Ыбраимжанов

Page 1

Қ.Т.Ыбраимжанов

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСІНЕ ПАЙДАЛАНУ Оқу-әдістемелік құрал (Бастауыш сынып мұғалімдеріне және мамандық студенттеріне арналған)

Тараз 2013

1


УДК 371(075,2) Ы-15 «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғылыми кеңесі шешімімен баспаға ұсынылған - Тараз. 164 бет. ISBN 978-9965-37-180-6

Пікір берушілер: «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының доценті, п.ғ.к. М.Н.Кушеров Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Қ.Н.Сарыбекова.

Бұл оқу-әдістемелік құралда ойын және ойын түрлеріне (дидактикалық, ұлттық) ғылыми-теориялық тұрғыдан түсініктемелер беріліп, бастауыш сыныптарда жеке пәндерден сабақтарды өткізу барысында ойын технологияларын пайдалаудың тәжірибелік-әдістемелік жодары көрсетілген. Сондай-ақ, ойын технолгоиясын оқушы тұлғасын дамытудың құралы ретіндегі мәселелерді қарастырған.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 26.02.2014ж. Сараптау кеңесінде №1 хаттамасының шешімімен ұсынылды.

УДК 371(075,2) Ы-15 ISBN 978-9965-37-180-6

2


МАЗМҰНЫ АЛҒЫ СӨЗ .................................................................................................. 1 Бөлім. Бастауыш білім берудің педагогикалық үдерісінде ойындарды пайдаланудың ғылыми теориялық негіздері …………………………………… 1. Ойын ұғымы және оның психологиялық, педагогикалық негіздемесі .. 2. Ойынның тәрбиелік мәні ............................................................................ 3. Бастауыш сыныптартардың оқу-тәрбие үдерісінде ойын технологиясын пайдалану жолдары .................................................................... 4. Дидактикалық ойын түрлері және оларды оқыту технологиясы ретінде қолданылуы .............................................................................................................. 5. Дидактикалық ойындар және бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда жеке пән сабақтарында пайдалану ……… 6. Қазақ халқының ұлттық ойындарының шығу тегі ................................... 7. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісіне қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың педагогикалық негіздері ............................................ 8. Ойын технологиясы - бастауыш сынып оқушыларының жеке танымдық белсенділіктерін дамытудың құралы .................................................. 2 Бөлім. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісінің тәжірибесінде ойын технологияларын қолданудың әдістемелік негіздері ........................................... 1. Бастауыштағы жеке пәндерден білім беруді ұйымдастыруда ойындарды оқытудың технологиясы ретінде тану ............................................... 2. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін оқытуда ойын технлолгияларын қолданудың жолдары ................................................................ 3. Бастауыштағы математикалық білім мазмұнын оқытуда ойындарды пайдалану әдістемесі ................................................................................................ 4. Математика сабақтарында ойын технологиясын қолданудағы сабақ жоспарының тәжірибелік үлгілері ......................................................................... 5. Бастауыштағы дүниетану пәнінің білім мазмұнын оқытуда ойындарды пайдалану әдістемесі .......................................................................... 6. Дүниетану пәні сабақтарында ойын технологиясын қолданудағы сабақ жоспарының тәжірибелік үлгілері .............................................................. 7. Бастауыштағы еңбек пәнін оқытуда ойын технологиясын қолданудың тәжірибелік жодары .......................................................................... ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................. ӘДЕБИЕТТЕР ................................................................................................

3


АЛҒЫ СӨЗ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мазмұнында - білім берудің жалпы мақсаты – оқушының үйлесімді дамуы мен қалыптасуына, өз өмірін адамгершілік тұрғысынан сараптай алуға мүмкіндігі бар, әлеуметтік ортағы беймді жеке тұлғалы оқушы болмысын сомдау мен тәрбиені толық беруді қамтамасыз етуін іске асырумен негізделеді. Сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдында тұрған аса маңызды міндет - талабы таудай жеке тұлғаны шығару. Осы талаптарға сай мұғалім қызметіндей шығармашылық негіздерді нығайту оқушыларға білімді игертуде бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие беру жүзеге асады. Мұғалім өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра білуі қажет. Қандай сабақта да оқушыларды ізденіске баулу мұғалімнің басты мақсаты болмақ. Осы мақсатты жүзеге асырудың бірден бір тиімді жолы - сабақта ойын түрлерін пайдалану болып табылады. Айтылған міндетті шешу үшін бастауыш сынып оқушыларына арналған құжаттарда: «Баланың құқы туралы Конвенцияның» 31-бабында көрсетілген: «Мемлекет - қатысушы баланың дамуына және бос уақытын өткізуге, демалуына ойын, ойын-сауық жасына сәйкес мәдени шараларға еркін қатысуына өнермен айналысуына құқылы екендігін мойындайды» деп баланың «Құқы туралы Декларацияның» 7-қағидасында: «Балаларға ойын және ойын-сауық жөне т.б. жағдайда мүмкіндік туғызу қажет. Білімділік мақсатқа бағытталған болу керек. Қоғам жөне ұйымдар бұқаралық өкімет қолдау көрсету жөне көрсетілген құқықтың іске асырылуы қажет» деп көрсетілген. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейiнгi негiзгi әрекетi - ойын десек, оқу-тәрбие үрдiсiнде олар бiртiндеп ойын әрекетiнен оқу (таным) әрекетiн орындауға бейiмделуi тиiс. Ол сабақ барысында пайданылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақтылы міндеттерді шешеді. Дидактикалық ойындар оқыту бағдарламасына сай оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіріп, ой-өрісін,есте сақтау, шығармашылық қабілеттерiн дамытады. Ойын бастауыш сынып оқушыларына өте жақсы таныс. Ойын ісәрекеті оларды тартып, баурап, өмірлерін қызықты әрі көңілді етеді. Сондықтан оқыту мен оқу үдерісінде ойынның оқушылар дамуына тікелей ықпал өтуші фактор екендігі белгілі болғанмен, пәндерді оқыту барысында оның өзіндік сипатын анықтап, керсету және оның әдістемелік керіністерін айқындау қажеттілігі туындады. Ойынның баланың танымдық қызығушылығын, және белсенділіктерін, қабілеттілігін дамытуға қосар үлесі ұшан теңіз. Жеке пән сабақтарында оқушылардың оқуға деген құштарлықтарын қамтамасыз етіп, балада қалыптасатын іскерлік пен дағдыларды танымдық іс-әрекет арқылы дамытуда ойын әрекеттері негізгі қызмет атқарады. Оқушылардың логикалық және абстракті ойлауына, қиялы 4


мен елестетулеріне, есте сақтауына тікелей әсер етіп, олардың дамуына ықпал жасаушы әрекеттер - ойын әрекеттері болып табылады. Әсерлі әрі дұрыс ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті балалардың әртүрлі ойындарға қатысын анықтауға, олардың ойынға берілуі, араласу дәрежесін біліп отыруға, сол арқылы олардың ықыласын одан әрі дамытуға, ойынды педагогикалық мақсатты мазмұнмен байытып отыруға зор көмегін тигізеді. Ойын әрекеттерін оқу пәндерін оқытуда мақсатты пайдалану - бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті мен қызығушылықтарын арттыруға негізгі дамытушы фактор болып табылады. Бастауыш сынып оқушысы әлі де болса - ойын баласы. Оларға қазақ халықның ұлттық ойындарын пайдала отырып өтілген сабақ өте тартымды да, қызықты, әрі жеңіл болады. Сондықтан да біз бастауыш сынып оқушысына ойын элементтерін пайдаланып сабақ өту тиімді екенін ескеруді басшылыққа алдық. Мектептің табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек оларды саналы етіп тәрбиелеу біздің міндетіміз. Бүгінгі мұғалім бастауыш сынып оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогикадағы тәлім-тәрбиелік мұралармен қаруландыра отырып әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналарымен байытуға, халқымыздың салт-дәстүрін меңгертуге тиіс. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен оқу ерекшеліктеріне сәйкес пәндердің өзіндік дамыту мақсат-міндеттері мен білім берушілік, тәрбиелік сипатын жүзеге асыруда бастауыш сынып мұғалiмiнiң педагогикалық шеберлiгi, iзденiсi мен бiлiктiлiгiне байланысты болады. Ол үшiн мұғалiм сабақтың теориялық бөлiмiне мұқият дайындалып, практикалық жұмыстарды жүзеге асыруда педагогикалық озат тәжiрибенi, жаңашыл ұстаздардың бай тәжiрибесiн, белгiлi педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерiн терең зерттеп, өз iсiнде шеберлiкпен пайдаланудың жолдарын қарастыруы керек. Құрметті педагогтар қауымы, әріптестер, бұл оқу-әдістемелік құралды жазу барысындағы мақсатымыз - бастауыш сынып мұғалімдері мен оқу-тәрбие мекемелерінің қызметкерлеріне және мұғалімдік мамандықта білім алушы студенттерге көмек болсын деген ниеттеміз. Осы оқуәдістемелік құралда ойын технологиясына қатысты теориялық және әдістемелік мәселелерді толық қамтып, шештік деген пікір туындамайды. Ал осы еңбекке қатысты озық педагогикалық пікірлеріңізбен ұсыныстарыңыз және сыни ойларыңыз болса онда ризашылықпен қабылдаймыз. Автор

5


1-БӨЛІМ. БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСІНДЕ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1. Ойын ұғымы және оның психологиялық, педагогикалық негіздемесі Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бір саласы – ойын әрекеті. Ойын әрекеті баланың психикалық үрдістерін қарқынды дамыту құралы болып табылады. Адамзат ойынының сан жылдық тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл-ой ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады. Ойын теориясы мен тәжірибесі, мән-мағынасынан мәдениет мұраларын шетелдік және отандық психологтар, философтар, этнографтар, социологтар, педагогтар зерттеді. Ойын тек денені шынықтырушы ғана емес, сонымен бірге болашақ өмір жағдайына психологиялық әзірлік құралы болып табылады. Жеке тұлғаның ойын арқылы жеке тұлғалық болмысы мен өзіндік дара қасиеттерін қалыптастыру барысында «ойын», «ойыншық», «ойыншық түрлері» ұғымдарының мәнін психологиялық, педагогакалық тұрғыдан анықтау қажет. Осыған орай біздер арнаулы әдебиеттерге сүйене отырып «ойын» ұғымына төмендегідей анықтама бердік. Ойын ұғымы баланың дербес белсеңділігін, қоршаған дүниемен араласуының, өзін-өзі тануының алғашқы көрінісін білдіреді. Адамның болашағын шешетін тәрбие екендігі ежелден белгілі түсінік болғанымен, оны педагогикалық, психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе бойынша көптеген педагог, психологгар өз пікірлерін, идеяларын ұсынған болатын. Психолгияда ойынның дәлелдік концепциясын жасап, оны әрі дамыта түскен неміс философы, әрі психологы К.Гросс (1899) болды. Ол хайуанаттардың ойынынан инстинктің келешек өмірге деген алдын ала икемделуін көрді. Оған дейін ағылшын философы С.Спенсер ойынды «күш тасудың» көрінісі деген пікір айтты. Голланд зоопсихологы Ф. Бейтендейк ойынның негізінде инстинк емес, әр жағында болатын бастапқы елігу жатады дейді. Австрия дәрігері З.Фрейдтің психоаналитикалық концепциясында ойынды әлеуметтік – тарихи құбылыс деп қарайды. К.Гростың «ойын – жас баланың өзін-өзі жетілдіруі»,- деп айтқан тұжырымдамасы «жаттығуға дайындық» деп аталған. Бұл ережені қолдаған В.Штерн ойынды «инстинктің бастауы» (зарей серьезного инстинкта) деп атаған. К.Гростың тұжырымдамасына түзету енгізген К.Бюлер, ол ойынға ынта, қайталау іс-әрекеттің өзінен рақат алу деп ойлайды. К. Бюлер бұл рақатты 6


«функционалды рақаттану», ал ойынды – функционалды рақатты басқарушы деп атап көрсеткен. Орыс марксисі Г.В.Плеханов өз еңбектерінде ойын жөнінде идеалистік теорияларды сынап, бала ойынының үлкендер еңбегімен байланысын, оның маңызды тарихи-әлеметтік сипат алатынын дұрыс көрсетті. Ол «ойын»- бала еңбегі, уақытқа сай жүргізіледі, - деп атап көрсеткен. Ойын – балаларды қоғамдық өмірге, оның құндылықтарын пайдалануға дайындайды. Ойын теориясының әдістемелерімен, оның шығу тарихымен, ішкі құрылысымен, бала дамуындағы алатын орны Иохан Хейзенгтің «Ойыншы адам», Д.Б.Элькониннің «Ойын психологисы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ «Ойын – ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара-қатынас, практикалық білімдері мен қызметі». Кеңес психологы Л.С. Выготскийдiң айтуынша, бала ойын үстiнде өзiнiң дәл жасынан анағұлым ересек көрiнедi. Сондықтан да Л.С. Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин сынды кеңес ғалымдары, сондай-ақ шетел зерттеушiлерi «Ойын – баланың өзiндiк өмiрi» деген ортақ қорытындыға тоқтайды. Сонымен қатар ойын теориясын А.В. Вербицкий, Т.В.Кудрявцев, И.П.Пидкасистый сынды Ресей ғалымдарымен қатар Қазақстандық ғалымдар Н.А.Ахметов, Ж.С.Хайдаровтар зерттеді. Ойынның педагогикалық жақтарын аса көрнекті Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, сондай – ақ біздің заманымыздың ғалымдары Э.В.Поничева, Е.А.Аркин, Р.И.Жуковский, С.О.Лозинский сынды педагогтар зерттеді. Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарымқатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығуы. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ойын, артық әл – ауқатты сыртқа шығындаудың тәсілі емес, дамудың негізгі бас формасы, қызмет бағытының емін – еркін бұрқаған көрінісінің формасы болып табылады және әрекеттер ретінде олардың комплекстері де өздерінің бағыты бойынша бір – бірінен айырмашылықтары бар, міне осылар баланы мазмұны жағынан әр түрлі ойындар ойнауына мәжбүр етеді. Жетілгісі келіп тұрған күштердің қарбалас қимылына сәкес келмейтін, әрі оған ықпал етпейтін ойын мен ойыншық баланы тез жалықтырады. Сонымен бірге ойындар мен ойыншықтар арқылы баланың адамға тән іс - әрекеттің көптеген элементтері мен түрлерін ойдағыдай меңгере алатындығы айқын болады.

7


Алдыңғы қатарлы педагогтар: «Бала жас болғандықтан ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығулар арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын. Ойын – балаға өмірлік қажет нәрсе. Ол ойнап жүргенде шаршағанын да білмейді. «Оның себебі не?» деген сұраққа үзілді-кесілді жауап беру қиын. Ойын баланың бойындағы қуатты жұмсау қажеттігінен туады деген пікірде бар. Бала бойында күш көп болатыны рас. Ауырып әлсіреп жатқан баланың өзі ойынға ұмтылады. Демек, жоғарыдағы пікірлерге сүйенсек, бастауыш сынып оқушыларының біліуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу үрдісінде дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын элементтері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағлымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрәкетінде баланың денесі мен ақыл – ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі. Ойын әрекетінің бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердиев, Т.Тәжібаев тағы басқа қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады. Т. Тәжібаев халық ағарту ісі мен оқу-тәрбие саласындағы зерттеулерінде баланың ойын әрекетін психологиялық тұрғыдан қарастырып, оның тәлім-тірбиелік, білімдік маңызын халықтың тағылым беру өнерімен ұштастыра отырып зерттейді. Соңғы кездегі психология ғылым саласындағы зерттеулер нәтижесі балалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара қарым – қатынасын дамытумен бірге мұқтаждықтарымен қанағаттандыратын әр алуан істерді жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды. Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальді мәселелердің бірі – білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр. Ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сонымен бірге ойын оқытушылар мен студеттердің, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі балалар мен тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қарастырылады. Адам өзінің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің жақсы да, жаман да істерінде ұтымды қолдануға машықтанады. 8


Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылған оқытушының белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті – оқытудың ойын формасы (ООФ) деп аталады. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы. Яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оның методикалық танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Оқытудың тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды. Сабақта ойын элементін пайдалану – сабақтың түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Қазіргі кездегі оқытудың ойын формасы зерттеудің мәні мен міндеті оның түрлерін: иммитациялық, символдық және оқу – зерттеу деп бөле отырып, осы оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр. Егер адамдарға қандай да бір ойындарды ойнау тапсырылса, онда олар көбіне «білмеймін», «ойнай алмаймын» – дейді. Бұл жағдайда тіпті ең қарапайым ойындарды ойнаудың өзі оқудан, білімнен басталатынын көрсетеді. Оқытудың ойын формасы (ООФ) қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі. Ойын әрі білімділік, әрі тәрбиелік құрал ретінде, әрі бала денсаулығын байқайтын дәрігерлік диагностика ретінде де қолданылған. Бала ойынының маңызына тоқтай келіп Н.К.Крупская мынаны ескерткен болатын: «Егер бала ойнамаса, онда оның ауырғаны, не шамадан тыс педагогикалық ықпалға түскені». Чех педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) ойынды баланың ең қажетті іс-әрекеттің табиғатына және бейімділігіне ең жауапты түрі деп санайды. А.С.Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал айналадағы дүниеден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін және ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалыры да өзгеріп отыратындығын айтады. 2. Ойынның тәрбиелік мәні Ғылыми негіздегі философиялық, педагогакалық, психологиялық ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жасау негізінде тәрбие қазіргі қоғам талабына сай жаңа тұрғыдан айқындалды. Ойын барысында баланың немесе оқушының жеке тұлғалық қасиеттері қимыл, іс-әрекет және ойлау үстінде қалыптасады деген әдіснамалық заңдылық басшылыққа алдынады. Осыған орай тұтас педагогикалық үдерісте мұғалім мен бастауыш сынып оқушысының түлғалық-бағдарлыққа бағытталған өзара әрекеті ойын тұрғысында болуы керек деп қарастырған дұрыс. Ғалымдардың тұжырымдаулары бойынша ойын қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі баланың қоғамдағы орнының тарихи өзгерістерінің нәтижесінде, олардың іс-әрекетінің ұйымдастыру формасы ретінде пайда 9


болды және бұл кезең әр түрлі қол өнері, еңбек құралдарының және ғылым мен техниканың озық үлгілерінің пайда болуымен сипатталады. Сондықтан да олар да өзінің сұранысын, талабын қанағаттандыратын іс-әрекеттің түрі ойынның негізі қалыптаса бастады. Қазіргі ұлттық мәдениет пен салт-сананың жаңару кезеңінде ойынның тәрбиелік мәні зор жеке тұлғаның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі екендігі көрсетілген. Сонымен ойын туралы тәжірибені бүгінгі күн талабына сай халық тәрбие құралы ретінде пайдалану педагогикалық ғылымының негізгі бағыттарының бірі болып табылатындығын педагог-ғалымдар еңбектерінде (Т.Қуанышев, Ә.Табыддиев, Ж.Төлегенов т.б.) атап көрсеткен. Мәселен, «Ұқсас жапырақты тап» ойыны аты аталған өсімдікті табу; «Поштальон посылка алып келді» ойыны шапшаң ойлауға; «Жапалақ» ойыны — дене қимылын дамытуға; «Жұмбақтар кеші» ойыны ойлау қабілетін дамытуға арналған және т.б. Ғалымдарымыз М.Танекеев, Е.Сағындықов, Б.Төтенаевтың ғылыми еңбектерінде қазақтың халық ойындары туралы жазып, жалпы сипаттамалар, топтастырулар берген. Олар ойынды ауыз әдебиетінің мұраларында, бейнелеу өнерінде көрініс тауып, балардың тұлғалық болмысын тәрбиелеуде ұрпақтан-ұрпаққа ауысып ерекше мәнге ие болды деп көрсеткен. Бастауыш сынып оқушыларының ойын әрекетін зерттей отырып ойынның, біріншіден, көшпелі қазақ елінің ежелгі санасы, әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста туғанын; екіншіден, балаларды тәрбиелеуге бағытталған негізі бар екендігін айқындалады. Демек, халық педагогикасы келер ұрпақты ойын үдерісінде әр түрлі ойыншықтарды пайдалану арқылы еңбекке, өнер-білімді меңгеруге, отбасымен Отанының ар-намысын қорғауға және т.б. өз ұлтының болмыстық қасиеттерін бойына сіңріп, ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке, патриотизмге мен ізгілік, адамгершілік қасиеттерге баулыған. Ойынның алғашқы формалары баланың туғаннан кейінгі бір және бір жарым жасында пайда болады, енді ол бағдарлау рефлексіне байланысты дамиды. Ойын бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудің және баланың ісқимылының негізгі түрі, сыртқы ортамен қарым-қатынасын білдіретін маңызды құралы. Олай болса бұл жастағы балалардың мынандай ерекшеліктерін еске алған жөн: сөз бен істің сәйкесті болуын талап етуі; арманшыл, қиялшыл болуы; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалауы, түрлі спорт ойындарында өте ықыласты болуы т.б. Бұл ерекшеліктерді бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жұмысының барысында сынып жетекшілері мұғалімдер айрықша ескеруі тиіс. Ғалымдардың пікірлері бойынша баланың жеке болмыстық тұлғасын қалыптастырудағы басты шарттың бірі - баланың мінез-құлқын тәрбиелеу. Мінез-құлық дегеніміз - адамдардың өзін қоршаған ортаға, қоғамға, басқа адамдарға деген қарым-қатынасынан көрініс табатын тұрақты психикалық ерекшелігінің жиынтығы. 10


Бұл ерекшеліктердің ең бастысы - сана мен ерік жөне мінез-құлық балада өте ерте жастан бастап қалыптасады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу барысында олардың еректік сапаларын: мақсаттылық, шешімділік, ұстамдылық, сабыр, төзім, батылдық, белсенділік қасиеттерін қалыптастыруды басшылыққа алуды естен шығармау керек. Балаларды ойнату барысында мақсат қоя білуге тәрбиелеудің мәні зор. Мақсаттылық адамға жинақтылық, бірізділік, белсенділік сияқты сипат беріп, кейде тәуекелге бел байлауды қажет етеді. Шешімділік - мақсатқа жету барысындағы сенімділік қабілеті. Ұстамдылық дегеніміз - бала өзінің талап тілегін сезімін, мінез-құлқын, тәртібін меңгере білу, өзін-өзі алып жүре білу қабілетін тәрбиелеу. Ал, бұндай жағдайда бала өмір шеңберінен шығу үшін әр түрлі ойыншықтармен іс-әрекет жасауы қажет. Ойыншық - әдейі балалар ойынына арналып жасалған зат. Бастауыш сынып оқушыларының өмірінде ойыншықтың қажеттілігі бар ма? деген сауал туындайды. Осыған байланысты ғылыми әдебиеттерді қарастыра келе төмендегідей қорытындыға келдік. Ғылыми тұжырымдамаларға сүйене отырып, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ ойыншық бала өмірінің мәнін толықтыруға, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мен ересек адам болу болмысындағы жеке қырларын сомдау және соның негізінде тезірек есеюге ықпалын тигізеді (ой-өрісін кеңейтеді; бейнеленген заттар мен өмір құбылыстарына деген ықыласын тәрбиелейді; дербестігін дамытады; өзара қарым-қатынастарын, өз іс-әрекеттерін үйлестіру қабілетін дамытады). Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алып, ойыншықтарды бірнеше түрге бөлуге болады. Олар: образды, техникалық, ермек, спорттық, моторлық, музыкалы және дыбыс шығаратын, театр, дидактикалық, ұлттық ойыншықтар т.б. Бастауыш сынып жасындағы баланың дамуы мен тәрбиесінде, біріншіден, ойынға ерекше мән беріледі, себебі ойын бала өміріңде негізгі ісәрекеггің түрі болып табылады; екіншіден, жеке тұлғаның қалыптасуында еріктік қасиет-сапаларды дамытудың ықпалы болып табылады. Осының негізінде бастауыш сынып оқушыларының жеке тұдғалық қасиет-сапаларына ықпал ететін ойынның негізгі ерекшелігін айқындау қажеттілігі туындайды. Балаға тұлғалық-бағдарлық тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Бірінші ерекшелік - Ойынның құқықтық сипатта болуы, оған әлеуметтік мән білдіреді. Ойын баланың мәртебесін көтеруге бағытталып алты жасарларда «Мен» деген бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді; Екінші ерекшелік - Ойын барысында баланың ойынды өз еркімен таңдауына, құқылы ерікті болуына мүмкіндігі барын сезінетіндігі, оның субъективтік ұстанымын қалыптасуына ықпал ететін - ойын ерекшелігі. Мұндай жағдайда ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік қасиетсапаларды жетілдіреді. 11


Үшінші ерекшелік - Тіл мен ойдың бірлігін көрсететін ерекшелік. Ойын үстінде бала еркін түрде үлкендердің іс-әрекетін қайталау, еліктеу барысында бір іс-әрекеттен екінші бір іс-әрекетке тез ауысып кете алатын ерекшелік. Төртінші ерекшелік - Ойынның табиғи кіріктірілуі түрде негізделу ерекшелігі. Сонымен, ойын кіріккен жеке тұлғаны қалыптастыруға тәрбиелік, дамытушылық, білімділік мол ықпал етеді. Ойын барысында ұстанымдарды мақсаттылықпен іске асыру қажет. Балар ойынында Отанға, ұлттақа деген сүйіспеншілік, ұжымдық, еңбекті қадірлеу, кішіпейілділік, ізеттілік, тәрбиелілік, тәртіптілік т.б. жоғары адами қасиеттерді ойын үдерісінде, ойын арқылы үлгі-өнеге ғибрат алғызу, ұлттық болмыс пен мінезді өскелең ұрпақ бойына дағды етіп сіңіре білу бастауыш сынып мұғалімдерінің үлесінде. Бастауыш сынып оқушыларының ойын әрекетіне талпынып, олар үшін ойынның өмірдің мәні болып табылатындығын, ойынның мәні мен мазмұнын аша отырып оның психологиялық табиғатын қарастырдық және бұл жерде ғалымдардың ойын әрекеті іліміне сүйендік. Ұрпақ тәрбиесі қай заманда, қай уақытта болмасын адамзат алдында тұрған ізгі істердің бірі болып табылады. Бұл жағдай өзінің ісін, өмірін жалғастыратын ұрпағын салауатты өмірмен сапалы білімге және саналы тәртіпке, адамгершілікке, имандылық пен қайырымдылыққа, ұлжандылыққа, Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілікте тәрбиелеуде бүгінгі күнніңде өте маңызды, әрі күттірмейтін мәселе болып отыр. Себебі, жеке тұлғаның бүтін және толық тәрбиесі өзінің педагогикалық, психологиялық мәнділігімен ерекшеленеді. Тәрбие – болашақ жас ұрпақты белгілі мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарымқатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық құндылықты тиімді пайдалануға бағытталған аға ұрпақтың келер ұрпақты өмірге баулудағы іс-әретінің бір бөлігі. Ғалымдардың еңбектерінде ойын - баланың негізгі рухани дүниесінің болмысын, оның жеке тұлғалық қасиеттерінің бейнесі бастауыш сыныптан бастап қалатындығын негіздеп береді. Баланың танымдық дамуында толық тәрбиені қалыптастыратындар мұғалімдер болғандықтан бүгінгі қоғамның сұранысына сай жеке тұлғаның болмысын сомдап, қалыптастыру - бүгінгі мектептің міндеті. Тәрбиенің тиімділігін арттыру мақсатында, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес, баланың тұлғалық дамуына бағытталған негізгі іс-әрекеттің бірі – ойын. Қазіргі мектептердегі бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеген мұғалімдердің еңбектеріне өткізілген талдаулардың нәтижелері балаларды толық тәрбиелеудегі ойынның алатын орны ерекше екендігін байқатты. Өйткені, ойын мәнісін танытуға белгілі бір өмірлік жағдаятқа сәйкес бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекеттерінің барысындағы қарымқатынастырының жиынтығынан және ойын арқылы оқу жұмысының нәтижесінде берілген білімдер балалардың жадында ұзақ сақталатынын, әрі олардың дамуына негіз болатынына мол мүмкіндік беретінін аңғартты. 12


Сондықтан жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың және осы мақсатта ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланудың ең тиімді жолдарын, мүмкіндіктерін іздестіріп, ғылыми тұрғыда зерттеу, оның ғылымипедагогикалық негіздерін қарастыру барысында – оқушыға бағытталған тәрбиелік барлық іс-әрекеттер (оқу-танымдық, еңбек, спорттық, шығармашылық және т.б.), оның ішінде әсіресе ойын әрекетіменен байланысты болады. Осы талапқа орай, мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие орындары және мектеп жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мен дамытуда ойын арқылы жүзеге асырып, тәрбиелеуді, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу және бастауыш білім беру кезеңіне бастап-ақ ғылыми негізде іске асырып отыру қажет екендігін басшылыққа алып отырумыз керек. Түрлі ойындарға үйрету, жаттықтыру әдістерінің мәні-баланы тыңдай, көре, бағалай білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекеттеріне жаттығу, белсене араласу балалардың белсенділігін тереңдетеді. Мектепте ойынның әдістемелік тәсілдері кеңінен қолданылады. Егер мұғалім ойын жағдайларын туғызса, көркем материалдар тартымды формада берілсе, балалар арасында ойын жарыстары пайда болса, бала әр түрлі ісәрекеттерді табысты игереді. Бұл туралы көрнекті педагог В.А.Сухомлинский ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады дей келіп, былай деп жазды: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпы дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деген. Ойын-маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе демалу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі бір мақсатқа жұмсалуы керек, өйткені ойын баланы дамытады. Ойын бала жанын ынтықтырумен бірге оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай-қайсы болса да оқушыдан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздықты, шеберлікті т.б қасиеттерді талап етеді. Ойын баланы үйретеді, тәрбиелейді, өзгертеді. Сондықтан «Көп ойласаң дана боласың, көп ойнасаң бала боласың» деп бала өміріндегі ойынның маңызына ерекше мән бергеніміз жөн. Ойынды өткізудегі мұғалімнің мақсаты-оқушыларды еркін сөйлей білуге, айтайын деген ойын тез, әрі жүйелі жеткізуте, ойлау қабілетін дамытуға, тіл байлығын арттыра түсуге жету. Ойын үстінде бала өзін батыл ұстап, айтайын деген ойын еркін жеткізуге тырысады. Ойын сыныптағы оқушылардың көбін қамтитындықтан, әр оқушы өзінің ойлау қабілетін шыңдай түседі. Ол еркін, әрі тез ойлауға жаттықтыратындықтан, әркім өзінше ойлап, айтуға мүмкіндік алады. Сөйтіп, бұл ойын балаларды бірбіріне жақындастырады, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, топтастыра түседі. 13


Ойын балаларды оқу-тәрбие үдерісіне жұмылдырып, оларды байқампаздыққа, зеректікке, есте сақтай білу, ойлау әрекеттерін дамытуға баулиды. Яғни, оқу-тәрбие негіздерінің бірі-ойындар. Ойын сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен тәрбие құралы. Ойындарының бәрі де белгілі бір мақсаты көздейді, бәрінің де тәрбиелік маңызы зор. Мәселе соларды өз дәрежесінде ұйымдастырып, пайдалана білуде. 3. Бастауыш сыныптартардың технологиясын пайдалану жолдары

оқу-тәрбие

үдерісінде

ойын

Ойын – балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным үдерісіне әсерін тигізеді. Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын – оқу, еңбек ісәрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай сызба арқылы суреттесек те болады. Іс-әрекет

Оқу әрекеті

Еңбек әрекеті

Ойын әрекеті

Іс-әрекеттің түрлері «Ойын» ұғымына түсінік берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады: -ойын-сауық; -коммуникативтік немесе қарым-қатынастық: -диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану); -коррекциялық (өзін-өзі түзету); -әлеуметтендіру. Н.К.Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар. 14


В.В.Давыдов «оқушыларда танымдақ проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды, дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейтінін» айтады. Н.К.Крупская бала «жас болғандықтан ғана ойнамайтынын, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілетінін» айтқан болатын. Сабақты ойын түрінде жүргізу шәкірттердің білімге ынта-ықыласын арттырады. Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Психолог А.С.Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді. Я.А.Коменский «ойынды рухани және дененің даму қозғалысы» - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты. К.Д.Ушинский «сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу үдерісін жеңілдетеді» – деді. Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог В.А.Сухомлинский терең және жан-жақты қарастырған. Шындығында іс-әрекеттің қалған түрлерінің ешқайсысында да адам ойындағыдай өзінің психофизиологиялық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін әйгілей алмайды. Ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіліңді аулайды, демалыс сыйлайды. Баланы ойыннан ажырату – оның дамуының басты көзінен, шығармашылық импульсінен және әлемді тану үдерісін жандандырудан айыру болып табылады. Ойын – баланың барлық өмірлік бағыттарының реттеушісі. Ойындар – таным және бастауыш білім беруде оқушылардың іс-әрекетінің белсендіргіші. Ол балалардағы балаға тән қасиеттерді сақтайды және дамытады, балалардың өмір мектебі және «даму тәжірибесі». Бала ойнай отырып өмірді таниды, өзін оған дайындайды, жасампаз адам ретінде қалыптасады. «Оқу құралдарының мінезі-мектеп мінезінің айнасы»-деп атақты ұлы педагог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолына пайдаланылатын әдістемелер мәнді болуы керек. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріліп ойын ұйымдастыруы қажет. Балаға арналған білім баланың ақылына лайықталап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек. Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Ойын – бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Белгілі психолог Е.А.Аркиннің пайымдауынша, ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден-бір жалпы ұғым: «Балақай өсімдік сияқты 15


өз ішінен өсіп жетіледі және бұл үрдіс қатаң түрде әр жеке баланың өзіне ғана тән. Бала тіршілігінің негізгі заңдарының бірі осындай». Оқу мен тәрбиеге байланысты жұмыстарды үйлестіруде іздестіру барысында С.Т.Шацкий қазірге дейін маңызын жоймаған мынадай пікір айтқан еді: «Біздің қолымызда күш пен қаржы болғандықтан, біз тек қана арнаулы мектеп ғимараттарындағы емес, одан тыс жерлердегі педагогикалық үрдістерді зерттеуіміз керек». «Балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруды қалай жақсартуға болады? Бұл мәселе педагогикалық үдерісте қандай орын алады?» сұрақтарына жауап іздеп көрелік. Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күнінен бастап-ақ маңызды орын алады. Алайда жақсы, дұрыс ұйымдастырылған ойын ғана тиісті, қалағаныңдай нәтиже бере алады. А.С.Макаренконың айтуы бойынша, ойынға біржақты көзқараспен қарау қате. Педагогикалық үдерісте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп соғады, көп ретте мұғалімдер ойынның негізгі мәні балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді. А.В.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», – деген болатын. А.М.Горкий балалардың ойын кезіндегі құқын қорғау жайында былай деген: «Бала белгілі бір нәрсені меңгеру үшін, бір нәрсемен шұғылдануы керек, ол биологиялық заңдылық. Ол ойнағысы келеді, ойын арқылы қоршаған ортаны таниды. Ойын арқылы тану оған жеңіл әрі қызық». Оқыту мен тәрбиелеу де осындай болуы қажет. «Ойын – балалардың денесін, ақыл-ойын дамытудың сарқылмас көзі» деген құнды пікір айтқан Р.М.Қоянбаев. ¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. «Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді», - деп қарастырады. Ал, қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан-ұрпаққа тараған мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын білген. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп 16


ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін ісәрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Ойын – бip қарағанда қарапайым құбылыс немесе әрекет icпeттi. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бip-бipінe деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бip-бipiнe деген сенімін арттырады. Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, eciн, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әcepi арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенің байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бip ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын ісе асырып, өзін қоршаған адамдар ісәрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығы арта түседі. Демек, ойын деген аты ғана, ал шынында да олсабақтың, еңбектің жиынтығы. 1.Бала үшін: Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы, артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады. 2. Мұғалім үшін: 17


Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын арттыруда, сабақты қызықты өткізуге, мұғалім үшін тиімді. 3. Ата-ана үшін: Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелеуде ата- ананың ролі. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады. Д.Б.Эльконин ойын іс-әрекетінің дамуындағы екі әлеуметтік баспалдақтарды анықтап көрсетті: 1) заттармен әрекеттестікті бейнелейтін ойындар; 2) рөлдік ойындар. Ойын тұтас ұжымды тәрбиелеудің тамаша құралы болып табылады. Ойын талаптарын орындау арқылы балалар өздерінің мінез-құлқы мен жүрістұрыстарын басқаруды үйренеді, оларда ұжымгершілік пен жауапкершілік сезімі дами түседі. Бір ойынға қатысушының ереже бұзуы тұтас команда нәтижелерінен көрініс тауып отырады. Ұжым талаптарын қайта-қайта бұзушылық болған жағдайда оны ойнаушылар қатарына қабылдамай қоюға болады. Ал бұл ықпал көрсетудің салмақты, байыпты шарасы болып саналады. Өйткені балаларды ойынға тартып, қатыстырудан басқа, ұжымда бірлікте болуға ұмтылу және белгілі орынды иемденуге деген ұмтылыс та олар үшін айрықша роль атқарады. Ойын балалардың белсенді қарымқатынасқа және де ұжымдық іс-әрекетке деген мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Ойын ұжымдағы жалпы нормалар мен құндылықтарды қалыптастырады. Дидактикалық ойындар қоршаған өмір құбылыстары мен заттары жөніндегі балалардың білімін нақтылайды, елестете алуды, сөйлеуді дамытып оқумен, санауды және т.б. үйретеді. Ойын-адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске 18


жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады. Ойынның нақты мақсаттарына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай компоненттері қарастырылады: ойын мазмұны, ойынды ұйымдастыру формалары, ойын түрлері, ойындық құралдар, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы барлық өзара байланыстар. Ойынды пайдалану әдістемесінің құрылымын блок-сызба түрінде көрсетуге болады (суретте). Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті-оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу-білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарымқатынас-бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ал ойын-баланың дамуын арттырады. Ойынның нақты мақсаттары 1

Мазмұны 2

5

Ұйымдастыру формалары 3

4

Құралдары

Түрлері

Ойындарды пайдалану әдістемесінің құрылымы Жоғарыда айтылған ойын туралы әр түрлі ой-пікірлерді талдаулар барысында ойын технологиясына мынадай анықтама беруге болады: «ойын технологиясы дегеніміз - педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны». Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үдерісінде ойын технологиясын қолдану ойынның әр түрлері арқылы жүзеге асырылады. Бастауышта жиі қолданылатын ойын түрі – дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар – бұл ойындық және танымдық негізден тұратын іс-әрекет түрі. Баланың мектепке келуінен кейін ойын іс-әрекеттің жетекші түрі болмай қалады, 19


дегенмен бұрынғыша баланың дамуы мен қалыптасуында елеулі орын алады. Психолог А.В.Запорожец, дидактикалық ойынның ролін анықтай отырып, былай деген: «Дидактикалық ойын бізге тек қана білім мен тәрбие беру құралы болып қалу керек емес, жалпы бала дамуының, іскерлігінің қалыптасуының негізі болуы шарт» деген. Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. Мұндай пікірлерді Т.Е.Конникова, Ф.И.Фрадкина және т.б. көптеген ғалымдар қолдайды. Олар мектеп жасына дейінгі балалықтың аяқталуымен бірге ойынның өлмейтіндігін, тек қана өмір сүруді жалғастырып қана қоймай өзіндік үлгіде дами беретіндігін айқындайды. Ойынның қолданбалы жағын зерттеген әдіскерлердің дидактикалық ойындарға деген қызығушылық барынша өсе түсуде. Г.А.Кулагина зерттеу үдерісінде ойындағы таным дәстүрлі оқытуға ұқсамайтын айрықша түрдегі өзіндік формаға ие болатындығын анықтады: бұл жерде қиялдау мен жауапты өз бетінше іздестіру, бұрыннан белгілі дәйектер мен құбылыстарға жаңаша көзқараспен қарау, білімді толықтыру мен кеңейту, байланыстарды орнату, жекелеген құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу сияқтылардың барлығын кездестіретін болады. Ойын қарқыны мектеп оқушыларын жылдам және шапшаң түрде ойлана білуге үйретеді. Олардың тілдік жадыларының даярлықтарын жаттықтырады, сөйлеу қарқынын дамытуға мүмкіндік береді. Сабақта ойнай отырып оқушылар өздерінің ойларын жеткізуге машықтанады, осының арқасында олардың сөйлеу тілдері бірте-бірте автоматтандырылады. (К.А.Родкин). Демек, ойын сөйлеу шеберліктерін дамытудың нәтижелі құралдарының бірі болып табылады. Осылайша дидактикалық ойындар мен оны оқу үдерісінде пайдалануға қатысты соңғы зерттеулердің барлығын талдап, қорытындылай отырып төмендегілерді айтуға болады: а) Дидактикалық ойындар ойлау, ерік, жады, назар, сөйлеу, моторика сияқты психикалық үрдістерді жандандырады. (Г.А.Ляпина, М.В.Стронин және т.б.); б) Сабақтағы ойын жағдайларында мектеп оқушысы іс-әрекеттің үрдістік жағынан терең қанағаттану сезімінде болады және бұл оқудың тұлғалық мәнінің ұлғаюына мүмкіндік береді. (Е.Енгабаева, А.А.Баранов, Г.А.Ляпина); в) Дидактикалық ойындардың жемісті сәттілігі мектеп оқушыларының ойын үдерісіне қызығушылығымен, ойынға қатысушылардың өз білімдерін шығармашылық пен пайдалануға ұмтылысымен байланысты. (Ю.П.Азаров, О.С.Кель, В.Н.Терский); г) Дидактикалық ойындар таным іс-әрекетін жандандыру құралы ғана болып табылмайды, ол эстетикалық және мінез-құлықтықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. (А.А.Баранов, В.И.Иванова). Әдебиеттерді шолу мен тәжірибелік сараптамалық жұмыстар дидактикалық ойындардың барынша әралуандығын айқындады. 20


Жекелеген дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшелігі оқу тапсырмаларына барынша назар аудару және мектеп оқушыларын зерттеу элементтеріне ие іс-әрекетке тарту болып табылады. Мұндай тапсырмаларды орындау үрдісінде оқушылар бірқатар логикалық операцияларды жүргізеді, танымдық іс-әрекеттің аралық кезеңдерін шешу жүйелілігін белгілейді. Мұндай дидактикалық ойындар ізденгіштік деп аталады. Ізденгіштік дидактикалық ойындар репродуктивті және жартылай ізденгіштік дидактикалық ойындардан тұрады. Мұндай тапсырмалар жеткіншекті шығармашылыққа даярлайды. Жекелеген дидактикалық ойындар мектеп оқушысын дербестікке баули отырып. оны шығармашылық жұмысқа итермелейді. Себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктерді айқындау кезінде мектеп оқушысы өзінің танымдық іс-әрекетінің мазмұнына тереңдей отырып, зерттелуші құбылыстың бірқатар қырларын дербес ашу мүмкіндігіне ие болады. Мұндай дидактикалық ойындарды біз шығармашылық ойындар деп атадық. Бірқатар шығармашылық-дидактикалық ойындар мектеп оқушысының суырып салмалылығын іске қосады. Мұндай ойындарды біз рольдік элементтері бар шығармашылық ойындар деп атадық. Тәжірибе нәтижелері шығармашылық ойындарды сабақ-мерекелерде сабақ-жарыс, сабақ-суырып салушылық, сабақ-саяхат тәрізді белгілі пәннің оқу материалдарынан тұратын үш түрінде пайдаланудың барынша мақсатқа сәйкес екендігін көрсетеді. Түрткі ретіндегі қызметті дидактикалық ойындар орындайды. Ойын ситуацияларының эмоциональдылығы барлық мектеп оқушыларының белсенді қатысуына түрткі болады. Сабақтағы ойын ситуациялары балаларды тежелушіліктен құтқарады, бір-біріне сенімділік және іскерлік атмосферасында белгіленген жұмысты жүргізуге ұмтылады. Мектеп оқушыларының іс-әрекеттерінің сипаты бойынша дидактикалық ойындарды топтастыра отырып біз шартты түрде репродуктивті, жартылай-ізденгіштік, ізденгіштік рөлдік элементтері бар шығармашылық және рөлдік элементтері жоқ шығармашылық дидактикалық ойындарды бөліп қарастырамыз. Ойын ситуацияларында қажетті шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларының білімін жаңғыртатын дидактикалық ойындар қысқа мерзімділігімен ерекшеленеді. Іс-әрекеттің процессуалдық жағы мұғалім арқылы бағытталады және бақыланады. Оны мынадай блок-сызба түрінде келтірейік (суретке қараңыз):

21


Дидактикалық ойындарды сабақтың әралуан буындарына енгізу: 1. Түрткі ретіндегі дидактикалық ойындар 2. Материалды игеруге даярлық кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар 3. Материалды пысықтау кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар 4. Игерілген материалды қайталау кезінде қолданылатын дидактикалық ойындар. 5. Есептік дидактикалық ойындар

Репродуктивті дидактикалық ойындар

Жартылай ізденгіштік дидактикалық ойындар

Ізденгіштік дидактикалық ойындар

Рольдік элементтері жоқ шығармашылық дидактикалық ойындар

Рольдік элементтері бар шығармашылық дидактикалық ойындар

Сабақ- мерекелер: 1. Сабақ-жарыстар 2. Сабақ-суырып салмашылық 3. Сабақ-саяхаттар.

Дидактикалық ойындардың оқу тапсырмаларын шешу үрдісіндегі мектеп оқушыларының іс-әрекеттерінің сипаты Оқу материалын меңгеруге даярлық кезінде қолданылатын дидактикалық ойындар жаңа материалды қабылдау үрдісіндегі белсенділікті жоғарылатуды мақсат етеді. Жаңа материалды бекіту, мақсатында енгізілген дидактикалық ойындар жаңа нәрсені түсінуді нақтыландырады және үй тапсырмасын орындау кезінде неге назар аудару қажеттігін көрсетеді. Бұл жағдайда дидактикалық ойындар мектеп оқушыларының жартылай меңгерген оқу-материалдарына негізделеді. Қайталау кезінде дидактикалық ойындардың барлық түрлері пайдаланылады. Ойындар мектеп оқушыларын бұрыннан бар білімдерді жаңа ситуацияларда қолдануға итермелейді. Дидактикалық ойындар арқылы 22


мектеп оқушысының танымдық іс-әрекетін жандандыру үшін басты шартжалпы білім беретін мектептердегі бағдарламалық талаптарға негізделген, бірте-бірте күрделеніп отыратын дидактикалық ойындарды оқу үрдісіне мақсатқа бағытталған түрде енгізу болып табылады. Дидактикалық ойын мектеп оқушыларының белсенділігін арттырып, қиын оқу материалдарын меңгеруді жеңілдетуі және көлемі бойынша үлкен оқу материалдарды есте сақтауға мүмкіндік беруі тиіс. Дидактикалық ойындар – балалардың математикалық білімдерін арттырудың құралы. Математика сабақтарында ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқұшыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Ойын сабақтың соңында болса, тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Ойын оқушылардын оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы. Сондақтан да бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Яғни алты жасарлармен ойынның мазмұны жеңіл болады, ал сыныбы жоғарылаған сайын, яғни екінші, үшінші, төртінші сыныптарда бұл ойынның мазмұны күшейеді. Мысалы: 1-ші сыныпта қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сынып жоғарылаған сайын, ойынның мазмұны да баланың жас ерекшелігіне сай пайдаланған дұрыс. Олай болса ойындарды пайдаланудың маңызы зор. Ойындарды математика сабақтарында қолдана отырып, балаларды саналы ойлантуға үйретеміз. Нәтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Математиканы оқыту үдерісінде жұмыстың әртүрін пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың математикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Осының негізінде математика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойынды балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтардың тақырыбына, мазмұнына сай етіп таңдап алған дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің өзінде бала қалай ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы: 1-ші сыныпта заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішіміне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау» ойынын ойнатуға болады. Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекетімен шектеу жеткіліксіз. Мұнда ойынды 23


ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып табылады. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік–экономикалық жағдайларына байланысты тауып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз абден жетеді. Белсенділікті дамыту үрдісіне ықпал етуі тұрғысынан келесі ойын типтері мен ойындық формаларды айқындауға болады: а) оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытатын ойын формалары (шығармашылық белсенділікті дамытудың жалпы немесе спецификалы емес шығармашылық ойындық құралдары). ә) тұлғаның жекелеген қасиеттерін және шығармашылық белсенділікті құрайтын іс-әрекетті дамытушы ойындар. Бұл тип интеллектуалды– дамытушы, танымдық және көркемдік сияқты бірқатар қозғалыс ойындарынан да тұрады. б) ерекше шығармашылық ойындар. в) арнайы шығармашылық ойындар. Ойынды шығармашылық деп ажырату мүмкіндігі бәрінен бұрын ойын мақсатының арнайы шығармашылық сипатымен анықталады. Шығармашылықтың төмендегідей негізгі деңгейлерін анықтауға болады: ойынды таңдау шығармашылығы (тұлғааралық өзара әрекеттестіктермен байланысты міндеттерге жауап беретін және жеткіншектердің маңызды мұқтаждықтарын қанағаттандыратын, оның үстіне заттық-ойындық ортаның нақты жағдайларында мүмкін ойындар мен ойындық формаларды іздеудегі оның мәні); - ойынды жоспарлау және ұйымдастыру шығармашылығы; - ойынның түрін өзгерту шығармашылығы; - ойынды құру шығармашылығы. Бұл жағдайда да негізінен екі негізгі форма қарастырылады: аналогия немесе үлгі бойынша ойынды құру; элементтерден ойынның барлық объектілі және кеңістіктік–мезгілдік құрылымын жасау. Соңғы деңгей жеткіншектердің дербес ойындық ісәрекетінде сирек көрініс береді (педагогикалық тәжірибеде де), қарапайым формада жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлерге бөлінеді: 1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі; 2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды. 3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді. 24


4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді. 5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады. Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері: 1. Балалардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар. 2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар. 3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар. 4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар. 5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар. Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге болады: 1. Сюжеттік-рөлдік ойындар. 2. Жаттығу ойындары. 3. Шығармашылық ойындар. 4. Драмалық ойындар. 5. Әдеби-музыкалық ойындар. Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар: 1. Білім беретін ойындар. 2. Тәрбиелейтін ойындар. 3. Дамытатын ойындар. 4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар. 5. Диагностикалық ойындар. Халық ойынының келелі бір мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін. Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарымқатынасын бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді. Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, қорытындыланып отырылса пайдалы болады. Ұлттық-дидактикалық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бір қатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс: 1. Мұғалім ұлттық дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін білуі тиіс. 25


2. Ұлттық дидактикалық ойындарын балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу. 3. Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу. 4. Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу. 5. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау. 6. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, дидактикалық ұлттық ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі. Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнынына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқу үрдісінде кеңінен пайдалануға болады. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жанжақты тұлға дамиды. Ойын – балалардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Ойын технологиясы арқылы мыналар жүзеге асырылады: Баланың бойында

Ұйымдастырушылық қасиеттері дамиды

Белсенділік қабілеттері дамиды

Тапқырлық, шыдамдылық

Есте сақтау қабілеті, зейіні, тілі дамиды

Бала бойында қалыптасатын қасиеттер Сонымен қорыта келе, ойын технологиясы арқылы оқушы нені меңгеретінін анықтауға болады: 1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді. 2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді. 3. Оқу үдерісінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді. 4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады. 5. Уақытты үнемдеуге үйретеді. 6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды. 7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді. 26


8. Оқушылар үшін қауіпсіз. 9. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді. 4. Дидактикалық ойын түрлері және оларды оқыту технологиясы ретінде қолдану Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның мәні педагогикалық жүйеде бұрын да, қазір де қарастырылып отыр. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді. Ойын баланың барлық маңызды ақыл – ой әрекеті, онда айналасындағы дүние жайлы түсініктердің кеңеюіне, тілінің дамуына құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондайқ-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі, ойынды кіші мектеп жасындағы балалардың табиғаты керек етеді. Көрнекті педагог М.Жұмабаев; «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек… Сыныпта отырғанда баланың тез шаршауы оның ақылының жұмыс қылуынан,әсіресе, тек отырудан, һауаның бұзылуынан. Сондықтан, сабақ уақытында балалар абайлы болмай бастаса, мұғалім дереу балаларды босатып, жүгіртіп, ойнатып, сыныптың һаусын жаңартуы керек. Бір сабақтың ішінде де балаларды тұрғызып, отырғызып, гимнастика жасатып, ән салдырып алуға болады. Мұндайда бала сергіп қалады», - деп ойынның қызғылықты жаттығулардың балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратынын маңызды құрал екекнін атап көрсетеді. «Ойын мен бала егіз» – дейді халық. Олай болса баланы ойыннан ажырата алмаймыз. Бала ойын арқылы дамып, ойын арқылы дүниені таниды. Үлкен адамда қанша ойна десеңіз де ойната алмайсыз. Өйткені, адамның жас ерекшелігіне қарай психологиясыда әр басқа болып келеді. Бала ойынды қажетсінеді. Ойын балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал ол білімді қайдан алады? Оған бала ойын арақылы өзі үйренеді, үлкендерде үйретуі тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, тағы басқа көптеген ерекшеліктері болады. Ойын – балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. А.С. Макаренконың айтуынша «Баланың өмірінде ойынның зор маңызы бар – үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, балалар үшін ойынның маңызы да сондай. Бала ойында қандай болса, ол ержеткенде жұмысқа сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерлерді баулу ең алдымен ойын түрінде жүргiзіледі». 27


Қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» – деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) түрлітүрі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Ойынның танымдық сипаты жөнінде М.Горькийдің «Бала ойынды сүйеді, ойнағанда не болса соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айнасындағы дүниені ойын және ойын үстінде тез таниды. Бала сөзбенде ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын үйренеді» – дейді. Ойынның маңыздылығына тоқтала келіп Н.К.Крупская: «Ойынның бала өмірінде маңызы зор. Қандай ойын болмасын бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы – баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуды үйретеді» – деді. Баланың ақыл ой тәрбиесіне тоқтала келіп В.А.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертексіз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл – ой тәрбиесі деуге болмайды» – дегенді айтады. Ойын барысында балалардың өздері ойнаушылардың мінез құлқы мен өзара қарым – қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және өзара қарым – қатынастардың одан әрі дамуын анықтайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі. М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты кітабында «Баланың қиалы ойында жарыққа шығады.Тұрмыста нені көрсе соны істейді. Ойынның баланың жан – жақты дамып жетілуі үшін маңызы да, рөлі де зор» – дейді. Балалардың өзін қоршаған өмірге белсенді түрде қатысуға деген ынтықтығы ойын үстінде көрініс табады. Ойын – балалрдың дүниені, шындықты тану жолдарының бірі. Түрлі ойындар балалар ұжымын ұйымдастыруға, қуанышты, сергек көңіл-күйді қалыптастыруға көмектеседі. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есте сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан ойыншық заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын еске ұстамаса, оны құрдастары ойыннан шеттетеді. Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттілігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға қажет етеді. Мақсаткерлік, ерік күшін бағындыра білу – жеке басты дамытуға қажетті қасиет. Ойын мақсатсыз бос ермек емес. Ойынды ақыл-ой адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланылады. Ойын барысында балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойында қайсы бір рөлді орындау бала үшін өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты іс - әрекеттер, өзара 28


қарым-қатынастар туралы білімдер мен түсініктер жетімсіз болып шығады да, соларды толықтыру қажеттігі пайда болады. Жаңа білім қажеттілiгi балалардың сұрақтарынан көрінеді. Ұстаз сол сұрақтарға жауап қайтарады да, олардың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түреді, ойнаушылардың өзара түсінісуіне, келісуіне көмектеседі. Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге белсенді таным іс - әрекеттерінің өзінше бір формасы болып табылады, соның барысында олар оқытушының басшылығымен жаңа білім меңгереді. Ғалым А.П.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып білуге, белсенді әрекет етуге жол ашушы ретінде түсіндіреді. «Шынайы өмірде баланың аты – бала, өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан.Қам қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады, ал ойын үстінде ол бейне бір ересек адам тәрізді, өз күшін сынап көреді». Егер мұғалім немесе тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді». Педогогикалық үдерістесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады. Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және айырмашылық болуымен анықталады. А.С.Макаренко еңбектегі сияқты, ойын да жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті: «Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс - әрекетсіз ойын - қашан да жаман ойын». Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана мынада : «… жұмыс адамның қоғамдық өндіріске … материалдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз. Ойын мұндай мақсаттар көздемейді, қоғамдық мақсаттарға оның тікелей қатысы жоқ, бірақ оған жанама қатысы бар: ол адамды жұмыс үшін қажетті дене күші мен психикалық күш жұмсауға үйретеді». Психолог А.В.Запорожец былай дейді: «Ертегі сияқты, ойын да баланы бейнелейтін адамдарының ойы мен сезіміне терең бойлауға үйретеді, күнделікті әсер шеңберінен адамның алға ұмтылыстары мен қаһармандық істерінің кең әлеміне шығарады». Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, мұғалім балаларды ойнауға, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда «жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сапа тән: мазмұнның тәрбиелік – танымдық құндылығы, бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы, ойы, іс- әрекеттерінің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және шығармашылық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және 29


соларды басшылыққа ала білуі, ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану, балалардың қарым – қатынастарының игі тілектестігі және көңіл-күйлерінің шаттығы. Ойынды басқара жүріп, оқытушы баланың жеке басының ерекшелігіне, оның санасына, сезімiне, ерік-жігеріне, мінез құлқына ықпал жасайды. Ойын бала үшін – нағыз өмір. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Бастауыш сынып балаларының ой - өрісі тар, тіл байлығы кем. Жылауы да, жұбануы да оңай. Баланың бәрі бірдей емес. Кейбіреулері зейінді, зерек, айытқанды тез ұғып ала қояды.ал кейбіреулерінің аңғарымпаздығы әлі нашар, ұққанын жеткізіп айта алмайды.сондықтан оқушылардың мінезқұлықтарын,психологиясын алдын - ала жете зерттеп, біліп алу қажет. мұның оқу барысында көп көмегі тиеді. Бастауыш сынып балаларының тиянақты білім беру мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді. Мектеп жасына дейнгі балалардың негізгі іс - әрекеті ойын болса, мектепке келген соң негізгі іс әрекет оқу болуы тиіс. Өйткені, еркін ойнап жүрген балаға оқу жұмысы қиын-ақ. Сондықтан сабақ тартымды болу үшін тақырыпқа сәйкес ойын элементтерін таңдап алып, оларды ұтымды пайдалану керек. Сонда ғана баланы сабаққа ынталы қатыстыруға болады. Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балаларға тән және олардың құмартып кірісетін іс - әрекетінің бір түрі – ойын. Ойынның бірнеше түрлері бар. Оларға шығармашылық, ақыл – ой, спорт ойындары тағы басқалары жатады. Ойын – балалардың денесін, ақыл-ойын дамытудың сарқылмас көзі. Ақыл-ой ойындары балалардың аңғарымпаздығын, ұғымталдығын, зеректігін дамытады, ойлау теориясына (салыстыру, ажырату, жинақтау т.б.) жаттықтырады. Шығармашылық ойындар айналадағы ортаны тануда балалардың ой -өрісін бірте – бірте дамытады. Ал спорт ойындары балалардың қайраттылық, шешімділік, өзін - өзі билеу, батылдық, ерлік, төзімділік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, денесін шынықтырады. Педагогикалық әдебиеттерде кейінгі кездері практикалық әдістердің қатарында жатттығулардан басқа ойындар да аталып жүр. Профессор Т.С.Сабыров мектепте қолданылатын ойындарды негізінен үш топқа бөлуге болатынын айтады: ұлттық ойындар, дидактикалық ойындар (жеке пәндердің мазмұнына сәйкес жүргізіледі) және дене шынықтыру сабақтарында кеңінен қолданылатын қимыл – қозғалыс, спорттық ойындар. Педагогтар мен психологтардың зерттеулері бойынша дидактикалық ойындардың бірнеше бағыттарын атауға болады. Олар: 1. Дидактикалық – логикалық бағыттағы ойындар. 2. Дидактикалық - сөздік бағыттағы ойындар. 3. Дидактикалық - рөлді-сюжеттік бағыттағы ойындар. 4. Дидактикалық - логикалық бағыттағы ойындар. 5. Дидактикалық - заттық бағыттағы ойындар. 6. Дидактикалық - ұжымдық бағыттағы ойындар. 30


7. Дидактикалық - қимыл – қозғалыс (спорттық) бағыттағы ойындары. 8. Дидактикалық - ұлттық бағыттағы ойындар. 9. Дидактикалық - құрылыс бағыттағы ойындар. 10. Дидактикалық - шығармашылық бағыттағы ойындар. Осылардың ішінде бастауыш сынып оқушыларына білім, беру мен оқытуда дидактикалық ойындардың маңызы зор. Дидактикалық ойындар ойын түрлеріне дидактикалық сипат беріліп, білімдік, тәрбиелік мақсат көзделіп іріктеліп алынады. Әрбір мұғалім сабақ барысында қандай дидактикалық ойын қолданылатынын күні бұрын сабақ мазмұнына, мақсатына сай лайықтап таңдап алады. Өйткені ойын мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске енгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Оқытуда қолданылатын ойын әдістері – ойынның нақ өзі емес ойын түріндегі әдісі. Кейбір ойын элементтерін қолданған сабақта «Ойын – сабақ» деп жатады, бұл жаңсақ пікір, «ойын – сабақ» деуден дұрысы «ойын элементтері қолданылған сабақ» деген дұрыс болар еді. Сабақта ойын элементтерін қолдану – ол логикалық, дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып қызықтыру, сабаққа белсенділігін арттыру, алған білімін тиянақтау, кеңейту, кейде сабақты түсіндіру мақсатында қолданылады. Ойын элементтерін қолдана отырып өткізілген сабақтар, жаттығу жұмыстары баланың сөзге белсенділігін арттырып, олардың ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейту, білім сапасын тереңдете түсуге жәрдемдеседі. Сондықтан бастауыш сынып сабақтарында ойын элементтері көп пайдаланылады. Ойын да, оқу мен еңбек сияқты, баланың іс - әрекеттерінің бір түрі. Ойыннның барысында баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Бұл жастағы балалар айналадан көрген – түйгенін, бағдарлап – байқағанын, естіген – білгенін ойынмен бейнелейтінін байқау қиын емес. Ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып, олардың өмірге көзқарасы қалыптасады, шығармашылық іс - әрекеті дамиды, өзіне ойын кезінде сенімі артып, күшжігерін білдіруге жол табады. Үлкендердің іс - әрекетіне еркін араласып , қарым-қатынасқа түседі. Бұл жөнінде көрнекті психолог, профессор А.В.Запорожец: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдер мен бейімділіктерді игерудің формасы ғана болып қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет» – десе, Н.К.Крупская: «Алты жастағы балалар үшін ойын оқу, олар үшін ойын – еңбек, олар үшін ойын тәрбиенің елеулі формасы» – дейді. Дидактикалық ойындар – тәрбиелеудің, білім берудің аса маңызды құрылымының бірі болғандықтан, сол оқушылар меңгерген дағдыларды бекіту немесе үйрету үшін ғана емес, сол алған білімдерін іс - әрекетте пайдалана білуге, жұмыс барысындағы икемділік - дағдылармен қарулануға, 31


ақыл-ойының дамуына, белсенділігінің артуына, өз бетінше әрекет етуіне жәрдемдеседі. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда, оның барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай – ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыдан негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұсыну қажет. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өздеріне тән жүру барысы, мақсаты , маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей үш мақсатты көздейді: - білімділік, яғни баланың оқыту бағдарламасына сай білім, білік, дағдыларын қалыптастыру; - танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту; - тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен қарым – қатынас жасағанды қажетті негізгі дағдыларды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді: 1. Балалардың іс - әрекетінде ойын түрлері мен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу – тәрбиесіне көшу. 2. Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі. 3. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл – ой белсенділігінің күшеюі. 4. Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі. Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді: 1. Заттық дидактикалық ойындар: дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. 2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар: “Лото”, “Домино” және тағы басқалар. 3. Сөздік дидактикалық ойындар . Дидактикалық ойынның маңызы мынада: 1) Дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі. 2) Әрбір дидактикалық ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл – ой қызметін қалыптастырады. 32


3) Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдалақты, тәртіптілікті қажет етеді. Дидактикалық ойынды жүргізуші, әрі ұйымдастырушы ол – мұғалім. Мұғалім дидактикалық ойынды сабақта қолданған кеде оған қойылатын талаптарға, оны ұйымдастыру, жүргізу әдісіне жете мән беру қажет. 1. Балалардың физиологиялық, психологиялық жас ерекшеліктерін ескеру қажет. 2. Дидактикалық ойын ережесі бала түсінуіне орай қарапайым, әрі қысқа болуы шарт. Мазмұны шұбалаңқы, күрделі болса, оқушы ойынның негізгі мақсатына түсінбей қалады да, оған қызықпады, ынтасы төмендейді. 3. Ойынға сынып оқушыларының түгел қатысуын, ойын үстінде шешім қабылдай, ойлай білуге жетлеу керек. 4. Дидактикалық ойын қолдануда озат тәжірибелерді тиімді пайдалану оның рөлін арттырады. 5. Дидактикалық ойын тақырыпқа сай лайықтап алынуы тиіс. Егер осы жағдайлар ескерілмесе осы жағдайлардан келіп дидактикалық ойын оқушылардың қызығушылығын арттырмай, белсенділігін арттырмай, бағдарламаға сай міндетті білім, білік, дағдыларды қалыптастырмай, қайта кері әсерін тигізіп оқушының ынтасын жояды. Дидактикалық ойын мақсаты – оқушының пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыра отырып, материалды берік меңгерту болып табылады. Ойын әрекетінде балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық ерекшеліктері көрініс беріп ерік-жігер қасиеттері шыңдалады, мінез – құлқының сипаттары айқындала түседі, ішкі дүниесінің сыры ашылады. Оқушы психологиясының өзіндік ерекшеліктері байқалып, олармен оқу – тәрбие істерін жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану мүмкіншіліктері туады. Бала әр қилы нәрселерге еліктеп, өз бойындағы сезім мен қабілет ерекшеліктерін аңғартады. Оның мінезіндегі ұнамсыз қылықтар мен жағымсыз көріністері байқалып, кемшіліктерді оңай жөндеудің әдіс – тәсілдері белгіленеді. Ойын барысында балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойында қайсыбір рөлді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Сабақта тиімді қолдануға ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады. Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады,сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Сабақты дидактикалық ойындарды қолдану бастауыш сынып оқушыларының сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік 33


танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді. Дидактикалық ойындардың тиімділігі оларды сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын бастауыш сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына , ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты. Дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: - егер бастауыш сынып мұғалімі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе; - егер ойынның түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе; - егер бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басылымдық дидактикалық ойындарға берілсе. Дидактикалық ойындар арқылы жүргізілген жаттығулар мен қайталаулар оқушыны жалықтырмайды, өйткені олар біркелкі болмайды. Мұндай ойындар әртүрлі сыныпта және әртүрлі мақсатта қолданылады. Дидактикалық ойын бастауыш сыныпты оқыту әдісінің бірі болып табылады. Оқу барысында дидактикалық ойынды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын арттырып, оқушының танымдық белседілігін арттырып, қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастырып, ынтасын күшейтеді. Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жоқ. Сабақ материалының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әр қилы ойын ойлап табуына болады. Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтын, бірақ балалардың бойында ықылас, есте сақтау, байқағыштық, назар аударғыштық сияқты басқа да бір психикалық процесті, қасиеттерді дамытуға бағытталған ойынның түрлерін мұғалім ұмыт қалдырмауға тиіс. Дидактикалық ойындарға сабақ материалын тереңдетуге және бекітуге арналған ойындар жатады. Оқушылар дидактикалық ойын кезінде сабақ мазмұнындағы оқиғаны әңгімелейді. Тәжірибеден байқалғаны дидактикалық ойындар баланың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды. Бұл ойындар алған білімді бекітуге ықпал жасайды. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек. Оқу жылы басталғанға дейінгі уақыт ішінде бастауыш сынып мұғалімдері жыл бойы бағдарламалық материалға сәйкес ұйымдастырылатын дидактикалық ойындарға қажетті құрал-жабдықтарды жинақтауы, олардың негізгі түрлерін жан-жақты зерттеп, өзгешеліктері мен ерекшеліктерін анықтауы, демонстрациялық және дидактикалық материалдарды ерте бастан қолға алған жөн. Олардың қатарына мыналар жатады: демострациялық екі қатарлы қалталы полотно немесе екі қатарлы сөре және әр оқушының жеке қалталы полотносы, үстері, өлшемдері, пішіні әртүрлі және бірдей заттар, олардың жиынтығы, заттың суреттері, 34


ойыншықтар (қуыршақтар, машиналар, самолеттер т.б.), дидактикалық қима материалдар (цифрлар, таңбалар, әріптер, геометриялық фигуралар), санау шыбықтарының, түрлі-түсті шыбықтардың және кестелер мен үлестірмелі карточкалар, ұсынылатын материалдардың мәтінін. Дидактикалық материалдар жинақтау мұнымен шектелмейді. К.Д.Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын – балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс -әрекет көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады». Сонымен қатар К.Д.Ушинский: «Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс - әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан, әсіресе бастауыш сыныптарда оқыту барысында әртүрлі оқыту әдісдері мен формалары алмастыра отырып қолдану керек» - дейді. Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасын мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдаларын қалыптастыру үшін сабақтарда дидактикалық ойын түрлерін пайдалаудың орны ерекше. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан ұстаздар бұл ойындарды белгілі талапқа сай ұйымдастырып отырулары қажет. Көрнекті педагог К.Д.Ушинский: «… өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі, белсенділігін оята білуі мұғалімнің көрсеткіші» дейді. Мұғалім – мектеп өміріндегі басты тұлға. В.А.Сухомлинский: «Мұғалім өзінің жалпы білім деңгейін көрсету үшін - өзі оқитын пәнді терең білу, педагогикалық мәдениеті мен шеберлігін дамыту үшін әдебиеттерді үнемі оқып отыру керек. Мұғалім әр уақытта әсіресе осы заманға техникалық процесс заманында өзін шәкірт ретінде ұстаса , білім үстіне білім, дағдысына дағды қосып отырса, шәкірттердің ішінде оған еліктеушілер аз болмайды» – дейді. Мұғалімнің міндеті - ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау. Дидактикалық материалдағы ойындар бастауыш сынып оқушыларының меңгеруіне қиындық келтірген жағдайда мұғалім өз шығармашылығын пайдаланып, әр алуан ойындарды құрастырады. Ойын түрлерін бастауыш сыныптарда әр мұғалім күнделікті жұмысында дидактикалық «дересізден - деректіге, жеңілден – ауырға, жақыннан – алысқа» – дегенді негізге ала отырып, бірте – бірте күрделендіре жүргізуіне болады. К.Д.Ушинский: «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады» – деп мұғалім жұмысының күрделілігін көрсетеді. 35


Мұғалім турасында Әл – Фараби: «Ұстаз білімді, өмірге құштар, әділ, қажет десеңіз ержүрек болуы керек» дегенді айтты. Мұғалім ойын әрекеттеріне балаларды үйрету керек. Тек сол жағдайда ғана ойын оқыту сипатына иеленіп мазмұнды болады. Ойын әрекеттеріне үйрету ойында алдымен байқап көру, әрекеттің өзін көрсету, бейнені ашып көрсетіп беру арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойын сонымен бірге кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Дидактикалық ойында балалардың ойын әрекетіне тән құрылым элементтерінің бәрі: ой – ниет (міндет), мазмұн, ойын әрекеттері, ереже нәтиже бар. Дидактикалық міндеттің болуы ойынның оқыту сипатын, оның мазмұна балалардың танымдық әрекетін дамытуға бағытталғанын атап көрсетеді. Сабақта міндеттің тікелей қойылуынан өзгеше дидактикалық ойында ол баланың өзінің ойындық міндеті ретінде де туады. Дидактикалық ойынның зор маңызы балалардың дербестігін және ойлау мен сөйлеу белсенділігін дамытатыдығында. Дидактикалық ойын элементерінің бірі – ережелер. Ережелер оқыту міндеті мен ойын мазмұнына қарай белгіленеді және өз тарапынан ойын әрекеттерінің сипаты мен тәсілін белгілейді, балалардың мінез – құлқын, мұғалім мен балалардың өзара қарым – қатынасын ұйымдастырады және бағыттайды. Ережелердің көмегімен ол балалардың өзгеріп тұратын жағдайын бағдарлау, тікелей өз талабын тежей білу, эмоциялық – еріктік күш жұмсау қабілетін қалыптастырады. Мұғалім белгілейтін ойын ережелерін балалар бірте – бірте меңгереді. Соларды бағдарлай отырып, олар өзінің және жолдастарының ойын үстіндегі әрекеттерінің, қарым-қатынастарының дұрыстығын бағалайды. Ереженің дұрыстығы бұзылғанда, наразылық білдіріп балалар: «Ол ереже бойынша ойнап тұрған жоқ»,- дейді. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек. Оқу жылы басталғанға дейінгі уақыт ішінде бастауыш сынып мұғалімдері жыл бойы бағдарламалық материалға сәйкес ұйымдастырылатын дидактикалық ойындарға қажетті құрал-жабдықтарды жинақтауы, олардың негізгі түрлерін жан-жақты зерттеп, өзгешеліктері мен ерекшеліктерін анықтауы, демонстрациялық және дидактикалық материалдарды ерте бастан қолға алған жөн. Олардың қатарына мыналар жатады: демострациялық екі қатарлы қалталы полотно немесе екі қатарлы сөре және әр оқушының жеке қалталы полотносы, үстері, өлшемдері, пішіні әртүрлі және бірдей заттар, олардың жиынтығы, заттың суреттері, ойыншықтар (қуыршақтар, машиналар, ұшақтар т.б.), дидактикалық қима материалдар (цифрлар, таңбалар, әріптер, геометриялық фигуралар), санау шыбықтарының, түрлі-түсті шыбықтардың және кестелер мен үлестірмелі карточкалар, ұсынылатын материалдардың мәтінін. Дидактикалық материалдар жинақтау мұнымен шектелмейді.

36


Дидактикалық ойынның нәтижесі – қандай жолмен болсын, әйтеуір ұтып шығу емес, балалардың білімді игеруде, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктері дәрежесінің көрсеткіші. Ойынның міндеттері, әрекеттері, ережелері , нәтижесі өзара байланысты, сондықтан осы құрамдас бөліктердің тіпті біреуінің жоқтығы да ойынның тұтастығын бұзады, оның мұғалім ықпалын төмендетеді. Дидактикалық ойындарға ойдағыдай басшылық жасау алдымен ойынның бағдарламалық мазмұнын таңдап алуды және ойластыруды, міндеттерді айқын белгілеуді, оның тұтас оқыту мен тәрбие процесіндегі орны мен рөлін, басқа ойындармен және үйрету формаларымен өзара байланысын анықтауды көздейді. Басшылық балалардың таным белсенділігін, дербестігі мен инициативасын дамытуға және көтермелеуге, оларды ойын міндеттерін шешудің түрлі тәсілдері қолдана білетін болуына бағытталуы тиіс, ойынға қатысушылардың арасында ізгі қатынастарды, жолдастарына көмектесуге әзір тұруды қамтамасыз етуі керек. Дидактикалық ойында көрнекілікті, мұғалімнің сөзін, балалардың сөз әрекеттерін ойыншықтармен, оны құралдарымен, заттармен, суреттермен ұстастыру қажет екенін ескеру керек. Көрнекілікке мыналар жатады: 1) Балалар ойнайтын және ойынның материалдық орталығы болып табылатын заттар; 2) Заттарды және олармен не істеу керек екенін бейнелейтін, заттардың неге арналғанын, негізгі белгілерін, материалдық қасиетін айқын көрсететін суреттер; 3) Ойын әрекеттерін және ойын ережелерін орындауды нақты көрсету және сөзбен түсіндіру. Ойын әрекеттерін мұғалімнің көрсетіп беруі, сын жүрісі, мадақтау, житондар, фишкалар, бағалау белгілері – осының бәрі де ойынды ұйымдастыру және оған басшылық ету үшін пайдаланылатын көрнекі құралдар қорына жатады. Дидактикалық ойын оқыту әдістерінің бірі ретінде режимде оқуға бөлінген уақыт кезінде өткізіледі. Ойынды белгіленген уақыт ішінде өткізу үлкен өнер. Дидактикалық ойындар кейде оқудың алдынан өткізіледі; мұндағы мақсат сабақтың мазмұны болатын нәрсеге балалардың ынтасын туғызу. Балалар іс - әрекетінің дербестігін күшейту, ойын әрекетінде игерілген нәрсені қолдануды ұйымдастыру, қорытынды шығару, оқу сағаттарында өткен материалды қорыту қажет болған кезде ойын мен оқу кезектесуі мүмкін. Бастауыш сынып сабақтарында дидактикалық ойындарға ерекше орын беріліеді. Дидактикалық ойындарда қойылған оқу міндеті балаларға білім алу мақсатын түсіндіріп, таным ынтасын дамытады, сонымен қатар қажетті деңгейде білім, білік, дағдыларын қалыптастырады. Қорыта келгенде, нәтижесі осындай оқытуға мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс - әрекеттерінің тәсілдері арқылы жетуге болады. мұндай тәсілдердің ішінде, әсіресе оқушыларда біліктер (білім негізінде оқушының белгілі әрекеті орындай алу бейімділігі) мен дағдыларды (әрекеттің саналы 37


түрде автоматтану дәрежесіне жетуі) қалыптастыратын ойын әдістерінің алатын орны ерекше. Бастауыш сыныптың жеке пән сабақтарында оқушыларды білік пен дағдыны қалыптастыратын әдістердің бірі және оқыту технологиялары ретінде дидактикалық ойындар өзіндік орынға ие болады. 5. Дидактикалық ойындар және бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда жеке пән сабақтарында пайдалану Бала шыбық. Қалай исең солай майысады. Оны тәрбиелеп оқыту, мінсіз азамат етіп жеткізудің кілті ұстаз бен ата-ананың қолында. Шәкіртке тиянақты білім беру мұғалімнің ізденісі мен шеберлігін қажет етеді. Мұның өзі балалардың ойын баласы екендігімен байланысты. Сондықтан оларға тартымды болу үшін тақырыпқа сәйкес ойындар тартымды болу үшiн тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып, сабақ барысында ұтымды пайдалану керек. Сонда ғана баланың сабаққа деген ынтасы, белсендiлiгi артады. Соның нәтижесiнде балаға қажеттi бiлiм, бiлiк, дағдылары өз деңгейiнде қалыптасады. Ойын баланы байқағыштыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, тез ойлап шешiм қабылдай бiлуге баулиды. Оқыту – шәкiрт пен ұстаздың өзара бiрлесiп, ынтымақтасып жасайтын ортақ iс-әрiкетi. Оқыту мұғалiмнiң тәлiм-тәрбие берудегi басты әрекетi болса, оқу - шәкiрттiң дүниенi танып - бiлуге бағытталған өзiндiк әрекетi. Қысқаша айтсақ айтсақ, оқу - еңбек әрекетiн орындау қажеттi бiлiм, дағды икемдiлiктер жүйесiн игеру үдерісi. Сөйтiп, оқу мен оқыту, бiр-бiрiмен тығыз байланыс – күрделi әрекет.оқу да, оқыту да қалай болса солай жүргiзiлмейдi, олар белгiлi мақсат көздеп, жоспармен жүйелi түрде ұйымдастырылып, жүзеге асады, олардың өзiне тән әдiстерi мен сабақ жүргiзу формалары, сондай-ақ әр түрлi нәтижелерi болады. Оқу арқылы шәкiрт бiртiндеп бiлiм, дағды икемдiлiктердi, тиiстi ғылыми ұғымдарды меңгередi, мұның нәтижесiнде оның жан қуаттары (ес, ойлау, қиял) эмоция, ерiк-жiгер т.б. процестерi дами түседi. Шәкiрттiң бiлiм меңгеруi, мұғалiмнiң сабақ оқытуы, екеуi де – «инемен құдық қазғандай» қиын нәрсе. Мәселен, мұғалiм оқушыға бұрыннан таныс нәрсенi ығыр қылып айта берсе, осы жағдайда баланың ақыл-ойының ілгері дамуы тежеліп, кейде тiптi оқудан жиркенушiлiктi туғызуы мүмкiн. Сондықтан ұстаз әр кез шәкiрттiң рухани тiлектерiн, таным белсендiлiгiнің сұранысын ұдайы қанағаттандырып, оның табиғатты, өмiрдi, адамдар еңбегiн бiлуге құштарлығын түрлі себептер жасап оятып, дамытып отыруы қажет. Елiмiздiң озат, жаңашыл ұстаздары өз тәжрибелерiнде педагогика, психология ғылымдарының соңғы жетiстiктерiн тиiмдi пайдалану арқылы сабақ үдерісінің нәтижелiлiгiн жетiлдiре түсуде. Олар бәрiнен бұрын сабақтың құрылымына ерекше көңiл бөлiп жүр. Мұның бір ұтымды жолы – оқу үдерісінде дидактикалық ойындарды ойындарды тиімді пайдалану. Ойын балалар сабақта зерігіп, шаршаған кездерде сергіту мақсатында ғана емес, оларға берілген негізгі ұғым, түсініктерді берік меңгерту мақсатында жүргізіледі. Ойын арқылы оқушы 38


өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады. Дидактикалық ойынның ырғағын сақтау мұғалімнің шеберлігін танытады. Ойын тым тез қарқынмен жүргізілсе, оған көпшілік балалардың ойы ілесе алмай, басқалардың сөз бен ісін түсінбей қайталайтыны, ал ойын жай сылбыр жүргізілгенде оған деген ынта ықылыстың күрт кеміп кететінін көрсетті. Сабақ материалына лайықталынған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекеттерімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ойластырылуы керек. Мәселен, ойынды жарыс түінде өткізу, аралық және ауытқу нәтижелерін көрсету үшін сигналды карточкаларды, т.б. әртүрлі шартты белгілерді: кеспе цифрлар мен таңбаларды, жұлдызшаларды және т.б. заттарды пайдалану. Сонымен бірге ойын түрлеріндегі көрнекі құралдары да сабақтың қай кезінде өткізілуіне орай өзгеріп тұру керектігін ескерген жөн. Мысалы, жаңа материалды баяндау кезінде ұйымдастырылатын ойындарда оқушылар нақты заттардың тобын немесе олардың суретін пайдаланып, тәжірибелік тұрғыдан жұмыс істеу керек болса, ал өткенді тиянақтау кезінде ұйымдастырылатын ойындарда көрнекіліктің шектеулі болуы мүмкін, ендеше есептеу тәсілдерін дауыстап айтуға немесе оны іштей қайталап отыруға баса көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойынды пайдалану жиілігін мұғалім анықтайды және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалдарды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кезкелген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын үдерісі мен оқу үдерісі бір-біріне етене үйлесімді әрі ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу үдерісінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі. Мектептегі оқыту - тәрбиелеу ісін түбегейлі жаңартуда сүйенетін басты принциптердің бірі – оны ізгілендіру. Ал ізгілендіру әр тәрбиеленушіні, оқушыны өз зияткелігін қалыптастыруда белсенді ат салысып, оқу-тәрбие қызметінде басты рөл атқарушы ой иесі деп қарастыруды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезде мектепке дейінгі оқу мекемелері мен бастауыш білім беру кезеңінің алдындағы маңызды міндеттерінің бірі – баланы қисынды (логикалық) ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту, оның өз бетімен ізденушілік, ұмтылушылық дағдыларын қалыптастыру. Ойлау қабілеттері дегеніміз – балаға жаңа білімдер мен дағдыларды тез және жеңіл үйренуге мүмкіндік беретін психологиялық қасиеттерде, ал шығармашылық қабілеттері дегеніміздің өзі байқағыштық салыстыра білу, 39


іздемпаздық, саналылық, түрлендіре білу сияқты балаға ең қажетті қасиеттер екені белгілі. Педагогикалық зерттеулерге сүйенсек, мектепке дейінгі балалардың шығармашық даму, ойлау қабілеттерінің біршама жоғары дәрежеде болатындығын, яғни олар заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың ішкі байланыстарын жақсы қабылдауға мүмкіндіктері бар екенін байқауға болады. Аталмыш қасиеттерді тек оқу үдерісі арқылы ғана емес, сонымен қатар ойын ойнау кезінде де, әсіресе арнайы ұйымдастырылған ойын барысында да баланың бойында қалыптастыруға болатыны қазіргі педагогика ғылымында дәлелденіп отыр. Ойын көбнесе мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжерибелерін алғаш өз бететрінше практика жүзінде іске асыруы. Ойынның өзінің жүру барысына, мақсатына, мазмұнына қарай бірнеше түрлері бар. Олардың ішінде, әсіресе, дамытушы ойындардың оқу-тәрбие ісінде атқаратын ролі зор. Осы дамытушы ойындарға ерекше көңіл бөліп және тәжірибелерінде жемісті нәтижеге жеткен жаңашыл педагогтардың бірі – В.П.Никитин. Ол өзінің «Ступеньки творчеста», «Ступеньки творчества или развивающие игры» (Москва-1991 год.) деген кітаптарында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін әдейі ойластырылған ойындар туралы әңгімелейді. Бұл ойындардың ерекшелігі – олардың әртүрлілігі тапсырмалардың біртіндеп қиындай түсе отырып, мектеп жасына дейінгі баладан бастап ересек адамға дейін қамти алуы. Сонымен бірге, бұл ойынды бала дара да, екеулеп те, ұжым болып та ойнай беруге болатындығы. Балаларды оқытудың және тәрбиелеуде ойынның мәні педагогикалық жүйеде бұрын да, қазір де қарастырылып отыр. Алдыңғы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрект деп түсінеді. Чех педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) ойынды баланың ең қажетті табиғатына және бейімділігіне ең жауапты түрі деп санайды. «Оқу құралдарының мінезі – мектеп мінезінің айнасы» – деп атақты ұлы педагог-психолог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, балаларға беретін білім, тәрбие жолына пайдаланылатын әдістемелер мәнді, жұмыр болуы керек. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп, ойын ұйымдастыру қажет. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықталып, талабын шабытттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысаарлықтай нәрсе болуы керек. Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың өсуімен қатар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп отыратыны да белгілі. Түрлі халықтардың және қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде балалар ойындарын ұзақ қадағалау олардың мазмұнын зерттеу ойынның негізгі қайнар көзі – адамдардың әлеуметтік өмірі, баланың, оның отбасының 40


тіршілк жағдайы деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ойынының негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді, адамдардың қимылын, ісәрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында - бөлме, теңізде, метро станциясы да, темір жол вагоны да және т.б. болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді. Мектеп балаларымен оқу сабақтарындағы ойын элементтері мектепке дейінгі балалар іс-әрекетінің негізгі түрі бола отырып, ойын бастауыш сынып оқушыларының өмірінде маңызды орын алады. Ол бастауыш сынып оқушыларының негізгі іс-әрекеті – оқудың маңызды құрамды бөлігі ретінде басшылыққа алынып қаралады, ойын элементтері оқушылардың оқу әрекетін жандандырады, еңбекте дербестік пен белсенділігін, жолдастық пен өзара көмекті дамытуға жол ашады. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы. Оқушылардың білуге, тануға деген мүмкіншіліктері мен ынтасын толық пайдалану және оларды оқу үдерісіне үздіксіз енгізіп, дамыту, сабақ үстінде алған білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін, сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше, ойын оқушылардың сабаққа қызығушылығын, түсінбегенді түсінуге мүмкіндік туғызады. Сондықтан мұғалім сабақты оңайдан бірте-бірте қиындата түскені жөн. Бастауыш білім беруде оқытуды жетілдіру жолында ғалымдар, жаңашыл педагогтар, мұғалімдер еңбек етуде. Олардың ғылыми еңбектерін зерттеу жұмыстарын саралағанда берік білім берудің, оқу белсенлігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екендігін байқатады. «Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»,- деп жазады Ж.Аймауытов. Сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындардың маңызы, алатын орны жөніндегі К.А.Оразбекованың «Алты жасар балаларды оқытып тәрбиелеуде дидактикалық ойындардың ролі» (1988), «Ойынның психологиялық сипаты» (1990), «Дидактикалық ойындардың маңызы» (1988) атты мақалаларында жарық көреді. Сонымен қатар Ш.А.Амонашвилидің «Алты жастан мектепте», «Дидактикалық ойындар» мақалаларында ойынның баланы оқытудағы өзектілігін көрсетті. Сонымен бірге Байқуатова, Б.Жүзбаева, Д.Қалыбеков, Н.С.Лысенкова, Р.Бекболсынова, Р.Жұмаділдина, Н.Дакимова, Р.Белгібаева, А.Әбішева сынды педагогтарымыз дидактикалық ойындарды оқытуда қолданылатын тиімді әдістердің бірі дей келіп, оның олардың жолдарын үлгілерін көрсетіп берді. Дидактикалық логикалық бағыттағы ойындарға математикалық логикалық тапсырмалар, жұмбақ есептер, жаңылтпаштар, санамақтар сонымен қатар қазіргі техника жетістігі – компьтерлік ойындар жатады. Мысалы, математика сабақтарында қолданылатын логикалық тапсырмалар «Неше ағайынды ?» Ерланның бір інісі, бір ағасы болса, олар неше ағайынды? 41


Жауабы: олар үш ағайынды. «Жалғастыру ойыны» Екі топ кезекпе-кезек жауап беріп ойнайды. - Егер қызыл қарындаш … (қызыл қарындаштан қысқа), - Егер қара тауық ақ тауықтың артында келе жатса, онда ақ тауық қара тауықтың …(алдында келе жатыр) Ескерту: Мұғалім сұрақтарды өзі жалғастырады. Не оқушыға бір-біріне сұрақ қойғызады. «Шырпы» Жанар бір шырпы сатып алса, бір теңгесі қалады, екі шырпы сатып алса, бір теңгесі жетпейді. Жанардың неше теңгесі бар? (3 теңгесі бар) Жұмбақ – жаңылтпаштар. Бізде қанша мысық бар? Бізде қанша күшік бар? Менде де бар Бір мысық, Сенде де бар – Бір мысық. Менде бар да көк күшік, Сенде мүлде жоқ күшік. Бізде қанша күшік бар? Бізде: Қанша күшік бар? Шешуін тез таба алсаң, Сен мендегі күшікті ал! Санамақ. Ал санайық, санайық, Оң қолдың енді біреуін, Сан сырына қанайық. Тағы да еппен жұмайық, Бір саусақты жұмайық, «Алты сан»,- деп ұғайық, «Бір саны»,- деп ұғайық! Екіншісін жұмайық, Екі саусақ жұмайық «Жеті сан»-деп ұғайық! «Екі сан»,- деп тынайық! Үшіншісін жұмайық, Үшіншісін жұмайық, «Сегіз ғой»- деп тынайық! «Үш саны»,-деп шығайық! Тағы бәрін жұмайық, Тағы бірін жұмайық, Жұдырықты жұмайық, «Төрт» санына алайық. «Он болады»-деп ұғайық. Жұдырықты жұмайық, «Бес болды»,- деп ұғайық. Соңғы кездері, әсіресе, қала балаларының қызыға ойлайтын ойындарының бірі – компьтерлік ойындар. Жас балаларының компьтерлік ойындарға деген құштарлығы баршамызға аян, компьтермен ойын ойнаған баланы одан айырып алу өте қиын. Бұдан компьтерлікойындарды ойнау балаға не береді, оның қандай пайдалы, зиянды жақтары бар деген сұрақ өзөзінен туындайды.. Біріншіден, компьтермен ұзақ жұмыс жасау жас бала түгілі ересек адамдарға да зиянды. Арнайы жүргізілген медициналық зерттеу 42


компьютермен алты жастан бастап жұмыс істеуге болатындығын, оның өзінде де жұмыс уақыты 10-15 минуттан аспау керек екенін дәлелдейді. Оның үстіне компьютерлік ойындардың көпшілігі қуғыннан қашып құтылу, белгілі бір обьектілерді дер кезінде жою, бұрып секіре білуге дағдыландыруға арналған. әрине, бұл айтылған мәселелерді баланың компьютермен ойнауына тиым салу арқылы шешуге болмайды, өйткені қанағатттандырылмаған қажеттіліктің адам психикасына тигізетін үлкен зиянды жері бар екенін психологтар дәлелдеп отыр. Ендеше педагогтардың алдына қойған мақсат – балалардың компьютерге, компьютерлік ойындарға деген қызығушылығын, қажеттіліктерін таным процесіне, оның ішінде өз бетінше шешім қабылдап, іздене білу, икемді ойлай білу дағдыларын қалыптастыруға пайдалану. Компьютердің көп функциональды ғажайып мүмкіндігін (әсіресе түрлі-түсті мультификациялы) осы осы аталған мақсатқа пайдалана біліп ұйымдастырғанда ған,оқыту дың жаңа информациялық технологиясын жасады деуге болады. Мұндай білікті дағдылары ерте қалыптасқан жас жеткіншек қана бүкіл білім беру ісінің түпкі мақсаты болып отырған жанжақты үлесімді дамыған жеке тұлға болып шығады. Балаларға арналған әрі ойын, әрі оқыту ортасы болып табылатын Лого жүйесін жасаушы ғалым С.Пейперт атылып отырған мәселеге сәйкесті өзінің өмірімен мынадай мысал келтіреді. «Бала кезімде сағат механизмдерінің жұмысын бақылағанды жақсы көруші едім, кейін көбейту жүйесін игергенде, сызықты теңдеулерді шешуде мен осы мәселелердің арасынан ұқсастықты таптым, сөйтіп, ол маған материалды оңай меңгеруге мүмкіндік туғызды», - дейді. Бұдан байқағыштық, салыстыра білу, елестету қасиеттері жақсы қалыптасқаноқушының кез-келген мәселелерді шешуде дұрыс, нақты шешім қабылдай алатынын көруге болады. Компьютерлік ойындардың ішінде дамытушы, интеллектуальды ойын түрінің тәрбиелік мәні зор. Бұл ойындар балалардың логикалық ойлауына, зерттеу жұмысына керекті дағдылардың, шығармашылық қуыттың қалыптасуына бағытталған. Мұндай ойындардың мысалы ретінде ғалым педагогтар; В.Болтанский мен В.Рубцовтың құрастырған «Геометриялық комбинаторка» атты компьютерлік дамытушы ойындарыналуға болады. Бұл ойындар бастауыш сынып оқушыларына арналған және балалардың геометриялық түсініктерін кеңейтіп, алғаш аудан жөнінде түсінік береді. Алғашқыда әр түрлі пішіндегі бұйымдарды шаршы етіп толтыруға байланысты тапсырмалар беріледі. Мысалы: «Т» әріпінің төмен қараған, берілген фигураны шаршы етіп, толтыруға болатынын түсіну қиын емес. Бұл тапсырма оңай, ал бала үшін қызықты және ең бастысы – балаға өз бетінше шешім қабылдап, жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл баланы жалпы ойлаудан нақтыға, нақтыдан жалпы ойлауға жетелейді. Бұдан әрі балаға берілетін тапсырмалар қиындай түседі. Ойынның соңында, баланың өзіне шаршылардан кез-келеген фигура құрастыру тапсырылды. Бұл тапсырма да қиын емес бұл баланың құрастырғыштық және 43


шығармашылық қасиеттерінің кеңейюіне, қисынды (логикалық) ойлауына, геометриялық түсініктерінің кеңеюіне септігін тигіеді. Компьютерлік дамытушы ойындарды пайдалану, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру методикасын жасау, оның дәстүрлі әдістермен үйлесімін қамтамасыз ету де өз алдына зерттеуді қажет ететін дүние. Сөздік – дидактикалық бағыттағы ойындар балалардың ойлау және сөйлеу белсенділігін дамытады. Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» деген ойында балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін міндетін алға қояды. Ойынның міндеті – қалпақтың астында не бар екенін білу. Бала дұрыс тапса мадақтау қағазын алады. Педагог ойынға қатысушы ретінде бірінші қалпақты көтеріп, оның астындағы ойыншық, математика сабақтарында геометриялық фигура туралы айтып береді, оны сипаттаудың үлгісін көрсетеді. Мәселен, үшбұрыш болса, онда фигураның аты үшбұрыш, оның үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар, түсі мынадай деп сипаттайды. Егер ойнаушы бала олай сипаттауға қиналса немесе белгілерін аз көрсетсе, онда оған: «сиқырлы қалпақтың сыры ашылмай қалды»,- деп қозғау салады. Ойын міндеті кейде ойын атының өзінен көрініп тұрады: «Ғажайып дорбаның ішінде не бар екенін білейін», «Кім қай үйде тұрады?», сияқты ойын әрекеттері балалардың ойынға деген ықыласын, ойын міндетін орындау түрлерін күшейте түседі. Ол әрекеттер неғұрлым алуан түрлі, мазмұндырақ болса, ойынның өзі балаларға соғұрлым қызықты болып, таным және ойын міндеттері соғұрлым жақсы шешіледі. Оқушылардың сөздік қорын байытуда сөздік дидактикалық ойындар ерекше орын алады. А.Байтұрсынов бала тілін дамытуда сөз үйретіп, сөздік қорын молайту мақсатында тиімді әдістер қолданған. Атап айтқанда, ол баланы ойната отырып, ойлантатын әдістер қолданса, екіншіден, сөздердің құрлымдық жақтарын бала ұғымына түсінікті ойын тәсілімен жеткізуді талап еткен. Мысалы, оның «оқу құралында» да, кейінгі «әріп-биінде» де сөздерден сөйлемдер, жаңылтпаштар құратуға арналған «Ермек – еңбек» ойын тапсырмалар, «сын атына - зат аты», «кім табады?», «тапқан жабады, таппаған жазады» жаттығуы балаларды ойландырып, керекті сөздерді тауып, оны бір-бірінен айыра, салыстыра білуге үйрететін тәсілдер деуге болады. Нәтижесінде балалардың қызығушылығы артып, сөздік қоры көбейе түседі. Ойын әрекеттеріне балаларды үрету керек. Тек сол жағдайда ойын оқыту сипатына иеленіп мазмұнды болады. Ойын әрекеттеріне үйрету ойында алдымен байқап көру, әрекеттің өзін көрсету, образды ашып беру сияқтылар арқылы жүзеге асырылады. Ойын әрекеттері үнемі көрінетін сипатта бола бермейді. Бұл мақсатты түрде бағытталған түсіну, байқау, салыстыру процесінде білінетін ой әрекеттері, кейде бұрын игергенді еске салу, ойлану. Өзінің күрделілігі жағынан бұлар алуан түрлі және танымдық мазмұны мен ойын міндеттерінің дәрежесіне, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты болады. Дидактикалық - құрылыс бағытындағы ойындар – балалар іс-әрекетінің бір түрі, оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарға 44


және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны қайсібір жағынан сюжетті – ролді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің шығармашылық ойын, конструкциялық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді. Сюжетті-ролді және құрылыс ойындарынң бір ұқсастғы, екеуі де, балаларды ортақ мүдде, бірлескен қызмет негізінде біріктіреді және ұжымдық ойын болып табылады. Бұл ойындардың арасындағы айырмашылық мынада: сюжеттік-ролді ойында алдымен түрлі құбылыстар бейнеленеді және адамдар арасындағы қарым-қатнастар игеріледі, ал құрылыс ойындарында негізгі нәрсе адамдардың тиісті қызметімен, қолданылатын техникамен және оның пайдаланылуымен таныстыру болып табылады. Құрылыс ойындарының білімділік, тәрбиелік және дамытушылық әсері оларда бейнеленетін құбылыстардың иеялық мазмұнында, балалардың құрлыс тәсілдерін меңгеруде олардың конструкторлық ой-өрістерінің дамуында, тілдерінің баюында, оңды қарым-қатынастардың нығаюында. Бұл ойындардың ақыл – ой дамуына әсері құрылыс ойындарының түпкі ниетінде, мазмұнында қандай да бір ақыл-ой есебі болуымен анықталады., оны шешу алдын ала ойлануды: не істеу керек, қандай материал керек, құрылыс қандай жүйемен жүруге тиіс екенін анықтап алуды керек етеді. Құрылыс ойындары барысында мұғалім балаларды бақылауға құрылыстардың бір бөлігін басқа бөліктерінен ажыратуға, салыстыруға, ара қатынасын, қырылыс тәсілдерін есте сақтап, елестетуге, іс-әрекеттің жүелілігіне назар қоюға үйретеді. Мұғалімнің басшылығымен балалар геометриялық денелердің аттарын, кеңістік қатынасын білдіретін сөздерді: биік-аласа, оңға-солға, жоғары-төмен сияқты сөздерді игереді. Құрылыс ойындары балалардың эстетикалық тәрбие алуына және дамуына көмектеседі. Құрылыс ойындары балалардың дене тәрбиесі үшін де маңызы зор. Оларда баланың алуан түрлі қимыл белсенділігі көрінеді. Қимылдардың икемділігі, ептілігі дамиды. Қолдың майда бұлшықтарын, көз мөлшерін дамытудың айрықша маңызы бар. Олар шама-шарқынша күш жұмсайды, шыдамдылық көрсетеді. Құрылыс ойындары үшін материалдардың арнаулы жиынтығы жасалған, олардың құрамында алуан түрлі денелер (кубтар, кесінділер, призмалар, цилиндірлер, конустар, жарты шарлар), қосымша материалдар (пластиналар, тақтайлар, арқалар, сақиналар, трубалар) мен құрылыстарды көркемдеуге арналған көмекші материалдар бар. Құрылыс ойындарынды жай кәдімгі сюжетті бейнелі ойыншықтар да пайдаланылады. Табиғи материалдар да: саз, құм, қар, ұсақ тастар, қарағай түрлері, қамыс кеңінен қолданылады. Сонымен, құрылыс ойындарының үйретуші және тәрбиелеуші ықпал жасауының маңызды шарты балалардың шығармашылық өнерпаздығын сақтай отырып, ойындарға басшылық ету, балалардың техникаға ықыласын 45


дамыту көрнекі құралдарды (илюстрацияларды, фотографиларды, жәй ғана техникалық суреттерді) пайдалану, жазық бейнені көлемді құрлысқа көшіру тәсілдерін үйрету болып табылады. Заттың дидактикалық бағыттағы ойындар, олар дидактикалық ойыншықтар мен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. Педагог осы мақсатпен ойыншықтар, суреттер, түрлі заттар таңдап алады. Ойын кезінде сыныптағы, топтағы барлық балалар көруі үшін ойыншықтар үлкенірек болуы тиіс. Ойынға қуыршақ, транспортты, жануарларды, құстарды, ыдыс-аяқтарды бейнелейтін басқа да көптеген ойыншықтар енгізіледі. Бұл ойыншықтар «Ғажайып дорба» ойынының «Дүкен» ойынының, жұмбақ жасыру ойнының міндетті жабдықтары болып табылады, олар сипаттамасына қарай қандай ойыншық туралы сөз болып тұрғанын табу, қайсыбір белгісіне қарай ойыншыты іріктеп алу керек болған кезде пайдаланылады. Сондай-ақ алуан түрлі техникалық ойыншықтар мен техникалық құралдарды; телевизор, магнитафон және т.б. пайдалану қажет. Бұлардың бәрі де осы заманға баланың талаптарына сай келеді; ойынды неғұрлым жоғары дәрежеге көтереді, ережелер мен ойын әрекеттерін түрлендірді және педагогтың дидактикалық міндеттері ойдағыдай шешуіне көмектеседі. Заттық ойындар. Әдістемелік жағынан тиімді әрі қызықты ойынның бірі – «Жасырынбақ» немесе «Не өзгерді?». Бұл ойын барысында үстелдің үстіне неше түрлі ойыншықтар, жемістер, қалам, қарындаштардың немесе олардың суреттері қойылады. Бір оқушы тақта алдына шақырылады. Ол үстел үстінде жатқан заттарды қарайды да көзін жұмып, теріс қарап тұрады. Сол кезде үстелдегі заттардың бірін жасырып қойылады. Оқушы үстелге жақын келіп ненің жоқ екенін табу керек. Ойын осы тәсілмен әрі қарай жалғаса береді. Ойындар оқушыларды байқағыштыққа тәрбиелейді. Демек, оқышыға білім берудің негізі – үйретуден, затты таныту арқылы танымдық материалдармен таныс тырудан басталатынын көруге болады. Сонымен қатар, заттың үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындарға лото, домино сияқты сурет тектес алуан түрлі ойын құралдары жатады. Балаларға мазмұны түсінікті ойындар керек. Лото карточкаларында, жұптас суреттерде, қомқа кітапшаларды ойыншықтардың, күнделікті тұтынатын заттардың, көліктің ең қарапайым түрлерінің, жемістердің бейнесі салынады. Негізгі картаға сай келетін жұп суреттерді іріктеп алу, бейнеленген заттарды атау, оның қандай да бір қасиетін айтып беру балалардың сөздік қорын, қысқаша түсіндірме сөйлеу тілін дамытуға көмектеседі. Ойыншықтың балалар өмірінде үлкен роль атқаратынын Н.К.Крупская атап көрсетті. «Балдырғандарға арналған ойыншықтар туралы» мақаласында ол былай деп жазды: «Біз балалар ойыншығы туралы мәселеге ересек адамға қандай ойыншық ұнайды деген тұрғыдан қарай алмайиық. Біз ойыншық туралы меселеге балаға не ұнайды және оған не керек деген тұрғыдан қарауға тиіспіз». А.М.Горький балаларға дүние жүзі туралы, өз елі туралы білім беру қажет екенін айта келіп, былай деп жазды: «Бұған қызықты, ақылды және 46


қарапайым жазылған шағын кітап арқылы әбден жетуге болады, ал қызықты ойыншық арқылы жету одан даоңашырақ». Бастауыш сынып оқушыларының ойындарының басты ерекшелігі – оның ұжымдық сипатта болатындығы. әрине, жеті-сегіз жасар балалардың ойын ұжымы әлде де тұрақсыз болады. өйткені бұлар ұжымдық өмір сүруге әлде де жөнді дағдыланбаған, мұндай ұжымның құрамы екі-үш баладан аспайды. Ал үшінші, төртінші сынып оқушыларының ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы – бала ұжымын құрастыруға таптырмайтын құрал. Бұл ұйымдар баларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысының ортақтасуға тәрбиелейді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсіне бастайды. өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, өкпешілдік, қыңырлық) ұялып, одан арылғысы келеді. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына да әсер етеді. Мәселен, орман ішінде, табиғат аясында ойланған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан-жануарлардың өміріне қызығушылықты қалыптастырады. Сонымен қатар барысында қолнанылатын топтың ойынын балаларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке тәрбиелейді. Дидактикалық ойындырдың тағы бір бағыты сюжетті-ролдік ойындар болып табылады. Бұл мектеп жасына дейін балалармен жүргізіледі. Ролдік ойнын баланың қоғаммен қарым-қатынасын түзейді; жаңа ортаға бейімделуге баулиды. Ролдік ойын жайында И.М.Семенов былай дейді: «Бейнені орныдау барысында бала оның барлық қасиетін жақсы көріп, үренеді. Бұл жерде адамның барлық жақсы қасиеттері берілген». «Ролдік ойын барысында бала емделуші болып жылайды, қуанады, бұл бала бойындағы әдеттен тыс пікірдің қалыптасуына әкеп соқтырады» деген Л.С.Выготский. Сюжеттік ойындар: рольдік, режисерлік, драмалық болып топталады. Сюжетті-рольді ойындарды педагогтың кейбір басшылығымен балалардың өздері жасайды. Сюжетті-рольді ойынның ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды, ал оның қызметі айқын өнерпаздың және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. Психолог Д.Б.Эльконин шығармашылық сюжетті-рольді ойынға мынадай анықтама береді: «Мектепке дейінгі балалардың рольді немесе шығармашылық деп аталатын ойыны дамыған түрінде балалар өздеріне ересектердің ролін (функциясын) алатын және жинақталған формада ойын жағдайында ересектердің қызметі мен олардың арасындағы қарым47


қатынасты қайта жасайтын іс-әрекет болып табылады. Бұл жағдайға тән нәрсе – ересектер қызметінің шын құралдарын алмастыратын алуан түрлі ойын құралдарының падалануы». Драматизация ойндарында мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандайда бір әдеби шығарманың, ертегінің сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Драматизация ойынын өрістетуде оған педагогтың өзінің ықылас қоюының, оның ертегіні оқып немесе айтып берген кезде көркемдік әсерлендіру құралдарын пайдалана білуінің зор маңызы бар. Дұрыс ырғақ, алуан түрлі интонация, пауза, кейбір ишараттар бейнені жандандырып, оларды балаларға жақын етеді, олардың ойнауға ықыласын күшейтеді. Әртүрлі дидактикалық және қимыл-қозғалыстық ойындар баланың дамуын, затты өз дәрежесінде қабылдауын, бақылауын, жетілдіруін және интелектуалды іс-әрекеттерді, қимылдық жылдамдығын, күштілігін, өткірлігін арттырады. Бұл ойындар ұжымды болып есептеледі, белгілі ережелерді орындауды талап етеді, бала бойындағы ақылды, ерікті тәрбиелеуде және іске асыруда алатын маңызы зор. Интеллектуалды және қимыл-қозғалыстық ойындар ережелері біртіндеп спорттық ойындарға ұласады. Бастауыш сынып оқушыларының өмірінде спорттық ойындар да едәуір орын алады. Олар футбол, волейбол, теннис, пионербол ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарда ережелерді сақтау, бір-бірімен сақтау ережелерді сақтау, бір-бірімен жарысу моменттері күшті болады. Сондықтан да мұндай ойындар инициативаны, жылдамдықты, ептілікті, тапқыштықты қажет етеді, өз қимылдарын жолдастарының қимыл қозғалысына бағындыруды үйретеді. Жолдасқа көмек беруді, өз командасы үшін бар мүмкіндігін сарқа пайдалануды ойлай бастайды. Ойында жарысқа түсу, бірінен-бірі озу жағы да көзделеді. Төменгі сынып оқушылары спорттық ойындарға тән тиісті дағдыларды, ептілікті, ережелерді жөндеп үйрене қоймағанымен қимылқозғалыстың аса қажетті үйлесімділігін жылдамдық пен оңтайлықты жақсы меңгереді. Осы ойындардың бір жақсы жері сол, балаға секіру, лақтыру, қарғу, өрмелеу сияқты атрибуттарды үретіп ғана қоймай, адамдық, шыншылдық принциптілік секілді адамгершілік қасиеттерге баулиды. Бастауыш мектеп мұғалімдері бала ойындарына дұрыс жетекшілік көрсету арқылы оның денесін ғана шынықтырып қана қоймай, онда жақсы психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Білім мен тәрбие – егіз. Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, танымын кеңейткен. Білім бере отырып, тәрбиелеген. Сондықтан болар ғұлама ғалым Әл-Фараби ілім мен тәрбиені қатар ұстап, тәлім сөзін пайдаланған. Мұның да жанды себебі бар. Халық математикасы практикалық қажеттіліктен туған. Осыдан да қазақ халқының ауыздан ауызға тараған есептері оның тыныс – тіршілігін, табиғатпен, қоғаммен қарым-қатынасын, ойлау жүйесін білдіреді. Ұлттық ойындар – адамды тәрбиелеудің сындарлы да сазды құралдарының бірі болғандықтан, оны оқу - тәрбие процесінде пайдаланбау ағаттық. Қазіргі педагогикалық психология ілімі бойынша оқушының 48


танымдық қызығуы мен ізденімін тудыратын буындардың бірі – математикалық ойындар. Демек, бастауыш сыныптан бастап сабақ кезінде немесе сабақтан тыс уақытта баланы ойын арқылы өмірге тәрбиелеу – осы үздіксіз процестің жалғасы. Ойын - өмір терезесі. Осыдан да ойынды үлкендер де, жастар да ойнайды. Ғалымдар ойындар теориясы әртүрлі ахуалдағы мәселені шешудің тиімді жолы қайсысы деген сұраққа жауап берумен айналысады. өмірдің тиімдісі мен тиімсізін айыра білуге үрету – даналыққа баулу. Олай болса, баланы тәлімге үйрететін дидактикалық ойындар мен логикалық есептерді мұғалімнің пайдалануға бет бұруы қуантарлық іс. Осылай болғанымен, мұғалімнің басшылаққа алатын әдістемелік құралы жоқ. Оқушының бой жүйесін босататын, жан қуаттарын (ойлауын, қабылдауын, елестетуін, зейінін …) өрбітетін ойын, Абай сөзімен айтсақ, дүниенің көрінтін һәм көрінбейтін сырын түгендеу арқылы жүргізілуі тиіс. Басқаша айтқанда, ойын нақтылық пен дерексіздік, индукция мен дедукция, талдау мен жинақтау, ұқсастыру, салыстыру, бақылау мен тәжірибе арқылы жүргізілуі тиіс. Оқушыларды ой қорытындысын жасай білуге үйрету үшін, осы таным әдістеріне баулуымыз қажет. Балаға әрбір ойынның алдына қойған мақсаттары айтыла отырылып, ойын ережесі түсіндіріледі. Сондай-ақ, пайдаланылатын құрал-жабдықтар айтылады. Халық ойындары қолға түскен қарапайым заттармен ойнала береді. Олай болса, оның дидактикалық құралдарын даярлау онша күрделі емес, оны әрбір мұғалім даярлай алады. Халық ойынының келелі бір мақсаты-баланы жан-жақты дамыту, тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін. Дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептерді, ермектерді, әртүрлі сұрақтарды қарастырғандықтан, бірлі-жарым басқа ел сөздері кездесіп қалады. Мұғалім олардың мағынасын түсіндіріп отыруы керек. Онсыз бала тастай қараңғы үйге кіріп кеткендей болады. Демек, мұғалімнің де аңдап сөйлеуне тура келеді. Ойын таным әдістерімен бірге, іскерлікке, тапқырлыққа, жігерлілікке, белсенділікке, салалыққа, бірлікке, зейінділікке, ұстамдылыққа, әділдікке, қажырлыққа, қиялға тәрбиелеумен бірге, санауға, өлшеуге, беттестіру әдісіне, тең шамалылыққа, тең құрамдылыққа, топтауға, жіктеуге, біріктіруге, қатысқа т.б. сияқты математикалық ұғымдарға алдын ала дайындайды. Ойын үстінде баланың тілі дамиды. Ойынға қызығуы үшін ойын өмірімен ұштастырыла алынып, оның қажеттігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Мынадай бір қарапайым «Ескісіз жаңа болмайды, есепсіз дана болмайды» ойынын қарастырайық. Екі сегіз – он алты, және сегіз, және алты. Жандап жүрген бір алты. Барлығы қанша болады? 49


Ұқсас арқылы есті дамытуға, мағынасын түсінуге арналған қарапайым бұл есептің бірнеше жауабы бар. Қазақ ойындарының, есептерінің ауызша айтылатын ескерсек, бұл есепті әртүрлі екпін түсіріп айтуға болады. Ол екпін баланы ойлантып, бұл қалай болып кетті дегенге келтіреді. Есеп мақсаты да осы. Ол – ойланту. Жазбаша берілген есептің жаубы: 16+8+6+6 (20) амалдарын орындау арқылы табылады. Екпінді басқаша түсіре, мәселен, екі, сегіз, он алты және сегіз және алты. Жандап жүрген бір, алты (2+8+16+8+6+1,6), (47) Мұның жауабы басқа сан екендігіне күмән болмас. Осылай түрлендіре отырып есептің басқа жауаптарын табуға болады. әр жауапты негіздеу қажет. Сонда ғана пайдасы тиеді. Қазақ халық ойындарының күрделі тәрбие мәселесіне қоятындығын жас баламен ойналатын «Санамақ» ойынынан да байқауға болады. Ойын тура және кері санауға, рет қатынасына, саусақ-санау құралы екеніне, саусақ бірлікте өмір сүретіндігін білуге үйретеді. Қорыта келгенде, дидактикалық бағыттағы ойындар баланы жан-жақты және олардың физиологиялық, психологиялық қабілеттерін дамытып, күнделікті білімдерін жаңа біліммен берік ұштастыра, түсіп, бойында жақсы қасиеттер қалыптастырады. 6. Қазақ халқының ұлттық ойындарының шығу тегі Ғылымныњ қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек зерттеуді өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады. Дәл осы жағдай қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатысы болса керек. Ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында аылшын ғалымы Э.Маклей «Бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тарағанға ұқсайды»- дейді. Бұл ойды Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген «қызбөрі» ойыны да Қазақстан аумағындағы тайпалардың пайда болған кезінен, яғни топтық қатынаспен бірге туғандығы жайлы ескертеді. Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Халық арасында «Десаулық - зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің көзі деп денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойынды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру - жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге жасөспірімдер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуга, халқына адал қызмет етуге бағыт алады. Өткен ғасырлардағы Қазақстан жерінде болған орыс саяхатшыларының 50


еңбектері мен зерттеулеріне қарағанда, жамбы ату ойыны ең алғаш рет Азия мен Қазақстанда тараған көрінеді. Содан барып Европаға, тағы басқа елдерге ауысқан сияқты. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін тағы басып көрсетеді. Себебі қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып атқан ғой. Ал жұмыр жерделі басқа халықтар арасында жамбыны бір оренда тұрып жаяу, аспай - саспай ғана ататындары бар. Бұл ойын күні бүгінге дейін ұлттық маңызын жойған жоқ. Қазіргі заманда жамбы атудан дүние жүзілік біріншілік өткізіліп тұрады, тек жамбының орнына нысана қойылады. Қазақтар жамбыны атқанда қазіргі кездегідей анадай жердегі тақтайдағы нысананы көздеген емес. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны атқанда, ораулы тұрған өзін емес, байлаулы тұрған жібін атып барып жамбыны жерге түсіріп отырған. Жамбыны атқанда да әркім өзінің садағымен ғана атының үстінде жүріп атқан. «Жамбы ату» ойыны мергендер тігілген жүлдені атып а л ғ а н ғ а дейін жалғаса берген. Ендігі ойналатын өзіндік тарихы бар ойындардың бірі –«күміс алу». Бұл ойынға қатысу үшін нағыз ат құлағында ойнайтын шабандоз жігіттер іріктеліп шыққан. Себебі, ойынға қатысушылар қаттты ағынмен келе жатқан аттың үстінен еңкейіп, жолдағы ораулы жатқан күмісті алу тиіс. Демек, ойынға қатысушыларға ата шаба білу ғана жеткіліксіз. Ержүректік пен шапшаңдық та ауадай қажет болған. «Қыз қуу» ойыны қазақ ойындарының ішіндегі аса бір қызығы. Бұл ойын-ұлттық спорттың дене шынықтыру ойыны ретінде дамыған. «Қыз қуу» ойынының шығуы өте әріде дамыған. Қазақстан жерінде өмір сүрген алғашқы сақ тайпаларының өмірі көпшілік жағдайда жаугершілікпен өткен. Ал жайшылықтағы өмірде мерген қыздарға үнемі әскерлер тап болып, бос уақыттарында атпен бірінбірі қуалап ойнаған. Міне осыдан барып халық арасында «қыз қуу» ойыны пайда б о л ғ а н . Қазақтың мереке-тойының тағы бір ойыны –«көкпар тарту» немесе «көк бөрі тарту». Бұл ойынға ата шабатын, білегінің қарымы мықты астында жаратқан аты бар ауыл адамдарының барлығы қатысады. Адамзат даму үстінде. Ұрпақсыз ешбір халық, я жан дамымайды. Сондықтан ұрпағын өсірудегі халқымыздың жасаған тарихи - халық мұраларына зер салсақ, бұл салада істелген халық даналығы ұшан теңіз. Халық мұғалімі Байтоғайұлы Малқай, бала өміріндегі ермекті баланың еңбегі - дейді, демек, ермек-еңбек. Сондықтан да бала еңбегі - ойын. Балалардың да өзіне меншікті бала кезінде істейтін істері бар. Ол іс жас уақытындағы ойын. Сондықтан да қазақ балаларының негізгі ойындары асық, құмалақ (түйенің, қойдың), бестас, доп. Міне мұның бәрі осы балалар еңбегінің құралдары болады. Халық бала тәрбиелеуде өзінің асыл ойларын мол тәжірибелерін көбіне өлеңге, әнге қосып айту арқылы баланың ой-ықыласын өздеріне тез баурап алуға болатын әдіс-айлалар қолданғанын білеміз. Осылайша бала ата анасынан «саусақ санау» жырын естиді. Қазақ халқының арасына кең тараған бес саусақтың өздерінің аттары бар бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, 51


шылдыр шүмек, кішкентай бөбек-деп әндетіп, саусактарын санап, оған күнделікті тұрмыста кездесетін табиғи заттардың аттарын қосып қыстырады. Бір дегенің- білеу, Екі дегенің- егеу Үш дегенің-үскі Төрт дегенің- төсек Бес дегенің-бесік. Алты дегенің- асық. Жеті дегенің- желке. Сегіз дегенің- серке Тоѓыз дегенің-торқа Он дегенің- оймақ Он бір қара жұмбақ д е п б і т і р е д і . Осылайша саусақ санау арқылы тек қана тілі шығып сөйлеу үшін ғана емес, нәрестені жасынан-ақ есепке, аздан көпті айырып, санай білуге үйретуге де көп көңіл бөлген, оны да баланы қызықтырарлық әсерлі сөздермен жұмбақ өлеңдермен а й т а т ы н болған Бірім- бір Екім - екі Үшім - үш Төртім - төрт Бесім - бес Алтым - алты Жетім - жеті Сегізім-сегіз Тоғызым - тоғыз Оным-он Он бірім Оны тапшы Ай күнімдеп әдейі бір санды әлденеше рет кайталау арқылы естерінде қалатындай етіп жаттап алуға икемдеп келтірген. «Саусақ санау» жырларының тәрбиелік маңызы - тілі жаңа шығып келе жатқан нәрестенің сөздік қорын байытуға, оны бірге дейін санауды үйретіп, сол сандармен қатар, заттардың атымен т а н ы с т ы р у . Тарихтың сарғайған парақтары дәлелдегендей, өзінің төл өнерлерін ұрпақтан - ұрпаққа мұра етіп қалдырғаны рас. Т і п т і с о н а у б а я ғ ы з а м а н н а н б і р г е ж а с а п к е л е ж а т с а д а , бүгінгі тұрмысқа жатырқап қарамай, жаңа мазмұн алып, өмірден берік орын алған ұлттық, халық ойындары қаншама. Солардың бірі – «тоғызқұмалақ». Бауырлас қырғыз, қазақ, елдерінің арасына кең тараған, ерте заманнан бері ұмытылмай келе жатқан бұл ойынның қашан шыққанын, қайдан шыққанын және кімнің ойлап тапқанын дәл айта қою қиын. «Тоғыз құмалақ» ойыны туралы ғылыми дәлелмен терең талданып, 52


жете зерттелген оқу құралдары, әдебиеттер жоқ. Кейінгі кезде газет - журналдардың бетінде жарияланған материалдарды; «Тоғыз құмалақ» ойынын тұңғыш рет қойшылар ойлап шығарыпты. Бертін келе ойын халық арасында кеңінен тарап, халық бұқараның мәдени қажетіне айналыпты. Мұны кейде қойшының «алгебрасы» дейді екен» - деген жорамал - топшылаулар айтылғанымен, ол әлі зерттелмеген тың мәселе. Бәлкім солай болған шығар. Дегенмен бүгінгі «Тоғыз құмалақ» ойынының мәні де, мазмұны да басқаша. Табиғаттан әнші - күйші сауықшыл қазақ халқы адамның ой-өрісін кеңейтетін, өмірге қажетті ауызекі есепке төсілдіретін, тез арада тың шешім жасай алуға дағдыландыратын, ұстамдылыққа үйрететін дәл осы ойынды ойлап табуы бір күндік іс болмаса керек. Бұл халқымыздың даму тарихындағы қолы жеткен көп өнерлерінің біріне жатады. «Тоғыз құмалақ» ойынының өзіне тән ерекшелігі – бұл нағыз математикалық есеп ойыны. Математика - бәрімізге мәлім адам өмірімен, шаруашылығымен біте қайнасқан көне ғылымдардың бірі. Адамзат ең алғаш өзінің мұқтаждығын өтеуге пайдаланган тұңғыш математикалық ұғым - бүтін сандар ұғымы болыпты. Сол себептен де мектепте оқушыларға математиканы үйреткенде бүтін сандардан, оларға түрлі амалды қалай қолданудан, бүтін сандар ішінен ондық бөлшектердің қалай пайда болуы жайлы ұғымдардан б а с т а й т ы н ы ж а й д а н - ж а й емес. Тоғыз құмалақ – үлкендерді былай қойғанда жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой - өрісін, сана -сезімін дамытуга, оку үлгерімін жақсарта түсуге және сапалы тәрбие беруге өзіндік септігін тигізеді. «Бес тас» ойынына кез - келген тастар емес ұстағанда қолға сиятындай, домалақ тастар, «қарагие» ойынына қолға түскен ағаш емес, тек қайың мен ырғайдың бірі, тіпті табылмағанда тал пайдаланылған. Демек, бұл табиғи заттар өндірістік қатынастардың дамуына қандай әсерін тигізсе, ұлт ойындарының қалыптасуында да сондай маңызды б о л д ы . Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыды. Мәселен, әр түрлі қимыл - әрекетті о й ы н д а р м е н асық о й ы н д а р ы тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыды да, кейін келе жас өспірімдерге қалды. Себебі үлкендерден көргенін бала да күн ұзақ далада, үй ауласында ермек етеді. «Адамзаттың дүниеге келген күнінен бастап-ақ ақыл-ой қабілетінің ортаға, өмірге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуын реттейтін, белгілі бір жүйеге келтіретін осы балалар мен жас өспірімдер о й ы н д а р ы » . Г.В.Плеханов «Письмо без адреса» атты еңбегінде «ойын - еңбек бастамасы болғандықтан баланың уақытымен ғана өлшенеді», - деп келіп, материалистік тұрғыда қоғамның дамуында еңбек бірінші кезекте тұрғанымен, адам өмірінде ойын да қажетті екенін дәлелдеді. Бұндағы мақсатымыз ең әуелі ұлт ойындарының даму тарихымен 53


қалыптасу кезеңдерін аньщтау болса, екіншіден ұлт ойындары халық өнерінің негізі екндігін, оның тәрбиелік мазмұны мен жас өспірімдердің болашақ өмірінің бастамасы осы ұлт ойындары екендігін негіздеу және жеке тұлға ерекшелігін қалыптастырудағы ойынның р о л і н , ж а л п ы этнографиялық ерекшеліктеріне талдау жасау. Халқымыз тәрбие жемісін ерте тартуды ұнатады. Тәрбие нәтижесі баланың нағыз жалынатқан кезінде көріну керек. Бала бойында қалыптасып келе жатқан адамгершілік қасиеттер оның өте жас кезінен-аң байқалады деп есептеген. Сондықтан қазақ халқының қоғамдың тұрмысы, рухани өмірі баланың ерте ер жетуге себепші болған. 7. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісіне қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың педагогикалық негіздері Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми - педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударады, құнды пікірлер айттьп - өмірлік мұра қалдырады. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы зро болып өседі деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қодаланып, сұрыпталып, өмір тәжірибесінің сынынан өткен салт-дәстүрлерді, педагогикалық әдіс-тәсілді пайдаланып келеді. Халықтық педагогика дәуірдің не бір қатал сынынан өтіп, жаңарып, жаңғырып, шың болаттай тіршілік тынысы және салт-дәстүрлері мен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқан қазына. Қаншама заман өтсе де маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру ата-ананың да, мектеп ұжымыныңда басты борышы. Қазақ елінің дербестілігінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерге қарай жас жеткіншектерді салауатты, саналы өмір мен еңбекке тәрбиелеуге бағытталған, оқытудың мазмұны мен формасын жаңалауға, оларды ұлттық-мәдени және аймақтық ерекшеліктерге орай нақтылауға, кажеттікке қарай түзетулер жасап, қазақ тілінде оңытатын мектептерді қайта құруға жетелейді. Осы мектептерде өзінің даналығымен дәлелденген халықтық педагогика үлгілері тәрбиенің қайнар көзі б о л ы п т а б ы л у ғ а т и і с . Әсіресе, халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымызға м і н д е т . Халқымыздың бала тәрбиесінде атам заманнан жинаған мол тәжірибесі бар. Оны ең жақсы қасиеттерімен байытып, ұл-қыздарының бойына сіңіру, халықтық тәрбие беруді саралап, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста дамыту және оны ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру көзделеді. Осыны ескеріп, жалпы білім беретін қазақ мектептерінде жеке пәндерді 54


оқытқанда білім беру мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрлерінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, рухани байлығынан, сондай-ақ республиканың табиғи, экономикалық, экология ерекшеліктерінен көрініс беріп отырса, құба-құп болар еді. Ойын баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Оқушы ойын арқылы өзінің күшжігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғнып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткерлерді тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Ойын мен еңбектің бір – біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог – ғалымдар «жақсы ойын – жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын – жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасындағы айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жасқа ойын тиісті дєрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш - жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Демен, ойын мен жұмыстың құсастығы – жақсы ойында, жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Баланың ойынында да тиісті жұмыстағыдай белгілі дәрежеде жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы мынада: баланың ойынына нақты материалдық, рухани байлықты жасай алмайды, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені белгілі. Оқушының қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын негізіне оқушының психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады эмоциялық әсер ұшқындайды, белсенділігін арттырады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Оның бәрі баланың шығармашылдық қабілетімен дарынын ұштайды. Ойын үстінде оқушы бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезімінде болады. Бірақ одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі олардың «ойынды ойын» деп түсінуінен. Оған байланысты ойын туралы жасалатын тұжырым мынау: а) Ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып сезімді кеңейтеді. ә) Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. б) Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. в) Эстетикалық тәрбие беру құралы. г) Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. д) Дене күшінің жетілуіне көмектеседі. Демек ойын оқушыны жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физологиялық негіздері болып табылады. Ойын оқушының көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай оның өмір құбылыстары жайлы таным - түсінігіне де әсер етеді. Оқушылар ойын арқылы жақсы, тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Жеке пәндерді оқытқанда және сыныптан тыс жұмыстар 55


жүргізгенде шәкірттерге ұлттық тәлім-тәрбие беруге, қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлері әдеп-ғұрыптары туралы түсінік беруге әбден болады. Жеке пән сабақтарында халық п е д а г о г и к а с ы н байланыстырудың өзіндік қиын жақтары көп. Оның басты себебі - мектептегі жеке пән оқулықтарының оқу материалдарындағы кетірілген жаттығулар, мысалдар, тапсырмалар, т.б. жүйесінде әліде болса біздің халыққа тән тәдім-тәрбиелік мазмұнда толық еместігі орын алуда. Дегенмен, халқымыздың ертегілерінде, шешендік, тапқыр сөздерінде, салт-дәстүрлерінде жеке пәндерді оқытуға байланысқан тұстарын көптеп байқауға болады. Халқымыздың асыл қазынасын сабақтың кейбір тұстарында тиімді пайдалану, оқушыларды өз өлтын сүюге, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретеді сөзсіз. Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш білім беру кезеңі. Бастауыш саты - білім дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. К е л е ш е к т е ж а л п ы б і л і м а л у ы м е н к е з - к е л г е н а р н а у л ы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан оның сипаты мен мазмұны оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жаңты талданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушылардың рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш білім беру кезеңінің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамыту, яғни оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға - Ұстаз. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім бастауыш сынып оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халық педагогикасының нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық болмыс пен мінез-құлық, адамгершілік, с ы п ай ы л ы қ қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан-дүниесін рухани қазыналармен байытуға қазақ халқының әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс. АЛДЫҢҒЫ қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып оқу үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдері, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз ету керек. Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері сан-алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлттыќ ойындар. Ойын да халық педагогикасының құрамды бір бөлігі. 56


Ойын - балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы. Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай, әдейлеп ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Ғалым-психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады, - дейді. Сондықтан ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Чех педагогы Ян Амос Каменский: ол ойынды баланың ең қажетті ірі-әрекетінің табиғатына және бейімділігіне ең жауапты түрі деп санады. А.С.Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалы да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын барысында өздерін еркін сезінеді, іздемпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, режиді. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, і с к е р л і г і н дамытатындай болу керек. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін ой-өрісінщ дамуын, қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі м і н д е т і . Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талабына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыздың терең мағыналы дана сөзін «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» деп тауып айтқан. Қазаң халқы мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтарының бірі. Сондай-ақ, қомақты дүниелер қатарына ұлттық ойындар да жатады. Осы тақырыптың өзектілігі бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың, оларды оқып үйреніп, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық болмыс мен ойлау жүйелеріне зер салуларына көздеген мақсаттарына саралап, жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткен мен бүгінгі байланыстыра білулеріне, сөйтіп мәңгүрттік атаулыға тосқауыл қоюларына ұлт ойындары септігін тигізеді. Дегенмен, халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып, қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімділік жақтарында көре білді. Адам жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның 57


аталып жүруі де жайдан-жай емес. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына баланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып көзіміз әбден жетеді. Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келеді. Еңселі ел болып, ана тілі, ата салтын дәстүрін қайта түлетуде. Жаңарған елге, жаңа тіл заңы және тұжырымдамлар мен бағдарламалар тәрбие жүйесіне жаңаша көзқарасты ұрпақ тәрбиелеуді талап етілуде. Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін ұстаздар қауымы оқутәрбие жұмысына шығармашылықпен арап, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануы керек. Сондай-ақ, оқу тәрбие негіздерінің бірі - ұлттық ойындарымыз. Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап, сынан өткен сенімді тәрбие құралы. Қазақтың ұлттық ойындары: ойын - сауық, тұрмыс-салт, ойындары және оймен келетін ойындар болып бөлінеді. Ұлт ойындары сонымен қатар ауыз әдебиетінің бір саласы болып есептеледі. Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие үдерісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі – ойын. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекетті - ойын десек, оқу-тәрбие үдерісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын ұлттық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Ұлттық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Осы міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген ұлттық ойындар өте көп. Алайда, олардың барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерінің сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыда негізделген ұлттық ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұсыну қажет. Ұлттық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді: - танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту; - тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз құрбыластарымен қарымқатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. 58


Ұлттық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді: 1. Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыра және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көшу. 2. Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі. 3. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі. 4. Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі. Ұлттық ойындар үш топқа бөлінеді: 1. Заттық ұлттық ойындар, ұлттық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. 2. Үстел үстінде ойналатын ұлттық ойындар: «Домино», «Қан талапай». «Тоғыз құмалақ» және т.б. 3. Сөздік ұлттық ойындар. Ұлттық ойынның маңызы мынада: 1). Ұлттық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі. 2). Әрбір ұлттық ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады. 3). Ұлттық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Ұлттық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады. Ұлттық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Сабақ ұлттық ойынды қолдану бастауыш сынып оқушыларының сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді. Ұлттық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен тәжірибесін бастауыш сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты. Төмендегі шарттар орындалған жағдайда ұлттық ойындарды пайдалану тиімділігі артады: - егер бастауыш сынып мұғалімі балаладың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе; - егер ойынның түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе; - егер бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдылық ұлттық ойындарға берілсе. Бастауыш сыныптардағы сабақтарда ұлттық ойындарды өткен 59


материалды пысықтау, қайталау кезінде қолданған пайдалы. Ойын түрінде мұғалім үйрететін тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда мұғалім ойын ситуацияларын туғыза отырып, әртүрлі заттарды көрсету арқылы сұрақтар қойып затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Мұғалім балаларды жалықтырмай сабақты қызықты түрлендіріп өткізуге тырысуы керек. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймайды, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер, берері сөзсіз. Халық ойындарын сабақта пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы. Сабақта халық ойындарын қолданудың әртүрлі жолдары бар. Мысалы: ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру. Ойын сабақтың соңында тақырыпты бекіту не, сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Ұлттық ойындарды өткен сабақтарда қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседі, балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Сабақты қайталауға байланысты жүргізуге болатын халықтық педагогикаға негізделген бірнеше ойын түрлеріне тоқталып өтейік. Бұларды жарыс сабағында қолданған тиімді. Мұғалім әрбір ойынның шартын оқушыларға түсіндіреді. Ойын арқылы оқу үдерісін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіндік бар, жеке пәндерді оқытуда және сыныптан тыс жұмыстар жүргізгенде шәкірттерге ұлттық тәлім-тәрбие беруге, қазақтың тұрыстың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы түсінік беруте әбден болады. Егер ойын сабақтың соңында болса тақырыпты бекітуіне, сол сабақтан алған білімді жинаңтау мақсатында пайдаланылады. Бастауыш сыныптарда ойындарды оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында қолданып келеді. Халықтық педагогиканың құрамы ұлттық ойындар тек балаларды аландыру, ойнату әдісі болып қалмай, олардың жас ерекшеліктеріне сай көзқарастары мен мінез-кұлқының қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу құралы деп те ерекше бағаланған. Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдалану оқушылардың тапқырлығын, ептілігін, ой-өрісін жетілдірумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт-дәстүрін, атамұрасын кейінгі ұрпақтарға жеткізу құралы болып табылады. Ғалым, әрі ұстаз С.Ерубаев өзінің «Қазақ халқының қара есептері» («Қазақстан» баспасы 1996 ж) деген монографиялық еңбегінде мынадай тұжырым жасады. Әр түрлі есептерді пайдалану оқушылардың жас шамасына шақталып оқушыны жасытпай, қайта ж і г е р л е н д і р і п , 60


математикалық ықыласын, ынта-белсенділігін арттыратындай болған жөн. Қызықты есептер, математикалық өлең, әзіл, ертегі, тақпақ, жаңылтпаштар тапқырлықты талап етеді. Оны шешу қатаң дәлелге сүйенеді. Тақпақ есеп арқылы математиканың өмірден олатын орнын, қоғамды дамытудағы рөлін сипаттаймыз. Мұндай есеп оқушыларды ұйымшылдыққа, ұстамдылыққа, адамгершілік қасиетке, математиканы құрметеуге, адал еңбекті бағалауға, достыққа тәрбиелейді. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып т а б ы л а д ы . Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қасиетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Қазақ халқы өмірге дені сау шыныққан, әділетті, өнерлі, елін, жерін сүйетін азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына таусылмас мұра қалдырған. Халқымыз ойындарға тек балаларды алаңдату, ойнату әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінезқұлқының, қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу құралы деп те ерекше бағаланған. Бала кішкентайынан ата - анасының талап етуімен және өз еркімен әр түрлі ұлттық ойындарға қатысып, өзінің икемділігін, тапқырлығын, батылдығын байқатады. Өкінішке орай қазақтың көне ұлттық ойындарын бұл мақсатта пайдалануға жеткілікті дәрежеде назар аударылмай келеді. Ұлттық ойындарды сабақта, үзілісте, сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалануға болады. Математика сабағында ұлттық салт-дәстүр мазмұнды есеп ойындарды пайдалану оқушылардың тапқырлығын, ой өрісін жетілдірумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт-дәстүрін, ата мұрасын кейінгі ұрпақтарға жеткізу құралы болып та табылады. Еңбегімізде сондай есептердің сыныптан қосу мен азайту амалдарын өткеннен кейін беру әдістемелік жағынан дұрыс болады. Ойынға сынып оқушылары түгел қатыстырылады. Ойынның мазмұны мынадай болуы мүмкін. Есеп жоғарыдағы автор С.Ерубаевтан алынды. Үш бала асық ойынынан кейін үйлеріне қайтып келе жатады. Үшеумізде он - оннан асық бар еді. Енді кімде қанша асық қалды? - деп сұрады бірінші б а л а . Он асық қалыпты деді екіншісі. Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең емес, - дейді. Асықтарын түгелдеп қалтасына салған үшінші бала. Ең көп ұтылған мен ғой - дейді бірінші бала. Ойын сонында бірінші және екінші балада қанша а с ы қ қ а л д ы ? Ұлттық ойындарды өткен сабақтарда қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда сабақтың мазмұнын байта түседі, балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдары баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, ол онша қиындық келтірмейді. Бірінші сыныпта математика оқьш үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату тиімді. «Санамақ», «Он 61


саусақ» өлендерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін ұстартып, логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады. Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындары үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептеуге жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілк бар. Олардың қатарына халықтық байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда «Қай қолымда», «Үш әділ», «Сөз мәнісін байқайық». Мысалы: «Өзім де құр қалмадым» ойыны. Жексенбі күні еді. Атамның үйіне немерелері келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма қойды. Немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінеді. Алманы бір-бірден берсе біреуі артылып қалады, екі-екіден берсе жетпейді. Сонда атасының үйіне неше немересі келген, атасының табаққа салып әкелген а л м а с ы н е болғаны? Оқушылар есепті қызығып шешуге кіріседі. Жауабы: 3 бала, 4 алма. Үш алманы үш немересі алды да біреуін атасына берді. «Сөз мәнісін байқайық» деген ойын есепті алсақ, мысалы «Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше адам отыр?» Жауабы: 3 адам. Сонымен қатар математика сабағында ойынды пайдалану мүмкіндігі өте көп. Оларды қолдану ретінде карай түрлендіріп өтуге болады. Мысалы: «М а т е м а т и к а л ы қ жарыс», «Математикалық жорықтар». Ұлттық ойын ойнату арқылы оқушылардың салт-дәстүріне, әдетғұрпына деген сүйіспеншілігі артады. Сондықтан мынадай ұлттық ойындарды о й н а т а м ы н . 1 . «Бәйге алу» ойыны. Ойынды ойнамас бұрын сұрақтар беріледі. а ) қандай ұлттық ойындар бар? б ) атпен ойналатын қандай ойындар бар? в ) біздің еліміз қалай аталады? г ) еліміздің рәміздерін ата. Осындай сұрақтардан кейін есептер үлестірме беріледі. Қатты қағазға жіп арқылы бекітілген екі атпен жарысады. Межеде еліміздің туы тұр. Дқрыс әрі тез шығарған оқушы туды алып жеңіске жетеді. 2. «Қыз қуу» - ойыны. Алдымен сұрақ беріледі. Содан кейін есеп оқылады. Ойын шарты түсіндіріледі. Атам қазақ қыздың жолы - жіңішке демекші, алдымен қыз бала тапсырманың бірінші мысалын орындайды. Егер ербала дұрыс шығарып бұрын болса, онда қызды ұстап алған болып есептеледі. Қыз бірінші болса онда ер балаға жеткізбей жеңіске жеткен болады. 3. «Қан талапай». Асықпен ойналатын ойын. Бұл ойынға нөмірленген асық алынады. Нөмірге б а й л а н ы с т ы к а р т о ч к а алынады. Асық жерге шашылады, ал балалар т а л а п а й л а п а с ы қ а л а д ы . Нөмерлері бойынша карточкадағы 62


есепті шығарады. Кім тез, әрі дұрыс шығарса, сол жеңіске жетеді. 4. «Теңге алу». Бұл ойынды салыстыру еркшелігін т а б у , айырмашылығын табуына байланысты е с е п т е р д і ойнатамын. Ұлттық теңгелеріміздің суреті ілулі тұрады. Екі оқушының қайсысы есепті дұрыс орындасы, сол төл теңгемізді алады. 5. «Тоғыз құмалақ» ойыны. Бұл ойынның шарты бойынша тастарды санау арқылы жұп сан мен тақ санды айыра білуге үйретемін. Сонымен қатар санның ретін үйретеді. Қосу мен азайту жолдарын меңгере отырып, логикалық есептеуге дағдыланады. «Тоғыз құмалақ» ойыны есеп ойыны, есеп ойнының болуы себебі – бұл ойын негізінде тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысы. Ойынды солдан оңға қарай кез келген отаудан бастап жүруге болады. Ол үшін жүріс жасалатын отаудан орынсыз бір құмалақ қана қалдырып, қалған бар құмалақты түгелімен аласыз да, келесі отаудан әрбір отауға қолдағы құмалақ біткенше бір - бір ден салып шығасыз. (Құмалақтар екі жақтың отауларына да бірдей түсіп отырады). Содан ең соңғы құмалағыңыз қарсы жақтың кез келген бір отауына түсіп және ол отаудағы құмалақтар саны сіздің соңғы құмалақ түскенше тақ сан болса, сіздің кұмалағыңыз ол отаудағы құмалаң санын жүп жасаған жағдайда (10) сіз ол құмалақтарды өз қазаныңызға алып қоюыңызға құқығыңыз бар. Келесі кезек қарсы жаққа өтеді. Осылай жүріс алма кезек келіп отырады. Тақ санды құмалағы бар отауларды тоғыз құмалақ тілінде «ашық» немесе «алым» деп, жұп санды құмалағы бар отауларды «жабық отаулар» деп атайды. Ойыншылардың логикалық ойлау жүйесін дамытуға «Неше емшек, неше өркеш?» ойынының пайдасы зор. Ойынға балалардың көбірек қатысқаны жақсы: шеңбер құра қатар отырған балалардың біреуі ойын бастаушы болып ортаға шығады да! Бір түйеде неше өркеш, бір биеде неше емшек бар? - деп сұрайды. Бір түйеде екі өркеш, ал нар түйеде бір өршек б о л а д ы - д е й д і біреуі. Тағы біреуі: бір биеде екі емшек болады дейді. Осылайша бастаушы малдардың санын айтып, неше мүйіз, неше емшек, неше өркеш екенін жасырады. Айта алмай қалғандар «айып» тартады. Мысалы: Бәрің маған қараңдар, шатасып қалмай санаңдар. Екі түйе, үш бие. Шешуі: 4 өркеш, 14 емшек, 20 аяқ бар. Солай жалғаса береді. Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі ұлттық ойындар, қазақтың ұлттық 63


ойындары туралы арнайы еңбек жазған Б.Тотенаев «Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қана қойған жоқ, ересектердің күнделікті түсінігіндегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретшде де дамыды деген пайымдау жасады. Ойын да халық педагогикасының құрамды бір бөлігі. Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келеді, дегенмен халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Қазақстан Республикасы «Білім – туралы заңында» «Білім жүйесінің басты міндеті жеке тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау» - делінген. Сонымен бүгінгі күннің жаңару бағыты - жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүние танымы, мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тєрбиелеп шығару. Оқу тәрбие негіздерінің бірі ұлттық ойындарымыз. Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Ұлт ойынлары ойынсауық, тұрмыс-салт ойындары, дене шынықтыру, спорт ойындары және оймен келетін ойындар болып бөлінеді. Ұлт ойындары сонымен қатар ауыз әдебиетінің бір саласы болып есептеледі. Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Ұлттық ойындар арқылы мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру педагогиканың маңызды резервтерінің бірі. Шәкірттің ақыл ойы, парасаты ұлттық салт сананы сіңіру арқылы бойына дариды. Баланың сөздік қорын молайтып сөзді еркін өз мағынасында қолдануға, тез-жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден бір таптырмайтын құрал. Ойын үдерісі мен оқу үдерісін бір-біріне етене үйлесімді - ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу үдерісінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс әрекеттері табиғи бірлікте болып пәндік білім, білік жєне дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне кетеріледі. Бүгінгі болашақ ұрпақтың оларды оқыпүйреніп өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына ата-бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап жете берулеріне, дәстүрлер жалѓасын өрістетіп, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне, мәңгүрттік атаулыға тосқауыл қоюларына ұлт ойындары септігін тигізеді. Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, бірін-бірі толықтырып байыта түседі. Ойынның тіл дамуындағы рөлі ерекше. Бала сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады. Ұлт ойындары, тіпті жалпы ойын атаулы, тіл меңгерудің құралдарының бірі болып табылады. Ойын үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз, өзін еркін ұстайды, 64


ал еркіндік дегеніміз - барлық дамудың баспалдағы. Олай болса оқу тәрбиенің баға жетпес құралы ретінде ойынның айтарлықтай рөлі бар. Ойын үстінде бала тілдің ішкі иірімдерін, ойлау жүйелерін, сөз қолдану әдістерін, сөйлеу дәстүрлерін, тілдіњ психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп еркін білуге мүмкіндік алады. Қазақтың ұлттық ойындарының тағы бір ерекшелігі оған өлең сездің араласып келіп отыратындығы. Өзінің өлең жолдарында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ұлттық ойындар өзінің бастауын халықтық педагогиканың тұңғиығынан алады. Ойындар балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін білімге, өнерге құштарлығын қалыптастыруға болады. Нашар оқитын оқушылардың өздері ойын элементтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігермен араласатыны анық нәрсе. Ұлттық кіндіктен нәр алған халықтық ойындар тек көне заманда ғана емес, күні бүгінге дейін өзінің жалғасын тауып келе жатқан құбылыс. Ұлттық ойындарды пайдаланып сабақ өту халық педагогикасының негізгі бір саласы ретінде оқушыларға жан-жақты білім беруге, олардың өмір тәжірибелерін кеңейтуге, қабілеттерін жетілдіре түсуге көмектеседі. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылды. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім-тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналды. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағыналы дана сөзін «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы деп тауып айтқан». Еңселі ел болып ана тілін, ата салтын, дәстүрін қайта түлетуде. Жаңарған елге жаңа тіл заңы және тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйесінс жаңаша көзқарасты ұрпақ тәрбиелуді талап етуде. Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін ұстаздар қауымы оқутәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс тєсілдерін қолдану керек. Ұлттық ойынды пайдалану жиілігін мұғалім анықтайды және шығармашылықпен түрлендіре отырып балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп жаңа тақырыпты өткенде өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің кұрамды бөлігіне айналдыруға болады. Халықтық ойындардың тиімділігі, олардың сабақтың әр орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын үдерісіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.

65


8. Ойын технологиясы - бастауыш сынып оқушыларының жеке танымдық белсенділіктерін дамытудың құралы Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының жетекші ролін атқарады. Сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философиясының негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа, қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - «таным теориясы» деп аталады. Таным теориясының басқа ғылими теориялардан түбірлі айырмашылығы ол - білімнің қалыптасуымен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру болып табылады. Танымдық әрекет - оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Танымдық әрекет - танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық қалыптасады. Т.И.Шамова танымдық ізденімпаздықты жеке адамның білім мен іс-әрекет тәсілдерін біреудің көмегінсіз игеруге, қоршаған өмір шыңдығьін одан әрі өзгерту және жетілдіру мақсатымен танымдық міндеттерді шешуге ұмтылысымен және белсенділігімен сипатталатын қасиеті ретінде қарастырады. Е.Б. Ястребова танымдық іс-әрекет ұғымын жеке тұлғаның қасиеті, яғни баланың кәсіби дайындығы барысында өз күшімен білім мен іс-әрекет тәсілдерін игеру және оны оқу, зерттеу, тәжірибелік әрекеттерде қолдану деп түсіндіреді. Н.Ф.Талызина бастауыш сынып оқушыларының танымдық ісәрекетінің қалыптасуына жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, маңызды тұжырымдамалар жасады. Мәселен, бірінші сынып балаларының ойын арқылы, танымдық іс-әрекеттің тәсілдері арқылы ақыл-ойларын дамытып, бірте-бірте ойынды оқу іс-әрекетімен алмастыру қажеттігін анықтап көрсетті. Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу үдерісі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-құлақтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады. Дүниетанымдық білімдер - оқытудағы оқушы танымын қалыптастырудың негізі. Дүниетанымдық білімін оқушылар ақыл-ой күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді. К.Д.Ушинский «әрбір сыныптан, ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек. Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс» - деп жазды. Яғни, бастауыш сынып оқушыларының көзқарастарын қалыптастырудағы тиімді жолдардың біріойын және оның түрлерін баланың жас ерекшелігіне қарай әрі, оқу материалының мазмұндық құрылымына сай таңдап алып қолданудан тұрады. Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүниетанымдық білімнің 66


мазмұны, тереңдігі және оларды оқушыларға түсіндіру мемлекеттік оқу және тәрбие бағдарламаларында қарастырылған. Оларда оқушылардың жас ерекшеліктері және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілеттері еске алынған. Жеке адамның дамуына және мінез-құлқында дүниетанымның ролін баса айта келіп, А.С.Макаренко «біз мектептерімізден әр уақытта, өз өмірінің әрбір кезеңінде өзінің бақыты үшін қобалжымай, дұрыс өлшем табатын, жігерлі, идеялы қоғам мүшелерін біріктіруіміз керек», - деді. Мектепте оқыту бастаыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Олай болса оқыту үдерісінде бірқатар психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек. І.Мұғалімнің ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті кезеңдерінің нақты жоспарлауын қамтамасыз ету. Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір пәннің орнын анықтау, пәнаралық байланысты айқындау, негізгі философиялық, идеяларды бөліп алу маңызды. Екінші кезеңде мұғалім оқушыларды айқындалған идеяларды мағыналы ойлауға жетелейді. Үшінші кезеңі дүниетаным қорытындыларын топтауды міндет етеді. Төртінші кезеңде оқушылардың оқуын, ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін оқушылар танымдық іс-әрекеттерінің тәсілдерін, оқытудың әдістері мен формаларын анықтайды. 2.Табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру. З.Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі. 4.Оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы. Әртүрлі сыныптық және мектептен тыс тәрбие жұмыстары -оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамытудың, танымдық белсенділік қалыптастырудың қажетті құралы. Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және құлықтық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау - мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Ал оқушының негізгі ісәрекеті - бұл оқу. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында оқушының қарымқатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды. Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Бастауыш сынып жасындағы балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіме карап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеуі рөлді ойындарды атқару барысында байқалады. Көбіне балалардың ойындарында адамдардың еңбек іс-әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында бастауыш сынып жасындағы оқушылардың құрдастарымен де 67


өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп орындауға, өз қылықтарын ережеге, бағындыруға керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Осындай бірігу іс-әрекеттерінің қуанышы балалар арасында жолдастық, достық сияқты жаңа қатынастарды туғызады. Олар бір-біріне қамқорлық жасап көмектеседі, ілтипатты болады. Бала еліктеу, қабылдау әрқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді. Әртүрлі ойын баланың дүние танымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, бастауыш сынып жасындағы балаларда айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдер мен құрдастары және достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер болады. Қарым-қатынас жасау белсенділігі оқушылардың (мархабаттық, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т.б) қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Бастауыш сынып жасындағы баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр нәрсені үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады. Мысалы, олар шегені магнит қалай ұстап түр? Жапырақтың түсі неге жасыл болады? Жаңбыр қайдан пайда болады?-деген сияқты сұрақтарды балалар үлкендерге қойып, жауап күтеді. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықылас сипаттайды. Сондықтан да олар өзара таласуды, пікір айтуды, түрлі заттарды салыстырып дәлелдеуді жанындай сүйеді. Бастауыш сынып жасындағы балалардың «неге?», «не үшін?», «қалай?» деп қоятын сұрақтары - үлкендермен қарымқатынас жасауларының алғашқы белгілері. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігін дамытуда бағыт беріп отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттерінің қалыптасуына игі әсер етеді. Бастауыш сынып жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық білімдерін тәжірибеде еркін білуге үйренеді, оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты. Оқу - оқыту үдерісіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту үдерісінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту үдерісінің звеноларына танымдық іс-әрекетінің кезендері кіреді: 1. таным міндеттеріне жете түсіну; 68


2. жаңа материалды қабылдау; 3. ұғыну - жаңа материалдарын түсініп жинақтау процесі; 4. білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу; 5. оқушылардың жетістіктерін талдау; 6. білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау. Бастауыш сынып оқушыларының оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың барысында оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, өмірлік тәжірибедегі іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Таным қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының (Н.Дайри, Т.И.Махмутов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин, И.А.Лернер, А.Н.Пискунов) тұжырымды ұсыныстары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мынада: 1. Таным қабілетінің дамуы - бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту үдерісіндегі мақсаттылық іс-әрекеті. 2. Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықтың рөлі. 3. Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру. 4. Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы - оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі. Оқушылардың таным белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде практикада пайдалана білуге, үйренугө бағытталған оқушының істейтін саналы іс-әрекеті. Оқыту үдерісінде оқушының белсенділігі негізінен, екі түрлі сипатта болады: Сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, тәжірибелік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. Оқушының ішкі белсөнділігіне - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән маңызды бір қасиет болып саналады. Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік) және күрделі (творчестволық т.б. белсенділік) түрлері болады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасады, дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу-таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі. Бастауыш сынып оқушыларының жеке пәндерден білім алу барысындағы ойын техглогиясын педагогикалық үдеріске тиімді 69


пайдалылса, онда олардың жеке танымдық белсенділіктерін дамытудың педагогикалық, психологиялық мәні тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттілік тұрғыдан іске асырылады. Оқыту мен оқу үдерісінің мақсатына сай ойын түрі мен оны қолдану технологиясы ескеріліп отырса, бастауыш сынып оқушыларының жеке танымдық белсенділік қасиет-сапаларының қалыптасып, дамуына ықпал ететін ойынның теориялық және тәжірибелік мүмкіндіктерінің негіздері жүйеленіп, сабақта және сабақтан тыс уақытта ойын әрекетін пайдаланудың жүйелі әдіс-тәсілдерінің жүйесі қаланады. Бұл бастауыш сыныптардың педагогикалық үдерісін ұйымдастырудғы ойын технологиясы арқаы оқушылардың жеке танымдық белсенділіктерін дамыту жұмысы жақсарып, олардың жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу барысындағы мүмкіндіктерінің мазмұнын ғылыми негіден ашып беретіні анық. Бастауыш сынып оқушыларының жеке танымдық белсенділіктерін дамытуда ойын әрекетінің педагогикалық-психологиялық мәнін, мазмұнын, мүмкіндіктерін айқындаудың ол жеке пәндерден оқылаиын оқу материалының мазмұнына және мұғалімнің тәжірибесі мен шеберлігіне байланысты. Бұл негізде ойынды топтастыру, тааңдап алу, оқушылардың жеке танымдық белсенділіктерін дамытудың және тәрбиелеудің құралына айналады. Ойындарды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері дұрыс таңдап алу - оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға, жауапкершілік және сезім күйлеріне әсер етуге бағытталған: ойындар (сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта) пайдалануға мүмкіндік береді. Ойындарды топтастырылуында баланың дамуында ойын басқаратын іс-әрекеттің түріне айналады деген тірек идеяларды басшылыққа алу керек (Д.Н.Узнадзе). Сонымен мәнді ойын арқылы пайда болған іс-әрекет бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғалық танымдық белсенділіктерін дамытудың мүмкіндіктері болатынды. Бұл ойынның басымды мақсаттарымен біріктірілген, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі жүйелері, мұнда әр бағытта басқларына әсер етіп, бастауыш сынып оқушысының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Соның негізінде бастауыш сынып оқушыларында ойын арқылы жеке тұлғалық танымдық белсенділіктерін дамыту және тәрбиелеудің жүйесі құрастырылып оқуға деген қызығушылығын арттыру, білім, іскерлік, жағымды дағдыларды қалыптастыру, ұжымға, басқа адамдарға деген қарым-қатынасын тәрбиелеу. Ұжымдық ойынды ұйымдастыруда мынандай талаптар ескерілді: ойын дәрежесін сақтау, мазмұнының күрделенуі, ойын шарты, ролдерді болу, іскерлік дағдыны қалыптастыру мүмкіңдігі. Оның мазмұны: балаларды достасуға, бірігуге, жұмбақ шешуге, санауға үйретуге бағытталған. Біз қарастырып отырған сахналық үлгі мүғалімдер үшін, әдістемелік нүсқау ретінде ұсынылды. Оны сабақтан тыс уақытта математика, ана тілі, табиғаттану, еңбек және т.б. сабақтарда пайдалануға болады. Зерттеу сахналық үлгінің, жалпы ойынның тиімділігін дәлелдейді. Нәтижесінде 70


бастауыш сынып окушыларының ойынын сахналық көрініске қызығушылығын дамыту, сахналық кейіпкер болуға деген ынтасын арттыру. Бұл мәселені ғылыми тұрғыда зерттелуі, жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамытуға, жалпы адамзаттық рухани қүндылықтарды бағалауға, бастауыш сынып оқушыларын ойын процесінде жан-жақты жетілуіне, қабілеттерінің ашылуына, мәдениетінің қалыптасуына, ұлттық дәстүрлерді жан-жақты меңгеруіне ықпал жасайды. Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілік, тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады. Ойын оқушыларды жылдамдыққа төзімдікке тәрбиелейді. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оларды оқып үйреніп, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне ұлт ойындары септігін тигізеді Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Ойын барысында бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне өмес, мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімділік ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді. Балалар ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі. Өзінің өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек баланың дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Тарихының көнелігіне қарамастан, ойын үнемі жаңа, ескермейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жатқан сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да - осы ойын. Ойын дегеніміз - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, балаға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақылой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ойындардың суықтыру, тәрбиелеу және білім беру маңызы сан-салалы, бірақ іске асыру үшін мұғалімнің шығармашылық көзқарасы мен педагогтық шеберлігі қажет. Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлерін пайдаланады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе соны істейді. 71


Ойын - баланың өз ісі. Егер баланың ойнына қатысқың келсе, өзін бала болып қатыс. Балалар сенің ересек адам екеніңді сезбейтін дәрежеде болсын - деген Мағжан Жұмабаевтың тұжырымы баланың ойын іс-әрекеті туралы көп ойларды аңғартады. Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп, тіршілік ету, әртүрлі іоәрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бір саласы - ойын әрекеті. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психикалық даму үрдесінде ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы зор. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі. Осы бағытта адамның ойын әрекеті әлеуметтік өмірдің негізгі бір құрамды бөлігі және баланың үлкендердің өмірін бейнелеуі, айналадағы ортаны тану жолы екендігін көрсетеді. Ойын әрекетінің бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығын ұлы ғұламалар Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров өз еңбектерінде оларға ғылыми тұрғыда баға берген. Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымен дамытып, өрістетіп отырады деп санаған. Т.Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық ойындар мен түрлерінің кейбір ерекшеліктерін ескілікті салт-дәстүрлерді білдіреді деген қате көзқарасты орынды сынай отырып, олардың тәлім тәрбиедегі, денесін шынықтыру мен ақыл-ой жетілуінің әсеріне тоқталады. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ойындардың көптеген түрлері барлық, жеткіншек, жас өспірім шақтағы балалар тәрбиесіне пайдаланылды. Ал қазіргі кезде ойынның көпшілігі тәлім-тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналды. Бүкіл халқымыздың ұзақ өмірінде өздері қызықтаған сан алуан ойын өнері болды. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол - қазақ халқының ерекше әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның, баланың дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған. Бала ойындарының мазмұны байып, түрі өзгеріп отырады. Ата-ана баланың ойлау, қиялдау, армандау сана-сезімдік қабілеттерін қалыптастыру үшін, халық ауыз әдебиетінің жырларын айтып еңбекке баулауға үйреткен. Соңғы кездегі психология ғылымы саласындағы зерттеулер нәтижесінде балалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деп айтуға болады. Кіші мектеп жасындағы баланың танымдық әрекеті өткен ұрпақтың өмір тәжірибесін белгілі білім жүйесін меңгеруі. Осыған байланысты баланың ұлттық сана-сезімін, дүние танымын, танымдық белсенділігін, танымдық қызығушылығын арттыруда ойындардың жас ерекшелікке байланысты қолданылуы маңызды орын алады деп тұжырымдауға болады. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіледі, жеке белсенділігі мен танымдық қызығушылығы артады. 72


Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға ойынды тәрбие құралы деп қарауға болады. Бала ағзасы қимыл-қозғалыссыз тура тұра алмайды. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үлгерген. Сондықтан да ол мектепте де ойнауға бейім тұрады. Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін кіші мектеп жасындағы оқушы ойын барысында сезінеді. Ойын баләның жан серігі іспеттөс. Қай бала болсын ойынмен өседі. Мұғалім балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қамтамасыз ету керек. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың әдепті, көргенді, қарапайым, қайрымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты, сонымен бірге сабақта, сабақтан тыс уақытта ойнаған ойынның тәрбиелік мәніне де байланысты болады. Ойын барысында баланың бойында қайырымдылық қасиетті сіңіре білуіміз керек. Ол үшін баланың айналысына қолайлы жағдайлар жасауымыз керек. А) бала ұстаған заттың өз орынды және гигиеналық талапқа сай болуы тиіс; Ә) баланың талабының қанағаттануы қажет; Б) мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы, мейірімділігі т.б. қасиеттері бала үшін аса маңызды; В) балалар өмірінің бағдарламалық талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы: Мұғалім кіші мектеп жасындағы оқушылардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруы тиіс. А.С.Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: ойын - сабақ, ойын -жаттығулар, сергіту ойындары, ойынжарыстар. Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Дидактикалық ойындар оқу материалдарын жаңа, қызықты формада қайталау ісін ұйымдастыруға жағдай жасайды. Ойын үстінде әр бала өзінің алған білімдерін жаңа жағдайларда пайдалануға үйренеді, мұның өзі олардың белсенділігін арттырады, өткен материалдарды бұрыңғыдан да жақсы меңгеруіне жағдай жасалады. Жұмыстың бұл тәрізді формасы балалардың оқуға деген ықыласына жол ашады, оны дамыта түседі. Бастауыш сынып оқушылары өз назарын нашар басқарады. Ал дидактикалық ойын балаларды белсенді ете түседі, олардың өз назарын белгілі бір затқа өте ұзақ уақыт аудара білуге үйретеді. Мектеп өмірінен бір мысал келтірейік. Мұғалім: Егер 5-ке 2-ні қоссақ неше болады? Бірінші сынып оқушысы (ол санай біледі, бірақ өз назарын меңгеріп 73


болған жоқ) төрт. Мұғалім: Ойланып' көрші. Оқушы: Бес. Ол басқа сұрақтарға да осылайша ойланбай жауап береді. Енді, міне, мүғалім «тез және дұрыс жауап берген бала ұтып шығады» -деген ойын өткізеді дейік. Мұндайда жаңағы сұрақтарға жауап өте дұрыс болып шағады, яғни балалардың жеке белсенділігін дамытуда және танымдық қызығушылығын арттыруда дидактикалық ойынның маңызы зор. Ойынның үнемі жақсы нәтиже бере бермөйтінін есте ұстау керек. Егер ол жарыс-ойын болса, сабақ үстінде есепке жүйрік балалардың өзі алғашқы ойында кейде қара есептерді шешуде қателер жіберетінін байқаймыз. Бұның себебі не? Ойын шарты балалардан тез ойлауды, мұқият болуды, ұзақ уақыт сезінуді талап етеді. Бұл - оқушылар үшін жаңалық. Оқушылардың бұл ойынға үйренісуі, білімдерін жаңа жағдайда пайдалануға үйренуі керек. Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жоқ. Қазіргі кезде сабақта оқып жүрген материалдың мазмұнына сәйкес мұғалім ойынның бір түрі бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады. Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтын, бірақ балалардың бойында ықылас есте ұстау, бақылағыштық, назар аударғыштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процестерді, қасиеттерді дамытуға бағытталған ойынның түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс. Осы тектес ойын түрлері мынадай мазмұнға ие болуы мүмкін. Мұғалім тақтаға әртүрлі заттарды «қуыршақ, қарға, стол, доп, шар» бейнелейтін бірнеше сурет іледі де, бір шетіндегісін қағазбен немесе пердешемен жауып қояды. Балалардың біреуі әлде қағазды немесе пердешені жылжытып отырады. Ол әлгі суреттердің әрқайсысына ұқыпты түрде қарап алуға және олардың орналасу ретін есте ұстап қалуы тиіс. Оқушы әрбір суретке белгілі бір уақыт ішінде қарап алады да, сыртқа шығып кетеді. Қалған балалар суреттердің орнын ауыстырып, нені алып тастау, нені қосу жөніндегі өздерінің ұсыныстарын айтады. Осыдан кейін сыртқа шыққан оқушы қайтып келеді де, қандай өзгерістер жасалғанын айтып беруге тиіс. Мұндай ойындар балалардың ықыласын, байқағыштығын, есте ұстау қабілетін дамытады. Балалар қызығып ойнайтын ұқсас ойындарды өздері ойлап табатын болады. Педагогтың басты міндеті балалардың бұл тәрізді ойындарын мадақтап отыру, сол ойындардың үстінде балалардың әртүрлі ойындарды ойлап табу және оларды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныс пікірлерін қолдау, оларға тиісті көмек көрсету болып табылады. Ойынның балаларға мейлінше күшті әсер ететінің ұмытпау керек. Ол кез келген баланы толғандыра алады, міндетті сәтті орындаған бала шаттанып қуанады, сәтсіздікке күйініп, ренжиді, бала мұндайда өз күш қабілетін тағы бір байқап көруге тырысады. Мұндайда күшті әсер сезімі барлық балаларды, тіпті әдеттегі селсоқ, оқуды оңай тастай салатын балалардың өздерінде баурап алады. Балалар өздерінің әлде не міндеттерді атқара алатынын, білетіндігін сезініп, қуаныш құшағына бөленеді. Ойынды балалардың оқуға деген дұрыс қарым-қатынасын тәрбиелеу жолындағы ең 74


қызықты, қуанышы мол әдіс деуге болады. Егерде мұғалім өз жұмысында балалармен ойынды жете пайдалана алмайтын болса, онда оның балалар өмірін қызықты ете алмағаны, әсері күшті тәрбие құралын іске қоса алмағаны. Мұның екінші жағы да бар: бала ойын үстінде өзін еркін сезінеді. Ол ойын кезінде үйдегілер мен сыныптас достарының алдында қызаруы мүмкін нашар баға қойылады деп қорықпайды. Балалардың өзін қоршаған өмірге белсенді түрде қатысуға деген ынтықтығы ойын үстінде көрініс табады. Ойын - оқушылардың дүниені, шындықты тану жолдарының бірі. Бала ойын үстінде маңызды қоғамдық оқиғаларды көп ретте өз шама шарқынша түсіне отырып, өзінше бастан кешіреді. Балалардың көңіл-күйі осы ойын үстінде айрықша көрінеді және қалыптасады. Шындап берілмейінше ойынойын болмай қалады. Ойын дегеніміз ешқашанда мәжбүр етуге, міндеттілікке негізделмейтін қызмет түрі. Ойынның басқа қызмет түрінен айырмашылығы да осында жатыр. Түрлі ойындар балалар ұжымын ұйымдастыруға, қуанышты, сергек көңіл-күйді қалыптастыруға көмөктеседі. Бала өзін ойын үстінде жайшылқтағыдан жоғары сезіне алатындықтан, А.С.Макоренко оған аса үлкен тәрбиелік маңызы бар қызмет түрі ретінде қарады. Ойнамайтын ұжым ешқашанда шын мәнісіндегі балалар ұжымы бола алмайды, - деді ол. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда сөздік ойындардың, столда ойналатын ойындар, «қан талапай». «тоғыз құмалақ» «жұп картиналар», «лото», «домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл сабақтарда зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындарын маңызы зор. Мысалы, «ұйқасын тап», «жалғасын тап», «жоғалған сөз» т.б. Сол сияқты ойындар балалардың ой-өрісін, қиялын зейінін, белсенділігін арттыратын, ақыл-ой әрекетін қабілеттерінің дамуын, түсініктерінің кеңеюіне, тілдің дамуына әсер ететін ойындар ретінде түрленеді. Қазіргі кезде білім беру процесінде оқу іс-әрекетінің жаңа түрлері, дәстүрлі емес сабақтар қолданылуда. Бастауыш сынып оқушыларының дамуын диагностикалау балалардың логикалық ойлауына арналған арнайы сабақтарды жүргізуді талап етеді. Оқушылардың белсенділігін, шығармашылығын дамыту, болашақ ұстаздардың үнемі ізденуіне жол беріп, кәсіби шығармашылық әрекетін қалыптастыру, болашақ ұстаздардың шаршауын болдырмау, оқу - тәрбие процесінде оларға қолайлы жағдай жасау - бұлар да оқытудың дәстүрден тыс формаларына жатады. Әртүрлі ойындар арқылы балалардың ой-өрісін, қиялын, сезімін оятуға зейінін аударуға белсенділігін арттыруға, шығармашылығын дамытуға болады. Ойындар арқылы балалардың сабаққа деген ынтасы дамиды.

75


2 БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 1. Бастауыштағы жеке пәндерден білім беруді ойындарды оқытудың технологиясы ретінде тану

ұйымдастыруда

Оқу мен тәрбилеу-тұтас үдеріс. Оларды бірінен-бірін бөліп қарауға болмайды. Өйткені оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту іске асады. Белгілі педагогтар Қ.Бержанов пен Ш.Әмірәлиев тәрбие мен оқытудың бірлігін нығайту себептерін (білімді меңгерудің қоғамдық мәнін ұғыну, өздерін болашақ өмірлік тәжірибедегі іс-өрекетке даярлануға ұмтылу, өмірдегі өз орнын табуға даярлық), тәрбие мен оқытудың мызғымастай бірлігін орнатудың негізгі жолдарын (оқу пәндерін тәрбиелік бағытта құру, мұғалімнің шығармашылық ізденісі, оқыту мен тәрбие әдістерінің әр салалы болуы, оқу сабақтарының, үйге берген тапсырманың, сыныптан тыс жұмыстардың бір-бірімен тығыз байланыста болуын) көрсетеді. Мұғалімнің оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің бірлігін жасауы, оқушыны дұрыс дамыту мен қалыптастырудың шарты. Сондықтан оған айрықша мән береді. Бұл тұста оқыта отырып тәрбиелеу деп отырғанымыз білім алуға сәйкес оқушының дүниеге дұрыс көзқарасын, ой және дене еңбегін өз тарапынан ұйымдастырып істеуге бейімділігін т.б. қалыптастыру. Мысалы, оқушының дүниеге көзқарасын тәрбиелеу, өзін қоршаған заттар мен құбылыстар туралы ғылыми негізде білім алуына яғни, шындықты танып білуіне байланысты. Сондықтан да білім беру мен тәрбиелеу егіз, олар диалектикалық бірлікте. Оқыту кезінде білім берумен қатар баланың дүниетанымы, адамгершілік қасиеттері, еңбекке көзқарасы, эстетикалық талғамы тәрбиеленеді. Яғни қоғамға, әлеуметтік ортаға лайықты сапалық қасиеттер дамиды. Мектепте оқытылатын әрбір пәннің мазмұнын, жүйелілік заңдылығын дұрыс түсінуге бағытталған. Сондай-ақ өміріне қажетті әділдік, батылдық, жауапкершілік сияқты адамгершілік белгілері мен еңбекке тұрақтылық қасиеттерін, эстетикалық сезімдері мен талғамын қалыптастырады. Л.В.Занков оқыту кезінде баланың даму ерекшеліктерін ескеріп, оқу мазмұнын қиындатып отыру оқушының дамуына ықпал жасайтынын көрсетеді. Бұл пікірдің шындығы бар. Өйткені оку мен оқытуға сай санада тануға, білуге бағытталған қозгалыс пайда болады. Мұндай қозғалыс оқушының мүмкінділігін қанағаттандыруға байланысты іске асады. Демек, оқыту мазмұнын, әдістерін, формаларын жаңартып, ұтымды жақтарын табу оқушының білім, тәрбие алуының, дүниеге ғылыми көзқарасының қалыптасуының негізі болып табылады. Қысқасы, мұғалімнің білімі, окутәрбие саласында жүргізген жұмыстары оқушыға қарым-қатынас арқылы беріледі. Оқу-тәрбие жұмыстарында қарым-қатынастың нәтижелі әрі мазмұнды болуы, мұғалімнің оны алдын-ала жоспарлауға, оқыту-тәрбиелеу кезінде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, басқаруға, іске асырылған қарымқатынасқа талдау жасауға байланысты. Ал мүғалім ісінде қарым-қатынастың 76


тиімді болуы оқушыны құрметтеуге, қызықтыруға, білуге құмарландыруға, қолынан іс-келетініне сендіріп отыруға, онымен ынтымақтасуға тәуелді. Әсіресе бастауыш сыныптарда, егер мұғалім оку-тәрбие үдерісінде оқушылардың көңілін көтеріп, қызықтырып отырса, онда ұсынылып отырған оқу материалдарын, тіпті оның күрделі түрлерін де қиналмай игере алады. Яғни мұғалімнің оқушылармен шынайы қарым-қатынас жасауы - оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі жүргізудің қажетті шарты. Мектептегі әрбір мұғалім оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын қоғамының талабына сәйкес оқушы ойын дамытатындай, тәрбиелейтіндей, білім беретіндей тұрғыда ұйымдастырады. Нәтижесінде оқушы оқу-тәрбие жұмыстарының объектісі әрі субъектісі болады. Мұғалім оқушыға білімтәрбие беру мақсатында оқу мазмұнын басшылыққа алып, әр түрлі әдістер мен тәсілдер арқьлы оқытуды іске асырады. Бұл жағдайда оқушы оқытудың объектісі. Оқушы оқыту кезінде мұғалімнің сөзін тыңдап, үйреткенін орындап қана қоймады, оған талдау жасап, өз бетінше шешіп, жаңа түсініктер мен ұғымдарды, ептілік пен дағдыны бойында қалыптастырады. Бұл жағдайда оқушы оқу-тәрбие жұмыстарының субъектісі болады. Демек, оқушы оқу-тәрбие жұмыстарының объектісі, субъектісі ретінде дамып қалыптасады. Мектепте оқушыға Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу жоспарына сәйкес жеке пәндерден сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда білім, тәрбие беріледі. Барлық пәндерге, барлық сыныпқа, барлық мұғалімдерге жарамды сабақ құрылымы жоқ. Соңғы кезде дәстүрсіз сабақ өтудің тиімділігі дәлелденіп жүр. Оқушы мұндай сабақта үздіксіз ынталану, қызығу жағдайында болатын сияқты. Бірақ сабақтың қай түрінде болмасын оқушыны сабаққа дайындау, жаңа оқу материалын түрлі тәсілдер мен әдістер арқылы түсіндіру, оны бекіту үшін түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындату, жаңа материал бойынша оқушылардың түсінігін байқау, үйге берілген тапсырманы сұрау, оқушылардың білімін бағалау, оқу материалын жүйелеп қорыту, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру сияқты міндеттері шешіледі. Мұны сабақтың элементтері деп атайды. Оқыту кезінде мұғалімнің сабақ элементтерін айқындауы, сабақ мақсатына жетудің себебі болады. Сабақтың көп түрлі болуы мақсатына, мазмұнына, оқыту әдісіне, оқушылардың дайындығына, сабақта жүргізілетін жеке, топтық, көпшіліктік жұмыс түрлеріне, сабақтың сабақтар жүйесіндегі орнына, мұғалімнің дайындығына байланысты. Демек, сабақтың түрі мақсатына сай, оның құрамында көбірек орын алған элементіне байланысты. Сөйтіп сабақ-күрделі құрылымды, әр мұғалімнің оқыту мен оқуға байланысты оқушының білім, тәрбие алуына, дамуына жағдай жасайтын, оны шешудегі шығармашылық ізденістерінің туындысы. Мұғалімнің сабақта өз ісін жетілідіруіне, тиімділігін арттыруына мына жағдайлар өсер етеді: Біріншіден, тақырыпқа сай сабақ жоспарын жасау. Екіншіден, оқушының білімге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру үшін тақырыпқа сай сабақ типін, оның құрылымын, әдістерін, тәсілдерін түрлендіріп отыру. Үшіншіден, сабақта дидактикалық және техникалық құралдары мақсатқа 77


сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану. Төртіншіден, мұғалім мен оқушының ынтымақтығын жасау, яғни оқушының өз ынта жігері мен оқуға құлшынысын арттыру. Бесіншіден, сабақты өмірмен байланыстырып отыру. Алтыншыдан, сабақта танымдық ойындарды пайдалану. Ойын оқушы әрекетінде жетекші орын алады. Сондықтан сабақтың мазмүнына сай дидактикалық ойындарды пайдалану олардың оқуға ықыласын, қызығушылығын арттырудың себепшісі. Бірақ сабақтың барлық уақытын ойынмен ауыстыруға болмайды. Жетіншіден, сабақта шешімін тапқан озық тәжірибені қолданып отыру. Сегізіншіден, сабақтың нәтижелі өтуі, ондағы көңіл-күйге, педагогтік шеберлікке байланысты. Тоғызыншыдан, сабақта оқушылар әрекетін үйлестіріп отыру, яғни оқу әрекетін жеке, ұжым болып шешуге үйрету. Оныншыдан, нәтижелі сабақ өткізу үшін, мұғалімнің өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы. Он біріншіден, өтілген сабақтың тиімділігін анықтап отыру. Жоғарыда аталған білім беруді ұйымдастыру формаларында алдынала белгіленген білім мазмұны іске асады. Білім мазмұнын анықтау кезінде мына қағидалар басшылыққа алынады: 1) қазақ халқының жалпы ұлттық игілігін бүкіл адамзат мәдениетімен ұштастыру; 2) жалпы орта білімнің құрамы мен құрылымын балалардың психикалық-физиологиялық жас ерекшеліктеріне қарай үйлестіру; 3) ірі блоктар мен пәндер деңгейінде білім мазмұнының басты бағдарын белгілеу, білімнің түпкі (базалық) және жылжымалы құрамаларын (компоненттерін) айқындау; 4) оқыту мен тәрбиені интеллектуалды пайдалы және өнімді еңбекпен жалғастыру; 5) жастарға жалпы орта білім беруді алғашқы кәсіптік және бастапқы арнаулы мамандықтар меңгертумен ұтымды ұштастыру; 6) оқытуды ізгілендіру (гуманизациялау) қағидасын әрі гуманитарлық бағдарды жүзеге асыру; 7) жалпы білім мазмұнын анықтауда интеграциялауды, яғни әр түрлі пәндердегі негізгі қағидалар мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды жүзеге асыру; 8) оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып, білім мазмұнын пәнаралық және пәншілік саралау; 9) білім мазмұнының құрылымын анықтауда басшылыққа алынатын ең маңызды қағидалардың бірі «жүйе қызметінің толықтық қағидасы» деп есептеу; 10) халықтың өз мектебіне қоятын талабын ескеру. Оқушылардың білім мазмұнын меңгеруі көп жағдайда оқыту әдісіне, тәсіліне, құралдарына байланысты. Оқыту әдісі деп білім беру мақсатын шешуге бағытталған мұғалім мен оқушының жүйелі бірлескен іс әрекеті. Ол білім беру көзіне (сөздік, көрнекілік, практикалық), оқытудың дидактикалық мақсатына (білімді меңгеру, ептілік пен дағдыны қалыптастыру, білімді қолдану, білімді тексеру және бағалау), 78


оқушылардың танымдық қызметіне (түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивтік, проблемалық, іздену, зерттеу), оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға (ойын, пікір таласы, мадақтау, ұялту) байланысты бөледі. Мұғалім оқыту кезінде оқу мазмұнының қиын, жеңілдігін, оқу құралдарының түрін т.б. ескеріп, оқыту әдісін таңдайды. Оқыту әдісі күрделі, оның құрамына тәсілдер енеді. Тәсіл-оқыту кезінде оқу мазмұнын нақтылауға, кеңейтуге, оқушылардың белсенділігін арттыруға, олардың ептілігі мен дағдысын жетілдіре түсуге көмектесетін оқу әдісінің бөлігі. Бірақ оқыту әдісі тәсілдерінің жиынтығы емес. Бұл жерде, оқу ойындары арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты - пән бағдарламасында анықталған дүниетанымдық білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Оқу танымдық ойындарды пайдалану орнын мұғалім анықтайды және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалдарды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын үдерісі мен оқу үдерісін бір-біріне сүйене үйлесімді ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу үдерісінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу ісәрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны меңгеруге толық ықпал жасайды. Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың тек бастауыш сыныптарда ғана емес, сондай-ақ жоғарғы сыныптарда да пайдасы мол. Ойын арқылы баланың адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардыњ өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатынасып, қойылған сұраққа жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын элсмснттерін қолдану оқушының ой-өрісін дамытуға әсер етеді. Ойын араласқан сабақ оқушыларға әсерлі болып, олардың білуге құмарлығын арттырып, түсініктерін кеңейте түседі. Қазіргі кезде жас ұрпақты оқытып, алған білімін кеңейтіп, көркемдік талғамдарын арттыруда, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастырып халықтық тәрбие беруде, ізгі мінез-құлық пен биік адамгершілік, ұлттық қасиеттерін қалыптастыруда ана тілі мен әдебиеті пәнінің атқарар міндеті мол, орны ерекше. Оқушы білімінің сапалы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне, оларды ұлттық дәстүрмен ұштастыра білуге, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істетіп, біліктері мен дағдыларын ісксрлікпен дамытуға байланысты. 79


Бастауыш білім беру кезеңінде пәндерді оқытуды жетілдірудің жаңа технологиясын іздестіру жолында ғалымдар, жаңашыл педагогтар, мұғалімдер еңбек етуде. Олардың ғылыми еңбектерін зерттеу жұмыстарын саралағанда берік білім берудің, оқу-белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элеменнтерін тиімді пайдалану екендігін байқатады. Әрбір өтілген сабақ оқушының тіл-байлығын әдеби сауаттандырын, шығармашылығына жол ашатын ойлау элементтерін дамытатындай негізде құрылуы қажет. Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың: «Ойлау-жанның өте бір қиын терең ісі». Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан мұғалім ойната отырып ойлануға, жүйелі сөйлей білуге ұмтылдырып отыру қажет. Күнделікті сабақта ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері бар. Ойын - оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Оқушы өзінің және басқалардың ойын нәтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің істерінде пайдаланады. Балалар білімді ойын арқылы алады және шығармашылығын дамыта түседі. Ойынның қиын сабақта болмасын мақсатты жоспары болады. Ойын барысында бала сол тақырыпқа сәйкес ізденеді. Сол тақырыптың мазмұнын ашып, ізденімпазділік әрекетін кµрсете түседі. Балалар ойындарының маңызын жоғары бағалай келіп А.С.Макаренко былай деп жазды: «Болашақ қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады». Д.В.Элъконин: «Ойынол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара қатынас, практикалық білімдері және қызметі». Профессор В.М.Чистяков «Балалармен бірге сабақ үстінде жүргізілген қызықты ойындар, оларды сабаққа қызықтырады, тәртіпке шақырады, дұрыс қорытындылауға олардың бойында достық , ұйымшылдық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дарытады». Н.К.Крупская: «Ойынның айрықша маңызы бар: Ойын олар үшін-оқу, ойын олар үшін-еңбек, ойын олар үшін-тәрбиенің мықты формасы». Б.Тетенаев: «Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті түсінігіндегі тіршілігіндегі қозғалысымен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыды». Психолог А..В.Запорожец: «Ертегі сияқты, ойын да баланың бейнелейтін адамдарының ойы мен сезіміне терең бойлауға үйретеді, күнделікті әсер шеңберіне адамның алға ұмтылыстары мен қаһармандық істерінің кең әлеміне шығарады». Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның мәні педагогикалық жүйеде бұрын да, кәзір де қарастырылып отыр. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс-әрскет деп түсінеді. Шетел және біздің ұлттық педагогикамыздың өзінде ойын тарихында бала тәрбиелеуде мынадай бағыттар да қолданылады: 1. Баланы жан-жақты үндестікте үйлесімді дамыту; 2. Оқыту мақсатын бұл бағытын - чех педагогы Я.А.Коменский. Ол ойынды баланың ең қажетті іс-әрекеттің табиғатына және бейімділігне ең жауапты түрі деп санайды. 80


Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар, педагогтар ойынның шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын, тәрбиелік міндеттерді шешу үшін ойындарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді. Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрскеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс әрекеттер: ойын, оқу және еңбек. Ал бастауыш сынып оқушыларына іс-әрекеттердің үшеуі де тән. Дегенмен, бұл жастағы жас жеткіншектер үшін ойын-ең маңызды іс-әрекеттің бірі. Бала үшін ойын өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың ісәрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі. Адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік ролдер атқарады. Мұны А.С.Макаренко жақсы көрсете білген «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекст ету қандай орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойын да бала қандай болса, өскеннен кейін көбінесе сондай болады». Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Баланың психикалық даму үрдісінде, ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі. Ойын әрекетінің бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындағы үлкен педагогтардың бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады. Т.Тәжібаев халық ағарту ісі мен оқу тәрбие саласындағы зерттеулерінде баланың ойын әрскетін психологиялық тұрғыдан қарастырып, оның тәлім-тәрбиелік, білімдік маңызын халықтың тағылым беру өнерімен ұштастыра отырып зерттейді. Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып, өрістетіп отырады деп санаған. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүние танымын кеңейтеді, мінез құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздылық, тапқырлық әрекеті байқалады (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Баланың ойын тәжірибесінде ұжымдық өмір дағдылары қалыптасады. Ойын үстінде баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің іс-әрекетімен салыстыру қасиеттері жетіледі. Сондай-ақ, ес, қиял сияқты психикалық үдерістері қалыптасады, сөйлеу тілі дамиды. Қозғалыс ойындары арқылы баланың зейіні қалыптасады. Ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық ұғым бола алады. Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады: Ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда, өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді. 81


Ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттырады, ойынға қатысушылар оқытушының ролін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әр қайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді. Ойын проблемасымен шұғылданған ғалымдар Р.М.Жуковская, Д.В.Менджерицкая, Н.Я.Михайленколардың айтуынша, балалардың өздігінен көріністік ролдік ойындар ойнауы үшін білім машықтарының болуы ғана жеткілікті емес. Балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білуі керек. Сондықтан да балалар өздерінің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып арнайы кезеңдерді нақтылы білуі қажет. Бастауыш сынып жасындағы оқушылар алған білімдеріне, өмірден азды-көпті жинаған тәжірибелеріне сүйене отырып, тәртіптерін, мінез-құлықтарын жағдайға қарай бейімдей алады. Балалардың өзара қарым-қатынастары тұрақты қажеттілікке айнала бастайды. Мұғалім балалардың қарым-қатынастарын күнделікті бақылау арқылы әр баланың мінез-құлқының қалай қалыптаса бастағанын анықтайды, Бала бойында қалыптасқан жағымды, жағымсыз қылықтарды ескере отырып, жеке жұмыс жүргізеді. Әсіресе ойын арқылы әр баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке баулиды. Оқыту үдерісінде ойын екі түрлі мақсатта қолданылады. 1. Оқу мақсатында. 2. Ойын ойнау мақсатында. Ойын маңызды іс. Қандай ойын болса да, ол негізгі бір мақсатқа жұмсалуы керек, өйткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жанын ынтықтыруымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танытудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл ой тәрбиесі деген болмайды» деп санайды. Демек, жоғарыдағы пікірге сүйенсек бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, сабақ барысында алған білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек. Балалар ойындарын жалпы алғанда үлкен екі топқа бөлуге болады: 1. Сюжетті ролді шығармашылық ойындар. 2. Ережелік ойындар. Сюжетті, рөлді шығармашылық ойындарға: тұрмыс тақырыбына қатысты ойындар, өндірістік тақырыптағы ойындар, құрылыс ойындары, табиғи материалдарды пайдаланатын ойындар, қоғамдық саяси тақырыптағы ойындар, сахналық ойындар, сауық, ермек ойындары жатады. Ережелі ойындарға: дидактикалық және қимылды ойындар. 82


Дидактикалық ойындарға: заттармен және ойыншықтармен ойналатын ойындар, сөздік дидактикалық ойыңдар, үстел үстіндегі баспа ойындар, музыкалық дидактикалық ойындар жатады. Қимылдық ойындарға: сюжетті, сюжетсіз, спорттық элементтері бар ойындар енеді. Дидактикалық ойындардағы негізгі міндет балалардың ақыл ойын дамыту, білімін байыту болса, қимылды ойындардағы негізгі міндет, қимыл қозғалыс белсенділігін дамыту, жетілдіру. Бірақ, бұл екеуін мүлде екі бағытта деп есептеуде болмайды. Біріншіден ойлау, сөйлеу, ес, қиял, ерік дамытьшса, екіншіден қимыл қозғалыс мәселесімен қатар адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады. Екеуінің де мақсаты, баланың жеке басын дамыту. Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты, балаларға білімділік, іскерлік, әдет-дағдыларды игерту мен оны бекітуге ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Педагогикалық үдерісте дидактикалық ойындар екі жақты: ол-біріншіден оқыту әдісі болса, екіншіден - дербес ойын әрекеті. Дербес ойын әрекеті сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Ойынға басшылық ету үш бағдардан тұрады: ойынға дайындық, оны өткізу, қорытынды нәтижені сараптау. Ойынға дайындыққа мыналар кіреді: белгілі бір жас тобына қажетті оқыту және тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес өткізетін уақытты орынды ескере отырып, ойынды іріктеу, қажетті дидактикалық материалдарды сұрыптау жатады. Тиімді қолданылған ойындар мұғалімнің түсінліріп отырғян материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік игеруіне көмектеседі. Өйткені, бастауыш сынып оқушыларының аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын ауыр материалды да жеңіл игертіп бала жүйкесіне ауыртпалық түсірмейді. Өздеріне ұнаған ойыннан кейін ол әрі тез сергіп, тапсырманы ықыластана, сапалы орындайтын болады. Ойын балалар сабақта зерігіп, шаршаған кездерде сергіту мақсатында ғана емес, оларға берілген негізгі ұғым түсініктерді берік меңгерту мақсатында жүргізіледі. Ойын арқылы оқушы өздігінсн жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып, өтілген материалды берік меңгерту. Сондықтан да ойынның пәндік мазмұны басты назарда болуы тиіс. Сонда ғана ол оқушының ойлау қабілетін дамытып, білімдік, тәрбиелік, сауаттылық мақсаттарға жетелейді. Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар мыналар: 1. Ойындардың ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болу шарт; 2. Ойынға қажетті көрнекілік материалдар күнілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылу керек; 3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етуі қажет. Ойын тым тез қарқынмен жүргізілсе, оған көпшілік балалардың ойы ілесе алмай қалатынын, ал ойын жай сылбыр жүргізілгенде оған деген ынта ықыластың күрт кеміп кететінін тәжірибе көрсетіп жүр; 83


4. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн; 5. Жүргізілетін ойын оқушылардың қиялын ұштауға шешім қабылдап, ой қорытындысын жасай білуге, тілін дамытып, сауатты жазуға жетелеу керек. Оқытудың түпкі мақсаты - оның сапалы болуы, яғни сабақтың формалары мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оны әдістемелік, танымдық, білімдік, тәрбиелік сауаттылық жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Оқытудың тәрбиелік қасиеті мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды. Сабақта ойын элементтерін пайдалану- сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық-тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, соны істейді. Мысалы: қазақ баласы біреуі ат болып қашса, біреуі құрық салады, шырпыларды түзіп, көш жасайды. Балшықтан мал жасайды. Жалпы ойын баланың тілінің өркендеуіне көп пайда тигізіп, ойнағанда тоқтаусыз қозғалып, сөйлей береді. Жалпы ойынмен тұрмысқа, яғни басқа адамдармен бірігіп тұруға үйренеді. Өзінің сөзім, тілін біреуге тыңдатып, басқаның тілегін, сөзін өзі тыңдап, қысқасы бірікксн тұрмыстың бірінші шарты, жалпы заңдарды орындап үйренеді. Ал, енді жалқы ойын, яғни жалғыз ойнау баланың алаңғасар, еліктегіш болмай, өз ісіне ынталы, тиянақты болуына пайдалы. Бастауыш білім беру кезеңінде дидактикалық ойындармен өзара үйлесімді болып келетін қазақ халқының ұлттық ойындарыныңда орындары ерекше болмақ. Себебі, берілетін білім мен тәрбиенің мазмұны бала өмірінен алынып оның табиғатына жақын келсе ғана оны баланаң меңгеруі жеңіл әрі тиімді болмақ. Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардың бірі -ұлт ойындары. Халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің күресі ретінде, адам баласының фантазиялық ой жүйесінің заңды жалғасы ретінде танып білудің, үйренудің, тәжірибе пайдаланудың үлкен білімдік тәрбиелік маңызы бар. Ұлт ойындары-интернационалдық тәрбиенің құралы. Олай дейтініміз ұлт ойындарының арасында өзара үндестік, тығыз байланыс бар. Ойынға тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшің заманымыздың заңғар жазушысы, ұлт ойшылдарының бірі - М.Әуезовтың мына бір пікірін еске ала-кетейік: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жолында, өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой» - деген екен. 84


Қазақ халқының ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Қазақ халқының ұлт ойындары негізінен алғанда үш жүйеден тұрады: сауық, дене шынықтыру, спорт және ой шыңдау. Ұлттық ойындарды отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында, үзілістерде, ұзартылған күн топтары мен сабақтан бос уақыттардағы тәрбие жұмыстары, мектепте өткізілетін ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Ойынның түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты іріктелініп алынуы тиіс. Ұлттық ойындар сонымен бірге сол халықтың тарихынан да хабар береді. Халқымыздың ғасырлар бойы жасаған ұлттық ойындарының бір түрі ой шынықтыру ойындары болса, оның көп қоры бұл күнде үміт болып, бізге жетпей отыр. Халық ойындары ақыл-ойдың дамуына, өнер жарыстыруға, білгенінортаға салу секілді ізгі мақсаттарға жол ашады. Сондықтан ойын арқылы оқушы әрі тынығады, әрі ұжымның ұйымшылдығына үйренеді. Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық, өзін-өзі теже сияқты қасиеттердің алғашқы қажеттігін сезінуде осы ойын бастатады. Ұлттық ойындар - халық педагогикасының негізгі бір саласы ретінде оқушыларға жан-жақты білім беруде, олардың өмір, тәжірибелерін кеңейтуге, дүниені танып-білу қабілеттерін жетілдіре түсуіне көмектесетін аса қажетті тәрбие құралдарының бірі. Оқушының сабақты жақсы меңгеруінің бір айқын кепілі-оның сөйлеу тілінің дамуына байланысты. Халқымыздың ежелден келе жатқан, дәстүрлі жұмбақ, жаңылтпаш сияқты ойындары - тіл дамытудың әсерлі құралы. Педагог-ғалымдар мен тәжірибелі-әдіске мұғалімдердің пайымдауларынша балалар өміріндегі ойындардың ролі өте маңызды және өзінше ерекше. Ал оны дұрыс іске асырушы мұғалімдер – себебі, олар көбіне ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл кеңесшісі, балалардың даулы мәселелерін шешіп беретін әділ төрешісі, сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы болады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойындар көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Балаларға білім беріп оқытудағы әдістердің бірі және оларды жан-жақты, толық тәрбиелейтін құрал – яғни, педагогикалық технология деп айтуға болады. 2. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін оқытуда ойын технлолгияларын қолданудың жолдары Қазақ тілі - басқа барлық пәндер сияқты оқытып, білім берудің өзіне ай белгілі бір мақсаттарын көздеген міндеттері өз дәрежесінше анықталған оқушылардың психикалық әрекетінің мүмкіндігін ескерген, ішкі 85


заңдылықтары, өзіндік оқыту ережелері мен ерекшеліктері болуын талап ететін пән екендігі белгілі. Бұл орайда басқа пәндер секілді бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үдерісінде түрлі жаңа әдістемелік үлгі-жүйелерді енгізу мен қолдану кеңінен таралады. Балдырған отбасы тәрбиесі арқылы және өзін қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. Ал адамға ана тілінен ардақты не бар? Ол туралы әйгілі психолог Ж.Аймауытов оқудың ана тілінде болуы жайлы «Тәрбиеге жетекші» атты еңбегінде былай деп жазды: «Оқылатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі екендігі даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі - халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.... Жанның барлық толқындарын тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы - сол халықтың тілі. Ана тілін үйрену - сөздерді жаттау, оладың жүйесін, өзге де заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді» - деп тұжырымдайды. Яғни, ана тілі – баланың ақыл-ойының дамуындағы негізгі құрал және жеке пәндерден білімдерді ана тілінің көмегімен меңгерді, дүниетанымы өседі. Ана тілі білім мен ғылымды игерудің, барлық түсініктердің мазмұнын ашуға және өмірде қолдануға мүмкіндік беретін құрал болып табылатыны анықталып тұр. Сондықтан да мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға қазақ тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән беруге тиіс деп білемін. Қазақ тілі сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Сол арқылы оқу үдерісін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірденбір таптырмайтын құрал. Қазақ тілі сабақтарын дәйекті жүргізу үшін мұғалім бірінші күннен бастап оқушылардың мінез-құлқын бақылай отырып, оларды ерекшеліктеріне қарай топ-топқа бөледі. Қазақ тілі басқа барлық пәндер сияқты оқытып білім берудің өзіне сай, белгілі бір мақсаттарын кездеген міндеттері өз дәрежесінше анықталған оқушылардың психикалық әрекетінің мүмкіндігін ескерген, ішкі заңдылықтары, өзіндік оқыту ережелері мен ерекшеліктері болуын талап ететін пән екендігі белгілі. Бұл орайда басқа пәндер секілді қазақ тілін оқыту үдерісінде түрлі жаңа әдістемелік үлгі жүйелерді енгізу мен қолдану кеңінен тарады. Баланың саусақтары емін-еркін қимылдау үшін оларға жаттығулар жасатып, бірнеше ойын ойнату керек. Бұл ойындарды алдын-ала белгілеп тәртіппен жүргізіп отыру қажет. Суреттер арқылы жұмбақтар шешкізу, балалардың сабаққа қызығуын, қатысуын арттыра түседі. Олардың қимылын дамытып, сабаққа белсенді араластыруға мүмкіндік береді. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны 86


балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі. Осының негізінде мұғалім біртебірте оқушыларды күрделі іске тартады. Сабақ күрделене түскен сайын оқушылардың ойы өсіп жетіледі. Осыған орай ойынның түрлері де күрделеніп, өзгере береді. Ойын әрбір пән бойынша ұйымдастырылады. Бір заманда халық қиялынан туып, өз ұрпағын тәрбиелеудің ұтымды құралына айналған ежелгі ойындар ешбір арнайы қрал-жабдықты, өткізетін орынды талғамайды. Халық ойындары тек денені ғана емес ойды жаттықтырушысы да болып табылады. Халық өзі қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжей білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Бүл жерде атап айтатын бір нәрсе, халық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсск, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, төзімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі. Сабақты өткізу барысында қазақтың салт-дәстүрлерінің озық үлгілерін, ұлттық ойындарын тақырыпқа икемдеп, сабақ өткізудің тиімді технологиясына, күнделікті сабақтың ажырамас бөлігіне айналдыруға болатыны қазіргі кезде дәлелденіп, оқыту үдерісінде жүзеге асырылып отыр. Шығармашылық, яғни дәстүрден тыс сабақтар тобына жататын «Тойдуман», «Көкпар сабақ», «Сайыс сабағы» секілді сабақ түрлерін бастауыш білім беру кезеңінің тәжірибесінде жиі қолданылады. «Оқу құралдарының мінезі - мектеп мінезінің айнасы деп атақты ұлы педагог М.Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім жолына пайдаланатын әдістемелер мәнді, тиімді болу керск. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек. Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту мұғалімнің негізгі міндеті. Сондықтан оқушылардың ой-өрісін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды ойын арқылы жүзеге асыруды басшылыққа алдық және осы негізде әр оқушының жеке тұлғалық даралығын ашу, табиғи болмысын сомдау, тәрбиесін толықтыру мәселелерін қамтып, қарастырдық. Балалар үшін ойын ермек емес. Олар айналадағы дүниені ойын және ойыншықтар арқылы танып біледі. Ойын нәтижесінде баланың ақыл ойы дамып, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Түрлі, ойыншықтармен ойнау кезінде бала белгілі бір ойынға қажетті бұйымдарды іздеп табуға талпынады. Ойындар балаларды ұстамдылыққа, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең жырға деген ықыласын, бейімділігін арттырады. «Қуырмаш» ойыны баланың көңілін көтеру үшін, әрі еңбекке тәрбиелеп, дүние танымын арттыру үшін жүргізіледі. Қуыр-қуыр қуырмаш Бидай қуыр қуырмаш Тауықтарға тары шаш 87


Бас бармақ, Балан үйрек Ортан терек Шылдыр шүмек Кішкене бөбек - деп, қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап, жұдырыққа түйеді де, одан соң әрбір саусаққа қызмет беріп, іске жұмсап, балдырғанның жұдырығын жазады. «Ұшты-ұшты» ойыны қызықты өтуі үшін, ұйқас сөздерді тез тауып, оны да бірнеше түрлендіріп айтып, ойын басшысы өзінің ақындық ауқымы арқылы ойыншыларды көңілдендіре біледі. «Шілік» ойынының елеңі, әрбір баланың ақындық бейіміне байланысты. Егер ойнаушы сөреге дейінгі қашықтықта өлең сөзін тауып, демалуға айла таппаса, оның сол қашықтыққа демі жетпей, ойыннан жеңіліп қалуы мүмкін, сондықтан ол неғұрлым үйлесімді ұйқас тауып, өлең тармақтарын молайтуға тырысады. Оқу үдерісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану, сабақтың тақырыбына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Мұғалім ойын түрін қалай, қандай жағдайда қолдану керектігін алдын-ала жоспарлау керек. Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолдану тиімді. 1. Алфавитті ұлттық ойындар арқылы меңгерту. 2. Орфографйяны ұлттық ойындар арқылы меңгерту. З. Дұрыс оқыту дағдысын ұлттық ойындар арқылы меңгерту. 4. Лексиканы ұлттық ойындар арқылы түсіндіру. 5. Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын ұлттық ойындар арқылы қалыптастыру. Алфавитті ұлттық ойындар арқылы меңгерту. Қазақ тілі сабағында дыбыс және әріп қатысуын белгілеу, олардың айырмашылығын көрсету өте үлкен маңызға ие. Әдемі дыбысталуда, мәнерлі оқуда, әдемі дыбыстар дағдысымен қалыптастыру жүзеге келтіруде ұлттық ойын түрлерін пайдалану мақсатына лайық. Осындай ойындардың бірі: Буынға қажет заттар: екі отау, әріптер жазылған карточкалар. Ойынның мақсаты: 1. Оқушыларда дыбыстау дағдысын қалыптастыру. 2. Оқушыларды дауысты және дауыссыз дыбыстарды әдемі дыбыстауға үйрету. З. Ұлттық әдет-ғұрыптарымызға, салт-дәстүрлерімізге, ұлттық мақтанышқа құрмет сезімін ояту. Ойынның барысы: бұл ойынды өткізуде оқушыларды екі топқа бөлеміз. Бірінші топ «Сұңқарлар», екінші топ «Қырандыр» қазақ халқының құстардың атауына қарай олардың бейнесін көрсетіп, өмірде алатын орны туралы және құсбегі туралы мағлұмат береміз. Қазақ халқының ұлттық өнері – құстарды баптау екенін ескертеміз. Бұл екі топтың қатысушыларына әртүрлі әріптер жазылған карточкалар тарқатылып беріледі, оқушылар сол әріптерді дауысты жәйе дауыссыз дыбыстарға дұрыс ажырату керек. 88


Ойынның шартына сәйкес «Сұңқарлар» тобының оқушысы дауысты дыбысты әріптерді, «Қырандыр» тобының оқушысы дауыссыз дыбысты әріптерді дұрыс ажыратуы керек. Ойынның шартына сәйкес әр топ оқушысы кезекпен әріптерді алып, қайсы топ тез және жылдам әрекет жасап, әріптерді қатесіз дауысты дыбысты және дауыссыз дыбыстарға ажырата алса, сол топ жеңімпаз атанады. Сабақтың соңында жеңімпаздарға ынталандыру сыйлығы беріледі. Тақия ойыны. Ойынға қажетті заттар: тақия, әріпті карточкалар. Ойынның мақсаты: 1. Оқушылардың әсемдік дыбыстау дағдысын қалыптастыру. 2. Оқушыларды дауысты, дауыссыз дыбыстарды әдемі дыбыстауға үйрету. З. Тақия, мысалында ұлттық әдет-ғұрыптарға құрмет сезімін ояту. Ойынның шартына сәйкес әр топтың оқушысы кезекпен тақия ішіндегі карточкалардың тез және қатесіз дұрыс дыбыстап, алфавит бойынша әріптерді магнит тақтасына ілу керек. Кайсы топ тез және жылдам әріп карточкаларын өз қатарымен қатесіз қойса жеңімпаз атанады. Орфографияны ұлттық ойындар арқылы меңгерту. Оқушылардың әдемі, дұрыс жазуында қазақ халқының ұлттық ойындары үлкен маңызға ие. Осындай ойындардың бірі: «Көрші-көрші» ойыны. Ойынға қажетті заттар: әріп тіркестері жазылған карточкалар. Ойынның мақсаты: дұрыс және әдемі жазуға үйрету, ұлттық әдетғүрыптарға үйрету. Ойынның шартына сәйкес оқушылар әр түрлі әріп тіркестері берілген карточкалардан әркім өз көршісін, дұрыс және қатесіз табуы керек. Әріп тіркестерінен сөз құрастырылады. Сол сөздердің әдемі жазылуына мән беріледі. Әріп тіркестерінен тез, қатесіз құрастырылуы керек. «Орамал тастау» ойыны. Ойынға қажетті заттар: орамал. Сыныптың оқушыларын екі топқа бөлеміз. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да, қар деп дауыстайды, ол қағып алып ға дейді, не болмаса қарға деп жауап береді. Айтылатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек. Ойын осылсайша жалғаса береді. Лексиканы ұлттық ойындар арқылы меңгерту. Оқушының сөз байлығы қанша көп болса, сөз сөйлеу мәнері де мазмұнды шығады. Лексика дағдысын қалыптастыруда мына ойын түрлерін пайдалануға болады. «Сиқырлы қоржын» ойыны. Қоржын қазақ халқының ұлттық ойыны екенін ескертеміз. Ойынның шартына сәйкес әр топ оқушысы кезекпен қоржын ішінен тиісті суреттерді алып, атын атайды. Атауларына қарай өз орнына дүрыс орналастыруы қажет. Мысалы: Алманың суретін алса, жемістер қатарына, қиярдың сурстін алса, көкөністер қатарына т.с.с. «Ақтерек, көк терек» ойыны. Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөлеміз. Ойынның шарты бойынша ақ терек, кек терек, бізден сізге кім керек 89


деп сұрайды. Содан сол топтың оқушыларының бірінің атын атайды. Аты аталған оқушыдан өтілген тақырыпқа сай жаңа сөз сұрайды. Егерде оқушы дұрыс және қатесіз жауап берсе өз тобында қалады. Жауап бере алмаса, сол оқушыны өз топтарына өткізеді. Ойын осы жолмен жалғаса береді. Оқушыларды зеректікке тәрбиелейтін ойындардың орны ерекше. Балалардың дүние танымын қалыптастыру, білім деңгейін кеңейтуде сөзжұмбақтар, сөзтуымның, ребус, жұмбақтардың маңызы үлкен. Халық ауыз әдебметіндегі баланы тәрбиелеудегі аса зор маңызы бар жанрдың баға жұмбақ. Жұмбақты халық көбінесе балаларға арнаған. Жұмбақтар балалардың ұшқыр ойын шынықтырады, іске, әрекетке қарай баулиды, ой санасының қызмет істеуіне серпін береді, сөйтіп жұмбақтың шешімін айтқызады. Жұмбақты бастауыш сынып оқушылары тілге ұста болу мақсатымен оқиды, жаттайды. Ата-ананың жас балаға беретін тәрбиесінде баланың ойын тапқырлыққа баулу үшін де жұмбақтың көп пайдасы бар. Жұмбақтар қазір халық шығармасында көңіл күй құралы ғана емес, балалар зейінін өсіруде өзіне сай тәрбие мектебі болып өмір сүріп келеді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, анаграмма, ұйқасын тап ойындарының әсері мол. Оқушылардың білуге, тануға деген мүмкіншіліктері мен ынтасын толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамыту сабақ үстінде алған білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше; Сондықтан мұғалім сабақты оңайдан бірті-бірте қиындата түсксні жөні 1,2,3 сышыптарда қазақ тілі сабақтарында мына ойын түрлерін жүргізуге болады: «Қай буынды жоғалттым», «Ойлан ойындары». . Буындарды өтіп, сөздерді дұрыс бөлуге төселдіру үшін осы ойын тәсілін пайдалануға болады. Мысалы: күрек, бақа, ешкі, жалау, торғай сөздеріндегі кү..., ба..., ...кі, жа..., ...ғай жазылмаған буындарды дұрыс тез, көп тапқан оқушылар ұтады. Оқушыларға өздігінен ойланатындай жұмыс істетіп, оларды тапқырлық дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында мына ойынды ұсынуға болады: Мына дыбыстардан сөз құрастыру: 1. р, а, қ (қар), 2. а, л, а, қ (қала) З. к, е, м, п, т, е, (мектеп), 4. л, а, б, а,(бала). «Үндемес» ойыны. Мұны 2-сыныпта сөйлем және сөйлемдегі сездердің байланысын өткенде жүргізуге болады. Оқушыларға төмендегідей орны ауысқан сөздер мен сөйлемдер жазылған үлестірме қағаздар беріп оларды дұрыстап жазу тапсырылады. 1. Боран, соқты, күшті. 2. Тасыды, астық, машиналар. 3. Мамам, әкелді, қызыл, алма. 4. Кітап, жақсы, өте, екен. Оқушылар қолдарына берілген үлестірме қағаздағы сөздер бойынша дұрыстап сөйлем құрап болған соң, үндемей қол көтереді. Ол бала мұғалімнің рұқсатымен тақтаға жазып береді. Егер ол дұрыс жазса басқа балалар алақандарын соғып, дұрыс жазылғандығын қуаттайды. 5. «Қайда 90


менің өз жағым» ойыны. Бұл ойын 3-сынып оқушыларына тәуелдік жалғауларын меңгертуде жүргізіледі. Қолдарына І-жақ, ІІ-жақ, ІІІ-жақ деп жазылған. Жарысушы екі топтың топ басшысын шақырып, бір-бір сөзден тақтаға жаздырады. Сол жазылған сөздердің әріптерін пайдаланып сөз құрау тапсырады немесе бұл тапсырманы бүкіл топқа беруге де болады. Мысалы: Болат:- бол, ат, ол, тол, ал, бал, тал, от, ота т.б. Мүмкіншілігіне қарай әр топқа бірдей сөз шығатын сөз беруге тырысуы қажет. 6. «Жігін ажырат» ойыны. Күн (бағыс), жыбыр (жыбыр), сұп (сұр), ас (қабақ), әлде (қашан), жып (жылтыр), шек (ара), қап (қара), Қойшы (бай), мұғалім мәтінді екі рет оқып шығады. Оқушылар дәптердегі бағанның біріне қос сөздерді, екіншісіне біріккен сөздерді теріп жазады. Бірінші сыныпқа келген балалардың кейбір әріптерге барлығының бірдей тілі келе бермейді. Осындай жағдайда бала жолдастарының көзінше ол әріптерді дауыстап айтуға жасқаншақтай беретіні сөзсіз. Мұғалім баланың осы кемшілігін дер кезінде біліп, оны уақтылы түзеу бағытында шара қолдануы тиіс. Бұл кезеңде бала мен мұғалімге нағыз көмекші халық ойыны болып табылады. Тілі кейбір дыбыстарға келе бермейтін балалар үшін алдымен сол дыбысты жеке-жеке айтқызып, артынан хормен қайталайды. Бастауыш сыныптан бастап оқушыларды мәдениеттілікке, ізеттілікке тәрбиелеуге күш саламыз. Әйтсе де тәрбиенің бір ұшы ата-ананың қолында екендігін естен шығармау керек. Халқымыз тәрбиенің алғашқы бастауын бесіктегі баладан бастаған. Білімнің негізі бастауышта деп тегін айтылмаған. Бастауыш сынып оқушыларының зейін тұрақтылығы әр түрлі. Бірінші сыныптабалаларды жете қимылдату мақсатымен қуыр-қуыр қуырмашты ойнату пайдалы. Оның шарты бірінші бала бас бармақтан бастап шынашаққа дейін бір рет саусақтарының атын түгел айтып береді, Бұл ойын балалардың тілін жаттықтырады. Есте сақтау қабілетін жетілдіре түседі. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды. Оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі. Бұл кезенде нағыз көмекші халық ойыны болып табылады. Бұл мақсатта ежелгі халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады. Жаңылтпаштардың тіл дамытуда, сөзді таза сөйлеп ширақ айтудағы пайдасы көп. Қазақ тілі сабағында буын тақырыбына «Өз атынды буынға бөле білесің бе?» ойынын ойнатуға болады. Мысалы: мұғалім «ал» деп бірінші буынды атайды, балалар әртүрлі «ал» буыннан басталатын бірнеше сөздерді айтады. Сауат ашу кезеңінен бастап әр өтілетін тақырыпқа сәйкес ауыз әдебиетінің бай мұраларын пайдалануға болады. Оқушыларға жүйелі білім беруде олардың жас ерекшеліктері, қабылдау қабілеттері ескеріліп жеңілден ауырға қарай талап деңгейін күрделене береді. Сабақта тақырыпқа сай қолданатын ойын элементтері мұғалімдер тарапынан әдістемелік шеберлікті талап етеді. Ойынға ұжымдық түрде қатысқан балалар дұрыс сөйлеуге, өз ойын жүйелі баяндай білуге дағдыланады, дүние тануы кеңейеді. Бастауыш сыныпта зат есім тақырыбын өткенде «жәрмеңке», 91


«кім нені қалайды» ойындарын жүргізуге болады. Арнайы қағазға жапсырылған ұлттық жиһаздар мен зергерлік бұйымдардың суреттері аукцион тәсілімен үлестіріледі. Суретте қандай заттар бейнеленгенін білумен қатар оқушылар заттық ұғымды білдіретін сөздерді тауып, арнайы сұраққа жауап беруге талаптанады. Халқымыздың «Ұшты-ұшты», «саусақ санау», «санамақ» тәрізді ойындарын бастауыш сыныпта сергіту сәтінде пайдаланудың тәрбиелік мәні үлкен.' Қандай сабақта да оқушыларды ізденіске баулу мұғалімнің басты мақсаты болмақ. Осы мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір тиімді жолысабақ барысында ойын түрлерін пайдалану. Әсіресе қазақ тілі сабағында көптеген ойын түрлерін пайдалануға болады. Сабақты ойын түрінде түрлендіре өткізу оқушылардың қызығушылығын оятып қана, қоймайды, сондай-ақ мұндай әдіс олардың талабын ұштап, қиялын дамытып, ой өрістерін кеңейтуге; іздену қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізеді. Әсіресе, сабақ барысында өзіміздің қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтілетін тақырыпқа лайықтап пайдалану, ғасырлар бойы тасада қалып келген тамаша дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізетіні сөзсіз. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-қатынас өнеріндегі салт-дәстүрді саналы түрде сезініп өседі. Сабақта ұлттық ойын түрлері сәтті жол тапса, оқушылардың белсенділігін дамытып, пәнге деген құштарлығын оята түседі. Ойын элементтерін бірінші сыныпта «буын» тақырыбын өткенде пайдаланған орынды. Бұл тақырыпты өткенге дейін оқушы «Әліппені» тәмамдап, «Қазақ тілі» пәнінің едәуір бөлігін меңгереді. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың жуан және жіңішке болып бөлінетінін біледі, сондайақ дауысты дыбыс бар сөздерге көңіл бөліп, олардың сөздегі орны мен маңызын ұғып алады. Ауызекі және жазба жаттығу жұмыстары, суреттер арқылы әңгіме жүргізіледі. Сөздің бір буынды болып екі, үш т.с.с. көп буынды болып келетініне көз жеткізу үшін түрлі жарыс ойындарын, жаттығулар өткізуге болады. Мұғалім алдына қойған мақсатына жету үшін сабақтан-сабаққа ойын түрлерін күрделендіріп отырады. Осы ретте «ойлап тап» ойынын жүргізу тиімді. Мұғалім: - «Ал» - деп бірінші буынын айтады. Балалар әр түрлі «ал» буыннан басталатын бірнеше сездерді айтады: ала, алақай, алтын, алақан, алмас, алма. Сабақтың ережесін нашарлау түсінген оқушылардың бірін балалардың алдына алғызып, жаңағыдай бір сөзді ойлатады. Бала ширығып, ашына түседі. Балалар сергіп, сабаққа ынталана түседі, ойлары дамиды. Сыныпта балаларды үш топқа бөліп, оларға буындары бірдей сөздерден тұратын торкөз кестені толтыруға тапсырады. Алдымен кесте сызылып, оның әрбір жолын толтыруға әр топтан кезектесіп, бір-бір оқушыдан шығарылады:

92


Ас Ас+ан Ас+та+на Ас+ха+на+лар

Бал Ба+ла Ба+ла+пан Ба+ла+пан+дар

Қар Қа+ра Қа+ра+ма Қар+лы+ғаш+тар

Өз кестесін қай топ бұрын толтырып шықса, сол топ жеңген болып есептеледі. Бұл балалардың білуге құштарлығын, шығармашылық, жаңашылдық қабілетін шыңдай түседі. Бұдан кейін кестедегі көз санына қарай бұрып, саны бар сөздер тауып, жаз деген эстафета ойынын өткізуге болады. Әр топтағы балалар өзара жарысқа түседі. Қай кесте бұрын толтырылса, сол топ жеңіске жетеді. Бұл ойын жүргізіліп болған соң, оқушылардан бір буынды сөзде қанша дауысты дыбыстың бар екенін санай отырып, әр кезде және қатарда неше дауысты дыбыс бар екенін айтқызу керек. Бұдан шығатын қорытынды: а) ойын үстінде оқушылардың ойлау қабілеті артады ә) ізденушілігі өсіп дамиды б) тақырыпты жақсы меңгеруге көмегін тигізеді в) оқушылар өздері ойланып тапқан сөздерін есте сақтайды г) кез-келген уақытта буын түріне мысал келтіре алады д) ана-тілінің байлығын меңгеруге деген санасын оятады, е) мысал арқылы қорытынды жасай отырып өз бетімен ереже шығара алады. «Заттың санын білдіретін сөздер» тақырыбын еткенде сабақта ойын элементтерін пайдалана отырып өткізу қолайлы. Бұл оқушыларды үш топқа бөліп, «бәйге» ойынын ойнатуға болады. Тақта үшке бөлінеді де, оған сұрақтар жазылады. Оқушылар осы сұрақтың астына заттың санын білдіретін сөздерді тауып, жазулары керек. Қандай бала? Кішкене бала Ақылды бала Әдепті бала

Қандай ат? Жүйрік ат Сұлу ат Шабан ат

Қандай үй? Аласа үй Биік үй Жаңа үй т.б.

Қай топ бұрын, әрі көп сөз жазып шықса, солар жеңіп шығады. «Мына сипат қандай малға тән»? деген ойынды ойнату да тиімді. «Тебеген ...», «сүзеген...», «үлкен ...», «жібек жүнді ...», «сүтті...» т.б. Бұл ойын балаларға үй жануарларын, олардың түрлерін оларға тән мінез-құлықты білдіреді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, есту, қабылдау сезімдерінің жетілуіне, келешете бір нєрсеге мән бере қарауға, абайлау, бағдарлау т.б дағдыларының ұштала түсуіне себепкер болады. «Заттың санын білдіретін сездер» тақырыбын өткенде оқушыларға «Сен білесің бе?» ойынын ойнатуға болады. Балаларға бір әңгіме оқып, олардың 93


ондағы заттың санын білдіретін сөздерді атауларын сұрайды. Балалар топқа бөлініп, мұғалім оқып тұрғанда көңіл қойып тындаулары шарт. Қайта оқылған әңгімедегі сан есімді көбірек ойға сақтап, тақтаға дұрыс жазып шықса сол топтың балалары жеңіп шыққан болып саналады. Бұл ойыннан оқушылардың алары көп. Халқымыздың еңбектегі ерлік істерімен танысады. Екіншіден, жаңалықтарды біледі, соған еліктеп, өз беттерімен ізденеді, білуге құштарлықтары артады. Үшіншіден, сауатты жазуға жаттығады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын элементтерін қолданып, сабақ жүргізу мүғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттыра түседі. Оқушылар сабақты меңгеретін болады. Бастауыш сыныптарда халық ойындарының негізінде түрлі жарыстар өткізудің танымдық, тәрбиелік маңызы зор. Мысалы, мұғалім алдын-ала жасап әкелген таратпа материалдар арқылы сөздегі жоқ дыбысты немесе сейлем ішіндегі түсіп қалған сездерді тауып, орнына қоюға арналған «Не жоқ» ойынын өткізуге болады. Мысалы: ... сиыр сауады. Мұндай сөздер, сөйлемдер, орыны бос тұрған, дыбысы түсіп қалған сөздер көптеп алынады, олардың орындары бірнеше рет қайталанып, өзгертіліп қойылады. Ойын соңында қорытынды шығарылады. «Қайда менің өз орным?» ойынында оқушыларға бірнеше сөздср беріліп, олардың сөйлемдегі байланысына қарай, әр қайсысын өз орнына қою тапсырылады. Мысалы, Саулығы ақ Ақанның, Шиырып тұмсығын көкке, Той қуанып оған қыпты, Туыпты қозы егіз. (Дұрысы: Ақанның ақ саулығы, Туыпты қозы егіз, Қуанып оған той қыпты, Шиырып тұмсығын көкке.) «Әріптерді жоғалтпа» ойынында оқушылар әр әріпті жаңылмай орнына қойып, жаңылтпаш сияқты айтып беруі керек. Бұл ойында балалар сабақтан шаршағанда, тақырыпты пысықтау кезінде, сондай-ақ олардың кейбірі дыбыстарды дұрыс атап, жаза алмаған кезінде пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш келеді. Сондықтан да мұғалім сабақ берудің әдістерін үнемі жетілдіріп,оның түрлері мен тәсілдерін өзгертіп отырса, олардың білуге деген ынтасы артып, ізденімпаздық дағдысы жетіле түседі. Ойын араласқан сабақтарда балалар өздерін еркін ұстап, олардың білуге деген белсенділігі артатыны байқалады. Ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, сыныптағы іс-әрекетке ден қойып, өзгелермен ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады. Осы тәжіриеснің негізінде ойын элементтерін сабақ үстінде кең қолдауға болады. Жеке сабақ жоспарларының үлгілері. Сабактың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Сабактын мақсаты: Сұрақ-жауап әдісімен етілген сабақтағы, білімдерін қайталау. Оқушылардың топпен жұмыс істеулерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақта ойын түрлерін пайдалайа отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, оқушыларды қазақтың салт-дәстүрін сақтай білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жарыс, бекіту сабағы. 94


Сабақтың әдісі: Сұрак-жауап, ойын, көрнекілік. Сабақтың көрнекілігі: Сұрақ жазылған қима қағаздар, асық, қоржын, плакат. Сабақтың барысы: Оқушыларға сабақтың барысын түсіндіріп сыныпты екі топқа бөлдім. Екі топ өздеріне «Білгірлер» және «Тапқырлар» ауылы деп ат таңдады. 1. «Шашу, шашу» ойыны. Қазақтың салты бойынша той думанды шашу шашып бастайды. Сондықтан біз сабағымызды «шашу, шашу» ойынымен бастаймыз. 1. Заттың атын білдіретін сөздер дегеніміз не? 2. 3аттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? З. Адамға және мамандығына байланысты сөздерге қандай сұрақ қойылады? 4. Жануар мен заттарға қандай сұрақ қойылады? 2. «Ауыл тігу» ойыны. Сабағымызды бастап алдық. Енді өзімізге тойды өткізетін ауыл тігеміз. «Ауыл тігу» ойынын жүргіземіз. Тақтада тау желкенің суреті бейнеленген плакат. Сол таудың етегіне ауыл тігеміз. Киіз үйлердің артында суреттер берілген. Әр топтан оқушы шығып, сол суреттердің атын атап, сол сөзді қатыстырып, сөйлем құрауы қажет. Сұраққа толық жауап берген топтың киіз үйі тігіледі. 3. «Жәрмеңке» ойыны. Енді сол ауылда жәрмеңке еткіземіз. Үстел үстінде оқу құралдары қойылған (дәптер, қалам, ешіргіш, сурет дәптер, кітапша). Әр заттың астында тапсырма жаттығулары берілген. Әр оқушы сол затты өз білімімен сатып алады. Тапсырма жаттығуда: 1. Жинады, астық, мол диқандар. 2. Пісті, Орынбасар, қымызды, сабадағы. З. Кітап, бұлағы, білім. 4. Мектепке, келді, оқушылар - сездерді орнына қойып, сөйлем құрату. Кім?, кімдер?, не?, нелер? - сұрақтарына жауап беретін сөздерді таптыру. 4. «Көкпар тарту» ойыны. Қазақтың ұлттық ойыны көкпар туралы түсінік беріледі. Ойын, шарты тақтада сөздер жазылған екі плакат ілулі тұрады. Ортасында серкештің суреті. Екі топтан екі оқушы шығып, плакаттағы сөздерді жылдамдықпен кім?, не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді іріктеп өз орнына қою керек. Дұрыс орындаған оқушы серкешті алады. 5. «Қоржын той» ойыны. Қоржынның ішінде тақырыпқа байланысты тестік сұрақтар жазылған үлестірме қағаздар берілген. Әр топтан оқушы шығып, сол сұрақтарға жауап беруі керек. Дұрыс орындаған оқушыға үлестірім қағаздың нөміріне сәйкес қоржынның екінші жағынан сыйлықтар беріледі. Екі топтың ойындар бойынша алған ұпайын қоржынға салынған қызыл және жасыл, сары 95


асықтармен белгілеп отырдым. Қызыл асық көп жинаған топ сайыс жеңімпазы болды. Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: бұрынғы өтілген материалдармен сабақты байланыстыру, сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту, дыбыстардан алған білімін қорыту. 2. Дамытушылық: ойын арқылы оқушының ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, оқушының тіл байлығын жетілдіру. З. Тәрбиелік: сөз мағынасын келістіре отырып, құбылтып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу, өз елін, тілін қадірлеуге үйрету. Сабақтың көрнекілігі: таблица, арқан, заттар, орамал. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру, сабақ бастау кезеңі - кәне балалар бүгіңгі сабағымыз қайталау сабағы. Сыныпты екі топқа «Алғырлар», «Зеректер» тобына бөлеміз. Бүгінгі сабақты ойын ойнау арқылы жүргіземіз. 1. «Орамал тастамақ» ойыны. Бірінші топтың ойыншысы екінші топтың ойыншысына бір дыбысты айтып, орамал ұсынады. Орамалды алған оқушы сол дыбыстан басталатын сөздерді айтып шығу керек. Ойын кезегімен осылай жалғасады. Қай топтың оқушысы көп сөз айтса сол топ жеңімпаз атанады. 2. «Арқан тарту» ойыны. Тақтада шағын арқан ілулі тұрады. Ойын шарты: плакатта көрсетілген сөздерден дауысты дыбыстарды тауып, астын сызып шығу. Тапсырманы дұрыс орындаған сайын арқанды тартып қалуға тиіс. 3. «Тез ойлау» ойыны. Ойынның шарты бойынша оқушылар берілген сөздердегі көп нүктенің орнына дыбыстарды дұрыс орналастырып қою керек. Кі...ап, бал..., о...ушы, дәп...ер, дәрі...ер, жау...нгер т.б. Сабақтың қорытынды бөлімінде «Сақина тастамақ» ойыны: ойналады. Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызып, ойын бастаушы ортаға шығып, қолдарына сақина қыстырады. Сақина ойынға қатысушылардың барлығына тасталады. Сақина кішкене нөмірленген қатты қағаздан жасалған кеспе қағаз. Қолында сақинасы бар оқушы кеспе қағаздағы нөмірге сәйкес келетін сұраққа жауап береді: 1. Дыбыстар нешеге бөлінеді, ата. 2. «Сөз» неден құралады? З. Дыбыстар немен таңбаланып жазылады? 4. Дауысты дыбыстарды ата. 5. Жуан дауыстыларды ата. 6. Қанша дауыссыз дыбыс бар? 7. Жіңішке дауыстыларды ата, т.с.с Қай топтың оқушысы толық, әрі дәлелді жауап берсе, сол топ жеңімпаз деп танылады. Оқушылардың білімін бағалау. Үй тапсырмасын беру. Сабақты өткізу барысында қазақтың салт дәстүрлерінің озық үлгілерін, ұлттық ойындарын тақырыпқа икемдеп, сабақ өткізудің тиімді тәсіліне күнделікті сабақтың ажырамас бөлігіне айналдыруға болатыны 96


қазіргі кезде дәлелденіп, оқыту үдерісінде жүзеге асырылып отыр. Шығармашылық яғни дәстүрден тыс сабақтар тобына жататын «Той думан», «көкпар сабақ», «сайыс сабақ», секілді сабақ т.б. түрлерін бастауыш білім беру кезеңінің тәжірибесінде кеңінен қолдануға болады. А.Байтұрсынов балаға білімді тәжірибе арқылы беруді басшылыққа ала отырып, былай дейді: «Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшін, керек білімнің кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру» - деп айтса, М.Жұмабаев: «...Қазақтың тағдыры» келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі... мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» - деген екен. Сондай-ақ бұл қазақ тілі пәні оқушылардың бойынан әдеп, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық т.б. ізгі қасиеттерді дарытатын да анық. Мұғалім әр сабақтың алдына белгілі мақсат қойып соған жетуде оқушыны иландыру мен талаптандырудың тиімді тәсілдерін талмай іздеп, олардың бойындағы талант ұшқынын, тез және дәл байқап соған жетекші бола білсе, көп табысқа қол жеткізері сөзсіз. 3. Бастауыштағы математикалық білім мазмұнын оқытуда ойындарды пайдалану әдістемесі Бүгінгі таңда бастауыш мектептегі оқу материалдарын игеру мәселесі, оқушылардың ынта қоюын, оқу материалдарын қабылдауын және есте сақтап қалдыра отырып, қайталау түрлері арқылы білімін тұрақтандырудың педагогикалық–психологиялық үдерістерін тоғыстыру нәтижесінде ғана мүмкін болады. Осыған сәйкес бастауыш мектепте математикадан беретін білімінің көлемі айқындалып, оны оқытудың тиімді әдіс–тәсілдері қарастырылуда. Осыған орай, бастауыш мектепте математиканы оқытуда ойын технологиясын қолданудың әдістемелік ерекшеліктеріне тоқталмақпыз. Бiз зерттеу тақырыбымызға байланысты мемлекеттік стандарт, математика бағдарламалары және оқулықтарды талдап көрелік. Қазақстан Республикасында өскелең ұрпаққа білім беру саясаты – білім берудің мемлекеттік стандартын жасау және оны тәжірибеге ендіру арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік стандарт – ресми-құқықтық, нормативтік құжат. Қазақстан Республикасы Ата Заңының 30-бабының 4-тармағында: «Мемлекет жалпы білім беру стандартын белгілейді. Кез келген оқу орындарының қызметі осы стандартқа сәйкес болуы тиіс»,- деп көрсетілген. «Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартында»: «бастауыш сатыдағы білім берудің приоритетті мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау» - деп көрсетілген. 97


Осымен байланысты білім берудің басты міндеттерінің бірі ретінде: оқушының «оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас т.б. сияқты әрекет түрлерін қажнтті деңгейде меңгеруін» қматамасыз етілуі тиіс екені атап көрсетілген. Оны қамтамасыз ету бағдарламаларға жүктеледі. Бағдарлама – оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың, пәннен білім берудің стратегиялық бағыттарының тактикалық шешілуі жолдарын нақтылы көрсететін біртұтас әдістемелік жүйе. Бағдарламалар мемлекеттік білім стандартының негізі ретінде алуға боларлықтай сипатта және қазіргі заманғы педагогикалық психология ғылымдарының дамыта оқыту идеясына сай жасалған. Жалпы оқытудың төрт түрлі міндеттері бар, олар - оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық міндеттері. Ал бұл міндеттер оқу – тәрбие барысын ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болғандықтан, негізінен, сабақ барысында жүзеге асады. Сондықтан да сабақтың да төрт түрлі міндеттері бар. Оқытудың міндеттері (функциялары)

білімділік

дамытушылық

тәрбиелік

практикалық

Сурет. Оқытудың міндеттері. Олар: - білімділік – бағдарламаға сәйкес білім, білік және дағдылардың белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі; - тәрбиелік – шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасын, жоғары ізгі игіліктер мен сапалар, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді тәрбиелеу; - дамытушылық – логикалық құрылымдар мен ойлаудың математикалық стилін дамыта түсу; - практикалық – меңгерген білімдерін нақтылы жағдайларда, практикалық есептерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру. Аталған міндеттер бастауыш мектептің кез-келген сабағында міндетті түрде шешілуі тиіс. Кейбір педагогтар сабақтың білімділік және практикалық міндеттерін жеке-жеке бөліп көрсетпей, практикалық міндетін білімдік міндеттің аясында қарастырады. Жалпы әр сабақтың білімділік, практикалық міндеттерін айқындау мұғалім қауымына аса көп қиындық тудырмайды. Бірақ, сабақтың тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін айқындау өте қиын мәселелердің бірі. Себебі, бір сабақтың, яғни 45 минуттың барысында баланың нені үйренетінін байқауға болады. Ал оның неге тәрбиеленгенін немесе психологиялық жағдайларының дамыған не дамымағанын анықтау мүмкін емес. Бұл – тек 98


ұзаққа созылған жүйелі жұмыстың нәтижесінде ғана жүзеге асатын нәрсе. Сабақтың тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін мұғалім оқу мазмұны мен оқушылардың танымдық ерекшеліктеріне, қолда бар оқу құралдарына қарап, сонымен бірге, өзі пайдаланған оқыту әдістерінің сипатына қарай анықтайды. Жалпы алғанда, бастауыш сыныптардың математикасы негізгі мектеп математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Осыдан бастауыш мектепте математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері айқындалған. Мақсаттары: - бағдарлама межесіне сай мөлшер мен деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру; - математика курсының мазмұны арқылы танымдық пен коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты дүниежүзілік мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру; - оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту түсу; - негізгі мектепте оқуға, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру. Осы мақсаттардан математиканы оқытудың төмендегідей міндеттері туындайды: - баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізу; - математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына әсер ету; - оқушының өмір тіршілігіне және мектептің келесі туынында оқып жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру. Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай анықталған осы мақсаттар мен міндеттер жаңа математиканың білім мазмұнын жасаудың және онымен үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын және ұйымдастыру түрлерін анықтаудың қажеттігін көрсетеді. Мектептің бастауыш курсындағы базалық білім мазмұнының негізгі өзегі – теріс емес бүтін сандар арифметикасы, ал соның төңірегіне, оның мәнмағынасын ашу мақсатында шамалар және олардың бірліктері, есептерді шығаруды оқытып-үйрету, алгебраның және геометрияның элементтері топтастырылады.

99


Арифметикалық амалдар

Шамалар және оларды өлшеу

Есеп және оны шешу

Теріс емес бүтін сандар Алгебра элементтері

Есептеу тәсілдері

Геометрия элементтері

Сурет. Бастауыш білім мазмұнын құрайтын тақырыптар Осы аталған бастауыш білім мазмұнынын құрайтын әрбір тақырыпты оқытып үйрету барысында ойын технологиясын қолдануға болады. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы білім саласына да үлкен өзгеріс – жаңалықтар енді. Соның бір айғағы – жаңа буын оқулықтарының дүниеге келуі. Бұл оқулықтарды жазып, оның оқушы жас ерекшелігіне сай жасалуына өз ұлтымыздың бірегей ғалымдары, тәжірибесі мол ұстаздар қауымы, атап айтқанда, Т.Қ.Оспанов, Ж.Қайынбаев, Б.М.Қосанов және т.б.өз үлестерін қосты. 1996-97 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы бастауыш сыныптарында төл оқулықтардың жаңа буыны мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады. Әрине, кез-келген жаңалықты тәжірибеге енгізу барысында қиындықтардың болатындығы белгілі. Соны бастауыш сынып мұғалімдері бастарынан өткізді. Ең басты қиыншылық оқулықтармен оқушыларды толық қамтамасыз ету мүмкіндік болмады; мұғалімдер қажетті деңгейде дайындықтан өтпегендіктен жаңа буын оқулықтарының мазмұны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесінің ерекшеліктерін еркін игере алмады; бастауыш білім мемлекеттік стандарты, типтік бағдарлама, сондай-ақ әдістемелік құралдар кешеуілдеп қолға тиді. Дегенмен, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер тәжірибесінде жаңа оқулықтарды қолданысқа енгізу өзінің оң нәтижесін берді деп айтуға толық негіз бар. Жаңа буын оқулықтарының мектеп тәжірибесінде қолданыс табуы дәстүрлі сабақтардың құрылымы мен мазмұнына, оны өткізудің әдіс тәсілдеріне және оның басқа да құрамдастарына, әсіресе мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы және жұмыс түрлеріне, іс-әрекеттерінің мазмұны мен табиғатына түбегейлі өзгерістер енгізудің қажеттігін көрсетіп отыр. Осыған орай сабақтың мәнді ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі байқалды. Қазақстанда қазақ бастауыш мектептері төл оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі әріден келе жатқан, нақтырақ айтсақ, бастауыш қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің өзінен алатыны, бір жарым ғасырға жуық уақыт бойы күн тәртібінен түспеген мәселелердің бірі. 100


«Ы.Алтынсарин орыс- қазақ мектептері үшін математика оқулықтарын таңдап алуға зор маңыз беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектебінде қолданылып жүрген оқу-құралдардың ең жақсыларын енгізуге тырысты»дейді Б.М.Қосанов. Бастауыш сынып оқушыларының зейіні ұзақ бір сарынды іс-әрекетке тұрақтамайды, олар тез шаршағыш келеді және іле-шала алынған білімді ұмытып қалады. Осыған орай, ойын түрлерін қолдануда сабақта іс – қимыл түрлерінің алмасып тұруын, балаларды сергітетін және шаршауын бәсеңдететін, түрліше ұйымдастырылатын балалардың ойындық қимылын, математикалық мазмұнды түрлерін қамтитындай қамтамасыз ету жағы қарастырылуы тиіс. Мектеп тәжірибесінен енгізіліп, қолданыста жүрген төл оқулықтардың жаңа толқынында дамыта оқыту технологиясының мүмкін бір нұсқасы берілген. Жалпы алғанда, ойындар бастауыш мектеп математикасын оның ішінде, 1-сынып математикасын оқытуда қолданылатын технологиялардың негізгі құрамды бөлігі болуы тиіс. Ойындарды қолданудың тиімділігі математика сабағының әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен тәжірибесін мұғалімнің жетік игеруіне шеберлік топтауына, ойынға қажетті материалды алдын – ала дайындап алуға, ойын үдерісіне оқушыларды белсенді түрде қатысуына байланысты. Ойын – бала табиғатымен егіз. Бала ойынсыз өспек емес, жан – жақты дамымақ емес. Ойын түрлерін бүгінгі педагогика мен ілім талаптарына сай іріктеп, аз орынды қолдансақ, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады. Оқушының бай жүйесін босатып, жан қуаттылығын (ойлауын, қабылдауын, елестетуін, зейінін) өрбітетінін ақын Абай сөзімен айтсақ, «дүниенің көрінетін, һәм көрінбейтін сырын түгендеу арқылы» жүргізілуі тиіс. Басқаша айтқанда, ойын нақтылық пен дерексіздік, индукция мен дедукция, талдау мен жинақтау, ұқсастыру, салыстыру, бақылау мен тәжірибе арқылы жүргізілуі тиіс. Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда баланың ой-өрісін дамытып, бағдарламада өтілген негізгі материалдарды практикада қолдана білуіне, оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын арттыруына, өткен материалды өз мәнінде толық игеруіне мүмкіндік жасайтын тәсілдердің ішінде дидактикалық ойынның мәні зор. Сабақта өтілген материалға сәйкес дұрыс жүргізілген дидактикалық ойындар оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тақырыпты дұрыс меңгеруіне ықпал тигізеді. Ойын технологиясын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірімен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Математика сабағында ойын түрлерін сабақтың басында, ортасында, соңында қолдануға болады. Ойынды сабақ басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылса, онда 101


мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл – күйлерін сергіту, тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Математикалық дидактикалық ойындарды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: 1. Сандар туралы ойындар 2. Уақытқа саяхат ойыны 3. Кеңістікке бейімделу ойыны 4. Геометриялық фигуралармен ойнау 5. Логикалық ойды дамытатын ойындар. «Қандай сан жоқ», «Неше», «Басқатырғы», «Қатені түзе», «Сандардың орнын ауыстырамыз», «Көршілерді ата» ойындары арқылы баллар онға дейінгі сандарды еркін атап шыға алатын болады. «Санды ойлап тап», «Сан, сенің атың кім?», «Кестені құрастыр» ойындарын баланың қолы босағанда ойнату арқылы олардың есте сақтау, ойлау, зейін қою қабілеттерін арттыруға болады. Балалармен жұмыста дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балаларға оқу бағдарламасын толық таныстыруға мүмкіндік туады. Дидактикалық ойындарды қолдану балалардың ақыл-ойының жетілуіне үлкен үлес қосады. Ендігі ретте біз бірінші сыныпта ойын түрлерін сабақтың кез–келген кезеңінде түрлі тақырыптарды оқытуда қолдану әдістемесіне талдау жасамақпыз. Балалардың қызығушылықтарын туғызатын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі – дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады. Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан – ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады. Екінші жағынан – ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа материалды оқып – үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді. Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалану керек. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйретеді. Мысалы, математика сабағында 6 санымен таныстыру кезінде,өсу ретімен орналасқан әр санды дауыстап айттыру, тор көздегі әріптерді құратып, буындап оқуға тапсырма бердім. «Дәл тауып айт» ойынын ойнаймыз. Балалар мұндай ойындарды өте қызығушылықпен орындайды. Осы жерде біз 1997 – 1998 оқу жылынан бастап Қазақстан мектебінде тәжірибеге ендірілген жаңа оқу-әдістемелік топтаманың құрамына енетін «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар» атты 102


құралға тоқталмақпыз. Оны құрастыруда бастауыш мектеп математикасы жаңа бағдарламасы негізінде жазылған бірінші сыныпқа арналған «Математика» оқулығы басшылыққа алынды. Құралдағы ойында бірінші сынып бағдарламасы мен оқулығындағы негізгі бес тақырыпқа, атап айтсақ, «Қарапайым түсініктер», «Он көлеміндегі сандар», «Кестелік қосу және азайту», «Толық ондықтар. Жүз», «Біз нені үйрендік?» тақырыптарына сай іріктелген. Онда ойынның тақырыбы, дидактикалық мақсаты, жабдығы және жүргізілу барысы келтіріледі. Құралдағы кейбір ойындарға тоқталайық. «Менің орным қайда?» Үстелде 1, 2, 3, 4, 5 сандары жазылған карточкалар шашырап жатады, оны алған оқушылар ретімен қатар түзеп орналасады. «Поезд құрастыр ойыны» Бұл ойын екі топ бойынша жүргізіледі. Оқушылар мысалдар жазылған карточкаларды алады да, оларды орындап, ретімен вагондарды тіркейді. 1-топ 1+1, 4+1, 3+1, 2-1, 2+1 2-топ 2+1, 3-1, 4+1, 5-1, 2-1 «Жалғастыра санау» 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарындағы кез-келген саннан бастап бір оқушы бірнеше санды ретімен атайды, онан кейін келесі оқушы санауды жалғастырады. Мәселен, 1-ден 5-ке дейін, 2-ден 7-ге дейін, 6-дан 10-ға дейін және т.с.с. заттарды санағанда қандай санның бірінші аталатыны және одан кейін тікелей қандай санның келетіні анықталып және басқа да сұрақтардың берілуі мүмкін. «Қызықты санау» Бір оқушы он-оннан қоса санайды, ал келесі екі оқушы 1-ден 10-ға дейін тура және кері бағытта санайды, әрі қарай тағы екі оқушы шығып кезкелген екі санның арасындағы сандарды тура және кері бағытта санайды және т.с.с. әр топтың өкілдері алма- кезек ауысып тұрады. «Жұбын тап» ойыны. Топтар жарысы түрінде өткізіледі. Әр топ өкілі алма-кезек жауап береді. Мәселен, 1-ші топ өкілі 1 ондық десе, 2-топ өкілі 10 дейді, әрі қарай 1топ өкілі 40 десе, 2-топ өкілі 4 ондық дейді және т.с.с. «Шығар» ойыны. (1-класс) Мұғалім +5= Жазуындағы 5-ті қосу керек санды ұсынады, сонда 1+5=6. Әрі қарай 5+1, 6-1, 6-5 түріндегі мысалдарды бір оқушы орындайды, түсіндіреді. 5+5 жағдайына ерекше көңіл бөлінеді де, оны есте ұстау қажеттігі ескертіледі. «Үндемес» ойыны. 3

4

6

3

103

4

6


+2

8

7

5

1

+3

5

7

1

0

2

2

Балалар сигналдық карточкалар арқылы жауаптарын көрсетеді. «Эстафета» ойыны. Бір оқушы 2-ні қосу кестесін айтады да, келесі оқушыға 4-ті қосу кестесін айтуды ұсынады. «Цифрларды ілу» ойыны. Төмендегідей суреттер ұсынылып (оқушыларға карточка түрінде таратылуы мүмкін) бос орынға сәйкес цифрлар жазылады. Санның құрамы пысықталады.

--3

10 9

--

7

. Аталмыш құралдың ойындары негізінен дидактикалық болып келеді. Халқымызда балаларға арналған көптеген ойын түрлері бар. Солардың келесі бір түрі – ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар – сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажеттігін өтеген сенімді оқу және тәрбие құралы. Ұлттық ойындар да дидактикалық ойындар сияқты сабақтың кез-келген кезеңінде, яғни үй тапсырмасын тексеру, ұйымдастыру, жаңа материалдар өтуге дайындық, жаңа материалды өту, оны алғашқы бекіту, сабақты қорыту кезінде қолдануға болады. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептеуге жаттығуына, логикалық ойларын дамытуға, танымдық белсінділіктері мен қызығушылықтарын арттыруға толық мүмкіндік бар. Сабақтың барысында ұлттық ойындарды қолдану оқушы назарын сабаққа аудару, сабаққа психологиялық дайындық жасау мақсатын жүзеге асырады. Жаңа материалдарды өтуге дайындық кезінде қолдану жаңа материал мен өткенді байланыстыру оқушының білетіні мен білмейтін арасын байланыстыру мақсатын көздейді. 104


Ұлттық ойындар негізінен далада, таза ауада ойналатын қозғалмалы ойндар болып келеді. Оларды математика сабағында қолдану үшін ұлттық дидиактикалыұ түрге келтіріп алуымыз қажет. Ұлттық ойындарда қолдану әдістемесіне тоқталу үшін оны «Ойын аты, мақсаты, шарты, жүргізу әдістемесі және нәтижесі» сияқты кезеңдер бойынша қарастыруды жөн көрдік. Сол ұлттық ойындардың бір нешеуіне талдау жасалық. Ойын аты «Арқан тартыс». Ойын мақсаты: Оқушыларды ауызша есептеуге, жылдамдыққа ойлау қабілеттілігін арттыруға, салыстыру,ұқсастық пен айырмашылықты ажыратуға үйрету. Ойын шарты: Екі бала ортаға шығып бір – біріне қарама – қарсы тұрады да, екі жаққа тартысады. Ортадағы сызықтан өз жағына қарай тартып алса, ол жеңген болып есептелінеді. Жүргізу әдістемесі: Тақтаға алты оқушы шығады. Тақтада екі баланың мысалы жазылады. Алты оқушы екі – екіден бөлініп, бағандағы мысалдарды шығарады. Қай бағандағы тапсырмалар бұрын орындалса, соны шығарған оқушылар жеңімпаз атанады. Мысалдар: 3-0*2+0 9-1*8+0 6-3*3+2 7-3*5+2 4+3*7-0 4-3*4-1 Нәтижесі: Оқушылар тез әрі қатесіз есептеуге тырысады. Бір таңбалы сандарды қосу мен азайту тәсілдерін игертіледі, санды өрнектерді салыстыруға жаттығады. Келесі ойынның аты: «Орамал тастамақ». Ойын мақсаты: Оқушылардың тез ойлауын, жылдамдығын дамыту: ойын арқылы сабаққа деген қызығушылығын ояту. Ойын шарты: Мұғалім орамалды доп тәріздес түюі керек. Мұғалім бір мысал айтып, оқушылардың біріне орамалды лақтырады. Оны қағып алған оқушы нәтижесін айтады да орамалды мұғалімге қайтадан қайтарады. Осылайша сыныптағы барлық оқушыларды қамтып, толы қатыстыруға болады. Жүргізу әдістемесі: Есептеудің кестелік жағдайларын есте сақтатуға байланысты мұғалім мынадай тапсырма беруі мүмкін: 6+1 6+2 3+6 6+4 6+0 1+6

2+6

6+3

4+6

0+6

Мұғалімнің берген тапсырмасы мынадай 6+4 нешеге тең болады? Оқушы сұраққа жауап береді де, орамалды мұғалімге қайтарып береді, яғни лақтырады. Нәтижесі: Барлық оқушылар түгел қатыстырылады, санға 6-ны қосу және азайту тәсілдерін қайталап, білімді бекіте түседі. Авторлардың тобы ұсынған «Орамал тастамақ» ойынын келтірейік. 105


Дидактикалық мақсаты: Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын дамыту. Құрал – жабдықтар: Орамал (ыңғайлылық үшін қол орамал алған жөн). Мазмұны: Ойын ұжыммен ойналады. Мұғалім ойын шартын түсіндіреді. Ойынды бастаған оқушы кез – келген өрнекті дауыстап айтып, орамалды бір оқушының алдына қояды. Орамалды алған оқушы сол өрнектің мәнін табады да, өзі неше өрнек айтып, орамалды басқа оқушының алдына қояды. Ойын осындай тәртіппен жалғаса береді. Мысалы: кестелік жағдайға байланысты мынадай өрнектер болуы мүмкін: 8+2, 6+3,5+2, 10-3, 9-7, 9-4, 10-8. Ойыннның бір түрі – қаламақтар оқушыларды топқа бөлу кезінде қолданылады. Математика сабағында оқушыларды тұрақты және ауыспалы (тұрақсыз әр жұмыс сайын жаңадан топ құру) топқа бөлу кезінде сабақтың кез– келген кезеңінде қаламақтың көмегімен жүзеге асыруға болады. Мысалы: қосу кестесінің бірінші кезеңіндегі теңдіктерді есте сақтау мақсатында топқа бөлу керек. Немесе сыныпты екі топқа бөліп, дидактикалық ойын, жарыс түрлерін ұйымдастыруда да қолдануға болады. Сол қаламақтардың бірнешеуін келтірейік. 1. Бір, екі Жердің беті Сары шымшық Тез ұшып шық! 2. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, Одан кейін бес дейміз, Алты, жеті, сегіз, тоғыз Санап толық бітпейміз. 3. Бәріміз боп «он» деп тағы Қайта есепке көш дейміз. Оннан қайта кері санап Бірге дейін жет дейміз. Оқушылардың математика сабағына қызығуын арттыру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында бірнеше ойын түрлерін алуға болады. Мысалы: «Қай қолымда?», «Өзім де құр қалмадым», «Үш әдіс», «Сөз мәнісін байқайық», «Үш аманат» т.б. ойындар оқушыларды ауызша есептеу, жаттықтыру, санамақ, ой жүйелерін жетілдіре түсуінемен бірге оларды ойнауды өздері күнде көріп болып, білуге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында қолдануға болады. Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі математика сабағына көптеп қолданылатын түрі – санамақтар. Олар ең алдымен, жас балаға сан үйретудің дидактикалық құралы, әсіресе он көлеміндегі сандардың нумерациясын үйретудің әдіс – тәсілдері ретінде қолданылған. «Біздің ойымызша», - деп жазады әдіскер ғалым Б.М. Қосанов – қазақтың халық санамақтарын баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылуына қарай, негізінен екі топқа бөлуге болады.: 106


Жас балалардың санай білуге, жалпы сан және санау ұғымдарын игеруге даярлау мақсатында қолданылатын санамақтар. Бұларды саусақ ойындары деп те атайды. Онға дейінгі санау қабілетін жетілдіріп, дамыта отырып, он көлеміндегі сандардың ауызша және жазбаша нумерациясы туралы білім түсініктерді қалыптастыру мақсатында пайдаланылатын самақтар тобы. Санамақтар негізінен 1 – сыныпта қолданылады, бірақ 2 – сыныптың математика сабағын ұйымдастыру кезіңінде немесе оқушылардың шаршауын болдырмау, сабаққа қызықтыру мақсатында, сергіту жаттығуы ретінде қолдануға болады. Сонымен бірге, оқушылардың білімдерін бағалау, есепке алу мақсатында сабақ соңында мынандай санамақ қолдануға болады: Бір дегенім – жаман баға, Алады оны жаман бала. Екі дегенім – нашар баға, Інішегім нашарлама. Үш дегенім – орта баға, Сапасы да орта ғана. Төрт дегенім – жақсы баға, Алады оны жақсы бала. Бес дегенім – үздік баға, Оқитын бол үздік қана! Оқушылар математика сабағында шешендікке баулу және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында халқымыздың дәстүрлі айтыс өнеріне орай «Айтыс» ойынын оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында қолдануға болады. Мұғалім бір сан айтады, ал оқушы оның айтқан санына ұқсайтын сөз тіркесін тауып, жауап қайтарады және де жауабы мүмкіндігінше қосу кестесіне байланысты болуы тиіс. Мысалы: Бір оқушы «бір» – дейді, екіншісі «сыныпқа кір» – дейді, оған әзіл ретінде « сенің бетің кір» – деп жауап беруі де мүмкін. - Екі Серікпен күресуге бекі (нөл және екі – екі) - Үш – менімен жарысқа түс, (екі мен бір – үш). - Төрт – ол жанып тұрған өрт, (екі және екі – төрт). - Бес – менің жолымды кес. (үш пен екі – бес). - Алты – жақсы оқу - оқушының салты, (үш және үш –алты). - Жеті – мынау дәптеріңнің беті. (алты мен бір - жеті). - Сегіз – Асан мен Үсен егіз, (бес пен үш - сегіз). - Тоғыз – сиқырлы қара қобыз. (жеті мен екі – тоғыз). - Он – мынау қара тон, (бес және бес – он). - Он бір – біздің үйге кір! Осындай айтыс ойындарын ойнату арқылы тек сандарды ататып қана қоймай, ұйқас табуға, яғни пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, оқушылардың өз беттерімен қосу кестесінің мысалдарын таба алуға, бір сөзбен айтқанда, шығармашылық қабілеттерін арттыруға болады. Мұны сергіту жаттығуы ретінде де ұсынуға болады. 107


Бірінші сынып оқушыларына математикалық білім берудегі ойынның, бірі – қазақ халқының ауызша есептері. Қазақ халқының ауызша есептері өзінің білімділік және тәрбиелік сипатымен де, қарапайымдылығы мен шымырлығы, математиканың тәжірибелік мәнін түсінікті әрі бейнелі тілмен ашық көрсетуі жағынан да ерекшеленетін халық даналығының өзгеше бір озық үлгісі болып табылады. Ауызша есептер қазақ халқының әр дәуірлердегі әлеуметтік–тұрмыстық жағдайымен, олардың мазмұны көбіне, мал және егін шаруашылығы, аң аулау, сондай – ақ кәсіпшілік істермен байланысты болып келеді. Олардың тақырып аясы өте кең және сан алуан көптеген үлгілері бар. Мазмұн ерекшелігіне қарай олар, негізінен, арифметикалық амалдармен шығарылатын, логикалық ыңғайдағы және тұрмыс – салт ғұрыптарынан туып, ойнақы есептер болып келеді. Ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, осы күнге дейін әкеліп отырған халқымыздың ауызша есептерінің жас балаларға математикалық білім берудің өзгеше бір әдістемелік құралы ретінде маңызы орасан зор. Есептің шешуін іздеу барысында бала ойланады, ізденеді, сұрайды. Бұл оның дүниетанымдық логикалық ой-өрісін кеңейтіп,математикалық білім түсінігін молайта түседі. Ауызша есептер бүгінгі заманда да керекті қасиетін және аз бағасын түсіре қойған жоқ. Мысалы, қазіргі бастауыш мектепте оқушылардан есептерді көбіне жазбаша шығару талап етілді. Мұндайда оқушылар дайын ережелер мен үйреншікті тәсілдер жиі қолданылады. Ал қазақ халқының ауызша есептерінің мазмұны әрқилы болып келетіндіктен, баланың мұнда дағдылы, үйреншікті әдіс – тәсілдерді қолдануға мүмкіндік бола бермейді. Бала әрбір жағдайда ауызша есептерді дұрыс, лайықты және ең қолайлы жолын өздігінен табуға тырысады. Мысалы, мынадай ойынды алайық: Екі сегіз – он алты, Және сегіз және алты. Жандап жүрген бір алты, Барлығы қанша? Ұйқас арқылы есті дамытуға, есептің мағынасын түсінуге берілген бұл тапсырманың бірнеше жауабы бар. Қазақ ойындарының, есептерінің ауызша айтылатынын ескерсек, бұл есепті әр түрлі екпін түсіріп айтуға болады. Ол екпін баланы ойлантып, бұл қалай болып кеткеніне таң қалады. Егер бұл есепті жазбаша төмендегідей етіп берсек, онда оның жауабы: 16 + 8 + 6 + 6 амалдарын орындау арқылы табылады. Енді екпінді басқаша түсірейік. Мәселен, 2 , 8 , 16 , және 8 және 6. Жандап жүрген бір алты. Барлығы қанша? Онда шешуі былай болады:2 + 8 + 16 + 8 + 6 + 6 = 46 Келесі ойынның аты « Неше асық?» Үш бала асық ойынынан кейін үйлеріне қайтып келе жатады. -Үшеуімізде он – оннан асық бар еді. Енді кімде қанша асық қалады? – деп сұрайды бірінші бала. - Он қалыпты - дейді екіншісі. 108


- Онда сендегі бар асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді. Асықтарын түгендеп қалтасына салған үшінші бала. - Ең, көп ұтылған мен ғой, – дейді бірінші бала. Ойын соңында бірінші және екінші балада қанша асық қалды? «Өзім де құр қалмадым» халық ойынына тоқталайық. «Жексенбі күні еді. Атасының үйіне немерелері келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма қойды. Немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінді. Алманы бір – бірден берсе, біреуі артылып қалады, екі – екіден берсе, жетпейді. Сонда атасының үйіне келген немересі нешеу, атасының табаққа салып әкелген алмасы неше болғаны?” Жауабы: 3 бала,4 алма. Үш алманы 3 немересі алады да, біреуін атасына береді. «Саз мәнісін байқайық» – деген ойын есепті алсақ. Мысалы: Бір үйде әкесі баласымен атасы немересімен отыр. Осы үйде неше адам бар? Жауабы: 3 адам. Мұндай есептер оқушыларды ойлауға, зеректікке ұмтылдырады, жауап беруде индукция, дидукция қолданып, салыстыру, дәлелдеу сияқты әрекеттер орындайды; бұрыннан белгілі білімді оқушылардың жаңа жағдайда қолдануына септігін тигізеді. Қазақ зиялыларының бірі ағартушы, ғалым – А. Байтұрсыновтың берген ауызша есептері оқушылардың математикалық түсінігін қалыптастыруда рөлі өте зор. Олар: 1.Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды. (1 адам) 2. Үйдің 4 бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Неше мысық отыр? ( 4 мысық) 3. Төлептің 4 ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір анасы, бір қарындасы бар.Төлептің барлық баласы нешеу болғаны? ( 6 бала) 4. Бір үйдің 4 аты бар еді. Еркек жаны 2 әке, 2 ұл еді. Еркектері кісі басы бір аттан мінгенде, бір ат артық болып шықты. Бұл қалай? ( Атасы, әкесі және баласы бір аттан мінгенде, 1 ат артық қалады). Қазақ халқы – ұлттық ойындарына өте бай және оның түрлері де әр алуан салалы болып келеді. Олардың бір түрлері логикалық ойлау мен математикалық сызбаларға негізделсе, енді бір тобы тез ойлап, шапшаң шешуді талап ететін өлеңмен берілген ауызша есептер. Бас бармағым – папам, Балаң үйрек – апам. Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек – мен. Кішкене бөбек – сен. Бір үйде біз нешеуміз? - Бір үйде біз бесеуміз. Содан соң 5 сананың таңбалануымен жұмыс жүргізіледі. 109


Сабақтың соңында оқушылардың білімдерін бағалау мақсатында мына санамақты қолданады. Бір дегенім – жаман баға, Алады оны жаман бала. Екі дегенім – нашар баға, Інішегім нашарлама. Үш дегенім – орта баға, Сапасы да орта баға. Төрт дегенім – жақса баға, Алалы оны жақса бала. Бес дегенім үздік баға, Оқитын бол үздік қана! Мемлекетіміздегі бастауыш сынып мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибелерінде оқушылардың математикадан ой - өрісін дамыту мақсатында ойынның рөлін баса айтып, өз – тәжірибесінде ұлттық ойындарды көптеп қолданатынын көрсетелік. «Ойын балалардың негізгі іс әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектеп оқушылары, сабақ үстінде ойын барысында көрсетеді. Ойын – балалар үшін күрделі элемент. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын аркылы білімін шыңдап, ой - өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай әдейілеп ұжымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады жіне ле сабаққа деген қызығушылығын арттырады». Аса ірі психологтардың айтуынша, «бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады», - дейді. Сондықтан, ойын адам өмір танымының алғашқы қадамы. Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі, еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері білім үстінде қалыптасады. Ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Мұғалім оқушының логикалық ойын, ой - өрісін дамыту барысында әр түрлі ойын түрлерін қолданады. Біз математиканы оқыту барысында ойындарды пайдалануда ең алдымен әрбір ойынның алдына қоятын мақсаттарын анықтай отырып, балаға ойын ережесін дұрыс түсіндіруге, сондай – ақ ойын барысында пайдаланатын құрал – жабдықтарды алдын – ала даярлаудың қажеттігін байқадық. Нақты тақырыпқа сәйкес ойын түрлерін іріктеп ала білу мұғалімнен шеберлік пен шығармалық ізденісті талап етеді. Ойын түрлерін оқушылардың орындаушылықпен (берілген үлгіге еліктей отырып), біршамасын еске түсірумен (қайта жаңғыртумен) байланысты, қайсыбірін 110


тексеру мен бақылау, өзгерту, түрлендіру, әр түрлі мүмкін нұсқауларды іздестіру сияқты іс - әрекеттерді жүзеге асыруға тырысу қажет. Сонымен бірге, ойындарды қолдану кезіндегі математика сабағының қай кезеңінде өткізіп отыратынына ерекше мән беру керек. Мысалы, жаңа материалды баяндау кезінде ұйымдастырылатын ойындар да оқушылардың нақты белгісіне орай суретін пайдаланып, соның нақты белгісіне орай талдау керек болса, ал өткенді тиянақтау кезіндегі ұйымдастырылатын ойындарды оқушылардың сабақта алынған білімге жүйелеу, тиянақтау, қорыту мақсатын көздеуі қажет. Бірінші сынып математика сабағының кез – келген кезеңінде нақты бір дидактикалық мақсатты көздей қолданылған ойындарды қолдану ауызша есептеуге жаттықтыру, логикалық ойын дамытуға, ұлтын, елін, халқын сүюге мүмкіншілік туғызады. Егер ұлттық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана алсақ, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, пәнге қызығушылығын арттырады, оқушылардың ой - өрісін молайтып, білімдерін тереңдетеді; оқушыларды шығармашылыққа баулиды. 4. Математика сабақтарында ойын технологиясын қолданудағы сабақ жоспарының тәжірибелік үлгілері Бүгінгі таңда еліміздің түпкір – түпкірінде халыққа білім беру саласында адал еңбегімен алға шығып, жас ұрпақтарды оқытып, оларды тәрбиелеуде игі істерді жүзеге асырып, келе жатқан ұстаздарымыз қаншама. Олардың бәрі де оқу-тәрбие үдерісінде ойындарды қолдануда әріптестерінің озық та үлгілі тәжірибелерін тиімді пайдаланып кейінгі артынан ілесіп келе жатқан жас ұрпақтарға, мұғалімдерге мұра етіп қалдырады. Жалпы алғанда, педагогикалық тәжірибе оқыту мен тәрбиенің практикасын жан – жақты зерттеу объектісі фактілер мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Соңғы жылдары біздің елімізде жаңашыл мұғалімдердің шығармашылық тәжірибесі педагогика шеберлерінің және белгілі ғалымдардың еңбектері жарық көре бастады. Көптеген құнды педагогикалық еңбектер жазылды. Олардың авторлары профессорлар Ш.А.Аманашвили және П.И.Иванов, мұғалімдер В.Ф Шаталов, И.П.Волков, Е.И.Ильин, М.П.Щетинин т.б. Осы авторлардың әр қайсысы оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігі мен сапасын арттыруда өздерінің ерекше әдістерін жасады. Өз республикамызда көптеген шығармашылық пен жұмыс жасайтын мұғалімдер бар. Оның ішінде тек бастауыш мектепте, оқытудың келелі мәселелерімен айналысатын бірнеше мұғалімдер бар. Олардың қатарына Алматылық К.Ерешеваны, Қызыржарлық Ш.Мұқышеваны, Алматылық Қ.Абдрахменованы, Н.Әбілованы, Жамбылдық А.Қуатбекованы жатқызуға болады. Т.Қ.Оспанов. О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаевалар «Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі» атты өздерінің құралдарында ойынның маңызын былай 111


көрсетеді: «Сабақтарда оқытудың ойын (қысқа, аз уақыт ойналатын, ұзақ дамытушы ойындар) және қызықты тапсырмалар түрлері қолданылады. Мұнда бала ойын барысында қандай да бір білімнің игерілетінін, ойынның оқуға қалай ұласатынын сезбей қалуы тиіс, сонда ғана ойын мен оқыту табиғи байланыста болады, білімді берік игеруге, білік пен дағдыны жетілдіруге себепші болады». Педагогикалық жұмыстың тәжірибесінде жаңа бір нәрсені енгізу үшін оқу – тәрбие жұмысының озат әдістерін біліп қана қоймай, оларды қолданып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрген бастауыш сынып мұғалімдерінің іс – тәжірибесіне тоқталамыз. Алматы қаласы, Ш.Уалиханов атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А. Алыпкелованың сабақ үлгісін келтіріміз. Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры. Сабақтың мақсаты: 5 саны мен және оның таңбасымен таныстыру. 5ке дейінгі сандарды тура және кері санау арқылы бекіту. Оқушылардың тілін жаттықтыру. Заттарды санау барысында 5 санын енгізу. 5 санын шығарып алумен және 5 цифры мен таныстыру. Зат – санцифрды бір-біріне сәйкестендіруге машықтандыра түсу. Сабақтың өтілу барысы: - Балалар, бүгін бізде “Бауырсақ” ертегісінің кейіпкерлері қонақта. - Ертегі қалай басталушы еді? - Балалар ертегі бастап айтып келе жатқанда суретті көрсетіп: - Қараңдаршы, бауырсақ домалап келе жатыр еді, алдынан не шықты? - Қоян шықты. - Қоянға не деп өлең айтып береді? Хормен өлең айтады. - Қане, балалар бауырсақты жеп қоюы мүмкін, сондықтан құтқарып қалайық. - Көмектесеміз бе? - Көмектесеміз. - Олай болса, сендерге мынадай тапсырма. Бәрің дөңгелектеріңді алыңдар да төрттің құрамын көрсетіңдер.(3-тің құрамын көрсеттіру). - 4 дегеніміз 1 және 3, 2 және 2 - Сөйтіп балалар берілген тапсырманы дұрыс орындап, бауырсақты қояннан құтқарады. Одан кейін балалар бауырсақты қасқырдан құтқаруға тапсырма алады. - Балалар, енді бауырсақты қасқырдан құтқарайық. 1-ден 4- ке дейінгі санамақты еске түсірейік , бауырсақ құтылады. - 1 дегенім – берік, кисең басқа бөрік. - 2 дегенім – етік, киеді сәнді етіп. - 3 дегенім – үкі ғой, сән үшін тағылады біліп қой. - 4 дегенім – тымақ, кисем басқа жылы-ақ.. Осылайша балалардың көңілін өтілген материалдарды қайталай отырып, сабаққа аудардым да, өтілетін жаңа тақырыппен таныстырдым.

112


- Балалар, енді біз бүгін жаңа санмен және оның таңбасымен танысамыз. Ол санды қалай шығарып алатынымызды қарап отырыңдар. Оқушылар жауап береді. Осыдан кейін оқушыларды 5 цифрымен және оның жазылуы мен таныстырдым. 1-ден 5-ке дейін өсу және кему ретімен санаттым. Кітаптарын аштырып 5 цифрын таптырдым және кітаптарғы суреттер бойынша жұмыс жасаттым, ертегі кейіпкерлерін пайдалана отырып, жұмысты әрі қарай жүргіздім. - Балалар, бауырсақ бұдан әрі кімге жолығады? - Аюға. - Аюдан құтқару үшін келесі тапсырманы дұрыс орындауымыз керек. Дәптердегі суреттер бойынша жетекші сұрақтар арқылы есеп құрастырып, ауызша шығарту. 1.5 жұмыртқа бар еді, 1- еуі жарылды. Нешеуі қалды? 5-1=4 2. 4 торғай отыр еді, тағы 1 торғай ұшып келді. Барлығы неше торғай болды? 4+1=5 Төменгі жолақтағы мысалдарды орындатып болғаннан кейін: - Міне, балалар берілген тапсырмаларды жақсы орындап, бауырсақты оданда құтқарып жібердік. - Енді бауырасқ кімге жолығады? - Түлкіге. - Құтқарамыз ба? - Құтқарамыз. - Онда, түлкіге бүгінгі сабақта танысқан санымыз 5 туралы санамақты жаттап айтып берсек, түлкі бауырсақты қоя береді. - 5 дегенім- байпақ, өзі жылы жайлы-ақ ! Екі, үш рет қайталатып жаттату. Санамақты 1-ден 5-ке дейін қайталаймыз. (хормен). Бауырсақ балаларға рахмет айтып шығып кетеді. Бұдан әрі балаларға бекіту сұрақтарын қоямын. 1. Қандай санмен және таңбасымен таныстық? 2. 1-ден 5-ке дейін кім санап береді? 3. 5-тен 1-ге дейін кім санайды? 4. 5 цифрын кассадан кім тауып береді? Бекіту сұрақтарынан кейін “Менің орным қайда?” деген ойынды ойнатамын. Үстелде 1, 2, 3, 4, 5 сандары жазылған карточкалар шашырап жатады, оны алған оқушылар ретімен қатар түзеп орналасады. Бұл ойын арқылы жаңа сабақты бекіте отырып, балалардың есте сақтау қабілетімен шапшаңдыққа үйретуге қалыптастырамыз. Сабақты тәрбиелік мәні бар 5- ке дейінгі сандар туралы жаңа санамақты мәнерлеп оқумен аяқтадым. Бір дегенім – жаман баға Алады оны жаман бала. Екі дегенім –нашар баға, Інішегім нашарлама. Үш дегенім- орта баға, Сапасы да орта ғана. 113


Төрт дегенім – жақсы баға, Алады оны- жақсы бала. Бес дегенім – үздік баға, Оқитын бол 5-ке ғана. Қызылорда облысы, Жалаңаш ауданы № 22 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі А.Әсемжанова өз тәжірибесінде ұлттық ойындарды шығармашылықпен қолданады. Оның тәжірибесі бірінші сыныптағы материалдар бойынша берілген. Сонда да математика сабақтарында ұлттық ойындарды қолдануға болатындығын көрсеткіміз келді. Мұғалім сабақты «Наурыз тойында» ойналатын ұлттық ойындарымен жете танысатынын ескертеді. Наурыз тойының өткізу рәсіміне толық тоқталып, алдымен әр ойынның мақсатын, шартын түсіндіреді. Мысалы: Қазақтың ұлттық ойыны – «Көкпар». Ойынның шарты: Бұл өте ертеден келе жатқан ойын. Ежелгі адамдардың күнтізбелік түсінігі бойынша бір жылда 6 ай жаз, 6 ай қыс болады. Жазайларының бейнесіне «қой», қыс айларының бейнесіне «ешкі» түлігі алынған. Жадырап аты өшсін деген сеніммен, қыс бейнесі ешкі сайын додаға салынады екен. Көкпарды тарту тәртібі: Көкпаршылар алаңды айналып тұрады. Қолында көкпары бар төреші оны алаң ортасына тастап, «Баста» деп әмір береді. Лап қойған межеге көкпарды кім бұрын тартып әкелсе, сол жігіт жеңімпаз атанып, тиісті сыйлығын алады. Ал, балалар бүгінгі сабаққа кім жақсы қатысып отырса, сол көкпарды иеленеді, жеңімпаз да атанады. Балалардың орталарына көкпар тастайды. Картоннан жасалған көкпар.Ешкі сыртынан мысал жазылған. Кім бұрын шығарса, сол жеңімпаз атанады. 4+2=6. Тақтаға жазады. 4 қойға 2 қозы қосылады, барлығы қанша болды? 4- қосылғыш, 2- қосылғыш, 6- қосындының мәні. «Теңге алу» ойыны. Ол тегіс жерде өтеді. Үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстіне тиындар салынған түйіншек қойлады. Ойыншылар қос тартпалы ерттелген атқа мініп, 30 – 40 м жерден шауып келіп, ақ киіздің үстіндегі түйіншекті іліп алады. Сол жеңіске жетеді. Тақтадағы қалталы полотноға сыртына мысалдар жазылған тиындар ілінген: 5+3, 7+2, 6+4, 3+2. Мысалдарды шығарып, компоненттерін ауызша атайды. «Тай жарыс» ойыны. Оған тек бір жасқа келген жылқы алынады. Тайға мініп шабатын балалардың жасы 7 –8 жас мөлшерінде болады. Картоннан қиып жасалған тайлардың сыртында мысалдар жазылған: 1+5, 2+4, 4+3, 6+2. Кім тез, дұрыс шығарса, сол озып шыңады. Кеңістік ұғымдарын ажыратуға, заттарды салыстыруға тапсырма беру «Тоқымқағар» ойыны арқылы жүзеге асырылады. Жолушы алыс сапарға шығарда – ақ сапар тілейді. Бұл ойын сауық салт ойыны. Сабақты бекіту «Сақина сақтау» ойыны. Ойынға 20 – 24 адам қатысады. Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қолдарын алға созып отырады. Ортаға шыққан бала екі алақан ортасына салған сақинаны бар 114


қолын барлық ойыншының қолының арасына салып кетеді. Тегіс салып өткен соң, ортаға шығып «сақинам кімде?» деп дауыстайды. Сол кезде сақина алған бала тез ортаға шығады. Егер ұсталса жазаланады. Мына мысалды шығарады: 8+2=10, 8 – қосылғыш, 2 – қосылғыш, 10 – қосындының мәні. Сабаққа қатысып, жауап беріп отырғандары есептеліп, қызыл дөңгелек – 5, төртбұрыш – 4, үшбұрыш – 3 таратылып отырады. Кім көп ұпай жинаса, сол жеңімпаз аталады. Ең үздік қатысқан балаға «Сақина» беріледі. Бірінші сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін оқу үдерісінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану біліктерін қалыптастыру үшін ойындарды пайдаланудың орны ерекше. Математика сабақтарында ойын элементтерін пайдалану бүгінгі өтілетін материалды оқушыларға тиянақты меңгеруге көмегін тигізеді. Ойын оқушыларды сергітіп, өз беттерімен жұмыс істеуге, тапсырманы тез әрі ынталы орындауға үйретіледі. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ойындарды пайдаланудың нәтижелі болуы, әрдайым ойынның сабақтың мазмұнына, қажетті түрлерін іріктеп алуға нақты мақсаты мен мүмкіндіктерін, жағдайларын ескеруге сабақтың кез – келген кезінде, тіпті дүркін – дүркін тиімді түрлеріне сай келуіне байланысты. Ұлттық ойын ойнату арқылы оқушылардың өз салт – дәстүріне, әдет – ғұрпына деген сүіспеншілігі артады. Сондықтан мен мына ұлттық ойындарды ойнаттым. Бәйге алу ойыны. Ойынды ойнамас бұрын сұрақтар беріледі: а) Қандай ұлттық ойындары бар? ә) Атпен ойналатын ойындар. б) Біздің еліміз қалай деп аталады? в) Ел рәміздерін ата? Осындай сұрақтардан кейін есептер құрылып, карточка берілді. Қатты қағазға жіп арқылы бекітілген екі атпен жарысады. Межеде еліміздің туы тұр. Дұрыс және тез шығарған оқушы жеңеді. «Қыз қуу» ойыны. Алдымен сұрақтар беріледі. Содан кейін есеп оқылады. Ойын шарты түсіндіріледі. Атам қазақ қыздың жолы – жіңішке демекші алдымен қыз бала тапсырманың бірінші мысалын орындайды. Содан кейін екінші карточканы ер бала орындайды. Егер ер бала дұрыс шығарып бұрын болса, онда қызды ұстап алған болып есептеледі. Қыз бірінші болса, онда ер бала жеткізбей жеңіске жеткен болады. «Қан талапай» ойыны. Асықпен ойналатын ойын.Бұл ойынға нөмірленген асық алынады. Нөмірге байланысты карточка алынады. Асық жерге шашылады, ал балалар талапайлап асық алады. Нөмірлері бойынша карточкадағы есепті шығарады. Кім тез, әрі дұрыс шығарса, сол жеңіске жетеді. «Теңге алу» ойыны. Бұл ойынды салыстыру ерекшелігін табу, айырмашылығын табуға байланысты есептер ойнайды. Алдымен сұрақ беріледі. Есептің бірнешеуі оқылып талданады. Ұлттық теңгеміздің суреті 115


ілулі тұрады. Екі оқушының қайсысы есепті дұрыс орындаса, сол тал теңгемізді алады. «Арқан тартыс» ойынында алдымен ойынға байланысты сұрақтар беріледі. Тақтаға арқан суреті ілінеді. Қосу кестесі бойынша берілген тапсырмаларды кім көп орындаса, сол топтың жеңіске жететіндігі айтылады. Міне, осы ойындарды ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, әрі пәнге деген қызығушылығы артады, дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды, білімі, сауаттылығы күшейеді. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құмсай ауылы Құмсай бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қамзин Сабыржан Жақсылықұлының сабақ жоспарын келтіреміз. Сабақтың тақырыбы: 8 санының құрамы Сабақтың мақсаты: 8 санының құрамын шығартып, оны жаттату, Білімділік: Өрнек құрастырып, оның мәнін табуға, сөз есептерді түсініп, шығаруға және кесінділерді салыстырып, олардың ұзын, қысқасын анықтатуды машықтандыру. Тәрбиелік: Үйде бағуға болатын жануарларды асырауға баулу және қамқор болуға тәрбиелеу Дамытушылық: Тапсырма бойынша жұмыс істеуде сөйлеуге, өз ойларын жеткізе айтуға, шапшаң есептеуге ойын дамытып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру Құрал-жабдықтар: компьютер, 1 бет парақ «Үйшік» Түрі: жаңа сабақ Әдісі: практикалық, сұрақ-жауап, демонстрация, көрнекі, проблемалықізденіс әдісі, ойын. Барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Өткен сабақтағы конверт пен марка бойынша өрнектерді қайталау. - Неше конверт болды? 8 - Жасыл марка нешеу болды? 7 - Қызыл ше? 1 - Барлығы нешеу болды 7+1=8 2. Психологиялық дайындық. 3. Компьютерлік слайд 2, 3 бойынша 8 құрамын шығарту үшін балапандарды санатып, 8 құрамын сол балапандарға қарап (бау, галстугіне, бетіне қарай топтастыру арқылы) компьютердегі үйшікке толтыру компьютерге қаламмен жазылады. 1 тапсырма 8 құрамының үйшігін толтыру компьютерде және берілген қағазға оқушылар жазады.

116


ҮЙШІКТЕРГЕ ТОЛТЫРЫП ЖАЗАЙЫҚ

8 1 2 Мына жерден қаламды алып, компьютерге тиісті санды жаз

5 4 3

4. 2 тапсырма. Ойын «Қанша балапан?» шарты екінші қораптағы балапандардың санын табу. 5. Слайд 5 «Ой қозғау» оқушыларды ойландыра отырып, санға +1 қосып -0 азайтсақ және одан шыққаннан -1-ді алсақ, сол санның өзі шығатындығына көздерін жеткізу. Тең болу себебін түсіндіру. 8 САНЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

6+2=8

8 САНЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

5

4

7+1

7-2

6

3+3

8

2+2

6. Сергіту минуты Қуырмаш, қуырмаш, Балапанға бидай шаш. Әй, әй балақай Жамандықтан қаш. 7. Дәптермен жұмыс 8. 4 тапсырма күндегідей ауызша схема бойынша сөйлету. «Қанекей, тілім сөйлеші» Қ. К. К. К ? қ (ұ ) Қызыл кесінді көк кесіндідіен 2 см ұзын 117


Көк кесінді қызыл кесіндідіден 2 см қысқа 9. 5 тапсырма Орындарын табуға көмектес. Тордың, аквариумдардың, ұяның мәндерін тауып алып, тиісті иелерін шығара отырып, орындарын тапқызу. 10.Теңдік құру. Слайд 4. 6 тапсырманы тақтаға, дәптерге орындату. 8 САНЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Кесте құрып, жаттайық.

Бекіту. – Қай санның құрамын құрдық? ( 8 ) Неше балапанмен жұмыс істедік? Үйде нені бағуға болады екен? Сабақ несімен ұнады? Педагогикалық әдістемелік әдебиеттерді оқып талдау, озат педагогикалық тәжірибені жинақтау барысында өз тәжірибемізден үзінділер келтірейік. Сабақтың тақырыбы: Нешінші? Сабақтың мақсаты: 1) Заттарды санауға жаттықтыра түсу және санның реттік сипаттамасымен таныстыру; 2) Реттіу сан есім туралы оқушылардың түсініктерін дамыта түсу; 3) Оқушыларды ұқыптылыққа, іс-әрекеттерді ретімен орындай ,ілуге тәрбиелеу. Сабақтың құрал-жабдықтары: түрлі суреттер, ойыншықтар, қағазлан қиылған құстардың (үйрек, қаз, күркетауық, қораз, тауық) суреттері, кеспе цифрлар, жолақшалар, магнитофон. Сабақта қоданылған оқыту әдістері: дидактикалық ойындар, сұрақ-жауап әдісі, әңгіме әдісі. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Жаңа материалмен жұмыс. а) мұғалімнің түсіндірмесі: Өтілетін сабақтың тақырыбы тақтаға жазылып, оның негізгі мазмұнын түсіндіруге күш салынды. Магнитофоннан құстардың даусын тыңдатып, әр құстың даусын ажыратуға назар аударылды. Одан әрі тақтаға ілініп қойылған құстардың суретімен жұмыс жүргізілді. Сұрақ: Балалар, суреттен нелерді көріп отырсыңдар? (Құстарды)

118


Сұрақ: кәне, суреттегі құстардың аттарын атаңдаршы (Үйрек, тауық, қаз, қораз, күркетауық) Мұнан кейін оқушыларға жабайы және үй құстары туралы әңгімеленіп берілді. Сұрақ: Суреттегі құстар нешеу? (Бесеу). Сұрақ: Үйрек нешінші орында? (Бірінші). Сұрақ: Тауық ше? (Екінші). Сұрақ: Қораз ше? (Үшінші). Сұрақ: Қаз ше? (Төртінші). Күркетауық ше? (Бесінші). Сәйкес сұраққа жауап берген оқушы сәйкес суреттің астына кеспе цифрларды орналастырады. «Күн мен түн ойыны». Түн дегенде оқушылар түгел көздерін жұмып, партаға басын қойып жата қалады, ал бір оқушы тақтаға шығып, құстардың орындарын орындарын ауыстырып қояды. «Күн» дегенде оқушылар бастарын көтеріп, тақтаға қарайды. Енді құстарды өз орындарына қою ұсынылады. Сабақты түрлендіру мақсатымен мына өлең оқылады: Қораз Ақ қораз ау, ақ қораз, Сауысқандай сақ қораз. Таң атқанша шақыр да, Тауықтарды бақ қораз. Сұрақ: Өлеңде қораз сөзі неше рет айтылды? (4 рет). Сұрақ: Өлеңде тауық сөзі неше рет айтылды? (1 рет). Сергіту жаттығуы: Қаңқ-қаңқ қаздарым, Тізені сәл бүгіңдер, Қолды артқа ұстаңдар, Қазға, кәне, ұқсаңдар. Алға мойын созыңдар, Сол қалыппен жүріңдер! Ілгерілеп озыңдар, Солай етіп байқа да, Он шақты рет қайтала. Қанат жая жалма-жан, Талпынғандай ұшуға, Иілем де қол созам, Аяғымның ұшына. «Кім тез ?» ойыны. Оқушылар партаға бастарын қойып жатады. Көрсеткіш таяқпен мұғалім столға құстың орнына сәйкес тақылдатады. Оқушы неше рет соғылғанын тыңдап, дыбыс санына қарай санды айтады да соған сәйкес құстың орнын белгілеп, оның да атын атауы керек. Мысалы, 3 рет соғылғанда, ол 3, қораз, ал 4 рет соғылса,4-ол қаз деп жауап беруі тиіс. 119


«Үндемес» ойыны. «Түн болды» дегенде оқушылар көздерін жұмып, партаға бастарын қойып жатады. Бір оқушының қасына барып, көрсеткіш таяқпен партаға тықылдатады. Оқушы неше рет соғылғанын ішінен санайды да, үнсіз тақтаға шығып, естіген дыбыс санына сәйкес құсты тауып, үндемей оны көрсетеді. «Өз орныңды тап» ойыны. Оқушыларға құстардың алғашқы орналасуын ескесақтауы ескертіледі де, құстардың макеті орналастырылып беріледі. «Бір, екі, үш!» деген бұйрықтан кейін олар шапшаң өз орындарына тез тұра қалуы тиіс. Сонан кейін «үшінші», «Екінші», т.с.сс бұйрықтары берілгенде соған сәйкес оқушы бір қадам алға шығуы керек. «Қораз-бірінші», «күркетауық-екінші», «қаз-үшінші», «тайық-төртінші», «үйрек-бесінші» деген бұйрықтар беріліп, әр оқушы соған сәйкес өз орнын іздейді. ә) Оқулықпен жұмыс. Жоғарғы суреттегі бәйгеге қатысқан сәйгүліктердің нешінші орында келе жатқаны анықталады. Мұғалім оқулықты көтеріңкіреп ұстап, «үшінші келе жатқан атты көрсет», «екінші атты көрсет» сияқты сұрақтар қояды, оқушылар кезектеп оларды көрсетеді. 2-сурет бойынша жыл мезгілдері туралы қысқа әңгіме жүргізіледі. Сұрақтар: 1) «Жаздан кейін не келеді?» (Күз келеді). «Жаздың алдында ше?» (Көктем). «Қыстан кейін ше?» (Көктем). «Көктем мен күздің арасында ше?» (Жаз). «Жылдың қанша мезгілі бар?» (Төрт). «Көтемде қандай өзгерістер болады?» (Қар ериді, сай-саламен су ағады, өзенде сең жүреді т.с.с.). «Күзде ше?» (Жапырақтар сарғаяды, түсе бастайды, күн суыта бастайды т.с.с.). 3-сурет бойынша әңгіме құратыру ұсынылады. Сұрақтар: «Төртінші баланы көрсет» «Үшінші баланы көрсет» «Бірінші баланы көрсет» «Екінші баланы көрсет» Шығармашылық жаттығу бойынша әңгіме жүргізіледі: Суретте үйшіктер мен олардың кілттері көрсетілген. Қай кілт нешінші үйшікке сәйкес келетіндігі сұралады. Сұрақ: «Бірінші үйшікті көрсет. Оған нешінші кілт дұрыс келеді?» Сұрақ: «Үшінші үйшікке нешінші кілт дұрыс келеді? Т.с.с.» б) Дәптермен жұмыс. Сұрақ: дәптердің альыншы бетін ашыңдар да төмендегі суретке қараңдар. Не көріп отырсыңдар? (Қоян, күшік, кірпі, тасбақа жарысып бара жатыр). Сұрақтар: 1) «Ең бірінші болып не келе жатыр?» (Қоян). 2) «Күшік нешінші келе жатыр?» (Екінші). 3) «Тасбақа нешінші келе жатыр?» (Төртінші). 4) «Кірпі ше?» (Үшінші). 120


5) «Кірпіден кейін не келе жатыр?» (Тасбақа). 6) «Оның алдында ше?» (Күшік). 7) «Күшік пен тасбақаның алдында ше?» (Кірпі). 8) «Тасбақа неге ең соңында келе жатыр?» (Себебі ол өте ақырын, баяу жүреді). 9) «Қоян неге ең алдында келе жатыр?» (Себебі ол жылдам жүгіреді). Көрсетілген іздерді бастыра жүргізу жұмысы жүргізіледі, оны әрі қарай жалғастыру ұсынылады. 3. Сабақты қорытындылау. «Орныңды тап» ойыны. Оқушыларға онға дейінгі сандвр жазылған карточкалар үлестіріліп беріледі де №1 оқушы тақтаға шақырылады. Оның сол жағына оқушылардың орындарын табу талап етіледі. Ойын №10 оқушы шақырылып, оның сол жағына оқушылардың кері ретпен тұруын талап ету арқылы түрлендіріледі. Отырған оқушыларға сұрақтар қойылады: - «Азамат нешінші орында тұр?» (Бірінші). - «Асқат ше?» (Бесінші). - «Алма мен Жеңістің ортасында кім тұр?» (Дәулет). - «Дәулет нешінші орында тұр?» (Тоғызыншы). Т.с.с. 4. Оқушылардың білімдерін бағалау. Ойындарды сабақтың кез – келген кезеңінде, кез – келген мақсатта, қолда бар заттармен ойната беруге болады. Келесі сабақтың тақырыбы: Ондықтарды қосу және азайту. Сабақтың мақсаты: Ондықтарды қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру Сабақтың міндеттері: 1). Ондықтарды қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру, сәйкес мысалдарды ұзындықтарды қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. 2) оқушылардың ойлау қабілеттерін, математикалық тіл байлығын дамыту ондықтарды санауды, жазуды машықтандыру. 3) дәптерге таза, әдемі жазуға тәрбиелеу. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, карточкалар, сандар, қияр,қызанақ, сәбіз – шаблондар. Қолданылатын әді-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, проблемалық іздендіру әдістері. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Өткен сабақты тексеру. 1) карточкаларды тарату: а) 20см= ?дм 30см= ?дм ?см=1дм 5дм= ?см 40см= ?дм б) математикалық диктант: Өрнектердің мәндерін тап: 20+20= 60-30= 8+2= 7-3= 50+10= 8+1= 121


1. Жаңа сабақ. а) Балалар, қане өрнектердің мәні нешеге тең болды? Қанша таңбалы сандар? (бір, екі таңбалы сан). ә) Олай болса, “жалғастыра санау” ойынын ойнаймыз. Онда 10-нан 100- ге дейін тізбектей тура және кері санау. 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100. 100, 90, 80, 70, 60, 50, 40, 30, 20, 10. Б) “Көршісін ата”. Карточка жасау №1 20 №3 10 №2 50 №4 40 Жақсы. Олар қандай сандар? (Екі таңбалы сандар). Ол сандар қалай аталады? (Ондықтар). Тағы екі таңбалы сандарды атаңдаршы, 10, 20, 30..............90. Ондай болса, балалар бүгін біз ондықтарды қосу және азайту тақырыбымен танысамыз, үйренеміз. Мысалы, 20+20=40, 30+50=80, 60-30= 30, 20-10=10. Өрнектерді өзіміз шығардық, енді дәптерге орындаймыз. 1) Олай болса, балалар ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Балапанды қорғау». Ойын шартын түсіндіру. Ол үшін кітабымыздың 125-бетін ашып, 2тапсырманы орындаймыз. №2 30+20=50 40+30=70 20+30=50 30+40=70 50-30=20 70-40=30 50-20=30 70-30=40 Сергіту сәті. №1. Үш қатарға бөліп жарыстыру. 1. 2. 3. 4+2 6-4 40+20 6-2 60-40 60-20 №5 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100. 100, 90, 80, 70, 60, 50, 40, 30, 20, 10,. №6 Көршілерін ата. 20 30 40 40 50 60 60 70 80 №3,4 Жазбаша. Екі баланы тақтаға шығару. Басқа балалар орындарында орындайды. №3 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100. 100, 90, 80, 70, 60, 50, 40, 30, 20, 10,. 2. Жаңа сабақты қорытындылау. Сонымен, балалар бүгін сабақты қалай түсінгендеріңді тексерейін.Ол үшін қазір бәріміз бір ойын ойнаймыз. Ойынның аты “Көшет отырғызу”. - Балалар, қазір қай мезгіл? (Көктем). - Көктемде не істеледі? (Егін, көкөністер т.б егеміз, отырғызамыз). - Қандай көкөністерді білеміз? (қияр. Қызанақ, сәбіз т.б). 122


- Олай болса, сол көшеттерді отырғызайық. Ол үшін әр көшеттің артындағы мысалдарды орындауымыз керек. 1. Қияр – көршісін ата. Қорыта айтқанда, ойындарды тәжірибеде белгілі бір дидактикалық мақсатты шешу барысында қолдану оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады, олардың белсенділігі күшейеді, ұлттық сана мен сезім жоғарылайды; ұжымды түрде жұмыс істеуге ұмтылдырады. Сонымен бірге, ең бастысы сабақтың қазіргі заман талаптарына сай сапасын көтереді, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға негіз болады. 5. Бастауыштағы дүниетану пәнінің білім мазмұнын оқытуда ойындарды пайдалану әдістемесі Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі - ғылым жаңалықтары мен озат тәжірибені жетік меңгеруі, оларды өзінің күнделікті қызметінде пайдалана білуі. Осы орайда мұғалімнің шығармашылық еңбегі ең алдымен оқу үдерісмен байланысты. Бастауыш сыныптың «Дүниетану» пәні бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру үдерісінде өзара тығыз байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеті-балаларға өлі табиғат туралы, өсімдіктер, жануарлар және балалардың сезіммен қабылдай алатын объектілер мен құбылыстардың арасындағы қарапайым байланыстар жөнінде білім беру балалардың білімді меңгеруі - олардың танымдық қабілеттерінің, сенсорлық ақпараттарының, логикалық ойлауының, зейінінің, тілінің, байқағыштығының, білуге құмарлығының дамуымен тығыз байланысты болуы тиіс. Ойды дамыту мен дүниетанымдықтың негізін қалыптастыру үшін балаларды табиғаттағы заттармен және құбылыстармен таныстыру, байқаған құбылыстарына түсініктер іздестіруге үйрету және олардың арасындағы байланыстылық пен өзара қатынастарды жете түсінуге балаларды баулу. Ақыл-ой табиғат құбылыстарының арасындағы өзара себеп-салдарлық қатынасты түсіну үдерісінде жетіледі. Сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ - мұғалімнің тынымсыз еңбегінің айғағы. Оқыту құралдары деп оқыту кезінде мұғалім мен оқушы іс-әрекетін нәтижелі етуге көмектесетін заттарды айтады. Оған көрнекі құралдар (плакат, карта, схема, диаграмма, кесте, тұлып, аспап), техникалық құралдар (диафильм, кинофильм, магнитофон, эпидиаскоп, кодоскоп, ЭВМ, компьютер, бейнетаспалар), лабораториялық сабақтардың жабдықтары, дидактикалық материалдар, оқулықтар, көмекші әдебиеттер, оқу шеберханасының жабдықтары жатады. Оқыту құралдарын тиімді пайдалану оқытудың кабинеттік жүйесіне көшкенде шешіледі. Қазіргі заманда білім беруді дамытудың жолдары белгілі бір дәрежеде мұғалім даярлығынан бастап оның іс-әрекетінің тәжірибелік тұрғыдан ұшталып, шыңдала түсуіне дейін тікелей қатысты. Өйткені қазіргі кезде 123


мұғалімнің эмпирикалық тәжірибесінде әр түрлі білімдік технологияларды пайдалану, оның жетістіктерін болжау, өз бетінше жобалау мен құрастыру негізінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылыс іске асырылады. Баланың ойлау қабілеттерін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру арқылы эстетикалық мәдениетін көтеруге не жатады десек, оған: оның әдемілік пен тұрпайылықты эмоционалдық негізінде сезіне алуы: зұлымдық пен мейірімділікті, жексұрындық пен жақсылықты сезінуі жатады. Өз сезімін өзі билеп, басқара білу де эстетикалық мәдениеттің белгісі болып табылады. Осындай сезімдерді қалыптастыруда бастауыш сыныптарда дүниетану сабақтарының мәні ерекше. Дүниетану пәні орта мектептегі жаратылыстану ғылымдарының негізі болып табылады. Дүниетану сабақтары арқылы оқушылар адам, қоғам, табиғат яғни шындық дүниенің үш құрамдас бөлігі туралы білім алады. Бұл пән балалардың танымдық белсенділігін арттырып, дүниетанымын қалыптастырады, сондайақ балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, оның тылсым тынысы мен сиқырлы сырларын білуге, табиғатты қорғауға, көркейтуге тәрбиелейді. Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке баулу да, адамдық асыл сезімдерді ояту да осы пәнді оқу барысында жүзеге асады. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге үйрететін, ұлттық мәдениетіміздің бүкіл нәрін бала жүрегіне жеткізетін де осы пән. Егер әр тақырыпты тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқытса, балалардың сана сезімін, мәдениеті мен дүниетанымын дамытуда пәннің тигізетін әсері айрықша. Соның бірі-оқу-танымдық ойындар. Оқытып-үйрету барысында балалар біртіндеп ойын іс-әрекетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын оқу ойындары мен қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады. Оқу-танымдық ойындарда дыбыстың жоғарылығын, оның күштілігін, дауыстың құбылуын, қарқыны мен ырғағын анықтау; екі-үш түсті заттың формасын ажырату және атау есепке алынады. Үлкендердің сұрақтарына жауап беру, олардың нұсқауын орындау, әдеппен сәлемдесуді, қоштасуды, алғыс айтуды үйрену; қарапайым мінезқұлық ережелерін сақтау; қол жуу, тамақты қасықпен ішу, тап-түйнақтай болып жүру, ойыншықтарын қадағалап, ескертіп отыру керек. Сюжетті ойындарды ойнағанда ертегі, өлеңдерден таныс бет-әлпет құбылыстарын пайдалану, ән айту және билеу; Құрылыс материалдарымен ойнағанда кубиктерді бір-біріне тіркеп, түзу, белгілі бір тәртіппен орналастыру; Мозаикадан қарапайым формалар жасау, олардың әсем үйлесімдерін байқау; Түстерді, дыбыстарды ажырата білу; жануарлардың дауыстарына еліктеуді қабылдау, дидактикалық және сюжетті сөздік ойындарда ол дауыстарды салу; Қимыл ойындарға қатысу, мұғалімнің көмегімен сапқа түру туралығын анықтау, үйдегі таныс ойындарын ойнау-осының бәрі де ойын әрекеті 124


үстіндегі балалардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруға арналған түрлі ойын қимыл-қозғалыстары мен әрекеттері. Балалар ойындарға қатыса отырып, сюжетті ойлап табу, әр түрлі ойыншықтар мен атрибуттарды пайдалануда ой сергектігін таныту, куыршақты ұқыпты және әдемі киіндіре білу, қуыршақ мебелдерін орындарына дұрыс қою, көркем сабақтардан алған іскерлікті қолданып, өз еркімен ән салу, өлең оқу, мүсін жасау, сурет салу әрекеттерін өз еріктерімен орындауы қажет. Балалардың үйдегі өз ойыншықтарын реттеп ұстаулары, онда да ұқыптылық пен әсемдіктің болуын қадағалауы, ойын үстінде даурықпай сөйлеуі, ойнап болған соң оларды өз орындарына ретпен орналастыруыолардың эстетикалық тәрбиесінің қалыптасуының бірден-бір айғағы болады. Бірте-бірте дамуын белгілей отырып, ойынның сюжетін өздігінен ойлап табу; қажетті әзірлік жүргізу, ролдерді бөлу; жағдайға, қимылға, қақпа сөздерге байланысты ойыншықтарға тән ерекшеліктерін дұрыс пайдалану, ролдерді әсерлі орындау, көркем сабақтарда игерген өнерді ойындарында да пайдалану балалардың өз шеберліктерін танытуы болып есептеледі. Түсін әсем үйлестіру, өз жолдастары құрылысының сапасын бағалай білу, олардың әсіресе нені жақсы жасағандарын айту, неғұрлым нәзік түс реңдерін, формаларды, пропорцияларды, заттардың кеністікте орналасуын тану және салыстыру әрі оның қайда кездесетіндігіне өмірден мысал келтіру, көру есін пайдаланып, картинкалармен ойнауда байқағыштық көрсетулерін қадағалаған жөн. Мұғалім дүниетану сабақтарында сабақтың мақсатына, мазмұнына, оқушылардың біліміне, оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдерге байланысты ойын, жұмбақ, сайыс, пікірталас т.б. ретінде пайдаланады. Мәселен, қызықты материалдарды дүниетану сабақтарының барлық кезеңдерінде: үй тапсырмасын тексеру, бағалау кезінде, жаңа материалды оқып үйренгенде, сабақты бекіту, пысықтау кезінде кеңінен пайдаланады. Дүниетану пәнінен алған білімді және бастауыш сынып окушыларының іскерлігін жинақтап қорыту формасында айқындау қажет болѓан кезде, қызықты материалды пысықтауға пайдалану аса тиімді болады. Объектілердің біреуінің контурын пайдалана отырып, ойын ұйымдастыру оқушыларда бақылағыштықты, объектіні басқаларының ішінен бөлек көрсетуді, қысқаша сипаттама бере білуді қалыптастырады. Мысалы, мұғалім жарты шарлар қартасын оқыған кезде материктер мен мұхиттарды контуры бойынша анықтауды, соңынан оларды картадан көрсетуді үсынады. ТМД елдерінің табиғатына байланысты жеке тақырыптарды пысықтағанда мұғалім аңдар мен құстарды контуры бойынша анықтап, олардың қайда кездесетінін айтуды, оларға қысқаша сипаттама беруді ұсынады. Сабақтағы материалдарды бекіту үшін географиялық, топографиялық немесе биологиялық лотоны пайдалануға болады. Бұл үшін мұғалім бір топ оқушыларға карточкалар таратып беріп, объектілердің біреуін айтады, оқушылар оны жауып қояды. Объектілерді кім тез толық жауып, дұрыс айтып берсе, сол оқушы жеңіп шығады. Осы ойынды тақтада да өткізуге 125


болады. Мұғалімнің айтуы бойынша үш оқушы объектілерді іріктеп алып, аттарын іледі, қалғандары оған зер сала бақылап тұрады да жолдастарының берген жауабын түзетіп, толықтырады. Табиғаттану объектілері және олардың қысқаша сипаттамасынан балалардың білімін тексеру мақсатында да ойын ұйымдастыруға болады. Оған мынадай тапсырмалар беріледі: коллекциядан пайдалы қазбалардың үлгілерін, гербарийден өсімдіктерді, жануарлар бейнеленген открыткаларды, көкөніс пен жеміс муляждарын және т.б. іріктеп алу. Объектілерді классификациялау іскерлігін тексеру үшін гербарийден егістік дақылдарды, жалпақ және қылқан жапырақты ағаштардың бұтақтарын, шабындық өсімдіктерін іріктеп алуды, тундрада, тайгада, аралас орманда, шөлде және т.б жерлерде өсетін өсімдіктерді таңдап алуды ұсыну қажет. Сұлулықты сезіну баланың жан дүниесінің байлығын байқатады. Сонымен қатар адамның сезім түйсіктерінің жан-жақты дамығандығымен қоса, қабылдау үрдісінің ойдағыдай дамып, жетілуінің нәтижесі. Сұлулық пен әсемдік көпшілік мән бере қойматын нәрселерге ерекше зейін қоюшылықпен қиылысып жатады. Табиғаттағы әсем құбылыстарды, адам сымбатын және басқа да сұлулықтың түрлерін тек байқағыштық қасиеті бар адамдар тез аңғарады. Осы қасиетті бастауыш сынып балаларының бойына дарыту мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Дүниетану сабақтарында картаны білуге байланысты ойындарды да өткізуге болады. Бұл карта бойынша саяхат жасау, сипаттамасы, фотосуреттері және открыткалары бойынша Қазақстан Республикасының табиғи аймақтарын анықтау ойындары. Мысалы, «Бұл жердің қысы өте ұзақ, қатал, жазы мүлде қысқа. Жазы да ерекше: күндіз-түні бірдей жарқырап тұрады, сөйтіп қараңғылық мүлде болмайды. Сондықтан да күн жарқырап тұрғанда ұйқыға жатуға тура келеді. Егер қараңғы түсуін күтсең, онда екі айдан астам ұйықтамай жүруге мәжбүр боласың» (Тундра). «Ғажап ел: өзендері сағасыз, ағаштары жапырақсыз, жер бетін ылғандандырмайтын құрғақжауын жауады, көлдері ағынсыз» (Шөл). «Неткен кең байтақ Жазира! Төбе де жоқ, орман да жоқ. Қайда көз салсаң да аспанмен шектесіп кеткен тегіс жазықтық. Тіпті шет те, шек те жоқ тәрізді! Кез келген тұсқа қарай жүре бер, жүре бер! Салт атпен шапқыла, автомобильмен заулат, самолетпен қалықта-алдыңда зәулім аспан көтеріліп жаңа кеңістік үсті-үстіне айқындала түседі... Қаншама гүлдер! Алуан түрлілігін қайтерсің: алқызыл қалампыр, ақшыл көк шалфейдің шашақ гүлі де, алтындай қызыл рең де тағы-тагы толып жатыр....» (Дала). Бұл үзінділерді оқушылардың білімін бекіту және жинақтау, қорыту үшін, біздің Отанның табиғатын оқып үйренуге байланысты сабақтардың басында пайдалануға болады. Бұл жөнінде Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы былай дейді: «...адам пендесі ақыл-ой парасаттылығы арқылы табиғат пен өмірдегі құбылыстарды тез аңғаруы шарт». Бастауыш сыныптағы оқытудың негізгі мақсаты - балаларды білім, ғылым негіздерімен қаруландыру, дүниетанымын қалыптастыру болса, олардың бойында қоршаған ортаға, туған жердің әсем табиғат көріністеріне-жаз жайлауы, жасыл орманы, қыс 126


қыстауы, асқар тауы, мөлдір бүлағы т.б. эстетикалық сезімдерін, сүйіспеншілігін қалыптастыруда оқытудың маңызды міндеттерінің бірі. Бастауыш сыныптарда әр түрлі табиғат аймақтарын оқып үйрену кезінде «Табиғат аймақтарын сөзге шақыру» ойынын пайдалануға болады, оқушылар ол кезде мұғалімнің жәрдемімен өтілген материалды бекітіп, өз білімін қызықты және ойын түрінде тексеруге мүмкіндік беретін әр түрлі тапсырмаларды іріктеп алады. Әрбір топ еліміздің табиғи аймақтарының біреуінен материалдар дайындайды. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тапқырлығын дамыту үшін танымдық жұмбақтарды да пайдаланады. Жұмбақ нәрселердің немесе табиғат құбылыстарының біреуін толық болмаса да дәл сипаттап береді. Адамды қоршаған табиғат, өсімдіктер, жануарлар, жеке табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар жасауға орасан зор мүмкіндік береді. Мұғалім жұмбақтарды сабақтың қай кезінде жақсы пайдалануға болатынын ойластыруы керек. Мұнымен сабақты қызықты етіп бастауға болады. Мысалы, «Көктемде гүлдеп, жазда жеміс беремін, күзде солмаймын, қыста тіршілігімді жоймаймын» - оқушылар заттың сабақта қылқан жапырақты ағаштар туралы өңгімелесу кезінде, олармен танысқанда бұл жұмбақты түсіндіре алатын болады. Кейде жұмбақтар бекітуші сұрақтар ретінде: «Көктемде жайраңдап, жазда сая болады, күзде нәрленіп, қыста әрленеді» (Ағаш). «Шошытатын жан болмаса да, қалтырауын қоймайды» (Көктерек). «Қыста да, жазда да тек бір түсті болады» (Шырша). Бұндай танымдық жұмбақтар жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар туралы әңгімелесу соңынан пайдаланылады. Жеке табиғат құбылыстырымен таныстыру үшін мынадай жұмбақтарды ұсынуға болады: «Жасыл далада күміс дәнек жатыр» (Шың), «Өзі ұзын, өзі нәзік, шөпке қоса, көзге көрінбейді» (Жаңбыр), «Мұрынды жыбырлатса да, қолға ілінбейді» (Жел). Үйқас жұмбақтар адамды құлшындырып, шаршатпайды, оларды сабақтарда қолдануға болады. Мысалы, күзгі табиғат құбылыстарын оқып үйренгенде оқушыларға жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды таныстыра отырып, мынадай жұмбақтар келтіруге болады: «Жеңіл себет ішінен патшадай боп, басын көкке кекжитіп, беріп бұйрық», өйткені ол.-.(қозықүйрық). Көптеген қызықты сұрақтар балалардан материалды білуді, тапқырлықты, талдай білу іскерлігін, себепсалдарлық байланысты түсіндіруді талап етеді. Мысалы, «Сұр қарлығаштар неге қарлығаштан бұрын ұшып кетеді?» (Сұр қарлығаштарға жем тамыз айыннан-ақ жеткіліксіздік жасайды, ал қарлығаштардың қыркүйекте де тамағы тоқ болады). «Қай ағаштың жапырағы жасыл қалпына түседі?» (Бақта-сиреннің жапырағы, орманда қандыағаштың жапырағы). «Жыл құстары неге көктемде ұшып келуге, ал күзде ұшып кетуге асығады?» (Жыл құстары көктемде ұя салуға асығады, ал күзде аштық оларды оңтүстікке қуады). «Жаңғақ ағаштың көктемде, жөкенің жазда гүлдейтіні неліктен?» (Жаңғақ ағашты жел тозаңдандырады, ал жөкенің гүлі аралар арқылы тозаңданады). «Көктем гүлдердің қайсысы түсін төрт рет ауыстырады?» 127


(Балшатырдың гүлі қызғылт түспен ашылып, бірнеше күннен соң қан қызыл болады, соңынан күлгін тартып, гүлдеп біткенде көк түске айналады). Айналадағы дүниені тануда түйсік пен қабылдаудың дамуы неғұрлым жоғары болса, қоршаған дүниені, табиғатты танып білуі соғұрлым бай болады. Қазіргі білім деңгейі оқушылардан терең де күрделі тақырыптардың идеяларын терең барлауды, оның өзіндік ішкі астарына үңілуді, ой қорытындысын өз бетінше жасауды талап етеді. Қоғам мен табиғаттың өзіндік заңдылықтарына ғылыми негізде ой жүгіртуді нұсқайды. Сондықтан да оқушылардың білім қоры мен сапасын дамытуда күнделікті сабақты өмірдің сан алуан жаңалықтарымен, көркем шығармалардан үзінділер қолданып, толықтырудың ықпалы мол. Дүниетану сабақтарында тәрбие жұмыстары әсіресе балалардың эстетикалық ұғымы мен талғамының қалыптасуына көптеген тақырыптарды қамтиды. Атап айтсақ, табиғат, жер, көктәңірі, жеті ғалам, Ай, Күн, Жұлдыз, жыл мезгілдері, ауа райы, тәулікке байланысты ұғымдар, халық емшілері туралы, түрлі жануарлар, жәндіктер т.б. сонымен бірге дүниетану сабақтарында халықтық педагогика тағылымдары да оған байланысты шығармалар да кеңінен қолданылады. Қазақтың ұлттық ойындары туралы арнайы еңбек жазған Базарбек Төтенаев «Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті түсінігіндегі тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамиды» деген пайымдау жасады. Өзінің бұл ой тұжырымын бекітуге Шоқан Уәлихановтың «Жоңғар очерктерінде» айтқан пікірін тілге тиек етіп, әр түрлі қимыл әрекетті ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыды да, кейін келе жасөспірімдердің үлесіне қалѓандығын талдайды. Себебі, үлкендерден көргенін бала өздері үшін үлгі санап, өнеге ретінде күнұзаққа ермек етіп, үйде де, далада да ойнайды. Бала өмірі ойынға байланысты. Ойынсыз олар өсіп, өркендей алмайды, бұл-заманның шындығы, өмірдің заңдылығы. Ежелгі заманға тән жазба деректерді айғақ ете отырып, айтқан пікіріқазақ халқының ұлттық ойын-сауықтарының түрі сан алуан. Бұл ойындар мереке, мейрамдарда, жұрт көп жиналған бас қосуларда, тойда, ас беру сияқты ұлы дүбір жиындарда ойналады. Қазақ халқының көне дәуірдегі тарихына арналған бұл еңбекте ойынның түрлері жөнінде мынадай топтаулар бар: күй шерту, ән айту, би билеу, өлең айту, дастан-қиссалар орындау, ал шағын көлемді сауық кешінде, жас нәрестенің туу қуанышына арналған шілдехана, ұзатылған қызға дос құрбылары қоштасу ретінде өткізілетін сауық кештерінде жастар бас қосатын жиындарда «Үкілі орамал», «Бастап тап», «Көрші», «Қол соқпақ», «Мыршым» сияқты көңіл-ашар күндізгі ойындар болады. Балалар мен жас өспірімдер ойнайтын мына ойындар көрсетілген: «Белбеу тастау», «Әйгөлек», «Саққұлақ», «Шешеке», «Ақсүйек», «Соқыртеке», «Тымпи», «Ауыл үй», «Алтыбақан», «Әткеншек» және т.б.. Ұлттық кіндіктен нәр алған халықтық ойындар тек көне заманда ғана емес, күні бүгінге дейін өзінің жалғасын тауып келе жатқан құбылыс. Бірақ 128


ол кезде арнаулы тәрбие орындары болмағандықтан, бала ойындары жеке балалар арасында, тиісті бас қосу себептері кезінде, көшпелі елдің ауылдық жаңаша қоныстануы сәттеріндегі топтарда ойналған. Сондай-ақ, бала ойындары тиісті бағдарлама немесе тиісті педагогикалық ресми нұсқау басшылықтары арқылы емес, атадан-балага мирас болған дәстүрлік жолмен жалғасқан. Қағаз бетіне түсіріліп, қатталып көрсетілмегенімен де қазақ халқының әр алуан ойын-сауықтарында өткізілетін ойынның қалыптасқан ережелері бар. Бұл ережелерге жұртшылық бой ұсынады да, оны бұзуға жол бермейді. Әсіресе, спорттық сипаттағы «Палуан күрес», «Жамбы ату», «Садақ тарту», «Арқан тарту», «Жаяу бәйге», «Секіру», «Қыз қуу», «Жорға салу», т.б. ойындарға ерекше назар аударылады. Ойын-бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы ғана емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп нақты қарым-қатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда, түрлі заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталады, оның негізі болашақ өмірінде жалғасын табады. Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық-дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оку-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, тәрбие құралдарын қолдануы керек екені анық. 6. Дүниетану пәні сабақтарында ойын технологиясын қолданудағы сабақ жоспарының тәжірибелік үлгілері Ойын түрінде өткізген сабақтың тиімділігі біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығуын арттырады, екіншіден, оқушылар сабаққа түгелдей қатысады. Үшіншіден, оқушылар жүктелген тапсырманы жауапкершілікпен орындайды, төртіншіден, оқушылардың теориялық-тәжірибелік білім деңгейін осы сабақта толық байқауға мүмкіндік туады. «Не? Қашан? Қайда?» викторина ойыны оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға жағымды уәждемесін тудырады, оқу дағдысын жетілдіруді көздейді. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы оқушылардың білімдерін кенейтіп, логикалық ой-өрістерін дамытады. Мақал-метел арқылы оқушылар арасындағы достық қарым-қатынас нығайя түсіп, ұйымшылдықтары артады және сөйлеу мәдениеті жетіледі, ойлау қабілеті дамиды. Сонмен қатар оқушылардың сабаққа ыңтасы артады.

129


«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткелі (интеллектуалды) ойын оқушылардың ауыз екі тілде ойын еркін жеткізуге дағдыландырады, сөздік қорлары молаяды. «Азамат» және «Болашақтың қаласы» түрлі пікірталас, диспуттарда оқушылар дұрыс пікірлерді қолдап, жаңсақ пікірлерді жоққа шығаруға үйренеді. Демек, оқушылар өз пікірлерің еркің айта алуға үйренеді. «Алтын сақа», «Алтын қақпа», «Ата жарт» секілді көптеген сайыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, білімдерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерің шыңдай түседі. Мектепте жыл сайын жалпы сыныптар арасында мектепішілік олимпиада өткізу дәстүрге айналған. Әр оқушы өзі қалаған пәні бойынша олимпиадаға қатысуға жолдама алады. Осындай бағдарламаларды әр пән бойынша қолдана білсе,оқушылардың өз пәніне деген қызығуын тудырады және танымдық қабілеттерін тудырады. Осындай әртүрлі байқаулар, викториналар, жарыстар, ойындар оқушылардың сабақты қызықты ұйымдастыру, жағымды эмоция тудыру, ұжымда жылы шырай көңіл-күйі, жолдастық – ынтымақтастық жағдай орнату, жүйке шиеленісуін болдырмау үшін нәтижелі. Бастауыш білім берудің алғашқы сатысы. Оқушылардың сыныпта алған, меңгерген білімдерін, жеке пәнге қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, логикалық ойлау дағдысын арттыру жолында оқушылар арасында «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» сайысын өткізуге болады. Сабақтың тақырыбы: ХХІ-ғасыр көшбасшысы. Сабақтың мақсаты: а) білімділік Оқушыларды білімді,жан–жақты болуға,ойын ауызекі тілде еркін жеткізуге үйрету.Білуге үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім,біліктерін пысықтау ә) дамытушылық Оқушыларды жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Ойын арқылы оқушылардың ой-өрістерін, қиялын шығармашылық қабілеттерін дамыту. б) тәрбиелік. Оқушыларды шапшаңдылыққа,тапқырлыққа, ұйымшылдыққа,білімді,дарынды озық болуға баулу.Болашаққа үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу Сабақтың түрі: Зияткелі дамытпалы ойын сабақ. Сабақтың типі: Өтілген материалды меңгерту. Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар,сұрақтар жинағы,сигналдық белгілер,сағат,кестелер,топтар эмблемасы. Пәнаралық байланыс: ана тілі,математика,дүниетану,қазақ тілі,музыка,бейнелеу өнері. 130


Сабақтың барысы: Ойыншылармен, әділқазылар алқасымен, ойын шартымен таныстыру. Қамтылатын бөлімдер: І Бәйге ІІ Жеті жұрттың тілін біл ІІІ Қызықты жетілік ІҮ Шешен Ү Жорға І-бөлім “Бәйге” Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Ойынның шарты: Берілген сұраққа тез жауап беру. Әр дұрыс жауап үшін 10 балл. 1-сұрақ: Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? Жауап: Қазақстан Республикасы-Егеменді тәуелсіз мемлекет. 2-сұрақ Қазақстан Республикасының Рәміздерін ата? Жауап: Байрақ,Елтаңба,Әнұран 3-сұрақ: Қазақстан Республикасы жер көлемі жөнінен дүниежүзі бойынша нешінші орын алады? Жауап: 9-орын алады. 4-сұрақ: Мысырдағы ең үлкен пирамида? Жауап.Хеопс пирамидасы 5-сұрақ: Түсті металл кендері? Жауап:Мыс,қорғасын,алюминий 6-сұрақ: Қазақстанда ең үлкен көл? Жауап: Каспий ІІ-Бөлім “Жеті жұрттың тілін біл” Ойынның мақсаты: Оқушылардың шет тілдеріндегі білімдерін анықтау. Ойынның шарты : қойылған сұрақтың жауабын айту, сол сөзді үш тілге аудару.Үш тілде де дұрыс айтқан балаға 10, ал бір тілде айтқан балаға 5 балл беріледі. 1. Күн мен түн- теңелетін жыл мезгілі. (көктем-весна-sprіng) 2. Жүз теңгең болғанша, Жүз … … болсын (дос-друг- frіend) 3. Қабат-қабать қаптама ақылың болса аттама (кітап-книга-book) 4. Жеті қазынаның бірі- … Адамды қорып жүретін досы (ит-собака- dog) 5. Мұрты бар,иегінде сақалы жоқ, Тоны бар,киеріне шапаны жоқ. 131


(мысық-кот- cat) 6. Аяғы біреу қолы жоқ Шиыр-шиыр жолы көп. (қарындаш-карандаш-pen) 7. Әр адамның шағын Отаны (отбасы-семья- famіly) 8. Ұшқан … …,жүгірген аң Бәрі тамақ (құс-птица- bіrk) ІІІ бөлім: “Қызықты жетілік” Ойынның мақсатты: Сұрақтарға дұрыс жауап беру. Ойының шарты: Кестеден санды таңдап алып, сол санның сұрағына жауап беру. Күрделі сұраққа 40 балл, жеңіл сұраққа 20 балл беріледі. Кесте:

20

20

20

30

30

30

40

40

40

Сұрақтар: 1. Математика: Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (ұзындығы мен енін көбейтеміз) 2. Музыка: Қазақстың ұлттық аспабыңда орындайтын әуен? (күй) 3. Дүниетану: Көкжиектін негізгі неше тұсы бар? (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс) 4. Бейнелеу өнері: Қазақстандағы атақты суретші? (Ә.Кастееа) 5. Ана тілі: Кел, балалар оқылық өлеңінің авторы? (Ы.Алтынсарин) 6. Дүниетану: Көкжиек түстарын анықтайтын арналды кұрал қалай аталады? (компас) 7. Ана тілі: Қазақтың билері? ( Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би,) 8. Дүниетану: Жер бетіңдегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты. (топырақ) 9. Қазақ тілі: Заттың сының білдіретін сөз табы? 132


(сын есім) ІV. бөлім: “Шешен” Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайту және ойлау қабілетін дамыту. Ойынның шарты: Балы төмен оқушы кестеден бір Санды таңдайды. Сол санның сұрағына “ия” немесе “жоқ” деп жауап береді. Сұрақтар: 1. Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық (ия) 2. Сусыз тіршілік бар (жоқ) 3. Адамды адам еткен еңбек (ия) 4. Адамның сырты алдаңшы (ия) 5. Екілік жақсы баға (жоқ) 6. Ана - өмірдің гүлі (ия) 7. Орман емшісі – қарға (жоқ) V. бөлім: ” Жорға” Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттің дамыту. Ойынның шарты: Бөлмеде бір оқушы қалады, екіншісі шығып кетеді. Оқушы бір минутта неғұрлым көп сұраққа жауап беруі тиіс. Содан кейін екіншісі сұрақтарға жауап береді. 1- балаға. 1. Сиырдың пірі (зеңгі баба) 2. Жылдам құр қалған жануар ( түйе) 3. Бір заттың көлемін кішірейткенің көрсететін сан (масштаб) 4. Жердің серігі- ... (ай) 5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі) 6. Қара алтын (мұнай) 7. Ұя салмайтын құс (көкек) 8. 12 ай (жыл) 9. Басты байлық (денсаулық) 10. Ең үлкен мұхит (тынық) 11. Абайдын әжесі (Зере) 12. Көру мүшесі ( көз) 13. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (карта) 14. 9 мамыр қандай күн (жеңіс күні) 15. Ең үлкен көл (Каспий) 16. Алғашкы ғарышкер кім? (Т.Әубакіров) 17. Күйді орындаушы адам (Күйші) 18. Тіршіліктің көзі- ... (су) 19. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім) 133


20. Желтоқсан, қантар, ақпан қай мезгілге жатады? (қыс) 1. балаға. 1. Түйенің пірі (ойсылқара) 2. Жыл басы (тышқан) 3. Жердің бетіндегі өсімдік өсетің борпылдақ жұмсақ қабаты (топырақ) 4. Айдың серігі (жер) 5. Қазақстан Республикасынын ұлтаралық тілі (орыс тілі) 6. Ақ алтын (мақта) 7. Орман дәрігері (тоқылдак) 8. 7 күн (апта) 9. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер (тау жыныстары) 10. Ең Үлкен материк (Евразия) 11. Есту мүшесі (құлақ) 12.Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік) 13. 25 қазан – қандай күн (Республика күні) 14. Биді орындаушы адам (биші) 15. Адам денесінің тірегі (қаңқа) 16. Жердың – дәл үлгісі (глобус) 17. Неше планета бар? (9) 18. Тілсіз жау (от) 19. Наурыз, сәуір, мамыр қаймезгілге жатады? (көктем) 20. Сипап сезу мүшесі (тері) Сабақты қортындылау: Жеңімпазды аңықтап, құтықтап сабақты аяқтаймын. Сабақтың тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар Сабақтың мақсаты: а) білімділік Оқушыларға пайдалы қазбалардың түрлері, қасиеттері, олардың шаруашылықтағы маңызы, пайдалы қазбаларды өдіру мен үнемді пайдалану жайында түсініп беру. ә) дамытушылық Оқушылардың ой - өрістерін, сөздік қорын, білім, білік, дағды қабілеттерін дамыту. б) тәрбиелік Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, пайдалы қазбаларды қорғауға, құрметтеге тәрбиелеу Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдісі: Әнгімелеу, сұрак – жауап. Сабақтын көрнекілігі: минералды заттар коллекциясы, тест тапсырмалары, карта, сүреттер, сөзжұмбақ. 134


Пәнаралық байланыс: Математика, казак тілі. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа еніп, оқушыларды түгелдеймін. Сабаққа дайындықтарын тексеріп, зейіндерің түгіл сабаққа аударамын. ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын тест жұмысын орындату арқылы тексеремін. 1. Пайдалы қазба түрі. А)Құм Ә) Қорғасын Б) Ауа В) Су 2. Қара металл кені. А) алюминий ә) мырыш б) темір в) мұнай 3.Жанғыш пайдалы қазбаның бір түрі. а) тас көмір ә) ауа б) мыс в) топырақ 4.Тас көмірдің басты кен орындары а) Атырау, Шымкент ә) Жамбыл, Қызылорда б) Кентау, Жетісай в) Қарағандығ Екібастұз 5.Түсті металл кендері. А) темір ә) алюминий б) мұнай в) магний 6. Қара алтын. А) мұнай ә) алтын б) мақта в) газ ІІІ. Жаңа сабақ. Бірнеше сұрақтар қою арқылы өткен сабақты естеріне түсіремін. 1) Пайдалы қазба деп нені айтады? 2) Пайдалы қазбаларға нелер жатады? 3) Кен дегеніміз не? 4) Кеннің қандай түрлері бар? - Демек біз өткен сабақта кенді пайдалы қазбаларымен танысқан едік, ал бүгін кенге жатпайтын пайдалы қазбаларымен танысамыз. 135


Пайдалы қазбалардың бірқатары қышқыл алуға, тынайтқыштар өнгдіруге және кұрылыс қажетіне жұмсалады. Бұларды металл кендері сияқты қорытпайды. Ұсақтау қоспа тау жыныстарын ажырату жолымен өндірілмейтіндіктен бірге “Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды” деп атайды. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрі сан алуан. Әрбір адам күнделікті тұрмыста пайдалы қазбалардың сан алуан түрлерін кездестіреді. - Сендер тұзсыз ас ішіп көрдіндер ме? - Әрине, көрген жоқсындар. - Өзіміз қолданып жүрген ас тұзы тамаққа белгігі бір дәм береді. - Ал, тұздың қайдан алынатының ойланып көрдіңдер ме? - Пайдалы қазбалардың ең көп тарағаны – тұз. Ас тұзын тұзды көлдерден өндіреді. Көл суы жаздың аптап ыстығында көп буланады да, ергіен тұз түбіне шөге береді. Оны өндіру үшін тұз сорғыш машина қолданылады. Әрбір адамның тамағына күніне 20 гр. шамасында ас тұзы жұмсалады. Фосфорит – тыңайтқыш алынатын қоныр түсті тас. Топыраққа сіңіру үшін оны алдымен ұнтақтап, фосфор ұнына айналдырады. Талшықты тау жынысы асбест (ізбес тас). Аспестен алынған жіп жібек сияқты иілгіш әрі берік, оңайлықпен үзілмейді. Беріктігі жөнінен жуандығы бірдей болат сымнан да асып түседі. Гранит – қатты, тығыз тау жынысы. Таулы аймақтарда жер бетіне шығып, кең көлемде таралады. Гранит күннің, желдің, судың, әсеріне өте төзімді. Құмтас - өте кең таралған тау жынысы. Әктас – біздің күнделікті өмірімізде өте жиі кездеседі. Әктастын үш түрі бар: бор, кәдімгі әктас және мәрмәр. Олар бір-бірмен қаттылығына байланысты ажыратылады. Бор - әктастын жеке түрлерінің ішіңдегі ең жұмсағы. Үгілгіш, түсі ақ. Мәрмәр - әктастын ең қатты және тығыз түрі. Түсі әртүрлі болып келеді. Үйлерді әшекейлеуге қолданады. Ұлутас – көне теңіз жәндіктерінің бақалшақтарынан түзілген. Оны ғимараттар қабырғасын қаптауға пайдаланады. Саз - өте майда тау жынысы. Ол үгілген тау жыныстарының ең ұсақтарының суда тұнуынан пайда болады. ІV. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы мәтінді оқытып, соныңдағы тапсырмаларды орындатамын. V. Сергіту сәті. Венн диаграмасын қолдана отырып ойын ойнатамын.

136


Тірек сызбамен жұмыс Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

тұз

асбест

гранит

әктас

саз

мәрмәр

Сода, хлор алынады

Элекрт тоғын өткізбейді

Күнді желді суды өткізбейді

Кірпішті бір-бірмен байланыстырады

Отқа төзіміді заттар дайындалады

Үйлерді әшекелуге қолданады

VІ. Сабақты қортындылау. Сабақты сөзжұмбак шешкізу арқылы қортындылаймын. 1) Пайдалы қазбалардың ең көп тарағаны (тұз) 2) Тұздан өндіріліп алынатын зат (хлор) 3) Қай қалада әктастан көп үйлер салынған (Ақтау) 4) Тыңайтқыш алынатын қоңыр түсті тас (Фосфорит) 5) Қатты, тығыз тау жынысы (гранит) 6) Талшықты тау жынысы (асбест)

VІІ. Үйге тапсырма беру. Оқып, сұрақтарға жауапберу. Берілген тапсырмаларды орындап келу. Сабақтың тақырыбы: «Құстардың жазғы тіршілігі». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жаз мезгіліндегі құстар тіршілігінің басты ерекшелігі, жазда өлі табиғатта әсері туралы. Дамытушылығы: жануарлардың жазғы тіршілігі. Құстардың күзгі, қысқы, көктемгі тіршілігі туралы білімдерін толықтыру, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын қиялын дамыту. Тәрбиелік: Аңдарды, құстарды қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, проблемалық, түсіндіру, баяндау, ассоциация әдісі, Роунд-Робин әдісі. 137


Сабақтың көрнекілігі: Аңдар мен құстардың суреттері, кестелер плокат ҚҰСТАР-буклет «Алтын қақпа». Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ. Пән аралық байланыс: математика, ана тілі. Ұйымдастыру кезеңі: Сынып оқушыларын түгендеу, көңілдерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын түсіндіру. - Балалар, біз дүниетану пәнінен «Табиғат» деген үлкен бөлімді аяқтап қалдық. Көп нәрсе үйрендік. Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Құстардың жазғы тіршілігі» деп аталады. Жаңа сабақты өткізу барысында өткен тірек бейімдерімізді қолданамыз. Өткен білімдерді еске түсіру. o жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер? o Сүтқоректілер, құстар, балықтар, қосмекенділер, орғалаушылар, бунақденелілер. o Жануарлар әлемінде көктемде болатын негізгі өзгеріс? o ұрпақ өсіру, көбею, төлдеу. o Үй тапсырмасын сұрау. o Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? o «Аңдардың жазғы тірішілігі». o Түлкі күшігін қалай баулайды? o Тышқан аулауды, жауынан қалай қашу керек екендігін үйретеді? o Суға түсіп, таза жүруді, тазалық шыбын шіркейден қорғайтынын үйретеді. Ойын: «Қай аң немен қөректенеді?» Аю, тиын, кірпі, қоян суреттері ілінеді. Ал, екінші тақтада бал, сәбіз, жаңғақ, саңырауқұлақ т.б. тамақтар. Ойынға қатысушылар әр аңның ең сүйікті асын табу керек. o Аңдар қауіптен қалай сақтанады? o Қай аңның болмасын жауы болады? o Барлық аңдар төлдерін жауынан сақтануға баулиды. o Аңдардың балалары қалай аталады? o Аю-қонжық, қасқыр - бөлтірек, арқар - қозықа, бұлан - бұзауқа, түлкікүшік, мыржай - жауған, тиын - тиін, қоян - көжек, киік - құралай. Ойын: «Қорыққа аң кіргізу». Қорыққа аңдарды кіргізе отырып, олардың төлдерін атайды. З.Жаңа сабаққа әзірлік, Ассоциация әдісі бойынша „Құстар" сөзіне сөз ойлату. 1. Құстар қандай түрлерге бөлінеді? а) жабайы құстар: аққу, дуадоқ, бүркіт, қырғауыл, шымшық, тырна т.б. ә) үй құстары: тауық? үйрек, қаз, күркетауық. 2. Құстардың күзгі тіршілігін атаңдар: o Құстар күзде жылы жаққа ұшуға дайындалады. o Жыл құстарын атаңдар, o Тырна, қаз, үйрек, қарлығаш, қараторғай. 138


3. Құстардың қысқы тіршілігін атаңдар. o Қыстайтын құстарды атаңдар. o Шымшық, суықторғай, алақарға, құр, тоқылдақ. 4. Құстардың көктемгі тіршілігі. o Ең басты ерекшелігі ңеде? o Ұрпақ қамы: ұя жасау, жұмыртқа салу, балапан шығару. Ойын: «Жем шашар». Суреттің бір ұл және бір қыз бала үлкен ағашқа жем шашар іліп жатыр. Жанжақтан құстар ұшып келуде. „Жем шашарға" қанша құс ұшып келді. Ойынның мақсаты: Сурет бойынша шағын мағыналы әңгіме құрастыру құстардың санын табу. Құстардың санын құпия түрде мұғалімнің құлағына сыбырлап айтады, ойынға сыныптың барлық оқушылары қатысады. 4. Жаңа сабақ. 1. Мұғалімнің түсіндіруі. Жазда құстар балапандарын өргізеді. Олар тыс көректенеді. Азығы: өсімдік дәні, жидек, бунақденелер. Жаз - мал азық қоры. 1. Көрнекіліктер бойынша жұмыс. 2. Балалардың тіршілігі. Жүре қауырсынданып, қанаттары қатаяды. 3. Су құстардың ерекшелігі. Олар үнемі балапандарын қасына ұстайды. Бірге жүзеді; балапандарын сүңгуге, жүзуіне баулиды. 4. «Құстар — табиғат көркі». Біздің елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар. Олар зиянды, жәндіктер мен кенелерді, кемірушілерді қуратып, егін мен орманды қорғайды. Қазақ халқы шебер әншісін — «бұлбұлға», ардақты азаматын «сұңқарға» қос сұлуын «аққуға», ез жізітін «жапалаққа» теңеген. Елімізде жайылып бара жатқан аңқұстарға арналған «Қызыл кітап» бар. Бүл кітапқа енген аң-құстарды атуға, ұстауға тиым салынады. Сергіту сәті. Торғай — торғай, торғайсың, Таяу келіп қонғайсың. Жем шашайын, тойып ал, Сонда аязға таңбайсың. 6. Қорыту. Жаңа сабақтан не түсінгенін білу үшін «Құстар — біздің досымыз» атты «Алтын қақпа» ойынын жүргізу. Тақтаға құстардың суреті ілінеді. (тауық, үйрек, тоқылдақ т.б.). Оқушылар өздері таңдаған құс туралы әңгімелейді. 1. Туысы дейді құстардың, Інісі дейді тышқанның Тышқан да емес, құста емес Екеуінен де тыс қалдым. (жапалақ) 2. Қызығып әр адам, Ұстап ап даладан. Жүнімді жұлып ап, Бесікке қадаған. (Үкі). 139


3. Қашаудай мықты тұмсығың Бәсеке тігем. Бұл шыным — Құрт, қоңыз аулар жарылсам, Орман дәрігері болып табылам. (Тоқылдақ). Бағалау оқушылардың білімін салыстыра бағалаймын. Үйге тапсырма: «Құстардың жазғы тіршілігі» тақырыбын оқу, түсіну, қалаған құстың суретін салу. Сабақтың тацырыбы: Әр құсқа өз тұмсығы қажет. (2 сынып) Сабабақтың мақсаттары: Білімдік. Құстардың тіршілігіндегі басты ерекшелігі, ең қажетті жағдайы. «Ауа, су, жылу, қорек» керектігін, єр құстың өз тұмсығы қажеттігін, сол арқылы өзіне қорек табатындығы және жазда ой табиғатқа єсері туралы түсінік беру. Дамытушылық. Құстардың қорегі көктемгі, жазғы, күзгі, қысқы тіршілігі, олардың дене мүшелері туралы білімдерін толықтыру, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын дамыту. Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, Отанын, табиғатын сүюге тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру. Сабақтың мүмкіндігі: Құстар жануарлардың маңызды тобы екендігі, жабайы құстар, тіршілігі мен қүтімі, құстардың ортақ қасиеттері мен айырмашылығын ажырату. Құстар тіршілігін бақылау, олардың пайдасына көз жеткізу. Сабақтың түрі. Жаңа білім беру сабағы. Сабақтың әдісі. Сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау, пәнаралық әңгімелесу, көкейкесті байланыс. (Ана тілі мен математика) Сабақтың көрнелігі: Бөлмедегі тордағы құс, буклеттер, кеспе суреттер. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың зейінін сабаққа аудару оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру, жеке балалармен жұмыс. Біз көп нәрсені бірінші сыныптан оқып үйрендік. - Адамды қоршаған ортаны табиғат - дейміз деді оқушылар. «Табиғат» деген үлкен ұғымды қалай түсінесіңдер? Табиғат екіге бөлінеді? 1. Өлі табиғат - аспан, жер, су, ауа, күннің жылуы. 2. Тірі табиғат - өсімдік, жануар, адамдар. Балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Әр құсқа өз тұмсығы қажет», деп аталады. Жаңа сабақты өткізу барысында өткен тірек білімдерімізді қолданамыз, өткен сабақтардағы жануарларға ең қажетті нєрселерді еске түсіріп қайталайық. Мысалы, тірі табиғаттағыларға ең қажеттілері - ауа, су, жылу, жарық қоре екенін біздер білеміз.

140


Үй тапсырмасын сұрау. Сабақ тақырыбы «Аңдар неге жуынады?» Оқушылардын аңдардың неге жуынатынын білеміз бе? Мысалы, арыстан, жолбарыс, үй іші апаты мысық тамақтанғаннан кейін денесін тілімен жалап тазалайды, себебі олардың иісі шығып тұрса маңайына аң құс, жақындап келмейді. Жолбарыс, арыстан да аңға қуып жете алмайды, бұлар тамағын аңдып қуып аулап жейді. Жаңа сабаққа дайындық. Құстар - «Біздің қанатты достарымыз». 1. Балалар қандай құстардың түрін білесіндер? а) Жабайы кұстар: тырна, дуадақ, бірқазан, бүркіт, қырғауыл, т.б.) Үй құстары: тауық, күркеутауық, үйрек, қаз. Бұлардың бєрінің де қорегін тұмсығымен шоқып жейтінің білеміз. 2. Құстардың көктемгі тіршілігін атайық: 3. Құстар көктемде қайдан келеді? Бєрі жылы жақтан. Жылы жақ қалай аталады? Оңтүстік Африка. 4. Ең алдымен қандай құс келеді? - Тырна, сосын су құстары, бәйпісек, қарлығаштар. Осы жылы жақтан келетін құстарды қалай айтамыз? 5. Оларды жылы қүстар дейміз. Балалар осы жылы құстардың үшу жылдамдықтарын еске алайық. Сүр қарлығаштар 95-96 км.сағатына алса, тырна сағатына 40-45 км., үйрек - қаздар 30-35 км. сағатына алады. Бұлардың көктемгі тіршілігіндегі ерешеліктері: туған жерге оралуы, ұрпақ қаны, ұя жасауы, жұмыртқа салуы, балапан шығаруы. Ойын "Жем шашар" - бөлмедегі кептер құстың қалай аталатынын, қандай жем жейтінін сұрау. Ойын мақсаты: Бүгінгі жаңа сабақтағы әр құсқа өз тұмсығы қажет екеніні көзбен көріп тайымдануы. Мысалы, Қуаныш пісте, Абылайхан бидай әкеліп өздері беріп мәз болып жатты. Өте майда дәннің қабығын шоғып, ішіндегі тәтті, майлы дәнін жегенін, яғни тұмсығының қөректену үшін қажет екен көрді. Балалардың сөздік қорын молайту. Тірек сөздер беріп бүркіттің, тоқылдақтың төты құстың тұмсықтары: имек, өткір, үшкір пайдалы қашау. Осы сөздерге ауызша сөйлем құратамын. Жаңа сабақ. Көктемгі тіршілігінің жалғасы жазда шыққан балапандарын ерітіп қөректену жолдарын үйретеді, тіршілік қамын жасайды, сондықтан да әр құсқа өз тұмсығы қажет екенін білеміз. Құстар - табиғат көркі. Әлемде 8600-дей құстың түрі бар, соның 500-ге жуығы біздің елімізде. Елімізде жойылып бара жатқан - аң құстары. «Қызыл кітапқа» енгізген, оларды атуға тиым салынған. Оқулықпен жұмыс. Өтілген тақырыпты меңгерту мақсатында ойырмалап оқытуды қалаймын. Дифференциялап оқу барысында оқытуды қолдану - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін, белсенділігін дамытып. Оларды шығармашылыққа жетелейді. Өзіндік іс-әрекетін шындай түседі, 141


ізденушілігін арттырып,өз ісіне сенімін нығайтады, сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігін күшейтеді және бұл нәтижелі болмақ. Дәптермен жұмыс. Бүгінгі ауа райын оқушылардың өздері тақтаға, дәптерге жазады. Шартты белгімен бүгінгі 28/02 күні - 7-9°С суық, аспан тұтас бұлт, аздаған қар жауады. Ауызша құрған тірек сөздермен сөйлем құрап жазамыз. 1. Ителгінің, бұркіттің, тоты құстың тұмсығы имек, өткір, өздерінің қөректенуіне ыңғайлы болады. 2. Тоқылдақтың тұмсығы қашаудай мықты, оны орман дәрігер деп атайды. Қорыту. Құс адамға қуаныш сыйлайды. Құс адалды аспанда қалықтау сезіміне бөлейді. Ал құссыз адамзат ойы шарықтамақ түгіл, жерден де көтерілмеседі. Адамның қиялдауы, бостандықты көзбе - көз көруі сондай-ақ әсемдікті сұлулықты түсінуі үшін құс адамға пайдалы. Ойын. «Қанатты достарымыз». Тақтаға итемінің, суықторғайдың бүркітті, құтардың суретін т.б. ілінеді. Балалар өздері таңдаған құс туралы әңгіме құрастырады. Бұл құстар бізге қыстап қалама? Әлде жылы жаққа ұшып кете ме? - Суықторғайдан басқасы жылы жаққа кетеді, - деп жауап берді Бауыржан. 1. Қызығып әр адам, ұстап ап далатап, жүнімді жұлып ап, бесікке қадаған. Бұл қандай құс? (Үкі). 2. Қашаудай мықты тұмсығың, Бәсеке тегім, бұл шыным. Құрт, қоңыз аулап жарыссаң, Орман дәрігері болып табылған. (тоқылдақ) Қазақ халқы шебер әншісін «бұлбұлға», ардақты ер азаматын «лашынға», «сұңқарға» керемет сұлуын «аққуға», кішкентай баласын – «балапанға» теңеген. Құссыз әлем қоңырап бос қалалар еді. Оқушының білімін бағалау. Үйге тапсырма «Әр құстың тұмсығы өзіне қажет» тақырыбын түсініп оқу, өзіне ұнаған құстың суретін салып келу. Өсімдіктің көбеюі. Дүниетану пәнінен берілетін білім, білік жүйесі адам -табиғат - қоғам тізбегінен тұратын үш іріленген дидактикалық бірлік түрінде топтастырылған сәйкес бірліктер мазмұны сыныптан сыныпқа қарай тек өткенді қайталап, аздап тереңдету арқылы емес, түсітктер, ұтымдар тусылып кеңеюі есешен, яғни бұрандалы жоғарылау принципі негізінде күрделенеді. Сондай бөлімнің бірі «Өсімдік» тарауы. Тірі ағза болғандықтан өсімдіктер де қоректенеді, тыныс алады, көбейеді. Адамдар өте ерте кезден-ақ өсімдіктерді қажетіне жаратып, пайдаланған. Өсімдіктерді үнемі көбейтіп, қорғап отыру үшін олардың тіршілігімен жақынырақ танысқан, білген жақсы. Өсімдік өмір сәні, өсімдік - табиғат көркі. Өсімдік - дәрі-дәрмек қоймасы. Өсімдік тәтті тағам. Өсімдіктер адамзатқа қыруар пайда келтіреді. Сондықтан да адам 142


өсімдіктерді ертеден күтіп - баптауымен шұғылданып келеді. Сондай тақырыптардың бірі «Тамыр сабақ, түйнек пиязшық арқылы көбею». Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің жер астындағы бөліктері арқылы көбеюі. Білімдік мақсаты: Өсімдіктердің көбеюінің тек қана тұқымнан емес, басқа да көбею түрлерімен таныстыру. Өсімдіктердің жер астындағы бөліктері арқылы көбеюі түрлерімен таныстыру жєне өсімдік жайлы жалпы білім-біліктерін қайталау, пысықтау. Дамытушылыќ мақсаты: Оқушыларды тақырыпты өздігінен оқып, түйін сөзді таба білуге, қорытынды шығара білуге машықтандыру. Құрғақ жемістер мен шырынды жемістерді айыра білу. Тәрбиелік мақсаты: Әр өсімдіктің өзіне тєн қасиетін білуге жєне олардың қандай пайдасы бар екендігін аша келе, табиғатты сүюге, өсімдікті күтуге баулу. Сабақ түрі: Ойын негіздегі - Саяхат сабақ. Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсаты, түрі, әдісі хабарланды. «Өсімдік - жердің жасыл көрінісі» болса, бүгінгі жаңа сабағымызда өсімдік әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа бірінші сыныптан таныс бауырымен жорғалаушылар тобына жататын тасбақамен барамыз. Атқаратын ісіміз өте көп, асықпай жүруіміз керек деп саяхат картасын тасбақа үлгісін ілдім. Мектептен шығып бірінші аялдамаға жету үшін төмендегі сұрақтарға жауап алынды. Өсімдік дегеніміз не? Өсімдік мүшелерін ата? Өсімдік неден өседі? Өсімдік қайда өседі? Бірінші аялдама – «Өсімдікті тану» Өсімдіктердің қайда өсетінін айтып өттіңдер, олай болса бір топ өсімдіктерді алдарыңа шақырайық. 1. Менің атым - Балдыр. Жеп-жіңішке жіп сияқты су ішінде қалықтап тұрамын, суда өсемін. Сендер білетін қандай мүшем жоқ? /Тамыры/ 2. Мен ылғалды жерде өсемін, атым - Мүк. Сабағым, жапырағым бар. Қай мүшелерім жоқ? /Тамыры, гүлі, жемісі/. 3. Папоротник — жылы жақта өсемін, жапырағым, тамырым, сабағым бар. Қай мүшелерім жоқ? /гүлі, жемісі, тұқымы/. 4. Шырша — суық жақта өсемін. Жапырағым, тамырым, сабағым бар. Қай мүшелерім жоқ? /Гүлі, жемісі/ Осылай зерттей берсек, өсімдік сыры ашыла түседі екен. Екінші аялдама – «Тамыр» Сұраққа жауап алу: Өсімдіктің жер асты бөлігін ата Тамырдың қандай пайдасы бар? Тамырдың қандай түрлерін білесің? 143


Дәптерлеріне шайақ тамыр мен кіндік тамыр суреттері салынды. Өсімдік тамырымен де тыныс алады. Мұндай өсімдіктер өттегі жоқ, батпақты жерлерде өседі. Тыныс алу қызметін атқаратын тамырларды ауа тамырлары дейді. Тіреу тамырлары тропиктік ормандарда өсетін ағаштар да болады. Бүлар қосалқы тамырларға жатады. (суреттері көрсетілді). Үшінші аялдама. – «Тұқым» Өсімдік өмірінде тұқымның атқарар орны ерекше. „Орныңды тап" ойыны ойналып, өсімдік тұқымнан өнеді, өседі, көбейеді, қурап өледі деген қорытындыға келдік. Өткенді қайталап, өскіннің шығу реті айтылды. Төртінші аялдама – «Тамыр сабақ» Тамыр жеміс, тамыр сабақ мағынасы ашылып, түсінік берілді. Бесінші аялдама - «Арам шөп» Тамыр сабақтан көбеюдің пайдасы мен зиянын ұғындыру. Арам шөп түрлері олардың көбеюі айтылды. Алтыншы аялдама – «Түйнек» Оқушы картоптың келу тарихына тоқтады. Туған жерім Америка, одан испандықтар алып мені «Тартуфоли» деп атады. Одан Италияға, Францияға жетіп бүкіл әлемге таралдық. Ең соңында осында келдік. Емдік қасиеті түбіндегі уақ түйнектері жүрек, зат алмасу, асқазан, шек ауруына ем. Сарамандық жұмыс жүргізілді. Дымқыл матадан алып картопты көзшелерін' бір-бірден қалдырып кесіп түйнекті көбейтеміз. Жетінші аялдама – «Пиязшық» Менің туған жерім Азияда, Европада да тұрғанмын. Африкада да болғанмын. Мысыр елі маған таныс. Оның тұрғындары мені ащы деп жақтырмай қолдарына, жауынгерлеріне күшті, батыл болады деп күштеп жегізді. Кейін түрлі ауруларға ем ретінде қолданды. Емдік қасиеті: Тұмауға, жөтелге, шашты түсірмеуге пайдалы. Сарамандық жұмыспен пиязшықты кесіп бүршіктің кейде біреу, кейде бірнешеу болатыны көрсетілді. Сегізінші аялдама – «Теледидар» Сөздікпен таныстырып, мағынасы айтылып, жазып алынды. Тамырсабақ, арамшөп, тамыр жеміс, түйнек, пиязшық. Кітаптан жаңа сабақ мәтіні дауыстап оқытылды. Сауалнама таныстырып, мағынасы айтылып, жазып алынды. Сауалнама әдісімен сабақ қорытындыланды. өнеді өседі көбейеді қурайды 2. Қай бөлігі пайдалы? Картоп жемісі қызан тамыр жемісі сәбіз дәні бидай түйнегі

1. Бүл не? гүл Ітүқым тамыр сабақ

144


3. Қайда болады? Бүршік тамырда Жапырақ дінінде Гүл сабақта Жеміс 4. Қалай көбейеді? Бидайық түйнектен Сарымсақ пиязшықтан Сұлы тамыр сабақ Картоп дәннен Оқушылар бағаланды. 7. Бастауыштағы еңбек пәнін оқытуда ойын технологиясын қолданудың тәжірибелік жодары Бастауыш сынып оқушылары не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбір сабаққа бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет. Қазіргі сабақтың түрлері сайыс, жарыс сабағы, концерт, аукцион, кіріктіру сабағы, ойын және ойын элементтерін пайдалану т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта көкейкесті жағдай тұғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып, кез-келген көкейкесті мәселені шешуге үйренеді. Бастауыш сыныптағы оқушыларға еңбекке баулу пәні еңбектік тәрбиені қалыптастыра отырып, еңбектік ептіліктер мен дағдыларды дамытуға, арттыруға септігін тигізеді. Балалардың танымдық іс-әрекеті меңгеру үдерісінің белгілі заңдылықтарына сүйенеді. Яғни танымдық ісәрекет түрлерін (өз іс-әрекетін жоспарлау, іс-әрекетті бақылау, логикалық ойлау, салыстыру жіктеу т.б.) мақсатты әрі табысты ету үшін меңгеру үдерісінің заңдылықтарын білу қажет. Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгерген және оларды өмірде, тәжірибеде пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, ал оған білімін кеңейтіп толықтыру үшін өздігінен кітап оқуды, бақылауды, тәжірибе жасау, жазу-сызу сияқты жұмыстар істеу керек. Өйткені, өтілген материалдарды сапалы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену де белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үдерісінің барлық кезеңінде қажет. Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қажеттерден (материалдық, рухани) туады. Осы қажеттерді өтеу немесе қанағаттандыру 145


үшін ғана адам белсенді әрекет жасауға тиіс. Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажеттілігімен ұштасып жатады. Осыған орай олардың дербестігі, ең алдымен белсенділікке байланысты. Ал белсенділік дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Бұл әсіресе, еңбекке баулу сабағында анық көрінеді. Сонымен белсенділік дербестікке қарағанда мағынасы кең ұғым. Еңбек іс-әрекеті балалардың жан-жақты дамуына септігін тигізіп, ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балаларда қуаныш сезімді, жұмыс істеп, еңбек етуге ынта мен қанағаттанушылық сезімді туғызады, байқағыштық, ұйымдастырушылық, тапқырлық, төзімділік, мұқияттылық, тәртіптілік, еңбектік белсенділік, ұқыптылық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, ұйымшылдық сияқты жеке адамдық, тұлғалык, сапалы қажеттерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 6 жасар балалар тез шаршағыш, тұрақсыз зейін сияқты сипаты болады. Еңбек үдерістері балалардан жоғары зейінділікті талап етеді, бұл талап өз кезегінде бұлшық ет жүйесіне, саусақтарына күш түсіреді, сондықтан бұл үдеріс жалпы шаршауға әкеледі. Осыған байланысты мұғалім балалардың оқу іс-әрекетін қалыптастыру кезінде тапсырмаларды біртіндеп, сатылап орындатуы қажет. Еңбек сабақтары балалардың еңбексүйгіштігін, еңбектегі жеке белсенділіктерін, еңбек мәдениетін дамытуы үшін әрбір сабақ білім мен іскерліктерінің қорын кеңейтіп, бекітіп отырғаны дұрыс. Еңбек дағдыларының табысты қалыптасуы анық әрі нақты мақсатқа, іс-әрекетті жоспарлауға, оның орындалу тәсілдерін түсінуге, сонымен бірге, еңбек үдерісіндегі барлық іс-әрекетті бақылап, дұрыс бағыттап отыруға байланысты. Баланың еңбек іс-әрекеті дамытушылық мәнге ие болуы үшін бала сол еңбек іс-әрекетін ұғынуы қажет. Бала не істеп, не қояды, қандай мақсат қояды - барлығын білуі тиіс. Еңбек етудің мақсатын балаларға анықтап беру - мұғалімнің басты міндеті. Баланың танымдық қызметін белсенді ете түсу үшін оқушының жауабын білуге құштарлығын немесе бұған керісінше оқуға селқостығын білудің маңызы зор. Мұғалім оқытудың алғашқы кезеңінде, яғни оқушылардың шын мәнісіндегі танымдыќ ынта-ықыласы қалыптаса қоймаған кезінде басты назарын оқушылардың бойындағы жаңа қасиетке оқуға деген құмартушылықты тудыруға аудара білуге тиіс. Оқу материалы қиындығының жоғары деңгейі мен қарқыны жылдам өсіп отырған оқу, оқушылардың танымдық блсенділігінің негізі болып табылады. Тәжірибелі педагог оқушылардың оқуға деген қызығушылығының арта түсеуіне көмектеседі, ынтаның орныға түсуіне қолайлы жағдай жасайды – бұған негізгі құрал ойын түрлерін ұйымдастыру болып табылады. Бала үшін ойын ең жақсы (жақында ғана ол баланың ең басты әрекеті болатын) әсер екендігін ұмытпаған жөн. Ойын бастауыш сынып оқушылары 146


үшін әлі де қызықты әрекет болып қала бермек, олар көптеген нәрселер мен әдет-дағдыларды осы ойын үстінде игереді. Оқуда қолы жетпеген көп жайлары ойын үстінде орындалады. Кез келген жастағы балаға тән білуге құштарлықтакры әсіресе, төменгі сынып оқушыларында жүйелі оқу басталғаннан кейінгі жерде одан әрі дами түсетін болады. Бастауыш сынып оқушылары өз сұрағына берілген кез-келген жауапқа қанағаттана салмайды. Олардың білуге, тануға деген қызығушылығы шексіз. Әрбір танымдық әрекетке қажетті бөлшек - бұл бағыт-бағдарлык, негіз. Бұл, мәселен, затты, құбылысты танудағы уақыт, сан, түр, түс сияқты белгілерді анықтауда қажет. Яғни, таным үдерісін қамтитын танымдық әрекеттер өзара байланысқан көптеген бөлшектердің біртұтас жүйесі тәріздес болады. Бұл бөлшектер әрекеттерді орындау кезінде 1. бағыт-бағдарлаушы 2. орындаушы 3. бақылаушы-түзетуші функцияларды қамтамасыз етеді. Бағыт-бағдарлаушы функция орталық функция болып табылады, яғни табыстың көзі осында. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары бірден орындаушылық функцияға кірісіп кетеді, сөйтіп әрекеттің тез қорытындысын шығаруға тырысады. Мысалы, еңбекке баулу сабақтарында тапсырманың шартын, жоспарын талдамай тұрып бірден әрекет етуге асығады. Бақылаушы мен орындаушы функциялар жұмыстың немесе тапсырманың орындалу жүрісін бақылау, жоспарға сәйкес болуын тексеру қызметтерін атқарады. Еңбекке баулу сабақтарындағы берілген тапсырмалардың түрі, сипатына қарай бұл үш функцияның қолдану деңгейі әртүрлі болады. Мысалы, ауыл шаруашылығы еңбегі сабақтарында бағдарлаушы функция салыстырмалы түрде азырақ қамтылады. Керісінше, шахмат, дойбы ойнау сияқты қызмет барысында бағдарлаушы негізгі функция болып, орындаушылық функция азырақ кірістіріледі. Кейде еңбек баулу сабақтарында бастауыш мектеп оқушыларына дайын шаблондар арқылы ою-өрнектер жасау сияқты тапсырма беріледі, бұл жағдайда мұғалім бағдарлаушы, бағыт беруші функцияны өзі атқарып қояды, сөйтіп оқушыларға орындаушылық бөлікті жtке әрекет ретінде аяқтау тапсырылады. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға жоғарыдағы аталған үш функцияны әр дайым дамытып отыру қажет. Еңбекке баулу сабақтарында ой еңбектері, қол еңбегі бірігіп, бір мақсатқа қызмет жасайды. Ұтымды, табысты жағы да - осыда. Балалардың қол еңбегімен шұғылдану кезінде перспективтік, яғни көру арқылы көрнекі-бейнелі ойлауын өте күшті алға жылжытады. Бала мектепке келгеннен-ақ білімнің құндылығын түсініп, қоғамдық мәнге ие білім атаулыға құштар болады. Білімге деген осы қарым-қатынасты, қызығушылықты мектептегі алғашқы күннен-ақ бастап қолдап, одан әрі дамыту қажет. Білімге деген ынта бірте-бірте оқу жұмысының жекелеген тәсілдеріне деген құштарлыққа ауысады, содан барып оқу ісінің мазмұнына деген ынта пайда болады. 147


Бастауыш білім беру кезеңіне енді келген бірінші сынып оқушыларын танымдық деңгейлері әртүрлі болады. Белгілі-бір уақытта (тоқсан сайын, ай сайын, жарты жылда, бір жылда) оқу іс-әрекеттерінің қалыптасуына, қызығушылықтары мен белсенділіктеріне байланысты балалардың танымдық белсенділіктөрінің деңгейлері анықталады. Оқу пәні материалдарын игерту, түсіндіру, соған сәйкес сол пәнге қызығушылықтарының төмендеуі - барлық танымдық атаулының қас жауы. Мұндай жағдайды болғызбау - әрбір пән мұғалімінің міндеті. Міне, осы пәнге қызығушылықты туындатып, оған қосымша үдеу беретін - сабақтардағы әртүрлі ойын әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, қажетті матеиалдарды игерту процесі. Ойын - бастауыш мектеп оқушыларының мектепке дейіңгі негізгі ісәрекеті, сондықтан әсіресе, 1-сыныпта ойын сабақтарын немесе түрлі ойын элементтері бар пән сабақтарын өткізу - олардың танымдық белсенділігін арттырып, дамытуға бірден-бір қажеті әдістемелік шара болып табылады. Ойын элементтерін пайдалану немесе ойын сабақтары балалардың жан-жақты дамуына, сана-сезімінің өсіп, жетілуіне және оқу үлгерімінің нәтижелі әрі балалардың танымдык, белсенділігін арттыруға, қызығушылықтарын дамытуға айтарлықтай ықпал жасайды. Әсіресе еңбекке баулу сабақтарында ойын элементтері мен әдістерін қолдану өз нәтижесін береді. Бастауыш мектепте еңбекке баулу сабақтарын ойын іс-әрекеті арқылы ұйымдастыру мынадай өзіндік сипатын анықтайды: а) еңбекке баулу сабақтарындағы сарамандық жұмыс 70-80%-тен кем болмайды. Сол себепті ойын элементтерін осы ерекшелікке бағыттау қажет. ә) ойын іс-әрекеті арқылы еңбек іс-әрекетіне баулудың қажеттілігі басым болады, себебі мектепке дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті - ойын ісәрекеті болатын. б) еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың психикалық даму қабілеті ойынмен байланыса дамиды (сезгіш, қабылдау, ойлау, қиялдау, көңіл бµлу, еркіндік). в) еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі де баланың ойын іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру қабілетімен ықпалдас жүреді, яғни еңбекке баулу сабағы неғұрлым ойын элементтерін көп қолданса, соғұрлым тәрбиелеу нәтижелі болады. г) ойын іс-әрекеті арқылы еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың өзіндік белсенділіктері арттып, өз еңбегін өз еңбегімен ұйымдастыру қарқынды жүреді. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігіне, физиологиялық даму сатысына байланысты ықпал етуші фактор ретінде ойын іс-әрекетін немесе еңбекке баулу сабақтарындағы ойын элементтері баланың әсіресе саусақ бұлшық еттерін дамытуға ықпал жасайды. Яғни қол еңбегінің, көркем еңбектің баланың қол шеберлігін арттыра отырып, қол саусақтары атқаратын бүкіл қызметтерді реттеу функциясына оң әсер етеді. Еңбекке баулу сабақтарында ойын арқылы қабылдау және түйсіну 148


жоғары болғандықтан балада көру, есту, қозғалыс сипап-сезу сезімдері толыға түседі. Көптеген дидактикалық ойын материалдары, ойынға қажетті көрнектіліктер, қызықты қимыл-қозғалыстар оқуышының танымдық, қабылдаушылық, сезінушілік қабілеттерін дамытады. Оқушыға әсер ететін қызықты материалдардың дені ойын іс-әрекетінде қолданып жүзеге асырылады. Яғни ойын неғұрлым көбірек әрі сапалы ұйымдастырылса, соғұрлым танымдық ауқымы кеңейе түседі. Еңбекке баулу сабақтарындағы қиын тапсырмалар ойынды пайдалану арқылы жеңіл әрі тез орындалады. Ойынның өзіндік ерекшелігі де оның қайталанбай, бір сарында болмай, әр дайым өзгеріп, жаңарып, түлеп отыратындығында. Балалардың еңбекке баулу сабақтарына ықыласы төмендеп, қызығушылығы кеміп, белсенділігі азайып жатса, негізгі себепті оқу ісәрекетін ұйымдастырудыға жақсы жоспарланған ойын элементтерінің болмауынан іздестіру қажет. Бұл көмшілікті басқа пәндерді оқытуда да ескеру қажет. Себебі барлық пәндер бір-бірімен тығыз байланыста оқытылады. Мәселен, еңбекке баулу сабақтарында математиканың, дүниетанудың, бейнелеу өнерінің, ана тілінің қажетті ұғым-түсініктері міндетті түрде қолданылады. Бастауыш сынып оқушыларының басты қызметін оқу ісін жүргізетін мұғалім сабақтастық принципін басшылыкда алады. Сөйтіп олардың мектепке дейінгі тәрбиесіндегі негізгі қызмет - ойынды өмірінен шығарып тастамайды. Бастауыш сыныпта сабақ кезінде ойын кеңінен қолданылуы тиіс. Ойынды бұл кездегі қызметтің дербес бір түрі, сол сияқты басқа қызмет түрлерінің, мәселен, еңбектің жекелеген оқу сабақтарының бастаушысы ретінде қолданған жөн. Әртүрлі шығармашылық ойындар үстінде балалардың әлеуметтік санасезімі қалыптасады. Ойындар жорамалданған жағдайда қоршаған ортада баламалы механизмді құруды, парасатты жеке тәжірибе жинақтауды, нақтылы қатысуды қажет етеді. Оқушылар ойын кезінде өз көзқарастарын, өз пікірін қорғауға дайын болады. Б.Блуэт пен Д.Баквольттердің пікірі бойынша, ойын мұғалім мен оқушының кең ауқымда тең араласуына, тіл табысуына мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге ойындар балалардың ойын белгілі бір жүйеге келтіреді. Ойын - сезім дамуының маңыздылығы туралы пікірлер зерттеулерде жиі кезлеседі. Өйткені оқушылар ойындарды өздері өңдесе, онда олар оқу материалдарын әдеттегі оқу-таным әдістеріне қарағанда, ынтамен тереңірек үңіліп оқиды. Ең бастысы - ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ: «Ойын - ол балалардың арасындағы әлеуметтік ара-қатынас, практикалық білімдері және қызметі». Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына авторлар мыналарды жатқызады: 1. Ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда, өз тәжірибесімен 149


оқытуға мүмкіндік береді; 2. Ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үдерістер мен құбылыстардың деректігін түсінуге, стратегиялық баламалы шешім қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді; 3. Ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттырады, ойынға қатысушылар оқытушының рөлін ойнап, бірін-бірі белгілі бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді. Еңбекке баулу сабақтарында ойынның педагогикалық маңызы бірінші кезекте тұрады. А.С.Макаренко өзінің сарамандық жұмысында еңбектің оқыту жүйесін ойынмен байланыстыруды көздеген. Ол баланың өмірін ойынмен «шынықтырып», ойынды еңбекке баратын жолға «көпір» етіп қойған. Сонымен оқу үдерісінде енгізілген ойын сабақтарының барысын бақылай отырып, жалпыға ортақ ерекшеліктерін бекітуге болады. Ойын ерекшеліктері Оқушылардың психикалық даму қабілетін жоғарылатады (сезгіш, қабылдау, ойлау, қиялдау, көңіл бµлу, еркіндік). Өз еркімен басталады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жағдайын жасайды. Ойын кезінде балаларға ойын сабағы еркіндік беріп олардың шығармашылықтарының, ойларындағы қиялдарының орындалуына жағдай жасайды. Сонымен қатар ойын сабақтары оқушылардың ұжым болып ұйымдасып, сырласуына мүмкіндік береді. А.С.Макаренко былай деп айтқан: «Бастауыш сынып оқушыларының ойыннан алған жақсы сезімдері - олардың шығармашылық эстетикалық қуанышы немесе үлкен бір жеңісі болып есептеледі». Еңбекке баулу пәнінен өтілетін ойын сабақтары күнделікті сабақтарға қарағанда қызықты өтеді. Балалар білімділіктерімен, шапшаңдықтарымен, іскерліктерімен ерекшөленеді. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырудың бір жолы оқу материалының теориялық мәнін өмірлік тәжірибеде ашып беру болып табылады. Еңбекке баулу сабағы оқушыларды тапқырлыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге үйретеді және бастауыш сынып жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылық қабілеттерінің жоғары деңгейде болуына, оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Оқушылардың бойында танымдық белсенділікті, қызығушылықты арттырудың ең маңызды тәсілі - ойын сабақтарын көптеп қолданысқа түсіру. Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген құштарлығын оятып, оны нығайтуға еңбекке баулу сабақтарындағы қиындық дәрежесі мен оның жүргізілу пәрменділігі маңызды рөль атқарады. Сыныпта таным, жаңалық ашу қиын қуаныштарынан оқушылар ләззат, 150


қосымша күш алатындай жағдай жасалу қажет. Оқыту барысындағы негізгі стимул - қойылған баға ғана емес, танымдық міндеттерді шешу үстінде алатын қанағаттанушылық сезімі болуы керек. Бастауыш сыныптағы еңбекке баулу сабақтарында жүргізілетін дидактикалық ойындардың түрлері көп. Қазіргі кезде мұғалім сабақты өткізіп жүрген материалдың мазм±нына сәйкес әртүрлі ойын ойлап табуына болады. Нақты дидактикалық міндетті шешпейтін, дегенмен оқушы бойындағы есте сақтау, ықылас, бақылағыштық сияқты психикалық процестерді, қасиеттерді сонымен бірге, еңбекке баулу сабақтарында еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, еңбектік іскерлік, ұқыптылық шыдамдылық сияқты қасиеттерді дамытуға негізделген ойынның түрлерін мұғалім әр дайым кірістіріп пайдаланып отыруы қажет. Мұндай ойындар арқылы балалар қызығып ойнайтын, соған ұқсас ойындарды өздері басқа оқушылармен бірге отырып, ойлап табуға ықылас білдіреді. 1. Ойын түрінде өткізілген сабақ оқушылардың ықыласын арттырып, жеке белсенділіктерін кµрсетуге және арттыруға ықпал етті. 2. Сабақ барысында сыныптағы оқушылардың барлығы мақсатқа жету үшін желкенді қайықты қағаздан жасауға қызығушылықпен түгел қатысты. 3. Өтілген ойын сабағында оқушылар өздерін әдеттегідей еркін сезініп, зор құлшыныс білдірді. 4. Сабақта қолданылған ойындық кезеңдердің әсерінен оқушылардың сөздік қоры, танымдық іс-әрекеттері артып, танымдық белсенділіктері дамыды. Осы сыныпта келесі тақырыпта «желкенді шлюпка» сабағы біріңғай еңбек дағдыларын қалыптастыру тәсілдерін қолдану арқылы өткізілді. Бұл сабақта арнайы ұйымдарылыған жоспар бойынша ойын элементтері бар оқыту, оқу элементтері қолданылмады. Оқушыларға желкенді шлюпканы жасаудың жолдары, кезеңдері, әдіс-тәсілдері әңгімелеу әдісі арқылы көрнекіліктер көмегімен түсіндірілді. Қосымша бақылау жұмыстары жасалынып, оқушылардың сабаққа қызығушылық деңгейі, танымдық белсенділіктерінің потенциалы анықталды. Нәтижесінде, мынадай саластырмалы зерттеу қорытындылары белгілі болды: 1. ойын сабағында оқушылардың жаңа материалды қабылдауы, ұғынуы жоғары деңгейде болатындығы анықталды; 2. ойын садағында тапсырманы орындау құлшынысы жоғарылап, сапалы бұйым жасауға тырысты; 3. сабақтағы ойын іс-әрекеті барысында оқушылардың жеке белсенділіктерінің нәтижесінде танымдық қызығушылықтары артады; 4. ойын арқылы оқушыларда еңбек іскерліктері мен дағдылары жылдам қалыптасады; 5. ойын сабағында оқушылар ұжымдасып, бірлесе еңбек етуге қалыптасатындығы байқалды. 151


Сабақ жоспарларын мысал ретінде талдай түсіндіруге болыды. Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі материалдардан елік жасау. (2 сынып) Сабақтың мақсаты: 1. Әртүрлі материалдармен ж±мыс жасауға оқушыларды бейімдеу түсініктерін кеңейту; 2. Еңбек сабағы арқылы оқушының икемділігін, шеберлігін қалыптастыру; 3. Оқушыларды жауапкершілікке, өз бетінше ж±мыс істеуге үйрету. Сабақтың көрнекілігі: ермексаз, сіріңке, ағаштың жапырағы, альбомдар, үлгі, рет таблицасы, түрлі-түсті борлар. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың жаңа сабаққа даярлығын тексеріп, жаңа сабаққа зейіндерін аудару. 2. Үй тапсырмасын пысықтап жаңа сабақпен байланыстыру. 3. Жаңа сабақ мазмұны. Оқушылар жануарларға қандай жануарлар жататынын, жабайы аңдар мен үй жануарларына неліктен бөлінетінін айтып, сызып береді. СИЫР ҚОЙ

ТҮЙЕІ ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ

ЖЫЛҚЫ

ЕШКІ

ТҮЛКІ

ҚОЯН

ҚАСҚЫР ЖАБАЙЫ АҢДАР АЮ

БАРЫС

Бүгінгі сабақта жасайтын тапсырманың елік туралы екенін әңгімелеп беру. Оқушылардан еліктің денесінің ерекшелігі қандай екенін оқушылар суретке қарап отырып, өздері әңгімелейді. Мен тек толықтырып өтемін. Алдын-ала дайындалған үлгі ретіндегі ж±мысты плакатты пайдаланып, оны қалай жасау керектігін түсіндіремін. Олар үлгі суретіне қарап жұмысқа кіріседі. Еліктің денесі мен басын ермексаздан жасап, үйренеді. Дене мен басты біріктіру үшін сіріңкенің шырпысын пайдаланамыз. Оның сыртынан еліктің денесі мен басы түстес 152


қоңыр ермексазбен сүртіп шығу керек. Содан соң сіріңкенің 6 шырпысын алып, төртеуін аяқ жасауға, екеуін мүйізге пайдаланады. Ағаштың жапырағын құлақ ретінде қолданады. Оқушылар жұмысы: еңбекке баулу сабақтарының басым көпшілік уақыты тапсырманы орындауға ж±мсалады. Сабақ соңында: жұмыс дайын болған соң сабақты қорытындылаймын. Оқушылар өздері жасаған жұмыстарын баяндай айтып береді. Оқушылардың жасаған жұмыстарының кемшілігі мен жетістіктеріне тоқталып, оқушылардың іс-әрекетін бағалаймын. Үйге тапсырма: жақсы жұмыстар мектеп көрмесіне алынатынын айту. Техникалық еңбек Сабақтың тақырыбы: Қатырма қағаздан кітап арасына салатын қыстырғыш жасау. Сабактың мақсаты: Қағазды бүктеу, қию, майыстыру тәсілдерімен толығырақ таныстыру. Оқушыларды ұқыптылыққа баулу. Сабақтың көрнекілігі: қайшы, желім, сызғыш, қарындаштар. Пән аралық байланыс: математика, сурет. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылардың сабаққа қатысуларын және еңбек құралдарының толық болуын қадағалау) 2. Жаңа сабақ а) Кіріспе. Әңгіме арқылы түсіндіріп өту. 1. Кітап арасына қыстырғыш не үшін қажет? 2. Кітап арасына қыстырғыштарды қандай материалдардан дайындауға болады? ә) Үлгімен жұмыс. Кітап арасына қыстырғышты, әшекейлі етіп дайындауды ескерту. Жасалу жолдары. Бір парақ тор көз қағаз алынады. Оның ±зындығы 20 см, ені - 16 см. Осы қағаз ұзынынан тең 3 бөлікке бөлініп, бекітіледі. Ортада пайда болған жолақты сызады. Оның екі шетінен 1,5 см-дей қалдырып, параллель екі түзу жүргізіледі. Параллель түзулер арасындағы аралық тең 6 бөлікке бөлінеді. Енді кәрсеткішті әшекейлеу үшін пайдаланылатын геометриялық фигуралардың үлгісіе, дөңгелектер мен шарларды оқушылар сызады да қиып алады, содан кейін сызылған шаршылардың ішіне фигураларды түйістіріп жапсырады. б) Оқушылар жұмысы Оқушылар алда тұрған тапсырмаларды орындау үшін кіріспе нұсқауды және іс-өрекетті дұрыс орындау үшін тәсілдерді таңдайды. Оқушылар мұнан басқа түрін өздері ойластырып жасауларына болады. Өздерінің жасаған бұйымдарын қорғайды, қорытынды жасайды. в) Бағалау. Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қателерін талдай келе, оқушылардың іс-әректін бағалаймын. Қатырма қағаздан дайындау. 153


Сабақтың тақырыбы: Сандық. Сабақтың мақсаты: 1. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу жолдарын үйрету. Оның күнделікті өмірдегі қажеттілігін түсіндірік, ұғындыру. 2. Дәлдікпен өлшеп сызуға үйрету, ақыл-ой, есте сақтау, байқау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың қолсаусақ бүлшық еттерін дамыту. 3. Еңбекті сүйе білуге, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-түрлері: сұрақ-жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекі құралдары: сандық, киіз үй суреті. Пән аралық байланыс: қазақ тілі, математика. III. Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі ә) Өткен сабақты бекіту 3. Қоржын күнделікті өмірде не үшін қажет? 4. Қоржын қандай қалыпта тоқылады? б) Жаңа сабақ. Бүгін бізге қонаққа Алдар көсе сендерге киіз үйге саяхатқа шығамыз. Тақтаға киіз үй ішіндегі жабдықтары ілінеді. Оларды оқушыларға таныстырамын. Адалбақан, асадал, алаша, дастархан, жүкаяқ, аяққап, кебеже, көрпе, бөскектер, сандық және т.б. Алдар көсе көмегімен кейбір сөздердің мағынасын ашып, сөздік жұмыс жүргізу. Жұмбақ шешу: төрт бұрышты, бір есікті. Ол не? (сандық). Жұмбақ шешу арқылы сандық жасайтынымызды ұғындырамын. Сандық суретімен және нобаймен таныстыру арқылы оның құндылық жақтарын түсіндіру. Оқушылармен бірлесе отырып, қысқаша мағлұмат беру. Сандық - киімкешек. Тағы да басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Күні бүгінге дейін өз құндылығын жоймай күнделікті тұрмыста қолданып келе жатқан тұрмыстық үй бұйымдарының бірі болып саналады. Үлгі бойынша жұмыс жүргізу. Әр оқушыға қағазға немесе қатырма қағазға түсірілген үлгіні таратып беремін. Бүктеу сызықтары арқылы үлгіні бүктеп шығамыз. Дайын болған үлгіге түрлі қарындаштары мен сандық оюөрнектерін түсіреміз. Қабырғаларын желімдеп, екі тұтқасын орнату қажет. Тапсырманы оқушылардың қабілетіне қарай күрделендіруге болады. Аяқталған оқушылардың жұмысынан тақта алдына көрме ұйымдастырамыз. Бағалау. Қонаққа келген Алдар көсе оқушылардың еңбегін мадақтап, бағалайды. Рахметін айтып, қоштасып кетеді. Киіз үйге саяхатқа бардыңдар, үй жиһаздарымен таныстыңдар, сандық жасауды үйрендіңдер. Менің әжем сандыққа басқа заттармен қоса ең дәмді тәттілерді сақтайтын. Мен де сендерге сандығыма (жасаған) салып тәттілер әкелдім. Содан ауыз тиіңдер деп, үлестіріп береді. Сабақтың тақырыбы: Сүттен жасалатын ұлттық тағамдар. Сабақтың мақсаты: Сүттен жасалатын ұлттық тағамдармен таныстыру, жасалу жолдарымен таныстыру. 154


Тәрбиелік: Тапқырлыққа, жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптасрыу. Сабақтың кµрнекілігі: Үлестірме қағаздар, тест үлгілері, венн диаграммасы, сөзжұмбақ сызылған плакат. Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару. ә) Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме жүргізу. - Сүттер қандай үй жануарларынан сауылады? - Сүттің адамға қандай пайдасы бар? 1. Ассоциация құрату УЫЗ

ҚОРЫҚТЫҚ

Қаймақ ҚЫМЫЗ

ІРІМШІК

СҮТТЕН ЖАСАЛАТЫН ҰЛТТЫ ТАҒАМДАР

СҮЗБЕ

МАЙ

ҚҰРТ ІРКІТ ҚАТЫҚ

1.Тақтаға плакат іліп, сүт тағамдарының жасалуымен таныстыру. Айран, балқаймақ, кілегей, қойыртпақ, шалап, қорықтық, іркіт-тағамдары туралы қысқаша мағлұмат беріп түсіндіру. 2. Сергіту. Мақсатында «Құрт» немес «айран» сөзінен тез арада бірнеше сөз құрастыру. 3. Венн диаграммасы СҮТ

АЙРАН

ТҮСКІ АС ДӘУІРМЕНДІ

ТҮСІ АҚ, ҚОЮ СҮТТЕН

5. Тест сұрактарын тарату арқылы сабақты қалай меңгергенін анықтау Сөз жұмбақ шешу. 1. Сүттің бетіне жиналатын маңызы 2. Жеміс-жидектерден жасалатын тағам 3. Бисквит тестінен жасалатын тәтті тағам 4. Ұлттық тағамның бір түрі 5. Малдың екпе-бауырынан пісіретін ұлттық тағам 6. Сұйықтық қүюға пайдаланатын ыдыс. 7. Биенің сүтінен дайындалатын ұлттық сүт тағамы. 155


8. Сүт тағамы.

қ А и м А Қ

т 0 с А П

Р У л Е Т

Б У ж ы ғ ы

қ У ы Р д А қ

т о С А П

Қ ы м ы 3

қ А Т Ы Қ

9. Бағалау 10. Үйге тапсырма беру, хаттама жасау. Cабақ жоспары (2-сынып) Сабақтың тақырыбы: Қошқармүйіз оюы. Сабақтың мақсаты: а) білімділік мәні: оюдың түрлері, шығу тарихы туралы әңгімелеу. Ою-өрнек туралы мақал-мәтелдер жаттау. Қиындылардан ою құрастыру, атын атау. ә) дамытушылық мәні: Балалардың қиялы мен шығармашылығын, ойын, сөздік қорын дамыту. б) тәрбиелік мәні: қазақтың ұлттық ою-өрнегімен таныстыра отырып халық өнерін қастерлеуге үйрету; ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, татулыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: «Ұлттық ою-өрнектер» атты буклет, суреттер, тірек сызбалар, күйтабақ, үлгі-қалыптар, т.б. Сабақтың түрі: Топтық-ойын Сабақтың әдістері: сөздік, графикалық, иллюстрациялық, проблемалық Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, музыка, тарих, бейналеу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1) Балалардың назарын сабаққа аудару. Еңбек сабағына қажетті құрал – жабдықтарын жабдықтарын ( түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, қатты қағаз, қарындаш, т.б.) түгендеу. 2) Ой шақыру (ою сөзіне ассоциациялық аймақ құру). сырмақ шапан сандық

текемет ОЮ

тақия

өрнек

бөрік қамзол 156


ІІ. Жаңа сабақ. 3) Мағынаны тану. Сабақтың мақсатын және тақырыбын хабарлау. - Балалар, бүгінгі сабағымызда осы ою түрлерімен, соның іщінде «Қошқармүйіз» оюының жасалуымен танысамыз. ( Ою туралы мұғалімнің түсіндіруі) Өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық демекші, қазақтың қолөнері де өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Оның бірі – ою-өрнек. Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген. Ою дегеніміз – бір нәрсенің пішінін ойып алу. Қазақ халқы жері от, суы мол жайылым қуып, кең сахарада көшіп жүріп, жер-суының қадір-қасиетін жетік білген, жайлы қоныс іздей жүріп, өсімдік қасиетін мол байыптаған. Халқымыздың өлең-жырында, ән-күйінде, ою-өрнегінде аққудың әні, тоты құстың тілі жүретіні сондықтан. Күйтабақтан табиғатта кездесетін әр түрлі дыбыстарды тыңдату. Ою-өрнектерде халық дүниетанымы, оның өзін қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінігі бейнеленген. Оюдың қандай да бір бейнесінің, түсінің болмасын танымдық өзіндік мәні бар. Мысалы: көк түс- аспанды бейнелесе, ақ түспәк тазалық, қуаныштың, бақыттың белгісі; күлгін түс- білімнің, даналықтың; қызыл түс- оттың, күннің белгісі; жасыл түс- жастық пен көктемнің; Қара түс- жердің, берекенің нышаны деген ұғымдары бар. Қандай өрнекті болмасын, адам баласы өзін қоршаған дүниеден алатыны ежелден мәлім. Оюлардың тарихы туралы «кубизм» стртегиясы арқылы түсіндіру. Текшенің алты жағына оюдың түрлерінің атарын жазып, сол оюлар туралы мағлұмат беру. Олар: «түйе» оюы, «тұйық» ою, «қолтықша» оюы, «құс қанаты» оюы, «қошқармүйіз» оюы, «күн» оюы.

157


4) Практикалық жұмыс. «Қошқармүйіз» оюының жасалуын суреті мен үлгі бойынша көрсету. Кітапта көрсетілген суретке назар аударту. 5) Жасалған жұмыстарды жинақтап, көрме ұйымдастыру. ІІІ. Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақта өтілген тақырып байынша сұрақтарға жауап алу: 1. Ою деген не? 2. Ою нені бейнелейді? 3. Қандай ою түрлерін білесің? 4. «Қошқармүйіз» оюы неге олай аталады? ІҮ. Оқушы білімін бағалау. Ү. Үйге тапсырма беру: Гүлдің суретіне немесе өзіне қарап кезкелген бір, екі ою ойып келу және сол ойған оюға ат қою. ӘР ТҮРЛІ ОЙЫНШЫҚТАР Балалар төменде ұсынылған жасамаларды орындау кезнде қағаздары қатпарлау іскерлігі мен дағдылығын меңгереді. Олар бұл материалды еңбек сабақтарында және кластан тыс жұмыстарда нақты объектілерді оқып үйренуде дидактикалық материалдар ретінде, әр түрлі бұйымдарды өңдеуде конструкторлық дүние танудың дамуы үшін қолданады. Тұз сауыт. Жасама үшін қалың жылтыр қағаз қолданады. Шаршы қағаз парағын дайындап, оны диагональ бойымен қайырып бүктеп, жақсылап ысқылап, қайтадан парақты жазып ашады. Бүгілу сызықтары жұмыс барысында керек болады. Содан соң шаршының ортасына қарай бұрыштарын қайырып бүктейді. Қарама-қарсы жағына қайырып бүктейді.ортасындағы тіліктерін бір жағынан төрт шаршы, ал екінші жағынан төрт үшбұрыш бар жасама шығады. Алынған жасаманы кішкене шаршылардың арасындағы саңылаулар арқылы өтетін сызықтардың боймен оң жағына екі рет теңдей қайырып бүктейді. Содан соң саусақтарымен бұл шаршыларды іліп шығарып жасалған тұз сауытының формасын береді.

158


А

ә

Б

в

Г

А

ә

Б

А

в

б

159

е


В

г Д

ж

Бастауыш сынып балалары үшін қағаздан әр түрлі заттар жасату өте қызық. Балалар бұған өте қызығады. Осы қызығу арқылы біз балаларды өнерге, ұлттық өнерге баулимыз, үйретеміз.

160


ҚАЗАҚ ХАЛЫҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ БӘЙГЕ. Қағазға жайсырылған үш тұлпардың бейнесін үш оқушы алып суреттің артына жазылған сұрақтарға жауап береді. Кімнің жауабы толық, тиянақты болса бас бәйге сол оқушыныкі болып есептеледі. КӨКПАР. Тақтаға сәйгүлік мінген үш жігіттің көкпар кезіндегі көрінісі бейнеленген суреті ілінеді. Қағазға лақтың салынған кескінінің артындағы сұрақты тақтаға шыққан оқушылардың бірі оқып жауабың айтады. Кімнің жауабы нақты болса, сол ешкінің бейнесін суреттегі алдыңғы жігіттің тұлпарының сауырына қадайды. Жеңімпаз осылай анықталады. ТЕҢГЕ ІЛУ. Жерден теңгені іліп алуға беттеген аттылы жігіттің суретінің астыңғы жағына теңгені бейнелеген сұрақ жазылған карточка қойылады. Ойынға қатысқан топ мүшелерінің қайсысының жауабы ұтымды, сол теңгені жігіттің саусағына іліктіреді. САҚИНА ЫСТАМАҚ. Үш топтан ойынға қатысушылар тақтаның алдына шығады. Жүргізуші сақинаның суреті бейнеленген карточканы басқаларына байқатпай біреуінің қолына қыстырады. Кез-келген қатысушының бірінен сақинаның кімде екенін сұрайды. Егер дұрыс тапса сақина алған оқушы сұраққа жауап береді. Ал дұрыс таба алмаса сұралған оқушы жауап береді. Сұрақтың жауабына ойынды жүргізуші қанағаттанбаса айыпталушы кінәсін өнермен өтеуге тиіс. ҚАНТАЛАПАЙ. Ойынға екі топтан бес-алты оқушыны қатыстыруға болады. Ойынды жүргізуші бір уыс асықты ортаға шашып жібереді. Жапатармағай бас салғандардың ішінен кімнің қолына қызыл түсті сақа түссе үйіріндегі нөміріне сәйкес сұраққа жауап беруге тиіс. Жауабы нақты болмаса айыбын өтейді де толық жауап берген оқушыны сақаның иесі деп бағалайды. АРҚАН ТАРТУ. Ойында жүргізушінің басшылығымен екі топтағы оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Қай топтың жауабы нақты болса, арқан солардың қолында деп есептеліп, еңбектеріне қарай тиісті бағаларын алады. ҚЫЗ ҚУУ ОЙЫНЫ. Алдымен сұрақтар беріледі. Кейін ойын шарты түсіндіріледі. Атам қазақ қыздың жолы - жіңішке демекші, алдымен қыз бала тапсырманың бірінші мысалын орындайды. Содан кейін екінші карточкамей ер бала орындайды. Егер ер бала дұрыс орындаса, онда қызды ұстап алған болып есептеледі. Қыз бірінші болса, онда ер балаға жеткізбей жеңіске жеткен болады.

161


ҚОРЫТЫНДЫ Бастауыш сынып оқушыларына жеке пәндерден білім беру барысында оқыту, оқу мен тәрбиелеу арқылы танымдық қызығушылықтарын, жеке белсенділіктерін арттырыу мен дамыту мәселесі өтілетін сабақтарда ойын ісәрекетін орынды кірістіріп, пайдаланумен тікелей байланысты екендігі нақты тәжірибеде көрінді. Оқыту мен оқу үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын, жеке белсенділіктерін арттыруды мақсат еткен әрбір бастауыш мектеп мұғалімі сабақтың барлық кезеңдерінде балалардың ой дербестігін қамтамасыз ететін, құлшынысын, қызығуы мен ынта-ықыласын арттыруға көмектесетін ойындық элементтер мен ойын әрекеттеріне көбірек көніл бөлгені дұрыс. Оқушыларды бастауыш білім беру кезеңінде өз деңгейіне лайықты дамытудағы танымдық үдерістерін, қабілеттерін одан әрі арттыру нақты ойын іс-әрекетін оқу іс-әрекетімен байланыстыра өрістету шараларын әрбір пәнді оқыту барысында дұрыс ұйымдастыра білумен, мұғалімнің сол бағытта әдіс-тәсілдерде жандандыру іс-әрекетін жоспарлы түрде қолдануына байланысты. Оқу танымдық іс-әрекеті үстіндегі бастауыш сынып оқушысына ойынды дер кезінде мақсатты пайдалану оның ой-өрісін дамытуға септігін тигізіп, алдыға қиындықсыз жылжуына түткі болады, себебі бастауыш сыныпта оқитын оқушыға ойын - өте таныс, психологиялық тұрғыдан жақын әрі қызықты да тартымды болып, бір сарынды емес, әртүрлі қимылқозғалысқа негізделгөн, жеңіл, еріксіз игерілетін әрекеттер жиынтығы болып табылады. Теориялық талдау және педагогикалық-тәжірибе жұмыстары бойынша төмендегідей қорытындыларға келдік: Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптасутыруа ойындар - шешуші орынға ие; Ойын технологиясын жеке пән сақтарында орында пайдалану білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарды тиімді жүзеге асыруға септігін тигізеді; Теориялық және тәжірибелік талдаулар негізінде жеке пәндердің білім мазмұнының ерекшеліктерін сәйкес оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда ойын түрлерін сараланып (дидактикалық, ұлттық, т.б.) пайдалану тиімді; Оқу-тәрбие үдерісіне ойындарды ойын элементерін пайдалу арқылы оқушының жеке тұлғалық болмысындағы ақыл-ой, дене бітімдерімен белсенділік, танымдық, қызығушылықтарының үйлесімді дамуына оң ықпал жасайды. Қорыта айтқанда - ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, шығармашылық қабілетін оятып, оның дамуында өмір бойы өзіндік орнын қалдырады. Сонымен ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл ой жетекшісі, денсаулық кепілі, бала дамуының жетекші күші.

162


ӘДЕБИЕТТЕР 1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Білім-Образование, №1, 2004. 2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан, 7 желтоқсан, 2010 жыл. 3. Р.М. Қоянбаев, Ыбыраимжанов Қ.Т. Жалпы бастауыш білім беру мазмұнынын даму болашағы. Абай ат. Қаз Ұ ПУ. Хабаршы. №1 (10), 15-17 б.б. Алматы, 2006 ж. 4. Ыбыраимжанов Қ.Т. Р.М.Қоянбаев Бастауыш білім беру педагогикасы «Мир крылатого пера» баспаханасы. -Тараз, -2010. -336 б. 5. Қараев Ж.А., Искакова Г.О. “Управление качеством обучения в контексте личностно-деятельностного подхода”// Менеджмент в образовании, 1\2006. 6. Дайрабаев Е., Дайрабаева А.Педагогика пәнінің негіздері / Оқу құралы.- Алматы, 2005 7. Айдарбекова Г. «Бастауыш сыныптардағы дидактикалық ойындар» Шымкент, 2004 ж, 6-10 беттер. 8. Ақбаева К. «Дидактикалық ойындар» Бастауыш мектеп, 1992, № 10,11,12. 40-42 беттер. 9. Амоношвили Ш.А. «Дидактикалық ойындар». Б.М. 1988 ж, № 2. 16-19 б 10. Әлиева К.С., Бәйдiбекова Е.I., «1-класс математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану». Шымкент, 1992 ж. 11. Әбсәлемова А. «Оқыту үрдiсiндегi ойынның маңызы» Б.М. №19,11-бет. 12. Әбiшева А., «Ойын элементтерiн пайдаланудың педагогикалық ерекшелiктерi», Б.М. № 3, 2003ж, 17-18-беттер. 13. Байқуатова К.А. «Ойын мен оқытуды сабақтастыра жүргiзу». Б.М. 1990 ж, № 5, 710-беттер. 14. Бекболсынова Р. «Ойын – ұтымды тәсiл». Б.М. 1987 ж, № 2, 32-33-беттер. 15. Белгiбаева Р. «Баланың ақыл-ойын жетiлдiрудегi ойындардың ролi». Б.М. №5, 20бет. 16. Богданнова О.С., Петрова В.И., «Бастауыш кластардағы тәрбие жұмысының методикасы» Издательство “Просвещение” 1975. перевод на казахский язык, «Мектеп», 1980, 51-53-беттер. 17. Дакимова Н. «Ойындар» Б.М., 1986, № 8, 25-30-беттер. 18. Жарықбаев Қ. «Жантану негiздерi» Алматы, 2002 ж, 78-81-беттер. 19. Жұмадiлдаева Ұ. «Сандарға саяхат» Алматы “Ана тiлi” 1997, 67-бет. 20. Жұмабаев М. «Педагогика» Алматы, 1992, 77-бет. 21. Жайлауова М, Сәрсенбаева З. «Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану». Б.М.№ 6, 2004, 29-30-беттер. 22. Жүзбаева Б. «Ойын-сабақ өренгi» Б.М. 1990. № 11, 5-бет. 23. Жазықбаева Ұ.Б., Тажиева Ж.А. «Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейдi» Шымкент, 2001, 33-34-36,45-беттер. 24. Запорожец А.В., Усова А.П. «Психология и педагогика игры дошкольника» Москва, 1966, 347-бет. 25. Крупская Н.К. «Педагогикалық қызметтер мен көзқарастар» Мәскеу, Бiлiм баспасы, 1968ж. 26. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М., «Педагогика» Алматы, 2002, 38-39-беттер. 27. Қасболатова Б. «Ойын-сабақ өрнегi» Б.М. 1989, № 8, 21-22-беттер. 28. Қарабаев Ж., Сардарова Ж. «Компьтерлiк ойындардың дидактикалық мүмкiндiктерi қандай?» Б.М. 1992, № 10,11,12, 20-23-беттер. 29. Қосанов Б.М., Өмiртаева Р.Қ., «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар» 2-сынып. Алматы “Атамұра”, 1988. 30. Қуыр, қуыр, қуырмаш,, С.Ахметов. Алматы. 1993ж. 163


31. Ү.Жазықбаев. Ж.Тәжиева. Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді. 2001ж.. 69-76 бет. 32. Ақ сандық, көк сандық. Балалар фольклоры. 1988.3-13 бет. 33. Б.Төтенаев. «Халық ойындарының тәрбиелік маңызы», «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы. «Рауан», 2001 ж. 75 бет.Құрманалина Ш.Х., Сәрсенбаева С.Ш., Өмiртаева Р.Қ., «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар». 1-сынып. Алматы «Атамұра», 1997ж. 34. Қасенғазина Б. «Сабақта ойын ұйымдастырудың маңызы» Б.М., 1989 ж, № 9, 8-11беттер. 35. Лысенкова С.Н. «Оқу қайткенде жеңiл болады». Б.М., 1989 № 1, 15-бет. 36. Макаренко А.С., «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары». Алматы, 1952, 37бет. 37. “Педогогические сочинения” 4-том, 375-бет. 38. беретiн мектептiң 2-сынып мұғалiмдерiне арналған. Алматы «Атамұра», 1998, 131132-беттер. 39. Парманқұлова К., «Ойын тәсiлдерi» Б.М., 1986 ж, № 7, 28-29-бет. 40. Сабыров Т.С. «Оқыту теориясының негiздерi». Алматы, 1993 ж, 40-бет. 41. Сағымбекова П. «Ойыннан оқуға» Б.М., 1991 ж, №7, 33-34-бет. 42. Түсiпжанов Б. «Педагогикалық практика және студент» Б.М., 2002, №2, 20-бет. 43. Ушинский К.Д. «Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi таңдамалы пiкiрлерi» Алматы, 1951 ж, 31-бет. 44. Шетинина Н. «Ойын – көзқарас қалыптастыру құралы». Б.М. № 2, 1992, 34-бет. 45. Эльконин Д.Б. «Психология игры» Москва «Просвещение» , 1964. 46. Ядэшко В.И., Сохин А. Ф. «Мектеп жасына дейiнгi педагогика» Алматы, Мектеп, 1982, 258-263-беттер. 47. А. Әбінеева. «Ойын элементтерін пайдаланудың п е д а г о г и к а л ы қ е р е к ш е л і к т е р і » Б а с т а у ы ш мектеп. № 3 2003ж. 48. П. Жорабекқызы, «Іскерлік ұлттық ойындар» Болашақ №37 2003ж. 49. Д.Кішібаева «ұлттық ойындарды пайдалану» Бастауыш мектеп № 1 2004ж. 50. Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы 1978. 51. Е.Сағындықов «Қазаңтың ұлттық ойындары» Алматы 1991 ж. 52. Байтұрсынов А."Тіл-жұмсар". Тіл тағылымы. /Құрастырушылар: Әнесов Ғ. Мектепов А. -Алматы: Ана тілі, 1992. -445 б. (335-339). 53. Байтұрсын ұлы Ақмет. Тіл жұмсар. (Сөйлеу, оқу,жазу тілін жұмыс тәжіриебесі арқылы танытатын І-нші кітап). Білім ордасы І-нші басқыш мектепте ұстауға ұйғарған. -Қызылорда: Қазақстан, 1928. 54. Тіл тағылымы. -Алматы: Ана тілі, 1993. -445 б. (335-339) 55. Наурызбайқызы Ә., Әубәкiрқызы Қ., Мұхамбетқызы С.С., «Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты тапсырмалар» 2-класс. Алматы «Рауан», 1984ж,. 56. Оразбекова К.А. «Алты жасар балаларды оқытып тәрбиелеу дидактикалық ойындардың ролi» Алматы, 1988ж, 6-7-беттер. 57. «Дидактикалық ойындардың маңызы» Б.М. 1988ж, № 10,10-12-бет. 58. «Ойынның психологиялық сипаты» Б.М. 1990, № 9, 42-44-беттер. 59. Оспанов Т.Қ., Өтеева Қ.Ә., Қайыңбаев Ж.Т., Ерешева К.Ә., «Математика» оқулығы, 1-сынып. Алматы «Атамұра», 2001, 90-91-бет. 60. Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х., Қайыңбаев Ж.Т.,Ерешева К.Ә., «Математиканы оқыту әдiстемесi». Жалпы бiлiм

164


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.