NazimSiyarSharif

Page 1




Лліюты,"1!Инат*!1 1995


ББК 84 Қаз 7-5 Ж 36

Қазақстан Республикасы Білім министрлігі

Ж 36

Жәңгірұлы Ш. Назым Сияр Шәриф немесе Пайгамбардың ак жолы туралы дастан (Қүраст., баспаға әзірлеген О. Қүдышүлы).— Алматы, "Санат", 1995.—128 бет. І8ВЫ 5-7090-0041-8 Кааақстан иен Орта Аама халықтарына кекіиси иаліи болгаи ардақты ақын Шеді Жангірулыныц (1855—1933) «Нааыи Сняр Шариф" дастаны Мухаииед пайгаибардын «иір жолын баяндауға арналгаи. Онда Мухаииедтіц туған күнінен бастап, лайганбар дарежесіне жеткені, нслаи дінін тарату жолында ке-рген ауыр ааабы иен исхнаты, душпандарынан бой тасалап Мскксден Мадинага барганы, каптеген халықтын жаца дінді қабылдаганы аса қыаықты жырланган. Кітап копшілік қауымға арналган.

.

„ —416(05) — 95— мбарландырусыз —94

ІЗВ^ 5-7090-0041-8

© Жәнгірұлы Шәді. 1995


СӨЗ БАСЫ Шығыстың классйкалық әдебиетіңде, соның ішінде мүсылман әдебиетінде Мүхаммед пайғамбардың өмір жолын баяндайтын көптеген шығармалар жазылған. Солардың ішіңде баспа арқылы тараған түңгыш туынды араб ақыны Вахидидің (743—823) "Китаби алмағози" дастаны еді. Бүдан соң бүл тақырыпқа Мүхаммедтің өмірін зерттеген белгілі араб тарихшысы Ибн Ысқақтың (704—767) "Алла елшісінің өмір жолы" ("Сира ар-расул Аллах") атты кітабы жарық көрген. Ал IX ғасырда араб филологы Ибн Хишам (834 жылы өлген) дастанның осы нүсқасын толықтырып, өңдеп, кейін мүсылман елдеріне кен тараған үлгісін жазып шығарған. XVIII—XIX ғасырларда (XX ғасырдың алғашқы ширегіне дейін) бүл шығарма Орта Азия, Қазақстан, Татарстан, Башқүртстан, Кавказ мүсылмаңдары тілдерінде тәржімаланған. Осы елдердін бірсыпыра ақын-жазушылары аталған шығарманың негізгі сюжетіне сүйене отырып, өздері шығарма жазған. Солардың бірі — Шәді төре Жәңгірүлының "Назым Сияр Шәриф" атты дастаны (сияр-жол, шәриф — түзу, қасиетті). Шәді Жәңгірүлы 1855 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданыңда туған. 1933 жылы 12 қарашада Өзбекстанның Сырдария облысындағы Қаратөбе мекенінде қайтыс болған. Төре әулетінен шыққан. Әкесі Жәңгір (Ж и һ а н г е р) момын мінезді, шаруа адамы, ал шешесі Мәуіті әнші, домбырашы болған. Шәді сауатын ерте ашып, Шаян (1865—67), Қарнақ (1868—70), Бүхарадағы Көкелташ (1871—76) медреселерінде окып, білім алады. Араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс ақындарыныц, философтары мен тарихшыларының еңбектерін түпнүсқадан окып, сусындайды. Орта Азия елдерінің көптеген жерлерін аралап, өзбек, тәжік, түркімен ақын-жырауларымен, әнші-күйшілерімен танысады. 1877 жылы туған жері Қызылкөлге қайтады. з


Шәді төре Шығыстыц классикалық әдебиетіндегі назира үлгісін жете мецгеріп, гуманистік, агартушылық багытта дәстүрлі тақырыптарды көп жырлаған, мазмуны мен түрі жағынан, идеясы мен сюжеті түрғысынан мүлде жаца, төл шығармалар тудырған. Орыс халқыныц ерлік тарихы туралы "Россия патшалығында Романов нәсілінен хүқырмандық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шүбырыншылық заманынан бері қарай қазақ халқыныц ахуалы" деген-реалистік поэма жазған. Дастан 1910 жылы Орынборда жарық көреді. Мүңда қазақ пен орыс халықтарыныц достық қарым-қатынасын шеберлікпен жырлаған. Ақынныц эдеби мүрасы өте мол. Ол 30 шақты дастан, сондай-ақ көптеген елец-жырлар жазып, 18 дастанын кітап етіп бастырған. Олар: "Төрт дәруіш" (1913, 1914), "Хикаят Қамарзаман" (1914), "Назым Сияр Шәриф" (1914), "Хатымтайдың хикаясы" (1914), "Хикаят халифа Һаронар Рашид" (1914), "Хиқаят Орқа-Күлше" (1917), "Қарунның жер жүтқан оқигасы" (1917) т. б. "Тарихнама" атты дастаны бізге қолжазба күйінде жеткен. Белгілі ғалым Н. И. Конрад дүние жүзі халықтары әдебиетінің байланыстарын айта келіп, солардың ішіңдегі ең бастыларының бірі — бір халықтыц әдебиетіндегі мазмүн мен оқиганы екінші бір халық ақын-жазушыларының қайта жырлап, басқа тілде төл шығарма тудыру екенін атап көрсетеді. Сол сияқты Шығыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне ықпал етуі екі түрлі жолмен жүзеге асты. Солардыц бірі — Шығыс поэзиясының көп ғасырлық тарихи мектебінен тәлім-үлгі алған қазақ акындары кезінде Шыгыс халықтары арасында кең тараған қиссахикаят, дастан-поэмалардың окушыны бірден баурап алатын тартымды сюжеттерін өз шығармаларыңца шеберлікпен пайдаланады, соның негізінде қазақ ақындары Шығыс классикалық әдебиетінен алған әсері арқылы мүлдем жана шығармалар жазды. Сөйтіп, Шығыста бір ірі ақын жырлаған тақырыпты келесі бір буында тағы бір ақынның қайталап, тың дастан туғызатын дәстүрі, бір тақырыпты бірнеше ақын жырлап, шабыт сынасуы, жырмен жарысуы, яғни назиралық дәстүр ғасырлар бойы өмір сүріп келеді. Осындай назира үлгісімен жазылған шығармалардыц аударма да емес, еліктеу де емес, нағыз қолтума, тың туынды екенін Е. Э. Бертельс те, М. 0. Әуезов те ескертеді. Екіншісі — алемдік әдебиеттің ең таңдаулы үлгілерініц еркін аударма жасау арқылы қалыптасуы. Мүндай аударма жолма-жол аударма 4


емес, аудармаға ақын өз жанынан азды-көпті өзгерістер енгізеді, бірақ түпнүсқадағы мазмүн, жанр ерекшеліктері сақталып отырған. Шығыстыц классикалык әдебиетініц қазақтыц ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті арасындағы дәнекерлік, көпір сияқты қызмет атқарған "кітәби ақындарыныц* бірі — Шәді Жәцгірүлы. Ақынныц "Назым Сияр Шәриф" дастанында Мүхаммедтіц туған күнінен бастап пайғамбар дәрежесіне жетіп, Қүрайыш кәпірлерінен қашып, үңгірге жасырынғаны, қаншама мехнат-бейнет көргені, Қүрайыштан бой тасалап, Меккеден Мәдинаға барғаны, көптеген қауымды ислам дініне тартқаны баяндалады. "Сияр"— қазақшасы басым, шағатай тіліндегі шығарма. Қолжазба Алматыдағы Үлттық кітапхананыц сирек кездесетін әдебиеттер бөлімінде сақталған, 1913 жылы Ташкентте араб әрпімен (екінші басылуы) Мәди қожа Сеит Ахмет Қожа ибн мен Саит Ахмет қажы Сүлеймен Қожа үлынын Ғ. X. Ғарифжанов баспаханасында литография әдісімен жарық көрген нүсқасымен салыстырылды. Бүл туынды бүдан кейін Қазақстанда жарық көрмеген. "Назым Сияр Шәрифтің" жарық көргеніне бір ғасырға жуық уақыт өткенін, онда көптеген түсініксіз араб, парсы, татар сөздерініц бар екенін ескере келіп, қазіргі оқырманға бейтаныс көптеген сөздердің баламаларын табуға көп назар аударылды. Тіпті кейбір шумақтар мен жолдардың үйқасымы, буын саны, сөйлем қүрылысы қазіргі тандағы поэзияныц талабына сай келіңкіремейтінін ескеріп, оларға бірсыпыра өзгерістер еягізілді. Шығарманың мазмүнын толық сақтап, ықшамдап, өцдеп, стилистикасын бүзбай, тек көркемдік жағына, үғынықты, үйқасымды болу жайына көңіл бөліцді. Бар мақсатымыз — үмытылған қазынамызды, рухани азығымызды, тамаша мүрамызды қайта жацғыртып, оқушы қауымға үсыну болды. Сөйтіп, үмытыла бастаған дүниені халқымыздыц қастерлейтін дүниесіне айналдыруға шама-шарқымызша еңбек еттік. Сондай-ақ дүниежүзілік мәдениетке, жалпы адамзаттыц рухани байлығына үлкен үлес қосқан, адамгершілікті, әділеттілікті уағыздаған, дінімізді қалыптастырып, әлемге әйгілі еткен Мүхаммед пайғамбардыц іс-әрекетін, халық үшін атқарған қызметін оқырманға жария етуді де басты мақсат түттық. Ислам діні мен Мүхаммед пайғамбар хақында кезінде дүние жүзініц көптеген тарихшы оқымыстылары, классик ақын-жазушылары, Л. Н. Толстой, А. С. Пушкин, Иоганн 5


Гете, француз Морис Годфруа Демомбин, Мәшһүр-Жүсіп, Шәкәрім т. б. жазған еді. Мүхаммед пайғамбар туралы жазылған "Назым.Сияр Шәрифтің" кейбір тарауларына қыскаша түсініктеме келтіргенде, У. Ирвингтің 1857 жылы жарық көрген "Мүхаммедтің өмірі. Пайғамбар туралы кітап" атты шығармасына сүйендік. ОҢАЙБЕК Қ¥ДЫШ¥ЛЫ, доцент, философия еылымының кандидаты.


Бісмілләһі Рахманыр-Рахим! Бір кітап "Алты бармақ" қойған аты, "Сиярдан" алынған ед асыл заты. Шығарып бүл кітапты жария еттім, Мағүлым болғаннан соң рауаяты . Төменде пайғамбардың есімдерін, Заруардан мейіріммен айттым бәрін. "Саллаллаһу ғалайһіссәлам" деп, Айтыңыз естігенде есімдерін. Я, Алла, бүл кітапты окығанға, Тыңдаған ықыласпен барша жанға, Хақ Расул Фазылымен рақым айлап, Жаннаттан нәсіп еткін мақшар таңда. Мехнат, бейнет, рақат — бәрін көрдік, Алданып дүниенің соңына ердік. Я, Алла, күнәмізді кешіргейсің, Патшалық көргендіктен әр іс қылдық. Пайғамбар үммәтініц халін көріп, Қолынан ол пәнденің түтар келіп. Көпірден сүріндірмей өткізеді, Күнәкер пенделері жәрдем беріп. Мүбәда қателікке тілім жетсе, Көңілім басқа жаққа пайым етсе. Фазылыңмен рақым айлап кешіргейсің, Пәңденің іс, пиғылы бүрыс кетсе. Ғаламнан он сегіз мың әуел бүрын, Жаратқан Мүхаммедтің Алла нүрын, Рауаят — хикая, әнгіме. 7


Әуелі Жаппар Алла Нүрым деген Хақында далел болды хадис мүныц. Аспан, Жер, Ғарыш — Күрсілі Лаухы ғалам, Сидырған Жаннат, дозақ бәрін тамам. Ол нүрдыц фазылынан пайда болды, Жаралған он сегіз мың күллі ғалам. Адамды топырақтан қылды бейне, Кіргін деп пәрмен етті жаңды Қүда. Қараңғы қорқынышты жай екен деп, Жан қорқып қарап түрды кірмей мүңда. Расулдың нүр шырағын келді алып, Адамның маңдайына қойды апарып, Онан соң хазіреті Адам ағзаларын Ел көрді бір мәртебе назар салып. Расулға Раушан нүры кірді келіп, Көп адам аң-таң болды мүны көріп. Алланың әзелдегі қүдіретімен Нәубетпен бас атаға келді өтіп. Мүхаммед Мүстафаның нүр шырағы, Ибраһим мекеніне түрды жетіп.

ХАЗІРЕТІ РАСУЛДЫҢ ДҮНЙЕГЕ КЕЛУІ Араб елдеріңдегі аңыздарға қарағанда, дүниеге келген сәбидің анасы босанғанда мүлде қиналмапты, аспанда бір жарық пайда болып, ол айнала-төнірекке шуағын мейірлене төгіп түрыпты. Сол бір күні жер мен аспан тербеле қозгалған. Саба көлі тартылып, Тигр өзені арнасынан аса тасып, жағалауды шайып кеткен. Парсы елінің патшасы отыратын Сарай сілкініп, көптеген мүнарасының күл-талқаны шығыпты. Сол бір түнде сол елдің қазысы түс көріп, түсінде жаман іс көріп, арабтың жылкысы парсының Ағза — мүше.


түйесін женіпті. Таң ата ол қазы патшасына жүгіріп, жаман түсін айтып, Арабия жақтан алапат қауіп туатынын болжапты. Сол бір түн айрықша түнде жүлдыздардың оты бір сәтте өшіп, әлемдегі барлық тас қүдайлар үшып түсіпті. Жүлдыздардың көбісін жайлап алған жын-перілер мен әзәзілдер адамдарды азғыруынан жацылып, оларды бейкүнә періштелер тым-тырақай қуыпты, көсемдерін Ібіліспен бірге теціз түбіне батырып жіберіпті. Ибраһим пайғамбарға Үлы баба, Ат қойған Ғалилім деп оған Алла. Үл-қыздыц мәртебесін нәсіп етіп, Киелі, қасиетті болған дана. Бибі Ажар, Бибі Сара зайыбы еді, Сарадан хазіреті Ысқақ жазып еді, Смағүл Бибі Ажардан дүниеге кеп, Халелден Расул нүры дарып еді. Ысқақтан көп пайғамбар туып-өсті, Баршасы әулетіне жол көрсетті. Кезінде игілікті істер жасап, Бәрі де бүл дүниеден өтіп кетті. Өте көп тізе берсек оныц бәрін, Смағүл баяндайтын перзенттерін. Бірінін есімі Ғабдүлманап, Мүбәрак Расул еді болған малім. Манаптан екі үл туды бірден, Жабысқан арқалары бір-бірімен. Жабысып, ажырамай екі перзент, Қайран ғып тан қалған жүрт мүны көрген. Кетпеді ажырасып өз бетімен, Мүндайды еш көрмеген жер бетінен. Шарасыз қылыш шауып ажыратқанда, Бір тамшы қан шықпады денесінен. Олардың ақылы артық даналары, Ойланып, ақылдасып айтты бәрі: "Бүлардың арасына қылыш түсті, Жай жүрмес жақын тартып балалары. Таласып патшалыққа дүшпан болар, Ғүмырды адам сенбес іске толар. Тақ үшін қиян-кескі ойран салып, Қисапсыз бейбақ жаңдар шығын болар". Шын болып даналардыц бүл айтқаны, Өшпендік өршеленген тез қайтпады. Таласып патшалыққа көп айқасты, 9


Уакытыцда Магауия хазірет Ғали. Бір кітап айта берсе одан әрі, Қосқанмен бір "Сиярға" сыймас бәрі, Ақырғы пайгамбардың оқиғасын Айтайын баян етіп қойып бәрін. Манаптан біз екі үл туды дедік, Қанменен бірін-бірі жуды дедік. Бірінің Әшім атты үлкенінен Үл туды Ғабдулмақлап Алла беріп. Екінші үлы Әмиядан Ғарип туды, Өш алып дүшпанының бәрін қуды. Бүлардың немересі Ғабдулмаклап, Болмаққа әйгілі ада^м белін буды. Мақлап Қүрайышта болды дана, Қауымның қамын ойлап болды пана. Алланыц пәрменімен он үл туып, Мақлаптан басталды үрпақ жана. "Сиярда" баршасының аттары бар — Замир, Хажил, Харис, Махим, Хазар. Хамин, Әбутәліп, Әбділақап, Хамза, Ғаббас һәм Ғабдоллалар. Ғабдолла әсем еді сүлу түрі, Бар еді маңдайында Расул нүры. Тоғыз ай, он күні де болды тәмам, Тумаққа уакыты жетті қайран анам. Зәредей реніш-мехнат көрмеген соң, Білмеді хабарланып ешбір адам. Расулдың дүниеге енген тарихтары, "Сиярда" мағлүм еді оның бәрі. Кейінгі естімеген хабарлансын, Айтайын баян етіп сонын бәрін. Хакімнің қырық екінші еді жылы, Ғайсардың мақбозынан туған күні. Алты жүз сексен жылға толып еді Бскендір опат болған осы күні. Расулдың талас болған туған күні, Ақиқат дүйсенбінің еді түні. Он екінші күні еді Рабиға айдыц, Айтады осылай деп білген мүны. Әр түрлі гүл ашылып бақшаларда, Бүлбүлдар сайрап кетті әндер сала. Күрайыш — Меккедегі араб тайпасы. 10


Дүниеге Расул Қүда келіп еді, Мүхаммед ибн Жүсіп сарайында. Ақырғы пайғамбардың деп әкесі, Білгендер айтып еді танып мүны. Ғабдолла Әмина атты әйел алды, Ибраһим тәртібімен некеленді. Әуелі кездескенде Ғабдолламен Расулдың Әминаға жауды нүры. Алты айда Ғабдоллаға ажал жетті, Пайғамбар тумай түрып өліп кетті. Алланын әмірімен Мүхаммедті Қүрсақта анасыныц жетім етті. Уақыты жетіп Әмина отыр еді, Қалтырап кол-аяғы әзер түрды. Көціліне үрейленіп қорқыныш кеп, Бір сәтте күлағына лебіз келді. Бір аккүс сол мезгілде келді жетіп, Сипады канатымен ғизат етіп. Сергіп Әмина сол бір сәтте, Көцілінен бар корқыныш қалды кетіп. Отыр еді өзі сусап аузы кеуіп, Біреу кетті шарбаттыц шырын беріп. Ләззатты бал шекердіц дәмін татып, Жай болды түла бойы есі кіріп. Есіктен кіріп келді бірнеше қыз, Ешқашан бүл жандарды көрмегенбіз. "Біздерді қызмет ет деп жіберіп ед", Әдеппен қол кусырып айтып аз сөз. Тоғыз ай, он күні де болды тәмам, Жазғандай табиғатын Хақ тағалам. Зәредей реніш-мехнат көрмеген соц. Білмеді хабарланып ешбір адам. Сол күні Расул Алла дүниеге келді, Аспаннан бір нүр шығып сәуле келді. Бетінен Әминаның пердені алып, Күн шығыс, күн батыстың бәрін көрді. Қараса перзентіне назар салып, Сәждаға қойған екен басын салып. "Күнәм болса, ғапу ет", деп дүға кылып, Үмметін иіскеді жакын алып. Әмина сүндеттелген оны көрді, Кесіліп түскен еді кіндіктері. Баламен басқа туған үқсасы жоқ, Әйтеуір, жалғыз Жаппар өзі берді. 11


Пайғамбар келген күні дүниеге Мүсылман бас иеміз бір Иеге. Бағзысын мағлүм етіп баяндайын, Білсін деп үрпақтары бүл дүниеде. Сол кезде падиша мен хакімдердіц Бір Алла пәрмен етіп тартты тілін. Туғаннан бір күн, бір түн өткеннен соц, Олардыц сөйлетпеді бірде-бірін. Кәпірдіц жанып түрған оты сөнді, Мыц жылдар үзак уакыт сөнбеп еді. Осынау қүбылысты бақылағанда Расулдыц туғанына тура келді. Бір дария Шам жүртында аты Суа, Жоқ еді мыцдаған жыл суы мүцда. Қүданыц күдіретімен осы жылы Сулары сол дарияныц акты жаңа. Ғалымдар кітаптарын қолына алып, Қараса кәпір жолы түр байланып. "Ақыр заманныц Пайғамбары туды" деді, Баршасы Ғалилардан хабар алып. Ақыры пайғамбарыц дүниеге енді, Бүл елдіц ғаламаты болар енді. Ғажайып патшалықтыц бәрі кетер, Баршаны тура дінге мәжбүр етер. Айтайық бір жәйтті әцгіме етіп, Аспаннан бір ақ бүлт келді жетіп. Жатқанда еш қаперсіз Әмина ана, Расулдың ішін жарып алған кетіп. Айтыпты бүлт ішіне алып барып: "Қағбаны тәуәп етсін әуел барып. Төрт бүрышын дүниенің араласын, Қарасын өз көзімен назар салып". Мүны айтып пайғамбарды алып кетті, Аз мезгіл арада өтіп кетгі. Лезде жердіц жүзін аралатып, Алдына Әминаның қайтып жетті. Үш адам бірге келді жүзі нүрлы Киелі, қасиетті, сиқыр-сырлы. Зәміреттен біреуінің легені бар, Біреу күміс қүман үстап түрды. Отыргызды Расулды легенге Қүманмен қүйып суды шомылдырды. Қүндақ қып біреуі әбүйірін жауып, Қүшақтап бауырында үстап түрды. 12


Мүнан соң қартаң тартқан адам барып, Қүндаққа пайғамбарды қойды салып. Мақшар қып қүлағына сөздер айтты, Ешкімге білдірместен пайымданып. Бүл түрған ишаратты әулие еді, Жәннәттің кілтін түтқан уәкілі еді. Мүнан соң Әминаға қарап түрған Мүхарап ілтипатпен жауап берді: "Ақыры пайғамбардыц үшбу бала, Келмесін үш күнгеше ешкім мүнда. Нәубәтін періштелер сауап етер, Жария етпеңіадер ешбір жанға". Үшеуі бүл сөзді айтып қалды кетіп, Әмина түрған еді тағлым етіп. Расулдың әкесі Мақлапқа, Қалыпты бүл жөнінде хабар жетіп.

РАСУЛДЫҢ БАБАСЫ ҒАБДУЛМАҚЛАПТЫҢ ОҚИҒАСЫ Бүл түні жалғыз өзі Ғабдулмақлап, Қағбанныц мешітіне кірді барып. "Я, Алла, бере көр жәрдем Әминаға" Деп зарлап әруақты аузына алып. Өзгеден жоғары түрған бүттың бірі Қағбадан төмен түсіп хабар берді: "Бүл түні Әминадан бала туған, Алланыц пәрменімен мақбоз болған. Қүддустан күміс леген алып келіп, Денесін нәрестеніи сумен жуған. Дүниеге Расул аты мағлүм болар, Пендені мекерліктен жолға салар, Киелі, ақылы зор күмәнім жоқ, Күнәлі бүттыц бэрін қарап қылар". Ғайыптан Ғабдулмақлап мүны есітіп, Сөйлеуден қалды тілі есі кетіп. Көзінен жасы кетті мөлтілдеген, 13


Үйқыда көрдім бе деп қиял етіп. Өні емес, түсі екенін кәміл білді, Қағбадан тысқары да шығып жүрді. Сафаныц тауларына барып шығып, Жүгіртіп әр тарапқа назар салды. Бір жөһит сол мезгілде келді жетіп, Тағзым қып сәлем берді есі кетіп: "Бүл түңде ешбір бала туды ма?"— деп, Сүрады Мүталіптен сауал етіп. Мүтәліп бүл сөзді естіп жауап берді: "Үлымның бір әйелі буаз деді. Осы түн туар деген үмітім бар, Білмеймін не боларын оның енді". Ол жөһит хабар беріп айтты жаца: "Пайғамбар үшбу күні туған бала. Бүл түні қызыл жүлдыз зәмир болды. Пайғамбар болмағына, иншалла". Жаңағы көп сөз айтпай жүріп кетті, Әр қиял Мүтәліптің акыльга елтті. Аң-таң боп, қайран қалып бүл хабарга, Қалтырап мекеніне әзер жетті. Қараса бір ақ бүлт көктен төніп, Басына Әминаның төнер келіп. Бір ақ қүс қанатымен басып түрды, Мүтәліп таңданады мүны көріп. Меккеніц манайы мен әм үйлері, Түр екен раушан болып оның бәрі. Бүл іске қайран болған әлгі бейбақ, Мүталіп барып көрді Әминаны. Сүрады шыдай алмай істің жайын, Әмина көргенініц айтты бәрін: "Ешбір жан көрмесін деп қауіптеніп, Бекітіп кетті" деді есіктерін. Мүтәліп Әминадан мүны есітті, Бүл сөзі бекер ме деп үміт етті. Шыдатпай аталық махаббаты, Көрмекке пайғамбарды ниет етті. Ол үйдіц есігіне жетіп барып, Ашпаққа әрекетпен қолын салып. Алдынан қаһарланып қарсы шықты, Бір адам өткір қылыш қолына алып. Сол уақыт тысқарыға шықты қайтып, Қауымына білдірмекке бүл істі айтып. Бір Қүдай қүдіретімен Мүтәліптіц, 14


Сөйлеуге келтірмеді тілін тартып. Жалма-жан үрейленіп үйге барып, Тіледі бар Алладан жалбарынып: "Я, Алла, тілімді бер осынау шақта, Қалайын тым болмаса бір сөз айтып". Тілегін Қадыр Қүдай қабыл етті. Тілінің кеселінің бәрі кетті. Ол үйге ешбір адам басын сүқпай, Әлқисса, бүл арада үш күн өтті. Мүтәліп төртінші күн үйіне келіп, Артық туған ерекше үлын көріп. Жиналып қуанышпен пайғамбарға Ат қойды Мүхаммед деп лақап беріп. Бір жөһит келді тағы ішке кіріп, Сауал ғып Мүтәліпке айтты келіп: Сіздерден еркек перзент туылды ма, Айтыңыз ақиқатын хабар беріп". Мүтәліп жөһитке айтты: "Туды бала, Ат қойдық Мүхаммед деп біздер оган". Бүдан соң жөһит айтты мархабатын: "Келтіріп бір мәртебе көрсет маган". Сол сәтте Мүхаммедті келді алып, Баланы көп қарады назар салып. Мөрі бар арқасында көзі түсті, Кескіні үрейленіп, ан-таң қалып. Перзентті жөһит әбден көріп болып, Қарады түрған жүртты көзбен шолып. "Күн батыс, күн шыгысқа даңқы кетер, Қарсылық көрсеткенге айбат етер. Қарашы сендер маған сенбесеңдер, Бәріцнің түбіңе өзі-ақ жетер". Осылай бірнеше зікір айтып, Әлгі жөһит өз бетімен кетті қайтып. Бойында күмән толған бүл Мүтәліп. Расулды анасына барды алып. Түрғанда осы жайда ойға келіп, Бүған да қалайық қалған сеніп. Меккеден жас бала алып асыраушы ед Таліптен әр жыл сайын әйел келіп. Баланың атасынан алып қақын, Сауабын алу үшін болып жақын. Жылдағы ғадетімен бала алмаққа, Таліптен Мекке келер неше қатын. Баршасы меккеліктен жас бала алды, 15


Жалғыз-ак Халима атты әйел қалды. Меккеніц көшесінде жолы болып, Кез болып Мүталіпке душарласты. Мүтәлш айтты және Халимага: "Мевде бар аташ жоқ жетім бала. Бәріне келгевдердің ал деп айттым, Жетім деп бой үрмады ешкім оған. Сен оны асырап алсаң нетер, Кем болмас, ешкімнен ол, алі-ақ жетер. Жаралған аталыдан бір перзент қой, Өзіңе сансыз талай пайда етер". Халима ойга түсті қиял етіп, Әйелдер бала алған калды кетіп: "Жетім деп бүл баланы алмаған соң, Қалайша жүре аламын мен қүр кетіп. "Мақүл" деп Мүталіпке жауап берді, Көцілсіз Мүталіптің жүзін көріп. Бүл сөзге Мүталіптің көнілі өсіп, Сөйледі, мінажат қып қол көтеріп: "Я, Алла! Осы үлым себеп болып Малды кыл Халиманы дәулет беріп". Мүтәліп қүшақтап ап алып барды, Халима пайгамбарды қолына алды, Әдеппен үстіндегі пердені алып, Жүзіне түңгыш рет көзін салды. Қараса, бір жас бала артық түрі, Таңқалтыпты Халиманы оның нүры. Сиынды бір күдайға тебіреніп: "Жарылқа, пәруардігер, енді мүнъГ. Аузына сол емшегін салды келіп, Қалган еді оц емшегі кеселденіп. Қос емшек сүт шығудан қалып еді, Бір кезде өз баласы жүрген еміп. Аузына оң емшегін салып еді, Мүхаммед күмарланып еме берді. Шаттана Халиманыц мейірі канып, Сүті бар, бүрынғыдай шыға берді. Перзенттің шарапаты бар екен деп, Сақтауға жан пида етіп уаде берді. Үш-төрт күн осында турып калды, Бала туған жайлардан хабар алды. Сол күні Мүтәліпке алғыс айтып, Қаитуға енді үйіне рүқсат алды. Халима Меккеге әзер жеткен, іб


Арықтап түйесінін күші кеткен. Кеткенде көш ілгері басқалары Артынан келіп еді қалып көптен. Расулды алдына алып кайтқан шақта Түйесі шығыпты оның алғы шептен. Алысып ауыздықпен ие бермей, Емшегін сүті онын кернеп кеткен. Бүл жайды жолаушынын бэрі көрді. Перзенттіц шарапаты деп мөн берді. Қуаныш Халиманыц бойын билеп, Расулды жолдасына алып кедді. Асырады баланы күшін салып, Той қылды елін жинап, малын шалып. Дәулеті таси берді қүдай беріп, Әркімге жүруші еді қарызданып. Расул өзгелерден тез ер жетті, Екі айда ецбектемей жүріп кетті. Сөйлеуге үш-төрт айда тілі келіп, Әуелі "Бісміллә" деп сөйлеп кетті. Төрт айда балалармен кетті жүріп, Ойнады өз бетімен әр іс қылып. Бар еді екі үлы қалған жетіп, Жүруші еді балалары малға кетіп. Бір күні анасына Расул айтты, Жібер деп осыларға мені ертіп. Халима жауап берді қүп болар деп, Тапсырды екі үлына алып барып. Кешке шейін тамаша ойнап жүрді, Сахараға пайғамбармен бірге барып. Сол уақыт екі адамзат көктен енді, Үстіне кигендері ақтан еді. Бірініц ақ күмістен қүманы бар. Бірінде зәміріттен легені бар, Расулды олар келіп үстап алды. Бір таудыц кемеріне алып барды. Жүректен төмен қарай кіндіккеше, Жатқызып шалқасынан ішін жарды. Ішінен ішегі менен қанын алып, Легенге жумақ үшін салды бәрін. Ішінен қара қанын алып тастап, Орнына белгісіз бір су толтырды. Қүданыц қүдіретімен жарған жері, Сол заман бітіп қалды дүрыстанып. Пайғамбар тау басында отыр еді, 17


Екі үлы анасына хабар берді. Халима фариад етіп жылап-налып, Алдыца Мүхаммедтің жетіп келді. Сүрады перзентінің хал-ахуалын, Баласы көргеңцерін айтты бәрін. "Бүл істер мәжнүндіктен болмасын?" деп, Көніліне қиял түсті Халиманың. Ойланды үш уақыт бүл баланы, Тапсырсам атасына беріп оны. Мүны айтып пайғамбарды жүрді алып, Меккенің тарабына қонды барып. Қасынан Мүхаммедтіц түрып кетті, Айналып әр нәрсемен шүғылданып. Орнына қайта келсе, жоқ Мүхаммед, Зарлады перзентімді жоғалттым деп. Алланың жазуына амал бар ма, Іздеді әр тараптан қанша жүріп. Келгенде атасына берейін деп, Көрмеген бүл маңайда ешкім біліп. Ақыры Мүхаммедтен үміт үзіп, Білдірді Мақлапқа Мекке кіріп. Есітіп Мақлаптың өңі қашты, Жылап-сықтап көзінен төгіп жасты. "Үлымды іздемекке жүріңдер!" деп, Қауымның баршасына жарлық шашты. Қүрайыштың атқа мініп бәрі келді, Сахараны іздендер деп хабар берді. "Қағбаны жеті мәрте тәуәп қыл" деп, Бүл сөзді Ғабдулмақлап айтқан еді. Деп еді: "Я, Қүдая, күллі ғалам, Жоқ болды ғайып болып менің балам, Я, Алла, бүл тілегімді қабыл қылып, Үлымның бір хабарын берші маған". Мүны айтып сол мезгілде үйықтап кетті, Ғайыптан қүлағына ауаз жетті, Деп айтты: "Тәһәм атты сахарада, Ағаштыц түбінде" деп хабар айтты. Мақлап мүны естіп қуанышпен, Ағашқа сол айтылған іздеп кетті. Іздеді ол баласын біраз жүріп, Саяда отыр екен келсе біліп. Өнінде ешбір қорқу үрейі жоқ, Жайланып жайбарақат отыр күліп. Перзентін Ғабдулмақлап алып жүрді, 18


Меккеге қуанышпен келіп кірді. Киелі пайғамбарлық қасиет деп Мән-жайын мүңдағылар бәрін білді. Көп нәрсе Халимаға сыйлық етті, Үрықсатпен өз жайына қайтып кетті. Қолында тәрбиеленіп Маклаптың, Алты жыл туғанына уақыт өтті. Расулдың өз анасы Әминаға Сол жылы бүйрықты ажал жетті. Жетіге Расулдың жасы толдьт, Ацғарды ақылымен онды-солды. Осы түста сол өңірге бір ғажабы, Бір тамшы аспаннан тамбай қойды. Көгеріп жер бетіне бір шөп шықпай, Мақлап баланы алып жолға жүрді. Сол сәтте аспанға бүлт төнді, Бір Қүда фазылымен жаңбыр келді. Меккенін барша халқы шүкір етіп, "Расулының шапағаты тиді!" деді. Сегізге Мүхаммедтің келді жасы, Бас иді жас та болса кәрі-жасы. Киелі, қасиетті перзент туған — Мақлаптың да сыйлы болды ғазиз басы.

ҒАБДУЛМАҚЛАПТЫҢ ОПАТ БОЛУЫ Мақлап пайғамбардың үлы атасы, Ол уақытта меккеліктің еді басы. Көзінін кәріліктен нүры кетіп, Сол кезде жүз жиырмаға келген жасы. Тавды өлетүғын уақыты оның, Өзініц даналықпен білді халін. Айтатын көңілімде сөзім бар деп, Хабарлап перзентінің жиды бәрін. Жиналып перзентінің бәрі келді, Ажалға жақын жатқан халін көрді. Бүл келген үрпағының баршасынан 19


Ерекше Мүхаммедті сүйген еді. Көзініц кәріліктен нүры кетіп, Сол кезді жүз жиырмаға келген жасы. Таяды өлетүғын уакыты оның, Өзінін даналықпен білді халін. Айтатын көцілімде сөзім бар деп, Хабарлап перзентішц жиды бәрін. Жиналып перзентінің бөрі келді, Ажалға жақын жатқан халін көрді. Бүл келген үрпағыныц баршасынан Ерекше Мүхаммедті сүйген еді. Мақлап оларға айтты: "Сөзді тында, Келіп түр қарақтарым ажал мына. Дүниеде айтатүғын арманым жоқ, Өмірде көпті көрдім жақсы-жаман. Жалғыз-ақ көцілімде бар бір арманым, Айтайын Мүхаммедім үлым меніц. Ілгергі нәбилер мен пайғамбардай, Хақ жолы қылар оны жүртқа мәлім. Болғанда бүл мезгілде ажал жақын, Өлшедім өз көзіммен оныц бәрін. Үлымды тәрбиелеп сақтацыздар. Осы еді бәріцізге айтар жәйім". Есітіп Маклаптыц лақап үлы, Орнынан тағзым етіп тіке түрды: "Маған бер үлыцызды тәрбиелеп, Сақтайын берсеціз" деп ауаз қылды. Мақлап Лақапқа айтты бір ашы сөз: "Әрқашан сенің келер ашуың тез. Сол үшін Мүхаммедті бере алмаймын, Рақымсыздық жасайсыц сен әрбір кез". Орнынан сонда Хамза түрып келді, Тагзым гып атасына салем берді. Үлыцызды тәрбиелеп асырайын, Лайық деп бүл қызметті берсец" деді. Мақлап Хамзаға айтты қылып ауаз: "Бермеймін Мүхаммедті ешбір саған. Баланыц тәрбиесін білмейсіц сен, Бейсауыт жүресің дәйім қысы-жазы". Алдына Мақлаптыц Ғаббас келіп, Тағзым ғып бүл сөзді айтты ауаз беріп: "Мүхаммед үлыцызды мен алайын, Берсеціз бүл қызметті лайық көріп". Ғаббаска атасы айтты бір жақсы леп: 20


"Айтпас ем сен сүрасац бермеймін деп, Бермеудің бір себебі Мүхаммедті Қадірлеп күте алмайсыц перзентің көп". Бір улы Маклаптың Әбуталіп, Әдеппен тагзым етті ол да барып: "Ей, ата, бүл қызметті лайық көрсен, Сақтайын Мүхаммедті қолыма алып". Таліпке атасы айтты: "Сүрасаң сен, Лайықсыц бүл қызметке берейін мен. Қадірлеп жақсы сақта бүл баланы, Бәрінен үлыңның артық көр сен". Шаттанды Әбуталіп мүны естіп, Расулды қолына алды мейірі кетіп. Ғизат қып, жан-тәнімен сыйлап еді, Күнбе-күн мәртебесін артық етіп. Бүл іспен Маклаптың көңілі тыңды, Үлына риза болып мойын үсынды.

ӘБУТӘЛІПТЩ РАСУЛДЫ БАСРАҒА АЛЫП БАРҒАНЫ Мүхаммед бала кезінен-ақ зерек, озық ойлы, күтпеген нәрселерді ойлап таба қоятын қасиеттері көп, қиялы жүйрік, дарынды, батыл да көпшіл болган. Жылдар жылжыган сайын оныц байқағыштығы да артып, дүниетанымы кеңейе түседі. Мүхаммед он екіге толғанда, оның агасы Әбутәліп Қагбаны қоргаушылардыц гүрыптарын берік сақтаушы болып қана қоймай, Қүрайыш тайпасынан шыққан белгілі де білгір саудагерлердін бірі болды. Атасы Хашим салган қасқа жолмен Сирияга жане Йеменге жіберілген керуенге де басшылық етті. Алыс-алыс елдерге сапар шегуді армандайтын бала шыдай алмай, қиялшылықтын жалынына шарпылады. Агасы керуенді тізіп қойып, атқа мінгенде, оныц үзенгісіне жармасып, оны ала баруын сүрап, жалынып ецірейді. Оныц өтініші жүрегі жүмсак, мейірімді Әбуталіпті жібітіп жібереді де, қиын да қызыкты сапарга 21


алып шығады. Жасы бір балғын, бірақ өте зерек, зейінді бала өз бетінше о ш жолы талай әрекеттер жасауға, жетіле білуге даяр екенін көрсетеді. Аңыз бойынша, керуеншілер анызақты алкаптыц шөлінен қиналып кетіп бара жатқанда, баланы көзге көрінбейтін періштелер қоршап-қоргалап, қанаттарымен желпіп бара жатады. Түскі мезгілде қапырық ыстықтан сақтау үшін аспанда кенеттен ақша бүлт пайда болып, Мүхаммедтіц басын көленкесімен қорғайды. Тіпті бала жол-жөнекей ыстықтап, қурап қалған ағашты паналамақ болғанда, әлгі ағаш күтпеген жерден гүл-шешек атып, жапырақ жайып сала береді екен. Мүнымен бірнеше жыл өтіп кетті, Пайғамбар балиғатқа кәміл жетті. Бір жылы Әбутәліп қауымымен Бармаққа Шам шаһарына талап етті. Өзімен Мүхаммедті жүрді алып, Сенбеді не болады деп мүңда қалып. Нәсірәни Бақира атты зәйіт адам Түр еді осы жолда мекен салып. Інжілді оқығанын Расул мақтап, Қүмартып назар салды зәйіт түрып. Меккеден бір көп керуен келген күні, Байқады ақша бүлтты жүрген төніп. Ол зәйіт назар салып мүны көрді, Ақ бүлт пайғамбарлық нышаны еді. "Бүл жерге мейман болып қоныңыз" деп, Керуеннің баршасына хабар берді. Керуендер мүны естіп көнді бәрі, Ойланды шақырмаққа зәйітті әлгі. Жіберіп бір кісіні хабар қылып, Келсін деп бірі қалмай адамдары. Жиналып керуеншілер бәрі барды, Жалғыз-ақ Расул ғана көште калды. "Бүлттар бүларменен келді ме?" деп, Бақира тысқа шығып назар салды. Қараса ол ақ бүлт таяп келмей, Аспанда ақша бүлт түнып түрды. Жанында қу ағаштын бала отырды, Балаға қу ағаштың тиген жері, Көгеріп жапырақтанып гүлдеп түрды. Бақира оларға айтты ауаз беріп: "Болдың ба көште қалмай бәрің келіп?" Зәйітқа олар айтты: "Бір жетімді, 22


Тастадық отырсын деп көшті көріп". Оларға Зәйіт айтты: "Сөзім тыңда, Жетім деп ол балаға қорлық қрлма. Білсеңдер сол баланың фазылы үшін, Шақырдым сиапат қып сізді мүнда. Әр түрлі ол балада қасиет бар, Сіз оны білмеген соң етпейсіз жар. Алланың уағда қылған мезгілінде Оған арнап әдейі хадис қылар". Келсін деп бір адамды жібереді, Ол барып пайғамбарға хабар берді, Аспандағы ақ бүлт сая болып, Зәйіттің қонысына барып кірді. Бақира тағзым етті мүны көріп, Бас иіп мандайынан сүйді келіп. Қүрайыш адамыныц баршасынан Жоғары отыргызды орын беріп. Қонақтар неше түрлі тағам ішіп, Риза боп бәрі оның айтып кетті. "Жақыны бүл баланың қайсысың?" деп Керуеннің адамына сауал берді. "Мен,— деді ауаз беріп Әбуталіп, — Бүл үлды өзімменен келдім алып". Тәліпке Бақира айтты: "Мархабат қып, Азырақ сөйлесіңіз мүнда қалып". Тәлібің оның сөзін қабыл алды, Үшеуі бір қүжыраға барып кірді. Артықша екеуіне сияпат қып, Алдына тағам тартты неше түрлі. — Расулым, саған бар айтар сөзім, Бір сыр бар кітаптардан көрген көзім. Бүл жерде жолығар деп үміттеніп, Әдейі отыр едім мүнда өзім. Сүрайтын тілегім үшбу заман, Көрсетші арқаңызды ашып маған. Кітаптың айтқанына тура келсе, Айтайын білгенімнің бәрін саған. Мүхаммед оның сөзін қабыл алып, Киімін үстіндегі шешті барып. Арқасын ашқанында бір нүр шығып, Қүжыраны раушан етті жарық қылып. Ол айтты пайғамбарлық ғаламаты, Фазыл — абырой, намыс.

23


Мөр етіп қүдіретімен жазған хаты. Әулие өдетінің тәртібінде Жазылған Алла нүры Расул аты. Бакира мүны көріп тоқтатты өзін, Бас иіп тебірентіп сүртті көзін. Мақсатқа көцілге алған жеткеннен соц, Таліпке айтып еді үшбу сөзін: — Бүл бала ақыр заман пайғамбары, Інжілде хазіреті Ғайса айтқандары. Таураттыц мағлүм еткен белгісімен, Жөһиттердіц таниды көрсе бәрі. Барғанда сауда кылып шартарапқа, Жіберме жаныцыздан бөтен жаққа. Егерде олар білсе зиян етер, Әрдайым ықтиіптап жаксы сақт^а. Аз жылда пайғамбарлық дағуат айтар, Алладан Жөбірөйілмен арнап айтар. Қүдай бір, мен Расул бір хақ біл деп, Жацадан дін шығарып жол көрсетер. Қүрайыштар қатты оны жәбір қылар, Меккеден Мәдинаға барып түрар. Ақыры мүныц діні малім болып, Бүрынғы пүтхананы бір-ақ бүзар. Көрсетер аз заманда мүныц бөрін, Ғүмырым жетер болса бүған меніц. Дін үшін кәпірлермен ғазауат * кылып, Көбісі шәйіт болар алдында оныц. Ойлаймын ол уақытка өмірім жетсе, Шәйіттіц мәртебесін нәсіп етсе. Бүл жердіц әмір магүрып шариғаты, Жоқ болып ақырынша қүрып кетпес. Тәліпке неше түрлі айтты сөзін, Тапсырды дүға кылып Расул өзін. Бүлардыц қайтуына рүқсат берді, Толтырып қапалықпен жасқа көзін. Олар әм қош айтысып кетті жүріп, Бір жерде көп керуен қалды түрып. Қауіп қып Әбутәліп Шамға бармай, Басрадан қайтпақ болды сауда қылып. Қауымныц Әбутөліп басшысы еді, Басраға керуендердіц бәрі келді. І^Дму" — ҮР«н. үндеу, үгіт. Ғазауат — согыс, күрес. 24


Жүр еді әр нәрсенің бәрін көріп. Базарда дүкен соққан бір жөһиттіц Алдына тамаша ғып түрды келіп. Расулға жөһит айтты: "Әй, жас үлан, Сен бала, не ғып жүрсің осында сен? Қыздырып бүл темірді үрарда мен, Отынан шашыраған күйер денең. Қасыма жакын келіп түрмағын сен". "Қорықпа, абыржыма, жөһит, менен, Бүл отқа еш күймейді метц денем". Ол жөһит Мүхаммедке назар салып: "Ей, бала, нәсіліңді айт, кім едін сен?" Пайғамбар жөһитке айтты: "Нәсілім ғарап, Меккеде арғы нәсілім Ғабдулманап. Әмина және шешем асырады. Бүл сөзді сүрамакха нелер себеп?" Ол айтты: "Тура сенің асыл затыц, Білдіргін атынныц әм ғаламатын". Жөһитке мүны естіп Расул айтты: "Атамның Мүхаммед деп қойған аты". Ол жөһит мүны естіп түрды да тез, Ауаз ғып қауымына айтты бір сөз: "Таураттың ішіндегі үшбу үлды Бүл күні өлтіріціз қоймай-ақ тез". Жиналып жөһиттердін бәрі келді, Расулды ортаға алып зәбірледі. Шаһардың көшесіңде дүшар болып, Хамза, Ғаббас, Әбубәкір мүны көрді. Үмтылды ғарапалар айғай салып, Ажыратып Мүхаммедті шықты алып. Шаһарға енді қайтып кіргізбеді, Пиғылынан жөһиттердіц хабар алып. Керуендер бірнеше күн мүнда түрды, Бір күні өз жүртына қайтып жүрді. Бүл сапар қуанышты аман қайтып, Меккеге сау-саламат бәрі кірді. Түрды олар жайларына тәубе етіп, Осымен бірнеше күн өтті кетіп. Ақыры Расул нағыз жігіт болды, Жиырма беске оның жасы келіп. Ақылды, парасатты, болды дана, Тағлым қып әр ғылымда білді жаца. Халқына қасиетті мағлүм болып, Мүхаммед жары болган жалғыз Алла, 25


Тәліптің сол мезгілде дүние-малын Аз еді бүрынғыдан кетіп халі. Расулды жақсы жерден үйлентсем деп, Сол еді күндіз-түні ойлағаны.

РАСУЛДЫҢ ХАДИШАҒА НЕКЕЛЕНУІ Осы кездерде Мекке шәһарында Қүрайыш тайпасынан шыққан жесір әйел Хадиша да түрып жатты. Хадиша екі рет түрмыс қүрған еді. Кейінгі күйеуі бай саудагер кісі-тін, содан біраз бүрын қайтыс болып, оның бүкіл шаруасы, саудаға байланысты күрделі де қиын істері өзіне қарап қалды. Осы себептен де бір бас ие керек-ті. Мүхаммедтің адалдығы мен іскерлігі жайында өзінің жақындарынан естіп-білген Хадиша Сирияға жөнелтпек керуенін бастап баруды өтінеді. Бүл іске екі есе артық ақы төлемекке әзір екендігін білдіріп, Мүхаммедті шын мәнінде сынақтан өткізіп байқамақшы болады. Өзінің немере ағасы Әбутәліппен кеңесіп, ақыл сүраған Мүхаммед Сирияға керуен апару сапарына келісімін береді. Аталмыш сапарға Мүхаммедпен бірге жесір әйелдің немере бауыры Жүзима мен қүлы Майсара бірге барады. Ол екеуі де Мүхаммедтің іскерлігіне, мейірбаңдылығына тәнті болып, керуен сапарының нәтижесі күткеңцегіден асып түсетіңдіктен, Хадиша уәдесінен де екі есе артық ақы төлейді. Бүдан соң Хадиша енді оны Арабияның түстік жағына да жүмсап байкайды, тағы нәтижелер ойдагыдай болады. Хадиша ол шақта қырық жаста еді, ақылды да тәжірибелі қай жағынан да сүйкімді әйелдіц өзі алғаш Мүхаммедтің жан дүниесінің терендігіне, жиырма бес жастағы жігіттің қадір-қасиетіне, қайрат-жігеріне, ақыл-парасатына қүлай беріледі. Бүл сезім бірте-бірте жүрегіне терең үялап, ғашық екенін растай, дәлелдей түскендей күй кешеді. Сол жағдайда, араб анызы бойынша, ақылды әйелдің сезімін бекіте түскен ғажайып бір жағдай болған. Бір күні шацқай түс кезінде, өзінің қызметшілерімен бірге өз үйінің шатырына шығып, Мүхаммед басқарған керу26


ешгін' келуін асыға күтіп отырған. Керуенмен бірге оралған жігіттің төбесінде оны аптап күннен қорғай қалықтап келе жатқан қос періштені көріп, танданған Хадиша қатты дауыстап жібергенін бір-ақ біледі: — Қараңдаршы!— деді ол жанындағы қызметшілеріне,— Алла тағала өзінің сүйікті үлына екі періштені жіберіп, қорғап келеді екен. Ал енді әйелдің қызметшілері де екі періштені көрді ме, жоқ па, ол жағын алгі аңыз айта қоймайды. Бір сөзбен айтқанда, Хадиша өзінің ғашықтығын сезініп әрі ол жігіттіц тегін адам еместігіне сенгендіктен, өзінін адал да сенімді қүлына сырын айтып, оны Мүхаммедке жеткізуді тапсырады. Майсара қул мен Мүхаммедтің арасында болған әңгіме де онша үзақ сонар емес, қыска ғана. "Мүхаммед!— дейді Майсара оған.— Сен неге үйленбейсің осы?" "Кімге үйленем, ешкім жоқ қой" дейді Мүхаммед. "Ал егер саған байлыгы да, сүлулығы да, шыққан тегі де сайма-сай біреу өз қолын үсынса ше?" дейді Майсара. "Ол кім?" дейді Мүхаммед. "Хадиша!" дейді анау. "ІІІынымен мүмкін бе? Маған сенгейсің!" дейді Майсара. Майсара өзінің әміршісіне болған жағдайды сол күйінде айтып береді. Жолығысатын сағат та белгіленіп, Мүхаммед барлық істі де Хадишаға деген бүрынғы ықыласындай, қызметтеріндей етіп тыңдырымды атқарады. Хадишаның әкесі Мүхаммедтің кедейлігіне байланысты біраз карсылық жасап баққанымен, ақылды, жесір әйел байлықты жүрек әміріне жүгіңціре біледі, әкесі де "бай байға, сай сайга" көзқарасынан бас тартып, қызының дегеніне көнеді. Хадиша үлкен дастарқан жасатып, өзінің әкесін, көптеген туыстарын, Мүхаммед жағынан Әбутәліп, Хамза бастаган біраз қүрайыштарды шақырады. Бүл тойда дастарқан тағамға толы болып, шарап судай ағыпты деседі. Мүхаммедтің кедейшілігі жайыңдағы ой-пікірлер үмыт қалып, Әбутәліп пен Хадишаның бауыры Уарака бірін-бірі марапаттап, болашақтағы үлкен тойдың, сый-сияпаттың, сәнсалтанаттың қамын жасайды, неке занды түрде қиылады. Мүхаммед те өз дарбазасының алдында түйе сойгызып, оның етін кедей-кепшіктерге үлестіреді. Үйдің есігі де, дастарқан да барлық жүртқа ашық еді. Хадишаның қызметшілері емін-еркін билейді, қуанышта шек жоқ. Тіпті Әбутадіптің өзі де қартайганын үмытып, уайымнан арылып, қатты көнілденіпті. Өз қалтасынан бар алтынын аямай шығарып, көп шығынды өзі өтеп, сол қаржысы он екі түйеге барабар келіпті деседі. Мүхаммедтің емшек беріп өсірген өкіл шешесі Халима да бүл тойға 27


шакырылып, ол кісі де катты толкып, тамашаға күлшына катыскан. Оған кырык кой сыйлыкка беріліп, Саадит даласына карай шаттык күшағына оранып, көцілі тасып, әндетіп кайткан Деседі, Халима ана. Бар еді сол уақытта бір бай катын, Айтады Хадиша деп оның атын. Артықша жүзі нүрлы сүлу еді, Малика ғарап дейді асыл затын. Ері жок катын еді өзі де түл, Есепсіз көп еді дүние мен пүл. Қаншама шаһизада айттырса да, Ешбірін жүрер еді кылмай кабыл. Көп окып көріп еді Таурат сөзін, Расулыныц ісі менен әр мінезін. Кітапта толық етіп айтып еді, Бір уақытта макбоз болып шығар көзін. Хадиша үйыктап жатып бір түс көрді, Аспаннан бір ай келіп қойнына енді, Ананыц колтығынан кайта шығып, Дүниенің баршасына сая берді. Бар еді Орақ атты бір агасы, Артықша адам еді шарапатты. Түсінде ай койнына кіргендігін, Жорытуга бір адамға барып айтты. Ол айтты: "Ақыр заман пайғамбары Некелеп Хадишаның болар жары. Әуелі бүл Хадиша дінге кірер, Онан соц дінге кірер елдіц бәрГ. Орақтан осы сөзді Хадиша естіп, Көрместен Мүхаммедті гашық етіп. Ешкімге сол себептен бармап еді, Көңілінде бүл адамнан үміт етіп. Әр жылы ғадеті еді Хадишаныц, Базарға баратүғын алып малын. Байлардыц әдетімен шаһарларға Керуен ғып жіберді ол саудагерін. Бір жылы бүл Хадиша рәсім етіп. Жүргізді Шамға керуен сән түзетіп. Меккеге жар шақырып хабар берді. "Рас болса көңілі, келсін" деді. Пайғамбар әдеп сактап тыста түрған, Бүл жанға жолығуга барып кірді. — Келіціз, жоғарыға шығыныз,— деп, 28


Хадиша тура келіп тағзым қылды. Тағзым қып жогарыға отырғызып, Алдына тағам тартты ғизат етіп. Бүл хабар Мүхаммедке келіп жетгі, Көрмекке Хадншаның көцілі кетті. Пайғамбар Ғатқа деген апасымен Үйіне Хадишаныц жүріп кетті. Тәліп те бүл айтқанды мақүл көрді, Расулды Ғатқа апай алып келді. Мүхаммедтіц бірге осында келгендігін, Біддіріп ишаратпен жөн сілтеді, Хадиша Мүхаммедтіц атын білді, Шаттанып өз көціліне қиял кірді. Әуелден бүл күн кеше ел ішінде, Жоқ еді ат қойылган осы түрлі. Таураттыц жария еткен аты келді, Нәсілімнің есімі деп айтып берді. Келгенін Мүхаммедтіц мақүл көріп, Сөйледі Ғатқаға сәлем беріп. "Алдымен Мүхаммедті келтіріціз, Айтайын бір жауабын өзін көріп". Ғатқа да Мүхаммедке хабар берді, Әдеппен Расул хада ішке кірді. Тауратты перде ішінде қолына алып, Расулыныц қасиеттерін оқып білді. Кітаптыц хабар берген тура түсі, Табылды Мүхаммедтен әр белгісі. Ақыргы пайғамбар бүл екен деп, Шаттанып Хадишаныц қуанды іші. Деп айтты Ғатқаға күдік тарап: "Мүхаммед лайық екен көрдім қарап. Керуенмен бірге барған хақысына, Көціліціз қаңдай нәрсе қылар талап". Ғатқа бүл сөзді айтты Хадишаға: "Айтатын бір мәселе бар еді жаца, Бүл сапар сізден алған ақысына, Ойландық әпермекке әйел оған". Ол айтты: "Бүл Мүхаммед келсін барып, Керуеңді аман келсе пайдаланып. Дүниеде асыл нәсіп бір әйелді, Берейін Мүхаммедке өзім алып". Ғатқа мүны естіп бек шаттанды, Өзінін жолдасына қайтып барды. Хадиша Мысыра атты бір жігітті, 29


Шақырып жауапты зор міндет салды. Хадиша Мысырага айтты: "Ей, қүл, Кіремен бірге барар Мүхаммед бүл. Түйенің жақсысына мінгіз таңдап, Келгенше күндіз-түні қызмет қыл. Кездесер әр түрлі жәй жолда саган, Әуелі ақылдасып айтқын оған. Қайтқанда керуенімніц хабары үшін, Алдымен Мүхаммедті жібер маған. Әр түрлі жолда көрсец бейнет-азап, Баршасын маған келіп жасырмай айт. Бүл айтқан тапсырманыц бэрін қылсан, Босатып шығарайын қылып азат". Мысыра айтқандарын қабыл алды, Неше күн жол жабдығын жиып алды. Әлқисса, жүрмек үшін Расул келіп, Қажетті сапарына киім салды. Меккеден көп керуендер жүріп кетті, Кеш болып бір мацызды жолға жетті. Расулды бастан-аяқ киіндіріп, Мысыра Хадишаныц әмірін етті. Бір нарға қымбат баға жабдық салып, Міңціріп ілгеріге жүрді алып. Бүл қылған Хадишаның істеріне Керуендер тац қалды қайран калып. Жаз күннің ыстығынан ептеп өтіп, Үстіне Мүхаммедтіц бір ақ бүлт Жүреді күн тигізбей сая етіп. Отырса қу ағашқа Расул барып, Сол уақыт көгереді жапырақтанып. Бір күні болдырады екі түйе, Жүре алмай жол үстінде қалды арып. Мысыра Мүхаммедке хабар берді, Түйеге шөгіп жатқан Расул келді. Пайғамбар қол көтеріп дүға қылып, Түйенің аяқтарын сипап көрді. Сол уақытта бүл түйелер тіке түрып, Тоқтамай жүгіменен кетті жүріп. Керуенніц баршасы Шамды қойып, Басраға бір күндерде кірді барып. Әр түрлі алып барған нәрселерін, Екі есе кымбат етіп сатты бәрін. Пүлдардыц баршасын ақша етіп, Дүрыстап неше түрлі алды малын. 30


Қисапсыз Хадишаныц дүние-малы, Сатылды қымбат болып оныц бәрі. Неше күн .жол жабдығын дайын етіп, Қалмакка кешікпей қайта кетіп. Меккеге қайтар жерде керуендері, Ақыры жәйлі жерге қонды жетіп. Керуеннің амандығын Хадишаға, Сол жерден білдіреді хабар етіп. Үстіне жабдық орап тазалады, Мысыра даяр етіп жақсы нарын. Қағазбен амандығын баян етіп, Жолдағы көргенінің айтты бәрін. Мүхаммед те түр еді даярланып, Бармаққа Хадишаға хатын алып. Меккенін бір түрғыны Әбужәйіл Бүл сөзді Мысыраға айтты бәрін. Мүхаммед көрген жоқ бүрын жүріп, Түнде жете алмады жолды біліп. Сол жерде дүрыс жолға салды оны, Жіберген несібесі оған тиіп. Лажсыз Әбужәйіл қалды түрып, Мүхаммед қош айтысып кетті жүріп. Мүхаммед әр нәрсені қиял етіп, Отырды жол үстінде үйықтап кетіп. Сол сәтте шайтан лағнет келді жетіп, Бастады басқа жолға салғын,— деді,— Бір қүдай Жәбірейілге пәрмен етіп. Жәбірейіл Мекке жакқа жөн сілтеді. Шайтанды қанатымен үрды келіп. Қүтылып бүл шайтанныц арбауынан, Меккеге іп-лезде келді жетіп. Көліктен түйесінен түсті келіп. Мысыра жазған хаттыц мазмүнына, Түсінді бастан-аяқ оқып беріп. Мысыра бәрін сезген әуел бүрын; Жүргенде Расул оны жазып беріп. Бүл сапар алып барған саудасынан Хабар ап, көңілі толып пайдасынан. Бүл жолғы игілік пен сәттілікті, Көргендей пайғамбардыц бір басынан. Қайтадан Мысыраға қағаз жазып, Расулға алып бар деп әмір қылды. Сенімді түйесіне мініп алып, Керуенін қайта жүрді жолға салып. 31


Кешікпей Расулға Мысыра келді, Шығарып Хадишанын. хатын берді. Қараса Хадишанын мөрі басылған, КөцілінАі бар екенін хабар қылған. Ақыры Меккеге керуен жетті, Мүнымен бірнеше күн уақыт өтті. Хадиша Мүхаммедке тимек болып, Ойланып неше түрлі қиял етті. Бар еді Нәби атты бір адамы, Ақылға артық еді парасатты. Хадиша көціліндегі мақсат-мүцын Шақырып барлық жәйді оған айтты. Ол айтты: "Мүхаммедке өзім барып, Сүрайын ойлағанын сөзге тартып. Қайтадан бір хабарын жеткізейін, Егерде мақүл көрсец қабыл алып". Нәби бүл сөзді айтып түрып кетті, Таліптіц ауылына барып жетті. Қалғанын бүл жағдайға дүшар болып, Жүргенін Расулыныц хабар етті. Расулға Нәби айтты: "Сөзді тыцда, Пәкізе бір бай қатын бар ед мүнда. Қаласац, қүдалыққа апарайын, Мал үшін мүқтаж емес, дүние онда". Расулға айтты Нәби ақиқатын: "Хадиша деп қойылған кыздың атын, Ақылды, парасатты, көп біледі, Әркімніц оған жеткен әр тілегі, Қаншама шаһизада келсе-дагы, Ешкімге толқымаған пәк жүрегі, Болады Хадишаныц ықтияры, Әуелден берсе-дағы мыцды бәрі, Той қылып мерекеге тағам беріп, Берейін некелетіп сізге оны". Нәби қарт бүл сөзді айтып, кетті қайтып, Мағлүм ғып Хадишаға айтты барып. Мал сойып, той қылудың қамын айтты. Хадиша бек сүйсініп қарсы алып, Қүрайыштыц баршасына хабар берді, Келсін деп Расулға әм жіберді. Лайықты Мүхаммедке ешкім таппай, Көцілі Әбуталіп қайгы жеді. Расул әм отыр еді ойға кетіп, Көнілінде қапаланып қайғы өтіп, 32


Әр түрлі қымбат баға киім алып, Есіктеи Әбубәкір келді жетіп. Деп айтты: "Иә, Мүхаммед, бүл киімді, Кисін деп алып келдім сізге әне. Әуелден өзің үщін даярланған, Жақсы тон, қымбат баға мүның бэрі". Мүхаммед ол киімніц бәрін көрді, Бәкірдіц бүйымдарын бәрін киді. Хамза, Ғаббас, Әбутәліп бірге жүріп, Зейнетті қонысына барып кірді. Артықша жиналғанға ғизат етіп, Алдына тағам тартты неше түрлі. Бар еді қанша қүлы Хадишаның, Жібереді азат қылып сол күн бэрін Басына пайғамбардың шашу етіп, Шаштырды табақпенен ділдаларын. Осы күнгі сияпаты артық өтті, Той тарқап, халықтардың бәрі кетті. Сонан соң Мүхаммед пен Хадишаға Қүтба оқып, Әбутәліп неке етті. Жоқ еді дүниесінің ешбір сәні, Көрсетіп тысқарыға қойды бәрін. Расулға халық алдында Хадиша айтты: "Ортақсыз өзімдікі мүныц бәрі. Білдірді ықтиярлық халық бізге, Баршасын бағышладым бүл күн сізге, Зәредей менің ешбір дауым да жоқ, Істеңіз бар келгенін көңіліңізге". Тарқасып келгендердің бәрі кетті, Қосылып мүратына бүлар жетті. Қисапсыз Хадишаның дүние-малын Мүхаммед ғаріптерге қайыр етті. Білсеңіз бір Қүданың қүдіреті бүл, Пендеге ғибрат үшін қылғанын біл. Әлқисса, Расул хада Хадишамен Қосылып өмір сүрді бірнеше жыл. Мүхаммед жиырма бес жаста еді, Сол уақытта Хадишаңыз қырықта еді. Расул қосылған соң Хадишадан Үш үл мен төрт қыз және туды. Әуелі туып еді Қасым үлы, Сол үшін Әбілқасым лақап қылды. Рақима, Зейнеп, Гүлсім, әм Фатима, Онан соң Ғабдулманап, Тахир туды. 33


Қыршын жас өліп кетті-ау бүл үлдары, Қыздардың бәлиғатқа жетті бәрі. Расулдың екі қызын Ғүсман алған, Үйленіп* Фатимаға хазіреті Ғали. Бай болды Расул хада дүние өсіп, Ғаріпке кайыр етті көп қарасып, Хадиша зәредей бір қарсы болмай, Дүниесін жүрсе-дағы қанша шашып. Жақсылар бір Қүданың қүдіретімен, Жаздырған Ғабибі деп Қаршыға атын. Ішінде анасыныц жетім етіп, Тартқызды өскеннен соц мехнатты. Акыры түл қатынмен үйлендіріп, Шығарды дүние беріп ғани атын.

РАСУЛҒА ПАЙҒАМБАРЛЫҚТЫҢ КЕЛУІ Расулдың қырыққа жасы келді, Бәрі де үлкен-кіші сәлем берді. Ғайыптан неше түрлі сөздер естіп, Ғажайып алты ай бойы түстер кірді. Бір күні сезім билеп, көңілі тасып, Бір жерге көп отырды үйден қашық. Жан-тәнін қиял билеп, бойы балқып, Кетеді сол арада үйқы басып. Жәбірәйіл сол мезгілде келді жетіп, Оятты пайғамбарды бір тербетіп. Оянып мацайына назар салса, Керінді елес беріп біреу келіп. Ол адам әріректе барды түрып, Мүхаммед көрді оны жақын түрып. Сафа мен Марде тауының арасында Бір мәрте бойын жазды сауық қылып. Көтермей аяқтарын жерде түрып, Аспанға үзындықтан басы жетті. Күн шығыс, күн батыстың баршасында, Жазғанда қанаттары алып кетті. 34


Пайғамбар назар салып көрді бәрін, Жайылған 600 мың канаттарын. Төрт бүрышын бүл дүниенің басар еді, Егерде жерге түссе қауырсыны. Мүхаммед ғажайыпты әбден көрді, Иіліп, тәжім етіп сәлем берді. "Көрмеген өмірімде адамсыз?" деп Мүхаммед әдеппенен сауал берді. Ол айтты: "Мен — Жәбірәйіл, сөзді тында, Алланың пәрменімен келдім мүнда. Жіберді бір Алланың мейірі түсіп, Оқығын осы хатты бәрі сонда". Міне, деп қанатынан хат шығарып, Расулға оқығын деп берді алып. Жаннаттын қиырына жазған еді, Алдына пайғамбарды отырғызып. Деп айтты: "Оқымаймын хатты алып, Көргем жоқ еш уақыт жазу танып. Ішінде осы хаттың жазуы жоқ, Зер салып қарағанмен қолға алып". Жәбірәйіл оқышы деп тагы берді, Расул қолына енді алып көрді. Қараса Қүранның аяты екен, Жәбірәйіл намазының сөзіне ерді. Расулға неше түрлі жөн көрсетіп, Өзінің мекеніне қалды кетіп. Көзіме бүл көрінген пері ме деп, Пайғамбар аң-таң болды сабыры кетіп. Меккеге Расул Қүда барды қайтып, Жығылды мең-зең болып есі танып. Үшкіріп түніменен Хадиша да, Бүл көрген істеріне қайран калып. Деп айтты: "Иә, Хадиша, тыңда сөзім, Ғажайып бір нәрсені көрді көзім, Жәбірәйіл мәлікпін деп хабар берді, Сескеніп жеркенемін жын деп өзім". Хадиша мүны естіп пайғамбардан, Қалғанына жанының тәубе қылған. "Екінші Жәбірәйіл көргеніңде, Сол кезде білдірші деп айтып маған. Алдына өз басымды жалаңаштап, Шығарып көрсетейін шашымды оған. Бүл жерге екіншіде қадам баспас, Әйелдің әбүйірі ашылғанмен". 35


Жәбірәйіл хақ әмірімен келді жетіп, Расулының жанына түрды келіп. Пердесін басындагы ашып тастап, Білдірді Хадишаға хабар беріп. Жәбірәйіл ғайып болды шашын көріп, Түрмады Расул да жауап беріп. Хадиша бек шаттанып нүры жайнап,' Сауал ғып Мүхаммедке айтты келіп: — Мәртебелі, Мүхаммед, бек азамат, Расулдық қүтты болсын, көніліміз шат. Соңғысы пайғамбардыц сіз болдыныз, Күмәннан көціліціз болсын азат. Бойына Хадишаныц қуат берді, Тауратта көргендерін айтып берді. Кәпірдің бәрін бірдей дінге шақыр, Алладан ізгі хабар келгенде енді. Әуелі Хадишаның өзі бастап, Халима дінге кірді оны қоштап, Бүлақтан ағып жатқан тәйәм алып, Тағлым қып осы арада намаз бастап. Айтып еді Расулға Әбутәліп, Ғалиды қалдыр деп жаныңа алып. Бір күні намаз оқып отырғанда, Тап болды үстіне Ғали барып. Ғалиға Расул айтты: "Хабардар бол, Жіберген бір Алланын бүйрығы сол. Үшбу түңце тэпсірді оқып болып, Сен, деді, осы күннен мүсылман бол!" Ғали айтты: "Көрмеп ем бүрын мен мүны, Бүл емес пайғамбардың түтқан діні. Атамнан рүқсат болса дінге енейін, Онымен ақылдасып үшбу түні". Ғалиға қайталап айтты Расул: Тілімді хақ жолына алғын қабыл. Дінге ен, менің айтқан сөзіме еріп, Әзірше жарияпамай жасырын қыл". Расулдан рүқсат алып Ғали кетті, Әр түрлі қиял келіп ол күн өтті. Көңіліне Қадір Қүда нүрын төгіп, Кірмекке хақ жолына көнілі кетті. Және айтты: "Әрқашан атам Тәліп, Расулдың түрушы еді тілін алып. Тәйам — касиетті су. 36


"Дінге ен" деп айтқан сөзін кабыл алсам, Атам әм мақүл көрер риза болып". Мүны ойлап Расулга айтты тан азаннан, Тоқталмай дінге кірді айтып иман. Санады сол уақыт Мүртазаныц, Он жылға толып еді жасы оның. Расулға дүйсенбі күн бүйрық келді, Хақ жолға үгіт ет деп хабар берді. Алланың бірлігіне калима айтып, Мүртаза сәрсенбі күн дінге кірді. Бүлардыц тан қаларлық бүл істерін, Бір күні Жәбірәйілден Тәліп білді. Пайғамбар Ғалименен тауга кетіп, Бір жерде намаз оқып отыр еді, — Иә, Расул, бүл қылганын қандай іс?— деп, Алдына Әбуталіп жетіп келді. Тәліпке Расул айтты адеппенен: "Атамыз Ибраһимнің діні еді" деп. Бір Қүда мен Расул бір хақ етті, Кіріціз хақ жолына сіз де енді". Ойланып Расулга айтты Әбутәліп: "Кірейін хақ жолына тіліцді алып. Меккелік адамдарды үгіт етіп, Дінге сал тіл алғанын жол көрсетіп". Расулға бүл сөзді айтып куат берді, Меккеге баршасы әм қайтып келді. Төртінші иман айтып дінге кірген Хазіреті Әбубәкір, Садық еді.

ӘБУБӘКІРДІҢ ДІНГЕ КІРУІ Садықтыц қарауында көп қүлы бар, "Сиярда" баршасыныц аттары бар. Бәрініц бастан кешкен істерініц, Біразын білдірейін беріп хабар. Осыдан жиырма жыл бүрын еді, А, Қүда, Әбубәкір бір түс көрді, Түсінде көк жүзінен пайда болып, Қақпаныц дидарына бір ай енді. 37


Бөледі бүл манайды нүрға малып, Меккеніц үйлеріне кірді барып. Аспанга баршасы қайтып кетті, Садықтыц үійндегі шықпай қалып. Орнынан ерте кетіп бекер түрды, Жеһиттен бір ғалымға азар қылды. Ол айтты: "Бүл ісіңнің бәрі бекер, Көргенге амал қылма осы түрлі". Сауда ғып Шамға шықты Садық және Кез болды жол үстінде Бәкірге. Меккеде бүрын көрген оқиғаны, Баяндап айтып берді бәрін соңда. "Кімсіз?" деп Садыққа ол сауал берді, "Қүрайышпын" деп Әбубәкір жауап берді. "Түсіңді жориын мен, Әбубәкір, Сөзімді әбден тыңда, жаным, деді, Меккеден бір пайғамбар мәлім болар, Дүниеге шарапаты оның тарар. Қасыңда уәзірі боп сен түрарсың, Орнына өлгеннен соң сені қояр". Есітіп Әбубәкір бек шаттанып, Бүл сөзді жүруші еді көңілге алып. Пайгамбар анық болып шыққаннан соң, Алдына салем беріп кірді барып. Деп айтты: "Иә, Мүхаммед, арызым бар, Бір хабар естіп келдім қүлагың сал. Хақ пайғамбар болғаның рас болса, Өлшеусіз өтейтүгын қарызым бар. Садыққа Расул айтты сөзді тыңда, Түс көріпсің сен бір күңде соңда. Жөһиттен сүрағанда хабар бермей, Бәкір ақиқатын айтты сонда. Пайғамбар Бәкірге айтты хабар беріп, Жәбірәйіл мағлүм етіп айтты келіп. Тоқтамай Әбубәкір дінге кірді, Сол кезде ислам діні көңіліне еніп, Дін үшін Әбубәкір көп іс қылды, Оның жәйін бүл жерде әркім білді. Ғүсман, Зәбір, Талгат, Сәдуақас, Ғабдырахман барлыгы дінге кірді. Көндірді Әбубәкір мүның бәрін, Төменде айтайық біз оның жәйін. Бүл жерде маглүм етіп білдірейік, Қайсысы қалай дінге енгендерін. 38


Бесінші дінге кірді хазіреті Ғүсман, Себебін мағлүм етіп айтайын мен. Ғүсманның аталасы Сағды атты, Артықша бір жан еді аты шыққан. Сағдының түрағына Ғүсман келді, Сағды түрып ниетімен хабар берді: — Я, Ғүсман, бір хабар бар мен айтайын, Бір катын нәсіп болар саған еңді. Ол өзі ер көрмеген сенен бүрын, Артықша хақ жаратқан оның түрін. Бір үлық пайғамбардың қызы болған, Мән-жайын білдірейін саған оның. Шат болып хазіреті Ғүсман айтты түрып: "Білдіргін бүл сөзіцді мағлүм қылып". Ол айтты пайғамбарға: "Мәлім болды, Алладан осы сынды хабар келіп. Мүхаммед Ғабдолла үғлы үшбу күні Кәпірге мәжбүр етер тура дінін. Қылышпен ғазат етіп басын кесер, Бір кісі кәпірлердің алса тілін". Сағдыдан хазірет Сүлтан мүны есітті, Екі күн онан кейін арада өтті. Бір күні Әбубәкір алдына кеп, Сағдының бүл сөздерін баян етті. Ғүсманға жеткізді Садық мүны: "Мүхаммед пайғамбардың бір хақ діні. Бүл дінге кәпірлердің көбін тартар, Сен-дағы дінге кіргін үшбу күні". Екеуі сауал қылып отырғаңда Расул мен тап болды Ғали сонда. Ғүсманды дініңізге айлаңыз деп, Жасырын Садық айтты осы арада. Расул хақ қастарына отырды кеп, Алланың касиетін айтты ол көп. Ғүсманды хақ жолына дағуат етті, Жаннатқа Алла сізді шығарар деп. Алланы бір хақ біліп дінге кірді. Зәредей қалмай оның еш күдігі. Расулдың Рахия атты қызы бар еді, Ғүсманға неке қылып оны берді. Ілгері-кейінгіден хабар білген, Садықтың айтқан сөзі тура келді. Алтыншы Сәдуақас кірді дінге, Кәлиманы оқыды алып тілге. 39


Жетінші Ғабдіәбін кірді дінге, Расулмен хақ жолында болып бірге. Ілгері аты аталған адамдарды Атады Сахаба деп үшбу күнде. Хати мен Жагыпар, Әбутәліп, Қатындары дінге кірді хакты танып. Әмір Бәкірүлы әм Жағыпар Әбузар әм Ғамырдың үлы Таліп. Мүнан соң Әбубәкір тілін алып, Көп адам дінге кірді хақты танып. Сонан соң раушан болып ислам діні Хақ жолын үйреніпті әркім келіп. Бір күні бір Алладан пәрмен келді, Жариялап жақынына айтсын деді. Пайғамбар Ғабдулмақлап үрпактарын, Шақырып келіңіз деп хабар берді. Хамза, Ғаббас, Әбулақап, Әбутәліп. Расулының ауласына кірді барып. Пайғамбар тағамнан соң сөз бастады, Әуелі бісмәлләні аузына алып, Онан соң хақ дініне үран етті, Расулға жиналғандар тәжім етті. Пайғамбар өзімнін бір Расулым деп, Алладан арнаулы сәлем жетті. Хақ жолын тілеңіздер дінге еніп, Әр түрлі әмірлерді қабыл көріп. Жаннаттан баршаңыз орын алып, Түрсыңдар үгітіме жәрдем беріп. Баршасы мүны естіп таглым қылды, Ортадан Әбулмақлап үшып түрды. Дегі айтты: ата-баба әулетіміз, Әуелден түтып едік үшбу дінді, Бүлжытпай орындаймыз айтқаныңды, Аздырмай тура жолмен баста бізді. Әркімді сиқырлықпен аздырмаған, Айламен өз түсыңнан жол көрсетіп. Осындай әр тараптан көп сөз айтты, Тарасып өз жайына бәрі қайтты, Толғанып Расул сонан соң үйге тартты. "Жәрдем ғып әр уақытта түрармын" деп Бұл сөзді Расулға Тәліп те айтты.


РАСУЛДЫҢ ҚҮРАЙЫШТАРДЫ ДІНГЕ ТАРТҚАНЫ Хабибі бір күн Расул сыртқа барып, Қүрайыштыц бәрін жиды хабар салып. Меккенің кәпірлері тауға шықты, Қай түрлі сөз айтар деп көціліне алып. Алдына жинап алып елдің бәрін, Әуелі қамын айтты бір Алланыц. Онан соц кәпірлерге Расул айтты, Сіздерге айтар сөзім үшбу меніц. "Алладан Жәбірәйіл хабар келді, Пайғамбар хақысы деп сауал берді. Қауымға бірігіңдер барлығыц да, Шақырдым соныц үшін сізді мүнда. Қүдай бір, аспан, ай, күн, айдындар бар, Жаннаттан орын беріп жайландырар. Фәрмәнің үстап жүрген момын халық, Бір жан жоқ бірлігіне шек келтірер, Сәжда ғып от пен суды Қүдай білер, Дүниеден иманы жоқ кәпір өтер. Бүл жүрген жолдарының бекер бәрі, Өлгеннен соң күмәнсіз дозақ кірер. Бір Хақ білер тек қана мүның мәнін, Алдын ала болжайтын-оның бәрін. Пайғамбар Мүсәлі деп түсініңдер, Зер салып, ойланыңдар мүны бәрің!" Кәпірлер мүны естіп болды дал-дүл, Деп айтты: "Кесел болған Мүхаммед бүл. Расында, жын-періден зиян келер, Аян боп біліп түрса шындықты бүл". Әр түрлі әр тараптан сөз шығарды, Басына бір ғажайып дүға салды. Ол күні ешбір адам кірмей дінге, Қауымға шын кәпірлік сөз тарады. "Ей, қауым, кәлима айтып дінге кір" деп Айтады кәпірлерге әрбір күнде. Меккеніц көшесіцце күцціз-түні, Естуші еді әрбір адам осы сөзді. Есімі Мүхаммедтің тарап ед тез Көп қауым қүлақ салар туып еді. Кәпірлер орынсыз канша сөксе-дагы, Біртіңдеп тарап кетті лүғатты сөз. Бір күні меккеліктін үлықтары, 41


Жиналып үлкен-кіші, жас пен кәрі. Мүхаммед турасында маслихат қып, Тәліптің қүжырасына келді бәрі. Деп айтты: "Мүхаммед туған үлды, Білесіз үстап жүрген ол бүл дінді. Біздердің бойымыздан шыққаны деп, Кәпірге өзімізді несіп қылды. Бүл сөзін қойдырыңыз айтып ақыл, Жай жүрсек бір-біреуге қылмай дақыл. Жадылық үшбу сөзін тастамаса, Кетерміз дүшпан болып қапыл. Үнатсаң бір сөз келер көңілімізге, Берсеңіз Мүхаммедті бүл күн бізге. Күп көргін Ғүмар үғлын орнына оның, Қояр ек арнап оны бүрып сізге". Оларға Әбулақап айтты түрып, Сөз айтты біздерге сауал қылып: "Зәредей көңілімізге күдік қылмай, Жіберсін Мүхаммедті әм өлтіріп". Тәліптің мүны естіп каһары келді, Қүрайыш бүл сөзді айтып ауаз берді: "Қаншама дағуат айтып ренжітсе де, Бермеймін Мүхаммедті сіздерге енді. Әр кісі Мүхаммедке болса дүшпан, Еш уақытта дос болмайды меніменен. Расулды өлтіруге сізге беріп, Орнына тең болмайсың ешбір оған". Қүрайыштар мүны естіп ашуланып, Баршасы өз жайына кетті қашып. Меккенің кәпірлері риза болмай, Расулға дүшпандықты көңіліне алып. Тәліп кеп жерлестердің бәрін жиды, Қүрайыштың сөздерінен мағлүмат берді. Үранын, насихатын Мүхаммедтің, Қолдауға бел байлады баршасы оның. Жалғыз-ақ Әбужәйіл шығып кетті, Қосылып кәпірлерге ниет етті. Расулға кеше күні дүшман болып, Әр түрлі қасіретті істер етті. Қүрайыштың бастығының есімдерін, Бүл өңір жақсы білед оның бәрін. Дүшпанның басшысы еді Әбужәйіл, Есімі достарының көпке мәлім. Ғатба, Назар, Расым, Харт, Әбусатиян, 42


Жасаған жазықсызға талай зиян. Расулға бір кесапат келтіруге Басшысы осы сәтте бәрін жиған. Аяғынан қып-қызыл қан ақсын деп, Жолына пайғамбардын тікен салған. Жиылып қүрайыштын кәпірлері, Қағбада отыр еді бір күн бәрі. Пайғамбар ортасына келіп түрып, Алла атынан тағы да сауал қылды: "Айтқанға енді сонша сенбесендер, Біртіндеп хақ дініне еңбесендер, Қамығып қасіретке үшырарсыц, Ақылға ақиқат көнбесеңдер". Пайғамбар сөзін айтып кетті жүріп. Кәпірлер жәдігөй деп қалды күліп. Қүданың қүдіретімен бәрінің де, Қан шықты аяғынан сонда түрып. Кәпірлер мүны көріп рухы қашты, Зәресі жарылуға жақындасты. "Дүға қыл айтқанынды қыламыз" деп, Расулынын аяғына қойды басты. Пайғамбар қол көтеріп қылды дүға, Тоқтатты ол қаңцарды кадыр Қүда. Кәпірлер не қыларын енді білмей, Көңілінде ешбір күдік болмай сонда, Бір күні Расул қүда және келіп, Қағбаға тәжім етті ішке кіріп. Ғатба, Әби, бірнеше кәпірлер бар, Үмтылды пайғамбарға мүны көріп. Ғатба пайғамбарға жетіп барды, Кеңірдек жағасынан қысып алды: "Сүйетін тәңіріміз сенбісің!" деп, Аямай әр жеріне таяқ салды. Пайғамбар сөйлей алмай кетті талып, Түр еді Әбубәкір бірге барып. "Расулға мүңдай жаза қылманыз" деп, Ортаға түсті соңда айгай салып. Ажыратып пайгамбарды алып кетті, Осындай қиянаттар бастан өтті. Бір күні Расул қүда қол көтеріп, Аллага мінәжат қып тілек етті. Деп айтты Ғамыр менен Әбужәйіл, Меккелік кәпірлердің бастығы бүл. Өзіңнің фазылымен тауфық беріп, 43


Біреуін хақ жолына жаманат кыл. Осымен қуаттандыр ислам дінін, Кәпірлер жаман айтқан тартсын тілін. Дүгасын Қадыр Қүда қабыл етіп, Көндірді тура жолға оның бәрін. Ғамырдың дін жолына кіргендерін, Айтамын акпар етіп кейін жәйін — Бір күні сауап үшін Расул қүда, Ішіне барып кірді Бәйт Алланын, Расулдан Әбужәйіл хабарланып, Бір қойды аппақ қылып келді алып. Қағбада сәжда қылып жатқаныңда, Қасына пайғамбардың койды апарып. Пайғамбар бас көтермей жатып қалды, Күлісіп баршасы әм қайсарланып. Сол жерде өз қыздары хабарланып, Жуды оны жалма-жан су апарып. Харамнан денесіне тигендерін Сол жерде пәкізе қып жуды бәрін. Пайғамбар капалықпен қол көтеріп, Үш мәртебе дүға қылды хакында оның. Кейінгі үрыс болган бір күндері, Бір Қүда әлек етгі мүның бәрін. Баршасы кәпірлікпен өліп кетті, Дүнияда дінге кірмей бірде-бірі. Расулының дінге кірген асқабтарын Хақ жолынан қайттырады үрып бәрін. Қүдай бір, бүл Мүхаммед пайғамбар деп, Қайтпасты тура жолдан ешбір оныц. * * *

Артықша хазіреті Біләл жапа тартып, Жататын Хақты бір деп кәлима айтып. Жалаңаш күнге байлап кояр еді, Келгін деп кәпірлікке енді қайтып. Алмапты хазіреті Біләл тілін онын, Ахад деп айтар еді атын оның. Ол уақытта бір кәпірдің қүлы еді, Қожасы Әмия атты һәм біреудін. Ол мәлғүн ыстық күнге шыдамаса, Үстіне қояр еді тасты апарып. Осыңдай неше түрлі іс көрсетті, Алладан қайтқын деді қаһарланып. 44


Фарзымен хазіреті Біләл ашып тілін, Ахад деп айтар еді Хақтың дінін. Бүл сөзге Әмияныц қаһары кеп, Бетіне тікенекпен үрды мүның. Қүдай деп табын дейді лахраға, Ахад деп хазіреті Білал болмады оған. Ашуы ол мәлгүнның қатты келіп, Үстінен тізесімен басты және. Біләлдін байгүс болып есі кетті, Қайтқын деп бір Алладан ауаз етті. Өзінің айтуына халі келмей, Аспанды қолыменен баз көрсетті. Ол мәлғүн мүны көріп қаһарланып, Байлады қол-аяғын жіпке салып. Меккенің көшесімен сүйреледі, Шаһардың балаларын жинап алып. Балалар сүйреді енді ойын қылып, Меккеніц көшелерін ойран қылып. Біләлдің қызыл қаны ағар енді, Етіне майда тас пен тікен кіріп. Бір күні газап қылып түрганында, Үстіне Әбубәкір болады кез. "Бүл қүлды мүнша неге үрасың?" деп, Лағнат Әмияга айтады сөз. Ол айтты: "Сауал етсін үрылганын, Бүл қүлға кесапатың тиді сенің. Жалғаннан көрінбеген қүдай бар деп, Қайтардыц лахрадан көцілін оныц. Артық бер халін келсе үшбу қүлға, Өзіц ал сауда қылып сатып пүлын. Болмаса өз қолыммен өлтіремін, Екінші үрмағын деп келме мүнда". Садыққа үшбу күні шаттық келді, Алсам деп ойлап оны жүруші еді. Шын айтса сатып оны жүруші еді. Бір қолмен онға жуық алтын берді. Әмия Садыққа айтты: "Бердім саған, Артықша зиян көрдің бүл саудадан. Бағасы қанша деп сүрағанда, Берер ем үш тенгеге үшбу заман". Есітіп Садық айтты Әмияга: "Көп пайда бүл саудадан болды маған. Егерде бермеймін деп айтқанында, Берер ем мал-мүлкімніц бәрін саган". 45


Біләлді байлауынан алды ажыратып, Өзінің күжырасына қайтты алып. Үстіне неше, түрлі киім беріп, Ол түрды ортасында бүл сөзді айтып. — Ей, қауым, куә болдың енді бәрің, Бүл күні қүлым болды Біләл менің. Онан сон ықтияры өзінде ғой, Жолына азат еттім біл Алланың. Алладан уәлилінің сүраса енді, Білдіріп хабибіне хабар берді. Садықтың ізгі қылған бүл қызметін, Өзінің дарғабына қабыл көрді. Біләлдіц мүндай еді бүрын хәлі, Азанға тағат етті Расул оны. Бір Қүда мәртебесін жоғары ғып, Есітті шарапатын жүрттың бәрі. Еліне барғанында Шаһығалам Расулдың қүлагына жетті тамам. Әлқисса, бүл хабар нәубет бейішке жетті Қүрайыштың қүдайын артық етті. Пайғамбар асқабының бағзыларын, Хабшқа жібермекке көнілі кетті. Ерлерден он бір адам жолға шықты, Төрт қатын жолдас болып бірге жүрді. Ол барған адамдарға Расул күда, Ғышмаңды тағайындап сардар қылды. Хабшқа он бес адам калды кетіп, Саламат аз уақытта барды жетіп. Падшасы тәуір жерден орын беріп, Артықша сыйлар қылды ғизат етіп. Өтініп пайғамбардан сүрап еді, Қағбада халық ішінде оқып көрді. Шапағат үлуғ футһам қылады деп, Көлгірсіп ол айламенен ауаз берді. Өзінен Мүхаммедтің пайым қылып, Сәжда етті кәпірлер әм бірге түрып. Пайғамбар несібеден мүны айтты деп, Асқабқа түрар еді қиял кіріп. Кәпірлер бір-бірінен айтты аз сөз: "Тимейміз Мүхаммедке енді әр кез. Біздердің дінімізді тағриф етіп. Жүрмеңдер дәрежесін төмендетіп". Шайтанның айламенен бүл айтқанын, Жәбірәйіл Мүхаммедке айтты бәрін. 46


Қагбаға Расул күда және барып, Мүдіртпей акиқатын білдірді айтып. Меккенің кәпірлері сенбей оган, Расулға жабылды олар сөзден тайып. Қүрайыштар Мүхаммедпен дос болды деп, Әр жакка бүл хабарды көптірді кеп. Бүл сөзден Ғүсманға хабар берді, Меккеге мәжбүр болып кайтып келді. Қүрайыштың мүсылманмен дүшпандығын, Екі жакта бүрынғыдан артық білді. Меккеге лажы жоқ кіріп барып, Отырды жайларыңда карар алып. Кәпірлер мүсылманды көп ренжітті, Әр түрлі бастарына қайгы салып. Қүрайыштан мехнат шегіп жүрді біраз, Ақыры мүсылмандар таппай еш лаж. Мүхаммед Мүстафаныц үлықсатымен, Хабшқа екінші рет жүреді баз, Бүл сапар Хабш барган көпшіліктің, Есепте бәрі жүз үш адам еді. Ерлері сексен екі болган екен, Әйелдері жиырма бір деп хабар берді. Жағпарды баршасына сардар етті, Меккеден түн ішінде шыгып кетті. Қанша күн мүсылмандар жолда жүріп, Хабштың мекеніне келіп жетті. Падшасын қабыл алды басын иіп, Жолықты келгендердің баршасы кеп. Түрғанда әр жерден орын беріп, Артықша гизат етіп сыйлады көп. Осы кезде аты-жөні Хабиб ибн Малік деген өмір сүріпті. Екінші аты Ақылгөй болатын-ды. Ол әрі ғалым, әрі басшы, әрі көл-көсір білімді кісі екен. Сиқыршылыктың сырларына да, ғылымының небір күпияларына да жетік, барлық дін түрлері жайындағы кітаптарды түп-түгел окып шыққан, тіршілігінде де көп нәрсені колдана алатын адам болган. Міне, енді ол өзінін жиырма мың колын басқарып, жап-жас кызы Сәтиханы ертіп, Мекке шаһарына келіп жетті. Сәтиха қызды алып келген себебі сол, ол ауру еді: тілі жоқ, кереңдігі тағы кайғы, соқырлыгы бар және бірде-бір дене мүшесін қозғалта алмайтын. Мүхаммедтің жаулары Әбусәпиян мен Әбужәйіл өздерінше ой түйіп, осынау қуаты асқан, акылы дария, 47


қарт кінәздіц әрі нағыз берілген діншілдін, осыншама күшті әскер басыныц келуі арқасында Мүхаммедті жоқ қылудың сэті түсірілмек. Пүтқа табынатын карияны "діннен безген пайғамбарсымаққа" қарсы салу киын емес. Сөйтіп, олар Ақылгөй Хабибке дінбүзар, жалган пайғамбар Мүхаммед туралы жырдай етіп жеткізіп, егер шынымен-ақ күшті болса, онысын дәлелдеу үшін Ақылгөйдің алдында өнерін көрсетуі керектігін айтады. Ақылгөй Хабиб өзініц қосына Мүхаммедті шакыртып, сынақтан өткізеді. Аса қадірменді Хабиб оны жылы шыраймен қарсы алады да, тікелей сүраққа көшті: "Сені осы өзін-өзі пайғамбар, Алланыц өкілі деп атайды дейді. Рас па осы?" "Рас,— деп жауап қатты Мүхаммед,— Алла тагала мені ақиқат дінін уағызда деп жіберді". "Жақсы!— деді аса сақ Ақылгөй.— Бірақ та әрбір пайғамбар өзін жіберген кезде айтулы кереметтер арқылы дәлелдеп көрсетпеп пе еді? Нүқтын кемпіркосағы, Сүлейменніц қүпия сақинасы, Ибраһимніц пеш оты, Ысқақтыц қошқары, Мүсаның аса таяғы болды. Пеш оты пайғамбар әмірімен суып сала беретін, қошқар пайгамбар орнына қүрбандыққа шалынатын, асатаяқтың кереметі тагы белгілі, Иса болса, өлілерге жан бітіріп, бір сөзбен дауылды тоқтатты. Сонымен, егер сен шынымен-ак пайгамбар болсац, көрсетші бізге кереметіцді!" Мүхаммедке қойылған алгашқы сүрақ сол, егер кереметі бар болса, пайғамбар Акылгөй Хабибтің шатырында не бар және оныц Меккеге әкелінген себебі нендей дегенге жацылыспай жауап беруі тиіс. Аңызда айтылгандай, Мүхаммед жерге еңкейді де, қүм бетіне әлдебір нәрселерді сыза бастады. Сәлден соң басын жерден көтеріп, жауап берді: "Уә, Хабиб! Сен мүнда өзіңнің кызың Сәтиханы әкеліпсің. Ол сацырау, мылқау, ақсак және соқыр екен. Сырқаттарынан айыга ма деп көктен тілек тілепсің. Ал енді сен шатырыңа бара гой, қызыңмен тілдесерсіц, оныц жауабын естірсіц, бірақ Қүдайдыц аса қүдіретті екеніне шек келтірмегейсің..." Қарт кінәз өзініц шатырына карай асықты: міне, ғажап! Оған қарсы жүгірген қызы шықты, қүшагын жайып жіберген, мүлде сап-сау, көзі жарқырай қуанышқа толып түр, жүзінде бақытты күлкі, сүлулыкка түнған беті бүлтсыз аспандагы айдай нүрлы. Алайда Хабибтің екінші кояр талабы алғашқысынан да қиын болатын. Мүхаммед шаңқай түсте ашық аспаңды 48


кара бүлтпен қаптатып, көк жүзіндегі айды жерге түсіріп, Қагбаның төбесіне қоңцыруы керек. Пайғамбар бүл тілекті де біріншісі секілді киналмастан, оп-оңай орындайды. Оныц айтуы бойынша күндізгі жарық өшіп, аспанды кара перде қаптайды. Көк жүзінде тапжылмай түрган ай аспан кезіп барып, пайгамбардың әмірімен Қағбаның қақ төбесіне келіп қонды. Оның үстіне кәдуілгі қүлшылық етушілердей-ақ Қагбаны жеті рет айналып шықты және Мүхаммед алдына келіп, иіліп тағзым етті, жалыңдаган қылыштай ойнады, пайғамбардың әулиелік қасиетін бүкіл әлемге тагы да жария етіп, данкын асырып, дәлелдей түсті. — Бүл кереметті де қанағат түтпай,— деп жазылған аңызда,— Мүхаммед жарқыраған жалынды айды дегеніне көндіріп, желеңінің оң жақ жеңінен кіріп, сол жак жеңінен шығарады, одан соң екіге бөлініп, бірі шығысқа, бірі батысқа қалықтай үшады да, пайғамбардың айтуымен аспан төсінде қайта бірігіп, дөңгелене түтасып, тыныш табады. Одан бетер жарқырайды. Ақылгөй Хабиб пайғамбардың кереметіне де әбден сеніп, бүкіл жан-тәнімен және Мекке шаһарының төрт жүз жетпіс түрғынымен бірге бас иеді. Керісінше, Әбужәйіл бүрынғыдан бетер долданып, шыңғыра айқайлап: "Мүның бәрі жай елестер, Мүхаммед жалған сиқыршы ғана" деп өзеурейді.

ҚҮРАЙЫШТАРДЫҢ ХАБШ ЖҮРТЫНА ЕЛШІ ЖІБЕРГЕНІ Қүрайыштар мүсылманның естіп халін, Хабшта ғизат көріп түрғандарын. Меккеге қайтып алып келмеу үшін, Қорытты насихат қып пікірлерін. Бармаққа екі адамын елші қылды, Ақылмен жабдықтап неше түрлі. Біреуі Ғасының үлы Ғүмыр деген, Біреуі Уәлидүғлы Ғүмарға ерген. 49


Хабшқа екеулері кетті жүріп, Өткізді апарганын тарту қылып. Деп айтты: " £ й , падишам, естіңіздер, Айталық арызымызды біз білдіріп. Біздерді пайгамбар хақ жіберді, Алладан "фурхан" атты кітап келді. Бас тартып бүтқа енді табынудан, Мүсылман өз дініне қайтсын" деді. Падиша елшінің тыңдап сөзін, Сүрады алдыменен келген жерін, Жолдаған бүл сәлемді кім еді деп, Аты-жөнін сүрады ол өзінің. — Расулдың Мүхаммед деп айтады атын, Баяндап, қасиетті асыл затын. Алланың әмірімен осы бір жан, Болады деп пайғамбардың ғаламаты. Патша айтты: "Сабыр қылып түрыңыздар, Бүл жерге келтірейік оларды біз. Бүл сәтте мүдағасын баян етсін, Өзімен сауал етіп сүрайық біз. Келсін деп мүсылманға хабар берді". Ондағы мәһәр жанның бәрі келді. Патшаны көрген жерде сәжда қылу, Хабшта бар әулеттің рәсімі еді. Патшага сәлем берді бүлар түрып, Келгенде сәжда етпеді рәсім қылып. — Не үшін сәжда қылмай кірдіңдер?— деп, Сүрады мүсылмандар сауал етіп. Оларға Жағыпар айтты: "Білініз сіз, Келгенде сәжда айтпаймыз патшаға біз. Иіліп тағзым етіп, сәжда қылмақ, Болмайды бір Алладан басқаға кез". Патшаға мақүл болды бүл айтқаны, Ғүмардың қатарына түрғызды оны. Деп айтты: "Артыңыздан адам келіп, Ниетпен алып кетпек бір күн сені. Сол үшін үшбу жерге шақырдым мен, Күнбе-күн мүдағаны сөйлегін сен. Бүл жүртқа неге келдің айт себебін. Болмаса бірге қосып жіберемін..." — Бүйырса Хақ тағала нәсіп етіп, Дініне кіргізерміз біз үйретіп, Бүларды жүртымызға алып кетіп, Патша айтты Жағыпарға азар етіп, 50


Цінінен хабар бер деп маглүм етіп. — Ей, шаһым, арызымды тыңдаңыз,— деп, Патшаға хазіреті Жағыпар айтты түрып. — Біздерді алдадыңыз сіз әуелде, Білместен ықыласты айтқан дінге, Харам деп бір Аллаға кір келтіріп, Э баста Қүдай деген нанып дінге. Біздерге бір Алладан болып жәрдем, Пайғамбар ырза болды Мүхаммедке. [стерден мәңгүрт әм сақтандырып, Уйретті бәрін бірдей магүрфқа. ^лладан назыл болып ақыл енді, Кднша жан кәлима айтып дінге кірді. Сол үшін бүл қауымдар басын иіп, Біздерге Қүдай артық қызық берді. Патшага Ғүмар айтты: "Ей, шарияр, Бүлардан сауал етіп сүраңыздар. Ғайсанның турасында не сөз айтар, Сізге де осындай бір талабы бар. — Ғайса да заманында мәлім болған, Алланың ғылымынан тағлым алған. Көп қауым бүл жөнінде білетінін Падиша осы жерде баяндаған. — Інжілде хазіреті Ғайса хабар берді, \ртынан бір пайғамбар шығар деді. Ғайса мен Мүхаммедтің сөздеріне Эз басым куәлік берем,— деді. Жағыпар мекеніне қайтып келді, Хабшта мүсылмандар қайыр көрді. ПДніне Мүхаммедтің кіреміз деп, (Сөңіліне көбісінін қиял енді. Шақырып сабырлықпен әмірлерін, Бір жерге хабар айтып жиды бәрін. П,еп айтты бүл Мүхаммед хақ пайғамбар, \қиқатқа сенеді көнілім менің. Біздер дінге кірсек айтып иман, П,ін түтсақ бірге болар әмір фәрман. \қыры оның діні ғайып болар, [нжілдің кітабынан окыдым мен. Патшаның әмірлері мүны естіп, Баршасы осы сөзді фариад етіп. Іініне Мүхаммедтің кірмейміз деп, Гайсаның айтқан сөзін тастап кетіп. Падиша көбісінің көңілін біліп, 51


Оларга сөз сөйледі және түрып: — Сіздерді сынамакка айтып едім, Ол дінге к\ре ме деп кыр білдіріп. Шынында, каламаймын осы діңді, Айтканы толкытпайды жүрегімді. Патшадан осы сөзді естіген соң, Қайтадан риза болды елдін бәрі. * • *

Патшаның пайғамбарға хаты барды, Қағазды оқып көріп бек шатланды. Хақы үшін ғайыбына дүға кылып, Пейілімен айтқан сөзін кабыл алды. Хабшта уағда кылды көп адамдар, Бәрі ерді кафин мен рағибтар. Расулды көрмекке көцілі кетіп, Арыз айтып патшасына жолдады олар. Деп айтты: "Көңілімізге бір сөз еніп, Ей, Шаһым, арыз айтамыз сізге келіп. Егерде қабыл алып рүқсат берсең, Ғарыптың пайғамбарын келсек көріп". Падиша қүп болар деп жауап берді, Меккеге рағибтардың бәрі келді. Ибраһим мекенінде отырғанда, Расулға сәлем беріп бүлар кірді. Әуелі сөз шығарып ащы тілін, Сабыр деп шакырса да оның бәрін. Деп айтты: "Сол пайғамбар сен бе едің, Ілгергі ажды дінін бүзған мүның?" Пайғамбар менмін деп жауап берді, Келгендер жина елді казір, деді. Халыққа неге дағуат етпейсіңдер, Естиік айтқандарын біз де енді. Пайғамбар оларға айтты: "Сөзді тыңда, Қүдайым айдап сіздер кепсіз мүнда". Қүранның аяттарын оқып берді, Жиылған түсінердей мазмүнына Жылады мүны естіп оның бәрі, Су болды көз жасымен сакалдары. Қүдай берсін Расул бір сен хаксың деп, Жар қылды тіліменен кәлиманы. Расулдан баршасы әм дін үйренді, Әр түрлі Әмір мағрүф тағлым берді. 52


Мүхаммед Мүстафанын рахматымен, Қайтпаққа өз жүртына ойланды енді. Алдынан Әбужәйіл болды да кез, Көп сөгіп капа болып айтты ол сөз: "Жадыныц алдауына көндініздер, Көрмедік сіздей ақымақ дүниеде біз". Жәйілге Сабур айтты: "Ақымақ, надан, Дүниеде адам болмас сенен жаман. Мақшардыц майданына барғанында, Кім ақымақ екендігі мағлүм болар". Мүны айтып өз жүртына қалды кетіп. Хабштың мекеніне барды жетіп, Расулдыц аузынан естігенін, Білдірді патшасына мағлүм етіп. Патша мүны естіп көп қуанды, Расулыныц хақтығына көцл,і нанды. Хабшта мүсылмандар ғазат Одан соц бірнеше жыл тыныс алды. Ақыры Мәдинаға Расул барып, Жаһанды дінге салды көбін алып. Сол күні Жағыпар мен бүл барғандар, Кез болды пайғамбарға душар болып. Расулыныц одан арғы хикаятын Айтайын осыменен қоя түрып. Көбісі Қүрайыш кәпірініц, Бағзылар пайғамбардыц алып тілін. Көңілі мен көзі жетіп күмәңданбай, Алланыц үйренеді туған дінін. Момындар көрсе-дагы қанша жәбір, Хак жолда түрып еді қылып сабыр. Күшпенен кәпірлерді дінге баулу, Ол уақытта болмап еді хақтан әмір.

Ғазат — күрбандык.

53


НӘБҮТТІҢ АЛТЫНШЫ ЖЫЛЫНДАҒЫ ОҚИҒАЛАР Мүнымен бесінші жыл өтті тамам, Нәбүтте алты жылға басты қадам. Сол уақта кәлима айтып дінге кірген Асқабтан отыз тогыз болды адам. Расулға Әбубәкір айтты түрып, Кәлима айтып бәрі дінге кіріп. Ислам діні тағы да қуаттанды, Қағбаға оралып тағат қылып. Қағбага баруға Расулды көндіреді, Садықтың бүган сонша көңілі кетіп. Қагбаға Расул менен Садық келіп, Отырды екеулері мәжіліс қып. Пайгамбар бір ғажайып сезіп еді, Ақыры не боларын біліп еді, Көп жанның жаңа дінге ойысуы. Бүл ахуал кәпірлерге ауыр келді. Садық пен пайгамбарды ортага алып, Ыза болып іс көрсетті неше түрлі, Ғатбаның бір үглы қаһарланып, Өзінің күштілерін жиып алып. Бәрін де аямастан үрып соқты. Қан қылып бәрінің басын жарып, Жығылды Әбубәкір естен танып. Күтпестен осы арада қамсыз халық, Ол күні пайгамбармен екеулерін. Көрген жан кетер еді жаны ашып. Естіп бүл жағдайды келді бәрі, Қүрайыштың ортасынан кетті алып. Өзінің қүжырасына апарды оны, Мезгілі таяғанда ақшам болып. Ес жиып түн ішінде көрді олар. Расулдың жатқанын қандай болып, Сол кезде Бәкірдің анасы кеп. Садыққа амаңдасты ішке кіріп. Бәрі де үйлерінде аман дейді, Расулдың ахуалынан хабар беріп. Оларға Әбубәкір айтты бір сөз, Расулының жүзін көріп болғанша кез. Хақ Расул есін жиған болса, Берейік дайындап тагам біз тез. Ол үйге барғын деді мені алып, 54


Олар да мақүл көрді риза болып. Үйінен екеуіне қолын артып, Рақымның қүжырасына кірді барып. Бүлардан Расул қүда хабар білді, Қүшақтап, амандасып, жүзін сүйіп. Қаншама ілтипатпен халін білді, Расулға хазіреті Садық айтты халін. — Қалмады көңілімде уайым ешбір, Саламат амаңдықпен сізді көріп. Есікте анам түрар менің келіп, Мүдағам кәлима айтса дінге кіріп. Анамды дінге дағуат айласаңыз, Алланың бірлігінен хабар беріп. Садықтың анасына Расул барды. Хақ жолда кіріңіз деп сауал салып. Қүдай бір, Расул бір хақ сен деп, Айтқанын әм қайыр қабыл алды. Расулдан мүсылмандар хабар алып, Жолықты түн ішінде бәрі барып. Пайғамбар одан кейін жаранымен, Ол үйде отырады қарар алып. Әр күні кезіп жүріп әр тарапты, Хақ жолына үгіттеп көп халықты. Сафанның тауларына барган шакта, Сол жерде бірнеше адам ортаға апты. Үстіне Расул қүда келді жетіп, Кәлима таухид айтты әуез беріп, Сол жерде Әбужәйіл сауал айтты. Жіберсек Мүхаммедке іс көрсетіп. Әбужәйіл қүп болар деп бек шаттанды, Бүттарды алыс түрған жинап алды, Өзінің кірденіне қойып түрып, Алдына пайғамбардын жақын барды: — Иә, Мүхаммед, күдайды көріп жүрсің, Айтқанын бүлжытпай істеп жүрсің. Ғажайып жасайтынын рас болса, Көрсетші үшбу жерде бар өнерің. Сөйлемей Расул қүда карап түрды, Ол бүзық әзәзіл боп сәжда қылды. Деп айтты: "Бүл Мүхаммед сиқырлықпен, Үсынып қабыл ал деп бізге дінді. Ерсеңдер бүдан кейін сөзіне оның, Қарсы алып, біз жат дінін оның. Орындасаң оның айтқан сөзін, 55


Бүл жерде Мүхаммедті өлтіремін". Сол кезде бүт ішіне шайтан еніп, Сөйледі кәпірлерге хабар беріп: "Мүхаммед жәдігөйді өлтіртіңдер, Сіздерге рақмет айтам кабыл көріп". Кәпірлер мүны естіп бек шаттанды. Сәжда ғып бүтка және басын салды. Пайғамбар камығып әрі күмән болып, Өзініц күжырасына кайтып барды. "Сөйлеген бүт ішінде шайтан түр" деп, Қасына Әбін Масғуд бірге барды. Пайғамбар жаранына хабар берді, Бір күні отырғанда кайран калып. Көрінбей біреу келіп сәлем берді, Қараса осы сәтте назар салып. — Кімсің?— деп Расул қүда сүрағанда: — Мен жынныц нәсілімін,— деді ол да. — Бүл жерге не іспенен келдіціз?— деп, Пайғамбар сауал етті сүрап сонда. Ол айтты: "Мысқар атты бір жын келіп, Әр түрлі сөз сөйледі бүтқа кіріп. Ол жынның қылышпенен басын кестім, Шынымен мүсылманға ыкылас беріп. Арызым тауға барып ертеціне, Дағуат кыл кәпірлердіц бәріне де. Мен барып бүт ішіңде ауаз беріп, Куалік сөз айтайын саған және. Шаттансын мүсылмандар фарызданып, Кәпірлер қайғылансын ойға калып". Ол бүтты қүда біліп калып еді, Бүрынғы үлкен жынның тілін алып. Ол жынға карап айтты Расул: "Атынды мағлүм етіп хабар бергін". Ол айтты: "Әуелден-ақ лақап болып, Атамның қойған атын Самаж деп білгін". Пайғамбар жынға қарап айтты оган: "Ат қойдым Табдулла" деп бүл күн саған". — Ғабдулла Махлукаттың аттарынан, Бүл есім бәрінен де артық маған. Ол жындар Расул сөзін қабыл алып, Рүксатпен мекеніне қалды кетіп. Сол жерде есім жынга койылған соң, Қуанды мүсылмандар шаттық кіріп. Сафаға Расул күда тағы келді, 56


Қүрайыштар бүт қасында отыр еді. "Қүдай бір, мен ақиқат Расулмын, Дінге ен" деп кәпірлерге хабар берді. Кәпірлер пайғамбардан мүны естіді, Көп бүттың сөйлеуге көнілі кетті. Сол сэтте бүт ішінен ауаз шығып: "Қүдай бір, Расул хақ" деп олар айтты. Ілгері бүт ішінен ауаз берген, Жын еді Мыскар атты сізге келген. Расулға қарсылық сөз айтқаны үшін, Дозаққа жаны кетті жынның үлкен. Кәпірлер мүны естіп ашуланып, Баршасын сендіреді бүтқа барып. Бүл істі сабырлықпен қылдың,— дейді, Мүхаммед Мүстафаны ортаға алып. Артықша Әбужәйіл жәбір көрді, Таяқпен басына қатты үрған еді. — Ей, қауым, бүл бағыттан қайтыңыз,— деп Сабыр ғып ортасыңда қарап түрды. Мүбәрәк мүшесінен шықты каны, Жәрдем ғып ажыратпады ешкім оны. Ол күні Мүхаммедті үрған хабар, Бөгелмей тарап кетті бар ауланы.

РАСУЛДЫҢ ҒАРЫШҚА САПАРЫ Мүхаммедке өзінің адал шәкірттерінің бірінен саналатын Мүтем ибн Әдидің үйінен бас сауғалайтын жер табылган соң, пайғамбар тағы да Меккеге баруга батылданды. Нахлық аңғарында әруақтар көрініп, жындарга дейін мойындай, тыңдап, өзінің күш-қуатының жаңа қырын танығаннан сон, көпке бармай-ақ пайғамбар тағы да бір жацалық ашты. Бүл жолғы ғажайыптың ерекшелігі сонша, алі күнге дейін мүсылмандар арасында түрлі әңгімелер мен болжамдарға негіз болып келеді. Біз бүл жерде Иерусалимге жасалган түнгі сапар мен одан әрі жеті кат аспан үстіне шыққан кереметін айтып отырмыз. Бүл саяхаттың 57


ғажаптары негізінен Мүхаммедтің өз аузынан естілгенімен, айтулы бір аңыз болып калганы рас. Кейбіреулер кейбір сөздер мен түжырымдардың Қүран түсіңдірмелерімен дәлелденіп, қабысып жатқанына да айрыкша назар аударады. Бүл бір ғажап окиға болған түн тым түнеріңкі және қоркынышты үнсіздік жайлаған, бүрын кездесе қоймаған түн екен. Қораз шакырмай, ит үрмей, жабайы аңдар үлымай, байғыз сүңқылдамай, тыншып, іштен тынып қалыпты. Тіпті судың сылдыры мен желдің сыбдыры да жоғалып, бүкіл табиғат өлі, козғалыссыз күйге еніп кете барған. Сондай түннің тап орта түсында шырт үйқыда Мүхаммедті: "Түр, үйықтама!" деген үн оятып жібереді. Көзін ашып жіберсе, алдында бас періште Жәбірәйіл түрыпты. Басының төбесі аппақ болып жарқырайды, бүкіл денесі де ақ қардай, үзын шаршы иығын жаба желбірейді, қанаттары түрлі-түсті, сан бояулы от үшқындарын шашады, киімі гауһар мен алтыннан тоқылыпты. Ол Мүхаммедтің алдына ак боз атты (пырақ) көлденең тартады. Әлгі аттың ерекшелігі сондай, өзі бүган дейін көріп жүрген, мініп көрген көліктің, жылқы біткеннің біріне де үксамайды. Өзі естіген жылқыларға да келмейді. Аттың бет жағы адамға, екі жағы жылқыға үқсас, көздері зүбәржаттай жарқыл шашып, жүлдыздай жалындайды. Қанаты да бүркіттікіндей, бірақ түп-түгелімен асыл сәулелерге оранған, алмаспен, басқа да кымбат тастармен көмкерілген екен. Бүл өзі кереметтей ақ боз бие еді және көз қарықтырар жарқылына, көз ілеспес жүйріктігіне сай Әлбарақ немесе Найзағай деп аталатын. — Оған сөзсіз сене бергін, уа, Барак!— деді сонда Мүхаммед менің көмегіммен сен үжмаққа барасың! Оның осы сөзді айтуы мүң екен, жылқы алдына жетіп келіп, пайғамбарды мінгізіп алады. Одан соң Мүхаммедті алып үшқан күйі Мекке тауларының үстімен қалықтай жөнеледі. — Уә, Мүхаммед!— деді сонда Жәбірәйіл періште,— Алғашқы дауыс еврейдікі еді, егер сен оны тыңдағаныңда, бүкіл халқың Иудей дініне кіріп кете барар еді. Екінші үннің иесі христиандық болатын, егер оның айтқанын істегеніңде, бүкіл халкың топырлай сол дінге өтіп кетер еді. Әуелей үшқаннан үшып отырып олар Иерусалимнің әулие храмына жетгі. Мүхаммед Әлбарактан түсіп, бүрынғы пайғамбарлар байлаған шеңберіне шылбырынан байлайды. Храмға кіріп келгенде, ол жерден Ибраһимді, 58


Мүсаны, Исаны және басқа да көптеген пайгамбарларды көреді. Солармен бірге қосылып, Қүдайга қүлшылық жасап болған сәтте аспаннан жарық сәуле болып өрілген саты түсіп келе жатты да, төменгі жагы әулие храмның Шәкірә тасына немесе Жақыптың тасына тіреледі. Бас періште Жәбірәйілдің жәрдемімен Мүхаммед жылдам барып, найзагайша жарқ етіп, сәулелі сатыга шықты. Олар аспанның бірінші қабатына жеткенде, Жәбірәйіл қақпаны қакты. "Бүл кім?"— деген үн шықты іштен. "Жәбірәйіл". "Жаныңда кім бар?" "Мүхаммед". "Ол өзіне жіберілген өкілдікті қабыл етті ме?" "Қабыл етті". "Онда кірсін!" Осылайша қақпа ашылады. Алгашқы аспан таза күмістен жаратылган екен. Оныц жарқыраган күмбездері астына жүлдыздар алтын алқага тагылып ілінген. Жын-шайтан мен перілерді жолатпау үшін әрбір жүлдызга күзетші періште қойылыпты. Әулиелі үйге жақындағанда Мүхаммедтің алдынан бір қария шықты. "Міне, сенің әкең Адам, басынды иіп, сәлем бер,— деді Жәбірәйіл. Мүхаммед басын иді. Адам ата қүшағына қысып, өз перзенттерінің ішіндегі ең үлысы, пайгамбарлардың ішіндегі біріншісі екенін айтты. Олар, сөйтіп, екінші аспанга да жетті. Жәбірәйіл тагы да кақпаны кақты, тағы да баяғы сүрақтар мен жауаптар қайталанды, дарбаза айқара ашылып, бүлар кіріп кетті. Бүл аспан жалтыраған болаттан жасалыпты. Болат аспан мекенінде Нүқ пайғамбар жолығып, Мүхаммедті қүшагына алады, пайғамбарлардың ішіндегі ен үлысы екенін айтады. Үшінші аспанға жеткенде әлгі сүрақтар тағы қойылады. Бүл аспан неше түрлі гауһарлармен безендірілгендіктен, жерден келгендердің тайсалмай қарай қоюы қиын еді. Мүнда бір алып періште отыр, бір көзі мен екінші көзінің арасы жетпіс мың күншілік жол екен. Өзі қарулы адамдардан қүралган жүз мың қүрамасы бар әскерді басқаратын болып шықты. Алдында ашык жатқан алып кітап, періштенің өзі тынымсыз түрде бір жазады, бір сызады. — Уа, Мүхаммед!— деп тіл қатты Жәбірәйіл періште.— Бүл — Әзірейіл өлім періштесі. Ол жана туатыңдардыц атын жазады да, ажалы жеткендердін атын сызады. Ажал періштесі бір сызса, бітті, бір адам сол минутта жан тапсырады. Бүдан соң бүлар таза күмістен қүйылған төртінші аспанға жетті. Онда өмір сүретін бір періште мен екінші періштенің арасы жүз күншілік жер екен. Бір періштенің 59


ыцғайсызданып отырғанын сезді бүлар, кенет оның көздерінен жас дегенің өзен болып ағып коя берді. — Бүл көз жасынын періштесі,— деді Жәбірәйіл.— Жер жүзіндегі күнәһар адам баласы үшін боздайды және соларға келетін кауіп-катерлерді болжайды. Бесінші аспан тап-таза алтыннан жаратылған болып шыкты. Мүхаммедтіц алдынан Аарон шығып, күшағына алды, қүттықтап жатыр. Бүл жерде, яғни аспанда көк періштесі мекендеп, от әлемін басқарады. Мүхаммедтін өзі көрген періштелердіц ішіндегі ец сүмдығы осы еді. Мыс түстес бет-жүзін сүйел мен шор безеу баскан, көздерінен найзағай жасыны жаркылдай шашырайды, колында от найза. Өзі жалынға оранған тақта отыр, алдында кыпқызыл жалынға оранған шынжырлар жатыр. Егер бүл тап осы күйінде жер бетіне түсе қалса, таулар өртеніп, теціздер күрғап, адамдар қоркыныштан кырылар. Бүған және карауындағы періштелерге дінсіздер мен Күнәһарлардан Қүдай кегін кайтару міндеті жүктелген. Қорқынышқа толы мекенді артта калдырып, Мүхаммед алтыншы аспанға жетеді. Ол мелдіреген тастардан, ягни Хасаладан жасалыпты. Мүнда да бір ерекше періште отыр, жартысы кар, жартысы от, сонда да не кар ерімейді, не от өшпейді. Айнала-төцірегі толған періштелер: "Уа, Алла! Сен қар мен отты қоса гөр. Өзіңнің адал қызметшілерінді Өз заңыңа багындыр!" деп зарлайды. — Бүл — аспан мен жерді сактаушы періште,— деп түсіндірді Жәбірәйіл.— Бүл періште сенің пайғамбар екенінді мойындату үшін және жалгыз Жаратушыға қызмет қылдыру үшін үнемі періштелер жіберіп отырады. Қиямет-қайымға дейін жібере береді. Мүса пайғамбар осында екен. Алайда ол Мүхаммедті көргенде өзгелер секілді куанбастан жылай жөнелді. — Неге жылайсың?— деп сүрады Мүхаммед. — Мен өзімніц мүрагерімді көріп, оныц өз халкынан үжмақка көп адам әкелетініне, ал мен болсам Израилдыц түрақсыз үрпағынан болар-болмас мөлшерде ғана әкеліп кіргізе алғаныма жылаймын,— деді Мүса. Жетінші аспанға жеткенде Мүхаммед Ибраһимді кездестірді. Бүл аспан барлық әуе сәулелерінен тоқылып, кереметтей өрнектелгені соншалықты, адамныц тілімен жеткізіп айту мүмкін емес. Тек осы аспан түргындарыныц денесі бүкіл жерден әлдеқайда үлкен, өзінін жетпіс мыц басы, әр басында жетпіс мыц аузы, әр ауызда жетпіс мыц тілі 60


бар, әр тілі жетпіс мыц түрлі тілде сөйлейді және бәрі де күдіретті. Жаратушыны мадақтайды. Мүхаммед осы танкаларлык жаратылыска тацдайын кағып түрғанда кенеттен көтеріліп кетіп, Алла тағала тағының оң қапталыңда өсетін Седрәт атты ағаштың түбіне түседі. Бүл лотос ағашынын бір бүтағынын үзындығы шамамен күн мен жердін ара кашыктығына тен келетін. Теціз жағалауыңцағы күмнан да көп немесе бүкіл өзендер мен тасып жаткан ағын сулардан да артып кететін періштелер сол алып ағаштыц көлеңкесіңде рақаттанады екен. Жапырақтары пілдің күлағы тәріздес, бүтақтарында үшып-конған мыц-мыц қүс, бэрі Қүраццағы теңдесі жок өлец жолдарын ән-әуенге косады. Бүл ағаштыц мәуелері сүттен дәмді, балдан тәтті. Қүдай жаратқан барлық жанжануарды жинағанныц өзіңде бэр-бэріне бір ғана түйір жемісі жетіп артылар еді. Әр пістенің ішінде аспан кызы Үрия бар, дінге берілген адамдар оныц көркіне қызықтай карап, ләззат алар. Әлгі ағаштың түбінен төрі өзен ағып шығар: оныц екеуі үжмактыц ішіне карай кетеді де, екеуі Ніл Евфрат дарияларына айналады. Содан кейін Мүхаммед пен оның аспандағы жолбасшысы Әлмамырға карай немесе қызыл асыл тастардан салынған дүға үйіне беттейді. Ол мәңгі өшпейтін шырақтармен қоршалып түрыпты. Мүхаммед табалдырықтың алдына келе бергенде оған үш бірдей ыдыс үсынылыпты. Бірікде шарап, екіншісінде сүт, үшіншісінде бал бар еді. Ол әлгі ыдыстардан сүт қүйылғанын қалап, ішіндегі ағарғанды ішеді. — Сен өте орынды іс жасадыц, таңдаганын жақсылыққа бастайды!— деп шаттанды Жәбірәйіл періште.— Егер шарапты қалап ішкеніцде, сеніц халкыц тура жолдан айнып, қүрдымға кетер еді. Қасиетті бүл үй сыртынан караганда Меккедегі Қагбага үксайды және тап сол түста, жеті кат аспан үстінде түрыпты. Күн сайын жогаргы мәртебелі жетпіс мыц періште келеді екен. Мүхаммедтіц келуі де сол жетпіс мың періштенің қасиетті сапарымен түспа-түс кабаттасып, үйді жеті рет айналды. Жәбірәйіл періште бүдан әрі ілесе алмады. Мүхаммед адам ойынан да жылдам үшып отырып көп жерден өтті, жарқыраған екі аймақтан, заулап жылжып, шыға келген сэтінде қатты қорқыныш әрі үлы ракат сезімдеріне бірдей боленіп, тацыркай карады да калды. Мүхаммед Алла тағаланыц дәл алдыцда, небәрі садак жебесі екі рет үшар шамада түрды. Қүдайдын бет-жүзі он екі мың шымыл61


дықпен перделенген, өйтпеген күнде онын кереметті көзқарасының өзінен жанып, жоқ болып кету әбден мүмкін. Алла тағала қолдарын бір-бірімен сипап. алып, бірін Мүхаммедтіц кеудесіне, екіншісін иығына қойды. Сол сәтте бір суық та өткір леп бойын түгел аралап, жүрегіне, сүйегіне, жүлын-жүлынына, миының түкпірлеріне дейін түгел тарай жөнелді. Біраздан соң алгі салқын шадыман рақатқа үласты, бүкіл бойында бал тәтті, қүллырган әлемге орангандай сезім пайда болды. Сол бір сезім мен рақатты күйді Алла тағаланың алдында болып, бастан тікелей кешпеген ешкімді де, ешқашан да түсіне алмақшы емес. Бісміллә, сөз бастайын, я, рахман, Нүр болып ай менен күн толықсыган. Айтайын бір хикая аргы жақтан, Тындасац қүлақ салып бір мүсылман. "Бісміллә" адал сөздің басы дейді, Хақ Расул жаратқаннын досы дейді, Қисса етіп баяндайын сол Расулдың, Ғарышқа барған жайын, тында еңді. Жүреді имандылар әдеп сақтап, Періште имандыны жүрер мақтап. Ғибрат бу қиссаны жаздым көпке, Баяндап бастан-аяқ мүны баптап. Достысын өзге жаннан артық етпе, Тапсырған шарапатқа көп үммәтті. Шақырып пайгамбардың мейірі түсіп, Қүдайым көрсетемін нүрын депті. Періште хабар алған бір Қүдайдан, Нүры артық Мүхаммедтің күн мен айдан. Көрем деп Мүхаммедтің салтанатын, Жиылды періштелер әлдеқайдан. Дін ислам Мүхаммедке бас үрып түр, Тәжім ғып бар үммәті асығып түр. Мүхаммед Мүстафаның шаригатын, Әлемнен он сегіз мың асырып түр. Дос еткен өзіне арнап Мүхаммедті, Тілепті қыспақ жолда көп үммәті. Бір күні өз үйінде Расул Алла, Дүйсенбінің кешіңде үйықтап кетті. Хазірет үммәтләрін аяп еді, Көз жасын үммәт үшін бояп еді. Жатса да төсегіне үммәтті ойлап, 62


Көклі хақ, көкірегі ояу еді. Көріңдер бір Алланың құдіретін, Қондырған Мүстафаға нүр-нәубетін. Шақырып Жәбірәйілге әмір етті, Дидарын көремін деп Мүхаммедтің. Расул Алла ғаламға гауһар-шырак, Періште Жәбірәйіл келіп көрсе, Оттап жүр Райхацды жүз мың пырақ. Бір пырак арасында зарлап катты, Өзі сүлу көрікті нүр сипатты. Өзге пырак оттаса, оттамайды, Басын жерге салмастан жылап жатты. Көзінен аккан жасы бір тыйылмас, Шөбіне Райханның көзін салмас. Шөп шалмай пырак зар ецірейді, Қасына Жәбірәйіл жетіп келді, — Не себептен жануар қамықтың?— деп, Пырактан Жәбірәйіл сүрайды енді. Ішінді кайғы отымен жандырасың. Неліктен жүрегіңді қан қыласың. Қасындағы жолдасыц бәрі оттап жүр, Не себептен шөп жемей жар қыласың? Ол пырак Жәбірәйілге берді жауап, Екі рет баскан ізін қылды тауап. "Есімді мен айтайын, ей, періште, Ішінде періштенің макарапсыз. Сөзімен күлағың сал бері карап, Қырық мың жылдай Қүдайға кылдым карыз. Бүгін сені келтіріпті бір күдайым, Есіттім сол дауысты қүлақ салып. Бойым балқып, көп түрдым естен танып. Қүдайым ғашык етті сол дауысқа, Күні-түні мен жылаймын көп зарланып. Қүдайым Мүхаммедке гашық кылды, Өткіздім жылауменен талай күнді. Армансыз барар едім қияметке, Үстіме бір мінгізсем ак Расулды. Ғашықтық жүрегіме кеткен өтіп, Жалынды махаббаттыц оты өтіп. Жаппар ием кабыл қылып көзім жасын, Сенер күн бар екен соган жетіп, Жылаймын бір Аллаға сонан бері, Ақ Расул екі жактың кемеңгері. Қайта-қайта сөйлесем, ей, періште, 63


Мүцымныц осы болды келген жері". Жәбірәйіл айтты сонда: "Ей, нүр пырак, Қайғыцды ішіцдегі білдім сүрап. Тілегіңді бёрді бүгін Алла тағала, Қанша жылдай бейіште жүрсен жылап. Береді тілегінді қүдіретім, Тарқайды мен сөйлесем сенің дертіц. Ерттеп қызыл жақүт апарамын, Үстіце мінбек болды Мүхаммедіц. Аз емес үммәтінің күнәлары, Кешір деп жылайды жанныц бәрі. Үстіце бүгінгі күн мінбек болды, Он сегіз мыц галамныц Ақсәруары. Көціліцніц таркар енді көп қапасы, Әркімніц рақат болсын көп жапасы, Үстіңе бүгін күнде мінбек болды. Әлемнің он сегіз мыц падишасы". Пырақтыц қабыл болды тілегені, Көп жылдай тақсырды тілеп еді. Сол пырақ Мүстафага сонша зарлап, Тақсырдыц абзалдыгын білді еңді. Жаһанда Мүстафаныц артық сәні, Екі дүния пырагы әм сүлтаны. Пейіште пырақ гашық Мүхаммедке, Қалайша шыдар бүган үммэт жаны. Пырақты алып жүрді мінеді деп, Тәжі ләулік алып жүрді жарқылдатып, Бүларды келіп енді мінеді деп, Пыраққа ерттеді қызыл жақүт. Періште Жәбірэйіл алып жүрді, Жетелеп алып келді жарқылдатып. Бір Қүдай Мүхаммедке нүрын қүйды, Ғаламнан он сегіз мыц артық сүйді. Есікте эдеп сақтап пырақ түрды, Періште Жәбірәйіл үйге кірді. Толықсып пырақ түрды нүрга батып, Гауһардай тізген жалын жарқыратып. Жәбірәйіл періштелер үйге кіріп, Сөйлесті Мүстафаны еңді оятып: — Достыцыз сәлем деді, ей, Мүстафа, Екі дүние шырагы, ей, Нүрсафа. Достыцыз қонакка келсін деді, Он сегіз мын алемнің падишасы. Достыңыз кешікпей келсін деді, 64


Қүла тонын үстіне кисін деді. Жеті қат көк күмбезін көп кешікпей, Хабибім сайран етіп көрсін деді. Қонақ боп бізге бүгін ол келерде, Нүр пырақты астына мінсін деді. Ғаршы-күрсі, Лаухы-галамын тамаша гып, Хабибім дидарымды көрсін деді. Қүрметке періштелер жиылды көп, Дидарын Мүстафаның көреміз деп, Көруге ынтық болды жер менен көк. Сегіз пейіш есігін ашып қойды. Қызметке шыгарады қордың қызын. Осындай әмір қылды қүдауанда, Пейіштен пырақ алып келді мүнда. Жүріңіз пырақ алып достыңызға, Сізге дидар көрсетер осы түнде. Хазірет естіп білді бүл әмірді, Алланың бүйрыгына мойын сүнды. "Алладан әмір болса барайын" деп, Төсектен Расул Алла түра келді. Ақ Расул түрегелді орнынан, Тақсырдың нүр төгілді қойынынан. — Б і с м і л л ә ! — деп ақ Расул тысқа келсе, Пырақтың күн түсіп түр мойынынан. Пырақтыц түлгасына көзін салды. Қасына Расул Алла жақын барды. Пырақтың сипатларын көргеннен соң, Қүданыц қүдіретіне кайран калды. Ей, мүсылман жарандар, Алып келген пырақтың, Енді жайын айтайын, Сипатына қараңдар, Ерні қызыл гауһардан, Нүрдан біткен аягы, Сом алтыннан сүйегі, Гауһардан біткен иегі. Жауһардан біткен түягы, Үжмақтан келді жаралып, Дүниеде болмас түрагы. Зағпыраннан еті бар, Анық нүрдан өкшесі, Қызыл күрен сипаты, Нүр загпыраннан жаралган, Мүхаммед сүйген мүшесін. 65


Жаралған бәрі қамбардан, Көрген адам тац қалған. Хазіреті ақ Расул Оны көріп аңгарган. Райханнан жаралған, Қүйрығы мен жалы бар, Сондай сүлу жануар. Бес жүз жылдық жол аттар, Аяғынын әлі бар. Сондай майда жүрісі, Жүпар тартар иісі. Өне бойы бәрі абзал, Бар нүрлынын нүрлысы. Аттан еді нүр пырақ, Әр нәрсесі молырақ. Екі көзін қарасаң, Нүрдан жанған шам-шырақ. Толықсиды бүл пырақ, Төбеден еді аласа, Өне бойы тамаша. Көзі тоймас пенденің, Келбетіне қараса. Өне бойы нүр еді, Әдеп сақтап түр еді. Пайғамбарды көрген соң, Әлгі пырақ жануар, Иіліп сәлем береді. Сәлемін алды Мүхаммед, Пырақты жақсы көреді. Айдай нүры ашылып, Аузынан нүры шашылып, Қүдай досты пайғамбар, Пыраққа жақын келеді. Пырақ кейін шегініп, Жәбірәйіл үрысты зекіріп. Пырақ зарлап жылайды, Тілегім бер деп бас үрып. Расул айтты, ей, пырақ, Айт дейді арыз, көп сүрақ. Сонда түрып сөйлейді, Мүңын шағып бүл пырақ: — Алланың досты ақ Расул, Бүгін көрдім түс,— деді. Сансыз пырақ қүрметтеп, 66


Бәрі сізге қарайды. Үжмақтыц түрар ішінде, Нүрдан тәжім жамылып, Зәбірзат түзгін тағынып, Бәрі сізге қарайды. Рүқсат қашан болар деп, Мінерге сізді сағынып. Естуге ынтық сөзіңді, Көруге ынтық жүзіңді. Сол пырақтың бәрінен Бүрын көрдім өзіңді. Бүгін мені мінсеңіз, Ғарасаттың күнінде, Тілегім осы берсеңіз. Сізге деген қарызым, Көңілімдегі сол еді. Мүхаммед қасына оның енді келді, Көзінің рақым қылып жасын еңді. Мінбекке Ғарасатқа уәде қылып, Пырақтың білек салды басына енді. Қүдайым артық кылды Мүхаммедті, Төрт мүхарап періштелер қызмет етті. Пырақ мініп достына жүрмек болды, Періште Жәбірәйіл тізгін түтты. Жәбірәйіл тізгін түтып қызмет қылды, Мәкәйіл үзеңгісін басып түрды. Ғазірәйіл қолтығынан мекем үстап, Ысырайыл аяғынан аттандырды. Ақ Расул мініп алды пыракты енді, Пырақтың әр түлғасын сынапты енді. Басқан сайын жүрісі жүз мындық жол, Жүрісін мақта көріп үнатты енді. Ак Расул енді көкке өрлей жүрді, Періштелер қызметін жасап берді. Оң жағынан үн келді: "Тоқта!" деген, Пайғамбар бүрылмастан жүре берді, Жеті түрлі ғаламнан өтіп еді, Періштелер қызметін етіп еді. Сол жағынан үн келді: "Тоқта!" деген, Пайғамбар бүрылмастан кете берді. Жәбірәйіл жүрген екен он жағынан, Мәкәіл жүрген екен сол жағынан. Алдынан Исрафил бастап отырыпты, Ғазірәйіл қызмет кылды арт жағынан. 67


Төрт Укарап періштелер кызмет қылды, Қүрметтеп періштелер алып жүрді. Ақ Расул Мүстафа шөлдеп еді, Аспаннан төрҮ түрлі шарап келді. Шараптың бірі қамыр көрінеді, Біреуінің түсі бидай өңі еді. Үшіншісі шараптың өрік суындай, Төртіншісі шараптың шекер көрінеді. Ак Расул төрт шарапты бағалады, Көңіліне екі шарап жарамады. Сүт пенен шекерді алып ішіп, Қамыр мен бидайға қарамады. Сол уақта бір төрт топ келді, Қүдірет бүйрығымен жіберіпті. Жасыл, ақ, қызыл, сары әрбір түрлі, Қүдайым төрт түрлі топ көрсетті. Әлемнен падишаны артық сүйді, Бір күдай Мүхаммедке нүрын күйды, Ғаламнан он сегіз мың артық сүйді. Қызыл тон мен сары тонға карамастан, Жасыл тон мен ақ тонды алып киді. Сол тоннын өне бойы нүрдан еді, Рәббім ақ Расул нүрдан болды. "Оңды-солды шакырған кім еді?" деп, Пайғамбар Жәбірәйілден сүрайды енді. "Сіздерді токтатайын мүнда, деді, Үмыттың үжмақ көрсін тыңда, деді. Иә, тақсыр, бүрылмадың жақсы қылдың, Шақырған он жағыннан дию дейді. Бүл мәлғүн а/ідайын деп отыр еді, Алдына жас әйел боп келіп еді, Тақсыр-ай, бүрылмадың жақсы қылдың, Шақырған сол жағыннан шайтан еді". Мүхаммед мүны да естіп білді, Алланың бүйрығына мойын үсыңды. Расул Алла пырағын мініп алып, Сонымен Мешіт Ақсаға барып кірді. Сонымен Мешіт Ақсаға барып кірсе, Жиылған Жәбірәйілдер бәрін көрді. Бәріне пайғамбардың Расул Алла Иіліп тағзымменен салем берді. Пайғамбар сәлем көріс қылды, Жылаған пайғамбарды көзі көрді. Бәріне туған айдай хақ пайғамбар, 68


Ішінде ай нүрындай жайнап түрды. Бар мүңда 124000 пайғамбарлар, Жиылып әзір болды әулиелер. Бәрі намаз оқуға жамагат боп, Қүрметтеп пайғамбардан үлықсат сүрар, Жәбірәйіл айтты сонда: "Иә, Мүхаммед, Тілекті білдірейін рүқсат ет. Сізден өзге ешкімге лайық емес, Айтатын сізге деген біздің ниет". Мүса айтты: "Иә, таксыр Адам ата, Осыншаның баршасы сізге бата". Ақ Расул имам болып азан айтар, Сап түзеп періштелер қатар-қатар, Екі рәкат намазға имам болып, Дүғаға қол көтерді ақ пайғамбар. Жүзінен Расулдың нүр жайнайды, Нүрына ғашық қылды күн мен айды. Ақ Расул дүғаға қол көтерді, "Әумиін!" деп күллі жапан қолын жайды. Нүр пырақ келіп түрды қасына енді, Пайғамбар мініп алды астына енді. Жүрген сайын оралып нүрдан-нүрга, Көңілі дариядан тасиды енді. Әуелі бірінші қат көкке шықты, Кідірмей пырақ үшып келеді жіті. Хамалын ақ Расулының көреміз деп, Жол тосып періштелер келісіпті, Ғаламға жалғыз өзі болған тірек, Тақсырдың абзалын айту керек. Екінші қат аспанға шығып еді, Көрісті періштелер кезек-кезек. Үшінші қат аспанға шығып барып, Қарайды жан-жағына көзін салып. Қүданың қүдіретімен мүңда түрған, Әрқашан уағдасында түрар деді. Хақ Расул бүл хабарды естіп білді, Төртінші қат аспанға барып шықты. Төртінші қат аспанға шығып еді, Жахия Ғайса екеуі көріс қыпты. Ғайса айтты: "Иә, Мүхаммед, айналайын, Сүрай көр досыңыздан үммәт жайын. Жеті түрлі тозақтан азат етіп, Пейіштің көрсете көр кең сарайын". Аяғының астына алтын төсеп, 69


Хазіретті бір Алла күрмет етті. Жәбірәйіл көрсетті шын сипатын, 360 жазыпхы әм канатын. Бү сипатын пайғамбар екі көрген, Адам болып келгенде бүл суретін. Сайрандап осы аланда біраз жүрді, Хақ Расул қызықтың бәрін көрді. Бүдан әрі баруға бүйрық жок деп, Жәбірәйіл осы алацға келіп түрды. Түратын меніц орным ылғи келер, Бүдан әрі рүқсат жоқ маған жүрер. Бүдан әрі мен барсам дарғайына Я, Расул, қанатымның үшы күйер. Сол кезде күдіреттен бүйрық түсті, Хак Расул пырағын мінді күшті. Ғарышының басына шықты-дағы, Қап тауынын ауданына барып түсті. Жәбірәйіл кейін түрып қылды ишарат, Достыңа сәлем бергін, иә, Мүхаммед, Пайғамбар бір Аллаға сәлем берді, Сол үшін сәлем бізге болды сүннәт. Көрдіңдер бір Алланың қүдіретін, Қондырды Мүстафаға нүр нәубетін, Әлқисса, иләһі ила Алла деп, Сол жерде қонақ қылды Мүхаммедті. Алланың ак дидарын көргеннен соң, Хақ Расул кол қусырып шүкір қылды. Алладан мейірбандық сезгеннен соң, Бойы балқып, денесі нүрға толды. — Он сегіз мың ғаламның Падишасы сен едің. Өз нүрыңмен жаралған, Жалғыз достың мен едім, Пәндәнің жайын зар қылып, Мағраждың түнінде, Бір тілекті тіледім. Көп үммәттін күнәсін, Енді маған берсеңіз. Нүрға батар сүйегім, Қызыққа батар жүрегім. Жарылқа деп жырлаймын, Көзімнің жасын бүлаймын. Үммәтімнің күнәсін, Кешіргін деп сүраймын. 70


— Тілейтін уағадалы күніц сенің, Ойымда әрқашан жүруші едіц. Тілей бер тілегіңді, ей, асылым, Не тілесец тілегіцді қабыл қылдым. Жараттым сені, достым, өз нүрымнан, Рақымды аямап ем мен бүрыннан. Күнәсі көп қияметте үммәттердің, Тозақтың азабынан боілсын аман. — Жаратқан пәруардігер, ей, Қүдайым, Күнәсін үммәтімнің мен сүраймын. Күнәсін үммәтімніц бақшыласац, Өзге нәрсе тілеп мен не қылайын. Үммәтіңнің күнәсін кешірдім мен, Хабибім, көтер еңді басыңды сен. Қүрметіңе тілегіңді бердім сенің, Тапсырсам бар саған айтар менің. Былай деп айтты оған қүдауанда, Бес намаз дін исламга берді сонда. Жаннат-жүмақ қызыгын көрер дейді, Бес намаз қаза қылмай келген пәндә. Бір Алла Ләулік Тәжін киініпті, Пайғамбар тәжім етіп иіліпті. Хабибім сол жагына қарап еді, Жеті тамүқ баршасы көрініпті. Қараса от жанады дүр-дүр етіп, Жылуы мың жылдылық жерге жетіп. Оты жайнап, түтіні бықсып жатыр, Қорқады пайғамбардың есі кетіп. Қараса әр тозақты қан қылып түр, Оттан гүрзі қолына алдырып түр. Бейшара күнәсі көп адамдарды, Көрмеген азаптарды көргізіп түр. Бір түрлі адамдарды мәлғүн десіп, Еңіретіп азап қып түр ернін тесіп. Кей жанның желкесінен тілін тартып, Кейбірін шыцғыртып түр отқа басып. Имаңды мүсылмандар "Алла" дейді, Имансыздың қасына барма дейді. Бір тозақта атасы мен анасы түр, Таныған соц баласын зар еңірейді. — Ей, перзентім, ата-анаңды мүңда жатқан, Еңіретпей шығарып кет бізді оттан. Пайғамбар ата-анасын көргеннен соң, Мүңайып көңілім әм ренжу тартқан. 71


— Жараттым өз нүрымнан, Мүхаммедім, Анаңнан үш күннен соң қалдың жетім. Екі тілек сыймайды бір кеудеге, Беремін үммәт үшін бір тілегің. — Қүдая, көп үммәтім тілегін бер, Күн сайын жақсылыгын асыра көр, Ата-анамның күнәсін кешіре гөр. Жылаңыз осы сөзге көңіл қойып, Бүрылды оң жағына мойнын созып. Сегіз үжмақ сарайы көрініпті, Көз айырмай түрғанга бәрі қызық. Келеді Расул Алла нүры тасып, Сап түрды хор қыздары есік ашып. Қатар-қатар келеді хор қыздары, Басынан дүрия-маржан гауһар шашып. Сайрандап бейіште біраз жүрді, Не ғажап қызықтардың бәрін көрді. "Хабибім, риза бол, қайт енді" деп, Бір Алла қүдіретінен хабар келді. Қүдайым пырақты қылған күшті, Ақ хазірет оған мініп тағы да үшты. Төрт мүхарап періштелер қызмет қылды, Масағат Мүкәррамға келіп түсті. Атың жақсы Мүхаммед, Айналайын атыңнан, Нүрдан болған затыңнан. Ғарасаттыц күнінде, Үммәтің ерер артыңнан. Қиямет күн болғанда, Жан жиылып толганда, Сиратқа айдап барғанда, Періштелер куғанда. Қылдай нәзік көпірден, Иманды адам өтеді. Имансыз өткен пәндалар Қыл көпірден өте алмай, Табаны тайып тамүққа, Түсіп сонда кетеді. Жанып түрған жалындап, Көріп ғазап отынан Дір-дір етіп етеді. Қүдіреті күшті қүдайым, Өз нүрынан жараткан. Хабибім деп ат қойып, 72


Аузына жанды қаратқан. Ислам діні — ақ жолы, Парыз, уәжіп, сүннәті. Істесін деп үммәті, Насихат-үгіт баршасын Үммәтіне таратқан. Расулды мейман кылған Аллаға аян, Көрсетті сегіз пейіш салып сайран. Таң атып фамрат намаз оқыған соң, Мағражды жүртына кылган баян. Қаратты тамашаға дін сабазын. Оқып болған соң таң намазын. Әбужәйілге айтты елден бүрын, Ақ хазірет Расул Алла мағражын. Тыңдады қүлақ салып Әбужәйіл, Ол өзі кәпір еді діннен қапыл. "Ей, Мүхаммед, тек отыр көп сөйлемей, Мүнша өтірік айтқаның емес мақүл. Естідім Мүхаммедтің айтқан сөзін, Алдап жүр "пайғамбар" деп елге сөзін. Сиқырлы, жалған сөзін, шыны жок, Онан да жоғалсаңыз қүрып көзін. Аспанға шықтым дейсің атка мініп, Оныңа жүр ғой надан ел-жүрт сеніп. Ғаршы-Күрсі бәрінен қабат етіп, Мағражға келдім дейді конақ болып". Солай деп үгіттеді халықты енді, Кей пасық Әбужәйіл тіліне ерді. Көп жүрттың көніліне күдік туып, Қүдайдан тәнзилу-аят сонда келді. "Алла" деп сахабалар атқа міңді,— Қырамыз деп нанбаған адамдарды". Алланың өз достысы айтқаннан соң, Күмән қылмай мүсылман бәрі нанды. Мүсылманды Қүдайым жарылкады, Күмән қылған еш адам бір қалмады. Дін исламға Қүдайым куат беріп, Сөзі өтпей Әбужәйіл назаланды. Қор болды Әбужәйіл сөзі өтпей, Ешкімді жаратқан жоқ Мүхаммедтей. Мүсылманды зағырам деген кәпір. Тыныш жүрді онан соң үміт етпей. Сенбеген кәпір болды күлген адам, Расулға үммәт болды білген адам. 73


Жамағат қол көтеріп бір дүға қыл, Бүл қисса осыменен болды тамам.

ТАБИМ ХАМРИ ПАДИША ХИКАЯСЫ Тарихта падиша болған неше адам, Хамри деп біреуіне ат койылған. Аты еді анасының Радах деген Табим деп тағылған лақап оған. Падиша шартарапқа мағлүм болып, Дүниенің төрт бүрышын алды танып. Сайрацдап жердің жүзін жүруші еді, Қисапсыз атты-жаяу әскер жиып. Сол патша салтанатпен рәсім етіп, Баршасын әскерінін қасына ертіп. Сайрандап әр шаһарды жүретүғын, Нөкері қасындағы сақ күзетіп. Қайсыбір мекенжайға қонса барып, Падишадан халықтар хабар алып. Шаһардың түрғындары тағзым етіп, Алдына барады екен тарту алып. Бір күні әскерімен падишага Кез болды жол үстінде бәйіт Алла. Өзгенің әдетімен тағзым етіп, Бармады тарту алып ешкім оған. Падишаға үнамапты бүл қылғаны, Уәзірден бүл қалай деп сүрады оны. Әдеппен тағзым етіп уәзір айтты: "Меккенің, сірә, болар адамдары". Падиша ызаланып естігеннен, Ойына неше түрлі қиял келген: "Олардың сенгені бүл үй болса, Қағбаны жоқ қылайын жер бетінен. Быт-шыт қып Меккенің адамдарын, Қылыштап өлтірейін қырып бәрін. Бүларға осы түрлі іс қылайын, Қолымнан қүтылады қайтып менің". 74


Падиша осыны айтьпт қайтып кетті, Сол заман бір ғажайып кесел кепті. Падишаның мүрны менен көздерінен Сасық су тоқтамастан саулап кетті. Қасында болмас еді ешкім түрып, Тәуіптер халін білді ішке кіріп. Кеселге ешбір лаж таба алмады, Әр түрлі әркайсысы дәрі беріп. Бір уәзір келіп айтты падишаға: "Айтты деп бір күпірлік көңіліңе алма. Қүп демей айтқанымды теріс көрсең, Тап боларсың, падишам, зор жазаға". Уәзірге назар салды мүны естіп, Падиша шатырына барды ертіп. Хакімніц әлгі айтқан барлық сөзін, Бүлжытпай айтып берді баян етіп. Патша айтты: "Ғараптарга ызаланып, Қағбаны бүзбақшы едім өзім барып. Баршасын олардың өлтірсем деп, Осы істі ойлап едім көңіліме алып". Падиша сөзіне оның әбден сенді, Ақылмен көп ойланып жауап берді. Қағба хақындагы наразылықты Бүлжытпай орындауға уәде берді. Бір хакім түсіндіріп айтты оған: "Бүл кесел күнәң үшін келген саған. Тәубе ғып бүл ойыңнан безсең егер, Кеселің кетсе керек сенсең маған". Падишаны капа қылды бүл айтқан сөз, Уәде берді бүзбаймыз қагбаны біз. Қүданың қүдіретімен осы кезде, Падишаның кеселі жазылды тез. Жазылып алгі падиша шүкір кылды, Қағбаныц шарапатын бірден білді. Бүрынғы түтып жүрген дінін тастап, Ибраһим, Тәліппенен дінге кірді. Меккенін түрғынынан тағлым алып, Аллаға қүрбан етті көп мал шалып. Аузына есік қойып, қүлып салды, Қағбаны тәртібімен жеті айналып. Ішінен бүттыц бэрін әм шыгарды, Енді олар кірмесін деп жариялады. Меккенің үлкен-кіші адамдарын, Ас беріп кисапсыз сый сыйлады. 75


Жиналған гәріптерге көнілі түсіп, Оларға алтын, күміс, ділда салды. Төсекте бір күн падиша жатыр еді, Ғайыптан үйкысында хабар берді. "Меккенің адамына бергеніңше, Жабу жап кымбат етіп Қағбаға енді". Орнынан куанышты падиша түрып, Қасир атты мата жапты жабу кылып. "Мүнан да кымбаттау болсын" дейді Түсіне екінші күн және кіріп. Бүйырды кымбаттырак бір матаны, Қағбаға жабу кылып жапты оны. Үшінші түсінде айтты бәйіт Аллаға, Береміз шын пейілмен көп батаны. Орнынан тац атканда ерте түрып, Рахманы түскенін кәміл біліп. Әр түрлі кымбатты зат алдырып, Жаптырды жеті кабат жабу кылып. Кейінгі падишаларға мүра калды, Қағба да онан бері жабуланды. Меккенің адамымен кош айтысып, Орнынан Мәдинанын көшіп барды. Суалған Мәдинанын күдыктары, Меп-мөлдір суға толды оның бәрі. Ақырғы пайғамбардың киесі деп, Мәнгі бақи болар деп істің жәйі. Төрт мың төрт жүздей халык, Кеңесті осы арага тез жиналып. "Мүхаммед хақ" деп оған біз ат коялық. Бүл жерді түрақтанып Отан кылсақ, Келуін пайғамбардың күтіп түрсак. Жамалы Қадір Қүда нәсіп етсе, Әмірін мақүл етіп бой үсынсак. Қызметін орындасак бүл патшаның Өлгенше біз болалық жолында оныц. Бүл жерден баршамыз да айырылмайык, Әр істі мойнымызга алып бәрін Әлқисса, уағда кылды төрт жүз адам, Түрмакка бел байлады бәрі тамам. Бүл жерде хакімдердіц қалмақтыгын, Есітіп Табим падиша хабарланды. Падиша айтты хакімдерін жинап алып: "Не түрлі іс кыласыз мүнда қалып' Ақырында падйша боп бір пайғамбар, 76


Қауымнан қашып келіп мүнда түрар. Уакытында сол жерде ажал жетіп, Көр казып, үшбу жерде мекен кылар. Мүхаммед пайғамбардын болар аты, Шығыпты Қүрайыштан асыл заты. Пайғамбар мүрсалдардың баршасынан Көп артық неше есе шарапаты. Жаннаттан пырақ мініп аспан барар, Күшпенен көп халықты дінге салар. Алладан Қүран атты кітап түсіп, Алланың сәлемін халық алар. Шаригат жария қылып барша жанга Ақыры осы ілім үстем болар. Тәж киген рақым түсіп падишалар, Шариғаты жар болып әлемді алар. Осында түрмақ болып әрқайсысы, Бүл жерге ықыласпен ғашық болар. Амалын Қадір Қүда нәсіп етсе, Дініне кірелік деп үммәт болып. Егерде ажал жетіп өліп кетсек, Айтамыз үрпақтарга мүра беріп. Нәсіп боп бүл дәулетке лайық болгай, Кейінгі перзентіміз хақ дінге еніп". Бүл сөзін хакімдердін падиша есітті, Расулға Табимнің көнілі кетті. Мүндағы әскерлермен түрамын деп, Көңіліне қиял келіп әр серт етті. Көп еді, есебі жоқ әскерінің. Қасынан ажыратады оныц бәрін. Олардын түруына серт берді де, Жер-суын азық қылып Мәдинаның. Түруға мүлде олар келіскен соң, Сол жерден шаһар салмақ зәулім. Төрт мың төрт жүз хакімдерге, Беріпті баршасына жай салдырып. Олардың көбейсін деп перзенттері, Падиша әпереді қатын алып. Жіберді Мүхаммедке бір хат салып, Төменде айтылган сөздер жазып. Деп айтты: "Иә, Мүхаммед Аллаүлы, Атыңа Расул сынды болдым гашық. Хақтығын пайгамбардың енді білдім, Баршасын айтканының қабыл көрдім. Бүттарга табынудан мен бас тартып, 77


Кәлима айтып енді дінге кірдім. Ибраһим Малті менен дінге кірді, Хактығын па$ғамбардың әбден білді. Қауымга жария болған шаригатын, Баршасын жан-тәнімен кабыл кылды. Егерде уақытыма жетсем аман, Жолыңа қаным төгіп беремін жан. Мүбәда ажал жетіп өліп кетсем, Үмытпа, шапағат қыл мақшарда сен". Сонан соң ол қолына қағаз алды. Барлығын тебіреніп оған жазды. Лә илаһі ила Алла әмірімен, Хатына сену үшін мөрін салды. Бір хакім Шамул атты барушы еді, Шақырып бүл қағаады оған берді. "Мүбәрак өз қолына тапсырарсың, Сен көрсең нәсіп болып Мүхаммедті. Егерде жолыға алмай кетсец өліп, Тапсырғын перзентіне өсиет етіп. Әйтеуір, бірден-бірге аманат қыл, Қолына Мүхаммедтің тисін жетіп". Онан соң әскерімен кетті жүріп, Хакімдер Мәдинада калды түрып. Сол сапар Үндістанның маккамыңда Бүл жерде түрып қалды отан қылып. Падишаға сол мәнзалда ажал жетті, Бүл сөзді насихаттап нақыл етті. Қолына Мүхаммед Расул жеткенінше, Бірталай арасында уакыт өтті. Шамулдан ол қағаз кейін қалып, Қастерлеп осы хатты сақтады алып. Ақыры бірден-бірге ауысып кеп, Абу Аюп әнсарға тиді барып. Расулға Абу Аюп алып келді, Пайғамбар ол кағазды оқып көрді. "Мәртәба Табим Садық екен гой" деп, Үш мәрте риза болып сауал берді. Төрт жүздей әнсарының аталары, Бөгелмей осы дінге кірді бәрі. Меккеге мүсылмандар сапар шеккен, Кейбіреу Меккені де тастап кеткен. Көбісі дін жолына түскені үшін Игілік-мәртәбаға қолы жеткен. Өзгеден бүлардың көп шарапаты, 78


Айтылар оның үшін Мақлап аты. Талай жан үгіттемей дінге кірген. Мүсылман болғандықтан асыл заты.

ПАЙҒАМБАРДЫҢ МӘДИНАҒА САПАРЫ Бісміяләһі Рахманыр Рахим! Я, Алла! Пәруардігер хақсың Кәрім, Өзіңе мағлүм еді менің халім. Фазылың мен Рахматың болмағанда Айтпакка не халім бар мүшкіл менің! Өзіңнен жәрдем тілер әр ғинаят, Өзіңнен үммәттарың алып қуат. Расулдың Мәдинаға барған жолын, Естісін хабарланып әр адамзат. Жиылып пайғамбардың асқабтары, Деп айтты Мәдинаға кетті бәрі. Мүхаммед Мүстафаның қызметінде, Садық пен қалып хазіреті Ғали. Садық та жүру үшін даярланып, Расулдан жауап күтті бір күн барып, Пайғамбар Садыққа айтты сабыр қыл деп, Мен-дағы жүрсем керек рүқсат алып. Есітіп Әбубәкір тым куанды. Базардан екі түйе сатып алды, Семіртіп екеуін де жемге байлап. Есітіп Мәдинаға жүретінін, Білген соң кешікпей-ак мүның жәйін, Кәпірлер бас косып ақылдасты, Сүрады бір адамнан істің мәнін. — Сіз қайдан боласыз?— деп сүрак қойды, Аң-таң боп қүрайыштар ақсақалға. Ол айтты: "Хабды атты қүбыла бар, Білсеңіз менің жүртым сонда түрар. Мүхаммедті жоқ қылуды ойласаңдар, Жәйім бар сіздерге жәрдем берер". Қүрайыштар мүны естіп, тым қуанып, 79


Отырды ол шалды ортаға алып. "Қандай жаза Мүхаммедке береміз?" деп, Сөйлесті бір-біріне акыл салып. Ортадан Әійім түрып сөйледі сөз: "Темірмен Мүхаммедті байлайык тез. Әр күні қолымыздан тағам беріп, Өлгенше жібермейік оны енді біз". Шал айтты: "Дүрыс емес бүл айтқаның, Есітер бүл ісіңді асқабы оның. Сіздерден Мүхаммедті алып кетеді, Мүндагы әшімдердің жиып бәрін". Ортадан және біреу айтты түрып: "Жіберсек Мүхаммедті біздер қуып, Меккеге екіншідей кіргізбесек, Күні қүрыр жалғыз өзі қаңгып жүріп". Шал айтты: "Қосылмаймын мен де бүған, Алданып жолдас болар әркім оған. Әр тараптан әскер алып ойран салар, Күш бермес ақыры сол дүшпан болар". Баршасы шалдың тілегін дүрыс біліп, Айтады дәл екен деп таглым қылып. "Көңілімде менің-дагы сезім бар", деп, Ортадан Әбужәйіл айтты түрып. Ол айтты: "Меккелікке хабар салып, Жинасақ әр кауымнан біреу алып, Мүхаммед үйыктап жатқан уақытысында, Өлтірсек баршамыз бірден барып. Әшімдер білгенменен мүны естіп, Біздермен үрыса алмас күші жетіп. Баршамыз ортамыздан күн берерміз, Барлығын баргандардың риза етіп". Шал айтты: ''Басқа сөз жоқ енді бізде, Өлмесе оның күші артады тез. Ақыл сол Мүхаммедті өлтіріндер", Білдірді Абуал Хаким осы сөзді. Бүл сөзді баршасы әм жаксы көрді, Бәріне әр кауымның хабар берді. Бүл болған маслихатты білдірмекке, Расулга Жәбірәйілден хабар етті. Жәбірәйіл Расулға айтты оған: "Кәпірлер кеңес қылды бәрі тамам. Өзіңді төсегіңде өлтірмекке, Жиналып үшбу түні келмек адам. Түрыңдар есігіңді әм күзетіп, 80


Үйықтасан сол мезетте келер жетіп. Тоқталмай Мәдинаға сапар еткін, Оларга білінбестен шығып кетіп". Жәбірәйіл бүны айтып, кетті қайтып, Өзініц мекеніне түрды барып. Кәпірдіц әрекетін айтып берді, Ғалиды Расул Қүда алдына алып. Деп айтты: "Төсегіме үйықта менің, Шықпасын осы жерден ешбір деміц. Кәпірлер ешбір бізге зиян етпес, Қорықпай ештемеден қам жемегін". Расулдыц төсегіне Ғали кіріп, Жатты олар демалысын бірдей қылып. Бүл жерде бір хикая баяндайын, Расулдын оқигасын қоя түрып. Сол уақыт мүны білген хақ пәруар, Жәбірәйілге жеткіз деп берді хабар: "Әуелде пайда болып жаралғаннан, Болдыңыз бір-біріце сіз парапар. Сіздердін біріңізге өлім бердім, Тағдырдын қаламымен жазган едім. Екеуіңіз ақылдасып келісіңіз, Біріңнің өлмегіңді лайық көрдім". Есітіп Жәбірәйіл мен әм Мәкәйіл, Сөйлесіп бір-біріне әм қатты тіл. "Дүнияда мен түрайын, сен өл" дейді, Кезектесіп айтады бір ауыр зіл. Қайталап бір-біріне айтады сөз, Өлімге риза болып көнбейді тез. "Иә, Алла, қүдіретінмен өзіц ал!" деп, Білдірмей даркабына басқа мінез. Алла айтты мәліктерге сауал қылып: "Тыцдар бүл сөзімді сендер түрып. Адамныц қасиетін өздеріціз, Әрдайым жүріціздер әбден біліп. Мүхаммед достым менен күлым Гали, Сіздердей бірәдар етіп екеулері, Кәпірге менің үшін басын беріп, Көріціз осылардың жатқаны әні. Достынын төсегіне Ғали кіріп, Өзінің өлмегін түр кәміл біліп. Ғалиді кәпірлерден сақтаңыздар, Екеуіңіз қастарына барып түрып". Жәбірәйіл Мәкәйілмен көктен еніп, 81


Ғалиға жәрдем болып түрды келіп. Енді мен қүрайыш пен пайғамбардың, Айтайын оқиғасын хабар беріп. Меккелік қауымдардың кәтталары, Жиналып кеш болған соң келді бәрі. Есіктен карап бәрі түрып еді, Үйқыға барған уақыт өлтіргелі. Расул әм кәпірлер де хабар алып, Топыракка Ясин оқып берді салып, Қүжыраның есігінен сыртқа шығып, Басына түрғындардың щашты барып. Ешкімге көрінбестен шығып кетті, Басына барлығының топырак жетті. Кейінгі Быдра атты бір үрыста, Оларды Қадір Қүда әлек етті. Расулдың шайтан біліп бүл қылғанын, Жеткізді кәпірлерге айтты бәрін. Кәпірлер мүны естіп таң қалады, Жалған деп шайтанның бүл айтқандарын. "Баршаңыз не жүмысқа келдіңіз?" деп, Алдынан хазіреті Ғали көп шығады, Ғалидан олар сүрар сауал айтып: "Мүхаммед кай тарапқа қалды кетіп?" Ғали айтты: "Не себептен сүрайсыздар, Түрмын деп Мүхаммедті мен күзетіп". Бүл сөзден кәпірлерге қаһар келді, Ғалиды үрмак үшін ойлап енді. — Ғалидан колыңды тарт үрмайсың,— деп, Ортаға Әбулакап өзі келді. Лақаптан көп кәпірлер мүны естіп, Қүжырадан тысқа шығып, қалды кетіп. Пайғамбар Әбубәкір жолдасына Ертемен тан атқан соң барды жетіп. Расулдың келгендігін Садық білді. Қүрметтеп кызметіңде тіке түрды. Шаһардан түнде шығып кетпек үшін, Әр түрлі жол жабдығын даяр қылды. Ғабдолла Архатүлы атты бір жан, Жолдың бәрін көрген екен ол бүрыннан. Ақша алып акысына жолын бастап, Мәдинаға жүрмек болды бүларменен. Тапсырды түйелерін оған беріп, Жем байлап түрмақ болды мақүл көріп. Басында Сүр тауының жолықпақ боп, 82


Үш күндік осы жолға кетті жүріп. Бар еді Ғамыр атты біреу және Тапсырып бір топ қойды берді оған. Әр күні бүл қойлардың сүтін сауып, Отыр деп бір жәй тауып осы маннан. Ғабдолла, Әбубәкір, Садықүлы, Бүл жөнде тағы да үсыныс қылды. Күн сайын үңгірге хабар жеткіз, Деп айтты сөз естісең неше қилы. Әр түрлі піскен тамақ даяр етті, Еш адам хабарланбай ол түн өтті. Сафардың жиырма жеті кешкісінде, Меккеден екеулері шығып кетті. Осылай жолға шықты қауіптеніп, Түрған соң жан-жағына жүріп төніп. Абайлап сақтықпенен келе жатты, Садықтай батыл адам Расулды ертіп. Расулдың аяқтарын етік қысып, Мүбәрәк қан да қатты жара түсіп. Жүруге пайғамбардың әлі келмей, Садықтыц бара жатты мойнын қүшып.

ХАЗІРЕТІ РАСУЛДЫҢ ҮҢГІРДІ МЕКЕНДЕУІ Бісмілләһі рахманыр Рахим! Пайгамбарлықтың келуі Мүхаммедтің бүкіл жан дүниесін, ақыл-ойын баурап алғаны соншалықты, іштен тына ойға берілушілік қасиеті барған сайын белен алып, күнделікті тірліктен, айналадағы айқай-шудан алыстай түсті. Білетіндердің айтуынша, ол сол кездері қогамнан, араласатын ортасынан барған сайын аулақтанып, Хара тауларының үңгірлеріне кетіп қалып, жалғыз өзі қиялга беріліп, күндер мен түндер бойына дүға окып, Қүдайға жалбарынып, қүлшылық етумен болған. Хара таулары Меккеден үш миль шамасы жерде екен. Мүхаммед осылайша өткізіп жүріпті. Ақырында, бүкіл ақыл-ойды, бір 83


ғана нәрсеге багыттап, әруаққа жалбарына табыну оның денсаулыгына әсер етпей койган жок. Мүхаммед түрлітүрлі түстер көріп» елестер мен алуан көріністерді бастан кешіретінге айналды. Бір тарихшының жазбасына караганда, алты ай бойына ол өңінде не ойлаған болса, түсінде де соны көріп жүреді екен. Көп жагдайда тіпті айнала-төңірегінде болып жаткан тіршіліктегі жәйттерге мүлде қүлықсыздана карап, жерде ес-түссіз күйде жатып алган. Осы үңгірдегі бір гажап оқига туралы мынадай бір аңыз бар. Үңгірге кіре бере арттарынан шыққан қуғыншылардың дүбірін естіді. Әншейінде батыл да ер жүрек Әбубәкірдің өзі қалтырай қорқып: "Бізді қуып келе жаткандар көп кой, ал біз екеу-акпыз!"— деді. " Ж о қ , — деді сонда Мүхаммед,— үшіншіміз бар, бізбен бірге Алла тагаланың өзі келе жатыр!" Бүл жагдай турасында мүсылман шежірешілері мынадай жәйтті жазады. Қүрайыш куғыншылары үңгірге жақындағаңца, тап карсы алдарынан акация агашы пайда болып кетеді. Оның бүтағына көгершін үя салып, жүмырткасын басып жатыпты. Үңгірге кіре берісті акациямен түтастыра түп-түгел өрмекшінің торы жайлап алыпты. Қүрайыштар бүл жерден ешкім өте коймағанын, үңгірге бір жанның да кіруі мүмкін еместігін өз көздерімен көріп, кері кайтып кетеді, басқа бір жолға түсіп, қашқыңцарды одан әрі іздейді. Кереметтің күші ме, әлде баска ма, әйтеуір қашқындар үш тәулік бойына ешкімнің көзіне түспей үңгірде жата береді. Әбубәкірдің қызы Әсима тамақ тасып түрған. Әлқисса, екеулері Харға келді, Әуелі Әбубәкір ішке кірді. Мүбэдә жылан-шаян болмасын деп, Әр жерін қолыменен сипап көрді. Көп еді жар ішінде тесіктері, Санаса жетпіс екі оның бәрі. Киімін үстіндегі бәрін жыртып, Қолымен бекем етіп тықты оны. Тесіктің екеуіне киім жетпей, Оларды аягымен жауып түрды. Тазалап отыратын орын ашып, — Иә, Расул, кіріңіз,— деп ауаз берді. Хара тауындағы үнгір.

84


Отырды Расул Қүда Харға кіріп, Жәбірәйіл Аллага айтты арыз кылып. Рүксат бер кәпірлерге көргізейін, Бүл жағын қанатымен басып түрып. Алла айтты Жәбірәйілге сабыр қыл деп, Келмейді қолыңнан қиын бүл деп. Сақтармын ғазиз жанын пәк адамның, Бар болса менің фазылым әм шын деп. Сол сәтте өрмекшіге бүйрық берген, Сақта деп кәпірлерден досымды сен. Өрмекші түн ішінде торын күрып, Бітеді бекем етіп пердеменен. Сол кезде көп көгершін пайда болды, Бүл жерге жүмыртқалап үя салды. Қүданыц қүдіретімен Хардың аузы, Ешбір жан кірмейтіндей болып қалды. Бар еді Меккеде бір көк көгершін, Хардағы нәсілдері көп көгершін. Алланың әмірімен мақүлықтар, Расулға қолының берді үшын. Алладан Ибраһимге бүйрық келді, Салсын деп мықты бөгет хабар берді. Бейнесі қандай оның болатынын Біле алмай қайран болып түрған еді. Сол жерде бүл өрмекші әзірленіп, Бейнесін өрмегімен берді салып. Қақпаны Ғали Алла тамам етті, Тартылган өрмегінен тағлым алып. Алла айтты өрмекшіге мүңда келген, Жасадын Халиліме үлкен жәрдем. Хабибім Харға барып кірерінде, Сақтап қал аузына тартып перде. Бүл сөзден өрмекшіге шаттық келіп, Сол жерде жатыр еді өмірі өтіп. Ақырғы пайғамбардың оқиғасын, Айтайын енді және баян етіп. Пайғамбар мехнат шегіп, арып-ашып, Көздерін кетіп еді үйқы басып. Ол жерде Расул Қүда үйықтап алды, Садықтың тізесіне басын салып.

Хабибім — сүйіктім, достым. 85


Үйықтамай Әбубәкір көп отырды, Қауіп қып дүшпандардан күзет қылды. Ілгері аяқ қойған бір тесіктен, Бір жылан табанына тілін бүрды. Садықтың аяғына зақым етті, Зәрінің зардабы денеге өтті. Лажсыз көздерінен жасы агып, Жүзіне пайғамбардың тамып кетті. Оянып үйқысынан Расул түрып, Сүрады жыланнан сауал етіп. Расулга Садық айтты аяғыма, Бір жылан кетті жаңа зәрін төгіп. Тесікке назар салып қараса әм, Бір жылан шағамын деп жақындаган. Жыланга: "Мүның не?— деп Расул айтты, Зарлатып Садықты сен мына түрган. Зақым қып не себептен шақтың мүны? Келерін білмедің бе үшбу күні?" Қүданың қүдіретімен сол бір сәтте, Жыланның сөзге келіп шықты тілі. „ Деп айтты: "Иә, Мүхаммед, мүдагам бар, Таңдаңыз, білдірейін салып назар. Бір мың да екі жүз жыл гашықтықтан, Жыладым бір езіңе мен болып зар. Бүрынғы мәліметтен мен естідім, Меккеден шыгады деп пайым еттім. Дидарын онда барсам көремін деп, Сөз салып бәйіт Аллага жүріп кеттім. Кез болып Хазіреті Ғайса мені көрді, Сен қайда барасың деп сауал берді. Жүзіне Мүхаммедтіц гашықпын деп, Баршасын мүдагамның айттым енді. Ғайса айтты алты жүз жыл өмір өтті, Мүхаммед екеуміздің арамызда. Енді алты жүз жыл кетер өтіп, Жете алмас оның үшін өмірің сенің, Ғашыгы Мүхаммедтің бір сен бе едің? Мен айттым ол қүданың пайгамбары, Көцілімді қайтарман мүнша менің. Жыладым алты жүз жыл ғашық болып, Мүдағам — мән-жай, хал-ахуал. 86


Жолында арманым жок кетсем өліп. Өзіне Мүхаммедтіц кез болатын, Айтыңыз түрар жерін нышан беріп. Ғайса айтты: "Сүр тауында бір үнгір бар, Көруге талап етсең, сен онда бар. Көпірден түн ішінде қашып келіп, Мүхаммед сол үңгірді отан қылар". Ғайсадан мүны естіп жүріп кеттім, Қаншама мехнатпенен мүңца жеттім. Ішінен жетпіс екі тесік ойып, Бүл жерді алты жүз жыл мекен еттім. Ойладым бүл тесіктін жапса бәрін, Көремін біреуінен Расул нүрын. Бүл түні Әбубәкір жолдасыңыз, Шықпастай бекем етті бәрін мүның. Хақиқат сіз екенін кәміл білдім, Лажсыз аяғына тиді тілім. Мүбәрәк жүзіңізді көрмек үшін, Кешіңіз, бір әдепсіздік сізге қылдым.— Алдына мүны айтып басын салды. — Пайғамбар, ғапу ет",— деп ол зарлады. Расулдың ғашық болган жүзін көріп, Шат болып бүл жыланның мейірі қанды. Садықтың бүл кеселі болды катты, Түкірігін аяғына Расул жақты, Қүдайдың күдіретімен үшбу күні, Дертінің бәрі кетіп шипа тапты. Жәбірәйіл сол уақытта көктен келіп, Бір тасты пайғамбарға келді беріп. Деп айтты: "Иә, Мүхаммед, кадірлі жан, Садыққа Қадір Қүда айтты сәлем. Төрт мың жыл бүрын пайда болды бүл тас, Ілгері жаралмастан Хазіреті Адам. Ішінде інжу кебе бар ед мүның, Шәрбаттың қүйып қойған оған суын. Садыкка ішпек үшін хақ жіберді, Жазылар кеселінен бәрі оның, Сол кезде ортасынан тас жарылды, Ішінен бір кесе су шығып түрды. Қардан ак, әм балдан тәтті, Ғафурдан жіберген деп нақыл кылды

*Ғафур — кешіруші (к,үдайдын бір аты, тенеуі). 87


Кесені Әбубәкір қолына алып, Шәрбаттың бәрін ішті мейірі қанып. Ілгері жылан шахкан кеселінін, Жазылды баршасы әм сау болып. Садықтыц көздерінен пердені алып, Үңгірдің бір бүрышына назар салды. Көкпеңбек толқып аққан дарияда, Түрғанын бір қайықтың ол ангарды. Бір жігіт қайықпенен келді жүзіп, Жақындап ол Садыққа таяп түрып: "Қайықпен Бақбостанга жеткізейін, Бізбенен осы жолы ерсең жүріп". Хазіретке Садық айтты әзер келіп: "Айтасың үшбу сөзді маган неғып? Бақбостан шарбагыңа бара алмаймын, Бүл жерге пайғамбарды тастап кетіп". Расулға кешікпей-ақ Садық келді, Баяндап көргендерін айтып берді. Біздерге мүның бәрі бір қүпия, Осыны мархабат қыл өзін енді. Садыққа түсіндірді мүның мәнін: "Жаннаттың Бостаны еді ол көргенің. Ол кайық махаббаттың ақ кемесі, Фазылымен көрсеткен Алла бәрін. Қаласан Ыдырыс Нәби пайгамбардай, Апарып кәпір болса білер кауіп, Дарияга Разунмәлік салып қайық. Зәредей зиян бізге тигізбестен, Жаннатқа екеумізді барар алып". Расулдан осы түрлі есітіп сөз, Садықтың қайгы-қамы тарады тез. Саргайып кетіп еді оның өңі, Пайғамбар назар салып көрді көзі. "Иә, Садық, сарғаюға себеп не?" деп, Сүрады Расул қүда дәл осы кез. Расулға Садық айтты арыз етіп, Үйықтамаймын өзіңізді мен күзетіп. Бет-жүзім соның үшін саргайып түр, Үйқыныц қанбауы мүлде өтіп". Расулды үңгірдегі қоя түрып, Қүрайыштан сөйлейік хабар беріп, Кәпірлер әр тарапқа жар шакыртып, Мағлүм ғып үшбу сөзді айтты жүріп. Деп айтты: "Мүхаммедті әркім көрсе, 88


Екеуін алдымызға алып келсе, Болмаса пәлен жерде түнеп жүр деп, Біздерге көрген адам хабар берсе. Берермін акысына жүз түйені". Жаршылар — меккеліктер естіді оны. "Үстасак жүз түйені алармыз" деп, Іздеді жанын сала күндіз-түні. Бар еді Әбукүрзі деген адам, Із кескіш, жоқ табуга болған маман. Ертемен пайғамбарды таппак болып, Ертіп ап көп кәпірді ниеті жаман. Расулдың Әбукүрзі ізін көрді, Бүл жолмен кетті деп хабар берді. Ол үңгірдің қасына келіп түрып, Бүл сөзді кәпірлерге айтты енді: "Мүхаммед, Әбубәкір іздегенің, Жоғалтып үшбу жерде ізін оның. Бүл жерден аспанға ол үшып кетпес, Табамын, осы үңгірден уәде бердім". Кәпірлер Күрзіге айтты мүңца түрған, Табуға үміттеніп белін буған. "Мүхаммед бүл дүниеге келмей түрып, Өрмекші кеп аузына торын күрған. Мүнда әм көгершіндер үя салып, Үстіне жүмыртқасын жатыр басып. Егерде бүл екеуі мүнда кірсе, Баршасы бүзылар ед пәршаланып". Әр түрлі әркайсысы айтады сөз, Назар сап карап еді үнгірді тез. Арасы кырык кездей жакын екен, Туды да екеулерін көретін кез. Келгенін кәпірлердің Садық көрді, Манадан айтқан сөзін естіп түрды. "Расулға бір жамағат болмағай" деп, Қорыққаннан көздеріне жасы келді. Садық кеп Расулға етті мағлүм: "Тезірек ойланып бір айла қылғын, Қауіптің беті жаман бүл кәпірлер, Бір зиян тигізер деп қоркып түрмын". Пайғамбар Садыққа айтты: "Жемегін қам, Тие алмас көрсе-дагы кәпірлер әм. Көңілімде ешбір менің үрейім жоқ, Әр уақыт Алла болар бізге жәрдем". Расулдан Әбубәкір мүны естіп, 89


Отырды көздерінің жасын тыйып. Мүхаммед бүл жерде де айтпақ үшін, Кәпірге шайтан лағнет келді жетіп. Жәбірәйіл сол мазгілде жетіп келді, Шайтанды қанатымен келіп үрды. Ол мәлғүн өзін білмей есін танып, Жеті қат жер астына барып кірді. Адамның суретінде бір періште, Сонда келіп айтты кәпірлерге: "Баршаңыз мүнда түрмай қараңыздар, Үңгір көп бүл сипатты осы жерде. Бүл сөзін періштенің ақыл түтып, Таулардан қарамаққа кетті жүріп. Пайғамбар, Әбубәкір отыр еді, Қүданың қүдіретіне әбден сеніп. Бүл екен Ғабдолла Бәкірүлы, Кәпірдің арасында ол жүр еді. Қай түрлі маслихат қып жатқаңдарын, Расулға әр уақытта білдіреді. Жүруші ед сол тарапқа қойын бағып, Кеш болған соң қойларының сүтін сауып. Садық пен пайғамбарға беруші еді, Ешкімге білдірместен уақытын тауып. Уағдалы үш күн, үш түн өткеннен соң, Ол жерге түйелерін келді алып.

РАСУЛДЫҢ ҮҢПРДЕН ШЫҒУЫ Пайгамбар Хар ішінде үш күн түрды, Тысқары төртінші күн кадам үрды. Рәбига айналып ауласында жүрсе-дагы, Түнінде бейсенбінің мүны білді. Расул мен Садық мінді бір түйеге, Біріне Ғабдолла, Ғамыр мінді және. Аллаға тәуекел деп сапар етіп, Төртеуі жүріп кетті Мәдинаға. Жолсызбен бара жатыр түнде жүріп, 90


Қояр деп күндіз жүрсе біреу біліп. Бір қатын Әмірмахбут лақап болған, Сахарада отыр еді мекен қылып. Белгілі елге мағлүм қатын еді, Тамағын келгендерге бере берді. Кез болып пайғамбарға жол үстінде, Қатынныц үйлеріне бүлар келді. Баршасы шаршап еді ашып-арып, Бүларға ешбір тағам келмеді алып. Мойнынан бір ауру кой байлаулы түр, Арықтығын көреді назар салып. Пайғамбар қатынға айтты: "Қүрма бар ма? Тауып бер бағасына не алсаң да". Ол айтты: "Пүл алмай-ак берер едім, Сіздерге берер менде тағам болса. Халықта осы кезде қиындық бар, Көрмедік ешбір жауын бір тамшы да. Мал жеуге жердің шөбі жоқтыгынан, Арықтап қойларымыз өліп түрады да". Қатынға қарап айтты хақ пайғамбар: "Не үшін үшбу қойды саумайсыңдар?" Ол айтты: "Өлуге өзі жақыңцап түр, Көп уақыт қалып ауырып түр". Пайғамбар қатынға айтты: "Рүқсат берсен, Бүл қойды мен сауайын кабыл көрсең, Іншіалла, емшегінен сүті шығып, Жазылып болып кетер қойлармен тең". Қатын әм қүп болар деп жауап берді, Пайғамбар алдына алып сауып көрді. Мүбәрәк Расул қолы тегін емес, Көп болып емшегінен сүт те келді. Ол сүтке адамдардың бәрі тойды, Артығын ыдысына қүйып қойды. Сол қойдың қысы-жазы сүті кетпей, Сонан соң он сегіз жыл тірі болды. Ол жерден Расул күда кетті жүріп, Қүрайыштан жүз түйені алмақ үшін, Артынан пайғамбардың келді жетіп. Ойлады үстамаққа көңілі кетіп, Сырақ Әбін, Мәлік шайхы бәрі келіп. Астындағы Сырактың мінген аты, Жығылды жол үстіңде тайып кетіп. Түрғызып тізгінінен және мінді, Артынан пайғамбардың тағы үмтылды. 91


Жақыңдап барғанында мінген аттың. Аягы жерге кіріп қарап түрды. Сырақ айтты Расулга: "Негып едін? Бүларға не себёптен еріп едің, Дүга кып, иә, Мүхаммед, ықылас етсең, Меккеге енді қайтып кетер едім". Пайгамбар дүға қылып қол көтерді, Атын әм үстаған жер коя берді. Расулға Сырак айтты біраздан соң; "Мен-дағы Мадинага барам" деді. Қаржы етіп алыңдар деп берді ол пүл, Қылмады ол бергенін Расул қабыл. Пайғамбар оған айтты қайтқаныцда, Сен бізді көрдім деп ешкімге айтпа. Сырақ та қайтты жайына қош айтысып, Көп адам іздеп еді хабарласып. Бүл жолда көрмедім деп айтқаннан соң, Баршасы қайтып кетті тілін алып. Асылам деген басшы боп тағы бір топ, Жиналды тагы да тез жүрмек боп. Аттанды жетпіс адам қасына ертіп, Оңайдан жүз түйені өзі алмақ боп. Кешікпей пайгамбарга кез болады, Танымай Мүхаммедтен жөн сүрады. Сипатты, нүрлы жүзді адам екен, Біле алмай кім екенін көп түрады. Пайгамбар нәсілдерін баян етті, Әдеппен бірнеше сөз айтып өтті. Мүхаммед Мүстафаның жөнін айтып, Балқытып баршасының көңілін елітті. Расулды пайғамбар деп бір хақ біліп, Кәлима жолын айтты тағзым қылып. Қасында бірге келген жетпіс адам, Бәрі де иман айтты дінге кіріп, Арыз ғып бәрі де айтты: "Иә, Расул, Өзінмен бірге барам керсең қабыл. Ғизатпен Мәдинага кір көрейін. Ту қылып басымдагы сәлдені бүл. Расул әм онын сөзін қабыл етті, Баршасы жолдасы болып жүріп кетті. Айтарлық ешбір зиян жолда көрмей, Баршасы Мәдинаға жакын жетті.

92


Тегінде, елдіц атын ер шыгарса, оныц ерлігі елімен, жан дүниесі, жай-күйі жаны сүйген жарымен үштасып жатады ғой. Пайғамбар жүрегінде сүйіспендікке, әйел затына деген махаббатқа орын жеткілікті еді, Хадиша өлімінен соц жүрегі ацырайып ол бірде Омарға: "Адамның ец асыл қазынасы ізгі жүректі әйел шығар, сірэ. Алланыц зацымен өмір сүрсе, еріне иіліп, бас иіп түрса, үнемі көцілін тапса, күйеуі шіркін оныц сүлулығына шаттанып, парасатқа тебіренсе, айтқанын айнытпай ақылмен орындаса, сен үйден кетсен, орныңды жоқтатпай, от басының нүрын, үйініц абыройын биік үстаса..." деген екен. Пайғамбардын неше әйел алғаны белгісіз. Дегенмен онын тоғыз әйелі болғаны рас болса, олардын әрқайсысы бөлек, жеке-жеке Мәдина мешітінің төңірегінде түрған. Хадишадан басқа Айша, Сабда, Хафиза, Әнді, Мәрия, Мәймунә, Зейнеп, Барра есімдері тарихи ақиқат. Әрине, олардын әрқайсысы пайғамбардыц жан дүниесінен алған орны бірдей емес еді. Мүхаммедтің адал да акиқат берілген жары Хадиша көз жүмғанда, көз жасы көлдей аққан. Ол Хадиша өліміне қатты қайғырып, қара жамылып, Қүдайға жалбарынды. Ол тек періште Жәбірәйіл келіп, Хадишаға үжмақтағы күміс шатырлардан орын беріліп, ислам дініне қоскан үлестері үшін қүрметке бөленгенін айткан сон ғана үйленуді ойлайды. Өзінің шынайы жақтасы Әбубәкірдің Айша деген қызына көзі түседі. Балғын шағында сүлулығы айрықша сол қызды ерекше қүштарлықпен сүйеді. Бірақ ол өте жас еді. Жасы жетіп, толысқанша жақтастарының бірініц марқүм жесірі Сабдаға үйленеді. Мүхаммед өзініц әйел жынысына жакынырак жүреді деген сөздерге қарамастан, Хадишаныц жүзін топырақ жапқанына қаншама уақыт өтіп, айдай сүлу, күцдей көркем, балғын жас Айшадай жары аймалап, бүкіл жан дүниесін баурап алса да, алғашқы қосағына, түнғыш жүбайына деген терең тебіреністі сезімін өзгерте алмай-ақ қойды. Пайғамбардыц бірнеше рет некеленуі сол Хадишаныц орны толмай үңірейіп түрғандықтын салдары шығар... Осы жерде оның басынан кешкен бір окиганы айта кетейік. Мүхаммедтіц өз баласындай жақсы көретін, қашан да батылдығы, әділдігімен көзге түсетін Сейіт деген серігі болған. Бірде пайғамбар оның үйіне өз баласынын үйіне кірген әке секілді кірсе, Сейіт жоқ екен. Жақында ғана үйленген әйелі Зейнеп отырыпты. Ол Қайыба уалаятының кісісі Жасиықтың қызы-тын. Өз тайпасының ец көркем, хас сүлуы атанган. Ешкімді де келеді деп ойла93


мағандықтан, емін-еркін, желец-жамылғысыз, жартылай жаланаш, аршыған жүмыртқадай болып отырған. Абайсызда кіріп барған Мүхаммед оның барша сүлу сымбатына еріксіз көз тоқтатьгл, аһ үрып қарап қалыпты. Пайғамбар таңданыс сезімін жасырып қала алмай, жан толқынысын риза көңілмен жеткізеді де, сүлу әйел болса, үн-түнсіз калып, бірақ болған жағдайды күйеуіне айтады. Сейіт Мүхаммедтің жүрек сезімін, махаббат күшін терең түсінетін жан еді. Сөйтіп, Зейнептің теңдессіз сүлулығы пайғамбарды толайым түгел түтқындап алғанын аңғарады. Асыға жетіп, шын пейілімен өз ойын білдіріп, Зейнеппен ажырасатынын айтады. 'Мүхаммед мүныц шариғатқа қайшы келетінін дәлелдеп, мүқым қарсылық білдіреді. Көркем келіншегін қаншалықты қатты сүйе түрса да, пайғамбарды одан да гөрі қаттырақ сүйетіндіктен, Сейіт тез арада ажырасып, белгілі тәртіп бойынша тиісті уақыт мерзімі өткеннен кейін Мүхаммед Сейіттің үсынысын қабыл алып, Зейнепке үйленеді. Пайғамбар мен Зейнептіц үйлену тойы сән-салтанатымен өтеді. Келгендердің бәріне есік айқара ашылып, қой мен қозы еті, арпа үнынан жасалған тағамдар, бал мен жеміс-жидектің нешеме түрі, сусыцдар мейлінше мол беріледі. Мейманда да ыңғайсыз екенін бір-біріне айтып бара жатыпты, деседі. Сондай ыңгайсыздықтан қүтылу үшін Қүранның отыз үшінші сүресіне жаналық енгізді, онда кандас бала мен өкіл баланыц айырмашылыгы айқындалып, өкіл баланың әйелі мен өкіл әкенің некелесуіне рүқсат берілді. Шындыгында, оның әйел қауымына жуықтығы оның жалпы жаратылысына біткен мейірбаңдыгының, қайырымдылығыныц бір белігі еді. Махаббатты ол мейірімді, инабатты сезімнің нағыз кен магынасында түсінеді. "Әрбір қайырымды іс — махаббат, сіз бауырыңызга күлімсіреп қарасаңыз — махаббат, жақыныңызды жақсы іске бастасаңыз — махаббат, жолаушыга жол көрсетсеціз — махаббат, соқырға көмек берсеңіз — махаббат, жолды тас пен коқыстан тазартсаңыз — махаббат, шөлдегенге сусын үсынсаңыз — махаббат"— дейді ол.

94


РАСУЛДЫҢ МӘДИНАҒА КЕЛУІ Бісмілләһі Рахманыр Рахим! Расулдан әнсарлары хабарланып, Күтіп ед алдынан тауға барып. Жолынан Расул күда кездесіп кап Қарсы алды жылы жүзбен бек шаттанып. Кәрі-жас Мәдинаның адамдары, Жиналып шартараптан келді бәрі. Расулдың жүзін көріп, көцілі тасып, Ол күндей шаттық болмас одан әрі. Бір досы Күлсім еді Адам үлы, Расулды көп кісімен мейман қылды. Алдына лек-легімен халық келіп, Қүрметтеп пайғамбарды бәйіт оқыды. Сол жерде парыз болды жүма намаз, Мешітте жүз адаммен оқыды баз. Пайгамбар бір гажайып қүтпан оқып, Алланың есім-жайын қылып ауаз. * * *

Меккеде хазіреті Ғали үш күн түрып, Бір күні үйден шықты сапар шегіп. Күндіз кеш болғанша жатушы еді, Жолымен таң атканша тынбай жүріп. Жол жүріп бірнеше күн арып-ашып, Аштық пен жаяулық бірдей қылып. Қүданың мешітінде түрғанында, Келіп еді осы жерге хазіреті Ғали. Пайгамбар түйесіне және мініп, Баруга Мәдинага кетті жүріп. Қай жерге түсесіз деп, сүрап еді, Әнсарлар бәрі де арыз қылып. Оларға былай деді Расул Алла: "Түсудің ықтияры емес меңде, Бүл түйе өзі барып шөгіп қалар, Қай жерден нәсіп етсе оған Алла". Түйенің ықтияры өзінде еді, Шаһардың көшесімен жүріп кетті. Расулға ыңғайлы жер болар-ау деп, Тізесін жерге бүгіп келіп шөкті. Көп жатпай осы жерден жүріп кетті, Расулдың мешітіне келіп жетті. 95


Бір әнсар аты оның Аба Аюп, Үйіне жақын түрған алып келді. Үйлері асты-үстілі екеу екен: "Үйіціз* біткенінше түрғын" деді. Әлкисса, осы жолда Расул түрып, Аскабта мешіт салды дуал қүрып. Дуалы салынып біткеннен соц, Жаптырды қүрма агаштан әсем қылып. Расулдың мешіті мен қүжыралары, Жеті айда салынып бітті бәрі. Аюптыц патерінде жеті ай түрды, Онан соц қүжырасына барып кірді. Намазға жамагаттар кірмек үшін, Мешіттіц үш жерінен есік қойды. Ат қойды біреуіне "Баб рахмат", Енді бірін атады деп "Нәби баб". Пайгамбар ол есіктен мешітке еніп, Айтады намаз оқып, көп насихат. Мешіттіц ақырыцда біреулері, Асқаптыц бәрі кірді қалмай бірі. Омардыц халифалық заманында, Өзгертпей сол қалыпта үлкейтті оны. Мешіттіц үстіндегі шатырларын, Үлгайтып әсемдеді оның бәрін. Қабырғасын нақыштап жылтыр таспен, Төбесін саж агаштан жапты бәрін. Бүрынғы Омар салган гимаратты Өзгертті хазіреті Осман онын түрін. Бүдан соң Ғабдимәлік Далдаүлы, Мешітті одан гөрі кецдеу қылды. Кейіннен Омар Әбин, Ғабдулфазиз, Мешітке үлкен етіп дуал салды. Расулыныц аздау жерге күжыраларын Тән қылып ол мешітке қосты бәрін. Халифа Ғаббас заманында Мешіттің салды енді ғимаратын. Одан соц бүл мешітті, күжыраны, Қайтадан жаңа қылып қүлпыртты әрі. Оларга неше түрлі бейне беріп, Ілгергі халифаның әрбірлері. Мешіттің бүл күндегі ғимаратын Қағба деп істегенніц айтады атын. "Сиярда" аты айтылган халифага, Жазыпты рахмат Алла галаматын. 96


Бар еді пайгамбардың екі қүлы, Зәйда мен Әбурафих және бірі. Түйемен екі бес жүз теңге беріп, Меккеге жібереді Расул бір күн. Фатима әм Гүлсім қыздары еді, Баршасын Мәдинага алып келді. Ғабдолла Бәкірүлы даярланып, Садықтың қатыны мен қызын алып. Меккеден Мәдинага жүріп кетті, Баратын түн ішінде жолға салып. Аскабтар Меккедегі адамдарын, Қайламен адастырды оныц бәрін. Пайғамбар келмей түрып Мәдинаға, Әнсарлар қарсы алды оны бәрі. Даңқы оның күннен-күнге арта берді, Адамның қасиетті Расул сынды. Бесін мен намаздыгер, қүтпан бәрі, Фазылын екі реттен оқыр еді. Онан соң үш намаздың парыздарын, Келгеннен бір ай бойы оқып жүрді. Таң намаз әм намазшам қалыбында, Төртеуден бүрынгыдай оқи берді. Ғабдолла Сәлімүлы деген жөһит Алдына пайгамбардыц бір күн келді. — Я, Расул, меніц сүрар бар сауалым, Анықтап мүмкін болса бер жауабын. Атадан үшбу уақыт туса бала, Бағзысы үқсайды оның ата-анага. Неліктен кейбіреуі үқсап тумас, Не дейді бүл жөнінде Алла тағала? Естідік: жәннатта үсынад деп әуел бүрын, Балықтыц тазалаған уылдырыгын. Үшінші: қияметтіц ауылыңда, Қацдай ғып көрсетеді Алла түрін? Гіайғамбар жауап берді Ғабдоллаға: "Өз үлыц сенен туған үқсамаса. Жазуымен қайсыдан бүрын шықса, Үқсас боп біреуіне туар бала. Пендеге берер тағам жаннаттыгы, Үстінде бір балықтыц жердіц бәрі. Балықтың бауырынан кебаб қылып, Әуелі сияпат қып берген оны". Ғабдолла пайғамбардан мүны білді, Көнілі Расул сөзін мақүл көрді. 97


"Қүдай бір, пайгамбар сен хаксың" деп, Кәлиманы аузына алып дінге кірді. Ғали айтты сол бір сәтте: "Я, пайгамбар, Өтініп гГйтатүгын бір сөзім бар. Есіңізге алыңыз әркашанда, Менің енді уақытым тар. Мәдина тарапынан жөһиттерден, Бар еді біраз кауым жакын түрган. Олардың кауымының бәрі келіп, Шартнама, уагда кылды Расулмен. Кәпірден дүшпан келсе Мәдинага, Бармайық жәрдем беріп біз оларга. Мүсаның жолын қуып дінге кір деп, Айтпацыз насихаттап ешбір жайда". Пайгамбар оның сөзін қабыл алды, Жөһиттер өз дінінде түрып қалды. Қағазға екі жақтан мөрін басып, Олардың да уағдасы малімдеңді. Пайгамбар осы жолы Гушрада Жариялап ораза үстап түрды жана. Расулдың пигылына көніл косып, Асқабтың ораз түтты бәрі мүнда. Сол жылы Салман фарыс дінге кіріп, Үйренді бір Алланың әмірін біліп. Әуелі Аташ Ферзат кәпір еді, Хақ жолын ақыр тапты іздеп жүріп. Бүл түста 17 аят аян болды, Пәктігін Хабибінің баяндады. Сол жылы Садыққызы Хадишаны Пайғамбар неке киып әйелге алды. Бибіғайша парасатты әйел еді, Расулмен тоғыз жылдай өмір сүрді. Дүниеден сапар шегіп кеткен шакта, Ол адам алпыс жеті жаста еді.

98


МҮХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫН. АЛЛАДАН ХАБАР АЛҒАНЫ Мүхаммед пайгамбар бір күні мешітте мүбәрәк арқасын мәкрабага койып отырган еді, Жәбірәйіл галайһіссәлам сәлемдесіп, Алла тагаланың оған жіберген сәлемін айтты. Иә, Алла, жәрдем бергін қағаз жазсам, Түзу жолга бастасаңыз жолдан азсам. Су бермесең, иә, Алла, тәубә-тәупық, Бастаңыз түзу іске жолдан тайсам. Иә, Алла, тәупық бергін дінімізге, Рақым қыл өлі менен тірімізге. Әлқисса, пайгамбардан сөз сөйлейін, Иә, Рахман, медет бергін тілімізге. Өзіңе жалынамын, қадір Жаппар, Қайтейін, жалынбасам халім нашар. Өзіңе пәруардігер жалынган соң, Медет берер деген үмітім бар. Дастан ғып ақ Расулдан сез бастайын, Басқа сөз арасына еш қоспайын. Екі дүние себебі Расул Алла, Мақтамай шамам келсе тастамаймын. Жиырма үш атасы мәлім болған, Жәбірәйіл екі арага елші болган. Садық Луқыт аталған ол Смагүл, Келеді Расул Алла деп солардан. Мүхаммед қүдай досы анық асыл, Ғаламда жоқ одан артық нәсіл. Екі дүние сәруары Расул Алла, Шек келтіруге бүларға болмас әлі. Расул Алла ғаламга бір бәйтерек, Үзындығы көкке жетер сондай биік. Алланын сүйіктісі Расул қүда, Бек мақтап сипаттарын айту керек. Расул Алла галамның паналары, Жапырңғы мен саялы миуалары. Кәлима-шәһадаты жары қылған, Шапағат үміт қылар жанның бәрі. Әуелі пайғамбардың нүрын айтты, Он сегіз мың ғаламнан бүрын айтты. Алла тагала өзіне досты қылып, Онан соң оган берді көп үммәтті. 99


Баршадан артық қылып достым деген, Дос болған соц көп үммәт камын жеген. Досым деп қадір Алла беріп тәж, Қүдайга "достықпенен берген маграж. Шек келтірме, жігіттер, пайғамбарга, Үнаган қасиетімен бір Аллага. Достым деп қадір Алла зейнет берді, Шапағат қыл деп күнәкар үммәтіне. Жарандар қүлақ салып тыңда енді, Расул пайғамбарға бір сөз келді, Алладан Жәбірәйіл хабар берген, Қарсы алып достықпен көзі көрген. Екі дүние сәруары шапагатшы, Еш пенде қор болмайды бүған ерген. Сөз сөйлейін Расулдын турасынан, Жәбірәйіл елші болган арасында. Пайгамбарға нанбаған кәпір болды,. Еш күмән жоқ бүл сөздің расына. Бір күні Жәбірәйіл келді жетіп, Сәлем айтты Алладан қүрмет етіп, "Бүл опасыз дүниеде көп түрмассың, Рақат көр, мехнаттан өтіп кетіп. Әбибім шын дүниеге келсін, деді, Шапағат медет кылып білсін, деді. Мехнат, қайгы, жападан қүтылады, Разы боп жан тәсілім берсін" деді. Расул Жәбірәйілден хабар білді, Ақ сәлемін есітіп күлімдеді. "Мен кеткен сон үммәтім не болар?" деп, Ауырып үммәт үшін кайғы жеді. Сол кезде 63-ке келген еді, Өлерін бүрыннан-ақ білген еді. Қүдайым не айтса да ризамын деп, Үрықсат сонда тақсыр берген еді. Пайгамбар кетпек болды бүл дүниеден, Шапағат нәсіп қылсын ол дүниеден. Ақ Расул мүны естіп жатқанында, Түс көрді сегіз кісі Мәдинадан. Түс көріп ертең ерте Садық келді, Әдеппен ак Расулга сәлем берді. — Үстіме киген жейде жерге түсіп, Тақсыр-ау, неге түсті?— деп сүрайды енді. Сол түсін ақ пайгамбар жорыды енді, Қаратып бір өзіне жорып берді: 100


— Үстіңе киген жейдең жерге түссе, Сапары бізге ақырет жакын,— деді. Онан соң Әзірет Омар жетіп келді: — Мен-дагы бір түс көрдім, Расул,— деді. Қолымдагы жүзігім екі айырылып, Сол сәтте жерге түсіп гайып болды. — Кетерміз бүл дүниеден болып гайып, Салауат айтарсыздар қолды жайып. Жүзігің колыцдагы түсіп кетсе, Расулың көз алдыңдагы болар ғайып. Онан соң бір түс көріп Осман келді, Нәбиге қол қусырып сәлем берді: — Қүраным қолымдағы жерге түсіп, Қағазы пәра-пәра болды,— деді. — Османым, бізге ажал келеді екен, Сахаба көп қайгылы болады екен. Мен кетіп, бүл дүниеде сіздер қалып, Үммәтім бөлек-бөлек болады екен. Онан сон Ғали келді сәлем беріп, Таң қалды жылағанды көзі көріп. — Тақсырлар, не себептен жыладыңдар? Білдірші бізге-дағы хабар беріп. Ғажайып әрқайсысымыз көрдік түсті, Қүдайым бізге салды қиын істі, Баршасы Расул кетпек деп бүл дүниеден, Онан соң бәрі жылап кайғы жесті. Қайгырдың пайғамбардыц шарияры, "Сіз кетсең қайтеміз?" деп қылды зарды. "Қүдайдың бүйрығына амал жоқ" деп, Отырды күңіреніп баршалары. Ғали айтты: "Мен де бір түс көріп едім, Боларын бір сүмдықтын біліп едім. Сауытым өзім ішпей жерге түсті, Жоруын сізден сүрай келіп едім". Бүл дәурен бәрімізден өтеді екен, Әбубәкірге бізден сон жетеді екен, Сауытың киіп түрган жерге түссе, Бабаңыз бүл дүниеден кетеді екен. Мүны естіп батыр Ғали жылайды енді, Көл қылып көздік жасын бүлайды енді: — Күшім, халім, қуатым, иә, жан бабам, Сіз кетсеніз не лаж қылам. Бүл дүние баяны жок бекер екен, Бүл ажал әркімдерге жетеді екен. 101


— Күш-қуатың, Ғали, балам, менде еді, Мен кеткен сон куатын кетер,— деді. Мүны естіп баршасы жылап еді, Бір түс көріп Расулга Ғайша келді: Расул айтты: Пүшпактым, меһрибаным, Тәнімен сапар шегер газиз жаным, Біз өлсек кара күндер түседі екен, Басына кара шәлі жамылганың. Сол уақытта Фәтима кызы келді. Жабыркап ренішпен оның көнілі: — Үлықсат болар ма екен, тақсыр баба, Түс көріп сізге айтуга келіп едім. Расул айтты:— Келе гой, жаным балам. Фәтима айтты:— Тыңдаңыз, жаным бабам, Түсімде киген көйлек дал-дал болды, Айырылып жагасынан болды тамам. — Жаратқан Жаппар күда бәрімізді, Нүр күйып жасымызды, кәрімізді. Жагасы көйлегіңнің айырылганы, Бабаңның көрерсің кайгы-зарын. Хасен де:— Мен бір түс көріп келдім, Мүндайда гажайып іс көріп пе едім. Баста бөрік, аяқта етігім жок, Табаныма тас тиіп жүріп пе едім? Мүны естіп пайгамбар жылады зар, — Мен жоқта көп дүшпандар зорлық қылар. Қабыргасы қайысып басын сипап, Қайтейін жәрдем болсын пәруардігер. Қүсайын да түс көріп:— Бабам,— деді, Бір такка зейнеттенген тәмам,— деді, Сол таққа шыгып алып гайып болдың, Келмеді бір үстауға шамам,— деді. — Бүл дүние енді бізден калады екен, Біздёгі аманатын алады екен. Түсімде такка мініп көкке үшсам, Бабаңыз енді дүние салады екен. Баршасы мүны естіп зар жыласты. Көзінен кан аралас төкті жасты. Тасқыр-ау, сіз кетсеніз кайтеміз?— деп Сол жерде ак Расулмен коштасады. Ол түні аман-есен жатты сонда; Азанды тәпсір менен окып сонда. Ақ Расул сахабамен бәрі келіп, Мешітте таң намазын айтты сонда. 102


Оқыды парызы менен сүннетін, Еске алып көп жылады үммәттәрін. Мінбеге шыгып отыр Расул Алла, Айтады сахабага насихатын. — Тыңдаңыз насихатты, аскабтарым, Жасымнан жолдас болган шерлі жарым. Хазіретсіз қоймаңдар сүннетімді, Қаза кылмай ораза мен намаздарын. Тілеңіз жақсы жайды ол дүниеден, Жидырды тәмам жанды Мәдинадан, Өлім деген Қүдайдың бір парызы, Көшетін уакыт болды бүл дүниеден. Қоштасты "Қош аман калыцыз, деп, Көзіңді ғарыптарға салыңыз деп, Акыретке барганда қарыз кылмай, Бар болса менде ақың алыңыз" деп.

РАСУЛ ҒАЛӘЙҺІССАЛАМНЫҚ АҚЫРҒЫ ӨСИЕТІ Ауруы мендеп, ажалы таяп қалганын сезген пайгамбар үйіне жакын түрган мешітке апаруды өтінді. Мешптің ішіндегі мінбер орындыгына отырып алып, бар ынта-ыкыласымен дүга окыды да, одан көп жиналып қалган халқына сөз арнады: "Егер қайсыбіріннің арыңа жүктелген нәрсе болса, айтыңдар, мен Қүдайдан кешірім өтінемін",— деді. Сол кезде бір мүсылман араб алға шыгып, өзінін екіжүзді, алдамшы, лайыксыз шәкірт екенін мойындап, айта бастады. Омар оган жекіп, тайып түруга бүйырып еді, пайгамбар керісінше бүл дүниеде қызарган о дүниеде қайгырудан артық екенін айтып, апгі шәкіртінің күнәсін кешіруді, кеудесіне сенім мен ақиқат үялатуды сүранып, Қүдай тагалага жалбарынды. Халыққа кайта тіл катып: — Егер араларыңда менің қолым тиіп кеткен адамдар болса, міне менің аркам, үрыңдар,— деді. — Егер мен біреулеріңді балағаттасам, қазір оның да есесін кайтарыңдар. Егер мен біреуден бірденені әділетсіз алған болсам, дәл казір айтып, акысын алсын. 103


Топтың арасынан бір адам Ғакаша шығып, Мүхаммедтің үш теңге күміс динар карыз екенін ескертіп еді, сол сәтте акысын артығымен алды. "Жазаны мәңгі тартканнан осы "дүниеде өтеген әлдекайда женіл болм а қ " , — деді пайғамбар. Бүдан сон ол барлык шайқастарда каза тапқандарға арнап қүран окып, кешірім өтінді. Одан кейін Меккеден бір кезде өзімен бірге келгендерге, одақтастық қүрған әнсарлықтарға сөз арнап, мәңгі татутәтті, бауырлас болуға өсиет етті. Күн өткен сайын сырқаты мецдеп, есі біресе кіріп, біресе шығып жатты. Өзіне Жәбірәйіл періштенің келіп жүргенін, Алла тағала оны әдейі көңілін сүрауға жібергенін, о дүниеге сапарға аттану мерзімін пайғамбардың өзі таңдауына ерік берілгенін айтып жатты. Себебі Алла ажал періштесіне өзінің рүқсатынсыз пайғамбарға баруға тыйым салыпты. Жүма күні ол намазға баруға үмтылып, денесіне тағы да салқын су күюды өтінді, бірақ есінен тана берді. Мешітке Әбубәкірді жіберді. Халық толқып, ақырында пайғамбар қиналганына қарамай, мешітке барады. Әбубәкірдің жанында әлсіреп отырып, онымен бірге намаз сөздерін қайталайды. Одан кейін халыкка қарап бүйдеді: "Пайғамбардың өлетіні жайындағы сөз сендерді толқынысқа түсіргенін білемін. Бірак маған дейінгі қай пайғамбар мәңгі өмір сүріп еді, сендер сонда мені мәңгі тірі бола береді деп ойлайсыңдар ма? Бәрі Қүдайдың қүдіретімен жасалар, бәрі өз уақытысында, тездетуге де, кешіктіруге де болмас! Мен өзімді өкіл етіп жіберген Жаратушыга қайта ораламын, соңғы өсиетім сол, бірліктеріңді сақта, бір-біріңді қүрмет түт, сүйе біл, сүйсіне біл, жәрдемдес, дінің мен байсалдылығыңды бірбіріңе ғибратта, қайырымды іс кыл — осылармен бакытты болар адамдар, қалғанының бәрі апатқа соқтырар". Сөзінің ақырында мынаны қосты: "Мен тек қана сендерден бүрын өлемін, уакыт жеткенде бәрің де барарсыңдар. Бәрімізге өлім тән, соңдықтан менен оны қашықтата бермендер. Менің ғүмырым сендердің игілігің еді, өлімім де солай болар". Бүлар пайғамбардың халыкка айтқан ең акырғы лебіздері еді. Бісмілләһі Рахманыр Рахим! Біләлга Расул айтты қылып пәрмен, Хабар кып халықтың жина бәрін. Ақырғы өсиетім бар біразырақ, 104


Айтайын насихат қып оларга мен. Шаһарга Білал жүріп хабарлады, Есітіп осы кеште бәрі келді. Мешітке отыруға сыймағаннан, Есікте тікесінен түра берді. Мінбеге Расул қүда шықты барып, Алланың рахманын аузына алып. Әр кезде шәйіт болған үммәттарын, Еске алып әруағына дүға қылып. Пайғамбар асқабқа айтты тыңдаңыздар, Кетпекке жақыңцады, уақытым тар. Біздерге қызметі артық болған, Әнсарларга жақсылықты аямаңдар. Онан соң әнсарларға мойнын бүрып, Алланыц тагдырына қол қусырып. Менен сок залымдардан жәбір көрсец, Оларға түрыныздар сабыр кылып. Ол көрген мехнаттың хақысы үшін, Макшарда шаттанарсыз жаннат кіріп. Әр істі қылмасандар сіз асығыс, Алла әм асығыспен қылмайды іс. Және айтты:— Ей, халайық, сөзді аңда, Әркімнің қисас қарызы болса менде. Дүниеден кетпей түрып маглүм етсін, Берейін өз қолымнан болса онда. Бүл уақытта сүраганмен қисас малын, Зәредей ренжімейді көнілім менің. Ол адам өзгелерден кем де емес, Дүшпандық етпегені маған мәлім. Отырды ешкім оған жауап бермей, Ренжітіп пайгамбармен сөзге келмей. Бір мәрте сүрағанмен айтпайсыңдар. Айтайын намаздан соң өзім сізге. Бесіннің сол уақыт мезгілі болды, Орнынан намаз үшін Расул түрды. Мехрабта асқабтарға имам болып, Намазын жамағатпен ада кылды. Мінбеге және қайтып барды ол аз, Бүрынғы айткандарын қылды ауаз. Бір адам қол қусырып түра келіп. Деп айтты: — Қарызым бар менің біраз. Үш теңге ақым бар ед сізде менің, Білдірмек себебім сол: "Айтқын"— дедің. 105


Айтайын бір ауыз сөз шын пейілмен Жазыксыз үрмаймын мен сізді бекер. Ғүсман келді:— Ғақаша, күлак сал,— деп, Өтінем, Расулмен тату бол, деп. Үрмасан ешкімді бір қамшы үшін, Қалаганша енді менен алтын ал,— деп. — Дүниеге көңіл мен бөле алмаймын, Қарыз ғып сенен ақыл ала алмаймын. Дүние үшін мүнда келіп түрганым жоқ, Бір ауыз сөзімді айтпай қала алмаймын. — Білесіц ғой жетерлік менің күшім, Мың мыскал алтын алшы бір камшы үшін. Сүрады Ғали келіп Ғакашадан, Бес мың камшы үршы Расул үшін, Мүбәрәк хак Расулы ашты тәнін, Неге үрсын ер Ғакаша пайғамбарын, Бүрыннан біледі екен мөрі барын. Ғакаша оларға айтты:— Макүл емес, Бүл сөздер шариғатка тура келмес. Алланың айтқанына кайшы келіп, Біреуге біреу үшін жаза бермес. Ғакашаға риза болып хак пайгамбар. — Ал,— деді — аласыңды мендегі бар, Расулға Ғакаша айтты жакын барып: — Жайып ем жалаңаш аркамды ашып, Мүбәрәк камшыңызбен аскабтарың, Жіберді денемді олар тартып-тартып. Пайгамбар оның сөзін кабыл кылды, Мінбенің төменіне келіп түрды. Үстіне ол мінбенің шықты барып, Аскабтың мүны көріп бәрі жылап, Үмтылды Ғакашаға айбат қылып. Пайғамбар оларға айтты:— Болсын аман, Достық білдіргені үшбу заман. Егерде бүл уакытта айтпағанда, Ақыретте болар еді киын маған. Асқабтар пайғамбардан мүны естіп, Әрқайсы өз жайына отырды кеп, Мүбәрәк аркаларын ашып түрды, Ғалиға арқаларын келіп төсеп. Аспанға Нәбуттің шыкты нүры, Отырған жамагаттар көрді мүны. Кекілік жүмырткасы бейнесінде, Бар жүртты таң қалдырды оның түрі. 108


Үстінде жазылган хат екі катар, Бірінде "Ләиләһа илла Алла" бар. Екінші катарына аян болып, Мүхаммед Расул Алла жазғаны бар. Мінбеден Ғакашанын түсті өзі, Мүбәрәк етегіне сүртті көзін. "Ата-анам пида болсын, осы үшін" деп Зар жылап айтып еді үшбу сөзін. Деп айтты: "Иә, Мүхаммед, кайран калам, Арызымды естідіңіз ойлап әбден. Хазірет, үшбу істі кылып едім, Көнілімде болғаны үшін бір мүдағам. Ойладым осы түрлі бір іс қылсам, Расулдыц ағзасына жақын барсам. Мүбәрәк Нәбутүнің фазылынан Мақшарда жүзім ақ болып түрсам. Көңілімде осы түрлі қиял келіп, Нақақтан осы сөзді айткым келіп. Болмаса жаксы мінез, әдеп, үлгі, Баршасын үйренеміз сізден көріп..." Пайғамбар аскабка айтты: "Қүлак салгын, Айтайын ишарат кып, түсін бәрің. Әрқайсың жаннат орнын көрем десең, Жүзіне назар салғын Ғақашаның". Аскабтар пайгамбардан мүны естіп, Кезекпен Ғақашаны тауап етіп: "Сағадат саған болсын!" деп айтады, Ол күні осы жайға колы жетіп. Көп адам пайғамбарга келіп жатты, Қасіретін басындағы айтып жатты. Нүрынан пайгамбардың рухтанып, Ракатка бір сөзінен батып жатты. Пайғамбар колын жайып кылды дүга, Бүлардың тілегін бер, Жаппар күда. Бойына ерекше бір куат беріп, Риза боп түрады келген мүнда.


ПЕРІШТЕЛЕРДІҢ ХАБАР БЕРУІ Мешіттен үйіне Расул кепті, Ауруы жанына онын батып кепті. Сол сәтте жарлык беріп Ғазірәйілге, Мүхаммед пайгамбарға барғын депті. Үш періште жетіп кепті есік кагып, Бей уақытта Фәтиманың зәресі үшып. Сабырмен келгендерді түрды багып, Жәбірәйіл періште де келді дейді. Үш періштеніц түрғанын көзі көрді: — Бүл жерге не шаруамен келдіңіз?— деп, Фатима әдеппенен сүрайды енді. — Жаркыным, күлағың сал біздін сөзге, Бек жаксы керінесің көрер кезге. Расулдың көнілін сүрап келіп едік, Кіруге рүксат бер үйіңізге. Тіліне кей жанның ергеміз жок, Бүйрыксыз боска біз жүргеміз жок. Фатима мүны естіп кайтып келді, Баяндап бабасына хабар берді, Үш адам көңілін сүрап келген екен, Рүксат сүрап түр деп айтып келді. — Ей, балам, келгендерді үйге жібер, Мен білсем — үшеуі де періштелер. Мәкәйіл, Исрафил, Ғазірәйіл, Бәрі де тегін емес, Қүдай білер. Үшеуі де шакырган соң келді кіріп, Отырды хак Расул сәлем беріп. Бір Алла сәлем айтты деген шакта, Фатима періштелерді калды біліп. — Бір Алла сәлем айтты, таксыр, Сізге, Барғын деп бүйрык берді үшеумізге, Жарылкаймын үммәт үшін кайгырмасын, Келді деп ренжімеңіз енді бізге. Ғазірәйіл сонда айтты пайғамбарға, Бүл ажал келмей-кетпес барлык жанга. Қүдайым сізге бар деп әмір кылды, Әмірін бүлжытуға амал бар ма? * * *

Тагы да пайгамбарга кесел келді, Наукасы бүл жолгы ауыр еді. Мәккәм гып сәлдесімен басын орап, 110


Мешітке бейсенбі күн Расул келді. Мінбеде мехрабқа ол отырып, Біләлга бір сөз айтты мойнын бүрып: "Ақыргы өсиетімді тыцдасын деп Халыққа қүлақтандыр хабар кылып". Басына мүнараның Біләл шыгып, Айтты ол халайыққа ауаз қылып. Ақыргы өсиетін айтады деп, Ей, қауым, есітіңдер мүнда келіп. Есітіп Мәдинаның адамдары, Мешітке жүгірді тез қалмай бәрі. Базардың дүкендері ашық калды, Бекітіп кетуге де келмей халі. Әйел мен қыздары да хабарланып, Жүгірді жүздеріне перде салып. Расулдың өсиетін естімекке, Мешіттен орын алды жылдам барып. Адамы Мәдинаның жиылды көп, Есікте түрған еді сыйыспай көп. Қатарға түргандарга Расул айтты, Кейінгі келгендерге орын бер деп. Алдымен бір Алланың атын айтты, Габдолла, Мүтәліп деп затын айтты. Менен соң пайғамбарлық еш болмас деп, Ақыргы өсиетін халыққа айтты. — Ей, қауым, қүлақ салып тыңданыздар, Сіздерге қаза алдында айтарым бар. Раббыма жолықпаққа даяр түрмын, Көнілімде үммәт үшін өкініш бар. Артымда үммәтімнің қалды бәрі, Не болар ақырында оның халі. Иә, Алла, үммәтімді саламат кыл, Тапсырдым аманат қып саған оны. Ей, қауым, айтатыным бір өсиет, Көңілімізге баршаңызга адал ниет. Кейінгі үммәтіме хабар бергін, Естісін сәлемімді барша үммәт. Алладан хабар болып қалам түсті, Білдірді адал, арам әрбір істі. Барлыгын ықыласпен істеніздер, Аяттан тағлым алып әр жүмысты. Және де ләпсіден сақтаныңдар, Қорықпай залал іске тез үшырар. Алла мен жаннаттан алыс болып, іп


Дозакка әуел барып ол кез болар. Және айтты: "Бір Алладан қорқыңыздар, Әмірін "Қылма" деген сактаныздар. Дініц мен нысаптағы аманатқа, Қиянат оган әр кез қылмаңыздар. Қүлдарды сіздерге әм тапсырамын, Басқамен оларды бірге үстандар, Күшпенен істеңдер деп әмір етпе. Киімін беріп, тамагын аш кылмағын". Және айтты: "Некеленген катындардың", Кем кылмай нәпағасын бергін оның. Макрук кінәсіне себеп болмай, Ері өлсе өзіне бер ықтиярын. — Ей, қауым, өсиет қып айтып түрмын, Артымда әулетімді достық түтқан. Ашу мен қаһар кылма оларга әр кез, Және де айбат қылып айтпаңыз сөз. Істеген жүмысына зиян етпе, Оларга дүшпандықпен болмаңыз кез. Адамнын барлыгын дос түтсаңдар, Әркашан дос болар маган да олар. Дүниеде әркім менен достық түтса, Алланың даргабына достық қылар. Әлбәттә, маган дүшпан болғандардың, Аллага да дүшпандык қылган ісі. Ей, кауым, бес намазды оқыңыздар, Ішінде неше түрлі тәртібі бар. Баршасын орныменен жөн орындап, Парыз боп оның үшін қалмаңыздар. Зекетін малыныздың әм ада кыл, Аятпен көрсетілген күранда бүл. Зекетсіз мал жинаган адамдардын. Оқыган намаздары болмас кабыл. Намазды оқымаса кайсыбір жан, Тәнінде куат болмас оның түрган. Егерде халі келсе кажы барсын, Бүл жолга аямасын, малын салсын. Қаласа жөһит дінін өзі білсін, Отына жәһаннамныц өзі жансын. Кәусардан бір де тамаша су бермесін, Күнәсін оның үшін өзі тартсын. Ораза мен зекеті қабыл болмас, Макрук — шариғат кабылдамаган іс. 112


Сауап жоқ қызметінде тағат қылған. Ей, қауым, алдымызда үлы күн бар, Қүранда хабар берген әм беріл жар. Қайтадан ағзамызға жан кіргізіп, Бір жерге баршаңызды әм жиғызар. Ол күні пайда бермес еш жақының, Жинаған мехнат етіп дүние-малыц. Қүлшылық ғибадаттан пайда болар, Егерде кәміл болса дін, иманың. Күнәдан тіліңізді сақтаңыздар. Ешкімге өтірік сөз айтпаңыздар. Шайтанмен үрысыңыз өжет болып, Азат қып кәпірлермен қарсы түрып, Ықылас пен имаңцы сақтаңыздар, Мешіт сал, намаз үшін дуал қүрып. Хақ жолын білмегенге болыңыз бас, Күнәдан нәпсіңізді тыйып жолдас, Күншілік қылмаңыздар әсте әр кез, Жақсылық, ізгілікке ылғи жол аш. — Ей, қауым, күшің жетсе, қүлды азат қыл, Ғаріпке қайыр еткін дүние мен пүл. Аш болып, мүқтаж болған күндеріңіз, Сіздерге пайда болар артыкша бүл. Пәнде жоқ өлмей-өшпей тірі қалған. Бәрі де ертелі-кещ сонда барған. Дүниеде қандай іс біз жасасақ, Бағасын сонда берер Алла саған. Нәпсінің пайдасынан неше түрлі, Сіздерді аман еткей хакім күллі. Асқабым, қош болыңыз әм баршаныз, Жақыңда бір-біреуден ажырасармыз. Кейінгі үммәтімнің баршасына, Жеткізіп салемімді сіз айтыңыз. Одан соң өсиетті қылды тамам, Жылады осы кеште түрған адам. Осында жиналғанның баршасына, Үрықсат берді Расул қайтуына. Осылай көңілсіз бүл күн өтті, Расул хақ қүжырасына қайтып кетті. Уақыты қүтпан намаз таяп қалып, Үйіне пайғамбар хақ әзер жетті. Азанда хазіреті Біләл бастап беріп, "Аллаһу!" деп еді ол келіп түрып, Шақырды "Аллаһу!" деп үш мәртебе. 113


Жок еді пайғамбарда ешбір шама. "Орнымда Әбубәкір сол қалсын" деп, Ғайшадан ха^бар берді Расул күда. Бүл сөзді Ғайша келіп хабар берді, Расулдың хазіреті Біләл халін көрді. Шынымен кетемісіц Мүхаммед деп, Басына қолын койып жылап түрды. Ол айтты: "Тумағанда анам менің, Мүншама қайғы-зарды көрмес едім. Болмаса пайгамбардан ілгерірек, Жақсы еді мүны көрмей мен өлгенім". Осындай бірнеше сөз аузына алып, Жылады фариад етіп бек зарланып. Пайғамбар имандыққа сізді айтты деп, Садықка хазіреті Білал айтты барып. Түрмакка имандыққа Садык келді, Магрипа Расул орнын Ғали көрді. Қия алмай көңілін тыйып токтата алмай, Фариад қып Мүхаммед деп жылап еді. Аскабтар мүны көріп шыдай алмай, Жылады Мүхаммед деп тағы бәрі. Бүл жайдан Расул күда хабарланып, Қия алмай көңілдерін қалды налып. Ғаббасты Ғали барып келді алып, Пайғамбар коштасуга өтті барып, Асқабқа аяттан соң Расул айтты: — Мен үшін жыламаңыз мүнша налып. Сабыр қып әрбір іске риза болгай, Алланың әр ісіне тагат қылып. Тағдырға карсылық болмас әр кез, Осындай неше түрлі айтып ол сөз. Ғалига Ғаббаспенен қолын артып, Пайғамбар қүжырасына кайтты енді тез. Әлқисса, мүныменен ол түн өтті, Таң атып дүйсенбінің күні жетті. Бамдатта Әбубәкір имам болып, Мешітте жамағатпен намаз етті. Көрмекке көңілі кетті Расул барып. Ғали мен Әбін, Ғаббас келді алып. Аскабтың жамагатпен түрғандарын, Қарады Расул күда назар салып. Асқабқа пайғамбардың көңілі толды, Садыққа келгендіктен хабар болды. Өткелі имандыққа келіп түр деп, 114


Мехрабтан кейін түрып орын койды. Садыққа қозғалма деп айтты Расул, Әрқашан хақтын әмірін осындай қыл. Сүннетім менін көрмесін деп, Шаттанып қүжырасьгла қайтты ол. Мүбәрак төсегіне Расул барып, Сол кезде есін білмей қалды танып. Баршасы әулетінің фариад етті, Дүниеден өтті ме деп көңіліне алып. — Жеті алтын тығып едім ғаниматтан Көрдіц бе ол алтындар бар ма жатқан? Ғайшаға Расул айтты сол алтынды, Шығарып ғаріптерге бер садакаға. Мүны айтып және Расул есін танды, Үндемей біраз уақыт жатып қалды. Есіне бір мезгілде қайта келіп: "Алтынды не қылдың?" деп аузына алды. Ғайша айтты: "Бергенім жоқ әзір әлі". Пайғамбар пәрмен етті:— Келтір оны, Алланың дарғабына барғанымда, Не дермін артта қалса мүның бәрі". Ғалиға алтындарды берді және, Ғаріпке қайыр ет деп бәрін әмме. Дүниенің мал-мүлкінен көңілім тынып, Деп айтты енді рақат багцы міне. Бүдан соң Расул қүда қойды сөзін, Әлсіреп біраздан соң жүмды көзін. Расулдың әулеті фариад етіп, Жылады әрқайсысы білмей өзін. Фатима жылап айтты: "Атажаным, Сүйенішім, екі дүния, меһрибаным. Анам да, атам да едің жанашырым, Не болар сізден кейін менің халім. Хасен, £,үсайын перзенттерің, Қүтбада нүрларым деп аузына алып. Атам деп сізден кейін кімге барар, Бүл қалған бір өзіңнен екі жетім. Тараптан іздеп келсе үммәттарыц, Кім көрер сіздей болып оның халін. Бүл көзім сізден кейін кімді көрер, Жолыңа пида болсын менің жаным". Осылай көп айтып жылап түрды, Күтбада — тілек, уағыз. 115


Сол кезде пайғамбардың есі кірді. Көзін ашып мүбәрак бәрі келді, Қасына Фатиманы отыргызды. Әлсіреп Фатиманың қолын алып, Пайғамбар дүга қылды аузына алып. "Қүдая, перзентіме сабыр бергін, Артымнан жыламасын мүнша налып. Айтайын ишарат қып, қызым, саған, Өзіңе пейілім өзге баршасынан. Ақыретте — ол дүниенің көшесінде, Әуелі жолығарсың бүрын маган. Көңілімде сайрап түрар өз дидарың. Нәсілімнің багы қалар сенде бәрі, Дүниеден үшбу күні сапар етем, Атанның сөйлеспекке жоқ-ты халі". Фатима мүны естіп жылады зар, Атама ешкім енді болмайды пар. Ғали айтты Фатимаға: "Сабыр айла, Расулдың мүршасы жоқ әм шақырар. Ғалиға Расул айтты қойгын мүны, Жыласын атасына үшбу күні". Әлсіреп есін білмей осы кезде, Бегеліп сөйлей алмай жатты езі. Хасенге Фатима айтты: "Нүр дидарым, Сабыр қыл атаңыздык көрдің халін. Егерде бір өсиет тағы да айтса, Жадыңа сақтап қалшы болып дайын". Алдына пайғамбардың Хасен келіп, Жылады жан бабам деп сауал беріп: "Жанашырым, меһрибаным, сізден кейін, Кім жүрер алдына алып халім көріп? Қамқорым, қорганым, атам менің, Жатырсың әзер қазір алып демің. Сізден соң менің халім нешік болар, Меһрибан ата-анам қамқор едің? Жылап түр мына түрган жакындарын, Кім көрер сізден кейін көз жастарын? Асқабқа сіздей болып таглым беріп, Енді кім хақ әмірін айтар бәрін?" Хасеннің бүл сөздері жаннан өтіп, Жылады барша түрған есі кетіп. Миғажар әнсарының баршасы әлі, Есікте жылап түрды фариад етіп. Деп айтты: "Әуелі бәйіт хақ Расул, 116


Сіздерге баршамыздын арызымыз бүл, Жамалын пайғамбардың бір көрейік, Біздерді бір мәртебе ескеріңіз". Сол уақыт Расул және ашты көзін, "Кірсін!" деп ишаратпен айтты сөзін. Асқабтың осы кеште баршасы әм, Мүбәрак пайғамбардың көрді жүзін. Асқабқа Расул айтты: "Сөзім тыңда, Көп жылап уайымдап капа қылма. Қүранның бүйрығын тапжылтпай, Алланың әмірінен мойын бүрма. Баршаңыз халайықтың шырағысыз". Ғайшаға Расул айтты: "Сабыр айла, Фариад қып жылағанмен жоқ қой пайда, Дүниеден сапар етіп мен өткен соң, Қүжырадан шықпағайсың басқа жайға". Осындай неше түрлі өсиет деп, Көзінің жасын төгіп жылады көп. Расулдың жылағанын көргеннен соң, Жылады түрғандар да қапалық кеп. Фатима жылап айтты: "Ей, атажан, Өтесіз мағлүм болды бүл дүниеден. Мақшарда халықтарың жиналғанда, Мен сізді қайдан іздеп таба аламын?" Пайғамбар жауап берді Фатимаға: "Жаннаттан үшырарсың барып маған. Ол жерде нүр дидарың кез болмаса, Қос кәусар суларына барғын және Үммәтке су берермін анда барып, Адассаң ол жерден таппай қалып. Күнәкар үммәтімді өткізермін, Сиратқа қарағайсың назар салып. Ол жерден жолықпасаң болып нәсіп, Қарағын таразыдан жақын барып. Сауабы жеңіл келген үммәтімнің, Түрамын таразыны қолмен басып. Егерде ол жерден әм болмасам кез, Жаһаннам жиегіне қарағын тез. Үммәтімді отқа салмай алармын" деп, Пайғамбар есін білмей жүмды-ау көз. Дүниенің сол уақытта кетті сәні, Он сегіз мың ғаламның меһрибаны. Оң қолымен көтеріп жүзін сипап, Үммәтім деп жыбырлап шықты жаны. 117


Пайғамбар алпыс үште сапар қылды, Опасыз дүние осылай тамам болды. Ай мен күн,»жүлдыздар жарық бермей, Бір айдай қараңғы боп күйіп түрды. Күюмен білінбеді күн мен түні, Хақ Расул сапар шекті дүйсенбі күн. Пайғамбар жер жүзінен кеткеннен соң, Дүниені содан бері пәле жеңді. Қайғыға үшыратты сақабасын, Қалың ел қалайша кайғырмасын. Шәрияр, сақабалар, бар періште, Қосылып оқыды Расул жаназасын. Жылады қүрт-қүмырска жер менен көк, Тау мен тас, су мен ағаш, күңіренді көп. Табиғат, бар макүлық зар жылады, Пайгамбар жер бетінен кетті енді деп, Жаназасын шығарып, көрге қойды. Өзі айтқан өсиетте жерге қойды. Алдынан жақүт, гауһар, алтын шашып, Періште, хор қыздары қылды тойды. Бүл кисса осылайша болды тамам, Сақтасын хақ тағала пәлелерден, Күнәсі көп пенде едік біз бір надан.


сөз соңы Мүхаммед пайгамбар, өз замандастарының айтуынша, орта бойлы, кең иықты, тарамыс адам болыпты. Қолы мен аягы үлкен екен. Жас кезінде таң каларлықтай шымыр да кайратты-тын, кейінірек денесі толысыңқыраған. Басы үлкен, бірақ тіп-тік, келісті мойнымен түтаса жарасып түрган. Биік мандайы самайына карай кеңейе түсіп, ашу шакырганда және әлденеге беріліп, катты ойланганда тамырлары білеулене көрінетігі еді. Жүзі сәл сопақшалау, бет-бейнесі өзгеше келісті, айқын мәнерлі, кыран тектес қыр мүрынды, көзі кара, тік күламалы қалың қара қасты, үлкендеу, бірақ икемді аузы сезге шешен екендігін білдіретін. Әппақ тістері аз ғана сиректеу және сәл-пәл қисықтау көрінетін, теп-тегіс, жатық шашы иығына жете төгілсе, қаба сақалы да үзын еді. Ол тегінде салмакты да салиқалы сөйлейтін, кейде әдемі әзілдейтін, көбінесе байсалды да парасатты нүрга бөленіп, айналасына ерекше әсер калдыратын, әсіресе оның күлімсіреу гадеті жүртты баурап алатындай тартымды болган деседі. Бет-жүзі арабтарга тән қызыл шырайлы, ал шабытқа бөлене шаттанган шақтарында екі беті алаулай жанып, отқа орангандай болатыны соншалықты, әдетте шәкірттері пайгамбарлықтың сәулесі деп білген. Оның ақыл-ой қабілетінің орасан болғандығына дау жоқ және ондай қасиетін ешкім де жоққа шығара алмайды. Оның зерек зейінділік, жадында күшті сақтағыштық дарыны тамаша болды, киялдау айрықшылығы, тапқырлық даналыгы таң қалдырған. Тәрбиенің, білім алудың жеткіліксіздігін ол үқыпты байқағыштығымен кеңейтіп, алуан түрлі дін ілімдерін терең меңгерді. Әдетте оның сөздері мәнді де манызды, үзіліссіз-үздіксіз, накылдар мен өсиет әңгімелерге толы болады екен. Көп реттерде пайгамбар ерекше шабыттанып, сөзшеңдігі өзгешеленіп 119


көрінетін, оның әуенді де әуезді үні шешендік қасиетін арттыра түсетін-ді. Ол асқан парасатты да салауатты болды, тамақты тежеп ішті, оразаны қатан үстады. Ол өзінің киім киісі мен жүріс-түрысында да өте үстамды болды, қарапайым әсірелік, мәнсіз ерекшелену секілді гадеттерге іштей қарсы болған. Кейде жүннен, кейде иеменнің жолақ мақта матасынан тігілген киімдеріне жамау-жасқаулар да жиі-жиі кездесетін. Ол әдетте басына сәлде орап, оның бір үшы екі иығының ортасына тиіп түратындай етіп түсіріп қоюшы еді, өзінің айтуына қарағанда, періштелер де сәлдені тап солай орайды екен. Ол таза түтас жібек матадан кигенді дүрыс көрмей, оған тыйым салды, зығыр талшығы аралас киінуді қалады. Қызыл мата мен алтын сақинаға да мүқым тыйым салды. Өзі "Мүхаммед — Алланың өкілі" деген өрнегі бар күміс жүзік салып алатын және әлгі өрнекті ішкі жағын алақанына қаратып қоятын. Пайғамбар тазалықты жоғары бағалайтын, өзі бой-басын мүнтаздай таза үстады, жиі-жиі дәрет алып, жуынатын болған. Көп жағдайда тәтті нәрселерге қүмар болыпты. "Дүниеде екі нәрсе мені қатты шаттандырады,— деді ол.— Әйел және үнамды иіс. Осынау екі нәрсе мені қуаныш нүрына бөлеп, дүға жасауыма ынта-ықыласымды шарықтата, биіктете түседі". Әйел затына деген ынтықтық оның барлық ісіне әсер етті. Білетіндердің айтуынша, ол керемет сүлу әйел қатысып отырған жерде өзінің мандайын үздіксіз сипап, шашын түзеп, неғүрлым үнамды көрінуге тырысқан. Оның қанша әйелі болғаны белгісіз. Пайғамбардың өлер алдыңда тоғыз әйелі болғаны рас, олардың әрқайсысы бөлек, жеке-жеке, бірақ бәрі де Мәдина мешітінің теңірегінде түрған. Балаларының ішінде тек қана қызы Фатима ғана әкесінен соң, бірақ оның өзі де артынша көп үзамай дүние салды. Өзінің жеке істерінде де пайғамбар адал да әділ болды. Ол достарына да, сырттан келгендерге де, бай мен кедейге де, күшті мен әлсізге де бірдей қарады, ал қарапайым халық оны жылы шырайлы жарқындығы үшін, өздерін қашанда шуақты пейілмен қарсы алып, барлық тілекөтініштерін ықыласпен тыңдап, әділ шешетіні үшін үнатады. Мінезі ашушаңдау, бірақ жүрек жүлкынысы мен қызулығын билей аларлықтай үстамды еді, тіпті жайбарақат үй жағдайының өзінде парасаттылықтан айнымай, 120


айналасына мейірімділікпен және кешірімділікпен қарайтын. Пайғамбар көптеген "кереметтерді" оның атына беталды жапсыра берушілік әдеттерді жоққа шығарып отырған, тек қасиетті Қүранды ғана өзгеше бағалап, кереметтердің ішіндегі керемет санады, оның теңдессіз артықшылықтарын дәлелдеді, аспаннан түскен асыл ретінде табынып өтті.


МА3 М ҮН Ы Сез басы Хазіреті Расулдыц дүниеге келуі Расулдыц бабасы Ғабдулмақлаптыц оқиғасы Ғабдулмақлаптыц опат болуы Әбутэліптің Расулды Басраға алып барғаны Расулдыц Хадишаға некеленуі Расулға пайғамбарлымын келуі Әбубакірдіц дінге кіруі Расулдыц қүрайыштарды дінге тартканы Күрайыштардыц Хабш жұртына елші жібергені Набүттіц алтыншы жылындағы окиғалары Расулдыц ғарышқа сапары Табим Хамри падиша хикаясы Пайғамбардын Мадинаға сапары Хазіреті Расулдыц үнгірді мекендеуі Расулдыц үнгірден шығуы Расулдыц Мәдинаға келуі Мұхаммед пайғамбардыц Алладан хабар алғаны Расул ғалайһіссаламнын ақырғы өсиеті Періштелердіц хабар беруі Свз соны

122

3 8 13 19 21 26 34 37 41 49 54 57 74 79 83, 90 95 99 103 110 120


ШАДИ ЖАНГИРУЛЫ НАЗЫМ СИЯР ШАРИФ (Поэма о пророке Мухаммеде) На казахском языке Редакторы Н. А қ б а е в Суретшісі Б. А к а н а е в Көркемдеуші редакторы| Б. Т а б ы л д и е в | Техникалык редакторы Ф. О в ч и н н и к о в а Сарапшы редакторы Ә. С м а ғ ү л о в а ИБ №229 Теруге 12.04.94 жіберілді. Басуға 27.01.95. кол койылды. Пішімі 84 х 1081^2 Офсеттік басылыс. № 1 баспаханалык кағая. Шартты баспа табағы 6,7. Есептік баспа табағы 7,0. Тапсырыс № 2334. Таралымы 7000 дана. Бағасы келісімді. Қазакстан Республикасы Білім министрлігініц "Санат" мемлекеттік баспасы, 480012, Алматы қаласы, А. Байтурсынүлы көшесі, 65 "А" үй. Казакстан Республикасы Баспасөз және бүкаралық ақпарат министрлігінін "Кітап" полиграфиялық кәсіпорындары өндірістік бірлестігінін Кітап фабрикасы, 480124, Алматы каласы, Гагарин данғылы, 93-үй


АЛДАҒЫ ЖЫЛДАРЫ КАВДАЙ КІТАПТАР ЖАРЫҚ КӨРМЕК? Үлы Абайдың 150 жылдығына — Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ, "Восхождения Мухтара Ауезова к Абаю" (1994 жылдың соңында шыкты., оку күралы, орысша). — Мүхтар ӘУЕЗОВ, "Абай Қүнанбаев" (оқу қүралы, монографиясы мен бүрын-соңды жарияланбаган мақалалары, қазақша). — Сәбит МҮҚАНОВ, "Жарық жүлдыз" (оқу қүралы, зерттеу макалалары, қазакша). — Түрсын ЖҮРТБАЕВ, "Жан бостандыгы немесе рухани тәуелсіздік" (философиялык толғамдар, казакша). — Өтеген КҮМІСБАЕВ, (қазақша).

"Абай

және

Шығыс"

Үлы Жамбылдың 150 жылдығына

— Есмағамбет ЫСМАЙЫЛОВ, "Жамбыл және баска ақындар" (оқу қүралы, қазақша). — Авторлар үжымы, "Жамбыл — менің жай атым" (естеліктер, казакша). Халқымыздың аяулы перзенті, қоғам және мемлекет қайраткері — Дінмүхамед ҚОНАЕВ туралы казақша және орысша — екі естелік кітабы күрастырылса, өзінің "От Сталина до Горбачева" (орысша), "Ақиқаттан аттауға болмайды" (қазакша) кітаптары жарық көрді (Қазақстанның соңғы елу жылдық тарихы, көмекші оку қүралы). Сондай-ақ Сіздің назарыңызға: — Мәлік ҒАБДУЛИННІҢ "Қазақ халкының ауыз әдебиеті" (оқулық, казақша, 2-басылуы). — Шерияздан ЕЛЕУКЕНОВТІҢ "Мағжан" (оку күралы, қазақша). — Оралхан БӨКЕЙДІҢ "Өнерге өлердей-ақ ғашық едім" (Жас каламгерлерге арналған көмекші оку қүралы, қазақша), 124


— Телжан ШОНАНҮЛЫНЫҢ "Жер тагдыры — ел тагдыры" (оку күралы, қазақша), — Ермүхан БЕКМАХАНОВТЫҢ "Қазақтың XIX ғасырдағы тарихы" (оқулық, казакша), — Санжар АСПАНДИЯРОВТЫҢ "Қазақстан тарихының очерктері" (оқу қүралы, қазақша), — Алексей ЛЕВШИНШҢ "Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей" (окулық, орысша), — Д. ОССОННЫҢ "От Чингисхана до Тамерлана" (оқу қүралы, орысша), — Темірбек ҚОЖАКЕЕВТІҢ "Сара сөздің сардарлары" және басқа да ондаған оку әдебиеттерін үсынамыз. Хат-хабар күтеміз!


"САНАТТЫҢ" КІТАПТАРЫ Еліміздің тәуелсіздігімен қатар дүниеге келген "Санат" мемлекеттік баспасы — республика жогары және орта арнаулы оқу орындарына аса зәру оқу әдебиеттерін шыгаратын бірден-бір мамандандырылған баспа. Тек соңгы жылдары студенттер мен білімге қүштар жастарымыз оқу багдарламасына сәйкес гылымның отызга жуық саласы бойынша шыққан оқулықтар мен оку қүралдарын қуана қарсы алды. Баспамен тікелей хабарласып (Алматы қаласы, 480012, А. Байтурсынүлы, 65 "а" үй; телефондар: 67-00-44, 67-30-84, 67-14-51), қолга түсе бермейтін мынадай кітаптарды алдыртуыңызга болады: Әдебиеттен: — Әуелбек ҚОҢЬТРАТБАЕВ, "Қазак әдебиетінің тарихы" (окулық, қазақша). — Түрсынбек КӘКІШЕВ, "Қазақ әдеби сынының тарихы" (окулық, қазақша). Тілден: — Кәкен АХАНОВ, "Тіл білімнің негіздері" (оқулык, қазақша). — Рәбига СЫЗДЫҚОВА, "Сөздер сөйлейді" (оку қүралы, қазақша). — Сәрсен АМАНЖОЛОВ, "Қазак әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы" (оқулық, қазакша). Тарихтан: — Хамид МАДАНОВ, Чапай МУСИН, "Үлы дала тарихы" (оқу қүралы, қазақша). — Серік МӘШІМБАЕВ, "Патшалық Ресейдің отарлық саясаты" (оқу қүралы, қазақша). — Талас ОМАРБЕКОВ, "Зобалаң" (оку күралы, казақша). Этнографиядан: — Авторлар үжымы, "Күйеу келтір, қыз үзат, тойыңды кыл" (қазақ салт-дәстүрі, әдет-гүрлы туралы жинақ, казақша). — Уахит ШӘЛЕКЕНОВ, "Әлем халықтарының этнографиясы" (оқу қүралы, қазакша) 126


Сөздіктен:

— Ислам ЖЕМЕНЕЙ, "Парсыша-қазақша және қазақша-парсыша сөздік" — Асқарбек ҚҮСАЙЫНОВ, Болат НҮРЖАНОВ т. б., "Электр техникасы мен энергетикасы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі". .— Роза ҚАЙЫРБАЕВА ж. б. "Немісше-қазақша тілашар". Спорттан:

— Әбдісалан НҮРМАХАНОВ, "Боксшы болғың келе ме?" (көмекші оқу қүралы, қазақша). Математикадан:

— Қүлжабай ҚАСЫМОВ, Еділ ҚАСЫМОВ, "Жогары математика" курсы.


ҚҮРМЕТТІ ОҚЫРМАН! Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің мамандандырылған "Санат" мемлекеттік баспасы халқымыздын дүлділ ақындарынын бірі Шәді Жәцгірүлының 140 жылдығына орай, оның қазак көркем әдеби мүрасыныц алтын қорына қосылатын "Назым Сияр Шәриф" дастанын назарларыңызға үсынып отыр. Жылдар бойы сартап болған бүл шығарма — Мүхаммед пайғамбарымыздың өмірі туралы шешіре ғана емес, ол адалдықтың, адамгершіліктің, ізгі қасиеттердің, имаңдылықтың ақ жолын алдыцызға тартатын асыл мүра. Еңцігі төрелік өздеріңізде. Кітап жайлы үсыныспікірлеріңізді, ойларыңызды күтеміз. М е к е н-ж а й ы м ы з: Алматы қаласы, 480012, А. Байтурсынүлы көшесі, 65 "а" үй, телефондарымыз: 67-00-44, 67-30-84, 67-14-51, "Санат" мемлекеттік баспасы.

ОҚЫРМАН ҚАУЫМ! "Санат" мемлекеттік баспасы жоғары және арнаулы орта оқу орындары (соның ішіңде гимназия, лицей, колледж) үшін оқу қүралдарын шығарады. Тиісті жылдың тақырыптық бағдарламасына енген кітаптарға алдын ала тапсырыстар беруге шек қойылмайды. Барлық кітаптардың бағасы — келісімді. Жарық көрген оқу қүралдарын тікелей баспадан өз қүнына, үстеме бағасыз сатып алуға болады.




Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.