Сборник "Материалы начинающего педагога-организатора"

Page 197

«Ойнай білмеген, ойлай білмейді» деген қазақтың мақал-мәтелдеріне қарасақ, балалардың ойынға аса құмар келетіні, ойын арқылы балалардың сана-сезімі, ақыл-ойы өсіп жетілетіндігі дұрыс көрініс береді. Ойын әр уақытта және әр халықта болатын бірден-бір балалардың негізгі іс-әрекеті. Ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл - өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды.Өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында танытса, ал балалар ойын үстінде көрсетеді. Ойын – балалар үшін күрделі әрекет. Балалар ойын үстінде үлкендердің іс-әрекеттерін үйренеді. Ойын арқылы баланың ой-өрісі кеңейеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні бар. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Ойын баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтердің пікірінше, ойын үстінде бала қандай болса, өскенде еңбек барысында сондай белсенділік таныта алады. Сондықтан ойын – адам өмір танымының алғашқы қадамы. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзегіндей қуанып, ренжиді. Ойын – балалардың танымдық қабілетін арттырудың, тәртіптілікке баулудың қайнар көзі болып табылады. Ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттері қалыптасады. «Адам өркениетке бейім болу үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойынмен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» - деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей екендігін атап көрсеткен. Ойын мазмұны мен түріне қарай бірнеше топқа бөлінеді: - ой-өрісін дамытатын ойындар - спорттық - далада ойнатылатын ойындар - су ішінде ойнатылатын ойындар - психологиялық - ұлттық ойындар - эстафеталық ойындар - ролдік ойындар Ұлттық ойындарымыз ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің заманға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның қабілетін оятып бүкіл өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын қазақ халқының ғасырлар бойы рухани байи түсуіне еңбек етіп келеді және болашақ ұрпақтарға да еңбек ете береді. Қорытынды Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде-ақ атақты ғұлама ойшылдар, философтер, педагог, психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын ұсынған. Ертедегі ұлы ойшылдар Я.Коменский, Ж.Руссо, И.Песталоцци, т.б. ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Я.Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс-әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетеді. «Бала неғұрлым көп әрекет етсе, жүгірсе, жұмыс істесе, соғұрлым ол жақсы ұйықтайды, жақсы тамақтанады, тез өседі, денсаулығы мықты болып, дене, ой дамуы жақсы жүреді, бірақ ол үшін баланы үнемі қорғап отыру қажет». Ойын балалардың бойында білуге деген талпыныс, қызығушылығын оятып, зейінін кеңейтіп, қиялын дамытады. Балалардың ақыл-ойын даытып, логикалық жүйелерін шыңдай түседі. Сөйтіп, ойындардың барлығы балаларды бір-біріне жақындастырады, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, топтастыра түседі.

197


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.