Жаркинбаева, сейданова

Page 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН КӨПТІЛДІ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Тараз, 2014


ӘОЖ 811.13+371.1 О-52

Пікір жазғандар: Тойганбекова Ш.М. – п.ғ.к.,қау.проф. «Басқару жіне білім сапасы» кафедрасы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Копбаева М.Р.- ф.ғ.д., «ИТжЖҒГПӘО» кафедраның меңгерушісі «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Сараптау кеңесімен ұсынылған (23.04.2014ж №3 хаттамасы)

ойлау қабілеттерін дамыту, Әдістемелік құралда оқушылардың инновациялық технологияларды қолдану, сыни ойлау, өзін-өзі жетілдіру және шығармашылық потенциалдарын дамыту жолдары қарастырылған. Тәжірибелік құрал жалпы орта білім беру мектеп мұғалімдеріне арналған.

ӘОЖ 811.13+371.1 О-52

ISBN:978-9965-37-177-6

©ДжаркинбаеваГ.А., Сейданова Д.А., 2014


КІРІСПЕ Тiлдердi оқыту үрдiсiнде танымдық қызығушылықты жетiлдiру – оқушыларды ойлай бiлуге, өздiгiнен iзденiп, келелi мәселенiң шешiмiн табудың жолын белгiлеп, оның нәтижелi болуына кеңiрек мүмкiндiк бередi. Таным мәселесi жөнiнде философтар, психологтар, педагогтар әр саладан үнемi де үздiксiз талдап, талқылап келедi. Бұл жүйеде қазақ халқының кемеңгерлерi айтқан даналық ойлар кейiнгi ұрпаққа аңыз, әңгiме, ертегi, жыр, мақал-мәтел түрiнде жеткендiгiн айғақтайтын деректер баршылық. Ал педагогика классиктерiнiң шығармашылық еңбектерiнде, ғылыми зерттеулерiнде, педагогикалық трактаттарында таным туралы кейде тiкелей, кейде жанама түрде толассыз сөз етiлген. Адам дүниенi көзбен көрiп, құлақпен естiп, мұрынмен иiскеп, қолмен ұстап таныса, сөз арқылы түсiнiп, сезiнiп, ұғынып тану өз алдына үлкен әлем. "Бала санасына сiнген ұғымдардың көпшiлiгi кейiн, уақыт өте келе ересек адамның әрекетiне ұласады", - деп Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев "Еуразия жүрегiнде" атты кiтабында орынды көрсеткен. Егемендiкке қолы жеткен елдi өркендететiн жас мемлекеттiң экономикалық, саяси, әлеуметтiк мәдени дамуына үлес қосатын бүгiнгi мектеп оқушысын, ертеңгi қайраткерлердiң танымдық қызығушылығын қалыптастыруда тiлдiң атқаратын қызметi ерекше зор. Дамудың тарихи кезеңдерiне байланысты талдаулар жасалып, оның мән-мазмұны туралы пайымдаулар жасалған. Тарихи өткеннен тағылым алып, болашағын жобалай бiлудi ұғынуда тiлге деген танымдық қызығушылықтың орны ерекше. Ал мектептегi тiлдердi оқыту үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың себебi мен салдарын ашып, оның iлгерi жетiлдiре түсу өмiр қажетiнен туып отырған проблема, оны педагогикалық тұрғыдан зерттеудi жұртшылық зарыға күтiп отыр, тақырыптың өзектiлiк мәнi осында. Ұсынып отырған әдістемелік құралдың мақсаты оқушыларға тілдерді оқыту үрдісінде танымдық қызығушылығын және көптілде сөйлеу қабілеттерін қалыптастыруды ғылыми– теориялық тұрғыдан негіздеу және ғылыми–әдістемелік жағынан қамтамасыз ету. Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға, оқу үрдісінің сапасын арттыруға, ағылшын және орыс тілі пән мұғалімдерін дайындауға және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарында пайдалануға болады.

3


І ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 1.1 Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастыру-әлеуметтік-педагогикалық мәселе Қазақстанның қазiргi кезеңдегi қарқынды даму жолындағы елдi демократияландыру, әлеуметтiк өркендеу саласындағы талпыныстары бiлiм беру жүйесiн жаңаша өркендетiп оқыту, тәрбие үрдiсiн жетiлдiрудi талап етiп отыр. Егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңіңде, оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қатынастарды калыптастыруы, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы, әр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруы шетел тілінің рөлін көтеруді қажет етеді. Қоғамдағы геополитикалық, коммуникациялық, технологиялық өзгерістер және интернет жүйесі арқылы тілдесу әр түрлі мамандықтағы, әр түрлі жастағы, әр түрлі қалауы, қызығушылығы бар адамдардың санын мейлінше көбейте түсуде. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де артып келеді. Тіл-тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады. [1, 6] Шетел тілін орта мектепте оқыту дәрежесін арттыру, әсіресе қазақ тілінің мәртебе алуына байланысты шетел тілін ана тілімен салыстыра оқыту республикада халыққа білім берудің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Тұлғаның гуманистiк, гуманитарлық қалыптасуына ықпал етiп, танымдық қызығушылығын қалыптастыруда мектепте оқылатын тiл саласындағы пәндер ерекше мәнге ие болуда. Өйткенi, теориялық, практикалық ұғым, түсiнiктер ғылымның қай саласында болса да тiл арқылы меңгерiлетiндiгi ешбiр талас туғызбайтын ақиқат шындық. Осы орайдан тiлдердi оқыту үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тиiмдi жолдарын айқындай түсу және оның өмiрге үйлесiмдi мiндеттерiн шешу қазiргi кезеңдегi педагогика ғылымының басты бағдары болып табылады. Сондықтан тек жеке бiр ғана тiлдi оқыту аясында шектелiп қалмай, бiлiм берудiң жалпы дидактикалық негiздерiн басшылыққа ала отырып, мектеп оқушыларына тiлдердi оқыту арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру проблемаларын шешу бүгiнгi күннiң ынтызар тiлегi екендiгi және оның тиiмдi әдiс, тәсiлдерiн аша түсу өмiр қажеттiгiнен туындауда. Оқушылардың танымдық қызығушылығы бүгiнгi өркен жайып қарыштай дамыған ғылымды шеруге деген iзденiсiмен сәйкессе, ол тек тиiстi деңгейде табысқа жетiп, оны бiлiп қана қоймай, келешекте оны өрiстете түсуге ықпал ететiнi сөзсiз. Қашанда ертеңгi iс бүгiннен бастау алары ақиқат. Ол үшiн шәкiрттi оқи бiлуге, оқығанын көңiлiне тоқи бiлуге қалыптастыру және ондағы заңдылықтарды меңгеру мен дағдыларды бойына сiңiру, үйрету – педагогика ғылымының негiздерiн басшылыққа ала бiлумен шарттас. Ал тiлдердi игеру де оны пайдалана бiлу танымдық қызығушылықпен бiрлiкте шешiледi. Әдетте, тұлғаның бiлiмдi меңгеруi, өмiрдi түйсiнiп түсiнуi, тану әлiппесi сөздi, сөйлемдi және оның мәнмағынасын ұғынудан бастап өркендейдi. Осы орайдан Мұқағали Мақатаев орынды айтқан: Бар кiтапқа бас болған, Әлiппе – ғылым атасы. Әлiппеден басталған, Даналықтың данасы. Оқу әлiппесi сияқты ғылымға бастар жолдың әлiппесi таным, түсiнiк, ұғымға қызығушылықтан бастау алады. Демек, мектеп оқушысын iздендiруге. өзiн-өзi тануға, қоғамдағы қарым-қатынасқа тиiстi бағыт-бағдар ұстай бiлуге үйрету және оған баулу тiл арқылы жүзеге асады. Сондықтан тiлдi меңгеруге ынталандыру танымдық қызығушылықпен бiрлiкте шешiлетiн күрделi мәселе болғандықтан бұл жеке пән әдiстемесi аясында ғана шешiлмейтiн педагогикалық проблемаға айналып, қазiргi Қазақстанда мемлекеттiк тiлдi, ағылшын, орыс тiлдерiн меңгеруге ниет қойып отырған кезде, оны игеруге деген қызығушылық қалыптастырудың тиiмдi де ортақ жолдарын көрсету уақыт талабынан туып 4


отырған келелi мәселе. [2, 25] Тәуелсiздiкке қол жеткен жылдардан берi әлемдегi көптеген елдермен саясиәлеуметтiк, экономикалық, мәдени байланыс жасауға кеңiнен бет қойдық. Бұл қарымқатынастың нәтижелi болуы, ел мен елдiң, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бiрлiгiн өркендеуге тiл бiлудiң мәнi күн сайын арта түсуде. Ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәнде болады деп бiлсек, тiлдердi оқыту арқылы оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру әрi теориялық, әрi қолданбалы жүйесiн бiрлiкте қарастырумен қатар оның өнер екендiгiн де ескерген жөн. Өйткенi, игерiлуге тиiстi ұғым, сөздiң мәнi, айтылмақ ойтүсiнiк оқушыға әсер етерлiктей болса, ол тиiстi деңгейде көңiл толқытып, тереңiрек ойландырады. Сондай-ақ, әсер санаға ерекше ықпал етедi. Әсердiң нәтижесi бiр жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екiншi жағынан танымдық түсiнiктi қалыптастырады. Үшiншiден, танымды жүзеге асырып, оны өмiрде қолдана бiлуге жол ашады. Бұл үрдiске педагогикалық тұрғыдан қарасақ алға қойылған мақсатқа жетудегi мазмұн, оның жүзеге асырудың формалары мен әдiстерi және тиiстi нәтижеге жетудегi оқушы мүмкiндiгi бiрлiкте шешiлуге тиiс. Осы орайдан бұл ғылыми-зерттеу жүйесiнде ұстанған әдiснамалық, тәсiлдiк бағдарға уақыт мәресiнен, мезгiл деңгейiнен қарауды басты меже еттiк. ХХI ғасырдағы бiлiмдендiрудiң жүйелiк саласындағы басты ұстаным – сапалы түрде iске кiрiсiп тиiмдi әрекеттену, құндылықтарды тұтынып, нәтижелi табысқа жету. Бұл қағиданы тұтына бiлген тұлға сөзсiз табысқа жетедi. Көздеген мақсаты орындалады. Дәлiрек айтқанда, бұл нәтижеге ие болудың кiлтi. Ал бiлiмдендiрудiң арнасын кеңейткен интернетке қосылу, педагогтардың кәсiби мамандығын жетiлдiру, ақпараттық тасқын, дамудағы жылдамдығына көз iлеспейтiн бүгiнгi шапшаңдық, бiлiм жүйесiндегi жаңалықтар мен өзгерiстердi игеру осыған дейiнгi қолданылып келген әдiс, тәсiл, амалдарға бой бермей отыр. Ұзақ жылдар бойы қолданыста болып, жұртшылық мойындаған бiлiм беру, оқыту, тәрбиелеу әдiстерi уақыт талабын өтеуде әлсіздiк танытып, кейбiр жағдайда оған ескiлiктiң қалдығы тұрғысынан қараушылық сияқты көзқарастар да байқалып қалады. Қоғамдық ғылымдар жүйесiндегi ғалымдардың ғылыми-зерттеу деректерiне жүгiнсек – соңғы отыз жылдағы ақпараттану көлемi осыған дейiнгi бес мың жылдағы ақпараттар көлемiмен тең екендiгiн айқындап берiп отыр. Осы орайдан қарағанда адамзат ғұмырында ғасырлар бойы жинақталған деректерге қоса бүгiнгi қарқынды өркендеген бiлiмнiң тиiстi салаларындағы мазмұнды игеру үшiн оны оқу мен оқытудың әдiстерi мен тәсiлдерiн жаңаша жетiлдiру, өзгерiстер енгiзудi өмiрдiң өзi-ақ талап етiп отырғандығы баршаға аян. Соңғы жылдарға дейiн бұрыннан қолданылып келген байырғы әдiстермен шектелдiк, одан қазiрде де айыға алмай отырғанымыз рас. Ол әдiстер бойынша басты ұстаным - мұғалiм "түсiндiредi", ал оқушы "тыңдайды", қайталап айтып бередi. Шындығына тереңiрек үңiлсек ұстаздың айтқанын, көрсеткенiн, берген теориялық түсiндiрулерiн шәкiрт естiп, ұғынды, бiлдi деген күннiң өзiнде де оқушының бәрi бiрдей тиiстi дәрежеде әрекетке көшiп, тындырымды еңбектенiп, құлашын кеңге жая алмайды. Жаттампаздыққа бейiм самарқаулықпен шалағай орындаушы деңгейiнде қалып қояды да өзiндiк iс-әрекеттен сырттап, жайбарақаттық пен сүлесоқ тыңдаушы ретiндегi дәрменсiздiк шырмауында қалып қояды. Бейiмдеушiлiк шеңберiнен шыға алмайды. Осыдан барып өзiндiк бiлiм-танымы нашар, түсiнiгi әлжуаз, шалғай бiлiмдiлер көбейедi. Ал өте қабiлеттi, бiлiм алуға бейiм, күштi оқиды деген санаулы оқушылар ғана салыстырмалы түрде айтқанда талап деңгейiнде үлгередi де, қалған көпшiлiк оқушы таным деңгейi әлсiз, бiлiм дәрежесi төмен, қызығушылығы нашар үлгермеушiлер қатарын көбейте түседi. Мұның көрiнiсiн кез келген мектептен байқауға болады. Бұл олқылықты жоюға ықпал ететiн және оған қозғау салатын әсерлi жолдың бiрi – тiлдердi оқытудың технологиясын жетiлдiрумен сабақтас. Өйткенi, белгiлi мазмұнды дұрыс ұғынып, түсiну – сөздiң мәнiн, терминнiң сыр-сипатын нақты тани бiлуге тәуелдi. Шындығына келгенде оқушының бiлуге деген қызығушылығы ғана олардың белсендiлiгiн, өздiгiнен iзденуге деген ынтасын демейтiн ықпалды күш. Сөздiң мәнiн түсiнбеген адам айтылып отырған мазмұнды ұғына алмайтындығы белгiлi. Сондықтан тiлдердi оқыту үрдiсiнде қай 5


тiлде болмасын, ол қазақша ма, ағылшынша ма, орысша ма алдымен тiлдiң лексикалық мәнмағынасын меңгере бiлуге және оны игеруге зейiн қойып, соған бағдарлау шарт. Танымдық қызығушылық тұлғаны қозғаушы күш екенiн естен шығармаған абзал. Тiлдердi оқытуға байланысты танымдық қызығушылық өз алдына оқшау жатқан мәселе емес, оның әдiснамалық жолы басқа ғылымдармен бiрлiкте шешiледi. Философиялық тұрғыдан келгенде әдiснама – теориялық және практикалық iс-әрекеттi құру мен ұйымдастырудың тәсiлдерi, принциптiк жүйесi болуымен қатар таным мен ұғымның ғылыми әдiстерi туралы iлiм.. Педагогикалық зерттеудiң әдiснамасы ғылыми танымдық iс-әрекеттердiң тәсiлдерiн, формасын, оның құрылымдық принциптерiн бiрлiкте қарастырады. Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, айырмашылықтары мен ұқсастықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесіне ұғым туады. “Таным ... практикалық қызмет барысында іске асады”. Педагогикалық ғылыми-зерттеу әдiснамасының принциптерi философиялық таным теориясынан бастау алатын және онымен тамырластығы тұлғаға берiлетiн бiлiм, тәрбие, оқыту және даму мәселесiн бiр-бiрiнен бөлмей тұтастықта қарайды. Сондықтан да тұлғаның мәдениеттенуi мен әлеуметтену барысындағы танымдық қызығушылығы саласындағы аксиологиялық құндылықтарды және меңгеру технологиясы мен шығармашылық жолдарды жетiлдiрудегi адами даму мен өзiндiк меннiң өркендеуiндегi тұтастыққа бүгiнде ерекше назар аударылып отырған антропологиялық, этнопедагогикалық танымдармен бiрлiкте қарау уақыт талабынан туып отырған заңдылық. Әсiресе, шәкiрттерге тiлдердi оқыту үрдiсiнде атқарылатын iс-әрекет арқылы олардың өзiндiк iзденiсiн, қызығушылығын қолдау табысқа жетудiң кiлтi. Оқушылардың танымдық белсенділігі туралы А.Дистерверг баланың ақылойын және қабілетін дамыту – оқыту барысындағы қызығушылығы мен белсенділігі деп көрсетті. [3, 12] Ж.А.Қараев өз еңбегінде оқушылардың белсенділігінің оңтайлы деңгейіне төмендегідей шарттармен қол жеткізуге болатындығын дәлелдеп, көрсеткен:  әрекет мотивінің қалыптасуын қамтамасыз ету: нақты әрекет барысында танымдық қажеттілігін қалыптастыру, тұрақты танымдық қызығушылығын тәрбиелеу;  оқу үрдісінде өзін-өзі басқару негізінде білім жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз ету: ақпаратты өңдеу, жоспарлай білу, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіне-өзі бақылау жүргізу арқылы интеллектуалды біліктілікті қалыптастыру;  әрбір оқушыны сабақта белсенділікке жұмылдыру: ұжымдық жұмыс жағдайында жеке оқушымен жұмыс; оқушының оқу-танымдық әрекетіне бақылау жүргізіу. [4, 10] Демек, оқушының бiлiм алу саласындағы iс-әрекет танымдық қызығушылығының өркендеуiне тұлғаның көзқарасының қалыптасып, уақыт деңгейiне үйлесiмдi табыстарға жетуiне жол ашатындығы ақиқат шындық. Ал мұның нәтижесi ертеңгi еңбеккер, қоғамды өркендететiн тұлға болуына ықпал етедi. Сонда танымдық қызығушылық тек тiлдiк фактор ғана емес, тұлғаның iс-әрекетi мен көзқарасындағы саналылықты жетiлдiретiн қозғаушы күш деп таныған абзал. Осы орайдан келгенде педагогикалық теориялар мен оның практикалық жолын өркендетiп, аға ұрпақтың қол жеткен құндылықтарын тұтына отырып, оны уақыт деңгейiне үйлесiмдi жетiлдiру үшiн жалпы және кәсiптiк орта оқу орындарында тек пән ретiндегi бiлiм беретiн тiлдердi оқыту үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру жолдарын көрсетiп, оның тиiмдi әдiстiк технологиясын айқындай түсу ешбiр кезек күттiрмейтiн келелi мәселе екенi әркiмге-ақ аян. Осы орайдан әдiснама тұлғаның өзiнөзi жаңалыққа қарай өзгеруге бағыттаудағы ғылыми әдiстердiң танымдық жолдары туралы iлiм екендiгiн тiлдердi оқытуға қызықтыру тұрғысынан қарастырдық. Егемендi қазақ елiнiң жаңа әлеуметтiк-саяси-экономикалық қатынастарға көшуiне байланысты орта оқу орындарындағы оқытудың дидактикалық жүйесiн уақытқа үйлесiмдi жетiлдiрiп, бiлiм берудiң тұжырымдамалық негiзiне сәйкес тiл саласындағы пәндердi оқыту үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тиiмдi жолдарын белгiлеу өмiр қажеттiлiгiнен туындауда. Осы орайдан бүгiнгi таңда орта оқу орындарында 6


бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесiне жаңаша қарап оқушылардың саяси-әлеуметтiк, отаншылдық, азаматтық танымдық сезiмiн тәрбиелеп, шығармашылық мүмкiндiктерiн өрiстетiп және әр тұлғаның өздiгiнен дамуына әсер етудегi танымдық қызығушылығын қалыптастыру проблемаларын педагогикалық тұрғыдан ғылыми зерттеу көкейкестi де өзектi мәселе. Өйткенi, қызығушылық – туа бiткен сана емес, ол тұлғаның қалыптасу нәтижесi болып саналады, қоршаған әлеуметтiк ортамен, әсiресе, тәрбие және оқыту процесiмен айқындалады. [5, 29] Сондықтан да Л.С.Выготский былай дейдi: "Адамның әрбiр даму сатысындағы психологиялық функциялары жүйесiз, автоматты кездейсоқ түрде емес, ол тұлға бойындағы белгiлi бiр қызығушылықтарға, белгiлi бiр бағытқа бағыттап, белгiлi бiр жүйе арқылы әсер етедi". Қызығушылықтың қалыптасып дамуы әуестiк, құмарлықтан бастау алады. Әуестiк – әдеттен тыс таңқаларлық, күлкiлi нәрселерге сырттай қызығудан өрiстейдi, ал құмарлық – қызығушылықтың күрделi сатысы, мұнда нысаналы әрекетке бар пейiлiмен ынталы кiрiседi. Ал құмарлық тұлғаның бойына тұрақты қасиет болып орнықса, сол саладағы белсендiлiгi арта түседi. Нағыз қызығушылық – бұл iс-әрекеттiң тиiстi бағытта өркен жайып, тұрақты танымға ұмтылуы болып шығады. ДЖ.Къюминс оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың сабақта, сабақтан тыс уақытта ұйымдастыру жолын айқындаған. [6, 17] Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқыту мен тәрбие берудің үздіксіз процесі деп атап көрсеткен.. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында – “Тілдердің үштұғырлығы” мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі –мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. [7, 3] Тiлдердi оқу және оны меңгеру барысында оқушының қызығуының қалыптасуы тұлғаның белсендiлiгін, iс-әрекеттегi бастамшылығын дамытады. Соның нәтижесiнде дербестiк, ынта-ықылас, шығармашылық қасиеттер жетiледi. Оны қызығушылықтың қалыптасу теориясы мен практикасы жан-жақты айқындап та, дәлелдеп те отыр. "Педагогикалық технология" дегеніміз не? Бұл жөнінде В.П.Беспалько өзінің "Слагаемое педагогической технологии" деген еңбегінде былай дейді: "Оқу – тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асу жобасы". Демек, технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдынала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. [8, 22] Инновациялық технологиядан ұзақ жылдар бойы тәптәуір болып келген өнімсіз ісәрекеттерден арылудың бірден-бір жолы. Технология туралы өз пайымдауымызша, ол ең біріншіден, диагностиканы басшылыққа алған, жеке тұлғаға қарай бағытталған мақсатты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру. Жеке тұлға, ең алдымен өз әрекеті арқылы ғана дамиды. Ал, әрекет іс-қимылдармен жүреді. Технология – жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты педагогикалық жүйе. Технология оқытудың, білім берудің, жеке тұлғаны жанжақты дамытудың жаңа нәтижелі ізденістерін талап етеді. Баланың білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау – технологияның басты белгілері болып табылады. Қоғамдағы өзгерістерге байланысты бүгінгі білім беру жүйесінде оқытудың жаңа әдістеріне көшу қажеттілігі туып отырғаны белгілі. Сондықтан да қазіргі уақыт талабы ұстаздан жаңа әдісті, шығармашылық ізденісті талап етеді. Әрбір мұғалімнің негізгі міндеті – оқушыларға терең де тиянақты білім беру. Осындай мақсатта шетел тілі сабақтарының дәстүрлі емес түрлері, яғни театрландырылған сабақ, саяси сабақ, аукцион сабақ, кіріктірілген сабақ, жарыс сабақ, конференция сабақ, "Не?", "Қашан?", "Қайда?", "Жиырма 7


бірінші ғасыр көшбастаушысы", "Алтын дала", т.б. сабақтардың түрлерін және оқу үрдісінде жаңа оқу ағымына сай технологиялар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге не тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. [9, 18] Шетел тілін оқыту кезінде бейнематериалдармен жұмыс істеп, айрықша шығармашылық ойлауды қалыптастыруға, оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырып күшейтуге, сондай-ақ оқу материалын зерделеп, жеделдетуге мүмкіндік береді. Шетел тілін оқыту барысында бейнематериалдарды пайдалану оқушылардың басқа тілде қарым-қатынас жасаудың барлық қырларын жан-жақты көруді қалыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді. Себебі, екеуі бірлесіп тілдік және әлеуметтік-мәдени бөлшекті құрайды, ал бұл нақты жағдайдағы қарым-қатынастарға тән құбылыс. Қазіргі уақытта бейнематериалдар шет тіліндегі вербалдық қатынасқа оқытудың барынша тиімді және қол жетерлік құралы болып табылады. Бұл өте маңызды жайт, себебі психолог мамандардың пікірінше, көру мен есту сияқты сезім мүшелері арқылы адам қоршаған әлем туралы мәліметтердің басым бөлігін алады. Сонымен бірге, көру арнасы арқылы біз барлық қабылданатын ақпараттың 69 %-іне дейін аламыз. Шетел тілін оқу барысында бейнематериалдарды пайдалану оқушылардың аз уақытта айтарлықтай әлеуметтік-мәдени тұрғыдан, оның ішінде жадының маңызды әсері бар ұйымдасқан нысанда білім алуына мүмкіндік береді. Бейнематериал арқылы мұғалім оқытудағы жеке адамның орнын жандандыруға мүмкіндік алады, өз сабақтарына жаңа екпін береді, көңіл-күй аясын кеңейтеді. Бұл жағдай окушылардың назарын аударуға ғана емес, белгілі бір дәрежеде оларды ынталандыру мен мүдделі етуді нығайтады. Бейнематериалдармен жұмыстың жаңаша тиімді тәсілдері Дж. Хармер ұсынған үш құрылымдық элементке негізделген әдістемелік үлгі жобалардан тұрады, яғни үш әдістемелік модельден – қарапайым модель – "Стрела" Статья I. "Бумеранг" моделі 1) "Лоскутная" (құрастыру) моделі Бұл модельдердің әрқайсысы үш сатыда жұмыс істеуді қамтиды: тарту (вовлечение), зерделеу (изучение), жандандыру (активизация). Тарту – бұл сатыда мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушыларда үйренетін материалға деген қызығушылық тудыру, оларды оқыту процесіне эмоционалдық жағынан тарту, олардың көңіл-күйіне әсер ету. Зерделеу – жаңа материалды үйретуді білдіреді. Бұған грамматикалық құрылыммен жұмыс та, жаңа лексикалық материал да, жеке сөздер мен сөз тіркестерін айтуды үйрену, мәтіннің стилистикасына көңіл бөлу және т.б. жұмыс жатады. Кез-келген жағдайда осы сатыда оқушылардың барлық зейіні тілге - оның құрылымына, функцияларына, кұрамдас бөліктеріне ауысуы тиіс. Жандандыру – бұл сатының мәні қарым-қатынас жасаудың нақты жағдайларына барынша жақындатылған ахуалдарда үйренген тілдік материалды пайдалану мүмкіндігін беру болып табылады 1. Стрела моделі бойынша тарту сатысында, көбінесе мұғалім бейнематериалдарды көріп болғаннан кейін әр түрлі формада оқушыларға сұрақтар қояды. Зерделеу сатысында оқушыларға әр түрлі деңгейде тапсырмалар беріледі, кадрды тоқтатып қойып. 1. Мына кейіпкер не деді? 2. Оның сөйлемі қандай формада тұр? 3. Кейіпкердің сөзін әрі жалғастыр, т.б. Жандандыру сатысы. Бұл топқа бөліп, топпен жұмыс істеуден тұрады: 1-ші топқа бейнематериалдың кейіпкерлерін суреттеу; 2-ші топқа диалог (ауызекі сөйлеу) құру; 8


3-ші топқа шағын әңгіме құрастыру, т.б. тапсырмалар беріледі. 2. "Бумеранг" моделінде оқушылармен рөлдік ойындар, іскерлік ойындар ұйымдастыруға болады. 3. Соңғы әдістемелік модель (құрастыру) көбіне жоғары сынып окушыларымен жүргізіледі. Окушылармен әр түрлі тақырыпта жарнамалық роликтер ұйымдастырылады. Бейнематериалдармен жұмыс істеудің тағы бір тиімді әдісі – бейне-диктант. Диктанттың бұл жаңа формасы дәстүрлі диктанттарға қарағанда өте қызықты. Бұл формадағы диктант оқушыларды орфографиялық, грамматикалық қатесіз жазуға, өз бетімен жеке жұмыс істеуге баулиды. 1. Диктант суреттер арқылы беріледі.  Диктант мәтінінің әр сөйлемдерінің негізгі сөзі беріледі.  Диктант мәтінінің әр сөйлемі беріледі.  Ең соңында диктант мәтіні экранда түгел беріледі. 1. Бейне диктант өшіріледі. Оқушылар: а) өз бетімен диктант мәтінін құру; ә) бұл тапсырманы орындап болған соң оқушылар енді өздерінің жазған диктанттарын бейне-диктантты іске қосып, өздері тексереді. б) диктант аяқталғаннан кейін окушыларға; мысалы: диктанттың тақырыбы "Теңіз жағасындағы демалыс" болса:  Оқушыларға "демалыс" туралы шағын әңгіме құрастыру;  "Демалысты өткізу жолдары" тақырыбында пікір-талас;  Осы диктант тәрізді суреттерге қарап, өз беттерімен үйден диктант құрастыру сияқты тапсырмалар беруге болады. Осы сияқты толып жатқан оқыту технологияларының қай-қайсысын алсақ та шетел тілі сабақтарын тиімді өткізудің бірден-бір көзі. Ал, біздің сабағымызда жиі қолданылып жүрген жаңа технологиялар: 1-суретте көрсетілген. Ұжымдық ойлар әрекеті Мәтінмен жұмыс істеу

Ән үйрету Тиімді технология Обалап

Бейнематериалдармен жұмыс

Сурет 1– Шетел тілі сабақтарында қолданылатын тиімді технологиялар. Бұл технологияларды пайдаланудағы мақсатымыз - балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, еркін сөйлеу дәрежесіне жеткізу. Осы технологияларды пайдаланудағы қол жеткізген жетістігіміз – оқушылар мәтіндердің мазмұнын еш қиындықсыз баяндап беруге, өз ойларын еркін жеткізе білуге, ізденіп өз беттерімен құрастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге, топпен жұмыс істеуге дағдыланады. Мұғалімдер ісіндегі жауапкершілікті К.Д.Ушинский: "Мұғалім өзінің үздіксіз білімін көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденісті тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады", - деп орынды көрсеткен.

9


1.2 Оқушылардың танымдық қызығушылығының мәні, құрылымы және мазмұны Мотивация – оқушының зейінін оқылатын мәселеге шоғырландырады, оның ойлау белсенділігін қоздырады және оқушыларды оқу үрдісіне бағыттайды. Таным мотивациясы – оқушының оқитын нысанасына және оның ойлау қабілетінің белсенділігін қоздыруға бейімделген. Психологиялық заң былай дейді: “Баланы белгілі бір әрекетке бейімдеу үшін, ең бірінші оның сол әрекетке дайын екендігін анықтаған абзал”– Л.С.Выготский. [6, 24] Орта оқу орындары жүйесiндегi тiлдердi оқыту барысында оқушылар-дың танымдық қызығушылығын тек сөйлеу тiлi арқылы ғана жүзеге асады деп қарауға келмейдi, сөйлеу тiлден тыс, өзге де жол-жосық, каналдық арналар бар. Ольфактометриялық тұтыну, тактильдiк сезiнiп түйсiнумен қатар көзбен көруге болатын, құлақпен еститiн, жанасу арқылы ұғынатын, т.б. амалдар мен тәсiлдердi iс жүзiнде, әр түрлi жағдайда, сабақ барысында пайдалануға болатындығын айтарлықтай зейiн қоймағанмен күнделiктi оқыту iсi барысында көрiп жүрмiз. Оны ұстаздар "тұлғаның дене тiлi", "тәндiк тiл", "қимыл-қозғалыс тiлi" деп те атап жүргенi рас. Бұл саланы зерттеген тiлшiлер оның танымдық мәнмазмұнындағы айтылмақ ой-түсiнiкке қарай дыбысқа елiктеу, құбылысқа елiктеу, түрлi болмысқа, т.б. елiктеу деп айдар тақса, қазақ тiлiн зерттеушi ғалымдар –әр қырынан талдаған болатын. Сондықтан ағылшын тiлi, орыс тiлi саласындағы тiл бiлiмiн зерттеушiлер дене мүшелерiнiң коммуникациялық құрал болуы тұрғысында жазған "Язык лица", "Язык жестов", т.б. еңбектер баршылық. Грек тiлiндегi "қасында, жанында" деген мағынадағы сөзден бастау алған паралингвистикалық ғылым саласы пайда болып, түрлi танымдық ұғым түсiнiктi бiлуге байланысты пантомимика тiлiнiң коды – ым мен ишаратпен қатарласа, жарыса қолданылатын құбылысқа айналды. Осындай ықпалды әсер оқушылардың танымдық түсiнiгiн өрiстетуге, өздiгiнен ойланып әрекеттенуге бағдарласа, мұғалiм де тек сөйлеумен ғана шектелiп қалмай тиiстi iс-әрекетке орай және мәселенiң мазмұнына қарай пайымдау жасауына тура келедi. Ақпараттық мағлұматқа қарай немесе диалог кезiнде мұғалiмнiң басын шайқауы, қолын сiлтеуi, көзiн қысуы, мұрнын тыжырайтуы, тiзесiн бүгуi, т.б. құбылыстар ұстаздың шәкiрттермен қарым – қатынастағы үйреншiктi әдетi сияқты көрiнуi де ықтимал. Шындығында мұғалiмнiң қимыл-қозғалыс арқылы берген белгiсi, астарлай жеткiзген ойы оқушының танымдық түсiнiгiне берген бағасы ретiнде олардан танымдық мүмкiндiгi жөнiндегi ойын өзiнше саралап, қайтадан пысықтап, мәселеге басқа қырынан келуiне бағдар беретiн жол деп түсiнуге де болады. Дене және ым мен ишараттың әлеуметтiк педагогикалық мәнiн айқындай түсуде лингвистикалық психология ғылымы саласында түрлi ғылыми зерттеулер жүргiзiлгенiмен де оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың негiздерiн ашуға боларлықтай арнаулы еңбектер әзiрге жоқ деуге тура келедi. Тiл сабақтарының барысында қолданылатын кейбiр ым мен ишараттар тұтас сөйлем, мән-мағыналы ұғымдық сөз, фраза орнына жұмсалатындығын ескерсек, шәкiрттiң оқу пәнi ретiнде бiлiм алып отырған тiлдiң лексика, синтаксис, фразеология, семантика салаларына байланысты танымдық түсiнiгiнiң кеңейе түсуiмен қатар, ұғымдық мәндi әлi де тереңiрек бiлуге деген қызығушылығын арттырады. Нақты ақпараттық хабар вербалдық немесе сөйлеу тiлiнiң құралдары арқылы берiлсе, ол рәмiздiк (символдық) таным-түсiнiктер бейвербалдық құралдар негiзiнде жүргiзiледi де ақпарат диалогқа қатысушы екi жақтың эмоциялық әрекетi сезiмдiк түйсiнуi арқылы аңғарылады. Тiл сабағы барысында оқушының ым мен ишаратқа мән беруi немесе рәмiз жөнiнде өзiндiк тұрғыдан ойлануы олардың танымдық қызығушылығын, бiлiмдiк таным деңгейiн тереңдетiп, өзiнше ойлана отырып пайымдау жасаудың мүмкiндiгiн арттырудағы тиiмдi жолдың бiрi. Тiлдердi оқыту үрдiсiнде оқушының қызығушылығын қалыптастыруда олардың өзiндiк 10


тұрғыдан iзденiп, өзiнше дербестiк танымындағы ынтасын қолдап, тиiстi көрiнiстiк кескiндi барлап болжай бiлуге бағдарлау тек тiлдiк жеке сөздердi меңгеруге ғана емес, логикалық танымын жетiлдiрiп, бойындағы қабiлетiн ашып-айқындай түсуге де әсер етедi. Мұндай дағдылардың қалыптасуы тек бүгiнгi күн үшiн ғана емес, тұлға болмысының ертеңгi болашағының жарқын да кемелдене түсуiне жол ашатындығына ешбiр күмән келтiруге болмайды. Қазiргi нарық заманындағы басты ұстаным – барыңды ұқсат, жоқты тап, өзiңе-өзiң сенiмдi бол десе, оның жүзеге асуының қайнар көзi оқушыны мектептiк кезеңнен бастап iздене бiлуге, түйсiне бiлуге, өздiгiнен ой топшылай алуға, мәселенiң түйiнiн ретiмен шешiп, тиянақты шешiм шығаруға қалыптастыру екенi даусыз заңдылық. Бұл ұстанымға педагогикалық қағида тұрғысынан қараудың ешбiр артықшылығы жоқ. Өйткенi, танымдық қызығушылық өз-өзiнен пайда бола салмайтындығы ұстаздық жолдағы әрбiр маман жақсы түсiнедi. Тек әсерлi ықпал, белгiлi бiр себептердiң нәтижесi кейде ерiктi, кейде ерiксiз түрде iздентедi. Тұлға iздену барысында ой азабын кешiп, көңiлге алған жұмбағын шешу жолында өзiнше пайымдық тұжырымға келедi. Демек, танымдық қызығушылық жөнiндегi халықтық түсiнiкпен айтқанда "ол себепке де себеп керек" десе, образды тiлмен Абай атамыздың даналығына жүгiнсек "Ұйықтап жатқан көңiлдi ән оятар" деуiңiз мән-мағынасы осындай таным-түсiнiктiң iшкi сырын бiлуге саяды. Сондықтан "Ғашықсыз тiл – тiлсiз тiл, көзбен көр де iштен бiл" деп сезiмнiң санаға орнығып, өзара ұғынысуды дәл меңзейдi. Көру арқылы сезiну бiлуге жол ашады. Бiлу үшiн тану керек. Танымдық қызығушылық – iзденiстi тереңдетудiң ақиқат жолы. Оқушы қағида сипатындағы бұл түсiнiктi шын тұтынған жағдайда оқу үрдiсi барысында танымдық мүмкiншiлiгi жетiлумен қатар олар тек қана жалаң тiлдiк сөз қорын дамытумен шектелiп қалмай, сөздiң мазмұндық мәнiн тұлға неғұрлым сапалы ұғынса бiлiмдi меңгерудiң технологиясы өрiстейдi. Бiз бақылау жүргiзген Тараз қаласындағы №4, 9 мектептерінде тiл пәндерiн оқытуда байқалған олқылықтарды жою саласында тиiстi деңгейде талпыныстар жасадық. Басты кемшiлiк тек оқулық аясындағы мәтiнмен ғана шектелiп, оқушы ондағы мазмұндық мәндi, сөздiң лексикалық сипатын түсiнбесе де дұрыс баға алу үшiн, өзiн жақсы жағынан көрсету үшiн жаттауға мәжбүр болатын. Осыдан барып жаттампаздыққа бой ұратын, мұның өзi бiртiндеп дағдысына сiңiп кететiндiгiн аңғардық. Ал оны болдырмау жолдарын қарастырғанда дәстүрлi оқыту әдiстерiнде үздiк деп танылған амалдарға зейiн қойдық. Еуропалық стандарт бойынша күнделiктi қарым-қатынастағы сөздерден екшелiп алынған 1200-1500 сөздi игеру сол тiлде сөйлесiп, өзара түсiнiсуге болатындығы бұрыннанақ дәлелденген шындық. Осыны ескердiк те мемлекеттiк құжаттардағы талапты сақтай отырып, оқытылатын тiл пәнiнiң бағдарламасына үйлесiмдi және одан көп ауытқымай оқушылардың тiршiлiгiне жақын, ғұмыр кешiп отырған айналасына, қоршаған ортасына сәйкес ұғым-түсiнiк қалыптастыру арқылы тiлге деген қызығушылығын жетiлдiрудi көздедiк. Өйткенi, сөздiң мәнiн терең түсiну – оқушының танымдық ұғымын өрiстетiп, бiлу шеңберiн кеңейтедi, тiлдi игеруге деген сенiмiн арттырады. Ғылымның қай саласында болмасын тиiстi бiлiмдi меңгеру үшiн көп сөздiлiк пен насихат түрiндегi құрғақ нұсқаудан гөрi танымдық қызығушылыққа негiзделген iс-әрекет әлдеқайда нәтижелi болатындығын мектептегi тiл сабақтары айқын дәлелдеп отыр. Осы орайдан келгенде тiлдердi оқыту үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасуы бiр тiлдiң әдiстемелiк деректерi аясында ғана емес, мектепте оқытылатын басқа да тiлдерге ортақ негiзде жүзеге асырылуға тиiс. Қазiргi Қазақстан жағдайынан қарастырсақ мемлекеттiк тiл, ағылшын және орыс тiлiн қатарластыра меңгеру өмiрлiк қажеттiлiктен туып отыр. Қажеттiлiктi өтеуде дәстүрлi жолды тиiмдi пайдаланып, халықаралық жүйедегi технологияның табыстарын бүгiнгi өмiрге үйлесiмдi түрде жүргiзу уақыт талабын өтеудiң кiлтi. Ал оқушының қызығушылығын қалыптастыруда қолданылатын амалдар мен әдiстер тiлдiң құрылымдық жүйесiнiң қандай екендiгi тұрғысынан қарау шарт емес, былайша айтқанда, агглютинативтiк пе немесе флективтiк пе оған бөлiп жатудың қажетi аз. Әрине, әр тiлдiң өзгешелiктерi мен айырмашылығы, өзiне тән ерекшелiктерi жетерлiк, бiрақ оқыту, 11


бiлiм беру, тәрбиелеу саласындағы әдiстемелiк технологиясындағы тоғысу, кiрiгу, пәнаралық байланысты сақтау керектiгi уақыт қажеттiгiнен туындаған келелi мәселе екенi баршаға белгiлi. [10, 14] Тұлғаның ақыл-ой, адамгершiлiк әдептерiнiң жетiлуi тiл арқылы ұқтырылатын танымдық қызығушылықпен тамырлас. Бүгiнгi таңда оқушыға кәсiптiк бағдар туралы танымдық түсiнiк неғұрлым ертерек берiлсе, ол соғұрлым пайдалы болатындығын педагогика ғылымы дәлелдеп отыр. Осы орайдан оқыту жүйесiндегi басты шарт: бiрiншiден, баланың кәсiпке бейiмдiлiгiн алдын ала байқауды ұсынса, екiншiден, кәсiп туралы кеңес беру, үшiншiден, кәсiптiк бiлiм беру, төртiншiден, кәсiптi таңдай бiлу, бесiншiден, таңдаған кәсiпке үйрену мен дағдылану талаптарын терең ұғыну. Сондай-ақ, кәсiпке бағдар беру жүйесiн айқындауда қойылатын мақсат пен шешiлуге тиiстi мiндеттiң ретiн белгiлеуге ерекше зейiн қойылуға тиiс. Өйткенi, шәкiрттi қаншалықты қызықтырып, жан-жақты таныстырғанмен де оқушы аталып отырған кәсiпке құлықсыздық танытып, ықыласы болмаса, ондай iс-әрекетке олардың сүйiспеншiлiгi болмай өгейлiк меңдейдi. Өзiнiң iшкi тiлегiне үйлеспеген кәсiпке кiмнiң болса да ниеттене қоюы екіталай. Шындығына келгенде таным мен таңдау iштей тартысқа түсiп алпарысқанда таңдаудан гөрi талғамының салмағы басып кетедi. Көп ретте бiз бақылау жүргiзген оқу орындарында көзiмiз жеткен ақиқат – оқушының өзi таңдаған, өз қалауы ғана нәтижелi болатындығы және талғамына сай шешiм олардың сапасына берiк орнығып тиiстi iзденiс туғызатындығын терең таныдық. Олар сол саладағы сөздердi бiлуге үйiрсек, ынталы келедi. Таным мен талғау жөнiнде, 9 сынып оқушыларымен пікір-талас жүргізгенде, олар "кәсiп" пен "мамандық" деген ұғымның ара жiгiн дәлдi ажырата бермейтiндiгiн айқындадық. Сыныпта оқитын 21 шәкiрттiң 19- ы айырмашылығы жоқ деп жауап берiп, тек 3-і ғана болуға тиiстi деген солқылдақтық танытты. Сондықтан олармен ақылдаса отырып "кәсiп" сөзiнiң мағыналық аумағы кең, адамның еңбек әрекетi, атқаратын еңбегiне шын берiлуi және оған қажеттi бiлiм, iскерлiк дағды жинақтауға деген пайымдау жасадық. "Кәсiппен" бiрге "мамандық" атауы да қосарлана жиi қолданылады, әйтсе де бұл екеуiнiң iшкi айырмашылықтары бар. "Мамандық" белгiлi бiр кәсiптегi еңбектiң түрiн меңзейдi. Оқушылардың танымдық түсiнiгiн нақтылай түсу үшiн және танымдық пайымдау жасату мақсатында өздерi күнделiктi тiршiлiкте көрiп жүрген мынандай мысал ұсындық: мал шаруашылығы – кәсiптiң түрi, ал мал дәрiгерi, зоотехник, сауыншы, жылқышы, қойшы – мамандық. Осы орайдан өздерiне де мысал келтіруге шақырдық. Демек, әрбiр мамандықтың атқаратын iс-әрекетi, жұмыстың сипаты, қызметi түрлiше. Мамандығына байланысты бiлiмдiк қор, тәжiрибесi болуға тиiс. Әрине, жастар белгiлi бiр кәсiптiң түрiн таңдап, мамандықты игеру үшiн сол салада арнаулы бiлiм алуы керек. Осы тұрғыдан келгенде қазiргi орта оқу орындарында бiлiмнiң жалпы негiздерi және кәсiптiк бағдар берiледi, ал мамандықты меңгертетiн кәсiби арнаулы училище, колледж, институт, жоғары дәрежелi университеттер мен академиялар. Оқушы өзiнiң бейiмдiлiгiне орай кәсiби мамандық таңдау үшiн алдымен оның танымдық түсiнiгi болуға тиiс. Ал танымдық түсiнiгi болмаған жағдайда оқушы кәсiптiң түрiн де, мамандықтың iшкi сырын да терең ұғынбай кез келген ықпалда кете беруi де ықтимал. Мұның салдары болашақ маманның кәсiбiне риза болмай, өзiне-өзi iштей наразылық танытып, немқұрайлыққа салынып, жоғары сападағы iскер болуына тосқауыл жасап, бөгет келтiруi де мүмкiн. Егер оқушының танымдық түсiнiгi айқын болса, олардың атқаратын iске тез бейiмдiлiгi, сол саладағы қызығушылығы мен iзденiсi тиiстi деңгейде тез жетiлiп, таңдауы мен талғай бiлу өз құзырында өркендейдi. Қабылдаған шешiмiне сүйiспеншiлiкпен қарап, атқарған iсiмен танымдық сезiм түсiнiгi бiр арнадан тоғысып, үйлесiмдiлiк табады. Демек, оқушының танымдық қызығушылығының нақты бағдарда өрiстеуi ол адамның келешекте қоғамға пайда келтiретiн бiлiктi маман болуына, кәсiптiк жолын дұрыс таңдаған кiсi ретiнде моральдiк қажетiн өтей алатын тұлға боларына сәк жоқ. Шын мәнiнде кәсiптiк мамандықты өз бейiмдiлiгiне орай таңдай бiлу – жастар еңбегiнiң жоғары саладағы өнiмдi, шығармашылық мәнде, өз iсiне шын ықыласты, алған бетiнен айнымайтын тұрақты да iскер адам болуының кепiлi. Әрине, қай мамандық, 12


қандай кәсiптiң болса да мән, мағынасын ұғынып, түсiне бiлудiң кiлтi тiлге байланысты. Осы орайдан тiлдердi оқыту үрдiсiнде оқушының танымдық қызығушылығына терең мән бере бiлу ғасырлар барысында тәуелсiздiкке ендi ғана қол жеткен жас мемлекетiмiздiң ертеңгi еңбеккерлерiнiң тағылымы мен таңдауының жоғары деңгейде өрiстеп, олардың өндiрiс қатынастарын, экономиканы, шаруашылықты, ауыр-жеңiл өндiрiстi әлемдiк деңгейде дамытып, адамдардың жеке жас ерекшелiктерiн, еңбек ресурстарын өмiрдiң қажеттiгiне қарай бағыттаудағы заңдылықтарды жүзеге асыратын бiлгiр маман болары хақ. Танымдық түсiнiктiң мән-мазмұны ерекше деп санаған қазақ халқы "тiл тас жарады, тас жармаса бас жарады" деп тегiн айтпаған. Әсiресе, өмiрде де, бiлiм алуда да тәжiрибе жинақтай қоймаған арманшыл шәкiрттердiң танымдық қызығушылығын қанаттандырып, оның технологиялық негіздерiн тағылым ету басты парыз екенiн ешбiр уақытта естен шығаруға болмайды. Педагогика ғылымы тiлдердi оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың дидактикалық негiздерiн үш салаға бөлiп қарау жөнiндегi пайымдауға мән бергенде мынаны байқаймыз: 1. Дидактикадағы дәстүрлi жол. 2. Педоцентристiк жол. 3. Оқытудағы бүгiнгi жаңашылдық. Оқыту теориясындағы дидактикалық дәстүрлi жолдағы басты тұжырым – мұғалiмнiң iс-әрекеттегi басшылығы. Былайша айтқанда, меңгерiлуге тиiстi танымдық ұғым, бiлiм – түсiнiктi айтып беруi, ұғындыруы, ал оқушы соны қайталап, ұғым-түсiнiктi меңгерiп және оны пайдалана алатындығын көрсетудi әр жақты дамыту болды. Оқытудың дәстүрлi бұл жолы ХХ ғасырда әржақты сыналып, мұғалiм тарапынан жасалатын әмiршiлдiк, оқулықта, кiтапта жазылғанды қайталау түрiндегi жаттандылық, оқушыны тек дайын деректердi меңгерумен шектелуi олардың ойлау жүйесiн өрiстетуге ықпалы аз екендiгiн көрсеттi. Осы орайдан түрлi-түрлi жолдар ұсынылды, әр алуан тәжiрибелер етек алды. Солардың бастыларының бiрi – педоцентристiк жол айтарлықтай мән-мазмұнға ие болды. Мұндағы жетекшi идея – оқушының iлiм жолындағы iс-әрекетiне мән беру болады. Шәкiрттiң атқарған iсi, қызметi, белсендiлiгi, қабiлетi, ойлай бiлудегi өзiндiк танымына мән беру тұрғысынан қарастырылды. [11, 27] Бiлiм берудi уақытқа үйлесiмдi жетiлдiруге байланысты оқытудың қазiргi бағдарын тұжырымдай айтқанда – оқушыға бiлiмдiк деректердi ұқтыруды ғана мiсе тұту емес, сонымен ғана шектелу де емес, олардың даму дербестiгiн жетiлдiрiп, iлiмдi игерудегi өзiндiк әрекеттерi мен iздену барысында ғылымның жол-жосығын тани да, таба да бiлуге баулу, соған бейiмдеп жаттықтыру жолы өркен жаюда. Осы негiзде пайда болған ұстаным – проблемалық оқыту, программалап оқыту, дамытпалы оқыту, ынтымақтастық педагогика, оқыту технологиясындағы жаңару, т.б. әдiс-тәсiлдердi өрiстеттi. Сайып келгенде, осының бәрi оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру арқылы тұлғаның дербестiгiн, белсендiлiгiн, шығармашылық қабiлетiн, iздене бiлуiн жетiлдiруге бағыттау болып отыр. Демек, бұл идеяның жүзеге асып, орындалуы, танымдық түсiнiкке тiкелей байланысты деп бiлсек, оның шешушi кiлтi тiл игеруге және оны меңгере бiлумен бiрлiкте қарастырылады. Сондықтан да тiлдi оқыту арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру – бүгiнгi күннiң ынтызар тiлегi және оны жүзеге асырудың тиiмдi жолдарын белгiлеу проблемаларын туғызып отыр. Өйткенi, тұлғаның рухани дамуын, гуманистiк түсiнiгiнiң жетiлуiн, адами қалыптасуын қамтамасыз етудегi ХХI ғасырдың басты талабы – iс-әрекетке белсендi кiрiсу, тиiстi құндылықтарды ескеру және iздене бiлу екендiгi үнемi есте болуға тиiстi. Осы орайдан келгенде тiлдердi оқыту үрдiсiндегi оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы басты проблемалардың бағдары мынаған саяды: тәуелсiздiкке жеткенге дейiн кеңестiк жүйедегi бiлiм беру кеңiстiгiнде болған Қазақстан тарихи даму барысында тиiстi деңгейде табысқа жетiп, айтарлықтай нәтижеге ие болды. Бiрақ, ол өмiрлiк өлшем емес. Уақыт мәресiнен қарағанда түрлi кемшiлiктер мен кедергiлер болғандығын, оның өзi тiлдердi оқыту үрдiсiндегi проблемалармен де тоғысып жатты. Атап айтқанда, қоғамдық ғылымдарды оқыту, сонымен қатар тiл саласында бiлiм беру шектен тыс 13


саясаттандырылды. Бұл – оқушының танымдық қызығушылығын өркендетуге тиiстi деңгейде тосқауыл туғызып, бөгет жасады. Тiл қашанда қарым-қатынас құралы екенiн мойындағанмен де орта мектептерде тiлдi оқыту, әсiресе, шетел тiлдерiн оқыту өмiрден алшақ, әлемдiк тәжiрибелерден тысқары, жоғарыдан бекiтiлген нұсқау шеңберiнде ғана жүргiзiлдi. Бұл жол оқушының танымдық қызығушылығын өркендетуге келгенде икемсiздiкке соқтырып, оқытудың өмiрден алшақтықтығы тiлдi меңгеруге деген қажеттiлiктiң мәнiн төмендетiп жiбердi, тiлдiк жеке деректерi пысықталумен сөйлемдердiң грамматикалық талдау шеңберiнен шыға алмады. Тiл – халықтың ғасырлар бойы дамыған құндылықтары екендiгiне қарамастан оның тарихи танымдық сипаты, этникалық негiздерiне мән берiлмеуi де тек бейтаныс сөздердi жаттау мен дерексiз құбылыстар мен оқиғаларды бiлгiзу ниетiмен соны қайталата беру етек алды. Мұның өзi мән-мағынасы түсiнбей, тiлдiк қорды дамыту деген жалаңдық пен жаңсақтыққа ұрындырды. Шетел тілін оқытуда оқушылардың ана тілінің ерекшеліктерін шетел тілін оқыту барысында тиімді, тиімсіз ықпалын ескеріп үйрету жолында ғана жақсы нәтижелерге жетуге болатынын атап көрсеткен ғалымдар С.М.Ляховицкий және т.б. орыс тілін ана тілі ретінде және ұлттық аудиторияда шетелдіктерге оқыту мәселесі жөнінде атап айтқан. Тiлдердi оқытудың әдiстемелiк тұрғысынан келгенде орта оқу орындары мен жоғары мектептерде бiлiм беру мәселесiнде сабақтастық болуы керек екенi заңды құбылыс. Бiрақ, бұл саладағы проблема туғызып отырған ағаттық мынада болды – орта оқу орындарындағы мұғалiмдердiң абыройы, атағы, беделi оның неше шәкiртi жоғары оқу орындарына түсе алғандығымен өлшенетiн көрсеткiшке айналды. Сондықтан олардың көпшiлiгi келсiнкелмесiн сабақ жүргiзудi және оның әдiс-тәсiлдерiн жоғары оқу орындарына икемдеуге бейiмдедi. Әрине, мұнда тұрған ештеңе жоқ деп қарағанмен де, негiзгi бағдардан ауытқудың зияны да аз еместiгi бiз бақылау жүргiзген мектеп тәжiрибелерiнен айқын көрдiк. Атап айтқанда, негiзгi проблема мынада: жалпы бiлiм беретiн орта оқу орындарындағы тiлдердi оқытудағы басты мақсат – шәкiрттердi оқи бiлуге, тиiстi тiлдiк деректердi танып, талдап, талқылап, оны өзiнше пайымдап, айтып беруге, дұрыс сөйлеп, сауатты жаза бiлуге қалыптастыру. Сол арқылы мәнерлi, мәндi өз ойын жеткiзе бiлуге, таным-түсiнiгiн айта бiлуге, оқыған кiтаптары бойынша оның мәтiндiк мазмұнын баяндай бiлуге, сол арқылы тиiстi көзқарас бекiтiп, оқушының танымдық қызығушылығын жетiлдiру көзделуге тиiс. Ал жоғары оқу орындарындағы басты мiндет – тиiстi салада маман даярлап, өндiрістер мен қоғамдық ғылымдарды игерген және оны iлгерi жетiлдiруге бағытталған кәсiби маманды даярлау екендiгiн нақты ажыратып, нақты түйiн жасау екенi басты ұстаным болуға тиiс. Мұны дәлдi ажыратпай сырттай, құрғақ елiктеудiң пайдасынан зияны көп екенi басты проблемаға айналуда. Мәселенiң мәнiн дәлдi ажыратпай ұрандату ешбiр пайда бермейтiн, әсiресе, тiлдердi оқыту үрдiсiнде танымдық қызығушылықты қалыптастыруға нұқсан келтiретiн ұстаным екендiгiн берiк мойындап, одан айығудың жолдарын айқындауда ғылыми жағынан да және өмiр қажетi тұрғысынан аша түсу, бұл зерттеудiң басты мiндеттерiнiң бiрi ретiнде қарауға тура келдi. Тiлдердi оқыту үрдiсiнде оқушылардың бiлiмдiк үлгерiмiн айқындайтын көрсеткiш – оларға қойылатын баға. Шәкiрттiң бiлiмдiк танымдық қызығушылықтары да бiздiң елде бағамен белгiленiп келедi, бiрақ қойылған баға оқушының танымдық қызығушылықтағы шын болмысын дәлдi айқындап бере ала ма деген күдiк те аз емес. Бағалауға әлемдiк мәреден қарасақ оқушының таным деңгейi, оның өмiрге үйлесiмдiлiгi, көлемдiк шамасын айқындауға қойылатын шарттар да әр басқа. Оның үстiне оқушылардың бiлiмін тексеру тек баға қоюмен шектелмейдi, шәкiрттiң қалай ұққанын, алған бiлiмiнiң берiктiгiн, тереңдiгiн, дәлдiлiгiн анықтаумен бiрге олардың бiлуге деген ынтасы мен ықыласы бiрлiкте қаралуға тиiс. [12, 37] Баллдық жүйедегi деректер бойынша Венгрия, Югославия, Чехословакия елдерiнде бiлiм "бес" баллдық жүйеде болғанымен Чехословакияда "бiр" жоғары баға да, ал "бес" төменгi баға. Югославия мен Венгрияда балл бiздiң елдегi сияқты "бес" жоғары баға. 14


Румыния, Голландия, Ауғанстан мектептерiнде бiрден онға дейiн баға қойылады, "он" ең жоғары баға және сыныптан сыныпқа көшу "бес" пен "алты" деген бағадан кем болмауға тиiс. Ал Францияның бастауыш мектептерiнде оқушыларға "он" баллдық жүйе сақталады да, лицейлерде "жиырма" баллдық шкала бойынша бағаланады. Америка Құрама Штаттарында бас әрiппен қойылады. Айталық, "А, В, С" жақсы, ал "Д, Е" нашар баға. Сондай-ақ, көптеген оқу орындарында қабiлеттiлiк тұрғысынан сұрыптағанда "А" – дарынды, "В" – қарапайым, "С" – қабiлетi мәз емес деп бөлiнедi. Оқушыларды топқа бөлiп, ара жiгiн ажырату үшiн әртүрлi сыннан өткiзiп, сауалнамалық тест жүйесiндегi бақылау жүргiзiледi. Соның нәтижелiк көрсеткiшi арқылы оқушының ақыл-ой қабiлетiн саралап, "дарындыларды" оқытуға ерекше қамқорлық жасалып, олардың бойындағы дарынды өркендетудiң жолжосықтары қарастырылады. Ал "қарапайым" оқушыларға бiлiм мен тәрбие дағдылары тиiстi мөлшерлiк деңгейде берiлiп, алған түсiнiктерiн тиiстi тәжiрибелiк iстер атқаруды өрiстету жолдарына бейiмдейдi. К.Салимова мен Е.Додденің «Педагогика народов мира» деген еңбегінде Жапонияда оқушылардың бiлiмiн есепке алу мен бағалауда "мадақтау" деген жүйе жүзеге асырылады. Алайда, баллдық тұрғыда баға қойылмайды. Оқушының бiлiм деңгейiнiң логикалық көрсеткiшiн айқындау үшiн мұғалiм арнайы тестiк сауалнама құрастырып, оның көрсеткiш нәтижесiн "он" мен "жүздiң" арасындағы ұпаймен көрсетедi. [13, 28] Әлемнiң басқа елдерiнде бұл жүйелерден басқа да жолдармен оқушының бiлiмiн бағалап, оны есепке алудың амалдарын белгiлеген. К.Қ.Құнантаеваның «Жастарды еңбекке тәрбиелеу» деген еңбегінде Қазақстандағы оқыту үрдiсiнде оқушылардың бiлiмiн бағалау, танымдық қызығушылығын айқындау Қазан төңкерiсiне дейiнгi мектеп, медресе, жәдит жолындағы (төте оқуды), оқу орындарында болмаса, нақты баға қойылған жоқ. 1917-1918 жылдан бергi бiлiм беру, оқыту кеңестiк жүйедегi бiрыңғай, бiртектiлiкте дамып өркен жайды. Тек кеңестiк жүйе ыдырағаннан кейiн ғана республиканың ерекшелiгiне байланысты жекелеген өзгерiстер кiре бастады. [14, 31] Бағалау оқушыны ынталандырудағы тиiмдi жолдың бiрi болып есептелгендiктен, олардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда бағалау жолдарын жетiлдiру әдiстемесi де үлкен проблеманың бiрi болып отыр. Тiлдердi оқыту барысында оқушының танымдық қызығушылығының жетiлуiне кесел келтiретiн мұғалiм тарапынан болған дөрекiлiк пен бейбастақтық, құқықтық тәртiптi сақтамау шәкiрттiң жанын жарақаттау, құлықсыздыққа ұрындыратындығы дидаскология ғылымы жан-жақты дәлелдеп, ондай жағдайда психотерапиялық емдеу қажет деп бiлгенiмiзбен де тиiстi кезеңде кеткен ағаттықты дер кезiнде ескермеу деп тұжырымдайтын проблемалар да баршылық. Оқушының тiл теориясынан бiлiмдар болғанымен оны тәлiмтәрбие iсiне бейiмдей алмауы және өзiн-өзi тәрбиелеу жүйесiндегi әлсiздiк те алуан түрлi проблемалар туғызуда: – өзiн мамандығы саласындағы тiлдiң жанкүйер жоқшысы санайтын оқытушы тiлдiк деректер мен оның қағидаларын барлық адамдарға бiрдей, оны бiлу мiндеттi деп санауымен де ол жөнiндегi шәкiрттiң қажеттiгiн ынта-ықыласы нақты қанағаттандырмаса, iстiң нәтижелi болуы неғайбыл; – оқушының танымдық белсендiлiгін оятарлық сезiмдiк серпiлiс туғызарлықтай әсерсiз болмауы және тұлғаның дара ерекшелiктерi ескерiлмей, құр сөзге құрылған формалдық талап та, әдiстемелiк тәсiл де кемшiлiкке ұрындырмай қоймайды; – жеке ұғымдарды меңгерiп немесе сөздiк қорды дамытуға байланысты, болмаса синтаксистiк сөйлем құрылысын бiлгiзуге орай өтiлетiн сабақтың мақсатын дәлдi айқындап және оның нәтижесiн тиянақты бақылай алмаушылық танымдық қызығушылықтағы iсәрекетке кесел келтiрiп тосқауылға ұрындыратын қателiк; – оқушының танымдық қызығушылығын әлсiретуге себеп болатын жағдайда бiрi шәкiрт тарапынан орындалатын тапсырыс, жаттығу сыныптан тыс өзiндiк жұмыстарда көлденең әңгiмеге айналдыратын жанама сөз ой-түсiнiктi басқа бағдарға аударып немқұрайлылыққа ұрындырады. Бұл да өз алдына проблемалық келелi мәселе. 15


Ұзақ жылдар бойы бақылау көрсетiп отырған мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығында ұшыраған олқылықтар мен оның проблемалары жетерлiк. Тiлдердi оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үрдiсiндегi педагогикалық проблемаларды айқындауды және оны шешудiң жолдарын белгiлеудi уақыт талап етiп отыр. Оларды топтастыра келгенде басты мәселелер мынаған саяды: ә) әлемнiң қарқынды дамуына байланысты бiлiмнiң мейлiнше өркен жаюы кезiндегi қоғамдық талаптарға оқушының таным-түсiнiгi сәйкес болуға тиiс екендiгiн айқындау және оның тiлге байланыстылығын көре бiлуге тиiстiмiз; б) бүгiнгi оқушы – қоғамның ертеңгi белсендi мүшесiнiң шығармашылыққа қабiлеттi, iс-әрекетке бейiм болуы үшiн таным тағылымының жетiлуiне тiл арқылы ықпал ету жолдарын белгiлеу керек; г) тұлғаның бiлiм сапасы, iс-әрекетке икемдiлiгi, әдептiк танымы оқушының өздiгiнен iздене бiлу негiзi тiл арқылы жетiлетiн және оның бағдарларын айқындау қажет. Бұл пробемаларды талдай айтқанда жасалатын пайымдау мынау: оқушының танымдық түсiнiгiн жетiлдiретiн басты құрал – тiл. Сондықтан да әрбiр адамның тiлдi бiлуi және оны тұтына алуы тұлғаның өмiрлiк қажетiн өтеуге жол ашады. Қоғамның талаптарына үйлесiмдi ғұмыр кешуiне мүмкiндiк бередi. Тiлдi меңгеру мен оны дамытып өркендету тек мектептегi сабақ пен сыныптан тыс жұмыстар аясымен ғана шектелмейдi. Оны тиiстi деңгейде өрiстету оқушының өздiгiнен iзденуiн жебеп, үнемi әрекеттендiрiп, қабiлетiн оятып, тiл меңгеру мен тұтыну саласында еңбектене бiлуге баулуға және соған жаттықтыруға да байланысты. Тiл тұлғаның рухани жетiлуiне әсер етiп қана қоймай оның адамгершiлiк, имандылық тағылымын қалыптастырып, әдебiне сiңiрудегi таным тағылымына айналады. Әрине, бұл құбылыс сөз жүзiнде айтып беру, жаттау тұрғысында емес, нақты iс-әрекет барысында қалыптасып жүзеге асады. Сондықтан тiлдi оқытатын мұғалiм сабақ жоспарын жасағанда әрбiр сабақтың мақсатына байланысты оқушының өздiгiнен атқаратын жұмыстары мен тiлдiк жаттығу, машықтану жүйесiнде атқарылатын iстердi нақты белгiлеуге назар аудара алса, оның нәтижесi – оқушының сөздi, терминдi бiлуi ғана емес, оның танымдық мәнмазмұнын терең түсiнiп, өз тәжiрибесiнде қолдануға, пайдалануға жол ашады. Оқушының болашағын белгiлеуде айтарлықтай мән-мазмұнға ие болады. Мұғалiм ғылыми ұғым түсiнiктердi мәтiндiк мазмұнды оқушыға жеткiзушi ақпарат берушi информатор ғана емес, ол - оқу, зерттеу, бiлу, тануды меңгерудi ұйымдастырып, әрекетке бағдар берер бастаушы, жетекшi. Қойылған талапты жүзеге асыру деңгейiн айқындап, сол дәрежеде оның орындалуын қамтамасыз етуге тиiс. Егер iс-әрекет осы мақсатқа бейiм ұйымдастырылса, ғылыми негiзде жүргiзiлген педагогикалық еңбек нәтижесi де өмiршең болатындығын тәжiрибеден байқау қиын емес. Мұндағы пайымдық басты сипат оқушы нақты бiлiмдiк ұғым, түсiнiктi меңгерумен, бiлумен, тиiстi бiлктi қабылдаумен ғана шектелмейдi, сонымен бiрге белгiлi деңгейдегi мазмұнды ұғынып танудың тәсiлдерiн де, әрекеттене алудың әдiс-амалдарын да игередi. Әрине, сабақта жоспарланған бiлiмдiк мазмұнды оқушының меңгеруi оның қабiлетiне, ынта-ықыласына және еңбектене бiлуiне тәуелдi деп бiлсек, оқыту iсiн ұйымдастыруда олардың жеке-дара оқуы, болмаса өзара үйлесiмдi шағын топпен оқуы немесе тұтас ұжыммен оқуы есепке алынып, оның әрбiр жүйедегi өзгешелiктерiмен тиiмдiлiгi ескерiлуге тиiстi. Осы саладағы ғылыми-зерттеулердiң тұжырымдамаларына және бiздiң күнделiктi тәжiрибемiзге зейiн қойсақ жеке-дара оқудан гөрi топпен оқығанда орта қабiлетi бар шәкiрт екi есе артық бiлетiндiгiн өмiрден байқадық. Ой еңбегi қызметiнде оқушыны үйреткенде жеке-дара және топтық жүйедегi еңбектi үйлестiре ұйымдастыру нәтижелi болатындығы, көздеген мақсатқа жеткiзетiндiгi дәлелдеп отыр. Ал мұны тиiмдi шешу оқыту технологиясымен бiрлiкте шешiледi. Технология гректiң technie – искусство, мастерство, умение и logos – слово, учение (Ожогов С.И. сөздiгiнде) деген сөзiнен бастау алса, бүгiнгi қолданыста әдiстемелiк бiрлiк, педагогикалық тәсiлдердiң тоғысуы және мектеп шәкiрттерiн оқыту мен тәрбиеге 16


ықпалдастық жасаудың тәсiлдер мен амалдардағы тұтасу деген мәнге ие болып отыр. [15, 40] Осы орайдан мектептегi оқыту саласында айтарлықтай iстер атқарған ТМД елдерiне белгiлi ғалым, қоғам қайраткерi М.И.Махмутов былай дедi: "Технологию можно представить как более или менее жестоко запрограммированной (алгоритмизированный) процесс взаимодействия преподавателя и учащихся, гарантирующий достижение поставленной цели". Ғалымның бұл тұжырымдамасы мұғалiмнiң белгiлi бiр технологияны алып, оны өз әрекетiнде пайдалана бiл деген ойды меңзейдi. Өйткенi, мұғалiм тарапынан оқушының жас мөлшерiне қарай iздендiрудегi ықылас-ынтасын жебеу және таным ерекшелiгiне үйлесiмдi бағдар берiлсе ғана нәтижелi әрекетке жеткiзедi. Жобалық бағдарлау деп отырғанымыз қолданбақ болып отырған технологияға бiрден көше салмай, алдымен оның ерекшелiктерiн, келтiретiн пайда-зиянын ескерiп, үмiт етiп отырған мiндеттi қаншалық өтей алатындығын саралап алу керек, сондай-ақ қойылып отырған шартты ақтау мүмкiндiгiне зейiн қою қажет. Дәлiрек айтқанда, мұғалiм педагогикалық технологияны өз iсiне үйлестiре меңгерген жағдайда оған педагогикалық шеберлiктi игерген маман ретiнде қараймыз. Тiлдердi оқыту саласындағы пайдаланылатын технология – теориялық па, әлде практикалық мәнде ме, қалай болғанда оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бейiмделуi керек. Танымдық қызығушылықты дамытуда қолданылатын бағдар мәтiндегi мазмұнды меңгерiп, iлiмдiк негiздегi терминдердi игерiп, өнегелiк тағылымдардың тәлiмдiк мәнiн ұғыну және өз өмiрiне үйлесiмдi жақтарын жадында сақтауға талаптандыру назарда ұсталады. Қолданылған әдiс, тәсiлдердiң нәтижесi оқушыға қаншалық әсер еткендiгiмен өлшенетiндiктен жобалауға қатаң талап қойылуға тиiс. Өмiр шындығына жүгiнсек, мектеп табалдырығын алғаш аттаған шақтан бастап жаттыққан оқушы сөздердi жазған кезде қай әрiптi қалай қоямын деп ойланып жатпайды. Әбден машықтанып алған дағдысы негiзiнде ойланбастан-ақ автоматты түрде жазуды жаза беретiнi сияқты жаттыққан жағдайда тиiстi ой-түсiнiгiн де еркiн құрастырып оны айта да алатын, жаза да алатын дәрежеге жетедi. Мұны үйрену мен машықтық жаттығудың дағдыға айналған нәтижесi деп бiлемiз. Әрбiр сыныпта оқылатын пәндер арқылы, әсiресе, тiл пәндерiн оқуда сөздiң, терминнiң мәнiн дәлдi түсiнiп, оны есiнде сақтай бiлу – оқушының тиiстi тапсырманы тыңғылықты орындап, ой еңбегi саласында әрекеттенуi олардың шығармашылық бағдарда еңбектенуiне, бiлуiне жол ашып, тереңiрек iзденуiне мүмкiндiк бередi. Халықтық тағылым – ғылым мен бiлiм "Инемен құдық қазғандай" деп тегiн айтпаған. Бiлiмдi игеру бiр-ақ секiрiп шығатын кезеңдiк асу емес, оның шыңына бiртiндеп көтерiлсе ғана қол жетуге тиiстi екендiгiн ғалымдығымен, даналығымен белгiлi болған бабаларымыз жалықпастан түсiндiрiп келгенi баршаға аян. Сондықтан оқушыға берiлетiн бiлiм қарапайымнан басталып, бiртiндеп күрделендiрiлуi керек. Осынау бiр заңдылықты ескергенде, әсiресе, тiл саласындағы пәнердi оқытуда сөздердi, терминдердi жаттатуға бейiмдеушiлiк бар екендiгiн үнемi көрiп жүрмiз. Шындығына келгенде жаттаған түсiнiк, сөз тез ұмтылып қалады. Ал жаттампаздық адамның өзiнше ойлауына, шығармашылық iзденiсiне тосқауыл жасайтын және шырмаудан шығармайтын құбылыс. Ол жолға бармай-ақ танымдық түсiнiк қалыптастыруда оқушы меңгеруге тиiстi деректер мен ұғымдық түсiнiктi қайталау, пысықтау арқылы дағдысына сiңiру тиiмдi екендiгiн бiздiң тәжiрибемiз толық дәлелдеп отыр. Бiлiм беру мен тәлiм-тәрбие саласында ежелден белгiлi қағида: iлiмдi меңгеру тетiгi – қайталау (повторение – мать учения) деген тұжырымды тұтынсақ, ал оны еске сақтап, көңiлге тиянақты қондырудың кiлтi – тиiстi бiлiм мен түсiнiктi әрекетке айналдырып, нақты жағдайға байланысты тұтына бiлуге машықтану екендiгiн тiлдердi оқытуда да, танымдық көзқарас қалыптастыруда да көрiп отырмыз. Бiз ұсынып отырған бұл жүйе орта мектептердiң I-IV сыныптарынан бастап қолға алынып, V-VII сыныптарында жетiлдiрiлiп, VIII-X сыныптарда дағдыға сiңiп тұлғаның болашақ өмiрiнде жалғастық тапса дiттеген мақсатқа жетерiмiз хақ. Демек, ұяда жаттыққан тағылым, тұлғаның ғұмырына 17


жалғасып, бойына берiк бекiп әдетiне айналады. Танымдық тағылымның мәнiнiң өзi осында. Осы бағдарда қазiргi дидактикалық негiздердiң нақты барысын айқындай түсу үшiн арнайы тәжiрибе жүргiзiп көрдiк. Онда екi немесе үш тiл оқытылатын сыныптардағы оқушылар үшiн сұрақтар әзiрледiк. Оқушылардың тiлге деген танымдық қызығушылығын айқындау арқылы кеткен кемшiлiктердi болдырмау мақсатында Тараз қаласындағы № 35 мектептiң VII сынып шәкiрттерi үшiн әзiрлеген сұрақтарға жазбаша жауап беруiн ұйымдастырдық. Бұл сыныпта жүргiзудiң себебi, мұнда қазақ, ағылшын тiлдерi бiрдей дәрежеде жүргiзiледi. Әзiрленген сауалнама мына тұрғыда едi: 1. Оқуға қызығуыңның себебiн айт: а) Ата-ана, ұстаздарымның талабын орындау. ә) Жақсы баға алу үшiн. б) Тiлдердi бiлу үшiн, онсыз болашақ дүдамал. в) Оқуға құрметпен қараймын, ол үшiн тiл керек, 2. Тiл сабақтарына не үшiн қызығасың: а) Жолдастарымнан кем қалмас үшiн белсендiмiн. ә) Өзiмнiң ертеңiм үшiн тiл бiлуге құмартамын. б) Сабақ сұрайтын кезде болмаса, онша ықыласым жоқ. в) Басқа пәндердi бiлу үшiн тiл керек деп ойлаймын. 3. Бiлiм алуға деген ынта-ықыласыңды сипатта: а) Оқу, бiлiмсiз болашақ жоқ, сондықтан ынталымын. ә) Жақсы оқуды өзiмнiң борышым деп бiлемiн. б) Жастық шақ бiлiм алу үшiн берiлген. в) Бiлiм бүгiнiмiз үшiн абырой, ертеңiмiз соған байланысты. 4. Сабаққа келу, келмеу өз еркiңде болса қайтер едiң: а) Сабаққа толық қатысар едiм. ә) Сабақтың өзiм ұнататын жартысына ғана қатысар едiм. б) Тiл сабақтарына қатысып, басқасына келмес едiм. в) Тек консультацияға келiп, өз бетiмше оқыр едiм. 5. Тiл сабағын басқа пәндермен салыстырғанда не айтар едiң: а) Бiлмеймiн. ә) Бiз жақсы көрген пәннiң өзiн тiлсiз бiле алмайсың. б) Ел болашағы ағылшын-қазақ тiлiн бiлуге байланысты. в) Тiлдi бiлуге қызығу – терең бiлiм алудың кiлтi. 6. Ерекше ұнататын пәндерiң бар ма: а) Ерекше ұнататын пәндерiм жоқ, маған бәрi бiрдей. ә) Техникалық пәндердi ұнатамын, сондықтан фантастикаға құрылған шығармаларды құмарта оқимын. б) Тiл сабақтарына қызыққанда шығарма жазуды ұнатамын. в) Теориялық пiкiрлердi бүгiнгi деректер арқылы дәлелдейтiн пәндердiң бәрiн де жақсы көремiн. Осы сауалнамаға қайтарылған оқушы жауаптары олардың бiлiм алуға, оқуға қызығатындығын көрсеттi. Сонымен қатар қай пәндi оқыған күнде де тiлдi терең меңгеру керектiгiн мойындап, оған қызығушылық танытатындықтарын сипаттап бердi. Тiлге қызығушылық оқушы болашағы үшiн шешушi мәнде болатындығын жан-жақты бiлгiзу тек белгiлi пәндердi меңгеру тұрғысында ғана емес сол тұлғаның өмiр сүруi үшiн де қажет екендiгi түсiну олардың басты қағидасы болып саналады. Мектептi тiл пәнi оқытатын мұғалiмдерiнiң еңбегi ғылыми зерттеушi ғалымдардың iзденiсiне ұқсастығын ескергендiктен көрнектi педагог В.А.Сухомлинский былай дейдi: "…своей основе педагогический труд – настоящий творческий труд – стоит близко к научному исследованию. Эта близость, родство заключается прежде всего в анализе фактов и необходимости предвидеть. Учитель, умеющий проникать мысленно в сущность фактов, в 18


причинно-следственные связи между ними, предотвращает многие трудности и неудачи, избавляется от очень серьезного недостатка, характерного для процесса воспитания – от огорчительных неожиданностей".[16, 35] Тiл арқылы қалыптасатын танымдық сапаны арттыруда қолданылатын әдiстемеде көрнекiлiк, үлгi көрсету, проблемалық iзденiстер туғызу, нақты өмiр деректерiне жүгiнудi, нәтижесi оқушыны өздiгiнен әрекеттенуге ықпал етедi. Осындай жағдайда ғана олар тиiстi сөздi және оның мағынасын iштей ойланып талдап, өзiнше пайымдау жасайды. Екiншi жағынан өзiнiң мүмкiндiгiн шамалайды. Қандай жағдайда, қалай пайдалануға болатындығын және оның өзi үшiн қажеттiгiн сараптайды. Сабақ барысында меңгерген сапалық көрсеткiш оқушының бiлiмiн, бiлiгiн танымдық дағдысын өрiстетуiмен қатар ақыл-ой саласын өркендетiп, iс-әрекетке жаттықтырады. Тiл арқылы ұғынған ой-түсiнiгi тәлiм-тәрбиесiн өмiрде жүзеге асыруына мұрындық болып, тиiстi мәселенi тыңғылықты ойланып, пiкiрлесушi адамның сөзiн, ойын ұғынып, тани бiлуге мазмұнын ажыратып, оны бағалай бiлуге машықтандырады. Өмiрдегi болмысты тану да, ғылымдағы ақиқатты терең бiлу де, ақыл-ойдың жанжақты жетiлуi де негiзiнен тiлдiк танымға байланысты. Алған бiлiмнiң тиянақты болуы үшiн мектептiң бастауыш сыныптарында тиiстi деңгейде орфографиялық ережелердi меңгерiп, емленi тұрақты бiлу көзделсе, V-VII сыныптарда дұрыс жазып, дұрыс сөйлей бiлуге тиянақты жаттықтырылады. Мұның нәтижесi оқушыны дұрыс ойлай бiлуге, ес-зейiнiн жетiлдiрiп, қазiргi кезеңде қойылып отырған талапқа орай қазақ, ағылшын, орыс тiлдерiн белгiленген мөлшерде игеруi көзделуде. Бiздiң жүргiзген тәжiрибелерiмiз бен бақылауларымыз дұрыс ұйымдастырылып, әдiстемелiк жағынан реттi құрылған жағдайда көрсетiлiп отырған кезеңде оқушылардың шығармашылық мәндегi танымдық түсiнiгiн өрiстетерлiк дәрежедегi iс-әрекетiн қалыптастыруға толық болатындығын көрсетiп отыр. Бiрақ, құрғақ жаттау жолымен емес, оқушының атқаратын iс-әрекетiн өзiндiк iзденуге және ерiктi түрде орындауға бағдарлай отырып жүргiзiлген iс нәтиженi де сапалы болатындығын негiзге алдық. Жеке сөздердi, сөйлемдi және оның мағынасын терең ұғынып, оны өзiндiк деңгейде қолдана бiлуге машықтану барысында оқушының танымдық қызығушылығы, ойлай бiлуге деген ынта – жiгерiн жебейтiндiгiн көрдiк. Айталық, өтiлген тақырыпқа байланысты V-VII сыныптарда шығарма жаздыру жұмыстарын қолға алдық. Шығарма жазуда оқушы ненi айтуы керектiгiн және әр сөздi қалай жазу жөнiнде ерiксiз ойланады. Ойлану барысында қойылып отырған мiндеттi әр сыныптың бағдарламада көрсетiлген деңгейдiң аясында шешiп, тапсырманы жүзеге асырады. Әрине, алғашқы кезеңде жеке кемшiлiктер, олқылықтар, қателiктер мен ағаттықтар да болды. Бiз оған төзiмдiлiкпен қарап, болған кемшiлiктердi жөндей алатындықтарына сенiм бiлдiрiп, бұған олардың өзiнде иландыруға мейлiнше мән бердiк. Бұл жерде ескерiлетiн басты мәселе – оқушының жас мөлшерi – буырқана дамитын бұла күшке толы болғандықтан нақты таныммен ғана шектелiп қалмай дерексiз (абстракты) мәнде ойлап, қиялдауға да бейiм болатындығы да белгiлi. Осы бiр әсер тұлғаның болашақ ғұмырына да тиiстi деңгейде ықпалы болатындығын педагог, психолог ғалымдар әржақты дәлелдесе, оның нәтижелiк көрiнiсiн бiз де күнделiктi тәжiрибемiзден көрiп келемiз. Бастауыш сыныпта оқитын шәкiрттердiң кiтапты дұрыс оқуын, емле ережелерiн сақтап сауатты жазуын, деректердi талдап, талқылау мен тиiстi құбылысты бақылауға және ойтүсiнiгiн өзiнше жеткiзе бiлуге баулитындай танымдық көзқарасқа бейiмдеуге ұмтылдық. Қол жеткен нәтиженi iлгерi сабақтастырып, V-VII сыныптарда мәтiндi дауыстап оқу мен iштей оқу шапшаңдығына зейiн қойып, оқығанын сөзбе – сөз айтып беруiн және мәнмағынаны сақтай отырып өзiнше баяндап беруiне де көңiл бөлдiк. Өйткенi, танымдық түсiнiктiң қалыптасуы мәтiндi дұрыс оқып, мән-мағынасын ұға бiлумен де шарттас. Мәтiндi ұғынып, ол жөнiнде оқушының пiкiр жинақтап, тұжырым жасай алуы – ой-сананы дамытуға, танымдық тағылымын қалыптастыруда ықпал жасайтын құбылыс. Мәтiндi дұрыс оқи алмаған оқушы – дұрыс ойлауға дәрменсiз болады да, бiлiмдiк мағлұматтарды меңгере алмайды. Кiтап оқуға машықтандыру бастауыш сыныптарымен 19


шектелiп қалмай, орта мектеп көлемiнде үнемi жетiлдiрiлiп, мәтiндi жәй ғана оқумен тынбай, мәтiндi мазмұнына қарай мәнерлеп оқуға, оқиға желiсiне қарай рольдерге бөлiп оқуға да жаттықтырса, оқушының танымдық әсерi, эстетикалық түйсiнуi жетiле түседi. Дұрыс оқудың мазмұндық желiсi ойлауды жетiлдiрiп танымдық ассоцияны күшейтедi. Мұндағы тағы бiр ескеретiн мәселе – мәнерлi оқығанға мәз болып қалмай, оқу барысында ойлану әрекетi бiрлiкте жүруiне зейiн қою да шарт. Тек оқу мәнерi мен шапшаңдығын ғана қолданып, мәтiннiң iшкi мазмұны туралы ойлауға машықтанбаған оқушы жоғары сыныптарға барғанда өзiнiң бойында бар мүмкiндiгiн, қабiлетiн көрсете алмай дал болатындығын да тәжiрибеден байқадық. Оның басты себебi, шәкiрттiң оқи бiлуге дұрыс қалыптаспаған, танымдық қызығушылығын тиiстi арнаға түспегендiк деген тұжырым жасауымызға тура келдi. Адамның ойлауы, танымдық қалыптасуы өте күрделi құбылыс. Бiз бақылау тәжiрибесiн жүргiзген мектептердегi оқушылардың танымдық әрекеттерiне байланысты мынандай жайды байқадық. Кейбiр оқушылар үйге берiлген тапсырманы жөндi орындамайды, соған қарамастан үлгерiмдерi де жаман емес. Сондай-ақ оларды ерекше талантты, дарынды деуге де келмейдi. Зейiн қойып қарасақ, кiтапты жақсы оқи бiледi, оқығанын саналы меңгеруге әдеттенген. Оқу барысында мәтiннiң мазмұнын меңгеруге дағдыланған оқушының ақыл парасаты, қабiлетi тез дамып өркендейдi. Оны диктант, жатқа жазу, мөлтек (минятюр) шығарма, жаттығулар орындау кездерiнде толық байқадық. Әсiресе, танымдық түсiнiгiн айқындауда жеке сөздердi сұрыптатып, тұтас сөйлем құрастыртып, ретiне қарай грамматикалық талдау жасатып, белгiлi бiр пiкiрлердi жаздыруда оқушының не бiлетiндiгi бiрден танылады. Оқушының кемшiлiгiн көрiп, олқылығын бiлу – олармен жүргiзiлетiн қосымша жаттығуларды нақты белгiлеуге мүмкiндiк бередi. Өйткенi, мектептегi тiл сабақтары оқушының танымдық ой-түсiнiгiн жетiлдiрiп, ақыл-ойын дамытудағы басты құрал. Тiлдi меңгермейiнше танымдық түсiнiктi дамыту, бiлiм деңгейiн көтеру екіталай. Мектеп оқушысының танымдық түсiнiгiнiң жетiлуi тiлдi меңгеруiне байланысты, ал оның нәтижелi болуы оқытудағы таңдалған әдiске тәуелдi. Бұл екi арадағы үйлесiмдiлiк пен сәйкестiк оқыту технологиясындағы шешушi фактор. Сондықтан мұғалiм оқытылатын тiлдiң ерекшелiктерiне орай оқытудың тиiмдi әдiсiн таңдап, оқушының бiлуге деген ынта – ықыласына мән берiп, танымдық қызығушылығын жетiлдiруде ұстанатын басты шарттар мынаған саяды: 1. Тiлдердi оқытудағы танымдық қызығушылық оқытудың педагогикалық заңдары мен заңдылықтарына және принциптерiне сәйкес болуға тиiс. 2. Оқытушының таңдаған әдiсi дидактикалық мақсат пен мiндеттi өтеуге үйлесiмдi болуына мән берiледi. 3. Оқыту әдiсi өтiлетiн тақырыптың оқушы меңгеретiн тiлдiк дерексiз мазмұнмен сәйкес келуi ескерiледi. 4. Оқыту әдiсi оқушының мүмкiндiгiне және жас ерекшелiгiне, дербестiгiне үйлесiмiн ескередi. 5. Таңдаған әдiс мұғалiмнiң қабiлетiне, бiлiм деңгейi мен тәжiрибесiне сәйкесуi керек. 6. Оқыту әдiсi мектептiң материалдық жағдайына техникалық жабдықтарына үйлесiмдi болса, iс нәтижелi болмақ. 7. Таңдалған оқыту әдiсi әлеуметтiк ортамен байланысты және оның ерекшелiктерiне үйлесерлiктей болуын назарда ұстау керек. Сараптай келгенде, танымдық түсiнiк және қызығушылықтың қалыптасуы оқыту әдiсiн таңдау оқушыға теориялық және практикалық бiлiм берiп, сөз болып отырған мәселенiң мәнмазмұнын терең ұғынып, оны тiлдiк тұрғыдан тұтына бiлуге жаттығумен бiрлiкте шешiледi. Таңдаған оқыту әдiсi тiл сабағының нақты тақырыбы қойып отырған мақсатына лайық нәтижеге жету, оқушыны шығармашылыққа бағдарлау көзделедi. Тiлдердi оқыту әдiсiн реттi таңдау – оқушыны бiлiмдендiрудегi мәнiмен қатар оларды iс-әрекетке, iздене бiлуге құлшындыратын және оған ықпал ететiн жол. Осы орайдан танымның жетiлуi мен қызығушылық тiлдi меңгеруге және оқушының сана – сезiмiн, мiнез – құлқын, сенiмiн орнықтырады: 20


- сапаны қалыптастыру әдiстерi баяндау, әңгiмелесу, көрсету, нұсқау беру, ойландыру, иллюстрация, ойын…; - мiнез-құлықты қалыптастыру әдiстерi өзiн-өзi басқару, жаттығу, машықтану, қайталау, әрекеттендiру, өнегеден үлгi алу; - сенiм қалыптастыру, ынталандыру әдiстерi мадақтау, мақұлдау, бақылау, ескерту, сес көрсету, жазалау, иландыру. Танымдық қызығушылықты тiл арқылы қалыптастыруда бiрiңғай әдiс жоқ. Тиiстi мақсатқа байланысты мiндеттi жүзеге асыруда өзгерiп, жаңарып, жетiлiп отыратын құбылыс. 1.3 Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық шарттары Оқытылатын тiлдердi меңгеруге деген танымдық қызығушылықтың қалыптасуы оқушының мәтiндi тиiстi жылдамдықпен жедел оқып, мәнерлеп жеткiзiп, мазмұнын сапалы ұғына бiлуiмен бiрлiкте шешiледi. Қазіргі таңда шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты – бүкіл оқыту барысына коммуникативтік бағдар бере отырып, окушылардың ауызша сөйлеу (монолог, диалог), тыңдап-түсіну, оқу, жазудағы іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыру. Шетел тілін орта мектепте оқыту бағдарламасы 4 мақсатты көздейді: коммуникативтік, тәрбиелік, білімдік, жетілдіру. Бағдарламада оқытудың негізгі мақсаты – коммуникативтік мақсат деп белгіленген. Шетел тілін сарамандық тұрғыдан игерудің басты шарттарының бірі – оған коммуникативтік бағдар, бағыт беру, яғни оқушыларды шетел тілін қатынас құралы ретінде пайдалануға төселдіру. Коммуникативтік мақсаттың мазмұны, мәні мектепте оқушылар бағдарламада көрсетілген тақырыптар мен тілдік материалдар негізінде ауызекі сөз бен жазба сөзде қажетті дәрежеде өз ойын жеткізе білу, қиындық деңгейіне байланысты берілген мәтіндерді сөздікпен және сөздіксіз оқып, түсіну. Егер балада ана тілінің сөйлеу және жазу дағдылары мен іскерліктері мектепте, мектептен тыс, отбасында, өзі жүрген ортада қалыптасса, шетел тілінде тыңдап-түсіну, сөйлеу, оқу және жазу дағдылары мен іскерліктері негізінен сабақ үстінде қалыптасады. "Сабақ – мұғалім еңбегінің айнасы", - демекші, бұдан шығатын түйін, окушының шетел тілін терең, жан-жақты меңгеруі, өз ойын шетел тілінде еркін жеткізе білуі, іскерлігі шетел тілдері пән мұғалімдерінің сабақты ұйымдастыра білу қабілеттеріне байланысты. [9, 36] Шетел тілі сабақтары неғұрлым жаңашыл, тиімді технологияларға толы болып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріліп, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына бағытталса, оқушылардың шетел тілдерін меңгерулері соғұрлым жоғары деңгейде болады. Сондықтан да шетел тілі пән мұғалімдері қазіргі заман талабына сай жаңашыл, ізденімпаз, өресі биік, білімді, білікті, шетел тілін үйретудің жаңа формаларын, қазіргі ғылыми – технологиялық прогресс дәуірінде олар телевизия, кашықтықтан оқыту (дистанционды), компьютер, интернет сияқты көп арналармен сабақ жүргізу технологияларын, шетел тілі сабақтарын өткізудің басқа да тиімді технологияларын меңгерулері қажет. Сондай-ақ мәйексөзге, логикалық түсiнiкпен iштей қабысып жатқан ойды ажыратып, негiзгi пiкiрге тiренiш болып тұрған сөз бен сөйлемге мән берерлiктей болуын бағдарлау оқушының бiлiм, бiлiк, дағдысын жетiлдiрумен қатар танымдық түсiнiгiн нығайтады. Бұл саладағы заңдылықтарды екшеп, ой тұжырымдарын сараптай келгенде және бiздiң ғылыми жұмысымыздың зерттеу жүргiзу барысында жасаған пайымдауызға байланысты танымдық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық шарттары мынандай: 1. Шетел тілін ана тілінің негізінде оқыту; 2. Тілдерді оқытуда педагогикалық жаңа технологиялардың ақпараттарын орынды пайдалану; 3. Тілдерді оқытуда сабақ түрлерін жаңашыл педагогикалық технологияға лайықтап дұрыс жүйелеу; 4. Тілдерді оқытуда мәтіннің мазмұнын жаңа технологияға және әлеуметтік саяси 21


жағдайға сәйкестеп сұрыптау; 5. Тілдерді оқыту барысында белсенді әдістерді қолдану; 6. Тілдерді оқытуда білім беру жүйесіндегі оқытудың формаларын қолдану; 7. Тілдерді оқытуда компьютер, интернет желісін, қашықтықтан оқыту, бейне және дыбыс материалдарын пайдалану. Тiлдегi оқыту үрдiсiнде оқушының танымдық қызығушылығының қалыптасуы көптеген факторларға байланысты, оларды сұрыптай келгенде оның дидактикалық негiзiн былай топтастыруға болады: I. Оқушының ұстазымен қарым-қатынасы. II. Оқушының мұғалiммен бiрлескен әрекеттерi. III. Iзденушiлiк туғызатын талаптар. IV. Оқушының өзiн-өзi ұйымдастыруы. Тiлдердi меңгеру үрдiсiндегi бұрынғы және қазiргi бiз бақылаған тәжiрибелердiң әдiстемелiк технологиясын салыстырғанда оның басты ұстанымдарын мына тұрғыда белгiледiк. Танымдық қызығушылық – тек тiлдiк деректердi меңгеру ғана емес, бiлiмдiк сапаны көтеруге де ерекше ықпал етедi. Бұл оқушының болашағы үшiн айтарлықтай мәнi болуымен қатар ой еңбегiн атқаруда табысқа жету дағдыларын қалыптастырады (Кесте 1): Кесте 1 - Тiлдердi меңгеру үрдiсiндегi ұстанымдар Оқытудағы дәстүрлi ұстаным

Оқытудың жаңа технологиясындағы ұстаным I. Оқушының ұстазымен қарым-қатынасы Тиiстi оқу материалын түсiндiру, дайын Оқу материалын тек дайын күйде ғана емес, материалды меңгеру басты парыз өздiгiнен iздетуге мән беру. Шығармашылық бағдарда бiлуге, еңбектене бiлуге зейiн қою. 1 кестенің жалғасы - Тiлдердi меңгеру үрдiсiндегi ұстанымдар Оқушының бiлуге құлқы болмаса да, Оқушының ықыласын жебеп, бiлу мен түсiну ықтиярсыз түрде мәжбүр етiп, iс-әрекетке оған қуаныш әкелгендей ақыл-ойын тарту. жетiлдiрудегi ерiктiлiктi ескерудегi iзгiлiк Ұстаз тек өз оқытатын бiлiм туралы ғана Ұстаз, тәлiмгер ретiнде оқытатын сабағын өмiрге шектелiп, басқаға мән бермейдi және оған үйлестiрiп, шығармашылық деңгейде болуына құлқы да бола бермейдi. мән бередi. Мұғалiм тиiстi бағдарламадағы ұғым, Мұғалiм шәкiрттердi ынталанды-рып, түсiнiктi бiлудi мiндеттеп, оны меңгерудi тапсырысты бiрлесе отырып орындап, ықыласты әмiршiлдiкпен талап етедi. болуға баулиды. Сабақ барысында бiрнеше оқушы ғана Сабаққа қатысқан оқушының бәрi де бiлiмiне бiлiмiне баға алады. Баға арқылы ықпал баға алады, тiлдi бiлуге деген ынтасына мән етедi. берiледi. II. Оқушының мұғалiммен бiрлескен әрекеттерi Мұғалiм бағдарламаны мүлтiксiз iске Мұғалiм бағдарламаны орындауға мiндеттi. асыруға тиiс. Көрсетiлген жүйенi өзгерте Тиiстi тақырыпқа байланысты өзгертулер енгiзiп, алмайды, соған тәуелдi оқушының өзiндiк iзденiсiне мүмкiндiк бередi. Оқу бағдарламасын мұғалiм адал Оқу бағдарламасын орындауға қызықтыру – орындағанымен де оқушы өз мiндетiн оқушының ақыл-ойын дамытатындығына мән өтеуге ықылассыз самарқау қалуында берiп, ынта-ландыруға бар күш-жiгерiн салады. ықтимал Мұғалiм тарапынан берiлген түсiнiктi Сыныптағы оқушылардың сабақ-тағы оқушы жайбарақат тыңдап, белсендiлiк белсендiлiгi, еңбектене бiлуi есепке алынады. танытпауы ықтимал. Олардың қаншалық Сабақ жоспарына байланысты керi сұрақтар да меңгергендiгiне үнемi мән берiле берiлiп, оқушының өжеттiгi, басқаша ойлай бiлуi 22


бермейдi.

ескерiледi. III. Iзденушiлiк туғызатын талаптар Мұғалiм оқушыларды тiлдi Оқушыларды үлгерiмiне қарай бөлмейдi. Қайта меңгеруiне қарай топтастырып, сол тiлдi бәрiнiң де меңгере алатындығына сенiм орайдан тапсырма беруге ұмтылады бiлдiрiп, ынталандырады. Оқытуда пайдаланылатын негiзгi Iзденуге түрткi болатындай жолдар ұсынады. тәсiлдi түсiндiру, көрсету, айтып беру Түрлi кесте, бейнелiк көрiнiстер арқылы сөйлетедi, әдiстерi. әрекеттендiредi. Тиiстi тапсырманы орындамаған, оны Жеке мәселенi бiлмей қалғанына қарамастан түсiнбеген оқушыны ұнатпайды, оларға оқушының шамасына қарай әрекеттенуiне ойлау тек ақыл айтумен шектеледi. қабiлетiн дамытуға барынша қамқорлық жасайды еке оқушының үлгерiмiне баса назар Ұжымдық топтың бiрлесе еңбектенуiне және аударады да, қалғандарының iсоның шығармашылық мәнде болуына зейiн әрекетiне атүстi қарайды. қойылады. IV. Оқушының өзiн-өзi ұйымдастыруы Оқушының атқарған iсiн, әрекетiн Атқарылған iстi, ұжымдық iс-әрекеттi қайтарған жауабын мұғалiм талдайды, оқушылардың өздерi бағалайды бағалайды. Тiл жөнiндегi барлық жұмысты Тiлдi меңгеру, сөйлей бiлу, тапсырманың қандай мұғалiм шешедi де, оқушылар сырт дәрежеде болғандығына оқушылар баға бередi. қалады. Сабақтың өтуiне келгенде әмiршiлдiк Оқушылардың ынтымақтастық қарымжүйе етек алған. қатынасын жетiлдiру арқылы ой-өрiсiн, тiлдi меңгеруге деген ынтасын қолдайды. Танымдық қызығушылықтың нәтижесi адамды iс-әрекетке бастайды. Осы орайдан келгенде бүгiнгi оқушы – күнi ертеңгi түрлi саладағы еңбеккер. Олар болашақта өмiрдiң қай саласында қызмет атқарса да мемлекеттiк тiлде жүргiзiлетiн ресми құжаттар мен iсқағаздарына байланысты жазба жұмыстарын атқаруға тура келетiндiгi заңды құбылыс, ақиқат шындық. Сондықтан бұған зейiн қойып, iс-қағаздарын бiлуi және оны жүзеге асыру мен дайындау саласындағы жазу мәдениетiн меңгеру жолындағы жұмыстар олардың тiлге деген құштарлығын жебеумен бiрге танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы тиiмдi тәсiл. Ал, жазу мәдениетiндегi танымдық басты қисын – өмiр ағымында айналыста болатын iс-қағаздарының тиiстi талапқа сәйкестiгi, тек грамматикалық қана емес, ой сауаттылығы, мазмұндық жүйелiлiгi, сөздiк қорына бай да тиянақтылығы, айтылатын пiкiрдiң реттiлiгi мен айқындылығы болуға тиiс. Бұл – басты шарт. Осы орайдан орта мектепте тiлдердi оқыту үрдiсiнде жүргiзiлетiн сабақ қазақ тiлiнде ме, ағылшын тiлiнде ме, орыс тiлiнде ме, қай тiлде оқытылса да танымдық ортақ заңдылық оқушының бiлуге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталса, дiттеген мақсатқа жетiп, iс нәтижелi болмақ. Қазiргi көп ұлтты Қазақстанның бiлiм беретiн гимназия, лицей, жалпы орта мектептерде басымдық алып отырған және басты қатынас құралы ретiнде кеңiрек етек алған қазақ, ағылшын, орыс тiлдерiмен қатар басқа да тiлдердi жүзеге асыруға ортақ әдiстердi бiлу оқыту үрдiсiндегi негiзгi жол болып табылатындығы мектептердiң күнделiктi өмiрiнен айқын байқалуда. Әр қиырда түрлi аймақта тұратын туыс-жұрағаттармен, дос-жарандармен өзара жазысатын хатхабар өз алдына. Ал мекемелер мен ұйымдар арасында жазылатын қатынас қағаздары, түрлi мәселенi шешуге бағытталған iс-қағаздары iшiнде – ресми хат, жеке адамға жолданатын хат, ұсыныс, сұрау салу хаты, шағымхат, жолдама хат, т.б. туралы оқушыны таныстырып қоюмен шектелмей олардың өзi өмiр сүрiп отырған аймақ пен өзi оқып бiлiм алып отырған мектептiң өмiр тiршiлiгiне байланысты түрлi бағыттағы хаттар, қатынас қағаз жаздыру түрлi мекемелер мен ұйымдармен байланыс жасау ниетiндегi ресми ұсыныстар, өтiлуге тиiстi жиындар мен конференциялар жөнiнде жазба жұмыстарын орындату барлық жағынан тиiмдi. 23


IХ сынып шәкiрттерiне "Оқушылардың өздiгiнен атқаратын жұмыстарын өркендету" деген тақырыпта мектепаралық конференция өтетiндiгiн хабарлап, онда сөз болатын мәселенi талқылауға арналған нұсқау хат дайындау жөнiнде тапсырыс бердiк. Тапсырманы орындаған 21 оқушының бәрi дерлiк өткiзiлмек конференцияны хабарлаумен шектелiп қалмапты. Өздерiн қызықтыратын мәселелер жөнiнде орынды ұсыныстар да жасапты. Оларды жинақтай келiп, мынандай ортақ ұсыныс жасауға келiсiлдi: 1 атқарылатын жұмыстың нәтижелi болуы адамның өзiн-өзі тәрбиелей бiлуiне байланысты. 2 мен қандай адам болуға тиiстiмiн? 3 өзiмдi-өзiм шынықтырып тәрбиелеудегi табыстарым. 4 жақсы адам болу әркiмнiң өз қолында, сондықтан өзiңдi өзiң тани бiл. Әдетте дерексiз ойлаудан гөрi әрбiр тұлғаның тiкелей өзiне байланысты немесе соған ұқсас мәселе жөнiнде ойлануы олардың өмiр шындығына байланысты танымдық түсiнiгiнiң айқында сапалы болуына ықпал ететiн тиiмдi әдiс. Сондықтан оқушыларға тiлдердi меңгеру үрдiсiнде танымдық түсiнiк қалыптастыратын бейiмдеу жұмыстары оқылатын тiлдiң заңдылықтарына үйлестiрiле жүргiзiлуi керек. Ресми түрде бекiтiлген қазiргi бағдарламада осы орайдан жазылған оқулықтарда мемлекеттiк тiл жөнiндегi оқытылатын жүйе мынау: V сыныпта – лексика мен фонетика; VI сыныпта – морфология; VII сыныпта – сөз таптарын түрлендiру; VIII-IX сыныптарда – синтаксис. Сөз тiркестерi мен оның байланысу тәсiлдерi және жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдердiң жасалу жолдары. Тiл теориясына байланысты бұл ақпараттар ағылшын, орыс тiлдерiн өткенде әр тiлдiң iшiнара ерекшелiктерiне орай талданып, мағлұматтар тиiстi бағдарлама бойынша жүргiзiлiп келедi. Мәселе тiл теориясына байланысты ұғым түсiнiктердi меңгеруге байланысты жаттығулар оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруға қаншалықты үлес қосатындығында. Әрине, шетел тiлдерiн оқытуға қарағанда мемлекеттiк тiлдi оқыту арқылы оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру аясы кең. Өйткенi, туған ел әдебиетi жеке пән ретiнде оқытылса да тiлдiк таныммен ұштастырарлық мүмкiндiгi жөнiнде арнаулы ереже ұсынылмағанымен де, өзара iштесе байланысып жатқан жалғастық сақталуға тиiс. Тек тiл саласындағы пәндерден әдебиеттi ғана емес, басқа пәндердi де кiрiктiре жүргiзу арқылы оқушылардың ойлау сапасын, бiлiмдiк деңгейiн танымдық мүмкiндiгiн арттыру жөнiнде педагогика, психология ғылымын зерттеушiлер түрлi-түрлi пiкiрлер ұсынып жүргендiгi де тегiн емес. Бұл саладағы зерттеулер мен ой түйiндерiн пайымдағанда басты бағдарлық тұжырым – мектеп оқушыларына тiлдердi оқытқанда алдымен сөздегi танымдық мәнмағынаны терең ұғынуға зейiн қою парыз деп саналады. Кез – келген ғылым саласының бастауы, ең алдымен ойды жеткiзе бiлуден, мазмұнды дәлдi берiп, сұрақ нақты және жауап қайтару мен жауаптардың реттi болуынан басталады. Мұны осыдан бiр ғасыр бұрын әлемнiң ұлы ұстазы әл Фараби: "Сөз – ғылымдарының классификациясы туралы" деген еңбегiнде ескерткен болатын. Өйткенi, адамның өз ойын дұрыс жеткiзуi және одан туындайтын сан алуан құбылыстарды түсiну, сөйлемдi дұрыс құрастыру ой логикасын тұжырымдауға мүмкiндiк бередi. Демек, сөйлеу жүйесiндегi iшкi түсiнiк, түйсiну, сезiмдi жеткiзудi әржақты тануға да, талдауға да болады. Себебi, тiл – қоғамда өмiр сүрудiң, түсiнiктiң басты кепiлi, негiзi. Адамдардың бiр-бiрiмен қатынас жасау құралы және мұқтажын өтейтiн қаруы сөз деп бiлемiз. Ендеше тiл адамдық болмыстағы, танымдық дамудағы басты көрсеткiш болғандықтан оны дұрыс пайдалана бiлу оқытылатын тiлдердiң еншiсiне кiредi. Жастардың болашағына жол ашатын ойлау мен сөйлеудiң бiр арнадан тоғысуы дұрыс қалыптасса, олардың өмiр ағысындағы iс-әрекетi де сәттi боларына сәк жоқ. Екiншi жағынан қарағанда сөздiң мағынасын танып түсiну – тұлғаның дүниетанымның жетiлуiне, оның заңдылықтарын ұғынуға кеңiрек мүмкiндiк туғызады. Ал мұның өзi ақыл-ойдың өркендеуi тiлдiң даму дәрежесiне байланысты екендiгiнде айқындайды. Ендеше оқыту үрдiсiнде оқушының сөз бен ойлаудағы iшкi байланысты түсiнуi – дұрыс танымдық ұғым, көзқарас қалыптастырады деп 24


қараймыз. Тiлдi оқыту әдiстемесiн зерттеушi ғалымдар ұсынған ой түйiнге мән берсек, олар былай дейдi: тiлдiк қатынас сөйлеу тiлi арқылы ұғынысу, түсiнiсу дегендi нақтылай келiп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрi тамыры тереңде кеткен, өмiрде өзiндiк орны бар қоғамның дамуы үшiн ең қажеттi қоғамдық-әлеуметтiк ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бiр-бiрiмен пiкiр алысуы адамдар қатынасының түп қазығы дегендi бiлдiредi. Қай елде, қай тiлде болса да тiл халықтың мәдениетi, тарихы, салт-дәстүрiндегi қарымқатынастағы сыйластық сезiмi, танымдық тағылым түйсiнуi, сондықтан да ақыл-ой әрекетiн туғызады, сол негiзде тұлғаның көзқарасы қалыптасады. Нақты тәжiрибелердi сараптағанда мектептерде тiлдердi оқыту үрдiсiнде жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, еркін сөйлеу дәрежесіне жеткізу. Еркін сөйлеудің үш түрі бар: 1. Қайталап сөйлеу: мұғалімнен немесе диктордан кейін дыбысты сөзді немесе сөз тіркестерін ауызша қайталап айту; дәптерге жазбаша орындалган жаттығуды дауыстап оқу. 2. Репродуктивті сөйлеу: қойылған сұрақтарға ауызша жауап беру; мәтіннің соңында берілген сұрақтарға жауап беру; ауызша аударма жасау. 3. Еркін сейлеу: а) монолог: белгілі бір тақырыпта әңгімелесу; суретті сипаттап айту; мәтіннің мазмұнын ауызша баяндау, яғни монологта тек бір адам сөйлейді. ә) диалог: Диалогқа кемінде екі адам қатысады. Диалогта сөйлеушіге бір мезгілде екі бірдей талап қойылады: біріншіден, ол сөйлеушінің сөзін түсінсе; екіншіден, әріптестерінің айтқанына дұрыс жауап қайыра білуі тиіс. Қатысушылардың әрқайсысының айтқан сөзін реплика деп айтамыз. Оның екі түрі болады. Әріптестерді әңгімеге тартатын қозғаушы реплика және жауапты реплика. Оқушылар еркін сөйлесу нәтижесінде өздерінің бұған дейін алған фонетикалық, лексикалық және грамматикалық білімдерінің жиынтығын керсетеді. Шетел тілін меңгертуде көп қиыншылықтар кездесетіні рас. Соның бірі – мәтін мазмұнын баяндап беру. Бұл қиындықты жеңілдету үшін мәтін мазмұнын топқа бөліп жұмыс жүргізу жақсы нәтиже береді. Яғни, мәтін төрт топқа (А, В, С, Д) бөлініп беріледі. Әр топ өздеріне берілген мәтін бөлігінің мазмұнын айтып береді, бүкіл мәтін мазмұны айтылған соң оған байланысты сұрақтар қойылады. Мәтін мазмұнын тағы бір есте сақтап қалудың жолы спиральды модуль әдісін пайдалану; оқушы мәтінді оқиды, қалғандары спираль тәріздес мына сұрақтар төңірегінде ("Кім?", "Қалай?", "Қай жерде?", "Қашан?", "He болды?") жауап беретін сөздерді жазып отырады, соңында мәтін мазмұны айтылып беріледі. 1. Мәтінмен жұмыс істеудің жаңа технологияларының бірі: а) мәтін беріледі (ол шет тіліндегі қызықты әңгімелер, аңыздар, ертегілер болуы мүмкін). Мәтін аяқталмаған күйінде әр оқушының алдына таратылып беріледі. Оқушылар мәтінмен танысып, әрқайсысы мәтінді өз қалауларынша аяқтаулары тиіс. Оқушылар түгел жауаптарын оқып болғаннан кейін мәтіннің дұрыс түпнұсқасы ұсынылады. Бұндай жұмыс оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіріп, өз бетінше жұмыс істеуге баулиды; ә) мәтінмен жұмыстың келесі түрі мәтін беріледі, оқушылар мәтінді оқып түсінгеннен кейін сол мәтіннің кейіпкерлерінің рөлінде ойнап, мәтінді қойылым түрінде көрсетеді; б) мәтін таратылып беріледі. Әр оқушы өз беттерімен оқып түсініп, мұғалім мәтінге 25


байланысты әр түрлі ситуациялар береді, сол ситуациялар бойынша оқушылар диалог құрастырады. Мәтінмен жұмыстың бұл түрлері оқушыларды топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулиды. II. Шетел тіліне үйретудің Еуропада кең тараған әдістерінің бірі топпен жұмыс, ондағы мақсат ұжымдық ойлау әрекеті технологиясын жүзеге асыру. Мұғалімдер алдымен ұжымдық ойлау әрекеті технологиясының шарттарын білуі тиіс: - оқушыларды өз еркімен топқа бөлу; - әрекет барысында оқушылардың бәрін сөйлету; топтан пікір алып отыру; оқушы ойын өсіру, көтермелеу, көрсету. Ойлау әрекетінің түрлері: жеке ойлау әрекеті; ұжымдық ойлау әрекеті. Ойлау әрекеттері: - салыстыру; - ең басты негізгі ойды бөліп шығару; - алған мағлұматқа сын көзбен қарау; - ойды жинақтап, қорыту қажет. Салыстыру барысында ең басты негізгі ортақ ойды бөліп шығару, одан ең басты негізгі өзгеше ойды бөліп алып, алған мағлұматты сыннан өткізіп, ойды жинақтап, қорытынды жасалады. Шетел тіліне үйретудегі тағы бір тиімді технология "жобалап оқыту" технологиясы. Жобалап сабақ өткізудің дәстүрлі сабақтардан едәуір айырмасы бар. Жобалы сабақты дайындау, өткізу оқытушылардан да, оқушылардан да шығармашылық ізденісті, көп күшжігерді және уақытты талап етеді. Жобалы сабақтарда оқушылар белсенді болады, яғни оқытушы не айтады деп күтіп отырмай, өздері іздейді, зерттейді, таңдайды, шешеді, жасайды, басқа білімгерлермен, мамандармен бірігіп жұмыс істейді. Оқытушы дәстүрлі сабақтардағыдай аудиторияда информация беретін жалғыз адам болмай, осы жұмыстарды істеу кезінде оқушыларға кеңес беріп көмектеседі, яғни алға қойған мақсатқа жету үшін оқытушы мен оқушы бірігіп жұмыс істейді. [17, 26] Сонымен жобалы сабақ деген не? Жобалы сабақ бұл алдын-ала жоспарланған, алдына қойған мақсаты бар сабақтың ерекше бір түрі. Шетел тілі сабақтарында жобалы сабақ белгілі бір тақырыпты немесе тарауды өтіп болған соң, жүйелеп корытындылау түрінде тоқсан аяғында, жарты жылдықтан соң немесе жыл аяғында өтіледі. Мысалы, “Travelling” жұмыс әлемі тарауы өтіліп біткен соң қорытындылау сабағын жобалап оқыту технологиясын қолдана отырып өткізуге болады: - ең бірінші, мұғалім оқушыларды сабақтың жоспарымен таныстырады; - оқушыларды 3-4 адамнан микротоптарға бөледі; - әр микротоп әр бағытта жұмыс істейді. І. Дайындық кезеңі. а) Негізгі тақырыпты түсіндіру, талдау, өз ойларын айту; ә) сабаққа қажетті жаңа сөздермен жұмыс істеу; б) қосымша материалдар енгізу; II. Тақырыптарды бөлу: а) оқушыларды кіші топтарға топтастырып, әр топқа кіші тақырыптар табу; ә) тақырыптарды талқылау; ІІІ. Тақырыптарды нақтылау: а) сұрақтар құрастыру, жоспар кұру, рөлдерді, тапсырмаларды бөлу; ә) кім не істейді, қашан, қалай, немен істейді? Жобалы сабаққа дайындық кезінде жоспарды басшылыққа алған жөн. Бірақ, сабақ жоспарынан ауытқуға да болады. Себебі, жобалы сабақ барысында шығармашылық еркіндік болуы қажет. Мәліметтерді жинау: 26


а) түпнұсқадағы кітап, газет-журнал, т.б. мәліметтер; ә) теле-радио хабарларындағы мәліметтер; б) белгілі бір жерді зерттеуден алынған мәліметтер; в) көшеде алынған сұхбат мәліметтер; г) фото-сурет, т.б. Жиналған мәліметтерді презентацияға дайындау: а) реттеу, өңдеу, презентацияға лайықтап дайындау; ә) плакаттар дайындау, карта жасау, газет шығару, көрме дайындау, брошюра жазу, т б. Презентация: а) әр кіші топ өз презентациясын басқа оқушылар алдында айтып түсіндіреді, көрсетеді; ә) жұмыстың нәтижесін көрме, брошюра, плакат, т.б. түрінде дайындау; б) жұмыстың нәтижесін көрме, брошюра, плакат, т.б. көмегімен ауызша айтып беру; в) қысқаша жұмыс жоспарымен, іс барысымен таныстыру (не істеуді жоспарлады, не істелді, жұмыс қалай жүрді, бұдан да жақсы істеуге болар ма еді, т.б.); г) пікірталас, пікір-сайыс, т.б. Сабақ дайындау, жүргізу барысында пайдалануға болатын құралдар: 1. компьютер; 2. видеокамера; З. фотоаппарат; 4. магнитофон; 5. микрофон; 6. кітаптар, журналдар, сөздіктер, т б. Жобалы сабақтың презентациясында пайдаланылатын сабақтың басқа әдістерінің түрлері: 1. жарыс сөздер; 2. пікір таластырулар; 3. рөлдік ойындар; 4. ойындар; 5. көріністерді сахналау. Бұндай жұмыстарды атқарған оқушылар келешекте икемді, бейімделгіш, ізденгіш, шығармашылық ойлайтын мамандар болып шығары сөзсіз. Жобалы сабақтарды дайындау, өткізу барысындағы қол жеткізетін табыстар жан-жақты дамыған жеке тұлғаның қалыптасуына көмектесу. Оқушының танымдық түсiнiгi мектепте оқылатын бiр ғана жеке пәннiң аясында ғана емес, онда оқылатын барлық пәндерге ортақ. Өйткенi, танымдық түсiнiктiң өрiстеуi жеке сөз, терминдердiң мәнiн тиянақты ұға бiлуден бастау алады, соған тәуелдi. Мұғалiм өтiлетiн сабақ тақырыбын жоспарлап, дәлдi жобалағанымен де кейбiр жағдайда қосалқы мәселелер де килiгiп кететiн кездерi болады. VIII сыныпта әдеби шығарманың тiлi туралы өткен сабақта, кейiпкердiң сөйлеу ерекшелiгi жөнiндегi мәтiнге байланысты. Дулат Бабапайұлы және Сұлтанмахмұт билiктегiлердiң жеке басын ғана ойлайтын өзiмшiлiк құлқын сынағанда образдың қарым-қатынастағы ерекшелiгiн көрсету үшiн оқулық жазушы элина деген терминдi қолдағаны туралы оқушы әңгiмелеп бердi. Сыныптағылар оған элина сөзiнiң мәнiн талдап беруiн сұрады. Бiрақ, оқушы оған жөндi жауап берiп, тиянақты талдау жасай алмады. Осыған байланысты мұғалiм келесi аптада болатын сабаққа элина сөзiн талдауға әзiрленiп келудi тапсырды. Келесi аптада өтiлген, бiз куә болып сабақ барысындағы әңгiме былай болды. Мұғалiм: - Уағда бойынша, өткен сабақтағы жеке сөз жөнiндегi тапсырманы тиянақтап тастайық. Кiм сөйлейдi. - Асқар сенi тыңдап көрейiк. - Өткен сабақта Элина сөзiн бiлiп келу тапсырылған. Мен бiрнеше сөздiктi қарадым. Элина француз сөзi көрiнедi. Мағынасы қолы жеткен қызмет билiгiнiң құлы, одан қол үзiп қалмау жағын көздейдi де басқаша мәселеге кiрiспей тұйықталып қалады. - Әсел сен не дейсiң? - Асқар дұрыс айтады. Элина француз сөзi. Тек атқарып жүрген қызметiн, орындайтын жұмысын ғана бiледi. Мансабын қорғайды. Соның құлы. Қоғамдық мәнi бар, өзiнiң туған халқы жөнiнде ойланғысы да келмейтiндер. Былайша айтқанда, қазiрде оппозициялық газеттер жиi жазып жүрген қазақ элиталары сияқты адамдардың мiнез-құлқы. Мұғалiм былай дейдi: - Сөздiк дәптерлерiңе жазып қойыңдар. Асқар мен Әсел екеуi де дұрыс айтты. Элина – 27


француз сөзi. Тек қызметiн, мансабын қорғаушы. Рухани патриоттық сезiмi әлжуаз деген мағынада. Бұл сөздi мемлекеттiк қазақ тiлiнiң абыройын қорғаушы Қазақстан Республикасы Парламентi мәжiлiсiнiң депутаты Мұхтар Шаханов және т.б. жиi қолданады. Мемлекеттiк тiлге немқұрайлы қарап, орыс тiлiне үстемдiк бергiсi келетiндердi сынап, олардың баюды көздеген пиғылдарына соққы беру үшiн қолданған сөз. Сабақ барысында кездескен бұл дерек оқушыны өздiгiнен iздене бiлуге бағдарласа, керек деп санаған жағдайда iздене бiлуге мәжбүр етсе, олардың танымдық түсiнiгiнiң арнасы кеңейiп, ой еңбегiн атқаруға сапалы түрде кiрiседi. Ал мұның нәтижесi танымдық қызығушылықты қалыптастыруға ұйтқы болады. Екiншiден, оқушыны бағдарлама бойынша жазылған оқулықпен ғана шектелiп қалмай ондағы кейбiр деректер мен жеке сөздердiң күнделiктi өмiрдегi қолданысына да қалай екендiгiне мән бере отыру алған бiлiм түсiнiктi өмiрге жақындата түсуге мүмкiндiк берумен қатар таным дерексiз абстракты ұғым еместiгiне оқушыны иландыратын құбылыс. Үшiншiден, жеке оқушылардың тиiстi сөздi сөздiктерден iздестiрiп, одан бiлгенiн жаттанды мәнде оқып бермей өзiндiк түсiнiкпен айтып беруге баулап машықтандыру оларды дербестiкке үйрететiн жол. Төртiншiден, оқушыға жаңа сөздердi тiзiп отыратын арнаулы дәптер жасату тиiмдi. Өйткенi, адамның ес-зейiнi естiген, оқығанның бәрiн бiрдей ойында сақтай бермейдi, ұмытып қалуы да болып тұрады. Ал жазып алу әрi ұқыптылыққа, әрi жадында сақтауға мүмкiндiктi арттырады және әрекеттенедi. Ағылшын, орыс тiлдерiн оқыту әдiстемесiмен салыстырғанда қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi кешеңдеу дамыды дегеннiң өзiнде қыруар iстер атқарылғандығы белгiлi. Бұл соларға ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер саласындағы үлкен мұра – Ахмет Байтұрсынов және кейiнгi толқында әдiстеме саласында ғылыми зерттеушiлердi ескерсек айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Бiрақ, уақыт талабы, техникалық өркендеу әдiстеменi жетiлдiрудiң қазiргi қарқында дамуына үйлесiмдi болуын нысана етiп отыр. Барды бағалай отырып, тиiстi құндылықтардың өмiрге лайықтыларын iлгерi жалғастыра жаңарту мiндетiн қойып отыр. Оқыту үрдiсi Гербарттың айтуы бойынша, өзi ұсынған басқыштық жүйеде болуға тиiс деген формалдық талапты шарт етiп қойды. Мұнда ұсынылатын басқыштық жүйесi мынау: тиiстi материалды оқушыға түсiндiру, ұғындыру, тұжырымдау, iс-әрекетке келтiру. Ұсынылып отырған бұл жүйе мiндеттi түрде сақталуға тиiс. Орындау мiндет болғандықтан оқылатын пәннiң деңгейiне қарамастан бұл шартты жүзеге асыру заңдылық деп саналады. Әрине, бұл теория бiлiм берудi ұйымдастыруда мұғалiмнiң дәлдi iс-әрекеттi негiзiнде, бiрыңғай түсiнiк қалыптастырып, ұғымды нақтылауда мәнi болумен қатар оқушының тиiстi материалды түсiнiп, қойылған мiндеттi меңгеруiне және жүзеге асыруына мүмкiндiк беретiндiгi шындық. Күнi бүгiнге дейiн жаңа сабақты түсiндiру, бекiту, пысықтау, қайталау, жаттығу жүйесi сақталып келедi. Сабақтың логикалық жүйесiн құруда және оның жүзеге асуын орындауда өзiндiк мән-мағынасын жоғалтқан жоқ. Солай болғанымен де ХХ ғасырда бұл жүйе қатаң сынға ұшырады. Дидактикалық дәстүрлi жүйенi сынаушылар мұндағы кемшiлiк кiтаптағыны ауызша қайталап беру, тыңдаушының дербес ерекшелiгiмен есептеспеу, нақты қажеттiлiкпен санаспайтын өмiрден алшақ, дайын түсiнiктердi меңгерумен шектелу болғандықтан оқушының ойлау белсендiлiгiне ықпалы аз, олардың ақыл қабiлетiн жетiлдiре алмайды деп қарады. Сондай-ақ бұл жүйе әмiршiлдiк бағдарда болғандықтан оқушылардың өзiндiк ойлауы мен өзiнше iзденуiне деген ықылас-ынтасын тұқыртады деген тұжырым жасады. Осыған байланысты түрлi iзденiстер өрiс алып, жаңалықтар табуға деген көзқарастар дамиды. Оның iскерлiкке бағытталған оқыту теориясы тез қанат жайды. Д.Дьюидiң теориясы бойынша оқыту үрдiсi оқушының қабiлетiне керек деген идеяға бағытталды да, бұл ұстаным бiлiмдендiрудiң басты талабына айналды. Оқытудың мақсаты балаға әртүрлi бiлiк дағдыларын қалыптастырып, ақыл-ой қабiлетiн әр жақты дамыту деп қарады. Осы орайдан бiлiм беруде шәкiртке тек дайын бiлiмдi меңгертiп, оны қайталаумен шектелмей оқушының өзiндiк iзденiсiне, өзiндiк әрекеттенуiне бағдар берiп, оны iштей сезiндiрiп көңiлiне 28


қондыруды қалыптастыру көзделедi. Бұл жүйедегi оқыту үрдiсiнiң құрылымдық жолы мынау – iс-әрекеттегi қиындық пен күрделiлiк неде екендiгiн түсiну, шешiлуге тиiстi қандай проблема және осы орайдан кездесiп отырған бөгет пен тосқауылдардың мәнiн айқындай алу. Сондай-ақ шешiлуге тиiстi проблеманың өзектiлiгiн саралап, алған бiлiмiнiң деңгейiне үйлесiмдi iс-әрекет жасауға кiрiсiп, оны тиiстi бағдарда атқаруға тиiс. Оқыту үрдiсiнiң орындалу кезеңдерi ғылыми зерттеушiлiк тұрғыдағы iзденiс негiзiнде жүзеге асырылады. Әрине, мұндай жол адамның таным белсендiлiгiн жiгерлендiрiп, ойлау қарқыны мен деңгейiн көтерiп, қойылған проблеманы шешу дағдысын өркендететiндiгiнде дау жоқ. Бiрақ, мұны бiрден-бiр табысқа жеткiзетiн дидактикадағы ең тиiмдi тәсiл деп қарау шындыққа келе бермейдi. Өйткенi, оқушының тиiстi проблеманы шешудегi iштей түйсiнiп түсiнуi мен қызығушылығы саласындағы табысын ғана ардақ тұтып, сол жүйемен шектелiп қалып, сыңаржақтыққа ұрынып, тиiстi мәселенi жүйелi бiлуге деген танымын әлсiретiп, бiржақтылыққа ұрындырады. Кейде оқушы қол жеткен кездейсоқ жетiстiгi төңiрегiнде ғана шырмалып, тиiстi проблеманы терең, жан-жақты танудан сырттап қалуы да ықтимал. Өздiгiнен iзденуге бағытталған бұл жол оқушыны көп iзденуге, ерекше күш-жiгер жұмсауды талап етедi. Сонымен дидактикадағы дәстүрлiк жүйенiң де, педоцентристiк жүйенiң де тиiстi деңгейде табысы, жетiстiгi, қолайлылығы болуымен қатар, әрқайсысының өзiне тән осалдығы мен олқылық кемшiлiктерi де бар екендiгi ескерiлуге тиiс. Танымдық қызығушылық тек тiлдердi оқыту үрдiсiнде ғана емес, мектепте оқытылатын барлық пәндерде ескерiлiп, пәнаралық байланысты сақтауға мән берiлуге тиiс. Осы орайдан тәжiрибелiк қолданыстағы iс-әрекетке байланысты қызығушылық қалыптастыруда пайдаланатын дидактикалық дәстүрлi әдiстердi төмендегі 2-кестеде жүйелеуге болады. Кесте 2 - Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастырудың дидактикалық әдістері Оқыту әдiсiнiң түрi Стрела әдiсi

Оқыту әдiсiнiң мазмұны Әртүрлі тапсырмалар беру, диалог, шағын әңгіме құрастыру оқушының танымдық бiлiмiн толықтыру. Бумеранг әдісі Рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, оқушының зейiн-зердесiн танымдық мәнге аудару. Лоскутная Жоғарғы сынып оқушыларымен әр түрлі тақырыпта жарнамалық роликтер ұйымдастыру Бейне диктант Оқушы орфографиялық, грамматикалық қатесіз жазуға өз бетімен жеке жұмыс істеуге жұмылдыру Ынталандыру, әсерлендiру Сөз қолданыстағы жауапкершiлiктi сезiну. Визуалдық, әдiсi аудиовизуалдық танымды меңгерiп, оны тұтына бiлуге ынталану. Қолданыстағы үйлесiмдiлiк. Оқытудағы практикалық Мәтiндi рөлдерге бөлiп оқу, диалог. Мәтiн бойынша пiкiрлесу. әдiстер Өзiндiк таным түсiнiгiн айтып беруге жаттығу. Сөздiктердi пайдалана бiлу Сыныптан тыс Үйiрмелер, кештер, кездесулер, конкурс, конференция, жұмыстарды өткiзу олимпиадаларды ұйымдастыру әдiстерi. әдiстерi Оқытудағы индуктивтiк, Дараны жалпыға, жалпыны дараға келтiрiп талдауды дедуктивтiк әдiстер оқушының қызығушылығына үйлесiмдi болуына мән бере отырып жүргiзу. Проблеманы оқушыға Оқушыны өздiгiнен iзденiп, өздiгiнен ойлантып пайымдау шешкiзу, оларды өздiгiнен жасату, зерттеушiлiк тұрғыдағы ой тұжырымдамасын жасай iзденуге бағдарлау. бiлуге бейiмдеу. Оқытудағы белсендiлiк Техниканы пайдалану, түрлi ойындар мен шығармашылыққа және интенсивтiк әдiстер бейiмдеу, интенсивтендiруде суггестиялық жолды жүзеге асыру 29


Оқыту барысында әдiстiң қай түрiн негiзге алғанда да, тiл пәндерi арқылы қызығушылықты қалыптастыру бiр сәттiң iсi емес, үнемi қайталап және уақыт мерзiмiн созуы керек етедi. Профессор Н.Ф.Талызина көрсеткендей бастауыш сынып оқушысына "А" әрпiн жазып үйренуге 100-200 рет қайталау керек. Ал оны бiр мезгiлде орындаса нәтиже шықпайды, сонша рет қайталаудың уақытын созып жүргiзсе, көздеген мақсат жүзеге асады. Сондай-ақ, оқушының тiл пәндерiн оқу барысындағы қызығушылығын қалыптастыруда тиiстi тақырыпқа үйлесiмдi түрдегi өздiгiнен iзденуге ұдайы зейiн қою парыз. Оқушы өз тәжiрибесiнде бұрын кездеспеген еңбектiң жаңа түрi оларды қызықтырып, оны атқаруға ынталы кiрiседi және тезiрек орындауға ұмтылады. Өзiнiң бұрыннан бiлетiн әдiстерiн жаңа жағдайға үйлесiмдi пайдалануға талпындырып еңбектене бiлуге машықтандырады. Қызығу – iздене түсуге арқау болады. Демек, мүдде мен мүмкiндiктiң тоғысуы, атқарылған iстiң нәтижесi оқушының қызығушылығын жаңа арнаға көтере түседi. Оқушы өзiн-өзi түсiнiп, шама-шарқына қарай бойында бар қабiлетiн жетiлдiруге тырысады. Танымдық қызығушылық шығармашылық ойлау жолдарын қалыптастырады және зердесiнде бекiген әдет, дағды болашағында жалғастық табатын тиiмдi құбылысқа айналады. [18, 37] Оқу үрдiсiндегi негiзгi мақсаттан туындайтын мiндеттердiң көздеген деңгейде жүзеге асуына ықпал ететiн және оның нәтижелi орындалуы оқушының танымдық қызығушылығымен бiрлiкке шешiледi. Меңгерiлуге тиiстi ақпарат, танымдық мазмұн кластық сабақта, сыныптан тыс жұмыста, оқушылардың өзiндiк iзденiсi барысында жетiледi. Танымдық қызығушылықтың қалыптасуынан бастау алған педагогикалық дәстүрлi жолды жинақтай айтсақ, ол мынаған саяды: 1) меңгерiлетiн бiлiмнiң жүйесi; 2) iс-әрекет атқарудың тәсiлi; 3) орындаудың формасы; 4) оқыту әдiсi; 5) қол жеткен нәтиженi бақылау және оны iлгерi дамыту (Сурет 1).

Меңгерiлетiн бiлiм жүйесi Iс-әрекет атқару Үрдiстi жүзеге асыру формасы

-

Сөздiк қорды дамыту

-

Пән аралық байланысты сақтау Мұғалiм берген түсiнiктi қайталау Жобаланған iстi атқару Көрсетiлген деректердi игеру Жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру Берлiген ұғым-түсiнiктi пысықтау Оқулық, оқу құралдарымен жұмыс

Сөздiк, сөйлемге байланысты ойын Мұғалiмнiң түсiндiрмесi Өзiндiк жұмыстар ұйымдастыру Бiлiктiк, бiлiмдiк дағды қалыптастыру - Жаттығулар орындауға, бiлiмiне баға қою - ТСО-ны пайдалану - Жауаптасу арқылы сынау, жетiстiгiн, кемшiлiгiн көрсету -

Оқыту әдiсi

Нәтиженi бағалау және оны iлгерi дамыту

Сурет 1 - Дәстүрлi оқу үрдiсiндегi дидактикалық негiздiң кестелiк сызбасы Дидактикалық дәстүрлi жол танымдық қызығушылықты қалыптастыруда тиiстi деңгейде қызмет атқарып келдi, әлi де оқыту, бiлiм беру, тәрбие iсiнде дами беруге тиiс. Алайда, заманның қарқынды өркендеуi дидактикалық жаңа инновациялық технологияны 30


талап етуде. Өйткенi, тұлғаның бойына танымдық қызығушылықтың қалыптасуы экономикалық, әлеуметтiк, мәдени, рухани дамудағы заңдылықтарды дұрыс түсiнiп, оны iлгерi өрiстете түсуге үлес қосарлық қозғаушы күш. Танымдық қызығушылықтың тiлдердi оқу барысында қалыптасуы оқушының өзiн-өзi жетiлдiруiне, шығармашылық жолға түсуiне, арайлы болашағын белгiлеп iздене бiлуге бағдарлайды, тұлғаның түбегейлi өзгеруiне ықпал етедi. Тiлдердi оқыту арқылы танымдық қызығушылық қалыптастыру – оқушылардың қабiлетiн дамытуда, бiлiм, тәрбие жолындағы iзденiсiне ықпал етуде, iс-әрекеттегi белсендiлiгiн жетiлдiруде мәнi зор. Оқытылатын тiл сабақтары арқылы оқушының қызығушылығын қалып-тастыру, оның тиiмдi жолдарын iздестiру – ХХI ғасырдағы бiлiм беру жүйесiнде келелi мәселеге айналуы заңды құбылыс. Өйткенi, даму шапшаңдығына көз iлеспейтiн жылдамдықтағы өркениет заманы адамзатқа тиiстi мәселенiң бәрiне жаңаша қарауды талап етiп отырып, сол өзгерiстер мен жаңарудың мән-мағынасын дұрыс түсiнуге қолғабыс ететiн, оны ұқтыратын iс-әрекетке ұмтылдыратын қарым-қатынас құралы – тiл болып табылады. Ал тiлдi меңгеру – танымдық қызығушылықты қалыптастырумен тамырлас оның басты шарттарының бiрi. Тiлдi оқытудағы танымдық қызығушылықты зерттеудiң әдiснамалық негiз философиялық даналықтың ортақ заңдылықтары болғандықтан педагогикалық тарихи құндылықтарға тән әдiстердiң бүгiнгi оқыту, бiлiм беру, тәрбие, дамыту жүйесiне үйлесiмдi жолдарын сұрыптауға мән берiлдi. Бiрдiң мысалы мыңға үлгi боларлық ұстанымда тiлдiк деректердi меңгеру неғұрлым оқушының өмiрiне, күнделiктi тiршiлiгiне сәйкес келсе, ол соғұрлым әсерлi, сезiмдi оятып әрекетке ұмтылдырып, танымдық қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етедi. Мұғалiм тарапынан берiлген тапсырманы орындау немесе өздiгiнен iздену арқылы күрделi мәселелердiң шешiмiн айқындау, бұрын өзi ұшырастырмаған сөздердi, терминдi сөздiктерден қарастырып табу жолындағы әрекет оқушының танымдық қызығушылығына белгiлi деңгейде әсер етедi. Әрекет барысындағы iзденiс оқушыны ойлануға, iстi сапалы атқаруға машықтанады. Күнделiктi өмiр қажетiнен туындайтын түрлi құжаттарды толтыру, ресми ақпараттарға байланысты жүргiзiлетiн жұмыстар, алыс-жақын адамдармен хат-хабар алысу, т.б. түрлi жазбаларды жүзеге асыру және оқушылар басқосуларында баяндама жасау, сөйлейтiн сөздiң мәтiндiк жүйесiн құрастыру, тiл, әдебиет пәндерi бойынша шығарма жазу оқушының тiлдi меңгере бiлуiне байланысты болса, оның тиiстi деңгейде орындалуы сөздiк қорға да тәуелдi. Бұл саладағы тиiстi талап-тардың жүзеге асуын сөздiк қорды дамытумен қатар оны реттi қолдану мен тiлдiң мәнiн меңгеруге деген оқушының ниетi және танымдық қызығушылығы шешедi. Осы орайдан педагогика ғылымының арнаулы саласының бiрi - әдiстемелiк әдебиеттерде жинақталған оқыту, бiлiм беру әдiстерi мен тәсiлдерiндегi құндылықтармен салыстыра қараудың негiзгi жолдары тұрғысынан қарастырылды. Қандайда жаңалық өзiне дейiнгi шеңбердiң аясында туындап, құндылықтардың серпiлiсiнен бастау алса, тiлге деген танымдық қызығушылықтың қалыптасуы да бiр-бiрiнен бөлiп тастауға келмейтiн жалғастықта өрiстейдi. Әсiресе, оқушының тiлдердi оқыту үрдiсiндегi танымдық қызығушылығын қалыптастыруда жеке өтiлетiн тiл пәндерiнiң кейбiр деректерi мен ортақ түсiнiктерiн кiрiктiре оқытудың мәнi күн сайын қарқындай түсуде. Пәнаралық байланысты сақтау танымдық қызығушылықты арттырады. Өйткенi, оқушының мультимедиалық ұғымдарда өзi оқып жүрген пәндерге ортақ мәнi мен мағынасын салыстыра қарауға бағдарласа, бiлiмдiк санасын өсiрумен қатар, нақты қолданыстағы прагматикалық негiздерiн кеңiрек түсiнуге мүмкiндiк бередi. Салыстыру арқылы меңгерiлген ұғым-түсiнiк оқушының деректi жаттанды түрде емес, тиянақты, саналы игеруiне және оған деген қызығушылығын қалыптастыруға игi ықпал етедi. Бұндай әсердiң нәтижесi тұлғаның бiле түсуге деген белсендiлiгiн көтередi. Қойылған талап негiзiндегi түйiндi шешу жолында iздендiредi. Өзiнөзi ұйымдастырудағы қозғаушы күшке айналады. Дербестiгiн дамытудағы қызығушылығын қалыптастырады. Тiлдердi оқу барысындағы танымдық қызығушылықтың қалыптасуы тұлғаны енжарлық пен жалқаулықтан айықтырып көздеген мақсатқа жетуге деген ықыласын 31


жебеп, еңбек жолындағы мiнез-құлқына желпiнiс туғызып, тиянақты көзқарас бекiтедi. Тұлғаның интеллектуалдың мүмкiндiгiн ашуға жәрдемдеседi. Оқытудың дәстүрлi әдiстерiн жаңа технологиямен жалғастыру танымдық қызығушылықты өрiстетуге кеңiрек жол ашады. Сондай-ақ танымдық қызығушылық тек уақыт сұранысы ғана емес, адам өмiрiндегi мәңгiлiк проблема ғылымның барлық саласына да тиесiлi. Ал тiлдердi меңгерудегi толассыз жалғастық қарқынды дамумен үйлессе, оқушының келешегi үшiн мән-мағынасы зор. ІІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІКЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСТАРЫ 2.1 Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту барысында тәжірибелік жұмыстың мазмұны Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында “Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Он – лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет. Мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тарту қажет. Кез келген ортасанатты мектептің балалардың ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежесіне қол жеткізуіміз қажет”, – деді. [1, 8] Қазiргi кезеңдегi бiлiмдендiру жүйесiндегi проблема – қарқынды жылдамдықпен дамып бара жатқан жаңалықтарға жеке тұлғаның iлесе алу жолдарын шешу. Ол үшiн әрбiр адамның шама мүмкiндiгiне қарай iздене бiлу деңгейiн көтерiп, уақыт талабына сәйкес дамуын қамтамасыз ету керек. Бұл жағдай педагогикалық теорияларды қайта қарастырып, оның өмiрге үйлесiмдi жолдарын iздеуге мәжбүр етуде. Оқытылатын пәндердiң негiздерi және ондағы ақпараттық жүйенiң мән – мазмұнындағы iштей тоғысқан синтездiк бiрлiктi оқушының меңгеруi олардың танымдық қызығушылығына да байланысты. Оқушының бойына танымдық қызығушылық қалыптасқан жағдайда олар тыңғылықты әрекеттенiп iзденедi, соның нәтижесiнде шығармашылық қабiлетi дамиды. Тұлғаның өз деңгейiнде әрекеттенуi тиiстi мәселенi терең ұғынып, дербестiгi мен мүмкiндiгiнiң жетiлуi тiлге байланысты болса, оны ұйымдастыруда акмеологиялық қатынастың мәнi зор. Акмеология – гректiң "акме" деген сөзi. Мәнi белгiлi бiр мәселенiң шыңы, биiгi, жоғары деңгейi деген мағынаны бередi. Бүгiнде бiлiмдендiрудегi ғылымның жаңа саласы ретiнде адамның өзiн-өзi ұйымдастырып, өзiн-өзi айқындап, өзiн-өзi жетiлдiру тұрғысынан қарастырады. Сондай-ақ тiлдердi оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығы – теориялық және қолданбалық жағынан алғанда диалог түрiндегi сөйлесiмнен өрiс алатын оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тiлдесiм олардың ақыл-ойын дамытып, тәлiмдiң тәрбие алуына ерекше ықпал ететiн құбылыс педагогикалық заңдылық деп танығаны жөн. Осы орайдан оқушылардың шығармашылық өресiн биiкке көтерiп, белсендiлiгiн жетiлдiрiп және ондағы педагогикалық заңдылықтар мен мүмкiндiктердi айқындай түсуде акмеология ұсынған жолдарды пайдалану тиiмдi. Егер оқушы өзiн-өзi ұйымдастыру дағдысын меңгерiп, өзiн-өзi бақылай бiлуге әдеттенсе, оқыған пәндердiң негiздерiнен үйренген ұғым түсiнiктерiн нақты жағдайға байланысты қолдана алуға да бейiмделедi. Бұл салада қол жеткен табысын iлгерi жалғастыруға деген үмiтiн жебеп қызығушылығын өрiстетедi. Бiз бақылау жүргiзген мектептерде тiлдердi оқыту барысында оқушының танымдық қызығушылығына бағдар беру оларды өздiгiмен iзденуiне ықпалды әсер еткендiгiн сабақ барысында, оқушылардың ауызша, жазбаша орындаған жұмыстарынан толық байқадық. Танымдық қызығуға әсер еткен әдiстiң тиiмдi амалдарына мән бергенде интегративтiк жолды қолдануда мыналарды айқындауымызға тура келдi: 32


Нысанаға алынған мәтiннiң мазмұны мен жаңа сөз оқушы үшiн, салыстырмалы тiлде атау, терминдердi жадында сақтауға ұмтылудағы мақсаткерлiк. Ұғым-түсiнiктегi танымды нақты iс-әрекетте пайдаланып, оны жүзеге асыруға ұмтылу. Нақты жүзеге асырылатын танымды жобалап жоспарлау және оны бақылай бiлу. Таным түсiнiкке байланысты еңбектене бiлуге дағдылану. Қойылып отырған мақсатқа орай тиiстi проблеманы шешу жолдарын табу. Өзiндiк көзқарасын қорғау және оның тиiмдi амал-тәсiлдерiн табуға әрекеттену. Мазмұнды меңгеру жолындағы таным тағылымға ықылас қойып құрметтеу, оның рухани iзгiлiгiн жүрегiне сiңiру. Оқушы тiл пәнiн оқу барысында тиiстi деректердi, жеке сөз, терминдердi бiлумен қатар танымдық түсiнiгi жетiлiп, тәрбиелiк тағылым алып, шығармашылық бағдарда ой түйiндеуге мүмкiндiк туындайды. Демек, тiлдiк дерек, мәтiндiк мазмұн бiлiм берумен қатар оқушы үшiн тәрбиелiк тағылым алудағы қозғаушы күшке айналады. Мұны талдай айтсақ мынандай пайымдау жасау орынды: - оқушы бұрын кездестiрмеген сөз, ұғым, оқиға, мәтiннiң мазмұнын өзi үшiн жаңалық ашу тұрғысынан қабылдайды; - меңгерiлетiн ұғым-түсiнiктiң пайдасын көрiп, оны өз қажетi үшiн мақсатына лайықты үйлестiре бiлуге әрекеттенедi; - танымдағы нақтылық жалпылама сөз емес, ой-түсiнiктi дәлдi ұғынуға мүмкiндiк туғызатын тағылым екендiгiн байқайды; - мәтiндегi мазмұнды, жаңа сөздi танып бiлу – iс-әрекетке ұйтқы болатын өнеге ретiнде қабылданады; - танымдық түсiнiк тұлғаның тереңiрек ойлануына, қиялдауына әсер етiп серпiлiс бередi; - ашқан жаңалығын өмiрге үйлестiрiп, тiршiлiкке қалай қолдануға болатындығын зерделейдi; -тiлдiк таным тұлғаның еркiн ойлай бiлуiне, өздiгiнен iзденiп, әрекеттене бiлуге жол ашады, шығармашылыққа бастайды; Оқушының танымдық түсiнiгiнiң дамуы – оның өздiгiнен iздене бiлуiне жол ашады. Тұлғаның өздiгiнен iзденуi жетiлмейiнше танымдық сапа, бiлiм жүйесiндегi саналылықтың тиiстi деңгейге көтерiлуi неғайбыл. Олай болса, деңгейiнiң көтерiле алмайтындығын күнделiктi тәжiрибеден байқап отырмыз. Ал тек оқығанын қайталау мен жаттандылық тұлғаны еркiндiкке жiбермей ой шырмауынан шығармай тiзгiндеп тастайды. Шығармашылықтың өрiстеуi – iздене бiлуге, ой еркiндiгiне, тұлғаның тиiстi мәселенi өздiгiнен сараптай алуымен әрекеттене бiлу дағдысына байланысты. Сондықтан оқу үрдiсiн жоспарлағанда әрбiр пәннiң iшкi ерекшелiктерiне сәйкес оқушының өзiндiк жұмыстарын жобалап, олардың дербестiгiн, өздiгiнен еңбектене бiлу машығын қалыптастыруға зейiн қою шарт. Әсiресе, тiлдердi оқытуда танымдық қызығушылықты фонетика, морфология және лексикалық жүйеде құрып, оқушыны сөйлей бiлуге, ойын саналы да еркiн айта бiлуге бағдарлау басты парыз. Сондай-ақ тiл сабағындағы танымдық қызығушылық оқушының сөздiк қорын дамытып, тиiстi сөз бен терминнiң мәнiн ұғумен ғана шектелмейдi, оның тәлiм – тәрбиелiк мазмұнын терең сезiнiп, өнегелiк тағылым алуына да ықпал жасайды. Онда қазақшадан ағылшын тiлiне, ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне аударма жасату мақсатында VIII сыныпта өткiзiлген интегративтiк сабақтың фрагментiне көңiл аударайық. Сабақ Ұлы Отан соғысының жеңiсi арқылы оқушының патриоттық тәрбие алуына арналды. [19, 11] 1-сабақ Сабақтың тақырыбы: Баспасөз деректерi – тарихи шындықтың хабаршысы. Сабақтың мақсаты: "Кремльдi дүр сiлкiндiрген қазақ шалы" деген мақала бойынша Ұлы Отан соғысының (1941-1945) байланысты оқушыларға патриоттық тәрбие берiп, олардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға әсер ету. 33


Сабақтың барысы: ағылшын тiлiнiң мұғалiмi тыңдаушы ретiнде қатысты да, қазақ тiлiн оқытушы мұғалiм былай дедi: - Мен "Кремльдi дүр сiлкiндiрген қазақ шалы" деген мақаладан үзiндi оқып беремiн. Мақала "Ана тiлi" газетiнде жарияланған. Мәтiндi бiр-ақ рет оқимын. Ұлы Отан соғысы туралы тарих пәнiнен оқыдыңдар ғой. - Тарих пәнiнен оқыдық. Бiлемiз. - Бiлсеңдер биыл жеңiстiң 69 жылдығы. Мәтiнде сол кездiң оқиғасы жөнiнде баяндалған. Сендердiң еске сақтау, тiлге зейiн қоя бiлулерiңдi байқау үшiн шығарма жоспарын жасап, қаласаңыз мөлтек шығарма жазамыз. Қайталап айтамын мәтiндi бiр-ақ рет оқимын. Қажет деген деректер мен кiсi аттарын дәптерлерiңе жаза отырыңдар. Мәтiннiң үзiндiсiн сабырмен баяу оқимын. Оқу барысында көлденең сөз, сұрақ қоймайсыңдар. Сұрақ болса, соңынан мәтiндi оқып болғаннан кейiн қойыңдар. Келiстiк пе? - Келiстiк. Мақұл, - дедi оқушылар. Мұғалiмнiң мақамына келтiрiп оқыған мәтiнiнiң үзiндiсi мынау: Кремльдi дүр сiлкiндiрген қазақ шалы Даңқты қолбасшы Жуковтың бас писары Жазықбай Аханов журналистпен сөйлескенде былай дедi: - Мен Кеңес өкiметiн жек көрдiм. Себебi, менiң әкемдi байсың деп атып тастады. Көп ұзамай анамнан айырылдым. 1927 жылы қоян жұты болды. Мал қырылды. Жиырма сегiзде кәмпеске. Адамдар аштан қырыла бастады. Ел тамақ iздеп жан-жаққа кеттi. Көппен бiрге iлесiп Түрiкменстанның Ашхабад қаласына келдiм. Балалар үйiнде жүрiп оныншыны бiтiрдiм. … Тағдырдың айдауымен Самарқандтың САГУ-ын бiтiрдiм… - Қырық бiрiншi жылы Мәскеудiң түбiнде соғысқа кiрдiм. Бауыржан Момышұлымен бiрге соғыстым. Ол нағыз адам едi. Ұлтшыл. Бiрақ, қатал. Нағыз қолбасшы болып дүниеге келген адам. - Жуковпен қалай кездестiңiз? 1944 жылдың қарашасында. Жазуы маржандай адамдарды жинады. Соның қатарына мен де кiрдiм. Бар болғаны осы. 17 адамның бастығы етiп тағайындады. - Ол кiсi қаһарлы адам болды ма? - Жоғ-ә, қарапайым адам. Ескi гармонымен көңiлденгенде ән айтатын. - Қандай өлең айтады? - Вставай; страна огромная … - Сөйлесетiн бе едiңiз? - Аздап. Ә-ә, мына бiр сұхбатымыз есiмде қалыпты. Висла-Одер операциясы сәттi аяқталды. Сол күнi кезекшi едiм. Жуков Сталинмен сөйлестi. Көңiл-күйi көтерiңкi. "Дежурный!" деп менi жанына шақырып алды. Бiздiң елдiң батырлары жайлы сұрады. "Исатай, Махамбет …" деп шұбыртып берiп едiм, Жуков менi тоқтатты. "Сталин бiлетiн бiр батыр бар. Ол кiм? Волга өзенiне жақын жерде өмiр сүрген". Мен ойланып тұрдым да: "Сырым Датов!" дедiм жұлып алғандай. "Оһо, точно!" дедi ол иығымнан қағып … - Жеңiс мейрамын Берлинде қарсы алдыңыз ба? Жеңiс демекшi, бiз көп нәрсенi орнымен айтпай жүрмiз. Мәселен, Рахымжан Қошқарбаев туралы 30 көкек күнi Рейхстагтың үш қабат биiктiгiне Рахымжан бiрiншi болып ту тiктi. Сонымен соғыс бiттi. Ал екiншi мамырда Рейхстагқа ту тiккен Егоров пен Кантария деген сөз бүкiл КСРО-ны шарлап кеттi. Бұл өте күлкiлi нәрсе. Рейхстаг екi күн бұрын алынып қойған. Кейiн түсiндiк туды орыс тiгуі тиiс екен … - Панфилов бiр айдан кейiн қаза тапты. Мәскеудi қорғап қалған Бауыржан! Ол маршалдың маршалы. Маршал Баграмян Бауыржанның қолына су құя алмайтын. Қонаев Брежневпен қолтықтасқан дос болғанын бүкiл әлем бiледi. Бiрақ, Бауыржанға батырлық медалiн алып бере алмады. Тiптен қызмет те берген жоқ. Ол соғыс министрi де, обком да, райком да бола алатын. Әттең! ... - Мәскеуде Жуковты қорғап сөйлегенiңiз есiңiзде ме? … - Е,е, ол кейiнiректе өткен оқиға ғой. Тоқсан бiрiншi жылы Горбачев Кремльде кiлең 34


соғыс ардагерлерiн жинады. Бiзден 20 адам барды. Ол кезде маршал Соколовский тiрi. Ол кiсi маған: "Әй, қазақ, сөйлейсiң, дайындал!" дедi естiртiп. Горбачев бастаған бүкiл политбюро бар, толқығаным рас. Сөйледiм. Алдымен Баукеңдi айттым. Мәскеудi қорғап қалған адам. Бұл кiсiге иә батыр атағын, иә генерал шенiн бермедiңiздер дедiм. Жамбыл – жүзге келген қазақ ақыны. Оның "Ленинградтық өрендерiм" деп соғыстың қайнап тұрған кезiнде шығарған өлеңi қаланы қорғаушыларға өлшеусiз рух бердi. Осы адамның атындағы көше жойып жiберiлдi. "Собчак! Сенiң оған қандай хақың бар!" деп айқайладым. Зал iшi араның ұясындай гуiлдеп кеттi. "Собчак кетсiн!" Қызық болғанда Собчак жоғарыдан төменге қуып шығарылды. Жуковты айтқанда, тiптен, айбынданып кеттiм. Оның рөлi Наполеонды жеңген Кутузовтан артық болмаса кем емес. Бiрақ, масқара болғанда ол кiсiге арналған көше не ескерткiш жоқ. Калининград Жуковград болуы тиiс! Зал орнынан тұрып кеттi. Әзер басылды. … Қысқасы, менiң әрбiр сөзiмдi жерге түсiрмей залдағы майдандастарым қолдады да отырды. Айбынданып кеттiм. Төмен түсiп келе жатыр едiм, бiр әйел менi құшақтай алды. Жуковтың қызы екен. Жылап тұр. Мен де жыладым. Бүкiл зал жылады. Тағы бiр ғажап нәрсе, жиналыстың ортасында Горбачев Жамбылдың есiмi Ленинградтағы көшеге қайта берiлгендiгiн салтанатты түрде айтты. … Сегiзiнен тоғызына қараған түнi немiстердiң тiзе бүккенi жөнiнде құжатқа қол қойылды. Таңғы төртте Александр Плацке үш жүзге жуық қазақтар жиналдық. Тойладық. "Қамажай", "Сұршақыз" және басқа да қазақ өлеңдерiн шырқадық. Мына Құдайдың құдiретiн айтпаңыз. Таң атып келе жатқанда алаңға бiр ақбозат шауып шықты. Таң қалдық. Осы ақбозатты ұстап алып, Жеңiстi көре алмай кеткен боздақтарға деп оны құрбандыққа шалдық … … Запастағы полковник Жазықбай … сексеннен асса да сергек. Мәтiндi аяқтап, сәл кiдiрiстен кейiн: - Түсiнiктi ме? Сұрақтарың бар ма? - Түсiнiктi. - Кiмде қандай сұрақ бар? - Собчак кiм? - Кезiнде Ленинградты басқарған бастық. Әкiм. Мұғалiм сәл кiдiрiс жасап, оқушылардың тыңдаған мәтiн туралы ойлануына мүмкiндiк берiп және көрсетiлген кiсi аттары тақтаға жазды: Ақанов Жазықбай, Жуков, Сырым Датов, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Егоров, Кантария, Горбачев, Маршал Соколовский, Собчак. Қол көтерген оқушының сұрағы: - Жоспарды мазмұндама түрiнде құрастырайық па, еркiн шығарма түрiнде жазайық па? - Оны өздерiң шешiңдер. Еркiн шығарма түрiнде жоспар жасасаңдар дұрыс болар едi. Бiрақ, ұзақ сонар болмасын. Әрi қысқа, әрi нұсқа боларлықтай жинақы болсын. Ағылшын тiлi мен қазақ тiлiн оқытатын мұғалiмдердiң бiрлесiп өткiзген интегративтiк сабағы екендiгiн ескерiп, мұғалiм мөлтек шығарманың жоспарын қай тiлде жазсаңдар да ерiктiсiңдер деген түсiнiктеме бердi. Бiр оқушы қолын көтерiп: - Орыс тiлiнде жазуға бола ма? - Болады. Ерiк өздерiңде. Сонымен жоспарды ағылшынша немесе қазақша, қаласаңдар орысша жазыңдар. Мәтiндi қалай ұққандарыңды, танымдық түсiнiктерiңдi көрсетiңдер. Қоңырау болып қалды да жазу жұмысын үйде орындап, келесi сабақ интегративтiк түрде өтетiндiгi ескертiлдi. Келесi интегративтiк сабақтың жалғасы былай болды: Мұғалiм: - Өздерiң жасап келген мөлтек шығарма жоспарын оқуда демократиялық ұстаным сақтайық. Алдымен қай тiлде оқиық, кезектi кiмге берейiк? - Алдымен мемлекеттiк тiлде, одан кейiн ағылшын тiлiнде жазғандарға сөз берейiк, дедi оқушылар. 35


- Қарсылық жоқ па? - Келiстiк. Қарсылық жоқ. Оқушылар жазбаша орындап келген жұмыстарын бiрiнен кейiн бiрi кезектесiп оқыды. Солардың таңдаулы деп саналғандар мыналар: 1. Қазақша жазғандар 2. Ағылшынша жазғандар 3. Орысша жазғандар кезектесiп оқыды. Жоспар №1. 1.Запастағы полковник Жазықбай Ахановтың балалық шағы 2.Аханов Мәскеудi қорғау соғысында 3.Каллиграфияның пайдасы 4.Кремльдегi кездесу 5.Жеңiс-рухани қуаныш Жоспар №2. 1.Балалық шақ 2.Мәскеу түбiндегi шайқас 3.Маржандай көркем жазу 4.Жеңiстi тойлау - құрбандық 5.Атамыз бiз үшiн өнеге. Жоспар №3. 1.Жазықбай атаның балалық шағындағы тарихи өзгерiс 2.Н.Әбдiров, С.Баймағамбетов, Р.Қошқарбаев, Б.Момышұлының ерлiгi тарих беттерiнде 3.Кремльдегi сөз - әдеби кейiпкердiң сөзi емес, нақты болмыс 4.Тарихтан тағылым. Жоспар №4. 1.Жорналшының атамызбен сұқбаты 2.Сағыныштан төгiлген көз жас 3.Ел қорғаған ерлердi құрметтеу парыз 4.Каллиграфия және Жуковпен әңгiме 5.Тарихи шындық - өшпес өнеге. Жоспар №5. 1.Мәскеу түбiндегi соғыс 2.Жуковтың писары 3.Жеңiстi тойлау 4.Елiмiздi қорғаған ерлер • Аталар даңқын мақтан етемiз. Ағылшын тіліне аударылған мәтіндер. «A kazakh grandpa, who shakes the Kremlin» Plan №1. 1.Dzasykbai Ahanov's childhood. He is a colonel in reserve. 2.Ahanov was fighting to defend the Moscow 3.A benefit of calligraphy 4.A meeting at the Kremlin 5.Victory – inner gladness (joy) Plan №2. 1.A childhood 2.The war near the Moscow 3.A pearly writing 4.To celebrate a victory – a acrifice We must follow our grandpa’s examples Plan №3. 1.Our grandpa's innocent victim and historical changes of his childhood 36


2.Within our memory N.Abdirov, S.Baimaganbetov, R.Koshkarbaev, B.Momushuly's heroisms. 3.A speech at Kremlin, it's not a speech of literary character, it's a speech of real person 4.Historical conclusion Plan №4 1.An interview between journolist and our grandpa. 2.To shed tears from mіssіng 3.Our duty is to respect mens who defend our country 4.Calligraphy and conversation with Djukov 5.Historical truth – for all eternity Plan №5. 1.The war near the Moscow 2.Djukov's clerk 3.To celebrate the Victory 4.The men, who defend our country 5.We boast of our grandpa's fame Newspaper, Native Language, 2005 y. May План №1. 1.Детство Жазыкбая Аханова – полковника в запасе 2.Аханов – в боях за Москву 3.Польза каллиграфии 4.Встреча в Кремле 5.Победа – огромная радость План №2. 1.Детские годы 2.Битва под Москвой 3.Красивый почерк 4.Празднование победы 5.Пример наших дедов План №3. 1.Исторические перемены и детство дедушки Жазыкбая 2.Историческое значение подвигов Н.Абдирова, С.Баймаганбетова, Р.Кошкарбаева, Б.Момышулы 3.Исторические факты, прозвучавшие в Кремле 4.Примеры из истории План №4. 1.Интервью с журналистом 2.Мужские следы 3.Дом перед защитниками Родины 4.Коллиграфия и беседы с Жуковым 5.Историческая правда План №5. 1.Битва под Москвой 2.Писарь Жукова 3.Празднование победы 4.Защитники Родины 5.Гордость за дедов Сабақ нәтижесiн сараптау кезiнде айтылған пiкiрлердiң жинақтай келгендегi түйiн: - оқылған мәтiн бойынша сыныптағы оқушылардың бәрi де жоспар жасаған; - оқушылар өз қалауы бойынша жоспарды ағылшын, орыс, қазақ тiлдерiнде құрастырған; - кейбiр жоспарда оқылған мәтiнде жоқ деректердiң келтiрiлуi олардың мақаланы өздiгiнен iздеп, түп нұсқадан толық оқығандығын айғақтады. Жоспар жасаушы оқушы 37


"Мәтiн ұнағандықтан мақаланы толық оқып, тереңiрек бiлгiм келдi" деген уәж айтты (3, 4 жоспар); - оқушының танымдық қызығушылығы өздiгiнен ойлануға, пiкiрiн екiншi тiлде жеткiзе алуға мүмкiндiк берiп жаттықтыратын байқатты; - танымдық қызығушылық қалыптасса оқушы өздiгiнен iс-әрекет жасап, шығармашылық бағдарда еңбектенiп, тиiстi мағлұматты, деректердi, жадында сақтауға машықтанатындығын көрдiк. Осы өткен сабақтар туралы және оның сараптамалық түйiндеуi тұрғысынан келгенде жасалатын педагогикалық тұжырымдама мынаған саяды: 1. Бұрын бiлiм берудегi пәнаралық байланысты сақтау деп жалпы аталатын талаптүсiнiк бүгiнде интегративтiк және кластерлiк әдiстердiң өркендеуiне әкелiп, оған ерекше мән берiп отыр. Интегративтiк терминiнiң төркiнi – интеграция – латынның қалпына келтiру, толықтыру деген сөзiнен бастау алған. Қазақ тiлi терминдерiнiң салалық ғылыми түсiндiрме сөздiгiнде берiлген анықтамада былай деп жазылған: "…педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, бiлiмдi жүйелеу мен жинақтауда әр түрлi ғылымдарда бiрiктiру". Ал кластер – тұлғаның бiр-бiрiне тәуелдi емес, бiртұтас мiндеттi шешу жолында бiрлесiп жұмыла жұмыс iстеуi. Демек, оқушыға танымдық түсiнiк қалыптастыруда интегративтiк, кластерлiк әдiстiң мәнi зор екендiгi бұл деректер толық мойындатады. 2. Мәтiндi оқу, оны тыңғылықты тыңдау деректi iштей сараптау тұлғаны өзiндiк iсәрекетке келтiру оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруға ұйтқы болады. 3. Танымдық қызығушылық қалыптасса, оқушының ұғым түсiнiгi тереңдеп, тиiстi мақсатқа жету үшiн жан-жақты iзденiп, өзiндiк тұрғыдан пайымдау жасауға машықтанады. 4. Тiл пәнiн оқу барысында танысқан жеке сөзге, терминге, мазмұнға оқушының мән беруi – олардың танымдық ұғымын жетiлдiрумен қатар тәлiм тәрбиелiк өнегенi терең сезiнiп, тиiстi оқиғаға байланысты патриоттық көзқарасының қалыптасуына ықпал етедi. 5. Тiлдi меңгеруге байланысты келтiрiлген мақал, мәтел, мәтiндегi тағылымдық мазмұн оқушының жiгерiн жебеп, танымдық қызығушылық туғызып өзiн-өзi тәрбиелеуге ынталандырады. 6. Тиiстi тiлдiк дерек негiзiнде танымдық түсiнiктiң дамуы оқушының бойындағы талантын оятып, болмысында бар дарынын қабiлетiн ашуға әсер етедi. 7. Оқушының танымдық түсiнiгiн жетiлдiру – бүгiнгi уақыттың өскелең сұранысына лайық қуатты серпiлiс туғызуға құлшындырып, шығармашылыққа бастайтын қозғаушы күшке айналады. 8. Танымдық қызығушылық тек тiл пәндерi аясында ғана емес, мектепте өтiлетiн барлық пәндерге ортақ мәнде пән аралық байланысты шын мәнiнде өрiстетсе, оқушылардың шығармашылық iзденiсi жетiлiп табысты болатындығын оқушылардың № 3, 4 жоспарларынан аңғаруға болады. Оқушы тiлдiк деректердi тарих пен әдебиетпен байланыстыруға оқталғандығы көрiнiп тұр. Танымды жетiлдiру тек уақыт сұранысы ғана емес, бiлiм жолындағы жастықтың мәңгiлiк мәселесi. Өйткенi, танымдық қызығушылық болмаса өмiрдегi жаңалықты, ғылымда, қоғамда болып жатқан өзгерiстердi бiлу мүмкiн емес. Танымдық қызығушылық жаңаны бiлуге, оны iздеп табуға, түрткi болуымен бiрге оқуға деген құлшыныс туғызады. Оқушыға мүғалiмнiң танымдық қызығушылық тууына әсер етуi олардың бiлiмдi меңгеруiне, iсәрекетте белсендiлiк танытып тиiстi нәтижеге жетуiне ықпал етедi. Оқушының жаңа бiлiмдi iздеу жолындағы әрекетi, берiлген тапсырманы тыңғылықты, жүйелi орындауы және атқарылатын iс-әрекеттiң мазмұны мен оны орындау барысындағы қолданған амалдары, әдiстемелерi, тәсiлдерi оқу процесiн жүзеге асырудағы олардың негiзгi қызметi болып табылады. Демек, танымдық қызығушылықтың нәтижесiнде оқушы өздiгiнен iзденiп, меңгерген бiлiмiнiң үстiне бiлiм қосып, ой-түсiнiгiн өрiстете түседi. Танымдық түсiнiк қалыптасуы барысында тиiстi дағды бойға бекiп, ойға қонып тұлғаның болашағында жалғасын табады да олардың iс-әрекетке деген сенiмiн орнықтырады. Ал сенiм болса атқарылатын iстiң нәтижелi де тиянақты орындалуына кепiлдiк беретiн басты фактор. 38


Әсiресе, тiлдердi меңгеруге деген сенiмi тиянақты қызығушылығы жоғары болса, тұлғаның көздеген мақсатына жетерi хақ. Ол үшiн оқушының танымдық, сезiмдiк, ерiк қасиеттерiне үйлесiмдi iстер атқартып, сол орайдан тиiстi көзқарас қалыптастыруға зейiн қою керек. Өйткенi, оқушының сезiмi, танымы, саналы, қабылдаған тәжiрибесi барысында бойына қалыптасқан сенiмi оның тиiстi деңгейде көзқарасын бекiтiп iс-әрекетке деген ұмтылысына бағдар бередi, еңбек жолындағы болашақ әрекетiнiң нәтижелi болуына ықпал етедi. Оқушының сынынан өтiп, әбден көзi жеткен сенiмi - танымдық түсiнiгiн нығайтып, iсәрекетте пайымдық тұжырым жасауға деген мүмкiндiгiн кеңейтедi. Оқу үрдiсiнде тұлғаның жаңа танымдық түсiнiктi қабылдауы, ондағы деректердi талдап талқылауы тиiстi заңдылықтарды пайымдап, өз тәжiрибесiнде қолдануға, тұтына бiлуге жол ашады. Әрине, таным логикасы революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен өрiстейтiн құбылыс. Олай болса, дiттеген мақсатқа бiрден жетуi қиын және тiл пәнiне байланысты танымды қызығушылықты бiрден жүзеге асыру күрделi екендiгiн мойындап, оны бiртiндеп дамыту нәтижелi болатындығын бiздiң бақылау тәжiрибемiз толық айқындап отыр. Тiлдердi оқыту үрдiсiнде танымдық қызығушылықтықтың сапалы да нәтижелi болуы бiлiмдендiру саласында әлемдiк педагогика жаппай бет бұрып отырған оқыту технологиясына және инновациялық ұстанымдарға мән беру басты талапқа айналды. Өткен ғасырдың 70 - жылдарынан бастап оқу процесiнiң тиiмдiлiгiн арттырып, дидактикалық шешiмдердiң өркендетуге байланысты ЮНЕСКО былай деп көрсеттi: Педагогическая технология – это не просто исследования в сфере использования технических средств обучения или компьютеров; это исследования с целью выявить принципы и разработать приемы оптимизации образоваиельного процесса путем анализа фактов, повышающих образовательную эффективность, путем конструирования и применения приемов и материалов, а также посредством оценки применяемых методов. Бұл анықтаманы басшылыққа алар болсақ – оқыту үрдiсiндегi тиiмдiлiктi арттырудың әдiстемелiк жүйесiн құрып, оны тиiстi мақсатқа лайықты жүзеге асыруда бұрыннан бар құндылықтар мен техниканың қол жеткен табыстарын үйлестiре қолдану бiлiмдендiрудегi жаңа мiндеттердi шешiп, оның формаларын айқындаудағы оқытудың басты сипаты болып табылады. Оқушылардың тiлдердi оқу барысында танымдық қызығушылығын қалыптастыруда оларды тiзгiндемей еркiндiк беру жас жеткiншектiң ой түсiнiгiн жеткiзуде қысылып, жасқанбай пiкiрiн тiке айтуына мүмкiндiк беретiндiктен айтарыңды айтып сал (мозговой штурм) әдiсiне ерекше мән берiледi. Оның басты себебi, ұзақ жылдар бойы кеңестiк идеологияны ұстанған мектептерде әмiршiлдiк үстемдiкке құрылды да мұғалiмдер оқытуда демократиялық емес, диктаторлық-әмiршiлдiк бағдарда болды. Ал бүгiнгi оқыту жүйесiндегi қайта құрылым ол түсiнiктен айығып, оқытудың демократиялық жүйесiне көшуiн талап етiп отыр. Осы мәреден қарағанда бұл әдiстiң мәнi оқушыларды жасқаншақтықтан айықтырып, өзiндiк таным түсiнiгiн еркiн айта бiлуге, қате жiберiп аламын деп қымсынбай өзiндiк түсiнiк танымын жеткiзе алуға машықтандырып жаттықтыруда қолайлы болуда. Әсiресе, тiлдердi меңгеруге қызығушылық қалыптастыруда тиiстi деңгейде табысқа жеткiзiп, әр тiлдiң орфографиялық және орфоэпиялық заңдылықтарын дұрыс ұғынып, оны тиянақты меңгеруде пайдалы екендiгiн әржақты байқадық. Бұл әдiстiң ұйымдастырылу ерекшелiгi мынада: проблеманы талқылауға қатысушылар белгiлi тәртiп бойынша орналасады. Бастаушы шешiлуге тиiстi мәселенi түсiндiрiп, көрсетiлген уақыт iшiнде жауап берiп, өз ойларын айтады. Оқушыларды өздерi белгiлеген төрешiлер айтылған пiкiрге сараптама жасайды. Егер айтылған пiкiрде, келтiрiлген мысалда қате, ауытқу болса, оны жазғыруға, айыптауға, кекетiп мұқатуға болмайды, ондай әрекетке үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. Үрдiстiң барысында жетекшiлiк жасаушымен, басқарушымен қатар мұғалiм айтылған пiкiрлердi жинақтап, сараптап, тиiстi пайымдау жасайды. Әдiстемелiк тұрғыдан негiзгi ұстаным – сұрақты өзiнше шешу, мiндеттi өзiнше жүзеге асыру және өзiндiк танымын, көзқарасын еркiн, жасқанбай айтуға дағдылану және ойын жедел де ықшам түрде баяндап, сөйлей бiлуге машықтандыру. Әдiстемелiк жағынан алғанда оқушылардың белсендiлiгiн көтеруге өте табысты болды. 39


Бұрын сабақта мiнезi тұйық, сөзге көп араласа бермей, өзiмен-өзi отыратын оқушылардың белсендiлiгiн көтерiп, iс-әрекетке араластыруға ықпал ететiндiгiн көрдiк. Тiлдiк қатынастың теориясы мен әдiстемесiн зерттеушi профессор Ф.Ш.Оразбаева былай дейдi: "Тiлдiк қатынас – сөйлеу тiлi арқылы ұғынысу, түсiнiсу дегендi нақтылай келiп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрi тамыры тереңге кеткен, өмiрде өзiндiк орны бар, қоғамның дамуы үшiн ең қажеттi қоғамдық-әлеуметтiк ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бiр-бiрiмен пiкiр алысуы адамдар қатынасының түп қазығы дегендi бiлдiредi" [20,17]. Олай болса оқушыны сөйлеуге үйретуде, оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыруда өзiн еркiн ұстай бiлуi, көңiл күйiнiң көтерiңкi болуы өзiндiк түсiнiгiн, пiкiрiн ашық, жасқанбай айтуға баулиды. Ауызекi сөйлеуде оқушының тақырыпқа байланысты мазмұндық, ақпараттық, танымдық түсiнiгi және тiлдiң орфоэпиялық нормасына сай болуы, сөздер мен сөйлемдер арасында паузаны дұрыс қойып, дауыс ырғағын сақтай бiлуге жаттықтырады. Сондай-ақ оқушының сөйлеу кезiнде сөйлемге және сөйлемдегi сөзге ой екпiнiн түсiре бiлуi, интонациясы тыңдаушыға әсер ететiн және танымдық мәнi зор мәселе. Айтарын айтып салудағы интонация – сөйлеу сазы. Сөйлеудiң ритмi мен үнiн, дауыстың бiрде жоғары, бiрде төмендiгiн бiлдiредi. Тiлшiлер "сөз бен ой екпiнi, сөйлеудiң қарқыны, ритмi (ырғағы), пауза (кiдiрiс) сазы" деп көрсетсе, профессор С.Аманжоловтың пiкiрi мынандай: "Сөздердiң сөйлемдегi iшкi құрылысын басқарып, маңызын арттыруда әсерi күштi нәрсенiң бiрi – ой екпiнi. Ой екпiнi – бiр сөздiң басым айтылуы. Ой екпiнi интонациямен тығыз байланысты. Ой екпiнi түскен сөздi көтерiңкi оқу арқылы ой өткiрленедi, сөз қырланады. Интонацияның қисынын, қырын келтiрiп оқу дауысты құбылтады, гүлдендiредi, айтайын деген ойың жанданып кетедi. Ой екпiнi бiр сөйлемде, бiр я қатар тұрған екi-ақ сөзге түседi. Соны айырып оқытудың өзi-ақ монотондықтан, сылбырлықтан құтқарады. Демек, оқушы өз ой түсiнiгiн жасқанбай жеткiзiп, ешбiр сескенбестен айтарын айтып салу (мозговая атака) кезiнде сөздiң мазмұндық мәнiмен бiрге оның айтылу мақамы, үнi, екпiннiң де ықпалы болатындығын өз тәжiрибесiнде көрiп, тыңдаушыға әсер етудегi жетiстiгiн iлгерi дамытып, олқылығы болса оны жою жолдарын iштей аңғарып, үй жұмысын атқару барысында оқушы өзiне-өзi жаттығу жасайды. Танымдық қызығушылық тiл үйренушiнiң қарым-қатынасын iс жүзiнде жүзеге асырып және өзара түсiнiсу, пiкiрлесу, ойды жеткiзу тұрғысынан келгенде оқушы мәтiннiң мазмұнына байланысты әрекеттенедi. Оқушының сөзiне негiзделген мәтiн тыңдаушыны ақпараттандырады және ол хабардың көзi, мәнi ретiнде танылады. Айтушының сөзiндегi мәтiннiң құрылысы, мағынасы қабылдаушының деңгейiне, ынта-ықыласына сәйкеседi де сөз тiл үйренушiлердiң тiлдi меңгеруiне ықпал ететiн негiз болады. Тұрақты сөз тiркестерi және оны айтып беру техникасы, тiл үйренушiнiң белгiлi бiр ойды жеткiзуге қызмет атқарса, сөйлем – тiлдiк қарым-қатынасты жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мәтiн – тiл үйренушiнiң өзара түсiнiсу, ойды жеткiзу, ұғынысуға деген мүмкiндiктi арттырады. Қоғамдағы саяси-әлеуметтiк, мәдени және бiлiм беру саласындағы түбегейлi өзгерiстер, әлемдiк өркениет жолындағы ұмтыластарға байланысты оқытудағы тиiмдi жаңа әдiстердiң бiрi ретiнде – айтарыңды айтып сал (брейнсторминг) әдiстерiн пайдалану тiлдердi меңгеру барысында оқушының сөйлесiм әрекеттерiн игеруге ықпал ететiндiгiне мән берiп, оны әржақты қарастырып, тәжiрибеде сынап байқадық. Сөйлесiм әрекеттерiне байланысты қазақ, ағылшын тiлi мұғалiмдермен келiсе отырып сабақтың мынандай үлгiлiк жүйесiн жасадық. 2-сабақ Сабақтың тақырыбы: Сөйлесiм әрекетi және оның түрлерi. Сабақта қамтылатын негiзгi мәселелердi былай белгiледiк. 1. Тiлге байланысты оқушыға теориялық бiлiм беру. 2. Сабақтың жаңа технологиясы. 3. Мұғалiмнiң оқушылармен бiрлесе жүргiзетiн жұмыстарының педагогикалық технологиясы. 40


4. Жүргiзiлетiн жаттығу жұмыстары. Бұл жүйенi талдап, тарата айтқанда мына мәселелерге зейiн қойып, назар аударылады: 1. Оқушыға теориялық бiлiм беру. Оқушыға дұрыс сөйлесе бiлудегi тiлдiк қатынастың атқаратын қызметi туралы түсiнiк беру, қарым-қатынастағы сөйлесiм, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тiлдесiмнiң өзара байланыстылығын ескерiп, оқушыны бұған ерекше мән беруге бағыттау. Сөйлесiм әрекеттерiнiң түрлерi жөнiнде ақылдасу – айтылым мен жазылым белгiлi бiр ақпаратты бiлдiру, ұғымдық түсiнiктi жеткiзу болса, оқылым мен тыңдалым жаңа ақпаратты қабылдау, оны еске сақтауға бағытталады. Сөйлесiм өзара пiкiрлесуге, тiлдiк қарым-қатынастың әрекетiне айналуы болып табылады. Сөйлесiм барысында белгiлi бiр ой, ақпарат, хабар ауызша жеткiзiледi де сөздiң табысталуы, мақамы, ырғағы, дауыстық әуенге де мән берiледi. 2. Сабақтағы жаңа технология және бинарлық мақсат оқушылардың өзара ынтымақтастығын дамыту. Оқушыға берiлетiн ұғым-түсiнiктi қоршаған ортасына нақты өмiрге байланысты болуын зейiн қою және оның белгiлi бiр жүйеде болуы назарда ұсталады. Бинарлық ұстаным – сыныптағы оқушылардың жаппай қатысуына бағытталды. Өзара ынтымақтасып, екi мұғалiм қатысып бiрлесiп өткiзген интегративтiк сабақта, тиiстi ұғым, мән-мазмұнға байланысты танымдық түсiнiктi жеткiзудегi әрбiр тiлдiң өзiндiк ерекшелiгiне тән назар аудару басты бағдарда болады. Жаңа сабақ бойынша берiлген түсiнiктен кейiн қойылған сұрақтарға жауап берiп, пiкiрсайысын туғызатын мәселедегi оқушылардың айтарын айтып салу барысында жасалатын тұжырымға мұқият қарау, оқушылардың ой ұшқырлығы, лексика саласындағы тiлдiк тапқырлықты мадақтау олардың сабаққа қызығушылығын арттырумен қатар ой белсендiлiгiн, тiлдi бiле түсуге деген құштарлығын жебеп ықыластандырады. Бинарлық сабақ – екi пәндi бiр -бiрiне байланыстырып, екi тiлдегi түсiнiктi бүгiнге тоғыстыра тұтастырып, оқушының танымдық ұғымын қалыптастырады. Бинарлық сабақ – екi тiлдегi түсiнiктi бiр-бiрiмен байланыстырумен қатар екi мұғалiмнiң өзара орын алмастырып және олардың оқушылармен да рольдiк ауысу жасауына мүмкiндiктi кеңейе түседi. Оқытудағы жаңа технология – сабақтың сапалы болуына, сөздiк қорды дамытуға, танымдық қызығушылыққа деген ынтасын арттырып, тұлғаның өзiндiк ойтүсiнiгiн қысылып-қымтырылмай еркiн айта алуға баулиды, сөйлей бiлуге машықтандырады. 3. Мұғалiмнiң оқушылармен бiрлесiп жүргiзетiн жұмыстарының педагогикалық технологиясы. Оқылатын тiл сабақтары ғана емес, ондағы барлық пәндерге тән басты талап, шәкiрттi мұқият тыңдай бiлу және тыңдағанын түсiне бiлуге дағдылану. Бәрiнен де бұрын танымдық қызығушылық қалыптастыруда оқушының сөйлеуi, ойын жеткiзудегi эмоциялық көңiл-күйi, не туралы айтпақ болғандығы, тиiстi сұрақ бойынша сөйлеу кезiндегi жағдайын ескерiп, мұғалiм үнемi назарында ұстауға тиiс. Әрине, олардың сөйлеген сөзi жаңа ақпараттық мағлұматта қабылдауына, тыңдалғанын есте сақтай бiлуiне, деректi өзiндiк тұрғыдан талдап сараптай алуына байланысты. Осы орайдан сөзi жүзеге асады да, оқушының мұғалiмге айтып берудегi сөйлеуi невербалдық құралдар арқылы жүзеге асады. Сол себептi мұғалiм оқушының тиiстi тiлде дұрыс сөйлеуiн, ойын ерiн жеткiзуiн қадағалап, бiрiншiден, оқушының сөздiк қорын және сөйлеу мәнерiн ескерсе, екiншiден, әлеуметтiк жағдайына назар аударып, үшiншiден, шығармашылық қиялын дамытуға, төртiншiден, жаңа бiлiмдi игеру деңгейiне мән бередi. Оқушылардың тiл сабағындағы бiлiк деңгейiн, түсiнiк танымын тексеруде сауалдамалық тестi арқылы да байқап көруге болады. Алайда, бинарлық сабақта олармен өткiзiлетiн жаттығу жұмыстарында өзiн еркiн ұстауға, өзiне-өзiнiң сенiмiн жетiлдiру көбiрек көңiл бөлiнедi. 4. Жүргiзiлетiн жаттығу жұмыстары – сөйлей бiлуге, әр түрлi жағдайда сөйлеу түрлерiн таба бiлуге бағдарлануға тиiс. Жаттығу технологиясындағы тiлдiк ерекшелiкке байланысты бинарлық сабақпен жалғастыра жүргiзу барлық жағынан да тиiмдi. Егер оқылатын мәтiн танымдық мәнде болса, ақпараттық мағлұматты меңгеруге ерекше мән берiп, ол көркем шығармадан болса кейiпкердiң кескiн-келбетiне, портретiне көңiл қоюға 41


тиiс.

Тiлдердi оқыту үрдiсiнде мектеп оқышысының танымдық қызығушылығын қалыптастыру жолындағы жаттығу жұмыстарына байланысты деректердi сұрыптап және оны сабақ кезiнде жүзеге асырудағы негiзгi ұстаным мынаған саяды: а) Оқылым мен жазылымды меңгертетiн жаттығулар – бұрын кездеспеген жаңа сөздер, түсiнiксiз сөздерге мұғалiм тарапынан талдау жасау және сөздiктердi пайдалана бiлуге машықтану бағдарында болғаны жөн. ә) Оқылым кезiнде сөздердiң орфоэпиялық заңдылықтарына сай келуiне лайықталған мәтiндердi талдау керек. б) Сөйлесiм әрекеттерiне үйлесiмдi мәтiн оқушының тез жаттығуына мүмкiндiк берерлiктей болуына назар аударғаны жөн. в) Оқылым мен айтылымға байланысты iрiктелген мәтiн оқушының жаттығуына лайықты болса, оның мазмұны айтып беруге және өнеге алуына әсер етедi. г) Айтылым мен жазылымды меңгертуге арналған жаттығу оқушының мәтiнге үйлесiмдi өзiнше әңгiме құрастырып, өзiндiк ой топшылауын жазып беруге бағдарланса, тұлғаның тiлге байланысты танымын жетiлдiре түсуге ықпал етедi, қызықтырады. Сөйлесiм әрекеттерi арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдiстемесi тек бiр тiлге ғана қатысты емес, орта оқу орындарына оқылатын тiлдердi меңгерудiң теориялық және қолданбалық жолдарына ортақ амалдар деп түсiнген жөн. Өйткенi, "дәптерге қаламмен жаздым" деген сөйлемдi қай тiлде айтсаң да – ағылшынша ма, орысша ма, қазақша ма – айтылуы басқа болғанымен де мағынасы бiр екендiгi белгiлi. Олай болса, оқушының тиiстi мазмұнды әрбiр тiлдiң тiлдiк ерекшелiгi мен заңдарына үйлесiмдi айта алуы мен жаза бiлуi - танымдық түсiнiгiн қабiлетiн жетiлдiруге, оны әрекетке келтiрiп, белсендi түрде пайдалана бiлуiмен шарттас болып шығады. Тiлдi оқытудың бағдарламасына лайықты және оқушының тiлегiне үйлесiмдi iрiктелген мәтiн оқу құралындағы деректермен ғана шектелмей, оларды күнделiктi өмiр талабына сәйкес келсе, тұлғаның өзiндiк iзденiсiне ерекше ықпал етiп, танымдық қызығушылығын қоздыра түседi. 2.2 Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруындағы әдістәсілдері “Бiлiм беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі” – Н.Ә.Назарбаев. Оқытылып жатқан тілдер арнайы білімдерді, әр түрлі елдер мен халықтардың әлеуметтік, мәдени – тарихи тәжірибелерін игеру тәсілдері ретінде көрсетіледі. Бiлiм беру технологиясында жаңа бағдар – витагендiк оқыту әдiсi тiлдердi меңгеруге айтарлықтай пайда келтiретiндiгiн өз тәжiрибемiзде сынап көрдiк. Оқытудың бұл технологиясы өткен ғасырдың соңғы ширегiнде Ресейдiң педагогика ғылымдарының академиясының академигi, ғылымға еңбегi сiңген қайраткер А.С.Белкин ұсынған болатын. [21, 32]. Оқытудың бұл теориясы – мұғалiм пен оқушының шын мәнiнде ынтымақтасып, нақты нәтижеге жетуге болатындығын көрсеткен едi. Оқыту процесiнде витагендiк әдiстi жүзеге асыру голографиялық тәсiл негiзiнде өмiрге байланысты жүргiзiлсе, оның танымдық қызығушылықты жетiлдiруге ерекше ықпал ететiндiгiн тiлдердi оқыту тәжiрибесiнен әржақты байқауға болады. Бұл жердегi голография деп отырғанымыз – ұғым түсiнiктегi әржақтылық, былайша айтқанда, оқушы кемiнде үш ұғымды тоғыстыра алуға машықтануға тиiс екендiгiнде, бiлiм алудағы негiзгi ұғым түсiнiктердi өздiгiнен ойлаумен жалғастырып, өзiнше iздену мен пайымдауға қол жеткiзетiн, соған ынталандыратын жол-жосық. Витагендiк әдiс, яғни ынтымақтасудың нәтижесi бiлiмдiк таным-түсiнiктi өздiгiнен iзденiп, өздiгiнен ой топшылайтын пайымдауға әкелетiндiктен тiлдердi оқытуда былайша жүзеге асырылды. Бұл саладағы жұмыстарды жүзеге асыру барысында оқушының танымдық 42


қызығушылығы, iздене бiлуге деген құлқы артады. Бiр тiл мен екiншi тiлдi салыстырып, өзi жақсы бiлетiн үшiншi тiлдегi мәнiн дәлдi жеткiзудiң жолын қарастырады. Мәтiннiң мазмұны туралы тереңiрек ойланады. Өзi жетiк бiлетiн тiл арқылы ойлау белсендiлiгi жетiлiп, белгiлi деңгейдегi көзқарасы беки түседi. Педагогикалық тұрғыдан талдау айтсақ, мәтiнде келтiрiлген пiкiр адамгершiлiк, әлеуметтiк мәнде болса, оқушы тиiстi тiлге аудару кезiнде оның мәнiне терең бойлап, жан-жақты ойланады. Өнеге боларлық мазмұнынан тағылым алады. Ненi қолдап, қандай қамқорлық жасау керектiгi жөнiнде толғанып, рухани байлықтың сырын ұғынуда сөз бен ойдың байланысын терең түсiнуге қызығып, шығармашылыққа ұмтылады. Бұл – өзiндiк танымының жетiле түсуiне ықпал етедi. Нақты тапсырманы орындау барысында оқушы тiлдiк таным арқылы ақыл-ой құндылықтарына тереңiрек мән бередi. Өзi түсiнген, бiлетiн мағлұматты екiншi тiлде айтып беру үшiн, тек ойланып қана қоймай пiкiрдi әрi қысқа, әрi дәлдi де айқын айтып беру үшiн түрлi-түрлi әрекеттер жасап көредi. Мазмұнынан ауытқып кетпес үшiн мәтiндi әлденеше рет оқып тереңiрек толғанады. Өмiр тәжiрибесiне жүгiнедi. Оқыған кiтаптарын, естiген мағлұматтарын ой елегiнен өткiзiп, сарапқа салады. Адамның құндылықтарды бiлмеуi ақпараттың жеткiлiксiздiгiнен және оған мән бермеуден туатындығына тұлғаның көзi жетiп, iзденiс үстiнде мәселеге саналы қарауды мойындай түседi: бұл – бiлiм алу үрдiсiндегi қозғаушы күш болып табылады. Тапсырманы орындау барысындағы оқушының ойлау белсендiлiгi, яғни өзi бiлетiн және нақты түсiнiп отырған мағлұматты келесi тiлде дұрыс жеткiзуге деген ынтасын арттыра түседi. Дәлiрек айтсақ, көрсетiлiп отырған тапсырманы орындауда оқушы 1) бiлiмдiк, 2) зерттеушiлiк, 3) рухани, 4) өзiнше iздену, 5) әлеуметтi пайымдау жасауға жаттығады. Iс-әрекет қызығушылығын дамытады. Жинақтай айтсақ, тұлғаның ұғым-түсiнiгi, танымы тиiстi дәрежеде өзiндiк iс-әрекетке айналып, оны өз өмiрiнде пайдалана бiлуге жол ашады. Оқушының қол жеткен нәтижесi оларды қуанышқа бөлейтiнi рас. Мұндағы тағы бiр ескеретiн жағдай оларды өзiмшiлдiкке, менмендiкке, мақтаншақтыққа жiбермеу керек. Сапалы, тиянақты атқарылған жұмысты қалай ұтымды жеткiзуге болатын жолын iздеуге мәжбүр етедi және тек бiлiмi үшiн баға алу ғана емес, өзiнiң бiлетiндiгiн көрсетiп, өзiн өзi сыныптастарына танытып, мұғалiммен ынтымақтаса түсуге де ұмтылдырады. Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы оқушының бiлiмдiк мағлұматтарды жинақтап, тек бiле берумен шектелу емес, бiлгенiн өмiрде пайдаланып, тұтына алуға және оның әлеуметтiк негiздерiн өмiрде қолдана алуға машықтану сонымен қатар оны өзiндiк тұрғыдан iлгерi жетiлдiрiп, алға қарай дамытуға үйрететiндiгiн тұлға тiкелей атқарған еңбегi нәтижесiнде байқап, оны дағдысына сiңiредi. Келесi бiр ерекшелiк – сыныптас оқушылар бiр-бiрiнiң жетiстiгiнен өнеге алып, өзiм де сол дәрежеге жетсем деген түсiнiктiң орнығуына ықпал етедi. Танымдық тағылымның оқу процесiнде және болашақ өмiрiнде тиiмдi болатындығына көзiн жеткiзедi. Тағылымдық мазмұн оқушының бiлiмдiк, тәлiм-тәрбиелiк қызығушылығын арттырады. Әрекетке ұмтылдырады. Өзi үшiн атқарған iс-әрекетiнiң қоршаған ортасы үшiн, қоғам үшiн қандайлық мәнi болатындығын саналы түрде ұғынады. Өзi атқарған iсiне суггестиялық мәнде қарап, бiле түсуге, ұғына түсуге деген сенiмi, иланымы жетiле түседi. Реттi қолдана бiлсек витагендiк оқыту теориясы тiлдердi меңгерудегi танымдық ойға тiренiш болуымен қатар оқушының өздiгiнiнен әрекеттенуiне бағдар берiп, қиялын дамытып, шығармашылық белсендiлiгiн кеңейте түсуге жол ашады. Мектептерде жүргiзген тәжiрибелерiнiң бiзге дәлелдеп берген ұстаным – оқушының бiлiм алудағы әрекетi өмiр тәжiрибесiнiң заңдылықтарына негiзделсе – тұлғаның меңгерген бiлiгi, қабiлет деңгейiне қарай алған ақпараттық танымдағы құндылықтарды қабылдап және оны бiлiмдiк мақсатына байланысты жүзеге асыруға болатындығын көрсеттi. Танымдық қызығушылықтың тиiмдiлiгi – мұғалiмнiң диагностикалық мiндеттi дәлдi белгiлей бiлуiмен де шарттас. Өйткенi, витагендiк әдiс нақты деректiң өмiрмен ұштасып, бiлiмдiк құндылықтармен үйлесiп, олардың байласын, айырымын салыстырып, сараптаудағы ынтымақастықты тiлейдi. Себебi, диагностика оқушының дербес ерекшелiгiн, сыныпқа тән 43


негiзгi өзгешелiктерiне мән берудi айқындайды. Дәлiрек айтқанда, қойылған мiндеттi шешуде оқушының нақты шамасын, жас ерекшелiгiн, бiлiмдiк деңгейi мен мүмкiндiгiн есепке алады. Ақыл мен ақиқатты табу танымдық түсiнiкке де байланысты. Егер оқушы бiр ғана деректiң аясында шектелiп қалса, ойлау деңгейi тарылып, мәселенi жан-жақты ұғына алмайды. Сондықтан да голографиялық әдiс, былайша айтқанда, бiрнеше деректi, кемiнде үш болмысты салыстыра қарау ақиқатты терең де дұрыс тануға мүмкiндiк бередi. Витагендiк оқыту тәжiрибесi голографиялық жүйеде құру тiлдердiң танымдық негiзiн өрiстетумен қатар оқушының шығармашы-лық iзденiсiн өркендетiп және оның күнделiктi өмiр талаптарына үйлесiмдi жетiлуiн қамтамасыз ететiн сенiмдi жол екенiн көрсеттi. Оқушыларды өнiмдi еңбекке үйретiп, өзiнше әрекеттене бiлуге қалыптастыру – қазiргi мектеп жөнiндегi реформалар жүргiзу жөнiндегi басты бағдарламаларының бiрi. Оқушылардың өз мүмкiндiктерiне үйлесiмдi еңбек дағдыларын меңгерiп, белсендiлiк көрсете бiлуге баулу – тек қайталаушылықты қолданып, өздiк iзденiстен сырттатып жiберетiн әдеттерден арылтудың тиiмдi жолы. Бiлiм тәрбие беру барысындағы iс-әрекет те оқушының тиiстi сұрақтың жауабын ұстазымен бiрлесе iздестiруi немесе өзiнше әрекеттенiп, оның ойлау мәдениетiн жетiлдiрумен қатар самарқаулықтан, селқостықтан және рухани жұтаңдықтан айықтырудағы қолайлы тәсiл. Оқулықтағы тиiстi деректi ойланбастан, қайталап айтып берудi мiсе тұтпай, ондағы ақпаратты өзiнше ойлануға дағдыландыру оларды ой белсендiлiгiне әкелiп, түрлi қиындықтарды жеңiп, күрделi мәселелердi шешуге орай батыл пiкiрлер ұсынуға ынталандырады. Барлық дидактикалық материалдар оқушылардың жазбаша және ауызша тілін дамытады, сонымен бірге білім сапасын көтеруге әсерін тигізеді. Дидактикалық материалдар оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге және терең әрі ауқымды білім алу нәтижесіне жеткізеді. Танымдық мотивацияның тәсілдері: − оқып білгенді өмірмен, ғылым мен техниканың жетістіктерімен көрсете алу; − білімнің жеткіліксіздігін көрсете алу; − проблемалық жағдай туғыза білу; − көркем және кең тараған ғылыми әдебиеттерді, сонымен қатар өнер шығармашылығын қолдану; − тарихқа саясат жасау; − салыстыра білу; − жатығу үлгілері мен тәжірибелерді және парадокстарды қолдана алу. Әлеуметтік мотивацияның тәсілдері: − мұғалім мен оқушының ынтымақтастық қарым – қатынасын белгілеу; − оқушыларды ұжымдық жұмыс түріне баулу; − оқушыларды бағалау әрекетіне үйрету; − мадақтау мен жазалауды дұрыс қолдану; − оқушыларға жетістік кезеңін туғызу; − оқушыны оқу әрекетіне бағыттау; − оқушыға таңдау ситуациясын туғызу және т.б. тәсілдер. Сондықтан да оқыту үрдiсiн жобалағанда шәкiрттiң мүмкiндiктерi мен мүдделерiн бiрлiкте қарастыру шарт. Өйткенi әрбiр тұлға өзiнше ойлағысы келетiнi жастық жалынмен бұл күшi iзденiске бейiм болатындығы ақиқат шындық екенiн педагогтар мен психологтар ежелден берi-ақ дәлелдеген. Олай болса, әрбiр тұлғаның бойында бар шығармашылық қабiлетiн оятып, олардың өзiндiк тұрғыда ойланып әрекеттене бiлуге баулу оқудағы белсендiлiктi көтерудегi тиiмдiлiктi арттырып, оның жетiле түсуiне игi ықпал етедi. Ал оқушының iзденiс барысындағы табысы оларды қуанышқа бөлеп, iлгерi ұмтыла түсуiне, кездескен кедергiлердi жеңiп, күрделi қиындықтардан құтылудың тиiмдi жолын табуға үйренедi. Ой еңбегi саласындағы белсендiлiк табысқа жетудiң кiлтi 44


екендiгiн мойындап, уақыт талабы тұрғысынан әрекеттену және оған машықтану дағдысы өркендейдi. Д.В.Чернилевский «Дидактические технологии в высшей школе» деген еңбегінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы жаңа әдiстерiнiң бiрi – синектиканы көрсеткен. Қазiргi дидактикада синектикамен қоса қабаттаса педагогикалық синергия, синергетика деген терминдер жиi қолданылуда. Бұлардың мәнi мынада: педагогикалық синергия – тұлғаның өзiн-өзi жетiлдiрiп, жан-жақты дамуы жолында педагогтың жүргiзген тәлiм-тәрбиелiк және оқытудағы iс-әрекетiне қоса қоғамдық инфраструктураның ықпалы деп бiлемiз. Ал синергетика терминi педагогика пәнi саласында берiк орнықты. Бұл термин жөнiнде "қазақ тiлi терминдерiнiң салалық ғылыми түсiндiрме сөздiгiнде" мынандай анықтама берiлген – синергетика (грек. Synezgeia – ынтымақтастық) – күрделi жүйелердiң бей-берекет күйден реттелген күйге өту процесiн зерттейтiн және осы жүйе элементтерiнiң арасындағы белгiлi бiр байланыстарды ашатын ғылым. Мұндай байланыстар кезiнде элементтердiң жүйе шеңберiндегi жиынтық әрекетi нәтижелiлiгi жөнiнен элементтердiң әрқайсысының әрекеттерiнiң қарапайым қосындысынан асып түседi. Дербес ғылым ретiнде ХХ ғасырдың 70 – жылдарының ортасында пайда болды. Педагогика үшiн әдiснамалық принциптердiң бiрi болуға бет алды. Өйткенi, педагогикалық процесте мақсаткерлiк өзара әрекеттестiк шеңберiнде нақ осы ғылым зерттейтiн нәтижелер шығатыны бiлiнiп отыр. [22, 35] Синектика – әр түрлi таным түсiнiктердi тоғыстыра келiп, шығармашылыққа бастайтын әдiске айналды. Сөздiң мағыналық төркiнi – гректiң әр түрлi бөлшектердi бiрiктiру деген сөзiнен бастау алған. Танымдық қызығушылықты қалыптастырып, оқушыны шығармашылық iзденiске бағдарлаудағы жаңашыл әдiстердiң өнiмдi де өмiршең түрi ретiнде кезiнен өркен жайып келедi. Бұл әдiспен жұмыс iстеуде және тiлдiк деректердi оқушының дұрыс та сапалы меңгеру жолындағы танымдық түсiнiгiн қалыптастыруда басшылыққа алынатын негiзгi ұстаным: - алдымен орындалатын тапсырманы көңiл қойып, оқылатын мәтiнге ерекше зейiн аударып, ондағы мiндеттердi жүзеге асыруда бiр-бiрiне ұқсас жолдармен өзара байланысты бiрлiктерге мән берген жөн; - қойылған мiндеттердi шешу жолдарын жеңiлдету үшiн ондағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды дәлдi ажыратып, олардың ара салмағын белгiлеудi назарда ұстау керек. Дәлiрек айтқанда: Қойылған мiндетке байланысты табиғи ұқсастықтың мәнi неде екендiгiн айқындап, беретiн жауабыңа өмiр ақиқаты тұрғысынан қарап, тиiстi мiндеттiң шешiлiм көрсете аларлықтай болуына көңiл аудар. Мәтiннiң түйiнi – проблема неден туып отырғандығында екендiгiн көрсетiп, оның шешiмiн айқындауда өзiндiк танымдық көзқарасын тұрғысынан сипаттама беру керектiгiн ескеруге тиiстiсiң. Мәселенi шешуде көрсетiлген деректер мен келтiрiлген ақпараттық мағлұматтар мен түрлi кестелiк көрсеткiштердегi ұқсастықтар мен ондағы әрбiр белгiлердiң символдық ұқсастықтарына назар аударуың керек. Қойылған сұрақтарға жауап қайтарып мәселенi шешуде келтiрiлген мәтiндегi дерек ертегi кейiпкерлерiндегiдей өмiрден тым алшақ, уақытқа үйлесiмi аз болған жағдайда қиялдауға тура келетiндiгiн ұмытпау керек. Тiлге деген қызығушылық қалыптастыру тұрғысынан қарағанда iлiм – оқу үрдiсiндегi шәкiрттiң iзденiсi, таным-түсiнiктi меңгеру жолындағы iсi, әрекетi. Ал оқу – ұстаз бен шәкiрттiң оқу үрдiсiндегi бiрлескен iс-әрекетi және қойылған мақсатқа жетiп, оны орындау жолындағы ынтымақтастық. Мұндағы түсiнiсу, танып-бiлу тiл арқылы шешiлетiн құбылыс екенi әркiмге-ақ аян. Осы орайдан оның бағдарын төмендегi 2-суреттен көруге болады.

45


(8) Тиiстi нәтижеге ие болады (7) Өзiн-өзi ұйымастыру жолын меңгеру (6) Шығармашылыққа бейiмделедi (5) Дербестiктi дамытады (4) Еңбекке деген дағдыны өркендетедi (3) Iс-әрекетке ұмтылдырады (2) Бiлiм, бiлiктiлiктi iздендiредi (1) Тiлге қызығушылық қалыптастыру – тұлғаның ықыласын оятып, қарым-қатынастағы ынтымақтастықты жетiлдiредi

Сурет 2 - Түсiнiсу, танып-бiлу тiл арқылы шешiлетiн құбылыс. Орта мектептiң бесiншi сыныбынан бастап он бiрiншi сыныпқа дейiн қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiн оқытатын мұғалiмдер өзара келiсiп "Судың мәнi" деген тақырыпты оқу жоспарындағы пәндермен байланыстырып жазбаша жаттығу орындауды ұйғардық. Ол үшiн төменде көрсетiлген сызба-кестесiндегi – география, физика, химия, экономика, жаратылыс, тарих, өнер пәндер жүйесiне судың қатысы мәнi жөнiндегi оқушылардың өздерi күнделiктi оқып жүрген сабақтары төңiрегiндегi сөйлем құратып және оны бұл тiлден екiншi тiлге тәжiма жасаттырып көрдiк. Барлық сыныптарда да сабақ табысты өттi. Екi тiлде ұсынылған дайын нұсқаны өзi оқып отырған үшiншi тiлге аударып, сөйлем құрастырып, қысқаша пiкiр жазуға оқушылар құлшына кiрiстi. Әрине, үйреншiктi болған дәстүрлi оқыту әдiстемен де жүре беруге болар, бiрақ синектикалық оқыту жолы оқушыларға жаңа серпiлiс берiп, өздерi оқып жүрген пәндер бойынша алған бiлiмiн, меңгерген ұғым түсiнiгiн тiл пәнi арқылы паш етуге олар ықыластана түстi. Өйткенi, басқа пәндерден алған бiлiмдiк деңгейiн көрсетiп, ой еңбегiн атқаруға бейiмдiлiгiн байқату тек баға алу үшiн ғана емес, тiлдi бiлу өмiрбақи қажет екендiгiнде терең сезiнiп, сапалы әрекеттенуге ұмтылдырады. Синектикалық оқыту әдiсiнің пайдасы оқушыны бiлiмдендiрудегi жаңа технология болуымен қатар олардың әр пән арқылы қабылдаған түсiнiгiн бiр арнадан тоғыстырып, оны өзiнше айтып беруге машықтандырады. Сондай-ақ бiлiм де, таным, түсiнiк те тiл арқылы берiлетiндiктен және тiлсiз ұғынысу қиын, кей жағдайларда мүмкiн еместiгiн оқушы терең мойындауымен бiрге, оны тиянақты меңгеру керектiгiн бiреудiң айтуымен емес, тiкелей өз тәжiрибесiнен байқайды. ХХI ғасырдың қойып отырған басты талабы – қоғамды өркендету үшiн әрбiр тұлға өзiн-өзi дамытып, әлеуметтiк жағынан жетiлуi керектiгiн оқушы теориялық тұрғыдан мұғалiмдердiң түсiндiруiмен ғана емес, өзiнiң күнделiк өмiрiнен көредi. Оны тереңiрек танып бiлу үшiн тиiстi тiлдi меңгеру қажеттiгiне ден қояды. Өйткенi сөздiң мағынасын бiлiп, оның қолданыстағы мәнiн жете түсiну – оқушының ой санасын өркендетiп, танымдық түсiнiк деңгейiн жетiлдiретiндiгiне мойын ұсынады. Бұл 11 суретте сипатталды. 46


Танымдық қызығушылықтың тиiмдiлiгiн арттыруда оқушыны таңдандырып, күлкiлi көңiлдiлiкке келтiретiн және ойландырып iздендiретiн әдiстiң бiрi – фокальдық әдiс. “Фокальный” сөзi латын тiлiнен кiрген, ғылымның түрлi салаларында әртүрлi мәнде пайдаланылады. Тiлшi педагогтар фокальдi – тiлдегi танымдық мәнге оқушының зейiн қойып, олар үшiн жаңа сөз, соны ұғым-түсiнiктi тиянақты меңгеруде тиiмдi әдiс ретiнде қолданып жүр. Әлемдiк тәжiрибелер дәлелдеп отырғандай тiлдi игерудегi үздiк амалдарды жинақтай қарасақ – егер оқушы меңгеруге тиiстi сөз, фраза, ұғымдарды әсерсiз, сылбыр қабылдаса, оны тез ұмытып қалады, уақыт өте келе мүлде есiне де түсiре алмауы да ықтимал. Ал оқушыға күлкi тудырған, әсерлi таңданыспен тамашалаған немесе үрейлi қорқынышқа әкелген түсiнiктерге байланысты сөздер бiрден ұмтылуы мүмкiн емес, жадында ұзақ сақталып, тиiстi сәтте көңiлге орала кетедi. Сондықтан тәжiрибелi мұғалiмдер фокальдық әдiстi ақпараттық түсiнiктердi оқушылар тез қабылдап, жаңа сөздер мен фразаларды коммуникациялық қолданысқа келтiруде белгiлi дәрежеде қуақылана отырып қолданады. Жетiншi сынып оқушыларына тағам және туыстық атауларды қазақ және ағылшын тiлiнде меңгерiп, сөйлем құрату мақсатында былай дедi: 1-жаттығу - Ортасында "а" – екi жағындағы әрiптерi бiрдей тағамның атын қазақша атаңдаршы. - Жейтiн, пiсiретiн тағам ба …, - дедi оқушылар. - Әрине, жейтiн. Пiсiретiн, бiрақ шала піскенiн көбiрек жесең, жел шығарып қоясыңдар. Жағымсыз иiс пайда болады. Оқушылар күлкiге батып, бiр-бiрiмен қалжыңдасып "Нан", – дедi. - Ортасында "Т", "П" екi жақтағы әрiптерi бiрдей туыстарыңды атаңдар. Оқушылар бiраз ойланып "ата", "ана" сөздерiн тауып, оны ағылшын тiлiнде атады. Осы сөздердi келтiрiп, бiрнеше сөйлемнен тұратын мөлтек шығарма құрастырды. Күнделiктi өмiрде, әр сәтте қолданылатын сөз, атаулардың өзiне оқушы саналы қарап, сөздiк қорын дамытса, екiншi жағынан, таным түсiнiгiн кеңейтiп, оны тиiстi мақсатта қолдана алуға машықтанады. Әзiлi аралас көңiлдiлiк оқушының ойлануына, әрекеттенуiне ықпал етедi. Тiлдi шала бiлетiн жiгiт алыс ауылдан келген жеңгейiн дәрiгерге апарыпты. Дәрiгер сұрайды ғой, не ауру деп, Жеңгесi айтшы "екiқабат, аяғы ауыр" деп. − Двух этажная, нога тяжелая, – дептi жiгiт. − Мен сенi жақсы көремiн! – дегендi, – Я тебя хорошо вижу ... Педагогикалық тұрғыдан әдiстеменiң нәтижелiк мәнi мынада: − қателiгiн түсiнген тұлға ондай кемшiшiктi болашақта қайталамайды; − пiкiрiн жасқанбай айтуына болады; − оқушының ойлануына еркiндiк туады; − танымдық түсiгiн жеткiзуге дағдыланады; − өзiндiк тұрғыда ойланып, тиiстi шешiмге келедi; − ойлану мен әрекет белсендiгi жетiледi; − тиiстi мазмұнға орай қиялдайды; − мультимедиялық тағылым ұстанады; − проблемаға өзiндi тұрғыдан қарап, шешiмге келедi. Мұғалiм оқышылардың танымдық қызығушылығын өрiстетуде жеке белгiлерге мән бере отырып, тұтас ұғымдық мағынаға келтiрудi ойластырады да мына мiндеттердi шешедi: 1. Тиiстi мақсатта үйлесiмдi мәтiн iрiктейдi. 2. Жүзеге асыратын процестi нақты жобалайды. 3. Қойылған мiндеттi шешуде және оны орындау барысында меңгерiлетiн дерекке оқушы өзiндiк тұрғыда қарай алуына мүмкiндiк туғызылады. 4. Сабақтың нәтижесiн қорытқанда мына мәселелерге назар аударылады – оқушының танымдық түсiнiк деңгейi, ойлау мен әрекет белсендiлiгi, қиялдауын шындықпен тоғыстыра алуы, өзiндiк пiкiр ұсынып, тапқырлық көрсеткендердi мадақтау, т.б. Фокальдық әдiс оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыратын бинарлық сабақтар өткiзуге қолайлы. Бiр тiлдегi ұғым түсiнiктi немесе атауларды екiншi тiлге аударуда 47


ағылшын тiлiндегi аудармашыларға арналған HYLUS бағдарламасын пайдалану тиiмдi. Мұнда сөзбе-сөз аудару, мәтiнге байланысты еркiн аудару және әдеби аударма жасаудың түрлi жолдарымен қоса танымдық қызығушылықты жетiлдiру тәсiлдерi де көрсетiлген. Бiз қарым-қатынас жасаған мектеп оқушыларының тiлдiк өресiне, танымдық деңгейiне орай ақпарат мазмұнына назар аударту үшiн оқушылардың қолдарына орыс тiлiнде жазылған мынандай естелiк ұстаттық: 2-жаттығу − терминологиченские изыскания; − выделение ключевых слов; − контекстный поиск информации; − анализ информации; − формулирование выводов; − выведение следствий из них; − прочтите внимательно в слух. Осы жұмыстарды атқару барысындағы сабақ жөнінде жасаған тұжырымдама мынау болды: 1. Сабаққа оқушының қызығушылық ынтасы тиiстi ақпараттық деректi жинақтай бiлуге, танымдық түсiнiгiн тереңдетуге әсер етедi. 2. Тiлдi үйренуге деген құлқы дiттеген мақсатқа жеткiзедi. 3. Ұғымдық танымның жетiлуi – әлеуметтiк мәселелердi дұрыс тиянақты ұғынуға деген бiлiгiн қалыптастырады. 4. Меңгерген құндылықтарын iс-әрекетiнде қолдануға мүмкiндiк бередi. 5. Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы оқушының ойлау белсендiлiгiн арттырып, оның өмiрге нақты үйлесiмiн жетiлдiретiн фактор. Оқушылардың қатынасымен мектеп сахнасында көркем өнерпаздар қойған комедиялық шығармалар, т.б. қойылымдағы кейiпкерлердiң әрекетi мен сөзiндегi мысалдарды пайдалану және сынып оқушыларын ол туралы сөзге тарту оларды ерекше қызықтырады. Сондай-ақ оқушылар ойлансын деп тақтаға былай деп жазылды: "The Nomads of Ilyas Yesenberlin". 3-жаттығу - Қазақша, орысша қалай айтамыз? - Көшпендiлер. Илияс Есенберлин. - Кочевники. Илияс Есенберлин. - Осы киноны көрсеңдер, кiтапханадан романның қазақша нұсқасынан ағылшынша және орысша жарияланған адам таңданарлық мына нұсқаны келесi сабаққа дейiн iздестiрiңдер. Ағылшын тiлiндегi нұсқа: - Do you remember what kind of death awaits the Genghizides when God is willing? – asked the khan. - Iremember all kinds of death! – Kurybai said softly. - My dear daughter Gaif-Jamal has been seek over the last few days… The hangman nodded silently. Three days later the people at the khan's headquarters learned that Gaif-Jamal has been found in the steppe with an arrow sticking out her chest. Everyone knew who had done that and shook their heads in wonderment. Not one dared so much as open his mouth but still the rumour of the murder was spreading from aul to aul… Gaif-Jamal was buried with great honours as was becoming so noble a person. The funeral repast lasted a whole week. And then the khan sent for Kurybai again… Орыс тiлiндегi нұсқа: А после отъезда султана Керея Абулхаир позвал к себе палача – знаменитого Курыбая. Молча встал перед ханом похожий на мертвеца, тощий и бледный человек, ожидая 48


приказаний. - Помнишь, какая смерть настигает чингизидов, когда угодно это становится богу? – спросил хан. - Я помню все виды смерти! – тихо ответил Курыбай. - Моя любимая дочь Гайф-Жамал приболела в последние дни… Палач молча кивнул головой. Через три дня люди в ставке узнали, что дочь хана Гайф-Жамал найдена в степи с торчавшей в груди стрелой. Все знали, чьих рук это дело, и удивленно покачивали головами. Никто не посмел рта открыть, но в степи уже от аула летел слух об этом. С высокой торжественностью, как и положено, была похоронена Гайф-Жамал. Недельные поминки справлялись по ней. А потом хан снова позвал к себе Курыбая… Келесi сабаққа оқушылар романның қазақша нұсқасынан мына үзiндiнi әзiрлеп келiптi: Әбiлқайырдың маңғыт руынан алған бәйбiшесiнен туған он жетi жасар аппақ жұмыртқадай, жастық желiктi ерте бастаған жеңiл мiнездi ерке қызы Ғайып-Жамал – Сұлтан Бегiмнiң сұлу жүздi, арыс тұлғалы Жәнiбекке көңiлi кеткен. Хан қызына қолы жете алмай, өлiп жүрген өзге батыр, сұлтандарға көзi түспей, төрт әйелi бар Жәнібекке неге сонша құмар болғанын кiм бiлсiн, әйтеуiр қыздың өзi ортаға жеңгелерiн салып, ұзатылғанша сұлтанмен көңiл қосуға тiлек бiлдiрген. Бұл кезде Әбiлқайырмен арасы iштей әбден суып болған Жәнiбек "Әкесiнiң кеудесiне мiне алмасам да, қызын тоят етсем, о да ханнан бiр өшiмдi қайтарғаным емес пе" деп, алдымен хан қызымен жақындасады да, артынан қыздың оңашадағы сан түрлi назды қылықтары ұнап, оған үйленбекшi болады. Ханға қызын берсiн деп, шөбере ағасы Керейдi салады. Жайшылықта қастарымен татуласу үшiн қыз алып, қыз беруге оңай баратын Шыңғыс тұқымы бұл жолы қасара қалады. Жәнібекпен түбi бiрге от жағып, түтiн түтете алмайтынын сезген хан қызын беруден үзiлдi-кесiлдi бас тартты. Бiрақ, жауабын тiкелей айтуға, Тоқай Темiр ұрпағын бiржолата шамдандырып алармын деп ойлайды да "Жақсы, ойланып көрелiк, шешiмiн күз қыстауға қайтқанда естiрсiңдер" дейдi Керейге. Ханның бергiсi келмей отырғанын түсiнген Керей намысқа шауып, Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегiмнiң бетiнiң ашылып қалғанын алыстан тұспалдап сездiредi. Ендi қызының абыройы үшiн Жәнібекке бергенiң дұрыс дегендей сыңай бiлдiредi. Қызының мұндай күйге ұшырағанына намыстанып қалған хан, сырттай сыр бермей: - Жақсы жауабын күз қыстауға барған соң аларсыңдар, – дейдi жаңағы сөзiн қайталап, сазарған қалпында. Керей кеткеннен кейiн дәйекшi Инелiктi жiберiп, шымшып алар етi жоқ, қан сөлсiз сұп-сұр боп қатып қалған Құрыбай жаналғышты шақыртып алады: - Менiң қызым Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегiм бабалары заңы бойынша "қан төгiлмей" өлуге тиiстi! – дедi оған. "Қан төкпей" өлтiру – ақ киiзге орап, екi жағынан бұрап тұншықтырып не аяғы мен басын артына қайырып, бел омыртқасын сындырып өлтiру. Көне моңғол ғұрпында бұл жеңiл өлiм. Ертеңiне Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегiмдi бабасы Жошы ажал тапқан көне моңғол әдiсiмен емес, басқа тәсiлмен жүрегiне қанжар салып өлтiріп кетедi. Бұлай өлтiру кiмнiң iсi екенiн бiлсе де, жұрт үндемейдi. Хан жарлығы екенiн сезiп, жұмған ауыздарын ашпайды. Қызын құрметпен қойып, жетiсiн бергеннен кейiн хан тағы Құрыбайды шақыртып алып…[23, 17] Қазақша мәтiнде ой кеңiрек те әсерлi. Бiрақ, екiншi, үшiншi тiлге тәржiмелегенде көркемдiк сурет сипаты жөндi берiлмей, тек дерек шеңберiнде ғана аударылғандығын оқушылар бiрден байқады. Мұндай салыстыру олардың танымдық қызығушылығын оятып, тереңiрек ойланып, тiл көркемдiгiне тән iшкi ньюаныстарды байқауға, сезiмдiк әсер алуына бағдарлайды. Эстетикалық тәрбиенiң мәнi тек түсiндiру, айтып беру ғана емес, әрбiр оқушының көркемдiктi сезiнiп, әсерленiп одан ләззат алып, жаманнан жиренiп, жақсыны өнеге етуiнде. Олай болса, танымдық түсiнiктiң қалыптасуы оқушыны iзденуге, көркем 49


туынды арқылы халықтың тарихына үңiлiп, өзiн-өзi жан-жақты ұғынуға ықпал етедi. Осы орайдан фокальдық әдiстi мұғалiм орынды қолдана бiлсе – үрейлi оқиға, күлкi туғызатын деректер оқушыны қызықтырып, олар берiлген тапсырманы орындаумен ғана тынып қалмай, өздiгiнен iздене түседi. Кiтап оқуға деген ынтаны арттырудағы тиiмдi жол болып табылады. Не жасыратыны бар, қазiр баспасөзде жұртшылықтың кiтап оқуға деген қызығушылығы төмендеп барады деген пiкiр жиi жазылуда. Оның басты себебi, кiтап оқуға деген қызығушылықты тұлғаның жас кезiнен, мектептiк шақтан бастап қалыптастыруға тәуелдi екендiгiн әркiм назарда ұстауы тиiстi. Танымдық қызығушылық тиянақты қалыптасқан жағдайда ешкiмде өнегелi де үлгiлi әдетiнен қол үзiп кете алмайды. Халықтың даналық тағылымы – сүтпен берген мiнез сүйекпен кетедi. Тiлдердi оқу барысында оқушыға танымдық қызығушылық қалыптастыруда алгоритмдiк әдiстiң мәнi зор. Алгоритм IХ ғасырда әл-Хорезмидiң арабша algorithmi деген сөзiнен латын тiлiне көшiп мынандай мағынаға ие болды деп түсiндiредi орыс тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi: "система вычислений по строго определенным правилам, которая после последовательного их выполнения приводит к решению поставленной задачи". Ал педагогикалық сөздiкте былай қолданған: "…предписание, задающее на основе системы правил последованность операции, точное выполнение… на основе алгоритма учителем составляется различные памятки для учащихся, схемы анализа изучаемые явлений и фактов". Алгоритм әдiсi - оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағдарлап, мұғалiмнiң алдын ала жасаған жобасы. Бұл жобаның жүзеге асуы оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырумен бiрге шығармашылық бағдарға бейiмделуге мүмкiндiк беретiн жол. Бұл процесс бастауыш сыныптан бастап дамытылып, оқушы бiлiмдiк жаңа сатыға көтерiлген сайын күрделенiп, жетiлiп тұлғаның ақыл ойымен бiрлiкте жетiледi. Оқушының бiлiмi, таным түсiнiгi өскен сайын оның өзiндiк iзденiсi, дербестiгi алгоритмдi де жаңарып, жетiлдiрiп отырады. Жеке пән, жеке тақырыпқа арналған алгоритм шығармашылық тұрғыдан жетiле келе пән аралық мазмұнға көтерiлiп, шығармашылық кеңiстiгiн ұлғайта түседi. Оқушының дарын қабiлетiне орай бiр ғана тiлдiк таным аясында шектелiп қалмай алған бiлiм түсiнiгiн басқа оқу пәндерiне үйлестiре тоғыстырып, өзiндiк тұрғыдан тұжырым жасаудың арнасы кеңейедi, нәтижесiнде шығармашылық еңбек жолына шәкiрттiк қадам жасап, оны меңгередi. Оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған алгоритм тiл саласындағы әдiстемелiк әдебиетiнде баршылық, бiрақ бiз және қарым-қатынаста болған мектеп мұғалiмдерi тиiстi мақсаттағы алгоритмдi өзiмiзше жасадық. Өйткенi, пәнаралық байланыстағы логикалық заңдылықтарды сақтай отырып, тиiстi мiндеттердi шешу арқылы көздеген мақсатқа жету болғандықтан оқушылардың бiлiмдiк деңгейi, олардың пәнге деген ықылас-ынтасы, бейiмдiлiгiн, т.б. ерекшелiктердi ескердiк. Оқушылардың ой еңбегiн атқаруға бейiмдiлiгi жетiлгеннен кейiн алгоритмдiк жобаны олардың өздерi жасайтын болды. Мұнда еске аларлық басты мәселе – оқушының сынып бойынша күнделiктi өтетiн барлық пәндерi негiзiндегi деректердi пайдаланып, ғылымның әр саласы бойынша қызмет атқаратын мұғалiмдермен кеңiрек пiкiрлесе отырып, алдына қойған мақсатына байланысты проблеманы айқын анықтап, алгоритмдiк жобаны реттi белгiлеп алатындығы және оның күнделiктi әрекетте өте тиiмдi орындалатындығын көрдiк. [24, 18] Бұл жүйедегi тағы бiр жетiстiк – оқушы алгоритмдiк жобаны өзi жасайтын болса, зерттейтiн мәселеге өте саналы қарап шығармашылық жолындағы iзденiсiне қозғау салып және айтарлықтай табысқа жететiндiгiн көрдiк. Сондай-ақ олар ғылым – бiлiм саласында өздiгiнен iзденiп, еңбектене бiлу дағдысын меңгередi. Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы оқушылардың алгоритмдiк жобалауды тиянақты жасап, кiтаппен жұмыс iстеп және оның ғылыми негiздерiн саналы ұғынуы – тұлғаның өзiн-өзi тәрбиелеуге байланысты екендiгiн түбегейлi танып бiлетiндiгiн түсiндiк. Оның аймақтық деректерiн саралай келгенде айтылар ой мынау: Танымдық қызығушылық дамымайынша оқушының өздiгiнен iзденуi, ақыл-ой қазынасы кiтапты құмарта оқуы және ондағы тағылымды тұтына бiлуi, кiтапта жазылған 50


өнегенi өз өмiрiне жарата алуының жетiлуi неғайбыл. Өйткенi, ЮНЕСКО жасаған тұжырымдама: бiлiм – құпиясын iшке бүккен қазына (образование – скрытое сокровище) десе, қазынаны пайдалану үшiн оның құпиясын ашуға оқушыны үйрету керек. Оны сыныптағы сабақ кезiнде ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда және тiл үйiрмелерiнде жүргiзу қолайлы екендiгiн төменде келтiрiлген деректерден айқын байқауға болады. Алгоритмдiк әдiстiң мектеп оқушысы үшiн тиiмдiлiгi – бiлiм жолындағы iзденiсiн алдын-ала жобалап, кiтаппен жұмыс iстеуге дағдылану жолында өзiн-өзi тәрбиелеудiң амал-тәсiлдерiн бiлуi басты шарт екенiн терең ұғынады. Басқаны айтпағанның өзiнде танымдық қызығушылық қалыптасу үшiн де оқушы өзiн-өзi тәрбиелеуге мойын ұсынуы керек. Оқушының жасаған алгоритмi жүзеге асыратын өзiнiң шын көңiлiнен шыққан ұйғарымы болғандықтан оны орындауға бар пейілiмен кiрiседi. Шындығында бұл танымдық қызығушылықты өмiрде жүзеге асуының көрiнiсi, оқушы таным түсiнiгiнiң өмiрде нақты орындалуы деп бiлемiз. Оның нәтижесiн пайымдау үшiн қазақ тiлiн тереңдете бiлуге арналған тiлдiк үйiрмесiне қатысушы жоғары сынып оқушыларына өзiңдi өзiң тәрбиелеудiң болжамдық жоспарын жаса деген тапсырыс бердiк. Әрине, мұғалiмнiң оқушыға тапсырма беруi онша қиын емес. Ал берiлген тапсырманың нәтижелi болуы оқушының тапсырманы дұрыс түсiнiп, оны орындауға ықыласты кiрiсiп, шын пейiлiн сала орындауы үшiн олардың көбiрек iзденуiне тура келедi. Ал өзiн-өзi тәрбиелеуге байланысты тапсырманы орындау бүгiнгi күнделiктi тiршiлiгiн тiзiп шығу емес, болашағын болжап, пайымды түрде алгоритм жасау екенiн оқушылар саналы түсiндi. Осы орайдан, оларға мынандай кеңес бердiк: а) Адамның ақыл-ойы, танымдық қалыптасуы жөнiнде медициналық, педагогикалық әдебиеттердi қара. ә) Өз тәжiрибелерiңдi ескерiп, ересек адамдармен ақылдас. б) Өзiңдi-өзiң тәбиелеу жоспарын жасауда біріншіден өзiңнiң өмiрлiк мақсатыңды көрсет; екіншіден өзiңе-өзiң баға бер; үшіншіден мен қандай адам болуға тиiстiмiн; төртіншіден режим белгiле; бесіншіден өзiңе бөгде адамның көзiмен қарап баға бер. Аталған тапсырманы орындауға жоғары сынып оқушылары құлшыныспен кiрiсiп, педагогикалық практика өтiп жүрген студенттермен кеңесiп, түрлi әдебиеттердi оқып, өздерiнiң күнделiктi iс-әрекеттерiн топшылап, алгоритмдiк жоба жасаудан үйiрме мүшелерiнен сырт қалған оқушы болған жоқ. Бәрiнiң жасаған жоспарын жинақтап, қорыта келдiк те мынандай естелiк құрастырып, компьютерге жазылған нұсқасын әрбiр оқушыға үлестiрiп бердiк. Ол естелiк мынандай болып шықты: ТРЕНИНГ ТАҚЫРЫБЫ: «ЕСТЕЛIК» I кезеңде - Өз өмiрiнiң мақсаты мен мәнiн анықта. Қоғамдық жағдайға үйлестiр. Адамгершiлiк, имангершiлiк мұратыңды айқында. Өмiрлiк ұраным, тұтынар қағидам. Іс-әрекеттегi, iзденiп ұмтылудағы түпкi мақсатым, қол жетуге тиiстi өрем. Басқа адамдардың iс-әрекетi мен мiнезi, қылығындағы ұнататындарым және жек көретiндерiм. Мен ардақтайтын рухани бағалы қасиеттер. Ар, намыс жөнiндегi пайымдауларым. II кезеңде - Өзiңдi - өзi тани бiл. Әдiлеттiлiкпен өзiңе баға бершi. Мен қандай адаммын. Құрметтеуге тұрарлық қадiрлi қасиеттерiм. Бойымдағы мән санайтын кемшiлiктерiм. Бойымдағы қызығушылық, құмарлық, құштарлық. Менiң өмiрлiк мақсатым. Оқуға, бiлуге деген ықылас-ынтам, оған көзқарасым. Еңбекке деген зауқым және ықыласым. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға деген көзқарасым, ой топшылауларым. 51


III кезеңде - Өзiңдi - өзiң тәрбиелеудiң бағдарламасын жаса Мен қандай адам болуға тиiспiн Ата-анам мен ұстаздарымның маған қоятын талаптары. Достарым мен араласып жүрген жора-жолдастарымның маған қоятын талаптары. Мұрат еткен арманыма жету үшiн өзiмдi әдiлеттi тұрғыдан өзiме-өзiмнiң қоятын талабым. IV кезеңде - Өзiңнiң келбет-кейпiңдi болжап, оның режимiн белгiле Режим Күнделiктi режим белгiле. Уақытты, оның мерзiмiн құрметте, шамаң келгенше әрбiр минутты тиiмдi пайдалан. Еңбектену мен демалыс гигиенасы бұзба. Өмiр ережелерi мен дәстүрлiк талапты ұмытпа. V кезеңде - Өзiңдi-өзiң шынықтыр. Бойыңа қажеттi бiлiм-бiлiк, iскерлiк дағды сапаларын қалыптастыр. Машықтану мен жаттығу Өзiң үшiн мiндеттеме белгiле де оны жүзеге асыр. Әр күнге, аптаға, айға арналған тапсырманы пысықтап, сөз бұйдаға салмай нақтылап дәлдi түрде жүзеге асыр. Өзiңе-өзiң сенiм, иланым қалыптастыр және оған берiк те бекем бол. Қандай жағдайда да өзiңдi меңгере бiл, өзiңдi-өзiң ұстай бiл. Өзiңе-өзiң батыл түрде бұйыра бiл. VI кезеңде - Өзiңдi-өзiң тәрбиелеу жөнiндегi iс-әрекеттiң нәтижесiн бағала және келешектегi тәрбиеңе орай алдыңа жаңа мiндеттер қоя бiл. Өзiңдi - өзiң бақылау Өзiңдi-өзiң тәрбиелеу жөнiндегi iс-әрекетiнiң нәтижесiне талдау жасап, баға бер. Сен де пендесiң. Өзiңдi-өзiң мадақтау мен жазалауды ескер. Өзiңдi-өзiң тәрбиелеу жолына арналған бағдарламаны ой елегiнен өткiзiп тағы да қарастырып, оны жетiлдiре түс. VII кезеңде - Өзiңдi-өзiң тәрбиелеу жөнiндегi пайымдауларыңа бөгде адамның көзiмен қарап көр. Кеше, бүгiн, болашақта қандай болуға тиiстi едiм. Өзiңдi-өзiк тәрбиелеуде кемшiлiк, ағаттық, қателiк бола ма, болса оны жөндеудiң жолжосығын ойластыр. Тәрбие-тәлiм iсiнде, оқуда, бiлiм алуда және өзiңдi iскерлiкке, кәсiпке, мамандыққа әзiрленiп, машықтану мен жаттығу жолында кездескен кедергiлер мен тосқауылдарды жеңуде ұстамды бол. Абай атаң айтатын бес дұшпаның мен бес досыңды есiңнен шығарма.  Адамның өзi аңғармайтын, байқамайтын жәй-жапсарды бөгде адамның көргiш, сезiнгiш келетiндiгiн ұмытпа. Сондықтан да өзiңе-өзiң басқа адамның көзiмен қарау-танып бiлудiң ең тиiмдi жолы. Оған ықылас, ынтамен зейiн қой.  Осы айтылғандарды жинақта, тұжырымда, тиiстi пайымдау жасап, қорытынды шығар. Өзiңдi-өзiң терең танып, меңгере бiлудi дағдыны бойыңа сiңiр. Қорытынды: жоғары сынып оқушыларымен бiрлесе отырып, жасалған естелiк тақырыбындағы тренинг олардың танымдық түсiнiгiне орай қабiлетiн, ойлау белсендiлiгiн, ғылымға бейiмделу тұрғысынан iздене бiлуге деген ниетiн көрсетумен қатар тұлғаның өзiнөзi тәрбиелеудiң алгоритмдiк жоба-жоспары негiзiнде болашағына болжам жасауға бағдарлау – бүгiнгi өмiрдiң аңсай күтiп отырған басты проблемасы. Өйткенi, оқыту барысында берiлетiн бiлiм мен тәрбие жүйесiндегi қандай да болмасын теория, модель, нұсқау, жоба, жоспар, зерттеудiң тұғыры берiк, iргелi болуы тұлғаның таным мен түсiнiгiне және өзiнiң қажетiн өтеумен шарттас. Сондай-ақ таным түсiнiкпен қажеттiлiк дәлдi үйлессе, оқушы тынымсыз әрекеттенедi. Оқытудың жаңа технологиясы бүгiнде қайтадан жаңғыра жасарып отырған антропологиялық құндылықтарды тiренiш еткен имандылық, адамгершiлiк танымды өмiрде 52


өркендетiп, өнеге етудi талап етiп отыр. Дәлiрек айтқанда, антропологиялық тұрғыдан тәрбие мен бiлiм беру жолында ұстанатын пайымдау – тұлғаның нақты таным түсiнiгi iс-әрекетiне үйлессе, дiттеген мақсатқа жеткiзетiн өмiршең құбылысқа айналады. Олай болмаған жағдайда iс-әрекет нәтижесi жоқ, бос сөз, құрғақ дақпырт дәрежесiнде қалып қояды да, тұлғаны орынсыз әуре сарсаңға салады. [25, 19] Сыныптан тыс тiлдiк үйiрме жұмыстары Нақты сабақта сыныптан тыс тiлдiк үйiрме жұмыстарында бағдарлы атқарылған iсәрекетiне сүйенгенде айтар пайымдау – iздене бiлуге дағдыланған оқушы еңбегi қашанда нәтижелi болатындығы ақиқат шындық. Мұғалiм шәкiртiмен серiктесе отырып ненi iздеу керек, қалай iздеу керектiгiн нақты мақсатқа негiздей жүргiзсе, iзденiс үстiнде оқушының танымдық қызығушылығы жетiлумен қатар, олардың болашағында жалғастық табатын дағды да қалыптасады. Оның бiлiмдiк, тәрбиелiк сипаты оқушыны шығармашылыққа баурап, дербестiгiнiң өрiстеуiне ықпал ететiн тиiмдi технология. Әрине, мұның табысты болуы жөпелдемеде атқарылған iс емес немесе кездейсоқ тәсiлдердi пайдалану емес, жүйелi түрде жоспарлануға тиiс. Басты ұстаным – жоба оқушының өздiгiнен еңбектену бiлу барысында тапқан мағлұматтары мен деректерi алдына қойған мүддесiне сәйкестiре пайдалану шығармашылыққа бейiмдеп, iс-әрекеттiң табысты болуының арнасын кеңейтедi. Егер мұғалiм оқушының iзденiстегi азды – көптi жетiстiгiн жiтi көрiп, оған қолдау жасап көтермелеп жiберсе, олардың ықыластана түсуiне желеу болады да, атқарған iс-әрекетi арқылы өзiне-өзi сенiммен қарайды. Әрине, әр нәрсенiң деңгейi бар, шегi бар деп бiлсек, оқушының шама-шарқы мен мүмкiндiгiнен сырт кетуге болмайтындығын ескере отырып, олардың қолы жеткен жетiстiгiне орай келешекте атқаратын машықтану жұмыстарының жоба-жоспарын бiртiндеп күрделендiру арқылы айқындау таным тағылымдық қызығушылықтың өресiн өрiстете түседi. Өйткенi, оқушының бiлiмденуi, тәрбие алуы түрлi таным тағылымдық жолдардан тоғыса келiп, бiрлiк табатын синкреттi құбылыс. Iзденiс барысында оқушының тапқаны және оны қабылдап ұғынуы, ойланып толғануы iс-әрекетке әкелетiн таным тағылыммен тамырлас, онымен iштесiп жатқан коммуникативтiк болмыс. Оның айғағын жоғарыда бiз келтiрген деректерге сүйене отырып айтсақ – оқушы танымдық қызығушылыққа неғұрлым жетiлсе, соғұрлым олардың iздене бiлуге деген икемдiлiгi мен ынта-ықыласы жетiлiп, әсiресе тiлдi меңгеру процесiндегi құлқы, пейiлi шығармашылыққа бейiмделедi. Өздiгiнен iздену, өздiгiнен әрекеттену әдiсiне төселу тиiстi деңгейде дағды қалыптастырады. Былайша айтқанда, ақыл-ойдың өркендеуiндегi кiлт – оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыра бiлуге байланысты деген пайымдау жасап, бұл тiлдi меңгерудегi жетекшi идеяның бiрiне санаймыз. [26, 33] Педагогика ғылымында бiрыңғай, бiртектi дидактикалық жүйе жоқ болғанымен де жалпыға ортақ бiрнеше теориялар бар. Олардың көпшiлiгi оқытудағы мақсат бiлiм беру жүйесiн қалыптастырумен қатар оқушының жалпы дамуын, жеке басының қалыптасуын, көркемдiк таным-түсiнiгiн жетiлдiрiп, еңбеккерлiк дағды сiңiру көздейдi. Ал бiлiмдiк мазмұн негiзiнен жеке пәндiк жүйеде құрылғанымен де, бастауыш сыныптары мен жоғары сыныптарда бiрлестiрiле кiрiктiрiлген интегративтiк оқыту жолдары жетiлуде. Оқыту үрдiсi берiлетiн бiлiмнiң мақсаты мен мазмұнына үйлесiмдi және соған сай болуымен қатар басқару барысы екi жақты қарым-қатынасқа құрылған. Нақтырақ айтқанда, мұғалiм оқушының бiлiм жолындағы таным түсiнiктi меңгеруiн iс-әрекетiн басқарып, оны тиiмдi ұйымдастыруға жетекшiлiк ете отырып, оларды өздiгiнен әрекеттенуге ынталандырып, қазiргi замандағы бiлiмдендiрудiң жаңа технология жетiстiктерiн пайдалана бiлуге дағдыландырады. Сонымен қатар дәстүрлi дидактиканың және зерттеуге бағытталған iзденушiлiкке ынталандыратын әдiс-тәсiлдердiң тиiмдi жолдарын тұтынып, оны қолдана бiлуге және бiлiмдену құрғақ жаттау емес, ой-толғаныссыз қайталау да емес, саналылыққа негiзделген терең түсiнiктi меңгеру екендiгi ескерiледi. Екiншi сөзбен айтқанда, тек репродуктивтiк әдiспен шектелiп қалмай, әрбiр тұлғаның өздiгiнен iздене бiлуге, шығармашылыққа машықтана бiлуге және оның тиiмдi жолдарын табуға баулитын бағдар беру басты шартқа айналды. Уақыты талабына үйлесiмдi компьютерлiк жүйеге қосылып, iзденiстiң жаңа жолдарын өрiстету де 53


кеңiнен етек алуда. Танымдық қызығушылыққа әсер ететiн амалдар оқытудан интерактивтiк жолмен бiрлiк тапса, нысанаға алынған мазмұн, түрлi атаулармен термин тұлғаның жадында ұзақ сақталады. Оны нақты iс-әрекетке, тиiстi мақсатқа үйлесiлуi қолданып жүзеге асуы, тағылымдық мәнге ие болады да ойлануға ұйтқы, өздiгiнен iзденуге серпiлiс туғызып, шығармашылықтың өрiстеуiне мүмкiндiк бередi. Тiлдердi оқу барысында қалыптасқан танымдық қызығушылық, өздiгiнен iздену нәтижесiнде тұлғаны еңбектене бiлуге машықтандырады. Сондай-ақ пәнаралық байланыс интегративтiк және кластерлiк әдiстердiң өркендеуiне жол ашады. Осыдан барып танымдық түсiнiктiң дамуы оқушының талабына қозғау салып, қабiлетiн ашуға ықпал етедi. Танымдық қызығушылық даналыққа бастайтын мәңгiлiк проблема. Ол жаңаны бiлуге, оны iздеп табуға құлшыныс туғызады, тұлғаны әрекеттендiредi. Мұның жүзеге асып, өмiрден көрiнiс табуы сенiмге байланысты екенi сипатталады. Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын тiлдердi оқыту барысында қалыптастыру технологиясындағы тиiмдi әдiс – айтарыңды айтып сал. Бұл әдiс оқушының жасқаншақтықтан, тұйықтықтан, ұялшақтықтан өз ойын, көңiлдегi пiкiрiн айта алмай қымсынудан айықтырады. Сөйлей бiлуге, қажет болған жағдайда пiкiрсайысына түсiп, өзiндiк тұрғыдан пiкiр айтуға, таным-түсiнiгiн жеткiзе бiлуге жаттықтырады. Оқушының танымдық қызығушылығы тiл пәндерiне байланысты мәтiндiк деректер мен оның теориялық негiздерiн ашуға қатысты оқылым, жазылым, сөйлесiлiм негiзiнде қалыптасады. Сондықтан оқылым мен айтылымға арналған мәтiндi сұрыптағанда орфоэпиялық заңдылықтар әр тiлдiң ерекшелiктерiн айқын да дәлдi ашарлықтай мәнде болуға тиiс. Өйткенi, жеке сөздегi, тұтас сөйлемдегi дауыс екпiнi ұғымның мәнiн, айтылмақ ойдың мәйексөзi болып табылатындығы тиiстi дәрежеде талданды. Бiлiм беру технологиясындағы жаңа бағдар – витагендiк оқыту әдiсi оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда ерекше мәнi бар. Бұл әдiс оқушының бiлiмдiк деңгейiн көтерiп, зерттеушiлiкке бағыттап, рухани түсiнiгiн кеңейтiп, әлеуметтiк пайымдау жасауға ынталандырады. Ақыл мен ақиқатты таба бiлуге түйсiнiп, өнiмдi еңбекке үйренудiң мән-мағынасын зерделеуге, ықылас қоюға машықтанады. Әлемдiк дидактикада жаңа қарқын алып отырған синектика, синергия, синергетика тiлдердi оқытуда оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда айтарлықтай мәнге ие болып отыр. Ғылымның әр саласындағы ұғымдардың мәнiн ашып, символдық ұқсастықтарына қарай қиялдауға, ондағы ұқсастық пен айырымды ажырату арқылы танымдық түсiнiгiн кеңейтiп, өзiнше философиялық даналық тұрғысынан пайымдау жасауға кеңiрек мүмкiндiк алуда мәндi болып отыр. Бұл үйреншiктi әдет емес, жаңа серпiлiс туғызатын тиiмдi жол. Жаңалыққа қанығып бiлiм алудағы қуаныш, көтерiңкi көңiл, сондай-ақ үрейлi оқиға танымға әсерi мол құбылыс деп бiлсек, осы орайдан фокальдық оқыту әдiсiнiң де танымдық қызығушылық қалыптастыруда сезiмдiк мәнi зор. Әсiресе, бiр тiлден екiншi тiлге аудармашылық жасауда түрлi ұғымдарды, сөздердi тәржiмелеуде сөзбе-сөз аудару, ұғымды аудару, әдеби аударудағы танымдық жүйе әлемдiк қарым-қатынаста ерекше маңыз алуда. Ондағы заңдылықтарды таныстыру және оқушылардың бұл салада өздiгiнен iзденуiне бағыт сiлтеу уақыт қажеттiгiнен өрiс алуда. Қысқа да болса нұсқалық түрде оған мән берiлдi. Iстiң нәтижелi болуы алдын ала жоспарлап, жобалаудан өркендесе, оны жүзеге асыруда алгоритмдiк әдiс мектептегi тiлдердi оқыту арқылы танымдық қызығушылық қалыптастырудағы жетекшi әдiстiң бiрiне айналды. Оның жөн-жосықтық нұсқасын оқушылармен серiктесе отырып жасап, тұлғаның өзiн-өзi тәрбиелеуiне байланысты жоспарлау тиiмдi. Бұл тек теориялық жағынан ғана емес, қолданбалық жағынан да, тұлғаның өзiне-өзi басқаның көзiмен де, өзiндiк тұрғыдан да сын көзiмен қарауға баулиды, одан тиiстi қорытынды шығару жағымды, өмiршең нәтиже бередi, оқушыға танымдық қызығушылық қалыптастырады. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Халық ағарту, ғылым мен мәдениет жөнiндегi 54


мемлекетаралық ұйымдары белгiлеген жобаны жүзеге асыру үшiн мектеп оқушыларына тiлдердi оқытуда танымдық қызығушылық қалыптастырып, оны өркендетуде инновациялық оқыту жолын дәстүрлi жүйемен ұштастыру өмiр қажетiн өтейтiндiгiн жоғарыда көрсетiлген тәжiрибелер толық айқындайды. Оқушының шама мүмкiндiгiне қарай шығармашылық өресiн биiкке көтерiп, белсендiлiгiн жетiлдiру олардың өзiн-өзi ұйымдастыра бiлуге байланысты. Атқарған iсiнiң нәтижелi болуы тiлдi жетiк бiлiп, оның мәнi мен мағынасын тиянақты түсiнiп, жүзеге асырылатын проблеманы шешудiң жол-жосығын жобай бiлумен шарттас. Тiлдердi оқыту мен бiлiмдендiрудегi қызығушылықтың баяндылығы оны ұйымдастырудың әдiстемесiмен сәйкессе дiттеген мақсатқа жеткiзудегi тиiмдi жол деп ұғынған жөн. Тұлғаның логикалық ойлауы тiлдiң қыр-сырын меңгеруге деген қызығушылықпен бiрлiкте шешiлетiн мектеп оқушысы өзiн-өзi ұйымдастырып, өзiн-өзi жетiлдiрiп, өзiн-өзi бақылап, бағалай бiлуге дағдыландыруға және бастамшылық көрсетуге, ынталы ықыласқа байланысты екендiгi үнемi есте ұсталуға тиiс. Бұл салада серiктесе отырып түсiнiктеме сөздiк жасау, шешендiк сөздердiң құқылық мәнi, түрлi қойылым, жыл қайыру, ұлдар мен қыздарға тәлiмдiк тәрбие беру, наурыз келдi далама, қоржын той, т.б. көрсетiлiп отырған үлгi жоба инновациялық оқытуды тиiмдi түрде жүзеге асыруға болатындығының айқын айғағы. Оқушының өзiн-өзi нақты iсте сынап, тиiстi әрекет барысындағы мәтiннiң мазмұнындағы ақпараттық мағлұматтағы тәлiмдiк, тәрбиелiк өнегенi жадында сақтауына, оны үлгi етуiне икемдейтiн қозғаушы күшке айналады. Тiлге деген қызығушылықтың қалыптасуы тұлғаны әрекетке ұмтылдырады. Жоғарыда келтiрiлген сурет-сызбалар мектепте тiлдердi оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру-дың жүйелi көрсеткiшi және оның әдiстемелiк негiздерiн нақты байқауға мүмкiндiк беретiн бағдар екендiгiн жүргiзген тәжiрибе толық айқындағандықтан да осы тарауда келтiрiлдi. Әдетте, оқушының бiлуге деген құлықсыздығы сөздiң сындарлы сипатындағы мәндiк шырайын дұрыс зерделей алмаушылықтан туындайды. Сөздi түсiнбеу – тiлдi меңгермеушiлiкке ұрындырады. Оның салдары тiлге деген өгейлiктi туғызып, тiлдi бiлмеу, әсiресе, ана тiлiн бiлмеу – ұлттық дәстүр, мәдениеттен бейхабар қалуға ұрындырады да тұлғаның мiнезiнде оспадарлық, iс-әрекетiнде мәңгүрттiк таным, құлықсыздық пен немқұрайлылық сияқты жiгерсiздiк пайда болады. Оқытудың синектикалық жаңа әдiстеме мұғалiм тарапынан өктемдiк көрсету арқылы емес, сондай-ақ орынсыз өсиет айтып, шұбалаңқы қайталау арқылы да емес, оқушының бiрнеше танымдық түсiнiктi ықпалдастырып, кiрiктiре ойлауына бағдар берiп, өзiнше iсәрекеттене бiлуге жаттықтыру деп бiлген жөн. Жоғарыда келтiрiлген кестелiк сызбаны әртүрлi нұсқада, әртүрлi үлгіде қолданып және оқу бағдарламасында көрсетiлген тақырыптарға байланысты түрлi-түрлi мазмұндық нұсқада жүргiзiп көрдiк. Бұл әдiспен өткiзiлген сабақ нәтижелi болып, оқушылар белсендi қатысты. Оқушылардың тiл саласындағы танымдық iс-әрекетке жаттығу барысында ғылымның әр жүйедегi пәндiк ұғымға зейiн қоя отырып, түрлi шашыранды түсiнiктердi жинақтап, ой елегiнен өткiзiп тұжырым жасауда тиiмдi болды. 2.3 Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы тиiмдi жол – инновациялық оқуды дәстүрмен ұштастыру Қызығушылық баянды оқыту мен бiлiмдендiрудiң нәтижелi болуы оны ұйымдастыру әдiстерiмен сәйкестiгiне және бастамшылыққа (инициативаға) байланысты. Бiз ғұмыр кешiп отырған жаңа ХХI ғасырдағы өндiрiс пен техниканың соншалық жылдам қарқынды дамуы адамзат өмiрiнде болып көрмеген шапшаңдықты талап етiп отыр. Егемендiкке қолы жеткен Қазақстанның жоспарлы-әкiмшiлiк жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуi, қоғамдық құрылыстың күрт өзгеруi бiлiм берудi уақытқа үйлесiмдi құрып, оның әлемдiк деңгейдегi межеге сәйкесуiн қалайтындықтан тiлдердi оқытудағы ұстаным екi бағдарда өрiс алуда: 1. Дәстүрлi оқыту жүйесiн модернизациялау. 55


2. Оқыту үрдiсiне инновациялық оқуды кiргiзiп, оны өрiстету бағдарын жетiлдiру. Бұл жүйенi таратып айтқанда – дәстүрлi оқыту жүйесiн модернизациялауда оқушыға берiлетiн бiлiм, олар игеруге тиiстi ұғым-түсiнiктi меңгерудегi репродуктивтiк дидактиканы уақытқа үйлесiмдi жетiлдiрiп, жаңа технологияға сәйкес дамыту. Ал инновациялық оқытуда – бiлiмдендiруге тәрбиелеудегi басты бағдар оқушының мүмкiндiгi мен шамасына қарай мәселенiң байыбына барып, үлгi көрсетер өнегелерiне елiктеп, тағылымдық жолдарын қабылдап, оған сыни көзбен қарай отырып, шығармашылық тұрғыда пайымдау жасауға үйрету негiзге алынады. Сондай-ақ, шығармашылық ойлай бiлумен бастамшылық iсәрекеттегi саналылықты өрiстетуге зерттеушiлiк тұрғыдан белсендiлiгiн жетiлдiрiп, iсәрекетке деген бейiмдiлiгiн, қызығушылығын қалыптастыратын жол. Iздену, iс-әрекет барысында оқушы күтпеген қиындықтарға кезiгiп немесе серiктестерiмен айтысып-тартысып пiкiр келiспеушiлiгi болып қалуы да ықтимал, ал мұның өзi адамды тереңiрек ойландырып, оның тиiмдi шешiмiн табуды бағдарлайды. Әдетте, пiкiрсайыс адамның ойлау белсендiлiгiне, әрекеттену белсендiлiгiне ықпал ететiн жол. Тiлдердi оқыту барысындағы дидактикалық iзденiстегi инновациялық оқытуда мұғалiм лидерлiк мiндет атқарғанымен де жүзеге асырылатын iстiң бәрiн тек өз қолына алмайды. Тек менiң айтқанымдай болсын деп қарамайды, әмiршiлдiк жолды ұстанбай режиссерлiк мiндет атқаруға бейiмделедi. Тiлге байланысты теорияны, мазмұндық мәндi меңгертiп, сөздiк қорды дамыту бағдарындағы сабақ барысындағы ойынды ұйымдастыруға мұғалiм бағдар бергенiменде оған тiкелей жетекшiлiк жасамайды, қайта қалыс қалып, ретiне қарай қатардағы ролдi ойнайтын, шәкiрттермен тепе-тең құқықтағы серiктес болады. Сабақ барысындағы ойынды басқарушы ролдердi бөлгенде, ойын кезiндегi диалогта ойынның өмiрдегiдей нақтылыққа жақындауына мән бередi. Ойын өмiр шындығына үйлесерлiктей жақындаса, тиiстi ролдi атқарушы оқушы өзiн бейне бiр ақиқат шындықтағыдай сезiнiп, әсерленiп, қойылған мақсатқа пара-пар iстер атқаруға машықтанады. Демек, ойынды басқарушы оқушы да, тиiстi ролдi атқарушылар да өздерiне жүктелген мiндеттi дұрыс атқарып, оның көңiлден шығуы үшiн өзiнше ойланып, өзiнше әрекеттенiп, өзiнше iзденiп белсендiлiк танытады, қызығушылығын дамытады (7-8 суретте). [13, 45] Бүгiнгi тәлiм-тәрбие, оқыту, бiлiм беру тұрғысынан қазақтың байырғы ұстаздары өсиет еткен өнегелi сөздерiн еске алсақ, шәкiрттiң көзi ояу, көңiлi ұйқыда болмас үшiн, болашақ тәлiмгер ғасырлар бойы қалыптасқан заңдылықтарды терең бiлiп, оны инновациялық оқумен ұштастыру парыз деп тану шарт. Осы орайдан тiлге қызығушылықты қалыптастыруда ұстазың жадында болар басты қағидаға зейiн қою керек. Олар мынаған саяды: − ұстаздың еңбек жолындағы алғашқы қадам шәкiрттiң оқуға деген ықылас-ынтасын тәрбиелеуге мән беруден басталады. Шәкiрттi атқарылатын iске шын қызықтыра бiлсе, олар мұғалiмнен көз жазбайды; − есте болар тағылым, өзiң жалындай бiлсең, басқаның көңiлiн маздатып, ынтаықыласын оятасың; − ілiм жолындағы ұстанар тағылым алған бiлiмiңдi, таным-түсiнiгiңдi өмiрде жүзеге асыру, оны тiршiлiкке үйлесiмдi қолдану екенi ұстаз үшiн ғұмырлық шарт деп қара; − ой азабын кешпей бiлiм бойға дарымайды. Былайша айтқанда, қойылған проблеманың шешiмiн шәкiрт өзi тапсын, ойлансын, ұғым-түсiнiкке ұйтқы болады. Оқығанды көңiлге тоқудың арнасы ашылады. Бұл – ой еңбегiнiң күрделi күрмеуiн шешудiң кiлтi деп ұғын; − әрбiр адамның өсуi де, өркендеуi де, дамуы да сол адамның белсендi әрекетi мен өздiгiнен iздене бiлуiне тәуелдi. Әсiресе, әрбiр шәкiрт ешкiмге жалтақтамай, шамасына лайықты iстi өздiгiнен атқаруын қадағалау керек. Есте болар ескi қағида "кiсiдегiнiң кiлтi аспанда", бiреуге сенiп, арқа сүйеп кетпей, өзiнше талпынып әрекеттену кiмдi болса да жарға жықпай, қиядағы қиындарға сүрiнбей шығудың сенiмдi жолы. Ал шәкiрттi үнемi жетектеу ұзын арқау кең тұсауға салып қылт етсе жәрдемге келу – дәрменсiздiкке душар етiп, бiлiм саласындағы өз сыбағасынан құр қалдыратынын есiңе тұт. Ал даналыққа бастар жол – бiлiмдiлiктiң кiлтi өздiгiнен еңбектенiп, күрделi түйiндердiң шешуiн өздiгiнен табу; 56


− қай кезде болсын, педагогиканың ғылым, өнер тұрғысынан ұстанар мақсаты – жеке тұлғаның тәрбиесi және оның қалыптасуын бағыттау. Ал мұны шын мәнiнде жүзеге асырғыңыз келсе, педагогикалық үрдiстi жеке пәннiң мүддесiне бұрып жiберiп, белгiлi бiр әрекеттiң шеңберiнде ғана шектелсеңiз тәлiм-тәрбиенiң аясы тарылып, тығырыққа тiрелесiз. Мәселе шәкiртке бағдарлама көлемiндегi бiлiмдi меңгерте отырып, адамгершiлiк, тәлiм негiздерiн онымен бiрiкте бiлгiзу екенiн естен шығаруға болмайды; − оқушыға қойылатын талап, оның дамуындағы ақиқат шындықпен iштей бiрлiк тауып, үйлесiмдi болса ғана сiз жүргiзген тәлiм-тәрбие нәтижелi болмақ; − адам жастық шағында елiктегiш келедi. Әсiресе, олардың туған өлкесiн сүюге, ана тiлiн құрметтеуге, елiнiң тарихы мен әдеп-ғұрпын игеруге деген әсерлi елiктеуiн қолдап, iзеттiлiгiн сөз жүзiнде ғана емес, iс жүзiнде терең тануы жөнiнде өнеге көрсетуге мiндеттi екенiңiздi ойластырыңыз. Өнеге - өрге бастырады; − сiздiң таңдаған жолыңыз ұстаздық, демек тәрбиешi тәлiмгерсiз. Оқыта отырып тәрбиелеу – ар-ұждан алдындағы парызыңыз. Бұл мамандықтың басты шарты болғандықтан, оның бұраң-бұлтарысы сiзден төзiмдiлiк, ұстамдылық, шыдамдылық талап етедi, оған машықтанып, дағдыға сiңiрудi есiңiзде ұстаңыз. − мамандық талабына үйлесiмдi үлгi, өнеге болуда жеке басыңда кездесетiн кемшiлiк, қателiктi дер кезiнде мойындап, ешкiмге жария етпеңiз де, уақытымен түзетуге бар пейiлмен кiрiсiңiз, нағыз зиялы адам өзiн-өзi бақылай бiлуге мiндеттi. Өйткенi, сiздi қалт жiбермей, қадағалап отырған жандар көп екенiн ұмытпай және өзiңiзге шәкiрт көзiмен қарап байқаңызшы; − тәрбие-тағылым беруде шәкiрттiң мiнез-құлқындағы ауытқулар жанға ықпал етудi ескерiңiз; − оқушыны қабiлеттi, бойында күш-қуаты жеткiлiктi екендiгiне сендiрiңiз. Өйткенi, сенiм – жеңiске жеткiзетiн үлкен күш. Шәкiрт барлық саладан өзiн-өзi тәрбиелеп, өзiн-өзi жетiлдiрудегi әрекетi мен пиғылын жебеп, бағдар берiп отырудың мәнi зор екенiн ұмытпаңыз; − тәрбие iсiндегi мықты тұтқа – шәкiрттi сыйлай бiлу. Аталар сөзiмен айтсақ, "сыйғасый, сыраға бал". Демек, оқушының жанын сезiнiп, жақсы көру және олардың жеке басындағы кейбiр кемшiлiктер мен олқылықтарды кеңдiкпен кешiре бiлу табысқа бастайтын, адалдық пен шындыққа жетелейтiн жол екенiн есте тұтыныңыз; − ұжымда азды-көптi абыройға ие болсаңыз, болдым-толдым демей, үздiксiз оқып, iзденiп, өзiңiздi тәрбиелеуден қол үзбеңiз. Өйткенi, iзденудi, оқуды тастаған күнi – сол сәттен бастап бәрiнен сырттадым дей бер. Ұстаздық жалынның ақиқаты осы. Танымдық қызығушылық қалыптастырудағы сурет-сызба жобалар Бұл сызба суретте оқу үрдiсiнде мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру жолдарының нұсқасы тiл пәндерi негiзiнде көрсетiлдi.

57


Тiлге қызығушылықты қалыптастыру оқушының өзгерiп өркендеуiне әсер етедi

Кiтап – бiлiм бұлағы екенiне көзi жетедi. Таным түсiнiгiн өзгертуге ықпал етедi. Рухани өркендейдi.

.Моральдiк әдептерден тағылым алады. Бiлiм алуға жаттығады. Тәрбиелiк өнегенi үлгi етедi. Әлеуметтенедi. Өзгерiп жаңаруға ықпал етедi. Бiлiктiк дағды дамиды. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдiстерiн байқайды. Ақыл-ой деңгейi жетiледi . Оқушының өзiндiк ой түсiнiгi жетiлуi тiлге деген қызығушылықтан суретмен 3 –санасының Оқушының өзгерiп өркендеуiне әсерi басталады

Тiлдi түсiну – ақпараттық мазмұнды меңгеру. Ол қызығу барысында өркен жаяды. Тiлге деген қызығушылық тұлғаның өзiн-өзi ұйымдастыра бiлуден бастау алатын бұлақ көзi. Қызығушылық нәтижесiнде игерiлген мағлұматтарды өз тәжiрибесiнде пайдаланып, оны жүзеге асыру – сөздiң мән мағынасын бойға дарытып, ойға қонуына ықпал етедi. Танымдық және ғылыми деректердi жадында ұстау, сөздiң мәнiн қайталау оны көңiлге ұялатуға, есте сақтауға әсер етедi. Өнегелiк мазмұнды үлгi теiп тағылым алады. Қызығушылықтың нәтижесi қол жеткен iс-әрекетке сыни көзбен қарап, өзiне өзiнiң нақты баға беруге бағыттайды. Тұлғаның өзiн-өзi ұйымдастыра бiлуi қызығушылықпен тамырлас. Өзiн-өзi дұрыс ұйымдастыра бiлген адам қашанда табысқа жетедi. Тiлге қызығушылықтың қалыптасуы сабақ барысындағы сөйлесiм, тiлдесiм, оқылым, айтылым арқылы оқушының санасын жетiлдiрiп, ой түсiнiгiн өрiстетедi, белсендiлiгiн арттырады.

Сурет 4 - Өзiндiк ой түсiнiгi мен санасының жетiлуi

58


Сенiм туғызады Қуаныш әкеледi

Мақсатқа айқындайды Үрей, күдiк, қорқыныштан айықтырады

Қарым-қатынас жасауа жаттықтырады

Зерiгуге жiбермейдi Тиянақтыққа баулиды Мәселеге әржақты қарай бiлуге жаттықтырады

Тiл пәндерi негiзiнде қалыптасқан қызығушылық – тұлғаның танымдық жаңаруына ықпал ететiн қозғаушы күш.

Еңбекке құлшындандырады

Пiкiр айта бiлуге бағдарлайды

Сергектiкке баулиды Көңiл күйiне көтерiңкiлiк әкеледi Ой еңбегiнiң әдiс, тәсiл, амалдарына үйренедi.

Дербестiкке машықтанады Зейiн зердесi жетiледi Қабiлетi артады Ақыл-ойы өркендейдi

Жадында ұстап, еске сақтау деңгейi жетiледi

Бiлуге, көруге, тануға деген ынта-ықыласты демей түседi. Белсендiлiк көтерiледi

Сурет 5 – Тұлғаның танымдық жаңаруына ықпал ететiн қозғаушы күш

59


Тiлге қызығушылық – бiлiмнiң құпиясын ашуға, таным-түсiнiктi жетiлдiруге жәрдем ететiн тиiмдi жол

• Сөздiң мәнiн түсiнбеу – танымның қалыптасуына нұқсан келтiредi де терiс ұғым, жалған көзқарас туғызады.

• Терминдi, атау сөздердiң мәнiн ұғынбау тұлғаның таным қабiлетiн дамытуға бөгет жасайды.

• Сөздiң мағынасын түсiнбесе оқушы еңбегi зая кетедi де нәтижесi оларды сабақ үлгермеушiлiкке сақтырады. Түсiнбеген жағдайда дұрыс сөздiң өзi бұрыс болып шығады.

• Тiлдi меңгерудегi шамадан тыс тапсырма, орынсыз талап оқушының бiлуге деген қызығушылығын әлсiретiп принциптердi сақтау шарт.

құлқын

жояды,

сондықтан

педагогикалық

• Тiл сабақтары бойынша атқарылатын жаттығудың мазмұны оқушының қазiргi өмiрiне үйлесiмдi болса, олар мәтiннен тағылым алып, мақсат етiп отырған теориялық негiздердi тиянақты меңгередi.

• Мектепте өтiлетiн тiл пәнiнiң программасы бойынша орындалатын жаттығудың көлем мөлшерi мен логикалық жүйесi оқушыны иландырарлық, болашағына бағдар берерлiк мәнде болуына зейiн қойылғаны жөн.

• Ойлай бiлуде опық жегiзбейтiн жол – тұлғаның өзiнше әрекеттенiп., өзiнше тлпынып, өзiнше пайымдауға қызығушылығына тәуелдi. Өйткенi бiр мәселе жөнiнде түрлi-түрлi тұжырым жасап, әртүрлi қорытынды шығаруға машықтану тiл арқылы жүзеге асады.

• Iздене бiлудiң қайнар көзi – қызығушылық. Ол бiлiмнiң құпиясын ашуға, танымтүсiнiктi жетiлдiруге iздендiретiн тиiмдi жол, табысқа жетудiң кiлтi.

Сурет 6 - Бiлiмнiң құпиясын ашуға, таным-түсiнiктi жетiлдiруге жәрдем ететiн тиiмдi жол

60


Тiлдердi оқу үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығы қалыптастырудағы ұстаз бен шәкiрттiң өзара әрекетi

Ұстаз әрекетi

Шәкiрт әрекетi

• Проблеманы шешуге бағдар беру,

• Қойылған сұрақты саналы ұғыну, оның

iздентерлiк сұрақтар әзiрлеу • Қосымша және жанама сұрақтар қою • Iзденуге ықпал етерлiк ақпараттық деректер ұсыну

мәнiн ашуға белсендi түрде кiрiсу • Сұрақтың туу себептерiн ажырата отырып жауап берiп., талдау жасау • Ақпаратқа мән берiп, оған жан-жақты зейiн қойып пайымдау жасау үшiн iздену • Тиiстi жүйе бойынша мәселенi шешуге ұмтылу, еңбектену

• Қойылып отырған мәселенi шешу

жөнiнде нүсқау берiп, бағдарлы жол көрсету • Тапсырманы қалай орындап жатқандығына зейiн қою

• Атқарған iсiн өзiн-өзi бақылап

нәтижесiн қадағалап тiлдiк қолданыста тұтыну • Тапсырманы орындауда қате, кемшiлiк болса, оны жөндеп, түзетуге кiрiсу

• Оқушының ынта ықыласына және

тапсырманы орындау-дағы қызығушылығына көңiл аудару • Орындалған жұмыс нәтижесiнде меңгерген машығын жаңа жағдайда қолдана бiлуге бағдар беру

• Тапсырманы орындау барысында

игерген тәжiрибесiн жаңа жағдайда қолданыа, оны iлгерiде де жалғастыруға бейiмделу.

Сурет 7 - Ұстаз бен шәкiрттiң өзара әрекетi

61


Инновациялық оқытудағы басты бағдар тiлге қызығушылықты қалыптастырумен бiрлiкте дамиды

1.

Ынтымақтастық

2.

Бастамашылдық (инициатива)

3.

Топпен, коллективпен бiрлесiп еңбектену

4.

Бiрiн-бiрi оқыту

5.

Өзiн-өзi бақылай бiлу

6.

Коммуникация

7.

Логикалық ойлауға машықтандыру

8.

Проблеманы шешуге баулу

9.

Тиянақты шешiм шығара бiлу

10. Ақпарат жинау және оны пайдалана алуға жаттығу 11. Оқи бiлуге оқыту 12. Мәдени дағды қалыптастыру

Сурет 8 - Тiлге қызығушылықты қалыптастырумен бiрлiкте дамуы

62


Тiл пәндерiн оқу барысында танымдық қызығушылық қалыптастырудың нәтижелiк көрсеткiшi

Оқушы тек есте сақтаумен шектелiп қалмай өздiгiнен ойлана бiлуiне және танымдық түсiнiгiн жетiлдiруге жәрдемдеседi. Қызығушылық тұлғаның белсендiлiгiн, дербестiгiн, шығармашылық қабiлетiн дамытады

Ақпараттық мазмұнды қабылдау деңгейiн өрiстетедi

Тiлге қызығушылық оқушының ақиқатты терең танып, оны өзiнше талдап, талқылай бiлуге қол жеткiзедi.

Ұстаз бен шәкiрттiң қарым-қатынасының демократиялық, гуманистiк стилiн жетiлдiредi.

Қызығушылық оқушының меңгерген бiлiмiн өмiрде қолдана бiлуге бейiмдейдi.

Қызығушылық оқушының өзiн-өзi бақылап, басқара бiлуге бағыттайды.

Сурет 9 - Қызығушылық қалыптастырудың нәтижелiк көрсеткiшi

63


Логикалық мәндi талдау

Деректердi салыстыру

Ұғым-түсiнiктердi жинақтау

Ұқсастықтарды ажырату Тiлдi оқыту үрдiсiндегi мектеп оқушысының танымдық қызығушылығын жетiлдiре берудiң әдiстерi

Пайымдық мәнге зейiн қою

Тұжырымдау

Мүдделi мақсатты пысықтау

Iс-әрекеттi iзденуге, шығармашылыққа бағдарлау

Нәтиженi қорыту

10 сурет - Танымдық қызығушылығын жетiлдiре берудiң әдiстерi

64


Шәкiрттiк қызығушылық нәтижесiндегi тапқырлығын мадақтау Ұстаз бен шәкiрттiң демократиялық негiзде ынтымақтасуы Мәтiннiң мазмұны бүгiнгi өмiрге үйлесiмдi болуына мән беру

Инновациялық оқуды дәстүрлi бiлiм, тәрбие берумен сәйкестiру

ХХI ғасырда оқытудағы басты ұстаным – оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру

Мәтiндегi мазмұнды, айғақтық деректi оқушы өмiрiне үйлестiруге бейiмдеу Танымдық түсiнiктi дербестiкке бағдарлау Бiлiмдiк деңгейдi көтерудiң әдiс, тәсiл, амалдарына жаттықтыру

Тiл деректерi негiзiнде оқушының өзiн-өзi танып, өздiгiнен iзденуiне бағдар беру Орындалатын жаттығу жұмыстары ақыл-ойды дамытуы, имандылыққа баулитындай болуын жобалап жоспарлауға мұқият қарау Тiл саласындағы әрекеттi ұйымдастыруға ыждаһаттық таныту шарт

11 сурет - оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру

65


Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара сырласым Сыр пернесiн басып қара, Басып қара жырласын (С.Сейфуллин) Бiлiм – құпиясын iшке бүккен қазына Ойланудың құралы - сөз Көрнекiлiк әсер арқылы ойлау Образдық бейне арқылы ойлау Логикалық ойлау

Мән жағынан

 теориялық  практикалық

Ойланудың түрi Сөз арқылы ойды дамыту

 пiкiрлесу

Ойды меңгеру және жетiлдiру

 қайталау тұрғысында

 iштей түсiну, сөз астарын тану

 шығармашы-лық мәнде

12 сурет - Ойланудың түрi

Инновациялық оқыту – оқушыға бiлiм берiп, тәрбиелеуде дәстүрлi дидактикамен қатарласа жүргенiмен де, бiрдей бағдарда болғанымен де өзiндiк айырмашылықтары мен өзгешелiктерiне мән беруге тура келедi. Атап айтқанда, жоғарыдағы тарауларда талдап көрсетiлгендей дәстүрлi оқытудағы ұсталатын ұстаным – тiлдерді оқыту бағдарламасында көрсетiлген нұсқауды орындап, ондағы мағлұматтарды бiлгiзiп, оны қайталап, пысықтап, меңгерту. Ал инновациялық оқыту – iс-әрекет барысында оқушының қабiлетiн оятып, түрлi ситуация туғызу арқылы олардың жаттандылықпен шектелiп қалмай өзiнше ойланып, өзiнше әрекеттенуiне бағдар берiп, iс-қимылға талпындыру. Бейнелi түрде айтқанда оқушыны үнемi қолынан жетектеп жүру әдетiнен айықтырып, олардың өзiнше әрекеттене алуына бейiмдеу көзделедi. Мұның нәтижелiк көрсеткiшi оқушының бiлiмдiк мағлұматты жәй ғана, бiр сәттiк тұрғыда қабылдап, айнала берiп ұмытылып қалатындай болмай, саналы да тиянақты игеруiне ықпал етiп, меңгерген бiлiмнiң мән мазмұны оған қызмет етерлiктей болуға тиiс. Оқу еңбегiндегi бiлiм берудi жаңаша ұйымдастыру мен оның жаңа технологиясы жөнiндегi ЮНЕСКО жобалаған болжамға жүгiнсек, оқушыларға игертiлетiн бiлiм, бiлiкте ескерiлуге тиiстi мәселелер мыналар: 66


− Оқушының iс-әрекетi өзiнше ойлай бiлуге, шығармашылық дербестiкке бағдарлайтын бастамшылыққа – инициативтiк бейiмделуге тиiс. − Басқалармен өзара қарым-қатынас жасап бiрлестiк құра алатындай ынтымақтастықта болуға бейiмдеу. − Қазiргi мектеп оқушысы дербес түрде оқи алатын, бәсекелестiкке де түсе алатын және топпен, ұжыммен бiрлесiп, одақтасып оқи алатындай болуға тиiс. − Нақты жағдайға қарай өзара түсiнiсiп бiрiн-бiр оқытуға бейiмделудiң мәнiн ескеру керек. − Сыныптас оқушылар орындаған және өзi атқарған iс-әрекеттi дұрыс бағалай бiлу – шәкiрттiң бiлiм-бiлiк тәжiрибе алуына жол ашады. − Алынған ақпаратты ойға қондырып, көңiлiнде елестетiп дұрыс ұғынуда тиiстi деректi оқи бiлу, құлық қойып тыңдай алу және ауызша, жазбаша жұмыстарды орындап, компьютердi пайдалануда коммуникациялық тоғысуға мән беру парыз. − Логикалық ойлай бiлуде оқушының тиiстi мәселенi дәйектi деректермен нақты дәлелдеп пайымдауда индуктивтiк, дедуктивтiк әдiстердi пайдалана алуға баулу. − Келелi мәселенi – проблеманы шешуде осы проблеманы туғызып отырған себептердi ажыратып және оның салдары жөнiнде талдап, талқылай бiлуге жаттықтыру. − Проблеманы шешудiң мүмкiндiктерiн талдап және оның әртүрлi жолдары бар екендiгiне ой жүгiртiп, тиiстi пайымдау барысында шешiм қабылдай бiлуге баулу. − Қабылдаған шешiмнiң мақсатына орайлы келетiн деректердi сұрыптай бiлу және оны пайдалану үшiн ақпараттарды жинастыру мен оны пайдалана алуға үйрету. − Көздеген мақсатқа жету жолында атқарылатын жұмыстың кестесiн жасап оны орындаудың жобалық жоспарын жасауға баулу. − Жаңа бiлiмдi игеру мен оның нәтижелi болуы оқи бiлуге оқытумен бiрлiкте шешiледi. − Барлық құндылықтарды меңгерудiң кiлтi тiлдi бiлiп, оның мән мағынасын терең ұғынып, пайдалана бiлуге тәуелдi болғандықтан қызығушылық дағдысын қалыптастыру шарт. − Әлемдiк деңгейде қойылып отырған бұл шарттарды жүзеге асыруда тiл пәндерi арқылы берiлетiн бiлiм тиянақты болуы үшiн сөздiң мәнiн терминдердiң мазмұндық сырсипатын дұрыс түсiне бiлу керек. Олай болмаған жағдайда дұрыс түсiнiк, танымның өзi терiс болып көрiнуi ықтимал. Бiз бақылау жүргiзiп, инновациялық оқытуды дәстүрлiк жолмен ұштастыру арқылы оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру барысындағы жұмыстарда ұйымдастырдық (Сурет 10). Алдымен тиiстi тақырыпқа байланысты терминдер мен атау сөздердiң тiзбесiн ұсынып, оның мәнiн сөздiктерден iздетiп, оқушылардың өздерiне таптырып, мағынасын ұқтырып, сол негiзде бәрiмiз бiрлесе отырып тиiстi анықтамалық сөздiк құрастырдық. Оның айғағы үшiн нақты деректiң өзiн келтiрiп отырмыз. [27, 19] Жоғары сыныптардағы синтаксис курсын өту кезiнде жай сөйлем мен құрмалас сөйлем түрлерiн бiлгiзудi тек ереже түрiнде емес, оқытуды халқымыздың дәстүрлi тiрлiгiне байланыстыра бiлгiзу және оның бүгiнгi өмiрдегi мәнiн ұқтыруды мақсат еттiк те, қазiргi кезде әрбiр азаматтың құқылық заңдылықтарды бiлуi мiндетiне байланыстырып, сабақты осы жүйеде құрдық. Ешбiр жасандылығы жоқ, нақты деректер арқылы берiлген таным оқушының тiлдiк теорияны өмiрге байланысты тиянақты меңгеруiне жол ашқандығы олар атқарған iстерiнен байқалып тұрды. Келтiрген мәтiннiң мазмұндық мәнiнен тәлiм алып, өнеге үйрену жолында оқушының ойланып, өзiндiк пайымдау жасауға мүмкiндiк туғызудағы тиiмдi әдiске айналды (Сурет 5, 6). Инновациялық оқуды халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрiмен сабақтастыра жүргiзу тек тiлдiк деректердi бiлгiзумен шектелiп қалмай ел тарихымен, ұлы адамдардың даналығын ұлықтап, оның бүгiнгi өмiрге үйлесiмiн оқушы тiрлiгiне жинастырып, қызығушылығын қалыптастыруды көздеп, қазақ ауыз әдебиетi шешендiк сөздер, әдеби қойылым, наурыз, ұлдар мен қыздарға берiлетiн халықтық тәрбие нұсқаларының деректерi келтiрiлдi. Тiл сабақтарында сөздiктi қолдана бiлу арқылы терминдi 67


және атау сөздерiнiң мән – мағынасын терең түсiнуден бастаған жөн екендiгiне көзiмiз жеткендiктен бүгiнгi күннiң келелi ұғымы – құқықтық танымнан бастадық. Серiктесу арқылы орындалған түсiнiктеме Құқ – ерiк. Сенiң оқуға еркiң бар. Құқық – еркiндiк. Сенiң оқуға, демалуға еркiндiгiң бар. Құқықтық нормалар – еркiндiк ережелерi. Құқықтық сана – еркiндiктiң ақыл-санадағы орнықты көрiнiсi, әдеп негiзi. Құқықтық идеология – саналы еркiндiктi насихаттау жүйесi. Құқықтық әдеп – еркiндiктiң әдептегi көрiнiсi. Құқықтық ғылым – еркiндiк, теңдiк, бостандық, саналы ерiк туралы ғылым. Құқықтық мәдениет – еркiндiктiң мәдени көрiнiсi. Құқықтық парыз – саналы еркiндiктi өтеу әрекетi. Құқықтық дiни кадистер – еркiндiктiң кадистiк (дiни) қағидалары. Құқықтық уәж – пiкiр айту еркiндiгi. Құқықтық мiндеттер – еркiндiк әрекеттерiн iске асыру мiндеттерi. Құқықтану – еркiндiк туралы ғылым. Құқықты қорғау – еркiндiктi қорғау. Құқықтық мерей – еркiндiктiң өмiрдегi әсерлi, нәтижелi көрiнiсi. Құқықтық ереже – еркiндiк ережелерi. Құқықтық қарым-қатынас – жеке тұлғалардың еркiндiк ережелерiне сәйкес қарымқатынас жасауы. Құқықтық талап – еркiндiктi талап ету, талап қою. Құқықтық салт – халықтың еркiндiк ережелерiне сәйкес қалыптастырған әдетғұрпының салтқа айналған көрiнiсi. Құқықтық дәстүр – еркiндiктiң әдепке, әдет-ғұрыпқа айналып қалыптасуының көрiнiсi. Әдет – дағдыға айналған iс-әрекет. Әдеп – игi iс-әрекеттiң, имандылықтың инабаттылық пен iзгiлiктiң, қайырымдылық пен мейiрiмдiлiктiң өмiрдегi, адам мiнезiндегi көрiнiсi, мәдениеттiлiк белгiсi Әдептiлiк - әдемiлiк, iс-әрекеттегi сыпайылық, мiнез-құлықтағы жағымды, iзгi, игi қасиеттердiң көрiнiсi, мәдениеттiлiк. Әдет-ғұрып – iзгi iс-әрекеттiң өмiр қолданысына айналып, ұлттық қасиет болып қалыптасуы Жөн-жоралғы - әдет-ғұрыптағы ұлттық сый-сияпат. Дәстүр - әдет-ғұрыптың ұлттық қолданыстағы көрiнiсi Рәсiм - әдет-ғұрып, салт-дәстүрдiң iс-әрекеттегi көрiнiсi Рәмiздер – ұлттық белгiлер мен оның өмiрдегi көрiнiстерi (ел белгiсi, ел ұраны, түрлi ұлттық белгiлер) Сауап – жақсылық жасау әрекетi Салт – дәстүрдiң халық санасындағы қалыптасуы, ұлттық қолданысқа айналуы Салт-дәстүр - әдет, әдеп, әдет-ғұрыптың өмiр заңдылығы болып қалыптасқан түрi Тыйымдар – тәртiптiк, тәлiмдiк iс-әрекеттегi шек қою, мәжбүр ету, талап қою әрекеттерi Ырымдар – жақсыдан шарапат көру үшiн, жамандықтан қашу үшiн орындалатын сенiмдiк iс-әрекеттер. Қазақ ауыз әдебиетiндегi құқықтық нормалар Қазақ халқының құқықтық санасын қалыптастыруда ең әуелi оның ауыз әдебиетi зор әсер етiп, ұлттың құқықтық мәдениетiн дамытудағы өз рөлiн көрсеттi. Құқықтық мәдениеттiң ұлттық құндылығын арттыруда, әсiресе, шешендiк сөздер ерекше орын алады. Бұл асыл қазына ұлттық құқықтық заңдары мен ережелерiн айқын көрсетiп, соған байланысты құқықтық мiндеттердi сөзсiз орындау жолдарын көрсетедi.

68


Шешендiк сөздердiң құқықтық мәнi Шешендiк сөздер – ел құралып, халық тәжiрибесiне пайдаланып келе жатқан, билер мен хандардың, ақындар мен шешендердiң, ел ағасы болған данышпандардың, жастайынан жалындап өскен өткiр ойшылдардың аузынан шыққан дуалы, өнегелi, қисынды, қасиеттi сөздер: өмiр заңдылығының көрсеткiштерi. Тарихта Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым батыр тағы басқа белгiлi адамдармен қатар, Жиренше шешен аңыздары және Досбол, Жидебай, Сауытбек, Қылышбай, т.б. шешендердiң аты белгiлi. Халық шешендiк сөздердi заман өткен сайын әрлеп, әсерлi етiп, ұрпақтан-ұрпаққа құқықтық кодекс ретiнде жеткiзуде. Қазақ ауыз әдебиетiндегi шешендiк сөздердi мазмұнына қарай: шешендiк арнау, шешендiк толғау, шешендiк дау деп үш топқа бөлуге болады, өлеңмен айтылған шешендiк сөздер – термелi, қара сөзбен айтылғандары пернелi деп аталады. Арнау шешендiк сөздерi: әзiл, сықақ, сын, бата, алғыс, естiрту, қөңiл айту. Шешендiк толғау: өсиет, насихат. Шешендiк дау: жер дауы, жесiр дауы, мал дауы, ар дауы. Шешендiк сөздер халықтың түсiнiк сөздерiмен баяндалады. Ол түсiнiк (кiрiспе) сөздердiң құрылымының көркемдiк дәрежесi шешендiк сөздерден төмен болуы мүмкiн, дегенмен түсiндiрме сөздер шешендiк сөздердi жеткiзе айтудың құралы болып табылады. Жиын-тойда, мәжiлiстерде, бас қосу рәсiмдерiнде сөз жүйесiне шешендiк сөздердi арқау етiп сөйлеу – қазақ қарияларының дәстүрiне айналған құбылысы. Отбасында ата-ана бала тәрбиесiне үлгi етiп, шешендiк сөздерден мысал келтiрiп, баланы әңгiмеге тартып, ойын оятып отыруға мiндеттi, шешендiк сөздердi таңдап отбасында оқуды әдетке айналдырып, әдеттен дағды, дағдыдан әдет-ғұрып, одан әдептi, дәстүрлi қалыптастыру ләзiм. Шешендiктiң мәнiн жан-жақты ұғындыратын алуан түрлi әдеби жұмыстарды ұйымдастыруға болады: пiкiрталас, пiкiрсайыс, бiлiм жарыстыру, сахналық қойылымдарды ұйымдастыру, т.б. Мысалы, қазақ халқының шешен билерi Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би – халықтың ұлттық бiрлiгiн нығайтып, халықтығын сақтауға зор әсерiн тигiзген данышпан ақын, шешен, ойшыл, гуманист көсемдер. Солардың бейнелерiн сахнада көрсетiп, сөздерiн өнеге етiп, қастерлi қойылымды былай ұйымдастыруға болады: [28, 67] Ойын тақырыбы: "Үш арыстың үлгiлерi" (қойылым). Қатысушылары: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Сахна ХVII-XVIII ғасыр өрнектерiмен безендiрiлген. Тәттiмбеттiң мұңды күйлерi тартылады. Сахна ашылғанда үш бидi көремiз. Төле би: Уа, халқым, сөз қадiрiн бiлесiң; Жаңбыр жаумаса жер жетiм. Басшы болмаса, ел жетiм. Ұқпасқа айтқан сөз жетiм… Атың жақсы болса, Ер жiгiттiң пырағы Балаң жақсы болса, Жан мен тәннiң шырағы Қазыбек: Аты жаманның арманы кетер, Баласы жаманның дәрменi кетер. Әйтеке: Биiкке шықсаң, көзiң ашылады, Жақсымен жолдас болсаң, көңiлiң ашылады. Төле би: Сөз танығыш жастарға айтатын он түрлi жұмбағым бар. Әйтеке: Айтыңыз, ұлы аға Төле би: Айтсам, он түрлi жұмбағым мынау: бiр, екi, үш, төрт, бес, алты, жетi, сегiз, тоғыз, он. Дауыс: Бұл не деген жұмбақ! Осындай да жұмбақ бола ма? Қазыбек: Ұлы аға! Бұл жұмбақты мен шешейiн, рұқсат етiңiз. 69


Төле би: Қазыбек:

Рұқсат, қаз дауысты Қазбегiм, рұқсат! Бiр дегенiңiз – бiрлiгi кеткен ел жаман, Екi дегенiңiз – егесiп өткен ер жаман, Үш дегенiңiз – үш бұтаққа бөлiнген ағайын жаман, Төрт дегенiңiз – төсектен безген жас жаман, Бес дегенiңiз – белсенiп шапқан жау жаман, Алты дегенiңiз – асқынып кеткен дерт жаман, Жетi дегенiңiз – жесiр қалған жас жаман, Сегiз дегенiңiз – серпiлмеген қайғы жаман, Тоғыз дегенiңiз – торқалы той, топырақты өлiмге бас көрсетпесе, сол жаман, Он дегенiңiз – оңалмас кәрiлiкке дауа болмас деген сөзiңiз, ұлы аға! Төле би: Рахмет, дәл тауып шештiң, ойы да, тiлi де жүйрiк тұлпарым менiң… Әйтеке: Суалмайтын суат жоқ, Тартылмайтын бұлақ жоқ Тамыры суда тұрса да, Уақытысы жеткенде, Құрамайтын құрақ жоқ… Тек жақсыдан өлмейтiн сөз қалады. Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, Қаз дауысты Қазыбек би, мынау жиылған халайыққа не айтасың? Қазыбек: Өркенiм өссiн десең, Кекшiл болма – Кесапаты тиер елiңе. Елiм өссiн десең, Өршiл болма – Өшкенiңдi өшiрерсiң. Басыңа iс түскен пақырға қастық қылма – Қайғысы көшер басыңа. Жанашыры жоқ жарлыға Жәрдемшi бол асыға. Қиын-қыстау күндерде Өзi келер қасыңа Бүгiн сағы сынды деп, Жақыныңды басынба. Төле би: Сөзiң – асыл, қаз дауысты Қазыбек! Уа халайық? Көсiле шабар жерiң бар, Тау көтерген ерiң бар, Қол боларлық елiң бар, Атадан қалған сара жолың бар Сөз қадiрiн бiлiңдер! Қазақ халқының бiрлiгiн қалыптастыруға қажырлы қайратпен, даналық пен дарқандықтың, шешендiктiң асқан үлгiсiн көрсеткен үш дара – үш дана Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би қазақ халқында қалыптасқан құқықтық нормаларды өмiр заңдылықтарымен байыптай байланыстырып, өмiрдегi күрмеулi түйiндердi шешендiкпен шешiп, құқықтық мәдениет үлгiсiн дамыта бiлдi. “Басшы болмаса ел жетiм”, “баласы жаманның дәрменi кетер”, “бiрлiгi кеткен ел жаман” деп өмiр заңдылықтарын ұлттық құқықпен 70


байланыстырып, тұқыра тұжырымдайды. “Суалмайтын суат жоқ”, “қурамайтын құрақ жоқ”, “жақсыдан өлмейтiн сөз қалады” деп, өмiр заңдылықтарын тұжырымдап, құқықтық мiндеттердi орындауға сол заңдылықтарды бiлу қажеттiлiгiн уағыздайды. Әдеби пәндiк, тiлдiк – мерекелiк кештерде шешендiк сөздердi көп бiлетiндерге сыйлық ұйымдастырып, шешендiк айтыс ұйымдастыру қызықты болады. “Өнерпаздар мен ой тапқыштардың” өнер жарысында шешендiк сөздердi пайдаланудың мәнi зор: шешендiк сөздерден үзiндi келтiрiп, оны айтушы кiм екенiн айқындау да бiлiмдарлыққа байланысты. Қазiргi кезде ел аузында көбiрек айтылып жүрген “қанатты сөздер” де шешендiк сөздердiң бiр түрi болып табылады. Сондықтан халықтың шешендiк үлгiлерiн тәрбие iсiне пайдалана бiлудiң маңызы ерекше зор. Шешендiк сөз шешендiкке үйретедi, адамгершiлiкке тәрбиелейдi, ұлттық мақтаныш сезiмдi оятып, ұрпақтың тiлдi, асыл сөздердi қадiрлеу борышын баянды етедi. Құқықтық мәдениеттi қалыптастыруда, шешендiк сөздердiң әсерi мол. Қазақ халқының шешендерi мен билерi, хандары, данышпандары ұлттық құқықтық нормаларын терең бiлген. Сөйтiп олар әлеуметтiк әдеппен ұлттық психологияны, құқықтық мәдениеттi қалыптастыруда зор еңбек сiңiрген болатын. Олар қылмыстық жарғылар мен дiни қадистердi, құқықтық уәждердi ұлылықпен ұсынып, халықтың құқықтық мiндеттердi орындауын талап етiп отырды, оны мақсатты әрекетте қолдануды уағыздады. Тұрмыс-салт жырларындағы құқықтық әдет пен әдеп Тұрмыс-салт жырларында ең әуелi еңбек ету құқығы төрт түлiк мал туралы жырлардан және тақпақтардан айқын көрiнедi. Тойбастар, жар-жар, беташар, сыңсу, қоштасу, Наурыз жырларынан жеке тұлғалар мен жалпы халықтың және отбасы мен туыстас адамдардың әлеуметтiк-теңдiк құқықтары, сыйласымдық және туыстық, жекжаттық қарым-қатынастағы заңды құқықтары жырланады. Той жасау, некелесу, жақын жандарды сыйлау, туған жердi, өскен елдi құрметтеу, т.б. құқықтық нормалар мен әлеуметтiк әдеп, құқықтық мiндеттердi жырға қосу арқылы құқықтық идеология мақсаттары орындалады. Қазақ халқы өзiнiң тұрмыс-тiршiлiгiне, әдет-ғұрпына, салт-санасына байланысты тұрмыс-салт жырларын шығарып, жер өрнектерiн өмiр өзегiне пайдаланып, сол арқылы жастарды әдет-ғұрып, дәстүрлерiн қастерлеуге тәрбиелеп келедi. Тұрмыс-салт жырларын: төрт түлiк мал туралы жырлар, әдет-ғұрыпқа байланысты жырлар, мұң-шер жырлары, наным-сенiмге байланысты жырлар деп топтауға болады. Жыр – өлең (шығарма) сөзiмен мәндес. Жыр шығарушыны – жырау, жырды жаттап айтушыны жыршы (термешi) деп халық, жыр атаулыға жоғары мән берiп, оны бағалап, жаттап, жадында сақтай бiлдi. Қазақ халқының бiр ерекшелiгi, жаттау қабiлетi ерекше болған, сондықтан жырдың барлық түрлерi (әсiресе батырлар жырлары мен ғашықтық жырлар) қарапайым халық өкiлдерiнiң жатқа айтуымен ғасырлардан ғасырларға өңделе түсiп, сары алтындай сақталып келе жатыр. Әдет-ғұрыпқа байланысты жырлардан шiлдехана жырлары мен жұбату, бесiк жырларын балалар жырлары деп, жоғарыда бөлiп қарауымыздың мәнi бар, өйткенi ол жырлар бал тiлдi баланың тiлiне үйiрiледi, ойына оралады – жеңiл айтылады. Ал тойбастар, жар-жар, беташар, сыңсу, қоштасу, Наурыз жырларын, көбiнесе жыршылар өз мақамымен (әуенiмен) айтады. Тойбастар думан-тойдың мәнiн маңызын әсерлi әуенмен жеткiзiп, тыңдаушының көңiлiн сергiтедi, өнер өрнектерiне қызықтырады, ықыластандырады, өнерпаздыққа тәрбиелейдi. Жар-жар жыры жас жұбайларды құрметтеп, құттықтаумен олардың алдына iзгi ниеттi талап-тiлектер қояды: тату-тәттi өмiр сүрiп, ата-ананың арман-тiлегiн, ананың сүтiн ақтауды мiндет етедi. Беташар жыры жас келiнге елiн сүюдi, ата-енесiн ардақтауды, тұрмыс құрудың ауыр сындарынан мүдiрмей өтудi уағыздайды, әдет-ғұрып бойынша, инабатты, иманды болып, 71


жақын жұртқа сәлем етудi, әдептiлiктi талап етедi. Ал сыңсу, қоштасу жырлары өткен заманда, көбiнесе ерiксiз, малға сатылып бара жатқан ерiксiз қыздың еңiреп жылаған мұңын бiлдiредi. Наурыз жырлары – жаңа жылда айтылатын мерекелiк жырлар. Ол, көбiнесе бата, тiлек мағынасында айтылған. Қазiргi Наурыз жырлары жаңаша тiлек, жаңаша өмiр талаптарын уағыздайды. [29, 17] (арнайы сабақ үшiн деректi жеке келтiрдiк). Жыл қайыру мен күн айыра бiлу – құқықтық мiндет Ата-бабамыз жыл қайыруды, күн айыруды ұрпақтарына уағыздап, әрбiр жылдың, айдың, күннiң ерекшелiктерiн айқын бiлу – құқықтық мiндет деп үйреткен. Жыл қайыруда мүшел жылын ерекше атап, мүмкiндiгiнше мүшел тойы әрбiр он үшiншi жылы (13 – 25 – 37 …) аталып өтiледi, мүшел жылы қасиеттi жас ретiнде тойлану құқығы орындалып, ол жасқа дейiн ерекше, елеулi өзгерiстер болғаны айтылады. Жыл қайырудағы жыл реттерi: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешiн, тауық, ит, доңыз. Халық хайуанаттарды “етi адал”, “етi арам” деп екi топқа бөледi. Жыл реттерiндегi 12 жыл атауында бiрi арам, бiрi адал 6 жұп жыл атаулары бар. Он екi жыл өткен соң, он үшiншi мүшел жылы болып, алғашқы атау қайталанып отырады. Әрбiр адамның «мүшел жылы» өзiнiң туған жылы (егер барыс жылында тусаңыз, барыс жылы қайталанған сайын) мүшел тойы аталады. Ғасырлар бойы табиғат сырын, хайуанаттардың таңғажайып ерекшелiктерiн зерлеп, зерттей бiлген ата-бабаларымыз, бүкiл өркениеттi адамзат қауымы әpбip жылдың өз айырымдарына байланысты атау қойған. Тышқан жылы ел тiрлiгi мол болады, бiрлiгi жақсы ел берекелi, мерекелi өмip сүредi. Сиыр жылында еңбек еткен адамның бақыты мол болады. Барыс жылы — сәттi жыл, әркiм алдына қойған мақсаттарына жетедi, ic-әрекетi құтты болады. Қоян жылы да құтты жыл, бiрақ кейде бұл жылда жұт жылы болуы мүмкiн. Ұлу жылында әрекет берекетке кетедi. Жылан жылында табиғат құбылысы құрғақшылыққа ұшырауы мүмкiн. Жылқы жылы – мархабатты жыл. Бұл жылда отау тiгудi (үйленудi) арман еткен жастар мақсатын орындайды. Қой жылы төлдiң басы көп болады, молшылық халықты мерейлендiредi. Мешiн жылында тыныштық, жарасым, келiсiм, татулық халықты қуанышқа бөлейдi. Тауық жылы — арманды жыл. Әркiм ic ретiн тауып, шаруаны бiлсе, apманына жетедi. Ит жылында қиыншылық көп болады, қиындыққа қымсынбай, оны жеңе бiлу керек. Доңыз жылында тыныштық пен достық үстем болып, жақсы мiнездi жайсаң адамдар өмiр қызығын көбiрек көредi. Тарихта халықтың осы тұжырымдары негiзiнен нақты келiп, өмiр тәжiрибесiнiң айқын көрiнiстерiн байқатты. Әрбiр жылда 12 ай бар: Наурыз, Cәyip, Мамыр, Маусым, Шiлде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. Он екi ай төрт маусымға (мезгiлге) бөлiнедi. Көктем айлары: Наурыз, Cәyip. Мамыр; жаз айлары: Маусым, Шiлде, Тамыз; күз айлары: Қыркүйек, Қазан, Қараша; қыс айлары: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. Әрбiр айдың өз ерекшелiгi бар, соған байланысты ауа райы болжанады. Наурыз айы — көктем басы, жыл құстары келедi, күн мен түн теңеледi, мал төлдейдi, егiн салынады, наурыз тойы болады. Сәуiр айында жер гүлдене түседi. Көкек келедi. Сондықтан да бұл айды көкек айы деп те атайды. Қазақта "Cәyip болмай, тәуiр болмас" деген мақал бар. Бұл айда көктем толысып, тiршiлiк түгел жанданады. Мамыр айында қызғалдақтар бүр жарып, жемiс ағаштары толық гүлдеп, бұлбұл сайрап, өзен-көлде құс тойы болады. Маусым айында арпа пiсiп, шалғын шабылып, даладағы еңбек ерекше қыза түседi. Шiлде айында "қырық күн шiлде" басталып, егiн орағы қызады. Тамыз айында егiн орағы аяқталып, сабан той өтедi. Қыркүйек айында құстар қайта бастайды, мектепте алғашқы қоңырау соғылып, оқу басталады. Қазан айында толық жиын-терiн болады. Алғашқы суық түсiп, "қазан ұрып", көкөнiстердi жию аяқталады. Қарашада жерге алғашкы қар түсiп, мал 72


қыстату ici басталады. Желтоқсанда күннiң қысқаруы шегiне жетiп, қызыл аяз тұрып, үскiрiк боран соғады. Қаңтар айында күн ұзapa бастайды, дүние жүзi бойынша көптеген елдерде Жаңа Жыл мерекесi өтедi. Ақпан айында ақ боран соғып, соңында "түске дейiн мүйiз, түстен кейiн киiз" құбылмалы күн райын көремiз. Әр айда төрт апта, әрбiр аптада 7 күн бар. Kүн атаулары: жексенбi, дүйсенбi, сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi. Күн атауының жексенбiден басталатыны: бұл күнi аңыз бойынша алла тағала жер жүзiн жаратқан. Дүйсенбi дүниенiң алғашқы күнi, сейсенбi – iстi күнi, сәрсенбi – сәттi күн, бейсенбi – берекелi күн, жұма - аллаға сиыну күнi, сенбi – сенiмдi күн. Денi сау, жаны жарқын адамға әрбiр күн – сәттi. [30, 45] Мына жылнаманы оқушылар жаттап, жеке кейiпкерлердiң бейнесiмен безендiрiп айту қажет: Қасиеттi жылдар (жылнама) Қыдыр баба: Ғаламат жер өңiрiне, Адамзаттың өмiрiне Бақыт тiлеп сан ай жеттi, Уақыт үдеп қалай еттi? Kүндi жылда Жер айналып, Жердi Ай да шыр айналып, Кереметтiң өзегiмен Келдi жылдар кезегiмен. Жыл: Үш жүз алпыс бес күнiмен Үдей кешкен ескi жылмен Жаңаша көп жалғас әнi, Жаңа жыл кеп, жалғасады. Қыдыр баба: Ойлы бiлгiш байқар анық: Он екi жыл қайталанып, Келер өзге сыр, мәнiмен, Енер елге нұр сәнiмен. Жамиғаттың сан ғылымын, Табиғаттың заңдылығын Зерттеп Адам ақыл-ойлы, Зерлеп, Жылдың атын қойды: Аңдардың мол қасиетi, Адамзаттың хас ниетi Сәйкес келсе Жылмен қалай? Ат қойған ол соған орай. Жыл: Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой – паң, Мешiн, Тауық, Ит, Доңыз деп, Жылдардың ол атын қойған. Тышқан: Тышқан жылы – тiрлiктi жыл. Құштарыңды – бiрлiктi бiл. Сиыр: Сиыр жылы – еңбектi жыл, Сайлы жыл боп еңбек бұл жыл. Барыс: Барыс жылы – сәттi, құтты, Баян етер сәттiлiктi. Қоян: Қоян жылы құт қонады, – Кейде малға жұт болады. Ұлу: Ұлу жылы — әрекеттi, Ұлғайтады берекеттi. Жылан: Жылан жылы – құрғақ болар, 73


Жылға дымы құрғап қалар. Жылқы: Жылқы жылы — мархабатты, Жырғап өтер ар-талапты, Қой: Қой жылы мол өнiм болар, Қораларға төлiң толар. Мешiн: Мешiн жылы — бақ, жарасым, Мереймен ic атқарасың. Тауық: Тауық жылы – арманды жыл, Тауып iстi, шаруаңды бiл. Ит: Ит жылы тым мазасыздау, Итермесең, азабың-ау! Доңыз: Доңыз жылы – байсалдылық, Дос табады жайсаң құлық. Қыдыр баба: Оның бәрiн бiлген ел де, Он үшiншi жыл дегенде Әp жыл өзiн қайталайды, Әркiмге ол байқалмайды. Менiң айтар өсиетiм: Жылдардың бер қасиетiн! Қуатты жылдар тағы келсiн, Қуаныш, той, бақ әкелсiн! Әумин! The Years Grandpa Kidir:

For human life, For the Earth, Came many months, mishing a hapines, Time goes so fast, The Earth encircles the Jun The Moon encircles the Earth It was a fantastic, The year come one by one.

A Year:

The last year went away, With 365 days, A New Year comes with fortune, A New Year comes and continues.

Granpa Kidir:

A competent and expert man notices all, Twelve months return, Come other months with other secterts, plot, Absorb to people with happiness. Expert human researched, Human nature divinity, Science of the nature, Named all the years, Animals have many manners, Human being have desires, How can suit with the year, Named the year in accordance with

74


Year:

Mouse ,Cow, Tiger, Hare, Dracon, Snake, Horse, Sheep, Monkey, Hen, Dog, Pig, He named all the years.

Mouse:

A Mouse year is a year of action, Try to connect and compose.

Cow:

A Cow year is a year of Labor, You must work so hard.

Tiger:

A Leon year is a year of fortune, You are lucky in this year.

Hare:

In this year comes a luck and fortune, Sometimes it’s uncomfortable for animals,

Dracon:

A Dracon year is a year of activity, To increase wealth.

Snake:

A Snake year is a dryness, Chilliness and coldness.

Horse:

A Horse year is a year of kindness, Proudness and reqirements.

Sheep:

In this year would be fortune, You’ ll come wealthy and healthy.

Monkey:

This year is a year of happiness, You’ ll work with pleasure.

Hen:

Hen’s Year is a dreaming, Finding the activity year, And don’t interfere for anything.

Dog:

Dog’s year is a uncalm, You must work hardly.

Pig:

Pig’s year is composed, quit, You can find close friend.

Grandpa Kidir:

People knew all about it, On thirteenth year, Every year repeats itself, But nobody notices, What I can tell you, Every year comes with fortune, Every year comes again , Comes again with good luck, Wealth, happiness! Aumin, aumin, aumin! 75


2.4 Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тәжірибелікэксперимент жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары Бүгінгі мектеп оқушысы, ертеңгі қайраткердің танымы. Өйткені, таным тарихы, философиялық, педагогикалық-психологиялық жағынан қарағанда оқушыны іс-әрекетіне ұмтылдыратын, ой-сананы, тәлім-тәрбиені қалыптастырып, оны жаңа арнаға көтеретін қозғаушы күш. Танымдық қызығушылық даналыққа бастайтын мәңгілік проблема. Тілдерді оқу және оны меңгеру барысында оқушының қызығуының қалыптасуы тұлғаның белсенділігін, іс-әрекеттегі бастамшылығын дамытады. Соның нәтижесінде дербестік, ынта-ықылас, шығармашылық қасиеттер жетіледі. Тіл арқылы қалыптасатын танымдық сапаны арттыруда қолданылатын әдістемеде көрнекілік, үлгі көрсету, проблемалық ізденістер туғызу, нақты өмір деректеріне жүгінуді, нәтижесі оқушыны өздігінен әрекеттеуге ықпал етеді. Мектептегі тіл сабақтары оқушының танымдық ой-түсінігін жетілдіріп, ақыл ойын дамытудағы басты құрал. Тілді меңгермейінше танымдық түсінікті дамыту, білімдік деңгейді көтеру мүмкін емес. Оқушының танымдық түсінігінің жетілуі тілді меңгеруіне байланысты, ал оның нәтижелі болуы оқытудағы таңдалған әдісіне тәуелді. Жоғарыда айтылған ойларды ескере отырып, танымдық қызығушылықты оқушының сан қырлы білім алуы ретінде қарастыруға болады, бұл білім алуда танымдық әрекетке сезім, таным мен ерік күштерінің нәтижесі болып табылатын өзін-өзі икемдеу көрінісімен, оқушының сана-сезімін, мінез құлқын, сенімдегі танымға деген тұрақты көзқараспен сипатталады. [31, 18] Осы орайдан тіл сабақтарындағы оқушының танымдық қызығушылығының көрінісін: оның тілді меңгеруге ынтасы, білуге талпынуы, өз қабілетіне сенімі, жұмыс істеуге құлшынуы мен құштарлығы, берілген тапсырманы сенімді түрде қабылдауы, алған білімдері мен білік-дағдыларын қолданыста нәтижелі қолдана білуі, әрекеттенуі деп түсінуге болады. Тренинг

Тақырыбы: Kazakh's traditions and customs. Kazakh Famous People The aims of the lesson: 1) to consolidate pupils' knowledge about Famous people of Kazakhstan: 2) to improve pupils' monological and dialogical speech according to the video cassette which was taken by teacher; 3) to inculcate in pupils an interest to create talking over opinions that collected in the result of research; 4) awaking in pupils the feeling of respect for famous Kazakh people and a liking for nationality. Тһe type of the lesson: Optional lesson Using methods: Brain - Storm, Standard teaching Technical aids: tape-recorder, TV, video cassette taken by teacher which was. Equipments: placards, punched cards, illustiated pictures of Famous Kazakh people; Kazakh's national food. Procedure of the lesson: I. Organization moment. (One of the pupil will be a teacher and will held warm-up) Good morning boys and girls! How are you? Who is on duty today? Who is absent? Why is he (she) absent? What date is it today' What day of the week is it today? What is the weather like today? II. Checking up of the Home-assignment: 1 To repeat Kazakh traditions (by asking questions) What is Kazakhstan style-tea like? What souvenirs do tourists usually buy in Kazakhstan? − What are traditional Kazakh dishes? 76


2 to revise political system of Kazakhstan; In this way I want to check you with the method of self-control. Questions, are given on the moving board. 1. Who is the head of the Kazakhstan Government? − Where is Kazakhstan situated? What Chambers does the Parliament of Kazakhstan consist of? 1. What branches does the Power in the Republic of Kazakhstan consist of? What is the population of Kazakhstan? − Who is the Head of the Council of Ministers? Keys: 1) President; 2) In the centre of the Eurasian Continent; 3)The .upper Chamber "Senate" and the lower Chamber "Majilis". 4) Two,, branches: Legislative and Executive; 5) about 150000000 people; 6) Prime Minister; III. Teacher will introduce pupils with some Kazakh National traditions and customs. In this way teacher want to show pupils the documentary film which was taken and composed by teacher. 1) First I want to introduce you with unknown words and word-combinations. I'll give them in situations, you try to understand their meanings. Extremely beautiful - өте әдемі. Badly suffered - қатты зардап шекті. Narrowing - тартылу (өзен, көл). Environmental problems - қоршаған ортаның проблемалары Since old times - ескі (көне заманнан бері). Hospitaly – қонақжайлылық. Distinctive feature - ерекше белгісі. That has just calved - жаңа бұзаулаған. National articles - ұлттық бұйымдар. Religious people - дінге сенгіш халық. Muslim Mosques - мұсылман мешіттері. Make preparations - дайындықтар жасайды 2) Glossary: "Kumiz" - mare's milk; "Shubat" - Camel's milk; "uyz" - the thick milk of the female that has just calved, “airan” - yogurt; “kuurdak” - roasted meat. 3) Watching the documentary film: «Kazakhstan. It's traditions and customs" Kazakhstan is an extremely beautiful land. It's nature is various. But nowadays the ecological situations in Kazakhstan is getting worse and worse. People were badly suffered from the radiation of Semey Poligon for many years. Narrowing of the Aral Sea and Balkhash Lake are also serious environmental problems. As others Kazakh people also has its' own traditions and customs. Since old times hospitality has been the most distinctive feature of Kazakh people. Kazakh National drinks are: Kumiz, shubat, uyz, airan. . Kazakh National foods: Kazi, Karta, shuzhuk, jal-jaya, roasted meat or kuurdak, beshbarmak, baursaks, lnmshik and kurt. People who came to Kazakhstan usually can buy camels, National instruments dombra and kobyz, takya and other National articles as souvenirs. Many Kazakhs are religious people. New Muslim Mosques are built every year in Kazakhstan, especially in Almaty, such as "Almaty Central Masque", "Tastak Muslim Mosque", etc. The majority of Kazakh people celebrate religious muslim holidays: Oraza-Ait, Kurban-Ait for three days. People make preparations before ait. This day calls "Arapa". All Muslim people keeps "Oraza" for a month before Oraza ait The most popular holiday in Kazakhstan is Nauryz, the New Year, the ancient Muslim holiday of spring. Kazakhstan is rich of famous and wise people as: Abu-Nasir Al-Farabi, Abay Kunanbaev, 77


Jambul Jabayev, Kurmangazy Sagirbaev, Korkut ata, Magjan Jumabaev, Mukhtar Auczov, Kanish Satbaev, Baurjan Momisbuli, Tchokhan Valikhanov and others. 4) Today we have a foreign visitor in our class. He would like to know about some Kazakh National traditions and customs, about some Famous Kazakh People. Make the dialogue between the foreign visitor and Kazakh citizen. Talk with each other using words and word combinatios which were introduced at the beginning. 5) Play the dialogue to the class IV Creative work. If you remember I gave you the task to prepare information about famous people of Kazakhstan. As you have just heard Kazakhstan is rich of famous and wise people. What famous Kazakh people can you speak about? We will work with the method of "Brain storm". V Current event As you know this year the 100"' anniversary of the great painter Abilkhan Kasteev will be celebrated by the World Organization "UNESCO" 2. "My soul is dark" by Abay ("Көңілім менің қараңғы") "Pupil of my eyes" Abay ("Көзімнің қарасы") The song is translated by our own pupils, (in chorus). VI Conclusion. I'm satisfied with your information about famous Kazakh People. What have you learnt today? We've got some information about Kazakh traditions and customs, about some famous Kazakh People. − What are Kazakh National drinks? What are Kazakh traditional food? − What do the tourists who came to Kazakhstan can buy? What can you say about Muslim Holidays' What famous Kazakh people can you name? VII Giving marks. VIII Home assignment: to write composition аbout Kazakh's traditions and customs, according to the documentary film that was shown. [33, 25] Kazakh famous people Thinker: Abu Nasir-Al Farabi Poets: 1. Abay Kunanbayev. 2. Jambul Jabaev 3. Magjan Jumabayev. 4. Mukhtar Auezov Composers and musicians: 1. Korkut ata. 2. Kurmangazi Sagirbayev Heroes: 1. Baurjan Momishuli Academician: 1. Kanish Satbayev People of art: Abilkhan Kasteev and others Cosmonauts: 1. Toklar Aubakirov 2. Talgat Musabayev Scientist: 1. Tchokhan Ualikhanov 78


Ойынды таңдау сабақтың тақырыбына сай, топтың ерекшеліктеріне байланысты болады. Сонымен бірге ойын-сабақтың нәтижелі өтуі – мұғалімнің тақырыпқа сай таңдауына, қызығушылығына, әртістік ұйымдастырушылығына байланысты. Тәжірибелі мұғалім жаттығулардың кез – келгенін ойын түріне айналдырып өткізе береді. Мысалы, ағылшын әріптерін өту кезінде, әріптерді меңгергенін білу мақсатында? «Who knows the ABC best?" ойынын өткіземіз. Мұғалім топ ойыншыларын тақтаға кезекпен-кезек шығарады. Олар әріптерді (кеспе әріптерден) қатесіз айту керек. Әріптерді дұрыс әрі көп айтқан топ жеңеді. Мұғалім санап, дұрыс айтылуын қадағалап тұрады. 2."Who is the First?" Мұғалім тақтаға екі топтан бір-бір оқушыны шығарады да – бір әріптен басталатын үш сөз жазу керек, – дейді Мысалы: р. Бірінші оқушы. Рen, play, pencil сөздерін жазады, т. с. с. Олар осы сөздерді оқып береді. Қатесіз оқыған, жазған топ жеңіске жетеді. Келесі әріптермен басқа топтар шығады. Бұл ойын түрі сабақтың осы кезеңіне дейін өтілген сөздерді оқушы жадында мықты сақтап қалуға көмегін тигізеді. Біз 5-6 минуттық фонетикалық ойындар жарыстарды да жиі пайдаланамыз. Мысалы "Who has the best Pronunciation". Мұғалім бірнеше сөз немесе сөйлемді айтып, допты бір оқушыға тастайды. Ол допты кері қайтарып, мұғалімнің айтқан сөз немесе сөйлемін қатесіз қайталау керек. Кімнің дұрыс айтуы көп болса, сол топ жеңіске жетеді. "Memory Game". Бұл такырыптарға арналған ойын. Мұғалім оқушыларға кез-келген тақырыпта сездер ойлануын өтінеді. Мысалы, "At home". Бірінші оқушы сөзді айтады, екінші оқушы (топтағы) сөзді одан әрі жалғастырады, үшінші, төртінші, т.с.с. Мысалы, 1-оқушы a chair, 2-оқушы a table, 3-оқушы a bed, 4-оқушы a sofa, т.с.с. Қате жіберген оқушы ойыннан шығып отырады. Ойын тақырыбы: "The Chain of words". Мұғалім бірінші күнді айтады да оқушыға допты тастайды, оқушы ұстап айтады Tuesday, екінші оқушы Wednesday, т.с.с. немесе мұғалім допты лақтырып сұрайды, – "What day is before (after) Monday?", What day is between... and...? т.c.c. Мұндай ойындарды сөздерді бекітуде, түсті айтуда, айлардың атаулары, сандарды айтуда ойнауға болады. Уақытты өткенде мына ойынды ойнаған тиімді "Time". Мұғалім сыныпта сағаттың үлгісін әкеледі. Екі топтан кезекпе-кезек "What time is it" деп сұрайды. Әрбір дұрыс жауап балл әкеледі. Баллды көп жинаған топ жеңіске жетеді. Сағат үлгісін пайдалана отырып, өткен шақ пен келер шаққа осындай ойындарды ұйымдастыруға болады. Ал, мына қызықты сабаққа көңіл аударсақ. Сабақтың тақырыбы "Күн тәртібі" деп аталады. Сабақтың түрі: "Index lesson". "Күн тәртібі" тақырыбына байланысты сөздер мен жаттығуларды толық өтіп болған соң, осы тақырыпты бекіту максатында "Индекс сабағын" өткіздім. Ұйымдастыру кезеңінен кейін мұғалім бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру, тақтаға тапсырмалар ілінеді. Индекс 6 саннан тұратындықтан, тапсырмалар да алтау болады. Тапсырмалар қоржын қалта ішіне теріс қаратып салынып, тақтаға ілінеді. Тақта шетінде 2 сан теріс қаратып ілінеді. Екі топтың басшысы тақтаға шығып, тақтадағы санды алады. Кім бір деп жазылған санды алса, сол оқушы қалтадағы бірінші тапсырманы алады. Тапсырманы оқиды. Егер дұрыс жауап берсе, индекстің бірінші санын ашады. Оқушы дұрыс жауап бере алмаған жағдайда, қарсы топ оқушылары жауап береді. Ал, қарсы топ окушылары дұрыс жауап бере алмаған жағдайда өз тобының окушылары жауап беру мүмкіндігін алады. Индекстің екінші тапсырмасына келесі топ оқушыларының бірі шығады. Осылай кезек ауысып отырады. Индекстің 6 санын қай топ көп ашса, сол топ жеңіске жетеді. Тапсырмалар, әрине әр түрлі болады. Мысалы, 1-тапсырма Play the game "Actor" деп аталады. Тақтаға шыққан оқушы іс-қимылмен жаттығу жасап тұрғанын көрсетеді Қарсы топ оқушыларының бірі сөзбен He/She does his/her morning exercises деп айтады. Дұрыс жауап бере алмаса, өз тобының, оқушылары жауап береді. Дұрыс жауап берілсе, индекстің бір саны 79


ашылады. Тапсырмалар "Күн тәртібіне" байланысты сұрақтарға жауап бер, диалог құра, зат есімдердің көпше түрін ата, т.с.с. болуы мүмкін. Ең соңғы тапсырмаға қысқаша test сұрақтарын алдым. Жауабын тез әрі дұрыс тапқан топ индекстің соңғы санын ашады. Бұл сабақта оқушылардың бірі қалмай, жауап беруге тырысады. Сабақ соңында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, әрі жылдам, әрі дұрыс шешім қабылдауға, ағылшын тілін жақсы оқып, сөйлеуге жаттығары сөзсіз. Мемлекетіміздің егемен ел ретінде шет елдермен қарым-қатынасы нығайып, беделі артып отырған кезеңде шет тілін меңгеру — бүгінгі күннің басты талабы. Компьютер арқылы әлемдік ақпараттар кеңістігіне шығу, әлемдегі озық технологияларды меңгеру, өмір ағымына ілесу, ағылшын тілін немесе басқа да дамыған елдердің тілін меңгеру — бүгінгі күннің қажеттілігі. Олай болса, оқушыларға шетел тілін, яғни ағылшын тілін үйрету – міндетіміз. Шетел тілін меңгертуде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін окушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту керек. Сондықтан да сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарда ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік маңызы зор. Ойын арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Ойын оқушыларды сөйлеуге, керекті сөз бірікпелерін таңдауға жаттықтырады, сабаққа зейінін аударады, адамгершілік қасиеттерін, білімге құштарлығын арттырады. Ойын1: Match Words. a: town 1 gallery b: souvenir 2 wall c: art 3 pool d: main 4 hall e: city 5 square f: swimming 6 shop e: g souvenir shop Ойын 2. Make seven words Hegtaorudnrfmsb 1………….. 5………… 2………….. 6………… 3………….. 7………… 4………….. Сабақ барысында лексикалық, грамматикалық материалдарды, ойын элементтерін пайдалана отырып, түсіндіріп үйрету керек. Тақырып бойынша сөздерді есте сактау, ситуация құру, кейіпкерлерге сипаттама беру, мәтіннің мазмұнын жан-жақты талқылау сияқты жұмыс түрлеріне назар аударып, баланы ауызша оқыту тәсілдерін кеңейтіп отыру керек. Шет тілдерінде ұлттық ойындарды пайдаланып сабақ өту – халық педагогикасының негізгі бір саласы. Оқушыларға жан-жақты білім беруге, дүниені танып-білуге, тіл байлығын молайтуға, ұлтымыздың салт-дәстүрін білуге кемектесетін тәрбие құрамының бірі болып саналады. Ойын элементтерін қолданудың әдіс-тәсілдері өте көп. Оларды қолдану әр пән мұғалімінің кәсіби шеберлігіне байланысты. Көптеген ғалымдардың зерттеулерінде жасалған талдауға сүйене отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың компонентін үшке бөліп қарастырдық: мотивациялық, мазмұндық, бағалау-қорытындылық. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастыру оқушылардың тіл сабақтары арқылы іс-әрекетте ұмтылдыратын, танымдық қызығушылығы, білім алуға даярлығы, меңгерген біліміне сүйене отырып, танымдық тапсырмаларды 80


өздігінен шешуі, шығармашылық қабілетінің қалыптасуы, өз жұмысының сапасын бағалауы болып табылады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төмендегіге сай келеді. − таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы; − өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы; − орындалатын жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтай білуі; − оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі; − игерілген білімді тасымалдай білуі; − өз іс-әрекетін бақылауы, бағалауы. Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғарғы деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білумен, жаңаны білуге деген құштарлығының жоғары болуымен және өз іс-әрекеттерін бақылап, бағалай білуімен сипатталады. Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауда оқытушының көмегін қажет етумен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы танымдық тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындайды. [32, 45] Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптасуының компоненттері, көрсеткіштері мен сипатын 3 кестеден көруге болады. Кесте 3 – Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың компонентері, көрсеткіштері және сипаты Компонентері

Көрсеткіштері

Сипаты

Мотивациялық

Танымдық қызығушылығы оқу үрдісіндегі белсенділігі танымдық әрекет жасауға ынтасы

Білім алудағы ұмтылысы, танымдық қызығушылығы жоғары іс-әрекетке бағытталуы. Танымдық іс-әрекетте қиындықты жеңуге белсенділік танытады. Білім алуға талпынысы нашар, танымдық тапсырманы орындауға ынталанбайды, оқу үрдісіне қызығушылығы төмен.

Мазмұндық

Танымдық жұмыстың мақсаты мен міндетін анықтай білуі Игерілген білімді тасымалдай білуі

Бақылау қорытындылық

Өз іс-әрекетін бақылауы, бағалауы

Танымдық тапсырманы орындау барысында жоғары, мақсат пен міндетті анықтай біледі, шығармашылық іс-әрекеті жоғары деңгейде. Танымдық тақырыпты қабылдауы жақсы, ең бастысын ұғады, жұмыстың барлық кезеңін қамтымайды. Танымдық іс-әрекеті төмен, білімді қабылдау және игеру қабілеті төмен, танымдық тапсырманың мақсатын ажыратуы төмен. Оқу-танымдық әрекетінің мақсаты мен міндетін өздігінен бақылайды, білімді өз бетінше алады. Танымдық тапсырманы оқытушының көмегімен жүзеге асырады, өздігінен білім алуға қызығушылығын көрсетеді, ынталануы жақсы. Танымдық әрекеті әлсіз, білім алуға талпынбайды, өзін-өзі бақылауға қызығушылық танытпайды.

81


Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық шарттарын анықтау үшін мынадай өлшемдер алынды: − білімге қызығушылығы, жаңа білімді игеруге дайындығы; − танымдық бағыттылығы, шығармашылық әрекеті; − берілген білімді практикада пайдалана білу. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастырудың дидактикалық шарттары

Шетел тілін ана тілінің негізінде оқыту;

Тілдерді оқытуда педагогикалық ақпараттарын орынды пайдалану; Тілдерді оқытуда сабақ түрлерін технологияға лайықтап дұрыс жүйелеу;

жаңа

технологиялардың

жаңашыл

педагогикалық

Тілдерді оқытуда мәтіннің мазмұнын жаңа технологияға және әлеуметтік саяси жағдайға сәйкестеп сұрыптау;

Тілдерді оқыту барысында белсенді әдістерді қолдану;

Тілдерді оқытуда білім беру жүйесіндегі оқытудың формаларын қолдану; Тілдерді оқытуда компьютер, интернет желісін, қашықтықтан оқыту, бейне және дыбыс материалдарын пайдалану;

Сурет 13 - Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастырудың дидактикалық шарттары

82


Біз тіл пәндерінің оқытылуының тиімді жақтарын негізге ала отырып, оның мазмұндық ерекшеліктерін ашуға тырыстық және тілдерді оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қызығушылы-ғын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтадық (Кесте 4). Кесте 4 – Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру-дағы тілдерді оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері 1 2 3

4 5 6 7 8 9

10

Тіл пәндері арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын тудыруға мүмкіндік болады. Танымдық қызығушылық қалыптасса оқушының ұғым түсінігі тереңдеп, тиісті мақсатқа жету үшін жан-жақты ізденіп, өздігінен пайымдау жасауға машықтанады. Тіл пәнін оқу барысында танысқан жеке сөзге, терминге, мазмұнға оқушының мән беруі – олардың танымдық ұғымын жетілдірумен қатар патриоттық көзқарасының қалыптасуына ықпал етеді. Тілді меңгеруге байланысты келтірілген мақал, мәтел, мәтіндегі тағылымдық мазмұн оқушының қызығушылығын туғызып өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандырады. Тиісті тілдік дерек негізінде танымдық түсініктің дамуы оқушының бойындағы талантын оятып, қабілетін ашуға әсер етеді. Оқушының танымдық түсінігін жетілдіру – шығармашылыққа бастайтын қозғаушы күшке айналады. Оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып, тілдерді оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық ізденісі табысты болады. Тіл материалдарын оқып үйрену оқушының білімін тереңдетіп, тіл меңгеруге деген қызығушылығына мүмкіндік береді. Бейне және дыбыс таспалары, компьютер, кодоскоп оқушылардың бойында ісәрекет қалыптастыруға көмегін тигізеді. Оқушыларды алуан түрлі білім көздерімен, анықтамалармен, сөздіктермен, энциклопедиялармен, т.б. жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Тілдерді оқу барысындағы танымдық қызығушылықтың қалыптасуы оқушыны жалқаулықтан айықтырады. Оқушының интеллектуалдық мүмкіндігін ашуға көмектеседі.

83


ҚОРЫТЫНДЫ Сан алуан жаңалықтарға толы жаңа ғасыр, нарықтық қарым-қатынас әрбiр тұлғаның қызығушылық негiзiнде танымдық көзқарасын жетiлдiрiп, уақытқа үйлесiмдi бiлiмдiк сапасын, тәлiм-тәрбиелiк әдеп тағылымын өркендетудi талап етiп отыр. Оның жүзеге асуы ел экономикасының дамуына, саяси-әлеуметтiк, мәдени деңгейдiң жетiлуiне тәуелдi. Мұның бүкiл болмыс – бiтiмiн биiкке көтерiп, өркендете беру – бүгiнгi мектеп оқушысы, ертеңгi қайраткердiң танымына байланысты. Өйткенi, таным – тарихи, философиялық, педагогикалық-психологиялық жағынан қарағанда адамды iс-әрекетке ұмтылдыратын, ойсананы, тәлiм-тәрбиенi қалыптастырып, оны жаңа арнаға көтеретiн қозғаушы күш. Адам көзбен көрiп, мұрнымен иiскеп, құлақпен естiп, қолмен ұстап та таниды, бiрақ сөз арқылы тiлдесiп тану – ұғым-түсiнiктiң ауқымды да айқын, мазмұнды да терең, логикалық жүйелi болуына кеңiрек те тиянақты мүмкiндiк бередi. Сондықтан да тiлдердi оқыту үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру келелi мәселелердiң бiрiне айналып отырғаны ақиқат шындық. Оқушылардың тiлдердi оқу барысында танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы басты болжамын да ақыл-ой белсендiлiгiн дамытып, терең бiлiм алуға бағдарлап, өздiгiнен iздене бiлу арқылы шығармашылыққа бейiмдеп, өзiн-өзi тәрбиелеуде дербестiк танытып, нарық заманындағы бәсекелестiкте табысқа жетiп, бiлiктiк дағдыны меңгеруде бастамшы болуға икемдеу деген тұжырым жасалды. Тiлдердi оқыту жолындағы игi тiлекке құрылған болжамның жүзеге асуын ғылыми тұрғыдан зерттеп, нәтижесiн сараптай келгенде мынандай қорытынды жасап және көрсетiлiп отырған ұсыныстар белгiлеудi мақұл деп санаймыз. Оның негiзi 1-12 сызбамен көрсетiлдi. − танымдық қызығушылықтың қалыптасуы оқушының ой-санасын дамыта түсуге, меңгерген бiлiмiн өмiрге үйлесiмдi пайдалануға, тиiстi мәселенi терең ұғынып "Тiл – адам жанының тiлмашы" екендiгiн мойындауға жол ашады; − оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселесiнен ғылымның барлық саласындағы ғалымдар мен әдiскерлер әр жақты шұғылданды. Алайда тiлдердi оқыту үрдiсiнде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру – қазақ, ағылшын тiлдерiнiң деректерi негiзiнде зерттеп, бәрiне ортақ заңдылықтарға байланысты пайымдау жасау тұңғыш рет қолға алынып отыр; − тiл – адамзаттың қатынас құралы екенi ежелден белгiлi түсiнiк болса, оның қазiргi оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы теориялық негiздерiне сипаттама берiлiп, бұл саладағы кейбiр құндылықтар талданып және оның тұлғаны өздiгiнен iзденуге тигiзер ықпалы мен мәнi көрсетiлдi; − танымдық қызығушылықты тiл деректерi барысында қалыптастырудың дидактикалық негiздерiндегi дәстүрлiк жолдардың кейбiреуi тиiстi мақсат деңгейiнде сөз етiлдi; − оқушының тiл арқылы игерген танымдық қызығушылығы олардың белсендiлiгiн дамытып, iс-әрекетке ұмтылысын жетiлдiретiн өте ықпалды әдiс, тиiмдi тәсiл, қолайлы амал. Өмiр қажетiн өтеуге бағдар беретiн жол екендiгi тиiстi деректер негiзiнде сипатталды; − тiл саласындағы пәндердi оқу барысында қалыптасқан танымдық қызығушылық тұлғаның iс-әрекет атқаруға деген белсендiлiгiн көтерiп, шығармашылық бағдарда еңбектенудiң әдiс-тәсiлдерiн жетiлдiруге мықты әсер етедi. Сондықтан да оқыту технологиясындағы тиiмдi жолдары сипатталды; − танымдық қызығушылықтың қалыптасуына әсер ететiн интегративтiк жол тиiстi деректер бойынша талданып, оның оқушының өздiгiнен iзденуiне, шығармашылықты өрiстететiндiгiне ықпал ететiндiгi көрсетiлдi; − оқушыларды жасқаншақтықтан, тұйықтықтан айықтырып, өзiндiк түсiнiгiн қымсынбай еркiн айтып, өзiндiк танымын баяндауда айтарыңды айтып сал әдiсi және сөйлеудегi орфоэпиялық заңдылықтар жөнiндегi тұжырымдар ұсынылды; − әлемдiк дидактикада қарқынды дамып отырған синектика, синергия, синергетиканың 84


тiлдердi оқытудағы оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мәнi және фокальдық оқыту әдiсiнiң маңызы тиiстi деректер негiзiнде көрсетiлдi. Сондай-ақ алгоритмдiк әдiстiң танымдық қызығушылықты қалыптастыруды жобалап, жоспарлауда атқаратын орны қашан да өзiнiң қажеттiлiгiн жоғалтпайтындағы әрбiр оқытушы, педагогика саласындағы ғылыми зерттеушiлерге аян болуға тиiс екендiгi сипатталды. Тiлдердi оқыту арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру – бiлiм жолындағы iзденiстi жетiлдiрiп, тұлғаның өздiгiнен iзденуiне, өзiн-өзi тәрбиелеуге кеңiнен мүмкiндiк беретiн қозғаушы күш, ол оның амал-тәсiлдерiн, әдiстерiн меңгеру тұлғаның болашағын қамтамасыз ететiн ықпалды құбылыс. Дәстүрлi дидактикадағы негiзгi ұстаным – түсiндiру, ұқтыру, бағалау бағдарындағы мәтiн, кесте көрсету болса, бүгiнгi дидактикадағы басты бағдар тұлғаны ойландыру, iзденту, проблеманы өздiгiнен шешуге ұмтылдырып әрекеттендiруге жол нұсқайтын коммуникация жүйесi өрiс алуда. Мұның нәтижелiк көрiнiсi тұлғаның танымына, көзқарасына қопарылыс туғызып, интеллектуалдық мүмкiншiлiгiне орай жаңаруын жетiлдiруде. Бұл салада қызығушылық – қозғаушы күшке айналып, оқушының санасын, мiнез-құлқын дамытуға деген сенiмiн арттырып, белсендiлiгiн өркендететiн тиiмдi жол педагогикалық заңдылыққа айналды. Оның жүзеге асуында мектептегi тiлдердi оқыту үрдiсiнде оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру жетекшi мәнде болуға тиiс. Танымдық қызығушылықты қалыптастырудағы тиiмдi жол – инновациялық оқытуды дәстүрлi жүйемен ұштастыра жүргiзсе айтарлықтай табысқа жетуге болатындығы сипатталды. Оның негiзi этносқа тән ойын, қойылым, тарихи тағылымға орай құқылық сөздiк жасау, наурыз, жыл қайыру және ұлдар мен қыздарға берiлетiн өнегелiк ұлттық тәрбие талаптарын сабақта, сабақтан тыс жүргiзудiң ықпалы зор екендiгi жөнiнде деректер келтiрiлдi. Бұл инновациялық оқытудағы тиiмдiлiк екендiгi және тұлғаның елiне, халқына, тiлге деген сүйiспеншiлiгiн сөз жүзiнде ғана емес, нақты әрекет арқылы меңгерудiң мәнмағынасы сипатталды. Тiл пәндерi арқылы, әсiресе, кiрiктiре оқыту негiзiнде танымдық қызығушылықты арттыру уақыт талап етiп отырған келелi екенi, оның ықпалды жолдарының сурет-сызба жолдары мен бағдары ұсынылды.

85


ӘДЕБИЕТТЕР 1. Назарбаев Н.Ә. Еуразия жүрегiнде. – Алматы: Атамұра, 2005. – 192 б.; Қазақстан – 2030; Ел Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауы, 2004. 2. Дарханов Н.А. Педагогические условия активизации познавательной деятельности учащихся: дисс. ... кан. пед. наук. – Алматы, 2006. -125 с. 3. Әбiлқасымова А.Е. Студенттердiң танымдық iзденiмпаздығын қалыптастыру. – Алматы: Бiлiм, 2005. – 192 б. 4. Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения. Дисс д.п.н. – Алматы, 2004. – 314 с. 5. Төлеубекова Р.К. Жоғары сынып оқушыларын жаңа әлеуметтік –мәдени жағдайда адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері. Автореферат. – Алматы, 2003. – 32 с. 6. Выгодский Л.С. Педагогическая психология. Издательсто: М: Педагогика,2003 7. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы. 8. Беспалько В.П."Слагаемое педагогической технологии", Алматы, 2001. 9. Починок Т.В. Формирование социокультурной компетенции как основы межкультурного общения.-журнал «Иностранные языки в школе»-2007, №7 10. Мустояпова А.С. Қазіргі кезеңде жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: дисс. ... пед. ғыл. кан. – Алматы, 2004. – 168 б. 11. Сейтешев А.П., Абдыкаримов Б.А. Научные основы профессионально-технической педагогики. – Алма-Ата, 2004. – 432 с. 12. Казмағамбетов А.Г. Научно-педагогические основы формирования системы оценочных притязаний старшеклассников с учебном процессе. Дис. д.п.н. – Алматы, 2005. – 232 с. 13. Салимова К. Дидактикалық материалдарды қолдану және студенттер мен оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. – Алматы, 2004. – 218 б. 14. Құнантаева К.Қ., Халитова І.Р. Абай мұралары және мектептегі тәрбие жұмыстары. – Алматы: ҚазМемҚызПИ, 2005. – 240 б. 15. Ожогов С.И. Толковый словарь русского языка,Из-во:М:Аз., 2003 16. Сухомлинский В.А. «Личностно-ориентированная педагогика, теория педагогов советского периода, советы современным педагогам»., 2011 17. Караев Ж.А. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода.А:2005 18. Талызина И.Ф. Формирование познавательной деятельности младших школьников.М: просвещение, 2006 19. Баширова Ж.Р., Төлешова Ұ.Б. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. 20. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас:теориясы және әдістемесі.-Алматы:РБК, 2000 21. Белкин А.С. Теория и практика витагенного образования с голографическим методом проекций. Тагия, 2004 22. Чернилевский Д.В. «Дидактические технологии в высшей школе». Москва , 2002 23. Есенберлин И.Көшпенділер. Алматы.Рауан,2004 24. Төлешова Ұ.Б. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 61 б. 25. Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халықтық дәстүр. – Алматы, 2003. – 117 б. 26. Омарова Р.С. Жоғары оқу орындарында студенттердiң танымдық iзденiмпаздығын қалыптастыру. Дис. п.ғ.к. – Алматы, 2004. – 167 б 27. Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях 86


применения компьютерной технологии обучения. Дисс д.п.н. – Алматы, 2003. – 314 с. 28. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.А. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Оқу құралы. –Алматы: Ғылым, 2005. – 352 б. 29. Тамаев А.Т. Әдебиет сабағынды жоғарғы класс оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру. 30. Едігенова А.Ж. Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілеріне танымдық қызығушылығын қалыптастыру: дисс. ... пед. ғыл. кан. – Алматы, 2003 31. Үсембаева Р.Б. А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу: дисс. ... пед. ғыл. кан. – Алматы, 2001. – 133 б. 32. Төлешова Ұ.Б. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық. Автореферат. – Алматы, 2004. – 30 б. 33. Cummins J. Billingualism and Special Education: Issues in Assesment and Pedagogy. Clevodon: Multilingual Matters, 2004. – 160 p.

87


МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ

3

І ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 1.1 Оқушылардың танымдық қызығушылығын тiлдердi оқыту үрдісінде қалыптастыру- әлеуметтік-педагогикалық мәселе

4-9

1.2 Оқушылардың танымдық қызығушылығының мәні, құрылымы және мазмұны

10-21

1.3 Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық шарттары

21-32

ІІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІКЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСТАРЫ 2.1 Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту барысында қалыптастырудың әдістемесі мен педагогикалық мүмкіндіктері

32-42

2.2 Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруындағы әдіс-тәсілдері

42-55

2.3 Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы тиiмдi жол – инновациялық оқуды дәстүрмен ұштастыру

55-75

2.4 Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тәжірибелікэксперимент жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары

76-83

ҚОРЫТЫНДЫ

84-85

ӘДЕБИЕТТЕР

86-87