Сақшы №42 (4208)

Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№42

(4208), 7.06.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kz

Газет 1933 жылдан бастап шығады

МҰНАй өНДЕу ҚуАТЫН МоДЕРНИзАЦИЯЛАу КЕРЕК Қазақстандағы iрi үш мұнай өңдеу зауыты модернизация жұмыстарынан кейiн ғана жекешелендiруге шығарылуы мүмкiн. Бұл туралы кеше халыққа есеп беру кездесуiнде Энергетика министрi Қанат Бозымбаев мәлім етті.

Министрдiң айтуынша, модернизациядан кейiн Атырау мұнай өңдеу зауытында ғана ашық түстi мұнай өнiмдерiнiң өндiрiсi қазiргi 40 пайыздан 92 пайызға дейiн артпақ. «Менiң ойымша, ең алдымен, мұнай өңдеу қуатын модернизациялау керек. Егер қазiр кәсiпорындарды сататын болсақ, оларды 40-50 жыл тарихы бар актив ретiнде сатамыз. Тиiсiнше, зауыттардың бағасы да қымбат болмайды», – дедi сұраққа жауап берген Қ.Бозымбаев. «Сәйкесінше, мұнай өңдеу тиiмдiлiгi екi еседен жоғары болады. Бағасы да басқа болмақ. Сондықтан, ең алдымен, модернизация жүргiзген жөн. осыдан кейiн iшкi нарыққа мұнай өнiмдерiн кiм жеткiзсе де, бәрiбiр емес пе? Бастысы, шикiзат, нақты ережелер және тиiмдi шарттар болауы тиiс», – дедi Қ.Бозымбаев.

20 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС оРНЫ ҚҰРЫлАдЫ ҚАзАҚСТАНДА 2016 ЖЫЛДЫң СоңЫНА ДЕйіН «НҰРЛЫ ЖоЛ» МЕМЛЕКЕТТіК БАғДАРЛАМАСЫН ЖүзЕГЕ АСЫРу 20 МЫңғА ЖуЫҚ ЖАңА ЖҰМЫС оРНЫН ҚҰРуғА МүМКіНДіК БЕРЕДі. БҰЛ ТуРАЛЫ ҰЛТТЫҚ ЭКоНоМИКА МИНИСТРі ҚуАНДЫҚ БИШіМБАЕВ МәЛіМ ЕТТі.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырғалы бері 200 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, 11 385 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Инфрақұрылымдық нысандарды салудағы тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі қазақстандық қамту 80 пайыздан астамды құрады. 2016 жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қосымша 13 485 отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге және 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Министр еске салып өткендей, 2015 жылы аталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 770,1 млрд теңге бөлінді, жылдың қорытындысы бойынша оның 705,3 млрд теңгесі немесе жылдық жоспардың 92 пайызы игерілді. 2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 744,8 млрд теңге немесе 97 пайызы игерілді. ҰЭМ басшысы айтып өткендей, қаражат бірқатар бағыт бойынша жоспарлы тәртіпте жете игерілді. оған қоса, 2016 жылы, ведомство басшысының сөзінше, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға Ұлттық қордан 839,9 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджетке мақсатты трансферттер түріндегі 503,4 млрд теңге және ұлттық холдингтердің облигациялық қарыздары арқылы 336,5 млрд теңге. «2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 99,1 млрд теңге немесе 12 пайызы игерілді, оның

ішінде: көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша – 47,2 млрд теңге, оның 35,2 млрд теңгесі республикалық маңыздағы автожолдарды салуға және жөндеуге жұмсалды», – деді Қ.Бишімбаев. ол, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында 2016 жылы республикалық маңыздағы 900 шақырым автожол салып, жөндеу жоспарланғанын

айтты. Атап айтқанда, 8 млрд теңге Алматы-Шу учаскесінде екінші т/ж жолдарын салуға; 4 млрд теңге Құрық портындағы паром өткелін салуға. «Бұл бағыттағы қаражат республикалық бюджет төлемдері және құрылыс жұмыстары кестелері бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес игерілуде. Бұл бағыт бойынша кідірістер жоқ», – деп сендірді Қ.Бишімбаев.

слет

ТӘлІМГЕРлЕР ИНСТИТУТЫН дАМЫТУҒА МүддЕлІ Нұрлан оРАзғАЛИЕВ, Астана – Қарағанды – Астана

өТКЕН ЖҰМА КүНі ҚАРАғАНДЫ оБЛЫСЫ НҰРА АуДАНЫНЫң оРТАЛЫғЫ КИЕВКА КЕНТіНДЕ әРіпТЕСТіК САБАҚТАСТЫғЫНАН ТАМЫР ТАРТҚАН ТАғЛЫМЫ МоЛ КЕШЕНДі ШАРА БоЛЫп өТТі. оСЫМЕН АЛТЫНШЫ РЕТ өТКізіЛіп оТЫРғАН оБЛЫСТЫҚ ТәЛіМГЕРЛЕР МЕН ЖАС МАМАНДАР СЛЕТіНің АРҚАЛАғАН ЖүГі зоР БоЛДЫ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған келелі жиынға Қарағанды облыстық ііД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев, Қарағанды облысы ііо Ардагерлер ұйымының төрағасы Жұман Нұрпейісов, Нұра ауданының әкімі Ниқанбай омарханов, «Нұр отан» партиясының Нұра аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Тұраров, «Халықаралық полиция қауымдастығы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы директоры Ася Хегай және тағы да басқалар қатысты. Слет бағдарламасы үш кезеңнен тұрды. әуелі аудандық ішкі істер басқармасының ауласына қызмет бабында қаза болған қызметкерлер құрметіне орнатылған обелиск тақтасының ашылу салтанаты өтсе, одан соң аудандық мұражай ғимаратының конференц-залында дөңгелек үстел өтті. одан соң аудандық Мәдениет үйінің акт залында дәстүрлі шараның пленарлы бөлімі өтті. оның соңы тек қана полиция қызметкерлерінің номерлерінен тұрған концерттік бағдарламаға ұласты. Күнұзаққа созылған кешенді шараның бір деммен өткенін, оған бір кісідей атсалысқан Нұра аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Бекболат зейітовтің жетекшілігіндегі жеке құрамның елеулі еңбегін ерекше атай кеткенді құп көрдік.

АНТЫНА АдАл Ел тарихының парақтарын аударған тағы бір күн антына адалдық жолында көз жұмған арыс азаматтардың құрметіне орнатылған қара таспен бекітілді. Нұрлы Нұра өңірінде Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің қапияда бақилық болған қызметкерлеріне қойылған обелиск салтанатты түрде ашылды. Шараға слетке жиналған құқық қорғау органы қызметкерлерінен бөлек, қаза болған қызметкерлердің туғантуыстары мен жақындары, ардагерлер және ауыл тұрғындары қатысты. Табиғат ана да жаздың осы бір күні бейбіт күннің боздақтарын жоқтағандай тұнжырап тұрды. Тақта тасының бетін тұмшалаған ақ матаны ашу құрметі департамент бастығының орынбасары мен аудан әкіміне ұсынылса, одан соң азалы «Чимай» әуенінің сарынымен құрметті қарауыл бірдей қимылмен қадам басып, гүлдестелі кәрзеңкені обелиск алдына қойды. одан соң жиналғандар шоқ гүлдерін ескерткішке қойып, бақилық жандардың рухына құрмет көрсетті. Бір минуттық үнсіздік пен ізін іле ойнаған Қазақстан Республикасының әнұраны патриоттық сезімнің қылын шерткен сәттер болды. одан соң ел алдында Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті

бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Қабыкенұлы сөз сөйледі. «полиция қатарында қызмет атқару – игілікті іс. Себебі, біз азаматтардың тыныштығын қорғауды, елімізде құқық тәртібін күзетуді қамтамасыз етеміз. Сондықтан да, осы жиынға қатысып отырған құрметті жас мамандар, сіздер еліміздің нағыз патриоты болуға, халқының сенімді ұлы болуға талпынуға міндеттісіздер. Біздің міндетіміз қауіпті әрі қиын болуына қарамастан отанға адал қызмет етіп, қызметтік міндеттерді шынайы және адал орындауды, қызметтің барлық ауыртпалықтарына және қиындықтарына төзе біліп, антты бұзбауды сіздер әрқашанда есте сақтауларыңыз керек. Ал антына соңына дейін адал болып қалған аяулы әріптестерімізді біздер ешқашан да ұмыспауға тиіспіз», – деді полиция полковнигі. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары елімізде 753 қызметкер көз жұмған екен. Соның ішінде Қарағанды облысы бойынша 25 қызметкер қаза болған. Ал Нұра ауданында қызмет бабында қаза болған бір қызметкер бар. ол милиция капитаны Хамидолла әбілдин. 1968 жылы 9 тамыз күні қаруланған қылмыскерді ұстау кезінде қаза болған. Аудандық ішкі істер басқармасының бас ғимаратында ардақты әріптеске арналған бұрыш бар. ол кісіге арналып суреті бедерленген мәрмәр тақташа орнатылған. әр мереке сайын жеке құрам үлгі тұтар аға буын өкілін құрмет тұтып тұрады. Жиында келесі сөз кезегі аудан әкімі Ниқанбай Иманғалиұлына берілді. «Еліміздің ширек ғасырда жеткен жетістіктері сараланғанда Қазақстан полициясының да жетістіктері қатар аталады. осы уақыт аралығында

құқық қорғаушы орган егемен еліміздің тыныштығын, өміріміздің қауіпсіздігін абыроймен күзетуде ерен ерліктің үлгісін көрсетті. әрбір таңымыздың арайлы атуы және адамдардың алаңсыз өмір сүруі үшін шыбын жанын аямаған қаншама құқық сақшылары қылмыскерлер қолынан қаза тапты. Біз олардың рухына тағзым етуге міндеттіміз. Бүгінгі игі істің мақсаты – қызметіне адал болған тәртіп сақшыларының халық жадында мәңгі сақталуы, сондай-ақ, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастарымыздың бойында патриотизм рухын дамыту болып табылады», - деді аудан әкімі. одан соң сөз қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған Нұра аудандық ііБ-нің өкілетті учаскелік инспекторы Хамидолла әбілдиннің қызы Ақлия әбілдинаға берілді. Қаншама жылдар өтсе де әріптестерін ұмытпай еске алып тұратын ішкі істер органдары басшылығына ол көзіне жас ала отырып, ризашылығын білдірді. «Менің әкемнің туылғанына биыл жүз жыл болады екен. Қазір сіздердің араларыңызда оның көзін көрген азаматтар да жоқ. Қызметін жанындай сүйетін ол зейнеткерлік жасынан асса да, демалысқа кетпей қызмет етті. Қаза болған кезде ол елу екі жаста екен. Ендеше, ішкі істер қызметі қаншалықты қажыр мен төзімді талап ететінін мен жақсы білем. Сіздерге, еңбектеріңізге тек қана табыс тілеймін», – деді Ақлия Хамидоллақызы. осылайша, кешегі күннен ғана емес, бүгінгі күннен қалар бір белгі – осы ескерткіш тас болды. ол жай ғана тас емес, даңқ пен абыройдың ешқашан аласармас асқақ тағзымы еді.

(Соңы 5-бетте).


2 Ə

ЖАҢАЛЫҚТАР №42 (4208), № сейсенбі, 7.06.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

-А М Е Л

Қ

АТ Р А П

Түркия

Жол апатынан 14 адам көз жұмды Түркияның оңтүстігінде экскурсиялық автобустың қатысуымен болған жолкөлік апаты салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы 24-і зардап шекті. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі хабарлады. Түркиялық БАҚ ақпаратынша, ажал құшқандар арасында алты бала мен сегіз ересек адам бар. Түркияның телеарналары автобусты кранның көмегімен каналдан алып шығып жатқан сəтін көрсетті. Доган агенттігінің мəліметінше, автобус балаларды Каратепеге жасаған экскурсиядан кейін үйлеріне апара жатқан. Жолаушылардың дені оқушылар, олардың ата-аналары мен мұғалімдері. Қазір

істің мəн-жайы анықталып жатыр. БАҚ хабарлауынша, қайғылы оқиға жүргізушінің рөлге ие бола алмауынан орын алған.

АҚШ

Мұхаммед Əли жұма күні жерленеді Атақты кəсіпқой бокс королі Мұхаммед Əлиді жерлеу рəсімі алдағы жұма күні туған қаласы Кентукки штатының Луисвилль қаласында өтеді. Бұл туралы Би-би-си агенттігі хабарлады. Жерлеу рəсіміне АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон қатысады. Ол қаралы жиында соңғы сөзін айтады. Жерлеу рəсімі бірнеше елге интернет трансляция арқылы тікелей эфирде көрсетілетін болады. Айта кетейік, аты аңызға айналған боксшы таяуда 75 жасқа қараған шағында АҚШ-тың Аризона штатында қайтыс болды. Боксшы өмірінің соңғы 30 жылын паркинсон дертімен күресумен өткізді. Содан тыныс алу мүшелері сыр беріп, ауруханаға жатқызылған еді. Ертесі күні таңертең жарық дүниемен қоштасқаны белгілі болды.

е-mail: nastraje@mail.ru

Ақтөбедегі жағдай Елбасы бақылауында КЕШЕ ҮКІМЕТТІҢ СЕЛЕКТОРЛЫҚ РЕЖІМДЕГІ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ. ОТЫРЫСТЫ АШҚАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КƏРІМ МƏСІМОВ ЕҢ АЛДЫМЕН БАРША МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫН ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ. «Өкінішке қарай, осы қасиетті айда Ақтөбе қаласында қанды оқиға орын алды. Бірнеше адам қаза тапты. Жарақат алғандар да бар. Бұл – өте өкінішті жай. Ақтөбедегі жағдай тікелей Елбасы бақылауында тұр.», – деген К.Мəсімов орын алған жайтқа байланысты Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовқа сөз берді. Министрдің айтуынша, 5 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14.28-де теріс ағымдағы дін ұстанушылар қару-жарақ иемдену мақсатымен «Паллада» дүкеніне шабуыл жасаған. Дабыл кнопкасын басып үлгерген дүкен сатушысын қылмыскерлер пышақтап өлтірген. Оқиға орнына ең бірінші болып «Жедел күзет» ЖШС-нің 2 қызметкері жетіп, оның бірі бірден оққа ұшып мерт болса, екіншісі жарақаттанған. Осыдан кейін полиция қызметкерлері де келіп, қылмыскерлер оларға қарулы қарсылық танытқан. Атыс барысында 3 полиция қызметкері жараланып, ал қылмыскерлер патрульдік машинамен бой тасалаған. Олар дүкеннен 17 мылтық, 3 газ тапаншасын, оқтар мен пышақтар алып кеткен. Ұрланған қару-жарақ пен оқ-дəрілердің саны нақтылануда, дүкенде түгендеу жүргізілуде. «Паллада» дүкеніне шабуыл жасағаннан кейін қарулы қылмыскерлер екі топқа бөлінген. 6 қылмыскерден жасақталған бірінші топ «Пантера» қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, онда бір адамды пышақтап өлтірсе, екіншісін жарақаттаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 3 қылмыскерді атып өлтірсе, біреуі жарақаттанған. Ал екеуі бой тасалап үлгерген. Дегенмен, олар сəл кейінірек қала сыртынан табылып, көздері жойылды. Екінші топ автобусты басып алып, онда жолаушыларды түсіріп жіберген. Осыдан кейін Ұлттық гвардияның 6655 əскери бөлімі аумағына кіре беріс қақпаны автобуспен бұзып кірген жəне əскери қызметшілермен, оқиға орнына жеткен полициямен атысқан. Қарулы қарсылыққа тап болған қылмыскерлердің бір тобы тосқауылға түсіп қалса, екінші тобы қашып кеткен. Атыс барысында 1 қылмыскер өліп, тағы бірі жарақаттанған. Ал Ұлттық гвардияның 3 əскери қызметшісі қаза тауып, 6-ауы жараланған. Олардың барлығы да қарусыз болған, ішкі режімге сəйкес қызметтерін атқарып жүрген», – деді Ішкі істер министрі. Қ.Қасымов қазіргі уақытта Ақтөбе облысында лаңкестікке қарсы операция режімі енгізілгенін, еліміздің ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген қызметке көшірілгенін атап өтті. «Ішкі істер министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қаза тапқан жəне жарақаттанған Ұлттық гвардияның əскери қызметшілері мен полиция қызметкерлеріне

материалдық көмек көрсету шараларын қабылдауда», – деді ол. Сондай-ақ журналистердің сауалдарына жауап берген Ішкі істер министрі бұл оқиғаның лаңкестік əрекет екенін атап өтті. «Біз мұның террористік акті екендігін мойындаймыз. Сондықтан да заңға сəйкес бұл деңгей (лаңкестік қауіптің қызыл деңгейі) енгізілген еді. Барлық күш құрылымдары күшейтілген нұсқаға көшірілді. Біз барлық нысандарды күзетуге көштік. Бұл нұсқаға сəйкес бірқатар қоғамдық, көңіл көтеру орындарының жұмыстары тоқтатылды», – деді полиция генерал-полковнигі. Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Ақтөбеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары басқаратын штаб жұмыс істейді. Сонымен қатар министр штаб жұмысына жəне лаңкестікке қарсы операцияларға қажетті күш те, құралжабдық та жеткілікті. «Біз көпшілікті жұмылдырған жоқпыз. Арнайы мақсаттағы бірнеше сарбаз ғана жұмылдырылды. Ал жалпы Ақтөбе өз күшімен де толық əрекет ете алады», – деді ол. Сондай-ақ Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Ақтөбедегі қарулы қақтығыста жараланған 9 адамның жағдайы өте ауыр екенін айтты. «Бұл кезеңде 38 адам медициналық көмек алып, 2-еуі қаза тапты. Жеңіл-желпі жараланған 15 адам қабылдау бөлмелерінде қаралып, амбулаториялық емделуге жіберілді. 20 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 14-іне ота жасалды, тағы 3-еуіне қазір операция жасалуда. 9 адамның жағдайы өте ауыр. Кеше 6 жетекші хирург мінген санитарлық авиация ұшып кетті. Олар операцияларға толық қатысты», – деді Т.Дүйсенова. Ал өз кезегінде сөз алған Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев өңірде қоғамдық-саяси жағдай тұрақты екенін хабарлады. «Қазіргі кезде облыста қоғамдық-саяси жағдай тұрақты жəне жергілікті атқарушы жəне құқық қорғау органдарының толықтай бақылауында. Қарақшылық шабуыл туралы мəлімет келіп түскеннен кейін жергілікті баспасөз, əлеуметтік желілер арқылы халыққа сабырлық танытып, ғимараттан шықпау, жүрісті азайту туралы мəліметтер берілді», – деді ол. Облыс əкімінің айтуынша, өңірлік жедел штаб құрылып, Ішкі істер департаменті бастығының қарауында лаңкестікке қарсы орталық жұмыс істеп тұр. Барлық құқық жəне арнаулы органдар арасындағы іс-қимыл үйлестірілген. Барлық коммуналдық қызметтер, қоғамдық көліктер, медициналық мекемелер штаттық режімде жұмыс істеуде. «Ұлттық бірыңғай тестілеу 7 маусымға ауыстырылды. Толықтай алғанда облыс халқы лаңкестікке қарсы операцияның жүргізілуіне түсіністікпен қарауда. Қаза тапқан əскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетілетін болады», – деді Б.Сапарбаев.

«KADEX-2016» халықаралық көрмесі аяқталды Ол кəсіпқой бокста ауыр салмақта үш мəрте əлем чемпионы атанған жалғыз боксшы. 20 жылға созылған спорттық карьерасында 56 кездесу өткізіп, оның 37-сінде нокаутпен жеңіске жеткен.

Бельгия

Террорлық шабуыл қаупі бар ма?

Мұқым мұсылман 12 айдың сұлтаны деп санайтын Рамазан айында Бельгияда лаңкестік шабуыл болуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шаралары үшінші деңгейге дейін көтерілген. Бұл жөнінде Бельгияның бұқаралық ақпарат құралдары елдің Ішкі істер министрлігінің Қауіпті сараптау орталығына сілтеме жасап хабарлайды. Орталық мамандары «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы» тарапынан Ораза кезінде террорлық шабуыл болуы мүмкін екенін ескеріп, жағдайға сараптама жасаған. Себебі, радикалды топ өкілдері бұған дейін «Рамазан – жиһад айы, сондықтан теріс діндегілер үшін азапты айға айналады» деген хабарлама таратқан болатын. Ішкі істер министрлігі қауіпті жоққа шығарғанымен, сақтық шарасын күшейтіп жатыр.

5 МАУСЫМ КҮНІ АСТАНАДА ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНДА IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «KADEX-2016» ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ƏСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МҮЛІК КӨРМЕСІ АЯҚТАЛДЫ. АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАДА ТУ ТҮСІРІЛДІ, БҰЛ «KADEX-2016» КӨРМЕСІНІҢ ЖАБЫЛУЫН БІЛДІРЕДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Мыңдаған келуші, ондаған қол қойылған келісім, ашық жəне жабық алаңдарда ұсынылған əскери техниканың жүздеген үлгісі, қазақстандық жəне шетелдік фототілшілермен түсірілген мыңдаған түсірілім. Мұның барлығы «KADEX-2016» көрмесі туралы адамдардың есіңде ұзаққа дейін сақталады. 4 күн ішінде қазақстандық жəне шетелдік қорғаныс-өнеркəсібі кешенінің күш-қуаты көрсетілді. Атап айтқанда, ZLIN оқу ұшақтары, C- 2 9 5 ж е ң і л к ө л і к ұ ш а қ т а р ы , С у - 3 0 С М жойғыштары, Ми-171Ш тікұшақтары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, «Арлан», «Барыс» броньдалған машиналары, жаңғыртылған танктер – осының барлығын жəне көптеген өзге де қызықтарды статика мен іс-қимылда көруге мүмкіндік болды. Одан басқа, көрменің маңызды құрамдасы іскерлік бағдарлама, яки, халықаралық əскери ғылыми-техникалық конференция, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер болды. Демонстрациялық

жəне іскерлік бағдарламалар негізгі міндетке қол жеткізуге, яғни, қорғаныс-өнеркəсібі кешенін қарқынды дамытуға, инвестицияларды тартуға, жетекші халықаралық өндірушілермен əскеритехникалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Ашық есік күндері, яғни, 4-5 маусымда көрмеге адамдар көптеп шоғырланды. Қазақстан мен өзге елдердің қорғанысөнеркəсібінің əлеуетін көру үшін қонақтар бүкіл отбасы болып жиналды. Егер ересектер экспонаттардың техникалық сипаттамаларын зерделеп, қойылған үлгілерді салыстырса, балалар емін-еркін танктердің, броневиктердің, ұшақтар мен тікұшақтардың шынайы түптұлғаларын тамашалап, рахатқа бөленді. Көрмені тамашалауға ниет білдіргендердің барлығы көрмеге автобуспен келуге мүмкіндіктері болды. Келушілердің қолжетімді бағаға тіске басар алып, əлденіп алулары үшін буфет жəне сауда дүңгіршектері жұмыс жасады. Көрме қонақтары үшін орталық əскери оркестрдің музыканттары плац-концерт қойып, құрмет қарауылы ротасы өз өнерлерін ортаға салды. Іс-шараның ауқымдылығы броньды танкті техника, мейлі, қару-жарақтың өзге де түрлері болсын, олардың пайдалану ғана емес, сонымен бірге жауынгерлік қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Жол құрылысына жүз мың адам тартылады ҚАЗАҚСТАНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНДА 20 ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БАЯНДАМА ЖАСАҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖƏНЕ ДАМУ МИНИСТРІ ƏСЕТ ИСЕКЕШЕВ МƏЛІМ ЕТТІ. «Жалпы жол құрылысында 30 компания жұмыс атқаруда. Олардың ішінде 10-ы ғана шетелдік. Биыл еліміздегі барлық жолдың құрылысына, соның ішінде, «Нұрлы жол» аясында салынып жатқан жобалардың құрылысына 100 мың адам жұмысқа тартылады, олардың ішінде 3 мыңы ғана шетел мамандары», – деді министр. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 11 автожол салынады. Салынған автожолдар облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтып қана қоймай, еліміздің əлеуметтік-экономикалық өсуіне, шағын жəне орта бизнестің дамуына оң ықпал етеді. Ал тасымалдардың көлемі 2,5 есе өседі деп жоспарлануда», – деді Ə.Исекешев. 11 жолдың ішінде Батыс Еуропа-Батыс Қытай (2 452 км), Астана-Алматы (1 282 км), АстанаӨскемен (1 018 км), Астана-Ақтөбе-Атырау-

Ақтау (2 504 км), Алматы-Өскемен (662 км), Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды (925 км), Астана-Петропавл-Ресей шекарасы (169 км), Үшарал-Достық (184 км), Орал-Каменка (100 км), Жетібай-Жаңаөзен (73 км), Астана қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолы (31 км) жобалары қамтылған. Белгілі болғандай, салынған жолдардың бойында ұлттық стандартқа сəйкес 200-ден астам қызмет көрсету объектісі салынып, қызмет көрсету саласының дамуына жəне жол инфрақұрылымын жақсартуға ықпалын тигізеді.

ҰБТ-2016: 11 түлек жоғары ұпай жинады БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 2016 ЖЫЛҒЫ 2-4 МАУСЫМДА ӨТКЕН ҰБТ НƏТИЖЕСІН ЖАРИЯЛАДЫ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕН ХАБАРЛАҒАНДАЙ, 2 ЖƏНЕ 4 МАУСЫМ КҮНДЕРІ ӨТКІЗІЛГЕН ТЕСТІЛЕУГЕ 58343 БІТІРУШІ ҚАТЫСТЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ – 42186, ОРЫС ТІЛІНДЕ – 16157 БІТІРУШІ. Тестілеудің үшінші күні 70 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді. Тестілеудің үш күнінде мүмкін болған 125 балды 11 бітіруші жинады: Осы күндері тыйым салынған заттарды қолданған жəне аудиторияда тəртіп бұзғандары үшін 31 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде, ұялы байланыс телефондарын пайдаланған 13 бітіруші; емтихан материалдарын бүлдірген 1 бітіруші; сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін 17 бітіруші ауыстырған. Тестілеу нəтижесімен

келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00ге дейін əрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады. Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің əрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нəтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек. Тестілеудің екі күнінде Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 279 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 60 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни, жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,5 пайызын құрайды. Негізінде бұл апелляциялар «Қазақ тілінен», «Математика» жəне «Қазақстан тарихы» пəндерінен болды. Сонымен қатар, шектік деңгейден өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-сі мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.

Бетті дайындаған Жадыра МЫРЗАХМЕТ


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №42 (4208),№ сейсенбі, 7.06.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Жеке құраммен таныстырды

ТАЯУДА ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛЛЕЙТЕНАНТЫ МАРАТ ДЕМЕУОВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ІІД ЖƏНЕ КӨЛІКТЕГІ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖАҢА БАСТЫҚТАРЫН ЖЕКЕ ҚҰРАМҒА ТАНЫСТЫРДЫ. Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысының ІІД бастығы лауазымына полиция полковнигі Ержан Саденов тағайындалды. Ержан Сапарбекұлы Саденов Шығыс Қазақстан облысында туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін жəне ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тəмамдаған. ІІМ департаментінің бастығы, Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы болып қызмет атқарды. Сондай-ақ Ішкі істер министрінің бұйрығымен Көліктегі ІІД бастығы лауазымына полиция полковнигі Аманжол Қабылов тағайындалды. Аманжол Жайғалиұлы Қабылов Атырау облысында туған. Маңғыстау облыстық ІІД бастығы, ІІМ Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Соңғы жұмыс істеген лауазымы – ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов облыстың жəне көліктегі полицияның жаңа басшыларына жемісті еңбек тіледі. ІІМ Баспасөз қызметі

РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ

Күшейтілген қызмет түріне көшірілді ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖƏНЕ АҚПАРАТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ АЛМАС САДУБАЕВ ҚОСЫМША ХАБАРЛАҒАНЫНДАЙ, ҚАРУ-ЖАРАҚ ДҮКЕНДЕРІ МЕН АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ƏСКЕРИ БӨЛІМШЕСІНЕ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАЛҒАН ФАКТІ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ІС-ШАРАЛАРЫ МЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ТЕРГЕУ БАРЫСЫНДА МЫНАЛАР АНЫҚТАЛДЫ: Ағымдағы жылғы 5 маусымда сағат 14.28-де (Ақтөбе уақыты) діни радикалдар тобы қару-жарақты иемдену мақсатында «Паллада» дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады. Дабыл шақыру түймесін басып үлгерген сатушыны қылмыскерлер бірнеше жерден пышақтап, сатушы оқиға орнында қаза тапты. Дабыл бойынша бірінші болып «Жедел Күзет» агенттігінің екі қызметкері келіп жетті, олардың бірі сол жерде қаза болып, екіншісі атыс қаруынан жараланды. Сол мезетте «Паллада» дүкеніне полиция жасағы келіп жетті, оларға қылмыскерлер қарулы қарсылық көрсетті. Атыс барысында үш полиция қызметкері жараланып, сол сəтте қылмыскерлер патрульдік машинаны басып алды. Осы дүкеннен қылмыскерлер 17 атыс қаруын (3 ойықты жəне 14 тегіс ұңғылы аңшы мылтығын), 3 газ тапаншасын, патрондар мен пышақтарды алып үлгерген. Дүкенде мүліктерді түгендеу жүргізілуде, қылмыскерлер алып кеткен қарулар мен оқ-дəрілер саны анықталуда. «Паллада» дүкеніне шабуыл жасағаннан кейін қарулы қылмыскерлер екі топқа бөлінген. ● Қылмыскерлердің бір тобы, саны – 6 адам, алып кеткен патрульдік автокөлікпен барып, екінші «Пантера» қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады. Дүкен ішіндегі екі адамды пышақтап, оның бірі сол жерде қаза тапқан, екіншісі жараланып қалған. «Пантера» дүкеніне келген полиция қызметкерлері атыс барысында 3 қылмыскерді жойды, біреуі жараланып, қолға түсті, екі қылмыскер жасырынып үлгерді. Олар кейінірек қала сыртынан табылды жəне жойылды. ● Қылмыскерлердің екінші тобы маршрутттық автобусты басып алып, автобустан жолаушыларды шығарған. Басып алынған автобуспен қылмыскерлер Ұлттық Ұланның 6655 əскери бөлімшесінің қақпасын бұзып өтіп, бөлімшенің аумағында əскери жасақпен жəне келіп жеткен полиция қызметкерлерімен атысады. Белсенді қарсылық көрсеткен қылмыскерлердің бір тобы қоршауға алынды, ал екінші бөлігі бөлімшенің аумағынан қашып, жасырынып үлгерді – деп атап өтті А.Садубаев. Атыс кезінде бір қылмыскер жойылды, біреуі жараланды. Ұлттық Ұланның əскери қызметшілерінің 3-уі қаза болды жəне 6-уы жараланды. «Паллада» дүкенінің қасында іздестіру шараларын жүргізу кезінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті 5 адам ұсталды, олар Зауыт полиция бөлімшесіне жеткізілді. Түнгі жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен тағы 5 қылмыскер жойылды жəне 2-уі ұсталды. Қылмыскерлерден ұрланған қарудың басым бөлігі тəркіленді. Қарашылық шабуыл жасаған барлық қылмыскерлер анықталды. Оларды іздестіру жəне ұстау бойынша барлық шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында контртеррористік операция режимі енгізілді. Еліміздің ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қызметтің күшейтілген түріне көшірілді. Ақтөбе қаласында жағдай тұрақты, кəсіпорындар мен қоғамдық көлік күнделікті режимде жұмыс істейді, – деп хабарлады Ішкі істер министрінің ресми өкілі.

е-mail: nastraje@mail.ru

3

БРИФИНГ

Жазасын өтеушілердің 55 пайызы жұмыспен қамтылды Брифинг барысында қылмыстық атқару жүйесінің мəселелері тақырыбында баяндама жасаған комитет төрағасы алғы сөзінде пенитенциарлық жүйенің жұмыс нəтижелігіне баса тоқталды. «Тарихтан белгілі, Қазақстан аумағында ірі кеңестік КарЛАГ, Степлаг, Алжир еңбекпен түзеу лагерлері болды. Ресми дерекке сүйенсек, қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға 5 млн адам жер аударылып келген. Соған қарамастан елімізде пенитенциарлық жүйе сəтті жүзеге асырылып, жетілу үстінде», – деді Бауыржан Маратұлы. Оның айтуынша, Қазақстанда сонымен қоса пробация институты қарқынды дамып келеді. Оң нəтижелерін де бере бастаған. Жыл өткен сайын пробация бақылауының есебінде тұратындардың артуы да осының дəлелі. Айтар болсақ, бұл есепте тұратындардың қатары өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға артып, 36 мыңнан асқан. Осының есебінде, биыл қайта қылмыс жасағандар саны 11 пайызға, ал іздеуде жүргендер 16 пайызға кеміген. Сондай-ақ, ағымдағы жылы колониядан босатылғандардың саны 5 мыңға жетсе, соңғы бір жарым жыл ішінде бұлардың саны 21 мыңнан асқан. «Қылмыстық, қылмыстық атқару, қылмыстық процессуалдық заңдардың жаңа нұсқасы жұмыс тиімділігін арттырып отыр. Қолданыстағы жаңа заң нұсқасы колония қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырып қана қоймай, сотталғандардың заңға бұлтартпай бағынуын қамтамасыз етумен қатар колония тұрғындарының санын күрт қысқартып отыр. Соның нə т и ж е с і нд е Қазақс тан ко л о ни я тұрғындары санынан əлемдік рейтингте 61-орында тұр. Естеріңізде болса, Қазақстан 2002 жылы түрме халқы бойынша 3-орынға шыққан еді», – деді ҚАЖК төрағасы. Айтуынша, сотталғандардың санын қысқарту үшін Ішкі істер министрлігі тұрмыстық-коммуналдық жағдайы сын көтермейтін бас бостандығынан айыру мекемелерін жабу жөнінде шешім қабылдады. Жыл соңына дейін тағы да 6 мекемені қысқарту жоспарлануда. Сонымен қатар соңғы бір жарым жыл ішінде жабық түрдегі 3 колония оңтайландырылған. Бұл өз кезегінде материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етуді жақсартады деген сөз. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп шыққан сотталушылардың қоғамға қайтадан сіңісіп кетуі күрделі мəселеге айналғаны жасырын емес. Комитет төрағасы Бауыржан Бердалин сотталғандарды қайта əлеуметтендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. «Колониялардан босап шыққандарды жұмыспен қамту арқылы қоғамға сіңісіп кетуіне ықпал етеміз. Колонияларда осы мақсатта 104 оқу орны жұмыс істейді, атап айтсақ, 5 орта мектеп, 34 кешкі мектеп, 12 консультативтік пункт жəне

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ТАРАПЫНАН ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАРДЫҢ НƏТИЖЕСІНДЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ҚЫЛМЫС САНЫ 50 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРДЫ. АТАП АЙТҚАНДА, ҚАСАҚАНА ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 48, ДЕНЕ ЖАРАҚАТЫ 32, ӨЛІМ-ЖІТІМ 30 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ. БҰЛ ЖӨНІНДЕ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨТКЕН БРИФИНГТЕ ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ƏДІЛЕТ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ БАУЫРЖАН БЕРДАЛИН БАЯНДАДЫ. СОНДАЙ-АҚ, БРИФИНГКЕ ІІМ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖƏНЕ АҚПАРАТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ АЛМАС САДУБАЕВ ҚАТЫСТЫ.

47 лицей бар. Атап өту керек, өткен оқу жылы 1200-ден аса сотталған орта білім аттестатын алды, ал бүгінде 3500 адам жоғары сұранысқа ие мамандықтарға оқытылуда. Сонымен қатар, сотталғандарды толық жұмыспен қамтамасыз ету үшін түзеу мекемелеріндегі кəсіпорындар жұмысы жандандырылып жатыр. Соның нəтижесінде бүгінде еңбекке жарамды жазасын өтеушілердің 55 пайызы жұмыспен қамтылып отыр», – деді əділет генерал-майоры. Көп жағдайда, жазасын өтеушілер туыс-туғандарымен байланыстарын үзіп, əлеуметтік статусынан айырылады. Ал түзеу мекемелерінде сотталғандар жақындарымен үнемі байланысты болуы үшін кездесуге мүмкіндік беретін түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Мəселен, ағымдағы жылы сотталғандардың 1500-ге тарта туыс-туғандарының қатысуымен 40-тан аса ашық есік күні өткізілген. Сонымен бірге, бас бостандығынан айыру мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар бірнеше ұлт өкілінен тұратындықтан түрлі діни бірлестіктермен тығыз жұмыс істеуге көп көңіл бөлініп отыр. Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілердің түрлі дін өкілдерімен кездесулері жиі ұйымдастырылады. Ал мекемелерде дін жолын ұстанғандар 4500 мың адамды құрайды екен. Брифинг кезінде журналистердің қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің заңға қайшы əрекеттеріне қатысты сұрақтарына жауап берген Бауыржан Маратұлы: «Қоғаммен тығыз байланыс орнатудың арқасында қызметкерлердің заңға қайшы əрекеттеріне қатысты арыз-шағымдар саны 7 есеге қысқарды. Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру мекемелерінің қызметкерлерімен жіберілетін заң бұзушылықтар 122 пайызға кеміп, 4 есеге қысқарды», – деді. «Сонымен қоса, əйелдердің жазасын

өтеуі өзекті əлеуметтік мəселеге айналып отыр. Бүгінде бас бостандығынан айыру мекемелерінде 2300 əйел бар. Жасыратыны жоқ, көп жағдайда түрмеге түскен əйелдерден күйеулері, бала-шағалары, ет-жақындары теріс айналады. Бостандыққа шыққан кезде ол əйелдердің баратын жерлері қалмайды. Содан да олар қайтадан қылмыс жасауға бейім тұрады», – деді өз сөзінде əділет генерал-майоры. Ол сондай-ақ колония қабырғасында дүние есігін ашатын жəне осы жердегі балалар үйінде тəрбиеленіп жатқан балалардың тағдырына алаңдатушылық білдірді. Сөз орайы келгенде ІІМ Мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев БАҚ беттерінде электронды білезікке жұмсалатын қаражаттың қомақтылығы жөніндегі пікірлерге қатысты жан-жақты түсініктеме берді. «Қолданыстағы заңнамаға сəйкес электронды мониторинг бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлері бойынша сотталғандарға қатысты болады. Бюджеттен электронды білезіктермен қамтамасыз етуге 2 млрд 4 млн теңге бөлінген. Бұл расында керек дүние. Себебі, білезіктердің көмегімен азаматтарды табу өте ыңғайлы. Мысалы, кейбір азаматтарға ауданнан, үйінен аттап шығуға болмайды, қоғамдық орындардан табылуға болмайды. Міне, осы жүйенің көмегімен орнатылған экрандар арқылы оларды жіті қадағалап отырамыз», – деді департамент басшысы. Айта кету керек, бүгінгі таңда Шымкент қаласында 1500 орынға арналған заманауи колония құрылысына қажетті құжаттар əзірленуде. Сонымен қатар, жаңа түзеу мекемелерінің құрылысы үшін Астана, Петропавл, Қызылорда, Қарағанды, Орал қалаларында жер телімдері бөлінген. Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Кеңесші органның кезекті отырысы Гүлнəзира МҰХТАРОВА, Атырау облысы ЖАҚЫНДА АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ІІД ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН КОНСУЛЬТАТИВТІК-КЕҢЕСШІ ОРГАНЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ЖИЫНДА АЛДЫМЕН ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОБЛЫС АУМАҒЫНДАҒЫ ЭКСТРЕМИСТІК СИПАТТАҒЫ ЖƏНЕ ТІРКЕЛМЕГЕН ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ƏРЕКЕТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАМАСЫ ТЫҢДАЛДЫ. Басқарма бастығы, полиция полковнигі Өтепберген Сарбасов мектептер мен жоғары оқу орындарында, сонымен қатар, облыс бойынша ҚАЖД-ның жалпы жəне арнайы түзеу мекемелерінде діни экстремизм жəне терроризмнің алдын алу мақсатында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремистік ұйымдарды анықтау, жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде жалғастырылып жатқанын атап өтті. «Облыс аумағындағы исламдық, православиелік, католиктік жəне протестанттық діни бірлестіктердің ісəрекетерінің заңдылығы тексеріліп, бақыланып отырады. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар (ҚР ҚК-273-бабы) фактісіне келетін болсақ, 1 дерек тіркеліп, күдікті адам қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Сонымен қатар, мамырдың 24-і күні де дəл осындай əрекет тіркелді. Күдікті азамат қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Атырау қаласы аумағында жасырынып жүрген экстремистік жəне террористік қылмыстар жасағаны үшін Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының іздеуінде жүрген 1 қылмыскер ұсталып, қамауға алынды», – деді полиция полковнигі. Отырыста қаралған келесі мəселе – облыс көлемінде жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу, жолын кесу бағытындағы алдын алу шаралары туралы ІІД Есірткі

бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Абай Закариев баяндады. Жыл басынан бері облыс бойынша есірткіге қатысты 60тан астам қылмыс тіркелген. Оның ішінде есірткі заттарын сату фактілері бойынша 30 қылмыс. Осы уақыт ішінде есірткі заттарын тұтынатын притон ұйымдастырудың 1 фактісі жəне есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтаудың 2 фактісі тіркелген. Заңсыз айналымнан 12 келіге жуық есірткі заты тəркіленді. «Облыстық наркологиялық диспансер қызметкерлерімен бірлесіп есепте тұрған есірткі тұтынушы тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша рейдтер ұдайы ұйымдастырылады. Есірткіге ерте жастан тəуелді болудың, əлеуметтік есірткіге тəуелділіктің дамуының алдын алу жəне кəмелетке толмағандар арасындағы есірткі қылмыстардың алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау жəне білім беру басқармаларымен бірлесіп оқу орындарында 113 алдын алу шарасы өткізілді. Жастарға есірткінің қауіптілігін, оны тұтынудан аулақ болудың маңыздылығына назар аударту, сондай-ақ, саламатты өмір салтын жүргізу қағидатын қалыптастыру мақсатында «Есірткісіз болашақ!» ұранымен облыс орталығындағы №6 орта мектеп базасында кешенді акция ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары мен жастарға есірткі тұтыну қаупін жəне олардың заңсыз айналымына қатысуының құқыққа қарсылығы түсіндіріліп, жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатырған жұмыстар таныстырылды», – деді полиция полковнигі. А.Закариевтің мəлімдеуінше, бұл бағыттағы шаралардың барлығы мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен бірлесіп өткізіледі. Шараға қатысушы оқушыларға, ата-аналарға, көрермендерге есірткіге қарсы маңызы бар «Наркопост», «Есірткісіз болашақ» журналдары таратылды.


4

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ №42 (4208), № сейсенбі, 7.06.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

АСҚАҚ РƏМІЗДЕР АЙБАРЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РƏМІЗДЕР КҮНІ ЕЛІМІЗДІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНДЕ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТУДЕ. РƏМІЗДЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ - ƏРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДЕРДІ АСҚАҚТАТЫП, ОЛАРҒА ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙТІНІ СӨЗСІЗ. ЕНДЕШЕ, АЙТУЛЫ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ІСШАРАЛАРДЫҢ БІР ПАРАСЫН НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА ҰСЫНЫП ОТЫРМЫЗ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МКҚБ Егемендігіміздің жарқын нышандары – Мемлекеттік рəміздерге деген құрмет əрбір қазақстандықтың бойындағы патриоттық сезімдерді асқақтатып, жүрегіне мақтаныш нұрын құяды. Ата Заңымыздың 34-бабында «Əркім Республиканың Мемлекеттік рəміздерін құрметтеуге міндетті» деген жолдардың өзі əр азаматқа үлкен жауапкершілік жүктейді.

Мемлекеттік рəміздер күнінде Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке

құрамы да Мемлекеттік Əнұранды асқақтатып, көк Туымызға тағзым етті. Мемлекеттік рəміздердің тарихы тура-

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ Мемлекеттік рəміздер – тəуелсіз мемлекетті айқындайтын бетбейненің бірі. Біздің еліміздің тұрғындары мемлекеттік рəміздерге құрметпен қарайды. Мектепке дейінгі кез келген баланың Елтаңба мен Туда не бейнеленгенін жазбай тануы, Əнұранды жатқа айтуы соның белгісі. «Мемлекеттік рəміздер – Тəуелсіздіктің киелі біріктіруші бейнесін білдіреді»,-– дейді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Бала-шағамыздан бастап өз Отанынды құрметтеуге жəне қадірлеуге үйретеді. Дəл айтылған сөз. Мəселен, Əнұран ойнағанда жүрегі елжіреп, делебесі қозбайтын жанды кездестіресіз бе?! Тудағы көгілдір түс бейбітшілікті, сабырлылықты, бірлік пен ынтымақты білдіреді. Əр қазақстандық оны əлемдегі ең əдемі ту деп санайды. Мемлекеттік іс-шаралар немесе спорттық жарыстардың ешқайсысы мемлекеттік Туымыздың салтанатты түрде көкке көтерілмей өтпейді. Ал Елтаңбаға келер болсақ, көптеген айшықты белгісі үлкен сыр аңғартады. Мысалы, шаңырақ – отбасылық бақыттың белгісі, күннің сəулесіне ұқсас, сырық күмбезді уықтар – өмір мен жылулықтың белгісі.Түс гамма-

сы – алтын мен көгілдір түстердің үйлесуі қазақтардың əлемдегі барлық халықтармен бейбіт пен бірлікке ұмтылысын бейнелейді. Əуезді, жанға жағымды Əнұран – 1992 жəне 2006 жылдарда екі рет бекітілген еді. Халық арасында танымал, 1956 жылы жазылған «Менің Қазақстаным» атты патриоттық əнді жаңа заман сұранысына орай Елбасы толықтырып оған өршіл рең берді. Алтын алқа таққан спортшыларымыздың осы бір биік рухты əн шырқалғанда жанарына жас үйіретінін байқайсыз ба?! Биыл Қазақстан Республикасының мерейтойы, 25 жыл бұрын халық мемлекетіміздің тəуелсіз жолын таңдады. Барлығы ширек ғасыр ішінде Мемлекет басшысы мен халықтың күшімен тұтастай бір мемлекет қалыптасты. Биыл Мемлекеттік рəміздерге 24 жыл толды. Мереке қарсаңында Петропавл

ТАҢБАЛЫ ТАСТАН ТƏУЕЛСІЗДІККЕ ДЕЙІН Сабырбек ОЛЖАБАЙ

ЕЛБАСЫ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҰЛЫТАУ САПАРЫНАН СОҢ ІЛЕ-ШАЛА ТАРИХИ МЕКЕНГЕ БІЗ ДЕ БАРДЫҚ. ЖОШЫ ХАН МАЗАРЫНА АЯЛДАП, ДОМБАУЫЛ КЕСЕНЕСІНЕ СОҒЫП, ОДАН ƏРІ АЛАША ХАН САҒАНАСЫНА АТ ШАЛДЫРДЫҚ. ТҮРКІСТАНДАҒЫ Қ.А.ЯССАУИ КЕСЕНЕСІНЕ КЕЛІҢКІРЕЙТІН БҰЛ ҒИМАРАТТЫҢ АЛДЫНДА ТАСҚА ҚАШАЛҒАН ҮШ ЖҮЗДІҢ ТАҢБАСЫ ТҰР. Осы сапардан соң Созақ сахарасында армансыз жүрдік. Іздегенімізді таптық. Таңбалы тасты! Осы таңбалы тас туралы тұжырым қазақтың дара ғұламасы Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбаларынан табылған. «Бетпақ шөлінде таңбалы Нұра деген жер бар еді. Сонда тасқа басылған таңбалар бар. Үш жүздің баласы қазақтың таңбаларында талас болса, сол тасқа барып қарасады. Алаша ханның жарлығымен басылған таңба» депті шежіреші. Əлкей Марғұланның жазбаларында да таңбалы тас туралы деректер бар. Ол «қазақ сахарасындағы мəдениеттің жарқын түрі – тарихи дəуірлерде осы араны қоныстап келген тайпалардың тас бетіне қалдырған белгілері» деп жазады. Осы орайда таңбалы тасты 1840 жылы ресейлік ғалым А.И.Шренк зерттегенін айтқан жөн. Шренк «Таңбалы тастың зор атаққа ие болуының себебі, бұл жерде қазақтар ұлы мереке жасап, ұран шақырып, бір ел болып қосылған жері» дейді. Жазбаларға үңілсек, тайпалардың атақты билері мен батырлары осы жерде кеңес құрып, елді қоныстандыру мəселесін шешіп отырған. Əр тайпаға арнап таңба берілген. Сол таңба тасқа түскен. Ғұлама ғалым Қаныш Сəтбаевтің де таңбалы тасқа табаны тиген. «Қазақтың қазақ болған, ту тіккен жері осы таңбалы тас өңірі»

деп тұжырымдайды академик атамыз. Ал, жазушы Ілияс Есенберлин: «Керей мен Жəнібек хан тұсында қазақ рулары Нұраның қаратұзына жиналып, үш жүздің жүйесін жасап, Асан қайғының ұйғарымымен таңба үлестірген» деп жазады. Тарихшылар Керей мен Жəнібек, Қасым, Хақназар, Тəуекел, Есім, Жəңгір, Тəуке, Абылай, Кенесары хандар кезінде таңбалы тасқа тəу еткен деп жоғарыдағылардың сөзін құптайды. Бағзыдан жеткен бабалар үні халқымыздың мемлекеттік рəміздерге ертеден-ақ ерекше маңыз бергенін көрсетеді. Бабаларымыз жерді жаудан қорғап атқа қонғанда ту көтеріп шыққан. Əрине, мұның өзі сол замандарда да мемлекеттік рəміздердің нышаны болғанын айғақтайды. «Бөрінің басы – ұраным, Бөрілі менің байрағым. Бөрілі байрақ көтерсем, Қозып кетер қайдағым!» деп жырлаған Сүйінбай атамыздың сарынынан да рəміздің намыс пен патриоттық сезімнің қайнары екенін танимыз. Тəуелсіз тұғырлы ел болдық. Еліміздің мемлекеттік рəміздері бекітілді. Сол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздер күні ұлттық рух, отансүйгіштік, патриотизм туралы тебіреністі толғаулар айтылады. Мемлекеттік рəміздер – Ата Заңымыз секілді Тəуелсіздік құндылығы. Ол –

лы баяндама жасаған Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қапланбек Құрманəлі мемлекеттік Елтаңба мен Тудың, Əнұранның мағынасына кеңінен тоқталды. «Біздің Елтаңбамыздағы алтын түсті шаңырақ, қанатты тұлпарлар Қазақстан деген кеңбайтық елдің жарқын болашағын сипаттаса, көк Туымыздың да мағынасы кең. Ежелгі түрік тілінде «көк» деген сөз аспан деген ұғымды білдіреді екен. Біздің Туымыздың көк түсті болуы тəуелсіз еліміздің ниет-тілегінің тазалығын көрсетеді. Азаттығымызды паш ететін Əнұранымыз да біздің мақтанышымыз», – деді полиция полковнигі. Рəміздер күніне арналған салтанатты шара кезінде бірқатар күзет қызметкеріне арнайы атақтар берілді. Атап айтқанда, батальон командирінің орынбасары Ш.Мырзабаев пен ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Ж.Серікбаевқа полиция подполковнигі, аға инспектор-психолог А.Ибадатоваға полиция майоры атағы берілді. Гүлнəр МАҒЗҰМОВА

қаласы əкімдігі талдау жəне мониторинг бөімінің басшысы Алмас Файзулин ІІМ ТЖК аумақтық органының құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлерімен кездесті. Жергілікті атқарушы органның өкілі департамент қызметкерлеріне мемлекеттік рəміздердің қоғамдағы алатын ролі мен мағынасын, олардың қалыптасу тарихын сөз етіп, олардың ҚР заңнамасының талаптарына сай, мекемелер мен оқу орындарында жəне өзге ұйымдардағы қолдану аясын айтып берді. Сонымен қатар Алмас Қайратұлы мемлекеттік рəміздерге деген құрметке ерекше көңіл бөліп, қатысушыларға мемлекеттік рəміздерді қолдану ережелерін бұзған лауазымды тұлғаларға ықпал ету шаралары туралы баса айтты. «Мемлекеттік рəміздер – мемлекеттің əр азаматының жоғары азаматтылық ұстанымы, қазақстандық патриотизмі, ынтымақбірлігіне үндейді. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізетін салиқалы саясаттың маңызды аспектісі болып табылады», – деді ол. Валерия СҰЛТАНОВА біздің ұлттық құндылықтарымыздың, жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің белгісі. Рəміздерді қастерлеп, құрметтеу, сол арқылы патриотизмді қалыптастыру – əрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Ол сондай-ақ мемлекеттік ішкі саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Ең бастысы, рəміздер – Тəуелсіздігіміздің символы! Шымкент қаласындағы Тəуелсіздік саябағындағы Мемлекеттік рəміздер аллеясында тұрып, осылай ой толғаймыз. Көптеген мектептерде əр оқу күнін мемлекеттік Əнұранмен бастайтыны еске түседі. Мəселен, мен жұмыс орныма таңғы 08.00-де келемін. Осы кезде Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының сарбаздары аяқтарын нық басып, Əнұранды əуелете шырқап бара жатады. Кеудемді қуаныш сезімі кернейді. «Туған елім менің Қазақстаным» деген өлең жолдарын айтқанда жүрегім жалын атады. Есіме бағзы бабаларымыз түседі. Ұланбайтақ жерді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батырларымыздың өр рухы бой қыздырады. Құлаққа қайсар бабаларымыздың қыран дауысы келеді. Сонда сана сілкінеді. Сөз жоқ, мемлекеттік рəміздерді құрметтеу патриотизм. Олар – елдіктің, ерліктің белгісі. «Көк тудың желбірегені – Елімнің асқақ беделі, Таласқа түссе жан мен ту, Жан емес маған керегі» деп ақын жырлағандай, мемлекеттік рəміздің орны ерекше. Мұны құлап бара жатса да жалауын жықпаған батырлар ерлігінен де тануға болады. Кешегі Жеңіс күні де Рейхстагқа əуелі ту ілінген жоқ па еді? Ту ұстап, тұлпар мінген халқымыздың «Қолыңдағы туың желбіреп барып, желбіреп қайтсын!», «Туың жығылмасын!», «Туың биік болсын!»деген тəтті тілектері бар. Ендеше, Мемлекеттік рəміздер күні таңбалытастан Тəуелсіздікке дейін тарих тарату да керек. Өйткені, түп тамырын білмеген ұрпақ бүгінгінің қадіріне толық жетпейді.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ТЖД Мемлекеттік рəміздер күні айтулы мереке ретінде жыл сайын аталып келеді. Осыған орай биыл Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру жəне авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жеке құрамымен кəсіби дайындық сабағы өтті. Мақсаты – идеологиялық тəрбие болып табылатын іс-шара барысында Кадр жұмысы бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Б.Қожакеев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын жəне олардың бейнесін, сонымен қатар, Мемлекеттік Əнұранның мəтінін пайдалану (орнату, орналастыру) тəртібі» тақырыбында баяндама жасады. Одан əрі маңызды мерекеге арналған салтанатты жиын болып, қызметкерлерді Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі Барат Дұзақбаев құттықтады. «Мемлекеттік рəміздер елді ерекшелеп, оның тəуелсіздігін паш ететін нышан. Сондықтан оның мағынасын терең түсіну, оны қорғай білу – Қазақстан азаматтарының абыройлы борышы. Əрбір елді оның рəміздерінен жəне ел басшыларынан таниды», – деп атап өтті ол. «Мемлекеттік рəміздер – əр тəуелсіз елдің төл белгілері. Біздің еліміздің Ту, Елтаңба жəне Əнұран сияқты үш мемлекеттік нышаны бар. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында Əнұранның əр сөзі, Туымыздың көк жəне алтын түсі қазақ халқының гүлденуінің, ынтымағы мен бірлігінің ұйытқысына айналды. «Еліміз егемендік алғаннан кейін, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен осы күн «ҚР Мемлекеттік рəміздер күні» болып белгілені белгілі. Содан бері ол – мемлекеттің ажырамас бөлігіне айналған ұғым», – дейді елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев атап өткендей, «Мемлекеттік рəміздер – халқымыздың рухын, ұлттың салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер». «Астаналық ТЖД де Рəміздер күні ерекше атап өтіледі. Мемлекеттік рəміздерімізді насихаттауға арналған салтанатты жиын барысында қызметкерлеріміздің қатарын толықтырған мамандар салтанатты түрде ант қабылдады. Бұл мереке – еліміздің əр азаматы үшін ерекше маңызға ие күн деген ойдамын» , – деп атап өтті Б.Дұзақбаев.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД Тəуелсіздік белгілерін білу – əр қазақстандық азаматтың міндеті. Осыған орай Рəміздер күні қарсаңында Қызылорда облысы ТЖД Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Ержан Үсенбаев «Қазақстан Республикасының рəміздері туралы» лекция оқыды. Мемлекеттік рəміздер, бұл кез келген мемлекеттің егемендігін айқындайтын бөлінбес белгісіне айналады», – деп сөзін бастаған ол рəміздердің əрқайсысына тоқталып өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран жəне ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы – Қазақстанның өнер қайраткері Шəкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды жəне көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сəулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – танымал сəулетшілер Жандарбек Мəлібеков пен Шот-Аман Уəлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні – осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды. Бұрын да танымал «Менің Қазақстаным» əні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен, Парламенттің бекітуімен 2006 жылдың 6 қаңтарында ел Гимні болып аталды. 2006 жылы 11 қаңтарда Елбасыны ұлықтау салтанатында алғаш рет Гимн ретінде орындалды. Əнін жазған – сазгер Шəмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар – Жұмекен Нəжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. «Бұл лекцияның пайдасы бар. Рəміздердің кейбір атрибуттары кейбір адамдардың есінен шығып кетуі мүмкін. Оны кезең-кезеңмен еске салып отырса жадыда толық орнығатын болады», – дейді Ержан Үсенбаев. Лекция соңында көпшілікке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері туралы» бейнефильм көрсетілді.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ІІЖБ Əрбір егемен мемлекеттің айырым белгілері мемлекеттік рəміздері болып табылатыны бəріне мəлім. Мемлекеттік рəміздерді иелену тəуелсіз Қазақстанның қалыптасуында негізгі қадамдардың бірі болды. Біздің еліміздің өкілдерін халықаралық сахнада, іскерлік қарым-қатынаста, халықаралық жарыстарда, Олимпиадаларда рəміздер арқылы таниды. Жыл сайын Қазақстанда мемлекеттік Рəміздер күні 4-маусымда өткізіледі, ал 2007 жылы дəл осы күні Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рəміздері туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Қостанай стансасындағы ІІЖб-де жауынгерлік жəне саптық дайындық сабақтарында жыл сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздерін қолдану жəне Мемлекеттік Əнұранды орындау бойынша дəрістер өткізіледі. Онда ұйымдастырылатын барлық іс-шараларда Қазақстан Республикасының Əнұраны барлық ресми іс-шарада, ұлттық жəне мемлекеттік мерекелерде, саптық тізімді түзеген сəттерде салтанатты түрде орындалады. Бұның барлығы полицейлерді патриоттық тəрбиелеудің элементтері. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рəміздерді қолдану мен насихаттау бойынша іс-шаралар əрбір тұлғанының бойына кешенді, біріктірілген сипатта жəне қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыруға ықпал етеді. Мемлекеттік рəміздер заңнамаға сəйкес пайдаланылуы керек. Оларды сақтау тəртібі де белгіленген, əрбір азамат мемлекеттік рəміздерін қолдануға ерекше көңіл бөлуге тиіс жəне аталған заңнаманың бұзылуына немқұрайлы қарамау керек. Қостанай стансасы ІІЖб жеке құрамына «Мемлекеттік рəміздері туралы» деректі фильм көрсетілді. А. АМАНГЕЛДИН


ҚЫЗМЕТ №42 (4208),№ сейсенбі, 7.06.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 СЛЕТ

Тəлімгерлер институтын дамытуға мүдделі (Соңы.Басы 1-бетте). МЕМЛЕКЕТТІК РƏМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ Кешенді шара Обелиск ескерткішінің ашылуынан соң, аудандық мұражайда дөңгелек үстелмен жалғасты. «Қазақстандық патриотизм – көпұлтты қоғам жетістіктерінің негізі. Ішкі істер органдарындағы тəлімгерлік рөлі» тақырыбында өткен жиынды департамент бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев ашып жүргізді. Бірінші болып сөз алған облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ринат Сүттібаев былтыр өткен бесінші слетта қабылданған үндеуге қатысты жасалған жұмыс қорытындысы жəне алдағы жылға арналған жұмыс жоспары туралы баяндама жасады. Одан соң Департаменттің Мемлекеттік тіл жəне ақпарат басқармасының басшысы Бақытжан Құдияров «Мемлекеттік рəміздер ұлтымыздың айнасы» тақырыбында баяндама оқыды. «Бүгінде жастарды патриоттыққа тəрбиелеуде түрлі жолдар қарастырылып келеді. Соның бірі, жас өрендер арасында ұлттық нақыштарымыз – рəміздерімізді насихаттау. Сондықтан да, асыл аталы сөздерді ұрпағына мұра етіп қалдырып, күмбір-күмбір күйлері дала төсін тұндырған, əрі ақын, əрі сазгер талай-талай саңлақтарды түлеп ұшырған қазақ даласында бұған дейін ел бірлігін асқақтатар Əнұранның болмауы мүмкін емес. Сондықтан да бүгінгі мемлекеттік рəміздеріміз – ол, ұлтымыздың айнасы», - деді Бақытжан Садықұлы. Одан кейін сөз алған баяндамашы Нұра аудандық Жергілікті полиция қызметінің бастығы Əли Темішжанұлы жаңа қызметтің жұмыс барысы жайлы, мақсаттары мен міндеттері туралы, оның материалдық-техникалық тұрғыдағы бірқатар проблемалары жайлы сөз етті. Өз кезегінде жиналысқа төрағалық еткен Ардақ Ынтықбаев

жергілікті мəселелердің шешімін табуы үшін көмектесуге дайын екендігін білдіріп, аудан əкімінің дөңгелек үстелге қатысып отырғанына алғысын білдірді. Слет аясында Тəуелсіздік мерекесі мен Мемлекеттік рəміздер күнінің тақырыбын қатар қамтып өткен Мемлекеттік тіл жəне ақпарат басқармасының басшысын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол «Байқаған болсаңыздар біздер бұл жиынға барлық аудандық ішкі істер бөлімі бастықтарының кадр жұмысы жөніндегі орынбасарларын шақырып отырмыз. Мұндағы мақсатымыз, біріншіден үлгі алсын, келесі жолы өздерінде осындай слет өткенде таныссын дедік. Ал, екінші мақсат – тəлімгерлік жұмысы кадрлық саясаттың ажырамас бөлшегі екендігін түсіндіру», - деді ол. Дөңгелек үстелден соң облыстық делегация аудандық ІІБ ардагерлерінің үйлеріне барып, зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі тəлімгерлік саласындағы еңбектеріне алғысын білдіріп, сый-сыяпат табыстап қайтты. Солардың бірі Мадат Армеұлы - ұзақ жылдар ішкі істер органдарында қызмет етіп, қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып қана қоймай, бүгінде ұлдары да əке жолын таңдаған династиялы отағасы. Құттықтай келген меймандар аға

буын əріптеске Халықаралық полиция қауымдастығының құттықтау хаты мен заманауи жазық экранды теледидар сыйға тартты. Тəлімгерлік мектебінің сабақтастығы Қарағанды облысы республика бойынша Ішкі істер саласындағы қызметкерлер саны бойынша ең көп аймақ болып саналады. Бүгінде облыстық Ішкі істер департаменті бойынша 6800-ден астам қызметкер бар. Сонымен, шара аудандық «Мəдениет үйіндегі» пленарлы бөліммен жалғасты. Ресми бөлім ІІД-нің Мемлекеттік тіл жəне ақпарат басқармасының осы жиынға арнайы дайындаған бейнефильмімен басталды. Он бес минуттық фильм жұмысқа жаңадан кірген бірқатар жас қызметкерлердің қызметі, тыныстіршілігіне арналды. Экраннан өзін көріп отырған олар осы күні залда ақ көйлекпен салтанатты формада əріптестерінің арасында бірге еді. Слетке келіп, оның барлық шараларына қатысып жүрген жас қызметкерлер үлгі аларлық ортаның бар екеніне көз жеткізсе, біз осы фильмді көргеннен кейін бұл шараның тұтастай дəстүрлі шаралардың тіні үзілмеген жалғасы екеніне көз жеткіздік. Слетті кіріспе сөзімен ашқан департамент бастығының орынбасары əріптестік сабақтастық тек қана үйренуден, керегіңді алудан ғана тұрмауы қажеттігін, ол өзіңе дейінгі осы даңғыл жолдан жүріп өткен қызметтестеріңе құрмет білдіруден, соның ішінде, бірінші кезекте, Отан үшін шейіт болған боздақтарды мəңгі ардақ тұтудан тұруы керектігін ерекше атап өтті. «Əрине, жас буын үшін алғашқы уақытта

қызметке бейімделіп кету оңай емес. Тəжірибе өмір жолымен келеді. Ал оны қиюластырып жас буын бойына сіңіру - білікті тəлімгерлікті қажет етеді. Біздің қоғамда орын алып жатқан көптеген келеңсіздіктерді дұрыс түсіну үшін – тəлімгерлер мектебі сұрыпталған жүйеге көшкен, үлгі тұтарлық дəрежедегі қызметкерлерден құралуы тиіс. Өйткені, Ішкі істер органы – олар, қоғамдық тəртіпті күзетушілер ғана емес, жеке тəртібімен заң үстемдігіне құрылған мемлекеттік саясатты жеткізушілер болып та табылады. Дəл осы тұрғыда Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті басшылығы тəлімгерлік институтын дамыта түсуге мүдделі», деді Ардақ Қабыкенұлы. Жиын қызметінде ерекше еңбегімен көзге түсіп, өзгелерге үлгі болған қызметкерлер марапатталды. Соның ішінде төрт адам арнаулы қол сағаттарымен марапаталса, қалғандарына облыстық ІІД басшылығының грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Барлығы 32 қызметкер марапатқа ие болды. Одан соң жиналғандар алдында тəлімгерлер мен аудандық ІІБ бастықтарының кадр жөніндегі орынбасарлары сөз сөйледі. Шара соңында, Нұра ауданында өткен облыстық слеттің Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының жас қызметкерлеріне арнаған үндеуі оқылды. Ал келесі облыстық тəлімгерлер слетінің өтетін орыны ретінде Шахтинск қаласы бірауыздан таңдалып алынды. Ал 10 маусым күні Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД базасында өтетін 3-ші Республикалық жас қызметкерлер мен тəлімгерлер слетіне облыстан баратын делегаттар бірауыздан сайланды. Олар – Қарағанды қалалық ІІБ инспекторы Əлия Рахимова жəне Қарқаралы аудандық ІІБ ЖПҚ полиция учаскелік инспекторы Амантай Хасенов. Осылайша, дəстүрлі шара полиция қызметкерлерінің күшімен дайындалған, соның ішінде «Нұр Орда» вокальдық ансамбльінің сүймелдеуімен өткен концертпен жалғасты. Бейнеклиптермен көмкерілген шара тыңдаушылары ерекше рух беріп, осы күннің қатысушылар көкейінде көпке дейін сақталып қалатыны кəміл еді. Суреттер автордікі

P.S. АЙТПАҚШЫ, ДƏСТҮРЛІ ШАРА ДЕМЕКШІ, НҰРА АУДАНДЫҚ ІІБ-НЫҢ БҰЛ СЛЕТТІ БІРІНШІ РЕТ ҚАБЫЛДАП ОТЫРҒАНЫНА ҚАРАМАСТАН, ОНЫҢ БІР ДЕММЕН, БІР ЛЕППЕН ӨТКЕНІНЕ ҚАРАП, БҰЛ ЖИЫННЫҢ ҚҰДДЫ ЖЫЛ САЙЫН ОСЫ ЖЕРДЕ ӨТЕТІНІНДЕЙ ƏСЕРДЕ ҚАЛДЫҚ. ƏЙТСЕ ДЕ, МҰНДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ, СОНЫҢ ІШІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖƏНЕ АҚПАРАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ДА ҚОЛТАҢБАСЫ БАРЫ БАЙҚАЛЫП ТҰРДЫ. ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

4 суға кету дерегі тіркелді БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНДА «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СУ АЙДЫНДАРЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ БОЛДЫ. Шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, Денсаулық сақтау, Білім, Жастар саясаты мəселелері, Дене шынықтыру жəне спорт басқармаларының, Кəсіпкерлер палатасының, Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инспекциясының, қалалық демалыс саябағының, Жедел құтқару жасағының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары, полковник Максим Хайрекенов төмендегі сандарды келтіре отырып, судағы төтенше жағдайлардың статистикасына қатысушылардың назарын аудартты, «Ағымдағы жылы облыс аумағында суға кетудің 4 жағдайы тіркелді (2015 жылдың ұқсас кезеңінде 13 адам суға кетті)», – деп атап өтті. Суға шомылу маусымында облыс су айдындарында азаматтардың қа у іп с із діг ін қ а м т а м а с ы з е т у жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамамен Төтенше жағдайларды жою бөлімі

бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Жарас Көпжасаров сөз сөйледі. «Департамент судағы адам өлімін болдырмау бойынша барынша тырысуда. Су айдындарындағы адам қазасының проблемасын шешу жолдары – кеңінен насихаттау, халықты оқыту. Осы салада облыс, қала жəне аудандардың жергілікті атқарушы органдармен, облыстық басқармалармен, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктермен, оқу орындарымен, ұйымдар жəне

кəсіпорындармен тығыз өзара ісқимыл ұйымдастырылған», – деді ол. Содан соң Төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Марс Отаров баяндамасында судағы адам қазасының алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша соңғы 10 жылда облыстағы су айдындарында адам қазасының жете талдауынан басталғанын айтты. М.Отаров «Талдау ішімдік ішіп суға түсу – 34, суға шомылу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе жүзе білмеу 25, белгіленбеген жерлерде суға шомылу 16, балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы 13 пайыз болғанын көрсетті. Мұндай оқиғалар көп жағдайларда маусым жəне шілде айларында тіркеледі.

Бұл өңіріміздің ауа-райына (астап ыстық, айлар) байланысты. Жас көрсеткіштері бойынша адам қазасының 38 пайызға жуығын 16 жəне 26 жас арасындағы жас адамдар құрайды. Қаза тапқандардың əлеуметтік мəртебесі 26 пайыз – жұмыссыз, 19 пайызы – балалар екендігін көрсетті», – деп атап өтті. Осы отырыста бірқатар қажетті мəселелер қарастырылды. Атап айтқанда, қалалық демалыс паркінің өкілі парк аумағында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы жүгіртпе жол трансляциялау, сонымен қатар департамент қызметкерлерінің радио торап арқылы сөз сөйлеу мүмкіндігін, ал Кəсіпкерлер палатасының өкілі сауда үйлерінде судағы қауіпсіздік қағидалары туралы бейнероликтерді трансляциялауға қолғабыс көрсетуге дайындығын атап өтті. Денсаулық сақтау басқармасының өкілі өз кезегінде Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған бейнероликтер тұрақты көрсетіліп тұратынын айтты. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы филиалы, «Жас Отан» Жастар қанаты профилактикалық жұмысқа жұмылдыру туралы бітімге келді, жастарды су айдындарындағы қауіпсіздік проблемаларына назарын аударта отырып, олардың құтқарушылармен бірге облыс су айдындарындағы рейдтерге бірлесе қатысуын, флешмобтар ұйымдастырады. Батыс Қазақстан облысы ТЖД

е-mail: nastraje@mail.ru

5

102 ХАБАРЛАЙДЫ

5 минуттың ішінде ашылған қылмыс Орал қаласының полиция қызметкерлері 5 минут ішінде ұрлықтың бетін ашты. Тəртіп сақшыларына зейнеткер əйел хабарласып, мойнынан 585 сынамалы алтын алқасы ашық түрде ұрланғанын айтады. Жəбірленуші күдіктіні сипаттап, оның қай бағытқа кеткенін айтып береді. Орал қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы жəбірленуші көрсеткен ауданда сипаттап берген адамға ұқсас белгісіз жас жігіттің жүгіріп бара жатқанын байқайды. Жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, ұрыны қолға түсіреді. Күдіктінің 27 жасар қала тұрғыны екені анықталды.

Мал ұрлаушы ұсталды Теректі аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығы қылмысын ашты. Полиция қызметіне Ақсоғым ауылдық округінің тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулер еркін жайылыстан оның 1 жас шамасындағы 6 бірдей жылқысын айдап əкеткені туралы арыз түсіреді. Жедел-іздестіру іс-шаралары нəтижесінде мал ұрлығы қылмысын жасаған Теректі ауданы Федоровка ауылының тұрғыны анықталып, ұсталды. Бұл фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша (мал ұрлығы) қылмыстық іс қозғалды.

Мүлкіңізге мұқият болыңыз Жазғы уақытта велосипедтің түрлері көшелерде шыға бастаса болды, полицияның тіркеуіне де ілене бастайтыны белгілі. Жуырда белгісіз біреу Зеленов ауданы Үлкен Шаған ауылындағы үйлердің бірінен 1972 жылы туған азаматшаға тиесілі «Орион» маркілі велосипедін қолды қылған. Қолданылған шаралар барысында Зеленов ауданының тəртіп сақшылары 40 жасар жігіт ағасын анықтап, қолға түсірді. Сондай-ақ қаладағы Əбілхайыр хан көшесінің бо й ында о рналасқан «Ая жан» баз арыны ң жанында 1969 жылы туған азаматқа тиесілі «Стелс» маркілі волосипеді қолды болған. Орал қалалық ІІБ қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 1982 жылы туған азаматты анықтап, қолға түсірді. Ұрланған велосипедтер иелеріне қайтарылды. Ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Егер велосипедіңіздің ұрланғанын байқасаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз. Қылмысты көрген куəгерлер туралы мəліметті жинақтап, телефон нөмірлерін жазып алыңыз. Велосипед ұрлығын түбегейлі тоқтату мүмкін емес. Дегенмен, алдын алуға мүмкіндік бар. Сондықтан, жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып, мүліктеріңізге мұқият болғаныңыз жөн.

Шоколадты қолды қылған Мамырдың 27 күні белгісіз біреу С.Датұлы көшесінің бойында орналасқан сауда кешеніндегі «Лидер» дүкенінен сөрелерде тұрған 13 қорап «Мерси» шоколадын ұрлап кеткен. Шығын 17 940 теңгені құрап отыр. Қолданылған жедел-іздестіру шаралары барысында 1976 жылы туған азамат анықталып, ұсталды.

Қарсы бағытқа шығып, қаза тапты Мамырдың 30 күні қаладағы ҚұрманғазыСарайшық көшелерінің қиылысында «Тойота Ланд Крузер» маркілі автокөлігінің жүргізушісі жүріп келе жатып, əйел адамды жол үстінде қағып кетеді. Салдарынан жəбірленуші түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, мамырдың 31 күні ЕсқалиевСарайшық көшелерінің қиылысында белгіленбеген жермен жүргені үшін тағы бір əйелді көлік соғып кетті. ЖКО салдарынан алған жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Маусымның 1 күні сағат 13.30 кезінде «Атырау-Орал» тас жолында – 481 шақырым қашықтықта «Ауди-89» маркілі автокөлігінің жүргізушісі оңтүстік бағытпен келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, қарсы беттегі «Мерседес бенц» маркілі көлігімен соқтығысады. ЖКО салдарынан «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал «Мерседес бенц» автокөлігінің жүргізушісі жəне жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО ІІД Баспасөз қызметі


6

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ №42 (4208), № сейсенбі, 7.06.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ПРОБАЦИЯ

е-mail: nastraje@mail.ru ДЕНСАУЛЫҚ

ТҮЗЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР Полиция қызметкерлері қайдан ем қабылдайды? Ш.ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА, Атырау облысы Мақат ауданы

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ТОБЫНЫҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН ЕРЕСЕК АЗАМАТТАРЫМЫЗДЫҢ АРАСЫНДА ӨЗ ЖОЛЫН ТАБА АЛМАЙ ЖҮРГЕНДЕР, ЖҰМЫС ІЗДЕГЕНДЕР, БОЛАШАҚТАН ҮМІТІН ҮЗІП, БАРАР ЖЕР ТАППАЙ НЕ БОЛМАСА ҮЙІ БАР, АЛАЙДА, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ САЛДАРЫНАН ІШІМДІККЕ САЛЫНҒАН АЗАМАТТАРЫМЫЗ БАР.

Осы себептерден көптеген қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандар қайталап қылмыс жасауға жол береді. Яғни, керісінше теріс əдеттерге бейімделген адам өз адамгершілік қасиеттерін артқа тастап, қайта қылмыс жасауға бейім болады. «Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінезқұлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара ісқимыл жасасу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №517 бұйрығына сəйкес, аудандық Ішкі істер бөлімі

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп атқарылатын жұмыстар жөнінде жоспарлар құрылып, сотталған адамдармен күнделікті профилактикалық іс-шаралар өткізілді, тұрғылықты мекен жайларын тексерістер жүргізілуде. Іс-шара барысында есепте түрған сотталған тұлғалардың арасында тəртіп бұзушылықтарға жол бергендерге заң шеңберінде шаралар қолданылды. Пробация қызметі мен ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп атқаратын жұмыстары жандандырылып, қатаң бақылауда. Атырау облыстық ІІД Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің

есептегі элемент есебінің мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар жəне əкімшілік қадағалау есебінде тұрған сотталғандарға пробациялық бақылау тағайындалған, сол себепті Мақат аудандық пробация қызметі тобының есебіне алынады. Есепке алынған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тəртібін қадағалап, түзу жолға түсіру мақсатында сотталғандармен профилактикалық əңгімелер жүргізілді, аудандық Ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен сотталғандарға Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға əлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы №1131 Қаулысына сəйкес, пробация қызметі жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, сотталғандарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында жұмыспен қамтамасыз ету, дəрігерлік көмек, орта жəне арнайы орта білім алуға, жеке басын куəландыратын құжаттарды қалпына келтіру немесе құжаттандыру сияқты жан-жақты ə л е у м е т т і к к ө м е к к ө р с е т і л е т ін ін түсіндіру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға əлеуметтік құқықтық көмек көрсету жəне қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында бірлескен іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыстар жандандырылуда.

Заңнама бойынша қарастырылған Гүлсезім ЕШМАҒАМБЕТОВА, Ақтөбе облысы

2009 ЖЫЛДЫҢ 24 ТАМЫЗЫНДАҒЫ №858 ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН БЕКІТІЛГЕН ҚР ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БУЫНЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТ ЕКЕНІ КӨРСЕТІЛГЕН. ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС-ЖҮРГІЗУ ЖƏНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУЫН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫРУДЫҢ КЕШЕНДІК ЖОЛДАРЫ КӨЗДЕЛДІ. 10 тармақшадан тұратын ҚАК құрамындағы кейбір түсініктерді талқылау бойынша жаңа бап /3-б/ алғаш рет заңнамамен қарастырылған. Оның ішіндегі үш тармақша пробация сұрақтары бойынша түсініктемені қарастырады, яғни, пробация, пробациялық бақылау мен пробация қызметі туралы түсіндіріледі. Жаңа ҚАК енгізілгеннен бастап қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметіне өзгертіледі. Бұл қызметтің міндетіне бостандығын айыруға баламалы шараларды: белгілі бір лауазымға тағайындалу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған, өмір бойы аталған жазаға сотталғандардан басқа қоғамдық жұмыс, түзеу жұмыстарына тарту, бостандығын шектеу, шартты сотталғандардың жүріс-тұрысын бақылау, жүкті əйелдер жəне балалары бар əйелдерге сотпен мерзімін өтеу шегертілген жəне мемлекеттік марапатты алуды орындау болып табылады. Пробация

қызметі пробациялық бақылауды тек шартты сотталғандарға ғана емес, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру орындарынан шартты алдын ала босатылғандарға да көмек көрсетеді. Одан басқа аталған Кодекске сəйкес пробация қызметінің міндетіне сотпен əкімшілік бақылау орнатылып, мекемеден босатылған тұлғаларға қатысты əлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кіреді. Бұдан басқа «сотталғандардың негізгі міндеттері» 11-бапта қарастырылған болатын. Нормада барлық сотталғандарға қатысты талаптар бар. Егер ескі ҚК түзеу жұмыстар жазасы екі айдан бастап екі жылға дейін тағайындалып, мемлекетке бестен жиырма пайызға шейін жалақысы ұсталып отырса, ал жаңа ҚК түзеу жұмыстарына сотталғаннан ай сайын жалақысынан жиырмадан бастап қырық пайызға дейін мемлекетке ұсталады. Қылмыстық əрекеттер үшін түзеу жұмыстары жиырма бестен бастап бес жүзге жуық айлық есептік көрсеткіштер түрінде алынады.

Қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындауда да өзгертулер байқалады. ҚК жəне ҚК 43-бабына сəйкес қоғамдық жұмыстардың сағат саны 300-ге дейін ұзартылды. ҚК 43-бабы мен ҚАК 58-баптарына сəйкес, сотталған қоғамдық жұмысты орындаған кезде негізгі жұмыс орнынан жазасын өтегенге дейін босатылады. Бас бостандығынан шектеу жазаларын өтеу шарасына өзгеріс енгізілді. ҚК 44-бабына сəйкес, сотпен бостандығын шектеу жазасына пробациялық бақылау орнатылып, жергілікті атқарушы орган анықтаған жерде жыл сайын 2 0 0 с ағат б ар лық ж аз ас ы н ө те у кезеңінде жұмыс істеуі тиіс. Шартты сотталғандарға пробациялық бақылау орнатуды орындауда пробация қызметіне тіркеуге келмеген кездегі жауапкершілікке жеңілдік жасалынған. Енді жаңа ҚАК 174-бабының 4-тармағына сəйкес пробация қызметіне тіркеуге шартты сотталғандар айына 2 рет жəне пробация қызметінің шақыртуы бойынша келеді. ҚАК 176-бабының 1-тармағына сəйкес, егер тəртіп бұзушылықтар анықталған кезде пробация қызметі сотқа пробациялық бақылаудағы мерзімін ұзарту туралы ұсыныс жолдайды. Ұзарту мерзімі 1 жылдан артық болмауы, ал кəмелетке толмағандарға қатысты 6 айдан аспауы тиіс.

ХАЛЫҚ АРАСЫНДА «ОСЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АУЫРМАЙДЫ-АУ, ШАМАСЫ. ƏСІРЕСЕ, ЖЕРГІЛІКТІ ЕМХАНАДАҒЫ ҰЗЫН-СОНАР КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАНДАРДЫҢ АРАСЫНАН ДА, АУРУХАНА ТӨСЕГІНЕ ТАҢЫЛҒАН ЖАНДАРДЫҢ ІШІНЕН ДЕ ОЛАРДЫҢ БІРДЕ-БІРІН КЕЗІКТІРМЕЙСІҢ. СОНДА ОЛАР ҚАЙДА ҚАРАЛЫП, ҚАЙДАН ЕМ ҚАБЫЛДАЙДЫ ЕКЕН?» ДЕГЕНДЕЙ САРЫНДАҒЫ ƏҢГІМЕ ГУ-ГУ ЕСЕДІ. Бұл фəниде басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ шығар-ау. Əрине, полиция қызметкерлері де адам. Олар да ауырады, дəрігерге қаралып, ем қабылдайды. Сол халық арасындағы желдей ескен əңгімеге толыққанды жауап табу үшін аудандық ішкі істер бөліміне ат басын тірегенбіз. Бөлім бастығының кадр жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Ғайни Байназаровпен кездестік. Əңгімеміз ел аузындағы əңгімеге ойысқанда, ол: «Тек полиция қызметкерлері ғана емес, барша адам баласы ауырмаса екен деп тілеймін. Əйтсе де, ауырасың, жарақаттанасың. Сондайда баратын жерің – дəрігердің алды. Халық дұрыс айтады. Полиция қызметкерлері сырқаттанып қалған жағдайда көрінетін, ем қабылдайтын орны – «Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің емханасы бар госпиталі» мемлекеттік мекемесі. Бізде қызмет ететіндердің бəрі осында қаралып, осында ем қабылдайды», – деді. Подполковник мырзаның сөзін қоштай сөйлеген Ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері, запастағы полиция подполковнигі, зейнеткер Сəпілмəлік Тəжиев:

«Мұнда барлық жағдай жасалған. Қазіргі заманауи құрылғылармен жабдықталған госпитальдегі медицина қызметкерлеріне осында келушілердің бəрі де дəн риза. Дəрігерлер де, медбикелер де мейірімді, өз ісінің нағыз білгір мамандары. Мəселен, осы госпиталь басшысы Сəуле Абдукаримоваға, стационарлық бөлімнің меңгерушісі Сəуле Назарбековаға, терапевт-дəрігер Райхан Байжарасоваға, невролог-дəрігерлер Гүлнар Кабирова мен Сəуле Жұмағазинаға, лор дəрігер Лейла Сыздықбаеваға, терапевт-дəрігерлер Рауза Гатаулина мен Лəззат Патшабековаға, дерматолог Елена Наяксоваға, психолог Жандос Махановқа, оташы Бөгенбай Өтешовке, уролог Жолдасбек Шəріпқұловқа, көз дəрігері Нұрмат Маженоваға, рентгенолог Қайрат Артықбаевқа жəне медбикелер Ұлжан Бұралқиеваға, Наталья Танкинаға, Зульфия Аделгужинаға, Нұрсұлу Тұрлыбаеваға, Гүлбағила Тайтелиеваға, жетекші маман-дəрігерлер Фарход Закиров пен Нүркен Шопанбаевқа осында ем қабылдаушылардың ризашылығы шексіз. Əрине, осында ұзақ жылдар бойына қызмет етіп, зейнетке шыққан Роза Иңсепова мен Шырын Хамырайқызына рахмет айтудан жалықпаймыз. Госпитальдің жоғары дəрежеде қызмет көрсетуіне Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті медицина қызметінің бастығы Ербол Тəуірбековтің ықпалы зор», – деді. Халық қашанда қалт айтпаса керек. Жақсыны көрмек ниетпен біз де сол госпитальға бас сұққанбыз. Шындығында, мұнда погон таққан полиция қызметкерлерінің қарасы көп-ақ. Арасынан аудандық ішкі істер бөлімі кадрлар бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Берік Сəлемов, тергеу бөлімінің бастығы, полиция капитаны Қуаныш Тазабеков, бөлім қызметкерлері, полиция капитандары Жасұлан Сантаев, Берік Байдашов жəне басқаларды да көргенбіз. Бəрі де госпиталь қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп жатыр. Біз қайтар тұста стационарлық бөлімнің меңгерушісі Сəуле Назарбекова госпитальдің іргетасы 1993 жылы қаланғанын жеткізген. Расында госпиталь ғимаратының сыртқы жəне ішкі келбеті де көңілге дем береді. Осындай көріністерден кейін келушілерге мінсіз қызмет көрсетіп жүрген дəрігерлер мен медбикелерге алғыс айтудан басқа амалың қалмағандай. «Жел тұрмаса шөптің бас қимылдамайтыны» рас екен. Өйткені, полиция қызметкерлері қайда емделетінін көпшілік біле бермейтіні жасырын емес. Əңгімеміздің басында айтқанымыздай, полиция қызметкерлері де адам. Олар да ауырады, ем қабылдайды. Ондайда оларға қызмет көрсететін арнайы осындай емдеу орны бар деп айтқың келеді. Дүйсенбек ОРМАНОВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы

РЕЙД

«ЖАСӨСПІРІМ» ШАРАСЫНЫҢ НƏТИЖЕСІ Гүлнар ЖАМАНҚҰЛОВА, Алматы қаласы

КƏМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ЖЕДЕЛ ЖАҒДАЙДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ІІД БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ КҮШІМЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАСӨСПІРІМ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ. ЕКІ КҮНДІК ШАРА БАРЫСЫНДА АЛМАТЫ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ БАЛАЛАРДЫҢ ТҮНГІ УАҚЫТТА КӨҢІЛ КӨТЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЖҮРУІНІҢ 12 ФАКТІСІН ƏШКЕРЕЛЕДІ. «Шараның мақсаты – бопсалаушылық деректерінің алдын алу мен анықтау, атыс қаруларын, суық қаруларды жəне басқа да алып жүру мен сақтауға тыйым салынған бұйымдар мен заттарды тəркілеу, алкогольді ішімдіктер ішіп, заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тысқары орындарда жүрген жасөспірімдерді анықтау, сондай-ақ кəмелеттік жасқа толмағандарды заңға қайшы əрекет жасауға тартқан ересек адамдарды əшкерелеу болып табылады. Шараның тиімді əрі нəтижелі өтуі үшін білім мекемелері,

жергілікті атқару органдары, атааналар комитеті мен ішкі істер органдарының басқа да қызметтері қатыстырылды», – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Лейла Əліпбаева. Сондай-ақ, полицейлердің мəліметінше, бақылаусыз жəне қараусыз қалған кəмелетке толмағандарды анықтау мақсатында балалар, жасөспірімдер мен қоғамға қайшы бағыттағы тұлғалар көптеп шоғырланатын жерлер тексерілді.

Нəтижесінде түнгі мезгілде заңды өкілдерінің қарауынсыз көше кезіп жүрген, сондай-ақ, қалаға басқа аймақтардан келген жасөспірімдер əшкереленді. Барлық Кəмелеттік

жасқа толмағандар бейімдеу орталығына жеткізілді. Олардың саны – 55 адам. «Жедел алдын алу іс-шарасы аясында ішкі істер органдарына

526 кəмелеттік жасқа толмаған əкелінді, оның 471-і əкімшілік тəртіп бұзғандар. Балалары түнгі мезгілде көңіл көтеру орындары мен үйден тысқары жерлерде жүргені үшін 148 ата-ана əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондайақ жасөспірімдерге арақ-шарап пен темекі өнімдерін сату бойынша 17 дерек анықталды. 38 жасөспірім мен балалары бар 30 жағдайсыз отбасы профилактикалық есепке алынды. Сонымен қатар, ҚР ƏҚБтК 127-бабы бойынша бала тəрбиесінде өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін 212 ата-анаға қатысты əкімшілік материалдар сотқа жіберілді. Бұлардан басқа, криминалдық полиция бөлімшелері мен білім беру мекемелерінің өкілдері демалыс кезеңіне қарамастан мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары арасында 386 құқықтық дəріс өткізді», – деді Л.Əліпбаева.


СПОРТ №42 (4208),№ сейсенбі, 7.06.2016 93 (3970), четверг,е-mail:sakshy@mediaovd.kz 19.12.2013 ШАҒЫН ФУТБОЛ

Ғалымжан Ахметовті еске алу

ТАЯУДА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЗЕЙНЕТКЕРІ, ОТСТАВКАДАҒЫ ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ АХМЕТОВ ҒАЛЫМЖАН АХМЕТҰЛЫН ЕСКЕ АЛУ ҚҰРМЕТІНЕ «ДИНАМО» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ШАҒЫН ФУТБОЛ МЕН ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТКІЗІЛДІ. Ғалымжан Ахметұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 1952 жылдың 16 қарашасында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылдың маусым айында Қызылорда облысы ІІБ социалистік меншікті талан-таражға салумен күрес бөлімінің ұйымдастырушылық-əдістемелік тобының инспекторы лауазымынан

бастаған. Өзінің адалдығының, өз ісіне деген жауапкершілігінің арқасында əр жылдары жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасының бірінші орынбасары лауазымына дейін көтеріледі. 2005 жылдың қаңтар айында ІІО қатарынан полковник шенінде құрметті еңбек демалысына шықты. Қызметтік міндетін

мінсіз атқарғаны үшін бірнеше мəрте ҚР ІІМ-нің омыраулық белгілерімен, Қызылорда ОІІБ-нің құрмет грамоталарымен марапатталған Ғалымжан Ахметұлы 2014 жылдың 6 маусымында 62 жасқа қараған шағында өмірден озды. Арда азаматтың құрметіне арналған турнир биыл екінші рет жалауын көтерді. Аталмыш турнирге құқық қорғау органдары, күш жəне басқа да арнайы құрылымдары қызметкерлерінен құралған 16 команда, барлығы 160 қатысушы қатысты. Спорттық бəсекелердің қорытындысы бойынша шағын футболдан І орынды Қызылорда облысы ішкі істер департаменті құрамасы иеленсе, ІІ жəне ІІІ орындарды ҚР ІІМнің ҰҰ № 5547 бөлімі мен ҚР ҰҚК-нің шекара қызметінің 2019 əскери бөлімі құрамалары бөлісті. Ал волейболдан І орынды Қызылорда ОІІД- 1 команда құрамасы қанжығасына байласа, Облыстық ішкі істер департаментінің 2-ші команда құрамасы ІІ орынға, Төтенше жағдайлар департаменті құрамасы ІІІ орынға табан тіреді. Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар жарыс кубогымен, дипломдармен марапатталып, оларға естелік ретінде бағалы сыйлықтар табыс етілді. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ЕРМАХАН ЫБРАЙЫМОВ БАЛАЛАР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ШАҚЫРЫЛҒАН ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ СПОРТТЫҚ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ТЕКСЕРДІ. Көрген көзді қуантар тартымды шара «Динамо» денешынықтыруспорт кешенінің Алматы қалалық кеңесінің стадионында өткен болатын. «Үміт бастаулары» атты балалар спорты мен ойын сауық мерекесі Республикалық «Динамо – Қазақстан балалары үшін. Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында өтіп отыр. «Бұл шараның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді спортпен жəне дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тарту. Саламатты өмір салтын насихаттау жəне денсаулықты нығайту. Жарыстарға шефтігімізге алынған балалар үйінің тəрбиеленушілері, қаза болған құқыққорғау органдары қызметкерлерінің балалары, қалалық ювеналдық полицияның есебінде тұрған жасөспірімдер, сонымен бірге, гимназиялар мен колледждердің оқушылары қатысуда. Балалар бірнеше эстафеталарда, арқан тартуда, шағын футболда жəне тағы да басқа спорт түрлерінде өз өнерлерін көрсетті. Олардың үздіктері грамоталармен марапатталды. Мерекеге барлығы 500ден астам адам қатьысты», - дейді Алматы қалалық ІІД Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Олжас Мырзабеков.

«ҮМІТ БАСТАУЛАРЫ»

е-mail: nastraje@mail.ru

7

ЖЕТІСТІКТЕР

Шығыс чемпиондары СƏУІР-МАМЫР АЙЛАРЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ СПОРТШЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН ЖЕМІСТІ КЕЗЕҢ БОЛДЫ. ОСЫ УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА ОЛАР ҚОС БІРДЕЙ ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ. Сəуір айында Павлодарда қоян-қолтық ұрыстан аймақтық чемпионат өткен болатын. Бұл жекпе-жектерде шілде айында Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Чемпионатының жолдамалары сарапқа салынғандықтан, турнирге қатысушылардың қатары да көп болды. Мұнда 4 командадан тұратын барлығы 103 спортшы бағын сынады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД командасы қарсыластарын ойсырата жеңіп, барлық салмақ дəрежесі бойынша бірінші-екінші орындарды иеленді, қорытындысында жалпы командалық есепте бірінші орыннан табылды. Осылайша, шығысқазақстандық батырлар департамент басшылығының команда алдына қойған міндетін жоғары дəрежеде орындап, чемпион деген атаққа лайық екендіктерін көрсетті Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласында қоян-қолтық ұрыстан ҚАЖ қызметкерлері арасында Қазақстан чемпионаты өтіп, онда да біздің баһадүрлер айқын басымдылық танытып, жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды иеленген болатын. Сондай-ақ, мамыр айының 5-7-сі аралығында Орал қаласында ҚАЖ қызметкерлері арасында волейболдан чемпионат болып өтті. Айта кететіні, бұған дейінгі жарыстарда біздің команда екі жыл қатарынан чемпиондық атаққа таласта Павлодар жəне Қостанай облыстарына есе жіберіп, жүлделі орындардан табылып келген болатын. Орал қаласында біздің ойыншылар Чемпион болуға лайық екендіктерін дəлелдеп, өткен жылдардың чемпиондарымен қоса, өзге қарсыластарын да жеңіп, жеңіс тұғырының биігінен табылды. Бұл жеңіске олар бір де бір матчта жеңіліс таппастан жетті. Əрине, бұл жеңістерге қол жеткізуде əр спортшының жеке жетістіктері басты рөл ойнағаны сөзсіз, əйтсе де, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшылығының қолдауынсыз жеңіс жолы да оңай болмас еді. Сөзімізді түйіндей келе, біз командаларымызды жеңістерімен құттықтап, оларға алдағы уақытта да республикалық жəне халықаралық ареналарда жеңістер тілейміз. Біз сіздерді мақтан тұтып, əркез үлгі етеміз дегіміз келеді. Р.АТАБАЕВ, ШҚО бойынша ҚАЖД ИЛС ОКР УОВ-156/2 аға инспекторы, əділет капитаны

ӨРТ-ҚОЛДАНБАЛЫ СПОРТ

Байқоңырдағы ашық чемпионат Абдурашид АБДУХАЛИКОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы РЕСЕЙ ТЖМ ФЕДЕРАЛДЫ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ №70 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАҚЫРУЫ БОЙЫНША ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЖД «ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ӨРТ-ҚОЛДАНБАЛЫ СПОРТЫ БОЙЫНША ХІІІ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСТЫ.

Мерекені ұйымдастырушылардың мəліметінше, шараға шақырылған қонақтар арасында олимпиада чемпиондары мен «Динамо» ардагерлері, Алматы қалалық əкімдігі мен мəслихат өкілдері, Нұр Отан партиясының филиал өкілдері, Алматы қалалық ІІД басшылығы, Жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция инспекторлары бар. «Мереке бағдарламасында сегіз кезеңнен тұратын 400 метрлік қашықтыққа эстафеталар өткізілді. Оған 10 команда қатысты. Одан бөлек «Жас Динамо» балаларжасөспірімдер спорт секциясының қатысушыларының əр түрлі спорт

түрінен: бокс, қоян-қолтық айқас, дзюдо, грек-рим күресі, акробатика, таэквондо, фехтования жəне футболдан қойылымдық өнерлері көрсетілді. Жарыстың бас төрешісі – 2000 жылы Сидней қаласында өткен Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов болды», - дейді «Динамо» ДШСБ төраға орынбасары Асқар Омарқұлов. Спорттық жарыстар нəтижесінде 1-орынды «Ұлан» командасы, 2-орынды «Қыран» командасы, 3-орынды «Жеңіс» командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты түрде өткізілді. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Жарысқа Ресей ТЖМ Федералды өртке қарсы қызметінің №70 мамандандырылған басқрмасының, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда жəне Ақтөбе облыстарының құрама командалары қатысты. Байқоңыр қаласы əкімшілігі басшысының жүлдесіне екі күндік жарыста өрт-қолданбалы спортының 5 түрі бойынша сайысқа түсті – бұл кедергілерімен 100 метр жолақтан асу, шабуыл саты бойынша оқу мұнарасының 4-қабатындағы терезеге көтерілу, жылжымалы саты бойынша көтерілу, 4х100м өрт эстафетасы жəне АЦ-6,0-40 көлігінен жауынгерлік қанат жаю. Оңтүстік Қазақстан облысының командасы кедергілерімен 100 метр жолақтан асу, шабуыл саты жəне эстафета бойынша 1-орынды иеленді, ал жылжымалы саты бойынша 2-орынды, жауынгерлік жайюдан 3-орынға ие болды.

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

ҚАУІПСІЗ КАНИКУЛ

29 МАМЫР МЕН 3 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА ƏУЛИЕКӨЛ АУДАНЫНДА «ДОСТЫҚ» БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ЖƏНЕ МƏДЕНИ КЕШЕНІ АУМАҒЫНДА АУДАН МЕКТЕПТЕРІ 10-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ƏСКЕРИ-ДАЛАЛЫҚ ОҚУЖАТТЫҒУ ӨТТІ. Азаматтық қорғау қызметкерлері өрт болмауын, сондай-ақ орман жəне дала өрттерін қол қапшықтары сөндіргіштерімен жəне қолайлы құралдармен (бұталар, сабалақтар) сөндіру құралдарын жəне əдістерін көрсетіп балалармен сабақ өткізді. Сабақтың екінші бөлігінде балаларға жазғы демалыс кезіңде судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, іс-жүзінде өзін-өзі құтқару əдістерін жəне суда төтенше жағдай кезіңде алғашқы көмекпен қамтамасыз ету жолдары көрсетілді. Д.ТӨРЕЖАНОВ, Əулиекөл ауданының ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

Жарысқа аға жас ерекшелігі тобының жігіттері де қатысып, Оңтүстік Қазақстаннан қатысушылар Сайфутдин Шамшитдинов жеке есебінде кедергілерімен 100 метр жолақтан асудан жəне шабуыл сатымен көтерілу бойынша бірінші орынға, осы түрлері бойынша Тахир Мирхалилов екінші орынға ие болды. Оңтүстік Қазақстаннан ересек қатысушылар да жеке есебінде ерекше көзге түсті: шабуыл саты бойынша Маруф Латыпов 2–орында жəне Мухридин Шамшитдинов 3-орында, 100 метрлік жолақтан асу бойынша Вахиджан Казакбаев 3-орында, жылжымалы саты бойынша Константин Болгов жəне Данияр Ходжакулов 2-орында. Жалпыкомандалық орындар келесідей берілді: бірінші орында – Оңтүстік Қазақстан облысының командасы, екінші орында – Ресей ТЖМ ФӨҚ №70 МБ жəне үшінші орында – Қызылорда облысының командасы. Жалпы жарыс Оңтүстік Қазақстан облысының құрама командасы мүшелерінің жақсы дайындығын көрсетті.

ІІМ Шымкент қаласындағы Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының басшылығы мен жеке құрамы ардагер, зейнеткер СЕЙДАНОВ Марс Абдуллаұлының қайтыс болуына орай марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


8

сөз соңы №42 (4208), сейсенбі, 7.06.2016 е-mail:sakshy@mediaovd.kz

1 маусым – Балаларды қорғау күні

Сурет салудан жарысты

Балаларды қорғау күні «ҚР ІІМ ТЖК Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлерімен департамент қызметкерлерінің балалары арасында «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тас жолда сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Қатысушыларға түрлі – түсті борлар таратылып, балалар мен қыздар Отан, туған ел тақырыбында суреттер салды. Балалардың салған әрбір суреттерінде Қазақстан Республикасының көрнекі орындары, Астананың көз тартатын жерлері және Отанымыздың Туы, Бәйтерек, Ханшатыр ғимараттары орын алды. Ең кішкентай қатысушылар үшін Отан дегеніміз – ол, туған үйі мен отбасы емес пе? Сайысты қорытындылай келе әділқазылар алқасы Айжан Жансұлтанның Ясмин Серікбаеваның және Захар Страшныйдың суреттерін ерекше атап өтті. Қостанай облысының ТЖД

Балалық шақтың бал дәурені Әке мен ана, бала үшін адалдық пен мейірімділікке, әдептілік пен имандылыққа баулушы жандар. Отбасында тәрбие көрген бала адал, тиянақты, ұқыпты болып өседі. Ата-аналардың балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін және денсаулықтарын сақтау, баянды өмірге толы қоғам құру үшін барлық жағдай жасау басты міндеті. 1 маусым балаларды қорғау күніне орай, Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасында мерекелік іс-шара өтті. Қарағанды облысының ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Қабыкенұлы еліміздің болашағы болып табылатын қазіргі бүлдіршіндердің қауіпсіздігі - тәуелсіз мемлекетіміздің бірден бірі мақсаты екендігін айта келіп, бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап өтті. Осыған байланысты «Фиксики» қуыршақтар тобы барлық балалардың көңілін көтеру мақсатында түрлі ойын-сауықтар жүргізіп, сыйлықтар таратылды. Ғимараттың ішкі жағында балаларға ойнауға арналған батут және арнайы техникамен құрлығылар орнатылды. Сонымен қатар балалар атракциондары, балалар көліктері және велосипедтері де болды. Барлық көңілді балаларға қалаған тәттілер және балмұздақтар, сусындар таратылды. Облыстық ІІДнің және Қарағанды қаласының ІІБ қызметкерлерінің балаларының арасында ең үздік балалар суретіне байқау өткізіледі және осы байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Жалпы айтқанда, аталмыш күн ата – аналар үшін ба-

Ашық есік күні

Балаларымен кездесті Балаларды мерекесі қарсаңында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған «Ашық есік күні» өткізілді.

Оған сотталғандардың туысқандары, ата-атаналары, балалары келіп, сотталғандардың тұрмыстіршілігімен танысып, сотталғандар дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. УГ-157/11 мекемесінің бастығы, әділет майоры Н.Сағынғалиева сотталғандарға және олардың туысқандарына барлық жақсылықтарды тілеп, осындай шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығын айтып өтті. Шара соңында сотталғандардың туыстары мекеме әкімшілігіне өз ризашылықтарын білдіріп тарқасты. Қ.ӘШІРХАН, Атырау облысы бойынша ҚАЖД

УК-161/3 мекемесінде Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

лалар әрдайым қамқорлыққа бөленіп, қорғалу тиіс қажеттілігін есіне салып, олардың болашағына жауапты екендігін ескертетін болса, балалар үшін бұл күн ерекше қуанышқа бөленетін, қуанатын күндердің бірі екені сөзсіз. Келешекте осындай шараларды өткізудің маңыздылығы мен алар орны ерекше. Әсемхан САҒАТҚЫЗЫ, Қарағанды қалалық ІІБ

Қазақстанда 1 маусым күні балаларға арналған көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылып, жалпы халықтық деңгейде аталып өтілді. Осы күні УК161/3 мекемесінде балаларды қорғау күніне орай қызметкерлердің балалары, немерелерінің қолөнерлерінің көрмесі өтті. Бұл шарада өз өнерлерін 2-14 жас аралығындағы балалар көрсетті. Атап айтқанда, Дидар Ракишев, Әлім Әлімжанов, Мәлика Мырзағұлова, Нұрдәулет Ермағамбетов, Аяна Қанафина, Аида Қанафина, Алан Ізікеев, Настя Плис, Вика Матковская, Юля Матковская, Родион Щербаков, Богдан Щербаков, Санжар Аяғанов, Карина Аяпова, Александр Яровой. Балалардың суреттері, қолмен жасаған бұйымдары барлық көрермендерге өте ұнады. Сондықтан қатысушылардың бәрі де марапатталды. Б.АГИТАЕВА, «УК-161/3 мекемесі» РММ

Мерекелік шара

ТЖД қызметкерлері құттықтады Жаздың бірінші күні тамаша дәстүр бойынша барлық жерде Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтеді. Бұл қуанышты күні Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Отбасылық үлгідегі балалар және жасөспірімдер үйінде балалар күніне орай өткізілген мерекелік шараға қатысты. Аталған шарада

Департаменттің МӨББ бастығы С. Қайыров құттықтау сөз сөйлеп, балаларға денсаулық, жан-жақты, мейірімді болып өсуіне және нағыз достықты түсіне білулеріне тілек білдірді және сөз соңында міндетті түрде өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы түсінік берілді. Мерекенің соңында балаларға ескерткіш ретінде сыйлықтар табыс етілді. Ж.ОРАЗҒАЛИЕВА, Атырау облысы

Слет

Екібастұзда бас қосты Екібастұз қаласында Ішкі істер органдарының жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлерінің облыстық слеті өтті. Павлодар облысы ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұрат Әлиханов полицейлердің алдында тұрған негізгі міндеттері мен мақсаттары туралы сөз сөйледі. «Бүгінгі слеттің басты мақсаты жас ұрпақтың патриоттық және жауапкершілік сезімдерін, кәсібиліктерін тәрбиелеу болып табылады. Слетті ұйымдастыра отырып, ішкі істер органдарына қызметке келген жас қызметкерлердің аға ұрпақтың дәстүрін лайықты жалғастыратына сеніміміз мол. Қызметтегі қиыншылықтарға мойынсынбай, өз қызметтік міндеттерінді адал атқарасыздар, бұған әр кез кәсіби сауатты тәлімгерлер өз көмектерін көрсетеді», - деді ол Жас ұрпақтармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда басшылар мен тәлімгерлердің рөлі туралы қалалық ІІБ КЖБ бастығы полиция полковнигі Ренат Унарбеков баяндама жасады. «ІІБ бастықтары мен тәлімгерлердің басты міндеті —жас құрамға ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттерді жеткізу, жас полицейлердің моралдік патриоттық қасиеттерін дамыту, қазақстан полицейлерінің оң имиджін арт-

ШЫҒАРУШЫ және МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет Асанов

тыру, жас ұрпақтың таңдап алған кәсіптерін абыроймен атқаруларын бақылау», -деп атап өтті ол. Сондай-ақ, жас қызметкерлердің а л д ы н д а с ө з а л ғ а н ІІ Д К е ң е с ардагері, оставкадағы полиция подполковнигі Жанболат Темірбекұлы, Павлодар қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Нұрсейітов, Ақсу қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Гүлнар Жиеналиевалар өз тәжірибесіиен бөлісіп, жас ұрпаққа Павлодар полицейлерінің дәстүрін абыроймен жалғастыруларына тілек білдірді. Олар Ардагерлер кеңесі, Әйелдер кеңесі, Тәлімгерлер кеңесі, Офицерлік (Полицейлік) жиналыс, Қоғамдық кеңес сияқты полицейлік құрылымдар туралы сөз қозғап, бұлардың алдағы қызметте жас қызметкерлерге көрсетер көмегі зор екенін айтты. Жас қызметкерлер слетіне 130 жас қызметкер қатысты. Олар аға әріптестерінен және басшылықтан қызметіне қажетті ақпараттар алды. Облыстық ІІД бастығының орынбасары жас полицейлер мен үздік тәлімгерлерге Құрмет грамоты мен алғыс хаттарын тапсырды.

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ӘДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра Мырзахметова, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ Тілшілер: Гүлнәр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШӘМШІ, Сабырбек олжабаев

Салтанатты кеш ІІД басшылығы, ардагерлер мен жас қызметкерлер Данқ ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Алты жас қызметкер салтанатты түрде Данқ ескерткішінің алдында қызметтік міндеттерін адал және абыроймен арқаруға ант берді. Жаңадан қосылған жас қызметкерлерді ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұрат Әлиханов, Екібастұз қаласы ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Абай Жүсіпов, ІІБ ардагері отставкадағы полиция майоры Виктор Данилин құттықтады. Жас қызметкерлер слеті аясында ішкі істер органдарының психологы әлеуметтік-психологиялық зерттеу мақсатымен сауалнама жүргізіп, тренинг өткізді. Слет қатысушылары «Богатырь - Көмір» ЖШС разърезіне және мұражайға экскурсия жасады. Іс-шара Екібастұз қаласының үлкен музыкалық залында қалалық ІІБ ұйымдастырған мерекелік концертпен аяқталды. Слет қатысушылары мен олардың тәлімгерлеріне «Так сложились звезды» атты кинофильм көрсетілді. Фильмде Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын, Қазақ хандығының 550-жылдығы, Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығын және ҚР Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге арналған сәттерден және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік жолындағы маңызды рөлі туралы толық көріністер қамтылған. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куәлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Профилактика

«Өз балаңды қорға!» Осы ұранмен Костанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің Қостанай қаласы өрт сөндіру және апаттыққұтқару жұмыстары қызметімен төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері профилактикалық жұмыс жүргізді. Жазғы демалыс кезінде балалардың тентектігінен өрт саны ұлғаятыны және су қоймасында өлім саны көбейетіні ешкімге жасырын емес. Облыс орталығында балаларды қорғау күнінде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер қала қонақтарымен және ата-аналармен тіл табысып, оларға өрт қауіпсіздігін жоюды, тұтануға жол бермеудің және өрт кезінде қалай әрекет ету туралы толықтай инструктаж жүргізді. «Балаларға сіріңке ойыншық емес» және «судағы қауіпсіздік ережелер» тақырыптарындағы плакаттар, жадынамалар, кітапшалар әр отбасыға таратылды. Қостанай қаласы ТЖБ

Газет «Сақшы» компьютер және дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды. Индексі: 65395 Таралымы: 13029 Тапсырыс: №2834

Компьютер және дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая Жүркенова Корректор: Нұршакүл ӘШІМБАЕВА Фототілші: Серік Жолдаспеков

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Айткен ШӘМШІ


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.