Елім-ай [has doc, id=349]

Page 1

Батыр-жырау Қожаберген туралы Қазақ халқының ХVII ғасырдың екiншi жартысы мен ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысында өмiр сүрген ақын-жырлауларының, әншi, күйшi сазгерлерiнiң және халық батырларының бiрi - Қожаберген жырау Толыбай сыншыұлы (1663-1763 жж.) екендiгi баршаға аян. Толыбайсыншыұлы ақын тек жай ғана батыр емес, кезiнде қазақ халқының әскерiн басқарған қолбасшы, әйгiлi ғұла-ма, шежiрешiсi. Оған оның өз шығармасы “Елiм-ай” жыр-даста-нының бiрiншi бөлiмiндегi мына шумақтар да айғақ бола алады: Өнерге жас шағымнан құштар болғам, Самарқанд, Бұхарадан бiлiм алғам. Атанып үздiк шәкiрт қатарында, Ең үлкен медересесiн тамамдағам. Ерлiкпен мағылұм болдым алыс-жатқа, Ән шырқап, қобыз тарттық көңiл шатта. Бiтiрiп медересенi шыққаннан соң, Имам боп он жетiмде мiндiм атқа. Он сегiзде әйгiлi балуан болып, Он тоғызда iлiндiм батыр атқа. Жиырмада имам болмай, ақын болып, Симайтын iс жасадым шариғатқа. Тiлiне араб, парсы болдым жетiк, Оны да қолданбадым өнер етiп. Шамамша қол бастаған сардар болып, Мен жүрдiм мұсылманға қызмет етiп. Сонымен қатар, Қожабергеннiң ғұлама ордабасы, әскер басы-батыр екендiгiне оның шәкiртi Бұқар жыраудың “Ұстазым” атты дастанындағы мына шұмақтардың өзi-ақ дәлел бола алады: Қожаберген ұстазым, Бұхара барып оқыған. Төрт-бес тiлдi үйренiп, Көкейге берiк тоқыған. Жалаулы найза, қобызды, Домбырасын қолға алған. Қамалға шабар алдында,


Шығарып өлең толғаған. Жырын сүйген баршасы, Болмаса кейбiр оңбаған. Алла, аруақ жебеу боп, Жорықта жолын оңдаған. Қиын-қыстау кезеңде, Намысын қозғап өлеңмен. Батыр-ақын ұстазым, Қолың қолға дем берген. Қожаберген 1663 жылы наурыз айының басында қазiргi Сол-түстiк Қазақстан облысының (бұрынғыша Қызылжар аймағының) Жамбыл ауданындағы Благовещенка селосы орналасқан жерде бұрын болған Толыбайсыншы қарағайы деген орманның қой-науында дүниеге келiп, сол туған жерiнде 1763 жылы қазан айын-да жүз бiр жасқа қарағанда ауырып қайтыс болыпты, оның сүйегiн сол төңiректегi “Бүркiт қонған” деген орманның маңындағы әкесiнiң есiмiмен аталатын Толыбай сыншы бейiтiне елi жерлептi. Ақынның әкесi Толыбайсыншы Дәуленұлы (1603-1680 жж.) заманында Қазақ, Ноғай (Қараағаш, Маңғыт рулары), Қарақалпақ, Сiбiр татары (Ескер, Барабы, Құралаш рулары, Шалабай естектерiнiң (Челябинск башқұрт-тарының) бiрiккен әскерiнiң ордабасысы болыпты. Барабы, Ескер, Құралаш руларының, Шалабай башқұрттарының жасағының қазақ әскерiнiң құрамында болуына оларға қазақ хандығының ықпалы басым болуы себепкер болған екен. Қожабергеннiң өз әкесi – Толыбай сыншы да, атасы - Дәулен батыр да, бабасы - Таузар сардар да өз замандарында Үш жүздiң әскербасылары және Орта жүз қазақтарының ардақты ел билеушiлерi болыпты. Оларды өздерiмен тұстас ақын-жыраулар өлеңдерiне қосып, ерлiктерiн жырларына арқау етiптi (шежiре деректерi бойынша). Жыраудың анасы - Ақбiлек Баянауыл өңiрiн мекендейтiн Орта жүз Сүйiндiк Арғын Айдабол бидiң қызы екен. Ол кiсi де өнерi асқан сынықшы, тоқымашы, тiгiншi болыпты. Ол жайында Қожаберген өзiнiң “Елiм-ай” жырының бiрiншi бөлiмiнде былай дейдi: Орта жүз Арғындағы асыл тектен, Анамның шыққан заты Сүйiндiктен. Жиырма ұлдың көкжал туған ең кiшi ем, Тұңғыш қыз Айдаболдың Ақбiлектен. Толыбай сыншының өз анасы Жамал кезiнде Самарқанд шаһарын және оған қоса Самарқанд уәлаятын билеп-төстеген, сол шаһарда үлкен


ғимараттар салуға үлес қосқан, медересе ашқан. Кiшi жүз iшiнде Әлiм ұлының Төрт қара руынан шыққан әйгiлi Жалаңтөс Баһадұр Сейтқұлұлының (1576-1656 жж.) туған апасы екен. Сол себептi Толыбайсыншы қолбасшы өзiнiң Майлы би, Өтежан, Өтегелдi, Өтеген, Өтепберген, Өтеулi, Өтемiс, Қарабас, Әмiр, Өмiр, Темiр, Батыр, Бабыр, Бадыр, Өтебай, Өтеғұл, Едiл, Жайық, Қожаберген есiмдi ұлдарын нағашылары: Ақша би, Жалаңтөс баһадұрдың Самарқанд, Үргенiш, Бұхара шаһарларындағы жоғары дәрежелi дiни бiлiм беретiн медереселерде ұстаздық қызмет атқаратын өнерлi, бiлiмпаз ұлдарына ертiп апарып, солардың үйлерiне қойып, сол бiлiм ордаларында оқытады. Дәулен ұлы сыншының жиырма төрт баласының он тоғызы аталмыш қалалардағы медереседе оқып, хадимше сауаттарын жетiлдiрiп, дiни бiлiмдерiн толықтырып, көне түрiк, араб, парсы, өзбек тiлдерiн жақсы үйренiп, сол оқу орындарын өте жақсы тамамдап шығыпты. Қожабергеннiң әкесi Толыбай сыншы ел қорғаны - батыр болумен қатар, ұста-зергер, балташы, өрiмшi, етiкшi, дихан, аңшы, құсбегi, мерген, балуан, емшi, атбегi, сөзге шешен, ақындық қабiлетi бар әрi көреген кiсi болыпты. Ел iшiнде Толыбай сыншы-ұлы айтты деген нақыл қанатты сөздерде кездеседi. Адамды да, аттарды да, басқа жануарларды, гауһар, меруерт, маржан тастарды, қару-жарақты, құсты, иттi сынап бiлгенi үшiн Толыбайға сыншы деген атақты Қазақ, Башқұрт, Қарақпалпақ, Қырғыз, Татар, Ноғай халықтары берген екен. Оның Қарабас есiмдi баласы сыншылық өнерiнiң арқасында тұтқын болған кездерiнде үш рет құтылып, аман қалған екен. Ол турасында ел аузында сақталған аңыздар бар. Сол аңыздардың бiрi әрiде көп жыл бойы алтыншы класқа арналған Әдебиеттiк оқу кiтабының бетiнен орын алған едi. Қожаберген өзiне дейнгi қазақтың ақын-жырауларының өлең жырларын, медереселерде оқып жүргенде «шығыстың жетi жұлдызы» атанған Жәми, Низами, Науаи, Фузули, Фирдауси, Сағди, Рудаки шығармаларын оқыпжаттап, солардан нәр алыпты. Сонымен бiрге ол ертеде өткен Рашид адДин, Мырза Хайдар Дулати, Қа-дырғали Жалаири және өзiнен аз бұрын өткен Әбiлғазы баһадұр хан сияқты бiлiмпаздардың жазып қалдырған шежiре-лерiмен таныс болыпты. Сондай-ақ, ол тастағы ескi жазуларды да оқи алады екен әрi оған көп мән берiптi. Бұл айтылғандарына оның “Ата тек”, “Баба тiл” дастандары толық дәлел бола алады. Өзiнiң “Ата тек” дастанында Толыбайсыншыұлы жырау қазақ халқын оғыз түрiктерiнен шығарады: Түрiктен тараған ел тоғыз дейдi, Тартатың күй аспабы-қобыз дейдi.


Башқұрт пен қазақ, ноғай, қарақалпақ Төртеуiн шежiрешiлер Өгiз дейдi. Сондай-ақ, Қожаберген ақын сол “Ата тек” дастанында қазаққа жататын тайпаларды Алаштан шығарады: Аннас тархан бабамыз, Ер Алаштың бұтағы. Бiздiң қазақ бабамыз, Сол Аннастың ұрпағы. Алаштан әрi Өгiз бар, Өгiзден әрi Тұран бар. Кiм десеңдер тегiмiз, Арғы атамыз осылар. ........................ Өгiз түрiк iшiнде, Аннастан қазақ жаралған. Бiздiң Үш жүз елiнiң, Алаштан бәрi таралған. Толыбайсыншыұлының шежiрешi-жырау екендiгiн ХХ ғасыр басында өмiр сүрген классик-ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров өзiнiң “Құрбыма” деген өлеңiнде былайша жырлайды: Толыбайсыншы баласы Қожаберген, Тарихынан Оғыз түрiк хабар берген. Үмбетей, Бұхар жырау, Тәтiқара, Үшеуi Қожа-екеңнен үлгi көрген. ....................... Керейде Қожаберген, Сегiз өткен, Үш жүздiң шежiресiн жыр қып шерткен. (С.Торайғыров ақынның бұрын жариаланбаған қазақстан” газетi 7 тамыз 1988 ж.).

өлеңдерi

“Орталық

Қожаберген жыраудың шежiрешi болғандығы тұралы және оның “Елiм-ай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” жырын шығар-ғандығы жайында қазақ халқының ХIХ-ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ-ғасыр басында өмiр сүрген белгiлi философ-ақыны Мәш-һүр Жүсiп Көпейұлы (1858-1931 жж.) өзiнiң “Даналарға” атты өлеңiнде былай деп жырға қосады: Өнерге құлаш ұрып бала жастан, Тарихын бұл үш жүздiң етiп дастан.


Баласы Толыбайсыншы Қожаберген, Бой ұрған ерлiк iске әуел бастан. Ұрпағы оның батыр Сегiз өттi, Нияздай асыл ердi қасына ерттi. Қолына қобыз алып өр шабытпен, Мұра ғып шежiре-жыр тастап кеттi. Қолбасы ақын-жырау һәм елшi-би, Шығарған “Елiм-айдай” тамаша күй. “Елiм-ай” әнi менен жырын тағы, Шығарған Қожаберген бабаңды сүй. Қожабергенге ақындық аруақ оның жетi жасында қоныпты. Жырау ақындықта өзiнiң әкесiмен бiрге туған ақын Аулабайдан өз ағалары: Майлы шешен мен Қарабас тарханнан үлгi-өнеге алыпты. Батырлыққа Қожабергендi ағалары Өтежан мен Өтегелi баулыпты. Дiни медереселердi өте жақсы тәмәм етсе де, Қожаберген жырау мен оның ағалары дiнбасысы бола алмайды. Себебi, Қазақ, Ноғай, Қарақалпақ, Шалабай Естектерi, Сiбiр Татары халықтарына ХУII-ғасырдың бiрiншi ширегiнен бастап Ноғай даласын мекен еткен Қалмақтар Едiл өзенiнiң батысынан шабуыл жасаса, шығыс-тан Жоңғар. Қалмақ басқыншылары ұздiксiз шабуылдап, екi жақ-тан қыспаққа түскен мұсылмандар-дың әдiлеттi, яғни азаттық жо-лындағы соғыстары ұзақ жылдарға созылуы салдарынан Толыбайсыншы қолбасшының балалары-ның имам, ишан, софы, молда болуларына еш мүмтiгi болмайды. Себебi Толыбайсыншының ержү-рек жиырма төрт ұлы (жиырмасы Ақбiлектен, төртеуi әмеңгерлiкпен қосылған жары- Халимаштан туған екен) жоғарыда аталған мұсылман жұрттарының сыртқы басқыншы жаулардың екi жақты шабуылдарына қарсы бағытталған ұлт - азаттық әрi қорғану соғыс-тарына белсендi түрде қатысып, олардың көбiсi әскер басқа-рыпты. Ел-жұртын шапқыншылардан қорғау жолында әдiлеттi со-ғыста Толыбайсыншы тарханның ұлдары мен немелерi асқан ерлiктiң үлгiсiн көрсетiп, олардың бiрталайы көппен бiрге майданда қаза тапқанды-ғы шежiреден, сол кездегi ерлiк жырлардан елге мәлiм. Қожаберген жырау 1683-1688 жылдары Әз Тәуке ханның елшiлiк қызметiнде бес жыл басшылық етiптi. Сонан кейiн немерелес туысы Бөгенбай Маянбайұлы Ордабасы ауыр жараланған соң, соның орнына Әз Тәукенiң ұсынысы бойынша құрылтайда Толыбай сыншыұлы батырақынды (боз биенiң сүтiне шомылдырып, үстiне ақ киiм кигiзiп, ақ кигiзге отырғызып көтерiп) халық 1688 жылы ордабасы сайлайды. Сол күннен бастап, Қожаберген жырау өзiнiң немере ағасы Бөгенбай баһадұрдың қызметiн ақсат-пай, әрi қарай жалғастырып, Үш жүздiң жасағына Бас


қолбасшы болыпты. Ол қазақ әскерiне қоса Ноғайдың Маңғыт, Қараағаш руларының, Сiбiр татарына жататын Ескер, Барабы, Құралаш тайпаларының, Шалабай Естектерiнiң (Челябинск башқұрттарының), Қарақалпақ халқының жасақтарына да ордабасы болған екен. Толыбай сыншыұлы ақын әндi домбыраға қосып, күйдi сыбызғыға қосып, жырды әнмен айтып, қобызға қосып орындаған екен (шежiре деректерi мен ерлiк жырлар бойынша). Толыбайсыншыұлы сардар 1688-1710 жылдар бойында Қазақ, Ноғай (Қараағаш, Маңғыт тайпаларының), Қарақалпақ халықтарының бiрiккен қолына әскербасы болып, екi жақты қалмақ шап-қыншылығына қарсы ұзақ жылдарға созылған соғыстарда талай рет үлкен-үлкен жеңiстерге жетiп, ордабасы, тархан атағын алған үлкен баһадұр, әскери қайраткер. Оның жиырма үш жыл әскер басқарғанына өзiнiң “Үш би” атты өлеңiндегi мына шумақ та дә-лел бола алады: Басқарып Үш жүз қолын жиырма үш жыл, Орнымды Бөгенбайға бердiм биыл. Еш сардар қайт қылған жоқ жарлығымды, Кезiнде ұзақ соғыс күндер қиын. Жырау 1710 жылы жаздың аяғында өз шәкiрттерiнiң бiрi жас батыр Қанжығалы Арғын Бөгенбай Ақшаұлына ерекше ықыласы түсiп, өзiнiң орта жасқа таяп қалғанын, ұзақ жылдарға созылған ауыр соғыстарға үздiксiз қатысып, қалжырап-шаршағанын мойындап, Әз Тәуке ханға өзiн ордабасы қызметiнен босату туралы өтiнiшiн айтады. Әз Тәуке әуелi келiсiм бермесе де, өз орнына қоятын кiсi барын айтқан соң, хандықтың астанасы - Түркiстан шаһарына Үш жүздiң шораларын, бектерiн, билерiн, батырларын арнайы түрде хат жазып, кiсiлер жiберiп шақыртып алып, ордабасы сайлау үшiн Құрылтай өткiзедi. Онда уәзiрлер, шоралар, билер, бектер, батырлар Толыбайсыншыұлының ордабасылықтан кетуiн қаламайды. Ақыры олар Әз Тәукеге зорға дегенде, келiсiм бередi. Сонда Қожаберген баһадұр ақ батасын берiп, ұсыныс жасап, өз орнына Бөгенбай батыр Ақшаұлын Қазақ, Ноғай, Қарақалпақ жұрттарының бiрiккен әскерiн басқаратын Бас қолбасшы етiп сайлатады. Ол жайында өз ұстазы Толыбайсыншыұлы батыр-ақынға арнап шығарған “Ғадыл ер” деген өлеңiнде әйгiлi Бұқар жырау былай дейдi: Қожаберген ғадыл ер, Қадырын бiлген қалың ел. Бөгенбайдай батырға, Билiгiн берген ардагер. Қожа-екеме Бөгенбай


Шәкiрт болған жан едi. Сайлатқан он ұстазым, Қарадан шыққан хан едi. 1710 жылдың жазының аяғында өз еркiмен ордабасылық қыз-меттен босаған Қожаберген батырды кезiнде өзiн тәрбиелеп-өсiрген ағасы Қарабас тархан жасы ұлғайғанын айтып, өз орнына Орта жүз Керей-Уақ елдерiне шора сайлатады. Сөйтiп, Толыбайсыншы-ұлы жырау өз ағасының орнына шора болып, 1710-1723 жылдар аралығында өз жұрты - Керей-Уаққа басшы болыпты. Ол 1723 жылы көктемде Сыр бойында мекен еткен Кiшi жүздегi қайын жұртына қонаққа аттанарда, ел-жұртының игi жақсыларын жиып, мәжiлiс өткiзiп, өзi ақ батасын берiп, ұсыныс жасап, өз орнына ағасы Қарабас тарханның үлкен баласы Асқап сардарды Керей-Уақ елдерiне шора сайлатады. Толыбайсыншыұлы жырау 1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған iрi апатты өз басынан өткерiп, көзiмен көрген, қырғынның жуан ортасында болған қарт баһадұр. Сол аса қатерлi сапарда ол Науан, Әсет есiмдi екi батыр баласынан, өзiне әрi өкiл бала, әрi атқосшы саналған Айбек, Ермек атты екi батыр азаматтан айырылып, бәiбiшесi екеуi әрең дегенде көппен бiрге жау қоршауын бұзып өтiп, аман құтылады. “Елiм-ай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” жырының бiрiншi бөлiмiн Қожаберген ақын сол қоршауда тұрған кезiнде шығарып-ты. “Елiм-ай” атты өлең де, жыр да, ән де әр кезеңде дүниеге келген. Соның iшiнде 1723 жылғы “Елiм-ай” әнiн, дастанын шы-ғарған Толыбайсыншыұлы жырау. Мысалы: “Елiм-ай” атты өлең Мiржақып Дулатовта да бар. Ал, “Елiм- ай” деген дастанды халық ақыны, әдебиетшi-ғалым белгiлi әншi Тұрсынхан Әбдiрахманова да жазған. Әдебиетте бiр-бiрiмен аттас әндер, күйлер, жырлар жиi кездеседi. Бiрақ оларды бiр-бiрiмен шатастыруға әсте болмайды. Ақындықта Қожаберген жырауға Дәстем сал, Бұқар, Ақтам-бердi, Үмбетей, Тәтiқара, Жанкiсi (Көшебе керей) жыраулар шә-кiрт болып,одан үлгi-өнеге алса, батырлықта Бақсары, Бөгенбай, Жәнiбек (Кiшi Арғын) үшеуiнен бастап, Бөкенбай Мергенұлына (1717-1758ж.ж.) дейiнгi батыр атаулы сол Толыбай сыншыұлы ордабасыға шәкiрт болып,одан тәлiмтәрбие алыпты. Қожабергеннiң бар айыбы сол, оның өмiрi мен қоғамдық қыз-метiнiң, шығармаларының дер кезiнде жиналмай-зерттелмей қалғандығы, iздеушiсi болмағандығы. Қожаберген шығарма-ларының кейбiреуi қазақ халқының ХIХ ғасырда өмiр сүрген педагог жазушысы, ағартушы-демократы Ыбырай Алтынсарин құрастырып, 1879 жылы


Орынбор баспасында жарық көрген “Қазақ хрестоматиясынан” (жинақ) және оның 1896 жылы Қазанда жарық көрген “Мәктубат” деген кiтабынан орын алған, ол жинақтарда ақынның бiрнеше өлеңдерiнен үзiндiлер берiлген. Соңғы жиырма бес жылда Толыбайсыншыұлы ақынның өмiрi мен шығармашылығы бiр шама зерттелiп, ол 1983 жылы “Ғылым” баспасынан жарық көрген. “Ерте дәуiрдегi қазақ әдебиетi” атты жинаққа ендi және онда Қожа-берген жыраудың “Елiм-ай” әнi мен күйiн, жырдастанын шығарғандығы айтылып,сол зерттеуде талданып жазылды. Қожаберген ақынның өмiрi мен қоғамдық қызметi туралы деректер және оның “Елiм-ай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” тарихи жырын шығарғандығы туралы республикалық газет-журнал-дарда, облыстық, аудандық газеттерде бiрталай зерттеу мақала-лары жарияланды. Атап айтқанда, филология ғылымынын канди-даты М.Жармұхаммедов “Қазақ әдебиетi” газетiнде 1981 жылы 15 мамырда ““Елiм-ай” жыр-дастаны” атты, ғылыми қызметкер Г.Тұрсынова “Мәдениет және тұрмыс” журналының 1981 жылғы 6-санында “Қаратаудың басынан көш келедi” деген, белгiлi драматург-жазушы Н.Әбутәлиев “Жұлдыз” журналының 1984 жылғы 3санында Қожаберген жырау атты, осы жолдардың авторларының бiрi “Мәдениет және тұрмыс” журналының 1988 жылғы 6-санында “Елiм-ай” деген, 1988 жылы 27 қыркүйекте жазушы Н.Әбуталиев пен әдебиетшiғалым М.Жармұхамедов “Алматы ақшамы” газетiнде ““Елiм-айдың” аторы кiм?” атты, шежiрешi М.Болатов “Жезқазған туы” газетiнiң 1982 жылғы 22 қантардағы санында ““Елiм-ай” жыр-дастанының авторы Қожаберген жырау хақында” деген, белгiлi әдебиетшi-ғалым Т.Сүлейменов “Еңбек таңы” журналының 1989 жылғы 2-санында “Қазақ есiмi хақында” атты, шежiрешi, қарт мұғалiм Е.Қалданов “Қызыл ту” газетiнiң 1990 жылғы 2324 қазандағы сандарында “Елiм-ай” атты деректi де көлемдi мақалаларын жариялатқан едi. Бұлардан басқа да Қожа-берген жырау туралы бiрнеше автордың 1982-2001 жылдар аралы-ғында газет-журналдарда отызға тарта зерттеу мақалалары жарық көрдi және сол Толыбайсыншыұлы ақынның есiмiн атап оның шығармаларынан үзiндiлер келтiрiлген бiрнеше автордың жиырма шақты мақалалары 1988-2001 жж. Аралығында республикалық газет-журналдарда, облыстық, аудандық газеттерде жарияланды. Олардан басқа Ш.Смағұлов, Қ.Омаров, Қ.Биғожин, Қ.Мұқанов, Ғ.Қадрәлi, С.Жұмабаев сияқты жергiлiктi зерттеушiлердiң ғылыми мақалалары және жергiлiктi жазушы Ожан Қалиевтiң Қожаберген-ге арнаған дастаны жарық көрдi. Сондай-ақ, Қожаберген жырау филология ғылымдарының кандидаты Т.Сүлейменовтiң 1991 жылы “Өнер” баспасынан жарық көрген “Сегiз серi” атты монографиялық еңбегiнен орын алды онда автор Қожаберген жырау - Сегiз серiнiң арғы бабаларының бiрi екендiгiн әрi оның iрi тарихи тұлға, үлкен ақын екендiгiн айтыпты.


Сонымен қатар, жазушы Н.Әбуталиев өзiнiң 1991 жылы “Жалын” баспасынан шыққан “Сегiз серi” атты зерттеу еңбегiнiң бүтiндей бiр бөлiгiн Қожаберген жырауға арнағанын айтуға мiн-деттiмiз. Осы аталған автор Толыбайсыншыұлы (1663-1763 жж.) ақынға арнап, “Ордабасы Қожаберген” атты монографиялық еңбек жазып, ол 1995 ж. “Жетi жарғы” баспасынан жарық көрдi. Сол Н.Әбуталиевтiң 1998 жылы баспа бетiн көрген “Шоқ жұлдыз” де-ген зерттеу еңбегiнен де Қожаберген жырау орын алды. Осы сөз зергерiнiң 1986 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрген “Өттiң дүние” повесiнде Қожаберген жырау тұлғасының сомдала түскенi байқалды. Қожаберген жырау да, оның жолын қуушы мұрагерлерiнiң бiрi - Сегiз серi Баһрамұлы да 1989 жылы жарық көрген Қазақ кеңес энциклопедиясының қысқаша төрт томдығының төртiншi томынан орын алды. Онда да “Елiмай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” жырын 1723 жылғы қазақ халқына келген iрi апат кезiнде шығар-ғандығы айтылған. Сонымен қатар, “Елiмай” жыр-дастанының бiрiншi бөлiмi толығынан және екiншi бөлiмiнiң бас жағы “Дала дидары”, “Ауыл” газеттерiнiң беттерiнде 1991-1992-1993 жж. жарық көруi де ақтаңдақ орнын ретiмен жаба түскендей. Солтүстiк Қазақстан облысының (Қызылжар аймағының) топырағында бұрынғы - соңды дүниеге келген ақын-жыраулардың (Кеңес дәуiрiне дейiнгi) өмiрлерi мен қоғамдық қызметтер туралы деректер мен шағармаларының дер кезiнде жиналмай - зерттелмей қалуына, бiрiншiден, облысымызға 1936 жылға дейiнде, одан кейiн де әдеби-тарихи экспедицияның сапарларға шықпауы себеп болды. 1936 жылы жазда жазушылар: Iлияс Жансүгiров, Бейiмбет Майлин, Ғабит Мүсiрепов - үшеуi бастаған бiр топ әдебиетшiлер мен тарихшылар экспедиция жасаған. Олар облысымыздан Қожа-берген жыраудан бастап, Бiржан Берденұлы ақынға дейнгi ақын-жыраулардың өмiрлерi мен қоғамдық қызметтерi туралы деректер мен олардың шығармаларын жинапты. Алайда аталмыш экспедициялық топтың жинаған мұралары 1937 жылғы зобалаңда құрып кетiптi. Екiншiден, облысымыздан не әдебиет зерттеушiсi, не тарих зерттеушiсi, не ән-күй зерттеушiсi шықпауы да ақын-жырау, шешен бабаларымыздың еңбектерiнiң зерттелмей қалуына тағы себепкер болды. Қожаберген жырау шығармалары, әсiресе, “Елiм-ай” тарихи жырының бiрiншi бөлiмi және екiншi, үшiншi бөлiмдерiнiң үзiндi-лерi, “Баба тiл” дастаны және басқа өлеңдерi туған республика-мыздың әр облысында тұратын жекелеген азаматтардың абдыра-сының түбiнде сақталып, бiздiң кезеңге жеткен. Ел iшiнде “Ата тек”, “Қойлыбай әулие”, “Қызылжар” дастандарының үзiндiлерi, “Үш би”, “Үш Тәуке”, “Үш құрдас”,


“Күлдiрмамай”, “Едiге биге”, “Жетi жарғы” және басқа өлеңдерi ұшырасып қалып жүрдi. Толыбайсыншыұлы ақын “Бағылан баба”, “Фархад баһадұр”, “Ғадыл Танаш”, “Едiге баба”, “Балға-Балта батырлар”, “Ер Аббас”, “Ер Көшебе”, “Ата тек”, “Баба тiл”, “Алтай батыр”, “Елiм-ай” және басқа көптеген дастан, “Қойлыбай әулие”, “Бiлерсiң”, “Күлдiрмамай”, “Жетi жарғы”, “Үш би”, “Қайран, жастық”, “Едi-ге биге”, “Жастық”, “Ақсауыт”, және басқа бiрталай өлеңдер, “Бүркiт қонған”, “Көк Есiл”, “Айша”, “Қызылжар”, “Қайран, Арқа”, “Елiм-ай”, “Қалмақ қырылған”, “Ел айырылған” және бiраз күйлер шығарса да, оның толып жатқан шығармаларының ба-сым көпшiлiгi бiздiң кезеңге келiп жетпедi. Қожабергеннiң әндерi мен күйлерiнiң соңғы орындаушысы Iргебай Қоржынкөлұлы (1891-1966 жж.) осыдан отыз жетi жыл бұрын Ресейге қарасты Қорған облысының Макушин ауданындағы Күмiскөл (Қожаберген жыраудың Күмiс көлi атанған көл ғой) деген селода ауырып қай-тыс болды. Бұл күнде “Елiм-ай” әнiн Алматы қаласының тұрғыны, сәулет өнерi ғылымының кандидаты Төлеубек Сейiтқалиұлы Қарамендетегi Орындап жүр. Сонымен қатар, 1723 жылғы аса iрi апаттың халық ұғымында қалған атауы “Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама” деген сөз тiркестерi де Қожабергеннiң “Елiм-ай” жыр-дастанының бiрiншi бөлiмiнiң аяқ жығында келетiн мына шұмақта әдемi зерленген: Атсыз қап жұрт жүрiсi шабан болды, Халқыма аштық, соғыс жаман болды. Басталып ел сұлауы Алакөлден, Ақтабан шұбырынды заман болды. Алакөлдi кейiн бiреулер жаңылысып Алқакөл деп керi ұғынған сияқты. Өйткенi, Алқакөл деген атақты үлкен көл қазақ даласында арғы-бергiде болған емес. Баба жырау бәйбiшесi Айшаны ертiп, сол 1723 жылдың қараша айында (бас кезiнде) өз елiне келе жатып, орталық Сарыарқадағы Қорғалжын көлi аймағында ағайын-туғандарымен, ұлдарымен, қызымен аман табысады. Өйткенi, Қожабергеннiң елi Керей-Уақ та, оған көшiп келiп паналаған Барабы, Барын, Ескер атты Сiбiр татарының рулары да, Шалабай Башқұрттары да 1723 жылы ала жаздай жоңғар қалмақ басқыншыларымен соғысып, ақыры жеңiлген соң, көше қашып, сол жылы жаздың аяғында Қорғалжын аймағына келiп қоныстаныпты. Оны Толыбайсыншыұлы


батыр-ақын “Елiм-ай” жырының екiншi бөлiмiнiң басында айқын суреттеп кеткен. Қожабергеннiң бәйбiшесiнiң есiмi - Айша, ол Кiшi жүз iшiнде Он екi ата Байұлыға жататын Есентемiр елiнiң басшысы Қабылан бидiң қызы екен. Толыбай сыншыұлы жыраудың Айшадан туған Әди, Әли, Әсет, Есет, Әбет, Науан, Мәди, Нәби, Ақыл, Бағдат, Мамай, Ноғай, Сағади, Тоқтамыс, Бектемiс, Бекет, Балқан есiмдi он жетi ұлы, Зейнеп есiмдi жалғыз қызы болыпты. Ақынның аттары аталған он жетi баласының жетеуi және ер жеткен он бiр немересi ұзақ жылға созылған ұлт-азаттық соғыста жау қолынан мерт болған екен. Қожаберген жырау өмiр сүрген заманда Керей-Уақ бытырамаған, қалың ауылды, адам саны көп ел болыпты. 1723-1759 жылдары аралығында болған қанды айқастарда көп жауынгерлерiнен айырылса да, Орта жүз Керей-Уақ 1795 жылдың наурыз айына дейiн ара жiгi ажырамаған, ауыз бiрлiктi жұрт болыпты. Орталық Сарыарқадағы Қорғалжын аймағында (қазiргi Ақмола облысының Қорғалжын, Вишневский аудандары мен Қарағанды облысына қарасты Теңiз ауданы жерлерi) Орта жүздiң Керей-Уақ елi сол Орта жүзге жататын басқа жұрттармен, Башқұрт, Ноғай, Сiбiр татары халықтарының бiраз руларымен, Кiшi жүздiң кейбiр тайпаларымен бiрге тұрмыстың қиыншылықтарын бiрдей көрiп, өздерiне нандық, атқа жемдiк егiп салып, аң, құс, балық аулап, 1723-1745 жылдар арасында сол өлкеде тiршiлiк еткен. Құрамында Шалабай Естектерi, Сiбiр Татары елдерi сарбаздары, Орта жүздiң Атығай, Қарауыл деген екi жасаң руының жiгiттерi бар КерейУақ жасағы қарт сардар Қожаберген жырау мен оның iнiсi Асқап ордабасының басшылығымен Шортанды мен Түмен арасындағы, Аманқарағай мен Үшбұлақ (қазiргi Омбi облысы мен Новосибирский облысының шектесектiң жерiндегi қоныс, ХIХ ғасырда осы ата мекенiнiң атымен аталған Үшбұлақ дуаны құрылған) аралығындағы орманды, көлдi, өзендi, қыратты қоныстарды жауға үстi-үстiне бас көтерместей, күйрете соққылар бере отырып, басқыншылардан 1745 жылдың жазының бас кезiнде толық тазартады. Сөйтiп, Керей-Уақ жұрты өздерiнiң ата мекендерiне қайта-дан көшiп барын орналасады. Оларға бұрын Ұлытау өңiрiн мекен-деген, 1724 жылы жазда қоныстарынан айырылған АтығайҚа-рауыл руларыда iлесе көшедi. 1723 жылы жазда жоңғар қалмақ басқыншыларымен соғыста қырылып, артында ұрпақ қалмаған Керейдiң бес руының босап қалған жерiне Асқап ордабасының рұқсатымен АтығайҚарауыл және Шалабай Естектерiнiң бiр топ елi көшiп барып қоныстаныпты.


Қожаберген мен оның iнiсi Асқап шора қоныстарын жаудан тазартқан соң, Керей-Уақтың билерi мен бектерiне, батырларына бұрынғыша төрт ауылға ортақ бiр медересе, бiр мешiт ашу туралы бұйрық бередi. Содан сол жарлық бойынша әрбiр төрт ауыл бiр медересе, бiр шағын мешiт ашу үшiн үйлер салуға кiрiседi, молдалар дайындау үшiн жас өспiрiмдер мен жас жiгiттердi арнаулы кiсiлерге ертiп, Бұхар хандығы қалаларына аттандырыпты. “Елiм-ай” жыр-дастанын Толыбайсыншыұлы жырау қолжазба арқылы елден-елге таратуды өз мирасхорларына өсиет етiптi. Баба өсиетiн орындауда жыраудың өз балалары мен немерелерi, шөберелерi және ақынның туған ағасы Қарабас тарханның ұрпақтары ерекше еңбек етiп, Толыбайсыншыұлы ғұламаның осы қолжазбаның 12-13 - беттерiнде аталған хисса-дастандарын, өлеңдерiн елден-елге қолжазбалар арқылы, әншiлер арқылы таратыпты. Қожаберген жыраудың “Елiм-ай” эпопеялық жыры қазақ халқының сыртқы жауларға қарсы бағытталған жарты ғасырлық әрi әдiлеттi, әрi азаттық соғысын суреттеуге арналған маңызы кесек тарихи шығарма. Жырдың бiрiншi бөлiмi де, жыр мен аттас келетiн Толыбайсыншыұлы өнерпаздың “Елiм-ай” әнi мен “Елiм-ай” күйi де 1723 жылғы күзде болған орасан қырғынды ел басына келген ауыртпалықты көпке сол күйiнде жеткiзуге бағышталған. Сонымен қатар “Елiм-айдың” бiрiншi бөлiмiн жартылай өмiбаян-дық дастан десек, ешбiр қателеспеймiз. Өйткенi, осы жырда Қожаберген сазгер өз өмiрiнен бiрталай мағылұмат берген. Толыбайсыншыұлы жыраудың “Елiм-ай” дастаны - бiр нұсқа-лы жыр. Оның кейбiр сөздерi ауыздан-ауызға көше жүрiп, өзгерiс-ке ұшырағанына қарамай, әркiмдердiң қолында жүрген үзiндiлерiн сол дастанның өзге нұсқалары деп терiс түсiнуден аулақ болайық. Егер сол үзiндiлердi бөлек нұсқа деп керiсiнше ұғынып жүрген адамдар әркiмдердiң қолында жүрген үзiндiлердi жинап әкеп, “Елiм-ай” жырының бiрiншi бөлiмiнiң толық нұсқасымен салыстырса, олардың “Елiм-ай” дастанының бiрiншi бөлiмiнiң ел iшiн-де шашырап жүрген үзiндiлерi екенiн анық аңғарар едi. “Елiм-ай” жырын оқуға жұртшылық неге ынтық? Себебi: Қо-жаберген шығарған “Елiм-ай” дастанының тарихи жағынан құндылығы өте зор! Қожаберген бабаның өмiр жолы да, оның тарихи шығармасы “Елiм-ай” да жастарды, жас өспiрiмдердi, жас бал-дырған шәкiртердi-отаншылдыққа, адалдыққа, бауырмалдыққа, турашылдыққа, әдiлдiкке, татулыққа, ұйымшылдыққа, көпшiл-дiкке, жауынгерлiкке, достыққа тәрбиелеуге үндейдi. Сонымен қатар, Толыбайсыншыұлы сардар “Елiм-ай” жырында 1723 жылғы үлкен апат тек өзiнiң туған халқы Қазаққа ғана емес, туысқан да


көршi Ноғай, Қарақалпақ, Қырғыз, Шалабай Башқұрттары, Сiбiр Татары халықтарына да кенеттен келген зор iндет екенiн ашық та дәлелдi түрде баяндап өтедi. Әрине, бұл жағдайды екiнiң бiрi бiле бермеуi де мүмкiн. Ақын “Елiм-ай” хиссасының бiрiншi бөлiмiнде тек қана соғыс-тарды баяндап қоймай, туған халқымыздың жер-суларының бұ-рынғы кездегi атауларын, тұрмыс-салтын, кәсiбiн, елдiң iшкi-сырт-қы саяси жағдайларын, көршiлес мемлекеттер-мен қандай қарым-қатынаста болғанын, түрiк тектес елдердi, Сiбiр татарына жататын руларды, қалмақтың шыққан тегiн, оның түрiк халқына жатпайты-нын, қалмаққа жататын тайпаларды дұрыс, айқын түрде көрсетiп берген. Мұның кейiнгi ұрпақтар үшiн маңызы аса зор екенiне еш-бiр дау жоқ. Қожаберген ақынның “Елiм-ай” дастанын дұрыс та жоғары бағалаған көрнектi бiлгiр адамдардың бiрi - халқымызды әскери қайраткерi, бiлiмпаз да аса дарынды, қадырлы жазушысы, атақты батыры, есiмi әлемге әйгiлi Бауыржан Момышұлы ата: Керей Қожаберген жыраудай бұрынғы-соңды өмiр сүрген қазақ ақында-рының бiрде-бiреуi қазақ жұрты жерiнiң көлемiн, шекарасын айқындап берген емес. Ол кiсiнiң “Елiм-ай” жыры - әскери дастан! Жас бала кезiмде оны әншiлердiң аузынан талай рет естiп едiм. Шiркiн, сол әскери дастан қайда бар екен? - деген болатын бiрде. Ал, қазақ халқының аса көрнектi ғылым қайраткерлерiнiң бiрi, тарих ғылымының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханов ата: “Көшебе керей Қожаберген ақын Толыбайсыншыұлының “Елiм-ай” дастаны - тарихи эпопеялық жыр. Әрi сол “Елiм-ай” ерлiк хиссасының бiрiншi бөлiмi - 1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған iрi апаттың суретiн ел көзiне елестеткен бiрден-бiр тарихи құжат!” - деп тұжырып едi. Осы мазмұндас бағаны академик-жазушы Ғабит Мүсiрепов, академик Әлкей Марғұлан, академик Ақай Нүсiпбеков, тарих ғылымының докторлары: Бек Сүлейменов пен Төлтай Балақаев ағаларың да кезiнде шегелеп айтқан едi. Қожаберген жыраудың бiздiң кезеңге жеткен екi дастанының бiрi - “Елiмай” болса, екiншiсi - “Баба тiл”. Бұл дастанды қазақ ауыз әдебиетiндегi бiзге жазбаша түрде жеткен тұңғыш көне шы-ғармалардың бiрi емес, бiрегейi деу керек. Дастан мазмұнын екiге бөлуге болады. Бiрiншi бөлiмде жырау қазақ шежiресi туралы, қазақ халқының қалыптасуы, құрамы жайында өз пайымдауларын жазса, екiншi бөлiмде баба тiлi - қазақ тiлi туралы, қазақ тiлiнiң тарихы, жазба тiлiне және көне тiл, бай тiл екендiгiне, ғылыми талдау жасайды. “Баба тiлдi қастерлеу - Азамат ерге лайық”, - деп, туған тiлдi қадiрлеуге, құрметтеуге, жетiк бiлуге шақырады. “Елiм-ай” дастанынан және лирикалық өлеңдерiнен Қожабер-геннiң қол бастаған батыр, сардар, ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, топ жарған ақын-


жырау екенiн бiлсек, “Баба тiл” даста-нынан оны басқа қырынан шежiрешi, тiл блiмiнiң маманы, ғалым екенiн аңғарамыз. “Баба тiл” дастанының мазмұны Әбiлғазы баһадұр хан (1603-1663 жж.) мен оның “Түрiк шежiресi” деген атақты да көлемдi еңбегiн сынаудан басталады. Бұл еңбектi кезiнде хандардың хронологиялық тiзбесi ғана”, деп, “Қазақ шежiресi деген еңбегiнде Шоқан Уәлиханов та, “Түрiк, қырғыз, қазақ һәм хандар шежiрешi” деген еңбегiнде Шәкерiм Құдайбердiұлы да сынаған болатын. Ал, олардан бұрын Толыбайсыншыұлы жырау былайша сынайды:

Бiле тұра ол сұлтан, Еске алмапты Үш жүздi. Соның үшiн, жарандар, Айтпақ болдым бұл сөздi. Айналайын, Үш жүзiм, Әбiлғазыға налыма. Шежiресi бар елiмнiң, Қоймаспыз жатқа жалына. Қожаберген жырау “Қазақ” және Үш жүз жеген ұғымдар бiр жұрттың екi атауы болып, бiрдей шыққан сөздер деген пiкiр айтады: Қазақ деген атауға, Iлескен Үш жүз есiмi. Бiр жұрттың екi аты боп, Тағдыры ерте шешiлдi. Шыңғыс ханнан көп бұрын, Қазақ пен Үш жүз бар атау. Сөзiме нан, жәмиғат, Болмасын көңiл еш жадау. Сөйтiп, батыр-жырау “Қазақ” пен “Үш жүз” атауларының Шыңғыс ханға дейiн пайда болғанын үзiлдi-кесiлдi айтады. Сонымен қатар, “Баба тiл” дастаны ауыздан-ауызға көше жүрiп, оның сөздерi өзгерiске ұшырағанын байқадық. Мысалы: оны Керей, Жәнiбек дегеннiң орнына Әз Жәнiбек деген сөздiң қолданылуынан аңғарамыз. Шыңғыс хан жорығының алдында ғана халық боп қалыптаса бастаған қазаққа Хорезм мемлекетiнiң құрамында хандық болуы мүмкiндiгi туса да, Шыңғыс ханның шабуылына тап боп халық болу дәрежесiнен айырылып, Хандық та бола алмай,


тоқырау кезеңi басталып, екi жарым ғасырдан кейiн қайта қалып-тасып, Керей, Жәнiбек хандардың тұсында қайта хандық болып, қазақша жазба қайта қалыптасқан екен. Көлемi 325 шумақ “Баба тiл” дастанының бiзге жартысынан көбi жеттi. Алайда Жейхұндария, Сейхұндария, Едiл-Жайық өзен-дерiнiң бойларын, Кердерi, Атырау теңiздерi жағалаларын, Орал тауы мен оның батыс, шығысын, Батыс және Шығыс Сiбiр аймақ-тарын, Алтай тауын, Тәншан тауын мекендеген түрiк жұрттарында Х-ХI ғасырда, яғни Хорезм шахы Мұхаммедтен әлдеқайда бұрын сонау Алаша ханның тұсында Есiләм дiнiнiң толық орнығып, салтанат құрғанын, араб әрпiнiң негiзiнде Түрiк ғарпы пайда болып қалыптасқанын баяндаған “Баба тiл” дастаны шумақтарының түсiп қалғаны, яғни естен ұмытылғаны кiмдi де болса, қынжыл-тарлық жайт. Керей ханның кезiнен, Екiншi рет таңба iске асқан. Арабтың ғарпын кегiзге ап, Қазақша жазу құрасқан. Таза қазақ тiлiнде, “Жетi жарғы” жазылған. Әз Тәукедей ханымыз, Жоқ едi елдi аздырған. Өткенде дейiн Әз Тәуке, Қолданды ел қазақ таңбасын. Осы күнде сұлтандар, Қолға алды Татар жазбасын. Үш жүз жылдан аса уақыт Қазақша жазды ел жазуын. Сөйте тұра көрдiң бе, Бектердiң бүгiн азуын, - дейдi де “Сұлтандарға ермеңдер, қазақша жазуларыңды тастамаңдар”, - дейдi. Дастанның бiр топ шумақтары баба тiлдi - ана тiлдi қадiрлеуге, құрметтеуге, пайдалануға, тазалығын сақтау туралы насихатқа арналған. Жыраудың бұл насихат сөздерiн өзiнен артық сөзбен жеткiзу қиын, сондықтан үзiндi келтiрейiк: Баба тiлдi сақта деп, Айтып тұрмын жалрыға. Ақындардың жырларын Салып көр деп талқыға.


Кезiң жеттi Үш жүзiм, Ашатын анық көзiңдi. Түрiктiң басқа ұлынан, Кем санама өзiңдi. *** Осы тiлдi жек көрген, Дүниеден қалар құр. Бағаласаң шынымен, Баба тiлiң асыл - дұр. Пайдалан қазақ сөзiңдi, Жазғанда өз қалпында. Туған тiлдi құрметте, Кiр жұқтырмай салтыңа. Бұдан әрi жырау қазақ тiлiнiң қалыптасу тарихына тоқталады. Қазiргi қазақ тiлiнiң байлығы бiр ғасырдың ғана жемiсi емес, мың жылдан артық уақыттың жемiсi дей келе, түрiк тектес халықтар тiлдерiнiң iшiндегi ең сөзге бай, дамыған тiл дейдi. Ақынның бұған дәлелi: тiлiмiздiң оралымдылығын, бiрнеше мағына беретiн сөдерiң көптiгi және көптеген сөздердiң бiр мәнде келетiнi яғни синонимдiк қатардың көптiгi. “Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi бар”, - дегендей, қорыта келгенде, Қожаберген жырау Толыбайсыншыұлының Қазақ тарихынан да, Қазақ әдебиетi тарихынан да өз орнын алатын уақыты жеттi. “Иә, өлмейтiн жан жоқ. Абай баба айтқан “Өлдi деуге болама, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған”, - дегендей, қазақ халқының үш ғасырлық жүрек жарды жыры “Елiм-айдың” авторы Қожаберген жырау өз халқымен мәңгi бiрге жасайды. ШАЙМҰРАТ СМАҒҰЛОВ, экономика ғылыдарының докторы, Солтүстiк Қазақстан университетiнiң профессоры. Россия академиясының корреспондент мүшесi. ҚАРАТАЙ БИҒОЖАҰЛЫ, Ауыз әдебиетiн зерттеушi.


Елiм-ай дастаны I Жыр басы Алла өзi алсын бiздi панасына, Дұшпанның қол жеткiзсiн жағасына. Майданда ерлерiме қуат берiп, Көршi елдiң қалдырмасын табасына. Алаштың алты ұлының бiрi-қазақ, Жұрт едi қайырымды салты ғажап. Тiлеймiн жалбарынып жаратқаннан, Халқымды еткiзбе деп жауға мазақ. *** Ассалаумағалайкем, халқымызға, Кейiстiк көрiп тұрған жалпыңызға. Қатал жау әрбiр тұстан шабуылдан, Келтiрдi үлкен нұқсан қалпымызға. Ассалаумағалайкем, сардарларым, Жұрт үшiн ерлiк еткен дегдарларым. Кеңесiп дұшпандардан ел қорғаңдар, Кетпесiн жау қолында мал-жандарың. Ассалаумағалайкем, сарбаздарым, Болашақ көпке тұтқа маңғаздарым. Қожаберген атаңнан уағаз тыңдап, Осыдан жағдайды ұқ сырбаздарым. Ассалаумағалайкем, қариялар, Ақылға қиын iсте дариялар. Жау жайын мәлiмдейтiн келдi ретiң, Қауымға үгiт айтып жариялар. Ассалаумағалайкем, шораларым, Билеген әр аймақты даналарым. Баршаның ризығы малды сақта, Қаңырап бос қалмасын қораларың. Өзегiң қайғы өртеген, дертiң қалың, Есен бе, мырзаларым, iшiң жалын.


Жастардың басын қосып, ель қорға, Өзiмде қалсын десең дүние-малым. Ассалаумағалайкем, би мен бегiм, Күн көрген жұрт үстiнен ылғи тегiн. Төренi қолдап, қараны қағажу қып, Көбейткен жақсылардың iшкi шерiн. *** Уа, халқым, ойланарда iс қылайын, Үңiлiп өткен кезге көз салайын. Ақылмен қиын iстi шешер кезде, Бұрынғы көсемдерге тоқталайын. Алла, аруақ, әулиелер желеп-жебеп, Қазақты ел боларда қолдап-демеп. Қайтадан үш жүз жұрты өсiп-өнген, Ақ орда қоластында бақыты өрлеп. Азырақ хандар жайлы айтсам дерек, Бұл сөзiм халайыққа әбден керек. Жұртыма ұлғайсамда қызмет етем, Демеңдер қауым менi кәрi терек. Ақ орда дәуiрiнде билiк құрып, Қазақтың орiс төре болған ханы. Ту ұстап, ғаскер бастап, жауды жеңiп, Үш жүздiң болған екен ел қорғаны. Сөз сөйлесем көнеден, Өткен талай елермен. Шора болмай кей мырза, Жұртын ерткен өнермен. Тоқтақия, Құйыршық, Орiс ханның ұлдары. Болмаса да олар хан, Көп бопты малы, пұлдары. Жауынгер бопты олар да, Жұртына тиiп пайдасы. Үш жүздi қорғап өтiптi, Жаудан асып айласы.


Ақ орданың хандары, Үәйiс пен Ер Барақ. Қалмаққа соққы берiптi, Ғаскерiн тез жинап ап. Барақ та Ақ орданы билеп өткен, Хан болып талай елге даңқы жеткен. Барақтан Жәнiбек пен Керей туып, Қазақты өз алдына хандық еткен. Әке мен ағасының жолын қуып, Хан болып Ер Мұрындық туын тiккен Жау қалмақ сол кезде де көп соғысып, Жеңiлiп Үш жүзiмнен тiзе бүккен. Жәнiбектiң ұлдары: Қасым, Жәдiк, Нығайтып қазағымды мықты ел еткен. Қалмақпен соғысқанда ылғи жеңiп, Жайнатып жасыл туын желбiреткен. Солардың хандық құрған кезеңiнде, Үш жүздiң көп шаруаға қолы жеткен. Ер Қасым дүниеден өткеннен соң, Мамаш хан боп, ел iсi керi кеткен. Онан соң Таһир, Бұйдаш билiк құрып, Үш жүздi басқара алмай, көп жүдеткен. Соғыс, аштық жоқ кезде, Көршi елдермен ұстасқан. Татулықты сақтау орнына, Мұсылманмен қастасқан. Ардақты жұртым-қазағым, Аузына харам салмаған. Мамаш, Таһир, Бұйдашты, Хандар деп еске алмаған. Сол себептi олар да, Жұрт есiнде қалмаған. Соғыс жоқ тыныш жылдарда, Үшеуi елдi жұтатқан.


Жүрегiнде халқымның, Кекшiлдiк отын тұтатқан. Олардан кейiн Хақназар, Хан тағына отырған. Медересе мен ашып мешiттi, Көп шәкiрттер оқыған. Хақназардың тұсында, Қазақтың халi жақсарған. Тұтас күйде Үш жүздi Көп жыл бойы басқарған. Жұрт тұрмысы жөнделген Хандығымыз гүлденген. Дәулеттi боп көп адам, Азаматқа өң кiрген. Жыл сайын егiп егiндi, Нандық астық мол алған. Арпа, сұлы көп шығып, Аттардың жемi молайған. Мал өсiрiп, шебер боп, Шаруасы елдiң оңдалған. Естерiн жиып аз жылда, Халайық жақсы қоңданған. Жауларды қуған жолатпай, Тiккен туын құлатпай. Көсем болған Хақназар, Жамандық iстi ұнатпай. Хақназар өтiп дүниеден, Қайғысы Үш жүз молайды. Қартайса да хан қойды ел, Жәдiктiң ұлы Шығайды. Туысының iсiн Шығай алға апарып, Майданда Қалмақтарды талқандаған. Жер-суды қорғау үшiн ғаскер жиып, Қарумен, саяқ атпен жабдықтаған.


Ата аруағын шақырып, ұран салып, Шығай хан қартайса да ел қорғаған. Бұзба деп бiрлiгiңдi ешқашанда, Үш жүздiң бектерiне хат жолдаған. Шығай хан алдағы iстi көре бiлген, Жармақтың жорлығына көңiл бөлген. Сiбiрдi кәпiрлерден қорғау үшiн, Татар ханы Көшiмге көмек берген. Ортақ жау мұсылманның елдерiне, Қызыққан орман, көлдi жерлерiне. Ит Жармақ мақсұтына жете алмаған, Жолығып татар жұрты ерлерiне. Шығайдың үш ұлы да жақсы болып, Онданы жас кезiнен қол бастаған. Қатер төнген шақтарда амал тауып, Ерлiкте ол сұлтаннан жан аспаған. Сақтаған бабалардың тәуiр салтын, Бұзбаған Үш жүзiмнiң елдiк қалпын. Дұшпанға төтеп берiп беделдi боп, Асырған Қазағымның ерлiк даңқын. Отырған бiрiнен соң бiрi хан тағына, Тәуекел, Есiм, Жәңгiр, Шығай , Тәуке. Солардай көсем болса, өкiнбес ек, Үш жүздi басқаратын жұрт қып жеке. Әз Тәукемен замандас, аты шыққан, Бiрi - сұлтан, бiрi - ер, қос Тәуке өттi. Тiрiсiнде қалмақтан жұртын қорғап, Елiмнiң тұтастығын сақтап кеттi. Бұл күнде тап солардай бiр төре жоқ, Осыны ескерiңдер, шонжарларым. Шыдаңдар қиындыққа жүнжiмеңдер, Сынбасын тiршiлкте ажарларың. Уағазға құлағың сал бек пен биiм, Демеңдер мынау төре, мынау қара. Қамал бұзар ортадан бiреу шықса,


Сол ердiң сөзiн тыңдап, мыңға бала. *** Мұратқа пенде жетпес iзденгенмен, Мақсұты орындалмас көздегенмен. Дүниеден сап-сабымен өттi ерлер, Найзасын оңды-солды кезенгенмен. Мың рет орансаң да беренменен, Кiрерсiң жер қойнына денеңменен. Қолыма қобыз алып, әнмен шырқап, Айтайын бүгiнгi iстi өлеңменен. Тараған алуан түрлi бiзден өлең, Зарлы ән мен зарлы күйдi тыңда менен. Апатты мына келген жыр етейiн, Сергiсiн құйма болат кәрi денем. Өткендi бүгiнгiмен ұштастырып, Жайларды бастан кешкен тұтастырып. Оқиғасын соңғы он жылдың қоса айтып, Жырлайын осы кезбен ұластырып. Азырақ бұрынғыны еске алып, Сөйлейiн әр жылдарға назар салып. Мән-жайды өлеңiмнен ұғын жастар, Жүрмеңдер сезбедiк деп қапы қалып. Көршi елге батырлықпен даңқым жеткен, Сiбiрдiң батыс жағын мекен еткем. Керейде Толыбай сыншы кiшi ұлы едiм, Жырларым қазақ жұртын елжiреткен. Орта жүз Арғындағы асыл тектен, Анамның шыққан заты Сүйiндiктен. Жиырма ұлдың Көкжал туған ең кiшiсi ем, Тұңғыш қыз Айдаболдың Ақбiлектен. Бұла боп басты ордада өскен едiм, Жасымнан халық қамын жескен едiм. Самарқанд медресесiн тамам еттiм, Болар деп қиын жағдай ескермедiм.


Алдағы болар iстi кiм бiледi, Бас құрау мәселесiн шешкен едiм. Сұлу ап Кiшi жүзден Айша сынды, Тiршiлiк жағдайына көшкен едiм. Майданда алдаспанға ерiк берiп, Дұшпанның көбiн-азын тексермедiм. Сауыт киiп, ту ұстап, тұлпар мiнiп, Жорыққа сан аттандым, сескенбедiм. Жүйрiкпен желдей жүйткiп ескен едiм, Сынаққа қамал бұзып түскен едiм. Көп шығып қан майданда жекпе-жекке, Найзалап жау өкпесiн тескен едiм. Жасында қалмақтарға тұтқын болып, Құтылған сыншылықпен Қарабас ер. Үәзiрi Әз Тәукенiң болған шақта, Жұтқызған көп жыл бойы жоңғарға шер. Сол ағам баулып менi жастайымнан, Садақты иiп жасап жас қайыңнан. Алтын жеңгем екеуi ерке өсiрiп, Еш пенде шертпеп едi маңдайымнан. Ел қорғап, қол бастауда көшелi едiм, Қазақтың қатардағы шешенi едiм. Терiскей Сарыарқаны қыстайтұғын, Егiз ел Керей-Уақ көсемi едiм. Тұтас ел жiгi ажырамай, орнаған бақ, Iшiнде Орта жүздiң Керей-Уақ. Құт қонып, қыдыр дарып ерте кезден, Мекендеп Сiбiрде олар тұрған ұзақ. Астасқан Арқа-Сiбiр жерiн жайлап, Жаз болса, бие менен iңген байлап. Теңге атып, бозбалалар көкпар тартып, Ән шырқар ақындары топта сайрап. Ат үстi аударыспақ ойын ойнап, Әр жерде келiн түскен тойды тойлап. Сүннет той, қыз ұзату қуанышында,


Күй тартар қыз бен жiгiт гүл-гүл жайнап. Жiгiттер көңiлденiп, жалаң қаққан, Құрады той-думанда алтыбақан. Тербелiп әткеншекте қыз-бозбала, Сырласып бiр-бiрiне мұңын шаққан. Есiл, Ертiс, Тобылдың тоғайларын, Ежелден елi-жұртым қыстап келген. Аң аулап, қан сонарда бүркiт салып, Жыл сайын кәсiп қылған нелер мерген. Ертiске екi беттеп халқым қонған, Төскейге қой мен жылқы, түйе толған. Бiразы балташы мен ұста болса, Бiрталай азаматтар дихан болған. Тоғайын Омбы өзенi жұртым қыстап, Баптаған алғыр тазы, қыран ұстап. Ертеден Керей қоныс еткен Сiбiр, Қорғаған жаудан ерлер қару ұстап. Сiбiрдiң батыс жағын мекендеген, Ен жайлап Керей-Уақ еркiндеген. Ту ұстап, “Ошыбайлап!” ұран салсам, Жiгiттер бiрi қалмай соңыма ерген. Баяндау шындық iстi болар дұрыс, Қызылжар уәлаяты - бiздiң ұлыс. Көргенiм жас шағымнан қанды майдан, Өттi ғой басымыздан талай ұрыс. Жасымнан ғаскер ерттiм, сардар болып, Сырт жаудан ел қорғадым, жасап жорық. Салдық пен қолбасылық арқасында, Қазақтың жер жағдайын бiлдiм толық. Өткердi қиындықты туған халқым, Сақтады дiнiн, тiлiн, ата салтын. Қорқамын қалмақтың дәу мылтығынан, Үш жүздiң бұзама деп елдiк қалпын. Жақындап дұшпан қазақ даласына,


Қайғы кеп Үш жүзiмнiң данасына. Қалмақтан екi жақтап қатер төндi, Ноғай мен Қарақалпақ баласына. Дұшпанмен дайын бол деп шайқасуға, Насихат мұсылманға айтасың да. Сiбiрдiң шығысынан ызғар келдi, Татардың тоғыз бiрдей тайпасына . Бiлдiрiп елi-жұртын сағынғанын, Көрген соң замананың тарылғанын. Әкесiн барып көрiп қайту үшiн, Ұғындым бәйбiшемнiң қам қылғанын. Боларын ауыр күннiң сезiп жүрек, Туысты көрмеймiзбе, көрем бе деп. Тiрiлiкте елiн көрiп қайту үшiн, Өтiнiп жарқосағым қойды тiлек. Тiлегiн Айшажанның қабыл алдым, Жүрмек боп алыс жаққа дайындалдым. Аттар мен азық, киiм, қару қамдап, Бұл жайды ұлдарыма хабарладым. Қалған соң ата-анасыз қос жетiмек, Асырап екi ұлға да еттiм көмек. Белгiсi мұсылманшылық сол болады, Тiрлiкте бiр-бiрiне жәрдем бермек. Есiмi қос жетiмнiң Айбек, Ермек, Үйреттiм екеуiне нұсқа, өрнек. Сайысқа үлкен ұлдар баулыған соң, Ыңғайлы болды олар да қылыш сермеп. Баламдай қолымда өскен сол екеуi, Бiзге ерiп, Кiшi жүздi болды көрмек. Өсiргем оларды да жауынгер қып, Жаттыққан дұшпандарға найза кезеп. Болғанмен өздерi жас, iсi кесек, Екi ұлым бармақ болды Науан, Әсет. Ер жастап жорықтарда бастарына, Түнеген түзде астына тоқым төсеп.


Барыстың қысы әйтеуiр шусыз өттi, Ұзамай көктемдағы жылжып жеттi. Басталып Наурыз айты жұрт қуанды, Төрт балам жол жабдығын дайын еттi. Туыс ел Арқадағы Арғын-Қыпшақ, Керейге хабар салды көмек сұрап. Едiлден Кiшi жүздер жәрдем күттi, Соларға қол жөнелттiм сарбаз құрап. Бiр iнiм Дәстем салдай қолды бастап, Майданға Арқадағы араласпақ. Аттанды ту көтерiп, қобыз тартып, Жер шолып, жан-жағына көзiн тастап. Едiлге бармақ болып қойып беттi, Жасақты ұлым Әди бастап кеттi. Жайнатып жасыл туды ол да ұстап, Сыбызғы ап жорық күйiн тартып кеттi. Өткен күз жау жорығы саябырлап, Осы қыс тыныс алды жұрт байырлап. Iнiмдi Асқап дейтiн шора сайлап, Мен болдым Сыр бойына сапар қылмақ. Дәл биыл елу бiрге келген жасы, Iнiмнiң домалаған өрге тасы. Өткiзген сан майданды өз басынан, Керейде Асқап едi ғаскербасы. Бойларын ерлiк, өнер кеткен кернеп, Ойы бар, жау жолықса, соққы бермек. Ту ұстап, тұлпар мiнiп, сауыт киген, Төрт ұлым: Науан, Әсет, Айбек, Ермек. Айтқан сөз асылыққа жазбасын деп, Ел-жұртым жауға жем боп азбасын деп. Шабуыл басталарын халқыма айттым, Қапыда дұшпан орын қазбасын деп. Басталмай елге жорық шықтым сыртқа, Қоштасып аға-iнiм мен қалың жұртқа. Көсем боп Керей-Уаққа Асқап қалды,


Болам ба алпыс бiрде көпке тұтқа. Батыс Сiбiрдiң елi боп тұрған ұзақ, Қош бол деп туған жұртым Керей-Уақ. Көргенше ендi айналып есен болғай, Дедiм мен қыдыр түнеп, орнасын бақ. Боларын шабуылдың болжап кеттiм, Жағдайын ел-жұртымның ойлап кеттiм. Жан-жаққа қарауылдар сарбаз қойып, Асқапты қолға сардар сайлап кеттiм.

Ағамның Қарабастай баласы - Асқап, Өзiме серiк болған ғаскер бастап. Майданда қуат болған жан бауырым, Жұртыма жолатпаған жауды жасқап. Барам деп Кiшi жүзге болып iңкәр, Бiз мiндiк астымызға қос-қос тұлпар. Төртеуi төрт жүз жауға төтен берер, Ұлдарым қасыма ерген алып сұңқар. Еш пенде болжай алмас сапар алдын, Екi ұл мен екi атқосшы ертiп алдым. Шаттанып сыбызғыны алып қолға, “Құдая, бағымды аш!?” - деп, кете бардым. Мақтану еш пендеге жарамайды, Тәңiрiм мақтанғанды қаламайды. Алда болар зор қауiп ойды бөлiп, Бойыма iшкен асым тарамайды. Өлмей пенде қалмаған айтсам ашық, Ажалдан құтылмаған ешкiм қашып. Пенденiң өлшеулi уақыты бiтерi анық, Жүргенмен сұм жалғанда маң-маң басып. Басында сәуiр айы шықтық жолға, Дедiк бiз Алла, аруақ өзiң қолда. Ай жүрiп, қайын жұртқа келiп жеттiк, Көрместен ешбiр бейнет ұзақ жолда.


Қайын жұрт Байұлыда Есентемiр, Көсемi-Қабыланбек би адал көңiл. Бәйбiшем сол Қабыланның жалғыз қызы, Қайнағам Айбасқали, Ерсен, Өмiр. Қарсы алды қуанысып жас пен кәрi, Жиналып қайын жұрттың келдi бәрi. Сұрасып амандықты шат көңiлмен, Басталып кеттi мәжiлiс одан әрi. Айшажан елi-жұртын келiп көрдi, Көрiсiп Қабылекеңе сәлем бердi. “Алыстан әдейi арнап келдiңдер”, - деп, Үлкендер разы боп көңiлдендi. Той-думан жүрген жерiм жиын болды, Ат-түйе ел тартуы сыйым болды. Жұртыма зор шаттықпен қайтар кезде, Басталып қырғын соғыс қиын болды. Көбейiп әр аймақта жойқын ұрыс, Жарқылдап басты кесiп алмас қылыш. Ауыр күн ел басына орнаған соң, Тоқталды қатынас пен ұзақ жүрiс. Құлдырар болғаннан жағдайымыз, Шөлiркеп қататын боп таңдайымыз. Қолданар күштi қару болмаған соң, Қайтатын боп тұр жаудан маңдайымыз. Мәңгiлiк баянды емес тақтың өзi, Әркiмге қона бермес бақтың өзi. Есiркеп мұндай ауыр кезеңдерде, Бiздерге пана болсын Ақтың өзi. Келем деп мейман болып Қуаң Сырға, Қайта алмай көп қиналдық бiз де қырға. Жұртымның күйзелiсiн көзбен көрiп, Қобыз ап қосып тұрмын мұңлы жырға. Татар, Естек , Ноғай атым жеткен, Қайтпайтын жауынгер ем алған беттен. Келем деп қайын жұртқа жыр шығардым, Елiмнiң күйiн көрiп жапа шеккен.


Жұртымнан неге аяйын өнерiмдi, Жоғалтпан тiрi жүрiп беделiмдi. Халқымның ауыр халiн баян етiп, Бастайын “Елiм-ай!” - деп өлеңiмдi. Айтылар көптiң мұңы болса жиын, Ондайда ер сөзiнде болар түйiн. Шығарған осы жырмен қоса қабат, Аталсын “Елiм-ай!” - деп ән мен күйiм.

ІІ Өткен кезең (Ақтабан шұбырындының алдындағы оқиғалар) Атыма көптен қанық Қазақ, Ноғай, Есiмiм - Қожаберген, әкем - Толыбай. Бөгенбайдан бұрынғы ордабасы ем, Үш жүзде сардар болған қалың қолға-ай. Қалмақтың қамалдарын бұзған талай, Әз Тәуке тұсындағы қолбасы едiм. Кейiнгi ақындарға нұсқа айтқан, Қазақтың аға жырау жорғасы едiм. Серiлiкпен жаста шарладым, Қазан мен Кемер арасын. Ата жаудан қорғадық, Мұсылманның баласын. Жасымда жасап сан жорық, Байкөлден аса мен бардым. Сол жақтан қалмақ келгенiн, Жаста болсам аңғардым. Ордабасы боп жүрiп, Көп ел мен жердi таныдым. Тастарына таулардың, Найзамның ұшын жаныдым. Шығыстың елiн еске алып,


Уайымды бойдан серпейiн. Iшке бәрiн сақтамай, Азырақ сыр шертейiн. Жау қалмақтан қайтарып, Әкеп берiп малдарын. Тiлмаш тауып сөйлеттiм, Шор, Тұба, Саха шалдарын. Жатқызады олар өздерiн, Татардың ескi жұртына. Алаш тауын бiз көрдiк, Алтайдың шығыс сыртында. Бабалардың дәуiрi, Бөленген талай кезеңге. Өтедi екен сол тұстан Алаш деген өзен де. Жағасына қосын қондырып, Өзеннен атты суардық. Бабамыз Алаш жерi деп, Аралап тауын қуандық. Кездестiрдiк сол жерде, Татардың руы - Сағайды. Өздерiне байғұстар, Бiздi де туыс санайды. Ауылдарын аралап, Жөн сұрасаң Сағайдан. Қалмақтармен соғысып, Қанына әбден қарайған. Көп соғысып жоңғармен, Азайса да сандары. Бiздердi көрiп қуанып, Атқандай болды таңдары. Дiнiн, тiлiн, салтын да, Жоймақ болып қалмақтар. Татардың Сағай елiне, Қиын бопты жан сақтар.


Қорлығынан қалмақтың, Тап болса да тұрмыс ауыры. Мұсылмандығын сақтаған, Сағайдың аз қауымы. Пана тұтып бiздердi, Көштi Сағай Том жаққа. Бiз сияқты олар да, Сиынды Алла, аруаққа. Бөлiнiп қалған Сағайлар, Ұзақ жыл Татар тобынан. Табысып туған халқымен, Айы туған оңынған. Ұста қыстақ өңiрiне, Сағайлар келiп орнықты. Ұмыта алмас тiрiлiкте, Қалмақтан көрген қорлықты. Ұста қыстақ, Кемердiң, Арасын Меркiт мекендеп. Жақын тартты Сағайды, Туысқан тайпа екен деп. Көк көз, сары Меркiт те Татардың бiр бұтағы. Қалмақ шапқан кезiнде, Шаруасы оңбай жұтады. Оңғұт пенен Боржiген, Татардың едi руы. Көрiндi анық олардың Сағайға iш бұруы. Меркiт, Сағай, Оңғұттар, Табысып қайта бiрлестi. Ел, жерiн қорғап халхидан , Табан тiреп күрестi. Ағайын еттi Сағайлар, Барабы, Барын, Ескердi.


Қазақ пен Татар бiрiгiп, Ойратты жеңiп еңсердi. Рулы ел боп Сағайлар, Отыз бес жылда ес жиды. Келiп-кетiп саудамен, Қазақтан көрдi көп сыйды. Тыңайған аз ел Сағайға, Жаулар қалды жақындап. Соқтықпай алыс жүрсе де, Қоймады ақыр тақымдап. Мiне, сол момын Сағайды, Тағы да қалмақ жем қылды. Тартып алып қонысын Күнкөрiстен кем қылды. Шабуыл жасап Торғауыт, Боржiгендердi талады. Қанға бояп жерлерiн, Мал-мүлкiн тартып алады. Атқылады жау мылтықпен, Татардың жұрты - оңғұтты. Шабуылдары қалмақтың, Мұсылмандарды қорқытты. Шапты тағы Жоңғарлар, Татардың елi - Меркiттi. Жер-суынан айырып, Байғұстарды үркiттi. Қалмақ жаулап алыпты, Қытайдың жұрты Солонды. Ел шапқанға қуанды, Болғандай бiр жолы оңды. Оңғұт, Сағай, Боржiген, Меркiт - бәрi, Сiбiрдегi татардың рулары. Шығыстан кәпiр қалмақ бас салғанда, Оларда да болмады оқ пен дәрi.


Осы аталған елдердi жаудан қорғап, Тер төккен қазағымның батырлары. *** Сұмырай халдан Бошох дүниеден өтiп, Ұлдары орнын басар қалды жетiп. Күшiгi Сыбан Рабтан таққа отырды, Қалмаққа хонтайжы боп билiк етiп. Туысы халдан Бошохтың малғұн Сеңге, Санады көршi елдердi ылғи кемге. Аңсары күннен-күнге ауа бердi, Басып ап басқа жердi мекендеуге. Халдан Бошохтың iнiсi - Сыбан Рабтан, Көршi елдi жауламақ боп көз алартқан. Бұйратты , Халхиды да қосып алып, Татардың Барабысын келiп шапқан. Татардың бiр тайпа елi, аты - Барын, Олардың қалмақ алды ат пен нарын. Жер-суын Жоңғар басып қалғаннан соң, Болды ғой байғұстарға дүние тарын. Барынның жерiн қалмақ бұрын алған, Терiстiк шығыс Алтайға ойран салған. Айырылып Алтайдағы қонысынан, Барындар Түмен жаққа ауып барған. Сыбан Рабтан бастаған кәпiр қалмақ, Ескер мен Құралашты қатты шапқан. Барын мен Барабыны тағы тонап, Жылатып мұсылманды олжа тапқан. Сұңқар мен Қарабашты Ойрат шапты, Татардың бiрталайы қаза тапты. Қалғаны бас сауғалап, жылап-еңiреп, Жалма-жан қазақ жаққа көше қашты. Баранның Алтайда тек есiмi қалды, Түменде Керейлерге паналады. Қалмақтар Қарқабатқа жеткен кезде,


Татарлар Орта жүздi сағалады. Көңiлi халхи, жоңғар судай тасты, Сiбiрдiң татарларын бiрден басты. Қазақтан көмек сұрап Құралаш, Ескер, Шошынын дәу мылтықтан қатты састы. Дұшпандар биылғы жыл өте сұсты, Татарға апат келiп, қайғы түстi. Керейге паналауға көшкен Ескер, Тап болып жау оғына зәресi ұшты. Татарлар Керейлерге паналаған, Ел көрiп Орта жүздi жағалаған. Қазақтар қамқорына алғаннан соң, Жартысы Барабы, Ескер аман қалған. Шабылып жау қалмаққа болып қолды, Сiбiрдiң татарлары быт-шыт болды. Мұсылман баласына босқа өшiгiп, Сыбан Рабтан ит шықты қанды жолды. Қарабаш, Құралаш пен Барабы, Ескер, Сiбiрдi мекендеген татар жұрты. Атысар күштi мылтық болмаған соң, Соққы жеп кеттi олардың жаман сұрқы. Бiр жағынан төндiрiп Естек қауiп, “Жылқымды алдыңдар” - деп, жала жауып. Көршi елдiң айтағына ерген Башқұрт, Татардың Сұңқар елiн кеттi шауып. Сiбiр Татары Ресейге қараса да, Ол елдiң iсiн Орыс жөн көрмедi. Жоңғарлар татарларды шапқан кезде, Ресей қалмақтарға қой демедi. Жердiң елсiз қалғанын хош көрдi Орыс, Оларға қажет болды иесiз қоныс. Қоластындағы татарға көмектеспей, Ресей қыр көрсеттi тiптi жолсыз. Жау қалмақ оған дейiн көп жердi алған,


Хас пен Саха жұртына ойран салған. Қырғыздың Енесайда қалғандарын, Жоңғардың жыртқыш қолы жаулап алған. Ойраттар Алтай жағын басып алды, Аямай тұрғын жұртты ойрандады. Қырғыздың Шор, Тұбадай әлсiз елiн, Доп атып дәу мылтықтан жотап салды. Береке Шор, Тұбадан қашып қалды, Мылтықтан қорқып Қырғыз жасып қалды. Табиғы болған елден ғаскер жинап, Соғысты созуға жау даярланды. Шор, Тұбаны кей шежiрешi Татар дейдi, Бiрге өскен Хас, Сахамен қатар дейдi. Шыңғыс хан көшкен кезде ермей қалған, Қырғызға содан бастап жатады дейдi. Сыбан Рабтанның баласы Халдан Серен, Жазықсыз Түрiк жұртын қыра берген. Доп атып дәу мылтықтан үстi-үстiне, Жылатып мұсылманды қуа берген. Аузынан көршiлердiң асын жырып, Себепсiз көп елдердiң қанын төгiп. Байыған тонауменен қалмақ сұмырай, Қасқырдай тояттанды майға бөгiп. Жоңғарға Дүнген, Сiбе дихан болып, Шор , Тұба*, Саха мен Хас* малшы болып. Шаруасын тәуелдi елдер атқарған соң, Жауыздар дәулеттендi, бақыт қонып. Алтын, күмiс, мал берiп аямай-ақ, Орыстар мен Қытайдан бiлгiр жалдап. Сыбан Рабтан ден қойып өнерпазға, Ғаскерiн үйреттiрдi он жыл қамдап. Қамданса да соғыстан тыйылмады, Құдайға кәпiр қалмақ сыйынбады. Жартысын жасағының аттандырып, Көршiсiн жерден қуып сыйғызбады.


Дариға-ай, қалмаққа өнер қайдан келсiн, Тетiгiн дәу мылтықтың қайдан бiлсiн? Он жылғы мол жабдықпен келiп шапты, Дегендей қайратымды қазақ көрсiн! Өнердi надан қалмақ меңгерген жоқ, Дәу мылтық жасауды олар үйренген жоқ. Көршi екi ел мылтық берiп айдап салды, Әйтпесе қалмақ бiзге тең келген жоқ. Қалмақтың шыққан тегi-манжор екен, Байкөлдiң ар жағынан келген екен. Хоролұқ деген арғы Хантайжысы, Көп елдi жаулап алам деген екен. Сол иттiң бастап кеткен лаңы да, Көп құйған күшiгiнiң құлағына. Басқа елдердi жаулауға құмарытып, Қалмаққа қан төккiштiк ұнады да. Маңғұл татар болғанда , қалмақ басқа, Сұм қалмақ әкелдi ажал кәрi-жасқа. Көп халық Торғауытты қарғаса да, Тұмсығы тимей тұр ғой оның тасқа. Татарды қуған ойрат бiзге жеттi, Жыл сайын шабуылды жиiлеттi. Қалмақтар қорғасын оқ жаудырғанда, Мылтықсыз мұсылманның есi кеттi. Қарқабат, Тармақкөлдi кәпiр алып, Бекiнген Үшбұлаққа салық салып. Жантекей , Тоқымбет жалы тағы қалды, Сол шақта ел жылады қайғыланын. Жоңғарлар дәу мылтықты қолданған соң, Керейдiң бiраз жерi қолдан кеттi. Шайқасты кәпiрлермен сарбаздарым, Бел буып тәуекелге қойып беттi. Қарашада топ ат тұяғынан мұз ойылып, Көп қалмақ Омбы өзенде суға кеттi.


Сан өттi қолдан-қолға Омбы өзенi, Соғыстың ауыр тидi бұл кезеңi. Қалған соң ата мекен жау қолында, Өртендi соны ойлап жұрт өзегi. Жау қалмақ оқ атсада оң мен солдан, Майданда айнығам жоқ ерлiк жолдан. Ежелден Керей мекен еткен Сiбiр, Қалайша шығарамын оны қолдан. Қыс түсiп, Омбы өзенде соғыс тоқттап, Қалмақтар дайындалды мылтық оқтап. Бiз-дағы хал-хадари мылтық соқтық, Жоңғарда кеткен көптiң кегiн жоқтап. Көктемде майдан ашты Халхи, Жоңғар, Сiбiрдiң Түрiгiне шашып ызғар. Қойдықта тосқауылға мергендердi, Батырлар жауға шапты қамал бұзар. Соғысты Омбы өзенде көзбен көрдiм, Дұшпанға қолма-қолда соққы бердiм. Майданда мылтық аз боп атысарға, Жiгерiн құметтi ғой талай ердiң. Қол оқпен қалмақтарды сан сұлатқан, Ерлiгiн көрдiк бүгiн мүридтердiң . Төнген соң найза ұрыста үлкен қауiп, Ордостар оқ боратты амал тауып. Шар түсiп, маңымызға жарылған соң, Ештеңе өндiрмедiк жауға шауып. Шырақтар оқ жаудырды өршеленiп, Тастауға Омбы өзеннен бiздi бөлiп. Ерiксiз шегiнуге мәжбүр болдық, Адамға, ат пен нарға қатер төнiп. Сан рет дәу мылтықтан атылды доп, Оған қайрат қыларлық бiзде түк жоқ. Өлгенi адамзаттың есеп емес, Дұшпанның көздегенi дүние боқ. Жер алу жоңғарлардың есi-дертi,


Мықты екен Ресеймен еткен сертi. Көбейдi қалмақтардың үстi-үстiне, Әр жерде қайта-қайта салған өртi. Тастауға Омбы өзенiн ақыр көндiм, Ептеуге жан шығынын көңiл бөлдiм. Ойратпен бiр жарым ай ұрыс салдық, Маңында Ашамайлы дейтiн көлдiң. Ордос, Шарақ қалмақтың елдерi екен, О сора өзен бойы жерлерi екен. Үш ғасыр уақыт бойы жылжи-жылжи, Кеңейткен қоныстарын кездерi екен. Керейден Омбы өзенiн тартып алды, Ертiске орнап Халхи жатып алды. Көк шалғын қазақ жерiн қанға бояп, Жауыздар сахарамда лаң салды. Керейдi күнбатысқа сырып салып, Торғауыт Ертiс бойын басып алып. Терiскей шығыс жақтан енген кәпiр, Соқтықты елiмiзге мазаны алып. Ертiстiң батысына өтiп алды, Доп атып жиi-жиi бүлiк салды. Шегiндiк мылтық бiзде аз болған соң, Сибан көл, Тарышы көлi жауда қалды. Ежелден ата-бабам қоныстанған, Орманда, iшкi ашыққа қыстау салған. Ертiске Омбы өзенi құяр жерiн, Айнала тоғаймен қалмақ алған. Аққас* көл, Қарақас* көл және қалды, Жастабан* жалын қоса ойрат алды. Аянбай табан тiреп соғыссақта, Жылжымай сол араға шебiн салды. Оқ атып дамыл бермей қалмақ елге, Сын болды қол бастаған бiздей ерге. Шегiне ұрыс салып ақырында, Тiрелдiк Танаш көл мен Аббас көлге.


Бекiнiп екi көлдiң арасына, Шатырды тiгiп судың жағасына. Отырдық Көшебе орман қойнауында, Жауынгер дәрi жағып жарасына. Бөгеуге күштi салып жанталастым, Жасымнан Торғауытпен найзаластым. Майданда дәу мылтықтан алыс тұрдық, Ғұмырын сақтамақ боп өңшең жастың. Болсада ерлiгi мен көпке мерей, Мылтықсыз әлсiредi бiздiң керей. Тоқтаттық Есiлкөлде қалың жауды, Үздiксiз шабуылдап есе бермей. Алмақ боп көп мылтық пен жақсы қару, Мақсұты болғаннан соң жұрты шабу. Керейден тартып алған Омбы өзенiн, Орысқа кәпiр қалмақ еттi тарту. Амалсыз Ертiс бойын тастап шықтық, Дұшпанның бой бермесiн әбден ұқтық. Ор қазып, Есiл көлде жолын бөгеп, Соғысып қолма-қолды қалмақты ұттық. Сардардың бiрi iнiм - Дәстем алып, Көп қырды кәпiрлердi күшiн салып. Найзалап жекпе-жекте қалмақтарды, Лақтырды бiрнешеуiн аттан алып. Тоқтады жау Есiл көлден өтпей берi, Жоңғарда кетiп тұр ғой елдiң кегi. Бұл майдан екi жаққа да ауыр соғып, Көп төгiлдi ерлер мен аттар терi. Әз Тәуке болса-дағы достыққа ынтық, Сатпады Ресей, Қытай бiзге мылтық. Жоңғарлар қорғасын оқ боратқанда, Найза ұстап, садақ асып, қарсы шықтық. Соғыстан Ресей, Қытай босамаған,


Сонда да жерiмiзге көз тастаған. Өздерi бiзге жорық жасамаған, Халхилар солар үшiн iс бастаған. Бастаған Ойрат iсi ұрыс болды, Бұл соғыс Ресей үшiн дұрыс болды. Қалмақты жабдықтаған қос көршiнiң, Әуелден көздегенi қоныс болды. Жазықсыз шапқан талай елiмiздi, Боялтқан қызыл қанға жерiмiздi. Ата жау күншығыстан шабуылдап, Қайнатты iште жатқан кегiмiздi. Терiстiк жаққа өтiп орап алды, Жылатып көп ауылды тонап алды. Күшiңдi Қожаберген көрейiн деп, Доп атып, дәу мылтықтан сынап алды. Танытып сарбаздарға оң мен солын, Басқардым Керей-Уақ, Татар қолын. Қалдық деп бiр күн өлiп, бiр күн туып, Бөгедiк ұрыс салып дұшпан жолын. Бұғалық қолма-қолда жауға тастап, Дұшпанды тұтқын еттi iнiм - Асқап. Қорқып қашқан қалмаққа жете алмадым, Қос атым жараланып, аяғы ақсап. Пайдасы бiзге тиiп берме-бiрдiң, Жер құшты бiрталайы қанiшердiң. Оқ тиiп Есiл көлде қос тұлпарға, Қасқа ат пен торы ат басын жерге көмдiм. Майданда жауға жебе сан бораттым, Қасқа ат пен торы атты да көп жараттым. Ақыры екеуiнiң де басын көмiп, Жiлiктеп қалың қолға ет тараттым. Қарақшы торғауыттар әкелдi iндет, Сасытып шикi ет жейтiн өңкей жендет. Қазақта әкесiнiң құны бардай, Жасады зор шабуыл бiздi күндеп.


Терiстiк жағымыздан орап өтiп, Шалабай Естегiне Жоңғар жеткен. Атқылап оларды да дәу мылтықпен, Жазықсыз кәрi-жастың қанып төккен. Қалмаққа шамалары жетпеген соң, Естектер бiзге қарай ауып кеткен. Орыстың мылтығымен қаруланып, Орал тау шығысына жаулар жеткен. Босаған соң қуанып талай қоныс, Қалмаққа алғыс айтқан билiктi орыс. Тоқтатып сол арада қалмақтарды, Оларға сыйлық берген ұлық орыс. Қалмақтар салған кезде елге жара, Естекке, Татарға да түспей ара. Орыстар жоңғарларға қой демедi, Болған соң мұсылманға көңiлi ала. Естекке, Татарға да үстемдiк қып, Орыстар ол екi елге салық салып. Оларды өздерiне табиғы қып, Алымын жүретұғын жинап алып. Естек пен Татар жұрты Сiбiрдегi, Қазаққа иек сүйеп көңiлдендi. Төлемей соңғы жылдар орысқа алым, Кәпiрмен қақтығысу жиiлендi. Сол үшiн қалмақты Орыс айдап салды, Естек пенен Татардан өшiп алды. Ерiксiз мұсылманды тайдырған соң, Мұңайып өзен, көлдер иесiз қалды. Шаттанып бекiнiсiн орыс салды, Мекенi Естек, Татар жауда қалды. *** Соғысты күшейтуде қалмақ ендi, Боялтып қызыл қанға шеткi жердi.


Алтайдың қазақ тұрған өңiрiне, Жоңғардың ғаскерлерi басып кiрдi. Алтайда салып ойранды, Ойраттар шапты Найманды. Дәу мылтықтан шар түсiп, Бақыты елдiң тайған-ды. Соғысып Найман қалмақпен, Бес жыл уақыт өткен-дi. Дәу мылтықтан бетi қайтып, Жеңiлер күндер жеткен-дi. Алтайды ақыр жау алып, Найманнан хал кеткен-дi. Жер-суын тастап қалың ел, Жетiсуға қарай көшкен-дi. Алтайды қалмақ алған соң, Жайсаңға қарай жол тартты. Дәу мылтықтан доп атып, Ондағы елдi зарлатты. Жайсаңнан қуып Найманды, Қалмақтар қанат жайған-ды. Тарбағатайды алмақ боп, Жаулар тағы ойланды. Тарбағатай үшiн тағы да, Наймандармен соғысты. Мылтықтан оқ жаудырып, Қыздырды қалмақ ұрысты. Үстi-үстiне атқылап, Қазақты естен тандырды. Мылтығы жоқ наймандар, Амалсыз жауға алдырды. Тарбағатай тауын ақыры, Қалмақтарға қалдырды. Орап өтiп Найманды, Шыңғыстауға жау жеттi. Арғынға салып бүлiктi,


Мылтықты кәпiр әндеттi. Аягөз бен Шыңғысқа, Қалмақтар көзiн тiгiптi. Жетi момын Арғындар, Жау жеңерiн бiлiптi. Сонда дағы берiлмей, Соғысып жаумен көрiптi. Тойтарыс берiп кәпiрге, Үздiрмек бопты үмiттi. Дәу мылтықтан доп атып, Беттетпептi қазақты. Мейiрiмсiз қалмақтар, Әкелдi жұртқа азапты. Ежелдеп мекендеген Шыңғыстауды, Тобықты, Құрлеуiт пен Қанжығалы. Жүргiзбей бөгеу үшiн ата жауды, Соғысып жер-су үшiн күшiн салды. Арғынның аты аталған үш руы, Бөгенбай Ақшаұлының елдерi едi. Соғысып жоңғарларға бой бермеген, Қазақтың маңдай алды ерлерi едi. Шыңғыс пен Аягөздi қалмақ алып, Бөгеңдей қолбасшыны қалжыратты. Шама жоқ дәу мылтыққа қарсы тұрар, Қазақтар жерiн тастап абдырапты. Тобықты, Канжығалы, Күрлеуiттер, Қоныссыз қалғаннан соң Сырға ауды. Балқаштың шығысында тойтарды олар, Өкшелеп қуып келген қалмақ жауды. *** Ойғырдың анасы - Қытай, атасы - Түрiк, Қытаймен көршi тұрды жиенсiнiп. Соқтығып Қарақалпақ ағайынға, Шетiнен жұртымыздың салды бүлiк.


Дүнгеннiң анасы - Қытай, атасы - Араб, Жатпады олардағы текке қарап. Ұрынып Найман - Қоңырат, Жалайырға, Мазасын кетiрдi, елдiң шабуылдап. Торпаннан Ойғыр жерi қашық едi, Тибетпен сиыса алмай қажып едi. Сыбан Рабтан Ойғырдан ғаскер алып, Алға сап майдан жолын аршып едi. Жау қуып Қарақалпақты Тұрпанды алды, Жұрт ауып, Хобда бойы босап қалды. Ел қашып, өлке иесiз қалғаннан соң, Ол жерге қалмақтар кеп қоныстанды. Тұрпан, Хобда, Ақсу мен Құлжа Төрт көл, Қызыл күре-бәрiн де қалдырған соң. Босқынға Қарақалпақ халқы айналды, Шапқыншы Бұйрат естен тандырған соң.

Бектерi Ойғыр, Шүршiт болып найсап, Тонады көшкен елдi сан атой сап. Күншiлдiк мұсылманға кесiр болды, Бимәлiм замананың сырын айтсақ. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама Бұл қырғын жаппай барша қазаққа ауды, Наймандар тастап көштi Алтай тауды. Жалайыр, Найман - Қоңырат, Қарақалпақ, Қиналды тоқтата алмай келген жауды. Терiскей Алатауды қалмақ алды, Найман мен Қоңыратты қуып салды. Қайран жер жау иелiгiне көшкеннен соң, Жоңғардың Алатауы деп аталды. Сауыр, Сайхан тауларын Ойрат алды, Қаңырап Тарбағатай, Жайсаң қалды. Найзалап балаларды қанiшер жау, Аямай қырды әйел мен кемпiр-шалды.


Қырылу Алакөлден басталып тұр, Қазақтар Ұраңқайдан жасқанып тұр. Ресей мен Қытайға арқа сүйеп, Жоңғар сұм сол екi елден күш алып тұр. Қазақты Шорос қолы бас салып жүр, Мекенi әр ауылдың бос қалып жүр. Жалайыр, Найман-Қоңырат, Қарақалпақ, Айырылып қонысынан зар жылап жүр. Ордос, Шарақ, Харачин - бәрi қалмақ, Оларды Ресей, Қытай алған жалдап. Қолына көп дәу мылтық тигеннен соң, Келедi жолдағы елдiң бәрiн жалмап. Едiлдiң батысындағы қалмақтарға, Қатыс деп бiз бастаған шатақтарға. Астыртын жоңғарлардан жеткен хабар, Ұрын деп батыс жақтан қазақтарға. Ызғарлы күншығыстан жел келедi, Шұбырған Алтай жақтан ел келедi. Едiлден Ұбашы қалмақ тағы шапты, Зор бөгет тас маңдайға кез келедi. Көздерiн қызықтырып Самар дала, Жер үшiн көңiлдерi болып ала. Убашы, Хорос, Шорос, Телеуiттер, Кiшi жүз елдерiне жапқан жала. Бөлiнiп өз жұртынан кеткенiне, Батыстан барып қоныс тепкенiне. Жүз жылдан аса азғана уақыт болды, Едiлден бас сауғалап өткенiне. Естекпен солар ашқан арамызды, Ұлғайтып ушықтырып жарамызды. Едiлден өтпей бұрын шығыстан кеп, Он жылдай мекендеген даламызды. Улантып жаулықпенен санамызды,


Жылатып кемпiр-шал мен баламызды. Ерiксiз баса көктеп келсе-дағы, Ақыры тастап қашқан даламызды. Ол соғыс Есiмханның тұсында өткен, Қалмақты Дәулен атам қырған шеттен. Шығысқа қайтар жолы кесiлген соң, Жер таппай паналайтын есi кеткен. Жолы қиылып жерiне қайта алмаған, Қазақпен соғысудан қалжыраған. Қырылып алпыс мың түтiн қақ жартысы, Қалғаны ес жия алмай абдыраған. Қарамай алды-артына қашқан қалмақ, Сал жасап Едiлден әрең өтiп кеткен. Құл болып қызметiңдi атқарам деп, Жерiне Ресейдiң барып жеткен. Қалмақты Ресей патшасы қабыл алған, Мылтықпен жауыздарды жабдықтаған. Қалмақтың әр тайпасының тұқымы бар, Отыз мың үй тағы есiн жиып алған. Мылтық атуды үйретiп қалмақтарға, Ресей мақсұтына пайдаланған. Жерiнен мұсылманды қуу үшiн, Ноғайға қалмақтарды айдап салған. Орыстың қоластына енген дұшпан, Ноғайды жер-суынан қуып салған. Сонан соң Ноғай жерiн мекендеген, Жан-жаққа мойнын созып оңмең деген. Ресейдiң көмегiмен кәпiр қалмақ, Едiлде Алшшын жерiн иемденген. Сол қалмақ күнбатыстан жасап жорық, Көрсетiп жатыр әне жұртқа қорлық. Дес бермей екi жақтан соғыс бастап, Жасап тұр халқымызға сансыз зорлық. Ресейдiң қолтығына енiп алды, Солардың мылтығымен қаруланды.


Жоңғарға батыс жақтан демеушi боп, Жұртына Кiшi жүздiң ойран салды. Осылай екi беттеп тидi қалмақ, Ғаскерiн күн-түн демей жиды қалмақ. Қазаққа екi жақтан шабуылдап, Түсiрдi бейбiт елге ауыр салмақ. Үш жүзге дұшпан болып шығыс жақтан, Қытай да қаскөйлiгiн жасап жатқан. Айдап сап қалмақтарды халқымызға, Көк шалғын сахарамды шаң, қан жапқан. Бұл заман, қай-қай заман, қайғы заман, Бос кеткен ер еңбегi зайғы заман. Айырылып бала-шаға, мал-мүлкiнен, Жұртыма апат келдi өте жаман.

Алтай мен Жайсаң жақтан көш келедi, Тай-тайлақ көш бас сайын бос келедi. Айырылған егiзiнен қандай ауыр, Мөлдiреп қара көзге жас келедi. Үш жүздi көршi елдер жоқ аяп жатқан, Жат болды мұсылмандар дiндi ұмытқан. Қол ұшын Қоқан, Хиуа бермек түгiл, Дұшпанмен бiрдей болды пәле баққан. Күшiгi Сыбан Рабтанның Шона Даба, Халқыма оқ жаудырды келе сала. Найман мен Жалайырды қуып тастап, Құрығын тағы салды Дулаттарға. Өлеңге қостым көзбен көрген кептi, Халқымды қырғын соғыс тентiреттi, Жалайыр, Найман, Қоңырат, Қарақалпақ, Жеткiзбей жау тобына ұзап кеттi. Бостырып Жалайыр мен Наймандарды, Алтай мен алатауды қалмақ алды. Найман-қоңырат елдерiн Барақ бастап, Сарысу бойына өтiп қоныстанды.


Көп жылғы мол дайындық арқасында, Паналап дәу мылтықтың қалқасына. Екпiндеп iлгерiлеп жеттi жаулар, Қаратал, Iле мен Шу, Балқашыңа. Ұзынағаш-Үйсiн жерi батыс шетi, Дәл биыл соған ауды жаудың бетi. Аға ұлы-үлкен жүзге келiп тиген, Ойраттың қазақты аяр жоқ ниетi. Сұм қалмақ Үш жүз қанын судай шашты, Мылтығы көп болған соң күшi асты. Жау шауып, есi шыққан момын Дулат, Арғын мен Қыпшақ жаққа көше қашты. Ұзамай Iле бойын Жоңғар алды, Қаша алмай Албан, Суан жауда қалды. Аймағын Жетiсудың түгел жаулап, Дұшпандар зор жылатты Қаңлыларды. Амалсыз Шуға ауып Төле кеттi, Соңынан азғана ауыл ере кеттi. Жау қалмақ бүгiн бiздi жеңседағы Түбiнде оны қазақ жеңер дептi. Шағатын қалмақ болып улы жылан, Қоныстан ауды қазақ болып құлан. Келетiн қолдан ендi еш дәрмен жоқ, Ажырады әке-шеше қыз бен ұлдан. Халхилар жақындады Шуға таман, Шошынды ел есi шығып одан жаман. Күн сайын әр ауылды жоңғар шауып, Орнап тұр қазағыма ауыр заман. Замана күннен-күнге қағынып тұр, Қатал жау әрбiр тұстан жабылып тұр. Аяйтын Үш жүзiмдi көрiнбейдi, Талайтын жолбарыстай шабынып тұр. Жау болды ағайын ел Естек бiзге,


Жасады ол да жорық елiмiзге. Қоқанда күнгей беттен қоқандады, Соқтықпақ Түрiкпендер тағы бiзге. Ресей өршiткен соң өсектi де, Болғанмен Түрiк елi есептi де. Жатпенен шонжарлары олжалас боп, Естектер бiрге шапқан өстектi де. Мұсылман көмектеспей мұсылманға, Бермедi қару-жәрдем қысылғанда. Өштеспей Түрiкпен, Естек, Қоқан, Хиуа, Жөн едi қолдың ұшын ұсынған да. Шыңдарын Алатаудың бұлт басты, Кез болып қысақшылық қазақ састы. Жау қалмақ шегiрткеше қаптап кетiп, Қайран ел есi шығып көше қашты. Хангелдi өз тобынан бөлек кеттi, Бұл соғыс бiзге келген пәле дептi. Қоршаудан шыға алмаған Сiргелiлер, Шанышқы, Ошақтылар зар еңiрептi. Мылтығын Ресей, Қытай қалмаққа сатты, Айдап сап малғұндарды қоқандатты. Қырғызып қазақтарды қалмақтарға, Орыстар қамалдарын салып жатты. Бiр елi Ұлы жүздiң Шапырашты, Жау қоршап, олардың да құты қашты. Соғысқа қамданбаған көшпелiге, Тұс-тұстан Хорос, Шорос майдан ашты. Сары Үйсiн, Ысты, Қаңлы жауда қалды, Қоршаудан Үйсiн жұрты шыға алмады. Табиғы қалмақтарға болғаннан соң, Бек, биi Ұлы жүздiң корғалады. Туысқан болыса алмай туысқанға, Ұқсап тұр бүгiнгi күн шын дұшпанға. Қырсығып Бұхар ханы мылтық сатпай, Жат болды Өзбек, Тәжiк дiн исламға.


Бұл елдер бiзге жәрдем ете алмады, Сертiне одақтастық жете алмады. Бәрi де сырт айналып кеткеннен соң, Ешкiмнен қазақ көмек күте алмады. Қамданған қалың жұртта күш болады, Қамсыз елге дұшпандар тұс болады. Оңтүстiктен тидi кеп түрiкпендер, Сор маңдайға қасқыр да өш болады. Сатпады Хиуа, Қоқан мылтық қару, Олардың болды ойы бiздi шабу. Қазаққа күнгей беттен түра тиiп, Жолдарын ойластырды олжа табу. Хиуаның тигiш едi мылтықтары, Сол мылтық қазақтарға сатылмады. Аз едi ел iшiнде Күлдiрмамай, Өзiнiң иесiнен артылмады. Болсада Өгiз түрiк тектерiмiз, Түрiктiң көп елiнен шеттедiк бiз. Мұсылман қасқыр болып мұсылманға, Қандастар жат боп кеттi дәл осы күз. Құрттатып ет жейтұғын Қалмақ кәпiр, Үш жүздiң сахарасын жайлады ақыр. Теңемек болып бiзбен терезесiн, Жауығып жүрушi едi тiгiп шатыр. Сегiз жүз тоқсан бес мың жаудың қолы, Доп атқан дәу мылтықтан аршып жолды. Жағалай Үш жүз жерiн басып алып, Халқыма аямастан құрды торды. Қазақтың сахарасы жүз құлпырған, Қытай мен Ресейдi қызықтырған. Күнгейдегi хандықтар көз алартып, Үш жүздi бассалуға дайын тұрған. Жұртымның жағдайына болып қанық,


Байлаулы қазақ қолын пайдаланып. Иесiз қалған жерге күрке тiгiп, Ресей масайрады қамал салып. Мылтықсыз жетпеген соң шамалыры, Халқымның көп қиналды даналары. Бiздерде мылтық жоғын сезген Ойрат, Жұртымның әлсiз жағын шамалады. Жасақты қоймаған соң әрбiр шетке, Насихат жүрмеген соң әркез көпке. Көшумен күнi өткен аңғал қазақ, Тап болды бейғамдықтан зәр iндетке. Болды ғой заман ақыр япырым-ау, Жарар едi қазақ қалса апаттан сау. Үлгертпей елден сарбаз жиюға да, Соқтықты қапияда мейiрiмсiз жау. Айырылды бай-мырзалар саудасынан, Бектердiң ұшты бақыт сау басынан. Аң аулап жүрген шағы түске айналып, Жаңылды хан, сұлтандар тәубасынан. Ажырады ер iнiсi мен ағасынан, Төмендеп бұрынғы ерлiк бағасынан. Өсiрген әлпештеп-ақ ұл менен қыз, Адасып қалды-ау ата-анасынан. Үш жүздiң қалмақ алып күншығысын, Қазақтың тоздырып тұр көп ұлысын. Атқылап дәу мылтықпен ауылдарды, Тарылтты мұрша бермей ел тынысын. Дәл биыл қырсыққандай жаумай жауын, Қызыл жел үдей түсiп соқты дауыл. Шөп шықпай, егiн шықпай, қуақшылық боп, Қуратты дихандардың бақша-бауын. Қысқа қам жасауға ел үлгермедi, Шабындық қиын болды өртенгенi. Доп атып, дәу мылтықтан ата жалар, Қазақты қорғануға келтiрмедi.


Сақтауға өз бастарын кейбiр төре, Қалмақпен құда болып, амал қылған. Жаудан аман қалуға тәсiл тауып, Шабылмай ауылдары есен тұрған. Жоңғарға кей төрелер елдi сатқан, Көсемi жоқ қазақтың басы қатқан. Жасанып жарақтанған қанқұйлы жау, Жұртымды ойрандады тыныш жатқан. Едiл-Жайық бойынан жұрт ағылған, Алатау, Алтай жақтан ел сабылған. Халықтың бас-аяғы жиналмай-ақ, Естiлдi жау дабылы көп қағылған. Соғысты Қазақ, Татар тiлемеген, Қалмақша көкiрек керiп шiренбеген. Жерiме Ұраңқай, Халхи өрт салғанда, Қалмады ел жауды қарғап-сiлемеген. Айырылп талай елдер мекенiнен, Қоштасты өзен, көлдi әсем жермен. Сыр бойы, Қаратау да қоныс болмас, Келсе де Қоңырат-Найман Алакөлден. Адамын Шу бойының отап салды, Таразды шабуылдап Қалмақ алды. Дәу мылтықтан доп атып, жол тазартып, Сайрамның шаһарын кеп қоршауға алды. Жеңiлiп Сайрам халқы кеттi босып, Үнiнен дәу мылтықтың қатты шошып. Есi кетiп, басы ауған босқын елдi, Жауыздар атқылады алдан тосып. Сайрамға таяу едi жасыл қала, Кәпiрлер барып жеттi тап сол маңға. Шаһардың бейбiт халқын қырды қалмақ, Айнымай ұқсап тура жыртқыш аңға. Шымкентке Торғауыттар басып кiрдi,


Хош көрмей, оқ жаудырды бiрме-бiрдi. Қаланың тiрi қалған халқы қашты, Жамылып жанталасып айсыз түндi. Шымкенттi жасыл қала дейтiн халық, Күн көрген тұрғындары егiн салып. Қызығы бiр-ақ күнде ғайып болды, Кенеттен қалмақтардың өртi шалып. Жаулар кеп Түркiстанды алды орап, Бұршақша дұшпан оғы кеттi борап. Жан-жаққа жеңiлген ел жөнелдi ауып, Iлезде шұбырынды iздер болды сорап. Түркiстан - Өгiз Түрiк бас қаласы, Бұл күнде Қазағымның астанасы. Қанiшер Ойрат қолы жаулап алып, Оның да шығып жатыр масқарасы. Хакiмi едi Түркiстанның Уәли төре, Ол-дағы қаза тапты көппен бiрге. Жастарды қолма-қолға келтiрмедi, Жастығын ала өлер едi бiрме-бiрде. Бiлеутке олжаланып малы-басы, Шаһардың қырғын тапты кәрi-жасы. Шалқыған мол дәулеттi қазағымның, Болмады-ау, осы күнде iшер асы. Үш жүздiң жауда қалып астанасы, Қырылды кент жұртының жас баласы. Тапталып ат тұяғына перзенттерi, Есi ауып қаңғып кеттi-ау, ата-анасы. Бiр тобы жаудың барып Созақты алды, Оқ атып шаһар халқын жайпап салды. Аймағын Қаратаудың түгел жаулап, Бойында Қуаң Сырдың асыр салды. Созақтың көне аты-Аяз қала, Ертеде шықсада одан талай дана. Бұл күнде жау әскерi оқ жаудырып, Есепсiз көп қырылды бала-шаға.


Бастарын Қаратаудың мұнар жапқан, Сылдырап Сырдың суы сылаң қаққан. Жүргенде қалың жұртым көшiп-қонып, Кенеттен қалмақ құрды қанды қақпан. Бұл заман, қай-қай заман, құйын заман, Шiрiткен тамам жұрттың миын жаман. Басталды Алакөлден жұрт сұлауы, Мәңгiрттi естi алып қоныс ауған. Алатаудың басынан көш келедi, Жорғалар әр көш сайын бос келедi. Атсызды аты барлар iлестiрсе, Құдайым ондай iстi хош көредi. Аң орнына сұм қалмақ, Адамзатты аулаған. Алатаудың қырғызын, Қапыда шауып жаулаған. Айналдырды майданға, Қаратау, Тұрфан арасын. Соғысуға елдердiң, Келтiрмеген шамасын. Сiбеге киiм тiккiзiп, Дүнгенге егiн еккiзiп, Дайындады жасағын, Бұйрығын қалмақ өткiзiп. Қырғызға малын баққызып, Солонға отын жаққызып. Ойғырдан ғаскер жинады, Көнбегенiн шапқызып. Сахаменен Хасқа да, Айтқандарын еткiзiп. Әзiрлеп қару-жарағын Сөздерiн елге өткiзiп. Шор, Тұба, Хас, Саханы, Есiләм дiннен айырған.


Өз дiнiне мойын ұсынтып, Бақытын бастан тайдырған. Баса салып салығын, Ерiксiз алып алымын. Аяусыз жоңғар талады, Көршi отырған қауымын. Хошоуыт, Дөрбiт, Телеуiт, Қалмақтан шыққан сiлiмтiк. Аш қасқырдай қуанар, Кездессе жолда өлiмтiк. Қанға құмар Убашы, Жұртты шапса сауыққан. Қазақ пенен Ноғайға, Орынсыз дұшпан жауыққан. Сұмырай қалмақ үйреттi, Жылқының ұстап асауын. Азық, киiм дайындап, Жабдықтады жасағын. Содырлы Халхи, Ұраңқай, Жазықсыз қырды Татарды-ай. Мұсылманды кiнәлап, Қылмысынан жалтарды-ай. Батыста шауып Ноғайды, Шығыста қырып Сағайды. Ел тонағыш Қалмақтың, Ниетi әбден қарайды. Хорос, Шорос, Бiлеуiт Қалмақтың едi жауызы. Оғына ұшып солардың, Көп өлдi жiгiт жамбезы. Көршi елден алып дәу мылтық, Жыртқыш қалмақ шаттанған. Әрбiр тұстан қазақты, Құртамын деп аттанған.


Бiздiң қазақ жұрты да, Алты Алаштың бiреуi ед. Ерте кезден жауынгер, Мұсылманның тiреуi ед. Қан төккiш, бұзық Жоңғардың, Қалмады ауылы шаппаған. Сорына болып Үш жүздiң, Жаулығын халхи сақтаған. Түркiстан, Сайрам, Таразды, Қоршады Ойрат жендетi. Сұлатты нелер шаһыбазды, Әкелген қалмақ iндетi. Көрсетiп елге қаһарын, Шашып Ұлы заһарын. Ойрандады Ордостар, Шымкент, Созақ шаһарын. Орнатып елге дозағын, Жолға құрып тұзағын. Мейiрiмсiз Торғауыт, Қаланың қырды қазағын. Медiресе, Мешiттi, Убашы қалмақ өртедi. Қылышпен шауып есiктi, Лақтыра ашып серпедi. Адам затты жиiркентер, Қалмақтың iсi осындай. Бейiттерге де соқтықты, Өлi аруақтан шошынбай. Қару соғу жарандар, Ерте кезден басталған. Пiлтелi мылтық бiлсеңiз, Қарнақта бұрын жасалған. Әз Тәуке өтiп дүниеден, Шеберлiк кәсiп тұсалған. Хандығымыз әлсiреп,


Қиюы кетiп босаған. Дүниеден Тәуке өткен соң, Елiмде болмай тұтастық. Ұлдарыңда болған жоқ. Әз Тәуекеге ұқсастық. Аға -iнiсiнен мықты едi, Тәуекенiң ұлы Ғайып та. Сөк әулетi көре алмай, Жықпан болды айыпқа. Аң аулап жүрген Ғайып ты, Астыртын олар өлтiрдi. Өштескен сол төрелер, Хандыққа нұқсан келтiрдi. Мейрамтөбе, шаштөбе, Шаһарлар ұсақ тым көне. Бершiн, Шаған, Қарашық, Қалпына қайта келеме? Ақ қорған мен Қос қорған, Иран менен Жалқорған. Қарнақтың - бәрiн жау алып, Ауыр күн елге тұс болған. Қиын боп тұр бұл күнде, Мұсылман жұрты жағдайы. Жайсаң менен Қасқаның, Тасқа тидi маңдайы. Дәу мылтық аузы жаман қара үңгiрдей, Шошынды ел оны көрiп, шама келмей. Батыс, шығыс көршiден мылтық алып, Сұм қалмақ болды өзiнше әулиедей. Мылтықты жауды көрiп шыдап болмас, Наймандар дұшпан жайлы хабар берген. Көршi екi ел қалмақтармен қолдас болып, Қазақты қырғызбақ боп желдi берген. Жолығып көп мылтықты дүлей күшке,


Айналды жақсы тұрмыс көрген түске. Ресей, Қытай, Қалмақ сұм ақылдасып, Алмақшы Қазақ жерiн бөлiп үшке. Жаббар хақ қиындықта бiздi қолдап, Ерлерге әулиелер болғай қорған. Аруақтар халқымызды желеп-жебеп, Арылар күн туар ма қалың сордан. “Шеп сал!” - деп ерте айтқан атам Түрiк, Шеп болмаса салар деп дұшпан бүлiк. Жан-жақтан абайсызда жау кеп алды, Жүргенде мәз-мәйрам боп ойнап-күлiп. Болған соң қамсыз күйде сахарамыз, Келмедi қорғануға еш шамамыз. Бiр хандық үш хандыққа бөлiнген соң, Қалайша жаудан кектi қайтарамыз. Керей, Жәнiбек тұсынан Тұтас хандық болып ед. Iстерiне хандардың, Бұқара көңiлi толып ед. Қол бастаған ерлерiм, Алды-артын шолып ед. Қолайлы жерге бекiнiп, Қосынымен қонып ед. Ұрпақтары олардың, Атасындай болмады. Тұтас күйдi бүлдiрдi, Айтқан ақыл қонбады. Апатқа дайындықсыз кез болып ел, Соғыста мылтық болмай қырылғанбыз. Тынымсыз күн-түн демей жау атқылап, Быт-шыт боп тобымыздан жырылғанбыз. Дiн ордасын былғады сасық қалмақ, Доп атып көп ауылды өттi жалмап. Айнала Үш жүз жерiн иемденiп,


Түсiрдi мұсылманға ауыр салмақ. Бұл соғыс қазағыма қатты батты, Қара жер боздақтарды жалмап жатты. Қыз алып, қыз берiсiп, құда болып, Кей төре ойда жоқта елдi сатты. Құдаға Қазақ, Ноғай жарамай ма, Қыздары төреге жар бола алмай ма? Жауынгер Үш жүзiмнiң жiгiттерi, Төре, қожа қыздарын ала алмай ма? Не сұмдық кәпiрлермен құда болған, Тамағы жаудан жеген харам болған. Сасытып һәм құрттатып ет жейтұғын, Дұшпанға қалайынша көңiлi толған? Қалмақпен құда болу жарамайды, Сондайдан елдi әрекет аралайды. Дiнi, тiлi, тегi жатқа матап беру, Жүрегiн бойжеткеннiң жаралайды. Қыздардың обалына қалмау керек, Қарғысын бой жеткеннiң алмау керек. Жауларға ерiксiзден қыз бергенше, Жүзiнде бұл фәнидiң болмау керек. Көршi екi ел көмек бермей түпке жеттi, Қалмаққа мылтық сатып, күштi ел еттi. Жауыздар дәу мылтықтан доп атқанда, Халқымның бiрлiгi жоқ есi кеттi. Алданып сырт дұшпанға ұтылғанбыз, Кез болып аждаһаға жұтылғанбыз. Ұйтқысы елiмiздiң шайқалған соң, Торына ата жаудың тұтылғанбыз. Ел едiк егiн салып, бейбiт жатқан. Күтпен ек жау болар деп пәле баққан. Қысқа қам жасауға да үлгiрместен, Жолықтық ата жауға дабыл қаққан. Қазақтар бiр-бiрiне хабар бердi,


Ауылдар арасында жаршы жүрдi. Жау келерiн жыршылар естiгген соң, Үш жүздiң барлығына түсiндiрдi. Едiл мен Сарыарқаға көмекке кеткен, Сарбаздар тез оралмай жұрты күткен. Киiндi қыз-келiншек еркектерше, Бұл күнде ат үстiнде адам бiткен. Жаршылар сақтандырып хабарлады, Келерi жаудың көпке тез тарады. Елдегi қариялар мен бала жiгiт, Шықпақ боп жауға қарсы даярланды. Жабықтан найза ұшы жалтылдайды, Шағылысыппанда айға жарқырайды, Кермеге жорау аттар байлаған жұрт, Аузына алды аруақ пен бiр құдайды. Қорқақтық қиын iсте қол байлайды, Батылдық үмiттi боп гүл жайнайды. Асынған қару-жарақ жас пен кәрi, Жолға деп азық,киiм дайындайды. Қалмақтан қорғау үшiн мал мен жанды, Бала-жiгiт, қарттардан қол құралды. Сан майданды өткерген қариялар, Жас жетiп, қайрат кемiп қайғылады. Аға ұлы-ұлы жүздi қалмақ алды, Сыр жаққа баса-көктеп келiп қалды. Қарттар мен балалардан құрған топты, Дұшпандар оқ жаудырып, ұйпап салды. Қазақтар Бұхар жаққа елшi салды, Апаттан сақтау үшiн мал мен жанды. Елшi апарған тартуды алғаннан соң, Азырақ Хиуа, Бұхар тынышталды. Соншалық болды елден ес кеткенi, Бағдарлап барар жерiн белгi етпедi. Қоштасып ата мекен, жер-суымен,


Жұрт қашты бет-бетiне күнелткелi. Шұбырды әр тарапқа бастары ауып, Айырықша төнгеннен соң қатер-қауiп. Бұршақша қорғасын оқ жауғаннан соң, Отырар күнi барма iңген сауып? Қолды боп шапқыншы елге жайлаулары, Бұйырып жауыздарға бар малдары. Он мыңдап жылқы айдаған мырзалардың, Қаңырап босап қалды қыстаулары. Кетiрiп басқыншылар берекенi, Алды олар иемденiп көп өлкенi. Жаяу-жалпы шұбырды қосы ауған ел, Дұшпанға қала бердi жұрт мекенi. Көрген соң көп мылтықты қатал жауды, Бей уақыт бiздiң Үш жүз адамы ауды. Айырылып жер-суынан жұрт жөңкiлдi, Паналап орман, жыра, биiк тауды. Ел көштi Бұхар жаққа айдап малды, Айырылып асқар тау мен шалқар көлден. Сұм соғыс кездейсоқта жолын байлап, Бақ тайды аруақ қонған асыл ерден. Ерiксiз Ойрат жаулап Қаратауды, Күнгейлiк Арғын-Қыпшақ жерден ауды. Арқадан көпшiлiгi көшпесе де, Аз тобы жол кесiлiп, Жизаққа ауды. Мiнекей, Қаратауды жонғар алмақ, Кердерi теңiзi, Сыр жауда қалмақ. Қылышын сүйретiп қыс әлi-ақ келедi, Япырым-ау, бiздiң қазақ қайда бармақ? Ежелден “Сұлу төбе” - Алшын жерi, Көп едi Сыр бойында Алшын елi. Едiл мен Сыр арасын мекен етiп, Әуелден көшiп-қонып жүрушi едi. Жаласы жапқан Естек жалған едi,


Орыстың өсегiне нанған едi. Қазаққа Башқұртты айдап салу үшiн, Жылқысын қалмақ қуып алған едi. Сыр бойы, Қаратауды қалмақ алды, Алшынды күнбатысқа қуып салды. Жинаған асыл бұйым, дүние мал, Бұйырмай иесiне жауда қалды. Шiркiн-ау, ел-табаны тайған ба едi, Дүние шыныменен жалған ба едi. Үш жүзге мұнша қалмақ өшiгетiн, Бұрыннан кегi алынбай қалған ба едi? Жаңбырша қорғасын оқ сан бораған, Сасқан жұрт паналар жер таба алмаған. Азамат қан майданда соғысып жүр, Қорғансыз бала-шаға әйел қалған. *** Бестамды Есентемiр тастап көштi, Дұшпанға құл болман деп құлақ кестi. Кiшi жүз жасақтары қарсы тұрды, Көрсетiп шамасынша жауға сестi. Көрген соң дәу мылтықты ұраңқайды, Теңiзден қаша көштi Жағалбайлы. Керейiт, Алаша, Ысық Арқаға ауды, Кетпесе Торғауыттар аямайды. Жоңғарлар басқа шауып, төске өрледi, Қазаққа оқ жаудырып, дес бермедi. Жағынған хан, сұлтанға бимен бектiң, Тiлегiн жаратқан хақ хош көрмедi. Қажыды шаршап талай ер, Қиналды елдер жұтып шер. Көп сарбазды жалмады, Бауыры суық қара жер. Зерафшанға ел кеттi, Естiлерден ес кеттi.


Мал-мүлiктi тартып ап, Қазақты Жоңғар еңiреттi. Қия алмай дала, тау-тасын, Құрай алмай ел басын. Жер-суынан айырылып, Халайық төктi көз жасын. Мұсылманға әкелдi, Кәпiр қалмақ ажалды. Қазақ,Татар ұтылды, Тойтара алмай тажалды. Көрген жанды жиiркентер, Қалмақтардың кескiнi. Жазығы жоқ жұртыма, Молайып кеттi өштiгi. Сақал да жоқ, мұртта жоқ, Өңкей көсе, көнтi ауыз. Ел шапқанға көңiлi тоқ, Қанға тоймас жалмауыз. Дариға-ай, ерсiлi-қарсылы ел сабылды, Алтайда қалған қазақ берi ағылды. Күш жұмсап сырға қарай өтсе-дағы, Тұсында Алакөлдiң көп шабылды. Көңiлi жауыздардың жаз болғандай, Қуанып ел шапқанға мәз болғандай. Көз тiктi көршi елдердiң мекенiне, Иесiз Маңғұл жерi аз болғандай. Түрiктiң Татар, Қырғыз үлкен жұрты, Татардың Маңғұл деген iргелi ұлты. Шыңғыстың бастауымен көшiп кеткен, Қымбат боп дүние деген көздiң құрты. Жиһанға билiк құру болып арман, Татарлар көп жерлердi жаулап алған. Батысқа Шыңғыс ханмен бiрге көшкен, Маңғұлдың барлық жерi босап қалған.


Сол жерге қоныстанбай кәпiр жоңғар, Жер үшiн көршi елдерге шашып ызғар. Бiз оған әуелде де тиген жоқпыз, Бiлмедiк көңiлiнде қандай сыз бар. Кей елдер қоршаудағы көше қашып, Құлжадан берi өттi асып-сасып. Жетудi Сарысуға арман қылды, Соққы жеп қалса-дағы қатты жасып. Маңында Найман қақпа тосып алып, Алдыңғы кейiнгiнi қосып алып. Сарыарқажер кiндiгi қайдасың деп, Iлгерi жөнелiстi жосып халық. Жеттi олар өлiп-талып шықпай жаны, Қосылды қалған қазақ бiзге тағы. Дұшпанмен соғысқа ерлер дайындалды, Бимәлiм кiмнiң соры, кiмнiң бағы. Басында Сұлу төбе мәжiлiс құрған, Таба алмай ақыл-айла көп қиналған. Бәрi де бiр Алладан тiлек еттi, Қалса деп аман болып шыбындай жан. Ойласаң аңғалдықтан болған бәрi, Естiлдi кемпiр-шал мен бала зары. Сақтанбай алдын ала ата жаудан, Не пайда хан мен бектер тапты кәнi? Арқаға кеткен ғаскер қайтты оралып, Сырға жеттi атының мойны талып. Олар кеп ну қамысқа паналады, Қалуға өз бастарын аман алып. Келдi әскер Едiлден арып-ашып, Шегiне ұрыс салып кейiн қашып. Қалжырап ұзақ жолдан қайтқан жасақ, Майданға шыға алмады жаумен ашық. Бұл заман, қай-қай заман, азған заман, Ел-жұртым апат келiп, тозған заман. Көршi екi ел мылтық берiп есiрткен соң,


Үш жүзден сасық қалмақ озған заман. Едiл мен Жайық жақтан көш келедi, Ат пен нар әр көш сайын бос келедi. Айырылған жер мен судан қиын екен, Мөлтiлдеп екi көзге жас келедi. Қор болды бiрлiгi жоқ бiздiң қазақ, Басынып ата жауым еттi мазақ. Көршiлес екi жұрттан дәу мылтық ап, Көрсеттi Халхи, Жоңғар елге азап. Бiз-дағы бұл соғысқа араластық, Дұшпанға қарсы тұрып тайталастық. Бәрi бiр қайда барсаң, бәрiн де ұрыс, Бет алып Түркiстанға қарай астық. Алыстан жау қарасы әйгiлендi, Жиынның болар жерi белгiлендi. Шалғайдан қоршалғанын ұқты халық, Мылтықты қатал дұшпан көрiнгелi. Ноғай мен жетiруды жиi шауып, Түрiкпендер жер алмақшы ебiн тауып. Өңiрiн Маңғыстаудың жауламақ боп, Төндiрдi егiз жұртқа тағы қауiп. Кердерi теңiзi, Сыр, Қаратаудан, Ыққан ел соққы жедi қалмақ жаудан. Сахарадан таба алмай жанға сая, Жұрт ойлады шығуды зор қоршаудан. Көктебенiң басында болып жиын, Түсiндi ел зор апатты болар биыл. Құрсаулап жан-жақтан жау қысып келед, Қоршаудан шығуға айла табу қиын. Ауыр боп қазақ үшiн қанды майдан, Үш жүздiң маңдайынан бағы тайған. Жағалай жерiмiздi басып алып, Әр тұстан қалмақ қолы қанат жайған. Мылтығын Ресей, Қытай сатпаған соң,


Қатынас арадағы тоқтаған соң. Сенделдi хандар, билер ақыл таппай, Кенеттен дұшпан елдi таптаған соң. Өткен жыл Әйтеке би дүниеден өттi, Келгенде елу алты жасқа ажал жеттi. Бағыну бiр көсемге дұрыс қой деп, Боларын осы апаттың болжан кеттi. Төреден Әйтеке би безiн дедi, Келдi ғой көсем сайлар кезiң дедi. Қазақты алғыр батыр басқармаса, Ата жау быт-шыт қылар сезiн дедi. Хан, сұлтан, төре күнi өткен дедi, Олардан ақыл-айла кеткен дедi. Үш жүзiм өзiңдi өзiң тұтас ел қып, Басқарар ендi уақыт жеткен дедi. Әйгiлi топтан көсем iзде дедi, Жұртыңның амандығын көзде дедi. Қазақты төре бастап көгертер деп, Малтаңды би мен бектер езбе дедi. Данышпан топтан көсем сайла дедi, Үш жүздiң келешегiн ойла дедi. Көсемге ер-азамат түгел ерiп, Бақытын дұшпаныңның байла дедi. Ақылды болсын батыр көсем дедi, Басқарса қазақ болар есен дедi. Көршi елмен татуласып, тiл табысар, Тағы да болсын өзi шешен дедi. Үш жүзден үш ақылшы болсын дедi, Қазаққа бақ пен дәулет қонсын дедi. Сайлаған көсемдерiң кемеңгер боп, Халқыңның болашағын шолсын дедi. Бұл сөздi бимен бектер ұға алмады, Бас қосып, дұрыс кеңес құра алмады. Үш жүздiң шонжарлары төре жақ боп, Ортадан батыр көсем шыға алмады.


Өткен күн ойлағанмен қайта оралмас, Бақыт құс ұшып кеткен қайта қонбас. Өсиетiн Әйтекенiң естерiне ап, Қазыбек, Төле, Ақсуат шайқады бас. Қазыбек, Төле, Ақсуат шешен жорға, Қиналды ақыл таппай осы жолда. Сайланған менен кейiн ордабасы, Үш жүзде Ер Бөгенбай басшы ед қолға. Қанжығалы Бөгенбай Ақша ұлы, Ол ер де бiр Алланың сүйген құлы. Түскен соң ел басына ауыртпалық, Баршаға ортақ болды мал мен пұлы. Атанып ордабасы Ер Бөгенбай, Он үш жыл жетекшi боп қалың қолға-ай, Басынан көп соғысты өткерсе де, Бұл күнде тiрелiп тұр тұйық жолға-ай. Бөгенге көмекшi боп белгiленiп, Беделдi болмаса да ел басшысы. Сайланды Әбiлхайыр отыз жаста, Кiшi жүз жасағына ғаскербасы. Деп айтып төремiздi тәңiрiм қолда, Алшында бата берiп қожа, молда. Билiкке Әбiлхайыр араласты, Өзiнше жұрт тiзгiнiн алып қолға. Бөгенбай, Жәнiбектей жезделерi, Сайлатты Кiшi жүзге ғаскербасы. Әйтпесе Әбiлхайыр дейтiн төре, Көрмеген бұрын болып қолға басшы. Алшынның жасағына бас болды деп, Емес бұл жас төренi күндегенiм. Мұндайда қол басқару оңай емес, Үйренсiн сардарлардан бiлмегенiн. Көпке ұнамсыз болған соң, Айтпасқа тағы болмайды.


Әбiлхайыр сұлтанға, Алшынның көңiлi толмайды. Әбiлхайыр мен Жолбарысқа, Бөгенбай, Жәнiбек жезде едi. Балдыздарын көтерiп, Аттарына сөз келдi. Қолбасы болуы қиын-ау, Тәжiрибесi аз жiгiттiң, Белгiлi зайға болары, Ондайға артқан үмiттiң. Бiр кездегi шәкiртiм, Ақшаның ұлы Бөгенбай. Әбiлхайырды сардар сайларда, Бiздерге хабар салмады-ай. Күндегенiм емес-ау, Хан әулетi-төренi Батыр жоқтай сайлатты Әбiлхайыр деген неменi. Жолбарысты хан қойды, Жағдайдың ауыр кезiнде. Сондай жiгiт болса да, Ұлы жүз жұрты өзiнде. Төрелерге жол бердi, Хангелдi мен Төле де. Бәрi де жолсыз iс қылды, Ақылдаспай көнеге. Даңқы шыққан екi Арғын, Қос төренiң жездесi. Сардар еттi балдызын, Алшынның жоқтай өзгесi. Жәнiбек пен Бөгенбай Шәкiртiм едi бiр кезде. Тым ретсiз iс еттi, Ақыл салмай бiздерге.


Қол басқара бiледi, Жiгiттiң батыр естiсi. Оларға нұсқа үйретер, Сардардың бiздей ескiсi. Жас биi Кiшi жүздiң Малайсары, Ол дағы ақыл-айла таба алмады. Бас қосып, Күлтөбеде кеңес құрып, Жөн көрдi қоршау бұзып құтылғанды. Малайсары Тайұлы Шыққан тегi Байұлы. Байұлы да Берiштен, Ақылға күшi сай ұлы. Жетi баулы Берiштiң, Малайсары данасы. Есет деген батырдың Бiрге туған ағасы. Кiм жақсы көрер дейсiң ұтылғанды, Сонда да апаттан ел құтылмады. Арасы хан, сұлтанның ала болып, Сақтауға жұрт бiрлiгiн ұмтылмады. Төрелер Әз Тәукедей бола алмады, Оларға қазақ көңiлi тола алмады. Батыр, Болат, Сәмеке дәрменсiз боп, Кездейсоқ ел жағдайы оңа алмады. Едiлдiң арғы жағын қыстап ұдай, Жүретiн туыс көрiп бiздi қолдай. Бiрiгiп Кiшi жүзбен тiзе қосып, Қалмаққа қарсы аттанды азғана Ноғай. Болысар одан басқа халық болмай, Қазағым серкесi жоқ болды қойдай. Желiктi өршелене мейiрiмсiз жау, Iшсе де күндiз-түнi қанға тоймай. Тасаттық беруге де мұрша болмай, Шұбырды ел бет-бетiне үрiккен қойдай. Қолданар жауға қарсы құрал аз боп,


Есiл жұрт ығып кеттi-ау, тозып бордай. Аймағын Маңғыстаудың қыстап ұдай, Ежелден мекендеген Қазақ, Ноғай. Кердерi мен Маңғытты көшiрмек боп, Түрiкпендер көрсетiп жүр күнде құқай. Қалмақтың шабуылы үдеп кеттi, Шабылған бiздiң Үш жүз жүдеп кеттi. Шұбырған босқын елдiң жүрiсiнен, Қою шаң көтерiлiп түтеп кеттi. Құлақ тұнды дәу мылтық дәбысынан, Тоқталды сайгүлiктер шабысынан. Бұйырып жиған малы қалмақтарға, Айырылды бiздiң Үш жүз табысынан. Қазақта жоқ бекiнiс, қамал, қорған, Неге десең бәрi де қирап болған. Ел тонап, жер алуды мақсұт еткен, Дұшпанның қан iшкенге көңiлi толған. Күз болып, өсiмдiктер құрап солған, Халқымды Жоңғар оғы шөптей орған. Дұшпандар дәу мылтықтан доп атқанда, Күңiрендi тау, өзен, көл, дөң, сай, орман. Құтылу қиын болды жау торынан, Келгенше амал еттi жұрт қолынан. Қаншама арпаласып соғысса да, Қырылды бiрталай жан жау оғынан. Жан қиып, соғысты жұрт жер-су үшiн, Сан ерлер бойларынан сарқып күшiн. Ұрысқа әйелдер де араласты, Келгенiн зор алапат содан түсiп. Әйелдер қолға ұстап құрық, бақан, Қалмаққа қарсы тұрды ауыл шапқан. Сойыл ап қариялар да арпалысты, Қорғанбай отырған жоқ құр алақан. Шошынды шар түскенде Қазақ, Ноғай,


Таба алмай паналауға жыра, тоғай. Дедiк бiз қарғыс айтып, назаланып, Келетiн сұм қалмаққа кәрдiң жоғы-ай! Халқыма кез келтiрдi зор апатты, Қырылып қазақ қаны судай ақты. Халымыз биылғы жыл мүшкiл болды, Болсақ та сауықшыл жұрт салтанатты. Оққа ұшып ат-матымен қоса қабат, Қиылды қыршынынан көп азамат. Жаудырып қорғасын оқ өңкей мәжнүн, Қара жер сан боздақты жатыр жалмап. Басқаның бәрiн-дағы қырып-жоймақ, Қазақты жер бетiне емес қоймақ. Көршiлес екi iрi елден дәу мылтық ап, Жұртты қыру әдiсiн тапқан ойлап. Дүние кейде оңда, кейде солда, Баста бақ, дәулет ылғи тұрмас қолда. Ту ұстап, тұлпар мiнген сардарлардың, Талайы оққа ұшып, қалды жолда. Iс болды аса қиын таңдай татыр, Қорланды жаяу қалып сансыз батыр. Жайнаған гүлдей тұрмыс ғайып болып, Дариға-ай, ойда жоқта болдық пақыр. Жау керегi меруерт, маржан ба едi, Қалмаққа жұртты қыру арзан ба едi? Қашаннан қазақ, қалмақ соғысса да, Дәл мұндай қырғын, апат болмап едi. Көңiлi опасыздың тас болады, Халқына ер-азамат бас болады. Бұл қырғынды көзiмен көрген жанның, Iшi өртенiп, көзiне жас толады. Жөңкiлдi ел бет-бетiне есi шығып, Бөрi тиген қойларша кеттi ығып. Жұрт басын құрай алмай ақсақалдар, Қорқақ қоян секiлдi қалды бұғып.


Құлдырап керi кеттi қоғамымыз, Болды ғой аяқ асты Отанымыз. Кетiрген Үш жүзiмнiң берекесiн, Хан, сұлтан, бекке болсын обалымыз. Қорғанар жоқ бекiнiс, қамалымыз, Талды ғой ерiксiзден табанымыз. Жау атқан дәу мылтыққа тоқтау болмай, Таусылды ақыл-айла, амалымыз. Жаратқан iсiмiздi оңда құдай, Майданда ерлерiмдi қолда құдай. Әз Тәуке өткеннен соң быт-шыт болдық, Үш жүздiң басын қосар көсем тумай. Бас қоспай қайран елiм бытырады, Хал-жағдай күннен-күнге құлдырады. Жау атқан дәу мылтыққа төтен берер, Қазақтың қолын да жоқ еш құралы. Қолда бар қылыш, қанжар, садақ, найза, Айбалта, сойыл, шоқпар кетпен, қайла. Осының бәрiн қару етсек-дағы, Таппадық қарсыласып ешбiр айла. Бекiндi мақұлұқ Жоңғар жер үй салып, Үздiксiз атқылайды бұғып алып. Батыс, шығыс көршi ден нұсқа үйренiп, Соғысқа шебер болды әдiс алып. Қазақты оқ күшiмен жерден қуып, Талайлар алды бетiн жаспен жуып. “Өлiспей жер мен суды бермеймiз”, - деп, Жүрдi ерлер тәуекелге белдi буып. Күз болып қазақ жерi көркi кетiп, Дұшпанға Үш жүз малы, мүлкi кетiп. Тiрлiктен нелер жандар күдер үздi, Қолынан билiк пен бас еркi кетiп. Түскен соң ел басына ауыр салмақ, Апаттан жанын сақтау қиын болмақ.


Нәуетек жiгiттерi жiгерсiз боп, Бет қойды Үргенiшке Қарақалпақ. Қашса да олар ұзап кете алған жоқ, Серттесiп пәтуа сөз ете алған жоқ. Ағылып ерсiлi-қарсылы басы айналды, Алшынның үстiртiне жете алған жоқ. Өзгерiп сұры қашып келбеттерi, Айналып жоғалуға сәулеттерi. Халифат байлығындай ауқатты елiм, Қажыды қолдан кетiп дәулеттерi. Елдердiң Бұхар жақта болмай жайы, Тышқақтап көп қырылды құлын-тайы. Сұм қалмақ күн құрғатпай шабуылдап, Үш жүздiң оң жағынан тумады айы. Бiр хандық төрт хандыққа бөлiнген соң, Даңғойға жұрт билiгi берiлген соң. Қалмақта соны бiлiп майдан ашты, Қазақтың әлсiздiгi көрiнген соң. Әйелдерше шашты өрiп, Бұрым еткен қалмақтар. Қалдырып аз шаш төбеде, Тұлым қойған қалмақтар. Сиықсыз сондай сұмдармен, Шықтық талай жекпе-жек. Айдарынан ұстап бас кесiп, Алған едiк жаудан кек. Биыл олар басқаша, Бәрiнiң мылтық қолында. Түгел атып тастайды, Не кездессе жолында. Ордос, Тумет, Бiлеуiт, Деген қалмақ елдерi. Өршелене соғысты, Керек боп қазақ жерлерi.


Шаңға бөлеп әр жердi, Көк шалынды қүратты. Доңызын әкеп лайлап, Арамдады суатты. Аңғал қазақ алданған, Төренiң сөзiн малданған. Жан-жағынан жау қамап, Жол таба алмай дағдарған. Шапқыншылар құтырып, Даламызды таптаған. Дәу мылтығын сүйретiп, Құмырысқаша қаптаған. Қоғамдаспай хан мен бек, Қалмақтан халқым ұтылған. Дәрменсiз басшы сұлтаннан, Жөн болар елiм құтылған. Қалмақпен құда кей төре, Қашуға жұрттан ұмтылған. Тiлiне ерiп солардың, Қор болды ерлер жұлқынған. Шығыста Алтай, Хобдадан, Жендеттерiн топтаған. Батыста Едiл сыртынан, Ағайындас жұртынан Қанға тоймас сұмдарын, Мейiрiмсiз бұзық қуларын. Шордан терi жинады, Бермесе тауып қинады. Қорыққан Тұба шонжары, Қолда барын сыйлады. Жаулап алған елiнен, Азық пен киiм жеткiзiп. Бас игiзiп құлданып, Ерiксiз қызмет еткiзiп. Көршiлес екi ел дем берiп,


Кәпiр қалмақ құтырды. Жауламақ боп көп елдi, Қанiшерлер iлгерi ұмтылды. Қалмақ келiп жаулаған, Едiл мен Жайық арасын. Қазақ пен Ноғай шулаған, Таппай дерттiң дауасын. Едiл-Жайқ арасын, Мекендеген Кiшi жүз. Тастап шықты қонысын, Болғаннан соң мылтықсыз. Жайықтан өттi сал жасап, Жеңiлiп жаудан амалсыз. Ойылға қарай бет бұрды, Әбден болып шарасыз.

Қаратау мен Сыр бойы, Көштi жаудың қолына. Түсiрмекшi Үш жүздi, Кәпiр қалмақ торына. Дәу мылтықтан доп атып, Қазақты қалмақ күйреттi. Жоңғарға мылтық атуды, Орыс пен Қытай үйреттi. Айырылған соң қоныстан, Өкшесi елдiң сырылып. Қатын-бала, кемпiр-шал, Әр жерде қалды қырылып. Бұл заман, қай-қай заман, Орлы заман, Орнаған Үш жүз үшiн торлы заман. Атадан ұл, анадан қыз адасып, Жұртымды тентiреткен сорлы заман. Қаратаудың басынан көш келедi, Көш бас сайын бие, iңген бос келедi. Ауылдар жұбын жазбай бiрге көшсе,


Бiр-бiрiн қиын жолда ес көредi. Бiрiгiп бұрынғыша қоғамдасып, Сұлтандар жүрсе ерлермен ақылдасып. Жоңғар да баса-көктеп келмес едi, Мұсылман бiрлiк құрса жақындасып. Бiз-дағы бұл аттанға аттан қостық, Деп ойлап қосылмасақ болар бостық. Қырғыннан қалған елдi сақтау үшiн, Келетiн жау әскерi жолын тостық. Шабуыл қазақ үшiн болып ауыр, Қоныссыз қаңғып қалды талай ауыл. Әр жерге топталысты шұбырған жұрт, Келе ме қайғырғанмен өткен дәуiр. Болмаса бiр Алладан елге жәрдем, Төнiп тұр әр тараптан үлкен қауiп. Көз тiгiп Орыс, Қытай торауылдап, Күн сайын мазалайды қалмақ шауып. Қалған соң көршiлерден көңiлi суып, Талайлар алды бетiн жаспен жуып. “Берiлмей қан майданда өлейiк!” - деп, Соғыстық денемiздi намыс буып. Бiр туған Қазақ, Ноғай, Қарақалпақ, Ел едiк, мал өсiрiп, жатқан жалпақ. Бас салып, ес жиғызбай ауылдарды, Мылтықты қанiшер жау кеттi таптап. Жазықсыз қанын төгiп талай жанның, Тұсында болған қырғын Шыңғыс ханның. Осы апат сонымен бiрдей боп тұр, Түбiне әбден жетiп қазақтардың. Қазақтан бақыт шiркiн, тайған ба едi, Қалмақта бұрын мылтық болған ба едi? Халқымнан дәулет құсы ұшып кетiп, Жоңғардың шадтарына қонған ба едi? Басталды елде аштық көп ұзамай,


Қалмақтың шабуылы аз болғандай. Ұшырады шұбырындыға жас пен кәрi, Сұм заман қазақтарға қас болғандай. Болған соң сахарасы кең жер ғажап, Тұрған жоқ Сыр бойында барлық Қазақ. Аштық, жұт, қырғын соғыс қабаттасып, Көрем деп кiм ойлаған ауыр азап? Япырым-ау, мынау құтсыз жыл ғой қоян, Қазаққа дегенi ме қанға боян. Жаралы һәм iшетiн тамағы жоқ, Әр жерде аштан өлдi талай ноян! Қирады ақ орданың сүйектерi, Кiлемнiң ыдырады жиектерi. Соғыс, аштық, суыққа ұрынған соң, Қарттардың селкiлдедi иектерi. Бешпенттiң қырқылды ғой етектерi, Жаураған бала-шаға дедектедi. Суықта қатын-қалаш, кемпiр мен шал, Үйсiз қап айдалада дiрдектедi. Талды ғой сарбаздардың бiлектерi, Шайылды сардарлардың жүректерi. Бөгелдi жау оғынан қазақ қолы, Көрiнiп құлағандай тiректерi. Тозды ғой арулардың желектерi, Өртендi таудың қайың, теректерi. Тыным жоқ күн-түн сайын шабысуда, Ерлердiң қайтып қалды жүректерi. Сазандай балғын өскен балалары, Дүние-жиһаз толы қоралары. Қолды боп жиған мүлкi ата жауға, Үш жүздiң көп қамықты шоралары. Көзiнен ел-жұртымның бал-бұл ұшты, Күндерi той-думанды, мерекелi. Бытырап шiл боғындай тозып кеттi, Болса да бiздiң Қазақ берекелi.


Хан, патша қазынасындай болған Қазақ, Төрт түлiк малға толған далалары. Мылтықты хайуандардан көрiп азап, Үш жүздiң көп қайғырды даналары. Сорлаған жесiр болып аналар көп, Зарлаған жетiм қалып балалар көп. Айырылып жер-суы мен дәулетiнен, Үй-күйсiз мәңгi болып қалғандар көп. Бұлт төнiп, ауыр күн орнап бастарына, Iндет кеп кәрi менен жастарына. Жас келiп көздерiне мөлт-мөлт етiп, Қарайды таудың тарғыл тастарына. Ұшырап шабуыл мен аштық, жұтқа, Кезболды ауыр соғыс бiздiң жұртқа. Қамалап жан-жағынан қалың дұшпан, Түскендей болды қазақ су мен отқа. Ызғарлы күн де болды аса суық, Қазаққа қиын болды зор күн туып. Халқыма аштық, соғыс бiрдей келдi, Тұрғандай ғазырейiл төнiп жуық. Сұм соғыс, аштық пен жұт ненi қойсын, Айырылды ел ен байлық пен жиған малдан. Дұшпандар оқ жаудырып, кiмдi қойсын, Хал кеттi нелер алып сардарлардан. Сайғақтай сая таппай туған жерден, Қашып тұр бақ-береке талай ерден. Қолына ұстағаны таяқ болып, Әр жерде қалды өлiп нелер мерген. Жасыл жердi басып шаң, Судың бетiн боян қан. Есi шығып абдырап, Жұрттың басы болды даң. Батыс, шығыс көршiлер, Мұсылманға өшiктi.


Атысарға мылтық жоқ, Халымыз болар нешiк-тi? Орыс, Қытай көршiмiз, Ойраттарды жақтаған. Мылтық алып солардан, Жорыққа қалмақ аттанған. Мұсылмандарды қырғанға, Халхи мен Жоңғар шаттанған. Қонысынан айырылып, Қазағым болды-ау, ақтабан. Қанға құмар Торғауыт, Дәу мылтықты сүйреттi. Үстi-үстiне доп атып, Даламды тегiс күңiренттi. Көрсеттi жазмыш бұл iстi, Болсақ та жұртқа аяулы-ақ. Қарқыны болып тым күштi, Көп жердi алды сұм қалмақ. Бақыты тайып қапа боп, Қостары ауған шоралар. Паналауға мекен жоқ, Босқын болды көп жандар. Басқыншы дұшпан желiгiп, Кең даламды таптаған. Қоярдай жалмап көрiнiп, Соғысып дамыл таппаған. Байқап тұрсам заманға, Көршi елдер ұқсайды қабанға. Татулық жоқ, мейiрiм жоқ, Жау болды адам-адамға. Жап-жасыл қазақ жерлерi, Күз болған соң сарғайып. Халықпен бiрге күйзелдi, Қасiретi тым ұлғайып.


Хал болмай шабар қамалға, Iс айналды жаманға. Дәу мылтықтан доп атып, Қаптады қалмақ бұл маңға. Билер де көп сөз қозғап, Тiршiлiк жайын ойланған. Ерлер де көп атсыз қап, Жаяу жүрiп қиналған. Соғысқұмар сұм қалмақ, Түсiрiп елге зор салсақ. Тұтқын етiп өзiнше, Жұртымды болды құл қылмақ. Садақтан басқа төрт түрлi, Қалмақтың бар мылтығы. Қырса да жұртты басылмайды, Қанқұмарлық ынтығы. Орнатып жұртқа дозақты, Жоқ етпек боп қазақты. Қырып-жойып ерлердi, Көрсетпек көпке азапты. Аттарын қалмақ баптаған, Оларды көршi ел шаптаған. Жолдамалы жендетппен, Көбейiп саны қаптаған. Жалдамалы сұмдарын, Айдап салып халқыма. Қысқа қамды жасатпай, Ұрындырды салқынға. Мiнетiн тым болмаса өгiз болмай, Азамат жаяу қалды ортан қолдай. Атыстан қазақ қолы қаймығып тұр, Тең түсер дәу мылтыққа құрал болмай. Хиуа алып түрiкпеннен арғымақты, Орнына берген қылыш дандан сапты. Қазақты аяғансып тұрса-дағы,


Мылтықпен Түрiкпендi жабдықтапты. Үш жүзге ықыласы түспей қатты, Бұхар да Түрiкпенге мылтық сатты. Алайда елшi сыйлық апарған соң, Сол себеп бiзге Бұхар жауықпапты. Қыруар ел Зерафшанға қоныстанды, Мекендеп аз да болса тыныстады. Хиуаға, Бұхарға да алым төлеп, Олармен тiл табысты қырылыспады. Көп өсiп Арғын-Қыпшақ өнген едi, Рахатын молшылықтың көрген едi. Арасын Ташкент, Торғай мекен етiп, Ежелден қыстап, жайлап жүрген едi. Шығысын Қаратаудың қыстау етiп, Батысын Сарыарқаның жайлаушы едi. Арқаны жыл аралата қыстап шығып, Жалғанның қызығына тоймаушы едi. Қара өткел, Шу арасы Арғын жерi, Шығысы Жарма өзенге тiреледi. Орта жүз Арғын-Қыпшақ, Тарақтылар, Егiн сап, мал өсiрiп күн, көредi. Көп жерiн Сарыарқаның мекен етiп, Өнермен Арғын-Қыпшақ өрлеп едi. Аң аулап, саят құрып жiгiттерi, Тапшылық бұған дейiн көрмеп едi. Шабуыл, аштық пен жұт қысқан заман, Қазақтан бақыт құсы ұшқан заман. Қолында мылтықтары болмаған соң, Қалмақтан халқым қорқып пысқан заман. Теңiз бен Сыр бойынан көш келедi, Көш бас сайын атандар бос келедi. Айырылған туысқаннан қандай ауыр, Көл-көсiр көзге ыстық жас келедi. Жас келмей екi көзге қайтсiн ендi,


Жұртымыз зор апаттан сескенедi. Мұздады жылы жүрек күн-түн сайын, Жау қалмақ елге қарап беттегелi. Тарылып қағынды ғой заманымыз, Тозды ғой жаяу жүрiп табанымыз. Толассыз дәу мылтықтан доп атылып, Сарқылды әдiс-тәсiл, амалымыз. Апатқа дейiн қазақ көп ел едi, Жiгiтi әншi, батыр, мерген едi. Үш жүздiң өзiм тұстас қариялары, Қалмақпен сан соғысып көрген едi. Шеткi жер қолдан қолға өтушi едi, Көбiнесе жау жеңiлiп кетушi едi. Кешегi Әз Тәукенiң заманында, Уағады тастай болып бекушi едi. Бұл күнгi хандар серттi бола алмады, Пайда тiл көршi елдермен таба алмады. Қазақ пенен Ноғайды құртқызбақ боп, Сөйлеспей Орыс, Қытай табандады. Мұндай боп жаудан маңдай таймап едi, Қалмақ жеңiп, қанатын жаймап едi. Сан майдан, талай ауыр шайқастарда, Бұршақша қорғасын оқ жаумап едi. Хан едi ұлы жүздiң таз Жолбарыс, Үйсiннiң дәулетiне мас Жолбарыс. Санасу жақсылармен ойында жоқ, Ақыл айтқан кiсiге қас Жолбарыс. Төле менен Ханкелдi, Бiрi - батыр, бiрi - би. Жолбарысты хан сайлап, Тiккен оған арнап үй. Ол екi ердiң ойынан, Жолбарыс хан шықпады. Төле бидей жақсының, Ақылын айтқан ұқпады.


Болғанда жаумен арпалыс, Қамданбады еш Жолбарыс. Ақылсыз сұлтан сол екен, Маңдай да соры бес қарыс. Әбiлхайыр сұлтанды, Десе де жұрт айлалы. Қазақ үшiн ол төре, Түбiнде болмас пайдалы. Әбiлхайыр сұлтан да, Жолбарыс ханның iнiсi. Бөгенбай ерге балдыз боп, Кеңiп бiрi қалды-ау, тынысы. Қол басқарып көрмеген, Әбiлхайыр деген төреңiз. Кiшi жүз қолын бастар деп, Ол қуға қалай сенемiз? Татардың бiр тайпасы Дәрмен екен, Едiл де жаудан қысым көрген екен. Үздiксiз Қалмақ шаба бергеннен соң, Күнгейге ауа көшiп келген екен. Олар да Байұлы мен бiрге болды, Қайғырып жүректерi шерге толды. Алшынның жасағымен күшiн қосты, Кеспек боп жау өтетiн әрбiр жолды. Батырлар, билер кеңестi, Шықпақ болып қоршаудан. Сарбаздар жаумен егестi, Босанбақ болып құрсаудан. Қорғанбақ боп жыланнан, Құтылмақ боп лаңнан. Шоралар көп кеңесiп, Көктөбеге жиналған. Бөгенге көмекшi екен деп, Әбiлхайыр мен Ғайыпқа Сену қиын жарандар,


Қысылса кетер тайыпта. Сыр бойы, қаратауды келген қыстап, Кiшi жүз жоңғарлардан көрдi қыспақ. Орта жүз, Кiшi жүз боп тiзе қосты, Бiр-бiрiн жау қолына кетпей тастап. Басында Көктебенiң құрдық кеңес, Уайымы мол жандарда болмай егес. Ырду-дырду болатын ештеңе жоқ, Басталған жау шабуылы оңай емес. Хабарлап ауған елдiң көштерiне, Күнгей жұрт қосылмақшы Арқа елiне. Жиналды әрбiр жоқтан келген ауыл, Қаратаудың терiскей бөктерiне. Екiншi Күлтөбе бар бұл бөктерде, Таяу жер бiз отырған Көктөбеге. Ер терi, аттың терi төгiлмекшi, Қан майдан басталатын Күлтөбеде. Жылқысын қалмақ тартып алғаннан соң, Халқымның көбiсiнде ат болмай тұр. Мiнетiн көлiктерi болмаған соң, Көңiлi ерлерiмнiң шат болмай тұр. Бұлтартпай көп ауылды жау кеп басты, Үстiртке Қарақалпақ көше қашты. Орта жүз Кiшi жүздер күнгейдегi, Қоршауда да тұрып жаумен арпалысты. Бұл екi ел жауынгер едi әуел бастан, Соғысты ата жаумен аянбастан. Орта жүз, кiшi жүз боп ұрандасып, Қамалға шапты жастар тайсалмастан. Бiз-дағы ата жаумен майдандастық, Халхидың жендетiмен найзаластық. Дұшпанға қолдан намыс бермеу үшiн, Таңдаулы тайшысымен қылыштастық. Талай жан тiрлiктi ойлап зар қағып жүр,


Төрт балам, бәйбiшем де сақтанып жүр. Iлесiп ұлдарыма бiр топ жастар, Соғысқа араласып, ел қорғап жүр. *** Әмудария атанған Жейхұн өзен Бойлары Қарақалпақ мекенi екен. Қазақпен бауыр болып олар-дағы, Ертеден бiрге көшiп жүредi екен. Ақыры Қарақалпақ қоныс таңдап, Шығысына Түркiстан өңiрi көшкен екен. Онда да қазақтармен бiрге болып, Басынан жақсы өмiрдi кешкен екен. Түркiстан аймағының шығыс жағын, Мекендеп бiрталай жыл Қарақалпақ. Қазақ пен тату-тәттi көршi ел болып, Байланбай тұрған едi жаман атақ. Сұм қалмақ көп жыл бойы шабуылдап, Әрдайым жасаған соң үлкен шатақ. Шығысын Түркiстанның тастап көштi, Iлесiп қазақтарға Қарақалпақ. Бектерi Қарақалпақ болып жалтақ, Оларда ой болмады күшiн қоспақ. Түбi бiр туысқан ел болса-дағы, Майданға шыға алмады бiздi қостап. Өкпе айттық қиын күнде мұсылманға, Iшiнде мұсылманның тұысқанға. Ноғайдан басқалары болысқан жоқ, Қалмақпен үш жүз жылдай соғысқанда. Әлi де жарты ғасыр соғысар ел, Жалмамақ көп жандарды сұм қара жер. Қалмақпен екi жақтап соғысқанда, Тәңiрiм, басқызбағай аяқты керi. Қарақалпақ бауырды көрмеймiз жек, Қашқанын және олардың тұтпаймыз кек.


“Тұқымы азғана елдiң құриды”, - деп, Соғыстан тайған болар бастаушы бек. Оларды мәңгi бақи қорғағанбыз, Туыс деп әрқашанда қолдағанбыз. Бөлiнiп қиын кезде кеткеннен соң, Өлеңмен өкпе-назды жолдағанбыз. Қалжырап қалды халқым құты қашып, Мылтықсыз жауынгерлер қалды жасып. Жеңетiн ата жауды күн туса екен, Бақытқа қадыр Алла жолды ашып! Өкпе-наз қата болса, кешiр, Алла, Дұшпанға көктем жасыл түсiр, Алла! Баласын мұсылманның панаңа алып, Үш бiрдей жаудың үнiн өшiр, Алла! Әлеумет, үш дұшпаның-кәпiр бәрi, Қарғаған үш жауды да жас пен кәрi. Қалмақты қалған екеу бiзге айдап сап, Жоңғарға берген мылтық, оқ пен дәрi. Бiздiң сөз қас дұшпанды меңзеу деп ұқ, Бiр емес ата жауым үшеу деп ұқ!? Үш бiрдей аждаһаға душар болсақ, Жұртымыз құрып кетер, осыны ұқ!? Болмайық соның үшiн жалынышты, Үш жаудың ешқайсысына бағынышты. Тiрiсiп Қазағымның тәңiрiм қорғап, Жат елге ете көрме табынышты. Күлтөбеге жиылып, Жасықтықтан тыйылып. Ұрысқа ерлер бел буды, Алла, аруаққа сиынып. Бүгiнгi күн-мұнар күн, Жер бетiн тұман басқан күн. Қытайлар аспас асудан, Кәпiр қалмақ асқан күн.


Бейғам жатқан халқымды, Қапыда дұшпан басқан күн. Атысарға болмай мылтығы, Қалмақтан қазақ қашқан күн. Мылтығы көп ұраңқай, Шарасынан тасқан күн. Ақыл таппай қиналып, Билерiм қатты сасқан күн. Паналар жер таба алмай, Ер етегiн басқан күн. Жер-суынан айырылып, Ел-жұртым жылап босқан күн. Сәмеке, Ғайып, Барақтар, Хиуамен ақыл қосқан күн. Хонтайжымен құда боп, Аяқты керi басқан күн. Жазығы жоқ жұртыма, Жоңғарлар соғыс ашқан күн. Қазақ, Ноғай екi елдiң, Қанын судай шашқан күн. Қарақалпақ бауырлар, Жеңiлiп жаудан қашқан күн. Дұшпанмен құда кей төре, Елдiң сырын ашқан күн. Тар кезеңiн Үш жүздiң, Орыс пен Қытай тосқан күн. Бақыты тайып Қазақтың, Ерсiлi-қарсылы жосқан күн. Жау iндетi жеткен күн, Үш жүзден қайрат кеткен күн. Күшiне қару сай болмай, Өкiнiп ерлер өткен күн. Қазақтың ауыр жағдайын, Түрiкпен бегi күткен күн. Қалмақша шауып олар да,


Мыңғытты жүндей түткен күн. Түрiкпеннiң шонжары, Кердерi елiн шапқан күн. Қазақ пенен Ноғайды, Жылатып олжа тапқан күн. Қазақ пенен Ноғайға, Түрiкпен неге кектенген? Жаулықтың бiлмей себебiн, Билердiң iшi өртенген. Жер сұраған кезiнде, Мейман етiп ерлерiн. Мекендеуге ұсындық, Иесiз Маңғұл жерлерiн. Келiссе де оған бектерi, Алтайға бiрақ көшпедi. Сыйласақ та оларды, Жаулықтың оты өшпедi. Көше қалса Алтайға, Бермек болдық жәрдемдi. Уәделессекте әуелi, Кейiн қабыл көрмедi. Бостан-босқа өшiгiп, Татулыққа еш келмедi. Жазығы жоқ халқыма, Соқтығып маза бермедi. Парсыдан көмек сұрауға, Қазақтың қолы жетпеген. Туыстық сөзi Үш жүздiң, Өзбектерге еш өтпеген. Хиуа, Бұхар, Қоқан да, Қазақтарға қатайды. Бiзден барған елшiге, Мылтық сатпай шалқайды. Алауыз болып мұсылман,


Бiр-бiрiне жәрдем етпеген. Бауырмал, жомарт ел едiк, Ешкiмдi сырт теппеген. Не пиғылдан тап болдық, Бiле алмаймын iндетке? Жүретiн ендi жағдай жоқ, Мылтық құрал iздеп те! Пана болсын бiр Алла, Әлсiреп қалған халқыма! Тiршiлiк бер деп тiлеймiн, Азайып қалған жалпыға! Орта жүздi төрелер, Екi бөлiп билеген. Алдап момын қауымды, Нан есептi илеген. Бөлшектеп елдi басқарды, Әбiлмәмбет пен Сәмеке. Бiр хандық төртке бөлiнсе, Болама халқым береке? Әбiлмәмбет солқылдақ, Ақ балшықша борпылдақ. Келiспейдi ерлермен, Қабандарша қорсылдап. Соңына халқын ерте алмай, Шептi бұзып өте алмай. Әбiлмәмбет хан қиналды, Қоршаудан шығып кете алмай. Шағырмақ күнiм-түн болды, Хан, сұлтандар жым болды. Сәмеке, Болат, Барақтың, Әлсiздiгi шын болды. Бұрынғы хандар секiлдi, Қазiргi хандар болмады. Ынтымақ кетiп төреден, Жұртымыз содан оңбады.


Тiрiлiктi ойла әлеумет, Тоғышар пенде хан болмас. Ел басқарар азамат, Қоғамшыл болар, паң болмас. Көсемсiз халқым сорлады, Дегенi бүйтiп болмады. Iрi апатқа тап болып, Қайғының бұлты торлады. Бәйтерек қандай көрiктi, Маңында өскен ағашпен. Хандардың көркi болар ед, Ынтымақ құрса Алашпен. Қата болса, бұл сөзiм, Сәлем бер ме жарандар. Сене бермей әркiмге, Алды-артыңа қараңдар. Төле би ге iлесiп, Шуға көшкен Жолбарыс. Сарысуға бармап ед, Секiлденiп Арқа алыс. Бұл күнде Шудан Сырға ауды, Болғанменен жер алыс. Сырға да тоқтамай, Қаратауға келдi Жолбарыс. Төре-төлеңгiт қожаны, Сiрә да жек көрмеймiн. Оларды Үш жүз жұртынан, Оқшаулап тағы бөлмеймiн. Төре-төлеңгiт, қожа да, Қазағымның ұлы ғой. Мұсылманның бәрi де, Бiр Алланың құлы ғой. Хандықты төртке бөлдi деп, Өкпеледiм хандарға.


Ренжiмей қалай тұрасың, Миғұла болған жандарға. Көбейдi жұрт шұбырған, Жер-судан өкше ысырған. Шабуылдады сұм қалмақ, Қасқырша шапшып құтырған. Соғысуға болмай хал, Нелер сабаз болды дал. Әр жерде қалды көмiлмей, Бала-шаға, кемпiр-шал. Адамдар көп сұлаған, Балалар көп жылаған. Талай сұлу сымбатты, Көзiнiң жасын бұлаған. Қазақтың жасыл даласын, Түтiн мен шаңға орантты. Ата дұшпан - жау қалмақ, Қорғасын оқты боратты. Ата қалды баласыз, Бала қалды анасыз. Көшке ере алмай әр жерде, Науқастар қалды панасыз. Құмалақтай қорғасын, Нелер жанды сұлатты. Дәу мылтықтан шар түсiп, Ердi атымен құлатты. Боздағынан айырып, Ата-ананы шулатты. Сүйгенiнен айырып, Аруларды жылатты. Дүлей жоңғар санасыз, Жеткiншектi кемсiттi. Ата-анасыз ұл-қызды, Жылатып қатты өксiттi.


Бармағын шайнап долданып, Ер жiгерi құм болды. Торсық шеке ұлдардың, Көздерiне жас толды. Басқыншы дұшпан желiгiп, Даламызды таптаған. Дәу мылтықтан бет қайтып, Қамалға ерлер шаппаған. Жүректерi шайлығып, Шайқасуға батпаған. Ертелi-кеш сабылып, Ел-жұртым болды-ау ақтабан. Жекпе-жек шығу аз болды, Мылтығына жаулар мәз болды. Қазақтар түсiп қыспаққа, Қалмақтың көңiлi жаз болды. “Босқа өлуге болмас”, - деп, Садақ тарттық Қалмаққа. “Қалған жанды сақта!” - деп, Сиындық Алла, Аруаққа. Намысы бар азамат, Соғыспай құр жатпаған. Қару ұстап қолына, Елiн қорғап жақтаған. Өтемiз бе деп шынымен, Қызығын көрмей жалғанның. Кiшi жүз - Алшын Бай ұлы, Байбақты Дат балуанның. Көтергенiне қарасаң, Жасыл ала ту болды. Жебенiң ұшын майлайтын, Ағаштан алған қу болды. “Не болса да көрем”, - деп, “Соғысып жаумен өлем”, - деп.


Батырлар қолға найза алды, “Қоршауды бұзып өтем”, - деп. Бастады ерлер көп қолды, Аршуға жаудан бар жолды. “Майданда өлген дұрыс”, - деп, Күлтөбе басы шу болды. Қоршаған бозбала көп жан-жағымда, Жырларым жаққаннан соң құлағына. Көңiлi босап-қорқып жылаған соң, Бұлайша қайрат бердiм жан-жарыма. Қуарып өңi кеттi манатым-ай, Тозып тұр үстiмде iшiк жанатым-ай. Анталап қалмақ жауыз қоршасада, Қорғанар қынапта тұр болатым-ай. Я Алла, я Аруақ пана болғай, Кенжесi ем Ер Толыбайдың ортан қолдай. Келдiм деп алпыс бiрге мойымаймын, Көрсетем қайратымды осы жолда-ай. Жете алмай туған жерге қалғаннан соң, Болып тұр қайырылғандай қанатым-ай. Айшажан, жылап менi налытпашы, Отпын шал да болсам жанатындай. Қайғырып жасытпа Айша жiгерiмдi, Үзбеймiн қиналсам да күдерiмдi. Қоршауды аман-есен бұзып шықсақ, Арқадан жолықтырам өз елiмдi. Нағашым Айдабол би, Күлiк мырза, Iсiне туған халқы болған риза. Аруағы сол екi ердiң жебеу болып, Көрермiз туған елдi дәм бұйырса! Көп жылап тоздырма Айша жанарыңды, Тауыспа бүйтiп менiң амалымды. Сiбiрге сенi арқалап жеткiзермiн, Жыл жүрiп тоздырсам да табанымды.


Күнасыз пенде болмас сұм жалғанда, Ағаттық еске түсер қиналғанда. Мықты ұстап өзiмiздi жүрейiкшi, Ешқандай пайда болмас жылағанда. Ақбура, Тұлпар менен Қабыланбек, Бiр туған нағашы атам iнiлерi едi. Аруағы үшеуiнiң қолдау болар, Олар да шарапатты нағашым едi. Дүние жеткiзбес жол бұраңдаған, Бақ тайса, мал менен бас құралмаған. Көзiңмен зор апатты көрсең-дағы, Айшажан, үмiт үзбе бiр Алладан. Көрiп тұрсың Айшажан, Мынау қырғын-жосықты. Қаза тапты қанша адам, Тойтарам деп бұзықты. Жазықсыз шапты жұртымды, Қанға құмар жау қалмақ. Болмаған соң мылтығы, Қалайша елiм қорғанбақ? Затын алып темiрдiң, Күшiмен майлы көмiрдiң. Балқытпадық әр жерде, Iшiнде өртеп үңгiрдiң. Жасамадық мылтықты, Тауып темiр әр жерден. Сылтау етiп сынықты, Қалдық кенже көп елден. Қырды дұшпан қазақты, Шынымен болып қас надан. Төбе шашым тiк тұрды, Халқымды көрiп қиналған. Түршiктiрдi жанымды, Естiлiп дауыс зарланған.


Толып жатыр жас бала, Қара жердi қарманған. Заты басқа Ғайыпқа, Сенем деп ерлер алданған. Туысы оның Болатқа, Ерем деп елдер сандалған. Жол-жөнекей қарасам, Қырылған халық орасан. Өлiп жатыр әр жерде Талай сарбаз бура сан. Алшынның темiртауына, Дұрыстап назар салмадық. Мылтық соғу шаруасын, Үш жүз боп қолға алмадық. Ойлаған мен Айшажан, Төгiлген қайта толмайды. Қалғанға берсiн береке, Өкiнгенмен түк болмайды. Ой түбiне жетпеспiз, Ойламайық босқа ойды. Армансыз болып өтпеспiз, Тоқтатайық осы ойды. Мiнекей, көрдiк iстi басқа салған, Жауыздар халқымызға салды лаң. Бәрi де көрген қызық түске айналды, Еске алман өткен дәуiр болды-ау жалған. Мұңайма қасыма ерген жарым Айша, Дүниеде кiм қиналмас бағы тайса. Кiм бiледi Қазақтың да айы оң туар, Алланың рахматы мен нұры жауса! “Елiм-ай!” - деп, бастай бер, Айша жарым, Бiз айтпасақ, кiм айтар елдiң зарын. Жауға шабар мылтықты жасағым жоқ, Өлең айту болды ғой бар амалым.


Мұңлы әнге сал, жырымды ұғып алып, Өлiп кетсем есiне алсын халық. Өлмесемде жайылсын елге хиссам, Үлгi болсын ұрпаққа атым қалып. Кенжесi ем Толыбай сыншы Қожаберген, Бата алғам Әнет пенен Әз Тәукеден. Күйзелген жұрт жағдайын көзбен көрiп, Өзегiм өртенген соң айттым өлең. Бiз айтпай көптiң зарын кiм айтады, Батырды ұзақ соғыс қартайтады. Кенеттен елi-жұртын жау шапқан соң, Жырауды шабыншылық мұңайтады. Жүрегiм жау мен жұрттан сескенедi, Бiздерге кiмдер қуат-күш бередi? Тiлеймiн амандықты бiр Алладан, Үш жүздi қашан қорғап ескередi? Қарт ақын осындай да нұсқа айтады, Мұндай жай ер қайғысын ұлғайтады. Халқына қысылғанда айтпағанда, Пайдалы насихатын қайда айтады. Халқыма жәрдем бер деп хақтағала, Қолға ұстап жасыл туды шықтым алға. Бұлайша өлеңменен қайрат бердiм, Соғысқа қатысатын мұсылманға: -Ассалау мағалайкум,әлеуметiм, Дұрыс қой, осы бүгiн алған бетiң. Қолда бар қаруларды пайдаланып, Жойыңдар жау әкелген зор iндетiн!? Соғысу ата жаумен-бұл мiндетiң, Аянбай қылыштасар келдi ретiң. Қол оқпен дұшпандарды жер құштырып, Сопы мен айықтырғай елдiң дертiн. Асынған құтты болсын жарақтарың, Сөзiме құлағың сал қарақтарым.


“Шабуылы сұм қалмақтың күштi екен”, -деп, Кетпеңдер жаудан қорқып тарап бәрiң. Жорықта жолың болсын азаматым, Болыңдар жаудан кектi қайтаратын. Кеудеңде шыбын жаның болса егер, Жоғалтпа жер бетiнен қазақ атын. Болып тұр халқым үшiн ауыр кезең, Найзаңды, боздақтарым, жауға кезен. Жырылып өз тобыңнан алшақтама, Ер жiгiт оңа алмайды елден безген. Шабушы ек жауға қарсы ұрандасып, Майданға аттанушы ек қатарласып. Биылғы қалмақ қолы басым болды, Тоқтату қиын боп тұр қарсыласып. Дұшпанның аямасын әбден сезем, Жаулардың қорлығына қалай төзем? Қалмақтар дәу мылтықтан доп атқанда, Сiлкiндi тау, орман, көл, тоғайлы өзен. Салғанмен Жоңғар қатты бүлiншiiлiк, Қуса да елдi жерден быт-шыт қылып. Шыдаңдар тобың бұзбай, азаматым, Арылар әлi-ақ бастан қиыншылық. Жемегей саяқ жүрiп жаудан таяқ, Жүрген жоқ бүгiн бiздi ешкiм аяп. Айнала анталаған дұшпаның көп, Мылтығын атпақ болып тұрған таяп. Пайдалан, Қазақ, Ноғай құралыңды, Көтере айт “Алаш!” - деген ұраныңды. Өлер болсаң, балаңа қолтабыс ет, Жоғалтпай қоржындағы Құраныңды. Қазыбек, Ер Жәнiбек, Алдабек би, Көрдi олар өз жұртынан кеткенiн күй. Үшеуi тозған елдi бiрiктiрер, Қайғыр ма, жас пен кәрi, естерiң жи!?


Өскенбiз Қазақ ұлы бiр ұяда, Қызыққан ел емеспiз дүнияға. Үлкендi кiшi сыйлап әрқашанда, Топ болса, сөз бастатқан қарияға. Сақтанып ұйымдасып, тiзе коссақ, Инша Алла, мұны құдай хош көредi. Топтанып ғаскер құрап, естi жисақ, Алла, аруақ баршамызға күш бередi. Тастама халы азыңды мықтыларың, Қоныстан жылжымаңдар күшi барың. Мекеннен марал ауса, жайы болмас, Есте ұста, бұл сөзiмдi есi барың!? Би мен бек, бiр-бiрiңдi сынамаңдар, Дауласып ел арасын былғамаңдар!? Сардарлар, сарбаз жинап, жаумен соғыс, Сөздерiн ғазазiлдiң тыңдамаңдар! Қаратау, Сыр, Сарыарқа, Едiл-Жайық, Тұрақты Қазақ жұрты қонысы деп. Санаңдар түп қазаққа соны лайық, Әуелден мал кiндiгi өрiсi деп. Тiрiлiктен жарамайды күдер үзген, Сайла орын, жер үй салып, жапан түзден. Қазақтың қыздарына жараспайды, Қалмақтың бектерiне көзiн сүзген. Қыздарым, келiндерiм, жауынгер бол, Дұшпанға басыңды име, ұсын ба қол. Сендер де қару-жарақ асыныңдар, Жоңғардан кек алатын өжет жан бол. Қыздарым, келiндерiм, топ құрыңдар, Ерлерше киiнiңдер, сай тұрыңдар. Ұрыста өл, мазақ болма, берiлмеңдер, Қалмақты қанжарменен шапқа ұрыңдар. Таралған Үш жүз ұлы бiр ұядан, Сөйтсе де қоныс тепкен әр қиядан.


Бiр-бiрiн көре қалса, “ой, бауырымдап!” Табысып шұрқырасқан қиуадан. Тарқатпа, сарбаздарым, жиыныңды, Оңайлат жаудан кек ап, қиыныңды. Қалмақты жеңiп шығып, құдай оңдап, Боздақтар қайтадан тап үйiрiңдi?! Елестеп көз алдыңда бұрынғы күн, Шығарма өткендi ойлап, жылаған үн!? Тiрi қалған пенделер сергек болғай, Иманын жолдас етсiн өлгенiңнiң! Пайда жоқ қайғырғанмен, жамиғатым, Ешқашан жасымаңдар, болғай батым. Ауырлық жау қырылып жеңiлденсе, Артады бұрынғыдай салтанатың! Мұхаммед үммәтiмiз - құдайға құл, Сiздерге бабаң айтар өсиет бұл. “Адам басы - Алланың добы”, - деген, Тәңiрден тiлек тiлеп, шүкiрлiк қыл! Соғыста қиындыққа шыдай берсек, Дұшпанға қырылатын келер кезек. Табағын жаудың өзiне қайта тартар, Бөгенбай, Ер Сары, Асқап, Жабай, Көшек. Бiрiңдi бiрiң қолда қысылғанда, Татулық - лайықты iс мұсылманға. Боларсың бәрiң батыр, өндiрлерiм, Ұрыста ата жаумен ысылғанда. Сынап көр бұл соғыста бағыңызды, Сындырмай жау алдында сағыңызды. Жоңғарға жеделерiң тура тисiн, Дәлдеп ат, кере тартып жағыңызды. Ауыр күн ұзақ тұрмас бастарыңда, Тоқтарың қайырыла жүр аштарыңа. Тiрiлiкте бiр-бiрiңе мейiрiмдi бол, Естек жап, ұйымдасып ес барында.


Сүйей жүр әлсiзiңдi әлi барың, Қолдағы жолдас болсын қаруларың. Майданға жау Қалмақпен шыққан кезде, Алла мен аруақ болсын сыйынарың. Дәрменсiз сұлтандарға ел ермесiн, Қазағым ғазазiлдi дос көрмесiн. Қазiргi төрт ханда да береке жоқ, Оларға ендi тiзгiн жұрт бермесiн. Екi жүздi сатқынға, Жарамас ерлер илiккен. Қоғамшыл емес сұлтанды, Тайдырыңдар билiктен. Қысылшаң мұндай кезеңде, Айырылмаңдар бiрлiктен. Мейлiң төре, қара бол, Жұртыңды қорға ерлiкпен. Үш биден, менен бата алған, Түйе балуан атанған. Балта керей Тұрсынбай, Асқан батыр қатардан. Он жетiсiнен мәлiм Тұрсынбай, Ертiсбай ердiң баласы. Жаста болса ол шаһбаз, Қазақтың үлкен панасы. Дұшпан шошыр айбатты, Көп батырдан қайратты. Қалмақ тигенiн естiсе, Дей бер жауды жайратты. Сондай ерлер аттанса, Жоңғардың құрыр шарасы. Iшкерiлей енуге Келе қоймас шамасы. “Сарыарқа - Қазақ жерi кiндiгi”, - деп, Атаның мүлкi болсын жиғандарың.


“Жау қалмақ - ата дұшпан қанiшер”, - деп, Ойраттың мойны болсын қиғандарың. “Нұр жауар талапты ерге” деген жанмын, Есiркеп қашан Алла жеткередi? Тәңiрден елге амандық тiлеп жүрмiн, Қазақтың iсiн қашан хош көредi? Күн барма ендi бiзге жиылатын, Дәм-тұзы туған жердiң бұйыратын. Сауықшыл бейбiт жатқан Қазақ едiк, Жау көрсек, қарсы бiрге жұмылатын. Бар едi Кiшi жүзде батыр Жайнақ, Жау десе, аттанушы едi жүзi жайнап. Ол-дағы халқын жинап, жасақ құрып, Қалмақты “ә” дегенше шығар жайпап. Намазды тоқтатыңдар, азаматым, Ұнаса менiң айтқан насихатым. Қожа, молда, ишандар уақытша, Қоржынға сақтап қойсын шариғатын. Намаз оқып жатқанда, жаулар қырар, Атылған дәу мылтықтан доп кеп ұрар. Мiнажат қып жайнамазда отырғанда, Сұм халхи ұстап алып, тұтқын қылар. Көңiлiң Алла мен дiнге болса таза, Тартқызсаң жау қалмаққа қатаң жаза. Ұжмақтың төрiнен орын аларсыңдар, Кешiрiлер намазың болса қаза! Тұрммыстың көрдiң, мiне, ауырларын, Сау болғай, қайда жүрсең, бауырларым! Тастама, ата-анаңды, ұл-қызыңды, Қасыңда бiрге жүрсiн алған жарың!? Қалмақтың күнi бiзден жаман болсын, Iндет кен аттары да шабан болсын! Өткендер ендi қайта тiрiлiп келмес, Аз қазақ тiрi жүрген аман болсын!


Санама бiрiңдi артық, бiрiңдi кемге, Бiрiңдi-бiрiң деме сүрiнгенде. Әрқашан тобық бұзбай, бiрге жүрсең, Татисың азда болсаң iргелi елге. Түсiрме естерiңе ойда жоқты, Көрсетпе бiр-бiрiңе қоқан-лоқы. Зор апатттан қалсаңдар аман-есен, Аларсың әлi-ақ жинап дүние-боқты. Дәулет, бақ, перзентке асығыс жоқ, Пендеге шыдамдылық дес бередi. Жоққа қуып еш жүйрiк жеткен емес, Бiреуге ерте, бiреуге кеш келедi Орнатар дұшпандарға заман ақыр, Жас арыстан Қанжығалы Жантай батыр, Естiсе қалың қолын бастап шығып, Жоңғарды отырғызар мұзға тақыр. Саспаңдар, жұртты ұйыстыр, даналарым, Дұшпанның көрсеңдерде соққыларын. Қалмаққа шығын болмай, майдан берсең, Белгiлi болар жауды жоқ қыларың. Ту ұстап, тұлпар мiнген мен қарт ноян, Бет келсе, жоңғарлардың көзiн оям. Қаншама арпалысып соғыссақ та, Дiнкенi құртып тұр ғой мына қоян. Желкiлдеп бәйшешектей қатар өскен, Майданда қайрат қылып көзге түскен. Асынған қару- жарақ көген көздер, Қоршауды бұзып шыққай ерен күшпен. Көп әлi көретiнiң берендерiм, Бел буып, тәуекел ет, өрендерiм. Оғыңды құр далаға шығын қылмай, Байлап ат дұшпаныңды мергендерiм. Жырларым құлағыңа тие қалса, Ұғып ал, есiңе ұстап,азаматым.


Тiрi жүрсең, қайта тап жер- суыңды, Жоғалтпа жер жүзiнен үш жүз атын. Шәкiртiм қайда екен Бұқар жыршы, Ол Бұқар әрi ақын, әрi сыншы. Естiсе жау тигенiн аттан салар, Жырына оның, халқым, құлақ түршi!? Бұқаржан биылғы жыл отыз жаста, Атағы ақындықпен шықты Алашқа. Өзi де көп қайғырып жүрген шығар, Түскен соң ауыр бейнет қайтсын басқа! Азаттық қамын ойла милыларың, Қосқайсың елдiң басын сыйлыларың. Дұшпанға бас көтертпей, соққы берсең, Жойылар бүгiн көрген қиындарың. Қалмақты, шамаң келсе, қыра бергей, Өмiрдiң көрем десең рахатын. Тiрлiкте жауыздарға есе бермей, Бабаңның мақұлдаңдар насихатын! Есен бол, әр уақытта, бауырларым, Көңiлгемедеу болсын қаруларың. Бiрiңдi- бiрiң қолда шамаң келсе, Кетпесiн босқа тозып ауылдарың. Күн туса, ел бетi оңға бұрылатын, Әңгiме-кеңес, думан құрылатын. Жұртымыз өз қалпына келер едi-ау, Болса егер жау табаны сырылатын. Бұл заман, қай-қай заман, қасқыр заман, Көршi ел жоқ қазақтарға қас қылмаған. Дұшпанға кездескенде соққы бергей, Дұрыс iс-жауға кеуде бастырмаған. Алынсын сұрыпталып жиындарын, Жұмсалсын үнемделiп бұйымдарың. Киiм мен азықтарды бөле- жарып, Оңайлат iстерiңнiң қиындарын.


Керейдiң батыры бар Ақпанбеттей, Оғанда қоймаушы ендi дұшпан беттей. Естiсе ғаскер жинап, ту көтерiп, Қалмаққа келiп тиер жанған өрттей. Мекенiң болсын орман, тау мен тоғай, Ол жерден жау алуы болмас оңай. Майданда Қазақ қолын аруақ қолдап, Халқыма қадыр Алла пана болғай. Жаттап ал жырларымды, балаларым, Болашақ көпке тұтқа даналарым. Дұшпанды батылдықпен тойтарыңдар, Жоғалтпай жау алдында беттiң арын!? Бастасын тозған елдi көсемдерiм, Ақылшы болсын сөзге шешендерiм!? Мұндайда езуi босты ел санамай, Тiзе қос, күштi жинап есендерiң!? Зор соғыс мұныменен тыйыла алмас, Қазақты кәпiр қалмақ жоқ қыла алмас. Дүние кезек деушi едi бұрынғылар, Дейме екен Үш жүз жаудан кегiн алмас. Ерлерiм, тiлейтiнiм сендерден сол Аршыңдар Қазақ үшiн бақытқа жол. Қажыма, сескенбеңдер, iлгерi ұмтыл, Жастардан тез құрастыр қарулы қол!? Қиыншылық ылғи болмас, әлi-ақ өтер, Сарбаздар жауды ұзатпай тентiретер. Бөгенбай, Ер Сары, Асқап, Жабай, Көшек, Қалмақты қойша қырар, зар еңiретер. Қазағым дәулетi мол, қарқынды едi, Жүздерi ерлерiмнiң жарқын едi. Құс төресi аққу құс секiлденген, Жұртымның қыз-келiнi алтын едi. Үмiттiмiн әлi-ақ халқым оңалар, Кәпiр қалмақ, жер бетiнен жоғалар!


Балаларым, жауды жеңiп күйретiп, Тұғырына қазақ қайта қона алар! Астыңда болмасада тұлпарларың, Аянбай соғысыңдар, сұңқарларым!? Майданда өл, жауға тiрi берiлмеңдер, Төкпеңдер, азаматтық беттiң арын!? Қалмақпен басталғанда үлкен ұрыс, Қаршылдап жарқылдасын алмас қылыш. Бастап өт Сарыарқаға қалың елдi, Жараспас шораларға босқа тұрыс. Би мен бек, жұртты ұйыстыр, қарап тұрма, Артыңа алаңдама, мойын бұрма”? Кейiнгi елдi ертетiн сардарлар бар, Олар да құлақ түрер бiздiң жырға. Жырымда кемдiк болса, сөге көрме, Қарғысты қарт бабаңа төге көрме!? Кек қайтар дұшпаныңнан, ұландарым, Басқаға көңiлiңдi бөле көрме!? Қайраттан, қимылдап қал, боздақтарым, Есiңде болсын менiң айтқандарым. Жауларды қол оқпенен топырақ қаптыр, Әрдайым берiк болсын ынтымағың!? Балалар, Алла, аруаққа сыйыныңдар, Топ-топ боп әрбiр тұсқа жйилыңдар. Әр жерден жау қалмақты бас салыңдар, Бытырап құр жүруден тыйылыңдар!? Күй ойла, қүй ойлама, бiттi жұмыс, Бастаңдар қоршау бұзып үлкен ұрыс. Қайғыдан ұран салып серпiлiңдер, Бұл сөзiм менiң айтқан болмас бұрыс. Аршыңдар жұрт өтетiн жаудан жолды, Шаншыңдар көк найзамен оңды-солды. Соғыста жолың болғыр қолбасылар, Бастаңдар сұрыпталған қалың қолды.


Аман бол, ел қамқоры жарқындарым, Алмастай қан майданда жарқылдағын. Жұрт қамын естерiңе ап, ескере жүр, Бақ қонып, басылмасын қарқындарың! Ел мұңын әнге қостым, күйге қостым, Алдыңа тарту етiп, жырды тостым. Насихат халайыққа тағы да айттым, Жiгерi артса екен деп көңiлi бостың. Тыңдады өсиетiмдi Үш жүз халқы, Ұнатып айтқанымды жаяу-жалпы. Осындай насихат сөз көпке арнадым, Жазсын деп игiлiкке апат арты. Жырымды ұғып жұрттың қаны қызды, Тастамай жетектедi ұл мен қызды. Батырлар найза ұстаған алға түсiп, Сайланған жауынгерлер қоршау бұзды. Ашынған қазақ қорқып бұға алмады, Қалмақтар жекпе-жекке шыға алмады. Мылтығы жеткiлiктi қанiшерлер, Бiрме-бiр шайқасуды қаламады. Лап қойған бетте Қазақ бұзып шықты, Қалмақты қоршап тұрған шаншып жықты. Қайсы бiр жас өндiрлер оққа ұшса да, Қайтпасын бiздiң жақтың жау да ұқты. Түспен деп ендi қалмақ алдауына, Қаймықпай соққы берiп қас жауына. Орта жүз, Кiшi жүз боп күшiн салып, Дұшпанның быт-шыт қылды құрсауын да. Жағдай жоқ көршi жұртпен елдескендей, Өмiр мен өлiм болды белдескендей. Мылтықсыз бiздiң Үш жүз жүрсе-дағы, Тап қазiр болдық жаумен теңдескендей. Ер емес жаудың туын құлатпаған, Қалмақтың адамы жоқ жылатпаған.


Сүйреткен дәу мылтығын сұмырайлар, Қолма-қол соғысуды ұнатпаған. Садақ пен мылтығым бар “күлдiрмамай”, Кезiм жоқ атысқанда тигiзе алмай. Халқыма насихат жыр айтқанымда, Қоршауды бұзып шықты бiрi қалмай. Кезiнде қыннан қылыш суырылған, Апшысы ит Қалмақтың қуырылған. Орта жүз, Кiшi жүздер садақ тартып, Ерiксiз дұшпан жақтан ту жығылған. Қарамай өлгенiне, тiрiлгенiне де, Қалмақтың таптап өттi мергенiн де. Қазақ, Ноғай баршасы ұран салып, Дұшпанның талқандады шеңберiн де. Бөгелмей зуылдата садақ тарттық, Күлдiрмамай мылтықпен көздеп аттық. Қоршау бұзып шығарда көк семсермен, Арпаласқан жаулардың басын шаптық. Қазақтың қарт батыры ем ардақтаған, Жырымды топқа салып салмақтағам. Қан кешiп, сан майданда жүрсем-дағы, Жоғалтпай өз бойыма ар сақтағам. Мейман боп қайын жұртқа келiп едiм, Сый-құрмет Кiшi жүзден көрiп едiм. Елiме қайтар шақта жау қоршады, Жаратқан, осыншама не қып едiм? Қазаққа қиын болды келген iндет, Ежелден жауға шабу-ерге мiндет. Шығар да жау қоршауын күшпен бұзып, Екi ұлым майданда өлдi Науан, Әсет. Майданда соғысқанда шаһыбаздарым, Қиналып қысылып едi жер боп тарын. Сұм қалмақ қорғасын оқ жаудырса да, Қаймықпай шайқасып ед құлындарым.


Екi ұлым, екi атқосшым оққа ұшты, Төрт боздақ қара жердi барып құшты. Өлiмiн төрт батырдың көргенiмде, Өртенiп iшi-бауырым күйiп пiстi. Төртеуi бiзбен бiрге келiп едi, Тамаша Кiшi жүзден көрiп едi. Ақыры қан майданда шейiт болды, Төрт ботам жау қалмаққа не қып едi? Көрген соң сұмдық iстi шыдай алмай, Ұрандап “Ошыбайлап!” салдым айғай. Шаныштым оңды-солды көк найзамен, Жығылды талай жендет салып ойбай. Пенденiң бала деген жүрегi ғой, Аз күндiк тiршiлiкте тiрегi ғой. Ұлдардың жаудан кегiн алу үшiн, Қалмақтың тайшыларын түйредiм ғой. Қалмақтың алақандап ұрттап қанын, Құштырдым талайына аттың жалын. Әйтеуiр бiр өлiм деп қылыштастық, Қазақтың қорғау үшiн мал мен жанын. Үйде, түзде болсақта бiр-ақ өлiм, Дұшпаннан алған дұрыс елдiң кегiн. Келсемде алпыс бiрге найзаладым, Жоңғардың қанға құмар талай бегiн. Қоршауды бұзар шақта әлдi жидық, Уайымды, босаңдықты мүлдем тыйдық. Алысқан ат үстiнде ит халхидың, Ұстап ап айдарынан мойнын қидық. Уақиға ауыр болды көзбен көрген, Атқыш ем қолмен мерген, көзбен мерген. Лақтырып шыжым найза жылдамдата, Қалмақты сұлатуды мақұл көргем. Болсам да қол бастаған батыр ноян, Қайғыны iшiмдегi қалай жоям?


Қасымда қалың жасақ болмаса да, Шайқастым алпыс бiрде болмай қоян. Айырылды тұлпар атым тағасынан, Тозып тұр ақ сауытым жағасынан. Қайралған қайқы болат алдаспаным, Боялды қызыл қанға сағасынан. Жорықта қырық төрт жыл ғұмырым өттi, Орта жас ол да менi тастап кеттi. Ит қалмақ соғысуға душар қылды, Болмаса ақсақалдық кезең жеттi. Жасымнан ту ұстаған болдым сардар, Соңыма ерiп жүрдi талай дегдар. Кез болдым алпыс бiрде қатал жауға, Iсiне құдiреттiң не амал бар? Жау алды қазақтың кең сахарасын, Талайды оққа ұшырып, кесiп басын. Күнасыз жүктi әйелдiң iшiн тiлiп, Найзалап шырылдатты жас баласын. Тiрiлiкте бұл қорлықты көрмейiн деп, Тайынбай жауға соққы берейiн деп. Дұшпанға ыза кернеп, қарсы шаптым, Майданда шейiт болып өлейiн деп. Қалмақпен ұрыс салдық аянбай-ақ, Аялдап алды-артыма қарамай-ақ. Менi көрiп, жастар да аттан салды, Ойратты шабақтадық аямай-ақ. Жүрекке шабыншылық салды жара, Бөлiндi ел бiр-бiрiнен дара-дара. Жоңғармен ұлғайсам да кескiлестiм, Тағдырдың жазуына бар ма шара? Пендеге опа болмас дүние жалған, Жау үшiн қазақ құны арзандалған. Майдан да Алла сақтап жарылмады, Төбесi дулығамның маржандалған.


Атаның еркiн өсiп дәулетiнде, Бөленiп сән-салтанат сәулетiне. Сарбазсыз жолаушылап жүрсем-дағы, Қаймықпай шығып жүрдiм жау бетiне. Көргенде Хорос, Шорос, Бiлеуiттi, Убашы, Ұраңқай мен Телеуiттi. “Әкелген жұртыма апат сұмырай”, - деп, Iштегi кәрi кегiм қайнап кеттi. Құрымай ендi дұшпан бiзге күн жоқ, Ерлердiң жүрегiне түсiрген шоқ. Халқымды қансыратқан малғұндардың, Қадалттым жауырынынан дәлдеп қол оқ. Айналды зор шайқасқа ұрыс соңы, Жаңбырша жауып кеттi қалмақ оғы. Дұшпандар оқ бората бастағанда, Шегiндi шығын болмай қазақ қолы. Кең дала толып кеттi айғай шуға, Қазақтар паналады тоғай-нуға. Соғысқан қалмақтармен бiздiң ғаскер, Болды ғой тiрелгендей от пен суға. Қалжырап күшi азайған есiл халық, Мәңгiрдi соғыс, аштық жүдеткелi. Көлiгiн қолда барлар пайдаланып, Бет қойды Сарыарқаға тез жеткелi. Жанына қиыншылық қатты батып, Азаптың улы дәмiн бәрi татып. Қажыды азығы жоқ шұбырған жұрт, Әр жерде аш, жалаңаш қона жатып. Бұл заман, қай-қай заман, мыстан заман, Қазақты әлсiреткен дұшпан заман. Шұбырғанда iзiңнен шаң борайды, Қар жауған қантардағы қыстан жаман. Қанданды қазақ атам кең даласы, Өлiк пен ашқа толды сай-саласы.


Құтқармақ елдi апаттан болсадағы, Әнеттей жолда қалды жұрт данасы. Құрсауын Торғауыттың бұзып өттi, Қазақтар қоршаудағы бәрi кеттi. Жеткiзбей халхиларға кеткен елдiң, Бiразы Сарысуға барып жеттi. Келтiрдiң жұртыма iндет қатты, құдай, Қара жер ел табанына батты, құдай. Жаяудың жүрсе аяғы ауырады, Халқыма қимадың ғой атты, құдай. Зор апат Үш жүз ұлын тентiреттi, Жұртымның бақ, береке, құты кеттi. Жал-жая, қазы-қарта жеген қазақ, Дариға-ай, шөп тамырын қорек еттi. Жоқшылық меңдеткен соң адам жұқа, Шекпенге өш болады тiкен, бұта. Қазағым шөп тамырын қорек етiп, Қампайтты iшiн сумен жұта-жұта. Бейнетке жол-жөнекей әбден батып, Тоқтайды дем алмақ боп аздап жатып. Қоршаудан шықса-дағы мекенi жоқ, Ойлайды жан сақтауды басы қатып. Көсемдер қайғыланды қатты налып, Жарымжан, кемтар-ауру жолда қалып. Өгiз, тайлақ мiнгендер қуанысып, Шұбырды Арқа жаққа қашқан халық. Өкшелеп артымыздан бiздi қуып, Жетуге қалмақ қолы қалды жуық. Жауға дәлдеп шiрене садақ тарттық, Қалдық деп бiр күн өлiп, бiр күн туып. Қалмады соңымыздан кәпiр қалмақ, Тағы да түсiрмек боп ауыр салмақ. Бұршақша қорғасын оқ жаудырды олар, Қоярдай қалған елдi бiрден жалмап.


Мен талай жау шебiне салғам ойран, Iсiме Үш жүз ұлы қалған қайран. Атақты Ер Толыбайдан тусам-дағы, Тимей тұр тозған жұртқа ешбiр пайдам. Қазаққа болмасам да үлкен тұтқа, Насихат тағы да айттым барша жұртқа. Жырымды шегiнген қол қабыл алды, Кезiгiп тұрса да аштық, соғыс, жұтқа. Ел намысын қозғадым, Ұзақ сөйлеп созбадым. Қайрат берiп ерлерге, Бұлайша бiр толғадым. Өртеңге шыққан жас шөптей, Еркелеп өскен ұлдарым. Дұшпандарға бас име, Құламасын тiккен туларың. Жау келдi деп қайғырма, Табаныңды тайды ма!? Жебе барат қалмаққа, Естерiңнен айырыл ма?! Ұрандап шық майданға, Қолдағы сенiп сайманға. Жау таңқалсын мылтықты, Тапқан ақыл-айлаңа. Бақыт қонбас тайғанға, Сес көрсетiп жайнаң да. Абдырама ерлерiм, Қалмақ қанат жайғанға. Қас ойлаған кәпiрдiң, Қабыл болмас тобасы. Естен кетпес қазаққа, Иттердiң салған жарасы. Қалмасада соңыңнан, Берме намыс қолыңнан.


Аянбай ұрыс салыңдар, Бөгей алмас жолыңнан. Қалдырармыз Қалмақты, Аударып тастап салмақты. Тойтарайық жауызды, Құрсаулатпай жан-жақты. Батырлардың ағасы, Қырықта жас шамасы. Қорған болар халқыма, Бөгенбайдай панасы. Қанжығалы Арғын Бөгенбай Алтынды тонның жағасы. Осы күнгi сардардың, Бәрiнен артық бағасы. Бес жасы кiшi Бөгеннен, Албанның ерi Ханкелдi. Бөлiнсе де жұртынан, Бастауға жарар ғаскердi. Тазартылар күн туар, Қазақтың кең даласы. Ел қорғаны ұл туар, Жоңғардың құрыр шарасы. Жазығы жоқ қазақтың, Батырлар болар панасы. Жұртты қырған Ойраттың, Жыртылар әлi-ақ жағасы. Қазақтар түйiп қабағын, Жаудың орып тамағын. Қайта тартар қалмаққа, Өздерi тартқан табағын. Быт-шыт қып шебiн, қамалын, Кәпiрдiң тауысып амалын. Қазағым жерiн тазартып, Тайдырар дұшпан табанын.


Қайтарылар жерлерiң, Тау, орман, өзен, көлдерiң. Болашағы үшiн ел-жұрттың, Ұрысқа шық ерлерiм! Ту көтерiп, ұран сап, Шығарып жаудың ойранын. Желбiресiн құлпырып, Бөрiлi жасыл байрағың. Халқымның соры арылып, бағы жансын, Дұшпандар топырақ қауып, жер жастансын. Үш жүздiң жауыз Қалмақ соққысын жеп, Айырылып жер-суынан қайғылансын! Қолынан ата жаудың дәулет кетсiн, Жай түсiп, елi-жұрты құрып бiтсiн! Талқандап Қалмақтарды мекенiнде, Қазағым желбiретiп туын тiксiн! Келедi көп ұзамай ондай заман, Азамат тiзе қосып, жүрсе аман. Ұшырап бейбiт жұрттың қарғысына, Қалмақтың көрер күнi болар жаман! Мұны естiп өңкей боздақ қайраттанды, Сарбаздар көңiлденiп, бек шаттанды. Iлгерi қалмақ қолын жүргiздiртпей, Жiгiттер садақ тартып, айбаттанды. Көрсеттi өндiрлерiм жауға айбын, Тарқады оны көрiп, шер мен қайғым. Сарбаздар жылдам қол оқ лақтырғанда, Бәрiнен қашты дұшпан дөң мен сайдың. Батырлар халхиларға шегiп айбат, Көп бөгеп Қалмақ жолын қылды қайрат. Хорос, Шорос, Бiлеуiт жабылса да, Күллiсiн қазақ қолы шықты жайпап. Жендетi Сiбе, Ұраңқай сасып қалды, Убашы, Торғауыттар жасып қалды.


Қолма-қол шайқасқанда жауын қырып, Көңiлi ерлерiмнiң тасып қалды. Бiздiң жақ бiрме-бiрде басым түстi, Қылыш пен найза ұрыста асып түстi. Алысып қалмақтармен ұмар-жұмар, Көрсеттi бұл майданда жауға күштi. Өзiм де “Ошыбайлап!” ұран салдым, Дұшпанның қорлығына назаландым. Қасық қаным қалғанша соғыспақ боп, Қалмақтың батырларын найзаладым. Майданда ақыл-естен адасқанда, Өлшеусiз ерiк бердiм алдаспанға. Наркескен мойнын қиды талай жаудың, Өзiм мен жан-жарыма жармасқанда. Жаным менiң ерлерден ардақты емес, Өткен күн көз алдымда жай бiр елес. Жүз жиырма төрт мың пайғамбар мен Отыз үш мың сахаба да дүниеден өткен, Солардан Қожаберген артық емес. Дүние опасы жоқ жалған екен, Бiзден басқа да ерлерден қалған екен. Өлiп кетсем, соғыста шейiт болам, Үйде өлмей, түзде өлген арман екен. Ашамайлы керей iшiнде Көшебемiн, Жорыққа он жетiмнен төселгенмiн. Жекпе-жек Қалмақтармен шыққан шақта, Желкесiн қидым талай ерсiнгеннiң. Бұл сөзiм менiң айтқан жалған емес, Өтiрiкке ерлiк арым барған емес. Алпыс бiрге келгенше бiрме-бiрде, Жау дендеп, ат сауырына салған емес. Бұл да болса, құдайдың бергенi де, Атқардым қолдап iстiң келгенiн де. Аллаға шүкiр, беделсiз болған емен,


Түсiнем жұртым, маған сенгенiн де. Атқарып тәуiр жұмыс елшiлiкте, Ұнадық ер атанып көпшiлiкке. Айырылып қасыма ерген төрт боздақтан, Тап болдым дәл бүгiн мен кемшiлiкке. Зор апат болатынын бiлген жоқпыз, Кем тұтып, ғарыптерге күлген жоқпыз. Кез болдық абайсызда бұл iндетке, “Ертегi” тыңдайық деп жүрген жоқпыз. Батыр деп түсiп жұрттың ықыласы, Болып ем жас шағымнан ордабасы. Кешегi қамал бұзған жиырма бесте, Сыйлап едi мұсылманның кәрi-жасы. Жерлерiм-Ертiс, Есiл, Тобыл бойы, Елiмнiң жайылушы едi ешкi-қойы. Күн туып, ата жаудан кек алатын, Қалмақтың iске аспасын харам ойы. Белгiлi мырзалықпен жұртқа жайлы, Орта жүз Керейде елiм Ашамайлы. Есепсiз көп өсiп едi тайлақ-тайы, Болған соң жер-суы оның тым жағдайлы. Жағасында түйе қаптаған, Суы тұзды көлiм-ай. Қалың жылқы жайылған, Жап-жасыл жазық жерiм-ай. Желiге құлын байлаған, Жомарт қолды ерiм-ай. Ит жүгiртiп, құс салған, Бетегелi белiм-ай. Үйрек ұшып, қаз қонған, Айдын шалқар көлiм-ай. Дағдарып тұрмын бүгiн мен, Бетпақтың қуаң шөлiнде-ай. Бiр-бiр ұштың көзiмнен, Терiскей Арқа жерiм-ай.


Тiрiмiсiң, бармысың, Қатар өскен теңiм-ай. Тұлпар мiнiп, ту ұстап, Кернейлеткен бегiм-ай. Көкпар тартып, сайысқан, Жасыл алқап дөңiм-ай. Күн туарма дұшпаннан, Қайтатұғын кегiм-ай. Қайран Керей елiм-ай, Көк шалғын Сiбiр жерiм-ай. Кiр жуып, кiндiк кескен жер, Кетембе, сенi көре алмай. Бiлмедiм жолда мұндай сор боларын, Апаттың қазақ үшiн зор боларын. Орта жүз Керей-дағы аудыма екен, Кiм бiледi iстiң алда не боларын? Орнымда қалып едi жасақ бастап, Ел басшысы сайлап ем, халқым қостап. Жаудан жұртын жүрме екен қорғап аман, Қуатым, сүйенiшiм iнiм Асқап? Өтежан, Қарабас би, Тобыш ағам, Үш ағам аман ба екен жау оғынан. Көрем бе туған елдi, көрмеймiн бе, Биылғы жаудың бетi өте жаман. Дариға-ай, туған жерден алыс қалдым, Белгiсiз не болары бiздiң халдың. Тiрi боп елмен бiрге кездесерме, Үйдегi он ұл, бiр қыз балапаным? Тарығып ұзақ жолда тарттым бейнет, Туатын күн болар ма, бiзге зейнет. Қолында аға-iнiмнiң аман-ба екен, Ең кенжем - жалғыз қызым, құлыным Зейнеп. Үш ағам кәрiлiк жеңген қария едi, Ақылға, ерiлiкке де дария едi.


Бүл күнде жетiп, тақтан тайды, Әйтпесе даңқы көпке жария едi. Қызығын жаулар көрдi жиған малдың, Нақақтан қанын төгiп талай жанның. Бiз кеткенде, жорықта жүрген бес ұл, Шiркiн-ау, тiрiмiсiң, қайда бардың? Зәресiн алып едi сан дұшпанның, Келтiрiп тәубасына басынғанның. Едiл жаққа қол бастап кетiп едi, Тұңғышым, есен бе екен Әди жаным? Қорғаны болып едi жан мен малдың, Қазақта басшысы едi серi-салдың. Арқаға ғаскер бастап барып едi, Жүр ме екен, аман-есен, Дәстем жаным? Аққас көл, Қарақас көл арасында, Бас қосып Жаңбыршы жал ағашында. Отырар шұбат iшiт күн болар ма, Үлгi айтып Керей-Уақ баласына? Қоян жыл дәл алпыс бiр мүшелiм ғой, Жасымнан сардар болған кiсi едiм ғой. Көршi елге елшiлiкке ылғи барып, Халқыма адал қызмет iстедiм ғой. Кезiнде сардар болған сансыз қолға-ай, Керейде менiң әкем сыншы Толыбай. Жетсекте бұрын талай жеңiстерге Жолықтық бүгiнгi күн күшi зорға-ай. Тайынбай қарсыласып қалың жауға, Шықтық қой қоршау бұзып қалмай жауда. Майданда өлсем, әйтеуiр шейiт болам, Дұшпаннан қорқып жанды етпен сауға. Кешегi жас өспiрiм балғын шақта, Оқыдым медереседе Самарқандта. Жетi жыл ғұламалардан дәрiс алдым, Меңгерiп үш-төрт тiлдi дер уақытта.


Екi жыл Бұхарадан және оқыдым, Ие боп зерек шәкiрт деген атқа. Өнерге жас шағымнан құштар болғам, Самарқанд, Бұхарадан бiлiм алғам. Атанып үздiк шәкiрт қатарымда, Ең үлкен медересесiн тәмамдағам. Ерлiкпен мағылұм болдық алыс-жатқа, Ән шырқап, қобыз тарттық көңiл шатта. Бiтiрiп медересенi шыққаннан соң, Имам боп он жетiмде мiндiм атқа. Он сегiзде әйгiлi балуан болып, Он тоғызда iлiндiк батыр атқа. Жиырмада имам болмай, ақын болып, Сыймайтын iс жасадым шариғатқа. Артықша болмаса да айла-амалым, Қайтардым бетiн талай қас дұшпанның. Кешегi әз Тәукенiң заманында, Сан рет тайдырып ем жау табанын. Тiлiне араб, парсы болдым жетiк, Оны да қолданбадым өнер етiп. Шамамша ел қорғаны-батыр болып, Мен жүрдiм қазағыма қызмет етiп. Мекендеп Тобыл, Үшбұлақ екi арасын, Қазақтың жырға бөлеп ен даласын. Сауықшыл Орта жүздiң Керейi едiк, Ұш жүздiң жат көрмеген еш баласын. Бұла өсiп ағалардың арқасында, Айналып аға- жеңгем марқасына. Жорықтан ұтқын етiп ел әкелген, Қалмақтың көз салмаушы ем қалқашына! Адам деп өн бойына өнер жиған, Ел iшi деп атайды менi имам. Жорыққа он жетiмнен араласып, Болған жоқ қожа, софы, молда, ишан.


Хат танып, дiн исламның бiлiмiн алғам, Жұртыма насихатшы жырау болғам. Әз Тәуке дәуiрiнде сардар болып, Ту ұстап, тұлпар мiнiп, қол басқарғам. Қай заман, мына заман, бағы заман, Болар ма баяғыдай тағы заман. Қара орман - туған жерiм алыс қалып, Көл-дарйя көздiң жасын ағызамын. Жорықта едi қос немерем - Меңгер, Сапа, Тар жерде соларды ойлап болдым қапа. Өзiм де ұзақ жолда мандымадым, Айрылып төрт батырдан шектiм жапа. Жау қалмақ шапты талай ауылдарды, Халқымның тұрмыс - халы ауырлады. Алдырмай жауыздарға елге жетiп, Көрем бе, аға-iнi, бауырларды. Ажырады ұл атадан, қыз анадан, Қырылды ел соққы көрiп қалмақтардан. Дариға-ай, қазаққа Алла қуат берiп, Кек алар күн туар ма дұшпандардан?! Арғы атам - Ордабасы Дәулен батыр, Едiлге, Алтайға да тiккен шатыр. Қараған Қазақ, Естек қоластыңа, Аруағың жебеу болмай, қайда жатыр?! Лақтырып жауға қол оқ ерлер жылдам, Турадық дұшпанды ұстап сай-жылғадан. Қарамай қысаңшылық ауыр күнге, Халқымның мұңын айтып, өлең қылғам. Өткерiп бастан бәрiн шатақтардың, Iсiне көп күйiнiп жалтақтардың. Асқанға да бiр зауал болар ақыр, Быт-шытын шығар ғар жұрт қалмақтардың. Көрмессiң сұм қалмақтай тым қаталды, Болса да сонша қатал көп маталды.


Қалмақты қазақ бөгеп, тойтарған жер, Сол күннен “Қалмақ қырылған” деп аталды. Қазақтың қамсыздығын жаулар сезген, Тыңшысы қалмақтардың елдi кезген. Шал-кемпiр кейпiнде боп жер шарлаған, Санақшы тұтқындалды жаннан безген. Қалмақтың санақшысы қолға түстi, Қысымға ап көрсетiп ек оған күштi. Баяндап қару-жарақ, ғаскер санын, Қалдырмай айтып бердi керек iстi. Қазақтар қаша көшiп ұрыс салды, Бетпақта адастырды қалмақтарды. Арқаға күнгейдегi қазақ ауып, Шу, Талас, Сыр, Қаратау жауда қалды. Тарақты Ер Байғозы қолдың басы, Жиырманың алтауына келген жасы. Бұл-дағы Кiшi жүзге күйсу екен, Ерлiгiн көрдi елдiң кәрi-жасы. Қатысты Кiшi жүзден Тайлақ мерген, Сұлатты көздегенiн атқан жерден. Бiр мерген Саңырық атты жараланды, Тайлақтың жолдас болып қасына ерген. Екеуiде Кiшi жүзде Шектi едi, Қалмаққа әуел бастан кектi едi. Ағасы Тайлақ мерген Байрақ, Қайрақ, Оларда жүрек жұтқан беттi едi. Баласы Бекежанның мерген Тайлақ, Садақпен жау қалмақты атты байлап. Ағасы оның Қайрақ ғаскер жинап, Дұшпанға қарсы аттанған қару сайлап. Әйгiлi Тайлақ, Саңырық батыр емес, Найза ұстап, жекпе-жекке шыққан емес. Өзгеше мергендiкпен көзге түскен, Болмаса қылыштасып етпес-егес.


Байғозы қолма-қолда екен күштi, Ер болып,жеке шығып,көзге түстi. Атысқа ғадеттенген қалмақтардың, Бепе-бет кездескенде зәресi ұшты. Тұсында “Таңбалы тас” болып шайқас, Қазақтар ата жаумен салды айқас. Қалмақтар үстi-үстiне оқ боратты, Дегендей Үш жүз ұлы көрiп байқас. Соғысып осы жолы байқасқанда, Қаймықпай басқыншымен айқасқан да. Қалмақтар жеме-жемде ұта алмады, Қолма-қол қазақтармен шайқасқанда. “Айнакөл” жағасында қырғын болды, Қанды ұрыс екi жаққа қиын болды. Орта жүз, Кiшi жүз боп қарсыласып, Қалмақтан алты мың жан шығын болды. Тоқтаусыз келе бердi қалмақ қолы, Қанданды ол иттердiң жүрген жолы. Сескендiк ерлер, құрал аздығынан, Әлсiз боп қалған жасақ оң мен солы. Қамданған жасақ жиып тiгiп шатыр, Қолбасшы Әбiлхайыр қайда жатыр? Сәмеке, Ғайып, Болат, Әбiлмәмбеттiң, Жәрдемi бар қазаққа тимедi ақыр. Көп күттiк Әбiлхайыр келедi деп, Тосыннан жауға соққы бередi деп. Алайда, көмекшi қол көрiнбейдi, Қорықтық халық түгел өледi деп. Көрiнген батыр сұлтан сөзi майда, Мақтанған жайшылықта Барақ қайда? Қытай мен орыстарды мақтаушы едi, Тапты екен сол жұрттардан қандай пайда? Әйтсе де көп боп қазақ өлерменi, Қалмақтың ойға қалды елерменi.


Жоңғарлар мылтықтан оқ жаудырса да, Көрiндi екi жақтың теңелгенi. Кiшi Арғын Қараманның әулетiнен, Бар екен жүрген батыр өз бетiмен. Есiмi сол сабаздың жас Бөгенбай, Мойымас айырылса да дәулетiнен. Ер шыққан Кiшi Арғыннан жас Бөгенбай, Көңiлi қалмақ десе тас Бөгенбай. Дұшпанға бiр бүйiрден келiп тидi, Арғынның жасағына бас Бөгенбай. Дұшпанға қарсы тұрды Арғын қолы, Кесiлдi ерiксiзден жаудың жолы. Айнакөл жағасында тоссақ-тағы, Келмедi Әбiлхайыр жиған тобы. Шегiнiп Үзкент жаққа болдық бармақ, Үзкенттi болды ойымыз қорғап қалмақ. Аспаннан тiлегендi жерден беррiп, Бөгенбай болды жауға қанды қармақ. Бөгенбай болды жұртқа үлкен сүйеу, Болмады Үш жүз үшiн ендi күйреу. Әбiлхайыр сұлтанға ол кейiдi, Болса да төрелерге өзi күйеу. Баласы Қожакенiң Бөген сардар, Қолда деп бұл майданда паруардигар. Ат қойды Үзкентке кеп Жоңғарларға, Жауларға кезек келдi қырғын табар. Бес мыңдай жау қырылды Үзкент жақта, Екпiндеп баса-көктеп келген шақта. Тойтардық Сарысуда қалмақ қолын, Дұшпандар өте алмады батыс жаққа. Бұл жерде Төлегатай бейiтi бар, Қасында қайынатасы Қылышты дегдар. Бейiтiне екi асылдың құран оқып, Қолдасын дедiк бiздi әруақтар.


Төлегатай Қылышты софы қызын апты, Мекендеп Үзкент маңын тұрып қапты. Ұлғайған да аулақтап өз жұртынан, Үзкенттегi қоныста дүние сапты. Төлегатайдың екiншi бәйбiшесiнен Туған ұлдар Балталы, Бағаналы. Ел болып кейiн олар өсiп-өнiп, Қонысқа Үржар екен таңдағаны. Қалмақ келiп шапқанда, олар да ауған, Сарысуға өтiптi қашып жаудан. Көбi аман қалыпты бұл жұрттардың, Құтылған балықтай боп құрған аудан. Қылышты софы қызынан туған екен, Балталы, Бағаналы деген ерлер. Екi асылдың батасы қабыл болып, Олардан тарап кеткен талай елдер. Жарылғап, Жанкiсi байлар туған екен, Жұртының басты адамы Өтемiстен. Сол арада жолығып дидарластық, Бағаналы мырзасы Өтемiспен. Бейiтке дұға оқып, шықтық түнеп, Аруаққа көп сиынып, тiлек тiлеп. Арқаға өтуге елге басшы болдық, Аштықтан қалса-дағы халық жүдеп. Құтылу үшiн жаудан болып азат, Шыдатпай шапшаңдата тарттық садақ. Қалмақтың соңға түскен жендетiне, Тигiздiк Мiрдiң оғын дәлдеп қадап. Атсада дәу мылтықтан бiзге допты, Желiгiп жаудырсада жұртқа оқты. Қазақтар бұрылып кеп бас салғанда, Ерiксiз қалмақ қолы жедi соққы. Iлгерi жаулар қадам баса алмады, Бөгелдi Сарысудан аса алмады.


Ащыкөл, Телiкөлде қырылды олар, Үш жүздiң қанын шаша алмады. Қайғырып қазақ елi шектi уайым, Зор апат төмендетiп хал-жағдайын. Жырымды әрi қарай ұластырып, Азырақ қайын жұртты баяндайын. Сүйген жарым Айшаның, Асыл тегiн сұрасақ. Бiлмек болып жарандар, Шежiреден қузасаң. Сауал қойсаң бiздерге, Үш жүздiң деп қай ұлы? Кiшi жүз - Алшын iшiнде, Он екi ата Байұлы. Байұлыға жататын Есентемiр деген ел едi. Сырдарияның бойында, Мекенi - Бестам жерi едi. Ерлер шыққан бұл елден, Жұртқа басшы киелi. Қоныстанған жерiнiң Шұрайлысы едi Шиелi. Жiгiттерi жауынгер, Шеттерiнен бөрi едi. Жұтқызған жауға қайғы-шер, Қамалға шапқан ер едi. Алдынан өрген малының Есебi жоқ көп едi. Ғарыптерге қайырымды, Етек-жеңi кең едi. Айырылып ата қоныстан, Бет қайтқан соң соғыстан. Дәу мылтықты дұшпаннан, Есентемiр жұрты ығысқан.


Жағалбайлы, Жаппас пен Есентемiр, Кердерi. Орал тауға көшпекшi, Жаулары шайқап iргенi. Алшынның әйдiк шешенi, Есентемiр елi көсемi Қайын атам Қабылан би, Ақылға дихан кiсi едi. Қатарында ер едi, Азулы жанның бiрi едi. Қартайса да беделдi, Кiшi жүзге бел едi. Айла-амалға кемел-дi, Баурап көршi-көлемдi. Топтастырды маңына, Жiгiттердi өнерлi. Көп қиындық көрсе де, Алдағы iстi бiлсе де. Дайындалды сапарға, Сексен беске келсе де. Жағалбайлы көсемi, Сансызбайұлы Төспенен. Ақыл қосып екеуi, Көшейiк бар да ес деген. Алла, Әруаққа сиынып, Тас түйiн боп жиылып. Қару-жарақ асынды, Еретiн жұртқа бұйырып. Салқынданып сұрғылт күз, Күннiң көзiн бұлт басты. Тозған елге басшы боп, Жағалбайлы, Жаппасты. Есентемiр, Кердерi, Жұртын бұлар бастап ап.


Бiрi - кәрi, бiрi - жас, Сөздерiн қауым қостап ап. Амалсыз тастап Сыр бойын, Орал тауға бармақ боп. Шоғырланды төбеге, Көшпек болған жиын-топ. Ту көтерiп көсемi, Соңына ертiп көп елдi. Тәуекелге бел буып, Көштi бастап жөнелдi. Жағалбайлы Төс батыр, Өз халқына ес батыр. Жиырма алтыда жасы бар, Қалмақтарға өш батыр. Сансызбайдың өзiндей Көрсеткен жауға сес батыр. Үзкентте болған ұрыста, Қалмақты қырған гүж батыр. Кетерiнде қиналды ел, Қоныстарын қия алмай. Бәрi де жұрттың жылады, Көз жастарын тия алмай. Көз жасын төктi ел мен ер, Iштерiне толып қайғы - шер. Аударып табан көшсе де, Орал тауы шалғай жер. Орал таудың күнгейi Кiшi жүз Әлiм жерi едi. Алшынның Әлiм тайпасы, Алты аталы ел едi. Шықса да талай қарсы қалың жауға, Шабақтай болды оралған құрған ауға. Кiшi жүздiң төрт руы бетiн бұрды, Ырғыз, Ор, Ойыл, Елек, Орал тауға.


Беттедi көлiгi барлар әр бағдарға, Бет қойды бiраз Алшшын Мұғаджарға. Күнгейлiк Кiшi жүздер бел байлады, Бармақ боп жер кiндiгi - Сарыарқаға. Билерi үш Алшынның көп кеңестi, Бiр тобы Сарыарқаға барам дестi. Сыр бойы, Қаратау да қоныс болмай, Iлесiп Орта жүзге Алшын көштi. Шығысын Сарыарқаның қалмақ алды, Балқаштың айналасын қоныстанды. Баян тау, Ереймен мен Қарқаралы, Бәрiне Жоңғарлар кеп салық салды. Мекенi едi Арғын-Қыпшақ, Тарақты елi, Арқаның Қытайлар аспас сары белi. Тапталып дұшпан аты тұяғына, Қазақтың қор болды ғой жасыл жерi. Ташкент пен Түмен шаһар араларын, Орман, тау, өзен, көлдi далаларын. Қыс қыстап, жазда жайлап, еркiн өсiп, Ту ұстап, тұлпар мiнген шораларым. Түркiстан, Сайрам, Тараз, Ташкент маңын, Мекендеп Орта жүздiң халқы қалың. Ежелден қоныс етiп, егiн салып, Өсiрген қой мен түйе, жылқы малын. Осындай кең байтақты мекен еткен, Орта жүз бүгiн жаудан жапа шеккен. Айырылып ата қоныс, мал-мүлкiнен, Тұрмысы жұртымыздың керi кеткен. Аумаған көп аймақта ел қалмаған, Халқымды қалмақ оғы көп жалмаған. Сандалған саудагердiң айтуынша, Арқаның Батыс жағын жау алмаған. Жан-жақтан Сарыарқаға ел құлады, Қуылып қыстауынан зар жылады.


Қиналған мекен таппай жаяу-жалпы, Шұбырып жүрген iзiн жол қылады. Ит жоңғар шабуылдады бiрнеше ұдай, Қоршауды бұздық, қолдап аруақ-құдай. Ертiс, Есiл, Тобылға жетпек болып, Келемiз Айша екеумiз жүрiп тынбай. Ақса да соғыста қан ағын судай, Арқаға қазақ көштi улай-шулай. Аштарға аттың бiрiн сойып берiп, Аттандық көңiлденiп ерлiк буға-ай! Құрбан қып шалған атым күрең жорға, Бiз тарттық ауыр бейнет ұзақ жолда. Көңiлге Айша екеуiмiз медеу еттiк, Бар ғой деп атысатын мылтық қолда. Солмаған жоқшылықта бiздiң көрiк, Дулыға басымдағы темiр бөрiк. Найзаға ту байламай жүрген емен, Жасыл ту он жетiмнен болдың серiк. Бөрiнiң басы, жарты аймен Жұртымның туда белгiсi. Байрақты ондай ұстайды, Қол бастаған ер кiсi. Майданды бастан кешiру Жүректi жiгiт белгiсi. Табанды болса сардардың, Өрге басар әр iсi. Жақсының бала кезден алдын көргем, Қаймықпай қалмақтарға майдан бергем. Ер Көкше, Ер Есiмдi хисса еткен, Керейдiң жырауы мен - Қожаберген. Сыйынып аруақ пенен Жаббар хаққа, Мiнгестiк Айша екеуiмiз ақ боз атқа. Құтылып жаудан алыс кете бардық, Әйтеуiр тұтқын болмай ит қалмаққа.


Амалдап қамшы бастық ақ боз атқа, Бет түзеп бiз жөнелдiк Арқа жаққа. Ауылға жетем деген зор үмiт бар, Елiмдi жолықтырғай бiздiң баққа. Жетекте iлбiп келедi көкшұбар ат, Ертеден жылқы малы ерге қанат. Суына Сарысудың тысын жудық, Болған соң үстiмде қан iшiк жанат. Өтуге Сарысудан етiп амал, Сол жерде қамыс буып жасадық сал. Салға отырып, аттарды жетектеп ек, Өзеннен малтып өттi жануарлар. Аттанып Сарысудан терiстiкке, Келемiз жадырамай кейiстiкте. Сөйтсе де тiлек тiлеп, сөз сөйледiм, Шыққанда Арқадағы кеңiстiкке. Алладан ендi тiлегiм, Сақтап бiздi саламат. Елiме аман жеткенше, Денеме салма жарақат. Алпыс бiрге келгенде, Кездестi бiзге бұл бейнет. Күдерiмiздi үзбейiк, Туар алда күн зейнет. Көп қайғырма Айшажан, Жетермiз елге амалдап. Құтылармыз ұрыс сап, Келсе де қалмақ қамалап. Тiлеуiн көптiң тiлейiк, Ел-жұртпен бiрге жүрейiк. Қан майданда соғысып, Ұлғайсақ та көрейiк. Көрермiз елдi Айшажан, Тiрi жүрсек саламат.


Ауыр күн кетер қиналтқан, Құдай берсе зор қуат. Батырлар мен көсемдер, Ғаскерiн бастап ұрысқа. Майданда жауды еңсерер, Ерiк берiп қылышқа. Соғыста күйреп, жау жусап, Сарбаздар жеңер ұран сап. Тазартылып жыртқыштан, Ұзамай қалар жер босап. Қысаңшылық жойылып, Халқымыз болар мүлде азат. Жағдайымыз жақсарып, Орнар заман шын ғажап. Баяғыдай сайрандап, Қымыз iшiп жайраңдап. Тұрмыстары түзелiп, Асыр салар жайнаңдап. Арылар бастан бар азап Қалмаққа төнiп жұт, дозақ. Қалпына келер толқысып, Дәулеттi болар бар қазақ. Уайымдама, Айшажан, Қалды деп боз ат шабандап. Жетермiз елге бiз де аман, Құлжа атып жеп амалдап. Ауыстырып мiнуге, Жарап қалды шұбар ат. Айырылмайық ақылдан. Болмасада көңiл шат. Қайғыра көрме ой ойлап, Қалармыз деп жаяулап. Есен болсақ жан-жарым, Барармыз жұртқа аяңдап.


Бөгелмейiк аялдап, Жүрсекте атпен баяулап. Ұзап шықтық алысқа, Жете қоймас ит қалмақ. Жағдайдың бәрiн шамалап, Сулы жердi жағалап. Жау мен жұт қабат қыссада, Бұрылмай артқа алаңдап. Орта жүздiң iшiнде Ашамайлы керейде. Жаудың кiрген түсiне, Бөленiп ерлiк мерейге. Толыбай сыншы баласы Қожаберген жырау ем. Сыйлаған елдiң данасы, Қамалға шапқан шаһыбаз ем. Сiбiрде туған жерiме, Өзiмнiң туған елiме. Жеткенiмше жыр жырлап, Өлеңнiң кiрдiм кенiне. Көргем жоқ көптi жамандап, Бөлгем жоқ жұртты алалап. Барғанымша халқыма, Дастанды қойман тамамдап. Көрсеттiң көпке қысым қатты, құдай, Қара жер қабырғама батты, құдай. Табаным жаяу жүрсем қажалады, Сусыз,шөпсiз ашықтырдың атты,құдай. Бұл заман, қай-қай заман, шұбар заман, Қазаққа жаулар торын құрар заман. Ертiс, Есiл, Тобылдағы туған елдi, Көретiн күн болар ма есен -аман?! Атсыз қап жұрт жүрiсi шабан болды, Халқыма аштық, соғыс жаман болды.


Басталып ел сұлауы Алакөлден, Ақтабан шұбырынды заман болды.

Қожаберген ақын Толыбай сыншыұлының “Елiм-ай” тарихи эпопеялық жырының екiншi бөлiмiнiң бас жағы. Ортасы қазан айы болды мiне, Сұм соғыс жиiледi күннен-күнге. Тамыздың ортасында басталды ұрыс, Толастап көрген емес әлi күнге. Мамырда қалмақ ашқан қанды майдан, Майданнан көп елдердiң бағы тайған. Қазақтың шығыс жағын жоңғар жаулап, Сол себеп көше қашқан Қоңырат - Найман. Тамызда жау жасағы Сырға жетiп, Бостырды көп ауылды зар еңiретiп. Жан-жақтан дұшпан қолы қоршаған соң, Халайық қатты састы, дегбiрi кетiп. Дәл екi ай Қаратауда болды соғыс, Бермедi қанiшер жау жұртқа тыныс. Бақ кетiп, iстерiмiз керi айналып, Дариға-ай, бұл кез елден қашты ырыс. Алыстап майдан жерден шықтық ұзап, Артымнан ел де келедi ұбап-шұбап. Сал жасап, Сарысудан iлгерi өттiк, Жаратқан бергеннен соң бойға қуат. Салымыз жалпақ етiп буған қамыс, Сарысу көп жорықтан маған таныс. Қарасы қалың жаудың көзге iлiнбей, Ұрыстан бұл күндерде қалдық қалыс. Бұл шақта бөкен-киiк ауып кеткен, Құстар да жылы жаққа ұшып кеткен. Есiркеп қиындықта Ақтың өзi, Құлжа атып, тамақ қылдық шыққан беттен. Құлжаның етiп бөлiп, азық еттiк,


Қуанып бұған-дағы шүкiр еттiк. Жөн сiлтеп, босқын елге алда жүрiп, Қалжырап Сарыөзенге зорға жеттiк. Арқадан Қаратау мен Сыр бойына, Бет алып шұбырған жұрт көрiнбейдi. Арқадан Зерафшанға жазда ел ауған, Еш жағдай одан басқа бiлiнбейдi. Бұл жақта Орта жүздер алыс көшпей, Дұшпанның шабуылына көп кездеспей. Қалған жұрт Қорғалжынға жиналыпты, Табысып туысқанмен безiнбестей. Қорғалжын аймағына топталыпты, Қалмақпен соғысуға оқталыпты. Би мен бек, хан мен батыр кеңес құрып, Сол жерде көптiң мұңы жоқталыпты. Көбi елдiң жер-суынан айырылыпты, Шығын боп азаматы қайғырыпты. Арқаның шығысынан тиген дұшпан, Оларды қонысынан тайдырыпты. Жасымнан көп шыққан саң сапарға алыс, Жорықта жүрген жердiң бәрi таныс. Байқасам жеткен кезде ел жағдайын, Панасы келген жұрттың қалың қамыс. Құяды Қорғалжынға бiрнеше өзен, Осы өлке маған таныс жiгiт кезден. Ағалар дәулетiнiң арқасында, Жасымда серiлiк құрып, жиһан кезгем. Қамыс пен тоғайларды паналаған, Барлығы жұрттың шымнан үй қалаған. У-шусыз жиi-жиi қоныстанып, Халайық өзен, көлдi сағалаған. Қорғалжын талай көлден құралады, Ондағы ел мал асырап қуанады. Бұл күнде кешегiдей жұрт бай емес, Сондықтан көп ауылдар сия алады.


Кейбiреу шым оя алмай кештеу қалып, Кiретiн баспалдақпен жер үй салып. Құм төсеп, iшiнде оның сыз болмасқа, Күнелткен баспана қып барша халық. Қуандым елдiң шетi көрiнген соң, Қол ұшы шеткi ауылдан берiлген соң. Сәлемiн топтың берген қабыл алдым, Жұрт сыйлап, арқам бiрден кеңiген соң. Құрметпен кеп азамат ауыл жақтан, Түсiрiп бәйбiшемдi, өзiмдi аттан. Қолтықтап екеумiздi кiргiздi үйге, Еске алып, ерлiгiмдi етiп мақтан. Әр пенде өз халқына сенедi екен, Тiршiлiкте ер елi-жұртын көредi екен. Атағым жастайымнан жайылған соң, Өзiмдi сырттай бәрi бiледi екен. Қарсы алып жiбектей боп есiлген соң, Дем алдық, төрде отырып шешiнген соң. Жылы үйге енгеннен соң, мызғып кеттiк, Жадырап аяқ жазып көсiлген соң. Маужырап келген күнi ұйықтап қалдық, Екеуiмiз бәйбiшеммен тыныс алдық. Ұйқыны бел шешiнiп қандырған соң, Бой сергiп, естi жиып дұрысталдық. Оянып ұйқымыздан бетi-қол жуып, Көңiлдi жадыраттық қалған суып. Дастарқан жайып, алға табақ тартып, Құрметпен үй жандары отыр жуық. Таныссам үй иесi Арғын екен, Арғында Бес Мейрам елқалың екен. Iшiнде Бес мейрамның Қуандықтан, Шыққан жас қатарында балғын екен. Сұрап ем есiмi оның Қасым екен, Ақылы тең-құрбыдан басым екен.


Күн көрген жастайынан аң-құс аулап, Ешкiмге телмiрмеген асыл екен. Ас iшiп, ауқаттанып жайланған соң, Асықпай әңгiмеге айналған соң. Жағдайын күнгейдегi елдiң сұрап, Кәрi-жас сауал қойып сайланған соң. Бәрi айтты: сiздi сырттай бiлемiз деп, Құлаққа ерлiгiңдi iлемiз деп. Даңқыңа баба сiздiң бек шаттанып, Әрдайым тiлектес боп жүремiз деп. Сұрады ақсақалдар майдан жайын, Тыңдауға үлкен-кiшi отыр дайын. Әуелi өлеңменен естiртпек боп, Өтiндiм айтпақ болып мәнi-жайын. Сөйткенде көңiлдендi бiздi тыңдап, Хабарымыз әлеуметке әбден ұнап. Алдымен ән-күй, жырмен бiлдiруге, Үйдегi жәмиғаттар еттi рұқсат. Қадiрлеп бәйбiшемдi, өзiмдi де, Қатты аяп, есiркедi жүзiмдi де. Ардақтап төрлерiне отырғызып, Тыңдады ықылас қойып сөзiмдi де. Мен сонда қобыз алып, ойға баттым, Аздан соң “Елiм-ай” деп, күйдi тарттым. Халайық көздерiне жас алғанда, “Елiм-ай” әнiн шырқап, жырын айттым. Аңғардым тыңдауға жұрт берiлгенiн, Болған iс аянышты көрiнгенiн. Елестеп күздегi апат алдарында, Көздерден моншақтап жас төгiлгенiн. Сонан соң аз кiдiрiп тыныс алдым, Баяндап оқиғаны алғыс алдым. Естiртiп жеңiс күнi алыстығын, Бiлдiрдiм ауырлығын бiздiң халдың.


Қару сай ер күшiне болмаған соң, Қалмақты орыс, қытай қолдаған соң. Быт-шыт боп жеңiлгенiн елдiң айттым, Дұшпандар дәу мылтықты қолданған соң. Сұрап ем бiздiң елде келген екен, Асқапқа бiрi қалмай ерген екен. Жетiптi Қорғалжынға малын айдап, Жаратқан өзi жәрдем берген екен. Мұндағы ел аштық көрген емес пенде, Малдан да құр алақан емес кенде. Бәрiнiң күнелтерлiк азығы бар, Қарасып жатыр аш пен ауру-кемге. Қоштасып алғыс айттым Арғындарға, Ағайын, туған елдi көрмек болып. Аға-iнiм, ұл-қызыммен табысуға, Тезiрек Айша екеумiз жүрмек болып. Қалмақтар аса жауыз жыртқыш тектес, Қорлығы ол сұмдардың естен кетпес. Алды кеп Керей-Уақ тоқтаған жер, Қорғалжын аймағында Құлан өтпес. Түзеткен дер кезiнде iстiң мiнiн, Өткiзген ел қорғауда жастық күнiн. Өзенге Құлан өтпес жеткен шақта, Бiздерге ұшырасты Асқап iнiм. Аттарды ерттеп мiнiп шықтым сыртқа, Кешiкпей табыстық кеп туған жұртқа. Айшажанмен екеумiз бек қуандық, Iнiмдi көрiп Асқап елге тұтқа. Көрiстiк аттан түсiп iнiлермен, Аяулы сыйлайтұғын келiндермен. Бауырымызға қысып сүйiп балаларды, Құшақтап амандастық кәрiлермен. Қолдасып амандасып, көңiлдендiм, Ағайын, үлкен-кiшi бәрiменен. Әйтсе де топ алдында таяқ ұстап,


Үш бiрдей туған ағам көрiнбеген. Шаттанып беттен сүйдiм ұл-қызымды, Көрген соң сау-саламат жұлдызымды. Жадырап Айша екеуiмiз рахаттандық, Иiскелеп баға жетпес құндызымды. Табысса да iнiм-келiнiм, балаларым, Көзiме ұшырамады ағаларым. Шошыдым ажал тапқан екен ғой деп, Өзiмдi ерке өсiрген даналарым. Құлазып сала бердi шiркiн көңiл, Дедiм мен неге қысқа мынау өмiр. Үш ағам қартайса да сап-сау едi, Оларды көрмей бiзден кеттi дегбiр. Жастардан үздiк шыққан Жұмай, Жабай, Сөйледi тура айтпай сөздi жанай. Өлiмiн үш ағамның естiртпек боп, Келiптi би мен бектiң бiрi қалмай. Көңiлiм боп тұрған соң жадау, тақыр, Бәрi бiр сезiп тұр деп бұл жайды ақыр. Жақсысы Керей-Уақ ортаға алып, Естiрттi Тоқпанбет би, Жабай батыр. Жау төнiп, жұрт жағдайы болып ауыр, Айырылған жер-суынан қалың ауыл. Аз бұрын ел ауардан қайтыс бопты, Үш бiрдей жасы үлкен қайран бауыр. Шығардым үш ағама отыз жоқтау, Жұбатып ел жиылын айтты тоқтау. Қайғы артып, қан майданнан оралғанда, Өлiмi үш данышпан қиын соқты-ау. Есiтiп ақтық сөзiн қала алмадым, Топырақ қабiрiне сала алмадым. Зор апат ойда жоқта жолды бөгеп, Дариға-ай, кезiнде елге бара алмадым. Келсе де ұзақ жолдан бетi қайтып,


Жылады жарым Айша жоқтау айтып. Жұбатты жан-жағынан сабыр қыл деп, Оған да еркек, әйел тоқтау айтып. Қалмаққа Керей-Уақ қарсы тұрған, Бiраз жас қан майданда шығын болған. Аз уақыт жазда елге ауру тарап, Ағалар науқастанып, қаза болған. Керейдiң бiр руы-Хансадақты, Қалмақтар оқ жаудырып қырып сапты. Көшпеуге Көк Есiлден белдi буған, Аббас керей жұрты да қырғын тапты. Танаштың Аббас дейтiн iнiсiнен, Таралып бiраз Керей өскен едi. Хансадақ Аббас керей тiзе қосып, Бермеймiз жердi жауға дескен едi. Ақыры екеуi де құрып кеткен, Оларды сақтауға Асқап қимыл еткен. Доп атып дәу мылтықтан қалмақ қолы, Асқаптың жолын бөгеп, кедергi еткен. Аймағын Көкшетаудың мекен қылған, Меркiт керей Жоңғармен ұрыс қылған. Ежелгi қонысын жұрт қалай қисын, Меркiттер жер бермеуге белдi буған. Ежелден Көкше өңiрiн еткен қоныс, Керейлер ата жаумен салыпты ұрыс. “Өлiспей қыстау-жайлау бермеймiз”, - деп, Асынған жарақтарын болат-құрыш. Айбалта, қылыш, күрзi, садақ, найза Бес қару әрқашанда жанға пайда. Қолданып сойыл, қанжар, пiлтелiсiн, Дұшпаннан жеңiлмеске еткен айла. Сұм қалмақ дәу мылтықты қолданған соң, Қоныстан Керей-Уақ сырылыпты. Хансадақ, Аббас керей Есiл үшiн,


Соғыста жау оғынан қырылыпты. Ордабек пен Орманбет, Оңғарбек деген үш ру Шыққанменен Керейден, Ойында болмай шеп құру. Асқаптың сөзiн ұмытып, Мылтықты жаумен соғысқан. “Өлмей жердi бермен!” - деп, Табан тiреп ұрысқан. Дәу мылтықтан доп жауып, Бұл елдер де жойылған. Қазақты қырып Тобылда, Қалмақтар қанға тойынған. Бес руы Керейдiң, Соғыста құрып жоғалды. Есiл, Тобыл, Көкшеде, Мал мен мүлкi тоналды. Қайтсе де елдi сақтап қаламын деп, Күнгейге iнiм Асқап бұрылыпты. Қазақ пен Татар қолын бiрiктiрген, Көрген соң қанға тоймас құбылжықты. Қорғаған Балта, Сибан, Тарышыны, Тойтарып жан алатын алдашыны. Көшебе, Абақ, Уақ елдерiн де, Сақтаған жаудан аман Қарабасұлы. Меркiт, Сибан Керейлер қырылса да, Қорғауға оларды Асқап жанын салған. Жаралы, кемтар, науқас адамдарын, Қалдырмай жау қолына жинап алған. Тұқымы елдiң құрып кетедi деп, Қазақ, татар, естекке ашып жаны. Ұрыс сап неше күндей соғысса да, Асқаптың бiлiнбептi шаршағаны. Қондырған көштердi әкеп әрбiр сайға,


Халқының қамын ойлап еткен айла. Ұшыратпай зор қырғынға ауылдарын, Ер Асқап ақылынан тапқан пайда. Балта, Көшебе, Тарышы, Абақтың да, Шығын болған бiрталай сабаздары. Солармен бiрге жүрген Уақытың да, Оққа ұшқан қан майданда сарбаздары. Барлығын ауылдардың алға салған, Алды-артын қарауылдап байқап алған. Iлгерi көштiң бәрiн аттандырып, Өздерi жаудың жолын бөгеп қалған. Бұл iстер түгел шындық, емес жалған, Iндеттен жұртын сақтау ерге арман. Асқаптың өнерiнiң арқасында, Апаттан Керей-Уақ аман қалған. Сiбiрде қалмақтардан соққы көрген, Татарлар Керейлердiң көшiне ерген. Шалабай аймағының Естектерi, Iлесiп қазақтарға ода келген. Келген соң үлкен апат барлығына, Тап болып жазмыш iсi жарлығына. Бәрi кеп Қорғалжыннан қоныс тептi, Кейiмей жаңа қоныс тарлығына. Ежелден Сарыарқаны келген қыстап, Тарақты, Арғын-Қыпшақ, Керей-Уақ. Бұл бес ел Қорғалжынға шоғырланды, Жер-суын алғаннан соң кәпiр қалмақ. Арғында Бес Мейрамның мекенi едi, Қорғалжын, Нұра, Баян, Қарқаралы. Суы тұщы, шөбi шүйгiн малға жайлы, Құйқалы ғажап жерлер Арқадағы. Саны тең Арғынменен, Найманменен, Күн кешкен Керей сауық-сайранменен. Дихан боп егiн салып һәм ұста боп,


Күн көрген құрал жасап сайманменен. Көсемi Керей-Уақ Асқап iнiм, Тiрiлiкте теңдесi жоқ айым-күнiм. Әрдайым жаттықтырып сарбаздарды, Көрген жоқ босқа өткiзiп әрбiр күнiн. Қорғалжын тозған жұртқа болды ошақ, Келген ел бiр-бiрiне жайып құшақ. Жатырқау ешбiр жанда болмай кеттi, Тату боп бiрге өскен адамға ұқсап. Шынында Үш жүз халқы атасы бiр, Сол себеп - болмау керек көңiлде кiр. Қалмақты жеңем деген елде үмiт бар, Қолдаса жұртымызды аруақ пен пiр. Болса да осы күзде жаңбыр сирек, Нажағай жарқылдады, күн күркiреп. Соңында қазан айы осындай iс, Кез болды ғұмырымда алғашқы рет. Қарасаң Ақ жұмысы қандай ғажап, Қар түспей Сарыарқада күз болды ұзақ. Тәңiрiм қазақтарға болысқандай, Баршаға құра алмады дұшпан тұзақ. Бiрақ та Бетпақ жақтың күзi суық, Қашқан ел тез түңiлдi көңiлi суып. Арқадан құмда жағдай ауыр соғып, Келгендей болды тағы апат жуық. Рахымы табиғаттың өзгергендей, Тәңiрiм Арқаны елге меңзегендей. Ердiң ерi, егiздiң сыңары қалды тiрi, Халыққа хақ жәрдемiн жiбергендей. Бұл заман-тажал қалмақ шыққан заман, Ақиық кез құйрықтан бұққан заман. Соғысқа дайындығы болмаған соң, Бет қайтып, жаудан халқым ыққан заман. Шабуыл қыс бастала толастады,


Қалың жау қарашада жанаспады. Қыс түсiп бетпақ шөлде тым ертерек, Қалмақтар Сарысудан берi аспады. Қазаққа ұйымшылдық жарасып тұр, Аштарға тұрғын елдер қарасып тұр. Науқас пен кемтарларды қамқорына ап, Жұртымның ғарiптерге жаны ашып тұр. Шығудың қыстан аман қамын ойлап, Қайғыны басқа түскен болдық жоймақ. Бөлiсiп қолда барын жан сақтады ел, Жаралы жұртқа кiмдер кiнә қоймақ? Аттары сарбаздардың тұрды жарап, Ұсталар соғып жатыр қару-жарақ. Сақтанып тосын болар шабуылдан, Өткiздiк қатал қыстың күнiн санап. Жiгiттер аттары жоқ нарға мiнбек, Ұзамай күнi ертең көктем келмек. Жауынгер киер шекпен тоқу үшiн, Келiндер дайын отыр құруға өрмек. Жақсылар мәжiлiс құрып айтып ойын, Дұшпанға көрсетпек боп iстiң сойын. Қоян өтiп, ұлу жыл кiргеннен соң, Жасадық тiлек тiлеп, наурыз тойын. Дедiк бiз ұлу жұртты ұлытпасын, Сақтасын, қалған елдi құрытпасын. Қазақтар қайжда жүрсе, аман болсын, Жер-суын қайта тапсын, ұмытпасын. Арқаға қазақ, ноғай жиылып тұр, Насихат құлағына құйылып тұр. Жеңiске жеткiзгей деп кешiктiрмей, Бәрi де Алла, аруаққа сиынып тұр. Мiнекей, сағындырған келдi көктем, Күлiмдеп жер бетiне нұрын сепкен. Адамзат, жануар, құс жадырады,


Қоңыр жел жылылықпен сүйiп беттен. Наурыз да өттi, сақтықпен көкек те өттi, Жауынгер кезекпенен мал күзеттi. Азамат күндiз-түнi жортуылда, Салар деп дұшпан келiп қалың өрттi. Кешiкпей мамыр айы жылжып жеттi, Қалмақтар Сарысудан батысқа өттi. “Қыпшақтың өзiнен кеп алды”, - деген, Естiдiк жау тайпасы Бiлеуiттi. Алармыз жоңғарлардан елдiң өшiн, Тосылған халқым үшiн оққа төсiм. Ұлу жыл уақиғасын тағы жырлап, Бұған да “Елiм-ай” деп бердiм есiм. Еш пенде бұл шаруамды жек көрмеген, Жаралы науқасты емдеу дұрыс деген. Жұртыма аман келiп табысқан соң, Жинадым сынықшы, емшi әрбiр елден. Арасы ауылдардың емес қашық, Ем қыл деп ауруларға айттым ашық. Сынықшы, балгер, емшi тобы содан, Аралап кiсi емдеудi еттi машық. Ол топқа хал-хадари бердiк сыйлық, Қалтқысыз орындалып еткен бұйрық. Сауыққан жiгiттерден жасақ құрап, Осылай аз да болса, естi жидық. Ғаскерге қартайсам да сардар болдым, Басшысын тағайындап әрбiр қолдың. Бiр тобын жауынгердiң ертiп жүрiп, Арқаның бiраз жерiн барлап, шолдым. Көңiлiм жер аралап, болмады тоқ, Бұрынғы ақ үйлi ауыл орнында жоқ. Қаңырап босап қалған қыстау көрiп, Шерленген жүрегiме түстi ыстық шоқ. Арудың ақша жүзi солған заман,


Кәрi-жас түгел мұңлы болған заман. Сұңқардың құзғын-қарға орнын басып, Қарқылдап гүл-бақшаға қонған заман. Қазағым, ақ ниеттi қайран елiм, Бекiнiп белдi бекем байлап едiң. Абайлап жан-жағыңа көзiңдi сал, Мекенiң, туып-өскен қайда жерiң? Үй тiгiп отырушы ең әрбiр сайда, Қайран ел ғайып болып қайда? Жаратып кермелерге байлап қойған, Бура сан, мұзбел тұлпар атың қайда? Еркiңмен көшiп-қонып кең далада, Ешқандай таршылықты көрмеп едiң. Тау, өзен, орман, көлдi жаудан қорғап, Дұшпанға қолдан намыс бермеп едiң. Ту ұстап, сауыт киiп, тұлпар мiнiп, Құлашты тым биiкке сермеп едiң. Ие боп ен дәулет пен зор бақытқа, Қырандай қияға ұшқан өрлеп едiң. Мырзалар қазық қағып, желi тартып, Ботаны құлынменен байлап едi. Iргесiн ақбоз үйдiң түрiп ттастап, Мыс шәугiм оттан түспей қайнап едi. Сапырып сары қымызды дәрi орнына, Қазы сап тосап жасап iшушi едiң. Сән-салтанат қатардан асырам деп, Ылғи да бәсекеге түсушi едiң. Қондырып ауылдарды жайлы орынға, Мейманға ақ үй тiгiп сайлап едiң. Бағыланды қонағыңа таңдап сойып, Жал-жая, қазы-қарта шайнап едiң. Уа, жұртым, сол бiр жақсы күйiң қайда, Жаз болды тiккен, қане, үйiң қайда? Халайық, уақытымен басын қосып,


Той-думан болып тұрар жиын қайда? Түйiнiн әрқашан да даудың шешiп, Топ болса сөйлейтұғын биiң қайда? Сүннет той, келiн түскен қуанышта, Ақынға беретуғын сыйың қайда? Заманды құлдырар деп ой да бар ма, Семiрткен серке менен қой да бар ма? Аштыққа ұрынбауға сақтық қылып, Жасырған азық-түлiк, қойма бар ма? Болар деп малға ықтасын жаңбыр болса, Жасалған лайықты қорда бар ма? Қыс-көже, жазда-қымыз, тегiн тамақ, Байғұстар күн көрерлiк орда бар ма? Мүскiндер дәм iшетiн майхана жоқ, Оларға мырза арнаған баспана жоқ. Шаһардың бәрi бiрдей жау қолында, Қазақта хан отырар астана жоқ. Байлар аз ие болған дүние-малға, Бойдаққа қиын бұл кез жүру жалға. Байтал түгiл бас қайғы дегендейiн, Малшы, жалшы жұмсайтын шонжар қайда? Мырзаға, мал кеткен соң, жағдай қайда, Бақ қоңған баяғыдай маңдай қайда? Он мыңдап жылқы-түйе өсiргендер, Бұл күнде түсiп қалды шаруа-жайға. Ерен батыр болса да жалғыз оқтық, Кiмге жолдас болғандай дүние боқтық? Жиналған мал мен мүлкiң қолдың кiрi, Байлар да болады екен бiрер жұттық. Ақ үйлi ауылдардың көркi қайда, Жиналған асыл жиһаз, мүлкi қайда? Жайылған қой мен ешкi, сиыр, түйе, Өрiсте құба жонда жылқы қайда? Ел-жұрттың баяғыдай сәнi қайда,


Шырқаған құйқылжыта әнi қайдда? Күй тартып, жыр шығарған ұзақ таңға, Қауымды шаттандырған серi қайда? Көп емiп жер емшiлегiн, ұстап кетпен, Ағаштан соқа жасап, кәсiп еткен. Диханның бiреуi жоқ қарап тұрсам, Киетiн үстерiне қой жүн шекпен. Қайғырған қазақ, ноғай қайран жұртым, Бұл күнде шаруаң быт-шыт, iшiң түтiн. Күйзелдi бала-шаға, кемпiр мен шал, Шiркiн-ау болмаған соң бойда күтiм. Қонақжай, қолы ашық, салты ғажап, Жартылай көшпелi жұрт бiздiң қазақ. Сайданбай алдын ала қорғануға, Дариға-ай, бейғамдықтан тарттық азап. Япырым-ау, қалай болды мына заман, Айырылды ел ұл-қызы мен дүние-малдан. Ұмытпай кейiнгiге жыр қып айтар, Көзiмен бұл сұмдықты көрген адам. Түрiкпендер Маңғыстауды алды басып, Күнгейлiк Алшын, Ноғай көштi қашып. “Жау жағадан алған да, бөрi етектен”, Дегеннiң кебi болды айтсам ашық. Майданда нар түйедей бақырғанмен, Айбарлы арыстандай ақырғанмен. Қорғасын оқты мылтықсыз күнiң қараң, Ұрандап жұртты ұрысқа шақырғанмен. Сонда да күдер үзбей қалған жалпың, Дұшпаннан қорғануға бәрiң талпын. Би мен бек, батырларым, мылтық соқтырт, Аты өшпей, қалсын десең туған халқым. Жырымды зейiн қойып тыңда, ерлер, Майданда өзiңдi-өзiң шыңда, ерлер! Тек қана жауды жеңсең, бақ оралар,


Соғыспай бекер қарап тұрма, ерлер? (Бұл бөлімнің соңы сақталмаған) “Елiм-ай” жырының үшiншi бөлiмiнiң бас жағы. Ташкенте жетiп жаулар лаң салды, Бәрiн де жолдағы елдiң қырып салды. Тiгiлген ақ ордалар қайран қоныс. Қаңырап тiршiлiксiз босқа қалды. Ташкенттi халхи қолы алды басып, Жазықсыз кент жұртының қанын шашып. Қырылып жатқан бiздiң момын елге, Болысқан еш көршi ел жоқ жаны ашып. Көп жандар оққа ұшып, өлiп қалды, Бiразы түн жамылып кетiп қалды. Шаһардың хакiмдерiн дарға асып, Ташкенттi жоңғар мекен етiп қалды. Башқұрттан ел тарайды Қайсақ, Естек, Бұларды ағайын деп есептесек. Жат елдiң сөзiне ерiп азғырылып, Олар да бола алмады туысқа есеп. Бұхарға барған елдер қайта оралды, Қырғызып Қуаң шөлде бiраз малды. Iндеттен жиi ауырып қунан, тайлақ, Байырлап ол жоқта жұрт тұра алмады. Ыстық боп жау алса да туған жерлер, Қия алмай кейiн қайтты бiр топ елдер. Атысар қолда мылтық болмаған соң, Майданда көп қиналды ардагерлер. Келген жұрт жаудан жерiн ала алмады, Алмақ түгiл маңайлап бара алмады. Қаратаудан Алшын мен бiрге ауды, Торғайдан басқа барар жер қалмады. Бұл қайтқан Арғын-Қыпшақ елдерi едi, Соғысып Ташкент үшiн ерлерi өлдi.


Шу бойы, Тараз, Сайрам, Шымкент, Созақ, Түркiстан - бәрi Орта жүз жерлерi едi. Әуелден Арғын-Қыпшақ жерлерiнiң, Жағасы Қабырға өзен батыс шетi. Қалмаққа жерi кетiп көшкен елдiң, Бұрылды соған қарай бүгiн бетi. Дұшпаннан соққы жеген топ жарандар, Көп қарғап қалмақтарды шектi ғой зар. Арқаға Арғын-Қыпшақ түгел қайтпай, Бойында Зерафшанның қалған ел бар. Әбiлхайыр төреңiз, Хан болудан үмiттi. Қолға алса, iстi бүлдiрер, Бермеңдер оған билiктi. Әбiлхайыр сұлтанның, Отыз үшке жасы қарап тұр. Қолдаған соң жездесi, Көсемге өзiн балап тұр. Қанжығалы Бөгеннiң Хан етпек оны ойы бар. Әбiлхайыр хан болса, Көрсетер iсте сойы бар. Кiшi жүзге хан болса ол, Алшыннан бақыт жойылар. Сыртқы дұшпан басынып, Талайдың көзi ойылар. Бөгенбай ерге балдыз ғой, Әбiлхайыр, Жолбарыс. Билiк тисе оларға, Ұзамай болар арпалыс. Ақшаның ұлы - Бөгеннiң, Әрбiр түрлi iсi бар. Хан етуге балдызын, Жұмсайтұғын күшi бар.


Жолбарыс хан мен Бөгенбай, Салтанатын ендi түзетпек. Кiшi жүз Алшын жұртына, Әбiлхайырды хан етпек. Ел басқарып оңдырмас, Әбiлхайырдай сұлтаның. Ондайды хан ғып сайласаң, Тозып кетер ұрпағың. Билiк құрса ондайлар, Жол бермес жайсаң, қасқаға. Адастырып халқыңды, Кiрiптар етер басқаға. Тұсында Әйтекенiң шыға алмаған, Бекетер мен дұрыс мәжiлiс құра алмаған. Ғайыптың өлiмiне қатысы бар, Әбiлхайыр төре елдi алдаған. Жiгiт қой Әбiлхайыр мансапқұмар, Бойында қулығы мен сұмдығы бар. Күншiлдiк, тәккаббарлық мiнездерi, Айтпаса да iсiнен көрiнiп тұрар. Хысырау ұлы Ғайып та, Хиуаның ханын жанапты. Бота тiрсек, бос белбеу, Төре емес ол да талапты. Қара, төре - бәрi де, Қазағымның баласы. Қиналғанда халқына, Ақыл айтар данасы. Аталғанмен Үш жүз деп, Бөлiнiп жiкке көрмеген. Табанды елiм-қазағым, Жат сөзiне ермеген. Ұйымшыл болып ежелден, Дұшпанға теңдiк бермеген. Бұрын солай болғанмен, Көбейдi адам азғағы.


Соңғы кезде байқалды, Мықтылардың азғаны. Белгiлi болды көршi елге, Халқымыздың тозғаны. Дұшпаннан қатты қорғанып, Бәрiмiз де аман болайн. 1759 жылы жаздың басында жеңiспен елге оралған батырлар арнап келiп, мүлдем қартайған Қожаберген жырауға сәлем берiп, қазақ әскерiнiң жеңiске жетiп, жер-суды қайтарып алғанын айтып, қарт қолбасшыны қуантады. Сонда Қожаберген жырау қолына қобыз алып, “Жеңiс” атты тарихи толғау шығарыпты. Бiрақ, Толыбай сыншыұлының “Жеңiс” атты толғауы бiздiң кезеңге жеткенмен, оның толық нұсқасын ешкiм жазып алмапты. Бiздiң қолымызға түскен “Жеңiс” толғауның үзiндiсi төмендегiше: Жеңiлген мұсылманнан қалмақ едi, Кезiнде ұсақ елдi жалмап едi. Соңынан қалмай қуып, әскер барса, Қ алдыр деп бiздi тiрi зарлап едi. Бөгенбай сонда оларға ақырады, Ажалдан қорқып сұмдар аһ ұрады. Салыққа ақ терiсiн төлеймiз деп, Қ ырма деп ендi бiздi зар қылады. Қ азақтар қалмақтарды сол арада, Қ ысымға ап құн төлеудi еттi талап. Қ азақта жас кезiнде тұтқын болған, Қ арт қалмақ ел атынан бердi жауап. Қ орыққан соң Маңғұлмыз деп айтқан едiк, Ө зеннiң қамысында жатқан едiк. Киiм жоқ, тамақ та жоқ, аш-жаңалаш, Қ арғысқа белшемiзден батқан едiк. Қ азақ пен Қытай қолы екi жақтан, Қ ырған соң осы жаққа қашқан едiк. Айырылып мiнер аттан жаяу-жалпы, Маңғұлдың даласына асқан едiк. Қ арғысы мұсылманның тура келiп,


Қ алмақтың жартысынан көбi өлiп. Шұбырып ақтабан боп ақырында, Тығылып жатыр едiк мұнда келiп. Жеңiлдiк жасаңыздар ендi бiзге, Етейiк бiз қызмет ендi сiзге. Соқтыққан себепсiзден сiздiң елге, Обал жоқ расында өзiмiзге. Жауызды күнәсiз жұрт қарғайды екен, Зұлымдар өз бастарын жалмайды екен. Құ руға бiздiң қалмақ айналып тұр, Дүниедегi дүниеге бармайды екен. Деп айтып әлгi естiсi зарланған соң, Мойнына ап бар айыбын қарғанған соң. Бөгенбай шабуылды тоқтатады, Соғысар басты дұшпан қалмаған соң. Қ алмақтың бiлген қазақ емiншегiн, Иесiз жерге келген келiмсегiн. Алдына Бөгенбайдың әкеп тартты, Бойжеткен көп қыз бен жас келiншегiн. Бөгенбай сөз сөйледi ойланбай көп, Маңғұлдар ерте кеткен бұл жақтан деп. Жамылған Маңғұл атын мүсәпiрсiп, Күнаһар қалмақ сендер жалғаншы деп. Маңғұлдың тегi - татар, түрiктен деп, Болады шашы жирен, көздерi көк. Өң дерi қызыл сары, тұлғасы iрi, Оларды жас кезiмнен бiлемiн деп. Татардың Маңғұл деген сол тайпасы, Ү пiнiң ар жағында тұрады деп. Олар да бiз секiлдi мұсылман ғой, Сөйлейсiң қалмақ неге тым бекер деп. Кездессе сендердi де Маңғұл қырар, Қ атардан қалмайтын ел жауынгер деп. Шыңғыс хан бастап Татар ере көшкен,


Бағынып жолдағы елдiң үндерi өшкен. Шыңғыстың шыққан тегi - Маңғұл ру, Татардың күштi жұрты көзге түскен. Бiздерге лайық емес даламыз деп, Батыста жасыл жерге барамыз деп. Татардың жиырма руы түгел көшкен, Жайлы жер өзiмiзге табамыз деп. Татардың алды Оралдан асып кеткен, Едiл өзен бойынан қоныс тепкен. Бiреуi жиырма тайпа жирен Маңғұл, Қазан шаһар маңайын мекен еткен. Едiлдiң Қама деген саласы бар, Сол суға Маңғұл, Мишар құмар болған. Тептер мен Дәрмен, Қырғыз соларға ерiп, Қ онысқа жайлы орын деп кеңес құрған. Қ азан да ескi Түрiк қаласы екен, Жайлы орын мұсылманның панасы екен. Маңғұл, Мешер, Тептердiң тоқтағаны, Едiлдiң толып жатқан саласы екен. Татардан Бұлғар, Қырғыз, Дәрмен тарап, Олар да жүрген шарлап қоныс қарап. Сардардың Сүбетайдай арқасында, Едiлдiң тәуiр жерiн алған таңдап. Көп елдi қырып, сендер салдың бүлiк, Жүрсеңшi өтiрiк айтпай жайың бiлiп. Маңғұл деп өздерiңдi айтқан үшiн, Бәрiңнiң тастайын ба iшiң тiлiп. Деп Бөген Халхиларға ақырады, Дауысынан жаңғырыққан атырабы. Қ алмақтар қазаққа құл боламыз деп, Бiздердi қырмаңыз деп зар қылады. Қайрат жоқ құрыған соң шарасы да, Шұбырып қыз, қатыны, баласы да. Қалжырап аш, жалаңаш жеткен екен, Маңғұлдың иесiз жатқан даласына.


Қоға мен көк шөптi жеп жүрген қалмақ, Өзеннiң жатқан екен жағасында. Жығылып Бөгенбайдың аяғына, Жалынған мұсылманның баласына. Жыл сайын аң терiсi салық төлеп, Қызмет қазақтарға етемiз деп. Ешкiммен қол көтерiп соғыспаймыз, Тып-тыныш дүниеден өтемiз деп. Жылаған орыннан бәрi тұрып, Ө тiнген батырлардан құлдық ұрып. Кей бiрi көп тұруға жарай алмай, Жығылған сол арада әлi құрып. Ант бердi қазақ ханы Абылайға, Жалынып Бөгенбай мен Қабанбайға. Уәдесiн жауыз қалмақ тағы бердi, Қ олбасы Балта керей Тұрсынбайға. Бас иiп Ерсары мен Ер Жабайға, Және де шапырашты Наурызбайға. Қ алмақтар қырылмаудың жайын ойлап, Жалынған Көшек пенен Олжабайға. Ант берiп, қолын қойды қалмақ шартқа, Зар болып тамақ, киiм, мiнер атқа. Қ ытайдың керуенiне жалданды олар, Баратын сауда жасап Парсы жаққа. Соғысты жеңiлген соң жаулар қойды, Жеңiмеке мұсылманның көңiлi тойды. Абылай сарбаздарға олжа бөлдi, Керөлең жағасында жасап тойды. Кәрiсi бата берiп жастарына, Жақсы күн оралған соң бастарына. Той тарқап, жеңiспенен елге қайтты, Сарбаздар қос ат мiнiп астарына. Басқаның жерiн алған күшпен зарлап, Қ алмақтар жеңiлiс тапты әбден сорлап.


Оралды Қазақ қайта мекенiне, Алла, аруақ Үш жүз ұлын ақыр қолдап. (Бұл бөлімнің соңы сақталмаған) *** Кез болған дұшпан кәрiне, Бала-шаға, кәрiңе Бағыштаймын хиссамды Қаза тапқан бәрiңе! Қарт қолбасшың қайғырып, Қобыз ап қолға зарланған. Разы болсын аруағы, Өткендердiң жалғаннан! Аузына харам салмаған, Қиянатқа”еш бармаған. Шейiт болған жандарға “Елiм-ай” жырын арнағам. Қалған жан аман жүрiңдер, Соғысып жаумен көрiңдер! “Елiм-айдай” хиссамды, Бәрiң жатқа бiлiңдер! Сендерi Алла жақтасын, Сұм ажалдан сақтасын! Тiрi жүрген әлеумет, Өлгеннiң кегiн жоқтасын! Дұшпаннан кек алуға еттiк шешiм, Ел-жұрттан жасырамын мұның несiн? Халқымның ауыр халiн баян етiп, Жырладым апат күннiң шежiресiн. Жұртыма шал да болсам едiм қорған, Қарғытым тұлпарымды терең ордан. Қайғырып қан майданда жыр шығарған, Керейде Қожаберген бабаң болам. Ұрпаққа өзiм өлсем атым қалсын, Жырыма барша жұртым құлақ салсын.


“Бабамның Қожаберген дастаны” деп, Ұмытпай кейiнгi жас есiне алсын! Мәтіндер «Мәдени мұра» бағдарламасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Асыл-Мұра» тарихи-мәдени жобасының сайтынан алынды: http://asyl-mura.petr.kz/


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.