Сақшы №58 (4224)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№58

(4224), 9.08.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kz

Газет 1933 жылдан бастап шығады

ҚАРАЖАТТЫ УАҚТЫЛЫ ИГЕРУ ТАПСЫРЫЛДЫ Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева «Нұрлы Жол» и н ф р ақұр ы лы мды дамы т уды ң 2 0 1 5 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мəселелері жөніндегі кеңесте білім беру салаларының құрылысына бағытталған қаржылай қаражатты уақтылы игеру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Ағымдағы жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен білім беру нысандарының құрылысына 57 млрд. теңге бөлінді, оның аясында 96 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, олардың ішінде 51,2 млрд. теңге сомаға 77 мектеп, сондай-ақ, 6,7 млрд. теңге сомаға 19 балабақша бар. Кеңес барысында ҚР Білім жəне ғылым вицеминистрі Бибігүл Асылова 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдарға 26,9 млрд. теңге – жылдық жоспардың 46% аударылғанын мəлімдеді.

Вице-министр 21 білім беру нысаны пайдалануға берілгенін айтып өтті, оның ішінде 13 мектеп (Қызылорда облысында – 2, Оңтүстік Қазақстан облысында – 7, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан жəне Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында - 1 мектептен), сондай-ақ, 8 балабақша (Алматы облысында – 2, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысында, Оңтүстік Қазақстан облысында, Алматы қаласында – 1 нысаннан). «Жедел мəліметтерге сəйкес 23,7 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарынан 88,2% игерілді. Игерілмеген қаражат қалдығы 3,2 млрд. теңгені құрайды. Игерілмеген қаражаттың ең көп үлесі 5 өңірге – Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, Астана қаласына тиесілі», – деп баяндады Б. Асылова. Оған қоса, ол мердігерлермен соттың талқылауы, мердігердің құрылыс-монтаж жұмыстары кестесінен кейін қалуы, мемлекеттік сатып алулардың аяқталмаған рəсімдері жəне келісімшартты кеш жасау қаражаттың игерілмеуінің негізгі себептері болып табылатынын айтты. Өз кезегінде Премьер-Министрдің орынбасары Д. Назарбаева облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының əкімдіктеріне білім беру нысандарын пайдалануға беру мерзімдерін орындамауға жол бермеу бойынша мердігерлермен жүйелі жұмысты қамтамасыз етуді тапсырды.

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ – АТЫРАУДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫМЕН ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КƏРІМ МƏСІМОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ. САПАР БАРЫСЫНДА АЙМАҚТЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН БАҒАЛАУ, БЕЛСЕНДІЛЕРМЕН ЖƏНЕ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІМЕН ПРОБЛЕМАЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ ЖОСПАРЛАНУДА. Премьер-Министр «Индустриалдыинновациялық даму» Мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған Қашаған кен орнындағы жасанды «Д» аралын, «Жігермұнайсервис» ЖШС бұрғылау қашауларын өндіру зауытын, «Caspian Royal Fish» ЖШС бекіре балығы фермасын, Атырау мұнай өңдеу зауытын аралап көрді. Сонымен қатар, Кəрім Мəсімов «СамұрықҚазына» ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ қолдауымен салынған «Нұрсая» шағын ауданындағы «Жерұйық» тұрғын үй кешенін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қалалық бөлімін жəне «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС зертханасын аралады. Кəрім Мəсімов облыс əкімімен бірге халықаралық сектор жолаушыларының ұшып келу жəне ұшып кету, жалпы күту залдарын аралады. Премьер-Министр əуежай жұмысы туралы баяндаманы тыңдады, сонымен қатар аэровокзал ғимаратына қосымша салынатын ғимарат құрылысының бекітілген жобасымен танысты. Аймақтарға сапары барысында Кəрім Мəсімов көлік инфрақұрылымы нысандарының, əсіресе, əуежайлардың қауіпсіздік мəселелеріне ерекше назар аударады. Осыған дейін Премьер-Министр Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған, Қостанай, Павлодар əуежайларын тексеріп, Петропавл əуежайын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Ол сондай-ақ, сапары аясында Қашаған мұнай кен орындарындағы өндіріс нысандарында болды. Қашаған кен орнындағы жасанды «Д» аралы Атырау қаласынан 85 шақырым қашықтықта орналасқан жəне бүгінде оның құрылысына 3,5 миллион тонна тау жынысы қолданылған. Үкімет басшысы бұрғылау ұңғымаларын көріп, нысанда жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. «NCOC» компаниясының басқарушы директоры Бруно Жардэн Премьер-Министрге кен орнында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, Солтүстік-Каспий жобасының жүзеге асырылу барысы туралы əңгімеледі. Сонымен қатар, ол іс-сапар аясында «Caspian Royal Fish» бекіре балығын өсіру фермасына барды. «Caspian Royal Fish» ЖШС-ында бағалы балық түрлері (бекіре тұқымдастары) жасанды түрде өсіріліп, балықты өңдеу жəне асқа жарамды уылдырық өндіру жүзеге асырылады. Жабдықтарды сатып алу үшін «ҚазАгроқаржы» АҚ мемлекеттік қолдауының жəне инженерлік-

коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кəсіпорын 2014 жылы қыркүйек айында іске қосылды. Балық шаруашылығы кешенінің директоры Асқар Таубаевтың айтуынша, жобаның ерекшелігі – өндірушілердің тұйық сумен жабдықтау қондырғыларында жəне реттелетін температуралық жағдайларда балық өсірудің үздіксіз үрдісін құру болып табылады. Бүгінде мұнда өсірілетін бекіре балығының жалпы саны шамамен 25 мың. Осы жылдың соңына дейін 5 тонна тауарлы балықты өткізу жəне 200 келіден кем емес бекіре уылдырығын алу жоспарлануда. Ал 2017 жылы кəсіпорын жобалық қуаттылығына шығады деп күтілуде. Премьер-Министр кəсіпорынның өндірістік кешенін аралап, балық өсіріліп жатқан бассейндерді, инкубациялық цех залы мен қыс мезгілінде балық ұстайтын жерді көрді, сондайақ бекіре өндірісі үрдісімен танысты. Сондай-ақ, Премьер-Министр Кəрім Мəсімов «Нұрсая» шағын ауданындағы «Жерұйық» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңын аралап, тұрғын үй кешені құрылысының барысы туралы баяндаманы тыңдады. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы 2014 жылы Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры бағдарламасы аясында

ТАҒЫЛЫМ

ТАРИХ АРҚЫЛЫ ТƏРБИЕЛЕУ БИЫЛ БІЗ ТƏУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕГЕМЕНДІК АЛҒАНЫНА 25 ЖЫЛ ТОЛУЫНЫҢ КƏУГЕРІ БОЛАМЫЗ.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ БЕКИ ТҮСПЕК Оңтүстікқазақстандық делегацияның Австрияға іссапары аясында Каринтия федералды аймағы Үкіметінің басшысы Питер Кайзер Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Тараптар негізінен баламалы энергия көздері жəне туризм салаларын дамыту мəселелерін талқылады, сондай-ақ, құрылыс жəне ауыл шаруашылығы тақырыптары да күн тəртібінен тыс қалған жоқ, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің баспасөз қызметінен. Бас қосу соңында тараптар өзара саудаэкономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Питер Кайзер мырзаға екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандум түзуге ниетті екенін жеткізсе, Каринтия басшысы, өз кезегінде, аталған құжаттың тиісті заңнамалық процедураларын жақын арада өткізіп, бекітуге жіберетініне сөз берді. Сондайақ, П.Кайзер мырза Оңтүстік Қазақстан облысы əкімі Б.Атамқұловты Фельден қаласында 29 қыркүйекте өтетін Халықаралық экономикалық форумның құрметті қонағы болуға шақырды.

тұрғын үйді сатудың екі нұсқасы қарастырылған: тікелей сату жəне жалға беру арқылы сату. Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлері алдымен жергілікті атқарушы органдар арқылы кезекте тұрғандардың арасында сатылады. Үкімет басшысы Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысымен де танысты. Кəрім Мəсімов болған №1 бөлімде соңғы 6 ай ішінде қала халқына 221 823 рет қызмет көрсетілген. Жалпы алғанда, Атырау облысында халыққа мемлекеттік қызмет үш қалалық жəне жеті аудандық бөлімде көрсетіледі. К.Мəсімов мекеме ғимаратын көріп, туындаған мəселелерді шешу үшін бөлім басшылығына бірқатар тапсырма берді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы жылдың сəуір айында құрылған. Халықпен мұндай жұмыстың басты артықшылығы, азаматтарға алдағы жылдары барынша көп қызмет көрсетіле алатындығында. Бірінші кезеңде корпорацияда 730 қызметтің 522-сі көрсетіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметті көрсету үрдісі жылдам, ашық əрі қолайлы болуы үшін құрылған. Бұдан өзге, Кəрім Мəсімов жұмыс сапары аясында кəсіпкерлермен кездесу өткізіп, балық шаруашылығының даму перспективаларын талқылайды, сондай-ақ, отандық мұнай сервисін дамыту мəселелері бойынша кеңес өткізеді.

Бұл жыл əр қазақстандық үшін елеулі де маңызды болып отыр. Жыл санап еліміздің əр азаматы мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлесін қосып келеді. Баршамыз

жұмыла, мықты жəне тұрақты мемлекеттің іргетасын қалаудамыз. Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту шеңберінде астаналық Өрт сөндіру

қызметінің басшылық құрамы бастаған 50 шақты қызметкер-маманы жəне Көкшетау техникалық институтына түсуге үміткерлер «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің ұлттық əскери-патриоттық орталығы» мекемесіне барған еді. Музейге экскурсия барысында құтқарушылар еліміздің əскери қызметінің құрылуы туралы ауқымды ақпарат алды. Сондай-ақ, əскеріміздің қарулары мен күштері жайында біраз мағлұмат алды. XIX ғасырдың тарихы, XX ғасыр əскерінің тарихы мен XX-XXI ғасыр қару-жарақтарының тарихы баяндалған залдарды тамашалады. Мұражайға жасалған сапардың нəтижесінде өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен олардың туыстары Қазақстанның əскері туралы, оның тарихы мен бүгіні туралы біліп, рухани азық алып қайтты. Ұлттық əскери-патриоттық орталық – жастарға тарихтан сыр шертіп, өткенге саяхат жасау арқылы əскери-патриоттық тəрбие беруде таптырмайтын мекеннің бірі. Себебі, мұнда жоғары патриоттық сана-сезім, Отанына деген адалдық сезімі, Отанымыздың мүддесін қорғау жөніндегі азаматтық борышты, маңызды конституциялық міндетті орындауға əзір болудың негізі қалыптасқан. Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


2 Ə

-А М Е Л

ЖАҢАЛЫҚТАР №58 (4224), № сейсенбі, 9.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

Қ

АТ Р А П

Түркия

Өлім жазасы енгізіле ме? Ыстанбұлдағы мыңдаған халықтың алдында сөйлеген Эрдоған көпшілікті «Гүлен ұйымдастырған жүйені» жоюға шақырды. Түрік президенті парламенттің мақұлдауымен елде өлім жазасын қайтадан енгізуге уəде берді, деп хабарлайды centralasian.org. Эрдоған жақтастарының Түркиядағы көптеген қалаларда өткізген ірі шерулері Ыстанбұлдағы жаппай митингке ұласты. Ыстанбұлдан жүргізілген телерепортаждарға қарағанда, акцияға қатысушылар Эрдоғанның жалынды сөздерін байсалдылықпен қабылдаған. Сахнаның алдыңғы қатарында отырған генералдар да президент баяндамасы кезінде өздерін байсалды ұстады. Шеруге жиналғандардың дені жастар. Халық митингке ұлттық тулар ұстап шықты.

Батыс елдері ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, «Демократия жəне азап шегушілер» деп аталатын Ыстанбұлдағы митинг шілдедегі бүлікті ұйымдастырушыларды кінəлау, ал Эрдоғанды қолдау мақсатында өткізілген. Биыл 15 шілдеде Түркияда болған сəтсіз əскери төңкеріс кезінде 270-тен астам адам өлді. Бүліктен кейінгі бірнеше күннің ішінде билік 18 мың адамды ұстады, қамауға алды. Ондаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды. Қарулы күштерді тазарту жүріп жатыр.

АҚШ

Опық жегізген ойын Сан-Франциско қаласында ұялы телефонымен əйгілі Pokemon Go ойынын ойнап жүрген студентті белгісіз біреу атып өлтірді. Ер адам аквапаркте жүрген. Оған артынан белгісіз біреу оқ атып, оқиға орнынан ізін суытқан. Полиция оқиғаның куəгерлерін іздестіріп жатыр жəне қылмыскердің не себепті мұндай қылмысқа барғанын анықтау үстінде. «Шынайы элементтермен толықтырылған Pokémon Go ойынының танымалдылығы АҚШ полицейлерінің назарын аударды. Енді олар бұл ойынның көмегімен қылмыскерлерді ұстамақ», – деп жазады The Guardian. Смитфилдтің полиция департаменті Facebook желісіндегі парақшасында кездейсоқ азаматтарды арнайы жабдықталған бөлмеде аса сирек покемон саналатын Диттоны ұстауға шақырған. Айта кетейік, Дитто покемонын əлі ешкім аулай алмаған, алайда полиция үшін маңыздысы бұл емес, маңыздысы – барлық кездейсоқ азаматтың тұтқындалуына арнайы рұқсатнамалардың болуы. Смитфилд полиция департаментінің Facebook желісіндегі парақшасының əкімшісі сержант Брайан Миллер ойынды əсерлі ету үшін тұтқындауға тиесілі азаматтардың тізімін жасамақ болғанын айтады.

Бразилия

Министрді тонап кетті Рио-де-Жанейроға португальдық делегация құрамында келген Португалия спорт жəне білім министрі Тиагу Брандао тонаушылардың шабуылына ұшырады. Тиагу Брандао Ипанема беделді ауданында кешкі отырыстан қайтып келе жатқанда оған жəне досына екі белгісіз адам тап берген. Қылмыскерлер пышақпен қорқытып, министрдің ақшасын тартып алады. Ақшаның мөлшері айтылмаған. Полиция қаскөйлерді жедел қолға түсірді, олардың бірі Рионың қылмыстық əлемінде танымал тонаушы – Марко Луис Брандау болып шықты, оның лақап аты – Тимен. Оны ұстау кезінде ол полицейлерге 5 мың реал (шамамен бір жарым мың доллар) пара бермекші болған. Топ болып қарулы шабуыл ұйымдастырғаны үшін Тимен 10 жыл түрмеге отыруы мүмкін.

е-mail: nastraje@mail.ru

Қатерлі ісік кеселімен жұмыс тоқтамақ емес ТƏУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЛАРЫНАН БОЛАТЫН ӨЛІМ-ЖІТІМ 33 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ (1991 ЖЫЛҒЫ 100 МЫҢ ТҰРҒЫНҒА ШАҚҚАНДАҒЫ 137,4 КӨРСЕТКІШІНЕН 2015 ЖЫЛЫ 92-ГЕ ДЕЙІН). БҰЛ ЖӨНІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ. Бүгінгі таңда медицина саласындағы қатерлі ісік ауруын емдеу, диагностикалау мен оның п р о ф и л а к т и к а с ы н ы ң за манауи тəсілдері пациенттің толыққанды, əсіресе, аурудың ерте кезеңінде жазылып кетуін қамтамасыз етіп отыр. Қатерлі ісік ауруын алдын алу мен ерте диагностикалаудың тиімді тəсілі – ең алдымен халықты профилактикалық медициналық тексеруден өткізу. Қазіргі таңда кезеңдік скринингтік бағдарламалар жатыр мойны, сүт бездері обырын, колоректальді обырды, асқазан мен өңеш, бауыр, қуықалды безі обырларын анықтау бойынша жүргізіледі. Осы уақытқа дейін медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды дайындауға зор көңіл бөлініп келді. Қазақ онкология жəне радиология ғылыми-зерттеу институты (əрі қарай - ҚазОРҒЗИ) жалпы практика дəрігерлері, учаскелік терапевтер мен педиатрлар үшін онкологиялық қырағылықты күшейту мен қатерлі обыр ауруларын ерте диагностикалау бойынша семинарлар өткізіп келеді. «Онкология», оның ішінде балалар онкологиясы, «сəулелік диагностика», «сəулелік терапия» мамандықтары

бойынша резидентурада дайындау жүзеге асырылуда. 2011-2015 жылдары «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен біріктірілген Қазақстандағы онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында балалар онкологиясы мен гемотологиясы, клиникалық морфология мен онкоцитология, жоғары технологиялық сəулелік терапия, ядролық медицина, радиохирургия мен брахитерапия мамандары халықаралық үздік тəжірибені меңгеру мақсатында шетелге оқуға жіберілген болатын. Жыл сайын стационарлық жəне амбулаторлық деңгейде дəрілермен қамтамасыз ету шығындарын өтеу онкологиялық аурулармен сырқаттанған адамдарды мамандандырылған емдеумен қамсыздандыру деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Стационарды алмастыру технологияларды дамыту жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.

Экстремизм мен терроризм – өзекті тақырыптар ЕЛІМІЗДІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН ЖИНАЛҒАН ЖАС САРАПШЫЛАР ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ МƏСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРДЕЛЕП, ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ, ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ƏКІМШІЛІГІ МАМАНДАРЫНЫҢ ДƏРІСІН ТЫҢДАЙДЫ. ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ БИЫЛ ҚАУІПСІЗДІК МƏСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛЫП ОТЫР. «Бұл біздің жаңа жобамыз. Биыл екінші рет өткізіп отырмыз. Жазғы мектептің мақсаты – жас сарапшылар қауымдастығымен байланыс орнату, жастарды сарапшылық қызметке баулу, саясаттану ғылымында сабақтастықты үзбей сақтау. Жазғы мектеп жас мамандарға белгілі сарапшылармен кездесіп, пікірталастарға

Санат Көшкімбаев, Данияр Қосназаров, Динара Нұрышева сынды білікті сарапшылар дəріс оқиды. Сондай-ақ, жазғы мектеп курсында танымал халықаралық сарапшылар вебинар арқылы тəжірибемен бөліседі. Олардың ішінде Chatham House сараптамалық орталығының сарапшысы Станислав Притчин, Фридрих Эберт атындағы қордың Ауғанстандағы профессоры Алексей Юсупов, София университетінің профессоры Татьяна Дронзина бар. «Шетелдік қорлар өткізетін жазғы мектептен айырмашылығы – мемлекеттік билік органдарының өкілдерін шақырып, үлкен лауазымды қызметкерлерден қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береміз. Былтыр Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері қатысты, ал биыл

қатысып, олардың еңбектерімен толық т анысу ға м ү м к інд ік б е р е д і. Б ұ д ан б өле к , осындай жобалар арқылы белсенді жастарға назар аударып, олармен болашақта жұмыс істеуіміз мүмкін. Мысалы, өткен жылы жазғы мектепке қатысқан жас маман биыл біздің институтта еңбек етіп жатыр», – дейді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин. Жас мамандарға Гүлмира Елеуова, Досым Сəтпаев, Айдос Сарым, Вячеслав Додонов,

терроризм, радикализм мəселелері алдыңғы қатарға шыққаннан кейін шетелдік сарапшылар, сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік кеңесі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Президент Əкімшілігінің жауапты қызметкерлері келіп, өз көзқарасымен бөліседі», – деді Е.Қарин. Комиссияға Қазақстан жəне Орталық Азия елдерінен барлығы 100-ге жуық өтініш келіп түскен. Олардың ішінен комиссия мүшелері 20 жас сарапшыны іріктеп алды. Жазғы мектеп 8-12 тамыз күндері өтеді.

Астаналықтарға арналған қосымша ХАБАРЛАНДЫРУ ІЛЕТІН КҮН АРТТА ҚАЛАДЫ. ЕНДІ АСТАНАЛЫҚТАР СУДЫҢ ҚАШАН АЖЫРАТЫЛЫП, ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАШАН ЖҮРЕТІНІ СЕКІЛДІ ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ БІЛЕ АЛАДЫ. Бұл елордалық бағдарламашылар ойлап тапқан тың жоба. Ол бірінші кезекте пəтер иелері кооперативінің жұмысын жеңілдетеді. Қосымшада сіз тұратын аумақта қандай балабақша, дəмхана бар екеніне дейін көрсетіліп, тұрғын үй кешеніндегі соңғы жаңалықтар енгізіледі. Тіпті, лифтте тұрып

қалсаңыз, қызмет көрсететіндердің нөміріне дейін жазылады. Жоба авторлары бұл арқылы адамдардың уақытын үнемдеп, əрдайым хабарда болуларын қамтамасыз етуді көздеген. Қосымша қыркүйектен бастап іске қосылады. Егер, сəтті жүзеге асса, онда өзге қала тұрғындары да қолданады деп жоспарланып отыр. Жоба авторы, Əлібек Хайруллин: – «Күнделікті тұрмысымызды жеңілдету үшін жасалып жатқан дүние. Бұған өзіміздің қаражатымызды құйып, екі жыл уақыт жоғалттық. Қыркүйек айынан бастап бастан-аяқ кірісетін боламыз. Сол кезде бізге халқымыз риза болады деп үміттенеміз», – дейді.

«Дарын» жастар сыйлығы өз иесін іздейді ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 2016 ЖЫЛҒЫ 12 ҚЫРКҮЙЕК ПЕН 14 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА «ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТIК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАДЫ. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жемiстi ғылыми, шығармашылық жəне қоғамдық қызметi үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында екі жылда бір рет түрлі аталымдар бойынша берiледi, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметінен. Өтінімдер қабылдау аяқталған кезде 29 жасқа толмаған, халықаралық жəне республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ, қызметі инновациялық болып табылатын жəне тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар сыйлық алуға үміткер болады. Əр жылдарда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына Серік Сəпиев, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Арын Орсариев, Мейрам Бегентаев, Ғалым Ахмедьяров, Сара Тоқтамысова, Махат Садық, Ринат Кертаев, Дихан Қамзабекұлы, Досымжан Таңатаров, Айгүл Иманбаева сияқты белгілі талантты тұлғалар, «Муз АРТ», «Жігіттер», «Ұлытау» топтары ие болды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойынша беріледі (саны 10): ғылым, əдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн жəне бейнелеу өнері, эстрада, театр жəне кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет. Сыйлық бір уақытта бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін, бұл жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты қайта беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды. Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi. Орталық, жергiлiктi жəне өзге де мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар уəкiлеттi органға мынадай құжаттарды: қолдаухат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтаманы қағаз жəне электрондық түрде жібереді. Сыйлық беру туралы шешім Қазақстан Республикасының Үкіметі оны қабылдаған кезден бастап күшіне енеді. Сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылады, марапаттау рəсiмi Қазақстан Республикасының Тəуелсiздiк күнiне орайластырылады. Сыйлық алған адамдарға «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты» атағы берiледі, диплом, омырауға тағатын белгi жəне ақшалай сыйлық табыс етiледi.

Ақылы жолдар бекеті АҚЫЛЫ ЖОЛДАР БЕКЕТІНЕН ТОҚТАУСЫЗ ӨТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҚАРАСТЫРЫЛУДА. 2013 ЖЫЛЫ БОРТТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ – ТРАНСПОНДЕРЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА ЕНГІЗІЛДІ. Егер транспондерді пайдалану кезінде құрылғы үшін кепілдік құнын (3 971 теңге) төлеу жəне қосымша техникалық қызмет көрсету қажет болса, ал қазіргі кезде көлік құралының мемлекеттік нөміріне арналған теңгерімді толтыру технологиясы жұмыс істеп тұр. Бұл жол ақысын төлеудің ең ыңғайлы жəне тиімді тəсілі болып табылады. Бүгінде теңгерімді елді мекендерде, жанар-жағармай құю стансаларында жəне т.б. толтыруға болады. Алдағы уақыттарда көлік құралын ең жоғары сəйкестендіруді жəне ақы алу бекеті арқылы тоқтаусыз өтуді қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, пассивті RFID белгілері инновациялық технологиясын енгізу қарастырылуда. Астана-Щучье ақылы жол бөлігінде қозғалыс жолақтарының өткізу қабілетін арттыру жəне жол кептелісін болдырмау үшін 2015 жылдың күзінен бастап алдын ала төлем негізінде жұмыс істейтін жолақ іске қосылған. Бұл жолақтың мəнісі – əрбір қолданушы ақылы бөлікке шығардан бұрын қаланың, сондай-ақ, мемлекетіміздің кез келген нүктесінен QiWi, Касса 24 төлем жүйелері арқылы алдын ала төлем жасау мүмкіндігіне ие болып табылады, бұл ақылы бекет арқылы өту уақытын айтарлықтай қысқартады. «Сондай-ақ, «KaspiBank» АҚ, «Теңге» жəне Киберплат төлем жүйелерінің көмегімен терминалдар саны көбейтілетін болады. Қолданушы алдын ала төлем жасамаған жағдай үшін Дирекция «Мобильді кассир» сервисін қарастырған. Бұл сервистің көмегімен қолданушы көлік құралының шотын ААП-ға (ақы алу пункті) кірген кезде толтыра алады», – дейді компания өкілдері. Статистикаға қарасақ, 2015 жылдың жаз маусымында жол ақысы үшін алдын ала төлем жасаған көлік құралдарының саны 263 болса, 2016 жылы 2105 автокөлікті құраған.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №58 (4224),№ сейсенбі, 9.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

3

ТӘЖІРИБЕ

ҚОРҒАСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ЖАҢА ҚОНЫСҚА КӨШТІ «Қорғас» орталығы – екі елдің шекаралық сауда-экономикасын, ғылыми-техникалық ынтымақтастығын дамыту мақсатында Қазақстан мен Қытайдың ел басшыларының қолдауымен құрылған жоба. Бүгінде орталық айтарлықтай маңызы бар сауда алаңына айналған. «Қорғас – Шығыс қақпасы» құрғақ портының ашылуында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз Қытай мен Каспий теңізі тауар айналымының артуына байланысты «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портына үлкен үміт артамыз. Қорғас – мемлекетаралық орталығы уақыт өте келе дамып, Қазақстанның үлкен қалаларының қатарына қосылады деп сенемін. «Қорғас – Шығыс қақпасы» – бұл Қазақстанға тауарлар Шығыстан контейнерлер арқылы келе алатын Қазақстан логистикасындағы маңызды бекет болмақ. Бұл жеткізу ұзақтығының қысқаруы жəне біздің елдің жаңа бастамасы», – деген болатын. Осыған орай 2011 жылы аталған орталықтағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тəртібін сақтау үшін Алматы облыстық ІІД-нің ішкі резерві есебінен «Қорғас» полиция бөлімі ашылған болатын. Бөлім ашылған кезде поли-

е-mail: nastraje@mail.ru

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы облысы

ЖУЫРДА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ҚАРАСТЫ «ҚОРҒАС» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ШЕКАРАЛАС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУМАҒЫНДА «ҚОРҒАС» ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ.

ция қызметкерлерінің штаттық саны 25 болса, бүгінде бұл көрсеткіш 75-ке жетті. «Қорғас» полиция бөлімінің жаңа ғимаратында жеке құрамның өнімді жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Жедел басқару орталығына орталықтың барлық нысандарын

қамтитын бейнебақылау камералары орнатылған. «Орталық еркін экономикалық аймақ болғандықтан қолданыстағы заңдар мен келісім талаптарының орындалуын қатаң қадағалау қажет. Сондықтан да «Қорғас» полиция бөлімінің жеке құрамына жүктелген міндет зор. Бұл орталықта сіздер əртүрлі санаттағы адамдармен бетпебет келесіздер. Сіздердің басты міндеттеріңіз – нормативтік-құқықтық актілер мен заң талаптарын сақтау, шетелдіктермен қарым-қатынас кезінде дипломатиялық қабілет таныту», – деді жаңа ғимараттың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Алматы облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов. Салтанатты жиын барысында облыстың бас полицейі Панфилов ауданында қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға көмек көрсеткен азаматтарға алғыс хаттар табыс етті.

Кəсіби шеберліктің өсуі – заңдылық Марат СЫЗДЫҚОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

«СҚО ТЖД ӨС ЖƏНЕ АҚЖҚ» ММ КƏСІБИ ДАЯРЛЫҚ МЕКТЕБІНДЕ 2016 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕДЕН БАСТАП 29 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА ЖАҢАДАН ҚАБЫЛДАНҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР «ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР» САНАТЫ БОЙЫНША КУРСТЫҚ ОҚУДАН ӨТТІ. Кəсіби даярлық мектебінің командалық-оқытушылық құрамы тыңдаушылардың білімдерін тексеру, аралық бақылауы, сонымен қатар бөлімшелерде жеке дайындықтан өту сапасын анықтау мақсатында, сондай-ақ кəсіби даярлық мектебіндегі алғашқы, орта кезеңі мен оқудың соңындағы білімдерін салыстыру үшін бітіру емтиханын өткізді. Оқу жылы ішінде курстық дайындықтың бағдарламалық материалдарын түлектер толық көлемде оқып-үйренді. Оқу 307 сағаттық бағдарламада өтті, оның 159 сағаты сыныптық-топтық жəне 125 сағат тəжірибелік сағат болды. Мектеп оқытушылары болашақ мамандарда жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттерді, патриоттық тəрбиені қалыптастыруға, кəсіби шеберлік дағдыларын шынықтыруға, нақты айтқанда, жан-жақты кəсіби сапасы, терең теориялық жəне тəжірибелік дайындығы бар, білікті маманды дайындауға ұмтылады. Курстық дайындықтың қорытындысы бойынша өзінің кəсіби білімін арттыруына ұмтылысы, оқуға деген ынтасы жоғары тыңдаушылардың есімі ерекше аталды. Азаматтық қорғау органдарының даму заңдылықтарының бірі – қызметкерлерінің кəсіби шеберлігінің өсуі. Тəжірибе көрсеткендей, азаматтық қорғау органдарының жедел қызметтерінің нəтижелері əр адамның кəсіби дайындығына, əр қызметкердің өзінің сана-сезімін жүйелі түрде жетілдіруіне, қызметтік борышын орындау үшін жеке жауапкершілік сезіміне тəуелді.

АЙМАҚ

«Денсаулық» пойызы Оңтүстік Қазақстанға келді

«ДЕНСАУЛЫҚ» ЕМДЕУ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ. ОСЫ ӨҢІРДІҢ МОНТАЙТАС, ЛЕНГІР, ТОҒЫС ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЕМДІК КӨМЕККЕ ЖҮГІНУДЕ ҮЛКЕН БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ. «Денсаулық» пойызында ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Апат медицинасының теміржол ауруханасы» АҚ Шымкент филиалының кəсіби дəрігерлері қызмет көрсетті. Мамандардың қатарында: терапевт, педиатр, невропатолог, гинеколог, кардиолог, окулист, хирург, маммолог, стоматолог, функционалды диагностика дəрігері, УДЗ дəрігері, эндоскопист, рентгенолог бар. Халықты қабылдау, диагностикалық тексеру, зертханалық сараптама, стоматологиялық көмек тұрғындарға тегін көрсетіледі.

ҚҰҚЫҚ

«Қару» – қылмыстың алдын алу ТАЯУДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА АТЫС ҚАРУЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ, ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН АТЫС ЖƏНЕ ТРАВМАТИКАЛЫҚ ҚАРУДЫ АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «ҚАРУ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ. Шара барысында полиция қызметкерлері арнайы рейдтік жұмыстар жүргізді, «Тіркелген қару» есебінде тұрған қаружарақтардың иелері тексерілді. Тексеру барысында заңсыз айналымнан барлығы 16 қару, оның ішінде 14 тегіс ұңғылы жəне 2 травматикалық тапанша тəркіленіп, қаруды сақтау, алып жүру ережелерін

бұзғаны үшін 163 қару иесіне хаттама толтырылып, əкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде, ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабы бойынша, азаматтық қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін 146 қару иесі, 486-бабы бойынша азаматтық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) тəртібін не оны есепке қою тəртібін бұзғаны үшін 17 қару иесі əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, атыс қаруын сақтау, тасымалдау тəртібін бұзғаны үшін ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған 65 атыс қаруы тəркіленді. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ

ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЕНГІЗІЛМЕК Жуырда құрылған «Жолаушыларды тасымалдаушылар одағы» қоғамдық бірлестігі жолаушыларды тасымалдау саласындағы қызметті тəртіпке келтірмек. Енгізілген жаңашылдықтардың бірі – такси қызметіне орналасу мүмкіндіктеріне жəне жолаушылар тасымалдайтын көліктердің техникалық жағдайына мониторинг жүргізу. Техникалық жағдайы талаптарға сəйкес болатын көліктердің алдыңғы жəне артқы терезелеріне арнайы белгі бекітілетін болады. Бұл такси жүргізушілеріне арналған жаңа эмблема. Ол арқылы жүргізушінің көлігі ғана емес, құжаттарының да ретке келтірілгенін аңғаруға болады. Ал жолаушылар болса сенімді əрі техникалық жағдайы дұрыс автокөлікті шақыруға мүмкіндік алады. «Біз бұл белгілерді жол-патрульдік полициясымен келісе отырып бердік. Белгілерді бекітіп алған жүргізушілердің өзге жүргізушілерден еш артықшылығы жоқ. Арнайы белгілер құжаттары жөнге келтірілген жүргізушілерге айына бір рет, яғни, жолаушыларға арналған сақтандыру полисі, техникалық байқаудан өтуі туралы құжат, салық органынан анықтама, борттық журналы бар болған жағдайда беріледі», – деп нақтылады «Жолаушыларды тасымалдаушылар одағы» ҚБ төрағасы Əмір Баязитов. Мұндай қоғамдық бірлестіктің жəне полициямен келісе отырып жасалған арнайы белгілердің енгізілуі Қазақстан

«ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІМЕН БІРЛЕСІП ҚАЛАДАҒЫ ТАКСИ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЕНГІЗУДЕ. БҰДАН БЫЛАЙ ҚҰЖАТТАРЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛГЕН ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ КӨЛІКТІҢ ШЫНЫСЫНА ТАҒЫЛАТЫН АРНАЙЫ ТАНУ БЕЛГІСІ БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ.

Пойыз өзінің Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы жұмысын Түлкібас ауданынан бастады. Пойыздың вагондары барлық диагностика кешендерін жүргізетін жəне ауруларды емдейтін қазіргі жаңа клиникалық-диагностикалық, аспаптық жəне рентгенологиялық жабдықтармен жабдықталған, сонымен қатар, онда ішкі амбулаториялық операциялар жасалады жəне стоматологиялық көмектер көрсетіледі. Медициналық по йыз екі əлеуметтік маң ызды мəселелерді ш еш уге көмектеседі: көпшілікке қолжетімді медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз ету жəне қай жерде емделгеніне қарамастан ауруларға бірыңғай жоғары сапалы медициналық көмек көрсету. «Денсаулық» пойызына 2016 жылғы 21 шілде – 1 тамыз аралығында жалпы 22544 аймақ тұрғыны келіп, 1600-і дəрігерлік тексеруден өткен. Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

АКЦИЯ

Теміржол – темірдей тəртіп ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ ЖƏНЕ ҰСАҚ ҚЫЛМЫСТЫ БОЛДЫРМАУ, ЖИІ ТІРКЕЛЕТІН ЗАҢСЫЗДЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ, ЕСКЕРТУ МАҚСАТЫНДА ПЕТРОПАВЛ СТАНСАСЫНДАҒЫ ІІЖБ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАТЫН УЧАСКЕДЕ «ТЕМІРЖОЛ – ТЕМІРДЕЙ ТƏРТІП» АКЦИЯСЫ ӨТТІ.

қалаларының ішінде алғашқы болып Петропавлда қолға алынды. Облыстық ІІД басшылығы одақтың жұмысы тиімді болуы үшін оларға қолдау ретінде қалалық ЖПҚ жол-патрульдік полициясы батальонының ғимаратында жұмыс кабинетін бөлді. Міне, осы жерде жиырмаға жуық такси жүргізушісіне алғаш болып стикерлер таратылды. Мұндай қадам такси жүргізушілері тарапынан оң қолдау тапты. «Жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші орында болуы қажет. Жолаушы

өзіне, өзінің балаларына уайымдамайтын болады. Мысалы, кейбір кездері үлкендер балаларын отырғызып жіберіп, оны мектепке дейін жеткізіп салуды өтінеді. Осылайша, азаматтар сеніммен қарай алады», – деп пікірімен бөлісті такси жүргізушісі Сергей Захаров. Эмблемалар бір ай бойы жарамды. Демек, келесі белгілер қыркүйек айының бас кезінде беріледі. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Акцияның 7 күні ішінде əкімшілік құқық бұзған 45 тұлға ұсталып, тіркелді, оның ішінде 16 (қоғамдық орындарда қоқыс тастау) ұсақ тəртіпсіздік, шетел азаматы көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін – 3, тиісу бойынша – 1, рұқсат етілмеген жерде сауда-саттық жүргізу бойынша – 1, қоғамдық орында ішімдік ішіп ұсталғандар – 1, теміржол бойын белгіленбеген жерден кесіп өту бойынша – 23 дерек анықталып, бұл заңсыздықтар бойынша əкімшілік хаттамалар толтырылды. Осы ақцияның өту барысында күнделікті рейдтік іс-шаралар да өткізілуде. Сонымен қатар, бөлім басшылығының қатысуымен Оңтүстік Орал теміржолы «Петропавл бөлімшесі» ұжымымен қоғамдық орындарда тіркелетін ұсақ құқық бұзушылықтарды болдырмау тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Теміржол вокзалдарында, жолаушылар пойыздарында радио байланысы арқылы тəулік бойы осы акцияның мақсаты жайлы ақпараттар да таратылды. Петропавл көліктегі теміржол колледжі студенттері алдында «Теміржол – темірдей тəртіп» жəне «Құқық бұзушылыққа жəне тəртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» тақырыбына кездесулер өткізіліп, басқосулар барысында нөлдік төзімділік қағидатының басты міндеттері түсіндірілді. Петропавл, Булаево жəне Смирнов стансаларының теміржол вокзалдары маңында тұратын тұрғындар арасында 3 кездесу өтті. Сонымен қатар, акция кезінде Петропавл стансасындағы теміржол вокзалында халық арасында жаднамалар таратылды. Петропавл стансасындағы ІІЖБ


4

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ №58 (4224), № сейсенбі, 9.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

КЕЗДЕСУ

ЫҚПАЛЫ МОЛ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы облысы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАҚЫН ШЕТЕЛДЕРДІҢ ІШІНДЕ ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШУ ЖƏНЕ ЫСТЫҚКӨЛ ОБЛЫСТАРЫМЕН ШЕКТЕСЕДІ. ТӨСКЕЙДЕ МАЛЫ ҚОСЫЛҒАН ЕКІ ЕЛДІҢ АЛЫС-БЕРІСІ МЕН БАРЫС-КЕЛІСІ ДЕ ЖИІ. ОСЫ ОРАЙДА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ ДА ШЕКАРАЛЫҚ АЙМАҚТАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС МƏСЕЛЕЛЕРІН КӨРШІЛЕС ƏРІПТЕСТЕРІМЕН БІРЛЕСІП ШЕШУДІ ДƏСТҮРГЕ АЙНАЛДЫРҒАН. Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының тəртіп сақшылары өткен жылы Алматы облысының аумағында осындай ынтымақтастыққа толы кездесу өткізсе, биыл Қырғыз Республикасының Шолпан ата қаласында екі елдің тəртіп сақшылары біріккен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісімнің негізгі бөлігі қылмыскерлерді ұстау, із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру, заңсыз көші-қон арналарын анықтау, есірткі бизнесіне, мал ұрлығына жəне ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске арналған. Сондай-ақ, кездесу барысында деструктивті ағымдар мен экстремистік ұйымдардың өкілдерін анықтауға қарсы бірлесіп əрекет етуге бағытталған мəселе де жан-жақты талқыланды.

«Қылмыскерлер үшін шекара да, заң да тосқауыл болмайтыны белгілі. Сондықтан да біздің бүгінгі кездесуіміз маңызды мəселелерді толыққанды шешетін кездесу болуы керек. Террористік актілердің қоғам дамуына тигізетін кері əсері бəрімізге белгілі. Əсіресе, соңғы уақытта Қазақстанда орын алған қанды оқиғалардан кейін біздің ынтымақтастығымызға жаңа бағыт қажет. Өйткені, тұрғындар ішкі істер органдары қызметкерлерінен табанды əрекеттер күтуде», – деді кездесу барысында Алматы облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры М.Ұрұмханов. Екіжақты кездесу кезінде талқыланған тағы бір мəселе – мал ұрлығы. Төскейде малы қосылған екі ел үшін де мал ұрлығының алдын

ШАРА

Тату үйде береке болады Гүлнəзира МҰХТАРОВА, Атырау облысы ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ӨҢІРЛІК ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНА ТҰРМЫСТА ЖƏБІР КӨРГЕН 200-ДЕН АСТАМ ƏЙЕЛ АРЫЗДАНЫП КЕЛГЕН БОЛСА, ТЕКСЕРУ БАРЫСЫНДА 146 АРЫЗ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛЫП ОТЫР. Жалпы ішкі істер органдарының қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қарымқатынас саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында жүргізген түрлі шаралар барысында 1200-ге жуық əйелге қатысты жасалған құқық бұзушылықты анықтаған. Бұл деректердің бəріне Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы, яғни, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы əрекеттер бойынша хаттамалар толтырылып, шара қабылданды. Ішкі істер органдарындағы сенім телефондарына қоңырау шалып, мамандардың кеңесіне жүгінген қыз-келіншектердің басым бөлігіне заңгерлер мен психологтар кеңес берген.

алуда, ашуда бірлесіп жұмыс істеудің маңызы зор. Ашық əңгімеге арқау болған осы мəселені талқылау кезінде мал ұрлығының артында екі елдің де ұйымдасқан қылмыстық топтары тұрғаны айтылды. «Өткен жылы біз Қазақстанда болып, екіжақты келісімге қол қойған болатынбыз. Соның айтарлықтай жемісі – бүгінде мал ұрлығына қарсы күрестің жаңа деңгейге көтерілгені. Бүгінде Қазақстан мен Қырғыз Республикаларының шекаралас төрт ауданында да бірлескен топтар құрылып, жағдай толықтай бақылауға алынған. Осындай іс-қимылдың нəтижесінде Қырғыз Республикасының аумағында мал ұрлығымен айналысып жүрген топтар мен олардың басшылары Қазақстан аумағында ұсталды», – деді Шу облысы Кемин аудандық Ішкі істер басқармасының бастығы Азамат Иманғазиев. Қазақстан аумағында Қырғыз Республикасының мемлекеттік нөмірімен жүретін автокөліктер тарапынан əртүрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол берілетіні жасырын емес. Осыған орай, Алматы облысының бас полицейі Мұрат Ұрұмханов тек қауіпті қылмыскерлерді ғана емес, автокөлік құралдары мен олардың иелері туралы ақпарат ендірілетін бірыңғай

деректер базасын құруды ұсынды. Екі елдің бірігіп күресуі қажет тағы бір қылмыс түрі – есірткі тасымалы. Соңғы бірнеше жылда «бақылаудағы жеткізілім» арқылы екі жақтың біріккен күшімен 27 келі героин мен 10 келіден астам гашиш тəркіленіпті. Əріптестер кездесуінде алдағы уақытта бұл əрекетті жандандыру қажеттігі де сөз болды. Алайда, есірткі саудасының алдын алуда да өзіндік проблема бар. Есірткі бизнесіне қарсы күрестегі негізгі бағыт – есірткі саудалаушыларды, яки, есірткі саудасының көзін анықтау болса, Алматы облыстық Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедовтың айтуынша, мұндай маңызды жұмысты атқаруда ақпарат алмасуға кедергі келтіретін жайттар да кездеседі екен. «Мысалы, бізге Қырғыз Республикасының милиция қызметкерінен ақпарат түседі. Біз дереу ізге түсуіміз керек. Бірақ жолға шығуды рəсімдеуге Қазақстан жəне Қырғыз Республикаларының Ішкі істер министрліктерінен рұқсат керек. Оған біршама уақыт кетеді, – дейді Қ.Мұхамедов. – Алынған ақпарат бойынша тез арада жұмыс істеу үшін осы мəселені реттеу қажет». Келісім кезінде халықаралық терроризмге қарсы тұру мақсатында

ЕРЛІК САБАҒЫ

ЕЛ СЕНІМІН ЕР АҚТАР Əділет САРЫБАЕВ, Алматы облысы

ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫ, ӨМІРІ МЕН СЕНІМІ – ҚАШАННАН ҚАСТЕРЛІ ТҮСІНІКТЕР. ЕНДЕШЕ, ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗЫП, СЕНІМІН БҰРМАЛАУДАН, ӨМІРЛЕРІН ҚИЫП, ӨКСІТУДЕН АРТЫҚ ҚАСІРЕТ ЖОҚ. АҚТӨБЕ ЖƏНЕ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒАЛАР ДƏЛ ОСЫ ТЫНЫШТЫҚ, ӨМІР, СЕНІМ ДЕЙТІН КИЕЛІ ТҮСІНІКТЕРДІ БАСҚА ТЕУІП, ЕЛ ІШІНЕ БҮЛІК САЛҒЫСЫ КЕЛГЕН ЖАТ ПИҒЫЛДЫҢ БАРЫН АҢҒАРТТЫ.

Атырау облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің əйелдерді зорлықзомбылықтан қорғау тобы облыс əкімі жанындағы əйелдер істері жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі комиссиямен тығыз байланыста жұмыс істейді. Комиссияның қолдауымен тəртіп сақшылары «Шаңырақ-2008», «Ақпарат», «Төртінші билік» журналистер қауымдастығы» үкіметтік емес ұйымдарымен де бірлесіп, бірқатар шараларды қолға алып келеді. Сонымен қатар, топ сақшылары департаменттің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, адам саудасына жəне трафигіне қарсы қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау мақсатында түрлі іс-шара жүргізіп, соның нəтижесінде 10 фактінің беті ашылып отыр. Бұл деректердің төртеуі «Кəмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту», яғни, ҚР ҚКнің 135-бабына қатысты. Ал, Қылмыстық кодекстің 308-бабы – «Жезөкшелікпен айналысуға тарту» бойынша 1 деректің ақ-қарасы анықталды. Қазіргі таңда осы анықталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жүргізілуде. Өңірде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша заңнамаларға жаңадан енгізілген нормаларды халыққа жеткізу бағытындағы жұмыстар да оң жолға қойылған. Облыстағы жоғары, орта арнайы оқу орындары мен орта білім беру мектептерінде, үкіметтік емес ұйымдар арасында осы тақырып төңірегінде дəрістер, əңгімелесулер ұдайы ұйымдастырылады. Мемлекеттік органдармен бірлесіп жыл басынан бері 24 шара, атап айтқанда, конференция, брифинг, семинар, тренингтер өткізілген. «Кəмелеттік жасқа толмағандардың ерте жастан жүкті болуы, оның алдын алу мəселесі» туралы жергілікті атқарушы орган өкілдері, облыс əкімі жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық комиссия мүшелері, дағдарыс орталығы мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг, «Жеке жəне отбасылық келіспеушіліктерге жол бермеу» тақырыбында семинар, «Əйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Зорлыққа жол жоқ, бақытты болуға лайықпыз» атты дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, қатысушылар тарпынан қойылған сауалдарға заң шеңберінде жауаптар берілді. Мамыр айында қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің Əйелдерді зорлықзомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері қаладағы Гагарин атындағы №4, №28 мектептерінде болып, педагогтар арасында отбасы, тұрмыстық салада кездесетін келеңсіз жағдайлар, олардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сауалнама таратты. Тəртіп сақшылары отбасында зардап шеккен əйелдерге құқықтық кеңес беріп, керек болған жағдайда Дағдарыс орталығына орналастыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Шаңырақтарын шайқалтпаймын деп, көбіне көрген қиындығын іште бүгіп қалуды жөн санайтын нəзік жандарға қолұшын созу, кеңес беру бағытындағы жұмыстар департамент басшылығы тарапынан ұдайы бақылауда тұрады.

шекаралас облыстардың полицейлері үшін тəжірибе алмасу курстарын ұйымдастыру туралы шешім қабылданып, көлік құралдарының кіруі мен шығуын жəне əкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бақылау жасау бойынша бірыңғай деректер банкін құру туралы құжаттарға қол қойылды. Жұмыс кездесуіне Ыстықкөл облысындағы Қырғыз Республикасы Үкіметінің өкілі, Шу жəне Ыстықкөл облыстық ІІБ қызметтерінің жетекшілері жəне Алматы облыстық ІІД басқармаларының басшылары қатысты. Екі республиканың тəртіп сақшылары қылмыстың алдын алуға бағытталған мəселелер жайлы пікір алмасып қана қоймай, бір-біріне құрмет те көрсетті. Атап айтқанда, Алматы облыстық ІІД бастығы М.Ұрұмханов табысты ынтымақтастығы үшін Қырғыз Республикасының екі милиция полковнигінің өңіріне медаль тағып, бірқатар əріптестеріне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырды. Қырғыздың тəртіп сақшылары да жетісулық полиция қызметкерлеріне атақты «Манас» қырғыз эпосы кейіпкерлерінің бейнесі салынған дəстүрлі сыйлықтар жасап, қырғыз елінің тарихынан сыр шертетін «Рух-Ордо» этнокешеніне экскурсия ұйымдастырды.

Жақында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6654 əскери бөлімінің жеке құрамына Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Мұқаметқали Сатов Ақтөбе ж ə не Алмат ы қ ала сында бо лған оқиғаларға байланысты батырлыққа баулу сабағын өткізді. Офицерлер, келісімшарт негізінде қызмет етуші жауынгерлер мен сарбаздар құрамы аталған жиыннан рухани қуат пен мұқалмас жігер, қайнаған қайрат алды. Өз сөзінде Мұқаметқали Сатов: «Бүгінгі күнде əлемде жат пиғылды діни ағымдар кесірінен терроризм, экстремизм дейтін құбыжық ұғымдар қалыптасты. Бұл адамзат үшін айтпай келген апаттан да, үнсіз жұққан індеттен де қауіпті – адамдардың адасуы себебінен туындап отырған жамандық. Мысыр мемлекеттері, Еуропа елдері жалпы əлем болып жауыздық көрген бұл кесір елімізге де енбек ниетте. Алайда, біз бен сіз аталған құбыжықты ел шекарасынан аттатпау тұрғысында, аттаған күнде де алшаңдатып жүргізіп қоймай тез арада тезге салып, көзін жою тұрғысында алғы шепте əрекет етуші əскери ант пен ел сенімін арқалаған жандар болып табыламыз», – деді. «Қазақстан бүгінде Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында əлемге танылған, тіпті, əлемнің алпауыт мемлекеттері халықаралық саясат сахнасында санасып отыратын, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін өгейсітпей өзіндей көріп, бауырына басқан, даму бағыты даңғыл əрі айқын, азат та ғажап ел. Ендігі, «Мəңгілік Ел» тұғырына бағыт ашқан бақыттың құтты қонысы. Алайда, Ақтөбе жəне Алматы қаласында болған қайғылы оқиғалар бізге жауапкершілікті арттыра отырып, əскери істі өз деңгейінде

меңгеру қажеттігін меңзеп отыр. Осы тұрғыдан алғанда сіздер «Мен қызметімді дұрыс таңдадым ба?» деп ойланыңыздар. Өйткені, халқымыз бізді қорғайды деп бізге зор сенім, мол үміт артып отыр. Ислам дінінде егер де үйіңе əлдекім қару алып кіріп, ар мен абыройыңа тиісетін болса, онда сенің соғысуға хақың бар екендігі айтылса, Отанын қорғамай соғыстан қашқан жанның жазасы да Алла тарапынан ауыр болатындығы айтылған. Алайда, қолыңа қару алып, көшеде көрінгенді өлтір деп айтылған емес. Бұл меніңше ешбір дінде жоқ нəрсе. Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың есімін жауыздықтың ұраны жасау күллі мұсылмандар үшін қасірет болса керек. «Шынайы мұсылман – тіл іне н де , ə ре ке тіне н де е ш бір адам зиян көрмеген жан» – деп, адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өз хадисінде өсиет те қалдырды. Ендеше, қару алып, жазықсыз жандарға оқ атқан опасыздар мұсылман дегенге ауыз бармайды. Ислам сөзі «бейбітшілік»,

«мейірім» деген ұғымды білдіреді. Ал, еліміздің еңсесін езіп, үлкен үрей туғызған бұл оқиғалар адасқандардың ісі», – деді ол. Ақтөбе қаласындағы 6655 əскери бөліміне экстремистік топтың шабуылы кезінде қаза болған Ұлттық ұлан жауынгерлері Досбол Сапар, Берік Қалиев, Даниэл Майлыбаев турасында да толғана сөз еткен Мұқаметқали Сатов олардың ерлігін егжей-тегжей кеңінен баяндап, көпшілікке үлгі етті. Сондай-ақ, шейіт болған жандардың жақындарына да ерекше қамқорлық көрсетілгенін айтты. 6654 əскери бөлімінің жеке құрамы бұл отырыстан кереметтей əсер алып, ел мен жер, бейбітшілік ұғымдарына жаңаша көзқарас, өзгеше өріс ашып, қауіп төнсе қаймықпай қарсы тұруға, əскери істі өз деңгейінде меңгере біліп, тек ел тыныштығы жолында қолдануға міндет пен зор жауапкершілік артты. Отанды қорғау – аса мəртебелі мамандық екендігін тағы бір танығандай болды. Əскери бөлім командирі Константин Қуатов, по лк сержанты Дания р Жабаев, тəрбие жəне əлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше бастығы майор Айдын Ахметов Ақтөбе жəне Алматы қалаларында жұрттың жағасын ұстатқан қанқұйлы оқиғалар турасында ойларын айтып, жеке құрамға кез келген жағдайда батылдық таныту – ең басты қару болып табылатындығын жеткізді.


АЗАМАТТЫҚ ҮН №58 (4224),№ сейсенбі, 9.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

5

ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ƏЛЕМ Елбасы Н.Назарбаев 2014 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мəңгілік Елді басты бағдар етіп, тəуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. «Məңгілік Ел» – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры!» деген болатын. Шынайы ізденіс қана қуатты серпіліске себеп бола алатынын Президент халыққа арнаған «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында дəлме-дəл дəлелдеп, Қазақстан жолының ортақ мақсаты, мүддесі, болашағы қандай нəтижемен түйінделетінін, ең кереметі – қандай ел құрумен тиянақталатынын түсіндіріп, жаңа дəуірдің кемел келбетін сомдады. Қазақ хандығын құрудан басталған қасиетті борыш «Мəңгілік Ел» идеясына негіз болып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне жол ашатын тың серпіліске бастады. Мəңгілік Елдің негізгі тірегі – қазақ тілі. Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдық мерейлі сессиясында Елбасы əлемнің ең беделді жиынының мінберінен ана тілімізде сөйлегені елдің еңсесін бір көтеріп тастаған болатын. Мəңгілік Елдің мəңгілік тілі ұлт абыройын асқақтататынын Елбасы осылай дəлелдеді. Мəңгілік Елдің мəнісі тереңдей түспек, мұнда Қазақ ұлты ұлыстардың ұйытқысы болуы тиіс. Көпұлтты Қазақстанның бүгінгі алған асулары мен қол жеткізген биігінің бастауы – бейбітсүйгіш халқымыздың қонақжайлығы мен кішіпейілдігі, төзімділігі мен еңбекқорлығы, елімізді мекендейтін əртүрлі этностардың қазақтың дəстүрлі құндылықтарын қадірлеген өзара дос пейілдігі секілді асыл қасиеттері. Көне түркілер аңсаған «Мəңгілік Ел» – бүгінгі біздің түсінігіміздегі мемлекет. «Мəңгілік Ел» идеясын жаңғырту арқылы Қазақ мемлекеті өзін ежелгі Ұлы Даланың мұрагері, көне ұлттық дəстүрлердің жалғастырушысы ретінде танытуда. Дамыған, ықпалды мемлекет құруға ұмтылу, көптің бірі болып қалмау қазіргі ұрпақтың асыл мұраты болуы керек. Себебі, қазіргі заманда тек белсенді, қуатты мемлекет қана əлемдік қатерлерге төтеп бере алатын өміршең ел болып қала алады. Қазақ хандығының 550 жылдығы тарихқа тағзым ғана емес, қазақтың жаңа сапаға көтерілуінің кезекті маңызды межесі, ең бастысы, болашақта ұлт ұрпақтарының ынтасын арттырып, азаматтардың жүрегінде

БҮГІНДЕ «МƏҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ФИЛОСОФИЯНЫҢ БІР ТАРМАҒЫНДАЙ, МЕМЛЕКЕТТІҢ САЯСИ АМБИЦИЯСЫНЫҢ ТҰҒЫРЫНДАЙ ОРЫН АЛЫП ОТЫР. ҚАЗАҚ ЕЛІ, «МƏҢГІЛІК ЕЛ» ДЕГЕН КИЕЛІ ҰҒЫМДАР УАҚЫТ ӨТКЕН САЙЫН АУЫР ТАҒДЫРДЫ БАСЫНАН ӨТКІЗГЕН ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНГІ ХАЛ-КҮЙІНЕН ХАБАР БЕРЕТІНДЕЙ.

мемлекетшілдік сезімін ұялатудың жаңа бір мүмкіндігі болды. Тарихты насихаттау, бабалардың ұлы істерін ұлықтау дегеніміз – мемлекеттілік рухын бірте-бірте ұлттық идеологияға айналдыру. «Мемлекеттілік» ұғымы тек мемлекеттік құрылым емес, мемлекеттілік дегеніміз – əр мемлекеттің дамуы мен қызметін ұйымдастыруға қажет идеялар мен көзқарастардың тұтастай жүйесі. Демек, «Мəңгілік Ел» идеясы ұлттықмемлекеттік идеяның іргетасы, елдің болашағына қызмет ететін жасампаз идея. «Мəңгілік Ел» идеясы – мемлекеттілік дəстүрі. Наурыз айының 31-і мен 1 сəуір аралығында АҚШ-та өткен саммитте Ұлт көшбасшысы Н.Ə. Назарбаев дүниежүзі жұртшылығының назарына ұсынған «ХХІ ғасыр: соғыссыз əлем» манифесі Мəңгілік Елдің тағы бір Жеңісін жарыққа шығарды. Бүгінгі таңда ядролық қауіпсіздік дегеніміз өте маңызды мəселеге айналып тұр. Дұрыстап, көңіл аударып, ден қойып саралайтын болсақ, оның екі жағы бар: бірқатар ұлы державалар, əрине, əдеттегідей дүниежүзі мемлекеттерінің алдында басымшылдық əлеуетін сақтағысы келеді. Олар – негізгі төреші саналады əрі солай болуы тиіс те. Мəселен, Тəуелсіздіктің елеңалаңында Қазақстан Республикасы өз еркімен ядролық қарудан бас тартты, ол өте дұрыс қадам саналды. Өйткені, сол 90-шы жылдары, бізге ядролық арсеналды өз орнында сақтауға қаржы болмады. Кітапханалар мен ауруханаларды жауып жатқанда одан да қымбат жəне аса қуатты мүлікті ұстап тұруға қайта құрылып жатқан

еліміздің шамасы жетпейтін де еді. Есесіне біз елді жаңғыртудың жаңа реформаларын жасауға құлшына бет алдық. Ел Президенті Н.Назарбаевтың атақты саммит үстінде əлем назарына ұсынған «ХХІ ғасыр: соғыссыз əлем» манифесі тарихи құжат ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты ретінде тіркелді. Шындығын айтсақ, əлемде ядролық қарудан бас тартқан жалғыз біздің мемлекет емес. Бірақ, тəуелсіз жас Қазақ мемлекеті ол бастаманың пайдасын көріп отыр. Ең маңыздысы – Елбасының əлем жұртшылығының назарын өзіне аударғаны – ХХІ ғасырда, яғни қазіргі жағдайда қарумен, соғыспен ешқандай да мəселені шешуге болмайды деген ақиқат идеясы. Тарихтан білетініміз, ХХ ғасыр соғыспен өтті. Одан адамзат өкілі көп ұтылды. Соғыстың үлкен-кішісі болмайды, сондықтан да бұл манифестің негізгі ұраны ол – соғыс болмасын! Елбасы жұртшылық назарына соғыс болған жағдайда оның əлемдік ядролық қырғынға айналып кетуі мүмкін деген ой тастады. Сондайақ, ол əлемде жаппай қырып-жою технологияларын үздіксіз жасап шығаруды тоқтату керек дейді. Елбасы Н.Ə.Назарбаев бұл арада философиялық негізге сүйенген. Сапар қорытындысы бойынша, əлемдік жəне еліміздегі сарапшылар айтқандай, еліміз де, Елбасымыз да дүниежүзі алдында Америка сапарынан біршама бедел жиып қайтты. Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммитте сөйлеген

СЕМИНАР-КЕҢЕС

Маңызды құжаттың мақсаттары Аталған Стратегияны талқылап жүзеге асыру шеңберінде Қостанай облысы ТЖД-де жақында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында кезекті семинар-кеңес өтті. Іс-шара департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саналы сезімін қалыптастыру мақсатында қолға алынып отыр. Кеңес жұмысына Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басшысы Ерлан Сейполдаев, департамент басқармасының бас маманы Рүстем Болат, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл Ұлттық бюросы департаментінің Штаб басқармасы басшысының орынбасары Гүлсім Садуақасова мен «Нұр Отан» партиясының Қостанай қалалық филиалы кеңесші заңгері Нұрлан Жаменков қатысты. Ұлттық бюросы департаментінің Штаб басқармасы басшысының орынбасары Гүлсім Садуақасова Қостанай облысы бойынша ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық статистикасын келтіріп, нақты мысалдарға тоқталды. Семинар қатысушыларына сыбайлас жемқорлық тергеулері туралы бірнеше бейнероликтер көрсетілді. Бұдан бөлек, Нұрлан Жаменков кеңеске қатысушыларды Қостанай облысындағы «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының орындалуы нəтижелерімен таныстырды. Жиын барысында сонымен қатар, бұл індетпен жүйелі күресудің негізгі идеялары туралы айтылды. Атап

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫНДА ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ЫМЫРАСЫЗ КҮРЕСУ АРҚЫЛЫ ҒАНА ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ. МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ БІРІГІП, БҰЛ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ТҰРУҒА МІНДЕТТІ. СЕБЕБІ, ҚОҒАМДЫҚ ДЕРТ ТЕК МЕМЛЕКЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ МЕН НƏТИЖЕЛІЛІГІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІ ТӨМЕНДЕТІП ҚОЙМАЙ, ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ТІКЕЛЕЙ ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ.

айтқанда, мамандар адамгершілік қағидаттары, адами құндылықтарды арттыру жөнінде ой-пікірлерін жанжақты білдірді. Заңның биікте тұруы, əділеттілік, ынтымақтастық, болашаққа ұмтылыс, отбасы жəне салт-дəстүр – міне, кеңесте кеңінен талқы болған ұғымдар осылар. Жалпы ТЖД жеке құрамы азаматтық қоғамның барлық институттары, мемлекеттік органдар жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мəселелері жөніндегі сарапшылармен ұдайы кездесіп, білікті мамандардың идеялары əрі ойларымен тұрақты танысып тұрады. Кеңесте сондай-ақ, 2016 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған қызмет қорытындысы бойынша Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен

қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстар туралы баяндама жасалды. Департаменттің кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Сəрсенбай Хасенов Стратегияны жүзеге асырудың басты факторларын түсіндіріп өтті. Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершіліктері туралы, сонымен бірге, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» заңы жобасының бөлек қағидалары қарастырылды. Жиналғандар бір ауыздан сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігі тек мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысына емес, əр қызметкердің жеке іс-қимылына да байланысты екенін алға тартты. Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

сөзінде Елбасымыз ХХІ ғасырдағы аса үлкен проблемалардың бірі ядролық терроризм екенін атап айтты. Ядролық терроризмнің екі түрі бар. Оның біріншісін Солтүстік Кореяның қазіргі əрекеттеріне қатыстыра айтуға мəжбүрміз. Шынтуайтында, қазіргі заманда ондай ядролық қаруды жасап шығару аса қиын да емес. Тек өкініштісі, ол елдің шағын ғана халқы бар, оның өзі аш-жалаңаш. Халықтың қарнын тойдыру үшін əлем елдері Солтүстік Кореяға қол ұшын береді, ал олар ядролық қару жасайды. Былайша айтқанда, шоқпар жинап жатыр. Осыдан кейін Вашингтондағы келісім Солтүстік Кореяға қатысты санкцияны əдеттегіден де қатайтты. Ашқұрсақ халыққа қарайласпайтынын да ескертті. Екіншіден, қазір ядролық «лас» бомба жасай салатын заман туды. Толық өңделмеген плутоний қалдығын жинап, бомба жасап, оны қолдануға болады. Ол негізінен психологиялық бомба. Көбінде елді қорқытып-үркіту үшін айтылады. Алайда, бүгінде əлемдік барлау қызметі өте күшті қызмет істейді. Ондай «лас» бомбаны жасауға да, қолдануға да жол бермейді. Тіпті,

күн туғанның өзінде ондай кешендер ғарыштан дəлдеген зымырандардың арқасында өз кешендерінде ойраны шығып, көміліп қалады. Міне, осы мəселені Елбасы меңзеген болатын, яғни, соның алдын алу шарасы. Кезекті саммиттің Қазақ елінде өтуін қолдаған жұртшылықтың дауысы басым. Демек, біздің елді тыңдайтын əлем жұртшылығы бар деген сөз. Себебі, Мəңгілік Елдің адамзат алдында ары таза, ядролық қарудан ойланбастан бас тартқан бірден-бір мемлекет. Ядролық отынды сатуда Қазақстан дүниежүзінде кейде бірінші орын алады. Өкінішке қарай, əлемде уранның бағасы төмендеп барады. Оны саудалау ісінде де біздің мүмкіндіктеріміз алда, тəжірибеміз жоқ емес. Мəселен, қарапайым тілмен айтсақ, əлемнің көптеген мемлекеттері пешке от жағады, бірақ, күлін өз елінде сақтағысы келмейді. Ол күл-қоқысты сақтауға біздегі кезінде белгілі қару қуатының қоймасы болған орындар бейім болып шықты. Мұнай мен ядролық отын біздің экономикамыздың негізгі қуаты саналады. Оның үстіне ядролық нарықта біз Ресеймен біріге отырып əлемдік талаптарға сай жұмыс істей алатынымызды дəлелдеген елміз. Бастапқы кезде сапасы əрқилы болғанмен, кейін тəп-тəуір стандартқа қол жеткіздік. Əрі ол іс біздің еліміз үшін тəп-тəуір табыс көзіне айналды. АҚШ-та өткен дүбірлі саммитте ел мерейі тағы бір көтеріліп қалды. АҚШ – əлемде үстемдігі бар мемлекет. Экономикасы да үстем əрі өркендепөсіп келеді, сондықтан да оның байсалды талаптары Еуропаның да мүддесінен дөп шығуда. Олар Қазақ елі басшысының Вашингтонда айтқан саяси манифесін жоғары бағалап отыр. Қазақстан үшін бұл сапар сөзсіз пайда көзі болды. Елбасының ол елдің дуалы ауызды саясаткерлерімен, бизнес өкілдерімен кездесуінің қорытындысы осыған саяды. Бұл – Мəңгілік Елдің мызғымастығының тағы бір үлкен Жеңісі болды. Х.ОРАЗБАЕВ, ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының кафедра бастығы, полиция полковнигі

АТА ЗАҢДЫ АРДАҚТАУ əр азаматтың абыройлы парызы ҚАЗАҚСТАНННЫҢ ӨЗ АЛДЫНА ДЕРБЕС МЕМЛЕКЕТ БОЛЫП, ТƏУЕЛСІЗДІГІН АЛҒАНЫНА БИЫЛ 25 ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР. ШИРЕК ҒАСЫРДА ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ТАБЫСТАРЫМЫЗ БЕН ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗДІ ОЙЛАСАМ, ҮЛКЕН ҚУАНЫШ СЕЗІМГЕ БӨЛЕНЕМІН. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаңа шаралар туралы хабарлай отырып, барша қазақстандықтарға Отанымыздың игілігі жолындағы ортақ іске бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, жұмылып еңбек етуді тапсырды. Сонымен қатар, 2016 жылдан Ұлт Жоспары щеңберінде қабылданған жаңа заңдар жұмыс істей бастайды деп атап көрсетті. Мемлекетіміздің өркендеуі жолындағы қарышты қадамдардың дұрыс беталысына бірден-бір арқау болып отырған, Елбасы ұсынып, халық қолдаған, егемендігіміздің тұғырын нықтаған маңызды құжат – Қазақ елінің тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Конституциямыз. Қазақстан Республикасының Конституциясы тəуелсіздіктің мызғымас тірегі ретінде мемлекетіміздің қоғамдық, саяси-əлеуметтік іргетасын қалады. Конституция өз қағидаттарының төңірегінде Отанымызда тұратын тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдерін топтастырып, күнделікті өмірімізде қағидаттар мен өлшемдерді оңтайлы қолдануға мүмкіндік жасады. Ата Заңымызды бұлжытпай орындаудың нəтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Ал, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп айқындалғандықтан, республикамыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды ардақтау – мемлекетіміздегі əр азаматтың абыройлы парызы əрі міндеті. Ел экономикасының қазіргі даму деңгейі, саяси-əлеуметтік ахуал, Елбасының алдымызға қойған міндеттерін кезең-кезеңімен шешуімізге, Тəуелсіздік жылдарында еңсерген барлық жетістіктер зайырлы мемлекетіміздегі саналы саясат пен Ата Заңымызға сүйене отырып, егемендігімізді баянды етуге мүмкіндік беріп отыр. Конституцияда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары қоғамның қарқындап дамуына, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастап, бүгінгі күні өзінің өміршеңдігін дəлелдеп, халықаралық қоғамдастықта танылды. Қазақстан халқының қарымды істері бүгінгі күні əлем жұртшылығына өнегеге айналды. Елдегі қол жеткізген қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм сынды жетістіктердің баршасы біздің Ата Заңымызда адамзаттық құндылықтар мен өркениет игіліктерінің барлығы қамтылғанын айғақтай түседі. Бұл орайда ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының əрбір қызметкері Ата Заңымыз бен болашағымызға бағыт-бағдар берген Жолдаулар мен Ұлт Жоспарларын басты назарға ала отырып, қауіпсіздік шараларын нығайту, азаматтардың құқығын қорғау мəселелерін ғылыми жəне тəжірибелік тұрғыдан жетілдіруге үлестерін қосуда. Оқу орнында курсанттар мен тыңдаушыларға білім бере отырып, қоғамдық заңдар мен нормаларды орындауға, құрметтеп, қастерлеуге, құқықтық мəдениетті қалыптастыруға, олардың азаматтық белсенділігін нығайту жұмыстарын жүргізуге аса назар аударылады. Ата Заңымыз – Қазақстан халқының саналы таңдауы болғандықтан, ел Тəуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы секілді ұлы құндылықтарының жойылмауына кепіл болары хақ. Бағдар АБУОВ, ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары, полиция подполковнигі


6

ҚЫЗМЕТ №58 (4224), № сейсенбі, 9.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

ОҚИҒА ІЗІМЕН

ЖОЛЫНДА ЖҮК ҚАЛМАҒАН НАР ЖІГІТТЕР Даласы қуаңшылықты болып келетін бұл өңірде жазда дала өртінің өршитіні бар. Бұл қаралы тізімге түрлі себептермен жиі тұтанып жататын тұрғын үй секторларын қосыңыз. Жүрекке жара салып немесе қиын жағдайларға душар ғып отыратын осы апаттың артында қалдырар залалы зілдей. Мына оқиға осыдан біраз уақыт бұрын болғанымен өртпен арпаласып жүрген өрт сөндіруші жауынгерлердің кəсіби шеберліктері мен адамгершілік қасиеттерін айғақтайтын фактор екенін ұмытуға болмайды. Бұл оқиға Жезқазған қаласында болған еді. ... «Мəдина, маған қорқынышты», – деді тетелес апасына тығыла түскен Нұрсұлтан. «Қорықпа, Нурик, бізді міндетті түрде құтқарады», – деді өзі осылай деп атайтын інісін қойнына қыса түскен апасы. Кəмелеттік жасқа жетпеген апалы-інілі екі бала бастарын көрпемен бүркеп алып қонақ бөлмедегі диванда үрейлене отырды. Қорықпағанда қайтсін, көк түтіннен іші көрінбей кеткен пəтердің шатырлап төбесі түсіп, жиһаздар пышырлай жанып ұшып жатса... Ес-түстен айырылып бара жатқан Нұрсұлтанның көз алдына сол сəтте алтын ұя мектебі мен құлын-тайдай тебісіп ойынды осып жүрген сыныптас балалар келді. Бүгін мектепке барсақ осылай болар ма, еді? Жезқазған ерекше қала. Жазы аптап ыстық, қысы алапат аязды. Қаланы аяз буған кездері мектептер оқушыларға төтенше демалыс береді. Сондай шақтың бірі болатын. Таңертең анасының алдында 8 жасар Нұрсұлтан мен 10 жасар Мəдинаны кімге қалдыру керек деген сұрақ тұрды. Көп ойланбастан сол маңайдағы қайнысы мен келінінің үйіне апару керек деп шешті. Екеуін əсте жеке қалдыруға болмайды. Тегі бала ғой. Қайнысының

Айткен ШƏМШІ

ӨРТ – ЖЫЛ МЕЗГІЛІ МЕН ТƏУЛІК ТАҢДАМАЙДЫ. БІР СƏТТЕ-АҚ БҰРҚ ЕТЕ ҚАЛАДЫ. ОНЫҢ АРТЫНДА ҚАНШАМА ҚАСІРЕТ ҚАЛУЫ МҮМКІН. БҮГІНДЕ ҚАЙ АЙМАҚТА ӨРТ КӨП ШЫҒАДЫ ДЕГЕН БОЛЖАМ АЙТУДЫҢ ӨЗІ ДЕ ҚИЫН. ДЕГЕНМЕН, ӨНДІРІСТІ ӨҢІРЛЕРДЕ ӨРТ ҚАУІПТІЛІГІНІҢ ЖОҒАРЫ БОЛАТЫНДЫҒЫН МАМАНДАР ҮНЕМІ АЙТЫП КЕЛЕДІ. ЖЕЗҚАЗҒАН АЙМАҒЫ – СОНДАЙ ТƏУЕКЕЛІ КӨП ЖЕРДІҢ БІРІ. үйінде сексеннің үстіне шықса да əлі тың енесі бар. Əдеттегідей балаларын беттерінен сүйіп, жұмысына асыққан келіншекке балаларын алда не күтіп тұрғаны беймəлім еді. Ал, кейуана болса немерелеріне қуанып, тамақтандырып, алаңсыз жатын бөлмеге барып қисайған. Ойын балалары ойнап отырды. Əлден уақытта қария бөтен бір иістен оянды. Қолқасын алып, жөтеле береді. Өрт. Кəдімгі өрт. Немерелерінің атын атай сыртқы есікке қарай ұмтылған. Балалардан дыбыс білінбейді. Қарияда шарпыған жалыннан қонақ бөлмеге беттейтін шама жоқ. Жұмыс уақыты ғой, жанұшыра қаққан көрші есіктері ашылмады. Қарлығыңқы дауысымен айқайлап төменгі қабатқа түсе берген. Осы кезде қарт кісінің əлі таусылған еді. Төртінші қабатқа жеткенде есінен

айырылып қабырғаға сүйеніп отыра кетті. Анарқұлов көшесіндегі 4-ші үйдің тұрғындары кенет тұтанған өртке дүрлігіп сыртқа шыққан болатын. 60-шы пəтердің есік жақтауларынан бұйраланып лықсыған ыс подъезді қара түтінге айналдырған еді. Осы кезде ғана көршілер өрт сөндірушілерді іздеген. Ауыз жиып болғанша дабылдата жеткен өрт сөндіру көліктерін есік алдында қарақұрым тұрғындар күтіп алды. «Пəтерде əже тұрады, менің білуімше оған бүгін немерелері қонаққа келді», – деді аптыға сөйлеген ер кісі. «Мен жарты сағат бұрын олардың дау-

ӘРІПТЕС КЕЛБЕТІ

БАҒЫТЫ БЕКЕМ БАҚДƏУЛЕТ Сабырбек ОЛЖАБАЙ

БАРЛЫҚ ЖОЛ БАҚЫТҚА АПАРЫП ТІРЕЙ БЕРМЕЙДІ. МЫҢ ТАРАУ, САН СОҚПАҚТЫ ЖОЛДАР АДАМДАРДЫ ҚИЫНДЫҚТАРҒА ДА, ҚУАНЫШТАРҒА ДА ЖЕТЕЛЕЙДІ. СОНДЫҚТАН ҚАЗАҚ ЖОЛДЫ КИЕЛІ САНАҒАН. ОЛ АДАМДАРДЫ БОЛАШАҚҚА БАСТАЙДЫ. АЛ, ЖОЛ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЛЕДІ. БҰЛ ƏСІРЕСЕ, ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЕДƏУІР ЖҮК АРТАДЫ.

Сарыағаш аудандық ІІБ Абай ПБ жол-патрульдік полициясы тобының аға инспекторы Бақдəулет Жолдыбаев кезекті жұмыс үстінде еді. Полиция капитаны рейдтік іс-шара барысында Абай-Шардара бағытын тексеріп көрмек болатын. Кенет ол күдікті «Нива» көлігінің қиястай тартып бара жатқанын байқап қалды. Бұларды көре салып кілт бұрылғанына қарағанда жүргізуші əлденеден сескенетін секілді. Бақдəулет күдікті көліктің соңынан түсті. Соңына аңдушы түскенін сезген «Ниваның» жүргізушісі жылдамдықты үдетті. ...Мақтаарал ауданында жыл басында бір үйге қарақшылық шабуыл жасалады. Үй иесінің аяққолын байлап тастап, қарақшылар үйдің астан-кестеңін шығарады. Сырттан əлдекімнің келіп қалғанын ба й қ а ғ а н о ла р с ы т ы л ы п шы ғы п , қашады. Кейіннен оның бірі қолға түседі де, екіншісі ұстатпайды. Ол 1992 жылы туған Сабыр Жакалиев болатын. Араға едəуір уақыт салып, мақтааралдықтар қашқынға іздеу салды. Олардың Сабырды іздегендеріне біраз уақыт өткен еді.

Көршілес əріптестеріне сұрау да салып көрген. Күдіктінің суреті барлық полиция бөлімдеріне таратылған болатын. Бақдəулет күдікті көлікті тоқтатқан бойы суреттегі қашқынды есіне алды. Өз көлігіндегі қашқынның суретін көре-көре жадына жаттап та алған. Салонда бұға түсіп, артқы есіктен түсіп кетпек болған Сабырды ол жазбай таныды. Көліктен түсе салып қаша жөнелмек болған қарақшыны полиция капитаны алысқа ұзатқан жоқ. Мақтааралдықтар көршілес əріптестеріне алғыс айтты. Міне, бұл Сарыағаш аудандық ІІБ Абай ПБ жол-патрульдік полициясы тобының аға инспекторы, полиция капитаны Бақдəулет Жолдыбаевтың бір жұмыс күнінің көрсеткіші ғана. Ал, Бақдəулеттің күнделікті өмірінде мұндай оқиғалардың қаншамасы кездеседі десеңізші. Соның барлығында да ол қиыннан жол таба біледі. Тағы бірде жол үстінде күдікті көлікті көріп қалды. Көлікті тоқтатқанда жүргізушінің аздап теңселіңкіреп

т ұ р ғанын б айқ ад ы. Егер о л о сы бағытпен кете берсе бір сұмдыққа ұрынары сөзсіз еді. Республикалық маңызы бар үлкен жолда мұндай халде жүруге мүлдем болмайды, сондықтан көлікті айып тұрағына əкелді. Кейіннен осы жүргізушінің есірткі саудасына қатысы бар болып шықты. «Бақдəулет Жолдыбаев бөлімдегі тындырымды жігіттердің бірі. Ол өз жұмысына үнемі сергек қарайды. Тапсырылған жұмыстарды тиянақты атқарады. Сондықтан біз оған үлкен сенім артамыз. Келес өңірі халық тығыз орналасқан аймақ қой. Əрібері ағылған көліктерде есеп жоқ. Соның барлығына бақылау жүргізу оларға оңай да е мес. Десек те, өз жауапкершілігін жете түсінетін Бақдəулет бəріміздің көңілімізден табылып жүр. Ол барда біздің ұйқымыз тыныш», – дейді Сарыағаш аудандық ІІБ Абай ПБ бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Əлімхан Арзықұлов. Бақдəулет Ақтөбе заң колледжін бітірген соң Мақтаарал аудандық Ішкі істер басқармасында жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор болып қызмет етті. Мұнан соң оны Сарыағаш аудандық ІІБ Абай ПБ-іне жолпатрульдік полиция бөліміне қызметке жіберді. Шымкент қаласында Қаратау ауданы ашылғанда «Нұрсəт» шағын ауданына учаскелік полиция инспекторы қызметіне ауыстырды. Кейін қажеттілікке байланысты осы қызметіне қайта оралды. Бақдəулет үздік инспектор ғана емес, сондай-ақ, жақсы спортшы да. Ол Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД тарапынан өткен облыстық жарыста самбодан қатарынан үш рет күміс медальға ие болды. Сондай-ақ, қоянқолтық күресте үш жыл қатарынан үшінші орынды иемденді. Оның ендігі арманы республикалық байқауларда бақ сынау. Міне, ол бүгін де ерте жолға шықты. Таңертеңнен жолға шыққан жүргізушілерге сəт-сапар тілейді. Олардың отбасыларына аман-есен оралуларына септігі тиіп жүретін осы бір жанды жүргізушілер де құрметтейді. Қол бұлғап, сəлемдесіп өтеді. Иə, өмірде түсінісіп жұмыс істегенге не жетеді?..

ыстарын естідім», – деп қостады əлгі ер адамның сөзін жапсарлас пəтердегі көрші əйел. Осылайша қысқаша ақпарат алып үлгерген ауысым бастығы Дархан Қоңыршинов өзінің əріптестері Сағидолла Қылышев жəне Жансерік Мəжитовпен подъезге енді. Айтқандай-ақ, олар 4 пен 5-қабат аралығында ес-түссіз отырған қарт əйелді кездестірді. «Көршілер айтқан кейуана осы кісі болды ғой» деп түйген Дархан үлкен кісіні екінші бөлімше жауынгерлеріне табыстап, балаларды іздеуге беттеді. Олар қайда екен?!». Жоғарылаған сайын түтін қоюлана түсті. Сұлба көрінбейді. Будақтай түтін шыққан есікке ұмтылған өрт сөндірушілерді тосын дыбыс тоқтатты. Мұндай үнді ілгеріде олар естімеген. Болат жолды дүрсілдетіп пойыз келе жатқан сияқты. Мүмкін емес! Ақылға сыймайды. Осы кезде табан астынан бүлкілдеп су лықсып, бу көтерілді. Осы кезде əлгі тосын дыбыстың сыры белгілі болды. Жылу жүйесі жарылған. «Қарамақайшылықты қараңызшы, – ауысым бастығының жүзінде таңқалыс байқалды. – Еденде су, төбе мен қабырғада қызыл жалын!». Жатын

бөлмеге енген жауынгерлер ешкімді таба алмады, бірақ, өрт шыққан ошақты жазбай таныды. Розетка түбі күйіп, жанындағы төсенішке тиген, одан əрі жағалай кете берген. Оны демалып жатқан кейуана сезбейді. Ақыры – мынау. Көршілердің айтқаны рас болса, балалар қайда, қайда тығылуы мүмкін? Қоңыршиновтың қалың түтін ішінде қабырғаны сипалай жүріп тағы бір есік жақтауына қолы тиді. «Мына жерде тағы бір бөлме бар», – деп айқайлап жіберді ол. Қою түтін арасында қабырғаны сипалай жылжыған жауынгерлер қонақ бөлмені байқамаған еді. Дарханның диван үстіндегі түйіншекке көзі түсті. Ол кө рпеге о ранып алған балалар еді. Əлі от шарпып үлгермеген бөлмедегі көрпені көтеріп қалғанда Мəдина үрейден шыңғырып жіберді. Ал, ұл бала болса үнсіз. Жауынгерлер олардың қауіпсіздігін ойлап көрпемен бүркей сыртқа жүгіріп алып шықты. Қыз бала 5-қабаттан сыртқа шыққанша көз жасын тыймады. Қорқып қалған. «Шүкір, тірі екен!» деп аз да болса сабырға түскен сарбаздар сұлқ жатқан Нұрсұлтанның өміріне алаңдаулы еді. Сол кезде, бəлкім, біз баланы құтқаруға үлгермеген шығармыз, деген суық ой да бойларынан жүгіріп өтті. Жеткіншектерді көтеріп бұлар шыққанда есік алдында жедел жəрдем көлігі күтіп тұрған еді. Қария мен балаларды ақ желеңді абзал жандардың қолына табыс еткен өрт сөндіруші қырандар жылдам негізгі ісі – жалынды ауыздықтауға кірісіп кетті. Нар жолында жүк қалған ба? Айналасы 20 минутта тілсіз жаудың бетін қайтарған олар аязды күннің саф ауасын тойымсыз жұтып, тыныстады. Кейін өрт сөндіру қызметінің сарапшы мамандары ұзақ уақыттан бері жаңартылмаған тоқ сымдарының сыр бергенін айтқан болатын. Сол күні өртке қарсы қызметтің кезекші бөлімі телефонында маза болмады. Құтқарылған адамдардың жай-күйін сұраушы жауынгерлер əріптестеріне ризашылықтарын білдіріп жатты. Зардап шеккендердің үшеуі де дін аман. Үшеуі де түтін иісінен уланған, балалар болса үрейленіп қалған екен. Балалардың көңіл-күйін қалпына келтірумен психологтар арнайы айналысты. Мəдина мен Нұрсұлтан таяуда қала іргесіндегі іргетасы əріде қаланып, əлі де қызмет көрсетіп отырған бұрынғы «Орленок» пионер лагері, бүгінде «Қыран» деп аталатын демалыс лагерінде тынығып қайтты. Екеуі де оқу озаты. Олардың Дархан Қоңыршинов басқарған төтенше жағдайлар сарбаздарына айтар алғысы зор.

ҚЫЛМЫС пен ЖАЗА

«Найданың» үздік нəтижесі

ТАЯДУА «НАЙДА» АТТЫ ҚЫЗМЕТТІК ИТ АҚМОЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АВТОКӨЛІК БӨЛШЕКТЕРІ ҰРЛЫҒЫН АШУҒА КӨМЕКТЕСТІ. ОСЫЛАЙША, ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ БҰЛАНДЫ АУДАНЫНДА ТӨРТ АЯҚТЫ «ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ» КӨМЕГІМЕН АШЫЛҒАН ҚЫЛМЫС САНЫ 19-ҒА ЖЕТІП ОТЫР. Жақында Бұланды аудандық ІІБ кезекші бөліміне аудан орталығының 53 жастағы тұрғыны шағым түсірген еді. Ер азаматтың айтуынша, белгісіз біреулер оның ауласында тұрған автокөлігінен төрт доңғалақ пен аккумулятор батареясын ұрлап кеткен екен. Болған оқиға орнына тез арада жедел тергеу тобы жеткен. Олардың ішінде кинолог пен «Найда» атты қызметтік ит те болған. Үйретілген ит сол арада ізге түсіп, жедел топ сақшыларын Макинка ауылының шетінде орналасқан алыстағы гараждарға алып келеді. Тəртіп сақшылары осы жерде ұрланған заттарды жəне ұрының өзін де тапқан. Полицейлер күдіктіні сол күні-ақ қамауға алды. Көлік тонап, оңай жолмен нəпақа табуды көздеген əккі ұры 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Жасаған қылмысын толығымен мойындаған бұл жігіттің үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал, жалпы жыл басынан бері Ақмола облыстық ІІД кинологиялық орталығының қызметтік-іздестіру иттері тəртіп сақшыларына 544 қылмысты ашуға көмектескен. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі


СПОРТ №58 (4224),№ сейсенбі, 9.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ВОЛЕЙБОЛ

Төрт команданың тартысқа толы ойыны

е-mail: nastraje@mail.ru

7

ОҚ АТУ

Сұрмергендер сайысы мәресіне жетті ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ІІД-НІҢ ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ҒАЗИЗ БАЙТАСОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ПОЛИГОНЫНДА ТАЯУДА ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАРУДАН АТЫС БОЙЫНША ІІМ МЕН «ДИНАМО» ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУСПОРТТЫҚ ҚОҒАМЫ ОРТАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ V ЖАЗҒЫ САЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ-НІҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ.

ТАЯУДА ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІІМ АСТАНА ГАРНИЗОНЫНДАҒЫ КҮЗЕТ БӨЛІНІСТЕРІНІҢ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. ЖАРЫСҚА ТӨРТ КОМАНДА ҚАТЫСТЫ. Бір-бірімен беріспеген, тартысқа толы әсерлі бәсекеде Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінен келген команданың а с ы ғ ы а л ш ы с ы н а н т ү с т і . Е к і нш і орынды Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командасы өз қанжығаларына байлады. Үшінші орынды Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі місе тұтса, төрттікті Астана қаласы бойы нш а М а м а н д а н ды р ы л ғ а н к ү з е т қызметі басқармасының командасы қорытындылады. Жарысқа, әсіресе, Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі мен Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының намысын қолдан бермеген командалары мықты дайындықпен келген екен. Алғашқы кездесуден-ақ бас жүлдені «шаппай бер» деген қарқын танытқан екі команда қарсыластарын

аса қатты терлемей-ақ тізе бүктірді. Кілең бойшаң да алғыр жігіттерден құралған Дипломатиялық полк командасының айызыңды қандырар тегурінді соққыларын көрермен қауым қызыға тамашалап, «бәрекелді» десіп қол соғып қолпаштап жатты. Төзім мен шыдамды серік еткен МКҚБ командасы жігіттерінің ойындары көпшіліктің ризашылығына бөленді. Команданың төртінші нөмірлі ойыншысы А.Раимовтың соққыларына қарсы тұрар қарқын қай командадан болсын табыла қоймады. Алыстан ыршып келіп, көз ілеспес жылдамдықпен қақырата соққан А.Раимовтың доптары қарсыластың шаршы алаңынан табылып жатты. Ү к і м е т т і к м е к е м е ле р д і к ү з е т у жөніндегі полиция полкінің командасы сапында Данияр Алмабаев, Самат Рахметов, Дәурен Мұқарбаев сынды полиция қызметкерлері жақсы

ойындарымен көзге түсті. Дегенмен, командадағы ойыншылардың шеберлік деңгейлері түрлі болғандықтан үштіктен ары қарай асу мүмкін болмады. «Ойын барысында бір-бірімізбен түсініспей қалған сәттер болды. Сондықтан, біраз допты жоғалтып алдық. Бірақ, алда әлі талай жарыстар бар, бағымыз жанатын сәттер бізді де күтіп тұр», – деді алдағы уақытта болатын жарыстарға сенім артқан команданың ойыншысы, полиция сержанты Данияр Алмабаев. «Жастардың дене шымырлығы мен мықтылығы жағынан ешқандай кемшілік жоқ. Бірақ, командаға әлі де тер төгіп жаттығу жетіспей тұр. Болашақта осындай олқы кеткен тұстарды қайталамау керек», – дейді Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің өкілі, полиция аға лейтенанты Азамат Абайұлы. Жарыс соңында жүлдегерлер арнайы кубокпен және грамотамен марапатталды. Ержан АБДРАХМАНОВ, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің аға инспекторы, полиция майоры

ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ

Тәжірибені толықтырар тактикалық жаттығу Айдар БАЙМАХАНБЕТОВ, Жамбыл облысы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ «ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ЖАҚЫНДА ШАРТТЫ ӨРТТІ СӨНДІРУ БОЙЫНША ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ.

Жаттығу Жамбыл ауданының Ақбұлым елді мекенінде оналасқан «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральді газ басқармасының «Тараз желілік өндірістік магистральді газ басқармасы» №5 компрессорлы стансасының №2 газ компрессорында өтті. Жаттығуға Тараз қаласы гарнизонының өртке қарсы қызмет бөлімшелері (№15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, №1 Өрт сөндіру бөлімі) және КС-5 «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының филиалы, кезекшілік өрт сөндіру қызметі мен Өрт сөндіру мекемесінің басқарма қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, оқу-жаттығу шарасына Өрт сөндіру мекемесінен 5 өрт сөндіру техникасы мен 34 өрт сөндірушісі, ал «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Тараз» магистральді газ басқармасы «Тараз желілік өндірістік магистральді газ

басқармасы» 5 компрессорлы стансасынан 1 автокөлік пен 6 адам жұмылдырылды. Өрт-тактикалық о қ у д ы ң б а с ты мақсаты – нысанда шартты өрт сөндіруді ұ й ы м д а с т ы р у м ен жүргізу бойынша барлық сұрақтарды аға басшы ж ә не қ а т а р д а ғ ы ж е к е құрамын тәжірибе жүзінде дайындау, сонымен қатар, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қаланың өзге де қызметтерімен ж ә не н ы с а н н ы ң ө р т сөндірушілерімен КС-5 қызметшілерімен өзара әрекеттестікті пысықтау болып табылды. Жаттығу сценарийі бойынша өрт нысанның «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральді газ басқармасы, «Тараз желілік өндірістік магистральді газ басқармасы» КС-5 №-2 газ компрессорында шыққан. Өрттің жалпы көлемі 50 шаршы метрді құрады.

Бірыңғай кезекшілік бағыттаушылық қызметінің бағыттаушысымен №2 жоғарғы шақырту бойынша шартты өртке Тараз қаласы гарнизонының өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдары жөнелтілді. Оқиға орнында өрт сөндіру штабының жұмысы ұйымдастырылып, 2 жауынгерлік участок құрылды. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральді газ басқармасы «Тараз желілік өндірістік магистральді газ басқармасы» дербес қызметкерлері қауіпсіз орынға көшіру жұмыстары ұйымдастырылды. Зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Барлығы өрт сөндіруге өрт сөндіру автокөліктерін өрт гидранттарына орналастырып, өртті сөндіруге 2 ГПС-600 оқпаны және қорғауға 6 «А» оқпаны берілді. Шартты өрт алаңы 50 шаршы метр құраған. Өрт-тактикалық оқуын қорытындылаған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ермек Момбаев басқарманың стратегиялық маңызды нысан екендігін айтып, шартты өртті сөндіруге бөлімшелерге оң бағасын берді. Бөлімшелер алдында қойылған тапсырмалар жетістікпен орындалды, жаттығу нәтижесінде шартты өрт сөндірілді. Жаттығудың соңында жеке құраммен жаттығу нәтижесі талқыланып, ескертулер мен кемшіліктер жан-жақты қаралды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сұрмергендер сайысы құқық қорғау органдары, күш құрылымдары және арнайы құрылымдар қызметкерлері арасында ұйымдастырылды. Спорттық сайыстың мақсаты – күш құрылымдары қызметкерлерінің төтенше жағдайларда жауынгерлік және атыс даярлықтарын дамыту, табельдік қарудан ату бойынша тәжірибелерін арттыру, аталған спорт түрінен ең мықтыларды анықтау болып табылды. Жарысқа «Динамо» денешынықтыруспорттық қоғамы Орталық Кеңесінің 8 командасы: Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті, ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Бас прокуратура, Әскери прокуратура, сондай-ақ, облыстар мен қалалардағы Ішкі істер департаменттерінің 16 командасы қатысты. ІІМ чемпионатының қатысушылары Макаров тапаншасымен атудан 5 және Калашников автоматынан 2 жаттығу орындаса, «Динамо» ДСҚ ОК Макаров тапаншасынан ату бойынша 5 жаттығу орындады. Сайыс қорытындысы бойынша, «Динамо» ДСҚ ОК командалары арасында жүлдегерлер төмендегідей анықталды. Бірінші орынды ІІМ қанжығасына байласа, 2-орынға ҰҚК Шекара қызметі, ал, 3-орынға Бас прокуратура тұрақтады. ІІМ командалары арасында 1-орынды Жамбыл облыстық ІІД жеңіп алды. 2-орынға Алматы қалалық ІІД көтерілсе, 3-орын Қарағанды облыстық ІІД-не бұйырды. Жеке және командалық сынақ жарыстарының жеңімпаздары ІІМ және «Динамо» ДСҚ ОК кубоктары мен медальдарымен, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды Жамбыл облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қасым Досанов, «Динамо» ДСҚ ОК Спорт басқармасының бастығы Николай Князев және ІІМ Кадр жұмысы департаментінің аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Евгений Цыганков марапаттады. Сондай-ақ, «Динамо» ДСҚ ОК өкілі Н.Князев осы чемпионаттың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты өткізілгенін атап өтсе, Жамбыл облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қ.Досанов жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтап, барлық қатысушыларға алғыс білдірді. Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі

ВЕЛОСПОРТ

Батальондар арасында өткен веложарыс ІІМ ҮКІМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІ КҮЗЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ БАТАЛЬОНДАРЫ АРАСЫНДА ВЕЛОШАБАНДОЗДАР ЖАРЫСЫ ӨТТІ. ЕСІЛ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ЖАЗЫҚ ДАЛАДА ЖАҚЫНДА САЛЫНЫП БІТКЕН АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ДЕМАЛЫС КЕШЕНІНДЕ ӨТКЕН ЖАРЫСТА ТӨРТ БАТАЛЬОН ӨКІЛДЕРІ СЕГІЗ ЖӘНЕ БЕС ШАҚЫРЫМ ҚАШЫҚТЫҚТА БАҚТАРЫН СЫНАДЫ.

Үш айналымнан тұратын сегіз шақырымдық сайыста алдына жан салмаған 1-батальонның өкілі, полиция аға лейтенанты Е.Таджігітов бірінші орынға ие болды. Екінші орынға да осы 1-батальонның өкілі, полиция аға лейтенанты Ж.Боранбаев көтерілсе, үшінші орынды үшінші батальонның велошабандозы Ж.Шенеусізов иеленді. Бес шақырым қашықтықта бірінші батальонның өкілі, полиция аға лейтенанты Ж.Боранбаевтың шашасына шаң жұқпады. Мәре сызығын екінші болып 3-батальонның шабандозы полиция сержанты М. Давлатов қиып өтсе, 4-батальонның спортшысы, полиция сержанты Виктор Шефер қола жүлдегер атанды. Бір атап өтерлігі, Александр Винокуровтың ізбасарлары саналатын велошабандоздар сайысы ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің жеке құрамы арасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. «Жарыс еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толу құрметіне орай ұйымдастырылды. Осындай спорттық шаралар арқылы жеке құрамның біліктіліктері мен дене дайындықтарын арттыруды көздеп отырмыз. Жыл соңына дейін бекітілген жоспар бойынша спорттың бірнеше түрінен батальондар арасында жарыс өтпек. Осылайша, Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуге өз үлесімізді қоспақсыз. Екіншіден, жеке құрамға денешынықтыру мен спортпен айналысу қажет екенін түсіндіріп, саламатты өмір салтын насихаттай береміз», – дейді жеңімпаздарды арнайы кубокпен және грамоталармен марапаттаған Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі командирінің орынбасары, полиция полковнигі Марат Беріков. ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі


8

СӨЗ СОҢЫ №58 (4224), сейсенбі, 9.08.2016 е-mail:sakshy@mediaovd.kz

ТАҒЫЛЫМ

ЖЫР-ШАШУ

ПАТРИОТИЗМ ДЕГЕНІМІЗ... ІІМ-НІҢ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНДА «ПАТРИОТИЗМ ДЕГЕНІМІЗ...» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚАТАРДАҒЫ ЖƏНЕ КІШІ БАСШЫ ҚҰРАМ САНАТЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ АЛҒАШҚЫ ОҚЫТУ КУРСЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМАШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ТƏРБИЕЛІ БАСҚОСУДЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУ, ОТАНШЫЛДЫҚ, ЕЛДІ СҮЮ МƏСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Шараны ұйымдастырушылар – арнайы пəндер циклының оқытушылары жеке құрамның патриоттық сезімін арттырып, азаматтылық қағидаттары мен заңдылықты сақтауы жəне этика, жарғылар мен бұйрықтарды бұлжытпай орындаудың басым бағыттары жөнінде ойларын ортаға салды. Арнайы алғашқы оқыту курсындағы тағылымдамашыларды патриоттыққа тəрбиелеуді көздеген шара шеңберінде арнайы пəндер циклының бастығы, полиция подполковнигі Б.Жантасова жиналғандарды ІІО-ның ардагері, запастағы милиция подполковнигі А.Чернавинмен таныстырды. Дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына сондай-ақ, еліміздегі азаматтардың

патриоттық істері туралы көркем фильмдер ұсынылды. Кештің құрметті қонағы болған қария А.Чернавин: «Патриотизм дегеніміз – елдікті жан-тəніңмен сезіну, мемлекеттікті сақтап қалу деген сөз. Əр қазақстандық жетістіктерін Отанына, еліне арнауы керек. Сонда ғана азаматтың ғана емес, елдің мерейі тасып, əлемдік деңгейдегі беделі өседі. Кез келген адамның туып-өскен жеріне бауыр басуы, Отаныңның мүддесін ойлап, туған жеріне деген адалдық пен азаматтық сезімдері, елінің мəдени, экономикалық саладағы жетістіктерін мақтан етуі, бостандығы мен тəуелсіздігін көзінің қарашығындай қорғап, оның гүлденуіне маңдай терін төгу – міне, осының барлығы

қазақстандық партиотизм деген ұғымның іргетасын қалайды», – деп бастады ғибаратты əңгімесін. «Еліміздің ертеңі – Сіздерсіздер, Ал, сіздерге оң бағыт беріп, дұрыс бағдар көрсету – аға буын, біздердің басты міндетіміз. Ел болашағын қолына алар балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тəрбиелеудің жауапкершілігі өте мол. Бұл ең алдымен, ел игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», – деді жастар алдында сөз алған ардагер. Тағылымы мол кеште патриоттық құндылық, ел мен туған жерді, Отанды сүю туралы келелі ойлар айтылды. Адамдар арасындағы мейірімділік пен ұлтаралық мəдениетті сақтау туралы да толғана сөйлеген қарт сақшы жастардың тəуелсіз Қазақстанның өркендеуіне зор үлес қосарына сенім білдіріп, абыройлы, ең бастысы – ақ, адал жолда еңбек етеді деген семінін білдірді. Кешті қорытындылаған полиция подполковнигі Б.Жантасова: «Қазақ жерін қанаттығы қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғай білген ата-бабаларымыздың ерлігі мен батырлығы ана тіліміз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ұлы мұраға айналды. Батыр Бауыржанның: «Парыздан мықты күш жоқ, Парыздан берік сауыт жоқ, Парыздан нəзік сезім жоқ, Парыздан қатал қазы жоқ», – деген ұлағатты сөзі бар. Ендеше ел алдындағы перзенттік парызымыз берік болып қала берсін», – деді. ІІМ-нің Қостанай қаласындағы Оқу орталығы

МАМАН ПІКІРІ

ПСИХОЛОГ – МАҢЫЗДЫ МАМАНДЫҚ Шараны сотталғандарды кешенді тəрбиелеуге арналған жоспарлы іс-шаралардың бірі – «Жеті-Ағаш» қоғамдық қорының психолог мамандары мен əлеуметтік қызметкерлері бірге ұйымдастырып отыр. Мекеменің мəдениет үйіне 4 жасақтан құралған 200-ден астам сотталған мен мекеме қызметкерлері жиналды. Дəріске мекеме бастығының тəрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, əділет подполковнигі М.Кəкімжанов, Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті тəрбие бөлімінің аға маманы, əділет капитаны Ш.Хусаинова мен мекеменің психолог мамандары – əділет капитаны М.Құдайбергенова, əділет аға лейтенанты Г.Кенжеғұлова, «ЖетіАғаш» қоғамдық қорының əлеуметтік қызметкері А.Жұмабаева қатысты. «Жеті-Ағаш» қоғамдық қорының психологы С.Абылкасымова дəрісті сотталғандармен сұхбатойын əдістемесі арқылы жүргізіп, тыңдармандарын тез баурап алды. Дəріс «Күйзеліс жəне оны шешу жолдары» тақырыбында өтті. Дəріскер сабақты сотталғандармен жеке-жеке де, топ-топқа бөліп те, жаппай көпшілікті қатыстыра отырып, шебер жүргізе білді. Тест сауалдары арқылы əр сотталғанның əрекетіне, ой-талғамына сай өзін бағалату арқылы, сыни көзқарас қалыптастыра отырып, келешек өмірге деген сенімдерін оятты. Ойларын дамыта отырып қоршаған ортамен қарым-қатынасқа бейімдеді. Тығырықтан, мұңнан, үрейден шығу жолдарын тиімді түсіндіре оты-

Марал ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, Алматы облысы

ЖАҚЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ ЛА-155/13 МЕКЕМЕСІНДЕ СОТТАЛҒАНДАР АРАСЫНДА ПСИХОКОРРЕКЦИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР, РӨЛДІК ОЙЫН ƏДІСТЕРІН ЖҮРГІЗІП, ƏҢГІМЕ-СҰХБАТ НЕГІЗІНДЕГІ ДƏРІС ӨТТІ.

Аралап шабытымның қыр, белесін, Мен бүгін қолыма алдым жыр жебесін. Батырға тəн кейпіңмен Ғазиз аға, Асқақтап көз алдымда тұрды елесің. Елім деп өміріңді қиып берген, Қашанда біргесің сен сүйікті елмен. Сақшылар сақ болыңдар! – дегендей боп, Қырандай көз тастайсың биіктерден. Ер едің құрметтеген халқыңды мың, Өзіңдей бағаламас алтынды кім...? Бабалар қойып кеткен балбал тастай, Ескерткіш қойды саған халқың бүгін. Басыңа гүл шоқтары тасталады, Тасталады...азалы үн басталады... Сені аңсап жел азынап, далаң өксіп, Күрсініп, көк аспаннан жас тамады. Күз мынау тағы келді күреңіткен, Білмеймін кімді күткен, нені күткен..? Өзіңдей батыр ұлдар көп болсын деп, Қарайды болашаққа ел үмітпен... * * * Елге деген шын махаббат расында, Айналғанда найзағайға, жасынға.

Жанкешті де, жарылғыш та дəрменсіз, Болып қалды аға сенің қасыңда... Өкінішті мына өмірде... Зұлымдық бар сəл басым. Ондай-ондай болады ғой, өмір-өмір болғасын. Аударуға асығатын ақиқаттың арбасын, Зұлым жандар біздің елде енді мүлде болмасын! Ал сақшылар, өз Отанын кешегі, Батыр Ғазиз Байтасовтай қорғасын!

Қазақстаным – Қыраным! Дəл осыдан жиырма бес жыл бұрын, Айқара ашып замананың түндігін. Қуанышты нұрға бөлеп тарапты, Қазағыма тəуелсіздік таңы атты.

550 жыл толғанда ғажап құт Хандығымды айтпай кету ағаттық Тəуелсіз ел, гүлдене бер мəңгіге Мəңгі саған серік болсын азаттық!

Жырлап жүрген азат елдің теңдігін, Азат елдің сақшысымын мен бүгін. Жалғастыру қасиетті парызым, Батыр Ғазиз Байтасовтар ерлігін.

Құқық қорғау саласына келгесін, Ел ішінде оқ атылса ерге сын. Сақшыларым дəлелдеді сан мəрте, Отан үшін оққа тосып кеудесін.

Оттай ыстық құшағында даланың, Өскенімді қалай айтпай қаламын..? Жүз жыл бұрын Амангелді, Кейкілер, Жортып өткен жерде туған баламын.

Биіктей бер бұлтын көрмей қайғының, Еркін кезіп ашық аспан айдынын. Қазақстан! Қалықтай бер қыраным, Көк жүзіне қанатыңды жай бүгін! Данияр САДУАҚАСОВ, Арқалық қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты

Батырлықпен бағы жанған алашым, Сен ұлыңның жүрегінде ғанасың. Мəңгілік ел! Жасай бер сен мəңгілік, Жасай берсін Елбасыдай дара шың!

ТАЛҚЫ

Індеттің алдын алу маңызы Ғ.ХАЙРУЛЛИНА, Атырау облысы рып, өзін-өзі ұстай білуге, өзгенің жетегінде кетпей, эмоцияға берілмей əр іске сын көзімен қарауға тəрбиелей білді. Мұндай шара сотталғандарға психологиялық тəрбие беруге оң нəтижесін берері сөзсіз. Қылмыстық атқару жүйесінің мекемелеріндегі психологиялық қызмет – ең маңызды қызмет екендігін заман талабы, жаһандану үрдісі дəлелдеп келеді. Психологиялық тəрбиенің қажеттілігі, сонымен қатар, оларға қояр талап пен жауапкершілік арта түсуі заңды құбылыс. Психологиялық тəрбие – жазасын өтеп жатқан адамның психикалық əрекетінің заңдылығын зерттеуге бағытталады. Адамның бас бостандығынан айырылуы, құқықтары

деген екен... Қазақтың атақты биолог-ғалымы, Ғылым академиясының президенті болған Мұрат Айтхожин бір досының ұлының үйлену тойына қатысады. Тойды ашып берген кісі оны əрі қарай жүргізетін кісіні таныстырып: «Тойды Генерал Асқаров басқарады», – деп хабарлайды. Ол атақты күйші Генерал Асқаров екен. Содан үзілісте Мұрат Айтхожин Төлеутай Несіпбаевты қасына шақырып алады да: «Төке, мен бұл қай генерал екен деп отырсам, тамаданың атыжөні сондай екен ғой», – деп көзінен жасы аққанша күлсе керек.

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА «Қазақстан Республикасы ішкі Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, істер органдарының Медиа Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

Ғазиз Байтасовтың рухына...

Тілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ, Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

мен жеке іс-əрекеттерінің, қоғамдағы қарым-қатынасының шектелуі қалыпты өмір ағысының өзгеруі жəне түзеу мекемесінің талаптары əрқайсысының психикасына ерекше əсер етеді. Түңілу, шарасыздық, ойға бату, келешек өмірге деген үмітінің əлсіреуіне əкеп соғады. Психологиялық күйзеліс – адамның тез шаршауына, ұйқысының нашарлауына, шарасыздыққа, ашуланшақтық немесе сенделу мен үнсіздікке, мұңға батуға соқтырып, үрей сезімін тудырады. Міне, осындай сəттерде психолог мамандардың көмегі қажет. Сотталғандарға көмектесу, оның алдағы өміріне деген үмітін үзбей, сеніммен қарауға жетелеу – психологтардың басты мақсаты. Мекемеде жазасын өтеушілерді мазалайтыны «Бостандыққа шыққан соң қайда барам? Отбасым қалай қабылдайды?» деген сұрақ. Мекемедегі сотталғандардың психологиялық ахуалының бірқалыпты екендігі дəрістен, өткізілген тренингтер мен тест жұмыстарының қорытындысынан анық байқалды. Соңғы жылдары тəлім-тəрбие жұмыстарының жүйелі, кешенді жүргізілуінің нəтижесінде сотталғандар тарапынан ішкі тəртіп ережелері сақталып, келеңсіз оқиғалар тіркелмеген. Психологиялық қызметтің тəрбие жұмысының темірқазығы болуы, нəтижеге жетудің өзегі екені заңдылық.

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

НАШАҚОРЛЫҚ, ЖИТС, МАСКҮНЕМДІК – ҚАЗІРГІ ТАҢДА ДҮНИЕЖҮЗІН ШАРПЫҒАН ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЫНДА ОСЫЛАР ТҰР. БҰЛ ЗИЯНДЫ ДА ҚАУІПТІ СЫРҚАТТАРДЫҢ САЛДАРЫНАН ЖЫЛ САЙЫН ТАЛАЙ АДАМ АЖАЛ ҚҰШУДА. Əлемде өмірде кездесетін қиындықтардан құтылу үшін есірткі түрлерін қолданатындардың саны күн санап өсіп келе жатқаны құпия емес. Жан қинайтын тəуелділік, мөлшерден тыс қолдану қаупі, ақыл-ойының құлдырауы, ісік ауруына шалдығу қаупі, ЖИТС, ерте өмірден кету секілді есірткіні қолданудың жағымсыз салдары белгілі болғанына қарамастан, бұл зиянды дерттен арыла алмай жүргендер жетерлік. Ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алу жеңіл. Сондықтан жыл сайын Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметінде Наркологиялық диспансер, ЖИТС жəне Саламатты өмір салты орталығының өкілдерімен дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіліп тұрады. Мұндай шаралардың басты мақсаты – ішімдік, есірткілік заттардың зиянды əсері туралы қызметкерлерді хабардар ету, дерттің алдын алу болып саналады. Осындай ақпараттық, түсінду шараларын өткізу кезінде деректі фильмдер, бейнероликтер жəне бұл ауруға душар болған адамдар туралы статистикалық мəліметтер көрсетіледі. Фильмдердің басты кейіпкерлері – нашақорлықтан қайтыс болған жастар. Ал, сюжетке арқау болған сол жастардың тағдыры – нашақорлықтың кесірінен болатын қайғылы əрі ащы шындық.

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды. Индексі: 65395 Таралымы: 12817 Тапсырыс: №3191

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Айткен ШƏМШІ


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.