Алшын Мендайулы - Адай шежіресі

Page 134

көрмедім. Сол мешітке кіре бергенде жардың кабырғасында бейіт бар, ол Шопан-Ата ма, баска ма, оны білмедім. 16. Əртүрлі кəсіп, өнер жөнінде бəрі де сыйынып жатады. Дихан, Қорқыт, Қамбар, Дəуіт дейтін аттар адайларда бұрын аталды. Казақ болып, ұлт болған жерде негізі бір болуға тиісті. 17. Арбаушыларда, жылқышыларда не дейтіндері есімде жоқ Алшын Мендалиев, 1971 жыл, 12 тамыз, Шетпе поселкесі. АНДАР МЕН АҢШЫЛЫҚ ЖАЙЛЫ 1. Бұрынғы замандарда, яғни Адайлар Маңғыстау түбегіне жаңа келіп қоныстанған кезде құлан, киік, қарақүйрық, арқар көп болған дейді айтушылар. Кейіндеу бірте-бірте құландар тіпті ауып кетіп, баска андар қалған. Осы уақытта бұлар да азайып қеткен, дегенмен Ақтаудың қиын құздарында арқар əлі бар. 2. Ертеректе жыртқыш андар да болған: жолбарыс, қарақұлақ, борсык, сияқты. Олар қазір аз, тіпті бола қойса да, сирек. Біраққасқыр таусылмайды. Біздер дүниеге келместен көп бұрын құланды атпен қуып, найзамен, кейбіреулер қырлы дейтін мылтықпен аулапты. Қырлы деуі — ішінің қыры бар, жалғыз оқпен ататын сияқты. Қырлының жалғыз оғы үш жүз метр, тіпті одан да көп жерден тиетін секілді. Құлан тағы атпен қуып жеткенде маңайлатпайды, қос аяқтап тебеді, тістейді. Сондықтан найзаның сабы тым ұзын болады, болмаса, арқан байлап лақтырады. Оған өте епті болу кереқ деп бізден бұрынғы қарттар айтатын. Мəтжанның жирен аты, Айтмамбеттің көкала аты құланға жеткенде қапталдап отыратын, адамнан да есті жануарлар еді дейтін. Бұдан ертеректе Шотан батырдың шұбар аты, Шонтының көк биесі, Атақозының құла аты құланға шықканда белгі беріп, пысқырып ырым жасаушы еді

дегенді шалдардан талайын естідік. Кейін ойласақ, шалдардың біздерге айтатын сөздері əкелері-бабаларынан қалған сөз сияқты. Ал киікті аран қазып, айнала таспен я нар қамыспен қоршалап, жүйрік аттармен, жүйрік тазылармен жүздеген, одан да көп киіктерді 10-25 адам болып қамалап, аранға күшпен айдайды екен. Содан "киікше ерегеседі" деген макал бар. Аңның ерегісіп кашатын жағынан "казан" деп атайтын терең ор я шұңқыр қазын қояды, болмаса, мықты нар қамыстан жерге шаншыған аранға соғылып қанжоса болып қырылады еқен. Арқарды, киікті, қарақұйрықты, қасқырды, түлкіні қакпан құрып ұстайды, не атады. Əрине, кдкпан құрып ұстау — атқаннан оңайлау. Жалпы, аңшы болудан ерінбеу керек, кдй кəсіпті болса да, ерінбей құнгтау керек, еріншек болсаң, барынан да құралақан каласың. Ертеректе жыртқыш андар адамға қауіпті деп, оны ер қөңілді жігіттер болмаса, кез келген адам ауламаған, белгілі батырлар аулайды екен. Мысалы, Қонай, Шотан, Арғынбай, Айбас, Атақозы, қейіндеу Төлеп, Қармыс, Шабай сияқтылар. Бұлар жолбарыс аулағанда бексауытты устіне, дұлығаны басына киіп, айбалта, найза, наркескен деп аталатын кдрулармен жолбарысқа аянбай, қорықдай кайрат жасайтын көрінеді. Осы заманда киын тауларға какпан құрған аңшынар болмаса, аңшылықтың соңына түсіп жүрген ешкім жоқ. Колхоздың қойын бағып жүріп 1947 жылдары Төрехан Заманов (Алғабас колхозы) алабарыс ұстап алды, терісін көрдік. Бұған недəуір ерлік керек, екі какпан алды-артынан бірдей түсіп, аңның кайрат жасауга шамасы келмеген. Түлкіні бұдан елу жыл бұрын бүркіт, тазымен аулаушы еді. Қазір бүркіт жоқ, онымен шұғылданатын аңшынар да жоқ Мал баккан шопандарда тазы бар, колы тисе, түлкі, қоян я қаракұйрық, киік аулайды. Адайлар қаршыға, лашынды біз көрген заманда ұстаған жоқ, ертеректе ұстапты. Өйткені аңыз əңгіме бар: "Каршыға казан қайнатады, ителгі етек боқтайды" деген. Ителгіні күні кешеге дейін ұстағандар болды. Бұның алатыны — қоян мен жек. Жек деген — құс, жорғалап барып ұшып


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.