Сақшы №54 (4220)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№54

(4220), 21.07. 2016, бейсенбі

www.mediaovd.kz

Газет 1933 жылдан бастап шығады

ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫ – ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУДА

АҚОРДАДА ӨТКЕН КЕЗДЕСУЛЕР

Премьер-Министр Кəрім Мəсімов Үкімет отырысының қорытындысын шығару кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық тапсырмаларын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. «Экономика оң аймаққа шықты. Енді осы жетістікті нығайту аса маңызды. Президенттің тапсырмасы бойынша қабылданған барлық бағдарламалар, барлық шешімдер əр бағдарлама əкімшісінің, əр əкімнің ерекше бақылауында болуы тиіс. Экономикада сезіле бастағанымен, адамдар əлі сезінбеуде. Экономикалық көрсеткіштердің адамдарға жеткені аса маңызды. Бұл жұмыс орындарына, жалақыға жəне өзге де мəселелерге қатысты», – деді Премьер-Министр. К.Мəсімов өңірлерге жұмыс сапарларын жалғастыратынын атап өтті, онда жұмыспен қамту жəне жаңа жұмыс орындарын ашу мəселелеріне ерекше көңіл бөлінбек. Сондай-ақ, Премьер-Министр мемлекет пен билік өз азаматтарын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс екенін еске салды.

ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ Инвестициялар жəне даму министрі Жеңіс Қасымбек Түрік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Невзат Уяныкпен кездесті.

ЕЛБАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ. КЕЗДЕСУДЕ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА ЕЛІМІЗДІҢ АГРОӨНЕРКƏСІП КЕШЕНІНІҢ НЕГІЗГІ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ, КӨКТЕМГІ ЕГІС НАУҚАНЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ, СОНДАЙ-АҚ КҮЗГІ ЖИЫНТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ. Нұрсұлтан Назарбаев жиын-терім науқанына сапалы дайындалу жəне өткізу үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін, саланың экспорттық əлеуетін ұлғайтудың жəне ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттырудың маңыздылығына тоқталды. А.Мырзахметов биыл ауыл шаруашылығында егіс алқаптары былтырғы деңгеймен салыстырғанда 448 мың гектарға артып, 21,6 млн. гектарға жеткенін мəлімдеді. Жиын-терім жұмыстарына дайындық аясында Үкімет тиісті шаралар қабылдады, соның ішінде аграрлық кəсіпорындар жалпы құны 60 миллиард теңгеге несиелендірілді, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жанар-жағармай құнын арзандату мəселесі қамтамасыз етілді.

САЛТАНАТТЫ ШАРА Тараптар екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық, көліктік, транзиттік жəне логистикалық, авиациялық ынтымақтастықты дамыту мəселелерін талқылады. Тараптар таяуда ғана ашылған Ыстанбұл – Шымкент авиарейсінің ашылуын мысал ретінде келтірді. ҚР-дағы Түркия елшісі Қазақстанның Еуразияның транзиттік-логистикалық хабы ретіндегі айрықша рөлін атап өтті. Сондайақ, тараптар Қазақстанның өңірлеріндегі қазақстандық-түркиялық индустриялық аймақтарының қазіргі кездегі қызметін талқылады, сонымен бірге, сауда, экономика жəне инвестиция салаларындағы еншілестікті нығайту қажеттігін атап өтті.

ЖЕРДІ ҚАЙТАРЫП БЕРДІ Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстан облысында 2 млн. гектардан астам жерді жалға алған. Ресей тарапы 1 млн. 400 мың гектар полигонды қайтарып берді. Бұл туралы Аймақтық орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында белгілі болды. «Қазір көрші елдің иелігінде жалға алынған 945 мы ң г е к тар ж е р б а р . О л ү ш с а н а т қ а бөлінеді. 150 мың га бірінші санатқа жатады. Мұнда тіпті кіруге рұқсат жоқ. Қалған жерде фермерлер мал бағып, шөп оруда. Бұл аумақта 97 шаруа қожалығы жұмыс істейді», – деп атап өтті Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының əкімі Нұрлан Рахымжанов. Биыл Ресей 1 млн. 400 мың гектар жерді қайтарып берді. Қазір учаскелерді бөлуге қажетті құжаттар дайындалып жатыр. Сонымен қатар, үкіметтік деңгейде келісілуі тиіс тағы бір мəселе бар. «Бөкей ордасы ауданы аумағы арқылы күн сайын 5 жолаушы жəне 11 жүк пойызы өтеді. Олардың ешқайсысы тоқтамайды. Мəселені тұрғындар үнемі көтеріп келеді. Бұл проблема шешіледі деген үміттеміз», – деп атап өтті Н.Рахымжанов. Айта кету керек, Ресейдің «Азғыр» жəне «Капустин Яр» полигондарының аумағы Атырау облысы Құрманғазы ауданының солтүстік бөлігімен жəне Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы жəне Жаңақала аудандарымен шектесіп жатыр. Мұнда 28 мың адам тұратын 39 елді мекен орналасқан.

Рəсімді ашқан əскери бөлімінің командирі, полковник Аян Есжанов жастардың жадында мəңгілік қалатын бүгінгі жиын жөнінде: «Құрметті сарбаздар, ант қабылдау – Отаныңа, халқыңа ақтық демің шыққанша адал болу, ел басына сын сағат түссе, оны мойымай көтеру, қажет болса, жан қию деген сөз. Сондықтан да елдің қорғаны атағына сай, антқа берік болыңыздар . Талай ғасыр халқының еркіндігін сыртқы жаулардан қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздың, кешегі фашизмнің отын өшірген абзал аталарымыздың аманаттаған Отанымыздың тəуелсіздігін қырағы күзетіңдер», – деп ақ тілегін арнады. Əскери бөлімінің орталық алаңында сымдай тартылып, сап түзеген жеке құрамның алдына Жауынгерлік ту шығарылып, көп ұзамай белгіленген алты нүктеде жас сарбаздар Ант кітапшасын қолдарына алып, жиналған қауымның алдында ант берді. Күні кешегі балапандарының бүгін қанат қаққан қыранға айналып, Отан қорғаушы азамат атанғанына куə болған ата-аналар толғаныстарын жасыра алмай, көздеріне қуаныш жасын алып жатты. Өз кезегінде Отан алдындағы борышын өтеуге келген жауынгерлерді «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Мұрат Əтібеев өмірлеріндегі елеулі сəтпен құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі. Сонымен қатар, «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Теміржан Ізтілеуов те өзінің жылы лебізін білдіріп, Антқа адал болу ең асқақ парыз екендігін атап өтті. Бір айдан аса уақыт əскери сəлемдесу мен сап түзеуге машықтанған, жауынгерлік істің қыр-сырын меңгеріп, ант мəтінін жаттаған сарбаздар жиналған көпшілікке жоғары дайындықтарын көрсетті. Олар Отанға, халыққа, оның заңды түрде сайланған Президентіне адал болуға, əскери жəне мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға серт берді. Жауынгерлер атынан сөз алған қатардағы Мақсат Дүйсеков жүрекжарды жырын арнап, қаруластарын ел мен жерге адал қызмет етуге шақырды. Ант қабылдаушыларды бөлімнің ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, запастағы прапорщик Феликс Дульский мен ата-аналар атынан Жанат Байрамова құттықтап, ақ баталарын берді.

Сондай-ақ, осы күні Мемлекет басшысы Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады. Кездесу барысында министрлік қызметінің негізгі бағыттары, соның ішінде дін саласындағы заңнамаларды одан əрі жетілдіру шаралары талқыланды. Елбасы министрліктің дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, мəдениет саласын жан-жақты дамытудың, ел азаматтарының патриоттық рухын нығайтудың маңыздылығына назар аударды. Арыстанбек Мұхамедиұлы қазіргі уақытта діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заңнамаға жүйелі өзгерістер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын мəлім етті. Сонымен қатар, Мəдениет жəне спорт министрі Қазақстан Президентіне ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары мен Қазақстан спортшыларының алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына дайындығының барысы туралы баяндады. Елбасы кездесулер қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Ант – ел аманаты

ШІЛІҢГІР ШІЛДЕНІҢ 16-СЫ КҮНІ «ОРТАЛЫҚ» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ 6636 ƏСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЖАС ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРАМЫ АДАЛДЫҚҚА СЕРТ БЕРІП, ƏСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ. САРБАЗ АТАНҒАН ЖАСТАРДЫҢ ДЕНІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН, АЛМАТЫ ЖƏНЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ТУМАЛАРЫ. «Ұлым Айбектің бүгінгі ант қабылдау рəсіміне Алматы облысының Жаркент қаласынан келдік. Ант беру рəсімі – əскери өмірдегі маңызды қадам. Енді əр жас сарбаз Отан алдындағы жауапкершілігін түсінері сөзсіз. Əскери бөлім басшылығының əрқайсымызбен жүздесіп, көңіл бөлуі, жалпы жағдайларын көріп, көңіліміз көншіді», – деп ағынан жарылды ата-аналар атынан сөз алған Тұрған Тохтахунов. Қостанай облысының Рудный қаласынан келген Малика Əбдірахманова: «Ұлым Ақарыс Омаров бүгін міне, ел қорғаушы азамат атанып отыр. Бұл біздің баршамызға зор мақтаныш. Батыр Бауыржан атамыз «тəртіпке

бағынған құл болмайды. Осындағы барша жауынгер ұлдарым өздеріне, сендерді жеткізіп, ұшырған мына біздер – ата-аналарыңның атына кір келтірмейді деп сенемін. Еліміз тыныштығынан жаңылмасын», – деп ақ батасын арнады. Барлығы 268 сарбаз салтанатты түрде ант берген шара соңы əскери бөлімінің мəжіліс залында жалғасты. Онда бөлім басшылығы атааналарымен жүздесіп, бүгінгі əскери өмірдің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сондай-ақ, туысқандарымен қауышқан əр жауынгерге бір тəулікке демалыс берілді. Ұлттық ұлан баспасөз қызметі


2 ƏЛЕ

ЖАҢАЛЫҚТАР №54 (4220), бейсенбі, 21.07.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

ҚП М-А

А

РАТ

ТҰҢҒЫШ ƏЙЕЛ-ГЕНЕРАЛ

Ақмола облысының құрметті азаматы атанды

АҚШ

26 айда үш жұп егіз дүниеге əкелді Америкалық Канзас-Сити (Миссури штаты) қаласының тұрғыны 26 айда егіздердің үш жұбын дүниеге əкелді. Бұл туралы The Huffington Post хабарлады. Олар алғашқы балаларының бірінен мерзімінен бұрын босану салдарынан туындаған қиындықтарға байланысты айырылып қалған екен. «Балаларым туралы айтқанда, адамдар мені табиғаттың ғажайыбы дейді», –деді 20 жастағы Данеши Кауч (Danesha Couch). Афроамерикалық пен оның балаларының əкесінің үйлену тойы қыркүйек айына жоспарланғаны аталып өтілді. Каучтің сөзіне қарағанда, əзірге ол жүкті болуды жоспарлап отырған жоқ. Келіншек қаржы жағынан көмекке мұқтаж екенін жасырмады. Бес баланы асырау үшін олар Gofundme ақша жинайды. Материал жазылған уақытта 1,3 мың доллардан астам ақша жинап үлгерді, деп хабарлады Лента.ру.

Тайвань

Туристер мінген автобус жанып кетті Тайваньда 20-дан аса турист мінген автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды BNews.kz. Оқыс оқиға Тайвань-Таоюань халықаралық əуежайынан бірнеше шақырым қашықтықта орын алған. Туристік автобус жол жиегіндегі қоршауға соғылып, кейін өртеніп кетті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар көлік ішінен тек алты адамның денесін ғана алып шықты. Автобуста Қытай азаматтары болған деген дерек бар. Жолаушылардың нақты саны əзірге белгісіз, алайда алдын ала мəліметтер бойынша салонда қытайлық Ляонин провинциясының 26 турисі отырған, деп жазады Focus Taiwan.

КЕШЕ АЛТЫНШЫ ШАҚЫРЫЛҒАН АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МƏСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ТӨРТІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ. СЕССИЯДА АЙМАҚ БАСШЫСЫ СЕРГЕЙ КУЛАГИН ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ АЛҒАШҚЫ ƏЙЕЛ-ГЕНЕРАЛ – СƏУЛЕ АЙТПАЕВАҒА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» БЕЛГІСІ МЕН КУƏЛІГІН ТАПСЫРДЫ, ДЕП ХАБАРЛАДЫ ОБЛЫС ƏКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕН. Өңір басшысы Қазақстан Республикасының ең алғашқы генерал атағын алған əйелдің біздің облысымыздан шыққандығына қуанатындығын

тағы да қайталады. «Ақмола облысынан мықты азаматтардың шығып жатқаны қуанышты. Олардың ішінде алғашқы əйел-

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған АҚШ-тың осы елдің Пенсильвания штатында тұрып жатқан Фетхуллах Гюленді Анкараға беруін қалайды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Режеп Тайип Ердоған бұл туралы Ыстанбұлда сөз сөйлеген кезінде айтқан. Анкарада болған бүлікке Гюлен мен оның жақтастары кінəлі деп санайды. «Мен АҚШ Президентіне (Барак Обамаға) айтамын: Мен Сізге оны (Гюленді) депортацияласын, не бізге берсін деп айтқан болатынмын. Алайда, мені ешкім тыңдамады. Енді, болған оқиғадан соң, мен қайталап айтам: Оны Түркияға беріңіздер», – деді Түркия Президенті. Анкара Гюлен мен оның «Футхуллахшылар лаңкестік ұйымы» күні кеше болған əскери төңкеріс əрекетін ұйымдастырды деп санайды.

генералдың біздің облыстан шығуы ерекше мақтаныш сезімін тудырады. Жақында ғана біз Жақсы ауданынан шыққан дарынды спортшы Дина Жоламанға да құрмет көрсеттік. Енді, міне Сəуле Мұханбедианқызы облыстың құрметті азаматы атануда. Біз сіздермен мақтанамыз. Бүгін туған өлкеңіз Сізді кезекті қуанышыңызбен құттықтайды! Жаңа жетістіктерге жете беріңіз», – деді əкім. Өз кезегінде Сауле Айтпаева өңір басшысына алғысын білдірді. «Ақмола облысы – менің туған өлкем. Мен осы жерде дүниеге келдім, осы жерде балалық шағым өтті. Бұл жерде менің ата-анам өмір сүрді. Бүгінгі күні менің алдымдағы ең басты мақсат – шама-шарқым келгенше жеріме, халқыма, жалпы еліме адал қызмет ету. Мен өзімді осындай биікке көтерген жерлестеріме ризамын, сыйқұрметтеріңізге рахмет! Сіздердің достық ниеттеріңіз мен үшін ең қымбат дəреже» – деді Сауле Мұханбедианқызы.

Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында Бас прокурордың орынбасарлары мен Бас прокуратура департаменттерінің басшылары азаматтарды қабылдау үшін аймақтарға шығатын болады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады. Азаматтарды қабылдау уақыты мен орны туралы ақпарат прокуратура органдарының сайттарында жəне аймақтық БАҚ-та жарияланған. Қабылдау жүргізуге қатысты барлық сұрақтар бойынша БАҚ-та жарияланған əр өңірдегі байланыс телефондарына хабарласуға болады.

«Астана операда» – «Еселенген шабыт» ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ТӨРТ ҚОЛДА ОЙНАЛАТЫН ФОРТЕПИАНОҒА АРНАЛҒАН АЛТЫ ПЬЕСА ОРЫНДАЛАТЫН БОЛАДЫ. 30 шілдеде «Астана опера» театрының Камералық залы сахнасында пианистер құрамында халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Александра Егорова жəне Ая Болатовадан құралған «Lotus Bleu» фортепианолық дуэті «Еселенген шабыт» концертімен өнер көрсетеді, деп хабарлады Астана қаласы əкімдігінің ресми сайты. Дуэт ХІХ-ХХ ғасырлардағы шетелдік композиторлардың, сондай-ақ америкалық жас композитор, пианист, бейнепродюсер жəне жазушы Грег Андерсонның шығармаларын орындайды. Қазақстанда алғаш рет төрт қолда ойналатын фортепианоға арналған алты пьеса орындалатын болады. Сондай-ақ, Грег Андерсонның өңдеуіндегі екі рояльға арналған «Карменфантазиясы» жəне т.б. тың жаңалық болмақ.

Аспапшылар таяуда ғана Италиядан жеңіспен оралды. «Lotus Bleu» дуэті халықаралық пианистер байқауында жүлделі екінші орын алды. «Lotus Bleu» дуэтін құру идеясының авторы түрлі дəрежедегі халықаралық байқаулардың жеңімпазы, көптеген марапаттардың иегері Александра Егорова. – Фортепианолық дуэт құру идеясы мен үшін айтарлықтай жаңалық. Үлкен əлеммен бірге дамып келе жатқан жəне консервативті пікірді ғана ұстанбайтын музыкант ретінде маған дəл өзімдей пианистсолистпен бір дуэтте ойнай алатындығымды тексеріп көру қызықты болды. Ая екеуіміз бұрыннан таныспыз, магистратурада бірге оқыдық, фортепиано дуэтін құру туралы ойымды айтқанымда ол мені бірден қолдай кетті, – дейді Александра Егорова.

Шотландия

Тəуелсіздік туралы референдум өтуі мүмкін Шотландияның бірінші министрі Никола Стерджен тəуелсіздік алу туралы екінші референдум 2017 жылдың басында өтуі мүмкін екендігін мəлім етті. Бұл туралы Би-би-си жазады. Оның айтуынша, Британ үкіметі Шотландияның мүддесімен санаспай, Еуропалық одақ құрамынан шығуды ресми түрде қолға алса, референдум қайта өткізіледі. Айта кетейік, ЕО-ның бірнеше мемлекеті Брюссель мен Эдинбург арасында Шотландияның ЕО-ға мүше болуы туралы келіссөздерге қарсы екендіктерін мəлімдеген. 15 ш ілде к ү н і Ұ л ыбри тан и ян ың ж аңа премьер-министрі Тереза Мэй Эдинбургқа барып, Шотландияның бірінші министрі Никола Стердженмен «брексит» мəселесін талқылаған болатын.

Қелісімге қол қойды ТАШКЕНТТЕ «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ПЕН ӨЗБЕКСТАННЫҢ ЖЕКЕ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ. Жуырда Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен Ташкентте «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ делегациясының роуд-шоуы аясында Қазақстан мен Өзбекстанның туроператорларының кездесуі өтті. Шараға Өзбекстандағы Қазақстанның Төтенше жəне өкілетті елшісі Е. Өтембаев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері, ЭКСПО-2017 хатшылығының, «Өзбектуризм» ҰК, Өзбекстанның жеке туристік ұйымдар қауымдастығының, қазақстандық жəне өзбекстандық туристік компаниялардың, сонымен қатар жергілікті жəне шетелдік БАҚ өкілдері қатысты. Е. Өтембаев «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі Орталық Азия аумағында алғаш рет өткізілгелі тұрғанын атап өтті. «ЭКСПО-2017» – бұл туризм индустриясын дамытудың жаңа тренді.

Бағдарлама аясында оқыту ұсынылды

Азаматтарды қабылдайды

Түркия

Фетхуллах Гюленді беруін сұрады

е-mail: nastraje@mail.ru

КЕШЕ ҚР ҮКІМЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРДЫ «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ЖƏНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТТЫЛЫҚҚА ОҚЫТУДЫ ҰСЫНДЫ. «Біз оқуға түсе алмаған, оқу бітірген соң жұмысқа орналаса алмаған жастарды компьютерлік сауаттылыққа, ағылшын тіліне жəне кəсіпкерлік не гіз де ріне үй ре туді ұс ы намыз », – де ді Т. Дүйсенова. Оның үстіне министр, жастар тəжірибесі аясында берілетін жалақыны 38 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін жоғарылатуды ұсынды. «Үшіншіден, ҰБТ-ның шекті деңгейін ала алмаған мектеп бітірушілері үшін кəсіби жұмысшы мамандықтары бойынша, жұмыс берушілердің ұсынысымен төленетін 12 айлық оқытуды енгізу қажет деп санаймыз», – деді Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі. Оның айтуы бойынша, аталған ұсыныстарды қабылдау үшін қажетті тиісті есептеу жұмыстары бір апта ішінде дайын болатынын xабарлады. «Тағы бір ұсыныс, теxникалық жəне кəсіби білім беру мекемелеріне, колледждерге түсе алмаған жастарды еліміздің Қарулы күштеріне тарту бойынша жұмысты Қорғаныс министрлігімен жасақтау қажет деп ойлаймын. Осының аясында құрылыс батальондарын құру тəжірибесін жандандыруға болар еді жəне соның аясында мамандарымыз жетпей жатқан салаларға бағыттауға болады», деді Т. Дүйсенова.

Сирек кездесетін жануарлар ШЫМКЕНТ ЗООБАҒЫНА ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ТІК МҮЙІЗДІ ТЕКЕЛЕР, БӨКЕНДЕРДІҢ ЖҰБЫ ЖƏНЕ ҰРҒАШЫ ҚОДАС ЖЕТКІЗІЛДІ. ОЛАР РЕСЕЙДІҢ ЯРОСЛАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАНУАРЛАР БАҒЫНАН ҚОНЫС АУДАРДЫ. Жануарлар Шымкентке дейін бес тəулік жол жүрді. Жол бойы зообақ қызметкерлері мен ветеринарлық дəрігерлер олардың өмірі үшін алаңдағаны рас – еліміздің аңызақ даласы мен ұзақ сапар ашатұяқтыларға жақпай қалуы əбден мүмкін еді. Жануарларды алып келген зообақ директорының орынбасары Латифша Əлиев мұндай жануарларды тасымалдауда талаптарды мүлтіксіз орындау қажет екенін айтады. «Тəуліктің қай мезгіліне қарамастан, əр үш сағат сайын тоқтап, жануарларды тамақтандырып, жағдайларын тексеріп отырдық. Сирек кездесетін тіршілік иелерін тасымалдау тəуекелді жұмыс. Олар жол үстінде қандай қылық танытарын ұғып, білу қиын», – дейді Латифша. Зообақта жануарларға орын алдын ала сайланған. Текелер аласа жота қарастырылған қоршауға қамалса, ал Африканы мекендейтін бөкендер табиғат аясына сай етіп жасалған торға орналастырылды. Ал зообақтан мекен тапқан қодасқа енді серік іздестіріліп жатыр. Шымкенттегі жануарлар бағында бұрындары да қодас өмір сүрген болатын.

Жүк кемесі ХҒС-қа аттанды ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАРЫШ СТАНСАСЫНЫҢ (ХҒС) ЭКИПАЖДАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ ТОННА ЖҮК ТИЕЛГЕН «ПРОГРЕСС МС-03» ЖҮК КЕМЕСІ БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНАН «СОЮЗ-У» ЗЫМЫРАН-ТАСЫҒЫШЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН КӨТЕРІЛДІ. Ғарыш кемесі зымыран-тасығыштың үшінші бөлігінен аман-есен бөлініп, ХҒС-қа қарай бет алды. Бұл туралы ТАСС жазады. «Ғарыш кемесі зымыран-тасығыштан штаттық режімде бөлінді», – дейді «Роскосмос» өкілі. Ұшу екі тəулікке созылады. 19 шілде күні 03:23-де (мск) «Прогресс МС-03» ХҒС-қа жетуі тиіс.

Бетті дайындаған Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №54 (4220), бейсенбі, 21.07.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 СЛЕТ

е-mail: nastraje@mail.ru

3

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН, РЕСЕЙ ЖƏНЕ ГЕРМАНИЯ ЖАС ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЛЕТІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ. ҚАЛАНЫҢ «ЕУРАЗИЯ» ТУРИСТІК-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ШАРАҒА ЕЛІМІЗДІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН, СОНДАЙАҚ, РЕСЕЙДІҢ САРАТОВ ОБЛЫСЫНАН ЖƏНЕ ГЕРМАНИЯНЫҢ ГЕССЕН ЖЕРІНЕН КЕЛГЕН ЖАС ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ҚАТЫСТЫ. Халықаралық жас өрт сөндірушілер слетінің басты мақсаты – балалардың бойында қауіпсіздік мəдениетін тəрбиелеу, мемлекеттер арасында осы саладағы ынтымақтастық пен ұзақ мерзімді əріптестікті орнату, сондай-ақ, жастарды патриоттық жəне адамгершілік рухта тəрбиелеу болып табылады. Слеттің салтанатты ашылуында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау май-

оры Нұрлан Таубеков: «Өртпен күресу, өрттің туындау мүмкіндігіне жол бермеу жағдайын туғызатын іс-қимылдар бағытында азаматтық қорғау органдарына жас өрт сөндірушілері жасағының мүшелері мектеп оқушылары көмектеседі. Өрт қауіпсіздігі мəдениеті адам өмірінің барлық кезеңінде қалыптасуы қажет. Осы негізде отбасы, мектеп, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органда-

ры, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар белсене атсалыса қатысуы қажет. Жас өрт сөндірушілердің мектеп жасақтары өрт қауіпсіздігінің жай-күйі мен өрт кезінде қаза болатын балалардың санын азайтуда тəжірибеге негізделген тиімді нəтиже береді. Халықаралық слеттің барлық қатысушыларына сəттілік тілейміз!», – деді. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі Александр Ажгалиев «От – тілсіз жау» деген сөздің тереңіне үңіліп: «Өрт қауіпсіздігі – маңызды мəселелердің бірі, сол себепті балаларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету – бұл игі іс», – деп атап өтті. Сонымен қатар, ашылу салтанатында үш ел жас өрт сөндірушілері қозғалысының негізін салушы «Өрт сөндіруші» АҚ Батыс Қазақстан филиалының басшысы Кадр Бисембаев сөз сөйледі.

Слет қатысушыларын ардагерлер ұйымының төрағасы Ермекқали Машанов құттықтап, іс-шараның маңыздылығына, өрт қауіпсіздік ісəрекеттері балалық шақтан басталатынына кеңінен тоқталып кетті. Шарада сонымен қатар, Ресей ТЖМ Саратов облысы бойынша бас басқармасы заң бөлімі бастығының орынбасары Владимир Серебряков, Германиядағы əріптестер – Клаус Шплидорф жəне Сергей Голод осы тəрізді іс-шараларды өткізудің маңызын атап өтіп, халықаралық слетте үш елдің жас құтқарушылары жоғары шеберлік көрсететініне сенім білдірді. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қаланың жас ұжымдарының қолдауымен слетке қатысушыларға мерекелік кон-

церт əзірледі. Концерт барысында ұйымдастырушылар қонақтарға дəм мен бауырсақ ұсынды. Тұтас алғанда бағдарлама мазмұнды жəне қызықты өтеді деп жоспарлануда. Слет кезінде тіршілік қауіпсіздігі негіздері, алғашқы көмек көрсету бойынша əртүрлі байқаулар, спорттық іс-шаралар, оқытатын тренингтер жəне шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланды. Командаларға Қазақстан Республикасының тарихы жəне қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстыру ұйымдастырылады. Жас жеткіншектер қолданбалы өрт сөндіру спортының элементтері бар жарыстарға қатыспақ. Одан бөлек, оларды түрлі экскурсиялар, батысқазақстандықтардың сүйікті демалу орны – Шалқар тұзды көлі күтуде. Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

ТАҒЫЛЫМ

ӨТКЕННЕН СЫР ШЕРТЕТІН МУЗЕЙ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ІІД-НДЕ ТАРИХ ЖƏНЕ ƏСКЕРИ ДАҢҚ МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ. МУЗЕЙДІҢ АШЫЛУЫ ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ, СОНДАЙ-АҚ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ КҮНІНІҢ ТОЙЛАНУ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙЛАСТЫРЫЛДЫ.

Жалпы Ішкі істер департаментінің музейі 1975 жылғы 4 желтоқсанда Павлодар облыстық атқару комитеті ІІБ бұйрығы негізінде құрылған болатын. Осы жылдың маусым айында музей қайта жаңғыртылып, жаңа ғимаратқа көшірілді. Мұндағы музейлік жабдықтар толығымен ауыстырылып, фотокескіндер мен құжаттар қалпына келтірілді. Сонымен қатар, музей қоры қарқынды түрде жаңа экспонаттармен байытылуда. Ал бұл жұмыстар жаңа тұсаукесермен ашылуға лайық. Музейдың ашылу салтанатына шақырылған құрметті қонақтардың

ішінде облыс əкімі Болат Бақауов, ІІО ардагерлері, сондай-ақ, қаладағы музейлердің, атап айтқанда, тарихиөлкетану, əскери даңқ, облыстық прокуратура музейлерінің мамандары болды. Дəстүрлі қызыл лентаны қию құрметіне аймақ басшысы Болат Бақауов пен облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев ие болды. Жиналған қонақтар мен полиция қызметкерлері алдында сөз сөйлеген ІІД-нің бастығы Марат Қожаев: «Өткенсіз болашақ жоқ. Сондықтан өткен күндер естеліктері ешқашан

жадымыздан жырақтап кетпеуі тиіс. Мемлекетіміздің тағдырымен тығыз байланысты ішкі істер органдарының тарихын полицияда қызмет етіп жүргендер ғана емес, барша облыс тұрғындары білуі тиіс. Өскелең ұрпақ парыз, намыс, батылдық деген ұғымдарды нақты мысалдар мен үлгілерден көруі керек. Мұндай патриоттық негіздегі жұмыстарды, əсіресе, қазіргідей жұртшылық алаңдаулы кезде, қазақстандықтардан шешімділік пен жауапкершілік жəне бірлік талап етіліп отырған тұста жүргізу аса маңызды», – деді. Осы күні, сондай-ақ, ІІД плацында полиция қызметкерлері жұмыс барысында пайдаланатын арнайы автотехника, байланыс құралдары, қару-жарақ пен арнайы құрылғылар қойылған болатын. Шараға жиналған жұрт ашық аспан астындағы көрмені де қызығушылықпен аралап көрді. Қазір музейде ІІХК, ІІМ жəне Павлодар облысы ішкі істер органдарының қалыптасу кезеңдерінен сыр шертетін мыңнан аса жəдігер сақтаулы тұр. Мұнда өткен кезең фотошежірелері мен əр дəуірдің бүгінде қалпына келтірілген киімдерінің, қаружарақтарының үлгісі, марапат түрлері мен ішкі істер органдары қызметкерлері алған үздік белгілер көрермендер назарына ұсынылған. Бұдан басқа, қойылған көрме үлгілерінің қатарында қызметтік міндетін орындау барысында қаза болған батыр полицейлердің өмір жол-

АКЦИЯ

Учаскелік инспекторыңызды білесіз бе?

Гүлнəзира МҰХТАРОВА, Атырау облысы

АТЫРАУДА «МЕН СІЗДІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫҢЫЗБЫН!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҚАЛАДА 15 УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІН ЕСКЕРСЕК, БҰЛ ШАРАНЫҢ АУҚЫМДЫЛЫҒЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ АЙТПАСА ДА ТҮСІНІКТІ.

Акция аясында учаскелік пол и ц и я и н с п е к т о р л а р ы у ч а с к ел і к бекеттерінде азаматтарды қабылдауды ұйымдастырып, өздерінің əкімшілік учаскелерінде тұрғындармен шағын кездесу өткізіп, азаматтардың

шағымдары мен өткір мəселелерін мұқият тыңдауда. Шара шеңберінде учаскелік полиция инспекторлары үйлерді жəне пəтерлерді аралап, тұрғындарға байланыс телефондары жазылған визиткаларын таратуда. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары əкімшілік құқық бұзушылықты, ұсақ құқық бұзушылықтың алдын алу жəне ескерту, тұрғындарға пəтерлерді жалға беру, қоғамдық орында алкоголь ішімдігін ішу, тыныштықты бұзу секілді ел арасында жиі кездесетін мəселелер жөнінде жұртшылықпен өзара іс-

əрекет жолдарын анықтауды да қолға алған. Бұл бағытта жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары пəтер, көлік тонау, қалтаға түсу, ұрлық жасау секілді қылмыстардың алдын алу, болдырмау, жолын кесу мақсатында халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Бұл жұмыстар учаскелік полиция инспекторлары мен халық арасындағы байланысты тереңдетіп, сенімді нығайтып, тəртіп сақшыларының ел алдындағы беделін көтеру мақсатында да іске қосылып отыр. Акция барысында халықтың полицияға деген сенім деңгейін арттыру, аймақтағы жедел ахуалдық жағдайларды жақсарту жəне құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жандандыруға да баса назар аударылады.

дарын баян ететін стендтер айрықша орын алып тұр. Музейді ұйымдастырушылардың айтуынша, оны құрудағы қиыншылық материалдарды тауып, зерттеп одан əрі жүйелеу барысында кездескен көрінеді. Ең ауыр əрі көп уақыт талап ететін тірнекті жұмыс – мұрағаттық кезеңде болыпты. Осының бəрін жеңе отырып музейді ұйымдастырушылар мыңнан аса түрлі құжатты көрерменнің көз алдына шығаруды мүмкін етті. Енді жас тəртіп сақшылары мен аймақ тұрғындары Павлодар полициясының қалыптасу кезеңі жəне одан əрі даму тарихын өз көздерімен

көріп, тамашалайтын болады. ІІД Тарих жəне əскери даңқ музейі алда кəсіби бағдарлық жəне патриоттық жұмыстар өткізуге лайықты орын болатынына күмəн жоқ. Өйткені, даңқ музейі – жады мен зердеге əсер беретін орын. Ал, ішкі істер органдарында батыл да ар-абыройлы жəне аса жауапкершілікті адамдар еңбек етеді. Олар күнделікті уақытпен санаспай, кейде отбасын да ұзақ уақыт көрмей, қажет кезде өмірін де қию арқылы еліміз тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын күзететін құрметке лайық жандар. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі

ТАЛҚЫ

Ауырып ем іздегенше...

Л.АХМЕТҚАЛИЕВА, Батыс Қазақстан облысы

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕ БАСШЫЛЫҚ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСТАМАСЫМЕН ЖАҚЫНДА АУМАҚТЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ӨҢІРЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ОБЛЫСТЫҚ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ДИСПАНСЕРІ» МКК МЕҢГЕРУШІСІ СЕРГЕЙ ПОГОДАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ. Туберкулезбен ауыратын азаматты мəжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау, сонымен қатар, туберкулез ауруының алдын алу іс-шаралары туралы кеңінен мəлімет берген кездесу барысында Сергей Павлович осы жұмыстар кезінде кездесетін кедергілер мен қиындықтар туралы да айтып өтті. Басқосу барысында «Облыстық туберкулезге қарсы диспансері» Мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының маманы аумақтық пробация қызметтерінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандар ішіндегі туберкулез ауруымен ауыратын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 348-бабының 4-тармағына сəйкес туберкулезбен ауыратын азаматты мəжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау барысындағы іс-əрекеттерге егжей-тегжейлі тоқталды. Кездесу соңында аумақтық пробация қызметтерінің қызметкерлері көтерілген тақырып төңірегінде өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 348-бабының 4-тармағына сəйкес, туберкулезбен ауыратын азаматты мəжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау қылмыстық атқару жүйесі органдарына жүктелген. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД аумақтық пробация қызметтері өздерінің негізгі қызметтерінен басқа туберкулезбен ауыратын азаматқа қатысты мəжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімдерін орындап келеді.


4

ОТАНЫНА АДАЛ №54 (4220), бейсенбі, 21.07.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕРЛІК ИЕЛЕРІ

Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасынан шығып, ҰҚК департаментіне жеткен соң, қылмыскер жол жиегіндегі полиция автомашинасында отырған полиция қызметкерлеріне оқ жаудырады. Соның салдарынан бір полиция қызметкері ауыр жарақат алып, екіншісі оқиға орнында қаза тапты. Осы сəтте ҰҚК департаментінің кезекшісі қылмыскерге оқ ата бастайды. Атыс барысында қылмыскерді алып келген жүргізуші оқиға орнынан қашып құтылған. Ал қылмыскер əрі қарай жүгіріп, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің əскери қызметшісі, аға лейтенантты көріп, оның машинасын тартып алу мақсатында қарсыласқан шекарашыға қарсы оқ атып, оны сол жерде ауыр жаралайды. Алған жарақаттан шекара қызметінің аға лейтенанты да оқиға орнында көз жұмады. Қылмыскер осы сəтте сол жерден өтіп бара жатқан бір адамды да атып өлтіреді. «Қазақконцерт» маңында жараланып қолға түскен қылмыскер ұстау кезінде тағы да екі полиция қызметкерін атып өлтірген. Осы оқиғадан соң іле-шала қалада «Жедел ұстау» арнайы операциясы жарияланып, барлық қару-жарақ сататын дүкендер жəне сауда орындары мен қоғамдық орындардың, екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері жабылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мен теміржол, əуежайларда сақтық шаралары күшейтілді. Полиция қызметкерлері қала тұрғындарына үйлерінен шықпау туралы хабарлады. Бұл қанды оқиғаға қатысты Қазақстан Президенті Н.Назарбаев шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты жəне оларға тиісті психологиялық жəне материалдық қолдау көрсетуді тапсырды. «Алматы тұрғындарына тұрақты түрде мəлімет беріп, жалпы қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету керек. Қауесет таратушылардың аяусыз түрде жолын кесіп, арандатушыларды анықтау маңызды. Алматыдағы жəне республикадағы барлық азаматтар тəртіпті ретке келтіру үшін ең қатаң шаралар қабылданып жатқанына сенімді болуға тиіс», – деді Н.Назарбаев. Айналдырған 24 минуттың ішінде 3 полиция қызметкері мен 1 бейбіт тұрғынды, 1 шекарашыны атып өлтіріп, тоғыз адамды жаралаған қылмыскер 27 жастағы Қызылорда облысының тумасы Руслан Куликбаев болып шықты. Президенттің тапсырмасымен Алматыға арнайы ұшып келген Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов дереу брифинг өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарына нақты деректерді жеткізді. Министр күдіктінің бұрын заңсыз қару сақтағаны жəне қарулы шабуыл жасағаны үшін екі рет сотталғанын жəне қылмысты құқық қорғау орган қызметкерлерінен өш алу мақсатында жасағанын мəлімдеді. Яғни, ол 2010 жылы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 178-бабы, 2-бөлігімен жəне 2012 жылы Қызылорда қалалық сотының үкімімен 2 жыл 11 айға сотталған. Соңғы уақытта Алматы облысы Іле ауданына қарасты Ынтымақ ауылында тұрып, ұялы телефон сатумен айналысқан. Сонымен қатар, қоғамдық кеңес отырысы кезінде ҚР ҰҚК басшысы Владимир Жұмақанов қылмыскердің түрмеде сəлəфиттермен жақын қарым-қатынаста болғанын жеткізді. Алдын ала сұрақ алу кезінде қылмыскер қанды оқиға болардың алдындағы түнде жеңіл жүрісті əйелді өлтіргенін де мойындаған. Кейін мəлім болғанындай бұл оқиға түнгі сағат 3.52-де орын алған. Руслан Куликбаев жеңіл жүрісті Өзбекстан азаматшасы отырған машинаға жақындап, таксистен жарықты қосуды сұраған. Таксист келіспегеннен кейін пистолеттен оқ атып, көлікті айдап əкеткен. Артынан ол көліктің ішінен əйелдің өлі денесі табылған. Қаладағы осы дүрбелең кезіндегі ең қорқыныштысы – қаланың қақ ортасында орын алған атыс туралы алып-қашпа хабарлар ватсап желісі мен əлеуметтік желі арқылы лезде шартарапқа тарап кетті. Тіптен, телефонына «Алматы-1 теміржол бекетінде атыс болып жатыр, «Жұлдыз» шағын ауданында автомат асынған террористер қаптап жүр, Қапшағайдағы əскери бөлімге шабуыл жасалды» деген хабар түскендер үйлерінен аттап шыға алмай қалды. Мұндай дүрбелең адамдарды орынсыз əбігерге салғаны рас. Мəселенің мəнісін тек Астана уақыты бойынша 12 сағат 20 минутта Қазақстан

«Тексерілмеген деректерді таратқандар қылмыстық кодекске сай жауап береді. ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-тармағында «Қоғамдық тəртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату, «бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады» деп атап көрсетілген», – деді Алматы қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Əзірбек. Оқиға кезінде қаза тапқандар бірбір үйдің азаматы, бір-бір үйдің асыраушысы. Арттарында аңыраған атааналары мен жарлары, жетімдіктің қамытын ерте киген балалары қалды. Алматы қалалық ІІД Əкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны 1988 жылы туған Бауыржан Мəлікұлы Нұрмаханбетов, ІІД Жергілікті полиция қызметінің жанындағы жол полициясы полкінің полицейі, полиция кіші сержанты 1991 жылы туған Мақсат Қолғанатұлы Сəлімбаев, Алматы қаласы Арнайы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2-батальонының полицейі, полиция старшинасы 1974 жылы туған Аян Ерболғанұлы Ғалиев, атыс кезінде алған ауыр оқ жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болған

арыстай азаматтарымыз күтпеген жерден бақилыққа аттанды. Орны толмас бұл қаза баршамызды күйзелтті. Қабырғамызды қайыстырды. Ел қауіпсіздігін қорғап жүрген бірнеше тұлғаның бейбіт күнде айналасы 25 минут ішінде мезгілсіз кетуі, өмір өзегінің үзілуінің қас-қағымдай екендігін, жалғанда тыныштық пен татулықтан асқан құндылық жоқ екенін тағы да бір еске салды. Бүгін ақтық сапарға аттанып бара жатқан азаматтар қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындар тыныштығын қорғау жолында мерт болды. Осында тұрған əрбіріміздің бейбіт ғұмырымыз үшін өздерінің өмірлерін қиып, жандарын пида етті. Бұл оқиға, ішкі істер органы қызметкерлерінің əр күні, əр сағаты болжаусыз екенін, сондықтан да ерлікке пара-пар болатынын тағы бір дəлелдеді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда халқына адал еңбек етіп, ерен ерлік көрсеткен бауырларымыздың жарқын бейнесі біздің жадымызда мəңгі сақталмақ. Олардың өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге. Олардың есімдері ел мен қала тарихында қашанда алтын əріппен жазылады, – деді өз сөзінде Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек. – Мен кеше қаза тапқандардың о тбасы нда бо лы п, қайғы ларына ортақтасып көңіл айттым. Елі үшін құрбан болған боздақтардың ата-аналары мен жарларының ащы қайғысын көру мен үшін өте ауыр болды. Елбасының тапсырмасымен қаза болғандардың отбасына материалдық көмек көрсету туралы қаулы шығардық. Қызмет бабында қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңге, ал жаралыларға 5 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетілетін болады. Сондай-ақ, олардың əріптестері, яғни Қазақстан полицейлері ел тыныштығы үшін опат болғандардың отбасына көмек ретінде бір күндік еңбекақыларын аударды. Сондай-ақ, қала əкімі қаза тапқан Аян Ғалиевтің қылмыскерді жаралап, оны қолға түсіруге аянбай əрекет еткен ерлігі мен өзі отставкада болса да айналасындағы адамдардың өмірі үшін қарулы қылмыскерге қарсы шыққан отставкадағы полиция подполковнигі Ғани Нұримановтың көзсіз батырлығына тоқталып, осындай ержүрек ұл өсірген ата-аналарына тағзым етті. «Ғани өзінің қарусыздығына қарамастан, қылмыскерді тоқтатпаққа ұмтылған. Қару асынғанды ақылға шақырмақ болды. Бұл, бір жағынан ғазиз жан үшін қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудың өмірлік ұстаным екенін көрсетсе, екінші жағынан көзсіз батырлық пен ағалық аңғалдықтың, адам баласына деген шексіз сенімі қашанда қатар жүретіндігін аңғартса керек. Қашанда өзінің қарапайымдылығымен, ағалық мейірбандығымен ерекшеленген марқұм, 25 жыл қызмет атқарған соң, өткен жылдың соңында ғана отставкаға шыққан еді. Амал нешік! Тəрбиелеп өсірген екі ұлының қызығын көруді тағдыр бұйыртпады», – деді қала басшысы Б.Байбек.

Мамандандырылған жол-патрульдік батальонының аға инспекторы, полиция лейтенанты 1986 жылы туған Тимур Бегасиловтың бейнесі қас-қағым сəтте сағымға айналып жүре берді. Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қарулы қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-батальонының қызметкері, полиция старшинасы Аян Ғалиев пен отставкадағы полиция подполковнигі Ғани Нұримановты ақтық сапарға шығарып салуға жиналған жұрттың саны екі мыңнан асты. Қаралы жиынға Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбектің өзі қатысып, марқұмдардың отбасы мен əріптестеріне, туыстарына қайғырып көңіл айтты. – Ардақты ағайын, құрметті қауым. Туған халқына бергенінен берері мол, еліміз үшін жасағанынан жасары артық

Қаралы жиынға Алматы қаласының Ұлттық ұлан жəне басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, марқұмдардың достары мен əріптестері жəне қала жұртшылығы келіп, олардың отбасы мен туғантуыстарына қайғырып көңіл айтты. Сондай-ақ, бүгін 25 жастағы полиция кіші сержанты Мақсат Сəлімбаевты Алматы облысының Қарақастек ауылында, 28 жастағы полиция капитаны Бауыржан Нұрмұханбетовті Жамбыл облысының Қордай ауылында, 23 жастағы шекара қызметкері Азамат Азимжановты Алматы облысы Панфилов ауданының Пиджим ауылында туыстары мен əріптестері соңғы сапарға шығарып салды. Ұрпағына ұлағатты тəрбие болатын өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен ерлердің есімі əріптестерінің жүрегінде мəңгі сақталады.

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

ЕКІ МИЛЛИОН ХАЛҚЫ БАР АЛМАТЫ ШАҺАРЫН АЯҒЫНАН ТІК ТҰРҒЫЗҒАН ҚАНДЫ ОҚИҒА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН БІР ТƏУЛІК БОЙЫ ҮРЕЙ ҚҰРСАУЫНДА ҰСТАП ТҰРДЫ. АЛМАЛЫ АУДАНДЫҚ ІІБ-НА БАСА-КӨКТЕП КІРГЕН ҚЫЛМЫСКЕР КЕЗЕКШІ ПОЛИЦЕЙДІ 5,7 МИЛЛИМЕТРЛІК ОҚ АТАТЫН ТАПАНШАДАН ЖАРАЛАП, АВТОМАТЫН АЛЫП КЕТКЕН. Республикасы Антитеррор орталығы Алматы қаласы аумағында шекті («қызыл») террористік қауіптілік деңгейінің енгізілгендігі жөнінде ресми ақпарат таратқаннан кейін ғана білдік. Бұл орайда мұндай қауіпті оқиға кезінде құзырлы органдардың дер кезінде нақты ақпарат таратуының маңызы зор екеніне тағы да көз

жеткіздік. Өйткені, тиісті орындардың үнсіздігіне байланысты жалған ақпарат желдей есті. Тіптен əлеуметтік желіде оқиға орнында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің жерде қанға боялып жатқан денелерін көргендердің төбе шашы тік тұрды десе де болады. Əрине, əлеуметтік желіде оңды-солды жалған ақпарат таратқандар жазасыз қалмайды.

АЯННЫҢ АРМАНЫ КӨП ЕДІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ 2-БАТАЛЬОНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙІ, ПОЛИЦИЯ СТАРШИНАСЫ АЯН ҒАЛИЕВТІҢ АРМАНЫ КӨП ЕДІ. Əрине, қаупі мен қатері көп ішкі істер саласында еңбек ететін қызметкерлердің бір арманы – абыроймен отставкаға шығу екені белгілі. Бұл арман Аянның да жүрегін жылы шуаққа бөлеп, қызыл гүлдей жапырақ жайып келе жатқан қызы мен өзі он жыл күткен ұлының бақытына бөленуді армандайтын. Бірақ Аянның бар арманын бір қорғасын оқ қылыштай қиып түсті. Ішкі істер органында 1997 жылдан бері абыройлы қызмет атқарып келген Аян соның он жылында Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментін күзетіпті. Өз ісіне қашанда жауапты қарайтын Аян Ғалиев жанқиярлылығының арқасында қиын минуттарда қаншама адамды туралап келген ажалдан аман алып қалды. Аянның өз өмірі қыл үстінде тұрған қасқағым сəттегі ерлігі жайлы Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек қаралы жиында былай деді: «Аяулы бауырымыз Аян Ерболғанұлы Ғалиев өз қызметі мемлекеттік органды күзету екендігіне қарамастан, сыртқа батыл ұмтылып, қылмыскерді тоқтатуға əрекет етті. Өз өмірін қия отырып, атыс үстінде оны жарақаттады. Ішкі істер органдарында 20 жылдық тəжірибесі бар ол, жұмысқа тұрғанына бір жыл ғана болған əріптесіне: «Орталыққа хабарла», – деп, тапсырма беріп, негізгі соққыны өзіне алды. Осылайша, ағалықтың, үлкендіктің жарқын үлгісін көрсетті. Жедел əрі кəсіби іс-əрекет етіп, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен басқа да азаматтардың өмірін сақтап қалды. 25 минутқа созылған

зұлматты тоқтатып, нүктесін қойды», – деді Бауыржан Байбек.– Жастайынан спортқа əуес болып, өзінің əділдігімен ерекшеленген бауырымыз, туыстарының айтуынша, қашанда жамандыққа қаны қас, ұлтын сүйетін, оның тілі мен ділін ерекше құрметтейтін жан болған. Оның артында 10 жасар қызы мен 7 айлық ұлы қалды. Ол жұбайы екеуі ұлдарының өмірге келуін 10 жыл күтіпті. Жаңа туған ұлын қатты жақсы көрген. «Менің ұлым батыр болады» деп, оның болашағынан көп үміт күткен. Біз марқұмның көрмеген қызығын, бала-шағасына бұйыртсын дей отыра, осындай батыр ұлды өмірге əкеліп, тəрбиелеген анасына мың да бір тағзым етеміз», – деді Б.Байбек. Аянның ақжарқын мінезі мен жұмысқа деген жауапкершілігі жайлы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының батальон командирі Қайрат Əбдіманап та: «Ол жұмысына тыңғылықты, өзін еркін ұстайтын жігіт болатын. Əнұранның өзін əдемі айтатын. Бүкіл халыққа, қызметкерлерге жауыздық жасап жатқан кезде Аянның қандықол қарақшыға қарсы тұруы нағыз ерлік деп санаймын», – деп атап өтті. Аянның əрекетін нағыз жанқиярлық деп таныған Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері де жылы лебіздерін аямауда. Аян небəрі 42 жаста ғана болатын. Нағыз кемел шағына жақындаған кезде қарулы жауыздың оғынан қаза тапқан əріптесімізге иман байлығын тілейміз. Бақұл бол, ақжарқын да адал əріптес! Сенің армандарыңды артыңдағы ұрпақтарың жалғасын!


ҚЫЗМЕТ №54 (4220), бейсенбі, 21.07.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

5

Полиция полковнигі Даул ПАНЗАБЕКОВ:

НƏТИЖЕЛІ ЖҰМЫС ЖЕМІССІЗ ҚАЛМАЙДЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАЙ МЕКЕНІ – БƏЙДІБЕК АУДАНЫ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫМЕН, СОЗАҚ, ТҮРКІСТАН, ОРДАБАСЫ, САЙРАМ, АРЫС, ТҮЛКІБАС ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІМЕН ШЕКАРАЛАС ЖАТҚАН АЙМАҚ. АУДАННЫҢ ЖЕР КӨЛЕМІ ҮЛКЕН, АЛ АУЫЛДАР БІР-БІРІНЕН АЛШАҚ ОРНАЛАСҚАН. АУДАН ХАЛҚЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТАБЫС КӨЗІ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. СОЛ СЕБЕПТІ ДЕ ӨҢІРДЕ ТІРКЕЛЕТІН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ – МАЛ ҰРЛЫҒЫ БОЛЫП ОТЫР. АУДАННЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ, АЙМАҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ АХУАЛ ТУРАЛЫ СҰРАҚТАРЫМЫЗҒА ЖАУАП БЕРГЕН БƏЙДІБЕК АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ДАУЛ ПАНЗАБЕКОВ БҰЛ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУДА АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАНЫН АЙТЫП ӨТТІ.

– Дау л Т ө р е б е к ұ л ы , м а л д ы аймақтың бас ауруы – барымташылар мен əккі ұрылар екені айтпаса да түсінікті. Қылмыстың осы түрін өршітпеу үшін қандай іс-шаралар жүргізілуде? – Болары болып, бояуы сіңгеннен кейін істі қолға алғаннан нəтиже шыға қоюы екіталай. Сол себепті, кез келген қылмыстың алдын алған абзал. Мал ұрлығын азайтып, алдағы уақытта болдырмау үшін ел-жұрт арасында төрт түліктерін өрісте, жайылымдарда қараусыз қалдырмау жайлы түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырамыз. Бірақ, бұл жүз пайыз нəтиже бермейді. Халық ұрлық туралы көре, біле тұра жылқылар мен ірі қара малдарын үйір-үйірімен, табынымен өріске жіберіп, қараусыз қалдырып кетіп жатады. Осы салғырттық пен немқұрайлылықтың салдарынан ұрылар да əккіленіп алған. Есесіне қараусыз қалған малдарды ұрлау жайттары жиі тіркеледі. Оның үстіне, халық ұрланған малдары жөнінде полицияға бірден хабар бермейді. Өз беттерінше іздеп, табылмаған соң бір апта немесе бір айдан кейін арызын арқалап, полицияға хабарлап жатады. Арада өткен уақыт бізге қиындық тудырады. Қылмыстың ізін суытпай ашуға үлкен кедергісін тигізеді. Əрине, «бір аптадан немесе бір айдан соң келдіңіз» деп, жоқ іздеген жанды шығарып салмаймыз. Іздеуге кірісеміз. Мал ұрлығы мəселесі бойынша біз жергілікті «Шаян», «Алғабас» газеттеріне үндеу жарияладық. Жергілікті аумақтық əкімшіліктерге

хат жолдадық. Халық болып, қоғам болып осы мал ұрлығымен күресу жөнінде аумақтық əкімдер, депутаттарме н өткізіліп ж ататын ж иналыстарда бұл мəселені жиі көтеріп те келеміз. Малға ен салу, таңба басу, чип орнату деген ұсыныстарды айтып жүргенімізге де бірталай уақыт болды. Десе де, қазіргі таңда қоғаммен, халықпен жұмыс жасау алға жылжуда. Ағымдағы жылдың 6 айы ішінде жəбірленушіге 14 миллион 400 мың теңгеден астам шығын келтірген, аса ірі көлемдегі жылқы ұрлығы дерегі əшкереленді. Бүгінгі таңда жəбірленушінің шығыны өндіріліп, бұл қылмыстық іс бойынша тергеу жүруде. Ашылған деректер бойынша 1 миллион 500 мыңға жуық қаржы өндіріліп, заңды иелеріне қайтарылды. – Елбасының тапсырмасымен жыл басында жаңа құрылым – Жергілікті полиция қызметі құрылғаны баршаға белгілі. Ауданда бұл қызметтің міндетталаптары қаншалықты жүзеге асуда? – Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД басшылығының ұсынуы жəне аудан əкімінің, жергілікті мəслихат депутаттарының қолдауымен, сондайақ, облыс əкімінің бұйрығымен Бəйдібек аудандық Жергілікті полиция қызметінің бастығы болып полиция подполковнигі Сержан Сағымбаев тағайындалған болатын. Елбасының «100 нақты қадам» – бес институционалдық реформасын жүзеге асыру аясында құрылып отырған жаңа құрылым болғандықтан,

бұл қызметке артылар міндеттің де жүгі ауыр. Жергілікті полиция басшылары жылына кем дегенде екі рет халық алдында есеп беруі керек. Соған байланысты, қазіргі таңда 6 айдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беруді жоспарлап отырмыз. Ал, учаскелік инспекторлар тоқсан соңында ауыл-ауылдарда жергілікті жердегі əкімдіктермен бірге халыққа есеп беру жиындарын өткізіп, тиісті бағаларын алып жатыр. Халық жаңа қызметке оң бағасын береді, өйткені, кімнің қандай жұмыс жасайтынын халық жақсы біледі. Жергілікті əкімдіктер тарапынан немесе халық тарапынан ешқандай арыз-шағымдар болған емес. – Талабы жоғары полиция қызметі – сол саланың қызметкерінен темірдей тəртіпті талап етеді. Онымен қоса іскерлік, жауаптылық, тиянақтылық, ең бастысы – терең білім де полицияның бойынан табылуы қажет. Бүгінгі күндегі жас полицейлерге көңіліңіз толады ма? – Жаман десең, өзіңе тиеді. Бəрі тəрбиеден басталады. Мəселен, есік алдына ағаш отырғыздыңыз. Баптап күтсең, қарасаң, жемісің береді, ал қарамасаң, қурап калады. Жас маман да жас ағаш секілді. Олар үлкендердің, тəжірибелі мамандардың тəрбиесіне, білімі мен парасатына мұқтаж. Сондықтан жастарға оң-солын көрсетіп, дұрыс бағыт беріп отырсақ, «жаман маман» дайындамағанымыз деп білемін. Бірақ, айта кететін бір мəселе, қазіргі кезде сөзіңді тыңдайтын да, тыңдамайтын да жастар бар. Біреулері елгезек, ойы ұшқыр. Айтқаныңды қағып алады. Ал енді біреулері он ойланып, сенің не айтқаныңды ұқпай жүреді. Бұл жерде бір-ақ айтатын дүние бар – бес саусақ бірдей емес. Қазір кез келген адамға не керектінің бəрі бар. Интернет желілерінен өзіңе қажет ақпаратты, барлық дүниені дер кезінде таба аласың. Сондықтан зерек азамат үшін білімін ары қарай да

жетілдіріп отырудың ешбір қиындығы жоқ. Ең бастысы – оқуға, үйренуге ниет болса болды. – Даул Төребекұлы, 7 ұл, 7 қыз тəрбиеленіп өскен көпбалалы шаңырақтан қанаттанып ұшқан екенсіз. Отбасы адам үшін ең басты құндылық екені белгілі. Туған жеріңіз, отбасыңыз туралы не айтар едіңіз?. – Мен Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төле би ауданының Жаңа тұрмыс ауылында туып-өстім. Əкем ауылдағы орта мектепті көп жылдар басқарған, саналы өмірін ұстаздыққа арнаған жан. Еліміз тəуелсіздік алған жылдары білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан азамат. Ал анам 14 перзент тапқан батыр ана! Анам ұрпақ санын арттырып қана қоймай, бізге саналы тəрбие беруді мақсат тұтты. Əрқайсысымыздың тəрбиемізге жіті көңіл бөліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіріп, жетілдірді. Бұл кез келген əйел затының қолынан келе бермейтін асыл қасиет деп білемін. Анамның бұл еңбегін бейбіт күнгі ерлік десем, артық айтқандық болмас. Ал, əкем жоғары білімді азамат болғандықтан болар, ұлқыздарының білімді де парасатты болуы үшін бəрімізді қажымай-талмай оқытты, жоғары оқу орындарында білім алуымызға жағдай жасады. Жасыратыны жоқ, бір отбасыдан жеті бірдей ұлдың заң қызметкері болып шығуы сол кісілердің ерен еңбегі. Дұрыс тəрбие беріп, шаңырақта темірдей тəртіп орната білген əкем бізді биік шыңдарға шығарды. – Жоғары оқу орнына мамандықты өзіңіз қалап бардыңыз ба, əлде, əкенің ықпалы болды ма?! – Əрине, əкем сол кездегі қоғамның сұранысы мен талабына лайықты маман иесі болуымызды қалады. Сондықтан ұлдарының бəрін заңгер мамандығы бойынша оқытты. Мен де орта мектепті тəмамдаған соң, бірден Алматы қаласындағы Əл-

Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алдым. Арасында екі жыл Ресейдің Санкт-Петербург қаласында əскери борышымды өтедім. Қай заман, қай кезеңдерде де көпбалалы отбасыларға Үкімет ерекше қамқорлық танытып келген ғой. Университетті бітірген соң Үкімет маған да жұмысқа орналасуға жолдама берді. Сөйтіп, қызмет жолымды 1993 жылы Түркістан қалалық прокуратурасының аға тергеушісі болып бастадым. Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитетінің тергеушісі, облыстық Мемлекеттік тергеу комитетінің аға тергеушісі қызметтерін атқардым. Ал, 1997 жылы ішкі істер саласына келіп, Шымкент қалалық ІІБ Əл-Фараби ПБ-нің аға тергеушісі, Ордабасы аудандық ІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, кейін бастығы болдым. Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Анықтау басқармасы бастығының орынбасары болып та қызмет атқардым. 2015 жылдан бастап Бəйдібек аудандық Ішкі істер бөлімін басқарып келемін. – Өмірлік ұстанымыңыз қандай? – Еңбек, еңбек, еңбек! Шын мəнісінде ерінбей еңбектенген əр адам өзін биіктерден көрсете алады. Біздің қызметімізде сен көтерілуді қаламағаныңмен, атқарған нəтижелі жұмысың өз жемісін береді. Əр адал əрекетің, табысты ісің сенің дəрежеңді көтеріп, абыройыңды арттырады. Сондықтан болар, менің өмірлік ұстанымым «Еңбек – бəрін де жеңбек!» болды, əлі де болып келе жатыр. Ал əріптестеріме айтар сөзім, ешқашан білім алудан ерінбеңіздер. Кітап оқу, ғаламтор парақшаларынан керекті ілімді іздеп оқу – қазіргі таңның басты мақсаты. Білімді азаматтар өздерін биіктерден көрсете алады. Сондықтан, шаршамаңыздар! Сұхбаттасқан Замира БЕКЖІГІТОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы

СЕНІМДІ СЕРІКТЕР Қанат ДОС, Қарағанды қаласы

ƏР КЕЗДЕ ДЕ АДАМНЫҢ СЕНІМДІ ƏРІ АДАЛ ДОСЫ ИТТЕР ӨЗІНІҢ АДАЛДЫҒЫ ЖƏНЕ ЕРЛІГІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНГЕН. ТАЯУДА «ҚАЛҚАН» ГАЗЕТІНЕН БІР ҚЫЗЫҚТЫ АҚПАРАТ ОҚЫДЫМ. СТАТИСТИКА БОЙЫНША, ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС КЕЗІНДЕ КЕҢЕС ƏСКЕРІНІҢ ҚАТАРЫНДА 70 МЫҢҒА ЖУЫҚ ИТ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЕКЕН. 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ ИТ ШАМАМЕН АРБАҒА ЖЕГІЛІП, МАЙДАН ШЕБІНЕН 700 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАРАЛЫНЫ АЛЫП ШЫҒЫП, ƏСКЕРИ БӨЛІМШЕЛЕРГЕ 3500 ТОННАҒА ЖЕТЕТІН ОҚ-ДƏРІ ТАСЫҒАН БОЛСА, ƏРТҮРЛІ ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАРДЫ ІЗДЕЙТІН 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ ИТ МАЙДАНДАҒЫ ІРІ ҚАЛАЛАРДЫҢ ТҮБІНЕН ЖАСЫРЫЛҒАН ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАРЫН ТАПҚАН ЕКЕН. Əрдайым қиын кезде жанынан табыла білген адамзаттың төрт аяқты досы бүгінгі таңда да Ұлттық ұланның қатарында жауынгерлік қызмет атқаруда. Жауынгер иттерді асырап, баптайтын арнайы кинология қызметтері əр əскери бөлімдерде бар. Үйретілген иттер күнделікті қаламыздағы қоғамдық тəртіпті сақтап, құқық бұзушыларды ұстап, қаруж а ра қ , е с іртк і ж əн е ж а р ы л ғы ш за т т а р д ы тауып жатады. Мен қызмет бабымен əскери бөлімдерге барған кезімде осы мамандық иелеріне қызығушылық танытып, кинология калашықтарында болып, жұмыстарымен танысып тұрамын. Ондағы мақсатым – төрт аяқты достарымыздың қатысуымен жауынгерлік қызметте жасаған үлгі болар істерімен танысу. Таяуда кезекті іссапармен 6636 əскери бөліміне қарасты Державин каласында орналасқан 2-атқыштар батальонына барып қайтқан едім. Əдеттегідей, кинология қалашығына бет алдым. Есігінен кірген бетте 5-атқыштар ротасы кинология қызметінің бастығы, аға сержант Алексей Штейн тосып алды. Темір торлы үйшіктерде үн-түнсіз жатқан иттер мені бірден бөтенсініп, абалап үре бастады. Аға сержант Алексей Вячеславович маған кинология қалашығын аралатып, иттермен қалай тіл табысып, жұмыс жасау керек екенін жəне атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Мұндағы иттердің тұқымдарын да көрдім, олар неміс, кавказ овчаркалары, ротвейлер жəне т.б. «Бұл иттердің иісшілдік қабілеттері ерекше дамыған жəне жаттықтыруға тез бейім», – дейді Алексей. Мысалы, иісшіл иттер мың түрлі

иістер арасынан оған қажетті иісті анықтап, оның қай жерде жасырынғанын айыра алады жəне итке қажетті иісті небəрі 5 секундқа иіскеуге берсең, ол оны 5 жыл көлемінде ұмытпайды екен. Аралай келе, біз «Ютта» есімді неміс овчаркасының үйшігіне келіп тоқтадық. Алексей Штейн осы жауынгерлік төрт аяқты досымен жауынгерлік қызмет атқару барысында есірткі затын тапқанын айтты. 2014 жылдың қыркүйек айында түзеу мекемесінен жазасын өтеуші қашты деген оқу дабылы келіп түскен кезде дабылды естісімен кинология қызметінің аға нұсқаушысы, сержант Алексей Штейн ізге түсу тобымен дереу «Юттаны» ізге түсірген. Ит із кесу барысында топты жеке тұрған иесіз ғимаратқа алып келеді. Ғимаратты тексеру барысында «Ютта» бесінші қабаттың бір бөлмесінен жасыл түстес марихуанаға ұқсас жасырылған затты тауып алып, келесі бөлмелердің бірінен шартты түрдегі түрмеден қашқан қашқынның бар екенін үріп білдірген. Келесі үйшікте «Крикс» есімді ит орналасқан, оның да өз үлгі келтіретіндей қызметтік ісəрекеті баршылық, былтырғы жылы Аршалы кентіндегі түзету мекемесін тінту барысында барактардың бірінде жасырылған, қолдан жасалған есірткі тартуға арналған құрылғы мен иісі бар шөп тəріздес есірткі затын тауып алған. Иттердің жұмыс істеу тəсілдері де əртүрлі. Мысалы, есірткі заттарын іздестіруші қызметтік иттер есірткі затын тапқан кезде бірден жұлқынып көрсете бастайды. Ал жарылғыш зат-

тарды іздейтін қызметтік иттердің ерекшелігі – жарылғыш затты тапқанда ақырын ғана отырады немесе жатып иесіне белгі береді. «Иттерді бұл тəртіп бойынша үйретудің өзіндік қыр-сыры бар», – дейді кинолог Алексей Вячеславович. Ал, осындай нағыз жауынгерлік иттерді тəрбиелеп жүрген Алексей иттерді жастайынанақ жақсы көрген. Ол 2005 жылы Көкшетау қаласы ндағы ко лледжді бітірісімен неміс овчаркасының күшігін сатып алып, келісімшарт бойынша əскери қызметке өз итімен жұмысқа

тұрады. Міне, осы асырап, баптаған күшігі «Ютта». Кейіннен кинология қызметіне ауысқан кезде «Крикс» атты күшікті тəрбиесіне алады. Алексей 2015 жылдан бастап 5-атқыштар ротасының кинология қызметінің бастығы (топ бастығы) лауазымына тағайындалған. Өзінің қызметі барысында 6636 əскери бөлімі бойынша қызметтік иттермен жарыс біріншілігінде үш жыл қатарынан бірінші орынға ие болған. 2015 жылы «Орталық» ө ң і р л і к қолбасшылығында өткен жарыста чемпион атанып, ал елордамыз Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жалпы əскери сайысында жүлделі екінші орынды иеленген екен. Алексей сияқты өз ісінің шебері, əскери қызметін адал атқаратын, үлгі болар əскери қызметшілеріміз «Орталық» өңірлік қолбасшылығында аз емес. Бұл бір ғана ротада атқарылып жатқан жұмыстың көрінісі. Ал, жалпы кинология қызметін айтып өтсек, күнделікті жауынгерлік қызметте олардың қатысуымен қаншама құқық бұзылушылықтың жолы кесіліп жатады. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында «Орталық» өңірлік қолбасшылығы əскери бөлімдерінің қызметтік иттері қоғамдық тəртіпті сақтау барысында 632 тапсырма орындаған, оның ішінде қызметтік итті қолдану арқылы қылмыс жасаған 31 адам ұсталып, жалпы мөлшері 687360 теңгені құрайтын 3 мүлік тонау фактісін сəтті ашқан. Ішкі істер органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көмектесу жəне жедел-іздестіру шаралары барысында Ұлттық ұлан қызметтік иттермен 1653,873 грамм героин, 3324,22 грамм марихуана, 12,5 грамм спайс сияқты есірткі заттары тəркіленіп алынған.


6

АЙМАҚ КӨТЕРГЕН МƏСЕЛЕ №54 (4220), бейсенбі, 21.07.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

ӨЛІМ КӨПІРІ

Шымкент қаласының Павлов көшесі бойында кешкі сағат 8-дер шамасында бір топ бала ойнап жүрді. Осы кезде төрт жасар Балауса олардың арасынан сытылып шығып Қошқарата өзеніне қарай беттеді. Осы арада өзен үстінен Молдағұлова мен Павлов көшелеріне қарай өтетін үлкен құбыр бар еді. Үлкендер ұзақ жолды айналып жүрмес үшін осы құбыр үстімен сырғып өте шығатын. Мұны көрген балалар да құбыр-көпір үстімен өтуге əуес. Кіпкішкентай Балауса да осы құбырдың үстімен қалт-құлт етіп бара жатты. Ол бұл қылкөпірден не үшін өткісі келді екен? Ол қайда асықты? Мұны енді ешкім де дөп басып айтып бере алмайды. Тек белгілісі Балауса құбырдың жартысына келгенде қалт-құлт етіп, құлап түсті. Ал, құбырдың астында асау өзен ағып жатыр еді. Асау толқын кішкентай қызды қақпақылдап ала қашты. Осы бір сəтті көзі шалып қалған ересек екі жігіт өзенге сүңгіді. Ойнап жүрген балалар өзен бойына улапшулап топтана қалды. Жүгіріп Балаусаның анасы да жетті. Шымкент қалалық ІІБ Абай ПБ-іне, Төтенше жағдайлар департаментіне хабар түсті. Бірақ, бəрі де кеш еді. Қаршадай қыз өзенге құлап түскеннен тура екі сағат өткенде табылды. Жедел жəрдеммен оны ауруханаға жеткізді. Дəрігерлер əлдеқашан о дүниелік болып кеткен қызды көріп, бастарын шайқады. Қазір ғана аулада ойнап жүрген қызының өлі денесін көтеріп, ана байғұс үйіне қайтты. Еңірегенде етегі жасқа толды. Балаусаны жер қойнына табыстаған соң анасы Айсұлу құтқару қызметіне өкініштерін жеткізді. Олар ертерек келгенде бəлкім қызы тірі қалар ма еді? Құтқарушылар қызды жан салып іздемеген тəрізді Айсұлуға. Құтқарушылардың қолында тіпті шам да болмапты. Егер бəрі ойдағыдай болғанда Балаусаны құтқарып қалуға болады екен. Айсұлудың төрт баласы бар. Ол үнемі осы көпір-құбырдан балаларының сақтығы үшін қорқып жүріпті. Өйткені, балаларының барлығы осы көпірдің үстімен əрі-бері

өтуді əдетке айналдырған. Ол қаншама рет «бұл көпірдің үстімен жүрмеңдер» деп Құдайдың зарын қылды. Бірақ, баланың аты – бала. Шілденің шіліңгір ыстығында балалар ата-аналарының көздерін ала бере өзенге қарай жүгіреді. Оған баратын жол да қауіпті. Қылкөпір Балауса сияқты кішкентайларды өткізбейді. Бірақ, осы құбырдан қаншама бала құламады десеңізші. Облыстық төтенше жағдайлар д еп артаме нтінің қ ызме тке рле рі, құтқару қызметінің өкілдері көше тұрғындарымен кездесу өткізген. Көше тұрғындары құтқару қызметін де айыптап жатты. Иə, ашынған адам не айтпайды? Болмыспен бетпе-бет келіп көрдіңіз бе? Шыңдықтың бетіне тура қарайық. Адам суға тұншыққан соң əрі кеткенде 6-12 минутта есінен айырылып, жан тапсырады екен. Мұны медицина қуаттайды. Ал, Балауса екі сағаттай суда қалып қойды емес пе? Екіншіден, дəл сол құбыр өтетін жерде құтқару қызметінің адамдары тұруы тиіс емес. Үшіншіден, Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД құтқару жасағы командирінің міндетін атқарушы Орынбасар Төртбаев Қошқарата өзенінің суы лайланғаны соншалық, көз алдыңдағаны көре алмайтыныңды алға тартады. Өзенді ластап жүрген кім? Əрине, өзіміз. Өзен жағалауында тұратын жергілікті тұрғындар. Тынығушылар да тыныш кетпейді. Қолына іліккенін суға лақтырады. Сонда біз кімге өкпелейміз? Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД бөлім бастығы Нұржан Əсібеков оқиға орын алған жерге төтеншеліктер мен сақшыларды шұғыл шақырғаннан бұрын ересектер суға кеткен қызды құтқаруға ең əуелі өздері ұмтылғандары дұрыс болар еді дегенді айтты. Уəжге кім тоқтамайды. Мұндайда үлкендер үлгі болмас па? Асау ағын кішкентай қызды қақпалақтап алып кетті. Осы көріністі күзетте тұрған төтеншеліктер мен полицейлер келгенше қызықтап тұра беру керек пе? Оларға арнайы бекітілген учаскелер бар. Құбыр маңында төтенше жағдай боларын

Сабырбек ОЛЖАБАЙ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ СУ АЙДЫНДАРЫНДА 26 ЖЕТКІНШЕК ҚАЗА ТАПТЫ. ОНЫҢ ІШІНДЕ ЕКІ ЖƏНЕ БЕС ЖАСАР БАЛАҚАЙ ДА БАР. ешкім болжап біле алмайды емес пе? Сөз жоқ, балалардың басына түскен қатерге ең əуелі ата-аналары жауапты. Олар перзенттерінің қайда жүргендерін, не істеп жатқандарын қадағаламайды. Мына өлім көпірі кеше ғана тұрғызылған жоқ қой. Қошқарата өзені талай ғасырлар бойы сарқылмай ағып жатыр. Осылардың қауіпті екенін біле тұра ата-аналар неге салғырттыққа салынады? Осы өзеннің қауіпті екенін бүгін ғана біліпті ме? Сұрақ көп. Ал, қасірет шегіп қалғандар мұндайда өзен емес, құтқару қызметін немесе полицейлерді кінəлап шыға келеді. Əрине, балаларына бас-көз болу əрбір ата-ананың міндеті. Бұл, тіпті, Ата Заңымыздың өзінде нақтыланған. Қандай су болмасын балақай тек атааналарының бақылауымен ғана шомылуы тиіс! Бұдан басқа қағида болуы да мүмкін емес? Қошқарата өзенінің жағалауларын түгелдей қоршап қою тіпті де мүмкін емес. Өйткені, өзен 100 шақырымға созылып жатыр. Осыншама қашықтықты қоршау мүмкін бе? Қоршаған күннің өзінде балалар одан асып түсіп, өзен суына шомылмайтынына ешкім де кепілдік бере алмайды. Бұл жер-

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: қауіпсіздік пен қатаң ескерту

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ САЙЫН ЖАЗҒЫ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ КЕЗІНДЕ ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БЕКЕТТЕРІ ЖОҚ ЖЕРЛЕРДЕ – АРЫҚТАРДА, ТОҒАН МЕН БАСҚА ДА СУ АЙДЫНДАРЫНДА АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ЖАҒДАЙЛАР ЖИІ ТІРКЕЛІП ЖАТАДЫ. ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ СУ АЙДЫНДАРЫНДА 30 АДАМ СУҒА БАТЫП, КӨЗ ЖҰМҒАН БОЛСА, ОНЫҢ 11-І БАЛА. АЛ ЖАЗ БАСТАЛҒАЛЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА ҰШЫРАП, СУҒА КЕТКЕН 19 АДАМНЫҢ 7-ЕУІ БАЛА. ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ 82 АДАМДЫ АЖАЛДАН АРАШАЛАП ҚАЛҒАН. Өткен жылы жедел құтқару жасағы күзетпейтін су айдындарында 58 адам суға батып кеткен екен. Оның ішінде 14 бала бар. Жазда ажал құшқан 43 адамның 9-ы бүлдіршін болған. Ал жедел құтқару жасағының құтқарушылары былтыр 166 адамды тілсіз жаудан құтқарып алған. Байқап отырған болсаңыздар, суға бату дерегі көп ретте жазғы маусымда жиілейді екен. Құтқарушылар жаздың жазатайым оқиға үшін «ыңғайлы» уақыт екенін біледі, сондықтан да сол кезеңге əсіресе, «ерекше» қамданады. Шындап келгенде су қоймаларында демалушылардың қауіпсіздігі құтқарушыларға да байланысты екені жасырын емес. Алайда, əр адам өз өміріне «төреші» екенін де ұмытпағаны жөн. Осыған орай суда демалуды жөн

көретін ел-жұртқа бірнеше кеңес бергіміз келеді. Біріншіден, ешуақытта үлкен толқынмен келе жатқан суға қарсы шығуға болмайды. Сондай-ақ, мас күйінде суға түсу – өте қауіпті. Өкінішке орай, ересектер арасында бұл еске ртуді ерен санамайтындар көп. Ащы суға тойып алып, көңіл көтеруді жөн санайтындардың демалысы көбіне қайғылы аяқталып жатады. Ал, бəріне түптеп келгенде сол демалушылардың немқұрайлылығы мен ішімдікке əуестіктері «кінəлі» боп жатады. Тағы бір қатаң ескертетін жайт – ешқашан тау өзендеріне шомылуға болмайды. Сонымен қатар, отбасымен бірге демалушылар ересектердің рұқсатынсыз жəне олардың көмегінсіз балаларды суға шомылдыруға болмайтынын естен шығармаған жөн. Тек

рұқсат етілген яғни, алдын ала жағажай түбі тексерілген жəне төтенше жағдай кезінде көмекке келетін адам бар жерлерде ғана шомылыңыз. Жəне де кеш қарая суға тусу де қауіпті. Жалғызжарым шомылудың да сақтықты қажет ететінін ескерген дұрыс. Халықтың құтқарушылар күзетпейтін су айдындарында демалуы, еш жабдықталмаған, демалуға арналмаған жерлерде шомылуы, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуі, қарапайым ережелерді сақтамауы, ішімдік ішіп шомылу, жүзе білмеу, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуы – міне, судағы төтенше жағдайлардың басты себептері осылар. Көпшілік жұрт демалыс кезінде балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін естен шығарып алады. Үлкендердің қарауынсыз шомылатын бүлдіршіндердің дені жүзу білмейтіні де жасырын емес. Сол себепті ең абзалы ойын баласын тілсіз жауға жалғыз жақындатпау керек. Қазақта: «Сақтансаң – сақтаймын» деген сөз бар. Жазғы демалыстың арты жазатайым, қайғылы оқиғаға ұласпас үшін саналы түрде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

де ата-аналар құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 141-бабын ұмытпауымыз керек. Бұл бапта балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қатысты міндеттер анық жазылған. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының айтуынша, балалар тағдырына немқұрайлы қарайтын ата-аналар əлі де азаймай тұр. 2016 жылы 61 ата-ана жауапкершілігі сотта қаралған. Сонда дейміз-ау, балаларының өмірі мен денсаулығына жауапты ата-аналар не ойлайды? Биылдың өзінде суға кетіп қайтыс болған 35 адамның 26-сы жасөспірім. Олардың жиырмасы 2-5 жас аралығындағы балақай болса, алтауы 6-15 жас аралығындағы жасөспірім. Балалардың үй іргесінен өтетін арықтағы суға батып кетуі жиі кездеседі екен. Кей балалар құдыққа түсіп кеткен. Енді бірі бассейнде бақилық болыпты. Жазатайым оқиға көбінесе балалардың ата-анасының назардан тыс қалған кездерінде орын алады. Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық

Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Н.Əсібеков осылай деп хабарлады. «Облыс бойынша 320-дан астам су көзі бар. Соның барлығы дерлік шомылуға арналмаған. Демалуға арналған су айдындары ғана қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Десек те, тынығушылар арнайы айдынға бара бермейді. Сол себепті қайғылы жағдайларға тап болып жатады», – деді ол. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының бастығы Орынбасар Кəрімов құтқарушылар саны аз екенін айтып қынжылды. Оның айтуынша, 98 қызметкердің аумағы үлкен облыстың барлық жеріндегі төтенше жағдайларға төтеп беруі қиын. Тіпті, таулы аудандарға арнайы штаб бөлінбеген. Қала аумағынан тыс жерлерде жазатайым жағдай болса, сол жерге жетемін дегенше бірталай уақыт өтеді. «Адам өмірін арашалап қалуда құтқарушылардың қауқарсыздығы осыған байланысты», – дейді ол. Жедел құтқару жасағы осы уақытқа дейін суға батқан 2 адамды құтқарып қалған. ... Қошқарата өзеніне батып кеткен екі жасар Абдуллаһты «водолаздар» оқиға орнынан 4 шақырым алыс жерден тапты. Сəби ешнəрсені ұғынбай жатып о дүниеге сапарлап кете барды. Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД бөлім бастығы Бақытқали Есіркеповтің айтуынша, Абдуллаһты іздеуге 40 құтқарушы, 8 арнайы техника, Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің 50 қызметкері жұмылдырылған. Құтқарушылар өзен үстіне тасталған жұқа екі тақтайдың үстінен өтіп бара жатып Абдуллаһтың суға құлап түскенін айтады. Екі тақтай! Бұл көпір болып жарытар ма? Ал, осы тақтайдан əрірек жап-жақсы көпір бар екен. Қашан да асығып жүретін балалар қауіпсіздік шараларын сақтай бере ме? Осы мақала жазылып жатқанда Төлеби ауданындағы Сайрамсу өзеніне 12 жасар баланың батып кеткені туралы қаралы хабар естідік. Оқиға орнына құтқарушылар мен арнайы техникалар шұғыл аттандырылды. Ертесіне де баланың денесі табылмады. Ал, асау өзен аласұрып өршелене ағады...

Су қатері қаперде болсын! АСТАНАЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ АШЫЛЫСЫМЕН ҚАЛА ТОҒАНДАРЫНА АРНАЙЫ РЕЙД ӨТКІЗУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ. ӨЙТКЕНІ, ҚАЛА АУМАҒЫНДА СУДА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ КӨП КЕЗДЕСЕТІН КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАР ТЫМ ЖИІЛЕП КЕТТІ. МҰНДАЙ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ҚАЙҒЫҚАСІРЕТІ ДЕ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АЙТАРЛЫҚТАЙ ҚИЫНДАП БАРАДЫ. Суға батқан адамның қауіпсіздігі ең бірінші өзіне байланысты екені даусыз. Алайда, қысылтаяң кезде кəсіби əрі білікті мамандардың көмегі де көп нəрсені шеше алатыны да ақиқат. Сол себепті əр демалушы ең бірінші қауіпсіздіктің өз қолында екенін ескергені жөн. Бұл қағида қалалық су тоғандарындағы оқиғаларды анық сипаттап беретін секілді. Елордада халық саны жыл сайын көбейіп келеді. Астанаға ағылған құрылысшылар санының артуы да қала тұрғындарының тіркелу статистикасын айтарлықтай көбейтуде. Бұған бас қалаға демалуға келетін ағайындарды қосыңыз. Жаз кезіндегі су тоғандарындағы жазатайым оқиғалардың артуына ауа райының тым ыстық болуы да түрткі болып тұр. Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың дені негізінен түстен кейінгі уақыттарда тіркелу тенденциясы да байқалады. Бұған белгіленбеген жерлерде суға шомылу, алкогольді ішімдіктерді ішу, демалушылардың суда шомылу кезінде сақтық ережелеріне мəн бермеуі жəне үлкендердің балаларды қараусыз қалдыруы басты себеп болып отыр. Адамдардың қаза табу жағдайларының жиілеуін назарға ала отырып, Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан көптеген үгіт-насихат, алдын алу жəне ескерту мақсатындағы іс-шаралар жүзеге асырылуда. Департамент қызметкерлері оқу орындарында интерактивті сабақтар, суда шомылуға жəне зардап шегушіге бірінші медициналық қызмет көрсетуге үйрету үшін оқу-жаттығулар өткізуде. Құтқарушылар атап айтқанда, демалыс жəне мереке күндері адамдар демалуға, балық аулау мен шомылуға арналған орындарда рейдтер өткізеді. Əр күн сайын кезекшілікке жеке құрамнан 14 адам, ІІМ ТЖК-нің «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ құтқару жасағынан 11 қайық жəне катер шығарылып, Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп Есіл өзенінің жағасында қауіпсіздік пен тəртіпті сақтау мəселелерін қамтамасыз етеді. Десек те, атқарылып жатқан іс-шаралар айтарлықтай нəтиже бермей отыр. Дегенмен, қауіпсіздіктің сақталуы бұл ең алдымен əрбір елордалық тұрғын мен қонақтардың қауіпсіздік мəдениетіне де байланысты. Суға шомылу кезіндегі қарапайым ережелерді елемеу, белгіленбеген жерлерде суға шомылу, табиғат күшінен қорықпау қайғылы оқиғаларға алып келеді. Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


СПОРТ №54 (4220), бейсенбі, 21.07.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 СЛЕТ

Он екі елдің арасында екінші БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХIV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРҚҰТҚАРУШЫЛАР СЛЕТІНДЕ 2-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ.

2016 жылдың 7 жəне 16 шілде аралығында Беларусь Республикасы ТЖМ Гомель инженерлік институты жанындағы лицейде ХIV халықаралық жас өрт сөндіруші-құтқарушылар слеті өтті. Слетке 12 елдің, яғни Əзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Италия, Қазақстан, Литва, Латвия, Польша, Ресей, Сербия жəне Украина елдерінің командалары қатысты. Ашылу салтанатына Беларусь Республикалық Төтенше жағдайлар министрі Владимир Ващенко қатысты. Ашылу салтанатында шеберлер сыныбы ұйымдастырылып, мұнда қатысушылар Беларусь елінің мəдениетімен жəне өзіндік дəстүрімен танысты. Салтанатты ашылу слет иелерімен əзірленген мерекелік кешпен аяқталды. Айта кетсек, «Батыс West» командасы 2014 жылғы облыстық жас құтқарушылар слетінің жүлдегері,

2015 жылғы Төтенше жағдайлар комитетінің «Астана» тамғалы тас қалашығында өткен республикалық жас құтқарушылар жиын-семинарының жеңімпазы болып табылады. ТЖМ-нің қолдауымен Беларусь жас өрт сөндіруші-құтқарушылар қоғамдық ұйымы өткізген слет əртүрлі елдің құтқару қызметтерінің жастар қозғалысының маңызды оқиғасы болып табылады. Слетте өрт сөндірушілер немесе құтқарушылар көмегімен жастар қозғалысының белсенділері, сонымен қатар жастармен жұмысқа жетекшілік ететін ересек көшбасшылар бас қосты. Əрине, басты мақсат – əртүрлі төтенше жағдайларда құтқару жəне өзін-өзі құтқару дағдыларына оқыту, қоғамдағы қауіпсіздік мəдениетін қалыптастыру. Слетке қатысушылар

тəжірибе жəне жұмыстың жаңа түрлерімен алмасады. Іс-шара сонымен қатар, осы салада халықаралық, қоғамдық жəне халықаралық құрылымдар арасында ұзақ мерзімді əріптестікті жəне ынтымақтастықты орнатуға бағытталды. Слет бағдарламасы тіршілік қауіпсіздігі негіздері, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша көптеген қызықты жəне əртүрлі байқауларды, спорттық іс-шараларды, оқытатын тренингтер мен шеберлік сабақтарын қамтиды. Қатысушы елдердің дəстүрлерімен, мəдениетімен, сонымен бірге, өзге өңірлердегі қауіпсіздікті оқыту əдістерімен танысу бұл саланың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

7

ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ

Сайыс ережелері түсіндірілді ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ КЕШЕ ӨРТҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША ЕРЛЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ XXIII ЖАЗҒЫ ЖƏНЕ ƏЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ III ЖАЗҒЫ ЧЕМПИОНАТТАРЫ БАСТАЛДЫ.

Осыған орай, қазылар алқасының жəне мандат комиссиясының отырысы өткізілді. Кездесу барысында чемпионаттың бас төрешілері – Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі И.Күлшімбаев пен «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» Қоғамдық бірлестігінің директоры Д.Данаев жарысқа қатысатын командаларға сайыстың жалпы ережелерін түсіндірді. Өз кезегінде аға судьялар барлық киімдер мен оқ-дəрі жабдықтарын, сондай-ақ, командалардың өрт-техникасының сайысқа дайын екендігін мəлімдеді. Сонымен қатар, қатысушыларға сайыстың барысы түсіндірілді. Жеребе таратылып, өтінімдер толтырылып, декларация сəтті қабылданды.

АЗАМАТТЫҚ ҮН

Қайғыға ортақпыз...

Лайықты ізбасарлар МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОН ЖЫЛДАН БЕРІ «ОҚУШЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫМЕН ТЫҒЫЗ ДОСТЫҚ БАЙЛАНЫС ЖАСАП КЕЛЕДІ.

Осы жылдарда балалар құтқарушы достарымен əртүрлі шараларға бірге қатысып келеді. Соның ішінде ең маңыздысы – олар құтқарушы мамандығын танып-білгендігі, кейбірінің іштей осы мамандыққа таңдау жасағаны. Балдырғандар қатысқан іс-шаралар түрлі формадағы ойын, викториналар,

е-mail: nastraje@mail.ru

жарыстар, эстафеталар. Шағын шаралардан басталған ынтымақтастық біртебірте кең ауқым алып, əрі тереңдей түсті. Биыл жас құтқарушылардың 9-шы қалалық слеті өтті. Онда балалар тек өздері қол жеткізген нəтижесін үгіт-насихат етіп қана қоймай, өздерінің шынығу дəрежесі мен алғашқы көмек көрсету тəжірибелерін көрсетті. Ерекше

көзге түскен слеттің үш қатысушысы Маңғыстау облысы ТЖД мектеп жанындағы лагерьге жолдамамен марапатталды. Осы жылы балалар екі рет Ақтау қалалық денешынықтыру жəне спорт бөлімімен ұйымдастырылған көңілді стартқа қатысты. Балалар «Байтерек» кинотеатрына барды, Астана күніне арналған ТЖД іс-шараларына қатысты. «Қымбатты менің астанам...» сурет байқауында бірінші орынды Аркаша Донских, екінші орынды Марк Шислер жəне үшінші орынды Любовь Голубь иеленді. Дойбы турнирінде бірінші орынды Аркадий Донских, екінші орынды Павел Донских жəне Рустам Санаилов, ал үшінші орынды Всеволод Донских алды. Ағалы-інілі Донских үйде дойбы ойнап жаттығатындарын айтады. Онысын бірден байқауға болатын еді. Жазда жас құтқарушылар үш рет қалалық жасақтағы судан құтқарушыларда қонақта болды. Бұл жерде балалар судағы қауіпсіздік ережесімен танысып қана қоймай, құтқарушылардың қайығына мініп, теңіз бетіне шығып қаламен танысты. Сол жолғы балалардың таңданысын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

ШАҒЫН ФУТБОЛ

ЖЕКЕ ӨЗ АТЫМНАН ЖƏНЕ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ МƏСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАРАУМЕН ЖƏНЕ ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ АЙҚЫНДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МƏСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ РЕТІНДЕ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА БОЛҒАН ТЕРРОРЛЫҚ ƏРЕКЕТЕР КЕЗІНДЕ ҚАЗА БОЛҒАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАҚЫНДАРЫ МЕН ТУЫСТАРЫНЫҢ ҚАЙҒЫЛАРЫНА ОРТАҚТАСЫП КӨҢІЛ АЙТАМЫН. Қазақстан қашанда ішкі саясатының байсалдылығымен ерекшеленіп келді. Республикадағы ұлтаралық достастықта ешқашан да келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктер болған емес. Бұл тұрғыда біздің еліміз көрші республикаларға əрқашан үлгі. Болған оқиғалар еліміздегі қандай да бір ахуалдан туындайтын заңдылық негізі бар деректер ретінде қарастыруға жатпайды. Алматыда болған қанды оқиға кінəсіз адамдардың қазасына алып келген, қоғамды есеңгіретіп тастаған оқыс жайт болып отыр. Қаскөйдің қылмыстық əрекеттерінен қаза болған бейбіт тұрғындардың туыстарына шын жүрегімнен көңіл айта отырып, басын қатерге тігіп қарулы қылмыскердің жолын бөгеген, өз өмірін тəрк етіп Қазақстан азаматтары мен еліміздің тыныштығын қорғап қалған полиция қызметкерлерінің қаһармандықтарын ерекше атап өткім келеді. Терроризм қаупін жою жолында жарақат алған, батырлық танытқан барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Ануар ТҮГЕЛ, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы, Ішкі істер органдары мəселелері бойынша Қоғамдық кеңестің комиссия төрағасы

ҚАЗАНАМА 2016 жылдың 19 шілдесінде кикбоксингтан 2011 жылы Ирландияда өткен əлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ, 2012 жылы Италия жəне 2013 жылы Түркияда өткен əлем чемпионаттарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы (Үндістан, 2012), Ұлттық ұлан «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің офицері, жекпе-жектен Қазақстан чемпионы, əскердің бірнеше дүркін чемпионы – капитан Азамат Нұрпейісов бір жылға созылған қатерлі дерттен көз жұмды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, Əскери кеңесі, ардагерлері мен жеке құрамы капитан НҰРПЕЙІСОВ Азаматтың қайтыс болуына орай марқұмның туғантуыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады Қазақстан Республикасы ІІМ Əкімшілік полиция комитетінің басшылығы мен ІІО-ның Мамандандырылған күзет қызметі қызметкерлері Алматы қаласындағы қанды оқиғада қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған полиция капитаны НҰРМҰХАНБЕТОВ Бауыржан Мəлікұлы, полиция старшинасы ҒАЛИЕВ Аян Ерболғанұлы, полиция кіші сержанты СƏЛІМБАЕВ Мақсат Қолғанатұлы жəне полиция лейтенанты БЕГАСЫЛОВ Тимур Тілеуұлының туғандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы Алматы қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі, полиция старшинасы ҒАЛИЕВ Аян Ерболғанұлының қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайғылы қазаға ұшырауына орай марқұмның отбасы мен туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Турнир əрі тəрбие ПЕТРОПАВЛДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҢ КҮШ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК КОМАНДА АНЫҚТАЛДЫ. ОСЫЛАЙША, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ӨТКЕН ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ. Шағын футбол турнирі – «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының дəстүрлі жазғы спартакиадасы басталған кезде бірінші болып ұйымдастырылатын спорт түрі. Бұл жолы турнирге денешынықтыру қоғамының 21 ұжымы қатысты. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың пікірінше, шағын футбол – тек төзімділік пен шеберлік сыналатын жарыс емес, сонымен қатар ұжымды командада, ауызбіршілікте əрекет етуге тəрбиелейтін құрал. Биыл командалар арасында ерекше көзге түскен Петропавл қалалық ІІБ, 2032 əскери бөлімі, Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД, Мемлекеттік кірістер департаменті, ҰҚК департаменті, Ш.Уəлиханов аудандық ІІБ, ҚР Ұлттық ұланы Əскери институты, Төтенше жағдайлар департаменті командаларын атай кетуге болатын еді. Финалдық кездесуде ҰҚКД командасы мен ҰҰ Əскери институты командасы алаңға шықты. Бұл жолы жеңіс 3:1 есебімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ұжымына бұйырды. Үшінші орын үшін облыстық ІІД мен қалалық ІІБ кездесті. Бұл кездесуде Петропавл қалалық ІІБ ұжымы басымдық танытты. Аталымдар бойынша «Үздік қақпашы» болып Əскери институт қақпашысы Аңсаған Жұманов, «Үздік шабуылдаушы» болып ҰҚКД-нан Нұрбек Нұржан танылды. Чемпиондар командасына кубок жəне жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, ал финалға шыққан қос команда ойыншыларына «Динамо» логотипі бар спорттық футболкалар табыс етілді. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы Алматы қалалық ІІД ƏПБ Жол-патрульдік полициясы мамандандырылған батальонының аға инспекторы, полиция капитаны НҰРМҰХАНБЕТОВ Бауыржан Мəлікұлының қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайғылы қазаға ұшырауына орай марқұмның отбасы мен туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы Алматы қаласының ЖПҚ Жол-патрульдік полициясы полкінің полицей жүргізушісі, полиция кіші сержанты СƏЛІМБАЕВ Мақсат Қолғанатұлының қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайғылы қазаға ұшырауына орай марқұмның отбасы мен туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы Алматы қалалық ІІД ƏПБ Жол-патрульдік полициясы мамандандырылған батальон қызметінің аға инспекторы, полиция лейтенанты БЕГАСЫЛОВ Тимур Тілеуұлының қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайғылы қазаға ұшырауына орай марқұмның отбасы мен туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

СӨЗ СОҢЫ №54 (4220), сейсенбі, 21.07.2016 е-mail:sakshy@mediaovd.kz

ТАҒЗЫМ!

ҰМЫТЫЛМАЙТЫН СҰМ СОҒЫС

Айгүл ӨТЕҒАЛИЕВА, Орал қаласы

ОРАЛДА М.МƏМЕТОВА МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІНДЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫНА 75 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «ОТТЫ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ. Тəлімі мол шараға соғыс жəне тыл ардагерлері, Ұлттық ұланның 5517 əскери бөлімінің жауынгерлері, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, этномəдени орталықтардың өкілдері, музей қызметкерлері қатысты. Музей ауласындағы Мəншүк Мəметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза болған ерлерге тағзым етумен басталған басқосуға жиналғандар мемориалдық музейдің «Мəншүктің өшпес ерлігі» диаграммасына жиналып, боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. «Биыл адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың басталғанына 75 жыл болған екен. Бұл күнді еске алу бізге өте ауыр. Сол кезеңде бірі əкесінен, бірі аяулы жары мен баласынан

айырылып, қайғыдан қан жұтқан еді. Қаншама асыл азаматтарымыз бейбіт күнді аңсап, майданда көз жұмды. Бүгін біз сол боздақтарды еске алып, рухына бас иеміз. Сондықтан, аспаны ашық бейбіт күнде, тəуелсіз елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан етеміз. Біз кейінгі ұрпақ пен жастардың санасына патриоттық тəрбие беру жолында осы майдангерлер мен ардагерлердің өмірін үлгі етуіміз керек», – деді басқосуда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұқамбетов. 5517 əскери бөлімі бастығының тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Вячеслав Пактың айтуынша, шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – Ұлы Отан соғысына

САБАҚ

қатысушылардың ерлігіне тағзым ету, олардың ешқашан естен кетпейтін ұлы істерін өскелең ұрпаққа дəріптеу. Бұдан кейін сөз алған соғыс ардагері, 1945 жылы Мəскеуде өткен І Жеңіс парадының қатысушысы Иван Гапич басынан өткен қанқұйлы жылдарды еске алып, естеліктерімен бөлісті. «Соғыс дегенде көзіме əрине, қорқынышты көріністер елестейді. Оны еске алудың өзі оңай емес. Алғаш барғанда мылтық атуға қорыққан жігіттер кейін бəріне үйреніп кетті. Алдыңда жау тұрғанда не нəрсеге де бейімделуге тура келеді екен. Содан елге 1946 жылы бір-ақ оралдым. Бір айтарым, ол кезде барлығымыздың бойымыздағы патриоттық сезім ерекше болатын. Жастар Отанды бізше сүйсе, жаман болмасы анық», – дейді Иван Гапич. Шара барысында 5517 əскери бөлім өнерпаздарының орындауында соғыс туралы əндер шырқалып, Ұлы Отан соғысына қатысты естеліктер айтылды.

ОҚУ-ЖИЫН

Машықтану мақсатында

ТАЯУДА ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА ƏРТҮРЛІ САНАТТАҒЫ ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БЕС КҮНДІК САБАҚТАР ӨТКІЗІЛГЕН БОЛАТЫН. БҰЛ ШАРАҒА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ҚАТАР, КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ КУРСАНТТАРЫ ДА АРНАЙЫ ҚАТЫСТЫ.

2016 жылға арналған жылжымалы тəсілмен сабақтар өткізу-жинақтау жоспарына сəйкес іске қосылған сабақтар барысында қала сыртында орналасқан «Жас ұлан» палаткалы сауықтыру лагерінде апаттық жағдайға қарсы машықтану оқужиыны өтті. Машықтану барысында шартты өртті нақты көрсету мақсатында үлкен өрт жағылды. Лагерь бойынша кезекші шартты өртті анықтаған соң, лагерьде орналасқандарға палаткалы қалашықтан кетулері жəне қауіпсіз орында жиналулары керектігі туралы нұсқау берілді. Дереу 101 нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметіне телефон шалып, тəрбиешілер балаларды жинап, тізім бойынша түгендеді. Дер кезінде жеткен өрт сөндіру жасағы от ошағын сөндірді. Балалар өртті сөндіру тəртібімен танысып, өрт сөндірушілердің от ошағын сөндіруге бағытталған іс-əрекеттерді өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Шара кезінде сондай-ақ, балаларға өрт сөндіру автокөлігінің жабдықтары таныстырылып, өрт сөндіргіш құралын пайдалану əдіс-тəсілдері көрсетілді. Жиын соңында оқушылар, мұғалімдер жəне қызмет көрсетушілерге өрт кезіндегі іс-əрекеттер бойынша арнайы нұсқаулықтар таратылды. Сондай-ақ, капитандар арасында жауынгерлік киім кию байқауы ұйымдастырылып, жасақтар арасында өртке қарсы тақырыпқа ең жақсы сурет көрмесі өтті. Байқау мен көрме жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен жəне грамоталармен марапатталды. Алматы облысы Төтенше жағдайлар қызметкерлері: «Қауіпсіздік қағидаларын жіті түсіндіретін мұндай шаралар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ, біз осы бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырамыз. Өйткені, жасөспірімдер мен балалардың қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды», – дейді. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

ӘРІПТЕС

Арайлым алған асулар ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД «ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ КАДР ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІНІҢ ПСИХОЛОГЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КАПИТАНЫ АРАЙЛЫМ ТІЛЕУҚАБЫЛОВАҒА ҰЛТТЫҚ ЖОБА САРАПШЫЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН СЕМИНАР КЕЗІНДЕГІ ЖИЫРМА МИНУТТЫҚ БАЯНДАМАҒА МƏЛІМЕТ ЖИНАУ ҚИЫНҒА СОҚҚАН ЖОҚ. ӨЙТКЕНІ, ОЛ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БОЛҒАН ОРЫНҒА ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТПЕН БІРГЕ КЕЛЕДІ, ТƏУЛІК БОЙЫ ЗАРДАП ШЕККЕН АДАМДАРҒА ҚАЖЕТТІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ.

Психологиялық дайындық маңызды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ «ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» ММ-НІҢ №11 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНДЕ АРНАЙЫ САБАҚ ӨТТІ. Сабақ барысында бөлімнің газ түтіннен қорғау қызметінің жеке құрамы отты жолақта түтін камерасындағы психологиялық дайындықтарын пысықтады. Тəжірибелік сабақтың

негізгі міндеттері – жеке құрам бойында еркіндік жəне моральдықпсихологиялық қасиеттерді, шындыққа жақын қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамыту болып та-

ХАБАРЛАНДЫРУ

ІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі қатардағы жəне кіші басшы құрам жəне орта басшы құрамның бос лауазымдарына байқау жариялайды Қызмет инспекторы, C-SSP-8 санаты, 40 бірлік, С-SV-12 санаты, 20 бірлік. Лауазымдық жалақысы:

Санат C-SSP-8 С-SV-12

былды. Сонымен қатар, Кəсіби даярлық мектебінің тыңдаушылары отты жолақтан өтудегі психологиялық дайындық тəжірибесі жағынан пысықталды. Сабақтардың қорытындылары бойынша талдау жүргізіліп, жалпы қорытындыда оқу нəтижелеріне жақсы деген баға берілді. Айта кетейік, өртке қарсы қызметтің іс-əрекет бағыттарының бірі – тыныс алуға қолайсыз ортадағы төтенше жағдайларды жою болып табылады. Газ түтінінен қорғау қызметінің ерекше сипатына байланысты өрт сөндірушілерді даярлауда жедел ден қою жəне өрт сөндіру бойынша тиімді іс-əрекеттерге қол жеткізу жəне тыныс алуға қолайсыз ортада апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу əдістемелері қарастырылған. Өртке қарсы қызмет өрт сөндірушілерінің жеке құрамын əзірлеу алғашқы даярлық кезінде де, одан кейін де арнайы-тактикалық даярлық жүйесінде ұйымдастырылады. Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар болған орында азаматтық қорғау капитаны Арайлым Тілеуқабылова жалпы негізгі екі міндетті орындайды – зардап шеккен адамдарға психологиялық көмек көрсету жəне өрт сөндіруші мамандарға, төтенше жағдайларды жоюға келген қызметкерлерге психологиялық көмекті жүзеге асыру. Жеті жылғы қызметінде ол түрлі жағдайларда жұмыс істеді. Əсіресе, агрессия немесе бұқаралық дүрбелең кезінде қиын еді. Ол негізінен «жедел жəрдем» принципі бойынша жұмыс істейді, тез жəне сапалы психологиялық көмек көрсеткен кезде күрделі əсерлердің туындауына жол бермеуге тырысады. Психологтың жұмысы мекеменің кəсіби дамуына оң ықпал етіп келеді. 2014 жылы Төтенше жағдайлар министрі В.Божконың атынан Арайлым алғыс хатпен марапатталған. Ал былтыр ІІМ ТЖК төрағасы В.Петровтың атынан диплом алды. Арайлым Тілеуқабылова өзінің тұлғалық жəне кəсіби жетістіктерін отбасындағы қолдаумен байланыстырады. Қызылорда облыстық ІІД-нің полиция майоры Əзиз Ержанов сүйікті жар жəне балаларына қамқор əке ретінде Арайлымды үнемі қолдап келеді. Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ойлан, тап!

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВ

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max 79084 87450 63592 65094

Функционалдық міндеттері: Азаматтардың жеке жəне мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тəртіпті қорғау жəне қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыс жəне əкімшілік бұзушылықтың алдын алу жəне болдырмау, қылмысты ашуға жəне қылмыскерлерді ұстауға қатысу. Қойылатын басты талап: қатардағы жəне кіші басшы құрам лауазымдарына жиырма бес жастан аспаған, орта басшы құрам лауазымдарына 35 жастан аспаған, бойы 170-тен кем емес, тиісті білімі бар жəне мерзімді əскери қызмет өткерген азаматтар немесе əскери-оқыту резервін даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өткен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мерзімді əскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады. Мекенжайымыз: Астана қаласы, Иманов көшесі 21, телефон: 20-19-65, 87015593981; 8775331113; 87788888882 кадр жұмысы бөлімшесі. РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА «Қазақстан Республикасы ішкі Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

Тілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ, Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды. Индексі: 65395 Таралымы: 12678 Тапсырыс: № 3084

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Неля АРЦИМОВИЧ Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

Б


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.