№64-08.13.2014

Page 1

ВСЕ ВО БЛАГО ЧЕЛОВЕКА Меркенский сельский округ нашего района центральный и один из самых крупных, а потому, к нему всегда приковано особое внимание. О том, чем он живет, какие положительные перемены в нем происходят, корреспондент районной газеты «Меркі тынысы» Ольга АЛЕКСЕЕВА побеседовала с акимом Меркенского сельского округа Есболом Серикхановичем Косуаковым.

3 стр.

№64 /10221/ сәрсенбі, 13 тамыз 2014 жыл

Меркі аудандық газеті (Жамбыл облысы)

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) мен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (ЗТМО) – аудан тұрғындары көп қайырылатын мекемелер. Түрлі құжат мәселелерін реттеп, халыққа қалтқысыз қызмет етуі тиіс бұл мекеме қызметкерлерінің ел алғысына әрдайым бөлене бермейтіні жасырын емес. Сондайда тұрғындар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына келіп, арыз-шағымдарын айтады. Мекеме қызметкерлерінің өрескел мінез көрсетіп, жемқорлыққа жол беретіндігіне, қызмет көрсету сапасына деген наразылықтар мен аталмыш мекемелердің ғимараттарының талапқа сай еместігі, соған орай жаңа ғимарат салу жолдары және халықты толғандырған өзге де мәселелер өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінде өткен жиында кеңінен талқыланды. Нұрбану КАМАЛ, Еркін ЖАСЫБАЕВ (сурет), «Меркі тынысы». «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысына партия аудандық филиалының саяси кеңесінің мүшелері, саяси кеңес бюросының мүшелері, «Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияларының мүшелерімен бірге, жоғарыда аталған мекемелердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері т.б. қатысты. Күн тәртібіне қойылған мәселелер – аудандық зейнетақы төлеу орталығының және халыққа қызмет көрсету орталығы басшыларының аудандағы және өздері басқарып отырған мекемелердегі жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайы туралы есептерін тыңдау.

Бірінші мәселе бойынша баяндама оқыған аудандық зейнетақы төлеу орталығының басшысы Нұрғұлан Мұхашев мекемеде жемқорлыққа қарсы шаралардың арнайы бағдарлама бойынша жүргізілетіндігін жеткізді. Нұрғұлан Мұхашевтің сөзінше, аудандық зейнетақы орталығында жемқорлықтың алдын алу мақсатында тиісті шаралардың бәрі жасалған: кабинеттерде және мекеме ауласында бейнекамералар орнатылған, зейнетақы тағайындау және төлеу, әлеуметтік сақтандыру және жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттықнасихаттық тақталар ілінген, тақталарда сенім телефондары жазылған. Сондайақ, мекемеде арыз-шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік орнатылып, арнайы пломбамен бекітілген. (Жалғасы 2-бетте)

.

Газет 1934 жылғы 15-қыркүйектен бастап шығады

ТАҒАЙЫНДАУ Меркі ауданы әкімінің 2014 жылғы 7-тамыздағы №495-ө өкімімен Нәметқұлов Амангелді Нәметқұлұлы Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Амангелді Нәметқұлұлы 1962 жылы 7-мамырда Меркі ауданы, Ақарал ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Түркістан индустриалдыпедагогикалық техникумын «техник-механик» мамандығы бойынша және 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «География пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1983-1985 жылдары Меркі ауданы №17 кәсіптік техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері, арнайы пәндер оқытушысы болып бастаған. 1995-1997 жылдары Меркі ауданы №44 орта мектепте география пәнінің оқытушысы, психолог, директордың орынбасары, 1999-2003 жылдары Меркі аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, 2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бас маманы, 2006 жылы Жамбыл облысы әкімиятының Ішкі саясат департаментінің бас маманы, 2006-2010 жылдары Шу ауданы әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы, 2010-2012 жылдары Жуалы ауданы әкімінің аппарат басшысы, 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық мәслихатының аппарат басшысы қызметін атқарған. Қазақстан Республикасының «Құрметті білім қызметкері». Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау Комиссиясы атынан Беларусь Республикасында өткен Президенттік сайлауда ТМД атынан халықаралық бақылаушы ретінде қатысқан. Отбасылы, үш бала, үш немере тәрбиелеуде.

Меркі ауданы әкімінің 2014 жылғы 7-тамыздағы №496-ө өкімімен Ахметжанов Абылай Әзімханұлы Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Ахметжанов Абылай Әзімханұлы 1980 жылы 4-қарашада Меркі ауданы Кеңес ауылында дүниеге келген. 2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіптегі экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 20032005 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің есеп және есеп беру бөлімшесінің жетекші маманы болып бастаған. 2005-2009 жылдары қаржы бөлімінің бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу бөлімшесінің бас маманы, 2009-2014 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің аудан бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу секторының меңгерушісі болып қызмет атқарған. Үйленген, 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеуде.

НЕ БЫТЬ РАВНОДУШНЫМИ Каждый ребенок должен обучаться в школе, с момента достижения им шести лет, если тому нет медицинских противопоказаний. Чтобы все дети имели возможность ходить в школу, вот уже шестой год в районе, как и по всей стране, проводится республиканская акция «Дорога в школу». В этом году она проходит с 1 августа по 30 сентября, под девизом: «Подари детям добро». Для руководителей организаций, предприятий, бизнесменов, педагогов и просто неравнодушных людей нашего района уже стало доброй традицией – детям, из малообеспеченных, многодетных и социально незащищенных семей, в рамках проводимой акции, оказывать помощь в подготовке к новому учебному году, чтобы предупредить неявку детей в школу по социальным причинам. Они с удовольствием дарят девочкам и мальчикам частичку своего внимания и заботы. Задачами республиканской акции «Дорога в школу» является: – привлечение внимания

общества и населения к проблемам охвата всех детей школьного возраста средним образованием, информированная и разъяснительная работа по обеспечению права всех граждан на получение обязательного среднего образования, выявление и учет детей школьного возраста, не обучающихся или не посещающих, а также систематически пропускающих по неуважительным причинам занятия в организациях среднего образования; – выявление причин и условий, способствующих «бросанию» детьми школ, пропуску занятий в школах по неуважительным причинам и т.д. В ходе акции

представителями организаций образования, совместно с сотрудниками правоохранительных органов, проводятся рейдовые мероприятия по рынкам, увеселительным заведениям, с целью выявления детей, не охваченных обучением или находящихся в ночное время вне дома, без сопровождения взрослых. Хотелось бы особо отметить меценатов, оказывающих посильную помощь нуждающимся семьям в сборах детей в школу, это: президент ТОО «Меркенский сырзавод» Д.Айтуленов, председатель сельского потребительского кооператива Б.Рахимбаев, руководитель узбекского

этнокультурного объединения района Б.Хасанбаев и др. Им огромное спасибо. И перед началом нового учебного года, таких семей, нуждающихся в поддержке, не мало. И Хочется в очередной раз, на страницах райгазеты «Меркі тынысы», обратиться ко всем меркенцам, руководителям организаций и предприятий, общественности района, меценатам и призвать их помочь. Мы знаем – в ваших силах оказать помощь детям, особенно школьникам, оставшимся без попечения родителей, из многодетных семей в сборах к началу занятий и поделиться с ними душевным теплом, помня о том, что, принимая участие в республиканской акции «Дорога в школу», вы открываете детям дорогу в жизнь! М.ТИЛЕШОВА, методист по воспитательной части райОО.

Аудандық "Меркі тынысы" басылымына – 80 жыл!

Аудандық мәслихат депутаттарының назарына! «Меркі ауданының әкімі Б.Б.Көпбосыновтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауда атқарған жұмыстары туралы аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі туралы» кезекті отыз екінші сессиясы 2014 жылдың тамыз айының 18-жұлдызына сағат 15.00ге ауыстырылды. Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы 14-тамыз күні сағат 16.00де аудандық мәжіліс залында өтеді. Сессия алдында депутаттарды тіркеу 2014 жылдың 18-тамыз күні сағат 14.30-да басталады. Аудандық мәслихат аппараты


13 тамыз 2014 жыл

2

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ (Соңы. Басы 1-бетте) Мекеме басшысы әр апта сайын қызметкерлерге қызмет этикасы, азаматтарды қабылдау, жемқорлықтың алдын алу жолдарын үйрету мақсатында оқыту жүргізсе, ЗТМО Жамбыл облыстық филиалының директоры ауданымызға тоқсан сайын келіп, азаматтарды жеке қабылдайды екен.

Бір сөзбен айтқанда, мекеме басшысының сөздері аудандық зейнетақы төлеу орталығында барлық жұмыстар еш кедергі-кемшіліксіз, ойдағыдай атқарылуда дегенге саяды. Алайда, аталмыш мекемеге зерделеу жұмыстарын жүргізген арнайы комиссияның қорытындысы бұл пікірді растамады. Отырыс төрағасы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Қасым үстіміздегі жылдың 22-шілдесі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанында арнайы комиссия құрылып, халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудандық зейнетақы төлеу орталығында жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайы және осы мекемелерде ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңының орындалуына қоғамдық қабылдау жасау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілгенін жеткізді. Құрамында Партия аудандық филиалы саяси кеңесінің, «Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері және партиялық бақылау комиссиясының хатшысы болған арнайы комиссия жүргізген зерделеу жұмыстарының қорытындысымен таныстыру мақсатында сөз «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Айдар Оспаналиевке берілді. «Мекеме басшысы бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке сұрақтармен күнделікті қабылдауы керек. Бірақ, зерделеу барысында мекеме басшысының жыл басынан бері мүлдем қабылдау жүргізбегені анықталды. Қабылдау кітабы ашылған, тігіліп, мөрленген. Алайда, жыл басынан бері кітапқа бірде-бір азамат тіркелмеген. Бұл – мекемедегі кестенің тек қағаз жүзінде ғана жасалғанын, оның орындалуына бақылаудың жоқ екенін білдіреді», – деген комиссия мүшесі Айдар Оспаналиев жоғарыда мекеме басшысы атап өткен ақпараттықнасихаттық тақта және сенім телефоны мен жәшікке қатысты да сын айтты. Яғни, сенім телефоны жұмыс істеп тұрса да, оған жыл басынан бері бірдебір азамат хабарласпаған, тоқсанына бір рет ЗТМО Жамбыл облыстық филиалы қызметкерлерімен бірге ашылатын сенім жәшігіне де ешқандай хат түспеген. Айдар Оспаналиев бұл жағдайдың зейнетақы төлеу орталығының жұмысында проблемалардың бар екенін айғақтайтын фактор екенін жеткізді. Өйткені, мекемедегі сенім жәшігіне арыз-шағым түспегенімен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне жәрдемақы немесе зейнетақы мәселелерімен тұрғындар көптеп қайырылады. Бұдан соң сөз алған аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Дастан Әміреқұл да мекемедегі жұмыстардың өз деңгейінде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Дегенмен, аталмыш мекемеге

жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысымен таныстырған партиялық бақылау комиссиясының хатшысы Расул Маллабаевтың сөздері жоғарыдағы пікірге қайшы келді. Халыққа қызмет көрсету орталығына барған азаматтардың көлік қоятын орын таппай қиналатынынан бастап бірқатар келеңсіз жәйттерді ашып айтқан Расул Юсупұлы: «Мекеме ғимараты аудандық

халыққа қызмет көрсету орталығының талаптарына сай келмейді. Комиссия мүшелері барған кезде ғимараттың күту залында ине шаншар жер болмады. Ұзын-сонар кезектің соңы дәлізге дейін жалғасқан. Кезекте тұрған азаматтар бір анықтаманы алуға жарты сағаттан аса уақыт кететінін, тіпті кейде, ХҚКО қызметкерлерінің таныс-тамырларының құжаттарын кезексіз өткізіп жіберетініне байланысты уақыттың созыла түсетіндігін де жеткізді», – деді. Сондайақ мұнда да «сенім телефонына» ешкім хабарласпаған, ал, сенім жәшігі тіпті, мөрленіп, бекітілмеген де. «Бұл – «сенім телефонына» халықтың сенбейтіндігін көрсетеді» деген Расул Маллабаев: «Нұр Отан» партиясына қоғамдық қабылдау күндері аудан азаматтарынан осы халыққа қызмет көрсету орталығына наразылықтарын білдірген арыздар баршылық. Басым көпшілігі құжаттың дайындалу мерзімінен кешіктірілгенін, құжаттарды дайындау кезінде мамандардың толыққанды түсіндірмей, дұрыс жауап бермейтіндігін айтып жиі шағымданады», – деп атап өтті. Бұдан соң «Нұр Отан» партиясы Меркі аудандық филиалы тарапынан аталмыш екі мекемеге деген халықтың пікірін білу, жалпы, осы мекемелердің жұмысына аудан азаматтарының сенімін бағалау мақсатында жүргізілген сауалнама қорытындысы жарияланды. Бұл анонимді сауалнама қорытындылары жоғарыда комиссия мүшелері атап көрсеткен проблемаларды одан әрі нақтылай түскендей. Мәселен, халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына қатысты «Құжаттарыңызды өткізуде қиындықтар туындай ма?» деген сауалға сауалнамаға қатысушы азаматтардың 64 пайызы «иә» деп жауап берген. Ал, зейнетақы төлеу орталығының жұмысына байланысты дәл осы сауалға 51 пайызы «иә» деп жауап беріпті. ХҚКО қызметкерлеріне қатысты «Қызметшілер сізбен сыпайы сөйлесе ме?» деген сауалға 57 пайыз қатысушы «жоқ» деп жауап беріпті. «ХҚКО-да жемқорлық деңгейін қалай бағалайсыз?» деген сауалға 38 пайыз қатысушы «жоғары» деген жауапты белгілесе, 19 пайызы ғана «жемқорлық жоқ» деп жауап беріпті. Ал, ЗТМО-ға қатысты осы сауалға 49 пайыз қатысушы «жемқорлық жоқ» деп жауап берген. Сауалнама қорытындылары таныстырылған соң сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Қасым: «Бұл сауалнама қорытындылары аталмыш мекемелердің басшыларының және қызметкерлерінің жұмысына елдің беріп отырған бағасы. Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы елдің 20152025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірлеп, оның жобасын ұсынып отыр. Қазір осы бағдарламаның

жобасы аймақтарда талқылаудан өтуде. Аудандық филиалдың ұйымдастыруымен де барлық бастауыш партия ұйымдарында жиналыстар өткізілді. Мекеме басшылары және «Нұр Отан» партиясы бірігіп, жемқорлықтың алдын алуға күш салуымыз керек. Мекеме басшылары арнайы жиналыстар өткізіп, қызметкерлер арасында жемқорлықтың зиянды

салдары мен оның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек», – деді. Жиналыста сөз алған аудандық тұтынушылар құқығын қорғау одағының басшысы Қалдыбай Шолпанқұлов та бұл пікірді қолдады. Өзі басқарып отырған мекеменің жұмысына байланысты комиссия мүшелері айтқан сын мен сауалнама қорытындыларына қатысты түсініктеме берген аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Дастан Әміреқұл мәселелердің барлығы ғимараттың талапқа сай болмауынан туындап отырғанын айтты. Осы мәселені шешу мақсатында Дастан Әміреқұл ХҚКО-ның ауласындағы жерді заңдастырып, қосымша ғимарат салу үшін жобалық-сметалық құжаттарын да жасатыпты. Алайда, қаржы мәселесінің шешілуі екіталай. Құрылысқа 20-25 млн. теңге керек, бірақ, республикалық баланстағы мекемеге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбейді. Бұдан соң сөз кезегін арнайы шақырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Батырхан Мамасеріков алды. Ол өз сөзінде ауданымыздағы халыққа қызмет көрсету орталығын талапқа сай ғимаратпен қамтамасыз ету мақсатында басқа да шаралардың қарастырылып жатқанын жеткізді. «Ғимарат мәселесі біріге отырып шешетін ауқымды мәселе. Біз халыққа қызмет көрсету орталығына лайықты бір ғимаратты таптық. Сол ғимаратты арзандау бағамен алуымызға аудан әкімдігі ықпал жасаса мәселе оң шешімін табар еді. Немесе жаңа ғимарат салу үшін жер бөлінсе, заман талабына сай, тұрғындарға қолайлы жағдайлар жасалған ғимарат салар едік. Республикалық бюджеттен қаржы қарастырылу үшін жоғарыға, тиісті органдарға хаттар жолдап жатырмыз. «Нұр Отан» партиясы да бұл мәселеде атсалысады деп сенеміз», – деп атап өтті Батырхан Мамасеріков. Жиналыста аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Еренсіз Абашов, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлжан Тлеубердиевалар да өз ойларын білдірді. Сондай-ақ, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша шешім қабылданды. Шешімде мекеме басшыларының баяндамалары және комиссия мүшелері жүргізген зерделеу жұмысы туралы ақпарат назарға алынып, айтылған кемшіліктерді жою үшін аталмыш мекемелерге бір ай көлемінде уақыт берілді. Бір айдан соң комиссия мүшелері мекемелерді қайтадан тексеретін болады. Ал, депутаттар мен аудан әкімдігі және аталмыш мекеме басшылары халыққа қызмет көрсету орталығы және зейнетақы төлеу орталығын заман талабына сай жаңа ғимаратпен қамтамасыз ету мақсатында күш біріктіре жұмыс атқаратын болып келісті.

Тосын жай Жақында аудандық газеттің тұрақты оқырмандарының бірі қоршаған ортаға зиян келтіріп, қоғамның ортақ байлығын жеке бас пайдасына жаратқысы келгендерді әшкерелеп жазуды сұрап, редакцияға келді. Жұртшылық болып көңіл бұратын мәселе болғандықтан біз оның жанайқайының қысқаша мазмұнымен оқырмандарымызды да таныстыра кеткенді жөн көрдік. Бақтыбай АБАЙ, «Меркі тынысы».

АҒАШ – САЯ, ОРТАҚ БАЙЛЫҒЫМЫЗ, жөнсіз кесу – қаскөйлік

«...Ауданымызда соңғы кездері сырттан келген белгісіз жас жігіттер ешқандай рұқсатсыз қарағаштарды, емендерді кесіп жүр. Ойтал ауылындағы саябақта екі еменді кесіп тастаған осындай адамдарды ұстадық. Ауданға мемлекеттік нөмірі Н 837 ВВ жеңіл автокөлікпен келген. Ешқандай рұқсатсыз емендерді кесіп, 800 мың теңгедей зиян келтірді. Емен бағалы, ауданда сирек кездесетін ағаш түріне жатады. Жат әрекетке барғандар аты-жөнін айтудан бас тартып, тайып тұрды. Аудан орталығында бұрынғы ескі православ шіркеуінің қасында 200 жылға жуық өсіп тұрған жуан үш қарағашты тағы бір белгісіз адамдар қанша адамның көз алдында, күндіз-ақ кесіп құлатқан. Мініп келген көліктері «Мицубиси» маркалы, нөмірі Н 523 РСМ, аты-жөндерін жасырды. Екі жағдайда да көліктерінің нөмірі белгілі. МАИ арқылы тауып ұстауға болады. Әрі қарай аудан прокуратурасы арқылы қылмысты іс қозғалып шара қолданылса, тіпті де, оң болар еді. Бір адамдар жеке пайдасы үшін қоғамға зиянын тигізіп жатса, екінші біреулері игі іске сеп болуға әзір тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары маған мынадай тілектерін айтты. Көшелерге, үйлерге құлайын деп, қауіп тудырып тұрған ағаштарды келісіп кесіп, орнына аққайыңның, шыршаның, тағы басқа ағаштардың жас көшеттерін егіп бермек. Бұл ұсынысты аудан әкімі Б.Көпбосыновқа да айттым. Ол қолдады... Арип Марипов, өзбек ұлттық-мәдени орталығының хатшысы». Хаттың қысқаша мазмұны осындай. Бір айта кетерлігі Арип

шіркеудің жанындағы ағаштың кесіліп жатқанын автокөлікте кетіп бара жатып көрген. Жаны ашымас басқа біреу байқап қалса «менің ағашым емес, не жұмысым бар» деп жолынан қалмай кете берер еді. Ал, Арип көліктен түсе қалып қоғамдық құндылығымызға араша түскен. Осындайда мұндай адамдар көп болса екен деп тілейсің. Ағаш – көгеріш, оттегінің көзі де. Құрылыс салынады деп кесіліп, сол маңға ешнәрсе егілмей жатқандары да бар. Тауда Ақтікен мен Молалы аңғарларының арасында қаншама гектар жайылым, қаншама түп бұта, тал жуырда болған өрттен жанып кетті. Кездейсоқ оқиға болды деп өкінеміз. Ал, тапа-тал түсте ауылдың ортасында, аудан орталығында талдарды рұқсатсыз кесуге неге жол береміз?! А.Мариповтың көтерген мәселесі бәрімізді ойлантып, құқық қорғау орындары араласып, тиісті шаралар қолданылғаны жөн.

Аудандық статистика басқармасы хабарлайды

Ауданда азық-түлік тауарларының ОРТАША БАҒАСЫ (теңгемен) (тамыз айының басындағы) Тауарлар

Күріш Ұн, 1-сұрыпты бидайдың Ұнтақ жарма (манная) Қарақұмық жармасы Сұлы жармасы Перловка жармасы Тары Нан, 1-сұрыпты ұннан Кеспе (вермишель) Лапша Рожки Сиыр еті Қой еті Тауық еті Тауық окорочкасы Сүт, 2,5% Сүт, 3,2% Айран, майлылығы 2,5% Айран, 3,2% Сүзбе (творог), майлылығы 5-9% Ірімшік (сыр) Тауық жұмыртқасы Сарымай, майлылығы 72,5% Май (өсімдік-сарымай растительно-сливочное) Өсімдік майы (күнбағыстың) Көпорам (Капуста) Пияз Ас қызылшасы Сәбіз Ақтүйнек (картофель) Құмшекер Тұз Шай, қара, түйіршіктелген

өлшем бірлігі

орташа баға

кг кг кг кг кг кг кг кг кг кг кг кг кг кг кг л л л л кг кг 10 дана кг

197,5 76 142 195 145 122 130 45/82 143 175 160 1100 1200 550 473 177 192 180 190 400 1150 218 1166,6

кг л кг кг кг кг кг кг кг кг

100 316 60 83,7 110 82,5 100 180 41 388

Орташа баға аудан орталығында орталық базардағы, «7Я» минимаркетіндегі, «Махаббат әлемі» сауда орталығы жанындағы супермаркеттегі, «Әсел» және «Достық» дүкендеріндегі бағаларға қарап шығарылды.


13 тамыз 2014 жыл

3

ВСЕ ВО БЛАГО ЧЕЛОВЕКА

М

еркенский сельский округ нашего района центральный и один из самых крупных, а потому, к нему всегда приковано особое внимание. О том, чем он живет, какие положительные перемены в нем происходят, корреспондент районной газеты «Меркі тынысы» Ольга АЛЕКСЕЕВА побеседовала с акимом Меркенского сельского округа Есболом Серикхановичем Косуаковым.

– Скажите, пожалуйста, сколько человек проживает в Меркенском сельокруге? – Меркенский сельский округ состоит из двух населенных пунктов: село Мерке, санаторий «Мерке», здесь проживает 14719 жителей, из них 8000 – трудоспособные, от 18 лет и до пенсионного возраста. Это люди разных национальностей, возрастов и сфер деятельности. – Сколько организаций и какие действуют на территории Меркенского сельокруга? – На территории округа действует 56 организаций, две средние школы-гимназии, колледж экономики и строительства им. А.Аскарова, шесть детских садов, центральная районная больница, врачебная амбулатория, крестьянские хозяйства, объекты малого и среднего бизнеса и т.д. За последние годы сельский округ сильно изменился, повысилась рождаемость, были построены новые социальные объекты, малого и среднего бизнеса, во Дворце детей и юношества «Үміт», ЦРБ был проведен капитальный ремонт, проведено благоустройство центрального парка, ведется капитальный ремонт центрального стадиона, территория округа озеленяется, благоустраивается, освещается, идет ремонт дорог по улицам, создаются новые рабочие места, оказывается помощь нуждающимся людям в решении их жизненноважных вопросов. – Меркенский сельский

округ всегда был богат уважаемыми, Почетными людьми, ветеранами Великой Отечественной войны. Сколько на сегодняшний день ветеранов ВОВ проживает в округе? – С каждым годом ветеранов Великой Отечественной войны остается все меньше и меньше, уходят от нас ветераны ВОВ. На сегодняшний день их осталось всего лишь 5 человек и мы, работники аппарата сельского округа, меценаты стараемся оказывать им помощь, окружать заботой и вниманием. С большим почтением и уважением мы поздравляем их на Великий День Победы, дарим им подарки и тепло своих сердец, свою благодарность за то, что они подарили нам мирную жизнь и чистое, светлое небо над головой. И в этом нам, конечно же, помогают предприниматели района. – Скажите, пожалуйста, что в округе делается для его благоустройства и удобства жителей? – За последнее время в округе происходит много положительных перемен. По госпрограмме «Развитие регионов» в Меркенском сельокруге была озеленена, высажена цветами, в виде казахских национальных орнаментов, территория возле центрального рынка, начиная от Кургана Славы и до ул. Торгаева. А занимается воплощением в жизнь всей этой красоты фирма из города Тараза ТОО «Жасулан флора» (руководитель Б.Омаров), которая выиграла тендер.

Весной здесь цвели голландские яркие тюльпаны, теперь меркенцев и гостей района своим буйным цветением, дивным ароматом радует петуния. Цветы и зелень сразу же преобразили центр села, радуют, поднимают настроение. Сейчас в округе проводится освещение по ул. Т.Бокина, в конце которой построена и действует новая школа-гимназия №39, продолжается асфальтирование улиц. В округе поддерживается культ здорового образа жизни, пример которого демонстрируют сами сотрудники аппарата сельокруга. Так, на День государственного служащего, среди госслужащих госучреждений и организаций района проводилась спартакиада по мини-футболу, в которой активное участие приняли госслужащие Меркенского сельокруга, объединившись вместе с госслужащими Сарымолдаевского сельокруга в одну команду «Мерке-Сарымолдаево» и достойно, в нелегкой борьбе, завоевав первое место. И в подписной кампании на районную газету «Меркі тынысы» Меркенский сельокруг среди лидеров. Здесь делается все, чтобы жители округа не остались в стороне от этой важной кампании, выписывали и читали районную газету, интересуясь не только тем, что происходит в мире, республике, области, но и тем, чем живет район, ведь так их жизнь будет насыщеннее и богаче. Хорошими темпами в округе развивается малый и средний бизнес, в том числе и цеха по производству брусчатки, пескоблоков, два кирпичных цеха, по ул. Торгаева и Тутокина. Активно проводится работа по очистке и благоустройству, решаются насущные проблемы. И все, что в округе делается, направлено на рост благосостояния, уровня жизни людей, проживающих здесь. На то, чтобы с каждым годом жизнь здесь становилась лучше, а округ чище, благополучнее.

СОКРОВИЩНИЦА УКРАШЕНИЙ «Развитие малого и среднего бизнеса – вот главный инструмент индустриальной и социальной модернизации Казахстана в ХХІ веке. Чем больше доля малого и среднего бизнеса в нашей экономике – тем более устойчивым будет развитие Казахстана», отметил Президент страны в своем Послании народу Казахстана. Ольга АКИНИНА, «Меркі тынысы». И в нашем районе, как и по всему Казахстану, бизнес развивается успешно и он многогранен. Каждый найдет в нем что-то по своим интересам, способностям. Для каждого в нем большие перспективы. Нашла себя в бизнесе и молодая, энергичная Зульфия Атабаева. Так, бывают такие места, где ты чувствуешь себя принцессой, попавшей в сказочную сокровищницу. С каждым взглядом открываешь чтото еще более интересное, еще более прекрасное. Небольшой, но уютный магазинчик, где можно единицы загрузить на свой телефон, приобрести номер и подобрать для себя или в подарок ювелирные украшения, как раз одно из таких мест. Для любителей красивых украшений, переливающихся и играющих в лучах света – зрелище поистине завораживающее. И не важно, кто они – покупатели: студентки, педагоги, медики, какого возраста – всех тянет сюда, как магнитом. Кольца, самые разные, с камнями и без, три в одном, трансформеры, способные из колечка трансформироваться в оригинальный кулон, цепочки, серьги, с напылением золота и

серебра, украшенные камнями Сваровски... Здесь много красивых украшений, способных привлечь внимание и вскружить голову любому покупателю. А основала и реализует всю эту красоту Зульфия Атабаева, которая всегда испытывала слабость к красивым украшениям и теперь превратила свое хобби в интересный бизнес. И Зульфия постоянно находится в поиске чего-то нового и интересного, требуя поставлять в ее торговую точку именно оригинальные украшения, необычные. И главное, у Зульфии есть уникальный дар, почувствовать энергию каждого украшения, посоветовать, какое украшение подойдет той или другой покупательнице, какое украшение лучше всего приобрести в подарок ко Дню рождения, юбилею, свадьбе. Потому, нет ничего удивительного в том, что в магазин к Зульфие Атабаевой заглядывают многие, чтобы посмотреть новинки, появившиеся на стеллажах-витринах,

Советы специалиста Сибирская язва относится к острым заразным болезням. Источником сибиреязвенной инфекции является больное животное, в организме которого происходит естественное размножение и накопление возбудителя, а также животное сырье, обсемененное спорами. Человек заражается от больных, павших животных, от инфицированных ими объектов окружающей среды, в том числе зараженной продукции животноводства: кож, овчин, волос, шерсти, мяса. Эпидермис и слизистые оболочки также являются проводником сибиреязвенной инфекции. Чтобы избежать заболевания сибирской язвой необходимо: – не производить вынужденного

забоя скота и не снимать шкуры с павших животных, без разрешения ветеринарных работников; – о каждом случае падежа или заболевания сельскохозяйственных животных сообщать ветеринарным работникам, для получения от них рекомендации по уходу за больными животными и денежной компенсации, при условии подтверждения диагноза «сибирская язва»;

которые так и просятся на пальчик, в виде удивительно красивого, изящного колечка, цепочки на шею и руку, играющего всеми гранями кулона, комплектов. Ассортимент здесь очень широкий, на любой вкус и кошелек. И хорошее настроение каждого покупателя начинается здесь с приятной и красивой

покупки. И нет для Зульфии большего счастья, чем понимать, что она занимается любимым делом, видеть, как медленно, но верно взбираешься по ступенькам самосовершенствования, реализовывать людям красивые украшения и видеть их глаза счастливыми.

П

роведение брифингов, на самые различные, волнующие меркенцев темы, в районном суде уже стало доброй традицией. Они помогают жителям района лучше узнавать законы и свои права.На очередном брифинге на тему «Судебная медиация», на котором присутствовали жители района, разъяснения по медиации, внедрению в гражданское судопроизводство примирительных процедур, дали судья Меркенского районного суда Еркин Султанович Кенбаев и профессиональный медиатор Шынар Жумахановна Хамирова, постаравшись донести до меркенцев информацию по этому нововведению в доступной для каждого форме. На брифинге также присутствовали прокурор Д.Капаров и адвокат А.Каримов.

Ольга МАЗУР, «Меркі тынысы».

МЕДИАЦИЯ – ПОМОЩЬ В РАЗРЕШЕНИИ СПОРА

Судья Меркенского районного суда Е.Кенбаев подробно остановился на Положении о реализации пилотного проекта по внедрению в гражданское судопроизводство примирительных процедур, с участием судьи (судебной медиации), утвержденном Распоряжением Председателя Верховного Суда Республики Казахстан 11 апреля 2014 года, за № 92, рассказав о том, что настоящее Положение было разработано в соответствии с Гражданским процессуальным кодексом РК и Законом РК, от 28 января 2011 года «О медиации» и определяет цели, задачи и порядок реализации пилотного проекта по внедрению в гражданское судопроизводство примирительных процедур, с участием судьи (судебной медиации). Дал разъяснения судья Меркенского райсуда и о понятиях, используемых в настоящем Положении, таких как: – судебная медиация – примирительная процедура урегулирования спора (конфликта) между сторонами судебного процесса, при содействии судьи, осуществляющего примирительные процедуры. – соглашение об урегулировании спора (конфликта) – письменное соглашение сторон, достигнутое ими в результате судебной медиации. Рассказал Еркин Султанович о целях этого пилотного проекта, таких как: – расширение сферы применения примирительных процедур, уменьшение нагрузки на судей, минимизация издержек участников процесса и судов, по рассмотрению и разрешению дел, выявление заинтересованности участников гражданского оборота в несудебном урегулировании конфликтов и споров. Жители района, присутствующие на брифинге, узнали о том, что судебная медиация проводится по соглашению сторон судьей, осуществляющим примирительные процедуры на основе таких принципов, как: добровольность, равноправие сторон медиации, недопустимость вмешательства в процедуру медиации, соответствие требованиям действующего законодательства. О том, что порядок проведения судебной медиации определяется с учетом требований статей 49, 193, 247, 367 ГПК и ряда правил, таких как: судья, в производстве которого находится дело, в судах первой или апелляционной инстанции, на любой стадии судебного разбирательства, выясняет у сторон о возможности проведения судебной медиации: в случае заключения сторонами соглашения о проведении судебной медиации, судья, в производстве которого находится дело, в соответствии с пунктом 7) статьи 242 ГПК приостанавливает производство по делу, на срок не более десяти дней. На основании определения

судьи дело передается, посредством автоматизированного распределения, судье,осуществляющему примирительные процедуры, который, с согласия сторон, определяет дату и время проведения судебной медиации. Соглашение об урегулировании спора (конфликта), достигнутое сторонами медиации при проведении примирительных процедур, заключается в письменной форме и подписывается сторонами. При достижении сторонами соглашения об урегулировании спора (конфликта), в порядке судебной медиации судья, в производстве которого находится дело, выносит определение, постановление об его утверждении и прекращении производства по делу, в соответствии с подпунктом 4-1) статьи 247, статьей 367 ГПК. Если стороны не достигли соглашения в порядке судебной медиации или условия соглашения судом не утверждены, производство по делу возобновляется и разбирательство дела проводится в общем порядке. Затем, ко всему сказанному судьей Меркенского суда присоединилась профессиональный медиатор Ш.Хамирова, сказавшая о том, что «Медиация – это помощь в разрешении спора. Она позволяет выйти из конфликта с наименьшими потерями времени, денег и нервов. Что медиация применяется в решении споров (конфликтов), возникающих из гражданских и иных правоотношений, с участием физических и (или) юридических лиц. Это: конфликты на работе, семейные споры, споры в банковской и страховой сфере, связанные с авторским правом и интеллектуальной собственностью и т.д. Не применяется медиация в тех случаях, если затронуты интересы третьих лиц, не участвующих в процессе медиации и лиц, признанных судом недееспособными. Если одна из сторон является госорганом, по делам о коррупционных преступлениях и иным преступлениям против интересов государственной службы и государственного управления». Шынар Хамирова также отметила то, что со своей стороны и со стороны своих коллег они готовы оказывать гражданам, помощь в решении споров через медиацию, применив весь свой профессионализм, обеспечив добровольность, равноправие сторон медиации, независимость и беспристрастность медиатора, недопустимость вмешательства в процедуру медиации, конфиденциальность. В завершении брифинга жители района задавали судье Меркенского районного суда и профессиональному медиатору интересующие их вопросы, касающиеся медиации, которая для всех пока еще нова, но которая может разрешить многие, возникшие споры и конфликты.

ЧТОБЫ ИЗБЕЖАТЬ ЗАБОЛЕВАНИЯ – при уходе за больными животными и их убое надевать спецодежду (резиновые перчатки и сапоги, которые после работы должны быть продезинфицированы). Избегать ранения кожи рук, лица, шеи. После окончания работы с больными животными, тщательно мыть руки, не принимать пищу немытыми руками; – не приобретать на рынках и у частных лиц мясо, кожу, шерсть и сырье от животных, без наличия знаков ветеринарного контроля, разрешающих их продажу; – заболевший скот немедленно

изолировать и вызвать ветеринарного врача. Труп погибшего животного вместе со шкурой сжечь на скотомогильнике; – помещение, где находилось больное животное, очистить, снять деревянные полы, сжечь, землю под полом продезинфицировать 20% раствором хлорной извести, малоценные предметы, бывшие в соприкосновении с больным животным, сжечь. В профилактике болезни важную роль играет правильное содержание скотомогильников, они должны быть ограждены, иметь предупредительные надписи. Эти места

нельзя использовать под огороды, пастбища, водопои, брать с них почву для обмазки домов, сараев, нельзя дотрагиваться до шерсти, костей, валяющихся в степи и на свалках – там могут быть споры сибирской язвы. Нельзя содержать животных в жилых комнатах – это увеличивает опасность заражения. А.ГАЛИЕВА, ведущий специалист Меркенского районного Управления по защите прав потребителей Департамента по защите прав потребителей ЖО Агентства РК по защите прав потребителей.


БОРЬБА С НАРКОМАНИЕЙ В стране реализуется «Стратегия борьбы с наркоманией и наркобизнесом на 20062014 годы», подписанная Главой государства. Целью программы является блокирование и обратное развитие социальноопасных тенденций роста распространения зависимости от психоактивных веществ среди населения Казахстана.

Анализ имеющейся информации о состоянии преступности и мерах борьбы с наркоманией показал, что после некоторой стабилизации наркопреступности, прослеживается тенденция роста количества зарегистрированных наркопреступлений. Это связано, в первую очередь, с выгодным географическим расположением Казахстана, который является привлекательным для наркодельцов, специализирующихся, прежде всего, на производстве и поставке нелегальных нароктиков. На протяжении многих лет, на территории Жамбылской области, произрастает дикорастущая конопля – марихуана, как всем известно, Шуский район является источником роста дикой конопли. Следует отметить, что и в Меркенском районе около 85000 гектаров земельного участка занимает дикорастущая конопля. Казахстан превратился в устойчивый транзитный коридор поставки наркотиков из стран ЮгоЗападной, Юго-Восточной Азии и других стран в Россию, Восточную и Западную Европу. Уже много лет правоохранительные структуры области ведут борьбу с незаконным оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, проводят мероприятия по борьбе и уничтожению конопли. Согласно статистике, на

территории Меркенского района, за 7 месяцев 2014 года, зарегистрировано 41 наркопреступление, в том числе, за незаконное приобретение, переработку, хранение, перевозку, пересылку либо сбыт наркотических средств или психотропных веществ – 32 наркопреступления, контрабанда наркотических средств – 9. В суд направлено 19 уголовных дел. Правоохранительными органами района за 7 месяцев 2014 года изъято 3 тонны 76 кг. 907 гр. наркотических средств. По данным фактам задержан 21 человек, из них 16 граждан Республики Казахстан и 5 граждан Кыргызской Республики. По вышеуказанным уголовным делам в отношении 21 лица вынесен обвинительный приговор. Анализ ситуации, в итоге, требует осуществления совершенно нового подхода, учитывающего современные реалии и возможности государства, базирующегося на реализации комплекса взаимосвязанных адекватных мер, основанных на единой государственной политике и Стратегии в области борьбы с наркоманией и наркобизнесом, способного предупредить возникновение новых угроз и вызовов. Осуществляется прокурорский надзор за соблюдением требований Инструкции «О порядке изъятия, учета, хранения, передачи и уничтожения наркотических средств, изъятых в качестве вещественных доказательств по уголовным делам, отказным материалам и материалам административного производства», проведены проверки по соблюдению законности проводимых работ по данной Инструкции. Б.КАЛЫСБАЕВ, старший прокурор по надзору за законностью в сфере правовой статистики и специальных учетов УКПС и СУ ГП РК по Т.Рыскуловскому и Меркенскому районам Жамбылской области.

ӨРТ ТІЛСІЗ ЖАУ Өрттің тілсіз жау екендігі баршамызға белгілі. Ол материалдық шығын келтірумен қатар, кейде адам өміріне де қауіп төндіреді. Шындығына келгенде өрттің шығу себептері, өзіміздің күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген электр құралдарынан немесе тұрғындардың отқа ұқыпсыз қарауынан, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан туындайды. Бұрын да талай айтылып жүргенімен, өрттің көбейіп кетуіне байланысты тұрғындарға тағы да ескерткіміз келеді. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, пеш жағар алдында пеш құбырының қаншалықты жарамды екендігін тексеріп алғандарыңыз жөн. Өрт тілсіз жау, оған қарсы күрес ешқашан да тоқтаған емес, сондықтан да өртке қарсы бірігіп күресейік ағайын. АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ

Еске алу

Қызғалдақтай гүліміз еді... Ақарал ауылында туып өскен, Сұрат ауылының сүйікті келіні болған Өскенбайқызы Динара егер ортамызда жүрсе 15-тамызда 25 жасқа толар еді. Осыдан 3 жыл бұрын 22 жасында кенеттен өмірден озды. Тұңғышын өмірге әкелмекші еді, бірақ тағдыр екеуіне де өмір бермепті. Екеуі де о дүниеге аттанып, қабырғамызды қаусатып кетті. Ибалы, иманды келін, ата-анасының сүйкімді қызы, ыстық суығы басылмаған адал жар болатын. Жұлдыздай ағып түсті, көрер қызығын көре алмағанын ойласақ

жүрегіміз сыздайды. Тағдырдың жазуына не шара? Жатқан жері жайлы, орны жұмақта, жаны жәннатта болсын деп туған күнінде еске алып, құран бағыштаймыз. Еске алушылар: ата-анасы, әжесі, сіңлілері, бауырлары, қайын атасы, қайын енесі, жары Жаһангер, қайын әпкелері.

ЕСКЕ АЛУ Тәтті ауылынан аяулы перзент, сүйікті бауырымыз Иманбердиев Жайдарбек Базарбекұлы осыдан 18 жыл бұрын өмірден өтті. Ағамыздың жарқын бейнесі жүрегімізде, үлгі-өнегесі жадымызда мәңгі сақталады. Егер ол арамызда болғанда биыл 15-тамызда 40 жасқа толар еді, көретін қызықтары көп еді. Тағдырдың жазуына не шара? Өмірден ерте кеткені өкінішті. Жатқан жері жайлы, алды пейіш, арты кеніш болсын деп еске аламыз. Еске алушылар: әке-шешесі – Базарбек-Гүлдархан, інісікеліні – Ерлан-Гүлзада, қарындастары-күйеу балалары – БоранжанФеруза, Санат-Перизат, Бақыт-Ләззат, інісі – Жансерік және ініқарындастары.

ЖӘРМЕҢКЕ ӨТКІЗІЛЕДІ!

Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 21-тамыз 2014 жылы сағат 10.00-де, М.Маметова №1 мекенжайы бойынша аудандық мәдениет үйінде «Бос жұмыс орындарына жәрмеңке» өткізілетіндігін хабарлайды.

Условия акции «Бомба конус шагает по стране» 1. Собери три этикетки от самого вкусного мороженого «Бомба конус» от ШИН-ЛАЙН. Не обязательно сохранять целостность этикетки. Достаточно принести ту часть, где написано «Бомба конус». 2. Найди промоточку со скутером ШИН-ЛАЙН и обменяй каждые три этикетки на купон, с. Мерке, Центральный рынок. 3. Приходи 16 августа 2014 года, в 17.00 часов, на территорию РДК, на праздник мороженого от ШИН-ЛАЙН и стань участником розыгрыша многочисленных призов и суперприза – СКУТЕРА от ШИН-ЛАЙН.

ВЫИГРАЙ СВОЙ СКУТЕР Все подробности акции и адреса промоточек на: facеbook.com/groups/shin.line/ vk.com/shin.line instagram.com/shin.line

Впервые в Мерке работает автоматическая линия по изготовлению пластиковых окон и дверей. Отличное качество, гарантия 10 лет, цена от 12000 тенге за 1 кв.м. Сплитерные блоки – 100 тенге, брусчатка, от 900 тенге за 1 кв.м. Обращаться по тел.: 87013731408; 87053731408. ШОҚАН. Открылось наследство после смерти Байжановой Койбалы, умершей 8 декабря 2000 года. Наследников просим обратиться по вопросу оформления наследственных прав в течение одного месяца после опубликования к нотариусу М.Байдаулетову по адресу: с. Мерке, ул. Исмаилова, 224.

* * *

Открылось наследство после смерти Есенбекова Сабита, умершего 22 марта 2014 года. Наследников просим обратиться по вопросу оформления наследственных прав в течение шести месяцев со дня открытия наследства к нотариусу М.Байдаулетову по адресу: с. Мерке, ул. Исмаилова, 224.

* * *

Открылось наследство после смерти Тулесиновой Назиры Нуратдиновны, умершей 24 марта 2012 года. Наследников просим обратиться по вопросу оформления наследственных прав в течение одного месяца после опубликования к нотариусу М.Байдаулетову по адресу: с. Мерке, ул. Исмаилова, 224.

Қаçàқñòàí Ðåñïóáëèêàñû Әділет ìèíèñòðëiãi Жамбыл облысының әділет департаменті Меркі аудандық әділет басқармасында òiðêåëiï, ¹308 -1919-06-ЖШС êóәëiãi áåðiëãåí Ìåíøiê èåñi: "Ìåðêi òûíûñû"-Бàñïàñû" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Директор, бàñ рåäàêòîð – Айдар ОСПАНАЛИЕВ Жауапты хатшы Назира ЖОЛДАСБАЕВА БӨЛІМДЕР: Ауыл шаруашылығы – Бақтыбай АБАЙ Қоғамдық-саяси – Ольга МАЗУР Хат және жарнама – Мейіркүл ӘБЖАНҚЫЗЫ ТІЛШІЛЕР: Нұрбану КАМАЛ Ольга АРТЮЩЕНКО ФОТОТІЛШІ: Еркін ЖАСЫБАЕВ ДИЗАЙНЕР Ержан АБАЕВ КОМПЬЮТЕР ОРТАЛЫҒЫ: Ирина ӘЛИЕВА Анар ҚАЗАҚБАЕВА

Индекс: 080500, Æàìáûë îáëысы, Мåðêі ауданы, Ыñìàйыëîâ көшесі ¹349.

РЕДАКЦИЯНЫҢ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ: Òåëефондар: Бас ðåäàêòîð – 4-07-33 (факс.), бөлімдер – 4-07-35; 4-07-58; есепші – 4-07-34

vestnik - merke@mail.ru

ОБЪЯВЛЕНИЕ ТОО "Аудит-Сервис-96" г. Тараза проведен Аудиторский отчет по финансовой отчетности о прибылях и убытках за 2013 год по КГП "Аспара" водного хозяйства Меркенского района, выручка – 5284000 тенге. Себестоимость реализованных товаров и услуг – 3413000 тенге. Валовая прибыль – 1871000 тенге. Административные расходы – 3611000 тенге. Итого операционная прибыль (убыток) – 1740000 тенге.

РЕМОНТ стиральных машин-автоматов, аристонов. КУПЛЮ неисправную стиральную машину-автомат. Обращаться по тел.: 87053102928.

Жарамсыз деп табылсын №7 негізгі мектептің 9 сыныбын 2011-2012 жылдары бітіргендігі туралы Акімбаева Лаура Сейсенбайқызының атына берілген НОБ №0612378 куәлік жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

Считать недействительным утерянный акт о приемке легализованного объекта в эксплуатацию, б/н, выданный на имя Абдулаева Хусана Абдулаевича 2 апреля 2007 года.

ПРОДАЮ

гостиницу, кафе-бар, баню-сауну. Обращаться по тел.: 4-26-70; 87776985470.

ПРОДАЕТСЯ дом из 4-х комнат, кухня из 3-х комнат, участок 16 соток, по ул. Зукенова, 18 (район военкомата). Имеются навес, погреб, вода, газ. Обращаться по тел.: 87057372380; 87755456089; 4-00-75.

Ãàçåò àðàëàñ-қàçàқ æәíå îðûñ òiëäåðiíäå àïòàñûíà 2 ðåò – ñәрñåíái, жұма êүíäåði øûғàäû. Ðåäàêöèÿ àâòîðëàðäûң êөçқàðàñû šүøií өçiíå æàóàïêåðøiëiê æүêòåìåéäi. Ãàçåò îôñåòòiê òәñiëìåí "ÌÒ" áàñïàñûíäà áàñûëғàí. Êөëåìi 1 áàñïà òàáàқ.

Кезекшілер:

М.ӘБЖАНҚЫЗЫ, О.МАЗУР ТАРАЛЫМЫ: 3629 дана


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.