№100 (2697)

Page 6

6

БІЗДІҢ ҚОСТАНАЙ

Сейсенбі, 23 желтоқсан 2014 ж.

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

Мемлекеттің қаржысы желге ұшпасын Бүгінгі таңда сыб а й л а с же м қо рл ы қ еліміздегі өзекті әрі көп болып күресетін мәселелердің бірі. Оның алдын алу баршаның міндеті деп түсінемін. Әрине, бұл жөнінде айтылып та, жазылып та жатыр. Елбасы өзінің Жолдауында «Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлт тық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады» деп оның зияндылығына ерекше тоқталды. Сыбайлас жемқорлық – экономикалық өсу мен дамуға да кері әсерін тигізеді. Сондықтан, мен мақаламда осынау кеселдің алдын алу жөнінде өз ойыммен бөліскім келеді. Қазір әрбір қызметкер елі үшін адал еңбек етіп, оның өркендеуіне ерекше үлес қосулары керек. Мемлекеттік қызметкерлерге жүктелер міндет те жоғары. Біз оны жақсы түсінеміз. Әділет департаменті оның жолын кесу, көп болып күресу жайлы да үнемі кездесулер мен жүздесулерде айтып келеді. Заң талаптары бәріне бірдей. Негізінде пара алушы мен пара беруші де жауапқа тартылады. Жалпы қай салада болсын мемлекеттен бөлінетін қаржы орнымен жұмсалып, желге ұшпауы тиіс. Ерболат ЕРІМБЕТ, Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары

Білімді мыңды жығар немесе шаһарымыздағы қазақ-түрік лицейіндегі тың ізденістер жайында Қазіргі заманғы білім беру жүйесі мен оқытудың алдыңғы қатарлы инновациялық даму бағдарламалары бойынша болашаққа деген сенімі мол, білімпаз, патриот ұрпақ тәрбиелеудегі облысымыздың алдыңғы қатарлы білім ошақтарының бірі-қазақ-түрік лицейі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, лицей шәкірттері мен мұғалімдері алдында тұрған жауапкершілік жүгі де жоғары. Мұнда балалардың интеллектуалдық деңгейін өсіруде олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруда, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруда және адамгершілігі мол, тілін, ділін, мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін қадірлейтін тұлғаны тәрбиелеу мақсатында лицейде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ, оқушыларды ғылыми- зерттеу жұмыстары мен пәндік білім олимпиадаларға дайындық, жас ұрпақты кітап оқуға бейімдеу жөнінде лицейішілік қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде кітап оқу сайыстарын

өткізу дәстүрге айналды. Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасовтың қолдауымен биылғы оқу жылындағы «Отбасы мен мектептің өзара іс-қимыл жылы» жоспарын жүзеге асыру мақсатында ата-аналар арасындағы спорт тық сайыстар, «Бала бойында салауатты өмір салтын тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі» тақырыбындағы коучинг-тренингтер өткізілді. Лицей шәкірттерінің бойына отаншыл рух пен патриоттық тәрбиені сіңіруге байланысты Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған Талғат Бигелдиновты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы шахмат турнирінің тағылымы ерекше. Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Бір ел! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» тақырыбындағы оқушылардың төрт тілде жазылған шығармалар жинағы баспадан шықты. «Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол

жарыста бәйгеге түсе алатындар-білімділер, зейінділер» деп Ахмет Байтұрсынов бабамыз айтқандай, лицей оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық білім сайыстарында жеңімпаз атанып келеді. Мысалы, «MOSTRATEC» халықаралық жарысында Н.Маратов, Т.Ахметжанов сынды шәкірттер жүлделі І,ІІ орынды иеленсе, өзін-өзі тану пәні бойынша республикалық олимпиадада А.Демисенов ІІІ

орынға көтерілді. Таяуда ғана облыстық олимпиадада лицей 2 алтын, 7 күміс, 8 қола медальді иеленді. Елбасы әрқашан жастарға үлкен сенім артады. Бүгінгі күн әлемдік бәсекеге қабілетті, кәсіби даярлығы жоғары ұстаз бен білім, ғылымға құштар, зерек оқушының ғасыры. Ендеше бүгінгі күннің талабына жауап беретіндей зерделі ойдың иесі сауатты ұрпақ тәрбиелеу аса қажет. Олар еліміздің келешегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.

ДИПЛОММЕН - АУЫЛҒА

ТАҒЫЛЫМ

Жас келсе-іске

Жастардың рухы көтерілген күн

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қызмет атқарып жатқан Ерлан Бүркітбай жөнінде

Университеттегі тағылымдық кештің ғибраты

Елімізде жас мамандарды аудан-ауылдардың гүлденуіне үлестерін қоссын деген мақсатпен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Қазір бұл жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Жоғары оқу орнын тәмамдаған жастар таңдаған аудандар мен ауылдарға барып, өз мамандықтары бойынша қызмет атқаруда. Оларға пәтер беріліп, қаржылай көмек көрсетіледі. Аталмыш бағдарламамен еңбек етіп жүрген азаматтың бірі- Ерлан Түсіпқалиұлы. Ол мектепті аяқтаған соң, Арқалық қаласындағы Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжіне түсіп, дене тәрбиесі және спорт мамандығын алып шықты. Міне, осы кезден ол өз мамандығының қыр-сырымен таныса бастады. Сол шақта мұғалімдерге тән көптеген қасиеттерді ұстаздарынан үйреніп, шыңдалады. Уақыт өте дипломын алады. «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша еңбек жолын облысымыздағы Амангелді ауданының Байғауыл ауылындағы Ақан Нұрманов атындағы орта мектебінде бастады. Әріптестерінің арасында беделді. Жұмыстан қол үзбей Қостанай қаласындағы академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің сырттай бөлімінде оқиды. - Өзім қалаған мамандық бойынша аталмыш мектепте ұстаздық қызметті атқарып келемін. Күнделікті жұмысымнан ләззат аламын. Мұндағы ұжым ұйымшыл. Өзіміздің біліктілігімізді көрсету үшін -барлық жағдай жасалған. Болашақта да ауылдағы шәкірттеріме бойымдағы барымды сіңіре бермекпін», - дейді Ерлан өз сөзінде. Оның салауатты өмір салтын ұстануда жеткен жетістіктері де аз емес. Аудан, ауылда өтіп тұратын түрлі спорттық жарыстар мен іс-шараларға қатысып, марапаттарға да ие болды. - Мектебімізде жас мамандар жеткілікті. Олар Байғабыл ауылының өркендеуіне үлестерін қосып жүр. Өздерімен бірге жаңа леп алып келді. Ал Ерланның жөні бөлек. Ол оқушыларының сыйлы ұстазына айналды. Сабақтарын тартымды етіп өткізеді, дейді Ақан Нұрманов атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрбану Сапарқызы. Биыл шаңырақ көтеріп, жас отбасының тірегі атанған Ерланның мақсаты –шәкірттеріне тиянақты білім беру. Ең бастысы өздеріне жүктелген сенімді ақтау. Әйгерім Рашитқызы

Тәуелсіздік мерекесі қазақ үшін ерекше. Өйткені, ғасырлар бойы ата-бабаларымыз армандаған бақытты күндерге қол жеткіздік. Егеменді ел атанған соң барлық алпауыт мемлекеттердің өзі бізді мойындады. Тіпті, бізден үлгі-өнеге алатын дәрежеге жеттік. Міне, осындай халқымыздың өмірінде айрықша орын алатын мерекеге орай Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің бастамасымен облыстық қажылар қауымдастығының, «Зекет» қоры өкілдігінің және Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің қолдауымен үлкен кеш өткізді. Алдымен осы шараны ұйымдастыруға мұрындық болған КМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілі және облыстық

Марал ишан мешітінің Бас имамы Асылхан қажы Мұханбетжанұлы барша жиналған қауымды осынау айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады. Сондай-ақ жастарға дін мен дәстүр және дін және имандылық деген тақырыптарда өзіне тән шеберлікпен уағыз-насихат айтты. Оны осында бас қосқан зиялы қауым мен студент жастар зейін қоя тыңдады. Осы мейрамға арналған бейнематериалды КМДБ-ның жанындағы «Зекет» қорының Қостанай облысындағы өкілі Жақсылық қажы Ғайсин жанжақты таныстырып, тәуелсіздіктің біз үшін маңыздылығы мен мәніне тоқталды. Қостанай жұртшылығына аса танымал қаламгер, талай республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қоста-

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ -

БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ БАҒДАРЫ

Ұйымшылдық танытайық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауы барлығымызға үлкен ой салды. Бұл құжаттың көздегені халықтың әл-ауқатын жақсартып, оларға қолайлы жағдай жасау. Оны жүзеге асыру үшін алда тұрған асқаралы міндеттер нақтыланды. Мемлекет басшысы-халықтар арасындағы тұрақтылығы екеніне тоқталды. Сонымен қатар, Жолдауда жол инфрақұрылымын дамытуға да ерекше көңіл бөлінді. Басқа да өзекті мәселелер қозғалды. Жолдау халқымыздан үлкен қолдау тапты. Енді ондағы айқындалған міндеттерді орындауға бәріміз де атсалысайық. Гүлзат Есенжолова, қала тұрғыны

най мемлекеттік университетінің профессоры Ақылбек Шаяхметтің тебірене сөйлеген сөздері де жүректерді қозғады. Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің жастар арасындағы жұмыс бөлімінің бастығы Анатолий Пермяков тәуелсіздік күніне байланысты жұртшылыққа шынайы лебізін білдірді. Жастарға еліміздің тірегі де өздері екендігін жеткізді. Көптеген айтыс ақындарын дайындап, өзі де айтыс өнерінде ерекше қолтаңбасын қалдырған Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әлфия Орманшинаның сөзі мен тәуелсіздік күніне арналған жыр толғауы да жиналғандардың есінде қалды. Денсаулық саласының білікті маманы, облыс орталығындағы неврологиялық интернатының

директоры Назима Асанова да өзінің іскерлігімен көзге түскен бауырларымыздың бірі. Оның тебіреніске толы пікірлері де қатысушыларға ой салды. Мереке тарту-таралғысыз болмайды. Талай қайырымдылық жасап, өзінің биік азаматтығын көрсеткен облыстық мешіттің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбектің қолдауымен 19 балаға ақшалай көмек берілді. Сондай-ақ тәрбие мекемесіне 2 кілем тапсырылды. Осы тағылымдық кешті өткізуге демеушілік жасаған университет ректоры Сәбит Есмұратов мырза мен университет ұжымына алғысымыз шексіз. Осынау игі әрі ғибраты мол шараның соңында абыз ақсақалымыз Сайлаубай қажы Молдаш жиналған қауымға ақ батасын берді. Басқосу мемлекеттік Әнұранымызбен аяқталды.

Мұражайдағы әсерлі кеш Жуырда Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық мұражайында «Бұғаудан алып шыққан ызғарлы желтоқсан» деген тақырыпта желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған басқосу өтті. Бұл іс-шараға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Өтеген Ихсанұлы қатысты. Ол студенттер мен оқушыларға тәуелсіздік, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова жайында әңгімеледі. Сондай-ақ мұражайдың ғылыми қызметкері Шынар Сұлтанқызы ата-бабамыздың тәуелсіздік асыл армандары жөнінде тебірене сөйлеп, жалпы егемендіктің халқымыздың өмірінде алатын орнына тоқталды.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.