NazimSiyarSharif

Page 77

Жамағат қол көтеріп бір дүға қыл, Бүл қисса осыменен болды тамам.

ТАБИМ ХАМРИ ПАДИША ХИКАЯСЫ Тарихта падиша болған неше адам, Хамри деп біреуіне ат койылған. Аты еді анасының Радах деген Табим деп тағылған лақап оған. Падиша шартарапқа мағлүм болып, Дүниенің төрт бүрышын алды танып. Сайрацдап жердің жүзін жүруші еді, Қисапсыз атты-жаяу әскер жиып. Сол патша салтанатпен рәсім етіп, Баршасын әскерінін қасына ертіп. Сайрандап әр шаһарды жүретүғын, Нөкері қасындағы сақ күзетіп. Қайсыбір мекенжайға қонса барып, Падишадан халықтар хабар алып. Шаһардың түрғындары тағзым етіп, Алдына барады екен тарту алып. Бір күні әскерімен падишага Кез болды жол үстінде бәйіт Алла. Өзгенің әдетімен тағзым етіп, Бармады тарту алып ешкім оған. Падишаға үнамапты бүл қылғаны, Уәзірден бүл қалай деп сүрады оны. Әдеппен тағзым етіп уәзір айтты: "Меккенің, сірә, болар адамдары". Падиша ызаланып естігеннен, Ойына неше түрлі қиял келген: "Олардың сенгені бүл үй болса, Қағбаны жоқ қылайын жер бетінен. Быт-шыт қып Меккенің адамдарын, Қылыштап өлтірейін қырып бәрін. Бүларға осы түрлі іс қылайын, Қолымнан қүтылады қайтып менің". 74


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.