Алшын Мендайулы - Адай шежіресі

Page 147

4-5 күннен кейін əлгі студент жігіт мені қайта шақырды. Біраз қағаздар жазыпты. Маған "Сіздің ісіңізбен толық таныстым. Басқа да адамдардың ісін оқыдым жəне сізді тергеген НКВД қызметкерлерімен сөйлестім. Енді сау болыңыз, қетемін" деді. 3 жылдың ішінде жылы сөз естігенім осы болды. Мүмкін, студенттің диплом жұмысын жазуына сауабым тигенде шығар... Сонымен, мен түрмеде жата бердім. Жағдайға еш түсінбедім. 1940 жылы қазан айында мені Гурьев НКВД түрмесінің нəшəндігінің қеңсесіне айдап апарды. Отырғызды. Ішқі есіктен қойнында қағазы бар бір НКВД адамы еніп, стол қасында тұрып "Сен — халық жауы Мендалиев боласың ба?" — деді төтесінен. Мен "Азамат Мендалиев Алшын" еқенімді айттым. "Түрегел, тында", — деді ол, — 24 қырқүйеқ 1940 жыл. Ерекше үштік кеңесінің каулысы бойынша Мендалиев Алшын "халық жауы" деп есептеліп, 8 жылға бас бостандығынан айырылсын. Қатаң күшейтілген режимді лагерде ұсталсын, үштік мүшелері қол қойған, бітті", — деді. Гурьевтегі азап осымен тамам. Арада 4-5 күннен кейін Уральсқ-ЧелябинсқНовосибирскпереселен (жер аударылғандар) тұтқын пунқттері арқылы Красноярск өлкесінің Иланск күшейтілген тұтқын лагеріне айдалып бардым. Осылайша 1940 жылдың соңғы айларынан бастап күшейтілген режимді түтқын лагерлеріндегі азапты өмірім басталды. 1941 жылдың басында қатты ауырып, лагерь ауруханасына түстім. Дəрігер қарап тұрады. Бір күні емдеуші дəрігерден қай каланың адамы еқенін сұрадым. Ол қісі Астрахань қаласынан еқен. Мен Гурьев облысындағы ФортАлеқсандровскіден екенімді айттым. Сөйтіп, жерлес болдық Пайдасы тиіп тұрды. Келген сайын осы дəрігерім жағдайымды сұрап, жылы ұшырай амандасып тұрады. Ауруханада жатқанда арықтығы жетіп, əбден титықтаған адамдар есебіне тірқеп, тəуірлеу тамақ алуыма көмек көрсетті. Лагерьде партия, Совет қызметінде басшы болғандар, ірі өндіріс орындарының басшылары болтан маман-инженерлер кездеседі. Оңашада кеңес үкіметінің

осындаи сұрқия саясаты жөнінде пікірлесіп тұрамыз. Ішімізде НКВД тыңшысы бар ма деп те қорқамыз, сондықтан өте сақ жүруге, беталды сөйлемеуге дағдыландық. 1941 жылы шілде айының басында ойламаған жерден тұтқындарды жұмысқа шығармады. Лагерь аймағында қарауыл күшейтілді. Радио сөйлеуден сап тиылды. Сыртган еш хабар-ошар білмедік. Бір кезде "Кеңестер Одағы бір шетелмен соғыс бастапты" деген қауесет хабар тарады. Біразға шейін лагерь бастықтары көрінбеді. Оншақты күн өтқен соң түсқі тамақтан кейін лагерь бастықтары барлығымызды жинап, жиналыс ашты. Сапқа тұрғызды да бір-бірімізбен сөйлеспеуге бұйрық берді. Бұрынғыдан да қөп қарулы қарауыл тұтқындарды жағалай қоршап тұрды. Бірнеше адам ортадағы ағаш мінбеге қөтерілді. Жиналыс басталды. Баяндамашы 1941 жылы 22 маусым күні фашистік Германия əскерлері соғыс жарияламастан Кеңестер Одағының шекарасын бұзып кіргенін, совет əскерлерінің қатал жаумен жан аямай қарсыласып жатқандығын, бірақ жаудың əсқери техниқасы күшті, қатерлі екенін айтты. Сөйтіп, митинг соңында ортақжауға соқкьі беру үшін тұтқындар да аянбай еңбек етіп, жұмыс нормасын бұрынғыдан да асыра орындау керек екенін есқертті. Ертесіне бұрынғы дағды бойынша жұмысқа шықтық. Жұмыс нормасын əдеттегіден 25 процентке жоғарылатыпты. Қыркүйек айының бас кезінде "Фашист армиясы КСРО-ның батыс бөлігіндегі бірнеше қалаларды басып алыпты" деген хабарды естідік. Лагерь бастыктары кенеттен бірнеше адамды бізден бөліп, баска жакқа алып кетті. Кейін есітсек, бұл адамдарды Кеңес өкіметіне "аса қауіпті" деп тауын, біздегіден де қүшейтілген режимді лагерьге апарып қамаған екен. Лагерьге тағы да жаңа адамдар келіп, лагерь бастығы, оның коменданттары болып жиналыс ашты. "Лагерьдегі жасы 45-ке дейінгі адамдардың ерікті түрде кеңес армиясына барып, неміс басқыншыларынан Отанды қорғаймын десе хақысы бар, лагерьден босатылып, ақталады.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.