№22-03.07.2014

Page 1

АНАЛАР, АСЫЛ ЖАНДАР! №22 /10179/ жұма, 7 наурыз 2014 жыл

Меркі аудандық газеті (Жамбыл облысы)

.

Газет 1934 жылы 15 қыркүйектен бастап шығады

Ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін – ана

Қазақстан Республикасының Президенті ЖАРЛЫҚ Үзінді

Көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы

Меркі ауданының әкімі Бақтияр Көпбосыновтың 8-наурызХалықаралық әйелдер күні мерекесімен

ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті Меркі ауданының тұрғындары, аналар мен арулар! Сіздерді көктем мезгіліндегі ең шуақты мерекелердің бірі – 8- наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі Қазақстан қоғамын дамытуға әйел азаматтардың қосып отырған үлесі өлшеусіз. Олар мемлекет өмірінің сан-саласында ер азаматтармен бірлесе отырып, еңбек етуде. Біз бүгін саясатта, өнерде, кәсіпкерлікте, жалпы кез-келген салада өзінің белсенділігімен дараланып, үлкен жетістіктерге жетіп жүрген әйел азаматтарды көптеп мысалға келтіре аламыз. Бұл әйел азаматтардың біздің бүгінгі қоғамымыздағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауда қаншалықты маңызды рөл атқаратындығының дәлелі болса керек. Мемлекетіміздің қалыптасуы кезеңінде отбасының ұйытқысы, тіпті қамқоршысы да бола білген әйел азаматтардың егемендігіміздің нығаюына қосқан үлестері де аз емес. Ең бастысы – біздің аруларымыз әйел адамның өміріндегі ең бірінші міндеті – дүниеге ұрпақ әкелу мен оны үлкен азамат етіп тәрбиелеу ісін қатар алып жүр. Ал білімді, тәрбиелі ұрпағы бар елдің болашағы да зор. Сол себепті біз 8-наурыз сияқты көктемнің жаныңа жылылық пен мейірім сыйлайтын әсем мерекесі тұсында сіздерге зор ризашылығымызды білдіріп, алғысымызды айтамыз. Ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, дінімізді де, ділімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін аналар. Сол себепті де ата-бабаларымыз қадір тұтып, құрметтеген аналарға деген ізет – бүгінде мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Ана мен бала денсаулығы, олардың әлеуметтік мәселелері, әйел азаматтардың құқықтарының қорғалуы Қазақстан қоғамы үшін бұлжымас міндет. Олай болса Құрметті арулар, жүздеріңізден әрдайым күлкі кетпесін. Ұрпақ тәрбиесі жолындағы күштеріңіз сарқылмасын. Қалыптасқан дәстүр бойынша біз Сіздерге көктемнің осы тамаша мерекесі тұсында ең ізгі тілектеріміз бен ыстық ықыластарымызды жолдаймыз. Мерекелеріңізбен!

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Меркі ауданы бойынша

Бәрі есімде...

РЕДАКЦИЯ – МЕНІҢ ЕКІНШІ ҮЙІМ...

К

өктем – жылдың ең ғажайып

мезгілі. Ал, оның алғашқы күндері – көктемді сүйетін, көктемгі күннің шуағын сүйетін шығармашылық адамдары үшін бәрінен де ыстық. Жарқырап шыққан күн жүректерге нұр құйған шұғылалы күндерде бар болмысы көктеммен астасып жатқан ақынмен сұхбаттасу – жүректегі сол нұрды еселей түседі... Ақын-ана, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ауданымыздың Құрметті азаматы – Шырын Мамасерікқызын ертеңгі

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 20-ақпандағы №756 Жарлық.

Мейіркүл ӘБЖАНҚЫЗЫ

Қыз – көктем

мерекемен құттықтай барып, аз-кем сұхбаттасқанымызда поэзия деп аталған шалқар теңіздің жағалауына саяхаттап қайтқандай болдық. Жастайынан өлеңді серік етіп, әдебиет өлкесінде өзіндік қолтаңбасын сала білген ақынның халқына жақын болып, өлеңдерінің жырсүйер қауыммен үзбей қауышуына аудандық газеттің де үлкен сеп болғаны белгілі. Сондықтан да, Шырын Мамасерікқызы сұхбатымызда оның шығармашылық жолы және 80 жылдық тарихы бар аудандық басылымның өткені мен бүгіні туралы ойлар әңгіме арқауына айналды... Нұрбану КАМАЛ, «Меркі тынысы». – Шырын Мамасерікқызы, Сіздің өлеңдеріңіз – жырсүйер қауымнан әлдеқашан өз бағасын алып, оқырмандардың жүрегіне жол тапқан. Осы орайда, әсіресе, жас буын оқырмандарыңызды қызықтыратын бір сауал – қасиетті қара өлеңді қанша жасыңыздан серік еттіңіз? – Мен мектепке 5

1. Алты бала туып, тәрбиелегені үшін мына аналар «Күміс алқа» алқасымен наградталсын: Рахатова Жаухар Айдарханқызы – үй шаруасында, Меркі ауданы. Спаналиева Алина Меирханқызы – үй шаруасында, Меркі ауданы. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

жаста барғанмын. Туған ауылым – Жалпақсаз 80 шақты үй ғана отырған кішкентай ауыл еді. Сол ауылдағы бастауыш мектепті бітіргеннен кейін 9 жасымда Қызыл шаруа ұжымшарындағы 10 жылдық мектептің 5 сыныбына барып, ол мектеп алыс болғандықтан бір туысымыздың үйінде жатып оқыдым. (Жалғасы 2-бетте)

Аудандық "Меркі тынысы" басылымына – 80 жыл!

Дүние гүлдеп, Сәнденеді қыз-көктем. Жер мен көкті, Шуағымен нұрлы еткен. Жасанады, ән салады, Жер ана. Аналарға арналған, Ақ тілекпен. Гүл – бәйшешек, Жауқазын қыр қырмызы. Сән-салтанат, Күндер сұлу Жұлдызды. Қыз бен көктем, Қол ұстасып келгендей, Жер бетіне, Жұмақ келіп енгендей. Құшақтары гүлге толы, Жайнаған. Шат күлкіге толып тұр ғой, Айналам!


7 наурыз 2014 жыл

2

АНАЛАР, АРУЛАР МЕРЕКЕСІ Меркі өңірінде еліне мақтан бола білген ер азаматтармен бірге оларға лайықты, жан жылуын шуақ қылып шашқан, білікті, білімді, іскер әйелдер де жеткілікті. Солардың бірі аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Раймонда Қайрақбайқызы Қайрақбаева жөнінде 8-наурыз мерекесіне орай кеңірек айта кетудің жөні келіп тұр. Бақтыбай АБАЙ, «Меркі тынысы».

Рахмет алған Раймонда Бүгінде ауданда үлкен-үлкен лауазымды қызметтерді атқарып жүрген ол еңбек жолын Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген соң Шу ауданында қатардағы дәрігер болып бастады. Кейінірек осындағы аурухананың терапевт бөлімін басқаруға жоғарылатылады. 1996 жылдан біздің Меркі ауданында. Өз ісін жетік білетін маман мұнда да сенімге ие бола білді. Алғаш орталық емхана меңгерушісі, емдеу диагностикалық емхананың бас дәрігері және денсаулық саласын үйлестіруші қызметтерін атқарды. 2011 жылдың ақпан айынан аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің үйлестіру, әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары. Басшы, денсаулық саласындағы жоғары санаттағы маман ретінде ауданда емдеу ісін жолға қоюға бар тәжірибе, білімін пайдалануға күш салып келеді. Осындай ұмтылысының нәтижесі болар, Раймонда Қайрақбайқызы ұжымы, аудандағы емдеу орындары, қызметін пайдаланушылар тарапынан тек алғыс алып, ризашылықтарына бөленіп келеді. Осының дәлеліндей соңғы жылдары ол «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Облыстық «Ажар» б а й қ а у ы н ы ң «Денсаулық» аталымы бойынша жеңімпазы атанды. Ал, бұлардан бұрынырақ өткен республикалық «Ең үздік дәрігерлік амбулатория, салауатты өмір салты үшін», «Қызметкерлердің

жоғары мәдениетті, қауіпсіз тәртібі кәсіпорны» конкурстарында топ жарып, Меркінің мерейін тағы бір көтеріп тастағаны белгілі. Өткен жылы VІ Астана экономикалық форумына қатысу құрметіне ие болды. «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі аудандағы қоғамдық жұмыстарға да ықылас қоя араласады. Екі рет аудандық мәслихатқа депутат болып сайланды. Жергілікті өзекті мәселелерді шешуге атсалысты. Қай қызметте, қандай қоғамдық жұмыста болсын жауапкершілікті сезіне білген ол әлденеше рет аудандық, облыстық мақтау, Құрмет грамоталарымен марапатталды. Р.Қайрақбаева өзінің негізгі жұмысымен қатар 2010 жылдан бері ауданымыздағы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы қызметін атқаруда. Сонымен қатар, ол облыстық саясаткер әйелдер клубының мүшесі. О баста 8-наурыз мерекесі белгіленіп, атап өтілуінің бір себеп, мақсаты – әйелдердің құқығын қорғау, бастарын біріктіріп, проблемалық мәселелерді шешуге атсалысу еді. Біздің елімізде олар ерлермен тең құқылы болғанымен, қолдау көрсету, отбасында, жұмыста, қоғамдық өмірде кең мүмкіндіктер аша түсу еш ұмыт қалған емес. Іскер әйелдердің ұйытқы болып, өзгелерге, материалдық жағдайы төмен отбасыларына, мүмкіндіктері шектеулілерге жәрдем көрсетуі – үлкен игілікті іс. Мемлекет басшысы биылғы

халыққа Жолдауында «...шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы» – дей келе мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлуді, барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуді тапсырды. Раймонда басқаратын аудандық іскер әйелдер қауымдастығы бұл көрсетулерді басшылыққа алып отыр деуге болады. – Қауымдастық мүшелері Қ.Татығұлова, А.Ландик, Б.Әлмейізова, Ә.Әубәкірова, Ғ.Қажығалиева, Қ.Әдешова, тағы басқалар Елбасы көрсетулеріне орай, әйелдердің өз ісін ашуына, кәсіпкерлердің қажетсінгендерді қамқорлыққа алуына қол жеткізу бағытында белсенділік танытуда, – дейді ол, – соның арқасында «Сыпатай батыр» серіктестігінің, «Меркі асыл тұқымды зауыты» АҚ, Меркі селолық тұтынушылар кооперативінің басшылары Қ.Шайхиев, Д.Садыров, Б.Рахымбаев және басқалар, қауымдастығымыздың өз мүшесі Ә.Әубәкірова көмекке зәру отбасыларына, мүмкіндігі шектеулілерге материалдық көмек көрсетті. Бұл қолдау әлі де жалғастырыла бермек. Мүмкіндікті пайдалана отырып әріптестеріме мереке құтты болсын демекпін. Р.Қайрақбаева бақытты отбасы ұйытқысы да. Жолдасы Тарғын екеуі үш баланы тәрбиелеп өсірді, екі немеренің әже, атасы. Раймонданың бұдан былайғы өміріне ұзатылып келген жерінің ықпалы аз болған жоқ. Қайын атасы, қайын апасы ел сыйлаған зиялы адамдар еді. Атасы Әбдез Айнақұлов, бұл күнде арамызда жоқ. Әбекең соғыс және еңбек ардагері, запастағы полковник, ауданның Құрметті азаматы болатын. Атақты Бауыржан батырдан тәрбие алған Зейнептей Раймонда абыз кәрие қайын атасынан, апасынан тәлім алды. Риза етіп, ақыл кеңестерімен бірге рахметін, ризашылықтарын алды... Мұндай үлкен отбасында небір өнеге, игі дәстүрімізді бойына сіңіре білген келін қалай жаман болсын. Раймонданың өмірден бақытын тауып, жолы болуының бір сыры шындығында осында жатыр, бәлкім.

Атаулы күн тарихынан Халықаралық әйелдер күні жылда дүние жүзі бойынша мерекеленеді. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымында да атап өтіледі. Көптеген елдерде 8-наурыз ұлттық мерекеге айналды. 1909 жылы Америка Социалистік партиясының мәлімдеуімен 28-ақпанда Америка Құрама Штаттарында бірінші рет ұлттық әйелдер күні атап өтілді. Бұрынғы кеңестік дәуірде 1921 жылы ІІ Коммунистік әйелдер конференциясының шешімімен 1917 жылы 8-мартта Петроградта өткен шеруге қатысқан әйелдерді еске алу ретінде Халықаралық әйелдер күнін 8-мартта мерекелеу ұйғарылды. 1945 жылы Сан-Францискода қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы еркектер мен әйелдердің теңдігін жария еткен бірінші халықаралық келісім болды. Өзге елдермен қатар Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше республикаларда да 8-наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі, әйелдер құқығы, халықаралық бейбітшілік үшін күрес күні ретінде атап өтіліп келеді.

Интернет материалдары бойынша дайындаған Ержан АБАЕВ, "Меркі тынысы"

Бәрі есімде... (Соңы. Басы 1-бетте)

Редакция – менің екінші үйім... Өзім сыныптастарыма қарағанда кішкентаймын және туысымыздың үйінде жүргенде сүзекпен ауырып, қатты қиналғаным бар. Сонда сыныптастарым бала емес пе, мені кішкентай көріп, кейде тиісетін. Бір күні Төреқұл деген бала қатты ашуыма тисе керек, мен ол балаға арнап өзімше бір шумақтарды құрастырдым. Сыныптастарым бұны әдебиет мұғалімімізге айтып, менің талабымды алғаш рет сол мұғалімім қолдады. «Сен ақын боларсың, мүмкін, өлеңді тастамай жаза бер» деген ұстазымның сөзіне қанаттанып, бұрқырата өлең жаза бастадым. Жазғандарымды «Қазақстан пионері» газетіне жолдайтынмын. Газеттен өлеңдерімдегі кейбір кемшіліктерді айтып, түсіндірген, бірақ «үзбей жаза бер, ізден» деп қанат бітірген жауап хаттар келіп тұратын. Қазір ойлап отырсам, бұл да болса, газет ұжымының балаларға, баланың талантына деген бір қамқорлығы екен. Сол жазғаннан өлеңге әбден бауыр басып, поэзия дегеннің не екенін ұға бастадым. – Сіздің Алматыда оқып жүріп, нағыз әдеби ортаны көргеніңізді, жастық жігер мен жалынға толы өлеңдеріңізді де алғашында сол Алматыда жыр бәйгесіне қосқаныңызды білеміз. Ауылға келген соң Сіздің жырларыңыздан көбірек меркіліктер, Жамбыл жұртшылығы сусындады. Айтыңызшы, «өнер ордасынан алыстап, замандас, қаламдастардан бөлініп қалдым-ау» деген ой мазалайтын кездер бола ма? – Шынында да, студент кезімде «Қазақстан пионерінен» бастап, «Пионер» журналында, «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде өлеңдерім жарияланып тұратын. ҚазПИ-ді үздік оқып, ұстазым Қажым Жұмалиевтің «Аспирантурада қал» дегеніне қарамай, анама керек болып, ауылға қайттым. Ауылға қайтардың алдында «Жұлдыз» журналына бір-екі өлеңімді алып барғанмын. Барсам онда Мұқағали Мақатаев отыр екен. Ол кісі сол кезде «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі болатын. Жазғандарымды оқып, танысып, ауылға қайтып бара жатқанымды естіген соң: «Өлеңдерің жақсы екен. Ауылға нағып бара жатырсың? Осында қалып, өлең жазбайсың ба?», – деді. Күтпеген жерден қойылған бұл сауалға: «Неге мен ауылға бармауым керек? Ауылға да ақын керек, ауылда да ақындар болуы керек», – деп жауап бердім. Сонда ол кісі маған ойлы көзбен қарады да: «Ауылға бардым дегенше, дауылға бардым де. Бірақ, өлеңді тастама, қарағым. Бұл өлең сенің қанатың болады», – деді. Әлгінде өзің айтқандай ойлар мазалағанда осы бір сәт есіме түседі. Мен ауылға келсем де өлеңмен бірге болдым, әдеби ортадан алыстасам да, әдебиеттен алыстамадым. Замандас-қаламдастарымнан да қол үзбедім. Ақұштап Бақтыгереева – жақын құрбым. Кеше ғана қалың қазақтың қабырғасын қайыстырып, бүкіл алаш жұртын жылатып өте шыққан Фариза да, бір жағынан – рухани ұстазым, екінші жағынан – замандас, қаламдас құрбым болды. Араның алыстығына қарамай талай рет мен оны, ол мені іздеп келіп, сыр шертіскен кездеріміз болды. Жалпы, ол туралы айтылар әңгіменің жөні бөлек. Мұқаңа сол екі өлеңімді қалдырған кез – 1967 жылдың маусымы болатын. Содан қазан айында «Жұлдызға» өлеңіңіз шығыпты дегенді естіп, журналды алсам, шынында да екі өлеңім жарық көріпті. Сол кезде Мұқағали ақынның азаматтығын, уәдеге беріктігін көріп, қатты риза болғанмын. Кейіннен алғыс айтайын деп «Жұлдыздың» редакциясына іздеп барсам, жұмыстан шығып кетіпті... – Бұдан кейінгі жылдарда

Сіздің өлеңіңіз де, өміріңіз де Меркі ауданымен біте қайнасып, аудандық басылыммен шығармашылық байланысыңыз арта берді... – Иә, 1967 жылы ҚазПИдің филология факультетін бітіріп, Гранитогор мектеп-интернатына мұғалім болып орналастым. 1968 жылдан бастап, аудандық газетке жиі барып, өлеңдерімді беріп жүрдім. Ол кезде бас редактор Зайлағи Сүйіншәлиев аға еді. Сондай қарапайым, мінезі жібектей мейірбан, аса парасатты, білікті жан маған адамгершіліктің, адалдықтың ақ туындай көрінетін. Апарған дүниелерімнің тезірек жарық көруіне ықпал жасайтын. Мүмкін содан да болар, редакцияда кейіннен қызмет атқарған И.Я.Левин, Б.Ш.Жамбабаев, А.Н.Деридович, В.А.Гитт, С.Қ.Құралбаев сияқты редакторлардан осындай қағылездікті үнемі іздеуші едім. Осы редакторлардың бәрімен де шығармашылық байланыста болдым. 46 жылдан бері аудандық газеттің штаттан тыс тілшісімін. Осы жылдар ішінде өлеңдерім, мақалаларым үзбей жарияланып келеді. Бұл киелі қарашаңырақ – менің екінші үйім. Ал, «Меркі тынысы» – жаныма ең жақын газет. Аудандық басылым қоғамдық-саяси тақырыптармен бірге әдебиетке де көп көңіл бөліп келді. Бұған мысал, ертеректе газетте «Жас тұлпар» әдебиетшілер бірлестігі жұмыс істейтін. Осы бірлестіктің жұмысы жанданып тұрған жылдарда ауданымызда әдеби орта қалыптасты деуге болады. Қолына қаламын серік еткен жандар жиі бас қосып, жазғандарымызды, жастардың туындыларын талқылайтынбыз, ақылдасып, пікірлесіп қай өлеңді газетке жариялайтынымызды шешетін едік. Отырыс болатыны туралы алдынала хабарландыру берілетін. Бірлестіктің құрамында Ермахан Сабеков, Серік Құралбаев, Жолдасбек Дуанабаев, Уәли Қырғызбаев сияқты тағы да басқа азаматтар, бірқатар қыздар да болды. – Аудандық басылымның әр кезеңдердегі тыныс-тіршілігімен, көтерген тақырыптарымен етене таныс жандардың бірі ретінде газетіміздің бүгінгі бет-бейнесі туралы не айтар едіңіз? – «Меркі тынысының» бүгінгі тіршілігі мені қуантады. Аудандық газет Елбасымыздың саясатын халыққа насихаттауда, Мәңгілік ел болуға бастайтын Стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруға аудан жұртшылығын жұмылдыруда көптеген игілікті жұмыстар атқаруда. Оны көзі қарақты оқырмандар біледі. Ольга Мазурдың, Нұрбану Камалованың, Бейбіт Құралбаевтың тұщымды материалдары аудан тіршілігінің айнасы іспетті. Бақтыбай Абай мен Мейіркүл Қалдыбекованың мол тәжірибелері жас журналистерге әманда үлгі. Елдің рухы мен ауданның әлеуметтік проблемаларына баса назар аударып жүрген редактор Айдар Оспаналиевтың мазмұнды мақалаларын үнемі қадағалап оқимын. Халық пен биліктің арасындағы алтын көпірдей жұрт мәртебесін асқақтатып жүрген сүйікті газетімнің алар асуы әлі де алда екеніне сенімдімін. – Сіздің де сиясы кеппеген жаңа өлеңдеріңізді алдымен осы газетіміз арқылы оқып жүрміз. Кейінгі жылдарда тағы да бір кітапқа жүк боларлық дүние жазған боларсыз? – 8-9 баспа табақ өлеңдерім тұр. Алла жазса, келесі жылы 70 жылдық мерейтойымның қарсаңында бір кітап етіп, оқырмандарыма жолдасам деген ойым бар. Қазір демеуші іздеп жүрмін, егер демеуші болмаса облыс әкімшілігі қолдау көрсетеді деген сенімдемін. Әзірге кітапты «Шаттық шуағы» деп атауды жөн көріп отырмын. – Мазмұнды сұхбатыңызға рахмет!


7 наурыз 2014 жыл

3

ПРАЗДНИК С ЖЕНСКИМ ЛИЦОМ ГОРДИМСЯ МЫ ТОБОЙ! Пришла весна, как чудо света, Как неземное божество. Опять звуча в стихах поэта, Неся тепло и волшебство. А вместе с ней пришел к нам праздник, Один из самых лучших дней. Который жизнь нам раскрасил Палитрой яркою своей. Он посвящен тебе, богиня, О, женщина, мать и жена.

И вновь твое мы славим имя, В тебе все – красота, весна. Ты уважения достойна, Любви прекрасной и большой. С тобой тепло нам и спокойно, И мы гордимся, женщина, тобой! А.ВАСИЛЬЕВ, с. Мерке

Линия судьбы

МАЛЕНЬКИЕ СЕКРЕТЫ БОЛЬШОГО СЧАСТЬЯ Работники культуры – это люди особенного склада, трудящиеся исключительно по призванию. Они, как творческие, горящие маяки, с легкостью увлекают за собой зрителей и участников художественной самодеятельности в мир прекрасного. Есен Амерешовна Балакулова, заведующая методкабинетом, одна из них. Талантливая, инициативная, энергичная, она притягивает к себе людей и заряжает их. Работает в районном Доме культуры Есен Амерешовна 34 года – это большой стаж. Сюда, в РДК, она пришла трудиться 15 января 1980 года, после окончания Джамбульского культпросветучилища, которое окончила с красным дипломом. С того дня она раз и навсегда свое сердце и талант стала отдавать своей любимой работе. А еще, Есен Балакулова талантливая ведущая концертных программ и мероприятий, которых ею было проведено немало. Не раз она составляла сценарии к праздникам и они всегда получались интересными и запоминающимися. У нее неиссякаемый талант творчества, колоритная, неповторимая натура, и она, как и все ее коллеги, старается нести людям,

Международный женский день – это праздник всех женщин, которых объединяют общие цели – любовь, благополучие в доме, здоровье и счастье детей и близких, мир на Земле. Желаем, чтобы эти заветные цели осуществились в жизни каждой женщины. Эта спецстраница "Меркі тынысы" посвящена самой прекрасной половине человечества – женщинам!

переступившим порог районного Дома культуры – радость! И жертвовать ради своей работы личным временем, не жалея сил и энергии – давно стало ее привычкой. Есен Балакулова также является участницей народного театра юмора, где реализует весь свой артистический потенциал. В 2011 году методкабинет РДК был признан лучшим методическим кабинетом по области, в чем ее большая заслуга и неоценимый вклад. И главное, Е.Балакулова довольна тем, как сложилась ее судьба. У нее есть любимая работа, она достигла чего хотела и в творчестве, и в личной жизни, у нее двое взрослых дочерей. Есен Балакулова – прекрасная хозяйка, заботливая мать и бабушка. И умение ладить с людьми – близкими, коллегами и зрителями – это тоже ее необычайный талант. И в этом маленькие секреты ее большого счастья.

Корпеше, одеяла, сшитые в национальном стиле, можно встретить в каждом доме – украшать ими комнаты, создавая уют, это уже сложившаяся традиция. Но сшить корпеше, покрывала, одеяла и другие национальные, колоритные и красивые вещи не так уж легко. Занимаются этим самобытные мастерицы, которые учатся этому мастерству с детства, у бабушек, мам, сохраняющих древнее казахское ремесло – лоскутное шитье, вышивку орнаментом. Такая работа требует много времени, но и выходит – глаз не оторвешь. Потому, каждый, кто приходит в цех к рукодельнице, швее Айше Абданбаевне Кылышбаевой, с большим удовольствием рассматривает ее работы – корпеше, одеяла, правильные геометрические узоры и национальные орнаменты, выполненные в яркой цветовой гамме, привлекают и очаровывают. Все это – древняя техника шитья корпеше, которой Айша Абданбаевна владеет. И она передается из поколения в

ЦВЕТЫ – ЭТО ПРАЗДНИК! Международный женский день 8 Марта – праздник тепла, света, любви, женственности и красоты. И, конечно же, этот замечательный день трудно представить без цветов, главного атрибута праздника, которые не только приносят и тем, кто их покупает, и тем, кому их дарят, свою магическую красоту и великолепие, но и делают этот день еще более торжественным и неповторимым.

Фото Е.ЖАСЫБАЕВА Цветы – неотъемлемая часть жизни человека. Без них нет праздника – юбилея, свадьбы, Дня рождения. Влюблены в цветы, в их тонкий аромат и изысканную красоту, дивные композиции и две сестры – Оксана и Татьяна Плешаковы, открывшие в районе пивзавода, возле магазина «Алаудин», маленький и уютный магазин

«Цветочек», где представлен большой выбор живых цветов – любимые розы всех видов, хризантемы, лилии, азалии, гвоздики и тюльпаны. Все эти яркие и нежные цветы девушки доставляют из г. Бишкека, в дальнейшем будут завозить из г. Алматы. В том числе и комнатные цветы, ассортимент которых у них также будет большой. Оксана и Татьяна вежливо встречают всех своих клиентов, стараясь преподнести им красоту каждого букета, цены на которые доступные, давая им советы, какие цветы лучше подарить на тот или иной праздник и в каком сочетании, они с удовольствием делятся своими знаниями, а если

клиент просит, составляют и нарядно упаковывают букет по его вкусу и усмотрению, так, чтобы и покупателю понравилось, и их сердца радовались от того, что они несут своим бизнесом красоту и радость, благодаря цветам, делают жизнь людей светлее, теплее и ярче.

поколение, от одной рукодельницы к другой, раз и навсегда «заражая» этой любовью к мастерству. Работы Айши Абданбаевны – казахские корпеше, сшитые из разноцветных лоскутков, в виде национальных узоров, пользуются большим спросом у меркенцев, которые заказывают их у мастерицы и с удовольствием покупают для украшения своего дома, приданого дочерям. И потому, недостатка в клиентах у нее нет. Она работает быстро и шьет качественно. А если не успевает, ей помогает одна из дочерей, Жанар, которая, как и мама, считает, что в каждом доме должны быть корпеше, способные подарить свет и радость людям. Айша Абданбаевна начала

изучать азбуку шитья с детства. Ее мама всегда что-то шила. А в восьмилетнем возрасте и Айша наложила свой первый стежок. И сегодня ее роскошные корпе, корпеше, в которых собран весь цвет казахской степи, преподносятся в приданое невестам. И, главное, что шьются они с теплотой и щедростью сердца, потому и приносят в дом новобрачных счастье и покой. Айшу Кылышбаеву можно назвать счастливой женщиной: она солнечный и щедрый человек, у нее есть семья, дети, внуки, любимая работа. Отрадно, что таких людей в нашем районе становится все больше. Это связано с тем, что для творчества в нашей стране создаются все условия.

ЗАМЕЧАТЕЛЬНАЯ СЕМЬЯ 8-е марта – Международный женский день, праздник всех бабушек, мам и девочек, которые по природе своей являются хранительницами семейного очага. Семья... Как много смысла несет в себе это слово. Ведь именно в семье дети получают воспитание, тепло и внимание родителей, бабушек и дедушек, в которых очень нуждаются. Многодетные семьи в нашем обществе встречаются достаточно часто. Семья Вишник, проживающая в нашем районе – одна из них. Несмотря на свой молодой возраст Сергей Николаевич и Олеся Николаевна Вишник являются родителями семерых детей: Алены, Кристины, Анжелы, Виктории, Евы, Дианы и Николая. Дети очень любят маму и папу, а также бабушек Викторию Ивановну Усольцеву и Валентину Яковлевну Закс, ведь они проводят вместе много времени и принимают в воспитании детей и внуков непосредственное участие. Семья Николая и Олеси прочная, полная любви, заботы, ласки и тепла. И, именно поэтому, все дети растут умными и послушными, внимательными и заботливыми по отношению к родным и близким. В этой замечательной семье постоянно слышны детские голоса и смех всех его маленьких обитателей. А еще, здесь все делают сообща – если уборка – то все вместе, даже маленькие Ева и Николай помогают взрослым, ведь вместе, как говорится – веселей. И так во всем – будь то работа по дому или в огороде. Девочки с увлечением и удовольствием помогают маме и бабушкам в выполнении работы по дому, проявляют интерес и принимают участие в уходе за домашними животными: курами, кроликами и собаками, а с приходом весны, помогают взрослым в огороде, так как овощи, выращенные на участке, а участок у них не маленький – 30 соток, заготавливают на зиму.

Мама Олеся – очень трудолюбивая и хорошая хозяйка. Она учит дочерей всему, что умеет делать сама. Девочки, придя после занятий в школе, с большим удовольствием и интересом помогают маме и бабушкам, благодаря которым уже многому научились, но не останавливаются на достигнутом, продолжая получать необходимые знания в школе и навыки, нужные для каждой девочки. Из семи детей Николая и Олеси, пятеро учатся в школе: Анжела и Виктория – в 0 – ом, Диана - в 1-ом, Кристина – во 2-ом, Алена – в 3-ем классе. У девочек есть свой любимый школьный предмет и своя мечта, к достижению которой каждая из них движется целеустремленно. После занятий в школе, старшие сестры много времени проводят с младшими – Евой и Николаем. Одним словом, хочется надеяться на то, что каждый из детей, растущих в этой замечательной семье, вырастет трудолюбивым, целеустремленным и станет достойным гражданином нашего государства.

Спецстраницу подготовили корреспонденты "Меркі тынысы" Ольга МАЗУР, Ольга АРТЮЩЕНКО


7 наурыз 2014 жыл

5

ӘР ЖҮРЕККЕ ШАПАҒАТ НҰРЫН ТӨККЕЙ ҚАМҚОР АНА Аяулы ана, ардақты әже Советкүл Байболатова сүйікті немересі Нұрдәулетті мәпелеп, аялаумен келеді. Нұрдәулет туылғаннан бері церебралды сал ауыруымен ауырады.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Аудандық ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің президиумы ауданымыздың барлық ардагер аналарын 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт тілейміз. Отбасыларыңыз аман, денсаулықтарыңыз зор, қуаныштарыңыз көп болсын! Қ.Иманалиев, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Тағдырдың қиын сынына қарамай, өзінің өмірге құштар, рухы мықты бала екенін дәлелдеп келе жатқан Нұрдәулет кішкентайынан ән айтуға құмар. Ол өткен жылы сүйікті әжесінің қолдауымен «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты байқауға қатысып, облыста жүлделі орынға да ие болды. Сондай-ақ, ол үйде білім алып, оқып жүр. Советкүл апа немересін Тараз, Алматы, Астана қалаларына оңалту орталықтарына, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне апарып, емдетумен бірге, Нұрдәулет сияқты өзге де көңілі қаяу балалардың емделуіне де қол ұшын

беруге тырысады. Иә, әрбір ана сәбиінің дені сау азамат болып өскенін қалайды. Сондықтан да, балалардың болашағы үшін алаңдап, оларға жағдай жасауға атсалысып жүрген аяулы ана, ардақты әже Советкүл ана қандай да құрметке лайықты. Ендеше, осындай өмірді нұрға бөлеп, жүзінен мейірім төккен аяулы ананы көктем мерекесімен құттықтап, баланың болашағы үшін еткен еңбегі жемісті болсын, дейміз. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ұжымы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ойтал ауылының тұрғыны, аяулы анамыз Төлешова Бақытгүлді 7-наурыз 49 жасқа, сүйікті бауырымыз Нұрсұлтанды 13 жасқа толған туған күндерімен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемнің нұрлы мерекесі тұсында шаңырағымыздағы шаттық еселене түскендей. Олай дейтініміз, отбасымызда тағы бір үлкен қуаныш – әкеміз Алхожаев Қанат пен анамыздың отау құрғандарына 30 жыл толып отыр. Аяулыларымызды осы қуанышты күндерімен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілейміз. Ардақты ана, әке! Әрдайым ақылшымыз, тірегіміз болып, күліп ойнап жүре беріңіздер. Балаларыңыздың, немерелеріңіздің қызығына бөленіп, жүз жасаңыздар! Ізгі ниетпен: қызы-күйеу баласы – ЖазираАман, ұлдары – Хамит, Нұрбол, Нұрсұлтан, немерелері – Аружан, Мақсат. «МЕРКІ НЕСИЕ СЕРІКТЕСТІГІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруа қожалықтарына және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін мекемелерге, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, балық өсіруге, ауыл шаруашылығы техникаларын алуға, мал қоралар, баз, қошара соғуға және сатып алуға, мал бордақылауға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін цехтар ашуға, сатып алуға, тағы да басқа ауыл шаруашылығы өнімдеріне тиесілі нәрселерге өсім пайызы жылына 9 (тоғыз) пайызбен екі жылдан жеті жылға дейін 1:10 есе есебінде, яғни, (100000 теңге салған адамға 1000000 теңге) беріледі және 2 жылға дейін демалыс беріп, 2-ші жылдың аяғында ғана берілген негізгі несие қарызы қайтарыла бастайды. «Меркі несие серіктестігі» ЖШС-і осындай жеңілдетілген несие беретіндігін хабарлайды. Несие алуға тілек білдірушілерге қосымша мәліметтер алу үшін «Меркі несие серіктестігі» ЖШС-не Меркі ауылы Ысмайылов көшесі №220 А.Тел.: 2-23-94; 2-28-51 хабарласуларыңызға болады. В связи с прекращением деятельности КХ "Әбдіқалық" на имя Нураханулы Байтурсына, ИИН 460101304829, все претензии принимаются в течение одного месяца после опубликования по адресу: с. Кенес, ул. Укибасова, 77. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14 қаңтардағы №1538 қаулысына сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті қызметі жойылып, оның мүлкі тұтынушылар құқын қорғау агенттігіне берілді. Осыған сәйкес, Меркі ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің Меркі аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі болып бекітілді.

Құрметті білім саласының арулары! Қадірменді ұлағатты ұстаз аналар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының берекебірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өміріне және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сіздердің аттарыңызға айтылатын алғыстар мен жылы лебіздер еш уақытта толастамасын, көктеммен бірге келген мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасыларыңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз! Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз! Уважаемые ветераны педагогического труда, учителя! Искренне поздравляем всех представительниц прекрасной половины работников образования района с праздником весны, Международным женским днем! Желаем счастья, любви, еще большей красоты. Пусть каждый день радует вас вниманием и заботой близких, жизнь наполняется новыми впечатлениями, только положительными эмоциями, яркими открытиями. Мы вас любим, ценим, уважаем! Меркі ауданының білім бөлімі, білім қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ комитеті

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Меркі ауылының тұрғындары – аяулы анамыз Айнашты 70 жас, ардақты әкеміз Рүстемді 71 жасқа толған мерейтойларымен құттықтаймыз. Ардақты әке, ана! Сіздерге дүниедегі бар жақсылықты тілейміз. Ұл-қыздарыңыздың қызығына бөленіп, әлі де талай асулардан аса беріңіздер. Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалыптарыңыздан таймаңыздар.

Өткен күннің артта қалып елесі, Тіршіліктің жылжи берер кемесі. Біз Сізге бақ тілейміз Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған, ортаймайтын, Жетпіс жастың құтты болсын Басыңыздан ешқашан ажырамас. белесі. Өміріңіз – ұрпаққа өнеге мың, Бұл 70 – қарттық емес, қазына жас, Тілейміз қуанышқа бөленгенін. Бала менен немеренің Жүзге келіп, марқайып отырыңыз, назына мас. Қылығына қуанып шөберенің. Ізгі ниетпен: ұл-қыздары – Ғазиз, Ғани, Ғабит, Роза, Алма және де келіндері, күйеу баласы, немерелері.

ПОЗДРАВЛЯЕМ! Приход весны несет нам один из самых теплых, светлых и красивых праздников – Международный женский день, праздник всех представительниц прекрасной половины человечества. От всего чистого сердца хочется поздравить с этим весенним днем 8 Марта весь женский коллектив СШ №9 им. Саввы, директора Асипу Асановну Калкабаеву и, конечно же, прекрасного, доброго и сердечного учителя 2 «д» класса школы Джексенкуль Дуйсенбековну Байгазиеву, которая посвящает себя своей любимой работе. И пожелать им добра и счастья, любви и семейного благополучия, всегда оставаться такими же женственными и прекрасными, дарить свое сердце детям. С поздравлениями и пожеланиями родительский комитет 2 «д» класса.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ардақты аналар, аяулы қызкеліншектер! Сіздерді сұлулық, нәзіктік мерекесі – 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің бүгінгі келбеті, кемел келешегі – Сіздердің ақ адал жүректеріңіз бен ақылқайраттарыңыздың жемісі. Ұлтты ұйыстырып, ел ертеңі – салауатты, тәрбиелі ұрпақ өсірудегі еңбектеріңіз біз үшін бағалы. Көктемнің әрбір арайлап атқан таңы, ақ шапағы Сіздерге мол күш-қуат, зор денсаулық сыйласын. Дүниені қуаныш-шаттыққа, мейірім мен жақсылыққа толтырып, шуақ шашып жүретін жүздеріңізден күлкі кетпесін, ізгілікпен өрілген өмірлеріңіз бақытқа толсын! Ізгі ниетпен: О.Қосубаев, Ақтоған ауылдық округінің әкімі.

Қымбатты Тәтті ауылдық округінің аяулы аналары, қыз- келіншектері! Көк желекті көктеммен бірге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8-наурыз мейрамын бәріміз асыға күтеміз. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана. Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайылықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар. Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз! Құрметті қыз-келіншектер! Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. Ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер. Сіздерді көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер деймін. Ізгі ниетпен: Ғ.Батырбеков, Тәтті ауылдық округінің әкімі

ПРОДАЕТСЯ дом в центре Мерке, по ул. Ш.Омарова, 54, земельный участок 31 сотка. Обращаться по тел.: 2-19-05; 87055726957.

ОБЪЯВЛЕНИЕ Согласно Постановления Правительства Республики Казахстан от 14.01.2014 года, за № 1538, Комитет государственного санитарноэпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан упразднен, с дальнейшей передачей имущества Агентству Республики Казахстан по защите прав потребителей, в связи с чем, управление государственного санитарно-эпидемиологического надзора по Меркенскому району переименовано в Республиканское государственное учреждение «Меркенское районное управление по защите прав потребителей Департамента по защите прав потребителей Жамбылской области Агентства Республики Казахстан по защите прав потребителей».


Әйел сенің – ақылшың да, айбарың, Ол барында естімейсің қайғы әнін. Әйел сенің – күзетшің де, сақшың да, Әйел сенің – мерекең де мейрамың. Т.Молдағалиев

Шырын МАМАСЕРІКОВА

Абзал ана

Даусың нәзік жас баланың үніндей, От жанарың шуақ шашар күлімдей. Ұнатасың отыруды тасада, Той-думанда назарға көп ілінбей. Үнсіз ғана үлкен жұмыс атқарар, Асыл жансың Қыдыр дарып, бақ қарар. Алмағайып заман бүгін туса да, Сары алтындай сабырлылық сақталар. Тілді үйірген тәтті ірімшік, қымызың, Таңдайымнан кетпей қойды күн ұзын. Таңғажайып қасиет бар бойыңда, Құдіретті қара нандай бір үзім. Шаңырақтың киесі өзің шығарсың, Дос көңілін табуға әсте құмарсың. Ақ дастархан - ақаусыз ақ көңілің, Жібек мінез- сұлулығың, ұғарсың, Имандылық шуақ шашқан жүзінен, Хауа Ананың жолын қуған қызы ма ең. Көзіне-ұят, тілге-тізгін ұстаған, Келе жатсың Нүрилә әже ізімен. Парасаттық байқалып тұр сөзіңнен, Тілегіңе жетіп жүрсің төзіммен. Жомарт қолы жетелейтін мұратқа, Ізгіліктің нұрын көрем өзіңнен Бабалардың ұстап дәстүр үрдісін, Хақ жолына бағыштаған күллі ісін. Үйрете бер, абзал ана Жарқынай, Ұлттық уыз мейірбандық үлгісін!

Нұрбану КАМАЛОВА

Құрбыма

Ең ғажайып, нұрлы шағы өмірдің, Әппақ кезі кір шалмаған көңілдің. Аңсатты да қайта-қайта мінекей, Шумақ болып ақ қағазда өрілді. Естелік боп өткен ғажап шақтардан, Бір көрініс көз алдымда сақталған. Көктемгі күн, көк майсада қос құрбы, Қол ұстасып армандаған тәтті арман. Сырласушы ек тәтті оймен тербеліп, Күлуші едік, етуші едік еркелік. Бұл шаттыққа серіктес боп, ойнақшып, Сүюші еді шашымыздан жел келіп. Бізбен бірге жас терек те сырласып, Сыбдырлаушы ед, біз мұңайсақ мұңдасып. Сол теректер бүр жарғанда көктемде, Аңсатады кеткен күндер жыл асып. Жылдарды алып ақса өмір өзені, Арта берер сағыныштың себебі. Арайланып атар қанша таң, бірақ, Оралмайды-ау өмірдің сол кезеңі.

менімен тең адамша сөйлесіп отыр, өтінбейді – бұйырады. Бұл әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын. Бұл өмірдің иесі, бұл ана, бұл ұлын сүйеді... Дүниені жалмап, адам баласына топандай тиген, тәңірімен таласқан Темір тағы да көп ойланып отырды да: – Мен тәңірі құлы

Ана құдіреті

Ана! Осы бір құдіретті де ғажап сөзде қаншалықты мән-мағына барын жер басып жүрген жұмыр басты пенделер айтпаса да түсініп, түйсінері сөзсіз. Бұл туралы менің жеке түсінікпайымдауларымды былай қоя тұрып, аузы дуалы медицина ғылымының республикамыздағы танымал ғалымдарының бірі, оқушы жастардың ұстазы болған профессор Ишанбай Қарақұловтың қазақтың аса көрнекті сөз зергері Ғ.Мүсіреповтың алғы сөзімен жарық көрген «Сырласу» атты (Алматы, «Жалын» баспасы, 1989 жыл) кітабындағы аналар жайында жазған мына бір сөздерін тағы бір оқып көрейікші: ...Қайсы халық болмасын өзі дүниетанымында қасиетті көп нәрсені, игі істерді тек Ана есімімен байланыстырады. Мәселен, қазекем басына зобалаң туып ақталғысы келгенде «Ананың ақ сүті ұрсын» деп қарғанады. Қолыма қалам алып, хат тани бастаған бала алдымен «Ана» сөзін жазады. Ал, ақын-жазушылар, ойшыл оқымыстылар да ең тәуір деген еңбектерін алдымен анаға арнаған. Аса көрнекті жазушы Ғ.Мүсіреповтың «Өлімді жеңген ана» атты әңгімесі бар. Әңгімеге жер жүзін қанға бөктірген ақсақ Темірдің анаға тоқтап жеңілгені туралы аңыз арқау болған. Енді осы әңгімеден үзінді келтірейік: «...Әкеліңдер! – деді Темір өз сезіміне ғана бағынып. Сонымен Темірдің алдына жалаң аяқ, үстіндегі лыпасы далба-дұлба әйелді алып келді. Қара шашы тарқатылып, жалаңаш көкірегін жабуға кеудесіне түскен, беті шойындай қап-қара. Бірақ, жасымаған көзі от шашып, әмір беріп тұрғандай. Қап-қара қолдарын Темірге созғанда бір қалтырамады. – Баязит сұлтанды жеңген сен бе? – деп сұрады әйел салған жерден. – Иә, мен. Мен талайды жеңдім. Жеңгенімнің ішінде о да бар. Жеңуден әлі шаршағаным да жоқ! Сен әйел, келген жұмысың не еді, соны сөйле! – деді Әмір Темір сазарып. – Тыңда, өлімнің егіншісі

Ìåíøiê èåñi: "Ìåðêi òûíûñû"-Бàñïàñû" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Темір! Сен менің алдымда кінәлісің. Менімен есептеспей тұра алмайсың да. Менің алдымда күнәңді жусын деп келдім. Сенің бағынғаның «Күш – әділдікте» деген ұран дегенді айтты. Мен бұған нанбаймын. Бірақ, сен маған еріксіз әділ боласың. Өйткені мен – ана! Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себем. Сені жеңем. Сондықтан осы маған әділ бола аласың! – деді. Темір патша да мұны ұғарлық данышпан еді: – Өзің отыршы, сөзіңді тыңдағым кеп барады, – деді. Әйел бай патшаларды етегімен сырып, қақ жарып барып кілемнің үстіне отыра кетті. Сонан соң: – Мен Солерно деген жерден келдім. Ол алыс жер. Италияда. Сен білмейсің. Сенің тұяғың ол жерге жеткен жоқ. Бірақ онда да сен секілді өлім егуші толып жатыр. Әкем балықшы еді, байым да балықшы. Одан соң, жалғыз ұлым бар еді... Міне, сол ұлымды жер бетін шарлап, іздеп жүргеніме төрт жыл толып барады. Ұлым қазір сенде екен, оны анық білдім. Өйткені, әлгі тонаушыларды Баязит сұлтанның әскері ұстапты. Баязитті сен жеңіп алдың да, қолында барын түгел тартып алдың ғой, соның ішінде менің ұлым да бар, - деді. – Мен тәңірі құлы Темірмін, тиісті сөзді ғана айтам! Міне, менің алдымда әйел отыр. Бұл әйел бүгінге шейін өзім білмеген сезімді қозғап, мені жеңіп барады. Бұл әйел

Темірмін, тиісті сөзді ғана айтам, үш жүздей салт әскер қазір жердің төрт бұрышын аралауға аттансын, тапсын олар мына әйелдің ұлын! Әйел осында күте тұрады. Мұнымен бірге мен де күтіп отырам... Солай ғой, әйел? – деді. Әйел бетіне түскен қара шашын кейін сілкіп тастады да: – Солай! Осыны істе! – деді азырақ езу тартып. Сол кезде әлгі айбатынан ай жасырынған қаһарлы шал – Ақсақ Темір орнынан тұрып, әйелге басын иді...» Иә, халықтың анаға деген ілтипатын еш нәрсемен салыстыру мүмкін емес. Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу тілімізде берік қалыптасқан. «Сыйласқан, сүйген адамына әйел баласы жапырақ жайған жасыл гүлдей барлық асыл қасиетін аямай жайып салады», деген екен кезінде И.Қарақұлов. Соған қарағанда, әлемді бесік әуенімен әлдилеп, алақанымен аялап, адам баласының жүрегіне нұр құйып, оларды имандылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке баурап, жер бетінде бейбіт өмірдің, тыныштықтың орнығуына бірден-бір дәнекер тағы да ана десек, артық айтқандық бола қоймас. Өйткені, ана – адамзатқа күш-қуат, рухани байлық берер құдірет иесі. Жақсымбет ИМАНБЕКҰЛЫ, ардагер ұстаз.

ҚАРЫЗБЫН

Бастаңғыда Абысындар жиналып бас Көңіл ашып, жадырап

қосқанда,

сырласқанда. Қазақтың салтыменен бастаңғыда, Қолқа сап, назыңды айт ақылдасқа. «Абысын тату болса ас көп» деген, Қазақ атам қашанда ақылды екен. Қыздарыңа ақыл айт, әжелер-ау, Ата салтты жалғайтын солар екен. Бүгінгі қыз атанар ертең ана, Жолын қуып, ана мен әжелердің. Бір қолында бесігі, әнін айтып, Тұтқасы болсын аяулы бір әулеттің. Роза СОЛТАНАЕВА, Ақермен ауылы.

Қаçàқñòàí Ðåñïóáëèêàñû Әділет ìèíèñòðëiãi Жамбыл облысының әділет департаменті Меркі аудандық әділет басқармасында òiðêåëiï, ¹308 -1919-06-ЖШС êóәëiãi áåðiëãåí

Күннен ыстық, от жалын алақаны аялы, Мәуе ағаштай зор алып, жапырағы саялы. Қабақ шытпай әрқашан, кешірумен қатесін, Әрбір ана бала үшін қос құшағын жаяды. Қорғаштаумен перзентін самал желдің үнінен, Күндіз түні көз ілмей, баптап бізді күтіп ең. «Зәмзәм судан асатын не?» деп менен сұраса, Айтар едім «тәтті деп ақ ананың сүті ең». Уайымдатты сені, ана, алғаш шыққан тісім де, Қуандың шын пейілмен әр жеңісім үшін де. Мықтылығы ананың әлем, бесік тербетер, Шуақ нұрлы жүзі мен мейірімділік күшінде. Сыйлап жарық әлемді батыр, ақын, мергенге, Осы ана – патшаға, ғалымға өмір берген де. Жалғыз ана емес пе, «маңдайыма кірсін» деп, Аяғыңның астынан жантақ, тікен терген де.

Директор, бàñ рåäàêòîð – Айдар ОСПАНАЛИЕВ Жауапты хатшы Назира ЖОЛДАСБАЕВА БӨЛІМДЕР: Ауыл шаруашылығы – Бейбіт ҚҰРАЛБАЕВ Қоғамдық-саяси – Ольга МАЗУР Хат және жарнама – Мейіркүл ҚАЛДЫБЕКОВА ТІЛШІЛЕР: Бақтыбай АБАЙ Нұрбану КАМАЛОВА Ольга АРТЮЩЕНКО ФОТОТІЛШІ: Еркін ЖАСЫБАЕВ ДИЗАЙНЕР Ержан АБАЕВ КОМПЬЮТЕР ОРТАЛЫҒЫ: Ирина ӘЛИЕВА Ләззат ҚҰРАЛБАЕВА Анар ҚАЗАҚБАЕВА Индекс: 080500, Æàìáûë îáëысы, Мåðêі ауданы, Ыñìàйыëîâ көшесі ¹349.

РЕДАКЦИЯНЫҢ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ: Òåëефондар: Бас ðåäàêòîð – 4-07-33 (факс.), бөлімдер – 4-07-35; 4-07-58; есепші – 4-07-34

vestnik - merke@mail.ru

Бірдейсіңдер барлығың мейлі жас па, қарт ана, Шын ізетті үйреткен қоршаған бұл ортаға. Табылмайды біздерге қамқоршы жан өзіңдей. Іздесем де әлемді ұшып жүріп, шарқ ана. Жас ұлғайып, қаптаса бетіңді әжім, ақ басың, Үлбіреген мен үшін жібексің – сен, мақтасың. Теңер едім жүрекке, жүрек жалғыз адамда, Бір жоғалтсаң белгілі, қайтіп оны таппасың. Ана сыйлау ұлысы құрмет пенен парыздың, Сенсің ана – Күнім де, нәзік үнді, жаны ізгім. Көтерсем де арқама, апарсам да Меккеге, Ақ сүтің мен шашыңа мәңгі-мәңгі қарызбын.

Марал ХАНТӨРЕҚЫЗЫ, білімгер.

Бетті дайындаған Мейіркүл ӘБЖАНҚЫЗЫ

Ãàçåò àðàëàñ-қàçàқ æәíå îðûñ òiëäåðiíäå àïòàñûíà 2 ðåò – ñәрñåíái, жұма êүíäåði øûғàäû. Ðåäàêöèÿ àâòîðëàðäûң êөçқàðàñû šүøií өçiíå æàóàïêåðøiëiê æүêòåìåéäi. Ãàçåò îôñåòòiê òәñiëìåí "ÌÒ" áàñïàñûíäà áàñûëғàí. Êөëåìi 1 áàñïà òàáàқ.

Кезекшілер:

О.МАЗУР, Н.КАМАЛ ТАРАЛЫМЫ: 3768 дана


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.