Ыбраимжанов

Page 33

3) Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдалақты, тәртіптілікті қажет етеді. Дидактикалық ойынды жүргізуші, әрі ұйымдастырушы ол – мұғалім. Мұғалім дидактикалық ойынды сабақта қолданған кеде оған қойылатын талаптарға, оны ұйымдастыру, жүргізу әдісіне жете мән беру қажет. 1. Балалардың физиологиялық, психологиялық жас ерекшеліктерін ескеру қажет. 2. Дидактикалық ойын ережесі бала түсінуіне орай қарапайым, әрі қысқа болуы шарт. Мазмұны шұбалаңқы, күрделі болса, оқушы ойынның негізгі мақсатына түсінбей қалады да, оған қызықпады, ынтасы төмендейді. 3. Ойынға сынып оқушыларының түгел қатысуын, ойын үстінде шешім қабылдай, ойлай білуге жетлеу керек. 4. Дидактикалық ойын қолдануда озат тәжірибелерді тиімді пайдалану оның рөлін арттырады. 5. Дидактикалық ойын тақырыпқа сай лайықтап алынуы тиіс. Егер осы жағдайлар ескерілмесе осы жағдайлардан келіп дидактикалық ойын оқушылардың қызығушылығын арттырмай, белсенділігін арттырмай, бағдарламаға сай міндетті білім, білік, дағдыларды қалыптастырмай, қайта кері әсерін тигізіп оқушының ынтасын жояды. Дидактикалық ойын мақсаты – оқушының пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыра отырып, материалды берік меңгерту болып табылады. Ойын әрекетінде балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық ерекшеліктері көрініс беріп ерік-жігер қасиеттері шыңдалады, мінез – құлқының сипаттары айқындала түседі, ішкі дүниесінің сыры ашылады. Оқушы психологиясының өзіндік ерекшеліктері байқалып, олармен оқу – тәрбие істерін жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану мүмкіншіліктері туады. Бала әр қилы нәрселерге еліктеп, өз бойындағы сезім мен қабілет ерекшеліктерін аңғартады. Оның мінезіндегі ұнамсыз қылықтар мен жағымсыз көріністері байқалып, кемшіліктерді оңай жөндеудің әдіс – тәсілдері белгіленеді. Ойын барысында балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойында қайсыбір рөлді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Сабақта тиімді қолдануға ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады. Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады,сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Сабақты дидактикалық ойындарды қолдану бастауыш сынып оқушыларының сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік 33


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.