Сақшы №64 (4230)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№64

(4230), 30.08.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kz

Газет 1933 жылдан бастап шығады

ДИНАМОШЫ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы ҚАСЫМОВТЫҢ 30 тамыз – Конституция күнімен ҚҰТТЫҚТАУЫ Ішкі істер органдарының, қылмыстықатқару жүйесінің, өртке қарсы қызмет пен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің барша ардагерлері мен қызметкерлерін, оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамын, тыңдаушылары мен курсанттарын, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтаймын! Конституция күнін мерекелеу еліміздегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі болып табылады. 1 9 9 5 ж ы л ы б ү к і л х а л ы қ т ы қ р е ф ен д у м да қабылданған еліміздің Негізгі заңы азаматтардың еркін қалауына негізделген мемлекеттік-құқықтық және әлеуметтікэкономикалық одан әрі дамуының демократиялық принциптерін айқындап берді. Конституцияда белгіленген әлеует қоғамдағы саяси процестер мен демократиялық жаңа құрылымдарға зор импульс беруіне, барша қазақстандықтардың әл-ауқатының көтерілуіне мүмкіндік жасап, еліміздің одан әрі тиімді дамуы және конституциялық құқығының жетілуі үшін негіз болды. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері алдағы уақытта да қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда өз қызметтік және әскери борыштарын абыроймен орындайтынына сенім білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, береке-бірлік, бейбіт өмір және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыстар тілеймін.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН АТА ЗАҢҒА АРНАЛДЫ Кеше Астанада Конституция күніне арналған «Конституция – қоғам мен мемлекеттің серпінді және тұрақты дамуының негізі» атты xалықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. К о нф е р ен ц и я н ы а ш қ а н М е м ле к е т т і к xатшы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының қатысушыларға жолдаған xатын оқып берді. «Бұл конференция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Ширек ғасырда Қазақстан толағай табыстарға қол жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстан ғасырдың ортасына қарай, әлемнің ең дамыған 30 елінің біріне айналуды көздеп отыр. Оны жүзеге асыру үшін «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатының және бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі Ұлт Жоспарының міндеттері ойдағыдай шешіліп жатыр. Қоғам мен мемлекеттің бірлескен күш-жігері Ата Заңымыздың әлеуетін жан-жақты ашуға бағытталған. Конференцияға қатысушылардың ғылыми идеясы еліміздің одан әрі құқықтық дамуына ықпал ететініне сенімдімін. Конференцияға қатысушыларға жемісті жұмыс, кәсіби табыс тілеймін», – деп жазған Нұрсұлтан Назарбаев өз xатында. Конференцияға ҚР Мемлекеттік xатшысы, П а р л а м ен т д е п у т а т т а р ы , Қ а з а қ с т а н н ы ң мемлекеттік құрылымдарының бірінші басшылары, әлемнің 10 елінен және 6 беделді xалықаралық ұйымынан келген шетелдік қонақтар қатысып отыр. Олардың арасында БҰҰ-ның, Еуропа кеңесінің құқық арқылы демократия үшін еуропалық комиссиясы, ЕурАзЭС сотының, Қазақстандағы Еуразиялық одақ өкілдігінің мүшелері бар.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

27 ТАМЫЗ КҮНІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ Т.ҚҰЛЫБАЕВТЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ МЕН ЖЕКЕ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ДИНАМОШЫ-ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ. Ішкі істер министрі – «Динамо» денешынықтыруспорт қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қалмұханбет Қасымов Ішкі істер министрлігінің ұжымы, «Динамо» бірлестігі, Ұлттық ұлан және жеке өз атынан спортшы-динамошыларға ш е к с і з а л ғ ы с ы м ен қ ұ р м е т і н б і л д і р д і . – «Біздің қазақстандық спортшы-динамошы-

лар Рио-де-Жанейрода асқан шеберлік пен үздік ерліктің үлгісін көрсетті. Еліміз үшін зор мақтаныш сезімін және барлық әлемдегі спортсүйер жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Динамошылардың Олимпиадада жеңіп алған медальдарының барлығы былтыр 90 жылдығын атап өткен «Динамо» спорт қоғамының Қазақстан

Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына қосқан лайықты үлесі болып табылады. Олимпиада ойындарының барлық қатысушыларына біздің Отанымыздың өркендеуі жолында одан әрі де жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз», – деді қоғамдық бірлестік төрағасы-министр. Жалпы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдары «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының спортшылары 62 олимпиада медалін жеңіп алыпты: оның ішінде 16 алтын, 19 күміс және 27 қола алқа бар. Биылғы Олимпиадада Қазақстан жеңіп алған 17 олимпиада жүлдесінің 16-сы осы динамошылардың еңбегінің арқасы. Олар: 3 алтын, 5 күміс және 8 қола.

(Соңы 3-бетте)

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»

Астаналық құтқарушылар сыйы ӘРБІР АТА-АНА МЕКТЕПКЕ АЛҒАШ ҚАДАМ БАСАТЫН БАЛАСЫНА АРНАП БАРЛЫҚ ЖАҚСЫ ЗАТТАРДЫ АЛЫП БЕРГІСІ КЕЛЕДІ, СОҒАН СӘЙКЕС ӘРБІР БАЛА ДА ӨЗІНІҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫНА САЛТАНАТТЫ ДАЙЫНДЫҚПЕН БАРҒЫСЫ КЕЛЕТІНІ СӨЗСІЗ. ОҚУШЫЛЫҚ СӘТ – ӘР АДАМНЫҢ ӨМІРІНДЕГІ ЕҢ ЕРЕКШЕ КЕЗЕҢДЕРДІҢ БІРІ. Білім күні қарсаңында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Құтқарушы» спорт кешенінде республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында дәстүрлі түрде мерекелік шара өтті. Мектеп табалдырығына алғашқы қадамын аттағалы отырған қызметкерлеріміздің бүлдіршіндеріне арналған іс-шара Астана қаласы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Б.О.Дұзақбаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Барат Оспанұлы мерекелік шараға жиналған жас бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтап, атаанасын әрқашанда оқудағы үздік бағаларымен қуантуын тіледі. «Мектепке жол» акциясы елімізде игі дәстүрге айналып келе жатқан кең ауқымды шаралардың бірі. Мұндай акциялар арқылы біз Қазақстан халқының ортақ мақсат төңірегінде топтасу, болашақ ұрпақ алдындағы парызын жоғары бағалау сынды игі қасиеттерін аңғарып отырмыз. Балалар біздің болашағымыз. Бүгін біздің ұрпақтан көрген жылылығын олар өмір бойы жүректерінде сақтап, ертеңгі күні осы игі дәстүрдің жалғастырушыларына айналарына мен сенемін. Ал, «Білім – теңіз, мектеп – кеме» демекші, биыл мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндердің жақсы білім алып, үлкен азамат болып шығары сөзсіз», – деді ол. Құттықтау сөзінен соң, Б.Дұзақбаев балаларға мектепке қажетті жабдықтар ретіндегі сыйлықтар мен «Мектепке жолдама» атты мадақтама хаттарын табыс етті. Салтанатты бөлімнен соң, балаларға арналған көңіл көтеру бағдарламалары аясында аниматорлар өз өнерлерін көрсетті. Бұндай сыйлыққа қуанған балалар, барлық ойындар мен конкурстарға белсене қатысты. Мерекелік шарамызға қатысқан 87 бүлдіршін алған сыйлықтары мен барлық көңілді бағдарламаларға өте қуанышты болды. Олардың арасында мектеп табалдырығын алғаш аттап жатқан бөбектермен қатар, орта сынып оқушылары да болды. Көмекке ие болғандардың көпшілігі жағдайы төмен отбасылардың балалары болса, олардың арасында талантты жастар да бар. Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


2 Ə

ЖАҢАЛЫҚТАР №64 (4230), сейсенбі, 30.08.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

-А М Е Л

Қ

АТ Р А П

Қырғызстан

Аза тұту күні жарияланды Қырғызстанда 29 тамыз – Аза тұту күні болып жарияланды. Президент Алмазбек Атамбаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Сentralasian.org-тың мәліметінше, жарлыққа сәйкес, 2016 жылдың 27 тамызында шамамен бір уақытта екі бірдей қайғылы оқиға тіркелді – Қырғызстанның 14 азаматы Мәскеудегі өрттен қаза тапса, тағы тоғызы Бішкек-Ош күре жолындағы көлік апатынан мерт болды. «Қырғызстан халқы үшін бұл орны толмас қаза. Мемлекеттік органдар қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетіп жатыр. Қандастарымыздың ө л і м і н і ң с е б е п т е р і н ә д і л т е р г еу ү ш і н

жұмыстар атқарылуда, соның ішінде Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарымен тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр, – делінген жарлықта. Аза тұту күні Қырғыз Республикасының барлық аймақтарында, сондай-ақ, шетелдегі дипломатиялық және консулдық уәкілдіктерде ҚР мемлекеттік туы төмен түсіріледі. Мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға ойын-сауық шараларын кейінге қалдыру ұсынылады. Еске салайық, 27 тамызда Мәскеудегі баспахана қоймасындағы өрттен 17 адам қаза тапты, солардың 14-і – Қырғызстан азаматтары. РФ ТЖМ мәліметі бойынша, өртке ғимараттың бірінші қабатындағы күнгізгі жарық шамының ақауы түрткі болған.

Брюссель

Брюссельде жарылыс болды

Брюссельде қала маңында орналасқан Ұлттық сот сараптамалық институтында жарылыс болды, деп хабарлайды ВВС жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Жарылыс салдарынан қаза тапқандар жоқ, алайда институт ғимаратына біраз залал келтірілген. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша шамамен 2:00-де болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бір немесе бірнеше адам көлікпен институттың қақпасын бұзып тұраққа кірген. Осыдан кейін жарылғыш затты зертхананың жанында іске қосқан. Бельгияда террорлық қауіптің деңгейі үшіншіден түспей отыр, себебі наурыз айында Брюссель әуежайына жасалған шабуылдың салдарынан 34 адам қаза тапқан болатын.

Астанада «Ақ орамал» акциясы өтті КЕШЕ АСТАНАДА «ОТАН АНА» АЛАҢЫНДА СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ ЖАБЫЛУЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «АҚ ОРАМАЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ.

Акцияны Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі ұйымдастырған және ол әлемдік қауіпсіздікті сақтаудағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлін көрсетуге, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін және Қазақстанның бейбітшіл бастамаларын қолдап, ілгерілетуге бағытталған.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚХА Аналар кеңесінің, «Жарасым» РЖҰ мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар қауымы қатысты. Шара барысында Президент Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Ыдырысқызы Шанаи аталмыш акцияның терең мағынасына, мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. «Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі аналық жүрегімен ақ орамалдарын ақ ниеті ретінде желбіретіп, Елбасымыздың бейбітшіл бастамаларын қолдау және бізге бейбіт өмір керек деген мәнімен «Ақ орамал» акциясын өткізуде», – деді Назипа Ыдырысқызы өз сөзінде. С о н ы м ен қ а т а р , а к ц и я ғ а қ а т ы су ш ы л а р Парламент Мәжілісі V шақырылымының депут ат ы Над еж д а Нест ерова мен ж аз уш ы Сауле Досжанова ҚХА Аналар кеңесінің атынан «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесі мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшіл бастамаларын қолдау туралы Аналар кеңесінің Қазақстан халқына үндеуін оқыды. Іс-шарада мерекелік концерт ұйымдастырылып, «Ақ орамал – ақ ниет» атты театрландырылған музыкалық қойылым көрсетілді.

Теміржол вокзалының құрылысымен танысты

«ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ АСҚАР МАМИН АСТАНАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДАҒЫ ЖАҢА ТЕРМИНАЛ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ. Қазіргі уақытта терминал ғимаратының қабырғалары көтеріліп, қасбеті жасалуда. Еден, төбе, бөлме аралықтарының құрылыс-монтаж жұмыстары мен ішкі инженерлік коммуникацияларды өткізу жұмыстары жүргізілуде. Әуе кемелері тұрақтауына арналған жаңа перрон салынуда. Құрылыс алаңында «Астана халықаралық әуежайы» АҚ және бас мердігерлік мекеме өкілдерімен талқылау барысында жұмыс барысы белгіленген кестеге сай жүргізіліп отырғандығы атап өтілді. Жаңа жолаушылар терминалының жалпы көлемі 47 мың шаршы метр. Жаңа терминал заманауи жабдықтармен жабдықталады. Сервистік қызмет түрлерінің сапасының жақсарып, әуе тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қазіргі Астана әуежайының өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды. Астана жаңа әуежайы жылына 7,6 млн жолаушыға қызмет

көрсете алады. Жоспар бойынша қайта жаңарту жұмыстары 2017 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен. А. Мамин жұмыс барысында кеңес өткізген екінші нысан – елорданың жаңа вокзалы орнында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Компания басшысына бүгінгі таңда вокзалда монолитті темір бетон қаусырмасының құрылысы аяқталғандығы баяндалды. Оған 150,0 мың м³ бетон жұмсалды. 30 мың тонна металл қаусырмасы құрастырылды. Қасбеттегі шыны аспалы жүйесі құрастырылуда. Вокзалға кіретін теміржол эстакадасының құрылысы аяқталып келеді. Бөлмеаралық металл қаусырмаларының 25 мың тоннасы құрастырылды. Жаңа вокзал арқылы тәулігіне 12 мың жолаушы өтетін болса, маусымдық кезеңде 35 мың жолаушы өтетін болады. Қазіргі қолданыстағы вокзалдың тәуліктік жолаушыларды өткізу мүмкіндігі 7,1 мың адамды құрайды. Ғажайып ғимаратты 2017 жылдың сәуірінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Тоғыз айда 450 адам тіл меңгереді

ҚАЗАҚСТАНДА 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП, SOYLE.KZ ПОРТАЛЫ ШЕҢБЕРІНДЕ SKYPE АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОНЛАЙН-КУРСТАРЫ ӨТПЕК. ҮШ АЙЛЫҚ КУРСҚА БІР МЕЗЕТТЕ 150 АДАМ ҚАТЫСА АЛАДЫ. «Алдымен тест өткізіп, оларды топ-топқа бөлеміз, күн сайын оқытушылар Skype арқылы сабақ өткізіп тұрады. Үш айда біздің оқушылар ауызекі сөйлеуді меңгеріп шығады деп ойлаймыз. Тоғыз айдың ішінде біз 450 адамды оқытуды көздеп отырмыз», – деді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның сөзіне қарағанда, курс өзінің тиімділігін дәлелдейтін болса, ары қарай дамытылып, қосымша оқытушылар алынады, оқытылатын адам саны ұлғайтылады. Сонымен қатар, мемлекеттік тілде іскерлік стильде сөйлеуге, құжатпен жұмыс істеуге машықтанғысы келетін адамдарға арнап 2017 жылға дейін Quzhat.kz порталы жүзеге асырылады. А.Шәуеевтің айтуынша, аталмыш жобаларға демеушілердің қолдауы үлкен үлес қосты. Себебі, бұл жобалар үлкен шығынды талап етеді. Мәселен, онлайн-курс өткізу үшін 4 миллион теңге жұмсалады деп күтілуде. Оған оқытушылардың бір жылдық айлығы кіріп отыр. Ал Quzhat.kz жобасына шамамен 6 миллион теңге жұмсалады деп болжануда. Айта кетейік, екі жыл бұрын құрылған #Soyle жобасы қазақ тілін интернет арқылы тегін меңгеруге мүмкіндік береді. Осы уақыт аралығында порталды барша әлемнен 1 миллионға жуық адам пайдаланған. Үздіксіз оқуға жазылған адамның саны 45 мыңнан асады.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сала белсенділері бас қосады

Өзбекстан

Ислам Кәрімов ауруханаға түсті Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ауруханада жатыр. Бұл туралы Өзбекстан үкіметінің ресми мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды Русская служба Би-би-си. « М а м а н д а р д ы ң а й т у ы нш а , т о л ы қ медициналық тексеріс пен ем алу үшін біраз уақыт керек», делінген министрлер кабинетінің хабарламасында. Алайда, ресми дереккөздер Өзбекстан президентіне неліктен медициналық көмектің қажет болғаны жайлы нақтыламады. Русская служба Би-би-си басылымының мәліметінше, Өзбекстанда әдетте Ислам Кәрімовтің денсаулығы жайлы ешқандай мәлімет таратылмайтын. Осы уақытқа дейін Өзбекстан президентінің денсаулығы жайлы тек шетелдік ақпарат құралдары мәлімдеген еді.

е-mail: nastraje@mail.ru

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕМІСКӨКӨНІС БИЗНЕСІ-2016» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ӘЛЕМНІҢ 15-ТЕН АСА ЕЛІНЕН 200-ДЕН АСТАМ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСАТЫН БОЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ «ҚАЗАГРО» ҰХ АҚ ЕНШІЛЕС КОМПАНИЯСЫ «ҚАЗАГРОМАРКЕТИНГ» АҚ МӘЛІМДЕДІ. Бүгінгі күні конференцияға қатысуға Ресейдің, Украинаның, Италияның, Германияның ж ә не т а ғ ы б а с қ а е л д е р д і ң ж е м і с - к ө к ө н і с саласының белсенді өкілдері мүдделік танытуда. «Қазагромаркетинг» АҚ конференцияға қатысушылардың 50 пайызын еліміздің жеміс-

көкөніс өсірушілері құрайтын болады деп атап өтті. Халықаралық конференция қазан айының 20-21 жұлдыздары аралығында Алматы қаласында, Holiday Inn Almaty қонақүйінде өткізілетінін естеріңізге сала кетеміз. Шараның іскерлік бағдарламасында Қазақстанның жеміскөкөніс өнімдерін өндіру саласының өзекті мәселелері талқыланатын болады. Аталған мәселелерді талқылау отандық жеміс-көкөніс саласына қатысушылармен қатар, ТМД, Еуропа және басқа алыс та жақын шетелдердің өнім өндірушілері және технологияларды жеткізушілері үшін қызығушылық танытатыны сөзсіз. К о нф е р е н ц и я ж ұ м ы с ы н а Қ а з а қ с т а н Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, FAO халықаралық ұйымының, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі АҚ, Қазақстанның картоп және көкөніс өнімдерін өндірушілер қауымдастығының, Қазақстанның бақша өнімдерін өндірушілер қауымдастығының, Қ а з а қ с т а н н ы ң ф е р м е р ле р о д а ғ ы н ы ң , Қазақстанның жылыжайлар қауымдастығының, Қазақстанның сауда жасаушы кәсіпорындары қауымдастығының, Қазақстанның халықаралық сауда биржасының, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өкілдері белсене қатысатын болады.

ӨТКЕН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МОБИЛЬДІК ТОБЫ «ВСТРЕЧА» ДҮКЕНІНІҢ ЖАНЫНДА ЖӘНЕ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІ САТЫЛАТЫН «СӘЛЕМ» БАЗАРЫНДА КӨШПЕЛІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗДІ. Орталық өкілдері сауалнама өткізіп, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасуға көмектесу тетіктері туралы айтып берді. Аталған аудан тұрғындары «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу мәселелері, қайта даярлау және сұранысқа ие мамандық бойынша оқу, жастар практикасына қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға орналасу бойынша кеңес алды. Айта кетейік, жақында Тілендиев даңғылындағы «Рахмет» және Ақжол көшесіндегі «Астықжан» сауда үйлерінде, сондай-ақ «Аружан» сауда, ойын-сауық орталығында Жұмыспен қамту орталығының өкілдіктері өз жұмысын бастады. Еске салайық, бұған дейін осындай орталықтар «Астаналық» базарының ғимаратында және «Гүлжан» СҮ ашылған болатын.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №64 (4230), № сейсенбі, 30.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ҚҰРМЕТ

ДИНАМОШЫ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

(Соңы. Басы 1-бетте) Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қ а с ы м о в Р и о- д е - Ж а не й р о қаласындағы жазғы Олимпиада ойындарында қол жеткізген жоғары к ө р с е т к і ш т е р і ж ә не ә ле м д і к деңгейде Қазақстанның имиджі мен беделін арттырғаны үшін Дмитрий Баландин, Ниджат Рахимов, Жазира Ж а п п а р қ ұ л, Г у з е л ь М а ню р о в а , Галбадрах Отгонцэцэг, Фархат Харки, Карина Горичева, Александр За йчиков , Эл ь м и р а С ы з ды қо в а , Дариға Шакимованы «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан ү ле с і ү ш і н » м е д а л і м ен, Ұ л т т ы қ ұланның спорттық командасының аға нұсқаушылары Данияр Елеусінов, Е л д ос С м е т о в , В а с и л и й Л е в и т с ы н д ы с п о р т ш ы л а р д ы « ле й т е нант» атағымен, Батыс Қазақстан облысының ІІД Жедел ден қою арнайы жасағының инспекторы Екатерина Ларионованы «полиция лейтенанты» арнайы атағымен, Ұлттық ұлан спорт командасының жаттықтырушысы Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычконы мерзімінен бұрын «капитан» әскери атағымен марапаттады.

І І М - н і ң Қ ұ р м е т г р а м о т а с ы м ен Арли Чонтей, Маргарита Елисеева, Екатерина Руденко және Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Тимур Хайдаров марапатталды. Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Тимур Құлыбаевқа «Динамо қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін» алтын төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ, министр Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің ж а т т ы қ т ы р у ш ы л а р ы н а ж ә не тәлімгерлеріне, бесінші және алтыншы орын алған спортшы-динамошыларға құрмет көрсетті. Салтанатты шара аясында Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткерлері мен Ұлттық ұланның Ән-би ансамблінің қатысуымен концерт өтті. Атақты спорт қоғамының қалыптасуы мен дамуы біздің республика тарихымен тығыз байланысты. «Динамо» бірлестігі сонау 1925 жылы құрылған болатын. Динамолықтарды о т а н д ы қ д ене ш ы н ы қ т ы р у - с п о р т және олимпиадалық қозғалыстың қалыптасу бастауында тұрғанын және оның көшбасшысы деп те айтуға

болады. 90 жыл бойы «Динамо» бірлестігі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің физикалық және арнайы дайындықтарын жетілдіру, қызметтік-қолданбалы және балаларжасөспірімдердің спорт түрлерін, еліміздегі бұқаралық денешынықтыру мәдениетін және жоғары спорттық д ә р е ж е ле р д і д а м ы т у б ой ы нш а маңызды міндеттер атқарып келеді. С о н ы м ен қ а т а р , с п о р т қ о ғ а м ы еліміздегі бокс, оқ ату, конькимен жүгіру, шаңғы спорты, самбо, футбол және волейбол спортының қалыптасуы мен даму бастауында тұр. Қоғамды ІІМ-нің бірінші басшысы басқарады. Қоғамның міндеттері – мыңдаған құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спортқа тарту және «Динамо» атауы айтып тұрғандай осы бағытта үнемі ілгері қозғалыста болу. Саламатты өмірді насихаттау үшін «Динамо» дәстүрлі спорттықбұқаралық және денешынықтырусауықтыру іс-шараларын өткізеді. «Динамо» қоғамының қызметіне талдау жүргізе келе, динамошыспортшылардың тәуелсіздік жылдарында еліміздегі спорттың дамуына және нығайтуына үлес қосты деп сеніммен айта аламыз. Оған д ә ле л С и д не й , А ф и н а , П е к и н, Лондон олимпиадаларының және Рио-де-Жанейродағы олимпиаданың нәтижелері. Қоғамда Олимпиадалық спорттың 24 түрі бар, оның ішінде 19 жазғы және 5 қысқы ойындар. Қоғам ІІМ-нің, ҰҚК, Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлерін біріктіреді. 14 облыстық және 4 қалалық «Динамо» кеңестерінде 80 жетекші жаттықтырушы жұмыс істейді. 60 мыңнан астам полицей, сонымен қатар, басқа құқық қорғау қызметтерінің қызметкерлері «Динамо» ДШСҚ-ның мүшелері болып табылады.

ТАҒАЙЫНДАУ

Департамент бастықтары тағайындалды ӨТКЕН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТТЕРІНДЕ БАСШЫЛЫҒЫ АУЫСЫП, ЖАҢА БАСТЫҚТАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ. Ақтөбе облыстық ІІД-нің жаңа бастығын жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов таныстырды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 тамыз күнгі №217 л/с бұйрығымен Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті бастығының лауазымына полиция полковнигі Махамбет Абисатов тағайындалды. – Махамбет Қайыржанұлы АБИСАТОВ Алматы қаласында д ү н и е г е к е л г е н. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1983 жылы бастаған. 1987 жылы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Әр жылдары жедел қызметтерде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Соңғы лауазымы – Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы. Жаңада

тағайындалған полиция басшысына Марат Демеуов оның кәсіби және жеке қасиеттерін атап көрсете отырып, жемісті еңбек тіледі. – Сондай-ақ, Ішкі істер министрінің б ұ й р ы ғ ы м ен А т ы р а у о б л ы с т ы қ Ішкі істер департаменті бастығы қ ы з м е т і не б ұ р ы н ос ы І ш к і і с т е р департаментінде бастықтың орынбасары болып қызмет атқарған полиция полковнигі Аян Сәбитұлы ДҮЙСЕНБАЕВ тағайындалды. – Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы қызметін атқарған Мақсұтхан Нұғманұлы ӘБІЛӘЗІМОВ Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов таныстырды.

– Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментін басқарған полиция полковнигі Жанат Қуанышұлы СҮЛЕЙМЕНОВ Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы болып тағайындалды. – Ж а м б ы л о б л ы с ы б ой ы нш а ҚАЖД бастығы қызметіне бұрын ос ы д е п а р т а м ен т б а с т ы ғ ы н ы ң міндетін атқарушы болып қызмет еткен әділет полковнигі Нұрғожа Т а й к ен ұ л ы Н Ы Ғ М Е Т Ж А Н О В тағайындалды. – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД бастығы қызметіне бұрын осы департамент бастығының орынбасары болып қызмет еткен әділет полковнигі Бөкенбай Өтегенұлы ЖҮСІПОВ тағайындалды. Полиция генерал-майоры Арман Кеңесұлы ЖАЛМҰХАНБЕТОВ Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы қызметінен босатылды. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің баспасөз қызметі

Ант қабылдады ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ. Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң К о н с т и т уц и я с ы күні мерекесі қарсаңында Тараз қалалық №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жұмысқа жаңадан қабылданған азаматтық қорғау қызметкерлерінен салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

Ант қабылдау рәсімін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Е р м е к М о м б а е в ө з і н і ң қ ұ т т ы қ т а у с ө з і м ен а ш т ы . Аталмыш шараға азаматтық қорғау саласының құрметті ардагерлері қатысып, жаңадан қабылданған қызметкерлерге өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Шара соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, іс-шараға қатысушылар естелік үшін суретке түсті. Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

е-mail: nastraje@mail.ru

3

30 ТАМЫЗ – КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТ Ақерке ТҮРКЕБАЙ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ ДҮЙСЕНБІ КҮНІ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНДЕ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ. ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАНТЫ МАРАТ ДЕМЕУОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКЕН ШАРАДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АЛҒЫС ХАТТАРМЕН МАРАПАТТАЛЫП, КЕРЕМЕТ КЕШТІҢ КУӘСІ БОЛДЫ. Ұлы Дала заңынан бастау алған Ата Заңымыз өзінің әділдігін, өміршеңдігін көрсетті. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері, мемлекетіміздің тұтастығы, халқымыздың бірлік-берекесі артып келді. Соның нәтижесінде еліміздің еңсесі биіктеп, мәртебесі асқақтап, дүние жүзі алдында үлкен беделге ие болды. Ел тыныштығын сақтап, көздеген мақсатқа жету, мемлекеттің беріктігін сақтап, болашаққа нық қадам жасау – Ішкі істер министрлігінің ең басты межесіне айналған.

«Мемлекет басшысының құқық қорғау және сот жүйесі органдарының алдына қойған ең басты міндеті – барлық қазақстандықтардың құқығын әділ және тиімді қорғауды қамтамасыз ету. Конституцияда бекітілген құқықтық негіздерді құрайтын қағидаларды іске асыру жоғары құқықтық мәдениетке ұмтылдырады. Біріншіден біз бас құжатымызды ел азаматы ретінде құрметтейміз.Сонымен қатар, біз оны қызметкер ретінде қорғауға міндеттіміз. Еліміздің Ішкі істер министрлігінің атынан барлығыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын!», – деді полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов. Мерекелік кеште Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің эстрадалық ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар, ведомство қызметкерлері Ішкі істер министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Атап айтар болсақ, олардың қатарында полиция майоры – Бауыржан Дәрібаев, полиция подполковнигі Әлібек Оразалы, полиция полковнигі Дмитрий Хигай, әділет майоры Ержан Жұмаділов, азаматтық қорғау капитаны Азамат Мұратов, Әсел Ескендірова бар. Конституция күнін мерекелеу аясында қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін ведомстволық наградалармен ішкі істер органдарының 235 қызметкері марапатталды.

Көлік полицейлеріне құрмет ДҮЙСЕНБІ КҮНІ ІІМ КӨЛІКТЕГІ ІІД-ДЕ ЕЛ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 21 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ. ОҒАН ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының орындалуымен басталды. Шараны әріптестерін құттықтау сөзімен ашқан департамент бастығы, полиция полковнигі Аманжол Қабылов Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы жолындағы Конституцияның тарихи маңызына, ішкі істер органдарының еліміздің Конституциялық заңдылықтар мен құқық тәртібін сақтаудағы рөліне тоқталды. «Ел Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ата Заң – қасиетті құжат, мемлекеттігіміздің қасиетті кітабы екенін атап өтті. Расымен де, Ата Заңның нормалары мен қағидаларын бұлжытпай орындау, конституциялық құндылықтарды қорғау – бұл әр азаматтың қасиетті парызы. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Отан алдындағы жауапкершіліктің зор екендігін айрықша түсінулері керек» – деді өз сөзінде Аманжол Жайғалиұлы. Еліміздің бас көлік полицейі департаменттің жеке құрамы мен оның бөліністерінің бұдан былай да азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін, олардың заңдық құқығын қорғай беретіндігін нықтап айта келе, жиналғандарға зор денсаулық, береке, бірлік, Отанымыз Қазақстанның гүлденуі жолындағы жауапты қызметтеріне табыстар тіледі. Мерекелік шара аясында А. Қабылов ішкі істер органдарының ардагері Долданов Юрий Николаевичті жастарды патриоттық қасиетте тәрбиелеуге, отансүйгіштік рухында олардың жеке тұлғасын қалыптастыруға зор үлес қосқаны үшін «ҚР ІІМ Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуда қызметтік міндетін барынша жауапты және үлгілі атқарған Қазақстан көлік полициясының үздік қызметкерлері ҚР Конституциясы күніне орай грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды. Көліктегі ІІД баспасөз қызметі


4

30 ТАМЫЗ – КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ №64 (4230), сейсенбі, 30.08.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

ТӘРБИЕШІЛЕРМЕН ӨТКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ЖИЫН Айдос БАЙШАҒЫРОВ, Алматы қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 5571 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БАЗАСЫНДА ӨТКЕН АПТАДА ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҚ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ (ТОПТАРЫНЫҢ) БАСТЫҚТАРЫМЕН ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕС БАТАЛЬОН КОМАНДИРЛЕРІНІҢ, СОНЫМЕН ҚАТАР АРНАЙЫ КОМЕНДАТУРАЛАР КОМЕНДАНТТАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫМЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИЫН ӨТКІЗДІ. Жиынға қатысушы Ұлттық ұланның т ә р б и е ш і о ф и ц е р ле р і ш а р а н ы ң алғашқы күнін басшылық құжаттарды білу бойынша сынақ тапсырудан бастады. Сынақтама қабылданғаннан кейін оқу-әдістемелік жиын жетекшісі Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Сабыржан Сүлейменов еліміздегі қазіргі қоғамдық-саяси ахуалды зерделей келе, 2016 жылғы 1 жартыжылдықтағы тәрбие, заңдылық, құқықтық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік бойынша өңірлік қолбасшылықтағы

бағдаршысы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін мемлекетіміздегі негізгі заң – Конституцияға арналды. Аталған шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және ә леу м е т т і к - қ ұ қ ы қ т ы қ ж ұ м ы с т а р жөніндегі орынбасары, генералмайор Мұхаметқали Сатов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғам қайраткері, «Достық» орденінің иегері Асылы Осман, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, философия ғылымдарының докторы, «Құрмет» орденінің иегері Қазақбай Қасымов, «КТК» телеарнасының

атқарылған барша іс-шараларды саралап қорытындылады, сондайақ, алдағы келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының өзектілігіне де тоқталып өтті. Осылай бастау алған жиын барысы «Конституция – тұрақтылық кепілі және еліміздің қауіпсіздік қалқаны» атты тақырыптағы дөңгелек үстелге ұласты. Аталған дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерзімінде ел тынысының

шеф-редакторы, «Черный квадрат» авторлық бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі Валерий Тараканов, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Әділ Несіпбаев, Алматы қалалық Ішкі істер департаменті Ардагерлер кеңесі президиумының төрағасы, генерал-майор Сағынжан Асыл-Кеней, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі генерал-майор Иван Комаров, Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің

АЗАМАТТЫҚ ҮН

Айбарлы елді асқақтатар құжат

КЕҢ БАЙТАҚ ЕЛІМІЗДЕ ӨЗІМІЗ БИЛІК ҚҰРА, ЕҢБЕК СІҢІРЕ, ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕП, ЖАҢА БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРУЫМЫЗ – БІЗДІҢ ЕРКІНДІГІМІЗДІҢ ӨЛШЕУСІЗ БАҚЫТЫ. БҰЛ КҮНДІ АҢСАП ӨТКЕН БАБАЛАР ОСЫ МҰРАТҚА ЖЕТЕР КҮН БОЛАШАҚ ЕНШІСІНДЕ ДЕП СЕНІП КЕЛДІ. Үстіміздегі жылдың ең үлкен мерейтойы – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Егемендігіміздің айшықты айғағы, теңдесіз тартуы ол – Ата Заң. Мемлекеттің ұстанымын, ұлттық құндылықтарын айқындайтын Конституциямыз саяси, мәдени, рухани және экономикалық дамуымыздың құқықтық қайнар көзі, бүкіл жарқын істеріміздің бастауы. Аталған маңызды құжат – құқық қорғау органдары алдына да біршама міндеттер жүктейді. Соның қатарында: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Полицейлердің негізгі ұстанымы – азаматтардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау. Құқық қорғаушыларға қойылған талап – еліміздің тыныштығын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысқа қарсы күрес жүргізу. Павлодар стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімі қызметкерлері де жолаушылардың тыныштығын сақтауға, қала қонақтарының теміржол вокзалы мен әуежайдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күш-жігерлерін сарп етуде. Көлік сақшылар Елбасымыздың құқық қорғау органдарының алдына қойған басты талаптарын орындауда барынша күш біріктіруде. Еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығына, тәртіп пен заңдылықтың сақталуы арқылы ілгері жылжуына біздің қызметкерлер барынша үлес қосуда деп айта аламыз. Себебі, әрқайсысы теміржол және әуе көлігі нысандарында қылмыстарды болдырмау бағытында барынша аянбай қызмет атқаруда. Еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Ғасырларды қамтыған тарихымыздың түбегейлі түп негізін тани алсақ, әділеттік пен теңдік үшін күрескен талай батырларымыз артында қалған ұрпағына аманат арқалатып кетті. Егемендігіміздің еңсесін биіктеткен Ата Заңымыз – мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Сондықтан өркендеп, дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу – біздің міндетіміз, әрі парызымыз. Ғалым ОМАРБЕКОВ, Павлодар стансасындағы ІІЖБ бастығы, полиция подполковнигі

магистранты Дәулет Рысқалиев, сонымен қатар, қоғамдық және өзара іс-қимыл бірлестіктегі органдардың өкілдері, Ұлттық ұлан ардагерлері, интернационалист жауынгерлер, жиын қатысушылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында құқықтық тәртіп әскерінің ел тәуелсіздігімен бірге жасасқан 25 жылдағы жеткен жетістіктері мен құқықтық тәрбие саласындағы бірқатар мәселелер ортаға салынды. Сонымен қатар, ө с к е ле ң ұ р п а қ т ы ж ә не ә с к е р и қызметшілерді жаңа қазақстандық патриотизм әлеуетінде тәрбиелеу бойынша тәрбиеші офицерлердің кәсіби даярлық деңгейлерін жоғарылату ж ә не ә с к е р д е г і и д ео л о г и я л ы қ ж ұ м ы с т а р ды ң д ұ р ы с ж ү р г і з і л у і н ұйымдастыру секілді мәселелер де көтерілді. Шара барысында Ұлттық ұланның бас тәрбиешісі Мұхаметқали Сатов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде мемлекет көлемінде аталып өткелі отырған Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық м е р е й т о й ы н ы ң и д ео л о г и я л ы қ маңызына ерекше тоқталды. Ол өз сөзінде: – Т а р и х ы н т е р е ң нен т а р т қ а н халқымыз талай-талай тар жол, тайғақ кешулерден өткен. Небір жаугершілік замандарды бастан кештік, аштық зобалаңын көріп, саяси қуғын-сүргін зардабын да тарттық. Сондай ел басына қара бұлт үйірілген, қиынқыстау шақтарда қазақты бір ұлы күш аман сақтап қалды. Ол – бірлік күші еді. Қандай қиындық болмасын біз ел бірлігі арқылы жеңіп келеміз. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында қабылданғанына 21 жыл толған Ата Заңымыз – Конституция негізінде Отанымыздың мәртебесі, жұртымыздың әл-әуқаты артып, мемлекетіміз қарышты қадаммен д а м ы п к е ле д і . Б ұ л т ұ р ғ ы д а А т а

Заңымыз өзінің тиімділігін, уақыт пен ел қажеттілігінен туған құжат екендігін айқын дәлелдеп отыр. Қазіргі таңда Қазақстан тек ТМД елдері ішінде ғана емес, тұтастай Орталық Азия аймағындағы көшбасшы елге айналды. Бүгінгі тұрақты экономикалық дамуымыз, халықтың әлеуметтік жағдайының артуы, мемлекеттік органдардың тиімді жұмысы, саяси тұрақтылық, ең бастысы – халықтың бірлігі мен татулығы, этносаралық, дінаралық дау-жанжалдардың біздің қоғам үшін жат құбылыс саналуы – Ата Заңымыздың арқасы. Биылғы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық маңызы зор мерейтойын атап өтуіміздегі басты мақсат ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен, боздақтардың қанымен келген бағасы зор құндылығымыз – елдігіміздің егемендігін әлемге паш ету. Ендігі біздің миссиямыз еліміздің жастары мен өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп, Ұлы Дала елі батырлары – бабаларымыз бізге аманаттап кеткен Тәуелсіздік туын тұғырымызда мәңгі аспандатып, мемлекетіміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында қашанда қорғаныс қалқаны болу! – деп атап өтті. Дөңгелек үстелде сөз алып, баяндама жасаған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақбай Қасымов та Қазақстан Тәуелсіздігінің бұл мерейтойын атап өту әр қазақтың кеудесінде мақтаныш с е з і м і н т у ғ ы з а т ы н м е м ле к е т т і к маңызды шара екенін баса айтып, әскери қызметшілер мен Қазақстан

Республикасының барша азаматтарын еліміздің мемлекеттік рәміздері мен туын, елтаңбасын, сонымен қатар туған тілін құрметтеуге шақырды. Шара барысында сөз алған баяндамашылардың барлығы да еліміздің тарихындағы елеулі кезең Қазақстан тәуелсіздігі меретойының тәрбиелік маңызын баса айтып, осы бір елеулі шарадан тыс қалмаған Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығына алғыстарын жеткізді. Біліктілікті арттыруға бағытталған шара бағдарламасы бойынша үш күнге созылған оқу-әдістемелік жиынның қатысушыларына барлығы жиырмадан астам сабақтар өткізілді. Тәрбие процесіндегі басшылық құжаттар талаптарын меңгеру деңгейін анықтауға арналған сынақтар алынып, дене даярлығы бойынша нормативтер қабылданды. Ж и ы н н ы ң е к і нш і к ү н і Ұ л т т ы қ ұлан Бас тәрбиешісі Мұхаметқали Құсайынұлы жиын қатысушыларымен елдегі және әлемдегі әлеуметтікэкономикалық ахуал туралы ақпараттандыру дәрісін өткізді. Үш күнге созылған оқу-әдістемелік жиын сапалық тұрғыдан мазмұнды шараларға толы болды. Әрбір жиын қатысушысы күнделікті тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қажет маңызды тың мағлұматтарға қанығып, кәсіби тұрғыда танымын кеңейткені сөзсіз. Енді олар оқуәдістемелік жиын барысында көргені мен түйгенін жеке құраммен тәрбие жұмысы кезінде ұтымды қолданатын болады.

Айбыным, асыл қазынам

ОСЫДАН ЖИЫРМА БІР ЖЫЛ БҰРЫН ҮЛКЕН ТАРИХИ ҚАДАМ ЖАСАЛДЫ, ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ҚАЛЫПТАСУЫНА МҮМКІНДІК ТУДЫ. ОСЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖҮРІП ӨТКЕН ТАРИХИ ЖОЛЫНА ҮҢІЛСЕҢ, КӨПТЕГЕН ОНЖЫЛДЫҚТАРҒА ТАТИДЫ. БҰЛ КЕЗЕҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ ЖАҢАРУ МЕН БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ ҮШІН ЖАЙ КЕЗЕҢ БОЛҒАН ЖОҚ.

Конституция – мемлекеттің басты заңы, Қазақстанның демократиялық дамуының берік іргетасы. Бұл жай ғана жақсы ниеттегі декларация емес, ол еліміздің кез келген азаматы бірінші кезекте білуге тиісті, тіке әрекетте жұмыс істейтін құжат. Және біздің ортақ міндетіміз – Конституциямен бекітілген құндылықтарды сақтау мен дамыту. Еліміз үшін ауыр өтпелі кезеңде 1995 жылы Конституциямыз қабылданды және мемлекетіміздің ішкі саясатының және экономикасының дамуына үлкен септігін тигізді. Жаңа негізгі заңымызға сәйкес мемлекеттік жоғары билік органдарының құрылымы өзгерді, Қазақстанның саяси сабын жетілдіру жолында байыпты қадамдар жа-

салды. Мемлекетіміздің рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны секілді, Конституция да өзіне біріктіру бастамасын жүктейді. Онда республикамыздың әрбір азаматының бір елдің халқы болып саналатыны, олардың ортақ территориямен және ортақ тағдырмен байланысуларының негізгі нормалары тұжырымдалған. Біздің көпұлтты мемлекетіміздің тұрғыны бола тұра әрбір азаматымыз тумысынан барлық құқықтарымен, азаматтық бейбітшілік пен келісіммен қамтамасыз етілген, заң алдында бәрі тең. Қазіргі таңда «ӨСҚ және АҚЖ» ММ қызметкерлері қоғам мүддесі үшін аянбай еңбек етуде. Жұмысшылар үшін ең негізгі міндет елорда тұрғындары

мен қонақтарының қауіпсіздігі болып табылады. Заманауи жағдайларда біз халықтың, бүгінгі күннің қауіп-қатерінен т у ы н д а й т ы н м а т е р и а л ды қ ж ә не мәдени құндылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көптеген міндеттерді атқарамыз, тұрғындарға арнап түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз және т.б. Азаматтарымызды қауіпсіздік ережелерімен таныстыру үшін, төтенше жағдайлардың алдын алып, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерді дәріптеу мақсатында әр күн сайын «ӨСҚ және АҚЖ» ММ қызметкерлерімен профилактикалық алдын алу ісшараларын өткізуде. Конституция азаматтардың тек құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етіп қана қоймай, ол әр адамның жеке қызығушылығы мен ар-намысына құрмет көрсетуге, әр азаматқа заң талаптарын сақтауға жауапкершілік жүктейді. Дегенмен, азаматтық қоғамның тек заң талаптарын сақтаудан құралмайтынын, оның сонымен қатар, адами құндылықтар – адамгершілік, бір-бірін сыйлау, құрметтеу, түсінушілік пен адалдық, ар-намыстан да тұратынын естен шығармауымыз керек. Баршаңызға ашық аспан, келісім мен тұрақтылық тілеймін. Әр отбасында бақыт пен амандық болсын. Отанымызды көркейтуге деген талпынысымыз бізді биік мақсаттар мен жетістіктерге жетелей берсін! М.Т.АМАНБАЕВ, Астана қаласы ТЖД «ӨСҚ және АҚЖ» ММ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі


30 ТАМЫЗ – КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ №64 (4230), № сейсенбі, 30.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

30 тамыз – Конституция күні ПРОБАЦИЯ

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Атап айтқанда 2012 жылы қабылданған заң аясында қылмыстық инспекция құрамында пробация бөлімшелері құрылса, 2015 жылдың басынан бастап жаңа Қылмыстық атқару кодексінің талаптарына сәйкес пробация қызметі құрылған болатын. Ұлт Жоспары – Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадамының» 33-ші қадамында «Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау» міндеті айқындалған. Осы міндетті орындау шеңберінде жандана түскен пробация қызметі бас бостандығынан айырмайтын жазаға кесілгендер мен мерзімінен бұрын шартты жазаға босағандарды есепке алып қана қоймай, оларға түрлі әлеуметтік көмек көрсетеді. Пробациялық бақылауға алынғандардың жүріс-тұрысы мен өмір дағдыларын тексерумен қатар оларды жұмысқа орналастырып, қалыпты өмір сүрулеріне дейін бақылайтын әлемдік тәжірибе біздің де елімізде жүзеге асырыла бастады. Қазақстанда пробация қызметін жетілдіру мақсатында бүгінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қызу талқылануда. Аталған заң жобасын талқылау барысында шетелдік тәжірибелерді зерделеу үрдісі басым. Пробация қызметін жетілдіру мақсатында өткізілген алқалы жиындардың бірі –

е-mail: nastraje@mail.ru

д а , м е м ле к е т т і к ж ә не ж е р г і л і к т і атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өзара тығыз байланыста жұмыс істеуінің маңызы зор. Осындай бірлескен жұмыстың нәтижесінде жуырда Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде «Баламен достасу бөлмесі» ашылды. Ашылу салтанатында Мәжіліс депутаты С.Бычкова «Пробация қызметі туралы» заң жобасының кәмелетке толмағандарға арналған тарауларының талаптары жайлы әңгімелесе, Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, әділет генерал-майоры М.Аюбаев «Баламен достасу бөлмесін» ашудағы мақсаттарға тоқталды. – П р о б а ц и я қ ы з м е т к е р ле р і н і ң мақсаты – кәмелетке толмағандар тарапынан болатын қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша әр баламен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, о л а р д ы ң қ ұ қ ы қ т а р ы м ен з а ң д ы мүдделерін қорғауды қамтамасыз е т у . С о н ы м ен қ а т а р , е ң б а с т ы мақсат – кәмелетке толмағандардың заңға бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыру. Қылмыстық з а ң н а м а л а р д ы і з г і лен д і р у д і ң нәтижесінде пробация қызметінің есебіне алынғандардың саны жыл санап артып келеді, – деді генерал-майор М.Аюбаев.– Биылғы жылы олардың саны 41 мыңнан асып отыр. Соның

5

ішінде біздер бас бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қалыпты өмірге қайта бейімдеу жұмысына баса назар аударудамыз. «Баламен достасу бөлмесінің» ашылу салтанатына қатысқандар Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА155/6 түзеу мекемесінде де болып, сотталған балалардың тұрмысымен танысты. К ә м е ле т к е т о л м а ғ а н д а р д ы ң т ұ р м ы с ы м ен т а н ы с у д а н к е й і н Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты С.Бычкова мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары М.Аюбаев Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаменттерінің мамандарымен жиын өткізіп, «Пробация қызметі туралы» заң жобасының кәмелетке толмағандарға арналған т а р а у л а р ы ж а й л ы п і к і р ле р і н ортаға салды. Сондай-ақ, аталған кездесуге қатысқан Орталық Азиядағы PRI аймақтық директоры А.Шамбилов, Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығы, әділет полковнигі М.Тұяқбаев, Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығы, Б.Садыбеков, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сағалбаев та кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза түрлері жайлы ой бөлісті.

«ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ»

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРМАЙТЫН ЖАЗА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕМЕСЕ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ШАРТТЫ ЖАЗАҒА БОСАҒАН СОТТАЛҒАНДАРДЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУМЕН БІРГЕ ОЛАРДЫҢ ЕРКІН ӨМІРГЕ БЕЙІМДЕЛУЛЕРІНЕ, ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫНА, БІЛІМ АЛУЫНА КӨМЕКТЕСУ МІНДЕТІ ЖҮКТЕЛГЕН ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ – ЕЛІМІЗДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАЛАРДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДІҢ НӘТИЖЕСІ. үстіміздегі жылғы Еуропалық одақтың қылмыстық сот төрелігі саласында тәжірибесі бар халықаралық сарапшылар Бен Зенгеринк, Лео Тигесс және Стивен Питтың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы болды. Сондай-ақ, қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері арасында Молдова Республикасының білікті маманы Владимир Попа өткізген пробация қызметі бойынша оқыту тренингі кезінде ҚАЖК-нің пробация қызметінің мамандары Молдова Республикасындағы пробация қызметінің тәжірибесімен танысты. Молдовалық мамандардың айтуын-

ша, оларда сотқа дейінгі пробация ағылшын әдісімен жүзеге асырылады екен. Бұл әдіс бойынша қылмыс жасады деген күдікпен тұтқындалған адаммен дереу пробация қызметкерлері жұмыс істей бастаса, Қазақстанда шартты түрде сотталғандарға шартт ы ү к і м д і п р о б а ц и я ж ә не т ү з еу мекемелерінен мерзімінен бұрын шартты жазаға босатылған және әкімшілік қадағалауға алынған сотталғандарға п ос т п ен и т ен ц и а р л ы қ п р о б а ц и я қолданылады. Қазақстан Республикасында «Пробация қызметі туралы» заң жобасы үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Парламент талқылауына жіберілмек. Осыған орай жуырда Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, әділет генерал-майоры М.Аюбаев пен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі С. Бычкова ҚАЖК Алматы қаласы бойынша түзеу мекемелерінде болып, аталған заң жобасы жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл бас қосуда талқыланған негізгі мәселе – пробация есебіне алынған және бас бостандығынан айыру жаз а с ы т а ғ а й ы н д а л ғ а н к ә м е ле т к е толмағандарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі болды. Бұл орай-

КОНСТИТУЦИЯ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ 1995 ЖЫЛЫ 30 ТАМЫЗДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ НӘТИЖЕСІНДЕ ЕЛІМІЗДІҢ АТА ЗАҢЫ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ. К о н с т и т уц и я Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң « . . . демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет...» екендігін айқындайтын бірден-бір негізгі және басты нормативті-құқықтық заң болып саналады. Осыған қоса, Конституциямызға осы жылдар аралығында мемлекет пен оның халқының мүддесіне негізделіп 3 реткі өзгертулер енгізілді. Ата Заңымызды қабылдау үшін соншалықты көп күш жұмсалды, отыз үш мыңнан аса ұжымдық талқылаулар өткізілді, оларға еліміздің үш миллионнан астам азаматтары қатысты. Осы арқылы да біз сенімді түрде Конституциямызды Елбасының бастауымен халық бірге дайындады деп айта аламыз. Бірлескен күш пен сабыр арқылы біз өз заңымызды өзіміз жасай алдық, ол республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын түсіндіруге және қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, еліміздің саяси және экономикалық жүйелерінің негізін айқындайды. Мемлекетіміз үшін қандай жағдайда болмасын, қандай маңызды шешім қабылдасақ та, біз негізді Республика Конституциясынан аламыз. Мысалға келетін болсақ, біз дәл Конституциядағыдай биліктің қайнар көзі – халық деп айтамыз. Конституция – биік заңдық күші бар жоғары заң.

2016 жыл – Қазақстан азаматтары үшін елеулі жыл. Биыл біз 30 тамызда Конституциямыздың 21 жылдығын, сонымен қоса Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл күндер қазақстандықтар үшін аса ерекше, өйткені дәл осы күндердің бірінде территориямызды белгілеп өз тәуелсіздігімізді жарияладық, ал екіншісінде Ата Заңымызды қабылдап мемлекетіміздің болашақ бағдарын анықтадық. Біз, жас мемлекет бола тұра алға нық қадамдар бастық. Тәуелсіздік жылдары Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміздің әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін көптеген міндеттер мен тапсырмалар қоя білді. Заңымыздың әр тармағына сүйеніп, Төтенше жағдайлар департаменті өз қызметін бастағалы еліміз бен халқымыздың мүддесіне қызмет етіп келеді. Алдағы уақытта заңдарымыздың аясында департамент төтенше жағдайлардың алдын алуға, мемлекетіміздің басты байлығы – халқымыздың амандығын қамтамасыз етуге барынша күш жұмсауда. Әр жыл сайын Конституция күнін тойлау барысында Төтенше жағдайлар департаменті салтанатты іс-шаралар қатарын өткізеді. Салтанатты жиындарда департаменттің үздік қызметкерлеріне медальдар мен мақтау қағаздары беріледі. Б. ДҰЗАҚБАЕВ, Астана қаласы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі

Байқау жеңімпаздары анықталды ӨТКЕН АПТАДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА «ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ. Аталмыш сайыстың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттап, мәртебесін арттыру, полиция қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру, тәртіп сақшыларының бойында Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту, ішкі істер органдары қызметкерлерін мемлекеттік тілді құрметтеуге шақыру және олардың құқықтық мәдениетін, ізгілік пен парасаттылық рухын көтеру.

Байқауға аудандық Ішкі істер бөлімі мен қалалық Ішкі істер басқармасы қызметкерлерінен құралған барлығы 7 команда қатысты. Сайыс 3 айналымнан тұрды. «Сақшыдан сәлем» сайысында қатысушы командалар өздерін, ұранын, мақсат-міндетін таныстырса, «Сөзмерген» сайысында білігі мен білімі, ұтқыр ойы сыналды. Ал соңғы «Тәуелсіздік тағылымы» сайысында Қазақстан Республикасының 25 жылда тәуелсіз мемлекет ретінде жеткен жетістіктері сахналық қойылымдармен сомдалып, актерлік шеберліктері сынға түсті. Байқауға облыстық Ішкі істер департаменті Штаб басқармасының бастығы, полиция полковнигі Шамшадин Амитов, Қызылорда облыстық филормониясы директорының орынбасары Азиза Издикулова, Ақпараттық-аналитикалық басқармасының бастығы, полиция полковнигі Расул Берманов, Кадр жұмыстары басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Бауыржан Нұрманов төрелік етіп, білікті де білімді, сегіз қырлы, бір сырлы тәртіп сақшыларын анықтауға тырысты. Қызықты әрі тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Арал аудандық Ішкі істер бөлімінің құрама командасы жеңіп алса, 2-орынға Сырдария аудандық Ішкі істер бөлімінің командасы тұрақтады. Ал 3-орын иегерлері болып Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің командасы танылды. Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен және дипломмен марапатталды. Үздік деп танылған команда үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өтетін республикалық байқауға қатысып, облыс намысын қорғайтын болады. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі


6

ҚЫЗМЕТ №64 (4230), сейсенбі, 30.08.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

Ата Заң мен құқықтық тәртіп күзетінде Қазіргі заманда әрбір мемлекет дамуында Конституцияның рөлі басым. Конституция қоғамдық дамудың барлық салаларында мемлекетті б а с қ а р у д ы ң б а ғ ы т т а р ы м ен басымдықтарын, мемлекеттің адам мен азаматтарға деген көзқарастарын айқындайтын құжат. Қ а з а қ с т а н н ы ң не г і з г і з а ң ы н д а қазіргі заманауи мемлекет үлгісінің құқықтық негіздері қаланған. Осыдан 21 жыл бұрын республикалық р е ф е р ен д у м д а қ а б ы л д а н ғ а н К о нс т и т уц и я м ы з д а а д а м и құндылықтарға басымдық беріледі. Ол дүниежүзілік стандартқа сәйкес к е ле д і , с е б е б і б ұ л қ ұ ж а т ә р б і р азаматқа өз сұрақтарын заңнама шеңберінде шешуге мүмкіндік беріп отыр. Қазақстан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерін бір шаңырақ астында бас қосып, Мемлекет басшысы өзге ұлт өкілдерін Қазақстан х а л қ ы А с с а м б ле я с ы н ы ң а я с ы н а біріктірді. Конституцияға арқа сүйей отырып Қазақстан әлемдегі дамыған м е м ле к е т т е р м ен д ос т ы қ қ а р ы м қатынас орнатты. Соның арқасында көптеген мемлекеттер Қазақстанға жанжалдасушы жақтарды татуластырушы күш ретінде елшілік етуге ұсыныс жасады. Ата Заңымыз – саяси тұрақтылықтың кепілі болып қана қоймай, конфессияаралық татулық пен келісімді насихаттайтын басты құжатқа айналды. Бүгінгі таңда біздің басты байлығымыз әрі құндылығымыз ол – ел Тәуелсіздігі. Б ей б і т ш і л і к п ен т ұ р а қ т ы л ы қ т ы ң кепіліне айналған тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтау әрбір азаматтың міндеті. Әскері мықты, шекарасы мығым мемлекеттің болашаққа басқан қадамдары да нық болмақ. Осы ел қауіпсіздігін қамтамасыз етушілердің алдыңғы сапында – Ұлттық ұлан тұр. Оның негізгі басым бағыты – адамдардың бостандығы мен конституциялық құқықтарын сақтау болып табылады. А д а м д а р м ен а з а м а т т а р д ы ң құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіндегі құқықтық тәртіп әскерінің маңызды рөлін көрсете отырып, ел Президенті Н.Назарбаев 2015 жылдың 10 қаңтарында Ұлттық ұланның міндеттері мен маңыздылығын артты-

1995 ЖЫЛДЫҢ 30 ТАМЫЗЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ.

ратын «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан туралы» Заңға қол қойды. Конституция күнін тойлау қарсаңында мерекенің мән-мазмұнына тереңнен үңіліп, маңыздылығына тағы бір мәрте көз жеткізіп отырмыз. Б і з д і ң и ы ғ ы м ы з д а ү л к ен ж ү к – а д а м д а р ды ң б ос т а н ды ғ ы м ен конституциялық құқықтары негізгі болып табылатын Қазақстанның тәуелсіздігі мен қазақстандықтардың тыныштығын сақтау тұр. Ұлттық ұлан жауынгерлерінің жанкештілігі – біздің халқымыздың бостандығының, елдегі құқықтық тәртіптің, барлық қазақстандықтардың ертеңгі күнге сенімділігі мен тұрақтылығының кепілі. Күн сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері өздерінің әскери борыштарын абыроймен орындап, ерлік пен ержүректіліктің үлгісін көрсете отырып, конституциялық борышқа адалдығын танытып келеді. Жаңаөзен қаласында жауынгерлікқызметтік міндеттерді орындау барысында, Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғары кәсібилік танытты. Мұнымен олар Конституция мен құқықтық тәртіп күзетінде қаққан қазықтай қаздиып тұратындарын дәлелдеді. Өткенімізге көз жүгіртсек, Ұлттық ұлан Қазақстанның тәуелсіз мемлекет

ретінде дамуында маңызды рөлге ие екеніне көреміз. Соңғы уақытта Ұлттық ұлан жауынгерлерінің әскери б о р ы ш ы н ө т еу д е а я н ы п қалмай, жанкештілік танытып жүргендеріне куәміз. Ұлттық ұл ан әскери қыз мет ш ілері қандай қиын жағдай болмасын, жауға қарсы тұра білетіндерін дәлелдеп-ақ жүр. Бұл сөзіме 6655 әскери бөліміндегі әскери қызметшілердің жауынгерлік ерліктері дәлел бола алады. Бұл Ақтөбедегі болған оқиға біздің еліміздегі достық пен келісімді, бейбітшілікті бағалау қажеттілігін көрсетті. Бейбітшілік пен тыныштық – біздің басты құндылығымыз екенін әсте естен шығаруға болмайды. Сіздер аталарыңыз бен әкелеріңіздің ерлік істерін жалғастыра отырып, өз патриоттық міндеттеріңізді адал орындауға тырыса отырып, қызмет атқарасыздар. Әрбір әскери қызметші өзіне жүктелген міндеттерді сапалы атқарған жағдайда ғана қызметте жоғары жетістікке жетеді. Сөз соңында біз жыл сайын Конституция күнін еліміздің негізгі Заңын құрметтегеннен емес, алдымен өзімізді құрметтегеннен тойлаймыз. Біз Қазақстан халқы, өмір салтымызды өзіміз анықтап, бағыт алдық. Біздің әрқайсымыз қандай мақсатта қызмет атқарып жатқанымызды жақсы білеміз. Елдің ұлттық қауіпсіздігі, азаматтарымыздың бостандығы мен ар-ожданы бірінші кезекте тұрады. Еліміздің барлық азаматтарын және Ұлттық ұланның жеке құрамын, ардагерлерді, олардың жақындары мен туысқандарын осы атаулы мерекемен құттықтай отырып, дендеріне саулық, бастаған істеріңізге табыс, әскер сапындағы қызметте сәттілік тілеймін. Сіздердің шаңырақтарыңызда бейбітшілік пен келісім, түсінушілік орнасын! Қайрат АҚТАНОВ, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор

СЛЕТ

ЕКІНШІ ОРЫН ЕНШІМІЗДЕ Гүлнәр МАҒЗҰМОВА, Алматы облысы АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ ТАМЫЛЖЫҒАН КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІНІҢ БІРІ – ТАЛҒАР ТАУЫНЫҢ БАУЫРЫН ОН КҮН БОЙЫ ДҮРІЛДЕТКЕН ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖАС ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ 16-ШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТІ 25 ТАМЫЗ КҮНІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ. Аталған слеттің тарихы тереңде жатыр. Атап айтсақ, алғашқы жол қозғалысының жас инспекторлары сонау кеңес дәуірі салтанат құрып тұрған 1973 жылы пайда болды. Алғашқы Жалпыодақтық слет 1978 жылы Ростовна-Дону қаласында өткізілсе, Қазақстанда республикалық слеттер 1982 жылы Алматы қаласында, 1987 жылы Ақтөбе қаласында, 1989 жылы Қарағанды қаласында өткізіліпті. Еліміз егемендік алғаннан кейін араға біраз жылдар салып тәуелсіз Қазақстанда аталған слет алғаш рет 2001 жылы ұйымдастырылды. Содан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан слеттің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстарды жетілдіру және балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мәселелеріне мүдделі ұйымдар, ведомстволар мен қоғамның назарын аудару. Слет барысында Қырғызстан, Ресей және Қазақстан балаларынан құралған жас инспекторлар жол полициясы қызметінің құрылу тарихы бойынша, жол-көлік оқиғалары орын алған жағдайда тез арада медициналық көмек көрсету және жол қиылыстарында көлік қозғалысын реттеу сынақтары бойынша өз білімдерін сарапқа салды. Жас инспекторлар 10 аталым бойынша, яғни саптық қарау, жас реттеушілер, жол қозғалысы ережесінің білімпаздары, жас санитарлар, білгірлер турнирі, үгіт бригадалар байқауы, «велосипедті мәнерлеп жүргізу», «велосипедті автоқалашықта айдау» бойынша жарысқа түсті. Жас инспекторлар үшін басты мақсат – Жол қозғалысы ережесін жақсы меңгеру. Бұл орайда олар 15 минуттың ішінде ересектерге көлік құралын жүргізу куәлігін алуға арналған би-

леттерге жауап берулері керек болатын. Бұл жарыста Шығыс Қазақстан облысының жол қозғалысы жас инспекторларының командасы бірнеше минуттың ішінде барлық сұрақтарға жауап беріп, жоғары ұпай иеленді. Сап түзеу бойынша Павлодар облысынан келген жас инспекторлардың дайындығы жоғары деңгейде болды. Ең көрнекті үгіт бригадалардың арасындағы байқау кезінде жас инспекторлар бес минуттың ішінде ән, би және өздері шығарған өлеңдердің көмегімен жол қозғалысы ережесін насихаттаулары керек болатын. Бұл сайыста Қарағанды облысының ҚЖИ жасағы көш бастады. Жас жол сақшыларының он күнге созылған жарысының қорытындысы 25 тамыз күні Алматы қаласындағы «Тұран» университетінің концерт залында жарияланып, жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Халықаралық деңгейдегі бірінші орын жүлдесін Ресей Федерациясының құрамасы алса, Қазақстан Республикасының командасы екінші орынды иеленді. Ал, Қырғызстан Республикасының құрама командасы үшінші орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ, жол қозғалысы жас инспекторларының 16-шы республикалық слетінің жасақтар арасындағы бас жеңімпазы болып Шығыс Қазақстан облысының ҚЖИ жасағы танылды. Екінші және үшінші орындарды Павлодар және Қарағанды облыстарының ҚЖИ бөлісті. Жол қозғалысы жас инспекторларына арналған слет барысында ұйымдастырылған игі шаралардың бірі – ҚЖИ мектеп жасағының жұмысын ұйымдастыру бойынша және жол-көлік оқиғалары кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тренингтері. Теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға құлшынған балалардың білімдерін тиянақтар шаралардың бірі де осы тренингтер болды. Халық қаһарманы – Ғазиз Байтасовтың құрметіне арналған жас жол сақшыларының слеті кезінде, сондай-ақ, жол полициясы қызметкерлеріне арналған балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мәселелері бойынша семинармәжіліс өткізіліп, олар ресейлік әріптестерімен тәжірибе алмасты.

е-mail: nastraje@mail.ru ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ – 25 ЖЫЛ

Тәуелсіздік құрдасы СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ТҰРҒЫНДАРЫ, МЕМЛЕКЕТ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ҚҰРДАСТАРЫ: «ТӘУЕЛСІЗДІК – ӨЗІҢДІӨЗІҢ ТАНЫТУҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК» – ДЕП БІЛЕДІ. ЖӘНЕ ЖАС БУЫННЫҢ ДЕНІ ІЗГІ ЖӘНЕ БАТЫЛ МАМАНДЫҚТАРДЫҢ БІРІ – ҚҰТҚАРУШЫ ЖОЛЫН ТАҢДАП, ОТАНЫН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТІП КЕЛЕДІ. Жүгі ауыр мамандықтықты таңдаған жастардың бірі Жанат Хаирлин бала күнінен өрт сөндіруші болуды армандап келген екен. Бүгінге жиырманың бесеуіне келген Жанат тәуелсіздігіміздің түйдей құрдасы. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан жылы ойланбастан өрт сөндірушілерді оқытатын Көкшетау техникалық институтына оқуға түскен. Оқуды үздік тәмамдаған соң Жанат облыстың өрт сөндіру бөліміне қызметке тұрды. Ол өрт сөндірушінің қызметін атқарып жүріп, аз уақыттың ішінде талай адамның өміріне араша түсті. Оның өзінің қызметіне аса жауапкершілікпен қарайтынын осыдан-ақ аңғаруға болады. « М ү м к і н, ос ы қ а с и е т т е р с ү й і к т і қызметімде жоғары көтерілуіме септігін тигізген болар. Ел тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында Петропавл қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалуым кездейсоқ емес», – дейді ол. Ол сондай-ақ, өз сөзінде егеменді ел болып қалыптасқан жылдар ішінде көптеген жобаларды жүзеге асыруға барлық жағдай жасалып келгенін баса айтты. Жуырда ол өрт сөндіру қызметіне қатысты өңірде баламасы жоқ жобаны жасап шығарған болатын. Өз қызметінің биігінен көрінуді мақсат тұтқан Жанаттың әлі де ойында жүрген жоспары көп. Жас болса да алысқа көз тастаған жігіт болашағынан көп үміт күттіреді. «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылының ішінде Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Егемен еліміздің дамыған елу елдің қатарына кіруі – елеулі оқиға. Еңселі еліміздің болашағы біздің қолымызда», – дейді ТЖ маманы. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

ТАҒЫЛЫМ

Қасенқызының қажыр берер кездесуі Айдос ОҢҒАРОВ, Тараз қаласы ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ОРНАЛАСҚАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ 5513 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАС ЖАУЫНГЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ҚАТАРҒА ЕНДІ ҚОСЫЛҒАН ЖАҢА ШАҚЫРЫЛЫМДЫ ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШТАРЫН САПАЛЫ ОРЫНДАУ ДЕЙТІН ҚАСИЕТТІ МАҚСАТҚА ТӘРБИЕЛЕП ОҚЫТУ БОЙЫНША ЖАУЫНГЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ БАУЛУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ. Осы орайда өткен аптада Қарағанды, Қостанай, Орал, Павлодар және Маңғыстау өңірлерінде болып, жауынгерлермен келелі кездесу өткізген жас Отан қорғаушыларға өзінің жауынгерлік қызметіндегі бай әрі тағылымды тәжірибесімен бөлісуге отставкадағы майор Бақыткүл Жақсекеева арнайы атбасын бұрған еді. «Әскерге берген уақыттарыңыз – келешекте бүкіл өмірлеріңізге жол ашатын қадам. Ол сіздерге ауыр жүк ретінде емес, керісінше абырой, ерлік артылған деп білулеріңіз жөн», – деді алғашқы сөзін бастаған Бақыткүл Қасенқызы. «Әр адамның бақыты – өз қолында, қандай адамды өзіңнің жарың ретінде таңдайсың, адал жар, ардақты ана бола алады. Міне, осыған да ерекше көңіл бөлу керек. Әскерге кеткен жігітін тоса білмеген қыз үшін бастарыңды ауыртпаңдар, тоса білмеген қыз жөнімен жүре берсін, 1 жыл уақыттағы сынақтан өте білген қыздарыңды қадірлеп, соған көңіл бөлуге болады», – деген Бақыткүл Қасенқызы кездесу барысында әзіл аралас ақылын да айтып қалды.

Әскердегі жас азаматтардың басын қосып, олардың Отанға адал болып, достық ұғымының мәнін түсіндіруді мақсат тұтқан кездесу қонағы «Біріміз бәріміз үшін, Бәріміз біріміз үшін» деген ұранның тәліміне де тоқталды. Ал, осындай мәнді де мағыналы өткен кездесу оң нәтижесін беріп, тәжірибелі маманның тағылымды әңгімесі әр жас жауынгердің көңілінен шыққаны сөзсіз. Сөз соңында Бақыткүл Қасенқызы: «Қазақстанның жастары білімді болуы керек. Біз үшін сендердің қай жерден, қандай ортадан келгендерің маңызды емес. Маңыздысы – сендердің адам болғандарың. Ұлттық ұлан қатарында 1 жыл қызмет етесіңдер. Осы уақытта нағыз азамат атанып, ел намысын қорғай білер ерлердің қатарын толықтыра алсаңдар – міне, ең бастысы осы. Ол үшін ең бірінші достық, адамгершілік, бауырмалдық, бір-біріңді сыйлай білу, жанашырлық пен қамқорлық қажет», – деген ойын жеткізді. Бұл әңгіменің барлығы өз қызметіне жан-тәнімен берілген, сан жылдар бойы жұмыстың жауапкершілігін арқалай жүріп, терең тәжірибе жинаған, жиырма жылға жуық уақыт Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлері қатарында ер азаматтармен бірдей Ақмола мен Қарағанды облыстарында ерен еңбек еткен қадірлі азамат, отставкадағы майор Бақыткүл Жақсекееваның мәнді де мағыналы кездесуі еді.


СПОРТ №64 (4230), № сейсенбі, 30.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ӨРТ ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ

Жылдамдық пен ептілік

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ӨРТ ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ТЖД «ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТЫҚҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» ММ БӨЛІМШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ЕКІ КҮНДІК ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ.

Жарысқа әр аудандық өрт сөндіру бөлімінен бір-бір командадан, қалалық бөлімшелерден екіекіден барлығы – 22 құрама қатысты. Спорттық сайыстардың ашылу салтанаты №1 МӨСБ аумағында өтті. Чемпионаттың ашылу салтанатынан кейін турнирдің бірінші кезеңі – шабуыл сатысымен мұнараның төртінші қабатына көтерілу және үш иінді сатымен мұнараның үшінші қабатына көтерілу жарыстары басталды. Үздік нәтиже көрсеткен №1 МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Асқарбек Күлбарақов 19.86 секунд көрсеткішпен ең жылдам және епті деп танылды. Командалық есепте №1 МӨСБ көзге түсіп, бірінші орынды, ал лайықты екінші және үшінші

жүлделі орындарды №3 МӨСБ-нің екі командасы иеленді. Шабуыл баспалдағымен көтерілген қыздар – №1 МӨСБ диспетчері Ләззат Ойлы мен Қобда ауданынан келген Ольга Дуля ептіліктері мен ж ы л д а м ды қ т а р ы н ы ң а р қ а с ы н д а жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшелері жас өрт с ө н д і р у ш і ле р ж а с а ғ ы а р а с ы н д а жақсы дайындықтарын көрсетіп, кіші топта Жанғали Назар, орта топта – Төрежан Бақтығалиев, ал ересектер тобында Данияр Совбетов үздік деп танылды. Жауынгерлік қанат жаюға арналған чемпионаттың екінші күні №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің алаңында өтті. Командалар кәсіби деңгейдің қайсысында жоғары, қайсысында төмен екенін сынға салды. Нәтижесінде төрешілер екі қалалық мамандандырылған бөлімнің командасының үздік екенін мойындады. Үшінші орынды №1 МӨСБ командасы иеленсе, ал екінші және бірінші орын-

дарды жауынгерлері ең шапшаң және қатесіз, бірдей тәртіппен әрекет еткен №3 МӨСБ-нің екі командасы бөлісті. Жауынгерлік қанат жаю, арнайы сатымен ғимараттың жоғарғы қабаттарына көтерілу – өрт сөндірушіқұтқарушылардың күн сайын өрт сөндіру кезінде немесе басқа да төтенше жағдайларда қолданатын іс-қимылдары. Мұндай шұғыл ж а ғ д а й л а р д а а д а м д а р ды ң ө м і р і көбінесе құтқарушылардың жедел және білікті әрекеттеріне байланысты болатыны рас. Сондықтан жеке құрам арасында өрт-құтқару спорты бойынша жарыстар өткізу – бұл, ең алдымен, жауынгерлердің кәсіби шеберліктерін тексеру деген сөз. Ал жанкүйерлер мен көрермендер – Алға балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бұл бір қызықты көрініс болды. Турнирге қонақ ретінде арнайы шақырылған балалар өте риза болды. Олар өрт сөндірушілердің қандай жағдайда жұмыс істеуге т у р а к е ле т і н і м ен т а н ы с ы п , б ұ л мамандықтың қажетті екеніне көздері жетті. Өрт сөндіру қызметі жоғары сынып оқушыларымен осындай кездесу өткізуді бұрыннан жоспарлаған болатын. Өрт-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат өз мәресіне жеткеннен кейін балалар өздерінің спорттағы артықшылықтары мен мүмкіндіктерін сынға салды. Жоғары сынып оқушылары мен №3 МӨСБ футбол командасы жолдастық кездесуде сайысты. Содан кейін балалар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мұражайын, өрт сөндірушілердің техникалары мен жабдықтарын тамашалап, естелікке суретке түсті. Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

КӨПСАЙЫС

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРМЕТІНЕ Динара САҒЫНДЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ БӨЛІНІСТЕРІ АРАСЫНДА ІІМ-НІҢ ПРЕЗИДЕНТТІК КӨПСАЙЫС БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Президенттік көпсайыс бойынша өткізілген жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан келген 100д ен а с т а м п о л и ц и я қ ы з м е т к е р і қатысты. Бірінші кезеңде чемпионат қатысушылары жауынгерлік қарудан оқ атудан сынға түсті. Бұл арада солтүстікқазақстандық полицейлер үздік болды. Сонымен бірге, бағдарлама бойынша граната лақтырудан, ұзындыққа секіруден, алыс және жақын қашықтықтарға жүгіруден, жүзуден бақ сынасты. «Өткен чемпионат – жай ғана жарыс

емес, ұлттық мерекеміз Тәуелсіздік күнін мерекелеуге қосатын үлесіміз деп білемін. Бұл іс-шара еліміздің спорттық өміріндегі атаулы оқиға болатынына сенімдімін. Барлықтарыңыз рухтарыңыздың мықтылығы м ен а л д а р ы ң ы з ғ а м а қ с а т қ оя алатындарыңызды көрсеттіңіздер», – деді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов. Табанды әрі адал күрес нәтижесінде бірінші орынды солтүстікқазақстандық п о л и ц ей ле р и е лен д і . Ж а р ы с т ы ң екінші орыны қарағандылықтарға бұйырды. Ақмола облысы ішкі істер

органдарының қызметкерлері үшінші орынды місе тұтты. Айта кетерлігі, солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары өткен жылы Қостанайда өткен жарыста турнир кестесінің бірінші орнын иеленген болатын. Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамы орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов барлық жүлдегерлерді жеңіспен құттықтап, жеңіс тұғырында ең мықтылар тұрғанына сенім білдірді. Сондай-ақ, ІІД басшылығына іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Сонымен бірге, жеңімпаздар әрбір жас санатында анықталды. Марапаттау рәсімін «Динамо» қозғалысы мен жалпы спорттың дамуына сүбелі үлес қосқан облысқа танымал спортшылар мен мекемелер басшылары өткізді.

ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ Жарыс үш кезең бойынша өтті. Жауынгерлік қанат жаю, шабуыл сатысымен оқу мұнарасының төртінші қабатына көтерілу және жылжымалы үшбуынды сатымен көтерілуден өткен жарыстарға облыстағы өрт бөлімдерінен 13 команда қатысты. Ашылу салтанатын Қызылорда о б л ы с ы Т ө т е нш е ж а ғ д а й л а р департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов өткізді. Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасының Конституция күнін тойлау маңыздылығын айтып өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңістер тіледі. Ж а р ы с қ а д ә с т ү р б ой ы нш а қ о л д а н б а л ы ө р т с п о р т ы б ой ы н ша спорт шебері, республикалық жарыстардың жеңімпазы, өрт сөндіру қызметінің ардагері Б.Маржанов жаттықтырушысы болып табылатын юниорлар қатысты. Жас спортшылар

е-mail: nastraje@mail.ru

ВОЛЕЙБОЛ

Күзет полицейлері арасында 27 ТАМЫЗ КҮНІ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ № 40 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ СПОРТ ЗАЛЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫ КҮЗЕТ ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІНІСТЕРІНІҢ АРАСЫНДА 2-ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ. Шараның ашылу салтанатында басқарма бастығы, полиция полковнигі Оңал Бекеев пен мектеп директоры Ербол Іргібай жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. «Спортты, саламатты өмір салтын насихаттауда полицейлердің алдыңғы қатардан көрінуі заңдылық. Денсаулығы мықты полицей ғана елге қорған бола алады», – дейді мектеп директоры. Спортшылардың құрметіне Бағлан Бектас, жас бишілер Балхашбеков Аңсар мен Сүлеймен Нұрия және Смайлханова Саида мың бұрала би биледі. Жарыста басқарма аппараты мен саптық бөліністердің командалары қолданыстағы ережеге сәйкес айналым жүйесінде өзара мықтыны анықтады. 4 команда қатысқан жарыста І орынды 2-ПБ командасы, ІІ орынды 1-ПБ командасы, ІІІ орынды басқарма аппаратының командасы иеленді. Осы жарыста «Үздік қорғаушы» 1-ПБ КДЖ аға инспекторы Мұхитдинхан Ахынов, «Үздік шабуылшы» КЖБ-ның инспекторы Ержан Әмірханов, «Үздік үйлестіруші» 3-ПБ полицейі Нұржан Тәженов атанды.

Марапаттау рәсімінде орын алған командалар мен үздік ойыншыларға, сондай-ақ осы жарысты өткізуге және ұйымдастыруға үлес қосқан қызметкерлер Астана қаласы Күзет басқармасы бастығының мақтау қағазымен марапатталып, жеңімпаз командаға кубок табысталды. Астана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

ШАҒЫН ФУТБОЛ

Аудандық бөлімшелер КОНСТИТУЦИЯ КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУ ҚАРСАҢЫНДА «ДИНАМО» СПОРТ ҚОҒАМЫНДА САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ ІІБ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР БОЛЫП ӨТТІ. Жарыста әрбір команда жоғары деңгейдегі д а й ы н ды қ т а р ы н к ө р с е т е білді. «Динамо» спорт қоғамында сүйікті командаларына қолдау көрсеткен жанкүйерлер қарасы қалың болды. Кездесулер барысында қақпаларына теңбіл допты жуытпаған голкиперлерді ерекше атап кеткен жөн. Ал ф у т б о л ж а н к ү йе р ле р і н і ң ыстық ықыласына бөленген Сарыарқа аудандық ІІБ Жергілікті полиция басқармасының ойыншылары жоғары шапшаңдық танытып, қарсыластарына қызу қарсылық танытты. Дегенмен, ақтық сынға шығуға әр команда лайық болды. Бірінші орынға Сарыарқа аудандық ІІБ ЖПБ мен Анықтау бөлімі таласты. Талас айтарлықтай тартысқа айналып, әрбір соғылған допқа қарсылас команда да бірден тойтарыс беріп отырды. Финалдық ысқырыққа дейінгі он секунд ішінде Сарыарқа аудандық ІІБ ЖПБ ойыншылары жеңіске қол жеткізді. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз Сарырқа аудандық жергілікті полиция қызметінің командасы атанса, екінші орынға Астана қаласы Анықтау бөлімінің командасы, ал үшінші орынға Сарыарқа аудандық ІІБ Тергеу бөлімшесінің командасы ие болды. Турнир жеңімпаздары кубоктар және грамоталармен марапатталды. Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Сыр бойындағы спорттық шаралар ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫН ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІН ТОЙЛАУ ҚҰРМЕТІНЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ №1 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНДЕ ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША ЖАРЫС ӨТТІ.

7

жақсы нәтижелер көрсетті. 16 жасар Бағдаулет Ерсары 9, 13 секундта оқу мұнарасының 2 қабатына көтерілсе, 8 жылдық тәжірибесі бар Асанәлі Қуатбаев мұнараға бұл жолы ол 10,04 секундта көтерілді. Спорттық іс-шарада өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жүгіруден шеберлік көрсетті. Олардың ішінде Халықаралық жарыстың «Алтын шабуылшы» жүлдесінің жеңімпазы, №5 өрт бөлімінің радиотелефонисі, азаматтық қорғау кіші сержанты Н.Өмірғалиева болды. Қызу тартыстардың нәтижелері бойынша жалпы командалық сынақта №12 өрт сөндіру бөлімінің командасы жеңімпаз болды. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы турнирдің күміс жүлдегері атанды. Қола

жүлде Жаңақорған ауданының №10 өрт сөндіру бөлімінің командасына бұйырды. Шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4 қ а б а т ы н а к ө т е р і л у д ен ж а қ с ы нәтижені №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі В.Хон көрсетті. Үшбуынды сатыдан тез және епті нәтижені №12 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Б.Байниязов пен оның жұбы жүргізуші Н.Құрақбаев көрсетті. Турнирдің ең көріністі кезеңі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ең үздік спортшыларының жауынгерлік қанат жаюы болды. Гарнизон бастығы жүлдегерлерге жарыс кубогы мен мақтау қағаздарын салтанатты жағдайда тарту етті. Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ


8

СӨЗ СОҢЫ №64 (4230), сейсенбі, 30.08.2016 е-mail:sakshy@mediaovd.kz

АКЦИЯ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»

БАСТЫ МАҚСАТ – АЛДЫН АЛУ ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА «БІЗ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАЛАРЫН БІЛУІМІЗ КЕРЕК!» АТТЫ АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ. ОБЛЫСТЫҚ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨТКІЗІЛГЕН АКЦИЯНЫҢ КӨЗДЕГЕНІ – ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МЕН ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖҰМЫСЫНЫҢ АБЫРОЙЫН АРТТЫРУ.

Осы мақсатта Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Студенттер альянсымен бірлесіп қаладағы ең ірі «Сiti Center» сауда-ойын-сауық кешенінде «Біз қауіпсіздікті таңдаймыз!» науқанын

өткізді. Қауіпсіздік акциясы қала тұрғындары көптеп бас қосатын «Галактика» ойын-сауық орталығында өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, профилактикалық шараның сауда орталығында өткізілуі кездейсоқтық

емес. Сауда ойын-сауық орталығына келушілердің әрдайым көп болатынын ескерген ұйымдастырушылар акцияны сауда орталығында өткізуді жөн санапты. Осы уақытта ойын-сауық кешенінен табылған қала тұрғындары өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі және оның алдын алу туралы толыққанды мағлұмат алды. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау ж ә не п р о ф и л а к т и к а л ы қ қ ы з м е т б а с қ а р м а с ы н ы ң қ ы з м е т к е р ле р і өткізген өртке қарсы науқанға студенттер еріктілер есебінде қатысты. Ерікті студенттердің бірі Самал Ғабдуллинаның сөзінше, осындай іс-шаралар тұрғындардың қауіпсіздік е р е ж е ле р і н с а қ т а у ғ а ш а қ ы р ы п қана қоймай, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қауырт қызметіне деген сенімді ұялатады. Белсенділік танытқан студенттер акция барысында оралдықтарға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратты. Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

ЖАҢА НЫСАН

ӨРТ БЕКЕТІНІҢ ӨРІСІ КЕҢЕЙДІ ӨРТ ҚАУПІ ӨРШІП ТҰРҒАН ШАҚТА ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ ҚАЗАНБАС СТАНСАСЫНЫҢ «АГРОСТОК» ЖШС ШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫН БАЗАСЫНДА №11 ЖЕКЕ ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ. Жаңа өрт сөндіру бөлімшелерінің қызмет көрсету аумағына бірнеше елді мекендер: Қазанбас бекеті, Қарақалпақ, Октябрьский, Дәңгірбай, Бағаналы ауылдары және Басаман орман шаруашылық мекемесі кіреді. Жаңа өрт сөндіру бекеті шамамен 2 мыңнан астам адамы бар аймақты өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етеді. Жалпы бекеттің жеке құрамы 11 адамнан тұрады.

Ол а р ға ғима р а т жә не б і р А Ц-40 (131) 137 А өрт сөндіру автокөлігі пайдалануға берілді. Өрт сөндіру қызметі қайта құрылған өрт бекеті үшін өртке қарсы құралдар жиынтығын техникалық дұрыс жағдайда тапсырды. «ӨС және АҚЖҚ» ММ кәсіби даярлық мектебінің топтық ұстаздар құрамы, «Агросток» ЖШС ерікті өрт сөндіру құрылымының жүргізушілері мен өрт сөндірушілері

бастапқы даярлық оқытудан өтті. Оқыту жұмыстары аяқталған соң, үміткерлерден сынақ алынды. Сыннан сүрінбегендерге бастапқы даярлықтан өткендерін растайтын куәлік берілді. Бекеттің салтанатты ашылу рәсіміне Әулиекөл ауданының әкімі Ж . Т ә у к ен о в , Қ а з а н б а с а у ы л ды қ округінің әкімі Т.Әбдібеков, «Агросток» Ж Ш С д и р е к т о р ы А . М е л ь не ч у к , Қостанай облысының ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Т.Кәкімов және шақырылған қонақтар қатысты. Т.Кәкімов жиналғандарды құттықтай отырып, облысымызда ашылып жатқан жаңа өрт сөндіру деполары өртпен күресуге қауқарлы екенін, тұрғындардың қауіпсіздік деңгейі жоғарылағанын айтып өтті. Жеке өрт сөндіру деполары өрт сөндіру бөлімдерінен 20 шақырым радиуста орналасқан елді мекендерді өрттерден қорғау үшін құрылуда. Жаңа өрт бекеттерінің ашылуы төтенше жағдай орнына өрт сөндірушілердің тез арада келуін қамтамасыз етеді, болмашы өрт ұшқындарының ірі өртке ұласуын болдырмайды. Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сыр сақшыларының шексіз шарапаты ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 11 ЖАСӨСПІРІМДІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАЖЕТТІ МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП, ЕЛ ҚАТАРЛЫ БІЛІМ АЛУЛАРЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАДЫ.

Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға, сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынан айырылған жасөспірімдерге қолдау көрсету мақсатында еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп жатқан қайырымдылық акциядан Сыр сақшылары да шет қалмады. Қызылорда облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері акция аясында көмекке мұқтаж жасөспірімдерді оқуға қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етті. Бұл қайырымдылық акция жасөспірімдер қылмысымен күресте алдыңғы қатарда тұратын Ювеналды полиция бөлімінің тікелей ұйымдастыруымен өткізілген-тін. Шара шеңберінде Қызылорда облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қ. Қобландин тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушылармен жүздесу кезінде оларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке, аяқ-киім, азын аулақ азық-түлік тарту етті. Жергілікті полиция қызметкерлері жалпы саны 11 баланы қамқорлықтарына алып, көмек қолын созды. Көмекке мұқтаж балалардың қуанышына куә болған қызылордалық сақшылар балалардың бақытты балалық шағы үшін еш аянып қалмайтындарын айтып, оларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Сақшылардың шексіз шарапатына бөленген балғын балалар сый-сияпаттары үшін алғыстарын айтты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, осыған дейін қызылордалық полицейлер 84 оқушыға материалдық тұрғыдан көмек көрсеткен болатын. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

«Бақытты балалық шақ алаңы» Жадыра МЫРЗАХМЕТ, сурет Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТІКІ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ МҰРЫНДЫҚ БОЛУЫМЕН ҚОЛҒА АЛЫНҒАН «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ ТАМЫЗЫНАН ҚЫРКҮЙЕКТІҢ БЕЛ ОРТАСЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ. БИЫЛ «БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ АЛАҢЫ» ҰРАНЫМЕН ӨТКІЗІЛІП ЖАТҚАН АКЦИЯ ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛЫП ОТЫР. Қайырымдылық акциясының түпкі мақсаты – әлеуметтік а з қ а м т ы л ғ а н, к ө п б а л а л ы о т б а с ы н д а т ә р б и е лен і п жатқан оқушыларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмек беру. Әлеуметтік маңызы жоғары акцияға Астана қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп атсалысуда. Атап айтқанда, акция аяс ы н д а 8 б а л а т ә р б и е ле п отырған Садықовтар отбасына және толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан №65 мектеп гимназиясының оқушылары Ерасыл мен Ернұрға көмек

САЙЫС

Үздік бөлімше командирі анықталды Дархан СМАҒҰЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысы ТАЯУДА «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ «ҮЗДІК БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ» КОНКУРСЫ ӨТТІ. Байқаудың мақсаты – өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының кәсіби деңгейін, жауынгерлік дайындығын және шеберлігін шыңдау, бөлімше командирлерінің теориялық білімін және тәжірибелік машығын жетілдіру болып табылады.

Шешуші сайыста Петропавл қаласы мен облыс аудандарында өткен іріктеу кезеңінен сүрінбеген үздік бөлімше командирлері бақ сынады. Ал кәсібилікті сынға алған конкурстың екінші кезеңінде бірінші кезеңнің жеңімпаздары қанат жаю, құтқару арқанын байлау тапсырмалары бойынша нормативтер орындады. Сонымен қоса, тартысқа түскендер турникке тартылып, 60 м, 100м, 1000м арақашықтықты артқа тастап, жүгіріп өтті. Байқау бағдарламасына денешынықтыру және өртқұтқару дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын регламенттейтін заңдарды, оның ішінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нормативтік-құқықтық актілер туралы білім-біліктілігін тексеру мақсатында тестілеу жүргізу енгізілді. Тартысты өткен байқаудың қорытындысы бойынша Петропавл қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Руслан Рамазанов жеңімпаз деп танылып, оған «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ «Үздік бөлімше командирі» атағы берілді. Екінші орынды Ақжар ауданының Ленинградское ауылы №8 өрт сөндіру бөлімі өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Кондрат Франц еншілесе, ал жүлделі үшінші орынға Петропавл қаласы №5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты Әсет Рсаев ие болды. Жеңімпаздар «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының алғыс хаттарымен және кубокпен марапатталды.

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА «Қазақстан Республикасы ішкі Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, істер органдарының Медиа Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

Тілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ, Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

көрсетілді. Садықовтар отбасында тәрбиеленіп ж а т қ а н с е г і з б і р д ей баланың бесеуі мектеп жасындағы оқушылар. Мектеп құралдарын сыйға алған оқушылар қайырымдылық танытқан жандарға алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді. Ғимараттың жертөле қабатын пана еткен отбасының ота н а с ы С ә у ле С а д ы қ балаларын мектепке дайындауға жәрдемдескен ҚАЖД мен ҚХА өкілдеріне ізгі тілегін жеткізді. Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды. Индексі: 65395 Таралымы: 12817 Тапсырыс: №3311

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.