Ыбраимжанов

Page 81

Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар, педагогтар ойынның шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын, тәрбиелік міндеттерді шешу үшін ойындарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді. Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрскеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс әрекеттер: ойын, оқу және еңбек. Ал бастауыш сынып оқушыларына іс-әрекеттердің үшеуі де тән. Дегенмен, бұл жастағы жас жеткіншектер үшін ойын-ең маңызды іс-әрекеттің бірі. Бала үшін ойын өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың ісәрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі. Адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік ролдер атқарады. Мұны А.С.Макаренко жақсы көрсете білген «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекст ету қандай орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойын да бала қандай болса, өскеннен кейін көбінесе сондай болады». Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Баланың психикалық даму үрдісінде, ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі. Ойын әрекетінің бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындағы үлкен педагогтардың бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады. Т.Тәжібаев халық ағарту ісі мен оқу тәрбие саласындағы зерттеулерінде баланың ойын әрскетін психологиялық тұрғыдан қарастырып, оның тәлім-тәрбиелік, білімдік маңызын халықтың тағылым беру өнерімен ұштастыра отырып зерттейді. Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып, өрістетіп отырады деп санаған. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүние танымын кеңейтеді, мінез құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздылық, тапқырлық әрекеті байқалады (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Баланың ойын тәжірибесінде ұжымдық өмір дағдылары қалыптасады. Ойын үстінде баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің іс-әрекетімен салыстыру қасиеттері жетіледі. Сондай-ақ, ес, қиял сияқты психикалық үдерістері қалыптасады, сөйлеу тілі дамиды. Қозғалыс ойындары арқылы баланың зейіні қалыптасады. Ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық ұғым бола алады. Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады: Ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда, өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді. 81


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.