Сақшы №71 (4237)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№71

(4237), 27.09.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kz

Газет 1933 жылдан бастап шығады

АЗИЯ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ Кеше Астанада Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Инновация, технология және білім мәселелері жөніндегі Астана Парламентаралық форумы басталды. 20-дан астам елдің парламентшілері мен сарапшылары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналған маңызды форумда Мәжіліс Төрағасы қатысушыларға құттықтау сөзін арнай келіп, елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған осы форумның Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өтуіне айрықша назар аударды. «Қазақстанымыз әрқашанда әлемдік интеграция идеясын қолдап, көптеген халықаралық ұйымдардың белсенді және беделді мүшесі атанды. Оның нақты дәлелі мемлекетіміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2017 - 2018 жылдарға арналған тұрақты емес мүшесі болып сайлануы. Осының барлығы әлем елдерінің Қазақстанға деген сенімі өте жоғары болуының жарқын көрсеткіші», – деп атап өтті Нұрлан Нығматулин. Форум жұмысына ИСЕСКО-ың Бас директоры Абдулазиз Осман Аль-Туэйджри өзінің бейне құттықтауын жолдады. Айта кетейік, маңызды форумды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымы (ИСЕСКО) және Ислам Даму Банкі. «Азия елдерінің парламентаралық кездесуі ең алғаш рет 2003 жылы өткен болатын. Сол кездесудiң қорытындысы бойынша, ғылым, технология және инновация мәселелерiне арналған сұрақтарды парламентаралық кездесулерде талқылаған жөн болады деп айтылды. Әрине, ғылым әр мемлекетте әрқилы дамиды, бiрақ ғылым жалпы өмiрге тiкелей қатысты дүние болғаннан кейiн жаһандану заманында унификация мәселелерiне зор мән берген жөн», – деді кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Азия парламентаралық форумы өтетінін хабарлай отыра Парламенті мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев. Екі күнге созылатын Астана парламентаралық форумы негізгі жеті тақырыптық сессия аясында өткізілді. Алғашқы күні білім, технология және инновация саласындағы саясат бойынша талқылау ұсынылады. Күн тәртібінде сондай-ақ, жаһандану аясындағы білім мен ғылым салаларын дамыту үшін заңнамалық база қалыптастыру мәселелері, ұлттық бағдарламалар мен басымдықтарды іске асырудағы ұлттық институттармен қарым-қатынас жолдары мен ондағы парламентария рөлі мәселелері қарастырылған. Нақты айтқанда, өндірістік секторда ғылыми техникалық өлшемдер туралы сұрақтар қаралады. Форумның басты мақсаты – Ислам Елдері Ұйымына мүше -мемлекеттердің ғылыми және білім беру әлеуетін көтеру.

ҚАРЖЫЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Сингапур Парламентінің мүшесі, Құрметті аға министр Го Чок Тонгпен кездесті.

Т а р а п т а р Қ а з а қ с т а н м ен С и н г а п у р арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, өзара сауда-саттық көлемін арттыру үшін жағдайлар тудыру қажеттігін атап өтті. Келіссөздер барысында ұлттық әл-ауқат қорлары және даму институттары бойынша жоғары технологиялар саласында әріптестік орнатудың перспективалары нақтыланды. Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев пен Го Чок Тонг қаржылық қызмет көрсетуді реттеу мен қадағалау бойынша тәжірибе алмасу, сондайақ, білім, ғылым саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сенат Бюросында бірқатар мәселелер қаралды Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросы өтті. Төраға өз сөзінде Палата қызметіндегі бірқатар ұйымдастыру мәселелерін жария етті.

А т а п а й т қ а н д а , С ен а т т а ғ ы к а д р л ы қ өзгерістерден кейін Қ.Тоқаев Парламенттің жоғарғы Палатасы Төрағасының орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөлу туралы Өкімге қ о л қ ой ғ а н б о л а т ы н. Б е к т а с Б е к н а з а р о в қ а заңнамалық қызметті жүзеге асыруға байланысты, оның ішінде Сенаттың жұмыс жоспарын әзірлеу және тұрақты комитеттердің з а ң ж о б а л а р ы м ен ж ұ м ы с ы н ұ й ы м д а с т ы р у мәселелерін үйлестіру жүктелді. Одан басқа, Б . Б е к н а з а р о в Р е г л а м ен т ж ә не д е п у т а т т ы қ этика жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылады. Төраға орынбасарының қатысуымен ко ми сси я жұ мысы жал ғ аса бер еді . С ер г ей Громов Сенаттың мәслихаттармен өзара ісқ и м ы л ы , д е п у т а т т ы қ т о п т а р ды ң қ ы з м е т і , сенаторлардың аймақтарға сапары, сондайақ, қаржы-шаруашылық қызметін үйлестіру мәселелерімен айналысады. Сенат Төрағасы заң жобаларымен жұмыс барысында Регламенттің талаптарын қатаң сақтау қажеттігіне Бюро мүшелерінің назарын аударды. «Әрбір заң жобасын жан-жақты талқылап, олардың сапасына айрықша мән беріп байыпты шешім қабылдау – біздің басты міндетіміз. Елбасы қабылданған кейбір заңдардың сапасына қатысты әділ сын айтқан болатын. Сенаттың заңдарды қабылдап Елбасының қол қоюына ұ с ы н у ы с ен а т о р л а р ғ а а с а ж а у а п т ы м і н д е т жүктейтінін терең сезінуіміз қажет», – деді Қ.Тоқаев. Бюрода Палатаның 29 қыркүйекте болатын кезекті отырысының күн тәртібі келісілді. Сенаторлар «1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, б а с қ а м е м ле к е т т е р д і ң а у м а ғ ы н д а ғ ы ұ р ы с қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобаларын қарайды. Бюро Қаулысы бойынша Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне «Халықаралық ғылымитехникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы берілді. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Отырыста 2016 жылғы қазанда елімізде биологиялық алуан түрліліктің сақталуын заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті

мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өткізу туралы шешім қабылданды. Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті тыңдауды ұйымдастыруға жауапты болып белгіленді. Сондай-ақ, қазанда жол қозғалысы саласындағы құқықтық реттеу мәселелері жөніндегі тыңдау өткізу белгіленді, оны Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті ұйымдастыратын болды. « П а р л а м ен т т і к т ы ң д а у л а р қ а б ы л д а н ғ а н заңдардың іске асырылу барысы туралы жанж а қ т ы ж ә не т о л ы қ а қ п а р а т а л ы п , т ү й і н д і мәселелерді терең зерделеуге мүмкіндік береді, – деді Қ.Тоқаев. – Бұл Палаталардың Конституцияда белгіленген құқығы, осы мүмкіншілікті алдағы кезеңде кеңінен қолдануымыз қажет». Одан басқа, Бюро сенаторларды халықаралық п а р л а м ен т т і к ұ й ы м д а р ғ а ж ә не П а р л а м ен т Сенатының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі топтарына жіберу туралы Қаулы қабылдады.

БАЙҚАУ

Жол-патрульдік полиция үздігі Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суретті түсірген Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

Қызметтің сапасын көтеру мақсатында алғаш рет өткізілген «Жолпатурльдік полицияның үздігі» республикалық байқауы мәресіне жетті. Үш күнге созылған байқау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полициясы, полиция старшинасы Жеңіс Дуанов байқау жеңімпазы деп танылса, Ақмола, Жамбыл облысының жол сақшылары үздік үштікке ілінді. Ішкі істер министрлігінде республикалық байқауда 16 қатысушының ішінен оқ бойы озық шыққан жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Жүлделі 2-орынды Көкшетау қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полициясы, полиция сержанты Рүстем Ахметов қанжығаласа, Жамбыл облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция қызметінің полиция аға сержанты Елдос Тохабаев 3-орынға ие болды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Мұсақанов жол сақшыларының кәсібилігін шыңдауда байқаудың маңыздылығына тоқталып өтті. «Байқауда барлық облыстың Ішкі істер департаменттерінің жолпатрульдік полиция қызметінің қызметкерлері бақ сынады. Қызметкерлер үш күннің ішінде жылдар бойы жинаған біліктілік пен кәсіби шеберліктерін іс жүзінде көрсетті. Азаматтардың конституциялық құқығын қорғау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстың ізін суытпай ашу – ЖПП қызметкерлеріне жүктелеген міндет. Сол себепті сақшылар қызмет барысында барынша сыпайылық танытып, бүгінгідей кәсібиліктің биік шыңынан көрінуге тиіс. Себебі, қоғам тыныштығы жолында атқарылуы тиіс істер тікелей солардың кәсібиліктеріне байланысты», – деді полиция полковнигі Т.Мұсақанов. Байқау жеңімпаздары салтанатты түрде Ішкі істер министрінің грамотасы, «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен қатар, бағалы сыйлықтар және ақшалай сыйақымен марапатталды. Байқау нормативтік-құқықтық актілерді білу, атыс қаруынан ату, қызметтік даярлық теориясы, денешынықтыру, қоян-қолтық күрес дайындығы, алғашқы медициналық көмек көрсету, көше қиылыстарында жол қозғалысын реттеу, жүк және жеңіл көлікті жоғары жылдамдықта басқару сынақтарынан тұрды.

Шараның өткізілуіне мұрындық болған ІІМ Әкімшілік полиция комитеті қызметкерлерінің айтуынша, жол сақшыларының кәсібилігін сынға салған байқаудың басты мақсаты – жол сақшыларының өз мамандығының үздігі болуға деген ынтасын арттыру. Бұл байқау жол және патрульдік полицияның саптық құрылымдары біріктірілгеннен кейін республикалық деңгейде бірінші рет өткізіліп, оған облыстық байқаудың жеңімпаздары қатысты. Жүзден жүйрік шыққан шығысқазақстандық Жеңіс Дуанов ішкі істер органдарында он жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. «Байқаудың әр кезеңі өздігінше қиын. Себебі, шешуші сынға әр облыстың кіл мықтылары қатысты. Бұл жерде физикалық дайындықтан бөлек, кәсібилігіміз бен білім-біліктілігіміз сыналды. Бұл шараның жол-патрульдік полиция қызметкерлері үшін берері мол. Өзім Шығыс Қазақстан облысының атынан келіп, олжалы оралып жатырмын. Облыста мұндай байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді», – дейді жеңімпаз.


2 Ə

-А М Е Л

ЖАҢАЛЫҚТАР №71 (4237), сейсенбі, 27.09.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

Қ

АТ Р А П

е-mail: nastraje@mail.ru

Жеке көлік иелері – екінші жоспарда

Екі ұшақ соқтығысы

Франция

Көліктен бас тартты

Франция астанасы Париж халқы бір тәулікке көліктен бас тартты. Осылайша, шаһар көшелерінің 45 пайызы көліктен босатылып, жаяу жүргіншіге толды. Қоршаған ортаның тазалығына үндеген қала басшылығы Париж тұрғындары мен қонақтарын көліктерін тұрақта қалдырып, қоғамдық көліктер мен табиғи таза велосипедті пайдалануға шақырды. Сондай-ақ, олар қала ішіндегі автобустардың жылдамдығын сағатына 20 шақырымнан асыруға да тыйым салды. Тек жедел қызмет көрсету саласының көліктері ғана көшеде жүруге рұқсат алды. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарды қажет жеріне жеткізіп береді. Айта кетейік, бұл Парижде ауаның ластануына қарсы жасалған жалғыз шара емес. 1 қыркүйектен бастап ғашықтар қаласына 1997 жылға дейін шығарылған көліктердің кіруіне тыйым салынды. «Көшелердің көліксіз болғаны керемет екен. Ешқандай шу да, улы газ да жоқ. Қалаға шығып көліктің дауысын естімей серуендесең, тынығып қаласың. Ауа да таза», – дейді жергілікті тұрғын Томас Поуессел. «Көліксіз бір күн. Мұны көру керемет, әрине. Бірақ ертеңгі күннің бүгінгіден айырмашылығы жер мен көктей болады. Сондықтан барлық тұрғындарды осы шараға ат салысуға шақырамын және неге әр күнімізді осылай өткізбеске?!», – деді Париждің көлік қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Кристоф Наждовский.

Корея

Жұмысшылар ереуіл жариялады Оңтүстік Кореяның Hyundai к ә с і п о р ы н ы н д а ғ ы қ ы з м е т к е р ле р м ен басшылық 2017 жылы жалақыны көтеру туралы келісе алмай, Hyundai жұмысшылары ереуіл жариялады. Осыған байланысты компаниядағы кәсіподақ қызметкерлердің ереуілге шығатынын мәлімдеді. Ал осыған дейін шілдеде өткен ереуіл салдарынан жеңіл көлік өндірушісі $2,02 млрд шығынға батқан болатын. Hyundai басшылығы өндірістің кез келген кезде тоқтап қала беруінен көңілдері қалғандығы туралы наз айтты. Қазір басшылық жұмысшылармен екі арада пайда болған түйткілді мәселені шешуге барын салып жатыр.

Алматының жаңа шағынауданы Алатаудың бөктеріндегі ару қалада тағы бір жаңа шағынаудан бой көтермекші. Esentai City деп аталатын жаңа шағынаудан 46 гектар жерге тұрғызылмақшы. Әл-Фараби даңғылынан жоғары, шаңғы трамплині кешеніне жақын жерде бой көтеретін Сity үш қабаттан тұрады.

АҚШ

Американың Нью-Йорк штатында жеңіл моторлы ұшақтар соқтығысты. Әуе апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Piper Cherokee және Cessna 140 ұшақтарының қатысуымен болған оқиға жексенбі күні НортКоллинс елдімекені маңында орын алды. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, әуе кемелері автожолдар қиылысына жақын жерге, егістік алқабына құлаған. Алпыс жастағы ер адам мен 69 жастағы ерлі-зайыптылардың өліміне алып келген соқтығысудың себептері қазір анықталуда.

«Esentai City»

Астананың жол инфрақұрылымын дамыту аясында негізгі басымдық жаяу жүргіншілер, велосипедшілер және қоғамдық көліктерге беріледі. Бұл туралы елордада «Астана қаласының көлік кешенінің даму үрдісі» атты конференцияда қала әкімі Әсет Исекешев мәлім етті. «Біз Астананы өмір сүруге барынша ыңғайлы қалаға айналдыруға ниеттіміз. Ол үшін қалалық инфрақұрылымды өзгерту, тұрғын үй-коммуналдық ш а р у а ш ы л ы қ с а л а с ы м ен қ ы з м е т к ө р с е т у бағыттарын жақсарту, жаңа технологияларды енгізу мен «Смарт сити» қалыптастыру қажет. Жол-көлік кешенін дамыту аясында сапалы жолдар, көпірлер мен инфрақұрылымның басқа да элементтерін салу қарастырылған. Қазіргі кезде арнайы бағдарлама әзірленді», – деді қала әкімі. Астана халқының тұрғындары 1 миллионнан асып кеткеніне тоқталған Ә. Исекешев бүгінде шаһарда көлік саны артқанын, осы орайда қалаға өзге өңірлерден келген транзиттік автомобильдерді қоса есептегенде 500 мыңға жететінін жеткізді. Қаладағы көліктік жүйе 952 көшеден тұрады, ал жолдардың жалпы ұзақтығы 950 шақырымнан асады. «Халықтың автокөлікке отыруы қарқыны тұрғындар санының жылдық деңгейде артуы көлемінен екі есе артып отыр. Бұл өз кезегінде

инфрақұрлымға елеулі түрде жүк түсіріп отыр және көлік кептелістері орын алуда», – деді әкім. Осы ретте ол жол желісін дамыту мен қайта жаңғырту жұмыстары аясында басымдық жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге және қоғамдық көліктерге берілетінін, тек содан кейінгі орында автокөліктер болатынын қадап айтты. «Бұл қадамдар әлемдік трендтерге сәйкес келеді. Әрине, бұл шаралар автокөлікпен жүретін қалалықтардың наразылығын тудыратыны белгілі, алайда көліктік кешен қоғамдық игілік ретінде жоғарыда аталған басымдықтарды ескеруі тиіс», – деді Ә.Исекешев. Сондай-ақ, оның мәлімдеуінше, Астанада қоғамдық көлікті тұрғындардың 33 пайызы ғана пайдаланады. «Қазіргі кезде Астанада тұрғындардың тек үштен бір бөлігі, яғни 33 пайызы ғана қоғамдық көлікті пайдаланады. Күн сайын қалада қоғамдық көлікпен 875 мың сапар жасалады. Сонымен қатар, паркті барынша жаңғыртуды көздеп отырмыз. Бүгінде қоғамдық көлік паркі 1 140 автобусқа жетіп отыр, оның ішінде үштен бір бөлігі қазіргі заманғы «IVECO» автобустарымен қамтылған. Осы ретте паркті жаңарту 35 пайызға жетті. Аталған көрсеткішті 2017 жылдың соңына қарай 60 пайызға дейін жеткізу жоспарда бар. Ал алдағы 5 жылда барлық автобус паркін толықтай жаңартуды көздеп отырмыз», – деді қала әкімі.

Туберкулезбен күрестің тиімді тетігі Алматыда Денсаулық сақтау және әлеуметтік д а м у м и н и с т р і Т а м а р а Д ү й с ен о в а н ы ң қатысуымен туберкулезді біріктірілген бақылау бойынша Халықаралық конференция өз жұмысын бастады, – деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

жеткілікті қаражат бөліп отыр. Инфекциялық бақылау шаралары күшейтілді. Аталған ауруды диагностикалаудың инновациялық жеделдетілген үлгілерін енгізу жалғасуда», – деп хабарлады Тамара Дүйсенова. Екі күннің ішінде конференцияға қатысушылар 2016-2035 жылдарға арналған «EndTB» ДДСҰ стратегиясын Орталық Азия

Әр пәтердің шаршы метрі 94-139 аумақты құрайтын баспананың ішкі биіктігі 3,25 метрге жетеді. Алғашқы тапсыруы 2017 жылдың қазан айында беріледі деп жоспарланған тұрғын үйдегі пәтерлердің бағасы толық төленер болса, әр шаршы метрі 600 мың теңгеден тұрады. Ал бір жылға бөліп төлегіңіз келсе шаршы метрін 650 мың теңгеден алуға болады. Яғни, Еsentai city-ден баспана алғыңыз келсе қалтаңызда кемінде 56 млн-нан жоғары теңгеңіз болуы керек.

«Жаңа аудан орталық саябақ арқылы өмір сүруге (пәтерлер, таунхаустар) және жұмыс істеуге арналған кеңістік (кеңселер) болып екі концептуалды аймаққа бөлінеді. Esentai city-де мыңнан аса пәтерлердің шатырында жеке терассалар және 5 мыңға жуық автотұрақ болады», – деді жобаның бас сәулетшісі Роландас Ключинскас. Esentai City-де тұрғын үйлерден бөлек, 46 кеңсе ғимараты салынады. Олар заманауи халықаралық жасыл стандарттарға сай жобаланып, LEED рейтингі бойынша сертификацияланады. Сондай-ақ, жасыл аймақтар, қоқыс жинаудың инновациялық жүйесі, электромобильдерді қуаттайтын бекеттер құрылады. Бұдан бөлек, ауданда жаяу жүргіншілер жолы, жүгіруге және велосипедке арналған жолдар пайда болады.

Салымшылардан өтініштер қабылдануда Астанада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үйді сатып алушылардан өтініштерді қабылдауды бастады. Сонымен қатар, өтініштердің 2016 жылдың 26 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың 26 қазанына дейін қабылданатыны айтылады.

Тамара Дүйсенова конференция қатысушыларына Қазақстандағы туберкулезбен күресу шаралары туралы мәлімдеді. Мемлекет басшысының туберкулезбен күрес ұлттық бағдарламасына саяси қолдау көрсетуінің, сонымен қатар, ведомствоаралық және салааралық өзара байланыс нәтижесінде соңғы жылдары елімізде аталған ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай едәуір жақсарды. Халыққа туберкулезге қарсы көрсетілетін көмектің сапасын әрі қарай жетілдіру үшін Туберкулезді бақылаудың біріктірілген моделі жасалды. Ол аталған аурумен күрестің барлық басым бағыттарын қарастырады. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Туберкулезбен күрес халықаралық одағының саясатын ұстана отырып, Қазақстанда туберкулезбен күресу шаралары алғашқы медициналықсанитарлық көмек жүйесімен біріктірілді. Мемлекет туберкулезбен сырқаттанған адамдарға қажетті

аумағында жүзеге асыру мәселелерін, оның ішінде МСАК ұйымдары деңгейінде туберкулезді емдеу мен диагностикалаудың жеделдетілген үлгілерінің қолжетімділігін арттыру, пациенттер мен дәрігерлердің ортақ жауапкершілігін ұлғайту мәселелерін талқылайды. Естеріңізге сала кетейік, туберкулез қоғамдық денсаулық сақтау саласының, әсіресе Еуро-Азия аймағындағы елдердің маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. ДДСҰ-ның соңғы мәліметіне сай, жыл сайын әлемде туберкулезбен 8,5 млн-ға жуық адам сырқаттанады. Оның ішінде көптеген дәрілерге төзімді түрінен 500 мыңнан астам жағдай тіркелсе, аталған аурудан 1,3 млн адам қайтыс болады. Туберкулезге қарсы кешенді шараларды сапалы жүзеге асыру нәтижесінде соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге азайып, өлім-жітім көрсеткіші 5 есеге төмендеді.

Кей өңірде үсік жүреді Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Тек батыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қ а з г и д р о м е т т і ң а қ п а р а т ы н ш а , Ж а м б ы л, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, ш а ң д ы д а у ы л к ө т е р і ле д і . М а ң ғ ы с т а у , Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында жел тұрып, 20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең жекелеген аудандарда тұман байқалады.

А қ т ө б е , к ү н д і з Қ ос т а н а й облыстарының жекелеген аудандарында желдің жылдамдығы 18 м/с дейін барады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан өңірлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытып, үсік жүреді, ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, сондай-ақ, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Банк өкілдерінің мәліметінше, тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны - 120 00000 теңге. Ал берілетін пәтердің жалпы саны 251. Соның ішінде 1 бөлмелі: 3 пәтер, ең үлкен ауданы – 43,4 шаршы метр, 2 бөлмелі: 65 пәтер, ең үлкен ауданы – 60,69 шаршы метр, 3 бөлмелі: 58 пәтер, ең үлкен ауданы – 78,82 шаршы метр. Сондай-ақ, құрылыстың 2016 жылдың қараша айында аяқталатыны айтылады.

Айта кетейік, өтініштерді банктің www.hcsbk. kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/ Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №71 (4237), № сейсенбі, 27.09.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Сапалы маман сұранысқа ие Ақбота МЫШТАЕВА, Ақтөбе қаласы

ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 20-22 қыркүйек аралығында «Көпэтникалық қоғамдағы полиция қызметі» атты семинар-тренинг өтті.

Шараға «ІІД аға учаскелік полиция инспекторы, учаскелік полиция инспекторы» санаты бойынша біліктілігін арттыру курсына келген 15 тыңдаушы қатысты. Көпэтникалық қоғамдағы полиция қызметінің ең озық тәжірибелері мен халықаралық стандарттары бойынша өткен семинар Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі мен ЕҚЫҰ ұлттық азшылықтардың істері жөніндегі жоғарғы комиссары (ҰАЖК) және Қазақстандағы Канада Елшілігінің қаржылық қолдауымен ұйымдастырылды. Семинар жұмысына елші, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо, Қазақстандағы ЕҚЫҰ Канада елшісі Шон Стайл, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар

офисінің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Колин Маккалоу, Ресей сарапшысы Георгий Пирогов, Украина сарапшысы Володымыр Самойленко, ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының аға кеңесшісі Марк Фумагалли, Канада полициясы Байланыстар бойынша аймақтық офицері, Канада сарапшысы Марк Лабонте қатысып, білікті мамандар тәжірибелерімен бөлісті. Шара барысында институт бастығы, п о л и ц и я п о л к о в н и г і С ә л і м г е р ей Қаракүшев: «Полиция қоғамдағы бейбіт, құқықтық және мәдени қарымқатынастардың сақталуына ықпал ететін орган болып табылады. Мен бұл семинар жаңа мәселелердің шешілуіне, осы салада жаңа білім алуға қайнар көз

болады деп сенемін. Біздің қызметкерлер өздерінің қызмет орындарына оралған соң жаңа алған білімдерін өздерінің қоғаммен күнделікті жұмыстарына енгізеді», – деп атап өтті. Семинарда әртүрлілікті ұғыну, мәдени және діни, тіл, сенім мен өзара түсінікті нығайту мәселелері, қоғам мен мәдени кедергілерден өту мәселелері сөз болды. Дәріскерлер кіші этникалық қоғамда қоғамдық тәртіпті сақтау – тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған арнайы шараларды түсіндіріп өтті. Қатысушылар тақырыптық зерттеулерден және басқа елдердегі полицияның тәжірибесіне негізделген мысалдарды негізге алып, қақтығыстардың алдын алу және оларды реттеу бойынша тәжірибелік жаттығуларға қатысты. Шара барысында Канада, Ресей және Украина сарапшылары ЕҚЫҰ ҰАЖК өкілімен бірлесіп, көпэтникалық қоғамда полиция тұжырымдарын, қағидаттары мен тәжірибелерін іске асыру, сондайақ, оларды күнделікті жұмыста қалай қолдану жөніндегі тәжірибелері мен білімдерін ұсынды. Болашақ полиция қызметкерлерін даярлап шығаратын білім ордасына теория мен тәжірибе ұштасқан осындай жиындар қажет. Себебі, бәсекеге қабілетті маман дайындау – заң институтының негізгі мақсаты болып табылады. Семинар қорытындысы бойынша барлық семинарға қатысқан тыңдаушыларға сертификаттар беріліп, дәріскерлерге институт басшылығының атынан алғыс хаттар табыс етілді.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИЫН

«Қазқұтқару» қорытындысы Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалындағы «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында өткен «Қазқұтқару-2016» 21-ші республикалық жиын-семинары аяқталды.

Республиканың барлық өңірлерінен келген құтқарушылар командалары 10 күн бойы құтқару көпсайыстары және кинологиялық жарыстарының күрделі кезеңдерінде өзара мықтыларды анықтады. « К о м а н д а л ы қ і з д еу » к е з е ң і н д е кинологиялық жарыстардан 1-орынды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі мен Ақтөбе облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы жеңіп алса, 2-орынға Павлодар облысы ТЖД ЖҚЖ командасы тұрақтады. Ал 3-орынды Орталық өңірлік аэромобильдік жеделқұтқару жасағы місе тұтты. « Т ы ң ш ы л ы қ п ен е п т і л і к т і т е к серу» кезеңінде 1-орынды Павлодар о б л ы с ы Т Ж Д Ж Қ Ж - н і ң к и н о л огы Қазбек Бейсембаев жеңіп алса, 2-орын Республикалық жедел-құтқару жасағының кинологы Ерік Берлібековке, 3-орын Павлодар облысы ТЖД ЖҚЖнің кинологы Галина Куценко бұйырды. Кинологиялық жарыстардағы жеке сынақ нәтижелері бойынша 1-орынды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ кинологы Алла Арефьева алса, Орталық өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының кинологы Вячеслав Кислинский 2-орынға табан тіреді. Ал 3-орынды Павлодар облысы ТЖД ЖҚЖ кинологы Қазбек Бейсембаев қанжығасына байлады. Ал жалпыкомандалық сынақтарда 1-орынды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ мен Ақтөбе облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы өзара бөліссе, 2-орынға Павлодар облысы

ТЖД ЖҚЖ, 3-орынға Орталық өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы тұрақтады. Құтқару көпсайысы бойынша жарыстарда «Орташа бедерлі жерлер бойынша эстафета (кросс)» арақашықтығының жеңімпазы болып Жамбыл облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылар командасы танылды. Бұл сайыста 2 және 3-орындарды Ұлттық ұланның 28237 әскери бөлімі мен Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы иеленді. Арақашықтықта ең үздік нәтижені жамбылдық құтқарушы Ермек Архабаев көрсетті. «Белағашта жасалатын кешенді күш жаттығуы» арақашықтығын өту нәтижелері бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды. Бірінші орын – Солтүстік өңірлік аэромобильдік жеделқұтқару жасағы, 2-орынды Жамбыл облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы мен Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел

құтқару жасағы өзара бөліссе, 3-орынды Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы иеленді. Ал бұл сайыста жеке сынақта үздік нәтижеге Жамбыл облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушысы Айдос Әбілда қол жеткізді. «Техногендік апат жағдайында іздестіруқұтқару жұмыстары» қашықтығының жеңімпаздары болып Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы, Шығыс Қазақстан Өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы мен Қарағанды облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы құтқарушыларының командалары танылып, тиісінше 1, 2 және 3-орындарды қанжығаларына байлады. «Су айдынындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» қашықтығында Шығыс Қазақстан, Солтүстік пен Оңтүстік ӨАЖҚЖ командалары биіктен көрінді. «Табиғи орта жағдайындағы іздестіруқұтқару жұмыстары» қашықтығында 1-орынды үздік уақыт көрсеткіштері мен жиналған балдардың саны бойынша Батыс Қазақстан облысы ТЖДнің жедел құтқару жасағының командасы жеңіп алды. Екінші орынға Оңтүстік Қазақстан ТЖД ЖҚЖ-ның құтқарушылары шықса, 3-орынды Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының командасы иеленді. Барлық қашықтықтардан өту нәтижелері бойынша Батыс Қазақстан облысы ТЖД-нің Жедел құтқару жасағы «Қазқұтқару-2016» жиын-семинардың жеңімпазы атанды. Шығыс Қазақстан мен Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасақтарының командалары 2 және 3 жүлдеге қол жеткізді. 21-республикалық семинардың салтанатты жабылуында жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

е-mail: nastraje@mail.ru

3

АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ

Азаптауға жол жоқ Көліктегі Ішкі істер департаментінде азаптауды жою мәселесіне ішкі істер органдары қызметкерлерінің назарын аудару мақсатында «Қадір-қасиет» қоғамдық ұйымының директоры Анар Ибраевамен ақпараттық кездесу өтті. Дискуссиялық диалог барысында конституциялық қағидаттардың сақталуы, Қазақстанда қинауды болдырмау, ішкі істер органдарына деген қоғамның сенімін нығайтуға байланысты сұрақтар талқыланды. Басқосудың басты мақсат-міндеттеріне тоқталып өткен А.Ибраева: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайтындығын қоғам болып түсіндірудің маңызы өте зор», – атап өтті. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде азаптауды қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған норма бар. Осыған байланысты біздің міндетіміз – қоғамда азаптауға мүлдем төзбеушілікті қалыптастырып, елімізде халықаралық нормалардың сақталуын дамытуға пайдалы үлес қосу болып табылады. Кездесу барысында қоғамдық ұйымға шағымданып келген жәбірленушілерге көрсетілген заңды көмектер жайлы айтылып, шара соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар мен буклеттер таратылды. Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

ТАҒЫЛЫМ

«Ботакөзге» базарлық Нұрбек ТӨЛЕУОВ, Қарағанды облысы

Отбасы күніне орай Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД-ге қарасты АК-159/5 мекемесінде тағылымды кездесу ұйымдастырылып, жеке құрам «Ботакөз» балалар үйіне базарлықтарын тарту етті. Абай ауданының Отбасын қолдау орталығының директоры Оксана Панасидидің қатысуымен өткен басқосу барысында әр шаңырақта кездесетін түрлі шиеленісті жағдайлар, олардан шығу жолдары, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі жөнінде ой-пікірлер айтылды. Оксана Юрьевна жеке құрамға отбасы құндылықтарын қалай сақтап қалу жөнінде кеңестерімен бөлісіп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Шара шеңберінде АК-159/5 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Н.Давильбеков бастаған бір топ ҚАЖ қызметкерлері Қарағанды қаласындағы «Ботакөз» балалар үйіне арнайы атбасын тіреп, бүлдіршіндерге сыйлықтарын ұсынды. «Ботакөз» балалар үйі – мемлекеттік мекеме. Мұнда жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жас аналар некесіз туған, сондай-ақ, туа біткен ақыл-ой және дене дамуы ақаулары бар балалар тәрбиеленеді. Қазіргі таңда балалар үйінде 4 жасқа дейінгі 100-ге жуық бүлдіршін бар. Мекемеде әр сәбидің білім алып, денсаулығын түзеуге, әрқайсының құқығы қорғалып, дамып-жетілуіне барлық жағдай жасалған. Балалар үйінде әсіресе, әр тәрбиеленушіге тиімді әлеуметтік орта қалыптастырып, денсаулықтарын қорғау мен нығайтуға ерекше назар аударылады. Барлық алдын ала емдеу, білім беру, тәрбиелеу жұмыстары дәрігерлер, педагогтар, медбикелер, тәрбиешілер және бала күтушілердің біліктілігі ақрасында жүзеге асырылып келеді. Сол себепті болар, мұндағы әр қызметкердің басты талабы мен ұстанымы – балаларға деген махаббат және мейрімділік. Балалар үйінде ұйымдастырылған жылылыққа толы кездесу барысында әділет подполковнигі Н.Давильбеков АК-159/5 мекемесі қызметкерлерінің атынан бүлдіршіндерге сыйлықтар ұсынып, сәбилерге бақытты ғұмыр, ал мекеме қызметкерлеріне қажырлы еңбектеріне табыс пен төзімділік тіледі. Осы басқосудан кейін мекеме қызметкерлері «Ботакөз» балалар үйінде жиі кездесуге шешім қабылдады.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Қайыры қайтар көмек Ақтөре ҚУАНЫШЕВ, Атырау облысы

Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ел көлемінде өтіп жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына Атырау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері де өз үлестерін қосты.

Акцияның ашылуында сөз алған басқарма бастығы, полиция полковнигі С.Молдашев: «Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Ал сауабы мол іске атсалысу әр адамның азаматтық парызы болуы тиіс. Біз басқарманың командалық құрамымен бірлесе отырып, көпбалалы отбасына қолұшын созып отырмыз. Осындай акциялар арқылы оқушылардың білім алуға деген ұмтылысын біршама арттыра түсетінімізге сеніміміз мол. Ең бастысы – балаларымыз жақсы оқып, ата-аналарының айтқан тілін алып, еліміздің арқа сүйер азаматы болып өсулеріне тілектеспіз», – деді. Атаулы акция аясында басқарма қызметкерлері арасында көпбалалы үш отбасында тәрбиеленіп жатқан мектеп оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар және спорттық киім-кешектерді сыйға тартты. Өз кезегінде ата-аналар қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін биік ұстап, жылы лебізі мен көмегін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып отырған әріптестеріне ризашылықтарын білдірді. Кездесу соңында басқарма бастығы С.Молдашев: «Қайырымдылық жасасаң қайыры өзіңе қайтады» деп жатады. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылайық. Әр шаңырақтан молшылық, қуаныш кетпесін», – деген тілегін жеткізді.


4

ҚЫЗМЕТ №71 (4237), сейсенбі, 27.09.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 РЕЙД

Елбасы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында көтерілген мәселенің бірі – құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидасын қалыптастыру. Елбасы өз сөзінде «... дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді», – деген болатын. Жуырда біз Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге т о ғ ы з ж о л ды ң т о р а б ы – А л м а т ы қаласының теміржол вокзалында рейд өткізіп, теміржолдағы тәртіпті сақтау жұмысымен жақынырақ танысқан едік. Қандай қаланы алып қарасақ та, ондағы тәртіп сақтау сапасын ең алдымен теміржол вокзалының тыныштығымен бағалайтынымыз жасырын емес. Ресми болмаса да тұрғындар санымен және келіп-кетушілердің легіне қарап «оңтүстік астана» деген атауға ие Алматы қаласына күніне сан мыңдаған адам келіп, сонша адам кетіп жатады. Жолаушылардың тыныштығын қамтамасыз ету міндеті – Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасы қызметкерлерінің міндеті. Олар өздері қызмет көрсететін теміржол бекеттері мен әуежайларда жолаушылардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұсақтүйек деген құқық бұзушылықтардың өзіне жол бермеу үшін үнемі алдын алу шараларын өткізіп отырады. «Сақшы» газетінің тілшілерімен бірлесіп өткізген рейд барысында да жұмыстың басы осындай ұсақ тәртіп бұзушылықтарды анықтаудан басталды. Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Манас Рысалдиев пен рота командирі, полиция майоры М.Әбенов. Алматы-1 вокзалының аумағына келгені сол еді, бейсауат жүрген балалар да, әр жерде жеміс-жидек сатып

е-mail: nastraje@mail.ru

Нөлдік төзімділік

немқұрайдылықпен күресті күшейтеді Гүлнәр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасына қарасты қызмет көрсету аймағында өткен «Тәртіпсіздіктер мен құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» шарасының мақсаты – адамдардың айналадағы ұсақ құқық бұзушылықтарға бейжай қарамай, керісінше белсенділігін арттыру болып табылады.

отырғандар да дереу жиналып, жылы орындарын суытып сырғи бастады. «Алматы қаласы – еліміздегі ең ү л к ен м е г а п о л и с . С о н ды қ т а н д а жолаушылар шоғырланатын вокзал маңында ұсақ қылмыстар жиі кездеседі. Алайда, біз бейнематериалдар және LED-экран арқылы жолаушыларға тәртіпсіздіктерге жол бермеу жайлы үндеу тастап отырамыз. Сонымен қатар, жылжымалы консультативті пункт экраны да біздің жұмысымыздың нәтижелі болуына көмектесуде», – дейді Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасы Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы М.Рысалдиев. Расында да, біз желілік басқарма қ ы з м е т к е р ле р і м ен б о л ғ а н б і р а з уақыттың ішінде мұнда 54 ұсақ тәртіп бұзушылық анықталды. Негізінен вокзал маңын торуылдайтын сауда

жасаушылардың әрекеті адамдардың заңға бағынғысы келмейтін ниетін анық танытады. Ал, оларды вокзал маңынан мүлдем аластатудың да өзіндік қиындықтары бар екен. Мысалы, ж е л і л і к б а с қ а р м а қ ы з м е т к е р ле р і тек вокзал ғимаратының іші мен сыртындағы белгілі бір қашықтықты ғана бақылауға құқылы. Осыны жақсы біліп алған жабайы сауда жасаушылар полиция қызметкерлері келе жатса сол белгілі аумақтың шекарасынан аттап кетуге тырысады. Алысқа ұзамай-ақ саудаларын сапырып жатқандарға қарап, әрбір адам заңның осындай осал тұстарын емес, керісінше тәртіп сақтауға деген тармақтарын жақсы меңгерсе осындай оспадарсыздықтар болмас еді деген ойға қалдық. Ал, вокзал ішінде де рұқсат етілмеген жерде сауда жасаушыларға қарап, олардың соншалықты ептілігіне таң қалмасқа

б о л м а й ды . Ж а н ы н а б а р с а қ , т ұ р а қашатынын біліп біраз уақыт алыстан бақылап тұрдық. Дәл жүргіншілер өтетін жерге шұлықтарын жайып салып, сауда жасап тұрған әйел біз жақындай бергеннен-ақ, асығыс-үсігіс жинала бастады. С о н ы м ен қ а т а р , б і з б а с қ а р м а қызметкерлерімен бірге Алматы-1 стансасындағы ІІЖБ қызмет көрсету учаскелерінде өткізіліп жатқан «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу ісшарасына да куә болдық. Аталған акция барысында полиция қызметкерлерінің тынымсыз еңбегіне куә бола жүріп, шараның маңыздылығы жайлы мамандармен пікір алмастық. «Кешкі және түнгі уақытта жанында ата-аналары немесе ересек адамдар жоқ балалардың жүруі өте қауіпті. Біз осы шара барысында тек жалғыз жүрген балаларды емес, қоғамға қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардың

топтарын анықтауды мақсат етіп отырмыз, – деді сөз арасында Алматы-1 стансасындағы ІІЖБ ӘПБ бастығы, п о л и ц и я м а йо р ы М . Р ы с а л д и е в .

ДЕРЕК пен ДƏЙЕК Республика аумағында өткізілген ұсақ тәртіп бұзушылықтарға нөлдік төзімділік бағытындағы акция кезінде басқарма бойынша 97 тәртіп бұзушылық анықталған. Оның ішінде 13-і белгіленбеген орындарда сауда жасау болса, 10-ы – ұсақ бұзақылық. Тіптен, спирттік ішімдік ішкені үшін ұсталғандар да бар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабында көзделгендей қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеумен құтылатын тәртіп бұзғандардың жазаның жеңілдігінен «мұндай әрекетке бірінші рет және соңғы рет барып тұрмыз» деген үйреншікті сылтауларына сену де қиын. ҚОҒАМ және ЗАҢ

Тынымсыз қала түні «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасын Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Жергілікті полиция қызметі қолға алды. Жедел шараға аймақта күн с а й ы н 4 0 0 - д ен а с т а м п о л и ц и я қызметкері жұмылдырылды. Олардан бөлек, рейдке аймақтық білім беру, денсаулық сақтау органдарының, прокуратура, «Нұр Отан» партиясы мен ата-аналар комитетінің өкілдері қатысты. Жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстарды болдырмау, жеткіншектерге темекі және алкогольдік бұйымдардың сатылуына жол беру фактілерін анықтау – тәртіп сақшыларының басты назарында болды. Облыс орталығында тек аздаған уақыттың ішінде қалалық І І Б қ ы з м е т к е р ле р і ү л к ен д е р д і ң қадағалауынсыз серуендеп жүрген к ә м е ле т к е т о л м а ғ а н б і р не ш е жасөспірімді ұстады. « К ә м е ле т т і к ж а с қ а т о л м а ғ а н жасөспірімдерді анықтау мақсатында қаладағы көңіл-көтеру орындары, түнгі клубтар, кальян ұсынатын және бильярд ойнау орындары жіті тексерілді. Іс-шара барысында түнгі уақытта үлкендерсіз үй-жайдан тыс жүрген 5 жасөспірім

Қыркүйек айының бел ортасынан бастап ел көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел шарасы өткізілді. Полиция қызметкерлерінен бөлек, білім, денсаулық сақтау, прокуратура және де тағы да басқа құзырлы орган өкілдерінің басын біріктірген ауқымды операция жеткіншектер арасында жиі кездесетін қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, болдырмауға бағытталған. а н ы қ т а л ды . К ә м е ле т т і к жас – еліктеуге, желікке толы уақыт. Қызық қуған жеткіншектердің дені «ойнап жүріп от басып» алып жатады. Сол себепті біздер, тәртіп сақшылары, ата-аналарды, ұстаздар қауымы мен жауапты орган қызметкерлерін тарта отырып, буын ы қ а т п а ғ а н ж а с т а р ды ң қылмысқа баруының алдын алу бағытында кешенді ж ұ м ы с т а р ды ж а н д а н ды р а б е р м е к п і з » , – д ей д і Петропавл қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция капитаны Құрман Мусин. Түнгі сағат 11-ден соң Абай мен Астана көшелерінің қиылысында заңды өкілдерінсіз қыдырып жүрген

кәмелетке толмаған оқушы ұсталды. Қаладағы колледждердің бірінде білім алып жүрген 17 жастағы студент өзінің түнделетіп жүргенін жөнді түсіндіре алмады. Шара кезінде полиция қызметкерлері жігіттің өзімен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгімелесу жүргізді. Жеткіншек осыған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандықтан, оған бұл жолы тек ескерту жасалып, осындай заң бұзушылық қайталап жасаған жағдайда ата-анасына айыппұл салынатыны да айтылды. «Облыс бойынша іске қосылған «Түнгі қаладағы балалар» операциясының басты мақсаты – жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстар мен қ ұ қ ы қ б ұ з у ш ы л ы қ т а р ды ң а л ды н алу. Шара басталғалы өңірде түнгі уақытта ересектерсіз серуендеп жүрген 115 жасөспірім анықталған. Сондайақ, шара кезінде 47 жасөспірім мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 46 отбасы есепке қойылды. Жедел алдын алу шарасы қыркүйектің 20-сы аяқталғанымен, кәмелетке толмағандар арасында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстары күн сайын жүргізілетін болады», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Айтбаев. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

– К ә м е ле т к е т о л м а ғ а н д а р д ы ң арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жыл басынан бері кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сала мамандарынан жастар көп шоғырланатын орындарда, яғни, теміржол вокзалдары, әуежай аумағы, жертөлелер, перрондар және тағы басқа орындарды тексеру үшін мамандандырылған топтар құрылған». Рейд барысында түнгі сағат 1-лер шамасында Алматы-2 стансасындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету учаскесінде теміржол бойында өз бетінше қаңғырып жүрген екі кәмелет жасқа толмаған бала н а з а р ы м ы з д ы б і р д ен а у д а р д ы . Мұндай оқиғалармен жиі кездесетін болғандықтан Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы олардан көз жазып қалмау үшін жедел қимылдап, т ү н о р т а с ы н а н а у ғ а н к е з д е б ей с а у а т ж ү р г ен б а л а л а р д ы ұ с т а п үлгерді. Олардың біреуі тіптен, полиция қызметкерлерінің қолына түсуді үйреншікті жайт сияқты қабылдап, өзін соншалықты жайбарақат ұстауы бізді таң қалдырды. Бірақ «бақсам б а қ а е к ен » д е м е к ш і , о н ы ң е р к і н жүруі қанында бар сыған бала екенін білгенде таңқалысымыз тез тарқап кетті. Олар заңмен белгіленген тәртіпте А л м а т ы қ а л а с ы н д а ғ ы К ә м е ле т к е

толмағандарды оңалту орталығына орналастырылды. Ұсақ тәртіп бұзушылықтардың ішінде ең жиі кездесетіні – белгіленбеген жерде темекі шегу. Тәртіп сақшылары түтін жұтып тұрғандарға темекі шегудің денсаулыққа тигізер зиянымен бірге, бір тал шырпы мен бір тал темекінің алапат өртке себеп болатынын да түсіндірді. Вокзал маңындағы ұсақ тәртіп бұзушылықтарды анықтау б а ғ ы т ы н д а ғ ы р е й д т ен к е ш оралғанымызбен ертесіне Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының штабынан басқа да мәліметтерге қанықтық. Республика аумағында өткізілген ұсақ тәртіп бұзушылықтарға нөлдік төзімділік бағытындағы акция кезінде басқарма бойынша 97 тәртіп бұзушылық анықталған. Оның ішінде 13-і белгіленбеген орындарда сауда жасау болса, 10-ы – ұсақ бұзақылық. Тіптен, спирттік ішімдік ішкені үшін ұсталғандар да бар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабында көзделгендей қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеумен құтылатын тәртіп бұзғандардың жазаның жеңілдігінен «мұндай әрекетке бірінші рет және со ң ғ ы р е т б а р ы п т ұ р м ы з » д е г ен үйреншікті сылтауларына сену де қиын. Желілік полиция қызметкерлері осындай тынымсыз жұмыстармен қ а т а р т ұ р ғ ы н д а р м ен 1 0 к е з д е су өткізіп, нөлдік төзімділік принципінің маңызын талқылап, жолаушы пойыздарында әйнек сындыру, теміржол рельстеріне бөгде заттар қою сияқты бұзақылықтарға қолданылатын заңды жазалар туралы да жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алматы-1 стансасы Ішкі істер желілік басқармасына қарасты вокзалдардың тыныштығын күзететін полиция қызметкерлерімен бірер сағат бірге жүріп, олардың қауырт қызметтерінің қыр-сырымен танысқанымызда ойға т ү й г ен і м і з – ұ с а қ қ ы л м ы с т а р ды анықтау арқылы ауыр қылмыстардың алдын алуда уақыт сынынан өткен, т ө з і м д і л і к п ен ш ы ң д а л ғ а н к ә с і б и шеберліктің атқаратын рөлі өте зор. Кеш қарайса да сапқа тұрып, тапсырма алып жатқан тәртіп сақшыларының уақытпен санаспайтын қызметтері – біздің қауіпсіздігіміздің кепілі екені анық.


ТІЛІҢ – ТҰҒЫРЫҢ №71 (4237), № сейсенбі, 27.09.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

5

Тіл – Тәуелсіздік тұғыры Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, «Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тілге» айналуы Тәуелсіздіктің тікелей жемісі болып табылады. Жалпы ұлт, тіл, егемендік ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп бекер айтпаса керек. Еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен аталып өткен Тіл мерекесінің жаңғырығы осыны аңғартса керек. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД

Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай отбасылық құндылықтарды насихаттау, аға ұрпақты құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлерінің балалары арасында «Біздің отбасымыз» атты тақырыпта шығарма байқауы өтті. Байқауға ішкі істер органдарының ниет білдірген қызметкерлердің 7-ден 15 жасқа дейінгі балалары қатысты. Комиссия қарауына 28 шығарма жіберілді. Байқау болған соң, жеңіс те жеңіліс те болады. Комиссия шешімімен жас ерекшеліктеріне байланысты үздік 3 шығарма іріктеліп алынды. Шығармаға арқау болған тақырыпта 7 мен 15 жас аралығындағы балғындар өз отбасы құндылықтары, үлкендердің берген тәлім-тәрбиесі, әке-шешелерімен бос уақыттарын қалай өткізетіндігі, қоғамдық тәртіп пен халықтың тыныштығын сақтауда қызмет атқарып жатқан ата-аналарының балаға деген мейірімі, аялы алақанының жылуын сезінетіндігі, берген ақыл-кеңестермен бөлісетіндігі жөнінде баяндаған. Байқау қорытындысы бойынша 7-9 жас аралығындағы кіші топта Петропавл қаласы №8 орта мектебінің 1-сынып оқушысы Аружан Баймұқан үздік шықса, 10-12 жас аралығындағы орта топта Мағжан Жұмабаев ауданындағы Батыр Баян атындағы мектептің 4-сынып

Қостанай облыстық ІІД Тілдер күні аясында Қостанай облыстық ІІД-де «Мемлекеттік тіл – алтын қазына» атты дөңгелек үстел өтті. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан ж и ы н ғ а Қ ос т а н а й о б л ы с т ы қ п р окуратурасы, облыс әкімдігінің Т і л о р т а л ы ғ ы , І І М - н і ң Қ ос т а н а й қаласындағы Оқу орталығы, аймақтағы ТЖД, осы департаменттің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі, Ш.Қабылбеков атындағы ІІМ Академиясының тіл мамандары қатысты. Облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бахытжан Ералиннің төрағалығымен ө т к ен б а с қ ос у б а р ы с ы н д а мемлекетіміздің бірлігі, тұтастығы м ен ы н т ы м а қ т а с т ы ғ ы н ы ң а й қ ы н белгісі болған Тіл мерекесінің маңыздылығы мен берер тағылымт ә р б и е с і м е м ле к е т т і к т і л д і ң мәртебесі туралы кеңінен сөз болды. Жиында алғашқы болып сөз алған Бахытжан Ерболатұлы тіл жанаш ы р л а р ы м ен қ о н а қ т а р ды т і л д е р мерекесімен құттықтап, мемлекеттік тілді насихаттау, одан әрі дамыту б ой ы н ш а ж ұ м ы с т а р ы н а с ә т т і л і к тіледі. Бұдан кейін облыстық ІІД М е м ле к е т т і к т і л ж ә не а қ п а р а т бөлімінің жетекші маманы Альбина Ж а н б ос ы н о в а « Қ а з а қ т і л і – ұ л т болашағы» тақырыбында баяндама оқыды. Дөңгелек үстел басына жиылғандар қазақ тілінің абыройы м ен б е д е л і қ а з а қ с т а н ды қ т а р ды ң міндеті, адамдық борышы болуы тиіс екендігіне көз жеткізіп қайтты.

оқушысы Әйгерім Егінбаеваның шығармасы биіктен көрінді. Ал, 13-15 жас аралығындағы жоғарғы топта Ақжар ауданына қарасты Талшық ауылы №1 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Темірлан Оқастың жұмыстары өз қатарластарының арасынан озық шықты. «...Кеште әкем маған полиция қызметінің қыр-сырын айтып берді. Әңгімені тыңдап отырып полиция қызметкері боламын деп шештім. Алайда, жасым 14-те. Әлі өмірлік жолымда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді, өзім де білмеймін. Осы әңгімем арқылы әкемнің полиция лейтенантынан майор атағына жету жолын, қажырлы және жігерлі еңбегін көрсеткім келеді», – деп жазады Темірлан Маратұлы. Комиссия мүшелері Кныш Андрейдің де жұмысын ерекше атап өтіп, арнайы аталым бойынша марапаттады. Оның ІІД Әкімшілік полиция басқармасында қызмет атқаратын анасына деген махаббаты, полиция қызметкері болмағанда мүмкін дарынды суретші болар еді деп тебірене жазған шағын шығармасы ешкімді бейжай қалдырмады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, білікті де білімді ұрпақ, Қазақстанның Тәуелсіздігін баянды, егемендігін мәңгілік ететіні сөзсіз. Байқау жеңімпаздары Солтүстік Қазақстан облысының 80 жылдық мерейтойына орай ІІД-де өткізілетін іс-шарада марапатталмақ. Нұрбай СӘБИТОВ

Атырау қаласы ТЖБ Тіл – адамға тән ең ұлы құндылық. Тіл жоғалса, қандай жағдай болатынын елестетудің өзі қиын. Жаңалықтың барлығы сөз арқылы келеді. Қазақстан да жаңашылдыққа құмар, адамзат тілдесуінің ұлы құндылығын күнтізбеде атаулы күн ретінде белгіледі. Жақында Атырау қаласы Т ө т ен ш е ж а ғ д а й л а р б а с қ а р м а с ы қ ы з м е т к е р ле р д і ң н а з а р ы н с а у а т т ы л ы қ қ а , ж а з у м ә д ен и е т і н дамытуға аударып, халықтың мәдени мұрасын оқыту арқылы отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру мақсатында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті,

білу – болашағымыз. Ана тілімізге деген ұқыпты қатынасымызды сақтап, оны өскелең ұрпақтың бойына сіңіру ө т е м а ң ы з ды . Б і з д і ң т і л і м і з к ө п қиындықтан өтті, бүгінде қазақ тілі мемлекеттік тілімізге айналып, іс жүргізудің мемлекеттік тілге көшуіне қол жеткіздік. Мұның барлығы біздің бірлігіміздің арқасы», – деп атап өтті ол. Сөз соңында Б.Қайыржанова

педагогика ғылымдарының кандидаты Бибігүл Қайыржанованың қатысуымен семинар өткізді. Семинар барысында доцент Бибігүл Сейілханқызы Президент саясатын қолдап, кемінде үш тілді – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілін меңгеру қажеттілігін атап өтті. «Үш тілді

барлық қатысушыларды қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевты оқуға ш а қ ы р ды . « С е б е б і , қ а з а қ т а д ә л сол сияқты поэтикалық сөздерімен а д а м н ы ң с а н а с ы м ен с е з і м і не , қоғамның жаңаруына әсер ете білген жан жоқ», – деп атап өтті доцент. Э.ГУМАРОВА

Атырау облысы МКҚБ Жыл сайын елімізде ана тілімізге құрмет көрсетіліп, әр салада мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Осындай іс-шараның бірі Атырау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында ұйымдастырылды.

Мекемеде қызмет атқаратын өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өткен «Тілге құрмет – елге құрмет» атты мерекелік шарада қатысушыларға «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы мен арнайы дайындалған слайдтар көрсетілді. Сайыс кезінде қызметкерлер бар

өнерін ортаға салып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бірі күмбірлетіп күй шертсе, енді бірі мәнерлеп өлең оқумен көзге түсті. С о н д а й - а қ , қ ы з м е т к е р ле р д і отансүйгіштік және адамгершілікэ с т е т и к а л ы қ т ұ р ғ ы д а т ә р б и е леу

мақсатында басқарма аппараты, 1, 2-полиция батальонының жеке құрамы, аудан взвод командирінің атсалысуымен және кадр жұмысы қызметкерлерінің жетекшілігімен арнайы экскурсия ұ й ы м д а с т ы р ы л ды . Қ ы з м е т к е р ле р Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдарға және әскери қ а қ т ы ғ ы с т а р ғ а қ а т ы су ш ы л а р ғ а арналған ескерткіш алаңы мен тарихиөлкетану мұражайларын аралады. Экскурсияға қатысушыларға Атырау қаласының «Үйшік», «Гурьев» тарихы және қаладағы тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы, «Жүзбелі көпір», «Орталық көпір», «Орал», «Сұлтан Бейбарыс», «Құрманғазы», «Дина» ескерткіштері, «Тұрғын үй қалашығы», «Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» туралы бейнероликтер көрсетіліп, жан-жақты мағлұматтар б е р і л д і . С о н ы м ен қ а т а р , к ү з е т қызметкерлері Махамбет ауданындағы жеті ханның жерленген жері көне Сарайшық қаласының орнына барып, өлкенің тарихымен жақынырақ танысты. Қайыржан ДҮЙСЕНБАЕВ

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Мамлют аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Қазақстан халқы тілдерінің 18-ші облыстық фестивалі аясында іс-шара өткізіп, қазақтың тұсау кесу рәсімін сахналады. Іс-шара тек облыстық ІІД-де емес, аудандық полиция бөлімдерінде де жыл сайын кеңінен өткізілуде.

Рәсімде аудандық Ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Иса Мұстафиннің бір жастағы ұлы Дінмұхаммедтің тұсауы кесілді. Тұсау кесу – баланың өміріндегі ең алғашқы маңызды қадамдардың бірі. Іс-шараға әкесінің әріптестері, туыстары, аудан ақсақалдары келді. «Ала жіпті» кесу құрметі ішкі істер органдарының ардагері Серік Тұрсыновқа берілді. Мұндай іс-шаралар еліміздегі көптеген халықтардың мәдениетін, өзіндік ерекшеліктерін жақсы түсініп, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын сақтауға, сондай-ақ, ұжымның жұмыла еңбек етуіне септігін тигізері сөзсіз. «Тұсау кесу дәстүрінің жастар үшін беретін тәрбиелік маңызы зор. Тұсауы кесілген Дінмұхаммедтің алар асуы биік болсын!», – деді Мамлют аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қадырбек Исин. Ұлттық мұраны қайта жаңғыртқан полицейлер әр жас ұрпақтан болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін азаматтар шығатынына сенімді. Айта кетейік, алдағы уақытта облыстағы ірі полиция бөлінісі – Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасы мемлекеттік тіл бойынша ашық сабақ өткізуді жоспарлап отыр. Юрий КЛЫКОВ

Батыс Қазақстан облысы МКҚБ Батыс Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында мемлекеттік тілге деген құрмет жоғары, ал ісқағаздарды қазақ тілінде жүргізу оң жолға қойылған. Басқармада өзге ұлттың өкілдері де қалтқысыз қызмет етуде. Олардың қазақ тіліне деген ілтипаттары жоғары. Басқармада Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай ұйымдастырылған «Тілге құрмет – елге құрмет» атты шарада өзге ұлт өкілдері ыждағатты дайындықтарымен келгендіктерін көрсетті. Кеш барысында өзге ұлт өкілдері қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды, мақал-мәтелдерін мүдірместен айтып берді. Сөйтіп, зал толы көпшіліктің қошеметіне бөленді. Әсіресе, полиция кіші лейтенанты Андрей Козловский, полиция аға сержанты Александр Семенихин, полиция старшинасы Сергей Мазгутов қазылар алқасы мүшелерінің жоғары бағасына ие болды. Кеш соңында осынау тағылымы мол шараға белсене қатысқан полиция қызметкерлеріне басқарма бастығының атынан алғыс хаттар табыс етілді. Фатихолла МАШТАХОВ

6656 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімінде Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тұғыры, ынтымақтастық пен біріктірудің негізгі факторы!» акциясы аясында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Маңғыстау облысы Тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, облыс бойынша Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері Зульфия Бернеева, Самира Абдуллаева, Мнира Бойкова қатысты. Жиын барысында «Вайнах» шешен-ингуш, ұйғыр, орыс, корей, беларусь, татар мәдениеті орталығының қызметкерлері өнерлерін көрсетіп, елімізге келу тарихын айтты. Қонақтар қазақ тілінде сөйлеуге тырысып, ұлтымызға сыйластығын танытты. Шараға келген әр қонақ өз мәдениеті, тілі, өнерімен қазақ ұлтына ұқсастығын айтып, туыстығын дәлелдеуге тырысты. Әскери бөлімінің командирі, подполковник Еділхан Аймағамбетов пен әскери қызметкерлер тіл мәртебесіне қатысты өзара ой-пікірлерімен алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. «Бауыржан Момышұлы: «Тілін білмеген – түбін білмейді» деген. Шынында, адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе!? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауы тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз – тіліміз», – деп атап өтті Еділхан Аймағамбетов. Назгүл БАЙШИНА

Бетті дайындаған Жансая СЫДЫҚБАЙ


6

ОЙТҮРТКІ №71 (4237), сейсенбі, 27.09.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

Жақынын жоғалтқандар мен жағдайын оңалтқандар немесе қоғам неге қатыгезденіп барады? Көнекөз қариялар мұндайда «мал екеш малды да іздеуші едік, не болып барамыз осы!» деп сақалдарын көкке сауады, аналар жаулықтарының ұшымен көздерін сүрткіштейді. Бірақ, одан табылып жатқан жан жоқ. Осы жоғалудың жай-жапсарын зерттеп жүрген адамды және көрмейсіз. «Е, тағдырдың жазмышы да» дейді де қояды. Сол жазмыштың аясында қаншама жан жазықсыз жапа шегуде. Осының мәнісіне, тереңіне үңіліп көрдік пе? Ендеше, біз үңіліп көрелік.

коллаж Ақсая ЖҮРКЕНОВАНІКІ

ҮЙДЕН ҰЗАЙ ҮЗІЛГЕН ІЗ

Биылғы мамыр айында Сарыағаш қаласынан Шымкентке қарай таксимен жолға шыққан Әйгерім Оспанбекова екі ортада ұшты-күйлі жоғалып кетті. Ол үйінен түскі сағат 3-тер шамасында шыққан екен. Барар жеріне жетпеген соң әкесі байғұс шырыл қақты. Студент қыз өзі отырған таксидің жүргізушісінен секем алатынын айтып құрбыларына SMS жолдапты. «Қалаға кіре берісте күтіп алуларын» өтінген. Алайда, Әйгерім қалаға жетпеді. Телефоны да үнсіз қалды. Полицейлермен қатар еріктілер де жоғалған қызды іздеуге шықты. Ауыл адамдары даланы сүзіп шықты. Әке мен шеше үміт пен күдіктің арасында шығарға жаны бөлек шырылдап жүргендерінде хабар жетті. Иә, қаралы хабар еді ол. Екі апта бойы табылмаған Әйгерімнің денесі бір қуыстан табылды. Қанішер әуелі қыздың аяқ-қолын мықтап матапты. Кеше ғана қос жанары мөлдіреп, ақ көйлегі желбіреп, қара шаштары толқынданып, аппақ жүзі жалқынданып бара жатқан қыздарының енді қайта оралмасын білгенде ана жүрегі қайтті екен? Сұм дүние-ай десеңші... Айтпақшы, жуырда қатыгез таксистке қатысты сот процесі өтті. Судья оны 16 жылға кесті. Содан кейін Түлкібас ауданы жақтан түтін шықты. Түтін болғанда сұсы бөлек, қап-қара. Шымкент қаласынан шыққан Әшіркүл Баймұратова Түлкібастағы туыстарына келеді. Сол күні таудан түнеріп қара бұлт түсіп келе жатыр еді дейді көргендер. Не түлен түрткенін өзі біледі, осыны көре тұра Әшіркүл жанына жеті жасар қызды ертіп тылсым тау қуысына қарай жөнеле берген. Біреулер оны қызғалдақ теруге кетіп еді деседі. Екіншілері тау тамашасын көруге барып еді дейді. Қалай дегенде де түңіреңкі тау оларды құшағынан босатпады. Төтенше жағдай жөніндегі департамент қызметкерлері сол түні тауда нөсер жауын жауғанын алға тартады. Тауға кеткен екеудің туыстары соңдарынан іздеп барып таба алмай кері оралған. Төтеншеліктерге, п о л и ц и я ғ а х а б а р б е р г ен. Ж е д е л іздестіру тобы керек-жарағын асынып тау қияларына аттанды. Іздеу үш күнге жалғасты. Ауылдан 20 шақырым жерде құздан құлап кеткен Әшіркүлдің өлі денесі табылды. Жеті жасар жеткіншек бі р қуыс т а б үр і с і п о т ы р ғ а н к ү йі жантәсілім етіпті. Сірә, суық өтіп кетсе керек. Оларды жолға қандай құдірет айдап шықты екен? Оны енді ешкім де айта алмайды. Статистика деректеріне сүйенсек, 2015-2016 жылдары республика бойынша 157 адам жоғалып кеткендер тізіміне еніп, соңынан сүйектері табылған. Оның 16-сы айуандықпен өлтіріліпті. Құқық қорғаушылар мұндай жағдайда оларды «бақытсыздық» деп бағалайды екен. Сонда бақыттылар қандай болады? Сірә, із-түзсіз жоғалып кетіп, көңілді суытып барып ойда-жоқта табылу бақыттылық шығар. Дегенмен, соңдарына ешқандай із тастамай ізімқайым жоғалғандар да кездеседі. Осыдан 15 жылдай бұрын «Оңтүстік Қазақстан» газетінен зейнеткерлікке шыққан белгілі журналист Қайым Тілегенов таңертең үйінен шығып қайта оралмады. Көршілері таңертең пәтерінен шығып әлдеқайда кетіп бара жатқанын ғана көріп қалған.

Оңтүстікте жоғалды дегендердің артынша өлгені туралы хабары шығады. Сондықтан, осы хабар естілсе болды бойды үрей билейді. Бір өкініштісі, қызы кешіксе хабаршы-құдалар емес, қаралы хабар келетіндей есікке қарап жаутаңдайтындар көп. Бүгінде біреулер адамынан көз жазып қалса бірінші кезекте әлеуметтік желіге жүгінеді. Қазір оны қарамайтын адам аз. Бір мезетте мыңдаған адам хабардар болады. Содан соң олар басқаларға айтады. Картақұмар бір азамат қарап жүрмей Қарағанды қаласына өтіп кеткен ғой. Туыстары жабылып іздемей ме? Біреулер оны «өлдіге» балап та қойыпты. Аманесен оралған картақұмарға туыстары не жыларын, не күлерін білмепті. Кейде жасөспірімдер де ата-аналарын жалындыру үшін достарына барып жасырынады. Әке-шеше шырыл қағады. Полиция қызметкерлеріне мұндай кезде «шұғыл іздей қоймады» деп кінә артатындар да көп. Соңынан кешірім сұрап жатады.

БЕЗБҮЙРЕК ҚОҒАМ. БЕЙҚАМ АДАМ

Сабырбек ОЛЖАБАЙ

Баяғыда адамдар малын жоғалтушы еді, замана ағымы солай ма әлде техника дәуірлеген тұста көрінбейтін кеңістікке адамдар жұтыла береді ме, білмедім, айдың-күннің аманында жүздеген, тіпті, мыңдаған адамдар жоғалып кететін болды. Оған тіпті етіміздің үйренгені соншама, соңынан іздеуді де қойдық. Содан кейінгі із шорт үзіледі. Қайда жоғалды? Кім ұрлап әкетті? Ешкім ештеңе білмейді. Үйден ұзай үзілген із осылай жұмбақ күйінде қалды.

ҮМІТТЕР ЕШҚАШАН ҮЗІЛМЕЙДІ

Былтыр республика бойынша 3 мыңнан астам адамға іздеу жарияланыпты. 2016 жылдың шілде айына дейін 2661 адам жоғалды деген дерек тіркелген. Бір жарым жылдың ішінде 5661 адамның 1428-інің дерегі анықталыпты. Ал, Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бейбіт Сейдировтің мәліметінше, облыста жыл басынан бері 372 адам жоғалып, оның 180-і табылыпты. Полиция қызметкерлері жоғалған адамның түр-түсін, киген киімін, мінезқұлқын, жүріс-тұрысын, кімдермен араласатынын, неге қызығатынын, тағы басқа да керекті деректі бүге-шігесіне дейін сұрап білуге құқылы. Олардың қай жерде жүргендерін туыстарына қоңырау шалып-ақ анықтайтын кездер болады. Жоғарыдағы 372 жоғалушы тәулікке жетпей табылған. Белгілі уақытқа дейін жоғалғаннан дерек болмаса дереу іздеу жарияланады. Осы кезде Төтенше жағдайлар жөніндегі д е п а р т а м ен т қ ы з м е т к е р ле р і м ен еріктілер де көмекке келеді. Жағдай тұйыққа тірелгенде ішкі әскер де жұмылдырылады. Кейде мәйіттер табылып жататыны да рас. Мұндайда адам жоғалтқандар шақырылып мәйіттің кімге тиесілі екені анықталады. Манипулярлық-генетикалық сараптама жасалады. Сөйтіп, марқұмның кім екені айқындалып жатады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті облыстық департаменті биыл 192 адамға іздеу жарияланғанын көрсетті. Солардың 158і табылыпты. 34-і іздестірілуде. Әрине, «кебін киген келмейді. Кебенек киген келеді». Үміттер ешқашан үзілмек емес.

ҚИСЫНҒА ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?

Қазақ халқы ырым-жоралғыға сенгіш келеді. Адам жоғалса да, мал жоғалса да жүгіріп көріпкелге, балшы-балгерлерге, құмалақшыларға барамыз. Олар түрлі жорамалдар айтады. «Біреулер ұстап отыр» деп сендіріп те қояды. Кейде жорамал айнымай келіп те қалады. Дегенмен көбіне адамдарды автокөліктер байқаусызда қағып кетеді.

Қылмысын жасыру үшін жүргізуші мәйітті айдалаға апарып көміп тастайды. Содан кейін оны тауып көр. Алайда, жоғалғанның барлығы домалап келіп дөңгелектің астына түсуі мүмкін бе? Ал, түсті делік. Сонда адам қаққан көлікті ешкімнің көрмеуі мүмкін бе? Жүргізушілер неге адамдарды жұрт көзінен таса жерде қаға береді? Мұның сырына үңілген жан бар ма? Жоғалғандар жөнінде және бір жорамал олардың құлдыққа салынуы. Бұл тұзақтан құтылу оңай емес. Екінші бір болжам ішкі ағзалары үшін ұрланатындар. Қазір мұны да жоққа шығара алмайсыз. Бүгінде әлемде адам саудасы өршіп тұр. Талай жыл құлдықта болып қашып шығып келіп жатқандар жөнінде оқып та, естіп те жүрміз. Оларды іздеп табу құқық қорғау органдары қызметкерлеріне де оңай шаруа емес. Қоғамда жоғарыда айтылатын екі жәйттің де кездесетіні жасырын емес. Ендеше, бұған жол беріп отыра беруге тағы болмайды. М ы н а б і р ә ң г і м ен і ш ы н ды қ қ а балағымыз жоқ. Кей бақуатты кісілер үйлеріндегі қасқыр итті адам етімен қоректендіреді деседі. Адам етіне бір дәніккен әлгі ит түні бойы арсылдап, үйге адам жолатпайтын көрінеді. Мұны енді сандырақ дейік. Бірақ, қазіргі қоғамда не болмай жатыр? Бір өкініштісі, жоғалғандар арасында балалар да көп. Олардың ағзасы қымбат тұрады деп те естиміз. Тіпті, қаңғыбастың өзін кәдеге жарататындар бар деседі. Қарап отырсаңыз, әркім әрқалай жоғалады. Біреулер үйімен ұрысып ш ы ғ ы п к е т е д і . Е к і н ш і б і р еу м а л іздеп жүріп адасып мерт болуы м ү м к і н. Т а ғ ы б і р і ж а с а ғ а н а у ы р қылмысын жасыру үшін әдейі өзінөзі жоғалтады. Кісі қолынан қаза табатындар да болады. Оларды әдетте жасырын жерлейді. Кей жағдайда в е р т у а л ды ә ле м г е с і ң і п к е т е т і н ж ә й т т е р д е б о л а ды д е п ж а т а ды . Бұған, әрине, сену қиын. «Ұшатын тәрелкелер» ұрлап әкетіпті дегенді де кей газеттер жазып жатады. Ертеде перілер көші дегенді естуші е д і к . Ү л к ен д е р б ұ ғ а н д а с ене д і . Қосарланған дүниеде «Қара үңгірлер» бар екенін ғалымдар да жазып жүр. В е р м у т ұ ш т а ғ а н ы с и я қ т ы т ү йен і түгімен, жылқыны жүгімен жұтатын ойықтар бар деседі. Кім білген. Көбісі ғылыми дәлелденбеген. Әрине, адамдар қиналғанда ертегіге сенеді. Осындайда хабар-ошарсыз кеткен адамдар жөнінде

осындай болжамдар айтылады. Бірақ қисынсыз сөзге сене де беруге болмайды. Негізі ғылыми дәлелденген негіздемелерге сенген дұрыс. Тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарында нақтылықты негізге алады.

КЕЗ КЕЛГЕННІҢ МАҢДАЙЫНА БҰЙЫРМАЙТЫН БАҚЫТ

Негізінен хабар-ошарсыз кеткендерді іздестірумен ішкі істер органдарындағы іздестіру басқармасының қызметкерлері айналысады. Дей тұрсақ та, оларға «іздестіру сендердің міндеттерің» деп барлық жауапкершілікті арқалатып қоюға болмайды. Оған ізшілердің мүмкіндігі де жоқ. Заңнамада көрсетілгендей, үш жыл бойы, одан да көп уақыт жоғалған адам табылмаса, сот органдары отбасы мүшелерінен, прокуратурадан, қоғамдық бірлестіктерден, қорғаншы және қамқоршы органдардан және басқа да мүдделі адамдардан арыз алып, азаматтық іс қозғап, тиісті шешім шығарады. ҚР Азаматтық кодексінің 28, 31-бабы және ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 296-бабы 2-тармағының талабына сәйкес жоғалған адамды «хабар-ошарсыз кетті» деп таниды. «Қайтыс болды» деп те шешім шығара алады. Республика бойынша биыл не тірілер, не өлілер қатарында жоқ 40 адамды сот «қайтыс болды» деп жариялапты. Олар енді оралмайды. Кейде мұндай да болады. «Қайтыс болды» деген адам кенеттен табыла кетеді. Сот істі қайта қарап, әуелгі шешімін бұзады. Әттең, мұндай бақыт жоғалғандардың маңдайына жазыла бермейді.

ҚЫЗ КЕШІКСЕ – ҚОРҚА БАСТАЙДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелет жасқа толмаған үш жасөспірім іздеуде жүр. Айталық, Сарыағаш ауданының тұрғыны 17 жастағы Диана Тұрымова биылғы маусым айының 30 күні 2001 жылы туған інісі Дияс Тұрымовты ертіп үйінен шығып кеткен. Олар ата-аналарынан ерте айырылған екен. Туыстарының қолында өскен. Жетімдіктің тауқыметін олар аз тартпаса керек. Диана үйден шыққанда, қолында құндықтаулы сәбиі болған. Үйден үшеуі кеткенде Диананың баласы Жанәлі Тұрымов 4 айлық қана екен. Диананы соңғы кезде бір ауылдасы Шымкент қаласының орталық мешіті маңынан көріп қалған. Бұдан кейін оны көрдім-білдім деген адам табылмай тұр. Мешітке келген қайырымды адамдар үйлеріне апарып паналатып отырса бір дерегі шығар ма еді? Жоғалғандардың немере ағасы Мақсат Тұрымов «келіп қалар-ау» деп өткеннен де, кеткеннен де сұрайды. Бірақ әзірге хабар жоқ.

Соңғы жылдары адамдар жеке детектив қызметіне де жүгіне бастады. Оның қаншалықты пайдасы барын әзірге біле алмадық. Дегенмен, ішкі істер органдарында барлық оқиғаларды бір орталыққа жинақтап отыратын қызмет керек сияқты. Мәселен, уақытша ұстау изоляторы, қабылдау-бөлу органдары, айықтырғыштар, медициналық мекемелер өздеріне түскен адамдарды орталыққа толық мәліметімен жіберіп отырса, бос әурешіліктер азаяр ма еді дейміз-дағы. Жинақталған мәлімет былайғы адамдарға да қолжетімді болуы керек. Осындай орталық әзірге Астана қаласында ғана бар. Бюро операторлары жоғалған адам туралы ақпаратты алғаннан соң арнайы журналға тіркеп, барлық мәліметті жазып қояды. Орталыққа түскен адамның аты-жөні, түр-түсі, киімі, білімі, туған жылы, бәрі-бәрі қамтылады. Өтініш берген адам хабарды көп күтпейді. Осындай тәжірибе республиканың барлық облыстарына енгізілсе құба-құп. Бүгінде көлік жоғалтқандар да көбейді. Еріккендер есі кетсе көшеде тұрған көлікті «қуып» кететін болды. Кейде мұны бала да жасайды. Осыларды естігенде қазір селт етпейтін күйге душар болдық. Өйткені, анау-мынау емес, адамдар жоғалып кетіп жатыр. Оның қасында қайдағы бір көлікке бола бас қатырып неге керек? Бұдан нені аңғаруға болады? Иә, бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген сұмдықтарға етіміз үйрене бастады. Қоғам да бетін бері бұрмай-ақ қойды. Безбүйрек қоғамда қаны бұзылғандар ойына не келсе соны істемей қайтеді? Осындай оспадарлықтарды жою үшін әуелі қоғамды түзету керек. Ұрпақ тәрбиесін көп болып қолға алсақ, өзөзінен жоғалатындар да азаяр бәлкім. Табан астынан ғайып болатындарды іздейтіндердің тәжірибесін дамыту керек. Мамандардың қырағы болғаны жөн. Немкеттіліктен нашар нәтиже шығады. Жоғалғандарды індетіп іздемей-ақ жоғалу сырын зерттемей-ақ «қайтыс болдыға» шығара салу да немкеттіліктен. Қазір ғой, техниканың дамыған кезі. Ұялы телефон бар, басқасы бар, қайда жүргеніңді хабарлай қою аса қиын шаруа ма? Тіпті, біреу күштеп ұстап отырғанның өзінде туыстарға хабар жөнелтудің түрлі амалы бар емес пе? Кеудесінде жаны бар адам мұны білмеуі мүмкін емес. Кешегі алапат соғыста қазақстандық 125 мың жауынгер хабар-ошарсыз кетті дейміз. Әрине, соғыстың аты – соғыс. Ал, бейбіт күнде, бар-жоғы 2 жылда 6 мыңға жуық адамның жоғалып кеткенін немен түсіндіруге болады? Бүгінде «жоқ іздеп жүрмін» дегенді көрсек, «үйден мысығым шығып кетіп еді» деп еститін халге жеттік. Безбүйрек қоғам, бейқам адам бізді қайда апарады? «Ақылын жоғалтқаннан жөн сұрама» деген бар. Ал, адамын жоғалтқаннан не сұрауға болады? Ойланайықшы...


СПОРТ №71 (4237), № сейсенбі, 27.09.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 СПОРТ САҢЛАҒЫ

Олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек НИЯЗЫМБЕТОВ:

Халықтың қошеметі жұбатты Биылғы дүниежүзілік додада еліміз қол жеткізген рекордты 17 жүлденің әрқайсысының ерекше тоқталып өтер әсерлі тарихы жетерлік. Соның ішінде, финалдан соң көптеген қазақ спорт шолушылары назарымызды аудартқан бір дерек бар. Ол Тәуелсіз Қазақстан тарихында бокстан екі рет қатарынан Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған тағы бір боксшымыздың шыққаны. Ол – маңғыстаулық Әділбек Ниязымбетов.

Бұған дейін Болат Жұмаділов ағамыз Атланта және Сидней олимпиадаларында финалға дейін жетіп, ел абыройын көк байрағымен желбіреткен болса, Әділбек, сол ағасының ізін жалғады. Әрине, жалғап қана қоймай кезекті межесіне де жеткізеді деп сенеміз. Өйткені, сол жекпе-жегінен соң берген сұхбатында ол «халқыма екі күміс емес, Олимпиаданың екі алтынын сыйласам да перзенттік парызым өтелді деп айтпас едім» деп жүрекжарды сырын айтқан болатын. Біздің де сәті түскен сұхбатта сұрағымыз келгені осы болды. Жас батырдың спорт жолында қандай жоспарлары барын білу еді. – Ә д і л б е к , ж е т к ен ж е ң і с і ң қ ұ т т ы б о л с ы н ! Маңғыстаулықтар сенің финалдық жекпе-жегіңді орталық алаңда орнатылған үлкен LED монитордан тамашалады. Сенімен бірге қуанып, бірге тұнжырады. Осыған да шүкір дейміз. Енді содан бері екі айдан астам уақыт өтті. Ойыңды жинақтап, бір шешімге келген боларсың. – Шынымды айтсам, Олимпиададан келгелі ешқандай да қолымыз босап көрген жоқ. Қалай ұшақтан түстік, содан бері тек халықтың қошеметіне бөленумен жүрміз. Халықтың қошеметінен қолымыз босамай жатыр деп айтса болады. Көптеген шаралар, кездесудер, сұхбаттар және тағы да басқа ілтипат көңілдерден тіпті, сол кезде алтын ала алмадым деген өкінішіңнің өзі ұмыт болады екен. Халықтың ықыласы жұбатып, емдейді, «Уақыт – төреші» деген рас екен. Сондықтан алдағы жоспарлар туралы енді бір-екі айдан кейін пайымдап көретін болармыз. Жалпы, көңілімнің түпкірінде бір шешім пісіп-жетіліп келе жатыр. Өйткені, халықтың қошеметі тек жұбатып қана қоймайды, жауапкершілігіңді де нығайта түседі екен. Осындай құрмет пен ұлықтауларға одан да жоғары деңгейде лайық болуым керек деген бір ой көкейіме нық орнықты.

– Бапкерлеріңіз туралы айтып берсеңіз. – Менің осындай жетістікке жетіп жүргенім бірінші кезекте бапкерлерімнің және халқымның арқасы. «Халқыма лайық ұл болам» деген намыс мені қандай қиындықтар болса да қайрап келеді. Жеңістің дәмін танып-біліп, намысымды жани түсуге бірінші кезекте мені боксқа әкеліп баулыған әкемнің және алғашқы да жалғыз бапкерім Марат Исағалиұлы Жәкиевтің еңбегі зор. Әкем Сәбит бокс десе ішкен асын жерге қоятын үлкен жанкүйер. 2002 жылы өз қолымен жетектеп әкеліп мені боксқа берді. Содан бері 14 жыл болды міне, Марат Исағалиұлының қоластында жаттығып келемін. Жасөспірімдер арасындағы жарыстарға шығып жүргенімде көп ұтылып қала беретінмін. Сол кезде Марат ағама келіп жылап отырып айтатынмын. Ал оның: «Әділбек, сен ересектер арасына өткен кезде жеңімпаз боласың. Ал әзірге шыныға түс. Жеңіле білмесең, жеңістің дәмін бағаламайтын боласың! Болашағың алда!», – деп жұбататыны есімде. Тағы да жарысқа барамын деп жігерленіп, тағы да ұтылатынмын. Тығырыққа тіреліп, жолым болмай жүрген кезімде ол маған психологиялық, материалдық тұрғыдан да өте көп көмектесті. Марат ағамды мен екінші әкем деп есептеймін. Себебі, әкем мені бокс үйірмесіне әкеліп тапсырғанда Марат ағама «еті де, сүйегі де сенікі» деген екен. Бірге жүріп көптеген қиындықтарды бастан өткердік. Тіпті, денсаулығым болмай, сол көзімнің көруі нашарлай бастағанда да ерінбей өзі Ресейге апарып, ота жасаттырып берген еді. Менің осындай дәрежеге жетіп жатқаным сол кісінің сорғалап аққан маңдай тері мен ағарған әрбір тал шашының арқасы. Ол кісінің менің өмірімде алар орны ерекше. Осындай биік дәрежеге жеткізгені үшін алғыс айтамын. Ақтау қаласында «МАЭК» деген спорт кешені бар. Маңғыстау боксының ұстаханасы деп айтуға болады. Бокстағы жолымды сонда бастап, кейіннен Ұлттық ұланға ауысып кеттім. – Қарсыластарыңыз туралы не айтуға болады? Қазақстанда болсын, әлемде болсын қарсыластарым деп кімді айта аласыз? – Әзірге тек бір қарсыласым бар деп айта аламын. Ол финалда мен жеңіліп қалған кубалық боксшы, 3 дүркін Әлем чемпионы Хулио Сезар Ла Крус. Енді өшім бар деп айтпай-ақ қояйын, бірақ осы жігітке есем кетіп жүр. Круспен осымен төртінші рет кездестім. Бір рет жеңдім. Үш рет жеңілдім. Бұрын Әлем чемпионаттарында жеңілгенмін, енді міне Олимпиадада жеңіліп тұрмын. Риода негізі тең дәрежеде бокстастым. Мүмкін, жеңген болармын деп те ойлағам. Бірақ төрешілердің шешімі солай болды. Сұхбатыңызға рахмет. Сұхбаттасқан Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

Турнир төріндегі Темірлан Жуырда Астанада құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Кубогы үшін жекпежектен дәстүрлі турнирі өтті. Екі күнге созылған дүбірлі додаға еліміздің әр аймағынан 26 команда қатысты. Сайысқа батысқазақстандық тәртіп сақшысы Темірлан Ихсанғалиев 82 келі салмақ дәрежесімен қатысып, бас жүлдеге ие болған еді. Турнирде Темірлан төрт бірдей қарсыласын тізе бүктірді. Еске салар болсақ, былтыр Марокко елінде өткен спорттық және жауынгерлік самбо бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның құрама командасы командалық есеп кезінде жүлделі орынға ие болған еді. Қазақ елінің намысын қорғап жүрген қоян-қолтық ұрыс және әскери самбо бойынша әлемдік деңгейдегі спорт шебері, Еуропа чемпионы, Ұлттық Ұлан Кубогының чемпионы, әскери самбо бойынша Әлем жүлдегері, әскери самбо бойынша Әлем Кубогы кезеңінің екі дүркін чемпионы Темірлан Ихсангалиевті тағы бір жеңісімен құттықтап, әңгімеге тартқан едік. – Темірлан, кезекті жеңісіңіз құтты болсын! Алдымен жарыс туралы айтып кетсеңіз. – Құқық қорғау қызметкерлері арасында өткен бұл сайысқа республикамыздың түрлі облыс, қалаларынан 26 команда қатысып, бақтарын сынға салды. Жалпы жарысқа спортшылардың барлығы жақсы дайындықпен келген. Өзім 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатыстым. Әрине, оңай болған жоқ. Бірақ дайындығымыз жақсы болғандығынан шығар жеңісті қолдан берген жоқпыз. – Ішкі істер саласында қашаннан бері қызмет етіп келесіз? – Құқық қорғау саласында 2014 жылдан бері қызмет етіп келемін. Сондай-ақ, спортты да қалдырған емеспін.

– Қандай спорт түрлерімен айналысып келесіз? – Қоян-қолтық ұрыс, әскери самбо, жекпе-жек ұрысы. – Сонда бұл жекпе-жек күресі түрлі спорт түрлерін қамтиды ғой? – Иә, бұл спорт түрінде аяқ-қол әдістері қолданылады, яғни, бокс, самбо, күрес секілді спорт түрлерін қамтиды. Қазір бұл спорт түрі дамып келеді. Бұрын сайыстарға тек әскери қызметкерлер қатысушы еді, қазір жасөспірімдер де атсалысып жатады. – Қызмет пен спортты қатар алып жүру қиынға соқпай ма? – Жоқ, керісінше спорттың қызметіме берері мол. Себебі, біздің қызметіміз спортпен тығыз байланысты, яғни, қылмыскерлерді құрықтау бойыңда күш-жігерің мен қайратыңның болуын талап етеді. Жұмыстан кейін түрлі жаттығулармен айналысып, жарыстарға дайындаламыз. Негізі спортқа деген қызығушылығым әскерге барғаннан басталған еді. 2008 жылы шекара қызметінде жүргенімде алғашқы рет қоян-қолтық ұрыс бойынша жарысқа қатыстым. – Жеке өміріңіз туралы не айтасыз? –- Отбасым бар. Жұбайыммен бір ұл, екі қыз тәрбиелеп келеміз. – Темірлан, алдағы мақсаттарыңыз қандай? – Осымен тоқтап қалу ойымда жоқ. Шеберлігімді одан сайын шыңдай түссем деймін. Қараша айында Ақтауда «Динамо»

е-mail: nastraje@mail.ru

7

САМБО

Балуан көлік полицейлері Гүлнәр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық құрметіне орай өтіп жатқан түрлі шаралардың ішінде спорттық жарыстар да бар. Солардың бірі – ішкі істер органдары қызметкерлері арасында самбодан өткен турнир. Турнир аясында өткен Көліктегі Ішкі істер департаментінің іріктеу жарысында Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының спортшылары жүлделі о р ы н д а р ғ а и е б о л ды . Мәселен, Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лей т ен а н т ы Ш а х н а з а р Әшірбеков 68 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленіп, әріптестерінің мерейін үстем етті. Патрульдік полиция тобының полицейлері – полиция кіші сержанты Қанат Алтынбеков, қатардағы полицей Азамат Мұратов, Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің тылмен қамтамасыз ету тобының жүргізуші полицейі, полиция сержанты Айдын Нұрғазин да Астана қаласынан жүлдемен оралып, ұжымдағы спортпен айналысу жұмысының игі нәтижесін көрсетті. Жуырда жүлдегер спортшыларға Көліктегі Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Аманжол Қабыловтың мақтау грамоталарын табыстаған Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дәулетбек Таникенов спортты жанына серік еткен табанды жігіттердің болашақта бұдан да жоғары белесті бағындыруларына тілектестік білдірді.

«Баянтаудағы» белдесулер Айгүл СЫЗДЫҚОВА, Павлодар облысы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Конституция күніне орай Павлодар облыстық ІІД-де бөлімшелер мен бөліністер арасында самбо күресінен облыстық турнир өтті. Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт кешенінде өткен белдесулерге 140-тан аса облыс полицейі жиналды. Турнирді салтанатты түрде ашқан облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Кұрманғали Ысмағұлов барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Жарысқа қатысушылар 57-ден 100 келіге дейінгі сегіз салмақ санатында кілемге шықты. Жарыстың қонақтары мен сот алқасының пікірі бойынша самбошылардың дайындық деңгейлері өте жоғары болды. Белдесулер нәтижесінде облыстың чемпион полицей-самбошылары болып келесі жеңімпаздар танылды: 57 келіде Павлодар облыстық ІІД-нің қызметкері Ерлан Сыздықов үздік шықса, 62 келі салмақта Аксу қалалық ІІБ-нің намысын қорғаған Нұрсұлтан Құдайбергенов алдына жан салмады. Ал, 68 келіде Павлодар облыстық ІІД-нің инспекторы Нұрлан Тасқарин топ жарды. 74 келі салмақ дәрежесінде облыс бойынша ҚАЖД қызметкері Ерасыл Сыздықов биіктен көрінсе, 82 келіде екібастұздық сақшы Әлібек Махамбетов бас жүлдені жеңіп алды. Ал, 90 келіде керекулік Руслан Қаңтарбаев, 100 келіде Павлодар облыстық ІІД-нің қызметкері Әнуарбек Елеусізов намысты қолдан бермеді. 100 келіден жоғары салмақта Дулат Әлиасқаровқа тең келер ешкім болмады. Жалпыкомандалық 1-орын тұғырына Павлодар облыстық ІІД-нің командасы көтерілсе, 2-орынды қалалық ІІБ, 3-орынды өңір бойынша ҚАЖД командалары қанжығаларына байлады. Турнирдің барлық жүлдегерлері грамоталар және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды. Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-нің хабарлауынша Петропавл қаласында өткен ҚАЖ комитетінің самбо күрестен бесінші чемпионатында департаменттің құрама командасы екі алтын, бір күміс және бір қола медаль әкелді. Ал шешуші сында 1-орынға 100 келі салмақта керекулік Азамат Шарипов Оңтүстік Қазақстан облысының балуанынан жеңілсе, 74 келіде алтын жүлдеге Солтүстік Қазақстан облысының қатысушысын жеңген Ерасыл Сыздықов ие болды. +100 келі салмағында күміс жүлде – финалда Шығыс Қазақстан облысының қатысушысымен күрескен Думан Слямбековтің еншісінде. 68 келі салмақ дәрежесінде Арман Сүлейменов қола жүлдеге қол жеткізді. Жүлдегерлер медальдар мен грамоталармен марапатталды. Айта кетейік, додада алтын медальға қол жеткізгендер ІІМ ҚАЖ комитетінің құрамасына енді. Алдағы уақытта олар самбодан өтетін ҚР ІІМ чемпионатына қатысады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Ішкі істер министрлігінің Құрметті ардагері, отставкадағы полиция полковнигі ӘЖІБАЕВ Әуез Қадірбекұлының қайтыс болуына орай марқұмның отбасы мен туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

спорттық қоғамының ұйымдастыруымен күш құрылымдар арасында сайыс өтеді. Соған қатыссам деймін. Жалпы алдағы өткізілетін сайыстарға да күшжігерімді жұмсағым келеді. Ол үшін үлкен дайындық қажет, әрине. – Жастарға қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз? – Біріншіден, денсаулықтарыңды күтіңдер деп айтар едім. Адам алдына мақсат қоя біліп, еңбектенсе, міндетті түрде мақсатына жетеді. Сондықтан, еңбектенуден жерімеген жөн. Сұхбатыңызға рахмет. Биік б е ле с т е р д і б а ғ ы н д ы р у ы ң ы з ғ а тілектеспіз. Сұхбаттасқан Асылай ҒҰБАШЕВА, Батыс Қазақстан облысы

Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық кеңесі, ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті және Қостанай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Ішкі істер министрлігінің Құрметті ардагері, отставкадағы ішкі қызмет майоры КИМ Николай Яковлевичтің қайтыс болуына орай марқұмның отбасы мен туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық кеңесі Ақтөбе облысы Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Даулеталин Ғалым Еликейұлына анасының қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы Академиясының басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамы Академия бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ділбарханова Жанат Рахымжанқызына әкесінің қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

СӨЗ СОҢЫ №71 (4237), сейсенбі, 27.09.2016 е-mail:sakshy@mediaovd.kz ФОТОКӨРМЕ

Астананың теміржол вокзалында өткен фотокөрмеде 60-қа жуық полицей династиясының фотосуреттері ұсынылды. Шараны ұйымдастырушылар көрмені тамашалаған жолаушыларға ұрпақ сабақтастығын жалғастырудың маңыздылығын мейлінше түсіндіріп, полиция династиялары туралы қызықты деректер ұсынды. Мұндағы мақсат – көпшілікке полицейлер әулеті туралы кеңінен мағлұмат беріп қана қоймай, тағылымды тарихымен таныстыра отырып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болған мамандыққа деген адалдықтарын паш ету, полицейлер арасындағы ұрпақ сабақтастығын үлгі ете отырып, жастардың осы мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Асылында, полицейлер династиясы дегеніміз – бұл құқықтық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Отанға қызмет етуді ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп беруді дәстүрге айналдырған отбасылар. Бүгінде Көліктегі ІІД және оның желілік бөліністерінде отбасы мүшесінің кем дегенде екі адамы полицияда қызмет ететін 30-дан астам отбасы бар. Атап айтқанда, Ағаділовтер, Магомедовтер, Мұсаевтар, Бекеновтер, Н а р б а со в т а р , Б е к с ұ л т а н о в т а р , Ибраевтар, Юлдузбаевтар және т.б. Мәселен, Магомедовтер династиясының тарихы өткен ғасырдың 30-жылдарының басында қызметтік міндетін атқару барысында қылмыскердің қолынан қаза тапқан Кодо Магомедовтен бастау алады. Ұлы Отан соғысы кезінде Магомедовтер отбасы Солтүстік Қазақстан облысына жер аударылған. Руслан мен Салах Солтүстік Қазақстан

Ұрпақ сабақтастығының үлгісі Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суреттер Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Ел Тәуелсіздігі мен ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай Көліктегі Ішкі істер департаменті «Полицейлер династиясы» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырды.

облысының Возвышенко ауылында дүниеге келген. Екеуі бірдей атасы Кодо мен Хароның жолын қуып, 40 жыл өмірлерін қылмыспен күреске арнаған жандар. Төртінші ұрпақ өкілдері ата дәстүрін заңды жалғастырушылар болып саналады. Салох Харонұлының ұлы Хасан Магомедов те міне, 10 жылдан бері Петропавл стансасындағы ІІЖБ криминалдық полиция бөлімшесінде жедел уәкіл болып қызмет етіп

істер органдарындағы жалпы еңбек өтілі 85 жылды құрайды. Отставкадағы полиция полковнигі Арыстанбек Ағаділов әке жолын жалғастырып, 1975 жылы ІІО-дағы қызметіне кіріскен. Ол Құсмұрын стансасындағы желілік милиция бөлімінің қатардағы милиционері қызметінен Қостанай стансасындағы ІІЖБ басшысына дейін көтерілген. Әкесі Сейткерей – Ұлы Отан соғысының ардагері Кеңес милициясы қызметіне 1952 жылы кіріскен. 34 жыл еңбегін Құсмұрын стансасындағы желілік бөліміне арнаған майдангер бөлім командирі лауазымын абыроймен атқарып, 1986 жылы милиция старшинасы атағымен құрметті демалысқа шыққан. Ал бүгінгі күні оның немересі, полиция аға лейтенанты Алмат Арыстанбекұлы Қостанай стансасындағы ІІЖБ-де анықтаушы болып қызмет етіп келеді. Көлік полициясы қызметкерлері Ағаділовтер династиясын тәжірибелі, білімді де білікті полицейлер ретінде құрмет тұтады.

сөзімізге дәлел. Қазір ерлі-зайыптылар ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау сапында қызмет өткеріп жүр. Ерлі-зайыптылар екеуі бірдей полицейлер династиясын ұрпақтан-ұрпаққа жалғаған әулеттен шыққан. Бүгінде екі ұл тәрбиелеп отырған жас жұбайлар ІІМ Қарағанды заң институтында оқып жүріп табысқан. Бүгінде отағасы Ержан Құрақбаев ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде қызмет атқарса, жары Альфия Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінде анықтаушы болып қызмет етеді. Олар полицейлер династиясына арналған фотокөрмеге жүз жылға жалғасқан Құрақбаевтар әулетінің династиясы туралы тың деректер ала келіпті. «Менің және жарым Альфияның да атасы соғыс жылдары милицияға жұмысқа тұрады. Аталарымыз сіңірген еңбектері үшін түрлі наградаларға ие болған. Ата жолын жалғаған әкелеріміз де ішкі істер органдарында жоғары

Ал, Мұсаевтар отбасының төрт б і р д ей ұ л ы ө м і р ле р і н п о л и ц и я қызметімен байланыстырған. Қазіргі күні ағайындылардың бірі – полиция полковнигі Даниярбек Мұсаев Көліктегі ІІД бастығының орынбасары болып қызмет атқарады. Сонымен қатар, династиялардың ішінде ішкі істер саласында бірге қызмет атқара жүріп шаңырақ құрғандар да жетерлік. Ержан мен Альфия Құрақбаевтардың отбасы осы

лауазымдарда қызмет еткен. Әкем Асқар Құрақбаев Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығының орынбасары болып қызмет етсе, жарымның әкесі Құрбанғали Тайбеков Криминалдық полиция комитетінде жетекші қызметтер атқарған. Біз де осы ұрпақ сабақтастығын жалғастырып, осы жолды таңдадық. Біздің тәрбиелеп отырған ұлдарымыз отбасы дәстүрін үзбей осы жолды жалғайды деп сенеміз», – дейді Ержан Құрақбаев.

келеді. Төрт буын өкілінің ІІО-дағы жалпы еңбек өтілі 100 жылдан асып жығылады. Сондай-ақ, Магомедовтер отбасы 2014 жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысының жеңімпазы атанып, Елбасының қолынан «Нива» автокөлігінің кілтін алған болатын. Ал Ағаділовтер отбасындағы полицейлер династиясын нағыз ұрпақтар сабақтастығы деуге болады. Бұл әулетте әке мен ұлдың және немересінің ішкі

АКЦИЯ

Қауіпсіз балалық шақ Облыстық ІІД қызметкерлері, Білім басқармасы, «Қызыл жарты ай» қоғамдық бірлестігі, Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы өкілдерінің белсенді қатысуымен Өскемен қаласында «Қауіпсіз мектеп» акциясы өтті. «Қауіпсіз балалық шақ» ұранымен қолға алынған шараның басты мақсаты – балалардың білім мекемелерінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Акция барысында қоғамдық орындарда, жолда, мектепте, үйде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша білім ошақтарында қауіпсіздік сабақтары өтті. Ата-аналар жиналысында балаларды қорғаудың құқықтық шарттарына қатысты заннамалық актілер түсіндірілді.

Өскемен қаласының №46 мектебінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шара шеңберінде балалар «Мейірімді балалық жол» атты музыкалық туындыға би билеп, жол қозғалысы қатысушыларын жолда абай болуға шақырды. Б а л а л а р ды ң қ а т ы су ы м ен б о л а тын қайғылы оқиғалардың дені жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан тіркеліп жатады. Сол себепті де акция кезінде жолдағы қауіпсіздікке ерекше назар аударылып, өскемендік оқушылар «Жол – өмір нышаны» атты

қауіпсіздік эстафетасына белсенді қатысты. Мектепке келген әр оқушы мен ата-ана түймедақ түрінде бейнеленген ашық плакатта баршаға қауіпсіз жол тіледі. Түрлі түсті түймедақ эстафета арқылы мектептен мектепке, қоғамдық мекемелер мен кәсіпорындарға тапсырылды. Эстафетаға қатысқан қайырымды азаматтар балалардың денсаулығы мен өмірін сақтауға қатысты өздерінің тілектерін білдірді. «Жол – өмір нышаны» акциясының соңында «қауіпсіздік т ү й м е д а ғ ы » с а п а р ы н д а р ы н ды балаларға арналған облыстық физикаматематикалық мектепте аяқтады. Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

ИГІ ІС

Шапағаты мол шара Фатихолла МАШТАХОВ, Батыс Қазақстан облысы

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВ

Ойлан, тап!

Жылдағы дәстүр бойынша республикалық «Мектепке жол» акциясы Батыс Қазақстан облысы көлемінде тамыз айының басында басталған болатын.

Ғұлама Отан (қырғыз) Жамбыл обл. ауданы

Жəрдем

... дала

Көпбалалы, кірісі аз және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан қалмай, мектепке киімі бүтін, толық оқу құралдарымен көңілді қадам басуына жағдай жасау үшін ұйымдастырылатын акция биыл «Бақытты балалық шақ мекені» үндеуімен жүзеге асырылуда. Осы іс-шара таяуда Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында жалғасын тауып, қайырымды жандар балаларға оқуға қажетті құралжабдықтар мен қысқы киім-кешектер табыс етті. Акция барысында Орал қаласындағы №19 жалпы білім беретін орта мектебіндегі әлеуметтік жағдайына байланысты көмекті қажет ететін отбасы балалары анықталып, оларға көмек қолын созу мақсатында басқарма ұжымы қайырымдылық шарасына бір адамдай ұйымшылдықпен жұмылдырылды. «Сақшылар акцияға өз үлестерін қосуды міндетті борышы деп санайды. Мұқтаж жандарға шарапатын тигізетін мұндай шаралар алдағы уақытта әлі де өз жалғасын таба беретін болады», – дейді басқарма бастығы, полиция полковнигі Тельман Үсенов.

Неміс физигі Кокерспаниель

Кулинарлық өнім

Елді-мекен Жамылғы бұйым

Діни атақ

«Жас қазақ ...»

Құран сүресі

Суыр ...-24

Африка елі

Ежелгі Мысыр қаласы

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА «Қазақстан Республикасы ішкі Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, істер органдарының Медиа Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

Тілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ, Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

Қой жасы

Лебіз

Құрылыс заты

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды. Индексі: 65395 Таралымы: 12835 Тапсырыс: №3450

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.