Касымова

Page 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУШЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

ТАРАЗ, 2014


УДК 372 (072) ББК 74.102 Қ 43 Рецензенттер:

Темирханова Л.Т., «Өрлеу» БАҰО акционерлік қоғамының филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі. Джунусбекова О.Т. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№33 «Айсауле» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының балабақша меңгерушісі.

ISBN 978-601-7533-09-0 К 18 Касымова Г.А. Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамытушы технологиялар. Әдістемелік құрал. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Тараз, 2014 ж.- 85 бет. Бұл әдістемелік құралда оқу үдерісінде қолданылатын педагогикалық ғылымдардың жаңа мәліметтеріне негізделген 5-6 жастағы балалардың логикалық ойлауын дамытушы технологиялары қарастырылған. Құрал әртүрлі үлгідегі балабақша мен мектепалды даярлық сынып тәрбиешілеріне, педагогтеріне, психологтарына, оқытудың теориясы мен тәжірибесінің дамуына көңіл бөліп, қызыға қадағалап жүрген көпшілік оқырманға арналған. Аталған құралды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, біліктілікті арттыру жүйесінде пайдалануға болады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Сараптау кеңесінің шешімімен ұсынылған (№3 хаттама, 23.04.2014ж.). УДК 372 (072) ББК 74.102 ISBN 978-601-7533-09-0 © Қасымова Г.А., 2014 ж.


МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ...........................................................................................................

5

1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.......................................................

7

1.1. «Логика» ұғымын тану және оны дамыту жолдары.........................

7

1.2. Балалардың логикалық ойлауын дамытудың жас ерекшеліктік сипаттамасы...........................................................................

22

2. БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАРЫ ................................

27

2.1. №1 технологиялық карта......................................................................

27

2.2. №2 технологиялық карта......................................................................

31

2.3. №3 технологиялық карта......................................................................

35

2.4. №4 технологиялық карта......................................................................

39

2.5. №5 технологиялық карта......................................................................

43

2.6. №6 технологиялық карта......................................................................

46

2.7 № 7 технологиялық карта......................................................................

50

2.8. №8 технологиялық карта......................................................................

53

2.9 .№9 технологиялық карта......................................................................

58

2.10.№10 технологиялық карта...................................................................

63

2.11.№11 технологиялық карта...................................................................

67

2.12.№12 технологиялық карта...................................................................

70

3. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЛОГИКАЛЫҚ ОЙҚОРЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ....

76

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................

80

ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................................................

84



КІРІСПЕ Қазіргі білім беру қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі тәрбие және оқыту жұмысы жаңаша іс-әрекетті талап етеді. Баланың білім деңгейінің өсу динамикасы мемлекетке, педагогтерге, ата-анаға да маңызды. Бұл жөнінде Н.Ә. Назарбаевтың 17 қаңтар 2014 жылғы жолдауында көрсетілгендей заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңыздылығын, орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу қажеттігін, балалардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру сияқты мақсаттарды іске асыру қажеттілігі айтылған. Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту осы мақсаттың ажырамас бір бөлігі. Мектепке дейінгі жаста білім мен дағдыны қалыптастыру, баланың метепке дайындаудың іргетасы болып табылады. Керекті көп дағдылардың ішінде, логикалық ойлау дағдысының болуы ең маңыздысы. Сондықтан да, көптеген психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде бұл жөнінде көп айтылды. Баланың логикалық ойлауының мүмкіндігі мен қажеттілігі байланысты ғылыми зерттеулер жарияланды. Дегенмен, ересектер мен мектепалды даярлық топтарында балалардың логикалық ойлауын дамыту жүйесіне бағдарланған дайын, арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке енген нақты логикалық білім беру көздерінің жеткіліксіздігінде. Бұл құралды даярлау қажеттілігі осы логикалық ойлау мәселесі жөніндегі ақпарат тапшылығында емес, жас ерекшелігіне сай оны іріктеп алуға және соны меңгеруді ұйымдастыруға байланысты болып отыр. Қарапайымнан күрделіге қарай өту принципі жүйеленген мұндай логикалық ойлауды қалыптастыру, жеке-дара және оңтайландырылған топтық әрі кезектестіріліп берілген жұмыстар жақсы нәтижелер береді. Осы мақсатты жүзеге асыруда бұл әдістемелік құрал ұйымдастырылып отыр. Ұсынылып отырған әдістемелік құрал педагогтерге мектепке дейінгі 5-6 жастағы балалардың логикалық ойлауын дамыту бойынша 5


ғылыми-теориялық ұстанымдар мен тәжірибелік мүмкіндіктерді оқыпүйренуге көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балаларға лайықталынып, ұйымдастырылған мұндай тапсырмалар олардың өз көзқарастарын айтып жеткізе алуына, ойды дәлелдей білуіне, пайымдауға, есептеуге, ойлану мен заңдылықтарды игеруге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етері сөзсіз. Тақырыпқа сәйкес ұсынылған әр түрлі тапсырмалар: қарапайым және күрделі, қызықты және шығармашылықты болып келеді. Балалардың логикалық ойлауын дамыту әр түрлі білім бөлімдеріне енгізіліп құрылған. Логикалық ойлауды дамыту тек математикалық бөлімде ғана емес, «Қоршаған ортамен таныстыру», «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту», «Сурет», «Құрастыру» «Сауат ашу», «Валеология» бөлімдерінің кіріктірілген оқу іс-әрекеттерінде қолдануға болатыны көрсетілген. Тәжірибелік бөлімде балалардың логикалық ойлауын дамытуда М.Монтессори материалдары, В.Воскобович пен З.Дьенештің дамыту құралдары, Н.Зайцевтің кубиктері бойынша дамыту, Р.Штайнер әдісі бойынша материалды пайдалану жолдары мен кейс технологиясы арқылы оқыта дамыту әдістері қолданылады. Құралдағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде логикалық ойлауға қатысты тапсырмалар, есептер мен ойындар беріліп отырады. Ұсынылған әдістемелік құрал мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтарының теориялық білімін шыңдайтын және тәжірибеге пайдалануына тың мүмкіндік беретін қажеттілігімен, өзектілігімен ерекшеленеді, себебі, бұл аталмыш құрал баланың логикалық ойлауын қалыптастырып ғана қоймайды, сонымен бірге дамыту жолдарын көрсетеді. Баланың логикалық ойлауын арттыратын, мектепке даярлайтын, педагогтердің тәжірибесіне пайдаланатын бірден-бір құрал.

6


Бізге қажеттінің бәрі өзіміздің басымызда Теодор Рузвельт 1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1 «Логика» ұғымын тану және оны дамыту жолдары Білім берудің басты мақсаты – үнемі өзгеріп тұратын әлеумет жағдайына қарай өсіп келе жатқан ұрпақты даярлау. Өзгермелі өмірге қарай балаларды бейімдеуде білім мен тәрбиемен қаруландыру білім беру үрдісінің негізгі кілті болып табылады. Логикалық ойлау әдістерін меңгермеген балада, білім саласында көп қиындыққа ұшырайды: есептерді шығаруда, жаттығуларды орындауда көп уақытын және күшін жоғалтады. Нәтижесінде денсаулығы әлсірейді, оқуға деген құлшынысы төмендейді. Бала логикалық операцияларды меңгергенде, анық және дәл ойлай алады, амалды орындауда неге мән беру қажеттілігін түсінеді, өзінің дұрыстығы туралы пікірін білдіре алады. Білімді меңгеру оңайға соғады, мектеп бала үшін қуаныш әкеледі. Логикалық тәсілдер – салыстыру, талдау, жіктеу, дәлелдеу әртүрлі іс-әрекеттерде қолданылады. Білім берудің мұнай құндылығы күнде артып келеді. Мұның дәлелі ретінде компьютерлік білім сауаттылығы, логиканың теориялық негізін құрайды. Бұл жөнінде адамдық ойлаудың түрлі бағыттары бойынша: Сократ, Аристотель, Декарт, Гегель, М.Берцфаи, М.Монтессори, Ж.Пиаже, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Г.С.Костюк, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.И.Мещеряков, Н.А.Менчинская, Д.Б.Эльконин, Н.Н.Семёнов , Б.М.Кедров, Н.В.Григорян, Л.М.Фридма, Н.А.Подгорецкая және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. Логика ғылым ретінде дүниеге келіп, қалыптасқан отаны Ежелгі Грекия деп саналады, ал оның негізін салған ертедегі грек философы Аристотель оны «ойлаудың грамматикасы» деп атаған екен. Ежелгі Грекияда логика саласындағы ғылыми зерттеулерді алғаш бастаған Демокрит. Сондай-ақ Ежелгі Грекия идеалистері Сократ пен 7


Плотон да айналысты. Бірақ, олардың ешқайсысы да логика ғылымын жасай алмады. Тек бұл міндетті Аристотель іске асырды. Логика гректің logos – «ойлау», «сөз», «ақыл-ой», «заңдылық» деген ұғымдарды білдіретін кең мазмұнды сөзінен шыққан. Осыған сәйкес «логика» термині, негізінен, мынадай үш мағынада қолданылады: 1) шындық дүниедегі заттар мен құбылыстардың заңдылықтарын білдіру үшін; 2) ойлаудың дәйектілігін, айқындылығын, дәлелділігін білдіру үшін: 3) логика ғылымы – ойлау логикасының теориялық, ғылыми бейнесі ретінде қолданылады. Логиканың материалистік негіздерін зерттеуде XVII ғасырдағы озат ойшыл, ірі ғалымдардың бірі Ф.Бэконның еңбектерінде маңызды рөль атқарды. Ол «ұқсастық әдісі», «айырмашылық әдісі», «ұқсастық пен айырмашылықтың біріккен әдісі», «бірге болатын өзгерістер әдісі», «қалдықтар әдісі» деп аталған ғылыми-индукцияның бес әдісін жасап берді. Бір жүйеге келтірілген диалектикалық логиканы тұңғыш рет Гегель жасады. Ал, диалектикалық логиканы жасаған К.Маркс пен Ф. Энгельс болды. Логикалық сөйлемдерді геометриялық фигуралар арқылы түсіндіру әдісі И.Г. Ламберг және Б.Больцано еңбектерінде кездеседі. Сөйтіп, логикалық мәселелерді шешуде математика әдістерді қолдану кеңінен таралды. Қазақстанда логиканың дамуына академик А.Д. Тайманов зор үлес қосты. Ол логиканың ойлау формаларын (ұғым, пікір, ой-қорытынды) зерттеп, олардың мәнін, түрлерін, арақатынастарын, олармен операциялар жасаудың тәртібін ашып, оларға тән ережелер мен түпкілікті ойлау заңдарын саралады. Мұнда дәстүрлі логиканың қойған мәселелерін шешу үшін символдар тілі, математикалық әдістер, логикалық есептеулер қолданылады. Бұлайша қарастыру ойлаудың жаңа заңдылықтарын ашуға, ойлау процесін автоматтандыруға, сөйтіп, осыған негізделген жаңа техника мен технологияны жасауға жағдай жасайды. Қазіргі кезде логика, негізінен, үш бөлімнен (пайымдаулар теориясы, математика және логикалық методология) тұратын, жан-жақты тармақталған ғылымға айналды. Ә.Тұрғынбаевтың анықтамасында «Логика дегеніміз – ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері туралы, философиялық ғылым» делінген. Ойлау дегеніміз – ең алдымен шындық дүниесінің адам миында бейнеленуі болып табылады. Ол 8


біріншіден – дүниетанудың нәтижесі болса, екіншіден – дүниені тереңірек, толығырақ танып-білудің құралы. Философия ғылымдарының докторы, профессор С.Ж.Кенжебаевтың ойлауға қатысты мынадай тұжырымы бар: «Дұрыс ойлау, дұрыс пайымдау адамның күнделікті ойлау - сөйлеу практикасында қалыптасып, іске асатыны белгілі. ...әрбір адам дұрыс пікірлеу, пайымдау, дәлелдеу сияқты ақыл-ой әрекеттерін іске асыруға қабілетті. Мұндай ақыл-ой қызметтерін іске асыра білу қабілеттерінің жиынтығы адамның логикалық мәдениетін құрайды». Логика ғылымының негізгі міндеті – пайымдау арқылы ой қорытындыларын жасап, қорытпа білім алуда қолданылатын ойлау заңдарын (ережелерін) зерттеу. Логика ойлаудың негізгі төрт заңын зерттейді. Олар тепе –теңдік заңы, қайшылық заңы, үшіншісі жоқ заң және жеткілікті негіз заңы. Бұл заңдар дұрыс ойлаудың негізгі сапаларын, яғни, біздің ойымыздың анықтығын, қайшылықсыздығын, дәйіктілігін және негізділігін білдіреді. Ойлау дұрыс болуы үшін, ол аса дәл де анық, қатаң дәйекті болып, пікір тақырыбынан ауытқып кетпеуі керек және ойлауда логикалық қайшылықтар мен екіұштылық болмауы тиіс. Ой қорытындыларын жасай отырып, ақиқат білімге жету үшін, міндетті түрде мына екі талап орындалуы тиіс: біріншіден – алғышарт болып табылатын негізге алынатын бастапқы пікірлеріміздің ақиқат болмауы, яғни ақиқаттығы дәлелденген болуы тиіс, екіншіден – пайымдау барысында ойымыз логика заңдарына (ережелеріне) сәйкес құрылуы қажет. Логикалық заңдарын, көптеген идеалист – философтар айтқандай, адамдар өз қалауынша қолдан жасап алған жоқ. Олар материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың байланыстары мен қатынастарының адам миында табиғи бейнеленуі. Логика ғылымының негізгі міндеті – пайымдау арқылы ойқорытындыларын жасап, қорытпа білім алуда қолданылатын ойлау заңдарын (ережелерін) зерттеу. Ойқорытындылар жасағанда бір пікірді дәлеледеуге немесе бекерге шығаруға, жалған пікірлердің теріс екенін дәлелдеп, ұғымды анықтауға, т.б. логикалық әрекеттерді іске асыруға тура келеді. Мұның бәрі белгілі бір логикалық ережелерге бағынуға тиіс. 9


Логикалық ойлауда мынадай дидактикалық принциптер сақталуы міндетті:  әрекеттер арасындағы бірізділікті сақтау;  әрекеттердің өзара сабақтастығы;  әрекеттердің өзара байланыстылығы;  әрекеттердің бірін-бірі толықтырылуы;  алынған нәтиженің нанымдылығы мен сенімділігі. Бала басқа балалармен қарым-қатынаста сөйлеуге үйренетіні сияқты, ойлауға да үйренеді. Бұл әсіресе балалық шақта күшті болады. Адам логикалық ортада өсіп, тәрбиеленіп, логикалық ойлауға дағдыланады, логикалық ойлау мәдениетін қалыптастырады. Баланың логикалық ойлау тәсілдері бір-біріне тікелей тілдесу арқылы ғана емес, сонымен бірге ойын, кітап, теледидар, радио хабарларын тыңдау және көру арқылы логикалық ойлау әдіс-тәсілдері қалыптасады. Ойлау күнделікті өмірде кездесетін міндеттерді шешуден басталатындықтан, ойлау әдістері болады. Мұндай әдістерге талдау мен біріктіру, салыстыру, абстракциялау мен нақтылау, қорыту жатады. Тәрбиеші балаларға білім берумен қатар, балалардың ойөрісін кеңейту, тілін жетілдіру арқылы ойлауын да дамытады. Жас балалардың оқу материалын түсініп және игеріп қана қоймай, қызықтыратын мәселелеріне өздерін жауап табуға үйрету керек. Мұны алғаш тәрбиешінің көмегімен, содан соң өз бетімен жасайтын болады. Педагог алғашқы күннен бастап балаларды ойлай білуге үйретіп, сабақты түсіндіруге асықпай, баланың дербес ойлануына мүмкіндік берген жөн. Алайда баланың өзі түсіне алмаған, басы ашылмаған бірде–бір сұрақ қалмауы қажет. Материалдың бірте-бірте қиындай түсуін сақтай білудің маңызы орасан зор. Білім беру сапасы – бұл дамушы ұғым, ол мүлде өзгермейтін, тұрақты ұғым бола алмайды. Мектепке дейінгі білімнің сапасын анықтағанда мына жайттарға көңіл аудару қажет:  балалармен жұмыс істеудің мазмұнын, түрлерін түрлендіріп отыру;  баланы өз мамандығын жете білмейтін ұстаздық ықпалдардан әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;

10


 балабақшаға баратын әр балаға мектепке дейінгі кезеңінің соңына қарай бастауыш мектепке ойдағыдай өтуіне қажетті ең төменгі даярлық деңгейіне жетуіне кепілдік беру;  отбасында бала үшін жекелей білім беру бағытын тудыру;  баланы оқытушы педагог та, ата-ана да үздіксіз білім алу идеяларын ұстану. Білім берудің дамытушы сипаты – ол баланың жеке басына бағдар ұстау, оның денсаулығын сақтау және нығайту, ойлау және әрекет ету әдістерін меңгертуді мақсат ету, тілін дамыту болып табылады. Баланың логикалық ойлауын дамытуда қажеттілер:  бала әрбір тапсырманы орындауда заңдылықтарды іздестірудің шығармашылық сипатта болуымен, кішкене болса да жаңалық ашқандай сезінуімен өлшенеді;  баламен жұмыс кезінде оған жетекші сұрақтар қойып, бала зейінін тапсырма ерекшелігіне аударып, бұрын орындаған тапсырмалардың осы тапсырмаларға ұқсастығын еске түсіртуіңіз керек;  балаға көмек беру керек, бірақ ол тіке жауап болмау қажет;  балада ақыл-ойын жүйелеп, бір жерге шоғырландыра білу шеберлігі жеткіліксіз келетіндіктен уақыт пен дамыту қажет. Педагогикалық технологияда «жаңа» сөзін қолдану, «ескінің» пайдалы жағын алып, тәлім-тәрбие процесін жариялауда, жаңа технология негізінде жан-жақты жетілген адамды қалыптастыру деп түсіну қажет. Педагогикалық технология - бұл ғылыми негізде құрылған мөлшерленген нәтижелерге алып келуші және уақыт пен кеңістікте бағдарланған педагогикалық процестердің барлық компоненттерін жүзеге асырушы жүйе. (Г.К.Селевко). Педагогикалық технология – сезілген, берілген шарттар көлемінде объективті жобаланған нәтижені беруші, оларды қолданатын субьектілердің жеке ерекшеліктеріне қарамастан тәжірибеде игерілген, нақты бағытталған істер жүйесі. (И.А. Колесникова). Технология оқыту үрдісімен, тәрбиеші мен баланың қызметімен, оның құрылымымен, әдістер мен формаларымен тығыз байланысты. Кез-келген заманауи педагогикалық технология 11


педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерінің жиынын, өткен тәжірибенің дәстүрлі элементтерінің үйлесімділігін білдіреді. Оның дереккөздері мен құрамдас элементтері:  ғылыми-педагогикалық, психологиялық, қоғамдық ғылымдар;  озық педагогикалық тәжірибе;  отандық және шетелдік тәжірибе. Мектепке дейінгі ұйымдар - білім берудің бастамасы, баланың алғашқы сенсорлық, логикалық, шығармашылық, танымдық, қоршаған ортаға бейімдеушілік дағдылары осы жерде қалыптасады. Қазіргі таңда мектеп пен балабақшада дамыта оқыту жүйесі бойынша танымал авторлар баршылық. Мектеп бойынша Г.К.Селевко, Д.Б.Эльконин - В.В. Давыдов, Л.В.Занковтардың дамыту технологиялары тұлғаның шығармашылығын дамытуға бағытталған. Бұл технологияны қолдануда педагогтың арнайы дайындығы қажет. Өйткені үнемі тәжірибелік сынақта болып түрлі бастапқы деңгейлік дамыту мен әртүрлі жас ерекшелікке бейімделуі қажет. Онда баланы дамытудың жүйелері берілген. Мысалға алсақ, ең берідегі Л.В. Занковтың жүйесінің принциптері, яғни қиындықтар аясы, білім беру, жоғары қарқындылық, оймен атқарылар қадам, жағымды жағдайды ұстану, бала дамуына ерекше көңіл бөлу – бұл технология элементтерін қатар қолдана отырып, балалардың танымдық, шығармашылық, белсенділіктерінің даму деңгейі салыстырмалы түрде көрсетіледі. Ал мектепке дейінгі ұйымдарда баланың дамыту жүйесімен айналысқан технологиялар мен дамытушы әдістемелер төмендегіні құрайды: 1. М.Монтессори технологиясы немесе өздігінен даму технологиясы – табиғатқа үйлес, балалардың дамуында сенсорлық танымдық әрекеттер жүйесін үйлесімді пайдалану. М.Монтессори технологиясы – ойын формасында оқыту және өз бетінше жаттығуларды жасау жүйесі. Монтессори технологиясында әр балаға жеке қарым-қатынас (дидактикалық материалды өзі таңдайды, уақытқа қарамай ойнайды) және топтық ойындар қарастырылады. Яғни, бала өз іс-әрекеттері арқылы дамиды, зейін, шығармашылық, логикалық ойлау, қиял моторика дамиды. М.Монтессори технологиясының мазмұны еркін әрекет жасауды негізге алады. Еркін жұмыс жасау барысында бала жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі 12


жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады. Мектепке дейінгі білім берудегі М.Монтессори технологиясы балалардың іс-әрекетті өз бетінше жасауға, яғни баланың даму үрдісін ойын технологиясы арқылы дамыту болып табылады. Монтессори педагогикасының негізгі принципі: баланы өз - өзін тәрбиелеуге, оқытуға, дамытуға ынталандыру. Монтессори сыныбы өзіне көптеген даму аймақтарын қамтиды:  ақиқат өмірдің аймағы: көлемді және кіші моториканы дамытады;  сенсорлық даму аймағы: қоршаған ортаны зерттеу (биіктікті, ұзындықты, салмақты, түсін және заттың басқа да қасиеттерін ажырату). Мұнда, балалар затпен оның өлшемін, пішіні мен түсін зерттеп ойнайды.  қимылды жаттығулар аймағы: баланың тепе-теңдік сақтау қабілеті шыңдалады. тілдік аймақ: даму аймағында бала өзінің сөздік қорын кеңейтеді, яғни әріптермен танысады, жай сөйлемдер құрастыра алады;  математикалық даму аймағы балаға санауды,түрлі математикалық операцияларды жүргізуге көмектеседі.  Космостық немесе жаратылыстану ғылымдар аймағы балаға жалпы қоршаған орта жайлы, танымын кеңейтуге мүмкіндік береді. 2. «Тәй-тәй» технологиясы – пәндік ортада дамыта оқыту арқылы қадамдық әрекеттерді меңгерту. Бұл технологияның басты өзгешілігі - әрбір баланың нәтижелі оқуына жағдай туғызу. Кіші топтардың жұмыс негізінде оқу ынтымақтастығы жатады. «Тек ынтымақтастықпен қана бала логикасын дамытуға болады», - деген ұлы психолог Ж. Пиаже. Ол өз жұмыстарында бала нағыз пікірсайыспен орайлас өз ойын және әңгімелесушінің ойын дәлелдеу және тексеру қажеттілігінің алдында алғашқы рет тұратынын көрсетеді. Оқытудың топтық түрі тәрбиешінің рөлін өзгертеді (оның негізгі функциялары - топтардың жұмысын ұйымдастыру, топтарға оқушыларды бөлу, тапсырмаларды дайындау, оқушыларға көмек 13


көрсету, олардың іздеулерін дұрыс бағыттау, топтарда пікірсайысты белсендіру, қорытынды жасау, жұмыстарын бағалау). «Тәй-тәй» технологиясы қос және топпен жұмыс түрлерінің белсенді қолдануын ескереді. Ой-өріс жұмыстың топтық түрлері ойлаудың дамуын ынталандырады және творчестволық идеяларды белсендіруге көмектеседі. Бұл жұмыстың ұйымдастыру түрі мына принциптерге негізделген: 1. Өзара әрекеттестік арнайы ережелерді енгізгенінен бірлескен өнімді іс-әрекетті ынталандыратын атмосфера жасалады. 2. Бала қабілеттерін күшейтіп, өзін-өзі жан-жағынан көрсетіп, нығайта алады. 3. Топта әрекеттестік «топтық әсердің» алуын қамсыздандырады - дара іздеумен салыстырғанда шешім қабылдауы жылдам, сапалы болады. 4. Дара және топтық жұмыс бір-бірімен алмасады. Тапсырма орындаудың кейбір кезеңдерінде бәрі бірге ойлайды, басқаларында – әрбіреуі бөлек ойланады. 3. ӨТШТ (өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) – балалардың ақыл-ойы мен шығармашылығын дамыту технологиясы. ӨТШТ мақсаты – балалардың фантазиясын дамытып қана қоймай, болып жатқан үрдістерді түсіне отырып, жүйелі түрде ойлауға үйрету. Мектепке дейінгі балалар үшін ӨТШТ технологиясы – тәрбиешілерге арналған жан-жақты әдістемелік ұсынымдары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар технологиясы. Олар заттардың, құбылыстардың қарамақарсы қасиеттерін анықтауға, осы қарама-қайшылықтарды шешу – шығармашылық ойлауға бастар кілт. ӨТШТ технологиясын қолдану мақсаты біріншіден, ойлаудың икемділігін, жылжымалылығын, диалектикалық дамыту болса, екіншіден – ізденіс белсенділігі, жаңалыққа талпыну, сөйлеу мен шығармашылық қиялға талпынысты дамыту болып табылады. Өнертапқыштық кезеңіндегі негізгі міндет: балаларды өз шешімін іздеуге және табуға үйрету. Балалардың өнертапқыштығы шығармашылық фантазиядан, қиялдан, жаңа бірдеңені ойлап табудан көрінеді.Ол үшін балаларға арнайы тапсырмалар қатары ұсынылады. Мысалы, жаңаша ойыншық іздеп табу және т.б. Балалар алынған білім, түйсікке сүйене отырып, мәселелерді шешудің әдістерін 14


пайдалану арқылы бала кез-келген күрделі жағдайдың шешу жолын табуды үйренеді. 4. В.Воскобович, З.Дьенеш, Г.Доман әдістері – балалардың ақылойын дамытушы әдістемелеріне негіз болады.  Көптеген педагогтердің тәжірибесі «В.Воскобовичтің дамыту ойындары» бойынша сабақтар барысында көңілдерін аудару үшін бір рет ережелер мен міндеттерді түсіндіріп беруді ұйымдастыру жеткілікті екендігін айтып отыр. Ал материалдардың қол жетімділігі мен технологиялылығы балаларға ойынмен қарым-қатынас жасау арқылы өзі үшін жаңалықтар мен жақсы жақтарын ашуға мүмкіндік береді, ойлап табуға тырысады. Ойындары «Сиқырлы басқатырғыштар», «Өрнектер», «Геоконт», «Воскобовичтің шаршысы», «Түс сағаттар», «Мөлдір шаршы», «Мөлдір цифр», «Домино», «Көбейту планетасы», «Сиқырлы басқатырғыштар», «Математикалық себеттер», «Мәңгі оригами». Бұл жұмыстарда қол және саусақ моторикалары, сенсорлық қабілеттері, ойлау үрдістері, дамиды шығармашылығы артады.  З.Дьенештің «Логикалық блоктар» дидактикалық материалдары кеңінен қолданылады.  Дьенештың логикалық блогы 48 геометриялық фигурадан тұрады. А) төрт пішінен ( дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш) Б) үш түстен ( қызыл, көк, сары) В) екі көлемнен (үлкен, кіші) Г) екі түрлі қалыңдықтан ( жуан, жіңішке). Әр геометриялық пішін: төрт түрлі мағына береді: пішінімен, түсімен, көлемімен, қалыңдығымен. Жинақта бірде-бір бірдей пішіндер кездеспейді. Барлық ойын және ойын жаттығуларын, біртіндеп қиындата отырып, төрт топқа бөлуге болады: -

ойын айта білу және тежелеп құрамдарын дамыту үшін; заттарды олардың құрамдарына қарап салыстыра білуін дамыту үшін; классификациялау және жалпылау әрекеттерін дамыту үшін; 15


-

логикалық әрекеттерге және қабілеттілігін дамыту үшін;

операцияларға

деген

Ересек және мектепке дайындық топтарын алсақ, тәрбиешеге ересек топ балаларын айналадағы заттармен құрылымына, олардың ортаны өзгертуге байланысты жоспарланған іс-әрекет жайлы ойларын білуге, өзгеру үрдісіне кірістіру қажет. Заттық-ойындық орта әр баланың өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндігін беретіндей ұйымдастыру керек. Орталықтандыру принципі бойынша құрал – жабдықтарды орналастыру балаларды қызығушылықтарын бойынша бірігуге мүмкіндік береді. Дамытушы орта өзіне сонымен қатар қағаз, картон, мата, тері т.б. қалдықтарынан, пластикалық және картон қабы бар, , альбом, желім, скотч, фломастер жасау үшін болатын қораптан да тұру керек.  Г.Доман балалардың дене дамуының толық жүйесін құрастырды. Ол оларға барлық істеуге, мүмкіндік беретін әртүрлі тәсілдерді пайдалану арқылы айналдыруға кеңес берді. Бірінші кезекте ауру балаларды (көзі көрмейтіндерден басқа) өте ірі қызыл шрифтпен жазылған сөздері бар карточкаларды көрсету және сөздерді дауыстап айту арқылы оқуға үйретті. Математикаға үйрету балаға ірі қызыл нүктелерді көрсеу және оның санын қатты атаудан тұрады. Доман санды цифрлармен емес, нүктелердің санымен көрсетеді, абстрактілі цифр белгісі емес, нақты түрде санның құрамын білуге үйретеді. Балалар бірінші цифрлардан өткеннен кейін, оларға мысалдарды бере бастайды. Бірнеше айдан кейін балалардың көбі 56 нүктені 57 нүктеден айыра алатын және қиын емес мысалдарды шеше алатын болады. Г.Доман сонымен қата энциклопедиялық білімдерді де береді. Өсімдіктер, аңдар, ұлы адамдар және көптеген басқа бейнелері бар карточкаларды жасайды. Әр карточканы онда бейнеленген заттарға қарай 1-2 секундтан көрсетуге кеңес береді. Бар сабақ 5-10 секунд, осылай балаларды дерексіз ойлауға үйреткен. 5. Н.А.Зайцев – сауат ашуға ерте жастан және қарқынды оқыту технологиясы. Н.А.Зайцев әдістемесі 2-7 жас аралығындағы балаларды оқу мен есептеуге үйрету, есеп шығаруға, жазуға, оқуға, қызығушылығын туғызуға бағытталған. Зайцев әдістемесі балабақша жағдайына 16


түрленген. Бірақ негізгі қолдану ортасы – жанұя. Әдістемелік құралдар баланың ата-анасына арналған. Әдістеме мектепке дейінгі баланы оқуға және есептеуге жеделдетіп үйретуге арналған, мұның тиімділігі баланың психо–физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі. Зайцев әдістемесін пайдаланудағы негізгі ерекшеліктер:  Оқытудың өзіндік қасиеті (3-4 адам болуы керек);  Оқытуды ойын тәсілдерімен өткізу;  Сабақтардың тәртіптілігі мен қайталануы. Есептерді дұрыс шығару үшін әртүрлі жолдар қолданылады: ойынсабақ, ойын-жұмбақ, дидактикалық ойындар. Әдістеме әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескеруді, оның талабын, мүдделерін және қабілеттерін ескеруге көзделген. Зайцев әдістемесі бойынша бала оқуды 2-3 жастан үйренеді. Бұл жастағы бала оқытудың ойын түрін тез меңгереді. Кубик арқылы оқытудың 46 себеп-салдарларын тапты, арифметикалық таблица (3 жастан басталады) құрды. Бала сөйлей бастағанда жеке әріптерді айтпайды, ол буынға бөлу арқылы «ма», «па», «ба» және т.б дейді. Ол осы әдісті кубикпен көрсетті. Балалар буынды қайталап, өлең айтады, шапалақтайды. Бір мезетте оқып, ойнайды. Ол ойыншықтар (әр түрлі дыбыс, музыкалық құрылғылар, әр түрлі пазлы, конструкторлар) жасады. Ойыншықтар түрлі пішінде, түрлі-түсті, жұп немесе тақ екендерін және де салмақтарындағы ерекшеліктерді ажырата алды. 6. Р.Штайнер «Вальдорфтық мектеп» - табиғи заттар арқылы оқытатын альтернативті технологиясы. Вальдорф педагогикасының базасы бес негізгі принципке бөлінеді: 1. Вальдорф жүйесінде әртүрлі жастағы бүлдіршіндер күнді топта бірге өткізуі. Өте кішкентай балаларға асқан ұқыптылықпен қарайды. Ал кішкентай балалар үлкендерге еліктей отырып анағұрлым тез оқиды. 2. Тек табиғи материалдарды қолдану. Вальдорфтық балабақшада материал және оның жабдықталуы баланы «ойнауға» шақырып тұрғандай көрініс береді. 3. Күн сайын белгілі бірқалыптасқан уақытта ритуалды әндердің орындалуы және топтың саусақ ойындарымен жұмыс істеуі. 17


4.

5.

Баланың мүмкіндіктерін ашу үшін күштеусіз оқыту. Таланты мен қабілетінің шекарасын кеңейту мақсатында сурет салу мен живопись, музыка мен өлең айту, драма, ертегі уақыты, тарих және өлең оқу, қуыршақтардың сахналануы кішкентай балалардың күнделікті оқуының негізін құрайды. Мұғалімнің рөлінің маңыздылығы. Мұғалімнің ролі ерте жас қана емес, орта мектепте де маңызды. Вальдорлық педагог – балалар үшін үлгі. «Ақылды көңіл-күй, интеллект, жан-дүние болмысы – осының барлығы балабақшадағы балаларға әсер етеді» - деп сенді Штайнер.

Қазіргі уақытта бұл әдістеме әлемнің көптеген елдеріне танымал. Бұл әдістеменің кейбір бөліктерін ғана қолдануда. Валдорфтық білім беру принциптерінің негізі: 1. Баланың жеке басына құрмет. 2. Әр баланың өз уақытымен дамып жетілуін қамтамасыз ету. 3. Баланың қоршаған ортаға деген табиғи қызығушылығын дамыту. 4. Еркін шығармашылықпен еркін ойлау қабілетін дамыту. 7. Кейс - стади – топтық жұмыстар арқылы оқыту және ерте әлеуметтендіру технологиясы. Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі Кейс амал-тәсілінде басты назар балалардың ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. б. Шәкірттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады. Демек, балалардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына баланың қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі. 1) кейс дайындау бөлімі 2) нақты жағдаяттар бөлімі 3) кейске кіретін қосымша тапсырмалар. Кейс амал-тәсілдері қолданылған ұйымдастырылған оқу іс18


әрекетінде балалар санына қарай төрт адамнан тұратын микротоптарға бөлініп, өз міндеттерін атқарады. Әрбір топ проблеманы шешуде өзінің пікірін дәлелдейді. Олар: 1.Сарапшы; 2.Жол сілтеуші; 3.Баяндаушы; 4.Қарсы сұрақ қоюшы. Кейс сабақтарында берілетін тапсырмалар балаларды қызықтыруға, олардың диалогттік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталады. Оқушыларға тәрбиелік мағынасы жоғары ұлттық педагогика элементтері бар шешендік сөздер, мақал-мәтелдер үйретілді. Кейс технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы мұнда оқушы – өздігінен ізденетін, алдарында тұрған проблеманы шешетін субъект. Мұғалім сабақта тек бағыт-бағдар беруші қызметін атқарады. 8. Ойын арқылы оқыту және ерте әлеуметтендіру технологиясы. Педагогикалық ойынның қасиеті – оқытудың нақты қойылған мақсаты, оған тиісті тиісті педагогикалық нәтиже. Сабақтар кезінде ойын амалдарын жүзеге асыру келесі негізгі оқу материалы бойынша өткізіледі: балаларға ойын тапсырмасы түрінде дидактикалық мақсат қойылады; оқу қызметі, ойын ережелеріне бағынады; оқу материалы оның құралы ретінде пайдаланылады, оқу қызметіне жарыс элементі енгізіледі, бұл элемент дидактикалық тапсырманы ойын тапсырмасына айналдырады , дидактикалық тапсырманы сәтті орындау ойын нәтижесімен байланыстырылады. Бала ойын қызметін меңгеру нәтижесінде қоғамдық маңызды және қоғамдық-бағынатын қызметке дайындық қалыптасады. Бала үнемі даму үстінде болады, логикалық ойлауы артады. Бұл әдістемелік құралда осы дамытушы әдістемелер мен технологияларды ортақтастыратын мынадай тұжырымдардың қажеттілігі айқындалды: 1. танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруды баланың нені біліп, нені білмейтінінен бастау керек; 2. баланың қызметі мынандай көріністерден тұрады: бақылайды, салыстырады, топтастырады, жіктейді, қорытындылайды, заңдылықтарды түсіндіреді; 19


3.

тәрбиеші тарапынан көмек және мадақтау күте отырып, баланың қарқынды жұмыс жасауы, тапсырмаларға байланысты көңілкүйдің өзгеріп отыруы, бағдарлау-зерттеу реакциясының болуы, шығармашылық механизмінің болуы міндетті; 4. алдын-ала үйге берілген тапсырмалар тәрбиешінің бағдары бойынша баланың өзіндік ойлауын оятатын сұрақтар негізінде ұжымдық ізденісте іске асады; 5. түрлі педагогикалық жағдаяттарды ұсыну, әр балаға бастамашыл болуды, өз бетінше әрекет ете алуды, сайлауды, іріктеуді, өзіндік пікірі болуды қалыптастырады; 6. икемді құрылым. Сабақта қолданылатын құралдар сабақтың тақырыптық мазмұнына байланысты болады; 7. оқыту дамудың алдында жүруі керек; 8. дидактикалық құралдар дамуға әсер етеді; 9. баланы оқыта отырып, жалпы дамыту; 10. дамыта оқыту дәстүрлі оқытуға балама жүйе; 11. барлық салалар сәйкестікке дамытуға бағытталған. Дамыта оқыту технологияларының құрамы: дамытушылық дидактикалық ойындардан, дамытушы тәжірибелік тапсырмалардан, құрастырудан, талдау және жинақтаудан тұрады. Тәжірибелік бөлім М.Монтессори , В.Воскобович, З.Дьенеш, Н.Зайцев Р.Штайнер, Кейс технологиялары бойынша балалардың логикалық ойлауын дамытушы әдістері негізінде даярланды.

20


Бұл технологияларды педагогикалық тұрғыдан құрастырудың шарттары:  ақпараттың логикалық құрылымының оқу мазмұнына сай болуы;  таным үдерісінің жоғары өнімді деңгейде болуы;  оқытудың жеделдете жүргізілуі;  дамытушылықтың тиімді жүзеге асуы;  технологияның бейімділігі;  ақыл-ой және дене күшіне түсетін жүктеме мөлшерінің сәйкестілігі. Технологиялардың танымдық қызметін ұйымдастыруда және басқару типі бойынша төмендегідей жұмыс формаларын ұсынуға болады:  өздік жұмыс;  «шағын топтар» жүйесі, топтық, сараланған оқыту;  компьютерлік оқыту;  жеке оқыту болып келеді. Педагогикалық технологиялардың негізгі элементтері: 1 қызметі: баланы қарым–қатынаста «ашылуға» үйрету. 2 қызметі: қарым – қатынаста баланың өзінің «қатысуы». 3 қызметі: қарым – қатынаста жоғарғы сезімде болуы. Бүгінгі таңда балабақшалардың оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру теориясы мен практикасында оқу-тәрбие үрдісінің көптеген нұсқалары қатар жүзеге асырылуда. Әр автор немесе орындаушы педагогикалық үрдіске өзінің бір ерекшелігін енгізеді, осыған байланысты әр нақты технология авторлық болып табылады. Сондықтан, көптеген технологиялар өз мақсаттары, мазмұны, қолданылатын әдістері мен құралдары бойынша ұқсас болғандықтан, оларды осы ұқсастықтары бойынша бірнеше жалпы топтарға топтастырып, төмендегідей категорияларға бөліп көрсеткен жөн деп санаймыз: Технологиялар мен әдістемелерді қолдану технологиясы бойынша: жалпы педагогикалық, жеке әдістемелік, локальді технологиялар. Философиялық негізі бойынша: материалистік және идеалистік, диалектикалық және метафизикалық, ғылыми және діни, гуманистік және антигумандық, антропософиялық және теософтік, прагматикалық және экзистенциалистік, еркін тәрбиелеу және күштеп тәрбиелеу, басқа да түрлері. 21


Жеке құрылымдарға бағыттаушылық сипаты бойынша: ақпараттық технологиялар, операциялық, эмоционалды –көркем және эмоционалды-адамгершілік, өзін-өзі дамыту технологиясы, эвристикалық және қолданбалы болып келеді. Осындай дифференциациялау арқылы мектепке дейінгі балалардың ойлау әрекетін дамытудың әдістемелік құралын әзірлеуге мүмкіндік аламыз деп санаймыз. 1.2. Балалардың логикалық ойлауын дамытудың жас ерекшеліктік сипаттамасы Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады. Қазіргі кезеңде 5-6 жасқа қараған балалардың дамуында акселерациялық өзгерістерге қатысты елеулі секірулер орын алуда. Жоғары жүйке жүйесінің қызметінің жетілуінде жедел даму тенденциясы байқалды. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 5-6 жастағы балалардың қозғалысы, көбінесе жігерлі әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Бес-алты жасында саусақ қимылдарының жетілгендігі соншалық, бала өздігінен қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш, т.б.) қия алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала алады. Сөздік-қисынды ойлау қабілеттерінің дамуы кейбір түсініктердің нақты-бейнелі мазмұнының абстрактілі, ерікті салыстырмалы түрін жасайды. Өзін ерекше бағалап, өзінің «мен»-дігін жақындарынан да, 22


достарынан да оқшау қояды. Бұл кезеңде бала жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен қатар көптеген балаларда ашуланшақтық, ұялшақтық, ызақорлық, өзін-өзі көрсетуге құмарлық сияқты қасиеттер пайда болады. Үлкендер бұл өзгерістерді дер кезінде байқап, тиісті шаралар қолданбаса, ол бала бойында өмір бойы сақталып қалуы мүмкін. Бастауыш мектепке балалар 6 жастан бастап қабылданады. 5-6 жас – баланың ақыл-ойы дамуының және әлеуметтік дайындығының ең бір қолайлы (сензитивті) кезеңі. Осыны дұрыс пайдаланып, іске асырған жөн. Әйтпесе баланың бойындағы қасиеттері толық көлемде ашылмай қалуы мүмкін. Американдық ғалымдар: Р.Карпас, Д.Сиск, С. Кейплен, Р. Хенви және т.б. сол сияқты, ресейлік ғалымдар: В.В. Давыдов, Л.В. Давыдов, Л.В. Занков, Л.В. Тарасов және т.б. адам зиялылығының 80% - ы сегіз жасқа таман қалыптасатындығын және оның 50 % төрт жаста қалыптасатындығын дәлелдейді. Олай болса, егер балаларды қорытып ойлау әдістеріне үйретсе, олар дүниені тұтастықта көруге, интеграциялық құрылымға нәтижелі білім алуға қабілетті деген сөз. 56 жаста жарты шарды жалғап тұрған жүйке талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады. Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, қызығушылығына сүйену қажет. Тәрбие мен оқыту міндеттерін бірлікте шешу. Баланың еркін де дербес дамуын қамтамасыз ететін табиғи, емін еркін жағдай туғызу. Әрекет етуге үйрету, үйренгенін бойына дағды қылып сіңіру. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жанжақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыруда ұстанатын принциптер:  балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, қызығушылығына сүйену. 23


 тәрбие мен оқыту міндеттерін бірлікте шешу.  баланың еркін де дербес дамуын қамтамасыз ететін табиғи, емін еркін жағдай туғызу.  әрекет етуге үйрету, үйренгенін бойына дағды қылып сіңіру. Педогогикалық процесс белгілі бір құралдар мен әдістер көмегімен жүзеге асырылады. Ойнау, еңбек ету және оқу барысында ақыл –ой адамгершілік физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдетдағдыларын игеруге бейімделеді. Іс-әрекеттің осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Осы аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Бала өзін-өзі көрсетсе ойын, оқуда адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Осылар арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыда ықпал жасай аламыз. Біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Осыларды негізге ала отырып ата-аналар мен тәрбиешілер баланы тәрбиелеуде ертегілер мен қойылымдардың және сахналаудың ролінің айрықша екенін ұмытпау керек. Сөйлесу қызметі – белсенді әрі мақсатты үрдіс. Бұл қызмет түрі серіктестіктің болуын талап етеді, онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты – бүлдіршіндердің диалогтық қарым-қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы сөйлеу тілдерін дамытады. Сонымен қатар өзімен серіктесінің қимыл-қозғалысын келісу мен бақылау дағдысы қалыптасады. Сондай-ақ ойын әдісі мен әрекеттерінің қолдануы балада жағымды эмоция, жоғары қызығушылық туғызады. Балабақшада балалар өздігінен оқи алмайтыны белгілі, сондықтан тексті оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету, көркем сөздермен таныстыру жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық принциптерге негізделеді. Ол принциптер – айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен, табиғатпен таныстыру, дүниетанымын, ойөрісін жетілдіру, зейінін, қабылдауын, бағдарлай білу, қаблеттерін дамыту болып табылады. 24


Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет. Балалармен күннің ІІ жартысында ойналатын дидактикалық ойындар, желілі - ролді ойындары арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады. Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білуге дағдыландыру керек. Жас ерекшеліктерін ескеру іргелі педагогикалық принциптердің бірі.Оны арқау ете отырып, тәрбиешілер оқу жүктемесін ретке келтіреді, әрқилы еңбек түрлерінің көлеміне негіздеме береді, даму үшін қолайлы күн тәртібін, еңбекпен айналысу және демалу уақыттарын белгілейді. Жас ерекшеліктері оқу пәндерінің және әр пәндегі оқу материалдарының іріктелуімен оқу бағдарламасында жайғасуына орай мәселелерді дұрыс шешуге міндеттейді. Оқу - тәрбие қызыметінің формалары мен әдістерін таңдауда осы принципке тәуелді. Қазіргі дәуірде жас топтары арасындағы шектерді қайта қарастыруға себепші болатын және бір құбылыс педагогтарды толғандыруда. Бұл акселерация (лат.сөзі – жеделдеу ), - яғни балалық және жасөспірімдік шақта тән – дене, кей жағдайда психикалық дамудың ерекше жедел алуы. Акселерацияны биологтар ағзаның физиологиялық жетілуімен, психологтар – психикалық функциялардың іске қосылуымен байланыстырады, ал педагогтар тұлғаның рухани дамуы мен әлеуметтенуінен деп түсіндіреді. Педагогтардың пікірінше, акселерация физикалық дамудың салдары емес, ол ағзада жүріп жатқан физиологиялық жетілу үдерістері мен тұлғаның әлеуметтенуі арасындағы қайшылықтардан. Акселерацияның негізгі себептері - өмірдің қарқынды дамуы, материалдық жағдайлардың, тамақ және медициналық қызмет сапаларының көтерілуі, ерте жастан балалар күтімінің оң сипат алуы, көптеген бала сырқаттарының жойылуы. Бұл құбылыстың және де бір себептері бар: адамның тіршілік ету ортасының радиоактив ластануы алғашқы да бойды өсіріп, ал уақыт өтуімен, тәжірибелер көрсеткендей, адамзаттың жалпы тіршіліктің тектік қорын әлсіретеді, атмосферадағы оттегі көлемін азайтады, ал бұның ізімен адамның 25


көкірек клеткасы шектен тыс кеңейіп,осыған сәйкес бүкіл ағза ұлғаяды. Дегенмен, шынына жүгінсек акселерация көптеген жағдаяаттардың тоғысынан келіп шығатын табиғи құбылыс. Бұл жағдайды да ескеру қажет. Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Баланың ойлау қабілеті. Ішкі психологиялық өмірі мен өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы - танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты. Ең алдымен, бала ортақ түсініктер бойынша әрекет ету қабілетін меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қарым-қатынасын құра алады. Бұл кезеңде баланың қоршаған әлемді түсінуге талпынысы артады және әлем туралы алғашқы түсінігінің бейнесі пайда болады. Алайда, бұл қисынды түсінік емес, небары көрнекі-бейнелі ойлау ғана. Қазіргі әдебиеттерде логикалық ойлауды қисынды ойлау деген сөзбен алмастыру кездеседі. Көрнекі-бейнелі ойлау - ойлау қабілетінің кең тараған түрі. Ол тікелей затқа емес, сол заттың бейнесі мен баланың зат туралы түсінігіне бағытталған. Ойлау қабілетінің бұл түрінің маңызды шарттарының бірі - ойын. Ойын арқылы балада бір затты екінші заттан айыра білу дағдысы қалыптасады. Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл мақсатты осы кезеңнің маңызды құрылымдарының бірі елестету арқылы іске асырады. 26


5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік береді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады. Ең бастысы, бұл кезеңде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде екендігін естен шығармауымыз керек. Сол себепті, біздің әдістемелік құралымызда баланың логикалық ойлауын дамытуда ең алдымен баланың дұрыс пайымдап, дұрыс сөйлеуіне, дұрыс ойлауына, дәлелдеу сияқты ақыл-ой әрекеттерін іске асыруға қабілеттігін арттыруға басты назар аударылады.

2. БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚУ ІС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАРЫ 2.1. №1 технологиялық карта Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» Тақырыбы: «Екі саны» Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын қалыптастыруда білімдік мазмұнды беруде сенсорлық қабылдауды күшейтудің технологиялық элементтерін бірізділік принципі негізінде пайдалану арқылы 2-ге дейінгі сандарды тура және кері санап, еске түсіру 2 санымен таныстыру. Білім берушілік міндеті: айналадағы қоршаған ортамен салыстыра отырып 2 санымен таныстыру Дамытушылық міндеті: Логикалық ойын арқылы баланың ойлау қабілетін және түсіну икемділіктерін дамыту. Тәрбиелік міндеті: Берілген тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалау. Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. 27


Қолданылатын көрнекі құралдар: 1-ден 2-ге дейінгі сандар, суреттер, геометриялық пішіндер, түрлі-түсті қаламдар, проектор. Қажетті құрал -жабдықтар: түрлі қарындаштар, Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап. Іс - әрекет бөлімдері Мотивация лыққозғаушылық

Тәрбиешінің іс-әрекеті Шаттық шеңбері балалардың хормен айтып, мәтіннің мазмұнына қарай қимыл жасауымен орындалады. Шаттық шеңбері орындалған соң, сөйлеу тілінде олармен сәлемдесудің жаңа формалары қолданылады. Амандасуда олар бірбіріне барынша жақсы тілектерді айтуға бағыт береді.

Ұйымдастырушылықізденістік

Балаларды 1 ден 2-ке дейін тура және кері санату. Балаларға жеке-жеке алдарына «егіздер» суреті беріліп, екі бірдей баланың суретін табу ұсынылады. Суретке мұқият зер салып, әрбір бөлігін салыстырмалы түрде қарап шығуын тапсырады. Бір элементтің екіншісінде болмай қалуын мұқият түсіндіреді

28

Балалардың ісәрекеті Шаттық шеңбері: Көк аспанда күн күлсін; күнде күлсін бүлдіршін; ұл қолында ту тұрсын; қыз қолында гүл жүрсін – деп, балалар шеңбер бойына тұрып, шаттық шеңберін орындайды, амандасып, бірбіріне тілектер айтады. Тәрбиеші мен қонақ (қуыршақ) балалардың жауаптарын тыңдайтынын айтады. Санап, екі бірдей суретті табуға атсалысады.


1. Тапсырма. Қолдарына үйшіктің суреті беріледі. Қасында мысалдар бар. Осы өрнектердің мәнін тауып, үйшікте берілген цифрларға сай етіп бояу тапсырылады 1 –көк

1+ 0=

2 – сары

1+1 =

Өрнектер шығарылып, тапсырмаға сай боялады

Заңдылығын тыңдау.

2. Тапсырма. Фигуралардың артығын тауып неге екенін сұрау

Әр баланың жауаптары тыңдалады 3. Тапсырма. Бос орынға қай санды қою керектігі сұралады. Суреттер проектор арқылы тақтаға түсіріледі.

1

345

Балалардың сергіту сәтін сапалы орындауын бақылайды. Сергіту сәті:

29

Тәрбиешімен қосылып балалар


Ал санайық, санайық, Санын біліп алайық Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу Қолымды сонда саусағым нешеу? Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін, Болып шықты он саусақ. 4. Логикалық тапсырма. Бұл тапсырмада балаларға көмектесуге болады. Аспанда күн нешеу? Құста қанша көз бар? Адамда неше қол бар? Досыңда неше аяқ бар?

Рефлексивтітүзетушілік

5. Тапсырма. Логикалық есеп. Топпен орындалу керектігі айтылады. Айшаның алдында 3 зат тұр: шелек, доп және қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады? М.Монтессори материалдарынан «Банттары бар рамка».Балаларға рамкада берік керілген матада орнатылған екі ұзын баудан реттілігі сақталған өрім шығаруы керектігі тапсырылады. Ой туындамай жатса, көмектесу қажет.

Жұмыс барысында баудың санын сұрап, бүгінгі сабақпен байланыстылығын ескертеді. Соңында ұйымдастырылған оқу ісәрекеті сұрақ-жауаппен ,түзетумен аяқталады. Көңіл-күйлері сұралады.

30

сергіту сәтін орындайды.

Басты назар екі санына байланысты сөздерге аударылады және сол сұрақтарға жауап алынады.

Балалар топпен кеңесе отырып орындайды

Балалар қолдарына берілген материалды ойластыра отырып, өрім жасауға кіріседі. Жұмыс жасалады. Қажет жағдайда көмек сұрайды.

Балалар ойларымен бөліседі.


Күтілетін нәтиже Нені білу керек: - 2 санын; - 2 сөздерінің сөздерінің мәнін Нені игереді: - 2 саны туралы түсінікті. Нені біледі: - 2 санын есту және көру арқылы ажыратып, түсінуді, жағдайға байланысты сәйкестендіруді. 2.2. № 2 технологиялық карта Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы тіршілік» Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын қалыптастыруда жоғарғы қарқындылық пен қадамдық технология элементтерін пайдалану арқылы балықтар бойынша түсінік беру. Білім берушілік міндеті: Балықтардың тыныс алулары, көбеюлері, қоректенулері, сыртқы құрылыс ерекшеліктері, қимыл қозғалыстары, тіршілік ету орталарымен таныстыру Дамытушылық міндеті: Логикалық ойын арқылы баланың ойлау қабілетін және түсіну икемділіктерін дамыту. Тәрбиелік міндеті: Аквариумдағы балықтарға қамқор болуға тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: балық суреті, аквариум, балықтар, су, тас, құм, балықтың тамағы. Қажетті құрал -жабдықтар: түрлі қарындаштар Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап. Іс - әрекет бөлімдері Мотивация лыққозғаушылық

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Шаттық шеңбері: Шаттық шеңберін орындау тәртібі мен ережесі бойынша мәлімет беріледі.

Армысың, ардақты Аспан-ата! Армысың мейірімді Жерана! Армысың, шұғылалы Алтын-күн! Қайырлы таң, апайлар!

31


Ұйымдастырушылықізденістік

Балалардың бір-біріне құрмет көрсету қажеттілігі, бір-бірлеріне гүл шоқтарын ұсынудың жағымдылығы ескеріледі. 1. Тапсырма. Жұмбақ жасырылады: Қарасаң келбетіне, Тұмсығы найзағайдай. Шығарып су бетіне, Қанатын жайса жай, Көрінер кемедей. Мұхитта телегей. (Балық)

Балалар шаттық шеңберін орындайды, бір-біріне гүл шоқтарын сыйлайды Жұмбақты шешеді.

Жұмбақ мазмұны бойынша балықтың қайда тіршілік ететінін, сусыз тіршіліктің жоқтығын, балықтың өсіп-өнуіне жағдай жасау керектігі түсіндіріледі. Сонымен қатар құрылымына тоқталады. Балық желбезекпен тыныс алатынын, өкпесі жоқтығын, құйрығы бұрылу қызметін атқаратынын, сопақша болатынын, ұсақ балдырлармен, су өсімдіктерімен қоректенетінін айтып өтеді. Сергіту сәті: Қане балалар, тұрамыз, Бойымызды жазамыз, Балықтарға ұқсап біз, Жүзіп-жүзіп аламыз

Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп отырады. Өздері білетінін қол көтеріп айтып отырады.

2. Тапсырма. Суретке қарап берілген фигуралардан фланелеграфта балықты құрастыру тапсырылады. Осы тапсырмада оймен атқарылар қадам жүзеге асырылады.

32

Тәрбиешімен қосылып балалар сергіту сәтін ісқимылдармен орындайды. Кеңістікті бағдарлай отырып, балықтың сұлбасын фланелеграфта орналастырады.


3. Тапсырма. Тосын сый. Есік қағылып балықшы атай кіреді. Өзі балық аулауға бара жатқанын айтады. Балық аулау үшін оған жем болатын құрттардың қажеттігін айтады. Ал құрттарды алу үшін алдымен мына тапсырманы орындау керектігі, сонда ғана досы оған балық аулайтын құртты беретінін айтып, балалардан көмек сұрайды. Суретті жылдам аяқтау тапсырылады

Балалар атайдың өтінішін орындап, суретін аяқтап салып береді. Атай қуанып рахметін айтады.

Бұл тәсілде жоғары қарқындылықта жұмыс жасау көзделеді.

Сергіту сәті: Ал санайық, санайық, Санын біліп алайық Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу Қолымды сонда саусағым нешеу? Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін, Болып шықты он саусақ. 4. Логикалық тапсырма. Төмендегі суреттің артығын сұрау, дәлелдемесімен бірге.

33

Сергіту сәті орындалады.

Логикалық тапсырманы орындайды.


5. Тапсырма. Логикалық есеп. Топпен орындалу керектігі айтылады. Қармақта 3 зат тұр: сымтемір, балдыр және балық. Тек балық болу үшін не істеу қажет? Рефлексивтітүзетушілік

В.Воскобовичтың «Геоконт» ойыны. Балаларға пластмассалық шегелер қағылған тақтайша созылмалы резеңкесімен беріледі. Резеңкелерді шегеге керу арқылы балықтың сұлбасын салады. Уақыт болса оның мекендейтін жерін де көрсетуге болады.

Өтілген ұйымдастырылған ісәрекет бойынша сұрақтар қойып, қорытынды-ланады. Жақсы жұмыс жасаған балалар мадақталады.

Топпен орындайды. Топтың ішінде пікірлеседі. Дұрыс жауабын айтады.

Берілген құралды пайдалана отырып тапсырманы орындайды

Қойылған сұрақтарға балалар жауап береді. өз ойларын ортаға салады

Күтілетін нәтиже Нені білу керек: - балықтың тіршілік ету ортасын және дене құрылысын. Нені игереді: - балықтар әлемі туралы түсінікті, логикалық ойлауды. Нені біледі: - балыққа қамқорлық көрсетуді, дұрыс қоректендіруді. 34


2.3 №3 технологиялық карта Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық» Бөлімі: «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту», «Сурет», «Құрастыру» Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат» Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын қалыптастыруда жағымды жағдай ұстанудың технология элементтерін пайдалану арқылы ертегіні меңгерту. Білім берушілік міндеті: кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Таныс ертегінің соңын басқаша құрастыруға баулу. Дамытушылық міндеті: дидактикалық ойындарда баланың саяхаттау маршруттарын қайталау арқылы логикалық ойлау қабілетін және түсіну икемділіктерін дамыту. Тәрбиелік міндеті: көңіл-күйді түсінуге, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: «Шалқан» ертегісіне арналған көстюмдер, «Шалқан» муляжі, «Шұбар тауық» ертегісінің мнемотаблицасы, «Бауырсақ» - доп, конструктор, «Лақтар мен қасқыр ертегісінің суреттері», аю мен шұбар тауықтың костюмы, шырша мен ағаштар. Қажетті құрал -жабдықтар: сары түсті гуашь, ақ қағаз Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, бояу, көрсету Іс - әрекет бөлімдері Мотивация лыққозғаушылық

Ұйымдастырушылықізденістік

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Тәрбиеші бүгін топта өзгеше сабақ болатынын, сиқырлы пойызға отырып барлығының ертегілер еліне саяхатқа баратынын айтады. Балалардан алдымен төмендегідей сурет бойынша ертегі әлеміне барар жолды көрсетіп, алдын ала қиылған қағаздарды реттілігіне байланысты жолға жапсыруы тиіс. Сонда ғана жолдан өте алатынын түсіндіру.

Балалар бір-бірінің иығынан ұстап «Пойыз» өлеңін айтып жүреді. Балалар барар жолдың дұрыс бағытын білген соң, барлығы пойызға отырады.

Балалар

35

жарыса,

зор


құлшыныста тапсырманы орындауға кіріседі.

I аялдама. «Шалқан» атааналардың қатысуымен «Шалқан» ертегісін сахналайды.

Балалар жарты шеңбер құрып отырады.

II аялдама. «Аңшы» - сергіту сәтін дауыстап айтып, балалармен бірге жасап отырады. Сергіту сәтінің орындалуы:  аңшы аңға бармақшы болды. Ол бас киімін киді, аяқ киімін киді, мылтығын асынды (қимылмен бас киімді, аяқ киімді кигенін, мылтығын асынғанын көрсетеді);  ол жолменен жүрді (қимылмен жүрісті салады);  құмменен жүрді (алақандарын ысқылайды);  бөренелі көпірден өтті (көкірегін ұрғылайды);  саздан секірді (бір орында секіреді);  сөйтіп, оңға бір, солға бір қарап отыр еді, алыстан келе жатқан аюды көріп, кері қарай жүгіре жөнелді(қолымен оң жақты, сол жақты көлегейлеп қарап, аюдың сұлбасын қимылмен көрсетеді);  ол жолменен жүрді, құмменен жүрді, бөренелі көпірден өтті, саздан секірді (барлық сөздерді айтқанда жоғарыда көретілгендей қимылдрды жасап

Балалар «Аңшы» сергіту сәтінің сөзіне қимылдар жасайды.

36

Жүреді

Алақандарын ысқылайды Көкірегін ұрғылайды Бір орында секіреді

Қимыл жоғарыдағыдай қайталана береді.

Балалар қызыға жоғары құлшыныспен ісәрекетті орындайды.


отырады), үйіне келіп болған жағдайды баласына айтып берді;  мұны естіген баласы, әкесінің аңға барғанын, жолменен жүргенін, құмменен жүргенін, бөренелі көпірден өткенін, саздан секіргенін өзінің досы Ерланға айтып береді.  Мұны естіген Ерлан «досының әкесінің» деп барлық жоғарыдағы айтқандарды сөзбен және қимылмен көрсете отырып, өзінің анасына болған жағдайды айтып береді, осылай жалғастырылады. III аялдама. Лақтар мен қасқыр. Балаларға ертегілерден үзінді сұрақтар қояды. Аялдамада ілінген суреттер «Лақтар мен қасқыр». Осы суреттерде не салынғанын, ешкі тамаққа кеткен кезде лақтарға не айтқанын, қасқыр не үшін аңдып тұрғанын сұрайды. IV аялдама. «Орман». Орманда жылап тұрған аюдың жағдайы сұралып, үйшікке сыймай сындырып қойғанын білген соң, үйшік жасауға балалардан көмек күтетінін айтады. Тәрбиеші бірге сиқырлы пойызға отырып келесі аялдамаға барып, сол жерде балаларды үйшік соғуға көмектесетінін айтады. V аялдама. «Шұбар тауық». Ол аялдамада оларды Шұбар тауық күтіп, сәлемдесіп, балалардан мнемотаблица бойынша ертегіні айтып бере алатынын сұрайды

37

Балалар сұрақтарға жауап беріп отырады Балалар тағы да пойыз құрып келесі аялдамаға барады.

Аю мен балалар пойыз құрып келесі аялдамаға жетеді.

Қыздар суретті салуға кетеді, саусақ арқылы балапандарға тары салады. Аю мен ұл балалар конструктордан үйшік соғады. Ал балалар сиқырлы пойызға отырып, өз


Рефлексивтітүзетушілік

және да балапандарына тары жасауын өтінеді. VІ Логикалық есеп. Балалардан есеп сұралады: аюға, тауыққа, балапанға үш түрлі жалауша сыйлыққа берілді - қызыл, сары, көк. Аюдағы жалауша қызыл емес, тауықтағы қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай? Тәрбиеші дұрыс жауабын айтады. Тосын сый. Бауырсақ секіріп топқа кіреді. Балалардан өзінің кімнен қашқанын сұрайды. Ол түлкінің тұмсығына отырмағанын айтады. Балалардан не көргендерін, не істегендерін сұрап, толық жауап берсе, сыйлық беретінін айтады. Балалардың жауабына қанағаттанған соң есік сыртында сыйлықтың тұрғанын айтып, өзі ертегіге кетеді. М.Монтессори материалдарынан. 10-ға дейінгі көлеміне байланысты пазлдарды орналастыру тапсырылады.

Балалардың бүгінгі сабақтан алған әсері сұралады.

Күтілетін нәтиже Нені білу керек: - суретке қарап мазмұнын түсінуді. Нені игереді:

38

тобына кетеді Балалар түсінгені бойынша есепті шешеді.

Бауырсақтан, атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан қашқанын айтады. Балалар бастан-аяқ бәрін баяндап береді

Балалар тапсырманы орындайды.


сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттері мен логикалық ойлауын дамытуды. Нені біледі: - ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіруді; - саусақпен сурет салуды, конструктардан өз еріктерімен жұмыс істеу дағдыларын. 2.4. № 4 технологиялық карта Білім беру саласы: «Қарым-қатынас» Тақырыбы: «Менің ойыншықтарым» Мақсаты: ойыншықтардың түрі мен олардың аталуы және олар атқаратын әрекет түрлерін сипаттауда балалардың логикалық ойлауын қалыптастырудың өзара байланысын қамтамасыз ету. Білім берушілік міндеті: меңгеріліп отырған тілдерде ойыншықтар аттарымен балаларды таныстыру, ойыншықтармен әрекет. Дамытушылық міндеті: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ойыншықтар атауын қоса отырып, пассивті белсенді сөздік қорларды жинақтау, оларды ойыншықтар арқылы сөйлету тілін көрсету арқылы логикалық ойлауын дамыту. Тәрбиелік міндеті: дұрыс сөйлеу тілін тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ, ойыншығы бар сандық. Іс-әрекет кезеңдері

Мотивациялыққозғаушылық

Тәрбиеші іс-әрекеті Артикуляциялық жаттығу, бұрын оқыған сөздерді қайталау, балаларды жаңа мазмұнды меңгеруге икемдеу. Алдыңғы сабақта қандай сөздермен танысқандарын естеріне түсіріп және оларды қайтадан айтуларын сұрайды. Балаларға қонаққа Әлия, Маша және Лора атты үш құрбының келгендері жайлы хабарлайды. Қонақтар балаларды өздерінің

39

Балалар іс-әрекеті Сабаққа, жаңа білім мазмұнына қызығушылық танытады, жаттығуды орындайды. Балалар қонақтардың соңынан ойыншықтардың атын қайталайды, ісәрекеттерін көрсете отырып, үстел-үстіне жайғастырады.


ойыншықтарымен таныстырғалары келетіндерін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Қонаққа Әлия, Маша және Лораның келгенін және олар өздерінің сүйікті ойыншықтарын көрсеткісі келетіндері жайлы хабарлайды. Әрбір тілде барлық ойыншықтардың өзіндік ерекшелігіне қарай атаулары бар екендігі түсіндіріледі. Балалар кейін қуыршақтан өздері қалаған ойыншықты сұрап алу үшін, оларды атап үйренулері тиіс. Әлия, Маша және Лора өздерімен бірге балаларға арнап тапсырмалар әкелгенін айтады: 1. «Шешуін тап және көрсет» ойыны (ойыншық туралы жұмбақты шешеді, сөздегі бірінші дыбысты атап және оны айтуға тырысады). 2. «Тыңда, есіңе сақта, ата» ойыны. Ойыншықтарды атап және оларды балалардың қайталауын сұрайды. Сергіту сәтінің орындалу ережесін түсіндіреді. Балаларға түсіндіре отырып, қимылмен қалай жасалуды көрсетеді. 3. «Логикалық сұрақ» ойыны.

40

Жұмбақтарды шешеді, жұмбақта айтылған заттарды атайды, ойыншықпен қандай әрекет жасауға болатындығын түсіндіреді. Меңгеріліп отырған материал бойынша тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Сөздерді естеріне сақтайды.

3-4 бала ойыншықтарды атайды. Заттардың атауын білдіретін сөздердің айтылу ерекшеліктерін анықтайды.

Сергіту сәті: Ал балалар


Рефлексивтітүзетушілік

Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған көп теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білгенін сұрау. (Жауабы: теңге кітаптың ішінде болған). Тәрбиеші теңге сөзінің өзге тілдерде айтады және қайталап сұралады, сондай-ақ ойыншықтардың атауларын бекіту үшін жұмыстар жүргізіледі. 4. «Бұл ойыншық қандай?» ойыны (қазақ, орыс. ағылшын тілдерінде ойыншықтарды атауға және қимыл-әрекетті анықтауға). 6. Әлия, Маша және Лора өз ойыншықтарының көлікке мініп кететінін ескертеді. Төменде ойыншықтардың көліктері бейнеленген. Кетерлерінде бір тор көзде көліктің жетіспейтінін айтып, балалалардан көмек сұрайды.

тұрайық, алақанды ұрайық. Оңға қарай бұрылып, солға қарай бұрылып, бір отырып, бір тұрып, бой сергітіп қалайық. Педагогтің артынан қимылмен қайталайды.

Бүгінгі сабақта немен айналысқандарын, нені білгендері жайлы айтуларын сұрайды. Тапсырмаларда кім

Қорытынды шығарады.

41

Балалардан ойланып жауап беруі сұралады. Теңге сөзін тәрбиешімен дауыстап қайталайды Мақал-мәтелдің мағынасы тәрбиешінің түсіндірілгені бойынша сұралып, хормен айтылады. Балалар қонақтардың өтініштерін орындайды.


жылдамдық танытқанын айтады. Балалар үшін не жаңалық болғанын сұрайды. Қандай сөздерді меңгергенін, оны еске түсіретінін айтады. Дұрыс айта алмаған балаларға жеке көмек беріледі. Әлия, Маша және Лора балаларға жақсы жұмыстары үшін алғыс айтып оларға тосынсый сыйлық жасайды. Монтессори материалдары. Сандықтан Монтессори материалдары шығарылып, геометриялық пазлдарды өз орнына тез орналастыру тапсырылады.

Балалар ұнаған ісәрекеттерін атап, үйренгендерін, ісәрекетті бұзбай орындағандарын айтады.

Оларға алғыстарын айтады Балалар пазлдарды көлемдріне байланысты орындарына салады.

Күтілетін нәтиже Нені білу керек: - әрекет үрдісінде қолданылған ойыншықтар атауларын; - меңгеріп жатқан тілдегі ойыншықтар атауын білдіретін сөздерді. Нені игереді: - әрбір меңгеріліп отырған тілде бір ғана ойыншықтың бірнеше атауының бар екендігі жайлы түсінікті. - берілген есепке ойланып жауап беруді. Нені біледі: - меңгеріліп отырған материалдың мазмұны бойынша толық жауапты; - ойнап отырған ойыншықтың дұрыс атауын; - ана тілі емес басқа тілде сөзді айтудың ерекшеліктерін анықтауды. 42


2.5. № 5 технологиялық карта Білім беру саласы: «Қатынас» Тақырыбы: «Гг дыбысы мен әріпі» Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын қалыптастыруда білім беру мен дамуына ерекше көңіл бөлудің технология элементтерін пайдалану арқылы «Гг»дыбысы мен әріпін меңгерту. Білім берушілік міндеті: «Гг»дыбысы мен әріпі туралы түсінікті кеңейту. Дамытушылық міндеті: Баланың дүние танымын кеңейту, сөздік қорларын, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Тәрбиелік міндеті: ұқыптылыққа, сауатты, көркем жазуға дағдыландыру. Қолданылатын көрнекі құралдар: гүлдердің суреті, әріптер кассасы, үлестірмелі карточкалар, Гг әріпінің жазылу үлгісі, қорапша,сызба.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, мақтау, мадақтау, қортындылау. Іс - әрекет бөлімдері Мотивация лыққозғаушылық

Тәрбиешінің іс-әрекеті Шаттық шеңберді балалардың айтуымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті басталады.

Ұйымдастырушылықізденістік

Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталайтынын тәрбиеші ескертеді Әріп, дыбыс ұғымын сұрау. Дыбыстың бөлінуі, дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстың айырмашылығы сұралады. Есік сықыры естіліп, балаларға

43

Балалардың іс-әрекеті Шаттық шеңберін дауыстап айтып ісқимылмен көрсетеді. Жарқын,жарқын үніміз, Болашақтың күніміз, Балалық шақ үйінің, Жайнап тұрған гүліміз. Сәлеметсіздерме,қонақ тар. Қош келдіңіз бәріңіз Әріпті көретінін, оқитынын, жазатынын балалар айтып, өз пікірлерін білдіреді. Берілген сұрақтарға жауап беріп отырады Балалар назарын есікке аударады


қонақ келгені айтылады Балаларға жұмбақ жасырылады Жұмбақ Жұпар исі еседі. Жайнап бақта өседі. Қайсы әріппен басталған, Аты не, кім шешеді. Төмендегі өлең шумағында қандай сөздер көптеп кездесетінін сұрау. «Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер. Қызыл гүлдер, көк гүлдер»-деген өлеңде не туралы айтылған. Гүлдер деген сөздің басында қандай дыбыс еститінін сұрау. Балаларды мадақтай отырып, құрылымын таныстырады. Гг әріпін ауада және кітапқа жаздырту. Есікті қағып дімбілмес кіріп амандасады. Балаларға келген бойда өз шаруасын айтып көмек сұрайды. Сыйқырлы сандықпен келіп, ол сандықтың оқу-білім туралы мақал-мәтел айтпай ашылмайтынын айтып күрсінеді. Балалардың жауаптарынан соң сандықтан тапсырмалар шығады. 1-тапсырма. «Түймедағы» гүлін құрастыру. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жинау арқылы балалар жылдамдықтарын байқатады Орнынан жылжып, басқа гүлге барады. 2-тапсырма. «Гүл» лабиринтінен шығу жолын балалардан сұрайды.

44

Гүл Тәрбиешінің сөзі мұқият тыңдалып, балалар жауап беріп отырады. Гүл туралы айтылғанын айтады «Гг»дыбысы естіледі. Гг әріпін жазып, оқылуын біледі. Балалар көмектесетінін айтады Оқу -өмір шырағы,кітапбілім бұлағы. Оқусыз -білім жоқ. Білімсіз -күнін жоқ. Балалар тапсырмаларды орындап отырады. Балалар гүлді құрастырады. Орнымыздан тұрайық, Гүлді жұлып алайық,

Балалар көмектеседі.


Ай-гүл, т-ай, а-нан -ас.

Балалар қиындылардан сурет құрастырады. 3-тапсырма. Буындарды оқы. 4-тапсырма. «Қиынды суреттер» ойыны. Гүлдің, көбелектің, Г әрпінің, құмыраның суреттерін 2, 3, 4 бөлікке қиылған. Балалар қиындылардан сурет құрастырады. 5- тапсырма. Г.Дьенеш материалы бойынша бос орындарды толтыру ұсынылады. Егер дұрыс толтырылған жағдайда бір фигураның астында жасырылған Г әрпі шығатынын түсіндіру. Балалардан фигураларды қою себептері сұралады.

Дымбілмес тапсырмаларының орындалғанына қуанып, балаларға сыйлықтарын

45

Балалар түстері бойынша және фигураларды орналастыру заңдылықтарын түсіндіреді.


ұсынып, өзінің ата-анасына кетеді Рефлексивтітүзетушілік

Педагог гүлдің адамға әсері мен қажеттілігі бойынша сұрақтар қоя отырып, талдайды. Жұмбақтар жасырылып, сұралады. Жайса көлдей, Жиса жеңдей. Мінезін оның түсінгем, Ашуы тамақ пісірген, Өзі сондай нәзік, Су құйсаң кетеді. Алақанын жазып. Педагог оқу іс әрекетті қортындылайды. Шеңбер жасай отырып қоштасу тақпағын айтқызады

Балалар талдау, салыстыру тәсілдерін қолдана отырып жіктеуге қатысады. Кереге Газ-газ Гүл-цветок Балалар шеңбер жасап тақпақты көтеріңкі дауыспен айтады. Қол ұстасып тұрайық. Шеңберді біз құрайық, Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық.

Күтілетін нәтиже Нені білу керек: - Гг дыбысының жазылуын және оқылуын, дыбыстар мен әріптерді ажыратуды. Нені игереді: - тапсырмаларды орындауды, г әрпінің дыбысталуын. Нені біледі: - буындарды қосып оқи алады, г дыбысының жазылуын біледі, құрастыруды. 2.6. № 6 технологиялық карта Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: «Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру» Тақырыбы: «Төрт саны» 46


Мақсаты: 4 саны туралы түсінік беру және оны қолдану әрекеттерін үйрету. Білім берушілік міндеті: 4 саны және цифры туралы түсінік беру Дамытушылық міндеті: 4 санын меңгертуде балалардың логикалық ойлау белсенділігін арттырудың Штайнер және кейс-стади технологияларының элементтерін пайдалану Тәрбиелік міндеті: белсенділікке, іскерлікке тәрбиелеу Қолданылатын көрнекі құралдар: күлтелі гүл, 4 цифры, орындық, слайдтар. Әдіс-тәсілі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу Іс - әрекет бөлімдері Мотивациялыққозғаушылық

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Алдыңғы сабақтарда 3 санымен танысқанын айтып, енді 3 санынан кейінгі санды өтетінін хабарлайды.Санамақты еске түсіреді: Бір дегенім – бесік, Екі дегенім – етік Үш дегенім – үміт, Төрт дегенім – төзім. Қазір жылдың қай мезгілі екенін, қыс айларын және қыста ауа райы қандай болатынын сұрау.

Осыған дейін өткен сандарын еске түсіреді: 1,2,3. Жаңа санмен танысатындарын біледі.

Тақтаға үш күлтелі гүл ілінеді. Балалар күлтелерді дұрыс күтпегендігін, күлтелерді бірлесіп санап әдемі етіп құрастыру керектігін айтады.

Тақтаға ілінген күлтелерді әдемілейді, түртінші күлтені көреді.

Педагогпен бірге дауыстап қайталайды Жыл мезгілдері туралы білгендерін айтады, қыс айларын атайды.

Соңғысы жаңа сан екеніне назар аударып, таңбамен таныстырады. Жұмбақ жасырылады «Аяғы жоқ төртеу жүре алмайды, не жатып бір дем алмайды» Орындықты төңкеріп неге

47

орындық


ұқсайтынын сұрайды. Тақтаға 4 ке бөлінген төртбұрыш ілінеді. Дидақтикалық ойын: «Қай мезгіл?» Тақтада жыл мезгілдеріне байланысты суреттер ілінеді.Балалар суреттен қай мезгіл екенін анықтап, оны сәйкес төртбұрышқа қою керектігін айтады Сергіту сәті. Төскейден жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді. Туған жерім мен үшін, Көк майсасын төседі. Дәптермен жұмыс 4 санын үзік сызықтармен қолдарын жаттықтырып жазып шығу. 1 тапсырма: дөңгелектердің арасын әдемі моншақтар шығу ішін сызықшалармен қосу. Моншақтарды түсіне сай бояу. 2 тапсырма: Парта үстінде жатқан пішіндерді аударып, сандарды төртке дейін өсу ретімен жазып шығуды тапсырады. 3 тапсырма: Логикалық тапсырма. 1.Бір ағаштың артында екі түлкі, екі қоянның аяғы көрінді. Балалардан неше аң екенін сұрау. 2. Ағаш басында бір торғай отыр еді, оған тағы үш торғай ұшып келді. Барлығы неше торғай екендігін сұрау 3. Суреттегі көрініс бойынша өрнек құру.

Орындықты төңкеріп, төрт санына ұқсайтынын айтады.

Балалар сәйкес төртбұрышқа жапсырып отырады.

Ойын арқылы тапсырманы орындайды.

Үзік сызықтар жүргізу арқылы төрт санын жазады. Моншақтарды әдемілеп бояйды.

Тапсырманы орындау үшін пішіндерді аударып, сандарды рет – ретімен орналастырады.

Логикалық сұрақтарға ойланып, жауап береді. Көрініс бойынша өрнек құрады

48


Рефлексивтітүзетушілік

Логикалық ойын. Педагог тапсырма береді, балалар оны орындайды: а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/; б/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/ және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер. Балалардан неше санымен танысқанын сұрау. Балалар барлық тапсырмаларды дұрыс тауып, дұрыс орындағаны үшін мадақтау. Соңында жақсы қатысқан балаларды марапаттау.

Балалар сұрақтарға ойланып жауап береді.

Сабаққа белсенділік танытқан балалар марапатталады.

Күтілетін нәтиже Нені білу керек: - төрт санына қатысты санамақтарды, тапсырмаларды шешуді, ойлануды. Нені игереді: - төрт санының құрамын, таңбалануын. - Нені біледі: - төрт санын қолдану арқылы есептеулер жүргізуді, оны басқа сандармен қатар қолдануды біледі.

49


2.7. №7 технологиялық карта Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Алтын күз» Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын қалыптастыруда білім беру мен жоғары қарқындылықта күз тypaлы бiлiмiн кеңейту. Білім берушілік міндеті: Kүзгi тaбиғaт epeкшeлiктepiмeн тaныcтыpy. Коммуникативті құзыреттілігін шыңдау. Дамытушылық міндеті: Kөкөнicтep мeн жeмicтepдi aжыpaтa бiлyі, логикалық оймен жұмыстануы. Тәрбиелік міндеті: Taбиғaтқa қaмқop бoлyғa, oны aялayғa тәpбиeлey. Қолданылатын көрнекі құралдар: Kүз мeзгiлiнiң cypeттepi. Бaқшaдaғы көкөнicтep, бayдaғы жeмicтep cypeттepi. Қажетті құрал -жабдықтар: проектор Cөздiк жұмыс: capы aлтындaй жaйнaғaн, жиын-тepiн, бepeкeлi күз, жoмapт күз. Іс - әрекет бөлімдері Мотивациялыққозғаушылық

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Шеңбер бойына балалар тұрады Kүндeй жapық, aйдaй apaйлы, Сyдaй мөлдip тaзa көңiлмeн Бүгiнгi күндi бacтaйтынын айтады. Педагог балалардан жылдың қaй мeзгiлi екенін, күз нeшe aйдaн тұратынын, «Алтын күз» дeп aтaу себебін сұрайды. Сұрақ –жауап әдісін қолдану арқылы білмеген тұстарын меңзейді. Проектор арқылы тақтаға күздің суреті шығып тұрады. Oйын: «Табиғат мeйipiмдi». Tәpбиeшi ойын шapтын түсіндіреді, сөйлемді бастайды, балалар аяқтау қажет. - Жep-Aнa мeйipiмдi, өйткeнi oл ...

Шаттық шеңберін жасайды.

- Kүн мeйipiмдi, өйткeнi oл ... Ақпараттық блок: F. Қaйыpбeкoвтiң «Aлтын күз» өлeңiмeн тaныcтыpy, жaттaтy. Жeмici мoл тepeтiн,

50

Сұрақтарға жауап береді. Түсінгендері бойынша әңгімелейді.

көкөнicтep мeн жeмicтepдi өcipeдi жapығын, жылyын бepeдi Балалар хормен айтып, жаттайды


Kүз дoc eкeн бiзбeнeн. Бәpiн тayып бepeтiн Жoмapт eкeн күз дeгeн. Kүз aйындa жeмicтep мeн көкөнicтep пiceтінін, жeмicтep бaқтa өceтінін көкөнicтep бaқшaдa өceтінін балаларға түсіндіреді. Жeмicтep мeн көкөнicтepдi aтaуларын сұрайды

Жeмicтep: aлмa, aлмұрт, шиe, өpiк, жүзiм, т.б. Kөкөнicтep: қызaнaқ, қияp, қыpыққaбaт, қapбыз, қayын, т.б.

№1.Балаларға логикалық тапсырма беріледі. Алманы Балалар алмұртты немесе қозғамай қалай шетте қалдыруға шиені түзу сызық бойында болатынын сұрау. басқа жерге қояды.

Cepгiтy cәтi: (Бaяy музыка әyeнiмeн opындaлaды.) Бастаушы: Kүздe aғaш жaпыpaқтapы capғaяды, жeл coғaды, aғaштap тepбeлeдi, жaпыpaқтap жepгe қaлықтaп түceдi. Acпaнды бұлт тopлaйды, жaңбыp жayaды. Tүк, түк, түк (дыбыc шығapy). Kүн жapқыpaп шықты, бiз қyaнaмыз! Дидактикалық oйын: «Қaй aғaштың жeмici?» Oйын шapты: Aлмa, aлмұрт, шиe aғaштapы және жeмicтepi көpceтiлгeн. Әp жeмicтi cөйкec aғaштapғa тayып iлy кepeк. Тәрбиеші бaлaлapдaн күзгi тaбиғaт көpiнici жөнiндe сұрайды. Бaлaлapдың жayaбы тыңдaлaды.

Бaлaлap қимылмeн көpceтeдi

Әp жeмicтi cәйкec aғaштapғa тaғады.

Балалар ойланып жауап береді.

2 тапсырма. Балалардан тор көзге

51


қайсысын тұрғызу керектігі сұралады

Күзде

Сұрақ қойып отырады.

Жұмбақ шeшy. Жayып жaңбыp, жepдe caбыp, шөп, жaпыpaқ coлaды. Aйтыңдapшы, бөбeктepiм, Бұл қaй кeздe бoлaды? Ақпараттық блок: Kүздe күн Балалар қай тетікті cyытaды, жayын-шaшын көп басатынын айтады және бoлaды. Aйнaлa capы түcкe себебін түсіндіреді. өзгepeдi, бүл мeзгiл «aлтын күз» дeп aйтылaды. Бaлaлap мeктeпкe бapaды. Жиын-тepiн бoлaды. Әр сөздің мағынасы түсіндіріледі. 3 тапсырма. «Кодталған құлып» Г.Дьенеш ойыны қолданылады.

Балаларға мына құлыпты дұрыс ашқан жағдайда оның артында тосын сый тұрғаны хабарланады. Балалар екі фигураның түсі бірдейлігін айтып, дұрысы қызыл түсті шеңберді басатынын айтады. Ең ерте жауап берген бала құлыптың артынан күзде пісетін қандай да бір жемісті алады.

52


Рефлексивтітүзетушілік

Дидактикалық ойын: «Өзара айырмашылығын тап» Мақсаты: 1.Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу. 2.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру. Көрнекілік: бала санына байланысты күз мезгіліне қатысты суреттер жинағы. Барысы: Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу. Тәрбиеші балалардан бүгін не үйренгендерін, қандай көңіл-күйде болғандарын сұрайды. Балалар үшін жаңа болып табылатын сөздерді қайталатады. Белсенді балаларға алғысын білдіреді.

Әр бала қолындағы сурет бойынша айырмашылығын табады. Жаңа сөздерді тәрбиешімен бірге қайталап, өз көңілкүйлерін сөзбен жеткізеді.

Күтілетін нәтиже Нені білу керек: - күзгi тaбиғaт epeкшeлiктepiн. Нені игереді: - көкөнicтep мeн жeмicтepдi aжыpaтa бiлyді, жылдам тапсырмаларды орындауды, ойлануды. Нені біледі: - тaбиғaтқa қaмқop бoлyды, оның қажеттілігін. 2.8. №8 технологиялық карта Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: « Қоршаған орта» Тақырыбы: Қыстайтын құстар Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын қалыптастыруда жағымды жағдай мен білім беру технологиясын пайдалану арқылы қыстайтын құстар тіршілігі туралы түсінік беру Білім берушілік міндеті: Балаларға қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту. Дамытушылық міндеті: Құстар бойынша берілген ақпараттар, 53


тапсырмалар бойынша логикалық ойлауын дамыту. Тәрбиелік міндеті: Балаларды қамқор мейірімді, қайырымды, болуға тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: Көгершін, құстардың суреттері, қыстап қалатын құстар, қыс мезгілінің суреті және құстардың дауысы жазылған бейнетаспа, слайдтар. Әдіс-тәсілі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, DVD қарау, жұмбақ шешу Іс - әрекет бөлімдері Мотивациялыққозғаушылық

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Шаттық шеңберін орындатады. Қайырымды жүректен Балалар шаттық шеңберін түсініп, Мейірімді тілекпен орындауы қажет. Ізгілікті ниетпен Қамқор болып өсемін Шаттық шеңберін жасайды. Балалар орнына отырған соң, көздерін жұмып, педагогтың айтқандарын көз алдарына елестету тапсырылады. Баяу музыка ойнап тұрады. «Айнала сары алтындай сап-сары. Күн суыта бастады. Құстар жылы жаққа ұшып барады. Жаңбыр жиі жауады.» Көздерін ашқызып, елестете алған-алмағандары, қай мезгіл екені сұралады. Қыс туралы еске түсіріп, қыстайтын құстар туралы айтылады (1-слайд бойынша әңгіме айтылады). Есік қағылып Дымбілмес келеді. Балалармен амандасып, өз қызығымен бөліскісі келетінін айтады. Қолтығынан торғай алып шығып, жаңа ғана ұстап алғанын айтады

Балалар көздерін жұмып, баяу музыка әуенінде педагогтың айтқандарын тыңдайды.

Күз мезгілі Көрсетілімге қарай отырып, айтады

Балалар таңырқай қарайды Балалар бірге отырып тыңдайды.

Балалардың тосырқап тұрғанын Балалар рұқсатын береді. көрген Дымбілмес неге қызықпай

54


тұрғандарын сұрайды. Тәрбиеші балаларға Дымбілмеске Балалар көрсетілімді мұқият ренжімеулерін, құстарды ұстауға қарап отырады. болмайтынын, қыстайтын құстарға тиіспей, оларға қамқор болу керектігін, қыстайтын құстар туралы айтып береді. Дымбілмес көп ақпарат білу үшін Балалар тыңдап, білетіндерін балалармен отыра тұруын өтінеді. айтып отырады. Оның бойы торғайдай. Қыста олар ағаштардың, үйлердің қуыстарында, бірбіріне жақын қонып, суықтан қорғанады. Балалар сұрақтарға жауап Ақпараттық блок: Бүркіт береді орманда, тауда өмір сүреді. Адамдар бүркітті қолға да ұстайды. Аң аулауға баптайды. Сөздің мағынасына қарай Ондай адамды құсбегі деп қимыл жасап отырады. атайды. Бүркіт - қасқыр, түлкі, қоян аулайды. Сауысқан, қарға, торғайды күнде кездестіреміз. Қыстайтын құстар туралы слайдтар көрсетіледі. Қарға, сауысқан, шымшық, торғай, бүркіт, үкі көрсетіледі.

Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды. Құстардың Тоқылдақ айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды. Сауысқан Құстардың пайдасы: олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды. Көгершін Логикалық ойын: «Сипаттап бер». Шымшықтар қандай? Үлкендігі қандай? Неліктен шымшықтар торғайлар сияқты топтанып өмір Балалар тақтада көрсетілген сүреді? Шымшықтар неге қыста слайдқа қарап, ойланып жауап береді.

55


адам тұрағына жақындайды? Неліктен көктемде орманға ұшып кетеді? Педагог дұрыс емес жауаптарды түзетіп отырады. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Құсқа ұя жасайық, Алдына жем шашайық. Қарға құсап жорғалап, Жемге тойып алайық. Орнымыздан тұрайық, Қане, қанат қағайық. Құстар туралы жұмбақ жасырылады. 1.Орманда жоғары Ағашқа қонады Тұмсығын балға етіп, Тоқ-тоқ соғады. 2. Орыннан-орынға ауысқан, Ұшқалақ қара ала... 3.Мәпелейміз, баптаймыз Биіктерге самғаймыз. «Бейбітшілік құсы» деп, Қай құсты айтып мақтаймыз.

Құстардың ұясын бұзба. Құсты атпа, өлтіруге болмайды. Құстың жұмыртқасын жарма. Жем шашылады -

Формасы бірдей қағазды алып, біреуін мыжып, біреуін мыжымай жоғарыға лақтырады. Қағаздың жерге түскенін қадағалайды.

Балалар жауаптары Логикалық тапсырма: Құстардың тыңдалады. қорегіне енетін қоңыздар берілген. Бос тор көзге қай қоңызды отырғызуға болатынын дәлелдемесімен сұрау. Балалар іс-әрекетпен көрсетеді.

56


Ойын: «Құсты біл!» Құстың мекенін, қай құсты аң аулауға пайдаланатынын, қарғаның дыбысталуын, құстардың қанаты жерде жүргендегі қалпы мен ұшқандағы қалпы сұралады. Құс туралы тиым сөзді сұрау. Құстардың ортақ қасиетін, айырмашылығын, құстарға жасалатын қамқорлықты сұрау. Р.Штайнер әдісі бойынша материалды пайдалану. Тәжірибе: Балаларға қағаздар беріледі. Домалақтап, мыжып, жоғары лақтыру тапсырылады. Ал бір қағазды мыжымай лақтыру тапсырылады. Байқағандарын сұрау. Неліктен екі бірдей қағаздың жерге екі түрлі болып түскенін сұрайды Жауабында қағаздың беті жалпақ болғандықтан, бірден жерге түспей, ол ауада қалықтап ұшатынын түсіндіреді. Сергіту сәті. Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады) Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi) Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп, Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады). Ой қозғау: Жер бетінде құстар

57


жойылып кетсе не болатынын сұрау. Рефлексивтітүзетушілік

Дымбілмес жоғары көңіл-күймен әсерімен бөлісіп, қоштасып өз үйіне кетеді. Педагог сабақты қорытындылағанда келесіде құстың суреті салынып көрмеге жапсырылатыны айтылады Сонымен қатар, бүгінгі оқу ісәрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды Сабаққа жақсы қатысқан балаларға қағаздан жасалған көгершін сыйлайды

Балалар қоштасады.

Бүгінгі әсерлерімен бөлісіп, көңілге түйген ойларын айтады

Балалар алады.

сыйлықты

қабыл

Күтілетін нәтиже Нені білу керек: - қыстайтын құстар туралы; Нені игереді: - қыстайтын құстардың тұрмыс-тіршілігінен хабардар болады, жылдам тапсырмаларды орындауды, ойлануды. Нені біледі: - құстардың адамдарға қажеттілігін, аялауды, қорғауды 2.9 № 9 технологиялық карта Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық» Бөлімі: «Математика», «Құрастыру», «Сурет», «Жапсыру», «Сауат ашу», «Тіл дамыту». Тақырыбы: «Алтын сандық» Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын қалыптастыруда технологияның жоғары қарқындылығы және қиындықтар аясында білім, білік, дағдысын арттыру. Білім берушілік міндеті: балалардың білім денгейін, дүние танымын тереңдету, ой қиялын өсіру, тапсырмаларды мұқият тыңдай және 58


орындай білуге баулу. Дамытушылық міндеті: жұмбақ, тақпақтар, сөйлем құрастыру арқылы тілдерін дамыту, логикалық ойын әрекеті арқылы танымдық қабілетін, логикалық ойлау, сөйлеу қаблеттерін дамыту. Тәрбиелік міндеті: балаларды достыққа, татулыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа, ақыл -ой белсенділігіне тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, дидактикалық материалдар. Іс әрекет бөлімдері Мотивациялыққозғаушылық

Тәрбиешінің іс-әрекеті Шаттық шеңбері балалардың ісәрекетімен орындалады. Педагог бірге жасайды.

Ұйымдастырушылықізденістік

Балалардан екі топқа бөлінулерін сұрау. Ойын шарттарымен таныстырылады. Топ басшылары сайланып, сәлем жолданады. «Біз мына алдымызда тұрған алтын сандықты ашуымыз қажет. Оны ашу үшін мынау менің қолымдағы тапсырмаларды орындау керек» деп тәрбиеші қай топ бастайтынын білу үшін әділ қазы алқаларының жанында тұрған конвертті ашуын өтінеді. Әділ қазы алқалары таныстырылады. Олар балалардың орындаған тапсырмаларын бағалайтыны айтылады.

59

Балалардың іс- әрекеті Өсіп –өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қанат қағамыз. Әлемдегі бар адамға Жақсылық біз тілейміз. Балалар өлең шумағына сәйкес қозғалады (құс болып қанаттарын қағады, қолдарын алдыға созады, кеудесіне әкеп қояды). Балалар 2 топқа бөлінеді. Топбасшылары бір-біріне жалынды сәлем жолдай ды.

2-топтың басшылары келіп алады конвертті.


1 тапсырма 1 топ -1-ден 7-ге дейін жапырақтарды тура санау.

Балалар 1-ден 7-ге дейін тура сандарды орналастырады. 7-ден 1-ге дейін кері санайды.

2 топ-7-ден 1-ге дейін жапрақтарды кері санау. 2 тапсырма. Дьенеш блоктарын қолдану. Орманда астан-кестең болып жатыр. Түлкі, қасқыр, аю аязатаның сыйлықтарын бөлісе алмауда. Аяз-ата түлкіге тек кіші сыйлықтарды, аюға жалпақтарын, ал қасқырға дөңгелектерін алуды ұсынған. Түсінбестік жағдай туындады, өйткені бір сыйлықтың кішкенелері де, дөңгелектеріде кездеседі. Оны түлкі мен қасқыр алу керек. Жауабы: шеңберлі темір немесе жалпақ жіп алып,бөледі, ал қиылысқан жерлерге бірге ойналатын фигуралар қойылады.

2 топта тапсырманы орындайды. Түсінбеген жағдайда тәрбиеші көмегін бере алады.

Жұмбақ жасырылады 1 тапсырма 3 тапсырма. А)Жанұядағы алты ұлдың бір қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? Б) Ешкіге алты жас толған соң, келесі жылы не болады? В) 7 сағат бойы 4 ойыншы домино ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады 4 тапсырма Жұмбақтың шешімін тап. Орыған қорқақ,

7 деп жауап береді. 7 жасқа толады.

60


Қыста,жазда 2 түрлі тон киеді. Көсеуді бесеуге сұқтым. Қалың киім ұнатады, Шешсең жылатады.

7 сағаттан.

Қыс бойына жатады. Тәтті ұйқыға батады. Ақ сарайын талқандап, Шықты біреу талтаңдап. 3-тапсырма Аққала құрастыру ойыны 4- тапсырма Суреттер бойынша әңгіме құрастыр. Екі топтың оқушылары келіп, сурет алып әңгімелеп беруі тиіс 5-тапсырма Суреттің жалғасын сал. 1-ші топ Үйдің суреті 2-ші топ Қоянның суреті Сергіту сәтті: Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. Алға, артқа қарадық та – үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік. Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Отырайық көңілді енді марқайтып. 6 - тапсырма Мына сурет қай ертегіден үзінді екенін тап.

61

Қоян Қолғап Пияз

Аю Балапан Балалар аққаланы толығымен құрастырады. Суретке қарап әңгіме құрастырады. Балалар суретті толығымен салады. Балалар суретке қарап қай ертегі екенін айтып береді Педагогтың артынан қайталай отырып, сергіту сәтін жасайды.


1-ші «Алтын балық» «Бауырсақ» 2-ші «Жеті лақ» «Шалқан ертегісі» 7-тапсырма Әріптерді ата Аа , Тт, Рр , Сс, Йй, Лл, Дд, Ғғ, Жж, Пп, Ыы, Ққ 7- тапсырма Ойнайықта,ойлайық шешпей оны қоймайық. Мен сендерге сұрақ қоямын,тез әрі жылдам жауап береді. 1-ші топ Біздің мемлекетіміз қалай аталады.? Біздің астанамыз қай қала? Біз қай тілде сөйлейміз? Қазақстан Республикасының президенті кім? 2-ші топ Бағдаршамда неше көз бар? Аа әріпі қандай дыбыс? Біз қай ауылда тұрамыз.? Кемпірқосақта неше түс бар? Біздің мемлекетіміз қалай аталады? 8 тапсырма Логикалық есеп: 1. Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? 2. Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға

62

Үзінділерін айтады.

Әріптерін атап дауысты, дауыссыз дыбыс екенін айтып береді.

- Біздің мемлекетіміз - Қазақстан - Астанамыз Астана - Біз қазақ тілінде сөйлейміз - Нұрсұлтан Назарбаев -3 көзі бар - дауыста дыбыс - ....ауылында 7 түс бар Тәуелсіз мемлекет.

Тапсырма бойынша жауаптар тыңдалып отырады.Заңдылықтарға сүйенеді.

Плакаттағы суреттердің жартысын балалар табады


болады? 9 тапсырма

Рефлексивтітүзетушілік

Екі топқа да бірдей төмендегідей сурет беріледі, шеңбердің жартысын табу керек.Оларды қосу қарындашпен орындалады.

Алтын сандық ашыл, Ішіне шуақ шашыл деп Жеңген топтың балалары кеп алтын садықты ашады.

Енді әділ қазыларға сөз беріледі, жеңген топ алтын сандықты ашады. Алтын сандықты ашып, силықтарын алады. Жарысты қортындыланады.

Күтілетін нәтиже Нені білу керек: - тапсырмаларды мұқият орындаған жағдайда, жеңімпаз бола алатынын. Нені игереді: - жылдам тапсырмаларды орындауды, ойлауды. Нені біледі: топпен қызығушылық таныта отырып іс-әрекетті орындау қажеттілігін. 2.10. №10 технологиялық карта Білім беру саласы: «Денсаулық» Бөлімі: «Валеология» Тақырыбы: Дәрумен және денсаулық Мақсаты: Дәрумендердің адам ағзасына пайдалы әсері туралы түсінік беру 63


Білім берушілік міндеті: Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін кеңейту Дамытушылық міндеті: Дәрумендердің адам ағзасына әсері, маңыздылығы ұғындыру, тапсырмалар бойынша логикалық ойлауын дамыту. Тәрбиелік міндеті: Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу Іс - әрекет бөлімдері Мотивация лыққозғаушылық

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Шаттық шеңбері орындалады

Қимыл-қозғалыспен шаттық шеңбері орындалады.

«Денсаулық» ойыны. Топтық жұмыс. 1) Балалар санына байланысты стикер (жабыспалы қағаз) таратылады. «Денсаулық» сөзін естігенде ойларына оралатын денсаулыққа байланысты қандай зат елестейтінін сұрап, сол заттарды стикер бетіне салу тапсырылады. Балалардың салған суреттерін жинап, тақтаға жапсырылады. Баланың салған суреті түсінікті болмаған жағдайда педагог не салғанын сұрайды. Педагог алдын ала денсаулыққа қатысты суреті бар слайдтты даярлап қоюы керек. Балалардың жұмыстарын жинап алған соң, балалардың салған жұмыстарын слайд арқылы көрсетеді. 2) Балалардың салған суреттері бойынша денсаулыққа қатысты ереже құрастыру тапсырылады. Ереже туралы түсінік беріледі. Мысалы: Таңертең тұрған соң, төсегіңді жи, беті-қолды жу, жаттығу жасап, таңғы асты іш және т.б. 3) Педагог балалармен біріге жасаған «Денсаулық» ережесін оқиды.

Балалар 5-5-тен топқа бөлініп, педагогтың тапсырмасын мұқият тыңдайды. Балалар топпен ойласа келе педагог таратқан стикерге тек бір ғана денсаулыққа қатысты сурет салады.

Топқа жақсы белсенділік көрсеткендері үшін рахметін айтады.

64

Балалар назарын тақтадан көрсетілген слайдқа көрсетеді.

Балалар өзара келісе отырып, ереже құрастырады. Түсінбеген жағдайда педагогтің көмегіне сүйенеді. Балалар ережені дауыстап қайталайды.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалардан бүгін күннің неден басталғанын, деніміз сау, ағзамыз мықты болу үшін не істеу керектігін, денсаулықты күткеніне қарамай кейбір балалар мен ересектер аурушаң болып келетінін, жұқпалы аурудың бірі – тұмаумен көп адамның ауыратынын, сондықтан дәрумендер пайдалану керектігін педагог сұрақ қоя отырып түсіндіреді. Ақпараттық блок: Дәрумендер – ағзаның зат алмасуының және жұмыс істеу қабілетінің бірқалыпты болуы үшін, үлкен маңызы бар органикалық қоспалар. Дәрумендер көкөністер мен жемістерде көп болады. Ашық аспан астында өсіп тұрған көкөністер мен жемістерде дәрумендер мол болады. Қырыққабаттың адам ағзасына пайдасы мол. Балалардан «сарымсақ, пияз ем бе» деп сұралады. Дәрумендердің тағы да қандай күйде болатынын сұрау. Білмеген жағдайды айтып өту. Ой тастау. 1. Адам ағзасына дәрумендердің қажет немесе қажетсіздігін сұрау. 2.Адам ағзасына пайдалы көкөністердің бәрі дәмді, жоқ әлде дәмсіздігін сұрау Логикалық тапсырма: а) Шкафта 3 сөре бар. Онда екі алма тұр. Оларды 3 сөреге неше түрлі етіп қоюға болатынын сұрау. б) Неше алма, неше алмұрт екенін сұрау

в) Кәрзеңкеде 5 алма, 6 алмұрт бар. Айман 6 алма, 5 алмұрт алғысы

65

Балалар берілген сұрақтарға , барынша жауап береді

Балалар жауап беріп отырады.

Сергіту сәтін орындай


келді.Осылай болатынын, болмайтынын сұрау. Сергіту сәті Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Логикалық ойын. Н.А.Зайцевтің кубиктерінен дәруменнің және денсаулықтың орысша аудармасын тауып, құрастыру ұсынылады.

Рефлексивтітүзетушілік

Жеке жұмыс, құрастыру. Балаларға жеке конверт беріледі, ішінен түрлі-түсті суретте көкөніс пен жемістер шығады. Әр бала шыққан суретті магнитті тақтаға ілер алдында неге көкөністер қатарына немесе жемістер қатарына іліп жатқанын түсіндіреді Дидактикалық ойын. «Заттарды сана». Көкөністер санымен сандарды тауып қою. Көрнекілік: Көкөністер суреттері, сіріңке қорабындағы сандар. Барысы: Тәрбиеші балаларға көкеністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкеністер түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап көкөністер санын анықтау. Жетістіктер әділ бағаланады.

66

ды.

Балалар алдарындағы кубиктерден буындарды іздестіріп құрастырады.

Бүгінгі үйренгендерін ортаға салады. Өздері үшін жаңа сөзді айтады. Бүгінгі жұмыстарын өздері бағалайды.


Күтілетін нәтиже Нені білу керек: - дәрумендер туралы түсінікті. Нені игереді: - дәрумендердің пайдасын. Нені біледі: - дәрумендердің қажеттігін. 2.11. №11 технологиялық карта Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Сурет» Тақырыбы: «Режиссер» Мақсаты: Кейс технологиясы бойынша күнделікті өмірде көріп жүрген мультфильмдер мен бағдарламалар, кинолар туралы түсінігін қалыптастыру. Білім берушілік міндеті: «Кейс-стади» оқыту технологиясы бойынша балалардың логикалық ойлауын ұйымдастыру. Дамытушылық міндеті: Топтық жұмыстар арқылы балалардың логикалық ойлауын дамыту. Тәрбиелік міндеті: Қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастыру. Іс - әрекет бөлімдері Мотивация лыққозғаушылық

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Педагог балалармен амандасып, ұйықтағанда адамның барлық дене мүшелері де демалатынын, оянғанда оларға «Қайырлы таң!» деп тілек білдіру керек екенін түсіндіріледі. Қайырлы таң, көздерім, сендер ояндыңдар!

Көздерін қолдарымен басу Құлақтарын ұстау

Қайырлы таң, құлақтарым, сендер ояндыңдар! Қайырлы таң, қолдарым, сендер ояндыңдар! Қайырлы таң, аяқтарым, сендер ояндыңдар!

67

Шапалақтау Аяқтарын топырлату


Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Фильм», «кино» ұғымы бойынша түсінік беріледі. Педагог тақырыптарды беріп, топта талдау қажеттілігін түсіндіреді, педагог тек бағыт-бағдар беріп отырады. 1-ші амал: балаларды топқа бөлу. Барлық балалар топқа бөлінеді. Бір топта 4 баладан болады. Топқа былай бөлуге болады. Педагог алдын-ала екі бірдей фигуралар (түсі бірдей қағаз болуы керек), бір суреттің жартысын немесе бір сөзді буынға бөліп бір конвертке салады. Бұл конверттің ішіндегілерін әр бала өз қалауынша алып отырады. Педагог балаларға қолдарындағы конверттен шыққан материалдарды көрсетуін сұрайды. Үшбұрыш шықса, тура осындай түсті фигура кімде екені сұралады. Әркім өз жұбының қасына отырады. Сондай- ақ буынның соңы кімде болса және суреттің жартысы кімде болса олар да бірігеді. 2-ші амал. Әр топ мүшесінің міндеттері болады. Олар: сарапшы, жол сілтеуші, баяндаушы, қарсы сұрақ қоюшы. Сарапшының міндеті микротоптарға қатысып отырған балалардың жауаптарын қорытындылау. Керек болса, микросабақтар өту. Себебі педагог ол балаға тақырыпқа сай мәтінді алдын-ала түсіндіріп қояды. Балалар жауаптарының дұрыстығы не бұрыстығын қадағалайды. Жол сілтеушінің міндеті –бұл алғыр, зерек бала болуы керек. Ол

68

Балалар топқа бөлінеді. Бір топты 4 бала құрайды.

Балалар конверт ішіндегі заттардың жұбын тауып, қастарына отырады.

Топтағы балалар өздеріне бөлінген міндеттерді бөліседі, өз міндеттерін орындайды.


балалар жауап таба алмай жатқанда, дұрыс жолды айтады. Баяндаушының міндеті – бұл тапсырмада берілген мәтін не басқа жағдаяттарға еніп, басқа балаларға түсіндіреді. Өзі ойнап тұрған образдың жүрісін, қимылын, ым-ишрасын айнытпай салу арқылы дұрыс жолды сілтейді. Мысалы, доп жайлы жұмбақ жасырылғанда, доптың келбетін салу керек. Қарсы сұрақ қоюшының міндеті – бір оқушы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды. Бұл сұрақтарға басқа балалар жауап берулері қажет. Бұл оларды өз пікірлерін басқа біреуге дәлелдеуге үйретеді. 3-ші амал. Ойын «Режиссер». Әр топтан бір сөз айту ұсынылып, суреті салынып отырылады. Осы сөздерден мағынасы бар әңгіме құрау және өздері жазған әңгіме желісінде фильм түсіру (суретін қағазға салу) керектігі айтылады. Балаларға баяу музыка әуенінде жұмыс жасау тапсырылады. Әңгіме құралып, фильм түсіріліп болған соң, әр топ өз әңгімелерін топ алдында айтып әңгіменің жақындығы, иісін, дәмін (тура мағынада емес) ажырату керек. Топтың әрбір мүшесі пікірлесе отырып, әңгіме құрастырады. Жоғарыда берілген сөздердің бәрін қамтулары керектігі айтылады. Құрастырылған әңгіменің шарықтау шегі, қызықты болуы, бір мәселені көтеру керектігі, топ болып мәтінге қатысты сурет салу керектігі айтылады. Ойында қорғау жұмыстарында регламент сақтау, ойын ережесіне бағыну

69

Музыка әуенінде балалар жұмыс жасайды. Әр топ берілген қағазға әңгіме желісінде фильм (сурет) түсіріп, қорғайды.

Регламент топтық қатысады.

сақталынып, жұмысқа


Рефлексивтітүзетушілік

қадағаланады. Әр топтың жұмысын сарапшы бағалап қорытындылайды. Сарапшылардан кейін оқытушы ойынға қатысты өзінің ой-пікірін айтады Қорытындылау. Балаларға қандай тапсырма қиындық туғызғанын анықтап алған соң, соған көңіл бөлген жөн. Балалар белсенділік танытқаны үшін мадақталады.

Балалар бүгінгі әсерлерімен бөліседі. Бүгінгі әрекеттері үшін өздеріне қолдау көрсетіп, шапалақ соғады.

Күтілетін нәтиже Нені білу керек: - өз ойларын айтуды; Нені игереді: - өзара пікірлесуді, мәселені топпен шешуді; Нені біледі: - өз сөздерін сауатты түрде дәлелдеуді

2.12. №12 технологиялық карта Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Қарапайым математика Тақырыбы: 1-10 дейінгі сандар Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын қалыптастыруда даму ерекшелігіне және қиындықтар аясында технология элементтерін пайдалану арқылы 1-ден 10-ға дейінгі реттік санға үйрету. Білім берушілік міндеті: Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Дамытушылық міндеті: балалардың логикалық ойлауын дамытудың технологиялық жүйесінің тұтастық принципі негізге алу. Тәрбиелік міндеті: Балаларды адамгершілікке, қарым-қатынас мәдениетінің ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу жүзеге асырылады. Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, 1-10-ға дейінгі сандар, үлестірмелі материалдар. Әдіс-тәсілі: ойын, түсіндіру, көрсету, мадақтау, сұрақ-жауап. 70


Іс - әрекет бөлімдері Мотивация лыққозғаушылық

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиешінің іс-әрекеті Шеңбер бойында шаттық шеңбері орындалады.

Бүгінгі математика сабағының ерекшелігімен таныстырып,“Мақта қыз бен мысық” деп аталатын ертегі еліне саяхатқа шығатынын түсіндіреді. Қадамдық технология элементтері бойынша ертегілер жолынан өтудің сызбасы жобаланады, қалай өту мүмкіндіктері балалардан сұралады және олардың қолдарына қарындаш беріп, әрбір келесі жолды көрсетуін сұрайды және слайдқа назар аудартады.

Тақтада“Мақта қыз бен мысық» ертегісінің үзіндісі көрсетіледі. Балалар мысыққа көмектерінің керектігін ол үшін ертегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындау қажеттігін айтады.

71

Балалардың іс-әрекеті Балалар шеңберге тұрып, қонақтармен, бірбірімен амандасады, шаттық шеңберін орындайды: Бақытты дәйім армандап, досқа да бақыт тіледің; Күтеді сені алда бақ жақсылық етсең үнемі. Балалар слайдтан ертегі үзіндісін көріп, қарындашпен меңзеу арқылы тапсырманы орындайды.

Балалар мақта қыз бен мысықтың әрбір әрекетін белгілі бір әрекетпен орналастыруды бастайды және сандық ретпен көрсетеді. Сандарды өсу ретімен орналастырады Тақтадағы суретті есептерді шығарады.


1.

Сиырдың тапсырмасы: «Орналастыр» ойыны. Сандарды өсу ретімен орналастыру қажет 1 9 3 4 8 5 10 2 6 7 2. Ағаштың тапсырмасы: «Кім білгіш»ойыны 2+3= 5+2= 3+3= 6+1= 4+3= 7+2= 3. Қыздардың тапсырмасы: «Сергіту сәті» Қимылмен балаларға орындау керектігін түсіндіреді. Сылдыр,сылдыр,сырғалар, Құлағымда ырғалар, Оң қолымда 5 саусақ Сол қолымда 5саусақ. Саусақтарда сақина 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 Орныңа тез қон. 4. Дүкеншінің тапсырмасы: «Кім тез есептейді?»

Сергіту сәтін қимылмен өлең шумағы бойынша жасайды

Балалардың жауаптары: 5 стақан

Тиін жаңғақ Мысық сүт Ит сүйек Шымшық дән

Балалар ойланып жауап береді.

мысық күндіз 3 стақан сүт ішіпті және кешке тағы 2 стақан сүт ішіпті, мысықтың барлық ішкен сүті қанша?

Мұғалім

Теледидар

Кім не жейді?

72


1. Екі сиырдың мүйізі қанша? 2. Екі қойдың аяғы қанша? 3. Екі қойдың басы нешеу? 4. Екі адамның қолы нешеу?

Балалар ойланып жауап береді.

Оқушыларды мектепте кім оқытады? Сандардың көршілерін айтады 1-ден 10-ға дейін тура кері санайды. Азық-түлік дүкенінде не сатылмайды?

мысық таңғы асына 3 тышқан ұстап жеп қояды, сөйтіп қарны тоймай тағы бір тышқанды ұстап алады барлығы қанша? 5. Тауықтың тапсырмасы. «Көршісін тап» ойыны

4

2

«Сандарды тура және кері санау» 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

73

Цифрлар қайда жасырынғанын табады .

Балалар іс -қимылмен сергіту сәтін орындайды.

6

8

Суреттерге таңбаларды қояды.


5. Тышқанның тапсырмасы Цифрлар қайда жасырынған? Цифрлардың қайда жасырынғанын сұрайды, сурет слайдпен беріледі

Сергіту сәті Қорбандаған аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп, теріп алайық, Қалтамызға салайық. 6. Мақта қыздың тапсырмасы «Салыстыр» Суреттерді салыстырып, > < = таңбаларын қою тапсырылады.

Балалар сендер қандай білімдісіңдер ертегі кейіпкерлері сендерге қуанып жатыр. 7.

Логикалық тапсырма.

а ) Балалардың қолдарына екі түрлі затты беріп, қайсысы

74

Тапсырманы орындайды


ауыр ал, қайсысы жеңіл екенін сұрау. б) Төменде сурет берілген. Осылардан есеп құру тапсырылады.

Рефлексивтітүзетушілік

Педагог қайда саяхатқа барғанын, ертегілер елі несімен ұнағанын, берілген тапсырмалардың орындалуы, 1-ден 10 дейінгі сандар ұғымы туралы ойларын сұрайды. Қызықты сәттері туралы балалардың ойларымен бөліседі. Педагог балаларды бағалап мадақтайды.

Балалар бір-біріне баға береді. Бүгінгі білгендерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже Нені білу керек: - он көлеміндегі сандар құрамын, тура, кері санау, ауызша есептер шығару. Нені игереді: - сандарды ретімен орналастыруды, салыстыруды, амалды орындауды, ойлануды; Нені біледі: - өз бетімен іс-әрекет жасауды.

75


3. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЛОГИКАЛЫҚ ОЙҚОРЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ 1. Фигураларды қолдану тәсілдері

Балаларға жоғарыдағы фигураларды қолдану арқылы не жасауға болатынын сұралады. Барлық жазылған тәсілдер саны – Оның ішінде ерекшесі – 2. Ойыншық пен фигураны салыстыру

1 2 3

Айырмашылығы

Ұқсастығы

Барлық айырмашылық саны – Барлық ұқсастығы – Ерекше теңеулері – 3. Төмендегі амал заңдылыққа сәйкес келетінін, келмейтінін сұрау.

76


4. Біркелкі заттарды топтастыру.

5. Жарты картопты қайда пайдалануға болатынын сұрау.

Барлық тәсілдер – Оның ішінде ерекшесі – 6. Көкөністі бояғанда қайсысынан бастау қажеттілігін

және түстерін сұрау.

7. Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалатынын сұрау Жауабы: 5 бұрыш

77


8. Екі бірдей балықты табуды тапсыру.

9. Қанша фигура бар екенін және «көп», «аз» ұғымы бойынша түсінуін сұрау.

10. а) Егер жаңбыр жауып тұрса, аспанда бұлт болатынын, болмайтынын сұрау. (Жауабы: аспанда бұлт болмаса жаңбыр жаумайтын

еді). б) Гүл суғарылмаса , ол қурап кетеді. Гүл қурады. (Жауабы: демек, ол суғарылмады). в) Барлық түсті қаламмен ақ қағазды бояуға болады. Түсті қаламмен ақ қағазға бояу жағылмады. (Жауабы: демек, ол қаламның ұшы сынған немесе ол қалам емес). г) Ағаш өсімдігі жапырақты немесе қылқанды болады. Мына ағашта жапырақ та, қылқан да жоқ. (Жауабы: демек, ол ағаш емес) д) Төрт мысықта неше құйрық болатынын сұрау. ж) Үйден дүкенге барар жол біреу, ол қисық жол. Мына жол түзу. (Жауабы: демек ол дүкеннен үйге барар жол емес). з) Егер бидай сарғайса оны ору керек. Бидай сарғайды. (Жауабы: демек бидайды ору керек) и) Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (Жауабы: балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды). 78


к) Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны–он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (Жауабы: 2 тауық, 2 бұзау). 11. Жазылмай қалған сандарды айтқызу.

10

2

3 8

7

5

6 5

8 3

12. Шарбақтын артында қанша қыз тығылып тұр? (3 қыз).

79

10 1


ҚОРЫТЫНДЫ Елімізде мектепке дейінгі білім берудің басты міндеті – қоғамдық міндеттерді ескере отырып, өмірлік мақсаттарды жүзеге асыру құралы ретінде қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Қазіргі заманғы болып жатқан үрдістер, білім берудің жалпы жүйесіндегі оның рөлін, функциялары мен орнын ой елегінен өткізудің, оны одан әрі дамытуда жаңа көзқарасты тұжырымдаудың қажеттілігін тудырады. Қазіргі заман талабы – білімді тиімді игеруі, баланы жан-жақты дамуы, бәсекеге қабілетті тұлғаның қалыптасуы. Олай болса, толыққанды тұлғаның қалыптасуында ойлау процесінің өзіндік рөлі бар. «Ойнай білетін адам – ойлай да біледі» дейді халық даналығы. Қазақ халқы ерте заманнан балаларының дамуына назар аударып, ойындар, қызықты есептеулер арқылы ақылды адам етіп тәрбиелеуге тырысқан. Алған білімдерін қандай да бір ситуацияларға қолдана білуге, есепті шешудің ұтымды, жеңіл жолдарын табуға үйрету балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететінін, қызығушылық тудыратынын тәжірибе көрсетіп отыр. Әдістемелік құрал әзірлеу барысында мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар дайындалды. Оларды дайындауда өзімізге белгілі технологиялар мен әдістемелер негізге алынды. М.Монтессори материалдары, В.Воскобович пен З.Дьенештің дамыту құралдары, Н.Зайцевтің кубиктері бойынша дамыту, Р.Штайнер әдісі бойынша материалды пайдалану жолдары мен кейс технологиясы арқылы оқыта дамыту әдістері әдістемелік құралда мектепке дейінгі балалардың ерте әлеуметтенуіне қатысты тапсырмалардың мазмұнына өзгерістер енгізеді. Атап айтсақ, логикалық ойлауда дамытудың қазіргі ғылыми және дүниетанымдық мазмұнына, олардың сөздік қорына, әлеуметтік көзқарасына, қарым-қатынасына, ықпал ететін мысалдар келтірілді. Сондай-ақ ойлауды талап ететін әрекеттерді тек жақсы оқитын балаларға емес, барлық балаларға ұсынылды. Әсіресе, логикалық ойлау қабілеті төмен балаларға мұндай пайымдаулар өте қажет. Дамыта оқу идеялары балаларда қызықты тапсырмаларға байланысты туындайды. Аталған құралда, мектепке дейінгі балалардың жас 80


ерекшелігіне сай логикалық тапсырмалар әзірленді. Жоғарыда айтылғандай, логиканың принциптері - әрекеттер арасындағы бірізділікті сақтау, өзара сабақтастық, байланыстылық, әрекеттердің бірін-бірі толықтырылуы, алынған нәтиженің нанымдылығы мен сенімділігі сақталынды. Балалардың логикалық ойлауын дамытатын әрекеттер ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасына қойылып отыр. Логикалық ойлау тәсілдерін дамытуға қатысты амал-тәсілдерді жоспарға енгізу міндеттілігі ескерілген. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері белгілі бір тақырып аясында оймен аяқталады. Мектепке дейінгі балалар үшін ұйымдастырылған мұндай оқу іс-әрекеттері баланың логикалық ойлау дағдысының қалыптасуына үлес қосады. Әдістемелік құралда балаларға арналған логикалық ойқорыту жаттығуларын балалардың өзіне көрсетіп орындатуға, яғни жеке игеруге болатындығы толық расталды. Құралда тапсырмаларды жүзеге асыру барысында ой елегінен өткізіп, түсінуге, талдауға, салыстыруға, шешімін табуға, білімдерін кеңейтуге мүмкіндігі болады және бала өзінің жасаған жұмыс нәтижелері арқылы өзін-өзі бағалайды, баласының ойының өскендігін ата-ана, тәрбиеші көреді. Логиканың қарапайым курсын оқудың нәтижесінде меңгерген аздыкөпті логикалық білімі бар бала ойлаудың дұрыс немесе бұрыстығын анықтауды сауатты әрі тез іске асырады. Осы жас кезеңнің ішінде ойлау процесі екі сатыда жүреді. Бірінші сатыда балалар ойлау әрекетінде нақтылы заттарға, оның дәл баламаларына, бейнеленулеріне сүйенеді. Ал, екіншіде балалар ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы тектік-түрлік қатынасты, яғни топтастыруды игереді. Тапсырманы орындауда, олардың логикалық ойлауы анық көрініс беріп, талдау мен топтастыру, жүйеге келтіру және сол сияқты күрделі операцияларды жасайды. Тапсырмалар мазмұнында логикалық ойлаудың басты ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуін қамтамасыз ету алдыңғы позицияға қойылды. Сол себепті логикалық ойлауға түскен құбылыс алдымен түсіндіріледі, сонда ғана себептері мен салдары қатесіз анықталады деп жобаланады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Пікір дегеніміз – ойлау 81


формасы, мұнда бір нәрсе мақұлданады, не теріске шығарылады. Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығатыны ойлау формасы – ой қорытындылары болатыныны анық. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл балалардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті қызықты есептер немесе ойындармен аяқталып, жас ерекшелігіне сай күрделенген. Осы тұрғыда аталмыш құралда логикалық ойлауға тән қасиеттер баланың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделген. Олар: 1. Ойлаудың икемділігі. 2. Ойлаудың белсенділігі. 3. Ойлаудың кеңдігі. 4. Ойлаудың тереңдігі. Сонымен қатар, бала жоғарыдағы қасиетті меңгергенде оның дағдылары мен біліктері жетілдіріледі. Әдістемелік құралдың тиімділік көрсеткіші оны балалардың жас және қабылдау ерекшеліктеріне баланысты оқу үрдісіне оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, педагогикалық технологияларды қатар және бірізділік принциптер негізінде қолдануға болатындығы қамтамасыз етілгендігінен деп санаймыз. Тапсырмаларды шешу әдістемесі тиімді пайдаланылған жағдайда баланың логикалық ойлау қабілеттері артып, қоршаған педагогикалық ортамен субъект-субъекттілік тұлғасы қалыптасады. көрсетуде әдістемелік Жұмыстың практикалық жаңашылдығын құралда мынадай бағдар бойынша жұмыс тәртібін ұйымдастырғанды жөн деп санаймыз: 1. Қойылған сұраққа ойланып жауап берулері. 2. Тың идеяны қабылдай алуы. 3. Өз қабілетін көрсете білулері. 4. Өз шешімін еркін қорыта білулері. Балаларға арналған жұмыстың теориялық жаңашылдығында балалардың ой қозғау жаттығулары бойынша ми жұмысы мен көру жүйесі жақсарады. Шығармашылық жұмыстардың көрсеткіштері артады. Ойлау сәті бойынша балалардың пайдалы эмоционалдық негізі қалыптасады, танымдық мүмкіндіктерін дамытуға көмектеседі. 82


Психикалық механизмдерді жаттықтыру әрекеттері бойынша есте сақтау қасиетін дамытып, зейінін тұрақтандырады. Қызығушылығын арттырып, байқағыштыққа баулиды. Көңілді үзіліс (сергіту сәті) кезінде баланың қозғалыс икемін дамытады және бір мезетте бірнеше тапсырманы орындауға үйренеді. Логикалық тапсырмалар бойынша ізденімпаз болуға, тың шешім қабылдай білуге дағдыланады. өзіне деген сенімділік қасиетін арттырады. Қорыта айтқанда, балалардың логикалық ойлауын дамытудың жолдары мен оны орындау негіздері қамтамасыз етілді, ал негізділік ғылыми және практикалық білім салалары үшін ауадай қажет қатаң дәлелділіктің аса маңызды факторы болып отыр. Мұндай әдіс тәрбиешілердің, курс тыңдаушыларының әр технология бойынша білімін қалыптастыруға, әр технология мен оның дидактикалық қолдауының ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді, ал баланың логикалық ойлауын дамытуда неге назар аудару қажеттігін ұғынады. Білім беру үрдісін технологияландыру оны ұйымдастыру әдістәсілдерінің, педагогтердің балалар қызметіндегі басқару әрекеттеріндегі өзгерістерді, мектепке дейінгі білім берудің сапасындағы өзгерістер байқалады. Жалпы білім беретін оқу орындары сияқты, мектепке дейінгі ұйымдарда да біліктілікті арттыру жүйесін дамыту, педагогтер мен курс тыңдаушыларының кәсіби өсуін жетілдіруде қажеттіліктеріне үлес қосары сөзсіз. Осы құрал беттерінде көрсетілген балаларға арналған нұсқалар – өзін-өзі дамытуға үйрету, іс-әрекет арқылы ойлау, өзін-өзі бағалау және қоршаған ортаның бағалауы, құрылымдалған жеке және топтық оқыту – балабақшаның, мектепалды даярлық сыныптың тәрбиешілері мен біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына жақсы бағыт беруші бола алады.

83


ӘДЕБИЕТТЕР 1 2 3 4 5

6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар. Астана. ҚР МЖМБС 1.001-2013 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер. «Алғашқы қадам» бағдарламасы. Астана. 2009. Альшуллер Г.С., Верткин И.М., Как стать гением: Жизненная стратегия творческой личности. -Минск: Белорусь, 1994. Береславский Л., Береславская А. Современные игровые методики развития интеллекта. Занимательные задания для детей 2 – 6 лет. – Серия «Развиваем внимание, память, логику». – Москва: Школьная пресса, 2010. Богуславский М. В. , Корнетов Г. Б. . Монтессори М. «Помоги мне это сделать самому». М.: ИД «Карапуз», 2000. Блонский П.П. Память и мышление. // Избр. пед. и псих, соч.: в 2 т. Т.1. /Под ред. А.В.Петровского. М.: Психология и педагогика, 1979. Бенеш Н.И. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының негізгі мамұнын игеру және меңгеру сапасын бағалау және өлшеу әдістемесі.-Астана: «Арман-ПВ», 2012 Жұмасова К. Психология. – Астана: «Фолиант» баспасы., 2010. Қараев Қ.А. Қазіргі білім берудегі техникалар мен технологиялар.Астана: «Арман-ПВ».2010 Елеубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. Алматы, 2001. Лешунина А.М. Формирование элементарных математических представлений у дошкольников. - М., 1974. Методические советы по использованию дидактических игр с блоками Дьенеша и логическими фигурами. - СПб. «Детство – пресс», 2001 Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика. «Фолиант» баспасы. Астана 2012 Методики Н.А.Зайцева. Математика. Занятия с продвинутыми детьми. 2010 Носова Е.А., Непомнящая Р.Л. "Логика и математика для дошкольников". Серия "Библиотека программы "Детство 2009 Нүсіпбекова М.И., Сейілғазинова С.А. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін «Қарлығаш» оқу бағдарламасы.Астана: «Арман-ПВ»,2013. 84


18 Пинский А.А.. «Вальдорфская педагогика» (антология), Просвещение, 2003. 19 Фидлер М. Математика уже в детском саду: Пособие для воспитателя детского сада.// Пер. с польск. О.А.Павлович. - М.: Просвещение, 1981 20 Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты математикалық тапсырмалар. – А., «Рауан»,1993. 21 Сорокова М.Г. Балабақша мен мектепте Монтессори әдісімен математиканы оқыту. Оқу құралы. – М. МПГУ. Баспасы. 1997. 22 Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. – М.: Народное образование, 1998 23 Сальникова Т.П. Педагогические технологии. – М.: ТЦ Сфера, 2010. 24 Сәтімбекова М.С. «Ойна да ойлан» Алматы.2000. 25 Таукебаева Ш.Т. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования. Алматы, «Галым», 2001 ж.

85


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУШЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Баспаханасында шығарылған

_________________________________________ Басуға 23.04.2014 қол қойылған Пішімі: 60х84 1\16; Шартты б.т. 5,3 Таралымы: 100 дана


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.