмырын қию – жақсы әрекет емес. Соңғы кездері жастардың осы әрекетке бой ұрғаны қынжылтады. Ал біздің мақсатымыз – бұл дертті болдырмау, ауыр оқиғаның алдын алу. Сондықтан психологиялық көмек қажет болса, келіңіздер. Ол жөнінде еш жерде жария етілмейді. Сіздерге көмектесуге қашанда әзірміз!», – деді сөзін түйіндеген Д.Кәрімқызы.

Шыңғырлаудағы игілікті шаралар Н.САПАРҒАЛИЕВ, Батыс Қазақстан облысы

Бас бостандығынан айыру мекемелерінен жазасын өтеп шыққан жандарға және қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандармен әлеуметтік оңалту жұмыстарын жүргізіп, қылмыс санын азайту – міне, бұл пробация қызметінің басты міндеті болып табылады. Ел дамуының басты тетігі – саналы, білімді, еңбекке икемді, дені сау, бәсекеге қабілетті маман екені бесенеден белгілі. Осыған орай елімізде пробация қызметіне «100 нақты қадам» Ұлт жоспары деңгейінде ерекше назар аударылып отыр. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау аудандық пробация қызметінің есебінде 37 сотталған тұр. Осы қызмет аясында аталған санаттағы жандарға тұрғылықты мекенжайлары бойынша тіркелген емханалардан тегін медициналық тексерулерден өту, жұмысқа орналастыру, кәсіби мамандық алуға жағдай туғызу, құжаттарын түгендеу секілді көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. Жақында пробация қызметінің ұйымдастыруымен аудандық Ішкі істер бөлімінде Шыңғырлау ауданының прокуроры С.Әбділмановтың төрағалық етуімен аймақтық сот төрағасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы басшылары мен мамандары, жастар бірлестігі, жастар ресурстық орталығы өкілдері жергілікті полиция инспекторларының қатысуымен қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандармен кездесу өтті. Кездесуде сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оларды жұмыспен қамту мәселелері, кәсіптік қайта даярлау және оқыту жайлары сөз болды. Осы тұрғыда сотталғандарға оқыту-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні сотталғандарға жеке бағдарлама парақтары толтырылып, 19-ы аудандық жұмыспен қамту бөліміне, 53-і аудандық ауруханаға жіберілді. Осылайша, 15 сотталушы адам қоғамдық жұмысқа орналастырылып, 1 сотталушыға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетіліп, 3 сотталаушы газ операторы кәсіптік мамандығына оқытылып, 20 сотталушыға медициналық көмек көрсетіліп, 33-іне психологиялық қолдау жасалды.


6

АЙМАҚ КӨТЕРГЕН МƏСЕЛЕ №85 (4251), сейсенбі, 15.11.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ТІЛІҢ – ТҰҒЫРЫҢ

«Қазтест» бойынша тест тапсырды

Альбина БИЛАЛОВА, Ақтөбе облысы

Ақтөбе облыстық ІІД қызметкерлері бірнеше жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Қазтест» сынағына қатысып, өздерінің мемлекеттік тілді жетік меңгергендіктерін айғақтап келеді.

е-mail: nastraje@mail.ru

Құмарпаздық қан қыздырады соңында жүйке бұздырады

Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Оңтүстік Қазақстан облысы

Жетiсай қаласының М.Әуезов көшесiнiң бойымен жүре қалсаңыз, екi аттам сайын «Кено» ойындары мен «Букмекерлiк кеңселерге» кезiгесiз. Ол аздай, «Күлпаршын» орталық базарының маңайында да «Кено» ойындарының ғимараттары көп. Аудан орталығы мен Асықата, Мырзакент кенттерiнiң өзiнде шамамен 84 «Кено» ойынханасы бар екен. Бұл ойынханалар тәулiк бойы жұмыс істейді. Кез келген уақытта аталмыш кеңселерге, ойынханаларға кiре қалсаңыз, жас демей, кәрi демей, түрлi ойындарға бәс тiгiп жатқандарына куә боласыз.

Өткен жылдардың нәтижесін саралай келгенде, қызметкерлердің тестілеуге қатысу қызығушылығының артқанын аңғаруға болады. Қазіргі таңда департаментте мемлекеттік тілді меңгеру, қолдану деңгейі біршама артқан. Аймақтағы ішкі істер органдарында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге соңғы жылдары ерекше мән беріліп, қала, аудандық ішкі істер бөліністерінде қазақ тілінің үлесін арттыру ісі бір жолға қойылған. Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті, мемлекеттік тіл бөлімі бұл мәселені ұдайы назарда ұстап келеді. Сондай-ақ, департаментте полиция қызметкерлерін қазақ тілінде оқытып-үйретуге толық жағдай жасалған, арнайы жабдықталған лингафондық кабинет бар, ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған мемлекеттік тілді жеделдете оқыту курсы тұрақты ұйымдастырылып, оқытылады. Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің бас маманы Маржан Жанасованың айтуынша, 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2017 жылға қарай 25 пайызға, мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі 10 пайызға арттыру көзделген. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында басқарманың ұйымдастыруымен Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы жақында Ақтөбе қаласында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау мақсатында «Қазтест» жүйесіне негізделген тестілеу өткізді. Сынаққа қатысуға өтініш білдіргендердің басым бөлігі құқық қорғау органдары, әскери бөлім, мемлекеттік органдар қызметшілері екенін айта кеткен жөн. Облыстық ІІД Штаб басқармасының бас маманы Г.Мәжитова: «Қызметіміз мемлекеттік тілде жүргізілетіндіктен бұл тест өз деңгейімізді нақты анықтауға мүмкіндік береді. Біз қағаздардың бәрін бірінші кезекте мемлекеттік тілде жазамыз. Сосын кіріс қағаздары қай тілде келіп түссе, сол тілде жауап береміз. Тест тапсырушыдан аса мұқияттылық талап етіледі. Ал, сұрақтар аса қиын емес», – деп өз ойымен бөлісті. Маңызы мол бұл шараны бірлесіп өткізуге қызметтестік білдірген Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің ұжымы ұйымдастырды.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Жаңа заңның жүгі салмақты

Эльвира ТӨЛЕГЕН, Астана қаласы

Астана қаласы әуежайындағы ЖПБ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы бөлімнің жеке құрамы арасында тәртіп пен заңдылықты бекіту бойынша дөңгелек үстел өтті. Басқосу барысында бөлім қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды өткізуге баса назар аударылды.

Жиын жұмысына қатысқан Желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Теміржан Рамазанов пен бастықтың бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Мұрат Құрманғожин жеке құрамға жыл басынан қолданысқа енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары туралы айтып өтті. Жаңа Заңдағы құқықтық-нормативтік актілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ, мемлекеттік қызметке түсу, оны өту, тоқтатуымен байланысты қатынастарды, құқықтық жағдайын, мемлекеттік қызметшілердің материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын және басқа да тұлғалардың мемлекеттік органдарында қызмет ету мәселелерін ретке келтіреді. Осыған орай жауынгерлік-қызметтік даярлық жүйесінде жыл басында заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы» жаңа Заңын зерделеу бойынша жеке құраммен сабақ өткізілді. Қоғамдық ұйым отырыстарында, офицерлер мен полицейлер жиналыстарында тәртіп мәселелері жіті қаралады. Заңды бұзу, азаматтарды заңсыз ұстау фактілерін, сонымен бірге, нысанды киім кию ережесін бұзу деректерін анықтау мақсатында кезекші жасақтар жасырын тексерулер жүргізеді. Жауынгерлік және қызметтік даярлық сабақтарында сыбайлас жемқорлық заңнамасы қосымша зерделенеді. Сонымен қатар, Астана қаласы әуежайындағы ЖПБ-де қоғамдық өкілдердің қатысуымен кездесулер ұдайы ұйымдастырылып тұрады. «Нұр Отан» партиясының өкілдері жеке құраммен сабақтар өткізіп, негізгі мәселе – ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге басты мән беріліп келеді. Бұл дәрістің негізі мақсаты – жас полиция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу ұғымын түсіндіру, бұл кеселмен күрес жүргізу мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын құру, әр қызметкердің бойында азаматтардың конституциялық құқығын қорғау бойынша міндеттер қалыптастыру болып табылады. Дәріс кезінде сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын іске асыру бойынша қоғамда сыбайлас жемқорлықтың белгілеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру туралы айтылды. Бөлім басшылығы жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық қылмысқа жол бермеу және тәртіпті бекіту бойынша жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра бермек.

коллаж Ақсая ЖҮРКЕНОВАНІКІ

Құмар ойындарына есi кетiп, сол жерден табылатындардың сөзiне қарағанда, ойынға қатысудың алғашқы ең «минимальды ставкасы» 200 теңге екен. Кіре берістегі «18 жасқа толмағандарға к і р у г е р ұ қ с а т ж о қ » д е г ен ж а з у ды көрдік. Сосын қызметкерлерден «Сiздерге келген әрбiр азаматтың құжаттарын сұрайсыздар ма, жасы 18-ге толғанын қалай бiлесiздер?» деп сұрадық. Ол кiбiртiктеп қалды. Содан соң «түрiне қарап-ақ белгiлi ғой» деді. Демек, олардың құжат талап етпейтiнi байқалады. Биыл Мақтаарал аудандық IIБ қызметкерлерi түнгi рейд кезінде «Кено» ойындарының бiрiнде кәмелетке толмаған қыздың жұмыс iстегенiн анықтаған. Бұл туралы аудандық IIБ Жергiлiктi полиция қызметiнiң ювеналдық полиция бөлiмшесінің бастығы Бекмырза Абдурахманов: «Түнгi сағат 22.00ден кейiн ЮПБ қатысуымен тексеру жүргiзгенде Жетiсай қаласындағы «Кеноның» бiрiнде кәмелеттiк жасқа толмаған қыздың кассада жұмыс iстеп тұрғаны анықталды. Аталған мекеме егесiнiң үстiнен ӘҚБтК-нің 132-бабымен хаттама толтырылып, аудандық сотқа жолданды. ҚР ӘҚБтК-нiң 442-1 бабымен ата-анасына да хаттама толтырылып, айыппұл салынды», – дейді. Бұдан нені байқаймыз? 18 жасқа толмағандардың ойынға араласуына жол берiлмейдi дегенге сенуге бола ма? Осы күдігімізге орай Жетiсай қаласындағы мектеп оқушыларынан сыр суыртпақтап, «Кено ойындары» жайлы сұрап көргенiмiзде, еш ойланбастан, мұндай жерлерге жиі баратындарын жасырмады. «Бiз көбiне елеусiздеу, кiсi аз баратын кiшiгiрiм ойын кеңселерiне кіреміз», – дедi олар. Мұнда олардың кәмелеттiк жасқа толмағанын алға тартып, кiрулерiне тыйым салып жатқан ешкiм жоқ екен. Бiр кiрсең қайта шығуың қиынға соғатын бұл жердегi талап бiреу ғана – қалтаңызда бәс тiгетiн ақшаңыз болуы керек. «Ақшамыз жететiндей болса – жеке өзiмiз, ал жетпей жатса, ортадан ақша шығару арқылы ойнаймыз», – дейдi оқушылар. С о н д а д ей м i з - а у , « ж а с ы 1 8 - г е толмағандардың кіруіне болмайды» дегендерi қайда? Олар кiмдi алдап жүр? Басқасын былай қойғанда, оқушылардың кiруiне рұқсат берiлуi заңды белшесiнен басу емес пе? Мұның өзi әлi оңы мен солын танып үлгермеген жасөспiрiмдерге жасалып жатқан қиянат. Бәріне осылай көзжұмбайлықпен қарайтын болсақ, келешекте құмарпаздар қатары өз-өзiнен көбейе түспей ме?

Кеңселердiң жұмысымен танысу барысында ойынға тұрақты қатысатын бiрқатар азаматтармен тiлдестiк. Жасы елудi алқымдаған Кендебай деген кiсiнi сөзге тартқанымызда ол: «Өзiм де, әйелiм де жұмыссызбыз. Мал базарына ұсақ мал апарып сатып, одан түскен ақшаға басқа мал алып, келесi базарда оны қайта сатамын. Дәлiрек айтсам, «алыпсатармын». Балаларым ержетiп, қалада оқып, сол жерде жұмыс iстеп, қалып қойды. Үйде әйелiм екеуiмiз ғана болғандықтан, кейде «қызық көрейiн» деп осы жерге келемiн. Мұндай жерге келмеген соң, бұрын байқамайды екенбiз. Бұл ойындарға қызығып, осы жерге келмесе «басы ауыратын» адамдар көп. Өткенде бір кісі «жолы болып» 5000 теңге ұтып алды. Ойынның «қызығына» түскен ол ақыр соңында 250 мың теңгенiң басына «су құйып», бетiнде қан-сөлi қалмаған, адам танымастай күйде шықты. Мен тек сырттан қызықтаушымын», – дейді. О й ы н а в т о м а т т а р ы н а с т у д ен т жастардың да құмар екенін байқадық. Олар қолдарына азын-аулақ тиын-тебен түссе, осылай қарай асығады екен. Жастарымыздың бар күш-жiгерiн бiлiм алуға арнайтын алтын уақыттарын осындай «құмар ойындарына» сарп еткендерiне қарап қынжылдық. «Тек анда-санда ғана, азғантай ақшаға ойнаймыз ғой» деген Арман есiмдi студенттiң сөзiне не деуге болады? Кеше ғана оқуға келген бiрiншi курс студентiнiң «анда-санда» дегенi күнделiктi дағдыға айналмасына кiм кепiл? Тiптi, ойындардың шырмауына түсiп, шаңырақтары шайқалып жатқан отбасылар да баршылық. Бұл сөзiмiзге Жанат есiмдi келiншектiң басынан өткен мына жағдай дәлел. «Екi баланың анасымын. Бiрақ, ө к i н i ш т і с і со л, с ү й i п қ ос ы л ғ а н ж ұ б а й ы м м ен а ж ы р а с ы п к е т т i м . Арамыздағы дәнекер екi баламның тағдырын ойлағандықтан, ажырасуға б е л б у ды м . О л i ш i м д i к п ен қ ос а , құмар ойынына салынды. Күн-түн демей құмар ойындарынан шықпайды. Тапқан-таянғаныңның барлығы өзгенiң

қалтасына кетiп жатса, қалайша ашынбайсың?! Ол менiң анам жасап әкелген үй жасауының барлығын сатып бiтiрдi. Тiптi, әке-шешем сыйға берген алтын жүзiк, сырғаларымды да сатып, ойынға тiгiп жiбердi. «Бұл әдетiңдi қой» деп сан мәрте айтсам да күйеуiмдi райынан қайтара алмадым. Соңында көлiк пен баспанаға ауыз салғанда, шыдай алмадым. Бiр күнi өзiм мен балаларымды сатып жiбермей тұрғанында ажырасып кеткендi дұрыс санадым», – дейдi жас келiншек. А л, и с л а м д i н i « қ ұ м а р ой ы н д а рына» қатысты қандай үкiм айтады? Осы сауалымызға аудандық «Нұғман» мешiтiнiң найб имамы Бағдат Шаймерден: «Құмар – араб сөзі. Алайда, Құранда құмар деп емес, «мәйсир» деп келедi. Бұл сөз жеңiл жолмен мал табу деген мағынаны бiлдiредi. Кейбiр бауырларымыз арақ-шарапты пайдалануын қоймай, iшкен үстiне iше түседi және құмар ойнауын қоймай, құмартқан үстiне құмарта бередi. Бұл – қазiргi кезде қоғамда көптеп кездесiп жатқан қасiреттердiң бiрi. Алла Тағала Құранда «Мәйда» сүресiнiң 90-шы аятында: «Әй, мүмiндер! Арақ, құмар, тiгiлген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар – шайтанның iстерiнен. Одан сақтаныңдар, мүмкiн құтыласыңдар» деген. Бұл аятта Алла үлкен күнәлардың қатарында арақ, бал ашу және құмарды да ерекше атаған. Сол себептi құмар ойнау Iбiлiс iстерiнен екенiне шүбә келтiрмеуге тиiспiз. Ал ендi, ойынға араласқан әрбiр ойыншының мақсаты – тек қана жеңу, ұту. Ұтыстың тек бiр адамға ғана қалатыны белгiлi. Жеңiлiс тапқандар ашу-ызаға булығып, шайтанның арбауына мас болып, түрлi арам етiлген ойларға ерiк бередi. Ұтқан адам тапқан қаражатына қанағаттанбай, ақшам көбейген үстiне көбейе берсiн деп, шайтанның арбауына түседi. Алла елшiсi Мұхаммед (с.а.с): «Адам баласы екi нәрсенiң қадiрiн бiлмейдi: бос уақыт және денсаулық» - деген. Яғни, уақытын босқа, пайдасыз нәрселермен өткiзсе, ақыретте ол үшiн Алла алдында есеп берерi сөзсiз», – деп жауап бердi.

ТҮЙІН. Құмар ойынға арбалып, қаншама отбасының ырыс-несiбесi желге ұшып жатыр. Қаншама жастарымыз алтын уақыттарын босқа өткiзiп, келешегiне балта шабуда. Зая кеткен уақыт пен түкке тұрғысыз ойындарға жұмсалған қаржының орны немен өтелмек? Жеңiл жолмен табылған мол олжаның ешкiмге опа бермесi белгiлi... Еуропа мемлекеттерiнде қатаң тыйым салынған бұл ойындардың бiздiң елiмiзде ашықтан-ашық ойнатылуы түбi жақсылыққа апармасы анық. Ессiз құмарпаздыққа дер кезiнде тосқауыл қоймасақ, ертеңгi күнi талай жанның опық жеп, сан соғып қалмасына кiм кепiл? Сондықтан бұл мәселеге заң орындары жiтi назар аударуы қажет.


СПОРТ №85 (4251), № сейсенбі, 15.11.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 «КҮЗЕТ БАРЫСЫ-2016»

Балуандардың бағын ашқан бəсеке Өткен сенбіде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы және Тұңғыш Президент күніне орай Астана қаласы мамандандырылған күзет қызметі полициясы бөліністерінің арасында «Астана Күзет барысы-2016» турнирі өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында Астана қаласы Маамандандырылған күзет қызмет басқармасының бастығы, полиция полковнигі Оңал Бекеев балуандарға болаттай беріктік пен күш атасы Қажымұқанның қажырын тіледі. Сондай-ақ, шара барысында МКҚБ бастығы Оңал Ботайұлы шараны әнімен көмкерген өмірде де, өнерде де жұбы жарасқан «Астана» тобының өнерпаздарын дипломмен марапаттады. Шараның өткізілуіне мұрындық болып, ұйымдастыру жұмысын өз мойнына алған 2-полиция бөлінісінің командирі, полиция майоры Марат Рахметов: «Барыс – қазақ үшін киелі ұғым. Ол тәуелсіз Қазақстанның даму жолының, күш-жігерінің символы. Күзеттің тарландары барыстай батыл, төзімді, епті екендерін танытып, бар өнерлерін ортаға салатынына сенімдімін», – деді. Қатысушылардың барлығы да сенім үдесінен шығуға барынша тырысып бақты. Турнирде күзет басқармасының алпысқа жуық қызметкері бақ сынады. Кіл мықтының ішінен кім мықтыны анықтау үшін қазылар құрамы бекітіліп, қатысушылар 80 келіге дейін және 80 келіден жоғары салмақта өнер көрсетті. Бозкілемге алғашқылардың бірі болып Т.Мұратұлы мен Д.Елеусізов шығып, шаршы алаңның шаңын шығарды. Б о з к і ле м г е ш ы қ қ а н қ а р с ы л а с т а р

күрестің тактикаларын тиімді қолданып, жанкүйерлерінің делебесін қоздырды. Балуандарға әріптестері барынша қолдау көрсетіп, жігерін жаныды. Әр-әр жерден «алып жық» деген сөздерді еріксіз құлағымыз шалып қалды. Бір байқағанымыз, балуандардың барлығы болмаса да басым көпшілігі

«МКҚБ-нің жеке құрамына қолдау көрсету үшін өзім де бозкілемге шығып, күзет полицейлерімен күш сынастым. Күзет полицейлерінің күнделікті қызметтен басқа тірлікпен айналысуға қолдары тие бермесе де олар өз бабында екендерін аңғартты. Балуандарымыз қарымқабілеттерін көрсетіп, күрестің көркін қыздырып отыр. «Күзет барысы-2016» биыл бірінші рет өткізіліп тұрса да турнир күзет полицейлерінің дайындығы жоғары деңгейде екенін аңғартты. Бұл бастамамыз алдағы жылда дәстүрлі түрде өткізілетін болады», – деді Оралбек Омаров. Сайыс қорытындысы бойынша 80 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды М.Қарауылбеков, 2-орынды О.Омаров, 3-орынды А.Рысбеков пен Д.Елеусізов иеленсе, 80 келіден жоғары салмақта 1 - о р ы н ды Е . М ә у лен о в , 2 - о р ы н ды Е.Теменов, 3-орынды Е.Момышев пен А.Құсайынұлы еншіледі. «Күрес барысы-2016» жеңімпаздары кубок, медаль және грамоталармен марапатталды. Басқарма бастығы күрестің техникалық әдісін кәсіби деңгейде меңгерген күзет полицейлерінің күш-қуаты мен шеберлігін жоғары бағалады. Осылайша, Алаштың арландары, күзеттің тарландары қазақ күресінің мәртебесін тағы бір мәрте көтерді.

күресудің техникалық тактикасын тәптәуір меңгерген, шеберліктеріне де шүбә келтіре алмайсың. Бірінші кезекте 80 келіге дейін салмақ дәрежесіндегілер бақ сынап, жауырыны жер иіскегендер ж а р ы с а л а ң ы н а н ш ы ғ ы п қ а л ды . Сексен келіге дейінгі салмақта күзет полицейлерімен бірге МКҚБ бастығының орынбасары, полиция майоры Оралбек Тәубақабылұлы да бозкілемге шығып, бабы мен бағын сынады.

Айта кетейік, бұл сайыста жеңіске жеткен балуандар алдағы уақытта ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі, ІІМ ӘПК Күзет қызметін бақылау басқармасы және ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің балуандарымен «Күзет барысы» атағы үшін күш сынасатын болады. Жадыра АЙБЕКҚЫЗЫ, суреттер автордікі

АКЦИЯ

Есірткіге қарсы ерекше бастама Гүлнәр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

Жуырда Алматы қалалық ІІД балалар мен жастар арасында есірткіге қарсы күреске арналған чемпионат өтті. Аталған жарысқа 5 жастан бастап 21 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауында атап көрсетілгендей, бұқаралық спортты дамыту, өскелең ұрпақ арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында Алматы қалалық ІІД Алматы қаласының денешынықтыру және спорт басқармасымен, қалалық Каратэ-до кекушинкай федерациясымен, Қазақ Спорт және туризм академиясымен, №17 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесе отырып, «Спорт – есірткіге қарсы» ұранымен балалар, жасөспірімдер және жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында Каратэ-до кекушинкайдан Қазақстан Республикасы чемпионатының спорттық жарысын өткізді. Жарысқа қатысушылар «Үздік жауынгер», «Үздік техника үшін», «Жеңіске жетуге ұмтылу», «Саламатты өмір салты үшін – есірткіге жол жоқ» номинациялары бойынша жастары мен салмақ дәрежелеріне қарай сынға түсті. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталып, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар, Қазақ Спорт дәне туризм академиясында қосымша «Зиянды әдеттен аулақ болайық» атты акция өткізіліп, оған қатысқан жастарға есірткі мен психотроптық заттар қолданудың залалы жайлы түсіндірілді. Акцияға қатысушыларға нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Наркопост» және «Есірткісіз болашақ» журналдары таратылды. Есірткіге қарсы күрес – екпіні ешқашан төмендемейтін жұмыс. Жуырда Алматы қалалық Ішкі істер департаментінде

«Көкнәр-2016» алдын алу шараларының қорытындысы шығарылған жедел кеңес өткізіліп, оған қатысқан Ішкі істер министрлігі Есірткіге қарсы күрес департаментінің бастығы, әділет генерал-майоры Сұлтан Құсетов есірткінің заңсыз айналымы еліміздің ұлттық және экономикалық өркендеуіне қауіп төндіретін құбылыс екенін атап өтті. Қазақстан аумағында есірткі өсетін Шу алқабы елімізде тұратын әрі сырт жерден де есірткі таратуға және жинауға мүдделі қылмыстық топтардың назарын аударатын ірі есірткі өсетін аймақ екені белгілі. Біздің еліміздің осы ерекшелігіне байланысты ішкі істер органдары жабайы қарасора дайындаудың жолын кесетін, сондай-ақ Шу алқабынан есірткі тасымалдаудың жолын бөгейтін міндеттерді айқындауда. Департамент басшысы сондай-ақ, ұйымдасқан есірткі тасымалдаушы топтардың жолын кесу, «ауған» есірткісін тасымалдау арналарын жою жөнінде де атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Көкнәр-2016» жедел алдын алу шарасына Жамбыл облыстық ІІД, «Арлан» арнайы бөліністері және «Бүркіт» Ұлттық ұланының қосымша күштері мен құралдары тартылды. Операцияға ішкі істер органдарының 2300-ден астам қызметкері қатысты. Құмдағы бару қиын жерлерде модульдық көшпелі қосындар, сондай-ақ таулы жерлерде жүре алатын авто көлік құралдары және пилотсыз ұшатын аппараттар қолданылды. Осындай жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде «Көкнәр-2016» операциясы өткізілген 4 айдың ішінде 3303-тен астам құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде 1300-ден астам қылмыс анықталды. 681 есірткі өткізу, 60 контрабанда, 213 құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, 402 ірі көлемде есірткі сақтау фактілері әшкере болды. Заңсыз айналымнан 33 тонна 510 келе есірткі заттары тәркіленсе, оның 52 келісі героин, 103,7 келісі гашиш, 32,5 тоннасы марихуана.

е-mail: nastraje@mail.ru

7

ЖАРАЙСЫҢ!

Қос қызметкер – күміс пен қола медаль иегері Батыс Қазақстан облыстық ІІД-нің екі бірдей қызметкері Болгарияда өткен самбодан әлем чемпионатында жүлдемен оралды.

Осы жылдың қараша айының 10-ы мен 14-і аралығында Болгария астанасы София қаласында самбодан әлем чемпионаты өтті. Бұл чемпионатта Батыс Қазақстан облыстық ІІД-нің намысын екі полиция қызметкері лайықты қорғады. Атап айтқанда, 57 келі салмақта полиция аға лейтенанты Ерболат Байбатыров күміс медальге қол жеткізді. Ал қола медальді 82 келіге дейін салмақта полиция аға лейтенанты Темірлан Ихсанғалиев қанжығалады. Ерболат 57 келі салмақта финалда грузиялық самбошы Вахтанг Чидрашвилимен кілемге шықты. Ерболат Байбатыров осыған дейін төрт мәрте әлем чемпионы атанса, қарсыласы мұндай жеңіс тұғырына үш дүркін көтерілген еді. Бір-бірін жақсы білетіндіктен, бәсеке тартысты өтті. Екі ұпайға әдіс жасағаннан кейін грузин балуаны Ерболаттың қолын байлап, күреспей жүріп алды. Төреші оған ескерту беріп, қазақстандық балуанның еншісіне бір ұпай жазылғанымен, бұл жеңіс үшін жеткіліксіз еді. Сөйтіп В.Чидрашвили 2:1 есебімен ұтып, ол да Ерболат сияқты әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды. Дегенмен соңғы жылдары әлем біріншілігінің жүлдесі бұйырмай жүрген отыз жастағы Ерболат Байбатыров үшін күміс медальдің өзі үлкен жетістік деуге болады. Оның финалға барар жолы оңай болған жоқ. Алғашқы белдесуінде әлем чемпионаттарында жүлде алып жүрген ресейлік Аймерген Аткуновты, содан кейін тәжік балуанын тізе бүктірген Ерболат осы додада Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды. Тағы екі батысқазақстандық балуан Қазбек Сұпығалиев пен Темірлан Ихсанғалиев әскери самбодан 62 және 82 кг салмақта қола жүлдені иеленді. Айта кетейік, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Райымбек Меңдіғалиев баптайтын полиция аға лейтенанты Ерболат Байбатыров Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде қызмет етеді. Ол биыл Кстово (Ресей) мен Тбилиси қаласында өткен халықаралық турнирлерде күміс жүлдегер атанып, әлемдік додаға жолдама алған еді. Тбилисиде финалда дәл осы В.Чидрашвилиге есе жіберген болатын. Батыс Қазақстан облыстық ІІД басшылығы мен жеке құрамы әріптестерін шын жүректен құттықтай отырып, спорттық межеде талай биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреді.

СПАРТАКИАДА

Спорттың бес түрінен сынға түсті Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйытқы болуымен және Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Ақсай қаласында құтқарушылар арасында спартакиада өтті.

Бұл спартакиаданы өткізудегі мақсат – азаматтық қорғау қызметкерлерін денешынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу, олардың физикалық дене дайындығын арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау. Жүлдеге 65 адам таласты. Жарысқа қатысушылар спорттың бес түрі бойынша сайысқа түсті: үстел теннисі, волейбол, гір көтеру, арқан тарту және ұлттық «Асық ату» ойыны. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінінің №8 өрт сөндіру бөлімі, 2-орынды Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің №9 өрт сөндіру бөлімі, 3-орынды БҚО «Өрт сөндіруші» ақционерлік қоғамының 1-жасағы иеленді. Құтқарушы ардагерлерден құралған қазылар алқасы жарыстың бағасын беріп, жүлдегерлерді диплом, медаль және кубоктармен марапаттады. Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі ІІМ Кадр жұмысы департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қызмет өткеруді ұйымдастыру басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция полковнигі Қадеркеев Руслан Кеңесұлына анасы ҚАДЕРКЕЕВА Марияштың қайтыс боуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады. ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының жеке құрамы Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Тойлыбаев Бекайдар Адамбекұлына ағасы ТОЙЛЫБАЕВ Жақсылық Адамбекұлының қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Ішкі істер министрлігінің Семей қаласындағы Оқу орталығының басшылығы мен жеке құрамы ІІМ-нің Шымкент қаласындағы Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Тойлыбаев Бекайдар Адамбекұлына ағасы ТОЙЛЫБАЕВ Жақсылық Адамбекұлының қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

СӨЗ СОҢЫ №85 (4251), сейсенбі, 15.11.2016 е-mail:sakshy@mediaovd.kz

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

БАЙҚАУ

Сотталғандар салған ән...

«Өмірге ынтық өмірім»

Ербол ШАРИПОВ, Павлодар облысы

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-ге қарасты АП-162/2 мекемесінде сотталған азаматтар арасында өнер байқауы өтті. Байқау барысында сотталғандар ән айтып, би билеуден, сондай-ақ, сахналық қойылым бойынша сайысып, бақтарын сынға салды.

А.ӘЗТАЙ, Шымкент қаласы

ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен мүмкіндігі шектеулі өнерпаз жандардың концерттік бағдарламасы осылай аталды. «Халқыма тағзым» қоғамдық бірлестігі жетекшілік ететін ұжым өнерпаздарының әрқайсысының өз тарихы, өзіндік оқиғалары бар. Тағдырдың тауқыметіне қ а с қ а я қ а р а п , ж а р ы қ д ү н и ен і ң жақсысын көруге ұмтылған жандар Оқу орталығының тыңдаушыларына өз өнегелерін паш етті. «Рухты халық – мықты халық» деген сөздің дәлеліне айналған бұл өнерпаздар сахна төрінде бұлбұлша ән шырқап, жанды жадыратты. Концерт кезінде спортпен айналысқан, қазір арбаға таңылған Нұржан Дәрібайдың «Өмір жолы» атты авторлық әнімен

а ш ы л ды . Н ұ р ж а н н н ы ң ө м і р л і к серік етіп таңдаған жары да арбаға таңылған екен. Отбасылық жұптың бақытты жүздерімен шырқаған әндері тыңдарманның жүрегін жол тапқаны анық. Концертте орындалған әндердің барлығы мағыналық жағынан тыңғылықты таңдалып алынғаныдығы көрініп тұрды. Мәселен, «Асыл ана», «Өмір-өзен», «Ауылым», кеш соңында орындалған «Қазақ жастары» атты ән тыңдаушыларды бір серпілтіп тастады. « Х а л қ ы м а т а ғ з ы м » қ о ғ а м ды қ бірлестігінің төрайымы Г.Жайлымысова

Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Б.Тойлыбаевқа ұжым атынан алғысын білдіріп, «Мейірімді жүрек» грамотасымен марапаттады. «Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, оларға қолұшын созу кез келген жанның қолынан келе бермейді. Қоғамға керек жан екенін сезіндіріп, өнерпаздарымызды киелі сахна төріне шақырғандарыңызға рақмет», – деп жылы лебізін білдірген бірлестік төрайымы алдағы уақытта биші құрамымен бірге келіп, өнерлерімен бөлісуге сөз берді. Айта кету керек, бұл бірлестіктің атқаратын жұмыстары өте көп. Тек Қазақстан аумағында емес шетел асып өнер көрсететін ұжым таяу уақытта көршілес Қытай елінен жүлделі 2-орынмен оралған.

АКЦИЯ

Қостанайдағы қауіпсіздік шарасы Шараға оқу ордасының арнайы пәндер циклының оқытушылары, біліктілігін арттыру курсының қызметкерлерімен қатар, алғашқы оқыту курсындағы тағылымдамашылар да атсалысты. Қаланың М.Хәкімжанова мен Ы.Алтынсарин көшелерінің қиылысында бастау алған акцияның басты көздегені – балалар арасында жол-көлік оқиғасының алдын алу, жеткіншектердің жол қауіпсіздігін сақтау туралы мәдениетін қалыптастыру, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік тәртібін іске асыру болып табылады. Акция барысында жол-патрульдік полиция қызметінің инспекторлары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда жүру ережелерін түсіндіріп, жүргізушілердің назарын балабақша мен мектептердің алдымен өткенде, балалар шығып қалатын жерлерде жылдамдықты азайтып, абай болу керектігіне ауд а р т т ы . А л, а р н а й ы а л ғ а ш қ ы оқытудағы тағылымдамашылар көлік жүргізушілеріне «Қауіпсіз жол» ескертпе жаднамасын ұсынып, өтетін жерлерде мұқият әрі шыдамды, мектеп пен мектепке дейінгі мекемелердің алдында өте сақ болуды сұрады. Қостанай қалалық ІІБ ЖППБ бөлімінің командирі, полиция старшинасы С.Жақсыбаев ата-аналарға балалардың киімінде қараңғы уақытта сәулеленетін

Б. ЖАНТАСОВА, Қостанай қаласы

Қостанай облыстық ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі мен ІІМ-нің Қостанай қаласындағы Оқу орталығы қала көшелерінде «Қауіпсіз жол» акциясын бірге өткізді.

жабыстырғыштар болуы маңызды екенін айтты. Осыған орай ЖППБ қызметкерлері мен тағылымдамашылар акцияға қатысушыларға сәулеленетін белгілер, қолға тағатын және жарықты қайтаратын термоаппликациялар сыйлады. Қостанай қаласы №18 мектебінің 5-сынып оқушылары – Диас Абаев, Ольга

Гурьянова, Александра Волокитина, Алина Климова жол сақшыларына сыйлықтары үшін алғыстарын айтып, жолда абай болатындықтарына уәде берді. Тағылымдамашы Нияз Ыбраев кішкентай Вика Чупина мен анасын жаяу жүрушілер өткелінен өткізіп, ережелерін айтып түсіндірді. Лисаковск қалалық ІІБ ЖПП бөлімі командирінің көмекшісі, полиция старшинасы Андрей Грабарь мен Қостанай облыстық ІІД ЖППБ полиция аға сержанты Сәрсенбай Нұрмағамбетов жол қoзғалысының қ а т ы су ш ы л а р ы н а з а ң б а п т а р ы н түсіндірсе, Жетіқара қалалық ІІБ ЖПП взводының полиция жүргізушісі, полиция сержанты Диас Қабжанов №9 мектеп оқушыларының назарын жолдағы ұқыптылыққа аударды. Сондай-ақ, акция кезінде Лисаковск қалалық ІІБ ЖПП взводының полиция аға сержанты Қанат Өмірзақов балаларға жолда жүру ережелерін үйретсе, Рудный қалалық ІІБ ЖПП ротасының полицейі, полиция аға сержанты Мақсұт Досыбаев жол жүру ережелеріне байланысты көптеген қызықты ойындар өткізді.

Ойлан, тап!

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВ

Түйілген шаш

Нөпір

Қасиетті түн

Қазақстан облысы

Ерік ... Ғаспыралы

Шамамен

Береке

«... шағала» (əн)

... Жібек

Қария Телеарна

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

Самсунг ... +

Қол бөлігі Құрғақ жел

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ Тілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ, Сабырбек ОЛЖАБАЕВ, Жансая СЫДЫҚБАЙ

ТАҒЫЛЫМ

Музейдегі мәнді іс 2016 – еліміз үшін тағы бір тарихи жыл. Осы жыл біз тұтас Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлаудамыз. Мерекелеу шеңберінде кең көлемді және өте маңызды іс-шаралар бүкіл аймақтарда өткізілуде. Сондай шаралардың бірі, таяуда Астана қаласы ТЖД-нің музейінде ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өрт сөндірушілер мен құтқарушылар музейінің басшысы Құралай Қамелова №74 мектеп оқушыларына экскурсия өткізді. 9-10 сынып оқушылары мен кадет корпусының оқушыларына экскурсия алдында мұражай басшысы Құралай Тұяққызы дәріс оқып, жеткіншектерге ой салар өрт сөндірушілер мен құтқарушылар туралы фильмді тамашалатты.

Оқушылар аталмыш фильмнің өздеріне ерекше әсер еткенін д жасырмады. «Фильм қатты ойландырды, соншалықты батыл жандар, игілікке құмар өрт сөндірушілердің ерліктеріне таң қалдырды», – дейді жеткіншектер. Экскурсия кезінде балалар мұражай басшысының әр сөзін ыждағаттылықпен тыңдап, өткен жылдардағы өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін көрді. «Осындай шаралар өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін көтеріп, Отанға деген құрметтерін нығайтары анық. Әрбір мемлекеттің даму жолында аса маңызды рөлді атқаратын жастардың мәдениеті мен білім деңгейін арттыру қашанда маңызды», – дейді музей басшысы Құралай Қамелова. Экскурсия соңында оқушылар еліміздің мемлекеттік рәміздердің алдында тұрып Қазақстан Әнұранын орындады. Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

деген екен...

‫ﻥ‬

Бүлік

Мекеме клубында бастау алған өнер сайысы тартысты әрі қызықты өтті. Сотталғандар өздерін сахнада еркін сезініп, ең бастысы – жиналған жұрттың алдында өнерлерін ортаға салып тұрып, өздерінің бостандықта жаңа өмір бастай алатынын айқын аңғарта алды. Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-нің бастамасымен ұйымдастырылған шара кезінде сотталған азаматтар қойылым тақырыптарын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап, ән-жырларын егемендіктің тойына тарту етті. Олардың әрқайсысы заң бұзған болса да, өздерін еліміздің патриоты екенін сезінеді. Қазір олар бостандыққа шыққан соң мемлекетіміздің толыққанды азаматы атануын қалайды. Мекемеде өткізілетін мұндай тәрбиелік шаралардың нәтижелері заңды бұзған азаматтардың дағдылы өмірде қайта қалыптасуына оң әсерін тигізері сөзсіз. «Қылмыс жасаудың бір бастауы – білім деңгейінің төменділігі, имандылықтың таяздығы, өзге мен өзінің іс-қимылдарына деген жауапкершілігінің жоқтығы. Сондықтан да, ҚАЖ мекемелерінде мұндай шараларды өткізу сотталғандарды қайта тәрбиелеуде және түзетуде оң нәтиже береді. Өнерге баулу – имандылықты, жауапкершілікті арттырады, өмірге деген көзқарасты өзгертеді, өмірлік бағыттарды қоғамдағы қалыптасқан жағдайларға ауыстыруды көздейді», – дейді игі іске ұйытқы болған департамент қызметкерлері. Мерекелік шара соңында сайысқа белсене қатысып, жеңімпаз атанған барлық қатысушыларды мекеме бастығы атынан тәрбие жұмыс бойынша орынбасары, әділет подполковнигі Б.Тілеубаев құттықтап, мадақтамалар табыс етті. Жиналғандарды ел Тәуелсіздігінің мерейтойымен құттықтаған әділет подполковнигі өнерлі екендіктерін сайыс барысында дәлелдеп берген сотталғандарға зор денсаулық тілеп, отбасыларына тез оралуына тілектестігін білдірді.

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Үй болғасын ыдыс-аяқ салдырламай тұрмайды. Əсіресе əйел затының басының сақинасы ұстаған кездері еркек байқұстың қу құлқын үшін еріксіз қазанға мінетін кездері де болады. Өткен ғасырдың соңғы жылдары Алтай деген қалада отырған күндердің бірінде Жəди Шəкенұлы қара қазанға мініп, түскі ас қамымен əлектеніп жатса керек. Сырттан көршісі, ақын Ербол Қамзин кіріп келіп: – Немене, қатыны өлген кісіге ұқсап қара қазанға мініп алғансың? – дейді ғой. Сонда Жəкең əзілмен жымиып: – Ондай бақыт қайда?! – деген екен. Ербол күлкіден құлап қала жаздайды. Екі бүктетіле сыртқа жүгіреді. Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды. Индексі: 65395 Таралымы: 11245 Тапсырыс: №3747

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Жансая СЫДЫҚБАЙ


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.