Сақшы №51 (4217)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№51

(4217), 12.07. 2016, сейсенбі

www.mediaovd.kz

Газет 1933 жылдан бастап шығады

«БІРЫҢҒАЙ ТЕРЕЗЕНІҢ» ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ ЕАЭО елдерінде ішкі экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі «бірыңғай терезенің» ұлттық механизмдерінің дамуының жай-күйін бағалау жұмыстары жүргізілуде. Еуразия экономикалық комиссиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мəскеуде 7 шілде күні ЕЭК кедендік ынтымақтастық бойынша Алқа мүшесі (министр) Мұқай Қадырқұлов ЕАЭО мүше елдерінің ішкі экономикалық қызметін реттеу жүйесіндегі ұлттық «бірыңғай терезе» механизмдері дамуының негізгі бағыттары қарастырылған шара жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобын Үйлестіру кеңесінің екінші отырысын өткізді. Үйлестіру кеңесінің мүшелері ұлттық «бірыңғай терезе» дамуында Одаққа мүше мемлекеттерге бағдар ретінде қызмет ететін «бірыңғай терезе» үлгісін жасау тұжырымдамасын талқылады. Қарастырылған негізгі мəселелердің бірі Одаққа мүше мемлекеттерде ішкі экономикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті құжаттар мен жинақтардың сараптама қорытындысы болды. Тараптар ІЭҚ қатысушылары мен мемлекеттік органдардың өзара электронды қатынасқа көшу үшін жағдай жасауға бағытталған қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге кешенді аудит жүргізді. Сондай-ақ, тауарларды импорттау, экспорттау жəне транзиттеуге байланысты ІЭҚ саласындағы негізгі бизнес-процестер, қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қолданатын ақпараттық-техникалық жүйелер мен бағдарламаларға сараптама жүргізілді. Отырысқа Еуразия экономикалық комиссиясындағы жəне ішкі экономикалық қызметтегі «бірыңғай терезе» механизмін дамыту жобасының жүзеге асуына жауапты Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан жəне Ресей мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

ҰЙЫММЕН ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫҢ ҰТЫМДЫ КӨРІНІСІ Қазақстанның парламенттік делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Тбилисидегі сессиясына қатысты. ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастықтың бағыттары, адам құқықтары саласындағы өзекті мəселелер мен қатерлер, сондай-ақ, жаһандық көші-қон дағдарыстарын талқылауға арналған сессияға барған Қазақстан делегациясының құрамында сенаторлар Икрам Адырбеков, Лəззат Қиынов, Дулат Құсдəулетов, Михаил Бортник, сондай-ақ, Мəжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Светлана Бычкова жəне Жамбыл Ахметбеков болды. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков ЕҚЫҰ ПА Саяси мəселелер жəне қауіпсіздік жөніндегі жалпы комитетінің отырысында сөз сөйледі. Сенатордың пікірінше, Таяу Шығыста жəне Оңтүстік Жерорта теңізіндегі жанжалдардың шиеленісуі, «ДАИШ» террористік ұйымының бүгінгі қанқұйлы əрекеттері жағдайында қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық ерекше маңызды. Депутат БҰҰ аясында барлық мемлекеттер үшін бірдей ережелер мен қағидаттар бойынша əрекет ететін, терроризм мен экстремизмге қарсы халықаралық іс-қимылдың бірегей əлемдік желісін құру туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын еске салды. Терроризммен жаппай күрес жөніндегі БҰҰ-ның құжаты ұсынылып отырған халықаралық тетіктің заңды негізі бола алады, деп атап өтті сенатор. И.Адырбеков қатысушыларды биылғы 31 мамырда Астанада өткен, түрлі халықаралық ұйымдар мен көптеген елдердің депутаттары жəне сарапшылар қатысқан «Діндер – терроризмге қарсы» халықаралық конференциясының қорытындыларымен таныстырды. «Біз ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Роберто Монтеллоға, ЕҚЫҰ ПА вице-президенті Кристин Муттоненге, Алан Нериге, Гили Церетелиге, сондай-ақ, біздің əріптестерге осы форумға белсенді қатысқаны жəне сындарлы сөздері мен ұсыныстары үшін алғыс айтамыз», деді И.Адырбеков. «Хельсинки Қорытынды актісінде жəне Париж хартиясында бекітілген қағидалар еуропалық қауіпсіздіктің ортақ жүйесінің негізі болып табылады. Егер де қандай да бір күмəн болса, біз 2010 жылғы – бар-жоғы бес жыл бұрынғы Астана Саммитінің декларациясын еске алуға тиіспіз. Біздің мемлекеттеріміз бен үкіметтеріміз басшыларының Астанадағы консенсусы негізінде келісілген, Еуро-атлантикалық жəне Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығының ұйғарымдарын іске асыру бағытындағы жұмыстар біздің ортақ жоғары басымдығымыз болуы тиіс», делінген мəлімдемеде.

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ СОЛТҮСТІК АЙМАҚҚА КЕЛДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КƏРІМ МƏСІМОВ АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА. КЕШЕ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ. Жұмыс сапары барысында Қарасай жəне Ағынтай батырларға арналған мемориалдық кешенді аралап көрді. Қарасай батыр мен Ағынтай батыр ХVII ғасырда Есім ханның бастауымен қазіргі Айыртау ауданының аумағын жау басқыншыларынан қорғаған. Қос батыр Құлшынбай төбесінде жерленген. Мемориалдық кешен қазіргі Қарасай батыр атындағы ауылда орналасқан. Ұлы кесене Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың тапсырмасымен 1999 жылы салынған. Салынған кесене Қазақстан халқының мызғымас достығы мен бiрлiгiнiң нышаны болып табылады. Конус тəрiздi 16 метрлiк мұнараларды олардың арасында орналасқан үмiт пен сенiмнiң тiрегi – мешiт қосады. Осы жерде жауынгерлердiң

көптеген молалары бар. Композициялық кешен республикалық маңызы бар ескерткіш болып табылады, оны көруге жыл сайын елiмiздiң түкпiртүкпiрiнен жүздеген адамдар, көптеген шетелдiк қонақтар келедi. Сонымен қатар, Кəрім Мəсімов солтүстік өңірдегі ауыл шаруашылығы кəсіпорындарын аралап, машина жасау техникасы өндірісімен танысып, астықты аймақта АӨК дамыту бойынша кеңес өткізді. Дəнді дақылдарды өсірумен айналысатын «Бабық-Бұрлық» ЖШС егіс алқабында өткен осы кеңесте Премьер-Министр АӨК субсидиялауда ауыл шаруашылығы дақылдарын қолдауға айрықша көңіл бөлуді тапсырды. К.Мəсімов Ауыл шаруашылығы министрлігімен

агроөнеркəсіптік кешенді, оның ішінде өсімдік шаруашылығын қарқынды дамыту бойынша тетіктер əзірленгенін атап өтті. Сонымен қатар, Премьер-Министр елімізде өсірілетін астықтың басым үлесі осы Солтүстік Қазақстан өңіріне тиесілі екенін айтты. 2015 жылы аймақ аграршылары елдегі барлық астықтың 20%-ын бастырған. Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов пен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Əлтаев жəне басқа да жауапты тұлғалар АӨК секторында атқарылған жұмыстардың нəтижелері жəне саладағы ағымдағы жағдай бойынша есеп берді. Кездесуге келген аграршыларды еттің экспорттық əлеуетін дамыту мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау мəселелері көп қызықтырды. Кəрім Мəсімов бұл мəселеде бизнес пен қоғамдастықтың пікірлері ескерілетініне сендірді. Премьер-Министр қазіргі кезде субсидиялау жүйесін реформалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл мəселедегі негізгі мақсат – тиімді субсидиялар нормативтерін арттыру жəне тиімсіз нормативтерді төмендету немесе алып тастау. Мұндайда негізгі көңілді басым салалар мен ауыл шаруашылығы дақылдарын қолдауға бөлу қажет. Бүгінде аграрлық сектор экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан мемлекет тарапынан АӨК-ді қолдау жыл сайын артып келеді. Атап айтқанда, АӨКті мемлекеттік қолдау 2011 жылы 68,1 млрд. теңгеден 2016 жылы 176 млрд. теңгеге дейін, яғни 2,6 есеге артты. Сонымен қатар, Петропавлдағы жаңа Спорт сарайында Премьер-Министр спортшылармен кездесті.

АЙМАҚ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ БАСТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «БАТЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАРЛЫҚ ƏСКЕРИ БӨЛІМДЕРІНДЕ ЖАҢА ЖАЗҒЫ ОҚУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ ӨҢІРДЕ ДƏСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН ЖАУЫНГЕРЛІК САЙЫС ТА БАСТАУ АЛДЫ. Биылғы жауынгерлік сайыс «Тəуелсіздік – тұғырымыз, Отанға қызмет – борышымыз» деген ұранмен өтуде. Сайыстың бастамашысы – Орал қаласындағы 5517 əскери бөлімі. Əскери бөлім барлық əріптестерін өздерін белсенді қолдап, əскердегі жауынгерлік сайысқа қосылуға шақырды. Осы күні Оралдағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен 5517 əскери бөлімінде мемлекеттіқ-құқықтық дайындық жəне жауынгерлік əзірлік бойынша сабақтар өткізіліп, қару-жарақ пен əскери техникаға қызмет көрсету, сондай-ақ, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, жауынгерлік есептоптарды жеткізу бойынша кешенді сабақтар өткізілді. Жаңа оқу жылының басталуына орай «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасында өткен сабақта «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генералмайор Кайрат Ақтанов жеке құрам алдында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың 2016 оқу жылына қойған жауынгерлік тапсырмаларын нақтылап өтті. «Қазіргі кезде Ұлттық ұлан əскерлері – ел бостандығының, темірдей тəртіптің, барлық қазақстандықтардың тыныштығы мен сенімділігінің кепілі. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы құқықтық тəртіп əскері атағын абыроймен ұстанып келеді. Ұлттық ұлан жауынгерлері – қоғамдық қауіпсіздік пен тəртіптілікті

қамтамасыз етіп, ел азаматтарының бостандығы мен бейбіт өмірін күзетуде. Ұлттық ұлан – патриотизм, азаматтылық, ерлік жəне адамгершілік мектебі болып келеді жəне солай бола да бермек. Осы орайда барлық офицерлерді, сержанттар мен сарбаздарды құқық қорғау əскерінің əскери қызметшісі атағын абыроймен алып жүруге, жауынгерлік əзірлікті ұстануда, оқу мен қызметте жоғары нəтижелерге қол жеткізуге, Ұлттық ұлан əскери қызметшілерінің заңды құқықтарын біліп, білікті пайдалануға жəне өз міндеттерін қатаң орындауға, күнделікті жəне кенеттен пайда болған міндеттерді орындау кезінде заңдылықты сақтауға, жоғары ұйымшылдық пен ынтымақтастыққа қол жеткізуге, əскери

ұжымға қылмыстық əлем идеологиясының, экстремизмнің, дəстүрлі емес күштердің жағымсыз құбылыстарының енуіне жол бермеуге, əскери ұжымда жақсы қарым-қатынас, достық пен əскери жолдастықты ұстануға шақырамын», – деді генерал-майор К.Ақтанов. «Əрқайсымызға үлкен қажырлылық пен мақсатқа ұмтылыс, жауынгерлік дайындықтың дең гейін жетілдіруге кəсібилік пен жеке орындаушылық тəртіп қажет, – дейді «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары, полковник Исатай Жардемов. – Бұл дегеніміз Ұлттық ұлан əскери басқару органдарының, əскери бөлімдерінің жеке құрамын жоғары жауынгерлік əзірлікке келтіру жұмысын үйлестіру мен жеке құрамның іс-қимылдардағы тəжірибелік дағдыларын жетілдіре береді деген сөз». Жаңа оқу кезеңі барысында əскери қызметшілер алдында жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру міндеті тұр. Жоспарлар көптеген əскери оқужаттығуларда іс жүзіне асырылады. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басшылығы «Тəуелсіздік – тұғырымыз, Отанға қызмет – борышымыз» атты жауынгерлік сайысының ұраны өз мазмұнын ақтап, əскерлердің оқу жылын сапалы көрсеткіштерімен аяқтайтынына сенім білдірді. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі


2 Ə

-А М Е Л

ЖАҢАЛЫҚТАР №51 (4217), сейсенбі, 12.07.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

ҚП

Т АРА

АҚШ

Марста су болуы мүмкін NASA ресми сайтында судың ізі бар Марс каньондарының спутниктік фотосуреттері жарияланды.

Ғалымдардың айтуынша, қызыл ғаламшар экваторындағы каньондарды кесіп өтетін мыңдаған қара сызықтар су болуы мүмкін. «Судың ізі өте көп. Олар каньон беткейлерінде біз бұрын ойлағаннан да жиі пайда болады», – дейді Тусондағы Аризона университетінің ғалымы Мэттью Чоджнацки. Оның ойынша, бұл белгілер тұзды сулардың жер бетіне шығу маусымымен де байланысты. Енді ғалымдардың Марс бетіндегі сұйық суға деген күмəні сейілді. Алайда, судың қайнар көзі əлі анықталған жоқ.

Қытай

Тасқын судың зардабы Қытай «Непартак» тайфунынан орасан зор зардап шекті. Елдің орталық бөлігінде тасқын су дамбаны бұзып, билік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге мəжбүр болды. Су басқан жерлерде шамамен 30 мың адам тұрады. Ал, осы елдегі тайфун мен селден зардап шеккендердің саны 22 миллион адамнан асып жығылады. Нөсерлі жауын селдің тууына əкеліп соқты: су үйлерді бұзып, ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерді су астында қалдырды. Қытайлық билік қазір табиғи апаттан келтірілген залалды есептеуде. Алдын ала мəліметтер бойынша, зардап шеккен 22 миллион жұрттың ішінде 80-ге жуық адам қаза тапты, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалған, деп жазды tvzvezda.ru.

Ирак

Содырлардың сойқаны «Ирак пен Леванта лаңкестік тобының» содырлары Ирактың солтүстігіндегі Найнава провинциясының бес мұнай ұңғымасын өртеп жіберді.

Ұңғымалар Мосул қаласының оңтүстігінде орналасқан. Содырлар мұнай шығаратын орындарға баратын жолға да жарылғыш заттар жасырып кеткен. Бұл əрекеттері арқылы олар үкімет əскерінің лаңкестер бақылауындағы Мосул қаласына келуіне кедергі жасамақ. Еске сала кетейік, кеше билік əскері лаңкестерден Əл-Қияра қаласындағы əскери базаны азат етті. Осыдан кейін Ирак премьерминистрі Мосул да, өзге қалалар да көп ұзамай, содырлардан біржола босатылады деп мəлімдеді.

Ресей

Сапары сəтті жалғасуда «Союз-МС» ғарыш кемесі орбитаға шығып, халықаралық ғарыш стансасына бағыт алды. «Союз-МС» жаңа сериясының бірінші ғарыш кемесі «Союз-ФГ» тасымалдаушы зымыранының үшінші сатысынан бөлініп, халықаралық ғарыш стансасына бағыт алды, деп хабарлады «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі. «Ғарыш кемесі тасымалдаушы-зымыраннан ажырап, орбитаға шықты жəне халықаралық ғарыш стансасына бет алды», – деп мəлім етті Роскосмос. Халықаралық ғарыш стансасына ресейлік Анатолий Иванишин, америкалық Кэтлин Рубенс жəне жапондық Такуя Ониси аттанды. Ғарыш кемесі ХҒС ресейлік сегментіне сенбі күні Мəскеу уақытымен 07:12-де жетеді.

е-mail: nastraje@mail.ru

Ел экономикасының өсімі оң нəтижеде 2016 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСІМІ ОҢ НƏТИЖЕГЕ ШЫҚТЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КƏРІМ МƏСІМОВ ӨЗІНІҢ ТУИТТЕРДЕГІ АККАУНТЫНДА МƏЛІМДЕДІ. Естеріңізге салсақ, 14 маусымда Үкімет отырысында алдағы уақытта Қазақстан экономикасы бейтарап деңгейге немесе əлсіз оң нəтижеге шығатыны туралы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мəлімдеген болатын. «Қаңтар – мамырдың қорытындысы көрсеткендей, төмендеу баяулады. Егер қаңтар – сəуірдің қорытындысы бойынша төмендеу 0,4 пайыз болса, қаңтар-мамырда – 0,2 пайыз болды, яғни бір айда біз 0,2 пайыз ұттық. Жəне маусымға қарай экономика бейтарап деңгейге шығады деп күтілуде, яғни біз əлсіз болса да, оңтайлы нəтижеге шығамыз, немесе ЖІӨ құлдырауы тыйылады», – деген болатын Қ.Бишімбаев.

Сонымен қатар, ол ел Президенті ұсынған шаралар экономикаға үлкен өсімді көрсетуге септігін тигізе алатынын айтып өтті. «Мемлекет басшысы бүгін бізге жүзеге асыруға тапсырған шаралар топтамасы экономиканы қолдауға мүмкіндік береді, біздің болжамымызға сəйкес ел экономикасының өсімі жыл соңына дейін 0,5 пайыз болады деп күтілуде, бұл бекітілген ресми болжам. Дегенмен, мұнан да жоғары өсім болуы да ықтимал. Нақтыланған мəліметтерді шілдеде немесе тамыздың басында ғана ұсына аламыз», – деді Қ.Бишімбаев. Қазіргі уақытта Үкімет Мемлекет басшысының Индустрияландыру күнінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жұмысты бастады. Осылайша, Үкімет еліміздегі шағын несиелендіруді жақсарту мен ШОБ-ты дамыту бойынша шараларды ұсынды. Бұдан өзге, республиканың барлық өңірлері бойынша жұмыспен қамту жəне жалақыны уақытылы төлеу мəселелері айрықша бақылауда.

Үкіметаралық комиссия отырысы өтті ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ БАЙҚОҢЫР КЕШЕНІ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ-РЕСЕЙЛІК ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ. Мəскеуде «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстандық-ресейлік үкіметаралық комиссияның 4-ші отырысы өтті. Отырысқа қазақстандық тараптан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, ресейлік тараптан – РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин қатысты. Комиссия мүшелері ҚР мен РФ президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша Байқоңыр кешеніндегі алдағы ынтымақтастықтың Тұжырымдамасы жобасын əзірлеу барысын талқылады, ол Қазақстан мен Ресейдің кешенді екі мемлекеттің мүддесіне қарай сақтау, дамыту жəне пайдалану бойынша алдағы өзара іс-қимылдың жолдарын қарастырады. Отырыс қатысушылары сондай-ақ, «Байқоңыр» кешенінің жұмыс жасауы жəне бірлескен жобаларды жүзеге асыру, атап айтқанда «Бəйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құрудың өзекті мəселелерін қарады. Бұдан өзге, Байқоңыр қаласын дамытуға қатысты мəселелер, оның ішінде оның

инфрақұрылымын, сумен қамту жүйелерін, газдандыруды, медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Ресей «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдаланудағы жəне ғарыш саласындағы ынтымақтастықты одан əрі тереңдетуге ниетті екендерін баса айтты.

Құжат рəсімдеу жеңілдетілді БАЛА ӨМІРГЕ КЕЛГЕН СƏТТЕН БАСТАП АТА-АНАСЫНЫҢ БІРІ БІРЖОЛҒЫ ЖƏРДЕМАҚЫ АЛУҒА ЖƏНЕ БІР ЖАСҚА ТОЛҒАНҒА ДЕЙІНГІ БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ƏЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРГЕ ҚАҚЫСЫ БАР. Енді бұл жəрдемақыларды «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде электронды үкімет порталы арқылы бір ғана өтінішпен рəсімдеуге болады. «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының ф и л и а л ы – З Т М О директорының орынбасары Серікхан Сабыржановтың айтуынша, ата-ананың электронды цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «Connection point» өз-өзіне қызмет көрсету секторларында немесе үйде отырып-ақ аталған жəрдемақыларға өтініш беруге болады. Электронды үкімет порталы арқылы берілген өтініш жəрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайтын Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа автоматты түрде жіберіледі. Бұрын бұл қызметті алу үшін азаматтар аталған жəрдемақыларды тағайындауға қатысатын барлық мемлекеттік органдарға өзі баруы қажет болатын. Айтпақшы, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты əлеуметтік төлемдерді өз бетінше формула арқылы есептеуге де болады. Ай сайынғы төлем көлемі соңғы 24 айдағы орташа айлық кірісті 0,4 – кірісті алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы анықталады. Мысалы, соңғы екі жылдағы орташа айлық табысыңыз 60 мың теңге болса, онда ай сайынғы төлем 24 мың

ЖЕР РЕФОРМАСЫ ЖӨНIНДЕГI КОМИССИЯНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚР ВИЦЕПРЕМЬЕРІ - АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРI АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ.

«Елбасының тапсырмасына сəйкес өңірлерді аралап, халықпен кездесіп, содан кейін барып нақты қорытынды шығарылады. Оған қоса, жер мəселесінде маңызды жайттардың бар екенін көріп отырмыз. Соның ішінде бір адамға жалға берілетін жердің шекті мөлшері қанша болуы керек, жайылым мəселесі бар. Мұнан да өзге жайттарды шешу үшін бүгін комиссия отырысы өткізілді», – деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Оның атап өтуінше, бір адамға жалға берілетін жердің шекті мөлшері республика бойынша мынадай гектар болуы қажет деп айту қисынсыз. Өйткені, əр өңірдің ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай ерекшеліктері бар. «Сондықтан ғылыми тұрғыда негіздеу арқылы ғана шектеу мөлшерін айту керек. Жалпы, көпшіліктің пікірі негізде шектеудің болу қажеттігі айқындалып отыр. Ауыл төңірегіндегі жəне шалғайдағы жайылымдарды сатуға заңнамада тыйым салынғаны белгілі. Дегенмен, ол заң 2007 жылы қабылданған болатын. Ал Жер кодексі 2003 жылы қабылданған. Міне, осы екі аралықта кейбір жайылымдардың жекеге өтіп кеткендері де бар. Сондықтан осының барлығын ескере отырып, қарастырудамыз. Бұл бір мəселе. Екінші мəселе, бүгінгі таңда халықтың санының өскендігі, оған қоса мал санының да көбейгендігі белгілі. Сол себепті жайылым мəселесі күннен күнге күрделене түсуде. Осыған орай жұмыс топтары нақты жұмыстар жүргізуде. Келесі отырыстарда оны шешуге қатысты ұсыныстар қаралады деп есептейміз», – деді А.Мырзахметов.

Пошта маркасы шығарылды ƏЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ПОШТА МАРКАСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ 2016 жылдың 12 шілдесінде «Ақ жол» ҚДП орталық кеңсесінде Əлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойының құрметіне шығарылған пошта маркасы таныстырылады. Жиынға «Ақ жолдың» тапсырысымен осы марканы шығарған «Қазпошта» АҚ қызметкерлері, елімізге белгілі алаштанушылар, жұртшылық өкілдері, БАҚ өкілдері қатысады. Шара «Ақ жол» партиясының орталық кеңсесінде өтеді.

Уақытша шектеу шығынға тіреп тұр

теңге болады. Ал жұмыссыз аналарға төленетін ай сайынғы əлеуметтік төлем мөлшері бірінші бала үшін – 5,76 АЭК, екінші бала үшін 6,81 АЕК, үшінші бала үшін 7,85 АЕК жəне төртінші бала үшін – 8,90 АЕК. 2016 жылы біржолғы жəрдемақы көлемі бірінші, екінші жəне үшінші балалар үшін – 31,41 АЕК жəне төртінші бала үшін – 52,35 АЕК. Жыл басынан бері мемлекеттік корпорация арқылы 116 мың бала тууға берілетін жəрдемақы жəне бала күтіміне байланысты əлеуметтік төлемақы тағайындалған, оның ішіндегі 656 жəрдемақы мен əлеуметтік төлемдер электронды портал арқылы тағайындалған.

Ұлттық жəдігер – жүлделер СЕРIК СƏПИЕВ, ИЛЬЯ ИЛЬИН ЖƏНЕ МАРҚҰМ БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ СЫНДЫ ЕЛ ЧЕМПИОНДАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ЗАТТАРЫ МЕН НАГРАДАЛАРЫ 2016 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДА ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙГЕ КЕЛУШIЛЕРДIҢ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛМАҚ. БҰЛ ТУРАЛЫ ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АБАЙ САТЫБАЛДИН МƏЛIМДЕДI. «Бiз өткен жылы «Ұлттық музейге сый тарту» акциясын бастадық. Акция нəтижесiнде музейге 1800-ден астам экспонат түстi. Шара Астана қаласынан басталды. Акция барысында елорда тұрғындары, қоғам, мəдениет жəне өнер қайраткерлерi, ғалымдар өздерiнiң жəне Қазақстанның танымал тұлғаларының жеке заттарын, мұрағат құжаттарын музейге тапсырды. Бiздiң спортшылар Серiк Сəпиев, Илья Ильин мен басқа да чемпиондарымыз жеке заттары, медальдары мен наградаларын музейге табыстады. Өңiрлердi аралаған музейлiктер даңқты боксшы Бекзат Саттархановтың зат-

Жер мəселесіндегі маңызды жайттар

тарына ие болды. Олардың барлығы бiздiң музейдiң қорында сақтаулы. Жалпы, бiзге көптеген қызықты заттар түстi», – дейдi Абай Сатыбалдин. Музей өкiлiнiң айтуынша, игi iс-шара Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент қалаларында өттi, ендi Қазақстанның Павлодар, Семей, Орал қалаларында жалғаспақ. «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы бойынша қорытынды көрме 2016 жылдың соңында ұйымдастырылады. Осы көрмеде акция барысында жинақталған барлық жəдiгер, спортшылардың заттары мен наградалары көпшiлiк назарына ұсынылады.

РЕСЕЙДIҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖƏНЕ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТI ЕЛIМIЗДIҢ БIРҚАТАР ОБЛЫСТА ТIРКЕЛГЕН МАЛ АУРУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ УАҚЫТША ШЕКТЕУ ЕНГIЗIП, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕТ ӨНДIРУШIЛЕРI ҮШIНШI АЙ РЕСЕЙГЕ ӨНIМIН ЭКСПОРТТАЙ АЛМАЙ ОТЫР. ӨЗ КЕЗЕГIНДЕ ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛIГI КӨП ҰЗАМАЙ БҰЛ МƏСЕЛЕНI ШЕШЕМIЗ ДЕП СЕНДIРДI.

Қазақстанның ет өндiрушiлерi үшiншi ай өнiмдерiн Ресейге экспорттай алмай отыр. Мамыр айында Ақтөбе, Атырау, Қарғанды облыстарында пастереллез ауруы тiркелiп, көршi елдiң ветеринарлық жəне фитосанитарлық қадағалау қызметi Қазақстаннан жеткiзiлетiн ет жəне мал шаруашылығы өнiмдерiн кiргiзуге уақытша шектеу енгiздi. Осы уақытта қазақстандық экспорттаушылар шамамен 3 млрд. теңге шығынға батқан. Бұдан бөлек, Қарағанды жəне Павлодар облыстарында сiбiр жарасы тiркелгенi белгiлi. «Соңғы келiссөздер нəтиже бермедi. Ресейлiк тарап алдағы уақытта бұл мəселенi тағы да қарастырамыз деп уəде еттi. Сондықтан үкiметтiң бұл мəселеге үлкен көңiл бөлiп, тезiрек шешуiн сұраймыз. Өйткенi, бiздiң ет өндiрушiлер шығынға батып отыр. Салдарынан жалақы жəне несие төлеу кешiктiрiлуде», – дейдi Қазақстанның ет өндірушілер одағының төрағасы Мақсұт Бақтыбаев. Өз кезегiнде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң өкiлi көп ұзамай бұл мəселе шешiлетiнiн айтты. «Қазiргi уақытта келiссөздер жүргiзiп жатырмыз. Таяу уақытта бұл мəселенi шешемiз», – деп сендiрдi Ауыл шаруашылығы министрлiгi Стратегиялық жоспарлау жəне талдау департаметiнiң директоры Серiк Ыбыраев. Бетті дайындаған Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №51 (4217), бейсенбі, 12.07.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

3

ЖЕДЕЛ КЕҢЕС

АЛТЫ АЙДА АТҚАРЫЛҒАН АУҚЫМДЫ ІСТЕР

ІІМ КӨЛІКТЕГІ ІІД-ДЕ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ АМАНЖОЛ ҚАБЫЛОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІМЕН ВЕДОМСТВОНЫҢ 2016 ЖЫЛҒЫ 6 АЙДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТТІ.

Басқосу барысында Көліктегі ішкі істер органдарының басым бағыттары, оның ішінде қылмыспен күрес, оның алдын алу, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ, əр бөліністерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын

күшейту бойынша мəселелер қаралды. Кеңеске департаменттің басшылық құрамы мен желілік бөліністердің басшылары қатысты. Басқосуды ашқан департамент бастығы Аманжол Жайғалиұлы

республиканың теміржол жəне əуе көлігі нысандарындағы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басты назар аударып, департаменттің жеке құрамы бар күш пен құралдарды қылмыспен күреске жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдыру қажеттігін нықтап айтты. Кеңесте баяндама жасаған Көліктегі ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ербол Бекенов жыл басынан бері көлік сақшылары департаменттің қызмет көрсету аумағында құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарғанын атап өтті. «Соның нəтижесінде есептік кезең ішінде қылмыстар саны 8,3 пайызға, оның ішінде ауыр қылмыстарды 6,5, ұрлықты 11,4, бұзақылықты 22,5 жəне алаяқтықты 25,8 пайызға төмендетуге қол жеткіздік. Жыл басынан бергі

БАСҚОСУ

Жан дүние тазалығының кепілдігі А.ДҮЙСЕНБАЕВА, Қостанай қаласы

«ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – РУХАНИ ЖАН ДҮНИЕ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ». ІІМ-НІҢ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН КЕЗДЕСУДІҢ БАСТЫ ТАҚЫРЫБЫ ОСЫЛАЙ АТАЛАДЫ. ОРТАЛЫҚТЫҢ «ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» ФАКУЛЬТАТИВТІК САБАҒЫНА АРҚАУ БОЛҒАН ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПТЫ АРНАЙЫ АЛҒАШҚЫ ОҚЫТУ КУРСЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМДАМАШЫЛАРЫ ҚЫЗУ ТАЛҚЫҒА САЛДЫ. Сабақ барысында «Діни экстремизм жəне терроризм» тақырыбы, дін саласы төңірегінде тəжірибелік қызмет атқарып жүрген қызметкерлермен кездесу де ұйымдастырылды. Дін жолындағы жаңа қатерлер мен сын-тегеуріндердің алдын алуды мақсат тұтқан мұндай сабақтар тағылымдамашылардың білімдерін бекітуге, теория мен тəжірибе арасындағы байланысты тереңдетіп, қандай да бір мəселенің мəнін анығырақ түсінуге, жете білуге жəне де білім беру үрдісін шоғырландыруға үлкен көмек береді. Оқу орталығының əлеуметтік жəне жалпы құқықтық пəндер циклының оқытушылары, облыстың жоғары оқу орындарының оқытушылары арнайы қатысқан шарада ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының əлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі, полиция капитаны Мырзабек Тойғанов «Қазақстандағы исламның жандану

үрдісі демократия мəнін өзгертуде» тақырыбында баяндама жасап, еліміздегі ислам дінінің жандануымен байланысты бірқатар мəселені атап көрсетті. Сонымен қатар, сабақ барысында діни істерді басқару бойынша Қостанай облысы əкімдігінің бас маманы Нұрсұлтан Əбішев тағылымдамашыларға дін аясындағы мемлекеттік саясат жайында айтып өтті. Ол сондай-ақ, осы саладағы негізгі нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіріп, жиналған қауымға соңғы мəліметтер бойынша түсірілген шағын бейнефильмді көрсетті. Баяндамашыларды қызығушылықпен тыңдаған тағылымдамашылар белсенділік танытып, мамандарға өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Кездесу қонақтары осындай мəні мол тəжірибелік сабақ өткізуді келешекте де қолға алу қажеттігін алға тартты. Олар сондай-ақ, радикализм, экстремизм мен терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы іс-қимыл айқындалған Мемлекет басшысының

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытты» атты Жолдауындағы басым бағыттарды да атап өтті. Бұл ретте кездесуге қатысқан мамандар қоғамда, ең алдымен жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігіне ерекше назар аударды. «Қазіргі кезде əлемдегі жаһандану үрдісі мен шиеленісу əлеуетінің өсуі халықаралық жəне ұлттық қауіпсіздік ахуалына елеулі əсерін тигізіп отыр. Бұған дəлел Ақтөбе қаласында болған төбе шашты тік тұрғызып, дене түршіктіретін соңғы оқиғалар», – деді дін өкілдері. Əр адам өзіне жақын діни нанымды ұстануға ерікті, бірақ та осы діңді дұрыс түсінбеушілік, дін мəселесі жөніндегі сауатсыздық, сол адамның өзіне қарсы тұруы мүмкін, оның тұлғалық қасиеттерінің бұзылуына жəне еркіне қысым етуіне əкеп соқтырады. Мұндай жағымсыз əрекеттердің алдын алу – дін мəселесі төңірегінде халықпен белсенді жұмыстар атқару болып табылады. Теріс ағымды насихаттауға жəне үгіттеуге тыйым салу шаралары заңда қатаң сақталмағандықтан, мемлекет пен қоғамның бірлігі мен қауіпсіздігін бұзуға, ұлттық өшпенділік пен араздыққа əкеп соқтыруы əбден мүмкін. Міне, бұндай қателікті болдырмау үшін саяси-діни экстремизмге қарсы тиімді күрес жүргізу керек.

6 айда барлығы 1511 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, оның 490-ы қылмыстық теріс қылық. Жалпы қылмыстардың ашылуы 71,9 пайызды құрады», – деп мəлімдеді Е.Бекенов. Баяндамашының айтуынша, жыл басынан бері заңсыз есірткі айналымы фактілерін анықтау жəне жолын кесу бойынша да бірқатар қомақты шара жүзеге асырылған. Көліктегі ІІД аумақтық бөліністері күштерінің көмегімен есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 233 факт анықталса, 169 дерек есірткі заттарын сақтауға қатысты болып отыр. Сондай-ақ, 9 есірткі тасымалдаушы құрықталып, есірткінің заңсыз айналымынан 600 келіден аса түрлі есірткі заттары тəркіленіп алынған. Мемлекет басшысының ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын жүзеге асыру бойынша тап-

сырмаларын орындауда да мақсатты алдын алу іс-шаралары жүргізіліп келеді. Соның нəтижесінде 31522 құқық бұзушы əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін əкімшілік жауапкершілікке 2108 шетелдік тартылды. Жиын соңында А.Қабылов желілік бөліністердің басшыларына қылмыстарды ашу мен анықтау бойынша, сыбайлас жемқорлық бағытында, сондай-ақ, ұйымдасқан топтар құрамында орын алған қылмыстарды, заңсыз есірткі мен қаружарақ айналымының алдын алу, жеке заттар ұрлығын ашу жəне алдын алу, жүк пойыздарындағы ұрлықтың жолын кесу, жедел қызмет көрсетудің барлық объектілерінде қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді. Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Жұмыспен қамту – қылмысты азайтудың бір жолы Б.ИЛЮПОВ, Атырау облысы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ УГ-157/9 МЕКЕМЕСІНДЕ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ СОТТАЛҒАНДАРДЫ АҚЫЛЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МƏСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ. Дөңгелек үстел жұмысына Атырау облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Қ.Иманғалиев, Атырау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы А.Тажкенов, облыстың Кəсіпкерлік жəне индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Е.Жанатаев, өңірлік кəсіпкерлік палатасының эксперті М.Қалдығұлов, «Белый квадрат» ЖШС директоры Н.Дəулетов, РМК Еңбек Атырау филиалы директорының міндетін атқарушы Р.Жақыпов, 5546 əскери бөлімінің командирі Б.Күртібаев арнайы қатысты. Басқосу барысында УГ-157/9 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандарға қосымша жұмыс орындарын ашу барысында туындайтын өзекті мəселелер талқыланды. Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген жандарды жұмыспен қамту мəселесі соңғы кездері жиі көтеріліп жүр. Жиынға қатысқан мамандар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдарды қайта əлеуметтендiру бойынша неғұрлым тиiмдi жұмыстар жүргізілуі керек деген ойларын білдірсе, жұмыс берушілер екі қолға бір күрек ұстап, адал ақы тапқан сотталғандар темір торда отырып-ақ өздері келтірген шығынның орнын толтыра алатындарын алға тартты. Ал тұтастай алғанда, сотталғандарды жұмыспен қамту – əлеуметтiк қызмет көрсету, жұмыспен қамту жүйелерiн күшейтуге, мемлекеттiк органдардың сотталғандармен толыққанды жəне жүйелi жұмыс iстеуi арқылы қылмыстың қайталану деңгейiн азайтуға мүмкiндiк бередi.

ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН

Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы

САЙЫС

Жас инспекторлар арасында инспекторлары иеленді. Барлық жеңімпаздар грамоталармен жəне сыйлықтармен марапатталды. Үздік велосипедші болып танылған Максим Бобко мен Мира Шаймерденова жүлдеге берілген жаңа велосипедтерін мініп кетті. Сондайақ, басқа жүлдегерлерге скейтбордтар, планшеттер, веб-камералар мен спорттық заттар жиынтығы берілді. Жеңімпаз команда тамыз айында болатын республикалық байқауға қатысады.

Динара САҒЫНДЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

ПЕТРОПАВЛДА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖАС ИНСПЕКТОРЛАРЫ АРАСЫНДА ӨТКЕН 25-ШІ ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ. ЖАРЫС НƏТИЖЕСІ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДЫ Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ИЕЛЕНДІ. Облыстың барлық аудандарынан жəне облыс орталығынан қатысқан оқушылар екі күн қатарынан 8 сайыста бақ сынасып, өз араларында үздік велосипедшіні, жол қозғалысын реттеушіні, санитар мен командирлерді анықтады. «Балалардың жол үстіндегі қауіпсіздігін насихаттау бойынша атқарып жатқан жұмыстары олардың өмірі мен денсаулығын сақтап, балалар жол-көлік жарақатының алдын алуға септігін тигізеді. Алдағы уақытта біз бірлесіп қыруар жұмыс атқаратын боламыз», – деп атап кетті Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры Айдын Байматов. Тайынша ауданынан келген балалар

жол қозғалысы ережелерін жақсы білетін болып шықты. Ал есілдіктер саптық жүрістен үздік деп танылса, Мағжан Жұмабаев ауданынан келген жас инспекторлар жол қозғалысын реттеуден шеберліктерін көрсетті. Ақын ауылының намысын қолдан бермеген команданың мүшесі Айгерім Жұмабекова үздік реттеуші атанды. Балалар үшін нағыз шешуші байқау велосипедті мəнерлеп жүргізу болды. Бұл кезеңде Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның оқушылары алдына жан салмады. Олар жалпы есепте де ең көп ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Тайынша ауданының, үшінші орынды Есіл ауданының жас

Амангелді ƏУЕСХАНОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ «ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2016 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ. Ведомстволық бағынысты мекеменің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Біржан Кəрімовтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық бөлімшелердің бастықтары жəне бөлім, бөлімшелер мен топтардың бастықтары қатысты. Қызметтің қорытындылары жайында өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Николай Белоусов баяндады. Ол жыл басынан бері облыс аумағында 19 адамның өмірін жалмаған 336 өрттің болғанын мəлімдеді. Сонымен қатар, полковник өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда өрттер саны 7,7 пайызға азайса, қаза тапқандар саны 10 пайызға кемігенін айтты. «2016 жылдың есептік кезеңінде ТЖД ӨСжəнеАҚЖҚ бөлімшелері апаттыққұтқару жұмыстарына 216 рет шықты, оларды жүргізу нəтижесінде 83 адам құтқарылды, оның ішінде 10 бала бар. Қауіпсіз жерге 418 адам шығарылса, оның 66-сы бүлдіршін. Сондай-ақ, тұрғындар мен техниканы қар құрсауынан құтқару жəне эвакуациялау бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 60 операция іске қосылды. Нəтижесінде жеке құрам қар құрсауынан 71 адамды құтқарып, 183 тұрғынды (олардың ішінде, 10 бала) қауіпсіз жерге шығарды. Қар құрсауынан 51 техника босатылып, 46 көлік құралы қауіпсіз жерге шығарылды. Су тасқынының салдарын жою үшін 95 арнайы операция жүргізілді. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 53 пайызға жоғары, 360 мың текше метр қарғын су сорылды», – деді өз сөзінде Николай Александрович. Жиында сондай-ақ, департаменттің аудандық бөлімшелері, бөлімдері мен бөлімшелерінің бастықтары баяндама жасап, жыл басынан бері атқарған жұмыстарына тоқталды. Жиынды қорытындылаған Біржан Кəрімов өрт сөндіру қызметінің жұмысын, жеке құрамның алданда тұрған міндеттердің ауқымдылығы мен мағынасын тағы бір рет тəптіштеп түсіндіріп өтіп, солтүстікқазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардыдың түрлі төтенше жағдайларда көрсеткен ерліктері мен батылдықтарын жоғары бағалады. «Сіздердің алдағы уақытта да осылайша жедел, айқын жəне үйлесімді əрекет ететіндеріңізге, кəсібиліктеріңіз, күш пен білімдеріңіз мемлекетті төтенше жағдайдан қорғау ісіне қызмет ететініне сенімдімін», – деді іс-шараның соңында Біржан Телманұлы.


4

ҚЫЗМЕТ №51 (4217), сейсенбі, 12.07.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІЛЕРДІҢ ҚОЛҒАБЫСЫ КӨП Асылай ГУБАШЕВА, Батыс Қазақстан облысы

ЗЕЛЕНОВ АУДАНЫ ПЕРЕМЕТНЫЙ АУЫЛЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ МАНАРБЕК ГАБДУЛЛИН ХАЛЫҚ ЖАСАҚШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ. СОЛАРДЫҢ БІРҚАТАР БЕЛСЕНДІЛЕРІНЕ АЛҒЫС ХАТТАР МЕН ҚОЛ САҒАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ.

Полицияның қоғамдық көмекшілері көмегімен қазіргі таңда көптеген істер атқарылуда, қылмыстар ашылып, құқық бұзушылықтар анықталуда. Тəртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы полицияғы өз еркімен көмек көрсетуі арқылы іске асырылды. Қоғамның мінсіз қалыптасуы мақсатында аталған ауданның 22 ауылдық округте полицияның қоғамдық көмекшілерінің жасақтары құрылды. Тіркелген полицияның қоғамдық көмекшілерінің жасақтары саны 47 адамды құрап отыр. Осыған байланысты ауданда

өткен «Азаматтарды қоғамдық тəртіпке тарту» тақырыбындағы кеңейтілген кеңеске ауылдық округ əкімдері, аудандық бөлім басшылары, учаскелік инспекторлар, өз еркімен қоғамдық тəртіпке атсалысушылар қатысты. Аудан тұрғындарының азаматтық белсенділігі арқасында қылмыс саны екі есеге азайды. Егер былтырғы жылы қоғамдық орындарда 74 қылмыс жасалса, биыл 34 қылмыс орын алып отыр. Полицияның қоғамдық көмекшілері көмегімен 2 қылмыс ашылып, 110 құқық бұзушы ұсталды. Аудан орталығында жоспарланған кезекшілік кестесі құрылған. Кезекшілікке ұйымдар мен кəсіпорындардың өкілдері қатыстырылған. «Бүгінде барлық ауылдық округтерде əкімдік жанынан ашылған қоғамдық кеңес, «Əйелдер кеңесі», «Ақсақалдар кеңесі» секілді кеңестер қызмет етеді. Кеңес барысында жа-

стар мен жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, ауылдық округтің тұрғылықты пункттерінде қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету, соның ішінде қазіргі күні ауылдық жерлерде өзекті мəселелердің біріне айналып отырған мал ұрлығының алдын алу сұрақтары қаралады. Ағымдағы жылдың алты айында əкімдік жанындағы Қоғамдық кеңесте аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінен келіп түскен 43 қолдаухат қаралған болатын. Қазіргі уақытта құқық қорғау бағытында құрамында 160 адамы бар 24 қоғамдық құрылым қызмет атқарады. Соңғы уақытта халық жасақшыларының қатарына 50 ерік білдірушіден өтініш келіп түскен болатын», – деді Зеленов ауданы Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жантемір Иманалиев. Кездесу барысында Манарбек Серікқалиұлы қоғамдық құрылымға қатысушыларға алғысын жеткізіп, қоғамдық тəртіпті сақтауға белсенді қатысқан қоғамдық көмекшілерге, яғни, Шағатай ауылдық округінің тұрғыны Азамат Бермағамбетов жəне Зеленый

ОТАНЫНА АДАЛ

Батылдық пен шеберлік А.ИСАБЕК, Қарағанды облысы

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА ОРТАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ МАҚСАТ АКРАМАШОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 25 ЖАСТАҒЫ ҚАРУЛАНҒАН АЗАМАТЫН ҚОЛҒА ТҮСІРДІ. Жақында Орталық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарағанды қаласының орталығындағы кеңселердің бірінде кеңсе қызметкерінің бірін белгісіз бір адамның пышақпен жарақаттап кеткендігі туралы хабар келіп түседі. Жасалған қылмысты тез арада ашу мақсатында Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасының жəне Орталық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері оқиға болған орынға тез арада жетіп, куəгерлерді анықтау жəне күдіктілерді ұстау мақсатында ауданды тексере бастайды. Тексеру барысында Орталық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Мақсат Мақсұтханұлы қылмыс жасалған кеңсенің маңында жүрген күдікті бір ер адамды көріп қалып, оның

құжаттарын, сонымен қатар, қылмысқа қатыстылығын тексермек болып жанына жақындайды. Күдікті өзіне қарай беттеп келе жатқан полиция қызметкерін байқап, қаша жөнеледі. Полиция капитаны Мақсат Мақсұтханұлы өзінің полиция қызметкері екенін бірнеше рет қатты дауыстап айтып, тоқтауын талап етеді. Бірақ əлгі алды-артына

қарамастан гараждардың арасына кіріп кетіп жасырынады. Полиция капитаны өзіне жақында ғана жасалған отасына

қарамастан, қылмыскерді қуып жетеді. Қылмыскер қойнында жасырған тапаншасын алып шығып, оны полиция қызметкеріне қарай бағыттап, атуға оқталады. Бірақ Мақсат Мақсұтханұлы қаруланған қылмыскердің өміріне қауіп төндіргенінен қорықпай, батылдық пен ержүректілік көрсете білген. Сақшы кəсіби шеберлігінің арқасында өзін-өзі қорғау тəсілдерін қолданып, қылмыскердің қолындағы тапаншасын қағып түсіріп, өзін тұтқындайды. Ұсталған қылмыскерден ПМ маркалы тапанша алынды, ал оқиға болған орынды қарау барысында ТТ маркалы тапанша табылды. Қазіргі уақытта Алматы облысының 25 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еліміздегі түрлі қылмыстық топтардың заңсыз іс-əрекеттерін əшкерелеп, небір қандықол қылмыскерлер мен бұзақыларды тезге салып, қылмыстық ахуалға нүкте қоюға барынша тырысып жүрген полиция қызметкерлері бар екенін Орталық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Мақсат Мақсұтханұлы жасаған батырлық ісімен тағы да дəлелдеді. Осындай бетке ұстар, ержүрек, батыл, ел үшін, Отан үшін күнтүн демей аянбай еңбек етіп жатқан барлық полиция қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

Жалыннан жасқанбаған жас Сабырбек ОЛЖАБАЙ

«БАТЫР БАЛА, БАТЫР БАЛА БОЛАТБЕК» ДЕГЕН ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫН ЖАСТАЙЫМЫЗДАН ЖАТТАП ӨСТІК. СОЛ БАТЫР БОЛАТБЕК ТЕ БЕЙБІТ КҮНДЕ ЕРЛІК ЖАСАП, СОҢЫНДА МƏҢГІ ӨШПЕС ЕСІМІ ҚАЛДЫ. Біз сөз еткелі отырған кейіпкер Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі №1 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет капитаны Болатбек Дəрменов. Оның осы қызметте жүргеніне 12 жыл. Осы уақытта ол талай төтенше жағдайлардың куəсі болды. Алапат алаудың ортасынан қаншама адамды алып шықты. Бір мысал айтайық. Бұл 2012 жылы болатын. Шымкент қаласы 21 шағын ауданындағы №10 үйде өрт болып жатыр деген хабарды алысымен, олар суыт жолға шығады. Бірақ қызыл жалын құшағында қалған үйге жету мүмкін болмады. Өйткені, көлік көше кептелісінен өте алмады. Осы кезде түтін будақтап шығып жатқан терезеге Болатбектің көзі түсіп кетті. Ал, терезе жақтауына шығып алған құйтақандай қыз жылап тұр еді. Ол ойланып жатпады. Өрт сөндіру машинасынан секіріп түскен бойда үйге қарай жүгірді. – Мына қыз өрт ішінде қалып кететін болды-ау,– деп топтанып алған көпшілік шу-шу етеді.

Бес жасар қызды əке-шешесі пəтерде жалғыз қалдырып, сыртынан құлыптап кеткен екен. Сəбидің есікті аша алмасы айдай анық. Ал, үшінші қабатқа тиісті техника көмегінсіз шыға алмайсыз. Көлік болса кептелісте тұр. Енді уақыт оздыруға болмайды. «Ештеңеңі де ойланып жатпадым. Барлық ойым шырылдаған сəбиді тажал отынан құтқару ғана болды. Мұндай шешуші шақта шұғыл шешім қабылдау керек. Содан соң бойыңды үрейге алдыруға тағы болмайды. Сабырлылық мұндайда сенімді жолдасың. Айналамдағы у-шуға көңіл бөлместен, қызды құтқарып қалу жолдарын іздестірдім. Сөйтсем, көп қабатты үй жанында жаңадан бір құрылыс басталған екен. Соның үстіне лезде көтерілдім де ала шыққан сатыны терезеге тақадым. Абырой болғанда саты терезеге дейін жетті. Енді терезені сындырып қызды алып шығу ғана қалды. Біз де пəтерден шығып үлгердік, өрт те терезеден сыртқа лап қойды. Аман қалған қызын көріп шешесі ағыл-тегіл жылады», – дейді Болатбек Дəрменов. Кейін белгілі болды ғой, өрт пластик өнімдерінен шығыпты.

Міне, осындай оқыс оқиғалар Болатбектің өмірінде тізе берсек көпақ. Өмір мен өлім бетпе-бет кездескен талай қиын кезеңдерде ол бойындағы сабырлылық пен іс-тəжірибесіне сүйенеді. Қандай да бір өрт орын алған кезде ол қарамағындағы өрт сөндірушілерге жалынмен арпалыста ең бірінші сақтықты ойлау керектігін де үнемі ескертіп отырады. Болатбек Төребекұлы осы мамандыққа жүрек қалауымен келді. Мамандығының қиын екенін ол білмей қалған жоқ. Оқуға барар алдында да ол əке-шешесінің алдында қиындықтардан қорықпайтынын айтып, ақ баталарын алып аттанды. Болатбек Көкшетау техникалық институтын үздік бітірді. Бүгінде бөлімдегі тəжірибелі мамандардың бірі. Əріптестері оны құрмет тұтады. Иə, өзгенің өмірі үшін өз өмірін құрбан ету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Алайда, өрт сөндіру қызметіндегілер үшін бұл күнделікті үйреншікті жəйт секілді. Сондықтан олар сол баяғы қарапайымдылықтарымен «ерлік жасадым» дей қоймайды. Бірақ, ол ерлік жасады. Сондықтан да ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен сол 2012 жылы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Жалын кешіп жүрген жас əлі талай алапат алаумен бетпе-бет келерін іштей түйсінеді. Түйсінеді де ширай түседі.

ауылдық округінің тұрғыны Александр Герелиске жеке мүлік ұрлығымен байланысты қылмыстарды ашуға септігін тигізгені үшін қол сағаттарын тарту етсе, облыс əкімі Кəрім Жақыпов белсенді көмекшілерге алғыс хаттарын табыстады. «Жергілікті полиция қызметінің басты мақсаты – халықпен етене тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау. Халықтың сенімінен шығу үшін тырысып бағудамыз, оны жыл сайын қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың санынан кө руге бо лады . Облыс бо йынш а

жұртшылықтың пайдасы зор», – дейді М.Габдуллин. Сондай-ақ, Жергілікті полиция қызметінің басшысы биыл азаматтардан 14 мыңнан астам түрлі бағытта жасалған құқық бұзушылық туралы хабарлама келіп түссе, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 15 пайызға артып отыр деп атап өтті. Жыл сайын қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етуде белсенділік танытқандарды ынталандыру мақсатында Үкімет тарапынан 3,5 млн. теңге қаражат бөлініп отыратын болса, биылдың өзінде 131 адам ынталандырылып, 60 адам 1 млн. теңге

200-ден астам құқықтық тəртіпті сақтау бағытында құрылымдар қызмет атқарса, олардың құрамы екі мыңнан астам адамды қамтып отыр. Жалпы əр учаскелік полиция пункттерінде қоғамдық көмекшілер болуы керек. Қоғамда орын алатын қылмыстардың алдын алуда

көлеміндегі қаражат есебінен ақшалай сыйақымен марапатталғанын да айтып өтті. Азаматтардың қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету бағытындағы мұндай ігі іс-шараларға қатысуы облыс аумағында криминогендік жағдайдың жақсаруына əкеліп соғары сөзсіз.

ЖАРАЙСЫҢ!

Ұрыны ұстаған курсанттар Мейрам ОСПАНОВ, Қостанай қаласы

ІІМ Ш.ҚАБЫЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 3-КУРС КУРСАНТТАРЫ – ПОЛИЦИЯ КІШІ СЕРЖАНТЫ ҒАЛЫМЖАН ТҰРЛЫБАЕВ ПЕН ПОЛИЦИЯ ҚАТАРЫНДАҒЫ ƏЛЖАН ГАЛИЕВ ЖАҚЫНДА СЕРУЕНДЕП ЖҮРІП, АБАЙ ДАҢҒЫЛЫ, №12 ҮЙДЕ ОРНАЛАСҚАН «ШЕРХАН» АЗЫҚ-ТҮЛІК ДҮКЕНІ САТУШЫСЫНЫҢ КӨМЕККЕ ШАҚЫРҒАН ДАУЫСЫН ЕСТИДІ. Дауыс шыққан жаққа қарай жүгіріп барған олар дүкеннен ұрлық жасап, сытыла қашқан орта жастағы жігітті байқап қалады. Ұрыны алысқа ұзатпай қолға түсірген курсанттар Жедел бақылау орталығының «102» нөміріне хабарласып, құқық бұзушыны Қостанай қалалық ІІБ қызметкерлеріне тапсырады. Бұл іс курсанттардың қабылдаған анттарына беріктігін ғана емес, болашақ сақшылардың кез келген құқық бұзушылықтың жолын кесуге дайын екендіктерін айғақтап берген еді. Сонымен қатар, олар таңдаған мамандықтарының аса қауіптілігіне қарамастан, əрқашан азаматтардың қорғаушысы екендіктерін жадында ұстайтынын дəлелдей білді. Курсанттардың көрсеткен көмегін Қостанай облыстық ІІД мен Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының басшылығы жоғары бағалап, жігіттерді марапаттауға ұсынды. «Біздің курсанттар айтарлықтай ерлік жасады. Егер олар айқайлаған дауысқа елең етпей, ұрыны уақытында ұстамаса, ол адам басқа да ауыр қылмысқа барар ма еді», – дейді оқу ордасының басшылығы. Жас та болса ержүректік танытқан батырлардың бірі Ғалымжан Тұрлыбаевтан істің мəн-жайы туралы баяндап беруін сұраған едік. «Біз, Əлжан екеуіміз жай əңгімелесіп келе жатқанбыз. Бір уақытта «ұрыны ұстаңыздар, көмектесіңіздерші!» деген айқайды естідік. Сол жаққа мойын бұрғанымызда, жанұшыра көмек сұрап тұрған дүкен сатушысын көрдік. Сол сəтте қолында заты бар ұрыны да көріп үлгердік. Оған «Тоқта!» деп үш рет айғайладық. Ол тоқтамады. Содан, Əлжан екеуіміз қуып жетіп, ұстап алдық. Ол бізге қарсылық көрсетіп, «мен ештеңе ұрлаған жоқпын» деп ақтала бастады. Ал біз Академияда алған теориялық білімімізді жəне қылмыскерді залалсыздандыратын жауынгерлік тəсілімізді қолданып, оның қарсылық көрсетпеуін айтып, ұстап тұрдық. Сосын сатушы келіп, «102» нөміріне хабарласып, кезекші полиция қызметкерлерін шақырды. Ішкі істер қызметкерлері келген соң, біз оларға ұсталған ұрыны тапсырып, əрі қарай жөнімізге кеттік. Оқу орнына келіп, барлық мəн-жайды курс бастығы, полиция майоры Василий Заварыкоға баяндадық», – дейді кішігірім ерлік жасаған 3-курс курсанты полиция кіші сержанты Ғалымжан Тұрлыбаев өз əңгімесінде. Ғалымжан мен Əлжанның бұл батылдығы жас курсанттар үшін жəне Академия үшін үлкен абырой. Кейін белгілі болғанындай курсанттар ұстаған ұры бұрын бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған болып шықты. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.


ƏРІПТЕС КЕЛБЕТІ №51 (4217), бейсенбі, 12.07.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

5

Біліктілік үлкен еңбекті талап етеді ТЕМІРЖОЛДАР – ЕЛІМІЗДІҢ БАТЫСЫ МЕН ШЫҒЫСЫН, СОЛТҮСТІГІ МЕН ОҢТҮСТІГІН ЖАЛҒАП ЖАТҚАН КҮРЕТАМЫР. СОНАУ БАТЫС АЙМАҚТАҒЫ ҚАНДЫАҒАШ СТАНСАСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ТЕМІР, БАЙҒАНИН, ШАЛҚАР, ХРОМТАУ, АЛҒА ЖƏНЕ ƏЙТЕКЕ БИ АУДАНДАРЫ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН ТЕМІРЖОЛДАР ҚАРАСТЫ. ҚАНДЫАҒАШ СТАНСАСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ КАДР ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНЕН ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ МЕРЕКЕ ЕШМҰХАНОВА – КӨЛІК ПОЛИЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛ ОРТАСЫНДА ЖҮРГЕН НƏЗІК ЖАННЫҢ БІРІ. ƏЙЕЛ ЗАТЫ БОЛСА ДА МЫҢДАҒАН ЖОЛАУШЫ МЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАНАТЫН ТЕМІРЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ТЕМІРДЕЙ ТƏРТІПТІ САҚТАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ҚИЫНДЫҒЫН ҚАТАР КӨРІП КЕЛЕДІ. – Мереке Абушанқызы, ішкі істер органдарына қалай жəне қай уақытта келдіңіз? – Ішкі істер органдарында қызмет атқару – бала кезгі арманым. Алайда, тағдырдың жазуы басқа салаға бұрып, Жамбыл жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі технологиясы институтына «инженер экономист» мамандығы бойынша оқуға түстім. Оны бітіргеннен кейін, институт басшылығы мені өзімнің туған өлкемдегі Ақтөбе қалалық тігін фабрикасына жолдап, сол жерде экономист болып қызмет атқарып біраз жүрдім. Аз уақыттан соң өзім арман еткен ішкі істер органына ауыстым. Осылайша, 1995 жылы Қандыағаш стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің қабылдаптарату орнына бухгалтер болып жұмысқа келдім. Бөлім басшылары тарапынан менің жоғары білімім ескеріліп, 1996 жылы кадр жұмысы тобының инспекторы лауазымына тағайындалдым. Аталған салада жүріп, қызметтен қол үзбей «заңгер» мамандығы бойынша сырттай оқып, білім алдым. 20 жыл ішінде бөлімде кадр жұмысы тобында, Штаб бөлімшеде қызмет атқардым. Мамандыққа сай біліктілік үлкен еңбекті талап етеді. Сол себепті, мұның барлығы үлкен тəжірибе деп білемін. – Отбасыңыз жайында қысқаша тоқталып өтсеңіз? Отбасы мен қызмет бабы үйлесе ме? Бұл қызмет несімен қызық жəне əйел заты үшін қаншалықты қиын? – Əрине, ішкі істер органдары қатарындағы нəзік жандар үшін, соның ішінде отбасылы келіншектерге жұмыс істеу оңайға соғады деп айта алмаймын. Ер азаматтармен бірдей қызмет атқара жүріп, үйдің тыныс-тіршілігі, бала тəрбиесі өз мойныңда екенін ұмытпайсың... Бұл тұрғыда менде аса ауыр қиындықтар болды деп айта алмай-

мын. Керісінше, марқұм жолдасым мен екі ұлым маған əрдайым демеу бола білді. Қазір олардың екеуі де жоғары білім алып, үлкен ұлым өз отбасын құрды. – Қандыағаш стансасындағы Желілік полиция бөлімінде кадрлық саясат, көлік полицейлерінің оң имиджін қалыптастыру, жеке құрам арасында тəртіпті қамтамасыз ету жəне жауынгерлік-қызметтік дайындық деңгейін жетілдіру мəселелері жөнінде жұмыстар қалай жүргізілуде? – Көлік полицейлерінің халық арасында имиджін көтеру үшін алдымен қызметкерлердің кəсіби біліктілігін арттыруымыз қажет. Сол себепті бөлімде жеке құрамның құқықтық жəне қызметтік, денешынықтыру даярлықтарына көп көңіл бөлеміз. Арнайы топтар құрылып, қызмет саласы бойынша даярлық сабақтары ұйымдастырылуда. Дегенмен, қазіргі жас буынның өздерінің кəсіби біліктілігін арттыруы үшін өзіндік ынталары, заң талаптарын оқып-білу жəне толығымен меңгеру деңгейі əлі де болса жетілдіруді талап етеді. – Жас мамандардың жұмыспен қамтылуы қаншалықты жүзеге асырылып келеді? Олардың дайындық деңгейі қанағаттандыра ма? – Бөлім бойынша бос лауазымдық орындарға жас мамандарды тағайындау жоғары органдардан қойылған талаптарға сəйкес іріктеліп, олармен спорттық даярлығы жəне білім деңгейін тексеру нəтижесінен кейін Көліктегі ІІД-нің комиссия отырысында қаралады. Жас мамандардың спорт жағынан даярлықтары жақсы, дегенмен білім барысын əлі де болса жақсартуды қажет етеді. Сондықтан, оларға бекітілген тəлімгерлер, қызмет

басшыларымен жас маманның білімін жетілдіру бағыттарында қажетті іс шаралар ұйымдастырылған. – Жастардың спортқа белсенділігін арттыру мақсатында қандай спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады? – Жеке құрам арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, əскери-

даярлық деңгейін арттыру мақсатында бөлімде түрлі мерекелер қарсаңында спорттық іс-шаралар, атап айтқанда волейбол, шағын футбол, қызметтік қарудан оқ ату жаттығулары өткізіліп тұрады. Бөлім бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қ.Құлмұратов бастаған спорт командамыз тек бөлім ішінде емес, Мұғалжар ауданаралық жəне Ақтөбе стансасындағы ІІЖБ ұйымдастырған спорттық іс-шараларға белсене араласып, жүлделі орындарға ие болып отыр. Жеке құрам арасында спортқа ден қойған қызметкерлер баршылық, атап айтқанда полиция майоры Б.Сүйіншалин, полиция капитаны С.Бекетов, полиция аға лейтенанты Т.Базарбаев, полиция лейтенанттары А.Аташов, А.Жұмағұлов жəне басқалары. Олар бүгінде жастарға үлгі көрсетіп отырғандығын үлкен сеніммен айта аламыз. – Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында білікті кадрлармен қамтамасыз ету мəселесіне аса назар аударған еді. Осыған орай, біліктілікті арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарыңыз жəне алға қойған жоспарларыңызбен бөліссеңіз? – Елбасы жуырда өткен Қауіпсіздік

кеңесінің отырысында: «Форма киген адам мемлекеттің айрықша қорғауында болуы керек, қызметтік міндетін орындау барысында оның өміріне қол сұғылмаушылықтың қамтамасыз етілуіне кепілдік берілуге тиіс» – деп атап өтті. Бұл дегеніміз полиция қызметкері атына заты сай болуы қажет екендігін түсіндіреді. Осыған дейін де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдына құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, қылмыстық озбырлықтан азаматтар құқығын қорғауды күшейту, заңдылық пен тəртіпті нығайту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күресті ұйымдастыру кезінде қызметкерлердің кəсіби біліктілігі жоғары болу қажет екендігі айдан анық. Осы ретте бөлім басшылығымен, оның ішінде кадр жұмысы тобымен жеке құрам арасында құқықтық жəне қызметтік даярлықтар, практикалық дəрістер ұйымдастырылуда. Əрбір қызметкердің өзіндік ынтасы болуы басты қағида екенін ескерсек, біліміне біліктілігі сай көлік сақшылары ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтау ісіне зор абыроймен үлес қоса алады дер едім. Сұхбатыңызға рахмет. Сұхбаттасқан Айнұр ҚАБДОЛДАҚЫЗЫ,

ЖАУАПТЫ ІСТІҢ ЖАУЫНГЕРІ Гүлнəр МАҒЗҰМОВА

ЖҮРЕК ҚАЛАУЫҢМЕН АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫҢНЫҢ ЖЕМІСТІ БОЛАРЫН ӨМІР ӨЗІ ДƏЛЕЛДЕЙДІ. БІРАҚ МҰНДАЙ БАҚЫТ КЕЗ КЕЛГЕННІҢ МАҢДАЙЫНА ЖАЗЫЛА БЕРМЕЙТІНІ ТАҒЫ БАР. ӨЗІНІҢ БАЛА КЕЗДЕН АРМАНДАҒАН МАМАНДЫҒЫНЫҢ ТІЗГІНІН ҰСТАП, БАР ЖІГЕРІН ЕҢБЕГІНІҢ ТАБЫСТЫ БОЛУЫНА АРНАП ЖҮРГЕН ЖАНДАРДЫҢ БІРІ – АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ІІД ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫ АНЫҚТАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ ДАНИЯР ƏБУТƏЛІП. Анықтаушы – қара жолдың қасіретін көзімен көріп қана қоймай, тағдыры таспа жолдың үстінде үзілген əрбір адамның қазасын көріп, оның жақынтуыстарының қайғысын жүрегінен өткізетін ауыр мамандық. Қаншама қайғылы оқиғаларды көзімен көріп жүрген Даниярмен осы туралы сөйлесе қалсаңыз, «Адамның өмірі – Алланың құзырында. Жаратқанның жарлығымен ажал да біреуге ерте, біреуге кеш келеді», – дейді. Бүгінде баяғы Майқы би бабамыздың «темірден болар көлігің, темірден болар өлімің» деген сөзі қазіргі заманға тура келіп тұрғандай. Расында да мына жаһанданған заманның жақсылығымен қатар, қатері де көп болып тұр. Адам өмірін қиып түсетін жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – асығыстық. Қаншама адам көлікті асығыс айдап, бұл пəниден де асығыс кетіп жатыр. Қанша жерден адам осы өмірде өзінің пешенесіне жазылғанды көріп өледі десек те, мен үнемі жүргізушілерге «асықпаған адам арбамен-ақ қоян алады» деген сөзді ескерту ретінде айтып жүремін». Данияр туралы айтқанда осы бір шағын болса да шымыр денелі, жүрегіндегі шүпілдеген мейірімі көзінен көрініп тұратын азаматтың өмір жолының қалыптасу кезеңін айналып өту мүмкін емес. 1991 жылы Семей қаласында дүниеге келген Даниярдың отбасы 2003 жылы Талдықорған қаласына қоныс аударады. Əкесі Мəуленбай геология саласының маманы болса, анасы мейірбике еді. Қандай іске болмасын жауапты қарауды əкенің қатал қабағынан-ақ ұғынып өскен Данияр,

осы қасиеттің өмірінің мəніне айналарын ерте сезінді. Сондықтан да болар мектеп қабырғасында жүргенде-ақ əрбір сағатын есептеп, сабақтан тыс уақытта спортпен айналысты. «Спорт деген бір сиқыр» деген рас екен. Шым-шымдап тереңіне тарта түскен спорттың соңына шындап түспесе де, оны өмір бойы жанына серік етіп келеді. Оның Даниярдың өмір-кемесінің жақсы арнаға қарай жүзуіне тигізген пайдасы да мол болды. 2008 жылы мектеп қабырғасынан түлей сала, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы Академиясына оқуға түсті. Білімімен бірге күш-қайраты да мол адамдардың бағын ғана жандыратын оқу орнына мектеп бітіре сала түсуіне де осы спорт себеп болды десе де болады. Академияны абыроймен бітірген соң Талдықорған қалалық Ішкі істер басқармасына анықтаушы болып келді. Алғашқы қызмет орны –маманды шынықтыратын да, ширататын да сынақ алаңы. Жас жігіттің өз міндетін мінсіз атқаруға деген құлшынысын қапысыз таныған əріптестерінің де қамқорлығы Даниярды жігерлендіре түсті. Бірақ жігерді жанитын да бір себептердің болатынын ол жүре түсінді. Соның біріне ғана тоқталсақ. 2013 жылы Данияр Əбутəліп Алматы облысы бойынша «Үздік анықтаушы» деген атақ үшін тартысқа түсті. Балы жеткенмен бір ескертпе үшін жеңімпаздық тұғырына көтеріле алмады. Бірақ бұл сəл сəтсіздік Даниярдың намысына от беріп, бір жыл бойы қамшылай түскен еді. Бар ойы мен уақыты тек жұмыста болған мазасыз

күндер мен түндердің жемісі – оны ақыры жеңіс шыңына алып шықты. – Мен бақытсыздыққа душар болған адамдардың кез келгеніне қол ұшын бергім келіп тұрады. Ол бір жағынан əкемнің жастайымнан бойыма сіңірген тəрбиесі болса, бір жағынан өзім де қара жолдың қайғысын тартқан адаммын. 2012 жылдың қараша айында Алматы-Талдықорған тасжолының бойында əкем мен анам, інім, үшеуі бірдей жол апатынан көз жұмды. Бір отбасынан үш бірдей етжақыныңды бір сəтте жоғалту маған оңай болған жоқ. Жан дүнием қайғының қара қазанында қайнады. Артымнан ерген інім Дамир дүниенің дүрмегіне ілесіп те үлгермеді. Небəрі 13 жасында мезгілсіз ағып түскен жұлдыздай болып кете барды. Иə...қайсарлығы мен қайтпастығы атан түйенің белін қайыстырар азаматқа бұл қайғы оңай болған жоқ. Бірақ Данияр үшін қара түнектен көрінген жалғыз жарық сəуле – жұмысы болды. Ол айналасындағы адамдардың өмірінен ой түйе жүріп, Алланың басына салған сынағынан сынып кетпей, қайсарлық таныта білді. Тынымсыз еңбегінің арқасында тумысынан ақжарқын жігіт абырой

жинап, үздік атанды. Анықтаушы жол-көлік оқиғасы болған жерден табылатын қызмет болғанымен, істің ақ-қарасын қағаз бетіне түсіретін, яғни хаттама толтырудан қары талар қызмет. Данияр мүмкін өз мамандығын жанымен жақсы көретіндіктен де шығар, ешқашан «шаршадым» деген емес. Қайта жол-көлік оқиғасынан жапа шеккендердің жанына жалау болып жүргені. Данияр Мəуленбайұлының алынуы қиын абырой деген асудың биігіне шығуына қиындығы көп қызметтің қырсырына баулыған адамдардың да үлесі бар. Солардың бірі – анықтау бөлімін басқарған Сағыныш Абдрайымов. Əрбір жол-көлік апатының артында адам тағдыры тұратынын, сондықтан əрбір шешімді таразыға салып, кінəлі мен кінəсізді əбден анықтап барып шығару керек екенін үнемі жадында ұстауға баулыған да осы Сағыныш Абдрайымов. «Өмірде бір адамдар болады. Əріптесің емес, əкеңдей болып кететін. Сағыныш аға мен үшін сондай адам. Əсіресе, ата-анам мен бауырымнан бір күнде айырылып, есеңгіреп қалған кезімде ес жиюыма да осы кісі себеп болды. Айналаңдағы

адамдардың жақсы қасиетін кие тұту да Сағыныш Кəріпжанұлынан ауысқан əдет», – дейді Даниярдың өзі. Расында да «ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген сөздің бекер айтылмағаны шығар, бүгінде Данияр əрбір қозғалған істің бүге-шігесіне дейін жүрегінен өткізіп отырады. Əрине, əр мамандықтың өзінің қиындығы бар. Əсіресе, қылмысқа қатысты мамандық – полиция қызметкері болу оңай емес. Əрбір ісіңе асқан жауапкершілікпен қарауды айтпағанда уақытпен санаспай жұмыс істеуді қажет ететіндіктен полиция қызметкерінде бос уақыт деген бола бермейді. Ал, Данияр қызметтен қолы сəл қалт ете қалса спорт залдан табылады, тіптен оған да мұршасы болмай жатса жұмыс кабинетіне əкеліп қойған спорт құралдарымен жаттығады. Даниярдың өмірлік кредосы – алғысты көп алған адамның аты бəйгеден келеді деген қағида. Адалдықты ардың ісі санайтын абзал азаматтың адамдардан алған алғысы да аз емес. «Адамдар алғаш жол-көлік оқиғасына тап болғанда қатты əбігер күйге түседі де, оқиғаның неден орын алғанын толық саралай алмайды. Бірін-бірі кінəлап, ашуға бой алдырып жатады. Мұндайда оқиға болған жерге келген анықтаушы болсын, криминалист болсын сабырлы болуы керек. Жол-көлік оқиғаларының қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болатыны анық. Сондықтан ең алдымен жол апатына душар болғандарды сабырға шақырып, оқиғаның неден бастау алғанын анықтаудың маңызы зор», – дейді Данияр Мəуленбайұлы. Данияр жуырда ғана полиция капитаны деген атақ алды. Бұл оның өзі ісіне деген жауапкершілігін еселеп арттыра түсетіні сөзсіз. Жауапты істің жауынгері атанған Алматы облысының Талдықорған қалалық ІІБ анықтау бөлімінің бастығы, «Үздік анықтаушы» полиция капитаны Д.Əбутəліптің алар асуы əлі алда екеніне дау жоқ.


6

ӨЗЕКТІ №51 (4217), сейсенбі, 12.07.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

ДƏСТҮРЛІ ДІН

діңі мықты болсын десек... – Мақсатбек аға, қазіргі діни радикализм қатері сақталып тұрған аласапыран заманда еліміздің рухани кеңістігінің қауіпсіздігін аман алып қалу өзекті жəне маңызды, осы түрғыда Мүфтияттың б а стамасымен қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр? – Дін қоғамның маңызды саласы, мəдениеттің негізін қалаушы феномендердің бірі. Мемлекет діни бірлестіктердің дамуына тең жағдай жасап, олармен, əсіресе, халықтың тарихы мен дəстүріне жақын болғандарымен əріптестік қарымқатынас орнатып келеді. Ислам Қазақстандағы дəстүрлі жəне басымдыққа ие конфессия болып табылады. Бүгін ел ынтымағы айрандай ұйып, халықтың ықылас, ниеті түзу боп тұрған заман. Мұның нəтижесінде Ислам діні елімізде қарқынды даму үстінде. Мешітке келушілер саны артуда. Еліміздегі жамағаттың қажеттілігіне жетерлік мешіттер ашылып, олар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының айналасында топтасып бір ұжым болып қызмет етуде. Қазақстанда Нұр-Мүбарак университеті мен 9 медресе отандық ислам білім беру жүйесін құрып келеді.

Елімізде Мүфтияттың бастамасымен көптеген игі шаралар іске асырылуда. Халықтың діни сауатын арттыруға бағытталған жамағатпен күнделікті кездесу, бұқаралық ақпарат құралдарына шығу, сауат ашу курстарын жүргізу, имамдардың біліктілігін шетелдік ислам орталықтарында көтеру секілді көптеген кешенді шаралар ұйымдастырылуда. – Бүгінгі əлем мұсылмандарының 90 пайызын сунниттер құраса, олардың жартысынан көбі Ханафи мəзһабын ұстанады. Осы мəселе туралы айтып өтсеңіз? – Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Əбу Ханифа мазһабын ұстанатын сунниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дəстүрді, атаананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та əлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дəстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адасты-

ТАЛҚЫ

рып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дəстүріміз», – деп атап көрсетті. Діни басқарма қарауындағы мешіттердің түгелі Əбу Ханифа мəзһабы мен Матуриди діни сенім жолымен қызмет етуде. Осылайша, біріншіден шариғат амалдарының бір болуы басқа жат ағымдар мен бүліктің енуіне жол бермесе, екіншіден, ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан əрі күшейте түседі. Исламда бір мəзһабта болудың артықшылығы – халық біртұтас, ынтымағы мен бірлігі күшті, ұйымшыл болады. Орталық Азия мен Қазақстанда қанша ғасырлардан бері діни алауыздықтың болмай, ұрыскеріс, дау-жанжалдан іргесін аулақ салуының да бірден-бір сыры осында. Алайда, жайнамазға маңдайлары жаңадан тие бастаған кейбір бауырларымыздың діни білімі жəне тарихымыздан мағлұматы жеткілікті болмағандықтан, бейəдептік əрекеттер көрсетіп жатқандығы аландатпай

қоймайды. Мазһабты терістейтіндер бір-екі хадис пен аятты жаттап алып, шариғатқа терең бойламай, пəтуə айтып жатады. Бұл əбестік. Қазіргі діни радикализм қатері сақталып тұрғанда тұтастықты сақтап қалу маңызды. Дəстүрлі Ханафи мəзҺабына қарсы шығып, оны ұстанбауды насихаттайтын, ұлттық дəстүрді мойындамайтын, намаз оқымағандарды, соның ішінде əке-шешесін де мұсылман ретінде санамайтын, мұсылман елдерін біріктіріп халифат құрмақ болатын, жиһадты қан төгу деп қана түсінетін жəне басқа да неше түрлі шектен шыққан осындай келімсек топтар жалпы Исламның атына кір келтіріп, халықты діннен шошытуда. Сондықтан, дəл қазіргі сəтте, мəзһабты насихаттауға баса назар аудару қажет болып тұр. Себебі, жамағаттың арасында туындап жатқан жікшілдік мəселесін шешіп алмайынша, дін ісін ойдағыдай алға бастыру қиынға соғады. Қазақстанда жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру жəне ұлттық ерекшелікті сақтау жолында Имам Ағзам Əбу Ханифаның діни

ЖАҚЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ «ОРТАЛЫҚ» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНА АСТАНА ҚАЛАСЫ «ХАЗРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ МАҚСАТБЕК ҚАЙЫРҒАЛИЕВ ПЕН ДІНТАНУШЫ НИКОЛАЙ МЕРЗЛЯКОВ КЕЛІП «ОРТАЛЫҚ» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ТƏРБИЕ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРЛЕРІМЕН «ИМАМ АҒЗАМ ƏБУ ХАНИФА ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДƏСТҮРЛІ ИСЛАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗГЕН ЕДІ. ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БОЙЫНША БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ МЕРУЕРТ МЫСЫРДЫҢ МҰРЫНДЫҚ БОЛУЫМЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ҚАЗІРГІ ҚОҒАМЫМЫЗДА БОЛЫП ЖАТҚАН ДІНИ ЖАҢҒЫРУ КЕЗІНДЕ ХАНАФИ МАЗҺАБЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АЙҚЫНДАУ, ЕЛДЕГІ ТҰРАҚТЫ ДІНИ АХУАЛДЫ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ƏҢГІМЕ ҚОЗҒАЛДЫ. ОСЫ ТАҚЫРЫП ТӨҢІРЕГІНДЕ ДІН САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ӨЗ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛЫП, МАҢЫЗЫ МОЛ БАСҚОСУҒА ҚАТЫСҚАН «ОРТАЛЫҚ» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ЖАУЫНГЕРЛЕРІНІҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ. КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА «ХАЗРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ МАҚСАТБЕК ҚАЙЫРҒАЛИЕВПЕН СҰХБАТТАСУДЫҢ ДА РЕТІ КЕЛГЕН ЕДІ. мұрасы ерекше тарихи рөл атқарды. Əбу Ханифа мазһабы шариғатқа қайшы келмейтін кез келген дəстүрлерімізді ұстануға мүмкіндік беріп отыр. Бұл осымен де құнды. Қазақ халқының көптеген дəстүрлері исламға дейін де болған, исламнан кейін де осы хақ діннің аясында жоғалмай сақталып келеді. 2014 жыл Бас мүфтидің бастамасымен «Дін жəне дəстүр» жылы атанып, осы бағытта мазмұнды жұмыстар жүргізіліп келе жатыр. Мүфтияттың осы шараларының барлығына агенттік өкілдері де тұрақты түрде атсалысуда. Дегенмен, Əбу Ханифа ілімінің қоғамымыздағы рөлі дегенде, тек оның мұрасын дəріптеп мақтан етумен, оны тек діни жоралардың амал-тəртіптері ретінде ғана тану танымымыздың шектеліп қалуын білдіретін болады. Шын мəнісінде, Əбу Ханифа салған сара жолдың мазмұны жəне маңызы өте терең. Ханафи мазһабының өзге дін өкілдеріне деген байсалды ұстанымы арқылы Орталық Азияның мұсылман халқы мен осы жерлерді мекендеген басқа діндегі тұрғындар бейбіт өмір сүріп келді. Осы жерлерде көнеден бері буддистер мен несториан христиандар ешбір қыспақсыз өз діндеріне сеніп, емін-еркін өмір сүргені тарихтан белгілі. Мазһабымыздың осы бір құндылығын жамағатқа, жас буынға сініріп отыру қажет. Ханафи мазһабын ұстанған адамдар, оның ішінде біздің ата-бабаларымыз да мықты мұсылмандар болғаны тарихтан белгілі. Ислам дінінің кеңінен қанат жайып, ғылымда, өнерде жəне мəдениетте əлемдік өркениеттің жоғары сатысына жетуіне баға жетпес үлес қосқандар осы мазһабтың өкілдері десек, қателеспейміз. Орталық Азияға Ислам дінінің келуі арқылы, осы жердің данышпандары

хақ діннен нəр алып, білімге деген құштарлықтары арқылы, тек ислам іліміне ғана емес, əлемдік ғылымға үлестерін қосып адамзаттың тарихында өз орындарын алды. Əл-Фарабидің пəлсəпа мен логикаға, ибн-Синаның медицинаға, əлБирунидің астрономия, математика жəне географияға, əл-Хорезмидің географияға, əл-Ферғанидің астрономияға қосқан үлестері, ашқан жаңалықтары мен жасаған ізденістерінсіз осы ғылымдарды елестету мүмкін емес. Имам Мұхаммад əл-Бухари, Əбу Мансур ас-Самарқанди, Əбу Мансұр əл-Матуриди, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Ясауи жəне олардың көптеген замандастары мен ұрпақтары Орталық Азияның ғана емес күллі ислам əлемінің мақтанышына айналды. Ата-бабаларымыздың осы істерімен Орталық Азия ислам өркениетінің гүлденуі мен ислами ілімі дамуының тарихи орталығына айналды. Қазір Əбу Ханифа мұрасын жаңғыртуға бағытталған бірқатар шаралар Қазақстанда жəне көршілес елдерде қолға алынып жатыр. Алайда, осы істер əлі де жеткіліксіз. Мұраға қалған еңбектерді аударып шығару ол тек жарты іс. Ең маңыздысы осы мұраны халыққа түсінікті етіп жеткізу жəне сол құнды ілім мен даналарымыздың көзқарастарын қазіргі заманға лайықты етіп одан əрі дамыту. – Мақсатбек аға, бүгінгі таңда діни жəне зайырлы білімді қатар алып жүретін сауатты діни жетекшілердің аздығы білінеді, осы орайда бір-екі ауыз сөз айтып өтсеңіз? – Орталық Азия өңірінде тиісті ислами зерттеу орталықтарын дамыту арқылы, дінді де, зайырлы қоғамтану

ғылымдарын да жетік меңгерген заманауи ғұламаларды, исламтанушыларды тəрбиелеу қажет. Мемлекетіміздің басшысы XXI ғасырда еліміз дамуының бағытбағдарын айқындап берді. Осы мұратмақсаттарға жету жолында бірігіп жасайтын істеріміз, алатын асуларымыз көп. Сондықтан Исламнан рухани өнеге алып, жан-жақты қалыптасқан, еліміздің өркендеуіне атсалысатын ғалымдарымызға мұқтаждық зор. Ғұлама бабаларымыз, кезінде Исламның жəне жалпы əлем ғылымдарының дамуына қосқан үлестері қаншалықты құнды болған болса, қазір де осы ғұламалардың абыройына лайық бола алатындай ізін басатын данышпандардың істері қажет. XXI ғасырдың имамдары діни сауаттылығымен ерекшеленетін, өмір үрдісінен қалмайтын, жасампаздыққа ұмтылатын еліміздің абыройлы, жамағат арасында беделге ие азаматтар болуы керек. Ол үшін имамдар өз жүріс тұрысымен, барлық болмысымен жастарға мұсылманның үлгісін өз тұлғаларымен көрсете алулары керек жəне осындай жауапкершілікті əрдайым сезінулері тиіс. – Біз білетін дін осы бабаларымыз ұстанған Əбу Ханифа мазһабы, бұл жол ұлттық салтдəстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделгенін байқаймыз. Ендеше, бүгінгі тəрбиешілер, оның ішінде əскери тəрбиешілер жастарға, жас сарбаздардың саналарына дəстүрлі дінді сіңдіре білуіміз керек деген ойдамын. – Əрине, осы бағытта көп жұмыстар атқаруымыз керек. Сұхбатыңызға рахмет! Сұхбаттасқан Қанат ДОС, Қарағанды қаласы

Теріс ағымның тұзағы қандай?

ТАЯУДА ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛІК АЭРОҰТҚЫР ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ДІНИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖƏНЕ ЭКСТРЕМИСТІК ƏРЕКЕТТЕРГЕ ҚАТЫСҚАНЫ ҮШІН АЗАМАТТАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫН АРНАЙЫ САБАҚТА ҚЫЗУ ТАЛҚЫҒА САЛЫП, БҮГІНДЕ ҚОҒАМ НАЗАРЫН ӨЗІНЕ АУДАРЫП ТҰРҒАН МƏСЕЛЕ ТӨҢІРЕГІНДЕ ОЙ ӨРБІТТІ. Сабаққа Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мəселелерін зерттеу орталығы бөлім басшысы Жеңісбек Дəрібаев пен орталық маманы Самат Памбетов арнайы шақырылды. Сөз басында Жеңісбек Дəрібаев: «Əркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға құқылы. Бірақ ешкімнің де өз діни наным-сенімдері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға, құқығы жоқ», – деген ойын жеткізді. Қазіргі таңда елімізде діни сенімнен адасып, шетелдерге, Сирияға соғысқа отбасыларымен шығып жатқан азаматта-

рымыз бар. Осыған орай, басқосу барысында «Жақындарымызды дəстүрлі емес дін уағызшыларынан қалай қорғауға болады?», «Түрлі діни конфессиялардың ықпалынан өзімізді қалай қорғаймыз?», «Діни экстремизм мен терроризм дегеніміз не?» «Осындай топтарға мүше болу жəне экстремистік қылмыспен айналысу салдары қандай?» деген мағынадағы көптеген сұрақтарға жауап берілді. Сөз соңында Жеңісбек Дəрібаев қатысушыларға жастар арасында отансүйгіштік сезімді насихаттауға өз үлестерін қосуға шақырды. Орталық маманы Самат Памбетов слайдтар, бейнероликтер көрсете отырып, діни экстремизм, оның пайда болу себептері, түрлері, діни

экстремистердің əсер ету тəсілдері, олармен күресу жолдары туралы айтып берді. Экстремистік қызметтің басты мақсатын, оның белгілерін түсіндіріп, Қазақстанда экстремистік, террористік деп танылған сот органдары тыйым салған діни ағымдар туралы баяндады. Тақырып маңыздылығына тоқталған ол дəстүрлі жəне дəстүрлі емес діни ағымдардың айырмашылығын ажыратып берді. Жедел құтқару жасағының құтқарушылары тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, қызығушылықпен тыңдады. Сабақ барысында, қонақтар қызметкерлердің діни мəселелері туралы сұрақтарына нақты жауаптарын берді. Сонымен қатар, сенім телефондары мен діни интернет ресурстарының тізімі көрсетілген жадынамалар таратты. ІІМ Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының баспасөз қызметі


СПОРТ №51 (4217), бейсенбі, 12.07.2016 № 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ВОЛЕЙБОЛ

Күзет қызметінің жеңісі

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АЛАТАУ» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ІІМ-НІҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ДƏСТҮРЛІ СПАРТАКИАДАСЫ ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫНАН ФИНАЛҒА ШЫҚҚАН ҚОС КОМАНДА – ІІМ ƏКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ МЕН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ (АСТАНА ҚАЛАСЫ) БАСҚАРМАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ШЕШУШІ ОЙЫНМЕН ЖАБЫЛДЫ. Шешуші ойын болғандықтан болар, кездесу үлкен тартыспен өтті. Ə дегеннен-ақ, қарсыластар бір біріне дес бермеуге тырысып бақты. Соның ішінде аңғарылғаны, комитет командасында жасы б е лортадан асқан ойыншылары көп болса, Күзет қызметі командасы өңкей қылшылдаған жастардан тұрды. Ойын барысында да олардың алымдылығы аңғарылып тұрды. Бірақ, Əкімшілік полиция командасы да

СЫНАҚ

Николай Малыш – үздік қызметкер СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД-ДЕ ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ АНЫҚТАЛДЫ. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСҚАН ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚОҒАМДЫҚ ТƏРТІП ПЕН ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮЗЕТІП ЖҮРГЕН НАҒЫЗ ТƏРТІП САҚШЫСЫНЫҢ КƏСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕКТІГІН КӨРСЕТТІ.

осал қарсылас емес екендігін сан қайтара дəлелдеп отырды. Оны ойын есебінен де көруге болғандай еді. Үш кезеңге созылған партиялар азғантай есеп айырмашылығымен аяқталып отырды. Жарыс қорытындысында Мамандандырылған күзет қызметі (Астана қаласы) басқармасы жеңіске жетіп, шеберліктерінің шыңдала

түскендігін дəлелдеді. Осылайша, спарткиаданың волейбол жарысында бірінші орынды Мамандандырылған күзет қызметі (Астана қаласы) басқармасының командасы, екінші орынды ІІМ Əкімшілік полиция комитеті командасы, үшінші орынды Жедел бөлімше командасы иеленді. Суретті түсірген автор

Жедел жасақтың жоғары дайындығы

АСТАНА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛІК АЭРОҰТҚЫР ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНДА КЕШЕНДІ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ.

ұйымдастырылып, құтқарушылар қол күресі, арқан тарту жəне турникке тартылудан сайысқа түсті. Арқан тартысу сайысының

қорытындысы бойынша бірінші орынды 3-ші құтқару бөлімшесі иеленді. Екінші орынды 2-ші құтқару бөлімшесі қанжығасына байлады. Ал, үшінші орынды 4-ші бөлімшесі құтқарушылары ұтты. Ал, қол күресі сайысында 2-ші бөлімше құтқарушылары бірінші орын иесі атанды. Турникке тартылу сайысы 4-ші құтқару бөлімшесінің жеңісімен аяқталды. Жарысқа барлығы 28 құтқарушы қатысты. Шілде айының күйдіріп тұрған күніне қарамастан жасақ қызметкерлері барлық жарысқа белсенді қатысып, денешынықтыру дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетті. Жарыс аяқталысымен жеңімпаздарға құрмет грамоталары тапсырылды. «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ

ӨРТ СӨНДІРУ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ

Мықтыларды анықтаған ашық чемпионат

КӨКШЕТАУДА ӨРТ СӨНДІРУ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША «КӨКШЕТАУ-2016» ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ VI ЖАЗҒЫ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ. Спорттық шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында өрт құтқару спортын кеңінен насихаттау, ұлттық құрама командасын жинақтау үшін ең мықты спортшыларды анықтау. Чемпионатта əр облыстың, Астана жəне Алматы қалаларының ТЖ департаменттерінің, мамандандырылған Тараз колледжінің, мамандандырылған Шымкент колледжінің спортшылары, барлығы 18 команда бақ сынасты. Жасөспірімдер 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту, өрт сөндіру эстафетасы жəне жауынгерлік қанат жаю, шабуыл баспалдағымен көтерілу жарыстарында күш сынасты. 6 шілде күні чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Құттықтау сөзімен «ҚР Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ атқару комитетінің директоры Д.Данаев, Ақмола облысы əкімінің орынбасары Ж.Нүркенов, Ақмола облысы ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А.Советов сөз сөйледі. Спорт федерациясының атынан Дəурен Төлегенұлы естелік сыйлық сыйлап жəне барлық қатысушыларға жүлделі орындарға белсенді қатысуларын, лайықты нəтиже көрсетулерін, жауынгерлік табандылық жəне жоғары дайындығын көрсетулерін тіледі. Ашық чемпионатқа құрметті қонақ ретінде аймақ басшылары,

7

Динара САҒЫНДЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Шара аясында жасақ құтқарушылары «Астана-2030. Болашақ қаласы» атты бейнеролик тамашалады. Сонымен қатар, спорттық жарыстар

е-mail: nastraje@mail.ru

Ішкі саясат басқармасы, Ішкі істер департаменті, денешынықтыру жəне спорт басқармасының өкілдері, ТЖ департаментінің ардагерлер кеңесінің мүшелері, сонымен қатар, өрт-құтқару спортының ардегерлері қатысты. Алғаш рет жасөспірімдер арасындағы көрсетілімдері көрсетілді. Ашылу салтанаты «Достар» мəдениет үйі əртістерінің концерттік нөмірлерімен жалғасын тапты. Сол күні командалар 4х100 өрт сөндіру эстафетадан жəне 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өтуден жарысқа түсті, онда олар тек қана білектің күшін көрсетіп қоймай, өрт сөндіру техникасын білу машығын да көрсетті. Алғашқы үштікте жүз метрлік кедергілермен жолақтан өтуден кіші топтардың жасөспірімдер арасында жеке сынағы бойынша бірінші орынды Астана қаласынан Аманбай Жəнібек (19,67 сек) иеленді, екінші орынды Алматы қаласынан Еділ Тұрсынбаев (20,24 сек), Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Диас Таңқыбаев үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ, орта жастағы жарыс түрі бойынша бірінші орынды Астана қаласынан келген Ансар Шамшоллаев 21,15 секунд нəтижесімен иеленді, екінші орынды Павлодар облысынан 31,10 секунд нəтижесімен Рахат Анварбек жəне үшінші орынды Қызылорда облысы Кирилл Добранюк иеленді. Финалда ересек топтағы

жасөспірімдер арасында бірінші орынды Шымкент мамандандырылған колледжінің спортшысы Данил Пузиков, екінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан Мақсат Романов, ал үшінші орынды Шымкент мамандандырылған колледжінің спортшысы Бексұлтан Тұрсынғазы иеленді. Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша бірінші орын Шығыс Қазақстан облысы, екінші орын Оңтүстік Қазақстан облысы, ал үшінші орынды Батыс Қазақстан облысы алды. Өрт сөндіру эстафетасында бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, екінші орынды Қостанай облысы алды, ал Шымкент мамандандырылған колледжі үшінші орынға ие болды. Чемпионаттың бірінші күнін қорытындылай келе, Қазақстан Ре спу б ликасы өр т сө ндіру жəне құтқару спорты федерациясының директоры Дəурен Данаев барлық қатысқандарға қатысушылар мен команда жетекшілерінің үздік спорттық нəтижелері үшін алғыс білдірді, адал күрес пен табандылығын көрсете отырып, жарыстың алғашқы күні жоғары ұйымдасқан деңгейде өтті деп айта кетті. Спортшылар, жаттықтырушылар, жанкүйерлер, көрермендер – барлық қатысқандар бұл ауқымды іс-шарада өздерін үлкен жəне топтасқан команда ретінде сезінді. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Жол-патрульдік полицейлері екі күн бойы өзара сынға түсіп, кəсіби шеберліктерін көрсетті. Алғашқы күні тəртіп сақшылары қызмет бабында қолданатын заңнамадан сынақ тапсырды. Мұның жол қозғалысын реттеуде бірінші кезекте орыны бар. Өйткені, қозғалысты реттеуде жылдам болып, нақты шешім қабылдап, қырағы болу қажет. Бұл сында жол-патрульдік полиция қызметкері, полиция сержанты Николай Малышқа тең келер ешкім болмады. «Ұрыс қаруынан оқ ату, қоянқолтық ұрыстың айла-тəсілдерін білу – жол-патрульдік полицейлердің кəсібиліктерінің негізгі көрсеткіштері. Байқауға қатысушылар жол қозғалысы ережелерін білуден емтихан тапсырып, көлік жүргізу машықтарын көрсетті», – деді Жергілікті полиция қызметі мамандары. Байқаудың жеңімпазы атанған Николай Малыш тек заңнаманы білетіндігімен ғана ерекшеленген жоқ. Енді ол шілде айының соңында республикалық конкурсқа қатысады. Екінші орынды полиция аға сержанты Асхат Құрмашев, ал үшінші орынды полиция аға сержанты Дмитрий Белоусов иеленді.

ШАҒЫН ФУТБОЛ

Елорда құрметіне орай өткен сайыс

АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚОСТАНАЙЛЫҚ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ҚАЛАНЫҢ ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМДЕРІ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ. Спорттық шараны ұйымдастырушылар жарыстың басты мақсаты – ең бастысы жеңіс емес, саламатты өмір салтын, денешынықтыру мəдениетін насихаттау екенін атап өтті. Жаңбырлы ауа райына қарамастан сайысқа қатысушылар ұйымшыл əрі тартысты ойын көрсете білді. Ойын барысында алаңда шынайы бəсекелестікті байқауға болатын еді. Əр құрама өз алаңын табандап тұрып қорғай білді. Қарсыластар қақпасына қауіпті сəттер тудырған қарқынды шабуылдар көп болды. Сондықтан да əр құрама жарыста жеңіске лайықты болғанын атап кеткен жөн. Алайда, жарыс қорытындысы бойынша Қостанай қаласы №1 ӨСБ жеңімпаз атанып, лайықты бірінші орынды иеленіп, жеңімпаз кубогын қолдарына алса, екінші орынға №2 АӨСБ құрамасы жəне үшінші орынға №3 ӨСБ құрамасы орнықты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, ерекше көзге түскен ойыншылар грамоталар жəне арнайы сыйлықтармен марапатталды. Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі

ҚАЗАНАМА

ИВАН ДМИТРИЕВИЧ КАРАВАЕВ

Ұлы Отан соғысы жəне тыл ардагері, ІІМ-нің құрметті ардагері, Ұлы Отан соғысының І жəне ІІ дəрежелі ордендерінің, Қызыл жауынгер белгісі орденінің иегері, отставкадағы полиция полковнигі Иван КАРАВАЕВ өмірден озды. Ақсақал биыл 91 дейтін мерейлі жастың биігіне шыққан еді... Иван Караваев 1925 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 1943 жылы артиллерия училищесін бітіргеннен кейін Украина майданына жолданды. Ол осы құраммен Днепрден Прагаға дейін, сондай-ақ Болгария, Венгрия, Австрия, Чехия жəне Славакия елдерін жаудан азат етуге қатысты. Кеңес əскерлері жеңіске қол жеткізген соң аға лейтенант Иван Караваев, фашистерді жеңген майдандас жолдастарымен бірге Қиыр Шығысқа Манчжурияны азат етуге үлес қосты. Артынша Германияның Подстам қаласына кеңес əскері тобына жіберіліп, онда тағы да жеті жыл қызмет атқарды. Ол Мəскеу қаласында Ұлы Жеңіс күніне арналған алғашқы əскери шеруге қатысқан майдангер. 1952 жылы Қазақстанға оралды. Соғыстан кейін ұзақ жылдар бойы Отанға адал қызмет етті. 20 жылға жуық Көліктегі ішкі істер қызметінде жұмыс істеді. Полиция полковнигі зейнетке Целиноград стансасындағы қылмыстық іздестірудің аға инспекторы лауазымында шықты. Өзінің жарқын өмір жолын соғыс ардагері Отанға, өзі шынайы патриоты бола білген еліне қызмет етуге арнады. Соғыс ардагері, өзінің көптеген жолдастары секілді еңбексүйгіштік қасиетімен, сертке адалдығымен жас ұрпаққа үлгі бола білді. Ардагердің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мəңгілікке сақталады. ІІМ Көліктегі ІІД-нің басшылығы мен жеке құрамы жəне Ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысы жəне тыл ардагері, ІІМ-нің құрметті ардагері, отставкадағы полиция полковнигі КАРАВАЕВ Иван Дмитриевичтің қайтыс болуына орай марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


8

СӨЗ СОҢЫ №51 (4217), сейсенбі, 12.07.2016 е-mail:sakshy@mediaovd.kz

ИГІ ІС

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ Айткен ШƏМШІ

ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ МЕН БАС КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАРТТАР МЕН МҮГЕДЕКТЕР ҮЙІНДЕГІ ҚАМКӨҢІЛ ЖАНДАРҒА АРНАП ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІН ҚОЙДЫ. Өткен аптаның аяғында Астанадағы Көктал кентінің аспанында əн қалықтап, күй күмбірледі. Бұл əдеттегі той-томалақтың даңғаза əуендері емес еді. Бұл күні мұндағы ата-əжелеріне бүлдіршіндер қонаққа келіп, əнжырдан шашу шашып, өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдар мен картиналарын табыс етті. Қарапайым жұрт арасында «қарттар үйі» деп аталып кеткен бұл мекенжайдың жүруге жарамды тұрғындарының бəрі аумағы ат шаптырымдай қоршалған алаңқай ішіндегі жасыл желегі жайқалған Тəуелсіздік аллеясына аяңдады. Таңылған арбасын қайраты қашыңқыраған қолдарымен итере дөңгелетіп аллеяға

қарай беттегендерді де көзің жиі шалады. Əлеуметтік қызметкерлер деп аталатын мамандар контингентіне де сол күні айрықша жұмыс табылған. Олар тіптен қауқары таусылса да, қайран көкірегі қалап тұрған шараны тамашалауға ниеттілерді өбектеп əлек. Айтары жоқ, ол кісілердің жүріптұруын əлеуметтік қызметкер қыздар жан-тəнімен атқаруда. «Бұл кісілер тағдырдың тəлкегімен осында келіп қалған, біздің атааналарымыз сияқты қариялар ғой. Қарттардың бір күнгі қуанышының өзі бізге үлкен лəззат сыйлайды. Олар бала сияқты сəл нəрсеге қуанып, болмашыға мұңаяды, – дейді осы мекеменің

мəдени шараларды ұйымдастырушысы Мейірхан Арғынбаева. – Əрине, адам болғасын мінездері де ала-құла болады. Əрнəрсеге қызығушылықтары да əртүрлі. Тіптен, жүре алмайтындар немесе табиғаттың кейбір мезгілдерін жақтырта қоймайтындар болады. Сондықтан ондай ата-əжелерімізді көп мазаламаймыз». Ашық аспан астындағы мəдени шаралар өткізу алаңына осындағы 299 тұрғынның шамасы жеткен 50-60-ы жиналды. Бұлар негізінен өз беттерімен еңбек терапиясымен шұғылданып, өздерін-өздері ширатып жүргендер. Бас прокуратура қызметкерлерінің балаларынан құралған үлкен шығармашылық ұжымның бет алысы мен өнерлері адам сүйсінерліктей. Əн дейсіз бе, би дейсіз бе, күй дейсіз бе – бəрі осында. Өнерпаздардың өнерлері бірінен бірі өтеді. «Жарайсыңдар!» деген қариялардың дауыстары балаларға қанат бітіргендей. Балғындар бұрыннан түрлі шараларда өнер көрсетіп жүрсе де концертті жүргізушілер желкілдеген жас құрақ Балжан Ниязбек пен болашақ тенор Əлішер Сексенбаев əу баста тосылыңқырап бастаса, қарттардың демеуінен кейін бауырларын жаза түсті. Арайлым Дайрабаеваның, Жұлдыз, Еңлік, Қарақат сияқты отбасылық, сондай-ақ «Мұрагер»

Жазғы жұмыспен қамту

АКЦИЯ

ЕКІБАСТҰЗДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АУМАҚТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІМЕН, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫМЕН БІРІГЕ ОТЫРЫП, КƏМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫМЕН «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ» АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ. Акцияға əр жастағы 17 мың бала тартылды. Соның ішінде ювеналды полицияда жəне мектепішілік тіркеуде тұрған 110 жасөспірім жəне жағдайы төмен отбасылардан 189 бала қатысты. «Қайнар» кешенінің базасында тіркеуде тұрған балалар жасағы үшін əлеуметтік-психологиялық бағдарламалар жəне тамақтандыру ұйымдастырылды. Каникул кезінде 1700 оқушы қаланың кəсіпорындары мен шаруа қожалықтарында жұмысқа тұрғызылды. Мəселен, «Эмирэйт» ЖШС ұсынған жұмыстар үшін мектеп бригадалары ұйымдастырылды. Мұнда əр бір бригада мүшесі 4 сағат жұмыс істегені үшін 25 мың теңге еңбекақы алды. Білім беру бөлімі 600 оқушы үшін оқушылардың еңбек жасағын

ұйымдастырды. 14 аула клубында шағын аудандардағы ойын жəне спорт алаңдары үшін 2233 жасөспірім тартылды.

Ойлан, тап!

ІІБ ювеналдық полиция қызметкерлері «Қайнар» кешені өкілдерімен бірлесе отырып, полиция тіркеуінде тұрған жасөспірімдермен футболдан жолдастық кездесу өткізді. Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен жүлделер табыс етілді. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВ Əдебиет жанры

Еуропа елі Таңғы ас

... Поветкин

Нала

Көлік маркасы Жер бедері

Сөз басы

Киелі кұс

қарттар үйіндегі ата-əжелерін ортаға алып суретке түсті. Тіптен, балғындардың кейбіреулері өз атаəжесін көргендей мойындарына асылып, беттерінен сүйіп жатты. Осы кезде шарасыздықтан булыққан атаəжелердің көздеріне жас үйірілгеннен басқа амалы қалмағандай. Екі сағаттық кездесудің мəрелік уақыты да таяды. Екі ұрпақ бірін бірі қимай қоштасып тұрды. Оны қарттар мен мүгедектер үйі тұрғындары атынан сөз алған Ғалия Мұхамедиярова былайша жеткізді: «Біз жайнаған жауқазындай болған сендерді қимай тұрмыз. Балапандар, өмірлерің ұзақ болсын! Сендер мына орындарынан əрең қозғалатын ата-əжелеріңе қандай қуаныш, қандай бақыт сыйлағандарыңды білесіңдер ме?! Осы кісілер енді сендерді апталап, айлап əңгіме қылып, өздеріңе, өнерлеріңе тамсанып отыратын болады. Жазғы демалыс кезі болса да, уақыттарыңды бөліп қарттардың көңілін көтеруге келген сендерге, өздеріңді бастап келген Аида Қылышқожақызына алғысымыз зор. Өркендерің өссін!», – деді Астана қаласы қарттар мен мүгедектер үйі директорының əлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жанар Есенаманова. Суреттер автордікі

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Түрмеде қиылған неке

Г.НОКРАБЕКОВА, Жамбыл облысы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД-ГЕ ҚАРАСТЫ ЖД-158/4 МЕКЕМЕСІНДЕ АСТАНА КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ОСЫ МЕКЕМЕДЕ ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖАТҚАН СОТТАЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ТУЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ.

Шара шеңберінде ашық есік күніне қатысушылар тағы бір қуанышты оқиғаның куəсі болды. Елорда тойында жазасын өтеуші Оралбек Аханов пен Ботагөз Абекова отбасын құрып, салтанатты неке қию рəсімін мекеме қабырғасында жасады. Оралбек Аханов ЖД-158/4 мекемесінде 2012 жылдан бастап жазасын өтеуде. Ботагөз екеуі бірін-бірі бала кезден танитындарын айтты. Бізбен əңгімелесу барысында Ботагөз: «Екеуміз де Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Жетісай ауылының тумасымыз. Балалық, жастық шағымыздың əрбір күнін бірге өткіздік. Кейінірек, тағдырдың жазуымен екеуіміз екі қалада еңбек етіп жүрдік. Қазіргі уақытта өзім Астана қаласында тұрып, «Балапан» телеарнасында эстрадалықвокаль маманы болып қызмет атқарамын. Ал, Оралбектің осында болғаны – бұл уақытша қиындық. Басқа түскен қиындықты бірге жеңеміз деген ниеттеміз», – деп ағынан жарылды. Ашық есік күні шарасы соңында жас жұбайлар мен келген қонақтар сотталғандардың ұйымдастырған концерттік бағдарламасын тамашалады. Біз өз тарапымыздан жас отаудың шаңырағы биік, керегесі кең, сүйіспеншіліктері ұзағынан болуын тіледік. Бас-аяғы 90 сотталғанның туған-туыстары жиналған шараға сонымен қатар, Қазақстандық адам құқығы жəне заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының өкілі Р.Халидов жəне Жамбыл облыстық «Əділет орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Айтенов, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы шақырылды. Келген қонақтар мекеме басшылығына жəне облыстық ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы, əділет полковнигі Н.Негметжановқа көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Келген туыстарды сотталғандардың тұрмыстық жағдайы, тамақтануы жəне бос уақыттарын қалай өткізіп, немен айналысатындары қызықтырды. Мекеме басшылығы олардың мекеменің тыныс-тіршілігімен, асхана, спорт алаңымен, мекеме кітапханасымен жəне сотталғандардың жатын орындарымен таныстырды.

Боксшы Келл...

...жолбарысы «... мен аю»

Ирина

... Арапбаева

Мал-... аман ба?

папасы

...Құдай жақ Сүре атауы

ЖОО басшысы

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА «Қазақстан Республикасы ішкі Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, істер органдарының Медиа Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

топтарының, Балжан Ниязбектің, Ділнұр Ғабдуллаеваның, «Балапан» бишілер тобы жəне Аружан Ахманованың, ағайынды күйшілер Дияр мен Дəмір Уəлилер, туысқан халықтар биінің орындаушысы Айсұлу Фархаттың өнерлеріне жиналғандар дуылдата қол соқты. Айсұлумен бірге Кавказ жəне Шығыс халықтары биіне қосыла кеткен екі аяқтан айырылған мүгедек жан Петр Селенскийдің өнері арнайы қошеметке лайық еді. Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген осы шараға прокуратура қызметкерлерінің өнерлі балаларының басын қосып, шығармашылыққа дайындау бағытында тер төккен Бас прокуратураның шығармашылық саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Аида Ануардың еңбегіне сүйсінбеске болмайды. «Бұл бағдарлама бір күннің ғана жұмысы емес. Осы шара барысында заң-құқық қызметкерлері тек қылмыспен күресіп қоймай, бала тəрбиесіне зор көңіл бөлетіндіктерін көрсетті. Мына ұйымшылдықпен өткізілген концерт соның дəлелі. Сондықтан мен əріптестеріме алғыс айтуға тиіспін», – дейді Аида Қылышқожақызы. «Тəрбие талбесіктен басталады» демекші, отбасында алған оң тəрбие бос кетпегенге ұқсайды. Балалар

Тілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ, Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды. Индексі: 65395 Таралымы: 12678 Тапсырыс: №3027

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Неля АРЦИМОВИЧ Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Айткен ШƏМШІ


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.