11 қыркүйек, 2018 жыл №104 (15275)

Page 1

САРЫАРҚА Павлодар облыстық газеті 1929 жылғы 15 ақпаннан шығады ssamaly29@gmail.com

САМАЛЫ

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

Аймақ өнімдері Астана төрінде!

11 қыркүйек, сейсенбі 2018 жыл №104 (15275)

@saryarka_samaly

Нақпа-нақ Биыл Павлодар облысындағы жолдарды жөндеуге

54 млрд. теңге жұмсалған «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ»

Отбасы ең үлкен құндылық Астанада «Мерейлi отбасы» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биыл бесінші рет өткен байқауда Жамбыл облысының атынан қатысқан отбасы үздік деп танылды.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Әр жылдың күзінде Ертіс-Баян өңірінде өндірілген ауылшаруашылық өнімдері Астанаға жол тартып, арнайы жәрмеңкеге жиналған жергілікті жұртшылыққа арзан бағаға сатылады. Дәстүрлі сауда мерекесі биыл да өз жалғасын тауып, Астананың 20 жылдығына арналды. Аймақ шаруаларының ала жаздай өсіріп, баптаған өнімі осы сенбі-жексенбі күндері Елордаға жеткізіліп, астаналықтарға ұсынылды. Жәрмеңкеге облыстың барлық өңірлерінен 100-ден астам шаруашылық қатысып, 465 тонна азық-түлік тауарлары саудаланды. Жалғасы 3-бетте

Күретамыр: ТІЛ - ХАЛЫҚТЫҢ ТҰҒЫРЫ Биылдан бастап Қазақстан халқының тілдері күні 5 қыркүйекте аталып өтеді. Осы атаулы күнге байланысты Павлодар облысында «Тілдер онкүндігі» жарияланып, әртүрлі мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастырылды. Жалпы, еліміздің мемлекеттік тілі - қазақ тілінің беделін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту бағытында тағы қандай шаралар атқарылуда? Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәуле Османовадан сұраған едік. Толығырақ 4-бетте

Іс-шараны ашқан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді. Құттықтау хатта: «Отбасының шағын мемлекет екенін ескерсек, бүгінде жүзеге асырылып жатқан 5 әлеуметтік бастама сияқты жалпыұлттық жобалар қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, жаһандық трендтерге негізделген қамқорлық пен көмекті ұдайы жалғастыруда. Жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздары – отансүйгіштік, еңбекқорлық, мейірімділік пен қайырымдылық сияқты құндылықтар мен өмірлік бағдарларды бойына сіңірген отбасылардың өкілдері. Бұл үрдіс жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастырып, олардың білімге ұмтылысын арттырумен қатар, еңбек адамын тәрбиелеу үшін аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәні де осында. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік тілеймін. Мерейіміз әрдайым үстем болсын», делінген. Бұдан кейін Г.Әбдіқалықова қатысушыларды құттықтап, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты қосымша жүлделер тағайындалғанын да жеткізді. Бұл арнайы марапатқа қызылордалық Ишамқұловтар мен ақтөбелік Айтбаевтар әулеті ие болды. Айта кету керек, Айтбаевтар әулеті – халықаралық аренада еліміздің атын асқақтатып жүрген әнші Димаш Құдайбергеннің отбасы. Байқаудың бас жүлдесі жамбылдық Ниязқұловтар отбасына бұйырды. Отағасы Үмен ақсақал 40 жылдай ауыл мектебінде мұғалім, директор қызметтерін атқарған. Жұбайы Баян әжей де ұстаздық еткен. Қазіргі таңда балалары мен немерелері олардың ізгі жолын жалғап, білім саласында қызмет етеді. Отбасының педагогикалық еңбек өтілін қосқанда 198 жылға жетеді екен. Қазіргі таңда Үмен ақсақал мен Баян әжей 12 бала, 32 немере және 20 шөбере тәрбиелеп өсіріп отыр. Жүлдегер әулетке естелік сыйлық пен шағын автобус көлігі табысталды. Айтып өтелік, аталған байқауға Павлодар облысынан Қазанғаповтар отбасы қатысқан болатын. Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


11 қыркүйек, сейсенбі, 2018 жыл

БРИФИНГ

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ Ағымдағы жылдың жеті айында 705 тонна ет және ет өнімдері шекара асырылған. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашид Нұрбаевтың мәлімдеуінше, оның басым бөлігі – жартылай дайын өнімдер. Одан бөлек, 1300 тонна сүт және сүт өнімдері сырттағы тұтынушыларға жөнелтілген. Кебек, арпа, жем-шөп бидайы, жүгерісі экспортталған. Биыл ұсақ малдың 100 тонна жүні Моңғолияға жіберіліпті. Қытайға 420 артемия құрты экспортталыпты. Ал Ауғанстан елінен павлодарлық құс жұмыртқасына сұраныс түскен. Сөйтіп, биыл 10 млн. дана жұмыртқа аталмыш елге жол тартқан. Инспекция өкілдері өңірімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сырттан келетін жүк жіті қадағаланатынын айтты. Сынама алынып, зертханада тексеріледі. Мәселен, биыл бақылануы тиі с 7 мың жүк тексерілген. Оған қоса, астаналық арнайы зертханаға да сынамалар жіберіліпті. Қауіп төндіретін нормадан жоғары ауытқушылықтар анықталмаған. Құзырлы орган жергілікті полициямен бірлесіп, тасымалданатын еттің, малдың құжаттарына қатаң қарайды. Жеті айда 46 заңбұзушылық тіркеліп, 1 млн. 447 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Ал бір жағдайда жүкті Ресей Федерациясына кері қайтарған. - Себебі Ресейден келген малға берілген ветеринарлық куәлік біздің ел аумағында жарамайды. Оған жеке сертификат алуы тиіс еді. Сондықтан дер кезі нде құжат әкелі нбегенді ктен, кері қайтаруға мәжбүр болдық. Жалпы, заңбұзушылықтар ішінде құжаттың жүкке сәйкес келмеуі, құжаттағы жүк көлемінің шын мәнінде басқа болып шығуы, құжаттың мүлдем болмауы, тасымалдаушы автокөліктің талапқа сай келмеуі сынды кемшіліктер жиі орын алады, - дейді Р.Нұрбеков. Азық-түлік қауіпсіздігін одан әрі күшейту мақсатында өңірімізде 7 ветеринарлық бекет қойылады. Оның бесеуі Ресеймен шекараға қойылса, тағы екеуі Шығыс Қазақстанмен іргесі бір Аққулы мен Май аудандарында құрылады. Бүгінде жабдықтар толық сатып алыныпты. Алдағы жылдың қаңтарынан бастап жұмысына кіріседі. Р.Нұрбеков Шығыс Қазақстанмен шекаралас аудандарға арнайы бекеттің қойылу мақсатын түсіндірді. Айтуынша, елімі з бойынша бес облыс – Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылордада буферлік аймақ саналады. Яғни бұл өңірлерде аусыл дерті не қарсы екпе жасалады. Қара малдың мұндай дерті өңірімізге тән емес. Сондықтан бізде вакцина жасалмайды. Сәйкесінше, аталмыш аймақтардан ет пен малдың тасымалдануы қауіпті. Олардың екпе жасалған малының өзі вакцинаның күші жойылған соң да сау малға жұқтыруы әбден ықимал көрінеді. - Біздің өнім екпесіз болғандықтан, экспортқа еш кедергісіз шығара аламыз. Аталған өңірлер бір-бірінің арасында емін-еркін саудаласа алады. Нарықты кеңейту үшін облысымызға да өткізуге әрекет жасаулары мүмкін, деді инспекция басшысы.

САРЫАРҚА САМАЛЫ ШАҺАР ШЫРАЙЫ

Әр тұрғын жауапты

Аусылдан аулақ болу үшін... Облысымыздан экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрі мен біздің азық-түлікті тұтынатын елдер қатары еселенуде. Биыл қатарға Ауғанстан, Моңғолия елдері қосылыпты.

АҚПАРАТ

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА Сенбі күні облыс әкімі Болат Бақауов және бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары облыс орталығындағы құрылыс алаңдарында болып, жұмыс барысымен танысты. Қолға алынған кей істердің бүгінгі аяқ алысы көңіл көншітпеді. Мәселен, №43 орта мектеп жанынан жасанды жабындысы бар футбол алаңы салынуда. Мердігер компания – «ПромГор-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұл нысанды 1 қыркүйекте тапсыруы тиіс еді. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 44 млн. теңге бөлінді. Бірақ жұмыстар әлі аяқталған жоқ. Облыс әкі мі Болат Бақауов бірнеше күн аралығында тиісті істер тиянақты атқарылмаса, құрылыс компаниясы жосықсыз мердігерлер тізіміне енетінін ескертті. Дәл осындай футбол алаңы облыс орталығындағы №22 мектеп жанында салынуда. Бұл алаң да әлі пайдалануға берілген жоқ. Аймақ басшысы бастаған топ екінші Павлодар шағын ауданы тұрғындарының мәселесі н де назардан тыс қалдырмады. Бірнеше жыл бойы көктем келсе, судың астында қалатын бұл аудан тұрғындарының жағдайы - биылдан бастап жергілікті биліктің жіті назарында. Соның бір дәлелі – жерасты мен қар суын жинақтаушы резервуар орнату жұмыстарының басталуы. Болат Бақауов атап өткендей, қазаншұңқыр қазылды, соның есебінен су деңгейі төмендеді. Оған қоса, 2 шақырым құбыр тартылып, сол арқылы су кәрі з жүйесі не жі бері леті н болады. Тағы бірқатар күрделі жұмыс келесі жылы қолға алынбақ. Ал «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен жергілікті кәсіпкерлер жерасты суынан зардап шеккен отбасыларға қол ұшын созып, барынша көмектесуде. Тұрғындардың тағы бір тілегі – онкологиялық диспансер салу бойынша жұмыс жүйелі жүргізілуде. Құрылысы былтыр басталған медициналық мекеме келесі жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде негізгі

,,

Бүгінде облыс орталығында ірі әлеуметтік нысандар мен баспаналардың құрылысы қарқынды жүріп, қаланы көріктендіру бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Десе де, жетілдіретін тұс аз емес. Кейбір мердігерлердің жұмысты белгіленген мерзімнен кеш тапсырып, тұрғындардың дені тазалыққа салғырт қарайды. Ал түптеп келгенде, шаһардың шырайына жергілікті билік өкілдерімен қатар әр павлодарлық жауап беруі тиіс.

Сурет облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынды.

2

туралы ұсыныс ортаға салынды. Оны қала құрылысы бойынша кеңесте қарастыратын боламыз. Ал жобадағы еуроторды «Жұлдыз» стадионын қоршауға пайдалануымыз мүмкін, деді Б.Бақауов. Павлодар қаласын аралау барысында аймақ басшысы Ауған соғысы ардагерлеріне арналған саябақта аялдады. Қазіргі таңда мұнда қайта қалпына келтіру бойынша шаралар мықтап қолға алынған. Тұрғындар жүретін жолдағы кеспетастар толығымен

- Бұл шағын ауданда Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана, жақында диагностикалық орталыққа айналатын Павлодар ауданының бұрынғы емханасы бар. Енді олардың қатарына онкологиялық диспансер қосылмақ. Сөйтіп, екінші Павлодарды медициналық кластерге айналдыру жоспарда бар...

ғимарат пен ота жасау бөлімінің арасын жалғайтын галерея тұрғызылуда. Яғни, науқастар сыртқа шықпай-ақ қажетті ем-домды ала алады. «ГСУ-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Руслан Жұматаевтың айтуынша, құрылыс барысы мен аппараттарды сатып алуда қиындық жоқ. Сәулелік терапия жасауға арналған, құны 300 млн. теңге болатын құрал осы жылдың қыркүйек айында жеткізіледі. Аймақ басшысы Б.Бақауов екінші Павлодар медициналық кластерге айналатынын айтты. - Бұл шағын ауданда Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана, жақында диагностикалық орталыққа айналатын Павлодар ауданының бұрынғы емханасы бар. Енді олардың қатарына онкологиялық диспансер қосылмақ. Сөйтіп, екінші Павлодарды медициналық кластерге айналдыру жоспарда бар. Емхана қызметіне жүгінетін тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін көріктендіру, жарықтандыру жұмыстары жасалады, - деді Б.Бақауов. «ГСУ Құрылыс» серіктестігі қолға алған жобалардың бірі – Усолка шағын ауданындағы 50 метрлік бассейн. Бүгінде құрылыстың басым бөлігі аяқталып, ішкі әрлеу мен құралдарды орнату ісі қалды. Жоспар бойынша, осы жылдың қараша айында бұл бассейн ел игі лі гі не бері леді. Бұл ретте бассейн аумағын қоршаудан бас тарту туралы ұсыныс айтылды. - Бассейннің жобасында нысанды қоршау қарастырылған. Десе де, оның аумағын көріктендіріп, тұрғындардың серуендеуі, бассейнге қатынауы үшін қоршауды қоймау

ауыстырылып, жаңалары төселмек. Сонымен қатар, Ауған соғысының символы – мәрмәрдан жасалған қара қызғалдақтар қойылып, оларға соғыста қаза тапқан интернационалист-жауынгерлердің аты-жөндері жазылып, суреттері бейнеленді. Облыс әкімі Б.Бақауов деректердің дұрыстығы жіті тексерілуі және қаза тапқандардың барлығы қамтылуы тиіс екенін қадап айтты. Болат Жұмабекұлы Иса Байзақов көшесі, 133 және Ген.Дүйсенов көшесі 138/1 мекенжайларында бой көтеріп жатқан баспаналардың құрылыс барысымен де танысты. Мұндағы пәтерлердің барлығы дерлік «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы өз иелерін тапқан. Ендігі кезекте құрылысты уақытылы аяқтау қажет. Бұл ретте аймақ басшысы көріктендіру жұмыстарына баса назар аударды. Айталық, Чкалов көшесі, 116, 118-үй мекенжайларындағы аулалар 10 жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген. Тек биыл мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Ағымдағы жөндеу Майра көшесі, 19, 21 және 23-үйлерде жасалды. Б.Бақауов аулаларды қалпына келтіру асфальт төсеумен шектеліп қалмайтынын айтты. Осы орайда тұрғындар да белсенділік пен жауапкершілік танытуы керек. - Биыл облыстағы 3 қаланы көріктендіруге 2 млрд. 700 млн. теңге бөлінді. Облыс орталығындағы 185 ауланы қалпына келтіруге 1 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Бірақ мұнымен іс бітті деуге келмейді. Ауланың тазалығына бейқамдық танытпай, ұқыпты қараған үйлердің маңында балалардың ойын алаңы мен спорт алаңдары орнаты-

латын болады. Бұл ретте тұрғындардың әрқайсысы пәтері үшін ғана емес, тұтас үй мен аула үшін де жауапты екенін түсінуі тиіс. Ол - қала әкімінің немесе облыс әкімінің емес, өздерінің, балалары мен немерелерінің ауласы. Сондықтан тазалық сақтауды қаперден шығармаған жөн. Жақында көріктендіру айлығы басталып, соның аясында ауқымды іс атқарылмақ. Сол шаралардан да шет қалмағаны дұрыс, деді Б.Бақауов. Сонымен қатар, аймақ басшысы облыс орталығының символына айналған Орталық жағажайды ұзарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Осыдан 4 жыл бұрын жағажайды жаңғырту жұмыстары қолға алынған тұста тиісті істер 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған-ды. Бірақ бүгінгі қарқынға қарап бағамдар болсақ, 2020 жылы жоспарлы і стерді ң аяқталатын түрі бар. Мәселен, «ҚазТрансОйл» компаниясы аумағынан «Қазқонақ» ескерткішіне дейінгі аралық 2019 жылы Астана күні қарсаңында ашылады деп болжанып отыр. Сонымен қатар, Орталық жағажайдан Усолка шағын ауданына дейінгі аумақ көріктендірілмек. Павлодар қаласын аралау барысында облыс әкімі мезгіл мәселесін ұмыт қалдырған жоқ. Көмір жеткізумен және сатумен айналысатын жеке компания – «Элит KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, қысқа дайындықты саралады. Компания директоры Дастан Дәулетбаевтың айтуынша, қазір қорда 3300 тонна Шұбаркөл және 50 тонна Майкөбе көмірі бар. Алғашқысының тоннасы – 17 мың теңге, жергілікті қатты отынның бағасы – 12 мың теңге. - Қыстың қамын ерте ойлайтын ағайын көмір сатып алып үлгерді. Тұрғындардың бір бөлігі қатты отынды алуға енді кіріседі. Бұл ретте «Өзіміздің Майкөбе, Екібастұз көмірлері бола тұра, неліктен Қарағандыдан Шұбаркөл, Семейден Қаражыра көмірі тасымалданады?» деген сауал туындауы мүмкін. Себебі тұрғындарға балама ұсынып, сапалысын таңдауға мүмкіндік береміз. Мысалы, Шұбаркөл көмірінің калориясы мен жылуды ұстау көрсеткіші өзгелерден жоғары. Бірақ бағасы – 17 мың теңге. Жергілікті қатты отынның бір тоннасы Павлодар қаласында 10-12 мың теңгеге саудалануда. Арақашықтықтың шалғайлығына байланысты елді мекендерде баға сәл қымбат болуы мүмкін. Ал күрт қымбаттауына жол бермеймі з, деді Б.Бақауов. Павлодар қаласындағы бірқатар нысанды аралаған аймақ басшысы жаңадан тағайындалған Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевке бірқатар нақты тапсырма беріп, жетілдіретін тұстарды атап көрсетті. Өз кезегінде Әнуар Қайыргелдіұлы тапсырмалардың уақыт оздырмай орындаларына сендірді.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА

3

11 қыркүйек, сейсенбі, 2018 жыл

БИЛІК ҺӘМ БҮГІНГІ МӘСЕЛЕ

Жолдың «жауы» кім? Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ Облыс әкімдігінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары Самат Ғылымов қатысқан жиында жаңадан төселген тас жолдардың аз уақыт ішінде кетіле бастауының себептері айтылды. Жүк тасымалына қатысы бар мүдделі азаматтар да шақырылды. Сондықтан, төрт көз түгел болған отырыста әр тарап өз уәждерін алға тартты. Облыс әкімі Болат Бақауов жолдардың бұзылуына жүкті шамадан артық тиеп, жолға түсетін тиісті жүктемеден асыра жүйткиті н і рі жүк таситын көлі ктер кесі рі н тигізіп отырғанын мәлім етті. - «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жол құрылысына, жөндеуге басымдық беріліп келеді. Былтыр жергілікті бюджеттен 9,5 млрд. теңге бөлсек, биыл 12,4 млрд. теңге қарастырылды. Орталық пен Шығысты байланыстыратын дәліз құрылысы аяқталмақ. Бірақ атқарылған жұмыстарды бақылаусыз арлы-берлі жүретін ауыр жүк тасымалдайтын көліктер жоққа шығаратын түрі бар, - деді облыс әкімі Б.Бақауов. Сондықтан аймақ басшысы қадағалауды күшейтіп, талапқа қырын қарағандар жазасын алатынын айтты. Негізі, артық жүкке алған арнайы рұқсат қағазы барларды полициялар тоқтата алмайтын көрінеді. Көлік инспекциясы талапқа сай рұқсат беретіндерін

алға тартуда. Бірақ, бұл бір-біріне сілтеудің салдары кейінгі кезде қатты сезілуде. Бүгінде облыс жолдарының 82 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал бақылау уыстан кетсе, бұл коэффициент кері кетуі мүмкі н деген ойда облыс әкі мі. Облыстық көлік бақылау инспекциясының басшысы Серік Жолдыбаевтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері габаритті емес, бірақ ауыр жүкке жалпы сомасы 81 млн. теңгенің 1212 арнайы рұқсатын берген. Жүйелі тексеріс барысында рұқсаттан бөлек те талапты белшесінен басатындар кездескен. Мәселен, ағымдағы жылы көлік бақылау бекеттерінде жүк тасымалымен айналысатын 12 мың көлік тексерілген. Олардың 1673-і заңды бұзған. Оларға айыппұл салыныпты. Бірақ бұл сомалар жыл сайын жол құрылысына қарастырылатын қаржының «тамшысына» да татымайды. Олай дейтініміз, биыл республикалық бюджетті қосқанда жолға 54 млрд. теңге жұмсалмақ. Сондықтан қатаң қадағалау ғана барымызды бүлдіртпеудің амалы, деген пікірде биліктегілер. Негізгі жер қойнауын пайдаланушылар жиі орналасқан бағыттардағы тас жол тез тозатын көрінеді. Жүк тасымалының көптігінен, әсіресе, Екібастұз-Майқайың, Қалқаман-Беловка арасындағы жол өте «нәзік». Жыл сайын мамандар бұл аралықтың тесілген жерлерін жамауға мәжбүр. Сондықтан облыс әкімі Болат Бақауов осы тұстарға екі бақылау бекетін орналастыруды тапсырды. Әр бекетке екі-екіден полиция жасағы қарастырылмақ. Осы ретте,

Сурет газет мұрағатынан алынды.

Биліктегілер тас жолдың күтіммен ұсталуын күн тәртібінен түсірмек емес. Оған өткен аптада аталмыш мәселенің қатарынан екі күн арнайы отырыста егжей-тегжейлі талқыға түсуі дәлел.

облыс әкімі заң бұзушылыққа жол бергендерге қатысты хаттама толтыруда мұқият болуды ескертті. Яғни, ары қарай сотқа жүгінгенде хаттамада жіберілген қателік істі соңына жеткізуде тұсау болмауы тиіс. Аймақ басшысы мәселені шешуге қоғамдық кеңес мүшелері мен нұротандықтарды араласуға шақырды. Арнайы сайт ашылады. Оған кез келген адам «көлі к инспекциясы қайда қарап отыр?» деген айдармен жүкті аузы-мұрнынан асыра тиеп алғандардың фото-бейне материалдарын жібере алады. Астанадан келген комитет өкілі Самат Ғылымов өзекті мәселені қолға алған әкімдіктегілерге алғысын айтты. Өйткені көбі қатаң қадамға көшуге жүрексінеді, деді. Сондай-ақ, комитет тарапынан қолдаудың болатынын мәлім етті. Заң бойынша кен орындарының әрқайсысында жүктің салмағын өлшейтін құрылғысы болуы керектігін еске салды. Тиісті талапты ескермегендер, жүкті толтыра тиеп жөнелте беретіндер заң бойынша жауапқа тартылып, тіпті лицензиясынан айырылу қаупі барын да атады. Айта кету керек, жүк тасымалдаушы

ұйымдар мен жүк тиелетін кен орындарының өкілдеріне де талап күшеймек. Яғни, кен орындары өздерінен жөнелтілген жүктің шамадан тыс болмауын қадағалаулары тиіс. Артығымен артып алған жүк көліктері үшін олар да жауапты болмақ. Сондықтан кен орындарының басшылары талапты сақтаймыз деп уәде етті. Алайда «Богатырь көмі р» кәсі порнының өкі лі бұл қатаң шара тасымалдаушылар тарапынан наразылық тудыратынын алға тартты. Облыс әкімі Болат Бақауов мұндай наразылық барлық тараптан болатынын жоққа шығармады. Әсіресе, «аз тиеп әкелдік» деп тауарының бағасын шарықтату әрекетіне баратындарды да бақылауға алу тапсырылды. Тасымалдаушылар да пікірлерін ортаға салды. Олар мұндай талапқа сай тендер кезіндегі шарттарды да қайта қараған жөн болар, дейді. Әйтпесе, тасымалдан шығынға батамыз деп безек қағуда. Сонымен қатар, тасымалдаушылар жүк салмағына шектеу қойғанмен қатар жолдың сапалы салынуы қатаң қадағаланса деген ті лектері н бүгі п қалмады.

БІЛІМ

Аймақ өнімдері – Астана төрінде!

Ел келешегімектептен

Басы 1-бетте

Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, апарылған азық-түлік тауарларының жалпы сомасы 110 млн. теңгеден асады. Оның ішінде 36 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 220 тонна картоп, 80 тонна көкөніс пен 60 тонна бақша өнімдері, 5 тонна балық және басқа да тауарлар жеткізілген. Астана жұртшылығы бұдан басқа арзан шұжық, нан-тоқаш, жарма, макарон, сүт, кондитерлік өнімдеріне, ара балына, күнбағыс майына қарық болды. - Павлодарлық кәсіпорындар ауылшаруашылық, азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген ассортиментін әкелді. Сонымен қатар тауарды сатып алушыларға экологиялық таза пакеттер ұсынылуда. Жәрмеңкеге 50 мыңнан астам адам келеді деп жоспарлап, өнімімізді сол мөлшерге шамаладық. Елордалықтар көбі несе Баянауылдан әкелі нген ет пен павлодарлық картоп өніміне қызығушылық танытты, - деді Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев. Павлодардың ауылшаруашылық өнімдері астаналықтар арасында үлкен сұранысқа ие екендігі жәрмеңке басталғаннан-ақ халықтың көптеп келуінен байқалды. Сауда мерекесінің алғашқы сағатында 10 мыңнан астам астаналық тауар сатып алуға жиналып, әсіресе, ет, жұмыртқа және қарбыз сатып алу үші н ұзын-сонар кезекке тұрды. «Осындай жәрмеңкелердің қолжетімді бағамен ұйымдастырылуы қуантады. Мысалы, өзімізде 2200 теңге тұратын етті жәрмеңкеден 1740 теңгеге сатып алдым. Сатушылар картоп пен пияздың

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Мұрат АЯҒАНОВ

келісін 70 теңгеден босатты. Тиімді сауда болды», - деп өз ойымен бөлі сті елорда тұрғыны Бибіғайша Бөженова. Тағы бір астаналық Юлия Вольнова өзі ні ң отбасы павлодарлықтардың жәрмеңкесін асыға күтетінін жеткізді. «Себебі ең дәмді қарбыздар Павлодарда өсіріледі. Жыл сайын осында келіп, қарбыз бен күнбағыс майын қап-қабымен сатып аламыз. Ал бағасы біздің нарықтағымен салыстырғанда өте арзан», деді сатып алушы ризашылық таныта отырып. Айтып өтелік, елордада сиыр етінің келісі - 1350 теңге, жылқы – 1550, қой еті – 1300, құс еті – 700, жұмыртқаның ондығы – 170, қымыздың литрі – 600, картоп, қырыққабат, пияз – 70, қарбыз – 50 теңгеден сатылды. Астананың инвестиция және кәсіпкер-

лікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Рысгүл Қауғабаева елордалықтар Павлодар облысының дәстүрлі өнімдерінің сапасын жоғары бағалайтынын, көбі «Кэмми», «Рубиком», «Крендель» сияқты өндірушілердің тауарына қызығатынын атап өтті. Әйгілі Аққулының қарбызын сатып алуға арнайы келеті ндер көп. Осындай жәрмеңке өткізгені үшін өңір шаруаларына алғыс айтамыз, - деді мекеме өкілі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы үш сағаттың ішінде сатушылар апарылған өнімнің 30 пайызын сатып алып үлгерген. Жәрмеңкеге жалпы саныде 55 мыңнан астам тұтынушы келген деген ақпарат бар. Шара аясында сауда алаңында Павлодар облыстық филармонияның концерті ұйымдастырылды.

Жуырда «XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» атты бірыңғай республикалық ата-аналар жиналысы аясында Павлодар қаласындағы №9 орта мектебінің қабырғасында шара өтті. Мамандардың сөзінше, мұндай шара білім сапасына қатысты мәселелерді шешуге жол ашады. Жиналыс барысында атааналар отбасылық құндылықтарды дамыту, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде білім беру мекемелерімен қарым-қатынасты нығайту мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау әрекетін алдын алуға, жат діни ағымдардан сақтану жолында ұстаздар қауымымен күш бі рі кті ру жөні нде келі сі м жасады. Мектеп әкімшілігі білім алушы әрбір оқушының өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат болып өсуі жолында отбасы мүшелерін бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Жиналыс соңында ұрпақ тәрбиесіне қатысты ұсыныстар мен түрлі пікірлер айтылды. - Биыл ұлым 11-сыныпқа көшті. Конференция барысында ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы мен талабы жөнінде мол мағлұмат алдым. Бұған дейін аталмыш сынақ жөнінде хабарым ғана болмаса, бұл дода арқылы баланың болашағы шешілетінін бі лмеді м. Сондықтан мұндай жиналыстар ата-аналарға баласының оқу үлгерімі мен емтихандары туралы алдын ала білуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта ұлымның ҰБТ-да жоғары көрсеткі шке ие болуы үші н анасы екеуміз ұстаздарымен бірге қолдау көрсетіп, тек қана оқуға көңіл бөлгеніне жағдай жасайтын боламыз, - дейді ата-ана Серік Әміров.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


4

11 қыркүйек, сейсенбі, 2018 жыл

Павлодар облысы: жылдар мен оқиғалар (Басы газеттің 2018 жылғы №5, 7, 11, 14, 20, 23, 26, 38, 41, 47, 50, 52, 55, 58, 62, 67, 70, 75, 76, 80, 85, 88, 89, 94, 100, 101, 103 сандарында).

1979 жыл 9 мамырда Павлодар қаласында Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің ескерткіші ашылды. • «Экибастузшахтастрой» комбинатының ұжымы жаңа «Восточный» көмір кенішінің құрылысын бастады. • Тамызда Павлодар қаласында балалар теміржолымен алғашқы пойыз жүріп өтті. • Павлодар қаласында №5 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. 30 желтоқсанда Екібастұз станциясынан бірінші электр пойызы аттанды. Қуаты «ВЛ» электровозы көмір тиелген ауыр құрамды байланыс үшін ашылған электрленген магистральмен Целиноградқа және одан әрі Уралға бастап кетті. Целиноградтан Екібастұзға дейі нгі темі р жол бөлі гі н электрленді руді ң ашылуына байланысты станцияда митинг өтті. • Павлодар әуежайына тәулік сайын орташа есеппен 50 лайнерден қонып отырды. Облыс орталығы Мәскеумен және одақтас 4 республиканың астаналарымен, сондай-ақ Қазақстан, Орта Азия және Сібірдің ірі қалаларымен тұрақты рейстер арқылы байланыста болды. • Павлодар қаласында 8 наурыз атындағы Павлодар тігін фабрикасының жаңа төрт қабатты өндірістік кешенінің құрылысы басталды. • Ермак, Павлодар, Екібастұз қалаларында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Роза Рымбаеваның гастрольдері сәтті өтті. • Павлодар қаласында 28 бағыт бойынша орташа есеппен 180 автобус жүрді. Олар күн сайын 220-230 мың адам тасымалдады. • Ауғанстан Демократиялық Республикасы мен оның жаңа революциялық үкіметін қолдау үшін кеңес әскерінің шектеулі бөлігі енгізілді. Жедел әскер қатарына шақырылғандардың ішінде Павлодар облысынан сарбаздар, сержанттар, прапорщиктер мен офицерлер болды.

1980 жыл

Сәуірде қуаты 0,5 млн. киловаттық Екібастұз 1-МАЭС-нің бірінші энергоблогы жұмыс істей бастады. Болашақта бұл станцияда тағы 7 энергоблок, оның екеуін 1980 жылы іске қосу қажет болды. 4 тамызда Екі бастұз энергетика кешені ні ң екі нші қуатты эллектрстанциясы - Екібастұз 2-МАЭС-нің негізі салынып, оны құюға Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы Н.Ә.Назарбаев қатысты. • Павлодар қаласында Кутузов көшесінде (қазіргі Тәуелсі зді к даңғылы) «Кооператор» азық-түлі к дүкені ашылды.

1981 жыл

Қаңтарда Павлодар қалалық атқару комитеті Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына Павлодар қаласының тарихи орталығы болып табылатын Ленин көшесінде ғимарат бере отырып, оны кеңейту туралы шешім қабылдады. • «В.И.Ленин атындағы Павлодар трактор зауыты» өндірістік бірлестігінің бас конвейерінен 350 мыңыншы трактор шығарылды. Наурызда Павлодар қаласындағы Құрманғазы атындағы №1 музыка мектебі жаңа ғимаратқа көшіп, қоныс тойын өткізді. 18 мамырда Мәскеуде пионерлердің Бүкілодақтық слеты ашылды. Оған павлодарлық бірнеше оқушы қатысты. 31 шілдеде 9 сағат 32 минутта облыс тұрғындары күннің толық тұтылуын бақылады. 1 қыркүйекте Павлодар қаласында 8 Март атындағы тігін фабрикасының жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған ғимаратының пайдалануға берілуіне арналған салтанатты митинг өтті. Қарашада Екібастұз 1-МАЭС-нің №4-ші блогы іске қосылып, электр қуатын берді. Бұл энергоблок қатарға қосылғаннан бастап, Екі бастұз 1-МАЭС-ні ң қуаты екі миллион киловатқа жетті. • Павлодар қаласындағы жаңа темір жол вокзалы пайдалануға берілді. • Павлодар қаласындағы аумағы 14 га Абай, Красноармейцев (қазіргі Кривенко көшесі), Кутузов (қазіргі Тәуелсіздік даңғылы) және Бебель (қазіргі Естай) көшелерімен шектелген жаңа 14-ші шағынауданның құрылысы басталды. • Мойылды көліндегі судың құрамында бром бар екендігі алғаш рет анықталды. Бір литр суда оның 100 миллиграмы болды. • Павлодар қаласындағы өзен вокзалының жанындағы «Энергетик» шипажай-профилакторийінің аумағында минералды бұлақ көзі ашылды.

Жалғасы бар.

Павлодар облысы мемлекеттік архиві материалдары бойынша әзірленді.

ЖЕЛҚАЗЫҚ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

КҮРЕТАМЫР

Тіл - халықтың тұғыры Биылдан бастап Қазақстан халқының тілдері күні 5 қыркүйекте аталып өтеді. Осы атаулы күнге байланысты Павлодар облысында «Тілдер онкүндігі» жарияланып, әртүрлі мәденирухани іс-шаралар ұйымдастырылды. Жалпы, еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілінің беделін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту бағытында тағы қандай шаралар атқарылуда? Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәуле Османовадан сұраған едік. - Сәуле Қабдулжаппарқызы, биыл тілдер мерекесінің уақытына байланысты өзгерістер орын алды. Оқырманға осының мәнісін түсіндіріп өтсеңіз... - Иә, былтырғы жылға дейін Қазақстан халқының тілдері күні қыркүйек айының үшінші жексенбісі болатын. Өткен жылдың соңында ҚР Премьер-Министрінің Қаулысымен 5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күні болып бекітілді. Бұл – көрнекті қоғам қайраткері, ақын, ағартушы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Мұны ұлт ұстазына деген ерекше құрмет деуге болады. Екіншіден, өткен жылы А.Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толған болатын.

- Енді Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында ақынның шығармашылығы мен өмір тарихын насихаттауға бағытталған шаралар, «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» сынды байқаулар ұйымдастырылатын шығар?

- Дұрыс айтасыз. Еліміздің тілдер күнін Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде атап өтуіміздің өзіндік үлкен мәні бар. Себебі, ұлт көсемі кезінде қазақ әліпбиін құрастырып, қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуына үлкен еңбек сіңірді. Басқа облыстарда ақынның еңбегін насихаттауға арналған шаралар өткізілуде. Біз келесі жылдан бастап, осы тілдер мерекесі қарсаңында А.Байтұрсынұлының шығармашылығына, өмір тарихына байланысты түрлі байқаулар ұйымдастырамыз. Ал, биылғы мерекеге орай облыс көлемінде 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында «Тілдер онкүндігін» жарияладық. Осы он күннің ішінде қала-аудандарда 150-ге жақын іс-шара, атап айтқанда, түрлі деңгейде «дөңгелек үстелдер», фестивальдер, байқаулар өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер мен қызмет көрсету орындарында қазақ тілінде үздік қызмет көрсетуші байқауы болды. Жақында аталған акцияның қорытындысы ретінде «Тіл – достық құралы» атты

мерекелік концерт ұйымдастырып, жыл басынан бері атқарған жұмыстарымызды бір түйіндеп алдық. Шараға өңірімізде тұратын барлық этнос өкілдері қатысып, өздерінің тілдік ерекшеліктерін, ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдениеттерін көрсетті.

- Осыдан бірнеше жыл бұрын «Тіл керуені» деп аталатын ерекше жоба қолға алынған болатын. Осы шара болашақта жалғасын таба ма?

- Иә, бұл жоба облыс әкімінің ұсынысы бойынша 2016 жылы басталып, әлі жалғасып келеді. Мұны облыстық «Ана тілі» орталығымен бірлесіп ұйымдастырудамыз. Жобаның ерекшелігі – қазақтың тілін ғана емес, ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін де насихаттау. Бұл жобаға өзге ұлт өкілдері және мектеп оқушылары көптеп қатысты. Оларға салт-санамыздан хабары бар, он саусағынан өнер тамған ата-әжелер қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеуді және ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауды үйретті. Бұдан бөлек, ұмытылып бара жатқан кейбір салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуда. Аудандар мен ауылдарды аралап, тарихи және қасиетті орындарды көрсеттік. «Тіл керуеніне» жылына 200 адамды қамтудамыз. - Биыл қандай жаңа жобалар

арнайы тіл үйрену кітаптары, ертегі жинақтары және буклеттер таратылды.

- Тағы бір сауал – жарнама, көрнекі құралдарға қатысты. Былтырдан бері «жыр» болып келе жатқан «Орталық әмбебап дүкені» атауының қазақша аудармасын қашан жазатын болды?

-Қала ішіндегі жарнамалар мен маңдайша жазуларына байланысты қателер бұрын көптеп кездесетін еді. Қазір көрнекі ақпараттардың 70 пайыздан астамы заңға сай жазылған. Осы жерде айта кететін тағы бір мәселе бар. ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Тіл комитетінің шешімімен көшедегі жарнамалар мен маңдайша жазуларын қадағалауды біздің құзіретімізден алып, қалалық және аудандық бөлімдерге берген. Бұдан былай қате жазулармен солар айналысатын болады. Облыс орталығындағы «Орталық әмбебап қолға алынды? - Биыл екі жаңа жобаны қолға дүкенінің» атауы әлі біздің назарыалдық. Оның бірі «Күн сәулесі» деп мызда. Жақында директорымен хабараталады. Бұл зағип және нашар көретін ластым. Ол латын әліпбиінің соңғы азаматтарға арналған. Яғни, жана- нұсқасы бекітіліп, маңдайша жазуларын рынан айырылған жандарға арнап, ауыстыруға рұқсат берген кезде латын брайл жазуымен кітап шығардық. әріптерімен жазамын деген уәдесін Мұндай кітап елімізде бұрын ағылшын беріп отыр. Жалпы, облыс орталығында және орыс тілдерінде басылған екен. маңдайша жазуларын латын әріптеріне Ал қазақ тілінде алғаш болып біз ауыстырып жатқан жеке кәсіпорындар шығардық. Бірінші шығарылымы баршылық. Бірақ, біз оларға қазіргі бойынша оқырманға 30 дана кітап таңда оған әлі ерте екенін айтып, егер жол тартты. Бұл жұмыстар келесі кейін қандай да бір өзгеріс болып жылы да жалғасын табады. Екіншісі – жатса қайта жаңартуға тура келетіндігін «Тілдік келісім». Бұған осы қыркүйек ескертеміз. Міне, сондықтан асығыстық айының басында кірістік. Яғни, Павлодар танытпағанымыз абзал. және Кенжекөл балалар үйлерінде Сұхбаттасқан – тәрбиеленетін жетім және ата-анасының Тілеуберді САХАБА. қамқорлығынан айырылған балаларға

Мерейтойға бару маршруты Осы жылдың 15 қыркүйек күні Баянауылдың Теңдік ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Мұса Шормановтың 200 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Шара аясында аға сұлтанның кесенесі ашылады. Аталған мерейтой орнына жетудің маршруты ұсынылып отыр.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

ДӘУЛЕТ

11 қыркүйек, сейсенбі, 2018 жыл

5

Қазақтың қазба байлығы қаншаға жетеді? Қазақ жерінің қойнауында «Менделеев кестесіндегі» элементтердің барлығы бар деп мақтанып қоямыз. Алайда кезінде Кеңес үкіметі Ұлы дала төсін түренмен жаппай тілгілеп, текке рәсуә еткені сияқты, Қазақстандағы көптеген қазба байлықты да ысырапшылдықпен өндіріп, кеніштерді жарамсыз еткені мәлім. Демек, олардың әрқайсысы қазір қанша көлемде қалды? Қанша жыл өндіруге жетеді? Осы сұрақтардың жауабы табылды. «Кендердің сапасы бойынша Қазақстан негізгі әлемдік өндірушілерден артта қалып отыр» деп ашығын айтады осы салаға жауапты орган, Инвестициялар және даму министрлігі. – Сапасы төмен қорлар үлесінің көптігі салдарынан, қазір барланған қорлардың тек 35 пайызы ғана пайдаланылуда, ал он түрлі пайдалы қазбаның (алмаз, қалайы, вольфрам, тантал, ниобий, никель, бор, магнезит, магнезиалды калий тұздары) кен орындары әлі күнге дейін игерілмей отыр. Ведомство саланың тағы бір «бас ауруына» назар аудартады: кейінгі жылдары геологиялық барлау жұмыстарының жеткіліксіздігі жағдайында өндірілген қорлардың орны толмау, олардың жалпы санының төмендеуі және сапасының нашарлау үрдісі орын алып, ушығып келеді. «Кенді Алтай мен Орталық Қазақстанның басты кен орындарындағы мыс және полиметалл қорлары алдағы 10-15 жыл ішінде таусылуы мүмкін» деген көңілсіз болжам жасайды министрлік мамандары. Жасыратыны жоқ, ел экономикасы шикізатқа тәуелділігін сақтауда. Тиісінше, жаһандық «қара базарда» сататын басты тауарымыз да сол болып отыр. Сондықтан шетелдік және отандық инвесторлар жер астынан қазынаны көсіп-қазып алу қарқынын өрістетуде. Инвестициялар және даму министрлігінің дерегінше, кейінгі он жыл ішінде негізгі пайдалы қазбалардың көпшілігі бойынша өндіріс 326 пайызға дейін артқан. «Әсіресе, уранды (326%), газды (100%), мысты (47%), қорғасынды (25%), мұнайды (20%), алтынды (19%) өндіру айтарлықтай өсті. Осы жылдары жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары барысында табылған қорлардың өсімі өндірілген қорлардың орнын толтырмады. Соңғы жылдары баланстық есепке алынған мыс, алтын, темір және марганец қорларының сапасы негізінен – төмен, сәйкесінше өндірілген қорлардың баламасы бола алмайды» дейді министрлік. Бұдан қандай қорытынды шығады? «Экстенсивті пайдалану салдарынан мырыштың (14,7 пайызға), алюминийдің (15 пайызға), қорғасынның (9 пайызға), хромның (7 пайызға), күмістің (8,5 пайызға) қорлары 2007 жылғы деңгейге қарағанда айтарлықтай азайып кетті. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, қазіргі уақытта қол жеткізген өндіріс қарқыны сақталса, Қазақстан Республикасы ұзақ перспективада тек көмірсутек шикізатымен, көмірмен және қара металдар (темір) қорларымен ғана қамтамасыз етіледі» деген байлам жасалды таяуда ғана бекітілген «Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару» бағдарламасында. Көмірсутек шикізаты. Дөңгеленген дүниеде «қара алтынның» әлемдік қорының 80 пайызы небары 8 елдің жерінің астында жатыр. Бұлар – Венесуэла (17,6 пайызына ие), Сауд Арабиясы (15,6%), Канада (10%), Иран (9,3%), Ирак (9%), Кувейт (5,9%), Ресей (6,4%), БАӘ (5,7%). Бірақ мұнай өндіру көлемі бойынша көшбасшылар тізімі басқашалау: Сауд Арабиясы (13,4%), АҚШ (13,4%), Ресей (12,2%), Қытай (4,3%), Канада (4,8%), Иран

(5%) және БАӘ (4,4%). Қазақстан мұнайдың барланған қоры бойынша төрткіл дүниеде тоғызыншы орынды иеленеді. Алайда мұнайдың алуға болатын қоры жөнінен тек он екінші орында. Бұл шикізаттың қазіргі баланстық қоры 4 миллиард 761,9 млн. тоннаны құрайды. Олардың басым бөлігі Атырау (72 пайызы) және Маңғыстау (11,6 пайызы) облыстарында шоғырланған. Қалған «қара алтын» қорлары еліміздің Батыс, Орталық, Шығыс және Оңтүстік өңірлеріндегі бес облыста шашырай орналасқан. Көмірсутектің барланған негізгі қорлары Каспий маңы, Солтүстік – Үстірт – Бозашы, Оңтүстік – Маңғыстау – Үстірт пен Оңтүстік – Торғай, Шу – Сарысу шөгінді бассейндерінде тұнып жатыр. Мемлекеттік баланс бойынша 277 кен орнының шикізат қоры игеруге келеді. Соның ішінде 4 миллиард 745 млн. тонна қоры бар 256 объектіні жер қойнауын пайдаланушылар игеруде. Қалған кен орындары мен учаскелер консервацияда. Сарапшылар «Қазақстан жарты ғасырдай уақыт бойы мұнайдың игілігін көре алады» деп жорамалдайды. Бірақ елімізде 15 шақырымдық тереңдіктер зерттелмеген. Мамандар елімізде, әсіресе Каспий жағалауы маңында осынша тереңдікке бұрғы салып зерттесе, мұнайдың жаңа әрі мол қоры табылады деген сенімде. Газ. «Көгілдір отын» қоры жөнінен еліміз әлемде 21-орын алады. Еркін газдың барланған қорларының шамамен 95 пайызы «Қарашығанақ», «Жаңажол», «Теңге», «Жетібай», «Имашев», «Ұрықтау» (Урихтау), «Оңтүстік Жетібай», «Қаламқас», «Шағырлы-Шөмішті», «Батыс Оппасы» (Прорва Западная), «Өзен» және «Амангелді» кен орындарында қордаланған. Конденсаттың негізгі кен орындары Батыс Қазақстанда шоғырланған және Қаспий маңы ойпатына, Оңтүстік Ембі және Солтүстік Бозашы көтерілімдеріне, Солтүстік Үстірт иірімдер жүйесі мен Оңтүстік Маңғышлақ иірімі аймақтарына жинақталған. 2007– 2017 жылдар аралығындағы онжылдықта Қазақстандағы мұнай, мұнай-газ, мұнай-газ конденсаты кен орындарын пайдалану нәтижесінде, 711,4 млн. тонна мұнай, 81,5 млрд. текше метр еркін газ және 49 млн. тонна конденсат жер бетіне шығарылды. 2017 жыл қорытындысында елімізде 74,6 млн. тонна мұнай, 13,9 млрд. текше метр еркін газ және 4,8 млн. тонна конденсат өндірілді. Көмір. Мұнайға дейін ауызекі тілде «қара алтын» атанып келген бұл шикізаттың Қазақстандағы барланған қоры 34,1 миллиард тоннаны құрайды. Бұл біздегі ең мол қазыналардың бірі саналады. Республикамыз жыл сайын оның шамамен 100 миллион тоннасын өндіреді. Дәл осы қарқыннан танбасақ, көмір әлі үш жарым ғасыр тоқтаусыз өндіруге жетпек. Бұл ретте қазақстандықтардың аяғы астында 21,1 млрд. тонна тасты көмір және 13 млрд. тонна қоңыр көмір жатыр. Көмірдің қоры және жылдық өндіру көлемі бойынша

Қазақстан әлемде 8,10-орында. Салыстыру үшін айталық, осы отынның бүкіл жаһандық қорларының 84 пайыздан астамын небары жеті ел ғана астына басып отыр. Бұлар – АҚШ (22,1 пайызына ие), Қытай (21,4%), Ресей (14,1%), Австралия (12,7%), Үндістан (8,3%), Германия (3,2%) және Қазақстан (2,2%). Дегенмен өндіріс көлемі бойынша рейтинг өзгеше: өндірістің 80 пайызы бес елге, атап айтқанда, Қытайға (46,1%), АҚШ-қа (10%), Үндістанға (7,9%), Австралияға (8,2%) және Индонезияға (7%) тиесілі. Жоғары бағаланатын тасты көмірдің негізгі қорлары еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде – Қарағанды, Екібастұз, ТеңізҚоржынкөл тасты көмір бассейндерінде және бірнеше жекелеген кенорындарда шоғырланған. Қоңыр көмірдің негізгі қорларын Торғай қоңыр көмір бассейні (7,5 млрд. тонна) еншілеген. Аздаған қорлар Павлодар (Майкүбі бассейні), Ақтөбе (Мамыт кен орны), Алматы (Төменгі Іле бассейні) және еліміздің басқа да облыстарында табылып отыр. Мемлекеттік баланста қазіргі уақытта 5 көмір бассейні және 49 кен орны тұр. Соның арасынан бүгінде 5 көмір бассейні және 14 кен орны игеруге тартылған, олардың көбісінен көмір ашық тәсілмен көсіп алынады. 2007 – 2017 жылдары жалпы алғанда 1 миллиард 10,7 млн тонна, соның ішінде 2017 жылы 106,5 млн тонна көмір өндірілді. Уран. Жер планетасындағы уранның барланған қорларының шамамен 96 пайызын 11 ел ғана қанжығалаған. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) деректері бойынша уранның дүниежүзілік қорының шамамен 12 пайызы Қазақстанның жер қойнауында жатыр. Уранның біздегі баланстық қоры 876 мың тоннаны құрайды. Қорлардың негізгі бөлігі, яғни 74 пайызы Шу – Сарысу және Сырдария уран кенді провинцияларының шегінде, нақтырақ айтқанда, Түркістан облысында және ішінара Қызылорда облысы аумақтарында орналасқан. Кенорындар «ірі» (10-50 мың тонна) және «өте ірі» (50 мың тоннадан жоғары) болып бөлінеді. Бәріміз мектеп қабырғасынан білетініміздей, уранның жалпы қоры бойынша Қазақстан әлемде екінші орында тұр. Алайда Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, сапасы бойынша еліміз негізгі әлемдік өндірушілерден айтарлықтай артта. Мемлекеттік баланста уранның 60 кен орны (72 объект) есепке алынған. 668 мың тонна (бұл Қазақстандағы қорлардың 76 пайызы) ураны бар объектілер бөлінген қорда тұр. 2016 жылы 24,7 мың тонна уран өндірілді, оның 77 пайызы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысының, 20 пайызы Қызылорда облысының, ал 2 пайызы Солтүстік Қазақстан облысының еншісінде. Былтырғы 2017 жылы Қазақстан бұдан 10 пайызға немесе 2 мың тоннадан астамға аз өндірді. Әйтсе де, 2018 жылы өндіріс көлемін 23 мың тоннаға жеткізуді жоспарлауда. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының деректері бойынша әлемде өндірілетін барлық уран көлемінің шамамен 39 пайызы Қазақстанға тиесілі. 2015-2017 жылдары жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде, еліміздің уран қорының мөлшері 16 мың 855 тоннаға ұлғайды. Жалпы, уран қазіргі өндіріс қарқынында 30-40 жылға жетуі ықтимал.

Алтын. Бұл бағалы металл да жарты ғасырға жетпей, түгесілуі мүмкін. Өйткені кейінгі жылдары барланған жаңа кен орындары төмен сапалы болып шыққандықтан, «сөндірілген» (погашенный) қордың орнын толтыра алмады. Тарата айтсақ, 2017 жылы жер қойнауын пайдаланушылар қаражаты есебінен жүргізілген геологиялық жұмыстар нәтижелері бойынша Қазақстанның алтын қоры 35 тоннаға ұлғайған. Бірақ бір 2016 жылы ғана еліміз 60 тоннадан астам асыл металл шығарды. Былтыр бұл көрсеткіш 85 тоннаға дейін жетті. Алтынның барланған және өнеркәсіптік қорларының көлемі бойынша Қазақстан әлемде әзірге 14-орында тұр. Инвестициялар және даму министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәліметінше, еліміздің мемлекеттік балансында 343 алтын кен орны (386 объекті) бар. Қазақстан алтынының баланстық қоры бүгінде 2 мың 418,1 тоннаны ғана құрайды. Олардың 75 пайызы қарқынды түрде пайдаланылуда. Тағы 21 пайызы – барлану үстінде. Бұл қорлардың 85 пайызы еліміздің шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінде шоғырланған. Қалған 15 пайызы Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстарында. Тұтастай алғанда, 2007-2016 жылдары, яғни он жыл ішінде 483,2 тонна алтын шығарылды. Келешекте осы өндіріс тек еселеп арта береді. «Қазақстанның алтын қорымен қамтамасыз етілуі шамамен 40 жылды құрайды» деп жазылған «Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару» бағдарламасында. Темір. Ғалымдар темірдің біздің ғаламшарға тән емес металл екенін, оны Жерге ғарыштан «жауын» болып жауған метеориттер әкелгенін дәлелдеді. Сондықтан бұл металл дүниежүзінде көп кездесе бермейді. Бұл жөнінен қазақ халқының жолы болды: ата-бабамыз темірге ең бай жерді иемденіп, ұрпағына мирас етті. Осылайша, бүгінде Қазақстан темір кендерінің расталған қоры бойынша әлемде бесінші, ал олардың сапасы бойынша үшінші орында. Темір кендерінің біздегі баланстық қоры шамамен 20 млрд. тоннаны құрайды. Олардың 79 пайызы Қостанай облысындағы Торғай темір кені аймағында шоғырланған. 2017 жылғы жағдай бойынша Мемлекеттік балансқа темір кенінің 68 объектісі алынған. Соның ішінде 10,2 млрд. тонна баланстық қоры бар 38 объекті жер қойнауын пайдаланушыларға барлау және өндіру үшін берілді. 9,7 млрд. тонна темір кені бар (Қазақстан қорының 49 пайызы) объектілер резервте (бөлінбеген қорда) тұр. Америка Құрама Штаттарының Геологиялық қызметінің деректеріне жүгінсек, 2016 жылы темір өндірісі бойынша көшбасшылар қатарында Аустралия (824 млн. тонна), Бразилия (428 млн. тонна) және Қытай (264 млн. тонна) болды. Қазақстан жағдайына келсек, 2007– 2017 жылдар аралығында барлығы – 432 млн. тонна, оның ішінде 2017 жылы 35,7 млн. тонна темір кені өндірілді. 2015-2017 жылдары жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары арқасында темір кенінің мөлшері тағы 1 млрд. тоннаға көбейді. Егер қазіргі өндіріс мөлшері сақталса, даңқты атабабамыз сонау Темір дәуірінде ашқан бұл шикізат қазақ еліне кем дегенде тағы бес ғасырға жетуге тиіс.

Айхан ШӘРІП.


6

11 қыркүйек, сейсенбі, 2018 жыл

Қандыағаш

ТАНЫМ ТАҢҒАЖАЙЫП

Кең байтақ қазақ жерінің тарихына қоса, табиғаты да таңғажайып. Әлемде сирек кездесетін немесе мүлдем кездеспейтін өсімдіктердің кей түрлері бізде өседі. Бұл топырақ қыртысының ерекшелігінен, жердің қасиетінен болар деп топшылаймыз. Біздің аймақтағы табиғаты керім жер – Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында тау астынан қысы-жазы тоқтаусыз ағып жататын Әулие бұлақ бар. Бұлақ суы мұздай, дәмі де ерекше, емдік қасиеті де бар. Осы бұлақтың басында әлемде сирек кездесетін қандыағаш (ольха черная) өседі. Бұтағы қара қоңыр, жапырағы біркелкі жасыл, біз көрген шілде айында ұсақ бүршіктері ақ жасыл, кей бұтақтарда қою жасыл түсті екен. Міне, осы бүршіктері адам ағзасына ем дейді. Әулиебұлақтан қолсозым жерде Торайғыр тауы жатыр көсіліп. Одан әріректе Сәкен тауы (Сәкен жары) таң шапағына қасқиып қарсы қарап тұр. Ақ патшаның қанды құрығынан қашып жүргенде осы ауылдағы нағашысын паналаған Сәкен Сейфуллин тауға шыққан дейді жергілікті халық. Тауды о баста қазақтар сырт пошымына қарап «Қырғыш» (қазан қыратын құралға ұқсатқан), «Жүрек тас» (айналдыра қарағанда жүрекке ұқсайды), «Серке тас» (бүркіт бұлақ басында жайылып жүрген серкені көтеріп алып, осы құз басына әкеткен дейді), кейін «Сәкен жар» деп атап кеткен. Міне, осы аумақта әлемде өте сирек кездесетін қандыағаш жайқалып өсіп тұр. Қандыағаштың сыры жайлы Баянауылдағы орман шаруашылығында көп жылдар еңбек еткен турзизм саласының ардагері Дүйсекеев Жұмагелді Қасенұлы былайша әңгімелейді: - Қазақтар о бастан қандыағаш деп атап кеткен бұл ағашты орыстар «ольха черная» дейді. Мына тұрған таулардың ұзындығы – 45 шақырым, көлденеңі - 25 шақырым. Барлық аумағы 60 мың гектар жерді алып жатыр. Оның 22 мың гектары орманды алқап болса, сол 22 мың гектардың бір жарым мың гектар жерінде қандыағаш өседі. Қандыағаш ең ежелгі ағаштың түріне жатады. Неге ежелгі? Бұл мұз дәуірінен бұрын өскен екен. Жалпы, сол дәуірден бізге жеткен ағаш түрлеріне осы қандыағаш пен папоротник жатады. Қандыағаштың 8 түрі бар. Ал дүние жүзінде өсетін жалғыз түрі бізде ғана бар. Қандыағаштың сұр қандыағаш, қара қандыағаш деп бөлінетін түрлері бар. Неге қандыағаш деп аталады? Егер ағашты ортасынан кесетін болсақ, кескен тұс қызарып, қызыл түске енеді. Бірақ күнделікті тілде қараағаш деп те

атап кеткен, өйткені сыртқы түрі қара, жапырақтары қою жасыл түсті. Тани білген адамға табиғат дегеніңіз өте бір ғажап дүние ғой... Сол ғажаптың бірі - осы ағаш. Мұның бір ерекшелігі, адамзатқа неше түрлі болжамын айтып тұрады, тіпті мұны табиғаттың индикаторы деп атауға да болады. Мәселен, көктем кезінде қандыағаштың гүлдену процесі басталады. Гүлдеген кезде ағаштың діңгегі толығымен гүлденіп шықса, онда жаз жайлы болмақ. Егер гүлдену процесі астынан басталса онда жаз жаңбырлы, салқын болады деген сөз. Егер ағаш діңгегімен әр жерден гүлденіп шықса, онда жаз құбылмалы, егер төбесінен бастап гүлдесе, онда жаз өте ыстық, өрт апатының жиі болатынынан хабардар етеді. Жалпы, жапырақ шыға бастаған кезде жапырақ бүрісіп не жиналып тұрса, бұл жерді ң экологиясы дұрыс емес деген сөз. Егер жапырақтың әрқайсысында тесік пайда болса, бұл жерде орман ауруы бар деген сөз. Ондайда тек қандыағаш қана емес, ормандағы қайың, терек - бәрі де ауруға шалдықты деген сөз. Биыл қандыағаштың гүлдену процесін бақыладым. Жақсы гүлдеді, бұтақтарды көмкеріп, барлық бойымен шықты. Бірақ неге екенін білмедім, бір-ақ күнде әлгінің бәрі жоғалып кетті. Қандыағаштың бүршігі пайдалы. Оны қайнатып та ішеді немесе жинап алып, үстінен қант себеді, одан бал пайда болады. Міне, осыны жеу керек. Жаңа айттым, ағзаны жаңартады, күш-қуат пайда болады, иммунитетті нығайтады. Сондай-ақ бұл ағаштан жиһаз да жасайды. Міне, қараағаштың қасиеті осындай.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Табиғатпен біте қайнасып, «тілін» жақсы білетін Жұмагелді аға күреңот дейтін өсімдік пен Баянауыл тауларын мекендейтін арқар жануары жайлы да қызықты деректер айтты.

Күреңот. Арқар - Біздің жерде орысша атауы «Иван-чай» деген, қазақшасы «Күреңот» кейде «Түкті күреңот» деп те атайды, өсі мді к өседі, - дейді ол. - Күреңот өрт болғаннан кейін алғашқы шығатын гүлдердің бірі. Яғни, сол жердің құнары бар дегенді білдіреді. Сондай-ақ көшкен жұрттың орнына да өседі. Бұл Ресейде өте көп. Германияда өспейді екен. Ана бір жылдары немістер осы гүлдерді тұқым-тұқиянымен жинап, өздеріне апарып еккен көрінеді, бірақ ол жақта өспепті. Күреңотты шай орнына қайнатып ішеді. Адамның ағзасын жаңартады. Сабағын, жапырақтары мен гүлін емдік мақсатта пайдаланады. Шөп тұнбасын бас ауырғанда, ұйқы қашқанда және әйелдер ауырына қарсы ішеді. Бұл құнарлы мал азығы. Күреңот – маусым, тамыз айларында гүлдеп, жеміс тастайды. Тамыры да жеуге жарамды, құрамында қант, крахмал көп. Жапырағын көлеңкеге кептіріп, ағаш жәшіктерге не қағаз қапқа салып сақтайды. Қазақстанның кей аумақтарында биік болып өседі, олардың арасынан атты кісі көрінбей кетеді дейді. Күреңоттың құрамында С дәрумені, херофиллин деп аталатын алкаллоид бар. Бұл малға азық болуымен қатар, оның тұнбасымен малдың да асқазан, ішек ауруларын емдеген. Бұзау, құлындарға

Мал ұрлығынан сақ болыңыз!

күніне 50-100 грамнан ішкі зеді. Адамның да асқазан, ішек ауруларына, жараға ем. Қазақ атамыз табиғатқа қарап-ақ ауа райын, топырақтың құнарлы яки құнарсыздығын жақсы байқаған, «оқи білген». Мысалы, суырды алайық. Суыр пайда болған жердің топырағы құнарлы болады екен. Арқар мен қасқыр! Баянауыл таулары мен Қызылтау өңірінде 600 бастай арқарымыз бар. Қазақта арқардың қошқарын (аталығын) – құлжа, аналығын – арқар, төлін қозықа дейді. Негізінде, арқардың жауы қасқыр деп қате айтады. Ол дұрыс емес. Қасқыр жау емес, ол – санитар. Ана бір жылдарда арқардың басын көбейтеміз деп қасқырды қырып тастапты. Арқар сол кезден бастап ауырып, өле бастаған, қорғаныс иммунитетінен айыр-ылған. Яғни, қасқыр жоқ, жаймашуақ, қаннен-қаперсіз жайылып жүре берген де қорғаныс иммунитетін жоғалтқан. Ал жалпы, арқардың басты жауы - түлкі. Арқарлар қоздайтын кезде түлкілер топтана бастайды. Жаңағы түлкілер топтанып, төлдейтін арқарларды аңдып жүріп, сол арадан ін қазып алып, төлдейтін арқарды тосып жатады. Арқар төлдеген кезде бірауық есін білмей қалатын көрінеді. Міне, осы мезетте түлкі қозықаны ініне сүйретіп алып кететін көрінеді. Арқардың жауы түлкі дейті ні мі з осы. Ал қасқыр дегеніңіз ол санитар ғой. Міне, табиғаттың осындай таңғажайып тұстары бар... Жазып алған –

Сая МОЛДАЙЫП,

Баянауыл ауданы.

САҚТЫҚ

Ауылдың әрбір тұрғыны үшін сиыр, қой, жылқылардың жоғалуы - нағыз жан тебірентерлік оқиға, себебі бұл - өмір сүрудің көзі. Үй жануарларын бірдейлендіру (АШЖБ) мал санын сақтау әдісінің бірі болып табылады. Аталған әдіс мемлекеттік қызмет болып табылады, қызметті аудандар мен қалалардың ветеринарлық пункттерінің ветеринарлық мамандары көрсетеді. Үй жануарларын бірдейлендіру – бұл мал жеке нөмірін таңбалау жолымен тіркеуді қосатын, электронды мәлімет базасында (АШЖБ) мал туралы мәліметті тіркеу және қажет болған жағдайда ветеринарлық паспортты беру. Биркалау, таңбалау және татуировкалау жолымен жеке бірдейлендіру нөмерін (пластмассалы биркалар, сырғалар, татуировкалайтын нөмерлер) беруімен жолданатын үй жануарларын паспорттауды өткізу Ережелерінде әдісі бірдейлендірудің астында түсіндіріледі. Малды таңбалау жеке нөмерімен таңбаның көмегімен өткізіледі. Үй жануарларының жас төлдерін бірдейлендіруі, әр мал үшін жеке нақты жасына жеткізуіне үш жұмыс күнінен кем емес мерзімде иелерімен ұсынылған өтініш негізінде өткізіледі. Үй жануарларының жас төлдері келесі жастарға жеткен күннен кейін бірдейлендіріледі: бұзау, қозы, лақ, бота –

туғаннан кейін жеті күн өткеннен соң, құлын – төрт айлық жастан; асыл тұқымды торайлар, келешекте асырау және ұстауға арналған торайлар, тұрғындардың шаруашылығында ұсталатын торайлар – үш айлық жастан. Жеке нөмерді ті ркеу үй жануарларының түрі не байланысты келесі әдіспен өткізіледі: биркалау, таңбалау және чиптеу (өз қаражатының есебіне). Ветеринарлық ұйымның ветеринарлық дәрігерімен малға жеке нөмер берілген күннен кейін иесіне ветеринарлық паспорты берілді. Ветеринарлық паспорт және бирка тегін беріледі. Ветеринарлық паспорт ұсақ қара мал, шошқаны санамағанда үй жануарлары иелеріне жеке беріледі. Ұсақ қара малға (қойлар, қозылар), шошқаларға ветеринарлық паспорт топпен (отарға) беріледі. Жоғалған, бұзылған ветеринарлық паспорттар тек

ветеринарлық ұйымның ветеринар дәрігерінің атына мал иесінің жазбаша өтініші бойынша ғана жарамсыз болып саналады. ҚР Кодексінің 406-бабы, 1-тармағы, 1,2,3,4,5-тармақшаларының әкімшілік бұзушылықтары туралы бұзушылықта: қырық АЕК мөлшерінде заңды тұлғаларға, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік және коммерциялық емес ұйымдардың субъекті лері не – елу АЕК мөлшері нде, орта кәсі пкерлі к субъекті лері не – жүз АЕК мөлшері нде, үлкен кәсіпкерлік субъектілеріне – айлық есептік көрсеткіштердің екі жүз мөлшерінде айыппұл салынады.

Павлодар облысының ветеринария басқармасы.


ЖАРНАМА

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Конкурс жариялайды Павлодар облысының прокуратурасы, 140000, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 3-үй, анықтама телефоны: 8(7182) 31-50-60, 31-50-80, эл.мекенжайы 7182207@prokuror.kz, Павлодар қаласы прокуратурасында 1 бірлік (1 бірлік - жүктілік пен босануға байланысты кезінде), Екібастұз қаласы прокуратурасында 2 бірлік (1 бірлік - жүктілік пен босануға байланысты кезінде), Ақсу қаласы прокуратурасында 1 бірлік, Успен ауданы прокуратурасында 1 бірлік, Аққулы ауданы прокуратурасында 1 бірлік, Ертіс ауданы прокуратурасында 1 бірлік бос лауазымдық қызмет орындарына конкурс жариялайды. Лауазым санаты: Павлодар қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры (C-RGP-5), Екібастұз қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры (C-RGP-5), Ақсу қаласы прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5), Успен ауданы прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5), Аққулы ауданы прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5), Ертіс ауданы прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5), еңбекақысы 76274 (жетпіс алты мың екі жүз жетпіс төрт теңге). Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары кәсіби, нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес келуі тиіс немесе жоғары заңгерлік; құқық қорғау органдарында қызметін өтеуге денсаулығы бойынша жарамдылығы; нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындауға қажетті міндетті білімінің, дағдылары мен қабілеттерінің болуы; Құжаттар тізбесі: 1) Өтініш (Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша); 2) сауалнама (Ережені ң 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (Ереженің 4 қосымшасына сәйкес нысан бойынша (нақты мекенжайы мен телефондары, соның ішінде байланыс телефондары көрсетілген); 4) өз қолымен жазып және басып шығарған толық өмірбаяны, туғантуысқандары, соның ішінде бұрынғы жұбайлары да көрсетілуі тиіс (Ереженің 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша); 5) жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, нотариалды түрде расталған; 6) бі лі мі туралы құжат көші рмесі, нотариалды түрде расталған; 7) еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі, нотариалды түрде расталған; 8) әскери билет көшірмесі не-

месе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлік; 9) көлемі 3х4 сурет (3 дана); 10) азаматтың және оның жұбайының кірісі мен мүлкі туралы мекенжайы бойынша салық органына тапсырған декларациясын растайтын құжаттар; 11) қолданыстағы заңнама нормаларын білуі туралы компьютерлік тестілеу нәтижелері, конкурсқа қатысу үшін құжаттарын тапсыру кезеңіне жарамды тестілеудің шектеулі мәнінен төмен емес; 12) медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту нәтижелері, соның ішінде прокуратура органдарындағы қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскеридәрігерлік комиссияларда полиграфологиялық зерттеуден және міндетті арнайы тексеруден өту нәтижелері; 13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының соттылығы, бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылуы жоқ екендігі туралы анықтама; 14) соңғы жұмыс орнынан (оқу орнынан) мінездеме. Азаматтар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі мен іскерлік атағына қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежесі мен атағы туралы құжаттар көшірмесін, мінездеме, ұсыныс, ғылыми жарияланымдарын) ұсына алады. Аталған құжаттардың бірінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, мекенжайы - Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 3. Құжат тізбесінде көрсетілген қосымшалар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткі зу ережесінде бар.

Кредиторларды Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің Павлодар облысы бойынша байланыс инспекциясының қайта құрылуы туралы хабардар ету Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің Павлодар облысы бойынша байланыс инспекциясы (бұдан әрі – Инспекция) (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, академик Сәтбаев көшесі, 50) өзінің барлық кредиторларын Инспекцияның Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігі Телекоммуникация комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс инспекциясымен қосылу нысанында «Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігі Телекоммуникация комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ болып қайта құрылатыны жайында хабардар етеді. Қайта құру процедурасы аяқталған соң «Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігі Телекоммуникация комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ барлық құқықтар мен міндеттемелер бойынша құқықты иеленуші болып табылады. Осыған байланысты Инспекцияның кредиторлары осы хабарлама жарияланған сәттен бастап екі ай ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша болуы мүмкін талаптар мен дауларды реттеу, қажетті ескерту хаттарды, өтініштер мен өзге корреспонденцияны табыстау үшін жүгінулері тиіс.

11 қыркүйек, сейсенбі, 2018 жыл

Тұтынушының электрмен жабдықтау САРЫАРҚА желілеріне қосылу процедурасы САМАЛЫ жөнінде МЕНШІК ИЕСІ

Қазақстанда қазақстандық бизнес үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу шарттарын жақсартуға бағытталған реформалар жүргізілді. Электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге өзгертулер және толықтырулар енгізілді.

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы)

Негізгі мәселе – қолданыстағы заңнамаға электрмен жабдықтау желілеріне қосылу процедураларын жеңілдетуге бағытталған өзгертулер енгізу. «Дүниежүзілік банктің «DoingBusiness-2017» халықаралық рейтингісінің есептеуіне сәйкес, «Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстан 2016 жылмен салыстырғанда нәтижесін 5 позицияға жақсартып, 70-ші орынға шықты. Мұндай нәтижеге қол жеткізу электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге бірқатар өзгертулер енгізілгеннен кейін мүмкін болды». Мысалы, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде екі рұқсаттамалық процедура алынып тасталды және электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарт беру мерзімі, энергия ұсынушы ұйыммен тұтынушының жобалық шешімдерін келістіру мерзімі, сондай-ақ, электрмен жабдықтауға арналған келісімшарт жасау мерзімі айтарлықтай қысқартылды. Кәсіпкерлерге, тұтынушыларға белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр құрылғыларын электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру 14 күннен 5 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, енді үш күн ішінде энергия ұсынушы/жабдықтаушы ұйыммен жобалық шешімдерді келістіруге және электр энергиясын жеткізуге келісімшарт жасасуға болады. Бұрын бұл процедуралар 20 және 7 күн уақыт алатын.

Газет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 30.09.2014 ж. №14562-Г куәлігі берілген.

Белгіленген қуаты 5 МегаВаттқа дейін электр құрылғылары бар тұтынушылар өті ні мге сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса бермейді. Электр энергиясын пайдалану Ережелеріне енгізілген өзгертулерге сәйкес энергия тасымалдаушы немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алған соң, жаңадан іске кірістірілетін немесе қайта қалпына келтірілетін электр құрылғыларын қосуға техникалық шартты мына мерзім ішінде береді (техникалық мүмкіндік бар болса): қуаты 200 кВт-қа дейінгі - 5 жұмыс күні ішінде; қуаты 200-ден 1000 кВт-қа дейінгі - 10 жұмыс күні ішінде; қуаты 1000 кВт-тан жоғары 15 жұмыс күні ішінде. Техникалық шартты қайта ресімдегені үшін төлемақы алынбайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсаттама алу қажет емес. Жобалаушы жұмыстың басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына электронды түрде хабарлама жіберсе жеткілікті. Сонымен қатар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органнан электр желісіне қосылу үшін рұқсаттама алу да қажет емес. Электрмен жабдықтауға келісімшарт жасаудың апталық мерзімі енді үш күн болып қысқартылды.

ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА! Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Аталмыш орталық «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының төртінші, «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» бағыты бойынша келесідей қызмет түрлері көрсетіледі: Қызмет №1: «Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер»; Қызмет №2: «Кедендік процедуралар бойынша есеп»; Қызмет №3: «Кәсі пкерлерді ң және кәсі пкерлі к бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу»; Қызмет №4: «Заңгерлік қызмет көрсету»; Қызмет №5: «Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер»; Қызмет №6: «Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар»; Қызмет №7: «Мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты сатып алулар бойынша қызмет»; Қызмет №8: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы консультациялар». Офлайн/онлайн қызметтерды тегін ала аласыз. Сервистік қызметке қатысты өтініштерді келесі мекенжай бойынша бере аласыздар: Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Павлодар қ-сы, Ломов көшесі, 21, 2-қабат, байланыс телефоны: 8/7182/ 660311 (ішкі ном. 5520). (20245)

Алдангоров Темірғазы Нәбиұлын еске аламыз

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау әне көші-қон комитетінің Павлодар облысы департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексін, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің бұзу фактілері орын алған жағдайда хабарлау үшін 32-47-43 сенім телефоны жұмыс істейді. (20242)

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

(20243)

Асқар тау әкеміз, Май ауданы Кеңтүбек ауылының тумасы Алдангоров Темірғазы Нәбиұлының өмірден озғанына бір жыл болады. Орны толмас қаза өзегімізді өртегенімен, Алланың салған ісіне амал бар ма... Марқұмды сағынышпен еске алып, топырағы торқа, жаны жаннатта болсын деп дұға етеміз. Құдайы асы 15 қыркүйек күні сағат 13.00-де Кеңтүбек ауылының «Сенім» кафесінде беріледі.

Еске алушылар: балалары, келіндері, немерелері. (20241)

«Ертіс Медиа» ЖШС, «Сарыарқа самалы» облыстық газеті

Газет 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2014 жылы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен марапатталды. ЖШС директоры Асқар ШӨМШЕКОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ Телефоны. 66-15-30 ЖШС-нің мекенжайы. Павлодар қаласы, Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй. Редакцияның мекенжайы. 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды поштасы: ssamaly29@gmail.com. Бас редактордың орынбасары 66-14-61. Жауапты хатшы 65-12-74. Әлеуметтік бөлім 66-14-63, 66-15-31, 66-15-32. Экономика, саясат 66-14-64, 66-15-28, 66-14-65. «Айналайын» 66-14-63. «Жас times» – 66-15-32.

Жарнама бөлімі: s_samaIy_reklama@maiI.ru 66-15-42, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі 66-15-41. Фототілші, корректорлар 65-12-74. Газеттің нөмірі «Сарыарқа самалының» компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына үш рет шығады, апталық таралымы 14758 дана, бүгінгі көлемі 2 б.т. «Дом печати» ЖШС баспаханасында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны. 8 (7182) 61-80-26. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 1921

«Павлодар қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ лауазымдық тұлғаларымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексін, Қазақстан Республикасының «ҚР мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін 32-11-08 сенім телефоны орнатылған.

Еске алу

7

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Павлодар облысы білім саласындағы бақылау департаменті қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін Департаменттің 61-82-75, 61-82-66 сенім телефондары жұмысын жалғастыруда. (20244)

Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді. Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. «Сарыарқа самалында» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті. Баспа индексі 65441.


8

ИІРІМ

11 қыркүйек, cейсенбі, 2018 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

«Тіл – достық құралы»

АҚСАРАЙ

Адам

Павлодар қаласындағы «Достық үйінде» «Тіл – достық құралы» атты облыстық тілдер фестивалі өтті. Шара Қазақстан халқының тілдері күнінің құрметіне ұйымдастырылды. Жиын барысында өңіріміздегі тіл жанашырлары марапатталды.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев қатысып, жиналған жұртты тілдер мерекесімен құттықтады. Мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген бі рқатар азаматқа ҚР Мәдениет және спорт министрі мен облыс әкімінің марапаттарын табыстады. - Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы күн санап артып келеді. Бұған өздеріңіздей тіл жанашырларының қосқан үлесі зор. Еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін қастерлеу – әрбір қазақстандықтың парызы. Сонымен қатар, біздің

жерде тұратын әрбі р этнос өкі лдері де өз ана тілдерін құрметтеуі керек. Өйткені тілдер достығы еліміздегі ұлттар достығын нығайтуға, тұрақтылықты сақтауға үлес қосады. Оған бүгінгі шараға жиналған түрлі этнос өкі лдері ні ң бір-біріне деген құрметі дәлел бола алады. Баршаңызды Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтаймын, - деді Мейрам Бегентаев. Шара барысында тіл саясатының жүзеге асуына ерекше үлес қосқаны үшін белгілі айтыскер ақын, облыстық «Желдірме» ақындар мектебінің жетекшісі Асығат Тұрғанбекке ҚР Мәдениет және

Суретті түсірген - Оразбек Саяхат.

Тілеуберді САХАБА

Серік АҚСҰҢҚАР

спорт министрінің Құрмет грамотасы берілсе, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Батырбек Қайыр республикалық Тіл саясаты комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Осы күні тіл саясатына белсенді араласып жүрген тағы бі рқатар азаматқа облыс әкі мі ні ң Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды. Оның ішінде «Регион. kz» газетінің жауапты хатшысы, әріптесіміз Жарқынбек Амантайұлы да бар. Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәуле Османова марапат иелерін құттықтай келе, биылғы тілдер мерекесіне орай жарияланған «Тілдер онкүндігі» аясында қалалар мен аудандарда 150-ден астам шара ұйымдастырылғанын айтты.

Дүниежүзілік дүбір аяқталды Қырғызстанда төрткіл әлемді дүбірге бөлеген III дүниежүзілік көшпенділер ойыны аяқталды. Өз жерінде өткен байрақты бәсекенің қорытындысында қырғыздар көш бастаса, қазақстандықтар екінші орыннан көрінді. Алпысбай ХОНЖ Апта бойы Алатаудың арғы бетін дүрмекке бөлеген байрақты бәсекенің жабылу салтанатына Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев қатысты. Бұл жолғы ойындарға дүниежүзінің 80-ге жуық елінен келген мықтылар спорттың 37 түрінен бақ сынады. Жалпы есепте көш бастаған Қырғызстан командасының қоржынында 40 алтын, 32 күміс және 31 қола медаль бар. Отандастарымыз 18 алтын, 24 күміс және 34 қола медальді еншілеп, екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті түйі ндеген Ресей спортшыларына 17 алтын, 12 күмі с және 27 қола тиесілі. Сынға түскен спортшылар арасында әсіресе тоғызқұмалақшыларымыз жарады. Командалық есепте ерлеріміз көш бастады. Екінші орынды Қырғызстан спортшылары енші лесе, үздік үштікті Моңғолия тоғызқұмалақшылары түйіндеді. Әйелдер арасындағы командалық бәсекеде де отандастарымыз бірінші орыннан көрінді. Екінші, үшінші

Әсел Далиева және Анастасия Фоос. орындарды қырғыз бен моңғол қыздары өзара бөлісті. Жекелей сында өнер көрсеткен қыз-жігіттеріміз барлығы 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль еншіледі. - Жекелей сында 7 кездесу өткі здім. Қарсыластарымның барлығын ұттым. Отандасымыз Әсел Далиева да ешкі мнен жеңілген жоқ. Екеуіміз тең ұпай жинадық. Төрешілер қарсыластарымыздың нәтижелерін қарай отыра, Әселге бірінші, маған екінші орынды лайық деп таныды, - дейді дүниежүзілік ойында ел намысын абыроймен қорғаған павлодарлық тоғызқұмалақшы Анастасия Фоос. Павлодар тоғызқұмалақ мектебінен тәлім алған Диана Кенина да жекелей сында жүлделі үші нші орыннан көрі нді. Алдағы дүниежүзі лі к ойындар 2020 жылы Түркия елі нде өтеді деп жоспарлануда.

Сайтаны азғырып, Жұмақтан құлғанадай қуылып, Тентіреп кеп Жерге тірелген табанды; Бастан кешіп қауымдық, Феодалдық-патриархалдық, Капиталистік, Фашистік, Коммунистік заманды; Орысша – «Человек», Испанша – «Personas», Ағылшынша – «Human», Французша – « Personnes»;Қазақ қана: «Адам» деген – Адамды! Көрген жұртпыз көресінді, жоқтықты. Көрінген ит бізге неге соқтықты?! «Інжілдегі» «Адам» деген асқақ сөз – Қазақтікі! Басқа тілде жоқ, тіпті! Дүниенің ғажабы да – Біздікі! Азабы да – Біздікі...

СӘУЛЕЛІ СӨЗ Бальтасар ГРАСИАН,

испан жазушысы, философ және әдебиет теоретигі:

Ақыл қалта Ұлы қасиеттер ұлы адамдарды тудырады: мұндай бір қасиет көптеген орташа қасиетке тең. Біреу (сөз Испанияның королі Филипп ІІ (1555-1598) туралы болып отыр) өзіндегінің бәрі, тіпті, күнделікті заттарының да үлкен болғанын қалапты: ұлы адамның өз рухы үші н осындайды ті леуі қаншалықты лайықты болатыны түсінікті. Құдайдағының бәрі шексіз, бәрі түпсіз, ал адамның бар ісі мен сөзі орасан зор болуы мүмкін, ол үшін бар жағынан ұлы болуы тиіс. *** Үш қасиет адамды керемет етеді – бұлар ұлы жомарттықтың жоғары сыйлары: жемі сті дарын, сұңғыла ақыл және нәзік талғам. Жақсы ойлап табу - ұлы артықшылық, әбден ойластырып алу одан да артық. Бұған жақсыны бағалай білуді қосу керек. Дарын омыртқада болмайды, әйтпесе ол өткір ойдан гөрі ыждағатқа көбірек ұқсар еді; дұрыс пікір – парасаттың жемісі. Жиырма жаста – сезі м, отызда – дарын, қырықта ақыл басым болады. Сі леусіннің көзі сияқты сәуле төгіп тұратын ақылдар бар, түн неғұрлым қараңғы болса, олар соғұрлым жарқырайды; әрқашан ең қолайлыны табатын бақыттылар болады, мұндайларға көп нәрсені жақсы жасаудың сәті түседі: бұл – жемі сті еңбек етуді сыйлайтын бақытты қасиет. Ал жақсы талғам адамның бүкіл өміріне қорек береді. *** Тым ақкөңілділіктен жаман атанбау. Ешқашан ашуланбайтын адамда жүрек болмайды, сезі мсі з адам кі сі бола алмайды. Бұл көбі не салмақтылықтан емес, сезе білмеуден болады. Орнымен ашулану – ол да қасиет. Қарақшы екенін таныған құстар оған батыл қонады. Тәттіні қышқылмен араластыру – жақсы талғам: балалар мен ақымақтар ғана кілең тәттіні жақсы көреді. Сезімсіз ақ көңілдікпен өзін жоғалтып алу – ұлы қырсық. Аударған - Мырзагелді КЕМЕЛ.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.