№69-08.29.2014

Page 1

№69 /10226/ жұма, 29 тамыз 2014 жыл

Меркі аудандық газеті (Жамбыл облысы)

.

Газет 1934 жылғы 15-қыркүйектен бастап шығады

Аудан әкімі Б.Көпбосыновтың меркіліктерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен

Аудан әкімі Б.Көпбосыновтың Білім күні мерекесімен

ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті ұстаздар, оқушылар және бүлдіршіндер! Сіздерді 1-қыркүйек – Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Білім күні шын мәнінде бүкіл халықтық мерекеге айналды. Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде мәңгіге сақталады. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам да. Сондықтан, олардың білім шаңырағындағы әр сағаты қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтарымен ұштассын! Мыңдаған оқушылар мен білімгерлер, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша қызметкерлер үшін 1-қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Еңбектің ең үлкені – білім беру, білім алу жаһандану үрдісі барысында біз білім сапасына ерекше көңіл бөлуіміз керек! Сонда ғана бәсекеге қабілетті ел боламыз. Тәуелсіз еліміздегі бұл маңызды сала Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша назарында екені белгілі. Елбасы білім жүйесін әлемдік стандарттарға жетелейтін бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді. Бұл арқылы Ұлт көшбасшысы білім саласына, ұстаздар мен жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге үнемі көңіл бөліп отыратынын көрсетті. Құрметті ұстаздар! Сіздерді жас ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, қажырлы еңбектерін тек сапалы білім, тәрбие беру ісіне арнайды деп сенемін. Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін. Оқуда да, еңбекте де алда болайық. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Мереке құтты болсын!

Б.БЕКТҰРСЫНҰЛЫ, Е.ЖАСЫБАЕВ (сурет),"Меркі тынысы".

Коллаж Е.АБАЕВ

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 30-тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Конституция – мемлекетіміздің алтын қазығы. Ынтымағы жарасқан еліміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі, еліміздің дамуы мен гүлденуінің мықты негізі. Ол – бүкіл қазақстандықтардың талқысынан, жалпыхалықтық референдумнан өткен, жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарынан бастау алған маңызды құжат. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Конституция – біздің Тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекет пен жалпы қоғамда мызғымас тұрақтылықты қалыптастырды. Осы жылдар ішінде біз барынша қуатты, экономикалық жағынан дамыған, саяси тұрақты мемлекет құруда орасан зор прогресске қол жеткіздік. Халықаралық қауымдастық бүгінгі Қазақстанды кеңінен танылған белгілі аймақтың көшбасшысы, құрметті әрі жауапкершілігі жоғары серіктестік ретінде қабылдайды», – деп атап өткен еді. Конституция қабылданғаннан бергі өткен уақыт тарихи өлшемдер тұрғысынан аз болғанымен, біз үшін ол өткен жолымызды ой елегінен өткізу мүмкіндігі берілген кезекті кезең болып табылады. Республиканың көпұлтты халқының достығын нығайту мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде Конституцияның рөлі зор. Конституцияның даму тарихын саралағанда оның негізгі даму үрдісіне тигізетін әсеріне адамдық және азаматтық құқықтар мен бостандықтарға қаншалықты кепілдік бере алатындығына айрықша назар аударамыз. Өйткені, Ол ең жоғары заңдық күші бар құжат ретінде бүкіл халықтың атынан қабылданды. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Конституциясының: «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы…», – деп басталуы тегіннен тегін емес. Түпкі мақсатымыз – еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың өркендеуіне жол ашу. Болашақ ұрпақтың жүзін жарқын ететін бұл мақсатқа біз асқан табандылықпен, ел бірлігін сақтай отырып қана қол жеткізе аламыз. Қымбатты меркіліктер! Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілеймін. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі берік, келешегіміз кемел болсын!

Тамыз кеңесі

ҰСТАЗДЫҚ – БАРША ЖАСТАР ҚЫЗЫҒАТЫН МАМАНДЫҚ БОЛУЫ ТИІС Сейсенбі күні аудандық мәдениет үйінде білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Нұрбану ҚАМАЛ, Еркін ЖАСЫБАЕВ (суреттер), «Меркі тынысы». Жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға аудан ұстаздары биылғы жылы да үлкен дайындықпен келіпті. №1, №2 саз мектептерінің мұғалімдері ұстаздар мен өзге де қонақтардың назарына халқымыздың ғажайып күйлерін тарту етіп, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарда ауданымыздың намысын қорғап жүрген өнерлі шәкірттер өз өнерлерін көрсетті. Бір сағатқа жуық болған концерттік бағдарламадан соң, аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов, аудандық мәслихат хатшысы Ілияс Ахметжанов, облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Дина Несіпбаевалардың қатысуымен тамыз кеңесі өз жұмысын бастады. Алдымен жас мамандарды ұстаз қатарына қабылдау рәсімі өтіп, «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбындағы кеңесте аудандық білім бөлімінің басшысы Жұмахан Жантелиев баяндама оқыды. Ол өз баяндамасында ауданымыздың білім саласындағы

барша жаңалықтар мен өзгерістерді, жетістіктерді қамтыды. Соңғы үш жылда ауданымызда 5 балабақша, 1 мектеп салынып, 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Т.Рысқұлов ауылында 180 орындық, Интернационал ауылында 300 орындық мектеп құрылыстары жүргізілуде, 2015 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Аралқыстақ ауылынан да жаңа мектеп салу үшін құжаттар дайындалуда. Сондай-ақ, ауданымыздағы №17 орта мектеп гимназиясын, №13, №9, №20 орта мектептерді және Жеміс-жидек ауылындағы "Огонек" балабақшасын күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда екен. Балаларды мектепке дейінгі

Аудандық "Меркі тынысы" басылымына – 80 жыл!

біліммен қамту мақсатында да ауданымызда айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Ал, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аудандағы білім нысандарын жаңғыртуға көп септігін тигізуде. Өткен оқу жылында 9 мектептің терезелері ауыстырылған. Жұмахан Сихаұлы осы мәліметтерді тарқата айтып, аудан мектептерінің техникалық базасы, балалардың ыстық тамақпен қамтылуы, тасымалдануы, ұстаздар мен оқушылардың жетістіктері, біліктілік курстары, басқа да көптеген облыстық, республикалық байқаулардағы аудан көрсеткіштері туралы баяндады. (Жалғасы 2-бетте)


29 тамыз 2014 жыл

К

2

Мемлекеттігіміздің, теңқұқылығымыздың кепілі

әмелетке толған азаматқа жеке куәлік берілетіндігі сияқты, өз тәуелсіздігін жариялаған мемлекеттің де ең басты төлқұжаты Ата Заңы болуы қажет. Бұл жөнінде белгілі америкалық саясаткер Томас Пейн былай деген екен: «Конституция – мемлекеттен бұрын болатын зат, ал мемлекет – бар болғаны Конституцияның төлі ғана».

Бірлігі мен татулығы жарасқан еліміз 30-тамызда жаңа Конституцияның қабылдануына бірауыздан дауыс беріп, тарихи таңдау жасаған болатын. Ата Заңымыз қабылданған 1995 жылдан бері қазақ елі демократиясы дамыған, зайырлы, құқықтық мемлекетке айналды. Конституция күні мемлекеттік мереке саналады. Бұл күнде еліміздің экономикасы өрлеп, табысы тасып, халықаралық беделінің де арта түсуі – негізгі заңымыздың сарқылмас мазмұнының дәлелі. Мұндай жетістіктерге Конституцияның мызғымастығының бірденбір кепілі – ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясаты мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Ата Заңымыз азаматтарының денсаулығы мықты, әлеуметтік жағдайы

Керек дер деректер

КОНСТИТУЦИЯ ТАРИХЫНАН 1926 жылы Қазақ АКСР-нің Конституциясы, 1937 Қазақ КСР Конституциясы қабылданды. 1978 жылы ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VІІ сессиясында Қазақ КСР-дің жаңа Конституциясы қабылданып, күшіне енді. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлімнен, 21 тараудан және 131 баптан тұрады. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды: халықтық егемендік, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік деп тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдары – Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды. Қ а з а қ с т а н Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда р е с п у б л и к а л ы қ референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып табылады. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілеттілігін ұлғайту жөнінде елеулі өзгерістер енгізілді. (Интернеттен дайындаған Е.Абаев)

жоғары болуын, білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп, пікірін еркін білдіре алуын, өз таңдауы өз еркінде болуын қамтамасыз етеді. Елімізді мекендеген ұлттар мен ұлыстардың ұдайы бірлікте болып, берекелі өмір сүруінің кепілі. Ата Заңымыздың арқасында мемлекетіміз алауыздықтан, түрлі жанжалдан аман. Халықаралық құқықтың принциптерi мен нормаларын құрметтеп, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршiлiк қарым-қатынас жасау, олардың теңдiгi мен бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау, халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу саясатын жүргiзуді көздеген Конституциямыздың арқасында мемлекетіміз әлемде орын алып жатқан соғыс ошағына айналудан, саяси тұрақсыздықтан, шекаралық дау-дамайлардан алшақ тұрып келеді. Конституцияның негізінде көптеген жұмыс атқарылды. Соның ішінде Президент мемлекетіміздің Тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап қысқа мерзімде еліміздің алғашқы сыртқы саясат стратегиясын бекітіп,

әлемнің 150-ден астам мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Конституцияның 2-бабына сәйкес, мемлекеттің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында көрші елдермен шекарамызды шегендеп алдық. Қазақстан 1993 жылы ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылды. 1995 жылы бұрынғы Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды. Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) салаланған жүйесін қалыптастыру және нығайту Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық қарымқатынастардың өзіндік реттеушісі бола отыра мемлекет пен азаматтар арасындағы делдал рөлін атқарады, сондай-ақ, әлеуметтік түбегейлі өзгерістер мен қоғамдағы жұмыстардың көптеген міндеттерін өз мойындарына алады. ҮЕҰ қызметінің негізгі рөлі азаматтық бастамаларды жылжыту және мемлекеттік органдарға халықты әлеуметтік қорғауда жәрдемдесу болып табылады. Яғни, адам мен азаматтың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде, әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін анықтауда азаматтық қоғамның қалыптасуында қосар үлесі аз емес.

Бақтыбай АБАЙ

СЕН БАРДА Сен барда, ел барда, Алтын Заң, Мерейлі күніміз, жарқын таң. Ірінің ірісі, Күштінің күштісі Алдыңда бас иген. Айналдық парқыңнан, Алтын заң. Әріден ойлаған жұрт қамын. Әділдік, тек шындық тоқтамың. Сен барда жол – тура, Күмән жоқ, жоқ та мұң. Елімнің елдігін, Заманның ерлігін, Сақтадың. Әлі де сақтағын, Жалғасып еш қамсыз шақтарым...

Қазақстан Тәуелсіздік алған соң халықаралық аренада өзін сенімді түрде мәлімдеді. Тиянақты да бейбітшіліксүйгіш саясатының арқасында дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі ұйымдар қатарына қабылданды. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бейбіт әрі тату өмір сүруде, 40-тан астам конфессия еңбек етіп, олардың мүдделері ең жоғары деңгейлерде білдіріледі (Қазақстан халқы ассамблеясы, Парламенттегі депутаттық мандаттарға квоталар және т.б.). Бұл да мемлекетіміздің ынтымақтастығын, Ата Заңымыздың әлемдік тәжірибеде мықтылығын мойындатып отыр. Сайып келгенде, 1995 жылы қабылданған Конституция, шын мәнінде, мемлекеттің өркениетті дамуына негіз қалады, адам құқығы мен бостандығын қорғау ісіне кепіл болды, өзінің өміршеңдігін, демократиялық қағидаларға адалдығын дәлелдеді. Осы Конституция бойынша Қазақстан халқы өмір сүреді, ортақ игілік жолында еңбек етіп, жарқын болашағына сенеді. П.ЖҰРЫНОВА, аудандық әділет басқармасының бас маманы

Тамыз кеңесі

ҰСТАЗДЫҚ – БАРША ЖАСТАР ҚЫЗЫҒАТЫН МАМАНДЫҚ БОЛУЫ ТИІС (Соңы. Басы 1-бетте) Иә, бұл көрсеткіштер ауыз толтырып айтарлықтай болғанымен, білім берудегі негізгі көрсеткіш – ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) нәтижелері ауданымыздың білім саласында шешімін табуы тиіс мәселелердің көп екенін айғақтайды. Өткен жылғы ҰБТ-дағы орташа балл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,64 балға төмен болған еді, ал биылғы жылғы орташа балл былтырғыдан да төмен болды. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы: – Аудан бойынша ҰБТдағы орташа балл – 68,24-ті құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 2,2 балға, облыстық көрсеткіштен 4,01 балға төмен. Ауданның тек 5 мектебі ғана облыстық орташа балдық көрсеткіштен жоғары болса, қалғаны төмен деңгейден көрінді. Ең төмен нәтиже көрсеткен, түлектерінің орташа балы шекті 50 балдың көлеміндегі немесе 50 балдан аса алмаған мектептер – №35, №13, №20, №30 орта мектептер. Бұл мектептерде ҰБТ-ға мектеп бітірушілерді дайындау мүлдем жүргізілмеген. Мектеп басшылары мен орынбасарларының, ҰБТ пәндері мұғалімдерінің тарапынан нәтижеге бағытталған жұмыстар жүйесіз жүргізілген дегеннен басқаша қорытынды жасау мүмкін емес, – деп атап өтті. Биылғы жылы мектеп түлектерінің 60,9 пайызы жоғары оқу орнына өтініш білдіріп, оның 33,6 пайызы мемлекеттік грантқа ие болыпты. Аудандық білім бөлімінің басшысы өзі басқарып отырған саладағы өзге де келеңсіздіктерді ашып айтты. Өткен оқу жылында екі мектептің директорлары ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңын өрескел бұзып, қызметінен шеттетілген, №9 орта мектептің мұғалімі есірткімен ұсталған. Бұлардың бәрі, әрине, ұстаз, педагог мамандығының беделіне нұқсан келтіретін жәйттер. Жалпы, тамыз кеңесінде көп талқыланған мәселелердің бірі де осы – педагог беделін нығайту,

қоғамда ұстазға деген риясыз сүйіспеншілік пен құрметті күшейту турасында болды. Жарыссөзге шығып сөйлеген №17 орта мектеп гимназиясының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлжан Тлеубердиева, №39 орта мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Гүлзира Баубекова, «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі Нәзира Дүйсебаева, білім қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қажығалиевалар да бұл мәселеге тоқталып өтті. Ғалия Қажығалиқызы мектеп пен отбасы арасындағы байланысты күшейтудің маңыздылығы туралы тарқата айтып, ұстаз беделін көтеру үшін олардың балаларға білім беруіне мүмкіндік тудыру қажеттігін айрықша атап өтті. – Ұстаздық – бәсекеге қабілетті, барша жастар қызығатын мамандықтардың қатарынан орын алуы тиіс. Әрине, мұғалім беделін көтеру ұстаздың өзіне де байланысты. Қазіргі күні ауылда қалыптасқан мұғалімдік мамандықта ер мұғалімдер саны аз. Ер азаматтың тәрбиесін көрмеу ұрпақтарымыздың тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, ұстаз еңбегіндегі кедергілерді де айтпаса болмайды. Қағазбастылық

пен құжат айналымын ретке келтіру қажеттігі жөнінде жылда айтып келеміз. Мұғалімдерді артық қағаз жазудан, еш пайдасы жоқ құжаттарды жинаудан және жиі тексеруден босату қажет. Мысалы, бір мұғалімнің өзі портфолио үшін, аттестацияға, презентацияға, басқа да ұшы-қиыры жоқ тексерулерге арналған файл, папкаларды жинайды. Ұстаздар бала оқытып, өз білімін жетілдіруден бұрын, қағаз толтырумен әуре. Бұл, шындап келгенде, кімге керек?!» – деді Ғалия Қажығалиева. Бұдан соң облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Дина Несіпбаева сөз алды. Ол аудан ұстаздары мен білім мекемелерінің басшыларын облысымыздың білім саласында атқарылып отырған жұмыстардан хабардар етті. Кеңесте сөз алған аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, ауданымыздың білім саласын дамыту мақсатында аудан әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, бөлінген қаржылар мен алда атқарылуы тиіс міндеттер жөнінде айтып өтті. Бақтияр Көпбосыновтың айтуынша, ауданымызда аудандық бюджеттің 70-80 пайызы осы білім саласына

жұмсалып отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысына көңілі толмайтындығын білдірсе де, Бақтияр Бейсембайұлы жиын барысында мектеп басшыларын қатаң сынға алған жоқ. Есесіне, аудандық білім бөлімінің басшысына төмен нәтиже көрсеткен мектептердің басшыларын және зейнеткерлік жасқа келген директорларды демалысқа жіберу және орнын ауыстыру тәсілін қолдану жөнінде тапсырма берді. Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша ауданымызда арнайы жоспар жасалған. Осы жоспар бойынша ауданымызда соңғы уақытта балабақшалар құрылыстары жүргізілуде. – Биылғы жылы бір балабақша салынуда, бір балабақша күрделі жөндеуден өтуде. Тағы да жекеменшікке өтіп кеткен 3 балабақшаны сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сонымен, ендігі жылы 4 балабақша іске қосылатын болады. Осы қарқынмен барсақ, Елбасымыздың балаларды 2020 жылға дейін мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту туралы тапсырмасын орындайтын боламыз, – деді аудан әкімі. Аудандық білім бөлімінің басшысы Жұмахан Жантелиев жиналыста сөз алған азаматтардың сын-ескертпелерін алдағы уақытта ескеретіндігін жеткізіп, марапаттау рәсіміне кезек берді (суретте). Ұстаздардың айтулы шарасы – тамыз кеңесінде жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берудегі еңбектері үшін бір топ ұстаздар, білім мекемелерінің басшылары, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, облыстық білім басқармасының, аудандық білім бөлімінің және білім қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарына ие болды. Сондайақ, аудандық білім бөлімінің басшысы Жамбыл облысы педагог қызметкерлерінің білімін жетілдіру «Өрлеу» институтының құрмет грамотасымен марапатталды.


29 тамыз 2014 жыл

Ольга МАЗУР

ДОЛЖНЫ СОБЛЮДАТЬ День Конституции – праздник большой, Он вновь к нам пришел и летит над землей, Несет весть о том, что закон Основной, Объединил наш народ одною судьбой. Конституция – основа основ, Фундамент для роста и процветания, И к Родине в сердце всех греет любовь, И новых побед ожидания. Мы празднику этому сердцем верны, Считаем день этот особенным, И с честью вкушаем ее мы плоды, Районом благоустроенным И зрелою нивой, и ростом садов, И новым заводом построенным, Гордятся все граждане, вновь и вновь, Развития темпом ускоренным. Все это также дает нам он, Родины нашей Основной закон, И его мы всегда должны соблюдать, Чтобы наша страна могла процветать.

ГЛАВНАЯ ПЛАТФОРМА СОЗИДАНИЯ Сегодня Казахстан реализует Стратегию развития до 2050 года, главной целью которой является вхождение в число 30 самых развитых государств мира. И эта целенаправленная работа предполагает безусловное соблюдение духа Конституции и буквы Закона. Конституция Казахстана также является ядром национальной политикоправовой системы, юридической основой государственности и суверенитета республики, законности и правопорядка, фундаментом, на котором базируется все законодательство, правоприменительная практика, а также процесс государственно-правовых преобразований и развития страны. И сегодня, Конституция Республики Казахстан продолжает развиваться в интересах общества и она гражданами страны должна беспрекословно соблюдаться. Б.КАРАШУАКОВ, гл. специалист Меркенского районного суда.

СИМВОЛ ДОСТОИНСТВА И ЧЕСТИ

3

В честь праздника 27 августа 2014 года на плацу войсковой части 11971 прошел торжественный митинг, посвященный Великому для всех казахстанцев празднику – Дню Конституции. Ольга АЛЕКСЕЕВА, Еркин ЖАСЫБАЕВ (фото), «Меркі тынысы». Праздничный митинг начался построением, торжественным маршем, прохождением личного состава войсковой части, выносом Боевого Знамени и исполнением Гимна Республики Казахстан (на снимке). О важности праздника, Дня Конституции, отмечаемого всей страной, особой даты для военнослужащих, сказал заместитель командира войсковой части 11971 по ВиСПР, капитан Б.Алимбаев, предоставивший слово командиру войсковой части 11971 М.Илиеву, который перед отправкой на учебу достойно попрощался с Боевым Знаменем части (на снимке). Командир войсковой части 85395 г.Тараза, полковник К.Уштаев, выступив на митинге, поздравил личный состав войсковой части с Днем Конституции и пожелал успехов в службе. Он сказал о том, что День Конституции для всех – один из самых главных государственных праздников, так как Конституция – Основной закон, определяющий принципы, на которых строится государство, основа стабильности, порядка и законности. Что принятие девятнадцать лет назад главного политико-правового документа, стало поворотным событием в истории нашей Родины,

ознаменовавшим начало перехода к принципиально новому этапу развития Казахстана. Он также поздравил командира войсковой части, подполковника Мухтара Масимжановича Илиева с значимым событием в его жизни, поступлением на учебу в Национальный университет обороны имени Первого Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева, пожелав ему успешной учебы в ВУЗе, чтобы он получил как можно больше знаний и навыков, которые потом смог применить в своей службе и выразил ему благодарность за хорошую службу в должности командира войсковой части 11971, в которой он прослужил 4 года и 8 месяцев. К словам поздравлений также присоединились командир третьей мотострелковой роты войсковой части 11971, капитан Б.Ташболатов. От лица женщин войсковой части, подполковника М.Илиева с поступлением в Национальный университет обороны, поздравила радиотелефонистка взвода связи, сержант Г.Ахметова, которая также сказала в адрес М.Илиева много слов благодарности и признательности и поздравила всех с Главным праздником страны – Днем Конституции.

Общество Всеобщего Труда

Р

ПРИМЕР ДЛЯ ПОДРАЖАНИЯ

азвитие малого и среднего бизнеса – вот главный инструмент индустриальной и социальной модернизации Казахстана в ХХІ веке. Делает бизнес устойчивее не только развитие страны, области, района, но и приносит стабильность в каждую семью, уверенность в завтрашнем дне. И сегодня малый бизнес должен стать семейной традицией, передаваемой из поколения в поколение, а люди, занимающиеся им, развивающие свое дело – примером для подражания. О таком человеке и хочется рассказать в праздничном номере районки, посвященном Дню Конституции. Ольга АКИНИНА, Еркин ЖАСЫБАЕВ (фото), «Меркі тынысы».

Конституция Казахстана на момент своего принятия, в 1995 году, была очень прогрессивным актом и она в своих нормах опирается на международные стандарты и опыт. Ведь ни одна Конституция не может быть законсервирована навсегда и в таком динамично развивающемся обществе этот документ нуждается в своевременном обновлении, потому что без изменений, которые бы отражали общественные процессы, Конституция может стать не основой, а тормозом развития. И, самое главное, документ нуждается в надлежащем его исполнении. Потому что Конституция – это Основной закон, который определяет важнейшие принципы самого существования государства. И его реализация происходит уже через принимаемые в стране законы и подзаконные акты. И очень дорого то, что все наши труды нашли отражение в действующей Конституции, определяющей путь развития Казахстана, как демократического государства, наивысшими ценностями которого являются человек, его жизнь, права и свободы. Ведь Конституция – важнейший атрибут страны, символ достоинства и чести. Т.ИСАЕВ, представитель Меркенского филиала Палаты предпринимателей Жамбылской области.

Токарь М.Ярных, руководитель ТОО Р.Каримов и сварщик Ю.Братских за работой Начав работать на себя, Руслан Рахимович Каримов, открывший ТОО «Париев», создал прочный бизнес и оказывает сегодня поддержку другим. Историей успеха Руслан Рахимович обязан своим старшим наставникам В.Киллеру, мастеру А.Заму, сварщику, И.Ханину, бригадиру, Т.Хейроеву, прорабу бригады райпотребсоюза, в которой он начинал свою трудовую деятельность, а также присущей ему предпринимательской жилке. После того, как закрылся райпотребсоюз и Руслан Рахимович остался без работы, он принял решение трудиться на себя, открыть свое дело, стараться для блага своей семьи. Начинал свой бизнес Р.Каримов, как многие тогда: привозил стройматериалы и реализовывал их, затем, собрав единомышленников, начал оказывать услуги населению по проведению и ремонту отопительной

системы, водопроводов и т.д. Затем, следующим этапом, он организовал и открыл ТОО «Париев», которое расположено по адресу: ул. Исмаилова, 277. Цены на оказание услуг он сразу же сделал доступными для населения района, потому ТОО «Париев» очень быстро стало завоевывать популярность у меркенцев. Начинал свою работу предприниматель с коллектива, состоящего из двух человек, сейчас у него в ТОО работает 30 человек, многие уже трудятся здесь по 10-15 лет. При необходимости, во время выполнения работ, Р.Каримов нанимает дополнительную рабочую силу, давая людям возможность заработать. И, главное, люди довольны условиями труда. В ТОО «Париев» трудятся: сварщики, электрики, сантехники, водители, бухгалтера, повара и другие. Текучки кадров нет, зарплату работники

получают вовремя, плюс бесплатное питание, если работники нуждаются – жилье. Многократно, как высококлассные специалисты, себя показали: сварщики Р.Мериев, А.Дурнев, М.Симанбетов, сварщики-сантехники А.Беляев, А.Гапий, строитель А.Атказалов, электрик Д.Комлев, водители Р.Каримов, М.Бексергаев, снабженец Р.Каримов и др. Все, чего Р.Каримов достиг в бизнесе, он смог добиться благодаря тому, что может смотреть вперед, просчитывать заранее на несколько шагов, причем, постоянно все анализирует, являясь, как специалист, хозяин, мозгом своего бизнеса. ТОО «Париев» участвует и выигрывает тендеры, выполняет работы, как субподрядчик, проводя отопление в школах. В настоящее время ТОО в СШ №№ 35, 6, 1, 11 занимается установкой котлов под твердое топливо, в детском саду «Қарлығаш» также были проведены работы по замене отопления и котла, в с. Мынказан проводится подземная газификация 154 домов. И такие работы ТОО «Париев» проводит не только в Меркенском районе, но и Шуском, Кордайском, гг. Алматы, Таразе, Актау и др. Также ТОО осуществляет установку газовых приборов учета и приборов по учету расхода воды, выполняет сварочные работы, занимается изготовлением ворот, решеток, оград и т.д. Вместе с тем, у Руслана Каримова не только на работе порядок и процветание, но и в семье – счастье и благополучие. У него замечательная любящая супруга Галия, четверо детей. Он трудится сам и дает возможность зарабатывать другим, постоянно занимается благотворительностью, вот уже ряд лет оказывая постоянную помощь воспитанникам и выпускникам школы-интерната им. Саввы, ветеранам Великой Отечественной войны и детям с ограниченными возможностями. Одним словом, Р.Каримов и его дружный профессиональный коллектив, делают свое дело на совесть, со старанием, не останавливаясь на достигнутом.

НАДЕЖНАЯ ГАРАНТИЯ УСПЕХА Конституция – Основной закон страны, стал надежной гарантией успехов нового Казахстана. Благодаря эффективной правовой системе, мы достигли экономического роста и общественного благосостояния, обеспечили стабильность, мир и согласие в стране. Административная и правовая реформы, развитие местного самоуправления, социальная модернизация – все это реализуется на прочной конституционной основе и нацелено на дальнейшее повышение уровня жизни народа. Одним словом, Конституция определяет основы государственного строя, ф у н к ц и о н и р о в а н и е государственной власти, она ставит во главу угла человека, его права и свободы и гарантирует их защиту. Этот документ является основой развития государства и общества. И потому, Конституции страны в Казахстане уделяется такое большое внимание на самом высоком уровне, что говорит, в первую очередь, о том, что государство стремится к тому, чтобы все права и свободы человека были в полной мере защищены и реализованы, чтобы росло благосостояние народа. И приверженность принципам и нормам Основного закона, защита конституционных ценностей – это почетный долг и святая обязанность каждого гражданина нашей независимой страны. А.ОСМАНОВ, руководитель турецкого этнокультурного объединения «Ахыска» района.


Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының тұрғындарымен және қауымдастық мүшелерімен болған жиыннан

ХАТТАМА

Жамбыл ауылы 21.08.2014 жыл. Сағ: 10:00 Жиналыс төрағасы: М. Көкірекбаев Жиналыс хатшысы: Т. Садықбеков Қатысқандар саны-127адам КҮН ТӘРТІБІНДЕ Жамбыл ауылындағы идеологиясы ескірген МТФ атауын өзгертіп, Жиделі қоныс деп қайта жаңа атау беру туралы Тыңдалды. Жиналысты Жамбыл ауылдық округінің әкімі М.Көкірекбаев ашып, күн тәртібінде Жамбыл ауылында орналасқан МТФ атауын өзгертіп, Жиделі қоныс деп қайта жаңа атау беруі туралы ауыл округінің тұрғындарынан ұсыныс хат түсті деді. Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақтағы халықтың пікірін ескерудің тәртібі анықтайды, яғни ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырылып, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Дауыс беру қорытындысы жиналыс өткен жерде жарияланып, хаттамамен рәсімделеді. Халықтың ұсыныс пікірлері негізінде ескерілген, хаттама аудандық "Меркі тынысы" газетінде жарияланады, – деді. Көшкінбаев Сейтқадыр – зейнеткер. Жамбыл ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы. "Мен Жамбыл ауылындағы МТФ атауының өзгертіліп, қайта жаңа атау берілуін орынды деп бағалаймын. Өйткені, МТФ сонау КСРО кезінде берілген атау. Еліміз егемендігін алды. Идеологиясы ескірген МТФ атауын Жиделі қоныс деп қайта жаңа атау берілуін құптарлық іс деп білемін. Сулейменов Шамсудин – зейнеткер. Идеологиясы ескірген МТФ атауын, Жиделі қоныс деп қайта жаңа атау берілуіне мен қарсы емеспін, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ескі атаулар халыққа қолайсыздық туғызбас үшін, ұсыныс пікірлері негізінде ескеріліп жаңа атаумен аталуы тиіс, – деді. Абаев Тоқтанай – зейнеткер, Жамбыл ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің мүшесі "Мен жоғарыдағы айтылған азаматтардың ұсыныс пікірлеріне қосыламын және Жиделі қоныс деп жаңа атау берілуін құптаймын", – деді. Бексұлтанов Керімбай – Бүгінгі таңда МТФ-да 13(он үш) үй,35(отыз бес) адам тұрады. КСРО кезіндегі берілген идеологиясы ескірген МТФ атауын өзгертіп, Жиделі қоныс деп, жаңа атау берілсе екен, – деді. Жиналыс шешім етті: Идеологиясы ескірген Жамбыл ауылындағы МТФ атауы, Жиделі қоныс деп жаңа атаумен аталсын. Хаттаманы қолдап ашық дауыс берген адам саны – 105. Қарсы, қалыс болғандар жоқ. Жиналыс төрағасы, М. Көкірекбаев Жиналыс хатшысы, Т. Садықбеков

Жамбыл ауылдық округі Плодовоягодный ауылының тұрғындарымен және қауымдастық мүшелерімен болған жиыннан

ХАТТАМА Плодовоягодный ауылы 18.08.2014 жыл Жиналыс төрағасы: М. Көкірекбаев Жиналыс хатшысы: Т. Садықбеков Қатысқандар саны-83 адам

КҮН ТӘРТІБІНДЕ

Идеологиясы ескірген Плодовоягодный ауылындағы Ленин, 23-партсъезд, Дружба, Ягодная, Хутор көшелеріне қайта жаңа атау беру туралы Тыңдалды. Жамбыл ауылдық округінің әкімі М.Көкірекбаев жиналысты ашып, «Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5-наурыздағы №281 қаулысына өзгерістер енгізіліп, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірі ескеріледі. Идеологиясы ескірген Плодовоягодный ауылындағы бес көшенің атауын қайта жаңа атау беру туралы халықтың ұсыныс пікірлері негізіндегі ескерілген хаттама аудандық "Меркі тынысы" газетінде жарияланады, – деді. Оңғарбаев Қарашай – зейнеткер. Идеологиясы ескірген Плодовоягодный ауылындағы Ленин, 23-партсъезд, Ягодная, Дружба, Хутор бұлар – КСРО-да берілген ескі атаулар, қайта жаңа атау берілуіне мен қарсы емеспін, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ескі атаулар халыққа қолайсыздық туғызбас үшін, ұсыныс пікірлері негізінде ескеріліп жаңа атаумен аталуы тиіс, – деді. Исмаилов Сержан – ауыл тұрғыны. Мен жоғарыдағы айтылған азаматтардың ұсыныс-пікірлеріне қосыламын. Идеологиясы ескірген бес көшенің атауларын Ленин-Астана, 23-партсъезд-Мұқағали Мақатаев, Дружба-Достық, Ягодная-Қарақат, Хутор-Таугүлі деп қайта жаңа атау берілуін құптаймын, – деді. Жиналыс шешім етті: Идеологиясы ескірген Плодовоягодный ауылындағы Ленин-Астана, 23-партсъезд-Мұқағали Мақатаев, Дружба-Достық, Ягодная-Қарақат, Хутор-Таугүлі деп қайта жаңа атаумен аталсын. Хаттаманы қолдап ашық дауыс берген адам саны – 83. Қарсы, қалыс болғандар жоқ. Жиналыс төрағасы, М. Көкірекбаев Жиналыс хатшысы, Т.Садықбеков

ХАБАРЛАНДЫРУ

Аспара ауылдық округіне қарасты идеологиясы ескірген көшелерге жаңа атау беру бойынша ауыл тұрғындарымен округ қауымдастығы мүшелерінің жиналысы 2014 жылдың қыркүйек айының 3-жұлдызында сағат 11.00-де Аспара ауылдық клубында өткізілетіні туралы хабарлайды. М.ОҢҒАРБАЕВ, Аспара ауылдық округі әкімі

УВАЖАЕМЫЕ АБОНЕНТЫ! С 1 сентября 2014 года установлен новый срок оплаты за услуги телекоммуникаций – до 25 числа месяца, следующего за расчетным. Например, оплата за оказанные услуги в августе должна быть произведена до 25 сентября, иначе услуги будут отключены. Информацию о балансе лицевого счета можно получить по телефонам: "195" (кроме г. Караганды), "196" (для г. Караганды), справочную информацию – "169", информацию о получении счета по электронной почте – "160", подробную распечатку счета – www.idport.kz. информационные киоски. АО "Казахтелеком" В связи с прекращением предпринимательской деятельности Ауелбаева Кайрата Бериковича, ИИН 890903300558, все претензии принимаются в течение одного месяца после опубликования по адресу: с. Актоган, уч. Казакдихан, ул. Карабала, 7.

* * *

В связи с прекращением предпринимательской деятельности Алимбекова Жамалбека Тургымбековича, ИИН 610527300667, все претензии принимаются в течение одного месяца после опубликования по адресу: с. Ойтал, ул. Почтовая, 19.

РЕМОНТ стиральных машин-автоматов, аристонов. КУПЛЮ неисправную стиральную машину-автомат. Обращаться по тел.: 87053102928.

САЛТ-ДӘСТҮР БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫҢ ТЕГІН ӨЗГЕРТУ Азаматтардың тегін,атын және әкесінің атын жазу ҚР Конституциясымен 27.12.1994 ж. Азаматтық кодекспен «Ұлты Қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі №2923 жарлығы 26.12.2011 жылғы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Заңымен реттеледі. ҚР Азаматтық Кодексінің 15 бабына сәйкес, азаматтар тегі мен есімін, сондайақ өз қалауы бойынша – әкесінің атын қоса отырып, өз атымен құқықтар мен міндеттер алады және оларды жүзеге асырады. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 194-бабына сәйкес, баланың тегі ата-аналарының тегімен айқындалады. Атааналарының тегі әртүрлі болған кезде балаға ата-ананың келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-аналарының тілегі бойынша баланың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, баланың әкесінің немесе атасының атымен жазылады. Азаматтардың қалауы бойынша қазақтардың тектері мен әкелерінің аттарын жазу кезінде қазақ тіліне жат (-ов,-ев,-ова,-ева,-ин,-и,-ины,-на,-овна,-евна,-ович,-евич) жұрнақтары алып тасталып, олардың орнына жынысына қарай «ұлы», «қызы» жалғаулары бірге қосыла жазылады алайда, тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуға тиіс. Жеке адамның тегіне «тегі», «ұрпағы», «немересі», «шөбересі», «келіні» деген және басқа да сөздерді қосып жазуға жол берілмейді. «Тегі», «ұрпағы», «немересі», «шөбересі» сөздері бар куәліктерді алмастыру үшін азаматтан қайталама куәлік алуға өтініш түскен кезде көрсетілген сөздерсіз қайталама куәлік беріледі. Егер актілік орыс тілінде болған болса , ал азамат жеке басын куәландыратын құжат алу үшін туу туралы куәлікті мемлекеттік тілде жазып беруді сұраса, онда азаматтың өтініші қанағаттандырылады. Ұлты қазақ азаматтардың тегін және әкесінің атын оңайлатылып жазылған тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және жеке басының куәлігін берген кезде азаматтық хал-ахуалын жазу актілеріне және басқа да құжаттар бұрынғы тегімен, әкесінің атымен берілген (аттестаттар, куәліктер, диплом т.б) өзгертулер енгізусіз жүргізіледі. П.ЖҰРЫНОВА, Меркі аудандық әділет басқармасының бас маманы

Еске алу

Пейіште нұрың шалқысын...

Меркі ауылының тұрғыны, аяулы перзент, мейірімді бауыр, балаларының ардақты әкесі, адал жар бола білген Бескемпіров Аманжол Ерғазыұлы осыдан бес жыл бұрын өмірден озды. Отбасымыздың асқар таудай тірегі, асылымыз ортамызда жүрсе 1-қыркүйекте 35 жасқа толар еді. Келешегінен көп үміт күткен арқа сүйер ардағымыз еді, қайтейік, өмірі қысқа болды, жұлдыздай ағып түсті. Соңында жетілмеген балапандары, аңыраған ата-анасы, жас жұбайы қалды. Сұм ажал қатал екен. Ақылына да, парасатына да, біліміне де, қыршын жасына да қарамай ортамыздан жұлып алып кетті. Еңіреп етегіміз жасқа толса да, жан-жүрегіміз езілсе де оралмады. Жатқан жері жайлы, орны жұмақта, алды пейіш, арты кеніш болсын деп еске алып, құран бағыштаймыз. Еске алушылар: Бескемпіровтар әулеті

ЕСКЕ АЛУ

Меркі ауылының тұрғыны, ардақты ұл, мейірімді бауырымыз Салыбаев Шоқан Шолпанұлы осыдан 25 жыл бұрын өмірден озды. Егер ол ортамызда жүрсе 2-қыркүйек күні 50 жасқа толар еді. Ғұмыры қысқа болып, соңына ұрпақ қалдырып үлгермеген асылымыздың нұр жүзі жүрегімізде. Жетсем деген армандарына жете алмай, соңына бір бұрылмай шын дүниеге асығыс аттанып кеткенін ойласақ, жанымыз сыздайды. Аман болса, үйлі-баранды болып, мерейжасын тойлар едік. Тағдырдың жазуына не шара?! Жатқан жері жайлы, орны жұмақта болсын деп туған күнінде еске алып, құран бағыштаймыз. Еске алушылар: анасы – Мейрамкүл, бауырлары, келіндері, күйеу балалары – Гүлмира, Нұрлан-Айжан, Мұқан-Бекзат, ДосанАяжан, Гуля-Асан, Динара-Төлеген.

Аңшылар назарына! «Аспара» аң шаруашылығы үстіміздегі жылдың 6-қыркүйегі күні аңшылық маусымның ашылуына байланысты борсық, қаз, үйрек, кептер, бөдене, қасқалдақ аулаймын деушілерге жолдама берілетінін хабарлайды. Мекен-жайымыз: аң шаруашылығы ғимараты, Исмайылов көшесі, 250. Тел.: 87754797027.

Жарамсыз деп табылсын Жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін Алипаша Қадырұлы Шариповтың атына берілген №0024062, кад.№06-092-035-014 мемлекеттік акт жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

Қаçàқñòàí Ðåñïóáëèêàñû Әділет ìèíèñòðëiãi Жамбыл облысының әділет департаменті Меркі аудандық әділет басқармасында òiðêåëiï, ¹308 -1919-06-ЖШС êóәëiãi áåðiëãåí Ìåíøiê èåñi: "Ìåðêi òûíûñû"-Бàñïàñû" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Директор, бàñ рåäàêòîð – Айдар ОСПАНАЛИЕВ Жауапты хатшы Назира ЖОЛДАСБАЕВА БӨЛІМДЕР: Ауыл шаруашылығы – Бақтыбай АБАЙ Қоғамдық-саяси – Ольга МАЗУР Хат және жарнама – Мейіркүл ӘБЖАНҚЫЗЫ ТІЛШІЛЕР: Нұрбану КАМАЛ Ольга АРТЮЩЕНКО ФОТОТІЛШІ: Еркін ЖАСЫБАЕВ ДИЗАЙНЕР Ержан АБАЕВ КОМПЬЮТЕР ОРТАЛЫҒЫ: Ирина ӘЛИЕВА Анар ҚАЗАҚБАЕВА

Индекс: 080500, Æàìáûë îáëысы, Мåðêі ауданы, Ыñìàйыëîâ көшесі ¹349.

РЕДАКЦИЯНЫҢ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ: Òåëефондар: Бас ðåäàêòîð – 4-07-33 (факс.), бөлімдер – 4-07-35; 4-07-58; есепші – 4-07-34

* * *

№21 орта мектепті 2004-2005 оқу жылында бітіргендігі туралы Садыков Чингис Адильбековичтің атына берілген ОБ №1494999 аттестат жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

СРОЧНО ПРОДАЕТСЯ земельный участок 15 соток, по ул. Рычилова, б/н. Обращаться по тел.: 4-05-52; 87776683536; 87784907007.

ПРОДАЮ

гостиницу, кафе-бар, баню-сауну. Обращаться по тел.: 4-26-70; 87776985470. «Санаторный» балабақшасының ұжымы осы балабақшаның меңгерушісі Айдарбекова Замира Тоқтаханқызына әкесі ТОҚТАХАН МЫРЗАБАЙ АЙДАРБЕКҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады. Аудан әкімдігінің білім бөлімі және білім қызметкерлері кәсіподағының Меркі аудандық комитеті «Санаторный» балабақшасының меңгерушісі Замира Тоқтаханқызы Айдарбековаға әкесі ТОҚТАХАН МЫРЗАБАЙ АЙДАРБЕКҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады. Оқу-бейімдеу орталығы ұжымы техникалық Қырғызова Балымға ағасы ӘЛМАХАННЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады.

қызметкер

vestnik - merke@mail.ru

Ãàçåò àðàëàñ-қàçàқ æәíå îðûñ òiëäåðiíäå àïòàñûíà 2 ðåò – ñәрñåíái, жұма êүíäåði øûғàäû. Ðåäàêöèÿ àâòîðëàðäûң êөçқàðàñû šүøií өçiíå æàóàïêåðøiëiê æүêòåìåéäi. Ãàçåò îôñåòòiê òәñiëìåí "ÌÒ" áàñïàñûíäà áàñûëғàí. Êөëåìi 1 áàñïà òàáàқ.

Кезекшілер:

О.МАЗУР, Н.КАМАЛ ТАРАЛЫМЫ: 3629 дана


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.