7 наурыз, сейсенбі 2017 жыл №26 (15053)

Page 1

Әйел адам гүлмен тең!

Ñ

Абай Құнанбайұлы

àðûàðêà

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ГАЗЕТІ www.saryarka-samaly.kz

1929 ЖЫЛҒЫ 15 АҚПАННАН ШЫҒАДЫ

7

наурыз, сейсенбі 2017 жыл №26 (15053)

ñàìàëû

Халықаралық әйелдер күні з науры

Әлемді

мойындатқан Әлия

Анашым Асыл ана! Түсімде көрем сені, Бұрынғыдай емессің неге еңселі? Мен білсем, саған деген сағыныштың, Осынау жұмыр жерде жоқ өлшемі. Тербеп сол сағыныштың күшті ырғағы, Елжіреп елесіңді құштым тағы. Хат байлап қанатына жіберер ем, Бармайды-ау, біздің жаққа құстың бәрі. Не таптым, белден кетіп бетегелі?! Қалаға қаңғыбас ой жетеледі. Жақұттап жазу үшін осы өлеңді, Он жылдық білімім де жетер еді. Дүние шыр айналып шарайнадай, Жолыма қала бердің қарай-қарай. Қайырымсыз қалаға мейірімді Қалдырып кете бергем қалай ғана-ай?!

Білмеймін, бұл қаладан бақ табам ба? Жабығып жүргендеймін жат ғаламда. ...Тарылған көшелері тас қаладан, Тарыдай бір мейірім таппағанда Сені сағынып кетем, анашым! Қалқаман САРИН.

Суретті түсірген - Дархан Өмірзақов.

Ал бүгін ақын болды ақылды ұлың, Жанымды жегідей жеп жатыр мұңым. Ардақтап арнамасам саған өлең, Адыра қалатындай ақындығым.

Спорт деген сиқырлы әлемнің есігін алғаш қаққанда Әлия Мейрамғалиева сегіз жаста еді. Содан бергі өмірі осы саламен сабақтас. Уақытында менменсіген талай мықтының мысын басқан саңлақ спортшы атанды. Қазір талантты ұл-қыздардың талабын ұштар білікті бапкер. Ең бастысы – ұлтының қорғаны болар ұрпақ тәрбиелеп отырған ұлағатты ана. Жалғасы 3-бетте

Ертең футболдан ел чемпионатының шымылдығы түріледі. Осыған орай, «Сарыарқа самалы» футболсүйер қауымның назарына «Ертіс» футбол клубының биылғы жаңа құрамы мен біріншіліктің күнтізбесін ұсынып отыр. Сүйікті командамызға жанкүйер болайық!


БӘРЕКЕЛДІ!

2

7 наурыз, сейсенбі, 2017 жыл

АҚПАРАТ

www.saryarka-samaly.kz

Жеңісі үшін - жаңа пәтер!

Қымбатты аналар! Құрметті арулар!

Алматыда өткен 28-інші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың мультимедалисі Анна Шевченко Павлодар қаласынан екі бөлмелі пәтерге ие болды. Кеше облыс әкімі Болат Бақауов спортшыға жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Фархат ӘМІРЕНОВ

Болат Жұмабекұлы өз сөзінде Универсиадаға қатысқан павлодарлық спортшылардың аяқ алысын жіті бақылағанын атап өтті. Сондай-ақ, ел қоржынына 5 жүлде салған Анна Шевченконың табандылығына тәнті болғанын жеткізді. Б.Бақауов ел намысын абыроймен қорғаған жергілікті спортшыларға алғыс айтты. Өз кезегінде спортшы қыз да әрбір жарыстан кейін арнайы телефон шалып, қуанышына ортақтасқан Болат Жұмабекұлына ризашылығын білдірді. А.Шевченко Универсиададан кейін Эстония және Финляндия елдерінде өткен жаһандық жарыстарға қатысты. Оның ендігі мақсаты – келер жылы Корея Республикасында ұйымдастырылатын қысқы Олимпиадаға жолдама алу. Сондықтан ол төрт жылдықтың басты додасына тыңғылықты дайындықты бастайды. Естеріңізге сала кетейік, Универсиадада Павлодар облысынан 10 спортшы өнер көрсетті. Олар шаңғы жарысы, биатлон, шайбалы хоккей спортынан сынға түсіп, 11 жүлде ұтып алды. Облыс әкімі Б.Бақауов Универсиадада жүлде иеленген өзге спортшылармен және олардың бапкерлерімен 1 сәуір күні, қысқы жарыстар маусымы аяқталған соң кездесетінін айтты. С

ИНВЕСТИЦИЯ

Қысқы дизельді отын шығармақ

Қыстың қақаған аязында қолданатын жанар-жағармайы қатып қалып, көліктер от алмай жатады. Алдағы уақытта жүргізушілер үшін мұндай қиындық туындамауы тиіс. Себебі жеке инвестордың қаржысы есебінен Екібастұз қаласына қарасты Шідерті кентінде қысқы дизельді отын шығаратын зауыт іске қосылмақ. Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА Жоба авторы әрі кәсіпорын құрылтайшысы Қайырлы Галиев Ресейде ұзақ жыл бойы мұнай саласында қызмет атқарған. Соңғы 10 жылда біздің елде аталмыш салада кәсібін дөңгелетіп отыр. Мәселен, «Бозшакөл» кен байыту комбинатының құрылысы барысында қажет өнімдерді жеткізген. Сол кезде қыс мезгілінде солтүстік өңірлерде көлік жүргізу, тауарларды жеткізу, жолаушыларды тасымалдауда ауыртпалықтар болатынын байқап, зауыт ашу туралы шешім қабылдайды. Бүгінгі күні бұл іске кірісіп те кетті. - Шідерті кентіндегі бос базды сатып алып, соның негізінде өндіріс орнын ашпақпыз. Жобаға кіріскен уақыттан бастап облыс басшылығы тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Ендігі кезекте жерді жалға алуды 7 жылға дейін ұзарту қажеттілігі туындап отыр. Бі р жыл аралығында, мүмкі нді к болса осы жылдың соңына дейін зауыт

жұмысын бастаймыз, - деді Қ.Галиев. Жобаның жалпы құны – 1 млрд. 772 млн. теңге. Бұл соманың 30 пайызы – кәсіпкердің алғашқы жарнасы, қалған 70 пайызын екінші деңгейлі банктен несиеге алған. Айына 4 тонна, жылына 30 тоннаға дейін қысқы дизельді отынды нарыққа шығармақ. - Бұған дейін ғалымдар Павлодар, Атырау, Шымкент, Қызылорда қалаларындағы зауыттарда өндірілетін жазғы дизельді отындарды зерттеуден өткізіп, павлодарлық кәсіпорындар өнімінің сапасы өзгелерден жоғары екенін анықтады. Сондықтан шикізат ретінде жергілікті жанар-жағармайды қолданамыз. «Бозшакөл», «Богатырь Көмір», «Майкөбе» сияқты кәсіпорындарды қамту жоспарда бар. Жазғы уақытта ірі компаниялар қысқа дайындалып, қор жинайды. Яғни, негізгі бағыт қысқы өнім шығару болғанмен, жыл бойы үздіксі з жұмыс і стейтін боламыз. Сонымен қатар, жылына 1200 тонна АИ-92 маркалы бензинін дайындаймыз. Ал зауыт іске қосылып, аяққа нық

М.Катаев атындағы оқушылар сарайында «Достық шеберханасы» атты облыстық балалар шығармашылығы сайысы өтті. Шараға өңіріміздің түкпір-түкпірінен 136 оқушы қатысып, шеберліктерін сынады. Байқауға балалардың өз қолынан шыққан 157 жұмыс ұсынылды. Олардың ішінде түрлі-түсті сәндік бұйымдар, мүсіндер, ойыншықтар бар. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер жас ерекшелігіне байланысты 3 санат бойынша анықталды. Сайыс қорытындысы

бойынша «Бейнелеу өнері» аталымында ең кішкентай қатысушылар арасында оқушылар сарайындағы «Сымбат» өнер студиясының тәрбиеленушісі Каролина Анцельм «Бірге үстел басында» атты жұмысымен бас жүлдені жеңіп алды. Осы аталым бойынша 10-14 жастағы ересек балалар санатында Ақтоғай ауданы Жамбыл орта мектебінің оқушысы Дария Секебайдың «Ұлттар

Болат БАҚАУОВ,

Павлодар облысының әкімі.

тұрған соң Еуро-5 стандарттарына сай келетін өнімді шығаруға ниет бар, - дейді инвестор. Облыс әкімі Болат Бақауов бұл біздің облыс үшін аса қажет әрі маңызды жоба екенін атап өтті. - Қыста жанар-жағармай қатып қалып, қоғамдық көліктердің, жалпы техникалардың жүруінде қиындықтар туындап жатады. Қысқы дизельді отынның болмауы кәсіпорындар жұмысына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал Шідертіде ашылатын зауыт мұндай ауыртпалықтарға жол бермейді деп ойлаймын. Нақты жоспары бар, мақсаты айқын кәсіпкерге облыс әкімдігі тарапынан қолдау болады. Оған қоса, кез келген дүйсенбі күні инвесторлардың жобаларға қатысты мәселелерін тыңдауға дайынмын, деді Б.Бақауов. «Alef trade» деп аталатын жаңа зауытта 28 жұмыс орны ашылмақ. Жергілікті тұрғындарды ресейлік білікті мамандар оқытып, тәжірибемен бөлісетін болады. Ал жұмысшыларды баспанамен қамту мақсатында кәсіпкер Шідерті кентінде құрылысы басталып, аяқталмай қалған бос ғимаратты сатып алуды көздеп отыр. Мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолайлы жағдай жасалады.

«Достық шеберханасы»

Баршаңызды 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шуақты көктемдегі осынау көрікті мерекенің қай заманда да орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан өшпек емес. Сіздер - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегісіздер! Қазақ халқының тарихында әйел-ананың рөлі қашанда елеулі болған. Ақ жаулықты аналарымыз еріне тірек, ел бірлігіне тұтқа болғаны белгілі. Қазіргі қоғамда да еліміздің дамыған мемлекеттермен терезесі тең болып, гүлденуіне елеулі үлес қосып келе жатқан қайраткер аналарымыз, апа-қарындастарымыз жетерлік. Қазақстандық әйелдер билік пен бизнесте, ғылым мен мәдениетте де ерекше қабілетімен танылуда. Дана халқымыз әйел затын ерекше құрметтеп, «Ізгілік пен бақыттың бастауы – әйел-ананың қолында» деп сенген. Сіздер кез келген ауыртпалықты қайыспай көтеріп, мемлекетіміздің дамуына айрықша үлес қосып келесіздер. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз еліміздің дамуына үлкен серпін беруде. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің әр Жолдауында Қазақстанның басты байлығы – ана мен бала капиталын сақтап, олардың бақытты өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айтумен келеді. «Күннің шуағы жылы, Ананың құшағы жылы», демекші, дүниеде ананың балаға және барша адамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Сіздерге төл мерекелеріңізді шат-шадыман көңіл-күймен қарсы алып, қуанышты күндеріңіздің көп болуын тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!

БІЛІМ

достығы» жұмысын қазылар алқасы үздік деп танып, 1-орын берді. Ал 14-16 жастағы жасөспірімдер арасында Май ауданындағы балалар өнер мектебінің оқушысы Дильназ Тасболатова жеңімпаз атанды. Барлық жеңімпаз балалар дипломдармен марапатталды. Оларды дайындаған ұстаздарға облыстық білім беру басқармасының Алғыс хаты жолданды. Н.АҚЫТЕГІ.

КЕЗДЕСУ

Іскер әйелдер бас қосты

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада облыстық саясаткер әйелдер клубының мүшелері бас қосты. Жиын бүгінгі заманда қыз-келіншектердің қоғамдағы рөлін одан ары арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Мереке АМАНТАЙ Басқосуға облыстық саясаткер әйелдер клубының төрайымы Ирина Фогель, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Алтын Имантаева, Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының директоры Гүлнәр Исенова қатысып, баяндама жасады. Жиында еліміздегі гендерлік саясаттың жүзеге асуы жан-жақты талқыға түсті. - Мұндай шаралар соңғы жылдары жиі ұйымдастырылып, игі бастамаға айналып келе жатыр. Дәстүрлі түрде өткізі летін і с-шараға айналды. Жиын барысында қоғамның әр түрлі салаларында белсенді қызмет атқарып жүрген әйелдер жиналып, өздері жетекшілік етіп жүрген саладағы өзекті мәселелерді ортаға салып, ой бөлісіп, пікір алмасады. Аталмыш шара түрлі мәселелердің шешілуіне ұйытқы болатын игі бастама деп ойлаймын, - дейді облыстық саясаткер әйелдер клубының төрайымы Ирина Фогель. Сондай-ақ, аталмыш жиын барысында Павлодар облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясының бастамасымен, облыстық мемлекеттік мұрағатының, Потанин атындағы облыстық тарихиөлкетану музейінің және С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен көрменің салтанатты ашылуы өтті. Онда еліміз және облысымыздың дамуына айтарлықтай үлес қосқан әйелдерді ң рөлі туралы кітаптар, суреттер, арнайы құжаттардағы деректер келтірілген. Сондай-ақ, көрермен назарына «Фиалочка» клубының мерекелік гүлдер көрмесі де ұсынылған.


АЙНА

БРИФИНГ

www.saryarka-samaly.kz

Қатерлі дерттен қауіп көп

Облысымызда онкологиялық ауруларды ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Обырмен сырқаттанғандар қатары жыл санап көбеюде. Мәселен, былтыр аймақ тұрғындарының жаман індетке шалдығу көрсеткіші 4,9 пайызға артқан. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Оразалин мәлім етті. Нұржайна ШОДЫР Аймағымызда қатерлі ісік ауруларының алдын алу мақсатында скринингтік тексеру, басқа да түрлі медициналық іс-шаралар қолға алынғанымен, қауіпті дерттен болатын өлім-жітім бәсеңдемей отыр. Өткен жылы обырдан көз жұму көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 141,9-ды құраған. Нұрлан Оразалиннің айтуынша, 2015 жылы да бұл көрсеткіш сақталған, яғни, оң нәтиже жоқ. Сондай-ақ, 2016 жылдың қорытындысы бойынша нәресте өлімі салыстырмалы кезеңге қарағанда 16,9 пайызға артқан.

Бұл көрсеткіш республикалық деңгейден төмен болғанымен, сәбилерді ң өмі рі н сақтап қалуда әлі де мәселелер баршылық. Есесіне аймағымызда туберкулезге шалдығу көрсеткіші едәуір төмендеген. Айталық, былтыр құрт ауруын жұқтырғандар саны 2015 жылмен салыстырғанда 7,7 пайызға, ал өлім-жітім 16,7 пайызға азайған. Атап өтерлігі, аймақта денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі жылдан–жылға артуда. - 2015 жылы осы саланың бюджеті 35,5 млрд. теңгені, ал 2016 жылы 42,5 млрд. теңгені құрады. Сондай-ақ, алдыңғы жылы бір тұрғынға арналған шығын

46 352 теңге болса, былтырғы мөлшер 56 248 теңгеге дейін өсті. Жалпы, облысымызда халық денсаулығын жақсартуға бағытталған шаралар жүйелі түрде қолға алынуда. Биыл ана мен бала өлімінің алдын алу, қатерлі і сіктен болатын өлімжітімді азайту, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру, 2 емдеу мекемесінің құрылысын аяқтау және мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің аясында 5 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, деді Н.Оразалин. Сонымен қатар, ол осы жылы облыстық диагностикалық орталық пен №3 қалалық аурухананы жекенің басқаруына беру жөніндегі жоба әзірленетінін және Павлодар қаласында үндістандық «Shapoorji Pallonji» компаниясының көмегімен жаңа облыстық аурухана құрылысын салу көзделіп отырғанын жеткізді. - Қазіргі таңда жаңа емдеу мекемесінің қабырғасы қаланатын орынды қарастырып, жер телімін бөлу мәселесі қолға алынуда. Шыны керек, облыстық аурухананың бой көтергеніне көп уақыт өтті. Сондықтан болашақта шамамен 500 орындық облыстық стационар ел игілігіне берілетін болады, деді Нұрлан Мұратханұлы.

Жалтара алмайсыз Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА Пәтерлерін жалға беретіндер үнемі газет, теледидар, ғаламтор арқылы жарнама жасап жатқаны... Олардың хабарландыруларын уақытша пана болар баспана іздеушілер ғана емес, салық және ішкі істер органдарының мамандары да назардан қалт жібермейді. - Өкінішке қарай, қалаларда пәтерді заңсыз жалға беруші жеке тұлғалар бар. Олар тұрақты түрде табыс тапқанмен, мемлекет қазынасына салық төлемейді. Осындай жолмен нәпақа тауып

отырған адамдарды анықтау мақсатында хабарландыруларды тұрақты түрде қарап, тәртіп сақшыларымен бірге рейдтер жүргіземіз. Сонымен қатар, жыл басынан бері уақытша тіркеудің енгізілуі өз нәтижесін беруде. Бірқатар «көлеңкедегі» кәсіпкерлер анықталды, - деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген Сәрсембаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Такси жүргізушілеріне қатысты да осы сияқты шаралар қолданылуда.

Бүгінгі күні Павлодар қаласында 44 таксопарк жұмыс істейді. Ал кешенді шаралар нәтижесінде 100-ден астам жүргі зушінің такси қызметі арқылы тапқан табысын жасырып қалғаны анықталды. Айта кетелік, департамент жанында экономикалық тергеу қызметі жұмыс істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 352 қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, 201 іс сотқа жіберілді. Аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 3 млн. 734 мың теңгеден астам соманы құрады. Бұл ретте жұмыс күшін заңдастыру бағытында да ауқымды жұмыс атқарылды. Былтыр 2000-нан астам жұмысшы заңдастырылып, қазынаға 172 млн. теңге салық түсті. Жалпы, өткен жылы мемлекеттік кірістер департаменті арқылы бюджет 235 198,9 млн. теңгеге толықты.

ВЕТЕРИНАРИЯ

Пастереллез бе, әлде... Екібастұз қаласына қарасты Тай ауылының тұрғындары қорасындағы ірі қараның жағдайына алаңдап отыр. Бүгінгі күнге дейін аталмыш елді мекенде 50-ден астам мал арам өлген. Облыстық ветеринария саласының мамандары шығынға ұшыраған түлік пастереллез ауруына шалдыққан деген болжам айтып отыр. Ауруға шалдығып, шығын болған ірі қараның басым бөлігі жергілікті «Гриценко» шаруа қожалығына тиесілі. Малдардың барлығының ауруының белгілері ұқсас. Ауыздарынан көбік ағып, бірден әлсіреп қалған. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, ауру малдардың қаны зерттеліпті. Алдын ала анықталған болжам бойынша ірі қара пастереллез ауруына шалдыққан. Мамандар бұл адамдар үшін зиянсыз екенін айтып отыр. Қазіргі кезде тиісті мекемелермен мал ауруының тарау себептері анықталуда. Тай ауылында ветеринарлық дәрігерлер тәулік бойы кезекшілік жүргізуде. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қайыржан Байжановтың сөзіне сүйенсек, аталған елді мекендегі малдардың барлығы жаппай ауруға шалдығып жатыр деп айтуға болмайды.

3

Құрметті, аяулы әйелдер қауымы!

САЛЫҚ

Облыстағы үш қалада пәтерді заңсыз жалға беретін адамдардың қатары қалың екені жасырын емес. Тұрғындардың басым бөлігі салық органдарында тіркелмей-ақ табыс тауып отыр. Мұндай «көлеңкелі» бизнеске шектеу қою үшін құзырлы орган өкілдері түрлі шаралар қолдануда. Сондықтан жауапкершіліктен жалтарамын деу – әбестік.

7 наурыз, сейсенбі, 2017 жыл

- Арудың белгілері ерте анықталса, ірі қараны емдеп шығаруға болады. Әзі рге, алдын ала тексерулерді ң нәтижесі бойынша пастереллез деген диагноз қойып отырмыз, - дейді облысымыздың бас ветеренары. Атап өтерлігі, Тай ауылында барлығы 2 мыңнан астам ірі қара бар. Облыс бойынша пастереллез ауруы соңғы рет 2010 жылы тіркелген.

Д.АЙТПАЙ.

Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл тамаша және айрықша мерекені жер беті ерекше жылулықпен атап өтеді, өйткені ол адамзаттың әсем жартысына бі зді ң қоғамның шексі з құрметі н бейнелейді. 8 наурыз біздің әжелерімізге, аналарымызға, жұбайларымызға, қыздарымызға — біздің жүрекке жақын барлық әйелдерге деген ең мейі рі мді сезі мдерге толы. Сі здер айналадағыларды ерекше күш-жігермен, еңбекқорлықпен және мейірімділікпен шабыттандырасыздар. Бүгінгі күні қоғамда гендерлік саясатқа, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінуде. Әйелдер қауымының өкілдері Павлодар қаласының дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қоса отырып, экономиканың барлық салаларында жемісті еңбек етуде. Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт және отбасылық амандық тілеймін! Әрдайым айналадағы жандардың махаббатына бөленіп, сүйікті болып қала беріңіздер! Бақытты болыңыздар!

Н.ӘШІМБЕТОВ, Павлодар қаласының әкімі.

Әлемді мойындатқан Әлия Басы 1-бетте Фархат ӘМІРЕНОВ Өзін спорт жанкүйерімін деп санайтын аймақ тұрғындарына оның есімі таңсық емес. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында барған жарысынан жүлдесіз қайтпайтын балуан қыздың өнеріне сүйсініп, таңдай қақпаған адам кемде-кем. Самбо, дзюдо, қазақ күресі секілді спорттың жекпе-жек түрлеріне жетік Әлия Жұмабекқызы өзінің бұл саладан алыстамайтынын бала күнінде-ақ түсінген. Себебі, өскен ортасында спортшылар топтасқан. - Әкем Жұмабек Мейрамғалиев Павлодар облысында алғаш болып самбо күресінен спорт шебері атанған жан. Қазақстанға танымал жаттықтырушы. Оның бауырлары да, нағашыларым да күреспен айналысқан. Осындай ортада тәрбие көрген менің спортшы болмауым мүмкін емес еді. Иә, алғашында акробатикамен шұғылдандым. Алайда қанға сіңген балуандық қасиет мені күрес залына тартты да тұрды. Әкем қарсы болды. «Балуандық қыздарға тән емес» деді. Ақыры «Қызығушылығың түбі бір басылар» деп жолыма көлденең тұрмады. Бірақ, алған бетімнен қайтпадым. Алғашқы жаттықтырушым нағашым Аслан Мунтынов болды. Спорттағы жолым осылай басталды, - дейді Әлия Жұмабекқызы. 1994 жылы бұрынғы Югославияның (қазіргі Босния және Герцеговина) Нови сад қаласында самбодан әлем біріншілігі өтті. Бұл сынға Әлия Мейрамғалиева да қатысып, өз салмағында чемпион атанды. Әлемді мойындатқан қазақ қызы кейіннен дзюдо күресіне ауысты. 1996-2004 жылдар аралығында дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының белді мүшесі болып, ел намысын қорғады. Жеткен жетістіктері де - бір төбе. Бірнеше мәрте ел біріншілігінде чемпион атанды. Түркия, Ресей, Грузия және басқа да мемлекеттерде ұйымдастырылған байрақты бәсекелерде топ жарды. 2001 жылы

Жапонияның Осако қаласында өткен Шығыс Азия ойындарында қола жүлдені қанағат тұтты. Ең негізгілері, міне, осылар. Ел намысын ерлерше қорғаған Ә.Мейрамғалиева үлкен спортпен қош айтысып, бапкерлік жолға түсті. Қазір ол - «Батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо күресінің жаттықтырушысы. Сондай-ақ, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында дәріс береді. Күреске икемі бар қыз-жігіттерді балуандыққа баулып жүрген ол, өз шәкі рттері мен де мақтанады. Мәселен, Наталья Козина есімді шәкірті дзюдо, самбо және қазақ күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының белді мүшесі. Алтынай Темірболатова қазақ күресінен 2016 жылғы ел чемпионы. Келешегінен зор үміт күттіретін спортшының бірі Әйгерім Құттыбай облыс бі рі нші лі гі нде үзді к атанып жүр. Бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады. - Бапкерліктің жүгі ауыр. Спортшы ұтса да, ұтылса да өзі үшін жауап береді. Ал жаттықтырушы керісінше, біреу үшін жауапты. Бұл – үлкен жауапкершілік. Бапкерлердің кілемдегі шәкірті үшін күйіп-пісетіні сондықтан. Шәкіртің айтқан ақылыңды ұқса жақсы. Кеңесіңе құлақ түрмесе, кілемге өзің шығып алыса кеткің келеді. Мықты спортшы атану бапкерге байланысты. Сондықтан шәкі рттері ме қаталмын, - дейді Әлия. Әлия Жұмабекқызы – ардақты ана, аяулы жар. Ол Бауыржан Тұрсынқанбетовпен бірге екі ұл тәрбиелеп отыр. Жұбайы аймақтың спорт сүйер қауымына жақсы таныс. Бауыржан Айтқалиұлы қазақ күресінен Павлодар облысы жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы. Облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта жұмыс істейді. Ұлдары Арлан мен Әділ де күреспен айналысады. Екеуі де Абай атындағы №10 лицей-мектебінде оқиды. Ата-анасы оларға зор сенім артып отыр. Әлия Мейрамғалиева – қазақ қыздарына қашанда үлгі. Тек мұндай адамдарды бағалай білсек болғаны.


АЙҚАРАКӨЗ

7 наурыз, сейсенбі, 2017 жыл

www.saryarka-samaly.kz

Анада үш бақыт бар: Еліміздің құқық қорғау саласында ерлерден қалыспай еңбек етіп жүрген нәзік жандылар аз емес. Солардың қатарында Павлодар облыстық ішкі істер департаменті ювеналды полициясының басшысы, подполковник Бибігүл Қамзина да бар.

Подполковник Бибігүл Ол аталмыш салада 25 жылға жуық үздіксіз қызмет етіп келеді. Б.Қамзинаның айтуынша, құқық қорғау саласын таңдауына полиция қызметінде ұзақ жылдар еңбек еткен туысқан ағасы ықпал еткен. - Полиция формасын киіп, жұмысына ерекше ыждахаттылықпен қарайтын ағама қарап, қызығатынмын. Сондықтан болашақ мамандықты таңдау қажет болған кезде көп ойланбадым. 1993 жылы ішкі істер саласына қызметке орналастым. Шыны керек, әуел баста жұмыс істеу оңайға соқпады. Мен ауқатты, тәрбиелі отбасынан шықтым. Сондықтан жанұяда бақылаусыз қалып, қылмысқа баратын жастарды көргенде таң қалдым. Олардың әрекеті маған жат көрінді, - дейді Б.Қамзина. Заманға сай қылмыстар да әртүрлі болып келеді. Бибігүл Төлешқызының айтуынша, құқық қорғау саласына алғаш аяқ басқан кезінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс өршіп тұрған. Бір қызығы, оған сол кездерде алғаш сатылымдарға шыққан шетелдік шоколадтар себеп болыпты. - Тоқсаныншы жылдардың басында қалада дүңгіршектер көбейіп кеткен. Ол кезде балаларға арналған «Snickers», «Milky Way» сияқты шоколадтар сатылымға шықты. Бі рақ бұл тәтті лерді алуды көпші лі кті ң қалтасы көтермейті н. Себебі ол кезде халықта ақша аз болды. Ата-аналар таңнан кешке дейін жұмыс істеуге мәжбүр еді. Үйде бақылаусыз отырған балалар дүңгіршектегі сатушыны пышақпен қорқытып, әлгі шоколадтарды қолға түсіретін, - деп еске алады Б.Қамзина. Бибігүл Төлешқызының сөзіне сүйенсек, ол уақытта қылмысты әшкерелеу оңайға түспеген. Себебі бейнебақылау камералары болмады. Сондықтан жасөспірімдер тарапынан орын алған қылмыстың алдын алуда өз аумағына қарасты көшелердегі тұрғындармен тығыз жұмыс істеген. Балалары бар ата-аналардың жұмыстан қайту уақытын бақылаған. Ішімдікке құмар азаматтарды есепке алған.

Қазақ еліне гендерлік теңдік саясаты келгелі бері биліктегі, бизнестегі нәзік жандылардың қатары жыл санап артып келеді. Қазірде әйел заты үйдің де, түздің де жұмысын қатар алып жүруге қауқарлы екендіктерін дәлелдеуде. Облысымызда да ел басқарып жүрген аруларымыз бар. Солардың бірі Ақсу қаласына қарасты Евгеньевка селолық округінің әкімі Толқын Бейсенбаева.

«Үш ауыл үш баламдай»

Айдана ҚУАНЫШЕВА

МЕРЕЙ

4

Данияр ЖҰМАДІЛ

С

Иә, бұл салада шыдамды әйелдер ғана жұмыс істей алады. Төзімділік пен қырағылықтың арқасында біздің кейіпкер кәмелетке толмаған ұл-қыздарды тәрбиелеп келеді. Бибігүл Қамзинаның айтуынша, жасөспірімді қылмыстық іске итермелейтін басты себеп – олардың отбасында бақылаусыз болуында. Бала тәрбиесі - бірінші кезекте ата-ана мойнына жүктелетін жауапкершілік. - Қылмыс жасауға итермелейтін себептердің бірі – тұрақсыз отбасылық жағдай. Отбасындағы толассыз ұрыскерістен көз ашпайтын бала бұзақылыққа жақын болып келеді. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады. Мәселен, облысымызда жыл басынан бері 600-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондықтан жасөспірімнің тұлға ретінде дамуына, қоғамда жүруіне отбасы тарапынан назардың болуы маңызды. Өз басым әйел адам болған соң, балаларды ерекше жақсы көремін. Құқық бұзушылыққа барған жасөспірімге қатал қарауға болмайды. Оны бұл іске не итермелегенін сұрап, ақыл-кеңес беруіміз керек. Себебі кәмелетке толмаған жастар өмірді толық танып білмеген. Бүгінгі жасөспірім – елдің болашағы. Бұл ретте ата-анамен қоса, ұстаздар, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары жұмыс істеуі тиіс, - дейді Бибігүл Төлешқызы. Мі не, өз і сі не адал, бала тәрбиесі не мән беретін осындай қызметкерлер көп болса, ертеңіміз жарқын болмақ!

Бір қызығы, кейіпкеріміз өзгелер сияқты емес, басшылық қызметке ұмтылмаған. «Әкім болам» деп тырыспаған. Керісінше, алғашында әкім болудан бас тартыпты. Үйдегі екі баласының қамы үшін. Онымен қоса, «әкім» деген атақтан гөрі, «келін» деген мәртебелі «шенді» артық көрген. - Алғашында әкім болуға ұсыныс түскенде бірден бас тарттым. Себебі бұл қызметтің жай-күйі маған таныс. Жауапкершілік жүгі жоғары. Отбасыма тиісті көңіл бөле алмайтынымды түсіндім. Бірақ отағасы, енем екі жақтап көндірді. Қазір үйден гөрі түзде көп жүреті ні м рас. Екі күнні ң бі рі нде қалаға барып тұру керек болады. Міне, осындай іссапарлармен сыртта жүргенде балаларға енем қарайды. Егер жолдасым қолдау білдірмесе, енем қарсы болса, туғандарым көмектеспесе, әкім болмас та едім, дейді Толқын Саттарқызы. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған Т.Бейсенбаева 23 жыл әртүрлі салада еңбек етіп келеді. Оның 14 жылын мемлекеттік қызметке арнаған. Әр жылдары Ақсу қалалық әкімдігінде маман, жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі, басшының орынбасары, Еңбек селолық округінің әкімі қызметтерін атқарды. Ал 2015 жылдың қараша айынан Евгеньевка селолық округінің әкімі қызметінде. Жалпы, Толқын Саттарқызы басқарып отырған аталмыш селолық округ облысымыздағы тірек ауылдардың бірі. Әлеуеті жоғары елді мекендер санатында. Кейіпкеріміздің айтуынша, әйел адам болғаннан кейін, қызметін үйіндей көреді. Селолық

Ардақты ана

Аққу ауылында тұратын Оразалиновтер әулетінің әр күні мереке. Себебі былдырлаған балаларының бал тілі – Айнұр мен Ерқанаттың шаршағанын ұмыттырып, көңілдеріне қуаныш сыйлайды. Бүгінде Айнұр аққулық жұрттың құрметіне бөленуде. Ол - аудандағы ең жас көп балалы ана.

Мереке АМАНТАЙ Балалардың риясыз күлкісі, тәтті тілі, тіпті үйді азанқазан етіп жылаған дауысы шаңырақтың шаттығын арттырып, отбасының берекесін еселей түсетіндей. Бала - ата-ананың баға жетпес бақыты, көз қуанышы. Әрбір бөбектің қылығына тоймай өмір сүрудің бақытын бұл отбасы ерекше сезінген. Олар 3 ұл мен 4 қызды тәрбиелеп отыр. Балаларының алды бүгінде жұмыс істейді. Екіншісі студент. Төртеуі мектепте оқыса, ең кенжесі - 6 айлық.

Қазіргі таңда мұндай ерлікке кез келген әйел бара бермейді. Экологияның нашарлығы, тұрмыстық қиындықтар сынды сан түрлі сылтауды алға тартып, бір-екі баламен ғана шектеліп қалған отбасылардың көп екені рас. Бұл орайда мемлекет тарапынан көп балалы аналарға қолдау да көрсетіліп келеді. Әзірше қазақ келіндері бұл жағынан осалдық танытып жүрген жайы бар. Дегенмен, Айнұр сынды жас ананың ел демографиясын көтеруге қосып жүрген үлесін жоққа шығаруға әсте болмас. Оның өмірі бүгінгідей қызмет қуып, жұмысбасты болып, бірер баладан артыққа уақыт жоқ дейтін аналарға үлгі. Мемлекеттің беретін «Алтын алқасына» Айнұр жетінші сәбиі бір жасқа толғанда қол жеткізбекші. Әлеуметтік жәрдемақыны да уақытында алып тұрады. Сондай-ақ, 2009 жылы Айнұрға аудан әкімдігі 3 бөлмелі пәтерді сыйға тартыпты. Осылайша жас ана мемлекет қолдауын сезініп

округке қарасты үш ауыл менің үш балам сияқты дейді ол. Т.Бейсенбаева жаңа қызметіне келе сала, бірқатар мәселелер бойынша маңызды шешімдер қабылдауға тура келген. «Жабылсын» деген бұйрық келген Сольветка ауылындағы орта мектепті сақтап қалады. Ол білім ошағы жабылар болса, ондағы 30-дан астам оқушыға 18 шақырым қашықтықта орналасқан селолық округтің орталығына қатынап оқуға тура келер еді. Тағы бір маңызды бастама, Евгеньевка ауылында тұрмыстық үй ашылды. Оның ішінде тұрғындарға қажетті шаштараз, тігін цехы, аяқ киім жөндеу орны сияқты қызметтер ұсынылады. Бұл мақсатқа 9 млн. теңге шамасында қаржы жұмсалған. Бірақ бюджеттен бір теңге де алынбады. Себебі, бұл жұмысқа демеушілер тартылған. Бұдан бөлек, елді мекендердің көшелері жөндеуден өткізілген. Бүгінде селолық округте дәрігерлік амбулатория, спорт кешені бой көтеруде. Негізі, Толқын Саттарқызы әкім болу әйелдің емес, ердің ісі екенін айтуда. Бірақ елі үміт артып отырғаннан кейін, бұл аманаттан аттап өте алмайды. - Әйел заты үші н әкі мді к қызмет, жалпы жоғары лауазымдар қиын деп анық айта алам. Өзім де ауылда туып-өстім. Ауылдың тіршілігіне етене араластым. Мемлекеттік қызмет саласындағы жинақтаған аздыкөпті тәжірибемнің арқасында әрі ауыл тұрғындарының мінез-құлқын, менталитетін жақсы білгендіктен, сәл де болсын оңайырақ тиюде. Тұрғындардың қолдауы да ерекше күш береді. Осылардың арқасында ғана әкімдік қызметті шама-шарқымша алып келем. Бірақ үйдегі өсіп келе жатқан екі қызымды ойласам, әлі күнге дейін жұмыстан кеткім келеді, дейді Т.Бейсенбаева.

келеді. Асып-тасыған тұрмыс болмаса да, несібесі ортаймаған қарапайым отбасы бақыттың кілтін балаларында деп біледі. Бұл шаңырақтың иесі Ерқанат ауылдағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істейді - Отау құрғанымызға 20 жылға жуық уақыт болды. Бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келеміз. Бүгінде тұңғышымыз Павлодар қаласында оқуын бітіріп, сонда жұмыс істейді. Қалғандары мектепте оқиды. Балаларымыз – бізге Алланың берген несібесі. Олардың санын айтып ешқашан көпсінген емеспіз. Лайым, Құдайым көп көрмесін, – дейді А.Оразалинова. Үлкен отбасының күнделікті тіршілігі үйдің бітпейтін шаруасымен ғана өтпейді. Айнұр - көп балалы ана ғана емес, аудандағы табысты кәсіпкерлердің бірі. Ол жетінші баласына 5 ай толған кезде өз кәсібін жалғастыруға қайта кіріскен. Кәсібі - ауылдың кіре берісіндегі асхана жұмысы. Жары екеуі сол асхананы үш жылдан бері жалға алып, кәсіптерін жүргізіп келеді. Бүгінде олар өз отбасын ғана емес, ауыл азаматтарын да жұмыспен қамтып отырған жайы бар. Олар үшін бұл қауырт тірлік сүйікті істеріне айналған. Білегі еңбектен, тілегі халықтан нәр алған, жүрегі ұрпағым деп тебіренген Айнұр Алла берсе әлі де перзент сүюді қалайды. Ұрпақтарының аман-сау ер жетіп, шаңырақтың отын өшірмей, әулеттің абыройын арттыруын ана жүрек шын көңілімен тілейтінін аңғартты. Біз де тілекшіміз!

С


АҚМАРЖАН

www.saryarka-samaly.kz

7 наурыз, сейсенбі, 2017 жыл

5

Павлодар облысында жалғыз ғана кинолог-әйел бар екенін білесіз бе? Білмесеңіз, нәзік жанды түгілі кейбір ер жігіттің жүрегі дауаламайтын қауіпті кәсіпті таңдаған Галина Куценкомен танысыңыз.

Иттердің «тілін» тапқан

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА Галина Куценко Ресей Федерациясының Красноярск өңірінде дүниеге келген. Бала кезден итпен ойнап, оны күтіп-баптауды жақсы көрген ол аула клубындағы арнайы үйірмеге барады. Сол жерде тәжірибелі мамандардан итті түрлі жаттығу жасауға үйретудің қыр-сырын меңгереді. Мектепті тәмамдаған соң жиһаз өнді рі сі ні ң технологы, құрылысшы мамандықтарын игеріп, бала күнгі әуестігі ұмыт қалады. Кейін тұрмысқа шығып, Қазақстанға көшеді де, біраз уақыт жұмыссыз отыруға тура келеді. Ал 2006 жылы құтқару отрядына кинолог маман ретінде қызметке шақырылады. Бұл

уақытта төтенше жағдай кезі нде иттермен бірге әрекет ету Қазақстанда енді-енді қолға алынып жатқан еді. - Бала күнгі әуестігім өмірімнің мәніне айналатыны туралы мүлде ойламаппын. Иттерді, олармен жұмыс істеуді жақсы көретінім соншалық, уақытымның басым бөлігін қызметке арнаймын. Бүгінгі күні қарамағымда Юкса және Брайта деген неміс овчаркалары бар. Оларды төтенше жағдай орын ала қалған кезде адамдарды құтқаруға үйретеміз. Иіс сезу және көру қабілеті жақсы дамығандықтан, олардың құтқарушыларға көмегі зор. Мұны жаттығулар мен түрлі сайыстар барысында дәлелдеп келеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық жарыстардан біздің иттер олжасыз қайтқан емес. Сонымен қатар, жылына екі рет әр ит аттестациядан өтіп, сенімді серік екенін дәлелдейді, - дейді Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасына қарасты жедел құтқару жасағы кинология қызметінің басшысы Г.Куценко. Мұндай қызметке кез келген итті алмайтыны түсі ні кті. Оларды күші к кезі нен таңдап, дайындайды. Күтімі де ерекше. - Күшікті көп уақыт таңдаймын. Оның әр әрекетін, көзқарасын байқаймын. Себебі кинолог пен ит бір-бірін түсіне білуі шарт. Сол кезде ғана нақты нәтижеге бірге қол жеткізе аламыз. «Иесі қандай болса, иті сондай» деп тегін айтылмаса керек. Төрт аяқтының мінезі оған берілетін тәрбиеге байланысты. Оны да өз балаңдай өсіріп, мәпелеп, тәлі м беруі ң керек. Сонда ғана ол сенің адал досыңа айналады. Иттерді серуендеуге, демалыс орындарына жиі апарып тұрамыз. Тәттілер ұсынып, еркелететін кездер де болады. Бастысы, ол адамның жақсылық тілейтінін сезінуі керек, - дейді кинолог. Шыны керек, кейбір адамдар иттермен жұмыс істеуді былай қойғанда, қасынан өтуге қорқады. Ал Галина Анатольевна ештеңеден жасқанбайды. Тіпті, қиын жаттығулар ұйымдастырып, иттерді барынша шынықтыруға, төтенше жағдайға дайын болуға баулиды. Бұл жауапкершілік, қырағылық пен тәртіпті қажет етеді. - Иттерден қорқудың қажеті жоқ. Керісінше, олармен жұмыс кеңпейілді, мейірімді, сабырлы әрі төзімді болуға үйретеді. Көпшілігі кинолог мамандығы әйел адамдарға тән емес деп пайымдайды. Бірақ, мен бұған келіспеймін. Керісінше, иттермен жұмыс істеу нәзік жандылардың қолынан жақсы келеді. Себебі, олардың бойында аналық түйсік бар. Бұл сезі м төрт аяқтыларды қатып қалған қағида аясында жүрі п-тұруды емес, оған өз балаңа секілді түсіністікпен қарауға көмектеседі. Ал мұндай жылы лебізді сезінген ит адамды қиын-қыстау уақытта құтқарады, - дейді Г.Куценко. Осылайша, Галина Анатольевна әйел адамның кез келген істі қолға алып, нәтижелі еңбек ете алатынын тағы бір мәрте айқындап берді.

СПОРТ

«Спортшы» менің екінші есімім! Фархат ӘМІРЕНОВ 2017 жыл Дарья үшін сәтті өрілуде. Алдымен Алматыда өткен қысқы Универсиадада күміспен күптелген (аралас эстафета) ол студенттер ойынынан кейін іле жалауын желбі реткен қысқы Азиадада (Саппоро, Жапония) алтын (аралас эстафета) мен қола (і з кесу, 10 шақырым) медаль еншіледі. Бүгінде ол Әлем Кубогы кезеңдеріне қатысуда. Биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасының белді мүшесі Дарья Усанова әуелде жеңіл атлетикамен айналысқан. Оны бұл секцияға әпкесі Настя ертіп апарыпты. Кейін жеңіл атлетикадан облыс құрамасына алынған. Нәтижесі де тәп-тәуір болыпты. Тек, кейін тағы да әпкесі Настяның үгіттеуімен шаңғы спортына бет бұрған. - Қыстыгүні шаңғы тебуге баратынбыз. Әншейін, әуестік үшін. Жазда жеңіл атлетика, қыста шаңғыны серік еттім. Сөйте тұра, шаңғы жарысынан облыстық жарыстарға қатысып жүрдім. Кейін Қазақстан чемпионатында бақ сынайтын спортшылардың қатарына қосылдым. Алайда, көрсеткішім төмен болғандықтан, жеңіл атлетикаға көңіл бөлгенім дұрыс деп шештім. Бірақ көп ұзамай әпкемнің ақыл-

«Келін қыз болмайды...» Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

«Келін - ененің топырағынан» деп жатады үлкендер. Бой жетіп, жат жұртқа ұзатылған жас келіннің сол ортадағы жалғыз ақылшысы да қамқоршысы да - ол енесі. Бүгінде бір үйдің 3 келіні бір шаңырақта тұрып жатыр десе, сенер ме едіңіз? Иә, дәл солай. Ленин кентінің тұрғыны Ақсара Зиядинева апа 3 келінімен бірге тұрады. 3 ұл, 5 қыз өмірге әкелген көп балалы ана келіндерімді жеке шығармаймын деп отыр. Ақсара апаның айтуынша, өзі келін болып түскен үлкен шаңырақта да енесі екі келінін бірге ұстаған екен. «Ондағысы, балаларым бір-біріне жат болмай, өмірдің бар қуанышы мен қайғысын бірге көрсін дегені еді» деп еске алады. - Қазіргі жас келіндер мен енелерді түсіне алмаймын. Үйіне құт болып енген келінін тез арада жеке шығарып, отау еткісі келеді де тұрады. Отау болған жақсы. Бірақ ата-ананың көз алдынан жырақта жүріп, өз беттерімен кеткен жастардың талайы ажырасып кетіп жатыр. Үлкен

келінім Анардың осы шаңыраққа келгеніне 25 жылдан асты. Ал екінші келінім Жадыраның келгеніне 13 жыл болыпты. Кенже келінім Құралайдың да біздің отбасына қосылып, ұрпақ өрбітіп отырғанына 6 жылдан асты. Қазір мен тек немерелерімді ғана бағып-қағып отырмын. Ал қалған тірлікті Анар келінім атқарады. Бәріне бас болып сол жүреді, - дейді Ақсара әже. 3 ұлынан 12 немере сүйіп үлгерген Ақсара апа бар қызықты жары Қанағат атаның көре алмай кеткенін де өкінішпен еске алды. Десе де, осы жылы отау құрғалы жүрген немересі Дәрменді де үлкен шаңырақтан шығарғысы жоқ. - Көзім тірі тұрғанда барлық үрім-бұтағым өзімнің көз алдымда болады. Бұдан кейін менің ізімді жалғайтын Анарыма сенемін. Осы ретте, менің қазіргі жас енелерге айтарым бар. Олар «келінімді қызымдай көремін» деп отырады. Осы қате тәрбие дер едім. Өйткені келіннің бағынбауы, тым ерке болуы, тіпті, жастардың ажырасуына дейін әкелетін жайт осы. Өз басым, келіндеріме бірде-бір рет «қызым» деп айтып көрмеппін. Келін шаңырақта келін болуы керек. Себебі қыз өзгенің босағасын аттаған шақтан бастап - келін, - дейді әжей. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып үлгерген Ақсара апаның ендігі арманы - немерелерін үйлендіріп, жиендерінің тойының төрінде отыру. Арманыңыз орындалып, ұзақ жасаңыз, ақ әже!

Осы күні Павлодардың даңқын асырып жүрген таңдаулы спортшылардың қатарында Дарья Усанованың шоқтығы биік. Шаңғысын сайлап, винтовкасын майлап, ел намысы сынға түсер доданың төрінен табылатын жерлесіміз – облыстың мақтанышы. кеңесімен шаңғы спортына оралдым, - дейді Дарья. 2009 жылы Дарьяға биатлоннан өнер көрсету туралы ұсыныс түседі. Осылайша, ол спорттың аталған түрін меңгере бастайды. Жарыс сайын нәтижесі де жақсара берді. Дарья сол сәттен бастап аяулы анасын ұтып алған медальдарымен қуантып келеді. - Тек сонда ғана менің өмірім биатлон екенін ұқтым. Осы уақытқа дейін спортты басқа салаға ауыстыру туралы еш ойлаған емеспі н. Себебі «Спортшы» - менің екінші есімім, - дейді ол. Д.Усанова – қысқы Олимпиадаға қатысқан санаулы павлодарлық спортшылардың бі рі. Ол 2014 жылы Ресейді ң Сочи қаласында өткен Олимпия ойындарында өнер көрсетті. Дәл осы жылы Алматыда ұйымдастырылған Азия чемпионатында күмі с жүлдеге (масстарт) қол жеткізді. Дарья – биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Сурет ғаламтордан алынды.

ЕЛДЕН ЕРЕК

ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі


6

ТАҢШОЛПАН

7 наурыз, сейсенбі, 2017 жыл

Әйелдің Исламдағы орны

Ислам діні салтанат құрғанға дейін Араб қоғамында әйел баласының кемсітіліп келгенін білеміз. Әйел заты қорлықта ұсталды, адам қатарында саналмай, ары аяққа тапталды. Тіпті қыз баланы асыраудан қашатын, ер баланы артық көріп, қызды болғанына күйінетіндер де бар еді. Мұндай жауыз мінездің асқынғаны сонша – жаңа туған шарананы шімірікпестен тірідей өлімге қиып, аулаққа апарып көміп тастайтындары да кездесетін. Қыз баланы бетке шіркеу, сүйекке таңба санайтын надандық әрекет Құранда ащы сынға алынған:

«Кейбіреулері қызды болғанын естігенде, ашудан жүздері түтігіп, түнеріп кетеді. Мұндай жаман хабардың салдарынан ел көзінен тасаланады. Бұл қорлыққа шыдап, оны асырап-бағу керек пе, жоқ әлде топыраққа көміп тастаған дұрыс па? Қараңдаршы, берген үкімдері қандай жаман?!» («Нахл»

сүресі, 58-59-аяттар). Соңғы иләһи Ислам діні келіп, алғашқы уақыттардан бастап-ақ әйел затының жанұядағы әрі қоғамдағы орнын белгіледі. Өзіне тиесілі міндетін нақтылап, ар-ұяты

мен абыройын қорғады. Сүйкімді қыз, сүйікті жар, аяулы ана ретінде беделін өсірді. Дініміздің әйелдерге зор қамқорлық жасауы адамзат тарихындағы теңдессіз оқиға болды. Өйткені, өзге елдерде де әйелдің жағдайы тым аянышты күйде еді. Құран Кәрімде 176 аяттан тұратын «Ниса» («Әйелдер»), 98 аяттан тұратын «Мәриям» деп аталатын сүрелер тікелей әйелдерге арналған. Бұдан басқа, «Нұр», «Ахзаб», «Мұмтахина», «Тахрим», «Талақ» сүрелерінде де дініміздегі әйел адамның орны туралы кеңінен айтылған. Бұл – Ислам дінінің әйелдерге қаншалықты көңіл бөлгеніне дәлел. Алла елшісі (с.ғ.с.) дінді насихаттай бастағанда, әйелдер қауымы да оған өте көп қолдау көрсеткен. Айталық, Хадиша анамыздың (р.а.) Исламды алғаш болып қабылдап, бүкіл байлығын дін жолында

сарп еткені белгілі. Осы себепті пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ел менен теріс айналған кезде, Хадиша маған сенді. Айтқандарымды ешкім қабылдамағанда, мені алғашқы болып растаған сол еді», – деп, оны өмір бойы ұмытпай, жақсылықтарын әрдайым еске алып отырған. Шариғат әйел баласын ана ретінде аса қадір тұтқан. «Жұмақ

Мінсіз әйел

болудың 10 жолы Отбасылық өмірде намаз – барлық аурулардың емі, иманыңызды күшейтеді және жұбайлардың қарымқатынасын нығайтады. Дұға ету – береке мен бақыттың кілті.

2. Жарыңызды сыйлаңыз.

Игі әйел – Алланың барлық бұйрықтарын орындайтын, күйеуіне адал және оның құқықтарын бірінші орынға қоятын әйел.

3. Әрдайым қолдау көрсетіңіз.

Кез-келген жағдайда қуанышта да, қайғыда да сіз оның сүйеуі мен дем берушісі екеніңізді ұмытпаңыз.

4. Әдемі болыңыз.

Сыртқы сұлулығыңыз бен жан сұлулығыңыз үйлесімде болсын. Күйеуіңіз шаршағанда жұбанышы, тынысы мен рақаты болыңыз.

5. Шүкіршілік етіңіз.

Қолдағы барыңызға қанағат етіп, керекті дүниелеріңізді бірге табуға көмектесіңіз.

6. Жұмыстан келгенде күліп қарсы алыңыз. 7. Үй шаруасына көп көңіл бөліңіз.

Таза үй мен дәмді тағам күйеуіңізді қуантады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ерінің үйіне әйелі жауапты, сол үшін де сұралатын болады», - деген.

8. Ашу мен ызаға жол бермеңіз.

Ұрыс-керіс пен ашу ерлізайыптылардың арасын алшақтатады. Ашуланған сәтте өзіңізді сабырға шақырыңыз. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» деген.

9. Болмашыға ренжімеңіз.

Отбасы болған соң, әрине,

түсініспеушіліктер болады, бірақ болмашыға күйеуіңізге ұзақ уақыт ренжіп жүріп алмаңыз. Кемшілігіне көз жұма қарап, ақылмен шешіңіз.

10. Туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болыңыз.

Жақындарымен ара-қатынасыңыздың жақсы болуы еріңізді тек қана қуантады. «Жақсы әйел». Бұл сөзді айтушылар да, армандаушылар да көп. Тіпті «жақсы әйел мынадай болуы керек, анадай болуы керек» деп ақыл айтушылар да табыла кетеді. Расында, жақсы әйел қандай болуы керек? Әрине, бұл сұраққа мың сан жауап бар. Алайда әр адам қайталанбас тұлға екені мәлім. Кез-келген адамның жақсы тұстарымен қатар кемшіліктерінің де болуы заңды. Отбасының беріктігі де сол екі жанның мінезқұлқына байланысты, әсіресе әйел затының. Сол себепті «сүйікті жар, сыйлы келін, аяулы ана» атанып, шаңырағыңыздың берік болуына септігін тигізер келесі кеңестерді ұсынамыз.

Жақсы әйел: 1. «Ызыңдамайды». Күйеуіне әрдайым жекіп, ұрсып, «ызыңдай» беретін әйелден еркек «қашады». Үнемі құлақтың етін жей беретін әйелдер еркекті мезі етеді. Сонда тіпті кейбір еркектер қатыгездік танытып, қол көтеруге дейін барады. Ара қатынастары суиды. 2. Шағым жасамайды. Күйеуіне «сен сондайсың» деп мін тағып, күңірене беретін әйелден де ер адамның көңілі қалып «ей, қойшы,

хақтары сияқты, әйелдердің де ерлерде белгілі хақтары бар», – дейді («Бақара» сүресі, 228-аят). Ал хадисте: «Әйелдердің құқықтарын аяқасты етпеңдер, Алладан қорқыңдар. Өйткені, сендер оларды Алланың аманаты ретінде алдыңдар», «Сендердің ең ардақтыларың - әйелдеріңе жақсы қарағандарың. Араларыңда жанұясына ең жақсы қарайтын менмін», – деп, ер-азаматтарға тапсырған аманаты ретінде қарауға шақырды. Қорыта келгенде, Ислам дінінде әйелдің орны ерекше. Сондықтан әйелге деген құрмет зор болуы тиіс. Ислам діні әйелге Алланың аманаты ретінде қарауға шақырған. Өз жаратылысына сай сүйікті жар, аяулы ана ретінде қашан да оның орнын жоғары бағалаған. Қоғам тәрбиесін қыз баланың ұяттылығымен ұштастыра қарастырған. Әйел затын жат пиғылдылардың бұзық әрекеттерінен қорғауға тырысқан. Осындай құрметке лайық бола білу үшін әйелден де белгілі бір міндеттерді талап еткен. Әйелдер қауымының дәрежесін ешбір дін дәл Исламдағыдай биіктете алған емес.

Біржан ӘКІМБЕКОВ, Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің ұстазы.

Жырым сен, Ана, сырым сен

Асыл дінімізде қашан да ананың, әйелдің орнын ерекше жоғары саналады. Олармен ерекше жұмсақ қарымқатынаста болып, сый-құрмет көрсетуге шақырады. Сол секілді, шариғатта мінсіз әйел болу үшін қандай амалдар жасау керек екендігін де терең қамтып көрсетіп кеткен. Ендеше мінсіз болуға асығыңыздар!

1. Жиі-жиі дұға етіңіз.

– аналардың табанының астында». Бір кісі келіп Алла елшісінен: «Кімге жақсылық жасайын?», – дегенде үш рет «Анаңа» деп жауап берген хадистері осыған дәлел. Алла Тағала Құран Кәрімде болсын, Алла елшісінің хадистерінде болсын әйел мен еркектің ізгі амалдарда, ақыреттегі сыйда бір-біріне тең екенін ескертумен қатар, «Ерлердің әйелдердегі

www.saryarka-samaly.kz

саған ешқашан жақпайсың» деп қолын бір-ақ сілтейді. 3. Өсек айтпайды. Әйел затының өздері оңаша қалғанда болған жайларды бүге-шігесіне дейін тәптіштеп отырып өсек айтқанды ұнататыны бар. Жарыңызды өзгелерге жамандап, абырой таппайсыз. Мұны білген күйеуіңіздің сағы сынып, сізге деген сезімі салқындап кетуі мүмкін.

4. Құрметсіздік танытпайды.

Ер адам ең алдымен әйелінің өзін сыйлағанын қалайды. Олардың түсінігінде «сыйлайды, демек мені жақсы көреді» деген қағида қалыптасқан. Сыйластық оның пікірін бағалау, ақылын тыңдау, сөйлеп жатқанда сөзін бөлмеу, маңызды шешім қабылдағанда еріңіздің пікірін бірінші орынға қою деген сөз.

5. Өзгелерді күйеуінен жоғарғы орынға қоймайды.

Ер кісі отбасының басшысы, сондықтан әйел «отағасы» деген сөзді жадында мықтап ұстауы тиіс. Әйелдің достарын, карьераны, туыстарын күйеуінен артық көруінен үйде түсініспеушіліктер, ұрыс-керіс басталады. Кез-келген ер адамға жылы жүзді, жайдары, мейірімді, қолы ашық, ерінің айтқанын тыңдай отырып, ақылшысы әрі сырласы бола білетін әйелдер ұнайтынын естен шығармаңыз. Алла Тағала баршаңызға жақсы әйел болуды жазсын. Әзірлеген Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ.

Алла, Пайғамбардан соң, Күллі жақын, досыңнан, Қияметке кеткенше, Өлшеулі өмір өткенше, Көбелектей айналып, Пәруана болған басыңнан, - демекші, әрбір пенде, жаратылыс үшін жер бетінде Анадан жақын, одан жанашыр табылмасы хақ. «Ана» деген бір ауыз сөздің қасиетін жырламаған ақын, терең тебірене қалам тартпаған жазушы кемде-кем. Дәуір жаңарып, замана өзгерсе де ананы жырлау мен ананы сағыну толастамақ емес. Ендеше, өмірдегі ең аяулы жанға арналған бірер өлеңді оқырманға ұсынамыз!

Мама Мама, мама – Жалғандағы жалғыз ән, Сезімімді оятатын қалғыған. Мүмкін сенің суретіңді құсқа айтып, Қауырсынмен ай бетіне салғызам. Мама, мама Ең әдемі сөзім бұл, Ең шуақты, ең бақытты кезім бұл. Жер шарына мейіріммен қарайтын, Жанарымда сенің сұлу көзің жүр. Мама, мама Жарқыраған күнсің сен. Аспан, тау да, мөлдір ауа, гүлсің сен. Сәуле болып, баққа айналып Өлеңім Ғұмырымда бір күлдіріп үлгірсем. Мама, мама, Жырақтамын жаныңнан, Сені көрмей сағыныштан арылман. Жапырақтай Өлеңімді құшамын, Ол су сынды саусағымнан ағылған. Мама, мама, Ренжітсем бір кезде, Кешіре гөр, бейбақ басым білген бе жылағанда анаң, әкең мұңайып, Шалқитынын болмашы бір күлгенге?! Мама, мама – Қорғанышым, тірегім, Жүрегімдегі солмайтұғын гүл едің . О, Жаратқан, жалғыз Аллам, Анама Ұзақ ғұмыр бере гөрші, Тілерім!!! Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.

Кестеңді, ана, таныдым Білінбей толқыны кештердің Алдымнан ертегі ескен-ді. Қанатым қиянды тілгенде, Жүректен таныдым кестеңді. Көз жұмып бір сәтке, бос күннен, өткеннің кемесін тостым мен. Кеудеме ұрынып екпін жел, Ертеңге етегін қосты іргем. Ақ таңдар ақырын алыстап, Құлазып көгімнен ғарыш бақ. Сыр айтпақ боламын сәбиге, Қасымнан жүгірген қар ұстап. Сүрленіп мен кеткен іздерім, Көктем кеп, сарғайтар күз керім. Бал күнге хат қылып ұшырам, Қайтпайтын тырналар тізбегін. Ұяма айналып кештетіп, Келермін бір күні ес кетіп. Сонда, Ана, әлдилеп жаңаша, Жаңартып жүрекке кесте тік!

Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ.


www.saryarka-samaly.kz

НҰРШУАҚ

7 наурыз, сейсенбі, 2017 жыл

Ер ырысы - жанарының тұсында, Ел тынысы - қаламының ұшында!

Сая МҰСАБАЕВА, жауапты хатшы

Айман ИМАНҒАЗИНА, корректор

Айдана ҚУАНЫШЕВА, шолушы

Шырайына айналып сан ортаның, Бақытына әр атқан балар таңын. Гүл көктемнің шуақты күні сынды Аймаңдай арулары «Сарыарқаның»!

Арайлым НҰРҒАЛИЕВА, техникалық хатшы

Нұржайна ШОДЫР, әлеуметтік бөлімнің жетекшісі

Зәмзәгүл ОСПАНОВА, корректор

Санитас ИМАНҒАЗИНА, аға беттеуші

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ, тілші

Мереке АМАНТАЙ, тілші

Маржан ШЕКЕНОВА, беттеуші Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА, шолушы

7


8

АЛА ДОП

7 наурыз, сейсенбі, 2017 жыл

Жанайдар ДҮЙСЕМБАЕВ клуб директоры

Давид ЛОРИЯ қақпашы

Ойрат САДУОВ спорттық директор

Димитар ДИМИТРОВ бас жаттықтырушы

Петар КОЛАЕВ жаттықтырушы

www.saryarka-samaly.kz

Сергей КЛИМОВ жаттықтырушы

«ЕРТІС» - 2017 Никита КАЛМЫКОВ қақпашы

Серікбол ҚАПАНОВ қақпашы

Детелин МАСЛОВ - Мейрам ҚАСЫМОВ жаттықтырушы әкімші

Руслан ЕСІМОВ қорғаушы

Александр КИСЛИЦЫН қорғаушы

Илья ВОРОТНИКОВ қорғаушы

Валерий ЛЕНЬКОВ қорғаушы

Владислав ЧЕРНЫШОВ қорғаушы

Лаша ДВАЛИ қорғаушы

Стефан ЖИВКОВИЧ қорғаушы

Пірәлі ӘЛИЕВ жартылай қорғаушы

Аслан ДАРАБАЕВ жартылай қорғаушы

Қазбек ГЕТЕРИЕВ жартылай қорғаушы

Мадьяр РАМАЗАНОВ жартылай қорғаушы

Артем ПОПОВ жартылай қорғаушы

Родриго АНТОНИО жартылай қорғаушы

Павел ШАБАЛИН жартылай қорғаушы

Нұрбол ЖҰМАСҚАЛИЕВ жартылай қорғаушы

Илья КАЛИНИН жартылай қорғаушы

Арман СМАИЛОВ шабуылшы

Карлос ФОНСЕКА шабуылшы

Джа ДЖЕДЖЕ шабуылшы

Серж БАНДО шабуылшы

Исмаэль ФОФАНА шабуылшы

Евгений ТКАЧУК қорғаушы


АЛА ДОП

www.saryarka-samaly.kz

7 наурыз, сейсенбі, 2017 жыл

9

Футбол - 2017 Премьер-лига клубтарының ҚР чемпионатындағы күнтізбесі

Бірінші айналым I тур 8 наурыз (сәрсенбі) «Тараз» – «Шахтер» «Қайсар» – «Оқжетпес» «Қайрат» – «Ақтөбе» «Тобыл» – «Атырау» «Ордабасы» – «Астана» «Ертіс» – «Ақжайық»

II тур 12 наурыз (жексенбі) «Ақжайық» – «Шахтер» «Ертіс» – «Астана» «Ордабасы» – «Атырау» «Тобыл» – «Ақтөбе» «Қайрат» – «Оқжетпес» «Қайсар» – «Тараз»

III тур 17 наурыз (жұма) «Астана» – «Ақжайық» «Тараз» – «Қайрат»

18 наурыз (сенбі) «Оқжетпес» – «Тобыл» «Ақтөбе» – «Ордабасы» «Атырау» – «Ертіс» «Шахтер» – «Қайсар»

IV тур 31 наурыз (жұма) «Ертіс» – «Ақтөбе» «Ордабасы» – «Оқжетпес» «Қайрат» – «Қайсар» 1 сәуір (сенбі) «Астана» – «Шахтер» «Ақжайық» – «Атырау» «Тобыл» – «Тараз»

XVIII тур (алдын ала ойнайды) 4 сәуір (сейсенбі) «Қайрат» – «Ертіс» «Тобыл» – «Ордабасы» V тур 8 сәуір (сенбі) «Шахтер» – «Қайрат» «Қайсар» – «Тобыл» «Тараз» – «Ордабасы» «Оқжетпес» – «Ертіс» «Ақтөбе» – «Ақжайық» «Атырау» – «Астана»

VI тур 12 сәуір (сәрсенбі)

Екінші айналым

«Астана» – «Ақтөбе» «Ақжайық» – «Оқжетпес» «Ертіс» – «Тараз» «Ордабасы» – «Қайсар» «Тобыл» – «Қайрат»

ХII тур 14 мамыр (жексенбі) «Шахтер» – «Ақжайық» «Астана» – «Ертіс» «Атырау» – «Ордабасы» «Ақтөбе» – «Тобыл» «Оқжетпес» – «Қайрат» «Тараз» – «Қайсар»

VII тур 16 сәуір (жексенбі) «Шахтер» – «Тобыл» «Қайрат» – «Ордабасы» «Қайсар» – «Ертіс» «Тараз» – «Ақжайық» «Оқжетпес» – «Астана» «Ақтөбе» – «Атырау»

ХIII тур 20 мамыр (сенбі) «Қайсар» – «Шахтер» «Қайрат» – «Тараз» «Тобыл» – «Оқжетпес» «Ордабасы» – «Ақтөбе» «Ертіс» – «Атырау» «Ақжайық» – «Астана»

19 сәуір (сәрсенбі), ҚР Кубогы, 1/8 финал ойындары VIII тур 23 сәуір (жексенбі)

24 мамыр (сәрсенбі), ҚР Кубогы, 1/2 финал ойындары, бірінші ойын

«Ақтөбе» – «Шахтер» «Атырау» – «Оқжетпес» «Астана» – «Тараз» «Ақжайық» – «Қайсар» «Ертіс» – «Қайрат» «Ордабасы» – «Тобол»

ХIV тур 27-28 мамыр (сенбі-жексенбі) «Шахтер» – «Астана» «Атырау» – «Ақжайық»

«Ақтөбе» – «Ертіс»

«Оқжетпес» – «Ордабасы» «Тараз» – «Тобыл» «Қайсар» – «Қайрат»

IX тур 29 сәуір (сенбі) «Шахтер» – «Ордабасы» «Тобыл – «Ертіс» «Қайрат» – «Ақжайық» «Қайсар» – «Астана» «Тараз» – «Атырау» «Оқжетпес» – «Ақтөбе»

ХХ тур (алдын ала ойнайды) 31 мамыр (сәрсенбі) «Қайрат» – «Астана» «Ордабасы» – «Ертіс»

ХV тур 3 маусым (сенбі)

Х тур 2 мамыр (сейсенбі)

«Қайрат» – «Шахтер» «Тобыл» – «Қайсар» «Ордабасы» – «Тараз» «Ертіс» – «Оқжетпес» «Ақжайық» – «Ақтөбе» «Астана» – «Атырау»

«Оқжетпес» – «Шахтер» «Ақтөбе» – «Тараз» «Атырау» – «Қайсар» «Астана» – «Қайрат» «Ақжайық» – «Тобыл» «Ертіс» – «Ордабасы»

ХVI тур 17-18 маусым (сенбі-жексенбі)

ХI тур 6 мамыр (сенбі)

«Шахтер» – «Атырау» «Ақтөбе» – «Астана» «Оқжетпес» – «Ақжайық» «Тараз» – «Ертіс» «Қайсар» – «Ордабасы» «Қайрат» – «Тобыл»

«Шахтер» – «Ертіс» «Ордабасы» – «Ақжайық» «Тобыл» – «Астана» «Қайрат» – «Атырау» «Қайсар» – «Ақтөбе» «Тараз» – «Оқжетпес»

21 маусым (сәрсенбі), ҚР Кубогы, 1/2 финал ойындары, қарымта ойын

10 мамыр (сәрсенбі), ҚР Кубогы, 1/4 финал ойындары

ХVII тур 24 маусым (сенбі)

«Атырау» – «Шахтер»

«Ордабасы» – «Қайрат» «Ертіс» – «Қайсар»

25 маусым (жексенбі) «Тобыл» – «Шахтер» «Ақжайық» – «Тараз» «Астана» – «Оқжетпес» «Атырау» – «Ақтөбе»

27-28 маусым (сейсенбі-сәрсенбі), УЕФА Чемпиондар Лигасы 2017/2018, бірінші іріктеу кезеңі, бірінші ойын 29 маусым (бейсенбі), УЕФА Еуропа Лигасы - 2017/2018, бірінші іріктеу кезеңі, бірінші ойын ХVIII тур 1 шілде (сенбі)

С

«Шахтер» – «Ақтөбе» «Оқжетпес» – «Атырау» «Тараз» – «Астана» «Қайсар» – «Ақжайық»

4-5 шілде (сейсенбі-сәрсенбі), УЕФА Чемпиондар Лигасы 2017/2018, бірінші іріктеу кезеңі, қарымта ойын 6 шілде (бейсенбі), УЕФА Еуропа Лигасы - 2017/2018, бірінші іріктеу кезеңі, қарымта ойын ХIХ тур 8 шілде (сенбі) «Астана» – «Қайсар» «Атырау» – «Тараз» «Ақтөбе» – «Оқжетпес»

9 шілде (жексенбі) «Ақжайық» – «Қайрат» «Ордабасы» – «Шахтер» «Ертіс» – «Тобыл»

11-12 шілде (сейсенбі-сәрсенбі), УЕФА Чемпиондар Лигасы 2017/2018, екінші іріктеу кезеңі, бірінші ойын 13 шілде (бейсенбі), УЕФА Еуропа Лигасы - 2017/2018, екінші іріктеу кезеңі, бірінші ойын ХХ тур 15 шілде (сенбі) «Шахтер» – «Оқжетпес» «Тараз» – «Ақтөбе» «Қайсар» – «Атырау» «Тобыл» – «Ақжайық»

18-19 шілде (сейсенбі-сәрсенбі), УЕФА Чемпиондар Лигасы 2017/2018, екінші іріктеу кезеңі, қарымта ойын 20 шілде (бейсенбі), УЕФА Еуропа Лигасы - 2017/2018, екінші іріктеу кезеңі, қарымта ойын ХХI тур 22 шілде (сенбі) «Астана» – «Тобыл» «Ақтөбе» – «Қайсар» «Оқжетпес» – «Тараз»

23 шілде (жексенбі) «Ертіс» – «Шахтер» «Ақжайық» – «Ордабасы» «Атырау» – «Қайрат»

25-26 шілде (сейсенбі-сәрсенбі), УЕФА Чемпиондар Лигасы 2017/2018, үшінші іріктеу кезеңі, бірінші ойын 27 шілде (бейсенбі), УЕФА Еуропа Лигасы - 2017/2018, үшінші іріктеу кезеңі, бірінші ойын ХХII тур 29 шілде (сенбі) «Шахтер» – «Тараз» «Оқжетпес» – «Қайсар» «Атырау» – «Тобыл» 30 шілде (жексенбі) «Ақтөбе» – «Қайрат» «Астана» – «Ордабасы» «Ақжайық» – «Ертіс»

1-2 тамыз (сейсенбі-сәрсенбі), УЕФА Чемпиондар Лигасы 2017/2018, үшінші іріктеу кезеңі, қарымта ойын 3 тамыз (бейсенбі), УЕФА Еуропа Лигасы - 2017/2018, үшінші іріктеу кезеңі, қарымта ойын. (Үшінші айналымның күнтізбесі кейінірек жарияланады).


10

МЕЗГІЛ

7 наурыз, сейсенбі, 2017 жыл

www.saryarka-samaly.kz

БРИФИНГ

ИМАНДЫЛЫҚ

Ысыраптан бас тартуға шақырды

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде облыс имамдары бас қосты. Дін қызметкерлері 2017 жылғы іс-шаралардың жоспарын құрып, осы саладағы кейбір өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстар жасады. Облыс имамдары ҚМДБ тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылғы жұмыс жоспарын бекітті. Басым бағыт жат ағымдар мен деструктивті секталармен күресуге арналды. Әсіресе, жастар арасында теріс ағымдар жайында уағыз-насихаттар белсенді түрде айтылып, бұл тұрғыдағы қызмет күшейтіледі. Сонымен қатар, деструктивті секталарға кірген тұлғаларды дәстүрлі дінімізге, ханафи мәзһабына қайтару ісі қарастырылды. Жыл бойы облыс имамдары халыққа дәстүрлі ислам құндылықтары жөнінде дәлелді-дәйекті түсіндірме жүргізіп, жас отбасылар арасында отбасы құндылықтарын қастерлеу, ажырасу сияқты жағымсыз істің алдын алу мақсатында кездесулер мен уағыздар айтып келеді. ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман Исеновтың айтуынша, қазақ халқы ғасырлар бойы төл мәдениеті мен дәстүрін берік сақтаған. - Үлкенге құрмет көрсету, отбасы құндылықтарын қастерлеу, бала жастан туыстық қарым-қатынасты қадір тұту – мұның барлығы әдет-

ғұрып, салт-дәстүрімізде бар. Әсіресе, қазақ қызына тән ар мен инабат, жігіттерге тән имандылық кейінгіге үлгі болатын, ата-ананың сөзі – заң деп қабылданатын. Егер де жастар арақ-шарап ішіп, қыздары ұяттан аттаса, ажырасса немесе зина жасаса, бұл ата-анаға ең ауыр соққы, сүйегіне таңба болатын. Қазақ халқында жетімдер үйі, қарттар үйі болған емес еді, қазір бұл да әдеттегі жағдайға айналды. «Жастардың ұлттық, діни тәрбиесіне көңіл бөлетін кез жетті. Тойлардағы арақ-шарап ішу үрдісіне тосқауыл – көркем уағыз, қазақ халқының дәстүр-салты бұлағына суарылған насихат, - деді өкіл имам. Имам-молдалардың сөзінше, тағы бір күрделі мәселе - ҚМДБ тарапынан шыққан келісімдерге сәйкес, жаназа мен жерлеу рәсімдерін өткізу мәдениетін қалыптастыру. Имамдар марқұмның жаназасын, қырық күндік, жылдық жабдығын өткізуде көңіл айтуды қамтитын шағын, облыс көлемінде бекітілген ас мәзірін басшылыққа алу керек екендігін айтты. Бұдан бөлек, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі бекіткен негіздемеге сәйкес,

Өткен жылы аймақта жастар үшін 238 пәтер қолданысқа берілген. Оның 167-сі «Өңірлерді дамыту - 2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде баспаналы болған.

4125 жас жұмыссыз

дінбасылары облыс мұсылмандарын зират басында бейіт тұрғызу кезіндегі ысырапшылдықтан тыйылуға үндеді. «Қоғамдық мұсылмандар зираты аумағын бейсауат жанжануар таптамау үшін, ортақ қоршаумен қоршалуы қажет. Алайда жеке-жеке қабірлер үстіне бейіт құрылысын тұрғызуды доғару, марқұмның қабіріне қойылатын құлпытасына аты-жөнін, туған және қайтқан жылын ғана жазу, фотосуретін қоймау керек», - деді имамдар. Жиналыс барысында халықтың діни сауатын арттыру, қоғамдағы адамгершілік, ар-ұят құндылықтарын жаңғыртуға қатысты іс-шаралар мен әдіс-тәсілдер, әртүрлі амалдар талқыланды. Нариман Исенов облыс мұсылмандарын өз аулаларын аббаттандыру, жасыл желек егу, жастарды еңбекке, қажетті мамандыққа баулу, түрлі руханиағартушылық, мәдени, спорттық шараларды ұйымдастыруға, мұқтаждарға жәрдем беруге шақырды. Жыл бойы облыс мешіттерінде діни сауат ашу курстары жұмыс істей береді. Бұған қоса, «Нұр-Мүбәрак» университеті, «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне және ҚМДБ-ға қарасты басқа да оқу мекемелеріне түсемін деуші түлектерді дайындау жүргізіледі.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ.

Журналистер шаңғымен жарысты

Спортшылардың жетістігін бірінші болып жариялап, жұртшылықтан сүйінші сұрайтын журналистер қауымы да футбол ойнап, шаңғы тебе алады. Өткен аптада Усолка шағын ауданындағы «Ертіс» шаңғы базасында ұйымдастырылған аймақтық жарыста осыған тағы бір мәрте көз жеткіздік. Биыл дене тәрбиесі және спорт басқармасы тұңғыш рет бұқаралық ақпарат құралдары арасында облыстық спартакиада ұйымдастыруды қолға алды. Спартакиада шаңғы жарысы, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, президенттік миль, волейбол, шағын футбол және бильярд секілді 8 спорт түрін қамтиды. 4 наурыз күні спартакиада аясындағы алғашқы жарыс өткізілді. Төртінші биліктің өкілдері шаңғы жарысына қатысты. Әр командада үш ойыншыдан өнер көрсетті. Жас

мөлшері бойынша бес топқа бөлінген бәсекеде «Ертіс Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орын облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің ұжымына бұйырды. Өз тобында «Сарыарқа самалы» газетінің беттеушісі Маржан Шекенова, «Ертіс Медиа» ЖШС жарнама бөлімінің басшысы Динара Құсманова, «Звезда Прииртышья» газетінің спорт журналисі Дмитрий Белоградов чемпион атанды. Алдағы уақытта БАҚ өкілдері тоғызқұмалақ бәсекесіне қатыспақ. Сондай-ақ, бұл күні мемлекеттік мекемелер мен күштік құрылымдардың өкілдері де сынға түсті. Мемлекеттік органдар арасынан облыстық мемлекеттік кірістер

басқармасының командасы топ жарды. Ал күштік құрылымдар арасынан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құрамасына тең келер ұжым болмады.

Жылқыларды құтқарды Баршамызға белгілі, биыл қыс мезгілі ерте түсті. Қалың қардың түсуі мен қарлы бұрқасынның тыйылмауы біздің ауылдың жол қозғалысына айтарлықтай тосқауыл болды. Осы күндері Пограничник ауылындағы шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарының 300-ге жуық жылқысы қар құрсауында қалып қойған еді. Оларды

Суретті түсірген – Дархан Өмірзақов.

САЛАУАТТЫЛЫҚ

Әзиз ТОЛАҒАЙ.

КӨМЕК

ауылға әкелуге қардың шамадан тыс көп түсуіне байланысты қолда бар техниканың күші жетпей қалды. Осы орайда Ақсу қалалық мәслихатының депутаты Бауыржан Түсіпбеков мырза қол ұшын созып, жылқыларды орталыққа жеткізіп берді. Ауыл тұрғындары атынан Б.Түсіпбековке зор алғысымызды білдіреміз. ЕРНАЗАР ТЫНЫБАЕВ, Бір топ жылқы иелері, Пограничник ауылы, Ақсу қаласы.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ Өңірлік коммуникациялар қызметінде «2017 жылға арналған жастар саясатын жүзеге асыру мен мақсатміндеттері» атты баспасөз отырысы өтті. Жиында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Наталья Нефедова аймақтағы жастар өмірінің тыныс-тіршілігі жайын баяндады. - Бүгінгі таңда облыстағы жұмыспен қамтылған жастардың жалпы саны 128 909 адамды құраса, жұмыссыз жүргендердің қатары 4125-ке жеткен. Жастарды жұмыспен қамту барысында бірқатар істер атқарылуда. Мәселен, орталықта ұйымдастырылатын «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі негізінде талай жас өзіне жұмыс тапты. Яғни, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,53 пайызға дейін төмендеді. Сонымен қатар, баспана кезегінде тұрғандар да пәтерлі болып жатыр. «Өңірлерді дамыту - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 167 жас баспаналы болса, 29 жасқа дейін «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша 54 жас отбасы өз пәтерлерінің кілттерін алды, - дейді басқарма басшысы. Сонымен қатар, брифингте «Жасыл ел» жастар жасағы жайлы да сөз болды. Н.Нефедованың мәліметінше, «Жасыл ел» жасағы осы жылдан бастап жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейтін болады. - Өткен жылы «Жасыл елде» жұмыс істеген студенттердің жалақысына республикалық бюджеттен қосымша үстемақы төленіп отырды. Соңғы екі жылда штаб «Арнайы киім тігу» бағытын жүзеге асыра алмады. Осының салдарынан өзіміз қолдан келгенше әрекет жасадық. Аталмыш мәселе министрлік алдында көтерілгеннен кейін трансферт облысқа аударылды. Басқарма ретінде студенттердің үстемақысы мен формасын енді

өзіміз береміз. Бұдан кейін қиындықтардың орын алмайтынына сенімдіміз. «Жасыл ел» жасағы осы жылдан бастап жыл бойына қызмет ететіндіктен, студенттер қыста қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылып, көктем, жаз күз мезгілдерінде де еңбек ететін болады, - дейді Н.Нефедова. Ал осы айдың соңына қарай аталмыш басқарма «Жастар. Калым» атты мобильді қосымшаны іске қосуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда әзірленіп жатқан сайттан өңір жастары өздеріне жұмыс іздеп, қала берді, мобильді қосымшаның көмегімен бос уақытты қайда өткізуге болатынын біле алады екен. - Бұдан басқа, «Кино.кз» сайты үлгісінде тағы бір мобильді қосымша дайындалу үстінде. GPS жүйесімен жабдықталған порталда жастардың бос уақытын қамтуға арналған бассейн, кинотеатр, дәмхана, сауда үйлері, спорт залдары сынды мекемелердің екі айлық жоспары тұрады. Бүгінгі күні коммерциялық және бейкоммерциялық 154 мекеменің жұмыс кестесі сайтқа енгізілді. Қалған 300-і алдағы уақытта қосылады, - дейді басқарма басшысы. Атап өтерлік тағы да бір жайт, бұдан былай Жасыбай көлінің жағасында өтетін «Жасыбай толқыны» фестивалі Баянауыл жерінде емес, «Ертіс толқыны» деген атаумен орталық жағажайда өтетін болады. Тек атауы ғана өзгерген фестивальдің түпкі мақсаты сақталған. Яғни, жайдарманшылар мен эстрада жұлдыздары келіп өнер көрсетеді. Айта кетейік, бүгінде Павлодар облысында 14 пен 29 жас аралығындағы 163 135 жас бар. Бұл облыстағы жалпы адам санының 21,4 %-ын құрайды.

Қарағандылық «Павлодарская легенда» тұрғындар арасында жаңсақ пікір тудырды

«Жаңа Роса» ЖШС (Павлодар сыра зауыты) кеңсесіне көп тұтынушыдан шағым түсе бастады. Павлодарлық сыраны тұрақты сатып алушылар «Павлодарская легенда» деп аталатын өнімнің сапасы күрт нашарлағанын алға тартуда. «Жаңа Роса» ЖШС «Павлодарская легенда» тауарының Павлодар сыра зауытында шығарылатын өнімдерге еш қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді. Құйылып сатылатын аталмыш өнімді «Эфес Казахстан» ШК АҚ дайындайды. Бірақ сатушылардың басым бөлігі сыраның жаңа түрін өндірушіге назар аудармайды. Қарапайым сатып алушыға «Павлодарская легенда» сырасын қайда және кім дайындайтынын білу мүмкін емес деуге болады. Себебі атауы жазылған заттаңба «Жаңа Роса» ЖШС Павлодар сыра зауытында шығарылатын өнімге ұқсауы ықтимал. «Жаңа Роса» компаниясының басшылығы «Павлодарская легенда» тауарын осы уақытқа дейін өндірмегенін және өндірмейтінін өз тұтынушыларына ресми түрде хабарлайды. Павлодар сыра зауытында шығарылатын өнімнің нағыз бағалаушыларының арасында жаңсақ пікір қалыптаспауы үшін бөтелкедегі және құйылып сатылатын келесі сыра түрлерін ғана сатылымға шығаратынын жеткізеді: «Жигулёвское», «Бамберг», «Павлодарское крепкое», «Павлодарское светлое» және «Бархатное». «Жаңа Роса» ЖШС «Павлодарская легенда» сырасын дайындау аталмыш компания жоспарында жоқ. Жуық арада бұл кәсіпорын нарыққа құйылып сатылатын және бөтелкедегі сыраның айрықша сұрпын ұсынбақ. Қазіргі кезде Германия мен Чехияның сыра дайындаушыларымен келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы алдағы уақытта толық ақпарат берілмек. Ал бүгінгі күні «Жаңа Роса» ЖШС Павлодар сыра зауыты кәсіпорнында шығарылған деп жалған қабылданған өнімді сатып алуда абай болу керек екенін ескертеді. «Құрметті біздің сатып алушылар! Сыраның жаңа түрлерін өндірген жағдайда «Павлодарская легенда» сырасына қатысты туындаған ыңғайсыз жағдайды назарға ала отырып, ҚР Жарнама туралы Заңы аясында рұқсат берілген әдістер арқылы хабарлайтын боламыз» дейді зауыт басшылығы.


ХАБАРЛАМА

www.saryarka-samaly.kz

Құттықтаймыз!

Іскер әйелдер

Павлодар қаласындағы №25 орта мектептің мұғалімі, қадірлі ұстазымыз

Қымбат Махметқызы Жапенованы

Аяулы ұстаз, ақыл берген сен екен, Арта берсін қуанышың, берекең. Құтты болсын сегізінші наурыз, Гүл көктемнің шуағындай мерекең! Құттықтаушылар: оқушылар мен ата-аналар.

Құттықтаймыз! Қымбатты

ұстазымыз

Жанат

көктем мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, ақ тілегімізді мына өлең жолдарымен білдіреміз.

Шуақ шашқан санамызда, Ақыл берген панамыздай, Мерекеңіз құтты болсын, Алғашқы ұстаз – анамыздай! Ізгі ниетпен: Павлодар қаласындағы

№25 орта мектептің оқушылары мен атааналары.

Алғыс айтамыз! Павлодар қаласындағы №35 жалпы орта білім беру мектебінің 2 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары атынан аталған білім ордасының директоры Мұрат Бәкенұлы Асайыновқа және асхананың иесі Нүкен Алдажарқызына, сонымен бірге аспазшыларға, әсіресе Алмагүл апайға үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Мектеп асханасының тамағы өте дәмді әрі құнарлы. Балаларымыз сүйсініп жейді. Аспазшыларды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, зор денсаулық тілейміз!

№35 орта мектебі 2 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары. Павлодар облысы бойынша САЭС 2017 жылғы 03 наурыздағы №5504-17-00-2/811 анықтамасымен «Омаров» ШҚ (ЖСН 540216350463) банкроттығы туралы өндіріс қозғалды. (278) Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы облыс ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, қайта өңдеу кәсіпорындарының өнімдеріне, сондай-ақ көтерме кәсіпорындарының әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне 2017 жылғы 2 наурыздағы жағдай бойынша бағалар мониторингісін жүргізді. Сіздің назарыңызға бөлшек желісі арқылы сату үшін өнімдердің негізгі түрлерін босату және ұсынылған бағалары туралы ақпаратты ұсынамыз.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің тамақ өнімдерінің негізгі түрлеріне 02.03.2017 ж. босату бағалары Р/с №

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24

Тауар атауы

Бағалар, теңге/кг, л, ондық Қоймадан босату бағасы

1 сұрыпты бидай ұны (50 кг ) Ұнтақ жармасы Тары жармасы Сұлы жармасы Күріш Макарон бұйымдары, 2 кг (жоғары сорт) Құс еті Тауық саны Сүт, 2,5% (әлеуметтік дүкендер үшін) Сүт, 3,2% (әлеуметтік дүкендер үшін) Айран, 2,5% (әлеуметтік дүкендер үшін) Ірімшік майлылығы 9%, 200 гр.(әлеуметтік дүкендер үшін) Қатты ірімшік Жұмыртқа 1 дәреже Жұмыртқа 2 дәреже Сары май, 72,5%, 200 гр.(әлеуметтік дүкендер үшін) Май, спрэд, 200 гр. Тазартылмаған өсімдік майы, 1 л. Қант Тұз Түйіршіктелген қара шай 500 гр. Картоп Сәбіз Қызылша Қырыққабат

72

Көлік шығыстарына шығындар, теңге/кг, ондық, л 5

Әлеуметтік сауда объектілеріне арналған ең жоғары ұсынылатын бөлшек баға, теңге/ кг, ондық, л (10%-дан аспайтын үстемақы) 85

88 77 95 147 120

5 5 5 5 5

102 90 110 167 130

630 650 156

10 10 0

704 670 172

167

0

184

170

0

187

213

0

234

1600 213 173 340

10 5 5 0

1770 240 195 374

65 330

10 5

83 368

214 38 1125

5 3 5

240 45 1240

60 60 60 70

0 0 0 0

75 75 75 85

«Сарыарқа самалы» газетінің ұжымы №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Шәріп Қашкеновке анасы

Зура Зайырқызының

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Әйелдер іскер ғана емес, бірінші кезекте олар – Ана. Ананың қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі ұшан-теңіз. Ана - ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке – ырысы ғана емес, ол - ел мен елді елдестіруші, араздықты бітістіруші, дәнекерлеуші, ол - іскер, қаһарман. Халқымыздың татулығын, береке-бірлігін келтіруші ана екендігіне тарих куә. «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» деген халық даналығы осыдан туған. Қазіргі қоғамдағы әйелдер орнын жекелеп айтуға болады. Атап айтсақ, мынадай құрылымдық элементтері: емін-еркін және жүйелі сайлау, заң алдындағы теңдік, әділетті сот жүргізу, әлеуметтік, экономикалық және идеологиялық плюрализм, үкіметті конституциялық тежеу, ынтымақтастық пен ымырашылдық өзінің дамуына ие болды. Қазіргі заманғы демократиялық жүйелерде әртүрлі топтарда ұйымдасқан мүдделер қозғалысына байланысты саяси қатысудың мәні зор. Осындай ірі әлеуметтік топтардың бірі әйелдер болып саналады. Әйелдер біртіндеп бұрынғыдан әлдеқайда анық әлеуметтік мәртебеге ие болуда. Ол әйелдердің жалпы қоғамдағы, өндірісі, басқару мекемелеріндегі, отбасындағы орнын бекіте бастады. Елімізде әйелдер әлеуметтік қамсыздандыру жағынан ерлермен тең құқықтық дәрежеде. Ұлттық деңгейде ел саясатының ең бастысы, адам құқығын қорғау саласы болып табылады. Саяси салада әйелдердің жан-жақты дамуын, прогреске жетуін қамтамасыз ететіндігі Конституцияда айтылған. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев осы салада: «Әйелдердің эмансипациялау деңгейіне қарай қоғамның әлеуметтік, саяси деңгейі сынға алынады. Әрбір әйел еңбек жолын, кәсіпкерлік қызметті таңдауда, әлеуметтік және рухани өмірде бостандыққа ие, өз еркімен таңдау жасай алады. Сондықтан да Қазақстан

МЕНШІК ИЕСІ

заңдары және біздің қоғамымыздағы жалпы атмосфера қамтамасыз ететін әйелдердің әлеуметтік теңдігі – біздің жетістіктеріміздің бірі», - деген. Успен аудандық қазынашылық басқармасының ұжымы тек әйелдерден құралған. Штатта 8 әйел қызмет атқарып жатыр. Олар А.Мартынова, Л.Сагайдак, А.Кобликова, Л.Сагиева, Ж.Адиканова, К.Лозовик, Г.Сутжанова. Олар тек мемлекеттік қызметші ғана емес, отбасында ардақты ана, асыл жар. Тұрмыстық қызметімен бірге мемлекет мүддесі үшін де қызмет жасап жатыр. Қорытындылай келе, әйелдердің саясатқа қатысуын арттыру тек азаматтық тең құқылық қана емес. Әйелдер осы күрделі әрі жауапты салаға кейбір байытатын құндылықтарды, қосымша құзыреттілікті алып келетіні жалпы жұртшылықтың мойындағаны ақиқат. Мұның өзі табиғатынан әйел затының егесушілік мінез-құлыққа бейім еместігіне, еш уақытта қарама-қайшылықты күш қолдану жолымен шешуге бармайтынына байланысты. Әйелдер мақсатқа жетуде әрқашанда дәйектілік және тапқырлық, адами қарым-қатынастарда байланыс жасаудың жоғарғы үлгі-өнегесін көрсетеді. Қазіргі кезде өркениетке бет бұрған қоғамда әйелдердің осы парасаттылық жағын қолданса, барлық жерде тәртіп те, ізгілік деңгейіміз де жоғары болатыны даусыз. Кез келген жағдайда өз білімін сеніміне айналдырған, жаңалыққа құмар, ой өрісі жоғары, мәдениетті әйел адамдарымыз келсе, ол жерде саяси әлеуметтік тұрақтылық үстем болады деген сенімдеміз. Сөз соңында, бүкіл қазақстандық әйелдерді 8 наурыз - халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Еліміз үшін ерен еңбектер жасай берсін. Қажырлы қайрат тілеймін! Н.САҒАТОВА, Успен аудандық қазынашылық басқармасының басшысы. 2029

Менің анамның портреті «Жаным», - дедің, - қарашығым, құлыным!», Сүйдің, қыстың, дедің: «Тәтті қылығың!». Қаз-қаз тұрсам, езу тартсам, құласам, Я жыласам – бәрі жақты қылығым. М. ЖҰМАБАЕВ

Ана жайлы ой тербейік, оқырманым! Сенің де, менің де жанындай сүйер бір жақынымыз болса, ол анамыз болар. Сіз бен біздің ойымыз түйіссе, осы сырласуда түйіспек. Аналардың жаратылысы да ерекше. Бір бойында екі жүрек қоса соғып, өмірге өмір сыйлап, саналы ғұмырын баласының өмірін өнегелі етіп өткізуіне арнайды. Ана бақыты сол ұрпағының адаспай өз жолымен бағына жетуімен өлшенбек. Тек ана ғана өз баласын жазаламайды, баласы шалыс кетсе, «қай жерде жаза бастым?» деп қатені өзінен іздейді. Әр қадамына қуанып, сапарына ақ жол тілеп отырады. Жақсылығын көрсе, жасындай жарқ етеді. Сәтсіздікке ұшыраса, қанатының топшысын қырықпай, қыран құстай жігерлендіріп, қайта биікке ұшырады. Перзентінің болашағына сенеді. Сол сенім ана жүрегін алдамайды да. Өйткені олар - басқалар көре бермейтін дүниені сезетін, теңдесі жоқ көреген жандар. Мен бала болып, салмақты ой қозғасам, таңқалмаңыз. «Балалыққа сай бала болып неге ойламайды?» дейтін боларсыз? Ол да дұрыс. Бірақ байқау туралы естігенде кезде «Неге мен өз анам жайлы сөз етпеймін? Көңілде жүрген көп ойды неге қара сөзбен өрмеймін?» деген ой келді. Ана жүзі жанарында сақталып сезілмеген қаншама балалардан мен бақыттымын. Ендеше, өзге емес, өз анам жайлы сыр шертсем деймін. Дәл қазір өзімді қыл қалам шеберіндей сезінемін. Анамның жүзін көз алдыма әкеліп, қанық бояулармен суретін бейнелейтіндей күй кешудемін. Анамның портретін салып жатқандаймын. Енді аңғардым. Күйбең тірлікте байқай бермеппін. Анашым қандай сұлу болса, соншалықты салмақты екен. Әркімге өз анасы хас сұлудай дерсіз. Ол да шындық. Бірақ анамның ақсары жүзіне алтын түстес бұрымды шашы жарасқан, ашық жүзіне ақжарқын мінезді де үйлестіре жаратқан. «Анаңа ұқсайсың» деп жатса, кеудемді мақтаныш сезімі кернейді, жүрегімді бір мейірім тербейді.

11

Сарыарка самалы

Кез келген қоғамда қазіргі заманғы демократиялық нормалар мен нысандардың дамуы ерлер мен әйелдердің барлық қоғамдық өмір салаларында мемлекет, отбасы және т.б. деңгейлерде шешімнің қабылдануына тең қатысуын шамалайды. Қазіргі таңда біздің елімізде әйелдердің саясатқа араласып, жеке кәсіпкерлікпен айналысып, жоғарғы өкімет орындарына, мекеме басшылықтарына тағайындалуы кеңінен таралуда. Әйелдер саясатқа араласып, ерлермен қатар қызмет етуде.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Мұхиденқызы Мүслимованы

7 наурыз, сейсенбі, 2017 жыл

Кейде оны басқалардан қызғанамын. Ол әдетте өзге балалардың айналасында көп жүреді. «Өзге балалар» деп отырғаным оқушылары ғой. Кей-кейде оқушыларының жетістігіне қуанып, мақтаныш етіп жатады. Сондай сәттерде мен ішімнен «анамды қалай қуантсам екен?» деп те ойлаймын. Нұрлы жүзінде мерейі тасып шаттанған ана бақытын көрсем деймін. Әрине, шәкірттерінің жетістігі – анамның еңбегінің жемісі. Ал менің, ағамның жеңістері анамыз үшін зор бақыт екенін менің бала жүрегім сезеді. Жүзінде мейірім төгілген анамның жүрегінде перзентіне деген сезімі шексіз. Жүзінде мейірімі мол жан нағыз сұлу болмақ. Нық сөйлейтін оның дауысынан жауапкершілікті талап ететін білу қиын емес. Бұл да - жақсы қасиет. Адам баласына адамшылық, қарапайымдылық, жүректілік, білектілік ана сүтімен дарыса керек. Ана өз бойындағы асыл қасиеттерді ұрпағына ақ сүтімен сіңіреді. Даналықтың сені іздеп келмейтініндей, ол қасиеттерді сен аңдаусызда жоғалтып алуың да мүмкін. Сол үшін де барыңды бағалауды да анадан үйрену қажет. Менің үлкен арманым бар. Әзірше құпия ұстайын. Ұлы Абай атамыз «Ой жеткен жерге, қол да жетер...» дегендей, менің бала арманым орындаларына сенемін. Әзірге сен екеуіміз қош айтыса тұрайық, оқырманым. Менің анам жайлы айтсам сөзім, суретін салсам бояуым таусылмайтынына сен де сенерсің. Бұл дүниеде жаны жай таппай біреубіреуді іздесе, ол «Ана мен бала» деп біл! Мен де солардың қатарындамын. Бала жүректен бір үзік сыр ақтарсам, ана жайлы сен де ойлан, оқырман, анаң жайлы...

Олжатай НҰРСАЯ,

Павлодар қ. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназияинтернатының 6 «а» сынып оқушысы

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Ертіс Медиа» ЖШС, «Сарыарқа самалы» облыстық газеті Газет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 30.09.2014 ж. №14562-Г куәлігі берілген.

ГАЗЕТ 1979 ЖЫЛЫ «ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ» ОРДЕНІМЕН, 2014 ЖЫЛЫ «АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

ЖШС директоры Асқар ШӨМШЕКОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ Телефоны. 66-15-30 ЖШС-нің мекенжайы. Павлодар қаласы, Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй. Редакцияның мекенжайы. 140000, Павлодар қаласы, Естай көшесі, 61-үй. Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды поштасы. s_samaIy@maiI.ru Біздің сайт. www.saryarka-samaly.kz

Бас редактордың орынбасары – 66-14-61. Жауапты хатшы 66-14-63. Әлеуметтік қорғау 65-12-74. Саясат, спорт - 66-14-64. Тіл, әдебиет - 66-14-65. Білім, денсаулық, құқық, имандылық, мәдениет, «Айналайын», «ЖАС times» 66-14-65, 66-14-64, 66-14-63. Жарнама бөлімі е-mail. s_samaIy_reklama@maiI.ru 65-12-75, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі 66-15-41. Фототілші, корректорлар 66-15-29. Газеттің нөмірі «Сарыарқа самалының» компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына үш рет шығады, апталық таралымы 21494 дана, бүгінгі көлемі 3 б.т «Дом печати» ЖШС баспаханасында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны. 8 (7182) 61-80-26. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 462 Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді. Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. «Сарыарқа самалында» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті. Баспа индексі 65441.


12

ҚАСИЕТ

7 наурыз, сейсенбі, 2017 жыл

www.saryarka-samaly.kz

Суретті түсірген – Дархан Өмірзақов.

Бұл - өткенді, өткеннің құндылығын іздеу, бүгінгінің наласы, ертеңгінің... жоқ, бүгінгінің гөй-гөйі десек пе екен?! «Заманың қалай болса, бөркің солай». Уақыт, замана ағыны (әлде құйыны) әр дәуірдің қадірлісін, кие тұтқанын, небір мәшһүр жандар бас иіп өткен ананың ақ орамалын басынан сыпырып әкетті.

Орамал:

тек пен серт Сая МОЛДАЙЫП

Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов бір сөзінде: «Баяғыда үлкендер «шашта қасиет бар, ол жуып, күтілмесе, ұзатылғасын көзден жаулық арқылы көлегейленбесе, қасиет қайтады» деп айтатын. Кейде оңашада осыны ойлағанда қорқамын, қазақ бар қасиетінен айырылып қалатындай», - дегені бар. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенді желеу етіп, бүгінгі күні әйел қауымы - жас та, жасамыс та орамалдан ада болдық. Бұрым қиылды, шаш аяқ астында қалды. «Жетпіс жыл елді билеген, орыстандырған кеңестік идеологияның тәрбиесі еді, оқу бітірдік, қызметтеміз» деп сыныққа сылтау айтудың өзі «дәстүрге» айналғалы қашан?!

Ғұрып тұрғысынан «Қыз Жібекті ойласаң нең кетеді, ахау, Орамалы тұрады бес жорға» деп, ақ жаулықты ән-жырға қосқан қазақ үшін орамалдың құны тым қымбат, қадірлі еді. Ата-баба дәстүрінде ер-азаматтың бас киімін қандай кие тұтса, әйел-ананың орамал-жаулығының қадірі одан кем емес-ті. Ел мен ел, ру мен ру немесе азаматтар арасындағы даужанжал қатты өршігенде, қарт ана орамалын екі жақтың ортасына тастағанда немесе желекті жас келін азаматтардың ортасына барып сәлем салғанда, жанжалдасқандар үнсіз тарқаған. Яғни ананың басындағы орамал мен ақ сүтінің киесіне тоқтасқан. Ананың сүті демекші, қазақ-қалмақ соғысында қазақ ауылдарын шауып келе жатқан қалмақ қонтайшысының алдынан жұртта қалған ана шығып, өзі ні ң ақ сүті не илеп, пісірген нанды орамалының үстіне салып, қолбасшыға ұсынып тұрып: «Дәм тат, наннан үлкен емессің» депті. Нанның үзімін аузына салып, дәмін талғаған қонтайшы: «Ойпыр-ау, бұл қандай нан, дәмі ерекше ғой?» дегенде, әйел: «Мұны ақ сүтіме илеп, пісірген едім» депті. Сонда жан-жағын жайпап келе жатқан қонтайшы үн-түнсіз әскерін ертіп, шегініп кеткен деседі. Қаныпезер қас жаудың өзі ананың орамалы мен ақ сүтінің алдында бас иіп, ал ақылды әйел осынау қасиетімен ауыл-елін жаудан аман сақтап қалған деседі...

БӘРЕКЕЛДІ!

Әлбетте, ұлтымыз үшін орамалға қатысты дәстүр-ғұрып баршылық. Ақ түсті орамал қуаныш пен жақсылықты аңғартады. Қаралы шаңырақтың әйел-қыздары басына қара түсті орамал салған. Марқұмды жоқтаушы әйелдер қара орамалмен бірге екі ұшы қайтарыла байланған орамал да тартады екен. Мұны орамалды «кері тарту» салты деген. Ер балалар сәндік үшін шыт байлаған, (орамал) оны «байламша» деп атаған. Қарт аналарға матамен қосып орамал сыйлаған, содан «Орамал тон болмайды, жол болады» деген сипатты сөз қалыптасқан. Роза Әлқожаның «Мен сыйға тартқан орамал» әніндегі «Орамал, сірә, тон емес, Жастықтан қалған ол елес...» деген өлең жолдары қандай?!

«

Дін тұрғысынан Бі зді ң қазақ Құран қағидасын салтпен сабақтастырып, ою-өрнекпен көркемдеп, жаулық кимешекті төл киімге айналдыра білген. Мұсылман жұрты үшін орамал тарту парыз саналды, бұл - Жаратқанның ең қымбат сыйлығы деседі. Құранда әйел адамның киетін киім оның дене бітімін қатты кескіндемейтіндей кеңдікте, жүзі, екі қолы, тобықтың төменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай болуы шарт дейді. Осы тұрғыдан алғанда орамал тағу, ұзын киім кию - әйел адамның нәзік болмысы мен әдемі лі гі н арам пиғылдан, сұқ көзден сақтайтын қорған, оның мейірімділік, нәзіктік, ар-ұяттылық сияқты асыл қасиеттерін танытар нышан. Қысқаша айтқанда, әйелдердің басын

...Қысқаша айтқанда, әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі - Құранның тікелей бұйрығы! Сондықтан ашық-шашық киінбеуді ислам діні әйелді қорғау, абырой-беделін көтеру мақсатында бұйырған....

Шетінде шай орамал, күміс жүзік, Қуантқан сүйген жардың сөзі келді, - деп ертедегі жігіттер өлең-әнге қосқан, бұрышына жүзік түйілген кестелі орамал да махаббат сезімін білдірудің дәнекері болған. Сондай-ақ, ұзатылған қыздан төркініне орамалға түйілген құстұмсық жүзік сәлемдеме келсе, атаанасы қызының барған жерде жағдайының жақсы екенін осыдан біліп, қуанған. Қазақта орамалға қатысты ойын түрлері көп. Батыс жақта «Орамал» атты ойын бар. Орамалға түйген ақшаны атпен алып қашады. «Орамал тастамақ» деген ойында жігіт не қыз дөңгелене отырғандарды айналып жүріп, қалаған адамның сыртынан орамал тастап ойнайтын болған. Бағзыда «Орамал жүгіртпек» деген де ойын ойналған. Қазақтың кей өңі рлері нде келі н әкелерде жі гі т жағы «Орамал той» жасағанда жақындары орамал деп мата, мал, ақша, т.б. заттар апарады екен. Мі не, қазақ қаді р тұтқан орамалдың бұдан басқа да қасиеті баршылық.

«

христиан дiнiнде, кәрiс пен жапон секiлдi елдерде де бар. Оларда орамал әйелдің болмысын толықтырып тұратын киімнің құрамдас бөлі гі не айналған. Еврей ді ні бойынша, орамал тағу әйелдің әлеуметтік жағдайын білдіретін болған. Сондықтан төменгі таптағы әйелдер жоғарғы таптағы әйелдерді ң қатарында көрі ну үші н орамал тағуға тырысқан. Орамал тағу тектіліктің нышаны саналғандықтан, байырғы Израильде зинақор әйелдердің орамал тағуына рұқсат берілмеген дейді. Еуропадағы жөйіт әйелдер ХІХ ғасырға дейі н орамал тағып, кейін сол қоғам рұқсат бермей, басты ашып жүруге мәжбүрлегендіктен, орамал орнына парик киген екен. Зерттеушілер орамалдың шығу тарихын сөз еткенде, «ең алғаш қай елдің әйелдері тарта бастады?» деген сауалға Қытай мен Рим елдерін атайды. Ол жақта жел мен шаңнан қорғану, түрлі аурулардан сақтану үші н орамалмен оранған екен. Ал ежелгі Египет қолжазбаларына қарағанда мысырлық әйелдер төртбұрышты орамалдарды иықтарына іліп жүрген. Католиктің ата заңдарында да шіркеуде әйелдерді бастарына орамал тағуға міндеттейтін арнайы баптар бар. Міне, орамалды тек біздің қазақ қана емес, әлемнің бірқатар елдері де кие тұтқан, қадірлеген, ертеде әйелдердің жалаңбас жүрулеріне қатаң тыйым салған. Ал қазір орамал салынбайтын болды. Есесіне, шаш қиылды немесе ұзын шашты жайып жіберу «үлгісі» қалыптасты. Шашты жайып жіберу жаман ырым, жамандық, қаралы хабар шақыру деп саналады. Өкініштісі, қазір оны ескеріп жатқан ешкім жоқ.

Денсаулық тұрғысынан Негізінде, медициналық тұрғыдан алып қарағанда, шаштың магниті зор. Сондықтан адамның шашы ауадағы шаң, ластың бәрін тартып алады. Ал әйел ас дайындап, дастарқан жасап, дәм ұсынатындықтан тазалық үшін шашты орап жүру, яғни орамал тарту мі ндет, әрі бала емі зеті н әйелді ң басында да орамал болуы шарт. Бұл да тазалық үшін әрине, денсаулық үшін аса қажет. Емізулі баласы бар әйел орамалсыз бала емізсе, шайтан шаштың қайызғағын баланың аузына салып жібереді деген наным бар. Ондай бала есейгенде мәңгүрт болып, анадан безеді, қайырымсыз болады деп ұққан. Бір өкініштісі, қазір жас балалы келіншектердің көпшілігі оған мән бермей, ұялы телефонымен отырып-ақ, бала емізе беретін болды. Кейбір нан сатушылар, асханада ас пісіріп, ас таратушылардың жалаңбас, кейбірінің шашын жайып жіберіп жүре беретініне көз үйренді. Бұрын қалай еді? Бұрын қолаң шашты бойжеткендердің басына тақия, бұрымына арнайы шашқап кигізетін. Бұл тіл-көзден сақтаудың, шаң-тозаңнан қорғаудың бір амалы еді...

жауып, ұзын киім киюі - Құранның тікелей бұйрығы! Сондықтан ашық-шашық киінбеуді ислам діні әйелді қорғау, абырой-беделін көтеру мақсатында бұйырған. Діни түсінік бойынша орамалсыз жүрген әйелдің иманы басынан қырық қадам алыс жүреді деп есептелген. Иә, кеңес Сексенінші жылдардың ортасында алматылық үкіметі орнағанға дейін студенттер мен әскердегі жастар арасында қытайлық қазақта орамалсыз жүрген қазақ ақын Кәкей Жанжұнұлының сөзіне жазылған әйел заты болмаған. Әр М.Меңкешовтың «Анаға хат» деген сағыныш пен мұңға аймақтың ауа райына тән толы әдемі әні кең тараған еді. «Ақ күмістей ақ шұға, өзіндік киім кию дәстүрі, соған Алау атып жаулығың, Апа, халің жақсы ма, Мықты орай әйелдердің орамал, ма, денсаулығың...» деп келетін өлең сөзі ауыл-елге, желек, сәукелесі белгілі бір әрине, анаға деген мөлдір сағынышты маздататын. үлгiде тiгiлген. Қазақтың «Есті Ауылда көкжиектен әрі асқан қара жол бойына көзі қыз етегін қымтап ұстайды» деуі де бекер емес. Бір талғанша күн сала қарап, алысқа кеткен баласын елеңдей атап өтер жәйт, орамал күтіп, ақ орамалын жел желпіген анаңның бейнесі салу үлгісі тек мұсылман елестеп, ауыл жақ қол бұлғаушы еді. Осы ән қазақы әйеліне ғана емес, өзге әлемді бір тербеп, ұлттық сананы желпіп өткендей діндегілерге де тән. Мысалы, еді. Қазір сахналардан сирек естілетін болды. Орамал бұл үрді с жөйі т (еврей) пен мен жаулықтай бұл ән де ұмыт қалып барады...

ТҮЙІН:

«Қойын дәптер» қолыңызда болсын! Жарқынбек АМАНТАЙ

Аймағымызға белгілі публицист, «Ертіс Медиа» ЖШС директорының орынбасары, әріптесіміз Жұмабек Сманов «Қойын дәптер» атты кітабының тұсауын кесті. Тұсаукесердің ерекшелігі, қаламгердің 45 жасқа келу мерейтойымен қатар келуінде болды. Кітапқа автордың өлеңдері, әр жылдардағы мақалалары, сүбелі сұхбаттары және эсселері енгізілген.

– Әр адамның өзіне есеп беретін уақыты болады. Қырықтың қырқасынан қыр асқан шығармыз, бірақ бағындырар белестеріміз әлі алда деген ойдамын. Менің бүгінгі күнге жетуіме жол ашқан аяулы анам екендігі анық. Сондықтан бұл алғашқы кітабымды да биыл 80 жасқа толатын анама арнадым, - деді Жұмабек Оркенұлы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Арман Қани мен Ғалымбек Жұматов туындының тұсауын кесіп, жылы лебіздерін жеткізіп, пікірлерімен бөлісті. Жұмабек Сманов өңір жұртшылығына журналистикалық қабілетімен қатар ақындық өнерімен де танымал. Оның өлеңдерінің тақырыбы да сан алуан. Ақын егемендік, туған жер, ата-ана, жастық шақ сынды тақырыптарды қаузаған. Ол жастық шағында айтулы айтысқа қатысып, бірқатар аламандарда жүлде салған. Әріптесіміз Жұмабек Оркенұлын мерейтойымен және тұңғыш кітабының жарыққа шығуымен шын жүректен құттықтаймыз! Баянды ұзақ ғұмыр, мол шығармашылық табыстар тілейміз!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.