Сақшы №75 (4241)

Page 1

№75

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

(4241), 11.10.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kz

Газет 1933 жылдан бастап шығады

МҰНАЙ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ Арнайы жұмыс тобы өткізген зерттеу шаралары нәтижесінде 99 мұнай-сервистік компанияда жұмыстан босату қаупі бар екені анықталды. Бұл мекемелерде 44 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бүгінде министрліктің қолдауын қажет ететін жұмысшылардың үш тобы анықталып отыр. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтты. «Бірінші топта 1239 адам бар. Олар 52 кәсіпорында қызмет етіп, биыл жұмыстан шығарылған болатын. Аталған жұмысшылардың басым бөлігі Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында», – деді Т.Дүйсенова. Министрдің сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін сан алуан бағдарламалар бойынша жұмыссыз қалған 325 адам тұрақты жұмыс тапты. 355-сі қайта даярлау курстарынан өтті. Олардың ішінде уақытша жұмысқа тұрғандар да бар. Тағы 100 адам өздігінен жұмыс тауып алды. Қазіргі кезде қалған 500 адамды жұмысқа орналастыру жұмыстары жалғасып жатыр.

«Екінші топқа 22 кәсіпорынның жұмысшылары кірді. Себебі олардың жұмысы тұрақсыз кестеге ауыстырылды. Ондай жұмысшылар саны 3 200 адамды құрап отыр. Олардың 1316-сы жұмыс істемейді. Өйткені, кәсіпорындардың жұмысы тоқтаған. 1290ы мерзімсіз демалысқа жіберілсе, 594-і толыққанды жұмыс істеп жатқан жоқ», – деді министр. Ал үшінші топқа алдағы уақытта жұмыссыз қалады-ау деген азаматтар еніп отыр. Олардың барлығы – Атырау облысындағы кәсіпорындардың жұмысшылары. Алдағы екі жылда аталған облыста 3 804 адам жұмыссыз қалады деген болжам бар. Министр Т.Дүйсенованың айтуынша, алдағы уақытта «Теңізшевройлды кеңейту» жобасы аясында қосымша 20 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Осының есебінен жұмыссыз қалған азаматтарды қызметке тұрғызу жоспарланған. Бұдан бөлек, индустриялық-инновациялық бағдарлама мен жұмыспен қамтудың басқа да шараларын қолдану қарастырылып отыр.

Елбасы елшілерден Сенім грамоталарын қабылдады

Рәсім барысында Қазақстан Президентіне Австрия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Герхард Сайллер, Ватиканның Төтенше және өкілетті елшісі Фрэнсис Ассизи Чулликатт, Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэль, Грекия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Александрос Катранис, Қатар Мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Ахмад бен Әли Әбдуррахман әл-Джамиль әл-Тамими, Нидерланд Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян Коп, Швейцарияның Төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмид, Жапонияның Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата Сенім грамоталарын тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың қызметі елдеріміз арасындағы ынтымақтастық аясын одан әрі нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді. Қазақстан Президенті дипломаттардың Астанадағы жұмысы маңызды мереке – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында басталуының символдық мәні бар екенін атап өтті. – Біздің еліміз бұл мерекелік межеге жақсы нәтижелермен жетіп отыр. Қазақстан ширек ғасырда дамудың күрделі кезеңінен өтті. Қол жеткізген жетістіктермен шектелмей, ел іргесін бекемдеу үшін келесі кезеңге арналған жаңа мақсат-міндеттер белгіледік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы еліміздің сындарлы және бейбіт бастамалар, үйлесімді көпжақты сыртқы саясат арқылы халықаралық аренада зор беделге ие болғанына ерекше мән берді. – Бұған Қазақстанның 2017-2018 жылдардағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып сайлануы дәлел. Біз Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде әлем назарын өз өңірімізге аударып, Орталық

Азия үшін өзекті мәселелерді көтеретін боламыз, – деді Қазақстан Президенті. Сонымен бірге, Елбасы Қазақстанның Жаһандық антиядролық қозғалысқа бастамашы болып, оның көшбасшысына айналғанына назар аударды. – Осы ретте, біз жаңа бастама көтердік. Мен ядролық қарусыздану мен жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін халықаралық сыйлық тағайындау жөнінде шешім қабылдадым. Аталған сыйлықтың алғашқы лауреаты болып Иордания королі ІІ Абдалла таңдалды. Бұдан кейін арнаулы комитет құрылып, оның шешімімен сыйлық жыл сайын Семей полигонының жабылған күні – 29 тамызда тапсырылатын болады, – деді Елбасы. Мемлекет басшысы Қазақстанның Жапониямен ынтымақтастығының стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Президент Грекиямен байланысты дамытудың елеулі перспективаларына тоқталды. Елбасы Германиямен өзара іс-қимыл Қазақстан үшін Еуропалық бағыттағы ынтымақтастықта ерекше маңызға ие болып отырғанын, сонымен қатар, Қазақстанның Швейцария елімен диалогы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Нидерландтың біздің отандық экономикаға қосқан айтулы үлесіне назар аударды. Елбасы еліміздің Ватиканмен арадағы қарым-қатынасты айрықша бағалайтынын, сондай-ақ, Австриямен арада жемісті диалог орнағанын атап өтті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Катарды Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын әрдайым қолдайтын араб және мұсылман әлеміндегі маңызды әріптес ретінде қарастыратынын жеткізді. Соңында Қазақстан Президенті рәсімге қатысушыларды Астанадағы дипломатиялық қызметтерінің басталуымен тағы да құттықтап, оларға және отбасыларына зор денсаулық, табыс тіледі.

АНТ ҚАБЫЛДАУ

ЗАҢ ЖОБАСЫ МӘЖІЛІСКЕ ЖОЛДАНАДЫ Кеше Ауыл шаруашылығы министрлiгiнде Ж е р т у р а л ы з а ң ж о б а с ы н а ен г i з i ле т i н өзгерiстер мен толықтырулар жұртшылықпен талқыланды. Жиында АШМ вице-министрi Ерлан Нысанбаев заң жобасы Мәжiлiске қараша айында ұсынылатынын айтты. « 2 0 2 1 ж ы л ды ң 3 1 ж е л т о қ с а н ы н а д ей i н шетелдiктерге ауыл шаруашылығы жерлерiн жалға беруге мораторийдi ұзарту жөнiнде заң жобасы қазiргi күнi мемлекеттiк органдарда қарастырылып жатыр. Олардан бiз келiсiм аламыз. Қазан айының соңына дейiн заң жобасын Үкiметке енгiземiз деп жоспарлап отырмыз. Онда бiрiншiден, шетелдiк азаматтар мен ұжымдарға ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлердi жалға беру, екiншiден, өзiмiздiң азаматтарға аталған жерлердi жекеменшiкке беруге 5 жылға мораторий жариялау қарастырылған», – дедi вице-министр. Е.Нысанбаевтың айтуынша, Жер туралы заң жобасын қараша айының басында Мәжiлiске енгiзуге қатысты жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.

Елін қорғау – ерге серт! Ант қабылдау – Отаныңа, халқыңа адал болу, ел басына күн туса, оны ақтық демің қалғанша қорғау, қажет болса, жан қию. Осылайша, ант қабылдаған курсанттар біздің ұлан-ғайыр жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған жаужүрек ата-бабаларымыздың ерлік жолын жалғастырушыға, елдің қорғанына, сенім арқалаған азаматқа айналмақшы. Биыл Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқу ордасы болып құрылғанына 20 жыл. Жыл сайынғы дәстүрдің ізімен институттың 20 жылдығы және Қарттар күні қарсаңында, еліміздің түкпір-түкпірінен келіп білім алып жатқан 1 курстың 100 курсанты салтанатты түрде ант қабылдады. Отан үшін отқа түсер азаматтарымыздың өміріндегі бұл жауапты қадам жасау шарасына институттың басшылығы, жеке құрамы және Ардагерлер кеңесінің мүшесі Санабай Рзабекұлы, тыл еңбеккері Назира Джанзакова алтын алқа иегері, көп балалы ана Күнсұлу Елбергенова сондайақ, ант қабылдаушылардың ата-ана, туған-туыстары қатысты. Бұл әскер саласы ғана емес, ел үшін үлкен мереке. Сондықтан оған зор мән беріледі. Әскери бөлімшелері мен күш құрылымдары арнайы оқу орындарында бір мезгілде өткізілу дәстүрге айналған. Ол Ақтөбе заң институтындағы осынау

мерекені ұйымдастырудан анық байқалып тұрды. Ту салтанатты түрде сап түзеген курсанттардың нақ ортасына әкелінген соң шараның шымылдығы түріліп, курсанттар ант қабылдауға кірісті. Ант қабылдау аяқталғаннан кейін институт бастығының міндетін атқарушы Дастан Дәулетияров жас курсанттарды «Бүгінгі ант қабылдау рәсімі – сендердің өмірлеріңде ерекше есте қалар сәт, әрі ер еншісі – ел қорғауға басқан қадамдарың» – деп оларды құттықтап әрі қайраттандыра түсті. Ардагер Санабай Рзабекұлы өз кезегінде курсанттарға жолдарының ашық болып, оқуларын

табысты аяқтауына тілектестігін білдірді. Институтта болашақ ішкі істер органдары қызметкеріне сай азамат болып қалыптасуларына жағдайдың толыққанды жасақталғанын айта келіп, Қазақстанның бір кірпіші болып қаланыңдар деп батасын берді. Ант қабылдап, кеудесін қуаныш сезімі кернеген 1 курс курсанты Сайран Сисембай әріптестеріне арнап әннен шашу шашты. Ант қабылдау рәсімін институт жеке құрамы салтанатты шерумен аяқтады. Ақжүніс ЖӘЛЕНОВА, Ақтөбе облысы


2 Ə

-А М Е Л

ЖАҢАЛЫҚТАР №75 (4241), сейсенбі, 11.10.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

Қ

АТ Р А П

Пәкістан

Қыз зорлағандарға – қатаң жаза П ә к і с т а н м е м ле к е т і н і ң қ ұ қ ы қ қорғаушылары мен әйел жамағатының белсенді мүшелері бірнеше жылдан бері талап етіп келе жатқан заң жобасына ақыры қол жеткізіп отыр. Мемлекет билігі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық актілеріне жаза түрін қатаңдату туралы жарлық шығарды. Атап айтсақ, әулет арына кір келтірді деген айып тағып, сот шешімінсіз әкесінің немесе ағаінілерінің жаза қолдануына үзілді-кесілді тыйым салынып отыр. Бұл заң қабылданбай тұрғанда, жазалаушылар бостандықта жүре беретін болған. Ал, енді олардың орны абақты болмақ. Сондай-ақ, қыз зорлау ісіне қатысты да жаза түрі күшейтіліп отыр. Зорлау оқиғасының болған-болмағанын, айыпталушының аққарасын ажырату мақсатында ДНҚ сараптамасын жасату міндетті болып бекітілді.

Бұған қоса, кәмелетке толмаған және мүгедек жандарға қатысты орын алған зорлау оқиғалары бойынша өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі шығарылатын болады.

АҚШ

«Мэттью» дауылынан мерт болды АҚШ-тың оңтүстік-шығыс жағалауында ойран салған «Мэттью» дауылынан қаза тапқандар саны тағы артты. Соңғы мәліметтерге қарағанда 19 адам дауыл құрбанына айналған. Марқұмдар – Солтүстік Каролина, Джорджия ж ә не Ф л о р и д а ш т а т ы н ы ң т ұ р ғ ы н д а р ы . Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, 2 миллионға жуық тұрғын жарықсыз отыр. Оған қоса күре жолдар жабылып, әуе қатынасы тоқтаған. АҚШ-та дауылды бақылаумен айналысатын ұлттық орталықтың мәліметінше, желдің екпіні қазір біршама бәсеңдеген. Табиғи апатқа байланысты АҚШ президенті Барак Обама, зардап шеккен аудандарға көмек көрсетуге уәде етті. Айта кеткен жөн, «Мэттью» дауылынан Кариб аралындағы бірнеше ел зардап шекті. Ол АҚШ-та соңғы 10 жылда соққан ең күшті дауыл ретінде тіркелген.

Ұлыбритания

«Ақылды сағаттарға» тыйым салынды Ұлыбританияда министрлерге үкімет отырысы кезінде Apple компаниясының «ақылды сағаттарын» тағып отыруға тыйым салынды. Бұл сағаттарға ресейлік хакерлер кибершабуыл жасауы мүмкін деген қауіптен туындаған. Ха ке рле р «а қ ы лды с а ғ а т т а р ды » т ы ң д а у құрылғысы ретінде пайдалануы мүмкін екен. Бұған дейін де осындай қауіппен Британия парламентінде мобильді құрылғыларды ұстауға тыйым салынған еді. Ішкі қауіпсіздік министрі мен АҚШ ұлттық барлау қызметінің офис директоры Ресейді Американың саяси ұйымдарына қарсы хакерлік шабуыл жасағаны үшін айыптаған болатын. Алайда, ресейлік хакерлердің шабуылы ресми түрде дәлелденбеген.

е-mail: nastraje@mail.ru

Көрмеге жүзден астам ел қатысады Елордадағы ЭКСПО аясында бірқатар халықаралық ірі шаралар өтеді. Бұл туралы кеше Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне тоқталатын болсам, энергетикалық қауіпсіздік пен жаңаратын энергия көздерін пайдалану деңгейін көтеруде бәсекеге қабілеттілікті арттыру, яғни бірінші кезекте «жасыл» технологияларды қамтамасыз ету барша әлемдік экономикалар үшін, оның ішінде Қазақстанда басымдыққа ие. Бұл тұрғыда «ЭКСПО-2017» ерекше рөл ойнайды. Қазіргі кезде Астанадағы көрмеге қатысатындығын 100-ден астам ел мен 17 халықаралық ұйым ресми түрде растады. Қатысу туралы 81 келісімшарт бекітілді, түрлі елдердің 96 ұлттық комиссарлары тағайындалды», – деді Е. Ыдырысов. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде тағы да бірқатар мемлекеттермен аталған халықаралық көрмеге қатысуы тұрғысында тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, министр көрме аясында ірі халықаралық шараларды өткізуге дайындық

«Мектепке жол» қанша балаға көмек көрсетті? 2016 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» акциясы аясында 320 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді. Материалдық және қаржылық көмектің жалпы құны 2,5 млрд-қа жуық теңгені құрады. «Акция қорытындысы бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 321 424 бала жалпы сомасы 2 млрд 468 млн теңгеге (2015 ж. - 318 026 бала 2,2 млрд теңгеге) материалдық және қаржылық көмек алды, соның ішінде демеушілер мен меценаттардың атынан 223 948 балаға 1 млрд 801 млн теңгеге көмек көрсетілді (2015 ж. – 200 мың балаға 1,5 млрд теңгеге көмек берілді)», – деп хабарлады БҒМ-нан. Сонымен қатар, министрліктің мәліметі бойынша, материалдық көмекпен қамтылған балалардың саны жағынан Жамбыл облысы (30 057 бала), Қарағанды облысы (29 590 бала), Қызылорда облысы (28 137 бала), Ақтөбе облысы (27 004 бала) көш бастап тұр.

жүріп жатқандығын айта келе, осы ретте ШЫҰның 16-шы Саммиті, ИЫҰ-ның ғылым мен технологиялар Саммиті, туризм бойынша министрлер кездесулері, сондай-ақ, басқа да ірі шаралар өтетінін атап өтті.

Психикалық денсаулық күні өтті Кеше Қазақстанда тұңғыш рет «Өмір – менің ең қымбат құндылығым!» ұранымен Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні аталып өтті. Алғашқы медициналықсанитарлық көмек ұйымдарында халық арасында психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығы туралы ақпаратты тарату, психиканың бұзылу жағдайларының орын алуын азайту мақсатында психологтардың, учаскелік дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің тегін консультациялары ұйымдастырылды. Бұл туралы ДСӘДМ баспасөз қызметі мәлімдеді. Олардың айтуына қарағанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында суицид жасауға әрекеттенген балалардың ата-аналарымен әңгімелесу өткізілді. Д ен с а у л ы қ б е й і н д і мектептерінде психикалық д ен с а у л ы қ т ы қ о р ғ а у , отбасында жағымды психологиялық климатты құру туралы сабақтар ө т к і з і л і п , со н д а й - а қ , психикалық денсаулықтың бұзылуын ерте диагностикалау мен оның алдын алу бойынша алғашқы звено мамандары үшін семинарлар ұйымдастырылған болатын. Психикалық денсаулық – бұл адам баласының өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, өмір қиыншылықтарына төтеп бере алатын, өнімді еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Психиканың бұзылуы – жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісік сынды созылмалы

ауруларды қоздыратын жағымсыз фактор болып табылады. Психикалық денсаулықты сақтау үшін ең алдымен, жасөспірімдер және олармен жұмыс істейтін кәсіби мамандар, сондай-ақ, халық арасында жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайтудың маңыздылығы туралы білім деңгейін арттыру керек. Психикалық денсаулықты қорғау – құрамына психикалық денсаулықты нығайту, психиканың бұзылуын ескерту, мінез-құлқы мен психикасы бұзылған адамдардың стигматизациясын төмендету

Қар аралас жауын жауады бойынша шаралар бар көп бағытты стратегия болып табылады. Әлемде 1992 жылдан бастап Бүкіләлемдік п с и х и к а л ы қ д ен с а у л ы қ ф е д е р а ц и я с ы н ы ң б а с т а м а с ы м ен Б ү к і л ә ле м д і к п с и х и к а л ы қ д енс а у л ы қ к ү н і а т а л ы п ө т і п к е ле д і . О н ы ң мақсаты – депрессивті көңіл-күй, шизофрения, Альцгеймер ауруы, есіртіге тәуелділік, талма ауруы, ақыл-ойдың артта қалуының таралуын азайту.

«Astana Musical» – жаңа театр 12 қазан күні «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының» ашылу салтанаты өтеді. Осыған орай, «Қазақконцерт» МКҰ» негізінде құрылған «Astana Musical» театры көрермен назарына ұсынылады. Тұсаукесер қойылым – «Достар серті» спектаклі. Мюзикл желісі бойынша еліміздің әр өңірінен консерваторияға оқуға келген төрт жігіттің басынан кешкен қызықты оқиғалары, жастық шақ, достық пен махаббат жайы баяндалады. Оқиға 60-70-ші жылдар кезеңінде өрбиді. Мюзиклға сол жылдарда әйгілі болған, қазақ музыкасының «алтын қорына» енген: Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев, «Дос-мұқасан» тобының әндері арқау болады. Әлемдік музыканың жауһарлары Франкель, Битлз репертуарының шығармалары орындалады. Сондай-ақ, жаңа стилистикалық бағытта жазылған композициялар да бар. Либретто авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Бақыт Қайырбеков, драматург – Әннас Бағдат. Қойылым музыкасын жазған республикаға танымал дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Артур Оренбургский. Мюзикл режиссері – Еслям Нұртазин. «Astana Musical» – еліміздегі тұңғыш мамандандырылған мюзикл театры. Спектакльде

«Жиналған қаражат көлемі бойынша рейтингте Алматы облысы (427 млн-нан астам теңге), Қарағанды облысы (281 млн-нан астам теңге), Оңтүстік Қазақстан (197 млн-нан астам теңге), Жамбыл облысы (188 млн-нан астам теңге), Қызылорда облысы (184 млн-нан астам теңге) және т.б. облыстарды ерекше атап өтуге болады», – деп мәлімделді ведомстводан. Айта кету керек, акция шеңберінде балалар тиісті мектеп құралдарымен, киім-кешектермен (мектеп формасы, спорт киімдері, аяқ киімдер және т.б.) қамтамасыз етілді. Е с к е с а л а к е т ей і к , « М е к т е п к е ж о л » республикалық акциясы осымен тоғыз жыл қатарынан өткізіліп келеді, мұнда аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар жаңа оқу жылына дайындық кезінде қайтарымсыз көмекке ие болады.

жас актерлар өнер көрсетеді. Олардың бәрі де іріктеуден өткен: вокал, би және актерлік шеберлікті жетік меңгерген кәсіби мамандар. Мюзиклде жеке орындаушылар «Академия солистов» мемлекеттік камералық оркестрі мен Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының «Big band» ансамблінің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән шырқайды. «Astana Musical» театрының мақсаты – елорданың мәдени әлеуетін арттыру және театр қызметінің алуан түрлі жанрын кеңейту. Еліміздегі ең ірі концерттік құрылым «Қазақстан» концерт залының бар мүмкіндігін пайдалана отырып, әртістердің шеберлігін шыңдау, кәсібилігін арттыру. Алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықталған кешенде есімі елге әйгілі өнер жұлдыздарымен тығыз байланыс орнатып, жастарымызды әлемдік деңгейде таныту. « Қ а з а қ к о н ц е р т » м е м ле к е т т і к к о н ц е р т т і к ұйымының» ашылу салтанатына, еліміздің м ә д ен и е т ж ә не ө не р с а л а с ы н д а ғ ы б е л г і л і тұлғалары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік лауазым қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысады деп жоспарланған.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы ығысатын атмосфералық ағымдардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар облыста қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде көктайғақ болады, тұман түседі. Қазгидрометтің ақпаратынша, күндіз ауа температурасы нөл градусқа дейін төмендейді, бұл климаттық температурадан 3-6ºС-ға төмен. Қазақстанға келген атмосфералық фронттардың әсерінен, көптеген аудандарда жауын-шашын, сулы қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Р е с п у б л и к а н ы ң о ң т ү с т і г і м ен о ң т ү с т і к шығысында 12-13 қазан күндері жауын жауады, ауа температурасы қалыптыдан 3-5ºС-қа төмен болады. Тек еліміздің батыс облыстарында алдағы тәуліктерде аздаған жаңбыр жауып, кейін антициклон ықпалынан күн ашылады. Алайда күндіз сынап бағанасы + 5-13ºС-тан жоғары көтерілмейді.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №75 (4241), № сейсенбі, 11.10.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

е-mail: nastraje@mail.ru

3

ЖИЫН

Ұйымдастыру шаралары талқыланды Үлескерлік қатысу –

мың бұраулы мәселе Астана қалалық Ішкі істер департаментінде тұрғын үй құрылысында үлескерлік қатысу және заңнаманы бұзған үшін жауапкершілік жөніндегі заңды түсіндіру бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Өткен аптада ІІМ-де ішкі істер органдарының қызметі туралы мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Жиынға Ішкі істер министрінің орынбасары Р.Жақыпов, Қоғамдық кеңес төрағасы М.Қоғамов, «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қо ғ а м ды қ б і рлес т і г і ні ң т ө р а ғ а с ы Ө.Болсамбеков, Қоғамдық кеңестің азаматтардың арыз-шағымдарын қарау жөніндегі комиссиясының төрағасы Ә.Түгел, президиум мүшесі Т.Костина, а з а м а т т а р ды ң а р ы з - ш а ғ ы м д а р ы н қарау жөніндегі комиссияның мүшесі Е.Нұрпейісов, ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы А.Әбдіғалиев, Қоғамдық кеңестің заң шығару қызметі жөніндегі комиссия төрағасы, ІІМ З а ң д е п а р т а м ен т і н і ң д и р е к т о р ы С.Пономарев, ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры А.Садубаев, заң шығару қызметі жөніндегі комиссия мүшелері Б.Бөлеулиев, К.Рахимбердин, ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Қ.Оспанов, Қоғамдық кеңес хатшысы, ІІМ Штаб-Департаменттің бастығы С.Сүйінбаев және күн тәртібіне қатысты шақыртылған мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Жиынды ашқан Марат Шекішұлы Қоғамдық кеңеске қатысушыларды к ү н т ә р т і б і м ен т а н ы с т ы р д ы . Біріншісі, азаматтардан келіп түсетін а р ы з - ш а ғ ы м д а р ды қ а р а с т ы р у ды

ұйымдастыру және шешім қабылдау м ә с е ле ле р і н д е г і м е м ле к е т т і к органдардың өзара іс-әрекеті туралы болды. Президент Әкімшілігінен берілген осы тапсырманы талқылау үшін Қоғамдық кеңестің осы жолғы о т ы р ы с ы н а Б а с п р о к у р а т у р а д а н, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен және Мемлекеттік қызмет істері бойынша және жемқорлыққа қарсы тұру агенттігі өкілдері шақыртылған еді. Екінші мәселе – «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасын талқылау. Бұл мәселе жайында да ойларын ортаға салған Кеңес мүшелері жұмыс тобының құрамын пысықтады. Бірінші мәселе бойынша шақыртылған мемлекеттік орган қызметкерлері баяндама жасап, кеңес мүшелерінің бірқатар сұрақтарына жауап берді. Соның ішінде Бас прокуратура қызметкері биыл ғана жаңа құзіреттермен жаңа сипатта жұмысын бастаған Қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіре түсу тұрғысында ұсыныстарын айтса, Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан өтініштерді қарау уақытының түрлі объективті себептерге байланысты созылып кететіндігіне назар аудартылды. Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік өкілі Қоғамдық кеңестің отырысын белгілі бір уақытта жүйеге келтіру қажеттігін жеткізді. Айтылған пікірлер

мен кеңестер хаттамалық шешімде көрініс тауып, ол туралы белгілі бір шаралар қабылданатын болады. Ал екінші мәселе бойынша жұмыс тобының жетекшісі ретінде кеңес мүшесі, ІІМ Заң департаментінің директоры Сергей Пономаревтің кандидатурасы ұсынылды. Заң шығару саласында атқарылатын жұмыстар бойынша Қоғамдық кеңес құрылғалы бері кең көлемді жұмыстар жүргізіп келеді. Осы уақытқа дейін ІІМде жасалып шығарылған сексенге жуық заң жобасын талқылауға қатысқан. Бұл жолы да Қоғамдық кеңес заң жобасына криминалдық сараптама, ғылымиэкономикалық сараптама сынды тағы да басқа бірқатар салалар бойынша 12 ескерту-ұсыныс жасап отыр. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады. Жиында, сонымен қатар, өзге де мәселелер қаралды. Соның ішінде негізгі мәселелер ұйымдастырушылық тұрғыда қозғалды. Осы жұмыстар аясында кеңес мүшелеріне куәліктері табыс етілді. ІІМнің ішкі істер органдарының қызметі туралы мәселелер бойынша Қоғамдық кеңесі өз жұмысын ашық та айқын жүргізу мақсатында кең ауқымды шаралар жүргізуде. Қоғамдық кеңестің немесе оның мүшелерінің жүргізген шаралары тұрақты түрде БАҚ-та және ведомстволық веб-порталда көрініс тауып отырады. Сонымен бірге, қараша айында Қоғамдық кеңес төрағасы М.Қоғамовтың Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізуі жоспарланған.

Кешеден бастап үлескерлік құрылысқа қатысуда жұртшылық үшін кепілдікті нығайтуға бағытталған «Тұрғын үй құрылысында үлескерлік қатысу туралы» жаңа заң күшіне енді. Жиынға Астана қалалық ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Асылжан Қалдарбеков, Қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Досқұлов, Үлескерлердің қоғамдық бірлестігінің төрайымы Татьяна Чурсина қатысты. Аталмыш заң күшіне енгеннен бастап үлескерлердің қаржы салуға тартуына және рұқсатнама беруге бақылау күшейеді. Жаңа заңнамада үлескерлердің қаржыларын тартуға арналған рұқсат алудың үш тәсілі қарастырылған, яғни, олар Кепілдендіру қорының кепілдігін алу, екінші деңгейлі банктің жобасына қатысу, тұрғын үйдің бастапқы қаңқасын тұрғызғаннан соң үлескерлердің қаржысын тарту. 2016 жылдың басынан бері ІІД өндірісінде ҚР ҚК салушыларға қатысты 190 (алаяқтық), 189 (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену) баптары бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп, соның 4-еуі сотқа жолданса, 7 іс өндірісте. Қазірде ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша 800 млн теңге соммасында «Ақжол» ТК 101 үлескерінің қаржысын заңсыз иеленген «Ақжол» ЖШС директоры Манашовқа қатысты, 1 млрд 700 мың теңге соммада «Самал», «Араби-1,2» ТК 183 үлескерінің қаржысын иемденген «Квартира НС» ЖШС директоры Бектеміровке қатысты іс сот қарауында.«Столичный-2», «Аниса-1», «Көктал-2», «Абат» тұрғын үй құрылыстары қарайтын «Төленді» ТҚК төрағасы А. Байжұмановқа қатысты іс екі мәрте сату фактісі бойынша сотқа жолданды. 2015 жылы 7 қылмыстық іс қаралып, оның 2-уі сотқа жолданды. Аталған істер бойынша құрылыс компаниясының барлық жетекшілері кінәлі болып танылып, түрлі мерзімде бас бостандығынан айырылды. Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ШАРА

50 млн теңгенің

есірткі шөбі өртелді Батысқазақстандық полиция қызметкерлері Зеленов ауданы Дариян ауылында есірткі өсімдігін отқа орады. Өткен аптада Дариян ауылдың сырт жағында тәркілеуге алынған 1960 түп қарасора және 132 келі кептірілмеген марихуана өртелді. Бұл департамент басшысының төрағалық етуімен және есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, тергеу, анықтау салалары және прокуратура өкілдерінен комиссия құрылып, іске асырылды. Сондай-ақ, шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.

ЖҰМЫС ЖӘРМЕҢКЕСІ

Сізге лайықты жұмыс керек пе? «Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін» өткізу шарасы бүгінгі күннің түйткілді мәселелерін шешудің оңтайлы жолдарының бірі. Бұл орайда түрлі тәсілдерді пайдаланып, онымен негізінен жастар саясаты ұйымдары айналысып жүр. Жақында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі ұйымдастыруымен «Жастар бастамала-

рын дамыту» орталығында бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Онда түрлі саладан бос қызмет орындары ұсынылды. Бос қызмет жәрмеңкесінде өздерімен бос жұмыс орындары ту-

ралы ақпаратты ала келген қаланың ірі кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Оның қатарында: «Алюминий Казахстана» АҚ-ы, «Кастинг» ЖШС, «КазТрансОйл» АҚ-ы, «KSP Steel» ЖШС, «Рубиком Кәсіпорны» ЖШС, «Феликс» сауда және өндірістік компаниясы, «Inter Snack» ЖШС, Павлодар қаласының №2 балабақшасы, «Инновациялық Еуразия университеті», «Альфа-Банк», «Цеснабанк», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Алтын Орда» КМҚКсі, «Гуйру» лағман орталығы, «Аравия» мейрамханасы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ы (БЖЗҚ) болды. Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында өткізілген жәрмеңкеде жұмыссыз жастар өздерін қызықтырған қызмет түрлері және жұмыстармен танысып, кеңес алды. Сол жерде-ақ келісімшартқа қол қойғандар да кездесті. «Мұндай шара тұрақты түрде өткізілетін болады», – дейді оны ұйымдастырушы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» өкілдері. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі

«ЗАҢСЫЗ КЕЛУШІ-2016»

Келімсектер елден шығарылды Көлік полицейлері бес күндік «Заңсыз келуші-2016» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Ол 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығын қамтыды. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық т ә р т і п т і ң ж а й - к ү й і не б а қ ы л а у ды күшейту, Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасы аясындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды мақсат тұтқан бұл іс-шара өз нәтижелерін берді. Шара барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сотқа

дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 393-бабы, яғни «Ел аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамау» бойынша 6 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сондайақ, Қазақстан Республикасы көші-қон заңы төңірегінде 317 заң бұзушылық

анықталды, оның ішінде шетелдіктердің ҚР аумағында болуына қатысты ережені бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 518бабы) 306 факт және шетелдіктердің тіркелу-белгілену ережелерін оларды шақырушылардың бұзғаны бойынша (ҚР ӘҚБтК 518-бабы) 11 факт тіркелді. Сот шешімдерімен 12 заң бұзушы ел аумағынан шығарылды. Ел аумағында жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрғаны үшін 23 адам қабылдау-

Еске сала кетейік, қыркүйектің 24-і күні Зеленов ауданы Шолпан ауылы төңірегінен Жайық өзені жағасындағы орман алқабынан Батыс Қазақстан облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз қарасора өнімін өсірумен айналысқан үш күдіктіні анықтап, қолға түсірген болатын. Олар Қызылорда қаласының 1951 және 1962 жылдары туған тұрғындары, сондай-ақ, 1964 жылы туған күдікті қала тұрғыны болып шықты. Өртелген есірткі өсімдіктер солардан тәркіленген. Тексеру кезінде полиция қызметкерлері 1965 түп қарасора және 132 келіден астам «марихуана» есірткі затын алған болатын. Сонымен қатар, тергеп-тексеру барысында күдіктілерден қарасораны өсіруге арналған құрал-саймандар тәркіленді. Сараптамашылардың пікірінше, тәркіленген есірткі заттардың құны, түптерді санамағанда 50 миллионнан астам теңгені құрап отыр. Қазіргі уақытта есірткі жасаушылар Орал қалалық ІІБ Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі тарату орындарына орналастырылды. М ә с е лен, т а я у д а ғ а н а К ө к ш е т а у стансасындағы темір жол вокзалында Көкшетау стансасы Ішкі істер желілік бөлімінің көші-қон полициясы қызметкерлері Қазақстан Республикасы аумағынан шығару туралы Көкшетау қаласы мамандандырылған әкімшілік со т ы н ы ң ш е ш і м і н о р ы н д а м а ғ а н Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Аталған факт ҚР ҚК 393-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Көліктегі ІІД көші-қон полициясы қызметкерлері шетелдік келушілер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және ҚР аумағына келу

ережесін өрескел бұзушыларды ел аумағынан шығаруға бағытталған «Құқықтық тәртіп», «Мигрант», «Іздеу», «Заңсыз келуші» жеделпрофилактикалық іс-шараларды тұрақты өткізіп тұрады. Шетелдіктер тарапынан қылмысты болдырмау мақсатында алдын алудың кешенді іс-шаралары өткізіледі. Ел аумағында жүрген кезде шетелдіктерді бақылау осы орайда өзара әрекет ету бірлескен жоспары бойынша Көліктегі ІІД қызметтері өзге де құқық қорғау органдарымен, шекара қызметімен, кеден, прокуратура органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізеді. Көліктегі ІІД баспасөз қызметі


4 Ізгі заңның игілігі мол ҚОҒАМ жəне ЗАҢ

№75 (4241), сейсенбі, 11.10.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Ө т к ен а п т а д а е л о р д а д а ұйымдастырылған «Үкімет ашық диалогта» атты дөңгелек үстел осы заң жобасының кем-кетігін түзеп, олқы тұстарын дұрыстауға арналды. Басқосу барысында «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары кеңінен талқыланып, білікті мамандар алғаш рет дербес дайындалған құжаттың көтерер салмағы мен жауапкершілігі жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды. ІІМ, «Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңес, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті, сондай-ақ, «Қазақстанда қылмыстық сот әділдігін нығайту» ЕО жобасы ұйытқы болған жиынға ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет генерал-майоры Бауыржан Бердалин төрағалық етті. Дөңгелек үстел жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаты Қанат Мусин, І І М ж а н ы н д а ғ ы Қ о ғ а м ды қ к е ң е с төрағасы Марат Қоғамов, «Қазақстанда қылмыстық сот әділдігін нығайту» Еуропалық одағы жобасының жетекшісі Билл Матзе және оның орынбасары Бен Зенгеринк, Пробация мәселелері жөніндегі Маастрихск университетінің профессоры Жерар Де Йонг бастаған бір топ халықаралық сарапшылар мен заң жобасын дайындаған ведомствоаралық жұмыс тобының мамандары қатысты. Заң жобаларын талқылауға арналған ауқымды іс-шаралар бұған дейін де өткені белгілі. Жыл бойы іске қосылған халықаралық дөңгелек үстел, жиын, басқосулар барысында ортаға салынған ұсыныстар мен пікірлер сарапталып, сүзгіден өтті. Нәтижесінде алғаш рет дербес заң ретінде дайындалған «Пробация туралы» құжат жаңа қызметтің қыр-

Бану РАХЫМБАЙҚЫЗЫ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Елімізде алғаш рет «Пробация туралы» жеке заң жобасы дайындалып, құжат жақында Мәжілісте бірінші оқылымнан өтті. Бұл – Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 33-тармағын жүзеге асыру бағытында қолға алынған жұмыстардың бір парасы ғана. Алда атқарылар жұмыстар әлі де ауқымды. сырын, көтерер жүгі мен жауапкершілігін, мақсат-міндеттерін айқындап берді. Дөңгелек үстелге қатысқан ұлттық сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдастық өкілдері де заң жобаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға жеке-жеке тоқталып, қылмыстық саясатты әрі қарай ізгілендіруді мақсат тұтқан заңнамалардың басты бағыттарын көрсетіп өтті. Талқыға салынған заң жобаларының тағы бір көздегені – құжатты халықаралық стандарттарға жақындату болып табылады. Ал, бұл стандарттың басты қағидаты – сотталғандарды қайта әлеуметтендіру арқылы оң жолға бағыттау. Дөңгелек үстелде сөз алған Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев заң жобаларын тағы бір мәрте таныстырып, жиналғандарға

РЕЙД

Бақпаса бала кетеді

Биыл 16-20 қыркүйек аралығында Әулиекөл аудандық Ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» атты республикалық жедел алдын алу іс-шараларына орай рейдтер жүргізді.

І с - ш а р а н ы ң не г і з г і м а қ с а т ы – кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету және атааналардың өз балаларының тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, спирттік ішімдіктерді және темекіні кәмелетке толмағандарға заңсыз сату фактілерін анықтап, оларға заңға сәйкес шаралар қолдану, сондай-ақ оқудан бас тартып жүрген мектеп жасындағы кәмелетке толмағандарды анықтау, қараусыз қалған жеткіншектерді анықтап және оларды орналастыру бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу. «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел алдын алу шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында, аудандық ішкі істер органдарының кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлары жұмылдырылды. Төрт күндік іс-шара кезінде Әулиекөл аудандық Ішкі істер бөліміне жеткізілген кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтар анықталды. Сағат 23.00-ден кейін қоғамдық орында заңды өкілдерінсіз жүргендіктен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 441-бабының 1-бөлімі

«Кәмелетке толмағандардың сағат 22.00-ден сағат 06.00-ге дейін көңіл көтеру орындарында болуына» қатысты бір факті анықталды. Сондай-ақ, 442-бабының 2 бөлімі бойынша кәмелетке толмаған Әулиекөл ауданының 11 тумасы жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 1-ші бөлімі «Заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу бойынша өздерінің міндеттерін орындамауы» заң талабы бұзылуына қатысты үш ересек, 133-бабының 1-бөлімі «Кәмелетке толмағандарға темекі сату» және 200-бабының 1-бөлімі «Кәмелетке толмағандарға алкоголь ішімдіктерін сату» фактілері бойынша сатушылар жауапкершілікке тартылды. Сондайақ, рейдтік іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандар «Қорғау ұйғарымы» категориясы бойынша алдын алу есебіне қойылды. Шара барысында кәмелетке толмаған 12 бала және 5 ересек адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өздерінің ата-аналық міндеттерін тиісті түрде о р ы н д а м а ғ а н ы ү ш і н, к ә м е ле т к е толмаған балаларының түнгі уақытта қоғамдық орында болып, басқа да құқық бұзушылықтарды жасағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке олардың заңды өкілдері және ата-аналары тартылды. Қ а з і р г і к е з д е к ә м е ле т к е толмағандармен, қадағалаусыз және панасыз қалған жасөспірімдермен жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау және кәмелетке толмағандар мен жағдайы нашар отбасыларды есепке қою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, қылмыстық және ювеналдық полиция бөлімдері кәмелетке толмағандарды қылмыстық іс-әрекетке, қоғамға қарсы іс-әрекет жасауға итермелеу фактілерін анықтау бойынша жұмысын күшейте түсті. Танат ҚАРАБАЛИН, Қостанай облысы

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды әлеуметтік оңалту мәселелерінің қалай шешім тауып отырғаны жөнінде кеңінен мағлұмат берді. Комитет өкілі елімізде қазіргі таңда іске қосылған шартты-үкімдік және постпенитенциарлық пробация түрлерінің арқасында қол жеткізген оң нәтижелердің бар екенін де атап өтті. «Пробация туралы» заң жобасы пробация институтын әрі қарай жетілдіруге, нақтырақ айтқанда, бұл қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге мол мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа қызметтегі ұғымдарды орнықтырып, пробация қағидаттары, қ ұ з ы р е т т і л і г і м ен ф у н к ц и я л а р ы , мәртебесін анықтауға да жол ашады», – деп атап өтті Мейрам Ақатұлы. Жиында «Қазіргі пробация қызметінің басты міндеттері» тақырыбында баяндама жасаған Нидерланд елінен келген халықаралық сарапшы, Пробация

мәселелері жөніндегі Маастрихск университетінің профессоры Жерар Де Йонге заң жобасының сапасына қатысты нақты ұсыныстары мен ескертулерін айтты. «Заң мүдделі құзырлы орган қызметкерлеріне ғана емес, жалпақ жұртқа да түсінікті болуы шарт. Пробация қызметінің нәтижелілігіне қатысты кей ұғымдарды нақтылап алған да артықтық етпейді. Мәселен, құжаттың 1-бабындағы «қоғамдық жұмыстар» дегенге нақты түсінік берілмеген», – деген профессор әлем елдерінің көпшілігінде пробация қызметінің әділет министрлігіне қарайтынын да тілге тиек етті. «Пробация қызметі мемлекеттік орган ретінде көрсетілгенімен мұнда жеке, коммерциялық емес ұйымдарға орын берілмеген. Сондай-ақ, жобада пробацияның қызмет ретінде иерархиясы қалай құрылатыны да нақтыланбаған», – деген халықаралық сарапшы сотқа дейінгі пробация кезінде тұтқынға алынған адамға полиция бөлімінде нақты қандай көмектер көрсетілуі керек екенін де түсіндіріп өтті. «Нидерландта «ең бастапқы этапта араласу» – өте тиімді тәсіл болып саналады. Әр сотталғанның үйіне барып, жағдайымен танысу, мәселенің мән-жайына үңілу – пробация қызметінің нәтижелілігін арттырып қана

қоймайды, бұл салаға деген сенімді де нығайтады», – деді ол. Д ө ң г е ле к ү с т е л д е со н д а й - а қ , «Қазақстанда қылмыстық сот әділдігін нығайту» Еуропалық одағы жоба жетекшісінің орынбасары Бен Зенгеринк сөз алып, пробация жүйесіне инновациялық тұрғыдан қадам жасау жөнінде ойын білдірді. Бұл бағытта оқу орындары, зерттеу орталықтары мен тәжірибелі офицерлердің өзара ынтымақтастықта жұмыс істеулері қажет екенін алға тартқан сарапшы: «Қазақстан сотталғандардың санын азайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Ендігі мақсат – арнайы есепке алынған сотталғандарды пробация қызметінің көмегімен қоғамға қайта бейімдеу, олардың арасында қайта қылмысқа барудың алдын алу болып табылады. Сондықтан да заң жобасында пробация қызметкерінің жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеуінің жолдарын тайға таңба басқандай анықтап көрсетіп бергеніміз жөн. Өйткені, шартты түрде сотталған адамға жан-жақты, ең бастысы, дер кезінде көмек беру – міне, жаңа қызметтің басты көздегені осы», – деп атап өтті. Естеріңізде болса, «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына қатысты бұған дейін жариялаған жазбаларымызда пробация қызметінің пәрменділігін ашып көрсетуге тырысқанбыз. Қос құжат пробация қызметінің тарихы 200 жылдан асатын Нидерланд пен Ұлыбритания елдері халықаралық сарапшыларының көмегімен дайындалған. Заңнамаларда аса ауыр емес және алғаш рет қылмыс жасағандарды бірден түрмеге жаппай, заң талаптарына сай пробациялық бақылау тағайындаудың тиімділігі мен мәні жөнінде кеңінен түсіндірілген. Кезекті отырыс та осы мақсатты межеге алған. Себебі, қоғамға, тиісті мекемелер мен қарапайым халыққа пробациялық есепке алынған адамдардың қайта қылмысқа бармауының алдын алу алғышарттары мен сотталғандарға әлеуметтік, құқықтық, медициналық, психологиялық көмек көрсету арқылы ортаға оралтудың маңыздылығын түсіндіру де маңызды.

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Шатақ дін мен шаңнан без Жақында Батыс Қазақстан облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Жарасқан Сабырғалиевтің, БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы Жол және техникалық инспекция бөлімінің инспекторы, полиция майоры Тимур Майрановтың ұйымдастыруымен семинар-тренинг өтті.

Іс-шараның негізгі тақырыбы – «Діни терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау». Шараға Орал қаласындағы №1 кәсіптік лицейдің 60-қа жуық студенті мен дәріс қонағы ретінде облысымыздағы дінтанушы Әсет Романқұлов қатысты. Жастар теріс діни ағымдардың кесірі жөнінде не біледі? Түрлі секталардың шырмауына түспес үшін алдын алу шараларына қанық па? Осынау түрлі сауалдарға арнайы маман иесі студенттерге дін саласындағы мәселелер жайлы көптеген ақпараттар берді. Жиынға қатысушылардың барлығына осы тұрғыда ақпараттық материалдар тара-

тылды. Онда қоғамымызда теріс діни ағымнан зардап шеккендердің тағдыры мен суреттері анық көрсетілген. Әңгімелесу барысында қазіргі қоғамда орын алып жатқан сұмдық оқиғалардың себептері, шынайы діни көзқарас, жалпы ислам дінінің, мұсылмандықтың, имандылықтың негізгі қағидаттары туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, жиналған жастар тарапынан да дін саласындағы көкейкесті мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, отырыс белсенді өтті. Дәріс соңында аталған лицейдің тәрбие істері жөніндегі

меңгерушісі Бибігүл Жұмабекова қазіргі қоғамдағы ақ-қарасы анық емес діни экстремизм және терроризм тәрізді тақырып бойынша студенттер арасында дәріс оқып, жастар ісіне ден қойғаны үшін шексіз алғысын білдірді. Баяндамашылар діндегі радикалды ағымдардың қоғамға қауіп-қатерін, өзге дін өкілдерімен қарым-қатынасты, жалпы дін туралы түсінік пен ислам дінінің Қазақстанға таралуы тарихын толыққанды баяндап берді. Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Қоңыр күз жетсе, қайтеміз? Күз – қысқа қамданатын уақыт. Ауылдағы ағайындар отын-суын осы мезгілде сақадай сай қылуға тырысады. Дегенмен, қураған ағаш-жапырақ өрт қаупін күшейтетінін де ұмытпаған жөн. Осы себепті Атырау облысы Индер ауданында өрт қауіпсіздік айлығы аясында гарнизонның жеке құрамы тұрғын-үй секторында алдын алу бағытында рейдтер өткізуде. Қазір де алтын күздің соңғы күндерінде тұрғындар қысқа қамданып, мал азығына жем-шөптерін жинауға асығады. Қора-жайлардың үстімен көбінде электрсымдары өткізілген, газ құбырлары жүргізілген. Сондықтан, қора-жай учаскелерінде өрттің туындау тәуекелі өте жоғары. Бұған қоса, ауылдық округтер аудан орталығынан қашықтығын, оларға жету жолының қиындығын, сумен қамтамасыз етудің күрделі мәселелерін қоссақ, өзінен кейін ештеңе қалдырмайтын от апатының ауыл тұрғындарына қаншалықты қиын екенін көруге болады. Бөлім қызметкерлері ауылдық округ тұрғындарына барып әңгімелер өткізіп, жадынамалар таратты, тұрғын үй

иелеріне электр құрылғыларын, үйлерде газ құрылғыларын қолданудағы қауіпсіздік шаралары туралы кеңестер берді. Тұрғын үй және шаруашылық құрылыстардың жанында отты абайлап пайдалануды, электр құрылғылардың қысқа тұйықталуынан, балалардың сіріңкелерге қолжетімділігінен болған өрттерді мысалға келтіріп, ескертулер жасады. Қызметкерлер ескірген электр сымдарына, құрылыстар арасындағы өртке қарсы өткелдер сақталмағанын көрсетті. Бұдан басқа, өрт туындаған жағдайда жасайтын әрекеттер мен түтін шыққан бөлімдерден эвакуациялану әрекеті түсіндірілді. Әңгімелесу барысында аудан тұрғындары кез келген телефон арқылы оқиғалар мен төтенше жағдай туындаған жағдайда немесе қауіп төнген кезде көмек шақыру үшін «101» және «112» нөмірлеріне хабарласу керектігін айтты. 1460 үйге өрт қауіпсіздігін түсіндіру туралы жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ, «Елтай» және «Жарсуат» ауылдық округтерінде де жиындар өткізілді. І.САҚЫПҚАЛИЕВ, Атырау облысы


АЙМАҚ №75 (4241), № сейсенбі, 11.10.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

ДІН –ДІҢГЕГІҢ!

Қоғам қауіпсіздігі – басты назарда Біздің өңірімізде діни ағымдар ықпалының салдарынан пайда болып жатқан жастардың арасындағы т е р і с т ү с і н і к т е р м ен к е ле ң с і з і с әрекеттер барша халықтың алаңдаушылығын туындатты. Қазақстан Республикасының П р е з и д ен т і Н . Ә . Н а з а р б а е в «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе, халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын ж ә не х а л ы қ а р а л ы қ қ а у ы м д а с т ы қ пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп», – деп атап көрсеткендей, діни эстремизм барша әлем елдеріне қатысты проблема болып отыр. Елбасымыздың тапсырмасымен Ақтөбе облысына еліміздің барлық өңірлеріндегі құқық қорғау саласында үздік деп танылған 200-ге жуық қызметкер келіп, радикалдық д і н и а ғ ы м д а р и д ео л о г и я с ы н а н туындаған проблемаларды шешуге бағ ыт т а л ғ ан іс- ш ар алар ды о р ынд а у , м е м ле к е т і м і з д і ң қ ұ р ы л ы м ы м ен ұ л т т ы қ қ а у і п с і з д і к к е қ а у і п -

Қоғамның тынысы – азаматтардың әрекетімен, қоғам қауіпсіздігі – мемлекеттің бағытымен айқындалады. Әлемдік деңгейде қауіпті дертке айналған өзекті, шешімі тез арада табылмайтын, күре тамырлы проблемалар ел ішінде етек жайып, соның салдарынан жайсыз оқиғалар орын алып жатқаны белгілі. қатер деңгейін анықтау мақсатында қарқынды жұмыстар атқару үстінде. Ақтөбе облысы аймағында әлеуметтік мәселелер бойынша 2016 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң

институты Ақтөбе облысы әкімдігінің Дін істері басқармасымен бірлесе отырып «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасының аясында құқық қорғау органдарының өкілдерімен, имамдар, теологтар, пси-

хологтар және әлеуметтанушылардың қ а т ы су ы м ен к е з д е су ө т к і з д і . І с шараның мақсаты жеке құрам арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, радикалдық діни ағымдар идеологиясы, олардың мемлекет құрылымына және ұлттық қауіпсіздігінің қауіпқатердің алдын алу. К е з д е су а л ды н д а Қ а з а қ с т а н Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тургумбаев жұмыстық сапар жасап, институт қызметкерлері мен курсанттарының, тыңдаушыларының күнделікті тынысымен танысып, ақыл-кеңестер мен нұсқамалар берді. Ш а р а д а М ә д ен и е т ж ә не д і н халықаралық орталығының талдау жұмысы бөлімінің аға сарапшысы Асхат Өтемісов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің полиция полковнигі Әміржан Ақшолақов , «НҰР ҒАСЫР 2050» қоғамдық қорының президенті, «Человек и закон» газетінің тілшісі, заң ғылымдарының кандидаты Аян Төреқұлов, «НұрМүбарак» у н и в е р с и т е т і н і ң ғ ы л ы м д о к т оры Оралхан Сейдманов, «Астана медициналық университеті» АҚ жұқпалы аурулар және эпидими-

5

ология кафедрасының ассистенті Гүлсімжан Төребаева, ҚР БжҒМ Ж о ғ а р ы ж ә не ж о ғ а р ы о қ у о р н ы нан кейінгі білім департаментінің бас сарапшысы, Ләззат Уатаева арнайы қатысып, курсанттарды мазалап жүрген мәселелер мен түсінікті қажет ететін маңызды сұрақтар төңірегінде сөз қозғап, тұшымды ойлары мен ақыл-кеңестерін ортаға салып, қызу талқыға салды. Бұл кездесуде мамандар экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру екендігі атап өтіп, күнделікті бұқаралық ақпарат құралдары рөлінің маңыздылығы баса айтылды. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажеттігін тағы бір пысықтады. Халық даналығында «Отан отбасынан басталады» делінсе, ұйымдастырылған шарада қатысушылар жастарды саяси, әлеуметтік, басқа да салалардан сауаттандыру жұмыстарын жандандырып, әрбір отансүйгіш азамат елдің, жердің, өздерінің болашағына ойланатын жастарды тәрбиелеуде үлес қосып, осындай ауқымды проблемаларды шешуде жұмыла түсуіміз керек деген түйінге келді. Ж.НҰРМҰХАНБЕТОВА, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институтының мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің бастығы

ӘРІПТЕС КЕЛБЕТІ

Білікті басшы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының елорданың бір тойында «Астана – Еуразияның жүрегі» дегені бар. Аталы сөздің астары – асқақ арманның дүрсілін сезіндіреді. Экономиканың күретамырындай тарам-тарам жолдар Астанада тоғысып, соның лүпілінен екпін алып жатса ғой, шіркін, деген тілек бұл. Ал сол жолдың бірі – әуе жолы. Бас қаламыз – Еуразияның жүрегі болса, Астана халықаралық әуежайы – қос құрлықтың әлемге ашылған қақпасы. Дәрежесі департамент болса да, дәргейі темір жол тармағы жететін еліміздің барлық аумағын қамтитын ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаментін өз алдына бір комитет етіп құрса да артықтық етпейді. Құс қанаты талатын ұланғайыр даламызда көсіле тартқан темір жол бойында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалау жұмыстарын мүлтіксіз атқарып келе жатқан осынау қара шаңырақты ұжымның құзыретіне әр облыстардағы әуежайлардың қауіпсіздігі де кіреді. Ал солардың ішінде Астана халықаралық әуежайының шоқтығы биік. Мұнда азаматтардың құқы мен тәртібін, көлік нысанының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімі абыроймен жүзеге асырып келеді. Астана қаласының халықаралық әуежайынан «AirAstana», «Жетісу», «Узбекские авиалинии», «Etihat Airways», «Трансаэро», «Scat», «Turkish Airlines», «Lufthansa», «Austrian Airlines», «Аэросвит», «Евро-Азия Эйр» және тағы басқа белді-белді әуе компанияларының ұшақтары арқылы 1 тәулік ішінде 12 мыңнан астам жолаушы алыс сапарларға аттанып, оралып жатады екен. Әуе қақпасы арқылы халықаралық бағдар бойынша және iшкi әуе жолдары бойынша жолаушылар, жүк, чартерлiк жолаушылар, чартерлiк көлiк тасымалдары жүзеге асырылады. Халықаралық және ішкі рейстердің саны – 140, ал жазғы уақытта бұл сан тіпті 180 рейске дейін барады. Осы цифрлардан-ақ, көлік сақшыларына жүктелер жұмыс ауқымы мен артылар жауапкершілік жүгін аңғара беріңіз. Жұмыс ауқымы 91 адамдық ұжымның үлес санына бөлінер, ал жауапкершілік жүгі ең бірінші кезекте ЖПБ бастығы Теміржан Рамазановқа артылары анық. Осы талапқа сай, полиция қызметкерлерінің жұмысына қатаң бақылау жасап, олардың ісшараларын ұйымдастыруда өз шеберлігі мен тәжірибесін аямай, «жас та болса бас болып» келе жатқан Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Теміржан Рамазанов департаменттің мақтаулы мамандарының бірі. Ішкі істер органдарында 2002 жылдың қыркүйегінен бері қызмет атқарып келе жатқан Теміржан Бақытұлы бұл саладағы өмірін ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Заң институтының курсанты ретінде бастапты. Жоғары оқу орынын бітіргеннен кейін, Көліктегі Батыс ІІД Ақтөбе стансасындағы ІІЖБ-де орта басшы құрамның әртүрлі лауазымдарында криминалдық полиция және жедел уәкіл саласы бойынша қызметтер атқарған. Одан соң ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының магистратурасын бітіріп, полиция капитаны шенімен көлік саласына қайта оралады. 2014 жылдан бастап Астана қаласы әуежайындағы ЖПБ-де бастықтың бірінші орынбасары қызметін атқарды. Осы қызметте полиция

майоры әскери шенін алған Теміржан Бақытұлы әуежай аумағында департаменттің криминалдық полиция бөлімшесі қызметкерлерімен өзара тығыз әрекет ете отыра, ЖПБ жұмысын шебер ұйымдастырып, көптеген қылмыстардың ізін суытпай ашып және алдын алғанының арқасында басшылықтың көзіне түсіп, 2015 жылы Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды. « Т ә р т і п с а қ ш ы с ы б о л у ды б а л а к е з і м нен таңдадым. Ал соның ішінде қай салаға барсам болады деген ой оқу ордасының қабырғасында келді. Жауапкершілігі жоғары, ауқымы кең жерде жүрсем деген ұстанымым болды. Өзім аса тиянақтылықты жақсы көрем. Ал күні-түні тынымсыз жұмыс істейтін әуежайда өте мұқият болмаса болмайды. Өйткені, режимдік, халықаралық нысан болғандықтан – оқиға орын алған кезде жедел, әрі кешенді қимыл жасамаса, құқық бұзушыны немесе қылмыскерді басқа облыстан, тіпті, басқа елден іздеуге тура келіп жатады», – дейді Теміржан Бақытұлы.

Теміржан Бақытұлы қарапайым отбасынан тәрбие алған. Әкесі Бақыт Нұржанов Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген, ал анасы Ибраимова Ботакөз Абдықадырқызы Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасы. Әрдайым талапшыл, жүктелген жұмысты жауапкершілікпен орындайтын, адами қасиеттерді жоғары бағалайтын бөлімше басшысын білетіндер «өз ісінің маманы, салиқалы, салмақты, әділеттілікті жаны сүйетін жан» дегенді жиі айтады. Бүгінде өз ортасына сыйлы, ардақты әке, сүйікті жар Теміржан Бақытұлы орда бұзар 31 жаста. Жары Әлия екеуі 6 жасар Інжу атты қыз бен 2 жастағы Әділжан атты ұл тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. «Атам Рамазан Нұржанов Ақтөбе облысының Шалқар ауданы Айшуақ кеңесінің Қаражиде деген жерінде 1933 жылы дүниеге келген екен. Қазақстан Республикасының айрықша еңбегі сіңген зейнеткер, тарих ғылымдарының кандидаты болған. ГДР (1959 ж.), МХР (1973 ж.), Үндістан, Шри-Ланка (1980 ж.), КСРО және Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарының иегері. Бірнеше кітаптардың авторы. Осы кісінің тәрбиесін көп көрдім», – дейді Теміржан Бақытұлы. Келер жылы болатын «Астана EXPO-2017» Халықаралық көрмесіне орай полиция бөлімшесінің жұмысы да ұлғайғалы отыр. Өйткені, елімізге, соның ішінде Астанамызға келетін қонақтар нөпірі күрт артпақ. Соған арналып жаңа әуежай да салынуда. Ал департамент тарапынан бөлімшенің кадрлық құрамын нығайту, соның ішінде шет тілін білетін қызметкерлер қатарын арттыру жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытқа дейін 40 қызметкер шетел тілі курстарынан өтті. «Қызмет көрсетуші әуе компаниялары шетелдік қонақтардың елімізде жүріп-тұру заңнамаларын тиісінше сақтай қоймағанына көз жұма қарауы мүмкін. Ал ондай жағдайда құжаттарын реттестіруге көмектесіп, қоғамдық тәртіп пен заңнамаларды түсіндіруде біз тіл мәселесінде дәрменсіздік танытпауымыз керек. Департаменттің кадр саясатында заман талабымен қадамдас болу қарастырылған», – дейді полиция майоры. Бүгінгі күнде әуежай қызметкерлеріне және өзге де азаматтарға әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын ескерту мақсатында жанжақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде жеке мүліктер (заттардың және қол жүктерінің) мен мемлекеттiк мүлiктердi ұрлау деректерінің саны төмендегенiн байқауға болады. Мүлік ұрлығы фактiлерiн болдыртпау мақсатында ЖПБ кезекшілері жолаушылардың жүктерін ұшаққа тиеу және түсіру жұмыстары кезінде бейнебақылау камералары арқылы толық қадағалап отырады. Сонымен қатар, литерлік ісшаралар, жедел іздестіру, жедел алдын алу шаралары кезінде әуежай жолаушыларына үндеухаттар мен жадынамалар таратылып, халықпен кездесулер өткізіледі. ЖПБ жеке құрамы 2016 жылдың 6 ай ішінде қоғамдық тәртіпті қорғау және қорғалатын тұлғалардың қауіпсіздіктері бойынша барлығы 143 литерлік іс-шара өткізген. Әкімшілік полиция желісі бойынша биылғы 6 ай ішінде әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке 226 құқық бұзушы тартылған. Оның ішінде ұсақ құқық бұзушылықтың – 34, қоғамдық орындарды ластаудың – 19, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және алкогольдік сусындарды пайдаланудың – 36, көші-қон заңнамасын бұзудың – 98, қоғамдық тыйым салынған жерлерде шылым шегудің – 25, басқа да заң бұзушылықтар бойынша –12

оқиғасы тіркелген. Ел аумағынан 33 шетел азаматы шығарылған. «Біздің қызметте түрлі оқиғаларға куә болуға болады. Мәселен, 2016 жылдың ақпан айының 15-і күні біздің әуежайдан Интерпол іздеу салған Түркия азаматы ұсталды. Алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 65 жастағы Түркия азаматы біздің еліміз арқылы Ресей астанасына өтіп кетпекші болған екен. «Астана-Мәскеу» бағытындағы рейске отырғызу алдындағы төлқұжат тексеру кезінде біздің бөлімше қызметкерлері оның іздеуде жүрген азамат екенін анықтады. Қазір ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Сот шешімі шыққан соң оны Түркияның құқық қорғау органдары өз елдеріне экстрадициялайды. Біздің қызметкерлер ашқан тағы бір істің бірі – ірі көлемдегі ақшамен байланысты. 2015 жылдың қазан айында біздің кезекші бөлімге Алматы қаласының тұрғыны шағымданды.

ДЕРЕК пен ДƏЙЕК Әкімшілік полиция желісі бойынша биылғы 6 ай ішінде әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке 226 құқық бұзушы тартылған. Оның ішінде ұсақ құқық бұзушылықтың – 34, қоғамдық орындарды ластаудың – 19, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және алкогольдік сусындарды пайдаланудың – 36, көші-қон заңнамасын бұзудың – 98, қоғамдық тыйым салынған жерлерде шылым шегудің – 25, басқа да заң бұзушылықтар бойынша –12 оқиғасы тіркелген. Ел аумағынан 33 шетел азаматы шығарылған. Оның айтуынша, 1969 жылы туған ер адам Астана халықаралық әуежайы аумағында оның 100 мың АҚШ долларын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлімі, 1-тармағы (ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, 47 жастағы ҚР азаматын ұстады. Сотқа дейінгі тергеу барысында ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған ер адамның кінәсі толық дәлелденді», – дейді бөлімше бастығы. Теміржанның сөйлеген сөзінен, айтқан әңгімесінен оның жұмысына деген ықыласы, қызметіне деген құлшынысы байқалады. «Астана – Еуразия жүрегі» деген қанатты сөзге осындай ақ жүректі жандардың тікелей қатысы бары да көңіліңе демеу береді. Ендеше, полиция қызметкері деген аттың имиджін көтеру жолында Еуразия қақпасын күзетушілердің еңбегі өлшеусіз. Иә, осынау риясыз еңбегі үшін Теміржан Рамазанов бірнеше Алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталған. Соның бірі, 2015 жылдың желтоқсан айында наградталған Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» кеуде белгісі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы елшілігіндегі полициямен байланыс бөлімі де өз алғыстарын білдірген болатын. Эльвира ТӨЛЕГЕН, Астана қаласы


6

ҚЫРАҒЫЛЫҚ №75 (4241), сейсенбі, 11.10.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

Жеткерген жасаған жақсылық

Түнгі ауысымға қызметке түсетін жеке құрамға нұсқаулық сабағын өткізу үшін полиция аға лей т ен а н т ы Ж е т к е р г ен Е с ж а н о в ә д е т т е г і д ей к ү н д е л і к т і қ ы з м е т і не к е ле ж а т қ а н. Б ұ л к е з д е сағат тілі кешкілік алты жарым шамасынан асып кеткен болатын.

Елдің бәрі жұмысын аяқтап, үйіне асыққан мезгіл, көшеде ағылған көлік саны да көбейе бастаған. Аға лейтенант Ж.Есжанов Бейбітшілік пен Омаров көшесінің қиылысына жетіп, жаяу жүргіншілер жолағынан өтуге тақап қалған еді. Осы кезде өзіне қарама-қарсы жақтағы жолдан өтіп келе жатқан бойжеткен аруды аса қатты жылдамдықпен келе жатқан ақ түсті «Мерседес» автокөлігі қағып өте шықты. Қыздың жанұшыра айғайы естілді де, айналып барып асфальт үстіне құлап түсті. Ағылған машиналар легіне қарамастан Жеткерген жанұшыра бойжеткенге көмекке ұмтылды. Қапелімде болған оқиғадан зардап шеккен қыз сұлық жатыр. Жеткерген бірден қыздың басын көтеріп, мойнының күре тамырын ұстап көрді. Ақырын дем алып жатыр екен. Тәртіп сақшысының қырағы қимылын көзі шалып қалған «Мерседес» автокөлігінің иесі жүз метрдей жерден соң тежегішін басып тоқтады. Алғашында «көзден таса болсам ба?» деген ой болса керек. Бірақ Жеткерген көліктің нөмірін көріп үлгерген еді. Көлік иесі де машинасынан түсіп жол ортасындағы қызға көмек көрсетіп жатқан Жеткергеннің қасына келді. Екі көзі алайып, шошып кеткені түрінен көрініп тұрды. Оқиғаның куәсі қарапайым азамат емес, полиция қызметкері болғандықтан тіпті есі шығып кетіпті. Жеткергенге жалтақ-жалтақ қарап, қызға көмек көрсетуге жалпақтай бастады. Екеулеп бойжеткенді машинаға салды да, қалалық аурухананы бетке алып жүріп кетті.

Жеткерген бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізіп салды. Бірақ, қызметке кешігіп келді. Бұл кешігу кешірімді, түсінуге болатын кешігу еді. Артынан анықталғандай, көлік қаққан қыздың аты Айзат Жаналиева екен. Ол полиция полкіне келіп Жеткергенге өзінің алғысын айтты. «Біздің алаңсыз өмір сүруімізді қамтамасыз ететін Жеткерген тәрізді тәртіп сақшыларының қызметі жанданып, абыройлары асқақтай берсін», – деді ағынан жарылған Айзат. –Мені әкем Сандыбек пен анам Күлайша адам баласына, жалпы қоршаған ортаға қамқор болуға баулып тәрбиелеген. Әпкем Шолпан мен қарындасым Айжан да жанашыр болып өсті. Жұбайым Замира екеуіміз Азамат пен Әділет атты кішкентай екі ұлымызды өзіміздің ізімізді баса алатын атпал азамат етіп тәрбиелеп келе жатырмыз, – дейді Жеткерген. Жеткерген жайлы батальон басшылығы жылы пікірде екен. Оның саналы қызметі мен жауапкершілігі арқасында қатарластарынан озық тұратынын айтты. Соның арқасында взвод командирінің міндетін атқарушы болып қызметі біртіндеп көтеріліп келе жатыр екен. –Полиция аға лейтенанты Жеткерген Есжанов өзгеге үлгі көрсете білетін өнегелі азамат. Оның адамшылық қасиетін, мінезі мен қызметке деген ұқыптылығын жеке құрамға үлгі ретінде көрсетіп отырамыз. Көшедегі оқиғаның куәсі болып, зардап шегушіні ауруханаға дейін жеткізіп салған зор адами ісі, тек қана батальон емес, полктің барлық қызметкерлеріне ауыз толтырып айтуға болатын абыройлы іс еді, – дейді екінші батальон командирінің орынбасары, полиция капитаны Нұрбек Қорабаев. Қазіргі қоғамда адамдардың бір-біріне деген жылылығы мен қамқорлығы азайып кетті дейміз. Жылылық та, жақсылық та азайған жоқ, жоғалған жоқ. Ол біздің қасымызда, жанымызда. Басымызға қиындық туған сәтте қол ұшын созатын Жеткерген тәрізді азаматтар біздің қасымыздан жақсылық болып табыла беретініне сеніміміз мол. Ержан ӘБДІРАХМАНОВ, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі

ӨЗЕКТІ

е-mail: nastraje@mail.ru

Еңбек демалысындағы ерлік

Полиция қызметкері өмірін тәуекелге тіге отырып, Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында жалғыз өзі өртті ауыздықтап, ауыл тұрғынының мүлкін аман алып қалды. Еңбек демалысында жүрген Қызылжар аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкері, полиция капитаны Марлен Бекенов сол кеште шаруаларын тындырып, көлігімен үйіне қайтып келе жатқан. Бескөл ауылындағы үйлердің бірінің маңынан өтіп бара жатып, пештің мұржасынан ғана емес, үйге іргелес салынған құрылыстың шатырынан да түтін шығып жатқанын байқап қалады. Қырағы тәртіп сақшысы дереу өз үйінің маңынан кері бұрылып, түтін шығып жатқан үйдің ауласына жүгіре жөнеледі.

«Сол күні кешке біз Астанадан келдік. Жолдан қатты шаршағандықтан, ұйықтап қалғанбыз ғой. Сағат түнгі 22:15 шамасында есігімізді біреу қатты қақты. Барлығымыз далаға шықтық. Есік қаққан жас жігіт моншамыздың өртеніп жатқанын айтты. Есігін ашып қарасақ, жанып жатыр екен. Келген жігіт су ағатын шлангыны ала салып, моншаның ішіне кіріп, өртті өшіре бастады. Онда газ баллонының бар екені жұбайымның есіне түсті. Жас жігіт шлангыны тастай салып, газ баллонын алып шығып, отты ары қарай сөндіруге көшті», – деп еске алуда сол күнгі оқиғаны Валеевтер отбасы. Өрт сөндірушілер келгенге дейін үй маңында орналасқан құрылыстағы жалынды полиция қызметкері жалғыз өзі шамалап ауыздықтаған еді. Үй иелерінің Марлен Бекеновке қырағылығы үшін алғыстары шексіз. Енді болмағанда жапсарлас салынған құрылыстағы өрт үйді шарпуы мүмкін екен. Моншадағы пештің ішіндегі оты толық жанып болмай, мұржасын ерте жауып тастауы салдарынан өрт шықса керек. «Газ баллоны болғанын білген жоқпын. Моншаның іші қараңғы еді. Мен тез арада отты сөндіруім керек болды. Кейін үй иесі газ баллонының бар екенін айтты. Қорқу деген ойымда да болмады. Тезірек шлангыны тастап, қараңғыда баллонды тауып алдым. Оны шығарып, отты өшіруге кірістім», – дейді полиция капитаны Марлен Бекенов. Қырағы полиция капитаны ішкі істер органдарында 2002 жылдан бері қызмет атқаруда. Жұбайы Әсеммен бірге үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Демалыста жүрген әкелерінің ерлігі балаларына үлгі. Полиция қызметкері бұл әрекеті туралы ешкімге айтпапты. Бұл оқиға жайлы Қызылжар аудандық Ішкі істер бөліміне Жолболсын Валеевтің өзі келіп қызметкердің көмегіне ризашылығын білдірген соң ғана белгілі болған. Нұрбек БАЕКИН, Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Оңтүстік Қазақстан облысы

Автокөлік жолдары – экономиканың күре тамыры. Сондықтан кез келген елде автокөлік жолдарына ерекше мән беріледі, күтіп ұсталады, жаңартулар, жаңғыртулар жүргізіледі. Алайда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы кей көріністерді қарасаңыз, бәрі де керісінше тәрізді. Мәселен, Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолының құрылысы облыста сағызша созылып келе жатқанына жүргізушілер де, жолаушылар да қапалы. Қапа болмай қайтеді, жолдың жарамсыздығынан күн сайын адам шошырлық небір автокөлік апаты орын алып жатады. Бұған көңіл бөліп жатқан ешкімді тағы көрмейсіз.

қарындасы және досы болған. Соққының ауыр болғаны соншалық, көлігінің сау тамтығы қалмаған. Мұндайда адам қалай аман қалушы еді? «Той тамашасын көреміз» деп отырған отбасы осылай бір сәтте аңырап қалды. Өкінішті-ақ. «ГАЗель» жүргізушісі бұл кезде шайханада отыр екен. Періштесі қақты ма, аман қалды. Егер көлігінде отырғанда не болар еді? 23 қыркүйек күні осы жол бойында тағы да көлік апаты болды. 6 адам ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен түсті. «Нексия» мен «Ауди-100» көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Кінәлі «Нексия» көлігінің жүргізушісі деседі. Әйтеуір, жүргізушісі де, жолаушысы да дін аман.

Жүйкені жұқартқан жолдар-ай Айтпақшы, Түркістан-Шымкент арасындағы жаңа салынған жол пайдалануға берілгеніне жыл толмай жатып қайта жөнделіп жатыр. Бұл нені көрсетеді? Білетіндердің айтуынша, мердігерлер жолды өз беттерінше салған. Сарапшы келіп тексеріп жібергенде тастың орынына құм, цементтің орынына топырақ қосып жібергені анықталған. Сапасыз материалдармен салынғандықтан да күре жол қарс-қарс айырылуға шақ қалған. Сөйтіп, мердігерлер жолды қайта жөндеуге мәжбүр болған. Қазір де Шымкент қаласы мен Темірлан селосы арасындағы Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолы қайта жөнделіп жатыр. Жалпы, оңтүстікқазақстандықтар көзбояушылықты қоя алмай жүр. «Ет тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім» дейтұғын мысық тәрізді ақша шіркін керектігін қоймай, оңтүстіктіктер көзбояушылығын, парақорлығын тыймайтын тәрізді. Алматы-Термез тас жолын жергілікті тұрғындар қысқа тұйықтап «Ташкент трассасы» деп айтады. Осы жолдың Сарыағаш пен Шымкент аралығындағы бөлігі жолаушылардың жүйкесіне тиіп бітті. Қаншама уақыттан бері не жөнделіп бітпеген, не жөнделмей қалып кетпеген осы бөлікте қаншама апат болғанын бүгінде жол-патрульдік полициясының

қызметкерлері де түгендеп бере алмайды. Жантүршіктірерлік оқиғалардың бірі Қазығұрт асуында былтыр орын алды. Кәдуілгі күре жол күрделі жөндеуден өтіп жатқандықтан көліктер Рабат, Күйік ауылдары арқылы ескі жолмен жүреді. Жол биік асулар арқылы өтеді. Былтыр асудан түсіп келе жатқан ауыр жүк көлігінің тежегісі істемей қалып, төменге қарай құлдилай жөнеледі. Ол жол бойындағының барлығын жапырып өтіп, етекке барып ентігін бір-ақ басты. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Алайда, малынан айырылып қалған шаруалар кімнен өтемақы талап етерлерін білмей әрі-бері сарсылып жүрді. Соңы немен тынғаны белгісіз. Ал, жуырда, дәлірегі 19 қыркүйек пен 23 қыркүйек аралығында Алматы-Термез тас жолында 4 жол апаты болып, салдарынан 12 адам қаза тапты. Соның алғашқы күнгі болғаны жантүршіктірерлік. Оқиға былай болған. 19 қыркүйекте Қазығұрт асуына жақын маңда 20 жолаушы бар шағын автобус алдындағы көліктен озамын деп қарсы келе жатқан көлікпен соқтығысты. «Форд» шағын автобусындағы 56 жастағы жүргізуші мен 45, 46, 51 жастағы жолаушылары, «Тойота» көлігіндегі 29 жастағы жүргізуші оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Тағы 16 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Шымкенттегі

жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Солардың бірі 3 жасар қыз бала ауруханада есін жимаған күйі қаза болды. Араға екі күн салып сол төңіректе тағы да екі адам ажал құшты. Бұл жолы «Фольксваген-Джетта» және «Киа» шағын автобусы соқтығысады. Қайтыс болғандар жеңіл көліктің жүргізушісі мен автобустың жолаушысы. Олардың бірінің басы жұлынып кеткен. Жарақат алғандар Шымкенттегі ауруханаларға жеткізілді. 22 қыркүйек күні орын алған жолкөлік оқиғасы да төбе шашыңызды тік тұрғызады. Ташкент-АлматыТермез тас жолы бойындағы «Ақжол» шайханасының жанында тоқтап тұрған жүк таситын «ГАЗель» көлігіне Ташкент бағытында кетіп бара жатқан «Мерседес» жеңіл көлігі соқтығысады. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік тым жоғары жылдамдықпен келе жатыпты. Жүргізушісі рульге ие бола алмаған ба, тоқтап тұрған көлікке соқтығысып, үш жолаушы сол жерде тіл тартпай кеткен. Жүргізушіні жедел жәрдем алып кетеді. Өкініштісі сол, ауыр жарақат алған жүргізуші ауруханаға жетпей жантәсілім етеді. Осы оқиғаны естіген жұрттың барлығы да көздеріне еріксіз жас алды. Өйткені, жүргізуші өзінің үйлену тойына асыққан екен. Автокөлігінде өзінен басқа екі

Міне, осы оқиғалардан соң жергілікті жұртшылық бұл жолды «Ажалға апаратын жол» деп те атай бастады. Бұлай айтпағанда қайтеді, айналасы 6 күнде төрт жол-көлік апаты тіркеледі. Көлік жүргізушілері жол жөндеу жұмысының тым созылып кеткенін апаттың басты себепшісі санайды. Жолдың кей жерлеріне ескерту белгілері қойылған, кей жерлеріндегі белгілер алынбаған. Осының өзі апатқа себепші көрінеді. Жоғарыдағы төрт жол-көлік апатының себеп-салдарын тексерген жолпатрульдік полициясының қызметкерлері а п а т с е б е п т е р і ж ү р г і з у ш і ле р д і ң жылдамдықты шамадан тыс асырып жібергені деп тапты. Санап отырсақ, осы жол екі жыл бойы жөндеумен келеді. Жолмен жүріп көрсеңіз, толық бітпеген тұсында бір жолақпен қарсы екі бағытта да көліктер жүретін жерлер көп. Осы жәйтті ескертетін арнайы белгілер де қойылған. Бірақ, осы жерге дейін сықпыты кеткен сүрлеумен сүйретіліп, берекесі кеткен жүргізушілер темір тұлпарларының тізгінін босататын сыңайлы. Содан қарсы келе жатқан көлікпен тар жолда соқтығыспағанда қайтеді? Жол апаты жиі орын ала берген соң осы маңайға арнайы бақылау қойылды. Жол бойында тәртіп сақшыларының күзеті күшейтілді. Бірақ, бұл шара

да ш а бандо з да р дың ш а бы стар ы н шектейтін түрі байқалмайды. Шағын автобус жүргізушілері пайда қуып, адам қауіпсіздігін жиі ұмытады. Олардың көбісінің тығыз шаруалары бар тәрізді. Құлақтарынан ұялы телефондарын тастамайды. Неге? Өйткені, олар әріптестеріне қай жерде жолпатрульдік полиция тұрғанын хабарлап отырады. Осындай амал-айладан соң тәртіп сақшылары олардың қай жерде көлік жылдамдығын асыратынын білмей дал болады. Сондықтан да рейдке жиі шығады. Мұны енді ж ү р г і з у ш і ле р ж а қ т ы р м а й ды - а қ . «Осылар-ақ жол ториды да тұрады екен», – дейді. Ал, бақыламаса істеп жүргендері жоғарыдағыдай. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, шағын автобустардың көбі жолаушы тасымалдаумен заңсыз айналысады. Бақылаушытексеруші болмаған соң жолға шығар алдында не көлігі, не жүргізушісі арнайы тексеруден өтпейді. Осыны пайдаланып, жеке тасымалдаушылар көліктің ішіндегі орындық санын көбейтіп, шамадан тыс адамды салонға тықпалайды. Мұны жолаушылар тасымалдау мекемелерінің басшылары көре тұра көрмегенсиді. Жеке таксистердің де не істеп жүргенін білеміз. Жолай алған жалғыз-жарым қызды зорлап, айдалаға көміп кеткені жөнінде күні кеше дабыл қағылды. Сондықтан жекеменшік таксилердің қызметіне қадағалауды күшейткен жөн. Оларды арнайы тіркеуден өткізіп, жеке кәсіпкер ретінде мемлекетке есеп беріп отыратын ереже қалыптастырған орынды секілді. Әйтпесе, ана бір жылдағыдай Шымкент темір жол вокзалынан түскен жалғыз келіншектерді таксилеріне отырғызып алып, айдалаға апарып тонап, өлтіріп кететіндер тиылмайды. Жоғарыдағы жол-көлік апаттарының барлығына тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Көбінесе көлік жүргізушілері кінәлі деп танылуда. Дегенмен, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және баспасөзбен байланыс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Спабек Жарқынбеков «Егер жол қауіпсіздігі ережесіне көз жұма қараған жол сақшылары табылып жатса, жазасыз қалмайды», – дейді. Қ а л а й д е г ен д е д е « Т а ш к е т трассасының» жыры таусылмай тұр...


СПОРТ №75 (4241), № сейсенбі, 11.10.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 СПОРТТЫҚ ШАРА

Орталық аумақ – жеңімпаз Аман ӘУЕСХАНОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар қызметінің құрылу күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып Петропавл қаласы «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің ұжымдары арасында спорт шараларының өткізілуі дәстүр болып қалыптасты деп айтуға болады. Өрт сөндіруші әрқашан өзін жақсы спорттық күйде сақтап, жолдастық турнирлерде ұжым абыройын қорғауы керек. Бұл өртке қарсы қызмет жауынгерінің борышы десе де артық айтқандық емес. Петропавл қаласында аумақтық жарыстардың жеңімпаз төрт командасы үстел теннисі, шахмат, шағын футбол және волейбол сияқты спорт түрлерінен жүлделі орындар үшін бәйгеге түсті. Үстел теннисінен №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен кезек-кезек партиялар ойнап, ең жоғары ұпай жинаған спортшылары Мұрат Жүнісов және

Серік Дүкенбаев асқан шеберліктерін көрсетті. Солардың арқасында орталық аумақтық команда үздік атанды.

Шахмат жарыстарында 1-орынды Шығыс аумақтық құрама командасы иеледі, Ақжар ауданы Талшық ауылы № 8 өрт сөндіру бөлімінің өкілдері: Мұрат Әміржанов пен Қанат Қожахметов шахмат тақтасында үздік болып, өз командасына алтын әкелді. В о лей б о л б ой ы н ш а т у р н и р д і ң жеңімпазы Орталық аумақтың командасы болды. Оның құрамына облыс орталығы өрт сөндіру бөлімшелерінің спортшылары кірді. Шағын футбол жарысында Солтүстік аумақтың құрамасы жеңімпаз болса, жалпы командалық жарыстарда бірінші болып Орталық аумақтық (Петропавл қаласы) командасы, екінші болып Шығыс аумақтық құрама, үшінші болып Солтүстік аумақтық құрама команда орнықты. Жарысқа қатысушылар Құтқарушылар күні құрметіне өткізілетін салтанатты жиында құнды сыйлықтармен және грамоталармен марапатталатын болады. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

е-mail: nastraje@mail.ru

7

ПРЕЗИДЕНТТІК ТЕСТ

Жарайсың, Назерке! Президенттік тесттен Тараз қаласында өтіп жатқан чемпионатта әріптесіміз Назерке Өмірғалиева бір алтын және екі күміс алқа иеленіп, жеңімпаз атанды. Үш медальдың бірі – 100 метрге жүгіруден бірінші орын болса, екінші орындарды радиотелефонист қызымыз ұзындыққа секіруден және ұзақ қашықтыққа – 2000 метрге жүгіруден жеңіп алды. Жеңіл атлетика бойынша Азия мен Қазақстанның екі дүркін жеңімпазы, өртқұтқару спорты бойынша өткізілген Әлемдік ХІ чемпионаттың қола медаль иегері Назерке Өмірғалиева еліміздің Ата Заңы қабылданған 1995 жылы дүниеге келген. «Мен бұл жеңістерімді Тұңғыш Президентімізге және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймын», – дейді ол. Бұған дейін де талай додаларда топ жарып жүрген әріптесіміз Қармақшы ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі болып қызмет етеді. Азаматтық қорғау кіші сержанты Назерке Өмірғалиева бұған дейін де өзіне артылған зор сенім мен үмітті жоғары деңгейде ақтап шығып отырды. Жарайсың, Назерке дей отыра, мерейімізді еселеген спортшы қызымызға тек жеңістер тілейміз. Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

СПАРТАКИАДА

Жылдағы жарыс Е. БЕКМҰХАМЕДОВ, Қостанай облысы

Жітіқара қаласында өртке қарсы қызмет ардагері Алтай Төлеубаевты еске алуға арналған жылдағы шағын спартакиада өтті.

МАРАФОН

Басшылар мен орынбасарлар сынағы Қостанай облысында өткен аптада қала және аудан бөлімшелерінің бастықтары және олардың орынбасарлары арасында денешынықтыру дайындығы бойынша сынақ қабылдау аяқталды.

Қатысушылар әуелі турникке тартылып өз күштерін көрсетті, содан кейін өз төзімділіктерін 100 және 1000 метрде сынаққа салды. Соңғы кезең №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағындағы мұнараға көтерілу болды. Сынақтарды қабылдау екі күн бойы «Тобол» футбол клубының стадионында кадр бөлімінің бастығы Ыдырыс Тәкеновтің жетекшілік етуімен өтті, бірінші күні орынба-

сарлар, ал екінші күні тікелей бастықтардың өздері сынақ тапсырды. Сынақ тапсырушылар ішіндегі ең жасы үлкені «ЖҚ» қоймасын күзету бойынша өрт сөндіру бекетінің бастығы 48 жастағы Зарқұм Смаилов болды. Алайда ол өзінің жасына қарамастан денешынықтыруды жанына серік еткен, бос уақытында жеңіл атлетикамен айналысатын жан екен. Бала жастан-ақ спортқа құштар болған ол әлі күнге дейін осы бір пайдалы іспен әуестеніп жүр. Сынақ қорытындысы бойынша барлық қатысушылар жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Спартакиадаға өрт сөндірушілердің 4 ұжымы қатысты. Олар - Жітіқара қаласының №5 ӨСБ, «Қостанай минералдары» АҚ ӨҚҚ, Денисовка ауданы №8 ӨСБ және Қамысты ауданы № 9 ӨСБ. Қамыстының ұжымы №9 ӨСБ бастығы, азаматтық қорғау капитаны Н.Мұрзабековтің басқаруындағы 8 адамнан құралды. Спартакиада бағдарламасында АЦ автоцистернасын айдау шеберлігі, автокөлікпен кілт бұрылу, тез уақытта киім кию және шағын футбол, дартс сайыстары қарастырылды. Қатысушылар аталған сайыстарға бірінші рет қатысып тұрған жоқ. Көбінің өзге аймақтардан келген әріптестерімен кәсіби және спорттық сайыстарда кездесуде көп жылдық тәжірибелері бар. Әйтсе де, бұған дейін спартакиаданың бас жүлдесі – Алтай Қуанышәліұлы атындағы ауыспалы кубокты жітіқаралықтар жеңіп алып келген болатын. Биыл көп жылдан бері бірінші рет Қамысты ауданының ұжымы жеңіс тұғырының биігінен көрініп, кубок иегері атанды. Екінші орында жітіқаралықтар, үшінші орында Денисовка ауданы. Жеңімпаздар ауыспалы кубокпен, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және мадақтау қағаздарымен марапатталды.

ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ

Жас құтқарушылар жарады

Қостанай қаласының орталық жағажайында «Құтқарушылар күні» мейрамының қарсаңында жас құтқарушылар командалары арасында жарыс өтті. Жиналғандар алдында Қостанай о б л ы с ы н ы ң Т ө т ен ш е ж а ғ д а й л а р департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Т.Кәкімов сөз с ө й ле д і . Д ә с т ү р г е а й н а л ғ а н ж а с құтқарушылар жарысына бұл жолы Қостанай облысының 5 жалпы білім б е р у м е к т е б і нен 2 0 - д а н а с а б а л а қатысты. Жарысқа қатысушылар 5 кезең бойынша өз ептіліктері мен шеберліктерін көрсетті. Ол кезеңдер – «Өздерін таныстыру кәртішкесі», «Елес жолдасына алғашқы көмек көрсету», «Суға батырмайтын дөңгелек л а қ т ы р у » , « Т ө т ен ш е ж а ғ д а й л а р кезіндегі әрекеттер» және «Құрылымға құтқару арқанын байлау». Құтқарушылар зардап шеккендерге уақытылы алғашқы көмек көрсете білу үшін төрешілер бірінші кезекте жарыстың барлық кезеңдерінде

атқарылатын жұмыстардың сапалылығын және жылдамдығын бағалап, ескеріп отырды. Барлық

кезеңдерде балалар жеңіске деген құлшыныстарымен бірге, шыдамдылық мінез көрсете білді. Жарысқа қатысқан 5 команданың і ш і нен 1 - ш і о р ы н д ы Қ ос т а н а й қаласының №30 орта мектебінің жас құтқарушылары алды. Жүлделі орын алған жарысқа қатысушыларға грамоталар мен кубоктар берілді. Басқа қатысушыларға құрмет грамоталары берілді. Қ ос т а н а й о б л ы с ы н ы ң Т Ж Д қызметкерлерінің айтуы бойынша, жас құтқарушылар жарысын өткізу өте пайдалы: біріншіден, бұл жастар арасында дені сау және қауіпсіз өмір салтын қалыптастырады, екіншіден, үгітнасихат және болашақ құтқарушылар даярлау жұмысына өз әсерін тигізбек. Қостанай облысының ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімі

ФЕСТИВАЛЬ

Тергеу изоляторындағы сайыстар ҚАЖК-ның бас бостандығынан айырылған сотталғандардың туыстарымен отбасылық байланыстарын қалпына келтіру және қолдау бойынша бағдарламасын жүзеге асыру жоспарының 7 тармағын орындау мақсатында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ның тергеу изоляторында «Каспимаңы отбасы» фестивалі өткізілді. Бұл фестивальға 28 сотталушы және солардың отбасы мүшелері қатысты. Фестиваль «Луара» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Ақтау қалалық әкімдігінің Жастар ісі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Конкурсқа үш команда қатысты. Қатысқан командалар барлық жағынан өте жақсы өнер көрсетті. Фестивальдің ашылуында «Луара» қоғамдық қорының директоры Лаура Асырова кіріспе сөз сөйлеп, барлық сотталғандар мен олардың отбасыларына жеңіс тілеп, жазасын өтеушілерге отбасыларының ортасына ертерек оралуларына тілектестік білдірді. Фестиваль мақсаты – отбасы мүшелерін біріктіру, оларға бірге болуға мүмкіндік беру болды. Конкурстан соң командалар қатысқаны үшін сыйлықтарға ие болады. Сондай-ақ, фестивальді ұйымдастырушылардың дипломдарымен марапатталды. Фестиваль соңында мерекеге орай «Ашық есік күні» өткізілді. Жазасын өтеушілердің отбасы олардың өмір сүріп жатқан жағдайларымен танысты. Тергеу изоляторының сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, әділет майоры Жиенбай Тастанов қазіргі таңда шаруашылық жұмысы жасағында 28 сотталған бар екенін, оның үшеуі әйел адам екенін айта келіп, жуырда 1 сотталған бостандыққа шықса, 2-уі қоныс-колониясына, яки, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстырылатынын атап өтті. Мекемеде сотталғандарға барлық жағдай жасалған, оған осы күні сотталғандардың туыстарының көздері жетіп қайтты. ГМ-172/10 мекемесінің баспасөз қызметі


8

СӨЗ СОҢЫ №75 (4241), сейсенбі, 11.10.2016 е-mail:sakshy@mediaovd.kz

Әйел полицейлердің формасы

Бағдаршамдар көп болса...

әлемде қашан пайда болды?

Әлемнің қандай алып шаһарын болмасын, бағдаршамсыз елестету мүмкін емес. Бағдаршам қаладағы жол қозғалысын реттеп тұратын құрылғы. Оның тарихына жүз жылдан асса да, өкінішке қарай жол ережесін адамдардың өздері бұзумен келеді. Бір ғана мысал, өткен жылы республика бойынша 18 890 жол-көлік апаты тіркеліп, 24 055 адам зардап шегіпті. 2016 жылдың 9 айында елімізде 13 078 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 18 691 адам зардап шеккен. Мұны не үшін айтып отырмыз? Жол-көлік қозғалысын жол полициясы мен бақылау камераларынан б ө ле к , б а ғ д а р ш а м н ы ң д а р е т т е п тұратыны бар. С о н ы м ен, А с т а н а қ а л а с ы н ы ң Жолаушылар көлігі басқармасының ұсынған дерегіне сүйенсек, бүгінде бас қаламызда 368 бағдаршам бар екен. Өткен жылы 18 бағдаршам орнатылса, биыл 3 жаңа бағдаршам Керей, Жәнібек хандар мен Орынбор көшелеріне орналастырылды. Ал 8 бағдаршам нысаны жобалау жоспарында тұрғаны мәлім болды. Алдағы уақытта елордаға әлі де 20 бірлік бағдаршам орнату қажет көрінеді. Б а ғ д а р ш а м н а н б ө ле к , 2 0 1 5 жылы 15 200 жол белгілері орнатылса, биыл бұл көрсеткіш 3400 бірлікке ұлғайыпты. Яғни, қазіргі к е з д е қ а л а к ө ш е ле р і н д е 1 8 6 0 0 бірлік жол белгілері орнатылған. Сондай-ақ, елорда көшелерінде 79 реттелмелі және реттелмеген 700 жаяу жүргінші өткелі нысаны мен 1 2 0 0 қ а ш ы қ т ы қ т а ж а с а н ды т е г і с еместік жол қондырғысы төселген. А й т а к е т ей і к , ж а я у ж ү р г і н ш і ле р белгісі мен жасанды тегіс емес жол белгілерін орнатудың тәртібі Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасынан келіп түсетін тапсырмаға сәйкес жүзеге асырылады. Енді осы бағдаршамдардың көптігі жол кептелісін азайта ма, жоқ көбейте ме? Көлік жүргізушілерінің б і р а з ы м ен с ө й ле с і п к ө р г ен і м і з д е о л а р қ а н д а й к ө л і к п ен б о л м а с ы н т о қ т а ус ы з ж ү р і п т ұ р ғ а н ы ж а қ с ы

Англияда полиция қызметіне әйелдер ең бірінші рет 1907 жылы келе бастады. Бірақ олар Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін полиция формасын кимеген екен.

жеті көшесінің учаскесінде жүру бағыты өзгерген. Оның үстіне, жыл сайын күз айларында оқу жылының басталуына байланысты қала көшелерінде көлік қозғалысының саны күрт өсіп кетеді. Осыған с ә й к е с , к ө ш е ле р д і б і р ж а қ т ы қозғалысқа көшіру көлік ағынының орташа жылдамдығын сақтап қалуға септігін тигізеді дейді мамандар. М ы с а л ы , Б ө к ей х а н м ен А ғ ы б а й б а т ы р к ө ш е ле р і не ен г і з і л г ен б і р жақты қозғалыс, Абай даңғылының Бейбітшілік көшесі мен Республика даңғылы қиылысындағы учаскеде жүктеме біршама азайыпты. «Бір жақты қозғалыс» жобасын Астана қаласының көлік бақылау қызметі және Ішкі істер департаменті басқармасы іске асыруда. Ал «Бала қауіпсіздігі» бағдарламасы негізінде қосымша 500 метр жасанды тегіс еместік жол қондырғысы орнатылуда. Бұдан бөлек, елордалықтар қалаға 45 шақты «Ақылды бағдаршамның» о р н а т ы л ғ а н ы н ж а қ с ы б і ле д і . Мамандар оның қарапайым

Бұл талапқа көбінесе австриялық «SWARCO Futurit» фирмасы жасаған б а ғ д а р ш а м д а р с ә й к е с к е ле д і . А л аяқ астынан жарық сөніп қалған жағдайда бағдаршамдар жылжымалы генератор арқылы жұмысын жалғастыра береді. Мұндай кезде тұрғындар 109 нөмірі арқылы бағдаршам ақаулары туралы шағым қалдыруына болады. Алайда, ақау байқалған бағдаршамның о р н а л а с қ а н м е к ен ж а й ы н н а қ т ы көрсетуі қажет. Қабылданған шағым жедел түрде тиісті органға хабарланады. Бүгінде Астанада 1 миллионға жуық адам тұрады. Соңғы үш жылдың ішінде халық саны шамамен 99 мың адамға көбейді. Қала көшелерінде әрлі-бері ағылып жатқан көлік козғалысының кептелісін реттеп тұруда 368 бағдаршам барынша үлес қосып тұр. Көлік жүргізушісі немесе жаяу жүргінші болсын, өз өміріне жауапты әрі сақтықпен қарайтын болса, елімізде жол апаты азаяр еді деген үміттеміз.

Дороти Пето деген алғашқы полиция ханым Елизаветаның билігі кезінде әйелдерге констебль деген лауазым берілгенін растады. Алғашқыда әйел полицияның киімі әскери киіммен ұқсас болған. Әйелдер күңгірт көгілдір түсті костюм мен шлем, ұзын юбка және тізеге дейін бауы бар былғары етік киіпті. Ал мундирі ұзын әрі мыстан жасалған түймелері белден мойынға дейін жалғасқан. 1950-ші жылдары полицияда қызмет істеген бір әйел осы киім туралы былай деп еске алады: «Бұл киім адам төзгісіз еді. Біздің ашуымызға тигісі келгендей-ақ форма үлгісі ерлерге арналған сияқты-тын. Форманы киіп, айнаға қарап тұрған кезімде осы мамандықты таңдағаныма өкінген кездерім де болды». Тарихта әйел полицейлерді «қауіптенуге болатын сезімтал қорғансыздар», «әлсіз адамдар», «мұз құрсанған бойжеткендер», «ерлер сияқты сақшы иттер», «сымбаты келіскен арулар», «ерекше тартымсыз кәрі қыздар» деп балағаттап, келеке қылған кездері де болған. Десе де, әйел полицейлердің формасын дайындағанда олардың нәзіктігін жасыруды кездейсоқ жасай салмаған сияқты. Яғни, бас киімнен шашы көрініп тұрмауын, жайтабан бауы бар туфлиді әдейі таңдаған. Алайда, 1960-шы жылы әйел полициялардың формасын стюардесса формасына ауыстырады. Сол жылдары полиция қызметіне түсушілердің саны күрт артыпты. Сондай-ақ, тұрмысқа шыққан полиция қыздардың да саны арта түсіпті. Ал шалбар енгізу үрдісі тек 1980ші жылдары ғана жүзеге асты. Көптеген елдерде полиция қызметіне әйелдерді ең алғаш рет алғанда оларды сотталған әйелдер мен кәмелетке толмағандарды бақылап тұратын лауазымға тағайындаған. 1845 жылы Нью-Йорктің екі түрмесіне е к і ә йе л д і б а қ ы л а у ш ы қызметіне алады. Ресей империясына мұндай лауазым түрмеге түскен әйелдерді қараушы ретінде 1887 жылы енгізілді. Жалпы, полиция қызметінің тарихында ең алғашқы болып 1893 жылы Чикагодағы полиция департаментіне Мария Оуэнс қабылданыпты. Полиция офицері Мария департаментте 30 жылға жуық еңбек еткен. Қазіргі заманауи әйел полиция формасы ерлер костюмінің кейбір нұсқаларын ала отырып, әйел затының киімімен ұштастырылған. Яғни, иығында погоны бар жейде мен кең шалбар, галстук, былғары белбеу мен қара туфли, пилотка сияқты бас киім, ұзын шашты көрсетпей жинап алу, соған лайық сырға, дене тәріздес шұлық пен сәнді сағат тағу, бүгінгі осы салада жүрген қыз-келіншектердің қайсысын болмасын көркін аша түсетіні жасырын емес.

деген екен... Балуан бір күні келе жатып батпаққа батқан трактордың үстінен шығады. Жұрт жиналып, əуре-сарсаңға түсіп жатыр екен дейді. Қажекеңді көмекке шақырады. Сонда балуан беліне арқан салады да «Əуп!» деп бір-екі ырғап жіберіп, тракторды суырып алады. Сонан соң белін жазып, маңдай терін сүртіп тұрып: – Əлі де болса қажыған трактордан Қажымұқан артық екен-ау! - деп кеңк-кеңк күліпті дейді.

бағдаршамнан артықшылығы детекторында деп түсіндіреді. Бағдаршам белгіленген уақытта реттеудің бір немесе бірнеше берілген бағдарламасы б ой ы н ш а ж ұ м ы с і с т е й д і . Ж о л қозғалысын басқаратын интеллектуалды жүйе ІТS саласындағы арнайы бағдарламалық жасақтама жасайтын алдыңғы қатарлы Swarco Inc компаниясының өнімі. Бағдаршам ж о л к е п т е л і с і м ен ж о л ж ү р у г е жұмсайтын уақытты азайтуға, қоғамдық көліктердің жүру уақытын қысқартуға арналған. Мамандардың айтуынша, болашақта автомобильді паркингтерді, қоғамдық көліктерді, L RT ж ү р у ж о л д а р ы м ен ж о л а у шыларды ақпараттандыру тур а л ы қ ос а л қ ы ж ү й е ле р і с к е қ ос ы л м а қ . Б а ғ д а р ш а м н ы ң т ү р т ү р і б о л ғ а н ды қ т а н, е л о р д а ғ а к е з келгенін орната салмайды. Ең бастысы, бағдаршамның техникалық ерекшеліктері сәйкес келуі тиіс.

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА «Қазақстан Республикасы ішкі Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, істер органдарының Медиа Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

Тілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ, Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВ

екенін айтады. Ал жаяу жүргіншілер ү ш і н ж е р ү с т і не м е с е ж е р а с т ы өткелдері салынғаны дұрыс дейді. Өйткені, еліміздің бас қаласында ә л і д е к е п т е л і с і м ен қ а у і п т і қиылысы бар көшелер көп. Сондайақ, елордалық ІІБ-ның мәліметі бойынша, әрбір үшінші азаматта автокөлік бар. Нәтижесінде, 2013 жылдан бастап қала көшелеріндегі автокөліктер саны 33 мыңға к ө б ей г ен. Б ұ л Қ а з а қ с т а н а с т а н а сында автомобильдену деңгейі өте жоғары көрсеткіште деген сөз. Оған жыл сайын Астанаға әр өңірлерден ж ә не ш е т е л д ен к е ле т і н а з а м а т тарды қосыңыз. Сол себепті, қала басшылығы үшін транспорттық к е ш ен ж ү й е с і н і ң д а м у ы б а с т ы мәселеге айналып отыр. Осы орайда, сала мамандары көше және жол жүйесінің жүктемесін азайту үшін «Бір жақты қозғалыс» жобасын қолға алды. Айталық, биыл қаланың

Ойлан, тап!

Тіл білімінде сол кездегі жалғыз академик Ə.Қайдаров болатын. Кейін Елбасының жарлығымен корреспондент мүшелері академик болып жарияланды. Содан кейін-ақ Əбекеңнің құрдасы Ш.Сарбаев: – Əй, Əбдуəли, сен академикпін деп, кеудеңді қаға берме, біз де академик болдық, міне. Тереземіз теңелді, – депті. Сонда Əбекең: – Иə, Шора, сен де академиксің, тереземіз теңелді. Бірақ мен – тереземін, ал сен болсаң – «форточкасың», – депті.

Ашу Ұлттық аспап

... Ибрагимович

Батыр қала

Жүк көлігі Нота Ақшаға айырбастау

Аралмемлекет

Темекі атауы Қазақ жырауы

Ежелгі түркі елі

Дымқыл Қайнатылған қант Түркістан Мүсірке

... жазуы

Интернационал өзен

Орыс жазушысы

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Адам арқауы Ру

Жын-пері

Бетті дайындаған Жансая СЫДЫҚБАЙ Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды. Индексі: 65395 Таралымы: 11338 Тапсырыс: №3540

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.