дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады. Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді: оқу, жазу сауаттылығынан; жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан; математикалық сауаттылығынан; компьютерлік сауаттылықтан; денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан; құқықтық сауаттылығынан. 1.1 Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу сауаттылығы Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы «Әліппе» - сауат ашу, «Әліппе серігі» - тіл дамыту пәндерін оқыту барысында сөздік қоры дамиды, грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеруі қалыптасады. «Әдебиеттік оқу» пәнінде оқушылар өзіндік пікір айтуға үйренеді, сөздік қоры молаяды, қиялы дамиды, дүниетанымы кеңейеді, өмірмен байланыстырады. Функционалдық сауаттылық - тілдік тұлғаның әлеуметтік-қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі. Әдебиеттік оқу пәнінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда диалогты қолдану - тілдік қатынасты дамытудың негізгі әдісі. Әңгімелесу - мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал етеді. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. Оқушылар бірлескен сұхбаты арқылы: тақырып бойынша өз ойларын айтады; сыныптастарының ойларын тыңдайды; оқушылар өз ойларын дәлелдейді; мұғалім оқушыларының қандай деңгейде екенін біледі. 1.2 Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығы Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығы «Дүниетану» пәнін оқытуда қалыптасады. Бұл пән биология, география, химия, экология пәндерінің бастамасы, осы пәнді оқытуда оқушы тұлғасын тәрбиелеуге басты назар аударылады. Оқушы дүниетанымы қарапайым түсініктер ретінде қалыптасады. «Дүниетану» пәнін оқыту мақсаты: оқушылардың дүниеге біртұтас көзқарастарын қалыптастыру және ондағы адамның орнын түсінуге көмектесу. Бірінші сыныпта дүниетану пәніінде қоршаған ортамен танысады, өлі, тірі табиғатты ажыратады, өмірмен байланыстырады, ғылыми ұғымдармен, қарапайым терминдермен танысады. Екінші, үшінші, төртінші сыныптарда жаратылыс құбылыстарын түсіну үшін ғылымилығы ескерілген практикалық тапсырмалар орындайды. Дүниетану пәнінде оқушы бойында эстетикалық, экологиялық, адамгершілік, экономикалық, патриоттық тәрбие түрлері, білім мен іскерлік дағдысы қалыптасады. 5