Сақшы №77 (4243)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№77

(4243), 18.10.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kz

Газет 1933 жылдан бастап шығады

БАНККЕ БӨЛІНЕТІН ЖАРНА Қазақстан Төмен байытылған уран банкін құруға 400 мың доллар жарна қосты. Мұндай мәлімет ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында талқыланып жатқан «ҚР Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңының жобасына қатысты еліміздің Энергетика министрлігі таратты. «МАГАТЭ төмен байытылған уран банкі жобасын жүзеге асыру үшін келесі жарналар алды: Ядролық қауіп-қатерге қарсы бастамадан 50 млн доллар, АҚШ Үкіметінен 49 млн доллар, Еуропа одағынан 25 млн еуро (физикалық қауіпсіздік жүйені жаңартуға 5 млн еуроны қоса алғанда), Біріккен Араб Әмірліктерінен 10 млн доллар, Кувейттен 10 млн доллар, Норвегиядан 5 млн доллар, Қазақстаннан қосымша заттай жарналар, МАГАТЭ Төмен байытылған уран банкін ұстау шығындарын қоса алғанда 400 мың доллар», – делінген таратылған ақпаратта. Заң жобасы бойынша негізгі баяндама жасаған Қ Р Эне р г е т и к а в и ц е - м и н и с т р і Б а қ ы т ж а н Жақсалиевтің айтуынша, төмен байытылған уран Үлбі металлургиялық зауытында гексавторид түрінде контейнерлер мен цилиндрлерде еуропалық 30В стандарттарына сай сақталады. Гексафторид дегеніміз алты фторлы уран және қатты әрі 70 градус температурада газ күйінде болады. Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Үкіметі өз қаулысымен елімізде МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкін «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ында орналастыру туралы келісімге қол қоюды мақұлдаған болатын. Сол жылдың 27 тамызында келісімге Қазақстан тарапынан Ерлан Ыыдырсов пен МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Амано қол қойған еді.

Қазақ, қырғыз – Алаштан татулығы жарасқан

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның өзара іс-қимылының басты бағыттары және екі елдің бірлескен жұмысының алдағы перспективалы салалары талқыланды. Бұдан бөлек, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстанды тарихи достық және тығыз ынтымақтастық байланыстырып отырғанын атап өтті. – Елдеріңіз біздің жақын көршіміз әрі серіктесіміз болып саналады. Арамызда ешқандай шешілмеген мәселе болмауға тиіс және қарым-қатынасымыз басқаларға үлгі болуы керек. Әлемдегі күрделі экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, бірге болуымыз қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Э . А б ды л д а е в Қ ы р ғ ы з с т а н П р е з и д ен т і А . А т а м б а е в т ы ң с ә ле м і н жеткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, осы күні Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады Кездесуде С.Жасұзақов Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі және Қарулы Күштердегі жедел-әскери дайындық барысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті ведомствоның жаңадан құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен арада өзара тиімді іс-қимылды жолға қоюының маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Қарулы Күштер құрамында өтіп жатқан қорытынды сынақтың бүгінгі күнге дейінгі оң нәтижелері жөнінде мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Азаматтық қорғаныс,

онымен де бол таныс МАЖАРЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫ ИНВЕСТИЦИЯСЫ Соңғы 11 жыл ішінде Қазақстанға 222 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды. Соның ішінде, 2005-2015 жылдар аралығында ел экономикасына Венргия 103,5 млн доллар инвестиция құйған. 2016 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сыртқы сауда айналымы шамамен 80 млн долларды құрады. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Астанадағы ҚазақстанМажарстан бизнес форумы барысында мәлімдеді. «Бүгінде Қазақстанда венгр капиталының қатысуымен негізінен құрылыс, сауда және өндіріс секторларындағы шамамен 50 ортақ кәсіпорын қызмет етеді. Екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейтудің үлкен мүмкіндігі бар. Әзірге ол толықтай пайдаланылып жатқан жоқ», – деді Т. Жақсылықов. Вице-министрдің айтуынша, 2015 жылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 102 млн долларды құрады, ал осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша шамамен 80 млн доллар болған. Екі елдің табысты ынтымақтастығын нығайту үшін барлық жағдай жасалды. Екі ел арасында стратегиялық кеңес құрылды, экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия, іскерлік кеңес, сонымен қатар, 40 млн долларға ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландырудың ортақ қоры жұмыс істейді. Экономика саласындағы екіжақты халықаралық құқықтық шарттық базаның негізгі элементтері қалыптастырылған.

Міне, осындай ұранмен Ақжар ауданында азаматтық қорғау саласындағы жоспарлы оқыту өткізілді. Бұл жолғы оқыту «Азаматтық қорғау қызметі мамандары» арасында жүрді. Ақжар ауданы Солтүстік Қазақстан облысының шығыс бөлігінде орналасқан және солтүстігінде Ресей Федерациясының Омбы облысымен, оңтүстігінде Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданымен, батысында Шортанды ауданымен, сондай-ақ облыстың Тайынша, Мағжан Жұмабаев және Ш.Уәлиханов аудандарымен көршілес. Сондықтан да орналасу географиясы трансшекаралық сипаттағы әртүрлі төтенше жағдайларға дайын болуды талап етеді. Өткен жылғы қазан айында аудан әкімінің шешімімен төтенше жағдайлар салдарынан халықты қорғау және залалды азайту жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын жоспарлау және қамтамасыз ету, апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, зардап шегуші халыққа көмек көрсету, эвакуациялық іс-шараларды жүзеге асыру және өзге де міндеттер жүктелген аудандық 15 азаматтық қорғау қызметі құрылған болатын. СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицерлері тыңдаушыларға азаматтық қорғау саласындағы қызметті регламенттейтін заңдар және өзге де нормативтік актілердің негізінде құрылған, слайдтық сүйемелдеуі бар дәрістерді оқыды. ТЖ департаменті өткізіп жатқан іс-шараны аудан әкімі – азаматтық қорғаныс бастығы Серікбай Шәріпұлы Тұралинов қызу қолдады. Тыңдаушыларға

теория ретінде берілген білімді бекіту үшін «Талшық-Астық LTD» ЖШС қауіпті өндірістік объектісі элеваторында аудан әкімінің қатысуымен жоспардан тыс объектiлiк жаттығуы өткізіліп, объектінің лауазымды тұлғалары, жұмысшылары төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимылдарын көрсетті. «Талшық-Астық LTD» ЖШС базасында құрылған ерікті өртке қарсы құралымы қызметкерлері ЖЖМ қоймасындағы шартты өртті сөндіріп, ТЖ аумағынан зардап шеккендерді эвакуациялады. Медициналық қызметпен бірлесіп, зардап шеккендерге бірінші медициналық көмек көрсетуді де пысықтады. Жаттығуда ауданның азаматтық қорғау қызметтерінің объекті әкімшілігімен төтенше жағдайды жоюдағы өзара тығыз іс-қимыл жасауы да көрсетілді. Барлық қатысушылар: мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі, медициналық қызмет, ақпарат қызметі, байланыс қызметі және инженерлік қызметтің барлығы жедел және үйлесімділікпен қойылған тапсырманы орындады. Сондай-ақ, Ақжар ауданы әкімі Серікбай Тұралиновтың бастамасымен ауданның жоғары дайындықтағы шұғыл ден қою жиынтық жасағы сапқа тұрғызылып, жасақтың ТЖ жоюға қажетті жеке құраммен, техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі қаралды. –Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда, біздің техникалық жарақтарымыздан бөлек, ең бастысы – ол әртүрлі қысылтаяң жағдайларда әрекет ете білу қажет, ал ол өз кезегінде күнделікті өзіндік дайындық пен жаттығуды талап етеді, – деді байқау соңында Серікбай Шәріпұлы. Қайрат САДИҚОВ, Солтүстік Қазақстан облысы


2 Ə

-А М Е Л

ЖАҢАЛЫҚТАР №77 (4243), сейсенбі, 18.10.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

Қ

АТ Р А П

е-mail: nastraje@mail.ru

Көрме өткізуге дайынбыз ба? Ішімдіктен бас тарт!

Қазақстанда алкогольдік ішімдікпен күрес басталды. Ағымдағы жылдың 17 мен 26 қазаны аралығында еліміздің барлық аймақтарында ішімдіктен бас тарту Ұлттық күнінің аясында «Алкогольді ішімдіктерден бас тарт!» деген ұранмен онкүндік өтеді.

Түркия

«Евфрат қалқаны» жалғасады Т ү р к и я п р е з и д ен т і Р е ж е п Е р д о ғ а н Сирияның солтүстігінде «Евфрат қалқаны» операциясының жаңа кезеңі басталатынын жариялады. Түркия күштері сириялық Алеппо провинциясындағы мұсылмандардың қасиетті Дабик қаласына шабуылды бастауды көздеп отыр. Бұл мәлімдеме 15 қазанда АҚШ, Ресей және Таяу Шығыстың бірқатар елдерінің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Швейцарияда басталған кездесулер кезінде жасалды. Дипломатиялық мекемелер басшылары аймақтағы жанжалды реттеу мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында бас қосты.

Бұл уақытта Сирияның солтүстігінде, Алеппо қаласының шығысындағы аудандарға бақылау орнату үшін кескілескен ұрыс жүріп жатты. Қарулы оппозиция күштеріне қарсы әскери операцияны Сирия президенті Башар Асад әскері ресейлік әуе күштерінің қолдауымен жүргізіп келеді.

Таиланд

Қара түсті киім тапшы Таиланд үкіметі ел королі Пхумипон Адульядеттің қайтыс болуына байланысты жаппай аза тұту салдарынан мемлекетте қара киімнің тапшылығы байқалатынын айтты. Үкімет қара киімнің бағасын өсіретіндерге 3 900 доллар айыппұл салынуы, сонымен қатар, олар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Еске сала кеткек, 13 қазанда Таиланд королі Пхумипон Адульядет 89 жасқа қараған шағында

А с т а н а д а к ө л і к - л о г и с т и к а л ы қ ж ү йен і жетілдіру, қоғамдық көліктің бағдарлық ж е л і с і н о ң т а й л а н ды р у , к ө л і к а ғ ы н ы н басқарудың жаңа жүйесін енгізу жұмысына ерекше көңіл бөлінуі қажет. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ЭКСПО-2017 көрмесіне д а й ы н ды қ ж ә не о н ы ө т к і з у м ә с е ле ле р і жөніндегі кеңесте айтты. Кеңес жұмысына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Мәдениет және спорт министрі А р ы с т а н б е к М ұ х а м е д и ұ л ы ж ә не « А с т а н а ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Марат Омаров қатысты. Астанада өтетін көрменің маңыздылығын айта келе, И. Тасмағамбетов ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктерін және елорданың келбетін паш етуі тиіс екендігін баса айтты. Осыған орай, шараны өткізуге және қонақтарды қабылдауға е л о р д а и нф р а қ ұ р ы л ы м ы н ы ң д а й ы н ды ғ ы н қамтамасыз ету, сондай-ақ, көрме қонақтары және қатысушыларының қауіпсіздігі, олардың қызықты әрі барынша жайлы орналасуы үшін барлық шаралар қабылдануы қажет. «Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігіне Астана қаласының әкімдігімен және

Агроөнеркәсіп саласына 97,3 млрд теңге бөлінбек 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар ен г і з у т у р а л ы з а ң ғ а с ә й к е с , е л і м і з д і ң агроөнеркәсіп кешенін қолдау шараларына қосымша 97,3 млрд теңге бөлінбекші.

Бұл қаржының басым бөлігі – 51,7 млрд теңге «ҚазАгро»холдингі арқылы игеріледі. Соның ішінде Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары да бар. Кеше Астанада өткен баспасөз мәслихатында холдинг басшысының орынбасары Айгүл Мұхамадиева қаражаттың қай бағытта бөлінетінін айтты.

дүниеден озды. Ол 70 жылдан астам тақта отырып, қазіргі заманғы ең ұзақ билікте отырған монарх ретінде тарихта қалды. Елде 1 жыл аза тұту жарияланды. Таиланд Премьер-министрі Прают Чан-Оча отандастарын алдағы 30 күнде кез келген ойын-сауық шараларынан аулақ болуға шақырды. Басылымдардың хабарлауынша, жеке туристік аймақтар мен кей дүкендер жабылған. Енді бір дүкендер ішімдік сатуды тоқтатты. Аза тұту кезінде Таиланд туристері мейрамханалар, бар, сауда орталықтары секілді ойын-сауық түрлеріне қатысты түрлі шектеулерге кезігуі мүмкін.

Бразилия

Сотталушылар мерт болды Бразилияның Рорайма штаты, БоаВиста қаласындағы түрмеде болған тәртіпсіздіктердің салдарынан кем дегенде 25 сотталушы мерт болған. Тәртіпсіздіктер 16 қазан күні кешкісін, сотталушылардың жақындарымен кездесу сағатында басталған. Жазасын өтеушілер пышақ және ағаш таяқтармен қаруланып, түрменің бір қанатын екіншісінен бөліп тұрған қоршауды қиратқан. Осыдан барып 100 шақты адам, көбіне әйелдер кепілге алынды. Оқиға орнына арнайы полициялық операциялар батальоны (BOPE) келіп, кепілдегі адамдарды босатты. Арнайы операция барысында 25 сотталушы мерт болды. Оның ішінде жеті адамның басы шабылып, ал алтауы күйіктен көз жұмған.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бірлесіп көрме өтетін кезеңдегі мәдени бағдарламаны ұйымдастыру мәселелері жөніндегі үйлесімді жұмысты күшейту қажет. Сонымен қатар, делегаттар мен қонақтардың келуі бойынша ұйымдастырушылық талаптарын орындау маңызды», – деді И. Тасмағамбетов. Вице-премьер атап көрсеткендей, қалалық құрылымдар алдында жоғары деңгейде қызмет көрсету мәселесі тұр. Ұйымдастыру жұмысы аясында ЭКСПО көрмесі нысандарының, жалпы Астана қаласындағы көлік инфрақұрылымының қалыпты қызметі мәселесі байыппен шешуді қажет етеді. Көлік-логистикалық жүйені жетілдіру, қоғамдық көліктің бағдарлық желісін оңтайландыру, көлік ағынын басқарудың жаңа жүйесін енгізу жұмысына ерекше көңіл бөлінуі қажет. Бұл орайда, кеңес барысында вице-премьер бірқатар тапсырмалар берді. Астана қаласының әкіміне жұмыс штабымен бірлесіп елорданың инженерлік-көліктік инфрақұрылымын егжейтегжейлі зерделеу тапсырылды. Дәлірек айтқанда, жолдағы жүктемені азайту мақсатында көлік ағымын модельдеу бойынша қолайлы нұсқаларды есептеу, қонақтардың келу және олардың қауіпсіз о р н а л а су ы б ой ы н ш а ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л ы қ сұрақтарды пысықтау, сондай-ақ, мәденибұқаралық іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету.

Аппақ қыс

неге асығып келеді!? Қазақстанға қыс ерте келеді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» РМК ауа райының ұзақ мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева мәлім етті.

«Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, елімізде қыс ерте келіп, қарлы болады деп күтілуде. Қараша айының бірінші жартысында еліміздің солтүстік өңірінде қар тұрақты жамылғысы болады, ал оңтүстік өңірлерінде қарашаның екінші жартысында қар жатады», –деді Г. Ақышева. Оның сөзіне қарағанда, қарашада ауа райы құбылмалы болады, яғни жауын-шашын мен тұман, көктайғақ жағдайлары жиі болады. Атап айтқанда, Қазақстанның басым бөлігінде температуралық режім климаттық норма аясында қалыптасады, ал жауын-шашын нормадан артық түседі деп күтіледі. «Айтарлықтай суық температураны қарашаның екінші онкүндігінің соңында және үшінші онкүндікте болжап отырмыз. Ол кезде солтүстік,

«Біз сол қаражатты екі бағытта жұмсауды жоспарлап отырмыз. Біріншіден, сүт қабылдау, отбасылық сүт фермаларын құру, мал жемдейтін орындарды ашу, жеміс-көкөністерді шығару мен ауыл шаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру жұмыстарына басымдық беріледі. Негізі, осы саладағы жұмыс жүріп жатыр. Ж о б а л а р ды қ а р ж ы л а н ды р у ды ң ж ы л ды қ мөлшерлемесі 6 пайызды құрап отыр. Ал екінші бағыт бойынша экпортқа шығарылатын тауарларға қолдау жасалады. Соның ішінде сиыр, шошқа мен құс еті, өсімдік майы және жеміс-көкөністер бар. Бұдан бөлек, аталған өнімдерден жасалған тауарлар да кіреді. Осы санаттағы жобалар 11,5 пайызбен қаржыландырылады», – дейді «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиева. Оның айтуынша, екінші бағыт бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты да тартылып отыр. Алайда оның мөлшерлемесі 15 пайызды құраған. «ҚазАгро» холдингі оған бюджет қаржысын араластырып, жылдық мөлшерлемені 11 пайызға дейін төмендетті. «Ал, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын біз өз облигацияларымызды шығару арқылы тартатын боламыз. Былайша айтқанда, ол облигациялық заем болады. Біз оны кәдімгідей несие ретінде 15 пайызбен алып отырмыз», – деп атап көрсетті А.Мұхамадиева.

шығыс, орталық өңірлерінде ауаның сынап бағанасы түнде 15-27 градусқа дейін төмендесе, күндіз 8-15 температураны көрсетеді. Ал батыс, оңтүстік аумақтарда түнде 5-12, күндіз 0-5 градус деңгейінде байқалмақ», – деді ол.

«Онкүндік барысында медициналық ұйымдарда мамандар кеңесінің ашық есік күндері өтеді: д ө ң г е ле к ү с т е л д е р ; п с и х о л о г , н а р к о л о г , әлеуметтік мамандардың қатысуымен оқу орындарында алкогольді ішімдіктерден бас тарту әдетін қалыптастыру және т.б. шаралары өтеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, әлемде алкогольдік өнімдерді шамадан тыс ішудің нәтижесінде жыл сайын 3,3 млн. адам қайтыс болады», – деп атап өтілген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарламасында. Шараны өткізудегі мақсат – халықтың алкогольді ішімдіктердің ағзаға тигізетін жағымсыз әсері туралы хабардарлығын арттыру, балалардың, жасөспірімдер мен жастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру, саламатты өмір салтын насихаттау. Биылғы жылы 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларында ДДСҰ әдісі бойынша ересек тұрғындар мен жасөспірімдер арасында тәуекелді мінез-құлықтық факторларының таралуын анықтау бойынша VI Ұлттық әлеуметтік зерттеу аяқталды. Зерттеу шаралары өмір сүру әдеттерін бағалаудың бұрынғы сараптамаларымен салыстырғанда, ішімдіктерді тұтыну көрсеткішінің төмендеуі анықталды: 1998 жылғы 55%-дан 2015 жылғы 24,2%-ға дейін, ішімдікке шамадан тыс салыну 2012 жылғы 5%-дан 2015 жылғы 4,1%-ға дейін. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда алкогольді ішімдіктен бас тарту Ұлттық күні 2007 жылдан бері аталып келеді.

Алаштың арда ұлы – Әлихан 1 9 қ а з а н д а е л о р д а д а ғ ы М е м ле к е т т і к академиялық филармония Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өткізеді.

М ә д ен и ш а р а д а Ә л и х а н Б ө к ей х а н о в т ы ң өмірбаяны таныстырылып, оның қайғылы да еңселі тағдыры туралы, қазақ халқының мәдениетінде және тарихында оның шығармашылығының үлкен маңызы бар екені атап өтіледі. К о н ц е р т н ө м і р ле р і н і ң а р а с ы н д а қ а з а қ оркестрінің және елордалық филармонияның жеке орындаушыларының сүйемелдеуімен Ә.Бөкейханов замандастарының, яғни М.Дулатовтың, Ш.Құдайбердіұлының, А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың және т.б. «Алаш» партиясы өкілдерінің деректі жазбалары оқылады. Концерт бағдарламасына ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов, Бас дирижер және көркемдік жетекшілік ететін Қазақ оркестрі, «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетеді. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Жалғас Сұлтан, Данияр Мұқан, Күнсұлу Тұрлыбекова, Тельман Нұртай, Анар Мұздаханова, Айгерім Нартуеевалар да ән шырқайды. Ә. Бөкейханов – 20 ғасырдың басындағы ұлтазаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушысы және көшбасшысы. Ә.Бөкейхановтың мерейтойы ЮНЕСКО атауымен бүкіл әлемде тойланады және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен сәйкес келіп тұр. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, журналист, этнограф Ә.Бөкейханов өзінің жарқын да көп қырлы өмірін қазақ халқының азаттығына және дамуына арнаған. Ол қазақ петициясының негізгі бастамашысы мен авторы болды және ана тілінің енгізілуін, қазақ балалары оқитын барлық бастауыш мектептердегі сауаттылықты, газеттердің қазақ тілінде басылуын, іс жүргізудің қазақ тілінде жүргізілуін талап етіп, орыс патшасының атына п о ш т а а р қ ы л ы қ а з а қ т а р ды ң б ей б і т с а я с и талаптарының жіберілуін ұйымдастырды.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №77 (4243), № сейсенбі, 18.10.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 АЛҚА МӘЖІЛІСІ

Басты назардағы басымдықтар

е-mail: nastraje@mail.ru

3

ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ

Заң жобасы талқыланды

Ағымдағы жылғы 14 қазанда Ішкі істер министрлігінде кезекті алқа мәжілісі бейнеконференциялық байланыс режимінде орталық аппараттың басшы құрамының, өңірлік департаменттердің және облыстар мен қалалардың жергілікті полиция басшыларының қатысуымен өткізілді. Алқа мәжілісіне Қ. Қасымов төрағалық етті. Күн тәртібіндегі қаралған негізгі мәселе ұрлықты, оның ішінде пәтер ұрлығы мен мал ұрлығының алдын алу, ашу және тергеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ оның нәтижелері бойынша полиция қызметін жандандыру болып табылады. Елбасының тапсырмасына сәйкес бес институттық реформаны іске асыру мақсатында құрылған жергілікті полицияға осы қылмыс түрін алдын алуда ерекше рөл берілген. Ішкі істер министрі атап өткендей, жергілікті полиция қызметі бүгінде халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуде, бұл ұрлықтың алдын алу мәселесінде құқық қорғау қызметінің азаматтардың қажеттіліктеріне жақын болуына мүмкіндік береді.Ол осы бағыттағы халықтың рөлін атап өтіп, қылмысқа қатысты барлық өтініштер мен хабарламаларға жедел ден қоюды қамтамасыз ету қажеттігін сөз етті, жеке құрам баса назар аударуы тиіс басымдықтарды нақтылап берді. ІІМ алқа мәжілісі отырысының қорытындысы бойынша министрлік орталық аппараты қызметтерінің және өңірлік департаменттер басшыларына қаралып отырған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.

ҰСЫНЫС

Айықтырғыштар көбейтілуі тиіс ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев медициналық айықтырғыштарға қатысты түсіндірме жасады. Елімізде 2010 жылы 32 медициналық айықтырғыш (қазіргі уақытта Уақытша бейімдеу және оңалту орталықтары) денсаулық сақтау органдарының құзыретіне тапсырылды, бұл ретте мас адамдарды тиісті орындарға жеткізу функциясы ішкі істер органдарының құзыретінде қалған еді. Бүгінде осындай 29 орталық жұмыс істейді, мұнда барлығы 598 төсек-орын бар және олар қажеттілікті толық қамтамасыз етпейді. «Біз қолданыстағы орталықтарды 240 төсек-орынға кеңейтуді ұсынамыз, сонымен қатар 595 төсек-орынды қамтитын қосымша тағы да осындай 38 орталық ашуды ұсынып отырмыз», – дейді А.Садубаев. Оның айтуынша, мұндай мекемелер барлық аудан орталықтарында болған. Қазіргі уақытта олар тек қалалар мен облыс орталықтарында жұмыс істейді. Еліміздің барлық аудандарын қамту көзделіп отырған жоқ. Жекелеген үш-төрт аудан үшін бір орталық бөлсе, жеткілікті болады. Сондай-ақ, ІІМ-нің өкілі өзге мәселелерге де тоқталды. Ол заңнамаға сәйкес әкімшілік қамауға алу туралы сот шешіміне дейін полиция маскүнемді үш сағат қана ұстай алады. Мысалға, күйеуі үйінде жанжал шығарса, әйелі полиция шақырады. Үш сағат өткеннен кейін оны үйіне жібереді. Одан әрі ол мастығынан айықпастан отбасына қайта тиіседі, зомбылыққа баруы мүмкін. Сондықтан мас күйіндегі адамды мәжбүрлі емдеуге ресімдеу және жіберу рәсімдерін өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлеудеміз, – деп түсіндірді А. Садубаев. Анықтама ретінде айтар жайт, қазіргі уақытта мас күйде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар жоғары деңгейде (ағымдағы жылғы 9 айда мас күйде 14 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалды, ал 2015 жылғы 12 айда бұл көрсеткіш 12,7 мыңды құрады). Мас күйде құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған адамдар саны көбейді (ағымдағы жылғы 9 айда мас күйде жасаған 200 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, ал 2015 жылғы 12 айда бұл көрсеткіш 203,6 мыңды құрады). ІІМ баспасөз қызметі

ОҚ АТУ

Арнайы жасақ – сұрмерген!

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Өткен жұма күні Ішкі істер министрлігінде «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы бойынша ішкі істер органдарының қызмет мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдар, БАҚ, кәсіподақ және өзге ұйымдар өкілдерінің, сондайақ сарапшылар мен өзге мамандардың қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізілді. Жиынға Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов төрағалық етсе, ІІМ орынбасары Рашид Жақыпов қатысушылардан түскен сұрақтарға бірден анықтама беріп, тиісті жерінде сәйкес ведомстволарға тапсырмалар беріп отырды. Ал ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Саинов, СІМ Консульдік қызмет департаменті директоры Ардақ Мадиев, ҰҚК Шекара қызметі шекаралық қадағалау Бас басқармасының бастығы Марат Мағжанов, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің саяси кеңесшісі (өкілетті офицері) Кристофер Макколоу баяндама жасаса, ӘМ-нің «Сот сараптама орталығы» ММ директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Исидор Борчашвили, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Сот сараптама институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Қалиолла Сейтенов талқылауға қатысты. Қоғамдық тыңдауға сонымен бірге, аймақтардан ІІД мен жергілікті Қоғамдық кеңес өкілдері бейнеконференция арқылы қатысып отырды. Жиында баса назар аудартылғандай, заң жобасында ең бірінші кезекте ұлттық қауіпсіздік мүддесі көзделіп о т ы р . С о ң ғ ы у а қ ы т т а ә ле м д е асқынып отырған халықаралық терроризм ахуалы аясында бұл заңды қабылдау қажеттілігі әлдеқашан туды. Аталған құжат толық талқыланып қабылданған жағдайда елімізде бірегей биометриялық параметрлер жүйесі іске қосылмақ. Ол арқылы кез келген азаматтың биологиялық және геномдық ерекшеліктері туралы ақпараттар бір базалық орталыққа жинақталып, қажеттілік туған жағдайда бірінші кезекте криминалистік, кейінгі кезектерде іздестіру, анықтау себептеріне байланысты пайдаланылатын болады.

ЖИЫН

Әскердегі құқықтық мәдениет дамып келеді

Таяуда «Батыс» өңірлік қолбасшылығында Орал гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Алтынбай Раевтың төрағалығымен өткен жиында Қарулы күштердегі, әскери құрылымдардағы 2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзушылықтардың алдын алу бағдарламасының және әскери прокуратураның «2016 – Әскердегі құқықтық мәдениет жылы» ұранының жүзеге асырылуы талқыланды. Шымкент қаласындағы «Динамо» стадионында милиция генерал-майоры Құлахмет Халменовтың 90 жылдық мерейтойына арналған атыс қаруынан оқ ату бойынша жарыс болып өтті. Іс-шараның басты мақсаты – полиция қызметкерлері жас буынының Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру, Қазақстан жерінде тыныштық пен бейбітшілікті сақтау, сондай-ақ тәртіп сақшыларының кәсіби даярлығын одан әрі жетілдіру болып табылды. Мерген сайысқа Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің құрылымдық бөлімдері мен күш құрылымдарынан жалпы 38 команда қатысты. Аталған жарысқа қатысушылардың Макаров тапаншасынан оқ ату шеберлігімен қатар, табелдік қаруды дұрыс қолдану дағдылары да сарапқа салынды. Жалпы командалық есепте бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІДнің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жеңіп алды. Екінші орынды Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері иеленсе, үшінші орын Көліктегі Ішкі істер департаментінің Шымкент стансасындағы Желілік ішкі істер басқарма қызметкерлеріне бұйырды. Жарыс жеңімпаздарына кубоктар, медальдар, грамоталар мен бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді. Жансая СЫДЫҚБАЙ

Орталық база ІІМ-не қатысты РМК-да қатаң қорғалған тәртіпте сақталмақ. Бұл заң жобасының осымен үшінші рет қабылдауға ұсынылуы екен. Бұған дейін 2001 және 2014 жылдары түрлі себептермен кейін қайтарылған. Егер биыл ұсынылып отырған жетілдірілген нұсқасы түрлі талқылаулардан кейін Парламент палаталарында мақұлдаудан өтетін болса, қаржылай шығындарына байланысты оның заңды күшіне енуі 2021 жылы ғана мүмкін болмақ екен. Заң жобалары 2016 жылғы 10 маусымдағы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Мемлекет басшысының т а п с ы р ы с ы б ой ы н ш а ә з і р лен г ен. «Дактилоскопиялық және геномдық т і р к еу т у р а л ы » , « Қ а з а қ с т а н Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары e.gov.kz ашық нормативтік актілер интернет-порталында және ІІМнің ресми порталында жарияланды. Заң жобасын қабылдау мақсаты жеке басты куәландыратын құжаттарға адамды сәйкестендірудің заманауи технологиясын енгізу қажеттілігінен туындап отыр. Қоғамдық тыңдау барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов: «Қазақстанда биометриялық паспорттық-визалық құжаттарына қосымша дактилоскопиялық параметр енгізу биометриялық анықтау және сәйкестендіру жүйесін жасақтауға және енгізуге мүмкіндік беріп, құжат иелерін жалған құжат жасау арқылы жасалатын алаяқтық және өзге қылмыстық әрекеттерден қорғайды», – деп атап өтті. Сондай-ақ, ақпараттық жүйені пайдалана отырып іске асырылатын мемлекеттік және жекеменшік қызмет көрсету түрлерін кеңейтеді, визалық

режимді жеңілдетеді және көші-қон қауіпсіздігінің тиімділігін арттырады. Қазақстанда жеке басты, жанұяны ку ә ла нды р а ты н о н бір қ ұ ж а тты ң жетеуі (паспорт және азаматтың жеке куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамдың куәлігі, дипломатиялық және қызметтік паспорттар, теңізшінің жеке куәлігі) құжаттың иесі туралы, оның ішінде биометриялық ақпарат – фотобейнесі, қ о л ы т у р а л ы г р а ф и к а л ы қ ж ә не мәтіндік ақпараттар қорғалған түрдегі микросызбалар болып табылады. Қабылдауға ұсынылып отырған биометриялық құжаттар ICAO халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, оларда адамның беті жаһандық биометриялық технология арқылы танылады, оған қосымша әрбір мемлекет факультативті түрде саусақ іздерін тану технологиясын пайдалана алады. Тыңдауға қатысушылар тұлғаны сәйкестендіру бойынша биометриялық технологиялардың заманауи мүмкіндіктері әртүрлі мемлекеттердің паспорттық-визалық тіркеу жүйелеріне енгізілгені туралы айтып өтті. 2009 жылы Еуропалық одақ регламентімен Визалық кодекс қабылданды, соған сәйкес Шенген аймағына кіру үшін виза алу кезінде шетел азаматтарына биометриялық тіркеуден өту қажет. Онда қолдың 10 саусағының іздері алынады және 5 жылға кем емес уақытқа дейін сақталады, мерзімі өткен жағдайда дактилоскопиялық тіркеу қайталанады. Германияда, ҚХР, Түркияда, ТМД қатысушы мемлекеттерде (Өзбекстан, Беларусь, Ресей Федерациясы және т.б.) барлық жасы үлкен азаматтарды және мемлекетке келетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды кезеңкезеңмен дактилоскопиялық тіркеу жүргізіледі. Халықаралық тәжірибені ескерсек, Қазақстанда жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарда және Қазақстан Республикасының визаларында қосымша биометриялық ақпаратты қолдану үшін объективті жағдай жасалған.

Орал гарнизонының әскери прокуроры Алтынбай Раев әскери басқармадағы және Орал гарнизоны әскери бөлімдеріндегі қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша қылмыстық қудалау органдарының

қызметіне тоқталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдағы құқықтық тәртіпке мән беріп, алдағы мақсат-міндеттермен таныстырды. Кездесу барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық

жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаров, 5517 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтікқұқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Вячеслав Пак, ҰҚК 2029 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, майор Манарбек Қарекенов әскери бөлімдердегі заңдылықтың сақталуы және «Әскердегі құқықтық мәдениет жылы» шеңберінде ұйымдастырылған іс-шаралар жөнінде баяндады. Басқосу соңында Орал гарнизонының әскери прокуроры нақты тапсырмалар беріп, бұдан соң әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларын қабылдады. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі


4 Азамат – атына сай жігіт ƏРІПТЕС КЕЛБЕТІ

№77 (4243), сейсенбі, 18.10.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ!

Азамат Академик Чокин көшесімен алшаң басып келе жатыр. Ішін қуаныш кернеп тұрса да жетер жеріне асығар емес. Беталысы жаңа ғана иеленген баспанасы. «Қуған жетпейді, бұйыртқан кетпейді». Бастысы Павлодар қаласы әкімінің қолынан пәтер кілтін алдым ғой. Бірінші өзім көріп алайын, отбасыма сосын жариялармын деп қояды ішінен. Оларға тосын сый болсын! Иә, Павлодар қаласы жергілікті полициясының учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Азамат Ж е к с ен о в к е ж а ң а ғ а н а П а в л о д а р қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов пәтер кілтін табыс етті. Әкім оның қолын қысып тұрып: «Бұл сенің Отан алдындағы адал еңбегіңе көрсетіліп отырған құрмет!» – деді. Одан соң биыл ширек ғасырлық мерейі аталып өтілгелі отырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі құрметіне басқа да түрлі дәрежеде марапатталған азаматтарға м ой ы н б ұ р ы п : « С і з д е р қ а н д а й құрметке болса да лайықтысыздар. Жауын-шашынға қарамай, мереке, демалыс дегенді білмей, уақытпен с а н а с п а й т ұ р ғ ы н д а р ды ң а л а ң с ы з ұйқысы үшін сапқа тұрып, қажет б о л с а б а с т а р ы ң ы з ды қ а т е р г е д е тігесіздер. Сіздерге өзімнің тарапымнан, жалпы павлодарлықтардың атынан үлкен алғыс білдіремін. Бақытты болыңыздар!» – деп шынайы ниетін білдірген қала басшысы Азаматтан басқа да әртүрлі сыйлықтарға ие болған Қайрат Қарманов, Ерлан Жақин, Болат Беков, Дәулет Бейсекеев, Ержан Тыналиновке қарады. Бұлар шаһардағы 55 учаскелік инспекторлардың бүгінгі күнгі үздіктері болатын. Қуаныш үстінде көңілдің шалқитыны бар ғой, шіркін! Өткен жолдардың бәрі ойға оралып, кейбір сәттер қайтадан көз алдыңа келеді. Осы ғасырдың басында

Қарағандыдағы ІІМ Академиясын бітіріп келген жылы. Кім оған жайлы орындықты ұсына қойсын? Патрульдік полицияның құрамында енді. Оны полицияның ең «қара жұмысы» десе дұрыс. Көшедегі қылжаңдаған мас та, бейбастақтар да, бұзақылар да сенің қарауыңда. Не көрмеді дейсің? Небір балағатты естіді. Ата-анасынан түк қоймай боқтағандарды да бастан кешірді. Қиратамын деп жұдырығын ала жүгіргендер де табылды. Мына бір оқиға есінен кететін емес. Жылжымалы полиция қызметінде жүрген кезі. Көшедегі кезекші полицейлердің шақыруымен тиісті жерге жеткен. Қоғамдық тәртіпті бұзушы екі жігіт екен. Темір қорапты мәшинеге салып алды. Кешқұрым қаракөлеңке кез. Тор есіктің арғы жағында отырғанның біреуі бүктетіліп құлай кетті. Жағдайды білмек болып таянған Азаматқа қапылысты аңдып отырған екіншісі қолын сілтеп қалады. Академияда алған машығы кәдеге жарады. Қолын қағып үлгерген. Еденге салдыр етіп темір түскендей болды. Сол кезде құлаған екіншісі де орнынан оп-оңай көтеріле кетті. Бұлардың айласы екен ол. Кейін анықталғандай, түскен темір түрмеде жасалған пышақ екен. Ал, әлгінің біреуі жасырынып жүрген қылмыскер болып шықты. Қару жұмсап, жанталасуы көзге түспей, ретін тауып қашып кетейін деген әрекеті. Егер сол пышақ денеге жарақат салғанда арты не болатынын кім білсін? Бұл оқиғаны есіне алса денесі мұздап кетеді. «Одан басқа да қатерлі оқиғалар бастан өтті ғой», – деп күліп отырып еске алады бүгінде. Соның бәрі 10 жыл уақыт бедерінде көрген түстей өте шықты. Енді, міне учаскелік полицей. Енді халықпен қоян-қолтық жұмыс істейді. Тұрғындар өздерінің тірегіндей лейтенант Жексеновке

Жақында Павлодар қаласының әкімі өнегелі іс бастады. Ол қоғам тәртібін қорғап жүрген азаматтарға пәтер кілтін табыс етті. «Бұл игі істің басы, болашақта дәстүрге айналады», – дейді ол. Шынымен-ақ үйренетін тәжірибе екен.

тәуліктің кез келген уақытында мәселе айтып келеді. Оларға құлақ асу оның тікелей міндеті. Соған қатысты жоспарлар да құрылады. Іс-әрекет жобаланады. Азамат кейде қолтығындағы «киіз кітабын» ашса, өзі-өзіне таң қалады. Осыншама әрекет жоспарлары! Осының бәрін орындауға уақытты қайдан таппақ? Бір істің өзі бірнеше күнді алуы мүмкін ғой. Жаңылысып немесе біреуін қаперден шығарып алса қалай болмақ? Сөйтпеуі үшін ол жоспарын тап-тұйнақтай ғып кестелеп бөліп қойған. Мынау-есірткіқұмарлық пен ішкілікке қарсы. Ал мына кесте ұрлық, бұзақылық және басқа да тәртіп бұзушылықтардың алдын алу.

Арнайы қызыл түспен белгіленген тұс тұрмыстық және ауыр қылмыстардың жолын кесу бағытындағы әрекет. Бұл күнделікті жұмысының көрінісі. Мынаны бүгіннен қалдырмай бітіру керек! Мынау ертең! Оның жұмыс кестесі осылай жалғаса береді. «Ағайынның қуаныш-қайғыларына араласудан да қалып, кәпір болып барамыз», – деп сөзіне әзіл араластыра күледі. Онысы рас. Қылмыскерлер немесе тәртіп бұзушылар оны той тойлап келсін деп күтіп отырмайды ғой. Қайта сондай саңылау кездерді пайдаланады. С о л а р ды ң ж о л ы н к е су к е р е к . О л шаруа мойынына жүктелген арнайы қызмет бар. Бұл мемлекет жүктеген аманат жалпы полицейлерге, оның ішінде учаскелік инспекторларға т і к е лей қ а т ы с т ы . П а в л о д а р л ы қ жергілікті полиция қызметінің уч а с к е л і к и н с п е к т о р л а р ы н ы ң арқасында осы жылдың 9 айында 80-ге жуық қылмыс ашылып, 242 миллион теңгенің әкімшілік айыбы салынды. Сандар сөйлейді десек, бұл қаланың шағын бір ауданының қажетіне толық жарап тұрған қаржы. Мүмкін екеуіне. 800 қылмыс – 800 адамның тағдырына әсер еткен фактор. Оның да ашылып, қылмыскердің жазасын алуы маңызды мәселенің б і р і . О л а й б о л с а , қ ызыл жағалы жігіттердің еңбегі ескерусіз қалмауы тиіс. Полицей қызметінің ауырлығын сезіне білген қала әкімі жаңа салынған үйлерден учаскелік инспекторларға пәтер бөліп тұру жөнінде әкімшілікте шешім қабылданғанын, бұл «дәстүрді» одан әрі де жалғастыра беретіндіктерін жеткізді. Әкімнің сөзіне қарағанда,

бұдан былай «ине-жіптен» шыққан б а р л ы қ ж а ң а ү й ле р д і ң б і р і н ш і қабаттарындағы пәтерлер кілттері бұйыртса халық сақшыларының қолдарына тиетін болады. Әкім Нұржан Әшімбетовтің осындай сөздеріне тәнті болған Азаматтың есіне Павлодар қалалық Ішкі істер басқармасы бастығының бір жас қызметкерді оның қарамағына бере тұрып, тәжірибеңмен бөліс, полицей қызметінің қыр-сырын ү й р е т , і з б а с а р е т і п ш ы ғ а р д е г ен бұйрықпен тең тапсырмасын алғанда алдымен бұл қызметтің ерекшелігін түсіндіргені түсті. «Учаскелік инспектор оған бекітілген аудан немесе шағын елді мекендегі қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмысты ашып, құқық бұзушылықты анықтап, оның алдын алуға міндетті. Ол кәсіби машықты меңгеріп қана қоймай, жақсы психолог болуы керек. Сосын, парасатты, қайрымды, мейірімді, өзгені өзіңдей тыңдай білетін асыл қасиеттерді бойына сіңіруі тиіс. Бұлар бірі бірімен қабыспаса, жұмысың өнбейді. Өйткені, оның қызметінің артында көптеген адам тағдыры тұрады. Осыны өмір жолыңа бағдаршам етіп ұстасаң ғанажұмысың алшысынан түсе береді», – деп еді. Мейірімді дегеннен шығады, Азамат жан-жарымен екеуі үрімдей үш қыз тәрбиелеп отыр. Осы болашақ бойжеткендерді ол үлкен өмірге дайындауды да естен шығарған емес. Алдымен инабатты, мейірімді болуға міндеттісіңдер, дегенді сөзбен айтпаса да қабағымен білдіріп отырады. «Қыз бала өмірде өксімеуі үшін қарапайым ғ а н а ұ л т т ы қ д ә с т ү р - ғ ұ р ы п т а р ды меңгеруі тиіс. Ол оның өмір бойғы ғұмырына азық болады» – дейді ол, «алтын асықтай, күміс қасықтай» қыздарына мейірлене қарап. «Ал, мына пәтер құттыханамызға айналса екен!» – деп күбірлейді іштей толқып. Енді ол қоныстойына шақырылатын қонақтар тізіміне кіріспек. Қонысыңқұттыханаң болсын. Еңбегің жансын, Азамат! – дедік біз де, онымен қоштасып тұрып. Айткен ШӘМШІ

Кәсіби қаржыгер, көп балалы ана! Біздің қоғамның әйелдері – әуе ұшағын басқарған ұшқыш, ұжымды б а с қ а р ғ а н г ене р а л, ш а р у а ш ы л ы қ жетекшісі болған жеке кәсіпкер. Олар – ұжымның мақтанышы мен абыройы, қасындағы әріптестері мен қызметтестеріне сыйлы, өз ісінің майталман кәсіби шебері. Тұтастай бір алып зауыттардың, өндіріс пен ұжымның тұтқасын ұстап, алдыңғы қатардан көрінген әйел азаматтар арамызда жетерлік. Бірақ, ең бастысы, олар – ана. Ұжымдағы еңбектен басқа отбасының бітпейтін күйбең тіршілігі т а ғ ы б а р . Б а л а л а р ды ң т ә р б и е с і , олардың ішетін тамақтары мен киетін киімдерін де реттеп отыратын аналар. ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінде қаржыэкономикалық бөлімшесінің бастығы лауазымында еңбек ететін Алмагүл Балмағамбетова кәсіби қаржыгер және батыр ана ретінде әріптестерінің сыйқұметіне бөленген жан. Осы бір қазақтың қарапайым қараторы әйелі қасындағы ә р і п т е с т е р і м ен қ ы з м е т т е с т е р і не жылылық пен мейірімділіктің нұрын сеуіп тұратындай. Қасына келгендерге үнемі көмек көрсетіп, білгенін айтып, жан жылуын сыйлап жібергендей әсер қалдырады. Қазақ атам айтқан «Жүзі жылыдан түңілме» деген ұлағатты сөздер жүзінен жылылықтың лебі арылмайтын Алмагүл Бектасқызы сынды адамдарға қарап айтылған шығар. Ол жастарға үлгі-өнеге көрсетсе, құрбы-құрдастарына адамдық пен адалдықтың асыл бейнесін танытып тұратын тәрізді. – Менің мінезім, әрине, ата-анамның қанынан бастау алған. Содан соң туған жерімнің топырағы да әсер етті ме деп ойлаймын. Менің ойымша, адам туған жердің табиғатына тартып туатын сияқты. Кіндік қаным тамған атамекенімнің асыл топырағы мен ауасы, мөлдір суы мен жасыл желегі жайқалған сұлу табиғаты менің жан дүниемнің қалыптасуына әсер еткен тәрізді болып көрінеді, – дейді өзі және туған жері Қостанай өңіріндегі Затабольск ауылы жайлы сырын ақтарған Алмагүл Бектасқызы.

Қазіргі біздің қоғамымыздағы қыз-келіншектер өндірістің кез келген саласында ер-азаматтармен бірдей еңбек етеді. Олар білім, медицина, қаржы, техника мен экономика, спорт пен денешынықтыру, ішкі істер органдары мен әскери және тағы да басқа көптеген негізгі-негізгі салаларда тер төгіп, еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді.

Затабольскідегі № 3 орта мектептің озат оқушыларының бірі саналатын Алмагүл мектепте оқып жүргендеақ есепке деген алғырлығымен көзге түсті. Ол өзі сынды арнайы іріктелген б а л а л а р м ен б і р г е м а т а м е т и к а ғ а бейімделген класта оқыды. Сол кездегі облыс әкімінің шешімімен мектепті қызыл аттестатқа аяқтаған оқушылар облыстың жоғары оқу орындарына ешқандай емтихан тапсырмай қабылданған болатын. Сол балалардың қ а т а р ы н д а Қ ос т а н а й о б л ы с ы н ы ң мемлекеттік университетінің экономика факультетіне оқуға қабылданған Алмагүл де бар еді. – Жалпы менің математикаға деген қ ұ ш т а р л ы ғ ы м ды а р т т ы р ғ а н ә к е м Бектас болатын. Ол шахмат ойнауды ұнататын. Үнемі ойлануды қажет ететін шахматқа мен де қызықтым. Ал мектепте Елена Часловна деген ұстазым математика мен алгебра пәндерінен сабақ берді. Сабағын жан-тәнімен беріліп өткізетін. Кез к е л г ен о қ у ш ы н ы ң ж ү р е г і не ж о л табуға тырысатын адам еді. Сол

кісі менің болашақ мамандығымды таңдауға көп септігін тигізді, – дейді ұстаздары туралы әңгімелеген Алмагүл Бектасқызы. Алмагүл университетте де алдыңғы қатарлы, озат студенттердің бірі болды. Сабағына тыңғылықты дайындалатын, өз тапсырмасын тез орындап, қасындағы достарына да көмектесетін. Студенттік қызықты жастық шақтың төрт жылы зулап өте шықты. Университетті қызыл дипломға бітіріп, бухгалтер мамандығына ие болды. Енді-енді көркейіп, зәулім-зәулім жаңа үйлері бой көтере бастаған Астанаға арман қуып келген білімді жас маман Алмагүл қаланың Қаржы д еп ар т амен т і н д е же те кш і м а м а н, Туризм және спорт департаментінде э к о н о м и с т б о л ы п , м е м ле к е т т і к қызметтерде ерінбей еңбек етті. Елордаға келгеніне бір жыл толғанда Қайыркен атты жігітпен танысып, отбасын құрады. Қазіргі кезде екеуі Бақытгелді, Жангелді, Олжас, Нұрәли және Әмір атты бес ұл тәрбиелеп отырған бақытты жанұяға айналды.

– Менің бақытым – менің балаларым. Енді жұбайым Қайыркен екеуіміз осы ұлдарды ел қатарлы ер жеткізіп, оқытып, тағылымды тәрбие берсек деп армандаймыз. Олар да өзіміз сияқты адал еңбек етіп, еліміздің елеулі азаматтары болса екен деп тілейміз, – дейді Алмагүл. Алмагүл жанұяда сәбилеріне жан жылуын дарытатын ана болса, қызметте әріптестерінен жауапкершілік пен өнімді еңбекті талап ететін басшы. Оның қарамағында Айман Бекішова, Бауыржан Құрманов, Эмма Филатова және Бөгенбай Хамидолла сынды азаматтар қызмет атқарады. Олар да Алмагүлдің өзі сияқты қаржы саласының майын езіп ішіп, сүйегін мүжіген білікті мамандар саналады. – Қызметтегі әріптестеріме де білгенімді айтып, үйретіп отырамын. Ертең олар да ұжымды басқарады, олардың бойында, ең біріншіден адамды сыйлау, сыпайы болу дағдысын қадағалаймын. Олар да ересек азаматтар, бір-бір отбасының тірегі, сондықтан оларға айтып емес, ісіммен үлгі көрсетуім керек. Кез келген қызметкерді үйретіп, дағдыландырып тәрбиелеу қажет. Бұл менің өмірден түйген сабағым, – дейді Алмагүл Бектасқызы. Алмагүлдің ұжымдағы беделі, қызметтестерінің оған деген жылы көзқарасы – ерінбеген адал еңбектің нәтижесі мен оның адами қасиетінің

көрінісі. Бұл хақында: «Еңбек етесең ерінбей, тояды қарның тіленбей» – деген дана Абайдың сөздерін өмірімнің ұстанымы етіп отырамын. Еңбек адамды көрікті етеді. Егер мені қасымдағы әріптестерім сыйлап құрметтеп жатса, оның барлығы менің бетімнің әдемілігі ү ш і н е м е с , м ен і ң е р і н б е г ен а д а л еңбегімнің арқасы дер едім. Мен еңбек етуді өмір бойы құрылыс саласында істеген әкем Бектастан үйрендім. Ал отбасының ұядай болған тіршілігін аялап ұстай білу – анам Зайтунадан сіңген қасиет. Менің бойымдағы мінез бен қасиеттер менің бауырларым Азамат пен Ринатта да бар, – дейді кейіпкеріміз. «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздерді Алмагүл Бектасқызы сынды адамдармен бір ұжымда еңбек еткенде, солармен сырлас, пікірлес болғанда айтатын шығар. Осындай адамдар қазіргі қоғамдағы әрбір ұжымның үлгі тұтар ұйтқысы, сондай адамдар адамдық пен адалдықтың ешқашан жоғалмайтынын көрсетіп, жөн сілтеп тұрғандай болады. Ал, ең бастысы, Алмагүл Бектасқызы еңбектің көрігін қыздырып жүрген озат қызметкер ғана емес, ол бес ұл – бес батыр тәрбиелеп отырған батыр ана! Өмір атты ұзақ жолда жолыңыз болсын, еңбегі жанған батыр ана дегіміз келеді. Ержан ӘБДІРАХМАНОВ, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің аға инспекторы


ҚЫЗМЕТ №77 (4243), № сейсенбі, 18.10.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбы төңірегінде өткізілген дөңгелек үстел отырысына Астана қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жанболат Олжабаев төрағалық етті. Мемлекеттік қызметкерлер арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесін арттыру, ресми іс-қағаздар мен іс-құжатты тек қана қазақ тілінде жүргізу мәселелерін кеңінен қаузаған дөңгелек үстел – полиция қызметкерлері мен қоғам қайраткерлерінің ашық пікір алаңына айналды. Жиын басында сөз алған саясаттанушы Дос Көшім орыс тілді ортаға арналған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» бағдарламасы – мемлекеттік тілдің болашағы және бүгініне бағдар жасауға бағытталғанын баса айтты. Осы бағдарлама аясында үш жылдың ішінде сексенге жуық кездесу өткізілген екен. «Биыл, міне, соңғы жыл өткізіліп отыр. Соңғы үшінші жылы халықпен тікелей қызмет ететін – ХҚКО, банк жүйесі, Ішкі істер басқармаларымен тығыз жұмыс істеуді қолға алдық. Себебі, өкінішке орай, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болғанына 27 жыл уақыт өтсе де әлі күнге дейін аяғынан нық тұрған жоқ. Дегенмен, осы жиырма жеті жылдың ішінде қазақ аудиториясы мемлекеттік тіл босағадан төрге қашан озады деген мәселені көп жерде көтеріп жүргенімен, орыс тілді азаматтар тіл мәселесіне келгенде жұмған ауыздарын ашпай, мемлекеттік тілді меңгеруге де ынта танытпай отыр», – деген Дос Көшім орысшыл азаматтарға мемлекеттік тілді меңгеруді міндеттейтін талап жоқтығын айтады. Ал мемлекеттік тіл тек бір қазақтың ғана емес, елімізде тұрып жатқан барлық Қазақстан азаматтарының тілі дегенді айтқан Расул Жұмалы: «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғалы ширек ғасыр өтсе де қазақ тілі заңда көрсетілгендей өзінің мемлекеттік деңгейдегі мәртебесіне жете алмай отыр», – деп қынжылды. – Әлемде екі жүзге тарта мемлекет бар. Олардың барлығы дерлік көп ұлтты, көп нәсілді, көп дінді мемлекеттер. Айталық,

е-mail: nastraje@mail.ru

Мемлекеттік тіл мәселесі сөз болды Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметтен басталуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілде сөйлемейінше, тіл мәртебесі туралы сөз қозғаудың өзі артық. Табалдырықтан төрге оза алмай отырған тіл мәселесіне қатысты Астана қалалық Ішкі істер департаменті қабырғасында қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім, саясаттанушы Расул Жұмалының қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында осындай пікірлер айтылды. Ұлыбритания, Ресей, Германия мен АҚШ – барлығы көп ұлтты мемлекет, соған қарамастан бұл мемлекеттердің азаматтары бір тілде сөйлейді. Осы екі жүз мемлекет мемлекеттік тілге келгенде ел азаматтарын былай қойғанда, шетелден келген қонақтарына өте қатаң талаптар қояды». Саясаттанушының с ө з і н ш е , с ы р т т а н к е л г ен д е р ос ы жоғарыда аталған мемлекеттердің тілін білмей сол елде жалақысы жақсы, маңдаты жоғары қызметке тұру былай тұрсын, ол елдің азаматтығын да ала алмайды екен. Ол аз десеңіз, көптеген әлем елдерінде сол елдің азаматтығын алу үшін міндетті түрде тілі мен діні, мәдениеті мен әдебиетіне қатысты емтихан тапсыру міндеттеледі. «Мәселен, мынау көрші Ресейде өз азаматтарын былай қойғанда, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан уақытша

жұмыс істеуге баратын азаматтардан ел нарығында жұмыс істеу қақын алу үшін орыс тілі және әдебиеті бойынша емтихан қабылдайды. Емтиханнан өтпегендерді бұл мүмкіндіктен айырады. Қарап отырсақ, Францияны біртұтас мемлекет етіп тұрған сол француз тілі, Ресейді де мығым етіп тұрған орыс тілі. Ал қазақ тілі Қазақстанда әлі осындай деңгейде көтеріле алмай тұр», – дей келе Расул Жұмалы мемлекеттік тілді қайтсек төрге шығарамыз деген ортаға ортақ сауал тастады. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру үшін не істеу керек, оған әр азаматтың қосар үлесі қандай?! Міне, осы сұрақтар төңірегінде жиын қонақтары полиция қызметкерлерімен ой пікір алмасты. Қоғам қайраткерлері мен полиция қызметкерлерінің бұл мәселеге келгенде пікірлері қақ жарылды. Т і л ж а н а ш ы р л а р ы м е м ле к е т т і к қ ы з м е т т е ж ү р г ен п о л и ц и я қызметкерлеріне тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін қызмет бабында өзара қазақ тілінде сөйлесіп қана қоймай, іс-құжатты да осы тілде жүргізу керек деген ұсынысымен шықты. Олардың айтуына қарағанда, тәуелсіздігімізді алып, өз алдына егеменді ел болып қалыптасқанымызға 25 жыл уақыт өтсе де жол сақшылары орыс тілінің шырмауынан шыға алмай келеді екен. Дос Көшім жол сақшылары жол ережесін бұзғандарға хаттаманы мемлекеттік тілде

емес, орыс тілде толтыратындарына таңданысын білдіріп, басынан өткен бір жағдайды мысалға келтірді. Бұл сынға залда отырған полиция қызметкері өз пайымдарынша жауап берді. «Сіздерді жол бойында тоқтатып жүрген қазақшаға шорқақ полиция қызметкерлері – олар еліміздің солтүстік өңірлерінен келген азаматтар болуы да мүмкін. Ол өңір азаматтарының өздеріңіз білесіздер, қазақшасына қарағанда орысшасы озық. Негізі жолпатрульдік полиция сапында 800-ге тарта қызметкер бар. Соңғы 5 жылмен салыстырар болсақ бүгінде қазақ тіліне бет бұруы байқалады», – деп түсіндірді. Ал Оразкүл Асанғазы Астана халқының 75 пайызы қазақ, ішкі істер органдарында қызмет етіп жүргендердің 99 пайызы өз ұлтымыздың өкілдері бола тұра, ІІД қызметкерлерінің іс құжатты екі тілде жүргізетіндерін сынға алды. Алайда, бұған полиция қызметкерлерінің де өз айтары бар екен. «Заң шығарушы орган мемлекеттік мекемелердің барлығы дерлік ресми іс-қағаздарды тек қана мемлекеттік тілде жүргізсін деген үкім шығарса, ішкі істер органдары бұны ең бірінші болып қолдайды. Өйткені, қандай заң шықса да оны ең бірінші болып орындайтын да осы ішкі істер органдары. Мысалы, осы жылы заңмен мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс уақытында смартфон қолдануға тыйым салынды ғой. Тыйым салынғалы мемлекеттік қызметкерлер смартфон телефондарын жұмыс уақытында қолданбайтын болды. Мінекей, осындай мемлекеттік тілге қатысты тиянақты заң керек», – деген түйінге келді полиция қызметкері. Өзара пікір алмасу барысында полиция қызметкерлерінің алдына депу-

БАЙҚАУ

тат, мемлекеттің адамы ретінде емес, қазақтың тіліне жаны ашыған қазақ ретінде келіп тұрғандарын айтқан қоғам қайраткерлері нақты осындай үкім шығаруға халықтың үн қосқаны ләзім деп отыр. «Үкім шығарылса біз орындаймыз деп отырсыздар, ал ол үкімді кім шығарады?! Оны шығаратын да – халық», – деді Дос Көшім. Сондайақ, ол Ата Заңда мемлекеттік тіл – қазақ тілі, орыс тілі – ресми тіл деп жазылғанын алға тартқан полиция қызметкерлеріне осыған қатысты түсініктеме беріп өтті. Айтуынша, заңда орыс тілі ресми тіл есебінде мемлекеттік органдар мен өзін өзі басқару органдарында қолданылады делінген. «Біз 1989 жылы Тіл туралы заңды қабылдаған уақытта орыс тілін ресми тіл есебінде деген сөзді орыстілді қауым дүркіреп көшеге шығып кетпес үшін қыстырдық. Өйткені, ол кезде елімізде қазақтардың саны 40 пайызды ғана құрады», – деді өз сөзінде. Тіл жанашырлары ортаға тастаған сауал бойынша полиция қызметкерлері мемлекеттік тілді тұғырға көтеруде к е л т і р е т і н к е д е р г і ле р г е к е ң і нен тоқталды. Бріншіден, «балық басынан шіриді» дегендей бір ауыз қазақша білмесе де мемлекеттік қызметтің жоғарғы лауазымдарында отырған басшылар мәселесіне назар аударуды ұсынды. Полицейлердің пайымынша, мемлекеттік тілді орындаушы таптан бұрын мемлекеттік қызметтің басында отырғандарға үйретуден бастау керек. Сондай-ақ, сонау кеңес үкіметінен бері басшылық лауазымда отырған аға буын орынтақтарын көкірегі ояу, көзі ашық жас буынға босатып берсе жаңа леп жаңашылдық алып келумен қатар, қазақ тілінің қарыштап дамуына күш жұмсайды деп сеніп отыр. Айта кетейік, Астана қалалық ІІДде күні бұрын «Заңның ұлықтылығын қамтамасыз етуде қылмыстық, қ ы л м ы с т ы қ - п р оц е с су а л ды ж ә не қылмыстық-атқарушы заңнамаларын әрі қарай жетілдіру» мәселесі бойынша Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Санжар Әділовтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өткізілді. Бұл жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары Қанат Мусин, Берік Дүйсембинов, ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Мұхаран Әміров, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының тергеу мен анықтау бөліністерінің жетекшілері қатысқан болатын. Жадыра МЫРЗАХМЕТ

Намысты жанып, рухты шыңдап...

Отанды сүю, иманнан! Өткен аптада Астана қалалық ІІД қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері арасында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Менің Отаным!» атты патриоттық әндер байқауы болып өтті. Қатысушылар эстрадалық, академиялық және халық әндері жанрында өз бақтарын сынап көрді. Байқаудың шарты бойынша таңдап алынған әндер патриоттық рухта достық пен Қазақстан халықтарының бірлігіне арналды. Аталмыш байқауға Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шалданбаев, кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Саят Байкенов, Астана қалалық ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Танабергенов әділқазылық етті. Сахнаға бірінші болып тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Ержан Өтепбергенов «Аманат» әнімен шықты. Жалпы, ән сайысқа қатысқан күш құрылымдарының қызметкерлері өнерден құр алақан емес екендіктерін көрсете білді. Мерекелік іс-шараға жиырма шақты үміткер қатысып, бәрі де елдікті, ерлікті, татулықты жырлайтын асқақ әндерді шырқады. Атап айтқанда «Атамекен», «Елім-ай», «Қазақстаным», «Елімнің жүрегі», «Туған жер», «Қазақ елі», «Көк тудың желбірегені», тағы басқа әндер мен халық термелері орындалды. Әділқазылар қатысушылардың вокальдық, орындаушылық шеберлігі мен сахнада өзін ұстау мәдениетіне баға берді.

5

Қазанның 13-і күні астаналық Өрт сөндіру қызметінде аумақтық «Менің Отаным!» патриоттық әндер байқауының І кезеңі өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған байқауға астаналық Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатысты.

Сонымен, патриоттық әндер байқауының жеңімпазы болып 1-орынды «Елім-ай» әнімен жол-патрульдік полиция полкінің психологы Зарина Камалова мен Алматы аудандық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі Ержан Өтепбергенов «Аманат» әнімен өзара бөлісті. Екінші орынды Жолпатрульдік полициясы мамандандырылған батальонның қызметкері, полиция капитаны Дәурен Еңсебаев иеленді. Үшінші орынды полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны Әсем Түзелбаева және Жол-патрульдік полициясы мамандандырылған батальонның қызметкері, полиция лейтенанты Ерсайын Масайынов жеңіп алды. Ал, «Көрермен көзайымы» номинациясы Есіл аудандық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бас маманы Гүлжан Бекенованың қызы Нұрайым Қабдыл мен Жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Альфия Омарованың бүлдіршіндері Саида Омарова, Сымбат Рахым, Исламбек Қожахметтен құралған триоға бұйырды. Айта кетейік, байқаудың жеңімпаздары мен номинанттар 1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасы Президенті күніне» арналған Астана қалалық ІІД-де өтетін мерекелік концертке шақыртылып, марапатталатын болады. Жансая СЫДЫҚБАЙ

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау барысында қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері өздерінің шығармашылықтарын көрсетуге мүмкіндік алды. Байқаудың мақсаты – патриоттық тәрбиені нығайту мен мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту болатын. Байқауға 8 адам қатысуға ниет білдіріп, барлығы 7 шығармашылық нөмір ұсынылды. Жеңімпаз атанамыз дегендердің екеуі «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің қызметкерлері болса, қалған үміткерлер – қызметкерлердің отбасы мүшелері. Байқаудың 1-ші кезеңінің қ о р ы т ы н ды с ы н а сәйкес ең мықты 3 қатысушы анықталды. Бірінші орын Ғалым Ерланұлы Ерболатқа бұйырса (5-МӨСБ), екінші орынды 13-ші ӨСБ кіші инспекторы, азаматтық қорғау кіші сержанты Мөлдір Қайратқызы Жакетова алды. Ал үшінші орын Ернар Ерікұлы Ыдырышқа тиді (9-ӨСБ бастығы орынбасарының ұлы). Байқау жеңімпазы мен 2-3 орындарды иеленгендер астаналық Өрт сөндіру қызметінің атынан фестивальдің республикалық сайысында өнер көрсететін болады. Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ


6

ТАҒЫЛЫМ №77 (4243), сейсенбі, 18.10.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

БІЗДІҢ СҰХБАТ

Халметовтен қалған құндылықтар – Әуелі асыл ағаның өмір, еңбек жолдарына тоқталсаңыз. – Құлахмет Дүйсенбекұлы еңбек жолын 16 жасында Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында бастаған. 1942 жылы Ильич ауданы халық сотының хатшысы болып жұмысқа қабылданады. 1943 жылы Шымкентте оқуға алынады. Содан кейін Мақтаарал мақта кеңшарының орталық жөндеу шеберханасында жұмысшы болып істейді. Ол жылдары елімізде қылмыс к ө б е й г ен қ и ы н ж а ғ д а й е к ен . Қ ы л м ы с к е р ле р со ғ ы с т а н қ а ш ы п , Ш ы ғ ы с қ а қ а р а й ой ы с қ а н е д і . Әскерден қашқандар қарақшы топтар құрып қоғам тыныштығын бұзады. Қылмыспен күресті күшейту үшін 1944 жылы Алматы қаласында бір жылдық ІІМ мектебі ашылды. Оған Бас штабтың рұқсатымен әскерге шақырушылар жолданатын еді. Комсомол жолдамасымен Қ.Халметов те мектепке барады. Оқуды бітіргеннен кейін Қ.Халметов ОҚО бойынша ІІМБ-на қарақшыларға қарсы күрес бөлімінің тергеушісі болып жұмысқа қабылданады. Қысқа мерзім ішінде іс жүзінде өзінің ж е к е б а с ы н ы ң ж и н а қ ы л ы ғ ы м ен, принципшілдігімен, болашағынан үміт күттіретін қызметкер ретінде көрінеді. Көп ұзамай аға тергеуші, одан әрі тергеу тобының жетекшісі лауазымына жоғарылатылды. 1984 жылғы наурыз айында Қазақстан Ішкі істер министрлігіне шақырылып, қарақшылармен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі қызметін атқарған. Сол жылы Мәскеуге, КСРО ІІМ жетекші құрам даярлайтын жоғары офицерлер мектебіне жолдама алады. Оны тәмамдағаннан кейін, Қаз КСР ІІМ-нің аппаратында аға жедел уәкілі, кадр басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

АРДАГЕР Есім Кәрібайұлы осыдан жарты ғасырдан астам бұрын 1963 жылы Астана қалалық ІІД табалдырығын аттаған. Ол кездегі аймақтық Целинный ІІБ Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Көкшетау және Целиноград сияқты 5 солтүстік облыстың құқық қорғау органдарының жұмысын біріктірген үлкен мекеме болатын. Кеңес армиясының қатарында әскерде болған жас Есім Танабергенов автокөлік техникумын бітіре сала Целинный аймағы Ішкі істер басқармасына орналасуға жолдама алады. 12 адамнан тұратын ұжымда мемлекеттік автоинспектор болып қызметін бастайды. Сол кездегі жас балаға үлкен өмір жолын көрсеткен ІІБ бастығы, генерал-лейтенант С.Затолокинді қария аса бір құрметпен еске алады. Еңбек жолын сержанттан бастаған Есім Кәрібайұлы өзінің қызметке ынтасының арқасында 8 айдан соң офицер шеніне кіші лейтенант болып қол жеткізді. 1965 жылы Целинный аймағы ІІБда жұмыс істеген ол көше қозғалысын бақылау бөлімінде жол бақылау инс п е к т о р ы , к ей і н Ц е л и н о г р а д І І Б мемлекеттік автоинспектор болып қызмет атқарады. Целиноград облысы ІІБ МАИ бастығының орынбасары қызметіне дейін өскен ағамыз 1987 жылы зейнетке шығады. Қиын да жауапты милиция жұмысын Есім Кәрібайұлы оқумен толықтырып отырды. 1970 жылы Целиноград инженер-құрылыс институтын тәмамдайды.

Кезінде Кеңес Одағына танымал болған милиция генерал-майоры, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Құлахмет Халметов тірі болғанда таяуда торқалы тоқсан жасын тойлар еді. Ардақты жан соңына өлмес іс, өшпес мұра қалдырып кетті. Құлахмет Дүйсенбекұлы туралы ел ішінде аңызға бергісіз әңгіме көп. Соның бірқатарымен ОҚО ІІД музейінің меңгерушісі Гүлнәр Қожамжарова оқырманмен бөліскен еді.

1958 жылы Алматы облыстық ІІБ бастығының орынбасары, ал 11 айдан кейін осы басқарманың бастығы лауазымына тағайындалады. 1959 жылы Теміртау қаласындағы толқуға байланысты сол тұстағы Ішкі істер министрі лауазымынан босатылады. Осы кезде өндірісті аймақтардың ішкі істер басқармаларына қауқарлы басшылар жіберіледі. Қ.Халменов осындай өндіріс ошақтарының бірі Жамбыл облыстық Ішкі істер басқармасы бастығы болып, сонда 8 жыл жемісті еңбек етеді. 1967 жылдың шілдесіндегі

Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздіктен кейін, Қазақстан Компартиясында облыстық ішкі істер органдарының қызметі құлдыраған деп танылады. КОКП ОК, Қазақстан КП ОК, сон ы м ен қ а т а р о д а қ І І М Ш ы м к ен т облыстық Ішкі істер басқармасының басшылығын нығайту туралы шешім қабылдап, бұл міндетті алғыр да пайымды Қ.Халменовке тапсырады. Шымкент облыстық Ішкі істер басқармасына күрделі жағдайда келген ол кәсіби шеберлігі мен қайраттылығы арқасында табан аудармай 12 жыл басқарды. Ол Шымкент облысы милициясы үшін ауыр кезең болатын. Оның кезінде жеке құрам арасында қатаң тәртіп орнады, жемқорлық пен маскүнемдік жойылды, барлық қызметтерде заңдылық сақталды. Республикадағы жоғарғы санатты маман ретінде танылған ол күрделі мәселелерді жедел шешетін. Былыққа батқан милиция абыройын деңгейге көтерді. Күрделі де ауыр қылмыстардың ашылуына өзі қатысып отыратын, «Химфарм» зауытындағы е с і р т к і б и з не с і не , « Қ а р а к ө л » зауытындағы сыбайлас жемқорлыққа айтарлықтай соққы берілді. Үнемі өзі басқаратын мекеменің беделін ойлап, барлық құрылымдарға маңыз беретін, әсіресе мемлекеттік автоинспекция қызметін қатты қадағалады. Жедел құрам мен тергеу аппаратына қатаң тәртіп орнатылуының нәтижесінде тұрғындар тарапынан арыз-шағым айтарлықтай азайған. Қ.Халменов ж е к е б а с ү л г і с і м ен е р е к ш е лен д і . Антқа адал болуға үндеді. Сонымен қатар, қарамағындағыларға мейірімді, кішіпейіл, қайырымды болған, олардың кәсіби өсуіне көмектесіп отырған. Кадр дайындау мәселесіне үнемі жіті назар аударды. Барлық кедергілерді еңсере отырып, Шымкентте КСРО ІІМ басшы құрамын даярлайтын арнайы орта мектептің ашылуына ықпал етті. Оның түлектері қазіргі таңда Орталық Азияның 5 республикасында басшы лауазымдарда қызмет атқаруда. Қ . Х а л м ен о в о б л ы с т а ө з қызметкерлерінің тұрмыс жағдайын жақсартуға көңіл бөлді. Сарыағашта «Арман» санаторийі, Төлеби ауданында «Біркөлік» демалыс аймағы, Шымкент қаласында ведомстволық б а л а л а р б а қ ш а с ы с а л ы н ды . 4 0 орындық аурухана ашылды. Бұдан

Өмірі өнегелі жан Астана қалалық ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Кәрібайұлы Танабергенов 78 жасқа толды. Ардагерді туған күнімен Астана қалалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров құттықтап, қарияға зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі.

2004 жылы зейнеттегі ағамызды елордалық ІІБ Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Ардагерлер к е ң е с і н і ң т ө р а ғ а с ы қ ы з м е т і не таңдайды. Осы құрметті міндетті Е с і м Т ан аб ер г ен о в б ү г і н г і к ү н г е дейін абыроймен атқарып келеді. Есім Кәрібайұлы мен оның жұбайы бірге 3 баланы тәрбиеледі. Қазірде олардан тараған бес немереден шөбере сүйіп отыр. Бүгінде Есім Кәрібайұлы Ішкі істер департаментіндегі Қоғамдық кеңестің, аттестациялық комиссияның, тәртіптік кеңестің мүшесі. Сонымен қатар, ішкі істер департаментінің

қабырғасында ұйымдастырылатын спорттық-мәдени іс-шараларға ат салысады. Әртүрлі шахматтық турнирлерге, веложарыстарға қатысады. Мереке күндері сахнада өлең оқып, ән салады. Бүгінгі айтулы шарада Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров Есім Кәрібайұлына әрдайым қатарда болуға тілектестігін білдірді. Бүгінгі жастарға берер тағылымы мол қарияның атқарып жатқан ерен еңбегіне алғыс білдірді. Эльмира ШӘУЛЕНОВА, Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

басқа, Шымкентте МАИ ғимараты, мекенжай бюросы, қалалық милиция бөлімі, ведомстводан тыс қорғау басқармасы, ішкі істер басқармасына жапсарлас автобаза, сонымен қатар арнайы тұрғын үй салынды. Осы кезде Жетісай мен Келес аудандарынан басқа барлық қалалық және аудандық милиция бөлімдерінің ғимараттары тұрғызылды. Қ.Халменовтің тынымсыз еңбек етуі нәтижесінде Шымкент облысының Ішкі істер басқармасы барлық көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы қатарға шығып, сол биіктен ұзақ жылдар түспеді. Генерал Халменов қызметінің соңғы 7 жылында Шымкент КСРО ІІМ басшы құрамды даярлау арнайы мектебінің бастығы болып қызмет атқарды. Оның басшылығымен ІІМ жүйесіндегі оқу орындары ішіндегі ең үздіктерінің біріне айналды. 1 9 8 0 ж ы л ы м е к т е п М ә с к еу Олимпиадасының қоғамдық тәртібін сақтауға сауатты түрде ат салысты. Сол үшін Халықаралық Олипиадалық комитеттің, сонымен қатар КСРО ІІМ-нің грамотасымен марапатталды. Қ.Халменов қиын да ауқымды және жауапты жұмысын ғылыммен ұштастыра білді. 1972 жылы КСРО ІІМ Мәскеу Жоғарғы мектебінің ғылыми кеңесінде құқықтық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесінде диссертация қорғап, Кеңестер Одағы ішкі істер басқармасы басшылығының арасында алғашқы ғалым атанды. Қ.Халменов өзінің адал және тынымсыз еңбегімен республика ішкі істер органдары қызметкерлері арасында ғана емес, облыс тұрғындары арасында да зор беделге ие болды. Оның Отан алдындағы қалтқысыз еңбегі атаусыз қалмады. «Қызыл Жұлдыз» орденімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен, КСРО ІІМ және Қазақ КСР-нің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ облыс әкімінің грамотасымен марапатталды. Қ.Халменов «КСРО ІІМ-нің еңбегі сіңген қызметкері» атағының иегері. Ал, 1997 жылы жерлестері оған «Шиелі ауданының және Шымкент қаласының, сондайақ Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын берді. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін оған үш мәрте мерзімінен бұрын майор, подполковник және полковник арнайы шендері берілген. Ал, 1970 жылы милиция генерал-майоры шенін алды. 1987 жылы Құлахмет Дүйсембекұлы Халменов денсаулығына байланысты еңбек демалысына шықты. Жасы ұ л ғ а й ғ а н ы н а ж ә не а у ы р ғ а н ы н а қарамастан, қоғам өміріне белсене араласты. Оңтүстік ішкі істер органдары және ішкі әскер ардагерлер кеңесі Президиумының төрағасы болып қызмет атқарған. Сонымен қатар, ішкі істер органдары жас буындарын тәрбиелеуге ат салысты. Ол «Өмір белестері», «Воспоминания генерала милиции», «Замана тынысы», «Құныққан қасқырлар», «Тәртіптің мәңгілік сақшылары» кітаптарының авторы. «Комиссар С.Юсуповтың жазбалары» және Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдары туралы кітаптарының құрастырушысы. Оның үлгісі отансүйгіштікке тәрбиелеуде үлкен құндылыққа ие. Генералдың б а с т а м а с ы м ен со ғ ы с ж ә не е ң б е к ардагерлерін мәңгі есте сақтау бойынша елеулі жұмыстар жүргізілді. – Осы мұражайдың қалыптасуына Құлахмет ата көп еңбек сіңірген деседі. – Ол рас. Музей 2009 жылы ашылатын болып, істі неден бастарымызды білмей отырғанда Құлахмет ата жұбайымен кіріп келгені. «Музей ашпақ екенсіңдер. Оған не қоясыңдар? Ішкі істер органдары саласында қызмет істеген кімдерді білесің?» деп сұрады менен. Мен сасып қалдым. С ос ы н « к ө м е к т е с і ң і з ш і » д е д і м . Ойпырым-ай, жады мұндай бекем болар ма, үзеңгілес әріптестерінің үй телефондарын, мекенжайларын жатқа айтты. Ертесіне таяғына сүйеніп тағы келіп тұр. Бұл жолы қойын дәптерін а л а к е л і п т і . С ө й т і п , т е ле ф о н м ен сөйлесе бастады. Қызмет бабында

үлкен жетістіктерге жеткен айтулы азаматтардың, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың құжаттары мен наградалары, киімдері, суреттері жинала бастады. Шын мәнінде менің кеңесшім болды. Керек кезінде үйіне телефон шаламын. Шаршамайды. Келіп ақылкеңесін береді. Сонымен, 2010 жылы наурыз айында мұражай салтанатты түрде ашылды. ОҚО ІІД-нің сол кездегі бастығы, полиция генерал-

майоры Асқар Оспанов екеуі ашылу лентасын қиған болатын. – Ол кісінің бір аманаты болыпты ғой. – Ол да рас. Құлахмет Дүйсенбекұлы әр келген сайын «балам, мен о дүниелік б о л ғ а н со ң б а р л ы қ қ ұ ж а т т а р ы м , киімдерім осында тұруы тиіс» дейтін. «Қойыңызшы, сіз бізге керексіз» дейтінмін. Бірақ, өлшеулі жас болады емес пе. 2014 жылы 17 наурызда ардақты азамат мәңгілік мекеніне аттанды. Оны ақтық сапарға шығарып салу үшін ОҚО ІІД ғимараты алдында жиналған адам қарасы көп болды. Кейінірек мен генералдың ұлы Сардарға телефон соғып, ата аманатын айттым. «Құжаттарды, суреттерді, киімдерді Алматы ҚІІД-іне тапсырғалы отыр едік» деді ол. Мен тағы да әке аманатын айттым. Сонымен, мұражайдың бір бұрышы ол кісіге арналды. Қазір жәдігерлер жетерлік. – Соның ішінде сейф Құлахмет Дүйсенбекұлыныкі емес пе? – Б ұ л ө з і ө т е қ ұ н ды ж ә д і г е р . 1882 жылы Санкт-Петербургтегі Сан-Таллидің шойын-құйма зауытында Франц Карлович деген шеб е р ө р т ен б ей т і н с ей ф т е р ж а с а й ды. Салмағы 1 тоннаға жуық әсем безендірілген осы қобди 1882 жылдан 1917 жылға дейін Черняев уезінің полиция басшыларында болыпты. Революциядан соң оны жергілікті милиция басшылары пайдаланған. 1968-1980 жылдар аралығында Қ.Халменов ОҚО ІІБ бастығы болып тұрғанда қызмет бөлмесінде осы сейф тұрған екен. Кейін оны музейге өткізді. Арада қаншама жылдар өтсе де сейф мінсіз жұмыс істейді. Есігі автоматты түрде ашылады. Құлпын ашу үшін тұтқасын белгілі дәлдікпен бұрасаңыз к і л т с а л а т ы н қ а л п а ғ ы а ш ы л а ды . Ою-өрнекті, сәнді сейфті келушілер қызыға тамашалайды.Асқар таудай азаматтың қалдырған құндылықтары көп. Жалпы, Құлахмет Халметов соңына өлмес мұра қалдырып кетк ен т ұ л ғ а . О н ы ң 9 0 ж ы л ды ғ ы н а орай Қызылорда облысында конференция өтті. Өзі негізін қалаған ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы Оқу орталығында үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Біз оны ұмытпаймыз. Әңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Оңтүстік Қазақстан облысы


СПОРТ №77 (4243), № сейсенбі, 18.10.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 АКЦИЯ

Бабаларға тағзым

«Көп оқығаннан емес, көп көргеннен сұра» демекші, көненің көзін көрген ата-бабаларға тағзым ету біздің парызымыз! Осы орайда еліміз әлемдік аренада беделін нық ұстап тұру үшін түрлі бағдарламалар түзіліп, дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу жоспарлануда. Егемендік алғалы атқарылған істер аз емес. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық белесінде Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-мен тығыз жұмыс жасап, оның орнықты даму мақсаттары мен Париж келісімінің және «жасыл экономика» қағидаларының іске асуына қолдау көрсетіп отыр. Астанада 2017 жылы «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өткізілетін ЭКСПО халықаралық көрмесі осыған қызмет ететін болады. Сонымен бірге, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында « Қ а з а қ с т а н- 2 0 5 0 » С т р а т е г и я с ы н ұсынып, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын ұсынды. Стратегия аясында Тәуелсіздіктің 2 5 ж ы л ды ғ ы н а о р а й Қ а з а қ с т а н Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығында «Бабаларға тағзым» атты акция өтті. Қазанның т о ғ ы з ы н ш ы ж ұ л д ы з ы н д а ө т к ен спорттық шарада Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Бекайдар Тойлыбаев жиналғандарды тұғырлы Тәуелсіздікпен құттықтап, аталмыш акция тыңдаушыларды жаңа қазақстандық

көп екенін атап өтті. Акцияға берілген тақырыптың астарында елге құрмет, өткенге тағзым, болашаққа үміт арту сезімдерінің ұштасып жатқанын тайға таңба басқандай айтты. Қазақтың қас батыры Бауыржан М о м ы ш ұ л ы н ы ң с ө з і м ен а й т с а қ , «Ұлттың күш-қуаты – ұлттық рухында»

патриотизмге тәрбиелеуге ықпал ететіндігін айтты. Өз сөзінде полковник мырза егер әрбір тыңдаушыны ата-баба ерліктерін ешқашан ұмытпауға, оларға мәңгілік қарыздар болуға, келер ұрпаққа тәуелсіздік қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп өсірсе, еліміздің болашағы жарқын болатындығын көпшілікке ұғындырды. Елбасымыздың сөзімен айтатын болсақ, «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз», – деді ол. «Бабаларға тағзым» акциясына жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азам а т ы Е р к і н б е к Т ұ р ы со в к е л і п қатысты. «Бәйдібек би» ескерткішінің тұрғызылуына тікелей ат салысқан жазушы жарыс басында сөз алып, дені сау, саналы ұрпақ қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған акцияның берері

демекші, тыңдаушылардың патриоттық сезімін оятып, елге деген сүйіспеншілігін қ а л ы п т а с т ы р у , а з а м а т т ы қ ж ә не жолдастық сезімге тәрбиелеу, әскери және дене дайындығын жетілдіру, саламатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу басты міндет еді. Наурыз алаңында өткен спорттық шараға Оқу орталығының тыңдаушылары белсене қатысып, баспалдақпен Бәйдібек би ескерткішіне дейін жүгіру бойынша ұлдар арасында 1-орынды 10-топ тыңдаушысы А.Пунько (СҚО МКҚБ ММ), 2-орынды 9-топ тыңдаушысы Ж.Айтбаев (Қызылорда обл. МКҚБ), 3-орынды 5-топ тыңдаушысы Д.Мұханбек ( А л м а т ы о б л. М К Қ Б ) и е лен с е , қыздар арасында 1-орынды 5-топ тыңдаушысы А.Смагулова (Жезқазған қ. МКҚБ), 2-орынды 5-топ тыңдаушысы Ә.Жаппарова (ОҚО ІІД), 3-орынды 6 - т о п т ы ң д ау ш ы сы М . Ж ал г асо ва (Маңғыстау обл. МКҚБ) мен 2-топ тыңдаушысы Г.Ашықбаева (Алматы

е-mail: nastraje@mail.ru

7

КӘСІБИ МЕРЕКЕ

Құтқарушылар арасындағы жарыс Біздің өрт сөндіруші құтқарушыларымыз үшін спорт деген жәй ғана сөз емес.

Ширек ғасыр бұрын Алтай мен Атырау арасындағы Ұлы далада сөнген отын қайта тұтатып, тәуелсіздігін тұғырына қондырған Қазақстанға биыл міне, 25 жыл толып отыр. Ата-бабалардың көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі асыл арман болып келді. Ал біз олардың азат және тәуелсіз Отанды аңсаған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырып келеміз. обл. МКҚБ ММ) иеленіп, жүлделі орындардан көрінді. Ал топтық сайыс бойынша 10-топ үздік танылса (топ кураторы М.Хайранов), кейінгі орындарды 9-топ және 5-топ иеленді (топ кураторлары А.Қалмұрзаев және М.Шоқыбасов). Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген тыңдаушыларды Оқу орталығының басшылығы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады. Әрбір құқық қорғау қызметінде еңбек ететін азамат кәсіби маман болуымен қатар, шыныққан шымыр болуы да шарт екенін өткен акция еске түсіргендей. Ашық аспан астында ұйымдастырылған жарыс әрі көңілді, әрі тартысты өтті. Мұндай жарыстар топтық қарымқатынаспен бірге жеке қабілетті де арттыруға үлкен септігін тигізетіні анық. Кәсіби маман даярлауда аянбай қызмет етіп, қызығы мен қиындығы мол мамандықты қалтқысыз атқарып жүрген Оқу орталығының біршама ұстаздары салтанатты түрде алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтсақ, Әлеуметтік және жалпы құқықтық пәндер циклының аға оқытушысы, полиция подполковнигі С.Оспанова, Оқу саптық құрамы курс бастығының орынбасары, полиция лейтенанты Б.Нұрымбетов және ерікті құрам қызметкерлері Х.Ташметов пен С.Құлбаева марапатталып, жеке құрам қызметкерлеріне алғыс білдірді. « Ш ы н ы қ қ а н н ы ң – д ен і с а у » болатындығы секілді қатаң тәртіпте сапалы білім беріледі. Осы қағиданы берік ұстанған Оқу орталығының ұжымы кәсіби маман даярлауда тыңғылықты дайындықпен қызметтеріне кіріседі. Акция аясында Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи өлкетану музейіне, зообаққа, дендрологиялық баққа, «Қасірет мемориалына» саяхат жасалып, шырайлы Шымқаланың көрнекті жерлерін көрсетумен бірге тәрбиелік мәндегі кросс жарысы тыңдаушыларды серпілтіп, жағымды көңіл-күй сыйлады. А.ӘЗТАЙ, Оңтүстік Қазақстан облысы

Өткен аптада «Құтқарушы» спорт кешенінде «Құтқарушылар күніне» орай ҚР ІІМ ТЖК бөлімшелерінің арасында шағын футболдан, жүзуден, жеңіл атлетикадан, сонымен қатар шахматтан жарыс өтті. Аталмыш жарысқа алты команда қатысты. ОӨАЖҚЖ ММ, ІІМ ТЖК аппараты, Астана қаласы ТЖД аппараты, Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ аппараты, АМО ММ, «Өрт сөндіруші» АҚ командаларының әрқайсысы түрлі жарыстардан үздік нәтижелер көрсетті. Мысалға алатын болсақ, Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ аппараты тек қана шағын футболдан ғана емес, сонымен қатар жеңіл атлетикадан да көшбасында болды. Солармен бірге, Астана қаласы ТЖД аппараты шағын футболдан екінші орынды иеленді және жүлделі үштікті ІІМ ТЖК аппараты аяқтады. Жеңіл атлетикаға келер болсақ, екінші орынды ОӨАЖҚЖ ММ, үшінші орынды ІІМ ТЖК аппараты алды. Әрбір ойын көзтартарлық әрі қызу таласта өтті. ОӨАЖҚЖ ММ-нің қатысушылары жүзуден және шахматтан бірінші орынды қанжығаларына байлады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау шеңберіндегі жарыстардан барлық қатысушылар сәтті өтті. Жеңіске жеткендер құнды сыйлықтармен, дипломдармен және сәйкес дәрежелі кубоктармен марапатталды. Жарысты бас төрешінің орынбасары, «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» ҚБ өкілі Д.Т.Данаев ашты. Қорытындысында жалпыкомандалық біріншілікке 3-орынды алған ІІМ ТЖК аппараты, екінші орынды иеленген ОӨАЖҚЖ ММ командалары енді. Жарыстардың чемпионы болып Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ аппараты атанды. Ж.Т.ЕРКИБАЕВ, Астана қаласы

Өрт сөндіру кроссфиті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Азаматтық қорғау қызметтерінің құрылғанына 21 жыл толу мерекесіне орай, ағымдағы жылдың 12 қазан күні Атырау облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-де алғаш рет облыс көлеміндегі гарнизонның өрт сөндірушілері кроссфит спорт түрінен күш сынасты. Аталған жарысқа қызметтің 12 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Жарыстың мақсаты – өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрам арасында өрт сөндіру кроссфитін дамытып-жетілдіру, жедел-қызметтік жұмысында рөлін арттыру және саламатты өмір салты мен денешынықтыру дайындығын арттыру. Сонымен қатар, үздік өрт сөндіруші-спортшыларды анықтау. Жарысты сәлемдеме сөзімен Қызмет бастығының орынбасары, азаматты қорғау подполковнигі Н.Нуралин ашып, барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Азаматтық қорғау қызметтерінің құрылғанына 21 жыл толу мерекесімен құттықтады. «Еліміздің басты байлығы – адам өмірі, ал біздің ең бірінші мақсатымыз физикалық қиындықтарға қарамастан, жедел шешім қабылдап адам өмірін сақтап қалу. Осыған орай өз күштерімізді тек қызметтік бағытта жетілдіріп қана қоймай, спортта да дамыту керек», – деді ол.

ӘРІПТЕС

Мекеме мақтанышы Мен қызмет атқарып жүрген Батыс Қазақстан облысы РУ-170/2 түзеу мекемесінің күнделікті атқаратын ісшаралары жөнінде аздаған пікір білдірмекпін.

Дәлірек айтсам, осы мекемедегі қызмет жасап жүрген азаматтар туралы ойымды ортаға сала кетсем, өздеріңіз білетіндей түзеу мекемесі жазасын өтеп жатқан жүздеген азаматтармен жұмыс жасайды. Олардың түзелу жолына түсіп, болашақта қателік жасамай, толыққанды азамат болуы үшін осы мекеме қызметкерлері зор еңбек сіңіруде. Мекемеде сотталған азаматтармен жеке кездесулер өткізіп отыратын мекеме басшысынан

бастап, тәрбие жөніндегі орынбасары және психологтар көптеген жұмыс атқаруда. Дегенмен мен өз тарапымнан сол сотталған азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын, күнделікті қадағалап, басы-қасында жүрген жасақ бастықтары жайында айтпақпын. Солардың бірі өз әріптесіміз, әділет аға лейтенанты Әлібек Танкишев. Ол кісі РУ-170/2 түзеу мекемесіне жасақ бастығы қызметіне келгелі үш жылдың жүзі болып қалды. 2014 жылдың маусым айында жұмысына кіріскен ол, қазіргі кезде тәжірибесін шыңдай отырып, әскери қызметкерлер арасында өтетін спорттық сайыстарға, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып отырады. Атап айтсақ, Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің ұйымдастыруымен өткен самбо күресінен іріктеуде 62 келі салмақта бірінші орын (2015 жыл), Ақтөбе қаласында өткізілген ҚАЖ қызметкерлері арасындағы самбо күресінен ІІМ ҚАЖ комитетінің төртінші чемпионатында 62 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды жеңіп алды, сонымен қатар «Үздік техникасы үшін» аталымымен марапатталды (2015 жыл). Осыған қоса 2016 жылдың 6-9 қыркүйегі аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында өткізілген ҚАЖ қызметкерлері арасындағы самбо күресінен ІІМ ҚАЖ комитетінің бесінші чемпионатында 57 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынмен оралды. Міне, жас маманның қызметтегі, спорт саласындағы айтарлықтай жетістіктері әріптестер үшін зор қуаныш. Бұл мекемедегі жазаларын өтеу үстіндегі сотталған азаматтарға да жақсы үлгі-өнеге десем қателеспеймін. Әріптесіміз Әлібек Нұртайұлын әлі талай биіктерді бағындыратынына, алар асулары алда екендігіне сенімім мол. С. КАЛКИЕВА, РУ-170/2 мекемесі АЕБ бастығы, әділет подполковнигі

Жарыс 15 кезеңнен тұрды. Олар – жауынгерлік киім кию, биіктігі екі метр болатын дуалдан өту, өрт таяқ сатысы көмегімен үйшіктен өту, шлангалар бумасын бір жерден екінші жерге көтеріп апару, аралас (біріктірілген) көтерілу әдісімен үш үйінді сатысы және шабуыл сатысы көмегімен оқу мұнарасының 4 қабатына көтерілу, құтқару арқаны арқылы 4 қабаттан өзін өзі құтқару, үш қабатты үй конструкциясына көтеріліп түсу, «Лабиринт» оқу снарядынан жүгіріп өту, «Кабелдік коллекторы» оқу снарядынан жорғалап өту, үлкен автошинаны бір жерден екінші жерге аунатып апару, жеңіл автокөліктің автошинасын зіл балға көмегімен бір жерден екінші жерге жанынан соғып ығыстыру, кедергілер бар 20-30 метрлік жолақтан жүгіріп өту. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте жеңімпаз болып Атырау қаласының №1 МӨСБ командасы атанды, екінші орынға Индер ауданының №5 ӨСБ ие болды, 3-орынды Қызылқоға ауданы Сағыз стансасының Жеке өрт сөндіру бекетінің командасы иеленді. Жүлделі орындарға ие болған командаларға кубок, диплом және бағалы сыйлықтар табысталды. Жарысқа қатысқан қызметкерлер аталған жаңа спорт түрінен алдағы уақытта өзін өзі дамыту және жетілдіруге үлкен тәжірибе алды. А.НИЯЗҒАЛИЕВ, Атырау облысы


8

СӨЗ СОҢЫ №77 (4243), сейсенбі, 18.10.2016 е-mail:sakshy@mediaovd.kz

КОНФЕРЕНЦИЯ

КӘСІБИ МЕРЕКЕ

Біліктілікті биіктеткен басқосу Құтқарушылар Жақында ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында «Өрт қауіпсіздігінің, төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың өзекті мәселелері» атты тақырыпта VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы ғылыми мекемелерінің өкілдері, дәстүрлі қонақтарымыз Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының ғалымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы І ш к і і с т е р м и н и с т р л і г і Т ө т ен ш е жағдайлар комитетінің аумақтық, қ ұ р ы л ы м д ы қ б ө л і м ш е ле р і н і ң қызметкерлері қатысты. К о нф е р ен ц и я н ы ң а ш ы л у ы м ен пленарлық отырысы Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалықдрама театрында өтті. Мұнда өрт қауіпсіздігінің, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы өзекті ғылыми мәселелері бойынша баяндама-

лар тыңдалды. Институт бастығының орынбасары, полковник Евгений Тимеев пен Ресей ТЖМ МӨҚ академиясының Автоматтандырылған жүйелер мен ақпараттық технологиялардың оқуғылыми кешенінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Николай Матвеев қатысушыларды құттықтап, ақжолтай тіледі. Ғылыми жиында Ресей ТЖМ МӨҚ академиясының Автоматтандырылған жүйелер мен ақпараттық технологиялардың оқуғылыми кешенінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Алексей Р ы ж ен к о « О қ у д ы қ о л д а у д ы ң а қ п а р а т т ы қ - б а с қ а р у ж ү йе ле р і н і ң элементтерін жобалау» тақырыбындағы

баяндамасы, Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы сарапшы, заң ғылымдарының кандидаты Бақыт Баймұхамбетовтың «Стихиялық апаттардың алдын алу және жою саласындағы кейбір өзекті мәселелері туралы» тақырыбындағы баяндамасы, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау т е х н и к а л ы қ и н с т и т у т ы т ө т ен ш е жағдайларда қорғау кафедрасының оқытушысы, отставкадағы полковник Юрий Румянцевтің «Контейнер түріндегі жылу түтін камераларының базасында газ түтіннен қорғаушылардың т р ен и н г д а й ы н ды ғ ы н ы ң ж ү йе с і н жетілдіру» тақырыбындағы баяндамасы қызықты болды. Конференция жұмысының бірінші күні институт қабырғасында секциялық отырыс өткізілді. Мұнда ҚР ІІМ ТЖК аумақтық органдары қызметкерлерінің және институттың профессорлықоқытушы құрамының баяндамалары тыңдалды. Конференция соңында оның практикалық маңыздылығы анықталып, азаматтық қорғаныс саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау саласында жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми зерттеулерді д а м ы т у ды ң а л д а ғ ы ж ос п а р л а р ы айқындалды. Жұмыс қорытындысы бойынша конференция шешімі қабылданып, қатысушыларға сертификаттар тарту етілді. Көкшетау техникалық институты баспасөз қызметі

СҰЛУЛЫҚ САЙЫСЫ

Яна Есакова – Кербез бикеш! Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/9 мекемесінде сотталғандар арасында сұлулық сайысы өткізілді. Сотталған әйелдерге сайысқа дайындалу үшін барлық жағдай жасалды.

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВ

Ойлан, тап!

Атап айтқанда, музыкалық аппаратура ұсынылып, шырқайтын әні мен биі, сахналық костюмдер үшін тігін шеберханасын қолжетімді етті. Ал мәдени клубты заманауи және классикалық үлгіде безендірді. Дайындық кезінде тәрбие бөлімі қызметкерлері белсене атсалысты. Іс-шараны ұйымдастыруға «Еңбек-Қарағанды» 43 филиалының директоры Сергей Ткачев демеушілік көрсетті. «Кербез бикеш-2016» сұлулар сайысының жеңімпазы атану үшін сайысушыларға бірқатар өлшемдерге с а й б о л у м і н д е т т і б о л ды . О л а р : ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ н ө м і р ле р і н і ң тұтастығы және көркемдігі, икемділік, әртістілік, тандаған тақырыбының өзектілігі және пікір білдіру қабілеті. Сайыс бес балдық жүйе бойынша бағаланды. Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Н.Сахатов, АК159/18 мекемесінің тәрбие бөлімі бойынша бастықтың орынбасары, әділет подполковнигі В.Ким, АК-159/17 мекемесінің тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, әділет майоры О.Лаптева, ММ «Көксу» селолық округінің әкімі аппаратының коммуналдық сұрақтар

Украин (екінші аты)

б ой ы н ш а м а м а н ы В . П е р с т ене в , «Хвилинка» украиндік этно-мәдени орталығы бірлестігінің жетекшісі И . С е р г е е в а , « Е ң б е к - Қ а р а ғ а н ды » РМҚ 43 филиалының инспектормаманы Коваленко, Абай қаласының М ә д ен и е т ү й і н і ң , м ә д ен и - с а у ы қ ісінің әдіскері Ж.Денисенко әділқазы болды. Сайысқа БАҚ өкілдері де ш а қ ы р ы л ды . С о н ы м ен, с ұ л у л а р сайысы мәреге жетіп, Яна Есакова «Кербез бикеш-2016» аруы атанды . Қ а л ғ а н қ а т ы су ш ы л а р к е ле с і

н о м и н а ц и я л а р ғ а и е б о л ды . В и ц е «Сылқым бикеш-2016» номинациясын Елена Прокуратова, вице «Кербез бикеш» титулын Фатима Қарынбай, «Вокал бикеші» Азалья Каюпова, Хо р ео г р а ф и я б и к е ш і » А қ м а р а л Маранова, «Голливуд бикеші» Александра Фоменко, «Иілімді бикеш» Краф Мария, «Подиум бикеші» болып Салтанат Утешова танылды. Финалға шыққан сұлулық сайысының қатысушылары мен жеңімпаздарына арнайы ленталар, мақтау қағаздары, сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді. Н.САЛФЕТНИКОВА, Қарағанды облысы

Жалға беру түрі

Азия тауы

Көлік атауы

Сөйле

Жекпе-жек түрі

... Кинг Жынды

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

Сес

Үнді-қытай елі

... Патриот

Шап Жел атауы

О.Сүлейменов кітабы

19 қазан – Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, яғни құтқарушылар күні! Бұл күн біз үшін бірінші кезекте ведомстволардың ынтымақтастығын, ортақ мақсатын бейнелейді. Өйткені, төтенше жағдайдың алдын алу мен оны жою маңызды мемлекеттік міндет болып табылады және ұлттық қауіпсіздік жүйесінде ерекше орын алады. Атап айтқанда, экологиялық, экономикалық, қоғамдық қауіпсіздіктерді бір мезетте қамтамасыз етпесе болмайды. Сонымен қатар, бұл күні құтқарушылар Отанды қорғаудағы ортақ мақсатқа ұмтылысын және қосқан үлесін сезіне түседі.

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы! Ішкі істер бөлімі басшылығының ұйымдастыруымен Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның құқық қорғау органдары арасында өткен шағын футбол турнирі осы маңызды мерейтойға арналды. Аудандық азаматтық қорғау мамандары турнирға қатысты. Олардың негізгі мақсаты – құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің дене бітімін тиісті қалыпта ұстау, саламатты өмір салтын насихаттау. Біздің қызметкерлеріміз күшін, ерік-жігерін, ептілігін көрсетуге мүмкіндік алды, ал отбасы мүшелері жарысқа қатысушыларға қолдау көрсетті. Бұдан бөлек, кәсіби мерекенің құрметіне орай азаматтық қорғау қызметкерлерінің балалары арасында сурет сайысы болды. Балалар сайысқа белсене қатысып, үздік жұмыстар анықталды. Жеңімпаздарға грамоталар табыс етілді. Мұндай іс-шаралар бос уақытты қызықты әрі ұжымдағы қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, балалардың әкелері туралы көп нәрсе білуіне де септігі тиді. Олардың бойында патриотизм мен ұжымшылдық сезімі, Отанға деген сүйіспеншілігі арта түсті. Кәсіби мереке қарсаңында құрметті әріптестерімізді, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін осы атаулы күнмен құттықтағымыз келеді. Шын жүректен зор денсаулық, бақыт, ашық аспан және кәсіби қызметте жетістіктер тілейміз! Шоқан ҚАЛИҚАЙДАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

ИГІЛІК

Қайырымдылық – қадірлі іс Қазақта «Кең болсаң – кем болмайсың» деген сөздің мәніне үңілсеңіз, адам бойындағы жомарттық пен қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отырғанын аңғарасыз.

Сілтеу есімдігі

Өнер туындысы

құрметтелетін күн

Лада ...

... сырты

Ұлттық мереке

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Жауапты хатшы: Меңдолла ШАМҰРАТОВ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ Тілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ, Сабырбек ОЛЖАБАЕВ, Жансая СЫДЫҚБАЙ

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Сол сияқты, әрбір қызметкерін қайырымды болуын мақсат еткен Ақтөбе облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасында идеологиялық және тәрбие жұмысын жетілдіру жұмыстары қарқынды жүруде. Жеке құрамды тарихи сана мен патриотизмге, еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды, толеранттықты қалыптастыруға, ұлтаралық келісімді нығайтуға, көп ұлтты Қазақстанның ұлттық мәдениетіне құрметпен қарауды үйрету негізгі міндет. Сонымен қатар, қоғамда қазақстандық полицияның имиджін одан әрі арттыруға және нығайтуға, ішкі істер органдарының қызметкерлерінде ұжымшылдық, Отан сүю, анты мен қызметтік борышына адалдық сезімін және адамгершілік эстетикалық тәрбиесін нығайтуға бағытталған түрлі іс-шаралар жыл басынан бері өткізіліп келеді. Өз кезегінде, біздің қызметкерлер қоғам тыныштығын қорғап ғана қоймай, игі істерді жасауға да үлестерін қосуда. Айталық, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау барысында Ақтөбе облысы МКҚБ жеке құрамы «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өткізілген «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық ақциясына белсене атсалысты. Қызметкерлердің қолдауымен Ақтөбе облыстық физика-математикалық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларына жылы киімдер, денешынықтыру киімдері және спорттық инвентарларды сыйға тартты. –Жастардың бойына қайырымдылық сезімін ұялатып, дарынды өскелең ұрпаққа қолдау көрсету біздің парызымыз, – дейді Ақтөбе облысы МКҚБ КЖБ бастығы полиция майоры Айгүл Наушаева. Сондай-ақ, «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» деген сөзді ұран еткен қызметкерлер үлкендерге де құрмет көрсетуді ұмыт қалдырған емес. Жұмыстан тыс кезде қызметкерлер ҰОС ардагерлерінің, тыл қайраткерлерінің және ІІО зейнеткерлерінің үйлеріне барып, қолдан келген көмектерін аямайды. Аға буынмен жүздесу барысында қызметі туралы бөлісіп, ақыл-кеңестер сұрап жатады. Ақтөбе облысы МКҚБ жеке құрамының қолдауымен жыл сайын үрдіске айналған Қарттар күні аясында ҰОС ардагерлері, тыл қайраткерлері және ІІО зейнеткерлеріне ақшалай сыйақы табыс етілді. Жаңылдық ОТАРАЛИЕВА, Ақтөбе облысы Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды. Индексі: 65395 Таралымы: 11338 Тапсырыс: №3577

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Айткен ШƏМШІ


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.