№66-08.20.2014

Page 1

МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА – ЕЛ ҚОРҒАНЫ Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп егеменді ел болып, етекжеңімізді жинап, әлемнің алдыңғы елдерімен терезесі тең мемлекет құрғанымызға, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде тұғырын тіктегеніне 23 жыл толғалы отыр. Тәуелсіз, дамыған Қазақстанымызды бүгінде халықаралық қауымдастық Орта Азиялық көшбасшы, шынайы әріптес, тату көрші, тағылымды дос ретінде таниды.

2-бет.

№66 /10223/ сәрсенбі, 20 тамыз 2014 жыл

Меркі аудандық газеті (Жамбыл облысы)

.

Газет 1934 жылғы 15-қыркүйектен бастап шығады

Сессия

Бәрекелді!

АУДАН ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

Өткен дүйсенбіде аудандық мәслихаттың ХХХІІ сессиясы болды. Үлкен мәжіліс залында өткен басқосуда оған төрағалық еткен аудандық мәслихаттың депутаты Г.Михеев оны ашып, өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауда атқарған жұмыстары туралы аудандық мәслихат депутаттары алдында есеп беру үшін аудан әкімі Б.Б.Көпбосыновқа сөз берді. Б.БЕКТҰРСЫНҰЛЫ, Е.ЖАСЫБАЕВ (сурет),"Меркі тынысы".

Бақтияр Бейсембайұлы есепті кезеңде ауданды экономикалықәлеуметтік дамыту бағытында әр сала бойынша атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндап, алдағы міндеттерге де тоқтала кетті. Есепті баяндама бойынша жарыссөзде аудандық оқу бөлімінің басшысы Ж.Жантелиев, аудандық мәслихаттың депутаттары Н.Қойшыманова, Б.Жексембиев, Меркі ауылдық округінің әкімі Е.Қосуақов, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі Ж.Абдуллаев сөз

сөйлеп, аудан әкімінің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Халық қалаулыларының бірауыздан ұйғарымы бойынша аудандық мәслихаттың келесі сессиясына аудандық мәслихаттың депутаты Ә.Керімқұлов төрағалық ететін болды. Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. (Сессияның жұмысы туралы газетіміздің алдағы нөмірінде кеңірек таныса аласыздар).

Егіс алқаптары үшін ағынсудың жетіспеушілігі жылдан-жылға өткір проблемаға айналып келеді. Диқан-бағбандар биылғыдай құрғақшылық жағдайда мұның қиыншылығын көп көруде. Бақтыбай АБАЙ, Еркін ЖАСЫБАЕВ (суреттер), "Меркі тынысы".

ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ игілікке жарай бастады

Бұдан шығар жол қайсы? Елімізде, ауданда қандай шаралар қарастырылуда? Қалыптасқан жағдайды еңсерудің негізгі, бірегей амалы – ылғалсақтағыш технологияларды пайдалану, суды барынша шаруақорлықпен жұмсауға қол жеткізу. Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында: «Жасыл экономикаға көшу жөніндегі қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай егіс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына көшірілетін болады», – деп көрсеткені белгілі. Біздің ауданда да бұл бағытта жақсы бастама, нақты істер бар. Өткен аптада «Сыпатай батыр» серіктестігінде тек бір шаруашылықтағы ғана емес, бүкіл аудан өміріндегі атап айтарлықтай үлкен оқиға – жүгері алқабы тамшылатып суғарыла бастады. Бұл күнді асыға күткеніміз рас. Серіктестік басшысы, облыстық мәслихат депутаты Қанат Шайхиев (жоғарғы суретте) прогрессивті

су қолмен суғарылғаннан гөрі төрт есе аз жұмсалады екен. Жұмысын екі-ақ адам жүргізіп, қадағалайды. Қазір сөйтіп тамшылатып суғару технологиясымен шаруашылықтың 55 гектар дәндік жүгері егістігі суғарылуда (суретте). Әрине, шетелдік қондырғыны алып, іске қосу оңай

технологияны енгізуді көздеп, аудан әкімінің қолдауымен бұл игі іспен соңғы 1-2 жыл көлемінде барынша ықылас қоя айналысты. Тәжірибелерімен танысу үшін Түркияға да барып қайтты. Міне, сіңірген еңбектің, ұмтыла білудің нәтижесі – осы елдің әлем мойындаған тиімділігі зор тамшылатып суғару қондырғысы игілікке жарап отыр. Бұл әдістің тиімділігі сонда –

емес. Құны 16 млн. 385 мың теңге тұрады. Алып келген соң құруының өзіне 2 айдай уақыт кетті. Шымкенттегі «Жеміс LТД» қазақтүрік фирмасының мамандары қондырғыны құрастырып, алқап басына қоюға көмектесіп, сыпатайлықтарды үйретті де. Қанат Шайхиевтің айтуынша, өркениетті елдер қатарына қосылған Түркияда егісті, баубақшаны суғаруда қолсушы жоқ,

КӨШЕЛЕР АТАУЛАРЫ ӨЗГЕРТІЛУДЕ Ауданымыздың елді мекендерінде көптеген көшелердің аттары ескіше аталып, халық көңілінен шықпай келгені белгілі. Жарияланған мараторий мерзімі аяқталысымен біздің ауданымызда да бұл мәселе шешіле бастағаны қуанышты. Өткен жұмада Сарымолдаев ауылдық округіндегі Кубань көшесінің тұрғындарының жиыны өтіп, оны ашқан ауылдық округ әкімінің орынбасары Ж.Сүндетова бұл көшенің атын өзгертіп, оны кезінде ауданға еңбегі сіңген Омар Карбозовтың есімімен атау жөнінде ұсыныс барлығымен таныстырды. Жиында сөз сөйлеген жеке кәсіпкер, О.Карбозовтың немересі А.Омаров, көше тұрғындары Т.Әкетаев,

А.Ешмұханбетов, Н.Мәнкеева өз пікірлерін білдіріп, Омар Карбозов көрнекті қоғам қайраткері Қабылбек Сарымолдаевпен бірге болып, колхоздастыруға, ауданымызда қызылша шаруашылығын өрбітуге негіз қалауға белсене атсалысқанын айтты. Көшеге оның атын беруді, ұсынысты қолдайтындықтарын жеткізді. Сөйтіп жиында Кубань деп аталып келген көшеге О.Карбозовтың атын беру туралы қаулы шығарылды.

Аудандық "Меркі тынысы" басылымына – 80 жыл!

тамшылатып суғару, жаңбырлатқыш агрегаттар жаппай пайдаланылады. Соның арқасында мұнда гектар түсімі біздегіден гөрі көп жоғары. Сөйтіп азық-түлік молшылығы жасалған. Біздегі 45-50 теңге тұратын нан, теңгеге шаққанда 16 теңгеден сатылады. Яғни, Түркияда егіншіліктің мәдениеті жоғары. Ал, біз меркіліктер құрғақшылық болды, су аз деп өткен жылғыдан екі еседей аз дән жинаудамыз. Суды үнемдеу технологиясын қолдансақ, қолайсыз ауа райында да суғармалы алқаптан әлдеқайда мол өнім жинар едік. Сыпатайлықтардың ырысына қарай басшы болып жүрген Қ.Шайхиев, оның шаруашылығы тек жерлестерінің ғана емес бүкіл ауданымыздың беделін көтеріп жүргені ақиқат. – Шіркін, енді электр желісін алысырақтағы егістік басына тартқызып алсам, қант қызылшасын, басқа да дақылдарды неге тамшылатып суғармасқа, – дейді Қанат бізбен әңгімесінде. Осы орайда айта кетудің реті келіп тұр. Түркияда қант қызылшасының әр гектарынан әр отбасы 1 млн. теңгедей табыс алады екен. Ал, біздің меркіліктер бүкіл шаруашылық («Сыпатай батырдан» басқасы) болып мұндай көрсеткішке жетіп жүр ме? Әрине, жоқ. Шығынға баттық деп қызылшаны зордыңзорымен егіп жүргені қаншама? Осыған қарап «Бәрекелді, Қанат, еңбегің жансын. Енді өзіңдей басшы өзге шаруашылықтардан да табылып, Меркінің бұрынғы даңқын жаңғыртуға іс жүзінде үлес қосып жатқай», – дейміз.


20 тамыз 2014 жыл

2

МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА – ЕЛ ҚОРҒАНЫ Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп егеменді ел болып, етек-жеңімізді жинап, әлемнің алдыңғы елдерімен терезесі тең мемлекет құрғанымызға, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде тұғырын тіктегеніне 23 жыл толғалы отыр. Тәуелсіз, дамыған Қазақстанымызды бүгінде халықаралық қауымдастық Орта Азиялық көшбасшы, шынайы әріптес, тату көрші, тағылымды дос ретінде таниды.

Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты күш-қайрат керек болса, оны сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат та керек болатыны белгілі. Тәуелсіздік алу, мемлекетімізді құру оңай шаруа болған жоқ, оның ауыр-ауыр жолдан өткен күрделі тарихы болды. Бұл Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың аңсаған арманы еді. Яғни, ел тәуелсіздігі бүгінде халқымыз үшін ең ұлы құндылықтардың бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде 1992 жылдың 18-тамызында Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Мемлекеттік күзетті қамтамасыз ету мақсатында ҚР ҰҚК Шекара қызметін құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Осы уақыттан бері 22 жылдың мерзімі өтті. Бүгінде шекарашылар еліміздің шебінде сенімді қорғанына, қорғаушысына айналды. Ұлан-асыр Арқадан Алатауға, Алтайдан Атырауға дейін созылған Отанымыздың барлық шептері қырағы күзетіліп, мемлекеттік шекарамыздың тыныштығы бұзылмай келеді. Осы атқарылып жатқан шекарашылардың жауынгерлік іс-әрекетінің барлығы тәуелсіз еліміздің, өсіп өркендей беруіне қосқан үлесі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Елдің тыныштығы – Мемлекеттік шекараның тыныштығына тікелей тәуелді» деген. Егемен еліміздің шекарасын қорғау ҰҚК Шекара қызметіне жүктеліп отыр. Ол үлкен жауапты да, абыройлы міндет. 22 жыл ішінде шекарашылар өмірінде талай-талай өзгерістер, қиын да күрделі жағдайлар болды. Соған қарамастан шекарашылар өз міндеттерін қажырлылықпен атқарып келеді. Шекара әскерінің өзіндік даму деңгейі жоғарғы сатысына аяқ басты. Реформаларды жүзеге асыру, барлығымыздың жауапкершілігімізге, шыдамдылығымызға, кәсіби қызметтік шеберлігімізге байланысты. Өздеріңіз білетіндей тарихы мол тағылымы зор киелі Тараз қаласы орналасқан Жамбыл облысының Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Жамбыл, Жуалы аудандары мен кейбір елдімекендері аймағынан мемлекеттік шекара өтеді. 2000 жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Оңтүстік өңірлік басқармаға қарасты Тараз шекара жасағы құрылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге бұйрық алған ең алғашқы Ақсуат, Қайнар, Қарасу, Қайыңды, Қарасай батыр шекара заставалары. Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы әкімшілік аумақтық шекараны жоспарлы күзету осы уақыттан бастау алды. Бүгінгі таңда шекара күзетін жүйелі жетілдіріп, шекара бойын инженерлік қондырғылармен беріктендіріп шекарадағы әскери бөлімдерді заманауи техника, құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуде мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Бұл атқарылып жатқан іс-шаралар өз кезегінде ел шебінің қырағы күзетіліп, шекара сақшыларының материалдықтехникалық базасының және тұрмыстық-әлеуметтік жағдайларының жақсаруына әкелді. Жеке құрамның өз міндеттерін атқаруға барлық жағдай жасалған. Қазіргі уақытта озық техникалармен, жетік білімді мамандармен

мемлекеттік шекараны күзетіп отырмыз. Шекара қызметінің қыр-сырын үйретіп, жауынгерлік жетістігін жалғастыратын, өзін шекарашы болам деген еліміздің азаматтарын келісім-шарт негізінде, әскери қызметіне шақырып алудамыз. Мемлекеттік шекараны бүкіл халқымыз күзету жолында бірлесіп атқаратындықтан, шекара жасағы мен шекара шебіндегі заставалар мен жергілікті билік өкілдері, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы және аудандық ұжымдармен, қоғамдық жастар орталығы, Ауған соғысы ардагерлер ұйымы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, жоспарлы түрде, барлық мәдени ісшаралар келісімді түрде өткізіледі. Жергілікті халықпен кездесулерде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңның баптары өз деңгейінде түсіндіріледі. Мемлекеттік шекара бұзушылық іс-әрекеттердің алдын алу шаралары ұйымдастырылады. Біз мемлекеттік шекараны күзетсек, кейбір азаматтар осы шекараны бұзу әрекеттеріне жол береді. Осыған байланысты, жергілікті билік өкілдерімен, құзырлы заң орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында бірлесіп ел игілігі үшін қызметтер атқарылуда. Көптеген контрабандалық іс-әрекеттерге тосқауыл қойылуда. Атап өтсек 2014 жылдың 8 айы ішінде 106 мемлекеттік шекара бұзушы ұсталып, 56 контрабандалық ісәрекетке тосқауыл қойылып, 1 млрд. 350 млн теңге көлемінде халық тұтынатын рәсімделмеген тауар тәркіленді. Сонымен қатар есірткі заттары 6 кг 702 гр. гашиш, 22 кг 405 гр. марихуана ұсталып, құзырлы орындарға тапсырылды. Осы тұрғыда барлық тұрғындарға, билік өкілдеріне бізге қолдау, көмек көрсетіп жатқандары үшін алғысымыз шексіз. Шекара жөнінде сөз қозғасақ, ең алдымен ойымызға түсетін қасиетті ұғым, ол мемлекеттік шекара. Өйткені, оны күзету ел тыныштығын қамтамасыз ету, отансүйгіштіктің нағыз белгісі болып табылады. Мемлекеттік шекараның ел болашағы үшін маңыздылығы тарихы терең, еңбегі ерен шекарашылардың ерлігі. Атабабаларымыздың аманатын қастерлеп қорғау біз үшін абырой мен міндет. Өйткені, біз егемен еліміздің қауіпсіздігі мен мемлекеттік шекарасын күзетіп, қорғайтын шекарашылармыз. М.БАЯДИЛОВ, 2035 әскери бөлім командирі, подполковник

Той жақын, ағайын!

БАБА ӘРУАҒЫ РИЗА БОЛСЫН Бұдан бұрын хабарлағанымыздай Ботбай баба тойын биылғы жылғы қыркүйек айының 19-ы мен 27-і аралығындағы бір күнді таңдап алып өткізу туралы комиссия мүшелері шешім шығарып, бұл күндері мавзолейдің құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде, соңғы жұмыстары атқарылуда. Ендігі мәселе тойды қалай өткіземіз, сол жайында әртүрлі ойпікір айтылуда. Негізі той мавзолей салынған жерде 50 ақ боз үй тігіліп, ортасына мінбер қойылып, барлық іс-шаралар сағат 8.00-ден 16.00ге дейін өтеді де, атжарыс, құнан жарыс тағы да басқасы сағат 17.00ден бастап Т.Рысқұлов ауылының астындағы атжарыс ипподромында өткізіледі. Тойға Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Бішкек, Ташкент қалалары мен Ресейден құрметті қонақтар шақырылады. Қонақтарды жақсы қарсы алып, ұйымшылдық көрсетіп, лайықты шығарып салу – той иелері Меркі, Т.Рысқұлов аудандарындағы Ботбай баба ұрпақтарының абыройлы борышы болмақ. Енді осы тойдың өтуіне өз үлестерін қосқан азаматтарды да арнайы атап өтуді жөн көрдік, яғни ел білсін, көпшілік батасын берсін деген ниетпен төмендегі тізбені

хабарлап отырмыз: Закия Зенгирова – 50 мың, Ж.Дайрабаев – 10 мың, Мақсұт Несіпбаев – 1 миллион, Али Жұматаев – 500 мың, Сәрсен Боранқұлов – 360 мың, Зекен Мырзабаев 40 мың теңге, 3 тонна цемент, Аман Тұрлымбетов (Т.Рысқұлов ауданы) – 279 мың, Ақермен ауылы – 80 мың, Қазақдиқан ауылы – 150 мың, Тұрлыбай батыр ауылы – 200 мың, "Алкотамақөнеркәсіп" ЖШС – 91250 теңге, Сарымолдаев округі – 59100 теңге, Марат Мамытқазиев – 100 мың, Сатбала Мамытқазиев – 10 мың, Қамшыбек Тұрлығұлов – 3 мың, Мырзакерім Құлыбеков – 5 мың, Өмірзақ Қаймолдаев – 10 мың, Нұралы Забитов – 5 мың, Батырбек Қасымалиев (Меркі ата мешіті) – 40 мың, Аманкелді Беделбаев – 10 мың, Күлән Дүйсенбаева – 3 мың, Жүсіп Есенғалиев – 5 мың, Төкен Жандаров – 10 мың, Сұлтан

Редакция поштасынан Осы жылдың 11-шілдесі күні аудандық газетте жарияланған Б.Абайдың «Аршаларды сақтап, алаңқайларды гүлдендірейік» деген мақаласы және ондағы Н.Назарбаевтың «Әрбір егілген ағаш әрбір қаланың, елді-мекеннің тіпті әрбір үйдің байлығы, оны мәпелеп күтіп, баптай білейік, елордамызды басқа аймақтардың, қалаларымыздың жаңаша дамуының үлгісіне, эталонына айналдырайық» – деген сөзін келтіріп, Меркіні Астанаға қаратып бой түзетіп, көшелерімізді, алаңқайларымызды гүлдендірейік, абаттандырайық, сан қумай, егілген ағаштардың сапасына көңіл бөлейік, – деп жазған журналистің тақырыбы Меркінің гүлденіп өсуі үшін зор мағынаны білдіреді, ол үшін әрбір сөзді талдап, түсіне білу керек.

Қырғызбаев – 10 мың, Әуесбек Айымбетов – 4 тонна цемент, Ханпаша Дургалова – 17100 теңге, Төлен Әлібаев – 9 мың, Ақбөпе Жазықбаева – 20 мың, Болатхан Ырысымбет – 13 мың, Сайлау Кәріпбаев (ауылдан) – 43 мың, Мұсахан Иманқұлов (Алматы қаласы) – 1 миллион, Халил Алиев – 102 мың, Жамбыл ауылдық округі – 92 мың, Кәрие Тоғызақ (ауылынан) – 37 мың, Мақсат Ережепов (АІІБ) – 150 мың, Шәміл Сүлейменов (көше тұрғындары) – 25 мың, Жорабек Баубеков – 200 мың, Маматбек Отыншиев – 100 мың, Серік Құралбаев – 20 мың, Асхат Ауғанбаев – 200 мың, Аманкелді Нәметқұлов – 50 мың, аудандық аурухана – 442 мың, Қостоған, Мыңқазан ауылы (А.Мамытов) – 298 мың, Асқар Қырықбаев – 500 мың, Болат Исақ – 200 мың, мәдениет үйі – 150 мың теңге. Баба кесенесіне ұрпақтары күнбе-күн есепшотқа аударып та, қолма қол да беріп жатыр. Көп түкірсе көл деген осы да. Баба әруағы риза болсын дейміз. ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ ұйымдастыра алмай отыр. Стадионға кіре берісте, жастарға арналып әртүрлі спорт кешендері, тіпті, кинозал да жұмыс істейді. Ал, соның ішінде бүлдіршіндерге арналған спорт алаңы сырттай өте жүдеу көрінеді, ойын комплекстері қазірдің өзінде шиқылдап тат басқан, сырланбаған орындықтар, іші арамшөп басып, жабайы болып кеткен, кірер есігі үнемі ашық, көше кезбелерінің ішімдік ішетін орнына айналған, іші толған күл-қоқыс, оны уақытымен тазалап, кешеннің дүние-мүліктерін бақылап жүрген адам көрмедім. Мен сол жермен күнде өтемін, қаншама қыруар

"АРШАЛАРДЫ САҚТАП, АЛАҢҚАЙЛАРДЫ ГҮЛДЕНДІРЕЙІК" деген тақырыптағы мақала ой тудырады

Шындығында биылғы жылы Меркі үлкен қалаларға қарай бой түзей бастады, – десе болады. Орталық базардың батыс бөлігіндегі үнемі арамшөптен арылмайтын, игере алмай жатқан бос жерге су келтіріліп, гүлзарлар жасалуы, көгеріштендіріліп, ұлтымыздың ою – өрнегі бар көшеттердің өсірілуі жүрегімізді жылытып, үлкен қалалардағыдай әсер алудамыз, бұл жақсылықтың бастамасы, – деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ Б.Абай айтқандай, көркейту, көгеріштендіру айлары кезінде егілетін ағаштардың санын қуып кетеміз, сапалы болып өсуін, яғни, оны толық суғара аламыз ба, мал жеп кетпей ме? Техника жағы қалай болады, оны күтіп қарайтын кім? деген мәселелерді ойламаймыз. Мысалы аудан әкімінің «Құлан ауылынан қай жеріміз кем, намыс қайда?» деген менің ұсыныс хатыма (№ЖТ-Ж-969, 27.ХІ.2013 ж.) берген жауабында: «аудан бойынша 2013 жылы 89000 дана тал-тарақ, 78000 дана қара ағаш отырғызылады, Сарымолдаев ауылының асфальт зауытының күн батыс жағында 14 га алаңға түрлі тал тарақтар: емен, жиде, терек ағаштары отырғызылды және аудан әкімінің 2014 жылғы жоспарында жоғарыда аталған алаңды дендропаркке айналдырып, абаттандыру, көгеріштендіру жұмыстары жүргізіледі» – деп жазған. Ал, қазір осы жоспарланған жұмыс орындалуда, – деп ойламаймын. Сарымолдаев, Мәметова көшелерінің бойындағы ағаштардың көбісі жабайы болып, суғарылмағандықтан қурап кетті. Оны Құлан ауылындағыдай, мал жемесін деп қоршап күтіп-баптап жатқан адам жоқ, мемлекеттің қаншама қаржысы далаға кетіп, ауданды зиянға отырғыздық. Қазір сол егілген ағаштардың қаншасы қалды, оны ешкім білмейді.

Егер де мүмкіндіктердің бәрі ескеріліп, істелінетін жұмыс соған қарай атқарылса, оның сапасы да, нәтижесі де болар еді. Екінші мәселе, қазіргі А.Асқаров атындағы орталық стадионның жағдайы. Стадионда қазіргі заман талабына сай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, онысына ризамыз, рахметіміз мол. Ал, стадионның батыс бөлігі «баяғы жартас – бір жартас» күйінде қалып отыр. Өткен жылы жазылған «Меркі тынысы» газетіндегі (№94, 22.ХІ.2013 ж.) «Құлан ауылынан қай жеріміз кем, намыс қайда?» және аудан әкімінің осы мақалаға берген жауап хатындағы көтерілген 5 ұсыныстың біреуі осы стадионның батыс бөлігін тәртіпке келтіру, яғни бұлақ көзін ашу, қураған ағаштарды кесіп, арықтың ішінде шөгіп қалған құм-топырақты, күл қоқыстарды тазалау, осы арықпен бұлақ суын асфальттан әрі ағызу, жалғыз аяқ жолды асфальттап, жарық орнату болатын. Бүгінгі күнге, осы жұмыстардың бір де біреуі орындалған жоқ. Ал, қалған 4 ұсыныс жөнінде әзір әңгіме көтермеймін. Аудан әкімінің маған берген жауабында (№ЖТ-Ж-969, 27.ХІ.2013 ж.), келесі жылдың көктем айында (2014 ж.), бұлақ көзі ашылады және асфальттау, жарықтандыру жұмыстары 2014 жылдың жоспарына енгізіледі, – деп жазған болатын. Жылдың жеті айы өтті, басталатын жұмысты көріп отырған жоқпын. Стадион басшысына рахмет, жөндеу жұмыстары кезінде жүргіншілердің осы жалғыз аяқ жолмен ешбір қиындықсыз жүруін қатаң бақылауда ұстады, мамырдың 19жұлдызы күні жол толығымен ашылды. Бұлақ көзін ашып, бұтақтарды кесіп, арық ішін тазалаймын, – деген адамға стадион тарапынан ешбір кедергі болған жоқ, тек бұл жұмыс

қаржы жұмсалды осы алаңға, неге осы жұмысты тәртіпке келтірмеске немесе өзін-өзі ақтау үшін ақылы қызмет ұйымдастыру керек шығар. Осы ойын алаңының бұрышында А.Асқаровтың Одақ кезеңінен ескерткішке қалған көне үлкен портреті тұр, осыны неге ауыстырмасқа. Қазір заман жақсы, ертеде өмір сүріп, ұмытыла бастаған ата-бабаларымызды да еске алып, ескерткіш-мавзолей салып жатырмыз. Кешеге дейін Одақ кезінде халқына адал қызмет жасаған, осы еңбегін көре алмаушылардың кесірінен түрме азабын да тартқан, еліміздің біртуар азаматы, Социалистік Еңбек Ері, Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің бірнеше шақырыстарының депутаты А.Асқаров біреуімізге аға, біреуімізге замандас болған, қазіргі жастардың үлгі ұстар атасына мрамордан жасалған бюсті осы стадионның кірер аузына орнатылса Жамбыл облысы ғана емес, бүкіл Қазақстан халқы риза болған болар еді, ол азамат Республика көлемінде танымал болған. Аудан әкімдігі, ауданның ақсақалдар алқасы осы мәселені шешеді, – деген үміттемін… Меркі келешекте курортты қала болуы үшін осындай кезек күттірмейтін проблемалар бар. Неге аудан әкімдігі есеп беру жиналысында бүкіл халықтың алдында уәде береді де, оны орындамайды. Қазақта мақал бар, «аяғыңды көрпеңе қарай соз» немесе «артық айтып семіз шық» деген. Уәдені орындай алатын мүмкіндікке қарай берген жөн. Басшының ел алдында орындаймын деп берген сөзі атылған оқпен тең, оны да ұмытпайық. Бірақ жыл әлі аяқталған жоқ, әлі де мүмкіндік бар, болмаса облыстың көмегіне жүгінеміз бе?! Нұрсұлтан ЖӘНІБЕКОВ, Меркі ауылының тұрғыны.


20 тамыз 2014 жыл

3 18 августа – День пограничника РК

К

ВСЯ ЖИЗНЬ ОТДАНА ГРАНИЦЕ

аждый день военнослужащие-пограничники мужественно и стойко стоят на страже независимости и целостности нашей страны. Охраняя и защищая рубежи Республики Казахстан, всесторонне подготовленные, морально закаленные и физически крепкие, они неукоснительно выполняют возложенные на них профессиональные задачи. Недаром профессия пограничника всегда вызывала уважение у окружающих людей. В День пограничника, который отмечается 18 августа, командир войсковой части 2093, подполковник Руслан Кайролдаевич Кокамбаев дал интервью корреспонденту районной газеты «Меркі тынысы» Ольге МАЗУР.

– Почему Вы выбрали для себя эту нелегкую профессию? – Так уж получилось, что я всегда мечтал стать пограничником. В 1994 году поступил в Высшее пограничное командное училище Вооруженных Сил Республики Казахстан. Службу начал в то время на самом трудном участке Государственной границы заместителем начальника пограничной заставы «Чиндалы» Ушаралского пограничного отряда охраны Государственной границы Республики Казахстан. Конечно, начинать было нелегко: служба в любых условиях, задержание нарушителей границы, контрабанды, но, со временем

пришел опыт. В становлении меня, как профессионала, помогали старшие товарищи, сослуживцы, которым я очень благодарен. – С какого времени Вы трудитесь в войсковой части 2093? – В войсковую часть 2093 меня перевели в 2013 году. Отряд стабильный, хороший, военнослужащие честно и добросовестно несут службу, точно и в срок исполняют поставленные задачи. – Какими качествами должен обладать пограничник? – Думается, что любому военнослужащему, в том числе пограничнику, должны быть присущи такие качества, как любовь к Родине, патриотизм, гражданская ответственность, способность

Есть в жизни каждого человека бесценный дар, данный нам свыше, который не купить ни за какие деньги мира. И сегодня здравоохранению в нашем государстве уделяется большое внимание, потому как «...мы должны на всей территории страны внедрить единые стандарты качества медицинских услуг, обеспечить предоставление качественных и доступных медицинских услуг. Обеспечить диагностирование и лечение максимально широкого спектра болезней...». Ольга АРТЮЩЕНКО, «Меркі тынысы».

«Дорога здоровья» снова в Мерке

Сегодня, в связи с ростом количества заболеваний, жителям нашего района, равно как и других регионов страны, требуется профессиональная помощь и консультации специалистов в области медицины и здравоохранения. В рамках реализации Государственной программы развития здравоохранения «Саламатты Қазақстан» на 2011-2015 годы, в Казахстане ежегодно, в летний период, для жителей сельской местности областей, проводится широкомасштабная акция «Денсаулық жолы». Основная цель данной акции – оказание медицинской и консультативной помощи сельскому населению, повышение информированности населения по вопросам профилактики и важности раннего выявления болезней системы кровообращения, туберкулеза и других социально-значимых заболеваний, снижения факторов риска их возникновения. В этом году эта акция в районе прошла в ВА «Ойтал» (старший врач Баян Мусаева). Кампания сопровождалась выездом мобильной бригады с передвижным флюорографическим комплексом. В составе выездной бригады прибыли врачи: травматолог-хирург, кардиолог, онколог-маммолог-уролог, фтизиатр, педиатр – детский невропатолог, а также специалисты отделов формирования здорового образа жизни (на снимке). Благодаря такой

акции, у жителей с. Ойтал и ст. Мерке появилась возможность получить бесплатные консультации приехавших специалистов, измерить артериальное давление и пройти флюорографическое обследование. Особое внимание, на сегодняшний день, уделяется здоровью матери и ребенка, профилактике туберкулеза, сердечно-сосудистых и онкологических заболеваний, вопросам прохождения скрининговых обследований, так как, чем раньше выявлена болезнь, тем легче ее излечить. Все врачи, приехавшие в ВА «Ойтал», имеют образование, опыт и стаж работы. У жителей появилась возможность сдать экспресс-анализы, получить назначения и, в случае необходимости, взять направление в областной диагностический центр, для прохождения полного обследования и назначения курса лечения. Участниками-организаторами проведения акции стали сотрудники областного и районного отделов формирования ЗОЖ. Непосредственное участие в кампании приняла представитель ОО «Клуб женщинполитиков Жамбылской области» Г.Абжапарова. От лица администрации акима сельокруга выступил заместитель акима Ойталского сельокруга У.Киргизбаев. Такая работа необходима для населения сельской местности, благодаря ей у жителей сел есть возможность пройти медицинское обследование организма и получить необходимое лечение на местах.

выдерживать большие физические и моральные нагрузки. – Какие приоритетные задачи ставятся перед теми, кто сегодня охраняет рубежи нашей Родины? – Наиболее актуальные задачи сегодня – это борьба с терроризмом, незаконным оборотом оружия через границу, нелегальной миграцией, трансграничной преступностью, пресечение наркотрафика, потоков экономической контрабанды. – Подводя итог, какие будут Ваши пожелания военнослужащим-пограничникам в профессиональный праздник? – Здоровья, благополучия, долгих лет жизни – ветеранам-

пограничникам, людям, посвятившим долгие годы своей жизни пограничной службе. На страницах районной газеты «Меркі тынысы» выражаю благодарность сослуживцам и коллегам за ратный

труд, желаю им успехов на службе, семьям военнослужащих – терпения и понимания. Фото Е.ЖАСЫБАЕВА

О СТАНДАРТЕ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННОЙ УСЛУГИ Как известно, в соответствии с Законом Республики Казахстан, от 27 ноября 2000 года, №107-ІІ «Об административных процедурах», стандарт оказания государственной услуги – это нормативный правовой акт, устанавливающий нормативные значения показателей количества, качества и доступности государственной услуги, порядок взаимодействия с физическими и юридическими лицами и иные нормы, обязательные для выполнения, обеспечивающие право физических и юридических лиц на получение государственных услуг установленного количества и качества. Приложением 8 к Постановлению Правительства Республики Казахстан, от 17 августа 2012 года, №1059, утвержден стандарт оказания государственной услуги «Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты». Данная государственная услуга, отделом медико-социальной экспертизы №8, департамента по контролю и социальной защите по Жамбылской области, оказывается жителям области, с общей численностью 1088090 тыс. населения. Сроки оказания государственной услуги: – общий срок оказания государственной услуги, с момента сдачи необходимых документов – один рабочий день, в случаях возникновения необходимости уточнения диагноза и степени нарушения функций организма, путем дополнительного обследования и лечения, срок оказания государственной услуги составляет до десяти рабочих дней; – м а к с и м а л ь н о допустимое время ожидания до получения государственной услуги, оказываемой на месте, в день обращения, зависит от количества человек в очереди, из расчета 45 минут на обслуживание одного получателя государственной услуги; – м а к с и м а л ь н о допустимое время обслуживания получателя государственной услуги, оказываемой на месте в день обращения – не более 45 минут; – м а к с и м а л ь н о допустимое время при обслуживании получателя государственной услуги, оказываемой на дому, по месту нахождения на лечении в специализированных учреждениях, в исправительных учреждениях и в следственных изоляторах, в зависимости от времени следования от места нахождения уполномоченного органа до места нахождения получателя

государственной услуги, от 1 до 4 часов. Для получения государственной услуги, получатель государственной услуги или его законный представитель, представляет следующие документы: – з а я в л е н и е освидетельствуемого лица или его законного представителя; – форму 088/у, не позднее одного месяца, со дня оформления; – копию документа, удостоверяющего личность, для ребенка-инвалида до 16 лет – копия свидетельства о рождении; – копию книги регистрации граждан, либо адресную справку, либо справку сельских или аульных акимов. Справку (в произвольной форме), подтверждающую факт содержания лица в исправительном учреждении или следственном изоляторе; – медицинскую карту амбулаторного больного для анализа динамики заболевания, копии выписок из истории болезни и результатов обследований; – копию свидетельства о присвоении социального индивидуального кода; – д о к у м е н т , подтверждающий факт участия в системе обязательного социального страхования (предоставляется участником системы обязательного социального страхования, за которого производились социальные отчисления, для установления степени утраты общей трудоспособности); – копию документа, подтверждающего трудовую деятельность (предоставляется лицом трудоспособного возраста при наличии); – лист (справку) временной нетрудоспособности (предоставляется работающим лицом для внесения заключения отдела медико-социальной экспертизы); – копию акта о несчастном случае по форме, установленной

уполномоченным органом по труду (предоставляется лицом, получившим трудовое увечье или профессиональное заболевание, для установления степени утраты профессиональной трудоспособности); – з а к л ю ч е н и е Национального центра гигиены труда и профессиональных заболеваний, не позднее двухлетней давности (предоставляется лицом, получившим профессиональное заболевание, для установления степени утраты профессиональной трудоспособности); – документ, выданный уполномоченным органом, в соответствующей сфере деятельности, установивший причино-следственную связь (предоставляется при определении причины инвалидности, связанной с ранением, контузией, травмой, увечьем, заболеванием); – сведения о характере и условиях труда на производстве (для инвалидов, нуждающихся в изменении характера и условий труда); – заключение психологомедико-педагогической консультации (в случае установления показаний для определения вида и формы воспитания, образования детяминвалидам до 18-ти летнего возраста). Документы предоставляются на МСЭ в подлинниках и копиях для сверки, после чего, подлинники документов возвращаются получателю государственной услуги. Льготы для получения государственной услуги не предусмотрены. Государственная услуга предоставляется бесплатно. График работы отдела МСЭ №8: ежедневно, с 9.00 до 18.00 часов с обеденным перерывом, с 13.00 до 14.00 часов, кроме выходных и праздничных дней, установленных Законом Республики Казахстан, от 13 декабря 2001 года «О праздниках в Республике Казахстан». Прием осуществляется в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания. С.ТУНГЫШБАЕВ, руководитель специализированного психиатрического отдела МСЭ №8.


ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясының қайтарып алынуына байланысты осы жоғары оқу орнының студенттерін 2014 жылғы 20-тамызға дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне немесе Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына ауысуға шақырамыз.

ОБЪЯВЛЕНИЕ Министерство образования и науки Республики Казахстан, в связи с отзывом лицензии на право ведения образовательной деятельности Жамбылского гуманитарно-технического университета, приглашает студентов данного вуза, в срок, до 20 августа 2014 года, перевестись в Таразский государственный университет имени М.Х.Дулати или Таразский государственный педагогический институт.

ОБЪЯВЛЕНИЕ 3 сентября т.г., в Меркенском районе Ассоциацией деловых женщин Жамбылской области, при поддержке Управления внутренней политики акимата Жамбылской области, в рамках проекта «Организация комплекса мероприятий по укреплению института семьи, профилактики бытового насилия», будет проводиться фотовыставка «Дорожу своей семьей», посвященная Дню семьи, торжественное открытие которой состоится в 11.00 часов в ДДЮ «Үміт». Принять участие в фотовыставке «Дорожу своей семьей» могут все желающие жители района. Для участия в конкурсе необходимо подать заявку и предоставить свои фотографии до конца августа месяца т.г. За справками обращаться по тел.: 2-19-00. Отдел внутренней политики райакимата

«МЕМЛЕКЕТТІК АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТТАРЫ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 Қаулысымен бекітілген стандарттардың талаптары Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКОға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде; – ауылдық округтің әкіміне – 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірмей; Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге, ауылдық округ әкіміне не ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәліметтер; 3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) алған табыстары туралы мәліметтер; 4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер; 5) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі не мекенжай анықтамасы; 6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда әлеуметтік келісімшарт. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың бланкілері мемлекеттік қызметті көрсету орындарында көрсетілетін қызметті алушыларға беріледі және олар өздері толтырады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген құжат түпнұсқада беріледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген құжат салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмеде беріледі, содан кейін түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызметті берушіде,

ауылдық округ әкімінде – көрсетілетін қызметі алушыға тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны; ХҚКО-да – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы: 1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні көрсетілген өтініш; 2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны; 5) орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты; 6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі. Мыналар: 1) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан еңбекке жарамды Қазақстан Республикасының азаматтарына; 2) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. Г.ДӘЛИЕВА, әлеуметтік көмек көрсету секторының меңгерушісі

Впервые в Мерке работает автоматическая линия по изготовлению пластиковых окон и дверей. Отличное качество, гарантия 10 лет, цена от 12000 тенге за 1 кв.м. Сплитерные блоки – 100 тенге, брусчатка, от 900 тенге за 1 кв.м. Обращаться по тел.: 87013731408; 87053731408. ШОҚАН.

ПРОДАЮТСЯ

дом из 4-х комнат, кухня из 3-х комнат, участок 16 соток, по ул. Зукенова, 18 (район военкомата). Имеются навес, погреб, вода, газ. Обращаться по тел.: 87057372380; 87755456089; 4-00-75.

* * *

дом из 3-х комнат, участок 10 соток, по адресу: с. Мерке, ул. Толстого, 4. В дом проведен газопровод и водопровод. Большой двор, огород. Обращаться по тел.: 87021154522; 87774222715; дом.: 87262340682.

Оқырман ой толғайды

АЙТАРЫМ БАР Мамыражай «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» тыныштық заманда өмір сүріп жатырмыз. Тамағымыз тоқ, киіміміз бүтін, әркім шамасына қайрай тіршілік етуде. Кез келген үйде жеке автокөлік бар. Жағдайлары жақсылар зәулім үйлер салып, ескілері жаңаланып, ауданымыздың сән-салтанатын көтеруде. Күннен-күнге, жылдан-жылға аудан халқының әл-ауқаты жақсарып келеді. Еліміз дамыған отыз елдің қатарына кіреміз деп отыр. Әлемді таңдандырып ЭКСПО-2017 көрмесін өткіземіз деп жанталасудамыз. Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай дәлізін салып тастадық. Облыс орталығына түске дейін, кешке дейін барып келуге болады. Рахат! Қазіргі ақпарат ағыны, компьютер, интернеттен әлемде не болып жатқанын біліп отырамыз. Айтайын дегенім, біздің Меркіде неге қазақ радиосының «Шалқар» бағдарламасын тыңдай алмаймыз. Кеңес одағы кезінде де тыңдадық қой. Жүз пайыз қазақ тілінде сөйлейтін, қазақи болмысыңа бағыт-бағдар ұсынатын, патриоттық тәлім-тәрбие беретін, ұлттық рухымызды байытатын, көңілімізді көтеріп, көкірегімізді оятатын, тіліміз бен дінімізді дамытатын, сөз өнерінің қайнарынан сусындататын радио бағдарламасын тыңдай алмау қиянат деп ойлаймын. Біздің ауданда қазақ тілі деп, қазақ тілінің кәйтсек көсегесін көгертеміз, көркейтеміз деп жүрген азаматтар қайда?! «Қазақ тілі қоғамы» бізде бар ма? Құзырлы орындар неге үндемейді? Аудандық депутаттарымыз қайда қарап отыр. Айтпай ма? Теледидар да спутниктік антена болмаса жөнді көрсетпейді. Тарелке антена әрбір үйде жоқ қой. Газет оқымаймыз, оқысақ мерзімі өтіп кеткенін оқимыз. Поштаның жағдайы бәрімізге белгілі. Аудандық кітапханадан кітап алып оқушы едік, ол да күрделі жөндеуге жабылып қалды. Уақтылы болса да бірдеңе ойластыруға болмай ма? Айтарым тұрмысымыз ғана байымай, ішкі жан-дүниеміз де байыса екен. Тұрғындарға рухани қолдау көрсететін орындар заман талабына сай болса екен. Жарылқасын МЫРЗАҚҰЛ, Меркі ауылы.

ЕСКЕ АЛУ Андас батыр ауылынан аяулы перзент, бауырымыз Саденов Қанат Маратұлы осыдан бір жыл бұрын өмірден озды. Қымбатты Қанат! Өзіңсіз бір жылымыз да өтті. Анаңнан, одан араға жылдар салып әкеңнен айырылып жетімдік көріп өскен сені аяусыз ажал аямай, бәріміздің ғұмырымызға жетерлік қайғы көрсетіп алып кетті. Күнәдан таза періштем, неге ғұмырың қысқа, тағдырың қатал болды. Егіз қозыдай бірге өскен інің өзіңді іздеп жабығуда, Қанат! Өзіңе арнап бір жылдық асыңды өткізіп, әруағыңа табынамыз. Жатқан жерің жайлы болсын. Орның жұмақта болсын дейміз. Еске алушылар: бауырлары: Фархат, Құралай, Әсел, Арсен.

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР Меркі ауданы, Ойтал ауылдық округі, Ойтал ауылындағы Крылов көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагері, жерлесіміз Сыбанбай Құралбаевтың есімін беру мақсатында 2014 жылғы 21-тамызда Ойтал ауылдық округінің қауымдастық мүшелері мен ауыл тұрғындары жиналысы болып өтеді. Жиналыстың күн тәртібінде Ойтал ауылындағы Крылов көшесіне Сыбанбай Құралбаевтың есімін беру және әртүрлі мәселелер қаралады. Қ.ШАЙХИЕВ, Ойтал ауылдық округінің әкімі. Меркі ауданы, Ақтоған ауылдық округі, Ақтоған ауылының күн батыс жағындағы жаңа көшеге, Ақтоған ауылдық округі аумағындағы жерсу аты «Ақтікен» атауын беру мақсатында 2014 жылдың тамыз айының 21 күні сағат 10.00-де ауылдық әкімшілікте ауылдық округінің қауымдастық мүшелері мен ауыл тұрғындары жиналысы болып өтеді. Жиналыстың күн тәртібінде Ақтоған ауылының күн батыс жағындағы жаңа көшеге «Ақтікен» атауын беру және әртүрлі мәселелер қаралады. О.ҚОСУБАЕВ, Ақтоған ауылдық округінің әкімі. Меркі ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылында идеологиясы ескірген МТФ атауын өзгертіп, Жиделі қоныс деп қайта жаңа атау беру мақсатында ауыл тұрғындарымен және қауымдастық мүшелерімен жиналыс 2014 жылы тамыз айының 21-жұлдызында сағат 10.00-де Жамбыл ауылы, №18 Ақкөз Қосанұлы атындағы орта мектептің ғимаратында өтеді. Жиналыстың күн тәртібі бойынша Меркі ауданы, Жамбыл ауылында идеологиясы ескірген МТФ атауын өзгертіп, Жиделі қоныс деп қайта жаңа атау беру туралы әр түрлі мәселелер қаралады. М.КӨКІРЕКБАЕВ, Жамбыл ауылдық округінің әкімі

ОБЪЯВЛЕНИЕ 11 сентября 2014 года проводятся публичные общественные слушания по теме: «План природохранных мероприятий по охране окружающей среды» ТОО «Аян и Л.Б.», для получения разрешения на эмиссию в окружающую среду. Время проведения: 10.00 часов. Место проведения: здание Жамбылского сельокруга. В связи с прекращением предпринимательской деятельности Магзимбаева Талгата Нургазиевича, ИИН 640405301368, все претензии принимаются в течение одного месяца после опубликования по адресу: село им. Сарымолдаева, ул. Вишневая, 8. Открылось наследство после смерти Алиева Алсейна, умершего 14 января 2014 года. Наследников просим обратиться по вопросу оформления наследственных прав в течение одного месяца после опубликования к нотариусу М.Байдаулетову по адресу: с. Мерке, ул. Исмаилова, 224.

Жарамсыз деп табылсын

№5 Ақарал орта мектебін 2000 жылы бітіргендігі туралы Битебаев Нуржан Умиржановичтің атына берілген ЖОБ №0340051 аттестат жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

Қаçàқñòàí Ðåñïóáëèêàñû Әділет ìèíèñòðëiãi Жамбыл облысының әділет департаменті Меркі аудандық әділет басқармасында òiðêåëiï, ¹308 -1919-06-ЖШС êóәëiãi áåðiëãåí Ìåíøiê èåñi: "Ìåðêi òûíûñû"-Бàñïàñû" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Директор, бàñ рåäàêòîð – Айдар ОСПАНАЛИЕВ Жауапты хатшы Назира ЖОЛДАСБАЕВА БӨЛІМДЕР: Ауыл шаруашылығы – Бақтыбай АБАЙ Қоғамдық-саяси – Ольга МАЗУР Хат және жарнама – Мейіркүл ӘБЖАНҚЫЗЫ ТІЛШІЛЕР: Нұрбану КАМАЛ Ольга АРТЮЩЕНКО ФОТОТІЛШІ: Еркін ЖАСЫБАЕВ ДИЗАЙНЕР Ержан АБАЕВ КОМПЬЮТЕР ОРТАЛЫҒЫ: Ирина ӘЛИЕВА Анар ҚАЗАҚБАЕВА

Индекс: 080500, Æàìáûë îáëысы, Мåðêі ауданы, Ыñìàйыëîâ көшесі ¹349.

РЕДАКЦИЯНЫҢ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ: Òåëефондар: Бас ðåäàêòîð – 4-07-33 (факс.), бөлімдер – 4-07-35; 4-07-58; есепші – 4-07-34

vestnik - merke@mail.ru

Ãàçåò àðàëàñ-қàçàқ æәíå îðûñ òiëäåðiíäå àïòàñûíà 2 ðåò – ñәрñåíái, жұма êүíäåði øûғàäû. Ðåäàêöèÿ àâòîðëàðäûң êөçқàðàñû šүøií өçiíå æàóàïêåðøiëiê æүêòåìåéäi. Ãàçåò îôñåòòiê òәñiëìåí "ÌÒ" áàñïàñûíäà áàñûëғàí. Êөëåìi 1 áàñïà òàáàқ.

Кезекшілер:

Б.БЕКТҰРСЫНҰЛЫ, О.МАЗУР ТАРАЛЫМЫ: 3629 дана

РЕМОНТ стиральных машин-автоматов, аристонов. КУПЛЮ неисправную стиральную машину-автомат. Обращаться по тел.: 87053102928.

ПРОДАЮ

гостиницу, кафе-бар, баню-сауну. Обращаться по тел.: 4-26-70; 87776985470.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.