Сақшы №78 (4244)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№78

(4244), 20.10.2016, бейсенбі

www.mediaovd.kz

Газет 1933 жылдан бастап шығады

Д.НАЗАРБАЕВА НАТО-НЫҢ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қ о р ғ а н ы с ж ә не қ а у і п с і з д і к к о м и т е т і н і ң төрайымы Дариға Назарбаева НАТО Бас хатшысының Орталық Азия және Кавказдағы Арнаулы өкілі Джеймс Аппатураймен кездесті. Кездесуге сенаторлар Икрам Адырбеков және Мұхтар Алтынбаев қатысты. Дариға Назарбаева НАТО-мен әріптестікті дамыту Қазақстанның сыртқы саяси бағытындағы маңызды басымдық екенін тілге тиек етті. Әңгіме барысында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы аймақтық тұрақтылыққа төнетін қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін Солтүстік Атлантика альянсының қазіргі кездегі бағдарламалары мен үздік тәжірибесін тартуға біздің еліміздің мүдделі екенін айтты. НАТО Бас хатшысының Арнаулы өкілі Қазақстан мен Солтүстік Атлантика альянсы арасындағы өзара іс-қимылды, еліміздің бітімгерлерінің дайындық деңгейін оң сипаттай отырып, Қазақстанның жаһандық дипломатиядағы рөлін жоғары бағалады.

Президент Премьер-Министрді қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесу барысында Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына елдің биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері және басты мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндады.

МӘЖІЛІС ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ Кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен РФ арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта жүзеге асып жатқан барлық бастаманы келесі жылы одан әрі тиімді іске асыру үшін қажетті негіз қалыптасқанын атап өтті. – Біріншіден, бюджетке тиісті өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, барлық қажетті мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Атап айтқанда, республиканың қарқынды индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету және тиімді көлік-логистика инфрақұрылымын қалыптастыруды көздейтін «Нұрлы жол» даму бағдарламасы аясында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін шаралар қабылдаудың маңыздылығы анық, – деді Елбасы. Премьер-Министр баяндамасында республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық негізгі көрсеткіштері жөнінен оң серпін барын айтты. Б.Сағынтаев Қазақстан Президентінің биылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмаларының уақытында орындалып жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ету мақсатымен қосымша 481 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу мәселесі шешілді. Премьер-Министр күніне 90 мың баррель өндірілетін Қашаған мұнай-газ кен орнының іске қосылғанына назар аударды. Бұдан бөлек, Бақытжан Сағынтаев Елбасына ең алдымен азық-түлік пен аса қажетті тауарлар бағасы, тұрғындар мен әлеуметтік мекемелерді үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мәселесі, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жоспарланған нысандарды уақытылы тапсыру тұрақты бақылауда екендігін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің экспорттық әлеуетін одан әрі арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабарланды. Ал Қазақстан Президенті республикада жиын-терін науқанының аяқталғанына тоқталып, енді Үкіметке астықты экспорттау мәселесін пысықтау қажет екендігін атап өтті. – Ірі дәнді-дақылдар өсіруші болып саналатын көптеген елдерде егіннің жақсы шыққанын байқап отырмыз. Осыған байланысты бұл нарықта бәсеке жоғары болады. Біз осыған дейін бірқатар елдермен астық экспорты жөнінде келісім жасадық. Осы уағдаластық аясында жеткізілетін өнім көлемін анықтап алу қажет, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы осы күні Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулердің қазіргі заман талабына сай болуының маңыздылығын атап өтіп, ғылымды басқаруды орталықсыздандыру ісінің өзектілігіне және ғылыми зерттеу жұмысын жекелеген университеттерде дамыту қажеттілігіне назар аударды. – Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің маңызы зор, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. М.Жұрынов бірлестіктің халықаралық деңгейдегі беделінің артуына батыстық даму үлгісі септігін тигізгенін айтты. – Біздің академия – барлық беделді ғылыми бірлестіктердің мүшесі, – деді Ұлттық ғылым академиясының президенті. Кездесу соңында Мемлекет басшысы ғылымның ел дамуындағы елеулі рөліне тоқталып, атқарып жатқан қызметтері үшін академия ғалымдарына алғыс білдірді.

ТАҒЗЫМ

Есімдері – мәңгілік есте! «Осы Хаттаманың ең басты мақсаты жанама салықтармен қосарланған салық салу мәселелерін реттеу болып табылады. Бүгінгі таңда, Байқоңыр қаласының аумағына сатылатын тауардың бағасына біздің кәсіпкерлер қосылған құн салығын қосады. Ал Байқоңырдағы ресейлік салық төлеушілер ол қосылған құн салығын есепке ала алмайды, яғни сол салықтың сомасына тауардың бағасы көтеріледі. Оған қоса сол тауардың құнына Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес, 18 пайыз мөлшерінде қосылған құн салығы есептеледі. Дәл осындай жағдай Байқоңырдан Қазақстанның басқа аумақтарына тауар сатқан кезде болады. Осылайша, баға жасанды өседі. Бұл жағдайды шешу үшін біз ресейлік әріптестерімізбен бірігіп осы Хаттаманың жобасын әзірледік. Біз қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық одақта жұмыс жасап тұрған тетікті Хаттамада қолдандық. Қазақстанның басқа аумағынан Байқоңыр қаласына тауар сату кезінде қосылған құн салығы «нөлдік» мөлшермен есептелетін болады және қосылған құн салығы Байқоңырда бір рет 18 пайызбен өндіріп алынады. Осындай ұстаным Байқоңыр қаласынан Қазақстанның басқа аумағына тауар сатылғанда қолданылатын болады», – деді Бақытжан Сұлтанов. Оның сөзіне қарағанда, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсету кезінде салынатын қосылған құн салығы бойынша да осындай тәсіл қолданылады. Хаттаманың ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленгеннен өзгеше қағидаларды көздейтіндігін ескере отырып, осы Хаттаманы ратификациялау қажет болады.

19 қазан – Құтқарушылар күні! Осы айтулы кәсіби мерекеге орай Астанада қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан құтқарушыларға арналған даңқ ескерткіші ашылды. Бұл даңқ ескерткішінде қызмет бабында қаза тапқан батырлардың есімдері жазылған. Ел оларды әрдайым құрмет тұтып, тағзым ететін болады. Сонау 1996 және 2010 жылдардың ақпан айы

қала тұрғындарының есінен әлі күнге кеткен емес. Сол кезде тілсіз жау өртпен күрес қызметінің бес қызметкерінің өмірін қиған еді. 1996 жылы Мичурин атындағы совхозда көп қабатты тұрғын

үйдің жертөлесіндегі өртті сөндіру кезінде Александр Величкин және Геннадий Винокуров қаза тапты, ал 2010 жылдың 17 ақпанында елордадағы ғимараттардың бірінде шыққан өртпен күресте Валерий Зайцев, Саят Абеев және Руслан Кәкішев көз жұмған болатын. Бұл батырлардың есімі енді мәңгілікке ардақталады. Салтанатты шараға Астана қаласындағы Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, жеке құрамы және жалпы қала жұртшылығы қатысты. Алдымен сөз алған Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Барат Дұзақбаев: – Өткенді білмей, болашақ болмас. Біздің батырларымыз туралы жылы естелік біздің жүректерімізде мәңгілік сақталады. Олар кәсіби парыздарын бәрінен де жоғары қойып, жанкештілік танытты, – деп атап өтті. Сондай-ақ, сол күні батырлардың есімдерін еске алу үшін олардың туған-туыстары мен достары келді. Жақсы естеліктерімен бөлісті. « К ә с і б и с а л қ ы н қ а н ды л ы қ , қ а й м ы қ п а с р у х құтқарушылардың ең басты айрықша қасиеттері – осы. Олар өте қарапайым, олардың ерліктері көпшілікке белгісіз, бірақ еңбектері құрметке лайық, өйткені олардың бірінші кезектегі парызы – адам өмірін құтқару. Бұл – ең биік т е , қ а с и е т т і п а р ы з . С о н ды қ т а н, қ ы з м е т т і к парызын өтеу кезінде қаза тапқандарды біз әрдайым ұмытпай, есімдерін қастерлейміз», – деп ағынан жарылды достары мен жақынжуықтары. Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ


2 Ə

-А М Е Л

ЖАҢАЛЫҚТАР №78 (4244), бейсенбі, 20.10.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

Қ

АТ Р А П

е-mail: nastraje@mail.ru

ІІМ

Ресей елшісімен кездесті

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Үкіметтің білім беру мекемелеріне діни киім киюге қатысты ресми ұстанымын жария етті.

Сауд Арабиясы

Ханзада өлім жазасына кесілді

Сауд Арабиясының билігі сейсенбі күні үш жыл бұрын Эр-Риядта өз досын атып өлтірді деген айып тағылған патша әулетінің мүшесі, ханзада Турки бен Сауда Аль Кебирге кесілген өлім жазасын орындады. Бұл туралы «Аль-Арабия» спутниктік телеарнасы әмірліктің ІІМ мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, ханзада ЭрРиядта болған топтық сауық жиынында өз досы Адиль аль-Мхемидті атып өлтірген, сондай-ақ, тағы бір адамды жаралаған. Бұл қылмыс елде үлкен резонанс тудырды. Өлім жазасын Сауд Арабиясының Жоғарғы және Апелляциялық соты бекітті.

Бразилия

Бес мың адам бас көтерді Биылғы Жазғы Олимпиада ойындары өткен Рио-де-Жанейро қаласында тыныштық болмай тұр. 5 мыңға тарта адам шеруге шығып, соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Тәртіпсіздіктер салдарынан 1 тәртіп сақшысы жарақат алған. Құқық қорғаушылар наразы топты көзден жас ағызатын газ шашып таратты. Ұрандатқан бұл топтың арасында мұғалімдер мен студенттер көп. Олар үкіметтің бюджет қаржысын қысқарту жоспарына қарсы шыққан. Даниэль Кардосо,

Мектепте діни киімге тыйым керек

Ағымдағы жылғы 19 қазанда Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Өкілетті елшілігінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер м и н и с т р і , п о л и ц и я г ене р а л - п о л к о в н и г і Қ.Қасымов пен Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Өкілетті елшісі М.Бочарниковтың жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының уәкілетті өкілінің лауазымына тағайындалған полиция полковнигі Гир Андрей Вон-Меновичті таныстырды. Кездесу барысында екі елдің полициясы арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселесі талқыланды. Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі

«Бүгінгі таңда БҒМ-ге осы сұраққа байланысты 5 мыңнан астам өтініш келген. Сондықтан бұған қатысты нақты ұстанымдарымызды айтуды ұйғардық. Мектеп жарғысында көрсетілген тәртіпке қарамастан, балаларын мектепке діни киіммен әкелетін ата-аналармен бір емес, көп мәрте түсінбеушіліктер орын алып келгенін білесіздер. Ата-аналар бізге нақты ұстанымдарымызды жариялауды сұрағандықтан, біз оң көзқарас болатынына үміттенеміз», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Вице-министрдің айтуынша, республика мектептерінің жарғыларында барлығы нақты көрсетілген. «Егер оқушы діни киіммен келетін болса, атаанаға ескерту жасалады. Баланы біз қумаймыз, діни атрибутиканы шешу үшін ата-аналарын

Мал иелері қайда қарап отыр? Автокөлік жолдары мен егінге түскен бағусыз мал иелеріне тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Кәрібай Мұсырман осы мәселені көтерді.

« М ен і ң д е п у т а т т ы қ с а у а л ы м П р е м ь е р Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы ми н и ст р і А сқ ар М ы р з ах мет о в п ен Ә д і лет министрі Марат Бекетаев мырзаларға арн а л а ды . А у ы л ды қ ж е р ле р д е б а ғ ус ы з б ос жүретін малдардың көшелерді ластап, жасыл желекті басып, жаншып, отап, сондайақ, қоршауларды қиратып жұртшылықтың р ен і ш і н т у ғ ы з у ы ж ә не ө с і п т ұ р ғ а н е г і н г е түсіп, шаруаларды шырылдатуы әлі де тыйылмай келеді. Шаруалар өз егістерін қорғау үшін жаз бойы бірнеше күзетші ұстап, қосымша ш ы ғ ы н д а у ғ а м ә ж б ү р . Қ а р а ус ы з м а л д а р қараңғы түнде ауылдардың маңынан өтетін автомобиль жолдарына шығып кетіп, зар-

даптар алуға және жол-көлік оқиғаларына да себепші болып жүргендері де жасырын емес. Алайда, қарапайым ауыл тұрғындары түгіл, кейбір аудандық мәслихаттардың хатшылары, ауылдық округтердің әкімдері мен учаскелік инспекторлардың өздері де егінді бүлдірген бағусыз мал иелеріне әкімшілік ықпал ету шаралары барын білмейтін болып шықты», – деді Кәрібай Мұсырман. Оның атап өтуінше, қолданыстағы заңнамада көшелерді өсіп тұрған жасыл желекті жойып, гүлзарлар мен қоршауларды бүлдірген мал иелеріне әкімшілік ықпал ету шаралары қарастырылмаған болып шықты. «Сондықтан жергілікті атқарушы органдарға т ұ р ғ ы н д а р а р а с ы н д а к е ң і нен т ү с і н д і р у жұмыстарын жүргізу, жөнді тапсырма беруді және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті толықтырулар енгізуді сұраймыз», – деді депутат.

студент: – Билік денсаулық сақтау мен білім беру жүйесіне бөлінетін қаржыны 40%-ға қысқартқалы жатыр. Бас көтеруіміздің себебі осы. Оқу орнынан ұтып алған гранттан айырылып қаламыз ба деп қорқамыз. Қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру де көзден бұлбұл ұшпақ.

шақыртамыз, оқушы ары қарай сабағына қатыса береді. Егер екінші, үшінші рет қайталана беретін болса, бала мектепте қалып, ата-анасын күтеді. Тағы бір рет ескертеміз, оқушы мектепке кірді ме, діни атрибутикасын шешуі тиіс. Мектептен шығысымен қайта кисе де болады. Мұнда ешкімге де моральдық зардап тигізбейміз деп ойлаймын» – деді Э. Суxанбердиева. Өз кезегінде Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина бұл тыйым бұрыннан барын еске салды. «Қоса кеткім келеді, бұл жаңа тыйым емес. Бұл талап бұрыннан бар. Бұл талап білместіктен орындалмай келді. Мектеп формасының енгізілуімен бұл сұрақ өзекті болып кеткені рас. Аталған талап бізде бұрыннан келе жатыр», – деді ол. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин мұнда азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды деп отыр. «Ата-аналармен әңгімелескен жөн деп санаймын. Бірінші кезекте діни киім киетін атааналарға түсіндірген абзал. Мемлекеттік органдар бұл жұмысты діни ұйымдармен бірге атқарып келеді, нәтижелері де бар. Мысал келтіре кетсем, Атырауды алатын болсақ, 2015 жылы мектепке оқушы xиджабпен келген 315 оқиға тіркелген. Мемлекеттік органдар мен діни ұйымдардың бірлескен жұмысының арқасында енді тек 113 бала қалды. Дегенмен, жұмыс әлі аяқталған жоқ», – деді Ғ. Шойкин.

Италия

Кедейдің кебін киіп жүрген кімдер? Италияда кедейлердің жаңа табы пайда болды. Бұл тапты 18 бен 35 жас аралығындағы жастар құрайды. Әлеуметтік зерттеу нәтижесінде осындай қорытынды жасалып отыр.

Елде 1 миллионнан астам жас азамат кедейдің кебін киіп жүр. Олардың дені – білімі бар, көзі ашық, көкірегі ояу жандар. Кедейшіліктің бірінші себебі – елде жаппай жұмыссыздықтың белең алуы. Қазір жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 40 пайызға жеткен. Сондықтан, тепсе темір үзетін италиялық жігіттердің оннан сегізін ата-анасы бағып отыр. Мемлекеттен ешқандай қолдау таппаған олар экономикалық дағдарыс салдарынан әлеуметтің әлсіз тобына айналған. Сол себепті көбісі Еуропаның өзге елдеріне ағылып жатыр. «Қазір жастардың жұмысқа орналасуы оңай шаруа емес. Сондықтан олардың қор жинап, тұрғын үй алуға да еш мүмкіндігі жоқ. Ертеңгі күнге деген сенімі жоқ. Олар өзіне қолайлы жағдай жасауға да қауқарсыз. Ал ержетіп, ақыл тоқтатқан адамның өз қажеттілігін өтейтін дүниесінің болуы өте маңызды», – дейді Censis әлеуметтік зерттеулер орталығының бөлім жетекшісі Франческо Майетта.

Үй құрылысы үдеді С т а т и с т и к а д е п а р т а м ен т і н і ң р е с м и мәліметтеріне сәйкес, елордада тұрғын үй құрылысының қарқыны артып, құрылыс нысандарының саны ұлғайды.

2 0 1 6 ж ы л ғ ы қ а ң т а р - қ ы р к ү йе к т е т ұ р ғ ы н үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 99 081,4 млн теңгені құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің 101,1%-ды құрайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі – 18,3%. Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 14 903 пәтерге арналған тұрғын үйлер пайдалануға

берілді, тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1 644 497 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткіштен 29%-ға көп. Жеке салушылар жалпы ауданы 124 791 шаршы метр тұрғын үй салған. Бұл 2015 жылғы қаңтарқыркүйектегі көрсеткіштен 3,8 есе көп. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 7,6%-ды құрады, 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2,6% болған. Елордада 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты ш ы ғ ы н ы 1 2 8 , 9 м ы ң т е ң г ен і , оның ішінде жеке салушылардың тұрғызылғаны 105,2 мың теңгені құрады. С о н д а й - а қ , н ы с а н д а р ды ң құрылысында да өсім байқалып отыр. Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 399 775,5 млн теңге сомасына құрылыс жұмыстарын орындады. Орындалған құрылыс ж ұ м ы с т а р ы к ө ле м і н і ң е ң жоғары үлестік салмағы 54,6%ы ж е к е м ен ш і к м е р д і г е р л і к ұйымдарға, 45,3%-ы шетелдік мердігерлік ұйымдарға тиесілі, мемлекеттік мердігерлер жалпы көлемнің 0,1%-ын орындады.

Тұмауға қарсы екпе – дертке дауа

Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналауға жататын 53,8% тұрғын егілді.

Қазақстанда ағымдағы жылғы 19 қазандағы жағдайға сәйкес тұмауға қарсы 782 мың 957 адам егілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Бұл вакциналауға жататын азаматтардың жалпы санының 53,8% құрайды, оның ішінде 117 мың 410 медициналық қызметкерлер, 40 мың 321 жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар 206 мың 313 бала, 85 мың 118 мектеп оқушылары, 25 мың 197 мектеп, жоғары және орта білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері, 45 мың 959 қарт адамдар, 262 мың 639 жұмыс ұжымының өкілдері. Аймақтардағы денсаулық сақтау басқармалары мамандары өткізетін аулаларды тексеру шаралары барысында жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар, вакциналанған адамдардың арасында тұмаумен сырқаттану жағдайлары тіркелмегені анықталды. Естеріңізге сала кетейік, тұмауға қарсы жаппай вакциналау 3 қазан күні басталды.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №78 (4244), № бейсенбі, 20.10.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 КЕЗДЕСУ

Қытай делегациясы Қазақстанда

е-mail: nastraje@mail.ru

3

ТАҒАЙЫНДАУ Кеше Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов Қызылорда облыстық ІІД-нің жаңа бастығын жеке құрамға таныстырды.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Кеше министрлікте төтенше жағдайлар комитетінің мәжіліс залында Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов Қытай Халық Республикасынан келген делегациямен кездесті. Аспан асты елінен келген Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі өкілдерінің құрамы қаржы саласының мамандарынан тұратынын аңғаруға болады. Делегация басшысы Лю Юйцин ҚХР ҚҚМ Қаржы және жарақ департаменті бастығының орынбасары болса, Цзяо Вей, Цуй Лин, Лю Цзяньцзюнь, Юе Цзинъин, Инь Инсянь осы департаменттің бөлім қызметкерлері. Дай Сюйкуй мен Го Фэн аталған министрліктің Қазақстан Республикасындағы өкілдері екен. Еліміздің тарапынан да шетелдік делегациямен кездесуге әкімшілік, қаржы, тыл, штаб, техникалық сала басшылары қатысты. Атап айтқанда, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха, Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары Серік Шалданбаев, ІІМ Тыл департаментінің бастығы Сергей Каверников, ІІМ Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бастығы Бақытгүл Исенова, ІІМ Техникалық қызмет департаментінің бастығы Нұрлан Балтабаев, ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев, ІІМ Штабы Үйлестіру басқармасының бастығы Нұржамал Көпежанова және тағы басқалары болды. Қытайлық полиция қызметкерлері сапарының мақсаты екі ел арасындағы салалық өзара әріптестікті одан әрі

тереңдете дамыта түсу. Соның ішінде қаржылық, материалдық-техникалық салада тың бағыттарды анықтау болып табылады. Өз кезегінде ҚР ІІМ орынбасары Берік Байболұлы қытай тарапына бұған дейінгі көрсеткен көмектері үшін рахметін айтты. «2014 жылдың желтоқсан айында ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шин Гунь Қазақстанға сапары кезінде біздің министрмен жасаған уағдаластығы аясында арнайы техникалар түрінде қайтарымсыз көмек көрсетуге шешім қабылдаған болатын. 2015 жылы бұл техникалар біздің қолымызға тиді. Қазір бұл техникалар мақсатты түрде пайдаланылуда жүр. Сіздермен кездесуге келіп отырған менің әріптестерім осы техникалар пайдалануда жүрген қызметтің басшылары. Осы көмектеріңіз үшін сіздерге ведомство тарапынан рахмет айтуға рұқсат етіңіздер. Сіздің министрдің сапары екі ел арасындағы әріптестіктің бірнеше бағытта дамуына жаңаша серпін берді. Осындай жарақтанудың арқасында біз еліміздің қоғамдық тыныштығын, азаматтардың қауіпсіздігін қорғаудағы жұмысымыздың тиімділігін одан әрі арттыра түсетін боламыз. Ал келер жылы еліміз кең көлемде дайында-

лып жатқан ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңында жұмыс тиімділігін арттыру күн тәртібіндегі бірінші кезекке қойылып отыр», – деді ол. Шетелдік д е ле г а ц и я б а с ш ы с ы Л ю Ю й ц и н: «Біздің сапарымыздың негізгі мақсаты өзара әріптестікті одан әрі дамыта түсу. Соның ішінде өзім басшылық ететін қаржы саласында тәжірибе алмасу, сізден жаңаша әдістер мен озық үлгілерді үйрену. Сондықтан да қай салада болмасын жемісті еңбек етеміз деп сенемін. Құрметті Берік Байболұлы, сізді өз департаментім тарапынан Қытай Халық Республикасына мәртебелі мейман ретінде шақырамын», – деді. Кездесу соңында қытайлық меймандарға сый-сияпаттар жасалды. Соның ішінде, Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың бұйрығымен ҚХР ҚҚМ Қаржы және жарақ департаменті бастығының орынбасары Лю Юйцин ҚР ІІМ мен ҚХР ҚҚМ арасында қылмыспен күрес саласында халықаралық әріптестікті дамытуға, кәсіби әріптестіктерді қалыптастыру және нығайтуға қосқан үлесі үшін «Халықаралық әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Өзге делегация мүшелеріне грамоталар табысталды. Меймандар да өз тарапынан ала келген сыйлықтарын ұсынды. Одан соң ІІМ жанындағы ішкі істер органдарының мұражайын аралап көріп, естеліктер альбомына лебіздерін қалдырды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облыстық ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Қайрат Болатұлы Мұхитов тағайындалды. Мұхитов Қайрат Болатұлы Онтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1983 жылы бастаған. 1987 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Әр жылдары жедел қызметтерде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Соңғы лауазымы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары. Ішкі Істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов жаңада тағайындалған облыстық полиция басшысына оның кәсіби және жеке қасиеттерін атап көрсете отырып, жемісті еңбек тіледі. ІІМ баспасөз қызметі

АНТ ҚАБЫЛДАУ

Халқыма қызмет етемін!

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің жеке құрамның қыс мезгіліне дайындығы бойынша саптық байқау кезінде азаматтық қорғау қызметіне жаңа қабылданған 10 қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады. Іс-шара Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ «Құтқарушы» спорт кешенінің алаңында өтті. Іс-шараға «ӨС және АҚЖҚ» ММ басшылығы, астаналық гарнизонның жеке құрамы қатысты. Құттықтау сөзін сөйлеген Өрт сөндіру қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі М.Аманбаев жас қызметкерлерге сабырлық, қайсарлық және кәсіби деңгейлері жоғарылай беруіне тілектестігін білдірді. Жаңадан келген мамандар Қазақстан халқы мен Президентіне адал болуға ант береді. Азаматтық қорғаныс саласына келген құтқарушылар әріптестері мен басшыларының алдында айтқан сөздері, күнделікті қызметтерінде демеу болмақ. Ант қабылдаған соң жас қызметкерлер өз қызметтік міндеттеріне кіріседі. Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

МАРАПАТ

Алғашқы офицерлік шен

Қарттарды қолдау айлығы және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті мерекелік концерт ұйымдастырды. Концертке Ұлы Отан соғысының ардагерлері, оларға теңестірілген тұлғалар, тыл еңбеккерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрамы қатысты. Шара барысында ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов ардагерлер ұйымдарының төрағалары Ескендір Елеусізов, Қайырлы Едіресов, Сара Тасеменованы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықпен марапаттады. Сондай-ақ, ішкі істер органдарының ардагерлері ІІД бастығының медальдарымен және грамоталарымен мар а п а т т а л ды . « Қ ұ р м е т т і а р д а г е р -

лер, Сіздер күш-қайраттарыңызды, денсаулықтарыңызды аямай Отан үшін қызмет атқардыңыздар. Атқарған еңбектеріңіз жастарға үлгі. Әрдайым осылай аман-сау қалыптарыңызда жүргендеріңіз біз үшін үлкен қуаныш», – деді облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев қонақтарды құттықтау сөзінде. Сахнаға жас полиция қызметкерлері

де көтерілді. Зейнеткерлер еңбек жолдарын ішкі істер органдарында жаңа ғана бастап жатқан жас қызметкерлерге алғашқы офицерлік шендердің берілуіне куә болды. Өзінің алғашқы «полиция лейтенанты» шенін Ғ.Мүсірепов аудандық ІІБ Рузаевка селосындағы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Бекжан Бауыржанұлы алды. «Полиция қатарында қызмет атқару – мен үшін үлкен абырой. Бүгін ІІД бастығының қолынан алғашқы офицерлік шенімді алдым. Бұл сәттің құрметті зейнеткерлердің алдында өтуі де қуантты. Олардың үмітін ақтап, адал қызмет атқарамын деп сендіремін», – деді полиция лейтенанты. Осы күні өздерінің алғашқы және кезекті шендерін 20-дан астам офицер алды. Іс-шара Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД шығармашылық ұжымы ә з і р ле г ен м е р е к е л і к к о н ц е р т п ен аяқталды. Сондай-ақ, меймандарға Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдарының құрылу жылдары туралы толыққанды көрсетілген ІІД тарихы мұражайының көшпелі көрмесі де ұсынылды. Облыстың барлық аудандарынан келген 700 зейнеткер үшін бұл күн нағыз мереке болды. Концерттен соң, кешкі мерекелік дастарқанға жиналып, қарттар жастық шақтарын еске алып, шер тарқасты. Динара САҒЫНДЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

АКЦИЯ

Сабырға шақыру – саналы іс Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Мүлдем төзбеушілік» акциясын өткізді. Ұсақ құқық бұзушылықтарды ескерту мақсатында үш күн бойы мақсатты рейдтер өткізіліп, мектеп және колледждердің оқушыларын ақпараттандыру бойынша шаралар қолға алынды. Үш күндік акция аясында бірінші кезекте жасөспірімдер мен жастар арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Жергілікті полицейлер облыс орталығының мектептерінде бірқатар дәрістер оқыды. Ал Петропавл қалалық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Анатолий Мырзаханов темір жол колледжінің оқушыларымен кездесті. Барлық дәрістер мен кездесулердің мәні – өскелең ұрпақты қоғамдық тәртіптің бұзылуына бейжай қарамауға тәрбиелеп, құқық бұзушылықтар жасау үшін қарастырылатын жауапкершілік туралы айту, олардың қызықтырған сұрақтарына жауап беру. «Колледж оқушыларымен болған кездесуге есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің, ювеналдық полиция, экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері шақырылды. Оқушыларға «мүлдем төзбеушілік» қағидатына байланысты бейнематериалдар көрсетілді. Сондай-ақ, Әкімшілік Кодекстің баптары көрсетілген бүктемелер таратылды», – деп атап кетті Петропавл қалалық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Анатолий Мырзаханов. Сондай-ақ, акция барысында профилактикалық мақсатта саябақтарда, демалыс орындары мен басқа да қоғамдық орындарда жергілікті полицейлер рейдтік ісшаралар өткізді. Тұрғындарға ұсақ құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын жауапкершілік туралы жіті түсіндірілді. Облыстық ІІД-нің Жергілікті полиция қызметінің ақпаратына қарағанда, қоғамда «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бойынша іс-шараларды өткізу жұмыстары алдағы уақытта жиілемек. Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде облыс аумағында 107 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың жартысынан астамы облыс орталығында жасалған.


4 Өрт пен судан тайсалмас ерлер КƏСІБИ МЕРЕКЕ

№78 (4244), бейсенбі, 20.10.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

19 ҚАЗАН – ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ!

Сіздерге барлық зор құрмет!

Құтқарушылар күнінің тарихына көз тастасақ, Ел Президенті Нұрсұлтан Н а з а р б а е в т ы ң 1 9 9 5 ж ы л ды ң 1 9 қазанындағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылған күні құтқарушылардың кәсіби мерекесіне айналды. Осымен 21 жыл қатарынан тойланып жатқан құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай өткізілген салтанатты шарада Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин полиция генералполковнигі Қалмұханбет Қасымовтың құтқарушыларға жолдаған құттықтау сөзін оқып, министрдің бұйрығына сәйкес Азаматтық қорғаныс о р г а н д а р ы н ы ң а р д а г е р ле р і м ен қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табыстады. «Азаматтық қорғаныс органдарының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Құтқарушылар күнімен

құттықтаймын. Қауіпті әрі қауырт қ ы з м е т т і ң б а с ы - қ а с ы н д а ж ү р г ен құтқарушылар мәртебелі мамандық иелері саналады. Адам өміріне араша түсетін құтқарушылардың бойында қайсарлық пен қажырлық, табандылық пен ширақтық қасиеттерімен қатар, қысылтаяң кезде тез шешім қабылдап, шапшаң әрекет ету қабілеттері болуы тиіс. Осы жылы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойланып отыр, бұл әрбір қазақстандық үшін маңызды дата. Бодандықтан босап, тәуелсіздігімізді алған жылдар ішінде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келді. Түрлі қиын жағдайға қарамастан құтқарушылар мен өрт сөндірушілер адам өміріне араша болып, дүние-мүліктің сақтығы үшін арпалысқа түседі. Олар әрдайым көмекке келуге, жүктелген міндетті мінсіз атқаруға дайын тұрады. Бүгінде Азаматтық қорғаныс органдарында

19 қазан – Құтқарушылардың кәсіби мерекесі. Кеше Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті мен оның барлық аумақтық бөлімшелерінде құтқарушылардың кәсіби мерекесі аталып өтілді. Осы күні Астана қаласының «Конгресс-Холл» концерт залында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты мерекелік шара өткізілді. табиғи және техногендік қауіпке кәсіби тұрғыда ден қоятын өз ісінің кәсіби мамандары қызмет етуде. Әсіресе, Азаматтық қорғаныс органдары ардагерлерінің бұл қызметтің өркендеуіне қосқан үлесі өлшеусіз. Сіздерге саланың жандануы мен жас ұрпақты ұлттық патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз», – деп Юрий Викторович министрдің құттықтауын оқып берді. Құттықтау сөзден соң, Құтқарушылар күнін атап өтуге байланысты Азаматтық қорғаныс қызметін жандандыруға қосқан үлесі мен қызметтік міндетті үлгілі орындаған қызметкерлерді министрдің орынбасары ведомстволық наградалармен марапаттады.

бөлімінің азаматтық қорғау старшинасы Алдияр Аманжолов, Медициналық апат орталығының жедел ден қою бөлімінің дәрігері Жанни Мансурбаева, II дәрежелі « қ ұ т қ а р у ш ы » т ө с б е л г і с і м ен «Орталық» өңірлік аэромобильді құтқару жасағының бас маман ы Н ұ р л а н Б е к ен о в н а г р а д т а л д ы . А л І І М - н і ң г р а м о т а с ы м ен Т ө т ен ш е ж а ғ д а й л а р к о м и т е т і н і ң Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Марат Досымбеков марапатталды. Ішкі істер министрінің бұйрығымен кәсіби мерекеге орай азаматтық қорғау органының барлығы 675 қызметкері марапатталды.

« І І М Т ө т ен ш е ж а ғ д а й л а р комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен Астана қаласының №6 М а м а н д а н ды р ы л ғ а н ө р т с ө н д і р у

Бұдан әрі құтқарушыларды к ә с і б и м е р е к е ле р і м ен І ш к і і с т е р министрлігінің республикалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары, отставкадағы милиция полковнигі Берік Сүлейменов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин құттықтап, қауырт мамандық иелеріне қызметте табыс тіледі. « І І М ж ү й е с і не ж ә не ө з г е д е құрылымдық бөлімдерінде бүгінде кезінде азаматтық қорғаныс қызметінде істеген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қызмет етіп келеді. Құтқарушылар сапында қызмет еткендер от пен судың ортасында жүріп шыңдалған мамандар», – деп Берік Сүлейменов құтқарушыларға дем берді. Мәртебені арттырған марапаттар мен жүрекжарды тілектер жауған мерекелік кеш одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты. Құтқарушылар құрметіне орай өткізілген салтанатты марапаттау мен мерекелік концертті

СЕЙСМОЖАТТЫҒУ

Дайындығын шыңдаған, қиындықта қыңбайды

Жамбыл облысы Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аумақтық ішкі жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, басқару органдарының, күштер мен құралдардың дайындығын тексеру мақсатында 13-14 қазан күні облыс әкімінің бірінші орынбасарының жалпы басшылығымен Тараз қаласында командалықштабтық оқу-жаттығу және «Жамбыл облысы аумағында жойқын жер сілкінісі пайда болған жағдайда басқару органдары, апаттық құтқару қызметтері (АҚҚ) күштерінің әрекеттері» тақырыбында жалпы облыстық сейсможаттығу өткізілді. Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде жер сілкінісі пайда болу қаупі т у ы н д а ғ а н к е з д е г і і с - ш а р а л а р ды ұйымдастыру. Екінші кезеңде Жамбыл

о б л ы с ы а у м а ғ ы н д а ж ой қ ы н ж е р сілкінісі зардаптарын жою кезінде басқару органдары мен АҚҚ күштерінің іс-әрекеттері пысықталады.

Облыс аумағында, білім, денсаулық сақтау объектілерінде, басқару органдарының әкімшілік ғимараттарында және адамдар көп жиналатын орындарда сейсможаттығу өткізілді. Ал «Баршаның назарына» дабылы барлық орталықтандырылған құлақтандыру электрсиренасы арқылы жіберілді. Оқу-жаттығу барысында 13 қазанда төтенше жағдайлар салдарын жою мен кейінге қалдырылмайтын жұмыстарды жүргізу барысындағы басқару органдарының, апаттық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғаныс құрылымдарының тәжірибе жүзіндегі іс-әрекеттерін жетілдіру мәселелері қарастырылды. Тараз қаласында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі тәжірибелік іс-шараларға шұғыл ә р е к е т е т у ж а с а ғ ы , « Ө С ж ә не АҚЖҚ» ММ, «АҚЖ» ММ, «АМО» ММФ, жылжымалы тамақтандыру пункті, мамандандырылған медициналық арнайы көмек тобы, жылжымалы киім-кешекпен жабдықтау пункті, радиациялықхимиялық барлау қызметі зертханасы, алғашқы дәрігерлік көмек тобы, жергілікті полиция қызметі тартылды. Оқу-жаттығуды қорытындылау барысында шұғыл топ басшылары 2 күн аралығында басшы құрам және күштері атқарған жұмыстарға баға берді. Сәуле МҰҢАТАЕВА, Жамбыл облысы

Азаматтық қорғаныс органдарының ардақты ардагерлері, құтқарушылардың отбасылары, туған-туысқандары, сондай-ақ, қаламыздағы бірқатар мектептің оқушылары келіп тамашалады. Сондай-ақ, мерекелік шара аясында «Конгресс-Холл» ғимаратының алдында қазіргі заманауи құтқару техникалары мен жабдықтарының көрмесі өткізілді. Көрмеден Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыс қызметінің, жедел құтқару жасағы мен Апаттардың медициналық орталығының көліктерін көре алдық. Бүгінгі таңда азаматтық қорғау қызметінің 32 мыңнан астам жеке құрамы қазіргі заманауи техникалар мен жабдықтардың көмегімен табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерге қарсы тұрып келеді. Құтқару күштерінің негізін өрт сөндіру мен апаттық құтқарудың 16 қызметі, 10 жедел-құтқару жасағы, 5 өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы, республикалық жедел-құтқару жасағы, апаттардың медициналық орталығы және 40 трассалық медициналық-құтқару пункті, Көкшетау техникалық институты, «Қазселденқорғау», «Қазавиақұтқару», «Өрт сөндіруші» және «Апаттардың медициналық темір жол госпиталдері» акционерлік қоғамдары құрайды.

Осы орайда айта кету керек, м е д и ц и н а л ы қ п ой ы з д а р қ ы з м е т і халық арасында үлкен сұранысқа ие, бұл осы жобаның өзектілігі мен жоғары әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді. Жалпы жыл басынан бері 9 айдың ішінде өрт сөндіру, ж е д е л қ ұ т қ а р у қ ы з м е т т е р і ж ә не басқа да ТЖ бөлімшелері төтенше жағдайларды жою үшін 49 мыңнан астам шақыртуға шықты, оның ішінде 6,5 мың адам құтқарылды. Төтенше жағдайлар аймағынан барлығы 40 мыңға жуық адам эвакуацияланды, сондай-ақ, зардап шеккен 5 мыңға жуық адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Осы күні алыс және жақын шетелдермен ТЖ саласында ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер жасалды. Бүгінде құтқарушылар өрт-құтқару спорты бойынша халықаралық чемпионаттарда жүлделі орындардан көрініп келеді. Жадыра АЙБЕКҚЫЗЫ, суреттер автордікі

МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Құтқарушыларға көлік кілтін табыстады

Солтүстік Қазақстан облысында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара өтті.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Павел Филлиповке өңір басшысы УАЗ көлігінің кілтін табыс етті. ТЖ қызметінің жеті қызметкері кәсібилігі мен адал еңбегі үшін облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың табысы – бұл жыл сайынғы Солтүстік Қазақстан облысының құтқарылған тұрғындары. Сіздер күндіз-түні тыным таппай, ауыр да қауіпті және азаматтарымыз үшін аса қажетті қызметті атқарып жүрсіздер», – деді Ерік Сұлтанов. Кеше ТЖД қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табыс етіліп, кезекті атақтар берілді. Өрт сөндіру саласының 34 қызметкері Отанына адал қызмет етуге ант берді. Осы сәттен бастап олар толыққанды өрт сөндіруші-құтқарушылар деп саналады. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі


ӨЗЕКТІ №78 (4244), № бейсенбі, 20.10.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

Саусақтың ізі шатыстырмайды Жеке басты куәландыратын құжатқа адамды сәйкестендірудің заманауи технологиясын енгізу уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бүгінде жеке басыңды растау үшін куәліктегі бір ғана сурет аздық етеді. Заман дамыған сайын, әккі алаяқтар, қаскөй қылмыскерлер өзгенің құжатын өз мақсатына пайдаланып, тіпті болмаса жалған құжат жасап, арамза пиғылдарын жүзеге асырып жүрген жоқ па?! Куәлік дегеннен шығады, осы орайда өткенде ғана басымнан өткен бір жағдайды баяндап кетсем. Қызық қылғанда, бірде кітапханадан жеке куәлігім арқылы оқуға кітап ала алмай қиналғаным бар еді. Неге дейсіздер ғой?! Айтайын. Ол жердегілер куәліктегі суретіме қарап тұрып, куәліктің менікі екеніне күмәнданбасы бар ма. Қас қылғанда, жеке басымды растайтын қолымда бұдан өзге құжат та жоқ-тын. Кітапханашы бетіме бажырая бір қарап, құжаттағы суретке қайта үніледі. Осылай, құжаттың өзімдікі екенін дәлелдеуге екі сағат у а қ ы т ы м ды ж о ғ а л т т ы м . К і т а п т ы үйге емес, кітапхананың оқу залында отырып оқуға беру үшін осыншама тергегендері төбе шашымды тік тұрғызды. Ел қатарлы оқу залында кітап оқу құқығымды шектеген кітапханашы мұнысын өзгенің құжатымен оқу залында кітап оқуға алатын алаяқтардың ісімен түсіндірді. Көзімді жеткізу үшін, бір бума куәлікті алдыма әкеп тастай салды. Бұл куәлік иелері сол күйі құжаттарына қайта айналып келмеген екен. Кітапханаға келушілер өзінің жеке куәліктерін осылай кітапқа айырбастап кете барады дегенге тағы сену қиын. Сонда, алаяқтардың да аяғы кітапханаға жеткені ме?! Бұл оқиғаны неге айтып отырсыз дейсіз ғой, куәлікке бармақ мөрі енгізілген жағдайда өмірде куәліктегі суретіне ұқсамайтын адамдар осылай әуреге түспес еді деген ой. Оның үстіне бұл саусақ мөрінің е л і м і з д е г і қ ы л м ы с п ен з о р л ы қ зомбылықтың жолын кесуде, жыл сайын із-түзсіз жоғалғандар мен анықталмаған адамдардың жеке басын анықтауда көмегі көп екен. Бұл туралы ІІМ Көші-қон полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Серік Сайынов Орталық коммуникациялар қызметінде «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасы бойынша өткен брифинг бар ы с ы н д а б а я н д а ды . « Б и о м е т р л і к мәліметтердің із-түзсіз жоғалғандар мен анықталмаған мәйіттерді анықтау кезінде көп көмегі тиеді. Мәселен, жыл сайын 300 мыңға жуық із-түзсіз

Жеке куәлік – жан баласының жеке басын растайтын құжат. Бұрын-соңды, жеке куәлікті жоғалтып алған жағдайда оны қайта қалпына келтіру мұң еді, ал бүгінде құжатты бірер күннің ішінде жасатып алу еш қиындық туғызбайды. Алайда, біздің айтпағымыз бұл емес. Жеке куәлікке қатысты тағы бір жаңашылдық: бұрындары куәлік алар кезде тек қана суретке түсу қажет болса, болашақта куәлікке адамның тұр-тұлғасын растайтын суретпен қатар саусақ іздері де енгізілуі бек мүмкін. Қоғам тарапынан қолдау тауып жатса, бұл 2021 жылы «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасымен жүзеге асырылатын болады.

жоғалғандар мен анықталмаған мәйіттер тіркеледі. Бүгінде олардың жеке басын анықтау деңгейі өте төмен. Ізімғайым жоғалғандар мен түрлі табиғи апаттардың зардабын тартқан адамдарды түр-тұлғасы арқылы анықтау мүмкін болмаған жағдайда саусақ іздері айтарлықтай бұл істі жеңілдетеді», – деді өз сөзінде департамент бастығы. Бұдан бөлек, жеке куәліктегі электронды чипке саусақ іздерін енгізу – адамды жүз пайыз сәйкестендірумен қатар, шекараралық тексеруден өтуді жеңілдетеді деп отыр. Яғни, Еуроодаққа мүше мемлекеттерде биометрлік паспорттары бар азаматтарды шекарадан өту кезінде шекара қызметкерлері тексермейді. Бұл біріншіден, жалған құжатты қолдан жасаудың жолын кесіп, өзгенің құжатын өз мақсатында пайдаланатындардың мәселесін шешеді, себебі, бір адамның саусақ іздері келесі біреудікімен сәйкес келмейді екен. Сондай-ақ, бұл жүйенің бір артықшылығы, адамның жеке куәлігі қолында болмаса да саусақтың ізімен банктердің, сондай-ақ, меморгандардың қызметін алуға болады. Алайда, бұл қылмыскерлерге өзге адамдардың саусақ іздерін пайдалану не болмаса жалған саусақ іздерін жасап шығару арқылы несие алу сияқты қылмысқа баруға жол ашады деген сөз емес. «Себебі, әрбір адамның саусақ іздері өзгеше болып келеді. Оның 6-дан 200ге дейін өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан оны банк операцияларын жасау үшін пайдалану мүмкін емес. Тіпті осы уақытқа дейін дактилоскоптық мәліметтерді пайдаланып, қылмыс жасады дегенді естіген емеспін. Ал саусақ іздерін сканерлеу кезінде электронды кодпен ілесіп жүретін кескіндеме сызық пайда болады, олар осы куәліктің артқы

жағындағы электронды чипке енгізіледі. Ал саусақ іздерінің электронды нұсқасы бізде сақталады», – деп кесіп айтты С.Сайынов. Оның айтуынша, заң жобасында дактилоскопияға ілігетін адамдар тобы нақты белгіленген. Олар: 16 жастан асқан барлық қазақстандық азаматтар, сонымен қатар 12-ден 16 жасқа дейінгі балалар (өздерінің келісімімен дактолоскопиядан өте алады), сондай-ақ, елімізде тұрғылықты тұрып келе жатқан шетел азаматтары мен мемлекетімізге келуге виза алатын шетелдіктер. Жалпы, жеке куәлікке дактилоскопиялық мәліметтер енгізу жұмысын кезең-кезеңмен жүргізу жоспарланып отыр. Ал 2021 жылдан бастап барлық куәліктердің чиптарына дактилоскопиялық мәліметтер енгізіледі, дегенмен осы уақытқа дейін жеке куәлік алған азаматтарға құжат мерзімі аяқталғанша жүре тұруға болады. «Алдағы уақытта құжатты рәсімдеу кезінде ұзын-сонар кезек болмас үшін ХҚКО-да азаматтарды қабылдау пункттерін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Дактилоскопиялық мәліметтерді енгізуі үшін адамдар бар болғаны бұрынғы процедуралармен бірге сенсорлық құрылғыларға с а ус а ғ ы н б а с ы п , б а р м а қ м ө р і н қалдырады», – деді журналистердің сұрақтарына жауап берген департамент басшысы. Оның сөзіне қарағанда, дактилоскопиялық және геномдық тіркеу шараларына ел бюджетінен 24 млрд теңге бөлінбекші екен. Басқасы емес, дактилоскопияландырудың дәл осы түріне таңдауымыздың түскені – қаражат үнемдеумен байланысты болып отыр. Жалпы дактилоскопияландырудың бұдан өзге де – дауыс тембрі, көз қабықшасын алу сияқты түрлі тәсілдері бар, бірақ бұл

БРИФИНГ

қымбатқа түскенімен қоймай, қолданысқа енгізуде біздің еліміз үшін айтарлықтай қиындықтар тудырады деседі. Жеке басты растайтын құжатқа б и о м е т р л і к м ә л і м е т т е р д і ен г і з у т ә ж і р и б е с і ә ле м н і ң б і р қ а т а р мемлекеттерінде бар. Жеке куәлікке саусақ іздерін енгізу тәжірибесін 2001 жылы террорлық актіден кейін АҚШ бастап көтерген болатын. 2004

5

жылдан бастап АҚШ құжат иесінің куәлігінде биометрлік мәліметі енгізілген компьютерлік чиптарды бере бастады. Ал Еуроодаққа мүше мемлекеттердің арасында бірінші болып Германия 2007 жылы электрондық суреттен бөлек, саусақ іздері енгізілген құжат беруді қолға алды. Ал Түркияда бұл жүйені енгізу кезең-кезеңмен жүргізіліп келеді, алайда бүгінде 20 млн-ға жуық адам дактилоскпиядан өткен. Қытайда дактилоскопияландыру үрдісі 2011 жылы басталды. Ал ТМД елдерінің ішінен Ресей 1998 жылы дактилоскопиялық тіркеу туралы, ал 2008 жылы мемлекеттік геномдық тіркеу туралы заң қабылдады. Одан өзге мұндай заң Беларусь, Тәжікстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Молдова мемлекеттерінде қолданыста бар. Бұл жүйені қолданысқа енгізуде көптеген елдерден көшіміз кейін қалып отыр. Десе де бұл тәжірибені енгізуге естеріңізде болса Қазақстан осыған дейін де бел шеше кіріскен болатын. Дегенмен, дағдарыс салдарынан бұл жүйені кейінге шегеріп келген екенбіз. Ал сіздің ойыңызша 2021 жылы осы жүйені қолданысқа енгізуге еліміз тастүйін дайын ба? Бұл жүйеге деген сіздің көзқарасыңыз қандай? Жадыра МЫРЗАХМЕТ

Ғабит НҰРХАНҰЛЫ, дәрігер: – Жеке куәліктерге сақсақ таңбасын енгізу көптеген күрмеуі күрделі мәселелерді шешуге жол ашады деп сенемін. Меніңше, экстремистік құрылымдар мен террористік ұйымдардың бейбіт азаматтарға қарсы жасаған қылмыстық әрекеттерді әшкерелеуде де саусақ іздерінің айтарлықтай көмегі тиеді. Себебі, қандай да бір қитұрқы әрекеттерге барып, қылмыс жасаған адамдарды бармақ мөрі арқылы дереу табуға болатындай. Сондай-ақ, құжатқа саусақ іздері енгізілген жағдайда біреудің қолынан қаза тапқан адамдардың мүрдесі біреу келіп танығанша айлап-жылдап мәйітхана шіріп жатпай, оның тез арада тұлғасын анықтау мүмкіндігі туатын еді. Әрине, бұл біздің ойлап тапқан дүниеміз емес қой, әлемнің көптеген елдері бұл жүйені баяғыдан-ақ қолданып келеді. АҚШ сияқты алып мемлекеттерде виза алу кезінде елге кірген адамдардың барлығынан саусақ таңбалары алынады екен. Жарқын ӨМІРЗАҚОВ, музыкант: – «Жақсылықтың ерте кеші жоқ» демекші, бұл жүйенің енгізілуін өз басым құптайтындардың бірімін. Өйткені, бүгінде алаяқтар адам сенгісіз түрлі айлаәрекеттерге баратынын көріп жүрміз. Шыны керек, бүгінде жеке куәлігімізді жоғалтып алсақ тауып алған адам несие алып қоймады ма, менің атымды жамылып жүрген жоқ па деп уайымға салынамыз. Менің ойымша, бұл жүйе адамның жеке басына берілген құжатты бөгде адамның емін-еркін пайдалануына тосқауыл болар еді. Ульяна ФЕДОРОВА, студент: – «Таяқтың екі ұшы бар» демекші, құжатқа дактилоскопиялық мәліметтерді міндеттеп енгізу, меніңше жеке адамның басына қолсұғушылық саналады. Бәлкім, мен саусақ іздерімнің жария болғанын қаламайтын шығармын. Бір ғана саусақ іздері арқылы банктің қызметіне жүгінуге болатыны да меніңше тым қауіпті. Олай дейтінім, адамнан қашан айла артылған еді, еш қиналмастан жалған құжат жасап алатындар өзгенің саусақ іздерін айнытпай келтіріп салып жатса да таңғалуға болмайды. Бірақ, сорақының көкесі сонда болады.

ӘКІМШІЛІК ШАРА

Тергеу әділ жүргізілуде

Айып тұрағына 22 көлік қойылды

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов пен Солтүстік Қазақстан облысы прокуроры 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Степан Зайтлердің қатысуымен өткен брифингте құзыретті тұлғалар БАҚ өкілдеріне белгілі баскетболшы Игорь Нанаевтың өліміне байланысты тергеу жұмыстарының барысы туралы хабарлады.

Жыл басынан бері Петропавл қаласының жолдарында 19 мыңнан астам бұзушылық тіркелген. Олардың басым бөлігі көлік тізгінінде келе жатып ұялы телефонмен сөйлесіп, қауіпсіздік белдігін тақпаған.

Алғаш сөз алған ІІД бастығы Берік Біләловтің айтуынша, 3 қазан күні 3 сағат 49 минутта Петропавл қалалық ІІБ-ға жедел жәрдем орталығынан «Парк Сити» ойын-сауық кешенінде болған оқиғаға байланысты жолға шығып бара жатқаны туралы хабар түскен. Мұндағы заңға қайшы әрекеттердің бәрі сотқа дейінгі тергеудің біріккен тізіліміне енгізіліп, ол бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны тергеу облыстық ІІД Тергеу басқармасының тәжірибелі тергеушілеріне тапсырылған. – Сотқа дейінгі тергеу барысында 21 жастағы облыс орталығының тұрғыны күдікті ретінде анықталып, ол Петропавл қалалық ІІД уақытша қамау изоляторына тоғытылды. «ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес қозғалған қылмыстық іс шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалып, 80-нен астам адамнан жауап алынып, ойын-сауық орнының бақылау камерасына жазылған бейнематериалдар зерттелуде, – деді Берік Біләлов. А л ғ а ш қ ы п р оц е с су а л ды қ і с - ш а р а қорытындысында 3 қазан күні «Парк Сити» кешенінде күдікті мен И.Нанаев арасында төбелес болған. Одан арғы тергеу-тексеру барысында жаңа мәліметтер ашылды. Сөйтіп, осы

қылмысты жасаған деген күдікпен 1994, 1995, 1996 жылы туған үш адам ұсталып, қамауға алынған. – Т е р г еу д і ң а л ғ а ш қ ы к ү н і нен б а с т а п болған оқиға туралы шынайы көріністі, оған кімдердің қатысы барлығын анықтайтын шаралар қабылданып, іске асырылуда, –деп атап көрсетті департамент басшысы. Оның сөзіне қарағанда, тағайындалған қажетті сараптамалар қорытындысы тергеу материалдарын толық зерттеп шыққаннан со ң ғ а н а со ң ғ ы п р оц е с су а л ды қ ш е ш і м қабылданады. «Жапа шегушінің туыстары мен туғандары процессуалдық заңнамада қарастырылған тәртіп шеңберінде қылмыстық іс материалдарымен танысуға мүмкіндік алады», – деген Берік Біләлов: «Тергеу барысы туралы жұртшылыққа хабарланып отыр. Қылмыстық істі тергеу барысы, қабылданған шешімдердің негізділігі мен заңдылығы облыс пен қала прокуратурасының бақылауында», – деп нақтылады. Одан соң сөз алған Степан Зайтлер бүгінгі күнге ішкі істер органдарының тергеу барысы туралы жан-жақты толық ақпарат беріп отырғанын тілге тиек етті. – Прокуратура органдары қылмыстық іс процесіне қатысушылардың барлығының құқықтарының сақталуын қадағалайды. Облыс прокуроры, санаулы күндерде б ар л ы қ мат ер и ал д ар ды б аз ағ а т о п т аст ы р а а л м а й т ы н ды қ т а н, о н ы ң қ а р а м а қайшылықты жерлерін зерделеп бекіту керектігін, ал ішкі істер органдары тергеуді бұрмаламай, әділ жүргізіп отырғандығын атап өтті. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Заң бұзушылыққа көбінесе жол-көлік оқиғалары себепші болып келеді. Талдау жұмыстары көрсеткендей, заң бұзған жүргізушілер айыппұлдарын төлеуге асықпайтын секілді. «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ құқық бұзушылықтар жасағаны үшін салынған айыппұлдарын төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтау мақсатында әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұндағы басты мақсат – жазадан құтылмау қағидатын жүзеге асыру», – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Қазбеков.

Бұдан бөлек, айыппұлдарын төлемегендердің к ө л і к т е р і а р н а й ы а й ы п т ұ р а ғ ы н а қ ой ы л а ды . Айыппұлдарын төлемегені үшін жыл басынан бері 22 жүргізуші темір тұлпарларымен борыштарын толығымен төлегенге дейін белгілі бір уақытқа қош айтысқан. Борышкерлерді анықтауда «Жол приставы» жүйесі үлкен көмек көрсетуде. Жыл басынан бері оның көмегімен өндірілген әкімшілік айыппұлдардың көлемі 65 миллион теңгеден асып жығылады. Айып тұрағына қойылған көліктердің қатарында «Мерседес» маркалы көлігі де бар. Оның жүргізушісіне қатысты 2 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Жылдамдықты асырғаны үшін оны көшелерде орнатылған арнайы бақылау-өлшеу құрылғылары тіркеген. Оның қарызы 40 мың теңгеден асып отыр. Айыппұлдарын төлеген соң көлік жүргізушіге қайтарылды. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі


6

АРДАГЕР №78 (4244), бейсенбі, 20.10.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

Қарттарым аман-сау жүрші!

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық Ішкі істер басқармасындағы жас қызметкерлердің бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, дәстүр бойынша тәрбиелеу үрдісінен шет қалған емес. Үлкенді сыйлау, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, бойларына патриоттық тәрбиені сіңіру мақсатында кадр жұмысы бөлімі мен ардагерлер кеңесі бірлесіп, бірқатар істер атқаруда. Басқарма басшылығы «Қарттарым – асыл қазынам» деген ұранмен, жақында саналы ғұмырын ішкі істер органына арнаған, балалықтарын бейнетпен алмастырған, майданда оқ пен оттан аман келіп, бұл күнде жас әріптестері мен немерешөберелеріне білгендерін үйретіп отырған қарт майдангерлердің үйілеріне бас сұқты. Жай барған жоқ. Қатарда жүріп көрсеткен ерен еңбектері мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлестері үшін алғыс айтуға, құрмет белгісі ретінде ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсыруға барды. Сондай-ақ, дастарқан басында хал-жағдайларын сұрап, өткен өмірлеріндегі қызықты оқиғаларды әңгімелеп шүйіркелесті. Игі істі Михайл

Георгиевич Лебенцовқа сәлем беруден бастаған топ сексеннің сеңгіріне шыққан қарияның қуатын көріп қуанып қалды. Қарттың қимылы ширақ, сөзі сергек көрінеді. Есікті өзі ашып, төрін ұсынып жатыр. –1936 жылы қазанда дүниеге келдім, – деп сөзін бастаған Михайл Георгиевич әңгімесін қызмет жолы туралы сабақтай түсті. – Орал қалалық Ішкі істер бөлімінде қылмыстық іздестіру саласында, қылмыстық атқару жүйесі инспекциясында қызмет етіп, 1991 жылы медициналық айықтырғыштың бастығы қызметінен милиция майоры шенімен зейнеткерлікке шықтым. Қарттарын қазына деп білетін ардагерлер кеңесі бізді ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Кеңес төрағасы, милиция подполковнигі Мұрат Кулов жүрекжарды тілегін білдіріп, қарт милиционерге ақшалай сыйлық тапсырды. Одан кейінгі кезек Исламғали Шамғонов қарияға келді. 1926 жылы Батыс Қазақстан облысына қарасты Тайпақ ауданының Өлеңті ауылында дүниеге келген Исламғали аға соғыс жылдарында темір жол саласында еңбек етіп, ерен еңбегі үшін «Еңбек үздігі», «Үздік теміржолшы» атағына ие болған. 1958 жылы Орал қаласына оралған ол 3 айлық тексеруден өтіп, милиционер қызметіне қабылданған. «Ет комбинаты» ауданы, Желаев ауылдарында учаскелік инспектор болып, халық алдында қалтқысыз еңбек етті. Орал облыстық атқару комитеті атынан, ІІБ атынан 8 рет алынған алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары, І, ІІ,ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі, «Милиция үздігі» белгісі, «Құрмет белгісі» ордені және «КСРО ІІМ-нің үздік учаскелік инспекторы» атағы соның дәлеліндей. Биыл 26 жыл ішкі істер органдарында қызмет еткен ақсақал тоқсанның төріне шығып отыр. Исламғали қарияны құттықтай барған қауым бұл кісіге де ақшалай сыйлық тапсырды. Ел мүддесін биік қоятын, өзінен кейінгі ұрпаққа ізетін аямайтын қауым жұртты соңына ерте білген қарттардың орны ерекше. Сондай жанның бірі – Ислям Аймичев аға. 1940 жылы дүниеге келген ол Орал қалалық Ішкі істер бөлімінде кезекші инспектор, кәмелетке толмағандар жөніндегі аға инспектор қызметтерін мінсіз атқарып, милиция майоры шенімен зейнеткерлікке шыққан. Елге сыйлы қартқа Мұрат Кулов пен Орал қалалық ІІБ кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Орахаев сәлем беріп, естелікке сыйлықтар және ақшалай сыйақы тапсырды. Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қаласы

Алғысқа бөленген азамат Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Марат Теміржанұлы Нұртазинді еңбек демалысына шығарып салу салтанаты өтті.

Ақмола облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары Марат Теміржанұлы өмірде табысқа өз күш-қайратымен жеткен адамдардың санатына жатады. Ол өмір жолында кәсіби біліктілік, ерік-жігер, таудай талап болғанда ғана нәтижеге қол жеткізуге болатынын ұққан жан. Принциптілігі оны танымал етті. Мәселені үлкен-кіші деп бөлмеді. Бәріне де принципті тұрғыдан қарады. Білікті басшы болды. Жұмысты шебер ұйымдастырды. Әріптестері оны керемет адамгершілік қасиеттің иесі екенін бірауыздан

а й т а ды . А й н а л а с ы н а с ө з і м ен і с і бір жерден шығатын азаматтарды топтастыруға үлкен мән берді. Олар Марат Теміржанұлының өзінің кең п ей і л д і г і м ен қ а й ы р ы м ды л ы ғ ы н айрықша атайды. Өрт сөндіру ісіне 15 жылдан астам уақытын арнаған ол өрт сөндіру бөлімінің инспекторынан мемлекеттік мекеме бастығының орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған ол үлкен сауаттылығын таныта білді, өз ісінің шебері атанды. Полковниктің білімі мен іскерлігі көптеген алғыс хаттармен,

мадақ қағаздары, грамоталармен аталып өтілген болатын. «101» қызметінде 15 жылдан астам жұмыс істеген Марат Нұртазин талай оқиғаны басынан өткерді. Көптеген адамды ажал аузынан арашалап алды. Сол еңбектері еш кеткен жоқ. Халық алғысын арқалады. Ал мемлекет тарапынан өртке қарсы қызметті дамыту және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қомақты үлес қосқаны үшін Марат Теміржанұлы «Өртке қарсы органдарындағы мінсіз қызметі үшін» I, II дәрежелі медалімен, «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», III дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер», «ҚР ТЖМ КТИ 15 жыл» төсбелгілерімен, «1-сыныпты маман-тәлімгер» белгісімен марапатталған. Осы айтулы күн мерейтой иесін Ақмола облысы ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау п о д п о л к о в н и г і А ле к с ей С о в е т о в , өрт сөндіру қызметінің бірінші басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Тасов, Көкшетау қаласы ТЖ басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Михаил Орешкин және басқа әріптестері құттықтап, ақ тілектерін арнады. Бұл жалпы барлық әріптестерінің тілектерімен үндес еді. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

е-mail: nastraje@mail.ru

Еліне сіңіп еңбегі Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінде жоспардан тыс жиын өтті. Ол осы мекемеде ұзақ жылдар қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан әділет капитаны Берік Сағызбайұлы Бекеновтың және әділет прапорщигі Алмагүл Ғазизқызы Хасанованың құрметіне арналған болатын.

Жиынға УГ-157/1 мекемесінің барлық жеке құрам қызметкерлері жиналды. Салтанатты жиынды ашқан УГ-157/1 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі М.Кұрмашов зейнеткерлерді құттықтап, ұзақ жылдар бойы жас ұрпаққа өнеге болып келген әділет капитаны Б.С.Бекеновке және әділет прапорщигі А.Ғ.Хасановаға шексіз ризашылығын білдірді. Мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Е.Дәулетқалиев жеке құрам қызметкерлеріне зейнеткерлердің өмірбаянын таныстырып өтті. Шара соңында мекеме басшылығы зейнеткерлерге арналған бағалы сыйлықтарын табыс етті. Өз кезегінде зейнеткерлер мекеме басшылығына және жеке құрам қызметкерлеріне шексіз ризашылықтарын білдірді. Н.НЫҒМЕТОВ, Атырау облысы

Құрметті демалыс Өрт сөндіруші мамандығы – әлемдегі ең қиын мамандықтардың бірі болып саналады. Жылжымалы саты бойынша өрмелеуге, газқағарларды қолдануға, қалың түтінде жылжуға, жүгіруге, секіруге, ауырлық көтеруге үйренуге боларау...бірақ... ең қиыны әрбір сәтте басқа біреудің өмірін құтқару үшін өз өмірін тәуекелге бууға әркімнің дәті бара бермейтіні анық. Өрт сөндіруші соған дайын болу керек. Аршалы ауданы №7 ӨСБ-нің бұрынғы бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі С е р г ей В л а д и м и р о в и ч Понасейконың айтуы бойынша кез келген өрт сөндірушіге қажетті ең басты қасиет, ол – психологиялық тұрақтылық пен төзімділік. Жақында Ақмола облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ ұжымы салтанатты түрде әріптестері Көкшетау қаласы 2 ӨСБ бастығы, азаматтық қ о р ғ а у м а йо р ы Ж а н а т Үрістембаевты, Аршалы ауданы 6 ӨСБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сергей Панасейконы еңбек демалысына шығарып салды. « Ө С ж ә не А Қ Ж Қ » М М б а с т ы ғ ы Н ұ р л а н Т а со в оларды салтанатты түрде құттықтай отырып, адал қызметтері үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, мол бақыт азаматтық өмірде табыс пен жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді. Өмірлерінің көп бөлігін қатерге толы өртке қарсы қызметке арнап, әрқайсысы өз орнында ұзақ және әділ басшылық етті. Ұзақ жылдар бірге қызмет еткен әріптестері де олардың шапағатын көрген кейінгі буын өкілдері де ардагерлер туралы жылы лебіздерін арнады. Сергей Владимирович барлық ұжымға алғыс сөзін айтып, әріптестерінің де осындай қуанышты сәтке жетулерін тіледі. Отпен күрес біздің стихия болып қалады, біз өртке шықтық, адамдарды құтқардық, өз борышымызды орындадық. Кімде-кім өрттен қорғауда жұмыс істесе, олардың жүректерінде өмір бойы мейірімді із қалатынын түсінеді. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақсақалдарымызды аялайық, ағайын! Біздің ардагерлеріміз! Олар саусақпен санаулы-ақ! Өкінішке қарай, күннен күнге қатары сиреп барады. Ол өмір заңы да. Ал қазір қатарымызда жүрген «құрыштан құйған құдірет!» қарттарымызға қамқорлық көрсетіп, жайлы өмірмен қамтамасыз ету – біздің қызметтік қана емес, перзенттік те міндетіміз. Осылай деп түсінетін Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшылығы қарттарға ықылас-пейілмен қатар, материалдық көмек те ұсынуда. О л а р д ы ң ұ й ы м д а с т ы р у ы м ен толарсақтан саз кешіп, сұрапыл қанды соғыстан аман-есен елге оралып, халық шаруашылығын түзеуге көп еңбек сіңірген қарияларға көмек шаралары ұйымдастырылды. Сондай кеудесі сыр сандық ата-әжелеріміздің бірі – Игілік Тұрсынғалиұлы Тасымов. Оның зайыбы Рысханым Тасымова әжеге де-

партамент басшылығы сәлем берді. Игі істі арқалай келген қызметкерлерді балаша қуанып қарсы алған әжей, «Сендерді көргенде қайтыс болған аталарың тіріліп келгендей қуандым», – дейді көзіне жас алып. Рысханым әже Игілік атамен 1952 жылдың 16 наурызында шаңырақ көтеріпті. 2 ұл, 4 қызды тәрбиелеп өсіріп, олардан бірнеше неме-

ре, шөбере сүйіп, қызығын көріп отыр. Игілік ата 1924 жылдың 24 қаңтарында Атырау облысының, Қызылқоға ауданы, Тайсойған елді мекені, Қарабау ауылында дүниеге келіпті. Бір әкеден 3 ұл, 2 қыз дүниеге келіп, аналарынан жастай айырылып, жетім өскен. 1942 жылдың тамыз айында соғысқа шақырылған Игілік Тасымов қиян-кескі соғысты бастан кешіріп, Отан үшін от кешіп, аязды күндер мен аптапты ыстыққа қарамастан «Жеңіс» үшін жаумен айқасқан. 1945 жылы Жеңісті Кенисгберг қаласында қарсы алып, одан кейін де қолбасшы Маршал Малиновскийдің басқаруымен шығысқа, Жапон соғысына аттанып-

ты. Әрине, «жүз жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген. Елдің дәм-тұзы бұйырған екен. Содан 7 жыл 8 айдан соң туған елге 1950 жылы 30 сәуірде оралған. Келе халық шаруашылығы жұмыстарына араласты. Еңбек жолын қаладағы өрт сөндіруден бастаған, кейін Ішкі істер басқармасының №9 тергеу изоляторында қызметін жалғастырған. 1975 жылы ақпан айында 35 жыл еңбек өтілімен зейнеткерлікке шыққан. 1 дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені, «Ұлы Отан соғысына қатысушы», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені ү ш і н » , « К ен и с г б е р г т і а л ғ а н ы

үшін», т.б көптеген медальдармен марапатталған. Ішкі істер органында І дәрежелі, ІІ дәрежелі, ІІІ дәрежелі «Мүлтіксіз қызметі үшін» медальдармен марапатталған. Игілік атаның е р л і к т е р і м ен ғ и б р а т т ы с ө з д е р і н Рысханым әже немере-шөберелеріне үнемі айтып отырады, сәлем бере барған інілеріне «аталарыңның көрген бейнетін бермесін, жасаған жасын берсін» деп ақ батасын жаудырды. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керек. Үлкендердің аталы сөзі, өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері, тәлімтағылымдары кейінгі ұрпақ үшін аса маңызы. Сондықтан, қарттарымыздың қадіріне жетіп, құрметтеу қажет. Э.КӨПТІЛЕУОВА, Атырау облысы


СПОРТ №78 (4244), № бейсенбі, 20.10.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ТӘУЕЛСІЗДІККЕ – 25 ЖЫЛ Жаны саудың, дені сау демекші жақында ІІМ-нің Алматы қаласындағы Оқу орталығының тыңдаушылары арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып «Әскери пәндер және денешынықтыру дайындығы» ц и к л ы н ы ң ұ й ы м д а с т ы р у ы м ен шағын футбол, волейбол сайыстары өткізілді. Сайысқа 12 отыздық қатысты. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Осы жарыста өз шеберлігімен №12,5,6,7 отыздық тыңдаушылары суырылып ширек финалға шықты. Жалпы командалық есеп бойынша шағын футбол сайысында №12 отыздықтың тыңдаушылары бі рін ш і орын ды ие ленс е , е к і нш і , үшінші орындарды №5,6 отыздықтың тыңдаушылары өзара бөлісті. Сонымен қатар, спорттық шара Оқу орталығының тыңдаушылары арасында волейбол сайысымен ары қарай жалғасты. Сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды №5 отыздықтың тыңдаушылары иеленсе, екінші орынды №12 отыздықтың тыңдаушылары, ү ш і н ш і о р ы н ғ а № 7 о т ы з ды қ т ы ң тыңдаушылары қол жеткізді. Алдағы уақытта Оқу орталығының

Тыңдаушылар арасындағы сайыс

е-mail: nastraje@mail.ru

7

ШАҒЫН ФУТБОЛ

Жеке құрамы арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті және оған қарасты УГ-157/1,9,10,11 мекемесі қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Атырау қаласындағы «ФОК» спорт кешенінде өткен турнир Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Р.Г.Даулетов алғашқы құттықтау сөзін сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнир өте қызықты және тартысты өтті. Нәтижесінде 1-орынға Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті, 2-орынға департаменттің УГ-157/9 мекемесі, 3-орынға департаменттің УГ-157/1 мекемесі орнықты. Жеңімпаздар кубокпен, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Н.ДАУЛЕТОВ, Атырау облысы

ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ

қызметкерлері және тыңдаушылары қаларалық, республикалық үлкен сайыстарға қатысып жүлделі орындардан көрінетініне сенімдеміз. Ерекше көзге түсіп, жеңімпаз атанған тыңдаушыларды атап айтсақ Ақиқат Қасымов, Досали Махатаев, Дәурен Қуаныш, Абай Тоқтасын, Елдос Шанкенов, Расулжан

Турсунов, Жанғали Жалмаханов, Рустам Муртазин, Нұрдаулет Маханов, Әмірбек Абылай, Аманқос Нұрғалиев медальдармен, мадақтау қағаздармен және т.б. сыйлықтармен марапатталды. Уалихан МЫРЗАБАЙ, ІІМ-нің Алматы қаласындағы Оқу орталығы

Құтқарушылар күні қарсаңында 12 қазан күні «Құтқарушы» спорт кешенінің базасында Құтқарушылар күнін тойлау барысында өрт сөндіру-құтқару спортынан өрт сөндіру бөлімдері арасында гарнизондық жарыс өтті.

САМБО

Академияда өткен ел чемпионаты Жақында Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының спорт кешенінде осымен екінші рет 23 жасқа дейінгі жастар арасында әскери самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде Академияның оқу орны болып құрылғанына 45 жыл толуына орай және қостанайлық жерлесіміз, академик Шаяхметов Шайсұлтан Шаяхметұлын еске алуға арналды. Аталмыш жарыс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт

және денешынықтыру істері комитеті және Қостанай облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы және Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының ұйымдастыруымен биік деңгейде өтті. Биылғы жылы екінші рет жалауын көтерген чемпионатқа еліміздің 9 облысынан келген 11 команда, 130-дан астам спорт майталманы қатысты. Жастары 23-ке дейінгі, бірақ спортта талай жемісті жетістіктерге қол жеткізген спорт шеберлері, спорт шеберлігіне үміткерлер бақтарын сынады. Т а ң е р т ен ж а л а у ы н к ө т е р г ен чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі түстен кейін сағат 16.00-де ресми түрде арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен жалғасын тапты. Қадірменді қонақтардың арасында елімізге белгілі спортшылар, билік өкілдері болды. Ауыз толтырып айтар болсақ, ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының бастығы, полиция полковнигі, профессор Мирлан Қызылов, облыстық маслихат хатшысы Сайлаубек Ищанов, с а м б о күре с інен Қ Р М е м ле к е т т і к жаттықтырушысы, самбо күресінен ҚР спорт шебері, Халықаралық дәрежедегі «Экстра-класс» төрешісі, 2014 жылғы «Құрметті спорт қызметкері» атағының иегері Асылбек Какенов, самбо күресінен КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші, әлем чемпионатының қола жүлдегері, жарыстың бас төрешісі Мейманбек Тулепов, Самбо күресінен Қазақстан федерациясының вицепрезиденті Антар Сабиев, Қостанай қаласы спорт бөлімінің басшысы

Нұржан Ермағамбетов, ҚР Еңбек с і ң і р г ен ж а т т ы қ т ы р у ш ы с ы , ә ле м чемпионатының қола жүлдегері, самбо күресінен КСРО спорт шебері Б ей с ен б а й А у б а к и р о в ж ә не ос ы чемпионаттың бас демеушілері, академик Ш.Шаяхметовтың туысқан інілері Мұхамбетжан Акулов пен Какимбек Сейдалин болды.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінде облысымызға, елімізге белгілі спортшылар және жарыстың демеушілері құттықтау сөз сөйледі. Қонақтардан кейін сөз алған кілем иелері, Академия бастығының кадр және тәрбие жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Ербол Қаппасов құттықтау сөзімен, барлық жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. «Құрметті чемпионатқа қатысушылар, ж а т т ы қ т ы р у ш ы л а р ж ә не с п о р т жанкүйерлері! Сіздерді бүгінгі әскери самбо күресінен ұйымдастырылып отырған Қазақстан чемпионатына қатысуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл чемпионат Қостанай өңірінде бүгінгі таңда екінші рет ұйымдастырылып, көк туын желбіретіп отыр. Аталмыш жарыс өзіміздің жерлесіміз, самбо күресінен Кеңес Одағының спорт шебері, Самбо және

қазақша күрес бойынша республикалық федерацияның президенті болған, белгілі академик Шайсұлтан Шаяхметұлы Шаяхметовті еске алуға арналуда. «Ер есімі, ел есінде» демекші, ерін ардақтаған қазақ елі, осындай өр тұлғалы ұлдарын тағы да еске алып, осы жарысты ұйымдастырып отыр. Аталмыш чемпионатты ұйымдастырып отырған барша ұйымдастырушыларға академия басшылығының және барша қазақ елінің атынан алғысымызды білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін. Бүгінгі чемпионатқа қатысушылар жауырындарыңыз жерге тимей, еліміздің мықты спортшылары болуларыңызға және жарыста жақсы өнер көрсетіп, жанкүйерлеріңіздің к ө ң і л д е р і нен ш ы ғ а б е р у ле р і ң і з г е тілектеспін, – деді ол. Ч е м п и о н а т т ы ң б і р і н ш і ж ә не екінші күндері жарыс жеңімпаздары м ен ж ү л д е г е р ле р і Қ а з а қ с т а н Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және денешынықтыру істері комитетінің Мадақтамасымен және медальдарымен, сондай-ақ, демеушілер сыйға тартқан ұялы телефондармен, спорттық сөмкелермен және термостармен марапатталды. 90 келі салмақта кілем үстінде шебер әдістер, ер жүрек батылдық танытып, жанкүйерлер мен төрешілердің көңілінен шығып, әдемі күрес көрсеткен Қостанай Академиясының курсанты Жолдасбек Ануаров жеңіске жетіп, бірінші орынға ие болып, ҚР спорт шебері нормативін орындады. Жалпы жарыстың қазіргі таңда елін қорғап жүрген жауынгерлерге, ведомстволық оқу орындарында оқып жүрген курсанттарға, әскери салада қызмет етіп жүрген азаматтарға тигізер пайдасы мол. Жалпы чемпионат әділ төрешілердің төрелігімен, ұ й ы мд аст ы р у ш ы л ар ды ң ө те биік деңгейдегі еңбегімен өтті. Міне, осылай Тобыл өңірінде екі күнге созылған әскери самбо қостанайлықтардың есінде ұмытылмастай ұзақ сақталып қалары сөзсіз. Мейрам ОСПАНОВ, Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы

Өрт-құтқару спорты – өрт сөндіру кезінде жеке және топтық есеппен қолданылатын әртүрлі жаттығулар кешенін орындайтын қызметтік-қолданбалы спорт түрі. Жарыстың бас төрешісі Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары, подполковник Р.Екішев әріптестерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, құтқарушылардың өміріндегі спорттың зор маңыздылығын атап өтіп, жарысты бастады. Жарысқа 10 өрт сөндіру бөлімі қатысты. Спорттық жарыстар қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1-жалпыкомандалық орынды №9 ӨСБ, 2-жалпыкомандалық орынды №16 МӨСБ, 3-жалпыкомандалық орынды №2 МӨСБ иеленді. 100 метрлік кедергілі жолақтан (спортшылар) І орынды – М.Саликов, ІІ орынды – Т.Серікханов, ІІІ орынды – Т.Олжабаев, 100 метрлік кедергілі жолақтан (өрт сөндірушілер) І орынды – Г.Шалабаев, ІІ орынды – Б.Буребаев, ІІІ орынды – А.Даиров алды. Шабуыл баспалдағына көтерілуден (спортшылар) І орынды – Ж.Қайсарбеков, ІІ орынды – Н.Мағау, ІІІ орынды – М.Саликов иеленді. Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

Үздік буын анықталды

Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесі бөлімшелерінің арасында газ-түтіннен қорғау қызметі буындарының жарысы өтті. Іріктеу жарысында жеңімпаз болып танылған 15 команда сайысқа түсті. Жарысқа қатысушыларды Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мансур Шайкрамов қабылдады. Ол өз сөзінде «баршаңызға бұл жарыста жетістіктер тілеймін, жарыстың барлық түрі бойынша кедергісіз өтулеріңізге тілектеспін» деді. Жарыс газ-түтіннен қорғау қызметін жетілдіру, епті және тиімді іс-әрекетке оқыту, газ-түтіннен қорғау қызметінің шұғыл-қызметтік міндеттерін ойдағыдай орындауды қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Сондай-ақ, Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының газ-түтіннен қорғау қызметінің функционалдық дайындығын көтеру мен «Үздік газ-түтіннен қорғау қызметі буынын» анықтау болып табылды. Жарыс барысында өрт сөндірушілер кәсіби біліктіліктерін көрсетті. Байқауға өрт сөндірушілердің күнделікті өмірде қолданатын жаттығулары енгізілді. Олар – «Жауынгерлік тексеріс», «Салмағы 24 келі ауыр салмақты 20 қадам қашықтыққа тасымалдау»; «Эстакадада ГТҚҚ буынына арналып белгіленген жолақпен өту»; «Конструкцияға құтқару арқанын бекітіп байлау»; «Үш иінді жылжымалы сатымен оқу мұнарасының үшінші қабатына көтерілу (деңгейі 9 метр)»; «Жылу түтін камерасынан барлау жүргізу және зарлап шегушіні іздестіру мен оны таза ауаға шығару»; «Жауынгерлік қанат жаю». Байқау қорытындысында №15 Мамандандырылған өрт сөндіру командасы ептілік танытып 1-орынды иеленді. №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы жүлделі 2-орыннан көрінді. Меркі ауданы №11 Өрт сөндіру бөлімі 3-орынды місе тұтты. Жарыс жеңімпаздары 19 қазан Азаматтық қорғау қызметінің құрылған күні марапатталды. Талас НАЗАРОВ, Жамбыл облысы


8

СӨЗ СОҢЫ №78 (4244), бейсенбі, 20.10.2016 е-mail:sakshy@mediaovd.kz

ӨНЕР Шымылдық ашылды. Кәдімгі қазақы отбасы, төрде дастарқан жаюлы. Оң босағада қара шаңырақтың қазынасы Кәрім қария немерелерін ойнатып отыр. Олардың жаттап алған тақпақтарын айтып шыққанына балаша мәз. Күнделікті көрініс. Бір уақытта сахнада немересі Жанар атасына анасын сағынып жүргенін, келіп неге алып кетпейтінін айтып мұң шағады. Сол уақытта әжесі Рәзия анасының келетінін айтып қуантады. Келіні Жәнияға дастарқанды әзірлей бер деп тапсырады. Артынша көп күттірмей қызы Гүлнұр келеді. Келді, бірақ қап-қара боп киініп тұмшаланып алған, тіпті қолына дейін қолғаптың ішінде. Әке-шешесі төбелерінен жай оғы түскендей состиып тұрып қалады. Анасы керек десеңіз, өз қызын танымай үстелді айнала қашады. Ауыр көрініс.

Ойлан, тап!

Онсыз да түсінікті жайтқа түсініктеме беру, мораль туралы езгілеу оқырманның жүйкесіне тиетін нәрсе. Ал бұл трагедияны көз алыдында сахналау мүлдем басқаша екен. Залдағы көрермендер сілтідей тынып қалды. Тіпті, оқиға қалай өрбір екен, қазір ата-анасы не дейді, қызы қалай реакция береді? Оқиғаны режиссер Нұрлан Жұманиязов қалай ширықтыра түседі? Тәуелсіздікке дейін де, кейін де мен білетін қазақы отбасының қанымызға сіңген ортақ көрінісі болатын. Ол ғасырлар бойы ұласып келе жатқан ұлтқа тән құндылығымыз еді. Кенет сол шаңыраққа сақалдары қауғадай болып, ақ матадан тігілген ақ көйлек, ақ дамбал киген, қолдарында тәспісі, аузынан «Алласы» түспейтін екі қонақ келіп кіреді. Бірі Гүлнұрдың күйеуі Асқар, екіншісі арбаушы Жұман. Кіргеннен «сендер кәпірсіңдер, коммунистік режімнің тасасында қалып кеткенсіңдер, домбыра тартпаңдар, ән айтпаңдар, бата оқылғанда бетті сипамаңдар, тек қана Аллаға сыйыныңдар» деген өркөкірек, надан, қуыс кеудеден шығып жатқан тәкаппарлыққа толы өктем де тыйымға толы сөздер айтылып жатты. Әкесі Кәрім: «Мыналардың азғырындысына еріп кеткен екенсің ғой! Сорлы қызым-ай! Осы кезде азғырушы Жұман: Аға, біз жұртты азғындыққа шақырып жүрген сайтан емеспіз... Керісінше біз имансыз қалған

«Есігімді қаққан кім?..» бүкіл қазақты имандылыққа шақырып жүрміз» деді. Ал тұмшаланған қызының кейпіне күйінген ана: «Қызым-ау, шешші андағыңды... тасташы! Мен білетін Гүлнұрымның қос жанары от шашып, қос бұрымы мен қастары өзінің өңіне әдемі сұлулық беріп тұратын еді» дейді тізерлеп жалынып. Қызы: «Мама! Үстімдегі мына нихқабымды енді шеше де алмаймын... тастай да алмаймын! Мен сендер сияқты кәпір болғым келмейді енді!». Ж а н а т : « С ен д е р с и я қ т ы к ә п і р болғым келмейді» деп тұрғаның мына сені дүниеге әкелген мына әкеміз бен ... тоғыз ай көтеріп, толғатып тапқан... түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін беріп өсірген анау анамыз ба?! Сонда сен өзіңді туған... өзіңді асырап сақтаған... мына өз әкең мен өз анаңды... мына бізді кәпірсіңдер деп тұрмысың?! Онда мен де айтайын. Алматыға барып келген осы ауылдың біреуі айтып келген жоқ па еді анада... «сендердің күйеу балаларыңды көрдім, сақалын қауғадай қылып өсіріп жіберіпті, балағы тобығына жетпейтін шалбар киіп алыпты... өзі намаз оқиды деп!». Елді дүрліктіріп жіберді емес пе?! Гүлнұр еш саспастан: «Несі бар, суннамен, құранмен жүрсе, бұған да шүкіршілік! Арақ ішіп сандалып жүрсе қайтер едің?! Ел айтқандай сақалын қауғадай қылып өсіріп жіберсе қайын атасы мен әкесінің атқармаған құлшылығын өтесе несі айып? Біз құран және суннамен жүреміз» деді безеріп. Екі көзқарас, екі түсінік, екі таным, қайшылыққа толы дүниенің қабыспайтынын сахналаған шығарманың айтарынан айтпай қалғаны көп екені әрбір детальдің астарынан байқалып тұрды. Көрермен ретінде жүйкеме ең бірінші рет соққы б о л ы п т и г ен д р а м а л ы қ ш ы ғ а р м а осы шығар. Себебі, театр туындысын көріп отырғанымды ұмытып к е т і п , ә л г і с а қ а л ды к ей і п к е р д і ң соншалықты ашу-ызама тигенін мойындаймын. Әдетте кез келген эмоция шынайылықты білдіргенімен оны парасатты салқынқандылықпен, объективті к ө з қ а р а с п ен б а с қ а р а б і л м е с е ң і с насырға шабады. Барлық нәрсенің екі жағы бар. Дін – сенімді ұйыстырушы болса, екінші жағынан ірітуші құрал ретінде де пайдаланылады екен. Дінде жазық жоқ, адамның сеніміне де, сенгісі келген нәрсесінде де айып жоқ, тек соны өз пайдасына шешіп, арам пиғылын жүзеге асырушылар қазір әлемнің тынышын кетіріп тұрғанына біршама жылдың жүзі болды. Ақпараттық соғыс жүріп жатқан өркениетте ақиқатты, шындықты, іштегі құдайын іздеушілер сыртқы түсініктермен сәйкестендіре аламын дейтіндер көп әлі. Соқыр сенімге еріп, фанатизммен ауыратын, гипноз бен арбаудың аранына түскен жастардың әлсіздігі неден шықты? Біздің қазақы түп тамырымыз соншалықты қауқарсыз ба еді? Жұмыссыздықты, жоқшылықты сылтаурату ма? Жоқ. Мұның бірі де емес екен. Кешегі «есігімізді қағып кірген» жат ағымдарға әлсіздер ғана еріпті. Драмадан соны көрдім. Театр

әртістері көрерменге соны ұқтырды. Жайшылықта әлеуметтік желі бетінде болсын, дастарқан басында болсын, екі адам бас қосқан жерде дін мен арұят тақырыбы қып-қызыл дау-дамай болып жататын. Жік-жікке бөлінген адамдардың бәрі өзінікін қоштап «осы дұрыс болуы керек» дегенге бекініп алған. Өліспей беріспейтін тартыстар мен сенім қайшылықтары біздің қоғамға әлдеқашан еніп кетіпті. Кешегі қойылымның өкінтетіні де, өкіртетіні де осы тұс болды. «Алла» деген сөздің өзін драмада соқыр сенімдегі кейіпкердің аузынан соншалықты жиіркенішті естіледі деп кім ойлаған? Онсыз да сол бір Жаратушыны ақиқат, ол жарық нұр, әділет шапағының бірінші иесі, Құдіреті күшті Аллам деп сыйынып отырған қазаққа «Тек қана Аллаға сыйыныңдар!» деуі қитығына тимей қайтсін! Эмоция! Оған берілмей сәл сабыр етсең, кез келген агрессияның да түбінде бір жақсы ниеттің бұлқынып жатқанын көру қиын емес. Сондықтан, кеудесінде жаны барлардың бәрі де өз құдайын, дұрысырағы жарық с ә у ле с і н і з д еу г е қ ұ қ ы л ы . Б і р а қ , өзгеге өктемдікпен, тәкаппарлықпен, қараңғылықпен, қаталдықпен емес. М ен і ң ш е , а д а м д а с а н а ж е т і л у і кезең-кезеңмен жүзеге асады. Білім арқылы қорытылып, жас ұлғая келе көрегенділікпен сіңірілмесе, ол білім болсын, ілім болсын, түсінігі саяз күйінде қалмақ. Әлгіндей жат ағымға ерушілер сол санасы рухани деңгейге жетпей жатып, балаң күйінде фанатизмге шалдыққандар деуге келеді. Олар надандықтың уысында қалып кетіп, кемелдікке ұмтылғандарды ешқашан түсіне алмай өтуі де содан болса керек. Міне, мен Қ.Қуанышбаев атындағы М е м ле к е т т і к а к а д е м и я л ы қ қ а з а қ музыкалық драма театрының қойылымынан осыны көрдім. Драмада екі шарықтау шегі бар. Бірінде Гүлнұр өз анасын кеудесінен итеріп жіберіп, «Қызымның сендер сияқты кәпір болғанын қаламаймын деп, оны да қапқара ғып киіндіріп алып, күйеуімен қол ұстасып Сирияға аттанып кете барады.

Мезгіл Бағыт көрсету құралы

... Ілиясова Айлакер

Орамал Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВ

Ішімдік

... Гайсин Швед футболшысы

Жүк көлігі

Астанасы Вильнюс

Көңілдес

Қазақ есімі Тапанша

Бор қышқылы тұзы

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

Боксшы ... Спинкс

Тəтті тағам

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Жауапты хатшы: Меңдолла ШАМҰРАТОВ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ Тілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ, Сабырбек ОЛЖАБАЕВ, Жансая СЫДЫҚБАЙ

...-томалақ

Құрметті орын Орыстың Абайы

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

17 қазан күні Астана қаласындағы Оқушылар сарайында Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиевтің «Жан шырылы» туындысы негізінде «Есігімді қаққан кім?» атты драмасының премьерасы қойылды. Мұның алдында бұл спектакльді көрмесек те, діни тақырыпты қамтыған жат ағымдар туралы екенін құлағымыз шалған болатын. Енді міне, қаллекиліктер сахналаған драманы тамашалаудың сәті түсті.

Екінші, осы қайғыға шыдамай Кәрім қария көз жұмады. «Әкеміз қайтыс болды, райыңнан қайт. Өз әкесіне топырақ салмапты дегенді ел естісе не дейді?» деп өлердегі сөзін айтып, әуежайда тоқтатпақ болған інісі Жанаттың да сөзіне құлақ аспай: «Біз Алланың жолына түскен адамдармыз» деп бірақ қайырады. Шымылдық жабылып, екінші бөлімге дайындалдық. Енді не болар екен? Күнделікті теледидардан көріп жүрген атыс-шабысты сахнада үрейлі әрі сұсты етіп дайындапты. Декорация да шебер үйлестірілген. Қару асынған, қара киімді, қаба сақалды тажалдылар не нәрсені болсын Алланың атымен жасап жатқанына қаның қарадай қайнайды. Әйелі мен қызын ертіп сонау айдаладан жұмақ іздеп кетті ме, ақиқат іздеп кетті ме, өзі де нақты білмейді. Сол жерде бауырларын көрген олар Асқарға «мұнде неге келдің?» деп ұрсады. Өздерінің адасқанын кеш түсінген олар өкінгеннен пайда болмасын біліп тұр. Туған жер, қазақы тамыр, ұлттық сана, жүректегі діл кейіпкердің біріне «Анадан алғаш

туғанда» деген әнді салғызса, кейіннен біразына «Қайда жүрсем Атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің нұры қимай оны, Ұясына батады екен» деп хормен ән салғызуы да режиссердің шеберлік ұтымдылығы деп түсіндік. Көріністе зорлықпен жиһад жасату, жеке басқа табыну, араб тілінде т ү с і н і к с і з а й т ы л ғ а н б і р еу ле р д і ң арбауындағы үгітке елту, қанында жасырынып жатқан озбырлықты саф тазалықпен үптелген Алланың атымен бүркемелеу, қан төгу – көрерменнің нәзік пайымына ауыр тиіп жатты. Ақыры не керек, финалда не болғанын адасқан кейіпкердің өзіне айтқызып көрейік. Гүлнұр: «Мен тозақтан, көрден келіп тұрған жанмын! Танымай-ақ қойыңдар, қажеті жоқ енді танудың. Бірі құдай бір десе, Бірі айтады «көп құдай». Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды. Индексі: 65395 Таралымы: 11338 Тапсырыс: №3595

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

Бірі «Тәңірі күн десе», Бірі дейді – «Жоқ құдай». Міне осыдан байқалды, Бәрі іздеп жүр иесін. Жаратушының жаратылыс ілімдерін дәл таппаған жағдайда діндердің көбейіп, сөздердің молайып, Жаратушы туралы шындық көмескілене бастайтыны өкініш. Мұхаммедті көре алсам, тіл қатып жауап бере алсам. Сол құмның арасында есім кірмей-ақ, сол қалпымда өліпақ қалуым керек еді мен бейбақтың. Өлмедім ғой. Жанарым менің, сенің шырылдаған жан дауысың өмір бойы тіпті өлсем де құлағымның түбінен кетер ме екен! Енді міне күн сайын өліп, күн сайын тіріліп азабын тартар болдым мына жалғанның!». Шымылдық жабылды. Қойылымда актер мен актрисалардың ойыны аздап шикілеу, біраз ширатылмай да қалды. Анығы айқай салып «ойбайлайтын» тұстарға «тұздық» жетпей қалғаны рас. Алайда, көтеріліп отырған тақырып тым өзекті болғандықтан, қойылымның кемшіліктері кешірімді болды. Драма авторы мен режиссердің қиялы емес, өмір шындығынан туындаған бұл шығарманың ащылығы сондай, алған әсерімнен әлі есеңгіреп отырмын десем, артық әсірелемегендігімнен болар. Шығарма авторы бұл туындыны Ақтөбедегі лаңкестік оқиға болардың алдында жазған екен. Сахнаға жол алып үлгерген бұл шығарманың қоғамның бетпердесін сыпырып алып тастауға шамасы жетеді. Тек көрермені көп болып қана қоймай, нәтиже шығаратындары да көп болса дейсің. Оның үстіне, қойылымды Сенаттың біраз депутаттары да келіп тамашалағанын ескерсек, дін туралы заңға да, жат ағым әкелген зардаптың бетін қайтаруға мысқалдай болса да үлес қосады деп сенгім келеді. Сондай-ақ, спектакль соңында Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев театр ұжымына алғысын білдіріп, ықылас гүлін тарту етті. Қай ұстаным, қандай сенімде болсаң да бейбіт ұстанғанға және өзің үшін ұстанғанға не жетсін. Алайда, бес саусақ бірдей емес. Әркім сол эмоцияның жетегіне еріп, «өзінікін дұрыстайтын» заман. Ислам – бейбітшілік діні. Іріткі салу, саясиландыру кейбір зұлым топтың жүзеге асқан «қалау күші» деп түсінсек, демек Ақ пен Қара мәңгі шайқаста қала береді екен. Түнектің тұрғыны сияқты тұмшаланбай, бетің ашық, жүрегің таза болғанға не жетсін!? Құдайды сүйетін болсаң, жамандық атаулы тамыр жаймас еді? Кім білсін, зұлым пиғыл да эмоция. Ал, эмоцияны басқару, ашуды ауыздықтай білуді пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мұхаммедтің өзі де мықтылық деп айтып кеткен. Кім болсақ та, неге сенсек те, өзімізге адал, арысы Жаратушы Хаққа адал болсақ жетіп жатыр емес пе? Әлде менікі де мораль оқу болып кетті ме екен?..

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Астана қаласы МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.