Сақшы №57 (4223)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№57

(4223), 4.08.2016, бейсенбі

www.mediaovd.kz

Газет 1933 жылдан бастап шығады

ДЕпуТАТТАР ТҰРғЫНДАРМЕН КЕзДЕСуЛЕР өТКізуДЕ Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру мен жүзеге асыру мәселелері бойынша елге келген Сенат депутаттары Рашит Ахметов, Ерболат Мұқаев, Мәжіліс депутаты Кеңес Әбсатыров облыс аудандарында тұрғындармен кездесулер өткізуде.

Күні бұрын халық қалаулылары Теректі ауданы активімен жүздесіп, «100 нақты қадамға», соған сәйкес елімізде атқарылып отырған жұмыстардан хабардар етіп, тұрғындар сауалдарына жауап берді. Ұлт жоспарына сәйкес Елбасы алға қойған мақсат-міндеттердің маңыздылығын, кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру мен экономикалық өсімге қол жеткізу, ел бірлігін нығайту мәселелерін халықпен бірлесіп жүзеге асыру қажеттілігін атап көрсетті. Сондай-ақ, өңір жолдарының жай-күйі, кәсіпкерлікті дамыту, дін мен жер мәселелері әңгіме арқауына айналды. Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаев та Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған ауыл-аймақтағы жоба-жоспарларға тоқталып, республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне алғысын білдірді. Сенатор Ерболат Мұқаевтың атап өткеніндей, Елбасымыздың бастауымен Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда көптеген табыстарға қол жеткізді. Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды. оның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануы да дүние жүзіндегі беделінің өсіп келе жатқандығын көрсетеді. Ендігі міндет – елдің береке-бірлігін еселей отырып, әр саладағы жетістіктерді баянды ету. Депутаттар Қазталов ауданы активімен кездесіп, онда да «100 нақты қадамға» байланысты ойтолғамдарымен бөлісті. осындай жүздесулер Жәнібек, Бөкей ордасы және Жаңақала аудандарында да болмақшы. Тұрғындардың нақты ұсыныс-пікірлері депутаттардың алдағы жұмыс барысында ескерілетін болады.

МЕМлЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰлТТЫқ БАНК ТӨРАҒАСЫН қАБЫлдАдЫ

КЕзДЕСу БАРЫСЫНДА ДАНИЯР АҚЫШЕв МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА ҰЛТТЫҚ БАНКТің АғЫМДАғЫ ҚЫзМЕТі, АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫң БАСТЫ БАғЫТТАРЫ ТуРАЛЫ, СоНЫМЕН ҚАТАР, ЕЛДің ҚАРЖЫ НАРЫғЫНДАғЫ АхуАЛ ТуРАЛЫ БАЯНДАДЫ. Елбасы ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету, республиканың банк жүйесін дамыту және екінші деңгейлі банктер арқылы экономиканы несиелендіру көлемін арттыру жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажеттілігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, теңге бағамымен байланысты жағдайға қатысты тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. – Еркін айырбас бағамын енгізу туралы шешім дұрыс болды. Алайда, қазір белгілі келеңсіз жағдайлар орын алуда және оның себептерін тұрғындарға түсіндіру қажет, – деді Елбасы. Ұлттық банктің төрағасы ұлттық валютаның долларға қатысты бағамының әлсіреуіне әсер еткен факторларды айтып өтті. – Биылғы алғашқы алты айда мұнай бағасы барреліне 27-ден 52 долларға қымбаттады, алайда шілдеде 52-ден 42 долларға, яғни 15%-

ХАлЫҚАрАлЫҚ шАрА

«Архо-2016» БАСТАУ АлдЫ

КЛИМАТ ЖөНіНДЕГі КЕЛіСіМГЕ ҚоЛ ҚойДЫ

Сейсенбі күні қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ-ның штаб-пәтерінде климат жөніндегі париж келісіміне қол қойды және Бас хатшы пан Ги Мунмен кездесті. БҰҰ радиосының хабарлауынша, бұл құжатқа басқаларымен бірге осы жылғы сәуірде қол қою жоспарланған болатын, алайда үкіметте оны келісу үдерісі созылып кетті. Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, Қазақстанда келісімді ратификациялау биылғы жылға жоспарланып отыр. «Қазір басты назар, әсіресе, басты елдерде құжатты ратификациялауға аударылып отыр. Сондықтан да біз бұл орайда үлгі көрсеткіміз келеді. Біз құжатты биылғы жылы ратификациялау жөнінде өзімізге міндеттеме алдық – неғұрлым ертерек болса, тіпті жақсы. үкімет пен парламент үйлесімді жұмыс жасап, құжатты тезірек ратификациялайды деп үміттенеміз және мұның үлкен саяси салмағы бар». Ыдырысовтың айтуынша, Қазақстан 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындысын 15 пайызға азайтуға міндеттеме алды. Дегенмен, елде қосымша қаржылық қолдау көрсетілетін болса, бұл межені 25 пайызға дейін көтеруге болады. Ел билігі, сондай-ақ, өз алдына өте өршіл ұзақмерзімді міндетті – 2050 жылға дейін барлық энергияның 50 пайызын «жасыл», яғни, қайтарымды көздерден өндіру міндетін қойып отыр.

ға арзандады. Барлық шикізат экспорттайтын дамушы елдерде осындай жағдай орын алды. олардың ұлттық валюталары Қазақстандағы сияқты бекіп, кейіннен 2-3%-ға төмендеді. Шілдеде теңге шартты түрде 4,2%-ға әлсіреді, бұл қалыпты өзгеріс деп санаймыз. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды. Алдағы уақытта бағам қандай да бір жағдайларға байланысты өзгереді деп күтілмейді. Теңгенің еркін айырбас бағамы жағдайындағы 2016 жылғы шілдедегі тербелісі ішкі экономикалық тұрақтылық үшін ешқандай қауіп төндірмейді, – деді Данияр Ақышев. Бұдан бөлек, Ұлттық банктің төрағасы елдегі инфляция үдерістерін ұстап тұру бойынша жүргізіп жатқан жұмыс туралы мәлімдеді. – Жыл басынан бастап инфляция өсімі 5,2%-ды құрады. осы көрсеткіште 2015 жылғы қыркүйек-қараша айларында баға тез өскен кезеңдегі бағамның түзету әсері қарастырылған. Бұл әсер енді артта қалды. Жылдың қорытындысы бойынша біз үкімет көздеген 6-8% инфляциялық дәлізге қол жеткіземіз деген сенім бар, – деді Данияр Ақышев. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.

Мейіржан АйМАНов, Жамбыл облысы

2016 ЖЫЛДЫң ТАМЫз АйЫНЫң 2 – 9 АРАЛЫғЫНДА ЖАМБЫЛ оБЛЫСЫ ҚоРДАй АуДАНЫНДАғЫ «ГвАРДЕйСКИй» поЛИГоНЫНДА 30212 әСКЕРИ БөЛіМіНің оҚу-ЖАТТЫғу АЛАңЫНДА «АРхо2016» хАЛЫҚАРАЛЫҚ әСКЕРИ ойЫНДАРЫ өТуДЕ. хАЛЫҚАРАЛЫҚ БіРЛЕСТіКТЕР АЯСЫНДА өТКізіЛіп ЖАТҚАН әСКЕРИ ойЫНДАРДА БИЫЛ АЛЫС ЖәНЕ ЖАҚЫН ШЕТЕЛДЕРДЕН 13 МЕМЛЕКЕТТің КоМАНДАСЫ ҚАТЫСЫп, БАҚ СЫНАуДА. әске р и ойынд ар б ар ысынд а өр т қ ауі псізд і гін қамтамасы з ету мақсатында құрамы 5 өрт сөндіру техникасы мен 28 адам жеке құрамнан тұратын Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің күштер мен құралдарының тобы кезекшілік қызмет атқару үшін 30212 әскери бөлімінің оқу-жаттығу полигонына аттанды. Аталған әскери ойындарға жұмылдырылған барлық жеке құраммен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Ерік Алпысбаев пен өрт сөндіру мекемесінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Қосыбаев полигонда қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау бойынша бағытты нұсқау жүргізді. оқу-жаттығу барысында мекеменің жеке құрамы өрттерді сөндіру және бірінші кезектегі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу

үшін алға қойылған тапсырмаларды шешуге әзір екендіктерін байқатты. Айта кетейік, армия халықаралық ойындары бірінші рет 2015 жылғы тамызда Ресейде өтті. әскери қызметшілер үшін нағыз сын алаңы болып табылатын сайысқа ол кезде 17 мемлекеттен 56 команда қатысқан еді. 11 полигонда әскери қызметшілердің далалық (әуе, теңіз) машығы бойынша 13 байқау ұйымдастырылды. Біріншіліктің қорытындысы көрсеткендей, жарыс әскери қызметшілер мен экипаждардың кәсіби даярлықтарын, олардың шеберліктері мен үйлесімділігін арттыруға, қатысушы елдер Қарулы Күштерінің халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етті. Жарыс аясында Қазақстан биыл алғаш рет әлемнің түрлі елдері армиясының үздік өкілдерінен құралған ауқымды және теңдессіз сайыс қатысушыларын қабылдайды. Бір аптаға «Гвардейский» полигоны мергендер мен артиллерияшылардың ірі халықаралық жарыс алаңына айналмақ. үздіктердің үздігі, 13 елдің, яғни, Қазақстан, Ангола, Армения, Беларусь, венесуэла, зимбабве, үндістан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей және Грекияның әскери қызметшілерінен құралған командалар ең кәсіпқой, мықты, мерген және төзімділер атағы үшін күш сынаспақ. Бұл жылы армия халықаралық ойындары 23 аталым бойынша өтеді. Ресейлік команда барлық аталым бойынша сынақтарға қатысады. Қытай тарапы 22 ойында, ал Қазақстан 21 сайыста бәсекеге түседі.


2 Ə

-А М Е Л

ЖАҢАЛЫҚТАР №57 (4223), № бейсенбі, 4.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

Қ

АТ Р А П

Бразилия

Қауіпсіздік күшейтілуде Олимпиаданың ашылу салтанаты алдында Бразилия үкіметі Құтқарушы Иса мүсіні жəне Қант басы тауы секілді Рио-де-Жанейроның маңызды туристік орындарындағы қауіпсіздікті күшейтпек, деп хабарлады РИА Новости.

Оңтүстікамерикалық елдің əділет министрі Алешандри ди Мораештың айтуынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету операциясына федералдық күштен 85 мың адам жұмылдырылады, оның 41 мыңы – əскерилер. «Нысандарға шабуыл қаупі төмен», – дейді А.Мораеш. Министр 5 тамыз күні «Маракана» стадионында өтетін салтанатты ашылу рəсімі алдында да қауіпсіздік шараларын күшейтуді жөн деп санайды. Ол тəртіпті күзетуге жəне терактінің алдын алуға əскерилерді тарту федералдық полиция күшінің басқа да маңызды бағыттарда жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұған дейін Бразилияда Олимпиада кезінде теракт жасауды жоспарлаған қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталған еді. Билік мəлімдемесіне сəйкес, ұсталғандар «Ислам мемлекеті» террористік тобының мүшесі емес, бірақ сол топпен байланыс жасауға тырысқан.

Сирия

Тікұшақ құлаған жерден құжат табылды Сириялық көтерілісшілердің Идлиб провинциясында атып түсірген ресейлік Ми-8 тікұшағы орнында белгісіз аққұба əйелдің куəлігі табылды, – деп хабарлайды Daily Mail. Басылым құжаттың жəне оқиға орнының суреттерін жариялап отыр. Кей суретте сириялық көтерілісшілер ресейлік пилоттікі делінген денесін сүйреп бара жатыр. Сонымен қатар, Ми-8 апатқа ұшыраған жерде жүргізуші куəлігі, куəліктер, сақтандыру жəне православие икондары табылған. Еске салайық, Сирияның Идлиб провинциясында Ресейдің Ми-8 тікұшағы атып түсірілген болатын. Бортта экипаждың үш мүшесі жəне бітімгерлік мақсаттағы ресейлік орталықтың екі офицерінің болғаны хабарланған еді. «Бірінші тамыз күні Хмеймим əуе базасына қайтып келе жатқан ресейлік Ми-8 əскери-көлік тікұшағы жерден жасалған шабуылдан құлады. Олар Алеппо қаласына

е-mail: nastraje@mail.ru

Жаңа оқу жылына дайындық ƏЛЕУМЕТТІК ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫНАН ШЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ. АТЫ АЙТЫП ТҰРҒАНДАЙ, БҰЛ АКЦИЯНЫҢ КӨЗДЕГЕНІ ДЕ – КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫНАН ШЫҚҚАН, ЖЕТІМ ЖƏНЕ АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНАН АЙЫРЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ БАРУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. Биыл осымен тоғызыншы жыл қатарынан өткізіліп жатқан акция жылдағы дəстүр бойынша өрбиді. Тек бір айта кететіні, биыл баланың мектептегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына ерекше көңіл бөлінбекші. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының бастау алуына байланысты өткізілген брифинг барысында мəлім болды. Акцияның өткізілу барысы туралы баяндаған Білім жəне ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мəншүк Əбдікəрім, Ішкі істер министрлігі Əкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Əсет Оспанов игі іс шеңберінде көмекке ие болатын балалардың тізімі жүргізіліп жатқанын сөз етті. «Игі дəстүрге айналған акция осы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді. Жергілікті атқарушы биліктің есебі бойынша, бүгінде 280 мың оқушы мектепке қажетті керек-жарақпен қамтылатындар тізімінде тұр. Алайда, бұл тізім мұнымен шектеліп қалмай, қыркүйек айының соңына дейін əлі де толықтырылады. Əдетте, бұл сан 300 мыңнан асып жығылады», – деді өз сөзінде Мəншүк Əбдікəрім. Айталық, 2015 қайырымдылық акцияның қорытындысы бойынша 318 мыңнан астам мектеп оқушысы 2 млрд. теңгені құрайтын материалдық көмекке ие болған. Министрліктің мəлімдемесіне сүйенсек, өткен 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда «Мектепке жол» акциясы кезінде көмекке ие болғандар қатары 20 мыңға артқан. Олар бұны Қарағанды, Ақмола

ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТТІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ БҰҰ ЕСЕБІНІҢ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ АРАСЫНДА 7-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ.

облыстарындағы табиғи апат, су тасқынымен байланыстырып отыр. Айта кеткен жөн, акция шеңберінде, көмекке мұқтаж балаларды анықтау мақсатында Білім жəне ғылым министрлігі жəне Ішкі істер министрлігінің бірлесуімен рейдтік шаралар өткізіледі. Республика деңгейінде өткізілетін рейдтік шаралар туралы айтқан Əсет Омарұлы: «Былтыр осы мақсатта ұйымдастырылған рейдтік шаралар нəтижелілігін көрсетті. Айтар болсақ, жұмыс қорытындысы бойынша көмекке мұқтаждар тізімін 3588 бала толықтырып, олар сəйкесінше тиісті көмекке ие болды. Биыл да былтырғы үрдіс бойынша республика көлеміндегі рейдтік шаралар кезінде қала сыртындағы саяжайлар, елді мекендердегі егістік жəне шаруашылық алқаптар тегіс тексеріледі. Тиісінше тұрмыстық əл-ауқаты төмен отбасынан шыққан қараусыз жүрген балалар анықталып жатса, олар көмекке мұқтаждар тізіміне енгізіледі», – деді.

Оның айтуынша, халықаралық əуе көлігі қауымдастығының деректеріне сəйкес Қазақстанда 2014 жылы əуе билеттері нарығының көлемі 900 млн. долларды құраған. «ҚР Статистика жөніндегі комитетінің деректеріне сəйкес, жыл сайынғы өсім – 9 пайызға жетті. Бірақ, соңғы 1,5 жыл ішінде əлемдік дағдарыс орын алды. Сондықтан нарық біршама басқа деңгейде дамыды. Брондау жүйесінің деректеріне сүйенсек, 2015 жылы нарық 2014 жылмен салыстырғанда – 8 пайызға төмендеді. 2016 жылы да бұл құбылыс сақталуда – алғашқы жарты жылдықта нарық – 8 пайызға құлдырады», – деді Николай Мазенцев.

Бұдан жоғары сапта Оңтүстік Корея, Сингапур, Жапония, Израиль, Бахрейн жəне Біріккен Араб Əмiрлiктері орныққан. Бұл туралы Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен бірге, БҰҰ-ның жаһандық рейтингісі бойынша Қазақстан 33-орынды иемденіп, барлық ТМД елдерінен алда екенін атап өткен жөн. Электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша биылғы ең үздік көрсеткіш Ұлыбританияда, одан кейінгі кезек Австралияда болса, үшінші орынды өткен жылдардың көшбасшысы Оңтүстік Корея иемденіп отыр. Жаһандық рейтинг бойынша АҚШ – 12-орын, Ресей – 35-орын, Қытай – 63, Өзбекстан мен Қырғызстан – 80 мен 97-орындарда. БҰҰ-ның электронды үкімет даму индексі (The UN Global E-Government Development Index немесе EGDI) дегеніміз – мемлекеттердің азаматтарға ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар арқылы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етудің əлеуеті мен əзірлігін бағалайтын кешенді көрсеткіш. Осылайша, 2016

Жан АЙБЕК

Əуе билеттерінің нарығы төмендеді ҚАЗАҚСТАНДА ƏУЕ БИЛЕТТЕРІ НАРЫҒЫ 2016 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 8 ПАЙЫЗҒА ҚҰЛДЫРАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ АЛМАТЫДА ӨТКЕН БАСПАСӨЗ МƏСЛИХАТЫНДА СHOCOTRAVEL КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ НИКОЛАЙ МАЗЕНЦЕВ МƏЛІМ ЕТТІ.

Жетістігіміз – жетінші орын

Оның айтуынша, нарықтың құлдырауы бірінші кезекте əуе билеттерінің орташа бағасының 70 пайызға қымбаттағанына байланысты болып отыр. Яғни, адамдарға шет елдерге ұшу қымбатқа түсуде. «Адамдар шет елдерге аз ұша бастады. Олар қазір ішкі туристік мекендерге басымдық беріп жатыр. Егер 2014 жылы əуе билеттерінің 78 пайызы шет елдерге бағытталса, 2016 жылы бұл бағыт 64 пайызды құрады. Соның салдарынан сұраныс құрылымы да өзгере бастады. Мысалы, қазір Тбилиси – қазақстандықтар үшін биыл ең сұранысқа ие бағыт болып отыр», – деді ол. Өз кезегінде «Altyn Bank» АҚ басқарма төрағасы Асқар Смағұлов Қазақстанда əуе билеттерінің құнын бөліп төлеуге мүмкіндік пайда болғандығын жеткізді. «Бұл банктің несиесі емес. Біз клиент үшін билет құнын 100 пайыз төлейміз. Ал клиент, 30 пайызын ғана төлесе болғаны. Қызметті көрсету мерзімі –14 күннен 6 айға дейін», – деді Асқар Смағұлов. Chocotravel компаниясының əуе билеттерін онлайн режімінде сату сервисі мен Altyn-I сандық банкі əуе билеттерін кез келген көлемде, кез келген бағытта сатып алуды ұсынады. Бұл жерде билет құнын 14 күннен 6 айға дейін бөліп төлеуге болады. Асқар Смағұловтың айтуынша, бөліп төлеуге қатысты мөлшерлеме төленбейді.

жылы Қазақстанның композиттік индексі 0,7250 ұпай құраса, жаһандық орташа EGDI 0,4922 ұпай деңгейіне бекітілген. Бұл индекс адам капиталының дамуы, телекоммуникациялық инфрақұрылым мен онлайн қызметтер іспетті 3 көрсеткіштен құрылады. Рейтинг пен оған қатысты көрсеткіштер əр екі жыл сайын БҰҰ сарапшыларымен есептеліп дайындалады.

Туристерге тегін экскурсиялар ЕЛОРДАДА ТЕГІН ЖАЯУ ЭКСКУРСИЯЛАР ЖОБАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ, ТУРИСТЕР АУДИОГИДТІҢ КӨМЕГІМЕН ҚАЛАНЫҢ БАСТЫ КӨРІКТІ ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛА АЛАДЫ. «ХАН ШАТЫР» САУДА, ОЙЫНСАУЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ЖƏНЕ «БƏЙТЕРЕК» МОНУМЕНТІНІҢ АЛДЫНДАҒЫ АЛАҢДА АРНАЙЫ ШАТЫРЛАР ОРНАТЫЛДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ ƏКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. – Идея Нұржол желегін, оның жанындағы көрікті жерлерді барынша кеңінен танымал етуге негізделген, қала қонақтары мен шетелдіктер кепілге аздап ақша қалдырып, аудиогидпен желекті аралайды, жаңалықтармен танысады, – дейді «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директорының орынбасары Амантай Əбілов. Аудиогид пен жолсілтемені сағат таңғы 10нан кешкі 22-ге (онға) дейін кепілге 5 мың теңге қалдырып, алуға болады. Жабдықтарды тапсырған соң ақшаны қайтарып аласыз. Жаяу

Тамызда тамылжыған ауа райы гуманитарлық көмекті жеткізіп, қайтып келе жатқан. Тікұшақта экипаждың 3 мүшесі жəне Сириядағы тараптарды бітімгерлікке шақыру мақсатындағы ресейлік орталықтың екі офицері болған», – делінген Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз жəне ақпарат басқармасының таратқан хабарламасында. Ресейлік əскерилердің мəліметінше, Ми-8 «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік тобының бақылауындағы аумақта атып түсірілген.

Қытай

«Болашақ автобусы» – кептеліс болдырмайды Қытайдың Цинхуандао қаласында «болашақ автобусы» деп аталып жүрген көліктің сынақтық тестілеуі басталды. Бұл туралы Синхуа агенттігі хабарлады. TEB-1 (Transit Elevated Bus) құрылымы арқылы автобустың астынан басқа жеңіл көліктер жүре алады. Жаңа автобус жол жиегіне орнатылған арнайы рельстер арқылы жүріп, биіктігі екі метр болатын көліктерді астынан өткізе алады. Осылайша, автобус жолда кептелісте тұрмайды. Сынақ үшін пайдаланыла бастаған автобустың ұзындығы 22 метр, ені 7,8 метр, биіктігі 4,8 метр. Бұл секцияға 300 жолаушы отыра алады.

СИНОПТИКТЕР ТАМЫЗ АЙЫНДА АУА РАЙЫНЫҢ ҚАНДАЙ БОЛАТЫНЫН АЙТЫП БЕРДІ.

«Бір айға орта есеппен алғанда Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облысының көп бөлігі, Батыс Қазақстан, Қарағандының кей жерлерінде жəне Ақтөбе облыстарында ауа температурасы 23-30 градусты құраса, еліміздің басқа аймақтарында 15-22 градус болады, 1-2 градус нормадан жоғары өңірлер: Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда жəне Оңтүстік

Қазақстан облыстары, қалған облыстарда нормаға сай болады», – дейді синоптиктер. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстанның көп жерлерінде, Ақтөбе жəне Қызылорда облыстарында жауынның айлық көрсеткіші нормадан төмен, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облысының таулы аймақтарында жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында нормадан жоғары мөлшерде, қалған басқа аймақтарда нормаға сəйкес жауын жауады. «Айдың басында республиканың батыс пен шығыс жерлерінде қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр жауады, батыс бағытта желдің жылдамдығы 15-20 метрді секунд құрайды. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін. 4-6 тамызда жылы ауаның жылуынан барлық республикамыздың аймағында біртіндеп ауа райы күндіз жоғарылайды: батыста 30-38 градус ыстық, оңтүстік-батыста 41 градус ыстық, солтүстік-батыста, солтүстікте, солтүстікшығыста жəне орталықта 28-38 градус ыстық; оңтүстікте жəне оңтүстік-шығыста 33-38 градус болуы мүмкін. Консультациялық болжамның шешімі бойынша бірінші жəне екінші онкүндіктің бірінші жартысы жылы əрі жауын шашынсыз болады. Ал, екінші жəне үшінші онкүндік соңында суық əрі ылғалды массалардың арқасында суық жаңбырлар болуы мүмкін, соған сай солтүстікте, шығыста жəне орталық өңірлерде түнгі уақыттарда қатқақ болуы мүмкін.

экскурсиялар кезінде «Хан Шатыр» сауда, ойынсауық орталығы, Ғашықтар саябағы, «Қазмедиа орталығы» ғимараты жəне басқа да нысандар туралы ақпарат төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын жəне қытай тілдерінде ұсынылады. – Алдағы уақытта аудиогидті прокатқа беретін тағы да 3 орын ашуды жоспарлап отырмыз. Мысалы, орталық саябақта, жағалауда, атаулы көшелерде шатырлар орнатылады. Тілдер саны көбейеді, – деді Амантай Əбілов. Аталған жоба 20 маусымда іске қосылды, осы күнге дейін 100-ге жуық адамға қызмет көрсетілді. Тегін экскурсиялар шетелдіктердің де, басқа қалалардан келген қазақстандықтардың да арасында кеңінен қолданыс тапты. Айта кетейік, елорданы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындау, туристік тартымдылықты жақсарту аясында үш экскурсиялық автобус қатынайды. Қазіргі кезде қала бойынша жаяу жүргіншілерге бағыт-бағдарды анықтауға мүмкіндік беретін үш тілде 100-ге жуық пилон мен 140 жол көрсеткіш орнату жұмыстары басталды.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №57 (4223),№ бейсенбі, 4.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 БАСҚОСУ

е-mail: nastraje@mail.ru

3

ЕСЕП БЕРУ

ЖАС ЛЕЙТЕНАНТТАР ЖИЫНЫ Ерболат СҰЛТАНОВ, Орал қаласы

ТАЯУДА «БАТЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНДА ЖАҢАДАН КЕЛГЕН ЖАС ЛЕЙТЕНАНТТАР ҮШ КҮНДІК ЖИЫНДА БАС ҚОСТЫ. КЕЗДЕСУГЕ БҰЛ ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАТЫС ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ ƏСКЕРИ БӨЛІМДЕРГЕ ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ ƏСКЕРИ ИНСТИТУТЫН БІТІРГЕН 28 ТҮЛЕК КЕЛДІ.

Жиының басты мақсаты – жас сардарлардың əскери-жауынгерлік қызмет барысында қызметке бейімделу жəне төселу қарқынымен танысу, тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстарды сапалы жүргізуде офицерлерді қажетті біліммен қаруландыру болып табылады. Сонымен қалыптасқан тəртіп бойынша жиынның алғашқы күні саптық тексерістен басталды. Одан кейін əскери бөлімнің мəжіліс залында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, полковник Қайрат Ақтанов, қолбасшының бағыттар бойынша орынбасарлары полковниктер Исатай Жəрдемов, Берік Омаров, Асхан Ибишов қатысып, өңірлік қолбасшылықтың қызметтікжауынгерлік жұмысымен, əскери бөлімдердегі жəне орналасқан аймақтардағы ахуалмен таныстырды «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтановтың айтуынша, жиын мақсаты – өз қызметтеріне жаңадан кіріскелі отырған жас лейтенанттардың тез бейімделуіне

ықпал ету, қажетті білім-білікпен қаруландыру. Енді олар əскери институтта алған білімдерін іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Жас сардарлардың əрқайсысына тəлімгер бекітілетін болады. Лейтенанттар үш күн бойы басшылық құжаттармен танысып, негізгі оқу пəндері бойынша сынақтар тапсырды.

Нысана көздеу, дене, тактикалық, арнайы, техникалық жəне саптық дайындықтан шеберліктерін көрсетті. Ал, күн тəртібі кестесіне сай кешкі мезгіл алдында спорттықмəдени шаралар ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылар қонақжай шаһардың көрікті жерлерін аралап, Ақжайық өңірінің сұлулығына таңдай қақты, тыныс-тіршілігімен көңіл көкжиектерін қенейтті. Сондай-ақ, қаланың бүкіл театр, мұражайларын тамашалады. Жиын соңында «Батыс» өңірлік қолбасшысының əскери институт түлектерін взвод командирі жəне рота командирінің тəрбие жəне əлеуметтікқұқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындау туралы бұйрығы таныстырылды. Енді жас сардарлар Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал қалаларындағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты əскери бөлімдерде өз қызметтерін жалғастыратын болады. Жас командирлер алдағы уақытта əскери дайындықтан да, саяси жағынан да, мəдени-тұрмыс мəселелерінен де басқаларға үлгі болып, Отан қорғаудағы белсенділіктерін арттыра береді.

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

ТƏРТІПТІ НЫҒАЙТУДЫҢ ТИІМДІ ТƏСІЛІ Мəдина БАЛҒАШОҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД ЖАНЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАТИВТІККЕҢЕСШІ ОРГАННЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА ІІД ЖЕКЕ ҚҰРАМЫНЫҢ АРАСЫНДА ТƏРТІП ПЕН ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ САҚТАЛУ МƏСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ. БАСҚОСУ БАРЫСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ІІД КАДР ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ҚАПЕЗ ДƏУЛЕТБАЕВ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ. Басқарма бастығы жеке құрамның ішіндегі заңдылыққа талдау жасай отырып, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлеріне қатысты 8 қылмыстық іс қозғалғанын айта кетті. Олардың 2-уі іс жүргізу барысында тоқтатылды. Жыл басынан бері 4 сот отырысы өткізілді. Бұл жиындар барысында 5 қызметкер əртүрлі негіздер бойынша сотталды. Қызметкерлерге қатысты үкімдер олардың əріптестерінің қатысуымен оқылады. Мұндай тəсіл – профилактикалық шаралардың бірі болып санала-

АЙМАҚ Облыс əкімі Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облыстық ІІД Əкімшілік полиция ғимаратында орнатылған Халыққа қызмет көрсету орталығы базасы негізінде орнатылған электронды кезек жүйесі жұмысының тəртібімен танысып қайтты. Бірнеше күннен іске қосылған бұл жүйе көлік құралдарын тіркеу немесе қайта тіркеу, жүргізуші куəліктерін беру бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жəне үрдісті жақсартады. Электронды кезек жүйесі қызмет көрсету кезінде адамның тікелей қатысуын болдырмайды, өйткені, кезекті электронды түрде анықтайтын болады. Облыс əкімі кезекте отырғандардың жағдайларымен танысып, қызмет көрсету жүйесінің тиімділігіне қатысты сұрақ қойды.

ды. Кадр жұмысы басқармасының бастығы полицейлердің көлік жүргізу кезіндегі тəртібіне де тоқталды. ІІД басшылығы 2016 жылдың басынан бері полиция қызметкерлерінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қатаң шаралар қабылдады. Облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Білəловтің тапсырмасымен жүргізуші куəлігі, жеке жəне қызметтік автокөлігі бар қызметкерлер Жол қозғалысы ережелерін білуден емтихан тапсырды. Қабылданған шаралар арқасында полицейлердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының са-

нын азайту мүмкін болды. 2015 жылы 15 апат тіркелсе, 2016 жылы 1 оқиға тіркелді. Кадр, заңдылықты сақтау мəселелерін ашық талқылау құқық бұзушылықтарды ескерту мен олардың жолын кесу бойынша мəселелерді шешуге мүмкіндік береді. ІІД жанындағы Консультативтіккеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов қатысушыларға кеңес мүшелерінің өздеріне бекітілген учаскелік полиция пункттерінде жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты. Тұрғындардың қатысуымен өтетін жиналыстар, халықтың өңір полицейлеріне қатысты пікірі туралы бейнефильм көрсетілді. Қоғамдастық мүшелері кестеге сəйкес гарнизондық таратуларға, полиция жасақтарының патрульдеу жүргізуіне қатысып тұрады. Жұмыс нəтижелерін талқылап болған соң шешім қабылданды. Қызмет көрсетілетін аумақта тұратын тұрғындардың қатысуымен өткізілетін жиналыстарды үлкен кəсіпорындар мен оқу орындарында адамдардың көп қамтылуы арқылы өткізу қажет. Талқыланған əрбір мəселе бойынша ұсынымдар əзірленіп, полицияның басшылығы мен жеке құрамына жеткізілетін болады. Бұдан бөлек, гуманитарлықтехникалық колледждің директоры Александр Меркті консультативтіккеңесші органның мүшесі етіп сайлау мəселесі қаралды. Оған куəлік пен жетекшілік ететін қызметтер, аудандық бөліністер мен учаскелік полиция пункттері белгіленді.

Ақын ауданындағы есептік кездесу Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ МОЛОДОГВАРДЕЙСК СЕЛОСЫНДА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ. КЕЗДЕСУГЕ ТҰРҒЫНДАР, АУДАН ƏКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАҚСЫЛЫҚ ЕСДƏУЛЕТОВ ПЕН СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ БЕРІК БІЛƏЛОВ ҚАТЫСТЫ.

Молодогвардейск селолық округі Мағжан Жұмабаев ауданының шалғайда жатқан округтерінің бірі. Селолық округте 500-ден астам адам тұрады. Округке жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ескендір Өтегенов қызмет көрсетеді. Кездесуді бастаған ІІД бастығы ауыл тұрғындарына жергілікті полиция қызметінің жұмысына қатысты басты бағыттар туралы айтты. Округ аумағында жүргізіліп жатқан жергілікті полиция қызметіне учаскелік инспектор тоқталды. «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидасын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 62 əкімшілік хаттама толтырылды. Елді мекендерді абаттандыру бойынша үш айлық аясында ҚР Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 505-бабы «Абаттандыру ережелерін бұзу» бойынша 17 əкімшілік хаттама толтырдым», – деп атап кетті инспектор. ІІД бастығын мал ұрлығының алдын алу, Ресей Федерациясының шекаралас аудандарындағы əріптестермен іс-қимыл жасасу, округтегі тұрғындардың жұмыспен қамтылуы қызықтырды. Облыстың бас полицейі Молодогвардейск селолық округінің учаскелік полиция инспекторына қызметтік автокөлік бөлу мəселесін шешіп берді. Ауыл тұрғындары инспектордың жұмысына оң бағаларын берді. Тəртіп сақшысының селолық округте болып жатқан барлық жағдайдан хабардар болып жүретіні айтылды. Есепті кездесу аяқталған соң полиция генерал-майоры Берік Білəлов азаматтарды қабылдады. Ауыл тұрғындарының қойған сұрақтарының көпшілігі ІІО қызметке орналасу болды. Жуырда, осындай кездесу Қызылжар ауданының Вагулино селосында өткен болатын.

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ

Жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді Гүлнəр ЖАМАНҚҰЛОВА, Алматы қаласы

АЛМАТЫ ПОЛИЦИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ ТƏРТІПТІ НЫҒАЙТУ МЕН ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ҚЫЛМЫСТАРДЫ АШУ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ, СОНДАЙ-АҚ, ƏКІМШІЛІК ЗАҢНАМАНЫҢ НОРМАЛАРЫН ТƏЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ТҰРАҚТЫ ШАРАЛАРДЫ ҚОЛҒА АЛУДА. «Жергілікті полицияның басты міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Осыған орай қаланың неғұрлым криминогенді аудандарында полицияның барлық күштері мен құрылымдарының қатысуымен жүйелі түрде жергілікті жұмыстар атқарылып, сондай-ақ, ауқымды «Құқық тəртібі», «Қару», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Демалыс», «Жаяу жүргінші», «Есепке алу», «Тұрақ-Мүгедек», «Бөгет», «Автобус», «Нөмірлік белгі», «Қауіпсіз жол», «Қарсы жолақ», «Жаяу жүргіншілер өтпесі», «ЖҚЕ өрескел бұзушылықтың алдын алу» жəне тағы басқа да жедел алдын алу іс шаралары жүргізілуде. Жыл басынан бері Алматыда барлығы 36 жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Сонымен қатар, ІІД полициясының кешенді күштерінің бірыңғай орналасуының жоспарына сəйкес, қала 100 патрульдік учаскелерге бөлінген», – деді бөлімше қызметінің басым бағыттары туралы Алматы қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов. «Қазіргі таңда қылмыстарды ашу мен əкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауда жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің көрсеткіштері жақсарды. Учаскелік инспекторлардың қатысуымен 3 мың 661 қылмыс əшкереленді. Жол-патрульдік нарядтармен 3 мың 881 қылмыс, оның 1 мың 969-ы ізі суымай ашылды. Қабылданған шара барысында көшелер мен қоғамдық орындардағы қылмыстылықтың негізгі көрсеткіштері болып табылатын тонау – 21,3, бұзақылық – 22,9, қарақшылық – 37,3, бөтеннің мүлкін ұрлау – 14,8 пайызға төмендеуіне қол жеткіздік. Жəне тағы бір маңызды жайт, біз 2 мың 143 адамды біріктіретін 214 құқық қорғау бағытындағы қоғамдық бірлестіктердің мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдаланудамыз. Олардың қатысуымен 39 қылмыс ашылып, 5 мың 129 əкімшілік құқық бұзушылық əшкереленді», – деді полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов. Айта кетейік, қоғамдық тəртіпті сақтауды қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін 1 тоқсанда 197 полицияның қоғамдық көмекшілері 3 миллион теңгеден астам көлемде ақшалай сыйлықтармен ынталандырылды, екінші тоқсанда ақшалай сыйлықтармен көтермелеуге 200-ден астам ұсыныс дайындалып отыр.

Жаңа жүйенің жетістігі мол Асылай ГУБАШЕВА, Батыс Қазақстан облысы ЕЛБАСЫНЫҢ «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» – ҰЛТ ЖОСПАРЫНДА АЙҚЫНДАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» 2015 ЖЫЛҒЫ 2 ҚАРАШАДАҒЫ № 388-V ЗАҢЫНА СƏЙКЕС ӨҢІР ƏКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД-МЕН ІІД ƏПБ ТІРКЕУ-ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУ БӨЛІНІСТЕРІ ЖƏНЕ ƏКІМШІЛІК ПРАКТИКА БӨЛІНІСТЕРІН ЭЛЕКТРОНДЫ КЕЗЕК ЖҮЙЕСІМЕН ЖАРАҚТАНДЫРУ ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ. Электронды кезектің жұмысына жан-жақты тоқталған облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Махамбет Абисатов: «Автокөлік құралдары айдап

əкетілгені, іздеуде тұрған есебімен тексерілсе, ал жүргізушінің өзі іздеуде жүргендер, хабар-ошарсыз жоғалғандар тізімі, ТМД жəне Интерпол

базасына біріктірілген криминалдық есеп бойынша тексерілетін болады, оның бəрін компьютер анықтап береді. ІІД ғимаратында нөмір беретін екі терминал қойылды, аталған электронды кезек делдалдардың қызметін пайдалануды тоқтатып, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға мүмкіндік береді», – деді. «Бұл қызмет үрдісі автокөлік жүргізушілерінің жұмысын үш есеге қысқартты, яғни, құжаттарды толтыру, жүргізуші куəлігін алу, айыппұл төлеу, емтихан қабылдау жұмыстарына екі сағат шамасында уақыт қажет болады.

Қазіргі уақытта біздің штатта алты ерікті қызметкерлер жұмыс атқаруда, олар құжаттарды қабылдау жұмыстарымен айналысады. Азаматтарға қызмет көрсету үшін азаматтық тұлғадағы қызметкерлерді жұмысқа алып, жұмыс штатын көбейту жоспарымызда бар, ал құжаттарды тексеріп, қол қойдыртып, табыстау құқығы офицерлердің міндетінде», – деді Батыс Қазақстан облыстық ІІД Əкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ж.Жаншин. Бұл жобаны жүзеге асыру шегінде демонтаж жəне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, сонымен қатар, қажет құрылғыларды, оргтехникаларды жəне жиһаздарды сатып алуға облыс бюджетінен 30 млн. 184 мың 837 теңге бөлінген болатын.


4

АЙМАҚ АЙШЫҚТАРЫ №57 (4223), № бейсенбі, 4.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ЕРЛІК САБАҒЫ

ТАҒЗЫМ

ЖАУЫНГЕРЛІК РУХ – ЕРЛІК БАСТАУЫ Ерлік сабақтарында айтылған ойлардан, өз замандастарының қайсарлық істерінен үлгі алған жан нағыз батырлықтың не екенін ұғынып, міндет, абырой, жауапкершілік, азаматтық парыз туралы түсінігі қалыптасып, шынайы патриот болмайынша елінің толыққанды азаматы атану мүмкін еместігіне көз жеткізеді. Бүгінде қоғамдық тəртіп əскерінің əрбір өңірдегі əскери бөлімдерінде «Жауынгерлік отбасындай ұйысқан, Ұлттық ұлан – елі мен жеріне қорған!» атты ұранмен ерлік сабақтары өтіп жатыр. Бұл дəрістердің мақсаты бір, міндеттері ортақ. Бас қолбасшылықта өткен басқосуда Бас қолбасшының тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генералмайор Мұхаметқали Сатов жеке құрам алдына шығып сөз сөйледі. Шара барысында, сонымен қатар, Ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал-майор Қалиақпар Тоқышев, «Нұр Отан» партиясы жəне оның «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, басқарма офицерлері мен сарбаздар да тақырып аясында өз ойларын жеткізді. Сабақ Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 əскери бөлімі əскери қызметшілерінің бейнеүндеуі бар «Жауынгерлік отбасындай ұйысқан, Ұлттық ұлан – елі мен жеріне қорған!» атты роликтің көрсетілімімен басталды. Əскердің бас тəрбиешісі – генерал-майор Мұхаметқали Сатов өз дəрісінің басында бүгінгі жауынгер ұрпақтың бірегейлігін сөзге тиек етті. Яғни, оның айтуынша, бұл бірегейлік олардың жаужүректілігімен, əскери міндетке адалдығымен, Қазақстанға деген махаббатымен тығыз байланысты. «Тарихқа үңілер болсақ, қазақстандық жауынгерлердің ерлігі сонау Қазақ хандығы құрылған замандардан бастау алатынына көз жеткіземіз. Біздің көпұлтты мемлекетіміз өздігімен қалыптаса салған жоқ. Уақыт қазақ халқының басына қайғы мен қиындықты жаудырып, қатаң сынға алды. Десек те, біз бірлік пен тұтастықтың арқасында небір дүрбелеңнен мойымай, асқан абыроймен аман шықтық. Қазақстандық патриотизм – кез келген жауды жыға алатын алып күш!», – деді Мұхаметқали Құсайынұлы. Жыр жолдарында: «Ерлік – жылдам тарап, тез өте шығатын сəн емес. Ерлік – ұзақ та мəңгі азаматтық болмыс», – делінген. Ал, біз оны ерлерге ғана емес, əйел затына да тəн адами асыл қасиетке балаймыз. Ұлттық ұланда жүрген нəзікжанды əскери

е-mail: nastraje@mail.ru

СОҢҒЫ САПАР АЛМАТЫДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒАДАН КЕЙІН ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТҚАН ЕКІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ КӨЗ ЖҰМДЫ. ДҮЙІМ ЕЛДІ ДҮР СІЛКІНДІРГЕН ҚАНҚҰЙЛЫ ОҚИҒА КЕЗІНДЕ ҚАРУЛЫ ҚЫЛМЫСКЕРГЕ ҚАРСЫ ТОЙТАРЫС БЕРЕМІЗ ДЕП, АУЫР ЖАРАҚАТТАНҒАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ – СЕРІК ƏБІЛДАЕВ ПЕН МЕЙРАМБЕК РАХМАТУЛЛАЕВ ТУҒАН ЖЕРЛЕРІНДЕ ЖЕРЛЕНДІ. Үш қыз тəрбиелеп отырған асыл əке Серік Əбілдаев Алматы облысының Іле ауданына қарасты Күрті елді мекенінде жерленсе, Мейрамбек Рахматуллаев киелі Қазығұрт елінде ақтық сапарға шығарылды. 43 жастағы полиция аға сержанты Серік Əбілдаев пен 24 жастағы полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаев 2016 жылғы 18 шілдеде Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасында, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ғимараты алдында, Абай даңғылы мен Байзақов көшесі жəне Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесі қиылысында полиция қызметкерлеріне қарсы оқ атқан Р.Күлекбаевқа тойтарыс беру кезінде оқ тиіп, ауыр жарақат алған еді. Дəрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасағанмен, олардың өмірін аман алып қала алмады. Ішкі істер саласында 1994 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Серік Еркенұлы Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінде қызмет еткен еді. Қызмет атқарған жылдары үш дəрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Қазақстан полициясына – 20 жыл» төсбелгісімен, сондай-ақ, ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ІІД-нің грамоталарымен марапатталған.

Мөлдір НƏЛІБАЕВА

АПТА БАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ БАС ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНДА ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН ЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ. ДƏСТҮРЛІ ШАРА ƏСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ПАТРИОТИЗМ РУХЫНДА ТƏРБИЕЛЕП, ОТАНДЫ ШЕКСІЗ СҮЮГЕ БАУЛЫП, БАТЫРЛАРДЫ ДƏРІПТЕУДІ МАҚСАТ ЕТТІ. ӨМІРШЕҢ ЖАҒДАЙЛАР МЕН ОСЫ ТЕКТЕС ДƏРІСТЕР ӨЗ ЕЛІНЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАЙТЫН КЕЗ КЕЛГЕН АЗАМАТТЫҢ БОЙЫНА ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ СЕЗІМІН ҰЯЛАТЫП, ОТАНЫНА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІГІН АРТТЫРА ТҮСУІ ЫҚТИМАЛ. қызметшілер ерлермен қатар бір сапта бой түзеп, кəсібилік тұрғысынан ерлерден кем түсіп жатқан жоқ. Бұған біз 6655 əскери бөлімінің медицина қызметкері Ирина Балмағанбетованы бейнетаспадан көргенде тағы бір көз жеткіздік. Ол өз үндеуінде қаралы күн – 5 маусымның қалай болғанын əңгімелеп берді. Өзі мойындағандай, бойын қорқыныш сезімі билесе де, жас сарбаздарды өз перзентіндей көріп, ауыр жарақаттанған оларға аналық сезіммен қарап, асқан жанашырлықпен ажалға араша бола білген. Бəлкім, Ирина секілді жандардың арқасында, құрбандар саны көбеймеген болар. Мұхаметқали Құсайынұлы патриот болудың не себепті маңызды екеніне жəне не себепті жастардың бойына бұл сезімді ұялату керектігіне де тоқталды. Халқымыздың болашақ тарихында болу-болмауын біз, осы жерде шешеміз. Өз ұрпағымызға қандай мемлекет қалдырарымыз да бізге байланысты. Ішкі əскерлер ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал-майор Қалиақпар Тоқышев бүгінгі жағдайдың, өкінішке қарай, 10 немее 20 жыл бұрынғыдай тұрақты еместігін айтты. Сол себепті де, əрқашан қырағы болуға, əлсіздік танытпауға жəне кез келген тойтарысқа дайын тұруға шақырды.

Одан кейін сөз кезегін «Нұр Отан» партиясының өкілі – академик, философия ғылымдарының докторы Қазбек Қазкенов алды. Ол көне шежіреге сүйене отырып, Қазақ мемлекетінің тарихы жайында қызықты мəліметтер келтірді, өткеннің жарқын оқиғаларына тоқталып қана қоймай, оларға пəлсафалық көзқараспен баға берді. «Соңғы онжылдықтағы келеңсіздіктер – терактілер, мемлекеттік төңкерістер, биліктің ауысуы бізді мықты ел болуға міндеттейді, – деді Қ. Қазкенов. – Біз «зорлық-зомбылық аппараты» – қылмыстық жəне террористік топтарды құрықтауды үйренуіміз керек. Ол үшін бізге өмірлік позициясы белсенді азаматтар, ең бастысы парасатты – көшбасшымыз қажет. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан да, азаматтық қоғам тарапынан да аса мəн беруді талап ететін тағы бір маңызды жайт – дін мəдениеті». Иə, елімізді дүр сілкіндірген, өмірімізді «дейін» жəне «кейін» деп екіге бөлген бұл оқиғалардың тарихта қалары хақ. Тарихта шынайы ерліктің, өжеттік пен намыстың айқын үлгісін көрсеткен, Қазақстан үшін, тəуелсіздік пен қауіпсіздік үшін құрбан болған ерлердің есімі мəңгі қалмақ!

Күні кеше оңтүстікқазақстандықтар Алматыда болған оқиғада ерлікпен қаза тапқан полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаевты ақтық сапарға шығарып салды. 2 тамыз күні Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында қаралы жиын өтті. Жерлеу рəсіміне Қарабастау ауылының тұрғындары мен ішкі істер саласының қызметкерлері, Оңтүстік Қазақстан облысының əкімдігі мен Алматы қалалық əкімдігінің өкілдері, сондай-ақ, ішкі істер саласының басшылары да қатысты. Қаралы басқосуға келген облыс əкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев ерлікпен қаза тапқан марқұмның бұл қайғысы оның туыстарының ғана емес, барша қазақстандықтардың көңіліне қаяу салғанын айтты. М.Рахматуллаевтың туыстарына Алматы қалалық əкімдігінен 15 млн. теңге, Оңтүстік Қазақстан облысының əкімдігінен қосымша 5 млн. теңге берілетін болды. Сонымен қатар, ішкі істер саласының қызметкерлері бір күндік жалақыларын Алматыда болған қанды оқиға кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына аударуды ұйғарып отыр. Еске сала кетелік, бұған дейін қанды оқиғадан төрт полиция қызметкері, бір шекара қызметінің өкілі жəне бір зейнеткер мерт болып, 8 адам жараланған болатын. Өз тілшімізден

ШАРА

«Қару» – қауіптің алдын алады СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА 25 ШІЛДЕДЕН БАСТАП «ҚАРУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІСШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ. ШАРА ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН ҮШ КҮННІҢ ІШІНДЕ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫ 1700-ДЕН АСТАМ ҚАРУ ИЕСІН ТЕКСЕРДІ. «Қару» операциясының мақсаты – қаруды, оған арналған оқ-дəрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сақтау фактілерін анықтау. Облыс аумағында бұл іс-шараға 300 полиция қызметкері тартылды. Тек, үш күн ішінде олар 1701 қару иесін тексерді. Қару айналымы саласында 77 заң бұзушылық тіркелген. «25-31 шілде аралығында облыс аумағында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Операцияның басты мақсаттары мен міндеттері азаматтық қару иелерін тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру. Сондай-ақ, қару иелерінің оларды сақтау жағдайлары тексеріледі», – деп атап кетті Петропавл қалалық ІІБ Əкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жомарт Абылаев.

Негізінен қару иелері қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады екен. Осындай 60 факті анықталған. Ал қаруды тіркеу жəне қайта тіркеу тəртібін бұзудың 15 фактісі

тіркелген. Айыртау аудандық Ішкі істер бөлімі ИЖ16 қаруын заңсыз сақтап келген Лобаново селосының тұрғынын анықтап, бұл іс бойынша ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Заң бұзушы 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп, оның қаруы тəркіленуі мүмкін. «Заңсыз сақталған қаруды алу бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқаны туралы ескертеміз. Заңсыз сақтаулы жатқан қарулары бар азаматтарды қаруларын ішкі істер органдарына тапсыруларын сұраймыз. Қаруларын өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық жəне əкімшілік жауапкершіліктен босатылады», – дейді полиция подполковнигі Жомарт Абылаев. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Əкімшілік полиция басқармасының азаматтық жəне қызметтік қару айналымын бақылау бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Алексей Беловтың айтуынша, «Қару» операциясы шілденің 31-і күні аяқталады. Алайда, учаскелік полиция инспекторларының қарудың, оқ-дəрілердің, жарылғыш заттардың заңсыз сақталу фактілерін анықтау жөніндегі күн сайынғы жұмыстары тұрақты түрде ж алғасат ын б олад ы . «Еліміз дегі соңғы болған оқиғалар ішкі істер органдарын қару айналымына бақылау жасауды күшейтуге міндеттейді», – деп атап кетті полиция подполковнигі. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

АШЫҚ СОТ ОТЫРЫСЫ

Нөлдік төзімділік қағидаты ЖАҚЫНДА ВОКЗАЛ МАҢЫ МЕН ОҒАН ҚАТЫСТЫ АУМАҚТА ТƏРТІПСІЗДІК ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК ҚАҒИДАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА ЖҰМЫСПЕН ӨТЕУ ШАРАСЫ ӨТТІ. Шараға Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасы қызметкерлері мен Астана қалалық Ішкі істер департаменті Сарыарқа аудандық Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің сақшылары қатысты. Осы екі басқарманың бірлескен іс-шаралар жоспарының тармақтарын жүзеге асыру үшін қолға алынған шара аясында тұрғындар арасында тəртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауатын көтеріп, құқықтық мəдениетті арттыру мақсатында Астана стансасы əкімшілік ғимаратында теміржол ұйымдары жұмысшыларының қатысуымен ашық сот отырысы өтті. Аталған іс-шараны өткізуге Астана стансасындағы ІІЖБ 6 əкімшілік полиция қызметкері мен Сарыарқа аудандық ІІБ 10 жергілікті полиция қызметкері жұмылдырылды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының судьясы А.Сəдуақасованың төрағалығымен өткен ашық сот отырысында ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлімі бойынша ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық орындарды ластаған (қоқыс пен темекі қалдықтарын жəне пісте қабығын тастаған) 14 құқық бұзушының əкімшілік ісі қаралды. Шара қорытындысы бойынша 12 құқық бұзушының əрқайсысына 10 АЕК (21210 теңге) көлемінде айыппұл салынды, 2 құқық бұзушыға қатысты əкімшілік қамауға алу шарасы қолданылды. Көліктегі ІІД баспасөз қызметі


ҚОҒАМ жəне ЗАҢ №57 (4223),№ бейсенбі, 4.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ҚҰҚЫҚ

е-mail: nastraje@mail.ru

5

ҮКІМ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСЫ АЗАЙДЫ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН ШАРАЛАР НƏТИЖЕСІНДЕ ЕЛІМІЗДЕГІ ІРІ МЕГАПОЛИС – АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС 8 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ. ПОЛИЦЕЙЛІК ТАЛДАУ КӨРСЕТКЕНДЕЙ, ҚЫЛМЫСТЫҢ 42,2 ПАЙЫЗЫН ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ҚАРАУЫНСЫЗ АЛМАТЫҒА ҚЫСҚА МЕРЗІМГЕ БАСҚА ҚАЛАЛАРДАН КЕЛЕТІН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖАСАЙДЫ ЕКЕН.

Кəмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылы мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Демалыс», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Көше», «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік», «Жұмыспен қамту» секілді 7 жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп, неғұрлым криминогендік учаскелерде жергілікті жұмыстар жүргізілді. «Жүргізілген іс-шаралар нəтижесінде түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жəне қадағалаусыз қалған 6 мың 875 жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілді, оның 6 мың 814-і əкімшілік құқық бұзушылық жасаған бала. 505 жасөспірім мен 325 тұрмысы төмен отбасы ішкі істер органдарына есепке қойылды. Сонымен қатар, кəмелеттік жасқа толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде

жəне заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тысқары жерлерде жүру фактілерін анықтау үшін тұрақты негізде рейд жүргізіліп тұрады. Шара нəтижесінде 2 мың 193 атаана əкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Лейла Əліпбаева. Бөлім бастығының айтуынша, пəрменді шаралардың басты мақсаты – кəмелетке толмаған жастардың құқықтық сауатын арттыру болып табылады. Осыған орай, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен жолын кесу, сондай-ақ, бала тəрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында жалпы білім беретін оқу орындарының

оқушыларымен жəне олардың атааналарымен кездесулер өткізіліп тұрады. «Ағымдағы жылдың басынан бері қаланың білім мекемелерінде 5513 тақырыптық дəріс пен əңгіме ұйымдастырылды. Осы мақсатта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ішкі істер органдарының есебінде тұратын, тəрбие колониясындағы, ІІО-ның арнайы білім беру ұйымдары мен мекемелеріндегі кəмелетке толмағандарға бару тəжірибесі жалғасуда. Жүргізілген алдын алу жұмыстарына оқушылар арасында орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесуде мектеп полиция инспекторларына көмек көрсеткен балалар мен жасөспірімдер ұйымдары («Полицияның жас көмекшілері», «Жас ұлан», «Жас қыран» ж ас ақ т ар ы) б е лс е не атс ал ыс ты . Оқушылардың мұндай құрылымдары оқу мекемелеріндегі құқық тəртібінің жай-күйіне оң əсерін тигізуде. Мектеп полиция инспекторларының, педагогикалық ұжымның үйлесімді жұмыстарының жəне оқушылардың өзін-өзі басқаруының арқасында мектеп оқушылары тарапынан жасалған қылмыстар саны 38,5 пайызға азайды», – деді полиция полковнигі Лейла Əліпбаева. Сондай-ақ, қала жəне аудандар əкімдігі жанындағы кəмелетке толмағандардың ісі жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен өзара тығыз байланыс кəмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың басты тетіктерінің бірі болып табылады. Ағымдағы кезең аралығында комиссия отырысында кəмелеттік жасқа толмағандарға қатысты түрлі фактілер бойынша 142 материал қаралды. Баланы тəрбиелеу, оқыту мен күтіп-бағуда өз міндеттерін орындамағаны үшін 24 ата-анаға қатысты ең соңғы шара – атааналық құқықтарынан айыру шарасы қолданылды, сондай-ақ, 99 ата-ана əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ...

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ МЕКТЕПТЕ ЖҮРГЕННЕН ЕСТІДІК. ƏЛІ ЕСІМДЕ, ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ОҚЫП ЖҮРГЕНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТЫН АРТТЫРУ ОЛАРҒА МЕМЛЕКЕТ, ҚОҒАМ ЖƏНЕ АЗАМАТ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ БЕРУ ƏРІ ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТƏРБИЕЛЕУ МАҚСАТЫНДА ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАР ӨТКІЗІЛЕТІН. МАҚСАТЫ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРЕ ОТЫРЫП, ТƏУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕРІН АЗАМАТ РЕТІНДЕ КӨРСЕТЕ БІЛУ БОЛАТЫН. ЕСІМДЕ ҚАЛҒАНЫ –«АЗАМАТ АТАНҒАН АДАМ – ӨЗІ ТУҒАН МЕМЛЕКЕТТІҢ МІНДЕТІ МЕН ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ» ДЕГЕН ҰРАН ЕДІ. СОНДА ҮЗДІК НƏТИЖЕ МЕН ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫМ ҮШІН МАҚТАУ ГРАМОТАСЫНА ДА ИЕ БОЛҒАН ЕДІМ. Ал ІІМ-нің Астана қаласындағы Оқу орталығында болғанымда адам құқығы тақырыбын тереңірек оқып, бұл ұғымдарды өмірлік тəжірибелермен ұштастыра қарастыруға ұмтылдық. Құқықтық мəдениет, құқықтық норма, Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының мəн-маңызы секілді түрлі сауалдар төңірегінде пікірталастар өткізетінбіз. Практикада жүргенде өз бетімізше жасаған ізденістерімізді іс жүзінде сынап көруге əрекет жасайтын едік. Ал енді қазір қызметте біз өмірдің қайнаған ортасына барғалы тұрмыз. Біздің замандастарымыздың қайқайсысымен сөйлесе қалсаңыз да əркім өз құқығын жақсы білетіндей көрінеді. Ал шындап келгенде олай емес. Айталық, бүгінде «Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» деген ұстаным бар. Меніңше, бұл өте дұрыс пайым. Себебі, бүгінгі таңда балалар арасында тəртіп бұзушылық, қылмысты істер көп. Оның себептері де түрлі. Егер өмірдегі сондай оқиғаларға байыппен қарап, зерделесек, басы ата-анасынан бастап, мұғалім, тəрбиеші, бала – бəрі де өз құқығын дұрыс білмейтіндігі байқалады. Дұрыс білмеген соң өмірдегі əр алуан жағдайларда

қателеседі. Соның салдарынан ең алдымен, бала жəне басқалары зардап шегеді. Егер əр адам қоғамдағы өз мəртебесіне сай құқығын жақсы білген болса, əлеуметтік əділеттік орнаған болар еді. Мысалы, Бала құқықтары туралы конвенцияға сəйкес, олардың əрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы. Бала мектепте кінəлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ. Əр баланың ой-пікір, ар-ождан жəне дін еркіндігіне құқығы бар. Бала өз ойын еркін айтуға құқылы секілді құқықтарды дұрыс түсінбейтін балалар бар. Өз еркім өзімде екен ғой деп, əке-шешесін жүре тыңдайтын, сабағын оқымай, теріс жүрістерге салынатын жасөспірімдер көбейіп келе жатыр. Еркіндіктің жөні осы екен деп, мұғалімдерді, құрбыларын жəбірлеуге, кəмелетке жетпей-ақ жыныстық қатынастарға баруға қысылмайтын болды. Меніңше, бұл өз құқығын теріс түсініп адасып жүргендердің ісі. Жарайды, бұл балалар делік. Біз өз қызметімізде ересек адамдардың бірқатары жеке басының құқығын білмейтіндігі, соның салдарынан қателесетіндігі, орынсыз ісəрекеттерге баратыны, əсіресе, ауыр

қылмыстар жасайтындығы аян. Реті келгенде азаматтарға өз құқықтарын түсіндіруге тырысамыз. Түсініп барып, оң əрекет жасайтындар алғыс айтады. Бірақ, кейде құқық қорғау қызметкерлеріне қорғанышым деп қараудың орнына, жөнсіз тиісіп, айыптауға əуестенетіндер бар. Адам құқығы – басты құндылық. Себебі, бүгінгі таңда əр адам өзінің Отанында, өз қоғамында берілген құқықтары бойынша өмір сүреді. Егер əр Қазақстан азаматы құқықтарын толық түсініп, толық жөнімен пайдаланса, бағы жануына жол сілтейтін фактор дер едім. Ойлап та, барлап та қарасақ, өз еліміздегі Ата Заңмен белгіленген адам құқығы – адамның толыққанды бақытты өмір сүруіне қажетті компоненттердің барлығы қарастырылған, Дүниежүзілік адам құқығы туралы ережеге сай. Сол себепті де кім де болса, өз қалауына сай жұмыс істеп, еңбек етіп, өмірден өз орнын табуға ұмтылуда. Жарасымды істер осы құқықтың арқасы дер едім. 10 желтоқсан – Дүниежүзілік адам құқығын қорғау күні деп аталған. Бұл күнді адам құқығына құрметпен қарау мақсатымен белгілеген. Бұл тегін емес. Өйткені, əлемнің түкпіртүкпірінде адам құқығы аяққа басылып, зорлық-зомбылық жасалуда. Солардың жаңғырығы басқа елдерге де ықпалын тигізуде. Ендеше, адам құқығы секілді айрықша құндылыққа құрметпен қараған дұрыс. Мұны, əсіресе, менің əріптестерім түсініп, үлгі көрсетуге тиіс. Арайлым ИСМАИЛОВА, ІІМ-нің Астана қаласындағы Оқу орталығының тыңдаушысы

БЕКІРЕ АУЛАП СОТТАЛДЫ Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, Астана қаласы ЖАҚЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ƏСКЕРИ СОТЫНДА ҚР ҚК-НІҢ 262-БАБЫНЫҢ 2-БӨЛІГІ, 335-БАБЫНЫҢ 4-БӨЛІГІ, 196-БАБЫНЫҢ 4-БӨЛІГІ, 419-БАБЫНЫҢ 3-БӨЛІГІМЕН АЙЫП ТАҒЫЛҒАН АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҮШ ТҰРҒЫНЫ МЕН ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ƏСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІСІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚАРАЛДЫ.

Төрт атыраулыққа қылмыстық топ құрып, бекiре тұқымдас балықты заңсыз аулағаны, балық өнімдерін заңсыз алып, сатқаны жəне əскери қызметшіге көрінеу жалған айтқаны үшін айыптар тағылған еді. Істі тергеу барысында сот келесі жайттарды анықтаған. Атырау қаласындағы Дамба ауылының тұрғыны Э.Шанбаев таныстары А.Тілеуов пен Р.Тілепеевтің жұмыссыз жүргенін, олардың ақшаға мұқтаж екендіктерін біліп, оларды пайдакүнемдік мақсатпен ұйымдасқан қылмыстық топ құруға тартқан. Э.Шанбаев қылмыстық топты ұйымдастырушы жəне басқарушы ретінде моторлы қайық, балық аулары, «Гармин» навигациялық құралын, дүрбі, «Кенвуд» маркалы екі рацияны іздестіріп тапқан. Бекіре балықтарының уылдырық шашатын тұрақты жерлері мен ол жерлерге өріс аудару жолдарында балық аулауға əзірленіп, қылмыс жасаудың жоспарын дайындаған. Жоспарға сəйкес ол навигациялық құралдардың көмегімен бекiре балықтарының көп жиналатын жерлерін белгілеп, сол жерлерге ау құрып, аулаған балықтарын сыбайластарына жеткізіп отырған. Сондай-ақ, осы өнімдерді заңсыз өткізумен айналысқан. Ал əскери қызметші Т.Киматов патрульдік катерлердің теңізге шығу жерлерін біліп, оны қылмыстық топтың мүшелеріне хабарлап отырған. Олар білуі тиіс басқа да ақпараттарды біліп, ауланған балықтарды өткізумен айналысқан. Судья Э.Шанбаевты айыпталған əрекеті бойынша кінəлі деп танып, оны 7, Р.Тілепеев пен А.Тілеуовті 5, Т.Киматовті 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Э.Шанбаев, А.Тілеуов, Р.Тілепеев жазаларын түзеу колониясының жалпы режимде өтейтін болса, Т.Киматов қатаң режимдегі колонияға жіберілді. Қосымша жазалау шарасы ретінде барлық сотталғандардың мүліктері тəркіленіп, 2 жыл мерзімге балық аулау құқықтарынан айырылды. Сот отырысынан соң Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық əскери сотының судьясы Б.Дəрібаев БАҚ өкілдерінің қатысуларымен брифинг өткізді. Брифинг барысында судья қылмыстық іс бойынша анықталған мəн-жайларды қысқаша түсіндіріп, сотталушыларға тағайындалатын жазаның мерзіміне қатысты айтып өтті. «Кылмыстық заңнамаға сəйкес, 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотталушыларға жаза тағайындар кезінде олардың қылмыстық топ құрғаны ескерілді. Сотталушы Э.Шанбаевқа жаза тағайындар кезде сот оның балық аулау құралдарын іздестіріп тауып, жоспар дайындап, қылмыстық топты ұйымдастырып, басқарғанын ескерді», – деген судья əскери қызметтің мемлекеттік қызметтің ерекше түрі екенін де атап өтті. Осыған орай, Т.Киматовтің əрекеті қылмыстық топқа қатысушы ретінде бағаланғандықтан ҚР ҚК-нің 262-бабы өте ауыр қылмыстар санатына жататындықтан 8 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғандығын түсіндірді. Брифинг барысында судья Б.Дəрібаев тілшілер тарапынан туындаған өзге де сұрақтарға толыққанды жауап берді.

ҚЫЛМЫС пен ЖАЗА

Тежеу оқиғалары тоқтар емес КӨЛІК САҚШЫЛАРЫ ҚАНША ДАБЫЛ ҚАҚҚАНЫМЕН, ӨКІНІШКЕ ҚАРАЙ ТЕМІРЖОЛ БОЙЫНДА БАҚЫТСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЛАР АЗАЙМАЙ ОТЫР. МҰНДАЙ ОҚЫС ОҚИҒАЛАРДЫҢ КӨБІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҚТАРЫНА НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАП, ЕРЕЖЕЛЕРДІ ДҰРЫС САҚТАМАҒАНДЫҚТАН БОЛЫП ЖАТАДЫ.

Жыл басынан бері Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ-да 211 пойызды шұғыл тежеу фактілері тіркелген. Тепловоз машинистерінің қызметтік жəне шұғыл тежеу жасауының алдын алу, сондай-ақ, жекенің малын соғып кетуді болдырмау мақсатында Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ Əкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері 2016 жылдың 18-24 шілдесі аралығында бірталай іс-шара ұйымдастырды. Атап айтқанда, Қызылжар-Жомарт аралығында түрлі шаралар ұйымдастырып, Қызылжар стансасындағы еңбек ететін қызметкерлермен жəне теміржолға жақын орналасқан тұрғындармен профилактикалық əңгімелер жүргізілді, шұғыл тежеу арқылы құқық бұзушылық жасаудың себебін жою үшін теміржол ұйымдарына түрлі ұсыныс хаттар жіберілді. Сондай-ақ, ҚызылжарЖаңаарқа аумағында тепловозбен жолсапар ұйымдастырылды. Осы уақыт ішінде Қызылжар стансасындағы ЖПБ қызмет көрсету аумағында пойызды қызметтік жəне шұғыл тежеу бойынша Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ-де 3 факті тіркелді. Жедел іс-шараларды жүргізу барысында екі факті анықталып, мал иелері əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Болат жолға шығу өмірге ғана қауіпті емес, сонымен қатар, пойыздар қозғалысына бөгет жасап, айтарлықтай қатер төндіреді. Бұл орайда, əр адам өз өміріне өзі жауапты екенін естен шығармаған жөн. Əр азамат жайылымда жүрген малына ие болса, əсіресе, шағын стансалар мен бекет маңында тұратын адамдар, жолда мұқият болса, кез келген жол оқиғасының алдын алуға болады. Теміржол бойындағы титтей қателіктің арты орны толмас өкініш болып кетпесін десек, өмірімізге, айналамыздағыларға жауапкершілікпен қарайық. Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ


6

АРДАГЕР №57 (4223), № бейсенбі, 4.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

ТОҚСАННЫҢ ТӨРІНЕ ШЫҚҚАН ҚАБЕН ҚАРИЯ Альбина БИЛЯЛОВА, Ақтөбе облысы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ІІД АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ, ОТСТАВКАДАҒЫ ПОДПОЛКОВНИК ҚАБЕН АМАНҒОСОВ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН 1950 ЖЫЛЫ ОБЛЫСТЫҚ ІІД-НЕ ҚАРАСТЫ ОКТЯБРЬ АУДАНДЫҚ ІІБ-ДЕ ОБХСС ИНСПЕКТОРЫ БОЛЫП БАСТАҒАН. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МОЛ БҰЛ ҚЫЗМЕТКЕ ҒҰМЫРЫНЫҢ 30-ДАН АСТАМ ЖЫЛЫН АРНАҒАН АРДАГЕР АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП, МИЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ ШЕНІНЕ ДЕЙІН ЖЕТТІ. Ақтөбе облысының Темір ауданына қарасты Талдысай ауылында 1926 жылы 15 тамызда дүниеге келген ақсақал биыл торқалы 90 жылдығын тойлағалы отыр. Жастайынан қара жұмыстың қиындығын көріп өсіп, шыңдалып жетілген Қабен Аманғосұлы туралы айтылар сыр да мол, өмірінен айтар өнегесі де көп. Темір ауданы сол кездің өзінде байтақ жері, құнарлы топырағы, мал шаруашылығы жəне еңбекқор халқымен абыройлы еді. Ауданда Шұбарқұдық жəне Жақсымай елді мекендерінде мұнай саласын дамыту қарқынды жүріп жатты. Сонымен қатар, Қандыағаштан Атырауға дейін Темір ауданы арқылы теміржол құрылысының жобасы қолға алынып жатқан кез болатын. Құрылыс 30-шы жылдың соңында аяқталып, соғысқа Атыраудан Шұбарқұдық арқылы жанаржағармай материалдарын үздіксіз жеткізу маңызды стратегиялық нысан болып саналды. Теміржол колхоздардың экономикалық өсуіне жəне дамуына көптеген себебін тигізді. Қабен Аманғосов туған жерінде өсіп, білім алған. Жаз мезгілінде ауылшаруашылық өндірісінде жұмыс істей жүріп, отбасына көмектесті. Мектеп бітіргеннен кейін мамандық алуды армандаған еді. Алайда, сұрапыл соғыс талай жастың, оның ішінде Қабен ақсақалдың да жоспарының күлталқанын шығарған еді. Соғыс басталғанда ол қылшылдаған жас жігіт еді. Нағыз жарқылдаған жастық шақ – 18 жасқа толған кезде 1944 жылы ол өз еркімен соғысқа аттанып, Уралдағы

13-атқыштар дивизиясына түседі. 1946 жылы Ішкі əскер полкінің құрамында болып, Батыс Украинаның Дрогобыч қаласының аумағына өтеді. Өз бөлімінің құрамында взвод командирінің орынбасары ретінде бандерольдік əскердің жəне фашистердің көзін жоюды анықтау бойынша əскери операцияларға қатысты. Соғыс біткеннен кейін КСРО өкіметінің Жарлығымен соғыс болған аумақтарды ретке келтіру Қабен ақсақал басқарған əскери бөліністің Ішкі əскеріне жүктелді. Одан басқа бұл əскерге бұзылған қалаларды жəне халық орналасқан елді мекендерді қалпына келтіру бойынша тапсырмалар жүктелді. Əскери операцияларға белсенді қатысқаны үшін Қабен Аманғосұлын «1941-1945 жылдары Германияны жеңгені үшін» жауынгерлік медалімен бөлім командирі марапаттаған еді. 1950 жылы соғыстан оралған Қабен Аманғосов Темір ауданындағы арнайы бөлімге оқуға түсті. КСРО ІІМ оқу орнын аяқтағаннан кейін ол Октябрь аудандық ІІД-нің ОБХСС қызметкері лауазымына жіберіліп, Алға, Мұғалжар, Новороссийск аудандарының ішкі істер органдарында қызмет етті. Ақтөбе қаласында Фрунзенск аудандық ІІБ жаңадан құрылуына байланысты сол милиция бөліміне БХСС бөлім бастығы болып тағайындалды. Қабен Аманғосұлы 30 жыл бойы қылмыскерлерді ұстау, іздеу, мемлекеттік мүлікті жымқыруға байланысты құқық бұзушылықтарды ескерту, алдын алу бойынша жедел жұмыстармен айналысты.

Жұмыс істеген жылдары бірнеше оқиғаларды жəне республикалық, ауданаралық аса маңызды қылмыстарды ашып, мемлекетке миллиондаған қарыздарды қайтаруға еңбек сіңірді. Аудандық ІІБ бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымын атқара жүріп, жеке құрамның тұрмыстық жағдайын жақсарту, қажетті жағдай жасау туралы мəселелермен айналысты. Қабен ақсақалдың жеке бастамашылығымен 1966-1967 жылдар аралығында жеке құрамға Октябрь қаласындағы (қазіргі Қандыағаш) жаңа

əкімшілік ғимараттың құрылысының аяқталуына көмек көрсетіліп, 1977-1978 жылдар аралығында Ембі қаласында аудандық милиция бөлімінің жаңа ғимараты салынды. Қазіргі таңда бұл ғимаратта Ембі қалалық полиция бөлімі орналасқан. Қабен ақсақалға ең бірінші болып ІІБ бойынша «Милиция үздігі» белгісі мен «ІІМ БХСС-тің үздік қызметкері» атағы берілді. Сондай-ақ, абыройлы азаматтың есімі ІІМ-нің құрмет кітабына енді. ІІМ-нің бұйрығымен «Қоғамдық тəртіпті күзету бойынша үздік қызметі үшін» медалімен марапатталған ақсақалдың бұдан бөлек, Отан қорғаудағы еңбегі үшін алған медаль, ордендері, жұмысындағы жетістіктері жоғары бағаланған грамоталары да жетерлік. Отставкадағы милиция подполковнигі 20-дан астам мемлекеттік марапатымен, Қазақстан Республикасы ІІМ жəне ІІБ-нің 10-нан астам грамотасымен марапатталған. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Қабен Аманғосұлына «Қандыағаш қаласының құрметті азаматы» деген атақ та берілген болатын. Қабен қария қиын кезеңде өткен балалық шағы туралы «Өмірдегі əділеттік жол» деген кітап жазды. Бұл кітапта автор ішкі істер органдарындағы қызметінен бөлек, қиындықты қалай жеңу керек, жұмысқа деген жауапкершілікті сезіну, елге, Отанға, халыққа деген сүйіспеншіліктен арылмау туралы толғанады. Жұмыс күні біткеннен кейін үйінен кешкі асын ішіп алып қызметіне қайтып оралған күндерін, түннің ортасына дейін жұмыс істеген жылдарын жиі еске алатын қазыналы қария қазірдің өзінде лайықты еңбек демалысында бола тұра ІІД Ардагерлер кеңесінің жұмысын ұйымдастыруға өз үлесін қосып жүр. Жас қызметкерлермен кездесіп, мол тəжірибесімен бөлісіп отырады. ІІМ Ардагерлер кеңесі Президиумының мүшесі Қабен ақсақал ардагерлер ұйымының жəне ІІДнің бірде-бір іс-шарасынан қалмай, үнемі облыс, аудандық ішкі істер органдарына атбасын тіреп тұрады. Осындай өмір мектебі мен еңбек асуынан абыроймен өткен абзал азамат, құрметті ардагер, кешегі қылшылдаған жас жігіт бүгінде тоқсанның төрінде отырған абыз ақсақал Қабен Аманғосұлын 90 жасқа толған мерейтойымен Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсұдхан Аблазимов, жеке құрам мен ардагерлер шын жүректен құттықтайды. Сізге зор денсаулық, баянды ғұмыр тілеп, тарихымыздың жарқын куəгері болып арамызда жүре беріңіз демекпіз.

ОФИЦЕР ҚАШАНДА ҚҰРМЕТТІ Бүгінгі біз сөз еткелі отырған білікті офицер – генерал-майор Шерімхан Шанбаев осы жолдың ыстығы мен суығына төзіп, ел айбыны – Ұлттық ұлан əскерінің қалыптасуына өз үлесін қосқан тұлға. Ұлттық ұлан қатарында 40 жылдан астам өмірін Отан қорғау ісіне арнай жүріп, нағыз отаншылдық пен мақсаткерлік идеясын ұстанудың арқасында əскеріміздің үлгі тұтар офицеріне айналған Шерімхан Оралханұлының тəуелсіздікпен бірге жасап келген Ішкі əскер сапындағы қызметі жан-жақты қалыптасып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы əлеуеті артқан, Елбасымыздың бастамасымен Ұлттық ұлан мəртебесін иеленген бүгінгі күндерге дейін жалғасты. Бала кезден офицер болуды армандаған ол он жылдық мектепті тəмамдаған соң, 1976 жылы Совет Одағының маршалы И.Конев атындағы жоғары жалпыəскери командалық училищесіне түседі. 1980 жылы аталған əскери оқу орнын бітірген соң, лейтенант əскери шенімен алғашқы қызметін Солтүстік Кавказ əскери округінде мотоатқыштар взводының командирі ретінде бастайды. 1981 жылы Ауған жеріндегі қақтығыстар шиеленісіп тұрған уақытта Шерімхан Оралханұлы небəрі 23 жасында сол жерге десанттықшабуылдау взводының командирі болып барады. Сол жерде 1983 жылға дейін түрлі жауынгерлік тапсырмалар мен міндеттерді қалтқысыз орындап, Кунар, Лагман, Наргархар п ро в и нц и я ла ры н д а ғы ұ р ы с т а р ға

қатысады. Сол жерлерде көрсеткен табандылығы мен қайсарлығы үшін ІІІ дəрежелі «Қарулы Күштерде Отанына қызмет еткені үшін» орденімен, «Ауған халқынан интернационалист-жауынгерге» медалімен жəне «Интернационалист жауынгерге» төсбелгісімен марапатталуы – ерлік мектебінің бастауы болды. Мемлекетіміз тəуелсіздік алған жылдары елімізде офицер маман кадрларының тапшылығы туындаған кезде Шерімхан Оралханұлы Ішкі əскер қатарына оралып, оның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосады. Əскери өмірдің барлық сатысынан өтіп, түрлі лауазымдарда қызмет атқарады. Қызмет жолында взвод командирінен бастап бригада командирі, сонымен қатар Ішкі əскерлер Бас штаб бастығының орынбасары, «Оңтүстік» жəне «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының орынбасары лауазымдарында жауапты қызметтер атқарып, генерал-майор жоғары əскери шеніне қол жеткізеді. Ұзақ жылдар бойғы «Отан қорғау» деген мəртебелі қызмет оның сауатты сардар, білікті басшы, қамқор командир екенін даусыз дəлелдейді. Оның алдынан сандаған сарбаздар өтіп, офицерлер мен сержанттар құрамының бірнеше буыны тəлім алды, жоғарғы қызметтерге де тағайындалды. Қай кезде де Шерімхан Оралханұлы қиыннан жол тауып, сан салалы əскер қызметін тиімді ұйымдастыра білді. Осындай əскери өмір өткелдерінен сүрінбей өтіп, жемісті еңбек жылда-

Айдос БАЙШАҒЫРОВ, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

ОФИЦЕР ДЕГЕН – ТЫЛСЫМЫ ТҰҢҒИЫҚҚА ТОЛЫ, КЕЗ КЕЛГЕН СƏТТЕ ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒУДЫҢ ЖОЛЫН ТАБА БІЛЕТІН, БАСТЫСЫ – ӨМІРІН ОТАН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНА АРНАП, ЕЛ МҮДДЕСІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН МАМАН, САРБАЗ ТƏРБИЕЛЕЙТІН САРАБДАЛ САРДАР. ОНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ БІР ҚАЛЫПТЫ ЕМЕС, ҚЫЗМЕТ БАБЫ БОЙЫНША САН ТҮРЛІ ЖЕРЛЕРДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ, ЫСТЫҚТЫ ДА, СУЫҚТЫ ДА ОТАНМЕН БІРГЕ КӨРЕДІ. БƏРІНДЕ ДЕ АЙҚЫН БІР БАҒЫТ, БІР МАҚСАТ – ОЛ АЗАТ ЕЛДІҢ ЕГЕМЕНДІК БАЙРАҒЫН БИІККЕ ЖЕЛБІРЕТІП, ЕЛ ҚОРҒАНЫ, ОТАН САҚШЫСЫ БОЛУ. рында үш орден, түрлі медальдар, алғыс хаттар мен кеуде белгілерімен марапатталған генерал-майор Шанбаев Шерімхан Оралханұлы бүгін міне, еңбек демалысына шығып отыр. Осы орайда еңбегі еленген тұлғаны құрметтеу дəстүр сабақтастығымен өткен аптада Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Шерімхан Оралханұлын зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты кеш өтті. Кеш барысы Шерімхан Оралханұлының əке жолын қуып, бала кезден армандаған офицерлік жолы мен жүріп өткен өмір өткелдерінің тарихы іспеттес бейнешолуды көрумен басталды. (Біраз естеліктері есіне түскен болуы керек, Шерімхан Оралханұлы бейнешолуды елмен қатар тапжылмай көріп шыққан уақытта жанарларынан қуаныш пен мұң қатар байқалғандай болды.-автор). Жиылған қауымның қошеметімен мінберге көтерілген Шерімхан Шанбаев өзінің отбасы, зайыбы Перизат Колхозқызы мен балаларынемерелерімен жарасымды бір отбасын құрап, сахна төрінің əрін кіргізді. Кеш жүргізушілері оның өмір жолдарына тоқтала келе, əскерге алғаш аяқ басқан сəтінен бастап, Ауған жеріндегі қызметі, отбасылық өмірі туралы қилы да қызықты сұрақтар қойып, оған Шерімхан Оралханұлы тұщымды жауаптар берді. Əрине, офицердің өмірінде оның отбасының да алар орны ерекше. Шерімхан Оралханұлының осы дəрежеге жетуіне жұбайы Перизат Колхозқызының да өзіндік үлесі бар екені ақиқат. Осы кеште ол кісі де өздерінің алғаш қалай танысқандары жайлы, отбасын құрған жылдардағы қызықты естеліктерімен бөлісті. Үлгілі жанұя бола білген шаңырақта екі қыз, екі ұл дүниеге келіп, бүгінде қызы Сандуғаш пен ұлы Болат та əкесінің жолын қуады. Екеуі де офицер атанып, əкесі сияқты генерал болуды армандайды. Осылай жалғасқан кеш барысында сөз алған Ұлттық ұлан Бас

қолбасшысының тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Сатов Мұхаметқали Құсайынұлы өзінің қарулас əріптесі туралы біршама жақсы естеліктер айтты. Өзінің де бұл кісіден тəлім алғанын ол: «Шерімхан Оралханұлы қызмет жолында маған жəне мен секілді біраз жас офицерлерге мол тəжірибе берді. Ол кісінің тəлімін алған офицерлер бүгінде академияны аяқтап, түрлі жоғары лауазымдарда жауапты қызметтер атқаруда. Оның бойындағы ерекше қасиет, ол – өз бағыныштыларына үлкен қамқорлықпен қарайтындығы, əкелік жол көрсететіндігі» деп ағынан жарылды. Сөзінің соңында Мұхаметқали Құсайынұлы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың атынан жалынды құттықтау сөздерін жеткізіп, Шерімхан Оралханұлының үстіне шапан жауып, жұбайы Перизат Колхозқызына камзол кигізді. Осы кешке арнайы келген оның ұлқыздары мен немерелеріне де Ұлттық ұлан атынан бағалы сыйлықтар табыс етті. Ардагерлер кеңесінің атынан құттықтау сөздерін арнаған генералмайор Иван Комаров та Шерімхан Оралханұлының жетістіктеріне тоқтала отырып, Ауған жерінде атқарған жауынгерлік-қызметтік міндеттерін еске алды. Сонымен қатар, Ардагерлер кеңесінің бұйрығымен «Борышына адалдығы үшін» естелік орденімен, ал жұбайын «Офицердің жұбайына» естелік медалімен наградтады. Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының аты-

нан құттықтау сөздерін жеткізген қолбасшының тəрбие жəне əлеуметтікқұқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник Сабыржан Сүлейменов те осы кештің құрметті азаматына айналған Шерімхан Оралханұлына арнайы сыйлықтарды табыс етті. Бұнымен қоса осы кешке Шерімхан Оралханұлын құттықтау үшін оның отбасылық жəне қарулас достары, əріптестері мен туған-туыстары, сонымен қатар жас офицерлер қауымы да келіп, ізгі тілектерін білдірді. Кеш барысы одан əрі əуелеген əсем əндер мен тамылжыған билерге ұласты. Патриоттық жəне Отан туралы əндер барша жиналған қауымның көңілінен шығып, Шерімхан Оралханұлының жанарына кіршіксіз жас та ұялатты. Кеш соңында ортаға шығып, мінберге көтерілген ірі тұлғаның əскери шекпенінің омырауындағы сықырлаған ордендер мен медальдар оның ұзақ жылдар бойғы бейнетінің зейнетін айғақтап тұрғандай болды. Ол жас офицерлерді көріп, өзінің де алғаш лейтенант болып бастаған кезін еске алды. Сөз соңында барша жиылған қауымға үлкен рахметін, осы кешке арнайы келген жас офицерлерге өз өсиетін айтты.

ТҮЙІН. ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ, НҰРЫ ТАСЫСЫН ДЕГЕН. ШЕРІМХАН ОРАЛХАНҰЛЫНЫҢ ƏСКЕРИ ӨМІР ЖОЛЫ КЕЙІНГІ БУЫНҒА МЕКТЕП БОЛЫП ҚАЛЫПТАСАРЫ СӨЗСІЗ. ЖҮЗІ ЖАРҚЫН АДАМНЫҢ, ІСІ ДЕ ЖАРҚЫН. ЕНДЕШЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА БІР КІСІДЕЙ АТСАЛЫСҚАН ОЛ КІСІНІҢ ӨЛШЕУСІЗ ЕҢБЕГІ МЕН ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТІНЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ АТЫНАН ЗОР АЛҒЫС БІЛДІРЕ ОТЫРЫП, ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ДЕМАЛЫСҚА ШЫҒУЫМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


СПОРТ №57 (4223),№ бейсенбі, 4.08.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 СПОРТ САҢЛАҒЫ

Мерейді үстем еткен медаль АСТАНАДА ЕҢ ТАНЫМАЛ ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ, БЕЛГІЛІ СПОРТШЫ, ІІМ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ СЕРІК НҰРҒАЛИЕВКЕ «ҚАЗАҚСТАНДА ПОЛИЦЕЙ БАУЫРМАЛДЫҒЫ ИДЕЯСЫН ІЛГЕРІЛЕТКЕНІ ҮШІН» МЕДАЛІ ТАПСЫРЫЛДЫ.

Бұл туралы Халықаралық полицейлер қауымдастығының қазақстандық филиалы хабарлады. Марапатты Халықаралық полицейлер қауымдастығы қазақстандық филиалының президенті

Марат Нұрғалиев тапсырды. «Баршаға белгілі, запастағы полиция полковнигі Серік Нұрғалиев Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, əлемнің он мəрте чемпионы жəне рекордшысы, құқық қорғау

органдары арасындағы Еуропа чемпионы, құқық қорғау органдары арасындағы əлемдік біріншіліктердің 31 алтын, 5 күміс жəне 3 қола медальдарының иегері», – деп атап өтті Халықаралық полицейлер қауымдастығында. «Қазіргі кезде команданы 2017 жылы жазда Монреаль қаласында (Канада) өтетін Бүкілəлемдік құқық қорғау органдары олимпиадасына күшейтілген түрде əзірлеу жүріп жатыр», – деп хабарлады ҚР ІІМ құрама командасының капитаны С.Нұрғалиев.

ПЕЙНТБОЛ

Сергектік сыйлаған сайыс

Жалпы өмірде болып жатқан көптеген кикілжіңдер, террористік жағдайлар мен кенеттен болған тойтарыстарға полиция қызметкерлерінің психологиялық, моральдық жəне физикалық тұрғыдан дайын болуы өте маңызды əрі ол тыңғылықты дайындық пен кəсіби шеберлікті талап етеді. Ал, сергектік пен тиянақтылықтың бастауы болып табылатын пейнтбол ойыны кенеттен болатын экстремалдық жағдай мен дауға төтеп беру, тығырыққа тірелген жағдайда жол тауып, тез шешім қабылдауға баулитын жарыс. Дағдарысты жағдай туындаған кезде үрейге бой алдырмау, өз-өзіне сенімділік танытып, қорғай алу – міне, ойын түріндегі бұл сайыстың басты бағыты осы. Сонымен қатар, ойын барысында ұжымдық ауызбіршілік пен ынтымақтастықты арттырып, күнделікті жұмыстан туындайтын агрессиядан арылуға да болады. Жеке құрам бойынша психолог мамандардың ұйымдастыруымен өткен жарысқа Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД, Орал қалалық пробация қызметі, РУ-170/1, РУ-170/2 мекемелерінің қызметкерлері қатысып, жақсы ойын нəтижелерін көрсетті. Жарысқа белсене атсалысқан қызметкерлер ойын барысында спорттық шеберліктерін көрсетті. Спорттық шара тартысты, əрі тар-

Аида ТЕМІРҒАЛИЕВА, Батыс Қазақстан облысы

ЖАҚЫНДА БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕН ДЕПАРТАМЕНТКЕ ҚАРАСТЫ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПЕЙНТБОЛ СПОРТТЫҚ ОЙЫНЫНАН ЖАРЫСҚА ТҮСТІ. тымды өтті. Пейнтбол – командалық ойын болғандықтан, сайыс қызметкерлерге өздерін ұжымдық ортада ұстауға, қарым-қатынастағы олқылықты толықтыруға көмектеседі. Сонымен қатар, тəртіп сақшыларының ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Тек пейнтболда жылдам жəне дұрыс шешімдер қабылдауға, өзінің шығармашылық

ж ə не көш б ас ш ыл ық қас и е тте рін аңғартуға жəне бүкіл команданы бір мақсатқа ұмтылдырып үйренуге болады. Өткізілген іс-шараның қызметкерлерге оң əсер еткенін олардың көңілдері көтеріліп, сергіп қалғанынан-ақ аңғаруға болар еді. Экстремалдық жағдайға дайын болу мақсатында қызметкерлер пейнтбол ойынын алдағы уақытта жиі ұйымдастыруды жөн көріп отыр.

ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ

Кəсіби даярлық пысықталды Марат СЫЗДЫҚОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД «ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» ММ-НІҢ БАСТЫҒЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ПОЛКОВНИГІ Б.КƏРІМОВТІҢ БАСТАМАСЫМЕН ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ №2 МӨСБ БАЗАСЫНДА «ӨС ЖƏНЕ АҚЖҚ» ММ КƏСІБИ ДАЯРЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ТЫНДАУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША ЖАРЫСТАР ӨТТІ.

Жарысқа өрт сөндіруші лауазымдарына жаңадан алынған 35 тындаушы қатысты. Аталған іс-шара жеке құрамының өрт сөндіру техникасымен, жабдық-жарақтармен жұмыс тəсілдерін игеру, кəсіби шеберлік, техникалық жəне дене дайындығы деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілді. Жауынгерлік киімді жəне жарақтарды кию, құтқару жібін 4 тəсілдің бірімен ғимаратқа байлау жəне əскери қанат жаю сынды үш нормативті пысықтау мақсатында олар күні бойы ең мықтыларын анықтады. КДМ тындаушылары дене дайындығының жоғары деңгейін көрсетті. Оған көп ретте ӨСҚ нормативтері бойынша көп күндік жаттығулар, ҚДМ жəне ҚӨСҚ іс-шараларының жақсы ұйымдастырылуы, сонымен қатар, осы іс-шараға объективті төрелік ету де өз əсерін тигізсе керек.

Ж а р ы с т ы ң қорытындысы б о й ы н ш а бірінші орынды Қызылжар а у д а н ы н ы ң Бескөл ауылы №13 ӨСБ өрт сөндірушісі Ілияс Байғарин, екінші орынды Ақжар ауданының Талшық ауылы №8 ӨСБ өрт сөндірушісі Серік Сабыров жəне үшінші орынды Айыртау ауданының Саумалкөл

ауылы №7 ӨСБ өрт сөндірушісі Рахат Қалахов иеленді. Жарыс соңында азаматтық қорғау полковнигі Біржан Кəрімов КДМ тыңдаушыларына жақсы көрсеткіштері, жоғары техника м е н т аб анд ылығы үш ін алғы с ын білдірді, сонымен қатар, мұнда алынған дағдылар келешекте адамдарды құтқару, апаттыққұтқару жұмыстарын жүргізу жəне өрт сөндіру бойынша жауынгерлік міндеттерді орындауда оң əсерін тигізетінін айтты.

е-mail: nastraje@mail.ru

7

ОЛИМПИАДА-2016

Ертең Рио Олимпиадасы басталады РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРОДА ӨТЕТІН 2016 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ РƏСІМІ БЕЙЖІҢ-2008 ЖƏНЕ ЛОНДОН-2012 СЕКІЛДІ ҚЫМБАТ ƏРІ АУҚЫМДЫ БОЛМАЙДЫ. БҰЛ ЖӨНІНДЕ АШЫЛУ РƏСІМІНІҢ АТҚАРУШЫ ПРОДЮСЕРІ МАРКО БАЛИЧ МƏЛІМДЕДІ. Ашылу рəсімі 5 тамыз күні «Маракана» стадионында өтеді. Балич ашылу рəсімінің Бразилиядағы қазіргі қаржылық қ и ы н д ы қ т а р ескеріле отырып ұйымдастырылғанын айтуда. Шоудың жалпы сметасы Лондондағы ойындардың ашылуына кеткен 42 миллион доллардың шамамен жартысын ғана құрайды. «Бразилияның қазіргі жағдайына байланысты айтарлықтай шоу болмайды, – деді Балич. – Мұнда Бейжіңдегі асқақтық, Афиныдағы арнайы алып эффектілер жəне Лондондағы таңғажайып технологиялар болмайды. Қарапайым, бірақ заманауи рəсім болғалы тұр. Арнайы эффектілер болмаса да, адамдармен болашақ туралы тілдесетін боламыз, бұл заманауи Бразилияда өмір сүрудің қандай жақсы екенін көрсететін көрініс емес». Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді.

ФУТБОЛ

Тегін алаңдар пайда болады ЕЛОРДАДА ФУТБОЛ ЖАТТЫҒУЛАРЫН ТЕГІН ЖАСАУҒА БОЛАТЫН АЛАҢҚАЙЛАР АШЫЛАДЫ. Бүгінде жастар спорттың бұл түрімен 13 аулалық алаңда шұғылданып келеді. Жақында олардың саны 17-ге дейін артады. Астана əкімі Əсет Исекешевтің айтуынша, қазіргі таңда аула аймақтарын көріктендіру бойынша арнайы бағдарлама əзірленіп жатыр. Онда балаларға арналған алаңқайлар мен жаттығу құрылғыларын құрастыру қарастырылған. Айта кету керек, бас қалада кəсіби бапкерлер балалар үшін футболдан тегін сабақтар өткізеді. Қазақстан футбол федерациясы бұл жобаны еліміздің өзге де өңірлерінде жүзеге асыруды көздеп отыр. «Бұл аулаларда бүгінгі таңда 300-ден астам бала тəрбиеленіп жатыр. Тəрбие беріп жатқандар – біздің Ұлттық құрамамыздың бұрынғы кəсіби футбол лигасының ойыншылары. Қазіргі таңда олар – бапкерлер», – деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов.

ҚАЗАНАМА

Жаның жəннатта болсын... Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2016 жылғы түлегі Мейрамбек Рахматуллаев қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапты. 2016 жылғы 14 маусымда институтты бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиында диплом жəне арнайы полиция лейтенанты атағын иеленген Мейрамбек Нұридиллаұлының өз сұрауы бойынша Алматы қалалық ІІД-не қарасты Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасына учаскелік полиция инспекторы болып қызметке орналасқанына санаулы күндер ғана өтті. Мейрамбек М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында 4 жыл білім мен кəсіби дағдыларды бойына сіңіріп, жүрек қалауымен таңдаған мамандығына аса жауапкершілікпен қарап, жолдастары мен оқытушылар арасында сыйлы болған еді. Сын сағатта ол Отанға берген антын мүлтіксіз орындап, өзінің нағыз патриот, халықтың қорғаны болар азаматы екенін көрсетті. Əрине, болашағынан зор үміт күттіретін азаматтың мезгілсіз өмірден өткені өкінішті. Əйтсе де, оның жарқын бейнесі, ерлік ісі, қызметін қалтқысыз орындаудағы адалдығы барша қазақстандықтардың жүрегінде мəңгі сақталары сөзсіз. Мейрамбек Рахматуллаев сынды батыр ұлды тəрбиелеп өсірген, осындай ауыр қазаны бастан кешіп отырған əкесі Нұридилла Танағұлов пен анасы Нағима Жүнісбаеваның жəне барлық отбасының орны толмас үлкен қайғысына ортақтасып, көңіл білдіреміз. Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жəннатта болсын! Көңіл айтушылар – ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы мен жеке құрамы

Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы жəне Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы Алматы қаласындағы қанды оқиға кезінде қаза болған Алматы қалалық ІІД-не қарасты Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты РАХМАТУЛЛАЕВ Мейрамбек Нұридиллаұлының отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы жəне Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы Алматы қаласындағы қанды оқиға кезінде қаза болған Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция полкінің полицейі, полиция аға сержанты ƏБІЛДАЕВ Серік Еркенұлының отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Алматы қалалық ІІД-нің басшылығы мен жеке құрамы жəне Ардагерлер кеңесі қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған полиция қызметкерлері – полиция аға сержанты ƏБІЛДАЕВ Серік Еркенұлы мен полиция лейтенанты РАХМАТУЛЛАЕВ Мейрамбек Нұридиллаулының қаза болуына орай марқұмдардың отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қарағанды облыстық ІІД басшылығы мен жеке құрамы жəне Ардагерлер кеңесі Қарағанды облыстық ІІД-не қарасты Абай аудандық ІІБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қанат Қинаятұлы Қалиевке анасы ИСАХАНОВА Бибісара Мамытбекқызының қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

сөз соңы №57 (4223), бейсенбі, 4.08.2016 е-mail:sakshy@mediaovd.kz Әріптес келбеті

Акция

Тәуелсіздіктің құрдасы Қазақ елі үшін бұл жыл тарихи сәттерге, мерейлі жаңалықтарға толы жыл болды. 25 жыл бұрын еңсесін енді тіктеп келе жатқан жас мемлекет өзін егемен ел деп жариялап, Тәуелсіздік жайлы заң қабылдаған болатын. Осы уақыт ішінде түрлі жаңарулардан өтіп, Мәңгілік ел болу жолында нұрлы қадамдар жасап, дамыған 50 елдің қатарынан бой көрсетіп, әлемге сыйлы әрі сенімді мемлекет ретінде танылды. Осындай жас әрі қарқынды дамушы мемлекетпен бірге азаттықтың ақ таңында дүниеге келген, балалық шағын ашық аспан астында өткізген Тәуелсіздіктің құрдастары да өсіп келеді. Солардың бірі – Дәулет ПАЗЫЛХАН.

1991 жылдың желтоқсанында дүниеге келген ол ата-анасына ғана емес, еліне үлкен сый жасаған болатын. Кішкентай кезінен қайсар рухты, айтқан сөзінен тайсалмайтын беріктігі, шыдамдылығы мен төзімділігі оның болашағынан үлкен үміт күттіретін. 25 жыл бойы ішкі істер органдарында қызмет атқарып, құрметті зейнеткерлікке шыққан атасының

тәрбиесінде болған Дәулет Алтынбекұлы кішкентай кезінен болашақта кім болатындығын шешіп қойғанды. Атасының қасынан бір елі қалмай, қызмет барысында орын алған қызықтары мен шыжықтарын тыңдап, нағыз полиция қызметкері ұстануы қажет ақыл-кеңестерін санасына құйып өсті. Оқу орнын үздік бағамен тәмамдап, 2010 жылы әскер қатарына шақырылып, Павлодар қаласындағы Ішкі әскер әскери бөлімінде азаматтық борышын өтеп келді. Ішкі істер органдары қатарында қызмет етіп келе жатқан әпкесі Сәуле Абдамитованың Отан алдындағы антына беріктігіне, өз ісіне деген жауапкершілігіне тамсанған ол отбасылық кәсіпті жалғап, бала кезгі арманын жүзеге асыру мақсатында ішкі істер органдарының қатарына жұмысқа қабылданды. Ең алғаш Отан алдында ант беру сәтінде қатты толқыныста болған ол қандай жауапкершілік жүгін арқалағанын сезініп, өзіне де әрқашан адал болуға, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау жолында барлық күш-жігерін жұмсауға ант берген еді. Полиция қатарындағы

алғашқы қызметін қалалық Ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полиция қызметкері ретінде бастап, 2014 жылы Жедел басқару орталығының 102 операторына қызметке ауысады. Күн-түн демей азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдап, күн сайын олардың шағымын тыңдап, мәселелерінің дереу әрі оңтайлы шешілуін басты мақсаты етеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық, жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Елдің де, жердің де иесі өзің екеніңді ұмытпа» деген сөзін өмірлік ұстанымы етіп, нысанды киіміне кір келтірмей, асқақ мұраттарға абыройлы қызмет етуді көздейді. «Мен мемлекетіміздің Тәуелсіздік алған жылда жарық дүние есігін ашқанымды мақтаныш санаймын. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, менің бала кездегі арманым орындалды, мен полиция қызметкері атандым, өз елімнің тыныштығын қорғап жүрмін. Болашақта Қазақстанның берік қалқаны болатыныма сенемін», – дейді өз мамандығын жақсы көретін және болашақта офицер болуды армандайтын Дәулет Пазылхан. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Флешмоб

«Антитрафик» акциясы Астана қаласы теміржол вокзалының ғимаратында Көліктегі ІІД қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, сондай-ақ, «ҚорғауАстана» жеке қорының мұрындық болуымен «Антитрафик» ақпараттық кампаниясы аясында флешмоб өтті.

Бүкіләлемдік адам саудасымен күрес күніне орай ұйымдастырылған шара аясында буклеттер мен ескерту парақшалары таратылып, адам саудасына қарсы бейне материалдар көрсетіліп, ақпараттық бағдарлама жүргізілді.

БҰҰ Бас Ассамблеясымен адам саудасымен айналысатын тұлғалардың құрбанына айналғандардың құқықтарын қорғау және олардың жағдайы арқылы бұқараны қауіптен сақтандыру қажеттілігі ескеріліп, 30 шілде – Бүкіләлемдік адам саудасымен күрес күні деп жариялан-

ды, сондай-ақ, бұл туралы мүше мемлекеттер арасында резолюция қабылданды. Адам саудасы – кез келген адамды өз құрбанына айналдыратын, ерлерді, әйелдерді, сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдерді де мәжбүрлі еңбекке, сондай-ақ, сексуалдық мақсаттағы жұмыстарға күштеп жегетін қылмыс. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлем бойынша 21 миллион адам мәжбүрлі еңбектің құрбанына айналып отыр. Ерлер, әйелдер және балалар өз елінде, сондай-ақ, өзге елде де адам саудасымен айналысатын саудагерлердің тұзағына ілініп қалуы мүмкін. Адамдар шоғыры көп жиналатын теміржол вокзалы аумағында адам саудасы мен аталған қылмыс түріне жетелейтін жекелеген фактілердің кездесіп жататындығы, өкінішті жағдай. Алайда, көлік полицейлерімен қылмыстың осы түрін анықтау және алдын алу бойынша шаралар уақтылы қабылданады. Мәселен, ағымдағы жылы Көліктегі ІІД қызметкерлері Астана қаласындағы теміржол аумағында жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған отбасылық жұпты анықтап, олардың қылмыстық жолын кесті. Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

«Мектепке жол» балабақшадан басталады «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында батысқазақстандық полиция қызметкерлері Орал қаласындағы «Балалар ауылы» балалар үйіне арнайы бас сұқты.

Балалар үйінде тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігі бойынша 4 пен 14 жас аралығындағы бүлдіршіндердің арасында арнайы іс-шара ұйымдастырды. Қазіргі таңда балалар ауылында барлығы 74 бала тәрбиеленеді. Оның 40-тан астамы сақшылар ұйымдастырған шараға белсенді қатысты. Шараның басты мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау.

Балалар ауылының педагогы Зүлфия Мұқанованың айтуынша, театрландырылған мұндай шаралар балалар үйінде жиі өткізіледі. Балалар жол қауіпсіздігі жөніндегі облыстық конкурстарға қатысып, сан мәрте жеңімпаз атанып жүр. Акция кезінде бүлдіршіндер жол қауіпсіздігі бойынша білімдерін жақсы көрсете білді. Сонымен қатар, балапандар «Бағдаршамды түстер бойынша орналастыр» ойынына қатысып, өлең оқып, әндер шырқады. Шараның басты ұйымдастырушысы – Батыс Қазақстан облыстық ІІД Әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы Нұртай Лезов балаларға жолдан өтудің қауіпсіздігін түсіндіріп, оларға естелік сыйлықтармен қатар, оқу құралдарын табыстады. Шараға белсене қатысқан балалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Шара соңында балапандарға «Жолдос көмекке дайын» атты мультимедиалық фильм көрсетілді. Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Көрме

Өнер әлеміне саяхат Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге орай, патриоттық тәрбие беру мақсатында Өңірлік оқыту орталығының тыңдаушылары облыстық өнер музейінде болды. Биыл ғана өрт сөндіру қызметіне қызмет өтеуге қабылданған жас өрт сөндірушілер елімізге танымал суретшілердің көптеген туындылары қойылған «Астана – бақыт мекені» атты көрмені үлкен қызығушылықпен аралады. Төрт залда орналасқан көрмеде біздің өлкеміздің табиғаты бейнеленген бірқатар суреттер көрменің сәнін келтіріп тұрғандай. Ақтөбе облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Өңірлік оқу орталығы тыңдаушылары өнер музейіне бару арқылы өнегелі іске бастамашы болды. Өрт сөндірушілер көптеген суретшілер және олардың еңбектерімен алғаш рет танысты. Ақтөбе қаласында мұндай талантты адамдардың бар екенін білу олардың өнер әлеміне деген қызығушылықтарын арттырып, қанаттандырғандай болды. Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Игі іс

Аулада өткен қызықты концерт ды. Кішкентай балапандар «Теңіз толқиды», «Жейтін-жемейтін» секілді танымдық ойындарға қызыға қатысса, сәл үлкендері командалық сайыстарда намысты қолдан бермеуге тырысып, өз араларында кім мықты екенін анықтады. Ал, жасөспірімдер стритбол ойнап, кермеге тартылып, үздік велосипедші атанулары үшін күш-жігерлерін аямады. Аулада өткен сайыстардан ешкім де шет қалмады. Балалар алаңында көңілді, шулы атмосфера орнаса, ересектері жарыстарға белсенді қатысты. Тәлімі мол шара шеңберінде полиция қызметкерлері балаларға жол қауіпсіздігі ережесі туралы айтып, оларға түрлі-түсті буклеттер таратты. Концерттік бағдарламаның

Алма МҰСАБЕКОВА, Павлодар облысы

Павлодар облыстық ІІД-нің ювеналдық полиция қызметкерлері «Жасыл ел» студенттер жасағымен бірге Кереку қаласының тұрғындары үшін аулада шағын концерт ұйымдастырды. Үлкендерге көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше ықылас сыйлаған, ал бүлдіршіндер арасында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылған концерт қаланың М.Горький көшесіндегі 31-үйдің ауласында өтті. Концерттік бағдарламада түрлі жастағы бүлдіршіндер үшін байқаулар да бол-

ШЫҒАРУШЫ және МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет Асанов

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ӘДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра Мырзахметова, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ Тілшілер: Гүлнәр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШӘМШІ, Сабырбек олжабаев

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куәлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Газет «Сақшы» компьютер және дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды. Индексі: 65395 Таралымы: 12817 Тапсырыс: №3163

Компьютер және дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая Жүркенова Корректор: Нұршакүл ӘШІМБАЕВА Фототілші: Серік Жолдаспеков

екінші бөлімінде студент жастар тұрғындарға әсем ән мен тартымды би тарту етіп, қазақ халқының өнерінен сусындатты. Шараны ұйымдастырушылардың бірі Павлодар облыстық ІІД ЖПҚ Әкімшілік полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Бибігүл Қамзина концерттің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту болғанын айтып өтті. «Шараны қолға алғандағы басты мақсатымыз – аула ойындарын жандандыру, саламатты өмір салтын дәріптеп, жеткіншектерді спортқа баулу болып табылады. Қазіргі уақытта балалар телефон, планшет пен компьютердегі түрлі керекті-керексіз ойындарға шырмалып қалған. Біз осы сайыстар мен байқауларды өткізу арқылы балаларға аулада да түрлі қызықты, тартымды, ең бастысы – пайдалы ойын ойнауға болатынын көрсеткіміз келді», – дейді бөлім бастығы.

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра Мырзахметова


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.