№47 (2747)

Page 5

Бүгінгі нөмірде: * Жеңімпаз атанды * Өмірі көпке өнеге * Сахнадағы қос жұлдыз * Жан достардың жөні бөлек

Сейсенбі, 16 маусым 2015 жыл БӘРЕКЕЛДІ!

Бойжеткеннің асыл арманы

Спорт мектебіне есімі берілді Өзінің бүкіл саналы өмірін спортпен байланыстырған ағамыз Қадірбек Оспановты кім білмейді. Ол облысқа еңбегі сіңген жаттықтырушы, КСРОның спорт шебері және Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің үздігі болатын. Біраз жылдар бойы Қостанай облысының спорт және дене шынықтыру басқармасын басқарды. Осынау намысты азамат аталған салаға жетекшілік еткен кезде өңірде спорттың қай саласы болмасын дамыды. Әрине, оған Қадырбек Бұзауғалиұлыныңда қосқан үлесі аз емес-ті. Кезінде талай шәкірттер тәрбиелеп, артында өшпес із қалдырған азаматтың дүниеден өткеніне де біраз уақыт болды. Әріптестері оның жарқын істерін ұмытпай 2006 жылдан бері турнирлер өткізуді дәстүрге айналдырды. Та я уд а о бл ы с о рт а лығындағы № 1 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне қоның есімі беріліп, ғимарат қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

Жеңімпаз атанды

ҰБТ-да 124 балл жинаған Данара Айсина туралы мөлтек сыр Міне, барлық оқу ордаларындағы биылғы түлектер асыға күткен Ұлттық бірыңғай тест сынағы да артта қалды. Көптеген ұлдар мен қыздар терең білім көрсетіп, ата-аналары және ұстаздарының сенімін ақтады. Осындай бойжеткендердің бірі - облыс орталығындағы № 2 мектеп- лицейдің түлегі Данара Нұрланқызы Айсина. Осынау қазақтың аяулы қызымен жүздесіп, өзімен сұхбат алу үшін ол білім алған оқу орнына арнайы бардық. Мектеп-лицейдің басшысы, Қостанай қаласының құрметті азаматы Вера Григорьевна Макерова қызмет бабымен кеткен екен. Оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рауза Фазылханқызы Бекболатова-

мен әңгімелесудің сәті түсті. Осынау білікті ұстаз өздерінің үздік шәкірттері туралы былай деді: - Данара біздің мектеп-лицейдің мақтанышы. Өзі білімге өте құштар, ізденімпаз жастардың бірі. Осы сөзімнің нақты дәлелі ретінде үстіміздегі жылғы тест кезінде 124 балл жинады. Бұл Қостанай өңірі ғана емес, еліміздегі ең үлкен көрсеткіштердің қатарына жатады. Биыл білім ордасын 59 ұл мен қыз ойдағыдай аяқтап отыр. Данара қызымыз жанжақты бойжеткен. Еңбекқор шәкіртіміз тек оқу озаты ғана болған жоқ, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Оның әншілік қабілеті де бар. Қазақ « Жақсыны көрмек

үшін» дейді. Біз де Данара Нұрланқызымен кездескенше асықтық. Алдын ала хабарласқандықтан кейіпкерімізді ол білім алған 11 «а» сыныптың жетекшісі Құралай Сейітқасымова сүйікті шәкірті Данара Айсинаны газет редакциясына өзімен бірге ертіп келді. Құралай замандасымыздың айтуына қарағанда, шәкірті өте зерек оқушы болыпты. Оқу барысында өзінің зейінділігін танытып, өзге сыныптастарына үлгі көрсеткен. Келешекте қазақ қызының еліміздің тәуелсіздігінің баянды болуына қомақты үлес қосатынына нық сенімді екендігін де жасырмады. Данараның өте ашық жарқын мінезді, инабатты

да отбасында тәлімді тәрбие алған қыз екендігін бірден байқадық. Ол болашақтағы арманы жайлы да айтып берді. Сұхбаттасым өңірімізге белгілі Айсиндер әулетінде өсті. Оның атасы Бәкеш Айсин республикамызға танымал сатирик, әжесі Бөпеш мейірімді жан. Әкесі Нұрлан білікті заңгер, ал анасы Сұлушаш Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы. Зиялы отбасында тәрбиеленген Данара шаңырақтағы қос перзенттің үлкені. Одан кейінгі Диас 5 жаста. Ата – анасы осы балаларынан келешекте үлкен үміт күтеді. Қыздары мектеп табалдырығын аттағаннан бастап үздік оқыды. Өзі өнерге де

өте құштар. Алты жастан ән салды. Оның орындауындағы «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Желсіз түнде жарық-ай» әндері қашанда жүректерге жетеді. Оның алдына қойған мақсаты - инженер мамандығын дайындайтын еліміздегі таңдаулы бір оқу орнына түсіп, елі мен халқына адал қызмет ету. Қазір осы арманына жетуге талпыныс жасап жатыр. Өңіріміздің мәртебесін асқақтатқан Данара Нұрланқызы қос тілді басылым арқылы өзі білім алған мектеп - лицейдің директоры Вера Макероваға, сынып жетекшісі Құралай Сейітқасымоваға және физика пәнінің мұғалімі Инна Шлафманға шынайы алғысын білдіреді.

Қостанайлық «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігінің игі мақсатта атқарып жатқан жұмыстары көпке белгілі. Осы жақында ғана қайырымдылық мақсатындағы игілікті істерімен елімізге танымал ұйым Орталық Азия елдерінің арасындағы «Social Partnership Prize» байқауының жүлдегері атанып, облыстың мәртебесін асқақтатты. Аталған байқаудың негізгі мақсаты ҮЕҰ-дар мен мемлекеттік органдардың арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайту болып табылады. Алматы қаласындағы арнайы марапаттаудан оралған аталмыш қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Аруна Жақсығұлова журналистерге берген сұхбатында алдарында тұрған мақсат-міндеттері жайлы жан-жақты айтып берді. Біз де Дүйсенғали Оспанов басқаратын «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігін осынау табысымен шын жүректен құттықтаймыз!

Оқушылардың жазғы демалысы Жылда қалыптасқан дәстүр бойынша мектеп оқушылары каникулға шыққаннан кейін жаз айларында олардың лагерьлердегі демалысы басталады. Бұл маңызды мәселеге өңірімізде биыл да ерекше көңіл бөлініп отыр. Кейбір дерек көздеріне қарағанда, Қостанай облысында үстіміздегі жылы 20 013 оқушы жазғы демалыс орындарына тартылмақ. Жалпы, демалыс орындары мен сауықтыру маусымы орта білім беретін 32 және тағы 7 қосымша білім беретін мекемелерде ұйымдастырылмақ. Ал Қостанай қаласында жаз айларында 159 сауықтыру алаңы жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда осы мақсатта дайындық жұмыстары жүргізілуде.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.