Абделиева, култаева

Page 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

Култаева А.Ж., Абделиева Г.А.

СЫНЫПТА КОЛЛАБОРАТИВТІК ОРТА ҚҰРУДЫҢ МӘНІ МЕН ЖОЛДАРЫ Әдістемелік нұсқаулық

Тараз, 2014


УДК 3:001.83(100)

ISBN 978-99-65-20 4487 Пікір берушілер: Смаилова У.М. - «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының «Деңгейлік бағдарламалар орталығының» тренері, ф.-м.ғ.к. Ибраимова Л.М. – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, п.ғ.к, доцент Култаева А.Ж., Абделиева Г.А. Сыныпта коллаборативтік орта құрудың мәні мен жолдары: Әдістемелік нұсқаулық. – Тараз, 2014г. – 38 бет. Жамбыл облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының Сараптау Кеңесі отырысының шешімімен баспаға ұсынылған (№6 хаттама, 22.08.2014 ж.) Бұл әдістемелік нұсқаулық қазіргі заман талабына сай педагогтерге оқу үрдісіне қолайлы психологиялық ортаны, шығармашылық еркінділікті қамтамасыз ететін, ал қатысушыға білім технологияларын таңдауға мүмкіндік беретін белсенді оқыту әдістерімен танысуға және өз іс- тәжірибесіне енгізуге көмекші құрал болады Осы әдістемелік нұсқаулық үшінші (базалық) деңгей бойынша дайындықтан өтетін курс мұғалімдері мен тренерлеріне, жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі мен педагогтерге оқыту үрдісінде топтық жұмыстарды ұйымдастыруда негізге алатын қосымша құрал ретінде пайдалануға ұсынылады.

ISBN 978-99-65-20 4487

© Култаева А.Ж., Абделиева Г.А., 2014


МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ 1. ОҚЫТУ ҮРДІСІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ТОПТЫҚ, ҰЖЫМДЫҚ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ 1.1.Топтық жұмысты ұйымдастыру ережелері

4

9

14

(коллаборативтік орта құрудың мәні мен жолдары) 1.2. Сыныпта коллабаративті орта құруда қолданылатын

17

оқыту әдістері 2. БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ. ИНТЕРАКТИВТІ

19

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ЖҮРГІЗУ НҰСҚАЛАРЫ 2.1.Топтық жұмыс жасау барысында оқушылардың

24

оқудағы жетістіктерін сыни бағалау 2.2. Тәжірибелік шеберлік сыныптар жоспары

29

Қорытынды

37

Әдебиеттер

38


КІРІСПЕ Кез-келген жас маман жоғары оқу орнынан мектепке келгенде білсем, үйренсем, үйретсем деп келеді. Сол сәтте іс-тәжірибесі мол ұстаздардың сабақтарына қатысып, көмегіне жүгінеді. Көп ізденіс керек екенін түсінеді. Бірсарынды, тек мұғалім сөйлеп, мұғалім түсіндіретін, қатып қалған стериотиптерді өзгертудің қажеттілігі тұрса да, одан да маңызды қалай және қайтіп деген сұрақтар мазалайтыны барлығымызға да анық. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтқандай, бала бойындағы қабілеттерді ашу мақсатында сындарлы оқыту – баланың шығармашылық қабілетін дамытуды және өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік жасауды көздейді. Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында бұрын тек тыңдаушы болған оқушы, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы, көшбасшы болып табылады. ХХ ғасырдың басында Дьюи (1990 ж, ред) революция нәтижесінде қоғамның өзгергеніне қарамастан мектептер сол қалпында қалғанын айтты. Шамамен бір ғасыр бұрын жазылғанына қарамастан, Дьюидің көптеген көзқарастары әлі де өзекті. Оқушы/мұғалім өзара қарым-қатынасының маңыздылығы, «мектептегі рухани атмосфераны» өзгерту әрекеті және өзін-өзі басқаруды қолдау сыныпта демократиялық оқытуды құру үшін қазіргі таңда да маңызды. Жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ Дьюи мектептің оқушылар «тобы» қатарға құрылған парталармен бөлінген орындарда отыру үшін құрылған көңілсіз орын болып табылатындығын көре білген. Шындығында, ол сыныптарды бір нәрсе жасауға емес, «тыңдауға» арналған орын деп санады (1990 ж, ред., 33-бет). Дьюи бұны оқытудың табиғи тәсілі – диалог және әлеуметтік алмасуға қарама-қарсы келетін нәрсе ретінде қарастырды. Дьюи (1990 ж, ред.) мектеп оқушы өмірінің басқа салаларынан, мысалы, олардың үйдегі өмірінен және әлеуметтік мәнмәтінінен бөлек тұрған түсініксіз формальдік институттарға айналғанын көрсетті. Ол өмірдің осы сыртқы салалары білім беру мәнмәтінінде танылуға және қолданылуға тиіс деп есептеді. Американдық психолог Карл Роджерс 1960 жылы жарияланған өз зерттеулерін «жеке тұлғаға бағдарланған» терапияда қолданды және Дьюи оқыту кезінде қатысушы ретінде тәжірибе алу маңыздылығын мойындағандығымен тығыз байланыста болатын бірқатар қағидаттарды әзірлеумен айналысты. Оқушылардың білім алу қажеттіліктері туралы Роджерстің тұжырымдамалары бүгінгі таңда «оқушыға бағдарланған» оқыту және «тәжірибелі» оқыту ретінде әйгілі болған тұжырыммен, білім беру саласындағы үдемелі қозғалысқа күшті ықпал еткен тұжырымдамалармен мәндес болды. Жеке қағидаттарына адал болған ол өз қорытындыларын бірқатар мәселелер бойынша оқушылармен орнатқан тікелей кері байланысқа негіздеді. Оның теорияларында сыныпта аса белсенді және жағымды жағдайды жасағысы келетін мұғалімдерге арналған мәселелер толық жазылады. Келесі ақпарат Роджерс (1994 ж, ред., 5-7-бет) оқушылар тарапынан айтылған басты тілек ретінде нені анықтағандығына жалпы шолу жасаудан тұрады: 4


• Оқушылар өздеріне сенгенді және құрметтегенді қалайды. Олар мұғалімнің өздеріне деген қамқорлығын сезінгісі келеді, көмектесуге деген ниетін, оларды кейін қалушы емес, үлгеруші ретінде көргісі келетінін білдіргенін қалайды. • Оқушылар өздерін отбасы мүшесі ретінде сезінгісі келеді. Олар мектептің директордан бастап барлық қатысушылар бірлесе жұмыс істей алатындай қоғамдастыққа ұқсас болғанын қалады. • Оқушылар рұқсат беруді емес, еркіндікті, мақсатқа қол жеткізу үшін өз ойын айту еркіндігін қалайды. Оқушылар жауапкершілік алу мүмкіндігі берілгенін қалайды; олар оқыту туралы шешім қабылдауда белсенді қатысушы болу үшін жеткілікті түрде оларға сенім білдіру. Қай кезде ұстаз өз сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданысқа енгізіп, өз сабағының құрылымын өзгеше ұйымдастырғысы келеді? Әрине, оның неше түрлі нұсқалары бар: дәстүрлі сабақтарға көңілі толмағанда, қалыптасқан, қойылған жүйеден шыққысы келгенде, жаңашылдыққа қызығушылығы, өзінөзі дамытуға құлшыныс танытқанда және оқушыға бағытталған оқытудың қажеттілігін түсінгенде, ең ауыры – түсініп қабылдауы, жаңалыққа ашық болуы. Мұғалімдер кез-келген жаңашылдықты әр түрлі қабылдайды, бірі- бұл бұрыннан белгілі педагогикалық еңбектерде жазылған, қолданыста бар нәрсе десе, екінші бірі- скептикалық, стереотиптік көзқарасымен біздің жүйеміздегі бағдарламаның идеясын дәстүрлі сабақтарда өзгеріс енгізу мүмкіндігі екіталай деп енжарлық танытады, тағы бірі- бастапқы теорияны негізге алуды талап етеді, енді бірі ізденіс үстіндегі, жанашылдыққа жаны құмар, өз тәжирбесіне енгізуге талпынатын ұстаздар. Әдетте олар өз пәні бойынша нақты мысалдармен сәтті сабақтардың дайын үлгісін көрсетуді сұрайды. Әрқайсысының жасаған эксперименттері әр түрлі дамиды. Кейбіреулерінің жұмыс жасау логикасы сәйкес келгендіктен аса көп күшті қажет етпейді, оларға жеңіл түседі. Ал кейбіреуіне бұл эксперименттер әдіс-тәсілін білмеген ойын сияқты көрінеді. Бұл қиындықтар неден туындайтынын білуге тырысып көрейік. Көбінесе, оқытушы ұстаз қол астында мазмұны нақты, уақыты айқын жоспар жасап алады, және содан ауытқымауға тырысады. Кез-келген жоспардан тыс сұрақ қою, сабақ барысындағы артық қимыл, іс-әрекеттер, жазудағы баяулық, тіпті сабақ барысындағы шудың өзі сабақтың жоспардан шегінуі болып есептеледі. Жоспарлағанның бәрін үлгеру керек деген ұғым тағы қосымша қысым тудырады. Ал енді, арамыздағы қай ұстазды сол сәтте оқушы нені ой елегінен өткізіп, қандай мақсат қойғаны толғандырды? Менің бүгінгі сабағыма қатысқан оқушы өмірге бейімделуде алған білімін қажеттіліктеріне қолдана алады ма, қалай қолдана алады, оған не берді деген сұрақтар мазалады ма? Кейде кейбір оқушылардың сабаққа тартылмағандығынан сыныптан тыс қалып қоятыны бәрімізге де белгілі. Оның себебі өтілетін сабақ тақырыбы да қойылатын сұрақтар да жауырын болған. Жасалатын іс- әрекет алдын- ала белгілі ол оқушыға емес, мұғалімге бағытталған оқыту болғандықтан қызық емес. Ал 5


қазіргі кезде алғашқы шепке мұғалім емес, оқушы шығатын кезең. Ол үшін ұстазға оқушылардың үнін тыңдай білуі, әрбір ойдың құндылығына мән беруі, қате, жаңсақ пікірлер мен дұрыс, дәлелді ойларды өзі де сыныбы да қабылдауына мүмкіндік туғызатын орта құруда маңызды. Қарама-қайшы ойлардың туындағаны не болмаса жиналған ақпараттың аздығының себебінен оқушылардағы танымдық қабілетті аша білуі, жаңа ақпаратты не үшін, қалай деген өз сұрақтарына жауап іздеу барысында және өзін толғандырған басқа да сұраққа жауап іздеу мақсатында оқуды мақсат тұтады. Мұғалімдер төмендегі сұрақтарға жауапты өздері іздеуі керек: 1.Бүгінгі сабаққа ынтасын қалай оятамын, қалай қызықтырамын? 2.Жаңа материалды өздері меңгере алатындай қандай әдіс- тәсіл қолдануға болады? 3. Алған білімдерін өмірмен байланыстыруға болатындай тапсырма ойластыру 4. Бүгінгі сабақтан өзі үшін не алды? 5. Сыни тұрғыдан ойлауына қандай іс- әрекеттер жасалынды? Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді: • Айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік; • Күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау; • Басқалардың өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық болу; • Идеяларды сынау және «шындықты» іздеу. Балаларға негізделген, әділ сыни тұрғыдан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен үлгілеу дағдыларын жаттықтыру қажет. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту мыналар туралы негізді бағалауға үйрету дегенді білдіреді: • Қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет. • Қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керек. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағытталуы, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасай білуі. Бұл бағдарламадағы сыни ойлау- жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда табысты білім беруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуға тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді жол. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, сындарлы көзқарас пен шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға негіз бола алады.

6


Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмауы керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруіне әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетілуі керек. Оқушылардың сыни ойлау қабілеттері дамыған сайын, оларға төрт параметрдің көрсеткіші өседі: жекеден-жалпыға, дифференциалдыдансенімділікке, интуициядан-логикаға, бір перспективадан-көптеген перспективаға дамиды. Алдағы болатын құбылысты болжау үшін қиялға ерік береді, ал ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты. Берілген сөздер арқылы ойды кеңейту үшін басқа сөздік қолданыстарды іздей бастайды. Сұрақ қою және жауап беру барысында тілдік қатысымдық бірліктер жүзеге асырылады. Аз уақыт ішінде материалдың мазмұнын түсініп, жеткізе білу үшін асқан шешендік. Бір сөз төңірігінде бірнеше ой өрбіту арқылы сөздік дәлдікке жетелейді. Пікірлесу кезеңінде танымдық қорды сыртқа шығарып,тілдік қатынасқа түседі. Берілген сөзге орай ұғымдардың синонимдік қатарын құрастыру тілдік тапқырлықты қажет етеді. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде.Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді,жауаптар тыңдалады. Жеке басын құрметтей отырып,білім беру-қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекетпен қатар әдістемелік шеберлікпен де келу керек. Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы осы орайда былай депті: «Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу». Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болатынын ескеру қажеттілігі туындауда. Қытай ойшылы Конфуций: «Оқытушы мен оқушы бірге өседі...Оқытужартылай білім алу. Мұғалім- жауапкершіліктің шамшырағы, айнасы десек, бала тағдырына жауапкершілікпен қарау міндеті тұрады, себебі ол тек білім мен іс-тәжірибе, жаңсақ пікір мен күмәнді ойды ғана емес, сонымен қатар ұстаздың да бір бөлшегін өмірге ала кетеді. Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты. Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зиятты азаматты тәрбиелеп шығаруы тиіс деп ойлаймыз. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне кеңінен тоқталамыз. Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған. Топтық жұмыстарды ұйымдастыруда ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формаларын мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулерді 7


әртүрлі бағытта жүргізуге болады. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта жылулық атмосферасы сезіледі.Топтық жұмыс барысында бала диалог құра отырып дамиды және мұғалімімен, сыныптас достарымен қарым – қатынас орнатады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Топтық жұмыс барысында оқушы алдымен жеке жұмыс жасайды. Мұнда өзімен өзі диалог жасайды. Содан кейін жұппен, топта талқылайды. Осы ісәрекет барысында оқушылар өз ойларын еркін айтады, қысылмайды. Әсіресе алдында сабақтарда үндемей отырған оқушылармен жұмыс істеуге көмек көрсетіледі. Оқушылармен жұмыс жасауда жеке дара, топтық, ұжымдық топтарға бөлудің психотерапиялық мүмкіндігінің зор екені де белгілі болып отыр. Адамша ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылатыны сөзсіз, бірақ біреуге аз, біреуге көп дегендей. Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр», – деген. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана емес, тарихи танымы мол, педагогикалықпсихологиялық сауатты, озық педагогикалық технологияларды меңгерген ұстаз болуы қажет. Белгілі педагог К.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен мұғалімдігі де жойылады» дегеніндей, оқыту мен білім берудің жаңашыл әдісіне көшкен мектептер үшін іскер мұғалімдер қажет.

8


1.ОҚЫТУ ҮРДІСІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ТОПТЫҚ, ҰЖЫМДЫҚ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл ұстаным сындарлы білімнің басты идеяларының бірі. Осы бағытты ұстанған оқу/үйрену жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп таниды. Ж. Пиаже бұл туралы былай жазады: «Адамның ақылы, яғни миы басқа ақылдармен қатынаста болады». Адамның санасы тек адамдармен қарым-қатынаста ғана дамиды, тек қарым-қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінік әкеледі. Ал қарым –қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға (олардың пікіріне, идеяларына, көзқарасына, мінезіне) бейімдеу деген сөз. Шағын топтық (немесе жұптық) жұмыстар үйренушілер бірлік, бірегейлік (корпоративтік) сезімдер қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады. Ал «Көптің түкірген-көл», «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» екендігі баршаға аян, ұжым болып қандай да болмасын тапсырманы орындау қызық та тартымды шаруаға айналады. Бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелердің (ең тиімдісі әр топ құрамында 4 оқушы болғанда, ары кеткенде 3-тен кем емес, 6-дан артық емес) барлығы да өзара қарым- қатынасқа негізделген (интербелсенді) әрекеттерді атқарады (мәселен, тыңдай білу, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткіз білу, ортақ пікір қалыптастырып, бір мәмілеге келу,туындаған егес пен дау-дамайлары шеше білу бірлесе шешім қабылдау.) Мұнда біреудің жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады. Бұған қосымша жоғарыда келтірілген Н.Сандерстің кестесі бойынша топтық/жұптық жұмыстың тиімділігі 90 пайыз екендігін де ұмытпайық! Әдетте дәстүрлі сабақта бірнеше үйренуші ғана әрекет жасайды: олар ұстаз талабы бойынша берілген тапсырманы жеке-жеке орындап, жасалған жұмысы оқушылар бойынша есеп немесе жауап береді. Ал бұл мезетте қалған белсенді әрекеттер атқармайды. Бұған керісінше топтық жұмыс барлық дерлік оқушылар қатысады, өйткені берілген тапсырма бірлескен жұмыс арқылы ғана орындалуы тиіс. Әр оқушы иделарды келтіру мен оларды талқылау, таңдау және шешім қабылдау ісіне белсенді қатысады: топтық жұмыста әрбір пікір көзқарас құнды. Дәстүрлі сабақта үйренушілерді жұмысқа жұмылдыру ұстаз тарапынан қатаң талап қою арқылы жұзеге асырылады (мәселен, бұйрық, нұсқау, жарлық, үкім, арқылы.) Ал топтық жұмыста үренушілерді белсенділендіру кеңес,сұраныс, ұсыныс арқылы жасалады. Дәстүрлі сабақта ұстаздың алса, топтық жұмыста бақылауды жұмыста бақылауды топ мүшелердің өздері жүргізеді. Топтық жұмыс үйренушілерде ұжымдық сезім қалыптастырып, бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екендігін көрсетеді, оқушылардың жалпы еңбекке деген ынтасын арттырады. Оқушылар «Мен» қағидасынан гөрі «эгоцинтристік немесе эгоистік ұстаным біз» тұжырымының (ұжымдық, жамағаттық, қоғамдық, ұстаным, бірлік идеясы) анағұрлым пайдалы екендігін анғарады. Бұл позицияның зәулім гумманистік 9


идеяларға негізделген көздерін жеткізеді. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас деген атаулы сөзде бірлескен әрекеттердің мәнін ерекшелеп тұрған жоқпа? Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқытушы мынандай мақсаттарға жетеді: үйрену- процессіне қатысушылардың арқайсысы бір – бірімен жеке қарым –қатынас орнатады: Үйренушілер туындаған сенімсіздікпен қобалжудан «бұл жұмысты мен орындай алар ма екенмін,» «жұмысты орындай алмасам қайтемін» «ұят болып қалмас па екен?» қорқыныштан «мені жазаласпа екен» «басқалар менің жұмысымды сынап немесе күлкіге жығып әр үйренушіге өзінің қабілеттері мен ерекшеліктері ашуға» көрсете білуге жағдай жасалады: -үйренушілер арасында еркіндіе және сенім атмосферасы қалыптасады: -үйренушілер топ жұмысында позитивтік, конструктивтік, шығармашылдық қағидаларды ұстанады. Топтық жұмыстың тиімділігі нәтижелігі келесі әрекеттерден арттады: 1. Берілген тапсырма топтың барлық мүшелеріне қызықты болуы керек, 2. Тапсырма барлық оқушылар мүдделеріне сәйкес келіп, оларда бірлескен жұмысқа деген ынта тудыру керек. Оқушыларды топқа бөлудің қызықты әрі танымды тәсілі олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады. Бөліне кезінде басқалардан ерекшеленетін қасиеттері арқылы олар уақытша болса да бастарын біріктіреді., араларында бір- біріне деген жылы сезімдер орнайды. 3. Топ ішіндегі бірлескен жұмыс ережелерін айқындап, нақты уақыт белгілеу керек, оларды әр жұмыс алдында тағы да бір қайталап, еске түсіріп отырған жөн. 4. Тапсырманың топқа бөлінбей тұрып берілгені дұрыс. 5. Тапсырма берілгеннен соң оның түсініктілігін топ ішіндегі талқылап алу керек. 6. Топтар арасында бәсекені негізгі мақсатқа айналдырып жібермеу. 7. Жұмыс аяғында әр топ нәтижелерін жариялап немесе ол туралы есеп беруі керек. Тоқсан басында оқушылардың бірлесе қабылдап, оларды кабинетке іліп қойған орынды. Әрине, ережелердің тыйым тұрғысынан емес, жұмысты тиімді ұйымдастыру ауқымындағы ұсыныстар тұрғысынан құрылыстырылғандығы орынды. Мұнда мынандай талаптарды ұстануға болады: -Тыңдай білейік -Бірлескенн жұмыста актерлар мен көрермендер жоқ бәрі де қатысушылар, -Әр бір қатысушы өз пікірін келтіруі керек, -Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік, -Жеке бастың қасиеттері сыналмай, тек пікірлер ғана сыналады, -Мысалы жеңіске жетуде емес, басқалардың пәкәрән біліп, шешімнің ең тиімді жолын табуда -Басқалардың пәкәрән сыйлайық -Бірлесе жұмыс жасауға ұмтылайық, -Бір мәмілеге келуге атсалысайық 10


-Жанжалдарды болдырмайға ұмтылайық. Бұған қоса қарым- қатынастың (коммуникацияның) ережелерін құрастыруда Г.Грайстың максималарын (этикалық қағидаларын) қолдануға тұрарлық. Бұл максималар алдымен бірлескен әрекеттерді қамтиды: ақпараттың толықтылығы максимасы (бар білгенімізді айту) сапа максимасы (шындықты айту) Релеванттылық максимасы (тақырыптан ауытқымай) Мәнер максимасы (анық, қысқа және бірісзді түрде сөйлеу). Мұнымен қққатттар Г.Грайс қарамы- қатынасты аса маңызды тағы да бір қағида сыпайылықтың максималарын келтіреді. «Жеке-топ/жұп-аудитория» форматында жұмыс жасау. Оқушыларға қандай да сұрақ немесе тапсырма ұсынғанда оларға келесі ретпен жұмыс жасауды ұсынған тиімді: жеке шағын топ құрамында немесе жұппен – бүкіл аудиториямен. Мұндайда оқушы оқу материалы (тақырып) бойынша алдымен өздігімен ойланып және басқа да белсенді әрекет атқарып, осыдан соң өз ойларымен басқалармен бөліседі, өз идеяларын бөгде пікірлермен салыстырады, оларды Толықтырады, өзгертеді, дамытады. Жеке топ / жұп аудитория форматында жұмыс жасау Ж.Пиаженің ойлау туралы келесі сөздеріне сәйкес келеді: алдымен таза эгоцетризм одан кейін әлеуметтендіру және аяғында толық обьективтендіру Бұл үш кезең біздің ұғымымыздағы ойлаудың да үш кезенің көрсетеді. Жұмыстың мұндай реті оқушыларға жекелей және бірлесе жұмыс жасау мүмкіншілігін береді. Мәселен, лекцияда оқушы лекция материалымен (мәтінімен) танысып (оқып, тыңдап немесе көріп), ол бойынша жекелей белсенді әрекеттердің біреуін атқарады: -Тірек сөздерін жазады, -Т кестесі бойынша екі обьектіні, көзқарас немесе құбылысты слыстырады., - салыстыру кестесінде екі ұғымның ұқсастықиары мен ерекшеліктерін ажыратады. INSERT немесе «Оңай және қиын сұрақтар» кестесін толтырады. Осыдан соң оқушы өз жұмысымен шағын топ құрамындағы жолдастарына немесе өз жұбына оқып көрсетіп, оларменпікір алмасады талқылайды. Содан кейін оқытушы аудитория құрамынан бірнеше оқушының өз жұмыстарымен барша елді таныстырып, ойларын ортаға салуды сұрайды. Бұл әрекет басқа оқушылар өз жұмыстарын жариялап тұрған оқушының жұмысымен салыстыру және өз әрекеттерін бағалау мүмкіншілігін береді. Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді (әр топтың сабақтардың құрылымының классикалық нұсқасы: шартты кіріспе; топтық; қорытынды. Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім мотивті ұйымдастырушылық мәселелерін Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар. 11


бірыңғай топтық жұмыс. сараланған топтық жұмыс. Бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық Топтық жұмыстарды ұйымдастыру көптеген проблемалардың шешімімен Топтарды ұйымдастыруда мына мәселелер басшылыққа алынуы - әрбір пән бойынша бөлек - математика, физика, химия, шет тілі - әдебиет, тарих, география пәндері бойынша - оқу топтарын жинақтауда оқушылардың өзара Әртүрлі құрамды топтарда жұмыс істеу тиімділігін Топпен орындалатын жұмысты ұйымдастыру үшін топтарды Топтық сабақтарды ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі Осылайша танымдық мәселелерді шешуде негізінен сабақтардағы 1. Ұжымдық жұмыс принциптерімен ұйымдастырылған фронтальды 2. Ұйымдастырушылық принципі бойынша ұйымдастырылған топтық 3. Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі 4. Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу 5. Оқушылар кездесуі. 6. Білімді қоғамдық байқауы. Сабақ жұмсалатын уақыт көлемі және Ұжымжық оқу жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы Сабақ жүргізу нәтижесінде тәжірибе Топтық жүйеде оқыту. Топқа бөлуді бірнеше а) Оқушылардың білім деңгейіне қарай араластыра ә) Білім деңгейлеріне қарай топтау. Өте Топтау әдістерінің тиімділігі: Оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды толық Бағалау жұмысын салыстармалы түрде жүйелі жүзеге Оқушылардың өз беттерімен ізденістері туындайды, қосымша Өз білімі мен жолдастарының білімін Педагогика ғылымы іс-әрекетті адамның қоршаған ортаға Іс-әрекеттің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жас мүмкіншіліктері Педагогика мен психология ғылымында және мектеп Ір-әрекеттің орны, ұйымдастырылуы және өткізу уақытына Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті еңбекке және қоғамдық Бұл үшін білім мазмұны жетілдіріледі, әр Оқытуды мектеп жасындағылардың жетекші іс-әрекеті деп Оқушылардың ұжымдық Н.Крупская жеке тұлғаның қалыптасуындағы, ұжымның ынтымақтасып Оқушылардың мектептегі және мектептен тыс саналуан Оқушыдардың ұжымдық іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыру олардың 12


Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің құрылымы мына бөліктерді - іс-әрекеттің мақсаты - не үшін - іс-әрекеттің мазмұны - негізгі - іс-әрекеттің маңызы-әлеуметтік пайдалы бағыттылығы және - іс-әрекетті ұйымдастыру - іс-әрекеттің технологиясы - тиімді тәсілдерді - іс-әрекеттің қарқындылығы, көлемі, - іс-әрекеттің қарым-қатынастығы (коммукативность) - қойылған іс-әрекетті бақылау - критэрийлерге сипаттама, Оқытудың тәрбиеленуші фуншиясы оқу урдісінің ұйымдастыру Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық-сабақтық жүйе. Сонымен бірге сыныптық-сабақтық жүйенің алдымызға қойып Екінші кемшілік - алғашқы сыныптардан кейінгіге Жалпы мақсат болғанмен, ұжымдық жұмыс көрінбейді. Оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын оятпай Оқуға мотивтерін қалыптастыру жолдарының маңыздыларының бірі Ұжымдық оқу әрекеттерінің кейбір элементері: жолдасының Өзара оқыту идеясы ұжымшылдыққа баулиды. Мұнда Шағын топтарда дербес жұмыстарды ұйымдастыру (еңбекті Сабақ оқытуды ұымдастырудың бірден-бір, жалғыз формасы Оқушылардың бірігіп атқаратын жұмыстарында ұжымдағы іс-әрекет Ұжымдық іс-әрекеттің сабақтарда және сабақтан тыс - ұжымда бір мезгілде жұмыс жасау - жұптасып жұмыс жасау (екі жақты - топтасып жұмыс жасау, ұжымдықтың негізгі - топаралық жұмыс, топаралық мақсат, - фронталдық-ұжымдық іс-әрекет - оқу-танымдық жұмысты - ұжымдық іс-әрекетті педагогикалық мақсаттарға пайдалану Е.Конникова ұжымдық іс-әрекет жетістігінің үш негізгі ол қызықтыратын болуы керек; ол балалардың қызығуларын ескеріп, оған сүйенуі 3) әрбір оқушы оның белсенді мүшесі психологиялық бірлік (еріктік, эмоциялық, интеллектуалдық); дайындық бірлігі (біріккен іс-әрекеттегі әркімнің тәжірибесі); 6) іс-әрекеттің бағыттылығы. Тәжірибелер көрсеткеніндей, танымдық міндеттерді шешуде педагогикалық Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің жемістілігі жөнінде В.Шаталов Балалар мен жасөспірімдердің ұжымдық іс-әрекетін сипаттауда Ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда балалар мен жасөспірімдердің Ынтымақты, үйлесімді, дәл ұйымдастырылған іс-әрекет баланы Ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімділігін екі түрлі Оқушылардың жеке тұлғалық қоғамдық бағыттылығының маңызды Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасуына ұжымдық ісәрекеттердің Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейін үлгеретін және 13


Танымдық белсенділік пен дербестікті қалыптастыру оқушының Оқушылардың дамуындағы алғы басуы сынып жетекшісі Оқу-танымдық іс-әрекетте оқушының даралығын дамытудың маңызды 1.1.Топтық жұмысты ұйымдастыру ережелері (коллаборативтік орта құрудың мәні мен жолдары) Топтық жұмысты ұйымдастыруды неден бастау керек? деген сұраққа жауап бергенде, ең алдымен келесі ережелерді ұстану қажет. Бірінші ереже: Аудиторияны жұмысқа дайындау. Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда (сынып бөлмесінде, кабинетте) компьютер проектор, тақта (оған қоса жылжымалы тақта да болса тіпті жақсы) немесе интербелсенді тақта қол астында бор, флипчарттар плакаттар маркерлер, А-4 форматындағы қағаз болғаны дұрыс. Аудитория үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мысалы, әр сабақта үйренушілер шағын топтар құрамын бірнеше рет өзгертуі ықтимал, сол себепті де парталар мен үстелдер олардың емін еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет. Әдетте аудиторияда оқушылар партадан екеуден отырып, жүздерін оқытушы жаққа беріп отырады. Бұлай отыру олардың бір- бірімен қоян- қолтық араласып, тиімді қарым- қатынас жүргізуіне жәрдемдеспейді: алда немесе арт жақта отырғанымен қалайша әңгімелесуге болады? Отырғанда оқушылар бірбірінің жүздерін көргені дұрыс, ойткені олардың әңгімелесетін, қандай да болмасын мәселені талқылайтын серіктері өз жолдастары болады. Парталарды қоюдың да көптеген тәсілдері бар. Ең бастысы үйренушілердің бәрі де бір мезгілде сабақ жүргізушіні көре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек. 1- Бетпе –бет отырыс

1- Бетпе –бет отырыс

2 қарама-қарсы отырыс

2 қарама-қарсы отырыс

Екінші ереже: Топқа бөлу Әр сабақта оқушыларды шағын топтарға бөліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. үйренушілерді шағын топтарға 4 адамнан бөлген тиімді, олар партаны жағалай бір- біріне бет қаратып отырады.

14


Топқа бөлу әдетте кездейсоқ түрде жасалынады. Алайда тоқсан бойы әрбір оқушы жолдастарының әрқайсымен тоқсан бойы топ құрамында жұмыс жасап шығуы керек. Мұндағы басты мақсат үйренушілерді бір- бірімен тиімді қарым – қатынас құрып, орақ тіл таба білуіне ықпал жасау. Кез- келген адаммен тіл табыса білу -ең басты дағды мен құзырлықтардың бірі. Топқа бөлуді әрекетке негіздеп, қызықты қылып өткізген жөн. Үшінші ереже Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау. Әр сабақтың басында бүгін қарастырылатын тақырып бойынша ұстаз өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, үйренушілерден қандай білім, білік, дағды, әрекеттер күтетіндігін жеткізеді. Содан соң үйренушілердің өздерінен сабақтан нендей нәтиже күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды. Бұл әрекет әр үйренушіде өзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойды нақтылап, оларды «Сабақта мен қандай білім ала аламын?» Ол үшін мен қандай жұмыс пен әрекеттер атқаруым керек? Бұл білім маған қайда пайда бермек? Деген сұрақтар төңірегінде ой – толғаныс жасауға шақырады. Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау. Сабақ басында жұмыс ережелерін қабылдап оларды ары қарай қатаң ұстану үйренушілерді тәртіпке шақырып, тиімді әрі ұнемді түрде жұмыс жасауға қолайлы. Ол үшін әрбір шағын топ бұл мәселені 1-2 минут талқылап алғаннан кейн, олардың ұсыныстарын көлемді параққа флипчарт плакат, түрлі түсті маркерлермен жазып, аудиториянын көрнекті жеріне іліп қоюға болады.Ұстаз тарапынан емес, өздері құрастырып қабылдаған ережелерді үйренушілер мейлінше қадағалауға тырысады. Ережелер сан- алуан болуы мүмкін, мәселен жұмыс регламенты, реті мен тәртібін анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста сыйласымды қарым- қатынас құруға бағытталған жөн. Мысалы, - Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік, - Тұлғанынң жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді сынайық, - Сабаққа кешікпейік, - Қысқада нұсқа сөйлейік, - Уақытты үнемді әрі тиімді пайдаланайық - Біз үшін әр бір пікір құнды, - Жекелей жұмыс жасағанда, бір-бірімізге бөгет жасамайық, - Тыңдай білейік, - Берілген тапсырманы мүлтіксіз орындайық, Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру. Үйренушілерді психологиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Әдетте сабаққа келгендердің бәрі дерлік оқуға белсене араласып кетуге дайын емес, өйткені олардың өздерің ыңғайсыз әрі дискомфортты сезінуі мүмкін. Мұның себептері де баршылық өзіне көтеріңкі жауапкершілік жүктеуі және содан қаймығу, жүрексіну оң нәтиженің шығуына күмәндану, жазалайдан немесе күлкі /мазаққа жығылудан қаймығу, еріншектік пен шаршағандық (мәселен, бірінші сабақта ұйқысын аша алмау, немесе соңғы сабақта шаршау), назарын жинақтай алмай (мәселен, үзіліс кезіндегі оқиғалардың немесе 15


алдыңғы сабақтың әсерінде болу.)Үйренушілердің сабақ барысында барлық шаттылықтардан арылып, ойлау апаратын белсендіріп, жұмысқа толық ниеттеліп, қызу кірісіп, кетуін бірінші мезетте ойсергектер арқылы жүзеге асыруға болады. Ойсергектер арқылы аудиториядағы үйренушілер өздерін жеңіл сезінеді, ашылады, әрқайсысы біртұтас ұжымнның өкілі ретінде күтіп тұрған бірлескен күрделі жұмысты атқаруға дайындалады. Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатынасады. Интербелсенді әдіс аумағында өтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе жұмыс жасау болғандықтан, әр қатысушының жұмысықа белсене қатысқандығы абзал. Үйренушілердің білім игеру жұмысының, оның ішінде әсіресе бірлескен жұмыс әрекеттерінің қызықты әрі тартымды екендігіне көздерін жеткізгені дұрыс. Сол себепті де сабақтың басты тәсілі ретінде топтық жұмыстарды тану керек. Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалады. Суырылып алға шығып сөйлегеннен гөрі, тыңдай білген қиын шығар. Топтық талқылау кезінде барлық үйренушілердің өз пікірін келтіріп, басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін силап, санасатын жағдай жасап отыру қажет. Мұндайда барлық қатысушылардың пікірі тыңдаулы керек. Топтық бірлескен жұмыстан соң (талқылау, пікірлесу, ой қозғау, тапсырманы бірлесе орындау, т.б) әр топқа өз пікірімен көзқарасын жариялау мүмкіндігін беру керек. Ол үшін топ атынан бір үйренуші ( оның «сөйлеуші,» «шешен», «спикер,» «капитан» деп атауға болады) берілген уақыт ішінде өз ойларымен ұйғарімдарын ортаға салады. Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар. Үйренудің басты мақсаты –түлғаның дамуы, оның ішінде әсіресе ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдылардың өркендеуі. Ал жазу (жазба жұмыстары)- ойлаудың шырқау биігі. Жазуды үйренуші сонымен қатар «мен» тұрғысынан өзінің ішкі жан дүниесін ашып, оны асқақтата түседі. Сол себепті де әр сабақта жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды. Ал үйренушінің бүгінгі сабақта нендей және қандай дәрежеде білім алғанын оның өсуіне мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды тек жазбаша жұмыстарды орындауынан ғана обьективті түрде болады. Жазу жұмыстары- оқушы білімін бағалауды дәлелді нысаны. Тоғызыншы ереже. Кері байланыс. Кері байланыс дегеніміз сабақтың мазмұны немесе әдіс- тәсілдері, оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы үйренушілердің ой пікірлері мен эмоциялар, олардың болашықтағы (келесі сабақтарда) өз мұқтаждарын келтіруі. Бұл пікірлер оқытушыға өткізген сабағына баға беріп, оның ұтымды жақтары мен кем –кетіктерін анықтап, өз жұмысына өзгерістер енгізу мүмкіндігі береді. Үйренушілер «сабақ қалай өтті:» «Қызық болды ма?» «Сіз ұшін сабақтың құнды жайттері қандай болды?» «Бүгін не нәрсеге үйрендіңіз? Білдіңіз?» «Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? » «Осы тақырып бойынша тағы не білгің келеді?» «Қандай сұрақтарыңыз бар?» «Сабақтар өткізілу барасында қандай сұрақтарыңыз бар?» «келесі сабақта неге көңіл бөлу керек 16


деп ойлайсыз?» деген сұрақтарды ауызша талқылағаннан кейн, оларға жазбаша жауап беру мен жалғастыру мүмкін. Онда кері байланыс бағалаумен бірігіп,оны орындауға оқушыларға жеткілікті уақыт беріледі. (мысалы 5-10 минут) немесе одан да көп уақыт аралығында. Жауаптарды, мысалы, «Шығу парақтары» тәсілі бойынша беруге болады. «Шығу парақтарында» оқушылар сабақ бойынша мынандай сауалдарға жауап бергені орынды: -Білдім -Білгім келеді, -Ұнады/ Ұнамады, -Сұрақтарым өзіме, оқытушыға, басқа оқушыларға, -пікірім, -тілектерім, -Өз жұмысыма деген көзқарас, -Мен қалайша жұмыс жасадым, -Өз жұмысыма көңілім тола ма, Бұл жерде әр шығу парақтарында үш сұрақ сауалдан аспағандығы естен шығармау керек. Үйренушілердің пікірлері мен қойған сұрақтары оқытушы тарапынан ескеріліп, келесі сабақты соларға жауап берумен бастау мүмкіншілігін береді. Кері байланыс ұстаз бен оқушы арасында сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға бағытталған. Сонымен қатар ол өткен сабақты бағалау мен талдаудың, келесі сабақты жоспарлаудың тиімді түрі болып табылады. 1.2.Сыныпта коллаборативтік орта құруда қолданылатын оқыту әдістері «Әдіс» термині грек сөзі «methodos» шынайыға алып баратын жол, әдіс дегенді білдіреді. Оқыту әдістері – бұл тапсырылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған оқытушы мен оқушылардың реттелген әрекеті. Оқыту түрі – бұл оқу-тәрбие үрдісінің ерекше түрі, оқудың мазмұнының болуы және оны жеткізу әдісі. Білім беруде дәстүрлі түрде жеке-топтық оқыту түрлері қолданылады. Қазіргі кезде оқу үрдісінде келесі әдістер қолданылады: -репродуктивті (меңгерілген үлгі немесе ереже негізінде қабылдау, қатысушылар алгоритмдік сипатта жұмыс істейді, яғни көрсетілген ситуацияларға ұқсас нұсқаулар, ережелер бойынша). -ойын мәселелі түрде жеткізу әдісі (педагог мәселені анықтайды, танымдық қабілетін қалыптастырады, әртүрлі жолдармен тапсырылған міндетті шешу әдісін көрсетеді). -жекеленген-іздеу, немесе жетекшілікпен жүргізілетін эвристикалық әдіс (эвристикалық бағдарламалар мен кӛрсетілімдер негізінде танымдық есептер шешімін белсенді іздеуді ұйымдастыру). зерттеу (материалды, қойылған мәселе мен есеп құрылымын талдағаннан және қысқаша ауызша немесе жазбаша нұсқаулықтан кейін қатысушы әдебиеттерді, 17


оқулық көздерін өзбетінше меңгереді, бақылау мен өлшеу жүргізеді, басқа іздеу жүргізу түрлерін орындайды). Педагог нақты сабақты жүргізудің тиімді әдісін анықтау үшін Ю.К.Бабанский [4, 33 б.] жеті қадамнан тұратын алгоритм ұсынды: 1. Материалдың өзбетінше немесе педагог жетекшілігімен меңгерілетіндігі туралы шешім; егер студент ешқандай күш жұмсамай және көп уақытын жібермей материалды терең меңгеретін болса, педагог көмегінің қажеті болмайды. Керісінше жағдайда басқа немесе сондай түрде педагог көмегі қажет болады. 2. Репродуктивті және продуктивті әдістердің қатынасы. Егер қолайлы жағдай болса, әрине негізінен продуктивті әдістер қолданылады. 3. Индуктивті және дедуктивті логика, танымның аналитикалық және синтетикалық жолдарының қатынасы. Егер дедукция және талдау үшін эмпириялық база дайын болса, әрине дедуктивті және синтетикалық әдістер ересек адамның қолынан келеді. Олар, сӛзсізқатаң, үнемді, ғылыми түрде жеткізуге ұқсас. 4. Сөздік, көрнекі, тәжірибелік әдістерді біріктіру шаралары мен әдістері. 5. Студенттерді жігерлендіру әдістерін енгізудің қажеттілігі туралы шешім. 6. «Нүктелер», интервалдар, бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау әдістерінің түсініктері. 7. Жоспарланған оқыту шынайы үрдісінен ауытқыған жағдайда қосымша нұсқаларын ойлап табу. Оқыту технологиялары жіктеледі: -әрекет ету бағытына қарай (оқушылар, мұғалімдер және т.б.); оқыту мақсатына қарай; -пән сипатына қарай (гуманитарлық, жаратылыстану пәндер және т.б.); -техникалық құралдардың қолданылуына қарай (аудиовизуальды, компьютерлік, видеокомпьютерлік және т.б.); -оқу үрдісінің ұйымдастырылуына қарай (жеке, ұжымдық, аралас); -әдістемелік міндетіне қарай (бір зат, құралдар, әдістер технологиясы). Оқушыларға ұжымдық жұмысын жүргізуде ұйымдастыру, педагогикалық және әлеуметтік жоспарлар жағынан кедергілер туындайды. Топтық жұмыс білім іздеу айтарлықтай нәтижелі болуы үшін, оқушыларға – қызықты, тұлғалық және әлеуметтік маңызды, қоғамдық-пайдалы, жеке мүмкіндіктері бойынша қызметтерді бөлуге болатындай, бірігіп жұмыс істеуді ұсыну қажет.

18


2.БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ. ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ЖҮРГІЗУ НҰСҚАЛАРЫ Педагогикалық тәжрибені талдау көрсеткендей, кейбір оқытушылар ойындық технологияларын игермей жатып оны енгізуге тырысады. Ойындық әдістер, 1932 жылы КСРО пайда болған (мысалы, іскерлік ойын), жаңа технологияның компетентті емес педагогы, ал оқу үрдісінде ситуацияны, кейс немесе тренинг талдау әдістері – іскерлік ойын деп аталады. Педагогикалық жүйеде, сонымен қатар, ойын әдісі оқыту үшін емес, немесе қатысушыны дамыту үшін емес, тек ойын мақсаттарын шешу үшін қолданылады деген қателіктер де бар. Оқу жұмысын белсендіру түсінігі білім меңгеруде, тәжірибеде қолданылатын игерім мен дағдыларын қалыптастыруда студенттердің қызығушылығы мен өзбетінше жұмыс істеуін, шығармашылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін оқыту құралдары мен әдістерін, түрлерін ойлап табуға бағытталған оқытушының мақсатты жұмысын білдіреді. Сонымен қатар, ӛзбетінше шешім қабылдауы және ӛндірістік жағдай болжау мүмкіндігін қалыптастыру. Белсенді оқыту әдістері пассивті оқыту әдістерінен былайша ерекшеленеді: мәжбүрлі түрде ойлау қабілетін белсендіру әдісі қолданылады, оқушы қалауынан тыс белсенді болуы керек; оқушылар оқу үрдісіне айтарлықтай ұзақ уақыт қатыстырылады, себебі олардың белсенділігі қысқа уақытты немесе эпизодты емес, айтарлықтай дәрежеде тұрақты және ұзақ (барлық сабақ көлемінде) болуы керек; белсенді оқыту кезінде өзбетінше қатысушыны шығармашылық шешім қабылдауға жігерлендіреді, эмоционалды және мотивация дәрежесі артады; тікелей және кері байланыс арқылы оқытушы мен студенттің тұрақты түрде өзара байланысы жүзеге асырылады. Имитациялық оқыту түрлерінің белсенді әдістеріне ойындық емес нұсқалары жатады: нақты ситуацияларды талдау (тақырыптық науқасты клиникалық талдау, параклиникалық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдау және басқалары), имитациялық жаттығулар, тренинг; Ойындық түрлеріне жатады: рөлдік, іскерлік ойындар, мәселелі-іскерлік (5-6 оқушыдан тұратын топ жағдайды талдайды және өзбетінше шешім қабылдайды, оқытушы тек шешім қабылдауға әсер етеді, бірақ ол дайын жауаптарды ұсынбайды),зерттеу (ғылыми жоба), ұйымдастыру-танымдық (эссе құрастыру), ұйымдастыруіскерлік ойындар (портфолио), блиц-ойындар (сұрақ-жауап), ойындық жобалау. Берілген оқыту түрлері кәсіби әрекет етуді кӛрсетумен сипатталады, сондықтан оқу үрдісінде белсенді қолданылуы қажет. Белсенді оқыту әдістерінің басты принципі – оқушы «мен істей алмаймын», «мен білмеймін» деген ұстанымдарына тосқауыл қою. Еркін кеңістік принципін ұстану ұсынылады: сабақ қатысушылары еркін қозғалуына, шеңбер бойынша орналасуына, кіші топтарда бірігіп жұмыс істеуіне болады, мәселені шешу, тапсырманы орындау 19


үшін жекелене алады және т.б. Іскерлік оқыту – бұл принцип, концепция, әдістер мен жолдарды тек түсіну ғана емес, алған білімін есте сақтау қабілеті және тәжірибеде қолдану мүмкіндігі. Ұсынылатын оқыту әдістері Дәстүрлі: Ауызша сұрау – материалды меңгергеннен кейін пәннің бір немесе бірнеше бөлімдері бойынша сұраққа жауап және ситуацияларды талдау түрінде жүргізілетін бақылау. Жазбаша сұрау –жеке сұрақтары бойынша тәжірибелік сабақтар орындау, ситуацияларды талдау, есеп шығару, қойылған сұрақтармен жұмыс істеу түріндегі бақылау. Біріктірілген сұрау – бір немесе бірнеше тақырып бойынша жазбаша және ауызша білімін бағалау түрлерін бір мезгілде қолдануды қарастыратын бақылау. Интерактивті (инновациялық): Кейс-стади – өзбетінше ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын кӛрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау. Іскерлік, рөлдік ойындар – студенттерге әртүрлі кәсіби рӛлдерде сөйлеуге және сабақты мәселелі жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқыту әдісі. Ми шабуыл әдісі – топта жұмыс істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде оқушыларға ситуация шешімі жауабының ең көп бірнеше жолын айтуға мүмкіндік беретін, идеялар мен шешімдерді қабылдаудың оперативті әдісі. Топтық дискуссия әдісі оқушыларға талдауға, мәселені құру дағдыларын қалыптастыруға үйретуге, басқа қатысушылармен қатынасқа түсу игерімін дамытуға, сонымен қатар, әртүрлі кәсіби мәселелер бойынша шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әңгімелесудің арнайы түрі. Портфолио – белгілі уақыт аралығында орындалған оқушылардың әртүрлі жұмыстарының жинағы (1,2 аралық бақылау аралығында, семестрде, оқу жылында). Тестілеу – әртүрлі күрделіліктегі өзара байланысты тапсырмалар жинағынан тұратын, білімін мен студенттің басқа да педагогты қызықтыратын жақтарын сенімді және нақты түрде бағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық өлшеу әдісі (В.С. Аванесов). PBL (problembasedlearning – мәселеге-бейімдеп оқыту) әдісі - қойылған мәселемен өзбетінше жұмыс істеу нәтижесінде студент әртүрлі пәндер бойынша компетенттілік құрылымдарын игеретін оқыту әдісі. PBL барысында пәндердің көлденеңінен де (бір деңгейлі пәндер), тігінен де (негізгі және профильді пәндер) интеграциясы болады. TBL (teambasedlearning – кіші топтарда оқыту) әдісі – оқушыларға топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың топтық әдісі. 20


«Кіші топтарда жұмыс» әдісі. Ұзақтығы – 45 мин. 1қадам. Сабақ өзектілігін, мақсаттарын, міндеттерін анықтағаннан кейін мұғалім оқушыларға осы әдістің көмегімен оқушыларды ауызша сұрау жүргізілетіндігін, сабаққа дайындалудың теориялық деңгейі анықталатындығын түсіндіреді. 2 қадам. Мұғалім шарттарды атайды: кіші топтар құрылады (жұптар), оларға нақты тапсырмалар беріледі; жауап, шешім дайындауда кіші топ мүшелерінің барлығы белсенді қатысуы керек; оқушылар ұжымжа жұмыс істеу дағдысын, ойлау қабілетін көрсетеді, мәселені түсіну мен шешу жолдарының жалпы жолдарын іздейді; сұрақтарға жауаптар нақты, схемалары анық және түсінікті болуы керек; кіші топтарда жұмыс істеу уақыты – 15 мин.; топтағы жұмыстар нәтижелері 5баллдық бағана бойынша бағаланады; әр топқа 3 карточкадан беріледі, олар – жасыл (дұрыс жауап), қызыл (дұрыс емес жауап), сары (толық емес жауап, толықтыруды қалаймын). Бұл карточкалар студенттермен кіші топтар алдына қойылған тапсырмалар шешімінің нәтижелерін бағалау үшін қолданылады. әр кіші топқа жауап беруге 5 мин. Уақыт белгіленеді Егер қатысушы берілген уақытта үлгірмесе, мұғалім кіші топты жазалайды (1 балл алынады), нақты емес және толық емес жауап үшін де 1ден 3ке дейін балл алынады. 3 қадам. Мұғалім кіші топтарға тапсырма береді. 4 қадам.Кіші топтардан спикер таңдалады. Әр кіші топ кезекпен жұмыс нәтижелерін көрсетеді. Мұғалім тапсырманың дұрыс шешілгендігі туралы басқа кіші топтың қатысушыларымен ой бөліседі және сәйкес түрлі түсті карточканы көтеруін сұрайды. Егер толығырақ және нақты жауап берілсе немесе маңызды мәліметтермен толықтырылса, осы оқушы танысушысы болып табылатын кіші топқа 1 балл қосылады. Мұғалім оқущылардың жауаптарын түзетіп отырады. 5 қадам. Кіші топтарда жұмыс істеу қорытындысы шығарылады. Әр кіші топтың қорытынды баллы хабарланады. Мұғалім осы сұрау түрі туралы оқушылардың ойын сұрайды – не қызықты болды, немесе керісінше, не күрделі болды және т.б. Егер уақыт жеткіліксіз болса, жазбаша түрде «кері байланыс» жүргізуге болады. Оқытушы «кіші топтарда жұмыс» әдісі бойынша сұраудың аяқталуына қарай оқушыларға сабақтың келесі сатысы хабарлайды. «Рөлдік ойын» әдісі. Белсенді оқытудың имитациялық ойындық әдісі, келесі белгілермен сипатталады: тапсырманың болуы (мәселе) және шешім шығаратын қатысушылар арасында рөлді бөлу; ойын қатысушыларының өзара қатынасы. Әрқайсысы өз рөліне сәйкес басқа қатысушылардың ойымен келісуге немесе келіспеуге құқылы, өз ойын білдіре алады немесе т.б.; 21


сабақ үрдісіне мұғалім түзету шараларын енгізеді. Мұғалім талдауды үзіп, осы тапсырманы шешу кезінде ескерілуі қажет кейбір жаңа мәліметтерді хабарлай алады, талдау арнасын басқа жаққа бұра алады және т.б.; оқытушы және оқушылар ойынының қорытындысын шығару және нәтижелерін бағалау. «Балық сүйегі (білім діңгегі)» әдісі. «Балық сүйегі» Фишбоун әдісінің артықшылықтары: жағдайды суреттеу, тез қимылдау, негізгісін анықтай білу игерімі қалыптасады; көпшілік алдында баяндамамен сөйлеу дағдысы қалыптасады; коммуникативті дағдылары қалыптасады – жауап беріп жатқан адамға деген сыйластық қатынасы; алынған мәліметтерді талдау дағдысы қалыптасады; әдіс теориялық біліміндегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді; сабақтың соңында теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларының сызықты жүйесі шығарылады. «Конференция» әдісі. Белсенді оқытудың берілген әдісі сабақтың тақырыбы күрделі болған кезде, меңгеруде 1. Жылдам қимылдау дағдысы қалыптасады 2. Негізгілерін анықтау дағдысы қалыптасады 3. Көпшілік алдында баяндамамен сөйлеу дағдысы қалыптасады 4. Коммуникативті дағдылары қалыптасады – жауап берушіге деген сыйластық қатынасы 5. Берілген мәліметтерді талдау дағдысы қалыптасады 6. Әдіс теориялық біліміндегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді 7. Сабақтың соңында теориялық білімі мен тәжірибелік дағдылары бойынша білімдерінің сызықтық жүйесі түзіледі Әр баяндамашы конференцияға дайындалу барысында тақырыпты терең меңгереді. Баяндамалар көрнекі материалдарын (схемалар, А3 форматындағы кестелер, фотосуреттер, суреттер) көрсету арқылы ауызша түрде болуы да мүмкін, сонымен қатар, электронды презентация түрінде болуы мүмкін. Презентация 8-10 слайд көлемінде болуы керек, бірінші слайдта тақырыбы, баяндамашының аты-жөні, дайындаған күні көрсетіледі. Кейіннен тақырыптың өзектілігі, статистикалық мәліметтер беріледі, тақырып ашылады, қорытынды жасалады. Слайдтарда мәтіндік бөлімі 10 қатардан аспауы керек, бағана шрифті 30 болуы керек. Презентацияда негізінен ақпараттық көрнекіліктер болуы 22


керек. Слайдтарды рәсімдеу қарапайым болуы керек, өте қанық шрифттер, анимациялық суреттер, карикатуралар және т.б. қолданылмайды, анимация қолданылу ұсынылмайды. Түстерге қойылатын талаптар – 1 слайдта 3 түстен артық болмауы керек. «Басқарушы қол» әдісі Бес саусақтан тұратын жұдырық – еңбек жеңісінің қуатты энергиясына ие: Саусақтарды ретімен атайық: • Бірінші – Мәселе (міндеті, мақсаты).Мәселені түсіну, және одан ең маңызды ақпаратты немесе мәліметті бӛлу. • Екінші – Адамды шешім шығаруға жігерлендіру. Егер мәселеге эмоционалды қызығушылығы болмаса, оны анықтауда белсенділік болмайды. Тапсырма мақсатын оны жеке құндылықтармен немесе адам қажеттіліктерімен байланыстыра отырып, нақты анықтап алу. • Үшінші – Қиындықтар. Бұл болуы мүмкін барлық кедергілер мен қиындықтар, олар арқылы шешім шығаруға және ӛз тактикасы мен күтетін нәтижесін ӛзгертуге мәжбүр болады. • Төртінші– Чек-парақтар. Чекпарақтар – бұл істер, стандарттар, дағдылар, аспаптар, ресурстар мен негізгі компетенциялар жинағы, олар мәселені шешу үрдісінде қажет болады. • Бесінші- Үрдіс. Жеңіске жетуді бақылау. Үрдісті түзету және қолдауды бағалау жүйесі. «Ұқсастық немесе айырмашылық» әдісі Бұл тапсырмада оқушыларға екі оқиғаны қарастыру ұсынылады және олардың қай белгілері ұқсас, қай белгілері өзгеше екендіктерін жазулары керек. Мысалы: Абай мен Ыбырайдың ұқсастығы мен айырмашылығын жазу немесе айту. (Жұппен жұмыс) «Беделбелгі (рейтинг)» әдісі Оқушылардан баға түрінде берілген бірқатар пайымдаулар мен критерийлердің деңгейлерін қарастыру талап етіледі.Олар әр түрлі пайымдауларды қандай деңгейге жатқызу керектігін шешу керек.(Әбден келісемін, келісемін, білмеймін, келіспеймін, мүлдем келіспеймін) Тапсырма “Бірігіп жұмыс істеу” №

пікірлер

менің пікірім

1

Оқушылардың топтарда бірігіп жұмыс істеуі мұғалім үшін қиынға соғуы мүмкін, бірақ қызығы да мол. 23


2

Бірге жұмыс істеу арқалы біз басқа оқушылардың да ойын біле аламыз.

3

Бірігіп жұмыс істеудің ең басты шарты – тыңдай білу.

«Дұрыс/бұрыс» әдісі. Бұл тапсырманы орындауда оқушылар тұжырымдарға зер салып, олардың дұрыс немесе бұрыстығын шешеді.Бұл ескі ұғымдарды бекітіп, оқушыларды негізгі құжаттардағы қажетті жауаптарды іздеуге жұмылдырудың және олардың түсініктерін тексерудің жақсы тәсілі болуы мүмкін.Әдетте осының нәтижесінде көптеген пікірталастар туындайды. Тапсырма “Дұрыс па?” 2.1.Топтық жұмыс жасау барысында оқушыларды оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау Бағалау критерийлерінің қолдану реті: 1. Топтық жұмыс кезінде жеке оқушылардың жұмысын бағалау (кесте); 2. Өзара бағалау (кесте) 3. Оқушылармен жүргізген сауалнама (топтық жұмыста не ұнады, қандай рөлді атқарды, рөлін қалай орындады, қойған мақсаттарына жетті ме, не қызықты болды, не нәрсе ұнамады, т.б.) 4. Мұғалімнің бағалауы. 5. Презентацияны бағалау. 1. Топтық жұмыс кезінде жеке оқушылардың жұмысын бағалау (кестеге сәйкес); Топтағы берілетін рөлдер: 1) Лидер/Көшбасшы (Leader) 2) Хатшы (Scribe) 3) Дизайнер (Designer) 4) Спикер (speaker) 5) Тайм-кипер (Time-keeper) КӨШБАСШЫ/ЛИДЕР (LEADER): Топқа бағыт-бағдар беріп, мақсатқа жетелеп отырады. Соңғы нәтиженің қандай болу керектігін үнемі еске салып, топтың барлық мүшелерінің ой-пікірлерін тыңдайды. Өзінің сезімдерін білдіріп басқалардың да сездімдерін байқап отырады. Талқылау барысында әрбір топ мүшесінің өз даусы болғанын қамтамасыз етеді. Ұсынылған идеяға байланысты нақтылы фактілер мен анықтамалар беруді сұрайды.

24


УАҚЫТ ӨЛШЕУШІ (TIME-РEEKER): Берілген уақыт пен сөз сөйлеу регламентін бақылап отырады. 30 секунд бұрын сөйлеп тұрған спикерлерге уақыттың аяқталып қалғандығы туралы белгі береді. ХАТШЫ (SCRIBE): Топтың шешімімен қабылданып, мақұлданған ақпарат туралы жазып отырады. Топтың барлық мүшелері ұсынған идеялар мен пікірлер туралы ескертулер мен белгілер жазып отырады. ДИЗАЙНЕР (DESIGNER): Топтың барлық мүшелерін ілтипатпен сыңдайды. Жоба-презентацияның безендірілуіне жауап беріп, оған түрлі ақпарат енгізеді және интернет ресурстармен (түрлі сайттар, суреттерді іріктеу, анимациялар жасау, т.б.) СПИКЕР (SPEAKER): Жоба-презентацияны қорғайды. Балл

ДЕСКРИПТОРЛАР

«1»

Топтық жұмысқа немқұрайлылықпен қарап, өз бетімен отырады. Топ ішіндегі талқылауға мүлдем қатыспайды және де ешқандай идеялар ұсынбайды. Ештеңе білмеймін деген сылтаумен өз ойын айтып жеткізбейди. Топ мүшелеріне мүлдем көмектеспейди. Ешқандай сұрақтар қоймайды. Топтағы міндеттерін орындамайды.

«2»

Топ жұмысына немқұрайлылықпен қарағанымен, кей кездері мән бергендей болады. Талқылауға қатысуға ықылас білдірмейді, сондықтан тақырыпқа мүлде қатысы жоқ идеялар ұсынады. Топтағы міндеттерін лайықты түрде орындамайды.

«3»

Топ жұмысына қатысады. Талқылауға қатысуға тырысқанымен, көпшілікке түсініксіз идеялар айтады. Топ мүшелеріне көмектесуге талпынғанмен тым көп артық сұрақтар қояды. Қанағаттанарлық деңгейде топтағы міндеттерін орындайды.

«4»

Топтық жұмысқа белсенді түрде қатысады. Әр түрлі идеялар ұсынып, талқылауға қатысады. Ұсынылған ақпаратты жалпылап, қорытындлар жасай алады. Барлығын мұқият тыңдап, тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды. Бар көңілі мен ықыласын берілген оқу тапсырмасына жіберіп жұмыс жасауға тырысады. Топтағы міндеттерін жақсы орындайды.

«5»

Топтық жұмысқа белсенді түрде қатысады. Алуан түрлі идеялар айтып, түрлі ұсыныстар жасайды. Талқылауға қатысып, барлығын да мұқият тыңдайды, ал кей түсініксіз жайттар болып жатқанда ғана сұрақтар қояды. 25


Бар көңілі мен ықыласын берілген оқу тапсырмасына жіберіп жұмыс жасайды. Қойылған мақсаттар мен міндеттерді нақты түсінеді. Тәптіштеп толық түрде талдау жасап, анық қорытындылар жасай алады. Топтағы міндеттерін жоғары деңгейде атқарады.

2. Өзара бағалау (кесте) Топты бағалау критерийлері (сағат тілімен) КРИТЕРИЙЛЕР

«1»

«2»

«3»

Топтағы ынтымақтастық

Топ мүшелері міндеттерді бөлуге немқұрайлы қарайды. Өз ойларын айтуға ешқандай ықылас білдірмейді. Өз араларында бөлген міндеттерін орындамай, топ ретінде жұмыс жасай алмайды. Қойылған міндеттерді түсінбей, алға қойған мақсатқа жетуді көздемейді.

Топ мүшелері міндеттерді бөлуде өз ойларын білдіріп, сол міндеттердің дұрыс бөлінуіне түрлі ұсыныстар жасайды. Берілген міндеттерін жауапкершілікпен орындап, бір-біріне көмектесіп отырады. Алға қойылған мақсатқа жету үшін барлығы бірдей атсалысып, нәтижеге жетеді.

Топ мүшелері топтағы міндеттерді бөлуге белсене қатысып, алуан түрлі идеялар мен ұсыныстар айтады. Оларды қалай орындау керек, қандай талаптар қою керектігіне үлкен мән береді. Өз мойнындарына алған міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, оларды бұлжытпай орындайды. Қойған мақсаттарына жету үшін барлық туындаған мәселелерді жанжақты талқыға салып, саралай алады. Соңында үздік нәтиже көрсетеді.

Тәртіп

Топ мүшелері бірін-бірі тыңдамай, сөздерін бөліп отырады. Топ арасында

Топ мүшелері жұмыс барысында тәртіптің маңыздылығын түсінгенімен, арасында екінші топтың жұмыс

Топ мүшелері топқа берілген тапсырманы орындауға бар ынталарын салып, өз ойларын еркін жеткізе алады. Екінші топ

26


сыйластық төмен деңгейде. Осының нәтижесінде топта шу пайда болып, басқа топтың жұмыс істеуіне қиындық туғызады.

істеуіне және өз жұмыстарына кедергі келтіріп отырады. Дегенмен, топтағы тәртіп жаман емес.

мүшелеріне кедергі жасамау мақсатында топтағы тәртіпке үлкен мән береді.

Материалдың, тапсырманың, тақырыптың ашылуы

Берілген тапсырма бойынша тақырып ашылмағандық тан түсінуге қиын. Қойылған мақсатқа сәйкес келмейді, мазмұны тақырыптан ауып кеткен.

Берілген тақырып ашылған, дегенмен біраз олқылықтар бар. Мәселелер жан-жақты қарастырылғанымен де, тақырыптың мазмұны қойылған мақсаттан ауытқыған. Айтылған нәрселер басқа топ мүшелері арасында түсініспеушілік туғызды.

Берілген тақырып толыққанды ашылған. Барлық мәселелер жан-жақты қарастырылып, мазмұнына үлкен мән бөлінген. Топтың шешімін жариялағанда барлығы басқа топтарға түсінікті. Жоғары дәрежеде орындалған.

Басқа топтардың жобапрезентациялар ын тыңдау, сұрақ қоя алу қабілеттері

Басқа топтың жобапрезентациясы н тыңдауға қызығушылық білдірмейді. Сұрақ қоюға ықыластары жоқ болғандықтан, тақырыпқа сәйкес келмейтін сұрақтар қояды.

Басқа топтың жобапрезентациясын қызығушылықпен тыңдайды. Сұрақтар қоя білу қабілеттері жаман емес, дегенмен ойлары жинақталмаған, шашыраңқы.

Басқа топтың жобапрезентациясын тыңдау барысында үлкен қызығушылық көрсетеді. Барлық айтылған жайттарға зор мән беріп, қойған сұрақтары нақты, анық, әрі жүйелі. Сұрақ қоя білу қабілеттері жоғары деңгейде.

27


2.Тапсырма «Топта пікірталасқа қатысуын бағалау» Топты Топтағы Тәртіп (басқа ң аты ынтымақтаст топтың ық жұмысына (міндеттерді бөгет бөлу және жасамау оларды тапсырманы орындау) орындауда енжар болмау)

Материалды ң тапсырманы ң, тақырыптың ашылуы

Басқа топтардың жобапрезентациялар ын тыңдау, сұрақ қоя алу қабілеттері

ЖАЛПЫ

1 топ

3

2

1

2

8

2 топ

2

2

2

1

7

3 топ

2

3

2

2

9

4 топ

3

1

2

5 топ

3

2

2

1.

2. 3. 4.

БАЛЛ

8 2

Критерийлер

Біз берілген тапсырма мен сұрақтарды түсініп алуға, тырысып, бір- бірімізбен бөлісеміз.бір- бірімізге көмектесеміз Бір- бірімізді тыңдап, ойлар мен пікірлерімізді сыйлап, олармен санасамыз Тәжірибеден дәлел келтіріп, нақты идеялар мен ойларды келтіреміз Біз талқыланған мәселені пән аумағында ғана қарастырмай, оны кең тұрғыдан түсіндіруге тырысамыз Барлығы:

28

9

Бес баллдық жүйе бойынша бағалау


Бағалау өлшемі «төмен» - 5-9 балл «орта» – 10-14 балл «жоғары» - 15-19 балл «өте жоғары» – 20 балл 3.Тапсырма Топ жұмысын бағалау кестесі Критерийлер Идеял Жолда Идеял Сұрақ арды стары ардың қою ұсыну н топ дербес жұмыс тігі ына жұмыл дыру Мұрат + + Асан + + Айгүл + + + Мадина + + + + Самғат + + Топ бойынша 4 3 3 3

Сұрақ тарға жауап беру

Белсен Жалп ділік ы балл

+ + + + 4

+ + + 3

4 3 4 6 3 20

2.2. Тәжірибелік шеберлік сыныптар жоспары Тақырыбы: Оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану Мақсаты: Мектеп ұстаздарын курс Бағдарламасымен таныстыру, оқытудың жеті модулі туралы түсінік бере отырып, оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану оқушыларды бітімге, келісімге қол жеткізуге үйрету. Міндеттері: - оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді оқытудың тиімді әдістерін пайдаланып, жаңа білімді игеру; - Топтық жұмыс нәтижесінде оқушылардың әртүрлі ұстанымдармен алмасуға ықпал ету; - Ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылардың құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас жасай отырып, өз идеяларын ұсына білуге, әртүрлі ұстанымдармен алмасуы. Оқытудың нәтижесі: Сабақ соңында әр мұғалім топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдалануға ұмтылуы Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс, АКТ, СТО, оқытудағы басқару және көшбасшылық. 29


Күтілетін нәтиже: Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады. • Қолдану, түсіну және талдау: өз тәжірибесінде мұғалім топтық жұмысты тиімді пайдалана білуге дағдыланады, оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалана алатынын көрсете алады, топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді. • Бағалау: Өзін - өзі, өзгені бағалауды үйренеді. Ресурстар н/е құрал - жабдықтар Интерактивті тақта, бейнеслайдтар. Бірлескен жұмыстарға негізделген тәсіл 1 - «Алтын топ ережесін» құру; 2 - Сергіту сәті; 3 - Ой бөлісу, пікір алмасу. Коучинг сабағының жүру барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі (сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу). II. Мұғалімдерді түрлі - түсті стикерлер арқылы 3 - топқа бөлу. III. Мұғалімдердің өзін - өзі таныстыруы. IV. Алтын топ ережесі, топтық жұмыстың маңызы мен талаптары. V. Сергіту сәті.(«Қызыл өрік» биі). VI. Постер қорғау(Акула балығы) VII. Мұғалімдердің рефлексиясы. VIII. Екі жұлдыз, бір тілек.

1. 2. 3. 4.

Тақырыбы: «Сыныпта, мұғалімдер арасында, мектепте коллаборативті ортаны қалай құруға болады? - идеялар және тәжірибелер" Жалпы мақсаты: Қатысушыларға сыныпта, мұғалімдер арасында, мектепте коллаборативті ортаны қалай құру әдістерімен таныстыру. Барысы: Танысу (5минут) Миға шабуыл (10минут) Топтық жұмыс (25 минут) Рефлексия (3 минут) 1. Танысу (2- минут) «Менің бойымдағы ең жақсы қасиет» тренингі Мақсаты: қатысушылардың өзін-өзі бағалау арқылы таныстыруы және топқа бөлу Барысы: Барлық қатысушылар шеңбер бойына жиналып, сағат тілінің бағытымен есімін және өз бойындағы ең жақсы қасиетін айтып өзін таныстырады. Мұғалімдер ұқсас қасиеттері немесе ортақ мүдделері бойынша 5 топқа бөлінеді. 2.Топтастыру (3- минут) «Мазайка» әдісі арқылы мұғалімдерді 5 топқа бөлеміз 3. Миға шабуыл.(10 -минут) 30


Блиц-сұрақтар (1-слайд). Қатысушылар алғашқы берілген үш мақалды бағалау тақырыбымен байланыстырып, ассоциация жасайды. 1) Коллабаративті орта дегеніміз не? 2) Сыныпта коллабаративті орта ны қалай орнатуға болады? 3) Жұптық топтық жұмыстар арқылы коллабаративті ортаны қалай қалыптастырамыз? 4.Топтық жұмыс (25- минут) FILA кестесі (мәтінмен жұмыс) (2-слайд) FILA кестесін толтыру жайлы нұсқаулық • Facts бағанына проблемалық сценарийдің (мәтіннің) фактілері жазылады. • Ideas бағанына аталған ситуацияның тууына себеп болады -ау деген идеялар жазылады. • Learning issues бағанына Ideas бағанындағы идеяларды жүзеге асыруға көмектесетін сұрақтар жазылады. • Action plan бағанына проблеманы шешетін нақты жоспар жазылады. (әрекет Ideas и Learning issues-ке сәйкес болу керек). Топтарға флипчарт, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер таратылады. Дайындыққа 5 минут, қорғауға әр топқа 3 минут беріледі. Әр жарияланымнан кейін топтар бір-бірінің жұмысын ауызша «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды (формативті бағалау) 5 минут 5. Рефлексия (5- минут) Кері байланыс «Бағалау ағашы» арқылы жүргізіледі. Қатысушылар себеттегі алма, гүл және жапырақтарды флипчартта бейнеленген ағашқа жапсыру арқылы өткізілген тренинті және өзін-өзі бағалайды, мұндағы: Алма – бүгінгі тренингтен түйгенім өте көп, маңызды болды. Гүл – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды. Жапырақ – бүгін материалдарды түсіндім, бірақ қосымша әлі де ізденуім қажет.

31


Тақырыбы: «Оқушылардың сыни дағдыларын дамытатын тапсырмаларды дайындау " Мақсаты: Қатысушыларға оқу мен оқытуда сыни ойлауға жетелейтін әрекеттерді ұйымдастыру жолдарын қарастыру, сыни тапсырмаларды дайындау әдістерін меңгерту Оқу нәтижелері: • сыныпта оқытуды жақсартуға қажетті диалогтің сипаты туралы сыни тұрғыдан ойланады; • пән арқылы баланың сыни ойлауын дамытуға бағытталған жұмыстарды құра алады; • сындарлы оқыту туралы сыни тұрғыдан ойланады. Барысы: 1.Өлең жолдары бойынша топқа бөліну – 3 минут. 2.«Бір-біріне тілек айту» ойсергегі – 2 минут 3.Жұптық жұмыс (15- минут) 4.Топтық жұмыс (20 минут) 5. «Мен сыни ойлауды қалай түсінемін?» тақырыбына эссе жазу – 6 минут. Жариялау – 4 минут. Рефлексия – 5 минут 1.Топтастыру (2- минут) 32


Өлең жолдары бойынша топқа бөліну 2. Жұптық жұмыс (15-минут) Интерактивті тақтада слайдтар беріледі топта мұғалімдер талдайды (1-слайд )

(2-слайд)

3.Топтық жұмыс (20- минут) « Болжау әдісі» «Адам болып қалу» мәтінмен жұмыс (3-слайд) 1. Екі ананың арманы орындалды ма? Қалай? 2. «Қара шашты ананы бақыт айналып өтті» деуге бола ма? Неліктен? 3. Қара шашты ананың тәрбиесіндегі данышпандық неде|? 4. Ақ шашты анаға қалай көмектесуге болады? 4.«Мен сыни ойлауды қалай түсінемін?» тақырыбына эссе жазу 5. Рефлексия (5- минут)

Тақырыбы:«Фишбоун әдісінің мүмкіндіктерін қолданудың тиімді жақтары"

33


Мақсаты: Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін тапсырмалар орындату жұмысына әдістемелік көмек беру. -

-

Міндеттері: Мәтін талдауға, сыни ойлауға дағдыландыру; Өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалауға үйрету; Мұғалімдерді кәсіби дамудың жаңа үлгілері мен өз құзыреттілік өлшемдерін анықтауға үйрету; Фишбоун әдісімен таныстыру, ерекшеліктерін талдау; Таратпа жекелеген, топтық тапсырмалар арқылы әдістің тиімділігін айқындату; Күтілетін нәтиже: Топ ішіндегі тапсырмаларды өзіндік «менін» топ мүшелерінің ортасына сала отырып, сыни пікір ұсынады; Жаңа әдістермен жұмыс істей отырып, өз жұмысына сыни көзқараспен қарауды үйренеді; Өзгелердің жұмысын бағалайды; Барысы: 1. Танысу (2- минут) «Менің бойымдағы ең жақсы қасиет» тренингі Мақсаты: қатысушылардың өзін-өзі бағалау арқылы таныстыруы және топқа бөлу Барысы: Барлық қатысушылар шеңбер бойына жиналып, сағат тілінің бағытымен есімін және өз бойындағы ең жақсы қасиетін айтып өзін таныстырады. Мұғалімдер ұқсас қасиеттері немесе ортақ мүдделері бойынша 5 топқа бөлінеді. 1-Іс-әрекет: Барлық қатысушы шеңбер құрып тұрып, «ойлау бутерброды» әдісін орындайды. 1-қадам: бүгінгі шеберлік сыныбына қатысу іс- әрекетіңіздің пайдалы 3 жағы; 2-қадам: бүгін қандай және кіммен жұмыс жасаймын деп ойлайсыз? 3 -қадам: бүгінгі жұмыс алдындағы өзіңізге деген тілегіңіз.

2-Іс-әрекет: Топтастыру су жануарлары ( сазан, шортан, акула, кит) болып топтасады. 3-Іс-әрекет: Әр топқа әр түрлі заттар таратылады. 1- топ: қалың кітап; 2- топ: сызғыш; 3- топ: қаламдар; 4-топ: стакан (мейлінше көп қолданылу мүмкіндіктерін атау) топта талқылайды, қорғайды. Осы заттарды не үшін қолдануға болады деп ойлайсыз/бұл заттардан не істеуге болады? Ойлануға уақыт беріледі, жауабын параққа жазады. Оқыту, басқа топтардан да қосымша пікірлерін сұрау. Рефлексия: тапсырманы орындаудағы ерекшелік неде? Ойлауда қандай процесс жүреді деп ойлайсыз? 34


4-Іс-әрекет: Миға шабуыл. Сіздер алдыңызға берілген заттардың көптеген қолданылу мүмкіндіктерін атадыңыздар. Енді балықты қорек еткеннен басқа қалай қолдануға болады деп ойлайсыздар? Басқа салаларда қалай қолдануы мүмкін? Талқылау, бөлісу. 5-Іс-әрекет: Слайдпен жұмыс, таныстырылым көрсету «Фишбоун» талқылау 6-Іс-әрекет: Тәжірибеге енгізу. Ресурстармен жұмыс. «Адам болып қалу» мәтінін жеке оқып алу, топта талқылау, тапсырмаларды орындау. Алғаш мәтінмен танысып алады. Кейін «фишбоун» әдісі бойынша мәтінге талдау жасайды. Постер жасайды. Топ спикері жариялайды. 7-Іс-әрекет: Эссе жазу «Не ексең, соны орасың...» 8-Іс-әрекет: Әріптестерге кері байланыс парағын толтыру ұсынылады. Рефлексия: «Фишбоун» әдісін қолданудың өзектілігі неде? Балаға бағытталған оқытуда тиімді ме? Кері байланыс Сіз үшін не маңызды болды?

Не толғандырды?

35


36


ҚОРЫТЫНДЫ Оқу құралында ұсынылып отырған белсенді оқыту әдістері («тізбек», «балық сүйегі», «конференция» және басқалары) оқытуда қолданылып келеді. белсенді сабақтарға қатыса отырып, оқу қызықты екендігін көрсетті, оқушыларда ойлау қабілеті, талдау жүргізу мүмкіндіктері жетіледі, ораторлық шеберлігі қалыптасады және сөйлеу қабілеті жетіледі, оқушылар сенімдірек және белсендірек бола түседі. Әрине, дәстүрлі емес оқыту әдістерін барлық сыныптарда

бірдей жүргізе беру мүмкін емес, себебі олар оқушылардың

жеткілікті негізгі компетенттілігіне және үлгірімінің жақсы, жан-жақты болуына негізделген. Осыған қарамастан, «әлсіз топтар» арасына да оларда өзбетінше даму және өзбетінше жетілу потенциалын, оқуда жетістіктерге жету қабілетін арттыра отырып, белсенді оқыту әдістерін енгізуге ұмтылу қажет. Барлығы бірдей сапалы болып шықпауы да мүмкін, барлық кезде мақсаттарға жете бермейміз және тақырып толық ашылмайды, бірақ оқушылар өзбетінше жетілу қажеттігін түсінеді, оларда оқуға деген қызығушылық пайда болады. Оқу үрдісін белсендіру үшін оқыту әдістерін жетілдіру, оқу бағдарламалары мен

оқу

құралдарын

құрастырудың

жаңа

принциптерін

ойлап

табу,

мұғалімдердің жұмысын жетілдіру, оқыту әдістерін жекелендіру және оқушының жеке қасиеттерін толық ескере отырып, тәрбиелеуді жетілдіру қажет. Барлық кезде де орталық тармақ – ол оқушы, қатысушы тұлғасы.

37


ӘДЕБИЕТТЕР 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей Астана, 2013 ж. 2. Тренерлерге арналған Нұсқаулық, үшінші (негізгі) деңгей Астана, 2013 ж. 3. Интербелсенді әдістемені ЖОО - да қолдану мәселелері". Оқу құралы/А.Қ Әлімов - Алматы, 2013 ж. 4. Медициналық жоғарғы оқу орындарындағы белсенді оқыту әдістері: оқу құралы /С.Сарсенбаева, Ш.Рамазанова, Н.Баймаханова - Алматы, 2011ж. 5. Мынбаева А.К., Садвокасова З.М.. Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать: учебное пособие. – 4-ші баспа, қосымша – Алматы, 2010. – 344 б. 6. Педагогика и психология высшей школы М.В.Буланов-Топорков жетекшілігімен: оқу құралы. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2002. – 544 б. 7. Панфилова А.П. Игровое моделирование в деятельности педагога. Мәскеу: «Академия» баспа орталығы, 3-ші баспа, 2008. – 368 б. 8. Анисимов В.В., Грохольская О.Г., Никандров Н.Д.Общие основы педагогики – М.: Просвещение, 2006. 9. Пугачев В.П. Тесты, деловые игры, тренинги в управлении персоналом: ЖОО студенттеріне арналған оқулық. – М.:Аспект Пресс, М., 2001. – 285 б. 10.

Загашев И.О., Заир-Бек С.И., Муштавинская И.В. Учим детей

мыслить критически. 2-ші баспа. — СПб: «Альянс «Дельта» «Речь» баспаханасымен бірігіп, 2003. —54-72 б.

38


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.