Білім №3 2016(юбил)

Page 57

175 ЛЕТ ВЕЛИКОМУ ПРОСВЕТИТЕЛЮ КАЗАХСКОГО НАРОДА И. АЛТЫНСАРИНУ

ЫБЫРАЙ ТАНЫМЫНДАҒЫ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Е. Арыққара Филолология ғылымдарының кандидаты, «Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қоры» бөлімінің ғылыми қызметкері, Ұлттық академиялық кітапхана, Астана қ.

№3, 2016

Аңдатпа. Мақалада ұлт ұстазы, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелеріндегі Ислам құндылықтары мәселелері қарастырылады. Аннотация. В статье рассматриваются вопросы Исламских ценностей в стихах и рассказах учителя нации, основателя казахской детской литературы Ибрая Алтынсарина. Abstract. The article deals with the Islamic values in the poems and stories of the teacher of the nation, the founder of Kazakh literature for children Ibrai Altynsarin. Тірек сөздер: оқу, тәрбие, ұстаз, ұлт, мұсылманшылық қағидалары. Ключевые слова: образование, учитель, нация, мусульманские принципы. Keywords: education, teacher, nation, Muslim principles.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы қазақ руханиятының көгжиегіне шоқ жұлдыздай жарқыраған алып үш тұлғаны берді. Ұлт тарихында аты мәңгі өшпейтін кемел тұлғалар – хакім Абай, ғалым Шоқан, ұстаз Ыбырайлар қоғамдық ойпікірдің көшін бастаушы үш шыңы биігіне көтерілді. Бұл заман – қазақ халқының отаршылдық бұғауына әбден шырмалып, ұлт зиялылары осы қапастан құтылу жолы оқу-білім игеру деген көзқарасқа келген кезең еді. Халқымыздың ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу ісін жаңғырта отырып жүзеге асырған ұстаз Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» (1879, Орынбор) оқулығының жазылуы да замана сұранысынан туған еді. Қолына қалам алып, қазақ балаларының ұғым-танымына лайықтап, өлеңдер мен әңгімелер жазғанда, суреткердің сәуегей танымы аумалы да төкпелі аласапыран заманның алдағы күйін 56

аңдап, әуелде, туған тілдің тазалығы мұратымен бірге жас қазақ жеткіншектерінің балаң санасын ұлттық уызбен ұйыта білу, иманды да мұсылманшыларда буынның асыл қасиеттерін ұлағат етуді мақсұт тұтты. Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе білу керек» [1], – деп айтқандай, қазақ даласына дендеп еніп келе жатқан рухани отарлау, миссионерлік саясатқа қарсы күресе отырып, осыларға қарсы тұруда халықтық салт-дәстүрлерді, ауыз әдебиетін бала санасына сіңіруді, тіл тазалығы үшін күресуді мұрат етті. Бір оқығанда оқу мен өнерге талаптануға, еңбекке шақырған өлеңдер мен әңгімелердің саналуан астарлы терең мағынасына бойласаңыз көкірегіңіз саф, тұма «таза бұлақпен» сусындағандай дегдар бір күй кешеді.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.