№66 (2663)

Page 5

Бүгінгі нөмірде: * Әнұранды жатқа білейік * Жаңа оқу жылына дайынбыз * Елдіктің арқауы-Ата Заң * Ән әлеміндегі айтулы тұлға

Сейсенбі, 26 тамыз 2014 жыл ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Оқушының жүзіндегі қуаныш

Қостанай ақпарат Облыстық ақындар айтысы Жуырда облыстық Марал ишан мешіті, Қазақстан қажылар қауымдастығының өңірдегі филиалы және «Зекет» қорының осындағы өкілдігінің тікелей ұйымдастыруымен кейінгі жастарға танымдық-тағылымдық жағы мол үлкен мәдени шара болып өтті. Бұл Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының концерт залында өткен марқұм, белгілі журналист Еренғайып қожа Әбдіхалықұлы атындағы облыстық ақындар айтысы мен мүшәйра еді. Аталған шараның өтуіне «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының президенті Амангелді Еренғайыпұлы тікелей демеушілік етті. „Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар„ демекші, айтыс барысында бірінші орынды Батырлан Сағынтай, екінші орынды Мамай Ізтілеу, үшінші орынды Бағила Балмышевалар иеленді. Ал жыр мүшәйрасында бірінші, екінші және үшінші орындарды Әскерхан Ақтай, Асылан Қанғожин және Байбатыр Ахметбектер жеңіп алды. Сондай-ақ Абай Қажи, Нұрболат Мешітбаев және Абылай Маудановтар да өздерінің тынымсыз ізденісте екендіктерін танытты. Байқаудың соңында өнер ордасының киелі сахнасына Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, әділқазылар алқасының төрағасы Ақылбек Шаяхмет, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркеновалар көтеріліп, жеңімпаздар мен таланттарымен дараланған жүйріктерге ақшалай сыйлықтар мен дипломдарды табыс етті.

Семинар болып өтті

Медицина колледжінің ұжымы 12 жасар Алена Гришкоға қамқорлық көрсетті Қо с т а н а й қ а л а с ы н д а «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру дәстүрге айналды. Осынау акция үстіміздегі жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл маңызды акция күн көрісі төмен отбасыларының балалары және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге арналған. Алғаш рет аталмыш қайырымдылық шарасы 1998 жылы Қостанайда басталған еді. Қазір бұл акция республика көлемінде жүзеге асы-

рылып жатыр. Кәсіпкерлер мен мүмкіндігі бар азаматтар қамқорлыққа мұқтаж ұл мен қыздарға өздерінің көмектерін көрсетіп, қалың жұртшылықтың алғысына бөленуде. Біздің Қостанай шаһарында да аталған акция жерлестеріміздің тарапынан үнемі қолдау тауып келеді. Мәселен, былтырғы жылы кәмелеттік жасқа толмаған 1210 оқушыға 13,3 млн теңгеге киім-кешек және басқа да оқу құралдары алып берілді. Ал үстіміздегі жылғы оқу

жылының қарсаңында білікті маман Сәуле Атантайқызы Кәтпенова басқаратын Қостанай медициналық колледжінің ұжымы баршаға өнеге боларлық іс тындырды. Олар №14 орта мектептің оқушысы Алена Гришкоға киім-кешек, оқу кезінде пайдаланатын құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Сол кездегі қыз баланың жүзіндегі қуанышты тілмен айтып жеткізу қиын. Аленаның ата-анасы көлік апатынан қайтыс болыпты. Қазір нағашы апасының

қамқорлығында. Жүрегі жомарт, аяулы жан Сәуле Атантайқызы мен оның әріптестері көмекке мұқтаж жасөспірімге қамқорлық жасауды ұйғарып, оның үйінде болды. Бұл жоғарыда аталған акцияға медицина колледжінің ұжымы алғаш рет қолдау көрсетіп отырған жоқ. Бұдан бұрын да 2-ші Қостанайдағы бір мектеп оқушысына көмек берген болатын. Аленаның нағашысы әпкесі Татьяна Владимировна өздеріне көмек қолын созған

Сәуле Кәтпенова мен ондағы қайырымды жандарға шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді. - Жалпы, осы акцияның көмегін көптеген отбасылар көріп келеді. Осынау жетім балалардың тағдырына тікелей игі ықпал ететін ортақ шарадан кез-келген саналы азамат тыс қалмайды деп ойлаймын. Өйткені, бүгінгі балалар ертеңге еліміздің тірегі емес пе?, - дейді колледж басшысы. Әйгерім РА Ш И Т Қ Ы З Ы

Елбасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қоюына байланысты Қостанай облыстық сотының Оқу орталығы жуырда облыс судьяларының қатысуымен «ҚР ӘҚБтК-заңының жаңа нормаларын зерделеу» тақырыбы бойынша семинар сабағын өткізді. Күні бұрын облыстық соттың Оқу орталығының тапсырмасы бойынша облыс судьяларымен қолданыстағы заң нормасы мен 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енетін заңы бар салыстыру кестелері құрастырылған болатын. Сол салыстыру кестелері негізінде судьялар әкімшілік кодексінің жаңа нормаларын зерделеді.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.