№21-03.05.2014

Page 1

Аудан әкімдігінің биылғы 28-ақпандағы №156 қаулысына сәйкес ауданда 1-наурыздан елді мекендерді абаттандыру, көріктендіру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі үшайлық басталды. Игі шараға бәріміз біркісідей атсалысып, туған өңірді көріктендіріп, тазалықты сақтайық.

№21 /10178/ сәрсенбі, 5 наурыз 2014 жыл

Меркі аудандық газеті (Жамбыл облысы) "Нұр Отан" партиясына – 15 жыл «Нұр Отан» партиясына 15 жыл толды. Өткен жұма күні осы оқиғаға байланысты партия ардагерлері, нұротандықтар, мерекеге шақырылғандар аудандық әкімдіктің үлкен залында өтетін салтанатты жиналысқа келді. Оны жүргізушілер ашық деп жариялап, ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалған соң, 15 жылдық мерейтоймен меркіліктерді құттықтау үшін сөз партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Б.Б.Көпбосыновқа берілді. Бақтыбай АБАЙ, Еркін ЖАСЫБАЕВ (суреттер),"Меркі тынысы".

.

Газет 1934 жылы 15 қыркүйектен бастап шығады

Мәслихаттарға – 20 жыл

МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

Құрметті халық қалаулылары! Биыл осы наурыз айында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл толады. «Мәслихат Жиналысы» депутаттарының бірінші сайлауы 1994 жылдың 7-наурызында өтіп, тұсауын кескен еді. Сондықтан бүкіл аудан жұртшылығын, қазіргі және бұрынғы аудандық мәслихаттың депутаттары болған азаматтарымызды, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерін Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл толу мереке сімен құттықтаймын. Сіздерге мол бақыт, зор денсаулық, бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілеймін. Еліміздің жарқын болашағы жолындағы атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті, қызметтеріңіз табысты болуына тілектеспін. І.АХМЕТЖАНОВ, Меркі аудандық мәслихатының хатшысы

СЕНІМГЕ ЛАЙЫҚ ЫҚПАЛДЫ КҮШ

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Жуырда аудан әкімдігінде аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық комиссия мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Мейіркүл ӘБЖАНҚЫЗЫ, "Меркі тынысы".

Аудан әкімі Б.Көпбосыновтың М.Қасымға награда тапсыру сәтінен соң – Бүгінгі көшбасшы партиямыздың құрылғандығына 15 жыл толып отыр, – деді ол, – Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру тарихы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Сондықтан Н.Назарбаев негізін қалап, өзінің аса биік беделімен, стратегиялық идеяларымен қолдап, саяси күш ретінде қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген «Нұр Отан» партиясының тарихын еліміздің тарихының құрамдас бөлігі деп қараймыз. ...1999 жылдың 10-қаңтарында өткен президенттік сайлауда басым дауыспен жеңіске жеткен Н.Ә.Назарбаевтың сайлауалды штабы негізінде «Отан» республикалық саяси

Оған комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Т.Рысқұлбеков төрағалық етіп, комиссия хатшысы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Н.Қаймолдаева комиссияның жаңа құрамымен таныстырды. Т.Рысқұлбеков ауданымызда қоғам өмірінде әйелдердің белсенділігін арттыру бағытында

За строкой Послания

партиясы құрылды. «Отанның» қалыптасуы және дамуы елімізде партиялық жүйенің дамуына серпін берген күрделі саяси реформалармен тығыз байланысты. Бақтияр Бейсембайұлы партияның даму тарихындағы төрт кезеңнің әрқайсысына, жүзеге асырған міндеттеріне тоқталды. Оның ішінде бірінші кезеңде, яғни, 1999-2004 жылдары партия саяси күш ретінде танылып, парламенттік басымдыққа қол жеткізді. Ал, төртінші кезең «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен партияның ХV съезінде қабылданған «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» атты саяси доктринасымен байланысты. (Соңы 2-бетте)

Залдан көрініс

іске асырылуға қажетті іс-шаралар өткізу мәселесін ортаға салып, комиссия мүшелері өз ұсыныспікірлерін білдірді. Оның ішінде әлеуметтік мәселелер, ана мен бала денсаулығы, білім беру, мәдениет пен өнер саласына да назар аударылып, келешекте атқарылар істер сараланды.

С ЗАБОТОЙ О КАЗАХСТАНЦАХ

Послание Президента страны было ожидаемо казахстанцами. В нем даны главные ориентиры развития социальной сферы страны.

Глава государства Н.Назарбаев – единственный Лидер в мире, который обращается с Посланием народу Казахстана на двух языках, которое как компас для всего Казахстана. Очень отрадно, что во главу угла Президент ставит человека, повышение его благосостояния, улучшение качества жизни. Кроме того, Казахстан, по его словам, должен стать одной из самых безопасных и комфортных для проживания людей стран мира и войти в 30 самых развитых стран. Нас, как работников сферы образования, очень радует то, что Президент значительное внимание уделяет науке и обучению молодого поколения. Он отметил, что к 2020 году планируется обеспечить 100-процентный охват казахстанских детей от 3 до 6 лет дошкольным образованием, важно дать им современные программы и методики обучения, обеспечить квалифицированными кадрами. В среднем образовании надо подтягивать общеобразовательные школы к уровню преподавания в Назарбаев Интеллектуальных школах. А выпускники школ должны знать казахский, русский и английский

языки. Усиливается внимание к нашим гражданам с ограниченными возможностями. «Позаботиться об этих людях, которых немало – наш долг перед собой и обществом. Мы вовлечем их в активную жизнь, они будут не просто получать пособия, а будут осознавать себя членами общества, полезными работниами, так как им будет оказано содействие в трудоустройстве», сказал Президент. Особо обращается Лидер нации к нашей молодежи. Ведь именно ей предстоит участвовать в реализации Стратегии и пожинать плоды ее успеха. Я горжусь нашим Президентом! В каждом слове ощущается твердая уверенность Главы государства в правильности выбранного пути. Благодаря тем целям, которые он ставит, мы развиваемся и улучшаем качество нашей жизни. Задачи перед нами стоят грандиозные. И все казахстанцы знают, что вместе с Президентом мы сможем преодолеть любые трудности. И.МЕТЕЛЬСКАЯ, учитель начальных классов школыинтерната им. Саввы.

Аудандық "Меркі тынысы" басылымына – 80 жыл!

Қазақстан Республикасының Президенті ЖАРЛЫҚ Үзінді

Көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін мына аналар «Алтын алқа» алқасымен наградталсын: Баекеева Бибайша Атабайқызы – үй шаруасында, Меркі ауданы. Бақтығұлова Бибайша – үй шаруасында, Меркі ауданы. Жұмабекова Бүбіжан – үй шаруасында, Меркі ауданы. Кабилова Рана Шарахматовна – үй шаруасында, Меркі ауданы. Ұлжағұлова Тамара Мұхамбетжанқызы – үй шаруасында, Меркі ауданы. 2. Алты бала туып, тәрбиелегені үшін мына аналар «Күміс алқа» алқасымен наградталсын: Мырзабаева Рысбүбі – үй шаруасында, Меркі ауданы. Омарқұлова Анар Аманғалиқызы – үй шаруасында, Меркі ауданы. 3. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2014 жылғы 21-қаңтардағы №736 Жарлық.

Тұрғындар назарына! 14-наурыз күні сағат 10.00-де Меркі аудандық сотында «ашық есік» күні өткізіледі. Аудандық соттың төрағасы Серғазиев Байғали Дүкенбайұлы аудандық соттың ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Жеке мәселелері бойынша 4-07-16 телефоны арқылы хабарласуларыңызға болады.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.