Сақшы №49 (4215)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№49

(4215), 5.07. 2016, сейсенбі

www.mediaovd.kz

Газет 1933 жылдан бастап шығады

«АТАМЕКЕНДЕГІ» АЙТУЛЫ ШАРА

БАУЫРЛАС ЕЛДЕР ЕЛШІЛЕРІ КЕЗДЕСТІ Қазақстанның Түркиядағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлымен кездесті. Жүздесу барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Анкараға ресми сапары, қазақтүрік қарым-қатынасының жай-күйі, болашағы талқыланды. Екі елшінің əңгімесі түрік-орыс қатынасын реттеуде үлкен рөл атқарғаны үшін Н.Назарбаевқа түрік елшісінің алғыс білдіруімен басталды. Сапар бағдарламасы талқыланған соң, М.Чавушоғлы Түркия үшін жақында ғана БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болып сайланған бауырлас республиканың жоғары делегациясын күтіп алу мəртебе екенін жеткізді. «Бұл – Н.Назарбаевтың ішкі жəне сыртқы саясатының арқасында Қазақстанның халықаралық аренада беделі зор екендігін білдіреді», – деді ол. Ж.Түймебаев министрдің жылы лебізіне алғыс білдіре отырып, екі елдің саяси, экономикалық, мəдени байланысы дамуының негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Тəуелсіздік алған тұста Қазақстан мен Түркия арасында орнаған қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Мысал ретінде елші жақында ғана өткен Түркиядағы Қазақстан күндерін, Сүйінбай Аронұлының мүсіні қойылғанын, Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай ұйымдастырылған конферецияны, ҚР өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаны айтты.

ТҮМЕН ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТІЛЕГІ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше боп сайлануы – қазақстандықтардың ғана емес, тарихи Отанынан тыс жерде өмір сүретін жалпы қазақ халқының үлкен жеңісі. Бұл жөнінде Ресейдің Түмен облысындағы Қазақ ұлттық-мəдени автономиясының президенті Есенғали Ыбыраев мəлімдеді. «Біз, Ресейдегі қазақтар, ата-баба жеріндегі оқиғаларды жіті бақылап отырамыз, əлемдік саясаттағы Қазақстанның жетістіктерін естігенде, кеудемізді мақтаныш кернейді. Əлемнің жүрегі саналатын Еуразия құрлығының ортасында орналасқан Қазақстан Елбасының көреген саясатымен көп векторлы бейбіт саясат ұстанып, серіктестер мен достар санын арттыруда», – деп атап өтті Түмен қазақтары автономиясының басшысы. Есенғали Ыбыраевтың айтуынша, Қазақстан тəуелсіз 25 жыл ішінде алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылу жолында нық сеніммен қадам басып келеді. Əлемдік бейбітшілікті нығайтуда біздің де еліміздің қосар үлесі бар. Қазақстан ХХІ ғасырдың ең басты мəселесі – террористік қауіпті асқан дəлдікпен еңсере алатынын көрсетті.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ЖОҒАРҒЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ РƏСІМ АЯСЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ ЖОҒАРЫ ƏСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ОФИЦЕРЛІК ШЕН ТАПСЫРДЫ. ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚОЛЫНАН 12 ТҮЛЕК – ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ҚҰРЛЫҚ ƏСКЕРЛЕРІ ƏСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ІШКІ ƏСКЕРЛЕР ƏСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ƏСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҮЗДІК БІТІРУШІЛЕРІ ШЕН АЛДЫ. Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға арнаған сөзінде мемлекеттік ту əрбір қазақстандық үшін қасиетті құндылық болып саналатын ұлттық бірлік нышаны екенін атап өтті. «Бұл – тəуелсіздігінің 25 жылдығын биыл тойлайтын еліміздің асқақ рəмізі. Біз егемен Қазақстанды осы көк ту астында бірге құрдық. Ширек ғасыр ішінде қуатты мемлекеттің іргесі берік ғимаратын бірлесіп салдық. Жақында ғана республикамыз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Əлемдік қоғамдастық планетадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне атсалысу сынды биік миссияны Қазақстанға сеніп тапсырды. Бұл – еліміздің биік беделі мен табысты дамуының мойындалуы. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі жұмыс біздің туымызды бұрынғыдан да танымал ете түседі», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы республиканың жоғары əскери оқу орындарының барлық түлектерін құттықтап, қазақстандық патриотизм түрлі салада, соның ішінде, ең алдымен Отанға қызмет етуде көрініс табатынын айтты. «Бүгін біз жоғары əскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шендер тапсырамыз. Осы күндері мыңдаған қазақстандық жас оқуын аяқтап, үлкен өмірге аяқ басады. Сіздер өз жолдарыңызды елдің бас байрағының алдында, салтанатты жағдайда бастап отырсыздар. Бұл кездейсоқтық емес, себебі сіздер қоғамда құрметке ие айрықша мамандықты таңдадыңыздар. Сіздер бірнеше жылды жақсы білім алуға, жаңа машықтарды игеруге, достық пен өзара көмектің құндылығын түсінуге арнадыңыздар. Енді осының бəрін тəжірибеде қолдану керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті мемлекеттік ту көтеру рəсімі дəстүр бойынша Астана күніне арналған іс-шаралардың бастауы болып саналатынына назар аударды. «Биыл біз Астананың 18 жылдығын – кəмелеттік жасқа толуын атап өтеміз. Бұл – биіктер бағындырылған жəне сол биіктен жаңа перспективалар көрініп тұрған кез. Тəуелсіздік тудырған Астана құлпырған үстіне құлпырып, қарыштап өсуде. Бұл қала елді біріктіріп, жаңа табыстарға жетелеп, көш басында келеді», – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев елорданың миллионыншы тұрғыны өмірге келгенін айтты. «Бүгін ертеңгісін Мұхамедияровтар отбасында Астананың миллионыншы тұрғыны өмірге келгенін зор қуанышпен хабарлаймын. Сəбидің анасы – балабақша тəрбиешісі, əкесі – электр монтері. Енді біздің елорда миллион тұрғыны бар қалалар қатарына енді», – деді Қазақстан Президенті. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқын алдағы Астана күнімен құттықтап, бейбітшілік пен татулық, тыныштық пен бақбереке тіледі.

САЛТАНАТ

ƏСКЕРИ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ Руслан ЖАНГУЛИН, Астана қаласы

ТАЯУДА АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕЛЕРІ ҮШІН ДƏСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН ƏСКЕРИ ОРКЕСТРЛЕРДІҢ V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ƏСКЕРИ КЕРНЕЙ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ФЕСТИВАЛЬ ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ. Биылғы халықаралық байқауға іріктеу сындарынан сүрінбей өткен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының үздік деген əскери оркестрлері өнер көрсетті. Олардың қатарында Ұлттық ұланның үлгілікөрсетімді оркестрі, Əскери институт, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 6506, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 жəне «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 5518 əскери бөлімдерінің əскери оркестрлері елорда төрінде салтанат құрды. Фестивальдің құрметті қонақтары қатарында Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, ҰҚК Шекара қызметінің бірлескен оркестрі жəне ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық оркестрі болды. Өнер додасының көркін шет елдерден келген Ресей Федерациясы Ұлттық ұланының Солтүстік-Кавказ өңірлік қолбасшылығы штабының əскери оркестрі (Ростов на Дону қаласы) мен Қытай Халық Р е с п у бли к а с ы Х а л ы қ т ы қ қ а р у л ы полициясының «Защитник» оркестрі қыздырды. Айта кету керек, ресейліктер бұған дейін фестиваль-

ге бірнеше мəрте қатысса, қытайлық қонақтар алғаш рет Астана төрінде өнерлерін ортаға салды. «Əскери керней» фестивалінің алғашқы күнінде Ұлттық ұланның əскери оркестрлері өзара тартысқа түсіп, байқаудың жеңімпазын анықтады. Ұлттық ұлан Бас

қолбасшысының орынбасары, генералмайор Альберт Мəткəрімов бастаған комиссия құрамы өнерпаздардың орындаған туындыларын жіті бақылады. Əскери оркестрлердің репертуарлары түрлі жанрларды қамтыды. Олардың ішінде отандық сазгерлердің халық, эстрадалық жəне классикалық туындыларымен бірге шетелдік атақты композиторлардың да белгілі шығармалары орындалды. Ұлттық ұланның үлгілі-көрсетімді оркестрі, Əскери институт пен өңірлік қолбасшылықтар əскери оркестрлері байқауға тыңғылықты дайындықпен келгендері байқалып тұрды. Десек те, сайыстың аты сайыс. Ю.Хайттың «Все выше», Чернецкийдің «Танкистер маршы», П. Снаговскийдің «Ұлттық ұлан», Николаевтың «Фантазия» туындыларын орындаған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 5518 əскери бөлімінің оркестрі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының жүлдесі үшін өткен байқауда Бас жүлде иегері атанды. Үш күн ішінде еліміздің, Ресей мен Қытайдың əскери оркестрлері елорда алаңдарында əуелеген оркестр əуенімен қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша əрі тартымды мəдени кештер ұйымдастырды. Маусымның 24 күні 5573 əскери бөлімінің саптық алаңында V халықаралық «Əскери керней» фестивалінің салтанатты ашылуы өтіп, ресми түрде алаң иелерімен бірге Ресей мен Қытайдың тулары көкке көтеріліп, əнұрандар ойналды. Бұл жерде фестивальдің барлық қатысушылары

түрлі жанрдағы музыкалық композицияларды орындады. Осы күні кешке таман елорданың бірқатар алаңында бір уақытта əскери оркестрлер ұжымы қала тұрғындары алдында өнер көрсетті. Ал маусымның 25 күні сағат 18.00-де Астана қаласы əкімдігінің алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының жүлделері үшін V халықаралық «Əскери керней» фестивалінің саптық концерті өтті. Айтулы шараға Ішкі істер министрі, полиция генералполковнигі Қалмұханбет Қасымов, министрлік басшылығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, Парламент депутаттары, Астана гарнизонының əскерилері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Концерт басталмас бұрын Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, генерал-

лейтенант Руслан Жақсылықов фестивальдің арнайы сыйлығы, кубогы жəне дипломымен Қытай Халық Республикасы Халықтық қарулы полициясының «Защитник» оркестрін (дирижері – подполковник Ли Сычэн), Ресей Федерациясы Ұлттық ұланының Солтүстік-Кавказ өңірлік қолбасшылығы əскері штабының оркестрін (оркестрдің көркемдік жетекшісі, РФ еңбек сіңірген əртісі подполковник Сергей Литвинов), Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрін (дирижері, ҚР еңбек сіңірген мəдениет қайраткері, подполковник Тілек Ерғалиев), ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық оркестрін (дирижерлік жасаған лейтенант Данияр Бөлтіріков) жəне ҰҚК Шекара қызметінің бірлескен оркестрін (дирижері майор Самат Құрмантаев) марапаттады.


2 Ə

ЖАҢАЛЫҚТАР №49 (4215), № сейсенбі, 5.07.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

-А М Е Л

ҚП

Т АРА

АҚШ

АҚШ азаттығына – 240 жыл Кеше АҚШ ең басты жалпыұлттық мейрамы – Тəуелсіздік күнін тойлады. Биыл Американың Британия бодандығынан азат етілгеніне – 240 жыл. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Дəстүр бойынша, АҚШ астанасының орталығында тарихи жəне патриоттық бағыттағы мерекелік іс-шаралар өтті. Ең алдымен, күндізгі уақытта АҚШ Конгресінен президент Авраам Линкольн мемориалына дейін созылған Вашингтонның орталық желек жолында екі сағаттық парад өтті. Конститьюшнавеню бойымен көптеген оркестр, əскери бөлімдер, салт аттылар мен басқа да шеруге қатысушылар жүріп өтті. Кешқұрым Капитолийдің батыс көгалында Ұлттық парк қызметі мен Ұлттық симфониялық оркестрдің бір жарым сағаттық мерекелік концерті басталды. АҚШ қоғамдық телеарнасы – PBS жыл сайын тікелей эфирде трансляция жүргізді. Концерт соңында міндетті түрде П.И.Чайковскийдің «1812 жыл» увертюрасы орындалды. Мерекенің шырқау шегі – Вашингтон аспанындағы үлкен отшашу болды. Отшашу тура 17 жарым минутқа созылды.

е-mail: nastraje@mail.ru

Елбасы көңіл айту жеделхатын жолдады ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, БҰРЫНҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ САЛИДАТ ҚАЙЫРБЕКОВАНЫҢ ҚАЙТЫС БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МАРҚҰМНЫҢ ЖАҚЫНДАРЫ МЕН ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ.

І ЖƏНЕ ІІ ТОПТАҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯ МЕКЕМЕСІНЕ БАРМАЙ-АҚ «ҮКІМЕТ – АЗАМАТТАР ҮШІН» ҚЫЗМЕТІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕТІН БОЛАДЫ.

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет қайраткері Салидат Қайырбекованың қайтыс болуына байланысты ауыр қайғыға ортақтаса отырып, оның жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін реформалау ісіне С.Қайырбекованың зор үлес қосқанын атап өтті. «Салидат Қайырбекова өз елінің жоғары білікті маманы əрі лайықты азаматы ретінде қарапайым дəрігерден бастап, Денсаулық сақтау министрі лауазымына дейін үлкен еңбек жолынан өтті. Терең білімі мен бай тəжірибесінің арқасында халыққа заманауи талаптарға сай медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру ісіне қомақты үлес қосып, тарихта із қалдырды. Егер ауыр науқасы болмаса, ол Отанымыздың игілігі үшін əлі көп нəрсе жасар еді», – делінген жеделхатта.

Елорданың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҚАЗАҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫ 108 КҮННІҢ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ АЙМАҚТАРЫН АРАЛАП ШЫҚПАҚ. ЖАЛПЫ ЭКСПЕДИЦИЯ САНЫ – 25. БҰЛ ТУРАЛЫ АТАЛҒАН ҚОҒАМНЫҢ ФЕЙСБУКТЕГІ ПАРАҚШАСЫНДА ХАБАРЛАНДЫ.

Əлемдегі ең ірі радиотелескоп

5 шақырым жерде орналасқан Пинтан жəне Лодянь таулы уездерінде тұратын тоғыз мыңнан астам адамды көшіруге тура келген. Астрономдар телескоптың көмегімен 11 млрд. жарық жылы қашықтығында орналасқан ғарыш нысандарын бақыламақ. ҚХР-дың Ұлттық ғарыш агенттігінің хабарлауынша, радиотелескоп көмегімен жерден тыс өркениеттерді де анықтауға болады. 2016 жылдың деректері бойынша Жерден ең алыс нысан GN-z11 галактикасы болып табылады. Ол 13,4 млрд. жарық жыл қашықтықта орналасқан. Бұл галактика «Хаббл» орбитальді телескоп көмегімен анықталған.

Германия

Жаңа медициналық камера Германиядағы Штутгарт университетінің зерттеушілері 3D баспа технологиясының көмегімен көлемі иненің ұшындай ғана жаңа медициналық камера жасады. Бұл туралы nakedscience.ru хабарлады. Адам денесінің ішкі бейнесін алу – өте күрделі жұмыс. Осы мəселені шешу үшін зерттеушілер тұздың кішкене дəніндей күрделі линза жүйесін ойлап тапты, оның кішкентайлығы сондай медициналық иненің ішіне орналастыруға болады. Бұл құрал медицинадағы жаңалық қана емес, алдағы уақытта смартфон, дрон секілді басқа да аппараттарға өте кішкентай камералар жасауға мүмкіндік береді. Ғалымдар үш объективтен тұратын камераны 3D баспа технологиясының көмегімен жасады. Олардың айтуынша, осындай əдіспен 10 микрометрге дейінгі дəлдікпен оптикалық линза жүйесін əзірлеп шығуға болады.

«Үкімет – азаматтар үшін» жұмысы басталғаннан бері мобильдік топтар 3 670 үйге барып, 5 761 қызмет көрсеткен. Ең көп сұранысқа ие болған электронды анықтамалар, құжаттама жəне жылжымайтын мүлік жөніндегі қызмет болыпты. «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының төраға орынбасары Нұрбек Оршыбековтің айтуынша, мемлекеттік корпорация І жəне ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып, мемлекеттік қызмет көрсететін халыққа қызмет көрсету орталықтарының тəжірибесін жалғастырды. Мобильдік топты үйге шақыру үшін, азамат бірыңғай байланыс орталығына – 1414 нөміріне телефон шалуы керек. Онда мемлекеттік корпорация қызметкерлері 72 сағат ішінде баруы тиіс. Мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі хабарлағандай, «Үкімет – азаматтар үшін» мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөліп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандустар, қоңырау түймелері орнатылған. Жəне корпорацияның түрлі саласында мүмкіндігі шектеулі 360-тан астам адам қызмет атқарады.

Ел Тəуелсіздігіне тарту

Қытай

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында əлемдегі ең ірі радиотелескоптың құрылысы аяқталды, деп хабарлады ТАСС. М а м а н д а р FA S T ( F i v e h u n d r e d m e t e r Aperture Spherical Telescope) радиотелескопы құрамындағы 4450 шағылдырғыштың соңғысын орнатты. FA S T р е ф л е к т о р ы н ы ң д и а м е т р і 5 0 0 метрді құрайды, бұған дейін ең ірі саналған Аресибо (Пуэрто-Рико) обсерваториясындағы телескоптың диаметрі 305 метр еді. Телескопты жасау кезінде көптеген қиындықтар туындады. Құрылыс алаңынан

«Үкімет – азаматтар үшін» қызметінің қолжетімділігі артты

4 ШІЛДЕДЕ АСТАНАНЫҢ МИЛЛИОНЫНШЫ ТҰРҒЫНЫ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ. САҒАТ 01:00 №1 ПЕРИНАТАЛДЫ ОРТАЛЫҚТА ҚЫЗ ТУДЫ. ОЛ АТА-АНАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШЫ. АНАСЫ – №9 «НҰРШАШУ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТƏРБИЕШІСІ АРАЙЛЫМ МҰХАМЕДЬЯР, ƏКЕСІ «АСТАНА-РЭК» МАМАНЫ ОЛЖАС МҰХАМЕДЬЯР. Қала əкімі Əсет Исекешев ерлі-зайыптыларды құттықтап, пəтер кілтін табыстады. Жас отбасы үшін бұл нағыз тосынсый болды. «Бүгін мен үшін қос мереке – əкемнің туған күні жəне қызым дүние есігін ашып отыр. Оның үстіне, пəтер кілтін табыстады. Мемлекет басшысына алғыс айтамын, жасалған жағдайлардың арқасында сап-сау қыз тудық. Ай сайын, жыл сайын халқымыздың саны арта берсін деп тілеймін. Əке мен ана болу бақытын əркімнің басына берсін», – дейді

қызының есімін Саида деп қойған бақытты əке. 18 жылда ерлордада бала туу көрсеткіші екі есеге өсті, ана мен сəби өлімі 5 еседен артық төмендеген. Күн сайын елордада 7580 бала дүние есігін ашады. Өткен жылы Астанада 26110 нəресте, ал осы жылдың бірінші жартыжылдығында 13740 сəби дүниеге келген. Қаладағы перинаталды орталықтардың барлығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасы бойынша қауіпсіз ана қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Бейбіт Ыстыбаев үшінші рет «Қазақстан Барысы» атанды ЕЛОРДАДА ӨТКЕН ТУРНИРДІҢ ШЕШУШІ СЫНЫНДА БЕЙБІТ ЫСТЫБАЕВ ЖҰМАНАЗАР ЕРСҰЛТАНОВТЫ ТІЗЕ БҮКТІРІП, «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫНЫҢ» БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының балуаны Жұманазар Ерсұлтанов күміс жүлдегер атанса, Жамбыл өңірінен келген Айбол Айтбек қола жүлдені місе тұтты. Естеріңізде болса, 3 шілде күні «Сарыарқа» велотрегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін жауырыны жерге тимеген елдің ең үздік 34 балуаны күрескен болатын. Турнир жеңімпазы алтын белдіктен бөлек, 25 млн. теңге, жеңіл автокөлік пен Астанадан пəтер иеленеді. Айта кетейік, жамбылдық балуан аталған турнирдің соңғы сынына 4 рет өтіп, соның үшеуінде жеңімпаз атанған. Ал оның биылғы қарсыласы шешуші сынға алғаш рет шығып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, биыл тарихта бірінші рет

əскери қызметкерлер арасында «Əскер барысы» турнирі өткен болатын. Осы додада «Əскер барысы» атағының иегері, ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшысы Талғат Əміренов ҚР Қарулы күштерінің намысын қорғады. Айта кетейік, «Қазақстан Барысы» турниріне іріктеу кезеңдері ауыл мен аудандарда өтіп, 14 облыс, Астана жəне Алматы қалаларынан екі-екі балуан додаға жолдама алған болатын. Турнир финалы кезінде көрермендер арасында автокөлік ойнатылады. Балуандар жарысын «KazSport» арнасы, Түркияның «TRT Avaz» арнасы мен Ресейдің «Матч! Боец» арнасы тікелей эфирден көрсетті.

«Қазақстан Тəуелсіздігінің 25 жылдығына жəне тұңғыш қазақ географы Əлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған экспедиция өз бастауын еліміздің екі негізгі қалаларынан алады. Астана күні, 6 шілдеде, экспедиция жолға шығып, 108 күннің ішінде Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, елордаға қайтып оралады. 108 деп тектен-текке алып тұрғанымыз жоқ! Өйткені, біз 108 сағаттың ішінде Оңтүстік полюсті де бағындырып, Гиннестің рекордтар кітабына енгендіктен, осы санның ерекшелігін жалғастырмақпыз! Біз Астанадан Ақтоғайға, содан кейін Қарқаралыға жəне Семейге барамыз. Семей қаласында экспедиция екі бағдар бойынша бөлініп кетеді. Бірінші топ Алматы облысына барып, сол жақтан бүкіл Қазақстан арқылы өтсе, екінші бағыт Əлихан Бөкейханның 150 жылдығын атап

өту мақсатында Омбыға барып, Санкт-Петербург, Минск, Самара, Орынбор, Мəскеу арқылы жүріп өтеді. Кейін екі бағыт Астанада тағы да бірге кездеспек», – делінген хабарламада. Жобаны Қазақ географиялық қоғамы, Хабар телеарнасы жəне Арша Медиа ұйымдастырып отыр.

Көшпелілер өркениеті фестивалі ашылды

КҮНІ КЕШЕ ШЫМЫЛДЫҒЫН АШҚАН «МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТОҒЫСЫНДАҒЫ АСТАНА» ФЕСТИВАЛІ ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫН КӨШПЕЛІЛЕР ӨРКЕНИЕТІМЕН ТАНЫСТЫРАДЫ. АТАЛҒАН ШАРА АСТАНАДА 9 ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ӨТКІЗІЛІП КЕЛЕДІ, ОҒАН 300-ГЕ ЖУЫҚ ƏРТІС ҚАТЫСАДЫ. МҰНДА ӨТКЕН ЗАМАНДА КИГЕН КИІМДЕРДІ, ДЕКОРАЦИЯЛАРДЫ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІН ЖƏНЕ ШАБАНДОЗДАРДЫ КӨРУГЕ БОЛАДЫ.

Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл келушілер назарына жаңа инсталляциялар жəне ең бастысы – музей ұсынылмақ. «Биылғы фестивальдің ерекшелігі – бес киіз үйден жасалған көшпелілер музейі. Тағы да бір айта кетерлік жайт, түрлі инсталляциялар орнатылады: түркі халқының басын қосатын бал балдар, көшпелілердің тұрғынжайлары, атрибуттар. Көбі көшпелілер қалай тұрған деп сұрайды. Үйлері қандай болған, киімі. Осының барлығы фестивальде көрсетілген», – дейді «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалінің екінші режиссері Арайлым Қалдыбаева. Сонымен қатар, музейде көшпелі қазақ халқының материалдық жəне рухани мəдениетінің артефактілері, ескерткіштері қойылған. Дəстүрлі тұрғынжай интерьері жасалып, ұлттық костюмнің түр-түрі, əшекейлер, тұрмыстық заттар, қаружарақтар ұсынылады. Еліміздің мұражайларының қорларынан жиналған экспонаттар келушілерді Орталық Азиядағы көшпелілер өркениетінің əлемімен таныстырады.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №49 (4215),№ сейсенбі, 5.07.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ТҮЛЕК

е-mail: nastraje@mail.ru

3

ОН ЕКІ ТҮЛЕК: ҚУАНЫШ пен ҚОБАЛЖУ Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суретті түсірген Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

КҮНІ КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ЖОҒАРҒЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚОЛЫНАН ОФИЦЕРЛІК ШЕН АЛҒАН 12 ТҮЛЕК – ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ҚҰРЛЫҚ ƏСКЕРЛЕРІ ƏСКЕРИ ИНСТИТУТЫ, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ АКАДЕМИЯЛАРЫ, ІІМ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ƏСКЕРИ ИНСТИТУТЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ƏСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҮЗДІК БІТІРУШІЛЕРІ. Бұл күні ІІМ Қарағанды Академиясының түлегі Темірлан Шұғаев, Қостанай Академиясының түлегі Нұрсұлу Есенгелдина, Ұлттық ұлан əскери институтының түлектері Бақтияр Қайыргелдин, Айдар Құрманов, ІІМ Көкшетау техникалық институтының түлектері Данил Хамаза мен Бексұлтан-əлі Рахымбаев Елбасының қолынан лейтенант шенін алды. Тұңғыш офицерлік шенін Жоғарғы Бас қолбасшының қолынан алған ІІМ Көкшетау техникалық институтының түлегі Бексұлтан-əлі Рахымбаев ел сенімін ақтауға, əрі адал қызмет етуге серт берді. «Жоғарғы Бас қолбасшы мырза, еңселі елордамыз Астана күнінде Сіздің қолыңыздан салтанатты түрде шен алу мен үшін үлкен мəртебе. Бұл Сіздің жəне халқымыздың бізге артқан үлкен сенімі деп білеміз. Біздер егемен Қазақстанның жас офицерлері бар күш-жігерімізді ішкі істер жəне Қарулы күштеріміздің қатарын нығайтуға жұмсаймыз. Тəуелсіз Отанымызға, Қазақстан халқы жəне оның Президентіне адал қызмет етуге ант етеміз», – деді институт түлегі. ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының түлегі Нұрсұлу Есенгелдина – еңселі елорданың туған күні қарсаңында Елбасының қолынан шен алғандардың арасындағы жалғыз қыз. Ер азаматтармен бірге сапта тұрып, ел аманатын арқалаған ару Нұрсұлу

бізбен қуанышты сəттегі əсерімен бөлісті. «Тұңғыш лейтенант шенін Елбасының қолынан алу мен үшін үлкен абырой. Осындай құрметке ие болып отырғаным мені еліме адал қызмет етуге одан бетер құштар ете түседі. Еліміздің тыныштығын күзетіп, ел мүддесі үшін Қарулы күштер қатарында қызмет ету – бала күнгі арманым. Бала кезден шен таққан əйелдерге деген құрметім ерекше болды əрі қатты қызығатынмын. Мені осы салаға алып келген де осы қызығушылығым. Біз погон таққан əйелдер қауымы нəзік жаратылысымызға қарамастан ерлермен иық тіресіп ел тыныштығын күзете алатынымызды дəлелдеп келеміз», – деді ол. Осылайша, əскери оқу орындарын қызыл дипломмен үздік бітірген түлектер үкілеген үмітті арқалап енді үлкен өмірге қадам басты. Елбасының қолынан əскери шендерін алып қуанышқа кенелген жас мамандарға қолдау білдіріп келген ет жақындары, ата-аналары, туған-туыстары «Атамекен» этномемориалдық кешеннің алаңында өткен салтанатты рəсімді тамашалады. Салтанатты кеште Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов ведомстволық оқу орындарының 7 түлегіне салтанатты түрде погон тапсырды. Министрдің қолынан лейтенант погонын алғандардың бірі – Ұлттық ұлан əскери институтының түлегі

Исатай Нұрсейтов. Ол бүгінде Ұлттық ұланның Орал қаласындағы 5517 əскери бөлімінің взвод командирі лауазымына тағайындалған. «Қуанышты сəтте қобалжу бар, осы маңызды күні ата-аналарымыз, туған-туыстарымыз қасымыздан табылып, қуанышымызды еселеп отыр. Əскери институт – əскери өмірдің алғашқы баспалдағы іспеттес. Себебі, институт

АНТ ҚАБЫЛДАУ

800 сарбаз ант қабылдады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ АСТАНАЛЫҚ ҚҰРАМАСЫНДА АНТ ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ. 5573 ƏСКЕРИ БӨЛІМІНЕ ЕЛІМІЗДІҢ ƏРТҮРЛІ ӨҢІРІНЕН ШАҚЫРЫЛҒАН 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ҚАРУЛАСТАРЫ АЛДЫНДА, ЖАУЫНГЕРЛІК ТУ АСТЫНДА ОТАНҒА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ АНТ БЕРДІ. Сап түзеп, қару асынған əр азаматтың өміріндегі осы бір маңызды сəтке куə болу үшін алаңға жиналған ата-ана, туған-туыс, достар қатары өте көп болды. Жауынгерлерді Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тəрбие жəне əлеуметтік-

сарбаздың батыр халықтың ұрпағы екенін, сол себепті де үлгілі қызмет ету керектігін жеткізді. «Бүгін əскери бөліміміз үшін ерекше күн. Ант қабылдау рəсімі – жас сарбазды халқына, оның заңды түрде

құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов құттықтады. Генерал сапта тұрған əрбір

сайланған Президентіне адал қызмет етуге міндеттейді. Осы жолда Сіздерге сəттілік тілеп, абыройлы қызмет

көрсететіндіктеріңізге сенім білдіремін», – деді құрама командирі, полковник Сəкентай Шекарбеков. Мерзімді қызметін өтеуге əскер қатарына осыдан бір ай бұрын келген жас сарбаздар толыққанды Отан қорғаушысы атану үшін арнайы дайындықтан өтті. Бұл аралықта олар командирлерінің көмегімен саптық шеруге, қару ұстауға машықтанды. Қарулы күштер қатарына ресми түрде енген жауынгерлер енді нағыз əскери қызметтің қыр-сырын меңгеретін болады. Ұландық жауынгерлерге ата-аналар атынан жас сарбаз – Нұрлан Қайыржановтың анасы Айнаш Оспанова, сондай-ақ, Ақмола гарнизоны əскери прокурорының орынбасары, əділет майоры Еркін Қожахмет те ақ тілектерін білдірді. Салтанатты ант қабылдау рəсімінен кейін, сарбаздар мен қонақтардың назарына Ұлттық ұланның Əн-би ансамблі дайындаған плац-концерт ұсынылды. Əскери қалашықтың ашылу салтанатына қатысқан Елбасы: ««ТМД елдерінің арасында теңдесі жоқ осы қалашықты əскерилердің жақсы жаттығуы үшін, жайлы өмір сүруі үшін жасалған жағдай деп білу керек. Елдің жеткен жетістіктерінің бəрі – ішкі татулықтың, ұлттар арасындағы ауызбіршіліктің, дінаралық келісімнің арқасы. Сіздер – осы тұтастықтың қорғаушысы, сақшысысыздар» – деген болатын. Сол уақыттан бері 5573 əскери бөлімінің жеке құрамы елордамыздың қоғамдық тəртібін, ішкі тыныштығын қалтқысыз күзетіп келеді. Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Трансшекаралық орман өртін жою – ортақ іс Қазақстан мен Ресей табиғи өрттердің алдын алу жəне жою бойынша əрекеттерді жетілдіруге арналған бірлескен тəжірибелік іс-шараларды бірнеше жылдан бері өткізіп келеді. 2012 жылы Түмен облысының өрт сөндірушілері Қазақстанға шектес аумақтарға таралу қауіп төнген, табиғи өртті жою бойынша оқу-жаттығуларды бақылаушы ретінде келген болатын. Бұл оқу-жаттығулар жыл сайын ресейлік ТЖМ күштері, Қорған жəне Омск құтқарушылармен бірге өткізілетін. Төрт жылдан кейін де қонақжай Түмен жері Солтүстік Қазақстаннан келген қонақтарын қарсы алып, Ресей аумағында шартты өрттің жалынымен шайқасқа толықтай дайын екендіктерін дəлелдеп берді. Бұл жолғы жаттығуға Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «Өрт сөндіру жəне апаттыққұтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің 22 өрт сөндіруші қатысып, 4 көліктен тұратын колонасы жұмылдырылды. Благодатное елді мекенінің маңындағы Бугров көлінің жағасында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі мен Казан ауданының АҚ жəне ТЖ қызметтері, мемлекеттік орман шаруашылық мекемелері, шаруашылықты жүргізу объектілерінің жеке құрамы мен техникасы, Түмен облысы бойынша ресейлік ТЖМ Бас басқармасының өрт сөндіру бөлімшелері, Федерациялық өртке қарсы қызметінің күш құрылымдары сапқа тұрғызылды. Халықаралық маңызы бар жаттығуға

Болатжан АСҚАРБЕКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

РФ ТҮМЕН ОБЛЫСЫНЫҢ КАЗАН АУДАНЫНДА ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ОРМАН ӨРТІН ЖОЮ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ-РЕСЕЙЛІК ОҚУЖАТТЫҒУЛАР ӨТТІ. Қазақстан Республикасының құрметті консулы Сейілхан Мақаш арнайы қатысты. Сейілхан Николаевич оқу-жаттығуларға қатысушы бөлімшелердің жеке құрамымен жəне басшылығымен кездесіп, ресейлік жəне қазақстандық өрт сөндірушілердің техникалық жабдықталуымен танысты. Жаттығу кезінде өртпен күресуге орман шаруашылық мен Федерациялық өртке қарсы қызметінің теххникасы жəне жеке құрамы шықты. Орман шетіндегі жер жыртылып, жеке құрам Благодатное жəне Викторовка ауылдарының тұрғындары мен жақын маңдағы орман алабына қауіп төндірген жану ошақтарын сөндірді.

Өртті жоюға қолда бар барлық резервтер жұмылдырылып, оқу-жаттығу штабының жиналысы өтті. Бұл отырыста қызметтер мен бөлімшелердің басшылары, Петропавл мен Түмен жергілікті атқарушы органдарының əрекеттеріне талдау жасап, бөлімшелер мен жеке құрамының əрекеттеріне баға берді. Сондай-ақ, жиында трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жəне жою саласында бірлескен жұмыс жоспарын құрды. Оқу-жаттығулар толықтай online режимінде Свердловск, Солтүстік аумақтық орталықтың Бас басқармасына көрсетілді. Жиналыс барысында, трансшекаралық

қабырғасында жүріп əскери өмірдің қыр-сырына қанық болып, қиындыққа қарсы тұрып, төзімді болуды үйрендік. Аға офицерлер құрамы осы жылдар ішінде бізді дайын əскери маман етіп шығаруға бар күштерін салып бақты. Тəлім-тəрбиесін беріп, білім мен біліктілігімізді шыңдауда аянбай тер төккен аға офицерлерге ерекше алғысымды білдіремін», – деді ол өз сөзінде.

Жаңаөзеннің жас жауынгерлері

ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫНЫҢ ҚАТАРЫ ЖАҢАДАН КЕЛГЕН 110 ЖАС ЖАУЫНГЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ.

Астана күні мерекесі қарсаңында 5548 əскери бөлімінде өткен əскери ант қабылдау рəсімін бөлім командирі, майор Тлеген Хамитов ізгі тілегімен ашты. «Əр сарбаз ант қабылдаған сəттен бастап ұлан-ғайыр жерімізді білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған жаужүрек бабаларымыздың ерлік жолын жалғастырушы, елдің қорғанына айналары хақ. Алдағы уақытта бір-біріңді қолдап, əскери қызметші деген атаққа сай абыроймен қызмет атқарыңдар», – деді бөлім командирі. Салтанатты шарада Қарулы күштердің қатарына қосылған жас əскери қызметшілерге «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары, Батыс» əскери өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік басқармасының бастығы, подполковник Хамит Казенов, 5548 əскери бөлімінің ардагерлері, құқық қорғау органдарының басшылары, дін өкілдері мен сарбаздардың ата-аналары да ақ тілектерін айтты. Отан алдындағы əскери борышын өтейтін жас сарбаздардың дені Павлодар, Көкшетау облыстарынан келгендер. Сондықтан болар əскери өмірдің ең бір айтулы кезеңі саналатын ант қабылдау рəсіміне сарбаздардың ата-аналары көп жиналыпты. Осындай жандардың бірі – Павлодар қаласының тұрғыны Шолпан Бейсенқызы шаңырағының кенжесіне осындай жауапты сəтте қолдау білдіру үшін Жанаөзен қаласына арнайы ат терлетіп келген екен. «Ұлымыз Отан алдындағы əскери міндетін Жанаөзен жерінде өтеп жатыр. Біраз уақыт бұрын бөлім командирінің хаты келді. Онда ұлым жайында жазған жақсы пікір көңілімізді марқайтып тастады. Еліміз тыныш болсын, халқым аман болып, көк байрақты еліміз өркендей берсін», – деді ізгі тілегін жеткізген ана. Сарбаздардың ішіндегі 19 жастағы қатардағы жауынгер Болат Данатұлы əскер қатарына Көкшетау қаласынан шақыртылған. «Əскери борышты өтеу əр азамат үшін өте маңызды қадам. Сол себепті бүгін мен үшін өте ерекше, бақыты күн», – дейді ол. Шара шеңберінде жауынгерлер қоян-қолтық күрес тəсілдерін көрсетті. Əскери бөлімнің басшылығы жас жауынгерлердің Отан алдындағы борышын абыроймен атқаратындығына зор сенім білдірді. Шара аяқталған соң ант беру рəсіміне жиналған меймандар казарма үй-жайына, сарбаздар асханасына, медициналық бекетке кіріп, бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты. Қалалық мəдениет үйінің əншілерінің өнерін тамашалағаннан кейін жауынгерлердің туғантуысқандары бөлім басшылығына алғысқа толы жылы сөздерін білдірді. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

төтенше жағдайлардың қаупі жəне төнуі кезінде ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД мен Қорған облысы бойынша Ресейлік ТЖМ ММ өзара əрекеттесуі меморандумын ұзарту салтанаты өтті. Оқу-жаттығудың жетекшісі – Түмен облысы бойынша Ресей ТЖС Бас басқармасы бастығының орынбасары Алексей Пархомович қазақстандықтарды өртті сөндірудегі жедел əрекеттері үшін алғысын айтып, азаматтық қорғау саласындағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді. Екі мемлекеттің өрт сөндірушілеріне Сейілхан Мақаш жылы лебізін білдіріп, азаматтық қорғаудың қуатты күші мен еңбегі ел тыныштығын күзетіп, шекаралас тұрғындардың қауіпсіздігін сақтай алатынына сенім білдірді. Қос мемлекет арасындағы қарымқатынасты нығайтуда осындай маңызды іс-шараның алар орны ерекше екенін атап өткен ол жаттығуға қатысушы мамандарға алғыс хат табыс етті. Ал, қазақстандық өрт сөндірушілер Түмен облысы бойынша ресейлік ТЖМ бастығы, ішкі істер генерал-майоры Юрий Алехиннің алғыс хаттарымен марапатталды. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Əсет Ысмағұлов та ресейлік өрт сөндірушілерге алғыстарын білдірді.


4

ШАРА №49 (4215), № сейсенбі, 5.07.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

АКАДЕМИЯ АБЫРОЙЫ

Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясынан қанаттанған түлектер ІІМ ШЫРАҚБЕК ҚАБЫЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫНДА ТАЯУДА ТОБЫЛ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АУЫЗ ТОЛТЫРЫП АЙТЫП ЖҮРЕРЛІКТЕЙ ІС-ШАРА ӨТТІ. БҰЛ КҮНІ ЕЛІМІЗДІҢ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҮШІН КƏСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН ОҚУ ОРДАСЫ ӨЗ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ПОЛИЦИЯ ЛЕЙТЕНАНТЫ ОФИЦЕРЛІК ШЕНІН ТАПСЫРЫП, САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ШЫҒАРЫП САЛУ РƏСІМІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ. Шараға Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, генерал-майор Мейрам Аюбаев, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректорының кеңесшісі, генерал-майор Михаил Дəуенов, Қостанай облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов жəне басқа да құрметті қонақтар мен түлектердің ата-аналары қатысты. Бұл күні келген қонақтар Академия басшылығына өздерінің ақжарма тілектерін білдірсе, жас офицерлер қуаныштан жүздері бал-бұл жанып, «болашақта академия абыройын асқақтатып, білікті маман болуға талпынамыз» деген жүрекжарды сөздерін айтып жатты.

ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫ ҚАЛАЙ ҚҰРЫЛДЫ?

Əлқисса. Осы жерде сəл шегініс жасай кетейік. Мирлан Ахмедияұлы атап өткендей, биыл Қостанай Академиясы өздерінің 45 жылдық мерейтойын атап өтпек. Академия тарихының парағына үңілсек, бұл оқу ордасы əуелде 1971 жылғы 1 қарашадағы Қазақ КСР ІІМ №0278 бұйрығына сəйкес Қостанай облысаралық кіші жəне орта басшы құрамының алғашқы дайындық мектебі болып құрылыпты. Осы жылы Қостанай облыстық атқару комитетінің ІІБ Қостанай облысаралық кіші жəне орта басшы құрамының алғашқы дайындық мектебінің алғашқы бастығы болып милиция подполковнигі Юрий

оқу орны керектігі жөніндегі мəселені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдына алып шықты, – дейді Қостанай Академиясының бастығы Мирлан Қызылов. – Қостанай жоғары мектебі осылай құрылған болатын. Сəл кейінірек Үкімет қаулысымен Қостанай заң институты болып өзгерді. 2004 жылы Қостанай заң институты мəртебесіндегі бұл оқу орны Үкімет қаулысымен Ішкі істер министрлігінен еліміздің Əділет министрлігінің құзырына берілді. Өйткені, қылмыстық атқару жүйесінде кəсіби мамандар тапшылығы білінді. Айтпақшы, сол жылдары Қостанай заң институты Орталық Азия аумағында қылмыстық атқару жүйесіне жоғары білімді кəсіби мамандар даярлайтын бірден бір оқу орны болды. Үкімет қаулысымен 2008 жылы оқу орны Əділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің академиясына айналды. Академия мəртебесі оқу орны үшін білім беру қызметіндегі табыстардың кепілі болды. Ол профессорлық-оқытушылық құрамның өсуіне, еңбектің бағалануына, беделінің артуына ықпал жасады. Білім ордасының ғылымипедагогикалық əлеуеті өсті, білім мен ғылым саласында халықаралық əріптестіктерге, тəжірибе алмасуға тікелей мүмкіндіктер туды. Сонымен, оқу орны 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай Академиясы деп аталады».

ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕНУДІҢ АРТЫҒЫ ЖОҚ

Соңғы қоңырау салтанатында сөз кезегін алған Академия бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов түлектерді құттықтап, полиция лейтенанттарының алдағы жұмыстарына сəттіліктер тіледі. «Биылғы түлектер үшін бұл жыл өте маңызды, – деді Мирлан Ахмедияұлы. – Өйткені, олардың оқу бітіруі Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына, Қостанай облысының 80 жылдығына жəне Шырақбек Қабылбаев атындағы Академиямыздың 45 жылдық мерейтойларына тұспа-тұс келіп отыр. Елбасымыз «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында сіздердің тəжірибелік қызметте орындайтын міндеттеріңізді ерекше атап көрсеткен болатын. Сіздердің идеологиялық бағдарларыңыз «Мəңгілік Ел» патриоттық актісі болуы керек. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту əрбір азаматтың, өз елінің патриотының қасиетті парызы болып саналады – бұл «Мəңгілік Елдің» жеті негіздерінің бірі екенін атап өтті. Ішкі істер министрі, полиция генералполковнигі Қалмұханбет Қасымовтың бұйрығына сəйкес, сіздерге алғашқы офицерлік шен – полиция лейтенанты берілді. Сіздер құқықтық тəртіпті қорғайтын нағыз құрметті, нағыз қажетті мамандықты таңдадыңыздар. Сіздер өмір жолдарыңыздың жаңа кезеңін бастағалы тұрсыздар. Отанға қызмет ету жолын таңдағандарыңыз үшін мен сіздерге үлкен құрметпен қараймын. Біздің мемлекетіміздің гүлденуі мен дамуына əрқайсыңыздың үлес қосатындарыңызға сенімім мол». Айта кету керек, іс-шара барысында салтанатты сап түзеу, дипломдарды табыстау, курсанттар мен карабиншілер тобының көрнекі шығарылымы, офицерлік вальс жəне саптық маршпен өту рəсімдері болды. Биыл Академияны 140-тан астам курсант тəмамдады. Ал соңғы қоңырау салтанатынан соң Академияның курсанттарынан құрылған «Шырақбек» атты хор Академияның əнұранын тамылжыта орындады. Біз өз кезегімізде Қостанай Академиясының түлегі, əділет лейтенанты Байдəурен Түйімбаевты сөзге тартқанымызда, ол: «міне, 2012 жылы оқуға қабылданған сəттен бастап армандаған сəтімізге де келіп жеттік. Келешекте Академиядан алған білімімізді тəжірибе жүзінде дəлелдеп, өз мақсатымызға жетуге бар күшжігерімізді саламыз деп есептейміз. Академия абыройын асқақтату жолында тер төгеміз деп алдымызға мақсат қойып отырмыз. Алда Астанадағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде қызмет істеймін деген ниетім бар», – деген тілегін жеткізді.

Помещиков тағайындалып, осы оқу орнын 1974 жылдың ортасына дейін басқарған. Облысаралық алғашқы дайындық мектебі тек қана Қостанай қаласы ІІО қоғамдық күзету тəртібіне ғана көмек көрсетпеген, сонымен қатар, қалалық орта оқу орындарында оқитын оқушылардың ішінен милицияның жас көмекші достарын дайындауға бастамашы болған. 1975 жылға таман оқу орнының білім беру қызметінде маңызды өзгерістер болады. Мектеп тек дайындықты жүзеге асырмай, сонымен қатар, республиканың ішкі істер органдары үшін мамандарды қайта даярлаған. Облысаралық мектепте Қазақ КСР ІІМ рұқсат қағазына сəйкес, қайта даярлау мақсатында мектепке бюджетті милициядан милиционерлер, түнгі милиция бөлімшелерінің командирлері түсетін болады, алғашқы дайындық мақсатында көлік милициясының, д а р ад ан т ыс кү зе т т і ң, қ алалық , аудандық ішкі істердің жəне желілік бөлім милициясының милиционерлері, теміржол көлігіндегі милиционерлер, əуе көлігіндегі байқау инспекторлары, ІІО əртүрлі қызмет бөлімшелерінің командирлері, учаскелік инспекторлар оқи бастайды. Өз елімізді былай қойғанда, Ресей, Украина, Прибалтика елдерінің қызметкерлері де білімдерін шыңдаған болатын. Қысқасы, бірнеше жылда аты да, заты да өзгерген білім ордасына 2014 жылы ішкі қызмет генерал-лейтенанты Шырақбек Қабылбаевтың есімі берілді. Оның бастауында заң ғылымдарының кандидаты, профессор Мирлан Қызылов тұрған болатын. Ол оқу ордасына басшылыққа келген тұста Үкімет қаулысымен ІІМ Қостанай Академиясы Ш.Қабылбаевтың есімімен атала бастады. «Оқу орны мəртебесінің өзгеруін құқық қорғау саласының жетілдірілуі, білім ордасының тəуелсіз елмен бірге өсуі деп түсінгеніміз абзал. Ол солай да еді. Мысалы, 90-жылдардың ортасында эко номикалық қиындықтарға байланысты Ішкі істер министрлігінің құзырынан мамандар дайындауда бұрыннан дəстүрі қалыптасқан оқу орындары шығарылды, басқа да өзгерістер болып жатты. Алматы жəне Қарағанды жоғары мектептері Мемлекеттік тергеу комитетінің құзырына берілді. Біріне тартса, біріне жетпейтін уақытта Ішкі істер министрлігінде еліміздің құқық қорғау органдары үшін жоғары кəсіби мамандар дайындау проблемасы туды. Міне, осы кезде саланы жақсы білетін бұрынғы Ішкі істер министрі – Ішкі істер əскерінің қолбасшысы, генералполковник Қайырбек Сүлейменов табандылық танытып, тағы бір жоғары

Осы орайда атап өткен абзал, жыл сайын Қостанай Академиясын «Құқық қорғау қызметі», «Педагогика жəне психология», «Əлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша бітірген 300ден аса түлек еліміздің Ішкі істер жəне Қылмыстық атқару жүйесі департаменттеріне қызметке барады. Мирлан Ахмедияұлының айтуынша, 1995-2015 жылдар аралығында бұл оқу орны ішкі істер органдары үшін 7 мыңнан астам маман дайындады. Академияда білім беру қызметі үш институт негізінде жүзеге асырылады. Бірінші, заң институтына күндізгі жəне сырттай оқытатын екі факультет жəне 11 кафедра кіреді. Жоғары оқу орнынан кейінгі жəне қосымша білім беруге «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық жəне бейіндік бағыттағы магистратура кіреді. Ол ашылғалы 60-тан аса ішкі істер органдарының қызметкері бітірді. Үшінші, біліктілік арттыру жəне қайта даярлау институты. Қазір академия курсанттарының саны мыңнан асып жығылады. «Бүгінде оқу ордасы ТМД аясындағы

Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тəжікстан, Украина ведомстволық жоғары оқу орындарымен ынтымақтаса жұмыс істейді. Жалпы, Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін сапалы орындау, кəсіби білімін шыңдау, іскерлікке дағдылану мақсатында халықаралық ынтымақтасудың маңызы зор. Томаға тұйықтықта қалмай, үздік тəжірибелерді өзімізге тартудың, жақсыдан үйренудің артықтығы болмайды. 2015 жылы Академия Полициялық академияларының халықаралық ассоциациясының құқық мүшесі болды (INTERPA). Бұл шешім Біріккен Араб Əмірліктерінің Əбу-Даби қаласында өткен INTERPA 4-ші халықаралық конференция-

сында қабылданды. Оған əлемнің 54 елінің 58 полициялық оқу орны енеді. Қауымдастықтық ұлттық оқу орындарының осы салада өткізілген ғылыми-зерттеулер мен қолдағы бар əдістемелерді, үздік бағдарламаларды алмасуын ұйымдастыруды көздейді. Полиция қызметінің міндеті барлық елдерде бірдей, сондықтан олардың үздік тəжірибелер мен жаңалықтарды алмасуы, бір бірінен үйренуі өте маңызды. Мысалы, қай елде қандай үздік техникалар мен технологиялар бар болса, оны біз де алуымыз қажет. ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз, қолда заманауи құрал, материалдық-техникалық база дұрыс болмаса не істей аламыз? Осы үшін шетелдік оқу орындарымен араласуға мүмкіндігіміз жетіп отыр», – дейді Мирлан Қызылов. Оның сөзінше, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған келісімдерге сəйкес, 2009 жылдан бастап Академияда Тəжікстан мен Қырғызстан республикаларынан жастар келіп оқиды. 2013 жылы Тəжікстаннан келген 8 курсант Академияның тұңғыш түлектері атанды. Қазір білім ордасында Тəжікстан мен Қырғызстаннан келген азаматтар білім алып жүр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Бес институттық реформасын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадамның» ішіндегі пробация қызметіне байланысты Еуропалық одақтың көмегімен Академияда оқу орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде.

БІЛІКТІ МАМАНДАР – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Профессор Мирлан Қызылов Академияның материалдықтехникалық базасы қуатты болуы тиіс деп есептейді. Бұл, əсіресе, құқық қорғау органдарына мамандар даярлайтын оқу орны үшін өте маңызды екенін айтады. «Ертеңгі полицейлер өмірмен бетпебет келгенде бүгінгі қолданыстағы

қаруды да, құралдарды да оқу орны қабырғасында көруі тиіс. Оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуде де, курсанттардың шынығуына, спортпен шұғылдануына, тəрбие жұмыстары үшін де бай материалдық-техникалық база керек. Дегенмен, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөзі қандай мəртебесі болса да білім беретін оқу орындарының барлығына ортақ нұсқа дер едім. Қандай оқулық та, қандай үздік бағдарлама да оқытушыны алмастыра алмайды. Біз, алдымен, білікті оқытушыны дайындап алмасақ, білім сапасы көтерілмейді. Жоғары талап қойып, əр оқытушыны ұстаз биігіне көтеруіміз қажет. Ол үшін əр оқытушы дəріскер, тəлімгер,

тəрбиеш і, ө з мамандығын жетік білетін адам болуы тиіс. Оқытушы мен ұстаз тұлғасының ара жігін айыру дұрыс шығар. Мен өзімді оқытқан, ғылымға тартқан ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы ұстаздарының көшбасшысы болған, полиция полковнигі, профессор Роза Құлжақаеваның ұстаздық ғұмырын біздің саланың оқытушыларына үлгі етер едім. Жарты ғасырлық ғұмырын құқық қорғау саласына арнаған кісі қылмыстық құқық жəне криминология бойынша көптеген ғылыми-əдістемелік құралын жазды. Шəкірт баулыды, өзі жетекші болып, ғылымның қырсырын үйретуден жалыққан емес. Мен 1991 жылы Қарағанды Жоғары милиция мектебіне түстім. Алғашқы қазақ тобында оқыдым. Ол кезде біздің сала бойынша қазақ тілінде оқулық болмайтын. Оқытушылар алдымызға орыс тіліндегі оқулықтарды тастайды, соларды қазақ тіліне аударып оқимыз. Мен аударма дəптерлерімді жинай берген едім, оны кейінірек ұстазым Роза Балбатырқызының ықпалымен оқулық етіп жарыққа шығардым. Ол кісі жастармен жұмыс істеуге ешқашан ерінбейтін», – дейді заң ғылымдарының кандидаты өткенді еске ала отырып. Академия бастығы бүгінде білім берудің үш тұғырын басты назарға алатындарын айтады. Алдымен теориялық білім беріп, оны тəжірибемен ұштастыру жəне ғылымды дамыту. Сонда ғана білім сапасы жақсармақ. Бұл үшін материалдық-техникалық база жақсаруы керек. Оның айтуынша, ол Қостанай Академиясында біртіндеп жүзеге асып келеді. Оқу орнында компьютерлік сыныптар, спорт кешені, мергендік тирі, автоайлақ, оқу-жаттығу алаңы бар. Тəжірибелік сабақтар өткізуде Қостанай облыстық Ішкі істер департаменті жəне Қылмыстық атқару жүйесі департаментімен тығыз байланыс орнатқан. Оларға қарасты полигондар, қылмыстық атқару жүйесі мекемелері сабаққа кеңінен пайдаланылады. Оқу үдерісіне инновациялықпедагогикалық технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда негізінен курсанттар тез қабылдайтын жəне аудиторияның ақпараттануы деңгейі бірден байқалатын іскер ойындар, тренингтер өткізуді, нормативтікқұқықтық актілер туралы баяндауды жəне сараптауды, оқиғалы тапсырмаларды шешуді, аудио-бейнематериалдарды, мультимедиялық бағдарламаларды пайдалануды қамтамасыз ететін оқытудың интерактивтік əдістемесіне маңыз беріледі. «Бүгінде академияның ғылыми əлеуеті ауқымды деуге негіз бар. Профессорлық-оқытушылар құрамы оқытудың мазмұнын арттыру мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған ІІМ ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік конструкторлық жұмыс (ҒЗТКЖ) жоспарына сəйкес ІІМ ҚАЖК, 2015-2017 жылдарға арналған ІІМ ҒЗТКЖ жоспарына сəйкес ІІМ Ұлттық ұланының сұранысымен зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Жуырда шетел сарапшыларының қатысуымен пробация қызметі туралы жоба жанжақты талқыланды. Қазір Академияда 1 ғылым докторы, 28 ғылым кандидаты бар. Оқу үдерісінің 60 пайызы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізді əлемдегі озық 30 елдің қатарынан көрінуді міндет етіп қойды. Қазақстанның қарышты дамуына полицияның білікті мамандарын дайындау ісі де өзіндік үлесін қосады. Қостанай Академиясы сол саптан көрінетін болады», – дейді Мирлан Қызылов. Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ, суреттерді түсірген автор Астана-Қостанай-Астана


ƏРІПТЕС КЕЛБЕТІ №49 (4215),№ сейсенбі, 5.07.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

5

Қиындықты жеңіп ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІ жүрген майор АУЫЗДЫҚТАҒАН ЖАС ПОЛИЦЕЙ Қошан ҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы

ҮЛКЕНДІ КӨРСЕ АҒАЛАП ТҰРАТЫН АУЫЛ БАЛАСЫНЫҢ АМАНДЫҒЫ ЕЖЕЛДЕН ТҮЗУ. ОҒАН ОСЫ БІР ЖАС ЖІГІТПЕН КЕЗДЕСІП, ƏҢГІМЕЛЕСКЕНДЕ ТАҒЫ КӨЗ ЖЕТКІЗДІМ. ЖАСЫ ОРДА БҰЗАР ОТЫЗҒА ТАЯП ҚАЛҒАН ЖІГІТ – ЕРБОЛАТ ҚАПТАЕВ. ЕСІМІ ДЕ ЕРБОЛАТ ДЕП ТЕГІН ҚОЙЫЛМАҒАН БОЛАР. ЕЛІНЕ ҚАЛҚАН, ЖҰРТЫНА ҚАМҚОР БОЛСЫН ДЕГЕН ЫРЫМНАН ТУҒАН НЫСПЫ ШЫҒАР. ОЛ ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҮЛКЕНІ, ІНІСІ МЕН ҚАРЫНДАСЫ КОЛЛЕДЖДЕ ОҚИДЫ ЕКЕН. Ерболат Шал ақын ауданындағы Қорғантас (бұрын Водопроводное деп аталған) ауылында туыпты. Бұл елді мекенде небəрі 12-ақ үй болған. Тұрғындардың бірқатары Көкшетауға, Астанаға су жіберетін кəсіпорында жұмыс істейтін көрінеді. Ол орта мектепті Қаратал ауылында бітіріпті. 11 жыл орысша оқыса да, қазақшаға жетік. Қазіргі кезде мектеп бітірген жасөспірімдер жаппай қалаға ұмтылады. Оқу іздейді, болмаса үлкен қалада жұмыс істеп қалып қояды. Сол жастардың бірі осы Ерболат. Арманына қанат байлап облыс орталығына жеткен ол М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, заңгер мамандығы бойынша білім алып шықты. Жас жігіт еңбек жолын «Нұр банк» АҚ-тың облыстық филиалында заңгер болып бастаған. Шал ақын аудандық ішкі істер бөлімінде көптен бері қызмет ететін немере ағасын көрген сайын оның көңілі осы қызметке ауа береді. «Алдымен сол қызметті абыроймен атқарып жүрген ағама еліктедім. Содан барып қоғамдық тəртіп сақшысы болып қызмет ету жөнінде ой түйе жүріп, күндердің күні мықтап соған бел будым», – дейді қалалық 1-ші полиция бөлімінің аға жедел уəкілі, полиция аға лейтенанты Ерболат Қаптаев. Ол үш жыл қалалық 1-ші полиция бөлімінде қызмет ете жүріп, кішігірім ұрлықтан бастап қарақшылыққа дейінгі қылмыстар бойынша талай рет шақыртуларға шыққан. Бірталай қылмыстардың бетін ашуға, яғни, жапа шеккен талай жанның маңдай термен жинаған дүние-мүлкін қайтаруға атсалысқан. Ерболаттың бүгінгі қызметі де жауап-

ты. Ол үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап полицияның 7-ші учаскелік пунктінде аймақтық жедел уəкіл қызметін атқарады. Бұған дейін аталған қылмыстарды ашумен бөлімдегі 5-6 жігіт айналысса, қазір бұл міндет жедел уəкіл, полицияның аға лейтенанты Асылбек Аяғанов екеуіне жүктелген. Оның учаскесінде бірнеше шақырымды алатын көше бойында тұрғын үйлер, сауда орындары, дəмханалар жəне басқа да түрлі əлеуметтік-тұрмыстық нысандар көптеп орналасқан. «Ұрлықтың аты – ұрлық. Ол ұсақ, ірі деп бөлінгенімен, қылмыс жасалынған екен, ашылуы тиіс. Бұған қоса, алаяқтық, тонау, қарақшылық оқиғалары да орын алып жатады. Осыларды болдырмау, алдын алу, жедел түрде əшкерелеу – біздің міндетіміз. Қайнап жататын қаланың өмірінде кісі өлімі, зорлау сияқты

КАДРДЫҢ ҚАДІРІН БІЛЕТІН МАМАН И.ЫСҚАҚОВА, Қарағанды қаласы

ЖАЛПЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ДЕГЕН СӨЗДІ ЕСТІГЕН КЕЗДЕ ОЙЫМЫЗҒА БІРДЕН ҚЫЛМЫСПЕН, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚПЕН КҮРЕСУШІ АДАМНЫҢ БЕЙНЕСІ КЕЛЕ ҚАЛАДЫ. СОДАН БА ЕКЕН, СЫРТ ЖҮРГЕН АДАМ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДР БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ДЕГЕНДЕ БІРШАМА ТОСЫЛЫП ҚАЛАДЫ. КАДР ЖҰМЫСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МОЙНЫНА АРТЫЛҒАН ЖҮКТІ БІРЕУ БІЛСЕ, БІРЕУ БІЛЕ ҚОЙМАС. Кадрлармен жасақтау жұмысынан басқа да, жеке құрамның тəрбиелік жұмысы, қоғамдық құрылымдар, офицерлер кеңесі, полицейлер кеңесі, əйелдер кеңесі, тəлімгерлермен жұмыс, сонымен қоса, қызметкерлердің кəсіби-қызметтік даярлықтары, денешынықтыру даярлық сабақтары, ату-жаттығу сабақтары осының барлығы кадр бөлімі қызметкерлерінің мойнына артылған жауапкершілігі мол жүк. Осынау салмақты көтеріп алып жүру біреудің қолынан келсе, біреулер үшін қиындыққа соғып жатады. Əр мамандықтың өз қиындығы болатыны сияқты, əр саланың да күрделі тұстары болады. Ішкі істер органдарындағы қызмет тек қана жедел жағдай, қылмыскерді ұстау, арпалыс, күрес-тартыспен шектелмейді, сонымен қоса ол құжаттармен жұмыс, тиянақтылық, ұқыптылықты да талап етеді. Қарағанды облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Дастан Құрмышевтың кадр жұмысына араласқанына бар-жоғы үш жылдай ғана болыпты. Осы үш жыл ішінде қанша қызметкерді ішкі істер органдарына қабылдап, ендігі бірталайын қызметтер арасында ауыстырып, қаншасын зейнеткерлікке шығарып салды десеңші. Негізгі міндеті күнделікті жол тəртібін қадағалап тұратын патрульдік полиция қызметкерлерін жасақтаумен айналысатын Дастанның жұмыс орыны екінші үйіне айналса, құжаттарды рəсімдеу жұмысы дағдыға айналған. Дастан Əмірбекұлы Қарағанды облысына қарасты Шет ауданының Ағадыр кентінің тумасы. Ағадыр

кентінің орта мектебін бітіре сала, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің қатарында мерзімдік қызметке шақырылады. Сөйтіп, Отан алдындағы борышын атқарып келген жас жігіттің тұрақты жұмыс таба алмай, кездескен жұмыстың барлығын істеуіне тура келеді. Бұлай бола бергені жарамайды деп түйген Дастан 2010 жылы Дарын, Айбар атты ағалы-інілі достарымен Шахтинск қаласына келеді. Бір бөлмелі пəтер жалдап, Шахтинск қалалық ІІБ патрульдік полиция ротасының полицей-жүргізушісі болып жұмысқа қабылданады. Осылай Дастанның ішкі істер органдарындағы қызметі басталып кетеді. Əр қадамын дұрыс жоспарлап басып үйренген Дастан жоғары білім алуды көздеп, сол жылы Қарағанды экономикалық университетіне түсіп, 2012 жылы тəмамдайды. 2013 жылдың қараша

қылмыстар да кездеседі. Біз олардың ашылуына да атсалысамыз», – дейді Ерболат Балтабайұлы. Өткен жылдың желтоқсан айында Хименко көшесіндегі, 2-үйдің жанынан Мицубиси-Паджеро автокөлігін белгісіз қылмыскерлер ұрлап кеткен. Ол табылмағандықтан, іздеу шаралары тоқтатылмаған. Арада жарты жыл өтер-өтпес уақытта көршілес орналасқан Жуков көшесіндегі, 9-үйдің ауласында тұрған Ауди- 100 автокөлігі де зым-зия жоқ болған. Мұндай қылмыстар қалалық 1-ші полиция бөліміне қарайтын аумақта жасалған. Одан əрі сəуір айынан бастап тұрғын үйлердің аулаларына қойылған жеңіл автокөліктердің доңғалақтары ұрлана бастайды. Ұры тек титан дискілі доңғалақтарға ғана көз тіккен. Сөйтіп, Ауди, Фольксваген, Мерседес маркалы 10 көлік қолды болды. «Қылмыскердің бұл қылығы бізге əдейі қоқан-лоқы көрсете отырып, қарсы шабуыл ұйымдастырғанмен тең еді. Оларды одан əрі еркінсітіп қоюға болмайды. Уыстан шығармау керек. Ол үшін бар мүмкіндікті пайдалану қажет. Қызмет солай болғандықтан, күн-түн демей іздестіру жұмыстарын жүргізуге тура келді. Еңбегіміз зая кетпей, ізіне түстік. Ұрыны ақыры ұстадық», – дейді Ерболат. Қолды болған машиналар сапсау күйінде соңғы уақытта доңғалақ ұрлаумен айналысып келген Н.-ның ауласынан табылған. Жұрт шырт ұйқыда жатқанда ұрлыққа кірісетін ол жеңіл автокөліктердің доңғалақтарын бар болғаны 10-15 минутта шешіп əкетеді екен. Ұрының қылмыскер екенін сот қана шешетіндіктен, осы қылмысты ашуда іскерлігімен танылған полиция аға лейтенанты Ерболат Қаптаев ол жайлы бір-екі ауыз сөзбен ғана қайырды. Оның сөзіне қарағанда, əккі ұры қала маңындағы бір ауылда тұрады. Қылмысты жоспарын жүзеге асыру үшін аптасына екі рет осында келеді. Отбасылы, спортпен айналысатын 25тегі тепсе темір үзетін жігіт көрінеді. Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ

айынан бүгінгі күнге дейін Қарағанды қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясы полкінің кадр жұмысы жəне кəсіби даярлық тобының инспекторы болып қызмет атқарып жүр. «Ішкі істер органдарында қызмет атқаруыма тікелей əсер еткен досым Дарын Қойшыбаев», – деп еске алады бүгінде ол. «Бір жағынан нағашы атам Алексей Кұрмышев ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Қазіргі кезде зейнеткер – отставкадағы майор. Сол кісінің жолын қуып, бүкіл өмірімді ішкі істер органдарына арнауға дайынмын деп айта аламын. Əңгіме арасында тəртіп сақшысы басынан өткен мына бір оқиғаны қызықты ғып əңгімелеп берді. «Ол кезде мен жол-патрульдік полициясында қызмет атқарамын. Кезекті тапсырманы орындауға шыққан серіктесім екеуміз жол бойында келе жатырмыз. Серіктесім қолындағы бағыттаманы оқып зерделеп келе жатқан жайы бар. Енді бір мезетте қарасам, əлгі серіктесім жоқ. Ойбай, бұл қайда кетті, деп жалма-жан жанжағыма қарай бастадым. Сөйтсем, серіктесім аяқ астындағы шұңқырды көрмей, бағыттаманы оқып келе жатып, шұңқырға түсіп кетіпті. Абырой болғанда еш жарақат алған жоқ», – деп еске алады. Сонымен қатар, əкем Əмірбек Сəрсенбаев жастайымнан еңбекке баулып, өз күшіммен жетістікке жетуге тəрбиеледі», – деп ағынан жарылады Дастан. Əке тəрбиесі жас Дастанның өмірде кездескен қиыншылықтарды маңдай тер мен ерен еңбектің арқасында жеңіп шығуға үйретті. Дас т ан Құ р м ыше в ты ң до с тары орайы келген тұстарда: «Сен 102де, əйелің 103-те істейді, балаларың 101 болсын» деп қалжыңдайды екен. Онысы Дастанның жұбайы Самал Кəрібаеваның Қарағанды қаласының №5 емханасында терапевт дəрігері екенін меңзегені. Ұлдары Əзімді төтенше жағдай қызметкері болсын, деген тілектері болса керек. Ештеңесі жоқ, ол да абыройлы мамандық. Адамдарды апаттан құтқарудан өткен абыройлы іс бар ма?» деп өз өзінен толғанып кетеді. Кадр жұмысындағы үш жылдық қызмет – ол өте аз уақыт. Осы аз уақыт ішінде əріптестерінің арасында беделге ие болып үлгерген Дастанға отбасында амандық, қызметінде табыс тілейміз.

Ш.СУПИЯНОВА, Қарағанды облысы ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ АУЫР. МЕКЕМЕДЕГІ РЕЖИМДІК ТƏРТІПТІ ҚАДАҒАЛАУ, ЖАЗАЛАРЫН ӨТЕП ЖАТҚАНДАРДЫ ТƏРБИЕЛЕУ СЕКІЛДІ ЖҰМЫСТАР КӨП КҮШ-ЖІГЕРДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ. БҰЛ САЛАНЫҢ АДАМДАРЫН ҚАНДАЙ ҚҰРМЕТКЕ БОЛСА ДА ЛАЙЫҚ ДЕЙТІНІМІЗ СОНДЫҚТАН. Бір атап өтерлігі, бұл саланың əр қызметкері мамандығын жүрек қалауымен таңдап, қиын да қатерлі жұмыстың ауыртпалықтарына мойынсұна келген өжет жандар. Олар үшін мақтау-марапат екінші немесе одан да кейінгі орындардағы мəселе. Міне, сондай жанның бірі – əділет майоры Айтжан Жаппарқұлов. Абыройын адал еңбегінен тапқан Айтжан қазір Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты АК159/5 мекемесінің режим бөлімінің бастығы. 2002 жылы Павлодар заң колледжін бітіріп, осы мекемеге жедел уəкіл болып келген ол қызметтік жолын əрбір жас маман сияқты сол саланың «киім ілгішінен» бастады. Ол əр жұмыстың дəстүрінде бар тəжірибе жинақтау үшін берілетін баспалдақтар. Алға қойған мақсатқа жету үшін жас маман өз-өзіне жауапкершілік жүктеп, талмай үйренумен болуы тиіс. Айтжан алғаш келгенде-ақ алдына бірінші кезекте еңбек тəртібін қойды. Сөйтіп, таңғы сағат 7 жарымда жұмыс орнынан табылуды əдетке айналдырды. Сол əдет əлі күнге қалған емес. Одан əрі жұмыс күнін түзеу мекемесінің ауласын, жазасын өтеушілердің жатағын жəне өндірістік аймақты аралап шығудан бастап, одан əрі мекемеде жаза мерзімін өтеуші сотталғандарды тəрбиелеу, күзету жəне қызметкерлер мен олардың аумағындағы өзге де адамдардың қауіпсіздігін сақтап, ішкі тəртіпті қамтамасыз етумен жалғасады. Одан əрі ішкі қым-қуат тірлік. Режим бөлімінің жұмысын ұйымдастыру, тəрбие, жедел жəне мекеменің басқа қызметтерімен, əскери бөлімшелермен, аумақтық ІІО-мен өзара тығыз байланыста болу, түзеу мекемесінің ішкі күн тəртібі ережелерін, жаза басқандардың құқықтары мен міндеттерін жəне сотталғандармен құқық сабақтарын өткізу. Бөлімнің жұмысын жоспарлау, іс жүргізуін бақылау сияқты жұмыстар үйреншікті іс болып есептелгенімен, оның кез келген жағдайда уақыт үніне сəйкес өзгеріп отыратыны бар. Бұл орайда жағдайды сезіну қажет. Ал, осынау қыруар жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету осы бөлімге жүктелген. «Режим бөлімі бастығының жұмысы ауыр. Айтжанның көрген күнін басқамызға бермесін», деп əріптестерінің қалжыңдайтыны сондықтан. Қалай болғанда да көп қалжыңның ішінде бір шындықтың жататыны анық. Рас, күн мен түн қатып жүріп еткен еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Бірнеше рет комитеттің жəне департамент бастығының қолынан марапаттар алды. Уақытпен санаспайтын Айтжан Қанатұлы бос уақытының бола бермейтініне қарамастан отбасын назарынан тыс қалдырған емес. Адал жар, өнегелі əке. Үш баласының тəрбиесіне қатты көңіл бөледі. Өйткені, баланың азамат болуы тəрбиеден екенін ол жақсы түсінеді.

Жас келсе іске Теңдік МАЛДЫНОВА, Петропавл қаласы

ҚАЙ САЛАДА БОЛМАСЫН ӨЗІНІҢ ҚАЛАҒАН МАМАНДЫҒЫН БАР ЫНТАЫҚЫЛАСЫМЕН СҮЙІП АТҚАРЫП, ЕҢБЕКҚОРЛЫҒЫМЕН КӨЗГЕ ТҮСІП ЖҮРГЕН ЖАНДАР АЗ ЕМЕС. СОНДАЙ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІНІҢ БІРІ – ПЕТРОПАВЛ СТАНСАСЫНДАҒЫ ІШКІ ІСТЕР ЖЕЛІЛІК БӨЛІМІ КАДР ЖҰМЫСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ, ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ ДƏУРЕН ҚҰСАЙЫНОВ. Ішкі істер саласында 15 жылға жуық уақыт қызмет етіп келе жатқан Дəурен Айтжанұлы еңбек жолында қызметінің талай қызығы мен қиындығын көрді. Дəурен Құсайынов 1981 жылы 6 шілдеде Ақмола облысы Ақкөл ауданында көп балалы отбасында дүниеге келген. Отбасында 10 баланың ішінде 8-сі болып дүние есігін ашқан кейіпкеріміз сол жерде мектепті тəмамдап, құқық қорғау саласы бойынша білімін жетілдіреді. 2000- 2002 жылдар аралығында Алматы қаласында шекара қызметінде Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып елге аман-есен оралған Дəурен, бəтуəсіз жүрісті жөн санамай бірден Солтүстік Қазақстан облысы ІІД патрульдік полиция батальонына полицей болып орналасады. Əскерде болып келгендерді, оның ішінде шекара қызметі сияқты жауынгерлік дайындықтан сыралғы болып оралған жігіттерді қол-аяғын жерге тигізбей қағып алатын ішкі істер органдары Дəуренге де бірден қолқа салды. Одан басшылар қателеспеді. Тез-ақ бұл қызметтің қыр-сырын үйреніп алған Дəуренді өзіне тартқысы келгендер көбейе бастады. Сөйтіп, бір жылдан астам уақыттан соң ол Петропавл стансасындағы ІІЖБ-не жолаушылар пойызына ілесіп жүру взводына ауысады. Бұған да біліктілік керек. Пойызда кім кездеспейді дейсің? Мына аласапыран заманда оның қызмет күрделілігі арта түспесе кеміген жоқ. 2010 жылға дейін болат жолдың үстінде «дүрсілдеп келген» Дəурен, 2014 жылға дейін ІІЖБ КБ кезекшінің көмекшісі болып қызметін əрі қарай жалғастырады. Осы мекеменің кадр жұмысына 2014 жылы ақпан айында ауысып, сонда жемісті жұмыс істеп келеді. Ішкі істер саласында 14 жыл еңбек етіп келе жатқан ол құпиясы көп бұл істің де сырына қаныға түсуде. Қызметке жаңа аяқ басқан азаматтардың қызметтік істерін жинақтап, оларға қызметтік куəліктер даярлау, жеке құрамның жеке істерін толықтыру, ескі құжаттарды архивке жолдау – мұның бəрі осы Дəурен Айтжанұлының қолынан өтеді. Бұл айтуға оңай болғанымен, білім мен біліктілікті аса қажет ететін сала. Бастысы заңды, заңдық құжаттарды жақсы білуді талап ететін сала. Сондықтан да үлкен сабырлылық пен төзімділікті талап етеді. Осы жылдар ішінде Дəурен Ішкі істер министрі жəне Көліктегі ІІД басшылығы тарапынан түрлі алғыс хаттар мен мақтау қағаздарына ие болды. Дəуреннің қолы қалт ете қалғанда айналысатын сүйікті ісі спортпен шұғылдану. Оның ішінде спорттың жеңіл атлетика мен футбол оның жанына жақын түрлері. Өмірлік серігі Əлия да құқық қорғау саласының қызметкері. Халықтың тыныштығын қорғау мен олардың құқықтарының бұзылмауына зор үлес қосып жүрген қос құқық қызметкері бір ұл, бір қыз тəрбиелеп отырған бақытты атаана. Саламатты өмір салтын насихаттап жүрген тəуелсіз Қазақстанның ұланы Астана күні қарсаңында 35 жасқа толғалы отыр. Əріптестері Дəуреннің еліне елеулі, халқына қалаулы болуына тілектестік сезімдерін білдіруде.


6

АЙМАҚ №49 (4215), № сейсенбі, 5.07.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

ПОЛИЦИЯ ДИНАСТИЯСЫ

Офицерлік əулеттің негізін қалаушы Ерболат СҰЛТАНОВ, Орал қаласы

ОТАҒАСЫ ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ АРДАГЕРІ, ОТСТАВКАДАҒЫ МАЙОР ТЕМІР МУРЗАШЕВ БАЛА КЕЗІНЕН ƏСКЕРИ АДАМ БОЛУДЫ АРМАНДАПТЫ. ƏСКЕРИ ФИЛЬМДЕР МЕН КІТАПТАРДЫ КӨПТЕП ОҚЫҒАН КЕЙІПКЕРІМІЗ ҚАЗІРГІ АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ БАЗАРТӨБЕ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІ ТƏМАМДАҒАННАН КЕЙІН ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕУГЕ ƏСКЕРГЕ АТТАНАДЫ.

Межелі мерзімі біткен соң келісімшартпен Қызыл ту орденді Ортаазиялық əскери округінде қалуы – балалық арманына жол ашқандай болды. Сонда 1971-1982 жылдар аралығында бөлімше командирі, взвод командирінің орынбасары, рота старшинасы, взвод командирі болып қызмет етті. Ал 1982-2003 жылдары еліміздің сол кездегі Ішкі əскері, қазіргі Ұлттық ұлан қатарында түрлі лауазымдарда еңбек етіп, қоғамдық тəртіпті сақтауға өз үлесін қосты. Əскери салада жемісті қызмет еткен Темір Құлымжанұлы зейнетке шыққаннан кейін сүйікті ісінен қол үзбей, бес жылдай «Батыс» өңірлік қолбасшылығы ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары болды.

Отан алдындағы парызын абыроймен өтеп, ел тыныштығын сақтау жолында жас сарбаздарды тəрбиелеп, көпке үлгі болған ардагер əркез қолбасшылықтың, əріптестерінің құрметіне бөленді. Оның ІІ жəне ІІІ дəрежелі «Үздіксіз қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының Ішкі əскерлеріне 20 жыл»,«Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне 10 жыл» жəне басқа да марапаттарға ие болуы – соның дəлелі. ОТБАСЫ БАҚЫТЫ Кейіпкеріміз əскери саладағы қызметінің жемісті болуына отбасындағы береке-бірліктің тигізген ықпалы зор болғанына сенімді. Өмірлік қосағы Сатыбалды

Тұяқбаева да осы салада қызмет етті. Сондықтан əрдайым жарының жұмысына түсіністікпен қарап, сыйлай білді. Перзенттерін патриоттық рухта тəрбиелеп, Отанын сүюге үйретті. Бүгінде құрметті демалысқа шыққан ерлі-зайыптылар балаларынан өрбіген немелерінің қуанышына бөленіп отыр. Қолдары қалт етсе, өз қолдарымен өсірген бау-бақшаларын күтіп-баптап, ұрпақтарын еңбекке баулиды. «Мен өзімді бақытты жанмын деп есептеймін. Жолдасым екеуміз отбасымыздың шаттығы үшін барымызды салып келеміз. Балаларымыз сенімімізді ақтады. Ең бастысы, шаңырақ иелері бір-бірін түсіне біліп, отбасы құндылығын бағалауы тиіс», – деді отағасы Темір Мурзашев. Өз бақыттарын аялай білетін отбасының отанасы Сатыбалды апайдың гүл өсіруді жақсы көретінін, əнді жақсы айтатынын, оның қолынан шыққан дəмнің де ерекше болатынын білдік. ƏКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН Мурзашевтардың ұл-қыздары да ата-анасының дара жолымен жүріп, əскери саланы таңдады. Кенже ұлдары Асхат пен қыздары Динара облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің РУ-170/2 мекемесінде бірі – жедел уəкіл, бірі – инспектор болып қызмет етуде. ҚР ІІМ Семей Заң колледжінде білім алған Асхат Мурзашев бүгінде капитан. Əкесінің ізгілікті ісін жалғаған ұл басшылықтың зор алғысына ие. Ал, отбасының тұңғышы, əділет подполковнигі Қайрат – Астанада Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде штаб бастығы. Əріптестері Мурзашевтар дин а стиясын білімді, жауапкершілігі мол, адал, еңбексүйгіш, ақылкеңесін аямайтын жандар ретінде жақсы біледі. Династияның мұндай жетістіктері – өз ісіне деген сүйіспеншіліктің, отбасы құндылықт ар ы мен қызметке адалдықтың нəтижесі екені сөзсіз.

е-mail: nastraje@mail.ru

АҒА БУЫН

Ағайынды Досмұратовтар Қ.АСЫЛОВ, Қандыағаш стансасындағы ЖПБ

ҚАНДЫАҒАШ СТАНСАСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ТАРИХЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ АҒАЙЫНДЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН БІР МЕЗГІЛДЕ ҚҰРМЕТПЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҒАРЫП САЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ. Саналы жылдарын көлік полициясы қызметіне арнап, тер төккен ағайынды Досмұратовтар ішкі істер органдарында 20 жылдан астам қызмет атқарған екен. Жауапты қызметтің қиындығы мен сынағын басынан өткеріп, абыроймен зейнет жасына жеткен ағайынды Мұнал мен Теңелбай Досмұратовтардың жеке құрамда алар орны да, төрі де ерекше. А ғ а й ы н д ы Досмұратовтар өздерінің қасықтап жиған абыройының арқасында ұжым алдында үлкен беделге ие боп жүрген өз істерінің кəсіби мамандары. Əрі талай жылдан бері жинақтаған тəжірибелерімен қызметке жаңа тұрған жас мамандар үшін үлгі болып үлгерген қызметкерлер. Əрине, мұндай білікті мамандардың қызметін аяқтағаны, аз да болса мұңайтады. Алайда, айтары мен үйретері мол аға буын артында қалған жас қызметкерлер қатарында өздері секілді абыройлы қызметкерлерді қалдырып барады деп сенгің келеді. Ағайынды Досмұратовтар өздерінің қызметі кезінде ұжымның қоғамдық өміріне белсене араласып, мол үлес қосты, жас қызметкерлерге тəлімгер бола білді. Салтанатты шара кезінде Қандыағаш стансасындағы Желілік полиция бөлімінің басқа да ардагерлері назардан тыс қалған жоқ. Бөлім басшылығы алдыңғы толқынның ұжым өміріне белсене араласып, жас қызметкерлерді отансүйгіштікке баулуда, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сіңірген ерен еңбектері үшін алғыс білдіре отырып ІІО-ның ардагерлері Амангелді Қонаев пен Виктор Калашниковке Көліктегі ІІД мен ІІМ мақтау қағаздарын табыс етті. Ел сақшыларының төл мерекесінде өткен мерекелік жиында құрметті зейнетке шыққан аға буынның орнын жас толқын алмастырды. Бұл күні 8 жас маман салтанатты түрде Ант қабылдап, қатарға қосылды. «Ант қабылдау – жас қызметкерлердің өміріндегі өте маңызды əрі жауапты қадамдардың бірі. Қызметтестері мен достарының алдында, Отанына адал қызмет етуге, заңдылықты сақтауға ант берген соң абырой биігінен сəл де болса төмендемеу керек», – деді жастарға ақ жол тілеген ардагерлер. Ал, бөлімнің жас қызметкерлері: «Серт ету – ол киелі борыш, əр қызметкер антына адал болуы керек. Аға буынның алында Ант бергенде қатты толқыдық», – дейді.

ДЕНСАУЛЫҚ

САҚШЫЛАР САУЛЫҒЫН КҮЗЕТКЕН ЖАНДАР Іңкəр АСАНОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы ƏЛЕМНІҢ ҚАЙ ЕЛІНДЕ БОЛМАСЫН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ЕКЕНІ КІМ-КІМГЕ ДЕ БЕЛГІЛІ ЖАЙТ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДА ДА КӨП КӨТЕРІЛЕДІ; ЖЕТІСТІКТЕР ДЕ, КЕМШІЛІКТЕР ДЕ АЙТЫЛАДЫ, БІЛІКТІ ДƏРІГЕРЛЕР ТУРАЛЫ ДА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЖЫМДАРЫ ТУРАЛЫ ДА ЖАЗЫЛЫП ЖАТАДЫ. Солай бола тұра, осы бір маңызды саланың журналистер назарынан тыс қалып жататын бөлігі бары жасырын емес. Ол – ішкі істер қызметіндегі денсаулық сақтау ісі. Ендігі əңгімемізді осы ішкі істер қызметіндегі денсаулық сақтау ұжымдарының бірі – Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің медициналық қызметіне қатысты жалғамақпыз. Ұжым тарихы өткен ғасырдың 78-шы жылдарынан бастау алады. Шежірені сол кезден бастап тарқатсақ, міне, елін сүйген білікті дəрігерлердің оңтүстік сақшылары денсаулығының күзетінде тұрғанына да 40 жылға жуықтап қалыпты. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің емханасы бар госпиталі мемлекеттік мекемесіне Евгения Карпешинец басшылық етеді. «Қазіргі таңда біздің ұжымда жалпы 120-дан астам қызметкер жұмыс істеп жатыр. Олардың барлығы да көп жылдық тəжірибесі бар

білікті мамандар. Емханада күніне 260-қа жуық ІІО ардагерлерін, ІІО қызметерлерін, олардың атаанасы мен отбасы мүшелерін қабылдай аламыз. Емхана заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Мұндағы білікті дəрігерлерге келушілер үлкен ризашылықтарын білдіріп жатады. Мəселен, Қонысбек Тұрманов, Нұржамал Мамекова жəне Ольга Клокова сынды дəрігерлеріміз осы емхананың іргетасы қаланған кезден қызмет істеп келе жатқан дəрігерлер. Айта кететіні, мұнда тек жоғары санатты дəрігерлерді жұмысқа қабылдаймыз. Себебі, талап жоғары, үдесінен шығу оңай емес», – дейді ақ халатты бас дəрігер. Əр саланың өз қиындығы болатыны белгілі. Дегенмен, қоғамда полицейлер мен дəрігерлерге артылатын жүк ауырлау. Ал, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етіп, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін күні-түні, уақыт ырғағына бағынбай жұмыс атқаратын полиция қызметкерлерінің денсаулығын қорғайтын ІІО дəрігерлерінің міндеті одан да ауыр. «Емханада екі жедел жəрдем көлігі

мен екі жеңіл көлік бар. Шалғай ауылдар мен аудандарға барып, ондағы полиция қызметкерлерінің денсаулықтарын жиі тексеріп тұрамыз. Полицейлердің жұмыстары өте қауырт болғандықтан, бізге

келіп тексерілуге уақыттары бола бермейді. Сондықтан өзіміз барамыз. Полиция қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылатын спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарында жəне тағы да басқа ісшараларға үнемі полицейлермен бірге жүріп, олардың денсаулығын бақылап отырамыз. Бұл біздің – басты міндеттеріміз», – дейді Евгения Николаевна. Бір айта кетерлігі, бас дəрігер қазақ тіліне судай екен. Сұхбат құру барысында Евгения Николаевна мақалмəтелдерді орайын тауып, ұтымды қолданып, тек қазақ тілінде сөйлеп отырды. Кей қазақ сөйлеуге нам ы станатын тіліміздің майын тамызып сөйлеп отырғаны үшін бас дəрігерге іштей алғыс айттық. Ендігі жолымыз ІІО-ның госпиталіне қарай ойысты. Онда барғанымызда кезекші дəрігер, мұнда жылына шамамен 2 мыңнан астам адам ем қабылдайтынын айтты. Бір адам жылына бір немесе екі рет міндетті түрде ем қабылдайды жəне ем қабылдау мерзімі 10 күннен 1 айға дейін жүргізіледі екен. Қазіргі таңда көпшілік науқастар облыстық ІІД санаторияларына барудан бас тартып, осында ем қабылдағанды жөн санайды. Осында емделіп жатқан отставкадағы полиция майоры Айдар Əбдікəрімұлы: «Мен жыл сайын осын-

да келіп кешенді ем қабылдаймын. Мұндағы терапевт-дəрігер Əділбек Ахметов, психотерапевт-дəрігер Еркін Баймұратовқа алғысым шексіз. Олар бізге ем-дом жүргізумен қатар, психологиялық та қолдау көрсетуден жалыққан емес. Рентгенолог-дəрігер Анвар Валитов жəне УДЗ-дəрігер Мунавар Исаметова да өз ісіне өте мұқият қарайтын білікті мамандар. Бас дəрігер үнемі келіп жағдайымыздан хабар алып отырады. Айта кетейін, мұндағы тазалық та жоғары деңгейде. Тамақтары сапалы. Мен басқа да ауруханаларда жатып ем қабылдап көрдім, дегенмен бұл жердің кəсіби деңгейіне жетпейді екен», – дейді ағынан жарылып. Жаңа кадрларды ішкі істер органдарына жұмысқа қабылдау кезінде жəне ІІМ мектебіне барғысы келетін оқушыларға өте жоғары талап қойылады. Полиция қызметінің

холог, невропатолог, хирург секілді сарапшы дəрігерлердің тексеруінен соң, комиссияның шешімімен дені сау, денсаулығы жарамды екені жайлы анықтама береміз. Немесе жарамсыз деп тауып, есептен шығарамыз. ІІО қызметкерлерін үш жылда бір рет тексеруден өткіземіз. Күніне 25-тен астам азамат қабылдаймыз», – дейді Сəбит Сүгірəліұлы. Осында 20 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан сарапшы-терапевт дəрігер Закира Дауылбаева, сондай-ақ, сарапшы-психиатр дəрігер Айжамал Хангелдиева, сарапшы-невропатолог дəрігер Жібек Бейсетаева, сарапшы-хирург дəрігер Досымбек Жакитов жəне жоғары санатты офтальмолог дəрігер Ерлан Мəуленовпен сұхбат құрғанымызда, олардың нағыз өз істерінің білікті мамандары екенін байқадық.

темірдей тəртібіне төзе білетін денсаулық иелері ғана іріктеліп алынады. Онымен қоса бойы, салмағы, білім деңгейі де міндетті түрде рөл атқарады. Ал, сол үміткерлер мен ІІО қызметкерлерінің денсаулығын тексеруден өткізуші – аймақтық əскери дəрігерлік комиссия. Бұл қызметті бүгінгі күнде медицина ғылымдарының кандидаты, нейрохирург Сəбит Қыдыралиев басқарып отыр. «Біз үміткерлерді толық тексеруден өткіземіз. Оларға терапевт, пси-

«Жас полиция қызметкерлерінің денсаулығынан кінəрат тапқанда – өзіне жеткізіп айту б і з г е ө т е а у ыр. Жалпы полиция қызметкерлерінің жүйкесі ерте сыр бере бастайды. Əрине, ол қызметтің ауырлығы мен демалыс режимінің сақталмауынан. Бастысы адамның денсаулығы. Сондықтан, еліміздің сақшысы, еліміздің тірегі полиция қызметкерлері, жалпы адамзат баласы ешқашан ауырмасын», – дейді ақ халатты абзал жандар.


СПОРТ №49 (4215),№ сейсенбі, 5.07.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 СПОРТТЫҚ ШАРА

е-mail: nastraje@mail.ru

7

ДУАТЛОН

МЕРЕЙЛЕР ТАСЫҒАН КҮН Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Оңтүстік Қазақстан облысы

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ШЫМКЕНТ ШАҺАРЫНДАҒЫ «ДИНАМО» СТАДИОНЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. БҰЛ КҮНІ СТАДИОН СƏН-САЛТАНАТЫМЕН КЕЛУШІЛЕРДІ ӨЗІНЕ ТАРТА ТҮСТІ. САЛТАНАТТЫ ЖИЫНҒА ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ƏКІМІ БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВ КЕЛДІ.

«Полицияда қызмет ету – маңызды əрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздер қиын сəттерде қарапайым халықтың арқасүйер сүйеніші, əділеттің жаршысы бола білдіңіздер. Алдағы уақытта да оңтүстікқазақстандық тəртіп сақшылары тұрғындардың құқықтарын қорғап, еліміздің əлеуметтікэкономикалық дамуына үлес қоса берері анық», – деді облыс басшысы. Құттықтау сөзінен соң өңір басшысы бір топ үздік полицейлерге грамоталар мен алғыс хаттар тапсырды. Одан соң мінбеге облыстық мəслихаттың хатшысы Қамытбек Айтөреев көтерілді. Ол тəртіп сақшыларына ақжарма тілегін арнап, сала үздіктеріне облыстық мəслихаттың Алғыс хаттарын тапсырды. Осы күні қоғам тыныштығын қорғауда қалтқысыз қызмет еткен 35 полиция қызметкері марапатталды. Құрметке бөленгендердің қатарында Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жедел қимылдау арнайы қызметінің полицейлері Т.Сматов, Ғ.Қалменов, М.Рақымбердиев, Шымкент қалалық ІІБ Еңбекші ПБ бастығы, полиция полковнигі Н.Қарабаев, əл-Фараби ПБ бастығы, полиция полковнигі Н.Жалғасов, Сарыағаш аудандық Ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі О.Қабыштаев бар. Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генералмайоры Асқар Оспанов Тергеу басқармасының жұмысы республикамызда жоғары бағаланғандығын қуанышпен жеткізді. ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Б.Аблаев баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жаңа құрылымның жетістіктерін атап өтті. Жиын барысында əріптестер қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерін бір сəт үнсіздікпен еске алды. Олардың артында қалған жесірлері мен ұл-қыздарына сыйсияпат жасады.

Салтанатты жиын соңы спорттық жарыстарға жалғасты. 700-ге жуық қызметкер 23 команда болып сайысқа түсті. Бұдан бөлек «Əкем, анам жəне мен – біз, спорттық отбасымыз» отбасылық эстафета ойыны мен ішкі істер қызметкерлерінің балалары арасында «Өнерлі балалар» байқауы ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, «Саламатты өмір салты» мемлекеттік кешенді бағдарламасын орындау, Қазақстан полициясы қызметкерлерінің оң имиджін нығайту мақсатында екі күндік спартакиада жарысы 10 спорт түрінен өткізілді. Жарыстардың қорытындысы бойынша «Жағажай волейбол» жарысында бірінші орынды ІІД аппараты жеңіп алды. Екінші орынды Шымкент қалалық ІІБ Еңбекші ПБ иеленді. Үшінші орынға Мақтаарал аудандық ІІБ ие болды. Əйелдер арасындағы «Волейбол» жарысында бірінші орынды Еңбекші ПБ иемденді. Екінші орынды ІІД аппараты еншілесе, үшінші орынды Шымкент қалалық ІІБ қанжығаларына бөктерді.

«Шағын футбол» жарысында бірінші орынды Шымкент қалалық ІІБ ЖППБ, екінші орынды Шымкент қалалық ІІБ Еңбекші ПБ, үшінші орынды Шымкент қалалық ІІБ ЖППП иемденді. «Қол күресі» жарысында бірінші орынды Шымкент қалалық ІІБ ЖППП қызметкері Н.Утешов, екінші орынды Шымкент қалалық ІІБ əл-Фараби ПБ сақшысы Ж.Мұғалбеков, үшінші орынды Мақтаарал аудандық ІІБ сақшысы Б.Нұрходжаев өзара бөлісті. «Кір тасын көтеру» жарысында бірінші орынды Түркістан қалалық ІІБ ЖҚАЖ қызметкері Е.Кульков, екінші орынды Шымкент қалалық ІІБ əл-Фараби ПБ полицейі М.Хусанов, үшінші орынды Түлкібас аудандық ІІБ қызметкері Г.Шайханов жеңіп алды. «Арқан тарту» жарысында бірінші орынды ІІД аппараты, екінші орынды Сайрам аудандық ІІБ, үшінші орынды Шымкент қалалық ІІБ ЖППП иеленді. «Үстел теннисі» жарысында бірінші орынды ІІД аппараты, екінші орынды Түлкібас аудандық ІІБ, үшінші орынды Шымкент қалалық ІІБ Еңбекші ПБ егеленді. «Турникке тартылу» жарысында бірінші орынды ІІД қызметкері Қ.Нұров, екінші орынды ІІД ЖКБ полицейі Ш.Жамбетов, үшінші орынды Шымкент қалалық ІІБ ЖППП сақшысы Д.Ходшимов еншіледі. Отбасылық жарыста бірінші орынды Төлеби аудандық ІІБ-нан Түймебековтер отбасы, екінші орынды Шымкент қалалық ІІБ Еңбекші ПБ-нан Ахметовтер отбасы, үшінші орынды Шымкент қалалық ІІБ ЖППП-нан Абдикаримовтер отбасы жеңіп алды. «Жауынгерлік қарудан ату» жарысында 1-орынды ІІД аппараты, 2-орынды Шымкент қалалық ІІБ Еңбекші ПБ, 3-орынды Сайрам аудандық ІІБ қанжығаларына бөктірді. Спартакиада жарыстарының қорытындысы бойынша 1-орынға ІІД аппараты шықты. Екінші орынды Шымкент қалалық ІІБ Еңбекші ПБ ал, 3-орынды Шымкент қалалық ІІБ ЖППП иеленді. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, грамоталармен, кубокпен, медальдармен марапатталды. Иə, бұл мерейлер тасыған ерекше күн болды.

Əріптес мерейі К.МЕЙРАМОВ, Астана қаласы ТЖД БИЫЛ АСТАНА КҮНІ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЛАМЫЗДА ОСЫМЕН ЕКІНШІ РЕТ «АСТАНА-ДУАТЛОН» ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛГЕНІ БЕЛГІЛІ. Биылғы шараға 500-ге жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, олардың қатарында Үкімет басшысы Кəрім Мəсімов, Президент Əкімшілігінің Басшысы Əділбек Жақсыбеков, Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен қала əкімі Əсет Исекешев, Қазақстан даму банкінің өкілі де бар барлығы бір қатарда жарыс жолына шыққан еді. Сонымен қатар, қатысушылар арасында атақты велошабандоз Александр Винокуров жəне тағы басқалар да болды. Турнирдің алғашқы кезеңінде спортшылар 5 шақырым жүгіріп өтті, одан кейін 15 шақырымды велосипедпен жүріп, қалған бес шақырымды жаяу еңсерді. Мұның символикалық мағынасы бар. Себебі, еліміздің егемендігіне биыл – 25 жыл. Старт Қонаев көшесімен «Бəйтерек» монументінен басталды. Жарысқа Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №14 ӨСБ өрт сөндіру постының бастығы, азаматтық қорғау майоры Азамат Қарасартов та қатысып, 5-орын алып «Астана-дуатлон-2016» медалімен марапатталды. Əріптесіміз Азамат Кенжебекұлы өзінің бос уақытын əрдайым спортқа арнайтын жан. Қысқы кезеңде шаңғы, хоккей спортымен шұғылданса, жазда шаңғы-роллер, велосипед, марафонға жүгіру, дуатлон мен триатлонға белсене қатысады. Сонымен астаналық Өрт сөндіру қызметінің құтқарушысы Азамат Қарасартов үшін спорт хобби мен əуесқойлықтан да артық, дене дайындығын жоғары деңгейде ұстау тəсілі болып тұр. Бұл да болса кім-кімді де тəжірибе мен жаңа белестерге жетуге жетелейтін үлгі аларлық қасиет.

МАРАФОН

Жазғы жүгіру жарысына тіркеу басталды АЛМАТЫ МАРАФОНЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ЖҮГІРУ ЖАРЫСЫНА ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ БҮГІН АЛМАТЫ МАРАФОНЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНЕН ХАБАРЛАДЫ.

Жазғы жүгіру жарысы алдағы 16 шілдеде Баум тоғайында болады. «Аралық жүгірулер – жыл бойы саламатты өмір салтын дəріптейтін маңызды дайындық шаралары. Солардың ішінде Жазғы жүгіру – Алматы марафонынан кейінгі ең ірі жүгіру алаңы. Оған тіркелу бүгін басталды. Жарыс Баум тоғайында өтеді. Бұл жолы үш қашықтықты ұсынып отырмыз. Олар: балалар үшін 2 шақырым, ал ересектерге 7,5 жəне 15 шақырым. Баум тоғайының жолдары аса кең емес. Сондықтан тіркелуді 10 шілдеде немесе 700 қатысушыны жинағанда жабамыз», – деді Алматы марафонының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева. Естеріңізге сала кетейік, Жазғы жүгіру – бұл жүгіруге əуесқойларды Алматы марафонына байыппен дайындайтын үш - аралық жүгірудің алғашқысы.

ҚАЗАҚША КҮРЕС

Тыңдаушылар белдесуі Уəлихан МЫРЗАБАЙ, Алматы қаласы

ЖУЫРДА ІІМ-НІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЗАҚША КҮРЕСТЕН ТУРНИР ӨТТІ.

Турнир Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Дабыржан Мажириннің тікелей қолдауымен «Əскери пəндер жəне денешынықтыру дайындығы» циклының бастығы, полиция майоры Уалихан Мырзабайдың жаттықтыруымен ұйымдастырылды. Турнирде тыңдаушылар 4 салмақ дəрежесі бойынша күш сынасты. Сайысты Оқу орталығы бастығының кадр жəне тəрбие ісі

жəне саптық бөлім орынбасарлары – полиция полковнигі Асқар Шуенбаев, полиция подполковнигі Бауыржан Жұманов ашып, барлық қызметкерлерді жəне тыңдаушыларды төл мерекемен құттықтап, бүгінгі жас тыңдаушылар – ертеңгі қылмысқа қарсы күресетін т ə р т і п сақ шылар ының қ ашан д а белдесуге дайын болу керектігін атап өтті.

Тартысты жəне қызықты өткен сайыста 65 келі салмақта 8-отыздықтың тыңдаушысы Е.Сақтапбергенов 1-орынды иеленсе, 2, 3-орындардан тыңдаушы Ж.Игимбаев пен А.Нүрсейтов табылды. 75 келі салмақта 1-орынды Б.Жұмағалиев жеңіп алды. Екінші, үшінші орындарды тыңдаушы А.Жомарт пен Б.Инаятов еншіледі. 85 келі салмақ дəрежесі бойынша 1-орынды тыңдаушы Қ.Башкенов, 2, 3-орындарды Е.Жаңабайұлы мен А. Қасымхан иеленді. 90 келіден жоғары салмақ дəрежесі бойынша, яғни Оқу орталығының «Түйе палуаны» атағы үшін белдесулерде 1-орынды 8-отыздықтың тыңдаушысы Б.Алиханов жеңіп алды. Екінші орынды Р.Шавкатов өз қанжығасына байлады. Бұдан бөлек, мереке аясында волейбол жарысы да өткізілді. Сайысқа 14 отыздық қатысып, өз шеберлігімен 5, 3, 4-отыздық тыңдаушылары суыр ылып ши р е к ф и налға ш ықты . Жалпы командалық есеп бойынша волейбол сайысында 5 отыздықтың тыңдаушылары бірінші орынды иеленсе, екінші, үшінші орындарды 4, 3-отыздықтың тыңдаушылары өзара бөлісті. Алдағы уақытта Оқу орталығының қызметкерлері жəне тыңдаушылары, яғни болашақ полиция қызметкерлері аудан, қалааралық үлкен сайыстарға қатысып жүлделі орындардан көрінетініне сенімдіміз. Жеңімпаз атанған тыңдаушылар медаль, мадақтау қағаздармен жəне сыйлықтармен марапатталды.

Саламатты өмір баспалдағы Нұржан ШАЯХИН, ЕС-164/3 мекемесі

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДАҒЫ «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫНА САЙ ТАПСЫРМАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕР-ЖЕРІНДЕ ҚОЛДАУ ТУЫП ЖҮР. Маңызды құжатта көрсетілген талапты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-не қарасты ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері де жан-жақты жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, биыл маусым айының 15-ші жұлдызынан «Тазалық пен спорт – ұзақ өмір мен денсаулық кепілі» атты бағдарламамен ЕС-164/3 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында жазғы спартакиада басталған болатын. Жазғы спартакиаданың салтанатты ашылуына арнайы концерт те ұйымдастырылды. Петропавл қалалық ата-аналар комитетінің төрайымы Л.Андронова сотталғандарға денсаулық жайлы, ұзақ өмір сүрудің құпиясы туралы дəріс оқып, сотталғандарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жазғы спартакиаданың ашылуы барысында мекеме əкімшілігінен сарапшылар тағайындалды, олар спорттық шараларға төрелік етті. Спартакиада аясында сотталғандар арасында шахмат-дойбы, тоғызқұмалақ, асық ойындарынан сайыстар ұйымдастырылды. Ал жасақтар арасында командаларға бөлініп кір тасын көтеру, турникке асылу, футбол, волейбол, қол қүресі, 100 м. қашықтыққа жүгіру бойынша жеңімпаздар анықталып, олар мекеме тарапынан жүлделі сыйлықтарға ие болды.


8

СӨЗ СОҢЫ №49 (4215), сейсенбі, 5.07.2016 е-mail:sakshy@mediaovd.kz

АКЦИЯ

ТƏРБИЕ – ТҮЗЕУ ҚҰРАЛЫ Гүлнəр УСМАНОВА, Ақмола облысы

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ СОТТАЛҒАНДАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСКЕ БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ҰДАЙЫ ӨТКІЗІЛІП КЕЛЕДІ. СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ – ДƏРІСТІК ТҮСІНДІРУ ЖƏНЕ САНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні де мекемеде «Есірткіге «Жоқ!» де» акциясы ұйымдастырылып, есірткіге қарсы тақырыпта бейне деректер мен кинолар көрсетілді. Сондай-ақ, «Шыңырау шетінде», «Есірткі жəне заң», «Тəтті» өмірдің ащы жемісі» жəне басқа да тақырыптарда қабырға газеттері дайындалып ілінеді. Жалпы мекеменің медицина қызметкерлері, нарколог-дəрігерлері, облыстық наркологиялық оңалту диспансерінің өкілдері, «ДСТҚ» орталығының, психологтары мен психиатрлары, арнайы контингент алдында дəрістер оқып, есірткіге қарсы тақырып бойынша тренингтер мен семинарлар жиі өткізеді. Мекеменің қызметкерлері сотталғандардың өзгеру бағытына, соның ішінде, нашақорлық тырнағына іліккендерді еңбекке, білім алуға қаншалықты ықылас танытатынына ерекше назар аударады.

«Өзіңді өлімге итерме», «ВИЧ/СПИД мəселелері туралы», «Жазылуға 12 қадам», «Нашақорлық, ВИЧ/СПИД», «Нашақорлардың алдыңғы жəне одан кейінгі өмірі» атты ақпараттықағартушылық сабақтар өткізіледі. Тəрбиелік сипаттағы іс-шаралар сотталғандар арасында қолайлы ахуал қалыптастырып, олардың есірткі қолданудан саналы түрде бас тарту туралы шешім шығаруына əсер етеді. Сонымен бірге, барлық мекемелерде сотталғандар арасында футбол, шахмат, дойбы, үстел теннисі бойынша жарыстар өткізіледі. Мəселен, ЕЦ-166/26 мекемесінде күштік жарыстар бойынша сотталғандар мен қызметкерлер арасында кір тасын көтеру, қол күрестіру жəне арқан тартудан сайыстар ұйымдастырылды. Ал мамыр айында Гранитный кентінің ЕЦ-166-25 мекемесінде ЕЦ166/23 жəне ЕЦ-166/25 мекемелерінің қызметкерлерінің, КТЖ «Локомотив», командасының жəне сотталғандар

ИГІ ІС

Жетім көрсең жебей жүр Динара САҒЫНДЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

БІРНЕШЕ ЖЫЛ БОЙЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД ƏКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕТІМ ЖƏНЕ АТА-АНА ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕПИНТЕРНАТТАҒЫ БАЛАЛАР ОТБАСЫНА ҚАРАЙЛАСЫП, ҚОЛҒАБЫС ЖАСАП КЕЛЕДІ. АЛ ЖАҚЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТƏРБИЕЛЕНУШІЛЕРІН МЕКТЕП БІТІРУІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ. Мектеп-интернаттағы бірде-бір мереке полицейлердің қатысуынсыз өтпейді. Ал жақында тəртіп сақшылары балалардың мектеп бітіру кешіне келіп, тілектерін жеткізді. Əкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мектепті тəмамдаған өз қарауындағы бес қыз балаға сыйлықтарын да ала келіпті. «Сіздер үлкен өмірге аяқ басқалы отырсыздар. Əрдайым сəттілік серік болсын. Алтын ұяларыңызда алған білімдеріңіз бен тəрбиеңіз алдағы уақытта өздеріңіз жүзеге асыратын жоспарларыңызға септігін тигізеді деген ойдамын», – деді түлектерді құттықтаған Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД ƏПБ бастығы, полиция подполковнигі Дəурен Қазбеков. Ал оқу тəмамдаған қыздар ІІД-ден келген қонақтармен болашақ жоспарларын бөлісті. Милана Ілиясова өзінің журналист болғысы келетінін айтты. Қазіргі уақытта ол М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсу үшін құжаттарын дайындап жатыр екен. «Арманым орындалуы үшін бар күш-жігерімді саламын. Бізге көмек көрсетіп жатқан мұғалімдерге, тəрбиешілерге, əрдайым материалдық көмек ұсынып, ақыл-кеңестерін айтып тұратын полицейлерге алғысым шексіз. Бүгін сыйланған бірінші кезектегі қажет заттар үлкен өмірге қадам басқан біздер үшін үлкен қолдау болды», – деді түлек.

ТІЛІҢ – ТҰҒЫРЫҢ

Тіл сайысының жүлдегері ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МАМАНЫ ДАНАГҮЛ ДОСТАНОВА «ТІЛ МЕРЕЙІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫП, ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ. Медицина қызметкерлері адамның физикалық денсаулығы жəне оған есірткінің теріс əсері туралы дəрістер оқиды. Есірткі туралы

командаларының қатысуымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай шағын футболдан жарыс өтті.

САБАҚ

ҚАУІПСІЗДІК ƏЛІППЕСІ

Тіл сайысы Қызылорда облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген мемлекеттік жəне бюджеттік сала қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытып жүрген оқытушылардың арасында ұйымдастырылған болатын. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің мəртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың қоғамдық мəртебесі мен кəсіпқойлығын, беделін арттыру жəне оқытушының əдістемелік шеберлігін шыңдау, тіл үйретудің озық əдістемесін насихаттау, тарату, педагогикалық қызметтегі инновациялық тəсілдерді қолдану жəне оқытушылардың сабақ берудегі біліктілігі мен тəжірибесін сараптау болып табылады. Байқаудың ережесі бойынша оқытушылар өздерін жəне электронды портфолиосымен таныстырып, сабақ үлгісін көрсетті. Данагүл Жеңісқызы білімділігі, біліктілігі мен шеберлігімен көзге түсіп, облыстық байқаудан жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

ФЛЕШМОБ

«Өз өміріңді жарқын ет» АЛМАТЫЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАС ҰРПАҚТЫҢ САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ҚАТЫСТЫ САНА-СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ БИЗНЕСІ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІП КЕЛЕДІ.

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС БАСТАЛДЫ. БАЛАЛЫҚ БАҚЫТТЫ ШАҚТЫҢ ЖАДЫРАҒАН КҮНДЕРІ ӨТУДЕ. ДƏЛ ОСЫ КЕЗ БАЛАЛАРМЕН ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ ƏҢГІМЕЛЕСУДІҢ НАҒЫЗ УАҚЫТЫ! СЕБЕБІ, СТАТИСТИКАҒА СҮЙЕНСЕК, ЖАЗДА БАЛАЛАРДЫҢ ОТПЕН ОЙНАУЫ САЛДАРЫНАН ӨРТ САНЫ АРТА ТҮСЕДІ. Осыған орай жетекші маман Ирина Грицингер бастаған «Өрт сөндіруші» АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалының қызметкерлері облыстық ТЖД қызметкерлерімен бірлесе отырып, жаз уақытында тілсіз жауға қатысты төтенше оқиғалардың алдын алуға бар күш-жігерін салуда. Ал, жақында мектеп лагерьлерінде демалып жатқан балаларға «Біз жазғы қауіпсіздік үшін!» деген ұранмен сабақтар өтті. Дəл осындай қауіпсіздік сабақтарын отпен күресушілер Өскемен, Шемонаиха қалалары мен Глубокий ауданының 15 мектебінде ұйымдастырды. Сабақ барысында балалар түрлі ойындар мен эстафеталарға белсенді қатысып, күн өтуінен жəне күйіктен қалай қорғану керектігін үйренді, бір-біріне алғашқы медициналық жəрдем көрсетті, өрт сөндіру туралы жұмбақтар, сөзжұмбақтар шешті. Шара соңында бүлдіршіндерге жас мөлшеріне қарай фильмдер мен мультфильмдер көрсетілді.

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

Осындай кездесулер кезінде балалар өрт сөндірушілердің күнделікті жұмысы, жауынгерлік дайындығы жөнінде, өрттің негізгі шығу себептері жəне өрт кезіндегі жасаған əрекеттерімен жақынырақ таныса түседі. Ересектер де, балалар да үлкен қызығушылықпен əр сөзді мұқият тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер шара шеңберінде балаларға өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімін, жылу шағылыстырғыш костюмін, түтінді ортада тыныс алу жүйесін қорғайтын Dräger демалу аппаратын көрсетті. Өрт сөндірушілерге норматив бойынша ӨЖК-ні киюге 19 секунд берілетінін жəне тағы да басқа қызықты ақпараттарды айтып берді. Кейбір қатысушылар рекордты қайталап көруге тырысқан кезде, тыныс алу аппаратынсыз шамамен 15 келі болатын ӨЖК-ні киюдің оңай еместігін түсінді. Іс-шара соңында мұғалімдер де өрт сөндірушінің дулығасы мен жылушағылыстырғыш костюмін

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ Тілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ, Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

қуана-қуана қызығушылықпен киіп көрді. Бірақ балаларды бəрінен де үлкен қызыл автокөлік қызықтырды, олар оны өте ұзақ «зерттеп» қарап, өрт сөндірушілердің өрт-техникалық жабдықтары мен өрт техникасының қағидалары туралы əңгімелерін қызығушылықпен тыңдады, сондайақ өздерін өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі ретінде сынап көрді. Отпен күресушілер отты сумен ғана емес, көбік пен ұнтақ арқылы өшіруге болатындығын айтып берді. Шара соңында балалар өрт сөндірушінің дене болмысы күшті болуы əрі тез əрекет етуі тиіс екендігін, жауынгерлік тапсырмаларды орындау дайындығы 100 пайызды құрайтындығы туралы қорытынды жасады. Балалар мен мұғалімдердің қауіпсіздік əліппесін тəптіштеп түсіндіріп берген сабақтардан көп мағлұмат алғаны анық. Мұндай ісшаралар əрқайсысының жүректерінде көпке дейін із қалдыратынына, кейін бірнеше жылдан соң 500-ден астам баланың ішінен өртке қарсы қызмет қатарына қосылуы мүмкін азаматтар шығатынына сенім мол. «Өрт сөндіруші» АҚ ШҚО филиалы

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Таяуда тəртіп сақшылары Алматы қаласының білім басқармасы жəне Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп Оқушылар үйінің тəрбиеленушілері арасында ең үздік флешмоб бойынша байқау өткізді. «Өз өміріңді жарқын ет, есірткіге қарсы тұр» ұранын ұстанған байқауға Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылары мен Алматы қалалық наркологиялық медициналық-əлеуметтік сауықтыру орталығы қызметкерлері қонақ ретінде қатысты. Алматы қалалық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дəулет Қазкеевтің айтуынша, алматылық полицейлер мұндай мазмұндағы шараларды тұрақты түрде өткізіп, мұны игі дəстүрге айналдырған. «Əсіресе, алдын алуға бағытталған шараларды мектеп жасындағы оқушылар мен студенттер арасында өткізудің маңыздылығы жоғары. Мұндай профилактикалық шаралар тек қана саламатты өмір салтын насихаттауға қызмет етіп қана қоймай, мемлекеттік орган мен жас буынның арасында ашық диалог алаңын құруға жағдай жасайды. Полиция қызметкерлері жасөспірімдер мəселесіне бейжай қарамай, олардың жай-күйін үнемі бақылауды ұстайды. Сол себептен де, жасөспірімдер қандай қиындықтарды бастан кешіретіндерін білу біз үшін маңызды. Қоғамның осы тобымен өткізілетін кездесулер, түсіндіру жұмыстары, алдын алуға бағытталған шаралар жасөспірімдер мəселін сараптаумен қатар, мақсатты əрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, азаматтардың ішкі істер органы қызметіне сенімін арттыра түседі», – дейді басқарма бастығы. Би байқауы соңында қатысушыларға нашақорлықпен күрес жəне оның алдын алуға бағытталған «Наркопост», «Будущее без наркотиков» журналы таратылды. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды. Индексі: 65395 Таралымы: 12678 Тапсырыс: №2993

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Неля АРЦИМОВИЧ Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Айткен ШƏМШІ


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.