Сақшы №83 (4249)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№83

(4249), 8.11.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kz

Газет 1933 жылдан бастап шығады

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ Сыртқы істер министрлігінде келесі жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан мен Жапонияның дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы вербалды нотамен алмасу рәсімі өтті.

Екі елдің лауазымды тұлғаларының визасыз сапарлары Қазақстан мен Жапония арасындағы саяси байланыстың одан әрі нығаюына және саудаэкономикалық ынтымақтастығын жандандыруға септігін тигізеді. «Бүгін, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапарымен бір уақытта, біз 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі елдің дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы вербалды нотамен алмастық. Бұдан өзге, Мемлекет басшысының қазақстандық дипломатияның экономикалық бағытын нығайту туралы тапсырмасы бойынша келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Жапонияның ұлттық төлқұжаты бар азаматтарына 30 күнге дейінгі мерзімде визасыз режим орнатылады. Бұл екі елдің инвестициялар, жаңа технологиялар және туризм саласындағы бизнес құрылымдары арасындағы іскерлік байланыстың қарқындылығын арттыруға мүмкіндік береді», – деді СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев. Оның айтуынша, вербалды ноталармен алмасу Қазақстанның барлық азаматы үшін визасыз режимді жеңілдету жолындағы алғашқы қадам болып табылады. Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Ясумаса Идзима бүгінгі оқиға екі елдің саясат, экономика салалары мен екі ел азаматтарының сапары аясындағы өзара іс-қимылды нығайтуға септігін тигізетінін айтты. «Біз Қазақстанның барлық азаматы үшін визалық режимді одан әрі жеңілдетуге тырысамыз», – деді жапон дипломаты.

ЕКІ БАНКТІҢ ЛИЦЕНЗИЯЛАРЫ ТОҚТАТЫЛДЫ Ұлттық банктің басқармасы 2016 жылғы 28 қазандағы № 246 қаулысымен 1 қарашадан бастап «Қазинвестбанк» АҚ-ның және «Дельта Банк» АҚ-ның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға арналған лицензияларының қолданылуын 3 ай мерзімге тоқтата тұрды. Осылай деп Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Жапония ынтымақтастығы жанданып келеді Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға ресми сапармен барды. Сапары барысында Токио қаласына келген Елбасы Жапонияның императоры Акихитомен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Жапония арасындағы қазіргі қарым-қатынастың ахуалы және оны алдағы уақытта қарқынды дамыту перспективалары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің түрлі саладағы өзара іс-қимылына, соның ішінде Жапонияның Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне тұрақты түрде қатысып келе жатқанына тоқталып, бұл елмен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айтқанда, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында сенімді серіктестік орнағанын айтты. Қазақстан Президенті жаһандық қақтығыстарды реттеуге және өңірдің тұрақты дамуына ықпал етуге Жапонияның баға жетпес үлес қосқанын атап өтті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев 2017-2018 жылдары еліміз БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жауапты миссия атқару барысында ядролық қарусыз әлем қалыптастыру, энергетика, азық-түлік және су қауіпсіздігі мәселелерін шешуге бағытталған шараларды қолға алатынын жеткізді. Сондай-ақ, сапар аясында Мемлекет басшысы Tokyo Rope компаниясында болды. Елбасы компания қызметімен танысып, шығарған өнімдерін көрді. Ол сондай-ақ, телекөпір арқылы Қазақстандағы болат бұйымдар шығаратын «Токио Роуп Алматы» зауытын салтанатты түрде іске қосу шарасына қатысты. Алматы қаласында орналасқан бұл кәсіпорын металдан жасалатын түрлі өнім, соның ішінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою үшін пайдаланылатын габион жүйесін (торкөз қалқаншалар) жасау үшін аса берік торлар шығарады. Зауыттың бірінші кезеңдегі жобалық қуаты 5 тонна металл бұйымын шығаруға жетеді, оның мүмкіндігі алдағы уақытта ұлғайтылмақ. Кәсіпорын өнімі Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге таяу және алыс шетелге де сатылады деп жоспарланып отыр. Сапары кезінде Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының төрағасы Такео Кавамурамен және лига мүшелерімен кездесті Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық

лигасы екі ел халқы арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға баға жетпес үлес қосқанын атап өтті. Қазақстан Президенті елімізге көрсетілген қолдау мен ынтымақтастықты дамыту жолында жұмсалған күш-жігер үшін алғыс айтты. «Сіздер бізге ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығына ие болу жолында және ядролық қарусыздану жұмысын жүргізу барысында зор қолдау көрсеттіңіздер», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы барлық бағыт бойынша Қазақстан мен Жапония ынтымақтастығының жанданып келе жатқанына назар аударды. « Б і з т ә уе л с і з д і к т і ң 2 5 ж ы л ды ғ ы н а т а п өтудеміз. Бұл онша ұзақ мерзім емес. Алайда, осы уақыт ішінде біз көп жетістікке жеттік деп санаймын. Жапониямен қарым-қатынасты одан әрі дамыту біз үшін маңызды. Біз – Азия елдеріміз, біздің тарихымыз ортақ», – деді Қазақстан Президенті.

Т.Кавамура кездесуге уақыт бөлгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді. «Келесі жылы Жапония мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады, сондай-ақ, ЭКСПО көрмесі өтеді. Біз бұл оқиғаларды парламентаралық тәжірибе алмасу ісіне серпін беру үшін пайдалануды көздеп отырмыз», – деді Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының төрағасы. Т.Кавамура сондай-ақ еліміздің 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтап, Қазақстан бұл міндетті атқару барысында ядролық қарусыздану мен таратпау ісіне бұдан да зор үлес қоса алатынын айтты. Осы орайда, Мемлекет басшысы өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесін жариялағанына және БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясында 2045 жылға қарай ядролық қарудан азат әлем қалыптастыру мақсатына қол жеткізуге шақырғанына тоқталып, осы бастамаларға Жапония тарапының да қолдау көрсететініне сенім білдірді.

САЛТАНАТТЫ ШЕРУ

Тәуелсіздік тойының тартуы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын аймақтағы тәртіп сақшылары әртүрлі салтанатпен атап өтуде. Бірі – халқымыз үшін мәні зор мерекені ішкі істер органдары қатарына жаңа қосылған жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімімен әспеттесе, енді бір өңірде ардагерлерге құрмет көрсетіліп, өмірден өткен әріптестерінің рухына тағзым етуде.

Ұлттық банктің аталмыш шешімді екі банктің банк туралы заңнама жекелеген талаптарын бұзуына қадағалап ден қоюы және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдаған. « Л и ц ен з и я л а р ж е к е т ұ л ғ а л а р ды ң ж а ң а депозиттерін тартуға және жаңа банк шоттарын ашуға тоқтатыла тұрды және банктердің қ о л д а н ы с т а ғ ы д е п о з и т т е р і не ж ә не қ а з і р г і клиенттеріне қызмет көрсетуге, сондай-ақ, заңды тұлғалардың депозиттерін тартуға қатысты қолданылмайды», делінген хабарламада. Айта кетерлігі, 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Қазинвестбанк» АҚ-ның жеке тұлғалардың қабылдаған депозиттерінің көлемі 16,4 млрд теңге немесе жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінен 2,3 пайыз және «Дельта Банк» АҚ-ныкі 11,5 млрд теңге (2,3%) болды.

Жетісулық сақшылар да Тәуелсіздікке ерекше тарту-таралғы жасады. Ел мерейін асырар маңызды мереке қарсаңында Алматы облысының полициясында жаңадан плац ашылып, жас қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдап, Естелік аллеясына ағаш түптерін отырғызды. Патриотизмді күшейту, қызметтік жауапкершілік сезімі мен полиция ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында өткізілген шараға облыстық ІІДнің барлық офицерлері мен сержанттары қатысты. Жаңа плацта еліміздің көк байрағы көтеріліп, 16 жас полицей адал қызмет етуге ел-жұрт алдында ант берді. Дәл осы мереке аясында ішкі істер органдарының 12 қызметкері өздерінің арнайы атақтарын алды. Салтанатты шеруге Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генералмайоры Мұрат Ұрұмханов бастаған басшы құрамы, департамент аппаратының басқармалары мен бөлімдері, қала және аудан бөлімшелерінің бастықтары және ішкі істер органдарының ардагерлері мен облыстық ІІД-нің жеке құрамы қатысты. Шара барысында қызмет бабында қаза болған милиция сержанты Бауыржан Ақылбековті еске алуға орай өткізілген шағын футбол турнирінің жеңімпаздары да марапатталды. Біріншілік кубогы жеңімпаз аталған Панфилов аудандық ІІБ командасына табысталды. Осы турнирде 2-орынға ие болған Ішкі істер департаментінің аппараты мен 3-орын алған

Төтенше жағдайлар департаментінің командасына дипломдар табыс етілді. Тәуелсіздік тойына орай өткізілген шараның соңында департамент басшылығы Естелік аллеясына 25 шырша ағашын отырғызды. Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі


2 Ə

-А М Е Л

ЖАҢАЛЫҚТАР №83 (4249), № сейсенбі, 8.11.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

Қ

АТ Р А П

АҚШ

Мерзімінен бұрын дауыс беруде А Қ Ш - т а п р е з и д ен т с а й л а у ы н д а мерзімінен бұрын дауыс беру өтіп жатыр. Бұл 8 қарашада қандай да бір себептерм ен сайл ау уча с к ес іне к е ле а л м а й тын америкалықтар үшін ұйымдастырылды. Мерзімінен бұрын дауыс беруге белгіленген күндердің ішінде сенбіде халықтың белсенділігі артуда. Негізгі дауыс беру күні – сейсенбі жұмыс күніне тура келіп тұр. XIX ғасырдың ортасында АҚШ аграрлық ел болған, ол кезде сәрсенбі базарда сауда жасау күні, ал сенбі жұмыс күні саналған. Жексенбі қазіргі уақытқа дейін шіркеуге қатынайтын күн. Сондықтан да сайлау өтетін күн сейсенбіге белгіленді.

Д е м а л ы с к ү н д е р і с а й л а у ш ы л а р ды ң белсенділігі артуда. Сондықтан да екі негізгі үміткер «құбылғыш штаттарда» сайлауалды үгітнасихатты бейсенбі мен жұмаға белгіледі. Огайо штатында сайлау бюллетендері ағылшын және испан тілінде жазылған. Негізгі мәселеден басқа, бюллетенге жергілікті судьялыққа үміткерлерді таңдау енгізілген. Ұйымдастыру жағы көңіл толтырарлықтай: учаскелер алдында сайлауалды үгіт-насихат шектелген. Америкалықтар дауыс беру үшін тәртіппен ұзын-сонар кезекке тұруда. Учаскенің ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы секциялар көзделген. Сайлауды тең дәрежеде Демократиялық және Республикалық партиялардан бақылаушылар бақылауда. Дауыс беру нәтижесін аймақтық соттың арнайы сайтында онлайн қарауға болады.

Қытай

ЖҚЖК-2020: 563 мың адам жұмыспен қамтылды «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы іске асырылған уақыттан бері 2011 жылдан 2016 жылға дейін 563 мың қазақстандық тұрақты жұмыс орындарына орналасты, деп мәлімдеді ҚР Парламент Мәжілісіндегі үкімет сағаты барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі осы кезеңде еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерінің оң серпіні байқалатынын атап өтті. Жұмыс күші құрамының сапалық өзгерісі жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 6,3 және жалдамалы жұмыскерлер саны 16,6 пайызға өскенімен сипатталады. Жұмыссыздар саны 9 пайызға төмендеді, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 14 пайызға, ал өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар соңғы үш жылда үш есе азайды. «Бағдарлама іске асырылған уақыттан бері мемлекеттік қолдау шаралары 744 мыңнан астам адамға көрсетілген. Оның ішінде 563 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты. Осы жылдың 9 айында бағдарламаға 146 мыңнан астам адам қатысты», – деді Т.Дүйсенова. Министр бірінші бағытта қарастырылған «Жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен қамтамасыз ету» шаралары экономикалық дағдарыс кезінде әлемдік тәжірибеде өзін жақсы жағынан көрсеткенін атап өтті.

Италия

Жойқын торнадо залалы Италияда соққан жойқын торнадоның салдарынан 2 адам қаза тапты. Табиғи апат кезінде Ладисполи қаласында бір адамды күшті дауылдан әуеге ұшқан құрылыс қалдықтары басып қалып, қаза тапты. Сондайақ, Чезано қаласының бір тұрғыны құлаған ағаштың астында қалып, қайтыс болды. Торнадодан оннан аса адам жараланды. Жойқын дауылдың кесірінен ғимараттар мен көшеде тұрған көліктерге зақым келді. Ладисполи қаласында темір жол қатынасы уақытша тоқтатылды.

«Жаппай жөндеу жұмыстары және ауылдарды абаттандыру жұмыстары, ең алдымен, ауыл халқын белгілі бір кіріспен қамтамасыз етуге, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйелеріне қатысуына мүмкіндік беретін жаппай уақытша жұмыспен қамтуға; ауылдық инфрақұрылымды қолдау есебінен жеткіліксіз және тозған нысандарды қалпына келтіруге; бағдарламаның жөндеу жұмыстары бойынша қазақстандық қамту жөніндегі талаптарын ескере отырып, отандық шағын және орта бизнесті қолдауға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді министр. Министрдің айтуынша, 2016 жылы 5 712 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 3 607 жоба Қазақстанның ең шалғай ауылдарында іске асырылып, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Үкіметтің арнайы резервінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

«25 жұлдызды күн» жобасы өңір жетістіктеріне арналады Ақмолада Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында 6,5 мың шара ұйымдастырылып, оған 400 мыңнан астам адам қатысқан. Биыл «25 жұлдызды күн» жобасы аясында 21 қараша мен 15 желтоқсан аралығында өңір жетістіктері көрмесі ұйымдастырылмақшы. Бұл туралы Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» сарайында «Бірлік, тұрақтылық және өркендеудің 25 жылы» тақырыбына арналған «Қазақстан-2050» Демократиялық күштер Коалициясының отырысында айтылды.

Әуе рейстері кейінге шегерілді Бейжің халықаралық әуежайында 500-ге тарта рейс кейінге шегерілді. Бұған қою түтін мен бұлтты ауа райы себеп болған. Б и л і к ш а һ а р д а д а б ы л қ а ғ у ж ү йе с і н і ң «қызғылт» деңгейін жариялаған. Бұл түтін 3 күн бойы сейілмей қойғанда жарияланатын дабыл. Әуежай әкімшілігінің мәлімдеуінше, ұшақтардың тек 43 пайызы ғана ұшқан. Б ұ д а н б а с қ а , е л д і ң б а р л ы қ со л т ү с т і к аймағындағы тас жолдар жабылды. Бейжіңнің кейбір аудандарында түтін 200 метр биіктікке дейінгі аумақты тұмшалап тастаған. Құзырлы органдар қарттар мен балалардың сыртқа бейсауат шықпауын өтініп отыр.

е-mail: nastraje@mail.ru

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов өңірдің осы жылдар ішінде қол жеткен табыстарын баяндады. Мерейлі 25 жыл ішінде өңір экономикасы айтарлықтай дамыды. 2001-2015 жылдар аралығында жалпы өнім көлемі 11 есе өсіп, 11,2 триллион теңгені құрады. Өндіріс көлемі 10 есеге көбейіп, 33 миллиард теңгеге жетті. Биыл оны 50 миллиард теңгеге жеткізу жоспарда тұр. «Астана қаласын ет, сүт, ұнмен 100 пайыз қамтамасыз етіп келеміз. Облыстың логотипі салынған ет өнімдері Мәскеу мен Санкт-Петербург нарығына шығып жатыр. Осы мерейлі жылдар ішінде өңірде 200 мың жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, 40 мектеп, 34 денсаулық сақтау нысаны, 530 бөбекжай бой көтерді. Жұмыссыздық 11 пайыздан 4,9 пайызға төмендеді. Өңірге салынған инвестиция көлемі 2001 жылмен салыстырғанда 17 есе өсіп, 200 миллиард теңгені құрады»,–деп атап өтті Н.Нұркенов. Өткен жылы 20 тонна алтын өндірілді. Машина құрылысы саласында озық саналатын Степногорск

подшипник жасау зауыты өнімнің 182 түрін шығарады. Биыл егін бітік шығып, ауылшаруашылығы құрылымдары 5,7 миллион тонна астық бастырды. 274 мың тонна картоп жиналды. Мал басы 2 есеге өсті. Бүгінде облыста 31 бордақылау алаңы бар. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында 6,5 мың шара ұйымдастырылып, оған 400 мыңнан астам адам қатысқан. Биыл «25 жұлдызды күн» жобасы аясында 21 қараша мен 15 желтоқсан аралығында өңір жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылады», – деді Н.Нұркенов. Облыстық мәслихаттың депутаты, «ТойДастархан» серіктестігінің директоры Елена Мащинская қазақтың ұлттық асханасын өзге елге насихаттауға мән беріліп отырғанын айтса, қалалық мәслихаттың депутаты, «АП-Импэкс» серіктестігінің директоры Жұмабай Әміржанов тәуелсіз еліміздің белгісіндей болған жаңа ғимараттардың құрыш қолды құрылысшылар еңбегінің нәтижесі екенін үлкен мақтанышпен жеткізді. Ал бірнеше тілді меңгерген, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Ислам Байрамов қазақ тілінде «Желтоқсанның жаңғырығы» атты жырын оқыды. Коалиция мүшелері бір ауыздан алда келе жатқан маңызды мерекенің мәнін түсіндіріп, халыққа насихаттау шараларына белсене атсалысу туралы келісімге келді. Өңірде қайырымдылық бағыттағы істер де қолдау таппақ.

Орталықта жасалған ерекше ота Елордадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында есту қабілетінен айырылған 10 балаға кохлеарлық импланттау оталары жасалды. Бұндай ерекше ота біздің елімізде алғаш рет жасалып отыр.

Қазан айының соңғы күндерінде «Universal Medical Center» корпоративтік қорының филиалы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында есту қабілетінен айырылған 10 балаға «Электромагниттік есту аппаратын импланттау» («кохлеарлық импланттау») оталары жасалып, олар өте сәтті аяқталды. «Қазіргі уақытта барлық пациенттердің жағдайы жақсы. Олар ауруханадан шыққан соң Корпоративтік қордың Балаларды оңалту ұлттық орталығында оңалту шараларынан өтуге жіберіледі», – деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

С т а т и с т и к а б ой ы н ш а ә ле м д е ә р б і р м ы ң баланың біреуі мүлдем естімейтін болса, әрбір үш бала өмірінің алғашқы 2-3 жылында есту қабілетінен айырылады екен. Құлақ құрышы р е ц е п т о р ы н ы ң ү л к ен б ө л і г і не з а қ ы м к е л ген жағдайда саңырау адамға ең үздік есту аппараттарының өздері көмектесе алмайды. Ола р о р та ж ә не ж о ға р ы де ңг ейде г і ды бы с қаттылығын ғана естіп, жоғары жиілікті және ақырын дыбыстарды сезбейді және сөздер түсініксіз естіледі. Мұндай жағдайда бала сөздерді естуді және сөйлеуді үйрене алмайды. Мұндай пациентке тек кохлеарлық имплантация – есту қабілетін қалпына келтіруге бағытталған жоғары технологиялық құралдарды пайдаланатын шаралар жүйесі ғана көмектесе алады.

Кейкі батырдың басы қайда жерленеді? 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілістің даңқты қолбасшыларының бірі, атақты мерген Кейкі батыр туған жері - Тасты ауылына жақын жерде жерленеді. Сенатор Серік Ақылбайдың айтуынша, жақында өткен мемлекеттік комиссияның отырысында Кейкі батырдың басын жерлеу мәселесі қаралды. «Сол жерде Кейкі батырдың сүйегін оның туған жері Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты ауылында жерлеу туралы шешім қабылданды. Сол жерде бос тұрған мазар бар. Оны батырдың туған-туыстары тұрғызған еді. Кейкі батырдың ел тарихында алатын орнын сондай-ақ, ол арқылы қазіргі жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығын ескере отырып, сол батырға сай ескерткіш жасап, Кейкі батырдың мемориалын тұрғызу ұйғарылды», – дейді С.Ақылбай. А й т а к е т ей і к , 1 9 1 6 ж ы л ғ ы Ұ л т а з а т т ы қ көтерілістің даңқты қолбасшыларының бірі, атақты мерген Кейкі батыр Торғай даласында патшалық Ресейдің отарлау саясатына, кейін «қызылдарға» қарсы соғысқан. Большевиктер оны ұстағаннан кейін айуандықпен өлтірген. Содан батырдың бас сүйегі ұзақ уақыт бойы Петербордағы музейде сақталып келді.

«Аманаттың» премьерасы М . Г о р ь к и й а т ы н д а ғ ы м е м ле к е т т і к академиялық орыс драма театрының сахнасында «Алпамыс» қазақ жауынгерлік эпосының желісі бойынша қойылған «Аманат» спектаклінің премьерасы өтті. Аталған қойылым Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекпулат Парманов, Алпамыс р ө л і н со м д а ғ а н – а с т а н а л ы қ о р ы с д р а м а театрының актері Максим Ященко, Гүлбаршын

рөлін жас актриса Наталья Маштакова орындады. Шығармашылық ұжым репертуарын т о л ы қ т ы р ғ а н б ұ л с п е к т а к л ь г е т е а т р ды ң барлық дерлік әртісі жұмылдырылды. Тағы бір ерекшелік – орыс драма театрының актерлері қазақ әндерін орындады. Мысалы: «жоқтау», «Туған жер» және т.б., сондай-ақ, музыкалық әрлеуді жасау барысында қазақ этникалық аспаптар қолданылды: домбыра, қылқобыз, жетіген, шаңқобыз, сыбызғы. «Бұл жыл Қазақстан үшін ерекше. Біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өткелі жатырмыз. Осыны ескере отырып, біз үшін мазмұны мен көрінісі жағынан мерейтойлық датаға сай болатын материалды ұзақ уақыт іздедік. Кейін, қазақтың «Алпамыс» атты жауынгерлік эпосын таптық. Ол барлық түркі тілдес халықтары үшін ортақ маңызды әдеби мұра болып табылады. Спектакль атын «Аманат» деп қойдық. Себебі, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жеткен бұл эпосты кейін жастар буынына жеткізу – біздің басты міндетіміз, Премьерадан кейін ұмытылатын спектакльдер аз емес. Өз кезегімізде, біз өз алдымызға ұмытылмас, көркемдік жағынан ерекше, сахнада ұзақ жылдар бойы көрсетілетін спектакльді жасауды мақсат етіп қойдық және де сол мақсатқа жеткен сияқтымыз», – деп атап өтті режиссер Бекпулат Парманов.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №83 (4249),№ сейсенбі, 8.11.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ТАҒАЙЫНДАУЛАР

ҚАЖ саласындағы жаңа тағайындаулар

Жансая СЫДЫҚБАЙ, суретті түсірген Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

Өткен аптаның соңында Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің жеке құрамына ведомствоның жаңа төрағасын таныстырды. Бұған дейін Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған әділет полковнигі Азамат Базылбеков ҚАЖК төрағасы болып тағайындалды. « Қ ы л м ы с т ы қ а т қ а р у ж ү йе с і комитетінің Ішкі істер министрлігінің құрамына берілгеніне де бес жыл уақыт өтті. Осы жылдар ішінде

көптеген жұмыстар атқарылды. Қазір Парламенттің қарауында «Пробация туралы» Заң жобасы талқыға түсіп жатыр. Алда атқарылар жұмыстар әлі де көп. Өздеріңіз білесіздер, бес жыл сайын ротация жүретіндіктен, кадрлық өзгерістер енгізу қажет. Осыған орай Президент жанындағы кадрлық комиссияның шешімімен сіздерге әділет полковнигі

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде жаңа кадрлық тағайындау болды. Осыған орай Ішкі істер министрінің о р ы н б а с а р ы , п о л и ц и я г ене р а л майоры Берік Бисенқұлов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында министрдің

орынбасары өңірлік қылмыстық а т қ а р у ж ү йе с і д е п а р т а м ен т і н і ң жеке құрамына Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың бұйрығымен тағайындалған жаңа басшы – әділет

Азамат Базылбековті комитеттің жаңа төрағасы ретінде таныстырып отырмын. Осы салада бірталай жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Азамат Қызырұлының өмірбаянын жеке құрамға қайтара айтып шығудың қажеті жоқ деп ойлаймын», – деді Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы. Жиын барысында Қ.Қасымов жеке құрамды осы бұйрықтың негізінде тағайындалған басқа да лауазым иелерімен таныстырып өтті. Атап айтқанда, Ішкі істер м и н и с т р і н і ң б ұ й р ы ғ ы м ен Қ А Ж комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Бекболат Төремұратов және төраға орынбасары болып Дархан Қанатбеков тағайындалды. Сонымен қатар, аталмыш бұйрықтың негізінде Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы қызметіне әділет полковнигі Дмитрий Кобсев тағайындалды. ҚАЖ комитетінің бұрынғы төрағасы болған әділет генерал-майоры Бауыржан Бердалин министрліктің қарамағында қалды.

полковнигі Атэльбек Досмағамбетовті таныстырды. Атэльбек Сейітбекұлы 1965 жылы РФ Курган облысында туған. Руденко атындағы Свердлов заң институтын тәмамдаған. Құқық қорғау органдарында 1990 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінде біраз жылдар басқарушы қызметтерде болған әділет полковнигінің соңғы атқарған лауазымы – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары. Шымкентке арнайы келген Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Б и с ен қ ұ л о в ж а ң а б а с ш ы ғ а а л д а қойылған міндеттерді атқаруда аянбай еңбек етуді тіледі. ҚАЖК-нің баспасөз қызметі

ОТАНЫНА АДАЛ

Құтқарушы отбасы құтханалы болды Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Шымкент қаласы

Жақында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қызмет бабында қаза болған ТЖД-нің жедел құтқару жасағында бас құтқарушы болып жұмыс істеген Жомарт Сәрсенбековтің отбасына Шымкент қаласының Қайтпас шағын ауданынан 5 бөлмелі үйдің кілтін табыс етті. Бұл үй демеушілердің күшімен тұрғызылған еді.

...2003 жылдың қақаған қысы еді. Бір үйдің шатыры өртеніп, талай адам жалын құшағында қалды. Міне, сол кезде Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД жедел құтқару жасағында бас құтқарушы болып жұмыс істейтін Жомарт Сәрсенбеков жанқиярлық ерлік көрсетті. Мұнан соң ол құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарды. Абайсызда қ а т е р г е ұ ш ы р а ғ а н т а л а й ж а н ды құтқарған оның ерліктерін бүгінде санап тауыса да алмайсыз. Ол Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында қар басып қалған аймақтарда, көктемде су тасқыны болғанда, жол-көлік апаттары кезінде жарақат алған азаматтарға дер кезінде шұғыл көмек көрсету барысында ол барынша белсенділік танытып жүрді. Жомарт сонымен бірге халықаралық, республикалық семинарларда, жаттығуларда тапқырлығымен, алғырлығымен талай рет көзге түсті. Ол қашанда қызметтік борышын адал орындады. Тапсырмаларды әркез тиянақты орындап отырды. Бірінші сыныпты құтқарушы Жомарт Орынбасарұлы

биыл 30 мамырда Төле би ауданының Сайрам-Өгем тау шатқалының «Ақмешіт» биігінде жоғалып кеткен туристті екі күн бойы іздеуге қатысып, оларды тауып алуға үлесін қосты. Амал қанша, сол жолы Жомарт биіктігі 100 метр шамасындағы жартастан құлап, жантәсілім еткен еді. Өзгелерді құтқарамын деп жүріп өзі мерт болған бейбіт күннің батырын бүкіл оңтүстікқазақстандықтар қабырғалары қайыса отырып соңғы сапарға шығарып

салды. Батырдың соңында 5 баласы қалды. Батырдың соңында қалған отбасына 5 бөлмелі үйдің кілтін табыс етіп тұрып облыс әкімі Жансейіт Түймебаев: «Есіл ердің есімі ел есінде сақталады. Ол өзгені құтқарамын деп өзі ажал тырнағына ілікті. Ол елін, туған жерін сүйетінін осылай ісімен дәлелдеп кетті. Жары Ұлжан енді оның артында қалған ұл-қыздары үшін өмір сүріп, әке орынына әке, шеше орнына шеше болады. Оған сенеміз. Ал, біз өз кезегінде қолымыздан келген жәрдемімізді аямаймыз. Мына үй көпшіліктің көмегімен қысқа уақытта салынып бітті. Жаңа үй сіздерге құт әкелсін», – деді. Жұртшылық алдында сөз сөйлеген Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Б.Сопбеков марқұмның өте жауапкершілігі мол жігіт болғанын айтып өтті. Жомарт пен Ұлжан он үш жыл отасыпты. Олардың бесінші перзенттері жуырда ғана өмірге келген екен. «Осыдан 13 жыл бұрын екеуіміздің үйлену тойымыз болған еді. Жомарт дәл сол күні, екеуміз шаңырақ құрған күні ақтық сапарына аттанды», – деп Ұлжан жан жарын тебірене еске алды. Жаңа үйдің аумағы 152 шаршы метр. Үй сапалы салынған. Ұлжан еразаматының еңбегін бағалап, үйдің тез де сапалы салынуына атсалысқан ел азаматтарына аналық ақ алғысын жеткізді.

е-mail: nastraje@mail.ru

3

РЕСМИ КЕЗДЕСУ

«Қорғас» қауіпсіздігі талқыланды Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тургумбаев бастаған ІІМ делегациясы жақында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына арнайы барды. Жұмыс сапары барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Заманбекұлы ІІМ өкілдері, Бас прокуратура, ҰҚК-нің Шекара қызметі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті, сондай-ақ, Алматы облыстық ІІД-нің басшылығы, «Қорғас» ШЫХО АҚ-тың президенті, Алматы облысына қарасты Панфилов аудандық сотының төрағасы және «Алтынкөл» кеден бекеті бастығының қатысуымен жиын өткізді. Жиын барысында «Қорғас» шекара маңы сауда-экономикалық аймағындағы еліміздің құқық қорғау және мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасауда туындап отырған өзекті мәселелері талқыланды. Сапар барысында ІІМ делегациясы сонымен қатар, шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының Қытай жағындағы аумағына ат басын тіреп, Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік органдары өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында «Қорғас» халықаралық аймағында қауіпсіздікті сақтау барысында өзара ынтымақтастық пен іс-әрекет жасауға қатысты сұрақтар сөз болды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Қытай мемлекеттері Үкіметтерінің келісімі негізінде «Қорғас» ШЫХО аймағындағы қауіпсіздікті сақтап, тәртіпті күзету жөніндегі екіжақты жасаған ортақ жоба шеңберінде жүзеге асырылады. ІІМ-нің баспасөз қызметі

ҚҰҚЫҚ

Балалардың қауіпсіздігі жіті бақылауда Қазақстанда балаларға қамқорлық жасауға және олардың өмірін, денсаулығын сақтауға, сондай-ақ, оларға қатысты түрлі қылмыстардан қорғауға ерекше мән беріліп отыр. Сол себепті елімізде балаларға қатысты қандай да бір құқық бұзушылықтар, әсіресе, сексуалдық сипаттағы фактілер жіті назарда ұсталады. Бүгінде баспасөз бен интернетте осындай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті өмір бойына бас б ос т а н ды ғ ы н а а й ы р у ж ә не ө л і м жазасына дейін қатаңдату мәселесі қызу талқыға түсіп жүр. Бұл м ұ н д а й з ұ л ы м ды қ қ а а д а м д а р ды ң не м қ ұ р а й д ы қ а р а м а й т ы н д ы ғ ы н көрсетеді. Ішкі істер органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрақты түрде балаларға қатысты құқық бұзушылықтар, оның ішінде, сексуалдық сипаттағы қылмыстарға қ а р с ы і с - қ и м ы л ж а с а у б ой ы нша заңнамалық және практикалық жұмыстар жүргізіп келеді. 1. Қылмыстық жаза қатаңдатылды. Көрінеу жас балаға қатысты жасалған зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық, енді 15 жылдан 20 жылға дейін не өмір бойына бас б ос т а н ды ғ ы н а н а й ы р у ғ а ә к е ле д і (белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына дейін айыра отырып). О с ы қ ы л м ы с т а р д ы ң ж е к е ле ген субъектілері ретінде ата-аналары, педагогтар және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттер жүктелген өзге адамдар үшін жауапкершіліктің анағұрлым қатаң шаралары көзделген. 2. Осындай қылмыстарды жасаған адамдарға қатысты шартты түрде соттау, рақымшылық, шын өкінуімен ж ә не т а т у л а су ы м ен б а й л а н ы с т ы қылмыстық жауапкершіліктен босату, мерзімінен бұрын шартты түрде босату, жазаны анағұрлым жеңіл түрімен ауыстыруға тыйым салынды. 3. 2018 жылдан бастап медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы ретінде химиялық кастрация енгізіледі . 4. Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды түзеу мекемелерінен

босатар алдында сот-психиатриялық сараптама тағайындалады. 5 . Б а с п р о к у р а т у р а к ә м е ле т к е то лмаға ндар ға қ а р с ы сексу алды қ қылмыстар жасаған үшін сотталған а д а м д а р ды ң д е р е к т е р б а з а с ы н қалыптастырды. Бостандықта жүрген осындай адамдар (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және т.б.) туралы ақпарат, қайтадан қылмыс ж а с а у ды ң а л ды н а л у м а қ с а т ы н д а жалпыға қол жетімді интернет-ресурста орналастырылған (http://infopublic. pravstat.kz/). Бұл алдын алу шараларына медициналық мекемелер де тартылған, олар ерте жүктілік жағдайлары туралы дереу полицияға хабарлайды. 6 . Б а р л ы қ ж е р ле р д е п р оф и л а к т и к а л ы қ і с - ш а р а л а р жүргізіледі. Атап айтқанда, тұрмысы төмен отбасылар, оқушылар және олардың ата-аналарымен жұмыс жандандырылады. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, сексуалдық пайдалануды және балалар порнографиясын насихаттайтын сайттарды анықтау үшін интернет желісі жіті қадағаланады. Бүгінде тиісті органдар 28 мыңнан астам порносайтты жапты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде осы салада оң өзгерістер де байқалады. Мәселен, осы жылдың 3-тоқсанының қорытындысы бойы нша кә м е ле тке то лм а ғ а нда р ды ң жыныстық зорлығына қатысты қылмыстар саны 17,1 пайызға кеміген (858-ден 711-ге дейін), оның ішінде зорлау 37,1 ( 159-дан 100г е д ей і н ) , с е к су а л ды қ с и п а т т а ғ ы зорлық-зомбылық әрекеттері 37,6 п а й ы з ғ а ( 1 3 3 - т ен 8 3 - к е д ей і н ) азайды. Құқық қорғау органдары сексуалдық сипаттағы әр қылмысқа ден қоюда. ІІМ-нің баспасөз қызметі


4

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ №83 (4249), № сейсенбі, 8.11.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР

е-mail: nastraje@mail.ru ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Пробацияның пәрменін арттыру сөз болды Болашақ полицейлердің пайымы терең

Ж.ЖАППАСОВ, Қарағанды облысы

«Ұлт бірлігі мен Қазақстан біртектілігін нығайту – Президент реформаларының орындалу кепілі». ІІМ-нің Теміртау қаласындағы Оқу орталығында өткен дөңгелек үстелдің тақырыбы осылай аталады.

Руслан ТАЛАПҚАЛИЕВ, Орал қаласы

Ақтау қаласында Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 33-тармағын жүзеге асыру аясында «Пробация туралы» заң жобасына ұсыныстарды пысықтау бағытында халықаралық семинар өтті. Семинар жұмысына Ақтау қалалық сотының судьясы, прокуроры, білім беру орталығы, жұмыспен қамту орталығынан және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. ІІМ Қылмыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, әділет генерал- майоры Мейрам Аюбаевтың жетекшілігімен өткен жиында, сондай-ақ, пробация саласында тәжірибесі мол шетел мамандары және «Қазақстанда қылмыстық сот әділдігін жетілдіру» бойынша Еуропалық ұйым жобасының халықаралық сарапшылары – Бен Зенгеринк, Лео Тиггес, Стивен Питтс, Тео Вестерхаут, Эд Дейж сөз сөйлеп, заң жобасына қатысты ойларын ортаға салды. Ауқымды шараға Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары бойынша ҚАЖ департаменттерінің пробация қызметі және тәрбие ісі жөніндегі мамандары, инспекторлар мен басшылары да қатысты. Еуропалық ұйым жобасының басты мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстанда сот-құқық реформаларын қалыптастырып, әділ сот жүйесін әрі қарай жақсарту болып табылады. Қазіргі таңда Еуропалық Одақ құрамына өз халқының тағдыры

мен ресурстарын, жеткен жетістіктерін біріктірген 27 мемлекет мүше. Жарты ғасырлық уақыттың ішінде бұл елд е р ш ы д а м ды л ы қ а т м ос ф е р а с ы н қалыптастырып, жеке бостандықтарын, мәдениеттік жан-жақты пайымдау, ойлауды сақтай отырып, демократияны және тұрақты дамытумен бірге тұрақтылықты сақтап қала алды. Еуропалық Одақ жеткен жетістіктері мен құндылықтарын бағалай отырып, өзімен шектес жатқан елдер мен халықтармен мол тәжірибелерімен бөлісіп, бұл бағытта ұсыныстарын білдіріп келеді. К е з д е су б а р ы с ы н д а м а м а н д а р «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық а к т і ле р і не п р о б а ц и я қ ы з м е т і мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұжырымдамаларына қ а т ы с т ы ой - п і к і р ле р і н а й т ы п , т у ы н д а ғ а н к е д е р г і ле р д і а ш ы қ талқылады. Мұндағы басты мақсат – бас бостандығынан айырған жерле р д ен б ос а п ш ы ғ ы п , п р о б а ц и я қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді ж о б а с ы н а ұ с ы н ы с т а р ә з і р леу б о-

л ы п т а б ы л а ды . Ж о б а а я с ы н д а Ұлыбритания, Нидерланд, Польшадан келген сарапшылар мен ІІМ ҚАЖ комитетінің мамандары Маңғыстау облысы бойынша сот, прокуратура, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы өкілдері, Ақтау қаласы әлеуметтік даму және жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Қазіргі таңда пробацияның сотқа дейінгі және пенитенциарлық қызметтерін құру жоспарланып отыр. Заң жобасында Қылмыстық және Қылмыстық атқару кодекстерінде сотталғандардың бостандығын шектеуге, бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға қатысты пробациялық бақылау белгілеу және әкімшілік қ ад ағ ал ау б ел г і лег ен бос а ты лғ а н адамдардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсету көзделген. Әлемдік тәжірибелерге сүйенсек, пробацияның төрт (сотқа дейінгі, шарттық үкімдік, пенитенциарлық және постпенитенциарлық) сатысы қалыптасқан. Бүгінгі күні елімізде пробацияның шарттық үкімдік және постпенитенциарлық түрлері жұмыс істейді. Семинар барысында Қазақстандағы пробация институтын дамытудың алғышарттары талқыланып, бұл қызметтің барлық сатысы көзделетін «Пробация туралы» дербес заңды әзірлеу мәселелері қарастырылды.

Басқосуға Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қарағанды мемлекеттік университеті, Теміртау қалалық ІІБ жанындағы Қоғамдық кеңес өкілдері және Оқу орталығының оқытушылары мен тындаушылары, колледж студенттері қатысты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараны өткізуге Оқу орталығының арнайы пәндер циклы оқытушылары мен Теміртау қаласының Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығының қызметкерлері мұрындық болып отыр. Болашақ полиция қызметкерлеріне идеологиялық тәрбие беріп, жастарды ұлт құндылығын бағалауға баулуды көздеген дөңгелек үстел барысында ұтқыр ойлар мен ұтымды сөздер айтылды. Әсіресе, ІІМ-нің Теміртау қаласындағы Оқу орталығының тындаушысы Жібек Шубаеваның «ІІО жоспарының іске асырылуы «Қазақстан идеологиясының ұлт бірлігі – индустриалдық реформалары» атты ғылыми баяндамасы көпшіліктің қызығушылығын оятты. Баяндамасында Жергілікті полиция қызметінің құрылуы және жергілікті атқарушы органдарының жүргізілген есебі, мемлекеттің атқаратын унитарлық формаларының елдегі барлық құқық қорғау саясатына сәйкес екенін айтып өткен тыңдаушы ел болашағы үшін ендігі таңда өздері атқарар жұмыстың салмақты жауапкершілігін саралап шықты. Ол сондай-ақ, зерттеу жұмысы барысында қоғамдағы жаһандану

процестерінің әсерінен өзара іс-қимылдар базасының жетілдіру жолдарын қарастырған. Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті полиция қызметінің қылмыстардың алдын алуы, құқық бұзушылықтың, жол қозғалысы қауіпсіздігін болдырмау мақсатындағы ІІО атқаратын ақпараттық шешімдерінің кеңеюін атап көрсетті. Басқосудың соңында мазмұнды баяндамасымен үздік шыққан тыңдаушы Ж.Шубаева Теміртау қаласының Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығының алғыс хатымен марапатталды.

ТАЛҚЫ

Түсіндіру жұмыстары Үздіктердің қатары көбейіп келеді толастамайды СЛЕТ

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қаласы

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің республикалық ақпараттықтүсіндіру тобының мүшелері таяуда Орал қалалық ІІБ-нің Жергілікті полиция қызметі мамандарымен кездесті. Бұл басқосуды Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы мен дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдері ұйымдастырып отыр.

Мейрам ОСПАНОВ, Қостанай қаласы

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында алғашқы рет оқу үздіктерінің слеті өтті. Бұл ауқымды шара – Академия бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызыловтың тың бастамасы. Қалалық «Мирас» мәдениет үйінде шымылдығы ашылған шараның басты көздегені – курсанттардың жүрегіне ұмытылмас патриоттық сезім ұялату болып табылады.

Слет ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, сонымен қатар, Академияның оқу орны болып құрылғанына 45 жыл және Қостанай облысының 80 жылдық мерейтойы шеңберінде өткізіліп отыр. Мерекелік кеште сөз алған Академия бастығы Мирлан Ахмедияұлы барлық курсанттарды үздіктердің слетімен құттықтап, оқуда озат болуларына тілектестік білдірді. «Сіздердің білім нәрімен сусындап жатқандарыңыз ол мақсатқа ұмтылу, білімдеріңізді толықтыру, жасампаздық еңбектеріңіз және жеке тәртіптеріңіз өзгелерге үлгі және ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыз үшін ұлы мақтаныш деуге болады. Мен Сіздердің өз ісінің нағыз кәсіби маманы болатындарыңызға, жаңа білім мен идеяларды дамытуға қабілетті және инновациялық жаңашылықдықтарды жасауға, біздің еліміздің табысты болуына және гүлденуіне үлес

қосатындарыңызға сенемін. Сіздерге оқуда ғана үздік болуды емес, өмірде де үздік болуды тілеймін!», – деді жүрекжарды тілегін жеткізген оқу орнының бастығы. Сахна төрінде сап құрған үздік курсанттардың арасында үздіктің үздігі 4-курс курсанты, ел Президентінің Жарлығына сәйкес, оқуда үздік оқығаны үшін «Оқу орнының үздігі» төсбелгісімен марапатталған Маржан Әбілхайыр да бар. Курсанттардың алдында құттықтау сөз тізгінін алған ол өзінен кейінгі курсанттарға сабақта және қоғамдық жұмыстарда үздік болуға шақырып, үндеу тастады. Бүгінгі таңда Академияда 65 курсант оқу үздігі. Бұл – академиялықтар үшін өткен жылдармен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш. Үздіктер слетінен кейін бұл санның арта түсеріне сенім мол. Жоғары деңгейде өткен тың бастамаға Академия түлектерінің арасында алғашқы болып Президенттің қолынан арнайы лейтенант шенін алған Нұрсұлу Есенгельдина да арнайы шақырылды. «Басыма қонған бақытыма себепші болған әрине сіздердің ықыластарыңыз екенін ешқашан ұмытпаймын, және де барлық жерде мақтанышпен айтып жүремін», – деген Нұрсұлу ел ішінде қарқынды дамып, атақ-абыройы асқақтап келе жатқан Академияның болашағынан әлі де зор табыстар күтетін айтты. Қонақтар мен курсанттардың құттықтауларынан кейін салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Балғабек Мырзаев, комитеттің «Дін мәселелері жөніндегі ғылымиз е р т т еу ж ә не т а л д а у о р т а л ы ғ ы » республикалық мемлекеттік мекемесінің христиандықты және Қазақстан үшін дәстүрлі емес діни ағымдарды зерттеу бөлімінің басшысы Галина Новикова, Павлодар қаласындағы «Ақ мешіт» мешітінің имамы Жолдас Бертымұратов, Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов, Орал қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Муслим Жардемов, Абай және Шаған полиция бөлімдерінің учаскелік полиция инспекторлары толықтай қатысты. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қазіргі таңда тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қауіпті діни ағым мәселесін мұқият қарастыруда. Еліміздің қолданыстағы заңдары қазірдің өзінде заңсыз уағыз жүргізу, жасырын діни жиындар мен радикалды діни әдебиеттерді таратудың жолын кесуге барлық мүмкіндіктерді жасап отыр. Көпшілікті теріс діни ағым мен көзқарастардан сақтандыру мақсатында ұйымдастырылған кездесу барысында Галина Новикова дін туралы кеңінен түсінік беріп, қазіргі күні республика көлемінде 4550 діни бірлестіктің тіркеліп, қызмет атқарып отырғанын айтып өтті. «Біздің ұлттық мәдениетіміз, рухани дәстүрлеріміз бен құндылықтарымыз

әркез жоғары тұрады. Халқымыз елімізге жат діни ағымдардың таралуына заңмен тыйым салмай-ақ, жол бермейді. Сонымен қатар, жастарымыз зайырлы қағидаттарды басшылыққа алатын заманауи Қазақстанды құруды таңдайды деп сенеміз», – деген Галина Николаевна кез келген уақытта облыс тұрғындары мен азаматтардың барлық сұрақтарына жауап беруге дайын екендігін жеткізді. Ал, «Ақ мешіт» имамы Жолдас Қоспақұлы дәстүрлі емес дін, теріс ағымдар жөнінде салиқалы ойларымен бөлісті. Кездесуге қатысушылар тұрғындармен күнделікті кездесіп, тығыз қарым-қатынаста, үздіксіз байланыста жұмыс істейтін учаскелік полиция инспекторларының да діни сауаттылығы жоғары болу қажеттігін алға тартты. «Тәртіп сақшылары өз аймақтарындағы тұрғындарды бес саусағындай танып, оларды зерттеп, толық ақпарат алып отырады. Сол себепті теріс ағымда жүрген, күдікті деп танылғандар болса немесе олардың жиналатын мекенжайларын білсе, бізге дереу хабарласулары керек», – дейді мамандар. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының басты мақсаты – діни экстремизм мен терроризм мәселелерінің алдын алу бағытында зайырлы орталар мен діндар жамағат арасында, соның ішінде, дәстүрлі емес жамағат арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу болып табылады. Осыған орай кездесу барысында жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға топ мүшелері толыққанды жауаптар берді.


АЙМАҚ №83 (4249),№ сейсенбі, 8.11.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

5

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Астана қаласы Адвокаттар коллегиясының адвокаты Ержан НҰРПЕЙІСОВ:

Құқықтық сауаттылықты мектептен бастау қажет Е н д е ш е к е ң е с ө з і не ж ү к т е л г ен міндеттерді қаншалықты орындап жүр? Қарапайым халық пен полиция арасын бір табан болса да жақындатуды, қызмет ашықтығын қамтамасыз етуді жүктеп алған органның жыл басынан бері атқарған жұмысы қандай? Кеңес мүшелерінің бастамалары ел көңілінен шығып жүр ме? Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп біз ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, Астана қаласы Адвокаттар коллегиясының адвокаты Ержан НҰРПЕЙІСОВКЕ арнайы жолыққан едік. – Ержан Болатұлы, алғашқы сұрағымызды ішкі істер органдары қызметінің мәселесі мен бағындырған меж е с і н с арап қ а с а лы п ж ү р г ен Қоғамдық кеңестің жұмысынан бастасақ. – «Қоғамдық кеңес туралы» заңға сәйкес Ішкі істер министрлігі жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы осы жылдың басында өтті. Отырысқа байқау нәтижесі арқылы іріктелген Кеңес мүшелері қатысты. Олардың дені танымал, көзге түсіп жүрген қоғам қайраткерлері, құқық және ғылым саласы, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері. Мен кеңес мүшелігіне Астана қалалық адвокаттар коллегиясының адвокаты ретінде ендім. Онда полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, ІІО-на шағымданып келген азаматтардың арызын қарау мәселесі жөніндегі комиссияның құрамында жұмыс істеймін. Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Қазақ гуманитарлық заң университеті жанындағы Қылмыстықпроцестік зерттеулер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ғылымизерттеу институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Қоғамов сайланғанын да баршаңыз жақсы білесіздер. Марат Шекішұлы – білікті заңгер, тәжірибелі маман ретінде ішкі істер органдарына қатысты кез келген сұраққа бейжай қарамайды. Мәселенің тереңіне үңіліп, себеп-салдарын тиянақты саралау, заңға сәйкес шешім шығаруда кеңестің әр мүшесінің қосар өзіндік үлесі бар. – Кеңес отырыстарында көбіне қандай өзекті сұрақтар талқыға түсіп, шешімдер қабылданды? – К е ң е с о т ы р ы с ы н ы ң к ө т е р г ен тақыбыры әр алуан болғанымен, басты назар – сыбайлас жемқорлықты жою, қарапайым халықтың полицияға деген сенімін арттыру, ішкі істер органдарында қабылданып жатқан ісшаралардың заңға сәйкестігі және де тағы да басқа өзекті мәселелерге аударылады. Мәселен, жыл басында өткен отырыстың қорытындысы бойынша заң шығармашылығы қызметі мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы шешім қабылданды. Аталған

комиссия азаматтардың құқықтары, б ос т а н ды қ т а р ы м ен м і н д е т т е р і не қ а т ы с т ы м и н и с т р л і к ә з і р лей т і н нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарастыратын болады. Сондай-ақ, комиссия ІІМ-де жолданған азаматтардың өтініштерін, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған мәселелерді де қарайды. Жиын барысында Кеңестің президиумы және ІІМ Қоғамдық кеңесі туралы ереженің жобасы бекітілді. – Полиция қызметінің бүгінгі жұмысын қалай бағалар едіңіз? Жалпы қазақстандық полицияның қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес келтірудің алғышарттары қандай болуы керек? – Бүгінде полиция және басқа да құқық қорғау, сот органдары қылмыстық сот өндірісінің жаңа үлгісімен жұмыс істеуде. Қолданыста жаңа редакциядағы – уақыт пен заман талабына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстердің нормалары бар. Осыған орай Ішкі істер министрлігінде соңғы жылдары Қазақстан полициясының м і н д е т - т а л а п т а р ы н, м а қ с а т т а р ы м ен п р и н ц и п т е р і н х а л ы қ а р а л ы қ стандарттарға сай болуы үшін үлкен жұмыстар атқарды. Айталық, Ішкі істер министрлігі осы жаңашылдықтың бір жүйесі ретінде жергілікті полиция қызметін құрды. Бұл жаңа құрылым қазірден өзінің оң нәтижесін беруде. Осы тұрғыдан қарағанда, қазақстандық полиция қызметкерлерінің жұмысына көңілім толады. – Бүгінгі полиция қызметкерлерін ширек ғасыр бұрынғы тәртіп сақшыларымен салыстыруға келе ме? – Жоқ, бүгінгі полиция қызметін тіпті, 2000-жылдардың басындағы полициямен де салыстыруға болмайды. Неге десеңіз, ол кездері тергеушілер процесстік істердің барлық құжатын баспа машінкісіне теріп жазатын. Ал қазір полицияның жұмысын компьютерсіз елестете алмайсыз. Өзім де бұрын ішкі істер органдарында қызмет еткенмін, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі Қостанай заң институтының 2000 жылғы түлегімін. Сол себепті де полицияның жұмысын жақсы білемін әрі құрметтеймін. Полиция қызметкерінің қандай шені мен лауазымы болғанына қарамастан, оның атқарып отырған қызметтік борышы қазақстандық қоғам үшін қажет әрі маңызды. Сонымен бірге, полиция статусын да ұмытып кетуге болмайды. Осы бағытта Ішкі істер министрлігінің басшылығымен көптеген жұмыстар қолға алынды, алда әлі де талай белестерді бағындыру міндеті тұрғаны бәрімізге белгілі. – Өзіңіз басқарып отырған адвокаттар ұжымы туралы айта кетсеңіз?

Естеріңізде болса, жыл басында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңес туралы» Заңына сәйкес Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. Осы жиында Ішкі істер министрі, полиция генералполковнигі Қалмұханбет Қасымов Елбасының тиімді қоғамдық кеңесті құру және билік қызметіндегі теріс әрекеттерге қарсы тұруда оның рөлін арттыру қажеттігін баса айтқан еді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру туралы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында да тапсырмалар берілген. Онда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы қызметінің жаңа форматы белгіленген.

Қарапайым халықтың адвокатқа деген көзқарасы қандай? – Ішкі істер органдарынан кеткеннен кейін республикалық және қалалық маңызы бар мекемелерде қарапайым заңгерден бөлім меңгерушілігіне дейінгі аралықта бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы бар түрлі жұмыстарды атқардым. Мұнда маған азаматтық заңгерліктен бөлек заңгер-құқықтанушы тәжірибесін жинақтап, қайтадан білім алуыма тура келді. Азаматтық салада жүріп біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін адвокаттық қызмет атқарамын деп түбегейлі шешім қабылдадым. Сөйтіп адвокаттық еңбек өтілімнен кейін біліктілікті арттыру тестін тапсырдым. Нәтижесінде, адвокаттық қызметпен айналысуға құқық беретін мемлекеттік лицензияны қолыма алдым. Бастапқыда кепілдік берілген тегін заңгерлік көмек аясында азаматтарға заңгерлік көмек беру үшін қылмыстық істер бойынша отырыстарға қатысып жүрдім. Мұндай жағдайда адвокаттың заңгерлік көмегі республикалық бюджеттен төленіп тұрады. Ал мұны азаматтар көп жағдайда «тегін адвокаттар» деп қабылдап, қателесіп жүр. Айтпағым, азаматтар мемлекеттің адвокат қызметін ұсынғанын басқаша түсінеді. Яғни, олар адвокат бұл салаға жаңадан келген, тәжірибесіз әрі тергеудің соңына дейін өз қызығушылығы үшін жұмысын жалғастыра береді деп ойлайды. Шын мәнісінде, «тегін» адвокаттың бұл салада еңбек тәжірибесі мол болуы да мүмкін. Тек сол күні оның қылмыстық іс бойынша кезекшілігі сәйкес келіп қалып, тергеушінің шақыртуымен келіп қатысатын да кездер болады. Өйткені, жұмыс тәжірибесі мол адвокаттың дәл сол аралықта қолы бос болса, адвокат ондай жағдайда мемлекеттің атынан өзі гонорар төлей алмайтын мұқтаж азаматтарға қол ұшын созады, яғни, мемлекет азаматтардың білікті

қорғануына жағдай жасайды. Әрине, адвокаттардың бәрі мемлекеттің атынан іс бойынша соттарға «тегін» қатыса бермейді. Өз шаруасынан артылмайтын да адвокаттар қаншама. Ал, өзіме келер болсам, мен істерге тек ұсыныстар бойынша қатысамын. Ашығын айтқанда, адвокатқа өте мұқтаж азаматқа мені танитындар ұсынып жатады. – Адвокат өз қызметі үшін азаматтарға кепілдік бере алады ма? – А з а м а т т а р к ө б і не заңгерлік көмекке жүгінер кезде жағдайдың қандай болып тұрғанын бәрін айтып шығады да, сосын «Бұл істе жеңіп шығуға кепілдік бере аласыз ба?» деп сұрайды. Мұндай жағдайда адвокаттың ешқашан ешқандай кепілдеме бермейтінін қайтадан түсіндіруіме тура келеді. Біріншіден, заң бойынша кепілдік беруге құқымыз жоқ, екіншіден, соттың өзі өндіріс барысында азаматтық немесе қылмыстық болсын маңызды емес, әу бастан-ақ қандай шешім, не үкім шығаратынын білмейді. Көп жағдайда адвокатқа жүгінгендер егер ол қылмыстық іс болса туысқандары «ақтап шыға ма деп сұрамайды» немесе азаматтық іс болса «оң шешім шығармас па екен» демейді. Өйткені, олар жасалған қылмыстың айқын екенін, ал азаматтық істе шешімнің сәтті аяқталғанын күтеді. Мұндай кезде клиенттер қылмыстық істе соттың шартты мерзім тағайындау мүмкіндіген айырып тастамауын, ал азаматтық істерде талап-арызды бірден болмаса да жарым-жартылай қанағаттандырып болмаса соттың шешімі бойынша міндеттеменің жартысын алып тастауын өтініп келеді. – А д во ка тта р а з а м а тта р дың сенімін ақтап жатыр деп айта аласыз ба?

– Бұл сұрағыңызға айтарым, негізі азаматтардың көпшілігі адвокаттарға с ене д і ж ә не о л а р д ы ң а т қ а р ғ а н жұмыстарына көңілі толады. Десе де, құпия емес, кейбір азаматтар адвокат барлық қажетті жұмыстарды істеп, кәсіби заңгерлік көмек көрсетіп шықса да риза болмай жатады. Ондай адамдар бәріне наразы болады, тергеушінің әрекеттеріне де, сот, прокурор және адвокатқа да. Бірақ, расымен де іске қатысу барысында шешімді қайта қарау туралы өтініш, не бірде-бір шағым жазбаған адвокаттар да кездеседі. Сөйте тұра, клиенттен ақша төлеуін талап етеді. Міне, осындай салғырттықтан азаматтардың адвокаттарға деген теріс көзқарасы қалыптасады. Бірақ, айта кетейін, мұндай жағдайлар өте сирек. – Б и ы л Т ә уе л с і з д і г і м і з д і ң 2 5 жылдығын тойламақпыз. Осы жылдар ішінде халықтың құқықтық сауаттылығы қаншалықты көтерілді? Заңнан сауатты болу үшін ең бастысы нені ескерген жөн? – Қазақстан Тәуелсіздігін алған жылдардан бері азаматтық қоғам құқықтық сауаттылықты барынша меңгеруге тырысып келеді. Әрине, дәл қазіргідей болуын қаламаған шығар, өзіңіз айтпақшы 25 жылда үйренгеніміз аз емес. Десе де, қазіргі таңда азаматтар прокурордың санкциясынсыз полиция қызметкерлерін үйіне кіргізбейтінін, тіпті, ешқандай куәлік бермей қоя салуын да, кез келген факті бойынша арыз жазуға болатынын біледі. Бір қызығы, мұндай ақпарат ауызша тарап жатады. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін құқықтық сауаттылықты мектептен бастау қажет. Білім ордасындағы жоғары сынып оқушыларының оқулықтарына заңның алғышарттарын енгізу қажет. Балаларға осы бастан өздерінің құқығы мен міндеттері туралы түсіндіріп айта берсек, олар үлкен өмірде кездесер кедергілерге дайын болады. Сұхбатыңызға рахмет. Сұхбаттасқан Жансая СЫДЫҚБАЙ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

ҚЫЗМЕТ

Жолдағы ашық кездесу Петропавл стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімі қызметкерлері Екатеринбург-Бішкек бағытындағы жолаушылар пойызында жолаушылармен кездесу ұйымдастырды.

ФЕСТИВАЛЬ

Алаңда өткен ауқымды акция Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен орталық алаңда нашақорлыққа қарсы фестиваль өткізілді.

«Нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен өткен фестиваль Қызылорда облысының Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес ведомствоаралық штабының және облыстық ІІД негізгі

іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында қолға алынып отыр. Шара барысында митинг өткізіліп, жыл көлемінде есірткі мәселесін көтеріп, үздік ақпараттандыру шарасын жүргізген БАҚ,

қоғамдық ұйым өкілдері департамент тарапынан алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Сондайақ, фестиваль барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, театрландырылған қойылымдар, ән мен би көрермен назарына ұсынылды. Аталмыш акцияға Қазақстан эстрада жұлдызы Асан Пердешов арнайы шақырылды. Әнші өзінің өнерін көрсетіп, б ұ қ а р а қ а у ы м ды н а ш а қ о р л ы қ п ен ұйымдасқан түрде күресуге шақырды. Кешенді іс-шараға қатысушыларға үгітнасихат өнімдері таратылды. Атап өтерлік жайт, Қызылорда о б л ы ст ы қ І І Д Е БҚ КБ та р а пы на н шығарылған полиграфиялық үгітнасихат өнімдері (плакаттар мен үгіт парақтары) қала, аудандарға таратылып, олар халықтың көп шоғырланатын жерлеріне ілінді. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Петропавл стансасындағы ІІЖБ бастығының орынбасары, полиция майоры Азамат Омарұлы: «Кездесудің мақсаты – жолаушылардың жол жүру қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, өздерін жолда қауіпсіз санайтындығына көзімізді жеткізу, жолаушылармен, пойыз бригадасымен және темір жол жұмысшыларымен әңгімелесіп, сұбхаттасу». Жолаушылармен әңгімелесу кезінде пойыздарда тәртіп сақшыларының үнемі бақылау жасауларына қарамастан әлі де болса орын алып жатқан қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы сөз қозғалды. Сонымен бірге, жол серіктерінің ұсыныстары тыңдалып, вокзалда және пойыздарда барынша қауіпсіздікті сақтау ережелері айтылды. Кездесуге жиналған қауымның қойған сұрақтарының басым бөлігі – жолаушылар пойыздарында қызмет көрсету сапасын жақсарту, көліктің осы түрінде құжаттарды тексеру негізділігі, қоғамдық тәртіпті қорғау, жүкті билетсіз алып жүруге үйренген жолаушылардың жауапкершілігі турасында болды. Сонымен бірге, жолаушылар пойызына ілесіп жүру, ҚР шекарасынан өткен кезде қандай құжат қажеттігі, мемлекеттік шекарадан алып өтетін тауарларды рәсімдеуге қатысты сұрақтар қарастырылды. Жолаушылар арасында жолаушылар пойыздарының қызметі, санитарлық нормалары жайында да сөз қозғалды. Петропавл стансасындағы ІІЖБ


6

ӨЗЕКТІ

Азаптау

№83 (4249), № сейсенбі, 8.11.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru АЛҒЫС АЙТСАМ ДЕП ЕДІМ...

Шипажай қызметкерлеріне дән ризамын ақталуға жатпайтын ауыр қылмыс

Атырау қаласының тұрғындары үшін жыл сайын денсаулығына байланысты шипажайда емделіп келуге барлық жағдай жасалған. Ақтөбе қаласында орналасқан осындай шипажайдың біріне жылда ардагерлер мен мүгедектерді жіберіп тұру қалыпты үрдіске айналған.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТҚА САЙ ҚАДАМ Кез келген мемлекеттiң тәуелсiздiгiн, д е м о к р а т и я л ы қ қ ұ н ды л ы қ т а р ы н а й қ ы н д а й т ы н не г i з г i қ ұ ж а т – К о н с т и т уц и я д е с е к , б і з д і ң А т а Заңымыздың басты ерекшелiгi, ол – азаматтардың бостандықтары мен не г i з г i қ ұ қ ы қ т а р ы н х а л ы қ а р а л ы қ деңгейдегi дәрежеде бекiттi. Қазақстан Республикасының Конституциясының 17-бабында ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадірқасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге немесе жазалауға болмайтыны жайлы анық айтылған. Сонымен қатар, біз адам құқығын қорғауға қатысты халықаралық конвенцияларға да мүше елміз. Нақтылай айтсақ, 1998 жылы Қазақстан Республикасы БҰҰ Азаптауға қарсы конвенцияға қ ос ы л ы п , 2 0 0 8 ж ы л ы а т а л ғ а н конвенцияға Факультативтік хаттамасы ратификацияланды. Яғни, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптауға қарсы комитетінің түрлі азаптауларға, адамның ар-намысын қорлайтын ә р е к е т т е р м ен ж а з а л а у т ү р ле р і не қарсы конвенциясына мүше бола отырып, Қазақстан осы шарттағы адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды сақтауға міндеттеме а л ды . Б ұ л о р а й д а , Қ а з а қ с т а н к е з келген азаптау мен басқа да қатыгез әрекеттердің алдын алуға және тыйым салуға, әр шынайы ақпаратты тергеп, айыптыларды жауапқа тартуға және құрбандарға тиісті өтемақы қамтамасыз етуге міндетті. Аталған міндеттерді орындау үшін не г і з г і қ ы л м ы с т ы қ з а ң н а м а л а р ғ а енгізілген өзгерістер бойынша азаптау сезіктінің іс жүргізу барысындағы құқығы емес, керісінше азаматтардың құқығын бұзатын қылмыс ретінде бекітілді. Ал, 2015 жылдан бастап қолданысқа енген жаңа Қылмыстық кодекс бойынша азаптауға байланысты қылмыстар бойынша ескіру мерзімі жойылып, азаптау үшін айыпталған немесе сотталғандарға амнистия қолдануға тыйым салынды және ең жоғары жаза мөлшері 12 жылға дейін көтерілді. Сонымен қатар, азаптау нәтижесінде алынған деректерді дәлелдеме ретінде қолдануға да тыйым салынды. Бір сөзбен айтқанда, тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде Қазақстанда адам құқықтарын қорғауды жетілдіре отырып, халықаралық стандартқа сай қадамдар жасалуда.

ҚОЛДАНЫЛАР ЖАЗА ДА ҚАТАҢ Бүгінде түрме жүйесіне енгізіліп жатқан халықаралық жаңалықтардың ішінде – азаптауға қарсы күрес пен азаптауға жол бергендерге қатаң жаза қолдану да бар. Азаптауға душар болған адамдар дереу прокуратура органдарының қарамағындағы Арнайы прокурорлар басқармасына сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін қозғау туралы арызбен жүгіне алады. Арыздағы оқиғаны растауға қабілетті куәгерлерді көрсете алса, тіптен, құба-құп. Арыз қабылданған соң ол тез арада сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА

Бас бостандығынан айырылған адамдарды азаптау мәселесі тек біздің еліміздің емес дүниежүзінің бас ауруына айналған мәселе. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптауға қарсы комитетінің түрлі азаптауларға, адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясының құрылуы да аталған мәселенің салмағын арттырып отыр. Қоғам дамуының басты факторы да, қозғаушы күшi де – адам, оның өмiрi, құқығы мен бостандығы. Заң алдында барлық адамдардың теңдiгi, экономикалық еркiндiк, идеологиялық және саяси көпқырлылық Қазақстанның құқықтық дамуының негiзгi басымдықтары болып есептеледi. тізілімінде тіркеліп, арызданушыға талон-хабарлама беріледі. Ал, бас бостандығынан айырылған немесе бас бостандығы шектеулі адамдар қорғаушы арқылы немесе мұндай арыз бойынша өзі жабық мекемелерге келетін қадағалаушы прокурорға жүгіне алады. Барлық өтініштердің, шағымдар мен арыздардың көшірмелері шағымданушының өзінде болғаны абзал. Прокуратура қызметкерінен сотмедициналық және сот-психологиялық сараптамалар тағайындау туралы қаулының көшірмесін алу да маңызды. Сот-медициналық сараптама дене жарақаттарын тіркеу үшін қажет болса, сот-психологиялық сараптама моральдық зиян мен зардаптардың деңгейін белгілеу үшін қажет. Арыз тіркелген мезеттен бастап сотқа дейінгі т е р г е п - т е к с е р у б а с т а л а ды д а , о л қылмыстық істің күрделілігіне орай орынды мерзімде аяқталуы тиіс. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде «Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау т ә р т і б і » д е г ен 1 0 6 - ш ы б а п б а р . Шағымданушы адамның арыз ы н қ а б ы л д а у д а н б а с т а р т ы л ғ а н, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде құқықтарын бұзушылық орын алған жағдайда жоғарғы тұрған прокурорға шағым беруге немесе аталған бап бойынша сотқа жүгінуге құқылы. Д е г ен м ен д е , қ ұ қ ы қ қ о р ғ а у қызметкерлерінің тарапынан азаптауға д у ш а р б о л у ф а к т і ле р і ә л і т ү п тамырымен жойылып кетті деп айтуға ертерек. Бұл сөзімізге қоғамда әлсінәлсін резонанс тудырған фактілер дәлел. Солардың бірі – әлі шуы басыла қоймаған сотталушы Наталья Слекишинаның тергеу изоляторында жатқан кезде қызметкерлер тарапынан зорлыққа ұшырауы. Бұл істі қанша санамызға сіңіргіміз келмесе де, сараптама нәтижесі бойынша, түрмеде туылған сәбидің әкесі майор Руслан Хакимов екені дәлелденді. Басында жәбірленушіні жыныстық қатынасқа м ә ж б ү р ле г ен і ү ш і н а й ы п т а л ғ а н сотталушының үстінен тағы да «азапт а у » б а б ы б ой ы н ш а і с қ о з ғ а л ды . Мұндай мысалдарды санамаласақ, біраз санды дөңгелетуге болады. Ал, азаптауға қатысты қозғалған қылмыстық істердің сотқа жету мәселесі бөлек әңгіме. Мысалы, осы жылдың шілде айында Астана қаласында «Ішкі істер органдары қылмыстық атқару жүйесіндегі азаптауға қарсы іс-қимылдар» тақырыбында өткен қоғамдық тыңдау кезінде азаптауға қатысты 350 қылмыстық істің тек төртеуінің ғана сотқа жеткен дерегі айтылды.

«Бұл қылмыстық істерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы істер жөніндегі департаменті жүргізген. Аталған дерек елімізде бұл мәселе бойынша тиісті жағдай жасалмағандығын көрсетіп отыр. Егер қылмыстық істерді жасаған азаматтардың ісі сотқа жеткенде, бұл қауіпті қылмысты жасаған азаматтар жауапкершілікке тартылар еді», – деді Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов. Сонымен қатар, Марат Қоғамов 2015 жылы ішкі істер органдарында азаматтарды азаптау бойынша 650 қылмыстық іс тіркелгенін, бірақ бұл істердің 13-і ғана сотқа жеткенін де айтты.

АРЫЗ ЖАЗУ – ЖАУАПТАН ЖАЛТАРУ МА? Осы жерде мән беретін бір үлкен мәселе – азаптау туралы қозғалған қ ы л м ы с т ы қ і с т е р д і ң а я ғ ы не г е сиырқұймышақтанып кетеді? Оның да өзіндік себептері көп. Мысалы, Ішкі істер министрлігінің қоғамдық кеңесінде сөйлеген сөзінде министрдің орынбасары, полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов бұл мәселенің басты себептерін алға тартты. Көбінесе жазалылардың жауапқа тартылудан жалтару мақсатында азаптау туралы жалған шағым беруі қылмыстық істің қысқартылуына себеп болады екен. Азаптау туралы шағымдар бойынша қозғалған қылмыстық істерді тергейтін Арнайы прокурорлар департаменті т ек сер і л г ен ш ағ ы мдар ды ң ж е тпіс пайызы бойынша өндіріс қылмыс құрамы жоқ болғандықтан сотқа жетпей тоқтатқан. Дегенмен де, азаптауға қатысты қылмыстық іс тіркелу фактілерінің осындай санға жетуі ішкі істер органдары қылмыстық атқару жүйесінде азаптау фактілерінің аз кездеспейтінін көрсетіп отыр. Осыған орай жоғарыда аталған Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптауға қарсы конвенциясына мүше болудың бір артықшылығы – БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің өкілдері, әртүрлі құқық қорғау ұйымдары, консулдықтары қылмыстық атқару жүйесіне қарасты түзеу мекемелерінде жиі болып, мекеме қызметкерлерімен және сотталғандармен түрлі дөңгелек үстелдер және кездесулер өткізіп, азаптау мен қатыгез, адамгершілікке ж а т п а й т ы н не м е с е а р - н а м ы с т ы қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша әңгімелер өткізіп, адам құқықтарын сақтау мәселесінің маңыздылығын талқылайды. Мұндай кездесулерге белсенді түрде қатысатын Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі, Орталық Азиядағы Халықаралық түрме ре-

Биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты тамыз айында шипажайға бөлінетін қаражат кешіктірілді. Десе де, күз айынан бастап өзгелермен қатар ішкі істер органдарының ардагерлері де санаторийге жолдама алып, жіберіле бастады. Сол емделушілердің бірі ретінде жақында шипажайдан сауығып оралдым. Санаторийде барлық мүмкіндіктер мен жағдай жасалған. Онда ақ халатты абзал жандар сырқат жандарға қолдарынан келген барлық ем-домдарын жасап, көмектерін көрсетуде. Көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан дәрігерлер мамандандырылған көмек көрсетеді. Содан да болар, мүмкіндігі шектеулі жандармен қатар, қария ардагерлер де шипажай қызметкерлеріне дән риза. Олардың көрсеткен көмегіне алғыстарын жаудырудан шаршамады. Ерекше айта кететін тағы бір жайт, шипажайда күніне 4 рет тамақ беріледі. Жұма күні түскі үзіліс кезінде қазақтың ет тамағы ұсынылады. Сондай-ақ, осы күні шелпек пісіріп, дүниеден өткендерге дұға бағышталады. Мұнда емделушілерге арнап апта сайын би кешін де ұйымдастырады. Шипажайда бір айдың ішінде 150-180 адам емделіп шығады. Келушілер осындай жоғары дәрежеде ем алып шығады десем, артық айтқандығым болмас. Шипажайдан кетер алдында біз сияқты ақсақалды қарияларға арнайы құрмет көрсетіп шығарып салды. Маған «Нұр Отан» партиясының мүшесі әрі ішкі істер органдарының ардагері ретінде естелікке сый-сыяпат тарту етті. Сол себепті, жеке өз атымнан шипажай қызметкерлері мен ақ халатты дәрігерлеріне алғысымды «Сақшы» газеті арқылы білдіргім келді. Олардың отбасына амандық, зор денсаулық, еңбектеріне жеміс тілеймін. Қызметтері алға баса берсін! Көпұлтты еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Игі тілекпен, ІІМ-нің құрметті ардагері Құрмет НҰРСАРИЕВ, Атырау қаласы

Кейуананың қуанышы Ашылған қылмыстары үшін алғысы шексіз қала тұрғындары Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловтің атына бірқатар хаттарын жолдауда. Осындай алғыс иелерінің бірі – Зоя Давыдова ұрлықты дер кезінде ашқан полиция қызметкерлерінің жұмысына ризашылығын білдіріп, облыстық полиция ведомствосының басшысына хабарласты. «Ыдыс-аяқтар мен азық-түліктердің ұрлығын кейбіреулер ұрлық деп есептемеуі мүмкін. Бірақ мен үшін ұрланған ұн, ыдыс аяқ пен ақша нағыз қасіретке айналды», – дейді 80 жастағы кейуана. Қылмыс жайында хабарлаған зейнеткер 20 минуттан кейін №2 полиция бөлімінің жедел тергеу тобын үйінің алдынан қарсы алды. Ал кешке таман болса полиция қызметкерлері қылмыскерлерді құрықтап, қолды болған заттарды иесіне қайтарып берді. Сақшылардың жұмысына риза болған қария шақыртуға келген Әсел Ақтайлақова, Ернар Қожабек, Нұрым Сердалинов пен Александр Задворныйдың есімдерін жазып алып, өзінің алғысын білдіру үшін б а с ш ы л ы қ қ а ж ү г і н г ен . «Балалардың барлығы қырағы және сыпайы. Олар менің мәселемді бірден түсініп, ұрыларды ұстап берді», – дейді Зоя Яковлевна. Петропавл қаласының тағы бір тұрғыны Наталья Перевертайло қалалық Ішкі істер басқармасы анықтау бөлімінің қызметкеріне алғыс білдіріп, хат жазған. Оның айтуынша, осы бөлім қызметкерлерінің кәсібилігі мен мәселеге бейжай қарамауының арқасында мүліктік ұрлыққа қатысты қылмыстық іс анық тергеліп, кінәлілер жауапқа тартылды. Облыстық ІІД мен қалалық ІІБ анықтаушылары жұмыстарының арқасында алаяқтардан зардап шеккен Петропавл қаласы тұрғынының ақшасы қайтарылды. «Құрметті Берік Сұлтанғазыұлы! Сізге және сіздің қарамағыңызда қызмет етіп жүрген қызметкерлерге, әсіресе, полиция капитаны Руслан Сапаров, полиция майоры Амангелді Әбділманов пен полиция аға лейтенанты Гүлмира Даиршинаға алғысымды білдіргім келеді», – деп жазыпты Петропавл қаласының тағы бір тұрғыны Светлана Листопад. Осы секілді жылы сөздер полиция қызметкерлерінің ауыр жұмыстарына жаңаша дем беретіндігі сөзсіз. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

формасы мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы, Азаптауға қарсы ұлттық а л ды н а л у т е т i г i не қ а т ы су ш ы л а р және Қазақстанның азаптауға қарсы Үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы сияқты ұйымдар азаптаулардың лауазымдық қылмыс екенін кеңінен түсіндіреді. Сонымен қатар, олар осындай іс-шаралар мен тексерулер қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға түрлі ұсынымдар жібереді. Мұндай ұсынымдарда әдетте Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің жабық мекемелерде адам құқықтарының сақталу жағдайына талдау жасау м ә с е ле ле р і к ө т е р і ле д і . А т а л ғ а н

ұйымдарды біріктіретін бір мақсат – елімізде азаптау мәселесіне мүлдем төзбеушілік принципін, оны барынша азайту саясатын қалыптастыру, сондай-ақ, азаптауды қолдануды түптамырымен жою және қолданылып жүрген заңнамаларды халықаралық нормаларға сәйкестендіру. Бір айта кететін жайт – түрме жүйесіне енгізіліп жатқан халықаралық жаңашылдықтарға сәйкес «Нельсон Мандела ережелері» аталып кеткен сотталғандармен байланыс жасауда ұстанатын халықаралық стандарттар қалыптасып келеді. Мамандардың п і к і р і не с ү йенс е к , а т а л ғ а н е р е ж е қолданыла бастағаннан бері түрмелердегі соңғы 60 жыл бойы қалыптасып қалған «тәртіптің» 80 пайызы қайта қаралған. Сондай-ақ, сотталғандарды азаптау фактілері де азайған.

СӨЗ СОҢЫ. Түйіндей айтқанда, халықтың құқық қорғау органдарына деген сеніміне селкеу түсіретін азаптаулардың лауазымдық қылмыс екені аян. Сондықтан да азаптауды және тергеу жүргізудің өзге де заңсыз әдістерін жою – құқық қорғау органдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі.


СПОРТ №83 (4249),№ сейсенбі, 8.11.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 РЕЙД

Жедел шара кезінде атқарылған жұмыстар Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстікқазақстандық полицейлер республикалық «Жасөспірім» жедел алдын алу ісшарасын өткізіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейтті. Осы мақсатта тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасында профилактикалық және құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандырып, арнайы рейд ұйымдастырды.

«Жасөспірім» жедел шарасы аясында пол и ц и я қ ы з м е т к е р ле р і ж е т і м ж ә не а т а - а н а қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат үйінің ашылғанына 30 жыл толуына орай өздерінің қарауындағы отбасыға кезекті рет барып қайтты. Облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Айтбаев пен Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Оразалин балаларды мектепинтернаттың мерейтойымен құттықтап, олардың болашаққа деген жоспарлары туралы әңгімелесті. Полиция қызметкерлері атаулы күні балаларға «Нептун» аквапаркіне сертификаттар, wifi-роутер мен дәмді сыйлықтар сыйлады. «Жасөспірімнің» басты мақсаты – жеткіншектер арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың

құқықтық сауаттылықтарын арттыру болып табылады. Осыған орай шара барысында Петропавл қаласының №2 орта мектебінде ювеналдық полиция инспекторлары ерекше акция ұйымдастырды. Кездесу барысында оқушылар өздерінің құқықтық білімдерін шыңдай түсті. Сондай-ақ, қаланың жас өнерпаздары дайындаған концерттік бардарлама мен флешмоб ұйымдастырылды. Кездесу жасөспірімдердің аспанға түрлі-түсті шарларды ұшыруымен аяқталды. Полицей осылайша балаларды жақсы әдеттерге баулып, олардың бойында оң көзқарас қалыптастырмақ. Петропавл қалалық ІІБ Жергілікті полиц и я қ ы з м е т і н і ң б а с т ы ғ ы , п о л и ц и я м а йо р ы Асан Смағұловтың айтуынша, «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қ ұ қ ы қ т ы қ с ұ р а қ - ж а у а п т а р д а н, к о н ц е р т т і к

бағдарламалардан бөлек, облыс орталығында кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған түнгі рейдтер өткізілді. Сонымен қатар, облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Петропавл қаласындағы көңіл көтеретін орындарға рейд жүргізді. Түнгі тексерулер барысында басты назарда болатын мәселелер – кәмелетке толмаған жеткіншектердің түнгі уақытта ойын-сауық ошақтарында үлкендердің қадағалауынсыз қыдырып, көшелерде жүру фактілері. Айналасы бір-екі сағаттың ішінде үш жеткіншектің құқық бұзушылығы анықталды. Олардың екеуі бос уақыттарын түнгі клубта өткізген. Бұл жайлы полицейлер балалардың ата-аналарына хабарласып, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз көңілкөтеру орындарында болғаны үшін үш айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде, яғни, 6 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін. Рейд барысында қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген 11 адам ұсталды. «Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың басты мақсаты – көңіл көтеру орындары мен облыс орталығының көшелерінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Осындай рейдтер барысында алкогольге қарсы заңнаманың бұзушылықтарын анықтауға баса мән беріледі», – деді облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев. «Паутина» түнгі клубында полицейлер 21 жасқа толмаған тұлғаға спирттік ішімдікті сату фактісін анықтады. Мекеменің барменіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 200-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл баптың санкциясымен жеке тұлғалар үшін 20 мың теңгеден астам, ал кәсіпкерлік субъектілері үшін 250 мың теңгеге дейінгі айыппұл салынуы мүмкін. Рейд барысында көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз жүргізіп жүрген такси жүргізушісі ұсталды. Отыз жастағы қала тұрғыны жүргізуші куәлігінен өткен жылдың желтоқсан айында мас күйде көлік тізгіндегені үшін айырылған екен. Сол арада оның көлігі алынып, айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 612бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап 20 мың теңгеден астам айыппұл салуды көздейді. «Профилактикалық і с - ш а р а л а р а л д а ғ ы у а қ ы т т а д а ж а л ғ а с а ды . М ұ н д а й ж ұ м ы с т а р ды ң т а ғ ы б і р м і н д е т і – жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасып, заң бұзушыларға қарсы бірігіп күресу», – дейді Қанат Айтбаев.

е-mail: nastraje@mail.ru

7

ШАҒЫН ФУТБОЛ

Кубок – 4-полиция батальонында Ержан ӘБДІРАХМАНОВ, Астана қаласы

ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінде ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерейтойы, сонымен қатар, Күзет қызметінің құрылғанына 63 жыл толу құрметіне орай әкімшілік басқарма қызметкерлері мен батальондардың басшы құрамынан жасақталған командалар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Астана қаласының «Алатау» спорт кешенінде өткен жарысқа полктің аппарат басшылығынан және бірінші, екінші, үшінші мен төртінші полиция батальондарынан жасақталған, бақтары мен баптары қатар жарасқан 5 команда қатысты. Жарыстың ашылу рәсімінде сөз алған полк командирінің орынбасары, полиция подполковнигі Б.Артықов: «Тәуелсіз еліміз ат құлағында ойнаған, ел басқарып, қол бастаған ер-азаматтың жасы жиырма беске толып отыр. Осы жылдар аралығында ел басында қиын-қыстау күндер де болды. Қазіргі елдің тұрмысы, бақуатты өмірі, заманауи техника мен зәулім үйлер бір күннің жемісі емес. Осыдан жиырма бес жыл бұрын біздің қызметкерлеріміз осындай керемет жасақталған спорт сарайларында шағын футболдан жарыс өткізбейтін. Біздің ел қандай қиындықты болса да жеңе білген, жеңіп келеді де және жеңе бермек. Бүгінгі сайыста тек мықтылар жеңсін, барлығыңызға сәттілік тілеймін», – деді. Алғашқы сәттен-ақ екпін алған командалар текетіресі сайыстың тартысты болатынын бірден білдірді. Зал ішіндегі қолпаштаушы көрермен де жарыстың қызуын арттыра түскендей. «Қап, әттеген-ай» деп аһ ұрған өкініш пен «жарайсың» деп әріптесіне дем бере айғайлаған, жалынға толы сөздер әр тұстан естіліп, командалардың жігерін жанып, алға сүйреді. Жарыс қорытындысы бойынша 4-полиция батальонының офицерлері 1-орынға көтеріліп, ауыспалы кубокке ие болды. «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білетін батальон екенімізді осындай жарыстарда талай рет таныттық. Жарысқа бірінші орын аламыз деп келіп едік, сол ойымыз орындалды. Барлық жігіттерге алғысымды айтамын», – дейді қуанышын жасыра алмаған 4-батальон командирі, полиция майоры Дәурен Садықов. Екінші орынға полктің әкімшілік басқармасының офицерлері ие болды. Ал 3-орынға 1-полиция

батальонының қызметкерлері көтерілді. Төртінші орынды 3-полиция батальоны місе тұтса, жарысқа қатысқан бестікті 2-полиция батальонының командасы қорытындылады. «Жарыста бағымызды сынап, әріптестерімізбен к ү ш с ы н а с ы п к ө р д і к . Д е ң г ей і м і з қ а н д а й дәрежеде екенін білдік. Ал басты мақсат – жеңіс емес, жарысқа қатысу және қызметтес батальондармен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын қарсы алу. Сол мақсат толығымен орындалды», – дейді 2-батальон командирінің орынбасары, полиция майоры Мархабат Құдаманов. Жарыста сондай-ақ, «Үздік ойыншы» аталымымен полиция сержанты М.Балуанов марапатталды. «Үздік шабуылшы» атағына 2-полиция батальонының командирі, полиция капитаны Мұрат Төлеубаев ие болды. «Жарыс тартысты болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойын еңбегімізбен, қажырлы қызметімізбен қарсы алып жатырмыз. Еліміздің абыройы асқақтап, беделі биіктей берсін», – дейді «Үздік шабуылшы» атанған полиция капитаны Мұрат Төлеубаев. «Үздік қорғаушы» атағын 1-полиция батальонының взвод командирі, полиция капитаны Е.Сыздықов иеленсе, «Үздік қақпашы» номинациясымен полиция батальонының взвод командирі, полиция капитаны М.Әсілов марапатталды.

Железиндегі тартысты турнир Серік БӨЛЕКБАЕВ, Павлодар облысы

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаныңда Павлодар облысындағы Железин ауданындағы құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Спорттық шараға ауданның прокуратура қызметкерлері мен Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Железин ауданы Пробация қызметі белсенді қатысты. Сондай-ақ, ел тарихында елеулі орын алатын мерекеге арналған жарыста аудан жастары арасында іріктеліп алынған командалар алдыңғы саптан көрінді. Осылайша шағын футболдан өткен турнирге барлығы төрт команда қатысты. Олар: жастар ынтагерлігін дамыту орталығының «Айбат», күш құрылымдары арасында іріктелген «Барыс», Железин ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардан жасақталған «Алға», денешынықтыру және спорт бөлімінің «Железинка» командалары. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан турнир тартысты әрі өте қызықты өтті. Жеңіске

деген талпыныс әр қатысушы мен команда жанкүйерлерінің делебесін қоздырып, алға ұмтылдырды. Жарыс нәтижесі бойынша Железин ауданы пробация қызметінің «Алға» командасы бірінші орынға ие болды. Ойынды қорытындылаған аудан прокуроры К.Атығаев жарысқа қатысушылардың барлығын грамота және кәдесыйлықтармен марапаттады. Спортшылар, жанкүйерлер, шараны ұйымдастырушылар мұндай спорттық сайыстарды жиі өткізіп туруға уағдаласып тарқасты. «Мұндай игі істердің басы-қасында ұдайы жастарымыздың болашағына немқұрайлы қарамайтын азаматтар жүреді. Сол себепті алдағы өткізер жарыстарға да түрлі жас шамасындағы аудан тұрғындарын көбірек тартатын боламыз», – дейді жарысты ұйымдастырушылар.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы ардагерлерінің қазақстандық кеңесі және ІІМ-нің орталық аппаратының жеке құрамы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымовқа қайын енесі СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ Розаның қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

СӨЗ СОҢЫ №83 (4249), сейсенбі, 8.11.2016 е-mail:sakshy@mediaovd.kz БАЙҚАУ

Жазалы балалар арасындағы жақсы бастама Гүлнәр МАҒЗҰМОВА

Қазан айының тамызға бергісіз бір күні Алматы қаласындағы балалар колониясында қызу қарбаласпен өтті. Жазалы балалар арасында жиі-жиі өткізілетін түрлі шаралардың арасындағы бүгінгі жиынның жөні басқа.

Р е с п у б л и к а б ой ы н ш а б а с б ос т а н д ы ғ ы н а н а й ы р ы л ғ а н б а л а л а р ж а з а с ы н ө т ей т і н ж а л ғ ы з түзеу мекемесінде М.Тынышбаев атындағы Алматы көлік колледжі, Білім басқармасының «Аяжан» атты медициналық колледжінің студенттері м ен к ә м е ле т т і к ж а с қ а т о л м а ғ а н сотталған балалар арасында «Отан –

отбасынан басталады» атты көңілді тапқырлар сайысы өтті. «Үш команда бақтарын сынға салған мұндай сайысқа біздің балалар бірінші рет қатысып отыр. Арнайы континентті мұндай мәдени шараға қатыстырудағы басты мақсат – балалардың бойында интеллектуалдық, эстетикалық және рухани құндылықтарды қалыптастыру,

сондай-ақ, олардың өз құрдастарымен қарым-қатынас жасау қасиеттерін арттыру», – дейді Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару департаментіне қарасты ЛА-155/6 түзеу мекемесінің бастығы Ертай Шәкенов. «Сәлемдесу», «Биатлон», «Попурри» және «Үй тапсырмасы» атты төрт турдан тұратын байқау кезінде студенттермен білім мен біліктілік сайысына түскен балалар өз бойларындағы бар таланттарын таныта білді. Түзеу мекемесінің тәрбиеленушілері көңілді тапқырлар конкурсында екінші орынды иемденсе, бірінші орынды М.Тынышбаев атындағы көлік колледжінің оқушылары жеңіп алды. Қазылар алқасының құрамындағы Алматы қаласындағы Жастар саясаты және білім басқармаларының, Жетісу аудандық әкімі аппаратының қызметкерлері мен «Жартас Қазақстан» қ о ғ а м ды қ қ о р ы н ы ң ө к і л д е р і б а с бостандығынан айырылған балалардың болашаққа деген сенімдері мен үміттеріне дән риза болды. Жарыс жеңімпаздарына сыйлықтар тапсырылып, кәмелетке толмаған жазалы балалардың жеке есепшоттарына бес мың теңгеден ақша аударылды.

ФЛЕШМОБ

Сitу Center-дегі сауықтыру шарасы Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері Сitу Center сауда ойын-сауық кешенінде «Абайлаңыз – өрт!» атты сауықтыру іс-шарасын өткізді. Шараға жас өрт сөндірушілердің халықаралық слетінің жеңімпаздары атанған жас өрт сөндірушілердің командасы, қызметкерлердің балалары, сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының студенттері альянсының белсенділері қатысты. Шараның басты көздегені – тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін, өрт кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрысты насихаттау мен дамыту, өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы білімді бекіту, сонымен қатар, өрт сөндірушілер жұмысының беделін арттыру және талапкерлерді Көкшетау техникалық институтына түсуге үгіттеу болып табылады. Жиналғандар алдында сөз алған Кадр жұмысы бөлімінің психологі, азаматтық қорғау капитаны Саида Мұхамбетжанова қысқы кезеңдегі тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын айта келіп, тұрғындарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға шақырды. Бұдан әрі өртке қарсы тақырыптық викторина ұйымдастырылды. Танымдық викторинаның сұрақтары оңай болған жоқ. Алайда, соған қарамастан қала тұрғындары сұрақтарға жауап беріп, ең белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Осыдан кейін жас өрт сөндірушілер командасы еріктілермен бірігіп флешмоб ұйымдастырып, «Барша әлемнің адамдары» атты әнді орындады. Өрт сөндіру ісінің жас білгірлері профилактикалық іс-шараларды өткізуге белсене қатысып, өрт қауіпсіздігін насихаттауға өз үлесін қосып жатыр.

АКЦИЯ

«Мен және менің полицейім!» «Мен және менің полицейім» акциясы аясында Ақмола сақшылары Көкшетау қаласының мектептерінде арнайы іс-шаралар ұйымдастырып, мектеп оқушыларына мамандықтары туралы айтып берді.

Ойлан, тап!

Көкшетаулық оқушылар үшін кан и к у л а л ды н д а ғ ы со ң ғ ы к ү н д е р тосынсыйларға толы болды. Бастауыш сынып оқушылары полиция киімдерін көріп қана қоймай, оны киіп те көрді. Ал жоғары сынып оқушылары өз өмірлерін ішкі істер органдары саласымен байланыстыру туралы ойлана бастады. «Мен және менің полицейім» атты акция облыста 25 қазан күні басталып, оған полицейлерден басқа білім беру саласының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанаты, жастар ресурсы орталығы, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары да қатысты. Көкшетау қалалық ІІД ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Салықов «балалар қылмысы» деген сөздің өзі қайшылыққа толы екендігін айта келіп: «Бала мен қылмыс түсінігін не байланыстыруы мүмкін, бұл екі сөз бір-бірімен мүлде қабыспайды. Алайда, шынайы өмірде олай емес. Қызмет барысында біз кейде партада отыруы керек оқушылармен қылмыс әлемінде жиі ұшырасып жатамыз. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлармен талай рет бетпебет келдік», – деп шындықты бүкпесіз жеткізді. Полицей мен оқушылардың сұхбаты өте қызықты өтіп, балалар поли-

ция қызметі туралы, күтпеген оқыс оқиғаларда өзін қалай ұстау керектігі жөнінде сауалдар қойды. Ал, бастауыш сынып бүлдіршіндерін әсіресе, полицейлердің қорғаныс құралдары мен формасындағы мундирі, оққағар кеудешелері мен каскасы қызықтырды. Т а я у д а м е к т е п п ен қ о ш т а с а т ы н түлектердің арасында мамандық таңдай алмай екі ойлы болып жүргендер осы кездесулер барысында бірден қай оқу орнына құжат тапсыру керектігін анықтады. Тәртіп сақшылары ІІМ мамандандырылған оқу орындарының

артықшылығын, диплом алғаннан кейін міндетті түрде жұмысқа орналастыратынын, сондай-ақ, басқа да әлеуметтік жағынан көптеген кепілдіктер барын айта кетті. Бүгінде көкшетаулық оқушылар арасында полиция жұмысымен етене т а н ы с ы п ш ы қ қ а н д а р ы к ө п . О л а р – ж а с п о л и ц ей ле р м ен ж а с инспекторлар қозғалысы. Жас инспекторлар қозғалысы акция аясында жол-патрульдік полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге жол қауіпсіздігі туралы жадынамалар мен кітапшалар таратты. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

Жансыз Қасиетті кітап

...-манап Дəреже, көрсеткіш Доғал қақпа

Есілдің сыңары

ШАРА

Оқушыларды қызықтырған полиция қызметі

Күздің алғашқы каникулында Бостандық ауданындағы №33 мектептің оқушылары қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің сақшыларына қонаққа келіп, олардың қызметтерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Бұл арнайы экскурсия республика көлеміндегі іске қосылған «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы мен «Мен және менің полицейім» акциясы аясында өткізіліп отыр.

Шатыр құсы

Компьютер

Іс-шара соңында №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Гизат Ғилымов азаматтық қорғау органдарында қызмет ету үшін жоғары білімі бар білікті мамандарды әзірлейтін бірден-бір оқу орны – Көкшетау техникалық институтының жетістіктері туралы айтып берді. Аталмыш оқу орнының қандай келешегі барын да түсіндіре кетті. Сондай-ақ, сауда орталығына келушілерге КТИ-дегі оқу туралы нақты ақпараты бар жүздеген парақша таратылды. Қала тұрғындары ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, өрт қауіпсіздігі саласында көптеген құнды және маңызды мәлімет алғандарын айтты. Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Жалпы білім беру ордасындағы оқушылар мен ұстаздар қауымына ювеналдық полиция өкілдері ішкі істер органдары қызметкерлерінің негізгі жұмысы мен азаматтардың құқығы мен заңдық қызығушылығын қорғау жөніндегі мақсат-міндеттері, жұмыстарымен таныстырды. Одан бөлек, оқушылар барлық полиция бөлімшелерінің тыныс-тіршілігін өз көздерімен көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. «Акцияның негізгі мақсаты – балаларды полицияның жұмысымен таныстырып, қоғамдық орындарда өзін ұстау және жол ережелерін оқыту болып табылады. Тергеу бөлімінің басшылары, жауап алу, криминалдық полиция, кезекші бөлімі, жедел криминалистік бөлімнің қызметкерлері балаларға өз салаларының мақсаты мен міндеттемелерін баяндап берді. Оқушылар полиция қызметіне үлкен қызығушылық білдіріп, түрлі сұрақтар қойып жатты. Сонымен қатар, жасөспірімдер аудандық ІІБнің материалдық-техникалық қоймалары мен қаруы, арнайы жабдықтарын көріп, тамашалады. Ішкі істер басқармасының әкімшілік ғимараты алдындағы плацта тұрған полициялардың автопаркі көрсетіліп, жасөспірімдерге мініп көруге рұқсат берілді», – деді Бостандық аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бастығы, полиция майоры Рита Махматова. Еске сала кетейік, жасөспірімдер арасындағы жағдайды жедел тұрақтандыру мақсатында 1-11 қараша аралығында Алматы қаласы аумағында республикалық «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Финн-... тілдері

Сай

Украин бокс-шысы

Діни атақ

Мүсірке Ұзындық өлшемі

Балалар шығармасы

Музыкалық шығарма Құлып ашқышы

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ Тілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ, Сабырбек ОЛЖАБАЕВ, Жансая СЫДЫҚБАЙ

Кішкентай Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВ

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды. Индексі: 65395 Таралымы: 11245 Тапсырыс: №3702

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.