Алшын Мендайулы - Адай шежіресі

Page 141

береді. Сөйтш, тұз өндірісінің адамдары жүмысқа кіріседі де, елден келгеңдер ауылдарына кайтады). Сонан, Гурьевте жауапты жұмыстарға орналасқан патша армиясының офицерлері 5-6 жыл өткеннен кейін есін жиып, Кеңес өкіметінің сеніміне кіргесін кұйтырқы қимылға көшеді. Маңғыстау адайларының патша армиясы мен офицерлерін талқандаудағы жауынгерлік кимылдары ОГПУ қызметкерлерінің жүрегіне қара қан болып қатып қалған екен. Енді бұл адамдардың арманы — қалай да адайларды құрту немесе тоздырып жіберу болған. Бұл істің оңтайлы кезегін күтіп, ОГПУ тырнағын ішіне бүгіпті. 1918 жылдан бастап Маңғыстау, Үстірт, Сам жерлерінде ревком төрағасы Тобанияз Əлниязұлы Кеңес өкіметінің билігін жүргізе бастайды. Ал 1920 жылдан бастап Маңғыстау түбегінде Кеңес өқіметі түпкілікті орнаған. Шын мəнінде Маңғыстау халқы бұрынғы ретімен мал шаруашылығына байланысты көшіп-қонып жүре берген. 1920-1925 жылдар аралығында Маңғыстау халқы біршама тыныш өмір сүрген екен. 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетіне М.Голощекин келгеннен кейін жалпы Қазақстанда ерекше төңкеріс ("Екінші Казан") үйымдастыра бастайды. Бұл іс Кеңес өкіметінің аз ұлтгарға бүрынғыдан да катаң үстемдік жасау мақсатымен үндесіп жатқан екен. 1925 жылдан бастап "Ресей халқы ашжалаңаш, Азамат соғысынан əлсіреп қалды, егін шықпады, мал жоқ. Сондықтан бүкіл халық болып қөмектесу керек" деген ұран көтерілді. Бұл ұран əсіресе қазақ халқының малы мен өңдірісіне көз тіккен сойкан саясат болып шықты. 1926 жылдан бастап "малы көп байларды орта шаруаларға теңестіреміз" деген китұрқы ұрандар жер-жерге жайылады. Елдің малын қəмпескелеуден Маңғыстау халқы да шет қалмайды. 1927 жылдын қысы қатты болып, Маңғыстау халқының малынын шамамен үштен бірі, болмаса, төрттен бірі жұтка ұшырап өлген. 1928 жылдан бастап Маңғыстауда халықтың малын жаппай кəмпескелеу жүргізілді. Ірі байлардың малын тартып алғаннан кейін, оларды Кеңес өкіметіне "жанықас" деп тұтқындап, жер аударған,

түрмелерде аштан өлтірген немесе атып тастаған. Кəспескелеу мен жазалау, əсіресе, Маңғыстау түбегінде бұрынғы патша чиновниктерінен құрылган ОГПУ-діңкөрсетуіменжедел жəне катаң жүргізілген. Бұл шаралар ОГПУ қызметкерлері үшін Толстов пен Сергеевтің кегін қайтарудағы адайларға бағытталған бірінші соқкы есебінде бағаланған. 1928 жылдары орта шаруаның малдары Маңғыстауда түгел тəрқіленген. Түрікменстанға шұбырған. 1928 жылдан бастап Адай жəне Табын халқын егіс егуге дағдыландырамыз деген китұрқы саясатпен Ойыл өзені жағасына орналасқан Ойыл поселкесінен Адай округін құрған. Бұл сырткөзге Кеңес өкіметі Адай-Табын халқына қамқорлық жасап жатыр деп түсіндірілген. Ал шын мəнінде егіс жайын білмейтін, құрал-сайманы жоқ, жерге себетін тұқымы жоқ елге бұл саясат ұнамады. Ел мұндай жалган қамқорлықтың астарын түсінігг, Ойылға көшпеген, одан да каракалпак, түрікмен өлкелеріне барып жансауғалауды дұрыс деп есептеген. Сонымен, 1929 жылы əлгі əрекеттен ештеңе шықпағасын Адай округі таратыньгп, оны Гурьев округіне қосу үйғарылған. Қазақстан өлкелік партия комитеті мен атқару комитеті Ойыл округінен қысқартылған қызметқерлердің бірқатарын Гурьев округіне жұмысқа орналастыруға шешім қабылдаған. Осы сəтті жымысқы істеріне пайдаланып қалуды ойлаған əлгі ОГПУ адамдары Гурьев округі қызметкерлерін Адай округінен келетін кадрларға айдап салу əрекетін ұйымдастырған. 1929 жылдың күзінде таратылған Адай округі коммунистерінің партия конференциясы Форт-Александровск каласында өткізілді. Конференцияда баска мəселелермен қатар Гурьев округтік партия конференциясына делегаттар сайлау керек екен. Конференцияны өткізуге бұрынғы Адай округтік аткару комитеті төрагасының орынбасары Шəбден Ералиев тағайындалады. Конференциядан кейін Гурьевке делегаттар моторлы кайыкпен шығады. Кешке таман жел көтеріліп, теңіз толки бастайды. Дауыл үдей берген соң делегаттарды түгел мотордың трюміне түсіреді. Бұрын теңіз


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.