№68-08.27.2014

Page 1

ЯРМАРКА ВАКАНСИЙ ПОМОГАЕТ В ПОИСКЕ РАБОТЫ

3-стр.

№68 /10225/ сәрсенбі, 27 тамыз 2014 жыл

Меркі аудандық газеті (Жамбыл облысы)

Бүгінгі күннің тақырыбына Ауданда егін орағы науқаны аяқталып келеді. Ауыл шаруашылығы дақылдарын күтімдеу жұмыстары одан әрі жалғасуда. Басты назардағы шаруалардың бірі – малға азықты жеткілікті әзірлеп алу болатын. Бұл ретте де біраз нақты істер атқарылуда деуге болады. Аудан бойынша 113 мың тонна пішен дайындалып, жоспар

.

Газет 1934 жылғы 15-қыркүйектен бастап шығады

Құттықтаймыз!

ӨЗ ҚЫЗМЕТІНДЕ – ТАҢДАУЛЫ Жуырда Меркі автокөлікшілері өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Осы күнге орай «Меркі – Жолаушы» серіктестігінде өткен салтанатқа Жамбыл облысы бойынша жолаушы тасымалдаушылар ассоциациясының президенті А.Жанұзақов, оның орынбасары Ә.Азимов келіп қатысып, серіктестік ұжымының үлгілі еңбектерін атап көрсетті. Б.БЕКТҰРСЫНҰЛЫ, Е.ЖАСЫБАЕВ (сурет),"Меркі тынысы".

107 пайызға орындалып отыр. Шабындықтардағы жұмыс одан әрі жалғасуда. Бақтыбай АБАЙ, "Меркі тынысы"

КЕПІЛДІ ЖЕМШӨП ҚОРЫ – мал шаруашылығын дамыту негізі

Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы халыққа Жолдауында: «Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс», деп алдымызға үлкен міндеттер қойғаны белгілі. Өнім молшылығын жасау үшін саланың тиісті өндірістік-техникалық базасы, басқа да алғышарттары болуы міндет. Мал басын аман сақтап, өсіру, қоңды етіп бағу сонда ғана мүмкін болмақ. Бұл үшін, әрине, шұрайлы жайылым, жұғымды мал азығы молынан керек екендігі айтпаса да түсінікті. «Қазақстан – 2050» Стратегиясында «Біз әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жемшөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке иеміз» деп көрсетілгені және белгілі. Мұндай перспектива біздің аудан жағдайында да жоқ емес, бар. Бұған биыл негізгі жемшөптік дақыл – жоңышқа егістігі арта түскені дәлел бола алады. Бірқатар шаруашылықтар қосымша резерв ретінде Құм жайылымында пішен шабуды жалғастыруда. – Ш а р у а ш ы л ы қ орталығында 1000 тоннадан астам пішен маяланып қойылды, – дейді «Меркі» асыл тұқымды зауыты» АҚ басшысының міндетін атқарып келген Әділ Саудабаев, – Жұмыс одан әрі жалғасын табуда. Жылдағыдай Ортақұмдағы «Қарашолақ» учаскесінде де науқан жүріп жатыр. Мұнда әзірге 400 тоннаға жуық пішен тайланды. Мал азығын қамдап қоюға «Аспара» өндірістік кооперативінің еңбеккерлері де жұмыла кіріскен болатын. Соның нәтижесінде 5,5 мың түк пішен маяланып қойылды. Ортақұмға арнайы бригада

жасақталып, жіберілді. Құрамында 13 адам, 3 тракторы бар. Сөйтіп осында 4000 түк пішен әзірленіп, маялар қатар түзей бастады. – Мүмкіндік болса шаруашылықта 20 мың түкке дейін маялап, қысқа қамданып барсақ дейміз, – деді бізбен хабарласқан кооператив төрағасы Қуат Бекеев. Үстіміздегі жылдың қуаңшылығы мал азығын дайындауда да көп қиындық келтіруде. Даладағы табиғи шөп тым ерте қурап кетті. Тәлімі жерде өсірілетіндіктен көп шаруашылықтарда жоңышқа бір-ақ орымға ілікті. Ендігі міндет бар шөп, жоңышқаның өзін шашау шығармай, сапалы етіп жинап алу. Өткен мал қыстату науқанында дайындаған пішен жетпей, мал жүдеп, шығынға да жол берілді. Міне, жаз айлары да өтіп, күз де жетті. Одан әрі қыс та жақын. Ол қандай болады, қаншалықты созылмақ? Ешкім дәлдеп айта алмайды. Бір-ақ белгілі нәрсе, ақиқат: жан-жақты қамданған ғана сыр бермей, қысты ойдағыдай өткізбек. Олай болса мал азығын толықтыра түсуге әлі де мүмкіндік барда науқанды ұйымшылдықпен, әрбір жұмыс сағатын ұтымды пайдалана өткізген мақұл. Мұндайда егін орағы барысында жиналған сабан да, өзен-жылға бойындағы шалғыға ілігер шөп те пайдалана білсе әжетке жарамақ.

Бұл кездесудің, биылғы мейрамның ең бір ұмытылмас сәті – тараздық қонақтардың серіктестік механигі Мұқтар Тұрлығұловқа «Үздік

автокөлікші» төсбелгісін тапсыруы (суретте) болды. Наградаға ол әбден лайықты да. Арнайы оқу орындарында жүргізуші, техник-механик

мамандықтарын алып, жете меңгерген Мұқтар Жаңабайұлы Меркі жолаушылар тасымалдау кәсіпорнында еңбек жолын 1977 жылы жөндеу маманы (слесарь) болып бастады. Одан кейін жүргізуші ретінде жолаушыларды тасымалдауда тыңғылықты ісімен көрінді. Жол қауіпсіздігін сақтап, жолаушыларға жол апатынсыз, мінсіз қызмет көрсеткені үшін әлденеше рет мемлекеттік марапаттауларға ие болды. Қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысты. Кеңестік кезеңде парторг көмекшісі, мекемедегі халықтық бақылау комитетінің төрағасы ретінде тек жақсы жақтарынан көрінді. Үстіміздегі жылдан бастап серіктестіктегі техниканы бақылау пунктінің механигі болып қызмет атқарып келеді. Мұқтар бұған дейін ауданның үздік жүргізушісі атанған болатын. Тәжірибелі маманға зор жауапкершілік артылып, техниканың қауіпсіз, толық жарамды күйде пайдаланылуын қадағалау тапсырылғанын әріптестері құптап қарсы алған еді. – Жаңа награда М.Тұрлығұловты бұдан былай да ұжымда қалыпты еңбек ырғағын сақтауға ұйытқы бола беруге жұмылдырады деген сенім үлкен, – дейді серіктестік басшысы Бекберген Олжабаев.

ЖУРНАЛИСТИКА ОСВАИВАЕТ ИНТЕРНЕТ-ПРОСТРАНСТВО Можно ли представить современный мир без журналистики, без новостей по телевидению и радио, без газет.., а сегодня и без доступных глубин Интернета? Конечно же, нет! Журналистика уже давно стала обязательной частью жизни, которой сопутствует Интернет и его глубокое знание сегодня просто необходимо. Ольга МАЗУР, «Меркі тынысы». Об этом и шла речь на семинаре, прошедшем в минувшую субботу в райакимате, с участием руководства и сотрудников отдела внутренней политики райакимата, районной газеты «Меркі тынысы», госслужащих, представителей общественных объединений. Провело этот семинар, на тему «Взаимодействие госорганов и СМИ» ОО «Инфо-плюс Тараз», совместно с управлением внутренней политики Жамбылской области. Раскрыла тему и предоставила много новой и полезной для работы информации присутствующим председатель ОО «Инфо-плюс Тараз» Л.Полихраниди. На семинаре Л.Полихраниди говорила о важности и рабочей необходимости взаимодействия отделов внутренней политики райакиматов и СМИ, о том, что для этого необходимо составление совместных планов дальнейшего тесного сотрудничества. О том, как открывать и правильно вести работу сайтов, какая информация сможет привлечь к ним внимание и как сделать такие сайты популярными среди пользователей

Интернетом. Рассказала она о новых программах и о том, как ими пользоваться в работе, таких как «Сократ» для переводов, «Пикасо» для работы с фотографиями и т.д., раскрыла все технические моменты соцсетей. Также присутствующие на семинаре

Аудандық "Меркі тынысы" басылымына – 80 жыл!

смогли узнать о том, как правильно брать интервью, составлять тексты пресс-релизов, писать официальную информацию, разрабатывать интересные темы, организовывать работу пресс-служб и т.д., ознакомились с пособием по журналистике. По завершению семинара

присутствующие смогли задать Л.Полихраниди интересующие их вопросы и получили аудиодиски, на которых хранится вся, данная на семинаре, информация и которой они смогут пользоваться в работе в дальнейшем, открывая для себя окно в Интернет-журналистику.


27 тамыз 2014 жыл

2 Аудандық статистика басқармасы хабарлайды

Төтенше жағдай

ӨРТ: ҮЛКЕН ӨКІНІШ, ҮЛКЕН САБАҚ Биылғы жылы ауданымыздың тау шатқалында екі рет алапат өрттің шыққаны белгілі. Алғашқысы 26-28 шілде күндері болып, онда ормандар және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің 2 қызметкері қаза тапса, кейінгісінде өрт сөндіруге көмекке келген Т.Рысқұлов ауданы, Абай ауылдық округі әкімінің орынбасары көз жұмды. Нұрбану КАМАЛ, Еркін ЖАСЫБАЕВ (сурет), «Меркі тынысы». Өткен аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі, оның орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы мен ауылдық округтердің әкімдері және өзге де мекеме, шаруашылықтар басшыларының қатысуымен жиын өтіп, осы алапат өрттің себеп-

салдары, оны сөндіру барысында жіберілген ағаттықтар сараланды. Сондай-ақ, жиында алдағы уақытта мұндай қайғылы жағдайдың қайталанбауы үшін қабылдануы тиіс шұғыл шаралар жайы да талқыланды. Иә, «Өрт – тілсіз жау, табиғи апат» десек те, биылғы жылғы бұл өртке қатысты ойландырар жәйттер аз емес. Мәселен, аудан әкімінің орынбасары Қамбар Смайловтың баяндамасына сүйенсек, тамыздың 10-ы күні тұтанған өрт тамыздың 11-ы күні таңда сөндірілген. Алайда, сол күні түске жақын өрт қайта тұтанған. Бұл өрт кешке сөндірілгенімен, ертеңіне, тамыздың 12-і күні аудан әкімдігіне өрт шықты деген хабар тағы да жеткен. Бұл жолғы тұтанған өрттің ауқымы үлкен, салдары сойқан болғаны баршамызға мәлім. Өрт тамыздың 14-і күні кешке дейін жалғасып, 2700 гектар жерді шарпыған. Тау аумағындағы объектілер өрт сөндіру жасақтарының жан аямай күресуінің арқасында ғана аман қалған. Жиында баяндама оқыған Қамбар Атыханұлы өртті сөндіруге жұмылдырылған адамдар мен техникалар туралы мәлімет берді. Аудандық, ауылдық әкімдіктер, аудандық ормандар және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі, «Жасыл Меркі» ЖШС, аудандық ветеринарлық инспекция тәрізді мекемелер, аудандық ішкі істер бөлімінен, өрт сөндіру мекемесінен, 11971 әскери бөлімінен және №18, 35, 44, 39 орта мектептерден, аудандағы ірі шаруашылықтардың мамандарынан өрт сөндіру жасақтары құрылып, техникалар жұмылдырылғанымен алапат өртті сөндіруге бұл аздық етіп, Т.Рысқұлов, Шу, Мойынқұм аудандарынан және Тараз қаласынан көмекке өрт сөндіру жасақтары келген. Барлығы 841 адам, 123 техника жұмылдырылыпты. Жиында аудандық ормандар және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің жұмысына қатысты көптеген сын айтылды. Олай болуы заңдылық та. Өйткені, таудың 105213 гектар жері осы мекеменің иелігінде. Әрине, қазіргі таңда өрттің нақты қайдан, қалай шыққаны зерттелуде. Бірақ, бұған дейін өрттің шығуы туралы мәліметтің бірнеше нұсқасы тарап кеткен. Республикалық телеарналарда тілсіз жау Қырғызстаннан келді делінсе, жиында сөз алған ормандар және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі басшысының

орынбасары «өрт арнайы қордағы жерден басталды» деді. Бірақ, бұған дейін аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбековке осы мекеменің басшысы Қанат Бүркітбаев өрттің осы орман қоры аумағынан шыққанын айтыпты. Аудан әкімі Бақтияр

Көпбосынов ормандар және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі басшысының орынбасары Даныш Мұқашевтен қорықтағы жерлердің қалай қорғалатыны туралы сұрады. Өкінішке орай, бұл сауалға берілген жауап ешкімнің де көңілінен шықпады. Даныш Мұқашевтің айтуынша, мекемеде 44 адам жұмыс істейді, әрбір бекеттерге қорықшылар қойылған, бірақ бір қорықшыға 5200 гектар жер бекітілген. Яғни, бұл сөздерден біздің ұққанымыз – мекемеде штат аз, жұмыс көп, таудағы жерлерді қарап, қорғауға мекеме қызметкерлерінің шамасы келмейді. Осы орайда облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Совет Қалмамбетов сөз алып: – Егер жерді қарай алмасаңыздар неге арнайы қорға өткізбейсіздер? Осы жердегі шаруа қожалықтары жайылым таппай, бізге – депутаттарға сауал тастап, біз оны жоғарыға жазып, осы жердің үстінде сіздермен текетірес болып, жерді қайтара алмап едік, – деді. Жанатын тау жанып, күйетін дүние күйіп болған соң, «бұл қалай болды?» деген сауалға жауап іздеген аудан басшыларының негізгі мақсаты – алдағы уақытта осындай жағдай орын алса, дайын болу, бұл жолғы қателіктерді екінші рет қайталамау. Бірлік пен ынтымақ, жанашырлық сезім қай істе де керек. Алайда, осындай төтенше жағдай орын алып, елге қауіп төнгенде адамдардың, елге бас болар азаматтардың ұйымшылдығы бәрінен де маңызды. Аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов ел болып өртпен күресіп жатқанда кейбір ауыл әкімдері мен мекеме басшыларының селқостық танытқанын ашына жеткізді. Кейбір мекеме басшыларының өрт сөндіруге көмек береміз деп айтуын айтса да, іс жүзінде киімдері ешқандай талапқа сай келмейтін 4-5 адамды көмекке жіберуін елге, жерге жаны ашымағандық деп бағалады. Аудандық мәслихаттың хатшысы Ілияс Ахметжанов та өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен ағаттықтарды тарқата айтты. Ол аудан әкімінен бастап, барша әкімшілік қызметкерлері, тіпті, облыс басшылары мен әскерилер, бір сөзбен айтқанда бүкіл ел жұмыла күрес жүргізсе де, өрттің ұзаққа созылуын мобильдік, ұйымдастырушылық жұмыстардың ақсауының салдары деп түсіндірді. Сондай-ақ, ол аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы мен қызметкерлерінің өртпен күресте

белсенділік танытқанын ерекше атап өтті. Әкімшілік қызметкерлері мен «Сыпатай батыр» ЖШС, «Айя сервис» ЖШС, техника жағынан көп көмек берген аудан әкімдігінің ветеринария қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы КММ тәрізді бірқатар мекемелердің өртті сөндіруге қосқан үлесі де мақтауға лайық. Ауданымызды ұятқа қалдырған – өртке қарсы құрал-жабдықтардың тапшылығы болыпты. Бұдан соң аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбеков сөз алды. «Мыңға жуық адам күрессек те, тау өртеніп кетті. Бұл – тау өртінің аса қауіпті болғанының көрінісі. Осының бәрін ойластыра келгенде, айтарым, біз алдағы өртке дайын болуымыз керек. Әлі де шөбі қалың таулар бар, олар өртенсе, бұдан кем болмайды. Ал құмның шөбі одан да қалың, сондықтан біз осы кезден әрекет етіп, алдын алу шараларын қарастыруымыз керек. Әр ауылдық округтің әкімінде құмда отырған шаруашылықтар мен малшылар туралы толық мәлімет болуы керек. Біз алдымен адамды өрттен қорғауымыз керек», – деп атап өтті. Мұндай қайғылы жағдайдың қайталанбауы үшін жиынға қатысушылар көптеген ұсыныстарын айтты. Таудың, құмның қай жерінде адамдар қоныстанғаны, ауданымыздағы шаруашылықтарда қанша техниканың бар екендігі туралы нақты мәліметтер әрбір ауылдық округ әкімінде болуы керек. Аудандық, ауылдық әкімдіктерде күректер мен шартылдақтар, респиратор, противогаз тәрізді құрал-жабдықтардың да үлкен қоры болуы тиіс. Жиында таяқтың бір ұшы аудандық өрт сөндіру бөліміне де тиді. Бақтияр Бейсембайұлы өрт туралы хабар келгенде дала өртін сөндіру міндетімізге кірмейді дегенді алға тартқан аудандық өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің бейжайлығын қатты сынға алды. Бұл мәселенің де ақ-қарасы алдағы уақытта анықталатын болады. Ал аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мақсат Ережепов мұндай төтенше жағдайларға қарсы тұру үшін арнайы дайындалған мамандардың қажет екенін айтты. Ол: «Әр ауылдық округтен мейлі, 2 адам шықсын, бірақ, дайындалған, шыныққан, киімдері сәйкес келетін азаматтар болсын», – деп атап өтті. Жиында бұдан бөлек, аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Қамбар Иманалиев, Аспара ауылдық округінің әкімі Мекен Оңғарбев, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі Жұмахан Абдуллаев т.б. сөз алып, жан-жақты пікірлерін, ұсыныстарын айтты. Қорытынды сөз алған аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов орынбасарларына осы жиында айтылған ұсыныспікірлердің бәрін ескеріп, тез арада арнайы іс-шаралар жоспарын дайындауды тапсырды. Өртке қарсы барлық шараларды қабылдап, ауылдық округтер мен мекемелерде төтенше жағдай орын алғанда қалай әрекет ету керектігі туралы оқу-жаттығу жұмыстарын өткізу керектігін де айтты. – Шындығын айтқанда, біз осы уақытқа дейін ұйықтап жүрген екенбіз. Биылғы өрт баршамызға үлкен сабақ болды. Енді бұл бағыттағы жұмыстардың бәрі басқаша болады. Өз халқымызды, өз жерімізді өзіміз қорғай алмасақ, бұл қалай болғаны? Бір халық, бір ел болып жұмылайық. Сонда мұндай жағдай орын алмайды. Мұндайда әрбір ауыл, әрбір мекеме «сенікі-менікі» демей атсалысуы керек. Өйткені, ертеңгі күні кімнің басына қандай күн туары белгісіз. Өртті сөндіруге атсалысқан барша азаматтарға рахмет айтамын. Тек қана жақсылық болсын! – деді аудан әкімі.

Аудандағы мал шаруашылығы дамуының НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ 2014 жылғы қаңтар – шілде Мал, құс саны – бас Шаруашылықтардың барлық санаттары Мал түрі, құс

МІҚ Қой Жылқы Түйе Шошқа Құс

Жылдары 2014

2013

36036 247095 12023 136 1305 76795

35975 263698 11560 140 2500 137353

Биыл өткен жылмен салыстырғанда, %-бен 100,2 93,7 104,0 97,0 52,2 55,9

Оның ішінді (2014 жыл) Ауылшаруашылық кәсіпорындары

Шаруа қожалықтары

Жұртшылық шаруашылықтары

1381 54310 1155 53 – –

12924 46713 3420 83 640 –

21731 146072 7448 – 665 76795

Мал мен құстың барлық түрлерін тірідей салмақта союға өткізу 2878,0 тоннаны құрады. Сүт өндірісі – 17136,9 тонна, тауық жұмыртқасы 1114,9 мың дананы құрады. 2014 жылы алынған төл: бұзау – 6233 бас – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,9 пайыз, қозы – 84784 бас – 96,0 пайыз, лақ – 2500 бас – 103,4 пайыз, құлын – 2186 бас – 100,1 пайыз, боталар – 12 бас – 100,0 пайыз, торайлар – 1295 бас – 96,6 пайыз. Осы уақыт аралығында аудан шаруашылықтарында 1 бас ірі қара мал, 4015 бас қой мен ешкі, 20 бас жылқы өлім-жітімге ұшырады.

Маман ескертеді

ТҮЙНЕМЕ ҚАУПІНЕН САҚ БОЛАЙЫҚ Түйнеме (Сібір жарасы) - зоонозды, аса қауіпті, қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін, тері қабатының карбункул тәрізді зақымдалуымен, қызба және интоксикациямен, кейде сепсис дамуымен сипатталатын жұқпалы аурудың түрі. Алайда малдардың өліктерін жүйесіз көмумен байланысты түйнемені жұқтыру қаупі бүгінге дейін біздің аймақта сақталып тұр. Бұл аурудың қоздырғышы микроб, "сібір жарасының таяқшасынан" шыққан. Ол ауру малдың қанында, зақымдалған барлық мүшелер мен тіндерде және ауру малдың дәреті мен нәжісінде кездеседі. Әсіресе, қоздырғыш малдың өлім алдында бөлінетін серозды сүйықтығында көп болады. Сібір жарасының таяқшасы жайлау топырағына, ашық су қоймаларының суына түседі. Тасқын, ағынды және жер асты сулары мал зираттарынан оны жер бетіне алып шығуы мүмкін. Ескі мал зираттарында споралардың өмір сүру бейімділігі малдарды көмгеннен кейін 30-40 және одан да көп жылдардан кейін байқалады. Спора сиырдың, қойдың, жылқының, шошқаның, түйенің, есектің ағзасына түсіп, сібір жарасының таяқшасын түзеді, содан кейін көбейіп, қан арқылы тарап, 1-3 күннен кейін ауру тудырады. Бұл ауру жануарларда әдетте ауыр түрде өтеді және көбіне ішектің бұзылысымен басталады. Ішектің кебуі, қызудың көтерілуі байқалады. Зәр мен сүтте қан көрінеді. Екінші-үшінші күні мал өледі. Адамның ауруға шалдығуы көбіне аурумен немесе өлген малмен жанасқанда, күтім жасағанда, сойғанда, терісін алғанда, көмгенде болады. Ауру жоғары температурамен, жалпы әлсіздікпен жүреді. Аурушаңдықтың клиникалық белгілері: Қоздырғыш енген тері жамылғысында 2-3 күн өткен соң, қызылтым немесе көкшіл түсті дақ пайда болады. Сол жер қышып, теріні сәл күйдіргендей болып басталып, үдей түседі. Бөртпе 12-24 сағат өткеннен кейін диаметрі 2-3 мм, ішінде ашық түсті сұйықтығы бар күлдіреген бөртпеге айналады, уақыт өте келе оның ішіндегі сұйықтық қою түске боялып, қан араласады. Бөртпе қышып шыдатпаған соң, ауруға шалдыққан адам оны қасып, бетін жаралап тастайды. Іріңді бөртпенің орнына беті ашылған өлі етті қабыршақ пайда болады. Дәл осы қабыршақ сібір жарасының негізгі белгісі, дерттің атауы да осы қара даққа(«anthrax»-«углевик») байланысты шыққан. Емдеу: Қазіргі таңда сібір жарасын емдеуге арналған күшті дәрідәрмектер (гамма-глобулин және антибиотиктер) бар, алайда тек қана дер кезінде жасалған медициналық көмек сауығып кетуге кепілдік береді. Сондықтан аурушаңдықтың алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ, жақын орналасқан емдеу, алдын алу мекемелеріне барып, медициналық көмекке жүгіну қажет. Дәрігерге дер кезінде қаралғанда және арнайы емдеу шараларын жүргізгенде

дерттен толығымен жазылып кетуге болады. Алдын алу шаралары: Түйнеменің алдын алудың басты бағыты – ауыл шаруашылық жануарларын иммунизациялау. Үйде жеке мал болса, әр малды түйнемеге қарсы егу керек. Егер сіз жануарлардан аурудың белгілерін байқасаңыз, дереу үйге мал дәрігерін шақырыңыз. Малды сою мал дәрігері қарап, жануардың денсаулығы туралы анықтама бергеннен кейін жүргізілу керек. Мал еті мал дәрігері алдын-ала тексеріліп, анықтама бергеннен кейін тек базарларда сатылуы керек. Азық дайындау үшін ауыл шаруашылық малдарының етін тек қана базардан зертханалық тексеруден өткеннен кейін алу керек. Егілген жануарларды бақылауға алған уақыт ішінде басқа шаруашылықтарға ауыстыруға немесе егілгеннен кейін 14 күн ішінде союға болмайды. Екпе жүргізу ең тиімді әдіс болғандықтан, жануардың барлығын қамтуға тырысқан жөн. Бүгінде егу жұмыстары жануарларды жоспарлы тексеруден өткізу кезінде ветеринарлық мекемелерде тегін жүргізіледі. Сібір жарасына қарсы вакцина егілгеннен кейін 10 күн ішінде жануар өліп қалса, оның терісін сыдыруға болмайды. Ауру қоздырғыштары ағзадан тыс жерде тек ауаның әсерінен пайда болатынын ескере отырып, өлген жануардың терісін кесуге болмайды және өлексені аң-құстардың тасуына жол берілмеу керек. Себебі, мұның салдарынан жаңа ошақтар пайда болуы мүмкін. Өлген малды терісімен бірге өрттеу немесе қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып мал өлекселерін тастайтын «Беккари» шұқырына апару қажет. Құрметті шаруашылық иелері! ҚР «Ветеринария туралы» заңына сәйкес, мал ауырған немесе өлген әрбір жағдайды шұғыл арада мал дәрігеріне хабарлауыңыз керек. Егер жануар аурудан өліп қалса, мал дәрігері келгенше өздігіңізден оны союға кіріспеңіз. Ауру малды жасырын сойып, етін, терісін, жүнін және тағы да басқа өнімдерін саудалау - адамдар мен жануарлардың дертке шалдығуына әкеледі. Бұған кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қаперіңізде сақтаңыз! Ет және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді арнайы мал дәрігерінің бақылауынан өтпеген, сатуға рұқсат құжаттары жоқ жеке тұлғалардан алуға тыйым салынады. М.БАТЫРБАЙ, ҚРАШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Меркі аудандық аумақтық инспекциясының бас маман мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторы.


27 тамыз 2014 жыл

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕГІ СҰХБАТЫ – Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгін Жезқазған өңіріне келіп, тек аймақ үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін стратегиялық тұрғыдан аса маңызды «Жезқазған – Бейнеу» және «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол магистральдарының тұсауын кестіңіз. Бұл – біздің ел үшін шын мәніндегі тарихи оқиға. Енді осы сапар ауқымында Қазақ елінің рухани орталықтарының бірі – қасиетті Ұлытау жеріне арнайы ат басын бұрып отырсыз. Кезінде ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, біздің елдің «тарихы қалың». Ендеше, сол тарихымыздан, әсіресе, қазір біз әңгімелесіп отырған Ұлытауға байланысты тарихымыздан халқымыз қандай тағылым алуы керек? – Біріншіден, Жезқазған жерінде үлкен тарихи оқиға болды деп санаймын. Бұл – Жезқазған өңірінен ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың мыс кенін табуымен және Жезқазған қаласының орнығуымен сабақтас нәрсе. Қазір арада 50-60 жыл өтті, қаншама кен шығарылды, мыс алынды. Жер қойнауындағы байлықтың таусылатын кезі болады. Жезқазғанның төңірегіндегі мыс кені де таусылып, қаланың жағдайы нашарлай бастады. Бұл – табиғи жайт. Кеңес Одағы тұсында әрбір кен орны, әрбір электр стансасы төңірегіне ауыл салынатын еді ғой. Ал енді мына жердегі жұмыс ауқымы біткеннен кейін халық не істерін білмей қалды. Жезқазғанның теміржол тұйығында тұрғаны бәрімізді әр уақытта қинайтын еді. Екіншіден, Кеңес Одағы кезінде барлық теміржол Ресейге қарай салынды. Ал көлденең жүретін, елді бірбірімен қатыстыратын жол салынған жоқ. Ол Кеңес Одағының да, Ресейдің де ешқандай жоспарына кірмеді. Қазақстанды ешкім ойламады. Енді, міне, еліміздің экономикасы ілгерілеп, 500 миллиард теңге ақша бөлінетін жағдайға жеткеннен кейін осындай 1200 шақырымдық теміржол салынып отыр. Бұл – айта салғанға өте оңай. Ал маңызына келсек, алдағы 50-100 жылда пайдаланатын игілігіміз. Жаңа тікұшақпен ұшып келе жатқанда өзің көрдің, тақыр даланың торғай қонатын бұтасы жоқ. Сол тақыр далада ел тұрмайды. Себебі, оған жұмыс та жоқ, шаруашылық та жоқ. Ал теміржол төрт облыстың бірнеше ауданына тіршілік нәрін береді. Теміржолдың бойынан жұмыс табылады. Жұмыс болғаннан кейін кенттер бой көтереді. Халық қоңданады, даламызды ел жайлайды. Экономикалық жағы өз алдына бір мәселе. Комбинаттың жұмысын ұзарту үшін былай істейді. Жердің астында қалған «целиктер» болады. Шахтаның төбесін ұстап тұру үшін жер қойнауына үлкен-үлкен кенді қалдырып қояды. Сол кеннің ішінде мыстың бай қоры жатыр. Оны алайын десең, үстінде тұрған ауылдар бар. Ол ауылдарды көшірмесе, «целикті» алған кезде ойдым-ойдым жермен бірге төмен түсіп кету қаупі төнеді. Сол үшін мемлекет 250 миллион қаржы шығарып, жұпыны үйлерде тұратын 6 мың халықты жақсы үйлерге көшіріп, астындағы кенді алады. Кеннің өзінің 200 миллион тонна рудасы болса, содан 2 миллион тонна мыс шықса, комбинат үшін 20-30 жылға жұмыс табылады деген сөз. Одан кейін барлау жұмыстары жүрер болса, жұмыс орны көбейе береді. Сондықтан мұның маңызы өте үлкен. Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар, Орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы деген жылды жарияладық. Дүние жүзінен – Қытайдан, Ираннан қазақ тарихының жазба жәдігерлерін жинадық. Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген. Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз. Бұл – жаңағы айтқан ғұндардың да, көк түріктердің де, Алтын Орданың да орталығы болған жер. Өзінің тұрған жері – Қазақстанның кіндік ортасы. Мұнда тұрған тау – аумағы 200 шақырым қырат-қырат таулар. Ең биігі – Әулиеата деп аталады. 1100 метр. Одан ағып

жатқан, мына біз маңында отырған бұлақ Әулиебұлақ деп аталады. Осының бәрін атабабамыз бекер атамаған ғой. Жаздың күні осы жерді жайлаған қазақ малын Ұлытаудың етегіне айдап келеді. Батыстан да, Оңтүстіктен де, Солтүстіктен де, Шығыстан да ағылады. Мына таудан бұлақ ағады, төңірегі жайылымға қолайлы. Мыңдаған, миллиондаған мал жатса да көрінбейтін шүйгін дала болған. Бар қазақ жан-жақтан келген соң киіз үй тігеді, ат шаптырып, той жасайды. Осы жерде қыз ұзатады, баласын үйлендіреді. Бір-бірімен құда болып тарасады. Мына елдің қызы былай кетеді, ана елдің жігіті мына жақтан қыз алады. Еліміз осылай араласады. Қазақтың кең даласында диалект сөздің жоқтығы содан деп ойлаймын. Батыс Қазақстанды, Атырау облысы мен Шығыс Қазақстанды, Оңтүстікті алып қарасақ, барлық әдет-ғұрпымыз, баланың тууы, қыз ұзату, үйлену тойы, сүндет тойы, өлгендерді жерлеу салты бір-бірімен үндес. Мысалы, Қытайдың солтүстігі мен оңтүстігінің, батысы мен шығысының арасы біздегі сияқты 3 мың шақырым болса да, Пекиннің адамы оңтүстіктің тілін түсінбейді. Бізде олай емес. Ұлытаудың қасиеті осындай. Кең байтақ жерде қазіргідей ұшақ, теміржол, автокөлік жоқ. Бір-біріне барып көмектескенше не заман? Әрқайсысы өзін өзі сақтап қалу керек болды. Сондай замандар өткен. Мысалы, Отан деген үлкен ұғым. Отанды қорғау дегенде, әрине, адам баласы алдымен өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді, шешеңді, бауырларыңды, балаларыңды, немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. Сондықтан тарихыңды білген жөн болады. Тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды таныту үшін қазір көп нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың куәгері – Ұлытау. Оны білуіміз керек. Кезінде мен астана болатын жер іздегенде Ұлытауды көрейін деп әдейі келдім. Қазақ жерінің нағыз орта тұсы екені рас. Бірақ қазіргі заман талабымен қарасақ, бұл жерде не жол, не су, не әуежай жоқ – ешнәрсе де жоқ. Бұл жерге қыруар қаражат керек болар еді. Бәрібір елдің ордасына лайықты жер емес-ті. Бірақ қасиетті мекен ретінде бағалана береді. Міне, теміржол, басқа да жолдар салынып жатыр. Келешекте туризм орталығы болып, халқымыз келіп тәу ететін қастерлі жер болып қала береді. Мұнда Жошы ханның ордасы болған деп те айтады. Жошының қазасын естірткен кезде «Ақсақ құлан» деген күй шыққан. Бұл мекеннің осындай кереметтерін тани білуіміз керек. – Сіз айтып өткендей, қасиетті Ұлытау жеріндегі ерекше аура, ерекше жағдай, шынын айтқанда, маған да сезіліп тұр. Тәуелсіздік жылдарында біз рухани құндылықтарымызбен қайта қауыштық. Өзіңіздің руханият, мәдениетке деген ерекше қамқорлығыңыздың арқасында халқымыз туған тілімен, дінімен дәстүрімен қайта табысты. Алайда жастар арасында ата дінді дұрыс түсінбей, бұрмалап, оны әртүрлі мағынада ұғатындар жеткілікті. Осы ретте еліміздің болашақ дамуында діннің алар маңызы қандай болуы керек деп ойлайсыз? – Біз, жалпы, діннен де, тілден де айырыла жаздаған елміз. Кеңес Одағы кезінде тікелей орыстандыру саясаты жүргізілді. Қазақтың тілі бір шоғыр қазақтардың тілі болып қалды. Ол қайда шығады? Кімге керек болады? Қазақтың шекарасынан асып шықсаң, бұл тілдің керегі бар ма, жоқ па? Бір жағынан алып қарағанда оның жөні бар. Біз еліміз үшін, жұртымыз үшін тарихымызды, мәдениетімізді, санамызды, ғұрпымызды өзіміздің тіліміз арқылы ғана жеткізе аламыз. Қазақтың кейбір сөз оралымдарын, Абайдың сөз өрнегін басқа тілге, мәселен, орысшаға, ағылшыншаға аударып көрші. Ол мүмкін емес. Себебі тілдің өз қасиеті бар. Сондықтан тіл жоғалатын болса, сол қасиет те жоғалады. Сол сияқты біз тәуелсіздік жылдарында дінімізге қайта оралып жатырмыз. Қарап отырсаң, қазақ ешқашан дінінен айрылып көрген емес. Ешқандай уақыт үзілісі болмағандай, дінімен қайта қауышты да, әрі қарай жалғастырып жүре берді. Бұрынғыдай қорықпай, жасқанбай, дінге бас иіп, Құдайға құлшылық етіп, мешіттер салып жатырмыз. Қаншама азаматтарды – білімді, дінді насихаттайтын молдаларды дайындап келеміз. Осының барлығы дұрыс қой, дініміз де, дәстүріміз де қазаққа керек, әрине. Дегенмен, тек біздің дініміз ғана дұрыс екен деп жүрген басқа елдердің жағдайы мүшкіл болды. Мысалы, бір мұсылманның ішінен сүннит пен шиит болып бөлініп, қан төгіп жатқан халықтар қаншама? Бір діннің ішінде өзара ұғыспай, ағымдармен келіспей, соғысып жатқан католиктер

қаншама? Сондықтан біз абайлауымыз керек. Біздің дініміз керемет, басқа діндердің керегі жоқ демеген жөн. Біздің дініміз – өзіміздің дініміз. Бірақ басқаны да үйренуіміз, білуіміз, сыйлауымыз, құрметтеуіміз қажет. Сонда мұсылманның діні де құрметтелетін болады. Дінге бас ұрып жүріп, біз оның теріс жағына түсіп кетпеуіміз керек. Бізге зиян келтіретін дін ағымдары бар. Қан төгіп, соғыспен, дінмен мемлекет орнатып, мемлекеттік дін жасаймыз деп жүргендер бар. Баяғы Мұхаммед пайғамбардың сахабалары тұсындағы, Әбубәкір, Омар, Осман, Әлидің кезіндегі халифатты қайтадан орнатамыз деген ұмтылыс жаулап алу ниетінен туған болатын. Біз бұдан ажырап, дінді шынайы имандылыққа жақындатып, оның жақсы жағын алуымыз керек. Құранның қасиетті үкімдерін орындау үшін кемтарларға көмектесу, бірбірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, баланы тәрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы дінді өркендеткен жөн. Сонда діннің мемлекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, осындай исламды құрметтеуіміз керек. Екінші жағынан, елдің барлығы мешітке барады екен деп, оларға топырлап көп адам ілеседі. Менің мәліметім бойынша, Қазақстан халқының 60 пайызға жуығы ислам дінін қолдайды. Соның ішінде нағыз дін ұстанып жүрген халықтың мөлшері 20-25 пайыздан аспайды. Тобырмен жүргендер де бар ішінде. Бұл да жақсы, барып үйрене берсін. Дегенмен, мешітке барған, қажылық жасаған дұрыс екен деп құр әншейін сән көріп жүрмесе болды. Осы күні қалтасында ақшасы болса, ұшаққа отырып, қажылық жасап қайтатындар көбейді. Заманның ағымына байланысты ол да дұрыс шығар. Бірақ қажылықтың қасиеті басқада. Оған жолдың азабын көріп, бірнеше ай жүріп баратын болған. «Абай жолы» романынан Құнанбайдың жасаған қажылығы жөнінде оқыдыңдар ғой. Ойлап қараңдар, ол кезде ат арбамен қаншама ай жүріп, жол қиындығын тартып, әзер жететін. Сондықтан дінге бас иетіндер шын жүрекпен, әділеттілік үшін, имандылық үшін барса деп ойлаймын. Құдайға шүкір, дініміз өзіміздікі, қолымызға тиді. Қазір бізге ешкім одан алшақта деп айтпайды. Әркімнің өз еркі бар. Бірақ осыны дұрыс жолмен жүргізуіміз керек. – Біздің халқымыздың руханиятында діннің орны қандай маңызды болса, тіл де сондай маңызға ие. Сіздің қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге байланысты ойларыңызды біле отырсақ. – Мемлекеттік тілдің қолданылуы, оның өркендеуі үшін барлық жағдай жасалды. Конституцияға «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай етіп жазылды. Солай ғой? Ешкімге қазақ тілінде сөйлеме деп, кедергі жасап отырған бір адам жоқ. Өзіміз қазақша сөйлеуіміз керек. Қандай мінбеден қазақша сөйлесең де, ешкім «тәйт, былай тұр» деп айтпайды. Қанша адам отырса да, соларға арналған аудармасын беріп, қазақ тілінде сөйлеуге болады. Біз тілімізді құрметтей білуіміз керек. Ешкімге анау сөйтпеді деп уәж айтудың жөні жоқ. Мен бәрін білемін, біздің жазушыларымыз, мәдениет өкілдері «Біздің тіліміз жетімдік көріп келеді, тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде байғұс тіліміз жетімдіктен шықпай жүр» деп айта береді. «Бақытсызбын» деген адам бақытсыз болады. «Бақыттымын» деп жүрсе, бақытты болады. «Тіліміз бар» деп жүрсе, тіліміз бар болады, «тіліміз жоқ» деп жүрсе, тіліміз жоқ болады. Қай-қайдағыны, ақырзаманды басқа орнатпай, Тіл туралы заңды қолданып, өзімізбен өзіміз қазақша сөйлесуіміз керек. Тілді қолданып, батыл сөйлеуіміз керек. Тілдің майын тамызып сөйлеп, басқа жұртқа үлгі көрсетуіміз керек. Әйтпесе, жыл сайын 100 мыңнан астам бала мектеп бітіреді, соның 80 пайызға жуығы қазақ тілінде оқыған. Қазір орыстыкі болсын, басқаныкі болсын, барлық мектептерде қазақ тілін оқыту міндетті болып саналады. Қай мектепке барсаңыз да, 6-7 сыныптағы қай баланы кездестірсеңіз де, ол қазақша, орысша, ағылшынша сөйлеп тұрады. Міне, біздің тілге деген қамқорлығымыз осы. Мүмкін, жұрт «біздің Президентіміз неге қазақша сайрамайды, ылғи да біраз сөйлеп келіп, орысшаға ауысып кетеді» деп ойлайтын шығар. Мен мұның бәрін білемін. Біз тәуелсіздік жариялағанда Қазақстандағы қазақтың саны 40 пайыз болатын. 40 пайыз! Басқалар «Сендер азсыңдар мына мемлекетте, қайдағы тәуелсіздік сендерге?» деп айтпайтын ба еді? Дегенмен елге соның бәрін түсіндіріп, күресе жүріп, біз тәуелсіздік жарияладық. Қазір, міне, қазақтың саны 65 пайызға жетті. Қазақстан халқының саны сол кездегіден азайып, біразы көшіп кетті ғой. Ресейге көшті, еврейлер

көшті, немістер көшті, анау көшті, мынау көшті... Осы тұста халық 13-14 миллионға жуық болған еді. Қазір 4 миллиондай халық қосылып, 17 миллионнан астық. Тіпті Кеңес Одағы кезіндегіден де көбейіп барамыз. Құдайға шүкір, жыл сайын халқымыздың саны артуда. Оның ішінде қазақтың саны көбеюде. Ал жарайды, бәрін тыйып, қазақ тілінен басқа тілді заңмен жауып тастап, ауыздарыңды ашпаңдар, сөйлемеңдер десек, онда Украина сияқты боламыз. Қазір қазақтың бәрі мұны түсінген шығар. Солай етіп, жұрттың басынан соғып отырып, қазақ тіліне әкеліп, қантөгіс қылып, тәуелсіздіктен айырылу керек пе, әлде ептеп-ептеп амал қолданып, мәселемізді шешу керек пе? Әңгіме сонда. Ал таңдайық, қайсысын аламыз? Сондықтан мен бұл жерде де сабырлылық керек деп ойлаймын. Болашақ біздің қолымызда. Болашақ бізге бетін бұрып тұр. Қазақтың саны көбейіп, тілдің ауқымы кеңейіп келеді. Көп облыстарда барлық іс қағаздары қазақ тілінде жүргізіледі. Оған ешкім кедергі жасамайды. Қазағы көп аудандар қазақша жүргізеді. Оның ішінде қазір қазақша сөйлейтін басқа ұлттың азаматтары қаншама? Көріп отырсыздар, барлық жерде бар. Оларды теледидардан көріп жүрсіздер. Журналистер арасында да, қарапайым адамдар арасында да бар. Қазір өз тағдырын Қазақстанмен байланыстыратын адамның бәрі баласына қазақ тілін үйретіп жатыр. Ал енді тарихын, болашағын қазақпен бірге деп санамайтындар бәрібір кетеді. Оған біз тыйым сала алмаймыз, салып та отырған жоқпыз. Сондықтан өз халқымыздың сана-сезімін үйретіп, өз тілімізді өзіміз бағалауымыз керек. Мен қазақтың тілін ғана білемін, басқасы құрысын деп жүргендердің кім екенін алып қарайықшы. Ол – не орыс тілін жөнді білмейтін адам, не ағылшын тілін мүлде білмейтін адам. Оқуға мойынсұнбайды, сөйлегісі келмейді. Солар: «Қазақтың тілі ғана жақсы, қазақтың тілінен басқа сөз жоқ» дейді. Сонда біз мына өркениетпен қалай жалғасамыз, айтыңдаршы? Орыс тілін алайық. Ол да белгілі. Бізге орыс елінің тізесін батырып жіберген кезі болды. Сол орыстың тілін үйренеміз деп қазақ тілінің қолданысы азайды деген мәселеге тіреледі ғой. Кейбір ұғымдарды орыс тілінен енген деген желеумен біржақты аударуда. Дүние жүзіне ортақ сөздердің қазақша баламасын тауып жатыр. Мен талай жазушылармен, композиторлармен сөйлесіп жүрмін. «Пианино», «пиано» деген халықаралық термин. Оны біз «күйсандық» дедік. Ешқандай жанаспайды. Сандық пен күйдің арасына пианиноны қосуға бола ма? Мысалы, композиторды дүние жүзінде композитор дейді. Біз «сазгер» деп жүрміз. «Саз» деген басқа мағынаны береді. Мұның бәрі неден шығып жатыр? Өйткені орыстың тілінен арылу керек деп ойлаймыз. Біресе түріктен, біресе арабтан, біресе парсыдан аламыз. Сөйтіп, бұзып жүрміз. Тілді байыту керек! Оған халықаралық ұғымдарды енгізсек, тіліміз дамиды. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бұдан қорқып, шошудың қажеті жоқ. Тіліміз өркендеп, өсіп келе жатыр дей аламын. Қазір ешқандай қауіп жоқ. Қазақстанда мемлекеттік тілдің болашағы зор. Дүниеде 6 мың тіл бар. Жыл сайын оның 10 пайызы жойылып отырады. Қажет еместері... Оны қолданатын адамдар аз, ауқымы тар. Солай болып жатыр. Ал мына ағылшын тілін дүние жүзі халқының 70 пайызы қолданады. Неге оны қолданады? Ол – ғылым мен білімнің, ақпарат құралдарының, интернеттің, медицина мен мәдениеттің тілі. Ағылшын тілін білмей-ақ өмір сүреміз деуге болады. Әрине, болады! Бірақ онда ағылшын тілі арқылы тарап жатқан ілімді білмейсің. Оны білмесең, өркендеп өсуіңе жол ашпайсың, болашағыңа балта шабасың. Сондықтан біз мемлекетімізді алға сүйреп, экономикасын көтеріп, өркендеп-өсіп, озық отыз елдің қатарына қосыламыз деп отырғанда, халқымыз, жастарымыз ағылшын тілін білмесе, қалай болады? Мысалы, 1 жарым миллиард халқы бар қытай елі қытай тілін құрметтеп отыр ғой. Бірақ барлық элитасы, бизнесі ағылшын тілінде де сөйлейді. Жапондардың бизнес элитасы, ғылым-білімі ағылшын тілінде. Бір миллиард халқы бар Үндістан тәуелсіздігін алған кезде ағылшын тілін доғарып тастады да, 5-6 жылдан кейін қайта оралды. Сингапурда да, Малайзияда да солай болды. Мына бізді отарлаған елдің тілі құрысын деп қолданыстан алып тастап, керек болған соң қайтып келді. Сондықтан үш тілді – мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін игергеніміз өте дұрыс. Соның ішінде біздің мемлекеттік тіл қатар келе жатыр. Біз соны неге ойламаймыз? Біз осылай үштұғырлы тілді қолдансақ, түбінде біздің жолымыз ашық болады. Осыны түсіну керек. Бұл жерде (Жалғасы келесі бетте)


27 тамыз 2014 жыл

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕГІ СҰХБАТЫ (Соңы) асығыстық жасамау керек. Сабырлы болған жөн. Біздің көпұлтты болып отырғанымызға ешкім кінәлі емес. Тағдыр солай болды. Өзге халықтардың да ешқандай жазығы жоқ. Орыстардың, украиндардың, белорустардың, ұйғыр, шешен секілді халықтардың не кінәсі бар? Осылай болды, тарих бізді көпұлтты етті. Бәрінің басын қосып, Қазақстанның бірлігін сақтап, төзімділік танытып, экономикамызды өркендетіп, өсе беретін болсақ, келешек қазақтың қолында болады. – Құрметті Президент мырза, Сіздің бастамаңызбен құрылған Еуразиялық экономикалық одақ келесі жылдың басынан толыққанды жұмысына кіріседі. Бірақ әлі де болса, оған үрке қарайтындардың бар екенін байқап жүрміз. Осы ретте не айтасыз? – Мен мұны үнемі айтып келе жатырмын. Түсінгісі келмейтін адам бәрібір ұқпайды. Картаға қарайық, Қазақстан құрлықтың дәл ортасында орналасқан. Теңізге шығатын жолымыз жоқ. Қазақстанда екі қабатты бір үй салу бағасы Малайзияда сондай 10 үй салу құнымен бірдей. Неге? Біздің елдегі суық 40 градусқа дейін жетеді. Ыстығымыз да солай. Ал Малайзияда да, Сингапурда да ауа райы біркелкі. Бізде зауыт, фабрика салу Малайзиядан 5-6 есе қымбат. Ал енді олар теңіздің, мұхиттың жағасында отырған соң тауарын кемеге тиейді де, арзан жолмен жібере салады. Біз мына Қарағандыдан, Жезқазғаннан мысты пойызға тиеп, анау Қара теңіздің жағасына жеткізгенше әр шақырымына ақша төлейміз. Қытайға, Ресейге жеткенше ақы береміз. Анау Еуропаға барғанша қыруар ақша жұмсаймыз. Сонда біздің «теңізіміз» не болды? Біздің «теңізіміз» – Ресей территориясы. Біздің «теңізіміз» – Қытай территориясы. Осы екі мемлекетті теңіз деп санасақ, біз солардың жағасында тұрмыз. Енді біз осылармен сауда-саттық жасамасақ, онда экономикамыз қалай өседі? 17 миллион ғана халқымыз бар. 250 миллиардқа жақын өндіріс өніміміз бар. 17 миллион халықты қамтамасыз етіп болғаннан кейін ары қарай қалай өсеміз? Егер біздің шығарған тауарларымызды біреу сатып алмаса, ол қоймада тұрып қалады. Ол сатылмағаннан кейін зауыт тоқтайды. Зауытта істейтін жұмысшының бәрі жұмыстан босайды. Жалақысынан айырылады. Бала-шағасын асырай алмай, босып кетеді. Сондықтан жақын көршілермен экономикалық қарымқатынас жасау маңдайымызға жазылған нәрсе. Мұны ешкім шекесі қызғаннан жасамайды. Мүмкіндігіміз осындай, басқа амалымыз жоқ. Сондықтан, экономикалық одақ құрдық. Саяси емес, экономикалық одақ. Бұл – дұрыс. Мен бұған зерттепбіліп, шын көңілмен барып отырмын. Бізде басқа жол жоқ. Ресеймен, Қытаймен саудасаттық жасамасақ болмайды. Беларусьпен,

С

Украинамен қатынас жасағанымыз жөн. Мына оңтүстіктегі ағайындармен де саудасаттығымыз болғаны дұрыс. Бірақ олардың кейбірінің бізбен сауда-саттық жасауға еш жағдайы жоқ екенін де біліп отырсыздар. Тауарды сатып алуға шамасы келмейді. Кейбірі жабық экономиканы қолданып отыр. Олармен де сауда-саттық жасай алмаймыз. Сондықтан біз осыған баруымыз керек. Біреулер «Ресей бізді қайтадан басып алатын болды» деп қорқақтайды. Олай емес. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері жиналып, үш Президент мәселе қараған кезде, біреуі қарсы болса, ешқандай шешім қабылданбайды. Консенсус деген сол. Егер екеуінің шешімі жақпайтын болса, мен қарсы болам, мәселе шешілмейді. Сондықтан бәрінің құқығы бірдей. Әдейі сөйттік. Оның бер жағында экономикалық комиссия бар. Комиссияның ішінде әр елден үш-үштен – тоғыз адамнан тұратын алқа құрылған. Ол жерде де консенсус бар. Оның үстіне ПремьерМинистрлердің үш орынбасары жұмыс істейді. Оларда да солай шешеді. Үкімет басшылары кездескенде де сөйтеді. Ал айтыңдаршы, қай жерде бізді кемсіте алады? Егер де бұл жағдаймен келіспейтін болса, Қазақстанның ол экономикалық одақтан шығып кетуге құқы бар. Мен бір рет айттым, тағы қайталап айтам, тәуелсіздікке нұқсан келтіретін болса, ондай ұйымдарда Қазақстан ешуақытта болмайды. Біздің ең жоғары бағалайтын байлығымыз – Тәуелсіздік. Ата-бабамыздың қанымен, терімен келген тәуелсіздікті біз ешкімге бере алмаймыз. Оны қасық қанымыз қалғанша қорғауымыз керек. Сондықтан бұл жөнінен ешқандай күдік болмасын. Үйде отырып алып, дастарқан үстінде «ойбай, сөйтіп кетті, бүйтіп кетті, анау сөйтті» дейтін түк білмейтін дилетант адамдардың сөздеріне құлақ қоюдың жөні жоқ. Қандай аргумент бар, мысалға келтіріңдерші маған? Қай жерде не болып жатыр екен? Қазақ болсын, орыс болсын, барлық іскер адамдармен сөйлессең, бәрі мұның пайдалы екенін айтады. Кеден одағына кірдік. Ресей шекарасында біздің пойыз келе жатыр делік. Бұрын бір тоннаға жүз теңге төлейтін болсақ, Ресей шекарасына кіргеннен кейін үш жүз теңге төлейтінбіз. Қазір ондай жоқ. Мен жай ғана мысалмен айтып отырмын. Шындығында мыңдаған, миллиондаған теңге төлейтін едік. Сонда біздің тауардың бағасы жаңағы ақшадан бірден өсіп кететін. Ондай бағамен шетелге барған кезде бәсекеге түсе аламыз ба? Түсе алмаймыз. Біз мұнайды, темірді, көмірді тасымалдап жатқан елміз. Біздің мемлекетіміз бұдан қаншама пайда тауып жатыр. Бұл бір. Екіншіден, қоян-қолтық сауда жасайтын екі ел бір-бірінің тыныштығын қолдайды. Бір-бірінің бейбітшілігіне мүдделі болады. Бір-біріне қол сұқпайды, саясатына араласпайды. Бір-бірімен жанжалдаспайды. Ол жағы да белгілі. Сондықтан бұл жерде ешқандай қорқатын, жасқанатын нәрсе жоқ.

Оның бәрін мен қадағалап отырмын. Егер Қазақстанның тәуелсіздігін өз қолымен жасап, қызғыштай қорғап келе жатқан қазақ болса, соның бірі менмін. Мен істеп отырған ісіме, алды-артыма, елдің болашағына қарап отырған адаммын. Экономика өсіп-өнбесе, басқа шаруаның бәрі шешілмейді. Тіл де, дін де жайына қалады. Қазақтың да жағдайы жақсармайды. Сондықтан, бұған түсіністікпен қарау керек. Құр сөзді қою керек. Егер күмән болса, мемлекеттен «неге бұлай?» деп жауап алған жөн. Соны түсінгеннен кейін, біліп сөйлеген адам жақсы ғой. Беталды сөйлеп, қойдың құмалағымен бал ашып отырған адамның сөзін айтпау керек. – Соңғы уақытта Украина төңірегінде қалыптасып отырған ахуал, көршіміз Ресейге салынып жатқан санкциялар біздің экономикамызға қаншалықты кері әсерін тигізуі мүмкін? Жалпы, біздің елдің экономикасы ықтимал қауіп-қатерлерге дайын ба? – Шынын айтқанда, бұл енді ойламаған жерден шыққан қиыншылық болды. Ресей мен Украинаның арасында осындай ахуал орнығады деп кім ойлаған? Ойлап қарасаң, екеуі бір дінді, бір тілді, бір жерде бірге өсіп-өнген ел. Мұның экономикалық одаққа қолайсыз салдары тиеді, әрине. Оны айтпауға болмайды. Неге? Себебі Батыстың бәрі Ресейге санкция салып жатыр. Санкциясын жеке адамдарға жасаса бір жөн, қаржы жүйесіне де, экономиканың кейбір секторларына да салынуда. Бұл Ресейдің экономикасын төмендетеді. Зауыттары нашар жұмыс істей бастайды. Сосын біздің тауарларды алатын жағдайы болмайды. Біздің шикізатты қабылдау мүмкіндігі азаяды. Міне, осы тұрғыдан қиыншылық көруіміз мүмкін. Екіншіден, Ресейдің де қарсы санкциялары бар. Тұтынатын тағам өнімдерін алмаймыз деп жатыр. Біз осыны пайдаланып, Ресейге азық-түлік өнімдерін көбірек шығаруымыз керек. Фермерлеріміз көкөністі, ет-сүтті, басқа да тамақ түрлерін көбірек әзірлеп, көптеп сатып, пайда таба алады. Мұның да қауіпті жағдайлары бар. Бірақ пайдалы жағын қолдануға болады. Ал олардың жасап жатқан кедергілерінің Қазақстанға тікелей қатысы жоқ. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына биыл кіреміз деп отырмыз. Бұл мәселені шешеміз. Еуроодақпен бұрынғы келіссөздерімізді жалғастырып, жаңа келісімге қол қоймақпыз. Оны да шешеміз. Демек, о жақтан да, бұ жақтан да тосқауыл жоқ. Қазір Ресейдің өзін түріктер қолдаймыз деп жатыр. Иран да қолдаймыз дейді. Тауарларын жібергісі келеді. Біз де сөйтеміз. Бұл бір жағынан пайдалы. Бірақ мұндай санкциялар өмір-бақи болады екен деп алданып та қалмау керек. Қазір егіннің бәрін егіп, Ресейге апарамыз делік. Ертең Ресей санкцияны алып тастап, бұрынғы үрдіске қайта келетін болса ше... Сондықтан қиын жағдайға қалмау үшін алды-

СПОРТ – СТИЛЬ

порт для ребят нашего района – это не просто увлечение, это – стиль жизни. Трамплин – для покорения многих высот. В ДДЮ «Үміт», для того чтобы заниматься в кружках по интересам, приходит много ребят. Здесь они не только рисуют, танцуют, поют, шьют, но и занимаются спортом.

Ольга МАЗУР, "Меркі тынысы".

Во Дворце действует три спортивных кружка, это: по теннису, открывшийся недавно, но нашедший немалое количество юных любителей этой интересной и развивающей внимательность, ловкость, умение разрабатывать

свою тактику игры. Тренерует ребят-теннисистов прекрасный тренер, любящий свое дело и детей, умеющий находить подход к каждому ребенку, заинтересовывать его и увлекать, А.Ли.

Шахматы не зря называют зарядкой для ума, их былая популярность вновь возвращается, покоряя и увлекая все новых и новых ребят, расширяя ряды шахматистов. Тренерует юных любителей этой игры, в которую играют по всему миру, тренер Б.Алыбаев, работая не только с более взрослыми ребятами, но и с совсем маленькими, дошколятами. Действует шахматный кружок во Дворце детей и юношества "Үміт" третий год (на снимке) и за это время здесь есть уже немало достижений. Так, на областном турнире, проходившем в городе Таразе А.Асаналы занял ІІ место, на республиканском турнире, проходившем в г. Костонае, Д.Сулейманова взяла призовое место, Н.Шекербек – ІІІ, Б.Ерсаин в г. Шымкенте также завоевал ІІІ место. Хорошие результаты на соревнованиях демонстрировали и самые юные их участники, А.Курмаш и А.Тугызбай. Большой популярностью среди мальчишек пользуется кружок по вольной борьбе (на снимке), который вот уже много лет ведет опытный тренер Ж.Дуйсебеков, воспитывая в детях волю к победе, закаляя характер. Его воспитанники уже неоднократно становились

артымызды ойлап қадам жасау керек. Мұның ақырын күтуіміз керек. Дүниеде қандай соғыс болса да, ылғи келіссөзбен бітеді. Ылғи бейбітшілікпен бітеді. Мынау да бітеді. Уақыт деген керемет күш. Уақыт өзі бәрін орнына келтіреді. Сондықтан, Қазақстанның болашағы жарқын деп санаймын. Себебі, біз ешбір елге тиісіп көрген халық емеспіз. Ешбір елге жау емеспіз. Төңірегіміздің ешқайсысы да бізге жау емес. Бізге сырттан келіп тиісейін деп тұрған ешкім жоқ. Дегенмен қандай жағдайда да өз қауіпсіздігімізді ойлап, Қарулы Күштерімізді сайлап, іші-сыртымызды, етекжеңімізді жиып, сақ отыруымыз керек. Осылай төңірегіміз бейбіт, өзіміз бейбіт, ішіміз бүтін, бірлігіміз берік болса, ұтылмаймыз. Қазақтың бірлігі – мына көпұлтты халықтың бірлігі. Біз бірте-бірте жарқын болашаққа жетеміз деп санаймын. Менің арманым, ойым – Қазақстанның мәңгілік болуы. Сондықтан Мәңгілік Ел деген идеяны ұсындым. Мәңгілік ел болу үшін бәрін жасап жатырмыз. Әнеукүні Үкіметте біраз өзгерістер жасаған себебіміз мынау: Үкімет билігінде отырған шенеуніктер саны шағын болуы керек. Ал олардың істеген жұмысы ауқымды болуы қажет. Жаңа министрліктердің басына келген басшылардың жасы 40 пен 50дің аралығында. Көпшілігі ағылшын тілін меңгерген, өз саласының маманы. Олар Ресеймен де, басқа шетелдермен де еркін сөйлесіп, келіссөз жүргізе алады. «Болашақ» арқылы оқыған, өз елімізде тәрбиеленген сондай жастарымыз қаулап өсіп келе жатыр. Бәрі де мемлекет жұмысымен айналысуда. Қазақстанның ең үлкен патриоты да, елді алға сүйрейтін де солар болады деп сенемін. Менің арманым, ойым осы. Лайым солай болсын! Қазақстанның болашағы өте жарқын! Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бұдан да керемет елде өмір сүреді деп ойлаймын. – Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Еліміздің осындай киелі де ең сұлу жерлерінің бірі – қасиетті Ұлытау баурайында ерекше сұхбат бергеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. – Жаңа өзің айтып кеткендей, мына жердің аурасы жақсы. Қазір далада күннің ыстығы қырық градусқа жуық болып тұрса да, осы Әулиебұлақтың жағасы қандай көркем. Мына тұрған қайыңдар, мынау жер сонау Жошы ханның да, Алаша ханның да, Тоқтамыстың да, Едіге батырдың да – бәрінің көзін көрген шығар. Мінекей, дүние деген осылай ылғи тұра береді. Заман өтеді, уақыт алға жылжиды. Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. Бірақ ата-бабамыздың жері осылай керемет болып қала береді. Осындай әулиелі жерден қуат алған халқымыз атабабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мәңгілік Елдің жолы! Сұхбаттасқан Ринат Думанұлы. http://www.akorda.kz/

ЖИЗНИ

победителями международных, республиканских, областных соревнований, демонстрируя высококлассную подготовку. С хорошими результатами в республиканском открытом турнире, прошедшем в г. Алматы, выступил Н.Алмасбек, завоевав ІІІ призовое место, Ж.Жорахан в турнире, проходившем в городе Туркестане, также занявший ІІІ место, а А.Олжабаев, взял на областном турнире по вольной

борьбе ІІІ место, на международном, проходившем в г. КараБалте, завоевал ІІ место. И таких побед у воспитанников Жандоса Дуйсебекова было и будет немало и они целенаправленно и упорно к ним идут, веря в то, что Казахстан станет спортивной державой мирового уровня.


27 тамыз 2014 жыл

3 Программный документ – Послание Президента страны Стратегия «Казахстан-2050» реалистичен и полным ходом уже реализуется в жизнь. Послание богато конкретикой и все задачи в нем поставлены перед народом, исходя из реальных возможностей государства. И каждый казахстанец находит в нем

что-то очень нужное и близкое для себя. Тем, что в Стратегии «Казахстан-2050» особенно запомнилось, на страницах районной газеты «Меркі тынысы» поделились меркенцы.

НАХОДЯТ ВАЖНОЕ ДЛЯ СЕБЯ Нурболсын Бахашов, предприниматель: – «Отечественное предпринимательство является движущей силой нового экономического курса», отметил в Стратегии «Казахстан-2050» Глава государства. И доля малого и среднего бизнеса в экономике постоянно растет, так как государством создаются благоприятные условия для того, чтобы каждый человек, имеющий желание, мог попробовать себя в бизнесе, открыть и реализовать свое дело, которое ему по душе. Ведь чем больше доля малого и среднего бизнеса, тем богаче и краше будет Казахстан. И, конечно же, то, что поощряется стремление малого и среднего бизнеса к объединению и кооперации, создается система их поддержки и поощрения, меня очень радует. Поддерживаю я, как предприниматель, задачу, озвученную Главой государства в Стратегии «Казахстан-2050» о том, что мелкие и индивидуальные предприниматели должны иметь все предпосылки, чтобы перейти в разряд средних и работать еще на больший результат, перерастая в сильный бизнес, движущую силу нового экономического курса. Зелимхан Хатуев, выпускник колледжа экономики и строительства им. А.Аскарова: – Как отметил в Стратегии «Казахстан-2050» Глава государства: «Развитие казахского языка, культуры и традиций при сохранении самобытности всех национальностей является нашим стратегическим приоритетом». И знать государственный язык, уважительно к нему относиться должен каждый. Сам я владею казахским языком на высоком уровне с детства и, как наш Президент, считаю, что выпускники школ должны знать казахский, русский и английский языки, что станет для них дальнейшей путевкой к успеху, развитию, ведь казахский язык – это наш духовный стержень. И задача молодежи развивать его, активно используя во всех сферах. Это вопрос, который должен самостоятельно решать каждый уважающий себя человек, тем более, что государством со своей стороны многое делается для укрепления позиции государственного языка. И каждый казахстанец должен помнить о том, что знание казахского языка – в наших руках.

ЯРМАРКА ВАКАНСИЙ ПОМОГАЕТ В ПОИСКЕ РАБОТЫ Сегодня, для улучшения общей ситуации на рынке труда, социального климата района, особое значение приобретает проведение ежегодных ярмарок вакансий, создание социальных рабочих мест, направление безработных на оплачиваемые общественные работы, на курсы повышения квалификации и профессионального переобучения. Ольга АЛЕКСЕЕВА, Еркин ЖАСЫБАЕВ (фото), «Меркі тынысы». 21 августа т.г., в очередной раз, в фойе районного Дома культуры прошла, ставшая уже традиционной, ярмарка вакансий, организованная и проведенная отделом занятости и социальных программ райакимата, совместно с КГУ «Центр занятости» райакимата и райфилиалом партии «Нур Отан», на которой присутствовали аким района Б.Копбосынов, заместитель акима района Т.Рыскулбеков, секретарь раймаслихата И.Ахметжанов, начальник отдела областного управления координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области Г.Мейрманов, начальник отдела занятости и социальных программ райакимата Ш.Абылкасымов, акимы сельских округов и др. На ярмарке вакансий безработные граждане, молодые специалисты, недавно окончившие ВУЗы и находящиеся в поисках работы, люди с ограниченными возможностями и большим желанием работать, получили возможность изучить вакансии, которые предоставили для них 37 предприятий, организаций, учреждений и ИП, такие как ТОО «Алкопищепром», средние школы, ТОО «Айя сервис», детский сад в селе Андас батыра, ИП «Бахашов» и др. и выбрать для себя подходящие, а работодатели – укомплектовать рабочие места специалистами. В общей сложности, вакантными оказалось 42 свободных рабочих места. К тому же учебные заведения, колледжи города Тараза и села Кулан предлагали тем, кто не имеет специальности, пройти на их базе обучение по таким профессиям, как: швеи, пожарные, ветеринары, программисты. Специалисты отдела занятости райакимата и социальных программ и КГУ «Центр занятости» райакимата, присутствующие на ярмарке, консультировали обращающихся к ним граждан, касательно возможности переобучения и получения новой профессии, прохождения молодежной практики, вопросов безопасности и охраны труда, а также рассказывали им о порядке приема документов. Всего на обучение новым специальностям на ярмарке записалось 12 человек, которые в

управленческих достижений наши традиции животноводства». Результатом принятых мер станет увеличение к 2050 году доли продукции сельского хозяйства в ВВП страны в 5 раз. Одним словом, Казахстан должен стать одним из крупных региональных экспортеров мясной, молочной и другой продукции земледелия. И я думаю, государство сможет этого добиться, ведь не зря село всегда называли житницей и кормилицей. Акбота Калкабаева, бухгалтер ТОО «Жасыл Мерке»: – Я горжусь тем, что живу в Казахстане. Тем, что с самого обретения независимости забота о будущем, о молодом поколении всегда были в числе главнейших приоритетов государственной политики, проводимой Главой государства. Все шаги Президента направлены на то, чтобы новое поколение казахстанцев могло реализовать себя в жизни, всегда находят в сердцах моих друзей и в моем сердце и душе горячий отклик и искреннюю благодарность. Еще со школьной скамьи мы старались принести пользу своему государству, строя планы, серьезно задумываясь о судьбе Родины. У меня большие планы, которые я хочу воплотить в жизнь, став высококлассным специалистом, трудясь на благо своей страны. Беседовала Ольга МАЗУР.

работу граждан, в том числе 6 человек с ограниченными возможностями, было представлено 42 вакансии, 36 человек получили направления на работу и трудоустроились, из них 2 человека с ограниченными возможностями нашли для себя работу. Помимо этого, ярмарка должна привлечь внимание самостоятельно занятых граждан, осуществляющих свою деятельность в районе, что также поможет в вопросе решения проблемы занятости.

О ЧЕМ РАССКАЗАЛИ ВКИ И Ш ПОД

Александра Пономарева, главный специалист ветеринарии Меркенского сельокруга: – «Развитие фермерства и МСБ в сельхозпереработке и торговле – это ключевая задача», говорит Глава государства в своем Послании народу Казахстана Стратегия «Казахстан-2050», отмечая, что «необходимо изменить культуру земледелия и возродить, с учетом новых научных, технологических,

сентябре месяце т.г. уже приступят к обучению в колледжах по выбранным специальностям. Организаторы ярмарки в этот день отметили, что подобные мероприятия сегодня среди граждан очень востребованы. Шансов устроиться на работу много и у тех, кто имеет технические, педагогические, юридические и у тех, кто имеет рабочие специальности. Каждому, благодаря ярмарке вакансий, нашлось здесь дело по специальности, душе и способностям. Вместе с тем,

ярмарка вакансий предоставила для меркенцев отличную возможность ознакомиться с рынком труда, а также с ее помощью научиться тому, как проходить собеседование, правильно составлять резюме. В целом в ярмарке вакансий, прошедшей в РДК, приняли участие 37 работодателей, 85 ищущих

Листая пожелтевшие страницы подшивок районной газеты «Сталин жолы» – предшественницы районной газеты «Коммунизм туы» («Знамя коммунизма»), а ныне «Меркі тынысы» («Меркенский вестник»), словно переносишься в бурные дни того времени, с интересом узнавая то, о чем тогда рассказывала газета, куда направляли острие своих перьев журналисты – об этом и вещают, ставшие уже давно историей, подшивки. Ольга ОСИПОВА, "Меркі тынысы" В первые годы своего существования газета вела большую работу по мобилизации тружеников района на борьбу за индустриализацию промышленности и коллективизацию сельского хозяйства. Все предвоенное время газета ярко освещала успехи передовых коллективов и ударников стахановского движения, призывала следовать их примеру. Часто в ней публиковались статьи об агитмассовой работе. Одна из них «Усилить агитационную

работу, шире развернуть критику и самокритику» была напечатана в газете за 15 сентября 1937 года. В ней, в пример другим, поставлена образцовая работа некоторых агитаторов, их опыт. Перелистывая подшивки далее, можно заметить, что многие участки бывших колхозов были отдельными колхозами. Всего тогда было 13 колхозов. Затем у многих изменились названия. Активными рабселькорами того времени были: С.Керимбаев, Т.Кыздарбеков, К.Бердикулов, О.Тасанов, К.Алтынбеков и другие. Все эти авторы писали о добрых делах тех хозяйств, остро критиковали недостатки. В грозные годы Великой Отечественной войны газетные полосы были заполнены правительственными сводками о положении дел на фронтах, читатели на ее страницах могли найти описание ратных подвигов своих земляков, самоотверженного труда тех, кто в тылу ковал победу над врагом. 1 октября 1941 года были опубликованы образцы шрифта русского алфавита, под заголовком «Ознакомьтесь с новыми буквами». С тех пор, вместо латинского шрифта газета стала печататься русским шрифтом для текстов на казахском языке. Часто появлялись на свет материалы творческих работников

и активных авторов газеты о восстановлении народного хозяйства в послевоенные годы. Читая эти статьи, в глаза бросается то, что они стали излагаться на литературном языке, стилистически грамотно. В 1955 году «Сталин жолы» переименовали в «Коммунизм туы» и газета стала выходить на русском языке «Знамя коммунизма». Ежедневный тираж газеты увеличился на 1500 экземпляров, а затем достиг десяти тысяч экземпляров. Так, газета «Знамя коммунизма» заметно росла во многих отношениях. В первую очередь, это происходило благодаря тому, что штат газеты в основном состоял из профессиональных, способных журналистов, чей труд делал районку содержательной, кто стремился раскрывать и пропагандировать передовой опыт, поднимать проблемные вопросы, бороться с недостатками. Но в этом, конечно, главным судьей всегда был читатель. Главным судьей для районки он остается и сегодня, когда она уже разительно преобразилась, улучшила свой внешний вид, который очень сильно отличается от прежнего. Районка и сегодня остается в строю и продолжает быть «зеркалом» района, как и в те далекие годы.


Ақтоған ауылдық округіне қарасты Ақтоған ауылында өткен жиналыстың

ХАТТАМАСЫ

Ақтоған ауылы 21.08.2014ж Жиналысқа қатысқандар: О.Қосубаев – Ақтоған ауылдық округінің әкімі А.Медетбеков – жергілікті қоғамдастық мүшесі Ж.Абдраимов – жергілікті қоғамдастық мүшесі К.Алимқұлов – жергілікті қоғамдастық мүшесі және жаңа көше тұрғындары мен ауылдық әкімшілік мамандары. Барлығы – 28 Жиналыс төрағасы – О.Қосубаев Хатшысы – А.Жантайбаев

Күн тәртібінде Ақтоған ауылдық округі, Ақтоған ауылы аумағындағы жаңа көшеге атау беру туралы. Тыңдалды: Жиналысты Ақтоған ауылдық округінің әкімі О.Қосубаев күн тәртібіндегі мәселе бойынша ашып, өз сөзінде Ақтоған ауылының батыс жағынан округ бойынша азаматтарға тұрғын үй құрылысын салуға берілген жер телімдеріне бүгінгі күні 12 тұрғын үй салынды. Жаңадан екі үйдің құрылысы аяқталу үстінде, жер телімдеріне құрылыс материалдарын түсіріп, үйдің құрылысын бастап жатқан үйлер де бар. Осы жаңа ашылған көше тұрғындарының пікірін ескере отырып, көшеге атау беру қажет екенін айтып өтті. Сөз кезегін алған көше тұрғыны Ж.Қашқымбаев, бұл көшеде жаңадан салынып жатқан үйлердің құрылысы жылдан-жылға өсу үстінде, осы жаңа көшеге географиялық «Ақтікен» атауы берілсе деп ұсыныс жасады. Көше тұрғындары К.Бөркеева, Ж.Шакаров, С.Шохаев, С.Орынбековтар өздерінің сөздерінде жаңа көше туралы өз пікірлерін айтып, алдағы шығып сөйлеген көше тұрғындарының пікірлерін айтып, қолдайтындықтарын білдіріп, жаңа көшеге округ аумағындағы географиялық «Ақтікен» атауына келісетіндерін айтты. Жарыссөзден соң Ақтоған ауылындағы атауы жоқ жаңа көшеге географиялық «Ақтікен» атауын беру дауысқа салынды. Көпшіліктің дауыстары бойынша жиналысқа қатысқан жаңа көше тұрғындарының барлығы "Ақтікен" атауын бірауыздан қолдады. Қарсы және қалыс қалғандар жоқ. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жиналысқа қатысып отырған көше тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ақтоған ауылының батыс жағындағы жаңа көшеге «Ақтікен» атауы берілсін деген ортақ шешімге келді. Жиналыс шешімі: Ақтоған ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Ақтоған ауылының батыс жағындағы жаңа көшеге «Ақтікен» атауын беру туралы ұсыныс тиісті органға жолдансын. Жиналыс төрағасы, О.Қосубаев Жиналыс хатшысы, А.Жантайбаев

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Меркі аудандық пошта торабы және кәсіподақ комитеті аудандық пошта торабы бастығының орынбасары Райымбаев Қонысбек Сәдібайұлын 28-тамыз 50 жасқа толған мерейжасымен құттықтайды! Құрметті Қонысбек Сәдібайұлы! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық тілейміз. Еңбегіңіз жемісті болып мерекелі, берекелі сәттеріңіз көп болсын.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Меркі аудандық пошта торабы және кәсіподақ комитеті пошта қызметінің фельдегер-маманы Бүркітбаев Асан Түргенбайұлын 26-тамыз мерейлі 50 жасқа толған қуанышты күнімен шын жүректен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, еңбегіңізге жеміс тілейміз. Көңіліңіз шат, отбасыңыз аман болып ортамызда жүре беріңіз.

Ойтал ауылдық округі, Крылов көшесі тұрғындары жиналысынан

ХАТТАМА

Ойтал ауылы, 2014 жылғы 21-тамыз Қатысқандар: Жиналыс төрағасы – Ойтал а/о әкімі Қ.Шайхиев. Жиналыс хатшысы – округ әкімдігінің бас маманы – Н.Сағындықов Крылов көшесінің тұрғындары, барлығы 35 адам Күн тәртібі 1.Крылов көшесінің атын өзгерту туралы Жиналысты Ойтал ауылдық округінің әкімі Қ.Шайхиев ашып, жиналған қауымды тұрғындар жиналысының күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлама жасау үшін Қ.Шайхиев сөз алды. Ол өз сөзінде Крылов көшесінің атын өзгерту, бұл көшеге соғыс және еңбек ардагері, Меркі аудандық коммуналдық шаруашылық комбинатын 1959-1962 жылдары басқарып, халықты таза сумен қамтамасыз етуге зор үлес қосқан әйгілі жерлесіміз Сыбанбай Құралбаевтың есімін беруді ұсынды. Бұл ұсынысты көше тұрғындары Н.Айтбаев, С.Омашев, Ж.Бекмағамбетов қолдап, дауысқа салуды сұрады. Тұрғындар Крылов көшесіне Сыбанбай Құралбаевтың есімін беруді көпшілік дауыспен бірауыздан қолдады. Тұрғындар жиналысы қаулы қабылдады: 1. Ойтал ауылындағы Крылов көшесі ауданның Құрметті азаматы, соғыс және еңбек ардагері Сыбанбай Құралбаевтың атына өзгертілсін. Жиналыс төрағасы, Қ.Шайхиев Жиналыс хатшысы, Н.Сағындықов.

РЕМОНТ стиральных машин-автоматов, аристонов. КУПЛЮ неисправную стиральную машину-автомат. Обращаться по тел.: 87053102928.

ОО "Шахматная федерация Меркенского района" выражает искренние соболезнования директору ПТ "Зико и К0" Мырзабаеву Зекену Токтахановичу в связи с кончиной отца, ветерана труда МЫРЗАБАЕВА ТОКТАХАНА АЙДАРБЕКОВИЧА

ТОҚТАХАН МЫРЗАБАЙ АЙДАРБЕКҰЛЫ Меркі елінің аяулы перзенті, ақылман қариясы, бар саналы ғұмырын ізгілікке арнаған Тоқтахан Мырзабай Айдарбекұлы 85 жасында өмірден озды. 1929 жылы Меркі ауданы, Ойтал ауылында өмірге келген ол 1950 жылы Алматыда Абай атындағы педагогикалық институттың тарих факультетін бітіріп, 1952-59 жылдары Шу ауданы, «Ақтөбе» ауылындағы орталау мектепте оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1952-59 ж. Жамбыл облыстық комсомол комитетінің лекторлар тобының меңгерушісі, 1953 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Меркі ауданында «Кеңес», Ақкөз Қосанұлы атындағы (бұрынғы Калинин) мектептерде директор, аудандық партия комитеттерінде үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің төрағасы, аудандық мұрағаттың директоры болып еңбек етті. 1971-1986 ж. Бүкілодақтық «Білім» қоғамының аудандық басқармасының төрағасы болып сайланып, осы қоғамның медалімен және бірнеше рет мақтау грамоталарымен марапатталды. 1976 ж. «Білім» қоғамының арнайы туристік жолдамасымен Индия, Шри-Ланка елдеріне барып қайтты. 1916 ж. Ақкөз Қосанұлының бастауымен Меркідегі тәуелсіздік үшін күрестің Отан тарихында өз орнын алуы жолында іргелі жұмыстар атқарды. Оның ішінде: «Ақкөз батыр» жинақ-кітабын құрастырушы және «Ақкөз батыр» бейнефильмінің сценариін жазуға қатысқан, Меркідегі халықаралық конференциясын ұйымдастырушы, мұражайдың ашылуы, мектеп, көше атын беру және т.б. Ақкөз батырға арналған көптеген іс-шараларды ұйымдастырды. Осындай елеулі еңбектері үшін «1941-45 ж.ж. ҰОС жылдарындағы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің елу жылдығы» мерекелік медалімен «Тың және тыңайған жерлерді игеруге қосқан үлесі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағына ие болып, бірнеше рет аудандық, ауылдық кеңестің депутаты болып сайланды. Балаларының ардақты әкесі, немере-шөберелерінің сүйікті атасы, үлкен әулеттің асқар таудай тірегі Тоқтахан Мырзабай Айдарбекұлының жарқын бейнесі оны білетін, қызметтес болғандардың жүрегінде ұзақ сақталады. Қош бол, бақұл бол, ардақты аға! Аудан әкімдігі, аудандық мәслихат, аудандық ардагерлер ұйымы президиумы.

ХАБАРЛАНДЫРУ Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, (Е-R-1 cанаты, 1-бірлік); аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы, (Е-R1 cанаты, 1-бірлік); аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, (Е-R4 санаты, 1-бірлік); Ақермен, Кеңес ауылдық округ әкімі аппараттарының бас маман іс-жүргізушілері, (Е-G-3 санаты, 2-бірлік); Жамбыл, Ақарал, Меркі, Сарымолдаев ауылдық округі әкімі аппараттарының бас маман ветеринарлары, Е-G-3 санаты, 4-бірлік «Б» корпусының барлығы 9 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасу туралы конкурс облыстық «Ақжол» газетінің 2014 жылдың 19 тамыздағы №119 (17976) және «Знамя труда» газетінің 2014 жылдың 19 тамыздағы №90 (17963) санды нөмірлеріне жарияланғандығын хабарлаймыз. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесі

АҚ ТІЛЕК Сұрат ауылдық округінің «Балапан» балабақшасынан шаруашылық меңгерушісі Нұрман Ринат Қонысбайұлын тамыз айының 28-жұлдызында болатын 40 жас мерейтойымен құттықтаймыз. Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да, тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңызға ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын. Тілек білдіруші: «Балапан» балабақшасының ұжымы.

Қаçàқñòàí Ðåñïóáëèêàñû Әділет ìèíèñòðëiãi Жамбыл облысының әділет департаменті Меркі аудандық әділет басқармасында òiðêåëiï, ¹308 -1919-06-ЖШС êóәëiãi áåðiëãåí Ìåíøiê èåñi: "Ìåðêi òûíûñû"-Бàñïàñû" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Директор, бàñ рåäàêòîð – Айдар ОСПАНАЛИЕВ Жауапты хатшы Назира ЖОЛДАСБАЕВА БӨЛІМДЕР: Ауыл шаруашылығы – Бақтыбай АБАЙ Қоғамдық-саяси – Ольга МАЗУР Хат және жарнама – Мейіркүл ӘБЖАНҚЫЗЫ ТІЛШІЛЕР: Нұрбану КАМАЛ Ольга АРТЮЩЕНКО ФОТОТІЛШІ: Еркін ЖАСЫБАЕВ ДИЗАЙНЕР Ержан АБАЕВ КОМПЬЮТЕР ОРТАЛЫҒЫ: Ирина ӘЛИЕВА Анар ҚАЗАҚБАЕВА

Индекс: 080500, Æàìáûë îáëысы, Мåðêі ауданы, Ыñìàйыëîâ көшесі ¹349.

РЕДАКЦИЯНЫҢ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ: Òåëефондар: Бас ðåäàêòîð – 4-07-33 (факс.), бөлімдер – 4-07-35; 4-07-58; есепші – 4-07-34

ХАБАРЛАНДЫРУ Т.Рысқұлов а/о аумағындағы Интернациональный ауылының атауын «Бейбітшілік» ауылы деп қайта атауға байланысты тұрғындармен округ қауымдастық мүшелерінің жиналысы 2014-жылы тамыз айының 28-жұлдызында сағат 12.00-де ауылдық әкімшілік ғимаратында өтеді. С.ЕСЕНОВ, Т.Рысқұлов ауылдық округінің әкімі В связи с прекращением предпринимательской деятельности Омаровой Клары Джаксылыковны, ИИН 610903402564, все претензии принимаются в течение одного месяца после опубликования по адресу: с. Акарал, ул. Кыздарбекова, 4/1.

* * *

В связи с прекращением деятельности КХ «Жанар А.К.», на имя Орынбас Алмерековой, ИИН 450119400096, все претензии принимаются в течение одного месяца после опубликования по адресу: с. Мерке, ул. Мухамеджанова, 15/1.

ПРОДАЮТСЯ 4-х комнатная квартира, сделан евроремонт, участок 9,5 соток (поливной), по адресу: ул. С.Ахтамбердиева, 67/4 (в районе асфальтного завода). Имеются телефон, газ, водопровод, отдельная кухня, гараж, подсобное хозяйство. Возможна ИПОТЕКА. Обращаться по тел.: 4-11-18; 87074542945.

* * *

дом из 3-х комнат, участок 10 соток, по адресу: с. Мерке, ул. Толстого, 4. В дом проведены газопровод и водопровод. Большой двор, огород. Обращаться по тел.: 87021154522; 87774222715; дом.: 87262340682.

ПРОДАЮ

гостиницу, кафе-бар, баню-сауну. Обращаться по тел.: 4-26-70; 87776985470.

vestnik - merke@mail.ru

Ãàçåò àðàëàñ-қàçàқ æәíå îðûñ òiëäåðiíäå àïòàñûíà 2 ðåò – ñәрñåíái, жұма êүíäåði øûғàäû. Ðåäàêöèÿ àâòîðëàðäûң êөçқàðàñû šүøií өçiíå æàóàïêåðøiëiê æүêòåìåéäi. Ãàçåò îôñåòòiê òәñiëìåí "ÌÒ" áàñïàñûíäà áàñûëғàí. Êөëåìi 1 áàñïà òàáàқ.

Кезекшілер:

М.ӘБЖАНҚЫЗЫ, О.МАЗУР ТАРАЛЫМЫ: 3629 дана


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.